ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ЖАЗА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Алматы — 2010
РЕФЕРАТ
Бұл бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде респуликамызда қолданылып жүрген және қоғамдағы қылмыстылықпен күресуді реттейтін бірден-бір заң ретінде 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі сипатталған және осы Кодекстің бір тарауы ретінде жаза жүйесі және оның түрлері қарастырылады. Қоғамдағы барлық салалардың дамуы елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаға өзгеріс әкеледі. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының даму барысында қылмыстылықпен күресуде, алдымен жазаның орындалуы мен сотталушымен қатынасында халықаралық стандартты жағдайын ескереді. Бұл өз кезегінде қылмыстық жауапкершілік және оның іс жүзіндегі қолдануына сәйкес шараның дамуын заң ғылымының алдында тұрған бірінші кезектегі көкейтесті мәселе екендігін көрсетеді. Бітіру жұмысының мақсаты — қылмыстық жазаның құқықтық тұрғыдан реттелуінің басты жолдары мен теориялық пөзициядағы жүйелі және кешенді талдануы.
Бірінші тарау «Қылмыстық құқық бойынша жаза ұғымы және оның мақсаты» деп аталады. Бұл тарау екі тараушадан тұрады. Бірінші тараушада жаза түсінігі сипатталған. Мұнда белгілі теоретик-ғалымдардың еңбектеріндегі жаза түсінігіне берген пікірлеріне сүйене отырып, жаза түсінігі сипатталған. Екінші тараушада жазаның мақсаты қарастырылған.
Екінші тарау «Жазаның жүйелері және түрлері» деп аталады. Бұл тарау екі тараушадан тұрады. Бірінші тараушада жаза жүйесінің түсінігі қарастырылған. Екінші тараушада Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен бекітіліп, ауырлығына қарай орналасқан жаза түрлері жеке-жеке сипатталған.
Қорытындыда жаза жүйесіндегі жаза түрлерінің қоғамдағы қылмыстылықпен құресудегі тиімділігі қарастырылған. Сондай-ақ жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталушыны түзеу, сотталушыны және басқа да тұлғаларды жаңа қылмыс жасаудан сақтандырудың, қылмыстың алдын-алуындағы рөлі сипатталған.
Бітіру жұмысының соңында нормативтік-құқықтық актілер және арнайы және оқу әдебиеттерінің тізімі берілген.
Жұмысты жазу барысында қолданылған түйінді сөздер: жаза, сақтандыру, түзеу, қорғау, айыппұл, қамау, бостандығынан айыру, сотталушы, жаза тағайындау, қылмыспен күресу, қылмыстың алдын алу, жаза жүйесі т.б.
МАЗМҰНЫ
РЕФЕРАТ……………………………………………………………………………………….
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………..
I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ЖАЗА ҰҒЫМЫ
ЖӘНЕ МАҚСАТЫ……………………………………………………………………….
1.1. Жаза туралы түсінік………………………………………………………………
1.2. Жазаның мақсаты ……………………………………………………………….
II ТАРАУ. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ……………….
2.1. Жаза жүйесінің түсінігі ……………………………………………………………
2.2. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген жаза түрлері және
олардың сипаттамасы ……………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………….
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………….
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он екі жыл уақыт болды. Сондықтан өмірдің өзі ескі идиологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етуіне байланысты 1997 жылы 16-шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған принцптері мен нормаларына негізделген және бұл Кодекстің ең басты міндеттсрінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының даму барысында қылмыстылықпен күресуде, алдымен жазаның орындалуы мен сотталушымен қатынасында халықаралық стандартты жағдайын ескереді, бұл өз кезегінде қылмыстық жауапкершілік және оның іс жүзіндегі қолдануына сәйкес шараның дамуын заң ғылымының алдында тұрған бірінші кезектегі көкейтесті мәселе екендігін көрсетеді. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаға қоғамдағы барлық салалардың дамуы өзгеріс әкеледі. Осының негізінде қылмыстық жазаның алдағы уақытта құқықтық тұрғыдан реттелуінің басты жолдары мен теориялық пөзициядағы жүйелі және кешенді талдануының қажеттілігі туады. Қылмыстық заң бойынша жаза туралы түсінік пен оның жүйесінің де реттелуі жотарыда айтылған негіздерге сәйкестендіріліп отырады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы қылмыстылықпен күресуде жазаның мемлекет тарапынан сот үкімі арқылы қолданылатын мәжбүрлеу шарасының ең соңғы түрі екендігін анықтайды. Сонымен жаза қоғамның өзін-өзі қорғау құралы ретінде қоғамның даму шарттарының бұзылуына қарсы қолданылатын және қылмыстылықтан сақтандыруға әрекет етуге, сотталушыны түзеу мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге қажет. Жаңа жаза жүйесі қылмыстық-құқықтық репрессияны нақтылауға емес, қылмыстылықтан сақтандыру жолын іздеуге бағытталаған. Қазіргі танда патентті қылмыстарды төмендетумен және құқықтық тәртіпті нығайтуға қажетті шара ретінде жаза тек қатан ғана емес, бұрмалаушылықты болуы маңызды. Қылмыстылықпен күресуде жазадан басқа да кешенді шараларды қолданылу қажет, бұл құқық бұзушылықты жоғарғы деңгейде сезінудің болмай қалмайтынын қамтамасыз етеді. Осының негізінде қылмыстылықпен күресудегі шаралардың жалпы жүйесінде жаза қажетті бірақ ең соңғы әрекеттеу шарасы ретінде көрінеді. Жазаның нәтижелілігі көптеген факторларға тәуелді. Жаза алдымен дұрыс тағайындалуы шарт. Сонымен бірге жаза тиімді, қажетті және жаңа қылмысты сақтандырумен қылмыскерді түзету үшін жеткілікті болуы керек. Жаза әділ болуы керек әйтпесе, ол өз мақсатына жете алмайды. Жаза мақсатының жетістігі үшін, сот істің жан—жақтылығын, кінәлінің жеке басын және жасаған қылмысына кінәлі деп танылған тұлғаға жеке жазаны қатан анықталуын бағалауы қажет. Сонымен біріге жаза мақсатына жетуі үшін өте маңызды болып, тұлғаға тағайындалған жазаны орындаттыру процесі болып табылады. Жазаны орындау үшін зандылық қағидасының қадағалануы, азаматтардың заңдағы теңдігі, гуманизм (ізгілік) қағидасы және жазаны атқаруда жекелілікпен дефформацияның сақталуы және жазаның түзеу әрекеттері мен біріктірілуі маңызды. Жазаны орындау процесінде жазаның өзі және сотталушыға басқа да әрекеттету шаралары репрессияны нақтылауға және жеңілдету жағына түзетілуі мүмкін. Егер жаза әрекетін нақтылау туралы айтар болсақ, онда заңда жазаны қаса-қана әдейі жалтарған жағдайда, жазаның бір түрін екіншісімен ауыстыруы қарастырылған. Сот түзеу мекеменің түрін өзгертуіне болады. Осының негізінде жазаны өтеудің шарты да өзгереді. Бұл жазаның түзетілген және әрекет ету шарасын қолдану жазаның мақсатына жетуіне бағытталған. Осының негізінде жазаны орындау жүйесі жазаны орындау шарты және тәртібінің өзгеруі, жазаның бір түрін екіншісімен ауыстырумен және оның құрылу элементтері мен өзара байланыстағы күрделі мәселе ретінде көрініс табады. Жазаны орындаудың дұрыстығы және түрлі әрекет ету шараларын қолдану оның нәтижелілігіне және қылмыспен, онымен күресудің нәтижесімен байланысты әлеуметтік процеске әсер етуі мүмкін. Жазаның мақсаты анықталғандай өзара шартты қатынаста динамикалық…… болады, яғни ол жазаны қолдануға жасаған қылмысына кінәлінің жеке басымен, кінәнің түріне, қылмысының ауырлығына, жазаның түрі мен мөлшеріне және де басқа да жағдайларға тәуелді. Кеңейтілген қылмыстық және қылмыстық атқару құқығындағы институт қолданғанда тек сотталушыны түзеу мақсатының жетістік деңгейі ғана емес, сонымен бірге жазаның басқа да мақсатының жетістік деңгейін ескеру қажет. Қылмыстылықтан сақтау әлеуметтілік әділеттілікті қалпына келтіреді.
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ КҰҚЫҚ БОЙЫНША ЖАЗА ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ
- Жаза туралы түсінік
Қоғамның дамуның негізінде құқықтық ғылымға деген заңдылық тұрғыдағы көзқараста өз ерекшелігін танытты. Соның ішінде жазаны қылмыспен күресудің бірден-бір негізі деп тану көзқарасы да өзгереді. Өйткені тек мәжбүрлеу мен қылмыстық репрессиялар арқылы қылмыстылықпен күресудің мақсатына жету мүмкін емес. Бірақ жаза қылмыс жасады деп танылған тұлғаға қатысты мемлекет тарапынан керекті мәжбүрлеу шарасы екені даусыз. Осыдан шығатын қорытынды: жаза қылмыстылықпен күресу және оны болдырмау мен алдын алу, сақтандыру негізіндегі мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын бірден-бір шара ретінде танылады. Е.І. Қайыржановтың пікірінше, қоғамдағы қылмыстылықтың алдын алу мен сақтандырудың мазмұнына әлеуметтік ұйымдастырушылық және мәдени-тәрбиелік шаралар да әсерін тигізеді[1]. Кең таралған пікірлер бойынша, жасалынған қылмыстың қоғамға қауіптілігіне қарай қатаң жаза қолданылуы тиіс. Қылмыстылықпен күресудің нәтижелілігін арттырудың бас үлгісі қылмыстылы жазаның қатаңдығымен қорқыту емес, оның қайталанбауын, жасалынған қылмысқа қатысты кінәліні жедел іздестірумен және оған тиісті жазаны тағайындау болып табылады. Сонымен бірге жаза мен қылмыстың бір-біріндегі керекті байланыстың бірі жаза қылмыстың табиғатымен бірдей болуы керек. Ауыр, аса ауыр рецидивистік қылмыстар үшін қатаң жаза болуы тиіс, бірақ қылмыстық саясат төңірегіндегі жаңа пікірлердің туындауы қылмыспен күресу барысындағы қатаң шаралардың тиімділігін қажет етеді. Қорқыту жазамен емес оның қайталануы мен ар затпен байланыстылығында жаза керек өйткені ол әлеуметтік әділетікті орнына келтіруге, жазаланушыларды түзеуге қылмыстан сақтандыру мен алдын алуға, қоғамның өзін-өзі қылмыстылықтаң тазарту, қылмыстың пайда болу негізін жою бағытындағы құрал ретінде танылады. Қылмыстық құқықтық қатаң мажбүрлеу қоғамның қалыпты өмір сүруіне қауіп туғызған тұлғаға бағытталуы тиіс. Қылмыстық жаза жаңа қажеттіліктер мен анықтауларға жауап беруі тиіс: ол жаңа қылмыстардан сақтандыру, қылмысты жасаған тұлғаның түзелуіне керекті, тиімді жеткілікті болуы керек. Қылмыстық жаза Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексі 38-бабының І-тармағы бойынша жаза түсінігінің анықтамасы: «жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы, ол сот үкімкімен тағайындалады. Жаза жасалған қылмысқа кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты қолданылып, оның осы Кодекспен көзделген кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарынан айыру мен шектеу болып тобылады». Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Жаза өзіне азаматтың арын таптауды, физикалық жәбірлеуді мақсат тұтпайды. Жазаның қатаңдығы жасалынған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне тікелей тепе-теңдік дәрежеде болуы тиіс.
Қылмыстық жаза түсінігі туралы пікір теоретикалық тұрғыдан таладауды қажет етеді. Көптеген ғылыми және философиялық көзқарастар қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қатысты мемелекетпен қоғам тарапынан қолданылатын шара ретінде оның көрінісін суреттейді. Бүгінгі таңдағы заңгер ғалымдар жалпы теориялық тұрғыдан жазаны адамзат мінез-құлқының реттеушісі деген тұжырымға тоқтайды.
Қылмыс пен жаза бір-бірінен бөлінбейтін байланыстағы, қылмыстық құқық пайда болған кезден бастап көрініс табады. Тиым мен жаза өзара байланысты болып, қоғамдағы қылмыстық саясатқа өз әсерін тигізеді. В.Г. Смирновтың пікірінше, жаза тек сот үкімімен жүзеге асырылады, жаза шарасын жүзеге асыру тек өкілді мемлекеттік орғанмен орындалады[2]. Сонымен жаза төмендегідей белгілермен айқындалады:
— Жаза мемлекет атынан сот үкімімен тағайындалады; Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Жаза дегеніміз Қылмыстық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, тек қана соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Жаза қылмысты жасаған кінәлі тұлғаға қатысты қолданылады; Адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартуға тиісті, яғни нақты қылмысты жасаған адамға ғана қолданылады.
— Жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретінде, Қылмыстық Кодексте бекітілген арнайы құқықтық шектеулер болып табылады;
Яғни қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынандай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істеген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Ешкім де бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапкершілікпен жазаға тартылмайды;
Жаза тек жеке адамға ғана қатысты болады және оны орындау барысында тек бір адамт ғана қатысты болады;
Жаза сотталғандық салдарға әкеп соғады (Қ.К. 77-6.)
Жазаны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар. Ол сотталғандығы туралы өмірбаянда көрсетілуі керек сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады.
— Жазаның әлеуметтік ақиқаты болып, сотталушының қүқықтары мен бостандықтарынан айыру мен шектеу жатады.
М.Д. Шаргородскийдің пікірінше, жаза ұғымы қылмыскердің қандай да бір құқынан, өмірі мен бостандығынан, мүлкінен және т.б, айыру арқылы қылмыскерге залал келтіру болып табылады[3].
Қылмыстық жаза қылмыс жасады деп танылған кінәлі тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлейтін әлеуметтік процестік туынды. Жаза тағайындалғанда және оны сотталушыға орындауда жеке түрде болады. Жаза әрбір әрекетке сай, жеткілікті, әділетті болуы шарт. Жазаның әділеттілігі мен тиімділігі оның мақсатына жетуінің қажетті шарты болып табылады. Қылмыстық жаза оны орындауға және тағайындауға байланысты болады.
Жазаны тағайындау — сот процесіне қатысып отырған барлық азаматтардың кінәлінің, қоғамға қауіпті іс-әрекеті мен жәбірпенушіге келтірген нақты зияны үшін өзіне тиіс жаза алуының көрінуі, дәлелі. Бұл жағдайда жаза қылмыс жасаған кінәлі тұлғаның қоғам алдындағы жауапкершілігі болып табылады. Жазалау қоғамға қауіпті іс-әрекеттің пайда болғанына қарсы қолданылатын мемлекет тарапынан қатан мәжбүрлеу шарасы. Қылмыс жасады деп танылған тұлғаны кінәлі деп, сот залында жаза тағайындаған сәттен басталады. Сот процесінің өзі сотталушы тұлғаның мемлекет тарапынан кінәлінің санасына қатты әсер етуі, кінәлінің өзі жасаған әрекетінің қылмыс екенін түсіндіру және одан аулақ болу керек екендігін ескерту болып табылады. Сот заңда көрсетілген негіздер бойынша сотталушыға жаза тағайындамай (шартты түрде соттау), оның түзелуіне әсер етеді, сақтандырады. Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексі 88-бабы бойынша, яғни кәмлетке толмағандарды жазадан босату болып, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам егер оны түзеуге болады деп шешсе, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуте болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптыпықтан босатуы мүмкін.
Профессор А.Н. Ағыбаевтың пікірінше, жаза түсінігі болып қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады[4]. Сондықтан қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы заңға көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамға жаза тағайындаларда оның іс-әрекеті мен әрекетсіздігінідегі қылмыс құрамының болуы, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігі, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның іс-әрекетінің қылмысты жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі өзін ұстауы, тәртібі, жазасы мен қылмыстық жауапкершілігінің ауыр не жеңіл екендігі, сондай-ақ сотталушының түзелуіне бағытталған, тағайындалған жазаның әсер етуі, сонымен бірге бұл әсердің сотталушының отбасы мен асырауындағы адамдарға ықпал етуі барысын да есепке алған жөн. Сондай-ақ, жаза әртүрлі ауырлықтағы қылмыс үшін жекеше жауаптылық және кінәлі тұлғаның қоғамға қауіптілік іс-әрекетінің әр түрлілігіне байланысты жауапкершілігі, яғни әрбір қоғамға қауіпті деп табылған іс-әрекеті үшін жауаптылық болып табылады.
Жаза жекешеленеді, оны тағайындау мен тікелей орындау дәрежесіне байланысты. Жаза әрбір нақты әрекет үшін әділетті, тиімді, жеткілікті және қажетті болуы керек. Жазаның тиімділігі мен әділеттілігі оның мақсатына жетуі керектігі маңызды шарты болып табылады. Қылмыстық жаза мемлекеттің атынан жасаған қылмысы үшін кінәлі деп табылған тұлғаға әлеуметтік процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде және қоғамды қылмыстылықтан сақтандыру мен жою және оған қарсы күрес ретінде көрініс табады. Кінәліге әсер ету процесі сотталушыға тікелей қылмыстылық жазаны қолдану кезінен басталады. Жаза әділетті болуы үшін тиімді болуы керек және қажетті, жеткілікті тәртіптілік әрекетпен ұштасуы тиіс және кінәлінің жеке басына және өз іс-әрекетін толық әрі саналы түрде түсінуіне әсер етуі керек.
