АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту

1.1 Түбір

  • Түбірлес сөздер
  • Жұрнақ-жалғау
  • Қосымша

 

  1. II. Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту

2.1.Түбір

2.2. Түбірлес сөздер

2.3 Қосымша

2.4. Жұрнақ

2.5 Күрделі сөздер

 

III. Көмекші мектеп оқушыларының «сөз құрамы» тақырыбы
бойынша қателерінің түрлері.

  • Зерттеу әдістемесі
  • Зерттеу нәтижесі

 

  1. IV. Көмекші мектеп оқушылардың «сөз құрамы» бойынша
    түзету жұмыстары

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі — мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.

Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.

Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты:

Қазақ тілінде  оқитын  көмекші  мектеп  оқушыларының  «Сөз  құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.

Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Әдебиеттерге шолу.
  • Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
  • Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.

Зерттеу пәні қазақ тілінде  оқу  жүретін  көмекші мектептегі  түзету-дамытушылық оқыту үрдісі.

Зерттеу әдістемесі:

  • Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
  • 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
  • 5,7 сынып  оқушыларының эр түрлі  жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау.

Зерттеу базасы:

Мәлімет бойынша сапалы және  сандық талдаулар жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:  алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша білімі зерттеліп мағлұмат алынып отыр.

Зерттеудін практикалық мәнділігі:

1)        Зерттеу  барысында  мағлұматтарды,  нұсқауларды  ескере  отырып,

көмекші  мектеп  оқушыларымен  жұмыс  барысында  сапалалығын арттыруға болады.

  • Зерттеу қорытындыларын көмекші мектепке арналған оқу әдістемесін құрастыруында негізге алуға болады.
  • Зерттеу нәтижесі  жасалған  тұжырымымен  нұсқауларды  көмекші мектеп оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады.

Зерттеу өзектілігі— «Сөз құрамы» тақырыбына арналған орыс тілі бойынша зерттеулердің көп екенін көрсетті. Бұл зерттеулердің негізін қалаушылар: М.Л.Закожурникова, М.Р. Львов, Т. Г. Рамзаева, Г.Ф. Суворова, Г.А. Фомичева, В.Г. Шашкова.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары бойынша, бұл тақырып Д.Алимжанов, Р.Әміров, А. Жунисбеков, Б.Балакаев, С.Қазыбаев, С. Рахметова еңбектерінде айтылған.

Көмекші мектепке арналған орыс тілінің әдістемесінде бұл тақырып, тек Н.М.Барская және Л.А.Нискевич еңбектерінде қарастырылған.Олар жұмысында «Сөз құрамы» бойынша білім және дағды көлемдерін кесте түрінде көрсетіп, тәжірибелік жаттығулар үрдісінде белгілі бір түсініктерді ұғынуға бағытталған жалпы әдістемелік нұсқауларды ұсынады. Бірақ,  ақыл-ойы кем оқушының ерекшеліктеріне сай оқыту мерзімін көрсетпеген, жұмыстың жүйелілігі мен бірізділігін толық ашып бере алмаған, сондай-дайындық жаттығуларына онша назар аудармаған.

Бұл мәселе бойынша біздің жүргізген арнайы зерттеулердегі бағытталған талдаулар, мүмкіншілігі шектеулі оқушыларға грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы тәжірибелік қажеттілікпен көмекші мектеп-интернаттың кәсібі іс-әрекетіне бағытталған әдістемелердің аздығы арасындағы объективті қайшылықтың бар екенін айқындады, яғни  5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту-үйрету үрдісінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыратынын айқын баяндайтын әдістемелік құрал жоқ.

Осыған орай, зерттеу мақсатын айқындадық-көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын жемісті меңгеруіне көмектесетін, түзету-әдістемелік жұмыстың ғылыми негізделген жүйесін құрастыру.

Зерттеу мақсатынан тәмендегідей міндеттер шығады.

Бұл мәселе бойынша қазіргі заман ғылыми-әдістемелік зерттеулер күйін анықтау

1) Қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбын оқу барысындағы грамматикалық білімдерінің қалыптасу деңгейін анықтау.

2) Оқушылардың өзіндік жұмыс, диктант, мазмұндама, шығарма жазу барысында жіберген орфографиялық қателерінің сипатын айқындау.

3) Қазақ балаларында «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту негізінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдылардың қалыптастыру әдістемесін құрастыру.

Зерттеудің теоретика- әдістемелік негізі жалпы білімдік бастауыш мектептің орыс және қазақ тілі әдістемесі мен көмекші мектептегі орыс тілінің әдістемесіне жүктелген.

Зерттеу әдістері-жалпы және арнайы әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, педагогикалық эксперимент.

Зерттеудің негізгі 1) зерттеу мәселесі бойынша жалпы және арнайы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды (2008жыл), ғылыми аппарат анықталды. Бақылау эксперементінің қорытындылары бойынша,қазақ тіліндегі Алматы қалалық жанұя 3 көмекші мектеп-интернаты және Алматы қаласындағы №7 түзету мектеп интернатында «Сөз құрамы» тақырыбын 5-7 сынып оқушыларының меңгеру ерекшеліктері, грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының қалыптасу деңгейі жайлы мәліметтер жинақталып мақалада берілді. (Хабаршы, Алматы, 2008, 20-24б.) Қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістеме құрастырылды («Сөз құрамы» тақырыбы бойынша). Бұл әдістеме бойынша 5-7 көмекші сыныптарда тәжірибелік-бақылап оқыту ұйымдастырылып, жинақталған мәліметтерге сапалы және сандық талдау жүргізілді, зерттеу қорытындылары жүйеленді.

3)2008-жыл. Құрастырылған әдістеме бойынша 5-7 сыныптарда тәжірибелі-бақылап оқыту жалғастырылды, балалар жұмыстарына (өзіндік жұмыс, диктант, мазмүндама, шығарма) сапалы және сандық талдау жүргізілді, зерттеу қорытындылары жинақталып, қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектеп мұғалімдеріне арналған «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша әдістемелік құрал тағайындалды.

Зерттеу базасы- Алматы қаласындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектеп — интернаттар базасында 2008-2009 оқу жылдары бақылау және оқыту эксперименттері жүргізілді.

Жұмыстың ғылыми, жаңалығы- «Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда көмекші мектептің 5-7 қазақ сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының жағдайы анықталды.

Көмекші мектеп -интернаттың 5-7 сынып оқушыларының өзіндік жұмыс,  диктант, мазмұндама, шығарма жазу барысында, олардың «Сөз құрамы» тақырыбын меңгеру ерекшеліктері туралы мәліметтер алынды.

Оқыту экспериментіне әдістеме құрастырылып, оған эксперименталды жұмыс 5-7 сыныптарда жүргізілді.

Бақылау экспериментінің әдістемесі 4 топтамалы міндеттен тұрады.

— Бірінші топтамада оқушылар «Сөз құрамы» кестесін толтырады, яғни кестеде жазылған сөздерге морфемді талдау жасайды.(сөздер саны 5,7,9 сыныптарда көбейтілді) 5,7,9 сыныптарда екі сөзден қосылды.

  • Екінші топтамада — оқушылар бақылау диктантын жазды, кейбір сөздерге алдын-ала мағынасы, құрамына және дұрыс жазылуына талдау жүргізілді (ол сөздерді сынып тақтасына жазып қойдық, мысалы, бұлттанды, балалар, ағаштың, қайтты).
  • Үшінші топтамада- оқушылар мазмұндама жазды- мазмұндама мәтінінен кейбір сөздер алдын- ала мағынасы, құрамы, дұрыс жазылуы жағынан қарастырылды. Сынып тақтасында жоспардың әр кезеңінде бұл сөздер жазылды- Ескекпен (весла) есіп

Тұмсығы қайықтың

Жылулығын судың

Құтқарды

 

  Кейбір балаларға жеке-дара көмек көрсетілді (мазмұндаманың басы жазылған карточкалар таратылды).

— Төртінші топтамада- түбірлес тірек сөздер бойынша, оқушылар байланыстырылған қысқа мәтін құрастырды. Бұл сөздердің құрамы, мағыналық жағынан, дұрыс жазылуы бойынша талданды. Тақтаға баған түрінде түбірлес сөздер жазылды- Аң

Аңшы

Аңшылар

Аңшылық

Сондай-ақ, бүркіт ұстаған аңшы бейнеленген сурет ілінді. Алдымен мұғалім өзі сурет  бойынша әңгімелейді, содан кейін кейбір оқушыларға әңгімені қайталатып, тірек сөздерді, сурет және дайын жоспар арқылы өздеріне қысқаша шығарма жазу тапсырылды. Кейбір балалармен жеке-дара жұмыс жүргізілді( шығарма басы жазылған карточкалар берілді).

2,3,4-топтамалар бойынша бақылау диктанты, мазмұндама мәтіндері және шығарма тақырыбы барлық сыныптарға ( 5-7 сыныптар) бірдей беріліп, сабақ өткізу әдістемесі әдеттегі-қалыптасқан түрде болды. Бақылау экспериментінде Алматы қалалық №7 арнайы түзету интернатынан 32 оқушы, яғни 5,7 сыныптар – барлығы 72 оқушы қатысып, оқушылардың 268 жазу жұмыстары талданды.                                                 

Алматы қалалық 3-көмекші жанұя мектепте экспериментке 5,7 сынып оқушылары қатысты, бәрінде ПМПК қорытындысы бойынша дебиль дейгейіндегі олигофрения диагнозы бар.

Экспериментальды зерттеуде алға қойған міндеттер бойынша, көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларының грамматикалық білімінің қалыптасу зерттеліп, айқындалды.

Сөз құрамы – 5-сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып. Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемалардың) ұғымын жетік меңгеру үрдісі оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл деректерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе алуын көздейді.

Ал, морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынада:

біріншіден, сөзді морфологиялық күрамына қарай талдау және сөз жасау жаттығулары  оқушының  логикалық  ойы  мен  тіл  байлығын  дамытуға

өлшеусіз әсер етеді.

екіншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.

үшіншіден, сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір сөздерін дұрыс  жазу  ережелері морфологиялық принципке негізделеді.

Балалар сөз құрамы жөнінен үйренген теориялық білімдері мен сөзге талдау

жасау арқылы меңгерген біліктерінің негізінде түбір сөзді және оған жалғанатын қосымшаларды дұрыс жазу заңдылықтарын саналы түрде бірте-

бірте меңгере түседі.

төртіншіден, сөз құрамын меңгеру мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады.

бесіншіден, сөз құрамы бөліктерін үйретумен байланысты балалардың сөздік қоры байыды, сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы оқушылардың ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады, орфоэпиялық норманы сақтап мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге үйренеді. Сайып келгенде сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды меңгеріп, дағды алуы арқылы кем балалардың дүние танымының саналы қалыптасуына негіз болады.

Сөз  құрамын  (морфемаларды)  меңгерту  төмендегідей  міндеттерге жетуді көздейді.

І.Жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгеруі қамтамасыз етіледі.

2.Оқушыларды сөзді бөлшектерінде талдай алу іскерлігіне машықтандыру,  яғни  сөздің  түбірін,  жұрнақ,  жалғауларын  тану, берілген бір сөзге түрлі-түрлі жұрнақ жалғап түбірлес сөздер жасау, бір ғана жұрнақ жалғанған әр алуан түбірі бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден, ал, түбірлес сөздерді   омонимдер мен көп ағыналы сөздерден ажырата білуге үйренеді.

3.Оқушыларға дұрыс жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздерінде өте жиі қолданылатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.

4.Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық, жаттығулар жүйесінде олардың белсенді сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындату,  байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді.

«Сөз құрамы» тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі  практикалық  жұмыс  үстінде  аңғартылады,  содан  соң  ғана грамматикалық белгілі ұғымның анықтамасы түсіндіріледі.

Бұл  —  бақылау  әдісіне  негізделген  жекеден  жалпы  ұғымға-қорытындыға әкелетін жол, яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргізгендікке жатады. Ал, 5-7  сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігі дербес бақылаудан, типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ереже-анықтамаларды үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайды, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалардың абстракциялы ойлау қызметі өте нашар дамиды.

Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мағына-мәніне айрықша назар аударылады. Түбір ұғымы түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылату әдісімен түсіндіріледі, әртүрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден өрбіген сөздер бір-бірімен салыстырыла талдатылады. Содан кейін барлық түбірлес сөздердің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бөлімінде құрылымдық жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылардың түбірлес сөздер деп шатастыратынын ескерген жөн. Сөздер түбірлес болу үшін, ондай сөздердің барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына нанымды мысалдар келтіру керек. Мәселен, бір ғана «Тас» деген сөзді қосымшалар жалғап түрлендіру жолымен одан тараған түбірлес сөздердің бір тобы — зат есім, еікінші тобы — сын есім, үшінші тобы — етістік сөздердің негіз алғанын танытуға болады.

Үлгі: Тас – зат есім. Тасты жер – сын есім. Тасты жерді тазала. Шөптердің арасы тасты – етістік.

