АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Көкшетау-Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

Тарау 1.  

Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

 

1.1

Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

 

1.2

Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі

 

Тарау 2.

Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары

 

2.1

Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары

 

2.2

Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі

 

2.3

Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)

 

 

Қорытынды

 

 

Қолдынылған әдебиеттер тізімі

 

 

Қосымша

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы – Қазақстанның астанасы – Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.

Көкшетау–Бурабай аймағы –Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл – сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.

Көкшетау–Бурабай аймағы – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты.  Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.

Бурабай – халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі «емдеу кабинеттері» бар: орман, су, тау, ауа және күн.

Көкшетау–Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы  үшін «Қазақстан маржаны» деген поэтикалық атауға ие. Туризм — әлемдік  экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.

Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.

Берілген дипломдық жұмыста біз Көкшетау–Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.

Ұсынылған жұмыстың мақсаты — Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.

Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:

  • рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау–Бурабайдағы аттрактивтілігі;
  • санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
  • аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
  • Көкшетау–Бурабайдың туристік болашағы;

Бірінші тарауда Көкшетау-Бурабай аймағындағы курортты шаруашылықтың  дамуы үшін қажетті туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәні, рекреациялық ресурстар қарастырылады.

Екінші тарауда біз Көкшетау-Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі таңдағы күйі мен рекреация мәселелерін қарастырамыз.

Жұмыста Көкшетау-Бурабайдағы курортты шаруашылықтың болашақта даму қадамдары мен негізгі мәселелері анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

 

1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

 

Қазақстанның минералды бастаулары мен сумен емдеу жерлері туралы алғашқы мәліметтер 1390-жылдары басталған. Темір жорықтары жазбаларында  табылған.   

1834 ж. Ф.Геблер Шығыс Қазақстан облысындағы «Рахманов бұлақтарының» минералды бастауларына толық сипаттама берді, 1849 ж. А.Влангаш қапаларасандық минералды бастауларды зерттеді. Қазақстанда 1917 жылға дейін Шымғанда таулы-климаттық станция болған. Қазақстан территориясындағы бальнеологиялық бастауларды жүйелі түрде херттеу ХХ-ғасырдың 30 – жылдардан  бастап жүргізіле бастады. Қазір Қазақстанда 20 санаторийлік-курорттық мекемелер қызмет етеді, оның ішінде 12 санаторий, 2 пансионат және 6 демалыс үйі кіреді. Жатын төсектің жалпы саны шамамен 9500 болғандықтан, жыл сайын 175 мыңнан астам адамды сауықтырып және демалдырып жіберуге мүмкіндік бар. Соңғы жылдары емдеуші жатын желісінің өсуіне байланысты (1,4 есе) санаторийлік-курорттық мекемелердің құрылымы өзгерді – санаторийлердің үлесті салмағы 70% -ға дейін өсті және бүгінде ауруларды емдеу жай ғана демалудан басым болып отыр, бұл жағдай тұрғындардың жалпы денсаулығына қолайлы әсер етуде.

Қазақстан бүгінде санаторийлық төсекпен қамтамасыз етілу жөнінде ТМД елдерінің ішінде соңғы орында тұр. 10 мың тұрғынға бар болғаны 3,3 төсек, ал норма 141 төсек. Тек Өзбекстан ғана  төмен  қамтамасыздыққа ие – бар болғаны 3,2 төсек. Қолданылатын шаралар республикадағы  қамтамасыздықты  жақын арада шамамен 4,0 төсекке жеткізбекші. Алайда бұл санның өзі – республика азаматтарының демалуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Республикадағы емдеу орындары Қазақстан территория бойынша біркелкі таралмаған. Көкшетау аймағында желі жақсы дамыған, мұнда Шортанды-Бурабай курортты запасы қалыптасқан. Алматы зонасындағы санаторийлық–курорттық мекемелердің жалпы саны болашағы, қуатты және дислокациясы бойынша Қазақстанның қалыптасып жатқан оңтүстік астанасы туралы, Алматы қаласы туралы, Алматы курорттық зонасы туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Табиғи-климаттық жағдайлары және минералды сулары мен бастпақты көлдері санаторилі-курортты мекемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік тудырып тұрса да, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жезқазған облыстарында санаторийлық-курорттық мекеме орындары жоқ.

Тарихи аспектіде республикадағы көне профодақтық емдеу орны болып жүз жылдығы 1984 ж. аталып өткен «Арасан-Қапал» санаторийі саналады. Өзінің 50-жылдық мерейтойын атап өткен курорттар қатарына, «Алма-Арасан», «Яны-Курган», «Түркісіб» кіреді. Бұрынғы демалыс үйлерінің негізінде құрылған жаңа емдеу орындары болып «Жайық», «Мерке», «Сосновый бор» санаторийлері, емдеуші пансионаттар «Светлый», «Манкент» саналады. Миокард инфрактын алған, асқазан және өт шығару жолдарына операция жасалған, неврологиялық ауру адамдарға арналған санаторлы-курортты көмектің арнайы түрлері толық көлемде дамыған. Балалы ата-аналарды емдеуге арналған «Көктем» санаториі Қазақстанда үлкен атаққа ие. Барлық демалыс үйлері жазда қызметкерлерге отбасылық демалыс жариялайды.

Спектрі климаттан, тұнбалардан, әртүрлі минералды сулар мен емдік батпақтардан басталып, радон, бром, иод, кремний қышқылы мен басқа да көптеген компаненттер концентрациясының деңгейі жоғары минералды  сулардың бірегей бастауларымен аяқталатын аймақтың табиғи емдік факторларының  политрасы бай болып келеді. Қазақстан 70-тен астам емдік батпақты көлдер мен қоры  меңгерілген минералды сулардың 300-дей бастауларына ие. Тіпті келтірілген орын сипаттамалары толық болмаса да, санаторлы-курортты көмектің потенциалы айтарлықтай бай екеніне көз жеткізуге болады, мұның барлығы қазір Қазақстанда бар және жақын арада белсенді даму мүмкіндігіне ие, өйткені 10 мың тұрғынға келетін төсек орны норма бойынша 14,1 төсек болса да, республиканың профодақтық емдеу орындарының үлесіне тек 3,4 төсек қана тиеді.

Республикада қазіргі заманға лайық «Сосновый бор», «Шортанды», «Арасан-Қапал», «Мерке», «Муялды», «Көктем» санаторийлерінің емдік-диагностикалық корпустары қызмет етеді.

«Түркісіб», «Мерке» санаторийлерінде 500 орындық клуб-асхана, «Муялды» санаторийінде сумен емдеу орындары 126/12 к. салынған.

Ұйықтау корпустары «Мерке» санаториінде 300 орын, «Түркісібте» -278 орын, «Көктемде» — 250 орын, «Муялдыда» — 312 орын, «Сосновый борда» -372 орынға арналып енгізілген.

Курортты аудан территориальді бөлім ретінде келесі функционалды элементтерді өзіне қосады:

Курортты зона, мұнда емдік-сауықтыру орындары (санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар және т.б.) және пайдаланылатын табиғи емдік ресурстар, құрылғылар мен ғимараттар, сонымен қатар жалпы курорттық мекемелер мен демалушыларға қызмет көрсететін орындар орналасады;

Курорт территориясында тұрақты өмір сүретін тұрғындарға арналған селитебті зона;

Курортты қамтамасыз ету қызметтері орналасқан коммунальді-шаруашылық зонасы;

Орман-бақты өсімдіктер мен табиғи ландшафттар зонасы /2/.

Курорттардың табиғи емдік ресурстарын сақтау үшін және олардың жүдеуінің және ластануының алдын алу үшін санитарлы қорғау округтері анықталды. Санитарлы қорғау округтерінің территориясында курорттың емдік қасиеттерін қорғауды қамтамасыз ететін ерекше режим қойылады.

Қайсыбір табиғи фактордың басым болуына байланысты курорттар мынадай болып бөлінеді:

— бальнеологиялық;

— батпақтық;

— климаттық.

Жалпы алғанда ғаламатқа таң қалып, оны құдайдың құдіретіне жатқызу тән нәрсе. Сонау алыс ғасырларда дала желі мен күнге тотыққан көшпенділер жазықты даланың  ортасынан ойып орын алған үнсіз күңгірт-жасыл ағаштар тыныштығын тауып, оның салқындығына, көптеген аңдар мен құстарға азық пен пана берген өсімдіктің молдығына және ағаштардың ұлы қорғаушы күшіне, шөлдегі көгілдір көлдерге қайран қалып, таң-тамаша болысады. Сап-сары, төрт жағынан қарасаң да күйіп тұрған далада – кенет  жасыл орманға тап болу! Ал арғы түбінде жасырынып жатқан көз көрмеген ғаламат – ағаштармен көмкерілген таулар, тасты-жартасты жоталар, ертегідегідей дәулердің кейпіндей болған үнсіз мүлгіген құздар, жұмбақ таңғажайып көгілдір көлдер. Осы жұмбақ әлем аңызға айналған бейнелерді тудырды. Олардың бірі бізге де жетті.

Бурабай – Боровоеның пайда болуы туралы аңызды кім білмейді; қазақтарға бір даланы беріп, артынан қоржынының түбінен табиғи қазыналарды сілкіп, жер бетіне тастаған рахымы мол Алланы ше?! Аңызды ойлап тапқандар кем айтпады ма екен? Бозторғайдың күміс даусы сыңғырлаған ғажайып бай дала ше? Ал Баянауылдың, Қарқаралының, Наурызымның қылқанды ормандары мен көгілдір көлдері?! Құдіретті дала өзендері, сансыз көлдер, құстар мен аңдардың қоныстары; Балқаштың су алыптары, Алатау мен Алтайдың қалың адам өте алмас орманды тау жоталарын қайда қоясыз? Бірақ осындай алуан түрлі, әрі бай тартулардың ішінде Бурабай да елеусіз қалған жоқ.

Тағы аң мен балыққа бай қалың ормандар мен тылсым көлдер адамзат үшін баспана болды. Көкшетау-Бурабай аймағындағы археологтар тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамның құралын тапты. Қола дәуірінің үйінділерін зерттеу, мұнда тек аңшылар ғана емес, жер өңдеушілер мен малшылардың да өмір сүрген екен.

Қазір курортты өлкенің атауы қайдан шыққанын нақты анықтау мүмкін емес.

Халық аузында қасиетті түйе туралы поэтикалық аңыз сақталып қалған.

Көкшетау даласында екі өркешті, қардай аппақ сұлу түйе Бура өмір сүрген екен. Күшті, әрі өлмес  түйе тұлпар сияқты жүйрік болған екен. Үнсіз, тұйық, сенгіш түйе дала тұрғындарының тыныштығын бұзбаған. Жұт немесе соғыс жақындағанда да ол туған өлкеге келіп, ұзақ өкіреді екен. Түйенің жан даусын естіген жұрт топталып, қылыш-қанжарларын қайрап, жаумен айқасқа дайындалады екен. Халық түйені кие тұтып, улы садақтан, тіл-көзден сақтап жүреді. Бірақ бір күні су ішер жеріне келе жатқанда Бураға Орта жүз ханы Абылайдың үлкен ұлы Қасым хан кездеседі. Өзінің жігіттерінің алдында күші мен мергендігін мақтан тұтатын Қасым түйенің дәл жүрегіне жебесін қадайды. Бураның жан даусы шыға, алдыңғы аяқтарымен құлайды. Қатігез хан одан әрі қарқылдай, улы жебенің біреуін түйенің басына, көзіне, өліп бара жатқан түйенің ішіне жібереді. Түйе ашумен өкіреді, халық осыдан кейін Абылайдың хандық билігінің соңы келгенін түсінеді.

Түйенің көз жасы мен қаны бір өзенге айналып, қайғыдан қарайып кеткен көлге қарай ағады. Бура су жұтайын деп еңбектегенде Қасым қисық қылышымен түйенің ақ денесін шауып түседі. Бура суға жетпей өледі, тасқа айналып, тау боп тұрып қалады.

Бура мәңгілікке орын тепкен жерді қазақтар «Бурабай» деп атап кетті.

Қазақтар шұрайлы бор жерін қуана-қуана мекен етті. 1849 ж. Қотыркөл станциясын салды, келесі жылы Щучье кішігірім селосының (қазіргі Шортанды қаласы) негізін салды.

Бурабайды тіршілік көзіне айналдыруды шешкен бірінші адам Қазақ Зубов, ол мұнда өткен ғасырдың 70-жылдарында орын теуіп, Громовая өзенінде су диірменін салды, бұл диірменнің маңында Боровское атына ие  болған ауыл пайда болды. Жазғы демалыс кезінде мұнда буржуазияның өкілдері келе бастады. 80-жылдары демалыстағы генерал Пахалов жазғы уақыттағы пәтер сұранысын қанағаттандыру үшін осында екі жатақ салды. 1900 жылы Үлкен Шабақ көлінің  жағасында ағылшын кәсіпкері Бергель шикізаты жеткілікті  ет-консервті зауыт салды. Үлкен елді мекен пайда болуына байланысты 1898ж. Бурабай орман шаруашылығы ұйымдастырылып, Омбыдан орман техникумы көшірілген. Техникум оқытушылары мен студенттері (техникум әлі күнге дейін бар) Бурабай орман массивін зерттеу мен қолайлы орналастыруда аз іс атқарған жоқ. Бурабайды зерттеу мен орналастыруда, сақтауда көп тер төккен – Ақмола мен Семей губернияларының жер ісі жөніндегі басқарушысы В.В.Барыншенцев. оның талап етуі арқылы 1900-1917 жылдары Бурабай көлінің солтүстік жағалауы мен Синюханың Шығыс баурайы бойында жолдар, Громовая өзенінен өтетін тас көпір салынды. Қымызбен емдейтін бірінші санаторийді Бурабайда 1910 жылы медицина докторы Емельянов салды. Санаторийдің ашылуы аурулардың ағылып келуіне жол ашты. Тек 1913 жылы мұнда 2 мың адам өзінің денсаулығын түзеді. Көп ұзамай кейбір омбылық мекемелердің танымдық санаторийлері ашыла бастады /13/.

Денсаулық сыйлайтын сұлу өлке туралы әңгіме ауыздан ауызға тарай басады. Таңғажайып әсер ететін қымызбен және емдік ауамен емделу үшін, Бурабайдың көз тоймас әдемілігін көру үшін ешкімнің аяғы баспаған жолдармен жүру үшін, үрікпейтін балыққа бай мөлдір, көгілдір өзендерден балық аулау үшін Омбы және Петропавл, одан да алыс жақтың тұрғындары көптеп ағыла бастады.

