АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Көркем аудармадағы баламасыз лексика

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

филология факультеті

жалпы тіл білімі кафедрасы

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Көркем аудармадағы баламасыз лексика

 

 

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың жалпы көлемі –  бет.

 

Пайдаланған әдебиеттер саны – 35

 

Пайдаланған дереккөздер саны – 18.

 

Тірек сөздер: көркем аударма, баламасыз лексика, реалий-сөздер, этнографизмдер, фондық лексика (ақпарат, мәлімет) коннотация, ұлттық мәдениет, тіл және мәдениет, лакуна, лингвокультурология, транслитерация, түсіндірме, гипоним, гипероним, сипаттама аударма, сөз таңдау, аудармашының лингвоэтникалық құзыреті,

 

Зерттеу нысаны – қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем әдебиет туындылары.

Жұмыстың мақсаты – көркем аудармадағы баламасыз лексиканы белгілеп, оны аудару әдіс-тәсілдерін сипаттау.

Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысында салғастырмалы, контрастивті, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар бақылау, баяндау, жүйелеу, сипаттау және контекстуалдық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Алынған нәтижелер:  көркем шығармалардан 200 ден астам лексикалық бірліктер жинақтап алынды, баламасыз лексика жүйеленіп топтастырылды және олардың қазақ және орыс тілдерінде (аударманұсқаларда) берілу амал-тәсілдері талданды. Қазақ және орыс халықтарының ұлттық-мәдени ерекшеліктері қарастырылды.

Бітіру жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және дереккөздер тізімінен тұрады.

М А З М Ұ Н Ы

 

 

Кіріспе ……………………………………………………………………………

 

1 тарау Көркем аударманың лингвомәдени мәселелері

1.1 Көркем аударма – дербес шығармашылық туынды……………..

1.2 Көркем аударманың мәдени-танымдық қызметі………………….

 

2 тарау Көркем аудармадағы баламасыз лексиканың берілуі

2.1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі

2.2 Баламасыз лексиканы аудару амал-тәсілдері …………………….

 

Қорытынды …………………………………………………………………….

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………….

Пайдаланған дереккөздер тізімі…………………………………………

 

КІРІСПЕ

 

Аударма – әрбір мемлекеттің, әрбір халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Адамзаттың тіршілігінде рухани мәдениеттің қалыптасып, дамуы негізінен ел мен елдің өзара қарым-қатынасы, түрлі саладағы байланысына бағытталатыны айқын.

Аударманың міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиет аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлемдік әдебиеттің ұлы жауһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол рухта, биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады.

Көркем аударманың мәселелері әрқашанда тек қана жазушы-аудармашыларды емес, әдебиетші, лингвист ғалымдарды қызықтырған. Себебі ол әртүлі мәдениеттердің, ұлттық әдебиеттердің бір-біріне ықпал етуінің дәнекері. Жалпы көркем аударманың қай жанры, қай түрі болсын әлем мәдениетін  көркемдік тұрғыдан меңгеру болып табылады. Бір елдің әдебиетін аудару барысында оның тілдік байлығымен, ұлттық әдет-ғұрып, салтымен, тарихымен, болмыс-бітімімен, табиғатымен, басқа да өзіндік ерекшеліктерімен танысу арқылы олардың мәдени-тарихи үрдісінің диалектикасын үйрену басталады. Көркем аудармадағы ең күрделі және қызықты мәселе – ол сөз таңдау, әсіресе фондық лексиканы басқа тілге аударылуы.. Жұмыста баламасыз лексика, оның түрлері, басқа тілге аудару тәсілдері қарастырылады. Баламасыз лексика тікелей ұлттық (материалдық және рухани) мәдениетімен байланысты, сол себетен аударылатын тілде эквивалентсіз болып табылады. Бұл көркем аударманың лингвомәдени мәселесінің бірі. Осы орайда көркем аудармадағы лексиканы зерттеу – бітіру жұмысының өзектілігін құрайды.

Зерттеу нысаны – қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем әдебиет туындылары.

Жұмыстың мақсаты – көркем аудармадағы баламасыз лексиканы белгілеп, оны аудару әдіс-тәсілдерін сипаттау.

Бітіру жұмысының міндеттері:

—   көркем аудармаға қатысты әдебиеттермен танысу;

— баламасыз лексиканың түрлерін айқындау, осы лексиканы белгілеуде ғалымдардың пікірлерін тұжырымдау;

— көркем аудармадағы айқындалған лексикалық бірліктерді жүйелеу және топтастыру;

—   қазақ және орыс тілдерінде жазылған шығармалар мен олардың аудармаларындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің сақталуын талдау және лакуналарды белгілеу;

-аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің белгілерін қарастыру;

—   баламасыз лексиканы аудару әдіс-тәсілдерін сипаттау;

—  екі тілдегі туыстық атауларының жүйесін салыстыру және оларды аудару амал-тәсілдерін талдау.

Дереккөздер: қазақ тілінде жазылған көркем шығармалар (Әуезов М.О., Есенберлин І., Мұқанов С., Нүрпейісов Ә., Мүсірепов Ғ., Жұмаділов Қ. ) және олардың орыс тіліне аударылған мәтіндері; орыс тілінде жазылған көркем шығармалар (А.Пушкин, Л.Н. Толстой, А. Толстой, А. Чехов, И. Тургенев, А. Бунин, Н.Погодин ) және олардың қазақ тіліне аударылған мәтіндері. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің үлгілері (эпостар) пайдаланды.

Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысында салғастырмалы, контрастивті, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар бақылау, баяндау, жүйелеу, сипаттау және контекстуалдық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының материалдары ретінде қазақ және орыс тілінде жазылған көркем шығармалардан жаппай іріктеп жинақтау әдісі бойынша 200 ден астам реалий-сөздер жинақтап алынды. Жоғарыда аталған әдістер мен амал-тәсілдерінің негізінде шығармалардағы баламасыз лексика және олардың аудармада берілуі талданды.

Алынған нәтижелер:  көркем шығармалардан 200 ден астам лексикалық бірліктер жинақтап алынды, баламасыз лексика жүйеленіп топтастырылды және олардың қазақ және орыс тілдерінде (аударманұсқаларда) берілу амал-тәсілдері талданды. Қазақ және орыс халықтарының ұлттық-мәдени ерекшеліктері қарастырылды.

 

1 ТАРАУ.  КӨРКЕМ АУДАРМАНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1 Көркем аударма –дербес шығармашылық туынды

 

Аударма – ұлттық және әлемдік мәдени үрдістернің бастапқы нышандарының бірі. Бұл арқылы ол белгілі бір халықтың және онымен қарым-қатынастағы басқа да елдердің әр дәуірдегі мәдениеттің тарихи және ұлттық ерекшеліктері саналады. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы қалыптасқаннан-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қостілді» адамдар-тілмаштар пайда болған. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржіма халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.

Көркем әдебиет – айырықша күрделі жанр. Оның әдебиет қисынынан туындайтын жазушылық шеберлік, әр жазушының қаламгерлік даралығы (ситлі) мен таланты, эстетикалық функцияны, мазмұн мен пішінді жеткізудегі жазушының танымдық-психологиялық қабілет-деңгейі сияқты сан алуан проблемалары бар. Көркем әдебиет тілінің де өзге функционалдық стильдерге қарағанда иірімі мол, ол оның негізгі қызметі – эстетикалық функциясымен тығыз байланысты. Бұл – арнаулы ақпаратты әдебиеттен басты айырмасы. Көркем әдебиеттің екінші және маңызыды белгісі – оның образдылығы, жалпыхылықтық тілдік қордағы элементтерді пайдалану мүмкіндігінің болуы. Белгілі ғалым Е.Жанпеисовтың пікірінше, бұл — «көркем шығарма тілінің өзіндік табиғатын, өзіндік сөз қиюын айқындайтын» басты факторлар /1, 24/.

Көркем әдебиет стилінің әдебиеттік, тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде жазылған әңгіме, повесть, роман – сол халықтың ұлттық көркемөнері; туындының эстетикалық функциясы, прагматикалық сипаты – баршасы тілді иеленуші халықтың рухани-мәдени ұлттық танымының үрдесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады.

Көркемөнер ретінде аударма әдебиет  жеке адамға ақиқат өмірдің сырлы суретін барыншы жеткізуі керек. Көркемделіп жасалған ақиқат дүниенің бейнесін жасап шығаратын құрал – тіл. Тәржімашының алдында екі жақты, бір бірінен ауыр, екеуінің де таразысы тең қос міндет тұрады:

  • тұпнұсқаның мазмұнын, сюжетін, тұпнұсқа а вторының негізгі идеясын мүмкіндігінше толық сақтау;
  • аударылатын тілдің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау.

А.М.Алдашева көркем аударманың мынадай айырым-белгілерін ұсынады:

а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі: демек, мұндак индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ

ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;

б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;

в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;

г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуға тиіс /2, 26/.

Кез келген аударманың ең негізгі қағидасы –ол аударма мәтінінің сапасы, демек аудару үрдісінің нәтижесі, аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы. Сондықтан аудармашының әрекетінің нәтижесі – аударма мәтінінің тұпнұсқаға экивалентті, сәйкесті болуы. Бірақ қазақ әдебиетінің классиктері жасаған аудармаларда қаламгерлік алшақтықтар-айырмашылықтар бірден көзге түседі. Ал әр шығарманың өз белгісі, өз сыпаты болуы – шығармашылық ізденістің жемісі. Әрбір жазушының өз тілі, стилі бар; жазушы даралығы арқылы тілдік құралдар, сөз қазынасы өзгеше ұжымдасады, өзгеше дәнекерлеседі. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында оқиғаны баяндау, суреттеу тәсілдерінің қатарында, мәселен, бірнеше синонимдерді ілестіре, қатар қолдану, көркемдік құралдарды үстемелеп пайдалану, көркемдік мақсат үшін ретті тұстарында контекстуалды синонимдер жасау амалы көп. «Абай жолындағы» Барлық тұлғасы сай келген қарасұр жігіт, сонау сұлу болмаса да ұнамды, сүйкімді; Жігітек ішіндегі намыскер, отты, пысық жігіттердің бірі; Келбетті маңдайы ақшылданып, айқындап тұр; Әнінде ашық, айқын бір келісті сарыннан басқа, үзілмей ілескен, майда рахат саз, бір күміс лебіз толқын бар деген суреттеулер М.Әуезов аудармаларында жоқ. Осы мәселе аударманың негізгі проблемасы – сөз таңдау қағидаларымен тығыз байланысты. Себебі аударманы бағалаудың екіжақты межесі – түпнұсқаның коммуникативті-функционалдық белгілерін (мазмұнын, идеясын, автордың стилін) сақтау және екінші тілде оқитындардың қабылдау ерекшеліктерін ескеру. Алайда, М.Әуезов өзі қазақшалаған проза мен драмаларда сирек қолданыстағы сөздерді (қасарман, сыбайы, құшнас, жорталар) балама етеді; тың образдар жасайды (тастай тылсымдай, тілі суырылған жыландай, күнгірт жүзді); қазақ тілінде функционалды баламасы бола турса да, түпнұсқадағы кейбір сөздердің және сөз тіркестерінің сөзбе-сөз баламасын жасауды да байқап көреді (друг сердца – жүрек досы; капризное воспитание – айнымалы тәрбие; человеческое чувство – адамдық сезім т.б.). Мысалы:

  • Голубчик, ты погляди на небо – оно ведь каменное» (Н.Погодин «Аристократы»)
  • Жаным-ау, аспанға қарасаңшы, тастай тылсыдай ғой (ауд.М.Әуезов).
  • Недобрую шутку сыграл англоман со своим сыном; капризное воспитание принесло свои плоды (И.Тургенев «Дворянское гнездо»).
  • Ағылшын құмар әке ұлын мазақ еткендей із қалдырды; айнымалы тәрбие өзінің жемісін бермей қойған жоқ (ауд.М.Әуезов).

