АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Коммерциялық банктермен агросаланы несиелеуді дамыту жолдары

МАЗМҰНЫ:

бет
КIРIСПЕ………………………………………………………………………………………………… 3

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРМЕН АГРОСАЛАНЫ НЕСИЕЛЕУ- АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ……..
1.1 Мемлекет экономисын қарқынды дамытушы күш ретінде — ауыл шаруашылық секторын банктік несиелеу…………………………………………………
6

6
1.2 Агро шаруа субъектілері мен шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі стимулы ретінде шағын несие…………………………………………………
15
1.3. Арнайы ұйымдардың қатысуымен және банктердің көмегімен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау ережелері………………………………….
22

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ…………………………………………………………………………

2.1 Лизингтiк қатынастар қалыптасуының теориялық негiздері және лизинг термині түралы мәлімет……………………………………………….

29

29
2.2 Лизингтік операцияның жіктелуі мен лизингтік мәміленің қатысушылары………………………………………………………………….
36
2.3 Қазақстандағы лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру мен лизинг нарығының қазiргi күндегi жай-күйi……………………………..
42

3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРМЕН АГРОСАЛАНЫ НЕСИЕЛЕУ-ДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ……………………………………………………………….

3.1 Агро саланы мемлекеттік қолдау жасауға арналған серпінді жобалар мен әлемдік нарыққа шығару жолдары……………………………………….
55

55
3.2 Арнайы ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жасау…………………………………………………………………………….
66

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….. 79

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….. 80

КІРІСПЕ
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Адам өміріне, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек игіліктерді алудың басты көзі – агро сала болып табылады.
Агро шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясат негізгі ұлттық мүдделерге сәйкес орындалатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл саясат шаруашылық жүргізуші субъекттердің, әсіресе белгілі бір өңірде немесе тұтастай бір елде максималды әлеуметтік – экономикалық тиімділік беретін саладағы бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау қағидасы негізінде қалыптасады. Нақты өндіріс саласындағы агро салады белсендірудің икемді тұтқалары ретінде салық, сақтандыру, инвестиция, лизинг және әріне банктік несие тәрізді нысандар саналады. Индустриалдық – аграрлық дамыған елдерде агро саланың белсенділігін арттыру құралы ретінде негізінен қаржы – бюджет ресурстарын қолдану, салық салу механизмін ұтымды пайдаланумен қоса, мемлекеттік дотация, субсидия, салықтар, сақтандыру, мемлекеттік және коммерциялық екінші деңгейлі банктердің несиелері тәрізді тетіктерді қолданады; бюджет қаражаттары (субсидия, субвенция, дотация) есебінен биотехнология, робототехника сияқты ғылымды көп қажет ететін салаларды, ұлттық шаруашылықтың басым бағыттарын қаржыландыру саясаты жүзеге асырылады. Экономиканың агро шаруашылық саласын қолдау коммерциялық банктердің несиелері, мемлекеттік субсидиялар, жеке жұмсалымдар, сыртқы инвестициялар арқылы қаржылық көмек көрсету және осы арго саласына қарасты түрлі қолдау және дамыту қорлары, қаржы кор-порациялары,технопарктер, мемлекеттік акционерлік қоғамдар және дамыту орталықтары, оқу орталықтары, ақпаратпен қамтамасыз ету орталықтары сияқты бағыттарды қалыптастырып, жандандыру аясында жүргізіледі. Біздің пікірімізше, экономиканың негізгі саласының бірі болып табылатын агро саланың қаржылық – несиелік әдістер арқылы белсенділігін арттырудағы мемлекеттің көздеген басты мақсаты мемлекеттің, қоғамның, халықтың, оның ішінде әлеуметтік жағынан нашар қорғалған тұрғындардың мүддесін қорғау болып табылады.
Агро секторды белсендірудің тиімді тұтқаларының бірі ретінде қаржылық – несиелік әдістерді қолдану барысында қаржы, ақша – несие саясаттарының атқаратын ролі айрықша. Қаржы мен бюджет, инвестиция, коммерциялық банктердің несиелері тәрізді жекелеген шағын экономикалық категориялардан тұратыны белгілі. Соған сәйкес салық саясатын, бюджет саясатын, т.б. және тиісінше салық механизмін, бюджет механизмін және несие механизмін, т.б. жіктеуге болады. Бұл саясаттар мен өздеріне тән механизмдер өзара тығыз байланысты әрі олар қаржы мен несиенің қоғамдағы ролін анықтайды. Нарық жағдайында ауыл шаруашылық секторын өркендету барысында фискалдық саясатпен қатар, ақша – несие саясатының алатын орыны да елеулі. Ақша – несие саясаты мемлекеттің немесе елдің Орталық банкі арқылы экономикадағы ақша массасын, ақша айналымын реттеу арқылы нақты өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік белсенділігіне ықпал ете отырып, экономиканы макродеңгейде басқару болып танылады.
Комметциялық банктердің қаржылық – несиелік құралдары ұлттық шаруашылықты қамтитын әмбебап құрал ретінде тұтастай алғанда экономикаға, оның ішінде нақты ауыл шаруашылық субъектілерінің ішік – сыртқы қызметтеріне елеулі әсер етеді. Осы мақсатта несие, сақтандыру, лизинг тәрізді тетіктер қолданылады. Оларды ұтымды қолдана алмаған жағдайда экономикалық өсудің тежелуі, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі тәрізді қолайсыз салдар орын алуы мүмкін. Агро сектортәрізді іс — әрекеттің тиімді де ұтымды іске асырылатын алаңында нарықтың қалыпты дамуына, монополизмнің орнауына жол бермеуге мүмкіндік туады. Сондықтан қаржылық – несиелік әдістерді қолдану барысында нақты даму кезеңіндегі ауыл шаруашылықтің, оның ішінде нақты ауыл шаруашылық субъектілердің хал – ахуалын, қаржылық әдістерін мұқият талдап, оның тиімділігін арттыру жолдарын, оның нәтижесінде туындайтын салдарын дұрыс болжау керек .
Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негiзделiп жүргiзiлген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазiргi уақытта ҚР – ның экономикалық алдындағы маңыздылығы өте жоғары мiндеттердiң бiрi соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиiмдi жүргiзiлген экономикалық реттеудiң арқасында қол жеткiзiлген макроэкономикалық көрсеткiштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлi Жолдауында “экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды – инновациялық стратегияны iске асыру қажет” деп айқындалып беруi бекер болмаса керек.
Қазiргi кезде бiздiң мемлекетiмiз бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық агро саланы дамытуға кiрiсе бастады. Ал отандық өндiрiстi, сол арқылы отандық өнiмдердiң iшкi және сыртқы нарықтардағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн дамытудың маңызды шарттарының бiрi өндiрiске ең алдымен керекті қаржы көздерін құйу керек болып отыр. Сосын ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiн енгiзу негiзiнде оған қызмет көрсететiн негiзгi қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебi, нарықтық экономика жағдайында агро сала өнімдерін тек ішік нарықта пайдалану мен шектелмей, көршіліс мемлекеттерге де экспортқа шығаруға ұмтылы маңызды мәселердің бірі болып отыр. Сондықтан қазіргі кезде мемлекет агро саланың барлық құрамдас бөліктерін комплексті түрде қаржыландыруы қажет болып отыр. Бірақ бұл мәселе тек мемлекеттің қаржылары есебілен қаржыландыруы мүмкін емес. Себебі, агро сала жағдайын талқылайтын болсақ тек оның техникалық және құрал – жабдықтық қажеттілігін қамтамасыз үшін 800 млрд.теңге көлемінде ақша қаражатын талап етеді. Ал бұл ірі сомадағы ақша көлемі қазіргі кезде мемлекеттік бюджет қарамағында жоқ болып отыр. Бұл тығырықтан шығу үшін сырттан ақша қаражаттарын тарту қажет болып отыр, яғни коммерциялық банктер қаржыларын осы салаға шөғырландыру қажет.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Қазіргі кезде әлемдік аренада дамыған ең ірі мемлекеттердің даму тарихын көретін болсақ, олардың дамуының алғашқы әрекеттері агро саладан басталған. Әріне ауыл шаруашылықты керекті деңгейгеше дамытпай тұріп, экономиканың басқа салаларын жоғарғы дәрежеге жету мүмкін емес.
Әріне, агро саланы дамытудың негізі бұл қаржылындыру. Бұл жоспарда әріне ұлкен ролді ауыл шаруақөжалықтары мен ауыл шаруаөнімдерін өндірушілерге қаржылық қызмет көрсетуді күшейту керек екендігі мәлум. Бірақ тек қана мемлекет бюджетінің есебінен ауыл шаруашылығын дамыту өте қиін болатындығы мәсул. Сондықтан коммерциялық банктердің бұл салаға қызығушылығын арттыру өте қажет болып отыр.
Қазіргі тәңда банктік несие ролі өте маңызды болып отыр. Дамыған елдердегі түрлі экономика салаларының оның ішіндегі нақты агро саланың дамытушы қөздірінің бірі болып осы коммерциялық банктердің несиелері болып табылады. Банктік несилердің өте коп жағынан артықшылықтары болғандықтан шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы процестерін ынталандырушы ролін атқаруда.
Банктік несие көмегімен экономиканың барлық салаларын, оның ірішде агро саланың кез келген бөлігін қаржыландыру арқалы мемлекеттің жалпы дамытуына елеулі түрткі болып отыр. Қаржылық – несиелік операциялар көмегімен мемлекет тарапынан қорғалмайтын және қаржыландырылмайтын арго сала сигметтері керекті ақша құралдарын алуға мүкіндік алады.
Әріне мемлекетте өзінің негізгі салаларының бірі болып табылатын, яғни мемлекет экономикасының дамытушы локомотиві болып табылатын ауыл шаруашылық секторынада өте үлкен көңіл болуде. Үкімет тек қана қаржы – несие құралдарын пайдалану мен бірге мемлекеттік әрнайы дамыту және қолдау қорларын құруд. Сонымен арнайы мамандарылған мемлекеттік акционерлік қоғамдар мен ұйымдардың негізін салып, алғашқы нәтижелерін алуда. Мемлекет осы мақсатта «ҚазАгро» ұлттық холдингін құрды. Қазіргі кезде оның құрамына сегіз акционерлік қоғам, яғни олар мынаулар: «Азық — түлік келісім — шарт корпорациясы» АҚ, «Мал өнімдері» АҚ, Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық – несиелік корпорация» АҚ, «Бидай дақылдарын кепілдендіру қоры» АҚ, «Қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Қазагроинновация» АҚ. Осы акционерлік қоғамдар өз жұмыстарынын бастағаныға көп болмасада бір – неше елеулі жетістіктерге жетіп және агро саланы серпінді дамытуға арналған ірі жобаларды жасап үлгерділер.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРМЕН АГРОСАЛАНЫ НЕСИЕЛЕУ- АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

1.1 Мемлекет экономисын қарқынды дамытушы күш ретінде — ауыл шаруашылық секторын банктік несиелеу
Коммерциялық банктердің несиелік операциялары жақын уақыт аралығында пайда болған емес, бірақ коммерциялық қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда өте үлкен артықшылықтары мен тиімділіктерінің әсерінен өте кең таралған қатынастар қатарына жататынды. Қазіргі кезде банктердің қызметін несиелік операцияларсыз есететуге болмайды. Әр бір адам үшін банк бұл ең бірінші болып несие беруші мекеме болып табылады. Әр бір банктің негізгі мақсаты болып, табыс болып табылады. Ал табыстың негізгі көзі банк үшін бұл – активті операцияларын тиімді жүргізу. Былайша айтқанда, банк өз клиеттеріне несие беру арқалы оның пайыздық ставкасы арқалы табыс алу.
Коммерциялық банктердің несиелік операциясы – бұл банктің өз клиенттеріне белгілі шарттармен және белгілі мерзімге дейін және сол арқалы белгіленген мөлшерде сыйақы (пайыздық ставка) алуға арналған коммерциялық қызметі. Бұл банктердің негізгі табыс көздерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда коммерциялық банктер ұсынатын несиелердің пайдалынатын бағыттарына қарай келесідей жіктеледі: өнеркәсіпке арналған, тұтынушыға арналған, саудаға арналған, ауыл шаруашылығына арналған, инвестициялық несие мен бюджеттік несиелер болып табылады.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатының негізі болып несиелендіруге болатын жаңа экономикалық сала сигменттерін табу мен қаржыландыру болыа табылады. Ал қазіргі кезде өте ірі перспективаға ие және үлкен қаржылық құралдарын қажет етуші салалардің бірі болып – агро сектор болып отыр. Бұл салада негізгі қаржыландырушы күш ретінде әріне мемлекеттік бюджет болғаны мен толығымен бөндай ірі экономика саласын тек бір ғана құрал мен тұындаған мәселерді шешуге болмайтындығы анық. Сондықтан бұл салаға көбірек банктік несиелерді тарту әрі банк үшін әрі мемлекет үшін ынғайлы болып отыр.
Әріне коммерциялық банктердің қазіргі кезде несиелеудің негізгі көздері бұл — өнеркәсіп, сауда және құрылыс болып отыр. Бірақта ауыл шаруашылығы өте үлкен песпиктиваларға ие болғандықтан, банктер үшін жаңа несиелеу базасы болуы анық.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2004 – 2007 жылдар аралығындағы екінші деңгейлі банктердің жалпы несие портфелінің көлем салмағыдан ауыл шаруашылық субъектілеріне берген несие көлемі 12% ден 4,4% дейін қысқартқан. 2007 жылы агро саласына берілген несие көлемі 240 млрд. тг құраған (сурет–1). Бұл несиенің негізгі болігі, яғни-73% Алматы және Астана қалаларына берілген. Талдау нәтіжесінде бұл несиелердің кімге берілгені анықталды. Несиенің негізгі болігі, яғни 95% ірі және орта ауыл шаруашылықөнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға берілген. Ал қалған тек қана 5% ғана шаруа қөжалықтарына берілген. Осы берілген несиелердің пайыздық ставкасы 15 – 22% қүраған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет -1. Коммерциялық банктердің агро салаға арнаған несие корсеткіштері.

Енді мысал ретінде «Қазкоммерцбанк» АҚ – нің агро салаға, шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты жаңа бағдарламаларын көріп шығайық. Агро сала субъектілері мен кәсіпкердел белгілі бір бөлігі бұған дейін пайыздық қайтарымы жоғары болғандықтан банктен несие алуға қауіптенетін. Енді Қазкоммерцбанк осы ахуалды өзгертуге әрекет жасауда. Оны олардың агро салаға, шағын және орта бизнесті несиелендіруге арналған «Сізге орайластырылған» деп аталатын жаңа бағдарламасынан аңғаруға болады. Бағдарламада несиенің бірнеше түрі қарастырылған. Жедел-микронесие, микронесие, шағын несие және меганесие. Онда несиелендірудің валюта бойынша жылдық мөлшерлемесі 15-27 пайыздан 13,5-16 пайызға, ал теңгемен 18-36 пайыздан 15-18 пайызға дейін төмендетіліп отыр. Несие беру мерзімі де 3-84 айдан 10 жылға дейін ұзартылған. Банк өткен жылы шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемін 60 пайызға арттырып, оны 424 миллион доллардан асырған болатын. Соның нәтижесінде өз бизнесін қаржыландыру үшін несие алған кәсіпкерлер саны да үш есеге өсіп, 15 мың адамға жетті

 

Шағын несие ( «Қазкоммерцбанк» АҚ – мы ұсынған несие шарттары).

Несие сомасы: 500$-дан 30 000$-ға дейін
Мерзімі: 12 айға дейін
Пайыздық мөлшерлеме: Валютада айына 2-2,6%
Қаржыландырылады: Сауда, қызметтер, өндіріс

Банк шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне несиелік құралдарды қолдана отырып жанама түрде араласады әрі еңбекке жарамды халықты жұмысқа толық қамта отырып, олардың әлеуметтік және қаржылық жағдайын жақсарту жолдарын іздестіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет – 2. Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген несиелері, экономика салалары бойынша.
Ұлттық Банктің беріп отырған мәліметтеріне сүйенсек (Сурет – 2), Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ашратып отырған несие көлемі жылдан – жылға үлғаюда. Мәселен ауыл шаруашылық субъектілеріне өз қызметін жұргізуге 2007 жылдың 6 айында 300872 млн. теңге несиеге берілген болса, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 1256352 млн. теңгеге дейін артты. Яғни, 2007 жылы соңында бекітілген несие келісімдердің құны 2008 жылдың соңындағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 417,5%, ал осы 2008 жылдың алғашқы 6 айындағы мәліметтеріне салыстырсақ 228% жуық көбейген болып табылады. Бұдан осындай ауыл шаруашылығына арналған қаржылардың осындай қарқынмен көбеюі, болашақта улкен жетістіктерге қол жеткізіледі деген болжам жасауға болады.
Соңғы жеті жылда (2001-2008) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған. Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды: тракторлар -1117 дана; астық жинайтын комбайндар — 1605 дана; тұқым сепкіштер — 819 дана; егіс кешендері — 394 дана; дестелегіштер — 308 дана. 2008 жылы Коммерциалық банктер арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат — 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде: тракторлар -586 дана; астық жинайтын комбайндар — 656 дана; тұқым сепкіштер — 303 дана; дестелегіштер — 140 дана. Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады. Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар: — ауыл шаруашылығы өндірісін 2003 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға; — қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге; — жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді. Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы. Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады. Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады. Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды. Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ. Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ. Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде. Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Әріне, агро саланы дамытудың негізі бұл қаржылындыру. Бұл жоспарда әріне ұлкен ролді ауыл шаруақөжалықтары мен ауыл шаруаөнімдерін өндірушілерге қаржылық қызмет көрсетуді күшейту керек екендігі мәлум. Қазіргі кезде өрташа есеп пен жылына импорталатын түрлі техникалардың (трактор мен комбайн) 45% «ҚазАгроФинанс» АҚ – дың үлесінде. «ҚазАгроФинанс» басқармасының 2008 жыл 1 сәуірге дейін 1092 техника, 450 трактор, 572 комбайн, 70 егін егу комплексі сатып алу үшін компания тарапынан қаржыландырыоған. Осы жылдан бастап жаңа технологияларды қаржыландыру жоспары өз жұмысын бастауда. Оның ішінде шаруа фермаларын, жаңа қоймалар мен сақтау орындарын құрудың жаңа технологияларын және жерді өңдеудің жаңа әдістері мен техникаларды негізу жоспарланған.

2 – кесте. Екінші деңгейдегі банктердің несилік көрсеткіштері.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелері. Экономика салалары бойынша (Заңды тұлғалар).
млн. теңге, кезеңнің соңына

Cалалар
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы

Құрылыс
Сауда
Өзге салалар

қатысушы субъектілер

Банкке жатпайтын заңды тұлғаларға Банкке жатпайтын заңды тұлғаларға Банкке жатпайтын заңды тұлғаларға Банкке жатпайтын заңды тұлғаларға Банкке жатпайтын заңды тұлғаларға
Жылдар
несие мерзімі несие мерзімі несие мерзімі несие мерзімі несие мерзімі
қысқа ұзақ қысқа Ұзақ қысқа Ұзақ қысқа ұзақ қысқа ұзақ
2007ж. 6айда 90123 182553 73729 183394 154567 373944 365931 455049 99082 325107
2007ж.соңында 256901 429050 174040 421442 273352 898515 822151 1212946 255917 855850
2008ж. 6айда 154528 314116 199856 287600 206897 757066 705707 1121661 254072 803072
2008ж.соңында 314150 703358 418772 688896 475804 2179103 1530479 2800531 565170 1943284
2009ж. 3айда 82110 214689 89123 187943 125319 746805 430857 848277 102132 615296
Ескертпе – кесте Ұлттық банктің мәліметтері негізінде жасалынған

Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелері. Экономика салалары бойынша (Жеке тұлғалар).
млн. теңге, кезеңнің соңына

Cалалар

Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
Сауда
Өзге салалар

қатысушы субъектілер Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар

несие мерзімі несие мерзімі несие мерзімі несие мерзімі несие мерзімі
Жылдар қысқа ұзақ қысқа ұзақ қысқа ұзақ қысқа ұзақ қысқа ұзақ
2007ж. 6айда 49600 17652 12547 31201 195 3521 22056 236642 11683 166993
2007ж.соңында 99200 41296 26496 74459 320 12728 52271 606310 22761 418431
2008ж. 6айда 1672 35972 12451 49626 610 16980 41817 605478 21593 395431
2008ж.соңында 8968 91801 26274 122410 1676 52746 89756 1547643 50126 1018184
2009ж. 3 айда 563 30449 5535 36820 459 14009 19185 540102 17753 378142
Ескертпе – кесте Ұлттық банктің мәліметтері негізінде жасалынған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қорытынды мәліметтеріне сүйенсек, екінші деңгейдегі банктердің түрлі экономика салаларына беріп жатқан несие қаражаттарын талқылауға болады (2 – кесте). Осы кестеден көріп отырғанымыздай, барлық экономикалық салалар бойынша коммерциялық банктер жеке тұлғаларға несие беруден көре, заңды тұлғаларға осы несиелерін беруді жон көреді. Мысалы, ауыл шаруашылық секторындағы заңды тұлғаларға 2008 жылдың соңында 1107886 млн. теңге берілген болса, ал осы кезде жеке тұлғаларға тек 148684 млн. теңге немесе жалпы агро секторға ажратылған несиелердің тек 11,8%- тін құрайды. Және бір маңызды көрсеткішдердің бірі бұл ауыл шаруашылық секторына ажратылып жатқан қаржылардың қысқа мерзімді несиеден көре, көбірек ұзақ мерзімді несиелердің берілуі, яғни 2009 жылдың алғашқы 3 айында ауыл шаруашылық саласындағы жеке және заңды тұлғаларға берілген жалпы несиенің көлемі 319421 млн. теңге болса, ал оның ішіндегі ұзақ мерзімге берілген несиенің көлемі 224763 млн. теңгені құрап отыр, яғни 70,3%.
Агросаланы дамыту мәселесі бойынша, қазіргі кезде «Агролық несие корпорациясы» жергілікті жерлерде көптеген несие серіктестіктерін дамытуда. 2008 жылдың мәліметі бойынша негізгі капитал мөлшері 4 млрд. тг көлеміндегі 153 ЖШС өз жұмыстарын жұргізуде. Қазіргі кезде «Агролық несие корпорациясы»-ның ссудалық капитал мөлшері 61 млрд.тг құрада. 2008жыл 1 қазанға дейін 138 несиелік серіктестіктерге 6508,9 млн. тенге қаржы бөлінген. Бұл 2008жылға арналған жоспардың 100% құрайды. Егер «Агролық несие корпорациясы» мен Алматы мен Астана көрсетілген қызметтерді есепке алмайтын болсақ, онда жалпы ауыл шаруалық өнімдерін өнідірушілерге берілген несие көлемінің 38% — тін осы мекеменің үлесінде болып отыр.
Қоғамдық және кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің деңгейіне және елдегі банктік несие қатынастарының даму сатысына байланысты жалпы экономика салаларындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы қаржылық – несиелік қатынастарды ұйымдастыру нысандарын анықтау мүмкіндігі туады.
Банктік несиенің барлық шарттары мен түрлі жақтарын зерттеу нәтижесінде банктік несиенің әлсіз және күшті жақтары анықталынып қорытындылар шығарылды. Яғни банктік несиенің ауыл шаруашылық субъектілері үшін ынғайсыз 2 мәселе бар: біріншісі ол пайыздық ставкалардың жоғары болуы, ал екіншісі кепілдік заттың болуы болып табылады. Осы мәселені шешу үшін банктер арнайы агро салаға арнаған жаңа несие желісін жасау барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді.
Қазіргі кезде банктік несиелеріне деген сұраныстың онша ұлкен болмауінің негізгі себептері мыналар:
1. Банк тарапынан қойылатын жоғары пайыздық ставка. Бұл есе кей кезде өте іскер кәсіпкерлердің өзлерінің перспиктивалы жоспарларды жұзеге асыруға жол қоймайды. Бұл мәселені шешу үшін банк пайыздық ставкалар мөлшерін төмендетуі керек. Бірақ қазіргі кезең экономикалық коньюктураның себептерінін, банктер жоғарғы тәуекелділікке ұшрауы мүмкін. Сонымен бірге бұл мекемелер коммерциялық ұйымдар болғандықтан жоғары пайыздар есебінен мөлынша көп табыс алғысы келеді. Бұл мәселені шешу үшін жаңа жолды табу керек. Яғни банктерде өзінің жоғарғы табысын алуы керек, ал несие алушылар үшін пайыз ставкалары ауыртпалық деңгейі төмен болуы керек.
2. Несие алушы несие көлеміннен 1,4 есе үлкен кепіл мүлктің болуы. Бұл несие алушылардың өте көпін несие алудан бас тартуға мәжбүрлейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 30% көп агро шаруақөжалықтарында тек қана жерден басқа, бағаланатын мүлік жоқ. Ал мүллкі бар қөжалықтарда түрлі тәуекелділіктерді ескере отырып (табиғы және экономикалық), бұл мүлктенде ажрап қалудан қорқады.
Бұл мәселерді бір жола шешу үшін біздің ойымша банктер мемлекеттік ұйымдар мен қоса жаңа несие желілерін ашуы керек. Мен үсынған несие түрі банктерге жоғары табыс алып келуі болжамданады, ал несие алушыларға өз жұмысында сенімдік пен әрі ғарай өз бизнесін дамытуға және кеңейтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын (Сурет – 3.).
Бұл несиелік процес былайша жүргізіледі:
1. Несие алушы банктен несие алу үшін сұраныс білдіреді. Сонымен бірге банкке өзінің бизнес – жоспарын ұсынады.
2. Банк ол бизнес – жоспардың түрлі экономикалық көрсеткіштерін зерттеу үшін ( рентабелділігі, қайтарым мерзімі, сийымдылығы, пайдалылығы және т.б) араны сол салаға маманданған мекемеге жібереді (Мыс: «ҚазАгро Маркетинг» АҚ).
3. Арнайы мекемеден жауап келгенден соң, берілген есеп бойынша несие алушығы несие беру немесе берместік шешімін қабылдайды.
4. Егер бизнес – жоспар рентабелділік дәрежесі жоғары болса, несие беру туралы шешім қабылданады.
5. Банк бұл жерде барлық операцияларын өзі жұргізеді: қаржыландыру, лизингтік операциялар, келісім – шарттар және т.б.

