Тақырыбы: Көлбай Тоғысовтың қызметі
Мазмұны
Кіріспе ———————————————————————- 3-8
- К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы —9-25
- ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстанның
әлеуметтік-саяси жағдайы және қазақ зиялылары ————- 9-15
- К. Тоғысовтың қоғамдық қызметінің алғашқы
кезеңдері және оның саяси көзқарастарының қалыптасуы —16-25
- Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және «Үш жүз»
партиясының қызметі. (1917 ж) ————————————26-39
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай
(1917 жылғы ақпан-қазан) ——————————————-26-30
- «Үш жүз» партиясының құрылуы және ондағы К. Тоғысовтың
қызметі ——————————————————————-31-39
Қорытынды ——————————————————————— 40-42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі —————————————-43-45
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тарихтың кейбір кезеңдерінде қоғамның өзінің өткенге деген қызығушылығы арта түседі. Онда ол негізгі проблемаларға сұрақ-жауап іздейді.
Көп жылдар бойы тарихымыз билік етушілердің идеологиясына негізделіп жазылып келді. Бүгінде біз Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл толып отырғанда тарихымызды ашық жаза аламыз. Еліміздегі демократиялық қайта құрулар тарихымыздың кей қыр — сырларын қайта қарауға мүмкіндіктер жасауда. Республикамыздың тарихын оңды-солды зерттеу үшін Қазақстанның демократиялық қозғалысы тарихындағы қазақ ұлттық интелегенциясының рөлі мен қызметін қарастыру өте маңызды.
ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттеудің өзектілігі айдан анық.
Біріншіден, осы кезде қоғамдық- саяси процесстер туындайды.
Екіншіден, бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің тарихы біржақты, идеологиялық тоқырау салдарынан көптеген қоғамдық-саяси процесстердің, фактілердің, оқиғалардың зерттеулеріндегі қайшылықтарға алып келді.
Үшіншіден, осы кезеңде тарихи аренаға ұлттық интеллигенцияның өкілдері шығады. Бұлар өз халқын отарлық қанаудан босатуды, тәуелсіздік үшін күрестің жолын іздестірді. Бұл жолдар өз кезегінде түрлі ойлар мен көзқарастарды туғызды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы үшін қазақ халқы бар күшін, өз өмірлерін арнады. Ұлт-азаттық, демократиялық қозғалыстардың лидерлерінің әрқайсысының қызметін толық обьективті зерттеу ғылымның өзекті мәселесі. Бүгінде біздің қазақ интеллигенциясы туралы тарихи шындықты жазуға мүмкіндігіміз мол. Осы ретте ұмытылған қайраткерлер мен қатар Көлбай Тоғысовтың есімін айтуға болады.
Көлбай Тоғысов өз халқының мұң-мұқтажын ойлаған, өз өмірін халқына арнаған адамдардың бірі. Оның негізгі мақсаты қазақ халқын ағартушылық жолына бағыт-бағдар беріп, тәуелсіздік алып беру болды.
Зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы аумалы-төкпелі аласапыран заманда ел теңдігі үшін атқа қонған, партия құрған, газет шығарған, қуғын-сүргінге ұшыраған, ақыр соңында жат қолынан қаза тапқан Алаш қайраткері, қаламгер – Көлбай Тоғысұлының қызметі кең көлемде зерттелді /1/.
Бұл жұмыстың өзектілігі ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы Көлбай Тоғысовтың есімін қайта жаңғырту, оның демократиялық процестерінің дамуындағы рөлін көрсету, қоғамдық-саяси қызметін айқындау маңызды. Қазіргі таңда жаңа мұрағаттық материалдардың шығуына байланысты К. Тоғысовты жеке тұлға ретінде зерттеу, оның атқарған қызметіне жаңа көзқараспен қарап объективті зерттеудің мәні өте зор. Көлбай Тоғысов жеке тұлға ретіндегі біртектілігі оның қызметі мен публицистикалық мұраларын зерттеу үшін қызығушылық туғызады. Бұл тақырыптың өзектілігі саяси ұйымдастырушылық, публицистикалық қызметінің осы күнге дейін толық зерттелмегендігі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына байланысты зерттеулерде қырғыз (қазақ) «Үш жүз» социалистік партиясы (кейіннен қазақ социалистік партиясы) және Көлбай Тоғысовтың есімі партияны құрушылардың бірі екендігі айтылады. Бұл партияның қызметіне, сондай-ақ К. Тоғысовқа байланысты көзқарастар, пікірлер әртүрлі. Бұған себеп біріншіден, «Үш жүз» партиясы марксистік ұғымда болмады және К. Тоғысов большевиктер қатарында болмады.
Екіншіден, «Үш жүз» партиясы және оның лидері басынан бастап «Алаш» партиясымен текетіресте болды. Осыдан кейін «Үш жүз» партиясы «Алаш» партиясының қарсыласуына тап болғандықтан «Үш жүз» партиясының қызметін зерттеу ұзақ уақыт зерттеушілердің аса қызығушылығын тудыра қойған жоқ.
Үшіншіден, ұлт-азаттық қозғалысы тарихында «Үш жүз» партиясының орны мен рөлі және оның лидері К. Тоғысовтың қызметі толыққанды зерттелмеген және жан-жақты дұрыс баға берілмеген.
Соңғы кездері жас ғалымдар тарапынан «Алаш» партиясының қызметі мен басшыларына байланысты зерттеуге қызығушылықтың арта түсуі көңіл қуантады.
«Алаш» партиясы өкілдерінің ұлт-азаттық және Қазақстанның демократиялық қозғалысының дамуына қосқан үлестерін бүгінде біз барлық жағынан жан-жақты бағалай аламыз. Жаңадан шыққан басылымдарда К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметі және оның құрған «Үш жүз» партиясы туралы қысқаша ғана зерттеулер жасалған. Оның өзінде де екі партияның бір-бірімен қарсыластығы айтылады. Бұл партиялардың бір-бірімен күресіне байланысты қайсыбіріне күнә артуға болмайды. Партия арасындағы күрес билік үшін емес, қазақ халқының тәуелсіздігі, азаттығы үшін болғандығын айтпасада белгілі. Сондықтан әрқайсысының тарихын обьективті зерттеу қажет. Сол кезеңде Қазақстандағы екі саяси-ұлттық партияның тарихи болуы елдегі демократиялық бастаулардың тууына, көппартиялық жүйені құру мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді.
Ғылыми тұрғыдан қарағанда Көлбай Тоғысов туралы С. Сейфуллин өзінің «Тернистый путь» атты еңбегінде біраз мәселелер айтады /2/. Бұл жұмысында ол алашордалықтар мен үшжүздіктер арасындағы кикілжіңдерді, «Үш жүз» партиясының әлеуметтік құрамын ашады. Қазақ социалистік партиясының мәнін аша отырып, ол бұл партияны ұсақ буржуазиялық демократтардан құралған деді.
С. Сейфуллиннің өз кезегінде «Үш жүз» партиясына деген көзқарасы өзгеше болғанымен ол былай дейді: «Нет. Мне не нужна ни партия «Алаш», ни партия «Үш жүз»! Ни стой, ни сдругой программой я не могу согласиться полностью. Но мои симпатии больше на стороне «Үш жүз».
С. Сейфуллин «Үш жүз» партиясы қызметінің қателіктерін көрсетіп, ол бұл саяси күрестегі болып тұратын кемшіліктер деді. Осыған байланысты ол былай деді: «Конечно, в то время многие спотыкались, шли на ощупь. Сотрудники «Үш жүз» явно не понимали своих задач, допускали большие ошибки» . Өз жұмысын қорытындылай келе ол: «Для революции Алаш была опаснее и вреднее, чем «Үш жүз». Хорошо ли, плохо ли начинали организаторы «Трех сотен; по в 1917-1918 г.г. в решающие исторические дни они выступили на стороне красных, поддержали революцию» /2/.
«Үш жүз» партиясының қызметі туралы Т. Елеуовтың «Қазан революциясы және азамат соғысы» еңбегінен қарауға болады. Бұл партияның саяси маңыздылығын айқындай отырып ол «Үш жүздіктер» революцияның жол серігі, жаппай халықтың қысымымен большевиктерді қолдады дейді. Сонымен қатар олар солшыл эсерлердің бағдарламасын толық қолдады /3/.
Автор өз жұмысында «Үш жүз» партиясының негативті жақтарын қарастырып оны ұлтшыл және антисоветтік партия ретінде қарастырады.
Мұнда автордың «Үш жүз» партиясы байларды қолдап, кеңес өкіметіне қарсы шықты деген пікірмен келісуге болмайды.
«Үш жүз» партиясына байланысты пікірді «Очерки историй Коммунистической партии Казакстана» еңбегінің авторлары да көрсетеді. Кітапта «Үш жүз» партиясы «Алаш» ұлттық-буржуазиялық партиясына қарсы шығып қазақ халқының әртүрлі жіктерін өз жақтарына тартуға тырысты делінген. Партияның идеологиялық платформасы пантюркизм, панисламизм, эсерлерді, анархизмді және ұлтшыл буржуазияны көрсетті /4/.
«Үш жүз» партиясының идеологиялық позициясына байланысты қарама-қарсы көзқарасын С. Зиманов былай дейді: «Үш жүз» партиясы сонау бастан социалистік позицияда болды және барлық жағынан большевиктер партиясын қолдады.
Олар социалистік бағытқа икемделіп кеңес өкіметінің декреттері мен жарлықтарын толық қабылдап жергілікті кеңестердің жұмыстарына белсене қатысып отырды. Бұл ұйым буржуазиялық ағымдармен шешуші күрес жүргізе отырып ұлтаралық келісімді сақтауды талап етті /5/.
Автор «Үш жүз» партиясының Кеңестермен, большевиктермен біріккен жұмысын ғана көрсетіп, бұл партияның ерекшелігін және саяси позициясының эволюциясына көңіл бөлмеген.
Бұл проблема жайлы өз ойын атақты тарихшы Г. Д. Дахшлейгер өзінің «В. И. Ленин проблемы Казахстанской историографии» атты еңбегінде көрсетеді.
Г. Д. Дахшлейгер үш жүздіктердің түрік-татар федерациясын құру туралы мәселелеріне көңіл аударады. Автор үш жүздіктер өздерінің идеологиялық жағынан эсерлермен-мұсылман фракцияларының бағдарламасына жақын деген тұжырым айтады.
Бұл жұмыста автор үш жүздіктердің эволюциялық іс-әрекетін олардың барлық мұсылмандарды біріктіруге тырысқандығын көрсетуге тырысады /6/.
«Үш жүз» партиясы туралы қызықты мағлұматтарды П. Пахмурный мен В. Григорьевтің «Октябрь в Казакстане» атты біріккен еңбектерінен байқауға болады. Бұл еңбекте авторлар партияның құрылуы туралы проблеманы қарастырады.
Сондай-ақ олар «Үш жүз» партиясы мен оның лидерлерін біржақты қарастыруға болмайтындығын айтады. П. Пахмурный және В. Григорьев «Үш жүз» партиясы бағдарламаларының кейбір әлсіз жақтарына көңіл бөледі. Яғни «Үш жүз» партиясы ауыл жұмысшыларына қажетті аграрлық бағдарламаны ұсына алмады дейді. Керісінше қазақ қоғамының өмірінде дінді күшейтуге атсалысты деген ойды айтады /7/. Авторлар бұл партияның қарама-қайшы идеялық позициясының күрделілігіне көңіл аударады.
П. Пахмурный «Большевики Казахстана в революции 1905-1907 г.г.» атты еңбегінде «Үш жүз» партиясының лидері К. Тоғысовтың эволюциялық көзқарасына көңіл аударады . Ол К. Тоғысовтың Ресейдегі революциялық дамудың әсерінен біртіндеп революциялық-демократиялық позицияға өткендігін айтады /8/.
«Үш жүз» партиясының идеологиялық мәселесі және оның басшысы
К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарастары К. Б. Бейсембиевтің «Очерки истории общественно-политической и философской мысли Казакстана» монографиясында қаралады. К. Бейсембиев «Үш жүз» партиясына бір жақты қарауға болмайды дейді. Олардың әрқайсысының көзқарасын ескере отырып, партияның іс-әрекетін тарихи тұрғыда бағалау керектігін айтады. К. Бейсембиев былай жазады: «В чрезвычайно сложных политических условиях которыми характеризуются первые месяцы установления Советской власти, К. Тогусов и его сторонники, как выразители настроения мелкобуржуазных слоев неселения, проявляли колебания непоследовательность, идейно-политическую незрелость. Однако под влиянием революции, ожесточенных классовых баев, местных большевиков в деятельность партии «Үш жүз» обнаружились признаки сдвига в сторону рабочего класса» .
Автор «Үш жүз» партиясының құрылуының себебін аша отырып былай жазады: «Оброзавание «Үш жүз» явилось своеобразной реакцией определенной части трудящихся масса аула на контрреволюционные действия баев, феодалов и их идеологов в лице «Алаш».
Автор К. Тоғысовтың дала байларын «қырғыз буржуазиясы» деп атағандығын, оның дала феодалдары мен қала байларының арасындағы айырмашылықты түсінбегендігін айтады /9/.
«Үш жүз» партиясының қызметі туралы қызықты мәліметтерді М. С. Бурабаевтың «Общественная мысль Казакстана в 1917-1940 г.г.» монографиясында қарауға болады. Монографияда партияның құрылу себептері айтылады. Мұнда партия қызметінің кезеңін екіге бөліп қарастырады.
Біріншісі, немесе ұйымдастырылуы 1917 жылдың қараша айының соңы және желтоқсан айлары. Екінші кезең 1917 жылдың қаңтарынан 1918 жылдың ортасына дейінгі аралық. Бұл кезең К. Тоғысов басқарған партияның толық кеңес өкіметінің платформасында тұрды /1,44/.
Б. Елькеевтің «Из истории идейно-политической борьбы в Казахстане в период установления Советской власти» атты ғылыми зерттеуі «Үш жүз» партиясының қызметі мен құрылуы мәселелеріне байланысты арнайы жазылған еңбек. Зерттеуде қазақ ұсақ буржуазиясының Қазақстанда кеңес өкіметінің құрылуына, большевиктердің саяси-идеялық позициясына қолдау көрсеткендігі айтылады /10/.
Атақты тарихшы-ғалым К. Нүрпейісов өзінің «Алаш һәм Алашорда» еңбегінде «Үш жүз» партиясының көптеген қыр-сырларын жаңа көзқарастармен айқындайды. Автор «Алаш» және «Үш жүз» партияларының арасындағы кейбір мәселелердің қарама-қайшылығына қарамастан олардың түпкі ойлары бір болғанын айтады.
Ол «Көп ұлтты Қазақстанның автономия болудағы «Үш жүз» партиясының пікірін кейбір қайшылықтарға қарамастан, Ә. Бөкейханов ойларымен сабақтас екендігін көрсетеді» /11/.
Профессор М. Қойгелдиев өзінің «Алаш қозғалысы» еңбегінде де «Үш жүз» партиясының құрылуының себептеріне көңіл аударады. Ол «Біздің пікірімізше» «Үш жүз» аталатын саяси ұйым өзінің пайда болу тарихы жағынан да, әлеуметтік базасы жағынан да терең табиғи қоғамдық сұраныстан гөрі, сол тарихи кезеңдегі саяси дүрмек ағымында, әлеуметтік саяси айқындамасы толық қалыптасып үлгірмеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті бар саяси ұйым құру болып табылады /12/.
