АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Этникалық және педагогикалық психология кафедрасы

 

Дипломдық жұмыс

 

КОНФЛИКТ БАРЫСЫНДАҒЫ ЭТНОСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

 

Алматы — 2012

Философия және Саясаттану факультеті

Жалпы психология кафедрасының 4-курс студенті

«Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер»

атты диплом жұмысына

 

СЫН-ПІКІР

 

Диплом тақырыбының зерттелінуі этно-психология үшін маңызды, себебі тақырып қазіргі қазақ қоғамында нақтылы қойылып және шиеленісіп жатқан этно-психологиялық мәселелермен тікелей байланысты. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Кіріспе бөлімінде студент диплом жұмысының мақсаты мен міндетін айқын анықтаған. Сонымен қатар, автор кіріспеде тақырыптың өзектілігін анықтау мен қолданылған әдебиеттерге талдау жасауда ой ұшқырлығын танытқан. Жоспар жүйелі түрде құрылып, әр тарау тиянақты түйінделген. Диплом жұмысы сауатты, әрі түсінікті жазылған.

Жалпы, 5 курс студенті Құлышев Бекболдың  «Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер» атты диплом жұмысының құндылығын, тақырыптың көкейкестілігін ескере отырып, «өте жақсы» деп бағалаймын.

 

 

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың көлемі:  55 бет

Қолданылған әдебиеттер саны: 53

Кестелер саны: 5

Гистограмма: 1

Зерттеу жұмысы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің этникалық және педагогикалық психология кафедрасында жазылған.

 Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе, теориялық бөлімнен, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тақырыбы:

Мақсаты — студенттер тобындағы конфликтілі жағдай кезіндегі мінез-құлық стратегияларын анықтау.

Болжам — Студенттердің тұлғалық конфликтілік деңгейі мен мінез-құлық стилдерінің көрінуінде этникалық ерекшеліктер айқын көрінеді.

Зерттеу объектісі: Қазақ және орыс тобының 1-курс студенттері. 

Әдістер мен әдістемелер:

А) Зерттеу жүргізу барысында:

  • Конфликтілік деңгейін анықтауға арналған әдіс .
  • Конфликтке деген қатынасты анықтау үшін сұрақтама жүргіздік.
  • Томас тесті.

Б) Зерттеу мәліметтерін статистикалық өңдеу барысында орыс және қазақ топтарының мәліметтерінің  айырмашылығының статистикалық сенімділігін тексеру үшін Розенбаумның Q-  критерийін қолдандық.

Алынған болжамның расталуы: зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында әдістемелер арқылы жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады. 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3

 

  1. Теориялық бөлім
    • Психология ғылымындағы конфликтінізерттеу бағыттары мен теориялық мәселелері ………………………………………………………………………………………………….5

1.2 Конфликт түрлері, құрылымы, дамуы мен шешу жолдары……………………13

1.3 Этностық конфликтілер және оның ерекшеліктері………………………………..27

 

ІІ.  Эксперименттік зерттеу бөлімі

2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері……………………………………..39

2.2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы…………………………………..40

2.3. Эксперименттік зерттеу барысы………………………………………………………….43

2.4. Зерттеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі……………44

 

Тұжырым………………………………………………………………………………………………..50

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….51

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………….52

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған.

Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.

Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде.

Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған.

1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған.

2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.

Этникалық қатынастардың үйлесімді дамуына саясатта этникалық факторға баса көңіл бөлу кедергі келтіргенімен, этникалық өзіндік идентификацияның мақсаты өз мүдделерін, мақсаттарын, құндылықтарын қорғау болып табылады. ТМД-дағы көп этникалық мемлекеттердегі жүргізілген сауалдар, этностар арасындағы қатынастардың нашарлау себебі елдегі экономикалық жағдайдың төмендеуінен, ұлттық саясаттағы кемшіліктер мен қоғамдағы тұрақсыз жағдайдан екенін дәлелдеп берді.

Практикалық маңыздылығы. Әр адамның өмірінде түрлі жағдайларға байланысты  өз мақсаттары болады. Әрқайсысы өз бетімен алуан түрлі жолдармен сол мақсатына ұмтылады. Бірақ, көбіне іскерлік белсенділікпен байланысқан адамдар өз қызығушылықтарымен қайшы келіп қалады да, бұл кезде конфликт туады. Конфликттің пайда болуын, шешу әдістерін мен заңдылықтарын қарастыратын ғылымды конфликтология деп атаймыз. Батыста көптеген жылдар бойы, әсіресе 20 ғасырдың соңында бұл ғылыми бағыт толық дами бастады. Конфликт  және оны шешу  жайлы көптеген  кітаптар, журналдар, рефераттар және мақалалар шықты. “Конфликтология” атты   жеке ғылымның пайда болуына барлық мүмкіншіліктер бар. Ал біздің елімізде бұл ғылым әлі дамымаған.

Қазіргі  уақытта, жасөспірімдерге конфликт кезінде өз-өзін қалай ұстау керектігін, конфликт қалай пайда болатынын, қандай әдістері бар екенін арнайы үйретпейді. Бірақ біздің ойымызша, жасөспірімдердің конфликттілік деңгейін төмендету үшін оларда конфликт туралы жан-жақты білімі болу керек. Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс істеу, тренинг жүргізу т.с.с. Жасөспірімдер конфликт туралы толық білу қажет. 

Қазіргі уақытта конфликтті негативті құбылыс ретінде емес, керісінше конфликт керекті құбылыс ретінде қарастырады. Өйткені конфликт көмегімен  біз проблеманы анықтай алып, оны татулықпен, мәдени түрде шеше аламыз.

Мақсаты — студенттер тобындағы конфликтілі жағдай кезіндегі мінез-құлық стратегияларын анықтау.

Болжам — Студенттердің тұлғалық конфликтілік деңгейі мен мінез-құлық стилдерінің көрінуінде этникалық ерекшеліктер айқын көрінеді.

Зерттеу объектісі: Қазақ және орыс тобының 1-курс студенттері. 

 

 

 

 

 

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

 

1.1 Психология  ғылымындағы конфликтіні зерттеу бағыттар мен теориялық мәселелері

 

Конфликт – қазіргі әлеуметтік және саяси өмірдегі  маңызды құбылыстары ның бірі. Бәрімізге белгілі, қоғамда адамның өмірі көптеген қарама-қайшылықтарға толы, бұл қарама-қайшылықтар жеке адамдардың, кіші және үлкен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысуына әкеліп соғады.

Конфликт не екенін біз бәріміз білеміз. Көп адамдарда бұл сөз жағымсыз ассоциациялар туғыздырады. Көптеген  уақыт бойы “конфликт”  түсінігін тұлғааралық  қарым-қатынастағы, қоғамдағы патогенді жағдайлармен байланыстырған. Конфликтті, әлеуметтік құбылыс ретінде түсінудің  орнына, оны стихиялы апат ретінде қарастырады. Тек 20 ғасырлардың  екінші жартысынан бастап, М.Фоллет өз жұмыстарында  “конфликт” түсінігін бірдей позитивті және бірдей негативті өмірлік құбылыс ретінде қарастыруды ұсынды.

Конфликтті туғызған әлде осы конфликтке түскен адамдар оны өз жағына және тез шешуге тырысады. Конфликттің өзіне қызыққан адамдар аз. Бұл терең және қызықты тақырып. Конфликт, бұл аса маңызды қарсылықтарды шешудің тәсілі, ол екі жақты процесстердің арасында болады.

Жәй сөзбен айтқанда, конфликт – бұл екі индивид немесе группалар бір-біріне белгілі бір мақсатқа жетуге кедергі жасауындағы процесс немесе бәсекелес адамның көзқарасын өзгертуі.

Қазіргі кезде, яғни әлеуметтік-саяси жағдайда конфликт өсіп келе жатыр. Конфликт барлық жерде болады. Біз оны жеке өмірімізде, ата-ана мен бала арасында, отбасында, дін арасында да көре аламыз.

Конфликт адам өмірінің тұрақты серігі. Конфликт барлық уақытта өзекті. Конфликт, әсіресе, жасөспірімдік шақта өте актуалды. Балалар осы кезде жанұялық және мектеп өмірімен разы болмай, олармен жиі конфликтіге түседі. Конфликтілік – жасөспірімдерге тән жас ерекшеліктерінің бірі. Шынымен де конфликт жасөспірімдік шақта жиі кездеседі. 

Шиеленiстер адамзатты көптеген 100 жылдықтар бәлкiм 1000 жылдықтар бойы толғандырып келедi. Тiптi шиеленiстердiң адамға зияндылығы дәлелденген жазбаша деректердi бiздiң д.д.3-ғ Эпикур келтiредi. Бұл мәселелер, белгiлi бiр дәрежеде қазiргi заманғы адамзатты да толғандырып келедi. Адам- әлеуметтiк жан иесi ғана емес, ол табиғаттың бiр бөлiгi, ал табиғатта көктем мен күз, күн мен түн, ашық және бұлтты күндер болатыны белгiлi. Адамның биологиялық ырғағы өзгеретiнi, технологиялық, физиологиялық белсендiлiгi жоғарлайтыны және төмен түсетiнi оның әлеуметтiк белсендiлiгi болатыны құпия емес. Әр адамдағы бұл өзгерiстер қайталанбайды. Оның жеке белгiсi немесе денесiндегi терiсi сияқты дербес болады. Ырғаққа әсер етiп, оны өзгертiп, адамның мiнез- құлқын да өзгертуге болады.

Әр халықтың философиялық танымында әртүрлi қоғамдағы тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты орнатудың негiзгi принциптерi кездеседi. Европа философиясында қарама-қайшылықтардың жаңа түрi шиеленiскен кездегi қатынастардың түрлерiнiң жинақталуының түрлерi.

Қытай философиясы қарама-қайшылықтың бiр-бiрiне ауысу процесiнiң көрiнiсi, ал үндi философиясы қарама-қайшылық тепе-теңдiгi, абсолюттi тыныштыққа жеткенiн бiлдiредi.

Адам өркениетінің тарихы түрлі конфликтерге толы. Конфликттердің  бірі аумақты тұтастай және ондаған елдер мен халықтарды қамтыса, бірі үлкен және кіші әлеуметтік ұйымдарға көңіл бөлген, ал енді бірі бөлек адамдар арасында қалыптасқан. Ерте заманнан бастап адамдар қалыптасқан қайшылықтарды шешуге және конфликтсіз қоғамда өмір сүруге ұмтылған. Ежелгі заңдарда қатыгез патша Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж) конфликтті жағдайды шешудің 10 түрлі әдістерін құрастырған. Аңыз бойынша, Соломон патша (б.э.д.965- 928ж)  өзінің даналығымен, конфликттерден шыға алуымен және шеше алуымен белгілі болды [1, 53-71б].

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары конфликтсіз қоғамның теориялық модельдерін құрастыра отырып, сонымен қатар оларды реалды өмірде жүзеге асырмақ болған. Өкінішке орай, барлығы да сәтсіздікпен аяқталды. Конфликттердің пайда болуы, дамуы және шешуі жайлы біздің білмеушілігімізден, конфликт қазіргі кезде де бар. 

Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт- жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.

Эксперименталды зерттеулерде психологтар конфликтке мынадай анықтама береді: “Бақыланатын субъектілер бір-біріне қарама-қарсы бағытталған күштері әсер еткенде пайда болатын спецификалық эмоционалды шиеленіскен күй”. “Конфликт” ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген “эксперименталды невроз”, “қиын күй” (тяжелое состояние) деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.  Конфликт мәселесі өмір басталған кезден бастап туды. Тіпті әр жануар өзінің өмірін сақтап қалу үшін қиян-кескі күреске түскен. Яғни ерте замандағы конфликттің себебі- ең алдымен, билік үшін күрес, өз тіршілігін сақтап қалудағы күрес.

Конфликтті біздің ғасырымызға дейінгі  6-5 ғасырларда қытай ойшылдары қарастырған. Олар, конфликт – жағымды (янь) мен жағымсыз (инь) жақтарының өзара әрекеті деп түсінген. Ал антик философ- диалектигі Гераклит (б.ғ.д.530-470ж) ойынша, өмірде барлығы соғыстан туады. “Соғыс – барлық зат, нәрсе, құбылыстың әкесі. Ол біреулерін құдай деп бөлсе, кейбіреулерін адам, ал тағы біреулерін құлдар етіп жаратты” деген. Ал Аристотель, адам және қоғам туралы айта келе, билеуші және бағынушы деп екі түрге бөледі, оның ойынша, әлсіз адамдар тепе-теңдік пен адамгершілікке ұмтылады. Орта ғасырда Николлор Макиавелли (1469-1527ж) өзінің  “Государь” және “Рассуждение о первой декаде Тита Ливия” атты еңбегінде конфликт жайлы толық айтып кетеді. Ол конфликтте күйрету (разрушающий) жағын және жасампаз (созидательный) жағын бірдей көреді [1,2].

Томас Гоббс (1588-1679ж) 1651 жылы өзінің белгілі трактатын шығарды. Оның ойынша, қоғамның жаратымды күйі – ол  “война всех против всех”. Т. Гоббс конфликттің үш негізгі себебін бөлді: біріншіден- бәсеке, екіншіден- себепсіздік, үшіншіден- атақ құмар.  

Қазіргі концепцияларға келетін болсақ, американдық социолог- теоретигі Толкотт Парсонс (1902-1979ж) конфликтті жағдай анализіне көп мән берді. Оның ойынша, конфликт- әлеуметтік аномалия, оны ауру сияқты жеңіп, меңгеріп алуға болады. Әлеуметтік тәртіптің қолдаушысы Парсонс интеграция проблемасына көп көңіл бөлген.

Парсонс позициясын “адамдық қарым-қатынас” мектебінің өкілдері де қолдады. Олардың айтуы бойынша, индустриалды дамыған қоғам әлеуметтік  консенсус және гармонациялы жағдайға ұмтылу қажет.

Осы мектептің белгілі өкілі, Гарвард университетінің профессоры Элтон Мэйо (1880-1949ж) бойынша, конфликт- бұл қауіпті әлеуметтік ауру, одан адам түрлі жағдайлармен қашу керек.

Елуінші жылдары әлеуметтік конфликттің  жаңа концепциялары жазылған. Соның ішінде Л.Козер, Р.Дарендорф пен К.Боулдинг. Американдық зерттеуші Льюнс Козер 1956 жылы “Әлеуметтік конфликттің функциялары” атты кітапты жарыққа шығарды. Бұл кітапта “әлеуметтік топтар конфликтті қарым-қатынассыз болмайды және ол қоғам жүйесін функциялауда позитивті мәнге ие” деп жазылған.

Конфликтке деген қызығушылық Еуропада да болды. 1965 жылы Рольф Дарендорф Германияда “Классовая структура и классовый конфликт” атты жұмысты жазды. Оның ойынша, әр қоғамда дезинтеграция және конфликт болады: “Барлық қоғамдық өмір- конфликт” деген.

Американдық социолог және экономист, “Конфликттің жалпы теориясы” атты кітаптың авторы Кеннет Боулдинг та, конфликтті теорияны тұтас ғылым ретінде құруға ұмтылды. “Конфликт” термині физикалық, биологиялық және әлеуметтік құбылыстың анализінде кең қолданылды. Өзінің “Конфликт және қорғаныс. Жалпы теория” атты еңбегінде Боулдинг былай деп жазған: “барлық конфликттерде жалпы элементтер болады, осы элементтерді зерттеу барысында конфликт феноменін көруге болады.”

Неміс социологы Георг Зиммель (1858-1918ж) “конфликт социологиясы” деген терминді алғаш енгізді. Ол әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттің таза формасын қолдануды сұрады.

20 ғасырдың 20 жылдары Роберт Эзра Парк (1864-1944ж), Эрнест Уотсон Берджес (1886-1996ж), Аббион Вудбери Смолл (1854-1926ж)  әлеуметтік процесті төрт өзара  байланысты аспектіде қарастырды: конфликт, жарыс, икемдену және ассимиляция. Бұл жерде конфликттер алдыңғы қатарда, өйткені жарыстан икемденуге содан кейін ассимиляцияға өтудің маңызы зор. 

Қазіргі батыс зерттеулерде екі негізгі бағыт бар: біріншісі- Батыс Еуропада кең тараған конфликтті зерттейтін  институттардың іс-әрекетімен байланысты (Франция, Голландия, Италия, Испания); ал екіншісі, АҚШ-та кең тараған дүниежүзілік зерттеу институттардың іс-әрекетімен байланысты.

Барлық әлеуметтік құбылыс сияқты бұл процесс уақыт бойымен ағады. Конфликт белгілі бір даму кезеңдерден тұрады, олар: конфликт алдындағы жағдай, инцидент, эскалация, кульминация және конфликттің бітуі.   Бұл кезеңдер міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болса да, оның тізбегі бірдей [2, 78-91 б].

Адам өмiр диалектикасының кезеңi айқындалған: қарама-қайшылықтардың күресi бiр-бiрiне өтуi, және сыртқы iшкi қарама-қайшылықтардың жаңа сапаға өтуi. Адам баласы салауатты және өнiмдi өмiр сүрудiң теориялық құралын ала-алған жоқ, бiрақ өмiр бойы соған ұмтылып келедi.

Е.М.Пеляров «шиеленiстану» атты кiтабында шиеленiс өзара қарым қатынастың нашарлығынан, сенiмнiң жоғалуынан, жұмыс қабiлетiнiң төмендеуiнен пайда болатыны айтады. Ол сондай-ақ, ауыр сезiмдiк қиындықтарға байланысты, отбасындағы әлеуметтiк психологиялық ахуалын нашарлатады, шешiлуi қиын күйзелiс жағдайын тудырады. Алайда психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда шиеленiстер адам өмiрiндегi, оның дамундағы құтыла алмайтын қалыпты прцесс болып табылады.  

Шиеленiс (латын тiлiнен алынған бiр-бiрiмен сәйкес келмейтiн құбылыстың жеке адам  санасында, жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарама-қатысында қарама-қарсы бағытта, өткiр керi сезiм күйiне байланысты пайда болған шиеленiс. Адамдар арасындағы шиеленiс пробемасының ауқымдылығы мен күрделiлiгi соншалықты, ол белгiлi бiр таным саласын танып бiлудiң монопоясы бола алмайды, шиеленiстердiң құқықтанушылар, өнертанушылар, философтар, социологтар,психологтар зерттейдi.Басқа ғылымдардың  өкiлдерi оны зерттеудi психологиялық позицияны қолдана отырып қарастырады. Мысалы социологтар шиеленiс жақтастар арасындағы қарама-қарсы қайшылықтың объективтi айқындау шысы болып табылады. Оның шиеленiсуi, оны шешудiң шын мәнiндегi мәнi әрқашанда оның қарама- қайшылығын тудырған нәрсенi iс жүзiндегi байланыс, көтерiңкi дауыс, күрделi жағдай да болу, өте-мөте тартыншақтық және немқұрайдылық, мiне осылар шиеленiстi iс-әрекеттiң байқалған түрлерi болып табылады. Осылардың салдарынан қажетсiз құбылыстарға соқтыруы мүмкiн.

