АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы

 

  1. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері

2.1 Топырақ бонитеті — Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі        

2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері

 

  1. Топырақ бонитетінің балдарын шығару тәсілдері

3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу

3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі

3.3 Топырақ бонитетінің  (1979ж) Мемлекеттік әдістемесі

 

  1. Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау

4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы

4.2. Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмысындағы негізгі көлемі, мерзімі және бағасы.

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.

 Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: —Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік —  топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және  олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция)  келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».

             — Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».

             — Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; …ол деген топырақтарды тектік — өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».

 Мемлекеттік жер кадастры  жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды.

Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.   

Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.

Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек.

Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын 2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде ГОСПЦЗем орталығында және «Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында» жыйнадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы

 

Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде жүргізілген. Бұл жиындағы мәліметтер XY-XYII ғ. ғ. қолжазба кітаптарда келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. қоныстар аталған. Егістік топырақтарға сипаттама берілген, сапасына қарай олар жақсы, орташа, нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген .Екінші кезеңдегі жер сапасын есептеу жұмыстарын 1833-1867 ж.ж. мемлекеттік мүлік Министрлігінің комиссиясы, кадастрлық жұмыстар мен байланысты жүргізген. Комиссия мүшелері топырақтар сапасы жайында мәліметтер жинап, әр топырақтан алынатын орташа өнімді анықтаған. Осы жұмыстар нәтижесінде, топырақ сапасын өнім арқылы анықтайтын, бонитеттеу шкаласы (кестесі) құрылған. Кадастрлық комиссия жұмыстарын В. Докучаев жоғары бағалаған, себебі оның есептерінде Ресей топырақтарының сапасы жайында көптеген қажетті материал келтірілген.

1861 жылғы реформадан кейін жердің сапалылығын айыратын жұмыстар жергілікті әкімшіліктерге беріліп, Ресей топырағын бонитеттеуде үшінші кезең басталды. 

 П.Костычев (1872) әртүрлі топырақтар сапасын салыстырғанда ерекше назарды олардың тегіне, өсетін дақылдар сипатына, топырақтардың орнына, қалыңдығына және астындағы жынысқа аударуды ұсынған.

             Жергілікті әкімшілікте жерді бағалау жұмыстары әр әдіспен (сату мен жалдау бағалары, жер иесінің таза пайдасы т.б. тұрғыдан) жүргізіледі. Төменқала губерниясы топырағын зерттеу материалдарына сүйене отырып, В.Докучаевпен Н. Сибирцевтің қатысуымен, алғаш рет топырақты ғылыми бонитеттеу әдісін ұсынды, ол орыстың табиғи-тарихи бонитеттеу немесе топырақты Нижегород типті бағалау әдісі деп аталады.Ол бойынша топырақтарды немесе жердің сапасын бағалаудағы басты жағдайы болып олардың құнарлығын анықтайтын табиғи сапалары, яғни «табиғи құқықтық қабілеті» саналған. В.Докучаев бонитеттеуде- топырақтар құнарлығын анықтауда маңызы зор қасиеттерді негізге алған Ондай қасиеттер 4 топқа біріктірілген:

  1. Геологиялық (аналық жыныс, қарашірінділі жиектің салыну жағдайлары мен қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері);
  2. Химиялық (миниралдық құрам және әр топырақ типіндегі қоректік элементтер мөлшері);
  3. Топырақтың жұту қабілеті;
  4. Физикалық қасиеттер

Көрсетілген қасиеттердің әр тобында

Жердің негізгі сапасын бағалайтын ең басты факторға В.Докучаев «Топырақтардың табиғи-құқықтық қабілетін», яғни олар құнарлығының кепілі-табиғи сапаларын жатқызған.

Топырақтарды бонитеттеу В.Докучаев пікірінше топырақ құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерді есепке алыну керек, олар: геологиялық (қарашірінді қабатының қалыңдағы, ондағы гумус мөлшері, аналық жыныс және жайласу жағдайлары, т.с.); химиялық қасиеттер; оларды анықтау үшін әр топыраққа толық химиялық талдау жүргізілген: топырақты фторлы сутек қышқылы мен ыдыратып, минералдық құрамындағы негізгі қоректік элементтерді ( 10 және 1 процентті тұз қышқылы сүзіндісіндегі) анықтау; топырақтың сіңіру қабілеті физикалық қасиеттері. Көрсетілген қасиеттердің әр тобында ең жақсы топырақ 100 бал алған, сонымен салыстыра қалған топырақтар баллдардың анықтаған. Жоғарыдағы 4 көрсеткіштердің орташа балдары топырақтың соңғы бонитеттік бағасын құрған. Топырақтардың осындай бағалау деректерін өнім мен салаыстырғанда жақсы ұйқастығы көрінген.

Төменқала губерниясы топырағының толық бонитеттеу кестесін Н. Сибирцев құрастырған. Сонымен В.Докучаев пен Н. Сибирцев топырақты бонитеттеу теориясы мен практикасын дамытуға көп еңбек сіңірген.

 

 Ғалымдардың пікірінше топырақ-табиғи-тарихи дене, сондықтан оны еңбек объектісі (орны) және ауылшаруашылық өндірісінің құралы сапасында білу үшін пайдалануға болады деген.

 

1кест- Ресейдің Төменгі губерниясы топырақтарын жалпы бағалаулық (бонитеттік) шкаласы (Докучаев,1886).

Топырақтар

Бонитеттік баллдар

1

2

Қаратопырақ көтеріңкі тегістіктегі

100-80

Қаратопырақ өзен аңғарлық

100-90

Күңгірт-күрең құмбалшық

80-70

Сұр- күрең құмбалшық

65

Сұр ормандық құмбалшық

55

Күшті күлгінденген құмбалшық

35

Егістік алювилік құмбалшық

50-45

Шоқормандық (борлық) құмбалшық

20-15

 

Төрт топтық көрсеткіштердің орташа санынан барып топырақтардың соңғы бағалауы жасалған. Бағалаулық баллдар мен өнім деректерін салыстырғанда жақсы ұйқастық байқалған. А.Константинов «Ауылшаруашылық жерлерін бағалау»(Саратов,1901) атты еңбегінде топырақтар сапасын анықтаудағы бас белгіге гумус мөлшерін жатқызған. Сол бойынша топырақтарды 10 сыныпқа бөлген және оларды күздік дақылдар өнігі мен салыстырған (2-кесте).

 

2 кест-Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен күздік

дақылдар өніктілігі (Константинов, 1901)

Сынып

Топырақтар

Гумус,%

өніктілік, ц\га

1

2

3

4

II

Қаратопырақ көпгумусты

10

14,8-16,0

IV

Қаратопырақ орташагумусты

8

11,5-13,0

VII

Қаратопырақ азгумусты

6

6,6-8,2

VIII

Азгумысты топырақ

6

5,0-6,6

X

Тым азгумысты топырақ

<3

2,5-3,0

 

С. Захаров (1916) «Қарашірінділі жиектің қалыңдығы және күңгірт түсінің қарқыны – қаратопырақты және оңтүстігіндегі аймақтар мен шөптесінің арасында анық ұйқастық бар» деп, ғалым кейін (1931) топырақ неғұрлым қалың (қарашірінділік жиегі- Т.Т.) болса, соғұрлым өсімдік тамырларына кеңістік өсіп, ондағы қоректік заттар мөлшері артады. Сонымен топырақтарды а.ш-қ. Бағалауда олардың (кескінінің – Т.Т.) қалыңдығы басты жағдайдың бірі болады деген. С.Захаров топырақтың өніктілігі мен гумус мөлшері арасында қатарластық барын айтқан.

Г.Тумин (1920) Тамбов облысы қаратопырағындағы қарашірінді мөлшері мен өнік арасындағы байланысты тапқан.

КСРО-да, жерге жеке меншік алынғаннан соң, топырақтарды бонитеттеу , жерді экономикалық бағалау мен жерлік кадастр (құжаттар жинағы) ғылыми-практикалық маңызын жоғалтқан болатын. Топырақтарды бағалау тек қана жерді сатып алу мен сатуға; рентаны (табыс) алуға керек деп саналған. «Топырақтарды бонитеттеу өзінің өндірістік маңызын жоғалтты» деп жазды. В.Вильямс.(1949).

Тек қана 1953 жылғы СОКП Орталық Комитетінің Пленумінен кейін топырақтарды бонитеттеуге көп ғалымдар назарын аудара бастады да, ол жалпы мемлекеттік проблемаға айналды.

КСРО ҒА-қ Топырақ институтінің топырақтанушылар ұжымы (С.Соболевтың басшылығымен), біраз университеттер мен КСРО топырақтарын бонитеттеу мен агрохимиялық сипаттауға арналған Бүкілодақтық мәжіліс өткен.

Н.Благовидов (1960) 10 сыныпты топырақтарды бонитеттеудің шкаласын ұсынған: I ( 1-10 балл)-егіншілікте  пайдаланбайтын жерлер; II-IV (11-40 балл)-нашар топырақтар; V-VII (41-70 балл) – сапасы орташа топырақтар; VIII-X (71-100 балл) – сапасы жақсы топырақтар.

1963 жылы КСРО Ауылшаруашылық министрлігі «КСРО топырақтарын бонитетнеудің бағдарламасы мен әдістемесін»  бекіткен болатын, соған орай көптеген республикалар, өлкелер мен облыстарда топырақтарды бонитеттеу жұмыстары өрістері.С.Соболов пен М. Малышкин «КСРО-ң көтеріңкі тегістік (плакорлық)  топырақтарын бастапқы бонитеттеу (бағалау) шкаласы мен түзетулік коэфициентиерін (топырақтар ерекшеліктерін көрсететін кебірлік пен бұзылулық деңгейіне, механикалық құрамына т.б. белгілеріне қарай) құрастырған (1965).

Топырақтарды бағалау жұмыстары Латвия, Литва, Эстония, Белорусь, Украйна, Молдова, Өзбекстан, Қырғыстан жерлерінде, Ресей Федерациясының көптеген облыстарында өтелген болатын.

 

Қазақстанда топырақтарды бонтиеттеу жұмыстары соңғы төрт онжылдық уақытты қамтыған. Бұл жұмыстар Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында жүргізілген. (3-есте).

ҚР-ң жер қорын басқару Агенттігі ғылыми-өндірістік жерлік орталығының облыстық бөлімшелері жеке әкімшілік облыстық, аудандар мен ауыл шаруашылық қожалықтар (фермерлер, т.б.) жерлерінің топырақтарын бағалауда көп жұмыстар өтеді.

 

3 кест- ҚР-ң ауылшаруашылық қоныстар топырақтарының

орташа облыстық бағалаудың баллдары

 

 

N\N

Облыстар біріктірілмеу-ден бұрынғы

Баллдық бағалау

егістік

шабын- дық

жайы- лым

суармалы

суарыл- майтын

1

2

3

4

5

6

1

Ақтөбе

90

44

35

23

2

Алматы

116

49

50

31

3

Шығыс Қазақстан

136

68

62

59

4

Атырау

84

28

26

15

5

Жамбыл

126

54

33

27

6

Жезқазған

98

40

39

18

7

Қарағанды

95

44

41

24

8

Қызылорда

84

28

18

15

9

Көкшетау

134

67

45

35

10

Қостанай

120

60

45

39

11

Маңғыстау

14

12

Павлодар

90

45

53

28

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

13

Солтүстік Қазақстан

144

75

49

48

14

Семей

110

50

46

32

15

Талдықорған

114

57

53

22

16

Торғай

91

43

30

29

17

Батыс Қазақстан

101

46

45

25

18

Ақмола

104

52

43

21

19

Оңтүстік Қазақстан

125

56

49

23

 

 

 

2.Топырақ бонитетін анықтау  әдістетемелері мен тәсілдері

 

 Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В.Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.

             Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде өнім мен тығыз байланыстыларға 100 С-тан жоғары температура қосындысы, ылғалдану коэффициенті (Высокий мен Ивановша), климат континенталдығы (ызғарлығы) жатады. Бірнеше топырақ қасиеттері мен агроклиматтық деректерін пайдаланудың себебі біріншілер мен көпжылдық өнім арасындағы тығыз коррелятивтік байланыс тек белгілі экология-тектік топырақ қатарында (аймақтық сап, батпақтану қатарлары,сортандану, т.б.) ғана байқалады, ал аймақтық басқа топырақтар үшін оны табуға болмайды. Мысалы, қара және күңгірт қарақоңыр топырақтарда өнім мен гумус мөлшері немесе оның қоры (т\га) арасында жақсы сәйкестік бар, бірақта бұл көрсеткіш солар арасындағы кебір топыраққа жарамсыз. Кебір сапасын кебірлі қабат тереңдігі мен кескінінің физика-химиялық қасиеттерін ескере бағалайды. Солтүстік Кавказда гумустік жиек қалындығы және қарашірінді қоры мен өнім сәйкес келсе, Еділ бойында олар нашар корреляцияда екен.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі топырақтардың мына физика-химиялық қасиеттері және морфологиялық (сыртқы) белгілерімен корреляциялық байланыста екені байқалады: ылғал мен қамтамасызданған егістік сұр ормандық топырақта жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, механикалық құрамдағы физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер мөлшері, тұз сүзіндісінің рН көрсеткіші, гидролитикалық қышқылдылық, сіңірілген негіздер қосындысы және негіздермен қанығу дәрежесі.

Ылғал мен жеткіліксіз қамтамасыз етілген орманды-дала, дала, құрғақ дала және шөл-дала аймақтарындағы егіншілікте пайдаланатын топырақтарды: жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, гумус жиегінің қалыңдығы және ондағы (0-20, 0-50, 0-100 см)  қарашірінді қоры (т\га), физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер тобының мөлшері және сіңіру сыйымдылығы. Сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтарда дақылдар өнімі гидролитикалық қышқылдылық және негіздермен қанығу дәрежесімен, ал кебірленген топырақтарда-сіңірілген натриймен, сортанданған топырақтарда-жеңіл еритін тұздар мөлшерімен корреляциялық байланыста болғаны байқалады. Ал топырақтың құнарлығын анықтайтын біраз маңызды қасиеттерін, айталық шабындылықты, саздылықты, сумен шайылу, желмен ұшырылу дәрежелерін, санды есептеу мүмкін емес. Сондықтан олар санды-сапалы әдіспен сәл, орташа, күшті атау жүйесі мен анықталады. Топырақты  бонитеттеуде аталған қасиеттердің өнімге әсерін (баллын) сәйкесті шығарылатын түзету коэффициенттері көмегімен есептейді.

Агроклиматтық көрсеткіштерді агроклиматтық картадан немесе деректі кітаптан (справочник) алуға болады. Табиғи шөптер өнімі (шабындық, жайылым) тиісті топырақ түріне сәйкес анықталады, ал бағалау баллдары — әлі шешілмеген мәселе. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жайлы негізгі мәліметтерге жеке шаруашылықтар өнімі, тәжірибелік стансалар мен сорт учаскелерінің деректері, немесе егіс танаптарында тікелей есептелген сандар жатады. Осы мәліметтер әр 5,7,10 жылдарда анықталып жиналады.

Шаруашылықта егіс бір топырақты жерде орналасу сирек,  көбінесе жақын (70 процент) немесе бірнеше түршелерде орналасуы мүмкін. Сондықтан бірінші жағдайда өнім жыйынтығы бір топырақ түршесіне сәйкес келсе, екінші жағдайда алабы артық топырақтағы өнімге сәйкес келеді; ал бір біріне ұқсамайтын түрлі топырақтық жағдайда өнім мөлшерін арнаулы есеп жүйесімен шығарады. Сонымен әр топырақ түрлеріне сәйкес көпжылдық өнім деректері жыйылады. Олар қырқынды егіншілік деңгейіне және әр топырақ түріне сәйкес топталады. Әр деңгей келесі агротехникалық және агроэкономикалық орташа көрсеткіштермен сипатталады: нақтылы деңгейдегі шаруашылықта 1 га егістікке келетін ауылшаруашылық машиналар (жүк машиналарын қоса), сол алапқа берілетін тыңайтқыштар, тиімді заттарға шыққандағы 1га егіс бағасы және орташа жұмысшы күшімен қамтамасыздану. Барлық топырақ қасиеттері мен ауылшаруашылық дақылдар өнімінің деректері математикалық өңдеуге салынады. Алдағыда бонитеттеу шкаласын құрауға керек материалдар 3 әдіспен жөнделеді:

1) бонитеттеуге екі қатарлы шкалалар құрады, оның біреуі өніммен корреляциядағы (сәйкес) топырақ қасиеттері, ал екіншісі тікелей өнімге негізделген. Біріншісін негізгі, ал екіншісін бақылау үшін қабылдайды (Гаврилюк, Фатьянов, Тюменцев);

2) бір шкаланы топырақ қасиеттері мен өнімді қоса құрады, бірақ орташа бонитетті топырақтан алынған өнім арқылы, бірақта осы топтағы топырақтар бонитетін ескере, анықтайды (Шувалов);

3) топырақтар бонитеттерін өнім арқылы есептейді де, топыроақ қасиеттерін шкаланы тексеруге, топырақтар жіктеуі мен топтауын анықтауға, пайдаланады (Кузмичев). Осы көрсетілген 3 әдіс бонитеттік шкала құруға қолданылады, бірақта жинақты боғандықтан екіншісі дұрыс келеді. Есеп жұмыстары ЭЕМ-де регрессия теңдеместігін пайдаланып шығырылады.

