Мазмұны
І.Кіріспе…………………………………………………………………2І-Тарау.Қора өзенінің бастауындағымұздықтардың
туристік-рекреациялық маңызы
Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары………………………………….4
Қора өзенінің бастауындатау туризмін дамыту
мүмкіндіктері………………………………………………….12
1.3.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтар мен
моренналы көлдерді оқып үйренуді көздейтін
көп күндік бағыттар………………………………………19
ІІ-тарау.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің
бастауында туризмді дамытудың маңызы
2.1.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында
туризмді дамытудың алғышарттары……………………………..25
2.2. Бүркітті Бүйен өзенінің бастауындағы
мұздықтадың туристік-рекреациялық
мүмкіндіктері…………………………………………………..34
2.3.Баянжүрек тауының табиғат ескерткіштерінің
оқу-танымдық туризмді дамытудағы маңызы…….41
ІІІ.Қорытынды……………………………………………………….54
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………..57
- Қосымшалар………………………………………………………
Кіріспе
Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:
ғылыми жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып, Қора шатқалының жер бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктері мен оның бастауындағы тау мұздықтарының туризм мен демалысты дамытумүмкіндіктерін анықтап,оған әсер ететін табиғи алғы шарттарын ашып көрсету;
өзен бастауындағы мұздықтар мен моренналы көлдердің
спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және экстрималды туризмді дамытудағы алатын орны мен адам ағзасының қалыпты жұмысын қамтамассыз етудегі маңызын ашып көрсету.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздемелері: бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде В.С.Преображенскийдің «Географические проблемы организация туризма и отдыха», И.С.Соседов пен Л.Н. Филатованың «Водные балансы и водные ресурсы северного склона Джунгарщского Алатау», С.Е.Ердавлетовтың «География туризма Казахстана», атты еңбектеріндегі ғалымдардың ой пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық өндеу әдістемелері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, сызба-нұсқалар,карталар қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы дерек көздері карталар мен графиктік кестелер география пәнінің мұғалімімен жоғарғы сынып оқушылары, география мамандығының студенттері мен туристік фирмалардың мамандары қажетті білім көзі ретінде пайдалана алады. Өлкетану-Ізденіс жұмысындағы деректер Жетісу Алатауында туристік бағыттар мен соқпақтарды құрып, туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызы зор.