АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Компанияның баланс өтімділігін талдау

Компанияның баланс өтімділігін талдау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..

  1. Бухгалтерлік баланстың мәні мен мазмұны, баланс баптарының өзгеріске ұшырауы……………………………………………..

1.1 Бухгалтерлік   есептің түжырымдамалары мен принциптері…………………….

1.2 Бухгалтерлік баланстың түсінігі және теоретикалық аспектілері ………….

1.3.  Шаруашылық операцияларына    сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………………………………………………………

  1. Компанияның баланс активтерінің және активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау ………………………………………………………………….

2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау….

2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау ………………………………………………………………………………..

  1. Компанияның баланс өтімділігін талдау…………………….

3.1 Меншікті капиталды талдау…………………………………………………………………

3.2 Қатыстырылған капиталды талдау. ……………………………………………………..

  • Баланс өтімділігін талдау …………………………………………………………………..

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТР ТІЗІМІ………………………………………………..

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Өтімділіктің  екі  тұжырымдамасы  белгілі.   Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа    мерзімді    міндеттемелерін    өтеу    қабілеттілігі ұғынылады.  Мысалы,  О.В.  Ефимова өтімділік деп -«кәсіпорынның   өзінің   қысқа  мерзімді   міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», — деп жазады . Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, — ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі   ,   егер   кәсіпорын   өзінің   ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің    қысқа   мерзімді    міндеттемелерін    орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі   тұжырымдамасына   өте   ұқсас.   Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік — бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп — «материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады». Ағылшын авторларының «Бухгалтерлік талдау деген» еңбегінде «фирманың өтімділігі — бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айнаддыру қабілеттілігі» деп көрсетілген. «Өтімді» сөзінің өзі дейді олар «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды   білдіреді   .    Профессор    В.В.    Ковалев: «кдндай   да   бір   активтің   өтімділігі   ол   оның   ақша қаражатына  түрлену,   айналу  қабілеті»,   —  дейді.   Ол «өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады», — деп жазады (21). Бұл қорытынды профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғүрлым оның өтімділігі жоғары».  Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп сан-аймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жүмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорын-ның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнін-де баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні — активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Диплом жұмысы үш негізгі бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан тұрады.

  1. Бухгалтерлік баланстың мәні мен мазмұны, баланс баптарының өзгеріске ұшырауы

1.1 Бухгалтерлік   есептің түжырымдамалары мен принциптері

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жұргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қайқайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) еңген уақыты және мазмұны болады.

Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.

Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.

Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.

Қолданысқа (күшіне) еңген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.

Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.

Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды.            Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты — мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:

  • қаржылық ақпаратты    құру   барысында    қажетті міндеттер;
  • ақпараттық жүйені құру принциптері;
  • осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
  • қаржылық есеп берудің элементтері;
  • өлшеу және мойындау критериялары.

Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.

Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл Модельді қолдап отырған және оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған еддердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да елдерін жатқызуға болады.

Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның) континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдер қолданып отыр.

Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ   әрбір   ел   өзінің   бухгалтерлік   есебін   континентальдық  (еуропалық)   немесе  америкалық  тұжырымдама (концепция)   бойынша   жүргізуі   мүмкін   екендігі   анықталады.  Біздің еліміздегі  ұйымдардағы  бухгалтерлік есеп Кеңес  Одағы  тұсында  континенттік  (еуропалық)  тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі  күннің  өзінде  осы  қалыптасып  қалған  модель  өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы  мемлекеттің  басшылығымен  салық   органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйым-дардың  бухгалтерлік  есеп  жұмысын  жүргізудің  ережесі, бағыты   болып   саналатын   Қазақстан   Республикасының бухгалтерлік   есеп   стандарттары   Американдық   (халықаралық) бухгалтерлік есеп  стандарттарына барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен  қатар  біздің  еліміз  халықаралық  бухгалтерлік  есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың   талаптарына   сай   етіп   жүргізу   керектігін қабылдады. Біріншіден — осы тұрғыдан, ал екіншіден — елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі  кейбір   ұйымдардың  қаржылық  есеп   берулері соңғы   кездері   қаржы   салымшыларын   (инвесторларды) ақпараттық   мәліметтермен   қамтамасыз   етуге   негізделіп жасалып отыр.

