АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….

 

  1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы…………….

1.2. Кеден органдарының міндеттері…………………………………………………………

1.3. ҚР кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде……………………

1.4. Кеден органдарының құқық қорғау қызметтері…………………………………..

 

  1. КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ КЫЛМЫСТЫҚ МӘНІ

2.1. Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері…………….

2.2. Контрабанданың қылмыс ретіндегі  жағдайы, құрылымы және қарқыны…………………………………………………………………………………………………..

 

  1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН  АЛУДАҒЫ  РӨЛІ

3.1. Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары………………………………………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ……………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

1995 жылдың 30 тамызында референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, қоғам, мемлекет, азамат өміріндегі негізгі қағидалар мен бағыттарды бекітті. Оның бірінші бабында Қазақстан — демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы болып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Бірақ, бірнеше онжылдықтар бойында қалыптасқан  қоғамның “социалистік” қарым-қатынастарының “рыноктық қатынастарға ”айналуы, тәуелсіздікті шынайы іске асыру, жас мемлекеттің егемендікке қол жеткізуі, бірталай қиындықтар мен мәселелерге тап болуына әкелді. Экономикада кризис орнады. Жұмыссыздар, жалақы және зейнетақы қарыздары пайда болды, сол себептен, Қазақстанның бірнеше аймағында ереулдер өтті. Қазіргі көзқарастармен, салыстырсақ, сол кезде қоғамдық және құқық тәртібі күрт төмендеген екен.

Президент Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан 2030». Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, жағдайының жақсаруы” отты Жолдамасында, қоғам мен мемлекеттің болашақта даму жобасы көрсетілген. Сонымен қатар, көптеген жұмыстарды қайта қарастыру қажеттілігі пайда болды, бұл қоғамға қарсы жағдайларды тойтару, қылмыспен күресу, жиналған өмірлік тәжірибелерді жоғалтпау мақсатында, оны тарихи тұғырдан ғылыми талдау қажеттілігі туындады. Жолауда аталғандай, біздің бүгінгі күні, дамуымыздың кейбір негативті жағдайлары – бұл, “уақытша және ауыспалы құбылыстар, кеңестік дәуірден қалған, ауыспалы кезіңнің қиындықтары, бірақ мүмкіндіктерді пайдалану және қауіпті жағдайларды тойтару, активтерді көтеріп, пассивтерді төмендетуіміз — өзімізге ғана байланысты, басты бағыттарды ұстануымыздан және оны іске асырудағы қазіргі заман талаптарына сай болуы және имкемділігіне байланысты ”.

Біздің алдымызда көлемі жағынан өте ауқымды істерді орындау, және уақыт бойынша, азаматтық қоғамның сапасы жағынан жаңа, құқықтық және әлеуметтік жағдайларға ауысу жұмыстары тұр.

Сонымен    қазіргі Қазақстанынның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат-мұраттарынан, ішкі, сыртқы мемлекеттік функцияларын жеткілікті дәрежеде орындауға деген қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы  жаңа қарым-қатынастарды соңғы, қәзіргі заманғы демократиялық ұғым-түсіндік тұрғысынан реттеуден, жалпы қазақ мемлекетінің негізін қалаған идеялар мен принциптерден туындап, соларға сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып отыр деп есептейміз. Соған сәйкес өз іс-әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір бөлімін қамтитын, мемлекеттің кейбір стратегиялық мақсаттарын, ішкі-сыртқы экономикалық, кеден саясаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір тармағы болған кеден органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық мәртебесі, іс-әрекетінің әдістері мен түрлері, құзырлығы, т.б. мәселелері дәл осы тұрғыдан, яғни Қазақстан мемлекетінің дәл қазіргі кезендегі өркендеуі дәрежесінің, оның кезеңдегі нақты тактикалық міндеттері мен мақсаты, функцияларының іске асырылуы тұрғысынан зерттеп-зерделеуді қажет етуде.

Соңғы кезеңдегі Қазақстанның, әсіресі оңтүстік шегіндегі геоcаяси ахуалдың шиеленісуі, халықаралық терроризм қаупті, көршелес Қырғыстан мен Өзбекстанда содырлар топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни көзқарастарды насихаттаудың өршеуі, есірткі тасымалының, заңсыз миграцияның күшеюі, кейбір көрші елдермен шекараны айқандау, нақтылау, делимитизациялау, демаркацияллау мәселелері, сондай-ақ Ресей тарапынан да кейбір эстремистік пиғылдағы адамдардың елімізге өтіп кетуі (баспасөзде Ресейдегі кавказ ұлтына жататындардың Қазақстан жерінде қарақшылық қылмыстар жасағаны, діни экстремистік мағынадағы, ұлт араздығын қоздырушы әдебиеттер, есерткі әкелгені жөнінде болды  — осы жағдаяттардың бәрі Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекерасын  белгілеу, шекараны қорғау, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, ішкі қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ елді халықаралық аренадағы белсенді әрекеттер  арқылы саяси қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге итермелеп отыр. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс әрекетінің, көрші елдердің мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің және сол кездесулерде жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан мемлекетін саяси, экономикалық тұрғыдан қоргау, сенімді серіктестер табу, сыртқы қауіп-қатармен көрші мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаса отырып күресу болғандығы белгілі.   

 Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен қорғау ғана емес, сондай-ақ оның әскери күштерін  дамыту, шекерасын әскери-кедендік қоғау бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс, шекара, көрші елдемен сауда-саттық, татулық қарым-қатынастары тұрғысынан алғанда қазіргі кезенде кеден органдарының іс-әрекетінің маңызы артып және оған мемлекет тарапынан қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр.

Осыған орай, қоғамда өзгерістерге сай материалдық қана емес, рухани да атмосфера құру өте маңызды, ол мемлекет саясатының барлық қоғамдық өмір салаларында салмақты қолдауымен бола алады. Мемлекетті дамыту стратегиясы догма емес, барлық қоғамдық өмір салаларының  түбегейлі өзгерістеріне әкелетін әдістеме екендігін естен шығармау қажет. Сонымен бірге, ақырғы онжылдық ішіндегі Қазақстан Республикасында белең алған құқық бұзу, оның ішінде ауыр қылмыстардың санының өсуі қоғамдағы мінез- құлықтық саясаттың климатына кері әсерін тигізеді, сондай — ақ әлеуметтік – психологиялық қысымның өсуіне, адамдардың ертеңгі күнге және өз қауіпсіздігіне деген сенімсіздігін тудырады.

Тіркелеген қылмыстар бойынша, республика бойынша, қылмыс саны ақырғы он бір жыл ішінде екі есе өскені көрінеді. Жалпы қылмыс құрылымы ішінен, экономикалық қылмыстар басым екендігі көрінеді.

Әрине, экономикалық қылмысты жасау —  кеңестік қоғамдық қарым-қатынастардың “рыноктыкқа” көшуі себепкер болады, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық механизмді өзгерту, көпшілік санасына әлеуметтік және құқықтық мемлекет принциптерінің азаматтық қоғам идеологиясын енгізуде де тұр.

Экономикалық қылмыс санының басым көпшілігі, бірқатар себептерге де байланысты: әкімшілік-бюрократиялық механизмнің таралып, коррупцияның орнауы, қосарланған мораль, қылмысқа жоғарғы үкімет өкілдерінің қатысуы, қосарланған заңдылықпен, немесе, заң алдында басшы мен қатардағы азаматтың шын мәніндегі теңсіздігі, еңбек нәтижесіне жете көңіл бөлмеу, және мемлекеттік меншікті сақтауға талпынбау. Экономикалық қылмыс санының жүйесінде кедендік қылмыстар ерекше орын алады. Ішкі экономикалық процесстердегі кеден бақылауының орны мен рөлі және ішкі экономикалық қызметті жариялықтандыру және либерализациялау жағдайындағы олардың әсер диапазонын кеңейту, қарым-қатынастардың күрделі және бірткелкі болмаған кешенін құқықтық реттеудегі жаңа әдістерді қолдануды талап етеді.  Жаңа кедендік қарым-қатынастарын құқықтық негізделген реттеу істері, кеден заңдарының тарихи дамуының бұрыңғы кезеңдерде жиналған тәжірибелеріне сүйену тиіс.

Төлемдердің біртұтас, белгілі бір мақсаттары бар жүйесін құру, және оны кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қолдану арқылы, кеден саясатын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық ретінде жұмыстары қарастыру арқылы ғана, кеден саласының жалпы мақсаттары, кеден саясатының алға қойған мақсаттарының және, кеден ісі қызметтерінің маңызы зор екендігіне көз жеткізуге болады.

Жаңа сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға көшу құбылысы, оның кейбір кері әсерлері бар жайларын анықтайды, солардың нәтижесінен, Републиканың қолданыстағы қылмыстық, әкімшілік, кедендік заңдарын бұзу санының көбеюін танытады. Соның ішінде, ақырғы кезде белең алған, кейде орны толмайтын, мемлекетімізге үлкен экономикалық зиянын тигізетін, қылмыстық жазалау контрабандасының санының өсуі байқалады. Контрабандаға қарсы күрестің өзектілігін осы категорияда жасалған қылмыстар санының күрт өсуін растайды. Кәзіргі кезде мемлекет деңгейінде,  әсіресе кеден саласындағы, экономикалық қылмысқа қарсы күресу, жалпы, қылмысқа қарсы күресудің басты бағыттарының бірі болады.

Соған орай, Қазақстан Республикасы Президенті 1998 жылдың 12 – қазанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін әрі қарай реформалау” Нұсқауында, мемелекет кірістері Министірлігін құрып, оған мына міндеттерді жүктеді:

— өз уәкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

— мемлекет алдындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ету;

— ішімдік өнімдерінің өндірісі және айналымына мемлекеттік бақылауды;

—  мемлекетке шығын клтіретін  экономикалық қылмыстар мен құқық бұзуға қарсы күресу, экономикалық қылмыстарға қарсы күресудегі халықаралық өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

Контрабанданың қоғамға келтіретін нұқсаны тек экономикалық шығын ретінде ғана қарастырылып қоймайды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-психологиялық және моральдық жағынан келтіретін зияндылығымен де күрделенеді. Мәселен, казіргі кезде,  кеден қылмыстарының саны өсуі әртүрлі әлеуметтік топтардың  негізсіз жіктелуінің тереңдеуіне, және негативті, қоғамға қарсы жеке ұстанымдардың  пайда болуына әкеледі.

Қазақстандық кеден заңдарының дамуы, рыноктық қарым- қатынастардың құрылу жағдайларындағы контрабанданың кеңінен таралуы, бұл қылмыстың қоғамға төндіретін қауіпінің үлкен дәрежесі болып саналады.

Бұл зерттеулердің барлығында дерлік, негізінен қылмыстық — құқықтық мәселелер зерттелді,  оның ішінде, жалпы контрабанда түсінігі, жалпы құрам мен қонтрабанданы анализдеу, сонымен қатар, айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарды анализдеу кеңінен зерттелген. Ал криминологиялық контрабанда, оның себептері мен жағдайлары, сондай – ақ, оның жалпы және арнайы алдын алу шаралары тіптен де зерттелмеген.

Сонымен бірге, кеден саясаты, ішкі және сыртқы саясаттың басты құрамы ретінде, мемлекетіміздің заңмен бекітілген мақсаттарына сәкес, қазақстандық рынокка, өндірушлер мен тұтынушыларға жақсы жағынан ықпал етуі тиіс; экономиканың, импорт пен экспорттың дамуын қарқындату; сауда саясатының мәселелерін шешуге және т.б. сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттеу, негізінен экономикалық әдістермен, кеден баждары, салықтар мен алымдар көмегімен орындалады.

Әкімшілік әдістердің мәні күрт төмендедеі, бірақ мемлекет олардан толық айнуы мүмкін емес, өйткені олар экономикалық әдістерді толықтырады, және, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтерінің белгілі бір салаларында өз мәнін сақтайды.

Сонымен қатар, тағы бір мәселені атай кетейін. Меншік түрлерін өзгерту процесстерінде жаңа экономикалық қарым-қатынастар пайда болды. Бұл бұрын қатаң иерархиялық және әкімшілік – бұйыру әдісімен реттелген қарым-қатынастар, қазіргі кезеңде қатаң реттеуге тәуелсіз, еркін салаға айналды. Бұл әсіресе алғашқы кезеңдергі жаңа жағдай, барлығына рұқсат сенімін пайда болғызып, қалыптастырады, кеден бақылауының іс — шаралар мен шешімдерге құқықтық баға беруді талап етеді.

Зерттелген саланың криминалдық жағдайын құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлерінің дайындығының жеткіліксіздігі мен біліксізідігі, кеден қылмыстарының алдын алу және ашудағы жұмыстарын үйлестірудің тимдсіздігімен қиындатады.

Кеден қылмыстарының алдын алудың бүгінгі күнге дейін, криминалистік негізі жоқ екендігін айтпай кеткен жөн емес.

Сондықтан, кеден саласындағы қылмыстарының алдын алуды тиімді ұйымдастыру, оларды жасайтын тұлғаларға қоғамдық — әлеуметтік және арнайы, сонымен қатар, қылмыстық- құқықтық, шараларды қолдану — еліміздің экономикасы мен дамытудағы айтарлықтай жағдайларды қорғау, кеден мекемелерінің қалыпты қызмет атқаруын, қоғам мүшелерінің дұрыс өмір ұстанымдарын қалыптастыруындағы әртүрлі негативті жайларын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қорғалуға ұсынылып отырған  дипломдық  жұмыстың  мақсаты  айқындалады –Кеден ережелерін бұзумен күрестегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі туралы зерттеу.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  алдын-ала  мынадай  міндеттер  қойылды:

—    кеден бақылауы органдарының рөлі

—  кеден органдарының міндеттері

—   Қазақстан Республикасының  кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде

—   кеден органдарының құқық қорғау қызметтері

—   контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері

—   контрабанданың қылмыс ретіндегі  жағдайы, құрылымы және қарқыны

—  кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

 

1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы

 

Қазақстан Республикасының кеден органдары – өзінің құзыры шегінде кеден саясатын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасында кеден ісін тікелей жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған өзге де қызметтерді орындаушы мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі  – елдегі кеден қызметін басқаратын негізгі орган. Комитеттің басшылығы төраға, Бірінші орынбасары, орынбасары, төраға көмекшісі және төраға кеңесшісінен тұрады. Комитеттің негізін мыналардан тұратын басқарма құрайды: контрабанда және кеден ережелерін, кеден кірісін бұзумен күрес ұйымы Басқармасы, кедендік бақылау Басқармасы, қаржы-шаруашылық басқармасы, аппарат жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі басқарма, кадр Басқармасы. Сыртқы қатынастар және өз қауіпсіздігі бөлімшелері, кеден сараптамасын ұйымдастыру бөлімдері қызмет етеді.

Бұл басқармаларды сыныптарға бөлуге болады. Соның ішінде, оперативтік қызметі қамтамасыз етуге кедендік бақылау Басқармасын кіргізуге болады; ішкі қамсыздандыру басқармасының тобына кедендік күзет және режим басқармасын, қаржылық-шаруашылық басқармасын және басқаларды жатқызуға болады. Қызметтік басқармаларға мыналарды атап шығуға болады: кедендік кірістер басқармасы, автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасы, сыртқы байланыс бөлімі, кадрлар Басқармасы, ұйымдық-сараптамалық басқарма.

Әрбір басқарманың негізін құраушы бөлімдердің атаулары бойынша, басқарманың қызметтері жайлы айтуға болады. Осылайша, кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасы саудасыз айналымдағы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінен, кедендік басқармаларды әдістемелеу бөлімінен, кедендік режим бөлімінен тұрады. Контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күрес басқармасында оперативтік бөлім, контрабандамен күрес бөлімі, кеден заңын бұзумен күресу бөлімдері қызмет етеді. Қарастырып отырған басқармада нашақорлықпен күресудің аса маңыздылығын ескере отырып, есірткі контрабандасымен күресу бөлімін жасау және кинологиялық қызметін ұйымдастыру шешілген болатын.

Бөлімдердің атаулары осы басқарманың қызметіне кейбір айқындықты береді: сауда айналымындағы кедендік төлемдер бөлімі, кедендік-тарифтік басқару, тауарлық номенклатура және кедендік құн бөлімдері, жанама салық бөлімдері, саудасыз айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдар бөлімі, валюталық бақылау бөлімі. Бұл басқарма кеден шекарасын кесіп өтетін шаруашылық субъектілерін баж бен алымдары төлеуін ұйымдастырумен айналысады. Осы баждар мен салықтардың жалпы жинағы мемлекет қазынасына түсетін кеден кірісіп құрайды /24/.

Статистикамен талдау, тораптық және техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бөлімдерінің жиынтығы автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасын құрайды.

Құқықпен қамсыздандыру бөлімінде заңды кодтау және кеден заңы мәселелері мен арнайы ұйымдық бөлім айналысатындығы қарастырылған, ал іс жүзінде, құқықтық мәселелер құқықтық бөлім қарамағына кіреді.Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының құрылымдары да белгілі бір қызығушылықты тудырады. Жұмысшылар штаты толық бухгалтерия қарастырып отырған басқарманы маңызды бөлімшелерінің бірі болып табылады. Кеден қызметін қалыпты жүзеге асырудың қажетті бөлімшесі – материалдық қамсыздандыру, жарақтау, қорғау құралдары мен техникалық бақылау бөлімі болып табылады. Кедендік бақылау агенттігі кеден нысандарын толық құрылысын жүргізу және эксплуатациялау қызметін өзіне алғандықтан, осы басқармада сәйкес бөлімдер құрылған. Формалық киіммен қамсыздандырумен сәйкес бөлім айналысады.

Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 1995 жыл 30 шілде №163 бұйрығымен кедендік бақылау Агенттігінің құрамында кедендік сараптауды ұйымдастыру бөлімі құрылды, ол кейінірек Орталық кеден лабораториясына қайта құрылды. Бұл лаборатория кедендік бақылау Агенттігінің негізгі сараптау және зерттеу мекемесі болып табылады. Бұл лабораторияның негізгі міндеті кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу кезінде сараптамалық көмек беру болып табылады. Сараптамалық көмек арнайы білімді қолдану және қажетті зерттеулерді жүргізуден көрінеді.