«Қосымша» деген ұғым екі сатыда түсіндіріледі, әуелі сөзге жалғанып, оны жалпы түрлендіретін сөз бөлшектері қосымша деп аталатыны тұрасында кіріспе іспетті ұғым білдіреді. Бұл тұста қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні жайлы сөз қозғалмайды.

Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетін және сөздің тек формасын түрлендіретін екі түрі болатыны түсіндіріледі. Бұл да жаттығу жолымен меңгеріледі. Ол үшін бір түбірге әр түрлі септік жалғауы жалғанып мәтінге ендіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей тек сөз бен сөзді байланыстырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал, жұрнақты таныстырғанда, бір түбірге әр алуан жұрнақ жалғап әлгі сөздің мағынасы түрліше болып өзгергені байқалады.

Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін бөлшегі деген қорытынды шығарылады. Сонымен сөздің негізгі бөлімі — түбір, жаңа сөз тудыратын бөлімі — жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі — жалғау деген түйін жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің еселеп те жалғана беретіні мысалдар арқылы көрсетіледі.

Қосымшаларды таныстырғанда, мына таблицаны пайдалануға болады. Оның бірінші бөлімі бір сөзге әртүрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып
тұратыны байқатылады. Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны талданып, таныстырылады.
Шопан жайлау — ды көрді
        »                           — ға шықты

»                          — да болды

»                          — дан қайтты

Қортынды сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз.

7-ші сыныпта өтілетін сөз құрам тақырыбы бойынша үйретілетін білім мазмұны мынадай: түбір сөз, яғни негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір түбірге қосымшаның жуан не жіңішке болып жалғанатын емлесі, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі.

Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушыларға таныс заттың атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі.

Ал, қосымшалардан оқушылардың тез түсінуге қолайлысы — көптік жалғаулар.

«Гүл, күн» дегенімізде бір гүл, бір күн деген ұғымды түсінеміз. Оларға «дер» қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдің де, күннің де саны әлденешеу, көп деген мағына пайда болады. «Енді осындай сөз мағынасына көптік мән беретін қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап, қандай өзгеріс пайда болғанын байқаңдаршы» — деп, мұғалім балаларға өздік жұмысын орындату тәсілін қолданады. Сонда оқушылар жете таныс «кітап, дәптер, қалам» сияқты сөздерге көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалын байытуға өз үлестерін қосады.

Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырыла бастайды. Одан әрі қарай қосымшалардың түр-түрі кездесетін сөзде арқылы қосымшалы сөз жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөзді түрлендіретіні және сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға қызмет ететіні бірте-бірте танытылады. Сонымен, бұл тақырыптан оқушылар сөздің өзгермейтін бөлігін негізгі түбір (түбір сөз), сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша деп атайтынымыз жөнінде екі ереже үйренеді. Жаттығу тапсырмаларын орындатқанда, түбір сөзді қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру немесе берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері орындалады. Осы жұмыстарға байланысты түбір мен қосымшаға байланысты емле мәселесі де ескеріліп, үйретіледі. Демек түбірдегі дауыстылардың жуан не жіңішке дыбыс болуларына қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғанатыны, ал, түбірдің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына сәйкес қосымшалардың алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп жалғанатынына мысалдар арқылы бақылатып, жаздырылып түсіндіріледі. Мысалы, ән, оқу, аң, сөздеріне — шы, -ші қосымшаларының, біл, айт, жаз сөздеріне — қыш, ғыш, гіш қосымшаларының лайықтысын жалғау -жөнінде тапсырма беріледі.

«Жұрнақ пен жалғау» параграфында берілген жаттығуларды орындата отырып, оқушыларды қосымшасыз сөз, қосымшалы сөз деген ұғымнан нақты білімге қарай жетелеп, сол қосымшаның мағыналарын байқату жолымен жұрнақ, жалғау деген ұғымға әкелеміз, әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол үшін түбір мен жұрнақты сөздің мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та байқатуға болады. Мүнда алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс. Мысалы, су — сушы, сулы, сусыз, судай… бұл ұғымға оқушылар түсінген кезде, сөз мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже беріледі. Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі. Бұл арада бір сөзге бірде жұрнақ, бірде жалғау жалғап салыстырады. Сөйтіп жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей, сөйлемдегі сөзбен — сөзді байланыстыратын қосымша екеніне оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң түбір сөз бен оған жұрнақ жалғанған сөзді қатар алып, екеуінде де мағына бар екені, бірақ өзге мағына екендігі байқатылады, малшы, етік -етікші, балық- балықшы… осыдан кейін түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз, деген ереже беріледі.

Тапсырмалар орындалып, сөздің түбірі, қосымшалары, қосымшаның жұрнақ не жалғау екендігі талдатылады. Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да бірінің үстіне бірі жалғана беретіні аңғартылады және түбірге жұрнақ бұрын, жалғау одан соң жалғанатыны мысал келтіру, талдау жолымен түсіндіріледі. Бұл мәселерді таныту кезінде де орфографиялық ережелерге көңіл бөлініп отырады. Кесте пайдаланылса сабақты тартымды етеді, оқушылардың түсінік алуы жеңілдейді.

7-сыныпта оқу жылы басында сөз құрамы тақырыбынан 5-сыныпта оқытылған түбір мен қосымша қайталанады. Оқушыларға сөздің түбірін танытуға ерекше көңіл бөлінеді, қиыншылық жалғауы жасырын тұрған сөздерді және туынды сөздерді негізгі түбірден ажырата алмай шатастырады. Оқушыларға түбірді толық танытқанда туынды сөздердің мағыналары қанша түрленсе де, олардың бастапқы түбірі өзгермей, сол тұлғасын сақтап тұрғаны түсіндіріледі. Мысалы: үй — үйшік, үйден, үйші, үйлі, үйсіз.

Жаз — жазу, жазғыш, жазушы.

Біл — білім, білгіш, білу, білдір.

Сөйтіп, осындай түбірлес сөздердің мағына, тұлғасын салыстыра келіп, олардың бәрі ортақ бір түбірден тарап тұрғаны танытылады.

Одан әрі сөз құрамында түбір, жұрнақ, жалғау деген бөлімдері болатыны еске түсіріледі. Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздердің мағыналары салыстырылып, жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып тұратыны ойдан сөз жасау, сөйлем құрау, сөз тұлғасын талдау, тәсілдерімен бекітіледі.

Мәтіннен тіркесіп тұрған сөздер тапсырылады. Сөзге тиісті жұрнақ не жалғау жалғатқанда, олардың жазылу емлесіне де оқушылардың зейіні аударылады. Түбірдің жуан, жіңішкелігіне немесе соңғы дыбысына қалай үндесіп, бір түрлі қосымшаның бірнеше формада келетіні ескертіледі. Берілген граматикалық анықтама, түсініктер, мысалдар келтіру жолымен бекітіледі.

5-7 сыныпта сөз құрамынан өтілетін негізгі программалық тақырыптары: біріккен сөздер, қос сөздер және қысқарған сөздер.

Бағдарлама біріккен сөздердің жасалуы, оның жиірек кездесетін түрлері
және біріккен сөздердің жазылуы жөнінде практикалық дағды бойынша білім
беруді талап етеді. Ал, оқулықта «Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз» дейміз. Олар бірігіп жазылады, — деген анықтама айтылады да, «аққу, күнбағыс» сөздері мысалға беріледі. Бұл өздердің тиісінше «ақ» және «қу», «күн» және «бағыс» деген екі — екі сөзден бірігіп жасалғанын айтып түсіндіріп, жазып көрсету арқылы үйретіледі. Бірақ әрбір екі сөзден бірігіп үшінші жаңа мағыналы сөз пайда болғанын таныту міндеті көзделмейді.
Өйткені біздің орфографиямызда біріккен сөздер сөздің өзіне тән айырым
белгісі элі егжей-тегжейлі дэлелденіп біте алай келеді. 6-сынып оқушыларына «екі түрлі мағыналы сөз бірігіп, үшінші бір жаңа мағыналы сөз
пайда болады» деген ереже берілсе, онда мүмкіндігі шектеулі балалар кез
келген екі сөз тіркесіп келгеи жағдайда оларды біріккен сөзге есеп етіп қосып
жаза беріп, қате түсінікке үрынады. Ал, ең бастапқы түсінік дұрыс, айқын болуы тиіс. Өйтпесе оқушының не қате, те жаңсақ үққан түсінігін қайталап
жөндеп алу өте қиынға түседі. Сол себепті мүкіндігі шектеулі балаларды жаңсақтыққа кезіктірмей, оларға біріккен сөзден мазмұны жоқ, танымал мысал көрсету, жаздыру жолымен есте сақтау арқылы түсінік беріледі. Ол үшін бақылау әдісі қолданылып, мысалға келтірілген біріккен сөздің қандай-қандай сөздерден екені талданып көрсетіледі. Одан әрі мәтіннен біріккен сөздерді өздеріне таптыру тәсілі қолданылады. Немесе біріккен сөздер жасату тапсырмалары орындатылады.

5-сыныптан бастап берілетін білім көлемі, негізінде оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту қағидасын үстанады. Онда да сөздің ішкі мәніне теориялық жағынан үңілмей, тек сырт көрінісін танып, қалай жазылатынын есте сақтауды талап етеді.

Біріккен сөздерді оқытқанда, ерекше көңіл бөлінетін мәселе — олардың жазылу емлесі. Біріккен сөздердің жазылу емлесі бойынша бұл сыныпта төмендегі төрт жағдай ескеріледі.

Біріншіден, жалпы біріккен сөздердің құрамына енген сөздердің қосылып жазылатындығы. Ол барша практикалық жұмысқа байланысты үздіксіз орындалып отырады.

Екіншіден, кейбір бірігіп жасалатын екі сөз аралығындағы «к», «қ» дыбыстарының «г», «ғ» дыбыстарына айналып айтылатыны, бірақ жазғанда, түбірдегі бұрынғы қалпы сақталып «к», «қ» дыбыстарының жазылатыны -«көкжиек», «қарақұс» тәрізді сөздердің «көгжиек», «қарағұс» болып айтылуын байқату, жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі.

Үшіншіден, біріккен сөз ішінде дауысты дыбыс қатар келгенде, бір дауысты дыбыс арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың да қатар жазылатыны меңгертіледі. Бұл да көз қанықтыру, жазып дағдыландыру әдістерімен үйретіледі. Мысалы, «Сарөзен», «Қарарна» болып айтылып, солай естілетін жер — су атауларының екі түбірі де әуелгі қалпын сақтап «Сарыөзен», «Қараарна» түрінде екі дауысты арқылы жазылады. Ескерілетін бір жайт — осы тақылеттес құрылымы бар кісі аттары бір дауысты дыбысын түсіріп, естілуінше жазылатынын тағы да тіл деректермен таныту мәселесі. Ондай кісі аттарын оқушылардың сөдік дәптерлеріне жаздырған жөн.

Төртіншіден, бірқатар бөлек жазылатын тіркес сөздердің емлесін оқушылардың есінде қалдыру үшін, тапсырма орындалады.

Ал, өзара байланысты айтылатын сөз тіркестерінің жазылуы жөнінде ереже берілмейді. Мысалы, «жан қалта, сағат қалта, сары май, тоң май, сары мия, есек мия» сияқты сөздердің жазылуы көрсетіліп, жаздырып түсінік беріледі. Жазылуын есте сақтау арқылы меңгертілетін бірге не бөлек жазылатын сөздерді көрнекі құралға ендіріп пайдаланса, сабақтың сапасы арта түседі.

Балалар кітап оқығанда не сөйлегенде біріккен сөздерді сол өзгеріске түскен қалпында айтып дағдыланады. Сөйтіп балалар мәтінде жазылуынша теріс оқымай, дыбысталып айтылуын дұрыс келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтанады.

Бағдарламада белгіленген біріккен сөздердің жазылу емлесі төмендегідей мәселерді қамтиды: жалпы біріккен сөздердің қосылып, ал, кісі және жер-су атауларының бас әріппен жазылатыны, біріккен сөздер сыңарларының арасында екі дауысты дыбыс қатар келгенде екі түрлі жазылатыны (егер жер-су атаулары болса, екі дауысты дыбыс әріптерінің сақталып, ал, егер кісі аты болса, біреуінің түсірілетіні, яғни естілуі бойынша бір дауысты әріппен жазылатыны) меңгертіледі. Бұл ережелердің ішінде кісі аты және жер-су аттарының бас әріппен жазылатындығы 5-сынып оқушыларына тың мәселе емес. Балаларға бұл ереже 2-сыныптан-ақ таныс.

Сондықтан ол тек жаттығу жұмысы үстінде қайталау есебінде ескеи түсіріледі. Сонда 5-7 сыныптар үшін жаңа білім біріккен сөз туралы ұғымды, оның бірге жазылатынын, екі сөз аралығында көрші келген дауысты дыбыстарды сөйлеуде бір дыбыс арқылы айтылатынын, ал, бұларды жазғанда, жер-су атауларында бастапқы түбірлері сақталып, морфологиялық қағидамен жазылатынын, кісі атының фонетикалық қағида бойынша бір дауыстымен жазылатындығын меңгерту ғана болып саналады.