Сурет – 3. Агро саланы дамытуға арналған арнайы банктік несие.

Бұл несиенің пайыздық ставкасының болмауы, кепіл зат талап етілмеуі есебінен банк үшін өте тиімсіз деген сұрақ түындауы мүмкін.
Әріне ондай немес, яғни:
1. банк барлық қаржылық операциялар өзе жұргізеді.
2. барлық қаржыларын және келісім – шарттарын сақтандыру арқалы түрлі тәуекелдерден сақталуға мүмкіндік береді.
3. келісім – шартта көрсетілген мерзімге дейін қаржыландырылған объектіден келетін табыс несие бойынша сыйақы мөлшерінденде көбірек екендігі есептелді.
Бұл несиенің несие алушы үшін артықшылықтары мыналар:
1. Тек қана агро салаға ғана емес сонымен бірге шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытуы;
2. экономиканың ең дамып келе жатқан бөлімі болып табылатын, шағын, отбасылық және жеке кәсіпорындар жүйесін нығайту және қызмет аясын кеңейту;
3. экономикалық белсенді топқа жататын тұрғындардың табысын көтеру, олардың тұтынушылық мүмкіндіктерін кеңейту;
4. мәмілелерді қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша 100% қаржыландырады.
5. салықтық жеңілдіктер және инвестициялық ынталандыру;
6. клиент несие алу үшін кепіл заттің болуінің қажет еместігі;
7. несие бойынша пайыздық ставканың болмағандығынан өз жұмысын сенімділікпен және іскерлік пен ұйымдастыруы және т.б.
Банк үшін бұл несиенің артықшылығы:
1. тек қана өндіріс пен сауда сигментінде ғана емес енді агро саладада өз қызметтерін кеңейту;
2. несиенің қарапайым халық ішінде банк үшін керекті мөлшерде сұранысқа ие болуы;
3. барлық келісім-шарттар мемлекеттік сақтандыру қоғамдары мен кепілденгені үшін және лизинг, сатып алуынған жылжымайтын мүлік құжаттары банкте болуы (несие мерзімі біткенге дейін)барлық тәуекелдерден сақтайды.
4. сонымен бірге банктің басты мақсаты болған жоғары табыстылыққа жету.

Бұл несиенің негізгі принциптерімен қатар өзінің ерекше сипаттамалары бар:

 несиенің көлемі бірінғай емес (бірегей стандарт жоқ, шағын көлемі 10000 АҚШ доллар және ірі көлемі 50000АҚШ доллар және одан жоғары болуы мүмкін);
 тұрмыс деңгейі төмен тұрғындарғада, іс – тәжрибесі бар кәсіпкерлерге де және өз ісін жаңа бастап келе жатқан немесе шағын кәсіпорындары мен шаруа қөжалықтарын кеңейтуді көздеген кәсіпкерлерге; басқа қаржы көздеріне қолдары жетпейтін шағын және орта кәсіпорындарға және шаруа субъектілерге бейімделген;
 несие мерзімі бизнес-жолпар табыстылығына қарай беріледі: 3 жылдан бастап;
 несиені қолданудағы басты мақсат – тек қана банктің табысы ғана емес жалпы шаруа субъектілер мен кәсіпкерлердің табысын мөлайтумен бизнесін дамыту;
 мемлекетік сақтандыру қоғамдары арқалы келісім-шарт кепілдігін қолдану мүмкіндігін несиені қайтаруды қамтамасыз ететін нысан ретінде қолдану;
 қарапайым несиелер сияқты несие пайыздамасының болмауы.
 бұрыңғы несиені төлеген кезде несие алушы келесі несиені үлкен көлемде алуға құқылы.
 экономиканың және басқада жағдайлардың есебінен болатын тәуекелділіктер есебінен тек қана несие алушы ғана тәукелге үшрамай, жалпы барлық қатысушылар (клиент, банк, сақтандыру компаниясы) арасында бөлінуі;
 банктің табысы бұл жерде тікілей қарыз алушының іскерлігіне байланысты болады.
 бірақ болжам бойынша қарапайым несие бойынша алынған табыстан көпрек табыс алып келуі мүмкін;

1.2 Агро шаруа субъектілері мен шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі стимулы ретінде шағын несие.
Бүгінгі таңда нарықтық экономикалы тәуелсіз мемлекетті құруда агро шаруа қөжалықтары мен шағын кәсіпкерлікті дамытуды елдің экономикалық көркеюінің факторының бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Агро сала кешендерін дамыту үшін мемлекет және коммерциялық банктер мен ұйымдар тарапынан ұйымдық және қаржылық көмек қажет. Қазақстанда шағын қаржыландыру экономиканың дербес саласы ретінде 90 – жылдардың ортасында пайда болғанына қарамастан, бүгінгі таңда белсенді түрде дами бастады.
Шағын қаржыландыру көптеген мәселелерді, яғни бастаушы кәсіпкерлерді қолдау, банктік несиеге қол жетпейтін шағын ауыл қөжалықтарын және бизнесті бастапқы несиелендіру мәселелерін шешеді. Бұған тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігін қаржыландыру, оның ішінде өз бизнесін құрғысы келген, бірақ қалыптасқан қаржылық жағдайына байланысты банктен несие алуға мүмкіндігі жоқ, тұрмыс деңгейі төмен, жұмыссыз азаматтарды несиелендіру жатады.
Шағын несие әлемнің миллиондаған адамдарының қаржылық қызметтерге қол жеткізулеріне мүмкіндік береді, елдің өмір сүру деңгейін жақсартады. Шағын несиелендіру жүйесінің негізін қалаушы және Grameen bank – ін құрушы Бангладештік экономист доктор Мохаммед Юнустің 2007 жылға әлемнің Нобель сыйымен марапатталғанын осы айтқанымыздың дәлелі ретінде келтіруге болады. «Сыйлық әлеуметтік және экономикалық дамуға негіз құру жолындағы жемісті еңбегі үшін берілді», — деп атап көрсетілген Нобель сыйлығының Норвегиялық комитетінің ұсынған ақпаратында.
Өз еліндегі кедейшілікке қарсы күресті Юнус 1974 жылы бастады. Ол төмен пайызды шағын несие беру – шағын бизнесті дамытудың алғышарты деген шағын несиелендіру тұжырымдамасын жасады. Көлемі 27 АҚШ долларын құрайтын алғашқы несиені бамбуктан жиһаз жасайтын әйелге берді.
Бүгінгі таңда Grameen қорының әлемнің 22 елінде 52 әріптестен тұратын бүкіләлемдік желісі бар, аталған қор Азия, Африка, Америка және Таяу Шығыстың 11млн – ға жуық адамына көмек көрсетуге мүмкіндік туғызып отыр.
Осыған дейін Нобель сыйлығы шағын несиелендіру саласындағы қызметі үшін ешкімге берілмеген. Сыйлйқ өткен жылдың қазан айында берілді. Бұл факті әлемдегі шағын несиелендірудің дамуына, сондай – ақ соңғы жылдарда Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзінен және үкімет тарапынан айтарлықтай қолдау тауып отырған Қазақстандағы шағын қаржыландыру секторының дамуына да серпін береді.
Шағын несие – бұл кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындардың өмір деңгейін жоғарылатуға көзделген, дәстүрлі банктік қаржыландыруға қолдары жетпейтін, шағын кәсіпкерлерге – банктік қызметтер көрсету жүйесі.
Қазақстан Республикасының «шағын несиелендіру ұйымдары туралы» 2004 жылдың 6 наурызындағы № 392 II Заңы 2007 жылғы 8 желтоқсандағы №198 өзгертулер мен толықтырулар негізінде, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдары мен өкілдіктерінің ауыл тұрғындарын несиелендіру Ережесінде төмендегі ұғымдар берілген.
Шағын несиелендіру – ақылы, жедел, қамтамасыз етілген, қайтарымды шарттармен мақсатты пайдалануға ақшалай формада берілетін (шағын несие) займ.
Заемшы – шағын несие алуға келісім шарт жасаған жеке немесезаңды тұлға. Ынтымақтастық топ- займ алу үшін хаттама негізінде өз еріктерімен бір топқа біріккен жеке тұлғалар.
Несие комитеті – қордың ішік несие саясаты туралы Ережеге сәйкес оның несиелік саясатын жүзеге асыратын Қор бөлімшелерінің коллегиалдық органы.
Құжаттар пакеті – займды ресімдеу үшін Заимшының тапсырған құжаттары. Шағын несиелендіру экономикалық даму құралдарының бірі ретінде төменде аталған мәселелерді шешуге бағытталған.
• өз ісін жаңа бастаған түрлі ауыл шаруашылық субъектілері мен кәсіпкерлерді қаржыландыру;
• бастапқы және іс жүзіндегі бизнес жобаларын еншілес қаржыландыру;
• меншігінде орта бизнесі бар және банктік несиені пайдалануға мүмкінділігі жоқ ауыл шаруашылық субъектілері мен кәсіпкерлерді қаржыландыруға жол ашу;
• бекітілген тәртіп бойынша қаржыға қолы жетпейтін, банктік несие қызметін қолдана алмайтын шағын бизнес меншік иелеріне қаржылық қолдау көрсету.
Халықтың тұрмыс деңгейі төмен тобына мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды күшейту, оларды шағын несиелендіру жүйесін дамыту арқылы шағын бизнесті дамытуға ынталандыруды құру – негізгі міндет.
Қазіргі таңда осы облыстар бойынша оңтайлы шешімін тауып жатқан мысалдар баршылық. Соңғы жылдарда Орталық және Шағыс Еуропа, ТМД аймақтарында шағын қаржылық сектордың қарқынды дамуы байқалуда. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша бүгінгі таңда шағын қаржылық ұйымдар 2 миллионнан артық клиентке қызмет көрсетеді, займдардың жинақтық портфелі 2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Шағын қаржыландыру секторы экономикалық өсу процесінде және бүкіл әлемдік кедейшілікті азайтуда маңызды орын алады.
ТМД елдерінде шағын несиелендіру қарқынды дамуда. Қазақстанның экономикалық жағдайы Ресей мен Польшаға сәйкес болғандықтан, еліміз үшін аталған елдердің тәжірибесі қолайлы болып отыр.
Шағын қаржыландыру жүйесініңс ең қолайлы тәжірибесін Польшаның 28 ауданында филиалы бар және жалпы саны 5 адамды құрайтын кәсіпорындарға қызмет көрсететін Польшалық «Фундуш Микро» қоры ұсынған. Қор несиелендірудің жекелей, топтық немесе ротациялдық үлгіде құралған төмендегі қағидаларын қолданады:
• несие мерзімі 3 айдан жоғары;
• несиенің орташа көлемі 1500 АҚШ долларын құрайды;
• тиімді пайыздық үстемаақы 35% құрайды;
• несие алушылардың 55% әйелдер;
• қарыздың қайтарым деңгейі 98%-ды құрайды.
Қор несиелеу қызметін қабылдау, үйрету, кеңес беру қызметтерімен үйлестіреді.
Шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық субъектілерді қолдау бойынша тағы бір бағдарлама бар, ол Tacis – Европалық одағы жағынан Ресей және басқа ТМД елдеріне техникалық, лизингтік келісім шарт операциялар мен көмек көрсету бағдарламасы. Аталмыш жоба Ресейдің шағын кәсіпкерлікті қолдау Федералды қорымен тығыз қарым қатынастықта іске асырылады. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға аймақтық әкімшілік атсалысады.
Шағын несиелеудің артықшылығы және негізгі ерекшеліктері.
Шағын несиелендіру жүйесі жеңілдетілген кесте бойынша құрылғандықтан оның екінші деңгейлі банктердің алдында бірнеше артықшылықтары бар, олар:
 шағын бизнесті дамытып, орта бизнесті қалыптастыру;
 экономиканың ең дамып келе жатқан бөлігі болып табылатын, шағын, отбасылық және жеке кәсіпорындар жүйесін нығайту және қызмет айсын кеңейту;
 экономикалық белсенді топқа жататын тұрғындардың табысын көтеру, олардың тұтынушылық мүмкіндіктерін кеңейту.
Банктік несиелендірудің негізгі принциптерімен қатар (жеделділік, төлемділік және қайтарымдылық), шағын несиелендірудің өзіндік ерекше сипаттамалары бар:
 несиенің салыстырмалы түрлегі аз көлемі (бірегей стандарт жоқ, дамушы елдерде 50 – 500 АҚШ долларын құрайды, өтпелі экономикалық дамушы елдерде 500 – 5000 АҚШ доллар);
 тұрмыс деңгейі төмен тұрғындарға; өз ісін жаңа бастап келе жатқан немесе шағын кәсіпорындары мен шаруа қөжалықтарын кеңейтуді көздеген кәсіпкерлерге; басқа қаржы көздеріне қолдары жетпейтін шағын кәсіпорындарға және шаруа субъектілерге бейімделген;
 несиелендіру негізінен қысқа мерзімге беріледі: 3 айдан – 12 айға дейін;
 несиені қолданудағы басты мақсат – табыс табу және бизнесті дамыту, сонымен қатар, білім, медициналық және т.б. қызметтер көрсету;
 топтық кепілдікті қолдану мүмкіндігін несиені қайтаруды қамтамасыз ететін нысан ретінде қолдану;
 кезеңді несие беру – аз сомадан көп сомаға дейін; бұрыңғы несиені төлеген кезде несие алушы келесі несиені үлкен көлемде алуға құқылы.
Шағын несиелендіру арнайы шағын қаржылық интитуттары немесе шағын несиелендіру ұйымдары арқылы іске асырылады:
 шағын несие жеке іс бастау үшін бастапқы капиталы немесе кепілдікке қоятын мүлкі жоқ тұлғалар үшін өте қолайлы;
 шағын несие қайтарымдылық шартымен беріледі;
 алынған соманы ұлғайту мүмкіндігі бар;
 қарыз қайтарудың басқа да амалдары бар;
 шағын несие қажет құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын қаржы мөлшері аз соманы құрайды.
Қалыптасқан жағдай:
Ауылды жерлерде ауыл шаруашылық субъектілері мен кәсіпкерлікті дамыту – ауылдағы кедейшілікті азайтудың негізгі факторы болып табылады.
Сондай – ақ, ауылды жерлерде агро саланы дамытудағы ең негізгі мәселеле, бұл:
 Біріншіден, ауыл тұрғындарының қаржы ресурстарын қолдану мүмкіншіліктерінің шектеулі болуы.
 Ал, екіншіден екінші деңгейлі банктердің жоғары проценттік ставкалары ауыл тұрғындары үшін тиімсіз.
Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер ауыл тұрғындарын несие қайтарымының тәуекелінің жоғары болу және өтімдік кепілдік мүкілтің болмауы себебінен несиелендіруге құлықсыз.
Шағын қаржыландыру – ауыл тұрғындарының қаржы ресурстарын қол жетімділіктерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.
Қазақстанда шағын несиелендіру 1998 жылдары дами бастады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына қарағандағы ШНҰ саны 356 бірлікті құрап отыр (Сурет — 4).
ШНҰ аймақ бойынша тіркелген саны әрқилы, атап айтатын болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында – 89, Алматы қаласында – 62, Астанада – 25, Қарағанды облысында – 47, Қостанай облысында – 19, Алматы облысында – 16, Шығыс Қазақстан облысында – 15, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 12 – ден, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында – 11 – ден, Ақтөбе Облысында – 10, Алматы облысында – 7, Маңғыстау облысында – 5, Атырау облысында 3 ұйым тіркелген.
Ірі және шағын қалалардағы ШНҰ негізінен қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қолданыстағы ШНҰ ұсынып отырған шағын несиенің орташа жылдық пайыздық үстемақылары 36%-ден 60%-ға дейін. Дегенмен, қазіргі таңда ауылды жерлерде ШНҰ жүйесі дамымай отыр. Ауылды жерлердеші қызмет көрсетуші ШНҰ саны 13, бұл көрсеткіш тіркелген ШНҰ жалпы санының 3,7%-ын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет — 4. Шағын несие ұйымдарының ҚР бойынша орналасуы

Республикада шағын несиелендіру жүйесін дамыту мақсатында тәуелсіз және тиімді шағын несие жүйесінің жұмыс істеуі үшін кешенді іс – шаралар жоспары жасалған. Шағын несиелендіру жүйесі «Қазақстан – 2030» даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының қаржылық даму секторының тұжырымдамасына, шағын және орта кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық субъектілерін дамыту бойынша жедел іс – шаралар Бағдарламасына, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарының желісіндамыту тұжырымдамасына және басқа да бағдарламалық құжаттарға енгізілген.
Шағын бизнеске қаржылық – несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету үшін мемлекет Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын, сонымен қатар тікелей мақсаты шағын несиелендіру және шағын несиелендірумен айналысатын ұйымдарды қаржыландыру болып таыблатын, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын құрды.
10 жылдан артық тәжірибесі бар және қызметі ауыл шаруашылығы кешені мен ауыл тұрғындарын қодауға бағытталған маманданған қаржылық құрылым болып табылатын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (әр қарай – Қор), 2007 жылдан бастап 043 «Ауыл шаруашылығын институционалды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасының 105 «Ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру жүйесін ұйымдастыру» қосымша бағдарламасын тәжірибе жүзінде іске асыруда.
Атап айтқанда, жоғарыда аталған бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2006 жылы ауыл шаруашылық субъектілері және кәсіпкерлік негіздері мен шағын несие тиімді пайдалану бойынша 19412 ауыл тұрғындары оқытылса, 2007 жылы 37831 адам оқытылды. 2006жылдың наурыз айынан бастап қор жалпы көлемі 2707,8 млн. теңгені құрайтын 27845 шағын несие берді.
Қазіргі таңда елде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық даму жағдайы ірі қалалар мен ауыл, селолардың өмір деңгейіндегі сәйкессіздікті айқындайды. Экономикалық белсенді ауыл тұрғындарының 93% жұмыспен қамтылғандар, 7% жұмыссыздарды құрайды.
Жұмыспен қамтылған ауыл тұрғындарының 55 % негізінен өзінің жеке меншік қосалқы шаруашылығы бар, өз ісімен айналысатындардан тұрады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 170 мыңнан артық шаруа (фермерлік) қожалықтары мен 4 мыңнан артық шағын кәсіпорындар тіркелген. Республикада жұмыс істеп отырған шаруа қожалақтардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелген, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында қожалықтар саны біртіндеп кеми береді.
Сонымен, шаруа (фермерлік) қожалықтарын дамыту үшін шағын несие рычагтарын белсенді түрде пайдалану өзекті мәселе болып табылады, ал бүгінгі күні ауылдағы шағын несие рыногінің негізгі сегменттері болып төменде аталған шаруашылықтар табылады:
1. тұрғындардан шаруашылықтары (жеке қосалқы шаруашылықтар);
2. шаруа (фермерлік) қожалықтары.

2007 – 2009 жж. Ауылда шағын несие жүйесін дамыту кезеңдері.
2007 жылы филиалдар мен өкілдіктер арқылы шағын несиенің 96% (1709 млн.теңге), ал 4% тендерлік сұрыптау шартымен қолданыстағы ШНҰ арқылы бөлінді. 2008 жылы республикалық бюджеттен 2500 миллион теңге бөлу қарастырылған. Аталмыш бағдарлама, табыс деңгейі әртүрлі ауыл тұрғындары және ауыл тұрғындарына несие берумен айналысатын шағын несиелендіру ұйымдарын қамтиды. Сондай – ақ, болашақта лизинг және шағын лизинг (ауыл шарушылық тауарын өндірушілерге жабдықтар мен шағын технологиялар ұсыну) Ұсыну бойынша қызмет көрсету қарастырылуда.
2009 жылы Қор ауылды жерлердегі шағын несиелендіру нарығынмен толығымен ШНҰ беруді ұйғаруда. ШНҰ инвестициялау үшін жеке инвесторларды тарту жоспарлануда.
2009 жылы ауылдық шағын несие жүйесінің қаржылық тұрақтылығын дамыта отырып, ауылдық шағын несие желісін құру жоспарланып отыр.
Қорытындылай келетін болсақ, шағын несиелендірудің ауыл тұрғындарына бағдарланған институционалдық инфрақұрылымын құру – бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың маңызды бір нәтижесі болмақ.
2008 – 2009 жж. арналған 043 «Ауыл шаруашылығын интитуционалды дамыту» деген Республикалық Бюджеттік бағдарламасының 105 «Ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру жүйесін ұйымдастыру қосымша бағдарламасы.
Аталмыш республикалық бюджеттік бағдарламасын енгізу, шағын несиелендіру негізінде жеке және отбасылық ауыл шаруашылық субъектілер мен кәсіпкерлікті дамыту, ауылдағы кедейлікті төмендету, табыс деңгейін өсіру қажеттілігімен қарастырылған.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаттары:
1. өз бизнесін дамыту үшін экономикалық белсенлі ауыл тұрғындарды шағын несиемен қамтамасыз ету;
2. ауыл халқына кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру;
3. ауыл тұғындарын шағын несиелендірудің тиімді жүйесін қалыптастыру.
Бюджеттік бағдарламаны ауылдық аймақтар мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін мемлекеттік өкілетті органдар жүзеге асырады.
Ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру іске асыру бағдарламасының операторы «Ауыл шарушылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ.
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүргізілежі:
1. ауыл тұрғындарын кәсіпкерліктің негіздеріне және несиені тиімді пайдалануға үйрету;
2. үй шаруашылықтарын несиелендіру.
2008 жылы табыс деңгейлері әрі түрлі төмендегі ауыл тұрғындары несиелендіріледі:
• табысы өмір сүру деңгейі бар үй шаруашылықтары;
• орташа табыс деңгейі бар үй шаруашылықтары;
• ауыл тұрғындарын несиелендіруімен айналысатын, шағын несие беру ұйымдары.
Үстіміздегі жылға бюджеттік бағдарлама бойынша, ауыл тұрғындарына шағын несиелендіру жүйесін ұйымдастыруға 2500 миллион теңге қарастырылған, оның 1800 миллион теңгесі тікелей шағын несие беруге жұмсалады, 900 миллион теңгесі Қор өкілдіктерінің және филиалдарының тікелей несие беру және 900 миллион теңге – шағын несие беру ұйымдарын қаржыландыру арқылы бөлінеді. Аталмыш шара қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан несие беру ұйымдарын қолдап, ауылды жердердегі несие интитутын дамытуға бағытталған.
Табысы өмір сүру деңгейінен төмен үй шаруашылықтарына арналған шағын несиелердің мақсаттық бағыты:
 өсімдік шаруашылығы өнімін өсіру;
 шикізат және материалдарды өңдеу;
 қой, қоян, құс өсіру;
 ұлттық және көркемдік бұйымдарды өндіру;
 қол өнерін дамыту, үй еңбегін ұйымдастыру және т.б.
Орташа табыс деңгейі бар үй шаруашылықтарына несие төмендегі мақсаттарға беріледі:
 мал сатып алу, сүтті мал шаруашылығын дамыту;
 тұқым, жем және қоспажем, мал дәрігерлік дәрі – дәрмектер, өсімдіктер мен минералды тыңайтқыштарды қорғайтын химиялық құралдарды сатып алуға;
 ауыл шарушылық өнімдерін өсіру үшін жылыжай салу;
 еңбек құралдарын, өсіру үшін жылыжай салу;
 еңбек құралдарын, шикізат, жартылай дайын өнім сатып алу;
 тұрмыстық және сауда қызметін дамыту;
 кәсіпкер жұмысының басқа түрлері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған, басқа қызмет көрсету түрлерімен айналысу, халық қолданатын тауарларды шығару және өндіру.
Бұл бюджеттік бағдарлама төмендегі іс – шаралар арқылы жүзеге асырылады. 2008 жылғы бюджеттік бағдарламадан 043 «Ауыл шаруашылғын институционалды дамыту» атты бюджеттік бағдарламасының 105 – ші «Ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру жүйесін ұйымдастыру» қосымша бағдарламасына қордың жарғылық капиталын көбейтуге қатысу арқылы 2500 миллион теңге бюджеттік инвестиция бөлінеді.
Қордың жарғылық капиталын көбейту арқылы ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге бюджеттің қаражатын жіберіп, Республиканың бюджеттің несиелеу процесі мен мерзімінен тәуелсіз болады, қаржысын тиімді қолданып, қаржы айналымын көбейтеді, халықаралық гранттарды өзінің меншікті активіне тартып, басқада инвестициялық бағдарламаларға қатысады.
Қаражаттар төмендегі мақсатқа пайдаланылады:
• материалды – техникалық құралдарды және материалдық емес активтерді алу;
• қосымша енгізілген штатты қамтамасыз ету;
• ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негізі бойынша оқу ұйымдастыру;
• ауыл тұрғындарын шағын несиелеу.
Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: шағын несиелендірудің тиімді жүйесін жасау, қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз ету, ауылдағы кедейлікті азайту, ауылшаруашылық деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығына жатпайтын экономикалық сала өрісін көбейту, ауылда нарықтық инфрақұрылымының дамуына жағдай жасау, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қабілетін көтеру.