Кеден ісін ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі кеден қызметінің ұтымды құрылымын және оның органдарын еліміздің территориясында орналастырудың ұтымды вариантын таңдау. Кеден қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының біркелкі жүйесі ретінде құрылады және қызмет етеді.

Кеден органдарының біркелкі жүйесінің принциптері кеден ісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың негізі болатын біртектес принциптермен үздіксіз байланысты: біркелкі кеден саясаты, біркелкі кеден территориясы, біркелкі кеден заңдары, біркелкі тарифтік реттеу және оларды экономикалық саясат шараларымен үйлестіру. Жалпы алғанда, олар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы принциптерінің негізін  қалаушылардың бірінің мәнін айқындай түседі.

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі кеден органдарының біркелкі жүйесі түсінігіне осы жүйені құрушы органдардың атауларын жатқызады:кеден ісі мәселелері бойынша өкілетті орган;облыстар бойынша кеден ісі мәселелері бойынша өкілетті органның территориялық бөлімшелері;кедендер;кеден бекеттері;Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пунктері;мамандандырылған кеден мекемелері.

Осы жүйелердің әрбірі Қазақстан Республикасының кеден органдары болып табылады және құқық қорғау мәртебесіне ие. Кеден органдарының біркелкі жүйесі – бұл кеден органдарының барлық жиынтығы; жалпы жүйелі принциптерге негізделген, кеден ісін жүзеге асырудағы олардың қарым қатынасы мен байланыстары: тұтастық, құрылымдық, иерархиялық, қоршаған ортамен өзара тәуелділік.

Кеден ісі мен кеден саясаты негіз қалаушы институттар бола отырып,  осы саладағы мемлекет қызметінің қазіргі кездегі жағдайын және кеден саласындағы жалпы проблемаларды көрсетеді /23/.

Көптеген жылдар бойы сыртқы экономикалық қызметке жүріп келген мемлекеттің монополиясы жойылды. Заңдарда қарастырылған жағдайлардан өзге, Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын алып келуде немесе шығаруда ешкім шектетілмейді және құқығынан айырылмайды.

Кеден кодексіне сәйкес, кеден саясаты Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты бола отырып, мемлекеттік биліктің орталық органын енгізуге жатады. Қазақстан Республикасы кеден саясатының мақсаттары:қазақстандық нарықты қорғау; қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканың дамуын ынталандыру;экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмек көрсету;бәсекелестік пен монополизмге қарсы әрекеттерді марапаттау;экспортты ынталандыру және импортты алмастыру өндірісін марапаттау; шетелдік инвестицияларды тарту;сауда саясатының тапсырмаларын шешу;заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік биліктің орталық органдарымен анықталатын өзге де мақсаттар.

Қазақстан Республикасының кеден саясатының осы мақсаттары мен тапсырмаларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға міндеттелген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік билік тұтас және ажыратылмайды, олар заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу принциптеріне сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылады деп бекітілген.

Кеден органдары биліктің атқарушы тармағына жатады. Кеден ісінің даму тарихына көңіл бөле отырып, Қазақстанның кеден мекемелерінің қалыптасу кезеңін бақылауға болады.Кеден мекемелерінің әу бастан қалыптасқан жүйесіндегі кедендік басқармалардың, кеденнің және кеден  бекеттерінің саны жағынан көлемі өсіп отырғанын, қызметкерлер сананың өсуі немесе төмендеуі, орталық кеден органының құқықтық мәртебесі өзгерістерге ұшырап отырғанын аңғарамыз.

Республикалық кеден қызметі Қазақстан Республикасының Кеден комитеті 1991 жылы 12 желтоқсанда құрылғаннан бастап, келесі қайта ұйымдастырулар арқылы әр түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырап отырды: 1992 жылы қараша айында Қаржы Министрлігінің Бас кедендік басқармасына, 1995 жылы сәуір айында Министрлер кабинетінің жанындағы Кеден комитетіне, 1995 жылы қазан айында үкімет құрамына кірмейтін, бірақ оған бағынатын, орталық орган статусы бар Қазақстан Республикасының Кеден комитетіне, 1997 жылдың қаңтар айынан бастап  Мемлекеттік кеден комитетіне, 1997 жылдың қазан айынан  Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетіне, 1998 жылдың қазан айынан бастап орталық кеден органының қызметі Мемлекеттік кіріс министрлігіне толығымен берілді. Оған келесі секілді негізгі міндеттерді орындау жүктелді: Қазақстан Республикасының фискалды және кеден саясатын құру және осы саясатты жүзеге асыру; кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру; Қазақстан Республикасы мүддесінің экономикалық қауіпсіздігін өзінің құзыры шегінде қамтамасыз ету; мемлекет алдындағы салықтардың, төлемдердің  және өзге де қаржы міндеттерінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету; мемлекетке зиян келтірген экономикалық қылмыстар және заң бұзушылықпен күрес.

Осы органдарды сипаттау кезінде олардың келесі негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:Конституцияның, заңның және өзге де заң актілерінің ережелері мен нормаларын ұйымдастыру мен жүзеге асырудан тұратын қызмет ретіндегі атқарушы биліктің мәнін көңілге ала отырып, кеден органдары атқарушы билік органы ретінде кеден ісі саласында атқарушы және жарлық қызметін жүзеге асырады.

Кеден органдарының атқарушы және жарлық қызметін жүзеге асыруы кеден ісін күнделікті тәжірибе жүзінде ұйымдастыру және жүзеге асыруынан тұрады.

Кеден органдары әр түрлі әдістер мен формаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін ұйымдастыру; кедендік төлемдерді өндіріп алу, кедендік ресімдеу мен бақылау саласында өз қызметтері мен өкілеттіктерін жүзеге асырады. Бұл бағыттар  кеден органдарының қызметінде негізгі болып табылады. Қызметтің бұл салаларында кеден органдары әкімшілік-атқарушы органы ретінде әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жарлық, сондай-ақ атқарушы-ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады. Қызметтің бұл екі түрі де өзара тығыз байланысқан және жиынтық түрінде біртұтастықты құрайды. Сонымен  бірге кеден органдарының жарлықтық қызметі өз ерекшеліктеріне ие, соның ішіндегі оның нормативтік сипаттары маңыздысы болып табылады. Ол,  кеден органдарының сәйкес заң актілерін қабылдауынан көрінеді. Атқарушылық қызметтері өзге де формаларда жүзеге асырылады.

Кеден органдарының құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруы олардың ерекшелігі болып табылады.Олардың сипаттамалары қосымша айқындауды  талап етеді. Жалпы алғанда кез-келген мемлекеттік органды құқық қорғау органдарына жатқызуға болады. Бірақ «құқық қорғау органдары» терминінің нақты түсінігі бар. Мұнда, әдетте, ішкі істер, сот, прокуратура органдары жатады.

В.М. Семенов құқық қорғау органдарының келесі анықтамасын жасады: «құқық қорғау органы – бұл демократиялық принциптерде заңның және сәйкес формалардың негізінде өздерінің бар қызметтерімен заңдылық пен құқық тәртіптілікті, азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және заң мен құқық тәртібін бұзған тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу мен әсер етулерді қолдануға бейімделген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар».

Кеден органдарының құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруы, көп жағдайларда кеден ісінің өз құрылымымен негізделген, сонымен қатар кеден ісі саласындағы барлық негізгі міндеттер мен өкілеттіктерді кеден органдары елдің мүддесін ескере отырып, оның экономикалық егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін нығайта отырып жүзеге асырады.

Кеден ісі мен кеден органдарының өзі бастапқыда кеден ісінің айрықша табиғаты мен құрылымына байланысты өз сипатына бойынша құқық қорғаушы болып табылады және көп жағдайларда осы сапада әрекет етеді.

Кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипаты едәуір нақты айрықша айқындыққа ие. Кеден ісінің кешендік сипаты онда біртектес емес элементтердің болуын айқындай түседі, соның ішінде құқық қорғау.

Кеден органдары құқық қорғаушы ретінде келесі белгілерімен сипатталады: кеден органдарының шешетін негізгі міндеттері олардың қызметінің құқық қорғау сипатын дәл және нақты анықтайды. Кеден ісі жайлы заң кеден саясатының мақсатын анықтайды, оны қазақстандық нарықты, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау үшін кеден органдары жүзеге асырады. Заңның бұл ережесі кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипатын ашуда негізгі бағдар болып табылатындығына күмән жоқ.

Кеден органдары жоғарыда тұрған атқарушы билік органдары арқылы жасалады, қайта құрылады және жойылады. Қазақстан Республикасының Кеден комитеті жайлы ережені 1999жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген. Комитет заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілетіне ие. Кеден органдары тану белгілері мен тану туына ие.

Кеден органдары қызметінің ерекшеліктері мен бағыттары жайлы барлық айтылғандар олардың келесі анықтамасын құрастыруға мүмкіндік береді: кеден органы – сипаты бойынша құқық қорғаушы болып келетін, мемлекет атынан әрекет ететін және билік өкілеттігі берілген, өзіне тән қызмет формалары мен әдістері арқылы өз міндеттері мен қызметтерін кеден ісі салаларында және сонымен байланысты облыстық басқармаларда орындайтын атқарушы билік органы. Кеден органдарының қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік-процессуалдық сипаттағы қызметтерді орындауы олардың атқарушы-жарлық, әкімшілік органы табиғаты мен қасиетін өзгертпейді, бірақ оларды өзге де құқық қорғау органдарымен жақындата түседі.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметтерін тиімді орындау үшін өзге құқық қорғау органдарымен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынаста болады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары оларға көмек беруге міндетті. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары өздері бақылау астына ала отырып, өз құзырындағы жеке әрекеттерді өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауына рұқсат береді.

Қазақстан Республикасының кеден органдары 1991 жылы желтоқсан айында  мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін және экономиканың дамуын, баждар мен салықтарды алу, контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күресуді, валюталық бақылау және кеден ісінің дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған /38/.

Өткен жылдар ішінде Қазақстанның кеден заңын құру бойынша белгілі бір жұмыстар орындалды, Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі жайлы» Заң күшіне ие жарлығы шықты.

Қазақстанның территориясында қазіргі заман талаптарына сай тек нақты екі кеден мекемесі әрекет етті.: Қарғос және Алматы кедені; Достық, Бахтинск, облыс орталықтарындағы бірқатар кедендер сыртқы экономикалық және сауда байланысын дамыту мүмкіншілігімен ашық болатын. Қайта ашылған кеден мекемелерінің жұмысшылары кәсіби дайындықтың алғашқы кезеңін өтіп үлгерді. Белгілі бір жағдайларға байланысты 1991 жылы Қазақстан территориясында көптеген кадрлар кеден мекемесіне кетіп қалды, кебір жағдайларда бұл кеден мекемелері басшылығының объективті жағдайларымен түсіндірілді.

Логикалық және психологиялық әдістердің негізінде талдау жасау кедендік бақылау шараларын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, кеден органдары тәжірибесінде тексеріп қарау түрін анықтау: қол жүгі мен жүкті;  көлік құралын; жеке;  қайта;  бақылап.  Кеден қызметі жұмысшыларының әрекеттері мәнді, тез және тиімді болуы керек, әйтпесе кеден органдары жұмыс істеуге құқықтары да, мүмкіншіліктері де болмайды. Халықаралық әуе жайларында, темір жол және автомобиль өткелдерінде жаппай тексеруді елестетіңіз, мұның салдары кезекте зарығып тұрған адамдар, ұшақтардың, поездардың жылжу кестесі бұзылады, уақытында жетпеген немесе бүлінген тауарлар. 

Немесе басқаша  тиімді бақылаудың жоқтығы еліміздің қылмыстық жағдайына әсерін тигізетін есірткі, тиым салынған заттардың кіргізу, шығару және транзитін, сыртқы сауда статистикасының дәлсіздігі, баждар мен салықтарды бюджетке толық ала алмау, мемлекеттің сауда-экономикалық саясатының дамымауы мен айқынсыздығы, соның салдарынан шетелдік  инвестициялардың іскерлік  белсенділігінің қысқаруын және нарықтың оқшаулануын  білдіреді.

Облыстық кеден басқармалары, ірі кедендер және шекаралардағы кеден бекеттері секілді ведомстволық кеден органдарының біртиптес құрылымы соңғы кездерде өзгеріп отыр. Атырау, Актау және еліміздің өзге мекен жайларында орналасқан «Барыс» теңіз кедені, республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Кедентранссервис», энергетикалық ресурстарды бақылау жөніндегі департамент  пайда болды.  Барлық кеден органдары мен оларға ведомстволық мекемелердің кедендік бақылау Агенттігі бекіткен өз атаулары бар кодтарға ие.

Кеден органдарының құрылымы мен штаттық қызметкерлер саны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі өкілетті орган бекітеді.Кеден бекеттері торабы сандық ұлғаюды қажет етіп отыр.

Қазақстанның құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері арнайы әскери атаққа ие, яғни осы органдардың жүйесінде және арасында  олардың құқықтық мәртебесін теңеуге және кейбір, әсіресе зейнеткерлік секілді, мәселелерді басқаша шешуге мүмкіндік береді.

 

1.2.  Кеден органдарының міндеттері

 

Кедендік бақылау Агенттігінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасау мен жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының территориясында өз құзыры шегінде біркелкі кеден саясатын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың басымдылықтарын алға қоя отырып, кедендік реттеуді ұйымдастыру және жетілдіру; кеден заңдарын ұстануды қамтамасыз ету, оларды қадағалау кеден органдарына жүктелген; кеден мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.

Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыра отырып, өз құзыры шегінде кедендік режимдерді құқықтық реттеу ерекшеліктерін анықтауға; өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан белгіленген тәртіппен сұраттыруға және алуға; заңда бекітілген тәртіппен басылым қызметімен айналысуға; белгіленген тәртіппен өнімге мемлекеттік тапсырыс беруші қызметін атқаруға; кеден ісі мәселелері бойынша координациялық сараптама кеңесі мен жұмысшы тобын құруға; өз құзыры шегінде мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен және азаматтармен Қазақстан Республикасында да, одан тыста да өзара қатынас жасауға құқылы. Қазір бұл орган жойылған, бұл Кеңестің қызметін Үкіметтің өзі атқарады.

Кедендік күзет пен режимдерді басқару мақсаттары мен міндеттерін кедендік күзет пен режимді ұйымдастыру бөлімі, арнайы бөлім, кезекшілік қызметі атқарады.

Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі жайлы Ереженің 10 пунктінде оның негізгі міндеттері мыналар екендігі көрсетілген: мемлекеттің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, Республикаға әкелінетін тауарлардан тұтынушылардың мүдделерін қорғау; кеден ісі саласындағы контрабандамен және өзге қылмыстармен күресуді енгізуді ұйымдастыру, кеден ережелерін бұзумен байланысты жұмыстарды жүргізу, халықаралық терроризммен күресуде көмек көрсету.

Кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипаты жайлы олардың орындайтын қызметтері куә болады. Кеден ісі жайлы заңда, кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден органдары құзырына жатқызылған істер бойынша сұрау алу органы екендігі көрсетілген. Олар, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заң нормаларын басшылыққа ала отырып, қылмыстық іс қозғайды және қылмысты жасаған тұлғаны анықтау және қылмыс іздерін бекіту бойынша жедел тергеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының кеден органдары заңмен қылмыс деп табылатын заңға қайшы әрекеттерді дайындағаны және жасағаны үшін тұлғаларды анықтау мақсатында оперативті-тергеу қызметтерін жүзеге асырады, сұрау алады.

Құқық қорғау органдары секілді, Қазақстан Республикасының кеден органдары да әсер етудің заңдық шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген қызметтерді орындайды, олардың қатарына, заңдарға сәйкес белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу және құқықтық өндіріп алу шаралары жатқызылады. Мысалы, кеден органдары қолданатын мәжбүрлеудің ең типтік шараларына, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаларды кедендік бақылау және қаржы-шаруашылық қызметін тексеру; кеден мақсаттарына қажетті құжаттар мен мәліметтерді тексеру; тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау; жеке тексеру, есепке алу және есептілік жүйесін тексеру.

Кеден ережелерін бұзғаны үшін кеден органдарының өндіріп алуларының ішінде келесі шараларға маңызды орын берілген: ескерту, айып салу, кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беру үшін кеден органдарының беретін лицензияның немесе біліктілік аттестатының әрекетін тоқтата тұру немесе қайтарып алу, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын заңмен бекітілген тәртіппен тәркілеу, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының  құнын сот ережесімен өндіріп алу, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын заттарды жасырып өткізу үшін пайдаланылған тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот ережесімен өндіріп алу.

Кеден органдары кеден ісі саласында қатаң анықталған құзырға ие. Заңмен бекітілген форма мен әдістер арқылы, кедендік реттеу құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу саласында өз қызметтері мен өкілеттіктерін орындайды, кедендік баждарды, салықтарды және өзге де кедендік төлемдерді алады,  кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізеді және т.б.. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті, Үкіметінен басқа ешбір мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының кеден органдары құзырына қатысты шешімдерді қабылдауға, сәйкес рұқсатсыз олардың қызметтерін орындауға немесе өзгертуге, оларға қосымша  міндеттер жүктеуге немесе басқаша айтқанда олардың қызметіне араласуға құқылы емес.

Кеден ісін жүзеге асыру барысында кеден органдарының қызметі өзінің құқықтық мазмұны бойынша жарлықтық болып табылады. Өздерінің құзыры шегінде олар кеден ісі бойынша құқықтық акт  шығарады, бұл акт барлық ведомстволық территорияларда әрекет етеді және төменде тұрған барлық кеден және өзге мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар меншік иелігіне және бағынуына тәуелсіз, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы міндетті. Жалпы кеден органдары өзіндік құқық қолдану және құқық қорғаудың кең өкілеттіктеріне ие.

Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің біркелкі жүйесінің ішінде бола тұрып, кеден органдары бұл жүйеде ерекше орынға ие. Бұл  ерекшелік олардың орындайтын міндеттері мен қызметтері арқылы анықталады. Жүктелген міндеттерді орындау, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының кеден органдарының атқарушы қызметінің ерекшелігімен ескертілген.

Кеден органдарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасау және жүргізуге қатысу;

Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңдарын сақтауды қамтамасыз ету, бұның орындалуын Қазақстан Республикасының кеден органдары бақылауы тиіс; өзінің құзыры шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сауда-экономикалық қатынастарда кедендік реттеу құралдарын қолдану; кедендік төлемдер мен салықтарды алу.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифсіз реттеу шараларын жасауға қатысу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдары өтуі кезінде рұқсат ету тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;  кеден ісі саласында контрабандамен және қылмыстармен, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ережесі мен салық заңдарын бұзумен күресу; кеден ісі саласында сыртқы экономикалық және өзге қызметтерге қатысушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау; өз құзыры шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауды және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттарын жасауға қатысу; шетелдің кеден және өзге құзырлы органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру; біркелкі бюджет саясатын жүзеге асыруға, материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу; өз құзыры шегінде ұлттық қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны сақтау шараларын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу; халықаралық терроризммен күреске және Қазақстан Республикасының әуе жайларында халықаралық азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласудың алдын алуға  көмек бер;  кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жылдамдатуға мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

Қазақстан Республикасының мүддесі үшін өте қажетті стратегиялық және өзге материалдарды шығаруына бақылау жүргізу;  кеден ісі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын және кеңес беруді жүргізу; осы салада мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін мамандардың біліктігін көтеру, дайындау  және қайта дайындау;заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік билік органдарына, ұйымдарға және азаматтарға кеден мәселесі жөнінде ақпараттар беру.

Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау қызметін, фискалдық сипаттағы қызметтерді және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыру жүктелген. Осы міндеттерді орындау үшін, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің, кедендік режимдердің, кедендік төлемдердің, кедендік ресімдеудің, кедендік бақылаудың негізгі принциптерін анықтау түрінде жеткілікті құралдарды кеден заңдарында қарастырған.

 

1.3. Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттік

басқару саласы ретінде

 

Егеменді Қазақстан үшін кеден саясаты сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласына бағытталған мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның кеден комитетіне Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында орналасқан бұрынғы ССРО кеден органдары берілді.

Нақты бақылаудың Қазақстаннан әртүрлі шикізаттарды кедергісіз шығарып әкетуге әсерін тигізе алмады. Мемлекеттік органдар бұл процесті елдің ішінде де, сыртында да тоқтата алмады.

Кедендік жүйе біртіндеп қалыптасып келеді, кедендік құқық құрылып, даму үстінде. Кедендік құқық пен кеден саласы 1995 ж. 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бөлшектенді.

Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуын ынталандыруға, оны сырттан келетін деструктивті элементтерден қорғауға бағытталған. Егеменді мемлекеттің ойластырылған және жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүдделерді сенімді жүзеге асырады, экономиканы құлдыраудан қорғаштайды, оның өсуіне мүмкіндік туғызады. «Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» 2 бабында елдің кеден саясатының келесі  мақсаттары анықталған:қазақстандық нарықты қорғау;қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау;экономиканың дамуын ынталандыру;экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмек беру;әділ бәсекелестікті марапаттау және монополизмге қарсы тұру;экспортты ынталандыру және импортты алмастыратын өндірісті марапаттау;шетелдік инвестицияларды тарту;сауда саясатының міндеттерін шешу;сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің орталық органдары анықтайтын өзге де мақсаттарды шешу.

1992 ж. 19 тамыздағы  127 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден қызметі жайлы» Министрлер Кабинетінің қаулысымен Кеден комитетінің маңызды міндеттері анықталды  іс-жүзінде қолданылуды қамтамасыз ете отырып, кеден саясатын жасау. Мемлекеттік кеден саясатының басты мақсаты – мемлекеттік бюджетті толықтыру. Егер оның мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болса, оның міндеті  ұлттық экономиканы дамыту. Сәйкесінше, тапсырма: экспорт пен импортты ынталандыру; құрылымдық қайта құруға көмек беру; ұлттық өндірушілерді қорғау; ал халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мына тапсырмаларды қарастырады:мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру;білімін, ақпараттылығын жоғарылатуға, ой-өрісін кеңейтуге, шетелдік халықтармен  достықты нығайтуға бағытталған халықаралық қатынаста азаматтарға, қоғамдарға және  ұйымдарға көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өздерінің сыртқы экономикалық қызметтерінде мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласы ретінде  белгілі бір мақсаттарға бағытталған:

  • әлемдік экономика жүйесіне интеграциялану;
  • ұзақ мерзімді стратегиялық сипатқа ие және оларды жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар кешенін орындауды талап ететін, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу.

Осыдан, екі топқа бөлуге болатын, алғашқы кезектегі міндеттер шеңберін анықтауға болады. Біріншісіне мыналар кіреді:халықаралық еңбек бөлінісіне тиімді кіру;әлемдік тауар нарығында өзінің орынын табу;сыртқы сауда да ұлттық экономикалық операторларға көмек беру.

Міндеттердің екінші тобы біріншісін толықтырады және келесі мәселелерді шешумен байланысты:экспортқа табиғи ресурстарды емес, дайын өнімді шығаруы басым экспортқа бағдарланған ел болу;отбасылық-топтық басыбайлығына тәуелсіз, барлық адамдар үшін заң ды міндетті, сыртқы сауданың өркениетті нормалары мен ережелерін, климатын қоғамда қалыптастыру;қоғамның, биліктің және бизнестің мәдениеті мен өркениетінің жалпы деңгейін көтеру.

Бірінші және негізгі мәселе, бүгінгі күні республикалық экспорт құрылымында  шикізат өнімдерінің басымдылығымен (96-98%) байланысты: түсті және қара металл, мұнай, минералды тыңайтқыштар. Осыған орай Қазақстанға, экспорттық потенциалының негізі болатын салаларды дамыта отырып, республикадан тыс елдерде тұтынуға дайын болатын, бәсекеқабілетті  соңғы өнімдердің  өндірісін өсіру қажет. Оларға тағам өндірісі, электрондық және машина құрылысы саласының, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін жатқызуға болады.

Қазіргі кезде Үкімет тарифтік және тарифсіз реттеудің әртүрлі тәсілдері арқылы  шамалы протекционизмдік саясат жүргізуде, ол экспорттық баждарды алып тастау мен импорттық кеден тарифтерін қолдануды кеңейтуден көрінеді.Отандық өндірісті қорғау үшін, ұлттық шығындардың қай деңгейін экономикалық тұрғыдан негізделген деп және шетелдік бәсекелестіктен белгілі бір қорғауды талап етеді деп тануға болады. Әрине, мұндай қорғауды жеке-дара шығындары орташа ұлттық деңгейден асық келетін, техникалық тұрғыдан артта қалған кәсіпорын мен өндірістерге қатысты болуы мүмкін емес. Осыдан, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кеден құрылымдарының рөлі өседі.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономика сәтті қызмет етіп, қарқынды дами алатын жағдайларды жасаудан тұруы керек. Ол үшін экономикалық тиімді шарттармен өндіріс ресурстарына өндірушілерді жіберуге кепіл ету қажет, сондай-ақ  олардың өнімін сыртқы  нарықтарда сату үшін мүмкіншілік жасау керек. Сонымен бірге осы механизмде, республикадағы мемлекеттік реттеудің тікелей органдары ретінде кеден органдары реттеуші рөлді атқарады.

 

1.4. Кеден органдарының құқық қорғау қызметтері

Қазақстанда белгіленген кеден ережелері Кеден одағы елдерінде және кейбір жағдайларда – ТМД-да әрекет ететін нормаларға ұқсас келеді. Ережелерді бұзу қарқыны осы құбылыстың белгілі бір тұрақтылығының сақталғаны жайлы куәландырады.

Кеден заңнамаларында қарастырылған кеден ережелерін бұзудың 40 құрамы мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі  қарастырылған 209, 214, және 250 баптары жеткілікті заң блогын құрайды, бірақ Қазақстан территориясынан тыс шығарылған Қазақстан және шет ел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игілігін құрайтын заттардың республика территориясына  қайтарылмауы секілді құқық бұзушылық ескерілмеген.

Кеден заңнамалары жақсы болашаққа және резервке ие, себебі халықаралық нормалардың жетістіктеріне негізделген; тек заңды қолдану тәжірибесін үнемі жетілдіріп отыру керек.

Кеден құқығы мемлекеттің және кедендік қатынасқа қатысушы өзге мүшелердің мүдделеріне жауап беретін кедендік реттеудің  қажеттіліктерімен байланысты белгілі бір бағыттыққа ие болу жеткілікті. Осыған байланысты жоғарыда айтылған кедендік әкімшіліктендіру алғашқы мәніне ие болады.

Басқаша айтқанда,  — бұл тауарларды кедендік шекарадан өткізген жағдайда, кедендік режимдерді анықтаған жағдайда, кедендік төлемдерді есептеген және алған жағдайда, кедендік ресімдеген және кедендік бақылау кезінде,  жауапкершілік мәселелерін жүзеге асырған жағдайда процедуралық және бақылау әрекеттері мен шараларын қамтамасыз ету бойынша қызметтер болып табылады.Кедендік заңнамада қарастырылған кедендік әкімшіліктендірудің төмендегідей мүмкіншіліктері толығымен пайдаланылмайды:делдалдық қызметтерді көрсету;кеңес беру және ақпараттандыру, белгілі бір процедуралардың жеңілдетілген тәртібі және т.б.

Рас,  сонымен бірге кеден органдарының өз өкілеттіктерінің бір бөлігін өзге органдарға беру қауіпі бар,  ал бұл әр түрлі заң бұзушылық пен қиянат етуге алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда кеден заңнамасы заңның жеке саласы ретінде  кеден аясының қызмет етуінің тәжірибелік аспектілеріне әсер етуі тиіс.

Кеден заңының бағытталған мақсатына тоқталайық. Осылайша, профессор Сәрсембаев М.А. келесіні бөліп көрсетеді /37/ :

  • кеден саясатын шынайы жүзеге асыруға көмек бере алатын құрылымдарды республикада кеден ісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • құрылған кеден мекемелерінің қалыпты және тиімді жұмыс істеуі үшін сәйкес жағдайларды жасау;
  • кеден қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан азаматтарының құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету және қорғау;
  • қазіргі заманғы халықаралық құқықтың субъектісі ретінде, мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, сыртқы экономикалық мүдделерін қорғау және сақтау.

Әлібеков С.Т. бұл тізімге кеден аясы мен кеден саясатының ғылыми доктринасын, кеден заңнамасының және кеден аясының  даму жағдайы мен жолдарын  теориялық негіздеу, білікті мамандарды даярлау үшін білім беру пәні ретінде кедендік құқық  әзірлемелерін пайдалануды қосты /22/.

Кеден саласында жоғары білікті мамандар жұмыс істеуі керек, сонымен бірге оларды қабылдауды психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және өзге критерияларын ескере отырып жүргізу керек.Қазақстанның кеден саласы, оның қоғамға және азаматтарға мәдени түрде қызмет ету қажеттіліктеріне мемлекет жағынан  көңіл бөлгенге лайық.

Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға алғашқы өзіндік жеке заңдарды және егеменді Қазақстанның бірінші Конституциясын (1993 ж.)  қабылдау себеп болды. 1995 жылғы Конституция жаңа мемілекеттіктің  фундаменталдық негізін мығымдады, қоғамдық дамуды реттеуге және бағыттауға арналған біркелкі мемлекеттік биліктің әрмен қарай құрылуына мүмкіндік туғызды.

Кеден  ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіппен тәркілеу, кеден  ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын заттарды жасырып, кедендік шекарадан өткізу үшін қолданылған,  арнайы жасалған құпия орыны бар тауарлар мен көлік құралдары мемлекеттік бюджетке мәжбүрленген қайтарымсыз айналымға жатады және жазалаудың негізгі немесе қосымша түрі ретінде қолданылады.

Кеден  ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын заттарды жасырып, кедендік шекарадан өткізу үшін қолданылған,  арнайы жасалған құпия орыны бар тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот тәртібімен өндіріп алу қылмыс жасалған күнінде тауарлар мен көлік құралдарының нарықтық бағасын құрайтын ақша сомасын мәжбүрлеп мемлекеттік бюджетке өндіріп алуға жатады және жазалаудың негізгі немесе қосымша түрі ретінде қолданылады.

Кеден  ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарларды тасымалдаған көлік құралдарын тәркілеу «Кеден ісі жайлы» Кодекстің 254 бабында қарастырылған, бірақ кеден ережелерін бұзғаны үшін салынатын санкцияларда жоқ. Жалпы, кеден  ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын заттарды жасырып, кедендік шекарадан өткізу үшін қолданылған,  арнайы жасалған құпия орыны бар тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу «Кеден ісі жайлы» Кодекстің тоғыз бабының санкцияларында қарастырылған (баптар 270,277,282,284,287-291).

«Кеден ісі жайлы» Кодексінде кеден ережелерін бұзғаны үшін өндіріп алулардың мерзімі анықталған: ескерту, айыппұл, лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу және тоқтата тұру анықтаған күннен бастап жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғалар үшін екі айдан кешіктірілмейді, ал заңды тұлғалар үшін  алты айдан кешіктірілмейді; тәркілеу және өндіріп алу кедендік заң бұзуды жасаған немесе анықталған уақытқа және олар негізгі немесе қосымша өндіріп алу болып табылатындығына тәуелсіз жүргізіледі.

Кедендік заң бұзуды анықтаған күн ретінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары нақты заң бұзуды тікелей анықтаған күнді немесе белгіленген бір күнде кеден ережелерін бұзудың белгілерін көрсететін жетерліктей мәліметтері бар материалдардың болуын анықтаған күнді жатқызады. Мерзімді  санау қылмыстық істі қозғауға қабыл алмау немесе тоқтату жайлы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кеден ережелерін бұзу белгілері болған жағдайда да жүргізілуі мүмкін.

Кедендік заң бұзу үшін салынған өндіріп алу мерзімінің жүрісі тоқтатылуы мүмкін, егер тұлға мерзім аяқталғанға дейін жаңа кедендік заң бұзуды жасаса.

Өте маңызды мәселе – кеден ережелерін бұзғаны үшін  әсер ету шараларын қолдану кезінде заңдылықты қамтамасыз ету. Кедендік заң бұзғаны үшін  қолданылатын әсер ету шараларына, Қазақстандық заңнамаларда қарастырылған негізден және тәртіптен басқаша жолмен ешкім тартылмауы керек.

Жоғарыда айтылған талаптарды сақтау былай қамтамасыз етілуі керек:

  • жоғары тұрған кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғалары жағынан жүйелік түрде бақылануы;
  • прокурорлық бақылау;
  • кедендік заң бұзу жайлы істер бойынша кеден органдарының қаулысына, сондай-ақ кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының кез келген шешімдерін, әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін шағымдану құқығымен.

«Кеден ісі жайлы» Кодексі кеден ережелерін бұзу жайлы  істің өндірісі  және қарастыруы кезінде, сонымен қатар өндіріп алу жайлы кеден органдарының қаулысын атқару кезінде заңнама талаптарын қатаң ұстануды бұйырады.

Осылайша, кедендік қатынастарды реттеу саясаты біздің республикамыздың мемлекеттік құқық қорғау органдары ретінде кеден органдары алдында тұрған мақсаттары, арнауы және міндеттерімен барлық уақытта байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ КЫЛМЫСТЫҚ МӘНІ

 

2.1. Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері.

 

“Контрабанда” термині итальяндық “contrabando” сөз тіркестерінен (“contra”-қарсы,  “bando”- үкімет жарлығы) шыққан. Түсіндірме сөздік бойынша мемлекеттік кеден арқылы “кеден заңдарын бұзып, тауарларды және басқа заттарды құпия түрде жеткізу” деп түсіндіріледі. Шекара арқылы тасымалданатын жүктер мен әртүрлі заттарды тасымалдау тәртіптері әртүрлі реттеледі.  Бірақ, кез- келген мемлекет оны өзінше реттейді.

Біздің еліміздегі кеден ісі — Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ж. 20 шілдеде жарияланған, “Қазақстан Республикасындағы кеден істері туралы” Жарлығымен, 1993ж. 13 қаңтарда жарияланған “Қазақстан Республикасының шекарасы туралы” Заңының 1-бабымен реттеледі. Сонымен қатар, қолданыстағы заңдар кеден ісіне қол сұғулардың бірнеше түрлерін анықтайды, олар — қылмыстар мен айптар. Екеуі де шын мәнінде, кеден ережелерін бұзу деп саналады, бірақ бөліну критерийлері,  құқық бұзушылардың келтірген зиянының көлемін анықтайтын,  қоғамға әкелетін  қауіптілігінің дәрежесіне байланысты.

Қоғамға әкелетін  қауіптілігінің қауіптілік дәрежесі – қатаң құқық бұзулар, қылмыс  деп саналады. Қылмыскерді жауапқа тарту тәртібі кылмыстық құқық нормаларымен реттеледі. Әкімшілік құқық бұзу болып, кеден ережелері мен тәртіптерін бұзу болып табылады, оны негіздеу және жауапқа тартудың тәртібі — кеден заңдарының нормаларымен реттеледі.

Кеден саласындағы құқық бұзудың басқа тобы — кеден органдарының қалыпты қызметіне кедергі келтіретін, әкімшілік құқық бұзу. Бұл істерді қарастыру тәртібі кеден заңдарының нормаларымен реттеледі, ал ол реттей алмайтын бөлікті, әкімшілік құқық бұзу заңдарына сәйкес реттеледі.