 Сөйтіп, түпнұсқаның эстетикалық-көркемдік құндылығын сақтау және қазақ тілінің нормаларын қадағалау міндеттеріне сәйкес көркем аударма жасаған қазақ қаламгерлері-аудармашыларының шығармашылық ізденістеріне тән ерекшеліктер мынадан көрінеді:

— аудармашылар жаңа сөз, фразалар үлгілерін қалыптастырады; түпнұсқадағы тұлға-бітімі тосын реалий атауларының қазақша немесе орысша баламаларын береді;

— екншісі — образды орамдар, эмотивтік қалдар жасауға қатысты: көркем аудармадағы жалпыхалықтық образдылық элементтері, яғни пайымдау мен ұлттық бітімнің, мәдени ерекшеліктердің негізінде жасалған халықтық образды стереотиптер, тұрақты тіркестер қолданылады;

— үшіншіден, аудармашы түпнұсқадағы теңеулерд, фразалардың, паремиялардың экспрессивтік күш-қуатын әлсіретпеу

Көркем аудармадығы сөз таңдау лексика мен фразеология жүйесін байытуға ықпал етеді. Мысалы, аударылып жасалып, көркем аудармадан тарап, тіл қолданысына сіңіскен немесе потенциалды элемент ретінде тіл айналымына түсуі әбден мүмкін «тың сөз туындылары» өте көп /3,6/. М.Әуезов атаған тың сөз туындылары – қазақшаға аударылған жеке сөздер, тұрақты тіркестер: гүлалқа – венок (М.Әуезов); тұспалдама – намек, сыбыршы – суфлер, құлақша қағаз – этиткетка, бірсүйер – однолюб (Ғ.Мүсірепов); патшаханым – императрица, пида – пешка (Ә.Кекілбаев); қалтқы – перегородка, тері жақы – кожаный пиджак, мапа былғары – перчатки (Ғ.Орманов) деген жаңа қолданыстар аударма үлгісінде жасалғандар.

Көркем аударманы талдау мәселесі — әдебиет ғылымы мен тіл ғылымының ұштасқан жерінде қарастырылуға тиіс, терең стильдік талдауды қажет ететін күрделі сала. Мазмұны, идеясы, сюжеті, құрылымы дайын мәтінде тілдік құралдардың еркін қолданылуы; аудармашы-қаламгердің жалпыхалықтық қордағы сөздерді, фразаларды пайдалануы, өз тарапынан жаңа сөз тұлғалары мен тың тізбектер жасауы – көркем аудармадағы ойлаудың образдылық типінің нәтижесі.

 

1.2 Көркем аударманың мәдени-танымдық қызметі

 

Мәдениет-ұлт-тіл үштігі бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғымдар. Ұлт мәдениеті мен ұлт тілі – ұлт тұтастығының негізгі белгісі. Мәдениет – ұлттың тарихи даму бойында жинақтаған материалдық-рухани құндылықтарының жиынтығы. Мәдениет – қоршаған ортаны, әлемді жай, сырт көзбен бақылау немесе қоршаған ортаны бейімделу емес, жеке адамның, халықтың өз ұлттық-этникалық ерекшеліктері арқылы айнала дүниеге реакция жасауы, оны өз ұлттық мінез-құлқы, пайымы, шұғылданатын кәсібі арқылы білуі, алған таным-пайымдауын бағалауы. Әрбір ұлттың өзіне тән таным-пайымы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы тіл арқылы танылады. Тіл – халықтың болмысы, жаратылысы, ол мәдениетпен тығыз байланысты: тіл мәдениеттің дамуын, қалыптасуын, деңгейін көрсететін, мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тіл – ойды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар тіл – материалдық-рухани мәдениетті танып-білудің, ұлт мәдениеті көрінісінің, ұлт мәдениеті өмір сүруінің негізгі арнасы, белгілі бір халықтың мәдениетінен ақпаратты жинақтау және сақтау (аккумуляция) қызметін атқаратын басты форма. Демек, тіл арқылы мәдениет суреттеледі, рухани және материалдық мәдениеттің барлық белгілері тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетеді.

Қазіргі уақыттағы болып жатқан ғаламдану үрдісі көптеген ғылымдарда, соның ішінде лингвистика ғылымында антропологиялық зертеулердің көбеюіне ықпал етуде. Сондықтан да лингвомәдениеттанулық ынтымақтастықтың дамуына мәдениетаралық байланыстың белсене түсуі интеграция үрдісенен байқалады. Лингвомәдениеттанудың негізгі мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған: А.А.Потебня, Ю.М.Лотман, Д.С.Лихачев, В.Н.Телия, В.А.Маслова және т.б. Олардың еңбектерінде лингвомәдениеттану лингвистикадағы антропологиялық парадигма өнімі ретінде дамиды. Антропологиялық парадигманың қалыптасуы тіл бірліктерінің (сөз, фразеология, мәтін т.б.) ұлттық мәдени семантикасын адамға мойын бұруға және оның мәдениеттегі орнына көңіл бөлуіне әкелді. Бұндай бетбұрыс мәдениеттегі адам мен оның тіліне көңіл бөлінетін лингвомәдениеттануды алдынғы қатарға қояды. Бұны В.Н.Телия өз зерттеуінде көрсетеді: «Лингвокультурология ориентирована на человеческий, точнее – на культурный фактор в языке и на языковой фактор в человеке. Это значит, что лингвокультурология – достояние собственно антропологической парадигмы науки о человеке, центром притяжения которой является феномен культуры» /4, 222/.

Жаңа ғылыми пән ретінде лингвомәдениеттанудың теориялық негізі В.В.Воробьев еңбектерінде іргетасы қарастырылған. Оның пікірінше, лингвомәдениеттанудың нысанына адам жасаған материалды және рухани мәдениетті жатқызуға болады, яғни «тілдік әлем көрінісін» құрайтын артефактілер жүйесін жатқызады /5, 95/

Аударма саласындағы лингвомәдениеттанудың теориялық мәселелеріне тоқтала келіп, А.М. Алдашева былай дейді: «Лингвистикалық мәдениеттнау саласы – этнолингвистикамен де, лингвоелтанумен де ортақтасқан ғылым; лингвомәдениеттанудың әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен жасасып келе жатқан өз сөзі; өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық «бет-пішін» бар деп есептелінген сөз ұлттық, әлеуметтік, этникалық, саяси адамгершілік, тұрмыстық нормаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады» /2, 122-123/.

В.А.Маслова лингвомәдениеттанудың нысанын нақтылап, лингвокультуремаларды былай бөледі:

  1. баламасыз лексика және лакуналар (лингвоелтану нысаны);
  2. мифологиялық тіл бірліктері: тілде бейнеленген мәдениеттің әдет-ғұрыптық формалары, аңыз, ғұрып сенім;
  3. тілдің паремиологиялық қоры;
  4. тілдің фрезеологиялық қоры;
  5. эталондар, стереотиптер, символдар;
  6. тілдік метафора мен бейнелер;
  7. тілдің стилистикалық қатпары;
  8. тілдік мінез-құлық;
  9. сөйлеу этикеті саласы /6, 37/.

Көркем мәтін оқырман әрқашан тани білмейтін ақиқатты өмір туралы мәліметтер бұлағы болып табылады. Әсіресе , бұл өзге тілдік оқырманға қатысты, өйткені, көркем мәтін автордың туған мәдениетіне тән ақпаратқа қанық болады.

Мәдениетаралық байланыстың танымал формасының біріне көркем аударма жатады. Дарынды автор туғызған көркем мәтін сол жазылған тілдің фонетикасы, лексика мен грамматикалық құрылысы ерекшелігімен ғана емес, содай-ақ, сол тілдің өзіндік экспрессивті-стилистикалық құралдар жүйесін көрсетіп, тілдің жарқын «кескінін» салады. Сонымен бірге әрбір көркем мәтін өзінің стилистикалық кодымен де ерекшеленеді.

Аударма мәтінде жасалған ақпараттың барлық қажетті жақтарын сақтау үшін аудармашы грамматика, лексика мен стилистиканы жақсы білуімен қатар, тарихи-мәдени әрі лингвомәдениеттанулық сипат туралы базалық білімі болуы қажет. Сонымен қатар тіл мен ұлттық мәдениеттің арасындағы тарихи-этникалық сабақтастықты, тұтастықты бірнеше тілдегі жазба нұсқаларды жетік оқи алатын, тілдер мен мәдениеттердің қыр-сырына үңілген адам жітірек байқайды. Мәдениеттегі айырмашылықтар әртүрлі тілдердегі сөздердің денотаты бірдей болса да, коннотативтік семантикасының  (сөздің эмоционалды бояуы) әртүрлі болуына ықпал етеді. Мысалы, өзбек жазушысы Т.Пулатов өзбек тіліндегі куёш және түрікмен тіліндегі офтоб сөздері мен солнышко сөздерін салыстыру арқылы әр халықтың ұлттық ерекшеліктерінің тілде белгіленуіне тоқталады. Оның пікірінше, жылдың көп бөлігінде күннің аптап ыстығының астында еңбек ететін халықтар ешуақытта күнді образды түрде солнышко деп айтпайды, ал өзбек, түрікмен халықтарының сұлулықты айға теңеуі орыс халқы үшін көркем-образдылықтың соншалықты дәл, ұтымды белгісі емес («Литературное обозрение». 1976.№8. -109б.). Ал В.А. Маслова төмендегідей қызық фактілер келтіреді: жапон тілінде қарапайым лексика мүлдем жоқ деуге болады. Сондықтан жапон тіліне аударушылар Ф. Достоевскийдің «Идиот»,

А. Чеховтың «Дура» деп аталатын шығармаларының аттарын өз тілдерінде беруде көп қиналады /6, 5/. Немесе туыстықты, жақсы көруді образды беру үшін орыс тілінде сердце сөзі арқау болатын тіркестер көп қолданысқа түссе, қазақ ұғымында осындай қасиет-сапаларды беруге бауыр сөзінің семантикалық өрісі жұмсалады. Әр халықтың тіліндегі бұндай айырмашылықтар ұлттық бітім мен мәдениеттің өзгешеліктеріне тәуелді.

Белгілі ғалым, аудармашы Г. Бельгер «Қан мен тердегі» қызыл қарын жас немере дегеннің орыс, неміс тілдеріне внук; даңғұр-дұңғыр болды да қалды дегеннің грохот, шумно болып аударылады /7, 265/. Ал «Казахское слово и проблемы перевода» атты мақаласында ол көркем аудармада кездесетін көп қиындықтарға тоқтала отырып былай дейді: «Казах сделал из своего слова культ. В этом можно убедится, постигнув мудрость и красоту речений биев Толе, гусиноголосого Казбека, вникая в поэзию акынов-жырау… Переводил я года три назад очень любопытную, познавательную книжку Дильды Матайқызы. Наткнулся на главку «Жеті амал», где перечисляются семь примет времени года: күннің тоқырауы, айдың тоғамы, мұздың қатуы, киіктің матауы, үркерлің батуы, қарашаның қайтуы, тоқсанның кіруі. После долгих распросов, поисков и толкований я перевел эти семь примет времени так: солнцеворот, новолуние, ледостав, сайгачий гон, уход Плеяд, улет казарок, смена Плеяд и Луны. Сретенье» /8, 11-12/. Осы айтылғанның барлығы көркем аударманың басқа аудармаларға (ресми қағаздар, жарнама мәтіндері, ғылыми мәтіндер т.б) қарағанда эквивалентті болуы қиынырақ. Сапалы аударма жасау үшін тәржімашының энциклопедиялық білімі, қаламгерлік шеберлігі, сол ұлттың мәдениетін, әлемді қабылдауда өзіндік ерекшеліктерін, салт-дәстүрін және аударма жасалатын тілдің стилистикалық қыр-сырын толық меңгеруге тиіс. Себебі көркем аудармада тек қана семантикалық ақпарат берілмейді, сонымен қатар эмоционалды, экспрессивті және эстетикалық ақпараттар берілуі тиіс.

Адам факторының тілдегі көрінісін, тіл мен сол тілді иеленуші адамның (тұтас бір халықтың) ойлау-пайымдау қабілетінің арасындағы байланысты, ұлттық мәдениеттің ұлт тіліне ықпалын зерттеуде аударма әдебиет көп көмек жасайды. Аударма әдебиетті түпнұсқамен салыстыру бірнеше тілдерде бар универсалды бір ұғым, образ, стереотиптер үшін жұмсалатын тілдік единицалардың ұлттық – мәдени құндылығын дәлірек танытуға мүмкіндік береді.