Әрине, тамаша курортты өлкеде лайықты емдеу орындары пайда болу үшін бірнеше ондаған жылдар қажет болды.

Алайда, курортты дамуы мұна  1917 ж. билікті халық жаулап алған кезден басталды. Көп ұзамай барлық жеке емдеу орындары орталықтандырылды  және 1920 жылы Бурабай жалпы мемлекеттік маңызға ие курортқа айналды. Тез арада Петропавлдан Көкшетауға дейін темір жол құрылысы басталды, одан ары қарай жас курортқа дейін Теміржолдың көмегімен курорттың тез дамуы басталды.

Ескі санаторийлер кеңейтілді, жаңалап салына бастады. Осылайша, 1927 жылы Шортанды көлінің жағасында Бармашино санаториі пайда болды; келесі жылы Сары-бұлақтың жағасында орналасқан «Воробьевка» демалыс үйі қонақтар қабылдады. 30-жылдары Бурабай көлінің жағасында өкпесі ауыратын балаларға арналған санаторий салынды.

Соғыс жылдары Қызыл Армия жаралыларына арналған санаторийге айналдырылған көміршілер орталық комитетінің демалыс үйі 1935 ж. Шортанды көлінің солтүстік жағалауында салынды.

1936 жылдан бері мұғалімдердің демалыс үйі жұмыс істейді. Қазпромстрахкасс  демалыс үйі, әскери санаторий, бірнеше пионер үйі ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Бурабайда біздің елдің жетекші ғалымдары жұмыс істеді: 36 ғалым Жеңіс үшін қызмет етті, олардың ішінде В.А.Вернадский, Н.Ф.Гамалея  және тағы басқалары бар. Белгілі қазақ жазушылары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ауезов, Ғ.Мүсірепов және т.б. Бурабайды жақсы көретін және осы таңғажайып сұлу жерге жиі келетін. Бұлар мұнда өздерінің денсаулығын түзетіп, үлкен күш-қуат пен шабытқа ие болатын, өйткені табиғатпен бірге болудың ғажайып сезімінен  артық не болшы еді?! Осыбір қайталанбас өлке сұлулығын С.Сейфуллин өзінің «Көкшетау» атты поэмасына арқау етті /13/.

Бурабай курорты бүкілодақтық атаққа ие болды. 1938 жылы емдеу орындары мен қоршаған ортаның суреттері Нью-Йорктегі әлемдік көрмеге қойылды. «Қазақстандық Швецария» бұрынғы Кеңес Одағы курорттарының ішінде екінші орынға ие болды /1/.

Адамзат әрқашан орын ауыстыруға, оны қоршаған әлемді тануға ұмтылды.

Тыңды – игеру, жаңа зауыт, фабрикалар, ескерткіштердің пайда болуы құндылықтардың бір тәртіпке келуі, тамаша табиғат, тыңшылар жағдайының жоғарылаған деңгейі осы жерде тұратындардың ғана емес, бұл жерде өмірі болып көрмегендердің де осы аймақты танып-білуге деген құштарлығын арттырды. Әйтсе де, бір сөзбен айтқанда осы аймақта туристік-экскурсиялық ұйымдарды ұйымдастыруға қажетті база әлден мықты және тұрақты болды. Игерілетін тың осы облыста бірінші басталғаны кездейсоқ емес.

1965 жылы Шортанды көлінің жағасында «Золотой бор» турбазасы атына ие 90 орынға арналған алғашқы палаткалық қалашық салынды. Ол кезде туристік база елуінші жылдардың егін даласын еске түсіретін. Салбырап тұратын көп орынды палаткалар күңгірт, әрі сыз болатын. Осында тұратын, осында ас үй мен асхана орналасатын. Мұнда келетін жол болмағандықтан туристер Шортанлы қаласынан немесе Шортанды санаториінен көл бойымен жаяулап-жалпылап жететін Жарық көзі болып движок қызмет ететін, ол қараңғы болысымен оталып, сағат түнгі 11-де өшірілетін. Матрастар мен көрпелер жердің үстінде жататындықтан, жауын жауғанда су болып қалатын.

Курортты ауданда туризм осылай басталған: палаткалардан, қолайсыз жайлардан оның пайда болуы тың игерудің басын еске түсіретін, бір айырмашылығы сол, мұнда бәрі орманда жүзеге асырылады.

1968 жылы Көкшетау экскурсиялық бюросының ұжымы, ал екі жылдан кейін туризм және экскурсия жөніндегі облыстық кеңес құрылды. Қызметкерлер мен туристік-экскурсиялық ұйымдар бұл уақытта осы территория бойынша қазақстандықтарға арналған туристік маршруттардың ашылу мүмкіндігін меңгереді, Бурабай аймағы бойынша маршруттар ойлап табылуда және «Золотой бор» турбазасының капитальды құрылысы басталды /13/.

Бірталай  уақыттан бері Бурабай аймағында тыныс алу жеңілірек, адам өзін-өзі сергек сезінеті белгілі болды. Емен ормандарына жол салғаннан беру мұнда адамдар таза ауамен дем алу үшін және қымызды  пайдалану үшін  келе бастады.

Қазақ даласында Бурабай аймағы секілді өлеңге айналған өлке көп емес шығар. Академик С.Мұқанов аймақты бекерге «Сарыарқаның өлеңді өзені» деп атамаған болар. «Боровое – Бурабайдың тастары, көлдері мен аңғарлары аңыздар мен әңгімелерге толы» — деп жазды ол. Ақындардың жұлдыздығы, былайша айтқанда, Бурабай аймағына қазақтың «әдеби олимпінің» даңқын әперді. Ақындар мұнда халық аузында мәңгіге қалған өлеңдер шығарды /1/.

 

1.2 Көкшетау-Бурабайдағы туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық  ролі

Ақмола облысы:

Ауданы: 78,1 мың шаршы шақырым

Тұрғындар саны: 675,8 мың адам

Тұрғындар тығыздығы: 8,7 мың адам

Құрылды: 1944 ж.

Облыс орталығы: Көкшетау, 1824 жылы құрылған.

Көкшетаудан Алматыға дейінгі қашықтық: 1615 км.

Облыс Қазақстанның Солтүстік аймағына жатады және Ақмола, Торғай, Қостанай, Павлодар облыстарымен, солтүстік шығыста – Ресейдің Омбы облысымен шектеседі.

Облыс территориясы таулы, үстірт жазықты сипаттайды. Солтүстік –шығыс бөлігін Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті алып жатыр, оңтүстік –батыс бөлігіне Сарыарқаның солтүстік шеті кіреді. Ең көркем жері –Көкшетау таулары, биік  нүктесі – Көкше -947 м. Облыс беткейлік суларға бай, өзені  кесіп өтеді, шығыста – Селеті өзені. Тұщы және тұзды көлдер көп. Жер асты сулары кең қолданылады. Облыс қайыңды ормандарда орын тепкен Көкшетаудыі еменді-қайды үйлері республикадан тыс жерлерде де атаққа ие. Климаты күрт континентальді, жазы жылы, қысы қатал.    

Мұнда 675,8 мың адам өмір сүреді. Оның 191,3 мыңы қазақтар (облыс тұрғындарының 28,9% -ы). 261,8 мың орыс (39,5%), 82 мың неміс (12,4%), 55,6 мың украин,  (8,4%), 25,4 мың поляк, сонымен бірге, басқа да ұлт өкілдері. Қала тұрғындарының саны — 40%, ауыл тұрғындарының саны — 60%.

Пайдалы қазбалардан тас көмір, доломит, алтын, әк, ас тұзы өндіріледі.

Экономикада дән шаруашылығы үлкен маңызға ие. Облыста ауылшаруашылық жерлері 6,6 млн га, егістікке 366,1 мың га жет кетеді, оның 80%-ын дән алып жатыр. Мал шаруашылығының басты  бағыты – жібек жүнді қойларды өсіру.

Тамақ  және жабдық жасау өнеркәсібі дамыған. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының басқа аймақтарынан осы облысқа көшірілген кішігірім шойынды-литийлі және механикалық зауыттар базасында автоматты және жартылай автоматты таразылар шығаратын ірі зауыт салынды. Зауыт өнімі экспортқа шығарылады. Оттегілік демалатын аппаратура шығаратын зауыт республикада үлкен мәнге ие /9/.

Көкшетаудың жылу – сумен қамтамасыздық сферасындағы мәселесі елге аян, оның әкімшілік статусын жоғарылату арқылы бірталай мәселелер шешіледі. Мысалы, аймақтағы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту. Өйткені өнеркәсіптегі өндірісті қысқарту қаңтар-наурыз аралығында 1999 жылдың алғашқы үш айының деңгейін құрады -67,2%.

Солай бола тұрса да, қала шаруашылығын қалыпқа келтірілді, су жүретін торапты қайта жасады, көшелер мен демалыс зоналарын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Ерекше қадамдар Көкшетау-Бурабай курортын Астананың даму жоспарына қосқаннан кейін және Жапониядан демеушілер табылғаннан соң пайда болды.

Облыс орталығын Көкшетауға көшіргеннен кейін мұнда экономиканы көтеруге бүкіл елге арналған емдеу орнына айналдыруға мүмкіндік туды /5/.

1999 жылы 20-мамырында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында Атансор атты Жаңа темір кен орнының ашылу салтанаты өтті. Онда шамамен 400 адам еңбек етеді. Жергілікті ел де вахталық әдіспен келгендер де.

«Кащерн Елрово» ААҚ кен орнының қожайындары мұнда қалыпты инфрақұрылым құрастыру үшін жұмыс істейді.

Кен орнының өзіне келсек, концерн директоры Радион Тен түсіндіргендей, ашық әдіспен алынатын рудаға деген сұраныс тұрақты болмақшы. Оны Қарағанды, Орал, Сібір металлургтері сатып алады. Қор көпке дейін, шамамен болжанған 38 млн тонна рудасын 25 жыл бойына өндіріп алуға болады.

1999 жылы  Көкшетау облысқа Зеренді, Шортанды және Еңбекшілдер аудандарын қосты. Коллапста жартылай мешел ауыл шаруашылығымен тікелей байланысқан өңдеуші өнеркәсіп орын алған. Жұмыссыздық деңгейі басқа аудандарға қарағанда жоғары болып қалып отыр. Алайда, әкім Сергей Кулагиннің айтуына қарағанда, президенттің Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік және территориалды құрылысы жөніндегі нұсқауы мәселелерді шешу үшін жаңа импульс берді.

Көкшетауға 21 облыстық мекемелер толығымен көшіп, орналасты. Қызметтік және тұрғын қорларының инвентаризациясы өткізілді және барлық передслокация қала қызметтерін қиындықсыз жеді.

Саяхатты жаны сүйетіндер Көкшетау-Бурабай аймағына жолға шықаннан кейін әртүрлі мақсатқа жеткісі келеді. Біреулері территорияның ерекшеліктерімен танысқысы келеді, келесілері – табиғаттың сұлулығын тамашалап, орманның таза ауасын жұтқысы келеді. Үшіншілері үшін – туристік жорық – спорттық іс-шара. Басқа сөздермен айтқанда, үш негізгі мақсаттық функцияларға бөлуге болады: танымдық, сауықтыру-спорттық және емдік.

Таным-психологиялық күшті қалыптастырудың ерекше формасы. Турист келген жерге қызығушылық таныта отырып, ол жұмысқа деген ой тудырады, яғни таным адамның ой ойлауына және осы арқылы миды жиналып қалған психологиялық шаршаудан босатады.

Танымдық функция аймақтың табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және басқа да құндылықтарына деген туристің  қызығушылығында байқалады.

Туризм арқылы сауығу – адамның өндірістік және өндірістен тыс, физикалық және психологиялық шаршауынан арылту мәселелерінің бірден-бір шешілетін жолы. Белсенді демалысты дұрыс ұйымдастыру мен кеңінен қолдану адамды физикалық күшті етеді, сыртқы ортаның әсері мен қолайсыз жағдайларына қарсы тұруын күшейтеді. Сауықтыру-спорттық туризмде шаршауды жоюға, ағзаның маңызды жүйелерінің функциясын қалыпқа келтіруге бағытталған адам денсаулығына қажетті жалпы шаралар қолданылады. Осы жағдайларда күн және ауа ванналары, өзенде шомылу шаралары айтарлықтай мәнге ие.

Туризмнің осы функциясының әлеуметтік-экономикалық мәні өте жоғары, өйткені ол ондаған миллион адамның денсаулығын түзеуге, яғни олардың жұмыс қабілетін көтеруге бағытталған. Сауықтыру және спорттық шараларсыз өсіп келе жатқан ұрпақтың гармониялық дамуын еңбек және қоғамдық белсенділігі үшін қажетті энергетикалық және пластикалық материал жинау мүмкін емес.

Адам денсаулығын сақтау мен күшейту қамқорлығы, олардың жұмысқа деген қабілетін көтеру. Бурабай курортының бірінші міндеті, мұнда белсенді демалыс түрі ретінде белгілі сауықтыру функцияларын орындайтын туризм маңызды роль атқарады.

Жоғары экономикалық көрсеткіштер – мақсат емес, адамзат қажеттіктерін қанағаттандыратын құрал, тұрғын ел өмір сүруінің деңгейін көтеру құралы.  

Материалды өндіріс сферасында еңбек өндірісінің өсуі қоғамдық өнімді жасау үшін аз уақыт  кететін жағдайға әкеледі. Уақыттың бүкіл массасы жыл бойына 8760 сағат немесе дөңгелектенгенде 9000 мың сағатты құрайды. 1850 жылы ол келесідей тәртіппен таралды: 500 сағат – жұмыс уақыты, 3000 ұйқы және 1000 сағат – жұмыстан тыс уақыт (ұйқыдан тыс), 150 жылдан кем емес уақытта сәйкесінше: 3000, 3000 және 3000 сағат. 