Солай, кеден ісіндегі құқық бұзулар болып, мыналар саналады : қылмыстар; кеден ережелерін бұзу; кеден органдарының қызметіне нұқсан келтіретін, әкімшілік құқық бұзу. Құқық бұзудың жалпы, жүйесінің, соның ішінде, қолданыстағы заңдарды бұзу қылмыстары 40 кеден ережелерін бұзу құрамдары, 3 кеден қылмысының құрамы бар екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, контрабанда түріндегі қылмыстар екі бапта қарастырылған: 209 және 250 ҚР ҚК 1997 жыл. (“Экономикалық контрабанда” және “Айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттар”)

Қылмыстың кез- келген түрі, ақырғы нәтижесінде қоғамның өмір сүрудің экономикалық жағдайларына, белгілі азаматтар мен қоғамның қабатының өрескел тәртіптерін тыю үшін әкімшілік қоланатын әдістері мен құралдарына байланысты. Қоғамдық қарым-қатынас түсініктерін өзгерту -қылмыс түсінігін өзгертіп, сонымен қатар, қылмыстың жағдайы, структурасы мен қарқынына әсер етеді, бұл құбылыстарға, тарихи және әлеуметтік жағдайлар себепкер болып табылады.

Қазақстан экономикасын құрудағы шешуші рөл атқаратын, маңызы зор салалардың бірі —  сыртқы экономикалық қызмет болып табылады. Жаңа сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың көптеген негативті жағдайлары мемлекетке елеулі, тіпті, орны толмас экономикалық зиян келтіретін, сонымен бірге, кедендік, қылмыстық, әкімшілік заңдарды бұзушылықтың санының өсуіне әкеліп соғады.

Стратегиялық шикізат қоры мен энергоресурстарға бай Қазақстан Республикасы үшін, экономикалық контрабандаға қарсы күресу өзекті мәселе болып табылады. (ҚР ҚК 209-бап). Экономикалық контрабанда, мемлекеттің экономикасын тұрақсыздандырады, біздің қоғамның өткізетін мемлекеттілік негіздің экономикалық реформаларын орындалуын тежейді, лауазымды қызметкерлерді, ұйымдасқан қылмыс масштабына өсетін, заңға қайшы іс-қимылдар жасауға итермелейтіні баршаға мәлім.

Контрабанда санының өсуіне байланысты,  оған қатысты жауапкершілікті күшейту қажеттілігі туғандықтан, 1995 жыл 17 наурызда жарияланған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының кейбір заңдар актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Жарлығында Республиканың Қылмыстық кодексінің 64 бабы өзгертілді, онда контрабанда түсінігіне мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан кеден бақылауынан тыс немесе жасыру арқылы, немесе жалған  кеден құжаттары мен басқа құжаттарды пайдалану арқылы, аса ірі көлемде тауарлар мен басқа құндылықтарды алып өту жатады деп анықталды. ҚК 64 бабының жаңа басылымында, контрабанда түсінігін анықтау кезінде, “кеден шекарасы” термині қолданды.

Онда  айтарлықтай, бұдан да басқа, контрабанданы сұрыптайтын белгілер анықталған:Біріншіден, қоғамқа қауіптілік дәрежесіне байланысты, төрт топқа бөлінген;

Екіншідін, “бұдан бұрын контрабанда үшін жауапқа тартылған тұлғаны” тағы да контрабанда жасағаны үшін, жауапкершілігін күшейту;

Үшіншіден, “аса ірі көлемдегі” контрабанда жасағаны үшін жауапкершілікті анықтау;

Төртіншіден, осы қылмысты “тұлғалардың ұйымдасқан тобымен” жасағаны үшін жауапкершілікті (Республикада ұйымдасқан түрдегі қылмыстардың санының өсуіне байланысты) енгізу.

Есесіне, қарастырылған баптан, “арнайы қоймаларда сақталған тауарлар мен заттарды жасыру” белгісі алынып тасталды. Жоғарыда айтқандай, 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда іске қосылған Қазақстан Республикасының Жаңа Қылмыстық кодексі контрабанданың екі түрін қарастырады, олар: экономикалық контрабанда (209 бап), айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттар (250 бап). Экономикалық контрабанда қылмысы “Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар” тарауында қарастырлады, ал айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарға байланысты мәселелер “Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған қылмыстар” тарауында қарастырлады.

Жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкес, “экономикалық контрабанда”,бұл — “аса ірі көлемде тауарлар мен 250 бапта қарстырылғандардан басқа, өзге заттарды мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан кеден бақылауынан тыс немесе жасыру арқылы, немесе жалған кеден құжаттары мен басқа құжаттарды пайдалану арқылы, немесе кеден шекарасынан өткізудің арнайы ережелері қарастыратын, кеден шекарасы арқылы өткізуге тиым салынатын немесе алып өтуді шектейтін тауарлар, заттар мен құндылықтарды алып өту кезінде оларды мағлұмдамау немесе жалған мағлұмдау”/7/.

Бұл баптың екінші бөлімі контрабанданы сұрыптау түрлерін қарастырады, бұлар: бірнеше мәрте; қызметтік жағдайын пайдаланған лауазымды қызметкер; кедендік бақылау қызметін атқаратын тұлғаға зорлық көрсету арқылы.

Бұл баптың үшінші бөлігі осы қылмысты ұйымдасқан топпен жасаған жағдайындағы жауапкершілікті анықтайды. Бұрынғы республиканың қылмыстық заңдарынан гөрі, ҚР ҚК 209 бап және 250 баптарында аталған, контрабанда жасағаны үшін жауапкершілікке тарту, қоғамға қауіпті істердің және әлеуметке қарсы түсінігінің заң болмысын айқынырақ бейнелейді. Контрабанда жасағаны үшін жауапкершілікке тартуды қарастыратын ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа басылымы Қазақстандық құқықтық жүйенің, соның ішінде, кеден заңдарының, логикалық жалғасы болып табылады. 1995 жылы 20 шілдеден № 2368, 1995 жылы 29 желтоқсан № 2703, 1996 жылы 26 қаңтар, № 2824 бастап өз күшіне енген, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарынан бастап, және ҚР заңдары 1996 жылы 22 қараша № 47-1, 1997 жылы 9 маусым № 116-1, 1997 жылы 30 маусым № 139 –1, 1998 жылы 15 көкек № 217-1, 1998 жылы 22 желтоқсан № 327 –1, 1999 жылы 16 шілде № 426-1 бойынша, кеден саясаты мен кеден ісін жүргізудің жаңа тәртіптері орнатылды.

Берілген қылмыстың объектісі болып, кеден бақылауының, кеден шекарасы арқылы жағдайлары, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері, егемендігі мен қауіпсіздігі орнатқан тәртіптері болып табылады.

Экономикалық контрабандаға, қылмыс құрамының туынды және тікелей объектісін дұрыс анықтаудың үлкен маңызы бар, олар заң әдебиеттерінде әртүрлі жазылған. 2000 жылы шыққан Қазақстан Республикасының Қылмыстар Кодексі оқулығының авторлары (негізгі бөлім) мынаны жазады: “контрабанданың негізгі объектісі болып мемлекеттің Қаржы қызметі болып табылады” – деп айтылған.  Солай, кейбір авторлар контрабанданың туынды объектісі болып, сыртқы сауданың монополиясы табылады деп тұжырымдайды, екіншілері – ол мемлекеттік басқарудың негіздері деп санайды, ал үшіншілері – шаруашылық қуаттылықтың негізі деп санайды. 

Н.А.Беляев анықтағандай, бұл қарама — қайшылықтардың себебі, бұрынғы кеңес одағындағы республикалардың ҚК кейбір тараулары дербес болып, және ол қылмыстық қол сұғудың объектісі бойынша емес, Негізігі бөлімнің біртұтас құрылым критерийлерінің сұрыптануына байланысты алынған /25/.

А.Н.Ералин мен К.А.Бакишев “қарастырылатын қылмыстың туынды объектісі болып, мемлекеттің экономикалық мүддесі саласындағы қоғамдық қарым- қатынастар табылады” дейді/26/.

Тікелей контрабанданың объектісінің тұжырымдағы және тәжірибедегі мәселелері одан да бетер даулар туғызды.

В.В.Лукьянов  объектінің екіге бөлінуінен шыға отырып, негізгі тікелей контрабанда объектісі деп сыртқы сауданың монополиясын санайды, ал қосымша деп – мемлекет шекарасы арқылы жүктерді алып өту тәртібін санайды /28/.

А.Н.Ералин мен К.А.Бакишев “тікелей контрабанда объектісі болып, бюджетке кеден баждары мен алымдардың түсуін қамтамасыз ететін тауарлар мен құндылықтарды, сонымен қатар, кеден шекарасынан алып өтетін өзге де заттарды алып өтудің белгілі бір тәртіптерін реттейтін қоғамдық қарым – қатынастар табылады, өйткені біз қарастырып отырған қылмыс алдымен, заттардың кеден арқылы алып өту тәртібінің бұзылуына әкеледі”.

Б.Г.Саматова Қазақстан рыногы — тікелей контрабанда объектісі деп санайды. Ол, сонымен қатар, тағы да тікелей контрабанда объектісін ерекшелейді, ол нормативтік актілері белгілеген ҚР шекарасы және кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың тәртіптерін мезгейді, өйткені, бұл жағдайда, контрабанданы жасағанда, ҚР шекарасы және кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың тәртіптері бұзылады.

Солай, жалпы пайымдау бойынша, кез- келген қылмыстың тікелей объектісі болып, барлық қылмыстық жауапкершілікке тартылытын, қоғамдық қарым- қатынастарының тәртіптерін бұзушылық болады, арнайы немесе туынды —  біртектілік белгілері бар немесе белгілі бір салаларда өмір сүретін  қоғамдық қарым- қатынастарының белгілі бір бөлігі немесе топтары болады.

Бірақ, “қоғамдық қарым-қатынастардың” жалпы категориясын “тікелей” деген түсінікке қолдану, біраз түсінікіздер тудырып, бірталай келеңсіздіктерге әкелді. Солай, қылмыстық құқық оқулықтарында әдеттегі келесі тұжырым басым болды, ол  “тікелей” объекті деп, “ нақты қоғамдық қарым- қатынасқа қарсы бағытталған белгілі бір қылмысты” түсіну керектігі. Бұндай анықтаманың қалпын анықтау қиындықтар туғызбайды. Қылмыстың “тікелей” объектісін, “ заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қарым- қатынасқа қарсы бағытталған белгілі бір немесе бірнеше қылмыс” деп, санайтын тұжырымдар да кездеседі. Бұл “тікелей” объект — нақты қоғамдық қарым- қатынас емес, қоғамдық қарым- қатынас жиынтығы деген тұжырымдаманы ойға салады. Бұл ретте бір сұрақ туындайды, ол, арнайы немесе туынды объектісі мен “тікелей” объектісінің арасындағы айырмашылық неде? Бұндай “тікелей” объектіні түсіндірудегі шым-шытырық әлі күнге дейін ғылыми әдебиеттер бетінде ғана емес, оқулықтарда да көптеп кездеседі, ол әдістемелік құралдарын жалпы, ерекше, бір бөлек (жалғыз) диалектикалық категорияларын дұрыс пайдаланбаудан туындаған қателіктер. Бұның басты қателігі, көптеген авторлар қылмыстың “тура қатысы бар” объектісін “жалғыз” деп түсіндіргісі келіп, “бір бөлек” түсінігін қолданатыныда. Сонымен бірге, “бір бөлек” – бұл, “жалғыз” емес. Ақырғысы – нақты жағдайларда, нақты белгіленетін бір бөлектіліктің шынайы белгісі.

Бұл түсінбестіктер қылмыстық объектілерді классификациялауға жалпы, ерекше, бір бөлек (жалғыз) түсініктерін, қоғамдық қарым- қатынастарды – мүддені, анықтағанда пайдалануға болмайды.

Мүдде – бұл да қоғамдық қарым- қатынас, бірақ оның нақты түрі. Мәселе мынада, тасымалдаушы қарым-қатынастарынсыз және олардың мүдделерінің қарым- қатынастарынсыз, қоғамдық қарым- қатынастардың да болуы мүмкін емес. Қоғамдық қарым-қатынастар қоғамдағы адамдардың байланыстарының алуан- түрлі жиынтығын бейнелейді. Нақты тұлға, бұл жерде, осы қарым- қатынастардың барлығының материалды субстраты болып табылады, басқа адамдармен алуан- түрлі байланыстарға кіріп, өзінің жеке қызметінде оны пайдаланады. Сондықтан, қоғамдық қарым- қатынастар туралы тек,  мүдде өзінің тасымалдаушысына, немесе,  қоғамдық қарым- қатынастар мүшесіне қалай қатынасады деп байланыстыру керек.

Мүддеде тек өзінің тасымалдаушысының ғана емес, “объектісі” де бар- бұл, әлеуметтік бағалы құндылық, оларға байланысты, мүдде субъектілері  арасында да байланыстар  бар.

Қоғамдық қарым-қатынастардың нәтижесі болып табылатын мүдделер, “қабыршақ” атты, белгілі бір құқықтық түрде болуы керек.Ол болмаса – қылмыстық объект қалыптаспайды.  Бұзылатын қағида немесе заңды, қорғалатын қоғамдық қарым- қатынастардан бөлектеп алуға болмайды. Қылмыскер қалыптасқан құқықтық ережелер мен заңдарды бұзып, объектіге қол сұғады. Мүддені осылай түсіну, қылмыстың арнайы немесе туынды түсінігін ғана емес, тікелей объектісін де нақты түсінуде маңызды рөл атқарады.

Солай, қылмыстардың барлығы, қорғалған қылмыстық заңдарға, сонымен қатар, қоғам тұлғалары мен мемлекет мүдделеріне өз залалын тигізеді.

Объектілерді классификациялаудың келесі дәрежесі бізді нақтырақ мүдделерге және нақтырақ субъектілерге (тасымалдаушы) әкелуі мүмкін.

Қылмыстың арнайы немесе туынды объектісі болып, мүдделердің белгілі бір топтары да болуы мүмкін. Бұл қағиданы әрқашан Қылмыстық Кодекстің, ҚК негізгі бөлігінің тарауларында біріктірген және құрылған нормаларымен, “бір тектес” қылмыстарды біріктіретін, дербес болып табылатын, Негізгі бөлімдерінің топтарымен расталуы тиіс.

Бұл топтамалар, арнайы болып мына жағдайларда анықталады: қоғамдық қарым-қатынастар негізінде жатқан, қылмыстық құқық нормаларымен қорғайтын мүдделер, мінез- құлқы жағынан және мазмұнына қарай тығыз байланысты, біртектес болып табылады. Олардың ерекшелігі олардың біртекті мүдделерді қанағаттандыруға бағытталуы. Әлеуметтік мәні бар, сондықтан қылмыстық заңмен қоғалатын, мүдделердің біртектес ерекшелігі, кездейсоқ емес, шынайы өмір сүретін және қоғамның санасындағы мүдделер және анықталған объективті критерийлер негізінде қаланады. Олардың ақырғыларының ішінде, қылмыстық- құқықтық қорғаудың объективті жағының мазмұнын анықтайтын, үлкен рөлді атқаратын мүдделердің түйісуі немес ұқсастық сәті ғана емес, сонымен қатар, субъектілер — қоғамдық бағалы мүдделердің тасымалдаушысы ретіндегі мүшелердің тепе — теңдігі және ұқсастығы.

ҚК негізге бөлімінің негізгі тараулары осындай: “тұлғаға қарсы, жанұя және кәмелетке жетпеген балаларға қарсы, адам мен азаматтың конституциялық және басқа құқықтарына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылым негіздері және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы, коммерциялық және басқа ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы , халық денсаулығы және өнегелілікке қарсы, экологиялық және транспорттық қылмыс, әділеттілік және жазаларды орындау тәртібіне қарсы, әскери қылмыстар”.

Қылмыстық кодекстегі туынды объектіні әрі қарай анықтағанда, топтық қана емес,  қылмыстың топшалық та нормалары құрылуы мүмкін.

Бұл жағдайларда процесс екі бағытта жылжиды: мүдде субъектісі бойынша және мінез- құлқы бойынша немес қорғалған мүдденің өзінің мазмұны бойынша. Тікелей объектіні айта кетер болсақ, ол қандай , кімнің мүддесі нақты бір іс-қимылмен бұзылғанына (әрекетпен, әрекетсіздікпен) байланысты, анықталады. 

Былайша айтқанда,тікелей объект тек қана берілген қылмыс құрамын анықтау үшін, әр кезде алдын- ала немесе сот тергеуімен анықталады. Сонымен, экономикалық контрабанданың туынды объектісі болып, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің мүдделері табылатынын тұжырымдауға болады, ал бұндай қылмыстың тікелей объектісі болып кеден органдарының қалыпты қызметіне, оның мүдделеріне қылмыс жасау кезінде келтіретін зиян табылады.

Контрабанданың объективті жағдайларын белсенді әрекет анықтайды, немесе, бұл кеден шекарасы арқылы тауарлар мен басқа заттардың өтуін білдіреді. ҚК 209 бабының диспозициясында орын ауыстыру түсінігіне байланысты нақты анықтамалар берілген, бұл келесілерден тұрады:

— кеден бақылауынан тыс тауарлар мен басқа заттардың өтуі;

—  кеден бақылауынан жасыру арқылы өткізу;

— құжаттарды немесе кедендік идентификациялау құралдарын алдаушылық жолмен;

— ҚР кеден шекарасы арқылы өткізуге тиым салынатын немесе алып өтуді шектейтін тауарлар, заттар мен құндылықтарды алып өту кезінде оларды мағлұмдамау немесе жалған мағлұмдау;

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік заттарын келесі бекітілген ережелерге сәйкес орындалуы тиіс, бұл: Президенттің “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы”заң күші бар Жарлығы. Тауарлар, басқа заттар мен құндылықтарды кеден арқылы заңсыз өткізу кеден территориясына әкелумен қатар, осы территориядан әкетіле алады, бұл  1997 жылы 18 шілдеде өткізген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумында қабылданған “Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту заңдарын қолдану тәжірибесі туралы” № 10 Қаулысында қарастырылған.