Мұғалім оқушыларға тіркес сөздерді біріккен сөздерден ажырата білуді, олардың бөлек жазылатын емлесін практикалық әдісін қолданып меңгертеді. Алайда бұлар, балалар, бұл емледен оқулықтағы он тіркес сөздің жазылуын көріп, көшіріп алумен ғана толық түсінік алып үлгермейді. Сондықтан мұғалім сабаққа арнап біріккен сөздер мен тіркес сөздердің өзгеше жазылатын емлесін беру керек, салыстырмалы кесте жасау керек. Кестеде тіркес сөздерді жаңғыртып оқулық материалын толықтырады. Сонымен қатар тек қана тіркес сөздердің мысалын арттырып қоймай, онымен салыстыратын біріккен сөздер де окулықта берілгендермен сөзбе-сөз болуға тиіс.

Сабақ материалын жаңа біріккен сөздермен толықтыру жұмысына окушылар да біраз үлес қосады. Оқушыларға таныс бірнеше сөз беріледі де, солардың жаңа мағына беретіндей етіп екі-екі сөзді біріктіру тапсырмасы орындатылады. Немесе оқушыларға бірнеше жеке сөздер беріледі. Сол сөздердің әрқайсысына біріккен сөз құрайтын жаңа сөз қосып, белгілі бір тақырыпта шағын шығарма жазу тапсырылады. Көптеген жаттығу жұмыстарын орындау кезінде, сөз жоқ, бағдарлама белгілеген ережеге сәйкес әлденеше жаңа біріккен сөздер туындап, сабақ материалы кеңейе түседі.

«Қос сөздер» тақырыбын өткенде 7-сынып оқушылары қос сөздің үш түрлі жасалу жолымен: бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейтпе буын арқылы бөлек жазылатын елесі үйретіледі. Қос сөздердің бір сөз сияқты бір түйден екпіннен тұтас оқылатыны, айтылатынын байқату, бақылату, жаттықтыру әдістерімен меңгеріледі.

Мұғалімдер іс жүзінде солай істеп те жүр. Олар сабақ материалын өздері байытады. Жасаған көрнекі құралдарында, карточкаларында, талдауға алған мысалдарында қос сөздердің оқулықта келтірілгендеріне талайын қосып пайдаланады. Қос сөздердің семантикалық, лексикалық мәндерін ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын арттырады, логикалық ойлауы мен дүниетанымын жетілдіреді.

7-сыныпта оқылатын қысқарған сөздер тақырыбы жаңартылған немесе жетілдірілген бағдарлама бойынша 2002 жылдан бері өтілетін болды. Бағдарлама сөздің бірінші әріптерінен бірінші сөздің басқа буындарынан жасалатын түрлерін тануды және олардың жазылу емлесін үйретуді талап етеді.

Қысқарған сөздерді өткенде, әдістемелік жағынан ескерілетін кейбір мәселелері мыналар.

Біріншіден, оқушыларға сөзді қысқартып қолданудың артықшылығын аңғарту керек. Ол үшін сөзді толық жазуға оны оқуға көп уақыт кететіні қысқарған сөзді жазудың, оқудың жеңілдігімен салыстырылады.

Екіншіден, қысқарған сөздердің бас әріптерден жасалатын түрлерін (ССРО, БЛКЖО) әріп аттарымен айтып, оқытып жаттықтыру арқылы практикалық дағды беріледі.

Үшіншіден, бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сөздің бірінші әріптерінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіру үшін жаттығу жұмыстары орындатылады, мүндай сөздер оқушылардың сөздіктеріне жаздырылады, әрі жаттаттылады.

Төртіншіден, қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін олардың толық түрін айтқызып, жазғызып білім бекіту жұмысы іске асырылады. Толық сөздерден қысқарған сөздер жасатып дағдыландырған дұрыс.

 

СӨЗ. СӨЗ ҚҰРАМЫ.

 

Оқушылар бұл тақырыпты оқып-үйрену барысында сөздердің қалай жазылатыны туралы аздап қана теориялық білім алып шығады. Балалардың жай ғана, дұрыс жазуға үйренуі, жазу дағдысын қалыптастыруға себеп болады.

Сөз құрамын оқыту негізінде балалардың дауыссыз, дауысты дыбыстарды, түбір, тағы басқаларды дұрыс жазу дағдылары қалыптасады.

Сөз құрамын оқытуға арналған тақырыптар 5-7 сыныптар бағдарламасында оқу уақытының 75 сағатын алады.

Әрбір сыныпта өткен жылда өтілген материал қайталанып, тек аз ғана жаңа білім көлемі қосылады. Мысалға, 7 сыныпта — «Күрделі сөздерді жай жазу» болса, 5 сыныпта осы тақырып кішкене ғана өзгертіліп,  күрделеніп беріледі.

Көмекші мектепте қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша, «Сөз құрамы» 5-сыныптан басталады.

5-сыныпта «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша: түбір және қосымша. Бұл екеуінің бір бірінен айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінуі. Әрқайсысының өзіндік белгілері. Жұрнақ, жаңа сөз жасайтыны, оның түрлері. Жалғау, жұрнақтар арқылы сөздерді өзгертуге жаттықтыру.

Жұрнақ, жалғаулардың жазылуы. Қосымшалардың емлесі. Дауыссыз, дауысты дыбыстардың түбір сөздерде жазылуы.

Осы жерде айта кететін нәрсе, 5сыныпта: түбір, қосымшамен бірге түбірлес сөзді де өту керек. Сонда-ғана бала түбір мен түбірлес сөзді салыстыра отырып, олардың айырмашылығын түсінеді.

5-сыныпта,   жоғарыда айтылғандарды, яғни, түбір және түбірлес сөздер, қосымшалар емлесі. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермеуі, қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғасуы, тақырыптарын қайталап, жаңа тақырып, күрделі сөз туралы түсінік беру. Біріккен сөз. Біріккен сөздің жиі кездесетін түрлері. Мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу. Кісі аттарын білдіретін біріккен сөздер және олардың емлесі. Жер-су және үй жануарларының аттарын білдіретін біріккен сөздер, олардың емлесі.

8-сыныпта: Түбір сөз. Қосымша, жалғау, жұрнақ. Туынды сөз. Туынды сөз жасайтын жұрнақтар. Түбір сөз бен туынды сөзді салыстыру, олардың айырмашылығы тақырыптарын қайталап, жаңа қос сөздер туралы жалпы түсінік, анықтамасы, емлесі. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздер, олардың емлесі. Әр түрлі сөздерден жасалған қос сөздер, олардың емлесі.

7-сыныпта, қайталауға: Түбірлес сөздер. Әр түрлі сөз таптарына жататын түбірлес сөздер, оларды құрамына қарай талдау. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанған қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып өзгеруі.

Ал, жаңа тақырып етіп: Қысқарған сөздер туралы жалпы түсінік. Сөздердің бірінші әріптерінен қысқарған сөздер. Олардың емлесі. Алдыңғы сөздің басқы буынымен келесі сөздердің бірінші әріптерін сақтап қысқарған сөздер. Бұлардың емлесі. Мәтіннен қысқарған сөздерді тапқызу тақырыптарын өту керек.

9-сыныпта: Сөз құрамын талдау. Қосымшалардың емлесі. Қосымша жалғанғанда, сөздегі соңғы буынның үндесіп жалғануы, кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы.

Күрделі сөздерді: біріккен сөздер, қысқарған сөздер, қос сөздерді қайталау керек.

«Сөз құрамын» оқыту үрдісінде, оқушылар сөз бөліктері жайлы түсініктерге ие болып, сөз қоры молаяды және байланыстырып сөйлеуі дамиды.

Жалпылау- талқылау жұмыстарын өткізу әдеттері қалыптасып, қазақ орфографиясының морфологиялық қағидасын тәжірибелі ұғынады.

Көмекші мектептерде «Сөз құрамын» тәжірибелік оқыту төмендегідей жүйеде жүргізіледі. Тәжірибелік жаттығулар жасау арқылы керекті белгі түсініктерін үғыну, белгілі бір түсініктермен танысу, терминдер енгізу, түсініктерді бекіту.

Мұғалім бұл тақырып бойынша сабаққа даярланғанда, алдымен жаттығуларды орындаудың жүйелі жолымен оқушыларға «түбір», «жұрнақ», «қосымша» түсініктерін ұғындырып, осы жай теориялық білімдерін, орфографиялық дағдыларын қалыптастыруда пайдалану керек.

Сөз. Көмекші мектептің 2-4 сыныптарда тәжірибелік жаттыгуларды орындау барысында әр түрлі сөздерді (заттың атын, қимылын, түсін, тағы басқаны білдіретін) өтеді. 5-сыныптан бастап грамматика мен емленің негіздері жүйелі түрде оқытыла бастайды. Өтілетін негізгі тақырыптар-«Сөз құрамы».

Сөз құрамы. Сөз құрамын, сөздің жаңа мағына беретін  бөлшектерін (жалғау, жұрнақ) оқыту. Оқушылардың белсенді және енжар сөздік қорын байытуға  бағытталған жаттығулар орфографиялық нормаларын  меңгерту жұмыстарымен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс. Осы кезеңде айтылуы ұқсас сөздерді де оқытады.

«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша оқушылардың білім және әдет-дағдыларының көлемі төмендегі сызбада көрсетілген.

«Сөз құрамы» тақырыбын оқыту.

Сынып

Жылдағы сағат саны

Жұмыс мазмұны

5

35

Түбір және түбірлес сөздер. Қосымша, жұрнақ. Жұрнақтар көмегімен сөздер құрауға жаттығулар.

6

15

Түбірлес сөздер. Түбір, жұрнақ және қосымша. Жұрнақтар арқылы сөз құрау.

7

15

Түбір, жұрнақ, қосымша. Күрделі сөздер. Күрделі сөздерді жазудағы қарапайым ережелер.

8

15

Түбірлес сөздер: әртүрлі сөз бөліктеріне жататын түбірлес сөздерді таңдау, құрамы бойынша талдау.

9

5

Сөз құрамын талдау. Күрделі сөздер. Күрделі сөздердің құрылысы. Күрделі біріккен сөздер. Қысқарған сөздер.

 

«Сөз құрамы» такырыбы бойынша білім және дағдылар көлемі.

 

 

 

 

 

Тақырып

Сынып

Білім

Дағды

Түбір және

түбірлес сөздер

5-7

Түбір — туыстық

сөздердің жалпы

бөлігі. Туыстық сөздер

— мазмұны бойынша

жақын, жалпы бөлігі

бар сөздер. Туыстық

сөздерді түбірлес деп

те атайды.

Қиыншылықтар. Сөз

түбірін табу. Түбірлес

сөздерді құрау. Түбірді

анықтау, оның не үшін

түбір екенін дәлелдеу.

Түбірлес сөздерді

салыстыру және сөз

түбірін анықтау. Түбірлес сгодердің анықтамасы. Бір түбірден туған сөздерді таныту.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

5-7

Қосымша сөздің

өзгеріп түратын бөлігі.

Қосымша бір сөзді

екінші сөзбен

байланыстыру

қызметін атқарады.

Сөздерді өзгерту және

қосымшаны табу.

Сөйлемде сөздерді

байланыстыру. Сұраққа

байланысты сөз

қосымшасын өзгерту. Түбір және қосымша айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінуі. Қосымшалардың емлесі.

Қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермеуі,

қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғасуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұрнақ

5-7

Жұрнақ — сөз бөлігі,

түбірден кейін,

қосымша алдынан

келеді. Сөзге жаңа

мағына береді.

Жұрнақтар көмегімен жаңа сөздер құралады.

Сөзде жұрнақты табу.

Сөзге жұрнақтың қандай

маңызы барлығын

анықтау. Жұрнақ

көмегімен сөз құрау.

Жұрнақ пен жалғаудың өзіндік белгілері. Жұрнақ, жаңа сөз жасайтыны, оның түрлері. Жалғаудың сөз бен сөзді

байланыстыратыны. Жалғау, жұрнақтар арқылы сөздерді өзгертуге жаттықтыру. Жұрнақ, жалғаудың жазылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөз түбірінде

қатаң және ұяң

дауыссыздардың

дұрыс жазылуы.

5-9

Қатаң және ұяң дауыссыздардың дұрыс жазылуын тексеру үшін, тексеру сөзін дұрыс таңдау керек.

Қатаң және ұяң дауыссыздарды анықтау. Тексеру сөзін таңдау. Түбірінде қатаң және үяң дауыссыздар бар сөздерді дұрыс жазу. Дауыссыз, дауысты дыбыстардың түбір сөздерде жазылуы.

Күрделі сөздер

7-9

  Түбір сөздердің қосылуынан пайда болған сөздер, күрделі сөздер деп аталады.

