АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. ҚР-дағы несие жүйесінің дамуы

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………..

 

1   Нарық  жағдайындағы  несие  жүйесінің  мәні  және  қажеттілігі

1.1 Несиенің  мәні, қажеттілігі  және  құрылымы………………………………

1.2 Несиелік  жүйені  құру  принциптері, формалары және түрлері………………………………………………………………………………………….

1.3 Несие  жүйесі  дамуының  әлемдік  тәжірибесі…………………………….

2 ҚР-дағы  несие  жүйесінің  дамуының   қазіргі  тенденциялары

2.1 ҚР-дағы  несие  жүйесінің   даму  ерекшеліктері…………………………….

2.2 ҚР-ның  несие  жүйесінің  қазіргі  жағдайын  талдау……………………….

3 ҚР-ның  несие  жүйесін  перспективалық  дамыту   бағыттары

3.1 ҚР-ның  несие  жүйесін  дамыту  мәселелері…………………………..……

3.2 ҚР-ның  несие  жүйесін  жетілдіру  жолдары……………………………….

3.3 Бизнес-жоспар………………………………………………………………….

 

Қорытынды…………………………………………………………………

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі…………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

Кіріспе.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.НАРЫҚ   ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  НЕСИЕ  ЖҮЙЕСІНІҢ   МӘНІ  ЖӘНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

1.1 Несиенің  мәні, қажеттілігі  және  құрылымы.

 

     Несиенің  мәнін  анықтаған  кезде  бірқатар  әдістемелік  принциптерді  ұстану  керек,несиелердің  барша  түрі  формалардан  тәуелсіз  оның  мәнін  көрсетуі  керек:

     -несие  келісімі  тұтасымен  алғанда  несиенің  мәнін  ашуы  керек.Егер  бір  келісімде  несие  қайтарылмаса,онда  бұл  өзінің  қайтарылатын  қасиетін  жоғалтатынын  білдіреді;

     -несиенің  мәнін  талдауда  несиенің  құрылымын, қозғалыс  сатыларын, несиенің  негізін  қарастырған  жөн;

      Несиеде  өзгермейтін, тұрақты  болып  қалатын  жәйт-құрылым.Өзге  экономикалық  категориялар  сияқты  несие  де  бір-бірімен  өзара  әрекетке  түсетін  бірнеше  элементтен  тұрады.Ондай  элементтерге  ең  алдымен  несиелік  қатынастың  барлық  субъектілері, сондай-ақ  жоғарыда  анықтағанымыздай, бұл  субъектілерге  несие  беруші  мен  қарызға  алушылар  жатады.Оларды  бөлуге  және  бөлек  қарастыруға  болмайды.Оларды  бірге  қарастырған  жағдайда  ғана  несиенің  мәнін  анықтауға  болады.

      Несие  беруші несиелік  келісімнің  қарыз  ұсынатын  жағы.Мұны  іске  асыру  үшін  онда  ақшалай  қаражаттың  белгілі  бір  қоры  болуы  керек.ОЛ  ақша  өзінікі  болуы  немесе  басқа  біреуден  қарызға  алған  болуы  да  мүмкін.

       Қазіргі  уақытта  қарызға  ақша  ұсынатын  негізгі  несие  беруші- банк  болып  табылады.Ол  кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен  халықтың  уақытша  бос  қаражаттарын  шоғырландырып, оларды  қарыз  алушыға  уақытша  пайдалану  үшін  несие  түрінде  ұсынады.Бұл  ретте  банктен  алған  несиені  тек  қарызға  алушы  ғана  емес, сондай-ақ  соңғысы  да  меншік  иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған  ресурстарды (ақшаларды)  қайтаруға  міндетті.Бұл  арада  банк  бір  жағдайға  несие  беруші  болса, екінші  жағдайда- қарыз  алушы  болып  крінеді.

       Қарызға  алушынесиелік  қатынастар  жағы, несие  алып, алған  қарызды  қайтаруға  міндетті  жағы.Қосымша  ақшалай  қаражатқа  уақытша  мұқтаждығы  тұғандар  қарызға  ақша  алушылар  болып  табылады.Қазіргі  заман  талабына  сай  қарызға  алушылар-кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер  мен  банктер  болуы  мүмкін.Алайда , қарызға  алушы  қарызға  алынған  қаражаттың  меншік  иесі  болып  табылмайды, өндіріс  саласында, айналымда  оны  ол  өз  қалауымен  қолданады.Бұл  жағдайда  ол  алынған  ақшадан  гөрі, яғни  шаруашылықта  ауыспалы  айналым  қоры  таусылғаннан  кейін  оны  іске   асырып, пайдаланғаны  үшін  өсімақы  төлеп, қарызды  артық  көлемде  төлейді.

       Несиелік  мәміледе  қарызға  алушы  несие  берушіге  тәуелді, оған  несие  беруші  өз  талаптарын  қояды.Қарыз  алушы  мен  несие  беруші  несие  қатынастарының  толық  құқықты  жақтары  болып  табылады. Олар  міндетті түрде  қатысуы  керек.Және  бұл  жағдайда  олар  орындарын  ауыстыруы  мүмкін.Несие  беруші-қарызгер  (кәсіпорындар  мен  халық  бос  қаражаттарын  есеп  және  депозиттік  шоттарға  сақтай  отырып) болуы  мүмкін.Несие  беруші  мен  қарызға  алушы   өзара  іс-әрекеттерінде  қарама-қайшылықтың  бірлігі  сипатын  көрсетеді.Несиелік  мәміленің  қатысушылары  ретінде  олар  оның  қарама-қарсы  жақтарында  тұрады.Олардың  мүдделері  де  бөлек, несие  беруші  неғұрлым  жоғары  пайыздық  несие  бергісі  келсе, қарыз  алушыға  мүмкіндігінше  арзан  несие  несие  алып, қосымша  қаржылар  табу  мүддесі  болады.

        Несие  берушілер  мен  қарызға  алушылардан  басқа  несие  қатынасы  құрылымының  элементі-алыс-берістің  объектісі-несиеленген  құн (ссуженная  стоимость) болып  табылады.

 

 

      Несиеленген  құн  ұдайы  өндіріс  процесін  жылдамдататын  ерекшелікке  ие.Себебі, қарызға  алушының  қайсыбір  маусымдық  жұмыстарды  жүргізуге  және  болжанбаған  шығындарға  қажет  меншікті  қорларын  жинақтаудың  қажеттігі  жоқ.сондықтан, бұл  қосымша  қажеттіліктер  несие  есебінен  қанағаттандырылады.

      Несиеленген  құн  өндірістік  қорлардың  ауыспалы  айналымының  үздіксіз  болуын  қамтамасыз  етеді  және  олардың  қозғалысындағы  іркілістерді  жояды.Бұл  жағдайда  бастапқы  несиеленген  құн  ғана  емес, сонымен  қатар  өскен  пайызбен  қоса, несиенің  қайтарымдылығы  қамтамасыз  етіледі.Несие  өз  құнын  осылайша  бүкіл  қозғалысында:басынан  бастап, оның  банкке  қайтарылуына  дейін  сақтайды.    

     Несиенің  қарастырылған  құрылымы  оның  біртұтастығын  айқындайды.Ол  элементтерінің  бірлігін  болжайды.

     Несиеленген  құн  қозғалысының  сатыларын  қарастырсақ, келесідей  көрсетіледі:

 

                                    Ко –Қақ—Кп … Рб … Кқ … –Бқ

 

Мұндағы: Ко – несие  орналастыру;

                               Қақ – қарызға  алушының  несиені  алуы;

                               Кп – несиенің  пайдаланылуы;

                               Рб – ресурстарды  босату;

                               Кқ – несиенің  қайтарылуы;

                               Бқ – банктің  аталмыш  қарызды  қайтаруы.

     Несиеленген  құнды  орналастыру (несиенің  ұсынылуы) Ко – несие  қозғалысының  алғашқы  баспалдағы  болып  табылады.Оған  құнның  жиынтықталуы (аккумуляция), яғни  уақытша  бос  ақша  қаражаттар  себепкер  болады.Несие  беруші  қарыз  алушыға  белгіленген  мерзімде  пайызбен  төлейтініне  сенімді  болған  кезде  ғана  несие  бере  алады.

      Несие  алу (Қақ) қарыз  алушының  уақытша  қажеттіліктерін  қанағаттандырады, өйткені  несиелік  қатынастың  басқа  тарапы  оны  белгілі  бір  уақытқа  ғана  беғреді.

      Несиені  пайдалану  (Кп)  қарыз  алушының  оны  өз  шаруашылығында  пайдаланып, несие  берушіге  несиенің  қайтарылуын  қамтамасыз  ету  керектігін  білдіреді.Ресурстардың  босатылуы (Бр)  қарыз  алушының  шаруашылығында  құнның  ауыспалы  айналымның  аяқталу  актісін, несие  алушының  уақытша  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мүддесінде  құнның  пайдаланылу  процесін  сипаттайды.Несие  қозғалысының  бұл  сатысы  оның  келесі  кезеңге  өтуі  үшін  материалдық  база  болып  табылады.