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан — бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:

  • есептеу;
  • үздіксіз (ұдайы);
  • түсініктілік;
  • мәнділік;
  • маңыздылық;
  • сенімділік;
  • әділетті әрі тура көрсету;
  • бейтараптық;
  • сақтық;
  • толықтылық;
  • салыстырмалық;
  • дәйектілік.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр тұрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр тұрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей тұрлерден тұрады:

  • құжаттау;
  • түгендеу;
  • шоттар;
  • екі жақты жазу;
  • бағалау;
  • калькуляциялау;
  • бухгалтерлік баланс;

—     есеп беру.

1.2 Бухгалтерлік баланстың түсінігі және теоретикалық аспектілері

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы­-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің 3.03.94 ж. №10-4/1143

Хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни балланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі  мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.

Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассиві көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына қарай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:

— активтік баптар шаруашылық қорлардың құрамы, орналасу және пайдалану бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;

  • активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.

Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сәйкес келеді.

Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

АКТИВ:

  • Ұзақ мерзімді активтер.
  • Ағымды активтер.

Меншікті капитал мен міндеттемелер:

  • Меншікті капитал (Акционерлік капитал).
  • Ұзақ мерзімді міндеттемелер
  • Ағымдағы міндеттемелер.

Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.

Баланс-неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, “Материалдық емес активтер”, “Негізгі құралдар” баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.

Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.

1-бөлім.Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:

Материалдық емес активтер – бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес обьектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі.Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

Негізгі  құралдар – бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.

Мұнда мынадай баптар ашылұға тиіс:

А/ жер;

ә/ үйлер мен ғимараттар;

б/ машиналар мен жабдықтар;

в/ жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;

г/ жинақталған тозу;

д/ аяқталмаған күрделі құрылыс.

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

Инвестициялар – кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Мұнда мынадай баптар ашылады:

А/ еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;

Ә/ тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;

Б/ ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнына ерекшелінеді.

2-бөлім.Ағымдағы активтер.

Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).

Алдағы кезең шығындары – есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.

Ақша қаражаттары. Пайдалануына шек қойылған ақша қаражаттарына шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.

Қысқы мерзімді қаржы инвестициялары – мерзімі бір жылға дейін.

Дебиторлық берешек – есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.

Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

А/ аванстық төлемдер;

ә/ алуға арналған шоттар мен вексельдер;

б/ еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;

в/ лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;

г/ өзге де дебиторлық берешектер.

Сомасы бір жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.

3-бөлім.Меншікті капитал мен резервтер.

Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі.Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдарына есебінен құралған жарғылық қор.

Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.

Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:

А/ мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген (мәлімделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;

ә/ төленбеген капитал;

б/ акцияның номиналдық және ағымдағы құны;

в/ оларға ие адамдардың құқы, дивидендтерді бөлу мен мүлік бөлігін төлеудің шарттары;

г/ ерекшелінген акциялар бойынша төленбеген дивидендтер;

д/ өтемі төленіп алынға меншікті акциялар (Алынып қойылған капитал);

е/ болашақта шығаруға мәлімделген акциялар.

Өзге меншікті капитал:

А/ номинал құнынан артық төленген капитал;

ә/ негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.

Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).

4-бөлім. Шығарылған капитал.

5-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:

А/ қамтамасыз етілген несиелер;

ә/ қамтамасыз етілмеген несиелер;

б/ еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;

в/ төлемі кейінге қалдырылған салықтар.

Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.

6-бөлім.ағымдағы міндеттемелер.

Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиіс:

А/ қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;

ә/ салықтар бойынша берешек;

б/ төлеуге арналған дивидендтер;

в/ еншілес серіктестіктерге берешек;

г/ акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;

д/ өзге кредиторлық берешек.

Төлеуге есептелген шығындар – болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Алдағы кезеңдердің табыстары – бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.

Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардың алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.

  1. 3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларын төрт тұрге бөліп қарастырады.