А. Г. Ковалевтың пiкiрiнше шиеленiстердi жүйелеудiң басты белгiлерi шиеленiстердiң мазмұны, яғни сол шиеленiстiң өзiне апаратын әрекеттер болуы тиiс. Мұндай қарама-қайшылықтарды топтастырудың барынша дәл әдiсiн Г.Л. Смирнов баяндайды.

 Оған мыналар кiредi:

  • Консерватизмнiң жаңашылдығы түйсiнетiн қарама-қайшылықты iздестiру.
  • Адамдар тек өз тобының мүддесiн, жалпы мүденi ескермей, қорғау кезiнде туындайтын топтық мүдделердiң қарама-қайшылық.
  • Жеке эгоисттiк сезiмдермен байланысты жеке бас пайдасы, карьеризм және басқа себептерден туындайтын қарама-қайшылық.
  • Қалыптаспаған қарама-қайшылықтар.
  • Саяси сипаттағы қарама-қайшылықтар
  • Ауқымы бойынша орасан үлкен және орташа қарама-қайшылықтарды анықтауға болады..

Орасан үлкен қарама-қайшылық бүкiл ұжымды қамтиды. Мұндай шиеленiстердiң iшкi күштер арқылы шешуге болады.Адамдардың шиеленiсi әруақытта әлеуметтiк сипатта болады, сондықтан оны әлеуметтiк тұрғыдан жүйелеу қажет.

Қоғамдық қатынастар шиеленiсi ( мүдделер қарама-қайшылығы жеке адамның ұжымымен, қоғаммен келiспеушiлiгi, екi адамның өзара келiспеушiлiгi)

Отбасылық-тұрмыстық қатынастардың шиеленiсi, (әртүрлi көзқарастар мүдделер шиеленiсi, көршiлермен шиеленiс, өзара төсек қатынас шиеленiсi және т.б. шиеленiстердiң барлығы әртүрлi iшкi талдауды қажет етедi. Ол жеке адамдар қатынасына және шиеленiске байланысты.

  • Шиеленiстi жағдай қажет етiлмейтiн нәрсе ретiнде бағаланады. Бұл тұрғыда тұлғалардың сақтану көзқарасы пайда болады,одан кейiн ашу шақыруға апаратын соқтыратын жағдайға жектiзедi.
  • Шиеленiстi жағдай қауiп төндiрушi жағдай ретiнде бағаланады, мұндай жағдай жеке тұлғаның болашағына қатысты қиындық туғызады. Оның ауыр жағдайға соқтыруы жиi кездеседi. Әлеуметтiк дамудың шешiлетiн шиеленiстердiң өзi санаулы түрде болады, бiрақ оның себептерi жеке адам үшiн әрқашан да айқын және сезiлген түрде бола бермейдi.

Әлеуметтiк психологтар қақтығыс қызметiнiң пайдалы, өнiмдi және керi қызметтерiн айқындайды. Тұлғалар арасындағы қақатығыстар негiзiнен тұлғалардың басқа адамдармен қатынас барысында пайда болады. Тұлғалар арасындағы шиеленiс тұлғалардың қажеттiлiгiнiң мақсаттарының, көзқарастарының, мiнез құлықтарының қарым-қатынас нәтижесi барысында шиеленiсуi салдарынан пайда болады. Тұлғалар арасындағы шиеленiс қандай да бiр iшкi қарама-қайшылықтардың, мысалы жеке қалауымен сол тұлғаның iс жүзiндей мүмкiндiктерiнiң сәйкес келмеуiнен туындайды.

Шиеленiстiк теориясы өзiнiң негiзiнде жұбайлар қажеттiлiгiнiң қанағаттандырылмауына байланысты. Олардық көзқарастар жүйесiмен толықтырылады, шиелестердiң басқа бiр үлкен тобы, еңбек бөлiнiсiнiң негiзiнде, отбасындағы мiндеттердiң өзара құқтар жүйесiнiң келiспеуiнен пайда болады.

Шиеленiстердiң бұл тобының негiзiнде жатқан теорияны ерекше қажеттiлiк шиеленiс ретiнде қарыстыруға болады. Оның негiзiнде «рольдер теориясы» жатыр. Ол қазiргi әлеуметтiк психологияда интенссивтi түрде талдануда.Мұндай толықтыру өте маңызды, өйткенi, көпшiлiкке түсiнiксiз жұбайлардың қарым-қатынасының сәйкессiздiгi өте маңызды болып көрiнедi.

Психология ғылымында бұл өте күрделi проблемалардың бiрi болып табылады. Ол  медициналық психологияда да орнықты орын алады, өйткенi шиеленiстер, мүдделер шиеленiсi басқа адам үшiн күрделi жағдай тудырады. Оның жеңiлiсi ретiнде зиянды сезiмдiк және ауыр психологиялық қобалжулар туғызады. Әрине бұл iстерге де қатысты олардың кейбiреулерi жұбайлардың екеуiне де немесе бiреуiне белгiлi бiр äәрежеде сезiмдiк жарақат салады.

Шиеленiс түсiнiгi және оны жүйелеу. Шиеленiс түсiнiгiнiң көптеген анықтамалары бар, бiрақ олардың бәрi өзiнiң мазмұндық  жағы бойынша бiр-бiрiне жақын. Шиеленiс дегенiмiз- әлеуметтiк- экономикалық және жеке проблемаларды шешуге байланысты қарсы күресушi жақтар арасында пайда болатын, шешiлуi қиын және ауыр сезiмдiк жағдаймен әрекеттерге ұласатын қарама-қайшылық жатыр.

Қарама-қайшылықтың барлығы шиеленiске апармайды, иек қана тұлғалардың, топтардың, адамдардың материалдық және рухани мүдделерiнiң әлеуметтiк мәртебесi олардың беделi ар-ожданына қатысты болғанда ғана, солай болады. Бұл факторлар шиеленiске қатысушыларыдың қарама-қайшылығына ұластыратын нақты адамдар қатысты iс-әрекеттер шын мәнiнде қауiп төндiретiн жағдай туындағанда ғана өзiн көрсетедi.

Шиеленiс түсiнiгiн, шиеленiстi жағдайдан ажырата бiлу керек. Шиеленiстi жағдай өзiне, шиеленiске апаратын немесе оны тудыратын себептер мен жағдайлардың бүкiл тұтас тығын қамтиды. Бұл әлi бола алмаған, яғни алдағы шиеленiстiң жағдай мен себептерiнiң барысы ғана шиеленiс  болуына апаарып соқтыратын жағдай ғана. Осы түсiнiктердi ажырата бiлу шиеленiстi басқарудың кiлтi. Бұл ретте 1-шi орынға шиеленiстi  сауықтыру мiндетi қойылады. Жағдайды басқару үшiн оны меңгере алу бiлу қажеттiлiгi туындайды.

Шиеленiстi жағдай-бұл шиеленiске қатысушыларды және оның объектiсi, яғни соқтыратын себеп болып табылады. Шиеленiс объектiсi қарама-қайшылық басталғанаға дейiн бола алады. Шиеленiстiң басы инцидент болып табылады. Себеп пен салдардардың байланысы-ол шиеленiс объектiсi мен инцидент арасындағы байланыс болып табылады.

Қарама-қайшылық шиеленiстiң себебi болып басшылықтың қармағындаларды басқарудың тәсiлi дұрыс болмауы, болуы мүмкiн, ал салдары болып, басшылық қармағындағыларға қатысты äөректiлiгi болып табылады. Сонымен шиеленiс түсiнiгiн схема түрiнде де көрсетуге болады.

 

                             Ш = С+И              

 Шиеленiстiң көптеген түрлерi болады. Оның iшiндегi бiз неғұрлым маңызды 2-түрлi жүйеге тоқталамыз.

  1. шиеленiс салдары сипаты бойынша: а)конструктивтi, б)деструктивтi шиеленiстер.
  2. шиеленiстердiң оқшаулануы бойынша, яғни оның пайда болуының басты орнына қарай:
  • ұйымдар арасындағы;
  • ұйымның iшiндегi;
  • бөлiмшелердiң арасындағы;
  • топтардың iшiндегi;
  • топтар мен тұлғалар арасындағы
  • тұлғалар арасындағы;

Тұлғалар iшiндегi жүйеленудiң екiншi түрi бойынша мынандай 3 маңызды белгiлердi айқындауға болады:

а) топтар аралық; б)тұлғалар арасындағы; в) iшкi тұлғалық шиеленiстер;

Конструктивтi шиеленiс дегенiмiз топтар мен тұлғалардың дамуын ынталандыратын қарама-қайшылықтар. Мұндай сипаттағы шиеленiстер принциптiк проблемалық пiкiр таластарда, пiкiр- сайыстарда, пiкiр алмасуда көрiнiс табады.

Оған қатысушылардың адамдық қасиетiн қорлайтын қиындықтарды шешуге бағытталған өзара бiрге атқарылған қызмет барысында пайда болатын, яғни ұжымдарда, қызметкерлердi де мәселелердiң жаңа деңгейiне көтерiп оған деген көзқарасты өзгертуге бағытталады. Мұндай шиеленiстер iсiнен кедергi жасамайтыны былай тұрсын, керiсiнше топты бiрiктiредi, оның құнды мақсаттық бiрлiгiн күшейтедi. Сөйтiп әлеуметтiк дамуын қамтамасыз етедi.Мұндай да топтың iшкi және сыртқы құндылықтар алдындағы ұйымшылдығы артады. Мұндай шиеленiстер диалектикалық пiкiр-таласқа теңдестiрiледi.

Деструктивтi шиеленiстер дегенiмiз топтық дамуын тоқтататын немесе ооны бұзатын қарама-қайшылық кiшi топ деңгейiнде көрiнедi. Ол топтың  құнды бағыттық ынтымақтастығын  нашарлатады. Ұжымның әлеуметтiк-психологиялық ахуалын бұзады, еңбек қабiлеттiлiгiн төмендетедi, әсiресе мұндай шиеленiстердiң әлеуметтiк деңгейдегi зияны үлкен. Мұндай қарама-қайшылық көрiнiсiнiң түрлерi әр түрлi болады. Ол адамдар бiр-бiрiн тыңдағысы келмейтiн жағдайдағы өз пiкiрiн ғана, айтқысы келетiн пiкiр талас тудыру үшiн, әдейi жасалған талас болуы мүмкiн. Ол ұсақ түйек үшiн жанжалдасу, ең соңында шиеленiстiң äәрекi түрде күш қолдана отырып шешу, яғни төбелес болуы мүмкiн.

Шиеленiстi жүйелеудiң оқшауланған түрi-бойынша алдыңғы орынға топаралық шиеленiстершығады. Мұндай шиеленiстердiң белгiсi ретiнде мақсаты бiр-бiрiмен үйлеспейтiн, оны жүзеге асыру да бiр-бiрiне кедергi жасайтын әлеуметтiк топтар көрiнедi.

Бiз тұлғалық өзара үйлесуi және үйлеспеуi туралы айтқанда бұл ұжымдар адамдардың қарым-қатынасында елеулi орын алады.

Үйлесудiң бiрнеше түрiн айтуға болады:

а) түр-тұлғасы арқылы;

б) мiнез-құлықтық;

в) әлеуметтiк-психологиялық;

г) әлеуметтiк- дүниетанымдық;

Түр-тұлғалық үйлесу бiрге iс-әрекет жасайтын адамдардың түр-тұлғалық қасиеттерiнiң жарамсыздылығынан көрiнедi. Көңiл-күйлiк үйлесу қызу қандылық қаситтерiмен ерекшелiктерiнiң жарамсыздылығынан көрiнедi.Бұл үйлесу қызмет түрiмен байланысты.

Бiрге жұмыс iстеу үшiн психологиялық процесстер бойынша жақын адамдар таңдап алынады.(сангвиник-холерик). Егер жұмыстың тұлға аралық сипаты болса, онда адамдарды қарама-қайшылық мiнездерi бойынша таңдаған дұрыс. Әлеуметтiк-психологиялық үйлесу адамдардың әлеуметтiк  қызметтi жемiстi атқарудағы қарым-қатынастарына байланысты. Бұл ретте өзара толықтыру мен сәйкестiлiк мiндеттi болып табылады. Өйткенi адамдар арасындағы бiр-бiрiне тошлықтыратын қабiлеттер арқылы байланыс орнатылады.Үйлесудiң бұл түрi тұлғалардың әлеуметтiк дамуында үлкен қызмет атқарады. Бұл топтық үйлесудiң жолы.           Оның кең таралған және айқын көрiнетiн, мысалы ретiнде менеджiрлiк командаларды қалыптастыру принципiнiң тәжiрибесi көрiнедi.

Әлеуметтiк дүниетанымдық үйлесу-дегенiмiз идеялық көзқарастардың ортақтығын әлеуметтiк ұстанымның құндылық ұқсастығын, идеялық туыстықты бiрiңғай моральдық этикалық және басқа құндылықтарға ұмтылушылықты бiлдiредi. Үйлесiмнiң мұнандай түрi ең күштiсi болып табылады. Мұндай үйлесу  көбiне сезiм-күй толқыныстарына апарып соқтыратынын айту керек.    

Тұлғалар арасындағы шиеленiстердi қарастыруға байланысты сол тұлғалардың  мiнез-құлқына анағұрлым кеңiрек тоқталудың мәнi зор екенiн айту қажет. Мұндай адамдар мiнез құлқының негiзi ретiнде шиеленiстердi таниды, яғни бұл олардың мәселенi шешудiң түрi болып табылады. Мұндай адамдар үшiн, қызметiнде жүйкесiн тоздыру және мiнез-құлқының бiр қалыптылығы сақталмауы тән болады. Бұл олардың бойындағы күш-жiгерiн дамыта түседi.

Iшкi тұлғалық шиеленiстер тұл тұлғалық санасы мен сезiмiнде қарама-қайшылық тудырады, мүдделерiнiң қажеттiлiгiнiң, әлеуметенушiлiгiнiң бағыттары қарама-қайшылыққы ұрындырады. Мұндай адамдардың санасы мен жүрегi бiр-бiрiне бағынбайды.

Iшкi тұлғалық шиеленiстiң 4 түрiн айтуға болады:

  1. Екi бiрдей деңгейдегi пайдалы, бiрақ қарама-қайшылық әрекеттердi талап ететiн жолдың бiрiн таңдау кезiнде көрiнедi. Қызықты көңiл көтеру мен маңызды және қызықты лекцияның бiрiн таңдау кезiнде көрiнетiн шиеленiс.
  2. Бiрдей деңгейдегi әрi қызықты, әрi қызықсыз äәрежедегi мақсаттардың шиеленiсi,мысалы:үйлену және қызықты бiрақ ақысы аз төленетiн жұмыс.
  3. Адам бiрдей äәрежедегi ұнамсыз нәрсенi таңдауға мәжбүр болды. Мысалы, аш кезiнде кезекте тұру немесе тұрмауға байланысты.
  4. Рөльдер шиеленiсi, қарама-қайшылық және үйлеспейтiн рөльдердi жүзеге асыру қажеттiлiгi.

1.2 Конфликтінің түрлері, құрылымы, дамуы мен шешу жолдары

 

Конфликт – қазіргі әлеуметтік және саяси өмірдегі  маңызды құбылыстары ның бірі. Бәрімізге белгілі, қоғамда адамның өмірі көптеген қарама-қайшылықтарға толы, бұл қарама-қайшылықтар жеке адамдардың, кіші және үлкен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысуына әкеліп соғады. Конфликт латын тілінен аударылғанда (“confluctus”) қақтығыс деген мағынаны білдіреді.

1) Конфликт алдындағы жағдай- осы кезде белгілі бір қарама-қайшылықтар үшін конфликттің потенциалды субъекттері арасында қысым өседі. Бірақ қарама-қайшылықтар әрқашанда конфликтке айналмайды.  Тек конфликттің потенциалды субъекттерімен анықталған қарама-қайшылықтар үйлесімсіз болған жағдайда ғана, конфликт пайда бола бастайды. Бірақ, көбінесе, бұл кезеңде конфликттің қандай да бір алғышарттары болады. Егерде  қысым ашық конфликтті қақтығыстарға әкелмесе және ұзақ сақталатын болса, онда бұл жағдайды латентті немесе потенциалды деп  айтады. Конфликт алдындағы жағдайды үш фазаға бөлуге болады, олардың мынадай ерекшеліктері бар:

  • Қарама-қайшылықтың пайда болуы; сенімсіздіктің және әлеуметтік қысымның өсуі; контакттардың азаюы.
  • Эмоционалды сферада жиеркеніш және жалған сенімнің пайда болуы.
  • Өзара әрекет құрылымының бұзылуы; агрессивтіліктің өсуі; “дұшпан образының қалыптасуы”.

Сонымен, конфликттік жағдай ашық конфликтіге ауысады. Конфликт реалды болу үшін, инцидент қажет.

2) Инцидент — конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың қызығушылығына қысым жасайтын немесе әрекет ететін инцидент болу керек — осы кезеңнен бастап конфликт пайда болады, бұл екі жақтың алғаш қақтығысуы. Инцидент кенеттен болуы мүмкін.  Кейде, инцидентті үшінші күш те дайындауы мүмкін, яғни оның сол конфликтіге деген өзінің қызығушылығы барын көрсетеді.  Ерекше жағдай- бұл  “өткір конфликт”, бұл конфликтте бір адам екінші адамға физикалық жазаға дейін қорқытады.

Инциденттің төрт түрін бөліп қарастыруға болады:

  • Объективті, мақсатты емес түрде бағытталған инцидент.
  • Субъективті, мақсатты бағытталған инцидент (адам конфликтіге өзінің проблемасын шешу үшін барады).
  • Субъективті, мақсатты емес бағытталған инцидент ( байқаусыздан екі немесе бірнеше жақтың қызығушылықтарының қақтығысуы).

3) Эскалация (латын. Scalaтабалдырық) – яғни бұл жерде конфликт  “табалдырықпен жүреді”.

4) Кульминация – бұл кезең, конфликт эскалациясы бір немесе екі жақты да әрекет туғыздыратын кезде пайда болады. Кульминация – эскалацияның ең жоғарғы нүктесі. Кульминация кезеңінде, екі жақ конфликтіні жалғастырудың еш маңызы жоқ екенін түсініп, оны тоқтатады.