      Несиенің  қайтарылуы  (Кқ)  уақытша  пайдаланылған  құнның  қарыз  алушыдан  несие  берушіге  қайтуын  көрсетеді.Қарыз  алушының  шаруашылығында  белгілі  бір  ауыспалы  айналымда  жүзеге  асқан  құн  өзінің  уақытша  иесінен  кетіп, несие  берушіге  өтеді.

       Уақытша  пайдаланылғаннан  кейін  (Кп)  құнды  несие  берушінің  алу  актісі  несие  қозғалысының  аяқталу  сатысы  болып  табылады.Уақыт  бойынша  несиенің  қайтарылуы  (Кқ)  және  несие  берушінің  алған  қаражаты (несиеге  бергені)  Қақ   сәйкес  келуі  мүмкін.Аталмыш  сатыларды  сөз  болып  отырған  сол  бір  құнның  сомалары  біріктіреді: қарыз  алушы  қарыздың  белгілі  бір  бөлігін  несие  берушіге  қайтарады, ал  ол  дәл  осы  соманы  алады.

       Осы  қарастырылған  кезеңдер  несиеленген  құнның  толық  айналымының  бір  бөлігі  болып  саналатын  несиенің  қозғалысын  көруге  болады, ол  тек  несиеге  ғана  қатысты  емес.Белгілі  болып  отырғандай, несиелік  қатынастар  айналым  шеңберінде  ғана  туындайды, сондықтан  несиеге  несие  берушіден  қарыз  алушыға  құнның  актісінің  ауфсуы  және  керісінше  деп  қараған  дұрыс.

       Несиенің  мәнін   тану  үшін  оның  негізін  ашу  керек, яғни  несиелік  қатынастар  туындайтын  базаны  қарау  керек.Несиенің  мәнін  ашып  көрсететін, несиенің  негізін  құрайтын  негізі (база)  неден  тұрады? О.И.Лаврушкин  ондай  негіз  несиенің  қайтарылуын  есептейді.Ол  несие  қозғалысының  бір  сатысы  бола  тұрып, бір  мезгілде  несиеленген  құн  қозғалысының  барлық  сатыларын  қамтиды.Несие  ақшасын  жарату (орналастыру), алу  және  оны  пайдалану -қайтарым  негізінде  жүзеге  асады.Несиеленген   құнның  қайтарылу  кезеңі  оның  жалпы  ауыспалы  айналымын  ғана  аяқтайды.Қайтарымдылық- несиелік  қатынасқа  тән  белгіні  анықтайтын  өзіндік  ерекшелікті  көрсетеді.

       Несиенің   қайтарылуы – уақытша  пайдаланнған  несиеленген  құнды  несие  берушіге  қайтару  процесі.Ол  өзінен-өзі  туындамайды.Ол  құнның  ауыспалы  айналымында  аяқталатын  материалдық  процестерде  негізделеді.Бұл  тек  қайтарымның  негізін  жасайды.Уақытша  пайдалануға  алған  ақшалай  қаражатты  қайтаруға  босаған  қаражаттар  қарыз  алушыға  мүмкіндік  берген  кезде  ғана  несиені  қайтару  басталады.Несиенің  қайтарылуы  объективті  процесс  болып  табылады, яғни  оны  мәміленің  табиғатын  өзгертпей, кейінге  қалдыруға  болмайды.Несие  беруші  мен  қарыз  алушы  бекіткен  келісім  шартқа  сәйкес  ол  заңды  бекітілген  сипат  алады.Халық  шаруашылығы   деңгейінде  несиенің  қайтарылуы  тұтас  алғанда  қайтарудың  жиынтығын  көрсетеді.Бұл  жерде  ол  алынған  несиенің  бір  ғана  белгісін  көрсетпейді, экономикалық  категория  сияқты  бар  несиенің  тұтастығын  көрсетеді.

       Несиенің  әлеуметтік-экономикалық  негізі  оның  қоғамдық  оның  қоғамдық  сипатқа  тән  екендігінде.

      Банкке, несие  берушіге  қарыз  алушының  несиені  қайтаруы  соңғысына  кез-келген  сәтте  өзіне  несие  берушілерге  (өздерінің  уақытша  бос  қаражаттарын  депозиттік  шоттарда сақтаған  заңды  және  жеке  тұлғаларға) талап  етуі  бойынша  мүмкіндік  береді.Несиенің  қайтарылуы  қосарлы  қайтарылу  сияқты.

      Несиенің  құрылымын, қозғалыс  кезеңдерін  және  негізін  талдау  нәтижесінде  несиенің  мәнін  толық  анықтамасы  дей  отырып, былайша  айтуға  болады: «несие  беруші  мен  қарыз  алушының  несиелік  құнның  төлем  мен  жеделдікке  негізделген  қозғалысынан  туатын  экономикалық  қатынастар» -деп.

      Несиенің  тағы  да  көп  анықтамалары  бар.Мысалы, несие-бұл  несие  капиталының  қозғалысы.Несие  капиталы- бұл  қайтару  талабымен  пайызбен  төленетін, меншік  иелеріне  несиеге  ұсынылатын  ақша  капиталы.Капитал- бұл  өз-өзінен  өсетін  құн.Оның  басқа  ақшалардан  сапалы  ерекшелігі  сол.Ал  капитал- өз-өзінен  өсетін  құн, оның  ақшадан  сапалық  айырмашылығы- несие  капиталының  өзінен- өзі  өсетін  құнның  бір  түрі, ал  ақша  болса, өзінен-өзі  өсім  бере  алмайды.

      Несиеге  толық  анықтама  беруге  тырысып  көрейік.Несие- кеңейтілген  қайта  өңдіру  мақсатында  экономиканың, халықтың  бос  ақшалай  қаражаттарын  жұмылдырып  қамтитын  несие  капиталының  қозғалысы  себепті  экономикалық  қарым-қатынасты  көрсетеді.

      Несиелік  қатынастардың  мәні  несиенің- қайтару, қамтамасыз  етілу, мақсатты  сипат  сияқты  маңызды  принциптерімен  анықталады.

      Бұл  принциптер  несиенің  алғашқы  даму  кезеңдерінен  бастап  қалыптасты, ол  кейіннен  заңды  түрде  бекітілді.

      Несиенің  қайтарылу  принципі – қарыз  алушының  несиені  пайдаланғаннан  кейін  несие  берушіге  уақытында  қайтару  қажеттілігімен  сипатталады.Ол  банктің  несие  қорын  жаңғыртып  отыруды  қамтамасыз  ететін  несиені  пайызбен  өтеуде  өзінің  іс  жүзіндегі  орнын  анықтайды.Бұл  несие  капиталының  қозғалысына  қажетті  талап  болып  табылады.Ол  белгілі  бір  мерзімге  берілген  соманың  толық  қайтарылуын  қамтамасыз  етеді.

      Несиенің  төлемділігі – қарыз  алушыға  берілген  несиенің  уақытында  қайтарылуын  және  одан  табыс  түсіруге  несие  беруші  де, оның  тиімді  пайдаланылуына  қарыз  алушы  да  ынталы  болады.

      Несиенің  жеделдік  принципі  қарыз  алушыға  кез-келген  тиімді  уақытта  емес, несие  келісімшартында  белгіленген  уақытта  қайтару  қажеттігін  көрсетеді.

      Белгіленген  мерзімді  бұзу – несие  беруші  үшін  қарыз  алушыға  өндіріп  алатын  пайызды  көбейтілген  түрде  несиені  пайызбен  мерзімінен  бұрын  өндіріп  алуға  саятын  экономикалық  санкция  қолдануға  жеткілікті  негіз  болып  табылады.Несиенің  қамтамасыз  етілу  принципі  несие  келісімшартында  қарыз  алушы  өз  мойнына  алған  міндеттемелерді  бұзуы  мүмкін  жағдайда  несие  берушінің  мүліктік  мүддесін  қорғауды  қамтамасыз  етудің  қажеттілігін  көрсетеді.Бұл  принцип  жалпы  экономикалық  тұрақсыздық  кезеңінде  өзекті  мәселе  болып  табылады.

      Несиенің  мақсатты  сипаты  несие  берушіден  алынған  қаражаттың  мақсатқа  сай  пайдалану  қажеттілігін  білдіреді.Несие  келісімшартындағы  сәйкес  бөлімде  берілетін  несиенің  нақты  мақсаты, сондай-ақ  банктің  бақылау  процесінде  бұл  талапты  қарыз  алушының  сақтауы  белгіленеді.

      Бұл  принциптердің  барлығы  бір-бірімен  өзара  байланысты  және  олардың  бір  уақытта  қызмет  етуі  несиенің  мәнін  анықтайды.Осы  принциптердің  біреуі  бұзылса, онда  неси  қатынасының  мәні  кетіп, несиенің  дербес  экономикалық  категория  сияқты  өзіне  тән  қаситтері  жоғалады. 

       Несие – ақша  сияқты  тарихи  экономикалық  категория  болып  табылады.«Несие» деген  сөз, «қарыз», «несие»  деген  «кredo»- сенемін  днген  мағына  беретін  латынша  «kreditium»  деген  сөзден  шығады.Ол  экономикалық  категория  ретінде  әр  түрлі  экономикалық  қоғамдарда  қызмет  етеді.Ол  тауар  өндірісінің  пайда  болған  кезінен  бастап  қарапайым  формаларында: бай  және  кедей  қоғамдарда  көрінеді.несие  қатынастары  ақша  қатынастары  сияқты  үнемі  даму  үстінде  болады.Алғашқы  несие  табиғи  түрде (астық, мал, еңбек  құралдары  және  т.б.)  қоғамның  дәулетті  топтарынан  мүліксіз  шаруалар  мен  кәсіпкерлерге  тұтыну  мұқтаждығы  мен  қарыздарды  өтеу  үшін  ұсынылған.Тауар-ақша  қатынастарының  дамуымен  несие  ақша  түріне  көшті.