1.3. Арнайы ұйымдардың қатысуымен және банктердің көмегімен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау ережелері
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтарды мемлекеттік реттеу «Заңына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға, сондай – ақ, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өндеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық – санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері:
1. агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
• ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
• агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуын қамтамасыз ету;
• мемлекеттің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1. экономикалық өсу әлеуеті бар агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы;
2. ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердің талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестік;
3. мемлекет жүзеге асыратын іс – шаралардың ашықтығы;
4. мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің атаулылығы;
5. отандық агроөнеркәсіптік өндірісітің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;
6. ішкі нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
7. мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату;
8. агроөнеркәсіптік кешен қызметінің және тұрғындардың ауылдық елді мекендерде тұруының экологиялық қауіпсіздігі;
9. кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтарымен (одақтаымен) өзара іс – қимыл;
10. мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
11. агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардың дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз ету;
12. агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс – қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1. агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында несие беруді дамыту;
2. агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
3. агроөнеркәсіптіккешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
4. сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізу;
5. мамандандырылған ұйымдар құру;
6. агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру;
7. агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық – маркетингтік қамтамасыз ету;
8. агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми, нормативтік — әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
9. ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
10. ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
11. ветеринариялық – санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
12. салықтық, бюджеттік, кедендік – тарифтік, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мамандандырылған ұйымдар құра алады.
Мамандандырылған ұйымдарды құру тәртібі, олардың ұйымдық – құқықтық нысандары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Мамандандырылға нұйымдардың қатысуымен (ары қарай ережелер) агроөнеркәсіптік кешенді қолдау ережелер жобасы агроөнеркәсіптік кешенді қодау ретін төмендегі мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен айқындайды:
1. «Азық – түлік келісім – шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы.
2. «ҚазАгро Финанс» акционерлік қоғамы.
3. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы.
4. «Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы.
5. «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамы.
6. «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамы.
7. «Астықпен берілеті қолхаттардың кепілдік қоры» акционерлік қоғамы.
8. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы.
9. «ТемірЛизинг» акционерлік қоғамы.
10. «БТА – лизинг» акционерлік қоғамы.
Агроөнеркәсіптік кешенді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) қатысуымен қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
 ауыл халқына қордың филиалдары мен өкілдіктері арқылы шағын кредит беру;
 ауыл халқына одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру;
 өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің бөлігін өтеу.
Осы бағыттар бойынша іс – шаратар Қазақстан Республикасының заңнамасына, кредит саясатына және қордың өзге де ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шағын кредит беру бағдарламасына қатысу үшін шағын кредит ұйымдарын іріктеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тендерлік негізде жүргізіледі.
Қор тендерді ұйымдастырушы болып әрекет етеді. Тендер қарыз алу құқығына шағын кредит ұйымын айқындау мақсатында өткізіледі.
Шағын кредит ұйымдарына бөлінетін қарыздардың нысаналы мақсаты болады және ол ауыл халқы мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру үшін беріледі.
Қор мынадай бағалау өлшемдерінің негізінде жеңілпаз шағын кредит ұйымын айқындайды:
 түпкі қарыз алушыға шағын кредит беру кезіндегі сыйақы ставкасы;
 қамтамасыз ету өтімділігі;
 несие қоржынының құрылымы;
 меншікті капиталдың мөлшері;
 ауыл халқына шағын кредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіби біліктілігі.
ШНҰ құру мақсаты: ШНҰ ауыл тұрғындары және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдауға арналған шағын несиелендіру жүйесін қалыптастыру мақсатында құрылады, сонымен қатар оннан кем емес тең құрылтайшылардың қатысумен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық – құқықтық түрінде құрылады.
Жарғы капиталында Қордың үлесі қатысуымен шағын несиелендіру ұйымдарын құру ережелері 2004 жылға наурыз айының 6 жұлдызындағы № 392 «Шағын несиелендіру ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2007 жылға сәуір айының 28 жұлдызындағы № 337 «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру үшін шағын несиелендіру ұйымдары желісін дамыту тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, 2007 жылғы шілде айының 14 жұлдызындағы № 675 «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру үшін шағын несиелендіру ұйымдары желісін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2007 – 2009 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауылды жерлерде шағын несиелендіру ұйымдарының қызметі және оларды құру шарттарын анықтайды (ары қарай – ШНҰ).
Қордың ШНҰ жарғылық капиталында қатысу шарттары:
ШНҰ – ның жарғылық капиталында Қордың үлесі 46 пайыздан артық болмауы керек, үлес құны ШНҰ жарғылық капиталындағы Қордың қатысу үлесін өтеу шарты нарықтық құнымен есептеліп Құрылтай шартымен анықталады, ШНҰ құру үшін жарғы капиталының төменгі көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
Қормен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ШНҰ Құрылтайшысыан қойылатын барлық талаптарға сай келетін, ауылды жерде тұрақты тұратын кез – келген жеке немесе заңды тұлға ШНҰ құрылтайшы бола алады. ШНҰ заңды тұлға түрінде тіркеу «Өкілдіктермен бөлімшілерді есептік тіркеу және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жарғы капиталында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ үлесті қатысуымен ШНҰ құру үшін ықтимал тең құрылтайшыларға арналған қажетті құжаттар тізімі, ШНҰ құру Ережелеінде толық баяндалған және болашақта барлық құрылтайшыларға жаңа құрылатын ШНҰ – ның жарғы капиталындағы өз үлестерін сатып алуға мүмкіндік беріледі.
ШНҰ желісінің ауылды жерлерде дамуы жұмыспен қамтамасыз етуге, ауы- лтұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға, несие тарихын қалыптастыру және қаржы қызметін пайдалану тәжірибесі, сонымен қатар бірнеше кәсіпкерлік ынтагерлікті дамытуға бағытталған бір қатар міндеттерді шешуге көмектеседі.
2006 жылы қордың бөлімшелерімен 15504 сұраныс қабылданды, олардың ішінде 9504 – не 925845 мың теңгеге, ал 2007 жылы 16120 заемшыға жалпы соммасы 1782 млн теңге шағын несие берілді. Несиені өтеу есебінен 2103 заемшыға 253,1 млн.теңгеге қайта инвестиция беріліп, қосымша 15 млн. теңге сомасы көлемінде 118 шағын несие берілді. Берілген шағын несиенің негізгі бөлімі, яғни 90% пайызы мал шаруашылығын дамытуға, 7% пайызы өсіидік шаруашылығына, 3% пайызы бизнестің басқа түрлеріне жіберілді (Сурет – 5).

Сурет – 5. Шағын несиелеу корсеткіштері.
Биыл бюджеттік бағдарламамен ауыл тұрғындарының шағын несие жүйесін ұйымдастыруға 2500 млн. теңге қарастырылған, олардың ішінде нақты шағын несиеге 1800 млн. теңге жіберілді, соның ішінде 900 млн. теңгесі – қордың өкілдіктері мен бөлімшелері арқылы несиеленді, ал 900 млн. теңгесі – шағын несие ұйымдарына ресурсқа берілді. Бұл шара қолданыстағы ШНҰ қолдауға және ШНҰ жүйесін көбейту мақсатына және несие институтының ауылды жерде дамуына бағытталған.
2007 жылы тұрғындардың берілген сұраныстарының көбі, ресурстар жетпегендіктен, орындалмағанын ескеріп, биылғы жылы несие алу сұраныстарын қараған кезде, бұрын қамтылмаған, жасқа бағаланған сұраныстар қанағаттандырылады. Шағын несиені мерзімнен бұрын қайтарған және жақсы несиелік қайтарымы бар қарыз алушылардың сұраныстары біріншіден қамтамасыз етіледі. Ауыл тұрғындарын шағын несиелеу бағдарламасы төмендегі түрде жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды қолдау Қорымен іске асырылатын шағын несиелеу шарттары шағын несиелеу Ережесінде толығымен баяндалған. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қоғамның құқықты мүшесі заемшы бола алады.
Бірінші этапта шағын несиелеуге ауыл халқының келесі мақсатты топтары қамтылады:
• күнкөріс минимумынан төмен табысы бар үй қожалығы. Бір қарыз алушыға берілетін ең жоғарғы несие мөлшері 130 мың теңге;
• орташа күнкөріс табысы бар үй қожалығы. Бір қарыз алушыға берілетін ең жоғарғы несие мөлшері 260 мың теңге.
Шағын несие бойынша сыйақының орташа көлемі жылдық 9,5% құрайды. Шағын несие Заемшыға Қордың ішкі несие саясатымен анықталған шағын несиенің мақсатына байланысты 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ауыл халқын шағын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру қызметіне барынша қамту мақсатында Қор бөлімдері де қатысады, бұлар шағын несиені дамытуды және мониторингтеуді жүзеге асырады.
Қордың жергілікті бөлімдерінде заемшылармен Несие офицерлері жұмыс атқарады, олар ауыл халқын займ (шағын несие) алудың ережесі мен шарттары және жеке өзіндік бизнесті дамыту мүмкіндіктері жөнінде тұрақты ақпарат пен кеңес алуын қамтамасыз етеді (Қордың бөлімдерінің тізімі – үлестірмелі материалда).
Шағын несиелендірудің міндетті шарт – кепілдік қамтамасыздығы. Займ алу үшін кез – келген заемшы, оның ішінде күнкөріс минимумынан төмен табысы бар үй иесі кепілдікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ұсына алмайды. Кепілдіксіз берілген шағын несие, заемшының өз мойнына алған міндетінің орындалуына және несиені қайтаруды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты.
Осыған байланысты шағын несие міндеттерін орындауда кепілдік ретінде төмендегі жауапкершіліктер қолданады:
1. Жеке заем (шағын несие). Жеке займда шағын несие өтімділік кепілдікпен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға (үй шаруашылығына) беріледі.
2. Топтық (ынтымақтастық) заем. Топтық (ынтымақтастық) заем шағын несие топтық (ортақ) жауапкершіліктегі заемшылар тобына (2 адамнан көп) беріледі, яғни әрбір топ мүшесі несие өтеуге ортақ жауапкершілікте болады және топтың барлық мүшелерімен келісім жасалады немесе өтімділік кепілдікпен қамтамасыз етіледі.
3. Кепілділік займы. Шағын несие заемшыға пайдалануға беріледі, егер кепіл ретінде заемшыға берілген шағын несиені өтеу жауапкершілігін алған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі анықталған болса (ЖШС, өндірістік кооператив, шаруа қожалығы), өзінің кезегінде заемшы кепілге залог береді немесе кепіл екі жақтың келісімі бойынша ілгері басады.
Шағын несие ортақ немесе кепілдендірілген займды пайдалануда ауылдық округітің әкімдері несие алуға көектеседі немесе гарант табады әлде ортақ заемшылар тобын ұйымдастырады және т.б.
Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру арқылы алғашқы екі жыл ішінде келесідей нақты нәтижелерге қол жеткізілді;
1. Ауыл тұрғындарының бизнесті жүргізу дағдылары қалыптасып, іскерлік белсенділіктері мен өзін — өзі жұмыспен қамтулары артты.
2. 2006 – 2007 жылдары ауылды жерлерде 15000 жуық жұмыс орынның құрылуы ауыл тұрғындарының табыс деңгейінің жоғарлауына себеп болды.
3. Займды кепілдікпен қамтамасыз ету мәселесі ауыл тұрғындарының шағын несие алуы үшін өкілетті органдардың меншіктері арқылы шешілуде.
4. Ауыл шаруашылығы өндірісі едәуір өсті, кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері құрылды, яғни ауыл шаруашылығы емес профиліндегі (қайта өңдеу, ұлттық кәсіп, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.)
5. Ауылдың инфрақұрылым нарығын дамыту үшін жағдай жасалуда.
Ауылда тиімді шағын несие жүйесін құру және дамыту – бұл жалпы агро саласын импульс беру арқылы әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу үшін Қазақстанда адекваттық құралды енгізуді жоспарлаудағы маңызды аспект, салдары ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейлерінің жақсаруы.

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 Лизингтiк қатынастар қалыптасуының теориялық негiздері және лизинг термині түралы мәлімет
Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негiзделiп жүргiзiлген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазiргi уақытта ҚР – ның экономикалық алдындағы маңыздылығы өте жоғары мiндеттердiң бiрi соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиiмдi жүргiзiлген экономикалық реттеудiң арқасында қол жеткiзiлген макроэкономикалық көрсеткiштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлi Жолдауында “экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды – инновациялық стратегияны iске асыру қажет” деп айқындалып беруi бекер болмаса керек.
Лизинг феноменi 80-шi жылдардың басында жай ұзақ мерзiмдi жалгерлiк (аренда) ретiнде емес, кепiлдiкпен несиелiк қаржыландырудың, борыштық мiндеттеме бойынша есеп айырысудың жене басқадай каржылық тетіктердің элементтерi кездесетiн, жалгерлiк қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстурлi емес, қосымша жүйесi ретiнде анықталды.
Қазiргi кезде бiздiң мемлекетiмiз бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндiрiстi дамытуға кiрiсе бастады. Ал отандық өндiрiстi, сол арқылы отандық өнiмдердiң iшкi және сыртқы нарықтардағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн дамытудың маңызды шарттарының бiрi өндiрiске ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiн енгiзу негiзiнде оған қызмет көрсететiн негiзгi қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебi, нарықтық экономикажағдайында жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың бәсекелестiк қабiлеттiлiгi және өндiрiлген өнiмдерi мен көрсетiлген қызметтерiнiң сапасы, көбiнесе олардың пайдаланатын негiзгi қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазiргi заман талаптарына сай екендiгiне байланысты. Сондай – ақ бiзге ұқаз мерзiмдi тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етудiң классикалық факторларының бiрi өндiрiстiк база немесе өндiрiстiк аппарат болып саналатындағы да белгiлi. Сондықтан да, бүгiнгi күнгi мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР – ның тиiмдi және тұрақты және экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттi өндiрiстiк аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негiзгi қорларының шамамен 50 – 70% — ға дейiнгi мөлшерiнiң ескiргенiн және уақыт аралығында айырбастауды талап ететiнiң ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негiзгi қорлардың өте көп бөлiгiнiң ескiруi және өнеркәсiптiң өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемiнiң өте төменгi деңгейi отандық өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлеттiлiктерiнiң төмендеуiне әкелiп соғады. Қазiргi кезде елiмiздiң ұлттық банктiк жүйесiнiң экономика салаларының несиелiк ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерi жылдан – жылға жоғарылағанымен, банктiк несие есебiнен кәсiпорындардың негiзгi қорларын жаңарту қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыру мүмкiн емес. ҚР Қаржы министрлiгiнiң мәлiметтерiне сүйенсек елiмiздегi кәсiпорындардың негiзгi қорларын жаңарту үшiн қазiргi таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етiлiп отыр. Бүгiнгi күнi бұл көрсеткiш барлық коммерциялық банктерден бөлiнген несиелер көлемiнен шамамен екi есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негiзгi жолы, бiздiң ойымызша, лизингтiк қатынастарды негiзгi қорларды инвестициялаудың тиiмдi, ыңғайлы құралы ретiнде дамыту болып табылады. Қазiргi кезде әлемдiк тәжiрибеде, лизингтiк қатынастар экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негiзгi құралдарының бiрi отырып, прогрессивтi технологиялар негiзiнде ескiрген өндiрiстiк базаны жаңартуға және шаруашылық субъектiлер үшiн тиiмдi шарттармен негiзгi өндiрiстiк қорларды сатып алуға мүмкiндiктер беретiн инвестициялық қызметтiң ерекше түрi ретiнде кең түрде танылуда. Лизингтiң басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР – да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе бiздiң республикамызда әзiргi кешендi зерттеулер объектiсiне айнала қойған жоқ. Инвестициялардың жалпы көлемiндегi лизингтiк операциялардың үлесi бүгiнгi таңда тек 1,9% — ғана құрап отырғандығын, ал елдерде бұл көрсеткiш 15 — 30% аралығында екендiгiн және Қазақстан экономикасының дамуының қазiргi кезеңi үшiн лизингтiк қатынастарды дамытудың өте өзектi болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетiктерiн жетiлдiрудi ғылыми негiздеу қажеттiлiгi туындайтыны түсiнiктi. Осы мақсатта елiмiздегi лизингтiк қатынастар нарығындағы төменгi iскерлiк белсендiлiктердi және қазақстандық экономика үшiн лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн зерттеу объектiсiне айналдыру қажет.
Лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру үшiн келесiдей мiндеттердi шешу қарастырылады:
 Лизингтiк қатынастардың экономикалық мәнiн зерттеу және теориялық тұрғыдан негiздеу арқылы, оның өзiне тән барлық ерекшелiктерiн ескере отырып, “ лизингтiк қатынастар” түсiнiгiнiң тұжырымын нақтылау;
 әлемдiк тәжiрибедегi лизингтiк қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшелiктерiн жете талдау арқылы, олардың кейбiр тиiмдi жақтарын қазақстандық тәжiрибеде қолдану мүмкiндiктерiн мүмкiндiктерiн анықтау;
 лизингтiк қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлi нысандарының экономикалық артықшылықтары мен iске асырылу ерекшелiктерiн жан – жақты зерделеу;
 Қазақстандағы лизингтiк қатынастардың дамуының ағымдық жағдайына талдау жасауды қамтамасыз ететiн тиiстi статистикалық
 материалдарды жинақтап, жүйелiк сараптама жүргiзу арқылы келелi түйiндер жасау;
 Инвестициялаудың бiр нысаны ретiндегi лизингтiң артықшылықтарын салыстырмалы түрде көсету арқылы, лизингтiк қатынастардың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау;
 Лизингтiк төлемдер сомасын есептеудiң қолданыста жүрген әдiстемелiк негiздерiне талдау жүргiзу және жетiлдiру жолдарын ұсыну;
 ҚР – дағы лизингтiк қатынастарды әртүрлi деңгейлерде басқару қажеттiлiктерiн негiздеу арқылы, оларды реттеудi ұдайы жетiлдiрiп отыру керек екендiгiн дәлелдеу;
 Лизингтiк келiсiмдегi тәуекелдiктердi ескере отырып, лизингтiк қатынастарды басқару мәселелерiн зерттеу;
 Қазақстандағы лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру жолдарын анықтау.
Лизингтiк бизнестi ынталандыру және жетiлдiру бойынша шаралардың iске асырылуы Қазақстан Республикасының лизингтiк саласына инвестициялар тартуға және соның әсерiнен кәсiпорындардың өндiрiстiк базасын неғұрлым тез жаңартуға, өндiрiлген өнiмдердiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн жоғарылатуға әсер етуi мүмкiн. Лизингтiк қатынастардың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау және лизингтiк төлемдердi есептеу бойынша әдiстеменi толықтыру үшiн ұсынылған ұсыныстарды лизингтiк келiсiмге қатысушы субъектiлер лизингтiк жобаларға ақша қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтiк қызметтер нарығындағы лизингтiк операциялардың неғұрлым тиiмдi шарттарын таңдау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Лизингтік операция банк құрылымының iскерлiк ортамен өндiрiстi қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигiзетiндiктен бүгiнгi қазақстандьқ экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизинг идеясы ежелгi замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердiң пiкiрiне тоқталсақ, лизинглік мәмілелер бiздiң дәуірімізге дейін көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің «Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
Экономикалық лексиконға «лизинг терминінің (ағылшынша leasing — жалға беру) енгiзiлуi «Белл» елефон компаниясының операцияларымен байланыстылып қарастырылады: 1877 жыл бұл компанияның басшылығы телефон аппараттарын сатудан тоқтатып, оларды жалға беру туралы шешім шығарады.
Бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге арналған лизингілік операция өндiрiстi техникалық жағынан қайта жарақтандыруда артықшылыққа ие операция болып саналады.
Бүгiнгi таңда әлемдiк лизингілік қызмет көрсету нарығының негiзгi бөлiгi «АҚШ — Батыс Еуропа — Жапония» үшбұрышына шоғырланған. Батыс Еуропада лизингтi көбінесе мамандандырылған лизингілік компаниялар бередi. 75—80% жағдайда оларды банк бақылайды немесе олардың еншілес қоғамы болып табылады.
90-шы жылдары машина және құрал-жабдыққа салынған капитал салымының жалпы сомасында лизинг үлесіне тигені: АҚШ-та 25—30%, Англия, Франция, Швеция, Испания – 13-17%, Италия, Голландия 12—14%, Австрия, Дания, Норвегия, Жапония — 8—10%. Жапонияда лизингілік мәміленің мөлшері 1980—1988 жылдары 6 есе өстi, ал, лизингiлiк операциялардың жыл сайынғы өсiмi — 25—30%.
Лизингтік мәмiленің мәні. Әлемдiк iс-тәжiрибеде «лизинг» терминi ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негiзделген әр түрлi мәмілелерді белгiлсуде пайдалнылады. Жалдау келiсiмшарты бекiтiлген мерзiмге қарай жалгерлiк операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі.
1. Қысқа мерзiмдi жалдау (рейтинг) — 1 күннен 1жылға дейін;
2. Орта мерзiмдi жалдау (хайринг) — 1 жылдан 3 жылға дейін;
3. Ұзақ мерзiмдi жалдау (лизинг) — З жылдан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа. Машинаның және құрал жабдықтың ұзақ мерзiмге жалға алынуы немесе барлық келiсiмшарт мерзімінде жалға берушiнiң өзге бiреуге жалға берiлген мүлкіне меншік құқығы сақталатын, өндірістік тұрғыдан пайдалану мақсатында жалға алынатын машынаның және құрал – жабдықтың келісімшарты лизинг ретінде ұғындырылады. Оның үстіне, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алып, оны ұзақ мерзімге оған жалға беретін мамандандырылған (лизингілік) компанияның делдалдығы арқылы негізгі қордағы салымдарды қаржыландырудың өзіндік ерекшелігі бар формасы ретінде қарастыруға болады. Осылайша, лизинг компаниясы жалға берушіні несиелейді десе де болады. Сондықтан да лизинг кейде «несие – жалдау» («креди – бай»-фр.) деп аталады.
Тауардың меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға өтетін сату – сатып алу келісімшартынан айырмашылығы – лизингте жалға алынған заттың меншік құқығы жалға берушінің өзінде қалады, ал лизинг алушы оның тек уақытша пайдалану құқығына ие болады. Лизингілік келісімшарттың мерзімі аяқталғанда лизинг алушы мәміле объектісін келісімді баға бойынша сатып ала алады немесе лизингілік келісімшартты жалғастыра береді немесе құрал – жабдықты келісімшарт мерзімі аяқталғанда өз иесіне қайтарады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, лизинг құрал – жабдықты сатып алу үшін ұсынылатын несиеге ұқсас.
Негізгі қордағы несиеде қарыз алушы борышты өтеуі үшін төлемдерді белгіленген мерзімде төлейді, мұнда банк несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету үшін несиеленген объектінің меншік құқығын ссуда толық өтелгенше өзінде қалдырады. Ал, лизингте жалға беруші жалға алынған мүлікке тек келісімшарт мерзімі біткенше ғана және олардың жалға алған мүліктің құнын толық төлегенше ғана иелік ете алады. Алайда мұндай ұқсастық тек қаржылық лизингке ғана тән.
Лизингтiк қатынастар жақын уақыт аралығында пайда болған, бiрақ коммерциялық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда бiрқатар артықшылықтары мен тиiмдiлiктерiнiң әсерiнен өте кең таралған қатынастар қатарына жататындықтан, осы мәселенiң теориялық негiздерi қазiргi экономикалық ғылымдардың неғұрлым көп қырлы бағыттарының бiрi болып табылады. Лизингтiк қатынастардың теориялық негiздерi бойынша белгiлi – бiр нәтижеге, оның экономикалық мәнiн дұрыс түсiну және қозғалысы мен даму заңдылықтарындағы қарама – қайшылықтарды айқындау арқылы ғана қол жеткiзуге болатындықтан, жұмыста ең алдымен оның қалыптасуына қандай алғы – шарттардың әсер еткенi анықталады. Австриялық экономист В.Хойердiң тұжырымдамасы бойынша “лизинг” туралы түсiнiк оған дегенi көзқарастардың әртүрлi болуына байланысты өзiне бiрден жол аша алған жоқ. Бiрақ қаржыландырудың басқа нысандарымен салыстыру кезiнде қол жеткiзiлген жақсы нәтижелер және лизингтiк қатынастардың артықшылықтары туралы белсендi түрде жүргiзiлген насихаттар өған экономикадағы тануды қамтамасыз еттi. Сонымен бiрге, лизингтiк қатынастардың кең таралуына әсер еткен себептердiң қатарына атақты экономист П.Самуэльсонның “Экономика” деп аталатын еңбегiндегi, кәсiпорын неғұрлым тез қарқынмен үлкен табыстарға қол жеткiзген сайын, олардың капиталдарға деген мұқтаждықтары да соғұрлым жоғарылайды делiнетiн экономика заңын мысал ретiнде келтiруге болады.
“Лизингтiк қатынастарға көп жақтылық тән” деп тұжырымдаған ғалымдардың көзқарастары лизингтiк қатынастардың экономикалық мәнiн ашуға неғұрлым жақын келгенi шын. Лизингтiк қатынастар кезiнде көп жақтылықты мынадан көруге болады:
1. Лизингтiк қатынастар лизингке алушы мен лизингке берушi үшiн негiзгi капиталға қаражаттар салуды көрсетедi, сол арқылы оны инвестициялаумен ұқсастыруға болады.
2. Лизингтiк қатынастардың қаржылық жағы лизингке алушы үшiн оны ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алуды несиелеу нысаны, яғни дәстүрлi банктiк несиенiң альтернативi ретiнде қарастыруға мүмкiндiктер бередi.
3. Лизингтiк қатынастар қаржыландыруды ұйымдастыру нысаны бойынша лизингке алушы үшiн оның сыртқы түрi бойынша тауарлық несиемен ұқсас, себебi, лизинг тауарлық несие сияқты саудалық және несиелiк келiсiмдердiң байланысын көрсетедi.
4. Лизингке берушi мен коммерциялық банк арасында несиелiк қатынастар пайда болатындықтан, лизингтiк қатынастардың мәнi дәстүрлi несиелiк келiсiм ретiнде көрiнедi.
Мiне, сондықтан да, осы аталған элементтердiң барлығы өз беттерiнше жеке дара жұмыс iстей алмайды, олар тек лизингтiк қатынастардың күрделi құрылымын көрсететiн бiртұтас жиынтық ретiнде ғана iске асырылады. Зерттеу нәтижесi бойынша жұмыста лизингтiк қатынастардың экономикалық табиғаты мен мәнiн ашып көрсететiн және жоғарыда айтылған көзқарастарды ескеретiн, “лизингтiк қатынастар – бұл лизинг объектiлерiн пайдаланушыларды қажеттi өндiрiс құралдарымен дер кезiнде және тиiмдi түрде қамтамасыз етуге бағытталған жалға беру, несиелiк, саудалық қатынастардың жиынтығы болып табылатын кәсiпкерлiк және инвестициялық қызметтердiң бiр түрi және лизингке берушi мен лизингке алушының, сонымен бiрге лизингке берушi мен сатушының арасындағы серiктестiк қатынастар” деген авторлық тұжырым ұсынылған. Лизингтiк қатынастар кезiнде қолданылатын келiсiм – шарттардың барлығы бiр – бiрiмен өзара өте тығыз байланыста болатындықтан, ұсынылған тұжырым лизингке берушi мен лизингке алушының және сатушы мен лизингке берушiнiң араларындағы серiктестiк қатынастарды көрсетуге мүмкiндiктер беретiн концепция болып табылады.
Лизингтiк қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесiнде, жұмыста әлемдiк нарықтағы лизингтiк қатынастардың қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттындағы сапалық өзгерiстерге және лизингтiк келiсiмдердiң санының өсуiне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге бөлiп қарастырылған және оның әрбiр кезеңiне толық сипаттамалар берiлген. (3 кесте.)