Бірінші тұріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан кассаға 100 (жүз) мың теңге алынды.

Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 100 (жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 100 (жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

Екінші тұріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға — азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің аддындағы 500 (бес жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.

Бұл уақытта көсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабыңдағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Ал   баланстың   активі   мен   пассиві   арасындағы   теңдік өзгермейді.

Үшінші тұріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі тұрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.

Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.

Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші тұрі үшінші тұріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы — үшінші тұрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші тұрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді.

Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 50 (елу) мың теңге борышы төленді.

Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (қосылған құнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бір уақытта 50 (елу) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 50 (елу) мың теңгеге кемиді.

  1. Компанияның баланс активтерінің және активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау — кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жүмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлық-тай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 1-аналитикалық кесте құрылады.

1 кесте

2006 жылдың басы мен соңындағы «Қайрат» АҚ-дағы баланс активтерінін, құрамы мен құрылуы

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы озгеріс (+,-)

Құрылы-

(4гр.-2ір.)

сомасы,

мың тг.

үлес

салма

ғы, %

сомасы,

мың тг.

үлес

салмағы, %

мың тг.

(Згр.-Ігр.)

%

(5гр.:1гр.-100)

1.

Активтер     кұны,     барлығы

соның ішінде:

32551

100

41957

100

+9406

+28,9

X

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

18770

57.66

2001

47,67

+ 1231

+6,56

-9,99

а) негізгі кұралдар;

18642

57,27

19497

46,47

+855

+4,59

-10,80

ә) қаржылық салымдар;

128

0,39

504

1,20

+376

+293,75

+0,81

1.2. Ағымдағы активтер:

13781

42,34

21956

52,33

+8175

+59,32

+9,99

а) өндірістік қорлар;

1501

4,61

1358

3,24

-143

-9,53

-1,37

ә) дайын енім.

7652

23,51

14538

34,65

+6886

+90,0

-11,14

2

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

20143

61,88

20855

49,71

+712

+3,53

-12,17

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады (19).

Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады (2). Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. «Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кп > 0,5 қалыпты болып есептеледі» — деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін үзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында — 20143 мың теңгені, жыл соңында -20855 мың теңгені құрайды, ягни 712 мың теңгеге немесе   3,53%-ға   өскен.   Баланс   активтерінің   жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке көмігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

1-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке асып кетті (52,33-47,67) және 52,33%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі үзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32:6,56) болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы түрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады — яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,42 (13781:32551), ал жыл соңында 0,52 (21956:41957) құрады.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш — мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында — 0,73=(13781:18770), ал жыл аяғында -1,1 =(21956:20001) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтиже-сінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,6 есеге (21956:13781), ал екіншілері -6,6%-ға (20001:18770-100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген тұрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бүл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында — 57,27%-ды, ал жыл соңында — 46,47%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздін кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынының барлық негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны — 23,9%-ға (61763:49837100) өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 5,9%-ға ғана (17645:16660-100) өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш — бұл осы негізгі күралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында 0,63 (31195:49837), ал жыл соңында — 0,68 (4226:61763) құрайды, яғни 0,05 пунктке өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның    материалды-техникалық    базасын    нығайтуға және жанартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.

Әрі қарай, келесі 2-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

2 кесте

Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильды активтер — яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 38 мың теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.

Ағымдағы активтердің ең мобильды бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды ғана құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге  бағытталатын  қаражаттардың  жалпы  сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 57,9%-ға өсті және ол жыл аяғында 17617 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оньщ көлемі әлі де болса өте жоғары (80,24%) болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген, олардың көлемі (дайын өнімнің) жыл аяғында 14538 мың теңгені құрады, бұл жыл басындағымен салыстырғанда — 1,9 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға азайған.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында — 1165 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол — 1671 мың теңгені құрайды немесе 43,4%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды (7,61-8,45).

Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты не үшін тұсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, айта кеткен . жөн, ақша қаражаттарының бір бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында 504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни 128 мың теңгемен салыстырғанда 3,9 есеге көп.

Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдык құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсең-деуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оньщ көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен ай-налымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.

Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін деби-торлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:

  • бір немесе бірнеше негізгі  қарыз  тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша   пайызы   келеді   (бұл   пайыз   қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);
  • негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;
  • қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;
  • ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;
  • тұтынушының пайдасына  жеңілдіктер   (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның енімді қайтару құқы.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Сапа дегеніміз — бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.

Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау ұшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның кұрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржы-лық түрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрас-тырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық түрақ-тылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы эдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуел-сіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана — бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын керуге болады. Тәуелсіздік коэффициентін мен-шікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

                                (1)

Мұндағы: Ктс — тәуелсізддк коэффициенті; Мк — меншікті капитал; Ак — авансталған капитал (баланс валюта-сы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мұмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғары-латады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан кітаптардың біркатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есеп-тейді (21,22). А.Д. Шеремет, А.М. Ковалев; В.ГІ. Привалов, О.В. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады (2,18,6) деп санайды.

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуе-келдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптасты рылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейн төмендетуге болады).

Жоғар .ща селтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 денге гіндс шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпаратт ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капи-талының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мүндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қара-жатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған кагшталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады (3 кесте).

3 кесте

«Қайрат» АҚ 2006 жылдың басы мен соңындағы жағдайы негізінде кәсіпорыннын авансталынған капиталынын, кұрамы мен құрылымы

Корсеткіштер

Жыл

басында

Жыл <

;оңында

Жыл бойындағы өзгеріс

Құрылы-мының

сомасы, мың тг.

үлес салмағы,

%

сомасы, мың тг

үлес салмагы, %

мың тг.

(Згр.-Ігр)

%

(5гр.:1гр.-100)

өзгеруі, пункт (4гр.-2гр.)

1

Авансталған          капитал, соның ішінде: 1.1. Меншіктік капитал 1.2. Қарыздық капитал, оның ішінде: ұзақ мерзімді

32551

27908 4643

100

85,7 14,3

41957

32276 9681

100

76,9

23,1

+9406

+4368 +5038

+28,9

+ 15,6 + 108,5

X

-8,8 +8,8

2

Тәуелсіздік     коэффициент

(1.1жол:1 жол)

X

0,857

X

0,769

X

X

-0,088

3

Қаржыландыру      коэффи-циент

(1 жол:1.2. жол)

X

6,011

X

3,334

X

X

-2,677

4

Қатыстырылған         капи-талдың   меншіктік    капи-талға     қатынасы     коэф-фициенті (1.2жол:1.1 жол)

X

0,166

X

0,231

X

X

+0,065

5

Инвестициялау коэффициенті

X

1,497

X

1,655

X

X

+0,158

3-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 9681 мың теңге болған, яғни 5038 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,854-ден 0,769-ға дейін немесе 0,088 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақгылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

  (2)

Мұндағы: Кт —   тәуелділік коэффициенті; Қк —   қатыстырылған капитал; Ак —   авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Ктс — тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,143 (1-0,857), ал жыл соңында 0,231 (1-0,769) болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басына және аяғына тәуел-сіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капи талға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

  (3)

Мұндағы: Кк — қаржыландыру коэффициенті; Мк — меншікті капитал; Қк — қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржылан-дыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл көрсеткішке ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз түсінуден сақ болу керек. «Кейбір жағдайларда, — деп жазады О.В. Ефимова — меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сонда да кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бүл, бірінші кезекте, қызметі активінің жоғары айналымдылығымен, сатылатын өнімге түрақты сұранысымен, тұрақты жаб-дықтау және өткізу арналары бар, тұрақты шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсіпорындарға қатысты.

Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерінің айтарлықтай үлес салмағы (мысалы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары) қаражаттар айналымы үзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50% болуы олардың қаржы-лық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырыл ған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатына-сының коэффициенті:

 (4)

Мұндағы: Кк/м—   қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті; Тк —    қатыстырылған капитал; Өк —    меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында — 0,166 (4643:27908);

жыл аяғында — 0,231 (9681:32276).