Әкелу мен әкету түсініктері контрабанда заттарының әртүрлі жолдармен өтуін мезгейді ( кез – келген көлікпен, сонымен қатар, ауамен жеткізу, поштамен жіберу, қолмен, киімдегі қалтада, қол жүгі ретінде алып жүру және т.б.). Контрабанда заттарын кеден арқылы заңсыз өткізу – тәртіппен өткізу пунктері арқылы өтумен қатар, басқа жерлермен, заңдастырусыз жолмен жасалады.

Кеден бақылауынан тыс, контрабанда заттарының немесе басқа құндылықтарың өткізу  түсінігі, кеден органдары анықтаған жерлерден тыс –кедендер, кеден постілері, уақытша постілер – ауысудардан немесе кеден органдарының белгілеге`н кедендік лауазымды қызметкерлердің ресімдеу уақытынан тыс орындалуын білдіреді.

Кеден бақылауынан ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен басқа заттарды алып өту, оны табуды қиындататын, сонымен қатар, арнайы кұпиялық қоймаларды пайдалану, жасырудың кез-келген әдісін білдіреді. Құжаттарды немесе кедендік идентификациялау құралдарын алдаушылық жолмен пайдалану — кедендік органдарға тауарлар мен басқа заттарды алып өтуге негіз ретінде жасанды (өтірік) құжаттармен, басқа тауарлар мен заттарға қатысты немесе шынайы емес мәліметтерден тұратын құжаттарды табыс етуді білдіреді. Бұндай алдаушылыққа жалған плобаларды, мөрлер, цифрлік, әріптік немесе басқа маркировканы , идентификациялайтын фотосуреттер мен белгілерді табыстау кіреді.

Кеден мағлұмдамасы — кеден заңдарының талаптарына сәйкес, кеден органын уәкіліне табысталған уақыттан бастап, заңдық мәні бар фактілерді куәлендіретін құжат болып табылады.  Жалған мағлұмдау — тауарлар мен басқа заттарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша емес, кеден мағұлымдамасын, ережелерге сәйкес беру міндеттемесін толық  орындамау болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстың “бұйымдық” мәселелесі даулы болып табылады. Көпшілік ғалымдардың мойындауымен, қылмыстың заты болып, сандық және көлемдік жағынан танымал бола алатын, және шынайы есептеуге болатын материалдық заттар табылады. Сондықтан, өткізілетін контрабанда тауарлары аса ірі көлемдегі болып, құндылықтар құны бір мың айлық есептік көрсеткішінен жоғары болғанда саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ж. 20 шілдеде жарияланған, “Қазақстан Республикасындағы кеден істері туралы”  18- заңының 18 бабына сәйкес, товар түсінігіне “материалдық әлемнің барлық жылжытуға болатын заттары,  сонымен қатар, валюта, валюталық құндылықтар, жылулық және басқа энергия түрлері және 21 бабында аталған транспорт көлігінен, басқа, өзге транспорт көлігі” жатады. 21 бабында аталған транспорт көлігін “халықаралық тасымалдау және тауар тасымалдауға пайдаланатын, контейнерлер мен басқа кез – келген көлік ” білдіреді /2/.

Одан басқа, контрабанда заттары болып кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тиым салынған немесе оған байланысты кеден шекарасынан өткізудің арнайы тәртіптері белгіленген заттар мен құндылықтар бола алады.

Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетімен 1993 жылы 19 ақпанда қабылданған “Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тасымалдану тәртібі және мағлұматтандыру туралы” Қаулысының №5 қосымшасы бойынша, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тиым салынатын заттар тізімі анықталды. Оған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты тұрақсыздандыруға бағытталған, соғысты, ланкестікті, зорлық, нәсілшілікті,  баспа және бейнелеу материалдары, сонымен қатар, порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер өнімдері, көнелік заттары, немесе мәнді сурет, тарихиғ ғылыми немесе мәдени құндылықтары, есірткіге жатпайтын дәрілік өсімдіктер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс және жоғары жиілікті кұралдар, асылтасты шикізат түрлері (қымбат асыл тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдарды, палеонтологиялық қалдықтар, автомотокөлік кұралдар жатады.

Астыртын әкелу мен әкету кезінде қылмыс шекараны өтуінен бастап жасалған деп саналады, ал заңдастырылған әкелуде — кеден құжаттарының рәсімделіп болғанынан кейін, заңдастырылған әкету кезінде — кеден құжаттарының рәсімделіп болғанынан кейін, ал арнайы тәртіптер орнатылған заттар үшін – кеден бақылау процедурасы аяқталғаннан кейін жасалған деп саналады.

Қазақстан Республикасының кеден территориясына құрлық территориялары, территориялық сулар, ішкі сулар және олардың үстіндегі әуе кеңістігі жатады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кеден территориясына теңіздік төтенше экономикалық аймақтарындағы жасанды аралдары, құрылғылары, ғимараттар мен басқа да, кеден ісіне қатысты төтенше заңдылығын иемденетін объектілер жатады.

Қазақстан Республикасының территориясында еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар болуы мүмкін.

Егер тұлға жалғыз немесе басқа тұлғамен бірігіп бір емес, бірнееше мәрте рет кез- келген  реттегі қарастырылған қылмысты жасаған болса, онда оның әрекеті бірнеше мәртелік контрабанда деп сұрыпталуы тиіс (ҚР ҚК 2 баптың А пункті).

Заң жарлығымен қарастырылғандай, бірнеше мәртелік контрабанда жағдайында Контрабанда жасаудың бір ғана мақсатымен, кеден бақылауынан тыс аса ірі көлемдегі тауарлардың әкелуі және әкету бірнеше рет бөлініп жасалады, және ол әдетте қайталанбайды.

Қоғамдық қауіптің ең үлкен дәрежесі, қызметтік жағдайын пайдаланған лауазымды қызметкер жасаған контрабанда. Заңдарда  лауазымды қызметкерге байланысты, контрабандаға қатысты субъектілер шеңберінің ісі әлі анықталмаған, бұл қылмысты сұрыптау кезіндегі белгілі бірқатар қателіктер мен қиындықтарды туғызады. Қызметтік жағдайын пайдаланып, контрабанда жасаған лауазымды қызметкерлер заң алдында жалпы негіздер бойынша, қылмыстық міндеттерді жүктейді.

Кеден ісіне белгілі бір қатысы бар және арнайы жеңілдіктерге ие  лауазымды қызметкерлер шеңберін анықтау өте маңызды болып табылады. Кеден ісіне тікелей қатысы бар ондай лауазымды қызметкерлерлер деп, өз қызметтеріне қарай, кеден тексермесінен босатылған тұлғаларды қарасыру қажет, олар: елшілер, дипломаттық курьерлер, ресми сауда, халықаралық, коммерциялық делегация мүшелері, немесе контрабандаға қарсы күреске қатысатын, кеден тексермесін өткізетін тұлғалар, олар: кеден органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары және басқа органдардың қызметкерлері.

Экономика секторларындағы қоғамдық- қауіпті іс-әрекеттер, экономика саласындағы қызметтік қылмыстары деп, қызметтік жағдайын пайдалаумен,заңдармен бекітілген экономика қызметі саласына қол сұғуларды білу қажет.

Қылмыстық құқық ғылымының арнайы әдебиеттерінде қызметтік жағдайын пайдаланып, контрабанда жасаған лауазымды қызметкерлердін әрекеті  екі бұлжымас жағдай талаптарына сай болуы керек деген, сәйкестік туралы пікір бекиді:тұлғада лауазымдық жағдайыны болуы;кеден шекарсы арқылы тауарлар мен басқа заттарды алып өтуде қызметтік жағдайын пайдаланыу.

Контрабанда құрылымының маңызды және заңмен талап етілетін (ҚР ҚК 209 бап Б бөлімі) квалификациялық белгілері кеден бақылауын іске асыратын қызметкерге зорлық көрсету болады. Бұл өз алдына,жәбірлеуші денсаулығына  зиян тиген – тимегеніне қарамастан, кез – келген психикалық немесе дене зорлығы.

ҚР ҚК 209 бап 3 бөлімі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ түсінігі деп кез –келген  тұрақты, екі немесе одан да көп тұлғалардан тұратын, алдын- ала контрабандалық әрекетті мақсат еткен топ санайды.

Осы квалификациялық белгілер бойынша жауапкершілікті тарту Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен құндылықтарды (контрабанда заттарын), және басқа заттарды, алып өткен тұлға ғана емес, сондай- ақ, тауарлар мен контрабанда заттарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан әрі өткізу үшін сатып алған және мемелекеттің кеден территориясына әкелгеннен кейін алатын немесе алған, ұйымдасқан топтың басқа мүшелеріне де тиісті болып табылады. Сонымен бірге, мемелекеттің кеден территориясына контрабандалық жолмен әкелгеннен тауарларды  бір рет және алдын — ала жоспарланбаған сатып алу әрекеті -қылмыс құрылымын түзе алмайтынын айта кету керек, бұл  ҚР ҚК 209 бап 3 бөлімінде қарастырылған.

Ұйымдасқан топ ретінде контрабанда жасау әрекеті көптеген жағдайлада, қалыптасқан коррупцияға байланысты болатыны есекре кеткен жөн. Осыны ескере отырып, М.О.Нукенов өз “Корупциялық қылмыстар: криминологиялық және қылмыстық – құқықтық талдау ” монографиялық жұмысында былай деп жазған, экономикалық бағыттағы коррупциялық қылмыстардың тобына, келесі қылмыс құрамдары жатады:

  • заңды кәсіпкерлік жұмыстарды атқаруға бөгет жасау

   (ҚР ҚК, 189 — бап);

  • заңсыз жолмен мүліктенген ақшалай немесе басқа заттарды заңдастыру (ҚР ҚК, 193 — бап);
  • коммерциялық немесе банкілік құпиядан тұратын мәліметтерді заңсыз жолмен алу немесе оларды жария қылу (ҚР ҚК, 200 — бап);
  • экономикалық контрабанда (ҚР ҚК, 209 — бап);

контрабанда субъектісі болып кез- келген саналы, жалпы қылмыс жауапкершілігінің  жасына жеткен жеке тұлға, былайша айтқанда, 16 жасқа жеткен, кез- келген азамат бола алады.

Субъект қосымша тән белгілермен мінезделуі де мүмкін, мысалы кейбір нақты қылмысты жасауды, тек қана, лауазымды қызметкер орындай алады. Бұл жағдайда біз арнайы қылмыс субъектісін қарастырып отырмыз.Берілген қылмыстың субъектілік жағы тек қана қасақаналықпен мінезделеді.

Қасақана қылмыс екі түрлі болатыны баршаға мәлім, олар: тура және косвенный. Контрабанда тек тура қасақаналықпен жасалады. Жауапкершіліктен тек ақыл- есінің дұрыс болмаған жағдайда ғана босатады.

Ақыл-есінің дұрыс болмауын заң және медициналық қағидалар бойынша анықтайды, олардың әрбіреуінде бірқатар белгілер бар. Ақыл- есінің дұрыс болмауын анықтаудың медициналық қағидалары мыналардан тұрады:

  • әдеттегі ақыл- есінен айырылу ауырулары;
  • уақытша ақыл- есінен айырылу ауырулары;
  • кешелік;
  • басқа да жүйке ауырулары.

Ақыл-есінің дұрыс болмауын заң бойынша анықтаудың қағидалары мыналардан тұрады: интеллектуалдық, еріксздік.

Бұл ақыл-есінің дұрыс болмауын заң бойынша анықтаудың қағидаларыөзара тығыз байланысты, өйткені, сана мен ерік адамның пихикалық әрекетінің айнасы болып табылады.

Қылмысты контрабанда түрінде сұрыптаған кезде, әдетте, қылмыстың мақсаты мен себебіне көңіл аударылмайды. ҚР Жаңа Қылмыстық кодексі экономикалық контрабандамен қатар, “айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттар контрабандасын” (ҚР ҚК, 250 — бап) ерекшелейді. 250 – бапта, келесі құрам мыныны білдіреді:“мемлекеттік кедендік шекара арқылы кеден бақылауынан тыс немесе жасырын, кедендік органдарға тауарлар мен басқа заттарды алып өтуге негіз ретінде жасанды (өтірік) құжаттармен, немесе кедендік идентификациялау құралдарын алдаушылық жолмен табыс ету арқылы, есірткі заттарын, психотроптық, әсері күшті, сонымен қатар улы, немесе улағыш, радиоактивті және жарылғыш заттарды, қару — жарақ, әскери техника, жарылғыш құрылғылары, оқты қару, оқ- дәрілер, ядролық химиялық, биологиялық және басқа баршаға қиян қауіпі бар қару, баршаға қиян қауіпі бар қаруды жасау мүмкіндігін беретін материалдар мен жабдықтарды   алып өту кезінде оларды мағлұмдамау немесе өтірік мағлұмдау”.

Компетенттік органдарын ақырғы 10 жыл ішінде Қазақстанда есірткі заттарының заңсыз айналымы 10 есе өскендігі алаңдату тиіс. Бұл жағдайда, есірткі құрылымы мен айналымындағы сапалық өзгерістер Кеңес Үкіметінің құлағанынан кейін пайда болы. БҰҰ Басқармасының сарапшыларының есірткіні бақылау жөніндегі мәліметтері бойынша, шынайы мәліметтер алу үшін, есірткінің заңсыз айналымын пайдалану және есірткіні пайдаланғаны үшін ұсталған  адамдар санын, он есе көбейту керек деп, мәлімдейді.

Заң шығарушы пікірі бойынша, ҚК 250 бабында қарастырылғандай, қылмыстың туынды объектісі болып, қоғамның қауіпсіздігі мен халық денсаулығы болып табылады. Бұл заттың өзіндік ерекшелігі — әлеуметтік болмыс пен көптеген адамдар санының бірдей денсулығына тигізетін орасан зор зиян қауіпі. Осы қауіпті ескере отырып, мемлекет қатаң түрде осы заттардың  нақтыда толық тізімдерін анықтады, олар Қазақстан Республикасында бақылауға алынатын есірткі, психотропты және перкурстық заттар Тізімінде бекітілген. Сонымен, қоғам ман адамдарға төндіретін қауіпті белгілеп, түсіндіретін, ерекше құқықтық дәрежесінің тәртібі енгізілді. Сонымен қатар, қолданыстағы ведомство аралық және ведомстволық ережелер мен нұсқаулар бойынша, олрады өндіру, жасау, қайта өңдеу, алу, сатып алу, сақтау, есепке алу, жіберу, жөнелту, әкелу, тасымалдау немесе жоюды бақылау жөніндегі ерекше тәтіптері орнатылған, оларжы бұзу әрекеттері өздік қылмыс жасауды анықтайды, ол ҚК 265 бабында қарастырылған.

Ал қалған жағдайларда, айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттар контрабандасы, көбіне, экономикалық контрабанданың субъективті, объективті және сұрыптау белгілерімен сәйкес болып табылады.

Берілген қылмыстың қарастыру заты: есірткі заттарын, психотроптық, күшті әсері бар, сонымен қатар улы, немесе уландыратын, радиоактивті және жарылғыш заттарды, қару — жарақ, әскери техника, жарылғыш құрылғылары, оқты қару, оқ- дәрілер, ядролық химиялық, биологиялық және басқа баршаға қиян қауіпі бар қару, баршаға қиян қауіпі бар қаруды жасау мүмкіндігін беретін материалдар мен жабдықтарды қарастырады

Қарастырылған қылмыстың объективті жағы, мемлекеттік кедендік шекара арқылы кеден бақылауынан тыс немесе жасырын, жасанды (өтірік) құжаттармен, немесе кедендік идентификациялау құралдарын алдаушылық жолмен табыс ету арқылы, немесе алып өту кезінде оларды мағлұмдамау немесе өтірік мағлұмдау, айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарды кеден шекарасы арқылы алып өту, әрекеттерін анықтайды.

Қарастырып отырған қылмыс құрамының объективті жақтары  әрекеттері  ҚК 209 – бабының  объективті жақтарымен  толық сәйкес келеді.

Қарастырылған қылмыстың субъектісі болып, 16 жасқа жеткен, кез- келген ақыл – есі дұрыс, жеке тұлға бола алады.

Контрабанда әкімшілік- құқықтық түсінікте мыныаны білдіреді:

— кеден заңының тәртібін бұзу арқылы, кеден мекемелерінен тыс немесе кеден бақылауынан жасырын жүктерді (тауарлар, құндылықтар мен басқа заттар) заңсыз шекарадан өткізу, сонымен қатар, сақтау, орнынан жылжыту, сату және сатып алу;

— егер сақтаушылар немесе меншікті иегерлері заңды түрде алғандығын дәлелдей алмаса, өз қажетіне жарату нормасынан асатын, шет елдік жүктерді сақтау;

— берілген рұқсат бойынша баж төлеумен, шет елден алу немесе әкелу, шет елге валюта, валюталық құндылықтар, төлем құжаттарын, зергерлік және басқа асылтасты шикізат түрлерінен, қымбат металлдардан  жасалған тұрмыстық заттар егер бұл жүктерді шет елден алу немесе әкелу заңсыз жолмен әкету, ауыстыру немесе жіберумен байланысты болса;

— шет елге валюта, валюталық құндылықтар, төлем құжаттарын, зергерлік және басқа асылтасты шикізат түрлерінен, қымбат металлдардан  жасалған тұрмыстық заттарды заңсыз жолмен шекара арқылы әкелу, әкету, салып жіберу немесе шет елге жіберу;

— аталған тәртіп бұзуларды іске асыру үшін дайындық істерін жүргізу; 

Бірқатар алыс шет ел мемлекеттерінде аталған контрабанда тізіміне мыналар да қосылады:трансплантация үшін, адамның дене мүшелері және тіндері контрабандасы;кәмелеттік жасқа толмағандар (балалар) контрабандасы; дәрілік заттар  контрабандасы.