ТМД-да негізінен 100 баллды бағалау шкаласы қолданылады. Оны екі – «жабық» және «ашық» қайталамада құрады. Ашық шкалада ең көп тараған топыраққа 100 немесе 50 балл береді, қалған топырақтар сапасына қарай аталған баллдардан жоғары бағаланады немесе жабық шкалада ең жақсы топыраққа 100, жамандарына төмен балл береді. Бонитеттік шкалалар немесе бағалау кестелерін Мемлекеттік жерге орналастру – жобалау мен сондай ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының топырақтану  кафедралары жасаған. Ең көп тараған бонитеттік шкала  әдістерін Н.Благовидов, А.Фатьянов пен Ф. Гаврилюк түзген. Олардың мәні «Топырақтанудан практикум» атты нұсқауда келтірілген (Мәскеу, 1980), Өнделген шкалалар Башқұртстан, Балтық маңы елдері, Украина, Беларусь және Орта Азия республикалар мен ҚР-на арнап құрылған. Соңғы жылдары топырақтарды бонитеттеу жұмыстары Украина, Беларусь, Молдавия, Эстонияда, Латвия, Литвада аяқталған болса, Ресей Федерациясы, Қазақстан және Орталық Азия республикаларында әлі жүргізілуде. Кәзіргі кезде көптеген бонитеттерді есептеу технологиясы дамып, қайта өңделген санды-сапалы материалдар, топырақтар қасиеттері мен шаруашылықтық өнімге орай толықтырылып, бонитеттері математикалық әдіспен шығарылуда.

В.Докучаев атындағы Топырақ институты ТМД-лық негізгі топырақтарға арналған аймақтық бонитеттік шкала жасаған. Бұл шкаланың негізін С.Соболев, М.Малышкин, Н. Розов, С.Шувалов және И. Кармановтар салған. Кәзіргі кезде И.Карманов бір қатар негізгі ауылшаруашылық дақылдарына арналған жалпы ТМД-лық бонитет шкаласын құрған.

Бонитет баллдар мен жанамалы өнімділік, ТМД-ға дәнді дақылдар өсірілетін, ең жақсы топыраққа – сәл сілтілі Кавказ алдының қара топырағына қарасты есептелген. Осы топырақтың бонитет баллын шығарғанда 100 баллдан төмен және жоғары деңгей, ал өнімге 1-ден төмен деңгей коэффициенті алынған. Кәдімгі деңгей, ал өнімге 1-ден төмен деңгей коэффициенті алынған. Кәдімгі және оңтүстік қара топырақта өнім өсуі (құрғақ далада) нағыз қара топырақтан төмендеу: б. КСРО-ның Еуропа бөлігінде ол 2.4-2.1 есе болса, ал Сібір мен Қазақстан бөлігінде 2.1-1.8 есе (25-кесте) ғана болған. Ішкі аймақты топырақтарға арналған бонитеттер түзету коэффициенттер көмегімен шығарылады. Ең бірінші түзету коэффициенттерін Н. Качинский (механикалық құрамы -0,42-1,00) мен С. Соболев (эрозиялану дәрежесі -0,42-1,00) шығарған. Түзету коэффициенттерін кейін И. Курманов, С. Шувалов пен Д. Булгаков басты ауылшаруашылық дақылдары тілегіне сай жетілдірген.

Суармалы егіншілік топырақтарына бонитеттік шкала бөлек жасалынады, онда аталған топырақ қасиеттерімен қатар, мелиоративтік (суару мен құрғату) тәртібі ескеріледі, себебі олар климат жағдайларымен қосыла, өнім мөлшерін анықтайды. Ең маңызды қасиеттерге тұрақты су-физикалық көрсеткіштер жатады, ал  оңтүстік өңірде, азда болса, қайта сортандану мүмкіндігі есепке алынады.

Өнік пен топырақтағы қарашірінді қоры арасында тар байланысты П.Адерихин мен В. Попов Белгород облысы,  И. Крупников Молдавия, топырақтарын бонитеттегкенде тапқан (1968). Ф. Гаврилюк Ростов облысы топырақтарындағы қарашірінді қорының және дәнді дақылдардың көпжылдық өнігінің (1954-1964) салыстырмалы кестелерін (картаграммаларын) құрастырған. (1966). Олардың деректерін математикалық өңдеу арқылы А+В1 жиек қалыңдығы мен дәнді дақылдар өніктілігі, қарашірінді қоры мен өнік арасындағы кореляциялық  коэфициенттерін (сәйкес ч+0,96; ч+0,93) тапқан. Сондай-ақ биік кореляциялық коэфициенттер (тұрақты сандар) мына жерлерде табылған:

а) гумустық жиек қалыңдығы мен өніктілік арасында: Краснодар өлкесінде –ч=0,96/ 0,98 (Гаврилюк, 1970); оңтүстік Орал мен Еділден арғы өңірде –ч=0,80/0,96 (Тайчинов, 1971); Батыс Қазақстан –ч= 0,64/ 0,75 (Дәулятшин, 1969);

б) Қаратопырақтың тамыртараған қабатындағы гумус қоры мен өніктілік арасында: Краснодар мен Ставрополь өлкелерінде – сәйкес = 0,87 мен 0,98; Батыс Қазақстан = 0,83/0,90. Бұл жағдай В. Докучаевтың топырақ құнарлығы мен ондағы қарашірінді мөлшері жалпы топырақ құрайтын кешенді айқындайды деген пікіріне сай келеді.

Сонымен топырақтарды бонитеттеудің қазіргі әдістеме негізінен топырақтық, экологиялық немесе климаттық және экономикалық белгілер (критерилер) – факторлар салынған.

І. Топырақтың  белгі сапасында В. Докучаевше «топырақтардың табиғи қасиеттері» пайдаланады. Оларға топырақта немесе оның дақылдану (окультуривание) процесінде пайда болған өсімдіктердің өсіп-дамуына ең маңызды морфологиялық (сырт белгілік) және (агродақыл) мен фито-(табиғи өсімдік ценоздардың топтар)  көпжылдық өніктілігі мен тар байланысты көрсеткіштері жатады.

ІІ. Топырақтық қасиеттер өсімдіктер үшін өзара алмастырылмайды және әр қайсысы өзінің маңыздылығы тұрғысынан әр роль атқарады. Біреуі қасиеттерге жататындар: жоғарыда аталған қарашірінділік жиектің қалыңдығы және ондағы гумус мөлшері (қоры).

ІІІ. Қазақстандағы жыртылатын (игерілген) топырақтардың  бонитеттік шкаласын (бағалаулық цифрлар қатарын) құрастырғанда топырақтарды бонитеттеу критерилері  (белгілері) екі топқа бөлінген: негізгілер мен қосымшалар (Дэулэтшин И., 1990).

Топырақты бонитеттеу жұмысы дайындық –камералды кезең, далалық кезең және камералды-аналитикалық кезеңдерге бөлінеді.

Дайындық-камералды кезеңдегі  негізгі мақсат облыс пен өлкеге алдын-ала бонитет шкаласын жасау болып табылады. Ол үшін көптеген облыстың табиғи-экономикалық сипаттамасын, топырақтың-картографиялық және агрохимиялық материалдарын, климаттық көрсеткіштерін, топырақ пен климаттық көрсеткіштерге арналған әдебиеттер, жер бағалау туралы мағлұматтар, шаруашылық пен тұқым және тәжірибе шаруашылықтарының көп жылдық өнімдерінің орташа көрсеткіштерін, мемлекеттік жерді тіркеу материалдарын топтастырады.

Осы жиналған материалдар негізінде, топырақтың қасиеті мен өнімдерінің бонитет көрсеткіш бойынша бонитет шкаласы құрастырылады.

Топырақ қасиеттері бойынша бонитет шкаласын құру үшін ең бірінші кезекте топырақ бонитетінің негізін қалайтын басты диагностикалық қасиет пен топырақ белгісін анықтауымыз керек. Осы мақсат үшін әрбір топырақ түршесіне арналған облыс топырақ тізімінен барлық шаруашылық топырақтарының морфологиялық, агрохимиялық және бонитеттің басқа диагностикалық белгілеріне керек болатын мағлұматтарын жинақтап жазып, олардың орталық көрсеткішін шығарады. Одан кейін әрбір топырақ түршесінің диагностикалық белгісі мен нышандарын бонитировкалауда мына формуламен есептейді.

 

           Б = 3н/3м * 100;     (І)

 

Мұнда  Б-топырақ баллы; 3н-әрбір  белгінің нақтылы көрсеткіші (Гумус қоры, гумус қабатының қалыңдығы, механикалық құрам  және т.б.); 3м-белгінің максимальды немесе оптимальды көрсеткіші, 100 баллға теңелген.

Бұл жағдайда 100 баллға облыстағы, өлкедегі өнімділік пен  топырақ белгісі және қасиеті жағына ең жақсы топырақ көрсеткіші алынады.

Сонымен қатар облыс бойынша өнімділіктің бонитет шкаласы жасалынады. Ол үшін әрбір шаруашылықтағы, сорт бақылау, ғылыми зерттеу мекемелеріндегі әрбір топырақ түршелеріне жылдық есеп кітапшасынан негізгі ауылшаруашылық дақылдарының соңғы 10 жылдық өнімділігінің көрсеткішін жинақтайды.

Одан кейін ауылшаруашылық дақылдарының көпжылдық өнімділігінің орташа өлшемін есептеп, оны әрбір топырақ түршесіне сай салыстырмалы түрде орташа өнімділікті анықтайды. Облыстық шкаладан республикалық шкалаға көшу үшін,100 баллға шартты түрде қабылдайды, шаруашылықтарда дәнді дақылдардың өнімділігі үшін 15 ц/га, ал мемлекеттік тұқым шаруашылықтары мен алдыңғы қатардағы шаруашылықтар үшін 30ц/га теңеп алады.

Топырақтың жеке белгілері мен қасиеттері бойынша алынған бонитет боллдарын бір-бірімен және осы топырақтағы өнімділікпен салыстырып,одан кейін топырақ бонитетінің диагностикасы ретінде тек өнімділікпен тұрақты коррелятивті байланысы бар топырақ белгілері мен қасиеттерін іріктеп алады.

Іріктеп алынған топырақ қасиеттері бойынша облыс пен өлкенің осы өнімділіктің бонитет шкаласы жасалынады. Осы екі шкалалары бір-бірімен салыстыра байланыстырып, алдын-ала облыс пен өлкенің бонитеттеу (бағалау) шкаласын дайындайды.

Далалық кезеңде топырақ бонитетінің жүргізілуін, алдын –ала  тәжірибе жасалған облыстың топырақ бонитет шкаласының дұрыстығын тексереді, шкалаға енгізілген түзету коэффициентінің құжаттарын жинап, оны тексеріп және оның сәйкестігін, одан басқа аз көлемде кездесетін топырақ бонитеттерін жасап, оның өнімділіктерін анықтайды. Ол үшін шаруашылықта кездесетін әртүрлі деңгейдегі батпақталған, кебірленген, тұздалған, шайылған, әртүрлі тереңдікте тұзданған ыза сулары бар топырақтағы ауыл шаруашылық дақылдары мен табиғи жем шөп өнімдерінің көрсеткіштерін жинақтайды. Осы жер бөлімшелерінде топырақ кескінін салып, одан топырақ үлгісін алып, оның агрофизикалық, агрохимиялық қасиеттерін зерттеп, өнімділікпен байланысын анықтайды. Далалық кезеңде тікелей зерттеу мен анықтау арқылы шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігін анықтап, сол арқылы табиғи шаруашылықта игерілген жерлердің  һөнімділігінің бонитет шкаласын жасайды. Бұл кезде өнімділікті 1 га центнер немесе 1 гектардағы жемдік бірлік өлшеммен белгілейді; 100 баллға соңғы табиғи шабындық пен жайлымдағы орташа өнімділік алынады.

Соңғы камералды-аналитикалық  кезеңде топырақ бонитеті жұмысына далалық және лабораториялық топырақ пен өнімділік зерттеу нәтижесі мағлұматтарына баға беріп, сол арқылы бонитет шкаласының соңғы нұсқасын, ауылшаруашылық өнімділігімен тығыз коррелятивті байланысы бар топырақ белгілерінің тізімін жасап, сонымен қатар зерттелген территориядағы топырақ бонитетін жүргізу тәсілінің қысқаша нұсқасын береді.

Қазақстанда топырақ жамылғысы мен оның диогностикалық белгілерінің әртүрлі болуына байланысты, топырақ бонитет шкаласын жасау әртүрлі, соған байланысты топырақ бонитетінің әртүрлі тәсілдері мен шкалалары қолданылады.

Топырақ бонитетінің мысалы ретінде орманды дала аймағында Н.Ф.Тюменцев тәсілі (Томск облыс топырағына жасалған), дала мен құрғақ дала аймағында Ф.Я.Гаврилюк тәсілі (Дон мен Солтүстік Кавказ топырағына жасалған) алынды.

Бонитет шкаласын жасау үшін топырақтардың физикалық-химиялық және басқа да қасиеттерін анықтайтын сапалы топырақтық, топырақтық мелиоративті, топырақтың эрозиялық зерттеу жұмыстары нәтижелерін толық қолдану керек.

Аналитикалық мағлұматтарға егістік пен басқа да жерге салынған кескін деректерін пайдаланады. Кейбір аналитикалық мағлұматтардың нәтижесін тексеру үшін, оны Стьюденттің 95% сенім деңгейіндегі статистикалық өңдеуден өткізіп барып сұрыптау керек.

Топырақ сапа деңгейін бағалайтын көрсеткіштерге:

а) 0-50 см қабаттағы гумустың пайызбен берілген мөлшері;

б) 0-50 см қабаттағы сіңірілген натрийдің жалпы сіңген негіздердің пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері;

в) 0-50 см қабаттағы  сіңірілген магнийдің, жалпы сіңген негіздері пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері;

г) 0-50 см қабаттағы орта өлшемдік тұздану типі және орта өлшемдік пайызымен берілген тұздар мөлшері;

д) қиыршықтастылық;

с) тастылығы;

ж) гидроморфтылық деңгейлер жатады.

Әрбір топырақ түршесінің негізгі балл бонитетін жартымерлік топырақ қабатындағы гумустың пайыз мөлшерімен, ал басқа қасиеттерін түзету коэффициентін қолдану арқылы шығырады.

Топырақтың жарты метрлік қабатындағы гумус мөлшерін есептеу үшін график тәсілін қолданады, ал ол үшін миллиметрлік қағазға график құрады, онда ординат бойында үлгі алу тереңдігі, ал абсциссада гумустың пайыздық мөлшері аналитикалық жолмен анықталып, үлгі алу ортанғы тереңдікке сәйкес келтіріледі.

Мысалы, лабороториялық талдаулар бойынша гумустың мөлшері төмендегідей болды делік, яғни:

 

Тереңдік, см                                     гумус,%

 

0-10                                                     3,23

10-20                                                   2,74

20-30                                                   2,15

 

График сызуға және гумустың 0-50 см қабатындағы орта пайыздық мөлшерін есептеу үшін гумустың эксперименттік жолмен алынған мағлұматтарын үлгі алудың ортаңғы дәрежесіне келтіреміз, соның нәтижесінде мынандай мағлұмат аламыз:

 

тереңдік,см                                          гумус,%

 

         5                                                      3,23

        15                                                     2,74

        25                                                     2,15

 

Осы мағлұматтар бойынша график сызамыз, графиктегі белгіленген нүктелерді сызықпен қосамыз.11111

Осындай түсірілімнің арқасында біз қисық сызық аламыз, соның негізінде топырақ қабатындағы гумустың мөлшерін есептейміз.

Біздің жағдайда, топырақтың үлгі алу тереңдігі 35 см шектелген, ал есептеу үшін 50 см қалыңдық керек. Қисық сызықты эксперимент мағлұматынан ары қарай жалғастыру үшін тереңдіктегі гумустың мөлшері белгіленген қалыпты дағдайда нөлге тең  нүктені алып, оны эксперименттің мағлұматтарымен қосамыз, сонда алынған шектелген көп бұрыш сызығы арқылы, кескіннің кез келген нүктесіндегі гумустың мөлшерін график арқылы тауып аламыз.

Көп жағдайда нөл нүктесі үшін топырақ кескінінің төменгі шекарасын алады. Бұл жерде нөл нүктесі белгілі мөлшерде шартты түрде алынатынын атап өткен жөн, себебі көптеген әдебиеттік мағлұматтар бойынша аналық жыныстың өзінде де белгілі мөлшерде гумус кездеседі және ол әр түрлі тереңдікте орналасқан.

Жоғарыда келтірілген график көрсеткіштері бойынша 0-50 см қабаттағы орта арифметикалық гумус мөлшерін анықтаймыз.

 

              Г0-50=а12345/5=z.          (ІІ)

 

Мұнда, а1— әрбір 10 см қабаттағы гумустың көрсеткіші,%;

             5 – жалпы алынған қабат саны;

             z – гумустың орташа мөлшері, %.

 

шкаласын жасайды. жайылымдардың өнімділігін анықтап, сол арқылы табиғи шаруашыл

2.1 Топырақ бонитеті  Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі

 

Еліміздің топырақ қоры — халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Бұған Кадастр француз тілінде cadastre – регистрация, тіркеу деген ұғым. Жер кадастры-жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. «Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын (бей) химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек» (қара-Республикалық жер заңы негіздерін).

Ең бірінші топырақ санағы біздің дәуірден 300 жыл бұрын Египетте жүргізілген. XVIII-XIX ғасырларда жер кадастры Франция, Италия, Германия және Еуропаның басқа елдерінде жасалған. Ресейде топырақтардың санды және сапалы санағы XV ғасырда бағынышты елдерден салық жию үшін жасалған. Топырақтану ғылымы дамуына орай санақ әдістері-де жаңғырып отырған. XIX ғасырда В. Докучаев Нижегород (Төменқала) губерниясының топырақ жамылғысын зерттей келе, алғашқы топырақты сапалы санақ жүргізу әдісінің негізін салған. 1917 жылға дейін Ресейде, басқа Еуропа мемлекеттеріндегідей,жер санағы жүргізудің ең басты мақсаты салық салуға және топырақ сапасына қарай әдеттегідей жердің өлшемдік бөлігінен алатын таза пайданы шығаруға арналған. Топырақтар санағының негізгі түрін көрсететін құжат-ірі масштабы топырақ картасы, картограммасы және оларды сипаттайтын қолжазбалар мен химиялық мәліметтер.