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының

17 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражат-тары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 23 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Арнайы әдебиеттерде (2, 10) бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кк/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсет-кіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы  кезінде  коэффициенттің  қауіпті  мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау ұшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет (10).

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

 (5)

Мұндағы: ККт — қаржылық тұрақгылық коэффициенті; Үм — ұзақ мерзімді міндеттемелер; Ак — авансталған капитал; Мк — меншікті капитал.

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті (6).

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұіақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:

  (6)

Мұндағы: Кұ/М — қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк —    меншікті капитал; ұм —    ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол жылдың басында 1,497-ге тең (27908:18462), ал соңында 1,655=(32276:19497) болады. Бүл беріл-гендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

  1. Компанияның баланс өтімділігін талдау

3.1 Меншікті капиталды талдау.

Активтерді құрудың ең дүрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой — меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 — ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 — қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым — қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады (23).

Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттеме-лердің) құрылымын «және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің I бөлімінде көрсетіл-ген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен телемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы құрылған баланс пас-сивінің II бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыс-тары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының келемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

Жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі 9138 мың тг. (27908-18770) құрады, жыл аяғына -12275 мың тг. (32276-20001), яғни 3137 мың теңгеге, немесе 34,3%-ға көбейген.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу ұшін, меншікті капиталға теңе стіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі — оң, ал төмендеуі -теріс бағыты ретінде қарастырылады.

Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын тартқан жоқ.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:

                 (7)

Мұндағы: Кж — жүмсау коэффициенті;

Мак — меншікті айналым капиталы; Мк — меншікті капитал.

Бүл коэффициентті А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфуллин, Е.В. Негашев осылай анықтайды (24). ұзақ мерзімді қарыз   қаражаттары   негізгі   құралдарды   алуға   және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, В.В. Ковалев (21), Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко (10) бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Иалий бұны «дұрыс» десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мұмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығының артқанын дәлелдейді.

Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті > 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы — жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қор-лар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:

                 (8)

Мұндағы: Кк/қ — тауарлы-материалдық      қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті; Мак — меншікті айналым капиталы; Қ™ — тауарлы-материалдық қорлар.

В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығыдарының құнына қатынасымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаггарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

«Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташа-ланған мәліметтерінің негізіне алынған оның қалыпты мәні, — деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин, -келесі турде болады.»

           (9)

Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қара-жаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсі-порынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мұмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қор-лардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

  • Қатыстырылған капиталды талдау.

Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының

есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған (тартпаған). Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемі жыл соңында 8081 мың теңге, жыл басында 4294 мың теңге болған, яғни 3787 мың теңгеге, немесе 1,9 есеге өскен. Оның құрамында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар тез өсіп кеткен. Егер жылдың басында оның мөлшері 1018 мың теңге болған болса, жыл аяғында 6391 мың теңге құраған, яғни 6,3 есе көбейген, нәтижесінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес сал-мағы 23,7%-дан 79,1%-ға өскен. Бұдан кейін талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдауы керек.

Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған (25). Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған бол-са, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.

Біздің кәсіпорынымызда кредиторлық борыш жыл басында дебиторлық борыштан 3,7 (4294:1165), жыл соңында 4,8 есе көп болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық борыштың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша есеп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жүмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

Талдаушының келесі маңызды жұмысы — кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютгі көрсеткіштері — тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы-материалдық қорлардың қальштасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:

  1. Меншікті айналым капиталының бар болуы ак). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің I бәлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активінің I бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақгағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:

  (10)

Мұндағы: Іб П — баланс пассивінің I бөлімі; Мк — меншікті капитал; І5 А- баланс активінің I бөлімі; Үа — ұзақ мерзімді актив.

Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпо-рынның ағымдагы активтерін жабу коэффициенті (бұл керсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні — 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Мақ/ұз).

Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:

  (11)

Мұндағы: Ұзм — ұзақ мерзімді міндеттемелер; Мак — меншікті айналым капиталы; ІІбП — баланс пассивінің II бөлімі.

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалы-тасү көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:

   (12)

Мұндағы: НК — негізгі көздер;

Қнқ — қысқа    мерзімді    несиелер    мен қарыздар.

Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

  1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жегіспеушілігі (—)

               (13)

Мұндағы: КШ — тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

 (14)

  1. Қорлардың негізгі  қалыптасу  көздерінің  (НК) жалпы мөлшерінің артықгығы (+) немесе жетіспеушілігі

              (15)

Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу    кәсіпорынның    қаржылық    жағдайын    оның тұрақтылық дәрежесі боиынша келесі төрт типке оөлуге мүмкіндік береді:

1)  қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3)   тұрақсыз қаржылық жағдайы;

4)   дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады.

          (16)

Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады.

                        (17)

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі «қалыпты» — меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:

               (18)

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін «қалыпты емес» болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді. Келесі 4 кестеде тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі көрсетілген.

4-кесте

Тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі 2006 ж. басы мен соңындағы жағдай бойынша «Қайрат» АҚ (артықтығы + жетістеушілік -) (мың тенге)

Қаржылық тұрақтылықты қоймада, жылдың соңында 14538 мың теңге тұратын дайын өнімді және 1721 мың теңгенің тауарын жылдам сату, жылдың соңында 1671 мың теңге құраған дебиторлық борышты тезірек қай-тару және кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату арқылы қалыпқа келтіруге болады.

Бұдан кейін даііын өнімнің тез өсуінің (1,9 есе) және қоймада тауарлардың іркіліп қалу себептерін зерттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың жұмысы.

Талданып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтайық.

Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын кұру негізінде, тереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:

  1. Төлшеушіліктің жалпы мөлшері:

—  банктің  қарызы  бойынша  уақыты  өтіп  кеткен борыштар;

—  жабдықтаушылардың   есеп   айырысу   құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;

—   бюджетке салықты толық төлемеу;

—   басқа   да   төлемеу,   соның   ішінде   еңбекақы бойынша да;

  1. Төлемеушіліктің себептері:

—   меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;

—   тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;

—   сатып  алушылар  уақытында  төлемеген,   тиеліп жіберілген тауарлар;

— акцептен бас тарту себепті сатып алушылардың жауапты сақтауындағы тауарлар;

—    айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың   алған   қарыздары   бойынша   борыштарына   жұмылдыру,   сонымен   бірге   бөлінген қаржыландыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар. 3. Қаржылық шиеленісті азайту көздері:

—  уақытша бос меншікті қаражаттар;

— қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);

—   айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк  несиелері  және  тағы  басқа  қарыз  қаражаттары.

Қаржылық шиеленісті азайтатын телемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін мате-риалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.

Қорытындылай келе айта кету керек, арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген (26). Оларды келесі атаулармен 4 топқа бөледі:

  • қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;
  • банкрот кәсіпорын.

Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесі негізгі бағыттары бойынша қарастырылады:

1)  қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қызметін қамтамасыз ету;

2)  ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;

3) кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды  қаржыландыру  мүмкіндігі   (нарықтың  жаңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін  игеру және т.б.).

Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқа жатқызудың өз әдістемесін ұсынады.

Айталық, егер кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Егер алдыңғы екі функциялар орындалып, ал үшіншісін орындауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға (құлдырауға) жақын.

  • Баланс өтімділігін талдау

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы

активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.

Өтімділіктің  екі  тұжырымдамасы  белгілі.   Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа    мерзімді    міндеттемелерін    өтеу    қабілеттілігі ұғынылады.  Мысалы,  О.В.  Ефимова өтімділік деп -«кәсіпорынның   өзінің   қысқа  мерзімді   міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», — деп жазады (18). Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, — ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі   (7),   егер   кәсіпорын   өзінің   ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің    қысқа   мерзімді    міндеттемелерін    орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі   тұжырымдамасына   өте   ұқсас.   Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік — бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп — «материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады» (27). Ағылшын авторларының «Бухгалтерлік талдау деген» еңбегінде «фирманың өтімділігі — бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айнаддыру қабілеттілігі» деп көрсетілген. «Өтімді» сөзінің өзі дейді олар «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды   білдіреді    (13).    Профессор    В.В.    Ковалев: «кдндай   да   бір   активтің   өтімділігі   ол   оның   ақша қаражатына  түрлену,   айналу  қабілеті»,   —  дейді.   Ол «өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады», — деп жазады (21). Бұл қорытынды профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғүрлым оның өтімділігі жоғары» (2). Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп сан-аймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жүмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорын-ның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнін-де баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні — активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) — айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттеме-лерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық -түрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің «Тауарлы-материалдық қорлар» бабы және баланс активтінің I бөліміндегі «Үзақ мерзімді инвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