Эскалация міндетті түрде  кульминациямен аяқталмайды. Ұзақ конфликтте кульминация көп уақыт болмайды. Осындай жағдайда конфликт сөніп қалуы мүмкін. Ал кейде, керісінше, кульминация қиын өтеді: ұзаққа созылған эскалация кезінде негативті эмоциялар жиналады, кейін кульминация басталған кезде бұл негативті энергия жарыққа шығады. Осындай кульминация- “өткір конфликттің бір түрі” болып саналанады.

5) Конфликттің бітуі— яғни белгілі бір шешімге келу.    

Пайда болған проблемаларды эффективті шешу үшін, әр адам, конфликтті жағдайдағы мінез-құлықтың теоретикалық білімін және практикалық дағдыны, сонымен бірге конфликттің пайда болу себебін және оны шешу тәсілдерін меңгеріп алуы тиіс.

Кез-келген шиеленiс процесс болып табылады. Шиеленiстi динаимкады қарастырудың тiкелей шартты. Егер бiз құбылыстың даму динамикасын жiберiп алсақ, оны басқарудың мүкiндiгiн де жiберiп алғанымыз.

Психологияда шиеленiстер дамуының 4 кезеңiн көрсетiлген:

  1. шиеленiстi жағдайдың пайда болуы.
  2. жағдайдың шиеленiстi екендiгiнсезiну. Оның барлық

               қатысушыларының жағдайдың шешудiң шиеленiстi екендiгiн сезiну.

  1. шиеленiстi мiнез-құлыққа өту.
  2. шиеленiстi шешу.

Алғашқы екi кезең жағдайды талдау мен шешiм қабылдау мүмкiндiгi болады. Бiрақ, өте күрделi 3 кезең.Ол динамикаға толы.                

Шиеленiстi эмоционалдық түр толықтырады, яғни шиеленушi iс-қимылдары сезiм ынталандырады, тұйық шеңбер пайда болады,ал бұл өте қауiптi. Бiр жағынан, өзара шиеленiстi қимылдар, алғашқы жағдайдың түрiн өзгертуге қабiлеттi. Оған өзара iс-әрекеттер тудырады.

Тұйық шеңбердiң қауiптiлiгi 2-шi шиеленiс көзi. Бұл жерде әрi эмоционалдық, әрi танымдық (когнитивтiк) шиеленiс дамуының одан әрi дамуы тiкелей көрiнедi. Оны жалғаспалы шиеленiске айналдырады. Бiрақ, бұл жерде қарама-қайшылықмiнез-құлық тенденциясы,яғни оны шешу жағдайы пайда болады. Олар неден тұрады? Шиеленiстi iс-қимылдар жағдайды шын мәнiнде толық түсiндiредi.Сөйтiп, танымдық қызмет атқарады. Бiреу, сырт жақтан шиеленiске қатысқан кезде, оның қарсыласының мүддесi туралы гипотезасы болады. Шиеленiс кезiнде осының бәрi айқындалады. Қарсыластың күшiмен оның салдары анықталады.       

Бұл кезеңде қарсылас сауығады, шиеленiстiң дұрыстығына және сол кезде шиеленiстi шешудiң алғашқы белгiсi пайда болады. Пайда болуы мен шешiлуi түрi мен мазмұны жағынан шиеленiс әр алуан болады.

 Шиеленiстiң пайда болуының мынандай негiзгi түрлерiн атауға болады:

  1. қандай-да бiр негiзге орай, жақтардың өзара келiсу жолымен шиеленiстiң толық тоқтауы
  2. шиеленiске жақтардық бiрiнiң жеңiсiне байланысты тоқтауы.
  3. өзара жол беру немесе жақтардың бiрiнiң жол беру негiзiнде толық келiсiмге келуi арқылы,шиеленiстi бәсеңдету.
  4. шиеленiстi өршету арқылы оны жаңа қақтығысқа ұластыру; Бұл кезде, 1-шi жағдай мүлдем болмайды, жаңа шиеленiсу пайда болады.
  5. шиеленiстiң өз бетiнше ағымы негiзiнде бiрте-бiрте бәсеңдейдi;
  6. шиеленiстiң өзiнен-өзi тоқтауы.

 Шиеленiстi шешудiң әдiстерi мен тәсiлдерi. Шиеленiстiң пайда болуына қарағанда, оны шешудiң жолы басқаша,яғниоған мүдделi адамдардың саналы әрекетi көрiнедi.

Шиеленiстi шешу үшiн ең алдымен жағдайды талдап алу қажет. Бұл талдауға мынандай бағыттар кiредi:

  1. Шиеленiстiң сылтауын емес себебiн анықтау.
  2. Шиеленiстiң аумағын анықтау, яғни белгiлi бiр күштердiң енуi. Шиеленiстiң iскер жақтарын, тұлғааралық жақтарынан шектеу қажет.
  3. Адамзаттың шиеленiске қатысуының сылтауын анықтау, егер ол анықталмаса, олардан себептердiң түсiндiруiн, яғни шын мәнiндегi сылтаудан ажырата алу керек. Сылтауды анықтай алмаушылық шиеленiстi шешудiң мүмкiн еместiгiне апарып соқтырады. Сылтаулардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру керек.
  4. Әрекеттердiң бағытын таңдау, шиеленiстiң шын мәнiндегi сылтауын түсiнуге көмектеседi. Шын мәнiндегi сылтау қатысушы жақтардың әрекетiнен көрiнедi. Шағын топтардағы шиеленiстi жағдайды талдау кезiнде әңгiмелесуденайналып өтпеу керек. Осындай әңгiмелер өткiзе отырып, тепе –теңдiкке ұмтылу қажет.

Шиеленiс кезендеешқашан да фактiлермен логикадан бастамау керек,ашу-ыза өршеленiп тұрған кезде логикамен фактi ешккiмдi қызықтырмайды. Сезiмдi алдын-ала бәсеңдетiп алып, шиеленiстi шешуге кiрiсу керек.

Тағы бiр айта кететiн жағдай, кейбiр қатысушыларға мәселенi шешу кезiнде невроз болып немесе стреске деген қарсылық төмендеуi мүмкiн. Бұл жағдай болмау үшiн адам бойында стреске деген бейiмдiлiктi көтеру қажет. Шиеленiс кезiнде кейбiрiне қоқала кетейiк.

Қандай да бiр өмiрлiк маңызы бар  мақсатқа жету кезiнде, адам тап болған жеңiлiс көп жағдайда жүйкенiң жұқаруына апарып соқтырады, егер бұл жеңiлiстiң күшiн азайтатын iс-қимыл жасамаса, оның басқа мақсаты болмаса осылай болады. Басқа да көптеген мақсаттары бар және ыңғайлы ниетi көп адал жолы болмаған кезде жүйке салмағына көп ұшыра қоймайды, ал бiр ғана жетiстiккке ұмтылған адамда керiсiнше болады. Қол жетпеген нәрсенi қайта бағалай бiлу. Белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, барлық күшiмен ұмтылған адам құрмет пен сыйға лайықты, бiрақ жеңiлiс болса ше? Оның үстiне äәл солай табанда түрде жұмыс iстейтiн басқа масаты болмаса ше? мұндай уайымға салыңбау мүмкiн емес және оның ақыры жұмыс қабiлетiнiң төмендеуiне апарып соқтырады.

Қиын жағдайды жеңiлдетуге сол жеңiлiстiң мәнiн, ұмтылған нәрсенiң құндылығын төмен сезiну арқылы қол жеткiзуге болады. Қалай болғанда да үлкен нәрселерге қарағанда, шағын нәрсенiң уайымын  сезiну жеңiлiрек.

Келiсiм жүргiзу тәсiлi. Ұжымдағы проблеманы шешудiң нәрмендi құралдарының бiрi келiсiм болып табылады. Келiсiмнегiзiнен өзара пiкiр алысу арқылы екi жақтың мүдделерiне жауап беретiн келiсiмдерге және келiсiмге қатысушылардың бәрiн қанағаттттандыратын жетiстiкиерге жетуге арналған «Бiз оппоненттiң проблемасын шешпесек өз проблемамызды шешу кезiнде жетiстiкке жете алмаймыз»-деген ереженi ұмытпау керек.                                        

Көбiне проблеманы жан-жақты талқылағанда ғана келiсiмге қол жетедi. Келiсiм барысында әртүрлi мүдделер көрiнедi.Келiсiмге қатысушылар оны өз проблемалармен салыстырады. Егер келiсiм барысында әртүрлi объективтi және психологиялық аспектiлер ескерiлмесе,олардың табысқа жетуi қиындайды,мәселенi тереңiрек қарастыру үшiн келiсiм жүргiзудiң көптеген тәсiлдерiн кең қолдануға болады.

Вариациялық тәсiл. Күрделi келiсiмдерге дайындық жасау кезiнде анықтап алу керек.

  • қойылған проблеманы жүйелi шешудiң жолы қандай
  • проблеманы идеалды шешудiң қандай аспектiлерiнен бас тартуға болады.
  • күтiлетiн нәтижеге,қиындықтарға кемшiлiктерге, көзқарас жасауда қандай шешiмдер таңдау керек.
  • күтiлiп отырған серiктестiктiң ұсынысына, мүдеелердiң сәкес келмеуiне жауап беру үшiн, қандай аргументтер керек.
  • Шектеусiз мерзiмдегi келiсiмдерге қандай мәжбүрлi шешiм қабылдау керек.
  • қандай төтенше ұсыныстарда мiндеттi түрде және қандай дәлелдердiң көмегiмен кейiнге қалдыру керек.

Интеграция тәсiлi: Бұл тәсiл мынандай жағдайда ,яғни партнер мәселесiнiң жалпы белгiлi құндылығына мән бермегенде және проблеманышешуге шектеулi ведометвалық позициядан қарағанда қолдану керек. Серiктесiңiздiң мүдессiнен алыс үйренушiлiк ұрандардан аулақ болыңыз. Оған өз позицияңызды баяндаңыз және одан қандай iс-әрекет күтетiңiздi нақтылаңыз. Сiздердiң ведомстволық мүддеңiз сәйкес келмегенiне қарамастан, талқыланып отврған проблеманы шешудiң қажеттiлiгiн ерекше атаңыз.

Бәрi үшiн ортақ аспектiлердi және өзара пайдалы нәрсенi алудың мүмкiндiгiн табуға тырысыңыз және оны серiкиесiңiздiң санасына жеткiзiңiз. Келiсiмнiң барлық пункиерiне жетуге болатыны туралы қиялға берiлмеңiз. Егер солай болғанда келiсiмнiң мүлдем қажетi жоқ болып шығар едi.

Теңестiру тәсiлi. Бұл тәсiлдi пайдалану кезiнде мына мәселеге назар аударыңыз:

  • серiктесiңiздi сiздiң ұсынысыңызды қабылдауға көндiру үшiн, қандай äәлелдер мен фактiлердi пайдалану қажет
  • мәселенi серiктесiңiздiң көзiмен қараңыз
  • мәселенi серiкиесiңiзден күтiп отырған äәлелдер тұрғысынан қараңыз.
  • қарсы äәлелдердi ойлаңыз,соған ыңғайлаңыз, оларды äәлелдеу процесi кезiнде пайдаланыңыз.

Компромисттiк тәсiл:

Бұл тәсiлде келiсiм серiктестер жаңа жағдайды ескере отырып, өз талаптарының бiр бөлiгiнен бас тартатын кезде қол жеткiзiледi:

Олар бiр нәрседен бас тартып жаңа талаптар қояды. Егер компромистiк шешiм сiздiң компетенцияңыздан шығып кетсе, шартты келiсiмгк барыңыз.

Табысты келiсiмге жету үшiн, серiктесiңiздiң мiнез-құлқын жедел талдау керек.

Жоғары айтылғандарды қорытындылағанда келiсiмдi табысты жүргiзудiң маңызды негiзi болып мұқият дайындық, мәселеге үңiлу, мәселенi шешуге ойша бағыттау, жалпы позицияны жасауға ұмтылу серiктесiңiздiң жеке ерекшелiгiн ескеру реализм, болып табылады.

Жалпы конфликт дегеніміз- адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. Конфликттің зерттеу әдістемелері: эксперимент, документтерді зерттеу, сұрақтама, бақылау және тағы басқа.

“Конфликт” термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік  конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан  да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән [1.2].

Әрбір конфликтте оның қатысушылары – конфликттантар болады. Оларда ерік, жігер, сана бар және олар өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы – субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір- біріне оппонент болады, олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны  атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Конфликт даму үшін инцидент болу  керек. Конфликт пәні әдетте белгілі. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді. Сонымен қатар пәні жоқ конфликттер де болады. Егер жағдай айқындалмаса, онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.

Біздің өмірімізде көп адамдар конфликтке түскен шығар. Кейде адам бір немесе бірнеше адамдармен инициатор да болып кетуі мүмкін, әлде аяқ астынан конфликтке түсіп қалуы мүмкін. Кейде еріксіз екі адамның арасына арбитр немесе бір жақты қорғаушы ретінде де боласын.

Конфликттің негізгі элементтерінің бірі- объект, яғни белгілі бір себеп, мотивация және т.б. Нақты конфликтіде объектті анықтау өте қиын. Конфликті дұрыс меңгеру үшін, оның шекараларын анықтап алу қажет. Оның үш аспектісі бар: кеңістік, уақыт және ішкі жүйелік[1,25-30бб].

Кеңістікті шекара – конфликт болып жатқан территориямен анықталады. Конфликттің нақты кеңістігін анықтау халықаралық қарым-қатынаста өте маңызды.

Уақыт шекарасы – бұл конфликттің мерзімі, яғни оның басы мен соңы. Конфликттің басы мінез-құлықтың объективті актісімен анықталады. Конфликт татуласумен немесе керісінше бір жақты жоюмен аяқталуы мүмкін.

Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:

  1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді;
  2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады;
  3. Екінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.

Конфликт элементтері:

  • Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы,
  • Екі жақтың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі,
  • Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық,
  • Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану,
  • Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы,
  • Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы,
  • Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік,
  • Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы.

Конфликт критерийлері

  1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқа адамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің жауап реакциясын тудырады;
  2. Жағдайды конфликттік деп ұғыну, яғни екі жақ бір-бірінің әрекетін мақсатына жетудегі әдейі жасалынған қастық деп бағалайды;
  3. Мінез-құлық стратегияларын таңдау: компромисске келу немесе рационалды шешім қабылдау.

Конфликт адамдар үшін қандай рөлде? Көп адамдар конфликтті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Зерттеушілердің ойынша, өндірістерде конфликт үшін шамамен 15% жұмысшылар жұмыстан айрылады. Ал кейбір адамдар, конфликт – бұл пайдалы әлеуметтік құбылыс деген. Бұл бағытты Аристотель, Гоббс, Гегель, Маркс, Вебер қолдады. Реалды өмір болу үшін түрлі көзқарастар, конфликттер, өзгерулер қиылысу қажет.

Тарихи және көркем әдебиеттерде конфликттік жағдайдың  көптеген түрлері жазылған (күш бойынша, форма бойынша, мазмұны бойынша). Өркениеттің бүкіл тарихы әлеуметтік конфликттермен сіңген.   Кейде ең үлкен және салмақты  конфликттік жағдайлар кішкентай және қарапайым жағдайлардан, себептерден пайда болады. Конфликт серіктестік және келісушілік кезінде де болады. Әр адам конфликтпен бірге өмір сүруге үйрену керек [2. 15б].

Конфликт серіктестік және келісушілік кезінде де болады.Әр адам конфликтпен бірге өмір сүруге үйрену керек. Әлеуметтану және психология, конфликтті және адамның мінез-құлқын екі теоретикалық позиция бойынша суреттейді.Бірінші позиция бойынша, конфликт- бұл әлеуметтік жағдайдың жеке жағдайы, оның өзінің нормативті даму заңдылықтары болады. Осы бағытқа К.Левиннің  жұмыстары кіреді. Оның айтуы бойынша, мінез-құлық субъективті сәулелену және санада болатын аффектті қобалжулармен және қарым-қатынаспен анықталады. Екінші позиция бойынша, адамның  тұлғасы және индивидуалдылығы конфликттің негізгі себебі болады. Бұл екі позиция бір-біріне қайшы келмейді, керісінше бір-бірін толықтырады.

Конфликт мақсатына байланысты: Позитивті; Негативті; Конструктивті; Деструктивті болады.

Мертон Дойч, конфликтті жүріс-тұрыстың мотивационды анализін зерттей отырып, конфликт- бұл екі жақтың өзара әрекеті және бір мақсатқа жету кезінде басқа мақсаттың кедергі етуі, яғни конкуренция бұл жерде конфликттің объективті жағдайы ретінде болады, деген. Конфликттер адамдар арасындағы өзара әрекет кезінде көп кездесетіндіктен, олар конструктивті функцияны атқарады:

— конфликт белгілі бір қозғалыстың жылжуына түрткі болады;

— конфликт- бұл белгілі бір ескі қарым-қатынастың шешіліп, жаңа қатынас тың қалыптасуына түрткі болады;

— конфликт кезінде ішкі қысым “жойылады”, ал агрессивті сезімдер “сыртқа шығады”, фрустрациялар мен невроздар “ыдыраяды”;

— конфликт- тұлғаның өзін-өзі анықтау әдісі болып табылады, әсіресе конфликт, жасөспірімдерде топта беделін қолдау үшін мінез-құлықтың қажетті түрі;

-топішілік конфликт-топтық интеграцияға, ұйымшылдыққа, топтық ынтымақтастыққа әкелуі мүмкін.

Мелибруд, Зигерт және Лайтенің моделі бойынша, конструктивті шешім келесі факторларға байланысты:

1) Конфликтті адекватты қабылдау;

2) Қарым-қатынастың ашықтығы мен эффективтілігі, яғни проблеманы жан-жақты талқылау;

3)  Шынайы сенім мен қызметтестік атмосферасын құру.

Деструктивті конфликттің белгілері:

— конфликттің өрістеуі;

— конфликт эскалациясы (яғни ол бастапқы себептерге тәуелсіз болады, конфликт себептері жойылса да, конфликттің өзі жалғаса береді);

— шығындардың ұлғаюы негізіне конфликт өкілдері тікелей қатысты;

— ситуативті өлшем көрсеткішінің, қатысушылардың агрессивті әрекетінің өсуі.

Конфликтологияда конфликт динамикасының соңғы кезеңі “конфликтті шешу” терминімен анықталады. Конфликт дамуының күрделілігі мен көп нұсқалылығы оның аяқталуына көп жақтылық әдістері мен формаларын ұсынады. Жоғарыда айтылып кеткен түсініктемелерден ең көп қолданылатыны конфликттің аяқталуы, ол түрлі себептермен конфликттің аяқталуына әкеледі.Конфликт аяқталуының негізгі формалары: шешілу, реттелу, өшу, жойылу, басқа конфликтке ұласу.