Туризмнің қарқынды дамуы, курортты-туристік аудандарда туристер концентрациясының жоғарылауы рекреациялық табиғат пайдалануды оптимизациялауды табиғи кешендерге түсетін жүктелімді реттеуді талап етеді. Туристік табиғат пайдалану табиғат қорғау формаларының дамуын қалыптастырады, ресурс потенциалын рационалды пайдалану жағдайларын қамтамасыз етеді.  Осы  міндеттерге рекреациялық меңгеру жоспарлары мен жобаларының ғылыми негіздеуі, курорттар мен  туристік  орталықтардың  дамуы жауап береді.

Рекреациялық қажеттіліктер сыртқы ортаның объективті факторларының ықпалымен әлеуметтік-экономикалық даму процесінде қалыптасады және алмасу өндірісінің тәсіліне және өмір  сүру құралдарын таратуға толығымен тәуелді.

Көкшетау-Бурабай аймағында анықталғандай, демалыс ландшафтарын таңдауға деген ықпалды тұрғын елдің жастық құрылымы көрсетеді. Жасқа байланысты қала тұрғындарының орманға деген қызығушылығы артады: «16-24» тобындағы адамдардың 31,3%-ы  демалысын орманда өткізгісі келеді, ал «60 және одан да үлкен»  топта тіпті 47%. Керісінше, тауға деген сүйіспеншілік «16-24» тобының жастарына тән (9%).

Емдеу бастауларына зейнеткерлер де көп мән береді. Жүргізілген сұрақ бойынша, теңізде демалу, орман-көлде демалудан атақты емес екен. Барлық қала тұрғындары үшін сипатты тенденция болып Көкшетау-Бурабай аймағында демалуға деген ұмтылыстың күрт өсуі табылады.  

Типология бойынша Бурабай аймағындағы рекреациялық ермектерді 4  негізгі типтерді біріктіретін екі топқа бөлуге болады:

  1. Қалыптасу тобы:

а) рекреациялық-емдік сабақтар;

б) рекреациялық-сауықтыру сабақтары.

  1. Даму тобы:

а) рекреациялық-танымдық сабақтар;

б) рекреациялық-спорттық  сабақтары.

          Рекреациялық-емдік сабақтар санаторлы емдеу әдістері анықтайтын сабақтар жүйесін сипаттайды: климатпен емдеу, бальнеоемдеу, қымызбен емдеу және т.б. Рекреациялық-сауықтыру сабақтарының түрі алуан түрлі. Мұнда қыдырулар, шомылулар, күн және ауа ванналары, ойындар, пассивті демалыс, саңырауқұлақ жинау және тағы басқалары кіреді.

Рекреациялық-сауықтыру сабақтар көбінесе адамның физикалық күшін дамытуға бағытталады. Мұнда спорттық ойындар, моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу жүрістер, тау шыңдарына шығу және тағы басқа кіреді. Рекреациялық–танымдық сабақтар адамның рухани дамуына арналған. Бұл топқа, мысалы, табиғат ескерткіштерді көру, табиғат құбылыстарымен танысу және тағы басқа кіреді.

Соңғы уақытта рекреациялық қызметтің үш негізгі формалары туралы айтады: емдік, сауықтыру-спорттық және танымдық. Рекреациялық-спорттық және рекреациялық-танымдық сабақтар рекреациялық сабақтың әртүрлі топтарына кіретіндігіне қарамастан, олар Бурабай курортты аймағында өзінің функционалды бағыты бойынша бір-біріне өте жақын. Біріншілері де, келесілері де негізінен адамның дамуы мен физикалық сауығуына ықпал етеді.

Тарау 2. Көкшетау-Бурабай курортты шаруашылығының дамуының рекреациялық жағдайлары

 

2.1 Туризм дамуының табиғи-климаттық жағдайлары 

Қазақстанның солтүстігінде, Астана мен Көкшетау  қалаларының арасында таңғажайып аудан орналасқан, нағыз оазис – бұл жердің географиялық атауы Көкшетау үстірті, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швецария» деп атайды. Бұл «Швецария» үлкен емес. Оның маңында қазақ даласы орналасқан. Егер оған биіктік жотасынан қараса, онда бірден мынадай ой туады: атом соғысынан кейінгі бейбітшілік. Көңілсіз сұр дала, таңғажайып айырмашалық. Жүз-екі жүз метр – тіптен басқа пейзаж.

Бурабай көтерілімдері айтарлықтай төмен. Төбелер орманмен көмкерілген және спорттық қызығушылық тудырмайды. Тек батыс бөлігі ғана басқаша. Мұнда биіктігі 947 метр болатын негізгі жота – Көкшетау орналасқан. Көкшетау тауының биік нүктесі – Синюха.

Синюханың екі шыңы бар: Оңтүстік және Солтүстік. Биігі – Оңтүстік.  Таудың өзі – орманнан 50-150 метр көтеріліп жатқан ұзын жартасты жота. Кейде орман жұтып қойғандай көрінбеу кетеді. Синюхадан оңтүстікке қарай Бурабай тауы (690м) орналасқан – керемет көріністі нүкте. Бурабай – бұл түйе. Шындығында, кейбір жерлерден қарағанда, бұл төбе екі өркешті түйені еске түсіреді. Қазір теміржол станциясы Курорт-Бурабай деп аталады. Оңтүстікке қарай Шортанды шоқылары орналасқан, оның ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826м) деп аталады. Жай халық аузында – Ұйқыдағы батыр, өйткені тілімденген жота батырдың киімінде шалқасынан жатқан профильді елестетеді /8/.

Осы жартас туралы аңыз бар: «Жеке батыр баяғыда осы жерде күзетте тұрған кезде ұйықтап кетіпті. Құлаған жартас гүрсілі де, атқан таң шуылы да оны оята алмапты-мыс. Содан бері ол тау-алып болып ұйықтап жатыр» /1/.

Солтүстік шеті мен Синюха. Көгілдір шығанақ арасында жартастар орналасқан. Үш апалы-сіңлілі және Оқжетпес  — мұнда бәрі түсінікті үлкен, ортаңғы және кіші ағайынды сипаттайтын үш жартас. Үлкені мен ортаншысын Ежик деп атайды. Ортаншысы мұрынды, ал үлкені шалқасынан жатқан адамның ішін (қарнын) көз алдыңа келтіреді.

Оқжетпес шыңын келесі аңыз түсіндіреді: «ХVII ғасырда Абылай руының қазақтары қалмақтарды жаулап алып, бай олжаны биік тау етегінде бөліске салмақшы болады. Сұлу қалмақ қызының тағдырын ұза уақыт шеше алмай қиналады. Сонда Абылай хан тұтқын қыз өзіне күйеу таңдасын деп бұйырады. Қыз биік тасты шыңға шығады да, «Кімнің жебесі, менің орамалыма дейін жетсе, соған күйеуге шығамын» деп айқайлайды. Бірақ бір де бір жігіт жебесін шыңға жеткізе алмайды. Сонда қыз келесі шартын қояды – кім де кім менің жұмбағымды шешсе, соған күйеуге шығамын дейді. Бұған әлі күнге дейін куә —  Жұмбақтас. Бір жағасынан қарасаң шашы желбіреген жас қыз, келесі жағадан қарасаң, көк тауға қарап тұрған кемпір профилі көз алдыңа елестейді» /2/.

Көкшетау-Бурабай аймағының аймағының климат ерекшеліктері, біріншіден, оның географиялық орнымен түсіндіріледі. Ол мұхиттар мен оңтүстіктен келетін жылы ауа массасы мен солтүстіктен келетін суық ағындары емін-еркін кіретін ашық аумақты жазықта орын тепкен. Сондықтан аймақ қысы суық, желді, жазы ыстық және күз, көктем кезеңдері қысқа континентальды климатпен сипатталады. Тек таулар, массивтер, ормандар, көптеген көлдер мен мұндағы ауа-райы жағдайларын бірқатар жұмсартады. Маусым, шілде және тамыз айларындағы күн жылуы тропиктегіден бір де бір кем емес, жазда жылу ағыны жылдың басқа маусымдарына қарағанда айтарлықтай көп, максимум шілдеде байқалады. Күн радиациясы жергілікті жердің таза ауасы мен айтарлықтай биіктігіне байланысты ашық күндері көп болады. Күн шұғыласының ұзақтығы да маңызды, ол мұнда Ресейдің еуропалық бөлігіне қарағанда едәуір көп.

Бурабай аймағында маусым айындағы күн шұғыласының орташа мөлшері А.Д.Вудская мәліметтері бойынша 288 сағатқа, ал қаңтар айында – 74 сағатқа жетеді. Ал олардың маусымдағы әр күнге келетін максимальді мөлшері -9,6 саға, қаңтарда -2,4 сағат. Әрине, кейбір жылдары айтарлықтай ауытқулар болуы мүмкін.

Сипатталып отырған аймақ үшін, Қазақстанның барлық солтүстігі үшін климаттың құрлықтық типі тән, яғни орташа  айлық температуралардың максимумы мен минимумы жазғы және қысқы күн тұруынан кейін бақыланады (22 маусым мен 22 желтоқсан). Сәуірде теріс таңбалы t – а болады, мамырда күрт өседі +12,20С, шілдеде максимальды +  24,40С, яғни Қырым жағалауынан қандай болса, сондай. Сосын біртіндеп төмендейді: қарашада – 7,30, қаңтарда минимальды -15,4 0, t – а ауытқуының жылдық амплитудасы – 35,80.

Бурабайдағы атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері орташа 360 мм-ді құрайды. Олардың ең көп мөлшері жазға келеді, максимумы маусым мен шілдеде (72 және 46 мм); қыста түсетіні: қаңтарда 17мм, ақпанла 11 мм. Жауын-шашынның осылайша таралуы жоғары температурамен және жаздағы жауын-шашынның максимумын қамтамасыз ететін циклондық әрекетпен және арктикалық ауа массалары мен полярлы сібір ауасының басымдылығымен түсіндіріледі /3/.

Қарстырылып отырған территорияда жаз айларында орташа жылдамдығы 2,3-2,7 м/с шегінде, қыста 3,6 м/с – қа дейін жоғарылайтын айтарлықтай желдер байқалады. Әйтсе де, ормандарда, қорғалған орындарда жел мүлдем жоқ. Көл жағалауларында, тау шыңдарында және шоқыларда 9 м/с-қа дейін күшті желдер болады. Штиль күндері мамырда, маусымда, шілдеде 17-18, ал тамызда – 22 күн.

Қорытындылай келе, Көкшетау-Бурабай аймағының ауа-райы жағдайлары жыл маусымдары бойынша келесі ерекшеліктермен сипатталады: қыстың ұзақтығы шамамен 5 ай (қарашадан наурызға дейін); аудан антициклонының ықпалында болады, осының әсерінен ашық құрғақ аязды ауа-райы басым болады; күшті аяздар (300 – қа дейін және одан да көп), борандар, бұрқасындар болады, қар жамылғысы ұзақ, тұрақты болады; жауын-шашынның түсуіне әкелетін циклондардың батыстан кезеңдік көшуі байқалады.

Көкшетау-Бурабай курортты зонасының территориясы жан-жағындағы аудандармен салыстырғанда, үлкен су ресурстарымен ерекшеленеді: бұл ең бастысы, тұщы немесе әлсіз тұзданған көлдер, мұнайлардың саны бірнеше ондаған. Өзендер аз, оларға кішігірім Қылшақты, Сарыбұлақ, Қарабұлақ өзендері жатады. Бұлардың барлығы айқын білінетін далалық сипатқа ие: аз сулы, жазғы уақытта бірнеше тармаққа бөлініп кетеді. Өзендер ең алдымен көктемгі қар еру мен жазғы жаңбырлардан қоректенеді. Жер асты сулары да қорекке қатысады. Бұл өзендер үшін ағынның 80-90% -ы өтеді. Су тасулар біраз күшпен, бірақ қысқа уақытта өтеді.

Көкшетау-Бурабай аймағы көлдерге бай. Олардың ішіндегі ең ірісі Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркөл, Жайнақ және тағы басқа морфологиялық мәліметтер 1-кестеде келтірілген.

 

1-кесте

Көкшетау-Бурабай аймағындағы көлдердің морфологиялық мәліметтері (П.Р.Даирачево мәліметтері бойынша)

 

Көл атауы

Ұзындығы, км

Ені, км

Ауданы, км2

Терең жері, м

Су көлемі, м3

Теңіз деңгейінен биіктігі

1

Үлкен Шабақты

8,7

4,2

24,6

34,0

387

305

2

Бурабай

4,5

2,9

10,0

7,0

45

321

3

Кіші Шабақты

10,6

3,2

21,7

15,5

191

307

4

Шортанды

7,1

3,8

19,6

31,0

363

398

 

Көлдер көркем жерлерде, тау етектерінде орналасқан, толығымен немесе кішкене ғана бөлігі орманмен қоршалған. Бір жағындағы жағасы құламалы, жартасты, келесі жағасы төмен, көбінесе құмды болып келеді.

Көл жағаларының құрылымы, олардың қазаншұқырларының рельефті де сәйкес келеді: жағасы жарлауыт көлдердің тереңдігі үлкен және су асты баурайы жартасты, кейде құламалы болып келеді. Жағасы жайпақ көлдердің тереңдігі онша емес, бұл демалушылардың шомылуы үшіни өте ыңғайлы. Көл табаны айтарлықтай тегіс немесе тұнба шөккен аздап бүдірлі. Шортанды мен Үлкен Шабақтының түбінде ірі тас қатарлары бар.

Көлдердегі су деңгейі үнемі ауытқып отырады, жағалық жолдар мен террасалар осының дәлелі.

Көлдердің қоректенуі негізінен жер асты суларын бірақ атмосфералық жауын-шашын да маңызды роль атқарады. Бурабай мен Үлкен шабақты көлдеріне Қарабұлақ пен Сарыбұлақ, Шортанды мен Кіші шабақты көлдеріне Көкшетау тауларынан келетін кішігірім өзендер мен бұлақтар құяды.

Айтылған көлдерден басқа, ұсақ көлдер саны да көп. Мұндай көлдердің бір тобы Үлкен Шабақтыдан солтүстікке  қарай орналасқан. Бұл Текекөл, Ақкөл, Жайнақ, Шабақкөл және тағы басқалары. Бұлардың көбісі аймақтағы ормандар ішінде шашырай орналасқан. Бұларға Горькое, Лебежье, Үлкен және Кіші Карасьи, Светлое жатады. Бұлардың барлығы тұщы сулы, су өсімдігі басып кеткен, жағалары батпақтанған.