3 кесте. Әлемдiк нарықтағы лизингтiк қатынастардың даму кезеңдерi.
кезеңдер I. XIXғ. соңы — XX. Лизингтiк қатынастардың қалыптасуының алғашқы кезеңi.
II. 1950 – 1960 жж. Американдың кезең.
III. 1960 – 1970 жж. Лизингтiк қатынастардың әлемге таралу кезеңi.
IV. 1970 – 1980 жж. Лизингтiк “шу” кезеңi.
V. 1980 – казiргi уақытқа дейiн. Әлемдiк лизингтiк одақтардың құрылу кезеңi

Әлемнiң 59 мемлекетi бойынша статистикалық мәлiметтер негiзiнде лизингтiк нарықтың негiзгi көрсеткiштерiне талдау арқылы, қазiргi уақытта лизингтiк қатынастардың әлемнiң шамамен барлық аумақтарында дамуда деген қортытынды жасалды. Соған байланысты, әлемнiң көптеген елдерiндегi инвестицияның жалпы көлемiндегi лизингтiң алатын үлесiне байланысты, лизингтi инвестициялаудың болашағы бар бiр нысаны деп толық санау мүмкiндiгi бар. Бiрақ осы көрсеткiштiң неғұрлым жоғары мөлшерi экономикалық даму деңгейлерi жоғары елдерде (АҚШ, Батыс Европа елдерi) байқалатындықтан, экономиканың даму деңгейi лизингтiк қаты-настардыңдамуы үшiн қажеттi шарт болып табылады деген қорытынды жа-салынған.
Елiмiздегi лизингтiк қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшелiктерiне сипаттама беру үшiн, жұмыста 2004 жылдың желтоқсан айында “Қазақстандағы лизинг: тәжiрибе, мәселелер және даму болашағы” деген тақырыпта болып өткен халықаралық “дөңгелек столда” болған пiкiр алмасулар нәтижесiнде лизингтiк бизнестiң 15 жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдерiне арнайы кесте құрастыра отырып талдаулар жасалынған (4 – кесте).

4 – кесте. Қазақстандағы лизингтiк қатынастардың қалыптасу және даму кезеңдерi.
Жылдар аралығы Кезеңдердiң аты Қысқаша сипаттама

I – кезең. 1989 – 1992жж.

Пайда болу кезеңi. Алғашқы лизингтiк компаниялар құрылды және кеәбiр коммерциялық банктер лизингтiк операларды аз көлемде iске асыра бастады.

II – кезең. 1992 – 1994жж.

Баяулау кезеңi. Қазақстанның iшкi нарығындағы экономикалық дағдарыстардың әсерiнен лизингтiк бизнестiң қарқыны баяулай бастады.

III – кезең. 1995 – 2000жж.

Жандану, қайта даму кезеңi. Лизингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңде мемлекеттiк лизинг кезеңi деп те атауға болады.

IV – кезең. 2000 – 2004жж.

“Банктiк лизинг” кезеңi. Банктiк лизингтiк компаниялардың құрылуымен байланысты лизингтiк қатынастар коммерциялық секторда өте тез қалыптасып, дами бастады.

Жұмыста 1 – кестеде көрсетiлген кезеңдердi 2005 жыл және одан жоғары жылдар деп толықтыру ұсынылған. Себебi, 2005 жылдың қаңтар айында “Қаржалық лизинг туралы” ҚР – ның Заңына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлгенi белгiлi. Ондағы ең маңызды өзгерiстердiң бiрi лизингке алушылардың лизинг бойынша есептелiнген сыйақы сомаларын толық көлемде салық салынатын табыстан шегеру құқығының берiлуi және лизингке беру мақсатында сырттан әкелiнетiн құрылғылардың импорты кезiнде ҚҚС – нан босатылатындығы болып табылады. Яғни, шетелдiк тәжiрибе көрсеткендей, лизингтiк операцияларға салық салу тәртiбi бойынша енгiзiлген жеңiлдiктер отандық лизингтiк нарықтың дамуына оң ықпал ететiндiктен, бiз оны елiмiздегi лизингтiк қатынастардың қалыптасуы мен дамуының V – кезеңi және “лизингтiк қатынастардың қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңi” деп атау ұсынылды.
Қазiргi кездегi әлемдiк лизингтiк нарықтық дамуының негiзгi тенденцияларын ескере отырып, жалпы экономика салаларындағы лизингтiк қатынастарды ұйымдастырудың төрт негiзгi нысаны бөлiп қарастырылады. Олар:
 лизингтiк қатынастарды басқарудың өндiрiстiк нысаны;
 лизингтiк қатынастарды банктiк құрылымдар арқылы басқару нысаны;
 лизингтiк қатынастарды арнайы құрылған дербес лизингтiк компаниялар арқылы басқару нысаны;
 лизингтiк қатынастарды холдингтер құру арқылы басқару нысаны.
Елiмiздегi лизингтiк қатынастар аясындағы болашағы бар нысандардың бiрi лизингтiк холдингтердi құру сызбасы болып табылады деген тұжырым жасалынған. Жұмыста әртүрлi салаға маманданған бiрнеше компаниялардың бiрiгуi нәтижесiнде лизингтiк холдингтердi тиiмдi құрудың сызбасы ұсынылған (Сурет – 6).

Лизингтiк холдинг құру мүмкiндiгi Коммерциялық банк (кредитор)

Өндiрушi (жеткiзушi) зауыт
Бас компания Сақтандыру компаниясы

Лизингке алушы

Сурет – 6. Лизингтiк холдинг құру сызбасы.

Лизингтiк қатынастарды холдингтер құру арқылы ұйымдастыру лизингтiк операцияларды iске асырудағы уақытты үнемдеуге, жиынтық шығындарды азайтуға және iрi көлемдегi операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiктер бередi. Сондықтан да болашақт елiмiзде шетелдiк инвестицияларды тарту жолымен холдингтердi ұйымдастыру нысанын дамытудың қажеттiлiгi өте жоғары.

2.2 Лизингтік операцияның жіктелуі мен лизингтік мәміленің қатысушылары
Лизинг түрлері және лизингілік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория іс – тәжірибеде маңызды мәнге ие.
Лизинг түрлері оның жіктелу белгілеріне қарай бөліп көрсетіледі. Жіктеу белгілеріне жататындар:
1. мәмілеге қатысушылардың құрамы;
2. лизингке берілген мүліктің тұрпаты;
3. мүліктің өтелу деңгейі;
4. амортизация шарты;
5. қызмет көрсету ауқымы;
6. операция өтетін нарық секторы;
7. салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы;
8. лизингілік төлемдердің сипаты.
1.1. Мәмілеге қатысушылардың құрамына қарай лизинг мыналарға бөлінеді:
• Тікелей лизинг; (екі жақты мәміле)
• Жанама лизинг; ( қатысушылардың саны 3 немесе оданда көп)
1.2. Мүліктің тұрпатына қарай лизинг былайша бөлінеді:
• Жылжымалы лизинг;
• Жылжымайтын лизинг;
1.3. Мүліктің өтелу деңгейіне қарай лизингті былай бөліп көрсетуге болады:
• Толық өтелетін лизинг; (келісімшарт бойынша мүлік құнынын толықұ төлеу)
• Толық өтелмейтін лизинг; (келісімшарт бойынша мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі)
Лизингтің формаларын екі негізгі түрге біріктіруге болады:
 Оперативті лизинг.
 Қаржылық лизинг.
Оперативті лизинг – бұл жлагерлік қатынас, онда жалға берілген затты сатып алумен және ұстаумен байланысты лизинг берушінің шығындары бір лизингілік контрактінің әрекет ету мерзімі ішінде жалгерлік төлеммен өтелмейді.
Оперативті лизингке мынадай негізгі белгілер тән:
1. лизинг беруші өзінің барлық шығынын бір лизинг алушыдан түсетін лизингілік төлемдердің есебінен өтеуге ұмтылады;
2. лизингілік келісімшарт, әдеттегіше 2-5 жылға бекітіледі;
3. лизингілік төлемнің мөлшерлемесі әдетте қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады.
4. мәміленің объектісіне көбінесе ең әйгілі машина түрлері мен құрал – жабдықтар жатады;
Қаржылық лизинг – бұл өзінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал – жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім.
Қаржылық лизингтің негізгі белгілері:
1. үшінші жақтың қатысуы;
2. лизингілік келісімнің біршама ұзаққа созылатын кезеңі;
3. қаржылық лизингте мәміле объектісінің құны әдеттегіше жоғары болады.
Халықаралық іс – тәжірибеде төменде келтірілген мынадай лизингілік операциялардың формалары кеңінен тараған.
«Стандарт» лизингісі. Лизингтің осы формасында жеткізуші (жабдықтаушы) мәміле объектісін қаржыландырушы қоғамға сатады. Ал, қаржыландырушы қоғам оны тұтынушыларға өзінің лизингілік компаниясы арқылы жалға береді.
Қайтарылатын лизингте құрал – жабдықтардың меншік иесі оны лизингілік фирмаға сатып, бір мезгілде бұл құрал – жабдықты одан жалға алады. Бұл операцияның нәтижесінде сатушы жалға алушыға айналады.
«Жеткізуші» лизингісі. Құрал – жабдықты сатушы қайтарылатын лизингтегі секілді алушыға айналады жалға алынған мүлікті ол емес, басқа жалға алушы пайдаланады.
Өтемдік лизинг. Жалдаудың төлемдері лизингілік мәміленің объектісі болып табылатын құрал – жабдыққа дайындалған өнімдермен төленеді.
Жаңғыртылмалы лизинг. Осы формадағы лизингілік келісімде жалға алушының талап етуі бойынша құрал – жабдықты оның жетілдірілген үлгілеріне кезең сайын ауыстырып отыруы қарастырылады.
Қаражат тарту лизингісі. Лизинг берушінің бір немесе бірнеше несие берушіден жалға берілген активтердің 80% — іне дейінгі сомада ұзақ мерзімге қарыз алуын қарастырады. Мұндай мәміледегі несие берушілерге ұзақ мерзімге тартылған біршама көп ресурстарға ие аса ірі коммерциялық және инвестициялық банктер жатады.
Лизингілік операциялардың шапшаң өсуі олардың лизинг алушылар үшін артықшылықтарының болуымен түсіндіріледі.
• Мәмілелерді қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша 100% қаржыландырады. Лизинг әдетте аванстық төлемді қажет етпейді, бұл нарық қатынастың жаңа әрі даму үстіндегі субъектілері (компания, фирма, кәсіпорын) үшін аса маңызды болып табылады.
• өндірісті ұлғайтудың мүмкіндігі болады, құрал – жабдықты реттеп қоюға көп шығын кетпейді, қарыз қаражаты тартылады;
• келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне құрал – жабдықты сатып алу жұмсалатын шығын тең бөлінеді. Қаражат басқа мақсаттарға да бөлінеді;
• құрал – жабдықтардығ сапалық тозуынан қорғайды, өткені лизинг ескірген құрал – жабдықты осы заманға жетілдірілген құрал – жабдыққа жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді;
• қарыз капиталын тартудың қажеті болмайды, баланста өзіндік және қарыз капиталдарының оңтайлы ара салмағы (ара қатынасы) сақталады;
• лизинг бойынша алынған техниканы пайдаланудың пайдалылығы мен жалдау төлемінің ара қатынасы сақталады;
• жалға берушінің тарапынан техникалық қызмет көрсетіледі және жөндеуден өткізіледі;
• құрал – жабдықты көп шығын жұмсамай жаңартудың мүмкіндігі болады;
• салықтық жеңілдіктер және инвестициялық ынталандыру;
• келісімшарт мерзімі аяқталғанда құрал – жабдықты сатып алу;
• құрал – жабдықтың апатқа ұшырау қатері оперативті лизингіде жалға берушіге жүктеледі;
• жоғары икемділік – лизинг нарықтық өзгерістерге шапшың бейімділуге мүмкіндік береді;
елдің сыртқы берешек көрсеткішінен лизингілік төлемдер есептен шығарылады
Лизингтік операцияның негізгі элементтері:
1. мәміле объектісі;
2. мәміле субъектісі (лизингтік келісімшарттың тараптары);
3. лизингтік келісімшарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
4. лизингтік төлемдер;
5. лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер;
Лизинг объектілері. Өдірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингтік мәміленің объектісі бола алады. Жалға алынатын объектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингтері болып көрсетіледі.
Лизинг субъектілеріне мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама қатысушыларға бөлуге болады.
Лизингтік мәміленің тікелей қатысушыларына:
 лизинг фирмасы немесе кмопаниясы (лизинг беруші немесе жалға беруші);
 өндірістік (өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық), сауда, көлік кәсіпорындары мен халық (лизнг алушылар немесе жалға алушылар);
 мәміле объектілерін жеткізушілер — өндірістік (өнеркәсіптік) және сауда компаниялары.
Лизингтік мәміленің жанама қатысушыларына:
 мәміленің кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг берушілерді несиелейтін коммерциялық және инвестициялық банктер;
 сақтандыру компаниясы;
 брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.
Жалгерліктің түрлеріне (қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді) қарамастан жалгерлік қатынасты жүзеге асыратын кез келген фирма лизингтік фирма деп аталады. Өз қызметіне қарай олар тар аяда мамандандырылған лизингтік және әмбебап лизингке бөлінеді.
Тар аяда мамандандырылған компания әдетте тауардың бір түрімен (жеңіл автомобиль, контейнер) немесе стандартты түрдегі тауарлардың бір тобымен (құрылыс құралдары, текстильді кәсіпорынға арналған құрал – жабдықтар) шұғылданады. әдетте бұл фирмалар өздерінің машина паркіне немесе құрал – жабдық қорына иелік етеді әрі оларды тұтынушыларға (жалға алушыларға) клиенттің алғашқы талап етуі бойынша ұсынады. Лизингтік компания техникалық қызмет көрсетулерді әдетте өздері жұзеге асырады және олардың дұрыс пайдаланылуын (қалыпты пайдаланылу жағдайын) қадағалап отырады.
Әмбебап лизингтік фирма әр алуан машина және құрал – жабдық түрлерін жалға береді. Олар (әмбебап лизингтік фирмалар) қажетті құрал – жабдықты жеткізіп беретін жабдықтаушыны жалға алушының өзі таңдап алуына мүмкіндік береді, сонымен қатар, тапсырысты қалай орналастыратыны да, мәміле объектісін қабылдап алатыны да жалға алушының еркінде болады. Лизинг беруші осылайша мәмілелердің қаржыландыруын ұйымдастыратын мекеменің функциясын орындайды десе де болады.
Лизинг келісімшарт мерзімі. Лизингтік келісімшарттың әрекет ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады. Лизинг ұзақ мерзімге жалдаудың айрықша формасы болып табылатындықтан, мәміле объектісінің қызмет ету мерзімінің ұзаққа созылуы және құнының жоғары болуы лизинг кезеңінің уақытша аясын анықтайды.
Лизингтік келісімшарттың мерзімі анықтау барысында лизинг беруші мен лизинг алушы мыналарды ескереді:
 техникалық – экономикалық мәліметтерімен анықталатын құрал – жабдықтың қызмет ету мерзімі. Лизингтік контрактінің мерзімі, жалға берушінің пайдалануға берген объектісінің қаншалықты пайдалануға жарайтынын ескеретін болсақ, оның ықтимал пайдаланылу мерзімінен аса алмайды.
 құрал – жабдық амортизациясының кезеңін үкімет органдары белгілейді. Қаржылық лизингте келісімшарттың мерзімі әдетте амортизация кезеңімен сәйкеседі:
 мәміленің ең өнімді немесе арзан аналогының пайда бөлу циклы.
 инфляциялық процестің серпіні (динамикасы).
 ссудалық капитал нарығының конъектурасы және оның даму тенденциясы. Лизингтік компаниялар банк несиесін кеңінен пайдаландықтан, лизингтік проценттің негізі болып табылатын ұзақ мерзімді несие процентінің мөлшерлеме деңгейі лизингтік келісімнің ұзаққа созылуына тікелей әсерін тигізетін болады.
Лизинг құны. Лизингтік операцияның жобасында ең күрделі сәтке лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдердің (жалдаудың ақысы) сомасын анықтау жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді жалгерлікте жалдау төлемінің сомасы біршама дәрежеде жалға алынған тауар нарығының конъектурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді жалгерлікте лизингтік төлемдердің есеп айырысу негізіне әдістемелік тұрғыдан негізделген есеп айырысу жатады. Бұл мәміле объектісі құнының біршама жоғары болуымен және лизингтік контракті мерзімінің ұзаққа созылуымен байлагысты алынып отыр.
Кез келген лизингтік төлемнің құрамына мыналар кіреді:
 амортизация;
 мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг беруші тартатын ресурстардың төлемі;
 көрсеткен қызмет үшін алатын лизинг берушінің табысын (1 — 3%) қамтитын лизингтік маржа;
 тәуекелділік сыйлықақысы.
Ресурс төлемі, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік процентті құрайды.
Лизинг алуан түрлі қызмет көрсетулерімен сипатталады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады. Олардың түрлерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: техникалық қызмет көрсету және кеңес беру.
Техникалық қызмет көрсету лизинг объектісін клиент пайдаланатын орынға тасымалдаумен, лизингіге берілген құрал – жабдықты монтаждаумен және дайындаумен, оған техникалық қызмет көрсетумен және ағымдағы өткізумен (әсіресе, күрделі жаңа құрал – жабдық жағдайында) байланысты көрсетілетін қызмет.
Консультациялық қызмет көрсету – мәміле ресімдеуінің салық салу мәселесі бойынша және басқа да мәселелер жөніндегі қызмет көрсету.
Лизингтік компания лизинг алушы фирма түралы барлық мәліметтерді яғни, кәсіпорын түралы жалпы мәліметтерді, негізгі қызметті, кәсіпорынның қаржылық жағдайы түралы және басқада мәліметтерді талдағаннан кейін түпкілікті шешім қабылдайды және оны лизинг алушыға лизингтік крнтрактінің жалпы шартттарын қоса тіркеп хат арқылы жеткізеді, ал құрал – жабдықты жеткізуші лизингтік компанияға құрал – жабдықты сатып алғысы келетіні жөнінде хабарлайды. Бұл жағдайда лизинг беруші жеткізушімен құрал – жабдықтың бағасы жөнінде келісіп, қажет болған жағдайда мәміле объектісінің сенімділігін, өнімділігін және тиімділігін тексереді.
Лизинг алушы лизингтік келісімнің жалпы шарттарымен танысқаннан кейін лизинг алушыға құрал – жабдыққа берілген тапсырыстың бланкісін қоса тіркеп, міндеттемені растап, жалпы контракт шарттарының қол қойылған данасын хатпен жібереді. Бұл құжатты жеткізуші фирма жасайды және оған лизинг алушы бұрыштама соғады.
Аталмыш құжаттарды алғаннан кейін лизинг алушы тапсырысқа қол қояды және оны құрал – жабдықты жеткізушіге жібереді. Тапсырыс бланкісінің орнына жеткізуші мен лизингтік фирманың арасында бекітілген құрал – жабдықты сату – сатып алу келісімшарты немесе жеткізушінің жалпы шарттары баяндалған жеткізудің жүктелімі пайдаланылуы мүмкін.
Құрал – жабдықты жеткізуші оны құрал – жабдықты қабылдау бойынша міндетті өз мойнына алатын лизинг алушыға жөнелтеді. Жеткізуші әдетте мәміле объектісін құралтырып (монтаждап), пайдалануға береді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін құрал – жабдықтың нақты жеткізілгенін оның құрастырылған және жеткіззушіге ешқандай кінәрат қойылмай, оның қолданысқа енгізілгенін айғақтайтын қабылдау хаттамасы жасалады. Қабылдау хаттамасына лизингтік операцияға қатысушылардың барлығы қол қояды және лизинг беруші мәміле объекттісінің құнын жеткізушіге төлейді.
Осылайша, лизингтік мәміленің негізінде мынадай құжаттар жатады:
o лизингтік келісімшарт;
o сату – сатып алу келісімшарты немесе мәміле объектісін жеткізу жүктелімі;
o мәміле объектісін қабылдау хаттамасы.
Лизингтік келісімшарттың мазмұны. Лизингтік келісімшарт мынадай бөлімдерден тұрады:
1) келісімшарттың тараптары.
2) келісімшарт заты.
3) лизингтік келісімшарттың әрекет ету мерзімі.
4) тараптардың құқықтары мен міндеттері.
5) лизингтік төлімнің шарты.
6) мәміле объектісін сақтандыру.
7) лизингтік келісімшартты бұзудың тәртібі.
Келісімшарттың тараптары. Лизингтік келісімшартқа екі тарап қатысады: тауардың меншік иесі болып табылатын лизинг беруші және мәміле объектісін пайдалануға алған лизинг алушы.
Келісімшарт заты. Лизингтік келісімның заты оның жеке белгілерімен немесе техникалық құжаттамасымен анықталады. Бұл мәліметтер контрактінің өзіне тән контрактінің міндетті бөлігі болып табылатын өзіндік ерекшелігінде қамтылады.
Лизингтік келісімшарттың әрекет ету мерзімі. Лизингтік келісімшарт әдетте мәміле объектісінің пайдаланылуға енгізілген күнінен бастап күшіне енеді және белгіленген мерзім ішінде әрекет етеді.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Келісімшарттың бұл бөлімі мәміленің дайындау кезеңіндегі, яғни мәміле дайындалатын кезеңдегі лизинг берушіге қатысты міндеттердің және келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішіндегі лизинг берушіге қатысты құқықтардың толық тізбесін қарастырады.
Лизингтік төлемнің шарттары. Келісімшарттың бұл бөлігінде лизингтік мәміле бойынша төлемнің формасы, мөлшері, түрі және тәсілі анықталадды. Төлем тәсілі бір жолғы және кезең сайын болуы мүмкін. Бір жолғы төлем, әдетте тараптардың қабылдау хаттамасына қолдарын қойғаннан кейін жүзеге асырылады және мәміле тек сату – сатып алу келісімшартын немесе жеткізу жүктелімін (көлік, сақтандыру шығыстарын төлеу, құрал – жабдықты құрастыру және т.б.) жеткізуші орындаған кезде ғана қаржыландырылады.
Мәміле объектісін сақтандыру. Лизинг түріне қарай объектіні лизинг беруші (оперативті лизинг) немесе лизинг алушы (қаржылық лизинг) сақтандырады.
Лизингтік кесісімшартты бұзудың тәртібі. Лизингтік келісімшарт мынадай жағдайлар орын алғанда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін:
o лизинг алушы мәміле объектісін қабылдаудың тиісті шартттарын әзірлемеген жағдайда;
o құрал – жабдық құрастырылмаған жағдайда және құрал – жабдық келісімшартта белгіленген мерзімде пайдалануға енгізілмеген жағдайда;
o жалдау ақысы уақтылы төленбеген жағдайда;
o форс – мажор (алдын ала болжанбаған) жағдайлар орын алғанда;
o лизинг беруші келіскен жағдайда;
лизинг алушы өзінің лизинг берушісі мен осы немесе басқа объектіге жаңа контракт бекіткен жағдайда.