Ұлттық-этникалық мәдениеттің ерекшеліктері, ұлттық бітімнің және рухани құндылықтардың ұлттық сипаттары адам санасында орныққан символдық, образды-метафоралық, ойды көркемдеп жеткізуге эталон-үлгі болатын тілдік единицалардың семантикасынан, ішкі нысанынан байқалып тұрады. Ұлттық мәдениет әсіресе коммуникативтік актіге қатысушылардың сөз әдебінен, адам келбетінің, психологиясының суреттелуінен, уақыт пен  кеңістікке, іс-қимылға қатысты атаулардан, туыстық, ресми-бейресми қарым-қатынастардың баршасынан да белгі береді. Айталық, кез келген көркем туындының баяндау тәсілінің басты тіні – диалог, кейіпкерлердің өзара сөйлесу әрекетінде бейвербалды амалдар көп кездеседі. Сөйлесудің бейвербалды амалдары сөйлеудің ырғағы, дауыс мәнері, диалогтың мазмұнына қарай қол, көз, иық, бас сияқты дене мүшелерінің қимылы, ымдау сияқты паралингвистикалық амалдар. Паралингвистикалық ерекшеліктер халықтардың барлығына тән және олар – этнос мәдениетінің бір көрінісі. А.А. Сейсенованың пікірінше, «паралингвистикалық амалдардың ішінде ең көп тарағаны – дене қимылдары. Кинемалардың арасында бастың қимылдары да этикет ұғымымен ұштасып жатады, мәселен, бас иді, бас иіп сәлемдесті деген әрекетті білдіретін сөз тізбектерді сәлемдесу рәсімі мен қарым-қатынас процесінде ұлттық-мәдени ерекшеліктерді үстейді. Ал иіліп сәлем беру және иіліп тағзым ету этнокинемалары қазақтың қыз-келіншектерінің үлкендерге ізет пен ілтипат білдіру мақсатында қолданылады» /9, 25/.  Демек, бейвербалды амалдар дене мүшелері (лат. соматизмдер) арқылы жасалады, сондықтан да кез — келген тілде соматикалық фразеологизмдер бар, бірақ олар көп жағдайда сәйкес болмайды. Мысалы, жүрек аттай дүрсілдеу фразеологизмі тек қазақ мәдениетіне тән, себебі қазақ елінің тарихы мен тұрмысында жылқы атауы басқа үй жануарларымен салыстырғанда дәрежесі биік. Осындай фразеологизмдерді аудару қиындықтар туғызады:

Түпнұсқа:

Ауыл ұйқыда. Ай сүттей жарық. Айнала жым-жырт. Аманның жүрегі аттай тулап келеді (Ғ.Мүсірепов «Дауылдан кейін»).

Аударманұсқа:

Аул спал. В залитой лунным светом степи стояла такая тишина, что Аману казалось будто стук его собственнного сердца раздается как цоканье копыт. Аудармашы сипаттама тәсілін қолданып, фразеологизмнің мәнін тұра берді десе болады.

Всплеснуть руками, вскрикнуть тәріздес ұлттық мәдениеттің нышаны басым тілдік единицалар орыс классик жазушыларының шығармаларында жиі қолданысқа түседі. Қазақ аудармаларында көрсетілген элементтерді қазақшалау екі ыңғайда кездеседі: бірі – калька жолымен аудару: всплеснуть руками – алақандарын (қолын) соғу; вскрикнуть – шаңк ету (айғайлап жіберу). Екіншісі – сөйлеу этикетінің паралингвистикалық ерекшеліктерін бере алатын қазақ тіліндегі тілдік құралдарды іздестіру: всплеснуть руками – қолын жайып тұрып қалу; вскрикнуть – дауысы қатты шығып кету.

Түпнұсқа:

— Ах, Петр Андреевич! – сказала она, всплеснув руками. Какой денек! Какие страсти! (А.Пушкин «Капитанская дочка»)

Аударманұсқа:

Ах, Петр Андрееич! – деді ол алақандарын соғып қап, — осындай күнде, осынша неткен құмарлық! (ауд.ә.Тәжібаев).

Тұпнұсқа:

Она вскрикнула, дрогнула на седле и тронула лошадь галопом (Л.Толстой «Анна Каренина»).

Аударманұсқа:

Анна шаңқ етіп, ер үстінде дір ете қалып, атын лекіте шапты (ауд. Ғ. Орманов).

Сөйтіп, мәдениеттің ұлттық тұтастығы мәдениеттің стереотиптерін – қабылдау мен ойлаудың, түсінудің, мінез-құлықтың, әрекеттің стереотиптерін қалыптастырады, ал бұлар тіл арқылы көрініс табады. Жазушы Ә. Кекілбаевтың «Елең-алаң» романында тұтас контекст бойында шығарманың тақырыбына орай өткен ғасырлардағы орыс мәдениетіне тән жағдайлар суреттеледі. Әлуметтік, мәдениеттік қарым-қатынастарды баяндау үшін автор диалогке қатысатын кейіпкерлердің сөз әдебіне өзге мәдениетке тән қаратпа нысандарды (форма обращения) қосады, бұл — тікелей калька (голубушка – көгершінім). «…императрица аузын ашып үлгертпеді: -Андрей Иванович, төрлет, көгершінім, — деді…». Қазақ ұғымына тән емес бұндай қолданыстарға шығарманың коммуникативті-функционалдық белгілері ықпал етеді. Көркем аудармаларда кездесетін, өзге мәдениетке тән қаратпа нысандарды (голубушка, милая, брат, сударыня, тетушка) қазақшалауда аудармашылар ұлттық колориті қанық айналайын, қалқам, шырағым, қарындас, жеңгей, апай тәріздес нысандарды қоспайды, стильдік бояуы бейтарап элементтерді алады немесе калька-баламалар жасайды.

Аударма әдебиет рухани мәдениеттің бір бөлігі – тілде де үлкен із қалдырды. Арнаулы ақпаратты әдебиеттің аударылуы қазақ әдеби тілінің сөздік құрамына жаңа номинацияларды, терминдерді қосты, сөздің семантикалық құрылымын жандандырды, грамматикалық тұлғалар қызметіне қозғалыс тудырды. Рухани-мәдени байланыс қоғам өміріне жаңа ұғым, түсінік әкелді, ұғым-түсініктің аталу, тілдік единицамен белгілену қажеттілігі туды.

Қазақ қаламгерлерінің суреткерлік, шығармашылық қызметінде көркем әдебиеттің аудармасының да ықпалы болды. Алайда бұл жайт – жеке жазушының шығармасына әдеби-тілдік, стильдік талдау жасағанда, тұтас контекстің ерекшеліктерін салыстырғанда объективті дәлелденетін құбылыс.

 

2 ТАРАУ.  КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКАНЫҢ БЕРІЛУІ

 

2.1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі

 

Аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын еңбектердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін, сол себепті аударылуы қиындық келтіретін, болмаса тәржімалағанда суреттеу, түсіндіру, шамаластыра аударуды қажет ететін сөздер тобы аталады: олар «баламасыз лексика» деген терминмен белгіленеді.

Баламасыз лексика – халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытатын атаулар, реалийлер. Аталған термин көптеген авторлардың еңбектерінде кездеседі және оған әртүрлі түсініктеме беріледі: «реалийдің» синонимы ретінде, немесе одан да кең «өзге мәдениетте, өзге тілде жоқ сөздер». Мысалы, Е.М. Верещагин және В.Г. Костомаров «Язык и культура» атты кітабында баламасыз лекска – «слова, служащие для выражения понятий, отсутствующих в иной культуре и в ином языке, слова, относящиеся к частным культурным элементам, характерным только для культуры А и отсутствующим в культуре Б, а также слова, не имеющие перевода на другой язык одним словом, не имеющие эквивалентов за пределами языка, к которому они принадлежат» /10, 53/. Лингвистикалық аударматанудың белгілі зерттеушісі А.В. Федоров баламасыз лексиканың қатарына ғылыми-техникалық терминдерді де жатқызады /11, 135/. С. Влахов пен С. Флорин ол басқа тілдерге аударылмайтын сөздер «БЭЛ (безэквивалентная лексика) – лексические и фразеологические единицы, которые не имеют переводческих эквивалентов…нужно более четко разграничить БЭЛ от реалий. Наиболее широкими по своему содержанию является понятие БЭЛ. Реалии входят, как самостоятельный круг слов, в рамки БЭЛ» /12, 43/. Н.Б. Мечковская тілдердің ерекшеліктері мәдениеттің айырмашылықтарына себепті екенін дәлелдеп, өзге тілге кірме сөз болып енген   баламасыз сөздерді экзотизм деп атайды. «Экзотизмы и этнографизмы не столько раскрывают или толкуют чужую культуру, сколько символизируют ее. Так слова эсквайр, спикер, крикет, шиллинг прочно ассоциируются с Англией; джейлау, кишлак, арык, дехканин – это знаки среднеазиатской культуры; сакура, гейша, икэбана, сакэ – знаки традиционной японской культуры; баз, курень, майдан, привада – знаки донского казачьего быта и т.д.» /13, 52/. Демек, әртүрлі мәдениеттердің айырмашылықтары тек қана тілдердің реалий мен фразеологизмдерінде көрініс таппайды, сонымен қатар имплицитті түрде сол тілді иеленушілердің фондық білімінде (кейбір еңбектерде «фондық ақпарат», «фондық мәлімет» деп те аталады). Бұл ұғым «совокупность представлений о том, что составляет реальный фон, на котором развивается картина жизни другой страны, другого народа» /11, 146/ деген түсінікті білдіреді. Жалпы бағдарлы ақпартты білу (фоновая информация), танысу көлемі халықтар арасындағы мәдени байланыстар өрісінің деңгейімен байланысты. Мәдени ынтымақтастық неғұрлым тығыз болған сайын, өзге халық, ұлт жөніндегі әлеуметтік-мәдени дерек-мағлұматтардың көлемі де соғұрлым толыға түседі. Фондық ақпарат сонымен қатар белгілі бір халықтың тарихын, нақты бір кезеңдегі лингвомәдени ой-өрісін аңғаруды да қажет етеді.

Баламасыз лексика – көркем шығарманың тақырыбына, мазмұнына байланысты бір халықтың мәдени-тұрмыстық тіршілігіндегі ұғымдар мен түсініктердің, заттардың атаулары; адамдардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар мен діни, саяси көзқарастарға қатысты терминдер, стандартты қалыптар. Бұндай лексикалық единицалар, сөздер мен сөз тіркестері сөздіктерге тіркелмейді, тіркелген жағдайда да суреттеу, шамаластыра аудару амалымен жүзеге асырылады. Лексикографиялық рәсімделмегендігі өзге тілдегі мәдени-ұлттық ерекшеліктерге тән атауларды аудару мүмкін емес деген пікір тудырмайды; дәл, тұрақты лексикалық сәйкестігі көрсетілмегенмен де, аударма мәтіндерге жүргізілген талдау көркем әдебиеттегі реалий атауларын эстетикалық функцияға нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде қазақшалауға болатынын дәлелдейді.

        Белгілі бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан, классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол және олар тақырыптық, мәдени ерекшеліктері жағынан да сан алуан. Осы күнде баламасыз сөздер, әсіресе көркем аудармада, жан-жақты зерттелген. Ғалымдар баламасыз лексикаға мыналарды жатқызады: этнографизмдер, терминдер, одағайлар және еліктеуіш сөздер, аббревиатуралар, туыстық атаулар, сөз әдебі формулалар және қаратпалар, жалқы есімдер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, теңеулер, діни атаулар, көнерген сөдер, тарихаяттар, эмоционалды және экспрессивті бояуы бар сөздер, фольклор элементтері. Демек, фондық айырмашылықтарға байланысты сөздердің көбісі аударылмайды. С.С. Аверинцевтің айтуы бойынша, «тілдегі  ең жақсы сөздер аударылмайды». Тәржімашы сол ұлттың мәдениетін (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық бітім) толық меңгермегенше, басқаша айтқанда фондық білімі болмаса, сапалы аударма жасай алмайды деген тұжырым шығаруға болады. Мысалы, қазақ көркем шығармаларында кездескен төмендегідей лингвомәдениетанулық бірліктерге көз жүгіртейік.

Түпнұсқа:

Ертеңінде түске жақын, Ли-хұң, Жағыпар, Нұрбектер үгітшілерден бөлігіп, бұл ауылдан жүріп кетпек болды. Аттанар алдында оғаша үйде қымыз ішіп отырып, Жасыбай қонақтардан бұйымтай сұраған (Қ.Жұмаділов. «Соңғы көш»).

Аударманұсқа:

К обеду следующего дня Ли-хун, Жагфар и Нурбек выехали из аула. Перед отъездом, угощая своих гостей кумысом, Жасыбай еще раз спросил, по какому делу они посетили его (ауд. А.Самойленко).