      Несиенің   объективті  қажеттілігі  табиғи  және  ақшалы  түрде  жүзеге  асатын  кеңейтілген  өңдірістің  ерекшеліктерінен  туындайды.Несиелік  капитал  түрлері  үнемі  ауысып  отырады. Меншіктің  ақшалы  түрі  тауар  түріне, тауарлы  өңдірістік  түрге, өңдірістік  тауарлыға  және  тауарлық    қайтадан  ақша  түріне  ауысып  тұрады, яғни  А – Т – Ө – Т¹ — А¹  капиталдың  ауыспалы  айналымы  жүреді.Ауыспалы  айналымның  бірінші  кезеңінде  ақша  өңдіріс  қорына  (машиналар, шикізат  жабдықтары  және  т.б.)  ауысып  кетеді, екінші  кезеңде — өңдіріс  процесінде – дайын өнім (тауар) жасалады, өңдірістік  тауарлыға  айналады.Үшінші  кезеңде  тауар  сатылып, бастапқы  ақша  түріне  ауысады.Капиталдың  осындай  ауыспалы  айналымы  тұрақты  түрде  бөлек  жеке  кәсіпорында  және  жалпы  халық  шаруашылығында  үнемі  жүріп  жатады.капиталдың  қозғалысы – оның  тек  ауыспалы  айналымы  емес (кругооборот), сондай-ақ  оның  айналымы  да.капиталдың  айналымы (оборот) дегенде  оның  үнемі  қайталанатын  ауыспалы  айналымы  түсіндіріледі.

       Капитал  түрлерінің  ауысуы  бір  шаруашылық  субъектілерінде  ақша  қаржысының  уақытша  босатылып  және  басқа  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерде  ақшаға  деген  қажеттіліктің  қалыптасуымен  қоса  жүреді.Әрбір  шаруашылық  субъектісінде (кәсіпорын) өзінің  жеке  ауыспалы  айналымдағы  капиталы  болады.

       Қызмет  процесінің  бағыттылығы  ауыспалы  айналымның  әр  түрлі  сатыларында  болатын  ақша  ресурстарының  оларда  бір  мезгілде  және  үнемі  бар  болуын: материалдық  өңдіріс  саласы  үшін — өңдірістік, тауарлы  және  ақшалы, ал  айналым  саласы  үшін – тауарлы  және  ақшалай  болуын  талап  етеді.

        Өңдірісті  жеке  шаруашылық  жүргізуші  субъектілері  ақшаларды  уақытша  босатуға  және  оларға  деген  қажеттілік  үшін  жағдай  туғызады.Мысалы, негізгі  өңдірістік  және  айналым  қорларының  құн  қозғалысының  процесінде. Негізгі  қорлар  өздерінің  құндылығын  аммортизациялық  тозу  шамасына  қарай  дайын  өнімдерге  бірте-бірте  аударады, ал  олар  негізгі  қорларды  модернизациялап  жаңарту  үшін  бірнеше  жылдар  бойы  жинақталатыны  мәлім.Бұл  жағдайда  негізгі  құрал-жабдықтарды  ауыстыру (айырбастау) және  жөңдеу  үшін  жұмсалатыны  себепті  ақшалай  қаражаттың  уақытша  босатылуы  қалыптасады.Бірақ, бұл  сәтте  жинақталған  ақша  жеткіліксіз  болуы  мүмкін.Бұл  жағдайда  ақшаға  қажеттілік  туады.Яғни, ақшалай  қаражатты  босату  мен  оған  деген  қажеттілік  айналым  қорларын  пайдалануда  да  үнемі  болып  тұрады.Мысалы, дайын  өнімді  сатудан  түсетін  түсім  ақша  және  шикізат, материалды  сатып  алу, еңбекақысын  төлеу  үшін  бірден  бір  сәтте  жұмсала  қоймайды  және  бұл  жағдайда  ақшалай  қаражаттың  уақытша  босауы  орын  алады.Қосымша  ақшалай  қаражатқа  деген  қажеттілік  маусымдарда  нақты  айналым  қорларының  жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс  пен  тауар  айналымының  уақыты  сәйкес  келмеуінен  және  т.б.  туындауы  мүмкін.

 

 

 

      Осылайша  негізі  және  айналым  қорларының  қозғалыс  процесінде  ақшалай  қаражаттың  құйылуы (қажеттілік  кезде) мен  қайтуы (босатылу  кезеңінде) болады.Сондықтан  бір  кәсіпорын  басқа  кәсіпорынға  қарағанда  бұрынырақ  тауар  сатушы  ретінде  және  оның  сатып  алушысы  болып  шығуы  мүмкін.

      Ақшалай  қаржаттың  уақытша  босауы  және  оларға  деген  қажеттілік  тек  материалдық  өндіріс  саласы  мен  айналымда  ғана  туындамайды.Ол мемлекетте, бюджеттік  және  қоғамдық  ұйымдарда, сондай-ақ  халықта  да  болуы  мүмкін.Мысалы, бюджетке  салықтардың  келіп  түсуі  мен  оларды  жұмсау  уақыттары, ұзақ  пайдаланатын  заттарды  сатып  алумен  халықтың  ақша  қоры  бірдей  сәйкес  келе  бермейді.

       Қаражатқа  деген  қажеттілік  пен  оның  босауы  арасында  туындаған  қарама-қайшылық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  қалыпты  қызметі  үшін  қажет  материалдық  және  қаржылық  ресурстарды  нақты  байланыстыратын  несиенің  жәрдемімен  ғана  шешіледі.

       Несиенің  объективті  қажеттілігі  несие  қатынастарын  жүзеге  асыратын  капитал  айналымы  мен  ауыспалы  айналымның  бір  қалыпты  еместігімен  ғана  түсіндірілмейді.

       Несиенің  мүмкіндігін  шындыққа  айналдыру  үшін  белгілі  бір  талаптар  бар.Біріншіден, несие  келісімінің  қатысушылары – несие  беруші  мен  қарызға  алушы – экономикалық  байланыстардан  туындайтын  міндеттемелердің  орындалуын  өз  мойнына  алуға  материалдық  жағынан  кепілдік  беретін  дербес  заңды  субъектілер  болуы  керек.Екіншіден, егер  несие  беруші  мен  несие  алушының  мүдделері  бір  жерден  шықса, онда  бұл  жағдайда  несие  өте  қажет  болады.Несие  келісімін  жүзеге  асыру  үшін  оның  қатысушылары  міндетті  түрде  несиеге  өзара  қызығушылық  танытулары  керек.Ф.Энгельс:«Әрбір  қоғамның  экономика  мүддесі, ең  алдымен  мүдде  ретінде  алға  шығуы  керек» деп  жазды.

      Несие  беруші  мен  қарыз  алушының  арасында  мүдделілік  бірдей  болған  кезде , бір  жағынан, несиеге  ақшалай  қаражатты  ұсынуда, екінші  жағынан – оны  алуда  несиелік  қарым-қатынастар  туындайды.

       Осылайша, экономикалық  негіз  бен (капиталдың  бірдей  болмауы) пайда  болу  талаптарының  жиынтығы  несиенің  объективті  қажеттілігін  анықтап  және  оның  эволюциясын  түсіндіріп  береді.

      Шарушылық  жүргізуші  субъектілердің  жеке  ауыспалы  айналымынан  туындайтын  несиеге  қажеттілік  несиенің  объективті  жүзеге  асуын  төлем  қаражаттарын  жасау  және  жаңадан  пайда  болған  құнды  қайта  бөлу  процесінде  оның  рөліне  жете  назар  аудармай, оны  толық  дәрежеде  анықтамайды.Ақша  эмиссиясының  процесі (қолма-қол  ақша  және  қолма-қол  ақшасыз)  несие  капиталының  бір  көзі  болып  табылатын  несие  операцияларының  нәтижесі.

      Түрліше  несие  қарым-қатынастарындағы  несиенің  мән-маңызы  сол  немесе  басқа  қоғамдық  формацияда  оның  өмір  сүруінің  объективті  себептерімен  анықталады.

    Құндық  қатынастың  ерекше  формасы  ретінде  несиенің  пайда  болуы  шаруашылық  жүргізуші  бір  субъектіден  босаған  құн  шаруашылық  келісімде  қолданысқа  түсіп, белгілі  уақыттарда  жаңа  қайта  өңдіру  цикліне  әлі  ене  алмайтын  кезде  ғана  жүзеге  асады.Несиеге  байланысты  бұл  құн  қосымша  қаражатқа  уақытша  қажеттілігі  туып  отырған  басқа  субъектіге  өтеді  және  қайта  өндіру  процесінің  шеңберінде  қызметін  жалғастыра  береді.Бірақ, несиелік  қатынастардың  пайда  болуын  экономикалық  байланысқа  түсуге  дайын  меншік  иелері  сияқты  бір-біріне  қарсы  тұралатын  тауар  иеленушілер  арасындағы  айырбас  ауқымынан  іздеген  жөн.Тауарларды  қолдан-қолға  өткізу  сияқты  тауар  айырбастау  және  қызмет  көрсетумен  ауысу  несиелік  қатынастардан  туындаған  экономикалық  жеміс.