Берілген түбірлерден күрделі сөз құрау. Түбірді табу. Күрделі сөз екенін түсіндіру. Біріккен сөздердің жиі кездесетін түрлері. Мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу. Кісі аттарын білдіретін біріккен сөздер және олардың емлесі. Жер-су және үй жануарларының атын білдіретін біріккен сөздер, олардың емлесі.

Күрделі сөздерді жазудағы қарапайым ерекшеліктер

7-9

 

 

Күрделі

қысқарған

сөздер

9

Бірнеше сөздерден тұратын атаулар қысқартылып айтылады. Бұларды қысқарған сөздер дейді. М:

педагогикалық кеңес -педкеңес. Қысқарған сөздер бірінші сөз бөлігі мен екінші сөзді тұтас қосқаннан жасаланады. М: медколледж, облмәслихат, ұжымшар. Сондай-ақ қысқарған сөздер, сөздердің бас әріптерінен немесе бірінші буындарынан құралады. М: АҚШ, ТМД, АлМУ.

Қысқартылған сөздерді айту. Қысқарған сөздерді құрау. Сөз тіркестерін қысқарған сөздерен ауыстыру. Қысқарған сөздерді құрамына қарай талдау. Қысқарған сөздерді толық түрінде жазу, айту.

 

 

Грамматикалық жаттығуларды орындау үрдісі бойынша, 4 сыныпта оқушылар туыстық сөздермен танысады, олардың қасиеттерін біліп, түбір сөзді бөліп алуға үйренеді: бұл алғашқы білім яғни сөз құрамын меңгерудегі өзек болып табылады.

Түбір. Түбірлес сөздерді өткенде бұл тақырыпта мұғалім, ең алдымен, оқушыларға түбірлес сөздердің өзара мағыналық байланысын түсіндіруге зейін аудару керек.

Кейіннен  туыстық  сөздерді  бөліп,  «түбір»,  «түбірлес  сөздер» түсініктерін ұғындыру.

Бұл жұмыс әдістемесі төмендегідей:

1.Түбірлес сөздерден сөйлемдер берілді.

  • Ойыншы ойын көрсетті.
  • Балаларға ойыншық сатып алдым.
  • Ойыншықты ойна.

Оқушылар мағынасына қарай, жақын сөздерді айтады, бір баған етіп жазады.

Ойыншы

Ойын

Ойыншық

Ойна

  1. Мұғалім осы сөздердің ортақ бөлігі, түбірді белгілеуге тапсырма береді (түбірдің графикалық белгісін еске түсіру.)
  2. Оқушылар сұраққа жауап береді: Түбір деген не?

(Мағынасы жақын сөздердің ортақ бөлігі).

4.Оқулықтағы қорытындыны оқу: «Туыстық сөздердің ортақ бөлігі түбір
деп аталады». Бұл жерде, туыстық сөздер — бұл, мағынасы жақын, сондай-ақ түбірлес сөздер деп те аталады.

«Түбірлес», «туыстық», «түбір» деген терминдерді терең түсіндіру үшін, олардың лексикалық мағынасын айқындау қажет: «түбірлес» — «бір түбір», «туыстық» — «жақын», «түбір» — ортақ бөлік, сөз түбірсіз болмайды. Бекіту үшін, сөз түбірін табуға жаттығулар орындалады.

Оқушылардың ойлау әрекетін басқара отырып, мұғалім өз түбірін табуға жоспар (алгоритм) ұсынуға болады.

Сөз түбірін табу үшін:

1.     Туыстық сөздерді таңдап алыңдар (2-3).

2.     Бұл сөздерді мағынасы және құрылымы бойынша салыстыр.

3.     Түбірді айырып ал, белгіле.

4.     Неге осы бөліктің түбір екенін түсіндір (суат, сушы,  сусын).

 

Мұндай жүргізілген жұмыс, оқушылардың ақырындап сөз түбірін анықтауын қалыптастырады.

«Сөз құрамы» тақырыбына үлгі ретінде сабақ үзінділерінен ұсынамыз. 5 сынып.

Тақырыбы: Түбірлес сөздер.

Мақсаты:  Туыстық  сөздер  туралы  түсініктерін  тереңдету,  «түбірлес» түсінігін ұғындыру.

Көрнекіліктер: «Туыстық сөздер» сызба, «Күз», «Бақтағы, егістіктегі күздік жұмыстар» тақырыбына суреттер, түбірдің графикалық бейнесі бар топтама.

Сабақ жоспары.

1.Тақырып бойынша негізгі жұмысқа даярлық, үй тапсырмасын тексеруден
басталады.

-«Біл» сөзін қалай жаздық?

-«Біл» сөзіне магынасына қарай жақын сөздерді атаңдар, жазыңдар /2-3/ туыстық сөздер (біл, білім, білгіш, білгір) т.б.

2.Туыстық сөздермен сөз тіркестерін таңдау. Олармен сөйлем құрастыру.

Су, сусын, сулық, сулы жер, сусынды ал, сушы жері;

Туыстық сөздердің лексикалық мағынасы анықталған кейін, олардың ортақ бөлігі айқындалып, графикалық белгісімен белгіленеді. Қорыту жасаланады: «Туыстық сөздер — бұл, мағынасына қарай жақын сөздер. Туыстық сөздердің ортақ бөлігі түбір деп аталады. Туыстық сөздерді түбірлес сөздер деп атасақ та болады».

3.Түбірлес сөздерді табуға, түбірді анықтауға берілген жаттығулар.

А) Берілген сөз тіркестері мен суретке қарап сөйлем құрау (сурет бойынша әңгіме құрастыруға даярлық).

Ә) Түбірлес сөздерді жазу, түбірді белгілеу.

Жапырақтар сарғайды.

Сарғалдақ ашылды.

Ортаның бәрі сарғыш. —  Түбірлес сөздер, қандай түбір сөзден құралған? (Сары).

4.Оқулықпен жұмыс. Түбірді табуға жаттығулар орындау. Ережелермен
жұмыс.

Түбір — сөздің өзгермейтін бөлігі. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалады. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Қосымша тапсырма: «Ереже жазылған жерді оқулықтан тап, дауыстап оқы».

5.Үй тапсырмасы.

Үйге  берілген  жаттығу  тасырмасын  оқушылар  өздігінен  оқиды, мұғалім  сұрақтарына  жауап  береді,  ережелерді  қайталайды.  Бұл жұмыстардың бәрі үй тапсырмасын дұрыс түсініп, орындауына негіз болады.

5-7 сыныптарда мұғалім бұл тақырып бойынша сабақ жоспарын, оқушылардың 5 сыныпта алған білімдерін пысықтап, тереңдете отырып құрайды. Ол үшін, берілген сыныпқа қандай морфологиялық тақырыптың негіз болатынын ескеру керек. Себебі 5- сыныпта бұл тақырыпқа және оқушылардың белсенді сөздігіне сын есім енгізіледі. 5-7 сыныптарда — етістік, 9- сыныпта сан есім және үстеу.

5-7 сыныпта бұл тақырып бойынша мынандай жаттығулар беріледі.

1) Зат есім, етістіктерге түбірлес сын есімді таңдап алып, сөз тіркесін құрау.

Кейін сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып жазу.

Мысалы: Сүт — сүттей, сүттей ақ. Алғаш түскен қар сүттей ак еді.

Оқы — оқу, кітап оқу, кітап окып отыр. Арман кітап оқып отыр.

 

  • Түбірлес сөздерді сөз таптарының бір мезгілде қайталануы арқылы жасау. Мысалы: Берілген түбірден түбірлес зат есім, етістік, есімдік… жасау. Жыр -жыршы, жырлар, жырды.
  • Түбірлес сөздер тобынан тексеру сөзін табу, таңдау. Бұл сөздің қандай сөз табына жататынын анықтау.

Биші, билік, биік, биге. Ескек, ескіш, ескер, есті.

4) Сөздің лексикалық мағынасын түсіндіру. Сөздер тобынан «артық» сөзді
табу, неге «артық» екенін түсіндіру.

Ілгіш, ілмек, ілгері, ілу, іле. Талапты, талапкер, талаппен, талапқор, талды. «Артық» сөздерден сөйлем құрау.

5)  Берілген зат есім мен сын есімнен түбірлес етістік жасау. Түбірлес сөздердің қалай жасалғанын түсіндіру.

Күрек — күре, күреді. Сары — сарғайды,

6)  Етістікті сөз тіркесімен ауыстыру. Сөз тіркесінен берілген етістікке түбірлес сөзді табу. Сөз тіркесімен сөйлем құрау.

Тап — табу, шешуін табу. Қорқу — иттен қорқу. Жазды — дәптерге жазу. Осылайша, балалар бұл тақырып бойынша білім мен дағдыларды меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша.

Сөз құрамын толық түсіну үшін қосымшамен жұмыс жасау керек, сондай-ақ септік, жіктік, тәуелдік жалғауларды ұғындыру жұмыстары енгізіледі.

Сондықтан, мұғалім бұл түсініктерді оқушыларға таныстырғанда, ең алдымен сөздегі қосымшаның орнын сұрақ қойылғанда сөйлемдегі сөз жалғауының өзгеруіне олар зейінін аудару керек.

Мұндай қорытындыға оқушылар мынандай жұмыстар арқылы келеді:

1.Мұғалім, бір сөз эртүрлі қосымшалар арқылы беріліп, қайталанатын мәтін
береді. Мысалға:

Жаңылтпаш.

Шежіреші кісі шежіре айтты ішіндегі шежіресін шешіле айтты.

  1. Оқушылар қайталанып келетін, сөз астын сызады (шежіреші, шежіре, шежіресін),
  2. Мұғалім сөздің өзгеретін бөлігіне көңіл аударып, «қосымша» терминін айтады, оның шартты белгісін көрсетеді.
  3. Осы жұмыс негізінде оқушылар қосымша сөздің өзгеріп тұратын бөлігі екенін ұғынады.
  4. Асты сызылған сөздерге сұрақ койылып, қосымшалар бөлініп жазылады, зейіні сұраққа байланысты қосымшаның өзгеруіне аударылады.

(кім?) шежіреші

(не?) шежіре

(несін?)шежіресін.

Алғаш тақырыпты ұғынуға берілген тәжірибелік тапсырмалар төмендегідей түсініктерді алуға бағытталуы керек.

Қосымша деген не? (сөз бөлігі)

Қандай бөлігі (өзгеріп тұратын)

Сөйлемдегі қызметі не? (сөздерді бір-бірімен байланыстырады).

Зат есім, есімдік, етістіктердің септік жалғауларын дұрыс жалғауды үйрету де, «Қосымша» тақырыбында оқушылар алган білімдері негіз болады. Тақырыпты сапалық ұғыну үшін, келесі жаттығулар орындалады.

  1. Сөздерден сөз бөліктерін анықтау: таудай, достық, түрі, құлыншақ.
  2. Сөздердің қосымшасын  табу:  тазалық,  суретті,  бірлік,  жеңіс қосымшаны тиісті белгімен белгілеу.
  3. Сөзді толықтырып жаз, сөздің қай бөлігін жазғаныңцы түсіндір: қаз…, есік…, көк…, ай… .

4.Сөздерді көшіріп жаз: домбыра, домбыралар, домбырашы, домбыраға.
Сөздің қай бөлігі өзгергендігін түсіндір.

5.«Қорқақ» сөзінен сөз тіркестерін құрау: қорқынышты түн, үйрейленіп
қорқу, қорқақ қоян … т.б.

Сөздің қай бөлігінің өзгеретінін түсіндіру.

  1. Сөйлемдерді көшіріп  жазыңдар,  көп  нүктелер  орнына  сұрақтар қойыңдар.  Сұрақтың  қойылуына  байланысты сөздердің қосымшаларының өзгеруін байқау.

Біздің мектепте (не…?) кітапхана бар.

Әр сейсенбі біз (кай жерге…?) кітапханаға барамыз.

(кайда…?) Кітапханада көптеген қызықты кітаптар бар.

7.Сұрақтар көмегіен сөйлемдерді толықтыр. Қосымша неге байланысты
өзгереді.

Балалар (қайда?) барды. (Ол жерде?) Олар көп саңырауқұлақ жинады. (қайдан?) олар кеш қайтты.

«Қосымша тақырыбын оқып-үйренуде оқушылар тек сөзден қосымшаны бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды дұрыс, сауатты жазуды үйренеді. 5- сыныпта «Зат есімнің септік қосымшаларының дұрыс жазылуы» атты тақырыбынан кейін, оқушылар септік қосымшаларын айтып қана қоймай, олардың дурыс жазылуын түсіндіріп бере алады.

5 сыныпта, олар сын есімнің септік жалғауларымен танысады.

7 сыныпта, І-ІІ жақтағы етістіктің жалғауларының дұрыс жазылуын түсіндіре алатындай білімге ие болады.

 

Жұрнақ

Көмекші мектепте сөз құрамын оқып-үйретудегі ең қиын тақырып болып жұрнақ есептеледі.