Қазақ дәстүрінде бұйымтай сұрау деген әдет бар. Үйіне қонақ келіп, оған қонақжайлылық көрсетілген соң, отағасы қонағынан бұйымтай сұраған. Бұйымтай қонақтар осы ауылға қандай мақсатпен немесе қандай нәрсе сұрай келгендігін анықтау үшін сұралатын. Үй иесі қонағы сұраған бұйымды беретін. Аударманұсқада «бұйымтай» сөзінің жалпы беретін мағынасы бойынша аударған, ал әдет-ғұрыптық мағынасына көңіл бөлінбеген.

Көркем әдебиетте жиі жұмсалатындардың бір тобы – көнерген сөздер, архаизмдер (стряпчий, денщик, рядчик, подрядчик, адъютант). Сонымен қатар көркем әдебиеттегі кейбір реалийлердің атаулары қазіргі қазақ мәдениетінде активті. Айталық, қазіргі жағдайда адамдардың әлеуметтік статусын ажырататын нысандардың, бұрын архаизмдер қатарында болғандардың бір қатары (ханым, мырза, жоғары мәртебелім) активті қолданысқа түсіп отыр.

«Қазақ тілі еркелету, ізет мағынасын білдіретін амал-тәсілдерге өзге түрік тілдеріне қарағанда әлдеқайда бай» — деп американдық ғалым И. Циртаутас атағандай, тілімізде осы тұжырымның айғағы ретінде балаларға қатысты айтылатын еркелету мағынасы бар экспрессивті-эмоционалды қаратпаларды  (құлыншағым, боташым, балақаным, қошақаным, балапаным, шырағым т.б) атауға болады.

Белгілі бір тарихи оқиғаны немесе қоғамдық формацияны сипаттайтын көркем шығармаларда баяндалып отырған ситуацияға лайық  топтық-иерархиялық атаулар қолданылады. Талданған көркем туындылардың ішінде «Жанталас» және «Жібек жолы» атты тарихи романдарда хан, әмірші, патша, хан ием, тақсыр, қожа, хакім, сұлтан, алдияр т.б. вокативтер кездеседі, олардың көбісі араб тілінен енген атаулар, орыс тіліндегі мәтіндерде қарым-қатынас процесі мен сипатталып отырған тарихи кезеңді еш өзгеріссіз жеткізу үшін калька түрінде қолданылған: — А как же, таксыр-ата, если вдруг тайком собираетесь (Д. Досжанов); — Знай, мой султан, что повелитель-хан не променяет тебя ни на одного из десятерых (И. Есенберлин).

В. фон Гумбольдт тілдердің құрамындағы айырмашылықтарды түсіндіру кезінде халықтың рухани болмысын тілден бөлек қарастыру мүмкін емес деген тұжырымы бүгінгі күнде де актуальды.

Баламасыз лексика аудармадағы сөз таңдау мәселесіне қатысы бар топтың бірі. Ал аудармада, әсіресе көркем аудармада, екінші тілден сөз таңдаудың бірнеше себебі бар, олардың негізгілері мыналар:

  • екі тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымы әр басқа;
  • белгілі бір ұғым, зат, түсінік халықтың тұрмыс-тіршілігінде жоқ, демек ол тілде де белгіленбеген;
  • қоршаған ортадағы әрбір ұғымының, түсініктің, зат пен құбылыстың атауы екі тілде де бар, алаайда олардың ұғымдық-мазмұндық көлемі әртүрлі;
  • сөздіктегі сәйкестіктердің стильдік қызметінде айырмашылықтар бар;
  • шығарма авторының стилі мен тілі де функционалды сәйкестіктер жасауға ықпал етеді.

Халық орналысқан географиялық аймақтың, климаттың, халық айналысатын кәсіп пен шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай бір халық тіліндегі дербес атау, алуан түрлі ассоциация беретін лексеманың екінші тілде болмауы – заңды құбылыс. Бұлар – тіл жүйесіндегі бос орындар – лакуналар, «тілдің семантикалық картасындағы ақтаңдақтар» /15, 120/. Айталық, Азия мен Африка құрылықтарын мекендейтін кейбір халықтардың тілінде қар – снег сөзі жоқ, мұның себебі халық өмір сүретін географиялық ортада климаттың өзгеруі – жаз бен қыстың ауысуы тән емес. Ал жылдың белгілі бір бөлігі қыс мезгілі болатын аймақтардағы халықтардың тілінде қар – снег әрқилы ассоциацияға, ұқсастыруға, ойды бейнелеп айтуға тірек болатын ұғымдардың бірі.

Сондай-ақ әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібі мен шаруашылығына, тарихи қалыптасқан әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынастарына байланысты орныққан атулар-реалийлер де басқа тілдің сөздік құрамында болмайды.

Лакуна да баламасыз лексика да тілдерді салыстырғанда байқалады. Лакунаның пайда болу себептері әртүрлі болады, негізінен мәдениеттердің ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, ағылшын тілінде lawer – «адвокат» деген сөздің бірнеше басқа да атаулары бар:  attorney, barrister, solicitor, counsellor, ал орыс тілінде оларға адвокат деген бір-ақ сөз сәйкес келеді, керісінше, орыс тіліндегі девочка және девушка сөздерге  ағылшын тіліндегі girl сөзі сәйкес келеді.

Р.Д. Сафарян армян оқушыларын орыс тілін үйрету барысында көркем мәтінді қабылдауда лакуналар қиындықтар туғызтатына тоқталады: «Лакуны свидетельствуют об избыточности или недостаточности опыта одной лингвокультурной общности относительно другой. Все, что при восприятии иноязычного текста учащиеся не понимают, не замечают или неадекватно интерпретируют, свидетельствуе о наличиии лакун. Практическая работа в армянской аудитории показывает, что культурные лакуны при восприятии русского художественного текста вызывают следующие факторы: непонимание лингвокультурной универсалии текста, неумение правильно объяснять линговкультурологические детали, отсутствие фоновых знаний и т.д» /16, 204-205/.

Контрастивтік зерттеулерде, аударма теориясы мен тәжірибесінде лакуналар айқындалады. Лакуна ілімін  В.Л.Муравьев өз еңбектерінде жариялаған. Ол лакуналарды лингвистикалық, этнографиялық деп бөледі және оларға мынаны жатқызады: «лишь те иноязычные слова и устойчивые сочетания, которые выражают понятия, не закрепленные в языковой норме данного языка, и для передачи которых в данном языке требуются более или менее простанные перифразы – свободные словосочетания, создаваемые на уровне речи» /17, 15/.

Баламасыз лексиканың және лакунаның екінші тілде дәл баламасы, сөздіктегі сәйкестігі болмайды, олар – бір халықтың материалдық-рухани мәдениетіне тән, бір тілде ғана нақты тілдік единицамен белгіленген, өзге тілдерде сыртқы нысаны, ұғымдық-мазмұндық көлемі бірдей сәйкестігі жоқ тілдік единицалар дегенді білдіреді және олар аудару процесінде қиындықтар келтіреді.

Қазіргі таңда көркем шығармалардың аударылуын талдау кезінде түпнұсқа бойындағы лингвомәдени бірлік ұлттық колорит, реалий, баламасыз лексика, лакунаға көп көңіл бөлінеді.

Түпнұсқа:

Мал қораланып, ел орынға отырысымен, Естайлар «Алтыбақанға» баруға жиналды (Қ.Жұмаділов «Соңғы көш»).

Аударманұсқа:

Вечером, когда скот был загнан в кошары и люди разошлись по своим юртам, джигиты начали собираться на качели в аул Нугмана (ауд. А.Самойленко). Осы мысалдағы алтыбақан сөзінің мән-мағынасы кең. Бұрынғы кезде қазақ ауылдарында қыздар мен жігіттер кешкі мезгілде ойын-сауық құратын. Алты бақан жерге қағылып, оған әрі-бері тербетілетін арқан тартылады. Осындай қасиетті алтыбақан теуіп, ойнап-күліп, ән-жыр айтуға алыс-жақын ауылдардан жастар, ақындар мен сал-серілер жиналатын. Аударманұсқада качели сөзімен аударылып, алтыбақан сөзіне балама тұрғысынан дәл болғанымен әдет-ғұрыптық мағынасына көңіл бөлінбеген. Біздің ойымызша, көркем мәтінді аударғанда, ең алдымен түпнұсқа тілдің мәдениетінен, тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін лингвомәдени бірлік, реалии, лакуна сияқты элементтерді басты назарға ұстаған абзал.

Бір халықтың ұлттық мәдениетіне тән сипаттарды, айырымдарды атайтын сөздерді аудару аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің жан-жақты болуын талап етеді. Ұлттық мәдениетті белгілейтін атаулар функционалды қызметі жағынан басым доминант элементтер: олардың контекстегі функционалдық-коммуникативтік қызметі жоғары. Демек, оларды түсіріп тастау түпнұсқаның мазмұнын сақтау талабына нұқсан келтіреді. Сондықтан аудармашының лингвоэтникалық құзыреті – ол мәтіндегі қолданылған, мәдени-танымдық сипаты, ұғымдық-мағыналық көлемі жағынан сәйкестіктері жоқ атаулардың түпкі мағынасына, этимолгиясына, қандай ұғымда жұмсалғанына, контекстідегі стильдік жүгінің ауқымына назар аударуға тиіс. Мысалы, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романында Жәнібек хан Жүніс ханмен жақындасу үшін өз адамын жібереді:

Жәнібек өз ойын іске асыруға осы кездің дәл екенін еске алып қыз беріп, қыз алысайық – деп Жұнысқа кісі салды.

Аударманұсқа:

Пусть сбреют мне усы топором, если не получу вещественную помощь от Жунус-хана! – решил Джанибек.

Аудармашы түпнұсқадағы сөйлемнің құрылымын өзгертіп, ұлттық мән-мағынасы бар бейнелі сөйлемшені бөгде, ұлттық колоритты қанықтырмайтын пусть сбреют мне усы топором деген тіркеспен ауыстырды, ал қыз беріп, қыз алысайық дегеніміз ол қазақтың ата заманнан келе жатқан дәстүрі – туыстасу және ынтымақтасу символы. Көркем шығарманы басқа тілге аударудың негізгі мақсаты – сол ұлттың тарихи қалыптасқан психологиясының өзіндік, қайталанбайтын мағынасын толық беру.

Қазақ ұлттық бітіміндегі бата беру және бата алу дәстүрі үлкен мағынаға ие – бата алған кісінің әрқашанда жолы ашық, көңілі тоқ болады, ойлаған мақсатына жетеді. Ал батаны үлкен кісілер – ақсақалды қариялар, ақжаулықты аналар береді. Ақ батасын балаға әке-шешесі береді, бермеген жағдайда екі жас бақытты бола алмайды:

Түпнұсқа:

«Мені әкетіп бара жатқанда жер бауырлап жатып: Құлыным менің, ақ батамды алмай ерге шықпа деп еңіреп қалып еді».

Аударманұсқа:

«Потом она увидела мать, которая билась на прибрежном песке, протягивала к ней руки и причитала: «Дочь моя, не дай коснуться себя ни одному мужчине, пока не встретишь меня и я по обычаю не поцелую тебя в лоб».

Ұлттық мәні зор ақ бата беру тіркесі поцелую тебя в лоб фразасымен аударылып, аударманұсқаның сапасы төмендеді десе болады, орыс тіліне мое материнское благословление деп аударса мағынасы сақталады деп ойламыз.

Талданған мысалдар аудармашының фондық ақпаратты меңгеру деңгейі төмен екеніне дәлел. Тәжірибелі аудармашылар түпнұсқа авторының өзге де шығармаларын оқиды, оның жазушылық шеберлігіне тән болып есептелетін басты-басты стильдік-тілдік құралдарды аңғарады; шығарма оқиғасына, желісіне негіз етілген тарихи мерзімінің ерекшеліктеріне қатысты өзге де мағлұматтарды зерттейді; сөйтіп, жалпы алғанда, тәржіма үшін қажетті тарих, этномәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық бітім турасындағы өзінің жалпы білім-тәжірибесін жинақтайды. Демек, аударманың сапасын бағалаудың екіжақты межесі аудармашыға талап-міндеттер жүктелетінін көрсетеді. Аударма мәтінінің айтылған талаптардың үдесінен шығуы аудармашының ойлау-психикалық қабілітіне тікелей байланысты. Түпнұқсадағы айтылған ойды қалай, қандай әдіс-тәсілдермен жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі материалды анализдеу және синтездеу процестерін бастан өткереді. Аудару процесі тәржімашылық қызмет үшін керек факторлар «Тіларалық коммуникация процесіндегі аудармашының лингвоэтникалық құзыреті» 1Суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лингвоэтникалық құзырет қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруді талап етеді, яғни аудармашы осы ұлттардың сөз, сөйленіс модельдерін кешенді түрде жинақтау, тұтас тілдік материалдарды ұғынуы, ойлау-психикалық қызметі және негізгі ана тілі ұлттың мәдени-этникалық сипатына орай қалыптасқан адам болуға тиіс. Басқаша айтқанда, тәржімашы екінші тілді иеленуші халықтың тілін жақсы білген жағдайда ғана тәржіма туынды эстетикалық сапасы, оқырманға әсер етуі жағынан жоғары деңгейде бола алады. Лингвоэтникалық құзыретке ие адам өзге тілдегі туындыға қатысты жалпы фондық білімге иек арта отырып, шығарманы аударудың нақты бір тәсілін таңдап алады (баламасыз лексиканы аудару тәсілдері 2.2 бөлімшеде талданады).