     Несиелік   қатынастар  пайда  болатын  және  дамитын  нақты  экономикалық  негізде  қаражат  айналымы  мен  ауыспалы  айналым, яғни  несиелік  қатынастың  материалдық  негізі  боп  құн  қозғалысы  саналатын  болады.

     Қарызға  алушы  несиені  кедей  болғаны  үшін  алмайды, ол  өзінің  меншікті  қорларының  ауыспалы  айналым  мен  капитал  айналымының  объективті  күшіне  толық  шамада  жетпей  тұрғандықтан  өз  ісін  алға  бастыру  үшін  алады.

     Сонымен, несиенің  объективті  өмір  сүруінің  негізгі  талаптары  төмендегідей  тізбектеледі:

     -жеке  тауар  өндірушілердің  өндірістік (негізгі  және  айналымдық) қор-

      лар  айналымы  мен  жеке  ауыспалы  айналымдардың  уақыт  бойынша 

      сәйкес  келмеуі;

     -несие  беруші  мен  қарызға  алушының  заңды  тұрғыдан  дербестігі;

     -несиелік  қатынасқа  несие  беруші  мен  қарызға  алушының  мүдделік

      танытуы.

    Несие  объективті  қажеттіліктен  туындаған  және  ол  қоғамдық  өндіріс  процесінде  маңызды  рөл  атқарады.Несие  ақшалай  капиталдың  қарызға  трансформациясын  қамтамасыз  етеді  және  несие  берушілер  мен  қарызға  алушылардың  арасындағы  қарым-қатынаста  білдіреді.

     Оның  көмегімен  мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың  және  кәсіпорындардың  табыстары  мен  бос (еркін) ақшалай  қаражаттары  жинақталып, уақытша  пайдаланудың  төлеміне  аударылатын  несие  капиталына  айналады.

      Несие  мен  ақшалар – түрлі  экономикалық  қарым-қатынастарды  білдіретін  дербес  экономикалық  категориялар.Ақшаға  қарағанда  несие  тарлау  болып  келеді.Себебі, несие  қарым-қатынасының  субъектілері  тек  несие  мәмілесінің  қатысушылары  ғана  болса, ал  ақша  қарым-қатынасының   субъектілері  барлық  заңды, заңды  емес  және  жеке  тұлғалар  болып  табылады.

       Осыған  байланысты  несие және  ақша  қарым-қатынасының  ең  бірінші  ерекшілігі – қатысушылар  құрамының  әр  түрлі  екендігін   атап   өткен  дұрыс.

 

   1.2. Несиелік  жүйені  құру  принциптері, формалары  және               

                      түрлері 

 

     Несие  жүйесінің   ұйымдастырылуы  мен  жұмыс  істеуі  негізінде  белгіленген  принциптер  жатыр.Экономиканың  нарықтық  қатынастарға  өтуі  кезінде  оларды  былайша  тұжырымдауға  болады: елдегі  банк  ісін  ұйымдастыруға  мемлекеттік  монополия, банктік  емес  институттармен  үйлестіре  отырып, банк  жүйесінің  екі  деңгейлі  банк  жүйесін  құру, елдегі  ақша-несие  саясатының  біртұтастығы, несиелік  мекемелер  желісін  барынша  дамыту, оларды  қызмет  көрсету  орындарына  жақындату, мемлекеттік  валюталық  монополия, Орталық  банктің  автономиясы.

     Банк  ісіне  мемлекеттік  монополия  ұғымы  мемлекеттің  банктердің  құрылуы  мен  жойылуын  бақылауға, банктік  операцияларды  жүргізу  ретін  және  ережелерін  заңды  бекітуінің  айрықша  құқығы  ретінде  түсіндіріледі.Ұлттық  банк  Қазақстан  Республикасы  аумағында  банктерді  құруға  рұқсат  береді  және  банктер  мен  олардың  филиалдарын  тіркеу  кітабын  жүргізеді.Ұлттық  банк  рұқсатты  беру  кезінде  орындалатын  банктік  операциялардың  шеңберін  анықтайды.

     Нарықтық  экономиканың  ерекшеліктері  банктік  емес  мекемелермен  олардың  компаниялары, несиелік  одақтары, зейнеиақы  қорлары,ақша  нарығының  өзара  қорларымен  үйлескен  әр  түрлі  деңгейдегі  банктік  жүйенің  қажеттілігін  талап  етеді.Бұл  институттардың  барлығы  негізінен  халықтың  жинақтарын  жұмылдыруға  және  оларды  ипотекалық  тұтыну  несиесіне  қолдануға  маманданады.

     Қазақстан  Республикасысының  Ұлттық  банкі  (бұдан  әрі  Ұлттық  банк)  Қазақстан  Республикасысының  Орталық  банкі   және  Қазақстан  Республикасы  банк  жүйесінің  жоғарғы  деңгейі  болып  табылады.

     Банк  ісінің  әлемдік  тәжірибесі  мынаны  көрсетеді,яғни  барлық  елдердегі  несиелік  институттардан  Орталық  банктер  бөлініп  шығады, олар  елдің  бүкіл  несие  жүйесін  басқаруда  басты  ролді  атқарады.

     Олардың  басшылық  ролі  мемлекет берген  кең  ауқымды  өкілеттіктерге  байланысты  айқындалады.Банктердің  банк  қызметтерін, ақша-несие  эмиссиясын  жүзеге  асыруына  байланысты  Орталық  банктер  коммерциялық, яғни  екінші  деңгейлі  банктердің  қызметін  әкімшілік  бақылау  және  оларға  шынайы  экономикалық  ықпал  ету  құқықтарын  иеленеді.

      Коммерциялық  банктер  несиелік  саясатты  жүргізуде  және  өз  клиенттеріне  әр  алуан  қызметтерді  көрсетуде  толық  дербестік  алған.

      Нарықтық  экономикада  банктік  емес  институттарды  құрмайынша  кез  келген  елдің  несие  жүйесі  аяқталмаған  болып  саналады.Халықтың  салымдарын  толық  тарту  және  өзгермелі  нарықтық  экономиканың  сұраныстарын  толық  қанағаттандыру  мүддесін  осы  институттарды  құруды  талап  етеді, олар  органикалық  тұрғыда  несие  жүйесін  толықтырады, оны  байыта  түседі, экономикадағы  өзгерістерге  өте  икемді .

      Экономиканы  басқара  отырып мемлекет  ортақ  ақша-несие  саясатын  жүргізеді, оның  маңызды  құралы  болып  Ұлттық  банк  табылады.Бұл  принцип  айналымдағы  ақша  массасын  реттеу  арқылы  ұлттық  валютаның  ішкі  және  сыртқы  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, ақша-несие  саясаты, жалпы  экономикалық  саясат  және  оның  әлемдік  экономикаға  интеграциялануы  саласында  республиканың  мүдделерін  қорғау  үшін  қажет.

      Несие  жүйесін  құрудың  басты  принципі – несие  мекемелерінің  желісін   барынша  дамыту  және  оларға  барлық  ақша  операцияларының  шоғырландыру, яғни  шаруашылық  буындардың  бос  ақша  құралдарын  банктерде  сақтау, есеп  айырысуларды  қолма-қолсыз   жолмен  жүргізу.

      Қазіргі  таңда  Қазақстан  аумағында  385  бөлімшесі  мен  филиалдары  бар  35  банк  орналасқан.

      Барлық  ақша  айналымының  несие  жүйесінде  шоғырлануы  несиелік  ресурстарды  бір  арнаға  жинауға  және  оларды  елдің  халық  шаруашылығына  ұтымды  бағыттауға  мүмкіндік  береді.

      Мемлекеттік  валюталық  монополия  принципіне  үлкен  мән  беріледі. Қазақстан  Республикасының  «Валюталық  реттеу  жөніндегі» заңында  былай  делінген:«Қазақстан  Республикасы  Президенті  және  Министрлер  кабинеті  өз  құзыреті  шеңберінде  осы  заңның  ережелеріне  қарама-қайшы  келмейтін  валюталық  реттеу  саласындағы  нормативтік  актілерді  қабылдайды.Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкі  Қазақстан  Республикасындағы  валюталық  реттеудің  негізгі  органы  болып  табылады».

      «Валюталық  реттеу»  түсінігіне  нормативтік  актілерді  жасау, ақпаратты  жинау, валюталық  заңнаманың  сақталуын  және  оны  бұзған  тұлғаларға  қатысты  санкциялардың  қолданылуын  қадағалау  кіреді.Ұлттық  банк  валюталық  реттеу  қызметтерін  жүзеге  асырады.

       Бұл  принцип – елдің  тәуелсіздігін  сақтау  шарттарының  бірі, валюталық  резервтердің  жинақталу  құралы  және  ақша  айналымын  басқа  елдердің  валюталарының  ықпалынан  сенімді  қорғаушы.