Қиыншылықтар «жұрнақ» терминін игеруден басталады. Ақыл-ойы кеміс балаларға оның мағыналық маңызы түсініксіз, сондықтан «жұрнақ» сөзін олар тек қана есте сактап қалады.

Тәжірибелік жаттығулар жолымен мұғалім жұрнақтың сөздегі алатын орны мен маңызын көрсетеді.

Сөйлемдерден немесе сөз тіркестерінен оқушылар түбірлес сөздерді бөліп жазып алады.

Жұмыс

Жұмысшылар

Жұмысшыға

Оқушылар сөз түбірін тауып, қосымшаны белгілегеннен кейін, түбір мен қосымша ортасындағы сөз бөлігін көреді. Мұғалім, сөздің бұл бөлігін -жұрнақ деп аталып мынандай □ белгімен белгіленетінін, жұрнақ түбір мен қосымша отасында келетінін айтып түсіндіреді. Бұдан кейінгі жаттығуларды орындау барысында оқушылар, жұрнақтың сөзге жаңа мағына беріп, жаңа сөздерді құрауға қызмет ететінін түсінеді. Мысалы: үй — үйшік, көк — көкшіл, би — билік. Оқушылар үй, көк, би сөздерінен жұрнақтың көмегімен жаңа сөз құрастырады,  мұғалім  басшылығымен  туыстық  сөздердің  лексикалық мағынасын анықтайды.

Жұрнақ туралы түсініктерін тереңдету үшін төмендегідей жаттығулар ұсынылады:

  1. Жұрнақтар көмегімен жаңа сөздер құрау. — дау, — деу, -лау, -тау, -теу жұрнақтарының сөзге қандай мағына беретінін түсіндір.
  2. Мәтіннен эр түрлі жұрнақтары бар туыстық сөздерді табу.
  3. Берілген сөз  жэн  жұрнақтар  арқылы  жаңа  сөз  құрастыру. Құрастырылған сөз мағынасын түсіндір.
  4. Мына сөздерден жұрнақтарды табу. Осы жұрнақтармен басқа да сөздерді айту. Тәрбиеші, ерлік, көпшіл.
  5. Мамандық аттарын ата. Бұл сөздердің сөздің қай бөлігі арқылы жасалғанын түсіндіру.
  6. Берілген туыстық сөздер тобынан, төмендегі сызбаларға дұрыс болатын сөздерді табыңдар.

         ;              ;

  1. Мәтіннен сызбаға тура болатын сөздер табу.

         ;                     ;

  1. Төмендегі сызбаға сөздер ойлау.

        ;                    ;

«Сөз құрамы» түсінігін қалыптастыру жұмыстар аяғында, сөздің әрбір бөлігінің орнын және маңызын айтып, жұрнақ және жалғау, қосымшалар ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау керек. Бұл үшін эр түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды ұғынамыз:

  1. Түбірлес сөздерді іріп жазу.
  2. Сөз түбірін табу, өз таңцауын түсіндіру.
  3. Сөзден жұрнақгы тауып белгілеу, оның сөзге қандай маңызы бар екенін айту.
  4. Қосымшаны сөзден бөліп көрсету, неге сөздің бұл бөлігін қосымша деп атайтынын түсіндіру.
  5. — Түбірсіз сөз бола ма?
  • Жұрнақсыз ше?
  • Қосымшасыз?

сияқты сұрақтарға жауап беру, мысалдар арқылы дәлелдеу.

  1. Сөз бөліктерін қатарымен атау.
  2. Жұрнақтар көмегімен сөз құрау.

Сөз құрамының графикалық бейнелеуін ақырындап көрсету керек, яғни сөздің әр бөлігін өткенде, белгілермен белгілеу оқушыларға қиындықтар туғызады, сондай-ақ белгілі бір пайда келтіреді, жаттығуларды сан алуан етіп, бағытталған тақырыпты терең ұғынуға көмектеседі.

 

Сөз

Түбір

Жү_рнақ

Жалғау

Дос

Дос

Қыздар

Қыз

дар

Көпшіл

Көп

шіл

Өрмекшілер

Өрмек

ші

лер

Бұл кесте арқылы, сөздің түбірі әрқашан болып, ал қалған бөліктерінің болмауы да мүмкін екенін көруге болады.

Бұл тақырып бойынша оқушылардың білімін мұғалім, сабақтың әр кезендерінде, яғни бекіту, қайталау, 1-2 сөзді сөз құрамына талдау, қиын сөздермен жұмыс, қатемен жұмыс, т.б. бекітіліп — пысықталып отырады. Әрқашанда өткен материалмен ұштастыра өткізіледі.

 

Күрделі сөздер

7 сыныптан бастап, «Күрделі сөздер» тақырыбын оқыту басталады. Бұл тақырыпты меңгерту, сөз құрамы мен түбірді табуға қайталау негіз болады.

Мұғалім қарапайым тілдік материал арқылы, сөздің екі түбірі болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Мысалға, оқушыға сұрақтарға жауап беру ұсынылады: Қолөнер деген не? (қолдан жасалынған зат, нәрселер) т.б. Күрделі сөздерді талдау арқылы оқушылар, күрделі сөздердің екі түбірі бар екенін түсінеді.

Яғни, екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөздерді күрделі сөз деп айтамыз деп қорыту шығарады. Бұл қорыту, күрделі сөздердің әр түрліше құралатынын дәлелдейді.

Мысалға:

Итмүрын = ит + мұрын

Шаңсорғыш = шаң + сорғыш

Түйеқұс = түйе + құс

Шұбар-ала = шұбар + ала.

Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады: көкқұтан, қаражол.

Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты, ұяң, үнді дыбыстарына бітіп, кейінгі түбірдің басындағы қ,к дыбыстары ұяң болып айтылса, ғ,г әріптері жазылады, қатаң болып айтылса, қ,к әріптері жазылады: Амангелді, Ырыскелді, Ботагөз, Айғыз, Қаламқас.

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады: Сарыөзек, Қараой, Сарыбел.

Екі сөзден түратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады: Мырзахмет, Жұмаділ,Әбдахмет.

Балалар бұл ережелер бойынша, қолдануда көп болатын сөздерді талдау жасап, түбірді анықтайды, белгілі бір қорытындыға келеді.

Оқушылар 7 сыныпта, қысқарған сөздермен танысады (ҰҒА, ҚР, педкеңес).

Күрделі сөздерді дұрыс жазу, қолдану жүйелі жаттығулар арқылы бекітіледі. Мысалы:

1.Сөз тіркесін қолдана отырып, күрделі сөз құрау.
Сақалы ақ — ақсақал

Жиек көк — көкжиек

Сары шұнақ — саршұнақ

2.Көп  нүктелер  орнына,  тиісті  әріпті  қойып  жазу.  Таңдауының дұрыстығын түсіндіру.

Төре…елді, Нұр…ожа, Ырыс…елді, Аман…елді, т.б.

  1. Ауыл — , — аймақ; көл -,- бақа; Бота-,-көз; қырық-,-аяқ: мынау түбір сөздерден күрделі сөз құрау.
  2. Үлгіге қарап күрделі (қысқарган) сөз құрау.

Педагогикалық кенес — педкеңес.

  1. Сөздерді құрамына қарай талдау осы қағида бойынша жаңа сөздер жасау: АлМУ, ұжымшар, облмәслихат.
  2. Түсіндір мына сөздер қалай жасалған: БҰҰ, педколледж, драмтеатр.
  3. Берілген сөз тіркестеріне қарай, сын есім жасау. Олардың дұрыс жазылуын түсіндіру.

Еңбекті сүйетін адам — еңбексүйгіш. Кітапты қызығып оқушы -кітапқұмар.

  1. Берілген күрделі сөздерді қысқартып сөйлем құрап жаз. Ата қоныс, түйеқұс, жолдас-жора, т.б.

 

Сөз құрамы тақырыбына берілген сабақтар нұсқаулары, көмекші мектептердің жоғары сынып мұғалімдеріне, бірнеше сабақ түрлерін дайындап өткізуге көмектеседі.

Бұл тақырыптың өзектілігі — зиятында ауытқуы бар балаларды қазақ тілін оқытудағы кедергілерге себеп болуы. Бәрімізге белгілі, осы күнге дейін қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептердің жоғарғы сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдеріне арналған қазақ тілінен әдістемелік құралдар жазылмаған.

Сондықтан, Республикадағы барлық арнайы білім беретін ұйымдар, жалпы білім беретін мектептерге арналған оқыту-әдістемелік материалдарды қолдануға мәжбүр болып жүр. Бұның өзі, мұғалімдерге қазақ тілі сабағын жоспарлау мен өткізудегі түзету-педагогикалық жұмыстар барысында белгілі қиыншылықтарды туғызады.

Осы жағдайларды ескере отырып, біз қазақ тіліндегі көмекші мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған оқыту-әдістемелік құралды жазуды қолға алдық.

Енді бақылау эксперименттің тапсырмалары мен нәтижелеріне тоқталып өтейік.

1).Өзіндік жұмыс 5,7,9 сыныптарда кесте сәйкес жүргізілді. Кестеге сөздер беріліп, сол сөздерді сөз құрамына талдау жасалады. Жұмыс барысында 5,7,9 сынып оқушыларына сөз құрамы бойынша карточкалар таратылады. Бұл карточкаларда мына сөздер: (малшылар, дәріханада, көршіден, шеберханада, жапырақтарды) берілді. Тапсырманың мақсаты берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

5 сынып оқушыларында түбір бойынша (10 оқушы қате жіберген) 66,6% пайызды құрады.Түбірлес сөздер бойынша (12 оқушы) 80% пайызды құрады. Қосымша бойынша 5 сыныпта қателер 60% құрады.

Ал, 7 сыныпта кестедегі сөздерге қосымша үш сөз берілді: жұмыскерлер, құрылысшылар, ақсақалдардың.

Түбір сөз бойынша 42,8% құрады, яғни 6 оқушы қате жіберген, түбірлес сөздер бойынша 50% яғни 7оқушы қателескен, қосымша бойынша 8 оқушы яғни 57,1 % құрады. Күрделі сөз бойынша 28,6 % қате кездесті.

9 сыныпта тапсырма күрделеніп, тағы үш сөз қосылды: ойыншықты, драмтеатрдағы, кітапқұмарларға. Түбір бойынша 8 оқушы — 66,6% қате жіберген. Түбірлес сөз бойынша 7 оқушы — 58,3%, қосымша бойынша 9 оқушы — 75% қате жіберген. Күрделі сөз бойынша: біріккен сөздер 25%, қысқарған сөздер 33,3% құрады.

2). Сөз құрамын тексеру үшін бақылау диктантына 5,7,9 сыныптарға «Серуенде» атты мәтін қолданылды.

«Серуенде»

Балалар серуенге шықты. Кенет күн бұлттанды. Бір кезде жаңбыр жауып кетті. Олар ағаштың түбіне паналады. Жаңбыр басылды. Балалар үйге қайтты.

Мәтін құрылымы — балалардың жас ерекшеліктеріне сай, өте жеңіл, қиын сөз және сөз тіркестері жоқ. Жүйелі түрде берілген. Мәтін мазмұны -ауа-райының өзгеруі, балалар әрекеті сипатталады. Мәтін арқылы балалар табиғат өзгерістерін байқап, көре отырып, табиғат құбылыстарының өзгеруін анықтайды.

«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша бақылау диктантын жазудағы қателер: 5 сынып оқушыларында сөз түбірін дұрыс жазбауы жиі кездеседі. Бұл 73,3% құрайды. Түбір сөзден буынды тастап кетуі 40%, дауыстылардың ауысуы 53,3% құрады. Түбірлес сөздер бойынша 40% оқушы қателескен. Мысалға, түбір сөзден буынды тастап кету қатесі 40% құрады, балалар-балалар (Алмас) түбір сөзден — ла буынын тастап кеткен. Қосымшалардан жіберген қателер ішінең жиі кездесетіні: сөзге қосымшаны дұрыс жалғамауы: үйлеріге — үйлеріне (Диас), басылді — басылды (Данияр). Мұндай қателер оқушының жұрнақ, жалғау, қосымшалардың жазу емлесін толық игермеу салдарынан деп түсінеміз. Жалғау бойынша 25% бала, жұрнақтан 50% құрады.

Ал, 7 сыныпта бұл қателер азаяды, енді оқушылар түбір сөзден 42,8% қате жіберсе, түбір сөзден буынды тастап кетуі 35,7% құрайды, түбірлес сөздер бойынша 42,8%, қосымша бойынша 50% құрады.

9 сыныпта балалардың бақылау диктанттары бойынша қателер көбейе түсті. Түбір сөзден 83,3%, түбірлес сөздерден 66,6%, қосымшалардан, яғни сөзге  қосымшаны  дұрыс  жалғамау,  сөзден  қосымшаны  тастап  кету, жұрнақтарды ауыстыру сияқты қателер 66,6% құрады. Мысалға: кесде -кезде (Даурен), серунге — серуенге (Ернұр), үлеріне — үйлеріне (Ахан) бұл қателер түбірден жіберілген.