Топырақтарды сапалы бағалаудағы ең басты жұмыстарға топырақтарды агроөндірістік топтау және оларды бонитеттеу (бағалау) жатады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында топырақтарды санды-сапалы санау ауылшаруашылығына-жеке шаруашылықтардан бастап бригадаларға дейін-өте қажетті материал.

Агроөндірістік топтау деп топырақтарды бірыңғай агрономиялық қасиеттері мен экологиялық жағдайлары жақын, құнарлық деңгейі мен сапалық ерекшеліктері ұқсас, сондай-ақ бір типті өңдеуге қажет агротехникалық және мелиорациялық шаралары жақын топырақ түрлері мен түршелерін агроөндірістік топтарға біріктіруді айтады. Бұл жұмыс материалдары әдеттегіде топырақ қорын санауға және жерді бағалауға пайдаланылады; ауылшаруашылық дақылдарды дұрыс орналастыру мен ауыспалы егістерді мамандандыруға, агротехникалық және мелиоративті шараларды белгілеуге қажет.

Агроөндірістік топырақ топтауының жалпы біріккен одақтық, аймақтық және шаруашылықтық түрлері болады.

Жалпы біріккен одақтық топырақ топтарын құрғанда құрлықтағы топырақтардың сапалық және сандық есебін алған, агрономиялық топырақ қасиеттерінің ұқсастығын және ерекшелігін қалыптастыратын аймақтық және өлкелік (провинциялық) табиғи жағдайларын ескерген. Алынған есептік деректер, көлемі бүкіл елдік ауылшаруашылық қоныстар есебіне кіреді. Бұрынғы КСРО топтары 350 санды топтарға, ал олар механикалық құрамына қарай өз алдына кіші топшаларға бөлінген. Аймақтық кешенді агроөндірістік топырақ топтары да (республикалық, аймақтық, облыстық) аталған принциптерде құрылады. Жалпы біріккен одақтық есептегі топырақ топтары қатал түрде сақталып қалған мен, оларға аймақтық ауылшаруашылық ерекшеліктері жайында қосымша кіші бөлімдер ескере енгізіледі. Арнаулы аймақтық топтардың ауылшаруашылық өндірісіне үлкен маңызы бар, өйткені, оларға және бонитеттеу материалдарына сүйене отырып дақылдарды дұрыс орналаструға, ауыспалы егістікті құруға және тыңайтқыштарды қажетті бөлуге болады. Шаруашылық агроөндірістік топырақтар топтары агрономиялық дәлелденудің формасына және шаруашылық территориясындағы ірі масштабы топырақ зерттеулерінің нақтылы қортындысына жатады, бұлар кешенді және мамандандырылған түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықтағы кешенді агроөндірістік топырақ топтары ауылшаруашылық дақылдарының біркелкілігіне және агромелиоративтік шаралар бір тұтастығына қарай бөлінеді.

Топырақтарды топтарға бөлгенде мынандай критериялық принциптерге сүйенеді; топырақтардың тектік негізімен агрономиялық қасиеттерінің ұқсастығы; топырақтарды пайдаланудағы жер бедерінің біртұтастығы; топырақтар жамылғысы құрамының біркелкілігі.

Топырақтар белгілерін ұқсас біріктіргенде мына көрсеткіштерді есепке алады: ылғал-ауалық, жел-жылылық қасиеттері мен механикалық құрамына негізделген гумустық қабаттың қалыңдығына; геоморфологиялық, гидрогеологиялық жағдайлардың біркелкілігі; топырақтың ұқсас қоректік құбылымына сүйене отырып, тыңайтқыштарды тиімді қолдану-азот, фосфор мен калийдің жылжымалы түрлерінің жеткіліктігі; топырақ  гумустілігі, ортасының қолайлы реакциясы және ондағы микроэлементтер мөлшері; топырақтардың өңдеу ерекшеліктері мен түрлері ара қатынасының бірқалыптылығы (топырақтың иеленгіштігі, байланыстылығы мен қабыршақтанулығы және өңдеуге «пісіп» жетілу мезгілі, жырту қабатын тереңдету мүмкіндігі). Аталған қасиеттер біркелкілігін ең алдымен топырақтың механикалық құрамына, құрлысына, гумустік жиек қалыңдығына, кебірлігіне және эрозияға ұшырау дәрежесіне қарай анықтайды; қажетті мелиоративтік шараларды белгілегенде ең алдымен топырақтың механикалық құрамын, батпақтану дәрежесін, кебірлігін және кебір құрылысын ( жиек қалыңдығы, карбонаттар мен ғаныш жатқан тереңдік), сортандылығы жәнеортаның реакциясы негізге алынады. Осылармен қатар жердің гидрогеологиялық тәртібі, ызаның тереңдігі мен сапасы және топырақ құрамындағы өсімдікке зиянды заттар мөлшері (сортаңдылығы, саздылығы) ескеріледі; эрозиясының түрі мен қарқыны анықталады.

Келтірілген белгілер мен қасиеттер негізінде шаруашылық территориясында бөлінген агроөндірістік топырақ топтары жалпы одақтық және өңірлік топтаудағы санды топырақ топтарын әр қашан қайталамайды, себебі аймақтық топырақ типшелері  мен типтерінің  шекарасы, агроклиматтық жағдайлары ұқсас болғандықтан,  бірінен-біріне өтіп тұрады және оларға жақындау агрономиялық сипаттама тән. Қазіргі уақытта шаруашылық ішіндегі агроөндірістік топырақтар топтауы әр шаруашынықтағы ірі масштабты топырақ ізденістері материалдарын жалпылаудағы соңғы кезең болып саналады.

Топтауды құрғанда-топырақтарды бөлуде мына ретте басшылыққа алуға болады:

Бірінші этапта (рет) топырақтарды 2 топқа бөледі: арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілемейтін, осы аймаққа сәйкес дақылдарды, нормативті аймақтық агротехника қолданып, өсіруге болатын топырақтар: арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейтін (тастақ, кебір, бұзылған, батпақты, сортаңдагған) топырақтар.

Екінші ретте бірінші топтаы топырақтарды механикалық құрамына қарай екі бөлшекке-балшықты мен құмбалшықты және құмайт пен құмды топырақтарға айырады, себебі агрономиялық  қасиеттері мен пайдалану жағдайлары тұрғысынан олардың үлкен айырмашылығы бар.

Үшінші ретте, арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілемейтін топырақтардыт топтағанда, олардың аймақтық ерекшеліктері ескеріледі, мысалы, қара топырақтарды топтағанда олардың күлгіндену, сілтісіздену дәрежесі, нағыз және кәдімгі типшелері негіз болады.

Соңғы реттегі бөлу топырақтардың түрлік айырмашылығына,  тектік жиектердің қарашірінділігіне, кебір үстіндегі қабық қалыңдығына, олардың химиялық ерекшелігіне (жылжымалы азот, фосфор, калий т.с.) негізделеді.

Арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейтін топырақтарды топтағанда әдеттегіде оларды кескін құрлысына, шаралар қарқыны (интенсивтік) және қаржылық шығын көлеміне байланысты келесі 4 топқа біріктіру орынды: шаралар қарқынына және оларды жүргізу үшін арнаулы агротехника арқылы жақсартылатын; жеңіл (ғаныштау, әктеу т. б.) және ауыр мелиорациялар (топрырақты, құрғату, тұшылау, кебірсіздендіру, тастарды жию, т.б.) арқылы жақсартылатын және практикада жақсартуға келмейтін топырақтар. Бір агроөндірістік топқа біріктірілген топырақтардың ауылшаруашылығында пайдалану бағыты (мысалы көкөністік ауыспалы егіс және басқа үдемелі дақылдарға ) ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы (жасыл тыңайту, әктеу), эрозияға қарсы немесе мелиоративтік шаралар кешенін қолдану жолы бір болады.

Агрономиялық жұмыстар практикасында жеке топырақтарды бағалауда өндірістік учаскелердегі топырақ жамылғысының алалығын (комплекстігін) ескерген өте қажет, ол топырақ жамылғысының құрылымын (ТЖҚ) талдау негізінде жүргізіледі. ТЖҚ-на  агрономиялық баға беру бір жағынан көрсеткіштер кешенінің, кескін құрылысы мен құрамын, қасиеттерін, құбылымын,екінші жағынан алалық тобын талдай (комбинация түрлері, арасалмағы, элементарлық топырақ алаңы) бағалауға негізделген. Осындай бағалау жұмыстары агрономиялық тұрғысынан топырақтардың біртектілігі мен үйлесімділігі туралы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Агрономиялық  көзқарастар бойынша топырақтар жамылғысы құрылымының негізгі үш типін боледі: агрономиялық біртекті типтес учаскелерде (ауыспалы егіс танаптары, т.б.) осы ТЖҚ-ң комбинациясына кіретін топырақты, біркелкі агротехникалық және  мелиоративтік әдістер қолданып, егіс егу мен өнім жинау жұмыстарын бір оптималды мезгілде жүргізіп, жақын мөлшерде өнім алуға болады; агрономиялық бір тектес ТЖҚ әрқашан бір танап құрамына жатқызылады. Бұндай құрылым түрлі варияциялар, алаңдар мен дақтардан тұрады; агрономиялық үйлесімді, бірақ біртекті емес  құрылымға, пайдаланғанда аз ғана агромелиоративтік шаралар (жалпы  бір типті) тілейтін территориялар жатады. Бұнда далалық жұмыстар мезгілі жақындау болса да, алынатын өнімде аздап айырмашылық болуы мүмкін. Осында»й ТЖҚ-ы бір өндірістік массивке, мысалы, дақты және кешенді ала құрылымды шайылмаған немесе сәл шайылған, топырақтар жатады. Агрономиялық үйлесімсіз ТЖҚ-ы сапалы түрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейді және де онда далалық жұмыстарды бір мезгілде жүргізбейді. Мұндай жерлерді біртұтас танапқа кіргізбей, бөлшектеп арнаулы ауыспалы егістік және т.б.(қопыраққорғайтын, мал жайылымы т.б.) жерлерге жатқызады. Топырақты тиімді пайдалану үшін, агроөндірістік топтаумен қатар жерді кластарға бөлу жұмыстарын жүргізеді (Федорин 1976, 1981). Жерге белгілі территорияның топырағы мен табиғи жағдайлар кешені жатады.

Жерлерді жіктеу деп, оларды ауылшаруашылығына жарамдылығы тұрғысынан бөлуді айтады.Ол үшін жерлерді кешенді зерттеу яғни жер бедерін, топыраққұраушы жыныстарды, топырақтық құрамы мен ылғалдану жағдайын білу керек. Жиналған мәліметтерге сүйеніп жерлерді категориялар мен кластарға бөледі. Жер класына табиғи және шаруашылық қасиеттері бір-біріне жақын, біркелкі өңдеуді тілейтін және топырақты бұзылудан қорғау талабы бір жерлер (алаң, талап) тобы жатады.

Жалпы жерлер төмендегі сипатталған 7 категория мен 37 класқа бөлінеді. I категория – егістікке жарамды, 14 класқа бөлінген топырағы мәдениеленген жерлер; 2-дренделген-су (ағынды) айрықтар мен сәл білінген беткейлі жерлер (20 градусқа дейін), карбонатсыз құмбалшық және жеңіл құмбалшық топырақты; 3-дренделген –су ағынды айрықтар мен сәл айқындалған беткейлер, топырағы құмбалшықты және жеңіл құмбалшықты карбонатты; 4-дренделген су айрықпен сәл ылдыйлау беткейдің (20-ке дейінгі) топырағы құмды және құмайтты; 5-дренді су аймақтармен сәл ылдыйлау беткейлердегі топырағы балшықты және тұтасқан; 6-дренді су айрықтармен сәл айқындалған беткейлердің қатты жыныстары мен қойтасы, малта тасты салындылары бар, құмбалшық топырақты, 7-сәл дренді қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықты, құмбалшықты, карбонатсыз топырақты; 8-солар, бірақ карбонат топырақты; 9-сәл дренді қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықтар мен құмбалшықты, құмайтты және құмды топырақты; 10-сәл эрозиялық қауіпті ылдыйлы (2-50) беткейлердің қопсынды жыныстарында қалыптасқан балшықты және құмбалшықты, аздап шайылған, топырақты; 11-сол топырақтар, тек құмдақ түрше топырағы бар; 12-эрозиялық  қауыпты ылдый (5-100) беткейлердің балшықты, құмбалшықты, қопсынды жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты; 12-солар тек құмайт түршелі топырағы бар; 14-эрозиялық көтеріңкі қауіпті, тік ылдый (2-100) беткейлерде, қатты жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты;

II категория-  басым шабындыққа жарамды жерлер 4 класқа бөлінген: 1-жайылмалық шабынды-балшықты және құмбалшықты топырақты; 2-сондай, бірақ құмайт және құм топырақты; 3- жайылмадан тыс шабынды-балшық және құмбалшық топырақты; 4-солар, бірақ құмайт және құм топырақты.

III категория- жайылымдық, бірақ жақсарту арқылы басқа ауылшаруашылық  қоныстарға пайдалануға болатын жерлер, оның кластары: 1-батпақтанған, мол ылғалданған топырақты; 2-кебір және тұтасқан автоморфты топырақты, оның жамылғысы-орташа және тым алаланған; 3-кебір және тұтасқан жартылай гидроморфты топырағы бар, оның жамылғысы орташа және көп алаланған; 4-кебір және гидроморфты топырағы бар, жамылғысы орташа және көп алаланған; 5-эрозиялық аса қауіпті тік беткейде (100) орналасқан, топырағы шайылған; 6-жұқа қабатты топырағы бар, тым тасты және қиыршықтасты; 7-шымданған құмдар.

IY категория-  ауылшаруашылығына күрделі жақсартудан кейін жарамды жерлер -6кластан тұрады: 1-ойпанды (низинное) және өтпелі (переходное) шымтезекті батпақтар; 2-ойпанды және өтпелі минералдық батпақтар; 3-күшті және тым сортанданған жерлер; 4-тақырлар; 5-сай-жыралы алаланған жерлер; 6-өсімдіксіз (жылжымалы) құмдар.

Y категория – ауылшаруашылығына шамалы жарамды қоныстағы жерлер екі класқа бөлінеді : 1- жоғары (верховое) батпақтар; 2-малта тасты, шашыранды, қырлы тасты жерлер.

YI категория- ауылшаруашылығына жарамсыз тік, тас жынысты жерлер.

YII категория- бұзылған жерлер: екі класқа бөлінеді: шымтезекті (торф) және тау-кен өндірісі дамыған және терриконды (сатылы төбелі) жерлер. Сонымен жерлерді жіктеу нақтылы табиғи – ауылшаруашылықтық аудандау болып саналады.

ТМД мемлекеттерінде жер қорларын тиімді пайдалану үшін жер кадастры жүргізіледі, оған әрбір мемлекеттік жер иеленушілердің өз жерін тіркеуі, жердің сандық есебін,сапалық бағасын, жерді бонитеттеу және жерге экономикалық баға беру жұмыстары жатады.

Мемлекеттік жер иеленушілердің жерлерін тіркеуді, ауылшаруашылық министрлігі мен департаментіне қарайтын жерге орналастру мекемелері атқарады, онда жерді пайдалану құқығы заң жүзінде тіркеліп, арнайы құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Жердің сандық есебінде жерді пайдаланушылар мен жерді иеленушілердің жер көлемі есебі мен жіктеуін қарастырады. Бұл мағлұматтар шаруашылық пен әкімшіліктің (ұжым шаруашылығы, аудан) жерді – есептеп тіркеу құжатына жазылады.

Жердің сапалық есебінде пайдаланатын  жерлердің түрлерін (егістік, тыңайған жер, шабындық, жайылым, көп жылдық ағаштар)  қамтиды. Мұнда ерекше суғару жүйесі дұрыс немесе жөндеуді керек ететін суармалы жерлерді бөледі. Жердің сапалық бағасында оның өндірістік маңызын анықтайтын белгілеріне, яғни топырақ жамылғысына, өсімдігіне, бедеріне, эрозияға бейімділігіне, нұсқасына,  батпақтануына және т.б. қасиеттеріне сипаттама береді.  Бұл жер кадастрының маңызды құрылымдары  мемлекеттік жерге орналастыру мекемесінің тіркеуінен өтеді.

Топырақты бонитеттеу жер кадастрының маңызды бір бөлігі болып саналады және өсімдіктер өмір сүретін орта ретінде топыраққа салыстырмалы түрде сапалық баға береді. Бұл жұмыс топырақтанушылар арқылы агроном мен экономистердің қатысуымен жерге орналастыру мекемелері арқылы жүргізіледі.

Жерге экономикалық баға беру дегеніміз ол жерді ауылшаруашылық өндіріс құралы ретінде бағалау болып саналады. Оны топырақтардың қасиеттері (бонитеті бойынша) мен экономикалық көрсеткіштері арқылы жүргізеді. Экономикалық бағалау жердің пайдалану деңгейі анықталып, абсолютті (теңгемен)  немесе салыстырмалы (балмен)  көрсеткіштермен белгіленеді. Экономикалық бағалауда сапалық жағынан әртүрлі жер бөлімшелеріндегі негізгі қорлардың тиімділігін және нақтылы жоспарлауға ауылшаруашылық өндірісінің шаруашылық ұйымдастыру мен талдау мағлұматтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көрсеткіш арқылы талғамды нарық пен рентілі өтем және ауылшаруашылық өнімдерінің талғамды сатып алу құнына пайдалануға болады.