      Орталық  банктің  автономиясы  егеменді  елдердің  заңнамасымен, Қазақстанда  «ҚР-ның  Ұлттық  банкі  жөніндегі»  заңымен  бекітілген.

       Банктер  оперативті  банктік  қызметпен  байланысқан  шешімдерді  қабылдау  кезінде  биліктің  үкіметтік  және  атқарушы  органдарына  тәуелсіз  болады.

       Ұлттық  банк  Қазақстан  Республикасы  Парламентіне  және  Президентіне  ғана  есеп  береді.

       Істің  мән-жайы  мынада, яғни  бүкіл  республиканың  ұзақ  мерзімдік  мүдделерін  қорғаушысы  ретіндегі  Ұлттық  банктің  мүдделері  үкіметтің  қысқа  мерзімді  мүдделерімен  сәйкес  келмеуі  мүмкін; үкімет  мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығы  кезінде  Ұлттық  банктің  несиелік  ресурстарын  тапшылықты  жою  үшін  қолдануға  тырысады (ол  кеңес  үкіметі  кезінде  жүйелі  түрде  жүргізілген), ол  ақша  айналымының  тұрақтылығын  бұзады, инфляцияның  өрістеуіне  ықпал  етеді.

      Орталық  банк  елдегі  ақша-несие  саясатының  жүргізілуіне  толығымен  жауап  береді.Өз  ретінде, ақша-несие  саясаты  бүкіл  экономиканың  мемлекеттік  реттелуінің  негізін  құрайды.Сондықтан  да, ақша-несие  саясатын  автономды  жүргізуге  қол  жеткізбей, республикадағы  тиімді  нарықтық  экономика  жөнінде  сөз  болуы  мүмкін  емес.

     Ұлыбритания  мен   Францияда  орталық  банктердің  капиталы  мемлекеттің  иелігінде, бірақ  та  акционер  ретінде  коммерциялық  банктер  есептеледі.Олардада  да  орталық  банктер  атқарушы  органдарға  тәуелсіз  парламентке  ғана  есеп  береді.

     Орталық  банктердің  автономиясы  Германия, АҚШ-та  заңды  түрде  бекітілген. Германияның  банк  жүйесі  жөніндегі  заңында  былай  делінген, яғни  Орталық  банк  өз  саясатын  үкіметпен  үйлестіруі  тиіс, бірақ  та  егер  үкімет  талаптары  тұрақты  ақша  айналымын  қолдау  мақсаттарына  қарама-қайшы  келетін  болса, банк  ол  талаптарды  орындауға  міндетті  емес.Ол  канцлерге  де, федарация  министіріне  де  бағынбайды, тек  Бундесбанк  жөніндегі  Заңға  бағынады.

      Біздің  еліміздегі  және  шет  елдегі  несие  жүйесінің  автономдығының  едәуір  дәрежесі  экономиканың  қалыпты  дамуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  ақша-несие және  валюталық  тұрақтылықты  қолдау  сияқты  міндетінен  туындайды.

      Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкінің  үкіметтен  салыстырмалы  тәуелсіздігінің  негізгі  белгісі – бұл  бюджетке  қатысты  сұрақты  шешу.Мемлекеттік  қаржылар  және  банк  жүйесін  заңды  түрде  шектеудің, яғни  Ұлттық  банк  қаржысын  үкіметтің  мүмкіндігін  шектеудің  маңыздылығы  зор.

     Президенттің  заң  күші  бар «ҚР-сы  Ұлттық  банкі  жөніндегі» Жарлығында  былай  жазылған:«Жүргізілетін  мемлекеттік  ақша-несие  саясатының  тиімділігін  және  Қазақстан  Республикасы  қаржы  жүйесінің  әрекет  етуін  қамтамасыз  ету мақсатында  осы  Заңға  сәйкес Ұлттық  банк:

      а)Қазақстан  Республикасы  Қаржы  Министірлігіне  қарыз  алушының ке-

         пілдемелік  міндеттемелеріне  сәйкес  келісім  жағдайында  қысқа  мер-

         зімді  несиелер  береді;

      ә)Қазақстан  Республикасы  Қаржы  Министірлігіне Қазақстанның халық-

         аралық  ұйымдарға  мүшелігіне  байланысты  жазылу  және  басқа  тө-

         лемдеріне  қатысты  өзара  келісілген  жағдайлар негізінде қосымша не-

         сиелер  береді».

     Ұлттық  банктің  басқа  клиенттері  сияқты  Үкімет  те  сәйкес  келісім  негізінде  әрбір  несие  бойынша  қайтарымдылық, мерзімділік  және  төлемділік  шарттарында  ссуда  алады.

    Әрбір  несие  бойынша  Үкімет  нарықтық  пайыздық  қойылымдары  бар  құнды  қағаздарды  шығарады.Оларды  сатып  алу  мерзімі 6 айдан  аспауы  тиіс,бірақ  та  Қазақстан  Республикасы  тарапынан  жыл  соңына  дейін  созылуы  мүмкін.

    АҚШ-та,Жапонияда,Англияда, Канада және  т.б.елдерде үкіметті  тікелей  несиелеу  іс жүзінде  кездеспейді, ал Германия,Францияда  заңмен  шектелген.

*     Нарықтық  экономикада  несие-банк  жүйесі  маңызды  роль  атқарады.Ол  арқылы  кәсіпорындар, ұйымдар  мен  халықтың  ақшалай  есеп  айырысулары  мен  төлемдерінің  едәір  көлемі  жүргізіледі, сондай-ақ  ол  уақытша  еркін  ақша  құралдарын, халықтың  жинақ  ақшалары  мен  табыстарын  белсенді  әрекет  етуші  капиталға  айналдырады, көптеген  әр  алуан  несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес  беру  және  басқа  да  операцияларды  орындайды.

      Өндіріске  қатысты  екінші  кезекте  бола  тұра,несие  жүйесі  үнемі  оған  және  едәуір  дәрежеде  ықпал  етеді.Ол  ақша  жинақтарының  масштабын  бірнеше  есеге  кеңейтеді, ақша  құралдарының  бір  саладан  екінші  салаға  құйылуын  қамтамасыз  етіп, сол  арқылы  өндіріс  тиімділігінің  өсуіне  ықпал  етеді.

     Несие  жүйесінің  ролі  мен  маңызы  бірқатар  көрсеткіштермен  сипатталады: несиелік  қаражаттардың  жалпы  көлемі, кәсіпорындар  мен ұйымдардың  негізгі  және  айналым  капиталының  қалыптасуындағы  банктік  ссудалардың  үлесі, жалпы  төлем  айналымы  және  т.б.

     Несие  жүйесі  өз  қызметін  атқарған  кезде  несиелік  қатынастар  туындайды.Несиелік  мекемелер  және  әр  түрлі  субъектілер  арасында  қайтарымдылық  және  төлем  шарттары  негізінде  уақытша  еркін  ақша  қаражатын  жинақтау  және  қайта  бөлістіру  жөніндегі  экономикалық  байланыстары  несиелік  қатынастардың  мазмұнын  анықтайды.

      Бірақ  несиелік  қатынастардың  мазмұны  ақша  капиталының  жинақталуымен  және  оны  заңды  тұлғалар  мен  жеке  тұлғалардың  уақытша  пайдалануына  берумен  ғана  шектелмейді.Несиелеу  процесінде  өндірістік  құнға, яғни  ұдайы  өндірістің  ақша  айналымына  арналған  төлем  құралдарының  қосымша  массасы  қалыптасады.Төлем  айналымының  үлкен  ағымы  несие  жүйесі  арқылы  өтеді, ол  несиелік  қатынастардың  мазмұнын  толықтыра  отырып, төлеушілер  мен  несиелік  мекемелер  арасында, несиелік  мекемелер  мен  алушылар  арасында  экономикалық  қатынастарды  қалыптастырады.

    Несие  жүйесі  елдегі  ақша  айналымын  реттейді, заңды  және  жеке  тұлғаларға  әр  түрлі  қызметтерді  көрсетеді, соның  нәтижесінде  несиелік  экономикалық  қатынастар  туындайды.

    Несиелік  қатынастардың  екі  түрлі  сипаты  бар  және  шаруашылық  субъектілері  үшін  де, несие  жүйесі  мекемелері  үшін  де  бірдей  дәрежеде  қажет  болады.Несие  мекемелерінде  ақшаны  сақтау – несиелік  ресурстардың  құрылуын, ал  оларды  экономика  мен  халықтың  қажеттілігі  үшін  орналастыру – несие  беруді  білдіреді.

    Екі  жақты  қатынастар  мыналардың  арасында  болады: шаруашылық  ұйымдары  мен  несие  жүйесі, несие  жүйесі  мен  халық, мемлекет  пен  несие  жүйесі, несиелік  мекемелер  арасында, әр  түрлі  мемлекеттердің  несиелік  мекемелері  арасында.

    Несиелік  қатынастар  несие  экономикалық  категориясының  әрекет  етуі  кезінде  ақша  формасында  жүзеге  асырылады.Несиелік  қатынастардың  сыртқы  көрінісін несие  формасы  сипаттайды.Ол  несиелік  қатынастардың  мәні  мен  ұйымдастырылуын  синтездейді.несиелік  қатынастардың  формасы  мен  мазмұны  диалектикалық  бірлікте  болады.Несиелік  қатынастардың  формасы  олардың  мазмұнына  сәйкес  келіп  және  олардың  дамуын  ынталандыруы  тиіс.Өндірістік  қатынастардың  өзгерісі  несиелік  қатынастар  мазмұнының  және  несие формасының  өзгеруіне  әкеледі.