3). Мазмұндама жазу бойынша 5,7,9 сыныптарға «Құтқарды» атты мәтін берілді.

«Құтқарды»

Санат пен Оспан қайықпен жүзіп жүр. Санат ескекпен есіп отыр. Оспан

қайық түмсығында суға қарап отырған. Бір кезде Оспан судың жылулығын білмек болып, суға қүлап түсті. Ол: «Санат, құтқар» деп айғай салды. Санат суға секіріп, Оспанды құтқарды.

Мәтін жоспары:

1 .Санат пен Оспан.

2.Оспан қайда отырған.

3.Оспан не істеді.

4.Санаттың әрекеті.

Мәтінге сипаттама: мәтін жеңіл сөйлемдерден құралған, қиын сөз, сөз тіркестері жоқ, балаларға түсінікті, сөйлемдер жүйелі, рет-ретімен берілген. Мазмұнына келетін болсақ, тәрбиелік мәні өте зор, балаларды бір-біріне мейірімді,  қамқор  болуға,  адамгершілікке  тәрбиелейді.  Мазмұндаманы сыныптың бірінші тобына бергенде, көмек көрсеткен жоқпыз, ал екінші топқа мәтіннің басын не болмаса, мәтін ортасын карточкаға жауып бердік. Үшініш топ балаларына, мәтінді толық жазған карточкалар  бойынша көшіртіп, жазғыздық.

Мазмұндама жазуда 5 сынып оқушылары өте көп қателер жіберген, соның ішінде түбір бойынша 40%, түбірлес сөз бойынша 46,6%, әріптердің түсіп  қалуы  66,6%  құраса,  дауыссыздар  орнын  ауыстыруы  53,6%, дауыстылар орнын ауыстыру 53,3% құрады, қосымшаларды сөзге дұрыс жалғамауы 80% оқушыда кездеседі. Мысалға: әріптердің түсіп қалуы: біейін

білейін (Сымбат, еңейіп — еңкейіп (Мадина), көрейн — көрейін (Фарида).

Қосымшаларды сөзге дұрыс жалғамауы: қайықтеп – қайықпен (Шолпан), суні — суға (Сабина), алдынта — алдында (Әлия).

5-7 сынып оқушыларының да мазмұндама жазу бойынша жіберген қателері өте көп. Ондай қателерге: түбір сөзді дұрыс жазбауы, яғни түбір сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнын ауыстыру, сөздегі әріптің түсіп қалуы, буындардың орнын ауыстыру, керексіз буындарды қосу, қосымшаны дұрыс жалғамауы, түбірлес сөзді дұрыс құрастырмауы және тағы басқалар жатады. Осы қателер ішінде 7 сынып оқушылары көбінесе, сөзге қосымшаны дұрыс жалғамаған, 57,1% құрады. Ал, түбір бойынша 42,8%, түбірлес сөздер бойынша 50%, күрделі сөз бойынша 21,4% көрсетеді.

7 сыныпта қателер көбейген, балалар қызығушылықпен, мазмұндамаға беріліп жазбаған. Түбір сөзден 50% қате жіберген, түбірлес сөздерден 33,3%, әріптердің орнын ауыстыру 66,6% кездессе, ал қосымшаны дұрыс жалғамау 75% ды күрады.

4). Шығарма жазуда 5,7 сынып оқушыларына «Аңшы» тақырыбы берілді. Шығарма жазу алдында дайындық жұмыс жүргізілді, сурет бойынша әңгіме құрастырылды (ауызша) мәтін жазуға жоспар берілді.

  1. Аңшы мен бүркіт.
  2. Аңшы кім?
  3. Бүркіт қандай қүх?
  4. Аңшылық деген не?

Мәтін мазмұны ұлттық салт-дәстүрді үйретіп, яғни аңшылық туралы мағлұмат береді.

Шығарма жазуда  сынып оқушыларында әртүрлі қателер көп кездесті. Оқушылардың көбі түбір сөзге жалғауды жалғай алмайды, мысалы: атың —
аттың (Іңкәр) «аттың» — ат — түбір сөз, -тың — септік жалғау.
Қайты — қайтты (Динара) «қайтты» — түбірі — қайт, — ты — септік жалғауы.
Мұндай қателер оқушылардың 66,6% кездеседі. Түбір сөзден 66,6%, түбірлес
сөзден 46,6%» құрады.

7,9 сыныптарда оқушылар көбі түбір сөзді дұрыс жазбаған 5 сынып -50%, 9 сынып — 66,6% құраса, түбірлес сөздерге буын және әріптерді қосу 5 сыныпта — 57,1%, 7 сыныпта — 58,3% ды көрсетеді, қосымшаларды сөздеп соңғы буынмен үндестіріп жалғаудан 5 сынып 42,8% қате жіберсе, 7 сыныпта 41,6% ды көрсетеді. Күрделі сөздер бойынша 5 сыныптарда біріккен сөздерден 21,4% қос сөздер бойынша 14,2% қате жіберсе, 7 сыныпта біріккен сөздерден — 16,6%, қос сөздерден — 33,3% қысқарған сөздерден — 33,3% құрайды.

Шығарма жазғанда, кейбір балаларға, яғни екінші топ балаларына мәтіннің басындағы 2-3 сөйлем беріледі. Ал, үшінші топтағы балалармен карточкалар арқылы жұмыс жүргізілді.

Зертттеу нәтижелері бойынша әр сынып оқушыларын (5,7) үш топқа бөдік.

1-топ оқушылары «сөз құрамы» тақырыбын қажетті деңгейде меңгерген. Бұл оқушылар ережені толық біледі, орынды қолдана алады, бір-бірінен ажыратады, сабаққа жақсы қатысады. Бұл топ үлгерім көрсеткіші 28% ды құрады.

2-топ. Бұл топтағы оқушылар тақырыпты орта деңгейде еңгерген, ережелерді толық игермеген, оларды ұмытып, шатастырады, фрагменттік түрде пайдаланады, сабаққа қатысуы орташа. Тақырыпты еңгеру деңгейі 55% құрады.

3-топ. Бұл топтағы оқушылар тақырыпты нашар меңгерген, ережелерді өте төен деңгейде игерген, оларды үдайы ұмытып, орынды қолдана алмайды, үнемі шатастырады, өздерінің қателерін таба білмейді, мұғалімнің көмегін қабылдай алайды. Тақырыпты меңгеру деңгейі 17% құрады.

 

Таблица    1  —  характер  орфографических  ошибок  при  выполнении  учащихся»
самостоятельной работы (ошибки в %).
                                                                                                                                             ‘  v^

 

Сынып Классы

Сөздер Слова

Түбір Корень

Қосымша

Күрделі сөздер

 

 

 

Жалғау Окончание

Жұрнақ Суффикс

Біріккен

Сложные

слова

Қос Из 2 слов

Қысқарған короткие

5 оқушы

epzcruiuu&L-

mm

(f) 35. 3

(fill. $

7 оқушы

 

(с) и s

1з’)л<ч

(03 f, *

(tMie

9 оқушы

 

[2)tet&

U)So

(3)Я*

(3]Л6-

 

 

Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту әдістемесі.

Сөз құрамын оқытудың маңызы мен міндеттері. Сөйлеу тілінен қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мынандай факт (дерек) белгілі: оқушылар үлкендер сияқты түсініксіз сөзді ұғыну үшін, ең алдымен сөздің құрамына; туыстық сөздер семантикасына жүгінеді. А.Н. Гвоздев айтқандай: «Белгісіз сөз мағынасын морфологиялық бөліктермен өзіндік анықтау бұл өте күшті және әрекетті жұмыс… Ол арқылы мектепте оқу барысында көптеген әдеби сөздерді меңгеруге болады».

Тіл туралы ғылымда сөздің лексикалық маңызын анықтау мақсатында оны сөз құрамына бөлу өзіндік теориялық түсініктемені анықтайды. Көптеген лингвистикалық зерттеулер анықтамалары бойынша, морфемаларға сөз құраушылық — семантикалық және грамматикалық маңыздылық қасиетіне ие. Морфемалардың бірігуі механикалық қосылысты емес, қарым-қатынасты көрсетеді. Түбір және жұрнақтар көпбелгілі, сөздің лексикалық маңызын морфемді құрам бойынша анықтау да өте қиын. Бірақ соның өзінде көптеген сөздердің лексикалық маңызын, олардың морфемдік құрамы бойынша аныктаймыз. Бұл жерде негізгі ролді түбір алады, себебі ол түбірлес сөздердің семантикалық бірлігін құрайды. Тіл ерекшелігінің бір себебі, бұл сөздердің морфемаларға бөліну қасиеті мен оның мағынасын түсіну.

Сөздердің лексикалық мағынасын саналы түсіну оқушыларға сөздердің туыстық негізделген қатынасты анықтайды.

Сөздердің морфемді құрамымен жұмыс істеудің мағынасы, төмендегі кезеңдерден тұрады.

І-кезең. Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын аша білуді үйренеді. Осыдан мұғалім міндеті шығады — оқушыларға сөздің лексикалық мағынасы мен морфемді құрамын түсіндіруде оптимальды шарттар құрау.

ІІ-кезең. Оқушылардың сөз туралы қарапайым білім және біліктері де олардың сөз қорын жаңа сөздермен байыту негіз болады.

Жаңа сөз — тілдегі бұрыннан қалыптасқан морфемалардан құралады; сондай-ақ қазақ тілінің жүйесінде бекітілген сөз құрау моделдеріне де негізделеді.

ІІІ-кезең. Сөздерді құрастыру негіздерімен оқушыларды таныстырғанда, олардың сөз құрамы туралы білімдерін байытып түсеміз. Сөз — заттар, үрдістер, құбылыстарға негізделеді. Сөз арасындағы семантико-құрылымды қатынасты анықтау, олардың қатынас түсініктеріне жүктеледі. (мысалға, шекара және шекарашы сөздері семантикалық және құрылымды жағынан байланысқан, себебі олар бір түсінікке жүктелген). Оқушылардың сөздердің семантика-қүрылымын түсіну, олардың заттар, үрдістер, қоршаған өмір туралы түсініктерін тереңдегенін білдіреді.

IV-кезең. Оқушылардың орфографиялық дағдыларын қалыптастыруда сөздердің морфемдік құрамын оқытудың үлкен маңызы зор. Түбір,жұрнақ, жалғау, қосымшаларды дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардан мақсатты-бағытталған фонетикалық, сөз құрау және грамматикалық білімдерді талап етеді.

Сондықтан, сөздің морфемді құрамын оқытудың негізі міндетті — ең алдымен түбір және морфемді сөздерді дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру да негізгі білім және білікті құрайды. Қорыта айтқанда, оқушыларға сөздің морфемдік құрамын оқыту, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалім міндеті — оқу үрдісінде оқушылардың білімді ұғыну, оқушылардың ойлау әрекеттерінің адекватты қалыптасуына шарттар жасау керек.

Сөздің морфемді құрамын оқытудың жүйесі.

Сөздің морфемді құрамын оқытуды жүйесінің мазмұнын толық ашу үшін, ең алдымен тілдік материалды оқыту жүйесін анықтау керек. Тілдік материалды оқыту жүйесі бұл мақсатты бағдарланған үрдіс, ол меңгерілетін білімнің анық, ғылыми-жүйелі түрде берілуін қамтамассыз етеді. Сондай-ақ, осы негіз бойынша практикалық іс-әрекетін қалыптастыру (жалпы тілдік, грамматикалық, сөз құрау, орфографиялық).

Тілдік құбылысытарға байланысты бұл жүйе төмендегілерді анықтайды: а)  Жалпы  жүйедегі  қазақ  тілін  бағдарлама  материалы  бойынша оқытудағы сөздің морфемдік құрамын оқыту орны;

ә)  «Түбір»,  «түбірлес  сөздер»,  «жұрнақ»,  «жалғау»,  «қосымша» түсініктерімен жұмыс жасау жүйелігі;

б) Сөздің морфемдік құрамын оқытуда, оның сөз құрау мен сөздің лексикалық мағынасымен байланыстылығы;

в) Сөз құрау және грамматика бойынша алған негізгі білімдері арқылы морфемдерді  дұрыс  жазу дағдыларын  қалыптастыру жұмыстарының байланысы.

Жүйенің 4 кезеңі анықталған.

  • Дайындық кезең. Сөз құрауды бақылау. «Түбірлес сөздер» тақырыбы оқытылады.
  • Түбірлес сөздер жән сөз түбірінің ерекшеліктерімен танысу; түбірлес сөздердегі түбір сөздің бірдей жазылуын бақылау.
  • Тілдегі түбір, жұрнақ, жалғау, қосымшаның рөлін, спецификасын анықтау, үйрену; морфологиялық қағида бойынша дұрыс жазумен танысу; түбір мен жұрнақты дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Зат есім, сын есім, етістіктерді оқыту барысына байланысты сөздің морфемдік құрамы жән сөз құрау элеметтері жайлы білімдерін тереңдету. Қосымшаларды дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру.