Жер кадастрының негізгі құжаты болып жерді иеленуге құқық беретін акт, яғни кадастрлы жер картасы мен кадастрлы қатталған жер кітапшасы саналады.Кадастрлы жер картасы – жер бөлімшесінің негізгі жоспары – картографиялық құжаты, мұнда жер кадастры туралы жерді пайдалану шекарасы, гидрографиясы, бедері, топырағы, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлері, ел мекендері, жол тораптары мағлұматтары жинақталған. Кадастрлы қатталған жер кітапшасында пайдаланып жатқан жердің барлық жазбалары, яғни жалпы және әрбір игерілген жер көлемі, одан басқа әрбір ауылшаруашылық жерлерінің сапасы туралы анықтамалар беріледі.

 

 

2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері

 

Топырақ бонитеті деп топырақ құнарлылығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз. Топырақ  бонитетінде сандық көрсеткіштер бағасы-баллмен есептелінеді, олар нақтылы мағлұматтар-топырақтың қасиеті, осы топырақтағы өскен дақылдардың көп жылдық өнімі (жыртылған жерлер үшін) немесе биологиялық өнімділігі беріледі (жем-шөп пен орманға пайдаланатын жерлер үшін). Міне сондықтан бонитеттеу кезінде топырақтың салыстырмалы құндылығы, оның табиғи және тиімді құнарлығы бағаланады.

Бонитеттеудің негізгі принциптерін В.В.Докучаев қалаған, мұнда әр уақытта және топырақтың кейбір жан-жақты қасиеттері мен көпжылдық өнімі немесе биологиялық өнімділігі алынады, олар бір-бірімен коррелятивті байланысты болуы керек. Топырақ бонитировкасында екі параллельді бонитеттеу шекарасын балл бойынша салыстыру керек, яғни топырақ қасиеті (негізгі шкала)  және ауылшаруашылық  дақылдарының салыстырмалы өнімі, одан кейін жалпы шкала анықталған баллдармен тексеріліп келтірілген.

Негізгі шкалаға пайдаланатын топырақтың диагностикалық белгілері, табиғат аймағына байланысты әр түрлі болады, ол міндетті түрде ауылшаруашылық дақылдар өнімі мен биологиялық өнімділікпен коррелятивті байланыста болуы керек. Келісілген көрсеткіштер егіншіліктің құрғақшылық аймақтарда (орманды-дала, дала, құрғақ дала, шөлейт), топырақтың негізгі бонитеті көрсеткіштері болып: жыртылған қабаттағы гумус мөлшері, гумус қабатындағы жалпы гумус пен азот қоры (т/га) және 0-20,0-50,0-100см қабаттардың механикалық құрамы, сіңіру сиымдылығы, кейбір жағдайларда шайылу және кебірлену деңгейі, жалпы фосфор мен калий мөлшері келтіріледі. Бұл көрсеткіштерді негізгі бонитет шкаласына енгізу үшін түзету коэффициенті беріледі. Одан басқа климаттық көрсеткіштер: ылғалдану коэффициенті, оң температура жиынтығы, аязсыз күндер саны т.б. қолданылады.

Орташа көп жылдық өнім шаруашылықтағы өнімділіктің және тәжірибе станциясы мен тұқымды шаруашылықтарының біртектес топырақ түрлерінің арнайы өнімді есептейтін алаңдарында жүргізіледі. Ең соңында қарқынды егіншіліктің үш деңгейі бойынша бұл мағлұматтар топталып, одан кейін математикалық өңдеуден өтіп, өнімділік бойынша бонитет баллы есептелінеді.

Бағалау шкаласы екі вариантта құрылады: ашық (жайылған) және жабық (тұйық) шкала түрінде. Ашық шкалада ең кең тараған орта топыраққа 100 немесе 50 балл беріледі, ал қалған топырақтар өздерінің сапасы жағынан жоғары немесе төмен бағалануы мүмкін, бұл жағдайда бағалау шкаласы 1-5 тен 180-700 балл аралығында ауытқиды. Жабық шкалада 100 балл ең жақсы топыраққа беріледі, қалған топырақтар көрсеткіші бұдан төмен, мұнда бағалау шкаласы 1-5 тен 100 балл аралығында болады.

Табиғи жағдайлар мен топырақ жамылғының ТМД жерінде әртүрлі болуына байланысты бонитет шкаласы мен бағалау кестесінің әртүрлі аймақтар үшін бірнеше түрлері жасалған.

Негізгі критерилер тобына жататындар: қарашірінді мен азот қоры, негіздер жұтылусыйымы және бір пайызбен шектелген қарашірінділік жиектің қалыңдығы.

Қосымша критерилердің негізгілерден айырмасы топырақтық аймақтар мен аймақшаларға сәйкес заңды таралмауы. Сондықтан олардың параметрлері (тұрақты мөлшері) типшелер ішінде анық бөлшектенеді (диференділенген). Топырақтар таксондық (жүйелеу) біріншілігіне тәуелділігіне қарай туысқа, түрге және түршеге жатқызылады.Қосымша белгілер топырақтың деңгейін дұрыс анықтауға қажет. Сондай-ақ олар аздап қоршаған ортаның күйі мен жайын білдіреді. Мұндай критерилерге механикалық (түйірлік) құрам, кебірлік, сортаңдылық, бұзулылық, тасты жыныстар жатқан тереңдік, қыйыршық тастылық, т.б. жатқызылған. Түгел алғанда мұндай топырақтық қасиеттер ауылшаруашылық дақылдар өніктілігін шектейтін болғандықтан, тәртіпті бағалаулық шкалада түзетулік коэффициент түрінде немесе бонитеттің орташа баллына түзету сапасында қатысады .

Қазіргі көзқарастарға сәйкес топырақтарды бағалау критерилері топырақ – географиялық аймақтарға және соларға сәйкес топырақтар типтеріне қарай анық бөлшектенеді. Қара және қарақоңыр топырақты далалық аймақта бонитеттеу белгілері көп және кәзіргі уақытта олардың тобы мыс, Қазақстанда анық анықталған.

Бонитеттің негізгі принципі —  ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне байланысы топырақ қасиеттеріне балл беру. Сондықтан топырақ бонтетін жасау үшін өнімділік пен байланысы бар топырақ қасиеттерін таңдау және осы қасиеттерді нақтылы сипаттайтын объективті мағлұматтарды жинау керек. Анықтаулар бойынша әртүрлі аймақтарда, әртүрлі топырақ типтерінде өнімділік пен топырақтың кешенді қасиеттері бір-біріне сәйкес келе бермейді екен.

Ылғалмен қамтамасыз етілген егіншілікке бұл қасиетке топырақтың жыртылған қабатындағы гумус, физикалық балшық пен тұнба фракциялар мөлшері, рН тұзды ертіндісі, гидролитикалық қышқылдық, сіңірілген негіздер жиынтығы, негіздермен қанаыққан деңгейі жатады.

Ылғал жетіспейтін аймақтарда (орманды дала, дала, құрғақ дала,шөлейт) ауылшаруашылық өнімдері мен топырақтың мына қасиеттері яғни:жыртылма қабаттағы гумус мөлшері, гумус қоры (т/га), гумус қабатының қалыңдығы, физикалық балшық пен тұнба фракциялар мөлшері, сіңіру сиымдылығы жатады. Кейбір топырақтар үшін сіңірілген натрий, ал сор топырақтарда- жеңіл еритін тұздар мөлшері тығыз коррелятивті байланыста болады.

Топырақ құнарлылығын анықтайтын басқа қасиеттері (батпақтану деңгейі, шайлғандығы, эрозияға ұшырағандағы, тастылығы және т.б.) топырақты бонитеттеу кезеңде түзету коэффициенттері арқылы ескеріліп топырақтардың өнімділігінен алынып тасталынады.

Топырақ типтерінің бонитеттеуіне керек нақтылы жоғарыда келтірілген көрсеткіштер, топырақ зерттеу құжаттарында – топырақ есеп кітапшасы, топырақ картасы мен картограммасында беріледі. Әрбір территориядағы топырақтың орта өлшемдік баллын есептеген кезде (ұжым шаруашылығы және қожалық, акционерлік қоғам) сол топырақтардың ауданын білу керек. Бұл мағлұматтарды топырақ зерттеу құжаттарынан алуға болады.

Нақты топырақтарды ауылшаруашылық дақылдарының көпжылдық өнімділігін және шабындықтар мен жайылымдардың табиғи биологиялық шығымдылығын топырақ бонитетін есептеген кезде топырақ зерттеу құжаттарының маңызы өте зор. Әрбір шаруашылық пайдаланбақшы топырақ жамылғысын білмейінше, бұл мәселені шешуге болмайды. Міне, сондықтан топырақты бонитеттеу үшін топырақ зерттеу жұмыстары жүргізу міндетті түрде қажет.

 

             ҚР-ң Ауылшаруашылық Министрлігі бекіткен, б. «Казпирозем» жобалау институты дайындаған « Уақытша әдістемелік нұсқауларға (1984)» бойынша:

1) барлық топырақтық параметрлер (тұрақты көрсеткіштер) 0-50 см-ік қабатқа есептелінді;

2) негізгі көрсеткіш болып осы қабаттағы қарашірінді мөлшері саналады;

3) этолон – үлгі (100 балл) ретінде қарашірінді мөлшері 7 пайызға тең сапа алынады;

4)шығырылған бағалау баллдары сутектік және қыйыршық тастылық қасиеттерге түзетулік коэффициенттер арқылы дәлелденеді;

5) Бонитеттік шкала бастапқы гумустік баллды осы топыраққа тән түзетулік санға көбейтіліп құрастырылады.(В.Бобров).

Топырақ жамылғысы шөлдік топырақ құралу типіне келетін суармалы аймақта негізгі критерийлік сапаға майда түйірлі топырақ қабатының қалыңдығы мен механикалық құрамы алынады.(Ли В., 1989).

ІІ. Климаттық факторға ауаның 100 С – ан жоғары тиімді (әсерлі) оң температура жыйынтығы, орташа жылдық немесе тіршілік (вегетация) кезіндегі — өніктілік анықтайтын атмосфералық түсім мөлшері (мм-6 кесте) кіреді (Дюкарев А., Карманов И., 1990); сондай-ақ Г.Селяниновше ылғалжылулық (гидротермикалық) коэффициентте пайдаланылады, себебі ол ауаның >100 температурасы мен жауын-шашын мөлшері (Смеян Н., 1986), Ивановше ызғарлылығы (Карманов И., 1990) есепке алынып шығарылады.

4 кест- Климат пен топырақ құнарлығы және дәнді  дақылдар өнімі

 

Топырақтар (Т.)

Атмосфералық түсім, мм

Баллдар

Дәнді өнім, ц/ге

1

2

3

4

Күңгірт қарақоңыр құмбалшықты-Т.

425

86

21,0

Орташа құмбалшықты-Т.

490

79

15,5

Сол жеңіл құмбалшықты-Т.

485

62

21,6

Тегістіктегі кәдімгі қара ауыр құмбалшықты-Т.

340

55

13,7

Сол орташа құмбалшықты-Т.

300

48

12,1

Оңтүстік қара ауыр құмбалшықты.

400

52

13,1

Күңгірт қарақоңыр ауыр құмбалшықты-Т.

310

49

12,4

Сол жеңіл-Т.

260

39

9,7

Қарақоңыр-Т

250

17

4,3

Ашық қарақоңыр орташа құмбалшықты-Т.

215

17

4,3

Тауалды күңгірт құба ауыр құмбалшықты-Т.

460

43

10,7

Нағыз құба құмбалшықты-Т.

355

30

7,6

 

Түсіндірме: 4 кесте деректері дәнді дақылдар өнімі жылдық жауын-шашын мөлшеріне, топырақтар сапасына (балл құнарлығы) және механикалық құрамына тәуелді екенін көрсетті.

 

Экономикалық факторлар тұқым себу – егін ору науқанының ауылшаруашылық техникасы және еңбектік құралдар (ресурсы) мен қамтамасыз етілгендігін сыйпаттайды. Олардың ықпалы екі – тура және жанамалы бағытта көрінеді.

Тура ықпал тікелей өнік мөлшерінде байқалады. Ал ол болса топырақтық жағдайлар мен анықталады. Мыс., құрғақ дала аймағы топырағына (фосформен қамтамасыздану деңгейі төмен) берілген фосфор  тыңайтқышының шамалы үлесі (дозасы) айтарлықтай нәтиже (эффект) бермейді.

Жанамалы ықпал бір жағдайдың қалғандарға қатынас көрсеткішінің айқындалуына байланысты.

Бұл жай басқа өндірістік-шаруашылық жағдайларға қатынас ең аз заңдылықты (закон минимума) қолдануға мәжбүр етеді. Ал жағдайлар болса жериеленушілердің аймақтық орналасуына қарай айқын бөлшектенеді. Айталық, қара және қарақоңыр топырақты дала аймағында фосфорлық тыңайтқыштар, тиімді ылғал жеткілікті жағдайда, ең нәтижелі келеді.

Ауылшаруашылық дақылдары өніктілігінің үлгісін (модель) жасауда жиі басқа-да экономикалық факторлар пайдаланылады, яғни 100 гектар егістікке келетін жұмысшылар саны 1 гектар егістікке келетін өсімдік шаруашылығының негізгі фондының (құрал) бағасы.

Жалпы алғанда бағалаулық жұмыстарды экономикалық факторлар егіншіліктің дақылдану деңгейі арқылы есептеледі, оған ғылым жетістігі немесе ауылшаруашылық дақылдарының салыстырмалы өніктілігі үлгісі пайдаланылады.

 

 

  1. Топырақ бонитетінің баллдарын шығару тәсілдері

 

 Бонитет баллдарын есептеуде В.Докучаевтің кезінен бері екі жол бар. Біреуінде бонитет баллдары топырақтық критерилер арқылы шығарылса, екіншісінде топырақтық түршелер немесе агроөндірістік топтардағы  ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өніктік көрсеткіштеріне сүйенеді. Бірінші тәсілше топырақтардың бонитеттік баллдарын пропорциялық (сәйкестілік) әдіспен шығарады. Оның негізіне эталонды (үлгілі) топырақ қасиеттерінің көрсеткіштері салынады. Қасиеттер 100 баллмен яғни эталон кең тараған және құнарлы топырақ бағаланады. Ал басқа топырақтардың қасиеттерін бағалау эталондық көрсеткіштердің пайызын құрайды. Бонитеттік баллдар мына формула (тұрпат) мен шығарылады:

 

                      а)                         (ІІІ)

 

Мұндағы Б-топырақ балл; Мк— топырақ белгісінің (гумус, N,P,K, т.б.)  қоры немесе пайызы – кәдімгі маңызы; Мм – ең жоғары (максималды) немесе оңтайлы (күрделі тәуелділіктегі) осы белгінің маңызы; ол топырақтағы 100 баллға (эталон) жатқызылатын көрсеткіш.

Қарашірінді және NPK қоры келесі формула арқылы анықталады:

 

         

 

 б)                  (ІV)

 

Қ- қарашірінді қоры, м/ге

М- тектік жиектің қалыңдығы,м;

В- осы түйірлік құрамды жиектің көлемдік массасы;

Р- қарашірінді мөлшері, %,

Ал жылжымалы қоректік заттар (NPK) қоры үшінші формуламен

в) Н = М. 10000 анықталады, мұнда В*А

Н-NPK қорлары, кг/ге;

М- тектік жиек қалыңдығы, м;

В- осы қабаттың көлемдік массасы;

А- NPK мөлшері, мг/кг топырақта.

Есептеп шығарылған жеке белгілердің бонитеттік баллдары өзара салыстырылып, қайсылары бір-бірімен және өніктілікпен кореляциялық (тура немесе теріс) байланыста және қайсысы шеттетілген екендігін табады. Сонан соң топырақтар қасиеттерінің бонитеттік орташа баллдары есептеліп, солар бойынша облыстық (аудандық) бонитет шкаласын құрады.

Ю. Федорин (1977) оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу өңірі) топырақтарының сапасы (бонитет) мен дәнді дақылдар өніктілігі арасындағы кореляциялық байланысын тапқан (7-кесте). Топырақ қасиеттерінен өнікке ықпал ететін көрсеткіштердің 0-50 см тереңдіктегі қарашірінді мен жалпы азот қорын 0-20см-ік жыртылатын қабаттағы фосфор қорын алған. Солардың әр қайсысының өнік пен тура кореляциясын (байланысын-ч) есептеген, ол гумустікі   =0,97,  жалпы азоттікі =0,76, фосфор қорынікі =0,59.

Бұлардың бірлескен өнікке тура ықпалы –R-0,98 болған.

 

5 кест- Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу)  топырақтарының сапасы (балл) мен дәнді дақылдар өнігі арасындағы байланыс –(кореляция-Федорин Ю,1977)

 

Топырақ

(Т.)

өнік, ц/ге

0-50см-гі жалпы саны, м/ге

0-20см-гі фосфор қоры, м/ге

Орташа өлшем- R, балл

қара

шірінді

Жалпы азот

1

2

3

4

5

6

Нағыз қаратопырақ

375

24,6

3,6

100

Аз гумусті қаратопырақ

21

270

19,5

3,25

86

Күңгірт қаратопырақ Т.

17

178

11,0

4,9

66

1

2

3

4

5

6

Ашық қаратопырақ Т.

14

110

7,7

4,6

50

Кәдімгі құба Т.

14

84

5,6

3,2

34

Ашық құба құмбалшықты Т.

13

83

4,5

3,6

30

Ашық құба құмайтТ.

9

44

4,1

2,8

24

Кореляциялық баллдардың коэфициенті -r

0,97

0,76

0,59

0,98

 

 

Қазақстан Республикасы топырағының бонитеттікшкаласы бонитет баллдарын жоғарғы жарты метрлік қабаттағы гумус мөлшеріне қарай есептеуді көздейді (В,1987; 1990; Нечаев Л,1990).