«Алаш» газеті туралы мағлұматтар Қ. Атабаевтың «Қазақ баспасөзі Қазақстанның дерек көзі (1870-1918)» еңбегінде айтылады /13/. Автор «Айқап» журналымен «Алаш» газеті қызметінің арасындағы байланысты көрсетеді. «Үш жүз» партиясы туралы қызықты материалдар Р. М. Рахимованың Омбы қаласына байланысты жазған ғылыми еңбегінде де орын алады. Рахимова былай дейді: партия қызметінің және оның басшыларының кейбір кемшіліктеріне қарамастан «Үш жүз» партиясы Омбы қаласының саяси өміріне біршама әсерін тигізді /14/.
Жалпы қазіргі кезеңдегі мерзімді басылым беттерінде «Үш жүз» партиясы оның лидері К. Тоғысов туралы түрлі мақалалар жарық көргенімен де, бұл мәселе әлі де зертеуді қажет етеді.
Қазіргі кезеңге дейін «Үш жүз» партиясы мен К. Тоғысовтың өмірі мен қызметі туралы толыққанды зерттеулер әлі де ізденісті қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси тұлға Көлбай Тоғысовтың қызметін, Қазақстанның саяси және демократиялық қозғалысы тарихындағы рөлін айқындау.
Сонымен қатар келесі міндеттер алдыға қойылды:
- К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарастарының пайда болуының
кезеңдерін анықтау;
— К. Тоғысовтың «Үш жүз» партиясын құрудағы қызметін көрсету;
- «Үш жүз» Қазақ социалистік партиясының негізгі кезеңдеріне тоқталу
және К. Тоғысовтың рөлі;
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың аяғымен 1919 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл К. Тоғысовтың ХХ-ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси қызметі белсенділігінің артқан шағы.
Зерттеу тақырыбының дерек көздері. Зерттеу жұмысының дерек көздері жарияланған құжаттар жинағы, зерттеу еңбектері, монографиялар, мақалалар, публикациялар, диссертациядан тұрады.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында К. Тоғысовтың мақалалары мен публикациялары, «Айқап» журналы және «Қазақ», «Алаш», «Үш жүз» газеттеріндегі мақалалары қолданылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық мәнінің негізі болып заманға сай концептуальды жақындау және жалпы ғылыми зерттеудің методтары болып табылады. Бұл — историзм, объективтілік пен тарихи процестерді ұғынудың басқа да ғылыми принциптері, сондай-ақ теоретикалық мәселелері және атақты зерттеушілердің пікірлері.
Жұмыстың барысында ғылыми теория, методология және зерттеу методтарының өзара тығыз байланыстығын қамтамасыз етуге әрекеттер жасалған. Осыған байланысты зерттеу жұмысында мынадай ғылыми зерттеу методтары;
Тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық методтар қолданылған.
- К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы
- ХХ- ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайы және қазақ зиялылары.
1867-1868 жылғы реформалар Қазақстанның Ресейге қосылуын толығымен аяқтады. Ресей экономикасының күлт дамуы ХІХ- ғасырдың аяғы мен ХХ- ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етпей қоймады. Бұл өз кезегінде Қазақстанда отарлық қанауды күшейтті. Қазақстан орыс буржуазияларын өзінің табиғи байлықтарымен, арзан жұмыс күштерімен қызықтырды.
Күрделі өзгерістер қазақ халқының саяси өмірінде де орын алды. Елді басқару жалпы империялық басқару жүйесімен жүргізілді. Бүкіл билік генерал-губернаторлардың қолына берілді. Сондықтан да тұрғындардың өмір сүруі жаппай генерал-губернаторлардың билігінде болды.
Бұрынғы басқару жүйелері қиратылып оның орнына «бөліп алда билік ет» принциптеріне сай жаңа басқарулар енгізілді. Патша өкіметі қазақ халқының шаруашылығын ғана емес, бүкіл қазақ халқын жойып отырды /15/.
Патша өкіметі отарлау саясатын күшейтуде қоныс аудару саясатын қолданған еді. Жаппай орыс, украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ – ғасырдың аяғынан басталды. Осы кезеңде қоныстанушылардың экономикалық жағдайын, жер нормаларын анықтауда Қазақстанға экспедициялар дайындалды. Бұл экспедициялар Половцев (1895-1896), Щербин экспедициялары (1896-1901) еді.
Патшаның қоныстандыру саясаты жергілікті халықты қанауға бағытталды. Жергілікті тұрғындардан ең жақсы деген жайылым жерлер заңсыз және қатаң түрде тартылып алынды. Жергілікті халық тасты, тақыр жерлерге ысырылып тасталды. Патша өкіметінің қоныс аудару саясатының кең көлемде іске асырылуы Столыпиннің аграрлық реформалары кезінде болды. Столыпинның аграрлық саясатының негізгі мәні шаруаларды жаппай Сібір мен Қазақстанға қоныс аудару еді.
Қоныс аударудың ерекше басымдылығы 1906-1910 және 1912-1914 жылдары аралығында байқалды. Қазақ жеріне 1870-1914 жылдар аралығында 1678836 адам қоныс аударып, тұрғындардың жалпы санының 25,3 пайызын құрады /16/. Шаруалардың жалпы қоныс аударылуы қазақ халқына ауыр тиді. Нәтижесінде қазақтар жерлерінен айырылып, кедейленді. Патша өкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық бағыты елдегі отырықшы және көшпелі тұрғындардың санының өзгеруіне алып келді.
Ресейдің экономикалық факторларының әсерінен көшпелі шаруашылықтар күрделі өзгерістерді басынан өткерді.
Отырықшы малшаруашылығымен отырықшы жер шаруашылығының жаңа түрлері пайда болып, көшпелілердің отырықшылану процестері жылдамдатылды.
Капиталистік өндірістер мен капиталистік қатынастардың енуі патриархалды-феодалдық құрылыстың, аймақтағы экономиканы түп-тамырымен өзгертті. Бұл өз кезегінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер етті.
Көшпелі мал шаруашылығы жүйесінің, патриархалды-феодалдық қатынастардың ыдырауы, қазақ ауылдарында капиталистік қатынастардың дамуына алып келді. Елде жаңа өндіріс орындары мен жалдамалы жұмысшылар пайда бола бастады. Жергілікті шаруашылықтар ыдырап, қазақ кедейлері ақша табу көздерін іздеді. Кедейленген адамдар бір үзім нан үшін өз туған жерлерін тастап батрақтарға, кулактарға, байлармен феодалдарға жалданды. Ақша табудың негізгі көзі темір жол құрылысы мен өндіріс орындары болды. Қазақтар жұмысышы тап деңгейінің ең арзан күш қолы болды және де қазақ жұмысшы кадрлары жетіспеді. Сондықтан да Қзақстандағы кадрлардың көбісін орыс жұмысшылары құрады /16, 267/.
Жұмыс істеу барысындағы ауыр жағдайлар, төменгі жалақы, көптеген айыптар жұмысшылардың қарсылығын тудырды. Бірақ Қазақстан тұрғындарының көп бөлігін шаруалар құрады. Қазақстан тұрғындарының 90 пайызынан астамы ауылдық жерлерде тұрды /17/. Қоныстанушы деревнялар мен қазақ ауылдарындағы экономикалық факторлардың әсерінен шаруалардың жіктерге бөлінуі күшейеді.
ХХ-ғасырдың басында материалдық және саяси жағынан аймақтағы қазақ байлары , яғни ұлттық буржуазияның өкілдері біршама күшті болды. Байлар екіге бөлінді: ірі феодалдар мен ұсақ және орта бай-феодалдар.
Жергілікті байлар нарықтық-тауар қатынастарының арқасында байып, Ресейдің басқару жүйесін қолдап қана қоймай, соның іске асырылуына белсенді араласты.
Ұлттық буржуазияның қоғамдағы өз белсенділігін арттыруға
экономикалық базасымен саяси тірегінің болмауы қатты әсер етті.
Патшаның қоныс аудару саясаты жергілікті байлардың мүддесіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Сондықтан да қазақ буржуазиясы патша өкіметіне қарсы тұрды. Осының нәтижесінде олар дамыған елдердің экономикалық жетістіктерін , мәдени дамуын қабылдауға тырысты.
Қазақ буржуазиясының өкілдері біртіндеп либералды-демократиялық позицияға өтіп, мерзімді басылымдарда жер мәселесін, ағартушылықты, мәдени дамудың проблемарын және тағы басқа да мәселелерді қарастырды.
Қазақ буржуазия өкілдері ұлттық интеллигенцияның қатарларын толықтырып отырды.
ХХ-ғасырдың басы қазақ халқының сана-сезімінің ояну кезеңі ретінде сипатталады. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ұлттық интеллигенция алдыңғы қатарда тұрды. Олардың құрамы чиновниктермен банк қызметкерлерінен, фельдшерлерден, мұғалімдер, аудармашылар, инжинерлер тағы басқаларды құрады.
Интеллигенция өкілдері негізінен ірі облыстар мен уезд орталықтарында; Омбы, Петропавловск, Ақмола, Семейде өз жұмыстарын жүргізді. Қазақ интеллигенциясы құрамы жағынан әртүрлі болды.
Бірақ түпкі мақсаттары бір болғандықтан олар патша өкіметінің отаршылдық саясатын бірден түсінді. Материалдық, әлеуметтік мәселелердің саяси көзқарастардың әртүрлі сипатта болуы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың біртекті еместігін алдын-ала анықтады.
ХХ-ғасырдың басында қазақ қоғамында интеллигенцияның құрамы 700-ге тарта адам санын құрап , беделдері арта түсті /18/.
Қазақ интеллигенциясының бетке ұстар өкілдері қазақ халқының бүгінгісі мен ертеңіне байланысты көзқарастарын мемлекеттік думада бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады /19/. Алдыңғы қатарлы қазақ интелегенциясы өзінің саяси қызметінің ең негізгі мәселесі ұлттық және жалпы адамдық құндылықтарды қорғау деп есептеді. Олар халықты отарлық қанаудан босатуға, тәуелсіздік үшін күресуге шақыруға талпынды. Осындай күрделі мәселелерді шеше отырып қазақ интеллигенттері күресудің жаңа жолдарын қарастырады. Қазақстандағы қоғамдық-саяси күрестердің дамуына 1905-1907 ж. ж. бірінші орыс революциясы өз әсерін тигізді. Бұл кезең ұлт-азаттық қозғалыстардың, жұмысшы, аграрлық және тағы басқа қозғалыс түрлерінің өсуімен байланыстырылады.
Қазақстан тұрғындарының 1905 жылғы оқиғаларға деген көзқарастары әртүрлі болды. Осы жылдары өндіріс орындарының жұмысшылары мен теміржолшылардың белсенділігі артады.
Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар 1905 жылдың қазаны мен қарашасында кең көлемде етек жаяды. Бірінші орыс революциясы кезіндегі аймақтағы қоғамдық толқулар қазақ интеллигенциясын жандандырды. Дәл осы кезеңде қазақ интеллигенциясының саяси көзқарастарының екіге бөлінуі басталады. Оны Ә. Бөкейханов өз кезегінде батыстықтар және түрікшілдер деп екіге бөліп, өзін батыстықтарға жатқызып, К. Тоғысовты түркі тілдес халықтар мемлекетін құрушы ретінде түрікшілдерге жатқызады. Осы кезеңде патшаның 1905 жылғы 17-қазандағы Манифесіне байланысты көптеген демонстрациялар, митингілер өтеді.
1905 жылы 15-қарашада атақты Қарқаралы оқиғасы басталады. Бір митингіде 400 адам қатысып, К. Тоғысов сөз сөйлейді.
Мұнда Ресей губернияларымен орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату, іс-қағаздарын ресми түрде қазақ тілінде енгізуді Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуын талап еткен петиция қабылданады.
Ұлт-азаттық күресіне тек жұмысшылар ғана емес, шаруалар, солдаттар, оқушы жастар және т. б. тартылды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы, аграрлық қозғалыстардың ұлттық қазақ интелегенциясының арқасында болды. Біршама ұлттық интеллигенция Ресейдегі революциялық оқиғалардың арқасында тәуелсіздік, бостандық үшін шешуші күрестер жүргізіп, халықты ғасырлық ұйқыдан оятты.
Қазақ интеллигенциясы бірінші орыс революциясы кезіндегі саяси-әлеуметтік бостандықтарды пайдаланды. Олардың негізгі мақсаттары халықты патша езгісінен босату, тәуелсіздікке қол жеткізу болды.
ХХ-ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси жағдайлардың кезеңі өте күрделі болғандықтан олар саяси көзқарастарын іс-әрекеттерін анық, нақты іске асыра алмады. Ұлттық толқулардың екінші кезеңі 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы.
Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі жаппай халықтың кедейленуі, бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі аштық халықтың наразылығын күшейтті.
Патша өкіметінің қазақтарды тыл жұмыстарына алуына байланысты ірі көтерілістер өтті. Бұл толқулар жаппай жұмысшылардың жұмыс орындарын тастап кетуіне алып келді. Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстар Ресейдің саяси-әлеуметтік дағдарысын одан әрі өршітті. Қазақ жеріне енген капиталистік қатынастар дәстүрлі шаруашылыққа қарама-қайшы келді. Қазақ қоғамының өміріндегі тауар-ақша қатынасының, өндіріс орындарының, басқа да өзгерістер патриархалды-феодалдық құрылыстың негізін жойды. Басқа жағынан қарағанда бұл құрылыс капиталистік қатынастардың дамуын тежеді. Осыған байланысты Қазақстанда отарлық саясатқа, жергілікті билікке деген қарсылықтар күннен-күнге шиеленісе түсті.
Қазақстанның Ресейге толық қосылуы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана әсер етпей оның мәдениетіне де күрделі өзгерістер енгізді.
ХХ-ғасырдың басында жас қазақ интеллигенттері алғашқы қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың идеяларын жалғастырып халықтың рухани-мәдени және ағартушылық ойларын жандандыруға әрекет етті. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулар ағартушылықтың дамуына әсерін тигізді. Осыған байланысты ғалым О. А. Сегізбаев Қазақстандағы ағартушылық күрделі тарихи құбылыс деді. Сондықтан да осы қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну қиын /20/.
Патша самодержавиесінің жүргізген саясаты Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуына да ықпал етті. Патша өкіметі Қазақстандағы білім беру мәселесінде орыстандыру саясатын ұстанды. Бұл саясаттың негізгі бағыты қазақтар мен орыстарды біртұтас саяси мемлекеттік организмге айналдыру еді. Бірақ та орыстандыру саясатына қарамастан орыс-қазақ мектептері өлкенің дамуына оңды ықпал етті. Дәл осы жерде олар алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетімен танысты. Қазақ ұлттық интеллигенциясы осы мектептердің арқасында білім алды.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысы ХХ-ғасырдың басында Қазақстанда дәстүрлі діни білім беру жүйесі басым болды. Діни оқу орындары, мектеп, медреселер дәріс берді. Бұл мектептер дінді насихаттаумен қатар ұлттық дәстүрді, әдебиетті насихаттады.
Көптеген ұлттық интеллигенцияның өкілдері дәл осындай мектеп-медреселерде дәріс алып, өздерінің саяси көзқарастарын осындай ортада қалыптастырғанын ұмытуға болмайды.
Патша өкіметі қазақтарды бастауыш біліммен шектегендіктен раволюцияға дейінгі Қазақстанда орта және жоғары оқу орындары болмады. Бұл әрине қазақтардың өз балаларын орыс мектептеріне беруіне итермеледі. Патша өкіметінің жан-жақты шектеулеріне қарамастан болашақ ұлттық интеллигенция мамандарын даярлауда халықтық білім зор әсер етті.
Шығыс, орыс және Еуропа мәдениеттерімен танысу ХХ-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық идеологияны қалыптастырды. Қазақстанның ғасырлық артта қалғанын түсінген ұлттық интеллигенция қазақ қоғамын демократизациялаудың жаңа жолдарын іздеді.
Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңі ұлттық басылымдардың дамуымен байланыстырылады. Капитализмнің тауар-ақша қатынасының дамуы Қазақстан аумағында мерзімді басылымдардың құрылуына ықпал етті. Алғашқы қазақ тіліндегі мерзімді басылым «Түркістан уалаяты газеті» болды. Бұл басылымдар қоғамның санасын дамытуға өз әсерлерін тигізді.
ХХ-ғасырдың басында қазақ халқының білімді ойшылдары дүниежүзілік мәдениеттің ұлы жетістіктерін, ғылыми-техникалық дамудың көз жетпейтін шыңдарын түсінген олар елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуын қазақ халқының дүниежүзілік өркениеттен аластатылып қалатынын түсінді.
Елдің бетке ұстар зиялы қауымы халықтың санасын ояту үшін барлығын жасады. Соның негізінде қазақ мерзімді баспаларын құруға көп көңіл бөлді /21/.
1907 жылы Петерборда «Серке» газеті шықты. Бірнеше басылымдардан кейін патшаның бұйрығымен жабылды. 1907 жылдың наурыз айында Троицкіде «Қазақ газеті» шықты. Оның бірінші нөмірінен кейін-ақ шығуына тыйым салынды /22/. Газетке қазақ халқының тарихындағы алғашқы жалпы ұлттық қазақ тіліндегі басылым «Айқап» журналы шықты. Ол 1911 жылы М. Сералиннің редакциясымен шықты. Журналда патша өкіметінің отарлық мәселелері, қоғамдық-саяси, ағартушылық, ана тілін оқытуға, аграрлық сала, әйел мәселесі, тағы басқа көптеген проблемалар талқыға алынды.
Журналда аграрлық мәселеге көп көңіл бөлінді. Аграрлық мәселені талқылай отырып мақалалардың авторлары қазақ қоғамына патша өкіметінің жерге байланысты заңдарын, мақсаттарын, жоспарларын жеткізуге тырысты.
Журнал айналасында Б. Майлин, С. Дөнентаев, Б. Қаратаев, С. Торайғыров, К. Тоғысов сынды танымал қазақ интеллигенциясының өкілдері жиналды. 1911-1915 жылдар аралығында журналдың 88 номері шығарылды. Бес жыл ішінде «Айқап» қазақ даласының санасына қозғау салды /9, 304/.
Революцияға дейінгі Қазақстанда шыққан келесі басылым «Қазақ» газеті ұлттың көзі, құлағы, тілі болды. 1913-1918 жылдар аралығында 265 тиражбен 3000 дана шығарылды /23/.
Бұл газеттің беттерінде Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Б. Майлин сияқты белсенділердің ойлары жазылды. Газеттің негізгі мақсаты қазақ халқын тәуелсіздік үшін күресуге, қазақ тілін дамытуға тағы басқа мәселелерді қозғауға арналды. 1916 жылы шыққан «Алаш» газеті «Айқап» журналының саяси-идеясын жалғастырушы болды. Бұл газетте қазақ халқының тағдыры үшін қызмет жасады.
«Алаш» газетінің ұйымдастырушысы Көлбай Тоғысов болды. К. Тоғысов қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметі жағынан ағартушылық бағыттағы интеллигенттер қатарына жатты. К. Тоғысов көптеген жас қазақ интеллигенциясының өкілі ретінде өз тағдырын халқына арнады. «Алаш» газетінің қызметі туралы зерттеу жұмысының келесі бөлімінде қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуға байланысты пікірлердің әртүрлілігіне қарамастан мерзімді басылымдар өз беттерінде қазақ халқының мұң-мұқтажын насихаттады. Қазақ интеллигенттері жалпы демократиялық талаптарды ұсына отырып ұлт-азаттық күрес идеясын халықтың санасына сіңдіруге ықпал етті.
Қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметіне орыс интеллигенциясының өкілдері және саяси жер аударылғандар да өз ықпалдарын тигізді. Орыс интеллигенциясы да біртекті болмады. Олардың көзқарасы да әртүрлі болды. Мысалы І Мемлекеттік Думаға сайлау кезеңінде орыс интеллигенциясының бір тобы қазақтардан депутат сайлауды қолдаса, ал екінші бір тобы оған қарсы тұрды. Осылайша ХХ-ғасырдың басы қазақ қоғамының қоғамдық өміріндегі жан-жақты қарама-қайшылықтарды көрсетеді.
Сол кезеңдегі түрлі ағымдарға қарамастан Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың екі негізгі бағыттарын бөліп қарауға болады.
Бір жағынан мұсылман қозғалысымен тығыз байланысқан дәстүрлі ағымды айтсақ, екінші бағыт батыстық демократияның идеясымен дамыту болды. Бұл екі бағыт сол кезеңде прогрессивті және халықтың жағдайын жақсартуға бағытталды.
Қазақстандағы әртүрлі ұғымдар мен қоғамдық ойлардың ықпалымен К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарасы қалыптасып, одан әрі қарай дамыды. К. Тоғысов өз елінің жан ашыры ретінде алғашқы қазақ ағартушыларының дәстүрін жалғастырды.
К. Тоғысов дәстүрлі ислам ағымының негізінде халықты кедейшіліктен және көптен күткен бостандыққа өз халқын шығаруға тырысты. Сонымен ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік саяси және қоғамдық өміріндегі өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне аса зор әсерін тигізді. Экономикадағы түбегейлі өзгерістер ұлттық сана-сезімнің оянуына ықпал етті. Жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын айқындады.
- К. Тоғысовтың қоғамдық қызметінің алғашқы кезеңдері және оның саяси көзқарастарының қалыптасуы.
ХХ-ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ зиялыларының саяси қозғалыстарының басты талап-мақсаты қазақ елін отарлау жүйесінен құтқарып, езуші топ өкілдерінен азат ету, ұлттық тең құқылықты орнату, оқу-ағарту ісін жетілдіріп, өркениетті елдер қатарына қосылу еді.
Осындай талаптарды жүзеге асыру барысында зиялыларымыз Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жаһанша, Райымжандар мен бірге саяси аренаға шығып, тұңғыш социалистік «Үш жүз» партиясын құрған, «Алаш», «Үш жүз» газеттерін ұйымдастырып шығарған, заң, әдебиет, тарих салаларына маңызды мақалаларымен үлес қосқан азаматтарымыздың бірі-ағартушы, драматург, публицист Көлбай Тоғысов.
К. Тоғысовтың өмірбаянына үңілсек, ол 1879 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Зайсан уезінің Шорға болысында дәулетті жанұяда дүниеге келген. Найманның Қаракерей руының ішіндегі Байжігіттен тараған арғы аталары Сарыарқаға әйгілі болған Ұлтарақ би, Тобықты Бөжейдің нағашы атасы Бөжей, Сара ақын өлеңіне қосқан құт Шаянбай, Абаймен араласқан Төгіс пен Бөгіс. Шаянбай ұрпақтарынан сегіз адам қажылыққа Меккеге барған. Осы қажылыққа барғандар: ағайынды Бөгіс пен Төгіс, Иса (қажы апа Тоқабай елінің атақты болысы Молдабайдың қарындасы, Төгістің бәйбішесі), Құсайын Бөгісұлы, Айдос, Андабай Төгіс ұлдары, Бөжейден Әділ мен Қайран. Төгіс осы қажылық сапарында қайтыс болып, ұлы Айдос әкесін Семейге әкеліп, Ертістің шығыс жағалауындағы зиратқа жерлеген. Төгістен Тобықты, Айдос, Андабай, Әбділдәбек, Солтан, Көлбай туған.
Көлбай Зайсан ауылшаруашылық мектебін бітірген. Орыс тіліне жетік болғаннан кейін жергілікті үкімет орны оны Зайсан уезінің бітімгерлік сотының тілмашы қылып алады. Жалпы Көлбайдың жоғарғы заң оқу орнында оқығандығы туралы дерек жоқ. Сондықтан оның заң саласына келіп, кейіннен адвокаттық іске араласуының бірден-бір себебі орысша білуінде болса керек. Ал Төгіс ұрпақтарының айтуынша ол Петербург университетін экстерн жолмен бітірсе керек.
Көлбай Тоғысовтың өмір жолы ХХ-ғасырдың басындағы революциялық күрес жолдарымен тығыз байланыста. Сондықтан оның саяси қайраткер болып шыңдалуына елде болып жатқан өзгерістер әсер етпей қоймады. Оның публицистикалық қызметінің де оянуы осы кезеңге тап келеді.
1905-1907 жылдары қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаевтармен бірге патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізіп отырған саясатына қарсы шығады. 1905 жылдың 15-қарашасында Қарқаралыда патша манифесіне қатысты болған толқуға қатысады. Ол осы Манифестация кезінде ол Жақып Ақбаевпен танысып, пікірлес болады. Қазақ-орыс зиялыларымен бірлесе патша үкіметінің әділетсіз заңына қарсы шығып, өзін ел арасында күрескер ретінде таныта біледі.
Жергілікті үкімет орындары Қарқарылыда өткен манифестацияны «бүлік» деп жоғарғы жаққа хабарлап, көмек сұраған кезінде Әлихан Бөкейхановқа болған мән-жайды түсіндіріп «бүлік» еместігін дәлелдеп, қол қойып, жеделхат жіберген қазақ-орыс зиялыларының арасында Көлбай да бар еді. Осы жағдайдан кейін ол «Семипалатинский листок» газетіне Қарқаралыдағы болған оқиғаның жайын түсіндірп, уезд басшысы Оссовскийдің мәліметінің жалғандығын айтып Қарқаралы уезінің 21 болысының өкілдері патша ағзамға жеделхат жібергендігі жөнінде хабарлама жариялайды.
К. Тоғысов қазақ даласындағы болып жатқан өзгерістерді бақылап қана қоймай оған қызу араласты. «Семипалатинский листок» газетіне патша өкіметінің қазақ өлкесіне жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкерелеп бірнеше мақала жариялайды. 1906 жылы маусымда Семей қаласындағы халықтар үйінде болған қазақ сайлаушыларының жиналысына ол да қатысады. Жиналыс төрағасы болып Зайсан уезінің қазағы Отыншы Әлжанов, ал хатшылығына Көлбай сайланады. Жиылысқа Семей өңірінен 180-нен астам қазақ қатысады. Әскерлік міндеткерлік, земство ісі, жер мен дін мәселелеріне қатысты қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері Отыншы Әлжанов, Өмірбек Жамулов, Шәкәрім Құдайбердиев, Сәдуақас Шорманов, Қызырмолла Қоңызов, Әбубәкір Құрмановтар мен бірге Көлбай Тоғысовта сөз сөйлеп, өз пікірін білдіреді. Жиналыс шешімі бойынша қазақ зиялылары бір ауыздан Орынбордағы мұсылман жиылысымен қосылып, бірлесе жұмыс жүргізу қажет деп табады. Осы жиналыстың шешімін ол Санкт-Петербургтегі «Наша жизнь», «Речь» сынды газеттеріне хабарлама ретінде жариялайды.
Қазақ даласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлау барысында түрлі келеңсіз жағдайлар орын алғаны белгілі. Көлбай І-Мемлекеттік Думаға қазақтың мұң-мұқтажын шеше алатын депутаттардың сайлануы қажет екендігін баспасөз беттінде жарияланған мақаласында баса көрсетеді. Ақмола облысынан Думаға Ш. Қосшығұловтың депутат болып сайлануын құп көреді. Молла Дәуітбай, Құсайын Күленов, Көкбай Жантаевтармен бірге оған «қазақтың мұқтажын қорғайтынына сенім білдіріп» жеделхат жолдайды. Патша шенеуніктері сайлаушыларға қысымшылық көрсетіп, кей кездері қорлау фактілері де кездесіп жатты.
Көлбай осындай бір жәйттың Зайсан уезінде орын алғандығын «Семипалатинский листок» газетінің бетінде қынжыла жазып, «әділдік күн туса» деген ойын ашық білдіреді. 1906 жылы 21 шілдеде Семей облыстық басқармасында Семей облысын земстволық мекемеге енгізу мәселесіне байланысты мәжіліс өткізіп, оған осы облыстың уақытша генерал-губернаторы А. С. Галкин мен вице-губернаторы А. Ф. Ницкевич қатысады. Патша шенуніктері орыс шаруалары мен қазақтар мекен етіп жатқан жерлерді облыстық земствоға енгізу мәселесін қолға алуға айрықша тоқталады. Осы мәжіліс жөнінде хабарлама «Степной пионер» газетіне жарияланады.
К. Тоғысов земство мәселесіне қатысты генерал-губернатордың басшылығымен өткізілген мәжіліске облыстық басқармадан 5-6-ақ қадам жерде тұрып жатқан қазақ өкілдерін мәжіліске шақырылмауын басты кемшілік дейді. Жалпы, жергілікті шенеуніктердің отырықшы орыс жұртшылығының қызығушылығын тудыратын ережелерге ғана тоқталып, ал тұрғылықты халықтың 85%-ін құрайтын қазақтарға патша әкімшілігінің «жабайы, саяси және экономикалық өмір сүруге әлі лайықты емес» деген пікірді ұстанып отырғандығы оның ызасын туғызды. Сондықтан Көлбай земство ісіне зиялы қауым өкілдерінің тікелей араласып, «жеті миллиондай қазақ халқының атынан ұлтымыздың мәдени дамуына жұмыла кірісіп, еңбек етуге шақыратынын» 1906 жылғы «Семипалатинский листок» газетіне жариялаған мақаласында ашық жазды /24/. Ол жер басқармасының жергілікті халыққа көрсетіп отырған қысымдылығына ендігі жерде көне беруге болмайтынын, сондай-ақ ескі әкімшілік апараты өз орнында қалса қазақ халқының сол бұрынғы қалыппен басқарыла беретіні сөзсіз екенін баса көрсетеді. Кейін осындай ниетте жазылған мақалалары оның тұтқындалған кезінде үлкен айып болып, алдынан көлдең тартылады.
Шындығында земство мәселесі қазақ зиялыларының ғасыр басында көтерген өзекті мәселелерінің бірі еді. Көлбай Тоғысов земствоның қазақ жұртына тигізетін пайдасының зор екенін, земство жүйесін тек отырықшы аудандарда ғана емес, көшпелі жұртқа да енгізу қажеттігін баса айтқан.
Патша әкімшілігінің жергілікті қазақ халқына жүргізіп отырған әділетсіз билігіне арашашы болу мақсатында Көлбай 1908 жылдан адвокаттық қызметпен айналыса бастайды. Орыс үкіметінің тарапынан қысымшылық көрген қазақтардың істі мәселелеріне араласып, көпшілік жағдайда әділетті шешім табуына себепкер болды. Көлбай 1905 жылғы ереуілге қатысқаны, революциялық пиғылдағы әрекеттері мен жергілікті әкімшілік басшыларын сынай жазған мақалалары үшін патша үкіметі оны 1909 және 1910 жылдары екі рет тұтқындайды. Көлбайдың жазықсыздан қамауға алынып, түрмеде отырғандығын айтып зайыбы Батима Дала генерал-губернаторына еш кінәсіз қамауда отырғандығын айтып бірнеше рет шағымданған /25/. Осылайша К. Тоғысов 1909-1912 жылдар аралығында патшалық әкімшілік тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады.
ХХ-ғасырдың бас кезінде демократиялық бағыт ұстанған қазақ тіліндегі газет-журналдар дүниеге келе бастады. Ел басшылығына алаңдаған қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі осы баспасөз төңірегіне топтасты. Олардың қаламынан шыққан пікірлер бір мақсатқа тоғысып, ортақ қоғамдық ойдың арнасына құйылып жатты. Қазақ зиялыларын толғантқан басты мәселе тәуелсіз мемлекеттікке қол жеткізу еді.