А4. Қиын өткізілетін активтер баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан «ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады — кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін» (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер — бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойын-ша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөл-шерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұраңты міндеттемелер пассивтің I бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс ак-тивінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық түрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.

«Қайрат» АҚ 2006 жылы ұзақ және қысқа мерзімді несиелері болмағандықтан, басқа «Адит» біріккен өнеркәсіптік кәсіпорынның материалдарын пайдаланамыз  (4 кесте).

4-кесте

«Адит» БК-нің мэліметтері негізінде баланс активінін

өтімділік дэрежесі және онын пассивінің төлеу мерзімінің

шұғылдығы бойынша баптарының тобы

Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А,) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.

Актив пен пассив баптарының I тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 18570 мың тг. (122+18448) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер — 28075 мың тг. (22325+5750), бұл 9505 мың теңгеге [(28075-18570) немесе (22203+12698)] төлем қаражатынан көп. Жыл соңында төлем жетіспеу-шілігі 15195 мың теңгені [(3751+10168) 26564+2550=13919-29114 немесе (-22813+7618)] құрады.

Баяу өткізілетін (жүретін) активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер жыл басында оның мөлшері 6365 мың теңге болған болса, жыл аяғында 10740 мың теңгені құрады, немесе есепті жылы 1,7 есе өскен.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бүл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 < П яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 3140 мың тг. және 4455 мың теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетеді, себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.

Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсет.е алмайды, оның себебі -бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (онын мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.

Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

  (19)

Мұндағы: Көж — жалпы өтімділік коэффициенті; а1, а2, а3 — салмақтық коэффициенттер; А мен П — актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.

Баланс өтімділігі үшін ең өтімді активтер мен мерзімі ең қысқа міндеттемелер бірінші орында болатындықтан, бірінші коэффициент 1-ге тең деп алынады. Осы жағдайды ескере, 2-ші және 3-ші салмақтық ко-эффициенттерге шектеулер жүйесі былай болады:

Бұдан шығатыны а3 < 0,57.

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.

«Адит» БК-де оның көлемі жыл басында 0,4165, ал жыл соңында — 0,4375 құрады, яғни 0,02 пунктке өскен, бірақ бұған қарамастан керсеткіштің деңгейі теориялық мәнінен екі есе төмен, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қара-жаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті.

ҚОРЫТЫНДЫ

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жұргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қайқайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) еңген уақыты және мазмұны болады.

Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды.            Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты — мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:

  • қаржылық ақпаратты    құру   барысында    қажетті міндеттер;
  • ақпараттық жүйені құру принциптері;
  • осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
  • қаржылық есеп берудің элементтері;
  • өлшеу және мойындау критериялары.