Қарағанды облысы жыртылатын күңгірт қарақоңыр топырақтарының бонитеттік шкаласын шығырғанда жалпы қарашірінді мен азот мөлшерін, жыртылатын (0…30см) қабаттағы сіңірілген негіздер сыйымы мен гумустік жиектің қалыңдығы ( 1%-тік гумус шегарасына дейін) есепке алынған (Дәуләтшини,1989)

 Топырақтардың негізгі бонитеттік шкаласы, тәртіпті түрде қосымша шкалалармен түзетіледі. Олар топырақтың карбонаттылығына, кебірлігіне, сортаңдығына, механикалық құрамына, майда топырақтың қалыңдығына, аса ылғалдылығына қолданылатын түзету (+ -) коэфициенттері болып саналады (қара 6-кесте).

6 кест- Іле Алатауының топырақ-климаттық жағдайлары мен ауылшаруашылық дақылдары өніктілігінің кореляциялық байланысы (Тазабеков, 1983)

 

Дақылдар

өніктің ауытқуы, ц/га

Топырақ (Т.) және есептелген өнік жағдайларының саны

Кореляция коэффициенттері

 

Қос-r

Қасиеттер жиынтығы-R

 

Физикалық қасиеттері; қоректік заттар

Атмосфераның су ғылу тәртібі

1

2

3

4

5

6

Күздік бидай

20-48

Шабындық құба,7

0,55

0,66

0,87

1

2

3

4

5

6

 

Жаздық арпа

6-41

Күңгірт қарақоңыр, 9

0,18

0,87

 

Жүгері дәнді

4-119

Ашық қарақоңыр,7

0,57

0,47

0,82

 

Қанттық қызылша ауыспалы егісте

300-680

Шабындық құба,8

0,55

0,32

0,69

 

Сол дақыл тұрақты

394-593

Шабындық құба, 6

0,50

0,65

0,78

 

Картоп суармалы

84-269

Күңгірт құба,6

0,67

0,14

0,78

 

Сол дақыл тәлімі жерде

110-319

Қаратопырақ,11

0,64

0,26

0,80

 

Жоңышқа, пішенді

18-163

Күңгірт қарақоңыр,9

0,58

0,93

 

Алма ағаш (кг жеміс 1 ағашта)

29-76

Сол топырақтар,8

0,61

0,11

0,76

 

 

 

Аталған топырақ қасиеттерінің қосымша шкалалары, тәртіпті түрде ауылшаруашылығы дақылдар өнігін шектейтін факторға жатады.

Соларға қоса, орташа баллдарды алу үшін, критерилер мен қатар кейбір климаттық көрсеткіштерде пайдаланылады. Олар- топырақтың жоғарғы бір метрлік қабатындағы белсенді (тиімді) ылғал аумағы (диапазоны) және температура (> +100С) жыйындығы (Дюкарев А 1990).

РФ-сы Владимир облысы 1992 ауылшаруашылығының топырақ  қасиеттерін бонитеттеу мақсатпен баллдар алудың түрлі әдістеріне салыстырмалы талдау (Зинченко А, Тапкин В, 1986) жасалған.

Критерилер сапасына мына көрсеткіштер алынған : гумус  мөлшері-х1;  қарашірінділік жиектің қалыңдығы-х2; сіңірілген негіздер жиынтығы-х3; негіздерімен қанығу дәрежесіне көбейтілген РН саны-х4; жылжымалы фосфор мөлшері-х5; жұту сыйымы-х6;  күздіктілер (у1) мен дәнді дақылдар (у2)  өніктілігі және орташа 1971-1981 ж-ғы өнік (у3).

Топырақ қасиеттері (х) мен дақылдар өніктілігі (у) арасындағы байланыстың қос коэфициенттері (ч) 0,52 ден 0,82-ге дейін ауытқыған. Сондай коэфициенттерді және қасиеттер жыйынтығының коэфициентін (R) шығарылған (8-кесте).

Ауылшаруашылық дақылдарының өнігі қалай ауытқысы қос кореляциялық коэфициентте (r) 0,50 (қанттық қызылша) 0,67-ге (суармалы картоп) дейін өзгереді. Бірінші дақыл (0,65) және күздік бидайынан (0,66) басқаларына атмосфералық жағдайлар ықпал етпеген (r=0,11/0,47).

Топырақ – климаттық қасиеттер жиынтығы барлық дақылдар  өнігіне оңтайлы келген – R=0,69 (қанттық қызылша) /0,93 (жоңышқа).

Сондай-ақ суармалы жағдайда өніктің топырақ қасиеттері мен тығыз байланысты енкі байқалады, ал оны атмосфералық жағдайларға айтуға болмайды.

Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтінің зерттеулер (1982) ауыспалы егістегі дәнді дақылдар өніміне ( тәлімі құба топырақта) ұзақ ықпал ететін біраз жағдайларды (ылғал қоры, гумус, жауын-шашын мөлшері, нитраттар, тамыр қалдықтары, биологиялық белсенділік, т.б.) көрсетеді. Айталық, екі танапты дәнді-сүрлі ауыспалы егісте күздік бидай өнігі жауын-шашын (r=0,858), топырақтағы нитраттар (r=0,865) және қарашірінді (r=0,856) мен тығыз байланысты (биік кореляцияда) екен.

Бес танапты дәнді-сүрлі ауыспалы егісте күздік бидай өнімі тәлімі құба топырақтарда 8 ден 19 ц/ге дейін ауытқып,  жауын-шашын (r=729) және топырақтағы тиімді ылғал қоры мен кореляцияда болған .

 

Топырақты ылғал қоры көктемде танаптарда аз, гумус қоры көтеріңкі болсада, күздік бидай өнімі болған (әсіресе тұрақты егісте).

Далалық, әсіресе құрғақ далалық, егіншілікте  топырақтардың бонитеттік баллдары мен дақылдарының көпжылдық өнімділігі өзара байланысты екені көрсетіледі (Дәуләтшин И.,1988).

 

А. Бүкіл Одақтық (бұрынғы), тек топырақ критерилеріне негізделген, біртұтас бонитеттік шкаланы (санқатарын) құру сәтсіздікке ұшырады. Себебі, көп жағдайда, топырақ қасиеттерімен сырт белгілерінің өзгерісі және тәлімі ауылшаруашылығы дақылдар өніктілігі, табиғи жемшөптік қоныстар мен көпжылдық екпе ағаштар өнімділігі, арасында байланыс (кореляция) болмайды. Дегенмен «топырақ-өсімдік» жүйесінде байланыс бар, әсіресе оның тығыздылығы табиғи ауылшаруашылық және топырақ-географиялық аудандар шегарасында анық байқалып, бөлшектенеді.

Б. Карманов И. Жасаған (1990) топырақ-экологиялық бағалау шкаласында кешенді критерилер (агроклиматтық көрсеткіштер мен топырақтық және агрохимиялық қасиеттер) пайдаланған. Автор топырақ-экологиялық индекс деп аталатын (ТЭИ көрсеткішті) есептеу формуласын ұсынған:

 

 

 

г) ТЭИ = 12,5*2(2-V)*П*ДС    (V)

 

Мұнда V – топырақтың көлемдік массасы, г/см3 (орташа 1 м қабаттық) ; П-топырақтың «пайдалы» аумағы  (1м-к қабаттағы); ДС-топырақтың t0>100 – орташа жылдық > 100  температура жиынтығы; Қуылғандау коэфициенті; Р-коэфициентке түзету; Кк-ауа ызғарлығының (континенталдығы) коэфициенті; А-агрохимиялық көрсеткіштер жиынтығы. Эталон (үлгі) ретінде Краснодар өлкесінің (орталық) қаратопырағы алынған, оның ТЭИ=100. Мұнда формула қосындыларының маңызы мынадай: V=1,20; П=1,00; =3500; ку=162;    П-топырақтың пайдалы аумағы механикалық құрамына тәуелді. Мысалы құрғақ дала жағдайларында күңгірт қарақоңыр топырақтардың түйірлік құрамына (түршелеріне) қарай мына коэфициенттер белгіленген: балшықтығы-0,91, ауыр-орташа – және жеңіл құмбалшықтыларға-сәйкес 0,95; 0,99; 0,95; құмайттығы-0,71; және құмдығы-0,46.

Қосымша есептелетін қасиеттерге топырақтың қыйыршықтылығы (тастылық), шайылғандығы, ұшырылғандығы, сутектілігі, кебірлігі, сортандылығы жатқызылған.

Агрохимиялық көрсеткіштер жыйнағы топырақтың жылжымалы  элементтермен (NРК) қамтамасыздану дәрежелері бойынша оңтүстік қара және күнгірт қарақоңыр топырақтар фосфор мен калийден – сәйкес, 1,03 пен 1,02; 1,06 мен 1,04; және эталонды жаранды-қаратопырақты белдеудің К=1; қарақоңыр топырақты белдеудікі =1,5 болған. Сондай-ақ топырақтың түйірлік құрамына-да түзетулік коэфициенттер құрастырылған, мыс, құмбалшықты құба топырақтыкі =1;құмайтысының=1,44.

Суармалы топырақтарға ТЭИ-ін есептеу әдісі тағыда И.Карманов формуласына негізделген. Суармалы егістікке арналған ҚУ-р мөлшері (ылғалдану коэфициенті түзетілуі мен)=1,10 қабылданған; ал суармалы жайылмалық (көбінесе көкөністік дақылдар өсірілетін) топырақтарға оның мөлшері 1,20-ны құрайды. Солнымен бірге суару нәтижесінде өзгерген топырақ қасиеттеріне түзету енгізіледі: ол құмды топыраққа =1; құмайтыларға=0,99, түйіртпектелген жеңіл құмбалшыққа =0,97; ауыр құмбалшыққа = 0,93; орташа құмбалшыққа =0,95 және балшыққа =0,89; түйіртпексіз топырақтарға сәйкес:0,96;0,93; 0,89 және 0,84 саны есептелген. Мыс., суармалы жағдайда, ауыр құмбалшықты  қаратопырақтың белгілі бір агрохимиялық көрсеткіштердегі ТЭИ-і =84,5 болса, суарусыз жағдайда оның баллы әжептәуір төмендеген (52.9).

Қазақстанның тегістігі шегінде келешектегі суармалы аудандардың топырақ қорын бағалау, ҚР АШМ-гі Топырақтану институты суарусыз топырақтарға Ақтөбе облысының бонитеттік шкаласы бойынша өтелген. (Антропов В., Қаражанов К.,1987) Есептеулерде суару коэфициенттері пайдаланған. Олар кәдімгі қаратопырақта-3,19, оңтүстік қаратопырақта-5, күнгірт,кәдімгі қарақоңыр топырақтарда-6,6, ашық қарақоңыр топырақта -11,5-ғы тең болған.

В.Қазақстан баушаруашылығы жерлерінің табиғи күшін (потенциалын) бағалау жұмыстарының бірінші кезеңінде статистикалық (сандық есеп) талдауға аймақтық бұзылмаған (эрозияланбаған) автоморфты топырақтың учаскелердегі алма ағаш пен жүзімнің орташа көпжылдық өнімділігімен байланысты факторлар бөліп алынған.

Алма ағаш тіршілігіне жетекші жағдайлар тобына +100-тан жоғары әрекеттік температура жиынтығы мен топырақтың 0-100 см-ік қабатындағы қарашірінді қоры, ал жүзім ағашына <+100 температура мен жиынтығы қайталанатын көктемгі үсіктер мезгілі алынған. Осы факторлар бойынша бөлек баулар мен жүзімдіктерге арналған жерлердің табиғи потенциалын сипаттайтын жалпы баллдар есептелген (Ценер Г., 1981).

Екінші кезеңдегі жұмыстарда түзетулік коэфициенттері жиынтығы мен жемістік өсімдіктердің өнімділігіне теріс ықпал ететін факторлар, мыс., топырақ пен бедердің мынадай ерекшеліктері: 1) борпыл салындылардың қалындығы, тығыз жыныстар жатқан тереңдік; 2) беткейлер тіктілігі және олар үстінің бөлшектену тереңдігі; 3) топырақтардың сортандануы мен сілтілену дәрежесі, т.б.есепке алынады.

Г. Көпжылдық екпе ағаштарына кәдімгі егістікке ұсынылған әдіс бойынша, қосымша топырақкоэфициенттерді пайдалану арқылы есептеледі; олар тауарды шөлді дала мен шөлдің тегістіктегі орманды дала, құрғақ дала және шөлді дала топырақтарға 161-ге тең. (Карманов И. 1990). Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерлерінің (топырақтар) жалпы табиғи потенциалын И.Ценер (1987). Климаттық критерилер >+100 температура жиынтығы мен жүзімнің бүршік берер фазасында үсіктердің қайталану (%) қарқыны 1…2 үсік арқылы анықталған. 100 баллаға >100 температура жыйынтығы =4100/44000, үсіктер қайталануы =<12% болатын жерлер бағаланған. Келешекте жерлерді бағалау негізгі баллды және түзету коэфициенттерін қой тастар және ыза жатқан тереңдік, сортаңдылық қасиеттер мен күрделі теңестіруге арналған сандарға көбейту арқылы шығарылады.

Д. Тегістік Қазақстандағы келешекте суаруға жарамды аудандардың жемшөптік қоныстар өнімділігін бағалағанда хабар-ойлар (информациялық-логикалық) талдау қолданылған (Антропов В., Қаражанов к., 1987). Критерилер сапасында шөптер өніктілігі (жем- протеиндік сан) мен гумустік жиектегі алынған. Есептік қабатына гумустік жиек негіз болғаны- ондағы табиғи өсімдіктер тамыр массасының онда шоғырлануы; бұл жиектің қасиеттері биоценоздардың түрлік құрамы мен өнімділігін анықтайды. Осы негізде құрастырылған бағалаулық шкала табиғи жемшөптік қоныстардың шөлдалалық және шөлдік 130 топырақтар түршелерін қамтыған. Келешекте суаруға жарамды жерлердің (Торғай өңірі, Ақтөбе, Қызылорда облыстары) орташа өлшемдік бонитеттік баллдарын 4,3 тен 29-ға, ал өнімділік (жемдікпротеиндік) сан 0,4 тен 2,3 ц/ге дейін ауытқыған.

Е. Шабындық қоныстар мен жайылымдарды бағалауда 1 гектар шабындықтар мен жайылым топырақтарының өнімділігін 1 гектар егістік топырақтар бағасы 100 балл өніктілігі мен салыстыру негізінде береді. Егерде 1ц пішенде орташа 0,5 ц жемшөптік біріншілік (жб) болса, 1гектар 100 баллды егістіктің өнімділігі = 25 ц жб құрайды. Шабындық пен  жайылымдар өнігіне қарай олардың бонитетін мына формула мен анықтайды:

Д) Бшш: 0,25 жб, мұнда Бш-шабындық пен жайылымдар баллы; Өш-олардың өнімділігі (жб) ; 0,25-100 балды егістіктің 1 баллының бағасы. Мыс, шабындық өнімділігі =4,15 ц/жб болса, онда өнімділігі (4,5:0,25) 18 баллға тең.

 

Дәнді дақылдардың бонитеттік баллдары (Батыс Сібірмен Қазақстан өңірінде) 7-кесте

Топырақтар

                 деңгейлері

1

2

3

4

 

биік

төменгі

өнім өсуі,есе

Сұр ормандық

43

40

2,6

Сілтісізденген қара

47

46

2,3

Кәдімгі қара

38

35

2,2

Оңтүстік қара

33

28

2,0

Күңгірт қара қоңыр

30

22

1,8

 

3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу

 

Бұрынғы Одақтағы жер туралы заңның шығуына байланысты (1968ж) одан кейінгі әрбір одақтас республикаларда да жер туралы заңдар шықты. Қазақстанда мұндай заң 1971 жылы шыққан болатын. Бұл заңда жер кадастры негіздері мақұлданып, оны жүргізу бүкіл одақтық, әрбір респубдикаларда міндеттелінген болатын. Міне осы жағдайларға байланысты 1970 жылдардан бастап кеңбайтақ Одағымыздың көптеген аймақтарында бұл жұмыстармен мол айналыса бастады. Топырақты бағалау (бонитеттеу) жұмыстары Ресейдің көптеген аймақтарында (Мәскеу төңірегі, Батыс Сібір, Башкирия), Украина, Беларуссияда және Қазақстан мен Қырғызстанда т.б. аумақтарда өріс алып, одақ тарағанға дейін жалғасты. Одақ тарағаннан кейінгі кезеңдерде бұл жұмыстардың біршама тоқтап қалғанын мойындауымыз керек. Тәуелсіздік алған әр республикалар жер туралы заңдарын өздерінше қайта жасап, нарықтық экономикаға сәйкестендіріп пысықтау үстінде. Ескеретін жағдай, жерді бағалау жұмыстарының бастамасы, ол туралы әдістеме кезіндегі еліміздің топырақтану ғылымының бас штабы одақ ғылым акадкмиясының В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының С.С.Соболев бастаған ғалымдарымен 1950 жылдардың басында-ақ жасалғаны белгілі. Міне осыған сәйкес 1960 жылдардың өзінде еліміздің кейбір аймақтарында жерді бағалау жұмыстары басталған болатын. Мәселен, Мәскеу облысының жерлерін экономикалық бағалау, бүкілодақтық мемлекеттік жер қорлары институты ғалымдарымен (Черемушкин, Клапатовский, Крючков), Белоруссия жерлерін бағалау жұмыстары республика топырақтанушыларымен (Медведов,Чернявский), ал Ленинград облысының жерлерін бағалау профессор Н.Л. Блоговидовтің басшылығымен жүргізілгені белгілі.

1970-1980 жылдары бұл жұмыстар бүкіл еліміз бойынша өрістеді.Дегенмен айта кететін бір мәселе, кейінгі жылдары бұл саладағы жүргізілген жұмыстардың бағыт, мазмұндарымен танысу, кеңбайтақ елімізде жүргізілген жерді бағалау жұмыстары барлық аймақтарда бір жұйеге түскен арна, әдістермен жүргізіліп жатыр деуге болмайды.