Ағартушы, журналист, драматург Көлбай Тоғысовтың публицистикалық жолының басталуы осы мақсатта туындады. Оның мақалалары әртүрлі тақырыптарға арналды. Оның патша өкіметінің қазақ халқына жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкерелейтін, елдің әлеуметтік саяси жағдайы туралы мақалалары ең алғаш Семейде шығып тұрған «Семипалатинский листок» газетінде жарияланды.
К. Тоғысов қазақ жастары оқу-білімге ұмтылып, көзі ашық ел азаматы атанса деген үмітте болды. Ол үшін ел арасында оқу білімді, ғылымды, мәдениетті насихаттайтын газет-журналдарымыздың қатары көбейсе деген ойын «Айқап» журналы арқылы көпшілікке білдіреді.
Егер газет шығарылатын болса бес жүз сомды өз мойнына алатынын мәлімдей отырып «Бұл газетіміз шыға қалса маһурлыққа (редакторлыққа) Жаһанша мырза Сейдалин, Бақытжан мырза Қаратаев, Әлихан Мырза Бөкейхановтар сияқты білімділерімізден, біреуден тиісті заявлениесін беріп қойсақ, ғылымға жүйрік зиялы жігіттеріміздің Һәр уақыт сөз жазып тұрсаңдар қалайша бір газета – дуам еткізе алмаймыз» — дейді.
Ал қазақтың тұңғыш газеті «Қазақққа» қатысты ойын 1914 жылы «Мусульманская газетаға» жарияланған «К годовщине киргизской газеты «казах» мақаласында білдіреді. Осы газеттің бастамасымен ұлттық мектептер ашылып жатқандығын қуана жазып игілігі үшін жан аянбай қызмет еткен қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Әбубәкір Алдияровтың ерен еңбектерін атап өтеді. «Қазақ» газетінен қазақ халқының саяси өмірі, тұрмыс жайы, білім, өнер, ғылым салаларынан мағлұмат алып қана қоймай, өздері де пікірлес болып, газетке ойларын білдіргендігін газет басылымдары қазақ даласына кең тарап, оны жаздырып алушылар қатарының көбейе түскендігін, тіпті көршілес Қытайдан да газетті жаздырып алушылардың бар екендігін жазады /25, 18/.
Көлбай Тоғысовтің ағартушылық бағыттағы ұсыныстарын, әсіресе газет- журналдарды көбірек шығаруға қатысты көтерген мәселесін қазақ зиялылары мен байлары құп алды. Көлбай ауқаттыларды алыс жерлерде білім алып жатқан қазақ балаларына ақшалай көмек беруге шақырады. Аягөз қаласына бір барған сапарында осы мәселе бойынша қазақ байларының арасында жиналыс өткізіп мұқтаж студенттер мен шәкірттерге жәрдем беру қажеттілігін түсіндіреді.
Патша өкіметінің жүргізіп отырған қоныстандыру саясаты кең етек жайып, қазақ халқының атақонысы мемлекет меншігі деп жарияланып, ең шұрайлы жерлерге қоныстанушылар орнықты. Әкімшілік жүйе, орыс шенеуніктері қарапайым халыққа зорлық-зомбылық көрсетіп өтірік жала жауып, бас көтерер ер- азаматтарды істі қылып түрмеге жауып жатты. Мұндай жағдай Көлбайдың қаламынан тыс қалған жоқ.
«Аягөзде аз ғана тұрғанымда бір кулак атаман Соколовтың өз қолымен Аягөздің атақты адамы Қамал Мақаутовты ұрғанын көрдім. Мұнан бұрын Аягөз имамы Шәріп әпендіні базар ортасында приставтың стражнигі ұрып, әскери сотқа түскен екен. Базар ортасында аударып, бүйтіп риза қылған соң артынан қайырып беріп жатқандарын көзімменен көрдім»
- деп жазды
Сондықтан ол арнайы заң оқу орнында оқымаса да қарапайым халыққа арашашы (адвокат) бола білді. Оның қатысуымен бірнеше сотты істер қаралып, жазықсыздан – жазықсыз жазалы болған адамдар ақталды.
Қамаудағы үш жыл мерзімі біткеннен кейін Көлбай 1915 жылы Наманған қаласында болған, ол 1916 жылы Ташкентке келіп, 26 қарашадан бастап «Туркестанский курьер» баспаханасынан Мәриям Тоғысовамен бірлесіп «Алаш» газетін аптасына бір рет шығара бастады. Патша үкіметі «Алаш» газетінің шығуына бірден көңіл аударып, оның қандай мақсат ұстанғандығын анықтауда Түркістан өлкелік қорғау бөлімінің бастығына жүктеген. Газетке жан-жақты талдау жасалып, оның мақсаты туралы Түркістан генерал-губернаторына арнайы хат түскен. Хатта сол жылдың 16 шілдесінде Сырдария облысының әскери губернаторының Мәриям Тоғысоваға Түркістан өлкесінде қазақ тіліндегі бірінші бейресми «Алаш» газетін шығаруға №21339 күәлік берілгендігі айтылады /25, 19/.
Патша өкіметі «Алаш» газетін өз мақсатында пайдаланып қалуға тырысты. Бұл жөнінде Қ. Атабаевтың «Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)» атты кітабында жарияланған бір деректік хатта мынадай жолдар бар: «Необходимо не только следить, чтобы в газете не было ничего противного интересам русского правительство, но и воспользоваться ею как средством проведения в туземную среду взглядов полезных русскому делу в крае». Сырдария әскери губернаторы газеттің әр санына көңіл аударып, оның мазмұнын өзіне баяндап тұруын бұйырған. Әрине мұндай қатаң бақылау жағдайында халық мүддесін қорғау оңай шаруа емес еді /13, 58/.
«Алаш» газетін шығаруға Түркістан өлкесінің барлық оқыған саналы азаматтары тартылды. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, газеттің қазақ даласына кең таралуына, жазылушылардың қатарының көбеюіне ат салысты. Газеттің шығуы мен таралуына К. Тоғысовтың туған-туысқандарының да көп көмектері тиді. Ағасы Әбілдабек Тоғысов Шорға баспасының «Алаш» газетіне жазылушылар үшін 92 сом ақшалай көмек көрсеткен. Газет бетінде күнделікті болып жатқан оқиғалар жөнінде хабарлар, жер, оқу-ағарту істеріне қатысты мақалалар жарияланып тұрды. «Алаш» газеті демократиялық бағыт ұстанды. Алғашқы сандарынан-ақ өзінің шығу мақсатын: «Алаштың» бар мақсатын қолдан келгенше қызмет қылып, қазақ халқын түркі жолымен алға жіберу, саяси жағынан да хабар беріп қазақтың көзін ашпақ, дүниеде болып жатқан әңгімемен таныстырмақ, қазақтың қатын-қыздарының аяныш халін жазып, солардың жолын ашпақ» – деп түсіндіріп қазақ зиялыларын мақсат-мұратына жету үшін бірлесе, барлық күш-жігерімен қызмет жасауға шақырады /25, 21/.
Ғалым Т. Елеуов «Алаш» газеті алашордашылардың «қазақ» газетінен еш өзгешелігі болған жоқ, қазақтардың қоғамдық және саяси өміріне қатысты негізгі мәселелерде екеуінің көзқарастары бір-біріне сәйкес келді деп есептеді /26/.
Ең алғашқы санында газет оқу ісіне, отырықшылық немесе көшпелі өмір сүру, әскери міндеткерлік, земство, сот ісі, жер, экономикалық күш-қуатты арттыру, әйелдердің жағдайы және тағы басқа мәселелерге тоқталатынын айтып, осы істерді шешуде көзі ашық азаматтарының ат салысып, көкейлеріндегі ойларын білдірулерін өтінді.
«Алаш» газетін қазақ халқы қуанышпен қарсы алды. Газет ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірген хаттар күннен-күнге редакцияға ағылып түсіп жатты. «Алаш» газетінің жарық көруіне басқа ұлт өкілдері де тілектес болды. «Газета «Алаш»-тың қазақ даласында туған жұлдыз екенін біліп қатты қуандым. Қандай жақсы» дегендей ниет білдірген хаттардың саны көбейе түсті /25, 21/. «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералин де «Алаштың» көргеніне қуанышты екендігін білдіріп, арнайы құттықтау телеграммасын жібереді.
Газеттің шығуына қазақтың қыз-келіншектері де көп атсалысты. Бұл жайында Көлбай бір мақаласында газетке қолдарынан келгенінше қызмет жасаған 3 апа-қарындастарымыз Нұрғали достардың жамиғаты Зейнеп ханымға, Жорабек төренің жамағаты Үдірагүл ханымға, Семипалатта тұрушы Нәзипа ханымға ризашылығын білдіріп, келешекте де қазақтың қыз-келіншектерінің газет бетінде белсенді түрде бірте-бірте ой-пікірлерін білдіріп тұруларын өтінеді /27/.
«Алаш» газетін жаздырып алушылардың саны көбейе түсті. Қазақ өмірінің шындығын бейнелейтін белгілі ақын-жазушылар Б. Майлиннің, Ж. Аймауытовтың, І. Жансүгіровтың, М. Әуезовтың өлеңдері мен әңгімелері жарияланды.
К. Тоғысов «Алаш» газетіне елдік боларлық журнал шығаруды да көздеді. Жаңа шығатын журналды «Бабамыз Алаш» атап, айына бір рет шығарып тұрмақшы болды. Бұл жайында «Алаш» газетінде хабарлама да басылды /28/. Алайда түрлі себептермен журнал дүниеге келе алмады.
«Алаш» газетінің шығарушысы Көлбай Тоғысов болғанымен алғашқы сандарында оның деректоры Мариям Тоғысова деп жазылып жүрді. Әрине мұның үлкен себебі болды. Өйткені К. Тоғысов патша үкіметінің тарапынан қатаң бақылауда болып, қоғамдық–саяси жұмыстармен айналысу құқынан айырылған еді. Мәриям Тоғысованың (Қапсаламова) «Алашқа» басшылық қызметін оқырмандар да құп алды. «Алаштың» №13 санында жарияланған Ғафифа Жанайдарованың «Аналарға арнадым» деген мақаласында: «8-ші нөмірді оқып, көзі ашық газетаға сөз жазған апаларымыздан Нәзипа ханымды көрдім. Япырмай, бірде басқа әулеттің қатарына бізде босқа қосылмаған екенбіз. Бізде мұндай апалар бар екен деп қуанбаған, таңырқамаған адам жоқ шығар деп ойлаймын. Басқа апаларымыз жасы жетпей малдан жаман сатылып, күң болып жүргенде құдайға шүкір, Мәрия апамыз газета шығарып, олардың көзін ашу үшін қызмет қылғаны таң қаларлық іс. Келіңдер, апалар, кішкене сіңілілер, «Алашқа» сөз жазып, мұңдарымызды сөйлесейік, біз де адам екенімізді білдірейік» – деп қазақ қыздарын газетке ат салысып, араласып тұруға шақырады.
«Алашта» Көлбайдың «Вильсонның жаңа қадамы», «Государственный Дума һәм хүкімет», «Граф Игнатьев», «Жоғалсын Романовтар» және тағы басқа тақырыптағы мақалалары жарық көрді. Ол әр мақаласында маңызды бір мәселені көтеруге тырысты. Мәселен, «Сорлы қыздар» мақаласында қазақ қыздарының аянышты халінен, от басы, ошақ қасынан шықпай, өз теңіне бара алмай, әйел үстіне әйел болып, кәрі шалдарға сатылып кете баратынынан мысал келтірді, қыз балаға деген қазақ арасындағы көзқарастардың зиянды, залалды тұстарын қынжыла отырып, ашып көрсетуге тырысады /25, 22/.
Ағартушының «Алаш» газетінде көтерген мәселелерінің тағы бірі – халықтың ескі мәдени мұралары – ертегілер, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар жинастырып кітап шығару, яғни ескі асыл қазыналарымызды халық жадында сақтау еді.
Белгілі ғалым К. Нүрпейіс атап көрсеткендей «Алаш» газетінде бастапқы кездерде ресми өкіметке ашық қарсылық көрсетілмей, тек оның 1917 жылғы 24 ақпандағы №12 санынан бастап қана революциялық-демократиялық бағыттағы мақалалар жариялана бастады /11, 127/. Оны Көлбайдың «Оян» деген мақаласынан байқауға болады. Қазақ халқының ауыр тұрмысын жеңілдетіп, қараңғы қапастан шығарудың бірден-бір жолы, дүниенің кілті оқу екендігін түсіндіргісі келген ол қазақ жастарын білім алуға шақырады. «Осы заманда дүниеде тұрам, жасаймын, адам қатарына өсем деген адам оқу дариясынан татпай «адамшылық» санына қосылмайтыны мағлұм болған жоқ па? Әсіресе таласып оқу біздің мұсылмандарға өте керек уақыты емес пе еді? . . . Біздерге адам қатарына қосылып, сілкінетін уақыт жеткен жоқ па? – деген сауалдарды халық алдына тартады.
Ташкентте университет ашу ісі қолға алынғанын осы мақаласында қуана хабарлап, қазақ жастарын білім-ғылымның жолына түсу қажеттігін барынша насихаттайды /29/.
«Алаш» газеті ұлттық теңдік «теңдік» мәселелерін көтерді, алайда отарлау жүйесін құлатып, қазақ халқын революциялық жолға шақыру дәрежесіне көтеріле алмады.
Көлбайды жер мәселесі де қатты толғандырды. «Алашта» жарияланған «мемлекеттер тізгіні халықтың өз қолында» деген мақаласында ол Романовтар тұсында қазақтың байырғы жерлерін орыстар тартып алып, сол жерлерге Орал тауының ар жағынан келген мұжықтарды қоныстандырып, қазағымыз жерсіз, сусыз қалғандығын көрсете келе, енді бақыт таңының бізге қарай атып келе жатқанын пайдаланып, ақ жүрек сарбаздар алысып, қандарын төгіп алып берген бостандықтан айырылмай, елде «демократиялық республика» орнату қажеттілігін баса көрсетеді /25, 23/.
Қаламгер, ағартушы Мемлекеттік Дума жұмыстарын да қадағалап отырды. Ол жаңа Дума сайлауында ешқандай өзгеріссіз сол бұрынғы сайланған министрлер отыратындығын, сондықтан осы келеңсіз жағдайдан арылу қажеттігін мақалаларында толық білдіреді /30/. Осы мақалалары мемлекеттік Думаға қазақ арасынан депутаттар жіберіліп, қазақ халқына қатысты мәселелерге олар тікелей қатыстырылса деген ниеттен туындаса керек. Әрине, бұл қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думаға қатысты қойған ең басты мәселелерінің бірі еді.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынга 19-31 жас аралығындағы қазақ жастарын майдан жұмысына алу қыркүйек айынан басталды. Бұрын әскер ісі дегенді бідлмеген халық не істерін білмей абыржып, есі шыққан сәтте қазақтың оқыған азаматтары баспасөз бетінде бұл жағдайға байланысты көзқарастарын жазып, қазақ жастарын тыныштық, сабырлылық сақтауға шақырды.
Көлбай Тоғысов қазақ жастарының әскер қатарына шақырылуына тікелей қарсылық білдірмеді. Керісінше, егер қазақ жастары орыс, украин, белорус халықтарының балаларымен бірге әскерге алынса, онда қазақ елінің терезесі басқалармен тең болар еді деп есептеді.