Лингвоэтникалық құзыретке ие адам қазақ және орыс тілдерінің жалпы тілдік қорындағы барша әлеуетті, лексикалық-фразеологиялық байлықты, синонимдік қатарлардың мағыналық реңктерін ұтымды игеріп, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы сәйкестікті қалыптастырады, өз тілін жетік білетін аудармашы төл тілдегі сөздерді контекстуалды мағынада ауыстыра жұмсайды және осындай трансформациялаудың түрлі әдіс-жолдарын ұдайы жадында ұстап отырады.

 

 

2.2 Баламасыз лексиканы аудару амал-тәсілдері

 

Көркем әдебиетте баламасыз лексиканың негізгі түрі – ұлттық реалийлер жиі кездеседі, себебі олар сол ұлттың рухани, мәдени, қоғамдық өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан да осы сөздердің басқа тілге аудару жолдары көп қызығушылық танытады. Бірақ реалийлердің өздері аударылмағанмен (реалий – этнолингвистикалық түсінік, сондықтан да ол басқа тілде лакуна ғана бола алады), олардың атаулары аударылуға тиіс. Бірақ бірнеше еңбектерде «реалийлердің аударылуы» деген тұжырым кездестіруге болады, сонымен қатар «реалий-сөздердің аударылуы» мен «реалийлердің атаулары» синонимдес тіркестері қолданылады. Мысалы С. Влахов пен С. Флориннің «Непереводимое в переводе» атты еңбектерінде былай жазылған: «Понятие «перевод реалий»» дважды условно: реалия, как правило, непереводима (в словарном порядке) и, опять-таки как правило, она передается не путем перевода» /12, 79/.  А.В. Федоров «реалийлердің берілуі» деген тіркестің қолданылуы әбден мүмкін, себебі «передача» (берілуі) сөзінің мағынасы кеңірек және экстралингвистикалық түсінікті бере алады /11, 151/. Алайда, осы отандық лингвистикалық аударматанудың негізін қалаушысының пікірінше «нет такого слова, которое не могло бы быть переведено на другой язык, хотя бы описательно, т.е. распространенным сочетанием слов данного языка – это в отношении словарного перевода, и то, что невозможно в отношении отдельного элемента, возможно в отношении сложного целого, т.е. в отношении контекстуального перевода. Так что вопрос сводится не к тому, можно или нельзя перевести реалию, а к тому, как ее перевести» /11, 182/.

Қазіргі уақытта аударматануда баламасыз лексиканы аудару жолдарының бірнеше әмал-тәсілдері бар. Олар аудармаларды зерттеу және талдау негізінде қалыптасқан. Мысалы, А.В. Федоров осы сөздердің аударылуының 4 түрін немесе жолын ұсынады:

  1. транслитерация немесе транскрипция (толық немесе жартылай, сөзді түпнұсқадағы қалпында сақтап жазу, яғни сөзді екінші бір алфавиттің әріптерімен таңбалау;
  2. Сәйкесті затты атау үшін жаңа сөз немесе сөз тіркесін құру. Бұл сипаттамалы, перифрастикалық аударма;
  3. Жақын, мағынасы ұқсас (тепе-тең болмасада) сөзді қолдану – шамаластыра аудару (уподобляющий перевод);
  4. Гипонимикалық немесе шамамен алынған аударма. Бірінші тілдегі гипоним екінші тілдегі гиперониммен алмастырылады /11, 151/

       Ал С. Влахов пен С. Флорин /12, 87-90/ реалийлерді аударудың келесі тәсілдерін ұсынады: транскрипция және аударма. Екінішнің құрылымына:

  1. Неологизмдерді қолдану, олар калькалар және жартылай калькалар – сөз немесе сөз тізбегін ана тілінің сәйкес келетін немесе морфемалар құрамымен сөзбе-сөз аудару, яғни басқа тілдің сөзжасам үлгісін пайдалану арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жасау; өзге тілдегі реалийдің адаптациясы, игерілуі; семантикалық неологизм – аудармашының ойлап тапқан және реалийдің мағынасын бере алатын жаңа сөз, сөз тіркесі.
  2. Шамаластыра аудару (коннотативтік семантикасы бар сөз бейтарап сөзбен аударылуы) және оның бірнеше түрлері: гиперо-гипонимдік алмастыру – генерализация тәсілі, функционалды аналог немесе функционалды эквивалент, сипаттау, түсіндіру.
  3. «Контекстуальды аударма» немесе «сөздік аударма».

Көркем әдебиеттегі баламасыз лексиканы аудару (берілу) схемасы 2 Суретте беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

А.А. Алдашева көркем аударма ісінде өзге тілдегі (әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне) баламасыз лексиканың, соның ішінде «реалийдің атауларын берудің айтарлықтай қиындықтары жоқ. Ұзақ мерзім бойында графикалық жүйенің бірдей болуы, сондай-ақ мәдениеттердің етене аралас-құраластығы, қазақ қоғамындағы көптілдік жағдай, қазақ қауымдастығының өркениеттілігі, қоғам мүшелерінің интеллектуалдық деңгейі орыс тіліндегі реалий атауларының түпкі мәдени-ұлттық белгілерін танып-білуге, ажыратуға жеңілдіктер жасайды. Көркем аударуда реалийлерді берудің бірнеше амалы бар:

а)  түпнұсқадағы қалпын сақтап жазу (транскрипция);

ә)  қазақ тілінің дыбысталу, айтылу заңдылықтарына бейімдеу;

б) текст ішіндегі суреттеме, түсіндірме түрінде мағынасын ашу;

в) мағынасы жуықтасатын сәйкестіктердің бірін қолдану.

Сондай-ақ көркем аудармада техникалық амалдары – текстің сонына, сілтеме арқылы реалийдің анықтамасын беру әдісін де пайданалуға болады».

Бітіру жұмысында қазақ тіліндегі көркем шығармалардың орыс тіліне және орыс тіліндегі көркем шығармалардың қазақ тіліне  аудармалары талданып, екі тілдегі баламасыз лексиканы аудару амал-тәсілдері қарастырылды. Жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан, көркем әдебиет туындыларында реалийлер тобы мол және олар тақырыптық, мәдени ерекшеліктері жағынан да сан алуан. Жұмыста көркем шығармалардан жаппай іріктеп жинақтау әдісі бойынша 200-ден астам реалий-сөздер жинақталды және олардың орыс, қазақ тілдеріне аудару амал-тәсілдері талданды. Жинақталған материал бойынша көркем әдебиетте жиі кездесетін баламасыз лексика – реалийлер немесе этнографизмдердің топтастырылуы жасалды:

  1. рухани мәдениетке қатысты реалий-сөздер (шашу, байга, жыр, айтыс, терме т.б.);
  2. мәдени-тұрмыстық атаулар (сәукеле, тымак, кимешек т.б);
  3. ұлттық тағамдардың, сусындардың және ыдыстардың атаулары (құмыс, қуырдақ, жент, шолпы т.б.);
  4. туыстық атаулар (женге, тоқал, бәйбіше, келін т.б.);
  5. діни теологиялық атаулар (айт, хазрет, ораза т.б);
  6. антропонимдер немесе жалқы есімдер;
  7. қоғам мүшелерінің әлеуметтік статусына, қоғамдағы лауазымы мен орнына қарай жіктеп атайтын номинациялар (мырза, ханым, бикеш, алдияр, тақсыр т.б.);
  8. табиғат әлемінің реалийлері (жусан иісі аңқыған туған жер, тау, кең дала т.б.);
  9. символдық түр-түс атаулары (ақ, қара т.б).

Барлық атаулардың ішінде мәдени-тұрмыстық релий-сөздер жиі кездеседі: ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқан.  Әсіресе аталған сөздер М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында мол: «сөз таңдаудың» үлкен саласына өмір шындығын, атап айтқанда, қазақ халқының ұлттық болмысын шынайы көрсетуде этнографизмдер деп аталатын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қатысты сөздер мен тіркестерді дұрыс танып, дәл тауып қолдану жатады. Этнографиялық жеке зат, құбылыс, іс-әрекет, сын-сипат атауларын беруде М.Әуезов «өте ұқыптылық пен ізденімпаздық танытқан және осыны көркем шығарма шарттарының бірі деп ұққан» /18, 25/. М. Әуезов қолданған этнографизмдердің термин деп тапқандарының едәуір мол тізімі Е.Жанпейісовтің «Этнокультурная лексика казахского языка» деген кітабында «Қосымша» деп берілген. Бұл еңбекте зерттеуші «Абай жолы» эпопеясы тілінде орын алған этнографиялық сөздерді, көне сөздер мен бұл күнде сирек қолданылатын сөздерді талдап, олардың беретін мағынасын, шыққан түп-төркінін көрсетеді. Бұл лексикалық, этимологиялық ізденістер көп мәліметтер береді, яғни жазушының да аудармашының да сөз қазынасын игеруге көмектеседі.

  Аударма мәтініне этнографизмдерді еңгізу және оларды түсіндіру әртүрлі болады: мәтінннің ішінде, диалогтарда, сілтемелерде (кітап бетінің астында берілетін қосымша мәлімет) және шығарманың соңындағы кең түрдегі, толық түсіндірмелерде.

  Нақты материал баламасыз лексика транскрипция немесе транслитерация тәсілімен берілетінін көрсетеді, сонымен  қатар сол сөздерге сілтемелерде (кітап бетінің төменгі жағында) түсіндірме беріледі.

«Вот хотя бы Божей, сидящий по правую сторону Кунанбая, он из влиятельного рода жигитек. Из жигитека в свое время вышел стойкий и упрямый властитель Кенгирбай. Да и впоследствии этот род дал много удальцов, любителей набегов и барымты»  (Ауэзов «Путь Абая»). Барымта – насильственный угон скота, принадлежащего враждующему роду, она появилась в результате родовых распрей.

«Детвора с криками и смехом сновала между взрослыми:

— Шапки-то! Будто саукеле! Это не сэри, а невесты!» (Ауэзов «Путь Абая»). Саукеле – головной убор невесты, конусообразная шапка, украшенная различными насечками из драгоценных металлов и камней, красивыми перьями филина.

Тағы бір мысалды «Алпамыс-батыр» эпосынан келтірейік:

«Но таков уже мой удел,

Что по воле Ултана-пса

Превратился я сам в кокпар» (ауд. Ю.Новикова мен Л.Тарковский).

Кокпар – национальная игра, состязание, где кокпар – туша козла, которого пытается подхватить на скаку каждый всадник, участвующий в игре.

 «Қыз жібек» эпосының аударманұсқасындада баламасыз сөздерге түсініктеме беріледі: «Старик Базарбай ни к кому не засылал сватов для своих сыновей. «Живы будут, — говорил он, — сами себе найдут невест, а скота на калым хватит у меня, даже если они засватают падишахских дочерей…»». Калым – выкуп за невесту

Реалий-сөздердің келесі тобы рухани мәдениетке қатысты:

«Знакомый напев «Статный конь» разливался в воздухе: песня, привезенная Абаем и Ерболом из аула Дильды, уже успела облететь эти края, но нежные голоса искажали ее. Ербол сразу сообразил в чем дело. – Э, посмотри-ка, что там делается! У них бастангы! Вон на качелях качаются! – сказал он, остановившись, -Давай поедем прямо к ним!» (Ауэзов «Путь Абая»). Бастангы – вечеринка, игры и развлечения молодежи, устраиваемые по случаю отъезда кого-либо из членов семьи.

Қазақ халқының дәстүрінде шашу – тойдың басталуы, символдық мағынасы бар этникалық мәдениеттің фактісі: шашуді құдалар келгенде, келін түсіргенде немесе нәресте дүниеге келгенде шашады.