Бұл жағдайда түсінуге де болатын сияқты. Біріншіден жерді Кеңестік  заманда бағалау жұмыстары көп кешігіп басталған жаңа бағыттағы жұмыстар. Екіншіден соншалықты кең көлемді, әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан, табиғэкономикалық жағдайлары әр түрлі аймақтарды қамтитын елде, жерді бағалау жұмыстарын оның барлық аймақтарында бір өлшеммен жүргізу мүмкін де емес. Сондықтан бұл мәселені заңды құбылыс деп санауға болады. Бірақта еліміздің барлық жерлерін бағалау жұмыстарында, әсіресе топырақты сапалығы жөнінен бонитеттеуде, барлық жерлерімізге ортақ нәрселер, әдістемелер де жоқ емес. Дәлірек айтсақ, топырақты бағалаудағы (бонитеттердегі) негізгі ғылыми әдіс – Докучаев пен Сибирцевтермен қалаған әдіс.

Еліміздегі топырақты бонитеттеу жұмыстарында қолданылатын негізгі әдістеме, В.В.Докучаев негізін қалаған әдіс – топырақты бонитеттеудің алғы негізі болып топырақтың өзінің табиғи қасиеттері алынады.

Жалпы өсімдіктер үшін топырақтың қасиеттері өздерінің маңызы жөнінен әр қилы болады. Олардың бірі ең негізгісі бола тұрып, топырақтың басқа қасиеттеріне де әсер етеді, тіпті топырақтың морфологиялық пішінін де анықтайды. Сөйтіп топырақтың басқа қасиеттерімен үйлесімді болады.Осындай ең негізгі қасиет болып топырақтың қарашірінді (гумусты) қабатының қалыңдығы мен оның мөлшері, қоры өте үлкен маңыз атқарады. Жалпы топырақ құнарын бағалауда қарашірінді топырақтың көп қасиеттерін байланыстырушы (интегралды) көрсеткіш болып табылады.

Қазақстанда топырақты бонитеттеу жұмыстарының алғашқы бастаушысы болған профессор И.Д.Дәулетшиннің (15) мәліметтері бойынша Республикамыздың жыртылған топырақтарын бонитеттеу көрсеткіштері екі топқа бөлінеді: негізгілері және қосымшалары. Негізгі көрсеткіш қасиеттері болып топырақ- географиялық зоналар мен зонашалар көрсеткіштері және егістік өнімдерінің түсімділігіне тікелей әсер ететін көрсеткіштер жатады.Ондай көрсеткіштер қатарына: қарашірінді қоры, жалпы азот, сіңірілген негіздер қосындысы, 1 пайыз мөлшерімен шектелетін топырақтың гумусты қабаты жатады. Ал қосымша көрсеткіштер қатарына зоналық және зонашалық заңды өзгертуге шамасы жоқ көрсеткіштер жатады. Олардың өзгеру деңгейлерін топырақ туыстасы, түрлері аралығында ғана болады. Дегенмен бұл көрсеткіштер де топырақ құнарлығы деңгейін біршама анықтай түсуге көмектеседі. Бұл көрсеткіштер кей жағдайларда топырақ орын алған жерлердің экологиялық жағдайларын анықтай түседі. Мұндай қосымша көрсеткіштер қатарына топырақтың механикалық құрамы, сортандану деңгейі эрозияға шалдығуы, сорлануы, топырақ қабаттарының қалындығы, тастылығы т.б. жатады. Жалпы бұл көрсеткіштердің егістік өнімдеріне әсер ететіндігі топырақтың бағалау бонитетіне жөндеу коэффициенттері арқылы енгізіледі. Қазіргі еліміздегі қалыптасқан көзқарас бойынша топырақты бонитеттеу көрсеткіштері топырақтың зоналық жағдайларына байланысты жүйеленеді. Мәселен, жақсы ылғалданған зоналарда (күлгінді,шымды-күлгінді) топырақ бонитеттеу көрсеткіштері болып топырақтың гумус қоры, механикалық құрамы, оның ішіндегі балшық мөлшері, топырақ ортасының реакциясы (РН), сіңірілген катиондар құрамы енгізіледі. Ал ылғалмен қамтамасыз етілуі аса жоғары емес дала және ылғалмен қамтамасыз етілуі шамалы құрғақ дала зоналарындағы қара топырақтармен қара-қоңыр топырақтарды бонитеттеу көрсеткіштері болып, қарашірінді қабаттарының қалыңдығы, гумус қоры, азот мөлшері, сіңірілген катиондар қосындысы және өсімдіктерге сіңімді ылғал қорлары қарастырылады.

Қарағанды облысының құрғақ далалы зонасының жыртылған топырақтарын (оңтүстік, гумусты қара топырақтар және күнгірт қара-қоңыр топырақтар) бонитеттеу кезінде ғылым академиясының топырақтану институтының ғылыми қызметкерлері топырақтың бонитет шкаласын жасау үшін гумус қорын, жалпы азотты, сіңірілген негіздер қосындысын пайдаланды. Ал есепке топырақтың жыртылған қабаты (0-30 см) мен гумус мөлшерінің 1 пайызбен шектелетін қабаты алынған. Міне осы көрсеткіштер арқылы жасалған топырақтың бонитет шкаласын топырақтың қосымша көрсеткіштеріне байланысты (механикалық құрамы, сортандануы, эрозияға шалдығуы т.б.) енгізілетін өзгерістер жөндеу коэффициенттері арқылы енеді. Тағы да бір ескеретін жай, Қазақстанның кейбір аудандарында, негізінен топырақты бонитеттеу жұмысы республикамыздың кезіндегі жерге орналастыру жобалау институты қызметкерлерімен (В.А.Бобров т.б.) жүргізген жұмыстарында топырақты бонитеттеуді тек топырақтың жалғыз негізгі көрсеткіштеріне, яғни гумустың 0-50 см тереңдігіндегі мөлшеріне негізделіп жасалғаны белгілі. Сонымен топырақты бағалаудағы әдістемелік алшақтықтар еліміздің тек әр түрлі республикаларында ғана емес, бір республика шеңберінде де кездеседі. Топырақтың бағалау балл бонитетін алу В.В.Докучаев кезеңінен бастап екі тәсілден тұратыны белгілі. 1) Топырақ балл бонитетін топырақтардың ішкі қасиеттері арқылы есептеп шығыру. 2) Топырақтардан алынған көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарының орташа өнімдеріне негізделген. Алғашқы тәсіл бойынша жақсы қасиеттері бар топырақ жоғарғы 100 балдық этолонға бағаланып, басқа топырақтар балы сонымен салыстырылып бағаланады. Эталонды топырақтарды қандай көрсеткіштер бойынша анықтау топырақтардың зоналық жағдайларына байланысты болатыны жоғарыда айтылды. Дегенмен егіншілікке қолдан суарылмайтын топырақтарды бағалау кезінде, 100 балдық эталонды топырақ оның негізгі екі, немесе одан көбірек көрсеткіштері арқылы есептелініп алынады. Мәселен, Ростов облысында топырақты бонитеттеу шкаласы, оның негізгі екі көрсеткіштеріне – қарашірінді қабатының қалыңдығы мен сол қабаттағы қарашірінді мөлшеріне қарап есептелінеді. Ал Украйнада этолондық топырақ, оның үш қасиеттері бойынша – топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері және физикалық қасиеттері бойынша анықталады.

Ал Қазақстанның далалық суарылмайтын егістік топырақтарын бонитеттеу шкаласын жасау үшін қабылданған негізгі көрсеткіштер жоғарыда көрсетілді.

Ал жердің экономикалық балл бонитеті көпжылдық алынған өнімдер арқылы өнімді тікелей есептеу, немесе математикалық модельдеу арқылы жерден түсетін өнімді есептеу арқылы анықталады. Суармалы егіншілік зоналарында, яғни шөлді, шөлді-далалы топырақтарды бағалау кезінде негізгі көрсеткіштері болып топырақтардың майда ұнтақталған қабатының қалыңдығы, топырақ астындағы су өткізбейтін қабатының тереңдігі, топырақтың механикалық құрамы мен ондағы тұздардың көлемі мен құрамы, жер бетінің және жерастының ағысы басты роль атқарады. Сондықтан топырақ бонитеттеу шкалалары да осы көрсеткіштері арқылы жасалады. Ескеретін жағдай, суармалы егіншілікке пайдаланатын жерлеріміздің балл бонитетін анықтау жұмыстары әлі күнге дейін түгелдей шешіліп, дұрыс жолға қойылған жоқ. Бұл бағыттағы алғашқы бастама, әрекеттері Өзбекстанда жасалған.

Ал топырақтарды бау мен жүзімдіктерге, жайылымдықтар үшін бағалау әр дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, аймақтың табиғи-экологиялық жағдайларын ескере отырып жасалады.

Топырақты бағалаудың бүкілодақтық шкаласын жасау әрекеті 1990 жылы Докучаев атындағы топырақтану институтының профессоры И.И.Кармановтың жетекшілігімен жасалған болатын. Оның негізгі- топырақтардың бүкіл агрохимиялық, агрофизикалық қасиеттеріне және топырақ орналасқан аймақтың агроклиматтық жағдайларына сүйене отырақ аса күрделі, әзірше жетіле қоймаған есептеу әдісімен топырақтың экологиялық индексі (ТЭИ) арқылы топырақтың бонитет шкаласын шығыру. Дәл осы жылдары И.И.Карманов жердің  бонитет шкаласымен қатар, оның ақшалай бағасын анықтау үшін де біршама әрекеттер жасады. И.И.Кармановтың әдісі бойынша топырақ бағасы топырақ экологиялық индексі мен сол жерлерден алынған таза кіріс мөлшері арқылы анықталады. Таза кіріс мөлшері, топырақ экологиялық индексі артқан сайын арта түсетіні белгілі, себебі топырақ экологиялық индексі артты деген сөз, оның құнарлығы артты деген сөз. Белгілі бір топырақ экологиялық индекс өлшеміне дөп келетін таза кіріс мөлшері тариф ретінде қабылданады. Тарифтері бірі-біріне жақын топырақтар 11 категорияға біріктіріліп, олардың тарифтік бағалары 80-нен 600 сомға дейін белгіленген. Сонымен топырақ бағасы топырақ экологиялық индексімен тариф көбейтіндісінен түзіледі. Кармановтың есебі бойынша топырақ 4 пайыз кіріс әкелуі тиіс, сонда 25 жыл ішіндегі кіріс қосындысы топырақ құнын құрайды. Осы әдіспен есептеген жағдайда ең жоғарғы бағаға Аджарияның қызыл топырақтары (гектары 82404 сом), одан соң Ташкент облысының суармалы сұр топырақтары (гектеры 49287 сом) ие болған. Ал Қазақстанның тегістік облыстарындағы суарылмайтын топырақтарының әр гектары 6816 сом, Жезқазған өңірінің жайылымдық ашық қара-қоңыр топырағының гектары 1540 сом, ал Маңғыстау облысының өте аз өнімді жайылымдық сұр-құба топырағының гектары бар болғаны 100 сомды құраған.

 Міне сонымен кеңестік заманда елімізде тек 1960 жылдары ғана қолға алынған жерді бағалау жұмыстары 1990 жылдардың басына дейін, яғни Одақ тарағанға дейін жоғарғы айтылған біршама жұмыстар атқарылды. Бұл жылдар ішінде бүкіл еліміз бойынша (одақта), сонымен қатар барлық одақтық республикалар да топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық бағалау жөнінде көп жұмыстар атқарылып жер кадастрының негізі қаланып, қалыптаса бастаған еді. Дегенмен 1991 жылы одақтың таралуы бұл жұмыстардың да Одақтық масштабта тоқталуына әкеп соқты. Енді егемендік алған әр республика бұл жұмыстарды өз беттерінше, өз республикаларының табиғи-экономикалық жағдайларына сәйкестендіріліп жасалуы заңды құбылыс.

 

 

3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі

 

Тәуелсіз алған жылдардың басында-ақ республикамыздың жер туралы заңы қабылданған болатын. Дегенмен ол заңның көптеген шикілігі болып 1995 жылдың 22 желтоқсанында Елбасымыздың заң күші бар жер туралы уақытша жарлығы шыққан болатын. Жер туралы заң халықтың аса бір көкейкесті заңы болғандықтан баспасөзде1999 жылы 22 маусымда және 2000 жылдың 7 шілдесінде әр түрлі деңгейде жетілдірілген нұсқалары жарияланып, көпшілік талқылауынан, парламент сараптамаларынан өтіп,2001 жылдың 24 қаңтарында Елбасымыздың қол қоюымен қабылданған болатын.

Дегенмен бұл заңның да қазіргі нарықтық экономикаға дөп келмейтін тұстары байқалып, көп ұзамай халық назарына үкімет қазіргі әлемдік нарықтық экономикасын сәйкестендірілген Қазақстанның Жер туралы жаңа заңның нұсқасын ұсынды. Біршама пікірталас сараптамаларын кейін Қазақстан Республикасының Жер кодексі көпшіліктің қолдануына ие болып, Елбасымыздың 2003 жылдың 20 маусымында қол қоюымен қабылданды.

Бұл кодекстегі басты жаңалық – ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланатын жерлердің негізінен мемлекеттік меншікте болуымен қатар жеке меншікке төлемақы арқылы берілуі (сатылуы). Жер кодексін талқылау кезінде үлкен дау туғызған, біршама халыққа осы күнге дейін күмандандырып жүрген мәселе- осы ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке сатылуы. Біздің ойымызша, бұл мәселеден үрейленетін ештеңе де жоқ. Біріншіден ауыл шаруашылық жерлерінің барлығы сатылмайды, көп болса Қазақстан жерлерінің 10-15%-ы ғана сатылуы мүмкін. Екіншіден жеке меншікке жерді алсаң да аласың, алмасаң да аласың деп ешкім сені қинамайды. Сатып алғың келмесе бірнеше жылға жерді мердігерлікке (арендаға) алып пайдалан. Жерді сатып алуға алғашқы кезде ақшаң жетіспей жатса оны оншақты жылға созып, бөліп төлеуге де болады. Жеке меншікті де, ұжымдық, акционерлік, серіктестік т.б. әр түрлі түрлері болады. Қай түрін ұйымдастырсаң да өз еркің. Әңгіме жерді жеке меншікке беруде болып тұр. Себебі біздің тарихымызда ауыл шаруашылық жерлері көп жылдар бойы аса ірі колхоз,совхоздар меншігінде болды. Практика көрсеткендей колхоздікі,совхоздікі деген сөз ешкімдікі емес деген сөз. Сондықтан оны пайдалануда жауапкершілік болмады.

Қазақта «иелі жер – киелі» деген әдемі сөздер бар, оның мағынасы иесі бар жерді иесі тиімді пайдаланып, қорғап, гүлдендіреді деген мағына береді. Шындығында да «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген жеке меншік жер иесі өз жерінде еңбек етіп, тер төгуге аянбайды. Себебі бұл жерден алынған өнім басқа ешкімдікі емес, өзінікі.

Жоғарыда қабылданған республикамыздың жаңа жер кодексіне сәйкес тәуелсіз Қазақстанның ғылыми негізделген, өз  табиғи- экономикалық жағдайларымызға үйлесімді жер кадастрларын жасау қалыптасуда. Себебі жерлерді жеке меншікке беру (сату), жалға беру төлемақылары Қазақстанның әр аймақтарында ол жерлердің құндылығына қарай әр түрлі. Соған сәйкес, олардың төлемақылары әр түрлі аймақтарда әр қалай.

 

3.3 Топырақ бонитетінің (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі

 

Топырақ бонитетін анықтайтын (1979) Мемлекеттік әдіс мына формуламен анықталады:

 

 

Топырақ  бонитеті =

  (VI)

 

 

 

Мұндағы:

 

К –дегеніміз топырақ критерилері

  1. Қарашірінді
  2. Кмех.құр— механикалық құрам
  3. КNа— кебірлік
  4. Ктұз— тұздылық
  5. Ктас— тастылық
  6. Ктоп.қаб.— топырақ қабаттылығы
  7. Кжер.ас.су— жер асты сулары

 

Мысалы: Кәдімгі қара топырақ Ч2 балл банитетін анықтау.

              Т.б. =

 

Орташа өнім мөлшерін табу үшін мына формула қолданылады.

 

                   Өорт.өн.мөл. =    (VII)

 

Мысалы:  Өорт.өн.мөл. =

Б = 32

Ө = 14

 

Ббаға=  яғни топырақ бонитетінің 1 баллы 0,43 ц тұрады.

Топырақтың баллы 1 балға төмендесе,

 

                      Ө =

 

                      Өорт = 55 х 0.43 = 23.65

                      Өорт  = 60 х 0,43 = 25.8

 

Өнім мөлшерін табу үшін 1 баллдың бағасын кез-келген топырақтың бонитет балына көбейтеді.

Сондықтан топырақ бонитировкасы жер бағалаудың негізі болып табылады.

 

4.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау

 

Қостанай облысы – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі. Орталық-Қостанай қаласының Жер аумағы 196,0 мың км2.Облыстың географиялық орны өте қолайлы. Ол солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала.

Қостанай облысының топырақтары-облыс жерінде алты өсімдік-топырақтық аймақшалар бөлінеді,олар даланың кәдімгі және оңтүстік қара топырақтары мен күнгірт қара-қоңыр, қара-қоңыр /құрғақ дала/, ашық қара-қоңыр /шөл дала/ топырақтар мен қоңыр топырақ /шөлді аймақ/.Соңғы екі типшелерден басқалары егіншілікте /астық егісі/ пайдаланады. Қазақстандағы ең ірі астық өңірі /егістік көлемі 5,6 млн.га/. Қара және қоңыр-қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты  бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал шаруашылығына қолайлы.

Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстігінің жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлер негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайынды шоқтардан тұрады.

Ауыл шаруашылығын жақсы жүргізуге және жоспарлауға топырақ құнарлығының сандық есебі өте қажет. Бұған топырақ бонитеті мен экономикалық бағалау жатады.Топырақ бонитеті жер қорының сандық және сапалық жағын көрсететін жер кадастрының ең негізгі бөлігі.