Сипатталып отырған территорияның көп жерлерінде жер асты суларының бастаулар мен бұлақтар түрінде шығар жерлері байқалады. Бұларға, мысалы, Ақылбаев, Иманаев бастаулары жатады, бұл бастаулар Көкше тауларының оңтүстік баурайларының етегінде орналасқан.

Өсімдік жамылғысы үлкен халықшаруашылық, эстетикалық, емдік-сауықтыру мәніне ие табиғаттың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Берілген территорияда бірнеше топырақтық — өсімдіктік кешендер бар:              

  1.Еменді-қайыңды ормандар. Бұлар қарастырылып отырған территорияның үлкен бөлігін алып жатыр және табиғи  ландшафтардың басым элементі болып табылады. Тау баурайларында, кейде ұшар шыңға дейінгі жерлерде, көл маңындағы төбелерде, жоталарда өсетін емен кең тараған. Ылғалдылық пен топырақ өнімділігінің әртүрлілігіне байланысты әртүрлі учаскелерде өсетін еменнің кейбір айырмашылықтары байқалады. В.Н.Сукачев осындай үш түрді анықтады. Бірінші – Бурабай саяжайының орталық бөлігінде өсетін емен,дер. Бұтақтар ағаш діңінен көбінесе горизонтальді жағдайда өседі, өсуі баяу. Екінші форма – Бурабай  дачасының оңтүстік аудандарындағы емендер. Олар мұнда тез өседі, бірақ 13-15 м биіктікке жеткенде өсуін тез тоқтатады. Үшінші форма – Алтынбор саяжайының емендері тасты және ылғалды, жақсы гумусты топырақта өседі, өсуі тез, жылына 80 см-ге дейін, сүйір бұрышын ұзақ сақтайды, бұтақ үшкір бұрыш астында тарайды. Шоқылардың барлық суық баурайлары, көтерілімдер әдетте аралас қайыңды-еменді орманмен көмкерілген.

Келесі кең таралған ағаш түріне қайың жатады, екі түрмен сипатталған – сақалды және үлпілдек. Соңғысы тек батпақтар мен көлдердің торфты жағаларында сақалдымен аралас кездеседі. Тоғайға әдетте қызылнық тән (биіктігі 2,5-3,5 м бұталар). Үлкен Шабақты көлінің жағасында қарақат бұталары кездеседі. Дымқыл жерлерде қайың, тал басым.

Бурабай саяжайындағы мохты кілемде орман және дала формаларының қоспасынан тұратын алуан шөпті бай өсімдік жамылғысы жақсы дамыған.

Бурабай көлінің солтүстік жағалауында, Громовая өзенінің бастауларында желдің әсерінен майысқан бұталары арқасында «билеп жүрген» қайыңдардың тұтас шоғы бар.

Жазғы уақытта орманда таңқұрай, бүлдірген, костяника, брусника, тіпті клюква піседі, көп саңырауқұлақ пайда болады.

  1. Алуаншөпті – тырсты өсімдік кешені тау баурайларында, көтерілімдер беткейлерінде тараған.

Мұнда көбінесе бороздчатый типчак, суық жусан, тырсаизен жиі кездеседі. Әртүрлі шөптен  чербец, тонкона, гвоздика, лапчатка, фламис, лишайник, жиі кездеседі.

  1. Дәнді – алуаншөпті өсімдік оңтүстік-батыс тау маңдарында, территорияның солтүстік және оңтүстік-шығыс шеттерінде өседі, әдетте жазықтарды, орман алаңқойларын алып жатады.

Көбінесе мұнда дәндер кездеседі: типчак, коротконожка, дала тимофеевкасы, вейник; изен-тырса, суық жусан, жорғалаушы пырей де өседі; алуаншөптен – подорожник, сорлы учаскелерде – солодка, нүктелік астра және т.б.

  1. Шалғынды – далалық өсімдік. Шалғындар өзен құйылымдары жерінде, көл қазаншұңқырларында, орман мен бұталар арасында таралған. Типчак, вейник, наземный, жорғалаушы пырей, подорожник, пузырчатка және вахталар түлкіқұйрық және тағы басқалары кездеседі.
  2. Жусанды-сордақты өсімдік аңғарларда, кеуір бара жатқан су көздерінде, сор мен сорға айналған қара топырақта кездеседі. Типтік өсімдіктері: жусан, типчак, ячмень және басқалар.

Осылайша, аймақ қоршаған құрғақ даладан өзінің бай әртүрлі өсімдік жамылғысымен, бұталарымен және шөптің шалғынды түрлерімен айқан ерекшеленеді /3/.

2.1Жануарлар. Бурабайдың жануарлар әлемін дұрыстап тану үшін әр жыл маусымында бір рет емес, бірнеше рет бару керек.

Орнитологтар мәліметі бойынша, мұндағы қанаттылар саны екі жүзден астам түрден асып жығылады.

Көктемде, ұшулар кезінде аспан үйрек қанатының сыбдырына толады, бірінен соң бірі қаздар ұшады. Осындай кезде шөлдегі көлдің жағасында от жағып, аспан мен судағы құс шуылына құлақ түріп отырғанға не жетсін!

Кейде қараңғылықта кенет күміс шағала саңқылдап, кейде сұр қаздар ойбайлар, ал кейде үлкен выль қайғылы үнмен дауыс қосар, сондайда ойыңа еріксіз «Выль, а выль, полно тебе выть» мәтелі оралады.

Көктем – балапан шығару кезеңі, ал Бурабай көлінде көптеген құстар артына ұрпақ қалдырады.

Алғашқы қар ерулерімен суларда айқайлаған күміс шағалалар пайда болады. Олар өздерінің жұмыртқаларын көздерінің қарашығындай сақтап, топ-тобымен ұя салады. Олардың артынан қызыл тұмсықты крачкалар ұшып келеді. Олар өздеріне ұяны ашық шөл жағаларында жұмыртқа салады.

Қамыс басқан көллдерді ірі қарабауырлы гагарлар мекен етеді, олар әдетте неке кезеңінде айқайлауық  болып кетеді. Олардың ұялары кішігірім жырларда, өзен жағасының шетінде болады.

Өздерінің сүйікті жерлеріне қара құтандар да ұшып келеді. Мойындарын созған құтандар семізірек бақа іздеген күйі орман батпақтарының үстінде қалықтап жүреді.

Орманды бурабай көлдеріне сонымен қатар тырналар, сұр құтандар, үйректің көп түрі мекен етеді.

Салқын көктем кештерінде биік аспан төрінде хрусталь сыңғыры естілгендей болады: аққулар ұшып жүр. Бұрнағы заманда осыбір таңғажайып аққанат құстардың көбісі Бурабайдың орманды көлдеріне қоныстанған екен, олардың бірі тіпті Аққулы деген атқа ие болған. Енді, аққулармен кездесу – сирек мүмкіндік; сақ құстар жұрт көзінен аулақта жұмыртқа салатын көрінеді.

Ұшып өтетін тағы құстардан көктемде ақ маңдайлы казарка, тырна, күликтер кездеседі.

Бурабайдың далалы көлдерінде сұр қаздар мекен етеді; одан алыс емес жерлерде сәнді қоңыр үйрек-атайка өмір сүреді.

Жазда, далалы емес жерде ақ және сұр тауықты кездестіруге болады, алыс аспан төрінде бүркіт, сұңқар, үлкен подорлик, сарыч, қара коршуы, ястреб және т.б. қанатты жыртқыштар қалықтайды.

Құс сайрауын сүйетіндер жазғы орманда шығыс бұлбылы мен иволганы, славканы ести алады. Ал қыста Алтын борға қарапайым сібір ақбауыры, свиристель – рюм, пуночка ұшып келеді.

Әдемі, тұрқы торғайдан кіші орман әншісі щегаль де осында /3/.

1938 ж. Бурабай аймағына бірден үш жүз тиін жіберілген болатын. Олар жаңа  жерге бауыр басып, көбейді.

Санаторийлер мен демалыс үйлерін қоршаған емендер мен үлпілдік жануар баяғыда-ақ орын тепкен. Өткен қырық жылда тиіндер адамдардың қайырымды көршілігін бағалай алды. Санаторий территориясында қаптаған әсем ұялары, тиіндер ертеден тұрып жаңғақ, кәмпит пен печеньелерді өз таңдауынша жейді. Кейде бұларға қанағаттанбаған тиіндер балкондарды аралап кетеді, қорықпастан бос бөлмелерде нені жеуге болады, оның бәрін алып кетеді. Қар бетінде жаңылысқан із көрсеңіз – тетерев болған  деп ойлаңыз. Сұлу орман әтештері мен тауықтар қыста өсімдік дәндерімен, қайың сырғаларымен қоректенеді.

Теререв – косачтар бурабай ормандарының баяғыдан бергі аңы. Ал олардың  туыстары – глухарьларды отыз жыл бұрын Киров облысынан алып келген. Көркем құстар орманның барлық жерінен өздеріне мол азық тауып алады: хвое, жидектер, жәндіктер. Бурабайда енді көптеген глухарь топтары бар, тіпті олардың бірі Бурабай орманшылық-аңшылық шаруашылығының кеңсесінен тіпті де алыста емес, бұл кеңсенің жұмысшылары соншалықты табысты түрде ғажайып орман құстарын климатқа бейімдеп алды.

Жеке батыр тау баурайларында алтай маралдары мен сібір тауешкілері пайда болды, ал дене тұрқы келбетті косульдарды бурабай орманындарда, одан тыс жерлерде де кездестіруге болады.

Көп жыл бұрын Херсоннан келген ұшақ қорықтан Көкшетау жеріне оты екі айлық құрабайды әкелді. Тәжірибе батыл еді: еліктің қатал климатқа бейімделуі мүмкін бе?

Біз ойлағанымыздай, мықты еліктер сынақтан өтті, өсті, өнді. Суық кезеңді қиналмастан өткізді, айтпақшы  елік тобының саны екі жүз елу бастан асып жығылады.

Енді Бурабай орман төмендеуінде жабайы шошқа іздері қалың батпақты қамыстардың ана шетінде де, мына шетінде де кездеседі. Жабайы қабан табыны үш есеге көбейді. Қыста азық табу қамымен олар кішігірім топтарға бөлініп кетеді. Қабандар батпақ шөбінің түбін қазады, мұнда азық қоры жетерлік.

Шаруашылық сонда да өзінің мазасыз қонақтарын тәрбиелейді, ауылда табиғат мұражайы бар.

Ал мұражай жақсы: таулы-орманлы оазис ретінде Бурабайдың иамаша экспозициясы және оған қосымша ағаш бұталарының астында өзінің кішігіріп зообағы бар, мұнда қайырымды елік, косуль, арқар, қоян, тиін жанұялары өмір сүреді.

Табиғат мұражайына жазда кіре алмайсмыз: экскурсияла, оқушылар, осылайша бәрі өз орнымен. Бәрі бурабайлық таксидермист Н.К.Чесноков істеген құстар мен аңдардың мүсіндеріне таңдаушылықпен қарайды. Келушілер бурабай, далалық, алқаптық, суда жүзетін, шалғындық және батпақтық тағы аңдарды көріп-біліп қана қоймай, жануарлардың қандай түрлері таулар мен ормандарға қайтарылғанын білетін болады.

Азаматтықпен , сұлулықпен тәрбиелеу! Иә, әрине, мұның бәрі пайдаға асады… Дәрігерлер стрестен зардап шеккен пациенттеріне еркіндікте өмір сүретін жабайы аңдар өмірін өз көздерімен көруге кеңес береді, дейді. Ал шындығына келсек, берілген кеңес жаман емес! Сенің көз алдыңда Алтын бор нәзік сары косуль нмесе қарапайым тиін бейнесінде көрініс берген кезде дүниенің бәрін ұмытасың. Табиғат өзінің тағы тіршілік иелеріне бітпес сұлулық сыйлаған.

Әсем табиғат ортасында тұрып, адам жанында ашу-ыза, бірнәрсені қысқарту немесе құмарлық сезімдегі орын ала ма екен? – депті Л.Н.Толстой – адам жүрегіндегі жақсы емес нәрсенің бәрі табиғатпен, яки сұлулық пен қайырымдылықтың тікелей мысалымен жанасқанда жоғалып кету керек сияқты.

Тек осындай мүмкіндікті қас-қағым сәтке іс жүзіне айналдыру, яғни тағы аңдарды өз көзімізбен тамашалау – біздің қаңырап қалған ормандарымыз бен даламызда ғажайып іспетті. Жойылудан аман қалған барлық тіршілік иелері адамнан аулаққа қашуда. Кейде біз табиғат ресурстарын Жаратқан сыйына баласақ та, табиғи қорлар, әсіресе тірілер – құстар, аңдар, өсімдіктер азайып бара жатқанын сезінеміз және дабыл қаға отырып – табиғатты аялаңдар! дегіміз келеді.

 

2.2 Көкшетау-Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі таңдағы күйі

Рекреация этимологиялық түсініктер жиынтығын сипаттайды: recreatio (лат.) – қалыптасу,  recreation (франц.) – ойын-сауық, демалалыс, еңбек қызметін шектейтін әрекеттің ауысуы және осы әрекетпен байланысты сипаттаушы кеңістіктер. Осыған сәйкес, рекреация термині бос уақыттағы адамдардың таңдалған өмір сүру қарекетінің белгілі бір түрлерін ғана емес, сонымен бірге олар қызмет етіп отырған кеңістікті де сипаттайды.

«Рекреация» — адамдардың тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдері кезеңінде сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени – ойын-сауық әрекеті үшін өздерінің тұрақты тұратын жері болып табылатын елді мекеннен тыс орналасқан арнайы территорияларда бос уақытын өткізу нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жиынтығы (Н.С.Мироненко, М.Т.Твердохлебов 1981).

Қазір Бурабай зонасында 24 санаторий мен 15 балалар сауықтыру лагері қызмет етеді. Мұнда жылына шамамен 38 мың адам денсаулығын түзете алады. Жекешелендіру толқыны курорт шаруашылығына әсер етті: 24 мемлекеттік емдеу орындарынан тек 11-і ғана қалды.

Щучинский

«Щучинский» санаториі аттас көлдің солтүстік-шығыс жағалауында теңіз деңгейінен 380 м биіктікте, Бурабай жайылымында орналасқан.