«Алаш» газеті редакциясы 1917 жылдың күзінде Ташкенттен Омбы қаласына, кейіннен Петропавл қаласына көшті. Бұл кездерде К. Тоғысов Петроградқа Бүкілресейлік шаруалар сьезіне «қазақ демократиялық ұйымының» атынан өкіл ретінде қатысуға кеткен болатын. Газеттің №22 санынан бастап редакторлық қызмет Түзел Жанбаевқа тапсырылды. Оның «оқушыларға өтініш» деген мақаласында К. Тоғысовтың халық мәжілісіне, Петербордағы шаруалар сьезіне уәкіл болып сайланып, газет шығару жұмысы Түзел Жанбаевқа тапсырылғаны хабарланды. Алайда газет басшылығының дұрыс жұмыс істемеуінен «Алаш» 1917 жылдың екінші жартысынан бастап тоқтап қалды.
Көлбай Тоғысов драматургия саласында да қалам тербеп, еңбек етті. Оның қазақ драматургиясы тарихында өзіндік орны бар туындысы – «Надандық құрбаны» пьесасы. Үш перделі пьеса 1915 жылы Уфа қаласында «Тұрмыш» баспаханасынан жеке кітапша болып басылып шықты. Кітапшаның алғы беттерінде Көлбай Тоғысовтың «Зарымыз», «Құрбыма» және тағы басқа өлеңдері басылды.
Пьесаның сөз басында ол «Қырда болып жатқан көп надандықтың бірер жарымын келгенше ойын кітабына» (пьеса) жазып қазақ жастарына ұсынамын. Егер де ұнаса Һәр шаһарса, һәр ауылда ойнап қазақтың өз көздеріне көрсетсе мұндай жолдан тиылар еді деп үміт қылам» – деп қазақ халқын ілгері бастырмай жүрген надандықтан, қараңғылықтан арылып ақ жолға түссе деген ниетін білдіреді.
Пьесаның негізгі идеясы – қазақ халқын ілгері бастырмай аяғына тұсау болып келген рулық – патриархалдық салт-дәстүрді жою. Бұл тұста Көлбай ел арасында сарандықты, пасықтықты, надандықты ашып көрсетпек болады. Пьесаның «Надандық құрбаны» аталуы да сондықтан. Пьесаны жұртшылық қуана қарсы алып, қалаларда, ауылдарда «ойнады».
1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясы қазақ даласындағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті. Ұзақ жылдар бойы қазақ даласын билеп-төстеген патша монархиясы қуанды. Патша билігі құлағаннан кейін қазақ зиялыларының қызметінде мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес жүргізудің жаңа кезеңі басталды. Ақпан революциясының алғашқы күндерінен-ақ К. Тоғысов саяси белсенділік танытады. 1917 жылы 6 сәуірде Ташкент уезінің атқару комитетіне мүшелікке алынып, 12 сәуірде Ташкент қаласында ашылған бүкілтүркістан мұсылмандар сьезіне депутат боып сайланады. Сырдария облысы еңбекші-шаруалар кеңесі мен Ташкент қаласындағы Земляческий союзының қолдауымен Петроградта болатын бүкілресейлік шаруалар сьезіне депутаттыққа сайланады.
1917 жылы сәуір айында «Шуро-и-ислам» ұйымы құрылады. Ұйымның мақсаты- мұсылмандардың мүддесін қоғау, мемлекеттік орындарға мұсылмандардан өкіл кіргізу еді. Ұйым қатарына өзбек, татар, қазақ және басқа мұсылман өкілдері енді. Ұйымның өзіндік жарғысы, «Наужат» (Азаттық) атты баспасөз органы және көптеген қалаларда, атап айтқанда, Әулиеатада, Черняевта (Шымкент), Түркістанда және Қазалыда бөлімшелері болды.
К. Тоғысов наурыз айында Ташкенттегі «Шуро-и-ислам» ұйымына кіріп, оның Қазалыдағы бөлімшесін ашуға белсенді кіріседі. Бұл жөнінде «Алаш» газетінде: 27 мартта Қазалы шаһарында қазақ, срт, татар болып бірігіп, бесмыңнан астам адамдар мешіт алдына жиналып, ортасынан Ташкенттен телеграмм беріп шақыртқан Көлбай мырза Тоғысовты председатель, учитель Байекет Сатыбаевты секретарь сайлап, мәжіліс ашты. Құрамында үш қазақ, үш татар, үш сарт өкілдері бар «Шуро-и-ислам» бөлімшесінің комитет мүшелері сайланады. Қазалылықтар Көлбай Тоғысовқа Государственный Дума председателі Роденко арқылы бостандық әперген қаһармандарға тапсыруын өтініп, халықтан жиналған 317 сом 38 тиын ақшаны берді» — деп жазылды /25, 23/.
1917 жылдың 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде Бүкілресейлік мұсылман сьезі болып өтеді. Бұл сьезге қазақ облыстарынан, Түркістан, Кавказ, Сібірден, Хиуа мен Бұқарадан, Қырымнан және басқа жерлерден 830-ға тарта делегеат шақырылды. Оған Х. Досмухамедов, Ж. Досмухамедов, М. Жұмабаев, Ғ. Әлібеков, У. Танашев, А. Теміров, Ы. Жайнақов сияқты қазақ зиялылары қатынасты /31/.
Сьезге қатынасқан 200-ге тарта дін иелерінің 30-ға жуығы Орта Азия мен Қазақстаннан келгендер еді.
«Шуро-и-ислам» ұйымы атынан Көлбай Тоғысов сайланып, барғандығын жоғарыда айтып өттік.
Сьезде қаралған басты мәселелер оқу-ағарту, жергілікті басқару, жер, дін, әйел, Ресейдің мемлекеттік құрылысы, мұсылмандардың орталық органы, құрылтай сайлауы кезіндегі мұсылмандардың тактикасы, Ресейлік мұсылмандар кеңесін құру болды. Күн тәртібі бойынша сьезде белгілі территориясы жоқ ұлттарға ұлттық-мәдени автономия берілу мәселесі де қарастырылып, барлық мұсылмандарда ұлттық-территориялық автономия болсын деген шешім қабылданады /32/. Осы сьезде Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүшелер сайланады. Қазақстандықтар мен Түркістандықтар кеңеске уақытша өз өкілдерін сайлайды, осы тұста Көлбай Төгісов оған мүше болып сайланады /33/.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған өкілдер жиналыс өткізіп, 12 адамнан тұратын атқару комитетін сайлап, бекітеді. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитетінің құрамында Ж. Досмухамедов, У. Танашев, З. Валиди, Ғ. Ходжаевтармен бірге К. Тоғысов те болды /34/.
Алайда осы кеңесте К. Тоғысов оның жүргізіп отырған ісі еңбекші-мұсылмандардың мүддесін көздемейтіндігін баса айтқандықтан, оның қайтадан кері қайтуы Ташкентте 1917 жылдың 19 маусымында Е. А. Комаровтың төрағалығымен өткен ауыл қожайындарының сьезінде талап етіледі /35/.
К. Тоғысов Ташкентке бармай, бірден туған жеріне қайтып оралып, Зайсан уезінде кедейлер кеңесін құру мақсатында қазақ еңбекшілерінің сьезін шақырады. Сьезд «Қазақ ұраны кеңесі» деп аталып, онда қазақ еңбекшілерінің одағы құрылады. Ол бұл сьездің ұйымдастырушысы ғана емес, төрағаның қызметін де атқарады. Бұл сьезде уақытша үкіметтің жергілікті ұйымдары мен сол ұйымдарды басқарып отырған әкім-шенеуніктері қатаң сыналып, қазақ комитеттерінің кемшіліктері баса көрсетілді. Сьезде жергілікті халықтың мәдени жағынан кенже қалғандығы, ұйымдастырушылығы артта екендігі де көрсетіліп, халық ағарту мәселесін көтеру қажеттігі мақсатында қаулы қабылданады.
- Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және «Үш жүз»
партиясының қызметі. (1917.)
2.1. Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай. (1917ж. ақпан-қазан .)
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Бұл революция жаппай халықтың саяси белсенділігін артырды. Ғасырлар бойғы монархиялық басқарудан халық өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік алғандай болды.
Академик С. З. Зиманов бұл жайлы былай жазады: жылдар бойы жиналған халықтың ашу-ызасы бірден сыртқа шықты. Патшаның құлатылуы ауылдарда қоғамдық өзгерістің бастамасы ретінде қабылданды /5, 86/.
Петроградтағы оқиғалар туралы хабарлар бүкіл Ресейге, оның аймақтарына және Қазақстанға да тарады. Көптеген қалалар мен ауылдарда митингілер, демонстрациялар, жиындар өтілді. Абақтыдан саяси тұтқындар босатылды. Жұмысшы советтердің ұйғаруымен көптеген отарлық өкіметтің өкілдері орындарынан босатылды. Елдегі саяси белсенділіктің алғашқы көріністерін әртүрлі комитеттердің (қоғамдық, азаматтық, коалициялық және т.б.) құрылуынан байқауға болады.
Комитеттердің құрылуы уақытша өкіметтің жоспарын бұзып, жекелеген комитеттердің қызметі уақытша өкіметтің мүддесіне сай келмеді.
Уақытша өкіметтің негізгі саясаты патшалық билік жүйесін сақтап қалу болды. Жер бұрынғысынша помещиктерде, заводтар мен фабрикалар капиталистердің қолында қала берді. Жаңа өкіметтің соғысты жалғастыруының нәтижесінде елде дағдарыс күннен-күнге өрши түсті. Ұлттық мәселе уақытша өкіметтің саясатында өз шешімін таппады.
Қазақ халқының көпшілігі оның ішінде ұлттық интеллигенция ақпан революциясын басынан бастап қолдап уақытша өкіметке қолдарына келген көмегін аямады. Облыстық қазақ комитеттері барлық қоғамдық ұйымдармен, комитеттермен тығыз қарым-қатынас жасады.
Уақытша өкіметтің жергілікті органдарында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Дулатов, М. Шоқай тағы басқалары қызмет атқарды. Баспа беттерінде патша өкіметінің құлатылуы және уақытша өкіметтің құрылуы туралы мақалалар жарық көрді.
1917 жылы «Туркестанский курьер» газеті төңкеріс жасалды, өткенге қайта оралу жоқ. Сыртқы жаумен жауласуда жеңіс қамтамасыз етілді. Билік халық қалаулыларының қолында деп жазды /25, 30/.
Революцияның алғашқы күндерінен бастап қазақ облыстық, уездік және ұлыстық комитеттер құрыла бастады. Бүкіл Қазақстан бойынша саяси белсенділіктің жандануының нәтижесінде ұлт-азаттық күрес, жер, дін, мәдениет тағы басқа мәселелерді көтерген облыстық қазақ сьездері өтті. Өз қызметі жағынан ірі және маңызды Торғай сьезі болды. Сьезге Ақмола, Семей және Сырдария облыстары, сондай-ақ Татар, Башқұр, Өзбекстан, Орынбор мұсылман ұйымдарының өкілдері де қатысты.
Торғай сьезі Ресейді демократиялық республика ретінде көргісі келетінін айтты. Сьезд переселендік қорға тартып алынған жерлерді қазақ халқына қайтару мәселелерін қарады. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерінен Қазақстанның барлық жерлерінде тұрғындардың саяси белсенділігі байқалады. Облыстар мен уездерде әртүрлі жұмысшы, мұсылман жастар ұйымдары құрылды. Осы кезеңде Омбы, Петропавл, Семей, Ташкент жастары өз кружоктарын, ұйымдарын құрды. Негізгі мақсаттары тұрғындар арасындағы мәдени-ағартушылққа бағытталды. Осы жылдары «Еркін дала», «Бірлік», «Жаз қазақ» тағы басқа жастар ұйымдары құрыла бастады.
1917 жылдың ақпан мен қазан айлары арасындағы кезең К. Тоғысовтың саяси қызметінің белсенділігін көрсетеді. Ол митингілерде, жиындарда сөз сөйлеп, елдегі жағдайларға байланысты мақала жариялайды. К. Тоғысов саяси партия құруды, ұлттық және демократиялық күштердің бірігу мәселелерін көтереді.
Елдегі саяси науқанға соғыста оралған тыл жұмысшылары белсенді қосылды. Қазақстанның саяси өмірінде комитеттермен қоғамдық ұйымдар алғашқы мемлекеттік басқарудың демократиялық тәжірибесін көрсетті.
Қазақстандағы әлеуметтік-саяси процестерге әсер еткен тағы бір фактор уақытша өкіметті мойындамаған Советтер болды. Қазақстанда Советтердің құрылуы мен қызметінің кейбір ерекшеліктері болды. Қазақстандағы Советтер құрамы жағынан интернациональды болды және оларға ұсақ буржуазиялық партия басшылық етті.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің белсенділігін арттыруға Ресейдің саяси партиялары өз ықпалдарын тигізді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде 50-ге тарта саяси партия құрылды. Бұл партиялар қызметі жағынан төртке: помещиктік монархиялық, буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық (социал демократиялық), большевиктердің социал-демократиялық революциялық партиясы болып бөлінді /26, 80/.
Қазақстанда эсерлер ұйымдары кең тарады. Бұл партияның өкілдері Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Ақмолада, Шымкентте, Түркістанда тағы басқа қалаларда болды. Революциялық оқиғалардың өршуі кезеңінде Қазақстанда жеке ұлттық-саяси партия құрылады. 1917 жылы шілдеде Орынборда алғашқы жалпықазақтық сьезд өтті. Саяси әрекеттердің дамуында бұл сьездің өтуі маңызды еді. Осы сьездің нәтижесінде «Алаш» партиясы құрылады. «Алаш» партиясының басшылары болып Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және тағы басқа қазақ ұлттық интеллигенциясының өкілдері сайланды.
1917 жылы қарашада Қазақстанда екінші бір партия «Үш жүз» ұлттық саяси партиясы құрылады. Партия өздерін қазақ социалистік партиясы деп жариялады. Кедейлердің және ұлттық интеллигенцияның бір бөлігінің мүддесін көтерген бұл партия елдегі демократиялық өзгерістерді қолдауға әрекеттенді. Партияның ұйымдастырушысы Көлбай Тоғысов болды. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде мұсылман қозғалыстары көп тарады.
Ташкентте 1917 жылы наурыз айында «Шуро-и-Исламия» (исламистер кеңесі) құрылды /25, 33/. Бұл партияны осы аумақтың әйгілі саяси белсенділері М. Шоқай, М. Ханов, К. Чанышевтар басқарды. Оның құрамына жергілікті саудагерлердің өкілдері кірді. Бұл партияның жергілікті ұйымдары Шымкентте, Әулие-Атада, Перовскіде тағы басқа қалаларда құрылды.
1917 жылы қыркүйекте Шығыс Ресей мұсылман ұйымдарының сьезі өтіп оған Түркістаннан, Оралдан, және Торғай облыстарынан делегеттар қатысып «Иттифак-и муслимин» (мұсылмандар одағы) партиясын құрады. Бұл партияның мүшелері аймақтық Түркістан автономиясы идеясын ұсынды. Айта кету керек мұсылман қозғалыстарының өзі де осы кезеңде біртекті болмады.
Зерттеуші Б.И. Садықов: Патша өкіметі құлағаннан кейін Петербор мен Ресейдегі революциялық қозғалыстар мұсылман қоғамына күш берді. Түркістанда екі топ джадид және улемистер құрылады. Бұл екі топтың джадидтермен улемистердің бәсекелестіктері саяси күреске ұласты. Джадидтер ақпан революциясын жаңа эраның басталуы деп есептесе, улемистер жергілікті дәстүрлі элитаны ұсынушы ретінде мұсылмандарды жаңа қоғамның тууынан шектегісі келді /37/.