Қылмыстылық жазалау И.М. Гальпериннің пікірінше, құқықтық нормалардағы абстрактілі жаза, ол қылмыс жасады деп кінәлі саналған барлық тұлғаға қолданылады және соған сәйкес жазаның түрі мен мерзімін тарттырады[5]. Бұл тұжырым жалпыға міндетті құқықтан шығады. Қылмыстық заңдардың негізіндегі жаза жасалынған қылмысқа қарсы арнайы және жалпы мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Мәжбүрлеу шарасының мөлшері адамның жеке ерекшеліктері мен субъективтігіне байланысты болады. Мемлекеттік мәжбүрлеу құралы ретінде қылмыстық жазалау шарасы объективтік маңызды, яғни жалпы қоғамдық пікірлер мен мүдделерден туындайды. Бұл қоғамның белгілі бір анықталған кезеңдерімен байланысты. Мұнда жазалау шарасы жүйесінің мәжбүрлеу құралы ретіндегі белгілі бір бөлімдерінің қолданысының күшеюінің көрсеткішін көрсетеді. Жазаның анықталған айналымдағы жүйесінің құрылымы өзіндік қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады, онда қоғам дамуының түрлі объективтілік және субъективтілік мән-жайлары қамтылады. Қылмыстық заңдармен бекітілген жаза жүйесі уақыттың өтуімен салыстырылып отырылады. Бұл жағдай қылмыстық заңдардағы жаза институтының жалпы және жеке түрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаза жүйесінің және оның жеке түрлерінің қолданылуы әр түрлі қоғамдық факторларға әсер етеді, сондықтан да жазаны тағайындаған, қолданған кезде қоғамдық қажеттіліктерді ескеру керек. Осының негізінде қарама-қайшылықтың бір түрлі жаза жүйесінің дамуын талап етеді, екінші жағынан тұрақтьыығын қажет етеді. Сондықтанда жаза түрлерін тек бір жақты ғана бағалап қоймай, оның өзгерген әлеуметтік шарттары мен жазаның қолданылуын сабақтастырып отыру керек. Жаза жүйесі мен жаза түрлері бүтіндей әлеуметтік өзгерістерге әсер етпейді, олар қылмыстық құқықтың реттеу пәні ретінде қалып отырады. Қылмыстық заңдар әлеуметтік өзгерістермен жазаның тұрақтылығын, негізділігін, қажеттілігін салыстырып, соған сәйкес жаза туралы теорияны дамытады. Жазаның қылмыстық құқықтық нормалардағы тұрақтылығын тұрақты салыстыру негізінде, жаза мемлекеттік мәжбүрлеудің қатаң түрі екендігі анықталады (расталады). Жаза жүйесі мен жаза түрлері қоғамдағы жекелік пен әлеуметтік құндылықтармен сабақтасуы қажет.
Қылмыстық құқық нормаларындағы жазаның тұрақтылығы әлеуметтік өзгерістерге әсер етпей қоғамның қылмыстылықпен күресу барысында жазаны қолдану болып табылады.
- Жазаның мақсаты
Қылмыстық Кодекстің 38-бабының 2-тармағында жаза мақсатына мынандай анықтама береді: жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат тұтпайды.
Жаза мақсаты әрбір нақты қолданылған жазамен өзара тепе-тең бірлікте, байланыста болады. Әр уақытта барлық жаза мақсаты сотталушы тұлғаны жаңа қылмыстықтан сақтандыруды көздейді десек онда өлім жазасына кесілген адамға байланысты жаза өз мақсатына жете алмайды.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс жасаудан оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға қылмыстың әділетті жаза тағайындау, істеген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшерін жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәнің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, қылмысына сай келетін әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасаған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет. Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық Кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын-алу делінсе, ал міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіпеніп, қылмыс ұғымы айқындалады. Қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді. Арнаулы сақтандырудың иелері қылмыс іспен сотталғандар болып танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын аямауын көздеуі болып табылады. Жазаны осы көздеген мақсатқа жетуінің құралы сотталушыны түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлткісіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз — қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік-психологиялық көзқарастарын өзгертіп қылмыстық құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп, дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс жасамайтын заң талаптарын қалт жібермейтін, мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басты мақсаты басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, моральға сәйкес емес күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Бұл сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып саналады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібінің нығайтудың қажеттігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады. Сол сияқты жаза — қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Сондықтанда туындайтын қарама-қайшылықты жою үшін жаза мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн.
Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарынан заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жетуі сөзсіз бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады. Осының негізінде іс жүзіндегі мақсат жүйесін қозғалмалы біртұтас деп қарастыруға болады.
Әділеттілікті қалпына келтіру — қылмыстық жаза жүйесінің бір мақсаты ретінде жасалынған қылмыстың нәтижесін түзету, әділеттілікті қалпына келтіру барысындағы қылмыстық жазаның мақсаты интегративті. Бұл жаза мақсатының көздейтіні жазаны қолдану, бұзылған әлеуметтік-психологиялық тәртіпті қалпына келтіру әдісі ретінде қарастырылады. Н.А. Стручковтың пікірінше, жаза қайтарылады, бірақ бұл басты мақсат емес. Қылмыстыны жазалау арқылы мемлекет қоғамның атынан қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, адамдардың тыныштығын көздеп және болашақ сотталушыларға сабақ береді. Мемлекет қоғам мен оның мүддесіне қатысты әділетті, ал сотталушыға қатысты гумансыз әрекетке барады. Жаза — мәжбүрлеу саласы. Сотталушыға қатысты гуманизм қоғамның мүддесі үшін заңмен шектелген. Мұны мойындамау — қоғамдағы жаңа қылмысты мойындамау жаңа қылмысты жасауға әкеліп соғады. Мұндағы жазаның әділеттілігі жауыздық принціпіне жаза тағайындамау емес, керісінше, мәжбүрлік пен қажеттіліктің соңғы шарасы ретінде қарастырылады.
Әлеуметтілік әділеттілікті қылмыстылық салдарынан келген залалды қалыпына келтірудің мәнінен көруге болады. Әлеуметтілік әділеттілікті қалыпына келтіру, қоғамға қауіптілік және қылмыстылықтың әлеуметтік салдары, қатаң жаза — өзара тығыз байланыста болады. Қоғамға қауіптілік дәрежесі алдыменен қылмыстылық салдардың масштабы байланысты, ал әлеуметтік әділеттілікті қалыпына келтіру келтірілген қылмыстық салдардың бейтараптылығы мен компенсациямен байланысты. Қылмыстық құқықпен қорғалатын обьектіге келтірілген зиян көп болса, қоғамға қауіпті әрекет де көбейеді, сондықтан мемлекет пен қоғамның тарапынан қайтарылатын реакция күштірек болуы тиіс. Қылмыстылықтың әлеуметтік салдарының жалпы түсінігінің анықтамасы қылмыстылық салдарының түсінігі болып табылады. Сонымен қылмыстылық салдар қылмыстылық заңмен қорғалатын обьектіге келтірілген зиян, залал, қирату, шығын болып табылады. Әлеуметтік қылмыстылық салдар бұл қоғамдық қатынастарға қылмыстылықпен келтірілген шын залал. Ол тікелей немесе жанама қылмыстылық әрекетпен байланысты келтіріледі және онда қылмыстың әлеуметтік профилактикасы және қылмыстылық пен күресі ұйымдарымен байланысты экономикалық және әлеуметтік (экономикалық, құқықтық) құндылықтар көрініс табады. Қылмыстылықтың әлеуметтік салдары тек залал ғана емес, қылмыстылық жолмен келтірілген, сондай-ақ қоғамның оған қарсы қылмыстылықпен күресуі ұйымдастырылған құқық бұзушылықтан сақтандыру мақсатындағы мәжбүрлі қолдану құралы өзін-өзі қорғауы.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыстық заңмен қорғалатын обьектіге келтірілген зиян, залалды қайтарумен байланысты. Сондықтанда жаза қоғамдық қатынастарға қылмыстық жолмен келтірілген залалдың өлшемі ретіндегі көріністе болады. Жазаның сотталушыға әділетті болуы үшін сотталушының санасына жәбірленушіге өзінің келтірген зиянын ғана емес, сонымен бірге, сотталушының қоғамға қауіпті әрекетіне байланысты шығыстар мен қоғамдық шығындарды түсіндіру қажет. Мәселе қылмыстық жолмен тұрғындар мен азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян, экономикалық тұрақтылығының жойылуы, қоғамның құқықтық мүдделері, қоғамдық тәртіп, сонымен бірге қоғамның заңды бұзған тұлғаға байланысты соттық және де басқа да шығындар келтірілген зардабында болып отыр.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру қабылдаған сот шешімінің дұрыстығына байланысты, яғни жазаның әділеттілігі, кінәлінің жеке басы мен жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің өлшемі және сәйкестілілігі болуы, онда ол бас бостандығынан айыру орындарында қылмыскерді түзеуге бағытталады. Егер сотталушы өзінің жасаған қылмысы мен одан келген салдарға өкінбей, тек қана бас бостандығынан айыру орнына келгеніне ғана өкінсе, онда оның түзелуіне бұл жағдай өз әсерін тигізеді. Ал егер де сотталушы керісінше өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігі мен одан туындаған салдардың зиян екенін саналы түсініп, түзеу мекемелерінде өзін тәртіпті ұстап, тағайындалған жазаның дұрыстығына саналы түрде көзі жетіп, түсінсе, шын мәнінде өкініп, біздің қоғамға лайықты азамат ретінде көрсетсе, онда сотталушының түзелуі мүмкін. Сотталушының жазаға деген психологиялық механизмінің элементі жазаны өтеу барысындағы сотталушының жаза мен соттылықтың әділетті екеніне көзінің жетуі ретінде көрініс табады. Қылмыстылық қоғамдык өмірге деген өзінің зияндық көзқарасын қалыптастырады. Қылмыстлықтың салдары еліміздегі заңдылықтың, құқықтық құрылымның, мемлекетімізде демократияның нығаю процесін тоқтатуға әкеліп соғады. Ерекше қауіпті жалғаспалы қылмыстық әрекет қоғам мен жеке адамдар түсінігіне қарама-қарсы өзгерістер қатарын толықтырады. Сондықтан да әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мәні қоғамның өзін-өзі түсінуі арқылы ашылады.
Тағайындалатын жаза қоғамдағы моральдік және құқықтық көзқарас әділеттік туралы және адамдардың керекті тәртібін талқылау, қылмыстылық жолмен бұзылған әділеттілік ерікті қалпына келтіру, шартталған жүріс-тұрыс нормаларын бұзғанға жауапкершілікті болуын қамтуы тиіс. Құқықтық түсіну қылмыстық заңдарды білу және оның принцптерін, институттарын, нақты мақсаттары мен шешілуіндегі сұрақтарды білу болып табылады. Сондықтан жаза тек қана кінәлінің жеке басының әрекетінің ауырлылығының, жаза мен жауаптылылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сонымен тағайындалатын жаза сотталушының түзелуіне және оның отбасы өмірі мен асырауындағы тұлғаларға әсерін қамтып қана қоймай, қоғамдағы моральды құқықтық көзқарастарды да қамтуы тиіс.
Судьяның қылмыстық пен оны жасаған тұлғаға деген құқықтық түсінігі бірінші кезекте қылмыстық заңдылықтарды білумен анықталады. Оған еліміздегі қылмыстың сол түрімен көрсеткіші, жалғаспалылығы, сотталушының латентті қылмыстық әрекетінің мұмкіндігі, тұлға әрекетіндегі дөрекілік қылмыстың жәбірленушісінің тәртіптік мінездемесі, сотқа қандай да бір жақтардың қысым көрсетуге әрекеттенуі әсер етуі мүмкін.
Сондықтан да әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің мақсаты көп дәрежеде жазаны тағайындауға қатысты болады. Жаза түрін тандау және оның мөлшерін белгілеу сұрағы осы тұрғыда шешіледі. Яғни жаза түрі мен оның мерзімін жасаған қылмысқа кінәлі тұлғаға қолдану гуманды актісі әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің мақсаты ретінде көрініс табады. Сотталушыға жаза немесе басқа да шара түрін тағайындап, сот белгілі бір мөлшерде әділеттілікті қалпына келтіреді. Жазаны орындау қарастырылатын аспектіде мәндірек юридикалық факт ретінде ол қылмыстық атқару құқық қатынасын тоқтатады және әлеуметтік әділетті іс жүзінде негіздейді. Сотталушының қылмыстық жауапкершілікпен бірге азаматтық жауапкершілкке тартуы мүмкін. Онда сотталушыға белгіленген міндеттемелер мен мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Осының негізінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсаты тек қылмыстық жауаптылыққа тарту және оның орындалуының тиімділілігін ғана қамтып қоймайды. Әлеуметтік тұрғыда ол кең кешенді норма ретінде қарастырылады. Сондықтан да заңда көңіл аударылып қаралуы тиіс тек қана сотталушының түзелуін ғана емес, сондай-ақ басқа да жазаның мақсаты. Осыған байланысты сотталушыға кеңейтілген нормаларды ғана қолданбай, өзінің қылмыстық жолмен келтірген зиянды қайтаруды да талап еткен жөн.
Әлеуметтік әділеттілік праблемасын әрқашан да тартысты бір белгіде емес болады, әлеуметтік аспектіде немесе жеке сана өлшемінде әрбір нақты жағдайдағы әлеуметтік әділеттілікті толықтай қалпына келтіру мүмкін емес. Бірақ жазаның әлеуметтік аспектісін бөлетін және белгілейтініне көңіл аудару керек.
Сотталушыны түзеу жаза мақсатының бір негізі ретінде қылмыстық жаза негізі сотталушыны түзеу болып табылады. Сотталушыны түзеу туралы қылмыстық атқару құқындағы әдебиеттерде сотталушыны қоғамға қауіпсіз адамға айналдыру, қайта тәрбиелеу жазасын өтеу барысында өз-өзін жоғары санада түсінуі деп түсіндіреді. Іс жүзінде бұл түсінік тиімді нәтиже бермеді және жаңа қылмыстық заңдар қайта тәрбиелеу терминін қолданудан бас тартты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Істер жөніндегі Кодекстің 7-бабы бойынша сотталушыны түзеу — бұл сотталушының заңға қарсы келмеушілігінің көрінісі, сондай-ақ адамзаттың жалпы тұратын әдет-ғұрып ережелері мен тәртібіне, нормалары мен еңбек пен қоғамға және өзін-өзі тануға деген позитивтік қатынасы. Сондай-ақ әдебиеттерде көрсетілген термин түсінігі бір текті болған жоқ. Шын мәнінде түзеу — қандай да бір жетіспеушіліктерді жойып, одан жақсылықты шығару деп қарастырсақ, қайта тәрбиелеу — жаңадан басқалай тәрбиелеу деген тұжырымға келеді. Басқа сөз мәнінде түзеу, яғни қайта тәрбиелеу және, керісінше, қайта тәрбиелеу — түзеу деген мағынаны береді.
М.Д. Шоргородскийдің болжамы бойынша тек қылмыстылықтан сақтандыру ғана жазаның мақсаты болып қарастырылады. Қалғанының барлығы: қорқыту, мәжбүрлеу және тәрбиелеу — бұлар мақсаттың өз жетістігіне жетудің құралы болып табылады делінген[6].
Түзеу, екінші мағынада, яғни моральдық түзеу және юридикалық түзеу аспектісі ретінде қарастырған жөн. Заңи түзеу-арнайы сақтандырудың жетістігі ретінде қарастырады. Сонымен бірге, соңғы кезде әдебиеттерде жазаны орындау процесімен сотталушыны түзеу өзіндік кешенді құқықтық психолого-педагогикалық проблемалар деп танылады. Жеке жаза түрі мен жазалау арқылы сотталушыны бір уақытта тәрбиелеу, яғни сотталушыға жалпы жаза жүйесіндегі белгілі бір жаза түрін қолдану арқылы, оны сол уақыт аралығында тәрбиелеп шығару. Бірақ, ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру сотталушыны түземей, қайта оның жеке басының даму проблемасын тереңдетіп жібереді. Бұдан шығатын қорытынды сотталушыны түзеу құқықтық міндеттемелермен емес, көп дәрежелі психолого-педагогикалық тұрғыдағы шешілетін сұрақ.