Бұл кезеңдердің барлығында сөздің лексикалық мағынасы мен сөзді тілдегі орны, дұрыс жазуға жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген сөздің морфемдік құрамын оқыту жүйесі тек оқытылатын материалдың лингвистикалық ерекшеліктерін ғана қамтып қоймай, сондай-ақ оқушының жас ерекшеліктерін, оқытудың саналы, ұтымды дидактикалық қағидаларын ескереді. Оқушылар алдымен түбір, түбірлес сөздердің ерекшеліктерінен бастап, сөз таптарын оқу барысында сөз туралы білімдерін тереңдетеді.

Жүйенің әр кезеңдегі жұмыстың мазмұны мен әдістемесіне тоқталайық.

  1. Сөз құрауды оқытудың дайындық кезеңі.

Міндеті: тілдегі қалыптасқан түбірлес сөздердің арасындағы семантикалық және құрылымдық қатынасын оқушыларға түсіндіру. Бұл міндет біріншіден, қазақ тіліндегі түбірлес сөздер және сөз құрау ерекшеліктерін терең ұғынуға көмектеседі. Әлбетте, сөздер бір-бірімен мағыналық-құрылымдық жағынан байланысты (мысалы: теңіз-теңізші, т.б.). Семантика-құрылымдық байланыстар түбірлес сөздер арасында да анықталған (мысалы: жүру, жүріп өту, жүргізу). Екіншіден, түбірлес сөздер мен морфемалық оқытуда оқушыларда кездесетін қиыншылықтарға көзделген. Сондықтан, сөздің морфемдік құрылымын арнайы оқыту, «туыс» сөздерді шеттен мағынасы және құрылымы бойынша бақылауға негізделген.

Осы жерде тағы айтып өтетін нәрсе, бұл дайындық бақылаулар жеке сабақтардың өзіндік мақсаты бола алмайды, олар оқытылатын материал мазмұнына енгізілген. Бұл бақылаулар көбінесе сөздің лексикалық мағынасын ашып, оны дұрыс жазуға түсіндірумен айқындалады.

Мысалы, оқушылар «Қазақ тілі» оқулығымен жұмыс істеуді бастағанда оқулық сөзінің мағынасын анықтауға тура келеді. Мұғалім окушыларға мына сұраққа ойлануын сұрайды: «Қандай кітапты оқулық деп сұрайды» Әңгімелесу барысында мұғалім тақтаға: оқыту, оқу, оқулық (кітап) оқушы сөздерін, яғни жалпы бөлігін — оку түсті бормен белгілеп,аударады. Демек, сөздердің туыстығын, мағынасы және құрылымы бірдей бөлімі құрайды.

Ал, «Неге мына немесе анау зат былай аталған?» деген сұраққа жауап табу, арнайы бақылаулар нәтижесі бойынша, оқушылар түбірлес сөздердің қатынасын түсіндіру де, қызықты, әрі оңай. Бұл сұрақ, сондай-ақ «Неге сөздер туыс болып келеді? Бір сөзден қалайша екінші сөз құралады?» деген сұрақтармен тығыз байланысты.

Қазақ тілінде басқа тілдерге ұқсас, сөздер заттардың бір аталған себеп бойынша аттарын көрсетеді.

Сондықтан, оқушыларға неге заттың олай аталғанын түсіндіргенде, сөздегі бір сөздің екіншісімен қатынасы туралы айту керек. Мысалы, адамдар неге құсқа жем беретін затты жем салғыш деп атаған (жем — жем салғыш). Неге бір үйді ағаш үй, екіншісін — тас үй дейді? Бір күн жазғы, ал келесі -қысқы? Бір жаңғақ емендікі, ал екіншісі — қарағайдыкы? Т.с.с заттың атының не себептен солай қойылғанын оқушы анықтау арқылы, ол сөздердің мағынасы және құрылымы жағынан бірлестігін анықтайды. Бұлардың бәрі оқушының түбірлес сөздерді құрауға көмектеседі: семантикалық қатынастың негізінде бір сөзден екінші сөз түзеледі.

Ақырындап, оқушының сөз құрамы туралы білімі тереңдетіледі. Себебі, оқушылар сөз құрамын, оның бөліктерімен танысады.

  1. II. Түбірлес сөздер және түбірмен танысу (жүйенің екінші кезеңі). Кезеңнің негізгі оқыту міндеттері:
  • «Түбірлес сөздер» түсінігін қалыптастыру.
  • Түбір ерекшеліктерімен таныстыру
  • Түбірлес сөздердегі түбірдің бірдей болуына бақылау жасау
  • Оқушылар сөз қорын түбірлес сөздермен байыту.

«Түбірлес сөздер» түсінігін қалыптастыру, оның екі негізгі ерекше қасиетіне байланысты: семантикалық бірлігі (мағынасы бойынша қандай бірлігі бар) және құрылымдық бірлігі (бірдей түбір саны). Сондықтан оқыту барысында оқушылардың осы қасиеттерді түсінуге шарт жасау керек. Бұл практикалық түрде оқушыларда түбірлес сөздердің лексикалық мағынасын және олардың морфемдік құрылымын қатынастыру дағдыларын дамыту болып саналады. Мысалы, оқушылар — біл, білім, білімпаз, білімпаздық -сөздерін салыстыра отырып, оларды туыстық сөздердің бір тобына жатқызады, себебі, төрт сөздің бэрі де мағынасы жағынан жақын, жалпы бірдей түбірге ие. Зерттеушілерге қарағанда, түбірлес сөздердің мағыналық бірлігі түбірдің бірлігі білдіретін дерек, оқушыларға түбірлес сөздердің құрылымын түсінуге жағымды әсер етеді. Себебі, түбірлес сөздерді біріктіретін, оларды бір топқа топтастыратын жалпы сөз — бірдей түбір болып саналады. Ал жұрнақ пен жалғау сөз мағынасына өзіндік бір үлес қосады, осыдан сөздердің бір-бірінен айыратын лексикалық мағынасы шығады. Мысалы, мұғалім трактор салынған суретті көрсетті. Сүрақ: «Трактор жүргізетін адамды қалай атаймыз?» Осыдан жазу: трактор — тракторшы.

Мұндай бақылаулар, түсініктерді салыстыру, оқушыларда нақты -сөздік материалды құрауға көмектеседі, талдау арқылы түбірлес сөздер ерекшеліктері жайлы қорытынды шығарады.

Оқушыларда түбірлес сөздерді олардың екі қасиеті бойынша танып-білу дағдысын дамыту үшін біріншіден, түбірлес сөздер мен синонимдерді бірге беру керек (мысалы: үш сөздің қайсысы түбірлес сөзге жатпайды: батыл, батылдық, қорқымсыз), екіншіден омоним-түбірлері бар сөздер мен түбірлес сөздерді бірге беру (мысалы: тау-таулы, бірақ — тау — тап).

Түбірлес сөздерді оқыту да олардағы түбір сөздерді дұрыс жазу ескерілу керек. Сондықтан оқушыларды сауатты жазуға үйреткенде, оларға сөздіктен сөзді ғана дұрыс жазу емес, сондай-ақ туыс сөздердің барлық тобын дұрыс жазуды ескеру керек: жап — жабыс — жапқыш. Т.б.

III. Тілдегі түбір, жұрнақ, жалғау, қосымшаның рөлі мен спецификасын оқыту әдістемесі.

Сөздің морфемдік құрылымын оқыту жүйесінің үшінші кезеңінде төмендегі оқыту міндеттері шешіледі:

  • «түбір», «жалғау», «жұрнақ», «қосымша» түсініктерін қалыптастыру.
  • Сөздің лексикалық мағынасы мен морфемдік құрылымы арасындағы байланыс туралы түсінігін дамыту.
  • Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Ауызекі тілде жұрнақ, жалғаулармен берілген сөздерді саналы қолдану дағдыларын дамыту.

Сөз құрауды оқыту жүйесінің негізі — оталығы III кезең болып саналады. Онда ең көп сағат (80-нен артық).

Әрбір міндетті шешу өзара қарым-қатынас барысында, яғни міндеттер арасындағы байланысқа негізделген. Себебі, сөздің лексикалық мағынасы мен морфемдік құрылымын меңгеру үшін оқушы алдымен сөздегі әрбір морфеманың рөлін анықтаудан бастаукерек. Ал, сауатты, дұрыс жазу үшін, сөздің морфемдік құрылыын талдау жасап, түбірлес сөздерді таңдауды білу қажет. Дегенмен де, әрбір міндет өз алдына ерекше, сондықтан оларды жүзеге асыруға әдістемелік жолдарды дұрыс таңдау керек.

Түсініктерді қалыптастыру, оның қасиеттерін ұғынуға негізделеді. І.Түбірді оқыту ерекшеліктері.

Оқушыларда «түбір» түсінігін қалыптастыру да, олар түбірдің негізгі екі қасиетіне негізделеді, оны былай айтуға болады: «Түбір — сөздің басты бөлшегі, ол түбірлес сөздердің бәрінде бірдей. Түбірде түбірлес сөздердің жалпы мағынасы көрінеді».

Түбірмен жұмыс істеу әдістемесінің негізгі анықтаушы рөлі — бұл, түбірді сөздің лексикалық мағынасы ретінде негіз етіп ашу, екіншіден -түбірді түбірлес сөздердің жалпы — бірдей бөлігі ретінде ұғындыру.

Зерттеу нәтижелері, оқушылардың түбірлес сөздерді талдаған кезде, оларға сөздің қай бөлігі бірдей мағына беретінін түсіндіру өте маңызды екенін көрсетті (яғни түбір сөзді анықтау). Ал, сөздің қай бөлшектері сөзді мағынасы жағынан өзгертеді (жұрнақ пен жалғау).

Түбірмен жұмыс істеу 4-5 сабақпен шектеліп қалмау керек. Басқада морфемаларды оқыту да түбірді бақылау жүргізіледі.

2.Сөз құраудағы жұрнақтардың рөлі және семантикалық мағынасы.

Бұл морфеманы анықтаудың негізгі міндеті — оқушыларды жұрнақтың сөздегі орнымен таныстыру, осы негізде оқушыларды сөйлеу тілінде оны дұрыс пайдалануын дамыту. Балаларға жұрнақ арқылы жаңа сөз құралатынын түсіндіру. Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге (түбірге) жаңа лексикалық мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық түлғаға айналдырады. Мысалы: ек, егін, егіндік, егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымен, олардың эрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды білдіреді.

Сөз тудыратын жұрнақ өзі жалғанған сөзден (түбірден) лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз тудырады. Ондай әрбір жұрнақтың өзді-өзіне тэн грамматтикалық мағынасы, формасы және қызметі болуы күмәнсіз. Мысалы: Шын көңілімен айтар тілегі болса, шындықпен ғана жауап беру парыз. Мүндағы — дық жүрнағы арқылы жасалған ШЫНДЫҚ сөзінің лексикалық мағынасы шын сөзі әрине, — дық жұрнағы жалғанғаннан кейін, сын есім (шын) зат есімге айналады. Бұдан жұрнақтар сөзді таза лексикалық жағынан ғана емес, лексика-грамматикалық тұрғыдан да өзгертетіні аңғарылады.

Сөздерде болатын синонимдік қасиет жұрнақтарда да болады. Мысалы, -қыш, — ғыш, — кіш, — гіш, -шақ, -шек, -қақ, -ғақ, -кек, -гек, -қыр, -ғыр, -кір,-гір жұрнақтары өзара мағыналас. Өйткені жасқаншақ, үялшақ, мақтаншақ, қызғаншақ, үрыншақ дегендер жасқанғыш, ұялғыш, мақтанғыш, қызғанғыш, үрынғыш сөздерімен мағыналас сияқты, ұрысқыш-ұрысқақ, тырысқыш-тырысқақ сөздерімен мағыналас. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға эр түрлі түстегі қағаздарды салыстыру арқылы, мысалы, күлгін, сарғыш сияқты, жұрнақтар арқылы заттың эртүрлі қасиетін, сапасын көрсетуге болатынын түсіндіреді.

Нақты заттар немесе олардың қасиеттерін бақылау негізінде сөздің

-67-

 

лексикалық мағынасы анықталады, одан кейін түбірлес сөздердің мағынасын саяыстыру жолымекн, жұрнақтың семантикалық мағынасы анықталып, тілдегі оның нақты морфема ретіндегі рөлі негізделеді.

З.Қосымшаларды оқыту ерекшеліктері. Әрбір  морфеманы  оқыту,  өзіндік  ерекшеліктерге  ие,  себебі  олардың лингвистикалық мәні эр қалай. Жұрнақпен салыстырғанда, қосымша өзінің ерекшеліктерімен  айрықша,  өйткені  оның  негізгі  жетекші  рөлі  -грамматикалық қызметінде.

Оқушылар қосымшаны қиын меңгереді, себебі сөздің грамматикалық мағынасын сырттай көрсету қосымшаға жүктелген. Сондықтан оқушыларды қосымшамен таныстыру, оның екі қасиетінен басталады.

Қосымша — сөздің өзгеретін бөлігі, сөйлемде сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады.