       Несие  екі  формада  болады: тауарлық  және  ақшалай.Тауаллық  несие  коммерциялық  несиенің  алғашқы  негізін  қалайды.Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  ссуданы  бір-біріне  беруі  кезінде  бұл  несие  ақша  формасына  өзгереді.Оның  мәнісі  мынада, яғни  алушы  субъект  несие  берушіге  алынған  тауарлық  несиенің  дәлелі  ретінде  вексель, кепілдік  қағаздарды  немесе  басқа  құжаттарды  жазып  береді, несие  беруші  оларды  ссуда  алу  үшін  банкке  ұсынады.Бұл  жерде  несиелік  қатынастардың  субъектілері  ретінде  шаруашылық  субъектілері  және  банк  саналады.Оның  мазмұнындағы  өзгерістер  салдарынан  несиелік  қатынастардың  тауарлық  формасы  ақша  формасына  ұласады.Осылайша, тауар  формасы  негізінде  несиенің, ең  алдымен  банктік  несиенің  ақшалай  формасы  туындайды  және  дамиды.

     Несиелік  қатынастардың, несие  формаларының  және  несиелік  мекемелердің  жиынтығы  кең  мағынадағы  несие  жүйесі  түсінігін  құрайды.

      Тар  мағынадағы  несие  жүйесі – бұл  несие-қаржы  қатынастарын  ұйымдастырушы,ақша  жүйесін  реттеуші  және  елде  басқа  да  қаржы  қызметтерін  көрсетуші  несие  мекемелерінің  желісі.

      Несие   жүйесі  банктік  және  басқа  несиелік  мекемелердің, несиелік  операцияларды  жүзеге  асыруды  ұйымдастырудың  құқықтық  формалары  мен  тәсілдемелерінің  жиынтығымен  сипатталады.Несиелік  қатынастарды  ұйымдастырудың  екі  жүйесі  бар: банктік  және  банктік  емес  институттар  шеңберінде.Сәйкесінше  несиелік  жүенің  екі  негізгі  буыны  қалыптасады:банктік  мекемелер және  мамандырылған  несие –қаржы  мекемелері.

       Несие  жүйесі  несиелік  операциялардың  көлемінің  функционалдық  маманданымен  және  несиелік  мекемелердің  санымен, сонымен  бірге  шаруашылықты  жүргізудің  жеклегке  субъектілеріне  ұсынатын  қаржы-несие  қызметтерінің  санымен  сипатталады.

     Қазіргі  кездегі  несие  жүйесі  бұрыңғы  жүйеден  төмендегі  белгілері  бойынша  ерекшеленеді:

       -банктік  капиталдың  және  банктік  монополиялардың  шоғырлануы 

         және  орталықтануы;

       -несиелік  мекемелердің  әр  алуан  түрлері  арасындағы  бәсекенің  кү-

         шеюі;

       -банктік  капиталдың  өнеркәсіптік  капиталмен  байланысуы  және  қар-

         жылық  капиталдың  қалыптасуы;

       -несиелік, соның  ішінде  монополистік  мекемелер  қызметінің  ғалам-

        дануы  мен  интернационалдануы  және  континент  аралық  халықара-

        лық  несиелік  монополиялардың  пайда  болуы.

    Экономиканың  тарихи-экономикалық  дамуының  әрбір  сатысына  несиелік  істі  ұйымдастырудың  өз  типі, несие-ақша  қызметіндегі  сәйкес  сұраныстарға  жауап  беретін  несиелік  жүйенің  өз  құрылымы  сәйкес  келеді.Мысалы,КСРО-ның  жоспарлық-орталықтандырылған  экономикасына 

Мемлекеттік  банк  басқарған  несиелік  жүйенің  қатаң  орталықтанған  құрылымы  сәйкес  келеді, нарықтық  экономика  үшін  басқасы, яғни  банктік  және  банктік  емес  мекемелердің  демонополизацияланған  құрылымының  кең  желісі  сәйкес  келеді.

      Қазіргі  кездегі  несие  жүйесінің  күрделі, көп  буындық  құрылымы  бар.Егер  несиелік  мекемелердің  өз  клиенттеріне  көрсететін  қызметтер  сипатын  жіктеменің  негізі  болса, онда  қазіргі  кездегі  несиелік  жүйенің  үш  маңызды  элементін  бөліп  көрсетуге  болады:

  • орталық (эмиссиялық) банк;
  • коммерциялық банктер;
  • мамандандырылған несие  мекемелері (сақтандыру,жинақтық,

                ипотекалық,сенімгерлік  және  т.б.)

      Шаруашылық  буындардың  ұсынатын  қаржы  қызметтерінің  функционалдық  мамандануы, көлемі  мен  санына  сәйкес  жүйенің  ядросын  банктік  жүйе  құрайды, ал  институттарының  қызметін  үйлестіруші  ортақ  орган  болып – Орталық  банк  есептеледі.   

      Орталық  банк – бірінші  деңгейдегі  басты  мемлекеттік  банк, мелекеттік, халықтық  және  ұлттық  банк  деп  аталуына  қарамай  кез  келген  елдің  эмиссиялық, ақша-несие  институты.Орталық  банк- бұл «банктердің  банкі». Ол  заңды  және  жеке  тұлғалармен  операцияларды  жүргізбейді.Оның  клиенттері – коммерциялық  банктер  және  басқа  несиелік  мекемелер,сонымен  бірге  үкіметтік  ұйымдар, оларға  әр  алуан  қызметтер  ұсынады.

      Орталық  банк  тікелей  ықпал  ету  және  реттеу, бақылау  мен  қадағалау  қызметтерін  банктік  мекемелерге  қатысты  орындайды.Орталық  банк  несиелік  жүйенің  басқа  буындарына  негізінен  тек  жанама  ықпал  етеді, ол  несиелік  және  ақшалай  операциялардың, нарықтың  әр  алуан  секторларының, қаржы-несие  қызметтерінің  өзара  байланысынан  көрініс  табады.

       Коммерциялық  банктер   ссудалық  капитал  нарығының  әр  түрлі  секторларында  әрекет  етуші  көп  қызметті  мекемелер  болып  табылады.Олар  кәсіпкерлік  тәжірибеде  танымал  қаржылық  операциялар  мен  қызметтердің  басым  бөлігін  орындайды.Коммерциялық  банктер  дәстүр  бойынша  кез  келген  елдің  несие  мекемесінің  базалық  жүйесі  ролін  атқарады.

      Олар  бұрынғысынша  үкіметтің, іскер  топтардың  және  миллиондаған  жеке  тұлғалардың  салымдарын  жинақтаушы  қаржы  орталығы  болып  табылады.Ссудалық  және  инвестициялық  операциялар  арқылы  коммерциялық  банктер  әр  түрлі  қарыз  алушылар  үшін  өз  қорларына  жол  ашады.2006 жылдың  басына  қарай  Қазақстанда  35  банк  әрекет  етті.

       Мамандандырылған  қаржы-несие  мекемелері (оларды  басқаша  парабанктер  деп  атайды) нарықтық  экономикадағы  несиелік  жүйенің  маңызды  және  объективті  қажетті  буыны  болып  табылады.Бұл  мекемелерсіз  экономиканың  әр  түрлі  буындарында  және  халыққа  көрсететін  несие  жүйесінің  толық  болмай  қалады.

      Парабанктік  мекемелер  не  клиенттердің  белгіленген  типтеріне  қызмет  көрсетуге, не  банктік  қызметтің  бір-екі  түрін  жүзеге  асыруға  бағытталады.Олардың  қызметі  көп  жағдайда  нарықтың  шағын  сегментіне  қызмет  көрсетуге, арнайы  клиенттерге  қызметтерді  және  де  арнайы  қызметтерді  ұсынуға  негізделеді.

      Бұл  мекемелер  үшін  екі  жақты  тәуелділік  тән  болады: бір  жағынан, несиелік  есеп  айырысу  операцияларын  жүзеге  асырумен  байланыса  отырып, олар  Орталық  банктің  сәйкес  талаптарын  негізге  алуы  тиі;екінші  жағынан, белгілі  бір  қаржылық, сақтандыру, инвестициялық  немесе  басқа  операцияларға  мамандана  отырып, олар  сәйкес  ведомстволардың  реттеуші ықпалына  түседі.

      АҚШ-тың  несие  жүйесі  өте  дамыған  болып  табылады, оған  өнеркәсібі  дамыған  елдер  бағдарланады,ол  орталықсыздандырылған  деп  есептеоеді  және  өз  құрамына  Федералды  резервтік  жүйені (елдің  орталық  банкі  қызметін  атқарады), 15 мың  коммерциялық  банкті, инвестициялық  және  жинақ  банктерін,  ссуда  сақтаушы  ассоцияларды, қаржылық  компанияларды, несиелік  кооперативтерді, сақтандыру  компаниялары  мен  зейнетақы  қорларын, өзара  несие  қоғамдарын, сақтандыру  депозиттері  институттарын  және  т.б.кіргізеді, олар  55  мыңнан  астам  деп  есептеледі.