 

2.3 Қазақстандағы лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру мен лизинг нарығының қазiргi күндегi жай-күйi

Экономикалық қатынастардың дамуының қазiргi кезеңiнде лизингтiк қатынастарды белсендi түрде пайдалану қажеттiлiктерiн айтып қана қоймай, сонымен бiрге, осы қатынастарды бiлiктi түрде басқаруға да өте көп көңiл бөлу қажет. Соған байланысты, елiмiздегi лизингтiк қатынастарды басқарудың бiрнеше деңгейiн қалыптастырудың қажеттiлiгi бар. Оны келесi 7 – суретте көруге болады.

 

Лизингтiк қатынастарды басқару

Мегадеңгей Макродеңгей Медиадеңгей Микродеңгей

Халықаралық ұйымдар деңгейiнде басқару Мемлекеттiк деңгейде басқару Лизингке берушi субъектiлер деңгейiнде басқару Лизингке алушы субъектiлер деңгейiнде

Лизингтiк қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар беру арқылы лизингтiк қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасау Тұрақты құқықтық базаны жасау арқылы, лизингтiк қатынастардың дамуын ынталандыру Лизингтiк қатынастардың тиiмдi моделiн қалыптастыру Лизинг объектiсiн пайдалану арқылы қажеттi тиiмдiлiкке қол жеткiзу

Сурет — 7. Лизингтiк қатынастарды басқару деңгейлерi.

Әртүрлi халықаралық ұйымдар үкiметтiк емес ұйымдардың, университеттердiң, халықаралық агенттiктердiң және жергiлiктi басқару органдарының көмегiмен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегi лизингтiк қатынастардың дамуы үшiн қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтiк қатынастарды мегадеңгейде басқаруда маңызды роль атқарады. ҚР – да халықаралық даму жөнiндегi АҚШ Агенттiгiнiң қаржылық қолдауымен 2004 жылы лизингтi дамыту бойынша Жоба өз қызметiн бастады. Бұл жобаның негiзгi мақсаты лизингтiк қатынастарды реттейтiн заңдылықтарды жетiлдiру үшiн мемлекеттiк басқару органдарына және Парламентке ұсыныстар беру, қаржылық және кәсiпкерлiк орталарда лизинг туралы танымдылықты жоғарылату және лизингтiк сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазiргi кезде осы Жобаның бiрiншi және екiншi кезеңдерi толық iске асырылған. Ал үшiншы кезеңiн iске асыру үшiн Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментiмен бiрлесе отырып, Орталық Азияда лизингтi қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Лизингтiк қатынастарды мегадеңгейде басқаруды дамыту үшiн шетелдiк инвесторлар тартуға көбiрек көңiл бөлiну қажет.
Лизингтiк қатанастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетiн тиiмдi технологиясын жасау үшiн, ең алдымен мемлекет макродеңгейлiк қатынастарды реттеушi ретiнде неғұрлым маңызды роль атқарады. Елiмiздегi лизингтiк қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергi уақыт аралығында лизингтiк қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтiн бiрнеше нормативтi актiлердiң бекiтiлгенi белгiлi. Солардың негiзiнде лизингтiк қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бiрақ лизингтiк қатынастарды дамыту бойынша елiмiзде қабылданған заңнамалық актiлердiң қабылдау уақыттарына жасалынған талдаулар, көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеушi шараларды талап еткендiгiн көруге болады. Яғни, бүгiнгi күнi мемлекет лизингтiк қатынастарға заңнамалық базаның көмегiмен жеткiлiктi деңгейде реттеулер жүргiзiп отырған жоқ. Сондықтан да, бiз қазiргi таңда ҚР – дағы лизингтiк қатынастарды мемлекеттiк деңгейде басқарудың кейбiр тетiктерiн сапалық жағынан келесiдей бағыттар бойынша дамыту қажет екендiгi ұсынылған:
1. лизингтiк қатынастарды әртүрлi келiсiм – шарттық қатынастардың элементтерiнен тұратын инвестициялау тетiгi ретiнде оның әлеуметтiк – психологиялық аспектiлерiн түсiндiруге мүмкiндiктер беретiн қосымша заңнамалық нормативтiк базаны қалыптастыру қажет. Ол үшiн лизингтiк қатынастарға байланысты қазiргi уақытта жұмыс iстеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсiндiретiн “төменгi” деңгейдегi, яғни әдiстемелiк нұсқаулар жасап, оларды қолданысқа енгiзу керек.
2. ҚР – да лизингтiк қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретiн құқықтық реттеу тетiктерiн жасау және оларды нақты қолданысқа енгiзу керек. Бұл жерде ең алдымен, “қаржылық лизинг” түсiнiгiнен белгiлi – бiр ерекшелiктерi бар “оперативтi лизинг” деп аталатын жаңа тетiктi қолдануға өту үшiн қажеттi құқықтық базаны қалыптастыру керектiгi туралы айта кеткен жөн. Себебi, шетелдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, кейбiр
объектiлердi, әсiресе, құрылысты жүргiзуге қажеттi құрылғыларды оперативтi лизинг негiзiнде пайдалану қаржылық лизингке қарағанда неғұрлым тиiмдi болып келедi. Сондықтан да қазiргi кезде лизингтiк қатынастардың оперативтi лизингарқылы дамытуға көп көңiл бөлiнуi керек. Осы мақсат үшiн оперативтi лизинг тетiктерiн пайдалану қағидалары мен тәртiптерiн түсiндiретiн және реттейтiн заңнамалық актiлер қабылдау қажет.
3. Соңғы кездерi елiмiздегi лизингтiк нарықтағы өзектi мәселелердiң бiрi бұрын пайдаланылуда болған мүлiктердi лизингке беру тәжiрибесiн дамыту болып отыр. Жалпы бұл норма “Қаржылық лизинг туралы” ҚР – ның Заңында қарастырылғанына қарамастан, қазiргi кезде бұл нарық жұмыс iстемей отыр. Сондықтан да, бүгiнгi күнi мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендiру үшiн қосымша шарттар құру қажет. Себебi, елiмiзде лизингтiк нарықтық дамуы, бiздiң ойымызша өтiмдiлiгi неғұрлым жоғары лизинг объектiлерiнiң көптеген түрлерiнiң пайда болуына әсерiн тигiзедi.
4. Лизингке берушi субъектiлердiң қызметтерiне бақылау жасауды күшейту мақсатында, олардың қызметтерiн лицензиялау тәртiбi қолдану қажет. Ол үшiн “Қаржылық лизинг туралы” ҚР – ның Занының 10 – бабына өзгертулер енгiзу керек. Бұл лизингтiк қызметтер нарығын нақты жұмыс iстемейтiн лизингтiк компаниялардан “тазартуға” мүмкiндiктер бередi.
Лизингке берушi субъектiлердiң қызметтерiнiң ерекшелiктерiн қарастыра отырып, олардың ұлғаймалы өндiрiс үдерiсi жүйесiнде экономиканың нақты және қызмет көрсетушi секторларының құрылымының тұратын аралық звено болып табылатының атап өткен жөн. Елдегi лизингтiк қызметтер нарығы экономиканың қаржылық және нақты секторларының белгiлi – бiр элементтерiнiң қалыптасатыны белгiлi (Сурет – 8).

Қаржы нарығы Қызметтер көрсету нарығы

Банктiк қызметтер нарығы Сақтандыру нарығы Валюталық нарық Нақты құрылғылар нарығы

Лизингтiк қызметтер нарығы (ұсыныс жасаушы субъектiлер)

Сурет – 8. Лизингтiк қызметтердi ұсынушы субъектiлердiң нарығын қалыптастыру

Елiмiздегi лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiрудiң бiр жолы ретiнде лизингтiк компаниялардың қосымша қызметтерiн дамыту стратегиясы ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес бiз лизингтiк келiсiмдi бекiту лизингтiк компаниядан басталу керектiгiн ұсынамыз. Ол үшiн лизингтiк компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерiстерiне неғұрлым белсендi түрде қатысу қажет.
Яғни, олар лизингке алуышылардың тәуекелдiлiктерiнiң бiраз бөлiгiн өздерiне алуы немесе мүмкiндiктерi болған жағдайларда басқаларға беруi қажет. Осындай қосымша қызметтердi лизингтiк компаниялардың өзiне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтiк қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгiлi – бiр түрдегi лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгiсi болып табылады. Сондықтан осы көрсетiлген стратегияға оған әсер ететiн әртүрлi себептерге, факторларға байланысты әртүрлi өзгерiстер енгiзуге болады.
Мысалы, құрылғылар мен жеткiзушiлердi таңдау кезеңiндi келiсiмдi қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелдiлiктердiң белгiлi – бiр бөлiктерiн өздерiне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкiн.

 

 

 

 

Лизингтiк қатынастардағы тәуекелдiлiктердегi әсер ететiн iшкi және сыртқы факоторларды анықтау. Сыртқы факторлар: инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар және т.б.

Iшкi факторлар:таңдалған стратегиялары, өндiрiстiк потенциал, шаруашылық және экономикалық байланыстар, қаржылық жағдай. Математикалық есептеу әдiстерiн талдау.

Тәуекелдiлiктердi талдау Тәуекелдiлiк түрлерiн анықтау.

Тәуекелдiлiкбағалау.

 

Тәуекелдiлiктер деңгейiне әсер ету әдiстерiн таңдау Серiктестердi таңдау туралы қосымша ақпараттар жинақтау.

Өзiн — өзi сақтандыру және ақша қаражаттарын резервтендiру.

Тәуекелдiлiктердi бөлу.

Сақтандыру.

Шешiмдер қабылдау Қажеттi қаржылық ресурстар көлемi анықталады.

Лизинг объектiсi нақты анықталынады және келiсiм шарттар бекiтiледi.

Лизингтiк қатынастарға қатысушылар арасында, олардың мiндеттерi анықталады және бөлiнедi.

Тәуекелдiлiкке тiкелей әсер ету Келiсiм объектiлетiнiң және субъектiлерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, тәуекелдiлiкке әсер етудiң бiр немесе бiрнеше түрлерi пайдаланылады.

Бақылау Пайда болған шығындар және оларды төмендету бойынша анған шаралар туралы ақпараттар алу.

Болашақтағы iс — әрекеттердiң белгiлi бiр жиынтығы, олар пайда болған шығындар мөлшерiн бақылауға, кездейсоқ жағдайлардан сақтануға әсер етедi.

Сурет – 9. Лизингтiк қатынастардағы тәуекелдiлiктердi басқарудың блок – сызбасы

Қазақстандағы лизингтiк қатынастардың дамуына кедергi жасап отырған кейбiр мәселелердi нақты тетiктерi ұсынылған:
1. лизингтiк келiсiмдерге қатысушы негiзгi субъектiлердiң бiрi инвесторлардың (кредиторлардың) құқықтарының жеткiлiксiздiгi. Осы мәселенi шешу үшiн лизингтiк жобаларға немесе лизингтiк компаниялардың қызметтерiне өз ақша қаражаттарын салатын инвесторларға (кредиторларға) белгiлi – бiр жеңiлдiктер берiлу қажет. Себебi, бүгiнгi күнi лизингтiк компанияларды салық төлеуден толық босатқан күннiң өзiнде де, лизингтiк қызметтер нарығындағы қазiргi жағдайды жақсартуға қол жеткiзе алмаймыз, өйткенi лизингтiк жобаларды қаржыландыру үшiн қажеттi өзiндiк ақша қаражаттары лизингтiк компанияларда жоқ немесе жеткiлiксiз. Сондықтан да ең алдымен қазiргi кезде елiмiздегi лизингтiк келiсiмдерге инвестор ретiнде қатысып отырған субъектiлердiң бiрi коммерциялық банктердi белсендiру және ынталандыру мақсаттарын көздеу қажет. Ол үшiн:
 банктер үшiн белгiленетiн мiндеттi резервтiк талап көлемiнен лизингтiк операцияларға бағытталатын несиелiк ресурстардың көлемiн шегеру немесе мiндеттi резервтiк норманы лизингтiк операцияларға бағытталған несиелiк ресурстар көлемiне, қысқартуға мүмкiндiк беретiн норма белгiлеу қажет. Себебi, әдетте лизинг ретiнде берiлетiн мүлiктердiң өтiмдiлiк деңгейлерi жоғары болатындықтан, олар банктiк резервтердi қамтамасыз ете алады;
 коммерциялық банктердiң лизингтiк консорциумдарын құру. Сол арқылы лизингтiк жобаларды бiрлесiп несиелеу сызбаларын жасау және iске асыру қажет.
2. Клиенттердi лизингтiк операциялардың мәнi туралы таныстыру жұмыстарының әлсiздiлiгi және лизингтiк компаниялардағы менеджмент деңгейiнiң төмендiлiгi. Ол үшiн бiлiктi кадрлар дайындайтын және лизингтiк компаниялардың қызметтерi мен
3. лизингтiк қатынастардың артықшылықтары туралы жарнамалық қызметтермен айналысатын арнайы құрылым құру қажет деп ойлаймыз.
Сонымен, лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру және оларды пайдалану бойынша жоғарыда көрсетiлген шараларды орындау арқылы кәсiпорындардың негiзгi өндiрiстiк қорын жаңартуға, отандық өндiрiске инвестициялар тарту, сол арқылы отандық өнiмдердiң iшкi және сыртқы нарықтардағы бәсекелестiк қабiлетiлiктерiн жоғарылатуға, шағын және орта бизнес салаларындағы кәсiпкерлiктi белсендiруге, қазiргi заман талаптарына жауап беретiн қымбат құрылғыларды пайдалану мүмкiндiктерiнiң жоғарылауына өз аз уақыт аралығында қол жеткiзуге болады.
Елiмiздегi кәсiпкерлiгi, оның iшiнде нақты өндiрiс саласындағы шағын және орта бизнестi несиелеуде лизинг, франчайзинг сияқты нысандарды қолдану несиелеудiң ең ыңғайлы нысандарының бiрi болып табылады. Бiздiң пiкiрiмiзше, лизинг – экономикалық үрдiстердiң маңызды қозғаушы күшi. Бiздiң пiкiрiмiзше, лизингтi дамуты барысында оны қаржыландыру көзi – шешушi факторлардың бiрi. Осы орайда қаржыландыру көзiне байланысты лизингтiң мынадай түрлерiн қолданысқа енгiзген тиiдi:
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттiк лизинг;
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жергiлiктi лизинг;
Мемлекет пен коммерциялық құрылымдардың үлестiк қатынасуы негiзiндегi аралас лизинг.
Осы мақсатта мындай мiндеттердi жүзеге асырудың объективтiк қажеттiгi туындайды:
 Лизингке берiлетiн құрал – жабдықтардың тапшылығын жою;
 Лизингтi операциялар туралы әдiстемелiк құралдарды жетiлдiру;
 Жалпымемлекеттiк және аймақтық лизингтiк компаниялар желiсiн кеңейту.
Бұл мiндеттердiң ойдағыдай iске асуы экономикадағы инвестициялық белсендiлiктi көтеру, ұлттық экономикадағы шағын және орта бизнестiң дамуына мемлекет тарапынан жан – жақты қолдау тәрiздi бағыттармен өзара тығыз байланыста болып келедi.
Лизингтiң дамуы экономикалық бiрнеше бағыттар бойынша ықпал етедi. Ең алдымен нақты өндiрiс саласындағы шағын және орта бизнестi құру мен жетiлдiруге мүмкiндiк бере отырып, оны одан әрi дамытуға ықпал жасайды. Нәтижесiнде жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер мөлшерiнiң артуы ел экуономикасының шикiзаттық экспортқа тәуелдiлiгiн төмендетуге жағдай жасайды.
Лизинг ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың нысаны ретiнде күрделi салымдар көлемiн ұлғайтады; қосымша ресурстарды тарта отырып, негiзгi құрал – жабдықтардың жаңаруын тездетедi; қаржылық қызмет рыногындағы бәсекенi дамытады және ол рынокты кеңейтедi. Микродеңгейде кең көлемдi шетел инвестициялары лизинг арқылы елдiң төлем балансының пассивiне әсер етедi, дүниежүзiлiк рынокта қарыз берушiнiң рейтингiн төмендетпейдi. Өйткенi, Халықаралық валюта қорының тәртiбi бойынша лизингтен туындайтын мiндеттемелер мемлекеттiң сыртқы қарыз көлемiне енгiзiлмейдi.

 

 

 

 

 

Сурет – 10. Қазақстан Республикасындағы лизингтiк мәмiлелердiң даму барысы, 2005 – 2008 ж.ж.
Жыл сайын лизингтiк мәмiлелердiң саны артуда және олар ұзақтығы 7 жыл мерзiмге дейiн жасалады. 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда лизингтiк мәмiле саны 2,8 есеге, ақшалай мағынадағы лизингтiң жалпы көлемi 5,4 есеге артты. Лизингтiк мәмiлелер негiзiнен меншiктi қаражаттар, коммерциялық банктердiң ссудалары мен шетел инвестициялары есебiнен қаржыландырылады. 2005 жылы лизингке негiзiнен ауылшаруашылық техникалары (47%), көлiк (24%), жол – құрылыс техникалары (17%), басқа да өндiрiстiк құрал – жабдықтар (12%) берiлдi және берiлген мүлiктiң құны 1,4 – 5,8 мың АҚШ доллар аралығын құрада. Мұнда негiзiнен лизингтiк компаниялардың өз тәуекелдерiн төмендету мақсатында өтiмдiлiктi жоғары өндiрiс құрал – жабдықтарын қаржыландыруға деген ынтасымен түсiндiруге болады.
Қазіргі кезде республикада 15 лизингтік компания қызмет етеді, оның көп бөлігі Алматы қаласында базаланған, олардың тек 4 компаниясының ғана Астана қаласында бас кеңсесі бар. Әрине, аталған қызмет рыногіндегі бәсекелестік күрес қыза түсуде, себебі лизингтік қызмет көрсетумен тек лизингтік компаниялар ғана емес, сонымен бірге кейбір отандық банктер де айналысады, сондай-ақ рынокте жаңа лизингтік компаниялардың пайда болуы мүмкін. Сараптама бағалауы бойынша қазақстандық лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар үлесі негізгі капиталға берілген жалпы инвестициялау көлемінде жуық арадағы үш жылда 4-5% деңгейге немесе мөлшерлік мағынада 500-550 млн. АҚШ долл. жетеді.
Қазіргі кездегі шаруа қөжалықтары меншігіндегі техникалармен құрал – жабдықтардың (70% көп) қызмет көрсету мерзімінден бір неше рет артып өтіп кеткендігі мәлум болып отыр. Ал ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші шаруақөжалықтарының жабдықтарының 50% астамы мұлдем жарамсыз. Ал бұл мәселені шешу үшін тек қана лизингтік операцияларын жылдам және сапалы өткізу керек екендігі анықталды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының аймағында 19 маманданған лизингтік компания өз жұмысын атқатуда. Олардың көпшілігі екінші деңгейлі банктердің еншілес мекемелері бодып отыр. Ал енді осы компаниялардың яғни БТА лизинг, ЦентрЛизинг, АТФ-Лизинг, ТемирЛизинг еншілес компаниялардың лизинг несиесі бойынша берілген жылдық пайыз ставкасы 13 – 20% қүрайды. Лизинг келісім шартының мерзімі 5 жыл және алғашқы аванстық төлем 20 – 30% көлемінде. Ал «Қазагрофинанс» АҚ-нің лизингтік келісімдерінің пайыздық ставкасы жылына 4% және келісім мерзімі 7 жыл, ал алғашқы авастық сома лизинг объектісінің тек қана 15% ғана. Сондықтан қазіргі кезде бұл компанияның лизинг нарығындағы ауыл шаруашылық техникасы бөліміндегі үлесі 45% құрап отыр.

 

 

5 – кесте. Коммерциялық банктер лизингтік операциялар құрылы.
Банк пайыз ставкасы несие мерзімі авастық сома
БТА лизинг 13 — 22 % 7 жыл 18 — 30%
АТФ – Лизинг 15 — 22% 4 жыл 20 — 25%
Центр Лизинг 13,5 – 20% 7 жыл 20 — 30%
ТемирЛизинг 12 — 21% 5 жыл 15 — 25%
«ҚазАгроФинанс» АҚ 5 — 7% 7 жыл 0 — 15%
«Казкоммерцбанк» АҚ 15 – 25 % 7 жыл 0 – 30%