Қосымшаның сөздің өзгеретін бөлігі ретінде бастапқы білімді оқушылар сөйлемдегі сөздердің өзгеруіне, сөздердің бір-бірімен байланысуына арналған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы алады.

Ал, қосымшаның синтактикалық қызметін, сөйлемдегі сөздердің сөз тіркестердегі қатынасы негізінде меңгереді. Оқушылар сөздің мағыналық және грамматикалық бағыныштылығы қосымшадан екенін түсінеді. Балалардың қосымшаның синтаксистік қызметін түсінгенін, олардың сөйлемнен сөзді бөліп алуынан білуге болады.

Қосымшаны меңгеру, басқа морфемалармен салыстырғанда, әрбір морфеманың қызметін көрсететін тапсырмаларды орындау үрдісінде нәтижелі көрінеді. Мысалы, оқушылар түбірлес сөздерді құрауды талап ететін тапсырманы орындайды. Мұнда, сөз құрауда қандай морфемалардың пайдаланатынын анықтайды, жұрнақ арқылы сөздің лексикалық ағынасының қалай өзгеретінін түсінеді.

  1. IV. Сөз таптарын оқыту үрдісінде сөз құрамымен жұмыс жасау (төртінші кезең).

 

Төртінші кезең мақсаты — оқушылардың сөз күраудағы жұрнақтың, қосымшаның рөлі туралы білімдерін тереңдету, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімдік, етістік ерекшеліктерін түсіндіруге даярлық.

Қазақ тілінде эрбір сөз табы сөз құрау ерекшеліктерімен өз алдына байланысты, сөздің морфемді құрамы және оның ерекшеліктері сөз таптарымен өзара бағынышты. Сондай-ақ, сөздің морфемді құрамы, оның қүрылысындағы ерекшеліктер сөздің лексикалық мағынасымен және грамматикалық белгілердің тобымен бірге болады.

Мұғалім сөз таптарын оқытуда оқушыларды сөз құрау негіздерін алып келіп: тілде бір сөз табынан айыру, оларды құрау арасында белгілі бір байланыстың барлығын түсіндіреді. Зат есімдерінің етістіктен немесе зат есім өзінен құралатыны: жүру-жүргүзуші, теңіз-теңізші, т.б.

Ал, есімдік, көбінесе зат есімнен жасалынады: жаз-жаздық, дос-достық, т.б. Мұғалім оқушылар зейіндерін сөздің қандай сөз табынан құралғанына, қандай, қайсы морфема арқылы жасалғанын, құралған сөздің лексикалық мағынасына, құрастырылған сөздің қандай сөз табына жататына аударады.

Ал, қандай жаттығулар орындау керек?.

1 .Мәтінді сөз құраушылық-лексикалық тұрғыдан талқылау (түбірлес

сөздер бар мәтін). Мысалға, оқушыларға төмендегідей мәтін берілді.

«Мектепте оқушылар білім алады. Марат өте білімпаз бала. Ол көп нэрсені біледі».

Оқушылар мұғалім басшылығымен, мәтіндегі сөйлемдерден түбірлес

сөздерді табады, олардың лексикалық мағынасын, қай сөз табына жататынын

анықтайды(білім-білІмпаз-біледі).

2.Туыс  —  туынды  сөздерді  таңдау  арқылы  сөздің  лексикалық

мағынасын түсіндіру.

Тапсьфма: бір сөзбен атау (сөз түбірлес болу керек). Қай сөз табы екенін анықтау, сөз құрамына талдау.

1 .МаіНйнагжүргізетін адам (жүргізуші).

 

2.Балық аулайтын адам (балықшы). З.Сыйға беретін зат (сыйлык). Мұғалім  басшылығымен  оқушылар (қандай  сөзден  және  қай морфема көмегімен) берілген сөздің қалай жасалғанын анықтайды.

З.Сөздің лексикалық мағынасын түсіндіру. Тапсырма: күзгі бидай, жылыжай сөздерінің мағынасын түсіндіру, бұл сөздер қалай жасалған, қай сөз табына жатады.

«Күзгі бидай» — бұл күзде егілетін бидай. Күзгі — сөзі күз сөзінен жасалған, есімдік.

«Жылыжай»  —  екі  сөзден  құралған:  жылы  және  жай.  Зат  есім. Жылыжайда қыстың күні көкөністер өсіріледі.

4.Әртүрлі сөз таптарындағы түбірлес сөздермен сөйлем құрастыру. 5.Сөз қү.рау тапсырмалары. Әртүрлі сөз таптарынан басқа сөз табын құрау.

Бул жұмыстардың барлығы бақылауларға қарай, дайындық характерге ие. Жұмыс нәтижесін тек, мақсатты бағытталған жаттығулар, тақтадағы үжымдық және жеке-дара жұмыстар, лексикалық материалды пайдаланудағы көрнекіліктердің дұрыстығынан көруге болады. Мұғалім окушылардың морфемаларды еңгеру деңгейін төмендегі көрсеткіштер арқылы анықтайды:

  • Сөзден морфеманы бөліп алуы.
  • белгілі бір морфемдік құрамды өзіндік таңдау, мысалы, түбірден

қосымшаны, түбірден жұрнақты, жұрнақ және қосымшаны,

  • сөздегі морфеманың рөлін түсіндіру.
  • сөйлемдегі сөздерде жұрнақ, қосымшаны дұрыс пайдалана білуі.

-70-

 

Қандай бала болмасын ешуақытта бірден сөйлеп, бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды-көпті қателерді жіберетіні кімге болса да белгілі жәйт. Бірақ бұл жерде табиғи және заңды қателер туралы сөз болғаны тұрған жоқ, керісінше, патологиялық қателер туралы сөз болғалы тұр.

Мүмкіншілігі шектеулі балалар жалпы мектептердегі оқытудың жағдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуге шамалары келмейді. Айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын түсіну өте қиын. Оқу мен жазу бірімен-бірі тығыз байланысты болғандықтан жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларға сөз құраын оқытуда жүргізген зерттеу нәтижелеріде оны аян көрсетеді. Енді, сол қателерді түзету жұмысының негізгі бағыттарына көшейік. әр қандай кемістікті, қатені жою үшін түзету ықпалының біріңғай жүйесі қажет. Сондықтан, сөз құрамы бойынша оқушылардың қателерін қарастыра отырып, жүйелеп, мынандай қорытынды жасадық:

— көмекші мектеп оқушыларына «сөз құрамы» тақырыбы бойынша түзету жұмыстарын жүргізу. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары мынандай түрде қалыптастырылады:

І.Түбір сөзді дұрыс жазу, сөзден түбірін дұрыс бөліп алу, анықтау

жаттығулары. 2.Түбірлес сөз. Түбірлес сөз бен түбір сөздің айырашылығын білу.

Түбірлес сөздерді таңдау, құрау. З.Жұрнақ, жалғау. Олардың қызметі. Жұрнақ жаңа сөз құрайды. Жалғау

сөз мағынасын өзгертеді. Түбір сөзге жалғаудың жалғануы. 4.Қосымша. Түбір сөзге қосымшаны дұрыс жалғау, сөздің қосымша қандай бөлігі, тағы басқа жаттығулар. «Сөз құрамы» бойынша қателер жүйесін жою жұмысы барлық оқу жылында жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі оқушыларда сөз

 

құрамы бойынша білімдерін дұрыс жетілдіру болып саналады.

Кемістікті түзету тоқтаусыз эрдайым жұмыс істеуді талап етеді, ол балалардың қаншама уақытын алады, оның үстіне қажытады. Соның нәтижесінде оқуда жалпы үлгерімі төмендеп кетуі де мүмкін. Сондықтан оларды жойғаннан гөрі алдын-ала сақтандыру жеңілірек және тиімді болады.

Түзету жұмысының мазмұны:

Сөздің құрамын талдау және жинақтау

 

1

Сөз жасау

1

Сөз өзгерту

 

-72-

 

Түзету бойынша жүргізілген жаттығуларды тексеру нәтижесіне тоқталатын болсақ, оқушылардың сөз құрамы бойынша жүргізілетін қателерінің едәуір азайғанын көреміз. Оқушыларды жіберген қателері бойынша 4 топқа бөлдік:

 

Ітоп.

Тақырыпты

меңгеру

деңгейі

100%

Оқушылар сөз құрамы тақырыбын толық меңгерген. Сөз туралы түсінігі кең, түбір және қосымша, олардың айырмашылығы, жалғау және жұрнақтың өзіндік белгілерін, түбірлес сөздер, оның анықтамасын, күрделі сөздер, олардың емлесін толық меңгерген, жақсы біледі.

II топ. Тақырыпты меңгеру деңгейі 80%

Жіберген қателері аз, көбінесе грамматикалық тұрғыдан. Түбір, түбірлес сөз, жұрнақ-жалғау, күрделі сөз туралы түсініктері толық қалыптасқын. Тек жалғау мен жұрнақтың жалғануынан қателеседі.

III топ. Тақырыпты меңгеру деңгейі 60%

Бұл оқушылардың жіберген қателері көбірек, түбір сөзді дұрыс анықтамаған, қосымшалар түбір сөзге қате жалғанған, сондай-ақ грамматикалық қателер. Түбір, түбірлес сөздерді біледі, бірақ ажыраудан қиналады. Күрделі сөздерді жазу емлесінен қателеседі.

IV топ. Тақырыпты меңгеру деңгейі 45%

Тақырыпты меңгеруі өте нашар оқушылар, түбір және қосымша айырмашылығын айыра алмайды, қосымшаларды дұрыс жалғауды білмейді, қысқарған сөздер туралы түсінігі өте тар. Түбір сөзден түбірлес сөздер жасай алмайды.

-73-

 

Қорытынды

  • Мәселенің өзектілігі «Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда оқушылардың грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыруға негізделген әдістемелік аспекттердің жоқтығы, сондай-ақ, оның кемтар баланың ойлау және тілін дамытудағы маңыздылығы. у
  • «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша 5-S( сынып оқушыларының орындаған өзіндік жұмыс, диктант, мазмүндама, шығарма жұмыстарындағы грамматикалық және орфографиялық қателерді сандық және сапалы талдау, оқушылардың түсініктерді қолдануда қиналатынын, сөздегі түбір, жұрнақ, қосымшаны грамматикалық тұрғыдан дұрыс белгілемей, түбірлес сөздерді дұрыс таңдай алмайтынын көрсетті.

Сөзді морфемдік түрде талдауда, көп оқушылар, эсіресе, өзіндік жұмысты  орындағанда, түсініктерді олардың мағынасын түсінбей механикалық түрде қайталап, сөзді құрамына қарай талдау барысында оларды ауыстырып, түбірлес сөздерді дұрыс жазу емлесін бііімей қиналды.

Мынандай қателердің көп болуы тек ақыл-ойы кем қазақ балаларының таным қабілеттерінің ерекшеліктеріне байланысты деп қана қоймай, сондай-ақ көмекші мектептерде қазақ тілінде «Сөз құрамы» тақырыбын оқытудың әдістемесінің жоқтығынан деп ойлаймыз

3)        Осыдан, біз, оқыту экспериментінің әдістемесін құрастырып, қазақ
тілінде оқу жүретін көмекші мектептердің 5-§ сыныптарында «Сөз
құрамы» тақырыбы бойынша, жоғарғы сынып мұғалімдеріне арналған
әдістеме жазу үшін, тәжірибелі — экспериментальды  оқыту жүргіздік.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы- құрастырылған бақылау эксперимент әдіагемесі,қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектеп-интернаттарда 5-$ сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының деңгейін анықтау да, мектептер практикасында қолдануға болады.

-74-

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы,
  2. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Р/б. Б.Құлмагамбетова. Алматы. Мектеп,1988
  3. С.Қазыбаев. Бастауыш  кластарда  қазақ  тілін  оқыту.  Алматы. Мектеп,1985
  4. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Р/б. Ш.Әуелбаев. Алматы. Мектеп,1987
  5. Ұ.Ботабаева. Дыбыстық талдауға арналған дәптер. Алматы. Рауан.
  6. К. Бектаева. Арнаулы-көмекші мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы. Рауан, 1996
  7. Байқау бағдарламасы (көмекші мектепке арналған) Алматы. Кітап,2002
  8. Р.Әміров «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау /3 класс/ Алматы, 1990
  9. Гнездилов  М.Ф.   Методика   обучения   русскому   язықу   во вспомогательной школе. Москва,2000

Ю.Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной

школе. Москва,2000

П.Петрова В.Г.  Развитие  речи  умственно-отсталых  детей.  Москва. Педагогика, 1977.

  1. Н.М.Барская, Л.А.Нискевич. «Методика   обучения  грамматике и правописанию в вспомогательной школе 5-8 классах»  Москва, 1995.
  2. Т.Г.Рамзаева, М.Р.Львов «Методика обучения русскому  языку  в начальных классах»  Москва. 1997.(раздел «состав слова»)
  3. Хабаршы-Вестник «Арнайы педагогика» сериясы 1(12)

Алматы, 2008.

  1. «Дефектология» журналдары.