    АҚШ-тың  несие  жүйесіне  қарама-қайшы  Жапондық  несие  жүйесі  орталықтандырылған  деп  сипатталады.Оған  13 ірі  коммерциялық  қалалық, 64  аймақтық  банк, ұзақ  мерзімдік  несиелік  3  банк  және  7  траст-банк  кіреді.Орталық  банк – Жапон  банкі.Мамандандырылған  қаржы-несие  мекемелерінің  тізімі  шамамен  АҚШ  еліне  ұқсас  келеді.

     КСРО  күйрегенге  дейін  Қазақстанның  өзіндік  несие  жүйесі  болмады. Оның   аумағында  дербес  емес  филиалдар, қатаң  орталықтандырылған, абсолютті  монополиялық  банктік  және  банктік  емес  мекемелердің  бөлімшелері  әрекет  етеді.Мұндай  несие  жүйесі  өзінің  төмен  тиімділігін  көрсететінін  атап  өту  керек.Осы  жағдайларда  80-жылдардың  ортасында  екі  деңгейлі  несие  жүйесін  құру  ұмтылысы  жасалды. Жоғарғы  деңгейде   КСРО  Мемлекеттік  банкі, екінші  деңгейде   бес  мамандандырылған  банк  тұрды. Банктік  емес  несие   институттары  жүйесі  іс  жүзінде  болмады.

      Қазақстанның  несие  жүйесі  орталық  банк-Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкінен, екінші  деңгейлі  35  банктен, олардың  ішінде  2  мемлекеттік (Қазақстан  Даму  банкі, Қазақстан Құрылыс-жинақ  банкі), 83  несиелік  серіктестік (соның  ішінде  50  ауылдық ), 157  микрокредиттік  ұйымдар, 75  ломбард, «Қазпошта» акционерлік  қоғамы  бастаған  пошталық-жинақ  жүйесі, 36  сақтандыру  компаниясы , 16  мемлекеттік  емес  жинақ  ұлттық  қоры, Қазқстанның   мемлекеттік  қоры  және  басқалардан  тұрады.

      Қазақстанның  несие  жүйесі  1999  жылдан  бастап   өз  егемендігін  алғаннан  кейін   қалыптасты.Осы  уақыт  ішінде  сызбада  көрсетілген  құрылым  қалыптасты.

                                            Қазақстан несие жүйесі

3-сурет

 

 

             1.3.Несие  жүйесі   дамуының  әлемдік  тәжірибесі.

 

     Қазіргі  кездегі  несие  жүйесі  соңғы  жылдары  едәуір  өзгерістерге  ұшырады.Әлемдік  экономикадағы  құрылымдық  қайта  құрулар  нәтижесіндегі  өзгерістерге  байланысты  банк  жүйесінің  барлық  компоненттері  жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық  революцияның (ҒТР) дамуы  әсерінен  өңдірістің  шоғырлануы  капиталдың  шоғырланумен  орталықтануын  талап  етті, сәйкесінше  банктер  өз  операцияларын  несиелік  ресурстарды  ұлғайтуға  қарай  модификациялайды, яғни  қазіргі  кездегі   банк  жүйесінің  экономика  дамуының  өзгермелі  жағдайларына  бейімделуі  жүзеге  асады; банктік  жүйенің  құрылымдық  қайта  құрылуы  айқын;белгіленген  мамандануды  сақтай  отырып, банктер  қызметінің  шоғырлануы  және  әмбебаптануы  орын  алады;банктік  емес  несиелік  мекемелердің  динамизмі  байқалады.Банктердің  жекелеген  типтері, банктер  және  банктік  емес  мекемелер  арасындағы  айырмашылықтардың  жедел  жойылуы  немесе  кедергілердің  жойылуы – соңғы  жылдардағы  несие  жүйесінің  құрылымдық  қайта  құрылуының  маңызды  тенденцияларының  бірі.

      Ірі  әмбебап  банк  өз  клиенттері  үшін  депозиттік  шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз  есеп  айырысу, жинақтарды  қабылдау, әр  алуан  несиелерді  беру,құнды  қағаздарды  сатып  алу, сенімхат  бойынша  мүлікті  басқару  және  басқа  көптеген  банктік  және  «банк  мамандығы» қызметтерді  көрсету  бойынша  операциялардың  көптеген  түрлерін (кейбір  бағалаулар  бойынша  200-ге  жуық) жүзеге  асады.Несиелік  мекемелер  қызметінің  көп  жақты  сипаты  қазіргі  кездегі  қаржылық  капиталға  толық  жауап  береді.

      Несиелік  мекемелердің  әмбебаптануы  екі  бағыт  бойынша  жүргізіледі.Біріншісі-дәстүрлі  емес  банктік  операциялардың  кеңеюі  арқылы.Коммерциялық  банктер  сақтандыру  бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңестік  бизнеске  және  т.б.енуге  тырысады.Олар  қаржылық  қызмет  көрсету, атап  айтқанда  жылжымайтын  мәмілелер,бухгалтерлік  және  компьютерлік  қызмет  көрсету,лизингтік  іс  салаларына  қатыса  отырып, несиелік  мекемелердің  басқа  топтарымен  тікелей  тайталасқа(конфронтацияға) шығады.

      Екіншісібанктік  мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік  компаниялар, зейнетақы  қорлары  және  т.б.)банктік  нарықтарға  енуі  арқылы.Банктік  емес  мекемелер  қазіргі  таңда  банктермен  инвестициялық  салада, ақпараттық-кеңестік  қызметтерді  көрсетуде, сонымен  бірге  банктік  салада- депозиттік-ссудалық  операцияларда  барынша  бәсекелесіп  келеді.

     Соңғы  жылдары  банктік  және  басқа  арнайыланған  қаржы-несие  мекемелері  арасында  халықтың  жинақ  ақшалары  және  фирмалар  мен  компаниялардың  жинақтары  үшін  күрес  өткір  сипат  алды.

     Бұрын  коммерциялық  банктер  депозиттер  бойынша  пайыздың  мөлшерлемесін  көтеру  сияқты  халықтың  жинақ  ақшаларын  тартудың  тиімді  құралын  еркін  қолдана  алмады. Оларға  пайыздық  мөлшерлемесінің  максималды  шегін  белгіледі, оны  жедел  және  сақтандыру  салымдарын  салушыларға  төлеу  рұқсат  етілді, ал  басқа  арнайыланған  несиелік  мекемелерде  шектеулер  болмады. Әрине, бұл  жағдайда  соңғылары  бәсекелік  күресте  артықшылыққа  ие  болды.Банктер  ақша  нарығы  сертификатынтарын  шығаруға  рұқсат  алды, олар  бойынша  пайыздар  конъюктураның  жағдайына  байланысты  белгіленді.Сонымен  қатар, АҚШ-та  1980  жылы  депозиттік  мекемелерді  реттеу  және  ақша  айналымын  қадағалау  жөніндегі  заң  салымдар  бойынша  пайыздарды  төлеудің  барлық  шектеулерін  алып  тастады.

     Ірі  банктік  мекемелерге  арналған  әмбебаптануға  қатысты  жалпы  тенденция  олардың  мамандануының  сақталуымен  сәйкес  келеді.Әмбебаптанудың  өзі  мекемелердің  жекелеген  түрлерінде  бірдей  емес  және  нрекше  дамиды. Мұнда  әмбебап  типтегі  мекемелердің  қайта  мамандануы  жөнінде  сөз  болады.Сол  сәтте  бұл  тенденция  қызмет  сапасының  жоғарылауына  ықпал  етеді  және  ең  алдымен  ұсақ  және  орташа  банктерді  қамтиды, олар «нарықтық  нишаларды», яғни  әмбабап  немесе  ірі  банктердің  көңілін  тарта  алмаған  қызметтердің  бұл  түрлерін  іздестіруге  тырысады. Қайта  мамандануға  қатысты  тенденцияны  банктік  бизнестегі  бәсекеде  қолдайды.

     Экономиканың  өзгермелі  жағдайларына  сәйкес  банктік  қызметтің  өзінде, дәстүрлі  банктік  операцияларды  қайта  құру  жүзеге  асты. Оған  банктік  қызметті  реттеуші  әкімшілік  ережелерді  алып  тастауға, яғни  қайта  реттеуге  ықпал  етті. Қайта  реттеудің  мақсаты – бәсекенің  өте  кең  құралдарын  қолдануға, банктік  қызметтердің  нарығын  жандандыруға  банктерді  итермелеу.

    Банкті  қызметті  қайта  реттеу  активтік  операцияларды  да, пассивті  операцияларды  да  қамтыды.Коммерциялық  банктердің  активті  операциялары  едәуір  өзгерістерге  ұшырады.Қазіргі  таңда  олар  фирмаларды  және  корпарацияларды  жанама  несиелеуден (вексельдерді  кепілге  беру  және  есепке  алу) тікелей  несиелеуге  толығымен  көшті.Бағалы  қағаздарды  қолдана  отырып  ресімделетін  несиелік  мәмілелер  кең  тараған ,солардың  арқасында  несиелік  міндеттемелері  нарықта  сатылады, ал  несиелік  мекемелер  тәуекелдіктерді  белсенді  орналастыру  мүмкіндігін  алды.Бұл  тенденция   нақты  түрде  банктердің  өз  несиелерін  нарықтық  бағалы  қағаздарға  айырбастау  ұмтылысынан  байқалады.