 

2.2. Контрабанданың қылмыс ретіндегі  жағдайы, құрылымы және қарқыны

 

Қазақстан Республикасының қылмыс санының өсу жағдайында, олардың ішіндегі,  қоғам мен азаматтарға материалдық жағынан тигізетін зияны өте көп экономикалық қылмыстар болып табылады. экономикалық қылмыстарға, жалпы алғанда, “контрабанда сияқты қоғамға қауіпті әрекеттер,”   жасанды ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау мен өткізу, валюталық операция тәртіптерін бұзу, мемелекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, коррупция жатады.

Қазақстан Республикасының кеден құжаттарын зерттеу барысында көрсетілгендей, ақырғы 6 жыл ішінде құқық бұзу мен қылмыстар, сонымен қатар, контрабанда қарқыны мен категориясы көп жағдайларда аймағына, тіркелу мен анықтау периодына, лауазымды қызметкерлерінін кейбіреуінің заңды түсіну ерекшелігімен байланысты болып келеді.

Соған байланысты, кеден құқық бұзуларына қарсы күрес саласында,ы жағдайларды объективті қарастыру үшін, орын алған жайларды анықтағанда және Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы істер жағдайын болжаукезінде мыналар орынды деп саналады, ол – контрабанданы қоса есептегенде, жасалған кедендік құқық бұзу әрекеттерін  жалпылай суреттейтін статистикалық мәліметтерді талдау.

Прокурор анықтама органдарынан және тергеушіден келіп түскен айыптау қортындыларымен танысып, он сөткеден көп емес мерізімде, солар бойынша келесі әрекетердін бірін орындайды:өзінің резолюциясымен айыптау қортындыларымен келісімін білдіріп, айыпталушыны сотқа табыстайды;өзінің қаулысы бойынша айыпталудың кейбір пунктілерін алып тастап, немесе айыпталушының әрекеттерін қайта сұрыптаумен  заңды қолдану арқылы, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетеді;қылмыстық ісіт толық немесе белгілі бір айыпталушыға байланысты тоқтатады;анықтама органдарына немесе тергеушіге өзіні жазбаша түрдегі нұсқауларымен қосымша тергеуді жүргізу немесе айыптау қортындыларын қайта құрастыру  жөнінде нұсқаулар береді;жаңа айыптау қортындысын құрастырады;қорғау куәлерінің тізімінен басқа,  сотқа шақырылатын тұлғалардың тізімін толықтырады немесе қысқартады (ҚР ҚПК, 282 бап).

Айыпталушының сотқа табысталуы туралы қаулы қабылдап, одан кейін  айыптау қортындысы бар қылмыстық істі, қарастырушы сотқа бағыттайды.

Анықтама органдары мен алдын – ала тергеу органдарының қылмыстық процесстің нормалары мен заңдылықтарын сақтау — прокурор бақылауының деңгейімен, оның тиімділігі мен нәтижелілігімен, кеден ісі саласындағы қателіктер мен қылмыстардың әрбір мәліметі бойынша оларды орындарда дұрыс ұйымдастыруына байланысты орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ

 

3.1. Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары

 

Нақты қылмыс түрлерін талдауға және ерекшеленген алдын алуға көшу, криминалдық мінездеме және қылмысты сұрыптау түсініктерін алдын – ала қарастыруды қажет етеді.

Шынайы өмірде, қылмыстық  — нақты индивидуум жасаған бөлек қылмыс түрінде  іске асырылады, және белгілі бір тұлғалардың контингенті жасаған түрлі  қылмыс түрінде жасалады.

Оның криминологиялық мінездемесін қылмыстың белгілі бір түрлерінің мәліметтерінің жиынтығы ретінде  анықтауға болады,  немесе алдын алу шаралары мен ұйымдастыруларда қолданатын нақты құқыққа қарсы әрекетте анықтауға болады.

Криминологиялық мінездеме – бұл, қылмыстардың алдын алу шараларын құрастыру процесстері  мен іске асыруды тиімділендіру бастамасы.  Егер қылмыстың алдын алу шараларын бүтін жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда криминологиялық мінездеме, бір жағынан, оның құрамы болып табылады, екінші жағынан — алдын алу шараларының құрастыру және іске асырылуы болады.

Криминологиялық мінездеменің нақты мазмұны құрылымын түзетін құрамдар мен байланыстардың барлық белгілерін анықтаудан тұрады бұнда негізгі үш блокты ерекшелеуге болады: қылмыстың криминологиялық мәнділігі;осы типтегі қылмысты жасаудағы криминологиялық ситуацияларды анықтайтын мәліметтер;қылмыстың алдын алудың шараларын іске асырудың ерекшелігін анықтайтын мәліметтер.

Криминологиялық мінездеменің элементтері өзінің айқындалуы мен маңызына қарай, объективті, субъективті, сонымен қатар, екі категорияны біріктіретін, кешенді болып табылады.

Алғашқы топқа, мыналар жатады: қылмыскердің жеке басының сипаты;  қылмыстың себебі мен мақсаты; жәбірленушінің жеке басының сипаты. Үшіншіге (кешенді): қылмыс себептері; қылмыс салдары; қылмыс механизмі; қылмыстарға жағдай жасайтын жағдайлар.

Криминология ғылымы тек қылмыстың себептерін ғана зерттеп қоймайды. В.Н.Кудрявцев шынайы және әділ анықтағандай, кез- келген қоғамға қарсы әрекеттерді зерттеу барысында, “ соның бәрі, ақыр соңында, тәжірибелік мақсатты көздейді, осы зиянды құбылыстарды жоюға септігін тигізетін, және олардың барынша қауіпті түрлерін азайтатын ғылыми бекітілген шараларды құрастыру және іске асыру”.

Қылмыстың алдын алу – кешенді және көпжақты, әрі күрделі іс. Ол өзінің  қиын, бірақ та біздің қоғамымыздың  барлық буыныдарының, біркелкі, келісілген жұмысы, көптеген әлеуметтік тәжірибе субъектілерінің алдын алу нәтижесінде ғана шешімін таба алады.

 Медицина ғылымының “ауыруды емдегеннен гөрі, алдын алу жақсы” деген қағидасы бойынша, қылмысты жазалаудан гөрі, алдын алу шаралары нәтижелі болатыны көпшілікке бұрыннан бері мәлім. Төрт онжылдық бойы, барлық әдебиеттерде, кезеңдік және арнайы заң әдебиеттерінде де,  көптеп “алдын алу”, “профилактика”, “ескерту” және т.б. терминдері қолданады.  Бұл терминдерді құқық қоғау органдарының жұмысшылары, қоғам өкілдері, жоғарғы және орташа білім беретін оқу орындарының оқытушылары, сонымен қатар, қатардағы азаматтар кеңінен қолданады.

Сонымен бірге, бұл жөніндегі пікірталастар зерттеу жұмыстарында әлі күнге дейі толастамай келеді. Бұл сұрақ шынында да толассыз болуы керек, өйткені бұл сұраққа тек әркелкі жауаптар ғана емес, қарама – қайшы жауаптер да беріледі.

Бұл ғылыми тұжырымдардың тарихы қандай екен деген сұраққа тоқтала кетейік. КСРОда қылмыстың алдын алу жөніндегі ғылыми жұмыстардың біріншілерінің бірі болып, киевтықтар И.А. Гельфанд пен П.П. Михайленколардың коллективті монографиясы болды, ол “Қылмыстың алдын алу – қылмысқа қарсы күресудің негізі” деген еңбек.

Онда авторлар, қылмыстың алдын алу саласында қолданатын терминдерінен бастады, “ алдын алу”, “профилактика”, “сақтандыру” және т.б. терминедері арасында айырмашылықты іздеу керек емес, бұл терминдердің мағынасы бір, олар бір- бірінің емілесі болып келеді, , қоғамға зиян келтіретін кейбір тұлғалардың әрекеттерін  жойып жіберетін қандай да бір алдын ала шаралар қолану керек деген ойды туындайтын терминдер” деп түсіндірген.

70-жылдары еңбектері жария болған басқа авторлар, керісінше, берілген терминдерге әртүрлі мағына береді. А. Г. Лекарь және А.Ф. Зелинскийдің ойларынша, “профилактикаға” – қылмыстық жағдайдың себептері мен жаңдайларын анықтайтын, процессті жатқызу керек, ал “алдын алу” терминін  пиғылдағы және дайындалып жатқан қылмыстарды болмау жағдайларына қолдану қажет делінген.

Г.А. Аванесов айтқандай, барлық аталған терминдерзаты бойынша –аралас түсініктер болып табылады, қылмыстардың алдын алу түсінігі екі ойды білдіреді деп айтқан. Профилактика — жалпылай алғанда, бұл нақты қылмыстарды болдырмау, қоғамнын белгілі бір мүшелерін құқық бұзудан, қылмыс жасаудан қорғап қалу, бұл – құқық нормаларынын бұзылудан, соның ішінде – қылмыстық құқықты сақтайтын іс- шара.

Бұл ұғымды бір тұғырдан қарастырғанда, профилактика сөзі белгі лі бір шараны білдіреді. Біріншіден, бұл қылмысты жасауға көмектесетін, жағдайлары мен құбылыстарынының себебін анықтау, екіншіден – құоғамға қарсы бағытталған қылмыстарды жасайтын тұлғаларды анықтау және оларға тиісті іс – шараларды қолдану. Осы екі шараны біріктіргенде бір ұғым, бір жалпылама мақсат – “қылмыстардың алдын алу” немесе, “қылмыс профилактикасы” ұғымдары түзіледі. Қылмыстардың алдын алу тәжірибесіне баға бере отырып, осы ұғымдарға негізделген жөн.

Біріншіден, қылмыстардың алдын алу тәжірибесі мен құқық бұзудың алдын алу бір бірінен анық айырықшаланады.

Екіншіден, анықталғандай, “алдын алу”, “профилактика”,  “сақтандыру” терминдеріне әртүрлі мағына беру дұрыс емес, өйткені, жалпы саясатта, заң, филологиялық әдебиеттерде оларға бір мағына беріледі.

Заңларда, аталған терминдер арасында ешқандай айырмашылыұұа мән бермейді. Ақыры, филология ғылымдарында “алдын алу”, “профилактика” терминдеріне бірдей мағына беріледі.

Сонымен қатар, аталған терминдерден “қылмысты кесуі” терминін ерекшелеп алу керек. Бұл қолданыстағы заңдармен негізделген. “Кесу” темині алдымен, басталған қылмыстық әрекетті тоқтату немесе кесуді мағыналайды. Филологиялық анықтама берсек, кесу – тоқтату, бір жерден үзу, әрекетті тоқтату, дамуды, ағымын тоқтату.

“Қылмыстардың алдын алу” немесе “қылмыс профилактикасы” терминдерінің мағынасының бір болуы, оның құрылымдық элементтері мен құрама бөліктерін анықтауды қажет етеді. Осы тұғырдан, қылмыстардың алдын алу, ең алдымен әрекетті немесе әрекет кешенін танытады, немесе, қылмысты жасауға септігін тигізетін, себептер мен жағдайларды туындайтын белгілі бір заттарға немесе құбылыстарды нейтрализациялау немесе жоюдың  белгілі бір әлеуметтік субъектілердің ұйымдасқан әрекетін білдіреді. К.Е.Игошев пен В.С. Устинов жазғандай, құқық бұзудың алдын алу түсінігін “құқықтық реттеудің әлеуметтік механизімінің бұзылуын болдырмайтын, және оны нығайтатын, мемлекеттік және қоғмдық әректтерді белгілеуде қолданған жөн”- дейді. Бірақ қылмыстардың алдын алу түсінігін тек басты элементке (әрекет немесе қызмет) сілтеумен ғана болмау керек. Осы қылмыстардың алдын алу түсінігінің жалпы мағынасы, іс — әрекетін киминогенді факторларды жоюға бағыттарлған әлеуметтік субъектілер арасындағы сәйкес қоғамдық — қарым қатынастарын, қылмыскердің болмысын қалыптастыру мүмкіндігін болдырмайтын және оның қоғамға қарсы бағытталған әрекетінің орындалу жағдайларын жасауды білдіреді.

Криминологиялық қылмыстың алдын алу немесе арнайы криминологиялық қылмыстың алдын алу деп, нақты бір қылмыстардыы орындау мүмкіндігін болдырмауға немесе оны жоюға бағытталған, қоғамның құқықтық санасының қалыптасуын байланысты, олардың нақты детерминанты, сонымен қатар, жалпы детерминанты, қылмысқкерлікке арналған іс –шаралардың жүйелі түрін білдіреді.

Қылмыстың алдын алу түсінігін анықтау оны классификациялаумен тығыз байланысты. Алдымен, қылмыстың алдын алу түсінігін классификациялау уақыты  бойынша орындалуына қарай сұрыпталады.оның ішінде, жалпыға мәлім үш түр бар, олар: ерте алдын алу, тікелей алдын алу тәжірибесі немесе өз мағынасында, алдын алу, одан кейін, рецидидивтің алдын алу.

Бірақ менің көзқарсасым бойынша, ерте алдын алу кезеңінде құқық бұзушылықтың алдын алу емес, қылмыстың алдын алуды білдіру керек. Ол алдымен қоғамдағы мінез –құлықтың әлеуметтік нормаларына және сонымен қатар, моральдық нормаларға қарма – қайшылықтарына қарсы бағытталған.

Казіргі кезде алдын алудың екі түрі жалпыға мәлім болды, бұлар: жалпы және жекелеме тәжірибе. Бұл туралы қоғамдық ұйымдар және құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері айтады.

Бұл пікір бірқатар құқық қорғау, алдымен ішкі істер, мекемелерінің, құқықтық  актілерінде бейнеленген. Сонымен біз, бағытымыз дұрыс және объективті деп тұжырымдаймыз. Бірақ, бұл сұрыптауда, қылмыстың арнайы және топтасқан алдын алу түріндегі бір буын анықталмағаны анық.

Сонымен, “жалпы алдын алу” – бұл, қоғамның кез – келген мүшесі жағынан қауіп тудырған, қылмысының алдын алуға бағытталған әрекет болса, онда қылмыстың арнайы және топтасқан алдын алу – бұл, белгілі бір тұлғалар категориясының, қандай да бір ортақ, өздеріне тән бәлгілері мен қасиеттері бар мақсаттармен біріккен,  қылмысының алдын алуға бағытталған әрекет. Жекелеме алдын алуы — бұл,берілген түлғаның ерекшеліктері мен оның мінез –құлқын есепке ала отырып, олардың кылмыстарының алдын алудағы қызмет жасайтын мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар жәке тұлғалардың бағытталған іс — әрекеті.осыған орай, қылмыстардың алдын алуды сұрыптауды келесі төрт белгі бойынша анықтауға болады, олар: мағынасы бойынша, іс шаралар түрі бойынша, оны іске асырудың уақыты бойынша, алдын алу объектілері шеңбері бойынша деп бөлінеді. Сонымен қатар, криминологияда қылмыстың алдан алу шараларын екіге боледі, бұлар; жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық.

Жалпы әлеуметтік іс –шаралар, әрқашан өзгерістегі материлдық, рухани сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, адамдардың экономиканың дамуына байланысты сұраныстары, әлеуметтік бағалы болып табылатын сенімдерді білім беру, мәдениет, тәрбиелеу істерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қылмыстың алдын алудың арнайы криминологиялық іс –шаралары – белгілі бір қылмыстарғы байланысты, тұлғалардың белгілі бір категориясына қолданатын шараларды, немесе анықталған арнайы саланы қамтиды.

Жалпы алдын алу шаралары мыналарға бөлінеді: негізгі, қандай да әлеуметтік субъектінің жасағанына қарамастан, қылмыстың алдын алудың бүкіл болмысын мазмұндайтын ең бастыны өзінде жинақтайды. Бұған экономикалық, ұйымдастыру, құқықтық жатады.

Қосымша, өз уәкілеттігіне байланыста осы қызметті атқаратын  нақты бір әлеуметтік субъектілердің және  жалпы алдын алу саласының, жалпы алдын алу шараларын сәттілікпен іске асыруды қамтамсыз етеді. Оларға мыналар жатады: процессуалдық, оперативтік, ақпараттық – криминологиялық, әкімшілік әдістер.

Жекеленген алдын алу әдістері болып мыналар табылады:сендіру;қоғамдық пікірді пайдалану;өзін — өзі тәрбиелеу;мәжбүр ету;көмек көрсету;қоғамға белгілі бір әсер тигізу; қылмыстың алдын алу формалары.

Ерте, бұнда алдын алу шараларының объектісі болып, қылмыс жасаудан әлі алыс кезеңіндегі, ұнамсыз болып мінезделген тұлға болып табылады.

Тікелей, бұнда алдын алу шараларының объектісі болып, қылмыс жасауға жақын тұрған тұлға болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мыналарды қортындылауға болады, контрабанданың алдын алу шаралары, бұл, контрабанда жасауға септігін тигізетін себептер мен жағдайларды талдау және оның алдын алу жөніндегі іс шараларды іске асыратын субъектілер әрекеттері.

Біздің пікірімізше, оларға жоғарыда айтылып кеткен жалпы және арнайы алдын алу іс –шаралары, сонымен қатар, жекелеме алдын алу  шаралары да жатады.

Кез келген қылмыстың, ондай – ақ контрабанданың, алдын алудағы жалпы іс – шаралар, қоғамның қалыпты дамуын қамтамасыз етуден де тұрады, және, сонымен қатар, оның экономикалық идеологиялық — әлеуметтікжәне басқ институттарын әрқашан жетілдіру, бүндай қылмыстарға әкелетін, өмірдің кризистік құбылыстарын жоюдан, әртүрлі қарама – қайшылықтар мен сәйкессіздікті жоқ қылудан да тұрады.

Жалпы іс – шаралар объективті тұғырдан және жалпы алғанда, экономикалық қылмыстың, ондай – ақ контрабанданың, алдын алудағы іс – шараларға септігігін тигізеді. Жалпыларға қарағанда, арнайы алдын алу шаралары қарстырылып отырған қылмысқа байланысты, мемлекеттің экономикасының қауіпсіздігіне байланысы бар, әлеуметтік субъектілер тарапынан алдын алудағы белгілі бір нақты іс шараларын  өндіріп, оның орындалуынан да тұрады.