Сотталушыны түзеу процесіндегі қамтамасыз етудің қажетгілігі туралы көрсеткіштердің заңнан тыс іс жүзіндегі негативті мәндердің және жекелеген жаза мақсатының жетістігінің құралы мен басқа да жолдардың жетілдіруі анықталған саяси ойларға әкеліп соғады. Осылардың негізінде сотталушының түзелуі мақсатындағы қолданылатын жазаның заңдылық формулировкасы нақтылауды қажет етеді деген қорытындыға келуге болады. Сотталушыны түзеу негізгі әлеуметтік мәселе болып табылады және ол кешенді психолого-педагогикалық шара жетістігі, соның ішіндегі сотталушының санасындағы қылмыстық құқықтық шараның тәрбиелік әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сотталушыны түзеу мақсатының жетістігі тек орындалатын жазаны тағайындау процесурасы ғана емес, сондай-ақ, сотталушының өз кінәсін саналы түрде түсінуі, жазаның әділеттілігі мен өз іс-әрекетінің қайта ойлап, бағалау, яғни жаза мақсатының жетістігі тек жазаны орындайтын күштеу органдарымен ғана емес, негізгі кезекте сотталушының өз жеке басының ішкі процесін өзгертуі болып табылады.
Еңбекпен түзеу құқығындағы қылмыстық түзеу сотталушыны түзетуден бас тартпайды, соның ішінде оларды еңбекке тарту жолында, көптеген жазаны сотталушыға орындау барысында түзеу әрекетінің (еңбек; оқыту; тәрбиелік жұмыстар) шаралары қолданылмауын көрсетеді. Тұлғаны соттау фактісінің өзі мемлекеттің тарапынан кінәнің санасына қылмыстық әрекетті жалғастырудан бас тартуға әсер етуі үшін неғұрлым қатан әрекеттерге баратынын көрсетеді. Сондықтан да сотталушыға барлық жағдайда тәрбиелік жұмыстар жүргізу міндеттелмейді, яғни жаза мен соттаудың өзі сотталушыны қайта ойлануға итермелейді деген қорытындыға келеді. Сонымен сотталушыны түзеу мақсатының жетістігі тек жазаны орындау процедурасынмен ғана шектелмейді. В. Селиверетовтың пікірінше, жазаны орындау орғандары мен мекемелері сотталушыға өмірге деген көзқарастарын қайта бағалауға тәртәптері мен мақсаттарын, жалпы білімдері мен мәдени деңгейлерін жоғарлату жолымен және олардың физикалық, психикалық, құқықтық діни дамуларына жағдай жасап, сотталушылардың бас бостандығынан айыру орындарында өмірге деген көзқарастарын өркениет деңгейде қалыптастыруын қамтамасыз ету керек[7]. Осының негізінде сотталушыны түзеу мақсатының жетістігі тек құқықтық мәжбүрлеу тұрғысында ғана емес, сотталушының өз жеке басының ішкі процесін өзгертуді жеделдету үшін қажетті жағдайлар туғызып, түзеу процесін қамтамасыз ету міндеттілігі де қарастырылуы керек.
Осы төңіректегі заң бойынша қарастырыпған жаза мақсаты шындыққа сай, яғни сотталушыны түзеудегі бірегей әрекеттілік оның түзелуіне жағдайлар туғызу, өмірлік көзқарасын қайта қалыптастыруға көмек көрсету, психолого-педагогикалық, материалдық және басқа да әлеуметтік көмекті сотталушының түзелу мақсатына көрсету, сотталушыны түзеу проңесі құқықтық реттеу болып табылады. Қарама-қайшылықты болып, көпетеген мамандармен негізделген сотталушыны түзеу мақсатындағы приориетілік туралы танылады. Ол тек жаза мақсатымен тікелей байланыстылығы және жетістікке жету процесіндегі белгілі бір қажетті сәйкестіктермен емес, сонымен бірге басқа да аргументтер қатары кіреді. Заң бойынша белгілі бір мүмкіншіліктердің қорытындысы жеке бойы түзеу болса, онда олар барлық жағдайда таза түзеу мүдделерін түсіндіре бермейді, олардың қалыптастырушы әсері көп көп жағдайда шешуші болып табылмайды. Жаза көрсетілген шектен аспауы керек және ол көрсетілген қылмыс түрімен сәйкес болуы керек және әрқашанда қылмыстық құқықтық реакцияны жеңілдете бермейді. Мерзімінен бұрын босатуды құқыктық реттеу онологиялық тендецияның негізі болып табылады, Осының негізінде тек сотталушының өз жеке басының позитивті өзгеруі ғана емес, сотпен тағайындалған жазасының көп бөлігін өтеуде жатады. Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінің құрамындағы көптеген баптар әрекеттің ауыр салдары (Мысалы: автокөліктік қылмыстар) қатаң, жазаны қолдануға жеткілікті негіздер болса да, іс-әрекетті жасаушы тұлғаның сол сағатта басқа тұлғаларға қарағанда өзін ұстауын ескереді. Осының негізінде түзеу жетістігі әрқашанда сотталушыға қолданылатын шараның негізгі мақсаты болып табылмайды. Осы айтылғандарға қарап мынандай қорытындыға келуге болады сотталушыны түзеудің мақсаты әрқашанда жазаны орындаумен тағайындауға қарағанда негізгі және приоритетті болып табылмайды, осыған қарамастан заңда оның приоритеті туралы тікелей көрсетілген.
Жаза мақсатының бірегейілігі өзара байланыстылығы туралы дұрыс бағытты жүргізу және заңда көрсетілген кейбір жаза мақсатының әр түрлі факторларының әрекетіне байланысты приоритетінің динамикалық өзгеруінен көрінеді.
Әлеуметтік өзгерістер жазаны тек жекелеген түрлерінің жүйесі мен оның қолдану кезінде әсер етеді. Сондықтан да мұндай жекелеген түрлерді арнайы талдап, әлеуметтік өзгерістермен сабақтастырып отырылады. Тәрбиелік мақсаттағы жаза түрі белгілі бір кезеңдегі әр түрлі әлеуметтік құндылықтардың қоғамдағы дамуымен байланысты болады. Ғылыми техникалық және әлеуметтік прогресс өмір сұру ортасы мен оның деңгейіне өзгерістер әкеледі. Белгілі бір кезендегі әлеуметтік психологияның дамуы, әлеуметтік құндылықтардың артуының негізінде көрініс табады. Сондықтан да мәжбүрлеу шарасындағы жаза түрлерін нақты әрі әлеуметтік шарттардың, қоғамның даму кезеңіндегі жеке және жалпы жетістіктері мен салыстырып, осыған сай арнайы заңдармен жетілдіру қажет. Қоғамдағы даму мен әлеуметтік өзгерістер жаза жүйесінің де дамуы қажеттілігін керек етеді. Жаза түрлерінің кейбірі тәрбиелік мақсатта қылмыстылықтан сақтандырады. Жаза түрі өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес қылмыс жасаған кінәлі тұлғаның іс-әрекетінің қоғамға қәуіптілігіне байланысты, оны бас бостандығынан айырады немесе шектейді. Сондықтан да практикада ұзақ уқыт қолданылған жаза түрінің ескіруін емес, жазаның қолдану құралы және тағайындаудың жеткіліктігіне көңіл аударып, күшейту қажет. Бұл оны бас бостандығынан айыру жазасын абайсызда ауыр салдарға әкеліп соққан қылмысқа тағайындау емес, қасақаналық әрекетпен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты тағайындалу қажеттілігін көрсетеді. Жаза түрлерінің жетілдірілуін толықтырумен ғана шектемеу керек. Негізгі мәселе жаңа әлеуметтік шарттарды анықтап, жекелеген жаза түрлерін тек заңдылық тұрғыда қарап қоймай, оның әлеуметтік маңызы мен тиімділігін, жаза мақсатына жету барысында жаңа талаптарға сәйкес және қылмыстылықпен күресі рөлін күшейту керек.
Жазаның қылмыстылықтан сақтандыруының мақсаты.
Заң шығарушылардың жаза алдына қойған қылмыстылықтан сақтандырудың мақсаты бір қарағанда қарапайым және түсінікті. Жаза — қылмыстылықпен күресуге бағытталған мемлекеттік көп шаралардың бірі болып табылады. М.Д. Шаргородский қылмыстылықтан сақтандыруды жаза мақсатының арнаулы негізі деп қарастырған[8]. Осымен бірге әдебиеттерде қылмыстылықтан сақтандырудың мақсатына қатысты және осының механизмі мен құрамының негізінде сотталушыпы түзеу туралы бір ізді пікірлер қалыптаспаған. Негізгі мақсат сотталушыпы түзеу ме? жоқ әлде қылмыстылықтан сақтандыру ма? қайсысы қосымша, ал қайсысы негізгі болып табылады? деген сұрақтарға жауап табу үшін әр қайсысын жеке алып қарастырсақ. Мысалы: пенитенциарлы мекемені қорғаудың техникалық құралы тәрбиелік процесті ұйымдастыру емес, қылмыстылықтан сақтандыру шарасына сай келеді. Сотталушыны түзету мақсатының жетістігі қылмыстылықтан сақтандыру мақсатының жетістігімен бір уақытта анықталады. Адамды түзеу қылмыспен күресудің шеңберінен шығып кетеді, ол жалпы әлеуметтік мәселе және түзеу мекемелері арқылы жету қиын болып табылады. Осылардың негізінде жалпы және арнайы қылмыстылықтан сақтандыруды қылмыстылықтан жазалаудың мақсаты ретінде қарастырып көрейік. И.И. Корпецтің пікірінше, жаза мен қылмыстылықтан сақтандыру бір-бірімен үздіксіз байланыста болатын категория, яғни жаза мен қылмыстың шығуы қылмыстық құқықтық институт ретінде және қылмыспен күресудің бір құралы ретінде әр уақытта жалпы және арнайы қылмыстылықтан сақтандыруды өзіне мақсат етіп қояды[9]. Арнайы қылмыстылықтан сақтандырудың мақсаты қылмыс жасады деп танылған кінәліге бағытталады. Ол екі жолмен:
А) сотталушыны жаңа қылмыс жасаудан физикалық мүмкіншілігінен айыру арқылы
Ә) ол өзінің қылмысы үшін жаза қолдану фактісін өзін-өзі қорқыту арқылы жүзеге асырады. Қылмыстылықтан сақтандырудың жалпы мақсаты — жазаны қолдану сотталушының санасына тек қана әсер етіп қоймай, басқа да тұлғаның қылмыстық әрекеттері және әрекетсіздіктерін, әлі жасамаған қылмыстарын тоқтатады. Сондай-ақ жазаның барлық түрлері сотталушының жаңа қылмыс жасаудың физикалық мүмкіндігінен айыра бермейді. Бұл жазаның арнайыландырылған, сотталушыны қоғамнан аластау және бас бостандығынан айырумен байланысты болады. Жазаның сақтандыру механизімінің әсер етуі жаза түрлерінің, оны қолданумен, оның элементтерінің приоритеттін тандаумен байланысты екендігін гипотезалық тұрғыдан көруге болады.
Арнайы сақтандыру механизмінің элементі сотталушыны тәрбиелеу, жаңа қылмыс жасау мұмкіншілігінен шектеу, рецидивті жасауда физикалық мүмкіншілігінен айыру ретінде көрініс табады. Сондай-ақ сақтандыру элементі жасаған қылмысына кінәлі деп санаған тұлғаға әсер ету процесі соттық талқылау барысында, яғни соттық талқылаудың өзі қылмыстылықтан сақтандырудың өзіндік пайда болуы болып табылады. Сонымен бірге жазаны қолдану барысында сақтандыру механизмі элементінің приоритетін таңдау өзгереді. Жазаны тағайындаудың өзі жасаған қылмысына кінәлі деп танылған тұлғаға кінә тағу мен соттау, кінәлінің өз кінәсіне өкінумен оны саналы түрде тусінуі, ондай әрекеттен жиіркеніп, ар-ұятты сезінумен байланысты. Жазаны қолдану барысында приоритет болып жаңадан қылмысты жасаудың физикалық мүмкіншілігінен айыру, сотталушыны тәрбиелеу, олардың ресоциализациясына көмек көрсету болып табылады. Бұл жағдайда сотталушының құқықтық статусының өзі өзгереді, яғни заңда көрсетілген негіздер бойынша сотталушының құқын шектеу, оларға бақылау жүргізу мен санасына әсер ету, сонымен бірге бас бостандығынан айырған жағдайда сотталушыны қоғамнан аластау ретінде көрініс табады. Мақсатқа жетудің анықталған құралдарының өзіндік тиімді жетістіктерін көрсетуді ұмытпауымыз керек. Мақсатқа жетудің жеке превенций — сотталушы мен басқа да тұлғаны қылмыстылықтан сақтандыру үшін әр түрлі құралдарды қолдану керек. Мысалы: жазаны өтеу режимін қамтамасыз ету; сотталушыға бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; пенитенциарлы мекеме мүшелері мен сотталушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сотталушына еңбекке тарту; тәрбиелеу; жалпы білім беру арқылы оқыту; әлеуметтік бақылауды қамтамасыз ететін қауымдастық пен полиция органдарымен өзара біріккен әрекеттер. Пенитенциарлы мекемелерден босатылған тұлғаны ресоциализациялыу қылмыстық жаза мақсатының перспективасы болып табылады. Сондықтан да сотталушыға жазаны қолдану уақытында ресоциолизациялауға көмек көрсету қажет. Бұл мақсатқа жету құралдары төмендегідей болуы мүмкін: сотталушыны мамандығы бойынша оқыту, ол бостандық алған соң өзіне қажет болады; құқықтық даярлау; сотталушыны пенитенциарлы мекемеден босатар алдында материалды, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету; еңбекке араласуы үшін жұмыс орнын табуға, тұратын баспана табуға көмек көрсету. Постпенитенциарлы әрекет ету шаралары және қылмыстық құқықтық салдар соттылықпен байланысты әлеуметтік дағдыларға көмек көрсету, қылмыстық жазаны өтеген тұлғаға қорқыныш туғызбайды. Жазаға қайта тартылу мен оның қатаң болуының алдындағы қорқыныш жазасын өтеп болған тұлғаның жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы керек. Жаңа қылмыстылықтан сақтандырудың механизімінің элементінің приоритеттілі сотталушыға кез-келген жағдайда кешенді әсер етуіне тиым салмайды. Қорқыныш жазаны қолдану мен және осыған байланысты әсер ету шараларының барлық процесінің мінезділік белгісі болып табылады. Бірақ оның әр жағдайда пайда болуы әртүрлі болып келеді. Жазаның жалпы превентивті мүмкіншілігі жаза қылмыспен күресудің жалғыз шарасы емес, оның құрамдас бөлігіне байланысты болғандықтан шектеледі.
Жалпы превенция тек құқықтық қана емес, сонымен бірге белгілі бір деңгейде әлеуметтік-психологиялық мәселе болып табылады. Оның арнайы сақтандырудан ерекшелігі азаматтардың субъективтік құқығына қол сұқпайды, оларды ештеңемен шектемейді, олардың еркі мен көңіл-күйіне, санасына әсер ететін фактор болып табылаы. Сонымен қылмыскер жазаланды, бірақ оның әділетті және қатаң түрде сотталауы, қылмыстық жолмен жүруге машықтанған басқаларға сабақ болып табылады. Қылмыстылықтан жалпы сақтандыру қылмыстық жаза мақсаты ретінде бірінші кезекте әлеуметтік тұрақсыз тұлғаларға арналған. Бірақ жазаның превентивтік рөлін ұлғайтуға болмайды. Қылмыскердің қылмыстық жазаны қабылдау мүмкіншілігінің мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Психолгиялық жоспарда жоғарыда аталған қылмыстарды жасаған алғашқы рет сотталғандардың көпшілігі тұрақты антиәлеуметтік бағытта, өзінің бұрыңғы қылмыстық әрекетіне «жеңіл» оймен қарауы көрсетіледі. Іс жүзінде қылмысты түзеу мекемелеріне түсу үшін рецидивтердің көпшілігі жазадан қашуға тырысады. Бірақ кейбір жеке тұлғалар сотталу фактісіне немқұрайды қарайды, яғни жазаламаудың әсері және құқыққа қайшы іс-әрекетке жазаның тигізер қарсы әрекеті бір емес. Әрбір қылмыскерге кейбіреулермен жасаған қылмыстың жазаланбау жағдайы белгілі. Жазаламау бұл жазаны қолданбаудың іс жүзіндегі көрінісі, бірақ бұл термин басқа да маңызда қарастырыла береді. Егер сотталушыға өзінің жасаған қылмысын кездейсоқ жасыруды жүзеге асыра алса, онда оның рецидивті жағы жеткілікті негізде жоғары болады. Мұнда психологлық механизмнің детерминациялық сипаты пайдакүнем қылмыстарға арналған. Материалды есеп, пайда күнемділік бұл психологлық механизмнің элементі, ол болашақ әрекеттің нәтижесін бағалауға бағытталған. Сонымен жазаның ескірген рөліне де байланысты. Жаңа қылмысты таңдауда, одан жеңіл «құтылу» жолы немесе жаңа құқыққа қайшы әрекетке іштей дайындалу және де көптеген басқа факторлар әсер етуі мүмкін. Барлық кезде тәуекел дәрежесінің бағалануы субъектінің санасына кіре бермейді. Көп жағдайда қылмыс антиәлеуметтік рөлді негіздеуге тырысудың нәтижесінде жасалынады. Мұндай әлеуметтік топтың мүшелеріне қылмыс жасаумен сотталу пароль, пропуск ретінде көрініс табуы тән. Мұндай кримогендік орта бұзылған отбасының негативті әрекетінің әлеуметтік бағытқа қарсы топпен тұрақты байланыс жасаудың негізінде пайда болады. Осының негізінде мұндай құқық бұзушыларға қылмыс жасау міндетті этап және тағы да қылмыс жасаудың өзіндік бағыттағы мектебі болып табылады және оның тәртібі қоғамға қарсы мінездерден тұрады. Мұндай қылмыскерлер рецидивистік ізбенен қоғамға қарсы топтардың жарқын өкілдері болып табылады. Көптеген криминологиялық зерттеулер көрсеткендей қылмыскердің көпшілігі қылмыстық тәртіпті орындауға шешім қабылдап, тек оның салдарын түсінсе де қылмыс жасайды. Көп жағдайда қылмыс ойланбай, эмоцияның негізінде жасалады. Бұл импульсивті қылмыс ретінде сыртқы стимульдің реакциясы болып табылады, қылмыстық тәртіптің негізінде пайда болған стереотиптер жатуы мүмкін. Субъект актуальды адасуда болып, өзінің маңызды мүдделерін ойламайды және онда қылмысты жасаған сәтте жаза алдындағы қорқыныш болмайды. Мұндай қылмыстар бізге кейде оларды жасаған тұлғаның өмірбаянындағы кездейсоқтық болып көрінеді. Сондай-ақ олардың негізінде белгіленген үлгідегі дайындық әрекеті жатады.