Конфликттің шешілуі – бұл қақтығысқа әкелген, проблеманың шешілуіне бағытталған қатысушылардың біріккен іс-әрекеті. Конфликттің шешілуі екі жақтың белсенділігін қажет етеді.

Конфликттің реттелуі – шешілуден айырмашылығы, шиеленістің жойылуына үшінші жақ әсер етеді. 

Конфликттің өшуі – бұл қарсы әрекеттің уақытша тоқтатылуы, осы кезде конфликттің негізгі себептері сақталынады: шиеленіс пен кернеулі қарым-қатынас. Конфликт жасырынды формаға ауысады. Конфликттің өшуі көбіне мына нәтижелер бойынша болады:

  • Егер конфликт объектісі өз актуалдылығын жоғалтса;
  • Мотив переориентациясы, яғни басқа бір проблемаға ауысу;
  • Ресурс пен күштің әлсіреуі кезінде.

Конфликттің жойылуы кезінде барлық негізгі құрылымдық элементтер ликвидацияланады. Конфликт мына әдістер көмегімен жойылады:

  • Конфликттің бір оппонентін алып тастау;
  • Конфликт объектісін жою;
  • Оппоненттердің өзара әрекетін ұзақ уақытқа шығару.

Басқа конфликтке ұласу кезінде екі жақта да жаңа және маңыздырақ  шиеленіс пайда болады, осы кезде конфликт объектісі ауысады.

Шешілген конфликт критерийлері жайлы да сұрақ маңызды. Американдық конфликтолог  М.Дойчтың ойынша, конфликт шешілуінің негізгі критерийі “нәтижеге деген қанағаттанушылық” болып табылады. Отандық педагог В.М.Афонькова мынадай критерийлерді бөлді: қарсы әрекетті тоқтату, зақым келтіретін фактілерді жою, белгілі бір жақтың мақсатына жетуі, индивид позициясының өзгеруі. Конфликттің конструктивті шешілу критериясына шиеленістің шешілу дәрежесі жатады /5, 65-80б/. 

 Конфликттен шығудың жолдары. Конфликттің қандай әдіспен аяқталатыны, оппоненттің қандай стратегия таңдайтынына байланысты болады. Негізінде бес стратегия бар: компромисс, бәсекелестік, қызметтестік, шеттеу және ыңғайласу. Стратегия таңдау түрлі фактілермен байланысты. Мысалы, оппоненттің тұлғалық ерекшелігіне, оппонентке тигізген зиян деңгейіне, ресурстың барына, оппоненттің статусына, конфликт ұзақтығына байланысты.

Бәсекелестік – бұл екінші жаққа өз шешімін ұсыну. Көптеген зерттеушілердің ойынша, бұл стратегия проблеманы шешуде зиянды, өйткені ол оппонентке өз қызығушылықтарын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Бірақта, өмірде бәсекелестік эффективті болатыны жайлы көптеген мысалдар бар. Басқа территорияны басып алатын агрессорларды осындай қатал стратегиямен тоқтату керек немесе басқа адамның өміріне зиян келтіретін зиянкестерге бұл стратегияны қолдану қажет. Бәсекелестік стратегиясын экстремалды және принципиалды жағдайларда, уақыт тығыз болған кезде қолдануға болады.

Қызметтестік – бұл стратегиялардың ішінде ең эффективтісі болып саналады. Ол, оппоненттерді проблеманы конструктивті талқылауға бағыттайды.   

Компромисс – оппоненттер конфликтіні біртіндеп аяқтау керектігін түсінген кезде пайда болады. Компромисс мынадай жағдайларда эффективті: оппоненттердің бір-бірінің мүмкіншіліктері  тең екендігін түсіну кезінде, уақытша шешіммен қанағаттану кезінде және т.б. Бүгінгі күндері стратегиялардың ішінде компромиссті ең көп және жиі қолданады.

Ыңғайласу немесе жол беру – дау жанжалдан амалсыз немесе өз еркімен бас тарту ретінде қарастырылады. Оппонентке осындай стратегияны қолдануға мынадай мотивтер мәжбүр етеді: өз  қатеңді  мойындау, оппонентпен  жақсы қарым-қатынас сақтау.

  Шеттеу – индивид өз ойын қорғағысы келмегенде,  пікірталастан бас тартқан кезде және шешім қабылдауға өз үлесін қосқысы келмегенде бұл форманы таңдайды. Егерде индивидке конфликттен шығу маңызды болмаса немесе жағдай қиын болса, ол осы жүріс-тұрысты маңызды етеді. /6,120-135б/

  Бұл бөлімді шырмалып жатқан ұзаққа созылған қақтығысқа қарамай шиеленіскен қақтығыстардың қарапайым нұсқасын талқыланып қараған дұрыс. Конфликт құрылымын шешуде мына факторлардың ерекше маңызы бар:

  • Конфликттің бірыңғайлы белгіленуі;
  • Конфликттің мәнін анықтау;
  • Өзара сенімділік пен бірігу климатын құру.

Конфликт қатысушылары мен конфликтті бақылаушылар конфликтті түрліше қабылдайтыны жайлы да айтып кету маңызды. Кәдімгі жоққа шығаруды былай бейнелейді: “Өзін-өзі жоғары қою қиялы”- конфликт қатысушысы қатыгез қарсыласының құрбаны болам деп пайымдайды, моральдық принциптері күдікті. Ол шындық пен әділдік өз жағымда деп ойлайды, конфликтті әділ шешуге талпынамын, бірақ қарсыласым  қаламайды деп ойлайды.

“Құлап жатып сүрінгенге күледі” – қарсыластардың әрқайсысы басқаның кемшілігін ғана көреді, осындай кемшіліктер өз басында бар екенін мойындамайды. Әрбір қақтығысатын  жақ сараншысына қатысты жеке әрекеттердің мәнін көрмеуге бейім, бірақ оның әрекетіне онша мән бермейді.

  • “Бәрі түсінікті” – екі жақтардың әр қайсысы конфликт жағдайын кешіреді.

  Адам эмоциясының  үкіміне және конфликтте өз ойын айтуы қиынға соғады және қарсыласын зейінмен тыңдамайды. Коммуникацияның бұзылу нәтижесінде конфликттен шығу қиынға соғады. Жартылай болса да сезімді өзара білдіру коммуникациясының тиімділігін көтеруге көмектеседі.

Коммуникацияны жақсартатын мынадай әдістер конфликтті құрылымды шешуге әсер етеді:

  1. жеке жағдайға, көңілге, ынтаға байланысты ашық және әсерлі ойлар;
  2. жұптардың сөздері мен әрекетін қалай түсінетіндігі, оларды дұрыс түсінуге талпынуды дәлелдейтін ойлар;
  3. жұпты қабылдаудағы информация және оның мінез-құлқын әңгіме қылу;

Екінші фактор – конфликттің мәнін анықтау. Конфликттің мәніне реалистік баға беру конфликттің болған зонасын, оның себебін анықтауға мүмкіндік береді.   

Үшінші фактор – өзара сенімділік пен ынтымақтастық климатын құру. Егер екі жақ бірігу және кейбір жалпы нәтижеге жетуге мүдделі болса, конфликт жақсы шешіледі. Жалпы мақсатқа жетуде бірігіп қызмет ету екі жақты жақындастырады, конфликтті шешуге байланысты қосымша әдістерді ашады. Бұл төтенше маңызды сәт, себебі адамдар конфликтте бір-бірімен одақтасуды ойламайды.

«Конфликт» типологиясы

Конфликт типологиясы түрлi сипаттамаларға байланысты жасалынуы мүмкiн. Типологияның мәнi-нақты конфликттің ерекшелiгiне сай, оған адекватты, яғни сәйкес шешiм табу. А.В.Мощенко өз классификациясын былай жасады:

  1. Қарама-қарсылықтың шиеленiсуi деңгейiне байланысты соғыс, жанжал, араздық, ұрыс-керiс.
  2. Мәселелiк-iс-әрекеттiк белгiсi бойынша мынадай конфликттердi бөлуге болады: басқарушылық, педагогикалық, өндiрiстiк, экономикалық, саяси.
  3. Адамдардың конфликтке түсу деңгейiне байланысты: түлғаiштiк, түлғааралық, түлға және топ арасындақы, топаралық, коллектив аралық, партия аралық, мемлекет аралық.

Егер конфликттер нақты дұрыс шешiм қабылдауға және өзара қатынастарды дамытуға мүмкiндiк берсе, оларды конструктивтi конфликт деп атайды. Ал, эффективтi қатынасқа және шешiм қабылдауға кедергi жасайтын конфликттердi деструктивтi конфликт деймiз [1 13-15бб]. Конфликттің негiзгi 5 типi бар, олар:

  1. Тұлға iшілiк
  2. Тұлға аралық
  3. Тұлға мен топ арасындақы
  4. Топ аралық
  5. Әлеуметтiк конфликт

Тұлғаiшілiк конфликт: Бүл жерде конфликт қатысушылары адамдар емес, жеке түлғаның iшкi дүниесiн қүрайтын әлеуметтiк ортамен қарама-қарсылыққа ұшырайтын, түрлi психологиялық факторлар болып табылады: қажеттiлiктер, мотив, қүндылық, сезiмдер және тағы басқа. Бұл мәселенi психоаналитикалық түрқыдан адамда конфликт кезiнде тiлектерiнің соқтықысуы жүредi. «Ол», «Мен» ,»Жоғары мен» сияқты психика құрылымдары бiр-бiрiмен үнемi дауласады. «Ол»-рахаттану принципiне бақынған алғашқы туа пайда болатын құрылым. Ол сапасыз тiлектер мен құмарлықтарда көрiнiс табады.

«Мен»-шынайылықтың принципiне негiзделген саналы құрылым. «Жоғары мен»-«әлеуметтiк нормалар», талаптарға сәйкес шынайылық принципiне негiзделген «цензуралық» құрылым

Тұлға iшілiк конфликт негiзiнен «Ол» және «Жоғары мен» құрылымдарының қақтықысынан туындайды. Оларды өткеру сублимация, проекция, рационализация, регрессия, т.б. механизiмдерi көмектеседi.

Тұлғаiшiлiк конфликттің нақты көрсеткiштерi бар. Олар:

  • Когнитивтi көлем: өзiндiк бағалаудың төмендеуi, шешiм қабылдаудың кiдiрiп қалуы.
  • Эмоционалды көлем: iс-әрекет сапасының төмендеуi, қарым-қатынастың негативтенуi эмоционалды болуы.
  • Интегралды көрсеткiштер: адаптация механизмiнің нашарлауы, стресстің күшеюi.

Тұлғаiшілiк конфликттердің көрiну формалары:

  • Неврастениялық: көңiл-күйдің, қабiлетiнің төмендеуi, үйқының нашарлауы.
  • Эйфория: жағдайға сәйкес емес қуаныш сезiмiн көрсету «жас арқылы күлу».
  • Проекция: басқаға негативтi қасиеттерiн ауыстыру, басқаларды сынау.
  • Рационализм: сәйкес емес және әлеуметтiк құпталмаған өз әрекеттерiн сақтау [1. 48б].

Тұлғаiшілiк конфликтердi шешу үшiн, бiрiншiден, конфликтің фактысын орнату; екiншiден, бүндай конфликтің типiн және себебiн анықтау; Үшiншiден, сәйкес шешу әдiсiн қолдану. Тұлғаiшілiк конфликтердi шешу әдiстерi:

Тұлғаiштiк конфликт әр адам өмiрiнде маңызды рөл атқарады, әсiресе шығармашылық адамда, ол шешушi болады. Адам уақыт өте деструктивтi iшкi конфликтер тууына дайын болуы керек. Әрине, адам оларда болдырмауын тырысу керек, бiрақ конфликт туындаса, тұлғаiштiк конфликтен шығатын конструктивтi әдiс табу қажет. Әйтпесе, тұлғаiштiк конфликттің байсалды нәтижесi-суицид жүзеге асуы мүмкiн.

Тұлғааралық конфликт ең көп тараған конфликт типi және ол тұлғаiштiк конфликпен тықыз байланысты. Бүл конфликт түрлi көзқарастар мен қүндылықтарға немесе жеке тұлғалар арасында көрiнуi мүмкiн. Оған отбасы конфликтерiн де жатқызуға болады: ерлi зайыпты, ата-ана, бала, ерлi зайыпты-туыстар арасындақы конфликтер. Ұйымдарда тұлғааралық конфликт түрлiше көрiнiс табады. Көптеген жетекшiлер бүл конфликтің негiзгi себебiн мiнездің сәйкес келмеуiнен көредi. Шынында да, мiнез-қүлықтың, көзқарастардыҢ ерекшелiгi себебiн, бiр-бiрiмен қатынас орната алмайтын адамдар бар. Бiрақ, бүл конфликттердің себебi-объективтi. Көбiнесе бүл-шектелген ресурстар үшiн күрес: материалды тәсiлдер, өндiрiстiк аудандар, т.б. 

Тұлғааралық конфликттердің ерекшелiгi мынада:

  • Адамдардың қарама-қарсылықы, олардың жеке мотивтердің соқтықысуынан болады.
  • Белгiлi барлық себептер спектрi көрiнедi: жалпы және жеке, объективтi және субъективтi.
  • Тұлғааралық конфликт мiнездi, темпераменттi, интелекттi және де басқа да индивидуалды-психологиялық ерекшелiктерiн тексеретiн өзiндiк полигон болып табылады.
  • Конфликтке түскен субъектiлердің барлық қатынастары және жоғары эмоционалдылықымен ерекшеленедi.
  • Қоршағандардың қызығушылықын қамтиды. [2. 37б].

Конфликт тұлғалық және топтық қызығушылықтар негiзiнде туады. Оның туу себебi, топтың ойына қарсы шыққан жеке тұлға болуы мүмкiн. Көптеген зерттеулердің нәтижесiне қарағанда өндiрiстiк жағдайлардың конфликтiсi-әлеуметтiк факторлардан туындайтыны белгiлi болды.

«Тұлға-топ» нұсқасындағы конфликттi шешудің 2 жолы бар. Олар:

Бiрiншiсi, конфликтке түскен адам өз қателiктерi мен кемшiлiктерiн мойындап, оларды түзейдi.

Екiншiсi, топ қызығушылықтарына сәйкес келмейтiн жеке тұлға топтан шығып кетедi.

Топаралық конфликт: Ұйым арасында конфликттер туындайтын конфликт көптеген формалды және формалды емес топтардан түрады. Мысалы, түрлi бөлiмдердің жүмысшылары арасындағы конфликт. Топаралық конфликт мақсаттардың келiспеушiлiгiнен, шектелген ресурстар үшiн күрес (билiк, байлық, территория, материалды ресурс), яғни реалды және әлеуметтiк бәсекелестiктен туады.

Әлеуметтiк конфликт: Өзара қатынас субъектiлерiнің бiр-бiрiне қарама-қарсы келетiн белгiлi бiр мақсаттарына бағытталған жағдай. Бұл конфликтте негiзгi үш мезеттi бөлуге болады: бiрiншiден, бүл әлеуметтiк қарама-қарсылықтардың ең ақырғы жағдайы; екiншiден, әлеуметтiк конфликт түрлi әлеуметтiк бiрлестiктердің, яғни класс, үлт, мемлекет, әлеуметтiк конфликт түрлi әлеуметтiк бiрлестiктердің, яғни класс, үлт, мемлекет, әлеуметтiк институт, әлеуметтiк субъекттің соқтығысуынан көрiнедi; Үшiншiден, қарама-қарсы жақтар бiр-бiрiне қайшы болатын қызығушылық немесе мақсаттарға үмтылады [1, 59-63 б].

Конфликтi шешудегi формалар мен критерилер, қорытындылар:

Конфликтологияда конфликтi аяқтаудағы деңгейдi конфликтi шешу терминi мен атау дәстүрлi болды. Алайда көптеген авторлар басқада түсiнiктердi енгiзген. Мысалы: «өшу» (В.Бойко, А.Ковалев), «жеңу» (Н.Феденко, В.Галицкий), «айқасу» (А.Каменев), «өшiру» (А.Рапопорт), «өзiндiк шешiм»  (А.Анцупов), «алып тастау» (Р.Аккоф, Ф.Эмери), «ретке салу»  «(А.Гозман) » және т.б. [1, 51б].

Берiлген түсiнiктерден ең кең тараған түрi конфликтің шешiлуiн неше түрлi жолдармен шешу. Конфликтi шешудің негiзгi формалары: шешу, өшу, шектеу, басқа конфликтiге ауытғу.

Конфликттің шешiлуi — бұл бiрге жүретiн әрекет, қақтығысқа әкелген мәселелердің аяқталуын тездету. Конфликттің шешiлуi екi жақтың да белсендiлiгiн талап етедi, олар конфликтің себебiн жоюға тырысу керек. Конфликтiнi шешу үшiн, оппонент өзгеруi керек немесе бiреуi өз ойын өзгертiп, өз позициясынан түсуi керек. Конфликт, жиi екi адамның бiр-бiрiне деген суық қарым-қатынасынан пайда болады.

Конфликтi бақылау, ол конфликттi шешуден ерекшеленедi, ол  екi жақтан басқа Үшiншi жақта өз қызметiн көрсетедi. Оның әрекетi екi жақты жақтауы немесе бiр оппоненттi ғана қолдау болып табылады. Басшы мен оның жүмысшылары арасындағы конфликттің 62% шешiледi. Ал 38% бүл конфликттер шешiлмей, кейде өршiп кетедi. 6% конфликт өшедi, 15% басқа мәселеге ауысып, өршй түседi, 17% үйымдастырушылық жолмен түседi. Конфликттің өшуi-бүл уақытша конфликттің тоқтатылуы. Конфликт бүл жерде «ашық» формадан «жабық» формаға ауысады. Конфликттің өшуi мынадай жағдайларда болады.

  • күрестегi мотивацияның жоғалуы (конфликт объектiсi өз актуалдығын жоғалтады)
  • мотивтің басқа керек жүмысқа бiрден ауысуы.
  • ресурстардың әлсiреп, күреске күштің қалмауы.

Конфликттi шешу критериiнің сүрағы өте маңызды. Американдық конфликтолог зерттеуші М.Дойча ойынша конфликтiнің шешiмiмен қорытындысы мен қанағаттануы. Ал В.М.Афонькова келесi критерилердi анықтады: байланыстың, әрекеттің тоқтатылуы, травмалық факторларды шектеу, бiр конфликтiге түскен жақтың беделi, индивидтің позициясын өзгерту, болашақта индивидтің белсендiлiгiн, әрекетiн арттыру.