Қызмет үшін төлемге ненің қатысы бар? Бұл осы фирмалардың құрылу ерекшеліктерімен анықталады. Олардың көбі екінші деңгейлі банктің еншілес құрылымы болғандықтан, әрине, олар осы банктерде қатыстырылған қорларды пайдаланады. Осылайша, осы компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі банкпен қатыстырылған қорлар құнынан (депозиттер) плюс банктің өз маржасы, плюс лизингтік компаниялардың маржасынан құралады. Сондықтан банктермен («БТА Лизинг», «Центр Лизинг», «АТФ Лизинг», «Темир Лизинг» және т.б. сияқты) байланысты компанияның сыйақы мөлшерлемесі қазіргі кезеңде орташа есеппен оның құнынан жылдық 15-20 пайызын құрайды.
Қызметтің осы рыногіндегі ірі компания – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекет берген қаржы ресурстарын пайдаланады. Бұл лизингтік қызметті анағұрлым қол жетімді етеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы қаржы лизингі бойынша 5 жыл қызмет етіп келеді. Машина-тракторлық паркін жаңартуды қажет ететін Қазақстанның барлық аумағын қамту мақсатында 12 облыстық филиалдар мен өкілдіктер құрылды. Қоғаммен барлығы республиканың ауыл шаруашылығына 25,2 млрд. теңге инвестицияланды. Қазіргі кезеңде компания 700-ден астам қарызгерді және олармен жасалған 1250-ден астам шарттарды есепке алады. Компанияның негізгі мақсаты республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарының көбінің лизингтік жобаға қол жетімділігін қамтамасыз ету, мәселен, компанияның негізгі санынан 50%-ға жуығы шаруа қожалығы мен фермерлік қожалықтар.
Қазір компания жылдық 4 пайыздық сыйақы мөлшерлеме жағдайында, 7 жылға дейінгі лизинг мерзімі жағдайында және лизинг нысаны құнынан 15 пайыз аванстық жарна жағдайында өзінің лизинг қызметін ұсынады. Сыйақының ең төменгі мөлшерлемесі Компанияның үрдісті дамуына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда шаруалардың мүддесі көп ескеріледі.
2000-2005 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен 18,5 миллиард теңге мөлшеріне 5321 бірліктегі әр түрлі техника сатып алынды. Нәтижесінде ол лизинг негізінде шаруа қожалықтарының арасында орналастырылды. Өтінімдер жинау үшін барлық аумақтарда жыл сайын маркетингтік зерттеулер жүргізеді.
Сондай-ақ әкімдік өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылық техникасының барлық түріне өтінімдер шектеусіз қабылданады. Сонымен қатар қаржы лизингі шарттарын жасау мүмкіндіктеріне лизинг алушылардың досьесі зерттеледі, және бюджеттен бөлінген қаражат шегінде техниканы сатып алудың болжамды көлемі анықталады. Әрине, компания толығымен лизинг алушының пайдасы үшін, сондай-ақ өз иммиджін сақтау үшін ауыл шаруашылық техникасын сатып алуда жеткізілетін техникаға кепілдікті қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және сервис бойынша реттелген орталығы бар өнім берушіге көп көңіл бөледі.
Соңғы жылдардың маркетингтік зерттеулері шалғай шетелдер өндірісінің жоғары өндірісті техникасына, мысалға, кең ауқымды пневматикалық себу кешеніне басым қажеттілігі байқалынатынын анықтады. Тек осы жылдың қазан – қараша айларында техниканың осы түріне 91 шаруашылықтан және 8 облыстан өтінімдер келіп түсті. Себу кешеніне берілген өтінімдердің басым көпшілігінде тиімділігі тәжірибеде дәлелденген әлемдік өндірушілердің алдыңғы қатарлы техникасы мен технологиясын пайдалану арқылы егіншілік мәдениетін көтеру ниетін байқауға болады. Мысалға, өнімділігі бойынша осындай кешен К-700 маркалы және Т-4 маркалы 3-6 тракторларды немесе дәстүрлі маркалы сепкіштерді (СЗТС-2,1) алмастыра алады. Негізінен «Buhler Versatyle», «Case», «Johne Deere» тракторларына, «Horshe», «Flexi coil», «Morris», «Johne Deere» пневматикалық сепкіштерге өтінімдер келіп түсуде. Бұл техника Қазақстанда бірнеше жыл қатарынан пайдаланылып келеді және олардың қызмет көрсету сервисі бойынша реттелген орталығы бар. Қоғамның егіс жұмыстарына арналған кешен бойынша жұмыс тәжірибесі де жетерлік – 2005 жылы осындай 7 кешен («Buhler Versatyle» тракторы, «Horshe» сепкіші) сатып алынды. «Claas», «Johne Deere», «CASE» және де басқа танымал маркалы қазіргі заманғы комбайындарға да сұранымдар жыл сайын көбеюде. Шаруалардың айтуынша бұл техника өзін ақтайды және өтейді. Осылайша біздің елімізде лизингтік қызмет рыногі жеткілікті түрде салмақты қарқынмен дамып келеді.
Қазақстандық лизингтiк қызметтер нарығының негiзгi операторларын, олардың қызметтерiн ұйымдастыру ерекшелiктерiне байланысты мемлекеттiк лизингтiк компания, коммерциялық банктердiң еншiлес лизингтiк компаниялары, құрылғылардың белгiлi – бiр түрiне маманданған лизингтiк компаниялар және аймақтық лизингтiк компаниялар деп бөлiп қарастырылған. Зерттеу барысында “ҚазАгроҚаржы” АҚ мемлекеттiк лизингтiк компания ретiнде жеке топ ретiнде бөлiнiп көрсетiлген. Себебi, бұл компания республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын жалғыз компания және ол ҚР – ның аграрлық секторындағы лизингтiк қатынастарды дамыту бойынша ауыл шаруашылық министрлiгiнiң операторы болып табылады. Бүгiнгi күнi компанияның Қазақстандағы лизингтiк қызметтер нарығындағы үлесi 53,8% құрап отыр. ҚР – ның нарығында белсендi түрде жұмыс iстеп жатқан лизингтiк компаниялардың 44,4% коммерциялық банктердiң еншiлес құрылымдары құрап отыр. Олардың санының көбеюiне ҚР–ның “Қаржылық лизинг” туралы заңына “банктiк лизинг” деген түсiнiктiң енгiзiлуi қолайлы әсер еттi. Бұлар, бүгiнгi күнi стандартты лизингтiк қызметтердi кез – келген салаға көрсетуге маманданған әмбебап компаниялар болып табылады. Құрылғылардың белгiлi – бiр түрiне маманданған лизингтiк компаниялар халық шаруашылығының белгiлi – бiр саласына маманданып жұмыс iстейдi. Елiмiздегi салалық лизингтiк компаниялар көбiнесе, ауыл шаруашылық техникалары мен автокөлiктердi лизингке беруге маманданған. Бұны негiзгi қорлардың осы түрлерiнiң нарықтық өтiмдiлiктерiнiң өте жоғары болуымен түсiндiруге болады. Аймақтық лизингтiк компаниялар белгiлi – бiр аймақтарға ғана лизингтiк қызметтер көрсетумен айналысады. Болашақты осы аймақтық лизингтiк компанияларды кластарлер жүйесiнiң бiр құрылымы ретiнде дамытудың маңыздылығы зор.
Негiзгi қорларға салынған инвестициялар экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндiрiсiнiң даму болашағын көрсететiндiктен, жұмысты жалпы елдегi лизингтiк нарықтық көлемiне кейбiр макроэкономикалық көрсеткiштердiң, яғни негiзгi қорларға салынған инвестициялар және iшкi өнiмдегi лизингтiк үлесi ретiнде бағалау жүргiзiлген. ҚР – дағы лизингтiк нарық көлемiнiң жыл сайын өсiп отырғанына қарамастан, оның инвестиция мен жалпы iшкi өнiм көлемiндегi үлесiнiң басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейiнiң де әсер ететiндiгi анықталды.
ҚР дағы лизингтiк қызметтер нарығының дамуындағы өзектi мәселелердiң тағы бiрi лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып табылады.

6 – кесте. Қазақстан Республикасындағы лизингтiк нарықтың көлемi.
Көрсеткiштер жылдар
2003 2004 2005 2006 2007
Лизингтiкнарық көлемi, млрд.тг. 6,28 12,36 29,40 42,6 59,9
Негiзгi қорларға салынған инвестиция, млрд.тг. 1105,7 1243,4 1500,0 1859,3 2530,6
Инвестициядағы лизингтiң үлесi, % 0,58 0,97 1,89 2,51 3,29
Жалпы iшкi өнiм, млрд.тг. 3779,9 4450,6 5576,3 6449,8 7542,5
Жалпы iшкi өнiмдегi лизингтiң үлесi, % 0,19 0,29 0,5 0,7 0,84

 

 

 

 

 

Сурет — 11. 2007 жылдағы лизингке берiлген құрылғылардың құрылымы.

11 – суреттен көрiп отырғанымыздай, лизингтiк операциялардағы ауыл шаруашылық техникаларының үлесiнiң басқа құрылғылармен салыстырғанда жоғары болуын 2005 жылғы ҚР – ның Үкiметiнiң 008 «Лизинг негiзiнде ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу бойынша кәсiпорындар үшiн қажеттi құрылғылар лизинг несиелеу” деген бюджеттiк бағдарламалардың қабылдануымен түсiндiруге болады. Соңғы жылдары лизингтiк портфелдiң әртараптандыруының оң тендециялары да байқалады. Қазақстанда лизингтiк нарық жұмыс iстейдi және лизингтiк индустрия дамудың әлi бiрiншi кезеңiнде, яғни лизингке алушы келiсiм – шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн лизинг объектiлерiн қалдық құны бойынша сатып алатын және келiсiм – шартта көрсетiлген мәмiлелер оның күшi бар мерзiм аралығында өзгерiссiз қалатын қаржылық лизингтiң даму кезеңiнде деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бiрге, кез – келген саланың соның iшiнде лизингтiк саланың да дамуы экономиканың жалпы жағдайымен, нарықтық инфрақұрылымның дамуымен және заңнамалық базамен анықталатындығы белгiлi. Ал ҚР – да қазiргi кезде жұмыс жасап жатқан лизингтiк компаниялар бiрлесе отырып белгiлi – бiр жобаларды iске асыруға қатысып отырған жоқ, олардың бiрлестiгi көбiнесе, елдегi лизингтiк бизнестi дамытумен байланысты заңдардың қабылдануына әсер етуiмен шектелуде. Бiрақ лизингтiк компаниялар тарапынан байқалған осындай бiрлескен жұмыстардың да Қазақстандағы лизингтiк қатынастардың қалыптасу кезiндегi маңыздылығы өте жоғары.
Экономикалық қатынастардың кез – келген түрi сияқты лизингтiк қатынастардың да қажетiлiгi мен мақсаттылығы маңызды категориялардың бiрi – оны жүзеге асырудың тиiмдiлiгiне негiзделедi. Жұмыста лизингтiк қатынастардың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау және бағалау екi кезеңге бөлiп қарастырылған:
1. лизингтiк қатынастардың жалпы тиiмдiлiгiн бағалау және соған байланысты оны одан әрi қарай дамыту жолдарын анықтау;
2. лизингтiк қатынасқа қатысушы әрбiр субъектiлердiң оған қатысу тиiмдiлiгiн нақты бағалау.
Лизингтiк қатынастардың жалпы тиiмдiлiгiн анықтау және бағалау үшiн ең алдымен оның қоғамдық тиiмдiлiгiн жоғарылатуға әсер ететiн факторлар анықталған. Анықталған факторлар арқылы лизингтiк қатынастарды дамытудың жалпы қоғамдық маңыздылығының бар екендiгi дәлелденген.
Лизингтiк қатынастардың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтайтын элементтер қатарына келесiлердi жатқызуға болады:
 Құрылғыларды сатып алуға кететiн барлық шығындар лизингтiк төлемдер түрiнде жүзеге асады. Бұл жерде лизингтiк төлемдердiң толық сомасына мүмкiн болатын аванстық төлемдер де қосылады және осы аванстық төлемдер өндiрiлген өнiмнiң немесе көрсетiлген қызметтердiң өзiндiк құнына кiргiзiлетiндiктен пайдаға салынатын салықты азайтуға (үнемдеуге) болады.
 Лизингтiк қатынастар кезiнде лизинг объектiсi үшiн төлемдердi лизингке алушының ақша қаражаттарының ағымын ескере отырып жүргiзуге болады.Осы жағдай лизингке алушының қаржылық жағжайын қолдау және оны тұрақтандыру шарттарының бiрi болып табылады.
 Амортизация сомасын жеделдетiлген әдiс бойынша 2 коэффициентiн пайдалана отырып есептеу лизингтiк келiсiм – шарт бекiтiлген уақыт аралығында құрылғының қалдық құнын нөлге дейiн жеткiзуге немесе шартты баға бойынша кәсiпорынның балансына өткiзуге мүмкiндiктер бередi. Осының әсерiнен лизингтiк келiсiм – шарт мерзiмi аяқталғаннан кеiн лизингке алушы мүлiкке салынатын салық есебiнен ақша қаражаттарын үнемдейдi.

 

 

 

 

 

 

3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРМЕН АГРОСАЛАНЫ НЕСИЕЛЕУ-ДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Агро саланы мемлекеттік қолдау жасауға арналған серпінді жобалар мен әлемдік нарыққа шығару жолдары
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды. Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс. Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi. Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс. Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады.
Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.
1. Ағымдағы ахуалды талдау
Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi. Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi. Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады.
Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы ахуалды былай сипаттауға болады.
Күштi жақтары
Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң — Еуропа мен Азияның қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi — Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес орналасқан.
Шекара маңындағы өңiрлердiң басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал етедi.
Ауқымды жер ресурстары мен табиғи-климаттық ерекшелiктердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi — 82 %
Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы ондығына кiредi
Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары — отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi.
Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының болуы.
Әлсiз жақтары
Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың болмауы.
Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.
Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. гектар егiстiктiң тек 4,2 млн. гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8 млн. гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы.
Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы. Электр энергиясы бiр өңiрлерде артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы.
Ел экономикасының осы заманғы қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай емес.
Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50 %-ы өзiнiң белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын бiтiредi. Елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.
Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген.
Мүмкiндiктер
Қазақстанның және оның одан әрi аумақтық дамуының перспективалары дәстүрлi бәсекелiк артықшылықтарды пайдаланумен қатар, елдiң әлемдегi ұстанымдануының жаңа парадигмасын тұжырымдай отырып, оның географиялық жағдайын барынша пайдалану стратегиясын iске асыруға тiкелей байланысты болуға тиiс.
Қазақстанның экономикалық жаһандану процесiне қосылуы бастапқы кезеңде шикiзат ресурстарын негiзгi жеткiзушiлердiң бiрiнiң функцияларын iске асыра отырып, уақыт өте келе әлемдiк экономикалық кiрiгу процесiнiң белсендi қатысушысына айналуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Орталық Азия өңiрiндегi тораптық елге, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстарды кiрiктiрушiге, капитал мен инвестициялар тартудың, Орталық Азия нарығына бағдарланған өңiрлiк өндiрiстердi немесе аса iрi әлемдiк компаниялардың филиалдарын орналастырудың, халықаралық деңгейдегi қызмет көрсетулердiң орталығына айнала алады.
Перспективада Қазақстан маңызды байланыстырушы буынның, Еуропа, Азия — Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерiнiң өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрiнiң функцияларын да орындай алады. Серпiндi дамып келе жатқан iрi қалалардың базасында тауар, қаржы, технологиялық және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесiнде өзiне елдегi экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын аса маңызды тораптарды қалыптастыру мүмкiндiгi бар.
Енді осындай зерттеулерден соң ауыл секторын дамыту негізгі мәселе блып отыр.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде:
 экономикалық қызметтi дамыту, әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн салуды, жөндеу мен қайта жаңартуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды iске асыру;
 АЕМ-де шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы жағдай жасау: өнiмдi жерлерге, қаржы ресурстарына, нарықтық ақпаратқа қолжетiмдiлiк, қайта мамандану, оның iшiнде ауыл шаруашылығы емес қызметке және басқаларына қайта даярлану мүмкiндiгi арқылы ауыл тұрғындарының жоғары және орташа даму әлеуетi бар АЕМ-ге шоғырлануын ынталандыру;
 бәсекелiк (табиғи, еңбек және басқалары) артықшылықтарды пайдалану негiзiнде АЕМ-нiң өзiн-өзi дамыту процесiн ынталандыру.
Мыналарды:
• экономикалық қызмет салаларын кеңейту және ауылдық жерлердi iрi қалалардың базасында қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге тарта отырып, оларды индустрияландыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыруды;
• елдi мекендердiң өңiрге қарасты жүйелерiн (ЕӨЖ) дамытуды және қалыптастыруды жоспарлау шеңберiнде қалалар мен ауылдар арасындағы байланысты күшейтудi қоса алғанда, өңiрлердiң даму стратегияларына (бәсекелi стратегияларға) қалалық және селолық даму бағдарламаларын кiрiктiру арқылы өңiрлердiң экономикалық дамуында ауылдық аумақтар әлеуетiнiң өсуiн қамтамасыз ету.

Инновациялық инфрақұрылым
Ұлттық инновациялық жүйенiң ҰИЖ орнықты жұмыс iстеуiн және оны дамытуды қамтамасыз ететiн көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру, экономика мен экспортқа бағдарланған өндiрiстердiң жаңа жоғары технологиялық секторларын құру.
Инновациялардың ролi мен оларды орнықты генерациялауды қамтамасыз ететiн жүйе бiлiмге негiзделген, қоғамдық әл-ауқаттың iргетасы болуға қабiлеттi бәсекеге қабiлеттi экономика құру үшiн аса маңызды.
Елдi ұстанымдаудың жаңа мiндеттерiн шешу тұрғысында:
• адам ресурстарын капиталдандыруға;
• қоғамдық капиталдың өнiмдiлiгiн өсiруге;
• зияткерлiктi қажет ететiн қызмет салаларында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттiлiгi туындайды.
Осы мәселелердi шешу мақсатында Қазақстанда:
 жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-лардан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi жұмыс күшiн даярлауға және жаңа идеялар мен әзiрлемелердi генерациялауға бағдарланған консалтингiлiк және бiлiм беретiн компаниялардан тұратын, өзара iс-қимыл желiсiн танытатын бiлiм беру-инновациялық кешендер мен аймақтарды;
 технологиялық парктер мен технологиялық бизнес-инкубаторларды қамтитын, ғылыми идеялар мен әзiрлемелердi коммерцияландыруға және тауарларға материалдандыруға бағдарланған бизнес-технологиялық кешендердi;
 инновациялық қызметтi қолдауға бағдарланған және қаржыландыру, маркетинг, жарнама-көрме қызметi, патенттеу-лицензиялау жұмысы мен зияткерлiк меншiктi қорғау мәселелерiмен айналысатын құрылымдарды қамтитын қолдау кешендерiн қамтитын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру көзделедi. Инновациялық инфрақұрылым — инновациялық қызметтi iске асыру үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингiлiк, білім беру және ақпараттық құрылымдар кешенi.
Инновациялық инфрақұрылым қалыптастырудың мiндеттi шарты жоғарыда аталған кешендердiң бәрiнiң болуы және жиынтығында өңiрлiк инновациялық жүйенi құрайтын олардың бiр-бiрiмен тығыз өзара iс-қимылы болып табылады.
Бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдау кешендерi бiлiктi адам ресурстарын (оның iшiнде шетелдiк) дамыту және тарту, сондай-ақ технологиялар трансфертiн қамтамасыз ету саясаты жүргiзiлетiн макроөңірлерде жаңа экономика инфрақұрылымын өрiстету мiндетiн шешуге бағытталуға тиiс.
Инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру идеологиясы оның қаржы инфрақұрылымымен (венчурлiк инвестициялау, гранттар, инновациялық тәуекелдердi сақтандыру) түйiсу, ақпараттық қамтамасыз ету (виртуалды технопарк) және (уәкiлеттi органдардың инновациялық қызметтi, ғылымды және ғылыми-техникалық қызметтi, сертификаттау мен стандарттауды, техникалық реттеудi дамыту, барлық мүдделi тараптармен аумақтық даму жөнiндегi бiрлескен жұмыс) институционалдық шеңберлер мәселелерiн қамтуға тиiс.
Инновациялық инфрақұрылымның жоғарыда аталған элементтерi то-лыққанды өңiрлiк кластерлер құру мен осы базада елдi желiлiк кеңiстiкте ұйымдастыруды кеңiнен жаю процесiне ықпал етуге арналған.
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2006-2015 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мынадай шараларды жүзеге асыру көзделедi:
• инновациялық инфрақұрылымның қазiргi бар базалық элементтерiн: ғылыми және бiлiм беру мекемелерiн дамытуды қолдау;
• перспективалы өңiрлерде және мыналардан тұратын орталықтары бар
• пилоттық өңiрлiк инновациялық жүйелер (ӨИЖ) құру:
• ұзақ мерзiмдi перспективада елдi ұстанымдау тұрғысынан Қазақстан үшiн өзектi тақырыптар бойынша бiлiм беру-инновациялық кешендерi мен аймақтардан: (өнеркәсiптiк әзiрлемелерден, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану мен қайта өңдеу технологиясынан; ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелерден; химиялық және биологиялық технологиялардан; экология мен баламалы энергия көздерi саласындағы әзiрлемелерден; медициналық әзiрлемелерден; ядролық технологиялардан; ақпараттық және телекомму-никациялық технологиялардан; ғарыштық зерттеулерден; әскери-өнеркәсiптiк технологиялардан; тұрмыста пайдалануға арналған әзiрлемелерден);
• бизнес-технологиялық кешендерден: олардың ұлттық немесе өңiрлiк мәртебесiн айқындау өлшемдерiн әзiрлей отырып, технологиялық парктерден, бизнес-инкубаторлардан және өңiрлiк технологиялар трансфертi орталықтарынан;
• инновациялық қызметтi қолдау кешендерiнен;
• ӨИЖ iшiнде жоғарыда аталған кешендер арасындағы тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
• оны құруды және дамытуды ынталандыратын шаралар мен тетiктердi пысықтау есебiнен бәсекелi инновациялық бизнес орта құру; құрылған және өзiн оң жағынан танытқан инновациялық инфрақұрылым объектiлерiн басқа өңiрлерде тарату ғылыми-техникалық секторда алынатын өнiмдердi нарықтарға жылжытуды қамтамасыз ететiн тұтас жүйенi қалыптастыра отырып, жетiспейтiн буындар құру және дамыту.
Инновациялық инфрақұрылымды аумақтық ұйымдастыруды:
— инновациялық қызметтiң қаржы инфрақұрылымын дамытумен (венчурлiк инвестициялау, мемлекеттiк гранттар, инновациялық тәуекелдердi сақтандыру және т.c.c.);
— инновациялық қызметтiң ақпараттық инфрақұрылымын дамытумен («Виртуалдық технопарк» бiрыңғай ақпараттық жүйесi);
— түрлi институттардың инновациялық қызмет саласындағы тиiмдi өзара iс-қимыл жасауымен (инновациялық қызметтi, ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтi, сертификаттау мен стандарттауды дамыту өңiрлiк дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органдар, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ, Үкiмет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия, жоғары оқу орындары, ҒЗИ, мүдделi мемлекеттiк органдар, халықаралық ұйымдар және бизнес-серiктестер мен басқалар);
— ел өңiрлерiнiң өңiрлiк инновациялық жүйелердiң жекелеген кешендерi мен аймақтарын ұйымдастыру жөнiндегi өздерiнiң бәсекеге қабiлеттi мүмкiндiктерiн (жобаларын) айқындауымен және iске асыруымен өзара байланыстыру мәселелерiн пысықтау (Сурет – 12).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет – 12. Мемлекет тарапынан агро секторды қолдау жасау.