Жекелеме алдын алу шараларына тоқталсақ, онда ол, біздің пікіріміз бойынша, іс — әрекеттері контрабанда жасауға бағытталған, анықталған немесе нақты тұлғаларға бағытталған тиімді іс – шараларды қолданудан тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 20 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша уәкілеттілікті уақытша тағайындау жөнінде” Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабына сәйкес, мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты іске асыру кезіндегі, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерді, егемендік және қауіпсіздігін қорғау мақсатында, Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қаулысын қабылдады.

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі — Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар, көліктерді өткізу, кеден төлемдері және салықтарын төлетудің, кеден ресімдеуі, кеден бақылауы, және басқа кеден саясатын іске асырудағы шаралардың, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кеден мекемелерінің қызметінің құқықтық – ұйымдастыру негіздерінің тәртіптері мен ержелерін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасында жалғыз кеден саясаты іске асырылады, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатының негізгі құрамы болып табылады. Кеден саясаты мемлекеттік үкіметтің орталық органдарына қатысты.

Қазақстан Республикасының кеден саясатының негізгі мақсаттары мыналардан тұрады: Қазақстан рыногын қорғау;Қазақстандық тұтынушылар және өндірушілерді қорғау; экономиканың дамуын қарқындату; экономиканың құрылымының қайта құруына септігін тигізу; конкуренцияны құптап, монополияға қарсы тұру; экспортты қарқындату және импортты алмастыратын өндірісті құптау; шет елдіктерді инвестициялауға шақыру; сауда саясатының мәселелерін шешу.

Берілген Нұсқау бойынша және Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес, мемлекет үкіметінің орталық органдары белгілеген  бақа да масаттар. Кеден қызметі Қазақстан Республикасының белгіленген территориясында және белгіленген кеден шекарасында өз жұмысын атқарады.

Қазақстан Республикасының кеден территориясына құрлық территориялары, территориялық сулар, ішкі сулар және олардың үстіндегі әуе кеңістігі жатады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кеден территориясына теңіздік төтенше экономикалық аймақтарындағы жасанды аралдары, құрылғылары, ғимараттар мен басқа да, кеден ісіне қатысты төтенше заңдылығын иемденетін объектілер жатады.

Қазақстан Республикасының кеден территориясында одан басқа, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалары болуы мүмкін. Берілген Нұсқау бойынша және Қазақстан Республикасының кеден ісіне байланысты заңдар анықтаған жағдайлардан басқа, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймаларының территориясы, Қазақстан Республикасының кеден территориясынан тыс деп қарастырылады.

Қазақстан Республикасының кеден территориясы мен еркін кеден аймақтары мен еркін қоймаларының территориясының шегі кеден шекарасы болып табылады.

Алдымыздағы жыл басының көрсеткіштері бойынша, Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдар жүйесінің жалпы ұзындығы 83 мың километрді құрайды, олардың үстімен барлық жүктің 82 пайызы тасымалданады,барлық көлік түрімен тасымалданатын жалпы жолаушылар санынан жолаушылардың 72 пайызы тасымалданады. Жолдардың тек қана  65 пайызы қара жамылғысы бар, жүйенің 85 пайызы үшінші және төртінші дәрежедегі екі қатарлық  жолдардан тұрады. Республикалық жолдардың ұзындығы 17,6 мың километрді құрайды. Олардың тек қана 1 пайызы халықаралық талаптарға әзер сай болған, төрт қатарлы жолдар.алдыңғы жылы жарияланған “Қазақстанның автомобиль жолдарының ақ кітабында” мынандай қортындылар келтірілген, бұлар: жаман жолдар себеп болған қаржылық шығындар 83 млрд теңгені құрайды, бұл  Қазақстанның ВВП 6 пайызын құрайды. Ал автомобиль жолдарын пайдаланушылар мен  республика экономикасына бір жыл ішіндегі келтіретін зиянның саны, алдыңғы жылы жол қорына жиналған қаржыдан 10 есе асады. Сондықтан, біздің қоғамымыздың берілген кезеңдегі дамуының басты мақсаты болып, “Ұлы Жібек Жолын” қайта жандандыруға бір қадам жақындау үшін, автомобиль көліктерінің жол жүйесін сақтап, оларға халықаралық маңыз рөлін беру табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында “біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз, алдымен еліміздің географиялық, геосаясаттық, геоэкономикалық жағдайларына байланысты. Соған байланысты, Қазақстанның үш негізгі мүмкіндіктері жөнінде айта кетейік /29/.

Бірінші мүмкіндік, евразииялық аймақтағы жолдар түйісуіндегі біздің географиялық орналасуымыздан туындайды. әлемдік, экономикалық, саясаттқ процесстерді глобализациялау процесстері бұл жағдайды негізгі деп қарастырады. Біздің ата –бабамыз, түрік халықтарының бір жанұясы құрамында  маңызды стратегиялық жағдайды өздеріне тиімді пайдалана білді: аты аңызға айналған бұл Жібек Жолы арқылы, европа және азия елдері арасында, сауды саттық каналы орндады. Бүгін біз біздің аймақтың басқа мемлекеттерімен бірлесе отырып, әлемдік қауымдастықтың қолдауы арқылы, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға ала бастадық. әрине, алдағы келешекте Еуропа мен Азия арасында, сауда жүйесі, қаржы ағыны және адамдар миграциясы тұлғая бастайтыны сөзсіз…” Сондықтан, 1995 жылдың наурызында қол қойылған, аталған мемлекеттер арасындағы транзиттік тасымалдаулар туралы Келісім құжаттарына, 1998 жылы 24 қарашада Исламабад қаласында өткен төрт мемелекет – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Пәкістан елбасыларының кездесуінде аяқталу құжаттарына, Келісімді қолдану Регламенті және автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауларға рұқсат беру жүйесінің Протоколына қол қойды, оларға сәйкес, 1999 жылдың 1 мамырынан бастап, қытай қаласы Хоргос пен пәкістан порты – Карачи арсындағы жолдармен бөгетсіз жүруге рұқсат етіледі. Қазақстан Републикасы халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту және орнықтыру мақсатында, басқа мемлекет арасында кедендік одақ құрады. Бұндай одақты біз Ресей, Қырғызстан, Белоруссиямен құрғанбыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің 20 мамыр1995 жылғы Жарлығы.11 бап.

 Қазақстан Республикасының кеден органдары негізгі келесі міндеттері атқарады:Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасау мен оны орындау жұмыстарына қатысуға;

— кеден ісі бойынша заңдардың және Қазақстан Республикасының заңдарын орындалуын қамтамасыз ету, кеден қызметін атқару кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

— өз уәкілеттілігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

— кедендік  реттеу кезінде кеден – сауда  қарым –қатынастарын қолдану;кеден салықтары мен төлемдерін төлету;

— Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты, экономикалық саясат шараларын жасауға  қатысу;Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен транспорт көліктерінің рұқсатталған тәртібін сақтауды бақылау.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға байланысты, контрабандамен күрес және кеден ісі саласындағы қылмыстарға, кеден тәртіптері мен салық заңдарын бұзуға қарсы күрес; есірткі заттарын, психотроптық заттарды, қару – жарақ, Қазақстан Республикасы және шет ел  халықтарының мақтанышы болатын суретшілік, ғылыми, археологиялық мәні бар, өнер өнімі, көнелік заттары, немесе басқа аталған мәндегі заттар, мәдени құндылықтар, интеллектуалдық меншік объектілері, жоғалу қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізуді болдырмау; сонымен қатар, халықаралық терроризмге қарсы күреске қолғабыс тигізуге және Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметіне заңсыз кірісуді болдырмау.

Кеден бақылауы мен кеден рәсімдеуін іске асыру және дамыту, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың айналымын қарқындататын жағдайлар жасау. Сыртқы сауданың кеден статистикасы мен Қазақстан Республикасының арнайы кеден статистикасын, сыртқы экономикалық қызмет саласының Тауар номенклатурасын жүргізу;

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қарым – қатынастарының дамуына атсалысуға, сонымен қатар, ондай қызмет шегінде азаматтар мен мекемелер қызмет атқарғанда;

Мемлекеттік қауіпсіздігі; халықтың құлықтылығын қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны, аңдар мен өсімдіктерді қорғау, әкелінген тауарларды тұтынушылардың мүддесін қорғау жөніндегі шараларға қолқабыс тигізуге;

Қазақстан Республикасының мүддесінің аса маңыды және стратегиялық маңызы бар заттарды кеден арқылы алып өтуді бақылау;өз уәкілеттігі шегінде валюталық бақылауларды жүргізуге; 

Қазақстан Республикасының кеден ісіне байланысты халықаралық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету; шет ел мемлекеттерінің  кедендік немесе басқа құзіретті органдарымен, кеден ісі мәселелерімен айналысатын халықаралық мекемелермен қызметтестікті атқаруға;

Кеден ісі саласында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуге және сол салада кеңестер беруге; мемлекеттік мекемелер мен басқа мекемелер үшін осы саладағы мамандарды дайындау, қайта дайындау, біліктілігін жоғарылатуға.

Мемлекеттік үкімет органдарына, ақпараттық мекемелер мен азаматтарға заңмен белгіленген тәртіп бойынша, кеден мәселелеріне байланысты ақпараттармен таныстыру. Кеден органдарының біртұтас қаржылық- техникалық, әлеуметтік негізін орындау; әрине, бұнда кеден органдарының тек негізгі міндеттері ғана аталған. Шынайы өмірде олар кеңітіле алады.

Аталған міндеттерді орындау, кеден құқық бұзуларының талайын, сонымен қатар контрабанданың да, алдын алудың жалпы мақсатына жетуге көп септігін тигізеді. Контрабанданың алдын алудың жалпы іс – шараларына, алдымен, кеден ісіндегі экономикалық саясаттың шаралары жатады. Бұл шаралар мемлекеттің экономикалық мүддесін ескере отырып, оның халықаралық міндеттемелерін орындауды көздейтін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы әкелудің әртүрлі шектеулері мен оның территориясынан әртүрлі тауарлар мен транспорт көліктерін әкетуге тиым салатын шаралардан тұрады. Сонымен қатар, экономикалық саясат шараларына, ең төменгі баға мен ең қымбат бағаларға, лицензиялау мен квоталандыруға, және әлемдік шаруашылық пен қазақстандық экономикасының басқа реттеулеріне  шектеулер мен тыйымдарды белгілеуге жатады.

Шектеулер әртүрлі болып келеді, олар: тауар түріне қарай, әкелу немесе әкету уақытына қарай, географиялық, экспортпен импорттың сандық шектеулері.  Контрабанданың алдын алудың жалпы іс – шаралары жүйесінде кеден ережелерін бұзу жағдайларына қарсы күрестің маңызы зор. Кеден ережелері көптеген әрекеттер мен оларды ұстану талаптарын қамтиды. “Кеден ісі туралы” Заңда 40 кеден ережесі бар, оларды бұзу заңмен қудаланады. Айыппұлдар саны бұрынғысына қарағанда есейтілген. Одан басқа, оның он үш бабы кеден органдарының қызметіне қол сұғатын, істерді өндіру және оларды қарастыру жөніндегі әкімшілік құқық бұзуды қарастырады.

1995 жылы 20 шілдеде қабылданған Жарлықтың 248 бабы бойынша, кеден ережесін бұзу деп, бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктеген, Жарлықпен бекітілген және Қазақстан Республикасының кеден бақылауы туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленген кеден режимдерін қолдану арқылы, жауапкершілікті жүктейтін, әкелу- әкету тәртіптері, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен транспорт көліктерін кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу, кедендік төлемдер мен салықтарын салу мен төлеттіру, кедендік жеңілдіктерді алу мен оны қолданудағы тұлғаның құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздігі болып табылады.

1995 жылы 20 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Жарлықтың талаптарына сәйкес, жеке тұлғалар, қылмыстыжасау сәтінде кәмелетке толған жағдайда,  кеден құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Лауазымды қызметкерлер егер құқық бұзу кезінде қызмет міндеттеріне,

бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктеген, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленген  талаптарды орындау кіретін болса, онда ол кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Жеке тұлғалар мен лауазымды қызметкерлер әдейі немесе кездейсоқ, және айыбы түріне қармастан, құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік танытса, онда олар кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, жеңуге мүмкін емес болған жағдайдағы құқық бұзу жағдайларын есепке алмағанда, кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.Сонымен бірге, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту, лауазымды қызметкерлер мен басқа қызметкерлерді кеден құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудан босатпайды. Заңда Қазақстан Республикасының кеден органдарының құзіреттілігіне жататын, лауазымды қызметкерлер мен басқа қызметкерлердің қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту, анықтау органдарының өндіруі, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді кеден құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудан босатпайды.

1995 жылдың 20 шілдеде қабылданған Нұсқау бойынша, кеден құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар кеден төлемдерін төлеу, салықтар мен басқа талаптарды орындаудан босатылмайды.

Егер мәніне қарай, құқық бұзу Қазақстан Республикасының қылмыстық жауапкершілік туралы заңына сәйкес болмаса, кеден құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Кеден қарым қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзу белгілері мен қылмыс белгілері арасындағы айырмашылықты айырукеден органдарының қызметкерлерінің міндеті ғана емес, сонымен қатар, контрабанданың алдын алудағы өте маңызды шаралар болып табылады.Шет елдік азаматтар қазақстандық азаматтармен жалпы негіздерде, кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.Жасалған кеден ережесін бұзудың белгісі назарға аларлықтай емес болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден мекемесінің басшысы құқық бұзушыны жауапкершіліктен босатып, ауызша ескертпе жасай алады.

1995 жылы 20 шілдеде қабылданған Нұсқау бойынша, 254 бап кеден ережесін бұзғаны үшін салынатын өндіріп алулардың негізгі түрлері.  Кеден ережесін бұзғаны үшін салынатын өндіріп алулардың келесі түрлері:

— ескерту; айыппұл; берілген Нұсқау бойынша, Қазақстан Республикасының кеден органдарының белгілі бір қызмет түрлерін көрсету құқығын беретін лицензиялар мен квалификациялық аттестатың жұмысын тоқтату немесе қайтарып алу; 

— кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын тауарлар мен транспорт көліктерін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын, арнайы жасалған құпия орынды пайдалану арқылы заттарды жасырын түрде алып өтуге әрекеттеген тауарлар мен транспорт көліктерін  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тәркілеу;

— кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын тауарлар мен транспорт көліктерін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын, арнайы жасалған құпия орынды пайдалану арқылы заттарды жасырын түрде алып өтуге әрекеттеген тауарлар мен транспорт көліктерін  сот тәртібіне сәйкес, құнын өндіріп алу;

— кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын, тауарлар тасымалдаған транспорт көліктерін  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тәркілеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің1995 жылы 20 шілдеде қабылданған Нұсқауы  бойынша, 255 бап қарастыратын, лицензиялар мен квалификациялық аттестатың жұмысын тоқтату немесе қайтарып алу.

Егер құқық бұзулар, төменде аталған қызметкерелердің, лицензия мен квалификациялық аттестат қарастырған, қызмет атқаруына байланысты болса, лицензиялар мен квалификациялық аттестатың жұмысын тоқтау немесе қайтарып алу өндіріп алу түрінде  кедендік қоймалар, баж салығынан босатылған магазиндерді, еркін қоймалар, уақытша сақтау қоймалары иелеріне, кедендік тасымалдаушыларға, кеден брокерлеріне, кедендік рәсімдеу мамандарына, кеден ережесін бұзғаны үшін қолданылады.

Кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті тауарлар мен транспорт көліктерінің құнын өндіріп алу өзіндік шара ретінде қолданылады. Кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын тауарлар мен транспорт көліктерін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кеден ережесін бұздың тікелей объектісі болып табылатын, арнайы жасалған құпия орынды пайдалану арқылы заттарды жасырын түрде алып өтуге әрекеттеген тауарлар мен транспорт көліктерін сот тәртібіне сәйкес, құнын өндіріп алу, ондай тауарлар мен транспорт көліктерінің анықтау күніндегі еркін (рыноктық) бағамен белгіленген, ақшалай затты мәжбүрлік жолмен алудан тұрады, сонымен қатар, негізгі немесе қосымша өндіріп алу түрінде қолданады.

“Кеден ісі туралы” заңымен кеден ережесін бұзғаны үшін салынған өндіріп алулардың мерізімі анықталған (258 бап): жеке тұлғалар мен лауазыды қызметкерлерге қолданатын, ескерту, айыппұл, лицензиялар мен квалификациялық аттестатың жұмысын тоқтату немесе қайтарып алу шаралары, анықтаудан екі ай мерізімінен кешікпеу, ал заңды тұлғалар үшін алты ай мерізімінен кешікпеу тиіс;тәркілеу мен өндіріп алулар кеден құқық бұзудың жасалу уақытына немесе анықталу уақытына қарамастан, олардың негізгі немесе қосымша өндіріп алу түріне қарамастан алынады.

  Кедендік құқық бұзудың анықталу күні болып әдетте, кеден органдарының уәкілеттік қызметкерлерінің нақты құқық бұзудың анықтау күнінен немесе кеден ережелерінің бұзылуын белгілеген жеткілікті мәліметтері бар, құжаттардың анықталған датасынан бастап саналады.

Мерізімнің басталуы  — қылмыстық істі бастау немесе тоқтату шешімінен бас тартудан кейін, бірақ, кеден ережелерінің бұзылуы туралы белгілері бар болсада бастала алады. Кеден ережесін бұзғаны үшін салынған өндіріп алудың мерізім ағымы егер тұлға қайтадан кеден ережесін бұзса тоқталады.

Соған байланысты, кеден ережесін бұзғаны үшін салынған өндіріп алу немесе басқа жауапкершілікті жүктейтін шаралардың заңды болу мәселесі- маңызды сұрақ болып табылады.