Конфликттің құрылымдық шешiлуiнің критерийi: қарама-қайшылықтардың шешiлу деңгейi болып табылады. Қайшылықтардың толық шешiлуi болашақтағы қатынастардың жақсы болуына мүмкiндiк бередi. Айта кететiн тағы  бiр жайт әрқашанда оң жақ жеңiске жетуi тиiс. Ақиқатты жақтау, әдiлдiк жеңiсi үйымдастырудың әлеуметтiк психологиялық климатына жақсы әсер етедi. Дұрыс емес жақтың да өзiндiк қызығушылығы барын үмытпау керек. Егерде оларды басып, ашу келтiрсек жаңа конфликттің тууына алып келедi.

Әлеуметтану және психология, конфликтті және адамның мінез-құлқын екі теоретикалық позиция бойынша суреттейді. Бірінші позиция бойынша, конфликт- бұл әлеуметтік жағдайдың жеке жағдайы, оның өзінің нормативті даму заңдылықтары болады. Осы бағытқа К.Левиннің  жұмыстары кіреді [3, 12б]. Оның айтуы бойынша, мінез-құлық субъективті сәулелену және санада болатын аффектті қобалжулармен және қарым-қатынаспен анықталады. Екінші позиция бойынша, адамның  тұлғасы және индивидуалдылығы конфликттің негізгі себебі болады. Бұл екі позиция бір-біріне қайшы келмейді, керісінше бір-бірін толықтырады.

Шиеленісті жағдайдағы мінез – құлықтың 5 стратегиясы бар:

бәсекелестік; ынтымақтастық; компрмисс; қашу; бейімделу

Ынтымақтастық стилiадамдардың шиеленісті  iс-әрекетiндегi жетiстiкке жетуiндегi белсендiлiкке талпынумен сипатталады. Бәсекелестiк стилiне қарағанда,ол тек өзiнiң қызығуына шиеленiстi пiкiрден қашып көбiне бағынушылардың пiкiрiн ескередi.

Келiсiмге келу стилiбұнда адамдар серіктестерінің ой-пiкiрiмен қатынаста қалыптылыққа жетуге ұмтылады. “сен-маған, мен-саған”ережесiмен жауап беру. Жұрiс-тұрыстың бұл варианты көбiне басқа адам арқылы өз мақсатына жетуде қолданады. Олардың пiкiрлерiмен санаса отырып өз жағына тартуға тырысады.

Қашу стилiқойылған мақсатта жүзеге асыруда жауапкершiлiктен қашумен сипатталады. Бұл кезде адам проблемаларды шешу кезеңдерiн кейiнге қалдыра бередi. Қарама-қайшылықтарды ескермеуге тырысады. Оның жүрiс-тұрысын шиеленiстiк емес деп айтуға болмайды, өйткенi шиеленiстi шешудi қолайсыздықты, iшкi қанағаттанбаушылыққа әкелiп соғады. Яғни жауапкершiлiктен жазадан қорқады, өз бетiнше шешiм қабылдағысы келмейдi, iс-әрекетте табысқа жетуге мотивациясы жоқ.

Бейiмделу стилiбасқару мақсатында оң нәтижеге жетуге қызықпайды,белсендiлiк танытпайды. Басқа адамдардың мақсатына жетудегi өз мақсатын қолдануын жоғары бағалайтын адамдарға лайықты мiнез-құлық. Таласты сұрақтар позициясында мұндай адамдар өз позициясынан тез ауытқып кетуi бейiм. Бұл стильдегi адамдар қайшылық жағдайынан және жауапкершiлiктен қашуға тырысады.

Бәсекелестiк стилiол әрекетте өте белсендi болады.Қойылған мақсатқа жету үшiн тез шешiм қабылдайды. Бақталастыққа икемдi адамдарда көбiне эгоцентризм, авторитарлы өзара әсер етуге деген бейiмдiлiк өте айқын көрiнедi. Қандай да жолмен болсын өз мақсатына жетуге деген ұмтылыс дөрекiлiкке, әдепсiздiкке икемдiлiкке, әкелуi мүмкiн.

 

1.3 Этностық конфликтілердің ерекшеліктері

 

Этносаралық қатынас – көптеген: тарихи, философиялық-дұниетаным дық, мәдениеттану, құқықтық, әлеуметтік-саяси аспектілерді қамтитын кең сала. Бұл проблемалардың зерттеу тарихи-танымдық қана емес, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудегі қоғамда ымыраға шақыруы идеяларының насихатталуы мен кең таралуының практикалық талаптарына негізделеді. Әлемдегі дамуы процесінің күрделілігі мен қарама-қайшылығына қарамастан, адамзат қоғамдастығы қарым-қатынастың өркениетті формаларына, өзара түсіністікке, жоғары адамгершілік мақсаттарға, барша адам мен қоғамдастықтың құқықтары мен мүмкіндіктері теңдігін қамтамасыз етуде салмақты нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуда.

Қазақстанның қазіргі көпэтникалық құрлымы әлі күнге дейін аяқталмаған ұзақмерзімді тарихи процесс нәтижесі болып табылады. Қазақстан тарихы мен ондағы этностар мен діндердің осы күнгі дамуы толеранттылық пен келісім нығаюына, көпэтникалылық қоғамның рухани қайнарларының нығаюына бетбұрыс жасады. 

Ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі

Ұлттар көбіне тығыз араласып ғылым, мәдееиет, өндіріс нәтижелерімен алмасады. Ұлтаралық байланыс конструктивті немесе сенімсіздіктің пайда болуына ықпал етуші деструктивті болу мүмкін. Мемлекетаралық деңгейде бұл байланыстар халықаралық келісімдер арқылы бекітіледі. Ұлттар арасында қашанда белгілі бір бәсекелестіктің болатынын түсінуіміз қажет. Этнос тарихында жаңа қажеттіліктер мен қызығулар пайда болып отырады. Бұл ұлттың рухани және материалдық ресурстан игеруге деген талпыныспен, яғни бәсекелестікпен байланысты. Ұлттар арасында үнемі экономиканың, сауданың, тұрмыс өнімдерінің дамуына байланысты бәсекелестік орын алып отырады. Әрбір ұлт өз қызығуларын қорғауға ұмтылады.

Жарыс-қоғамдағы материалдық және басқа да ресурстарқорының шектеулілігіне байланысты ұлттар өзара қатынасының белгілі бір формасы. Сондықтан да қауымдастықтар арасында қарама-қайшылықтар, алауыздықтар болуы мүмкін  Неғүрлым күрделі қайшылықтардың бірі – территориялық болып табылады. Бұл жағдайда ұлтаралық шиеленістер өршіп, қарулы қақтығыстарға айналуы мүмкін. Бірақ көбіне мұндай шиеленістер ұлттық келісім негізінде конституциялық жолмен шешіледі. Мысалы Дағыстанда өмір сүретін 40-тан астам ұлт өкілдерінің әрқайсысы да республика территориясын өзінікі деп есептейді. Ал өз территориясы өздеріне ғана тән болу керек деп есептейтін ұлттар да бар.

Ұлттардың өзара әрекеттестігі мен бірлестігінің ұзақтығының зор маңызы бар. Ұлтаралық байланыстар жеке адам аралық деңгейде жүзеге асады. Олардың арасында өшпенділік, бір-біріне деген жағымсыз қатынас болмаған кезде ішкі шиеленушілік азайатыны сөзсіз. Ұлтаралық қатынастарда қашанда экономикалық, саяси, діни, мәдени сипаттағы қиындықтардың болуына қарамастан оларды шеттетіп, өзара түсіністік пен келісімге қол жеткізудің мәні зор. Ал жеке адам аралық қатынастар деңгейінде өзара әрекеттестік пен қарым-қатынастың адамзаттық ережелері басым болуы қажет. Халықтардың психологиялық бітістеріне құрметпен қарау әрбір адамға тәуедді.

Ұлт тұтастығының психологиялық алғышарттары. Адамдардың қауымдастығы «біз» феномені, яғни өзін белгілі бір ұлттың өкілі ретінде теңестіруі бар жерде әрқашан сақталады. «Біз» – бұл өте қарапайым әрі өте терең адамзаттық сезім болып табылады.

«Біз» ұғымы бар жерде міндетті түрде «олар», яғни өзге ұлт өкілдері де болуы тиіс. Егер біз және олар өзара көбіне сай, бірдей болса, онда бір ұлттың екінші ұлтқа қарама-қарсылығы ерте ме кеш пе жоғалады. Жалпы алғанда, адамдарға өз ұлтының жетістіктерін жоғары, өзге ұлттікін төмен бағалау тән. Ал кемшілікке қатысты болғанда керісінше жағдай байқалады. Мұнда бөтен адам бәрінен төмен болғандығынан емес, ол «бөтен» болғандығынан жағымсыз көрінеді.

20-ғасырда арнайы зерттеулер нәтижесі индивидке өз тобын жағымды бағалау тән екенін көрсетті. Бұл құбылыс «топішілік фаворитизм» деген атауға ие болды. Оның қарама-қарсы жағы – ауттоптық өшпенділік. Мұның бәрі қоғамдағы әлеуметтік өмірдің нәтижесі.

Адамдардың бір-бірін тану барысында атрибутивті процестер орын алады. Атрибуция – бұл адамға немесе топқа мінездемелерді жапсыру. Атрибутивті процестердің екі түрі болуы мүмкін.

Себепті жапсыру (каузальды атрибуция) өзге адамдардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекет мотивтерінің себептерін түсіндіру. Адамдар бір-бірін тану        барысында өздері сырттай бақылағандарымен шектелмей олардың жүріс-тұрысының себептерін түсіндіруге тырысады.

Стереотипизация – басқа адамдар туралы қарапайым түрдегі ақиқатқа кейде жақын кейде бұрмаланған түсініктер.

Сонымен қатар басқа адамдарды қабылдауда категоризация құбылысына да тәуелді болады. Бәріміз де белгілі бір категориялар мен ұғымдарға сай келтіреміз және әрбірінің санамызда орны бар. Бұл бізге қоршаған ортада бағдарлануға көмек береді. Әрбір көрген немесе естіген нәрсе осы категорияларға қабылданады деп айтуға болады.

«Біз» және «Олар» феномені – тек қана атрибутивті процестердің ғана емес ұлттың психологиялық қорғаныс феноменінің нәтижесі. Психологиялық қорғаныс басқа ұлт өкілдерімен өзара әрекеттестік, қарым-қатынасқа байланысты ішкі дискомфорт, шиеленушілік пен мазасыздану жағдайларын ұлттық өзіндік санадан шеттетуге ұмтылу. Психологиялық қорғаныс әр түрлі формада жүзеге асады (мысалы, ығыстыру). Бұл арадағы ескеретін бір заңдылық: ұлттар арасында қатынастардың ушығу кезеңінде қоғамдық санадан жағымды сезім, эмоция, ойлар ығыстырылады да, жағымсыз бағдарлар мен көңіл-күйлер артады.

Сонымен қатар психологиялық мағыналық кедергіні де назардан тыс қалдырмау керек. Адамдар арасындағы мұндай түсініспестік бір құбылыстың әр ұлтта түрлі мағына беруімен байланысты. Бұл әр ұлттың салт-санасы мен мәдениетінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты жүзеге асады.

Әр ұлт пен оның мәдениеті ерекше болғандықтан сәйкес келмейтін айырмашылықтар мағыналық кедергі ретінде көрінуі мүмкін.

Психологиялық қорғаныстың қандай да бір ұлт өкілдерінің өзіне тән қасиет, қалыптары мен жағдайларын өзге ұлт өкілдеріне ауыстыруынан байқалатын психологиялық проекция дейтін формасы да болады. Кейде психологиялық проекция өзара кіналаулар мен претензияларынан байқалады. Кейбір адамдар өзінің реніштері мен тітіркенулерінің нәтижесін өзге адамдардан алады. Адамдарда кездесетін мұндай реакциялар психикалық шиеленістерді шеттетудің жалпы адамзаттық механизмі болып табылады.

Стереотип бір мағыналық. Ол бүкіл әлемді екі категорияға бөледі – таныс және бейтаныс. Таныс автоматты түрде жақсы деген ұғыммен синонимдес болып келеді. Ал бейтаныс жаман деген ұғыммен синонимдес болып келеді.

Ұлттық стереотиптер ұлттық әдеп-ғүрыптар, салт-дәстүрлер өмір сүріп жатқан жерде, белгілі бір роль атқарып жүрген ортада пайда болады. Бұларды ескермеу – ұлттар араларындағы қарапайым және табиғи ерекшеліктерді мойындамау. Олардың арасындағы айырмашылық әртүрлі халықтар араларындағы қарым-қатынастардың деңгейін көрсетеді.

Этникалық конфликтілер

Этникалық конфликтілер – этникалық қауымдастықтар арасындағы қарама-қайшылықтың нақты формасы ретіндегі ұлтаралық шиеленістердің пайда болуы.

Бұл әлеуметтік өмірдің күрделі феномендерінің бірінен саналады. Психолог үшін ең маңыздысы, этникалық конфликтінің себебімен түрлерін ажырату болып табылады. Бұл жайттарды мағыналандыруда билікке деген талас, саяси қатынастар сияқты әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдыруға болмайды. Кез-келген адам басқа адамдарға үстемдік жасай отырып, өзінің белгілі бір ішкі күштерін сезінуге ұмтылады. Сонымен қатар адамдар қоғамда әлеуметтік роль атқаруына байланысты біреуге бағынады немесе бағындырады. Жалпы алғанда бірде бір мемлекет үстемдіксіз және бағынушылықсыз өмір сүрмейді. Сондықтан да этникалық конфликтіде нақты этникалық қауымдастықтың билік үшін күресі болып табылады.

Этникалық конфликтінің маңызды алғышарттарының бірі ұлттық экстремизм идеологиясы – ұлттық үстемдіктің (өзге ұлттың дінін, мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғүрпын қабылдамау) теориясы мен практикасы болып табылады.

Этникалық конфликті туралы ақиқат феномен ретінде қандай да бір ұлттық қозғалыс немесе партияның ұйымдасуы жағдайында ғана сөз жасауға болады. Бұл қашанда саяси құбылыс болып табылады.

Жалпы қарама-қарсы жақтардың ерекшеліктеріне орай этникалық конфликтілердің 2-түрін ажыратуға болады. Этникалық топтар мен мемлекет арасындағы конфликт.

Этносаралық қақтығысты болдырмаудың бір бағыты «мәдени консенсус инфрақұрлымы», яғни мемлекетімізде тұрып жатқан барлық этностардың мәдениеттерінің дамуына жағдай жасау, әр түрлі этникалық топтардың мәдени дамуына ықпал ету, қақтығыстың алдын алу.

Этникалық қақтығыстарды болдырмауда әлеуметтік институтттар да біршама орын алады. Олар балаларды жас басынан басқаларға, олардың тіліне, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сыйластықты қалыптастыра алады. «Қазіргі әлемде өмір сүру деген сөз − басқа халықтарға, олардың мәдениеті мен діндеріне қатынастағы ашықтық пен төзімділік. Ата-аналар баласын кішкене кезден бастап адамды сүюге баулулары қажет. Біздің балаларымыз жаһандық әлемде өмір сүреді, басқа елдерді аралап көреді, Африкадағы, Латын Америкасындағы, Жапониядағы адамдармен қатынаса отырып, оларға да кемшіліктері мен жетістіктері бар адамдар ретінда қарап, оларды қайтадан өзгертеміз деп тырыспайтындай болулары керек. Олар әлемдік ұлттарға,  нәсілдерге және діндерге бөлмейді. Осы себептен балаларды интернационализм рухында тәрбиелеген дұрыс» деген елбасымыз Назарбаевтың өз сөзі.

Бұл бағыттағы тиімді нәтижеге жету үшін бала-бақшаларда, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында арнайы ойластырылған саясат қажет. Басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүрлеріне құрметпен қараумен қатар, бала бойында сәби кезден бастап ұлттық мақтаныш сезімін де қалыптастырған жөн. Осы тұста БАҚ та үлкен рөл атқарады − зорлық-зомбылық кең көрсетіліп, бұл өз кезегінде адамдардың стереотиптері мен жүріс-тұрыс деңгейлеріне жағымсыз әсер етпеу үшін БАҚ-тағы ақпарат ағынын реттеу мәселесі туындайды. БАҚ-тағы кейбір хабарлар бұқаралық санадағы төзімділік бағдарды жоятын элемент болып табылады. Ал біздің республикамызға келер болсақ, бірқатар қазақстандық БАҚ редакторлары этносаралық қатынас саласын хабарлауда этиканы сақтау жөнінде құжатқа қол қойды.

Осы орайда этносаралық қақатығыстардың алдын-алу жөніндегі сарапшылардың пікірлері өте қызық. Олар мынадай мәселелерге келіп саяды:

  • Жалпы адамзаттық құндылық туралы көп жазу;
  • Балаларға арналған басылымдарды көптеп шығару керек, себебі балалар этникалық бейтарап хабарларға көңіл аударады;
  • Басылым беттерінде пікір алуандылығының болуы;
  • Бірқатар ақпараттарды өлшемдеп отыру, кейде жарияламау, кейде өзіндік сынды пайдалану;
  • әлеуметтік салаға байланысты мәселені қарастырғанда, оған қатысушылардың қандай этностан екенін айтпау;
  • журналистерді алдын-ала даярлау және басылымды баспас бұрын мамандармен кеңесу/8/.

Этникалық иденттілік те осы қатардағы өзекті мәселелердің бірі. Өйткені қазіргі зерттеушілердің қақтығыстарды «иденттілік қақтығыс» деп анықтауда. Шындығында, басқа әлеуметтік қауымдастықтарға қарағанда этникалық қауымдастықтар айтарлықтай берік. Адам өмір сүру барысында кәсібін, тұрғылықты орнын өзгерте алады, баюы немесе кедеюі мүмкін, бірақ этникалық оның өмірлік белгісі. Адам күнделікті өмірде өзінің қандай ұлт өкілі екендігіне көңіл бөле бермейді, дегенмен экономикалық және саяси тұрақсыздық пен жайсыздықтар белең алған жағдайларда олар өзін шет сезініп, қорғану мен сүйеніш табу мақсатында белгілі бір әлеуметтік топтармен және қауымдастықпен идентификациялай бастайды. Басқаша айтар болсақ, адамдарға туғаннан берілген этникалық «реттеуші» алдыңғы орынға шығады.

Қазақстандық азаматтар, біріншіден, олар өздерін этникалық топпен идентификациялайды. Бұл КСРО-ның ыдырауына байланысты шыққан құбылыс. Адамдар өз кезде өздерін үлкен державаның адамдары ретінде сезінуіндегі ұлттық идентификация мәселесі туындады.