Мұсылман партияларының негізгі қағидалары К. Тоғысовтың дүниетанымына үлкен әсер етті.
К. Тоғысов қазақ қоғамының дамуында джадидтердің позициясын қолдады. Осы топтар ұйымдармен бірге Өскеменде, Петропавловскіде, Семейде чехославактар комитеттері құрылды. Сонымен қатар Семейде жеке поляк демократиялық партиясы, Әулие-Атада республикандықтардың одағы, Оралда, Гурьевте, Петропавлда, Павлодарда, Көкшетауда, Семейде казак партияларының бөлімдері құрылды.
Ақпан революциясын қазақтар қуана қабылдағанымен олардың жергілікті проблемаларын шеше алмады. Уақытша өкімет патша өкіметінің саясатын жалғастырды. Патша заңдары өз күшінде қалып, жер мәселелері шешілмеді. Революцияның өршуіне байланысты Қазақстан ұлт-азаттық қозғалыстар кшейе берді.
Уақытша өкіметтің негізгі мәселелерді шешпейтіндігін көріп халықтар күреске өздері шығады. Қазақстанның өндіріс орындарында жұмысшылар қозғалысы жандана түсті. Жұмысшылар сегіз сағаттық жұмыс күнін бекітуді, жалақыны өсіруді талап етті. Кейбір жерлерде жұмысшылардың қозғалысы қиын жағдайда жүрді. Жұмысшылар мен жергілікті жұмысшы кеңес депутаттарының ұсынысымен 1917 жылы жазда өндіріс орындарында сегіз сағаттық жұмыс күні енгізілді. Революциялық толқулардың ықпалымен елде қазақ кедейлерінің байларға қарсы күрестері орын алды. Кейбір ұлыстар мен ауылдарда кедей қазақтар байлардың жерлерін басып алды. Переселендер ауылдары мен станицаларда ауыл кедейлері переселен басқармаларының және бай қазақтардың жерлеріне басып кіреді. Осы кезеңде көптеген қазақтар уақытша өкіметтің жергілікті органдарына емес, керісінше жұмысшы, солдат және шаруа депутаттардың Советтеріне шағымданады. Мысалы, Ташкент уезінің қазақтары Ташкент уезінің солдат депутаттарының кеңесіне кешірім өтініш береді. Онда былай делінеді:
«Мы, киргизы-кочевники, заявляем Совету, что в настоящее время мы переживаем очень тяжелые бедствие – бескормицу и голод. Нет корма для скота и нет пищи для людей. И в токое время мы, киргиз, не организованы и у нас до сих пор представители старой власти притесняют народ и по дорогой цене в свою пользу продают населению хлеб, сахар, которые они получают от уездного комитета. Порсим Совет солдатских депутатов помочь нам:
- Организовать Ташкентский Совет киргиз кочевников.
- Разобрать дело о злоупотреблениях теперешней нашей администраций и помочь ее устранить.
- Установить связ между Советами солдатских и рабочих депутатови Советами киргиз кочевников.
- Способствовать Совету кригиз кочевников иметь своего представителя в уездном комитете» /38/.
Орталықтағы революциялық оқиғалар Ресейдің шет аймақтарына үлкен ықпалын тигізді. Қазақстанның қалалары мен ауылдарында уақытша өкіметтің іс-әрекетін талқылаған халықтық митингілер өтті. Уақытша өкіметке деген сенімсіздік ұрандары жиі айтылды. Қазақ шаруаларының, переселен шаруалардың, жұмысшылардың жаппай толқулары бүкіл Қазақстан бойынша жүрді.
Ақпан революциясының әлеуметтік-саяси оқиғаларға тигізген ықпалын сипаттай отырып оның өз кезегінде ұлт-азаттық майданының бірлігін әлсіретіп, қиындата түскеніне оқиғалардың, саяси формалардың көп жақтылығымен айқындауға болады.
Тұрғындардың әр жіктегілерінің белсенді ынтымақтастығының нәтижесінде қоғамдық ұйымдардың Советтермен комитеттермен арақатынасы тығыз жүрді. Сондықтан жекелеген аудандарда қоғамдық-саяси жағдайлардың өзіндік ерекшелігін байқауға болады.
Қазақстанның көптеген қалаларында бірден әртүрлі формадағы биліктер: қалалық дума, қоғамдық ұйымдардың комитеттері, уақытша өкіметтің комиссарлары, депутаттар Советі, жергілікті билік органдары, қазақ комитеттері казак басқарулары қызметтерін жүргізді. Бұл көпжақтылық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына және аймақтағы әлеуметтік құрылымдардың әртектілігіне әсерін тигізді.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс бір жағынан патша режиміне қарсы бағытталса, екінші жағынан жергілікті байларға қарсы бағыттады. Бұл өз кезегінде аймақтағы саяси жағдайды қиындатты.
Ақпан революциясы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсерін тигізді. Оны ғасырлар бойғы ұйқыдан оятты. Қазақстанда ұлттық автономия құру идеясы ұлттық интеллигенция өкілдерімен тұрғындар арасында кең таралды. Бірақ бұл идеяны іске асыру механизмі аяғына дейін шешілмеді. Осы мәселеде қазақ интеллигенциясының ойлары бірікпей, аяғында ұлт-азаттық қозғалыстың іске аспауына алып келді. Аймақтағы екі ұлттық-саяси партияның құрылуы да тарихи-мәдени дамуы жағынан өз ерекшеліктерімен түрленді.
«Алаш» және «Үш жүз» ұлттық партияларында қазақ жеріндегі тұрғындардың 1% пайызы ғана бірікті /39/.
Бір-бірінің арасындағы күрес ұлттық бірлікті бекітуге әсер етпегенімен халықтың саяси белсенділіін арттыруға, оынң сана-сезімін дамытуға оң жақты әсерін тигізді.
Қазақстанда осы кезеңде ұлттық, діни, таптық, сословиелік партиялар және топтар бір-бірімен тығыз араласты. Бір-біріне ықпалдарын тигізіп, сондай-ақ бір-біріне қарсы тұрды.
Қазақ халқының прогрессивті күштері ұлттық майданға біріге алмай ұлттық тәуелсіздік принципін ұстана алмады.
1917 жылдың ақпан мен қазан айларының кезеңі Қазақстандағы саяси және демократиялық процестердің өсуімен сипатталады. Төменгі саяси мәдениетте жүрген саяси белсенділктің өсуі, қоғамның демократизациялануы елдегі демократиялық өзгерістердің эволюциясын тоқтатты. Сонымен қарастырылып отырған қоғамдық қозғалыстың әртүрлі күрделі және қарама-қайшы екенін көріп отырмыз. Бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да осы кезеңде көппартиялық жүйе дамып, демократиялық дамудың негізі қаланды. Бірақ бұл демократиялық бастаулар түп-тамырымен жойылған еді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 4 сессиясында былай айтады: Қазақстан аумағында демократиялық мемлекетті құруға сонау ХХ ғасырдың басында мүмкіншілік болды. Бірақ әртүрлі себептермен бұл өркениеттілік жол тоқталған еді – дейді.
- «Үш жүз» партиясының құрылуы және ондағы
К. Тоғысовтың қызметі
К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметі «Үш жүз» партиясымен тығыз байланысты. «Алаш» партиясының соңынан іле-шала құрылған саяси партиялардың бірі-«Үш жүз». Қазақтың тұңғыш социалистік партиясы атанған «Үш жүздің» қоғамдық-саяси қызметі, іс-әрекеті мен олардың жетекші қайраткерлерінің нақтылы қызметтері әлі де болса толықтай зерттеліп, нақтылы тұжырым жасала қойған жоқ. Тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келген бұл тақырыпты кеңес өкіметі кезінде қозғаудың өзі мүмкін емес еді.
Ғылыми зерттеулерде, саяси әдебиеттер мен көркем шығармаларда «Үш жүз» партиясы жөнінде «буржуазиялық ұлтшылдар» деп жаппай қаралаған пікірлер жазылып келеді.
Негізінде «Үш жүз» партиясының құрылуы, оның саяси және экономикалық, әлеуметтік мақсат-мүддесі, бағыты жөнінде сол кездің өзінде кең әртүрлі тілде, баспасөз беттерінде мақалалар жариялана бастады. Мәселен, Омбы кеңес депутаттарының органы болған «Революционная мысль» газеті: «Қазақ социалистік партиясы «Үш жүз» құрылды, ол өзінің орталық комитетін сайлады, тұрағы Омбы қаласы»,- деп жазды . «Үш жүз» партиясының бағдарламасы, құжаттары көпшілік қауым талқысына салынды /25, 36/.
«Үш жүз» партиясы жөнінде іле-шала «Алаш» партиясының органы «Қазақ», К. Ғаббасов, И. Әлімбеков, Р. Мәрсековтердің ұйымдастыруымен шыққан «Сары арқа», Қызылжарда шығатын жастардың «Жас азамат» газеттерінде әртүрлі пиғылда жазылған бірнеше мақала жарияланды. Әрине көпшілігі «Үш жүзді» мақтай емес, даттай жазды.
Семей уездік земствосының А. Аңдаласов, А. Болатов, С. Дүйсенбин, И. Қазанғапов, Р. Мәрсеков, Ж. Шаламбаев, тағы басқа мүшелері «Қазақ» газетінде «Үш жүз» партиясының құрыланына ашық қарсылық білдіреді. «Түрі адамға ұқсағанымен пиғылы айуан сияқты сұмдар «Үш жүз» партиясы деп атақ байланып, бар қазаққа ұйтқы болған «Алаш» партиясының адамдарын арам аузымен былғамау болып жүр. Төрт аяқты қасқырға у салушы еді, мыналарға деген у мынау; «Үш жүз» партмиясы содырлы, сойқанды, жүзі қаралар пар тиясы. Бұл жұртқа келген үлкен дерт. Сөзіне құлақ қоймай, өздерінен аулақ болып, сақтану алаш балдарының борышы», -деп келетін мақалаларын жариялады /31, 24/.
Алашорда төрағасының орынбасары Қ. Ғаббасов Мәскеуге Халел және Жаһанша Досмұхамметовтерге Семейден социалистік «Үш жүз» партиясының әрекетін айыптап жеделхат жіберген. Онда К. Тоғысов «Алаш» партиясын, халық милициясын ақ гвардиялық топ деп айыптауда деп көрсетілген /25, 37/.
«Алаш» партиясының басшыларының бірі М. Дулатов та «Үш жүз» партиясына қарсы пікірде болды. Ол «Үш жүздің қулары» деген мақаласын жариялап, «Үш жүз» партиясын құрушы басшылары М. Әйтпенов пен К. Тоғысов және партияға мүше болған Ш. Әлжанов, Қ. Торсанов, І. Қосабаевтардың қадамдары Алашқа қарсы жатқан істер деп сынға алды .
Осылайша қазақ интеллигенттері бірден-ақ К. Тоғысовты әр қырынан сынауға тырысты. Біреулері оның жеке басына кінә тақса екіншілері «Үш жүз» партиясына қатысты қызметін сынға алды.
«Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының саяси бағыттары бір еді. Олардың негізгі мақсаты езуші, ескіні көксеген үкімет билігін толығымен жойып, қазақ халқының өз алдына бөлек отау құруын жүзеге асыру. Сондықтан осы мақсатты орындау жолында бұл екі ұлттық партияның арасында күрес туындады. «Алаш» мүшелері «Үш жүздің» ісін жақтырмады. «Үш жүз» де «Алашты» өз газеттерінде ғайбаттап жатты
«Үш жүз» бен «Алаш» папртиясының арасындағы тартысты қазақ зиялыларының қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі С. Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталатын тарихи-публицистикалық еңбегінде толық сипаттап, партияның жүргізген іс-әрекеттерін, оған басшы болған Мұқан Әйтпенов Көлбай Тоғысов және басқа мүшелерінің саяси портреттерін ашық көрсетуге тырысты. Қазақ зиялылары Қошке Кемеңгерұлы мен Біләл Малдыбаевтың басшылығымен Петропавлда шыққан «Жас азамат» газетінде Көлбай бастаған күні кеше діншілдікті, түрікшілдікті көксегендердің ұлтқа қас большевиктер қатарына қосылып жатқандығы жазылды /25, 38/.
«Үш жүз» партиясының қандай мақсатта құрылғандығы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Мәселен, «Үш жүз» партиясын ғалым Т. Елеуов «ұлтшыл», «ұсақ-буржуазияшы партияның бірі» деп есептесе, ал С. Бейсембаев пен П. Пахмурныйдың басшылығымен 1973 жылы шыққан «Под знаменем Ленинских идей» кітабында «Үш жүз» партиясы әлеуметтік құрамы жағынан әртекті, «Алаш» партиясына қарама-қайшы құрылған партиялардың бірі деп тұжырым жасалынды .
Тарихшы-ғалым П. Пахмұрныйдың пайымдауы бойынша, «Үш жүз» ұсақ буржуазиялық партия болып, «солшыл» эсерлердің позициясын ұстанды /23, 74/.
1990 жылдары «Үш жүз» партиясының тарихын арнайы зерттеген тарихшы Бабан Елкеевтің мақалалары «Қазақстан коммунисі», «Жұлдыз», «Алматы ақшамы» басылымдарында жарық көрді. Ғалым «Алаш» партиясымен бір мезгілде дүниеге келген партияның негізгі бағыт-бағдарын талдап, «Үш жүз» жетешілерінің бірі К. Тоғысовтың саяси қызметіне тоқталады.
Алаштанушы К. Нүрпейіс «Үш жүз» партиясының құрылуы, олардың көтерген әлеуметтік-экономикалық мәселелері «Үш жүз» бен «Алаш» арасындағы автономия, ұлтаралық қатынас мәселелері жөніндегі көзқарастары бірде қайшы, бірде жақын екендігін… «Үш жүз» партиясы басшыларының бірі К. Тоғысовтың жүргізген қызметі жөнінде нақтылай көрсете келе: «Үш жүз» 1917 жылғы қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол «Алашпен» бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси мәселелері жөнінен «Алаштың» басты сынаушысына айналды» – деп жазса /11, 127/, ал М. Қойгелдиев «Үш жүз» өзінің пайда болу негізі жағынан да, әлеуметтік жағынан да толық қалыптасып үлгермеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті бар ұйым деп көрсетті /12, 318/.
Шындығында 1917 жылы қараша-қазан айларында Мұқан Әйтпенов Көлбай Тоғысовтардыңс басшылығымен құрылған «Үш жүз» партиясы ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Партия қрамында зиялы қауым өкілдері, Революцияшыл-демократиялық бағыттағы жартылай жұмысшылар мен кедей шаруалар бар еді.
«Үш жүз» партиясының құрылу мақсаты жөнінде М. Әйтпенов пен Ы. Кәбеков «Сарыарқа» газетіне: «Белгілі кадет Бөкейханұлы ашқан «Алаш» партиясының бағдарламасымен қанағаттанбай қазақтар өз алдына, «Үш жүз» атты социалист партиясын ашты. Партияның мақсаты федерацияны жақтау, жаңа түрік-татар қауымдарын біріктіру, учредительное собранияға жеке списка кіргізу» — деп жазылған жеделхат жібереді /25, 43/.
Жаңа партияның орталық комитетінің төрағалығына Мұқан Әйтпенов, төрағаның жолдасы (яғни орынбасары) болып Көлбай Тоғысов, хатшылыққа Ысқақ Кәбеков, ал Әбдірахман Қалышбаев қазынашы қызметін атқарушы болып сайланады.