Бұдан шығатын қорытынды тұлғаның жеке түсінігінде топтық қылмысты жасауға тез келісім беруінде алдын ала дайындалған белгілі психологиялық қасиеттің қылмыс жасауға бағытталған іштей әрекеттің дайындығының сыртқы көрінісі. Субъект өзінің жасаған қылмыстық әрекетінен туындайтын зардап пен салдарды ойламайды. Көптеген қылмыскерлер қылмыс жасаған уақытында өз әрекетінің жазасы туралы ойламайды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын бірінші рет өтегендердің көпшілігі-бұл адамдар, бір күнмен сүретін, өз тәртібіне өкінбейтін, қылмысты жасаған сәтте жауапкершілікті ойламайтын, сондықтанда одан қорықпайтындар деп танылады. Страх оларға қылмыс жасап болған соң келеді және ол қылмысты ашу мүмкіншілігімен және жауаптылыққа тартумен байланыста болады. Тұрғындардың көпшілігі қылмысты қатаң жазадан немесе өлім жазасынан қорыққанынан емес, келетін социализация алдындағы қүштен жасамайды. Сондықтан да қылмыспен күресудің тиімді жолы азаматты репрессия мен қорқытып емес, қоғамның тұлғаға тәрбиелік әсер ету, пайдалы индивидтер және қоғамдық тәртіптік формалар, деликвенттік тәртіпке идіру арқылы жүзеге асырған жөн. Бірақ сақтандыру факторы ретіндегі өлім жазасы тек жаза жүйесіне ғана маңызды емес, сонымен бірге ол аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаға қатысты өлім жазасын қолданудың жариялылылығы маңызды. Аса ауыр қылмыспен рецедивтік қылмысты жасаған тұлғаға өлім жазасын қолдануды тұрғындарға жариялау сөзсіз керек. Сондай-ақ ол рецидивтік және қылмыстылықтан сақтандырудың жоспарына керек және қажетті.
Жаза мақсатының бірі — жүйелі талдау
Жүйелі талдау әрбір элементті жекеше зерттеген соң, маңызды жаза мақсаттарының өзара қарым-қатынасын, олардың динамикасын тепе-теңдігін маңызды мәселелерін қарастырады. Жаза мақсатының анықталуы мен приоритетінің өзгеруі тек қана тарихи даму кезеңдерін ғана емес, сондай-ақ ол кінәлінің жеке басымен істелінген әрекеттің ауырлығына да байланысты болады. Яғни, әрбір нақты жағдай біздің көзқарасымыз бойынша жаза мақсатын жекешелендіреді. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, жазаның жекеленуі оны тағайындау мен орындағанда жүзеге асырылады. Осыған байланысты мынандай ойды айтуға болады: жаза мақсаты жазаны қолдану процессінде жекешеленеді және теріледі.
Жазаның динамикалық процестілігі оның жұмсақтығын болжайды. Сонымен бірге мақсатын болжаудағы приоритетін де өзгертеді. Басқа сөзбен айтқанда жаза мақсатының бірегейлігі бұл әрдайым жаза жағдайы мен оны тағайындау мен қолдану процесінің сабақсатырылуы. Жасаған қылмысына кінәліні соттау фактісінің жеткілікті жағдайда приоритеті мақсаттың жетістігі заңда белгіленген жағдайда жазаны қолданбай-ақ оны түзеу беріледі. Егер де ауыр, аса ауыр қылмыстарды жасаса, онда біртұтас әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және қылмыстан сақтандыру мақсатының жетістігіне қорытындылады. Қылмыскерді түзеу екінші кезектегі мәселе, ол кейде бас бастандығын айырудың ұзақ мерзімге тағайындалуымен байланысты болады. Бас бостандығынан айыру орнындағы адамды түзеуді (10 жыл көлемінде) дәлелдеу, қоғамдық көзқарасты алдау болып табылады. Осыған қарамастан түзеу маңызды рөл атқарады. Ол адамның психикалық жағдайын қолдайды, ұзақ мерзімге сотталғанды активизация арқылы тәрбиелік әрекетін және оны қоғамдағы өмірге дайындау актуальды мәселе болып табылады. Жаза мақсатының абайсызда жасалған қылмысқа қатыстылығы ерекше мәселе болып табылады. Бір жағынан бұл қылмыстың салдарының ауырлығы жоғары, ал екінші көп жағдайда жеке тұлғаның құндылығы және оған қатаң жазаны қолдану қажеттіліктің қайта түзетуі. Егер абайсыз қылмыскерге түзеу мақсаты приоритеті болып табылса, онда бас бостандығынан 7 жылға айыру оны түзелуі мүмкін емес. Мәселе абайсызда жасалған қылмыс пен және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатының приоритетін қарастыруда. Осының негізінде қылмыстық жаза мқсаты жазаны қолданудың іс жүзінде жазаның түрі мен мерзімі оны тағайындау кінәлінің жеке басы қылмыстың ауырлығы кінә формасы әлеуметтік мақсат белгілі қатынаста байланыста болады. Приоритетті мақсатты тағайындау әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады. Негізінен қатаң жаза болған сайын адамды түзеу мақсатына жету қиын және қылмыстылықтан сақтандырудың дұрыс жолы. Түзету мақсаты жалпы әлеуметтік сондықтан да жазаны қолданар алдында сотталушыны түзеу бұл процестің беделі үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру керек. Қылмыстық жазаның сақтандыру мүмкіншілігі шектеулі және оны ұлғайтуға болмайды. Жазаның тиімділігін арттыру үшін жазаның қандай мақсатты көздейтінін анықтау қажет. Жаза мақсатын анықтау қылмыстық құқықтың қағидалық мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселелерді шешу тек бұл құқықтық бөлім институтының ғана емес, сонымен бірге қылмыстық заңдылықтардың өзін дұрыс мақсатта қолдану болып табылады.
Жаза мақсатының тұжырымы қылмыстық саясаттың маңызды мәселесі. Осыдан қылмыстық репрессияның не үшін қолданылатынын қылмыскерге қатысты және қылмыспен күресу тесілдеріне қатысты мемлекеттік саясатты көруге болады. Қылмыстық құқықтың теориясында жаза мақсаты жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылған тұлғаға қылмыстық жазаны қолдана отырып, әлеуметтік нәтижені түсіндіреді, яғни жаза тек жасаған қылмысқа қарай ғана болып табылмайды, сонымен бірге сотталушыны түзеу мен қайта тәрбиелеуді сотталушы мен басқа тұлғаларды жаңа қылмыс жасаудан сақтандыруды көздейді. Заңда жаза мақсатының мынандай түрлері бекітілген:
1) сотталушыны түзеу
2) сотталушының тарапынан жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру
3) басқа тұлғалар тарапынан қылмыс жасаудан сақтандыру;
4) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
Түзеу мақсаты мемлекет тарапынан қылмыстық жазаны қолдану жолымен бағалы нормативті жүйені, жеке психологиялық ерекшеліктерді, қылмыскердің өз әрекетін, саналы түсінуін тұлға жазасын өтеп болған сон қоғам үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз ету болып табылады. Арнайы сақтандыру қылмыскердің жаңа қылмыс жасаудан жаза әрекеті арқылы сақтандыру. Арнайы сақтандырудың мәселесі сотталушыны түзеу мен қылмыс жасаудан сақтандыру. Қауіпті қылмыскерді ұзақ оқшаулау оны жаңа қылмыс жасаудан ұзақ уақыт бойы мүмкіншілігінен айыру. Өлім жазасын қолдану жағдайы жалпы сақтандыру негізінде қылмыскерді залалсыздандырса, осының негізінде арнайы сақтандырудың да мақсаты бролып табылады. Тәрбиелеу әрекеті арқылы қылмыстық жауапкершілік пен жаза көрініс табады. Арнайы сақтандырудың мақсаты тәрбиелеу әрекетін қолдану арқылы жетеді. Әлеуметтік прокенциядағы мақсатқа жету құралы сотталушыны түзеу мен қайта тәрбиелеу, сонымен бірге оның жаңа қылмыс жасау мүмкіншілігінен айыру болып табылады. Арнайы сақтандыру механизмінің элементтері сотталушыны тәрбиелеу оның жаңа қылмыс жасау мүмкіншілігінен айыру рецидивті жасаудан айыру болып табылады. Арнайы сақтандырудың тиімділігі, алдымен, сот пен жазаға тартылған тұлғаның тағы да қылмыс жасамауын қамтамасыз етеді. Жазаны қолданудың тиімсіз көрсеткіштері рецидивті қылмыстар болып табылады. Жазаның жеткіліксіз тиімділігі рецидивті қылмыстың өрістеуінің жалғыз ғана белгісі деп қарастыруға болмайды, сондықтан да жазаның жекеше сақтандыру әрекетін жазасын өтеп болған сотталушының тәртібіне бақылау жасау мен әлеуметтік дағдылану тұрғысында оған көмек көрсетуін нығайту керек.
Жазаның жалпы сақтандыру әрекеті, бірінші, нақты қоғамға қауіпті әрекеті үшін белгілі жазаны көрсетілуі, екінші, сот арқылы жаза шарасын нақты тұлғаға тағайындау, үшінші, тағайындалған жазаны іс жүзінде атқару. Жалпы сақтандыру тек құқықтық қана емес, сонымен бірге маңызды дәрежеде әлеуметтік-психологиялық мәселе. Егер арнайы сақтандыру мақсатының таралу дәрежесі рецидивті жағдаймен қарастырсақ, онда жалпы сақтандыру мақсатының жетістігінің көрсеткішіне бұрын сотталмаған тұлғалардың алғашқы жасаған қылмысының жалпы санымен бағаланады. Сот іс-тәжірибесі мен зандардың даму жолы жаза мақсаттарының өзара қатыстылығына аз емес дәрежеде тәуелді болады. Қылмыстық құқықтың даму тарихының көрсетуі бойынша қылмыстан арнайы және жалпы сақтандырылу мақсаты әруақытта заңнан және құқықтық қолданылатын тәжірибеден тыс қалмайды. Өзара қатынас қоғам дамуның өзіндік кезендері мен әлеуметтік-психологиялық процестер саяси экономикалық тұрғада әсер етуінің негізінде өзгереді. Қазіргі уақыттағы демократиялық қатынастың дамуы кезеңінде қылмыстық құқықтың мынандай қағидалары: гуманизм, әлеуметтік әділеттілік заң алдындағы тең құқықтық — жаза мақсатының түсінігіне өз әсерін тигізеді.
ІІ. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1. Жаза жүйесінің түсінігі
Соттардың іс-тәжірибеде қолданылып жүрген жаза жүйесі қоғамның пікірі мен әрбір жаза түрімен сәйкес болуы тиіс. Жүйелеуге өтер кезде әртүрлі жазаның обсальтті масштабын салыстыру қажет. Мысалы: оны бас бостандығынан айырмай түзеу жұмысымен ата-аналық құқығынан айыру. Жаза жүйесінің құрылымын сот іс-тәжірибесінде оны қолдану үздіксіз және жан-жақты қамтылуы тиіс. Жаза жүйесі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің негізгі бір бөлімі болып табылады. Жүйе жаза түрлерінің дұрыс тағайындалуын заңмен қамтамасыз етеді. Сотталушыға жаза тағайындалады (Қазақстан Республикасы, Қылмыс Кодексі, 39-бап). Әдебиеттерде жаза жүйесі болып сотқа міндетті, ауырлығына қарай жаза түрін тағайындауда және қылмыстық заңдармен бекітілген деп түсіндіріледі.
Жаза жүйесі бір-бірінен ауырлығына қарай ерекшеленетін қылмыстарға жаза түрін тағайындағанда әділетті жаза түрін қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады. Әр түрлі қылмыстық жазаны қолдану барысында оны дифференциалды және жекелеген түрде қамтылуы тиіс. Біріншіден, дифференциалды және жекелеудің мақсаты негізгі бағыты жазаның жылдамдығы мен мөлшерін анықтайды. Екіншіден, тек тағайындауда ғана емес, оны орындауда айқындалады. Үшіншіден, жаза жүйесінің ауқымдылығы қарама-қайшылық салдарға әкеліп соғуы мүмкін. Өйткені, қылмыстық құқықты реттеу әдісі басқа құқық саласының әдісінен ерекшеленуі тиіс, мәселе қылмысты жазалауда, басқа құқық бұзушылықтан ерекшеленуде. Мысалы: қызметінен босату немесе қылмыстық жаза жүйесіндегі келтірілген залалға міндеттеме қылмыстық құқықтық тиымның анықталған дәрежеде сенімін жояды. Шын мәніндегі сот практикасы қылмыстық жазаның әр түрлілігіне байланысты негізінен тек қатаң жаза ғана емес, сонымен қатар айыппұл, шартты түрде соттау, түзеу жұмыстары сияқты шаралармен шектеледі. Негізгі жаза шаралары аз қолданылады. Қазақстан Республикасының Қылмыс Кодексі бойынша қылмыс жасады деп кінәлі деп танылған тұлғаға мынандай негізгі жаза қолданылады: айыппұл белгілі бір қызмет түрімен немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызметінен шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы;
Сотталушыға осы негізгі жазмен бірге мынандай қосымша жаза қолданылады; арнайы әскери атағынан, сынаптылық шенінен, дипломатиялық рангдан, мемлекеттік мақтаулардан айыру; мүлкін тәркілеу; Айыппұл мен белгілі бір қызметтерімен айналысу құқығынан айыру негізінде жаза ретінде де және қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасады деп кінәлі болған тұлғаға тек жаза жүйесіндегі жаза түрлерін қолданбай, басқа да қылмыстық құқықтық шаралар қолданылады. Іс жүзінде жасаған қылмысы үшін кінәлі болған тұлғаға жаза немесе қылмыстық заңмен көрсетілген басқа да қылмыстық құқықтық шаралар қолданылады. Қылмыстық құқықтық теориясында қарастырылған шаралар әлі де жетілдіруді қажет етеді. Бастапқы анықтауды қажет ететін мәселе, біріншіден, қандай шаралар қылмыстық құқықтық болып табылады және олармен байланысы қандай екендігін; екіншіден, жаза мен басқа да қылмыстық құқықтық шаралардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау болып табылады.
Әдебиеттерде басқа да қылмыстық құқықтық шараларға шартты түрде соттау, жас балалары бар және жүкті әйелдерді жазасын өтеуден уақытша босату жатады. Бұл шараларда тұлғаның жасасын өтеуін кейінге қалдыру не босату сот арқылы қолданылады. Бұл шараларға шартты кезексіз жазадан босату (Қазақстан Республикасы, Қылмыс Кодексі, 70-бап). Жазасының өтелмеген басқа бөлігін жеңіл жаза түрімен ауыстыру (Қазақстан Республикасының Қылмыс Кодексі, 71-бап). Жазаны орындау барысында жазаны басқа жаза түрімен ауыстыруды да көрсетуге болады. Көрсетілген шараларды қолданылатын тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды, бірақ басқа да қылмыстық құқықтық шаралардың мақсаты сотталушының негізгі құқықтарын шектемейді, қайта оның қайтадан қылмыс жасамаудан сақтандырып, өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екендігін түсіндіру. Мұндағы қылмыстық құқықтық шараның көздейтін мақсаты қылмыс жасады деп кінәлі танылған тұлғаның түзелуіне, бұдан әрі қылмыстық әрекеттерге не әрекетсіздіктерге жол бермеуіне, қайталамауына, басқа да қылмыстық әрекеттерге бармай, ол әрекетінің қылмыс екенін саналы түрде жетік түсінуіне аз әсер ықпалын тигізу болып табылады.
Қылмыстық жаза жүйесі осы негіздерге сәйкес мынандай түрлерге бөлінеді: айынпұл; бас бостандығынан шектеу; тәртіптік әскери бөлімдерде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы;
Бас бостандығынан шектеу қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызметтен шектеу; қоғамнан айырмай арнайы мекемелерде ұстау;
Бас бостандығынан айыру — қамау; жазасын жалпы, ерекше, қатаң режимдегі колонияларда өтеу; жазасын түрмелерде өтеу; өмірлік бас бостандығынан айыру.