Сондықтан да этникалық қатынастарды реттеу көпэтникалық қоғамдағы жалпылама тиімді құндылықтар мен нормаларды іздестіру барысында жүруі тиіс. Этностардың ұлттық және мәдени құндылықтарына ықпал етпейтін әмбебап құндылықтар мен нормаларды жасақтау қиын болғанымен, бейтарап этникалық «біз» дегенді қалыптастыратын алдын-алу саясаты қажет.

Кез-келген ұлттық сана-сезім құрамында күрделі де бір-біріне қайшы, біріншіден, ұлттық өзін-өзі анықтаудың түрлі тәсілі мен құрлымы ретінде, екіншіден, өзге ұлттық қоғамдастықтарды қабылдау мен бағалаудың түрлі нұсқалары ретінде көрінетін бірін-бірі жоққа шығаратын элементтер болады. Басқаша айтсақ, ұлттық сана-сезімдегі «біз» «олармен» үнемі қатынасқа түсіп отарды, әрі осы арқылы ұлттық өзін-өзі анықтау белгілі бір мәнге ие болады. «Біз − орыстармыз», «біз − немістерміз» дегендер өздігінен саналы да бейсаналы түрде салыстырылып тұрған «олардың» бар екендігіне белгілі бір мотивациялық мәнге ие болады. Ол көбіне нақты ұлтаралық байланыс пен қарым­-қатынас арқылы анықталады.

Қазіргі заманда ешкім адамның өз ұлтынан бас тартуын талап етпейді: американдық − американдық, неміс − неміс, орыс − орыс болып қала береді, алайда бұл жердегі айқындалу әркелкі. Тіпті бір этнос өкілдерінің де өзін белгілі бір этноұлттық топ өкілі ретінде сезінуі де әркелкі болады. Біреуі өзін тек сол ұлт мүшесі ретінде сезінсе, екінші біреу кәсіби міндеттерінің негізінде ұлттық белгіге солғын қарап, өз «мені» мен «өзгелердің» арақатынастын, өзінің идеологиялық ұстанымын басқаша етіп қалыптастыруы мүмкін. Алайда бұл ұстанымдардың екеуі де құрметке лайық. Ол екеуін бөлектеп тұрған ұлттық сезімнің әркелкі болатындығы.

Енді екі ұлт өкілінің отбасында дүниеге келген адамның ұлты қандай боалды? Ұлттық белгі тіл, мәдениет, қан, туыстық әлде шежіре арқылы анықтала ма? Осы сауалдар ұлттық белгінің «табиғи» сипаты мен ұлтты әлеуметтік топ ретінде қарауды күмән астына алады.

Жер бетіндегі ұлттық қоғамдастықтардың көптігі оларды түрлі негіз бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, ұлтты этникалық жән тарихи тұрғыда бөлу қабылданған. Тарихи тұрғыда келгенде,  полиэтникалық қоғамдастық меңзеледі. Ұлттар мен этникалық топтар бір-бірінен медернизациялану деңгейі мен адамзаттық жалпытарихи процесіне ену, еңбектің халқаралық бөліске, өркениетке мәдени қосқан үлесі, өздерінің әр тұрғыда  гомогенді, я гетерогенділік деңгейімен ерекшеленеді.  Қазіргі ғылым ұлттың этностан ерекшелігі − ауылшаруашылығынан индустриялық мәдениетке өткендігінің нәтижесі. Жер бетіндегі ұлттардің бірі екіншісінің бар екендігін біледі және бірі-бірімен күрделі қарым-қатынасқа түседі.

Белгілі бір халық өкілдерінің мінез-құлқы адамның бала кезінен сіңірген, әрі қарай ақыл-ой дағдысы деңгейінде ұлттық-этникалық стереотиптерімен сипатталады. Сол себепты этникалық қақтығыстарға бейсаналық іс-әрекеттің эмоционалдылығы, қисынсыздығы, символизм және жасалып жатқан әрекеттердің рационалды негіздерінің әлсіздігі тән. Этносаралық қақтығыстардың туындауы мен дамуында «өзіміздің» қатарға енетіндердің рөлін тым көтеру мен «өзгелерді» дәйексіз төмен бағалау және «мифологиялық ойлау» үлкен рөл атқарады/10/. «Мифологиялық ойлаудың» мәні өткен өмірдің түрлі фактісі (жеңістер мен жеңілістер, дұшпанның өкініші мен кескіні) жадыда қалады, ал «интеллект» сәтті бөлшектердің тиімді үйлесімін «толықтырып», нәтижесінде болуы мүмкін модель түзіледі. Ол модель этносаралық қақсылықта араздық туындауына апаратын бағдарламаға айналады. Тізбектелген ерекшеліктерінің сыртында этносаралық қақтығыстар қарсыласудағы күштілігі мен күресу формаларының қатыгездігімен ерекшеленеді.

Этносаралық қақтығыстардың негізінде қандай психологиялық факторлар жатыр? Оларға ең алдымен, отбасылық тәрбиенің сипаты, топаралық өзара ықпал сипаты мен әлеуметтік мәртебеге ие болуы жатады. Енді әрбір факторды жеке ашып тоқталайық. Т. Адорно, Д. Левинсон,

Р. Санфорд, Э. Френкель-Брунсвик пікірімен келіссек, өзге топтарға (этностарға) деген қарым-қатынас отбасындағы эмоциналдық қарым-қатынастардың амбиваленттілігіне тікелей тәуелді. Ресми, қатаң белгіленген қарым-қатынас орнаған отбасында тәрбиеленген адамның наразылығы ол өзін бір сапқа қоймайтын, яғни тыстағы топ өкілдеріне қатысты туындайды. Жеккөретін әке орнына қарым-қатынасы жаңсақ пікірлерден, тіпті геноцид арқылы көрінетін өзге ұлт өкілі қойылады. Жекелеген психологиялық зерттеулердің нәтижесі антисемиттік ұстанымдағы адамдар бойынан өзге этникалық қоғамдастық өкілдеріне қатысты жаңсақ пайымдары анық білінген. Ал келесі анықталған фактор (топаралық өзара байланыс сипаты) екі тараптың бірі жеңіп, ал екіншісінің мүддесі аяққа тапталғанда топтық мүдделердің үйлеспейтіндігі. Жағымсыз стереотиптер мен әлеуметтік ұстанымдар арқыры көрінетін мүдделер үйлеспеуі негізінде туындайтын этникалық топтар арасындағы бәсекелестік топ (бір тараптың) ішіндегі ауызбіршіліктің күшеюіне әкеледі. Ал мұның барлығы екінші тарапқа қарсылық көрсетуге түрткі болады.

Этносаралық қақтығыстардың психологиялық факторы ретінде әлеуметтік мәртебеге ие болу тұлғаларды әлемдегі бағыты мен қоғамда алатын орнын анықтаумен байланысты. Ол, біріншіден, бір топтың адамдары шынайы кескініне қарағанда, нобайлап көрсетіледі, ал ол өзінің анонимділігі сезімі, өзге топ өкілдеріне индифференциациялы қарым-қатынас түрінде көрінетін деиндивидуализацияға әкеледі. Дәстүрлі мәдениеттерді зерттеу барысында тайпа мүшелерінің деиндивидуализациясына әкелетін сырт әлпеттің (киім, шаш үлгісі, бет пен дене бояуы) элементтері неғұрлым ұқсас болса, наразылық соғұрлым күшті болады. Сол себепті әскерде ортақ форма деиндивидуализацияны күшейтетін элемент ретінде жүреді, әрі ол сөзсіз, қарсы тарапқа деген наразылықты арттыра түседі.

Екіншіден, әлеуметтік мәртебеге ие болу топ мүшелері шындығында олай болмаса да, бір бірінен ерекшеленетін болып қабылданған кезде, яғни топаралық дифферециация: көпшілік азшылыққа қарсы қойылады, христиандар – мұсылмандарға, жергілікті халық – жат адамдарға қарсы қойылған кезде, т.б. көрінуі мүмкін.

Этносаралық қақтығыстар – аса күшті қарқынмен жүретін қақтығыстардың бірі болғындықтан, олардың психологиялық әдістермен шешу мүмкін емес. Алайда жоғарыда аталған психологиялық факторлар ескерілсе, сондай-ақ сезім, түрлі ұлт адамдарының тікелей таныстығы арқылы адамдар арасындағы эмоционалды қарым-қатынасты орнату, отбасындағы ата-ана мен бала мейірбан қарым-қатынасы, түрлі этностың барлығының бірдей қызығушылығын оятатын ортақ мақсаттар белгілеу арқылы өзге халыққа қарсы наразылықты бәсеңдетуге, сондай-ақ этносаралық қақтығысты ескерту мен ауыздықтауға септігін тигізеді.

Қақтығыс – тараптар өз мүдделері мен іс-әрекет мақсаттарының  үйлеспейтіндігіне берік сенген кезде туындайтын, әлеуметтік теңсіздікке негізделген кез-келген иерархиялы ұйымдастырылған жүйенің бұлжымас нәтижесі. Қақтығыстың басты субъектілері үлкен әлеуметтік топтар болып табылады. Қақтығыс жағдайында үлкен әлеуметтік топтардың мүддесін білдірушілер түрлі саяси ұйымдар болып табылатындықтан, ақыр түбінде әлеуметтік қақтығыс үлкен әлеуметтік топтардың емес, жекелеген саяси, этникалық және т.б. көшбасшылардың қақтығысына ұласады. Дегенмен, әлеуметтік қақтығыс тұлғалар мүддесі емес, қоғамдық, топтық күрес нәтижесінде туындайды. Әлеуметтік қақтығыс қашан да әлеуметтік теңсіздіктің, яғни адамдардың әлеуметтік топтарының түрлі ресурстарына тең дәрежеде қол жетпеуінің салдары болып табылады. Мәртебесі жоғары топ мүшелері топ ішіндегі наразылықты тыстағы дұшпанға қарай сілтеуге тырысады. Этностардың теңсіздігі көбіне-көп объективті жағдай – санына, ресурстық базасының болмауы, экономикаға, мәдениетке қосқан үлесінің болмауы, жағрапиялық жағдайға байланысты.

Сондықтан, аса проблемалық болып табылмайтын этностар теңдігі туралы емес, олардың жалпы, әсіресе заң алдындағы теңдігі туралы айтқан жөн. Этносаралық қақтығыстар социумның ыдырауы немесе дезинтеграциясы, бір ұлттың екіншісін кемсітуі, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас пен байланыстың үзілуінің салдары болып табылады. Этносаралық қақтығыс туындауы үшін мына 3 фактор болуы керек /11/

Біріншісі, ұлттық сана-сезімнің дұрыс, я төмендетілген, я жоғарылатылған деңгейімен байланысты. Деңгейдің бұрмалануы этноцентриистік ұстанымдарды туындатуы мүмкін. Этноцентриизм адамның сыртқы орта сыртқы орта шындығын этникалық топтың эталонына баланған «өзіндік» тұрғыдан сыртқы орта шындығын қабылдау мен бағалауға бейімділігін білдіреді. Өз этникалық қоғамдастығың жөнінде жаппай бұрмаланған жағымды түсініктер туындайды.

Екіншісі, қоғамда ұлттық болмыстың барлық қырларына ықпал ететін проблемалардың сыни салмағының болуы

Үшіншісі, Күресте аталған екі факторды қолданатын саяси күштің болуы.

Этникалық қақтығыстарда, этносаралық күйзеліс кезінде, этникалылықты билік үшін күресте пайдалануда этникалылық пен этноұлттық сана-сезім айыпты емес. Нормадан ауытқитын психологиялық және агрессивтілік формалар нақты саяси жағдайлар мен саяси тартыстарға тәуелді.

Қазақстандағы этносаралық қатынастардың арақатынасын З.К.Шаукенова зерттеулерінде көрініс тапты. Ғалымның пікірнше, Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың барлығы ТМД елдерінің барлығына тән ортақ негізге ие, олардың өзара ықпалдасуы этникалық сипатта, әрі ТМД өзге мемлекетіне қарағанда көпсатылы да көпқырлы болып келеді. Ситуацияның ерекшелігі елде ешбір елеулі этносаралық қақтығыстың болмауында. Бейбітшілік пен келісімнің ұлттық үлгісі еліміз тәуелсіздік алғалы бері қол жеткізген жетістіктерінің бастысы. Сондықтан Республикадағы этникалық процестерді зерттеу жан-жақты, өзге факторлармен байланыста, этникалық даму мен қоғам мен мемлекет арақатынасын реттеудің ерен тәжірибесін де ескермесе болмас /12/.

Этноқақтығыстарды әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейтін қазақстандағы этноәлеуметтану ғылымы этностардың қарым-қатынасы мен өзара ықпалын сипаттай отырып, ұлттық мәдениеттің дамуы, түрлі ұлттардың өмір салтының жақындасуына үлкен мән берген болатын. Бұл ретте, «қандай ықтимал келіспеушіліктер елді қақтығыссыз даму жолынан тайдыруы мүмкін» деген мәселе назардан тыс қалып отырды.

Бүгінде отандық этноәлеуметтану жаңа сатыға көтеріліп, салмақты амалдарға, жоғары теориялық, ғылыми және әдіснамалық деңгейлерге көтеріліп, әлемдік ғылыммен кіріктірілуімен ерекшеленеді.

Этноәлеуметтану проблемаларын зерттеуші отандық ғалым З.К.Шаукенова этноұлттық қарым-қатынастар адамның объективтік шындықты субъективті қабылдауы, ұлттық сана-сезімнің қайшылықтары мен бұрмалаушылықтары, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастардың қиындығы, қабылдаудағы стереотиптер мен шалағайлықтар және ұлттық мінез-құлық деген аспкетілеріне үлкен мән беру керек. Қазір барлық проблемаларды тілдік ситуация мониторингі, көші-қон процестерін терең зерттеу, конфессияаралық қатынастар мен этносаралық өзара ықпалдың конфликтогендік факторларын ескеру арқылы кешенді әдістемелермен зерттеу қажеттілігі туындады.

Қазақстандағы этностардың өзара ықпалының қазіргі процесінің негізгі мазмұны − ұлттық-мемлекеттік кірігудің екі қарама-қайшы да өзара байланысты процестерінің дамуы мен адамдардың мәдени-этникалық негізде бірігуі, сондақ-ақ өз спецификалық әлеуметтік-мәртебелік мүдделерін алға тартудағы жіктелуінде. Әлеуметтанушы З.Шаукенова бұл тенденцияны этносаясаттың негізгі бағыттарын айқындауда естен шығармау керек деп санайды.

Қазақстандағы қарым-қатынастар − кешенді сипат пен құрлымға ие, республикамызда өмір сүріп жатқан, түрлі қоғамдық ортадағы көптеген халықтардың өзара байланыстары мен өзара ықпалдастығынан жинақталған біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде көрініс табады. Түрлі зерттеу орталықтары жүргізген этносаралық қатынастардың мониторингінде қазақстандықтардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін индикатор ретінде нақты мемлекет тұрғындарының өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Бұл индикатордың көптеген әлеуметтік өлшемдеріне (түрлі ұлт өкілінің арасындағы қарым-қатынас) сәйкес Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар жағдайы тұрақтылығы мен қолайлы динамикасымен ерекшеленеді.

Адамдар арасындағы уайым мен қауіп тудыратын проблемалар иерархиясында этносаралық қатынастар мәселесі соңғы орындардың бірінде тұр. Алайда ықтимал қақтығыстардың алдын-алу үшін бір ғана индикаторға негізделген дұрыс емес. Әлеуметтанушылар тілдік ситуация, көші-қон процестері, конфессияаралық қатынастар, әлеуметтік-мәдени өзара ықпалдастық пен этносаралық өзара әсер етудің конфликтогендік факторларды зерттеуде жасалған зерттеу бағдарламаларының әдіснамалық базасын жетілдіре түскен дұрыс деген пікірде. Әлеуметтанушы З.Шаукенова «Қазақстандағы полиэтникалық жағдайдағы этносаралық өзара ықпалдастықтың тұрақтылығы» деген арнайы әлеуметтік зерттеу бағдарламасын жасады. Бұл тұжырымдама этносаралық қатынастардың үш сипатын: тыныштық, шиеленіс немесе қақтығысты мойындауға негізделген. Ол этносаралық қатынастардың Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы сипатын, олардың салыстырмалы сипаттамасын жасап шықты.

Қазақстан Республикасы көп этносты мемлекет болғандықтан түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен силастық мәселесінің маңызы өте зор. Осыған орай этнопсихологиялық зерттеу мәліметтерінің ұлтаралық қарым-қатынасты (ұлтшылдық, шовинизм т.б.) реттеу механизмдері ретінде ерекше маңызды роль атқарады.

Қазіргі әлемдегі әлеуметтік ситуациялар екі қарама-қайшылықты тенденциямен сипатталынады. Бір жағынан ұлттардың жақындасуы, интеграциясы, тіпті ассимиляциясы байқалады. Мемлекет аралық Интерпол, Европарламент, ОБСЕ, біртұтас кедендік кеңістік, ортақ валюталық жүйе сияқты бірлескен ұйымдар құрылуда. Адамдар бойында өзге ұлт өкілдеріне деген қызығушылық, сенім, төзімділік, түрлі ұлт өкілдерімен қатынас нәтижесінде ұлт аралық некелер, этникалық маргиналдылық өсе түсуде.

Екінші жағынан, ұлт аралық шиеленістер, этноцентризм, өзара
келіспеушіліктері мен қақтығыстар сияқты жағымсыз тенденцияларда байқалады. Мұнда қандай тенденцияның басым болуын айқындауда интеллегенцияның атқарар ролі зор. Түрлі ұлттардың этникалық ерекшеліктерін зерттеу ғылым үшін құндылық болып табылады.

Біздің жағдайымызда өзге ұлт өкілдеріне деген төзімділік, олардың ерекшеліктерін силау маңызды мәнге ие болып отыр. Төзімділік (толеранттылық) басқа ұлт және конфессия өкілдерімен бейбіт қарым-қатынас жасауға деген психологиялық бейімділік болып табылады.

Осындай тенденциялар қиылысында жеке адамның маргиналдық мәселесі өрши түседі. Бұған қандай да бір жағдайларға байланысты бірнеше этносқа қатысы бар адамдар тобы, яғни мигранттар, ұлт аралық некеден туған балалар т.с.с. жатқызуға болады. Дәл осы этникалық маргиналдар көбіне өзін этникалық теңестіру мен этникалық өзіндік санасын айқындауда үнемі күрделі таңдау жағдайында өмір сүреді.