Бірнеше күн өткеннен кейін партияның органы болып табылатын «Үш жүз» газеті Қызылжарда жарық көрді. «Үш жүз» газеті 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылдың мамырынан дейін шығып тұрды, жалпы 10 нөмірі жарық көрді. Алайда, «Үш жүз» мүшелері тұтқындалғаннан кейін газет жабылып, Оның баспаханасы жас алашордашылардың «Жас азамат» атты газетіне берілді.
С. Сейфуллин өзінің «Тар жол тайғақ кешуінде» «Үш жүз» партиясының құрамында Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов, Шаймерден Қоранаев, Мұқан Есмағамбетов, Кәрім Дүсекеев, Қали Есмағамбетов, Ғалиасқар Қуанышев, Ысқақ Кәбеков, Кәрім Сөтешов, Ермұхамет Тоқпаев және т.б. мүшелері болды деп көрсетті /2, 80/. Жалпы зерттеуші Л.М. Спирин көрсеткендей, 1918 жылдың көктемінде «Үш жүз» партиясының құрамында 600-700 мүшесі болған.
Ал В.К. Григорьевтің зерттеуінше, 1918 жылдың сәуір айында партия қатарында мыңға тарта мүшесі болған /40/. Тарихшы Б. Елкеев те патияның құрамында жалпысаны мыңға тарта, оның ішінде Петропавлда – 200, Омбыда – 450 дей мүше болғандығын атап көрсетеді /41/.
«Үш жүз» партиясының басшылары өздерін еңбекші халықтың мүдде-мақсатын көздеушілеріміз деп есептеді және өз бағдарламасында қарастырылған бағыттарды «Алаш» партиясының іс-әрекеттерімен салыстырып отырды.
«Үш жүз» бағдарламасының негізгі мәселелері жер, дін, сот, земство, автономия, соғыс, бейбітшілік және т.б. еді.
Қазақ автономиясы мен ұлтаралық қатынас мәселелері хақында «Үш жүз» партиясы «Алашпен» бірде жақындасып, бірде қайшы келіп отырды. К. Тоғысов «Алаш автономиясы» мақаласында («Үш жүз» 1918, №7) қазақ автономиясын құруда үлкен қиыншылықтардың туу мүмкіндігін айта келе былайша тұжырым жасайды: «қазақ халқы өзі көшпелі, өзі кедей, өзі ата қуып, тап—тайпасымен туратын, өзі бұрын тарих жүзінде мемлекет болып өрнек алмаған жұрт» . «Үш жүздіктер» қазақ автономиясын құру қолымыздан келмейді, Түркістанмен қол ұстасып өмір сүру қажет дейді.
«Алаш» пен «Үш жүз» партияларының осы автономия құру мәселесінде көзқарастары келіспеді. Үшжүзшілер Орта Азия мен Түркістан халықтарымен бір ынтымақтастығы федерация құру қажеттігін баса айтады. Сондай-ақ «Үш жүз» соғыс мәселесі жөнінде де «Алаштан» басқа көзқараста болды.
Империалистік соғысты тез арада тоқтатып, соғысушы елдер арасында аннекциясыз және контребуциясыз келісімге келу қажет деп білді.
«Үш жүз» партиясы сот ісі мәселесінде қазақтың болашақ заң жинағына шариғаттың әділдік және адылдық жөніндегі қағидаларын да енгізуді ұсынды. Оның ішінде неке, отбасы, мұра ісіне қатысты шариғат заңдарын алу қажет деп көрсетілді. «Құранның қатты жерін алмасақ алмайық, ал қатты емес жерін қалай алмаймыз» деген сияқты ұсыныстарын ашық талап етті /42/.
Жер мәселесін шешуде үшжүзшілер қазақ шаруаларына керегіне қарай жететін жер бөліп беруді талап етті. Қазақтың отырықшы болып өмір сүріп, егін егуін қолдады. Сондықтан «Алаш» партиясының Щербин нормасын басшылыққа алуды көздеген талаптарына қарсы шықты.
Алайда жерді бөлу мөлшеріне байланысты нақты ұсыныстар айтпады. Земство мәселесіне келгенде оның құрылуын жақтады. Отырықшы халықтың земствосы көшпелі халықтың жағдайына мүлдем келмейтіндігін ескерте келе, земство ісінде төрт түлік мал шаруасына қолайлап, ел болып, ақсақалдармен, көп білетін тәжірибелі білгіштермен бірге ақылдаса отырып земство ашалық деген кеңестерін ұсынды. Үшжүзшілер қазақ шаруашылығына ыңғайлы земство мәселелерін ашып, тұрмыс жағдайлары нашарларға жәрдем ұйымдастырып соларға арнап мектеп ашу ісін жүзеге асыруды көкседі.
1917 жылдың соңына қарай қазақ өлкесінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына әзірлік жүре бастады. Бұл мәселеде қазақ сьездерінде қаралып, құрылтайға сайланатын депутаттар іріктеліп, сайлау ережесіне сәйкес келген тізімдер халық назарына ұсынылды.
Бүкілресейлік құрылтайға «Үш жүз» партиясы да өз кандидаттарын ұсынды. «Үш жүз» партиясы да өз кандидаттарын ұсынды. «Үш жүз» партиясы №11 тізім бойынша мына адамдарды тіркеді: 1) Бекхожин Хасанқожа (Омбы), 2) Әлжанов Шаймерден (Омбы), 3) Тоғысов Көлбай (Омбы), 4) Торсанов Қазы (Омбы), 5) Қосаев Үсен (Омбы), 6) Сейфуллин Садуақас (Ақмола), 7) Әділев Байсейіт (Ақмола), 8) Аблаев Сұлтан (Ақмола), 9) Әйтпенов Мұқан (Омбы). «Үш жүз» мүшелері құрылтай сайлауы қарсаңында халық арасына шығып өз кандидатураларын насихаттады. Алайда халықтың қабылдамағанын сезген кейбір кандидаттар өз еріктерімен сөйлеу тізімінен шыға бастады /54/. Дала округі бойынша Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлай 1917 жылдың желтоқсанының 25 жұлдызында аяқталып, халыққа жария етілді /55/. Сөйлеу нәтижесі бойынша «Үш жүз» партиясы мынадай дауыс санына ие болды; Семей қаласы –1, Қызылжар уезінде-4, Көкшетау уезінде –164, Омбы уезінде- 50, Семей уезінде-2.
«Үш жүз» партиясының құрылтайға ұсынған тізіміндегі алғашқы алты адамның депутат болуға лайықсыз екендігі айтылып «қазақ» газетіне қарсы мақала жарияланды. Мақалада олардың кейбіреулері (С. Аблаев, Б. Әділов, Ғ. Қуанышев) тізімге сырттан, еш келісімсіз жазылғандығы баса айтылады /25, 44/.
Большевиктердің қолдауының нәтижесінде «Үш жүздің» екі өкілі 2 – 10 желтоқсанда өткен Батыс Сібір кеңесінің 3 сьезіне қатынасып, сьезде қабылданған кеңес өкіметін бүкіл аймақ территориясында орнату жөніндегі қаулыны қолдайтындығын білдіреді.
«Үш жүз» партиясы 1917 жылдың желтоқсанының соңғы күндерінде жұмысшы және солдат депутаттар кеңесін толығымен қолдайтынын мәлімдеді, кеңестік өкіметті жақтайтындарын білдіріп жеделхат жолдады. К. Тоғысов қол қойған жеделхатта Семей өңіріне қазақ демократиясын ұйымдастыруға «Үш жүз» партиясыеың өкілдері келді деп хабарлайды. Семей облыстық қазақ комитетін қалай да тарату қажет деп көрсетеді. Партия 1918 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті кеңестермен бірлесе жұмыс істеді және өздері қабылдаған қаулы-қараларында қазақ даласында үкімет билігін халыққа беруді талап етті.
1917 жылы желтоқсанда «Дело Сибири» газетіне жарияланған «Ответ органу киргизской партии «Алаш» – газете «казак» (открытое письмо) атты мақаласында Көлбай Тоғысов «Алаш» партиясының өкілдері мен оның басшысы Ә. Бөкейхановтың қызметін сынға алады. Үш жүзшілер өздерінің алға қойған ең негізгі мақсаттарының бірі «Алаш» партиясымен ашық күрес жүргізу деп есептеді. Ол үшін «Үш жүз» партиясының Омбы орталық комитеті алашордашыларға қарсы облыстық қазақ революциялық комитетін құрып, өздерінің солшыл социалист-революционерлерді, халық комиссарлар кеңесі, жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің бағдарламасын қолдайтындықтарын білдіріп, Омбы большевиктік газетіне жариялайды /40, 121/.
Ал Көлбайдың өзі 1918 жылдың қаңтарында осы Омбы орталық комитетінің жиналысына қатысып, «Қазіргі кездегі жағдай» туралы баяндама жасап, тез арада алашордашылар басқарған қазақ комитеттерін таратып, революцияшыл жұмысшы солдат, шаруалар кеңестеріне бірлесіп іс-қимы жасау қажеттігін баса айтады. Кеңес өкіметін қолдау мақсатында «Үш жүз» партиясы «революционная мысль» газетіне бірнеше мақала жариялап, «Алаш» мүшелерінің әрекеттерін сынап, тез арада олардың қызметіне тосқауыл қою қажеттігін көрсетеді.
1918 жылдың 12 наурызында «Үш жүз» партиясының орталық комитеті кеңестердің бүкілресейлік сьезіне құттықтау жеделхатын жіберіп, оларды ауыр жағдайда қолдайтындықтарын, әрі социалистік құрылысты орнатуда бар күш-қайраттарын жұмсайтындықтарын мәлімдейді.
«Үш жүз» партия мүшелері кеңес ұйымдары тарапынан қолдау тапты. Кеңестің ұсынуы бойынша К. Тоғысов 1918 жылы қаңтарда Омбы губерниялық кеңесі атқару комитетінің құрамына сайланады. Омбы Кеңесінің атқару комитеті оны Ақмола, Семей облыстары бойынша мемлекеттік мүлік комиссары етіп тағайындайды.
1918 жылы ақпан-наурыз айларында Омбы мен Петропавлдағы «Үш жүз» партиясының қалалық комитеттеріне большевиктер ақшалай көмек көрсетті. Батыс Сібірдің большевиктік басылымдарында үшжүзшілердің қызметі жайында мақалалар үзбей жарияланып тұрды. 1918 жылдың 2-сәуірінде Омбы қаласынан «Үш жүз» партиясының басшылығымен шығып тұрған «Известия Западно-Сибирского», «Омского областного исполнительных комитетов, Совет крестьянских, рабочих и солдатских депутатов» газетінде К. Тоғысовтың басшылығымен, Ә. Қылышбаевтың хташылығымен еңбекші қазақ халқына арналып «Үндеу хат» жарияланды. Бұл үндеухатты «Известия Петропавловского Совета» газеті де қайталап басты. Үшжүзшілер бұл үндеухатында Халық комиссарлар кеңесі мен жұмысшы шаруа және солдат депутаттарының кеңесі еңбекші халықты нағыз қолдайтын бірден-бір ұйым деп көрсетіп, қазақ халқын осы кееңс жолымен бірлесе күресуге шақырады. «Естеріңізде болсын, тек Кеңес өкіметі ғана еңбекші халықтың мүддесін қорғай алады», — деген тұжырым жасайды. Осы үндеухатында халықтың Милюков бастаған кадет партиясының соңынан ерген «Алаш» партиясының берген уәделерінде бой ұсынбауларын өтінеді. Мәселен Семей облысының бес уезінің қазағы К. Тоғысовтан буржуазияшыл қырғыз (қазақ) комитеттерінен құтылуға көмек сұраған /40, 124/.
«Алаш» партиясының басшысы Әлихан Бөкейханов Москваға Орталық кеңес үкіметінің басшысы В. И. Ленинмен және Ұлт істер жөніндегі халық комиссары И. В. Сталинмен кездесу үшін өзінің екі жақын серігін – Халел және Жаһанша Досмухамедовтерді жібереді. Ал 1918 жылғы 2 сәуірде Халел Ғаббасов Семейден Ә. Бөкейхановтың тікелей тапсырмасымен телеграф арқылы В. И: Ленин және И. В. Сталинмен Алашорда мен Кеңес үкіметінің арақатынасы жөнінде келіссөз жүргізді /11, 160/. Осы келіссөздің мән-жайына қаныққан К. Тоғысов 1918 жылы 21 сәуірде В.И. Ленин мен И. В. Сталинге «Батыс Сібір мен Дала өлкесінде кадет Бөкейханов басқаратын буржуазиялық «Алаш» партиясына қарсы құрылған «Үш жүз» деген қазақ социалистік партиясының бар екендігін білдірген жеделхат жолдап, артынша И. В. Сталинмен телеграф арқылы сөйлесіп, «Алашпен» күресте өздерін қолдауын өтінген. И. Сталин де К. Тоғысовтың өтінішін аяқсыз қалдырмай Алашордаға қарсы әрекет жасауда «Үш жүз» партиясын қарсы қолдану мақсатымен бұл істі қолға алуды Ә. Жангелдинге өз кезегінде жүктейді.
Ә. Жангелдин Көлбай Төғысовпен сөйлесіп Орынбор қаласына келуін өтінеді. Алайда бұл кездесу болмай қалады. Осылайша «Үш жүз» партиясы «Алашқа» қарсы ашық күреске шығады. 1918 жылы «Известия Совета рабочих и солдатских депутатов» газетінде (1918, 2 наурыз, №12) «Үш жүз» партиясының қаулысымен Ақмола облыстық қазақ комитеті таратылып, мүшелері қамауға алынып, орнына жаңадан қазақ облыстық атқару комитетінің төрағасы Ш. Әлжанов пен «Үш жүз» партиясының төрағасы К. Тоғысовтар қол қойған жеделхат жарияланады. Жаңа құрылған қазақ облыстық атқару комитетінің құрамы үшжүздіктер болғандықтан бұрынғы қазақ облыстық комитеті атынан Семей облыстық қазақ комитетіне Алашордаға депберілген 2000 сом ақшаны қайтаруды талап етеді. Осы ақша қайтарылса, бірінші қазақ демократиялық сьезін шақыруға жұмсайтындықтарын айтады.
«Алаш» партиясынан бұл ақшаны қайтару мәселесі туралы бұдан бұрын да «Революционная мысль» газетінде (1918, №14) көтерілген болатын. Әрине, бұл әрекетте «Алаш» партиясы да бей-жәй қарап қалмады. «Қазақ» газетінен бастап, Астрахандағы «Ұран», Семейдегі «Сары-арқа», Ташкенттегі «Бірлік туы» газеттерінде «Үш жүз» партиясының іс-әрекеттері сынға алған мақалалар басылды.
«Үш жүз» басшыларының арасындағы өзара тартыс партияның беріктігін әлсіретті. Партия бірте-бірте екі қанатқа бөлініп кетті. Оның революциялық-демократиялық солшыл қанатын Көлбай Тоғысов басқарса, ал оңшыл қанатына Мұқан Әйтпенов жетекшілік етті. Зерттеуші Б. Елкеев көрсеткендей, бұл екі қанат бір-бірімен ымырасыз күресіп, ұзақ айтыс-тартыстан кейін К. Тоғысовтың тарапынан М. Әйтпеновке «кеңес өкіметін танығысы келмеді» деген айып тағылып, партияның толық басшылығы К. Тоғысовтың қолына көшті. Оның партия басшылығына келуі партияның саяси бірлігін арттырды.
Көлбай жөнінде академик Салық Зиманов : «Үш жүздің» басшысы Көлбай Тоғысов еркін ойды жоқтаған, патриоттық рухы бар, көзі ашық адам болды. 1917 жылғы қазан революциясы кезінде төңкеріс идеяларын жоқтады» , — деп жазған болатын.