Түпнұсқа:

Кенжекейде ес-түс қалмады. Қызыл ала топ таяла бергенде алда келе жатқан кемпірлер етегіндегі құрт-ірімшіктерді уыстап шашып – шашып жіберді (Ә. Нүрпеиісов «Қан мен тер», 281)

Аударманұсқа:

Кенжекей окружили старухи, начали бросать ей шашу; бауырсаки, конфеты и курт.

Аудармашы түпнұсқадағы ойды мәнерлі бергенменен, шашу сөзіне  түсіндірме бермеген: кез келген орыс тілді оқырман бұл сөздің ұлттық мән-мағынасын түсінбейді. Әрине, ұлттық колоритті беру үшін көркем шығармаларға этнографизмдерді көбірек еңгізген дұрыс, бірақ олардың түсініктемесін беру қажет. Алайда баламасыз сөздер аударманұсқада тым көп болса оның сапасы да төмендейді. Мысалы, С. Мұқановтың «Ботагөз» романында 50-ден астам сөз орыс тіліне аударылмаған, ал М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында 100-ден астам сөз түпнұсқа тілінде қалтырылған, олардың көбісі диалогтарда және кейіпкерлердің репликаларында кездеседі. Кейбір жағдайларда олардың көлемі соншалықты көп болуынан, аралас қазақ-орыс тілі пайда болады: «Наш отряд, или кол, как мы будем его называть, — начал Амантай, — насчитывает сейчас приблизительно четыре тысячи человек… Кол разбивается на тысячи – мын, во главе каждой сотни – жуз, на которую делится мын, стоит жуз-басы. Эти две должности будем называть еще сардабек. Каждый десяток – он – возглавляет он-басы. Устанавливается строгое подчинение снизу доверху, от сарбаса – рядового – своему он-басы до мын-басы – командиру всего кола – кол-басы..» (С.Мұқанов «Ботагөз»). Қазақ сөздерінің көптігі Амантайдың сөзін түсініксіз ғып жіберді, осыдан барып аударманың сапасы төмендейді.

  Этнографизмдердің келесі тобы – ұлттық тағамдардың, сусындардың және ыдыстардың атаулары. Көп жағдайда  тағамдырдың атаулары транслитерация тәсілімен және түсіндірме арқылы беріледі: «На скатерть были поставлены чашки с баурсаками из кислого теста. Карабас принес и горячее – это было не обычное мясо или куырдак, а любимое блюдо Кунанбая, назвавшееся «жау-буйрек», которое он ел с кумысом» (Ауэзов «Путь Абая»). Куырдак – крошенное, жареное мясо, баурсаки – шарики из теста, жау-буйрек – кушанье из почек, казы – конская колабаса.  Біздің ойымызша, екінші бір халықтың мәдениетіне тән емес, сондықтан сөздік құрамында жоқ реалий атауларға түсіндермелер беру қажет, оқырмандар сол сөзге қатысты керек мәліметтерді сөздіктен іздемей-ақ, кітаптың сол бетінде таба алады. Сонымен қатар, жоғарыда айтқандай аударылмаған сөздер саны көп болган сайын, мәтінді түсіну қиынға түседі. Кейбір жағдайларда аудармашылар сәйкес эквивалентті сөз болса да, оны аударусыз қалтырады: туздык – подливка, мясной навар, коже – суп (Ауэзов «Путь Абая»); нан – хлеб, конақжай – гостеприимство:

Человек! И в битве и в труде

Для тебя лучи я соберу.

Нан горячий на сковороде –

Солнце, испеченное к утру.

(Д.Әбілев «Ана тілі». Ауд. Л.Скаловский).

 

Если есть пахучий урожай,

И кумыс, и бархатный шубат,

И, познав казахский конакжай,

В юрту к нам заходит стар и млад.

                        (А. Тоқмағамбетов «Алтын той. Ауд. В.Урин.»).

 

  Ты – трава моя – горный андыз

  Ты – трава моя – горный жалбыз…

                             («Алпамыс-батыр» эпосы. Ауд. Ю. Новиков).

Кез келген сөздікте бұл шөптердің атаулары тіркелген: андыз – девясил, жалбыз – шалфей. Екі тілді сөздіктер тілдердің әдеби айналымындағы сөздік құрамын – бір-біріне мағынасы, ұғымдық-мазмұндық көлемі сәйкес келетін, тіркесімділік қабілеті, стильдік реңктері толық немесе ішінара тұспа-тұс түсетін баламаларды тіркейді (дом –үй, идти – жүру, красный – қызыл т.б); бұндай сәйкестіктер сөздіктегі сәйкестіктер деп аталады. Сөздіктегі сәйкестіктер – бірнеше тілдердегі мағыналарының бірі арқылы бір-біріне сәйкес келетін бір ұғымды, түсінікті, затты, құбылысты атайтын, яғни ұғымдық көлемі бірдей, эмоционалды-экспрессивті, стильдік мағыналарының арасында айтарлықтай  айырым-белгілер жоқ тілдік единицалар. Сөздіктегі сәйкестіктерді Л. Бархударов «тіларалық синонимдер» және ұғымдық көлемі, стильдік реңкі, экспрессивтік қызметі тұспа-тұс келетін баламаларды «тіларалық абсолютті синонимдер» деп атайды. Сәйкестіктер, сөздіктегі сәйкестіктер аударманың екіжақты талабын сақтауға айтарлықтай кедергі келтірмейді.

Соңғы екі шумақтағы белгіленген сөздердің аударылмауы – рифманы сақтау және рифмамен ойнау, яғни версификация мақсатында аталған сөздерді орыс тіліне әдейі аудармау.  Рифма мен интонация сақталғанымен, мәтін түсініксіз, оқи алмайтын сөздерен құралады. Әрине, поэтикалық аударманың өз қиындықтары көп: тұпнұсқаның мазмұнын, стильдік ерекшеліктерін, ұлттық колоритін толық беру және сонымен қатар рифманы сақтау. Бұндай аудармада сипаттама тәсілін қолдану да, сөздерге түсіндірме беру де мүмкін емес, себебі өлеңдегі шұмақтардың тізілуі ритм, рифма тағыда басқа поэтикалық шығармалардың ерекшеліктеріне бағынады.

Керісінше, саба сөзі аударманұсқада кожаная посуда деп берілген: «Майбасар перебалтывал кумыс черпаком из рога дикого барана. Густая влага, чуть пожелтевшая от кожаной посуды, не вспениваясь, плавно колыхалась пологой, спокойной зыбью». Белгіленген сөз А.В. Федоровтың баламасыз лексиканы аудару тәсілдерін топтастыруы бойынша гипонимикалық немесе шамамен алынған аударма тәсілі қолданылған. Бірінші тілдегі гипоним – саба екінші тілдегі гиперониммен кожаная посуда алмастырылды. Ал С. Влахов пен С. Флорин бойынша гиперо-гипонимдік алмастыру – генерализация тәсілі де аталады.

Басқа контекстіде саба сөзінің толық түсіндірмесі берілген:

                                И пять шкур жеребцов приказал он шить, —

                                Для кумыса саба приготовил он.

                                («Айман-Шолпан» эпосы. Ауд. Э.Левонтина)

Саба – специальный бурдюк из конской шкуры, в котором приготавливается и содержится кумыс.

Туыстық атаулар қазақ және орыс тілдерінде ең ауқымды топ, олар ұлттың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігінің жарқын көрінісі болып табылады. Баламасыз лексиканың бұл түрі қос тілде де ерекше топтастырылады. В.В. Воробьев орыс тілінде тіке туыстық; жақын туыс емес адамдарды анықтайтын атулар; ресми некелік қатынастарға байланысты терминдер; үрім-бұтақ пен ұрпақтарды атайтын сөздер деп бөледі (5, 40). Ал қазақ тілінде халқымыздың «жігіттің үш жұрты бар» деген мақалына сай әке жағынан; шеше жағынан; некелік қарым-қатынас пен құдандылыққа байланысты атаулар деп алуға болады. Дегенмен қазақ тілінде туыстық атаулар көбірек десе болады — қазақтың полигамдық отбасы бұндай терминдердің көбеюіне ықпал етті, олардың кейбіреуінің орыс тілінде эквиваленті жоқ: апа – старшая сестра, мать (ал кейбір диалектілірде — бабушка); аға – старший брат, дядя; кенже – младший ребенок в семье; нагаши – родственник со стороны матери; токал – младшая жена; женгей – жена старшего по возрасту человека т.б. Қазақ халқының некелесуге байланысты түған терминдерінің кейбіреуіндеде  эквивалент жоқ, себебі орыс тіліндегі туыстық атаулар екі жаққа да бірдей айтыла береді. Ал қазақ тілінде бұл үлкен жүйе болуына себепті бірнеше топқа бөлінеді: ерлі-зайыптылардың өз араларындағы, келін мен келген жер, келіннің төркіні мен түскен жері араларындағы, күйеу мен қайын жұрт, апалы-сіңлілердің күйеулері мен ағалы-інілердің әйелдерінің арасындағы атаулар деп анықталады. Аталған туыстық атаулардың барлығы да халық арасында сақталған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ырым-жоралғылар мен ережелерге байланысты қолданылады. Мысалы, бұрынғы уақытта (әсіресе көркем шығарма қазақтардың өткен ғасырлардағы тұрмысын бейнелесе) отбасындағы кішілер үлкендердің, әйелі күйеуінің атын атамайтын, олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы туыстық атаулар болған. С. Мұқановтың «Ботагөз» романында екі әйелі бар Итбайдың сөздері орыс тіліне былай аударылған:

«- Присаживайся Аскар к чаю… А ты токал, сходи посмотри, готово ли мясо, не переварилось ли? Байбише, налей чаю Аскару: пусть напьется как следует, а то плохо есть будет» (ауд. Л.Соболев).

Тоқал мен бәйбішенің өз есімдері бар – Жамал және Асылтас, бірақ күйеулері оларды солай атауға тиіс. Аудармада Итбайды «младшая жена» немесе «старшая жена» деп айтқызу, әсіресе диалогта, қолайсыз болар еді, ал жай мәтінде бұндай алмастыру аударманың сапасын төмендетпейтін еді: «младшая жена, Жамал, разливала ччай, а старшая, Асылтас, разминала Итбаю пальцы на ногах».

Туыстық қатынаста болып отырған адамдарды жас мөлшері бойынша саралау дәстүрі қалыптасқан, олар – балалар мен жастар, үлкен кісілер мен қарт тұлғаларға қатысты атаулар. Қазақ лингвомәдени қауымдастығында балаларға тұңғыш, ортаншы, кенже анықтамаларын қолданып сөйлеу дәстүрі бар, сонымен қатар, ұрпақтарына немере, шөбере, жиен атаулары қолданылады. Бірақ орыс тілінде род категориясы болуына тиісті, туыстық атауларды жынысқа байланысты ажыратады: внук – внучка, правнук – правнучка; қазақ тілінде – жиен, немере, жиеншар, шөбере, жынысын анықтауда «қыз» немесе «ұл» сөздері қосылады.

Л.Н.Толстойдың «Война и мир» романында:

«Между тем все это молодое поколение: Борис – офицер, сын княгини Анны Михайловны, Николай – студент, старший сын графа, Соня – пятнадцатилетняя племянница графа и маленький Петруша – меньшой сын…»

Аударманұсқа:

«Осы кезде барлық жастар жағы: Борис – офицер, княгиня Анна Михайловнаның баласы, Николай – студент, графтың тұңғышы, Соня – графтың он бес жасар жиен қызы, кішкене Петруша – кенжесі…» (ауд. М.Жангалин).

Орыстың сын деген сөзінің қазақ тіліндегі абсолютті эквиваленті – ұл, бірақ М.Жангалин осы сөзді аударуда бала гиперонимін қолданды,  старший сын – тұңғыш (первенец), меньшой (младший) сын – кенже деген аудармалары эквивалентті. Жиен сөзін  племянница деп дұрыс аударған, бірақ бұл сөз қазақ тілінде тағы да бір мағына береді: внучка или внук. Осындай жағдайда оқырмандар мәтінді дұрыс түсінбеуі мүмкін, сондықтан бұндай жағдайларда сипаттама аударманы қолданған дұрыс.