Аталған жаза жүйесінің құрылымы жекелеген жаза түрлеріне түсініспеушілікті жойып, жаза түрлерінің санын шектеу арқылы жаза жүйесін азаматтарға кең көлемде түсінікті және тиімді ету мен жаза төңірегіндегі мемлекеттің саясатын жетік түсіндіру болып табылады. Көп мөлшердегі қосымша жазалар қайтадан жекелеп қарауды қажет етеді, себебі олар жаза жүйесін күрделендіріп жібереді.
Біріншіден, сот қосымша жазаны тағайындаған жағдайда, қабылданған шешімді де оның баппен қашан қаралғандығын көрсетуі керек;
Екіншіден, жазаның қосымша түрі қоланылмаған жағдайда, егер ол міндетті түрде тағайындалуы тиіс болса, онда сот Қазақстан Республикасының Қылмыс Кодексі 55-бабы бойынша белгілі бір жазадан гөрі жазаның жеңілдеу түрін тағайындау керек.
Үшіншіден, жазаның қалған бөлігін, басқа жеңіл жаза түрімен ауыстырғанда сот шешуі тиіс қосымша жаза түрін өтеуден толықтай не жекелеген мөлшерде болуын;
Төртіншіден, қосымша жаза негізгі жаза түрімен бірдей болуы тиіс емес және заң шеңберімен белгіленген тұлғаларға қосымша жаза тағайындауға болмайды. Қазақстан Республикасының Қыллмыстық Кодексінде қосымша жаза ретінде қарастырылған жазалар жасалған қылмысы үшін кінәлі деп табылған тұлғаны табындыруға бағытталмаған. Шын мәнінде жаза бастапқы негізінде әлеуметтік әдепттілікті орнату функңиясын жүзеге асырып, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігі мен Конституциямен бекітілген құқықтарын қорғап, қамтамасыз етуді көздейді. Осыған байланысты қосымша жаза түрлерін басқа қылмыстық құқықтық шаралар ретінде көрсетуге болады. Қосымша жаза түрлері, егер оларды қажет деп тапса жалпы қылмыстық істі қараудағы тәртіптерге сай шешілуі тиіс және олар қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін және әлеуметтік әділеттілікті орнатуды қамтамасыз ету шарасы ретінде көрініс табуы керек.
Әлеуметтік әділеттілікті орнату және сотталушыны түзеу мен қылмыстықтан сақтандыру мақсатында тек қылмыстық жазаны қолдану ғана емес, қылмыспен күресуге бағытталған бүтіндей кешенді шаралар қызмет етеді. Осының негізінде жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылған тұлғаға мынандай шаралар қолданылуы мүмкін: заңда көрсетілген жағдайда сот істі қарауды шектеп, кінәліні қылмыстық жауаптылықпен жазадан босатады; егер сот соттаушының түзелуі мүмкін деген шешімге келсе, онда шартты түрде жазасын өтеуіне үкім шығарады. Шартты түрде сотталғандарға түрлі негіздердегі шаралар және қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік әділеттілікті орнатуды қамтамасыз ететін шараларды қолдануы мүмкін. Сотталушыға сот тағайындауымен жаза қолданылады. Сот жазадан басқа заңмен көрсетілген қажетті шаралар (келтірілген зиянның орнын толтыру; медициналық және тәртәптік мәжбүрлеу шараларын; ата-аналық құқынан айыру; мүлкін тәркілеу және т.б.) қолданылады. Сондай-ақ, жазасын өтеу барысында сотталушының тәртібіне қарай жазасын басқа жаза түрімен ауыстыру, жазасын өтеу деп шартты -кезексіз босату шараларын қолдануы мүмкін. Осындай негіздерге сәйкес теориялық қажеттіліктер қылмыстық құқықтық шаралар жиынтығын мәселелердің күрделілігіне байланысты әлі де нақтылауды қажет етеді. Олар:
- тәрбиелік мақсаттағы мәжбүрлеу шаралары кәмілетке толмағандарға, ауырлығы орта және онша ауыр емес қылмысы үшін бірінші рет сотталғандарға қолданылады;
- медициналық негіздегі мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасының Қылмыс Кодексі 88-95-баптарында көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған тұлғаға қолданылады;
- сотталушыларға сотпен анықталған міндеттемелерді жүктеу. Мысалы; шартты түрде сотталған жағдайда;
- отбасы және балалар мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар: жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылған тұлғаны қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату және сотқа дейінгі тергеу барысындағы тәртібіне байланысты бағытталған шаралар; қоғамның жеке тұлғаның қауіпсіздігіне бағытталған шаралар. Мысалы: қылмыстық әрекеттегі куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары;
- Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған шаралар. Мысалы: материалды жауапкершілікке тарту;
- сотталушының жазасын өтеу уақыты аралығындағы түзелуін қайта қарауға бағытталған шаралар; Мысалы: жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру;
- соттылығы бар тұлғаларды қылмыстылықтан сақтандыруға бағытталған шаралар; Мысалы: бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау және қадағалау:
Осы жіктеліп топтастырылған қылмыстық құқылық шаралардың бағыты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды қылмыстылықтан сақтау мен қорғау, қылмыстылықты жою мақсатындағы күрес және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады.
Жаза жүйелерінің жалпы сипаттамасы. Жаза жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызыметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынандай топтарға бөлінеді: 1) сотталған адамға моральдік жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптылық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру.
2) Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызыметтен шүғылдану құқығынан айыру, әскери қызымет бойынша шектеу.
3) Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар. Оған жататындар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
5) Сотталған адамды құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізнен үш топқа бөлінеді:
- Негізгі жазалар. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізгі жазалар: айыппұл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызыметпен айналысу құқынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, әскери қызымет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасына кесу қолданылуы мүмкін.
- Қосымша жазалар. Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақсан Республикасы Жоғарғы Соттың Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 қаулысының 25-26 тармақтарында «Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принцпін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуіне көмектеседі. Осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша әсіресе ауыр, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қарастырған жөн. Қылмыстық заң баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіншілігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәсепені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда ол туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заң баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны Қылмыстық Кодекстің 55-бабында көрсетілген жағдайлар болған кезде ғана Қылмыстық Кодекстің 55-бабына сілтеме жасай отырып, қабылдаған шешімнің дөлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбау мүмкін. Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілу сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек олар сотталушыны кінәлі деп танылған Қылмыстық Кодекс баптарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ған қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпсн айналысу құқығынан айыру арнайы әскери немесе құрметті атағынан сыныптылық шенінен, дипломатикалық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру қосымша жаза ретінде Қылмыстық Кодекстің 50-бабының 2-тармағында көрсетілген негіздермен қоса, тиісті ұсыныс енгізу мәселесін қарауы тиіс. Қосымша жазалар сотталушына кінәлі деп танылған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза Қылмыстық Кодекстің 41 немесе 50-бабтарының негізінде қолданылса оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгіленген шектен аспауы керек» делінген. Сондықтан да қылмыстық заң баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда, соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдары үкімде міндетті турде көрсетілуі тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалынбайды, кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық Кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін. Қосымша жаза тек негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Жаза жүйесінің түсінігі ретінде қылмыстық заңмен негізделген, анықталған тәртіпте орналасқан жаза түрлерін тағайындағанда сотқа міндетті жаза жүйесін қарастырамыз. Жаза жүйесін айтқанда, қылмыстық жаза түрлерінің басқа да әлеуметтік әрекеттегі шаралардан ерекшеленетін өзіндік арнайы ерекшеліктерін қарастыруға болады. Ауыр жаза түрлері бас бостандығынан айыру мен өлім жазасы. Бірінші кезектегі жаза жүйесінің қылмыстық құқықтық этолоны болып табылады. Іс жүзінде жүйедегі барлық жаза түрлері қосымша және негізгі жаза ретінде немесе жазаның мерзімі мен түрлеріне болмаса жаза түрлерінің ауырлығына қарамастан өзара терең әрі әртүрлі тұрғыдан бір-бірімен байланыста болады. Жазаның анықтамасына қатысты мөлшерін көрсетпей тек альтернативті ғана болады, әйтпесе олар анықтамаға қатысты болмайды. Мерзіміне қатысты жаза өз кезегінде альтернативті және альтернативсіз болып табылады Осының арқасында альтернативті және альтернативсіз жазаның жалпы құрлысына зерттеу жүргізуге мүмкіндік туып отыр Сондай-ақ оларды оларды колдану барысындағы сандық өлшемдермен өзіндік мерзімдерге қатысты жазаны сонымен бірге олардың медианында зерттеуге болады.
Жазаны талдағанда мынандай қорытындыға келуге болады: қылмыс түрінің күрделілігі белгі жағдайларда жазаның күшейтілуін қажет етеді. Сондықтан да талданған жазаны логикалық тұрғыда «күшейтілген» десе де болады. Жазаның күшейтілген дәрежесі қылмыс түрінің күрделілігімен байланысты болады, яғни қылмыс күрделілігі артқан сайын жазаның да күші арттады. Бұл жағдайда қылмыс пен жаза тепе-тең дәрежеде байланыста болуы керек дейді А.С. Михлин[10] .
Жаза негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді. Негізгі жаза жеке түрде тағайындалады, ал қосымша жаза негізгі жазадан соң тағайындалады. Сондай-ақ бір уақытта негізгі және қосымша болып табылатын жаза түрлері де бар. Жазаның жекелілігіне мұндай болу өте маңызды. Осының негізінде кінәлінің жеке басы мен іс-әрекетінің барлық ерекшелігін ескеруге мұмкіншілік туады. Теорияда жалпы және арнайы жаза түрлері бар. Жалпы жаза барлық тұлғаларға қатысты: бас бостандығынан айыру. Арнайы жаза белгілі категорияларға қатысты қолданылады. Оған әскери тәртіп батальенінде ұстау. Жаза жүйесіне кіретін барлық жаза түрлері бірегей мақсатқа жетуге сондай-ақ қылмыскерді қайта тәрбиелеу мен түзеуге бағытталған. Бірақ жетістік құралы әр түрлі жаза түрлеріне әр түрлі. Әр бір жаза түрлерінеде тәрбиелеу мен мәжбүрлеу түрлі дәрежеде болады. Мысалы: бас бостандығынан айыру айыппұлға қарағанда көп дәрежеде мәжбүрлейді. Түзеу жұмыстары осы түрге сотталған адамдардың ұжымының әрекеттеріне қаншалықты байланысты. Біздіңше, бұл жаза түрі айыппұлға қарағанда өзіне тәрбиелік мәні бар көп элементтерден тұрады. Түзеу жұмыстарында ұйымдасқан тәрбиелік мәнді әрекет жалғаспалы уақытта жүзеге асырылады. Ал айыппұл жазасы бір актілі және бір уақытта жүзеге асырылады. Мұнда тәрбиелеуден гөрі қорқыту элемент көп. Бұдан шығатын қорытынды яғни біржаза түрлері тек мәжбүрлеуді жүзеге асырса, ал басқа бір түрлері тәрбиелік мақсатты көздейді деуге болмайды. Бұл екі түр де барлық жаза түрінде бар. Жүйені құрайтын жазаның барлығы бүтіндей және әр бір нақты жазаның тиімділігін анықтайды.
Қоғамдық даму барысында жаза жүйесі туындаған түрлі объективті және субъективті факторларды қамтамасыз ету тиіс. Сондықтан да жаза жүйесінің құрылымы әлеуметтік өзгерістерге байланысты өзіндік өзгерістер мен толықтыруларды қажет етіп отырады. Қылмыстық заңдармен негізделген жаза жүйесі заңның тұрақтылығына байланысты ұзақ мерзім аралығында туындаған әлеуметтік өзгерістер мен салыстырылынып отырылуы тиіс. Бірақ жаза жүйесі мен олардың жеке түрлерін қолдану әр түрлі әлеуметтік факторларға әсер етеді. Жазаны тағайындағанда және қолданған кезде қоғамдық қажеттіліктерді ескеріп бағалау қажет. Жаза жүйесі бүтіндей қылмыстық құқықтық реттеу пәнімен байланысты. Басқа да әлеуметтік өзгерістерді қамти алмайды. Болып жатқан әлеуметтік өзгерістер шын мәнінде жаза жүйесімен реттелініп, сәйкестендіріліп отырылмайды. Қылмыстық құқықтық нормалары жазаны көп дәрежедегі тұрақтылығы мен салыстырылуы қажеттілігімен анықталады, яғни жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің неғұрлым қатаң формасы болып табылады. Жаза жүйесі мен түрлері жекелікке неғұрлым маңызды әлеуметтік құндылықтарға әсер етеді. Осының негізінде қоғам тарапынан жазаға қатысты әлеуметтік-психологиялық көзқарас қалыптасады. Әлеуметтік прогресс мәнінің өзгеруі құқыққа әсер етіп, онық қоғамдағы қылмыстылықпен күресудің, қылмыстың алдын алу мен болдырмау және сақтандырудың тиімді бағытта дамуын анықтап, қалыптастырады. Қылмыстық құқықтағы жаза жүйесі мемлекет пен қоғамға мәнді керекті әлеуметтік құндылықтарды қауіпті салдардан қорғайды. Сондықтан да қоғамдамуының кезеңіндегі әлеуметтік шарттардың нақты жетістіктерін қамтамасыз ететін мәжбүрлеу шараларын жаза түрлері ретінде қарастырып, заңмен бекіту қажет. Нақты әлеуметтік шарттардың өзгерістерге ұшырауы жаңа жазаларды қажет етеді. Осының негізінде бұрын тиімді қолданылып келген жаза түрлерін қайтарын алып немесе олардың мәнін қайтар қарау қажет. Қылмыстық құқықтағы талдау барлық кезеңде әлеуметтік өзгерістердің пайда болуына әсер етіп, жаза жүйесінің дамуын нақтылайды. Әлеуметтік өзгерістердің әсерінен жаза жүйесі жаңарады, яғни өзгеріске ұшырайды. Бірақ қылмыстық заңда ол жеткілікті негіздерде көріне бермейді. Жаза түрлері ретіндегі шаралар мен заңмен бекітілген басқа да шаралар қылмыстық репрессияның қолданылуына маңызды әсер етеді. Қылмыстық заңдардың іс жүзінде қолданылуы ғылыммен негізделген шешімнің қағидалық мәні, қылмыспен күресудің тәсілі мен құралының жетілдірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық құқықтық шара жүйесіне байланысты кінәліге әсер ететін қылмыстық саясаттан пайда болатын тәсілдер мен құралдарды пайдалану тиісті институттың дұрыс бағалануын күмән туғызбайды. Сондықтан да қағидалық мән түрлі тұлғаларға қолданылуы мүмкін жаза түрлеріне қатысты мәселелерді қамтиды. Қылмыстық жаза құқықтық нормадағы санкция ретінде абстрактілі. Ол қылмыс жасаған үшін кінәлі деп танылған барлық тұлғаларға қолданылатын, өзіндік тиісті жаза түрі мен мерзімін таптырады. Бұл жағдай жалпыға міндетті құқықтан туындайды. Гуманизм қағидасы жазаның жекелеген түрлерін қолданудың шартты түрде ескермейді. Осының негізінде өлім жазасына қылмыс жасаған кезде 18-ге толмаған және әйелдер қылмыс жасаған уақытта жүкті болса сотталмайды. Жауапкершіліктің жекелілік қағидасы жаза түрлерінің заңда көрсетілген арнайы субъектілерге ғана тағайындалатын жаза мақсатына жетуінің тиімді құралын қажетті қамтамасыз етілуін көрсетеді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жеке тұлғалардың заңды тұрғыда қарап қоймай, теориялық жағдайда да және де олардың әлеуметтік маңыздылығы мен жаза мақсатының жетістілігі мен оның қылмыспен күресуінің күшеюін жаңа шарттарда тиімді пайдаланудың мүмкіншілігін де қарастырған жөн. Іс жүзіндегі жаза жүйесі мен оны тәжірибеде қолдану кезінде соттар қазіргі таңдағы жаза түрлерін әрбір тиісті қылмысқа шын мәніндегі бүтіндей қатыстылығы мен және қоғамдық көзқараспен бағалануын ескеру қажет. Жаза мақсатына жетуінің шын мәніндегі мүмкіншіліг тек жеке жазаның дұрыстылығына ғана емес, сонымен бірге әрекеттің объективті және субъективті құрылымы мен кінәлінің жеке басы мен қоғам дамуы кезеңінің әлеуметтік шарттарының жаза жүйесіндегі адекватты көрінісіне де қатысты. Жазаға әлеуметтік өзгерістердің әсер етуі сот тәжірибесіндегі талдануының көп негізде маңыздылығын қажет етеді. Маңызды теориялық консепция әлеуметтік әрекеттіліктің түрлі аспектілерін және жаза теориясының жалпы қағидаларын абстрактілі қайта ойлаудың қалыптасуының негізінде болуы керек яғни субъективті факторлар қатарын түсіну мысалы, судьяның құқықтық санасының деңгейі сотталушының бағалы бағыттағы контингенті нақты әлеуметтік зерттеудің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Негізінен сот тәжірибесін талдаудың рөлі жоғары жазаны қолдану барысымен адекватты гипотезаның өмірдегі әлеуметтік шарттардан көрініс табуы. Жаза жүйесі қоғамдағы қылмыстық құқықтық теорияның жалпы қағидасы ретінде заңдылықтар және оны іс жүзінде қолданудың көрінісі болып табылады. Осының негізінде жаза тек күқықтық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік құрылым да болып табылады. Жаза түрлері мен олардың барлық жүйесі қылмыстық құқықтағы жауаптылықты белгілейтін нақты нормалардың жасаған қылмысына кінәлі деп танылған тұлғаны мемлекет тарапынан мәжбүрлейтін шараның көрінісі. Жаза түрлері мен оның барлық жүйесі қоғамдағы даму кезеңдері мен нақты әлеуметті шарттардың өзгеруіне қатысты дамып, осы негіздерге сәйкестендіріліп, жаңа құқық нормаларының бекітіліп отырылуы тиіс. Белгілі бір кезеңдер жаза түрлерінің іс жүзіндегі қолданылуының нақты бағытын белгілесе, басқа кезеңдер жазаны іс жүзінде қолдануды басқа негізде суреттейді. Жазаны іс жүзінде қолдану бір текті болған емес, бұл табиғи процесс. Жазаның динамикасының өзгермелілігі жазаны әр түрлі бағыттағы қылмыстылықпен күресудің құралы ретінде түрлі бағыттағы көрінісінен көреміз. Осының негізінде шығатын қорытынды жазаны қолдану еш уақытта абстрактілі болған емес, ол қылмыстылықпен күресу төңірегінде мемлекет алдында тәуелді. Кейде жазаны қолдану барысында негізсіз нақтылау жағында жазаны негізсіз жеңілдетілуіне әкеліп соқтырады. Бірақ репрессиялық саясаттың қағидалық бағыты әр уақытта әлеуметтік шарттардың негізінде жүзеге асырылады. В.И. Пениннің айтуы бойынша, тек тәжірибе ғана күрестің тиімді әдісі мен құралын жасай алады. Жаза жүйесі бүтіндей жаза жүйесінің бөлінбейтін бөлімі және қылмыстық құқықтың жеке бір бөлімі болып табылады. Жаза белгілі бір тарихи және әлеуметтік шарттармен сәйкес болуы керек. Өмірдегі шарттар мен қоғамның өзгеруіне болашақта жаза жүйесінің жаңартылып өзгеруі мен қоғамдағы өзгерген нақты шарттарға сәкестендіріліп отырылуы керек. Осыған байланысты жазаны негізгі және қосымша түрге бөлу қажеттілігі туындайды. Еңбекпен түзеу құқығының мамандары жазаны еңбекпен түзеу әрекетімен байланыстырып және онымен байланыстырмай сыныптайды. Бас бостандығынан айыру, түзеу жұмыстары және айыппұл басқа жаза түрлеріне қарағанда сирек қолданылады. Бірақ сот жазаның неғұрлым тиімдісін тағайындайды. Сондай-ақ басқа жазалармен бірге маңызы аз қылмыстарға қоғамдағы әрекеттегі шараларды қолдануы мүмкін. Бұл жазаның қылмыспен күресудің жалғыз жолы емес екендігін көрсетеді. Бірақ әр бір нақты қылмыс үшін, әр бір қылмыскер жекеше, сот жазаның жекелігіне байланысты басқа да әрекеттегі шараларды таңдауға құқы бар. Жаза жүйесінен біз оның әрбір түлерінің ауырлығын заңдық негізде бағалайтын салыстырмалылықты көреміз. Сот тәжірибесіндегі талдаудың негізінде қоданылатын жазаның динамикасы мен құрылымының жалпы көрсеткішін қамтуы тиіс. Заң шығарушыға сот тәжірибесі және құқықтық ғылым мүддесі тек әр бір кінәліге жазаны тағайындаудың заңдылығын ғана емес, сонымен бірге қылмыспен қүресуде соттардың қолданылатын фактісін жаза шарасын қолдануға қатыстылығын да ескеру қажет. Жаңадан пайда болған жаза түрлерінің тиімділігі оның әлеуметтік мәні мен көп негізде оның орындалуын ұйымдастырумен байланысты болады. Сонымен бірге сотталушыға тиімді қадағалау жүргізу шарт. Жаза түрінің барлығы жаза жүйесіне кіретін түзеу мен қайта тәрбиелеудің негізінде бірегей мақсатқа жетуге бағытталған. Бірақ олардың жетістігінің құралы жазаның әр түрінде әртүрлі. Олардағы мәжбүрлеу мен тәрбиелеу әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Жазаның барлығы жиналып, жаза жүйесін құрып, оның бүтіндей тиімділігі мен анықтамасын және әрбір нақты жазаның тиімділігін анықтайды.