«Щучинский» санаториі «Курорт Бурабай» теміржол станциясынан 18 км-де орналасқан, екеуінің арасын көл жағасы бойымен емен ормандары арқылы өтетін жақсы асфальтталған жол жалғап отыр.

Емдеу орны 1946 жылы жалпы терапевтік санаторий ретінде 1930 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Қарағанды шахтерлерінің демалыс үйі базасында құрылды. Одан арғы жылдары мұнда емдеу корпусы, 10 орынға арналған бастпақты емдеу, батпақ сақтау, батпақты жылытуға арналған қазан салынды. Жанында 5  ванналы сумен емдеу орны салынды.

Санаторий жыл бойы жұмыс істейді, жазда 315 және қыста 250 орынға. Демалушылар қос екі этажды корпус пен төрт жаздық саяжайда орналасады. Оларға музыкалық салон, бильярд, қайық станциясы, тамаша құмды пялж, жақсы жабдықталған спорт қалашығы, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері қызмет етеді.

Санаторий солтүстікте орналасуына қарамастан, бақта гүлдер, таулар мен көлдерге қарайтын күннен қорғалған жабық және ашық аллеялар көп.

Қазақстанның басқа да емдеу орындары сияқты, «Щучинксий» санаториі қолайландырылып, кеңейтілуде.

«Щучинский» жазықты далалық бальнео-батпақты санаторий болып табылады.

Санаторидің негізгі емдеу факторлары болып табылады. Балқаш – Сор тұзды көлінің емдік тұнба батпағы, климат, емдеудің физиотерапевтік әдістері, бальнеоемдеу, емдік, физикалық мәдениеттің әр түрі, режим, диеталық және рационалды тамақтану, медикаментозды емдеу.

Санаторий заманауи аппаратурамен жақсы жабдықталған. Физиотерапевтік, рентгендік, тіс салу кабинеттері, ингаляторий, функционалды диагностика кабинеті, емдік физмәдениет, массаж, солярий кабинеттері, клиникалық және биохимиялық лабораториялар.

Санаторийді емдік батпақпен қамтамасыз ету базасы болып солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан Балпаш-сор көлі табылады. Оның жанында Үлкен сор тұзды көлі бар, мұнда да емдік батпақ бар, бірақ әзірге ол пайдаланылмайды. Екі көлдің де жоғары сапалы емдік пайдалану қоры 400 мың текше метрге жетеді. Иісі күкірт сутек қара, мазь тәрізді пластикалық батпақтың көлдегі қалыңдығы 15-25 см-ге жетеді. Балпаш-сор көліндегі батпақ ерітіндісінің химиялық формуласы мынадай:

 

Май-Балық көлінің жағаларындағы екі скважина арқылы шығарылатын минералды су қорлары жа жеткілікті. №94 скважинасынан шығатын судың химиялық құрамы:

Ал №93 скважинасының:

Көрсетілген минералды сулар асқазан-ішек аурулары, бауыр мен өт жолдары, зат алмасуы бұзылғанда, сонымен қатар асханалық  су ретінде де пайдаланыла береді.

Батпақпен емдеу негізінде апиликациялық әдіспен жүргізіледі. Тірек органдарын, жеке суставтар немесе суставтар тобын емдеген кезде батпақ «қолғап», «жең», «шұлық», «етік», «іш киім», «шалбар» ретінде бауыр, асқазан, бел, жұлын облыстарына жеке медальон сияқты жағылады.

Гинекологиялық аурулар болса, батпақ ректальды немесе вагинальды тампон түрінде қолданылады.

Денеге батпақты жаққаннан кейін ауруды жаймамен, артынан кленке және жүн жамылғыға орайды.

Жүрек-тамыр жүйесі, фазасы, ауыру сатылары жеке ескертілу арқылы процедуралар тағайындалады. Ұзақтығы мен t-а біртіндеп жоғарылайды. Әдетте батпақ күн ара, 38-42t-мен, ұзақтығы 10-12 минут қолданылады, бір курста 10-12 процедура бар.

Батпақты жууға арналған су t-сы 36-370 – тан аспауы керек.

Процедурадан кейін емдеу орнындағы демалыс бөлмесінде жарты сағат, палатада бір сағат демалу ұсынылады.

Батпақ қабылдайтын күні процедурадан бір сағат бұрын немесе 1 сағат кейін массаж алуға болады, ал емдік физмәдениет пен ауа ванналарын батпақпен емдегенге дейін жасау керек.

Сол күні теңіздік, көлдік және өзендік шомылулар, емдік және гигиеналық ванналар, КВ – диатермия, УВЧ, жарықтық гидроэлектрлік ванналар, жылғалық душтар, су асты душ-массаж, УК- сәулелену жасауға болмайды.

Санаторийде жеке суставтарға гальвандық батпақ қолдану тәжірибе жүзінде байқалып жүр, яғни хроникалық танзилит кезінде мойын облысына, метеопатологиялық реакцияларды ескерту немесе түсіру үшін бүйрек облысына жағады.

Физиотерапия бақа емдік факторлармен бірге пайдаланылады және олардың әсерін күшейтеді.

«Щучинск» санаториінде емдеуге көрсетілімдер «Бурабай курорты» ауданындағы емдеу орындарының көпжылдық жұмыс тәжірибесі мұндағы климат жағдайларында әртүрлі ауруға ұшыраған сырқаттарды емдеп шығаруға болатынын көрсетті, алайда жоғары мамандандырылған және біліктілікке ие болу мақсатында «Шучинский» санаториі қазіргі таңда жүрек-тамыр жүйелерінің, тірек және қозғалыс органдарының, туберкулез емес тыныс жолдарының ауруын емдеуге маманданған.

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары:

  1. Ревматикалық және басқа текті миокардиттен кейінгі күйі, жүрек жағынан өткір және өткірлеу құбылыстарының 8-10 айдан кем емес уақытта біту процесі, 1-деңгейден жоғары емес қан айналымының жеткіліксіздігі құбылыстары кезінде.
  2. Жүрек бұлшықетін күш түсуден, миокардидистрофия, сонымен қатар алмастырушылық, эндокринді, токсикалық және инфекциялық түптен пайда болатын, 1-деңгейден жоғары емес қан айналымының жеткіліксіздігі құбылыстары кезінде.
  3. Миокадиялық кардиосклерд немесе стенокардия ұстамасы болмаған кезде орын алатын атеросклеротикалық кардиосклероз.
  4. 1-деңгейдегі көп емес қан айналымының жеткіліксіздігінен немесе компенсация күйінде аорта стенозы мен митральді коректары.
  5. Тамыр қисықтары мен ми, жүрек және бүйрек тамырларында скелероз құбылыстары болмаған кездегі гипертониялық ауру (І және ІІ стадиялар, А фазасы).
  6. «Эссенциалды» гипертониялық ауруы.

7.Жүрек-тамыр жүйелерінің функциясының бұзылуы басым невроздар.

8.Ұштарында трофикалық бұзылулар және ми мен тәждік қан айналымы болмаған кезде ұштардың тамырларының литерлендіруші атероскелерозы.

  1. Тромбофлебит пен аяқ асты ұшығуларды тудыратын процесс генерализациясына бағыттау болмағанда, тек ремиссия кезеңінде литерлендіруші тромбаншит.
  2. Кейінгі қалдықтық құбылыстар, флебиттер мен тромбофлебиттердің 3-4 айдан ерте емес өткір немесе өткірлеу құбылыстары кезінде, ал терең флебиттер мен тромбофлебиттер – 6 айдан ерте емес.

Спорт ойындары, жақын маңдағы туризм, қайықта серуендеу кеңінен қолданылады.

Санаторий жағдайында терренкурдың үш маршруты ойлап табылды.

Ұзындығы 1800 м 1-маршрут Щучье көлінің жағасы бойымен тегіс орман жеріне дейін жетеді.

Ұзындығы 3600 2-маршрут 40-қа дейін көтерілу бұрыштарына Щучье көлінің үстінен 18 метрге дейін көтеріледі.

Ұзындығы 4400 3-маршрут 80-қа дейін көтерілу бұрышына ие, Щучье көлінің үстінен 61метрге дейін көтеріледі.

Барлық маршруттар аллеялар мен жақсы жолдар бойымен өтеді, тау жыныстарының ыдырауы мен желмен үрленуі нәтижесінде пайда болған жұмсақ қопсыма массамен көмкерілген табиғатпен өтеді.

Бағалар мұнда орташа, емдеуге және қызметтің қалған спектріне жолдама беріледі, «Щучинский» санаториінде ересектерге 40 мың теңге және балаларға 28 мың теңге (2002ж).

Қымыз. Бурабай климатымен қоса өзінің қымызымен де белгілі. 20-жылдары ол қымыздың ағзаға әсерін зерттеу жөніндегі орталықтың бірі болды. Мұнда П.И.Зарницын және оның клиникасының қызметкерлері адамдар мен Павловтың асқазанды иттерге бақылау жүргізу арқылы дозаның, сұрыптың, қымыздың жеке құрамдық бөліктерінің, асқазан жұмысына қабылданған оның ұзақтығы мен уақыттың қалай әсер ететінін зерттеді. Қымызды көтере алмау себептері, оны минералды сумен бірге іше беруге болатыны, оның пісуі мен сапасына ыдыстың тигізетін сипаты зерттелді. Кейінірек Т.Л.Мариупальская (1940) балаларды қымызбен емдеу жөнінде үлкен жұмыстар жасады.

Шығыс елдерінің ұлттық сусыны – қымыз. Жылқы сүтінен жасалады. Сүтке ашытқы (дайын күшті қымыз) салынады, мұның құрамында Тофила текті ашытқы болады, бұл ашытқы сүт қантын спирт пен көмірқышқылына, сүт қышқылын түзетін сүтқышқылды бактериялар тобының микробтарына айналдырады.

Қазіргі кезде Бурабайдың барлық санаторилеріне қажетті қымыз арнайы қымыз лабораториясында жасалады. Лаборатория меңгерушісі А.В.Вонаршенко бір сағат ішінде 2700 литр жылқы сүтін өңдеп шығаратын арнайы қымыз айналдырғыш мәшине ойлап тапты. Қымыз бөтелкелерде құйылып, арнайы мәшинемен аузы тығындалды.  1956 жылы тек Бурабай санаториі бойынша оның 110297 литр қымызы сырқаттарға берілді.

Қымызбен емдеу маусымы маусым айынан қазанға дейін созылады.

15–кестеде А.В.Сигристің сүт пен қымыздың химиялық құрамы туралы мәліметтерін келтіреміз.

15-кестеде қымыздағы қорек заттары сиыр сүтіне қарағанда аз екені көрінеді. Бірақ қымыз сүттен сапалық жағынан ерекшеленеді, ең бастысы онда спирт пен сүт қышқылы бар. Қымызда дәрумендер (С,А және В) өте көп. В.Н. Зюзин мәліметтері бойынша С дәруменнің 1 литр қымыздағы 58-115 мг-ды құрайды. Дені сау адам тәулігіне  С дәруменнің 50 мг-ы ғана қажет, бірақ әртүрлі аурулар кезінде, әсіресе туберкулезбен ауырғанда ағзаның бұл дәруменді қажет етуі айтарлықтай жоғары.

Кесте 2

Сүт пен қымыздың химиялық құрамы (%)  /117/

Сүттің құрамдас бөліктері

Әйел сүті

Сиыр сүті

Жылқы сүті

Орташа қымыз

Су

87,4

87,2

90,0

92,0-93,0

Тығыз қалдық

12,6

12,8

10,0

7,0-8,0

Ақуыз

2,1

3,4

2,0

Шамамен 2,0

Май

3,8

3,9

1,5

1,5

Сүт қанты 

5,5

4,7

6,0

2,0-3,0

Зала

0,3

0,7

0,4

0,4

Сүт қышқылы

0,6-0,9

Этил спирті 

1,0-2,0

Үлесті салмақ

1,029

1,033

1,034

1,015-1,020

 

Ашу қандай дәрежеде жүргеніне байланысты қымыздың үш түрін ажыратады (әлсіз, орташа және күшті), бұл түрлер өзінің дәм сапасына қарай, құрамындағы спирт пен қышқыл бойынша ерекшеленеді (3кесте).

Қымыз қышқылдығы мен спирт құрамы қымыз сұрыпы

Спирт құрамы

Қышқылдық (Тернер бойынша градуспен) 

Әлсіз

1,00 – ге дейін

60-80

Орташа

1,00-1,75

81-105

Күшті

1,75-2,50

106-20

Қымыздағы спирт мөлшері мен сүтт қышқылының ара-қатынасы тұрақты емес. Егер бие сауған кезде санитарлық жағдайлар  сақталмаса, сүт ашытуға дейін көп сақталады (әсіресе ыстық ауа райында), онда шектен тыс қышқылдықты тудыратын сырт флорасы дамиды.

Қымыз сапасы төмендейді және қышқылдық ашу спиртке қарағанда тезірек жүретін кезде оны жеткіліксіз түрде араластырған кезде.

Шамамен орташа қымыз емдеу мақсаттарында қолданылады. Қымыз ағзаға көпқырлы әсер етеді. Оның құрамында жеңіл сіңетін, яғни гидролизденген ақуыз, май және қант, сонымен бірге дәрумендердің айтарлықтай мөлшері болғандықтан, ол толық құрамды қоректі өнім болып саналады. Алайда қымыз құндылығы жоғары емес, сондықтан ас өнімдерін алмастырғыш болып емес, тек емдік және тәбет ашқыш өнім ретінде пайдалануы керек.

Қымыздың асқазан-ішек трактының функциясына тигізетін әсері анық байқалады. Қымызды қабылдағанан кейін асқазан секрециясы күшейеді, асқазан тонусы жоғарылайды, асқазан асты темірінен өт пен сөл бөліну күшейеді, ішек функциясы қалыпқа түседі, іш өтулер мен қатулар тоқтайды.

Қымызбен емдеу әсерінен ағзадағы алмасу процестері айтарлықтай өзгереді, ұзақ уақыт безгектен ауырғандар үшін, қатты жүдеген сырқаттарды емдеу үшін маңызды болып табылатын ақуыздың сіңімділігі жоғарылайды; төмен холестерин мөлшері қанда қалыпты санға дейін жоғарылайды.

Туберкулезбен ауыратын адамдарда гемоглобин, эритроцит мөлшері көбейеді, лейкоцитарлы формула қалыпқа түседі.