Қостанай облысында бонитет шкаласы қойылғанда негізгі көрсеткішке(0-50см) орта метрдегі қарашірінді қабаты жатады.Облыста жақсы қасиеті мен өнімділігінің белгілігімен этолон ретінде – кәдімгі орта қабатты қаратопырақ орта гумусты орта құмбалшық көрсетілген.Оған 100 балл қойылған. Қарашірінді қоры қабатта 0-50см.

Топырақ құрамындағы бонитет шкаласының дұрыстығы топырақ өнімділігі мен бағасының шкаласымен тексеріледі. Міне осы арқылы бағалауға жататын ауылшаруашылығы топырақтың өнімділігі анықталады.

Ауа-райы

Қостанай облысы Евразия материгінің орталығында орналасқан, өзінің жылдам континенталды ауа-райымен ерекшеленеді.

Аймақ климаты негізінен жазы жылы және қысы суық /шығысында ызғарлы/ болып келеді. Батыс – шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері азайып, климат ызғарлығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлылығы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа қарай сәйкес ішінде 240С-дан 200С-ға және -40С-дан 270С-ға дейін төмендейді.Температурасы 100С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азаятын болса, дала аймағында сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең. 100С-дан жоғары жылдық тиімді температура қосындысы сол бағытта орманды далада 2400-30000-тан 1400-16000-қа, ал далада 2300-35000-тан 1500-23000-қа дейін төмендейді.

Атмосфералық түсім мөлшері 500-600 мм-ден 300-350 мм-ге дейін және солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шашынның едәуір мөлшері /30-40-еуропалық. 50 проц. Азиялық бөлігінде/ жаз айларында түседі. Орманды-дала аймағының солтүстік жағында жауын-шашын мен булану мөлшерінің арасалмағы бірге жақындайды, оңтүстігінде ол=0,77, дала аймағында одан да төмен /0,50-0,66/.

Топырақтарына шолу

Қара топырақтың негізгі топыраққұраушы жыныстарына лөс пен лөс тұрпатты құм-балшықтар жатады.

Қара топырақ тегі-жаралуы (генезис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.

Қара топырақты дала аймағында табиғи шөптесін өсімдіктер астында жылына едәуір (100-200 ц.га) органикалық қалдықтар түзеді. Ол жалпы биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтардың сондай мөлшері өсімдік тамырларына келеді.Сондықтан қара топырақ құралуындағы биологиялық заттар айналымының негізгі ерекшелігі-өсімдік қалдықтарымен жыл сайын топыраққа азот пен күлдік элементтердің мол түсуі. Далалық өсімдіктер қалдықтары ақуыз азоты мен негіздерге бай болғандықтан, олар даланың қолайлы ылғалы-жылу, оттегі жеткілікті жағдайында және жыныстың сілтілі ортасында ыдырап, гумустену үрдісімен тартынады.

Қара топырақтың гумустілігінен кейінгі белгісі-қарашірінділі жиектің дән-уақ кесекті, суға төзімді, түйіртпектілігі. Сондай-ақ қара топырақ өсімдікке қажет қоректік элементтердің едәуір қорымен, қолайлы су-ауа және физикалық-химиялық қасиеттерімен, яғни жоғары табиғи құнарлылығымен сипатталады.

Қара топырақ жаралуындағы тағы бір ерекшелік-кескін бойында карбонат тұздарының маусымды қозғалысы (динамикасы). Жоғарыда сиатталған қара топырақ құралуындағы жалпы ерекшеліктер аймақаралық өсімдік-климаттық жағдайларға сай өзіндік айырмашылығымен айқындалған.

Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелерін айырады. Олардың алабы кебірлік ала кешенмен 99 млн га жерді алып жатыр.

Кәдімгі қара топырақ А жиегі қалың /30-40см/, күңгірт-сұр немесе қара түсті, айқын дәнді немесе кесек дәнді түйіртпектерден тұрады. Ол біртіндеп келесі күрең реңді күңгірт-сұр кесекті немесе кесек-призма түрлі В1 жиекшеге ауысады. Жалпы гумус жиегінің /АВ1/ қалыңдығы=65-80 см.

В1 астында гумус ағыны бар В2 жиекше орналасқан, ол көбінесе карбонатты иллювилік жиекпен ұштасқан немесе оған дереу ауысады. Карбонаттар «ақкөз» түрінде айқындалған. Бұл белгі-кәдімгі қара топырақтың жоғарыда сыпатталған типшелерінен айырмашылығы. Банитет баллы  (60-70).

Оңтүстік қара топырақ дала аймағының оңтүстік бөлегін қамтып, күңгірт-қара қоңыр топырақтармен шектеседі. Гумустық жиек қалыңдығы =25-40 см, оның түсі күңгірт-сұр немесе қоңыр-күрең, кесекті келеді. Одан төмен айқын қоңыр-күрең түсті, кесек-призма түрлі, түйіртпектілі В1 жиекше жатады.Жалпы гумустық жиек /А+В1/ қалыңдығы 45-60 см жетеді.Иллювилік жиекте /Вк/ карбонат «ақкөздері» айқын көрінеді. Тұз қышқылының тасу тереңдігі В1-дің төменгі бөлегінде немесе гумустық жиектің шекарасында жатады. Төменгі 1,5-2м, кейде одан терең жынысты, ұсақ кристаллды ғаныш, кейде көтеріңкі мөлшерде жеңіл еритін тұздар кездеседі. Қара топыраққұралу үрдісі нәтижесінде топырақтың механикалық құрамында кескін бойы айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек  күлгінденген, кейде сілтісізденген, тектер кескіні төменгі жалынды тозаңды түйірлер мөлшерінің аздап көбейгені байқалады. Керісінше кебірленген және кермектелген тектес кескінінің жоғарғы бөлегінде тозаң мөлшері артқаны байқалады. Минералогиялық құрамында біріншілік минералдар басым, екіншілік /жоғары дисперсті/ минералдар монтморилонит пен сулыслюда тобынан тұрады. Тозаң тобына солармен қатар кристаллданған бір жарым тотықты минералдар /гетит,гибсит/, аморфты заттар мен аз мөлшерде жоғары дисперсті / тым майда/ кварц кіреді.

Қара топырақтың химиялық құрамына мына негізгі ерекшеліктер тән: кескінінің жоғарғы жағында гумус пен қоректік заттардың /N,Р,К, микроэлементтер/ биотекті жиналғаны, кескін бойы минералды бөлшектің жалпы құрамы салыстырмалы тұрақты болуы және одан қарбонаттардың иллювилі /шайылымды/ типті таралуы және одан жеңіл еритін тұздардың шайылғандығы. Топырақ кескініндегі қарашірінді таралуын алсақ, оның мөлшері жоғарғы жиекті көтеріңкі де, кескін тереңдеген сайын біртіндеп кеми береді. Гумус түзілудегі бұл ерекшелік шөптесін өсімдік тамырларының тарауымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қара топырақ қарашіріндісі құрамында гумин қышқылдары /гқ/ басым / Сгкфк=1,5-2/. Олардың өзегінде /ядро/ жоғары дәрежелі конденсацияланған /күрделенген/ және кальциймен байланған топ басым; күлгін топыраққа қарағанда, фульвоқышқылдар тобы күрделі келеді де оның еркін «белсенді» фракциясы мүлдем болмайды. Сондықтан қарашірінді суда шамалы ериді /1/200-1/250 бөлегі/.

Гумустің мөлшері топыраққұралу жағдайлары мен аналық жыныстар құрамына байланысты өзгереді: ең көп қор орташа балшықты және ауыр құмбалшықты, қалыпты, сілтісізденген және кәдімгі қара топырақ типшелеріне келеді. Топырақтағы азот үлесі /0,2-0,5 проц/ гумус мөлшеріне сәйкес өзгереді.

Кремний қышқылы мен бір жарым тотықты қосындылардың таралу жалпы мөлшері кескін бойы біркелкі, яғни топырақта минералдар бұзылуының жоқ екенін көрсетеді. Тек күлгінденген және сәл сілтісізденген қара топырақтар кескіні жоғарғы бөлегінде біржарым тотықтылар азайғанымен кремний қышқылының өскені байқалады;бұл құбылыстар топыраққұралу үрдісінің ерекшеліктеріне /күлгіндену, кебірлену немесе кермектенуге/байланысты. Карбонаттардың иллювилі /шайынды түрлі/ таралуы топырақ кескінінде су-жылулық құбылымдар ерекшеліктеріне, топырақ ауасы мен ерітіндісі арасында жүретін көмір қышқыл газы динамикасына /жылжуына/ байланысты.

Қара топырақтың гумуске байлығы, кальцийдің қарқынды биотекті жылжуы, оның қолайлы физикалық-химиялық қасиеттерін қалыптастырады. Қара топырақ жоғары негіздер сіңіру сиымы /30-70 мг-экв 100 г т/, сіңіру кешені негіздермен қанығуы, жоғарғы жиектер реакциясының бейтараптылығы және жоғары буферлігі мен /қайсарлылығы/ ерекшеленеді. Сіңірілетін алмаспалы катиондар арасында кальцийдің маңызы зор, ал сіңірілген магний үлесі катиондар жиынтығының 15-20 процентіне тең. Күлгінденген және сілтісізденген типшелер сіңіру кешеніне сутегі ионы кіретіндіктен оларда біраз /5-7 мг-экв/ гидролитикалық қышқылдылық байқалады. Кәдімгі және оңтүстік типшелер сіңіретін катиондар құрамына шамалы натрий кіреді де басқа типшелерге қарағанда, магний үлесі жоғарылайды. Кебірленген қара топырақ кешеніне енген натрий катионы саны өскен. Еркін карбонатты топырақ жиегінің ортасы сәл сілті /рН=7,5-8,5/ тартқан.

Қара топырақтың жақсы физикалық және суфизикалық қасиеттері оның жоғары гумустілігі, қарашірінді жиегінің қалыңдығы және суға төзімді түйіртпектілігіне байланысты. Қолайлы физикалық және жоғарғы су сіңіру, су ұстау қабілетін анықтайды.

Құрғақ дала аймағының басты типі қара-қоңыр топырақ.

Қара-қоңыр топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтеді. Аймақтың ортажылдық температурасы ұ дан  2-30 С-ға төмендейді. Аймақтың басым бөлігі жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедері көлемді.ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. Топырақ негізінен лөс түрлі карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөсте қалыптасады.

Типшелер мынандай тектерге бөлінеді: кәдімгі, кебірлі, сортанданған, қалдық сортанданған, кебірлі-кермекті, карбонатты, терең сортанданған, тұтасқан және шала дамыған. Бонитет баллы (40-60).

Күңгірт қара-қоңыр тың топырақтарда қарашірінділі жиек қоңыр түсті, кесек дәнді түйіртпекті келеді, ал егістікке игерілгенде түйіртпектер ыдырап, топырақ массасы шаңды-кесекті құрылым алады. А+В жиегінің қалыңдығы 35-45 /50/ см, тасу тереңдігі 45-50 см, ғаныш пен жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте жатады. Кебірленген тереңде қарашірінділі В1 жиекшенің төменгі жағы шайылып келген коллоидтармен байыған, ол кепкенде қатаяды да, құрылымы кесек бағаналы немесе тоң кесекті, қырлары қоңыр-күрең түсті 1,5 тотықты темір мен қабыршықты агрегаттардан тұрады.

Әдетте кебірлігі күшейген сайын соңғы белгі де үдей береді.

Күңгірт қара-қоңыр кебірлі кермектенген топырақ белгісін қарашірінділі жиектің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі түйіртпек қырларына қонған кремний тотығы ұны мен тақталы (плиталы) немесе қабатшалы- саңылаулы түйіртпектілік құрылым көрсетеді.

Корбанатқа қанық жыныстарда құралған топырақтар карбонатты келеді де, топырақ тұз қышқылынан кескін бойы күшті тасиды. Ал карбонатты кебірленген топырақтар карбонатты ауыр механикалық құрамды жыныстарда қалыптасады да, кескіні құрғақ күйінде қатты нығыздалған және жарылған күйінде сақталып, ылғалданса тым ісініп сазданып кетеді. Топырақтың сіңіру кешенінде /В да/ алмаспалы натрий мен магний басым. Қалдық кебірленген күңгірт қара-қоңыр топырақтың сырт белгісі анық сақталған, бірақ В мұндай кебірлік қасиет «қалдық» саналады. Шамалы таситын түрше жеңіл механикалық құрамды жыныстарда құралған, олардың суды жақсы өткізуіне байланысты, карбонаттары 1-1,5 м  тереңдікте шайылған және ғаныш қабаты болмайды. Тұтасқан топырақ тегі балшықты жыныстарда құралған, онда сіңірілген натрий мөлшері аз болса да, В-жиегі айқын болады. Шала дамыған тегі қатты тасты жыныстар үгіндісі Дэлювиде құралады, оның кескіні сәл ғана қалаптасқан және қарашірінділі жиек жұқа А+В1 20 см аспайды.

Құрғақ дала аймағының басты типі қара-қоңыр топырақ..Қара-қоңыр топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтеді.

Аймақтың басым бөлігі жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедері көлемді, ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. Топырақ негізінен лөс түрлі карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөске қалыптасады.

Қара-қоңыр кейіпті топырақ далалық қуаң климат жағдайында, шөптесін өсімдіктер астында қалыптасқан. Қара-қоңыр тың топырақ кескінінде шамалы шымды А жиек белгіленген, жалпы гумустук жиек қара-қоңыр немесе ашық қара-қоңыр /қоңыр рең үстемдеу/ түсті, құрылымы түйіртпекті-шаңды келеді. А дан төмен өтпелі В1 жиекше жатыр, оның реңі сұр-қоңыр, құрылымы ірі түйіртпекті, кебірленген тегі кесекті бағаналы-жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді. Түйірлер қырларының кей жері жылтыр, түсі қоңыр-күрең тартқан. Келесі жиекше –В2-ің түсі біркелкі емес, жалпы сұр-қоңыр реңді, құрыламы-ірі түйіртпекті немесе кесекті, оның астында шайылымды-карбонатты Вк жиек жатады. Оның түсі қоңыр-сарғыш, түйіртпектері жаңғақ түрі, карбонаттылығы мен кебірлену қасиеттері салдарынан топырақ массасы аса тығыз жымдасқан. Бонитет баллы (35-40).

Кәдімгі қара-қоңыр түпшеде қарашірінді диек жұқалау /А+В=30-40 см/, топырақ кескіні жоғарырақ тасиды /40-50 см/, тұздар жақын жатады: карбонаттар -50-55 см, ғаныш 150-170 см және жеңіл еритін тұздар -2 м.

Қалыптасқан қара-қоңыр топырақтардың әдетте лайлы түйірлер тобы кескін бойы біркелкі тараған, ал кебірленген тегінде олар В жиегінде жиналған. Кебірлік қасиет артқан сайын мұндағы лай  лай түйірлер саны да артады. Н.Горбуновше/1964/ қара-қоңыр топырақтың лай құрамындағы балшықты /екіншілік/ минералдар монтмориллонит реті мен сулы слюдалардан құралғаны байқалады, аз мөлшерде гетит, гиббситтер кездеседі, ал каолинит мөлшері шамалы; топырақтың ірі түйірлері көбінесе кварц пен дала шпаттарынан, слюда мен мүйіз алдамышынан тұрады. Қара-қоңыр топырақтың кескін бойы жалпы кремний қышқылы мөлшері біркелкі келеді, тек А жиегінде оның азғана шоғырланғаны байқалады; сондай-ақ кебірленген тегінде де сол жиекте мол жиналған; керісінше 1,5 тотықты темір мен алюминидің таралуы әдетте топырақтың кебірлену қасиетіне бейімдеу: өте-мөте мөлшері кебірленген жиекте артқан. Бонитет баллы (30-40).

Ашық қара-қоңыр топырақ типшесінің қарашірінділік жиегі алдынғыдан сәл жұқалау /А+В=25-35 см/,  түйіртпектілігі мәнді емес, карбонаттар шайылмай, топырақ бетіне жақын жатады; кебірленген топырақ кескіні жеке жиектерімен ерекшеленген. Лайлы түйірлер А жиегінде тапшы, В да олар мен  1,5 тотықтар саны артқан. Кебір белгісі айқындалған жоғарғы жиектің түсі ашық қоңыр, бет жағы қабыршық-тақталы түрлі түйіртпекті, массасы қопсыған, ал кебірлі жиек құрылымы тығыздалған. Кебірленген В  жиегіндегі сіңірілген алмаспалы натрий мөлшері сіңіру сиымынан есептегенде, 3 проценттен аспайды, сәл кебірлі тегінде ол 3-5 процентке тең, орташа кебірленген топырақта 5-10 және аса кебірленген топырақта 10-15 процентке жетеді.

Ашық қарақоңыр топырақтың құмбалшықты түршесінде материалдық заттар мөлшері мынандай : қарашірінді 2-3, азот 0,15-0,2, фосфор 0,08-0,2 процент; негіздер сіңіру сиымы 100 г топырақта 15-25 мг-экв-ке тең, олардың құрамында кальций мен магний 65-97, алмаспалы натрий 3-15 процентке жетеді. Топырақтың ортасы жоғарғы кескін бөлегінде сәл сілтілі болса /рН=7,2-7,5/, төменгі жағында сілтілі /рН-8/ қалыптасқан. Қоректік элементтер мөлшері мен  корбанаттылығына байланысты: 1кг топырақта жылжымалы фосфор 5-20, алмаспалы калий 100-400 мг-ге дейін ауытқиды. Жеңіл еритін тұздар құрамы мен мөлшері шайылмайтын құбылымда қалыптасқан және терең кескінді қамтиды; ғаныш пен жеңіл еритін тұздар көбінесе оның жоғарғы 1,5 м қабатында жиналған. Кебірленген топырақ кескінінде жеңіл еритін тұздар өте аз-су сүзіндісінде құрғақ қалдық 0,1 проценттен аспайды, олар тек жоғарғы 120-160 см тереңдікте байқалады; құрамдық мөлшері тұрғысынан сілтілі жерлік металдардың күкірт тұздары басым. Сондықтан қара-қоңыр топырақтар үштік кезең жыныстарында құралған, әдетте күкірт Дхлор типті келеді.