Қылмыстық жаза түсінігінің негізіне қылмыс жасаған кінәлі тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеу және айыру жатады.
Кінәлау үкімін шығару мен бақылау шарасын күшейтілген түрде қолдану қылмыскерге өзінің жасаған қылмыстық әрекетін саналы түрде түсінуін және түзелу қажеттілігін қайта ойлануын талап етеді. Қылмыскерді түзеу үшін оның жаңа қылмыс жасауының мүмкіншілігінен айыру, құқығын шектеу жағдайларын қамтамасыз ету керек. Қылмыстық жазаның бас бостандығынан айыру түрі бір жағынан оны қылмысқа итермелеген ортадан оқшаулап, осының негізінде оның түзелуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Қылмыстық жаза арнайы құрамнан басқа, өзіндік белгілермен құқық бұзушылардың әрекетіне жаза жүйесіндегі өзіндік ерекше, орынды әсер етеді.
Қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабында көрсетілгендей, яғни «тұлға жасаған қылмысы үшін кінәлі болып саналмайды, оның кінәлілігі соттың үкімі заңды күшіне енген соң ғана танылуы тиіс» деген негіздемеге сәйкес келуі керек. Тек сот қана тұлғаны кінәлі деп тауып, оған тиісті жаза тағайындай алуы, қылмыстық жазаның көмегімен мемлекеттік мәжбүрлеуді жүзеге асыра алады. Қылмыстық жаза бұл тек қылмыстық заңда ғана көрсетілген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Басқа жазалар қылмыстық зандармен қарастырылмаған болса, онда қылмыстық деп танылмайды. Жаза тек қылмыстық заңдармен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлғаға ғана қатысты және бұл әрекет тек қасақана және абайсызда ғана жасалуы тиіс. Кінә құрамы жоқ болса тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық жазаның белгілерінің бірі жазасын өтегеннен кейін соттылығының болуы. Соттылық бұл жазаның өтелгеннен соң белгілі бір уақыт аралығы мен заңмен бекітілген мерзімдегі тұлғаның анықталған құқықтық жағдайы. Сонымен жаза тек өзіне тән арнайы белгілерімен ғана қылмыстық болып табылады. Бұл белгілермен ол басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы мен, сонымен бірге қоғамдық әрекеттегі шаралардан ерекшеленеді.
Жазаның заңмен белгіленген реттері, сотқа міндетті болып табылатын, белгілі тәртіпке орналасқан, ауырлық дәрежесіне байланысты, қылмыстық жаза жүйесін құрайды. Жаза жүйесінің шығуы мен дамуы әлеуметтік-саяси процестің, тендецияның анықталуымен байланысты. Нақты әлеуметтік жағдайдың өзгеруі, жазаның қайтарып алуының негізін құрайды. Жаза жүйесі тек жүйеленген қылмыстық заңдардан ғана орын алады. Жаза жүйесі — мемлекеттік құқық саясатының көрінісінің бір элементі. Осыдан қылмыстық жаза жүйесінің дамуы мен мемлекеттің ішкі саясатының ерекшелігінен туындайды. Бұл өзара байланысты зерттеу қазіргі таңда және тарихи аспектіде, біздің мемлекетіміз бен шетелдегі қылмыспен күресудің тәжірибелік нәтижелерін зерттеу, тек теориялық қана емес, сонымен бірге тәжірибеде де маңызды.
2.2. Қолданылып жүрген жаза түрлерінің сипаттамасы
Қолданыпып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берміз. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізгі жазалар қолданылады:
1) Айыппұл салу;
2) Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) Қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) Түзеу жұмыстары;
5) Әскери қызмет бойынша шектеу;
6) Бас бостандығынан шектеу;
7) Қамау;
8) Тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
9) Бас бостандығынан айыру;
10) Өлім жазасы; (ҚР. ҚК 39-бап.)
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынандай қосымша жазалар:
1) Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
2) Мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Сонымен бірге негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар:
1) Айыппұл салу;
2) Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
Айыппұл негізгі жаза ретінде. Қылмыстық Кодекстің 40-бабы бойынша: «Айыппұл осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерді не сотталған адамның жалақысын немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзгеде табыстың мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу». Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңда көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады.
Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру Қылмыстық Кодексінің 41-бабы бойынша белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тиым салудан тұрады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде қолданылады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тігіп істеуі айтылады. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Сотталған адамдарды істейтін қоғамдық жұмыстардың тізбегі жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Әскери қызметшілерге, 55 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ер кісілерге, жүкті әйелдерге, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалмайды.
Түзеу жұмыстары — бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрі ретінде. Қылмыстық заңдардың демократизацияланудың барысында қылмыспен қүресудің формасы мен тәсілдері де дамиды және оған кең көлемде қоғамды тарту мүмкіншілігі туды. Осының негізінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлері көп маңызға ие бола бастады. Қ.Р. Қ. К 43-бабына сәйкес түзеу жұмыстарын мынандай негіздерде жүзеге асырылады: түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі мерзімдерге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.
Сотталушының табысынан сот үкімі мен белгіленген мөлшерде 5%-тен 20 % -ке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұсталып қалады. Жазасын өтеуден жалтарған жағдайда тұлғаға сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауға ауыстыра алады.
Түзеу жұмыстары жазаның көбірек тараған бір түрі, ол Қ.Р. ерекше бөліміндегі барлық сакция нормаларының 40% -ке жуығын құрайды. Сот тәжірибесінде түзеу жұмыстары жеткілікті негізде кең қолданады. Соттар бұл жаза түрін толық көлемде тиімді бағалайды. Осының негізінде бұл жазаның тәрбиелік әрекеттері мен сотталушының өз еңбек ұжымында қалып жұмыс істеуіне байланысты оның түзелу процесіне тиімді әсер етеді. Қазіргі таңда түзеу жұмыстарын жалпыға танымал десек болады. Түзеу жұмыстары қылмыстық әрекеттің қауіптілік дәрежесіне, кінәлінің жеке басына жалпы және жеке превенцияның мақсатын қамтамасыз ететін жаза болып табылады. Бұл жағдайдың қонстоциясы қылмыспен күресудегі түзеу жұмыстарының қолдану қылмыстық саясатының дамуының алдағы преспективацияның талқылауын қажет етеді. Бас бостандығынан айырмайтын түзеу жұмыстары қылмыстық жаза шарасы ретінде бұл жазаны тағайындағанда барлық кінәліларга жоғарғы деңгейде жекеше әсер етеді. Осы түзеу жұмыстарының (жұмсақтығы) қылмыстық заңды жүзеге асыруда сотпен кінәліге жазаны тағайындағанда бірнеше бағыттағы тәрбиелік әрекеттің дәрежесін анықтау мүмкіншілігін арттырады. Бұл бағыттардағы түзеу жұмыстары жұмыс орны бойынша әр уақытта жеңіл жаза шарасы ретінде қарастырылады, түзеу жұмыстарының «басқа орында» өтуімен салыстырғанда жаза мерзімін тағайындау екі айдан екі жылға дейінгі аралықта болады. Түзеу жұмыстарының мерзімін өтеу өз кезегінде екі бағытта, бірінші бұл сотталушыға өзіндік «сынақ мерзімі», бұл кезде сотталушының тәртібі барлық мерзім аралығында еңбек ұжымы мен және жазаны атқаратын органның тарапынан бақылауда болады. Екінші жорамал жалақысынан ұстап қалумен байланысты түзеу жұмысына сотталғандармен келтірілген матералдыз ардаптың мөлшері тікелей оның сотталу мерзімінің көлемімен байланысты болады. Үшінші жорамал заң нормалары сотқа сотталушының еңбек ақысынан мемлекет кірісіне (20%-ке дейін) ұстап қалудың мөлшерін белгілеп берген. Сондықтан да сотталушы тұрақты жұмыс орны мен тұрғылықты жері бар қылмыскерлерге қолданылады және жоғарғы процент сотталушының жалақысынан ұсталынатын, оның асырауындағы тұлғалар мен отбасының мүшелеріне де әсер етеді. Осының негізінде сот өңдірісінде тағайындалып жүрген түзеу жұмыстарының ұстап қалу проценті 10%-тен аспайды, ал одан жоғарғы проценттік көрсеткіш сот өндірісінде кездейсоқ алшақ кезедеседі. Бас бостандығынан айырмайтын түзеу жұмыстарының тәрбиелік әрекетінің дәрежесінің бағытын реттеу тағы да бір арнайы ерекшелік яғни көп жақтылық тән, қылмыстық жаза шарасы ретінде бұлар бас бостандығына айрумен байланысты емес басқа жазалардың белгілерінің кейбір көріністері де бар. Түзету жұмыстары сотталғандардың жалақысы мен белгілі проценттік мемлкет өрісіне ұстап қалу, айыппұлдың кейбір белгілеріне сәйкес кледі. Бұлар сотталушыға материалды әрекетте көрініс табады. Сонымен бірге ұстаудың мөлшері мен айыппұлдың мөлшерін анықтағанда сот кінәлінің мүліктік жағдайын және жасаған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарайды.