Қымыз ішкен сырқаттардың өкпесінің өмірлік сыйымдылығы қымыз ішпеген, бірақ сондай-ақ  жағдайларда емделген сырқаттарға қарағанда айтрлықтай үлкен. Қымыз жүрек-тамыр жүйесіне жаттығулық әсер көрсетеді, бірақ қымыз ішу жүрекке күш түсірмейді. Қымызды бір рет ішу ағзадағы сұйықтың сағаттар бойы кідіруін уақытша тоқтатады, қымызбен емдеу жалпы алғанда ұлпалардың гидрофилін қалыпқа келтіріп, су алмасуына қолайлы ықпал етеді (Сигрист, 1948ж).

Қымыз ең алдымен өкпе туберкулезімен ауыратын жандарға беріледі. Сырқатты қымызбен емдеу механизмі күрделі.

Шамамен 100 жыл бұрын Н.Постников ұйымдастырған алғашқы қымызбен  емдеу орнында былай деп жазылған: «Мitrit, raborat, atterat», яғни «қоректендіреді», күш береді және өзгертеді» Шындығында, қымыз қорек беріп қана қоймай, тамаша қоректі өнім болып табылады, тәбетті ашады, ас қорытуды қалыптастырады, ақуыздың жақсы сіңуіне ықпал етеді. Зат алмасудың әртүрлі жақтарын қалыпқа келтіре отырып, қымыз ағза реактивтілігінің күйін өзгертеді. Ағзада биохимиялық қозғалулар, сонымен қатар, қымызбен бірге адам ағзасына әсер ететін курорт кешенінің ықпалы нәтижесінде сырқаттың жалпы жақсаруы басталады.

Курортта сырқаттың алғашқы 2-3 күні климатқа бейімделуге және тексеруден өтуге кетеді: бұл қымыз беруге болмайды. Сосын 0,5л қымыз беріледі, ары қарай күндік норманы 1-1,5 тіпті 2 литрге дейін біртіндеп көбейтеді. Дозаны көбейту жылдамдығы мен максималды доза жеке анықталуы қажет: қымызды жиі ішетін немесе қымызбен емдеуден бұрын да өткен жандарға бірден 1 л жазса болады және жақын күндері дозаны 2 литргре дейін жеткізу керек.

Бұрынғы кездері қымыздың үлкен дозасы, мысалы, күніне 3-4 литр қымыз тағайындалатын. Мұндай мөлшерді барлық сырқаттар көтере алмайды, әсіресе шөл қыспайтын салқын ауа райында.

Қымыз ас ішерден 1-1,5 сағат бұрын ішілуі керек, өйткені оны тамақ алдында ішкен кезде тәбет төмендейді. Сонымен қатар қымызды тамақтан соң ішуге болмайды. Ең жақсысы қымызды күндізгі 10-нан 12-ге дейін, сосын кешкі 6-7 аралығында ішу керек, зәр айдайтын қасиетке ие болғандықтан, түнде ішуге болмайды. Қымызды баяу, аз мөлшерде, жұтылмен ішу керек, бір ішкенде 1-1,5 стақаннан көп емес. Қышқылдығы жоғары гастритпен ауыратын сырқаттарға қымызды аздап жылытқан күйде, бірден қотарып ішу керек (бұл жағдайда ол асқазан секрециясын азырақ қозғайды).

Қымызбен емдеу міндетті түрде қыдырулармен, қайықта серуендеумен, емдік физмәдениетпен үйлесуі қажет. Белсенді режим салмақ тапшылығының бір қалыпқа келуіне кедергі келтірмейді және сырқат күйінің тез жақсаруына ықпал етеді.

Емдеу әдістемесі аурудың даму фазалары мен сипатына, сырқаттың жеке ерекшеліктеріне, қымызды қалай көтеретіндігіне байланысты өзгеруі қажет.

А.В.Сигрист (1948) кітабынан сәйкес мәліметтерді қысқарған түрде келтіреміз.

Қымызбен емдеу өкпенің шектеулі  фиброзошақты туберкулезі кезінде аса пайдалы. Фиброзды ұлпада жатқан күрт шектеулі ошақары ескі, яғни аяқталып жатқан процесстер туберкулезімен ауыратын сырқаттарға қымызбен қоса, климаттық қымызбен емдеу кешенінің  басқа да факторларын қолдануға болады. Қымызды мынадай дозада тағайындауға болады: бірінші күні – 0,5л, екінші күні – 1л, үшінші күні – 1,5 л және одан ары қарай, процесті компенсациялау кезінде оның дозасын 2-2,5 метрге дейін көбейту қажет. Сонымен бірге емдік физмәдениет, ауа ванналары, ал емдеудің бесінші-алтыншы күнінен бастап күн ванналарын пайдалану ұсынылады. Өкпе ошағы жаңа баталған, жұмсақ сырқаттарға қымыз дозасын біртендеп, 1-1,5 литрден асырмай көтеру керек; физмәдениет оларға тек бірқатар бақылау уақытынан кейін, яғни процестің тұрақты сипаты қалыптасқан кезде ғана тағайындалады. Мұндай сырқаттарға күн ваннасын қабылдауға болмайды, тек ауа ванналары жазылады.

Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, ошақтық формалары сияқты, қымызбен емдеуді тағайындаған кезде жеке қарастыруды талап етеді.

Май-Балық көлі. Соңғы жылдары өзгерген су құрамы 4-кестеде келтірілген.

Кесте 4

Жыл

СО3

НСО3

Cl

SO4

NO2

NO3

Ca

Mg

NH4

K+Na

Тұз жиынтығы

1951

360

1000

5498

2075

Іздер

0,4

2,4

850

1,1

3573,2

12861

1953

408

805

6771

2613

 

 

28

1050

 

4209,0

15808

1957

420

1098

8140

3350

 

 

20,6

1128

 

5340,0

19480

 

Май-Балық көлі түбінің рельефті алуан түрлі жағасы жырлауытты болса да, табаны мүлде тегіс. Сондықтан су буланғанда және көл деңгейі төмендегенде оның ауданы төмендейді, осыған сәйкес, булану қарқындылығы да төмендейді. Нәтижесінде көл деңгейінің одан ары тез төмендеу, тұз концентрациясының өсуі мен судың емдік қасиеттерінің жоғалу қаупі өсіп отыр.

Майбалық көлін сақтап қалу үшін Кіші Шабақты көлінің суымен суландыруға болады. Мұны техникалық жағынан екі көл арасында жіңішке мойын арқылы біріктіруші жолымен жүзеге асыруға болады. Кіші Шабақтының минералды су құрамы Майбалық өзеніндегідей, тек тұз концентрациясы 2,7 г/л.

 

Кіші шабақты:

Майбалық:          

Осылайша, Кіші шабақты өзенінің суын Майбалыққа қосу, оның су сапасына зиянын тигізбейді, керісінше, карбонаттар мен гидрокарбонаттардың пайыздық құрамының аздап көбеюі есбінен оның емдік қасиеттері жақсарады.   

Ашық ландшафт, изенді дала, тасты жағалаулар, көл жағасында тұрғын құрылыстардың болмауы көл суын ластанудан сақтау жағынан алғанда қолайлы сәттер болып табылады. Көл маңында санитарлы күзет зонасы орналасқан, бірақ өкінішке орай, күзеттің қарапайым ережелері сақталынбайды, кейде тіпті көл жағасынан жайылып жүрген сиыр табындары мен жылқы үйірлерін көруге болады. Нәтижесінде көл суының колититрі айтарлықтай жоғары. Көл мен оны қоршаған ортаның күйін жүйелік санитарлы бақылауды орнату қажет.

Балпаш-Сор көлінің емдік батпағы. Бурабай селосынан солтүстікке қарай 25 км жерде, шөп жамылғысымен көмкерілген шоқылардың ортасында Балпаш көлдерінің тобы орналасқан. Оның құрамына кіреді: Балпаш-Сор, Үлкен Сор, Құлақ Сор, Мейлі Сор, Солтүстік Балпаш және Оңтүстік Балпаш.

Бұл көлдерді алғаш рет 1914 жылы А.П.Нифтанов зерттеген, сосын 1936-38 жылдары оларды орталық институт экспедициясының курорттары толық зерттеді.

Құлақ Сор, Мейлі Сор, Солтүстік Балпаш және Оңтүстік Балпаш ұсақ жиі кебеді, 1957 жылы жазда бұларда су мүлдем болмады, сондықтан олар курорттық қызығушылық тудырмайды.

Көлдердің ішіндегі ең үлкені – Үлкен Сор, Е.В.Посоков (1947ж) мәліметтері бойынша, ұзындығы 2,9 метрге дейін, ені – 1,5  км –ге дейін және жалпы ауданы – 3,2 км. Көлде тұздық бар, бұл жаңбырлы жылдары көбірек болады, ол құрғақ жылдары, керісінше –аз, өйткені рапаның құрғауы әсерінен оның концентрациячсы 1923 жылы – 3,6%, 1935 жылы 26,7%, 1944 жылы -13%, 1946 жылы — 7%. Соңғы жылдары анализ жүргізілмеді, бірақ тұздар концентрациясы күрт көбейді, бұған тұз  қабатымен тұтас жабылған көл табанының  үлкен ауданының жалаңаштануы дәлел бола алады. 1946 жылы мәліметтер бойынша рапа құрамы келесідей:

 

Көл табаны күкіртсутек иісі әлсіз шығатын тұтқыр, сұр тұнбамен жабылған, бұл курортологияның Орталық институты экспедициясының мәліметтері бойынша, емдік мақсаттарға жарамдылығы төмен.

Бурабай курортының бағалы емдік факторы болып Балпаш Сор көлінің батпағы саналады.

Балпаш Сор көлі формасы бойынша диаметрі 1,3 км-ге дейін және ауданы шамамен 1,5 км2 болатын бұрыс эллипсті елестетеді. Көл қалыңдығы 30-35 см, жағасындағы қалыңдығы бұдан аз емдік батпақтың біркелкі қабатымен жабылған. Көл табаныы біркелкі, тек солтүстік-батыс бөлігінде ғана ол көтеріледі және құрғақшылық жылдары рапаның беткейіне шығады. Аралда да, оның маңында да батпақ я жоқ, я болмаса қатты ластанған.

Курортология Орталық институты экспедициясының мәліметтері бойынша, батпақ бүкіл көл бойында CaSO4 пен CaСO3 кристалдарынан тұратын бір қабаты тұз, жасыл-сұр қыш ретінде төселеді,  бұл қабаттың қалыңдығы көл ортасында 40см-ге жетеді. Көл ортасынан орын алған скважина осы қабаттан төменде күңгірт, кейде тіпті қара, өте тығыз қыш жататынын  көрсетті, бұл қыш 3,09 м тереңдігінен бастап көгілдір-сұр, ал 3,34 м тереңдігінен ол күшті минералданған су ұстайтын құмды-галечникті көкжиекке айналды.

Көлдің батыс бөлігінде минералды батпақ қабаты 35-37 см-ге жетеді.пайдалануға ыңғайлы батпақ қоры (20 см-ден жоғары қабат).

С.Сейфуллин атындағы санаторий

Санаторий 2002 жылы теміржолшыларға арнайы ашылған. Щучинскіге демалушылар негізінен темір жол арқылы келеді. Санаторий Щучинск қаласында бекеттен 5 км жерде орналасқан. С.Сейфуллин атындағы санаторий бүгінде курортты зонаның бірегейлі деп айтсақ, артық айтқандық емес. Оны қайта жасауға жол басқармасы шамамен 600 млн теңге бөлді. Жаяу жолдар брусчаткамен өңделген, сәнді корпустар қазір ғана жарнама плактынан түскен секілді. Жарық, ыңғайлы бөлмелер. Әрбір бөлмеде, тек люкстерде ғана емес, кондиционер, теледидар, электр шәйнектері, ванна бұйымдары бар.

Курорт  қызметі бірнеше есе жақсарды, ал бағасы сол қалпында қалды. Жол жетекшілігінің өздерінің жұмысшыларын нағыз қамқорлыққа алуы байқалады. Олар бұрынғы кездегідей, жолдама құнының бағасынан 10-40% төлеп, осы жолдамалар арқылы санаториге келеді. Демалушы өзінің қалтасы көтергендігіне қарай люкс, жартылай люкс, орташа бөлме алуға мүмкіндігі бар.

Қазақстанда шамамен 16 мың теміржолшы бар, қыста бір уақытта 150, жазда -250 адам қабылдай алады. Көптеген отбасылық жолдамалар бөлінеді. 5 уақыт тамақтандыратын және толық емдеу курсы бар әдеттегі нөмір тәулігіне 1654 теңге, люкс -2303 теңге құрады. 20 күнге арналған жолдама 35 мың теңге тұрады. Осы бағаның 10%-ын төле де (бар болғаны 35 мың теңге) – рахаттанып демала бер. Тілектер мен ұсыныстар кітабына бір теміржолшы  былай деп жазыпты: «Мұндай демалыс арман ғана болар!»

Спорт және жаттықтыру залы, бильярд, төрт монша үйі, кинотеатры, ойын автоматтары, жаңа медициналық жабдықтар – мұның бәрі демалушыларға қызмет етеді. Тіпті маусым айына тән ауа райы да курорттағыларды ренжітпейді. Үйге олар денсаулығын түзеткен, ерекше қуат алған және келесі жылы емдеу орнына оралу ниетіндегі көңіл-күймен кетеді.

«Бурабай» демалыс үйі

Орны: Көкшетаудан шығысқа қарай 65 км  қашықтықта емендер қоршауында, көркем көлдің жағасында орналасқан.

Нөмірлер: екі, үш-төрт орынды нөмірлі, 3-5  этажды кірпіш корпустар, нөмірдер душ пен дәретхана, лоджия, екі бөлмелі люкс бөлмелер. Әрбір этажда ыңғайлы теледидар холдары бар.

Инфрақұрылымы: спортзал,  кинозал, бейнесалон, кітапхана бар,  кафетерий, бильярд,   үстел теннисі, жаттықтыру залы, монша.