Келесі мысалда старшая дочь терминін эквивалентті үлкен қыз тіркесімен алмастырылған:

«Из молодежи, не считая старшей дочери графини (которая была четырьмя годами старше сестры и держала себя уже как большая) и гостьи-барышни остались Николай и Соня — племянница»

Аударманұсқа:

«Қонақ бөлмеде жастар жағынан қалғаны: графиняның үлкен қызы (бұл қызы сіңлісінен төрт жас үлкен еді де, өзін бойжеткен қыздарша ұстаушы еді) және қонақ боп отырған қыз, Николай және осы үйдің жиен қызы Соня ғана». (ауд. М.Жангалин).

Бұл контекстідегі сестра сөзін аудару бір шама қиынырақ болды, себебі қазақ тілінде оның үш баламасы бар: апа, қарындас, сіңлі. М.Жангалин контекстіге сүйене отырып (жасы кіші екені байқалады) сіңлі гипонимін таңдап алды.

Келесі контекстіде кузина сөзі бөле терминімен аударылған, қазақ тілінде бөле – ол шешелері бірге туысқан аға-іні, әпке-сіңлілер, ал орыс тілінде – шешелері немесе әкелері бірге туысқан аға-іні, әпке-сіңлілер:

«- Твоя кузина… – хотел сказать Долохов; но Николай перебил его.

  • Моя кузина тут ни при чем, и о ней говорить нечего! – крикунл он с бешенством»

Аударманұсқа:

«- Бөле қарындасың… – деп беріп еді Долохов, бірақ Ростов оны бөліп жіберді.

— Бөленің бұл арада қатысы жоқ, ол туралы сөз болуға тиіс емес – деп шаңк ете қалды» (ауд. М.Жангалин).

Сол уақыттың, яғни 19 ғасырдың, рухын, колоритын беру үшін және тарихи стилизация мақсатында транслитерация тәсілін қолдануға болатын еді.

Сөздердің бұл тобы, әрине, баламасыз лексикаға жатады, себебі олар қазақ және орыс лингвомәдени қауымдастығының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін белгілейді, тіл мен мәдениеттің  өзара байланысын айғақтай түседі. Алайда туыстық атаулардың барлығын аудармауда дұрыс емес, себебі кейбір терминдердің толық эквиваленттері болады. Мысалы, М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы келесі туыстық атауларды аударуға болады; келін – сноха, әже – бабушка, ене – теща, немесе С.Родов пен А.Садовскийдің  аудармаларында қызым –дочка т.б.

Талданған көркем шығармалар мен олардың аудармаларындағы кейіпкерлер туыстық атаулардың белгілі бір түрін қолдана отыра әлеуметтік, биологиялық т.б. критерийлерге байланысты әңгімелесушілерінің әлеуметтік белгілерінің біріне көп көңіл бөлсе, келесі біреулерін екінші кезекке қояды. Дегенмен қазақ мәдениетіне туыстық қарым-қатынастың маңызы зор: үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішілерге қамқорлық жасау, қыз баланы ұл балаға қарағанда аса еркелетіп өсіру т.б. Қарым-қатынас процесінде туыстық атаулардың әр түрін қолданғанда сөйлеп отырған тілдің этно-мәдени ерекшеліктері анық байқалады: туыстық қатынастағы адамдардың жас мөлшері, құқықтық қасиеттері, әке және шеше жағынан. Бұндай сөздердің дұрыс эквивалентін табу үшін аудармашылар түпнұсқаның мазмұнын  және кейіпкерлердің туыстық қарым-қатынасын жақсы біле отырып, туыстық терминдер жүйесін айқындай білуге тиіс. Осының бәрін ескере отырып, сөзді аударудың ықтималды тәсілін таңдайды.  

Қазақ халқының дәстүріндегі тағы бір ерекшелік – ат тергеу немесе жанама ат қою салты. Халқымыздың игі дәстүріне байланысты келін түскен ауылының үлен-кішісінің атын атамай, оларға лайық ат таңдаған. Бұл ерекше құбылысқа сай табу сөздер қолданылады. Ат тергеу барысында пайда болған аппелятивтерде эмоционалдық және экспрессивтік реңк үстем болады, мысалға тентегім, еркем, сырғалым, шашбаулым, күлімкөзім, ажарлым, сәнім, қиғаш қас, еркетотым, төрем, мырзажігіт, қараторым, ботам т.б. Осы сияқты қаратпалар роліндегі ұлттық-мәдени компоненттер талданып отырған көркем шығармалар мен аудармаларда көп кездесті:

«- Тентегім, байқа, — деді Ханшайым Мәділханды еркелете күліп» (І.Есенберлин «Көшпенділер»).

Аударманұсқа:

«- Шалунья, угости-ка кусочком жирного мясца» (ауд. М.Симашко).

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де қаратпа нысандар, сөз әдебіне қатысты тұрақты лексикалық единицалар қатары мол; алайда олар мәдени-этникалық ерекшеліктерді білдіруі жағынан тең емес. Айналайын, қалақам, шырағым, тентегім сияқты қаратпа нысандар мен голубушка, кошечка, рыбка тәріздес нысандар-лингвокультуремалар – мәдениеттің тілдегі көрінісінен мәлімет беретін тілдік единицалар. Сондықтан олар бір-біріне функционалды балама бола алмайды. Демек, аудармашы тиімді бағыт ұстанған: айналайын, қызым, құлыным, ботам, қалқам – функционалды балама бола алмайды, осыған байланысты прагматикалық қызметке кедергі келтірсе де, аудармашы сөзбе-сөз баламаны жасау дұрыс деп есептейді.

Ұлттық-мәдени ерекшеліктерді білдіретін реалийлердің тағы бір тобы – діни-теологиялық атаулар. Діни атауларда да – тілдің кумулятивті қызметінің  жемісінің. Әрбір тілде діни ұғымдарды, түсініктерді қамтитын термин сөздер, сөз тіркестері, тұрақты тіркестер бар. Діни наным-сенімнің, діни салттың ұқсастығына қарай мағыналық көлемінде жуықтық болатын діни атаулар, діни шен, сант аталымдар кездеседі: мысалы, орыс тіліндегі пост – «предписываемое церковными правилами воздержание от скромной пищи, а также период такого воздержания»; қазақ қауымдастығындағы діни салт-дәстүрдің бірі ораза – «отыз күн бойы күн шыққаннан күн батқанға ас-су ішуге болмайтын, діни бес парыздың бірі» дегендерді білдіреді; екі тілдегі діни терминді ортақтастырын жағдай дифферециалды семалардың бірінің (воздержание от скромной пищи – ас ішуге болмайтын) мағыналық жуықтығы. Осыған байланысты екітілді сөздік пост – ораза қатарларын сөздіктегі нақпа-нақ сәйкестік ретінде көрсетеді; және көркем әдебиет те осындай фактілер бар:

«Княгиня Щербацкая находила, что сделать свадьбу до поста, до которого оставалось пять недель, было невозможно…» (Л.Толстой «Анна Каренина»).

«Княгиня Щербацкая оразаға дейін бес апта қалғандықтан, оған той істеуге орайымыз келмейді…деген ойда болды» (ауд.Ғ.Орманов).

«Была среда, день постный…» (А.Чехов «Невеста»).

«Күн сәрсенбі, ораза күні еді» (ауд. Ы.Дүйсенбаев).

Тағы бір контекске назар аударалық:

«Завтра рождество, большой веселый праздник» (И.Бунин «В поле»).

«Ертең наурыз, ұлы-жаңа  думан» (ауд. Қ.Ысқақов)

Салыстырудан көрініп отырғандай, кейінгі мысалда рождество ұғымы үшін наурыз сөзі функционалдық сәйкестік ретінде алынған. Бұндай қолданыстың болуының себебі – наурыз атауының қоғамның әлеуметтік-қоғамдық сипатына қатысы бар актуальды термин болмағандығында; яғни наурыз сөзінің қолданысы қазақ көркем әдебиетіндегі танымал қаламгердің (Қ.Ысқақовтың) лингвоэтникалық құзыреті жеткіліксіз дегенді білдірмейді. И.Бунин шығармасы аударылған кезенде қазақ мәдениетінде наурыз сөзін анықтайтын ұғым ұлттық қоғамдық-рухани құндылық ретінде төмендеп, халықтың салтынан ығыстырылды, сөйтіп, дәстүрді атайтын сөз архаизмдер қатарына көщті. Егер сол кезде (20 ғасырдың 50-60 жылдарында) наурыз сөзі қазіргі кезеңдегі сияқты қоғамдық-саяси терминдік мәні жоғары, актуалды тілдік единица болса, білікті аудармашы өзге тілдегі мәдени-ұлттық белгісі айқын сөзге (рождество) балама ретінде ұсынбаған болар еді. Жаңа күн, жыл басы, мейрам деген семалар екі тілдік единицаның (рождестов, наурыз) да семантикасында бар болғандықтан, аудармашылар ұлттық-мәдени айырмашылықтарға қарамастан оларды функционалды тұрғыдан орайлас деп есептейді. Пост – ораза қатарлы да бұдан ширек ғасыр бұрын екі халықтың мәдениетінде қоғамдық-саяси мазмұны бәсең, жұмсалу жиілігі төмен лексикалық болды. Аудармашылар бұларды функционалдық қызметі қосалқы, контексте эстетикалық қызметі жоқ, ақпарат беруге қатысты тілдік элемент деп есептейді. Сондай-ақ діни шен, сант атаулары да екі халықтың мәдениетінде бар (пірәдар, қазірет, муфти – поп, священник, дьякон); алайда олардың мағыналық-ұғымдық көлемінде айырмашылықтар бар, сонымен қатар әр тілдегі санат, шен атауларының ұлттық-мәдени белгісі өте айқын. Демек, түпнұсқаның мазмұнын сақтау мүддесі үшін теологиялық терминдердің ұлттық мәдениетке тән сыпаттарын ескермей пайдалану барлық уақытта да бірдей сәтте бола бермейді:

«…и первоначальное образование получил от нашего дьячка» (А.Пушкин «Пиковая дама»).

«бастапқы білімді өзіміздің пірәдардан алдым» (ауд. Қ.Сағындықов).

«Священник пошел вперед, дьячок сопровождал его, воспевая погребальные молитвы» (А.Пушкин «Дубровский»).

«Қазірет алда озық жүріп, ал пірәдар қабірлеу дұғасын әндете соңынан ерді» (ауд.Ғ.Оспанов).

Әр халықтың діни қағидаларына, діни дәстүр-салттарына қатысты ерекшеліктерді нақты танытатын қатар – теологиялық мазмұндағы фразалық тіркестер. Қазақ халқының діни салттарды ұстану дағдысынан тұрақталған ақ жуып, арулап қою; бата оқу; шелпек пісіру; топырақ салу фразалары еуропалық тілдерде кездеспейді; бұлар – ұлттық мәдениетке негізделген түсінік, ұғымның күрделі тұрақты атаулары. Өзге мәдениеттегі діни дәстүрді білдіретін күрделі атауларға балама ету сәтті емес, өйткені әр контекстегі фразалардың ұлттық бояуы – колориті өте жоғары; олардың мағыналары жақын болғанымен, бір-біріне функциональды балама бола алмайды. Бұны төмендегі мысалдар дәлелдейді:

«Слуги окружили труп…омыли его, одели в мундир» (А.Пушкин «Дубровский»).

«Малайлар өлікті  қоршап алды, ақ жуып, арулап…мундирін кигізді» (ауд.Ғ.Оспанов).

«Спаси их…бог тебя наградит» (А.Пушкин «Дубровский»).

«Құтқарсайшы…құдай алдында сауабын аларсың» (ауд.Ғ.Оспанов).

«Все присутствующие бросили в могилу по горсти песку и разошлись» (А.Пушкин «Дубровский»).

«Табытты қабірге түсіріп, бір-бір уыс топырақ салысқан жұрт жөндеріне тарасты».

Аудармашы түпнұсқа қалпында алуды, сондай-ақ қазақ тілінде семантикасы жуық функционалды баламасы жоқ деп есептеген жағдайда діни терминдерді беру үшін түрлік атауды текстік атаумен алмастыру (образ — сурет), терминнің мағынасын ұлғайтып беру (святить – қасиетті су бүрку; разговляться – пасха мейрамын өткізу) амалдарын пайдаланады:

«Дарья Алесандровна должна была еще заехать домой, с тем чтобы взять своего сына, который должен везти образ с невестой» (Л.Толстой «Анна Каренина»).

 «Дарья Александровна қалындық қасында сурет алып жүруге… баласын әкелуге үйіне де соға жүруі керек еді» (ауд. Ғ.Орманов).

«Екатерина Дмитриевна возила святить лазаретские пасхи и разговлялась вместе с Дашей в лазарете» (Л.Толстой «Хождение по мукам»).