«Үш жүз» партиясы қазақ жастарын өз жағына тартуға тырысты. М. Әлжановтың төрағалығымен құрылған «Бірлік» ұйымы мүшелерінң саяси көзқарастарының екі бағытта болуына байланысты бөлініп кеткен жастар тобын өз жағына тартқан К. Тоғысов оның «Қазақ демократиялық жастар кеңесі» деп атауды ұсынды. Ұйымның жетекшілік қызметін Әбілқайыр Досов пен Таутан Арыстанбеков кезектеес атқарды. Социалистік революцияның жеңістерін баянды ету жолында белсене күрескен «Қазақ демократиялық жастар кеңесі» Көлбай Тоғысовтыың тапсыруымен оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қойып, ұлт мәселесін көркейтуді, оқушы жастарға материалдық көмек көрсету міндетін өз қолдарына алды.
«Үш жүздің» кейбір мүшелері кееңстік ұйымдарда жауапты қызметтер атқарды. Ы. Кәбеков, С. Төлеңгітов, М. Өсербаев, Ж. Исмағамбетов, Ж. Ишмухамедовтар Петропавл Кеңесінің шаруашылық, жер және азық-түлік комитеттері бөлімдерінің құрамына енген. Мәселен жер бөлімін басқарған Ысқақ Кәбеков Петропавлдағы «Үш жүз» патиясының уездік ұйымына басшылық жасап, қызылгвардиялық отрядтың комиссары болы. Өкінішке қарай, қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы мүшелерінің тағдырлары аянышты аяқталды. Қазақстанның солтүстік, шығыс облыстарын ақгвардияшылардың басып алуы партияның өмір сүруін тоқтатты. Сібірде Колчак үкіметінің құрылуы «Үш жүз» партиясы мүшелерін жаппай құдалауға алып келді. Партия басшысы Көлбай Тоғысовқа жалған айыптар тағылып, Омбы түрмесінде ұзақ уақыт азапталды. Бұл жөнінде «қазақ» газеті «қазақ большевиктері» деген мақаласында: « Большевикке сүйеніп жұртты қырмақ-жоймақ болып жүрген Көлбай Төлеңгіт баласы Омбы абақтысында жатыр», — деп жазса, Мәскеуге Ұлттар ісінің төрағасына «Үш жүз» партиясының төрағасы К. Тоғысовтың қамауға алынғандығы жөнінде Омбыдан жеделхат жіберіледі /25,45/. Осылайша 1919 жылы Көлбай Тоғысов Колчак жендеттерінің қолынан қаза табады.
«Үш жүзге» мүше болған 1913 жылы Омбыда оқитын қазақ жастарының «Бірлік» ұйымын құруға ат салысып, оған басшы болған Ақмола облыстық қазақ комитетінің төрағасы Шаймерден Әлжанов 1918 жылы чех бүліншілігінде қолға түсіп, түрмеге жабылады. Алғашында Петропавл түрмесінде, кейін Омбы түрмесінде азап шекен Ш. Әлжанов түрмеден қашып шыққанымен Колчак үкіметінің қарамағына ілініп, Александров азап түрмесінде 1918 жылдың қараша атында өлтіріледі.
Міне, «Үш жүз» партиясы мүшелерінің тағдыры осылайша аянышты аяқталады. Қазақ тарихында «Үш жүз» пантиясы социалистік бағытта құрылған тұңғыш саяси партия ретінде орын алады. Ал оның көсемі Көлбай Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметін, өмір жолын, публицистикалық шығармашылығын, сондай-ақ «Үш жүз» партиясының тарихын зерттеу бүгінгі күн талабынан туындап отырған қажеттілік. «Үш жүз» партиясы тарихы мен К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметінің ашылмай жатқан құпия тұстары әлі де көп. Біз келешек зерттеушілердің оның артта қалған мұраларын іздеп, тауып, жариялап, өмірі мен шығармашылығындағы беймәлім беттерді ашып, оқырман қауымға ұсынатындықтарына үміттіміз.
Қорытынды
Ғылыми зертеудің барысында Көлбай Тоғысовтың қоғамдық саяси қызметі, «Үш жүз» партиясының даму тарихы жаңа зерттеу материалдарымен толықтырылып жаңа көзқараста жазылды.
Көлбай Тоғысовтың қызметі мен оның публицистикалық мұрасына берілген обьективті баға Қазақстанның демократиялық қозғалысының тарихында оның есімін қайта жаңғыртты.
ХХ-ғасырдың басы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің жандануы ретінде сипатталады. Ғасырлар бойғы халықтың өкпесі ұлт-азаттық күреске ұласты. Отарлау, әлеуметтік-экономикалық дамудың тежелуі ұлт-азаттық қозғалысқа өзіндік ықпалын тигізді. Экономикадағы түбегейлі өзгерістер ұлттың сана-сезімін оятты. Қазақ қоғамында жаңа идеялардың қалыптасуына ықпал етті.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ұлттық жас қазақ интеллигенциясының рөлі маңызды болды. Олар халықтың отарлық езгісін құтқарудың жолдарын іздеді. ХХ-ғасырдың басында Қазақстанда ағартушылық кең көлемде жүрді. Бұл халыққа білім беру жүйесін қамтыды. Нәтижесінде жеке мерзімді баспалар ашылып ары қарай дамыды.
Осы кезеңдегі өз елінің тағдыры үшін үлесін қосқан А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышпаев, К. Тоғысовтар және тағы басқа болды. Өзінің шығу тегі, білімі, өмір сүру деңгейі жағынан қазақ интеллигенциясы біртекті болмады. Сондықтан да қазақ халқының өмірінде әртүрлі көзқарастарға алып келгені мен олардың түпкі мақсаты тйуелсіздік үшін күрес еді. Қазақ халқының сана-сезімінің дамуына ақпан треволюциясы ықпалын тигізді. Осы кезеңде яғни 1917 жылдың ақпан мен қазан айларының кезеңінде елдегі демократиялық қайта құрулардың арқасында көппартиялық жүйе құруға мүмкіндіктер етек жайды. Елдің экономикалық, мәдени-саяси деңгецінің төмендігі, қоғамды демократизациялаудың тез жүруі өркениетті жолмен жүруге мүмкіндік бермеді.
Көлбай Тоғысов өзнің қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметі жағынан прогрессивті-ағартушы бағытындағы интеллигенттер қатарына жатты. К. Тоғысов қазақ қоғамының арта қалуын білімсіздік, сауатсыздықтан деп есептеді. Бұл мәселелерді шешу үшін ол рухани оқыту жүйелерін реформалау керек екендігін айтады. К. Тоғысов патша өкіметінің саясатын, жергілікті басқару аппаратының чиновниктерін және бай-феодалдарды кіналәды. Өз кезеңінде бұл прогрессивті ой болды.
Оның демократиялық көзқарасының қалыптасуына ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының идеялары ықпал етті.
Зерттеу жұмысының негізгі мәселелерінің бірі К. Тоғысов көзқарасының эволюциясын көрсету.
К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметін қарастыра отырып мынадай қорытындылар жасауға болады. Бірінші орыс революциясына дейін К. Тоғысовты қоғам қайраткері ретінде көре аламыз. Адвокаттық қызмет атқарып жүрген кезеңінде К. Тоғысов қазақ халқының ешқандай құқығының, бостандығының жоқтығын, отарлық езгіде жүргендігін түсіне бастайды. Ол бұл проблемаларды мерзімді басылым беттерінде көтеріп, одан шығудың жолдарын іздейді. Бірінші орыс революциясының нәтижесінде өмірге саяси белсенділігімен араласа бастаған К. Тоғысов отарлаушы билікті қатты сынайды. Осы кезеңде оның мақалалары қазақ ауылдарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын көтереді. К. Тоғысов өзінің саяси, тәжірибиесіздігінен қазақ қоғамының проблемаларын реформалау арқылы шешуге болады дейді. Сондықтан да ол патшаның 1905 жылғы 17-қазандағы монифесін қол жая қарсы алды. Ол бұл монифест халыққа көптен күткен бостандық береді деген үлкен үміт артты. К. Тоғысовтың атақты қабырғаларындағы өткізген жылдары оның әлеуметтік-экономикалық және саяси көзқарастарының одан әрі дамуына әсерін тигізді. Ол халықты ұйқыдан оятып қоғамдық қызметке тарту керектігін айтады. Осындай мәселелер үшін ол Ташкентте мәдени-ағартушылық қоғамын құрып, «Алаш» газетін шығара бастайды. К. Тоғысовтың осы кезеңдегі қызметін, публицистикалық мақалаларын сипаттай отырып оның демократиялық позицияда болғандығын көреміз.
Ақпан революциясының жеңісі оның көзқарасының эволюциясына өте зор әсерін тигізді. Оның бұл кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметінің белсенділігі арта түседі. К. Тоғысовтың негізгі идеясы демократиялық республика құру болды. Бірақ оған қалай жету керектігін түсінбеді. Ол демократиялық идеяларды, дәстүрлі мұсылмандық бағытты біріктіруге тырысты.
Көлбай Тоғысовтың қызметін біржақты зерттеуге болмайды Көптеген қазақ интеллигенциясының өкілдері осы күрделі кезеңде өздерінің саяси мақсаттарын анықтай алмады. Қазақ шаруаларының мұң-мұқтажын қорғап, өз кезеңінің талаптарына байланысты К. Тоғысов «Үш жүз» қазақ социалистік партиясын құрады.
Қазан төңкерісінен кейін большевиктердің ықпалымен К. Тоғысов біртіндеп кеңес өкіметінің идеяларын қабылдады. Жаңа өзгерістерге, қайта құруларға сенген К. Тоғысов және оның «Үш жүз» партиясы кеңестерге барлық көмек жасайды. Ол бұл өзгерістер қазақ халқына бостандық әкеледі деген сеніммен жергілікті жерлерде жаңа өкіметті құруға ат салысады.
Егер де «Алаш» пен «Үш жүз» өз күштерін бір-бірімен күресуге жібермей, керісінше бірігіп қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескенде аса маңызды саяси күшті құрайтын еді.
Көлбай Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметін сараптаудың нәтижесінде біз оның демократиялық бағытта іс-әрекет жасағанын көреміз. Қазіргі кезде біз тарихымыздың шынайы оңды-солды мәселелерін толық қалпына келтіруге мүмкіндімігіздің мол екеніне көзіміз жеткені белгілі.
Халқының болашағы үшін өз өмірлерін қиған жандардың есімі әрқашанда халықтың есінде қалады.
Зерттеу жұмысы Көлбай Тоғысовтың Қазақстанның ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысы тарихында алатын орнының ерекше екенін растайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 годах. – Алма-Ата: Гылым, 1991. – 255.
- Сейфуллин С. Тернистый путь. Историко-мемуарный роман. – Алма-Ата: Жазушы, 1975. – 431.
- Елеуов Т. Е. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане (март 1917 – июнь 1918 гг.). – Алма-Ата: АН Каз. ССР, 1963. – 528.
- Очерки истории Коммунистической партии Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1984. – 759.
- Зиманов С. З. В.И. Ленин и совеиская национальная государственность в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1970. – 303.
- Дахшлейгер Г. Ф. В.И. Ленин и проблемы казахстанской историографии. – Алма-Ата: Наука, 1973. – 216.
- Григорьев В.К., Пахмурный П.М. Октябрь в Казахстане (Из опыта партийного руководства борьбой масс за победу Октябрьской революции в Казахстане). – Алма-Ата: Наука, 1978. – 223.
- Пахмурный П.М. Большевики в Казахстане. — Алма-Ата: Казахстан, 1976. – 230.
- Бейсембиев К. Б. Очерки истории общественно-политической и философской мысли Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1976.-427.
- Елькеев Б. Из истроии идейно-политической борьбы в Казахстане в период установления Советской власти. Автореф. Дис. к.и.н,. Ташкент, 1975.-40.
- Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алаш-Орда.-Алматы: Ататек,1995. -256.
- Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-368.
- Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918) .-Алматы: Қазақ университеті,2000.-358.
- Рахимова Г.М. Город Омск в экономической, политической и духовной жизни казахского общества во второй половине ХІХ-начале ХХ веков. Диссертация на соискание… канд. истор. наук. – Алматы, 2000. – 156.
- Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. – М.: Россия молодая, 1994. – 205.
- Дильмухамедов Е., Маликов Ф. Очерки истории рабочего класса дореволюционного Казахстана. – Алма-Ата: АН Каз. ССР, 1963. –270.
- Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана: численость, размещение состав (1870-1914). – Алма-Ата: Наука, 1981. –111.
- Григорьев В.К., Шапорев Ю. Фрагменты времени // О чем не говорили. Документальные рассказы. – Алма-Ата. – 1990. – 49.
- Сужиков Б.М. Казахская политическая элита и трансформация этнической тождественности на рубеже ХІХ — ХХ вв. в зарубежной историографии // Казахстан в начале ХХ веков: методология, историография, источниковедение. – Алматы: Ғылым, 1994, кн. 1. – 82.
- Сегизбаев О. А. Казахская философия ХҮ – начала ХХ веков. — Алматы: Ғылым, 1996. – 472.
- Бейсембиев К.Б. Прогрессивно-демократическая и марксисткая мысль в Казахстане начала ХХ века. – Алма-Ата: Наука, 1965. – 294.
- Кузембайулы А., Абил Е. История Республики Казахстан. – Астана: ИКФ Фолиант, 2001. 333.
- История Казахстана (с деревнейших времен до наших дней): В 5-ти т. – Алматы: Атамұра, 2000. Т.3 – 766.
- К вопросу о земстве в Семипалатинской области // Семипалатинский листок. 1906. №83. 6 сентября.
- Көлбай Төгісов. А., 2003. 11б.
- Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. Алма-Ата, 1961.
- Ішкі хабарлар //Алаш. 1917. №17.
- Документы мусульманских политических партии. 1917-20гг. Оксфорд, 1985.
- М. Шоқай, М.Шоқай. Естеліктер. Түркия-Стамбул, 1997.
- Революционная мысль. 1917. №58. 23 декабря.
- Қазақтан шыққан арамзалар //Қазақ 1918. №260.
- Смағұлова С. Көлбай Төгісовтың журналистік қызметі //Өрісті өңір. – 2002. – 34-37бб.
- Салқынбаев Т. «Үш жүз» партиясы және Көлбай Төгісов //Қазақ тарихы. – 1999. №6 53-55бб.
- Егізбаев Қ. Тоғысов емес – Төгісов // Қазақстан коммунисі. – 1991. — № 6. – 94-95б.
- Мамраева А.Н. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века и А. Букейханов. Диссертация на соискание… к.и.н. – Алматы, 1997. – 153.
- Әнес Ғ. Алаш ардағы // Төгісов К. Шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 5-6.
- Садыков Б.И. Мустафа Чокай и тоталитарный режим большевиков. Борьба с национализчмом // Вестник КазНУ имени аль-Фараби. – 2001, №2. 56-63.
- История Казахской ССР: В 2-х т. – Алма-Ата: АН Каз. ССР, 1959. Т.2. – 735.
- Абылгазина А.Е. Демократизация государственной и общественно-политической жизни Казахстана (февраль-октябрь 1917). Диссертация на соискание … канд.истор.наук. – Алматы, 1997. – 168.
- Григорьев В.К. Противосостояние (Большевики и непролетарские партии в Казахстане 1917-20гг.). Алма-Ата, 1989.
- Елкеев. Б. Партия «Уш жуз» и ее деятельность в период установления Советской власти в Казахстане // История Казахстана: белые пятна. Сб. статей. Алматы, 1991.
- Елкеев Б. Үш жүз партиясы //Қазақстан коммунисі 1990. №8.