 

 

 

Кесте 5

Орналасу объектісі

Нөмір категориясы

Адам басына күніне төлейтін бағасы, тг

Құнына кіреді

«Бурабай» демалыс үйі

2 – бөлмелі, люкс (ТВ, хол)

4200

 

 

Тұру мен 3 уақыт тамақтануы

2-3 орынды

3180

ТВ бар, 2 орынды нөмір

2400

Қосым – 7  жасқа дейінгі

3420

Емдеу, инфрақұлымы

 

Зал, спорт алаңы

Автотұрақ, кафе

 

«Оқжетпес» санаторийі

Орны: Еменді ағаш қоршауында Айнакөлдің сұлу жағалауында орналасқан. Нөмірлер: екі және үш-төрт орынды нөмірлері мен тоңазытқыштарды бар 1-5 этажды кірпіш корпус. Әрбір нөмірде теледидар мен радиожауапбергіш бар.

Инфрақұрылымы: спортзал, кинозал, бейнесалон, кітапхана, компьютер клубы бар, казино, кафетерий, бильярд, үстел теннисі,  жаттықтыру залы, бассейн, 4 монша, дискобар.

Щучинск ауданының Зеленый бор селосындағы «Жұлдыз» оқу-сауықтыру орталығында 2002 жылдың шілдесінде «Оқжетпес қонақтарды шақырады» атты балалар ән шығармашылығының облыстық фестивалі өтті. Сахнаға шыққан әрбір кішткентай әртіс өзінше қызықты еді.

Кесте 6

Орналасу объектісі

Нөмір категориясы

Адам басына күніне төлейтін бағасы, тг

Құнына кіреді

«Оқжетпес» санаторийі

2 – бөлмелі, люкс (ТВ, тоңазытқыш, радиотелефон)

4200

 

 

Тұру мен 3 уақыт тамақтануы

2-3 орынды  нөмір 2 орынды ТВ+телефон

3180

Қосым – 7  жасқа дейінгі

3420

Емдеу, инфрақұрылымы

Спортзал, жаттықтыру залы, кафе, би залы, теннис  және т.б.

 

Спорт алаңы, автотұрақ

Фестивальда ашылулар көп болды, мысалы гран-при иегері болған Щучинскіден келген Кристина Макарова мен бурабайлық жеті жасар жұлдыз Маржикбаева сахналық шеберлігі үшін дипломмен марапатталады.

Щучинск тұрғыны Әділ Райсов, Көкшетау балалар шығармашылығы үйінен Лиза Коновалова, Оқжетпес ауылының кішкентай тұрғыны Вера Кан, Сандықтау ауданынан қатысқан Аня ГОнчарова әртүрлі номинациялардың жеңімпазы болды. Бір сөзбен айтқанда, ақмола жері әнші талантына бай болып шықты.

Ал 2003 жылы жазда фестиваль өзінің кішігірім бес жылдығын атап өтпекші және ән билігінде жаңа «жұлдызшаларды» міндетті түрде ашатын болады.

Заманға сай Бурабай курортында 240 бүлдіршін денсаулығын мықтайтын, әрі дем алатын «Арман» облыстық сауықтыру орталығы бар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардың балалары мұнда тегін бағытталды.

Осы жылы Ақмола облысында мынадай бағыт ұстануға шешім қабылдандыя, яғни ата-ана қалтасының қаншалықты қалыңдығы бүлдіршіннің емделуі мен толық демалуына әсер етпеуі керек. Осы мақсатта бюджеттен шамамен 13 млн теңге бөлінді, осыған орай 2002 жылдың тамыз айына қарай 2200 баланың денсаулығын қалпына келді десе де болады.  

2002 жылы Щучинск ауданының «Зеленый бор» селосындағы «Жұлдыз» балалар сауықтыру орталығында, яки алғаш Ақмола облысы бойында ментальды ауытқулар бар балалар үшін «Спешал Олимпикс» ойындары өтті.

Бағдарламаға жеңіл атлетика, үстел теннисі, баскетбол, футбол кіреді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ұпай, секунд, гол емес, «Маған жеңуге рұқсат бер, жеңе алмасам, мен бұл ойында батыл болайын! Деген ұранға айналған өзінің кемшілігін жеңу болды. Қорытындылар көрсеткендей, командалық есепте жеңімпаз атанған №15 Елизавета профмектебінің өкілдері ең батыл болды. Екінші орынды Урюпинск балалар үйінің бүлдіршіндері иеленді, үшінші орында – Көкшетау құрама командасы. Олар республика ойындарына жолдама алды.

«Оқжетпес» республикалық  жастар лагерінде «Бақыт – күштің бірігуінде» деп ұрандаған «Бірлік – 2002» Қазақстанның Ұлттық джамборі – скауттардың халықаралық слеті өтті. Бұл слетқа Германия, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Туркия және республиканың басқа да облыстарынан делегациялар қатысады.

Мұндай масштабтағы жастар слеті бізде алғаш рет болды. Оны Қазақстан скаут қозғалысының ұйымы Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен өткізеді.

Щучинск қаласындағы 200 жас журналистердің «Оқжетпес» атты белгілі республикалық жастар лагері «Оқжетпес» деп өзгертілді. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық келісім, «Детское время» балалар баспасының, радио телевидение және кино орталығының, Қазақстанның жастар медиа одағының төртінші халықаралық  фестивалі өтті.

Көпшілік үшін бұл көп күттірген, әрі жағымды жаңалық: Бурабай курорт зонасында 2002 жылы жаздық сауықтыру маусымы ашылды.

Мамардың төкпе жауынына шомылған реликті ормандар алғашқы маусым күндерінде екі еселенген озон порциясын бөліп шығарады. Демалушылардың массалық тобын қарсы алып, ескі достарын қуана қабылдап жатқандай.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ЦСКА демалыс үйінде (бұрынғы «Ботагөз» демалыс үйі)  отырғыш шаңын келушілер ешқашан сілкіген емес: сауықтыру орнының ұядай коттедждері ақ қарлы қыста да, жаңбырлы көктемде де, мінезі қиын күзде де бір босамайды. Бір маусым бірден келесісіне өтіп отырады.

Шындығына келгенде, жазда мұнда үлкен нөмір күтіледі, — дейді Қорғаныс Министрлігінің ЦСКА екінші бөлімінің бастығы, демалыс үйінің қожайыны Василий Червенко. Негізгі контингент – оқу жаттығу және қалыптастыру жиынына келетін әскери спортсмендер. Мұнда шаңғы жарысы, блатлон, триатлон және басқа да спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелері өздерінің шеберлігін шыңдайды.

Көбінесе, жарыстар мен жиындардан кейін Қазақстанның әр бұрышынан келген  атлеттер мұнда келіп демалуға бола ма? – деп сұрап жатады:

…Әскери емдеу орнында бірінші болып демалғандар – Ақмола облыстық құрама команданың шаңғышылары мен Теміртау металургтер тобы.     

Василий Михайловичтің графигі бойынша мұнда 2002 жылы 10-маусымда Ресейдік коньки тебушілер мен Нижневартовскіден келген балалар – жастар спорт мектебінің тәрбиеленушілерінің сайысы болып өтті. Сібірліктер Қазақстанға өзінің жас ауысуымен бүкіл жаз бойына жібереді:  баскетболистерден кейін шаңғышылар келді, сосын футболистер, волейболистер…

Ал еліміздің оңтүстік өңірлері мен ТМД елдері емдеу жұмысшыларымен аз құлақтанған. Сондықтан бар үміт осы таңғажайып жер туралы әңгімені ауыздан-ауызға көп қалаларға таратады деген спортсмендерде. Бұрындары адамдар Бурабайға денсаулығын түзету үшін, санаторлық ем алу мақсатында келетін. Қазір ЦСКА демалыс үйлерінде нақты бағыт бар – демалыстың белсенді түрлері. Бұл дегеніміз туристік жорықтар да, экскурисларда, атпен жүріс, балық аулау да. Мұнда волейболдан, футболдан, жарыстар, отбасылық спорттар өткізіледі. Әскери демалыс үйі өзінің табынушыларын тапты деген үміттеміз.

Сонымен бірге жас спортсмендер ретінде де 2002 жылы өзінде мұнда президент тестері бойынша жарыстар, мектеп оқушылары арасында хоккей турнирлері өтті.

Хоккей корты салынды, демалыс үйі территориясында пляждық воллейболға арналған екі алаң ашылды. Сондықтан да, нағыз волейболистерді Көкшетау-Бурабай аймағының қылқанды ормандарына, онда да ең қолайлы уақыт – маусымның жандануына шақыруға болады.

 

Оқжетпес

2003 жылдың қаңтарында «Оқжетпес» емдеу орны ашылды. Қайта жасауды тәмамдады да, оған бес жұлдызды отель статусын берді. Бұл Қазастанда мұндай статус алған бірінші емдеу орны.

Оқжетпес – мемлекеттік саясаттың жанды бейнесі Бурабай аймағы шетел инвесторларының қызығушылығын тудырды. Мысал үшін, итальяндық қаржы компаниясы – «Эни». Олар құрылысқа ғана емес, экологияға да, басқа да көптеген салаларға демеуші болды. Басты демеуші ретінде «Джейлан ЛТД» түрік фирмасы  мойындалды. Директоры Шахин Иллтере бұл фирма реконструкцияны бір жарым жыл ішінде бітірді.     

Реконструкцияға байланысты, емдеу орны спорт алаңын, жұмысшыларға арналған мейрамхананы, қонақтарға арналған 250-орындық мейрамхананы, казино, 250-орындық конференц зал, төрт  моншалы  бассейн және дәстүрлік емес медицина корпусын қайтарып алды. Бұрынғы 8 ұядай ыңғайлы бөлмелерге тағы 44 люкс нөмірлерін қосты.

Емдеу орны жыл бойы жұмыс істегендіктен, жылу құбырларын жаңартып, Германиядан әкелінген электрстанцияны қосты.

2003 жылдың қаңтарында Бурабай курорт зонасының ғажайып бұрышында «Щучье» көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» жаңа жыл бойы істейтін сауықтыру лагері 165 баланы қабылдап алды.

Еліміздің жобалаушылары мен архитекторларының үлкен ұжымымен бірге «Астана Стройинвест» компаниясының қазақстандық бүлдіршіндерге сыйға тартқан емдеу орнының екі апта бойы толық құқылы қожайындары болған балалар негізінен балалар үйінің, приюттердің, интернаттардың тәрбиеленушілері.

Мұнда балаларға арналған ұйықтайтын кең бөлмелер, жарық сыныптар, компьютер кабинеттері, ойын залдары, спорт кешені, кафе, дискотека, емдеу корпусы бар, ал жазда жабық бассейн  мен ыңғайлы рляж салынып бітеді. Ол уақытқа дейін «Балдаурен» бір маусымда 300 балаға дейін қабылдайды. Жаздың ортасында мұнда лагерьді ресми түрде ашу рәсімі жоспарлануда, бұған Президенттің Артек – «Балдауреннің» салынуына бірден-бір себепші тұлға.

Жазғы уақытта отбасының қаржылық мүмкіндігіне байланысты ата-аналарға балалармен бірге араласудың әртүрлі варианттары ұсынылады.

Топтастырылған оқушылардың тобына Үлкен Чебанье өзендегі демалыс палатканың лагерін ұсынады (тамақтану және тамақты өз бетінше дайындау енгізілген) сонымен қатар Көкшетау демалыс үйінде жаздық үйшіктер беріледі (3 адамға арналған бөлмелер, суық сумен). Омск қаласының ұйымдастырушы фирмалары оқушылар тобына арналған жолдамалардың жол ақысын өте төмен бағада ұстап тұруға тырысады, олар «Боровое» курортты зонасында демалысты ұсынады. Жоғары сапалы автобустарда демалушыларды ары бері де белгілі бір кесте бойынша әрбір дүйсенбі мен жұмада алып барады.

Шілде-тамыз 2002: Алғашқы шыңдарға шығу жиналысын, шаудан кейін Александр Кленов жүргізді. Оның жетекшілігімен Екатеринбург қаласының таулы спорт мектебінің шыңға шыққыштары Боровое шыңдарында 20 күн өткізді. Олармен бірге УРРУ –ның альпинистерінің тобыда сол күндерді өткізді.

Тәжірибе жинап алған соң олар Ала-арша жеріне саяхатқа кетті, оларға енді «үштік» шыңдарға шығу керек емес болып қалды. Сонымен қатар сол күндері ол жерде «Синегорье» әндер фестивалі өтті, ол жерде Омск пен Екатеринбургтан 1000 жуық адам қатысты.

 

2.3 Көкшетау-Бурабай курорттарын дамытудың мөлшері мен перспективалары

Өз кезінде Ақмола облыстық әкімшілігімен және облыстық экономика басқармасымен Борлық курортты зонаны дамытуға бағдарлама ойластырылған болатын. Бірақ ол жердің көптеген нысандары жеке меншікке сатылып алғандықтан және әртүрлі министрліктердің иелегінде болғандықтан, оны жүзеге асыру өте қиын. Ал қаржының жетіспеушілігінен ол мүлдем жүзеге аспайтын сияқты. Жергілікті әкімшілік бұл жерде тиісті тәртіпті де орната алмай жатыр, бұған ұлттық «Бурабай» саябағының да күші жетпей жатыр, дегенмен бұл курортты зона осы саябақ ауданының иелегінде болғанның өзінде де. Оның басшылары мен әлі күнге дейін дамудың басты жоспары жасалмаған. Сондықтан  да біздің ойымызша мемлекеттік органдар қатарынан жалғыз басқарушы иесі болуы керек дейміз. Сонымен қатар басты жоспарды өңдеп шығару керек, сол жоспар арқылы шиеленіскен мәселелерді шешет алар еді.

Курортты зонаның қалыпты дамуы ең алдымен бұл жерде сәулеттік желінің салынуынан байланысты болады. 1999 жылы канализациялық коллекторлардың  салынуына 60,98 млн тенге, ал 2000 жылы 50,3 млн және 2001 жылы  60 млн тете бөлінген. Көкшетаудың пром су жүйесінің қайта өңделуіне және оның Щучинск қаласына дейін салынуына, соңғы 2  жыл ішінде 300 млн теңгеге дейін қаржы жұмсалды, ал жуырда 270 млн теңге бөлінген және оны пайдалану беру жоспарланып отыр. Бірақ осының барлығы мұндай маңызды табиғи қорғалған нысанды толығымен аяқтау үшін жеткіліксіз, өйткені курортты зонаға қызмет көрсететін Воробьевск, Қотыркөл канализациялық коллекторлары да нашар қал кешуде. Ол үшін кем дегенде 570 млн теңге қаржы қажет, ал мұндай қаражатты облыс басшылары бере алмайды.  Жыл сайын ізделінетін қаржы мәселелері шеше алмайды. 1999 жылғы салынған коллектор құбырлары, жұмысының аяғына дейін жүріп, жарамай қалуы мүмкін. Мемлекет тарапынан қаржылық көмек болмағанша бұ мәселе аяқталмайтын сияқты.