Осындай қаржыландырулар мен бағдарламалар әсерінен үш жылда аграрлық салада алға жылжу байқалып, өндіріс көлемі артты. Осы кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 30 пайызға ұлғайып, 772 миллиард теңгені құраған. Соңғы бес жылда алдыңғы бес жылдық кезеңмен салыстырғанда табысты шаруашылықтар саны екі есеге артса, шығынды шаруашалықтар 4,5 есеге қысқарған. 1995-1999 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы орта есеппен жыл сайын 18 миллиард теңгеден аса шығын көрсе, соңғы бес жылда бұл сала орта есеппен 5,7 миллиард теңгеден табыс алып келеді. Осы кезең ішінде астықтың орташа өндіріс көлемі 15 миллион тоннаға, ал елдің экспорттық әлеуеті жылына 4-5 миллион тоннаға жетті. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші саланың өндіріс көлемі 20 пайызға дейін жоғарылаған. 31 кәсіпорын халықаралық сапа менеджмент жүйесін енгізсе, 73-і енгізу үстінде. Сонымен қатар 74 отандық сапа стандарттары халықаралық жүйемен сәй-кестендірілген. Ауыл жылдары аясында саланың негізгі капиталын жаңартуға 600 миллиард теңге тартылған. Бұл 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жыл сайын 7 есеге өсіп отырды деген сөз. Кеңесте Ауыл жылдарында мемлекеттік реттеу жүйесі жетілдіріліп, экономиканың аграрлық секторын қолдау шаралары бойынша да кешенді жұмыстар атқарылғаны да айтылды. Айталық, 2003 жылы экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін 33 миллиард теңге бөлінсе, 2004 жылы — 53 миллиард теңге, 2005 жылы – 68 миллиард теңге бөлінген. Ал, 2006 жылы бұл мақсатқа 82 миллиард теңге қарастырылды. Осылайша экономиканың аграрлық секторын қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы Ауыл жылдарында 2,4 есеге артқан. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамытуда да оң өзгерістер болғанына тоқталып өткен жөн. Қазіргі таңда елімізде ауылды аумақтарды дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатқаны белгілі. Оған бастапқы кезеңде 122 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылса, оның 40,5 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 53,8 миллиард теңге жергілікті бюджеттен және 27,2 миллиард теңге басқа да қаржы көздерінен қаржыландырылды. Министрліктің мәліметі бойынша, мемлекеттік Агроөнеркәсіп бағ-дарламасында анықталған шараларды жүзеге асыру үшін 2004-2006 жылдары тек республикалық бюджеттен 150 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қаржының 41 миллиард теңгесі — 2004 жылдың, 48,9 миллиард теңгесі – 2005 жылдың, 59 миллиард теңгесі -2006 жылдың үлесінде. Яғни, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шығындар жылына 8-10 миллиард теңгеге артып отырған. Ал, ауылдық аумақтарды дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2005-2007 жылдарға 56 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп жатыр және бөлінетін болады. Ал, ауылды аумақтардың инфрақұрылымын дамытуға бұл стратегиялық тұрғыдан аса маңызды болып саналады. Өткен үш жылда елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге және оның құрылысына 14 миллиард теңге, ауылдағы мектептерді салуға 17,2 миллиард теңге, денсаулық сақтау нысандарына 15,2 миллиард теңге жұмсалған. Бұл ретте ауыл тұрмысын жақсартуға жеке капиталдар елеулі үлес қосып отырғанын айта кеткен жөн. Ауыл жылдарында саланың негізгі капиталын жаңартуға 600 миллиард теңге тартылған. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда жыл сайын 7 есеге дейін көбейіп отырғанын жоғарыда атап өттік. Сонымен қатар аталған кезеңде екінші деңгейлі банктерден аграрлық секторға берілген несиелер екі есеге артқан, ал ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер астық қолхаттарын пайдалану тетігі есебінен екінші деңгейлі банктерден 23 миллиард теңгеден астам қаржы алған. Сондай-ақ Ауыл жылдарында жүргізілген реформалардың нәтижесінде астық рыногын реттеудің тиімді жүйесі жолға қойылды. Осы үш жылда астық сатып алуға 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Нәтижесінде астықтың 1 тоннасын сату бағасы 30 долларға өсіп, ал тұтастай алғанда шаруашылықтардың кірістері 1 миллиард теңгеден асып түскен.
Ауыл жылдарында республикалық бюджеттік бағдарламалар есебінен лизингке 3 мыңға жуық комбайндар мен тракторлар және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары берілсе, мемлекеттің қатысуымен ауыл жылдарында 25 МТС құрылған. Дегенмен, осы тұста ауылдағы машина, трактор паркін жаңартуда жеке капиталдардың үлесі зор екенін де еске сала кеткен жөн. Осы жылдары жеке лизингтік компаниялармен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сатып алған ауыл шаруашылығы техникаларының саны республикалық бюджеттік бағдарламада көрсетілгенінен 5 есеге көп болған. Нәтижесінде, үш жылдың ішінде бір комбайнға маусымдық жүктеме 530 гектардан 310 гектарға төмендеген. Ауыл жылдарында отандық машина жасау да жаңарып отырды. Айталық, елімізде беларустық және ресейлік әріптестермен бірлесе отырып комбайндар мен доңғалақты тракторлар шығару, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларына арналған түрлі бөлшектерді жасап шығару да артты.
Сөз жоқ , Ауылды аумақтарды дамытуды тек үш жылдық бағдарламамен шектеп қоюға болмайды. Мемлекеттің экономикалық әлеуеті өскен сайын бұл салаға бөлінетін қаржы да ұлғайып отыруы тиіс. Бұл заңды құбылыс. Бүгінде тиімді жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесінде мемлекет бюджетінің бүйірі жыл өткен сайын толысып, түрлі салаларға арналған шығыстар да артып отыр. Бұл ретте республикалық бюджеттен 2007 жылға Ауыл шаруашылығы министрлігіне — 91 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылып отырғанын атап өткен жөн. Оның 64 миллиард теңгесі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жұмсалатын болады. Аталған көрсеткіштерді 2000 жылмен салыстыратын болсақ, ол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеті 7,9 миллиард теңгені құраған екен. Оның тек 6,3 миллиард теңгесі ғана агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жұмсалған. Түйіндеп айтсақ, 2000 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекеттік инвестиция соңғы бес жылда 10 еседен астам ұлғайған. Ендігі мәселе, Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуға ұмтылып отырған тұста ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін әрі қарай дамыту болашақта атқарылуы тиіс бірінші міндет болып табылады. Сондықтан аталған саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекет тарапынан болатын қолдауды Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ұсынған көрсеткіштерге жақындату, оның техникалық және технологиялық жабдықталу үрдісін жалғастырып, саланы индустриализациялауды жеделдету, агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту жөнінде кешенді шаралар жүргізу, астық, сүт, жеміс-жидек өнімдері мен мақтаны қайта өңдеу жөніндегі жоспарланған кластерлік қызметті қамтамасыз ету және оларды халықаралық стандарттарға өткізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту керек. Ауылды аумақтарды дамыту перспективада атқарылуы тиіс екінші міндет болып табылады. Ол үшін ауылды аумақтарды мемлекеттік қаржылық салымдардың өсуі есебінен ғана емес, ауылдық деңгейде толық көлемді жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу және оны қаржылық жағынан қамтамасыз ету арқылы дамыту қажет.
Агросаланы әлемдік нарыққа шығару жолы.
Отандық ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сураныс әлемдік көлемде жылдан жылға артуда. Қазақстан экспортқа жыл сайын 3,7млн. тонна астық шығарады. Мұндай мәмілелі көп келімісдер бізге жылына 386 млн. АҚШ доллары көлемінде табыс әкеледі екен. Тіпті біздің бидайымыздың таралу аумағы көп кеңейіп қалыпты. Сан – сипырғы жүгінсек, біздің астығымыз әлемнің 40 елінің нарығында сұранысқа ие көрінеді. Биылғы жылы 28 елге астық сатыппыз. Ал импорттаушылардың қатарында ТМД, Еуропа Одақ елдері, Египет, Монғолия, Ауғанстан, Ливия, Үндістан бар.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Дулат Айтжановтың айтуынша, Қазақстан астық өндіруден ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында. Ал әлемде 22-ші орынды иеленеміз. «Еліміздегі астық саласының тұрақты дамуының бір дәлелі – биыл 18 млн. тонна астық жинадық. Бұл республикамыздың тек ішкі қажеттілігін қанағантандырып қоймай, сондай – ақ экспорттың жалпы көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Халықаралық астық комитетінің болжам мәліметтеріне қарағанда, биыл көптеген дәстүрлі экспорттаушы елдерде астық өндірісінің көлемі азаймақшы. Осыған орай тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан сыртқы нарыққа молырақ астық шығаруға тәуекелге бел байлап отыр. Алайда, астық экспорттаушы елдердің «Үлкен бестігіне» ену оңай шаруа емес. Себебі, кейбір сарапшылар біздің бидайымыздың әркезде бәсекеге қабілетті еместігін алға тартады.
Әсіресе, отандық кәсіпкерлердің пікірінше, біз әлемдік астық нарығына шығып, алпауыт елдермен бәсекелес болуымыз үшін бірқатар мәселелерді жедел шешіп алуға тиіспіз. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының дәл жүрегінде орналасса да, халықаралық порттардан алыс жатқандықтан, көлік қатынасының қиындығы қосылып, астықтың құнын өсіріп жібереді. « 2001жылы Иран бізден 1,5млн. тонна астық аламын деп аузы күйді». Себебі, темір жолдың кесірінен келісім – шартты орындай алмаған едік. Содан олар сенімсіздік танытып, бізбен 4 жыл бойы хабарласпай қойды. Иран сұраған астық елімізде қазір де бар. Бірақ астық таситын вагондардың жетіспеуі қолбайлау болып отыр. Уақыттың еншісіне салайын десең, уақыт дегенімізде 8 жыл өтсе де, еш ілгерілеушілік жоқ.
Транзитті арзандату мәселені шешпейді. Себебі Ресей жағы Қазақстан үшін темір жол тасымалына жеңілдік жасағанымен, Ресейдің өз астық өндірушілері мен экспорттаушылары оған бірінші боп қарсы тұрады. Оның үстіне бұл Ресейдің Ауыл шаруашылық минисртлігіне тиімді емес. Украина да өзінің отандық өндірушілеррін қолдар еді. Осы тығырықтан шығар екі – ақ жол бар:
• Біріншісі, шетелдерде өзіміздің астық өткізу терминалдарымызды ашу;
• Ал, екіншісі астықты тасымалдауға мемлекеттен субсидия бөлу.
Әйтпесе, біз банкротқа ұшыраймыз. Соған қарамай, 2008 жылдың мемлекеттік бюджетінде астық тасымалдауға экспорттық субсидия бөлуне қаржы қарастырылмаған. Ал, тұрақты астық экспортының әлемдік нарығында беделге ие болып, өзге әріптестердің сеніміне кіру үшін біз бір маусымда кем дегенде 1,5 млн. тонна астық әзірлеуіміз керек. Онымен қосаәлемдік нарықта арзан бидайға сұраныс көп.
Қазақстанның әлемдiк нарықта ұстанымдану бағыттары
Қазақстан — минералдық-шикiзаттың, астық өнімдерi мен олардың өңделген өнімдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi ретiнде.
Өнiмнiң көмiрсутек шикiзаты, уран, металлургия өнiмдерi және бидай сияқты түрлерi бойынша Қазақстанның әлемдiк нарықта жақсы ұстанымы бар. Перспективада өнiмдердiң бұл түрлерi Қазақстан әлемдiк нарықта бәсекелесе алатын негiзгi тауарлар болып қала бередi. Осы салалардың өнiмдерiн, ең алдымен, минералды шикiзатты экспорттаудан түсетiн кiрiс экономиканың басқа салаларын дамыту және ел мен оның өңiрлерiнiң әлемдiк экономикалық жүйеге кiрiгу факторына айналуға тиiс.
Қазақстан — Еуропа, Азия — Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде:
Елдiң екi континенттiң (Еуропа мен Азияның) қиылысында қолайлы географиялық орналасуы және оның көлiк-коммуникация дәлiздерiнiң халықаралық дәлiздердiң құрамына қосылғандығы жүк транзитiнен ғана емес, перспективада еуразиялық кеңiстiкте қалыптастырылатын сауда-экономикалық кiрiгулер процесiне қатысуынан да түсетiн пайданы пайдалану мүмкiндiгiн алдын ала айқындап бередi.
Басты мiндет Батыс пен Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңiстiкте ресурстардың құйылу процестерiн технологияландыру (логистикалық тораптар,
Қазақстан — өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзушi ретiнде:
Өзiнiң минералдық-шикiзат және аграрлық әлеуетiн, шетелдiк инвестициялар мен технологияларды басып оза тартудағы артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның орта және жоғары технологиялы өнеркәсiптiк, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңiр елдерiне iрi жеткiзушiлердiң бiрiне айналу мүмкiндiгi бар.
Жоғары бәсекелестiкке байланысты аталған өнiмдер түрлерiмен әлемдiк нарыққа шығу проблема болып табылады, сондықтан қаралып отырған кезеңде назарды өңiрлiк нарыққа шоғырландыру мақсатқа сай келедi.
Қазақстан — өңiрдiң инновациялық орталығы ретiнде:
Инновациялар және бiлiмдер экономикасы осы заманғы әлемдiк экономиканың негiзiне айналып келедi, сондықтан, әлемдiк дамудан қалыс қалмау үшiн Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялық әзiрлемелердi ел iшiне табысты енгiзу және сыртқы нарықтарға жылжыту үшiн инновациялардың дамыған өңiрлiк орталығына айналуға тиiс.
Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:
өнеркәсiптiк әзiрлемелер, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану және қайта өңдеу технологиялары; ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелер; химиялық және биологиялық технологиялар; экология және энергияның баламалы көздерi саласындағы әзiрлемелер; медициналық әзiрлемелер;ядро-лық технологиялар; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; ға-рыштық зерттеулер; әскери-өнеркәсiптiк технологиялар.