«Екатерина Дмитриевна лазарет пасхасына қасиетті су бүркуге алып барды, содан кейін Даша екеуі лазаретте пасха мейрамын өткізді» (ауд. Т.Ахтанов).

 М. Әуезовтың «Абай жолы» романында аталмыш лексика ерекше орын алады. Автор қазақ халқының мәдениетіндегі діннің атқаратын қызметін көрсету үшін дін терминдерін көп енгізеді: имам, хазрет, айт, хатым, фидия, хальфе т.б. Бұл терминдердің барлығы қазақ тіліне араб тілінен енген, сондықтан да оларды орыс тіліне аудару мүмкін емес, орыс тіліндегі сәйкес шіркеу-христиан атаулармен алмастыру – ұлттық-тарихи болмыс пен діни салттың ерекшелігін сақтап қалмау:

«В тот же вечер бай пригласил к себе одного из почетных жителей слободки, муллу Сармоллу. Хотя Сармолла и не был имамом мечети и не так часто встречался со служителями веры, с хальфе, кари и муэдзинами, но он обучал детей слобожан грамоте и лучше многих других знал, что творится в слободке. Сармолла утверждал, что с первых же дней холеры муллы стали быстро богатеть. Для имамов, муэдзинов, хальфе и кари наступило благодатное время обильной жатвы… Они выручают большие деньги от жаназа, фидия и хатыма, от семидневных и сорокодневных поминок» (Ауезов «Путь Абая»).

Бұл сөздердің орыс тіліне аударылуының бір ғана жолы бар – ол транслитерация тәсілі және міндетті түрде түсіндірмелер беру арқылы. 

Сонымен баламасыз лексиканың өзге тілге аударылуының әртүрлі тәсілдері бар, оларды контекстіге сүйене отырып, дұрыс аудару – аудармашының лингвоэтникалық құзыретіне байланысты. Бір жағынан, этнографизмдерді аударма мәтініне еңгізу – белгілі бір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін таныту, екінші жағынан, бұндай сөздердің аударма мәтінінде тым көп болуы  -оқырмандарға шығарманы түсініп және қызуғушылықпен оқуына кедергі жасайды. Сондықтан эквиваленті бар сөздерді (мысалы жоғарыда айтылып кеткендей келін – сноха, әже – бабушка, ене – теща) аударуға да болады. Баламасыз лексика және оның орыс тіліне аудару мәселесіне қатысыт М.Рыльский, М.Ауезов және П.Антокольский былай дейді: «Явление и понятия, выражаемые отдельными словами, не могут быть переданы на русском языке: арык – это не канава и не канал; аксакал – это не только старик, но и старейшина, предводитель; ашуг – не только певец, но и поэт, но и импровизатор» /20, 13/.

  Аудармадағы сөз таңдау мәселесіне қатысы бар топтың бірі – баламасыз лексика. Бұл қатарға халықтың материалдық және рухани мәдениетінен хабардар ететін барлық мәліметтерді сақтайтын және жинақтайтын кумулятивті қызметі бар, екінші бір халықтың мәдениетіне тән емес, сондықтан сөздік құрамында жоқ реалий атаулары жатқызылады. Тілдер арасындағы бұндай айырмашылықтар әсіресе тұрмыстық қарым-қатынастарды, халық дәстүрлерін, діни салттарды атайтын сөздер мен тұрақты тіркестер арқылы танылады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Көркем әдебиет – ойлаудың образды типінің нәтижесі, айрықша күрделі жанр. Эстетикалық функция – көркем әдебиеттің басты функциясы. Көркем әдебиеттің екінші және маңызды белгісі – оның образдылығы, жалпыхалықтық тілдік қордағы элементтерді пайдалану мүмкіндігінің болуы. Бұлар – көркем шығарма тілінің өзіндік табиғатын, өзіндік сөз қиюын айқындайтын басты факторлар.

Көркем аударманың негізгі мақсаты – түпнұсқаның мазмұнын толық беру, аударылатын тілдің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау және ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтау.

Көркем аударманың негізгі, әрқашанда актуальды мәселесінің біреуі – баламасыз лексиканың аудармада берілуі, себебі баламасыз лексика – ұлттық мәдениетті белгілейтін функционалды жағынан басым доминант элементтер.

Бітіру жұмысында қазақ және орыс тілінде жазылған көркем шығармаларындағы баламасыз лексика іріктеп-сұрыпталып, олардың аударма мәтінінде берілу амал-тәсілдері талданды.

Жинақталған материал бойынша көркем әдебиетте жиі кездесетін баламасыз лексика – реалийлер немесе этнографизмдердің топтастырылуы жасалды: рухани мәдениетке қатысты реалий-сөздер (шашу, байга, жыр, айтыс, терме т.б.); мәдени-тұрмыстық атаулар (сәукеле, тымак, кимешек т.б); ұлттық тағамдардың, сусындардың және ыдыстардың атаулары (құмыс, қуырдақ, жент, шолпы т.б.); туыстық атаулар (женге, тоқал, бәйбіше, келін т.б.); діни теологиялық атаулар (айт, хазрет, ораза т.б); антропонимдер немесе жалқы есімдер; қоғам мүшелерінің әлеуметтік статусына, қоғамдағы лауазымы мен орнына қарай жіктеп атайтын номинациялар (мырза, ханым, бикеш, алдияр, тақсыр т.б.); табиғат әлемінің реалийлері (жусан иісі аңқыған туған жер, тау, кең дала т.б.); символдық түр-түс атаулары (ақ, қара т.б). Барлық атаулардың ішінде мәдени-тұрмыстық релий-сөздер жиі кездеседі, себебі ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқан.  Сонымен қатар жұмыста қазақ және орыс тілдерінде жазылған шығармалар мен олардың аудармаларындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің сақталуы талданып, лакуналар белгіленді; аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің белгілері қарастырылды (25 беттегі 2 суретте).

Қорыта келсек, баламасыз лексика және олардың басқа тілге аударылуы – күрделі мәселе, себебі олар бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналған. Сондықтан  аудармашы аудару амал-тәсілін дұрыс пайдаланса, түпнұсқаның ұлттық-мәдени ерекшеліктері толығымен сақталады

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

,

  1. Жанпейісов Е.М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. – Алматы: Ғылым, 1976.
  2. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. –Алматы: Арыс, 1998. -215б.
  3. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері // Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). –Алматы: Қазмемкөркемәдебас, 1957. – 3-12бб.
  4. Телия В.Н. русская фразеология: семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты. – М.: Аспект Пресс, 1996. – 456с.
  5. Воробьев В.В. Лингвокультурология. Теория и методы. –М.: Изд-во РУДН, 1997. – 138с.
  6. Маслова В.А. Введение в лингвокультурологию. – М.: Наследие, 1997.
  7. Бельгер Г. Лики слова. – Алматы: Рауан, 1998. -324с.
  8. Бельгер Г. Казахское слвово и проблемы перевода // Актуальные проблемы теории и практики перевода и сравнительного литертуроведения. – Алматы, 2006. – С. 7-19.
  9. Сейсенова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салыстырмалы талдау. – Канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1998. -27б.
  • Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. – М.: Высшая школа, 1973.
  • Федоров А.В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Уч. пособие. – М.: Высшая школа, 1983.
  • Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. – М.: Международные отношения, 1980. -338 с.
  • Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М.: Аспект Пресс, 1996. -207с.
  • Циртаутас И. Қазақ тіліндегі еркелету және ізет мағынасын білдіретін сөздер // Қазақ ССР ҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар. – 1972. -№4. -75б.
  • Степанов Ю.С. Французская стилистика. – М.: Высш.шк., 1965. – 356с.
  • Сафарян Р.Д. Культурные лакуны при восприятии художественного текста в иноязычной (армянской) аудитории // Язык и общество на пороге нового тысяче летия: итоги и перспективы. –М.:Эдиториал УРСС. – 2001. – С. 204-210.
  • Муравьев Л.В. Лексические лакуны (на материале лексики французского и русского языков). – Владимир, 1975. -93 с.
  • Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. -272б.
  • Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (по материалам произведений М.Ауэзова). –Алматы: Наука, 1989.
  • Вопросы художественного перевода. Сборник статей. –М., 1955. -256с.
  1. Коммуникативно-прагматические основы перевода: Межвуз. сб. науч. тр.  – Пермь, 1991. – 116 с.
  2. Лингвостилистический анализ художественного текста. Сб. науч.тр. — Смоленск, 1981. –108 с.
  3. Джангалин М. О некоторых вопросах перевода с русского на казахский язык. — Алма-Ата: Казгосиздат, 1958. -116 с.
  4. Каратаев М. Перевод «Тихого Дона» на казахский язык и некоторые вопросы художественного перевода // Материалы регионального совещания литературы с русского на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайджана. — Алма-Ата: Казгосиздат, 1960. — С. 146-158.
  5. Бархударов Л.С. Язык и перевод. Вопросы общей и частной теории перевода. — М.: Международные отношения, 1978.-185 с.
  6. Комиссаров В.Н. Теория перевода. Лингвистические аспекты. — М.: Высшая школа, 1990.- 253 с.
  7. Шаклеин В.М. Этническое мышление как средство восприятия лингвокультурной картины мира // Виноградовские чтения. Когнитивные и культурологические подходы к языковой семантике. – М., 1999. – С. 61-65.
  • Айкулова А.С. Проблема перевода казахских символов и этно-бытовых знаков на русский язык: – Канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1999. -27б.
  • Нұрпейісов Ә. «Анна Каренина» романының екінші кітабының аудармасы жөнінде // Көркем аударманың кейбір мәселелері. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1957. -99-116б.
  • Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978.
  • Рубайло А.Т. Художественные средства языка. –М.: Наука, 1961.
  • Àõàíîâ ². ²àçຠòiëi ëåêñèêàñûíû» ì¸ñåëåëåði. — Àëìàòû: ²àçàº. ìåì. ÎÏÁ., 1956. – 91 á.
  • Ахметов З. Àáàé øû¹àðìàëàðûí îðûñøà¹à àóäàðìàñû õàºûíäà// Известия НАН РК. Серия филологическая. — Алматы: ±ûëûì, 1995. — С.3-15.
  1. Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. – М.: Международные отношения, 1996. – 156 с.
  2. Жумабекова А.К. Основы системного описания лексики казахского и русского языков. – Алматы: ±ûëûì, 2000. – 176 с.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР

 

Қазақ тіліндегі көркем әдебиет және олардың аударманұсқалары:

 

  1. Әуезов М.О. Абай жолы. – Алматы: Жазушы, 1972. Ауд. Л.Соболева, Н.Анова, З.кедрина.
  2. Есенберлин І. Көшпенділер. – Алматы: Жазушы, 1976.
  3. Мұқанов С. Ботагөз. – Алматы: Жазушы, 1976.
  4. Нүрпейісов Ә. Қан мен тер. – Алматы: Жазушы, 1977.
  5. Мүсірепов Ғ. Дауылдан кейін. – Алматы: Жазушы, 1979.
  6. Жұмаділов Қ. Соңғы көш. – Алматы: Жазушы, 1978.
  7. Қазақ эпостары: «Алпамыс-батыр», «Айман-Шолпан», «Қыз-Жібек»

 

 

Орыс тіліндегі көркем әдебиет және олардың аударманұсқалары:

 

 

  1. Погодин Н. Аристократы. – Ақсүйектер. Ауд. М.Әуезов. — Алматы: Жазушы, 1969.
  2. Тургенев И.С. Дворянское гнездо. – дворян ұясы. Ауд. М.Әуезов. — Алматы: Жазушы, 1968.
  3. Пушкин А.С. Капитанская дочка. – Капитан қызы. Ауд. Ә.Тәжібаев. — Алматы: Жалын, 1984.
  4. Пушкин А.С. Пиковая дама. – Қарғаның мәткесі. Ауд. Қ.Сағындықов.
  5. Пушкин А. С. Дубровский. – Дубровский. Ауд. Ғ.Оспанов.
  6. Толстой А. Хождение по мукам. Трилогия. – Азапты сапарда. Трилогия. Ауд. Т.Ахтанов. — Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1952.
  7. Толстой Л.Н. Анна Каренина. – Анна Каренина. Ауд.Ғ.Орманов. – Алматы: Казгослитиздат, 1955.
  8. Чехов А. Невеста. –Қалыңдық. Ауд. Ы.Дүйсенбаев
  9. Бунин И. В поле. – Жапан түзде. Ауд. Қ.Ысқақов
  10. Антология казахской советской поэзии. М., 1958
  11. Казахский эпос. – Алматы, 1958