Бірақ түзеу жұмыстары айыппұлға қарағанда бір уақытта емес, ұзақ уақытта (белгіленген уақыт аралығында) қолданылады. Бұл жаза шарасына кесілген сотталушыға жазасын өтеу мерзімі аралығында оның тәртібі бақылауда болады. Бұл қатынаста түзеу жұмысын шартты түрде соттаумен байланыстыруға болмайды, бірақ бұл екі жағдайда сотталушының тәртібіне бақылауды бір орган, яғни түзеу жұмыстарының инспекциясы мен еңбек ұжымы және жұмыс орны бойынша қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады. Қылмыстық жаза мен түзеу әрекетіндегі шараны қолданудың жекешелігі дефформацияның логикалық жалғасы болып табылады. Оның негізгі қыры Қ.Р. Қ.К. 7-бабының 3-тармағында көрсетілгендей түзеу құралын қолдану жаза түріне қоғамға қауіптілік дәрежелі кінәсінің түрі мен жасаған қылмысының кінәсі және сотталушының жеке басы мен тәртібіне байланысты болады. Жазаны атқарудың жекелілігі жазаны тағайындау кезінен басталып, нақты сотталушыға оны қолдану жолында түзеу колониясының шегінде заңмен көрсетілген көлемде құқығын шектеу және бұл тұлғаның жазасын өтеуінің қайда өтейтініне дейінгі аралықта көрініс табады. Жазасын атқарудың жекелілігін алдағы тереңдетуі нақты сотталушыға гуманизм принцпін, кеңейтілген шараларды, қылмыстық атқару заңдарының нормаларының негізінде қарастырылған жеңілдету мүмкіншілігін немесе түрлі негіздерге сәйкес тұлғаны жазасын өтеуден босату, соның ішінде оның ерекшеліктерінің жекелігін анықтауды қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге жазаны атқарудың жекелігі заңмен көрсетілген негіздегі сотталушының денсаулығының жағдайын жеке басының психо-физиологиялық жас мөлшерінің мінездерінің мүмкіншіліктерін анықтау керек. Жазаны атқарудың жекелілігі үшін сотталушының жеке басын терең зерттеу екерек бұл тұлғаға түзеу әрекетінің мақсатын қамтамасыз етуге құралған бағдарламаны тереңдетуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен жекелілік тек жазаны атқару ғана емес, сонымен бірге түзеу әрекетін қолдану да, соның ішінде еңбекке тарту, тәрбиелеу жұмыстары және басқа да түзеу шаралары сотталушының жеке ерекшшіктерінің негізінде қолданылады, оның бұрыңғы қылмыстық әрекеті бас бостандығынан айыру орнындағы тәртібі. Жазаны атқарудың жекелілігі қолдағы бағдарламасы бұл жұмысқа психолог мамандарды тарту, яғни сотталушының психикалық денсаулығы мен психологиялық жағдайын кәсібидеңгейде зерттеуді жүзеге асыру. Осының негізінде диф-индив. Жазаны атқаруда өзара келісімді, жазаны атқаруды ұйымдастыру принцпі мен қағидалық талаптың қажеттілігін, жазаның мақсатына жету мен оның тиімділігін арттыру мен көп жағдайда байланысты болады. Жазасын өтеу барысында жаңа қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын шара сол қылмысы үшін заңда қандай нақты жаза көрсетілсе, сол жаза қолданылады. Бас бостандығынан айырмайтын түзеу жұмыстарынан айырмайтын түзеу жұмыстарының қылмыстық жаза шарасы ретіндегі бір көрінісі құқықтық шектеудің кең кешені және сотталушының жазасын өтеумен байланысты сынайтын салдар болып табылады. Жалақысынан ұстау мен тәртібін бақылаудан басқа бұларға қатысты өзінің жеке бостандығы мен жұмысынан басатуына, кезекті еңбек демалысынан айырылу құқығы мерзімін өтегенде еңбек стажына қосылмайды, егер еңбек демалысына беретін құқық еңбек стажына да қосылмайды. Түзеу жұмыстарын өтеген тұлға егер жаза мерзімі біткеннен кейінгі бір жылда жаңа қылмыс жасамаса, онда сотталмаған болып есептеледі. Соттылықты жою мен бірге барлық құқықтық шектеулер соттық фактімен байланысты тоқтатылады. Түзеу жұмыстары түріндегі жазасын өтеу уақытында және де барлық уақытта сотталған тұлғаның еңбек кітапшасында қылмыстық жазасын өтегені туралы жазба қалады. Жазаның кез-келген түрінің тиімділігі оның құрамындағы барлық элементтердің қаншалықты толықтай қолданылуы мен тікелей байланысты болады. Бұл түзеу жұмыстарына да қатысты. Түзеу жұмыстары күрделі құрылымнан тұрады. Ол өзіне сотталушының жалақысынан ұстап қалумен қатар олардың құқын шектеу бақылаудың қажеттілігін шектеу сонымен бірге олармен тәрбиелік жұмыстар жүргізуді қосып алады. Бұл жаза түрі қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары емес, кездейсоқ жүйелі емес қылмыс жасаған тұлғаларға тағайындалады. Сондықтанда соттылықты жою шартын орындау олар үшін қиындық туғызбайды. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың көлемді түрде құқыңың шектеу сотталушыға қайғы әкелу мақсатын емес, оның бақылау мен тәрбиелік әрекетін еңбек ұжымы мен мемлекеттік органы мен жазаны өтеудің бүкіл кезеңінен жалтармауды мақсат етеді. Сонымен түзеу жұмыстарынан мынандай қорытындыға келуте болады: сотталушы еңбекпен түзеу әрекетіне тартылады және олар бұрыңғы жұмыс орнында қоғамнан оқшауланбай барлық уақытта қала алады. Түзеу жұмыстары бұл сотталушының еңбекке тартып, оның жалақысының белгілі бір бөлігін ұстап қалу негізінде жүзеге асырылатын жаза түрі сонымен бірге түзеу жұмыстары түріндегі жаза түрі сотталушыны өзінің тұрақты жұмыс орны мен тұрғылықты жерінде бақылау арқылы жұмыс орны мен қоғамнан оқшауламай-ақ тәрбиелеу жұмысын жүргізу болып табылады. Бас бостандығынан айырмайтын түзеу жұмыстары сотталушының тәртібіне мемлекеттік органдар мен қоғамның сотталушымен түзеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі мен бұл жұмыстардың атқарылуының тиімділігін арттыруда сотталушының белгілі бір құқықтарын шектеу мен одан жалтармауын қамтамасыз ететін кешенді шара. Бұндай жазаны атқару ішкі істер мимнистрлігінің құрамына кіретін аудандық (қалалық) түзеу жұмыстарының инспекциясының құзырында болады. Түзеу жұмыстары инспекциясы мынандай функцияларды атқарады:
— түзеу жұмыстары сотталғандардың барлығына есеп жүргізу,
осы тұлғаларды жұмысқа бағыттайды;
— сотталушылардың жалақысынан үсталынатын бөлігінің
дұрыстығына бақылау жүргізу;
— сотталушыға жүргізілетін тәрбиелеу жұмыстарына
қатысады;
— еңбекпен түзеу заңдылықтарында көрсетілген негіздерге
сәйкес жазаны өтеу мекемесінің әкімшілігінің жағдайлары
сақтайды.
Түзеу жұмыстарына сотталғандардың профилактикалық есебі мен тәртібіне бақылауды бөлімшелік инспекторлардың да міндетіне кіреді, сондай-ақ еңбекпен түзеу заңдылықтарына сөйкес сотталушының тәртібіне бақылауды жүргізі функциясын түзеу жұмыстары өтейтін орындардың, ұйымдар мен мекемелердің әкімшілігіне де жүкетеледі. Сондықтан да түзеу жұмыстарының дамуы экономиқалық реформа мен және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі мен байланысты болады. Сондықтан да сотталушылардың тәртібіне бақылау жүргізуді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органды құру қажеттілігі мен түзеу жұмыстарын тек мемлекеттік қана емес, қазіргі таңда пайда болып жатқан жеке және бірлескен кәсіпорындар мен мекемелерде де жүргізу қажеттілігін бүгінгі күн тақырыбындағы көкейтесті мәселе ретінде қарастыру керек және тиісті заң нормаларын шығарып бекіту керек.
Әскери қызмет бойынша шектеу Қылмыстық Кодекстің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес: келісімшарт бойынша әскери қызметін өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына 3 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Бас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген. Бас бостандығынан шектеуге сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген бөлігін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі. Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеудің тәртібі және шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Атқару Кодексі бойынша белгіленеді.
Қамау жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Жаңа Қылмыстық Кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіліп отыр. Қылмыстық Кодекстің 46-бабы І-бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз -сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамау өзінің мәні бойынша қысқа мерзіміндегі бас бостандығынан айыру болып табылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген ретте ғана тағайындалады. Әскери қызметшілер қамауды гауптвахтада өтейді. Қылмыстық Атқару құқығы бойынша қамауды өтейтін орын арнаулы қамау үйлері болып табылады. Сот үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар сотталғандық атақ алады.
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау Қылмыстық Кодекстің 47-бабы 1-бөлігіне сәйкес шағыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаның негізгі түрі болып табылады және оны орындау Қазақстан Республика Қорғаныс министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаза әскери қылмыстар жасағаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарды көздеген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайымен кінәлінің жеке басын ескере отырып, 2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда 3 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Бас бостандығынан айыру жаза түрлері ішіндегі негізгі әрі қатаң жаза ретінде бас бостандығынан айыру жазасын қарастырар болсақ, бас бостандығынан айыру сотталушыны түзеу мақсатына байланысты жаза түрлерінің ішіндегі қатаң жаза түрі.
Сотталушының құқығы мен бостандығын шектеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 16, 21 және 24-баптарында көрсетілген негіздерден айыру болып табылады. Сонымен бірге азаматтың жеке өмірінің өзгеруіне итермелейді. Бұл бас бостандығынан айыру және басқа да мекемелерде тұрудың негізінен шығатын заңдық салдар. Құқын шектеу барысында сотталушының заңды мүдделері мен бостандықтарын, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету көп дәрежеде керек етеді. Әлеуметтік құндылықтар қатарына бас бостандығынан айыру сотталушыны қоғамнан оқшаулаумен байланысты негативті әлеуметтік салдарға әкеліп соғады. Бас бостандығынан айыру жазасының өзі сотталушыға әсер етудің бүтіндей позитивті құрамы ретінде өзінше белгілі бір позитивті салдарды туындатады. Бас бостандығынан айыру жазасын қолданудағы қарама-қайшы салдар негізінен әлеуметтік мәнде көрініс табады және өзіндік әлеуметтік -экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, демографиялық, әлеуметтік-құқықтық, психология-педагогикалық, криминологиялық тоқтауларды көрсетеді. Бұлар сотталушыны қоғамнан оқшаулап, көптеген әлеуметтік функцияларды орындайтын «теріс» әсер ететін ортаға ұстағаннан көрініс табады. Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану барысында көптеген сотталушылардың негативтік жағтары мен тұлғаны психикалық аннологиялық және психологиялық (травмированных) тұлғалар санының өсуіне әсер етеді. Бас бостандығынан айыру сотталушыны түзеп қана қоймай, оның жеке басының қоғамға қарсы қырында бекітеді. Кей ғылымдардың көзқарасы бойынша бас бостандығынан айыру орындарының әлеуметтік өмірі көп қатынастарда тар деңгейде болады және ол әртүрлі болмайды, сотталушының жеке басының әлеуметтік жаңаруына керекті шарттармен қамтамасыз етілмейді. Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлға сыртқы әлеммен байланысы жоғалады, жекелеген категориялар мен құндылықтардың шын мәніндегі көрінісін жоғалтады. Бас бостандығын айыру орнында жазасын өтеу уақытында сотталушы көп мәселелерді жеке өзінің шешу мүмкіншілігінен айырылады. Сотталушының микроорталы өзіндік әлеуметтік позициясын шарттар мен құндылықтары сотталушының сотталғанға дейінгі және жазадан босаған соң баратын микроортасынан өзгереді. Осының негізінде қылмыстық жазаны өтеу барысында әлеуметтік орта да өзгереді. Өзгеріс мына негіздерден көрініс табады: сотталушыға деген қатынастың қоғам тарапынан оның санасына жаппай өзгеріс енуі, белгілі бір қоғамнан оқшаулау, әлеуметтік пайдалы байланысын жоғалту, қатынас кеңістігінің өзгеруі, мемлекет пен қоғамдык ұйымдар және азаматтардың атынан лауазымды тұлғаның сотталушыға деген мақсатты бағыттағы әрекеті басқа да сотталушылардың тарапынан сотталушының жеке басына деген әрекеттері, тәртіп ережелері мен қажеттіліктерді қанағаттандыруды шектеу. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру жазасы сотталушыны тұйық әлеуметтік ортаға мәжбүрлеп жабумен кедергі келтіреді. Бас бостандығынан айыру үшін сотталушыға көмек көрсету қажеттілігіне көп мән берілуі керек. Бас бостандығынан айыру орындарында кылмыскерлердің қауіпті топтары орналасады. Сотталушыға қоғамға қарсы топтар мен қауіпті қылмыскерлердің әсер етуі түзеу жұмыстарын ұйымдастыруға кедергі келтіреді. Сондықтан да сотталушыға микроортаның бейтарап әрекеті ерекше маңызды болады. Топтық көңіл-күй сотталушының жеке басына көп әсер етіп, өз кезегінде оның өмірі мен әлеуметтік факторының шарттарына детерминминируеться. Бас бостандығынан айыру жекебастың тек құқықтық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағдайына да көп мөлшерде әсер етеді. Бұл жайымен емес, кездейсоқ болады. Соталушы үшін өмірлік маңызды болып қылмыскерлер ортасындағы стратегиялық тәртіп тұрады. Бұл жаза түрі үшін ерекше маңзды болып тек қана сотталушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, сонымен бірге мекеме қызыметкерлерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бас бостандығынан айыру сотталушылардың денсаулығына әсер етеді. Маңызды өзгеріс сотталушының психикалық денсаулығына әсер етуінен көрініс табады. Медикаментпен заттық мүліктің пайдаланудың жетіспеушілігі туындайды. Сотталушылардың ортасында туберкулезден емдеу және профилактиканы ұйымдастыру кең көлемде орындауы тиіс.
Психикалық ауыртпалық сотталушыларда өмір сүру шарттарын өзгерту процесінде туындайды. Бұл кезеңдерде «безмотивные» қылмыстар тән. Негативті психикалық жағдай болып негізсіз болу өзіндік агрессия және агрессиялық актінің кінәсі табылады. Жазаны орындау мекемелерінің маңызды мәселелерінің нәтижесі сотталушылардың денсаулығын қорғау (Қ.Р. КІЖК 10-6. 6-т) болып табылады. Қазақстан Республикасы жазаның бұл түрімен сотталғанда барлық сотталушылардың 40 %-ке жуығын құрайды (1997 жылы 39,8 %; 1998 жылы 45,3%). Бұдан шығатын қорытынды бас бостандағынан айыру өзіндік арнайы рөлінің күштілігінің орындалуы қосымша және қажетті әлеуметтілік функциялардың қатарына әсер етеді. Жазаны қолдану бүтіндей және бас бостандығынан айыру жекелей қылмыс құрамы мен динамикасымен тығыз байланысты. Криминальды жағдайдың күрделенуі, қылмыстың өсуі, сотталғандардың үлғаюы жазаның басқа түріне Карағанда бас бостандығынан айыруды қолданудың үлғаюына әкеп соғады. Бас бостандығынан айыруды қолдану іс жүзінде әрекеттің декриминальизациясы және криминальизациясына, жазаның пенализациясы мен депенализациясы жағына бағытталған заңдылықтар мен қылмыстық саясаттық өзгеруіне әсер етеді. Бұл жағдайда құқық қорғау органының қызыметкерлері мен судьялардың құқықтық санасының консерватизмі де әсер етеді. Сонымен бас бостандығынан айыру ауыр және аса ауыр қылмысты жасағанда әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін; қоғамдық сананың ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаға қажетті жаза түрі ретінде; қылмыспен бұзылған қоғамдық қатынасты қалпына келтіруге; жалпы қылмыстықтан сақтандыру мақсатына; қылмыстықтан арнайы сақтандырудың функциясын атқаруға; қылмыстың қайталануынан сақтандыруға және оны орындағандарды қоғамнан оқшаулауға; сотталушының түзелуіне және түзелуді мақсат тұтпайтын тұлғаларды түзеуте сотталушының жасаған қылмысы үшін кінәсін мойындауы үшін қылмыстық жолмен келген зардаптың орнын толтыру үшін; әлеуметтік бақылау формасы болып табылады. Осының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы жаза түрінің орындалу аспектісінде күрделі болып жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың алдында тұрған мәселені шешудегі негізгі көңіл бөлетін пән болып табылады. Сонымен бас бостандығынан айыру жазасы сотталушының бостандығы мен құқығын шектеу арқылы неғұрлым қатаң түрі ретінде көрініс табады. Мемлекет өз органдары мен мекемелері арқылы қылмыстық жазаны орындау барысында бас бостандығынан айыру жазаны сотталған тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Бірінші кезекте кәмілетке толмағандар мен бірінші рет бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілерге бірнеше рет сотталған тұлғалар тарапынан қате әсер етуіне жібермеу керек. Екінші кезекте жеке категориядағы сотталушылардың қауіпсіздігін түрлі мекемелерде бөліп ұстау жолымен қамтамасыз ету. Сонымен бас бостандығынан айыру жеке категориядағы сотталғандарға әртүрлі әсер етеді. Олардың жасы мен жынысына денсаулығының жағдайы және басқа да жеке басына байланысты. Сонымен жазаның орындалуын тиімділігін қамтамасыз етіп арттыру үшін және сотталушының жеке категориядағы жеке басының типологиялық ерекшелігіне қажетті түзеу әрекетіндегі шаралардың кәсіби білімді қолданылуын қамтамасыз ету керек. Жазаны орындау деференциясы мен түзеу әрекеттенуіндегі шараны қолдану, бас бостандығынан айыру орындарындағы түзеу процесін ұйымдастырудағы қағидалық маңызды талап ету болып табылады. Осының негізінде жазаның орындау процесіндегі индивидуализациясы мен дефференсация жазаны орындауды ұйымдастырудың қағидалық жағдайымен өзара келісуі болып табылады. Қылмыстық жазаның дефференсациясы жазаның өзі сияқты процестік туынды, ол өзіне бірнеше кезеңді қосып алады. Бірінші кезеңде сотталушыларға бір қатегорияға қатысты жүргізу және оларды бас бостандығынан айыру орындарында жеке ұстаудың заңдылық тәртібі бекітілуі керек. Екіншіден құқықтық шектеудің түрлі көлемі анықталуы түзеу мекемелерінің түріне байланысты әрекетті анықтауы тиіс. Үшінші жаза қылмыстық атқару заңдылықтары бұл мекемелерде бірінші болған тұлғаларды тұрақты қылмыс жасаушылардан жекеше ұстауды 75-бапта қарастырады, яғни сотталушының тәртібіне байланысты және сол мекемеде өткізетін уақытында жай, қатаң, жеңілдетілген және бір түзеу калониясының шегінде жазасын өтеудің заңдарымен бекітілген жағдайда жеңілдіктер беруін қарастырады. Заңда нақты көрсетілгендей бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару сотталушының жеке басына түзеу калонияларының негізінде түзеу әрекетіндегі шараларды қолданудың өзі тұлғаның жеке басының позитивті өзгеруіне жетуді мақсат етеді. Қылмыскерге әсер ететін позитивті құрал ретінде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза негативті салдар қатарын туғызады. Егер жазаны қолданудың нәтижесінде сотталушыныу жеке басындағы тиімді өзгерістерді байқасақ, онда тузеу әрекетінің нәтижені атрттыруға бағытталған арнайы шаралардың қажеттілігін арттырып, ұлғайту керек. Осыған байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жаза үшін сотталушыға бостандықтағы өміріне әлеуметтік адоптация тұрғысында көмек көрсету қажеттілігін көреміз. Сонымен бірге адамды ұзақ уақыт қоғамнан оқшаулағандағы негативті салдардың бағытын залалсыздандыру қажет. Іс жүзіндегі жазаның түсінігі көп негізде өзгермелі өмір жағдайы, сондықтан да жазаны қолданудың соңғы нәтижесін бағалау күрделі. Сотталушыға әлеуметтік адоптацияның жетістігі, жазаны өтеуден босағаннан кейін жазаны тек қана заң талаптарына сәйкес орындалғанын ғана емес, сонымен бірге бұл тұлғаның жаңа әлеуметтік кездейсоқтықтарды тез меңгеруі мен әлеуметтік адоптацияға дайын болуы да жатады. Сотталушының мінездемелік тәртібі оның жеке басын бағалауда маңызды рөл атқарады. Бұл түзеу әрекетінің нәтижесін көрсетеді. Сотталушыға түзеу әрекетін іс жүзінде қолдану барысында оның жеке басы туралы толықтай жеткілікті мәліметтерді алуға және оның алдағы тәртібіне бір қатысты тоқтамға келуге болады. Тұлға әлеуметтік адоптацияның қиындығын ескеріп түзеу мекемелерінен босаған соң кримогендік фактор ретінде олардың көпшілігі спирттік ішімдіктер мен наркотикалық заттарға әуес болуы сонымен бірге өмірдегі өз мақсаттың белгіленуі қандайда бір болмасын кәсіптік білім алмауы олардың көпшілігі жазасын өтегеннен соң өзінің еңбекке және қарапайым өмірге байланысты мәселелерді шешуге тырыспайды. Сотталушыларға жазасын өтегеннен соң жекеше сақтандыру шараларын, еңбекке түруы, психологиялық көмек көрсету, құқықтық дайындау, материалдық көмек көрсету қажет.