Қазіргі кезде «Балдаурен» балалар сауықтық орталығын қайта өңдеуден өткізу жұмысшылары толық масштабта жүргізілу де, ол халық арасында «Артек» атымен мәлім. Жеке меншік лагерлердің қызығушылығы көрінуде, бірақ ол осы жазда келетін демалушылардың қабылдауына жеткіліксіз. Ал қыс кезінде зонаның көп бөлігі бос болып тұрады. Сондықтанда бұл жерге жалғыз иегер керек, ал Көкшетау-Бурабай курорттық зонаның даму бағдарламасы аймақтық емес, жалпы мемлекеттік болуы тиіс және ең алдыңғы кезекте ол сумен қамтамасыздауды және канализация мәселелерін шешу керек. Курортты зонада ауыз су жеткіліксіз. Сондықтан да ол жерде су Щучье көлінен алынады, бұл көп жыл өткен сайын тайызданып келеді. Жергілікті септиктердің жағдайы күрделі мәселе болуда, олар баяғыдан толып кеткен, лас, кір сулардың барлығы барып көлшікке құйылады. Осының барлығы күрделі экологиялық қауіп төндіруде. Осы себептерден инженерлік желіні жасап бітірмегенше, курорттың эффективті пайдалануы жайлы әңгіме қозғалмайды. Боровое ауылыда зонаның даму жоспарына (бағдарламасына) кіру керек, өйткені ол ауылдың инфрақұрылымын дамыту керек. Бұл дегеніміз жаңа басқарушы адам сол жердің иелеріне ол жердегі тәртіпті  терке келтіру керектігіне талаптар қоюы керек, ал егер ол талаптар орындалмаған жағдайда жерлерді тартып алып, оларды жұмыс істей алатын азаматтардың қолына беруі керек.

Бұл мәселелер Бурабай курортты зонасының сәулетті дамуына ұстап тұруда. Жоғары мемлекеттік деңгейде өңделген құжатсыз, ол белгілі бір песрпективаларға ие бола алмайды /15/.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау өзекті әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие. Адам ежелгі замандарда табиғаттың дамуына ерікпен болсын, еріксіз болсын өзінің үлесін қосып келеді. Дамыған кезеңде, адамзат өндіруші күшінің биік деңгейіне жеткенде, ол жер бетінің аса белсенді түрлендіргішіне айналған. Тыңайған жерлерді игеру, көлдер мен өзендерді қолдан жасау, осыған айтарлықтай маңызды мысал бола алады.

Әсіресе курортты адамдардың қоршаған ортасын қорғау үлкен маңызға ие, өйткені  табиғаттың өзі оның ландшафты қорлары, адамдардың емдік сауығуы үшін бірде-бір фактор болып табылады. Табиғи қорларды және оның емдік қасиеттерін пайдалана отырып, адам  сол табиғи байлықтарды сақтап отыруы керек. Осындай мәселелер Борлық курортты ауданында өт күрделі түрде болып тұр, ол жерлер түгелімен адаммен игерілген. Бұл жерде ең алдымен ландшафтың мынандай элементтері қорғауды талап етеді: су, ормандық қорлар, жануарлардың көптеген түрлері, табиғаттың кейбір ескерткіштері және тағы басқа. Көптеген көлдер, бұлақтар мен өзендер, экономика керектілігіне, курортты-санаторий ғимараттарымен, тұрғылықты тұрғындарымен кең көлемде пайдалануда. Әсем жағалаулары бар көлдер демалушылардың шомылуына, балықтардың түрлерін дамытуға, су құстарын өсіруге пайдаланып жатыр, ал минералды және батпақты көлдер адамдардың сауығу мақсатында қолданылуда. Бұл бір жағынан адамдарға өмірлік маңызды мән береді, олардың денсаулығын нығайту үшін, бірақ бір жағынан су қоймалар тоза бастайды, судың сапасы төмендейді. Әлі күнге дейін Щучинкс қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындары Щучье көліне өздерінің зиянды қалдықтарын тастауда; олар: шыны өндіретін заводтар, ет өңдеу комбинаты, май өңдеу зауыты және тағы басқалары. Б.Чебачье көлінің жанында құс фермасы орналасқан, көптеген осындай көлшіктерде мал емін-еркін суғарылады. Осындай суқоймаларына деген жауапкершіліксіздіктің салдарынан өзендер мен көлдердің ластануы болуда, сол өзендер мен көлдердіе балықтар өлуде және су көздерінің санитарлы-гигиеналық жағдайы нашарлауда.

2002 жылы 17 мамырда Щучинск аулының әкімшілігінде отырыс өтті. Ол жерде жаз маусымына курорттық зонаның дайындығы туралы мәселелер қарастырылып талқыланды. Әкімнің бірінші орынбасары В.Панинский жол жүйесін қайта жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 3 млн теңге бөлінгендігін айтты. Жаңа иегерлердің көбісі, курортты сервистің дамуына ешқандай қаржы қоспастан пайда көргілері келеді.

Әкімшіліктің қызметкерлерінің сөзіне қарағанда «Алтын бор» турбазасы «Щучинск» демалыс үйінің коттедждары «Көкшетау» демалыс үйінің жағдайлары мәз емес жағдайда.

Щучинск профсоюз санаториі бүкіл Союзға аты мәлім болған. Сол кезде ол әйгілі атқа ие болған «Жасыл бор» — санаториі «Қазақстан жолдары» компаниясына жатады. Жаздық маусымға сауықтық орталық әлсіз дайындалды. Жуырда оның басшысы ауысты жаңа директор В.Червенко корпустармен бөлмелерді аралап басын шайқады, барлық жерлерде суық және қолайсыз жағдайлар болды. Бірде бір дәрігер қалмаған. Демалушыларға қызметті екі медбике көрсеткен. Демалушылар тамаққа, бөлмелердің суықтығына, тұрмыстық бұйымдардың жоқтығына жиі шағымданатын. Туристік жолдардың барлығын шөп басып кеткен. Бірақ тәулік бойы кафелер мен барлар қызметін көрсеткен. Демалушылардың қалтасынан айқын ақша сору жүйесі жүзеге асырылған. Бірақ сауықтық орталықтың иегері басқа жағынан дамыған. Үш котедждеде толығымен жөндеу жүргізген. Барлық санаторийдің қаржысы сол жерге жұмсалды. Компанияның басшылары жайлы жерлерде демалуда, ал қасында демалатын демалушылар үшін аса күшті емес үйшіктер берілген.

2002 жылы «Оқжетпес» санаториінің толығымен қайта өңдек жұмыстары басталды. Бұл шаралар үшін республикалық бюджеттен 10 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл жерде жабық бассейн, фитнес, сауна, мәдениет үйі, асханалар және тағы басқалар қазіргі заманға сай жаңа ғимараттар пайда болды.

Бұрынғы «Ақмола» санаториі жаңа түрге ие болды. 1,5 жыл ішінде 400 млн теңге көлемде республикалық бюджеттің қаржысы жұмсалды. Санаторий базасында балаларға арналған сауықтық орталық қызметін атқаратын болады.

Жазғы маусымға «Оқжетпес» республикалық жастар лагері жақсы дайындалған, ол қазіргі кезде мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарайды. Ол жерде 2-ші және 3-ші ұйықтау корпустарында Еврожұмысы аяқталуда. ТОО «Приозерный» санаториында екі жабық бассейн, сауна салынуда, жаздық коттедждар жаңаруда. 30 млн теңге туберкулезге қарсы республикалық жасөспірімдер санаториін қайтадан өңдеуден өткізуге жұмсалған. Курорттық зонаны дамыту мәселелері аудандық әкімшіліктің назарында тұруда деп айтады. Әкімнің орынбасары Алтаева Т. шомылу жағалауларының жағдайлары жақсаруда. Демалушылар мен басшылардың арасындағы кездесулер жаңғыруда. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы Бурабайда алғашқы халықаралық фольклорлы әуендер фестивалін өткізуге ұйғарды. Өздерінің қарамағына біздің курортты зонаны және Астананың жарнамалық агенттігін алды. Болашақта үлкен ауықтық орталықтарда өздерінің Интернетке шығу жолдары болады. Көріп тұрғанымыздай курорттық шаруашылықта әлі айқындылықпен ашықтық жеткілікті. Демалыс адамға жылына 1  рет беріледі. Сондықтан да адам жақсы демалғысы келеді. Тек қана табиғат жағдайлары бұған жеткіліксіз, бірақ зонада әлі күнге дейін өзендер мен көлдердің ластануы  жүріп жатыр, жалпы экологиялық жағдай нашарлауда. Негізгі курортты зона «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағының территориясында орналасқандықтан ол аса қорғалатын зона болып табылады.

Көкшетау-Бурабай өңірінің тағыда бір өзекті мәселесі ол – орман өрттері. 1998 жылы болған найзағайдың әсерінен өрт болған. Болған өрт 1500 гевтарға жуық орманды талқандаған. Табиғат апаттарынан ешкім қорғалмаған. Бірақ жергілікті орманшылар өздерінің кінәсін біліп тұрды, өйткені, олар кішкентай жас шыршаларды сақтап қорғай алмады. 4 жылдың ішінде шығындардың барлығы қалпына келтірілді. Қазіргі күні аудан бойынша күйген бір орын көрмейсің – жас ағаштар бой көтеріп үлгерді.

«Көкшетау» ұлттық саябағында, 2003 жылдың қарсаңында табиғатты қорғау үшін алтын алқамен марапатталды. Таулы жерлерде орманшының жұмыс істеуіне 500-600 гектардан, ал жазық жерде 1000 га аспау керек. Былай қарағанда ұлттық саябақтың барлық орман фонды 200 мың гектарды құрайды, ал оны бар болғаны 106 орманшы ғана қорғайды. Ал 1999 жылы мамыр айында Ақмола облысында 2 бірдей өрт болған  Маралды мен Алексеевка орманшаруашылықтарында нәтижесінде 20 га орман-дала өсімдіктері құрып кеткен, 25 жылдық аққайыңдар мен шыршалар шырақтар сияқты лаулап жанып кетті. Өрттік апатпен күресу үшін Балхашино ауылының тұрғындары да шықты. Ал көршілес Алексеевка орман шаруашылықтарындағы өртпен Ерназар аулының 195 адамы өртпен арпалысты, сонымен қатар РОВД  қызмткерлері және өрт сөндірушілер. Нәтижесінде 500 га жас орман зардап шекті. Шығарған тұжырым бойынша өрт демалушылардың тарапынан болған дейді.

 

Қорытынды

Қазіргі кездегі дамыған туризм бүкіл дүние жүзін жаулап алды. Туристармен алмасу көбінесе көршілес мемлекеттердің арасында болады, жыл өткен сайын басқа елдің өмірімен танысау деуші адамдардың саны көбейе түсуде.

Ішкі туризим, туристардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін тударады, салт-дәстүрмен танысуға мүмкіндік береді және өз мемлекетінің әсем жақтарын ашуға ат салысады. Қазақстан Республикасының агенттік мәліметтеріне қарағанда, статистика бойынша 2001 жылы ішкі туризмнің үлесі 73,8% құрады, ал сыртқа шығатын туризм – 24,6% үлеспен болды. Бұл жағдай, ішкі туризм шығатын туризмға қарағанда арзан болуымен түсіндіріледі.

Фактілік мәліметтерді зерттей отырып біз мынандай тұжырымдамаға келеміз. Көкшетау-Бурабай өңірі үлкен табиғи және әлеуметтік-экономикалық қасиеттерге ие, соның арқасында ол курорттық шаруашылықты және туризмді  дамыта алады. Осы аймақтың ауданында 80 жуық көлшіктер орналасқан. Бұл жерде жануарлардың алуан түрлері мекендейді. Осы жерге келетін туристер өз үйлеріне жаңа адам болып қайтады. Берілген өңірде (туризм индустриясының перспективалары үлкен және көлемді. Осы реакциондық ауданға туристардың негізгі ағымы Ресей мен БҰҰ келеді. Бұның барлығы Бурабайдың шекараластығымен байланысты. Бурабайдың ормандары, шыңдарының әсем түрлері, көлдерінің тұнықтығы, ауасының тазалығы адамдарды сауықтырады және қызықтырады. Бірақ Көкшетау-Бурабай курорты тек қана өзінің табиғатымен ғана емес, сонымен қатар минералды суларымен емдік балшықтарымен ең бастысы тауымен ерекшеленеді және әйгілі. Сондықтан да Бурабай курорты туберкулезді ауруларын емдейтін жер болып табылады. Көкшетау-Бурабай өңірі Ресей мен Қазақстанның шекарасында орналасқан, бұл жерге Ресейдег туристардың көп ағымы келеді, дәлірек айтқанда Томск, Омск және тағы басқа қалалардан.

Көкшетау-Бурабай өңірі Солтүстік Қазақстанның ең бір дамыған өңірі болып табылады. Өңір курортты шаруашылықты дамытуға және қолдауға керекті рекреациялық қорларға ие. Негізгі курортты зоналар болып мына санаториялар табылады «Бурабай», «Оқжетпес», С.Сейфуллин атындағы санаторий, «Щучинск» демалыс үйлері – «Бурабай», «ЦСКА», «Приозерное» балалар лагерлері – «Балдаурен», «Оқжетпес» және «Қысқы бор» турбазасы және тағы басқалары.

Берілген аймақтың ең үлкен басты мәселесі мынада, көптеген сауықтық орталықтар жекешеленген, мысалға алғанда 24 мемлекеттік орындардан 11 ғана қалды. Ең жанға бататындығы иегерлердің ауысуы әлі нәтиже бермеуде. Тағы да бірқатар мәселелер бар, экологиялық, экономикалық және өңірді сумен қамтамасыздау сияқты. Бірақ Көкшетау-Бурабай өңірін дамыту және қамту жоспарына енгізгендіктен және Жапониядан қаржылық көмек көрсететіндіктен бірқатар осы  сияқты мәселлер жауабын тауып шешілуде.