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы­-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 2005
  2. Колчина Н.В., «Финансы предприятий», Москва – 2003
  3. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
  4. Ковалев В.В., «Финансовый менеджмент», Москва – 2002
  5. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
  6. Шуляк П.Н., «Финансы предприятий», Москва – 2001
  7. Өсербайұлы А., «Корпоративтік қаржы», Алматы — 2005
  8. Жуйриков К.К., «Финансы предприятия в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2001, №6
  9. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2002
  10. Бочаров В.В., «Корпоративные финансы», Санкт-Петербург – 2002
  11. Ибришев Н.Н., «Корпоративное финансирование», Алматы – 2005
  12. «Управление финансовым состоянием фирмы в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №4
  13. «Выбор оптимальной стратегии фирмы», Банки Казахстана, 2005, №2
  14. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22-сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы
  15. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
  16. Жуйриков К.К., «Финансовый анализ предприятия», Алматы – 2003
  17. Селезнева В.Г., «Финансовый анализ. Управление финансами», Москва – 2003
  18. Савицкая Г.В., «Анализ хозяйственной деятельности предприятия», Минск – 2002
  19. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003
  20. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3
  21. ҚР Ұлттық банкінің 2000-2004 жылдардағы қорытынды есебі
  22. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1
  23. «Ирбис» ақпараттық Агенттігінің қаржы нарығы туралы 2000-2004 жылдардағы мәліметтері
  24. Рахимова С.А., «Лизинг: проблемы и перспективы развития», Банки Казахстана, 2004, №9
  25. Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2004, №6
  26. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12
  27. Оралбаева Ж., «Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №2
  28. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
  29. Михалева Е.В., «Факторинг операциялары: айналым қаражаттарын несиелеу мүмкіндіктері», Бухгалтер бюллетені, 2001, №15
  30. Куздыбаева М.С., «Анализ и управление заемными средствами», Банки Казахстана, 2004, №11

Құрметті жоғары аттестациялық комиссияның төрағасы және комиссия мүшелері сіздердің алдарыңызға менің «Компанияның баланс өтімділігін талдау» атты тақырыбына жазылған дипломдық жұмысымды ұсынамын.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні — активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Диплом жұмысы үш негізгі бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан тұрады.

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы­-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің 3.03.94 ж. №10-4/1143

Хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни балланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі  мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.

Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассиві көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына қарай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:

— активтік баптар шаруашылық қорлардың құрамы, орналасу және пайдалану бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;

  • активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.

Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сәйкес келеді.

Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

АКТИВ:

  • Ұзақ мерзімді активтер.
  • Ағымды активтер.

Меншікті капитал мен міндеттемелер:

  • Меншікті капитал (Акционерлік капитал).
  • Ұзақ мерзімді міндеттемелер
  • Ағымдағы міндеттемелер.

Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.

Баланс-неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, “Материалдық емес активтер”, “Негізгі құралдар” баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.

Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жүмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлық-тай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 1-аналитикалық кесте құрылады.

1 кесте

2006 жылдың басы мен соңындағы «Қайрат» АҚ-дағы баланс активтерінін, құрамы мен құрылуы

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы озгеріс (+,-)

Құрылы-

(4гр.-2ір.)

сомасы,

мың тг.

үлес

салма

ғы, %

сомасы,

мың тг.

үлес

салмағы, %

мың тг.

(Згр.-Ігр.)

%

(5гр.:1гр.-100)

1.

Активтер     кұны,     барлығы

соның ішінде:

32551

100

41957

100

+9406

+28,9

X

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

18770

57.66

2001

47,67

+ 1231

+6,56

-9,99

а) негізгі кұралдар;

18642

57,27

19497

46,47

+855

+4,59

-10,80

ә) қаржылық салымдар;

128

0,39

504

1,20

+376

+293,75

+0,81

1.2. Ағымдағы активтер:

13781

42,34

21956

52,33

+8175

+59,32

+9,99

а) өндірістік қорлар;

1501

4,61

1358

3,24

-143

-9,53

-1,37

ә) дайын енім.

7652

23,51

14538

34,65

+6886

+90,0

-11,14

2

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

20143

61,88

20855

49,71

+712

+3,53

-12,17

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады (19).

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында — 20143 мың теңгені, жыл соңында -20855 мың теңгені құрайды, ягни 712 мың теңгеге немесе   3,53%-ға   өскен.   Баланс   активтерінің   жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке көмігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

1-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке асып кетті (52,33-47,67) және 52,33%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі үзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32:6,56) болып отыр.

Әрі қарай, келесі 2-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

2 кесте

Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильды активтер — яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 38 мың теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.

Ағымдағы активтердің ең мобильды бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды ғана құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге  бағытталатын  қаражаттардың  жалпы  сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның кұрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржы-лық түрақтылығын көрсетеді.

Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

                                (1)

Мұндағы: Ктс — тәуелсізддк коэффициенті; Мк — меншікті капитал; Ак — авансталған капитал (баланс валюта-сы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мұмкіндік береді.