Ауыл шаруашылық дақылдары өніп-өсуін құрғақшылық тежейтін болғандықтан, өнімді егіншілікті дамыту үшін әдетте топырақта жеткілікті тиімді ылғал қорын жинауға арналған агрошараларды /қар тоқтату, егін қорғаушы ағаштар отырғызу, екпе пар, топырақты сүдігерлі терең қопсыта жырту, ықтырма егісін т.б./ қолданған жөн. Күңгірт және кәдімгі қара-қоңыр топырақтарда қатты  бидай, тары, күнбағар мен жүгері егіледі. Ашық қара-қоңыр топырақта суармай егін егу нәтижесіз және өнім тым тұрақсыз, оны 3-4 жылда бір алуға болады.

Қара-қоңыр  топырақтарды суармалы жағдайда азот, фосфор, ал суарылмайтын егістікте ылғалды жылы фосформен тыңайтқан, әсіресе фосфор тыңайтқышының аз мөлшерін тұқым мен қоса себу тиімді. Кебірленген қасиет топырақ өнімділігін төмендететін болғандықтан, оның құнарлылығын арттыру үшін фоспогипс қолданады. Аса кебірленген топырақты жайылымға пайдалану керек.

Торғай үстірті /плато/, ұсақ тас төсенішті, қоңыр түсті, көбінесе сортанды, шаңды ауыл құмбалшықтардан және жеңіл механикалық құрамды жыныстардан тұрады. Бонитет баллы (25-40).

Шөлейттік қоңыр топырақтың негізгі тектік ерекшелігі құралу жағдайлары өзгешелігінде, атап айтқанда, ауа райы құрғақшылығы мен өсімдік жамылғысының аз өнімділігінде.Қарашірінді аздығы және гумус жиегі жұқалығы шөлейттік қоңыр топыраққа тән қасиеттер. Органикалық заттардың бұзынуы артық болуына байланысты олар тез ыдырайды. Сондықтан өсімдік қалдықтары ыдырауынан біраз сілтілі металл-күлдік элементтер /200-кг/га/ жиналады. Олардың құрамындағы натрий тұздары терең шайылмайды да, бұл катион топырақ сіңіру кешеніне еніп, шөлейттік қоңыр топырақтың кебірленуіне себептеседі. Ал кебірлік жиек осы топырақтың аймақтық белгісі болғандықтан, В.Докучаев оны қоңыр кебірленген топырақ деп атаған.Бірақ жеңіл механикалық құрамы топырақтарда бұл қасиет онша дамымаған. Сондай-ақ шөлейттік қоңыр топырақтарға ғаныш пен жеңіл еритін тұздардың және корбанаттардан аз шайылғандық /сілтісіздену/ қасиет тән.

В.Докучаев /1900/ қара қоңыр және қоңыр топырақтарды әуелі бөлек көрсетсе, кейін оларды «қара-қоңыр және қоңыр топырақтар» деп бір типке біріктірген. Н.Сибиоцев /1901/ те оларды бір типке жатқызып, тек қана қоңыр /құба-қоңыр/ топырақ типшесі ретінде көрсеткен. Соңыра шөлейттік қоңыр топырақтар өз алдына бөлек тип ретінде көрсетіліп, таратылу шекаралары мен тектік белгілері анықталады.

Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен аймақтық қасиеттердің /кебірлік, карбрнаттылық, сортаңдылық/ айқындалу және тұздардың сілтісіздену /шайылу/ дәрежесі тұрғысынан, тип ішіндегі айырмашылықтар жергілікті жағдайлар /топырақтың механикалық құрамы, жыныстар өзгешеліктері, т.б./ мен өңірлік ерекшеліктеріне байланысты.

Шөлейттік қоңыр топырақ кескінінде әлсіз қабат-қабат түйіртпекті және борпыл құрылымды, құбалау-қоңыр немесе ашық құба түсті, қарашірінділі-элювилі /гумус шайылатын / А1 жиекше айқындалған. Көбінесе оның үстінде жұқа қабықша байқалады. Қарашірінділі жиек қалыңдығы 10-15 см, ол төмен қарай, түйіртпектері үлкен кесекті немесе тоң кесекті, тығыздалған немесе тығыз құрылымды, түсі күңгірттеу-сұр қоңыр иллювилі /шайынды заттар шоғырланған/ В1 жиекшеге ауысады. А12 жиекшелердің қалыңдығы -30-35 см.

Қарашірінділі-иллювилі жиектен төмен біркелі реңді емес, ақшыл карбонат дақтары бар, сарғыш қоңыр иллювилі карбонатты Вк жиек жатыр, ол тығыз салындығы, тоңкесек немесе жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді; 80-100 см тереңдіктен ол оқшау, ғаныш /Сғ/ шоғыры бар аналық жыныспен жалғасады; оның астында жеңіл еритін тұздар /Ст/ жиынтығы байқалады.

 

Шөлейттік қоңыр топырақтар арасында құмбалшықтылары мен бірге құмайтты және құмды түршелерді де кеңінен тараған. Топырақтың механикалық құрамына тән ерекшелік тозаңды түйірлер тобы кескін бойы біркелкі таратылмайды және оның көп мөлшері, тұрақты кебір белгісі бар, В1 жиекшенің төменгі бөлігінде шоғырланады. Онда кебірлік қасиет ұлғайған сайын, тозаңды түйір мөлшері де артады.

Шөлейттік қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері қолайсыз, қатты бөлегі түйіртпексіз, иллювилі жиек тым тығыз /құрғақ күйінді/, суөткізгіштігі төмен.

Шөлейттік қоңыр топырақтарды құнарлылығы мен ылғалдылығы төмен болғандықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тек қана суармалы жағдайда ғана мүмкін. Солай болғанда басты назарды бұл аймақта топырақтың қайта сортандануына, кебірленуіне және жел эрозиясына қарсы тұрақты, озат жүйелі агротехнология мен агроормандық мелиорация шараларын игеру керек. Суармалы егіншілікке біркелкі кебірленбеген, сортанданбаған массивтердің топырағы жарамды. Дегенмен ең қолайсыз-шабынды, далалық қоңыр топырақ. Тұщы ыза деңгейі құрылық бетіне жақын жатқан, механикалық құрамы жеңіл, шабынды далалық қоңыр топырақтар бақша, көкөніс және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы. Жылу қоры жеткілікті болғандықтан, шөлейттік қоңыр топыраққа суармалы жағдайда өте бағалы дақылдар өсіруге болад

8кест-Қостанай облысының топырағының балл банитетін есептеу

Топырақ-тар

Индекс

Қара-

шірінді

0-50см

Негіз-гі

балл

Түзету коэфициенттері

Негіз-гі балл

М/қ

тұз

тас

топ.

қаб.

қал.

Жер аст. Су дең.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Кәдімгі қара топырақ

Ч2 тс

4,7

67

0,95

1,0

1,0

1,0

64

Ч2 тсСН1

4,5

64

0,95

0,92

1,0

1,0

57

Ч2 глСН3

4,4

62

0,95

0,46

1,0

1,0

28

Оңтүстік қара топырақ

Ч1 тсСН2

3,9

55

0,95

0,54

1,0

1,0

29

Ч1 глСН3

3,5

50

0,95

0,46

1,0

1,0

22

Қара қоңыр топырақ

К3 тс

3,0

42

0,95

1,0

1,0

1,0

40

К3 тсСН3

2,8

40

0,95

0,44

1,0

1,0

16

 

 

 

ҚР солтүстік облысындағы балл банитетті есептеудегі, көрсетілген түзету коэфициентінің талдауы мынадай тұжырымдама береді:

  1. ҚР солтүстік облысындағы топырақтың сапасын бағалау және балл банитеті 1979 жылғы методика бойынша (қарашіріндінің негізгі балынан басқа) жүргізіледі.

2.Әр облыста өзінше түзету коэфициенті сияқты сапаны бағалау белгілері топырақтың ерекше қасиеттеріне және белгілеріне сәйкес критетилері қойылған.

  1. 1979 жылғы методика бойынша ұсақтасты және гидроморфты топырақтарға түзету коэфициентін анықтау әдістеріне ешбір облыстан қолданыс таппаған. Бұндай жағдай натриді сіңіру және топырақ тұздылығында да орын алған.

Сондықтан, барлық солтүстік облыстарда «өздерінің» түзету коэфициенттері ойластырылған, (1985ж СКО, Қостанай) осының негізінде Мемлекеттің қаржылық бюджетінен алынып суарылмайтын топырақтың балл бонитеті есептелінген.

4.Облыстық филиалдар қосымша келесі қасиеттері мен белгілеріне сәйкес түзету коэфициенттері жүргізілген:

1)топырақтың механикалық құрамына

2)кебірлігіне

3)корбанатына

4)солодтануына

5)ұсақтастылығына

6)қаңқалығына

7)топырақ ұлпасының қабатының қалыңдығына

8)гидроморфтынығына

9)тау жынысының шығуына

10)комплекстілігіне

11)эрозияланғандығына (алғашқы эрозия)

12)тұздылығына

13) тау жынысының тереңдікте орналасуына

14) қиыршықтылығына

16) жауып кетуіне (су эрозиялық)

17)глейленгендігіне.

1979 ж  методикасын қажет ететін түзету коэфициентінің жалпы саны 3,4 есе.

5.Солтүстік облыстағы суарылатын топырақтың қойылған балл банитетін әртүрлі топырақтың қасиеттері мен белгінеріне түзету коэфициентімен есептелінетіндіктен оны дұрыс қойылмаған деп есептеу керек.

 

Осындай жағдайларда 1979 жылғы методика Солтүстік филиалындағы топырақзерттеушілерді қанағаттандырмағандықтан Методиканың өздігінен өзгеруіне әкеп соқты.

Методиканың өзінше өзгеруі Орталық органның келісімінсіз (Гос НПЦзем) жүргізілгендіктен бұны ақтамайды.

Сондықтан, өздерінің облыстық түзету коэфициенттерінің қойылуы мынаған әкелді, топырақ бонитировкасындағы құжаттардың сәйкессіздігіне және қала шетіндегі райондар мен қосылған облыстарда даулы жағдайларға.

Бұл жағдай ұзамай шешілуі керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, Облыс филиалдары қойған түзету коэфициенттерін жақсылап қарап шығу, әрбір топырақ сапасын бағалау критерилерін ғылыми негіздеу және олардың санын неғұрлым минимумға дейін азайту.

Онымен бірге қарашіріндінің этолонды көрсеткіштеріне түзету жұмыстарын жүргізу керек, егістік жерде қарашіріндінің 14-18%-ке азаюын есепке ала отырап (мәліметтер СКО-дан), нәтижесінде ортагумусты қаратопырақ азгумустының қатарына қосылған, ал азгумусты әлсізгумусты топырақтың қатарына қосылған (мәлімет Қостанай облысы бойынша).

Ал түзету коэфициенттері бойынша мыналарды көрсетуге болады:

1.Оқығаннан кейін мына түзету коэфициенттерін анықтауға және талдауға қолдану керек:механикалық құрам, кебірлік, жер асты суы, тұздылық, эрозия (су, жел) , тау жынысының өту тереңдігі.

2.Түзету коэфициенттерінің ұсақтастылығына, тастылығына, қаңқалы, қиыршықтылығына.

3.Глейлену критериін жер асты суына (гидроморфтыға) қосу керек.

4.Климаттық жағдайы- космостық факторлар, яғни топырақ емес, олар «жер» түсінігінің қосылыстары болып табылады, жер учаскесінің балын анықтағанда қолданылуы мүмкін, егер осындай жағдайлар туындап жатса.

 

 

4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы.

 

Республикада әр кезеңдегі топырақ зерттеу құжаттары 182,5 млн.га аумақты және әртүрлі деңгейдегі ауылшаруашылық дақылдарының топырақтары 82% құрайды.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығына арналған топырақ зерттеулері әр жылға толығымен арналған.

1986 ж. дейін әртүрлі сатыдағы топырақ зерттеулері 178 млн.га  аудандарда орындалған,  олардағы 22,3 млн.га егістік. Бұл жұмыстар ауылшаруашылығына арналған жерлерде 84,3 млн.га, олардағы 20,2 млн.га егістік.

1986-2002 жж. аралығында  топырақ зерттеулерінің ауданы 53,9 млн.га, сонымен қатар 1986-1990жж. -29,2млн.га, 1991-1995жж.-17,1млн.га және 1996-2002жж. 7,6 млн.га. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің топырақ зерттеулерінің көлемі  көрсетілген уақытта 47,2млн.га, және 1986-1990жж.-24,3 ,1991-1995жж.-15,3 , 1996-2000жж.-7,6млн.га (кестеде көрсетілген).

1986-2002жж. егістікте өткізілген топырақ зерттеулерінің ауданы 15,8млн.га, ауылшаруашылығындағы жерлердің ауданы 78% -ті құрайды.

1986 ж. топырақ зерттеулер бонитировкамен қосылып жүргізілді, негізінен, ертеректе жүргізілген түзетулер мен зерттеулер және олардың сапаларының жағдайлары топырақ балл бонитетін анықтауға жарамды.

 

 

 

 

 

Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмыстарындағы негізгі көлемі, мерзімі және бағасы.

 

«Қазақстан Республикасында Ірімасштабты топырақ зерттеу инструкциясы» бойынша (Алматы қаласы,1995 ҚР Госкомземом бекітілген), Ірімаштабты топырақтарды зерттеу жұмыстары суарылмайтын жерлерде 15 жыл, суарылатын жерлерде 10 жыл сайын жүргізіліп отырады.

Ауылшаруашылық құрылымдағы кәсіпорындардың көбеюіне байланысты, жер учаскесіне деген ауылшаруашылық өндіріс орындарында сапа куәліктерін енгізу , топырақ зерттеудегі материалдар сапасын және бонитировка ізденістерінің көлемін ұлғайту қажет.

Бірінші кезекте (2003-2005ж),  ауылшаруашылық жерлерге арналған құжаттарды жаңарту (1986ж дейін  ауданы 15,0млн.га) және бірінші кезекте, ауданы 5,2 млн.га құрайтын егістіктерде жүргізіледі.

 Жылдағы ізденістер көлемі 5млн.га құрайды және 90 жылдардағы зерттеу бағдарламаларының деңгейіне жетеді.

Болашақта (2006-2010жж.) 1986-1990жж. жүргізілген ауданы  24,3 млн.га , ондағы 8,2 млн. Га егістік, ауылшаруашылық жерлердегі құжаттарға жаңарту қажет болады.

Одан кейін 1991-1995жж.  жалпы ауданы 37,4 млн.га,  ондағы 5,1 млн.га егістік жерлерінің құжаттарын жаңарту.

Топырақ зерттеу құжаттарын жаңарту жұмыстары топырақ бонитировкасымен бірге жүргізілуі керек.

Көлемі, мерзімі және жұмыстардың бағасы келесі  кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қорытынды

 

       Бонитеттеу нәтижесі топырақтарды егіншілікке игергенде құнарлылығында мүмкін болатын өзгерістерді сандық бағалауға және  топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнімдер алуға арналған шараларды құрастыруға негіз болмақ.

Топырақ зерттеу кезінде оның басқа топырақтармен салыстырылғандағы өнім беру мүмкіндігінің қаншалықты айырмашылығы бар екендігі анықталады. Топырақ бонитетінің мақсаты- топырақтың құнарлылығын оның даму тарихымен байланыстырып, сол даму барысындағы табиғи және әлеуметтік өзгерістердің топырақтың құнарлылығына деген әсерін анықтау.

Топырақ бонитеттеу үшін оның барлық қасиеттерін толығымен зерттеп, топырақтың құрамын, құрылымын, көпжылдық  ауылшаруашылық дақылдарының бірнеше жылдық өнім беру мүмкіндігін қарастырып, зерттеп, зерделеу қажет.

Топырақты бонитеттеу экономикалық бағалаумен жалғасады, ол деген-жер қорының құрамды бөліктерін өзара салыстыру арқылы оның тиімділігін анықтау. Экономикалық бағалауда, тек топырақ құнарлығын анықтап қана қоймай, ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы сапасында белгілі территорияның өнім алудағы шығын мөлшерін анықтайтын құрлық өзгешеліктерін (жер бедері, топырақ жамылғысы, өнім өткізу орнының алыстығы, т.б.) есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған азықтың жалпы мөлшері және таза табыс жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Оспанов Бақыт, Жамалбеков Есбол. «Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану». Қаз. Ұлттық унив-ті. Алматы: 2005ж.
  2. Тазабеков Тілепбай «Топырақтарды жақсарту, бағалау және қорғау». Алматы: Қазұлтагру, 2004ж.
  3. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р Н. «Жалпы топырақтану және топырақ географиясы». Алматы: Қазақ унив-ті 1997ж.
  4. Тазабеков Т.Т. «Топырақ географиясы». Қазақ мемлекеттік Аграрлық унив-ті , Алматы: 2000ж.
  5. Давлятшин И.Д. «Принципы и критерии бонитировки почв. Алма-Ата: КазНИИНКИ. 1990г.
  6. Антропов, Виктор Николаевич, Каржанов Курмангали Д. «Бонитировка и экономическая оценка земель». Алма-Ата: Наука, 1987г.
  7. Родомакин, Александр Федорович и Федорин Ю.В. «Качественная оценка земель». Алма-Ата, «Қайнар» , 1970г.
  8. Ю.Г.Евстифеев. «Почвы казакской ССР выпуск 6 Кустанайская область». Академия наук Казахской ССР. Алма-Ата 1966г.