3.2 Арнайы ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жасау
Жоғарыда атап өткендей мемлекет агро секторды дамыту үшін өте ірі көлемдегі қаржыларды жұмсау мен бірге арнайы маманданған мемлекеттік ұйымдарды құруда. Оған мысал ретінде «ҚазАгро» холдингін атап айтуға болады. Ол қазіргі кезде сегіз акционерлік қоғамдың акциясының үстаушысы болып табылады. Олар мыналар: «Азық — түлік келісім — шарт корпорациясы» АҚ, «Мал өнімдері» АҚ, Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық – несиелік корпорация» АҚ, «Бидай дақылдарын кепілдендіру қоры» АҚ, «Қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Қазагроинновация» АҚ. Осы акционерлік қоғамдар өз жұмыстарынын бастағаныға көп болмасада бір – неше елеулі жетістіктерге жетіп және агро саланы серпінді дамытуға арналған ірі жобаларды жасап үлгерділер.
«ҚазАгроИнновацияның» рөлі мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты аграрлық саладағы ғылыми ұйымдардың экономикасын, басқаруын, өзгертуін және қаржыландыруын қамтамасыз ету, аграрлық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстардың және ғылымның нәтижелі және тиімді болуына жағдай жасау және шаралар қолдану болып табылады. Бұл жұмыс Ауыл шаруашылық Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің әртүрлі мемлекеттік органдармен тығыз байланыста болып жүргізіледі.
«Қазагроинновация» АҚ ғалымдардың еңбектерін іріктеу процесін белсенді күшейту жолымен ғылыми жұмыстарды жылдамдатып өндіріске ендіру жүйесін жасауды жоспарлайды. Ғылым орындарының қызметінің бағытын алсақ, онда институттар ұсынған ғылыми тақырыптардың жасалуы мен қаржыландыруынан гөрі, еліміздің агроөндірістік кешенінің потенциалді мүмкіншілігі мен жағдайын, өнеркәсіп өте қажетсінген, халықаралық нарықтың сұранысын өтейтін жобаларға көшу керек. Біз, аграрлық ғылымның дамуын тиімді нәтижеге жеткізер прогрессивтік моделдерді қолдану арқылы, мынадай екі бағытта жұмылып жұмыс істейміз: дайын шетелдік технологияларды трансферттеу (кірістіру); отандық ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру. Технологияны трансферттеу процесінде ізденістерді ұйымдастыру және шетелдік озық технологияларға ие болу, оларды қалыптастыру және отандық жағдайға бейімдеп жетілдіру, оларды қолдана отырып ғылыми жұмыстар жасау, сол жұмыстарды бастапқы қалыпқа келтіру — «ҚазАгроИнновацияның» негізгі міндеті болып табылады. Аяқталған ғылыми жобалардың өнеркәсіпте қолданылуы және олардың нарыққа шығуы «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ мен жекеше бизнестің қатысуымен жүзеге асады. Ғылыми зерттеулерді коммерциаландыру- бұл ғылыми идеяларды нарыққа шығарар алдында ғылыми өнім түріне жеткізу деп болжайды. Мұнда «Қазагроинновация» АҚ және оның бастапқы НИИ мен тәжірибелік шаруашылықтардың рөлі ғылыми идеяларды дамыту және оларды іс жүзінде өнеркәсіпте іске асырту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдандыру және тәжірибелік сынақтан өткіздірту. Аграрлық ғылымның басты басымдылығы Қазақстан ауылшаруашылығының ерекшелігіне, оның бәсекелестік артықшылығына салалық маманданғанына негізделген. Осыларға байланысты келесі басымдық бағыттар бөлінеді: — биоотын және оның ілеспе өнімдері (міндетті түрде атау керек, біздің аграрлық ғылымымыз биоотын шығару үшін жаңа шикізат түрлерін іздестіру саласында зерттеулер өткізеді, мысалы, қант қызылшасынан, мақсарыдан, қытайбұршағынан, қара бидайдан және тағы басқа дақылдардан. Ерекше атап өту керек, бірінші кезекте, еліміздің азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау есепке алынуы қажет. Биоэтанолды шығару үшін азықтық бидайдың қолданылуына жол берілмеуге тиісті) — экологиялық таза өнім; — ауылшаруашылық өнімдерін сақтауда және қайта өңдеудегі,өнеркәсіптің жаңа технологиялары; — айналадағы ортаны қорғау және табиғи ресурстарды шығару. Бәсекелестік отандық биоотын, әлеуеттік нарыққа өткенін игергеннен кейін, өзінің соңынан біздің республикамыздың территориясында жаңа өнеркәсіптік күштерді тудыратын, тиімді сыртқа шығарылатын тауар болып қалуы мүмкін және т.б. Басқа басымдықтардан да зерттеулердің осыған ұқсас бағыттары анықталған. Қаржыландыру жүйесінің өзгеруі аграрлық ғылымның дамуында маңызды көрініс болып табылады. Нақты уақытта ғылыми зерттеулерге келіп түсетін қаражат көзін әртараптандыру керек деп болжайды. Тек қолданыстағы бюджеттік қаржынын орнына үш схемада : бюджеттік, жобалық, дәстүрлік қаржыландыруды пайдалану керек деп жоспарлайды. Жекеше алғанда, ғылыми зерттеулер анықталған басымдық бағыттарда мемлекеттік тапсырыс түрінде бұрынғысынша бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын болады. Алға қойған міндеттерді іске асыруда бір қатар іс-шаралар өткізуге тура келеді. Ең алдымен, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және тәжірибелік шаруашылықтардың аграрлық ғылымды дамытудың басымдық бағыттарына сәйкес жасалғанына кешенді аудит өткізіледі. Осыдан басқа, ұйымдастырушылық және стратегиялық мәселелердің бір қатарын шешу керек солардың ішінде — дамыту бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ғылыми мекемелердің сәйкестік көрсеткіштерін оқып білу және т.б. Жобалар бойынша сапалы ұсыныстарды таңдап алу үшін, ескі технологияларды трансферттеуді (кірістіруді) болдырмау, дайын ғылыми жұмыстарды объективті бағалау үшін, сонымен қатар қабылданатын шешімдердің айқындылығын қамтамасыз ету үшін халықаралық сараптамашыларының қатысуымен Сараптама кеңесі құрылады. Кеңес жоспарланған іске асырылатын жобалардың үшэтапты сараптамасын өткізеді. Ғылыми кадрларды дайындау мәселесін шешу үшін кадрлар біліктілігін жоғарылату Орталығын құру жөніндегі жұмыс жалғастырылып, онда стажировка мен ғылыми кадрлардың біліктілігін жоғарылату бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі. Жоспарланады, қазақстандық ғылым үшін докторлар мен магистрлерді дайындау аграрлық ғылымның басымдық бағытына сәйкес шетелдік ғылыми орталықтарда өткізіледі. Тиімді нәтиже алу үшін ғылым мен өнеркәсіптің арасында анық байланыс қалыптастыру қажет, бейімделінген ғылыми-техникалық жұмыстардың тура берілуін және оларды өнеркәсіпке сапалы ендірілуін қамтамасыз ету.
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына сапа менеджменті жүйесіне сәйкестендіруші ISO 9001:2000 сертификаты берілді. «Аграрлық несие корпорациясы» ұлттық холдинг құрылымындағы мұндай стандарттар енгізуші алғашқы компаниялардың бірі.
Аталған стандартты енгізу мақсатында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап тамыз айына дейін сапа менеджменті жүйесін дайындау және енгізу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде консалтингтік компанияның қолдауымен корпорацияның менеджмент жүйесінің ағымдағы жағдайына талдау жасалынды. Екінші кезеңде корпорацияның сапа менеджменті жүйесі бағаланды. Бұл үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17-сы мен 19-ы аралығында сертификациялық аудит өткізілді. Аудит нәтижелері корпорацияда сапа менеджменті жүйесі ензілгенін және жұмыс істеп тұрғанын көрсетті.
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Аграрлық секторды несиелеу мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 25 қазандағы №137 Қаулысына сәйкес құрылған, компания ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге жеңілдік шарттармен несие берумен айналысады. АҚ акцияларының жүй пайызы мемлекет үлесінде. Биылғы жылы корпорация активі 29,1 млрд. теңгені, меншіктік капиталы 25,1 млрд. теңгені, жарғылық капиталы 24, 4 млрд. теңгені құрады. Еліміздің он үш облысында корпорацияның өкілдіктері мен филиалдары бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі жылдан жылға өсіп келеді. 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жалпы өндірілген өнім көлемінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесі, сүт 18,1%-дан 29%-ға дейін, ет 14,6%-дан 27,8%-ға, астық өңдеу 20,5%-дан 43%-ға, майлы дақылды өнімдер 55%-дан 99%-ға дейін өскен, жеміс-көкөністерді қайта өңдеу үлесі өндіріс көлемінің артуына қарамастан айтарлықтай емес. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі жылдан жылға өсіп келеді. 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жалпы өндірілген өнім көлемінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесі, сүт 18,1%-дан 29%-ға дейін, ет 14,6%-дан 27,8%-ға, астық өңдеу 20,5%-дан 43%-ға, майлы дақылды өнімдер 55%-дан 99%-ға дейін өскен, жеміс-көкөністерді қайта өңдеу үлесі өндіріс көлемінің артуына қарамастан айтарлықтай емес. Қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері өндірісінің талдауы 2008 жылдың 11 айын 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көптеген өнім өндірісінің өскені байқалады. Осы жылдың 11 айында қайта өңдеу кәсіпорындарымен 508,7 млрд. теңге сомасында өнім өндіріліп, бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3% — ға өскен (426,4 млрд. теңге). 2008 жылдың 11 айын 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шұжық өнімдері өндірісі 17,4%-ға, ет және ет-өсімдік консервілері 47%-ға, өңделген сүт 21%-ға, сары май 17,9%-ға, қоюландырылған сүт 17%-ға, сүт қышқылды өнімдер 5,2%-ға, балмұздақ 1,6%- ға, ұн 13,3%-ға, жарма 27%- ға, күріш 18%- ға, өсімдік майы 3,2%-ға, макарон өнімдері 14%-ға, жеміс-көкөніс шырындары 33%-ға, печенье 7,6%-ға, маргарин 8,4%-ға, шоколад 5,2%-ға өскендігі байқалады. Осы кезеңді 2007 жылдың 11 айымен салыстырғанда қант өндірісінің 25,3%-ға, жеміс консервілерінің 8,9%-ға, көкөніс консервілерінің 20%-ға, томат консервілерінің 16,7%-ға, құрғақ сүттің 6,5%-ға, ірімшік пен сүзбенің 3,3%-ға төмендегені байқалады. Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өнімдерінің бәсекелестігін арттыру мақсатында іске асырылатын екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша 2008 жылы республиканың барлық аймақтарындағы қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бойынша 140 кәсіпорын 16 366,9 млн. теңге сомасында банк несиесін алуға мүмкіндік алды. Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау 5 жыл ішінде банк несиесін арзандатып салаға 58,1 млрд. теңге жұмсауға, яғни әрбір бюджеттік субсидияның 1 теңгесі несиелік қаржының 15 теңгесіне тартылды. 5 жыл ішінде ет сатып алу көлемінің ақшалай көрінісі 15%-ға ( 1504,5 млн. теңгеден 1724,0 млн. теңгеге дейін), сүт 21%-ға (2058,6 млн. теңгеден 2500,0 млн. теңгеге дейін), астық өңдеу 27%-ға (14346,8 млн. теңгеден 18 219,4 млн. теңгеге дейін) артқан. 2007 жылдан бастап кәсіпорындар шығынын субсидиялауды дайындау, ИСО және ХАССП халықаралық стандарттары шеңберінде сапа менеджменті жүйесі мен қауіпсіздігін енгізу мен сертификаттау бюджеттік бағдарламасы іске асуда. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 100 кәсіпорын сапа менеджменті жүйесін енгізу үстінде. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің 8 саласы ҚҚС төлеуде үстіміздегі жылдың басынан бастап 3,5 млрд. теңгеге босап, кәсіпорындар қаржысын өндірісті жаңартуға, өндіріске жаңа өнім түрлерін енгізуге, қосымша шикізат сатып алуға, дайын өнім өндірісі көлемін ұлғайтуға жұмсады. Бұдан басқа 2008 жылы осы салалардан түскен ҚҚС 2 есеге, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға өсті. Осыған байланысты салық салудың мұндай жеңілдетілген түрін ҚҚС бойынша барлық салаға тарату қажет. Адам өмірінің, денсаулығының және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдың 21 шілдесінде № 301-III ҚРЗ «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ 2009 жылы ауылдық несиелік серіктестіктерді құруды аяқтауды жоспарлауда. «Бұл жыл осындай бірлестіктерді құру бағытындағы жеті жылдық жұмыстар барысындағы соңғы жыл болмақ. «ҚазАгро» Ұлттық холдингімен бірлесе отырып, біз 2009 жылы тағы да 8 ауылдық несиелік серіктестіктерді құруды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, олардың саны 161-ге жетеді, ол республика аумағының 90% қамтуға жол ашады», — деді А.Қаражігітов. Оның айтуынша, ауылдық несиелік серіктестіктерді құру және қазіргі барлары мен жаңадан құрылған серіктестік мүшелерін несиелендіру жоспарына сәйкес 3,8 млрд теңге бөлінбек. Несиелер өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға, ауылшаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарды сатып алуға 1-7 жыл мерзіммен беріледі. Ауылшуарушылығы құрылымдары үшін сыйақы ставкасы жылдық 8 — 9%-ті құрайды. «Осындай жеңілдетілген шартпен несиелендіру өзін-өзі ақтады. Олардың көмегімен ауыл тұрғындары аз уақыт ішінде жаңа өндіріс орындарын құрып, пайда тауып, несиелерін дер кезінде өтеуде. Егер корпорация 2001 жылдан бері жалпы алғанда 39,7 млрд. теңгенің несиелерін таратқан болса, оның 21,9 млрд теңгесі қазіргі жағдаймен қайтарылды» — деді А.Қаражігітов Бүгінде республика облыстарының 150 ауданында 153 ауылдық несиелік серіктестік жұмыс істеуде. Серіктестіктер 6,1 мың ауылшаруашылығы бірлестіктерін біріктірген, олардың 82% — шаруа қожалықтары, 10% — ЖШС және 8% -басқа да ұйымдар. «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ 2001 жылдың 25 қаңтарында құрылған. Корпорация акциялары 100% мемлекеттік иелігінде. 2008 жылы корпорация активтері 29,1 млрд. теңгені, жеке капиталы — 25,1 млрд. теңгені, жарғылық қоры 24,4 млрд теңгені құрады. Аграрлық несиелік корпорация — ауылшаруашылығы өндірісін, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді, ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығына жатпайтын бизнесті несиелендіретін арнайы ұйым. Корпорацияның мақсаты ауылдарда тиімділік пен ашықтық негізінде бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуға ынталандырушы қол жетімді несиелердіру жүйесін құруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға саяды.
Үкімет қаулысымен аграрлық салаға өткен жетіде 64,8 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінгені туралы мәлімет берілді. Банк саласындағы күрделі мәселелерге қарамастан мұндай шараның жасалуы, ауыл шаруашылығы саласын дамытудың ерекше маңызы бар екенін көрсетіп отыр. Баспасөз-парағы 2009 жылғы наурыздың 20-ы Астана қаласы Тақырыбы: 2009 жылы мемлекеттің АӨК-н дамытуға бөлінген қосымша қаржысын жұмсау тетіктері мен нақты бағдарламалар жөнінде. Үкімет қаулысымен аграрлық салаға өткен жетіде 64,8 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінгені туралы мәлімет берілді. Банк саласындағы күрделі мәселелерге қарамастан мұндай шараның жасалуы, ауыл шаруашылығы саласын дамытудың ерекше маңызы бар екенін көрсетіп отыр. Бұл қаржының негізгі бөлігі, нақты айтқанда 40,9 млрд. теңгесі «ҚазАгро» АҚ-ының жарғылық қорын толықтыруға және еншіліс кәсіпорындарын неселендіруге бағытталады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және өңдейтін кәсіпорындар шаруаларын дамыту үшін осы ұйымдар арқылы талаптары жеңілдетілген несие алуына болады. Одан бөлек серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін де осы қаржыдан бөлу жоспарланған. Бөлінген қаржының тағы бір бөлегі — 17,2 млрд. теңгесі АӨК-нің басымдыққа ие бағытын дамытуға субсидия тағайындау. Осыған байланысты майлы дақылдар алқабының 1 гектарына бөлінетін субсидия 1200 теңгеден 4800 теңгеге, яғни 4 есеге көбейді. Қант қызылшасына 10174 тенгеден 50000 тенгеге әлде 5 есеге жуық. Бақша-көкөніс өнімдеріне 9000 тенгеден 12000 тенгеге немесе 1,3 есеге көп. Картоптың шығындары мен өндірісін субсидиялауға 1 гектарға 2500 теңге енгізіледі. Мал шаруашылығын дамытудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде жем қорына ерекше мән беріледі. Сондықтан биылдан бастап астық ретінде жүгеріге 660-тан 2500 теңгеге немесе 3,8 есе көбейтілген. Субсидия бөлінетін жем-шөптің тізіміне бір жылдық және көп жылдық шөптер енгізілген. Тағы бір ерекше тоқталатын нәрсе, мемлекеттік қорға астық сатып алу үшін 6 млрд. теңге қосымша бөлініп отыр.
2008 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша 20,1 млн. тоннаны құрады, өнімділігі — 13,3 ц/га, бұл 2007 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3,6 млн. тоннаға (22%) және 1,6 ц/га артық. 2008 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша 20,1 млн. тоннаны құрады, өнімділігі — 13,3 ц/га, бұл 2007 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3,6 млн. тоннаға (22%) және 1,6 ц/га артық. Жалпы бұл көлем мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және астық экспортының көлемін 10,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді (соның ішінде астық түрінде – 7,5 млн. тонна, астыққа шаққандағы ұн түрінде – 2,5 млн. тонна). 2008 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының 80% астамы дәнді дақылдардың үлесіне келді. Жалпы республика бойынша 2008 жылы бидайдың егіс алқабы 2006 жылмен салыстырғанда 246,9 мың гектарға (2,0%), соның ішінде қатты бидайдың егіс алқабы – 19,3 мың гектарға (8,7%), күздік қара бидайдың – 19,9 мың гектарға (60,3%), қарақұмықтың – 60,5 мың гектарға (73,2%), жемдік дақылдардың (арпа мен сұлының) – 322,3 мың гектарға (18,8%), рапстың – 129,1 мың гектарға (4,1 есе), май бұршақтың егіс алқабы – 12,6 мың гектарға (34%) артты. Алдын ала мәліметтер бойынша майлы дақылдар өндірісі 459,4 мың тонна болды, 2007 жылы 458,9 мың тонна болған, көкөніс дақылдары – 2196,4 мың тонна, бұл 2007 жылғы деңгейден 6,7% жоғары, картоп – 2414,8 немесе 2,3% жоғары, шитті мақта – 438,7 мың тонна, 3,3 мың тоннаға немесе 0,8% жоғары. Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және саланың табыстылығының жоғарылауына себепші болды. 2008 жылы экспортқа 6,8 млн. тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар 1,5 млн. тонна шамасында ұн экспортталды, бұл астыққа айналдырғанда 2,1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8,9 млн. тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2007 жылғы көлеммен салыстырғанда 2,2 млн. тоннаға (48%), ұн – 339,9 мың тоннаға (30%) артты. Астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен түсім сомасы 1542,7 млн. АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр. Бұл 2007 жылдың деңгейінен 801,7 млн. АҚШ долларына немесе 2,1 есе артық. Астық өндірісінің ұлғаюында жетістіктерге жетуге өсімдік шаруашылығын мамандандыру негізінде оны әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, өндіріске қазіргі заманғы технологияларды және егіншіліктің озық әдістерін ендіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қөлемдерінің өсуі себепші болуда. Республиканың құрғақшылықты климат жағдайларында өсімдіктің өсуіне жетіспейтін қажетті ылғалды тиімді пайдалануға себепші болатын ылғалресурс сақтайтын технологияларды кеңінен қолдануға, қажетті агротехнологиялық шараларды уақтылы және сапалы жүргізуге тиісті көңіл бөлініп келеді. 2008 жылы қазақстаның астығы 45 мемлекетке экспортқа шығарылды. Негізінен олар 3,3 млн. тонна астық немесе жалпы көлемнің 48% экспорталған ТМД, 1,5 млн. тонна (22,2%) шамасында – Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна (13,5%) – Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна (9,5%) – Европа Одағы елдері. Осы жылы қазақстандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания нарықтарына жеткізілді, перспективада қытай бағытына астық экспорттауды пысықтау жүріп жатыр. ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдерін Әзербайжан – 886,6 мың тонна, Ресей – 613,5 мың тонна, Украина – 394,6 мың тонна, Қырғызстан – 345,5 мың тонна, Тәжікстан – 298,4 мың тонна импорттады. Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері Тунисқа – 555,1 мың тонна, Турцияға – 464,5 мың тонна, Сауд Аравиясына – 348,5 мың тонна, Египетке – 329,6 мың тонна, Иранға – 225,3 мың тонна, Йеменге – 193,0 мың тонна, Италияға – 176,8 мың тонна, Германияға – 149,7 мың тонна экспортталды. Астық экспортының барысын тежейтін басты қиындықтың біреуі бұрынғыдағыдай астық тасымалдайтын арнайы вагондардың жетіспеушілігі болып табылады. Кәзіргі уақытта осындай астық тасымалдайтын арнай вагондардың саны 5236. Егер осы вагондар айына бір айналым жасағанда онда айына экспортқа 500,0 мың тонна астық шығара алады. Бұл ретте жоспарланған 10,0 миллион тонна астықты тасымалдап үлгеру үшін айына 1 миллион тоннадан кем емес астық тасымалдану керек екенін атап өткен жөн. Бұдан басқа астық тасымалдайтын жылжымалы құрамдардың айналымын тездетуге Украйна айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбейуі, Азов теңізіндегі тереңдігі аз Россия айлақтарын мұз басып қалғандығы кедергі келтіруде. Мысалы үшін, кәзіргі уақытта Украина айлақтарында және оларға жақын теміржол бекеттерінде 75 теміржол құрамы (поезд) түсіруді күтіп жиналып қалған, оның 31 – Қазақстаннан. Сол сияқты кедендік және басқада жүкпен бірге болатын керекті құжаттардың дер уақытында ресімделмегендігінен вагондары тиеп жөнелтуіде кешігушілікке жол беру фактілеріде кездеседі. Мұндай жағдайлар әсіресе кеден бекеттері жоқ Ақмола облысының Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарында орын алуда. Аталған ауданның астық экспорттаушылары кеден құжатын алу үшін Атбасар қаласына барады.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы талдау. Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие: • ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр; • ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды; • 2008 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47,5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 қызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды; • бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар; • мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі; • ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы – 1991 жылға дейінгі өндірілгендер; • ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының шектеулігі. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша несие ресурстарына деген қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең керітартпалық бағалар бойынша жылына шамамен АҚШ-тың 1 млрд. долларына бағаланады. Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы ресурстарымен қосымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды.
2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі- мемлекеттік бағдарлама) бірінші кезеңін (2005 -2007 ж.ж.) жүзеге асыру жұмыстары өз мәресіне жетті. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі- мемлекеттік бағдарлама) бірінші кезеңін (2005 -2007 ж.ж.) жүзеге асыру жұмыстары өз мәресіне жетті. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастаған үш жыл ішінде барлық қаражат көздерінен, соның ішінде республикалық бюджетті қоса, шамамен 202 млрд теңгедей қаражат бөлінді, соның ішінде, республикалық бюджеттен 66,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден 95,6 млрд. теңге, бюджеттен тыс қаражат көздерінен 40 млрд. теңге бөлінген. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 2005-2007 жылдары 100 мектепті, 63 денсаулық сақтау нысандарын, 193 ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарын, соның ішінде, ұзындығы 2531 шақырымды құрайтын су желілерін салуға және қайтадан қалпына келтіруге мүмкіндік берді, Ауылдық аумақтардың 100% телвизиялық каналдар мен радио жиіліктерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда. Ауылдық елді мекендерде пошта-жинақ қызметі жүйесі де дамуда.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңнаманы жетілдіру» тақырыбымен өткен дөңгелек үстел барысында 2009 жылдан бастап Қазақстан үй жануарларын диагностикалық зерттеуді жылына 55 млн-ға дейін ұлғайтады.
Агро саласы дамытуды үшін оның негізінден бастап қаржыландыру басты мақсат болып отыр. Сондықтан арго сектортың ең шағын бөлігін, яғни ауыл жерде тұратын жергілікті тұрғындарды жанұя бизнесин дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Қазақстанның аграрлық секторының бұл саласы халықтың ұлттық ерекшеліктеріне орай дәстүрлі сала болып табылады. Ауылды жерде тұратын жергілікті тұрғынды өз жеке меншік ауласыз елестету қиын. Қазақстанның аграрлық секторының бұл саласы халықтың ұлттық ерекшеліктеріне орай дәстүрлі сала болып табылады. Ауылды жерде тұратын жергілікті тұрғынды өз жеке меншік ауласыз елестету қиын. Қазақ халқы үшін төрт түлік мал (жылқы, сиыр, түйе) ғасырлар бойы «жанұя әлеуметінің» негізі болған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың мал шаруашылығы саласындағы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаты мал мен құс санының тұрақты өсуін, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді, мал мен құс өнімділігінің жоғарылауын, малды өз төлінен өсіруді жақсартуды қамтамасыз етеді. 2009 жылдың 1 қаңтары бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғандағы негізгі көрсеткіштері төмендегідей: Барлық мал түрі мен құстың саны: мүйізді ірі қара 3,4%-ға өсіп, 5853,0 мың бас; қой мен ешкі – 5,2%-ға өсіп, 16151,7 мың бас; шошқа 6,4%-ға өсіп, 1387,9 мың бас; жылқы – 4,4%-ға өсіп, 1289,6 мың бас; түйе-3,7%-ға өсіп, 143,7 бас; құс – 5,7%-ға өсіп, 29850,2 мың басты құрады. Мал мен құстың өнімділігі: бір сиырға шаққандағы сүттің орташа сауылымы — 1,2 % өсіп, 2202 кг -ды, бір жұмыртқалағыш тауыққа шаққандағы жұмыртқаның орташа шығымы — 2,6% өсіп, 198 дананы құрады, бір қойға шаққандағы жүннің орташа түсімі былтырғы жыл деңгейінде қалды, яғни 2,9 кг. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал мен құстың өнімділігі айтарлықтай жоғары: бір сиырға шаққандағы сүттің орташа сауылымы – 2810 кг немесе 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,2 % -ға өскен, сондай-ақ бір жұмыртқалағыш тауыққа шаққандағы жұмыртқаның орташа шығымы — бір жұмыртқалағыш тауыққа шаққандағы жұмыртқаның орташа шығымы – 239 дана немесе 2,1% — ға өскен. Төлдің түсімі: 100 саулыққа төлдің шығымы өсті: торайлар – 33 басқа өсіп, 1276 басты құрады, боталар — 3 басқа өсіп, 49 басты құрады, бұзаулар мен құлындар былтырғы жыл деңгейінде қалды, яғни 88 және 85 бас, қозылар мен лақтар 1 басқа азайып, 98 басты құрады. Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортқа шығаруда бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін одан әрі арттыруда жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта 2009 жылы республикада инфроқұрылымы дамыған бес бордақылау алаңдарын салу жоспарланған, оның ішінде 4–де өндірістік қуаты жылына 5 мың бас бордақыланатын ірі қараны, 1 –де 20 мың бас қой бордақыланады. Олардың құрылысына бюджеттен 12,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Асыл тұқымды малдарды сырттан әкелу (импорт) шарттарын жақсарту мақсатында Қазақстан Үкіметінің қаржы лизингі бойынша әкелінетін асыл тұқымды малға қосымша құн салығын төлеуден босату туралы қаулысы (ҚРҮҚ 2008 жылғы 8-тамыздағы № 675 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 475 «Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекiту туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы») қабылданды. Бұл шара әкелінген малдың бағасын төмендетуге және екі пилоттық жобаны «Жоғарғы өнімді шетелдік селекциядағы мал мен қазіргі заманғы құрал-жабдықтары бар ірі – тауарлы сүт кешендерін құру» жүзеге асыруға қатынасқан лизинг алушыларға түсетін қаржылық салмақты азайтуға септігін тигізді. Жобаны жүзеге асыру Ақмола облысы Целиноград ауданындағы «Агрофирма Родина» ЖШС және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» КС екі асыл тұқымды зауыттарында іске асырылуда. Өнімділігі жоғары мал басын және орта және ірі тауарлы өндірісті шаруашылқытар санын көбейту үшін ҚР АШМ –нің алқа мәжілісінде ауыл шаруашылығы малдарының басым бағыттары айқындалып (ҚР АШМ 2008 жылғы 3 тамыздағы №47 алқа қаулысы), ҚР АШМ –нің 2008 жылғы 28 тамыздағы №546 бұйрығымен бекітілді. 2009 жылы асыл тұқымды мал саны ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрінен көбейеді деп күтілуде. Дамыған елдерде (АҚШ, Канада) асыл тұқымды ядроның үлестік салмағының үлесі 20-30% ды құрайды. Қазақстанда асыл тұқымды малдың үлестік салмағының ҚР АШМ –нің Стратегиялық даму жоспарында айқындалған деңгейге жетуі үшін үлкен масштабты селекция және асыл тұқымды малды сырттан әкелу (импорт), асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуын мемлекеттік қолдау бағдарламаларын әрі қарай жүзеге асыру қажет.
Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді. Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді. Қазақстан астығының экспорттық әлуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды. Осы міндетті орындау үшін Каспий жағалауы және оған жақын орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық маңызы өте жоғары. Қазіргі уақытқа дейін осы нарықтарға Қазақстан астығын тасымалдау Ресей, Өзбекстан және Түркіменстан аумақтары арқылы темір жол бойымен жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, біздің астықтың экспортының бәсекеге қабілеттілігі осы елдердің көлік саясатына айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Осы мәселені шешу үшін, әлеуетті өткізу нарықтарына отандық астықты жеткізу және Кавказ маңындағы елдердің нарықтарында орнықтыру үшін аса тиімді болып табылатын, Каспий теңізі арқылы осы елдерге экспорттық баламалы бағытты дамыту туралы шешім қабылданды. Айтылмыш бағытта өткен жылдан бастап Ақтау портында астық терминалының өткізу қабілеттілігін арттыру бойынша және Бакуде астық терминалы мен диірмен кешенінің құрылысының жобалары іске асырылуда. Қазақстан астығының Каспий теңізі арқылы экспортын әрі қарай дамыту және кеңейту мақсатында Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалдарының құрылысы бойынша қосымша жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ, астықты Еуропа елдеріне жеткізудің ең қысқа жолы — Қара теңіз (Украина) порттарының бірінен астық терминалын сатып алу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру қазақстандық экспорттаушылар үшін өздерінің әлемдік астық нарығындағы қатысуын бекіту және кеңейту шарттарын қамтамасыз етеді. Одан басқа, халықаралық талаптарға сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманға сай бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл отандық еттің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттырады, ет өнімдерінің экспорттық көлемін елеулі түрде өсіреді және етті өткізудің «жайылымнан дастархан басына» кепілдендірген жүйесін бір ретке келтіреді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) мемлекеттік сараптауға берілген. Мақтаны қайта өңдеу саласын дамыту үшін мақталықтың сортты тұқымдық материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоспардың ТЭН әзірленуде, сонымен қатар жабдықтарды жеткізуге ұсыныстар қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, «Алатау Дейри» ЖШС, «Қазкоммерцбанк» АҚ компаниясының тобы «Meridian Capital» ЖШС сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша серпінді жобаны іске асыруды жоспарлайды. Жобаны іске асыру орны — Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, мегаферманың болжаулы қуаттылығы – 110 мың тонна сүт, 220 мың тонна сүт өнімдерін, 15 мыңға жуық ірі қара мүйізді мал басын өндіру. Жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындау аяқталды, жеке қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, азықтық дақылдардың күздік егістігі жүзеге асырылды, мегаферманың қажетті инфрақұрылымының құрылысы үшін жер белгіленді. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы лизингке малдар, жабдықтар және арнаулы техникалар, сонымен қатар өзінің еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы өндіріс қуатының құрылысына несиелік қарыз берумен болжанады. «Meridian Capital» ЖШС қаржыландыруға өзінің өтінімдерін қалыптастыруды жүзеге асырып жатыр. Жобаның операторларын мемлекеттік қолдау көрсету шаралары – жеңілдік және субсидия беру мәселесі ынталандырады. «Халық банкі» АҚ компаниясының тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180 мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы 400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері – 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы жабдықтар алып берумен талқыланды. «Денсаулық өнімдері» фабрикасы құрылысының жобасы Цесна компаниясының тобы «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС арқылы жоспарланған. Жобаны іске асыру орны – Ақмола облысы. Балалар тағамын (астық тұқымдастары негізіндегі құрғақ қоспалар, көкөніс езбелері), спорттық тағамдар, диабетпен ауыратындарға арналған, әскери қызметкерлерге және тұрғындардың арнаулы топтарына арналған тағамдар, жалпы алғанда емдеу-профилактикалық қасиеті бар негізгі азық-түлік тағамдарының өндірісін ұйымдастыру жоспарланған. Зауыттардың қуаттылығы – 27 мың тонна дайын өнімдер шығару. Жоба алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру арқылы талқыланды. «Қазақстанның астық өңдеушілер және наубайшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері серпінді жоба ретінде «Ұн және макарон өнімдері» атты ұлттық брендін құруды мәлімдеді. Жобаның мақсаты: ұн және макарон өнімдерінің ең ірі өндірушілерін осы өнімдерді әлемдік нарықтарға жылжыту мақсатымен, «Ұн және макарон өнімдері» брендінің астында біріктіру. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге және астық өңдеушілер мен тауарөндірушілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен бірігіп Тұжырымдаманы және брендін қалыптастыру шараларының жоспарын жетілдіру үшін жұмысшы тобын құрды, брендін қалыптастырудың және жылжытудың аналитикалық зерттеулері сатып алынды. Тұжырымдама жобасы жетілдіру кезеңінде. Raimbek компаниясының тобы жеміс-жидек, сүт пен басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, бөліп тарату және экспорттау бойынша тікелей ықпалдасқан құрылым құру жобасын іске асыруды ұсынды. Жобаның іске асыру орны – Алматы облысы, (болжамды Панфилов, Еңбекші қазақ, Ұйғыр аудандары). Болашақта – Жамбыл облысы. Жобаны іске асыру 3 блокпен қарастырылған. Бастапқыда 3 мың гектар аумақта бау-бақшалар мен жидектіктерді құру, кейін оларды 10-12 мың гектарға дейін кеңейту, әр қайсысында 2 200 мал басы бар 4 ірі-тауарлы сүт фермаларын құру, олардың екеуі — Алматы облысында, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында бір-бірден. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі АҚ жобаға қатысуы өзінің еншілес ұйымдарының күшімен несиелік қаржыландыру, техниканы, құрал-жабдықтарды, малды лизингке берумен болжанады. Қазіргі уақытта қаржыландырудың мүмкін болатын параметрлері қарастырылуда. «Отес-Атил» компаниясының тобы биологиялық/экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның мақсаты Алматы облысының Іле-Балқаш су қоймасын дамыту. Қуаттылығы – жылына 2 мың тоннаға дейін шабақтардың бағалы тектерін, жылына 2 мың тоннаға дейін бекіре балықтарын, 15 мыңға дейін мал басын өндіру. Несие желісін ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар дайындалып, ұсынылған. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ және «Отес-Атил» компаниясы тобының арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ аналық мал басын сатып алуға арналған айналым қаржыларын толықтыруға несие желісін ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр, тағы да балықты қайта өңдеуші 3 зауыттың құрылысына 2 млрд. теңге шамасында несие желісін ұйымдастырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік негіздемесі қосымша жұмыс орындарының құрылуы, нарық жағдаятының кеңеюі, экспорттың ұлғаюы, қосымша құны жоғары дайын өнімдермен көрінеді, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық өндірістердің және соған сәйкес жалпы АӨК дамуымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік кезеңде қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру бойынша жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi, бiрқатар теориялық және тәжiрибелiк тұжырымдамалар мен ұсыныстар келесiдей қорытындылар жасау үшiн негiз болды:
1. Әлемдiк тәжiрибедегi лизингтiк қызметтер нарығының сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң негiзгi тенденцияларына, оларды отандық нарықтың қалыптасып, дамуы үшiн пайдалану мақсатында терең зерттеулер жүргiзiлдi. Соның нәтижесiнде лизингтiк қызметтер нарығының дамуы елдегi өндiрiстiң даму деңгейiне және ағымдық экономикалық жағдайларға тiкелей байланысты екендiгi, бiрақ елдегi iшкi қолайлы заңнамалық база лизингтiк қатынастардың даму динамикасына өзгерiстер енгiзетiндiгi анықталды.
2. Шетелдiк және отандық экономисттердiң лизингтiк қатынастар туралы кейбiр тұжырымдамаларына жасалған жүйелеу лизингтiк қатынастарды басқарудың төрт негiзгi нысаны бөлiп қарастыруға мүмкiндiктер бердi. Олар: лизингтiк қатынастарды басқарудың өндiрiстiк нысаны, лизингтiк қатынастарды банктiк құрылымдар арқылы басқару нысаны, лизингтiк қатынастарды арнайы құрылған дербес лизингтiк компаниялар арқылы басқару нысаны, лизингтiк қатынастарды холдингтер құру арқылы басқару нысаны. Қазақстан үшiн лизингтiк қатынастарды басқарудың тиiмдi нысандарын анықтау мақсатында олардың экономикалық артықшылықтары, iске асырылу ерекшелiктерi мен бәсекелестiк қабiлеттiлiктерi зерттелдi.
3. Қазақстандағы лизингтiк қызметтер нарығының ағымдық жағдайын зерттеу нәтижесiнде, оның дамуының негiзгi бағыттарын анықтай отырып, елдегi iшкi лизингтiк нарықтың экономикадағы оған деген сұраныспен анықталатындығы, ал оның құрылымы тұтынушылардыңқажеттiлiктерiне тiкелей тәуелдiлiкте болатындығы көрсетiлдi және Қазақстанда лизингтiк нарық жұмыс iстейдi және лизингтiк индустрия дамудың әлi бiрiншi кезеңiнде деген қорытынды жасалынды.
4. ҚР – ғы лизингтiк қатынастарды мего-, макро-, медиа-, микродеңгейелерде басқару қажеттiлiктерiн негiздеу арқылы, оларды ұдайы жетiлдiрiп отырудың керек екендiгi дәлелдендi.
5. Лизингтiк қатынастарды басқару тетiктерiн жетiлдiру үшiн неғұрлым болашағы бар нарықтарды белгiлi – бiр сегменттерге бөлiп қарастыру арқылы лизингтiк компаниялардың қосымша қызметтерiн дамыту стратегиясы жасалынды. Жаңа стратегия бойынша лизингтiк компаниялар неғұрлым перспективтi клиенттердi өздерi iздестiрiп, оларға өз қызметтерiн ұсынулары қажет. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде бүгiнгi күнi Қазақстанда лизингтiк қызметтердi пайдаланушы нарық ретiнде шағын кәсiпкерлiктiң болашағы бар деп анықталды.

 

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы // Оңтүстік Қазақстан 10 наурыз, 2009 жыл
2. Инвестиция и банк. Национальный банк. Алматы, 1998г.
3. Қазақстанның агролық секторындағы шағын және орта бизнесті қаржылық – несиелік талдау. Алматы, 2003ж. №6.
4. «Қаржы менеджменті» Алматы, 2001ж.
5. Стратегический план индустриально – инновационного развития РК на 2003 – 2015 годы. Собрание актов Президента РК, №5, 2005г.
6. «Банк ісі» Исабеков.К. Алматы. 2001ж.
7. Банктік лизинг және оның кәсіпорындардың негізгі қорларын қалыптастырудағы ролі. Алматы, Абай атттындағы АлМУ, 2001.
8. Банктік лизингтің артықшылықтары және лизингтік келісімді бекіту механизмі. Алматы, Абай атындағы АлМУ, 2003 ж.
9. Лизингтік субъектілердің банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері. 2005 ж.
10. Лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып лизингтік қатынастарды басқару мәселелері, АльПари, 2005ж.
11. Шикізаттық емес секторды дамытудағы лизингтік қатынастардың ролі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Экономика» 2006.
12. Лизингтік төлемдер сомасы есептеу әдістерін талдау және оны жетілдіру жолдары. Алматы. 2006ж.
13. Әлемдік және отандық лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері. «Жас ғылым». 2006ж.
14. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуының кейбір қаржылық проблемалары. Алматы. Каз ЭУ. Т. Рысқулов. «Экономика» 2000ж.
15. Нарық жағдайындағы экономикалық реттеудің қажеттілігі. Алматы. «Экономика» 2001ж.
16. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары. Қаржы қаражат, 2005ж.
17. «Агро Жаршы» 2008ж. Мамыр. (№5), (№12).
18. «ҚазАгроМаркетинг» 2008ж. Консалтинг.
19. «Сельхозтехника и оборудование». 2008ж. (№27), (№5), (№13).
20. «Ауыл жағдайы» 2007ж. Тамыз. (№19), (№18)
21. «Егемен Қазақстан» 2006 – 2007 жж.
22. «Жаршы» 2007 ж. басылымдары.
23. Басқада ақпарат көздері:
24. www.leasing.kz.
25. www.bta.kz.
26. www.orix.com.
27. www.minagri.kz.
28. www.kam.kz.
29. www.kaf.kz.
30. www.akk.kz
31. www.kkb.kz.
32. www.nationalbank.kz.
33. www.kb.kz.
34. www.маk.kz.