Өлім жазасы — жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылады. өлім жазасы — ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін (Қ.Р.Қ.К. 49-бап, 1-6.). Із жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша аса ауыр кінәлінің қауіптілігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар болғанда ғана қолданады. Өлім жазасы кешірім беру тәртібімен 25 жыл бас бостандығынан немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасын қолданғанда сот әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады. Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстарды қарау облыстық соттардың құзіретіне жатады және мұндай істерді қарау 3 судьяның қатысуымен жүргізіледі.
Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 50-бабының 1-бөлігінде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады. Бұл көрсетілген жаза қосымша жаза түрі болып табылады.
Мүлікті тәркілеу сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып табылады (Қ.Р.Қ.К. 57-бап). Мүлікті тәркілеу кезінде мемлекет сотталған адамның борыштары мен міндеттемелері үшін жауапты болмайды, егер бұл борыштар мен міндеттемелер анықтама, тергеу органдары немесе сот мүлікті сақтау шараларын қолданғаннан кейін туған болса және оның үстіне сол орғандардың келісімінсіз жасалған болса. Тәркілінген мүлік есебінен қанағаттандыруға тиісті талаптар жөнінде мемлекет тек актив шегінде ғана жауапты болады, ал мұндай талаптардың қанағаттандырылу кезектігі азаматтың істер жүргізу кодексі ережелерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қылмыстық заң бойынша жазаның түсінігі туралы пікірлер мен көзқарастар көптеген ғылыми жұмыстар және түрлі философиялық ойларға қарамастан, күрделі теориялық мәселе болып қалады. Қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қатысты, мемлекет пен қоғамның тарапынан қолданылатын әрекет ету шарасының мәселесі туралы түрлі көзқарастар мен түсініктер осы тұрғыдағы зерттеулердің нәтижесі арқылы қалыптасып отыр. Бүгінгі таңдағы ғалымдар мен зерттеушілер жаза және азаматтардың тәртібін реттеуді кеңейту туралы жалпы теоретикалық мәселелерді қажет етеді. Бұл мәселе жаза туралы жалпы оқулықты қалыптастыру мақсатында қылмыстық жазаның түрлі концепциясын жалпылау және рационалды зерттеуіндегі сұрақ.
Сонымен қылмыстық заң бойынша жаза жасаған қылмысы үшін кінәлі тұлғаға мемлекет тарпынан қолданылатын мәжбүрлеу әрекеттері әлеуметтік процестік туынды және бір уақытта қоғамдық сананың қалыптасуын қөрсететін құралы болып табылады. Кінәліге әсер ету процесі сотталушыға қылмыстық жазаны тағайындамай тұрып соттық анықтау уақытынан басталады. Сот процесі және тұлғаны соттау фактісінің өзі кінәлінің санасына әсер етудің күшті белгісі болып табылады. Сондықтан да заң сотқа заңда қарастырылған жағдайларда тұлғаны түзету басқа гуманды (ізгілік) шараларды қолдану жолымен жетуге болады деп таныса, онда оны жазадан және қылмыстық жауаптылықтан босатудан құқық береді, яғни жаза мемлекеттік мәжбүрлеу саласының ең соңғы әрі қатаң түрі. Жаза тағайындаған кезде де және оны сотталушыға қолдану жағдайында да жеке түрде болады. Жаза әділетті, әрбір нақты жағдай үшін қажетті, жеткілікті, тиімді болуы керек. Жазаның тиімділігі мен әділеттілігі оның мақсатына жетуінің қажетті шарты болып табылады. Жазаның тиімділігін арттыру үшін жазаның мақсаттарын анықтау керек. Жаза мақсатын анықтау қылмыстық құқықтың қағидалық мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешілуіне тек осы құқық саласының көптеген институтының құрылуы ғана емес, сонымен бірге қылмыстық заңдылықтардың қолданылуы да тәуелді болады. Қылмыстық құқықтық теориясында жазаның мақсатының түсінігі болып, жасаған қылымыс үшін кінәлі тұлғаға қылмыстық жазаны қолданудың әлеуметтік нәтижесі табылады. Қ.Р. және Қ.К. сәйкес жаза әлеуметтік әілеттілікті қалпына келтіру, сотталушыны түзеу, сотталушы және басқа да тұлғаларды жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру мақсатында қолданылады. Сол сияқты жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принцпі болып табылады. Қылмыстық жазаның мақсаты жазаны қолдану процесі мен жазаның өзінің түрлері мен мөлшерімен кінәлінің жеке басымен қылмыстық аурлығымен, кінәнің белгілерімен және жазаны тағайындау кезіндегі әлеуметтік мақсатпен басқа да мән жағдайлармен белгілі бір қарым қатынаста және өзара байланыста болдуы керек. Приоритеттік мақсаты тағайындаудың негізі әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады. Ал жазаны орындаудың негізі қылмыстылықтан сақтандыру және сотталушыны түзетуді түзету мақсатына жету болып табылады. Қатаң жаза болған сайын адамды түзету мақсатына жету қиын болса, ол қылмыстылықтан сақтандырудың бірден-бір жолы. Тұлғаны түзету мақсаты жалпы әлеуметтілік сондықтан да жазаны орындау барысында сотталушыны түзету үшін қажетті жағдайлар жасауды қалыптастыру керек. Қылмыстық жаза қылмыспен күресудің қажетті шаралардың бірі ғана, сондықтан да қылмыстылықтың осы әлеуметтік туындының көлемі мен деңгейін төмендету жоспарын шешушісі және бір жолы ғана емес. Қылмыстық жазаның алдын-алуды ескерту мүмкіншілігі шектеулі және оны көбейту қажет емес. Түзетудің жетістігі әр уақытта сотталушыға қолданылатын шараның негізгі мақсаты болып табылмайды. Заңда көзделген сот үшін аса міндетті және ауырлық дәрежесіне байланысты анықталған тәртіпте орналасқан жаза түрлері қылмыстық жаза жүйесін белгілейді. Жаза жүйесі жүйеленген Қылмыстық заңдардан ғана орын алады. Жаза жүйесінің шығуы алдымен оның қылмыстық құқықтық нормалардың кодификациясымен байланыстылығын айтамыз. Қазіргі қолданылып жүрген заңдар жаза түрлерінің құрамының әртүрлілігін қарастыралы. Бұл жағдай қауіпті қылмыс пен жаңа дамыған әлеуметтік экономикалық қоғамның күресуіне мүмкіншілік туғызады. Жаза жүйесі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің маңызды мәселесінің бірі болып табылады. Ол бірінші кезекте заңда бекітілген жаза түрін дұрыс таңдау барысында көрініс табады. Жаза жүйесінің маңыздылығы жазаңың әділеттілігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық заңдардағы түрлі жаза түрлерінің арқасында жетеді. Қылмыстық жазаның әртүрлілігі оны қолданудың ди. және индив. қамтамасыз етеді. Жаза жүйесіндегі жаза түрлері қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және қамтамасыз ету шарасы болып табылады. Жаза жүйесінің барлық элементтері бүтіндей бір мақсаттың бір бөлігі болып табылады. Бұл олардың арасындағы түрлі формалардың байланыстылығын алдын-ала айқындайды. Сонымен жаза жүйесін төменде келтірілген түрлер құрайды:
1) Негізгі жаза 2) Қосымша жаза 3) Аралас жаза.
Сотталушыға әсер етумен байланысты жаза классификациясы соттар үшін қылмыстық жазаны қолданудың із жүзіндегі маңызын аттырады. Құқық бұзушыға деген дефференциялық әдіспен қамтамасыз етудің маңызды рөлі, құқық бұзушының жеке басымен іс әрекетінің қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты және де сотталушыны түзетудің іс жүзіндегі алдағы дамуы және мемлекет органдар рөлін күштеуде бас бостандығынан айырмайтын қылмыстық жаза шарасының маңыздылығын көрсетеді. Сот тәжірибесі көрсеткендей бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерін қолдану, соңғы жылдарда бір жазалардың бір түрлері көп, ал кебір түрлері аз мөлшерде қолданылып жүр. Сондықтан да бұл жаза түрлерін бір түтіндей қарастырылуы керек. Тек бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерінің әрбір түрін талдау, бізге бұл жаза түрлерінің қолдануының мәселелерін толықтау көрсете алады. Сонымен бірге олардың дамуы мен перспективо тиімділігін анықтайды. Бас бостандығынан айырумен емес жаза түрінің ішіндегі түзеу жұмыстарын қолданудың маңыздылығы Т.К. Жұмағүлов зерттеуінде көрініс табады. Мұнда бас бостандығынан айыру түрі жазаға қарағанда қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін қолданудың «тиімділігіне тоқталады. Мұнда: сотталушының еңбегі мен қарапайым тұрмысына байланысты әлеуметтік байланысы сақталады. Жазаны өтеген соң әлеуметтік дағды үшін тиімді жағдайлар қалыптасады. Отбасы жиі айырылыспайды. Бұл жаза түріне сотталғандардың арасынан рецедивтік қылмыстар қысқарады. Қылмыстық жазаларды қолдану әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және басқа да факторларды дұрыс бағалаумен байланысты болады. Егер де сотталушыны қоғамнан оқшауламай-ақ түзеудің мүмкіншілігі болса, мемлекетіміз қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу шарасының жеңіл түрін әр уақытта қолданады. Біздің ойымызша, бұл және басқа жаза аспектісінің алдағы талқылануы қылмыстық құқықтық ғылымның теориялық және іс-тәжірибелік мәселелерінің дамуымен сабақтасып отырады. Қылмыстылықпен күресу мәселесі әр уақытта идеологиямен, саясатпен, саяси ойлармен және қылмыстық саясатпен үзілмейтін байланыста болады. Жазаны орындау барысында сотталушыны тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан да қылмыстылықпен күресу бағыты бүтіндей мәжбүрлеу арқылы жазаның тағайындалуынан және орындалу тәртібінің маңыздылығын көрсетеді. Жаза қоғамға пайдалы болуы керек. Біріншіден, ол қылмыстылықпен күресудегі қажетті құралдардың бірі ретінде, екіншіден, ол жасаған қылмысына кінәлі деп танылған тұлғаны қайта тәрбиелеу мен түзеудің бір кұралы болып табылады. Сондықтан да жаза тиімді және әділетті болуы қажет.
Қолданыстағы жаза жүйесін меңгеру және оны соттардың іс жүзінде қолдануы қазіргі тандағы жазаның әрбір түрінің қоғамдық көзқарастарға бүтіндей сәйкестілігін бағалауға болады. Жазаның тиімділігінің мәселесі әлеуметтік тиімділіктің нақты бір мәселесі болып табылады. Жаза тиімділігі қылмыстық құқықтық нормаларының тиімділігінің маңызды бір құрамды бөлігін құрайды. Әрекеттегі құқық бұл жазаны қолданудың маңызды бір шарасы блып табылады. Жаза тиімділігін әлеуметтік туынды ретінде қарастырсақ, онда ол қылмыстық құқықтың бүтіндей тиімділіктен үзілмейтін байланыста болады. Жазаның тиімділігі үшін қылмыстылықпен күресудегі жазаны пайдаланудың соңғы нәтижелеріне қатысты соңғы мақсаттың қоғамдылық маңызын нәтижелігіне сәйкес болуы қажет. Жазаны қолдану мақсатының нәтижесі анықталған әлеуметтік жағдайда жазаны қолданудағы нақты мәселелерді сәтті шешуге тәуелді. Жазаның тиімділігінің жоғарғы деңгейі барлық әлеуметтік экономикалық құралдар және басқа да мақсаттың жетіктігін қамтамасыз ететін кешенді құралдармен үзіліссіз байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- I. Нормативтік құқықтық актілер:
- Қ Р Конституциясы (өзгертулер мен толықтырулар қоса) 30 тамыз, 1995 жыл
- Қазақ ССР Қылмыстық Кодексі. 1959 жыл.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар қоса). 16 шілде, 1997 жыл.
- Қ Р Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
- Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Атқару Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
- ҚР Жоғарғы Сотының ппенуымының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 30 сәуір, 1999 жыл.
ІІ. Арнайы және оқу әдебиеттері:
- Кайыржанов Е.И. Уголовное право. Р.К. Общая часть. Алматы, 1997.
- Угаловное Кодекс Р.К. Учебное пособие. Алматы. 1997.
- Ной И.С. Сущность и функции уголовного наказания в советском государетве. Саратов. 1978.
- Ной И.С. Вопросы, теорий наказания советском уголовном праве. Саратов, 1962.
- Шаргородский М.Д. Куре советского уголовного право. Ленинград. 1970.
- Шаргородский М.Д. Наказания по советскому уголовном праве. Часть-2. Москва, 1958.
- Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность Ленинград, 1973.
- Карпец И.И. Индивидуализация наказания. Москва, 1961.
- Карпец И.И. Наказание. Социальные правовые и криминалические проблемы. Москва, 1973.
- Джекебаев У.С. Рахимов Т.Г. Судаков Р.Н. Мотивация приступпения и уголовное ответственность. Алматы, 1987.
- Никифоров Б.С. Наказание и его цели // Советское государетво и право. 1981.
- Уголовное исполнительное право. Учебник. Москва, 1996.
- Михлин А.С. Личность осужденных к лишению свободы и проблемы их исправпения и перевоспитания. Фрунзе, 1980.
- Михлин А.С. Проблемы совершенствования системы наказании в советском уголовном праве. М., 1981.
- Уголовно-исполнительное право Р.К. Алматы, 1997.
- Сапаргалиев Г. Конституционное право Р.К. Алматы, 1998.
- Багрий-Шахматов Л.В. Гуськов В.И. Теоретические проблемы классификации уголовных наказании. Воронеж, 1971.
- Советское исправительно-трудовое право. М., 1977.
- Рахметов С.Н. Кулмуханбетова Б.А. Нурумбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998.
- Чукмайтов Д.С. Применение уголовное наказания в целях предупреждения рецедивных преступпений. Алматы, 1997.
- Коментарий к уголовно-исполнителному Кодексу Р.К. А., 1998.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы 2001.
- Комментарий к У.К. Р К. Алматы, 2001.
- Комментарий к У.К. Р Ф. Под. ред. Скуратова. Москва 1997.
- Уголовное право Р Ф. Общая часть. Под. ред. Казаченко И. Я. Москва, 1998.
- Ағыбаева А.М. Нәріпбаев М.С. Баймурзин Г.И. Русско -казахский терминологический словарь по уголовному праву. Алматы., 1994.
- Смирнов В.Г. Понятие прикосновенности по советскому уголовному праву. Ленинград, 1957.
- Гальперин И.М. Наказание социальные функций практика применение. Москва, 1993.
- Стручков Н.А. Нужна новая концепция исполнение наказания. Труды Академии. МВД СССР. Москва, 1991. 30. Селиверетов В.И. Уголовно-исполнительное право. Москва, 1996.
III. Арнайы диссертациялық зерттеулер:
- Жумагулов Т.К. Диссертация на соискание ученной степений канд. Юр. Наук. Алматы., 1997.
- Чукмайтов Д.С. Диссертация на соискание ученной степений доктора, юр. наук. Алматы., 2000.
[1] Кайыржанов Е.И. Уголовное право. Р.К. (общая часть). Алматы, 1997г.[1]
2 Смирнов В.Г.понятие прикосновенности по советскому уголовному праву. Ленинград. 1957.
[3] Шаргородский М.Д. Курс советского уголовного права. Л., 1970. С.646.
[4]Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: жеті жарғы. 2001. 185-6.
[5] Гальперин И.М. Наказание социальные функии, практика применение. Москва, 1993.
[6]Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Ленинград. 1973. С.160.
[7] Селиверетов В.И. Уголовно-исполнительное право. Москва. 1996.
[8] Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Ленинград: 1973.
[9] Корпец. И.И. Индивидуальизация наказаний. Москва: 1961.
[10] Михлин А.С. Проблемы совершенствование системы наказаний в советском уголовном праве. Москва: 1981.