Жоғарыда аталған талаптар, біздің пікірімізше, мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:жоғарыдағы кеден органдары мен олардың уәкілетті қызметкерлері тарапынан жүйелі түрдегі бақылауы;прокурор бақылауымен;кеден органдарының кедендік құқық бұзулар туралы қабылданған қаулыны қайта қарауды өтіну құқығы, және  кеден органдары мен олардың уәкілетті қызметкерлері тарапынан қабылданған шешімдер мен әрекеттер, немесе әрекетсіздік.

“Кеден ісі туралы” заң кеден ережесін бұзғаны туралы істерді өндіру немесе қарастыру кезінде, сонымен қатар, кеден органдарының салынған өндіріп алуларды орындау кезінде заңдардың талаптарын қатаң және бұлтарусыз орындауды талап етеді.

“Кеден ісі туралы” заң белгілеген процессуалды әрекеттер жүйесі, онымен реттелмеген бөлімдерде, әкімшілік заңдарда белгіленіп, кеден ережесін бұзғаны туралы істерді өндіру немесе қарастыруды анықтайды. Кеден ережесін бұзғаны туралы істерді өндіру немесе қарастыру міндеттері, тәжірибеде, оның құрылымынан, оған уәкілеттенген және білікті қызметкерлердің болуын талап етеді. Өйткені, құқық бұзуды анықтау және оның алдын алу сияқты міндеттерді орындау іс –қимылы:істің жағдайларын уақытында, толық және объективті түрде анықтау;оны заңмен тура сәйкестілігімен шешу; қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету; кедендік құқық бұзушылыққа әкелетін себептер мен жағдайларын анықтау; оларды болдырмау жөніндегі шараларды орындау; кедендік құқық бұзудың алдын алу –осы істерді жүргізуге бейімделген сенімді мамандардың болуын қажет етеді.

Кедендік құқық бұзу жағдайларын анықтау кезіндегі процессуалды және басқа әрекеттерді шартты түрде, екі топқа бөлуге болады, бұл кеден ережелерінің бұзылу туралы істерді жүргізгенде тәжірибелік көмек көрсетеді.Алғашқы топқа кеден ережелерінің бұзылу туралы істерді өндіру немесе қарстыру, негізделген және белгіленген тәртіп бойынша, іске байланысты дәлелдерді тікелей анықтау, бекіту және алу міндеті берілген, кеден органдарының уәкілетті қызметкері орындайтын процессуалды әрекеттерді жатқызуға болады, бұлар: кедендік құқық бұзу үшін жауапқа тартылған тұлғаны сұрастыру;куәлерді сұрастыру;кедендік зерттеу;тану үшін талап қою;сараптама; тауарлар мен көліктерді алу.

Екінші топқа  кеден органдарының уәкілетті қызметкерлері орындайтын процессуалды және басқа әрекеттерді жатқызамыз.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының президентінің 2030-жылғы жарлығында дамыған стратегиялық мемлекеттер қатарына қосыла отырып, мемлекетіміздің сыртқы және ішкі қауіпсіздікті арттыру, сонымен қатар контрабандалық жүйеге жол бермеу қарастырылуда.

2001 жылы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің он жылдығы атап өтілді. Өткен он жыл ішінде Қазақстан мемлекеті өзін өмір сүруге қабілеті халықаралық мемлекеттер қауымдастығының жеке мүшесі, заңды субъектісі  ретінде таныта білді. Осы мерзім ішінде Қазақстан мемлекеті жоспарлы экономикадан нарық экономикасына көшті, тоталитарлық басқару жүйесінің орнына демократиялық мемлекет басқару жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде кеден органдары, өте күрделі, әрі қарама – қайшылықты даму жолынан өтіп, әкімшілік биліктің, басқарудың өзіндік іс-тәжірибесін жинақтады. Бұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» атты Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарының жүзеге аса бастағанын, Қазақстанда құқықтық мемлекет құрудың идеялары мен  принцитеріне сәйкес, Қазақстан қоғамы мен мемлекетін құқықтық   реттеудің мақсатты жүргізіліп келе жатқанын көрсетеді.

Кеден органдары құқықтық мәртебесін осы органның атқаратын функцияларының жиынтығы, құрылу  тәртібі мен құрылымы, өкілеттігінің мерзімдері, құзырлығы, жұмысының түрлері мен әдіс-тәсілдері, сондай өкілеттігін тоқтатудың тәртібі деп қарастыратын болсақ, осы кең көлемдегі элементтер кешенінің әрбірінің зерттелу дәрежесі және осы элементтердің өзара байланыстылығы, жаңа жағдаяттарға сай өзгермелілігі, оларды жетілдіріп, үйлестіріп отыру мәселелері қазақстандық заң ғылымында аз зерттелеп тақырыптардың бірі деуге болады. Соған орай  жұмысын бұл еңбегінде кеден органдары құқықтық мәртебесінің жеке құрамдарын зерттеп, талдау жүргізіп қана қоймай, олардың өзара байланыстылығын, үйлесімділігін, оларды осы кезеңдегі геосаяси жайттарға орай жетілдіру, ыңғайластыру мәселелерін де талдап, жүйелеуге тырысты.

Кеден органдары атқарушы билік органдарының қатара еніп, өз қызметін мемлекеттің атқарушылық-биліктік іс-әрекеті шеңберінде жүргізгенімен, атқарушы биліктің өзге органдарынан өзінің құрылымы, құзырлығы, іс әрекетінің әдіс-тәсілдері мен түрлері, қолданатын құқықтық құралдары, т.б. параметрлері арқылы  барынша ерекшеленіп тұрады.

Ежелгі тарихи дәуірлерден осы кезеңге дейін мемлекеттің басқару механизміндегі кеден органдарының орны, әсіресе, белгілі бір мемлекеттің өзге көршілес, алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық, саяси, типті идеологиялық қарым-қатынастарына байланысты әрқашан ерекшеленіп тұрды. Мемлекеттік шекаралар негұрлым қатан қорғалып, экономикалық тұргыдан оқшаулану күшейе түскен сайын мемлекеттер арасындағы тауар, көлік айналымын шектетін кедендік факторлық маңызы өсе түсетіні белгілі. Оған Кеңестер Одағының капиталистік елдермен идеологиялық қарама-қайшылықтарға байланысты олармен экономикалық қарым-қатынасында кедендік шектеулерді, тыйым салуларды кең көлемде қолданылғаны дәлел бола алады.

Қазіргі әлемдік мемлекет басқару практикасында кеден ісін жүргізіп отыру, жүзеге асыру тікелей мемлекеттің монополиясына жатады. Мемлекеттік басқарудың құрамдас бөлігі ретінде кеден органдары Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарда өз тәуелсіз экономикалық саясатын жүргізуіне мүмкіндік беріп, әрі мемлекеттік биліктің елдің ішінде өзге биліктерден тәуелсіздігін әрі үстемдігін қамтамасыз етуге қатысып отыр.

Халықаралық қарым-қатынастарға Қазақстанның мемлекеттік егемендігін, тәуелсіз іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету мәселесі ең алдымен оның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңның 1-бабында көрсетілгендей экономикалық қауіпсіздік бұл — Қазақстанның  ұлттық экономикасын оның тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретіндей ішкі және сыртқы жағдаяттардан, процестер мен факторлардан қорғау. Сол себепті де мемлекеттің экономикалық мәуелсіздігін қамтамасыз ететін, және ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бір бөлігі болып табылатын экономикалық қауіпсіздік мәселесі елдің саяси тәуелсіздігіне  тікелей қатысты, және елдің экономикалық қауіпсіздігін кеден  органдарынсыз қорғау мүмкін емес. Сонымен бірге мемлекеттің алдағы даму мәселелерін, соның ішінде оның әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, оның  қорғаныс қабілеті, қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін жүзеге асыру кеден органдарынсыз мүмкін емес. Осылардың бәрі кеден органдарының басқару механизміндегі рөлімен мәнін, маңызын көрсетеді.

Кеден органдары алдына қойылатын міңдеттер мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық, саяси мақсаттарымен тығыз байланысты болып, белгілі бір кезендегі стратегиялық және тактикалық мақсаттарға сай өзгеріп отырады. Бұл белгілі дәрежеде кезе келген мемлекеттің халықаралық аренада да, ішкі саясатында да біртұтас, бірңғай әрекет ететін құрылым болуынан, жеке әрекет субъектісі ретіндегі оның іс-әрекеттерінің жүйелілігінен, белгілі бір мақсаттарға  бағытталуынан туындайды.

Кеден органдары қызметінің басты мәні кедендік басты мәні кедендік шекарадан өтетін тауарлар мен көлік ағымын реттеп отыру болғанымен, кеден органдары функцияларына кеден саласында, мемлекеттің кедендік шекарасында туындайтын көптеген күрделі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу: соның ішінде сыртқы экономикалық іс-әрекет жасаушылармен  жұмыс істеу, кеден жұмысын, кеден заңдарын жетілдіруге қатысу, кеден құрылымдарын жетілдіру, материалдық-техникалық, компьютерлік технологиялармен  жабдық-талуын қамтамасыз ету, кеден бекеттерін, ғимараттарын салуға,  жабдықтауға қатысу, кадрларды оқыту, тәрбиелеу, кеден тарифтерін әзірлеуге, Үкіметтің кеден саясатын жүргізуіне қатысу, жүк өткізуге байланысты инфрақұрылымды өркендету, кеден саласындағы құқықбұзушылықпен, контрабандамен күресу, мемлекеттің ішіндегі экономикалық субъектілермен байланыс орнату, кеденге байланысты фискальдық функцияларды орындау, валюта бақылауына қатысу, т.б. өте кең ауқымдағы кешенді қызметтер енеді. Кеден органдары қызметінің сан алуандығы оның құқықтық мәртебесінде көрініс тауып, өз кезегінде функцияларын атқарудың түрлері мен әдістерінің көп болуына құқықтық базасының өзіндік ерекшеліктеріне алып келеді.

Менім пікірінше, кедендік-қоғамдық қатынастардың едәуір мәнді бөлігі тек қана мемлекеттің ішкі басқарылуын реттейтін әкімшілік құқықтың аумағынан шығып, тікелей  халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес, яғни мемлекет-аралық практикада орыққан нормаларды өзгеріссіз қабылдау  арқылы реттелетіндіктен, әрі кей жағдайларда кеден жұмысында мемлекет басқару практикасына тікелей қатысы жоқ құқық нормалары (мысалы: құқыққорғаушылық әрекеттер тек мемлекеттік басқару шеңберінде қалып қоймайды) қолданатындықтан кеден құқықғын ұлттық құқық жүйесінің өзіндік жеке саласы деп есептеу керек.

Кеден саласы, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қаржылық,  кең  көлемдегі заңнамалардың тікелей әсер етуімен реттеледі. Кеден құқығының мысалынан жалпы бүкіл құқықтың жүйелілігін, қоғамдық қатынастарды реттеуде кешенді қолданылуын көруге болады.

Кеден құқығының өзіндік ерекшеліктерінің бірі ол өз аумағында бірнеше бағыттардағы құқық нормаларын біріктіреді.

Кеден    органдары функцияларының сан алуан болуына байланысты оның іс-әрекетінің түрлері де өте көп. Бұл зерттеу жұмысында кеден органдары іс-әрекетінің түрлері мен әдістері зерттеліп, олардың ең маңыздылары ерекше аталып өтілді. Тек қана кеден органдарына тән іс-әрекет түрлері мен әдіс-тәсілдері баяндалып, кеден органдары жұмысының бағыттарына сәйкес және нақты туындаған  жағдаяттарға сай, творчестволық тұрғыдан тандап, қолдана білу, оларды қазіргі заманғы сай жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік органдардың, соның ішінде кеден органдарының құзырлығы, функциялары мен міндеттері мәселесі қазақстандық заң ғылымында аз зерттелген тақырыптардың бірі. Әр органның қүзырлығының шегін анықтау, құзырлықты атқарылатын функцияларына орай жіктеу, қүзырлықтың уақыт бойынша және кеңістік бойынша шектелуі, өкілеттікті жүзеге асыру кезеңі, оның міндеттерімен және міндеттемелерімен  байланысты, т.б. мәселелерінде әлі айқын-дауды қажет ететін жәйттер көп.

Бұл дипломдық жұмыста кеден органдарының құқықтық мәртебесі, оның бүкіл жұмыстарының мәні ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан мемлекетінің негізгі функциялары мен мақсаттарынан туындайтынын, сондай-ақ кеден органдарының мемлекеттік органдар шеңберіндегі, мемлекеттік басқару механизміндегі рөлі оның мемлекет егемендігі мен тәуелсіздігін жүзеге асырудағы қажеттілігінен туындайтынын көрсетуге қадам жасалды. Кеден  органдары функцияларының дәл қазіргі қайсысына басым мән беріліп отырғанына қарай атқарушы билік тарапынан кеден органдарын басқаруды ұйымдастыру жүргізілетіні көрсетілді.

Сондай-ақ кеден органдарының мемлекеттік басқару механизміндегі бүкіл іс-әрекет ету әдіс-тәсілдері, түрлерін анықтау арқылы, оның құзыреттілігінің, жауапкершілігінің, функциясының шеңберін нақтылау, талдау арқылы тек қана кеден органдары емес мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзге де мемлекеттік органдардың негізгі әрекет ету тәсілдерін, құзыреттіліг мен функциясын  жауапкершілік аумағын анықтаудың құқықтық құралдарын жасауға тырысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  30 тамыз 1995 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексi – Алматы: Юрист, 2004ж.
  3. Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық» кодексi 01.01 ж. № 155 – II.
  4. Қазақстан Республикасы кеден ұйымдарына кеден қоймаларын беруі және осы қоймаларды пайдалану туралы ереже жайында Казақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996ж. 5 маусымдағы №120 – П Бұйрығы.
  5. Қазақстан Республикасының Салық Кодекс 12.01.01 ж.
  6. «Кедендiк   баж және тарифтер» туралы ҚР Заңы-12.91 ж.№ 1049 –XII
  7. Қазақстан Републикасының қылмыстық Кодексі. Алматы 2002ж.
  8. Закон РК «О ратификации Соглашения о единых условиях транзита через территории государств — участников Таможенного союза» от 11 декабря 1998 года N 313-1.
  9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы» туралы ҚР заңы. 15 шiлде 1996 ж.
  10. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы 1995ж 17 сәуір.
  11. Законодательства о государтсвенной службе в Республике Казакстан/ сос. Р.А. Подопригора/ Алматы 2001 – 38стр.
  12. Постановление Правительства РК от 25.03.96 г. N 342 «О некоторых вопросах применения таможенного режима временного ввоза (вывоза) товаров» (с дополнениями, внесенными постановлением Правительства РК от 9.11.2000 г. N 1689).
  13. Постановление Правительства РК от 6.06.97 г. N 932 «Об утверждении описания и порядка применения опознавательного знака и опознавательного флага таможенных органов Республики Казахстан».
  14. Постановление Правительства РК от 13.01.2000 года N 71 «Об утверждении Перечней товаров, не подлежащих помещению под некоторые таможенные режимы».
  15. Постановление Правительства РК от 29.11.2000 года N 1787 «О контроле соответствия продукции в Республике Казахстан».
  16. Сборник нормативных правовых актов по таможенному делу.- Алматы :Изд-во «Лем», 2001 г.
  17. Тауарды уақытша кіргізуге кеден тәртібін қолданудын кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 1996ж. 25 наурыздағы № 342  Қаулысы.
  18. Транспорт құралдарын әкелуді куәләндіру және тауарды кедендік бақылау арқылы жеткізуді растау туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997ж. 23 сәуірдегі № 106 – П Бұйрығы.
  19. Айтпаев Қ. Қазақстан Республикасының кеден саясатының қалыптасуы. Алматы., 2003ж.
  20. Алибеков С.Т. Таможенное дело в Республике Казахстан. – Алматы: Высшая школа права «Әдiлет», 1997 г.
  21. Алибеков С.Т. Казахстанское таможенное право. Алматы. 2003
  22. Әлібеков С.Т. Қазақстан кеден құқығының жалпы және ерекше бөлімі. Оқу құралы.-Алматы: 2001. 158б.
  23. Бахрах Д.Н. Таможенное право как институт административного права/ государство и право. – 1995. — №3. 15стр.
  24. Габричидзе Б.Н. Таможенное право — М.: 1999 г.
  25. Беляев Н.А. Уголовно-правовая политика и пути ее реализации Л., 1986. стр137.
  26. Ералин А.Н., Бакишев К.А. ответственность за контрабанду по новому уголовному законодательству Республики Казахстан.// Проблемы брьбы с корупцией и организованной преступностью// Караганда, 1998. ст 75-76.
  27. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. – Алматы, 1998. – 136б.
  28. Лукьянов В.В. Уголовно-правовая характеристика контрабанды и ее предупреждения: Л, 1998г стр 56.
  29. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы: Кітап, 1999. — 32б.
  30. Некрасов Л.А., Джандарбеков И.А. Основы таможенного дела. – Алматы, ТОО “Издательство LEM”, 2002г. –552с.
  31. Ноздрачев А.Ф.и др.Таможенное право.- М.: Юрист, 1998 г.
  32. Нурахметов Б. Қазақстан Республикасының кеден ісі Алматы 2000ж.
  33. Пименов А.В. Кадыров Б.Ш. Некоторые проблемы с экономической контрабандой на современном этапе. // проблемы борьбы с корупцией и организованной преступностью // Караганда, 1998. стр. 87
  34. Петров Ю., Кудрявцева И. Практика таможенного регулирования. (пособие).М.: Изд-во «Автор», 1994 г.
  35. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1998. – 168б.
  36. Сарсембаев М.А. Таможенное право Республики Казахстан, учебник, Алматы:2002 г.
  37. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы. Алматы 2001ж
  38. Шалтыков А.И. История таможенного дела.  Алматы 1999г.
  39. Цветков В.В., Шербак А.И. Дисципилина и ответственность в аппарате государственного управления. Киев 1985 – 225с.
  40. Экономикалық саясат. Әлеуметтік саясат. Д.Қ. Қабдиев Т.К. Оралтаев Б.Х. Хабибуллин – Алматы, 1999 – 28б.