Этнос-ортақ тілі мен мәдениеті және сана-сезімі бар, тарихи қалыптасқан тұрақты адамдар қауымдастығы. Кез келген этнос өзін күрделі әлеуметтік жүйе ретінде көрсетеді. Этностың қалыптасуы экономикалық өмір мен территория ортақтылығына негізделеді. Бірақ миграциялар нәтижесіндеқазіргі этностардың орналасқан территориясы жинақы бола бермейді, сондықтан көптеген  ұлттар бірнеше мемлекеттерде тұра береді. Этностың жүйелік ерекшеліктерінің белгісі ретінде және оны басқалардан бөлетін белгіге тілі, халықтық өнері, жүріс-тұрысы, салт-дәстүрі жатады.

Этностарды үш типке бөледі. Ең ежелгісі -ру және тайпа, бұлар ежелгі қауымдастыққа тән. Екінші тип-халықтық, құлиеленушілік және феодалдық формацияларға тән. Үшіншісі-ұлт, капиталистік қарым-қатынастың дамуы мен экономикалық байланыстың өсуі арқылы пайда болған.

Ұлт – территория, тілі, мәдениеті, ұлттық психикасы, тығыз экономикалық байланысы ортақ адамдар қауымдастығының белгілі бірлестігін көрсететін үлкен әлеуметтік топ, этностың дамуының жоғарғы этапы.

“Ұлт” түсінігі “этносқа” қарағанда күрделірек. Себебі кез-келген ұлтқа өзін нақты ұлтқа , бөлек территориалды-мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени жүйеге жатқызатын бірнеше этникалық топтардың өкілдері кіруі мүмкін.

Әр этникалық топ белгілі ұлтқа жата алады, бірақ ол өзі ғана ұлтты құра алмайды. Ұлттың қалыптасуы мен дамуында басты рольді әлеуметтік-экономикалық фактор ойнайды. Бірінші ұлт феодализмнің құлауы мен капиталистік мемлекеттің қалыптасуы кезінде пайда болды. Сол кездегі ұлттың қозғаушы күші бөлек ұлттарды бір мемлекетке біріктіріп, еркін дамуға жағдай жағдай тудыруды мақсат еткен буржуазия болды. Европа, Азия, әлемнің басқа түкпірлерінде ұлттың қалыптасуы аяқталғанымен, жер шарының кейбір бөліктерінде бұл процесс әлі де жалғасуда. Кейбір ұлттар бірнеше ұлт бірігуінің нәтижесінде пайда болады. Ал кейбіреулер өздерінің аздығына байланысты ұлт болып қалыптаса алмайды.

Ұлттың психологиялық негізі. Әр ұлт ішкі байланыстар жүйесі мен оны құрайтын адамдардың арқасында өмір сүреді. Бұл байланыстар мен қарым-қатынастар этникалық даму процессінде қалыптасад, осы ортаға байланысты қалыптасқан жүріс –тұрыс пен дәстүрлер арқылы реттеліп, өзіндік ұлттық мәдениет, тіл және психологияның қалыптасуы мен дамуы арқылы жетілдіріледі.

Ұлттың обьективті негізі экономикалық-саяси. мәдени даму үстінде адамдар арасында қарым-қатынас қажеттілігі тууы болып табылады. Ұлттың өмір сүруінің басты белгісі тарихи ес болып табылады. Ол тұтастық сезімі, өзінің руының, халқының, ұлтының, Отанының рухани миссиясына қатысты. Қандай ұлттың өкілі болмасын, адамды кім екенін түсіндіретін-осы нәрселер. Тарихи зерде аңыз-әңгімеде және мәдени, діни, шаруашылық, мемлекеттік қалыптасуда пайда болды. Әр ұлттың өзінің сана-сезімі бар.  Ол ұлттың рухани дамуын көрсететін әлеуметтік, философиялық, саяси, экономикалық, діни, эстетикалық көзқарастар мен сенімдер бірлестігінде көрсетіледі. Ұлттық сезім ұзақ тарихи даму барысында қалыптасады және оның негізгі компоненті ұлттың өзіндік сана-сезімі болады. Ұлттық сезімнің құрылымына бұдан да басқа тұтастығының қажеттілігін сезіну, өз мақсаттарын жүзеге асыруда бірлесу, басқа этникалық қауымдастықтармен достық қарым-қатынас құру, өз ұлтына және оның материалдық және рухани құндылықтарына жаны ашып қарау сияқты элементтер де кіреді.

Ұлттық сезім теориялық және кәдімгі дәрежеде өмір сүреді. Егер теориялық дәреже ұлттың ұзақ уақыт бойғы оның даму стратегиясын белгілейтін ғылыми негізделген, жүйеленген, идеологиялық көзқарастар, ойлар, құндылықтардан тұратын болса кәдімгі дәрежесіне күнделікті өмірде және іс-әрекеттердегі мақсаттар, стереотиптер, сезім, салт-дәстүрі, т. с. с.  кіреді. Бұл компоненттердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғамдық сана-сезімнің формалары:ғылым, философия, мораль, құқық, дін, мәдениет.

Ұлтың өзіндік сана-сезімі ұлттық сезімнің ядросы бола отырып, адамдардың белгілі бір этникалық қауымдастыққа жататынын ойдан өткізу нәтижесі мен оның қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі орнын көрсетеді. Ұлттық сезім этностың бөлек топтарымен қатар бүкіл ұлттың да мүдделерін бейнелей алады. Ұлттық сана-сезім идеяларда, көзқарастарда, ойларда, эмоцияларда бейнеленіп,  ұлт өкілдерінің дәрежесі мен ерекшеліктерінің мазмұнын көрсетеді.

Ұлттық сана-сезім басқа ұлттарға қатысты ерекше бейнеленеді. Тығыз байланыста болған екі этникалық қауымдастықты алатын болсақ, онда біраз айырмашылықтарға қарамастан жақсы қарым-қатынас орнатуға бейім келеді.       

Ал егер екі ұлт арасында ортақ мақсат болмаған болса, олар бір-біріне индифферентті болып келеді. Ал ұзақ уақыт бойы соғысып не жанжалдасқан болса, негізінен жаман психологиялық көзқарас қалыптасады.

Ұлт өміріндегі ерекшå рольді ұлттық мақсат-мүдде ойнайды. Ол этникалық қауымдастықтың құндылықтарын көрсетеді және оның тұтастығы мен бірлестігін сақтайды. Олар бөлек тұлға мен ұлттың ғана емес, мемлекеттің де іс-әрекеті мен жүріс-тұрысындағы маңызды қозғаушы күш болып табылады. Ұлт мақсатына шек қою оның өкілдерінің еркіндігі мен құқықтарына қол сұғу деп есептелінеді. Ұлттық сана-сезімі дамыған түрлі этникалық қауымдастықтың өкілдері бірлікке ұмтыла отырып өз мүдделерін түрлі тәсілдермен, сонымен қатар саяси, құқықтық, кейде қарулы күшпен де қорғап отырады.

Ұлттық мақсат-мүдде негізінде ұлттық құндылықтар жатыр. Бұл ұндылықтар ретінде оның өкілдерінің рухани идеалдарының бірлестігі болып табылады. Ұлттық құндылықтар бір этникалық топ адамдарының іс-әрекетінің әлеуметтік және психологиялық реттеушісі ролін атқарады. Ұлттық мақсат-мүддеге ұлттық талғам ерекшелік береді. Ұлттық талғам нақты этникалық қауымдастықтың өкілдерінің жүріс-тұрысында, өмірінде, киімінде, адам арасындағы қарым-қатынаста, өнерде, әдебиетте, биі мен әнінде көрінеді.

 

 

  1. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

 

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері

 

Мақсаты: Арт терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету  тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу.

Болжамы: Студент топтарында арт терапиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликттілік көрсеткіштерін төмендетуге болады.

 

Қолданылған әдістемелер:

  1. К.Томас “Конфликттік жүріс-тұрыс стратегиясы” атты әдістеме
  2. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтау” тесті
  3. Арт терапиялық тренинг сабақтары (9) және жаттығулар
  4. Әңгімелесу, бақылау, сауалнама әдістері

 

Зерттеу пәні: Студент топтарында арт терапиялық тренинг жаттығуларын өткізу жағдайлары

Зерттелушілер сипаты: Қазақ және орыс бөлімінің студенттері

Зерттеу мерзімі:  10 ақпаннан 25 наурыз айына дейін 2007 жыл

 

Зерттеу міндеттері:

  1. Әдістемелер арқылы зерттеу жұмысын жүргізу
  2. Әр зерттеушінің индивидуалды мәліметін өңдеу арқылы зерттеу және бақылау тобының көрсеткіштерін топтастыру
  3. Тренинг сабақтары мен жаттығуларды өткізу
  4. Математика-статистикалық әдістер арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу
  5. Зерттеу тобының тренингке “дейінгі” және “кейінгі” көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.

 

 

2.2 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы

 

  1. К.Томастың қайшылықты жүріс-тұрыс стилін анықтау әдістемесі. К.Томас өзінің сұрақтамасында жүріс-тұрыстың үйреншікті формаларының әр вариантын сипаттаған. Бұл жерде адамның қайшылықты жағдайындағы жүріс-тұрысының варианттары берілген. Әр шкала бойынша таңдалған ұпайлардың саны есептеліп, сол адамның қайшылықты жағдайдағы жүріс-тұрыс тенденциясы көрінеді.

К.Томас қайшылықты жүріс-тұрыс стильдерін 5 түрге бөлген: ынтымақтастық, келісімге келу, қашу, бейімделу және бәсекелестік.

Ынтымақтастық стилі-  басшының іс-әрекетіндегі жетістікке жетуіндегі белсенділікке талпынумен сипатталады. Бәсекелестік стиліне қарағанда, ол тек өзінің қызығуына қайшылықты пікірлерден қашып, көбіне бағынушылардың пікірін ескереді. Ынтымақтастық стилі мына жағдайларда нәтижелі болып келеді:

— мәселені шешу екі жақ үшін де маңызды болса;

— тығыз өзара байланысты қатынас бар болса;

— тең билік бар болған жағдайда.

Келісімге келу стилі —  бұнда басшы бағынушылардың ой-пікірімен қатынаста нормализацияға жетуге ұмтылады, олардың пікірлерімен санаса отырып, өз жағына тартуға тырысады. Келісімге келу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:

— екі жақ та бірдей билікте болса;

— шешімді тез қабылдағыңыз келсе;

— уақытша шешімге келіссеңіз;

— жақсы қарым-қатынасты сақтағыңыз келсе;

—  алдын-ала қойған мақсатыңызды өзгерте алсаңыз.

Қашу стилі-  қойылған мақсатты жүзеге асыруда жауапкершіліктен қашумен сипатталады, яғни жауапкершілік пен жазадан қорқады, өз бетінше шешім қабылдағысы келмейді, іс-әрекетте табысқа жету мотивациясы жоқ. Қашу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:

— шиеленісушілік, өте жоғары және оны төмендету қажет жағдайда;

—  шығын өте маңызды емес және өз күшіңізді жоғалтқыңыз келмесе;

— уақыт ұтқыңыз келсе;

— жағдай  пайда әкелмейтінін білсеңіз;

— билік аз, қарама-қарсы жақтың мүмкіндігі көп екенін білсеңіз.    

Бейімделу стилі- басқару мақсатында оң  нәтижеге жетуге қызықпайды, белсенділік танытпайды. Бұл стильдегі басшылар қайшылық жағдайынан және жауапкершіліктен қашуға тырысады. Ал бейімделу стилі келесі жағдайларда:

— болған жағдай  ерекше толғандырса;

— қарым-қатынасты жақсы сақтағыңыз келсе;

— билік сіз жағыңызда болмаса;

— билік аз және жеңіске жету ықтималдығы аз болған жағдайда.

Бәсекелестік стилі- ол әрекетте өте белсенді болады, қойылған мақсатқа жету үшін тез шешім қабылдайды. Бәсекелестік стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:

— белгілі бір билікті иеленсеңіз;

— шығын сіз үшін өте маңызды болса;

— шешімді тез қабылдау қажет болса;

— сіз үшін жоғалатын еш нәрсе жоқ, басқа таңдау жолы жоқ жағдайда;

— сіз неғұрлым шешім қабылдауды талап ететін дағдарыс жағдайында тұрсаңыз;

— сіз таныс емес шешімді қабылдауыңыз керек және сізде билік бар болған жағдайда.   

 

  1. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тесті

Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын тест көмегімен біз әр зерттелушінің конфликттілік деңгейін бағалай аламыз. Тест 14 сұрақтан тұрады, әр сұрақта 3 вариант берілген. Және тестте конфликттілік дамудың 9 деңгейі берілген:

1- өте төмен

2- төмен

3- орташадан төмен

4- орташадан сәл төмен

5- орташа

6- орташадан сәл жоғары

7- орташан жоғары

8- жоғары

9- өте жоғары (Қосымша 1)   

 

Екінші әдістеме, “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тестінің мәтіні

 

  1. Сіз басқа адамдарды өзіңізге бағындыра аласыз ба?

А) жоқ                         Б) жағдайға байланысты           В) иә

  1. Сіздің коллективіңізде сізді қорқатын, тіпті жек көретін адам бар ма?

А) иә                            Б) жауап беруге қиын                В) жоқ

  1. Сіз қандай адамсыз?

А) пацифист                Б) принципиалды                       В) тапқыр

  1. Критикалық ойларды жиі қолданасыз ба?

А) иә,жиі                      Б) периодты                                В) сирек

  1. Егер сіз жаңа коллективті басқарсаңыз, сіз не істер едіңіз?

А) коллектив жұмысының программасын бір жыл бұрын дайындар қояр едім;

Б) бәрімен танысып алып, лидермен контакт орнатар едім;

В) коллективпен жиі ақылдасар едім.

  1. Сәтсіздікке ұшырасаңыз, қандай жағдайда болар едіңіз?

А) пессимизм       Б) жаман көңіл-күй         В) өз-өзіме өкпелер едім 

  1. Сіз коллективіңіздің дәстүрлерін сақтауға ұмтыласыз ба?

А) иә                              Б) мүмкін                                   В) жоқ

  1. Сіз өзіңізді, шындықты бетке айтар кісіге, жатқызасыз ба?

А) иә                              Б) мүмкін                                   В) жоқ

  1. Сіз осы үш қасиеттің қайсысын өзіңізден жойғыңыз келеді?

А) ашуланшақтық        Б) өкпелегіштік                  В) шыдамсыздық 

  1. Сіз қандай адамсыз?

А) тәуелсіз                    Б) лидер                              В) ой генераторы

  1. Сіздің достарыңыз, сізді қандай адам деп есептейді?

А) экстравагантты         Б) оптимист                       В) қайсарлы

 

  1. Сіз немен көбінесе күресесіз?

А) әділетсіздікпен         Б) бюрократизммен            В) эгоизммен

  1. Сіз үшін не сипатты?

А) өз қабілеттілігіңізді бағаламау

Б) өз мүмкіндіктеріңізді объективті бағалау

В) өз қабілеттілігіңізді жоғары бағалау

  1. Сізді көбінесе конфликтке не итермелейді?

А) артық инициатива 

Б) артық сынау 

 В) артық ашықтық

 ТЕСТТІҢ КІЛТІ

 

 

Сұрақ-       тар

 

 

 

 

Балл

 

 

 

Конфликттіліктің даму деңгейі

 

 

 

 

Жалпы қортынды баға

 

А

 

Б

 

В

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

3

1

3

3

2

3

3

2

3

2

3

2

1

 

2

2

3

2

2

3

2

2

1

1

1

2

1

2

3

1

2

1

1

1

1

1

3

2

1

3

3

1- өте төмен

2- төмен

3- орташадан төмен

4- орташадан сәл төмен

5- орташа

6- орташадан сәл жоғары

7- орташан жоғары

8- жоғары

9- өте жоғары

14-17

18-20

21-23

24-26

27-29

30-32

33-35

36-38

39-42

 

 

 

 

 

 

2.3 Эксперименттік зерттеу барысы

 

Біз өз зерттеу жұмысымызда қазақ және орыс тобының 1-курс студенттерін зерттелуші ретінде алдық. Жалпы 40 зерттелуші болды, (20 қазақ, 20орыс). Зерттелушілердің жасы 18-20 жас аралығында.

Алғашқыда біз екі топ мүшелеріне “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тесті және К.Томастың “Конфликттегі жүріс-тұрыс стратегиясы” атты тесті арқылы зерттеу жүргізіп, олардың нақты жағдайдағы мәліметтеріне қол жеткіздік. Зерттеуді бастамастан бұрын біз зерттелушілерге келесі сұрақтар қойдық:

  1. Конфликт дегеніміз не?
  2. Сіздің өміріңізде конфликт болды ма?
  3. Конфликт кезінде өзіңізді қалай ұстайсыз?
  4. Конфликт сізге қалай әсер етеді?
  5. Сіздерде конфликт көбінесе кіммен болады?
  6. Егерде сіз конфликтке түссеңіз, сіз бірінші кешірім сұрайсыз ба?
  7. Этникалық конфликті дегенді қалай түсінесіз?
  8. Сіздің достарыңыздың арасында басқа ұлт өкілдері көп пе?

Қатысушылардың бәрі қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.

Бұл сұрақтамада біздің байқағанымыз зерттелушілердің конфликтке жиі түсетін аймақтары ретінде ; а)құрдастарымен (40%)  б) ата-аналармен (25%), және мұғалімдерімен (15%) қарым-қатынастарын бөліп шығаруға болады. Сондай-ақ, зерттелушілердің басым көпшілігі (67%) конфликт кезінде өздерін агрессивті, шыдамсыз ұстайды. Конфликт олардың мазасыздану деңгейінің жоғарлауына әкеліп, нәтижесінде олардың тұлғалық-эмоционалдық сферасына жағымсыз әсер етеді екен. Сондай-ақ, этникалық конфликтілер қазірше орын алмағаны белгілі болды.

 

 

2.4 Зерттеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі

 

 

 Кесте 1 Орыс тобының К.Томас әдістемесі бойынша топтық мәліметтері

 

Бәсеке

лестік

Ынтымақ

тастық

Келісімге

келу

Қашу

Бейімделу

1

8

4

5

7

6

2

6

5

4

6

8

3

9

6

3

7

5

4

10

4

3

8

4

5

10

6

5

5

4

6

6

9

6

4

5

7

5

9

7

3

6

8

4

6

5

7

8

9

8

5

6

5

4

10

8

6

5

7

4

11

8

4

9

7

6

12

4

5

9

7

5

13

7

10

7

4

4

14

9

5

4

6

7

15

4

9

7

6

4

16

10

4

5

6

5

17

8

6

9

7

5

18

10

8

5

10

5

19

7

5

6

6

5

20

7

7

9

4

7

10

7

5

3

5

 

 

 

 

 

Кесте 2  Қазақ тобының К.Томас әдістемесінің шкалалары бойынша мәліметтері

 

 

Бәсеке

лестік

Ынтымақ

тастық

Келісімге

келу

Қашу

Бейімделу

1

6

10

5

8

7

2

5

8

6

7

5

3

5

6

7

6

6

4

4

11

8

6

9

5

4

10

5

5

6

6

5

6

4

6

9

7

6

5

3

7

9

8

5

9

7

5

9

9

4

8

5

6

6

10

4

8

5

5

5

11

6

7

5

6

6

12

5

9

5

9

7

13

4

7

4

9

5

14

7

9

6

7

9

15

4

8

6

4

5

16

5

10

6

7

9

17

5

7

9

5

7

18

5

9

5

5

6

19

5

7

6

7

8

20

7

7

4

5

5

7

8

10

5

5

             

 

Зерттеу мәліметтерін статистикалық өңдеудің келесі кезеңінде Розенбаумның Q критерийін пайдалану арқылы зерттеу болжамын дәлелдейміз.

 Q- критерийі  екі таңдау арасындағы қандай да бір сандық өлшенген  белгілер деңгейі бойынша айырмашылықты анықтау үшін қолданылады. Бұл екі таңдау тобы арасындағы қандайда бір белгі бойынша  айырмашылықты тез арада  бағалауға мүмкүндік беретін параметрикалық әдістердің ішіндегі ең қарапайым түрі болып саналады.

 

Зерттеу болжамын қалыптастырамыз:

Н0 – Студенттер тобындағы тұлға аралық конфликттілік деңгейі

         көрсеткіштері бойынша қазақ және орыс топтарының

         мәліметтерінің арасында  айырмашылық жоқ.

Н1 – Студенттер тобындағы тұлғалық конфликттілік деңгейі

         көрсеткіштері бойынша қазақ және орыс топтарының

         мәліметтерінің арасында  мәнді айырмашылық бар.

Бұл үшін ең алдымен тұлғалық конфликтілік деңгейі әдістемесінің көрсеткіштерін Q критерийінің ережелеріне сәйкес мәліметтердің топтық ретін, кейіннен  кему реті бойынша орналастырамыз.

 

Кесте 3  Конфликтілік деңгейі әдістемесі бойынша  мәліметтері

 

Орыс тобының мәліметтері

Қазақ тобының мәліметтері

1

36

27

2

38

26

3

20

17

4

24

15

5

33

24

6

34

22

7

26

18

8

37

18

9

35

26

10

33

24

11

24

22

12

27

23

13

38

29

14

36

28

15

34

27

16

35

29

17

22

19

18

24

16

19

23

19

20

38

26

 

Енді бұл топтық мәліметтерді  критерий ережелеріне сәйкес кему реті бойынша кестеге орналастырып, олардың арасында қаншалықты айырмашылық болғанын, яғни студенттер тобындағы тұлға аралық конфликт деңгейлері бойынша мәнді ерекшеліктер болатынытуралы зерттеу болжамымыздың статистикалық сенімділігін тексереміз.

 

Кесте №4  Конфликтілік деңгейі әдістемесі бойынша  көрсеткіштерінің айырмашылығын анықтау

 

Орыс тобының мәліметтері

Қазақ тобының мәліметтері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

39

38

38

38

37

36               S1

36

35

35

34

 

 

11

12

13

 

14

 

 

 

15

16

17

18

19

20

32

32

31

 

27

 

 

 

26

26

24

24

24

23

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

32

32

31

30

27

27

27

26

26

26

24

24

24

23

 

 

15

16

17

18

19

20

22

22

20

19                  S2

19

19

 

А) Q критерийінің эмпирикалық мәнінің формуласын есептейміз:    

     Q= S+S= 10+6= 16

 

Б) Q критерийінің критикалық мәнін анықтаймыз:

       Q                                     Q≥ Q  (р≤0,01)

Яғни, Н- теріске шығарылып, Н қабылданады.

Жауап:  Студенттер тобындағы тұлғалық конфликттілік деңгейі          көрсеткіштері бойынша қазақ және орыс топтарының мәліметтерінің арасында  мәнді айырмашылық баржәне ол статистикалық мәнділіктің жоғары деңгейіне сәйкес келеді. 

 

Кесте 7 Студенттердің К.Томас әдістемесі бойынша салыстырмалы мәліметтері

 

Орыс тобы

Қазақ тобы

1

2

3

4

10

10               S1

10

10

 

 

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

9

9

9

9

9

9

9

8

8

8

8

8

7

7

7

7

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

12

13

14

9

9

9

8

8

8

8

8

8

8

8

 

 

7

7

7

 

 

15

16

17

18

19

20

6

6

6

6                 S2

6

6

         

Жоғарыдағы кесте бойынша бірінші қатардағы жоғарғы және екінші қатардағы төменгі мәндерді анықтаймыз. Алынған мәндерді SS деп белгілейміз.

                      S=4                            S=6

А) Q критерийінің эмпирикалық мәнін есептейміз:

     Q = S+S=4+6=10

Б) Таблица бойынша критикалық мәнін табамыз:

     (n=20, n= 20)

 

       Q      Q =  Q                          

Яғни, Н теріске шығарылып, Н қабылданады. 

Жауап: қазақ және орыс топ студенттерінің конфликттік ситуациялардағы жүріс-тұрыс стилдері бойынша көрсеткіштерінің арасында айырмашылық бар.

Бұл айырмашылықтарды топтық қарым-қатынас жағдайларындағы орыс тобында бәсекелестік, келісімге келу ал қазақ тобында ынтымақтастық, бейімделу көрсеткіштерінен анық байқауға болады /1-2 кестелер/.

 

Төменде К.Томас әдістемесі бойынша екі топқа да ортақ жиынтық көрсеткіштері бейнеленген.

 

Кесте 8 Студенттер тобының К.Томас әдістемесі бойынша мәліметтері

 

 

Орыс тобы

Қазақ тобы

1

Бәсекелестік

68 %

45 %

2

Ынтымақтастық

43,5 %

57%

3

Келісімге келу

39%

65%

4

Қашу

36,5 %

48%

5

Бейімделу

64%

58%

 

Студенттер тобының К.Томас әдістемесі бойынша мәліметтері көрнекілігін қамтамасыз ету үшін гистограммаға орналастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйін

 

Зерттеудің эмпирикалық бөліміндегі жүргізілген сұрақтамада біздің байқағанымыз зерттелушілердің конфликтке жиі түсетін аймақтары ретінде ; а) құрдастарымен (40%)  б) ата-аналармен (25%), және мұғалімдерімен (15%) қарым-қатынастарын бөліп шығаруға болады. Сондай-ақ, зерттелушілердің басым көпшілігі (67%) конфликт кезінде өздерін агрессивті, шыдамсыз ұстайды. Конфликт олардың мазасыздану деңгейінің жоғарлауына әкеліп, нәтижесінде олардың тұлғалық-эмоционалдық сферасына жағымсыз әсер етеді екен. Сондай-ақ, этникалық конфликтілер қазірше орын алмағаны белгілі болды.

Зерттеу барысында қазақ және орыс топ студенттерінің конфликттік ситуациялардағы жүріс-тұрыс стилдері бойынша көрсеткіштері нің арасында айырмашылық бар екендігі анықталды.  Бұл айырмашылықтарды топтық қарым-қатынас жағдайларындағы орыс тобында бәсекелестік, келісімге келу ал қазақ тобында ынтымақтастық, бейімделу көрсеткіштерінен анық байқауға болады

Тұлға аралық қарым-қатынастағы аффилиацияға студенттердің әлдеқайда жағымды тұлғалық дамығандар ұмтылады. Олардың сипаттамалары мынадай: сенушілік, жұмыскер, жігерлілік, эмпатия, мейірімділік, ұстамдылық, жұмсақтық, интеллектуалды қызығушылық, энтузиазм, конфликт шешудегі ұстамдылық, осындай студенттер әлеуметтік статусқа ұмтылмайды. Студенттер көбінесе  субъект-субъектті қарым-қатынасты ұстанады. Мұнда тұлға аралық конфликтілер пайда болуы мүмкін.

Біздің ойымызша осындай конфликтті шешу үшін студенттердің  өз-өзін ашу, өз-өзін тану, өз-өзін қабылдау, өз-өзін дамыту жұмыстарымен  айналысу керек, яғни осыған байланысты тренингтік жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Қазіргі  уақытта, студенттерге конфликт кезінде өз-өзін қалай ұстау керектігін, конфликт қалай пайда болатынын, қандай әдістері бар екенін арнайы үйретпейді. Бірақ біздің ойымызша, студенттердің тұлғалық конфликттілік деңгейін төмендету үшін оларда конфликт туралы жан-жақты білімі болу керек. Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс істеу, тренинг жүргізу т.с.с.

Сондай-ақ бүгінде конфликттіні негативті құбылыс ретінде емес, керісінше оны тұлға дамуы үшін қажетті құбылыс ретінде қарастыратын ғылыми еңбектер қатары көбейіп келеді. Себебі  конфликт көмегімен  біз топтағы тұлға аралық проблемалық жайтты анықтап, оны мүмкіндігінше ынтымақтастық пен мәдени түрде шешуге мүмкіндік аламыз.

Қорыта келгенде, зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында әдістемелер мен тренинг бағдарламасы арқылы жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады. 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан ғасырлар бойы жүрген тарихи процестердің нәтижесінде көптеген этностардың ортақ мекеніне айналды. Бүгінде мемлекетіміз әлемдегі полиэтникалық елдердің бірі. Полиэтникалық мемлекетте полимәдени орта түзілетіні заңдылық. Әйтсе де, осы этностардың этникалық мүдделері, мәдени болмысы әруақыт келісімде бола бермейді. Осындай мүдделер алуандылығы этносаралық қастығыстардың туындауына себеп болады.

Қазақстандағы этностардың тілі, діні, дәстүрі мен мәдениеті, бір сөзбен, этникалық факторы еліміздің дамуына маңызды ықпад етуде. Қазақстан қоғамының полиэтникалылығы мен поликонфессионалылығы еліміздің тұрақты дамуына қажет маңызды құндылық ретінде қарастырылған этностар, конфессиялар, мәдениеттер мен өткениеттер алуандығы – әлі қарай өсуіміз бен тұрақтылығымыздың берік кепілі. Мәдени-тарихи алуандылық тұлға, қоғам мен мемлекетті көркейтуі тиіс. Қоғамды модернизциялау, оның ішінде ішкі саяси тұрақтылықты нығайту міндеттері кешенінің призмасы арқылы Қазақстан ОБСЕ-ні басқару, 2009 жылы 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылу мәселелері шешілмек. Елдегі жалпыұлттық татулық пен толеранттылықты нығайту мәселесін заманымыздың діни-саяси экстремизм таралуы қаупінің қылаң беруімен өзекті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылы 1-наурыз күні халыққа жолдаған жалдауында: «Біз әлемге толеранттылық, этносаралық, конфессияаралық келісім мен ауызбіршілік арқасында таныламыз» деген болатын.

Этникалық қақтығыстарды болдырмауда әлеуметтік институтттар да біршама орын алады. Бұл бағыттағы тиімді нәтижеге жету үшін бала-бақшаларда, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында арнайы ойластырылған саясат қажет. Басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүрлеріне құрметпен қараумен қатар, бала бойында сәби кезден бастап ұлттық мақтаныш сезімін де қалыптастырған жөн. Осы тұста БАҚ та үлкен рөл атқарады. Ал біздің республикамызға келер болсақ, бірқатар қазақстандық БАҚ редакторлары этносаралық қатынас саласын хабарлауда этиканы сақтау жөнінде құжатқа қол қойды.

Қазіргі уақытта конфликттіні тек негативті құбылыс ретінде емес, керісінше конфликт керекті құбылыс ретінде қарастыратын ғылыми еңбектер қатары көбейіп келеді. Себебі  конфликт көмегімен  біз проблеманы анықтай алып, оны татулықпен, мәдени түрде шешуге мүмкіндік аламыз.

Біздің ойымызша студенттер топтарында тиісті жұмыстар жүргізіліп отырса, онда студенттер: бір-бірін және өзін жақсы түсіне алады; конструктивті және конструктивті емес жүріс-тұрыс модельдерін анықтай алады; конфликт кезінде өз жүріс-тұрыс стилін анықтауға үйренеді;

Қорыта келгенде, зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында әдістемелер мен тренинг бағдарламасы арқылы жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Дмитриев А.В. Конфликтология. М.,2001, 53-121б.
  2. Вишнякова Н.Ф. Конфликтология. Минск: Университетское 2002.
  3. А.Я.Анцупов, А.И. Шипилов Конфликтология. Москва 2004.
  4. Бородкин Ф.М., Коряк Н.М. “Внимание: конфликт!”. Новосибирск, 1989.
  5. Сулимова Т.С. Социальная работа и конструктивное разрешение конфликтов. Москва 1996.
  6. Михеева И.Н. Я-концепция и конфликт в сфере нравственной жизни личности. Самосознание и защитные механизмы личности. Самара 2003, Кле М. Психология подростка. М.: 1991, 176 б.
  7. Абрамова Г.С. Возрастная психология. М.,2001,624 б.
  8. Ремшмидт Х. Подростковый и юношеский возраст: Проблемы становления личности. М.: 1994, 320 б.
  9. Шпрангер Э. Психология юношеского возраста. М.: 1904, 114 б.
  10. Антилогова Л. Психологические факторы межэтнических конфликтов, Омск. 2001 г. 3-бет
  11. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология, М. 1993г. 40-бет
  12. Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе, Астана. 2002г
  13. Самрат Ж. «Этносаралық келісім еліміздің басты мақсаттарының бірі» //Егемен Қазақстан 15 мамыр 2006 жыл
  14. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті Аба «Айкос» А. 2000ж. 88-бет, Жабелова Т.Е. Қазақстандағы тіл саясаты және этносаралық қарым-қатынастар А. 2003ж.200-бет;
  15. Романова Н.В. Этногполитические процессы в Казахстане А. «Қазақстан»1998ж.;
  16. Әбдіғалиев Б. Политизация этничности: процессы механизмы, последствия А. «Үш қиян» 2003г.;
  17. Борбасов С. Еліміздегі этносаясат негіздері //Абай 1999/4
  18. Айталы А. «Ұлтаралық қақтығыстар ормандағы өртпен тең» //Қазақстан-Заман 18 мамыр 2007ж.
  19. .Котошева Г.К. «Этнос как система целостности» //ҚазҰУ хабаршысы 2004/1
  20. Милюков М. Н. Очерки по истории русской культуры, М. 1995ж. Т.5 11-бет  
  21. Здравомыслов А.Г. Этноконфликты в постсоветском пространстве, М. 2002г. 58-бет
  22. Выготский Л.С. Педология подростка // Собр. соч. М.: Педагогика, 1984, Т.4, 5-242 б.
  23. Божович Л.И. Психологические особенности развития личности подростка. М., 1979, 39 б.
  24. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте // Вопросы психологии, 1972, №2, 51-63 б.
  25. Кулагин Л.Г. О подростках, которым трудно // Советская педагогика. 1991, №6, 141-152 б.
  26. Аверин В.А. Психология детей и подростков. Учеб. пособие 2-е изд. СПб: Издательство Михайлова В.А. 1998, 379 б.
  27. Раис Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. СПб, 1999, 296 б.
  28. Игумнов С.А. Психотерапия и психокоррекция детей и подростков. М., 2000, 112 б.
  29. Кондратьев М.Ю. Типологические особенности психосоциального развития подростка // Вопросы психологии, 1997, №3, 69-78б.
  30. Драгунова Т.В. Психологические особенности подростка. М., 1978, 98 б.
  31. Формирование личности в переходной период: от подросткового к юношескому возрасту / ред. И.В.Дубровина. М.: Педагогика, 1987, 181б.
  32. Шалгимбаев Т.М. Современное состояние исследование подростков с нарушениями поведения // Вестник АГУ. Серия психолого-педагогических наук, 2003,№1, 88-94б.
  33. Лебединская К.С., Райская М.М. Подростки с нарушениями в аффективной сфере. М.: Педагогика, 1988, 115 б.
  34. Оганесян Н.Т. Методы активного социально-психологического обучения. Ось.,89, 6-20б.
  35. Крутецкий В.А. Психология подростка. М.Просвещение 1965, 240 б.
  36. Йовчук Н.М. Депрессия у подростков. М.: 1999, 80 б.
  37. Практикум по возрастной психологии (ред. Головей Л.А.; Рыбалко Е.Ф.), Санкт-Петербург 2001, 688 б.
  38. Алинина Н.В. Возрастные психологические особенности агрессивного поведения несовершеннолетних. Диссер. канд. п. н. Москва 1991, 19-20 б.
  39. А.Г.Лидерс “Психологический тренинг с подростками”- Москва, Академия 2001              31-51 б,179-214б.
  40. Большаков В.Ю. Психотренинг социодинамика упражнения игры. Просвещение, СПб,1996, 383б.
  41. Морено Дж. Социометрия. Экспериментальный метод и наука об анализе гештальт-экспериментами/ Пер.Б.Б. Валынского М., 1993
  42. Петровская Л.А. Теоретические, методические проблемы социально-психологического тренинга.М.:Издательство МГУ, 1982, 168б.
  43. Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии.- СПб., 2004.-346 б.
  44. Технологии практического психолого образования Овчарова Р.В. учеб. пособие для студентов вузов и практических работников. М.ТЦ сфера при участии “Юрайт-М”, 2001, 262б.
  45. Сафунов Ф.С. Психологическая типология криминальной агрессии //Псих. журн. 1999, №4, 27-39 б.
  46. Зимелева З.А. Агрессивное поведение подростков и личность родителей // Психологическая наука и образование 2001, №4, 22-43 б.
  47. Кле М. Психология подростка. М. Педагогика 1991, 153-156 б.
  48. Хекхаззен Х.Агрессия, мотивация и деятельность. М. 1986,Т 1,365-405 б.
  49. Иванченко В.Н., Осмолов А.Г., Еникополов С.Н. Установка личности и противоправное поведение // Вопросы психологии 1992, №2, 97-102 б.
  50. Гаврилова Т.П. Личностные трудности и проблемы подростка //Псих. наука и обр. 1994, №2, 54-59 б.
  51. Паршикова О.А. Роль семейной среди и формирование индивидуальных  различий  агрессии и депрессии у подростков//Вестник МГУ №1, 1998, серия 14, 43-56 б.     
  52. Семенюк Л.М. Психологические особенности агрессивного поведения подростков и условия его коррекций.Дисс. работа канд. психол. наук, М.,1991, 146б.
  53. Иванченко В.Н., Пошивалов В.П. Новые направления в изучении агрессивного поведения // Псих. журнал. 1996 №4, 47-53 б.