     Несиелеу  объектілерін  ірілендіру  жүзеге  асып  жатыр. Коммерциялық  банктер  өз  активтерінің  сапасына  мұқият  көңіл  аудара  бастады, өйткені  активтердің  сапасын  дәл  және  дер  кезінде  бағалау – банктердің  өркендеуінің  кепілі.

     Банк  жетекшілері  өз  активтерінің  сапасын, жаңа  несиелерді  ұсынуды, несиелеу  технологиясын (құжаттарды  жүргізу,контрактар, қамтамасыз  ету),қарыз  алушының  несие  шарттарын  сақтауын  қадағалайды.

    Ұзақ  мерзімдік  несиелеу  кең  өріс  жоюда. Коммерциялық  банктердің  қаржыларды  тарту  жөніндегі  пассивті  операциялары  өзгерістерге  ұшырады.Оларды  үкімет  белсенді  түрде  қолдайды.Бұны  80-жылдары  АҚШ-тағы  қайта  реттеу  процесі  дәлелдейді,яғни  1933  жылы  енгізілген  әр  түрлі  салымдар  бойынша  банктік  пайызға  арналған  «шектер» алынып  тасталды.Бұл  жағдай  банктердің  депозиттік  базасының  нығаюына  ықпал  етті, олар  енді  талап  етілгенге  дейінгі  салымдар  бойынша  да  пайыздарды  ұсына  алды, оның  өзі  жаңа  клиенттерді  тартуға  мүмкіндік  берді.

   Нәтижесінде  тартылған  қаржылардың  құрылымы  күрт  өзгерді: егер  де  1950  жылы  АҚШ-тың  коммерциялық  банктердің  балансындағы  пассивтің  құрылымында  банктік  шоттардағы  қалдықтар  70  пайыздан  астам  болса,ал  жедел  және  жинақ  салымдар – бар-жоғы  24-26  пайызды  құрады, бұл  көрсеткіш  80-жылдары  60  пайыздан  астам  болған  еді.

    Банктердің  пассивті  операцияларының  инновациясы  қосымша  ақша  көздерін  тартудың  жаңа  құралдарын  құрудан  көрініс  тапты.Салымдардың  жаңа  типтері  ашылды., олар  бойынша  пайыз  мөлшері  нарықтық  мөлшерге  жетті.Мұндай  шоттарға  ақша  нарығындағы  депозиттік  шоттар  жатады.Көптеген  коммерциялық  банктер  депозиттік  сертификатты (бағалы  қағаз  тектес) шығара  бастады,ол  ақша  нарығында  еркін  айналды.

     Банктік  операциялардың  дамуында  ақпарат  пен  коммуникацияның  қазіргі  кездегі  техникалық  құралдары  айрықша  рольді  атқарады.Банк  ісі  ақпаратты  дер  кезінде  беру, оны  жедел  өңдеу  және  мәліметтердің  ақиқаттылығы, экономикалық  жағдайды  талдау  және  ақша  нарығының  даму  болашағын  дұрыс  бағалау  сияқты  жағдайларға  тәуелді  болды.Қаржы  нарықтарының  қатысушылары  өз  істерін  жүргізу  үшін  ақпараттың  өте  үлкен  көлемін  талап  етеді.Сондықтан  да  банк  ісіне  ғылыми-техникалық  революцияны (ҒТР) соңғы  жетістіктерін  енгізбей, компьтерлік  техниканы  игермей  банк  қызметін  жаңарту  мүмкін  емес.

     Банк  жүйесінің  дамуындағы  елеулі  құбылыс  ретінде  мынаны  атап  өтуге  болады, яғни  несиелік  мекемелердің «көтерме» операциялардан «бөлшек» операцияларға  өтуі  оның  клиенттері  шеңберінің  кеңеюіне  әкеледі.Екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейін  банкирлер  сақтампаздық  пен  байыптылық  көрсетті, таңдаулы, «айрықша  сенімді» клиентураға  қызмет  етті, қазір  көптеген  банктер  өз  стратегияларын  өзгертті.Кәсіпкерліктің  барлық  салаларына  белсенді  түрде  ене  отырып  және  шағын  бизнесті  қамти  отырып, олар  жаппай  клиентураға, яғни  халықтың  әл-ауқаты  нашар  тобына  бағдарланады.Ол  қазіргі  кездегі  ірі  банктің  келбетін, оның  саясатын  өзгертеді.

     Соғыстан  кейінгі  жылдар  дамыған  нарықтық  қатынастары  бар  елдер  экономикасындағы  өндірістің  шоғырлануының  жоғары  деңгейімен  сипатталады,ол  банк  капиталының  шоғырлануы  мен  орталықтануына, осы процестердің  жаңа  формаларының  туындауына  әкеледі, сонымен  бірге  ел  ішінде  де, әлемдік  қаржы  нарықтарында  да  күшті  позицияларды  алатын  алып  банктер  тобының  жедел  өсуін  туындатты.Мұндай  алып  банктер  ең  алдымен   Жапония, Германия, Канада, АҚШ  және  араб  әлемі  елдерінде  пайда  болды, олардың  активтері  100  млрд  доллардан  астам  болды.

      Біз  дамыған  нарықтық  экономикасы  бар  елдердің  қазіргі  кездегі  несие  жүйесін  сипаттаушы  кейбір  маңызды  мәселелерге  ғана  тоқталдық. Өз  экономикасын  нарықтық  жолға  қайта  құрушы  Қазақстан  үшін  әлемдік  банк  жүйесінің  қазіргі  кездегі  даму  тенденциялары  үлкен  қызығушылық  туғызады,өйткені  нарықтық  экономикаға  өту  өзіндік  нарықтық  несие  жүйесін  құруды  талап  етеді. Республикамыз  үшін  шет  ел  тәжірибесін  толығымен  меңгерген  тиімді  болады, өйткені  экономика  нарыққа  өтудің  ең  басында  тұр, ал  Батыс  болса  мұнда  бұрыннан  қызмет  етуде, бірақ  осы  тәжірибеден  барлық  жағымды  жайттарды  алған  дұрыс  болады, өйткені  ол  өтпелі  кезең  жағдайында  өз  қолданысын  табары  сөзсіз.

*     Несие  формасы – бұл  несие  қатынастарының  сырттай  нақты  көрініс  табуы. Ол  несие  қатынасының  мәні  мен  ұйымдастырылуын  синтездейді.Несие  қатынасының  формасы  мен  мазмұны  ажырағысыз  әрі  диалектикалық  жағынан  біртұтас  болады.Несие  қатынасының  формасы  оның  мазмұны  мен  дамуына  сәйкесуі  керек.

     Таңдап  алынған  жіктеу  өлшеміне  қарай  несиенің  мынадай  ең  маңызды  формаларын  бөліп  көрсетуге  болады:

    -қызмет  ету  саласына  қарай-ұлттық  және  халықаралық  несие;

    -несие  мәмілесінің  объектісіне  қарай-ақшалай  және  тауарлық  несие;

    -несие  қатынасының  субъектісіне  қарай-банктік,коммерциялық,халық-

     аралық,тұтынушылық  несиелер;

 

 

 

 

   Несиенің  тауарлық  формасы – тарихи  жағынан  алып  қарағанда  оның  ақшалай  формасынан  бұрын  пайда  болған.Ежелгі  тарихтан  білетініміздей, адамдар  тұтынуға  қажетті  артық  өнімдерін (астық, мал, тері  және т.б,) бір-біріне  өсім  алумен  қарызға  берген.

   Несиенің  тауарлық  формасы  осы  замаңғы  іс-тәжірибеде  төлемдерінің  мерзімін  ұзартумен  тауарларды  сатуда, машина  мен  құрал-жабдық, тұрмыстық  тауарлар, саймандар  лизингісінде  қолданылады.Қазақстанда  тауарлық  несие  фермерлер  мен  шаруа  қожалықтарына  көктемде  тұқым  түрінде  берілетін  бұл  несиені  фермерлер  мен  шаруа  қожалықтары  күзде   астықты  жиғаннан  кейін  қайтарып  отырады.

    Несиенің  тауарлы  формасының  негізінде  ақшалай  несие  формасы  пайда  болып,дамиды.Ол  осы  замаңғы  нарықтық  астықты  жинағаннан  шаруашылықта  артықшылықтарға  ие, типтік  форма  болып  табылады.Өйткені, ақша  айналыс  пен  төлемнің  жалпыға  тән  баламалы, әмбебап  құралы  болып  табылады.Несиенің  бұл  формасы  ұлттық  және  халықаралық  экономикалық  айналымдардың  шегінде  пайдаланылады.

    Несиенің  тауарлық  және  ақшалай  формаларымен  қатар  олардың  аралас  формасы  да  қолданылады.

    Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша детальданған сипаттамасы.

    Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әр қарыз мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

    Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

   Жаңартпалы несие (револьверный, ағылшынша revolve-айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру)-қарыз капиталының ұлттық және әлемдік нарықтырында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

  Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы  несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

   Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясында несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі.

    Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие  олардан бұрын бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъекті коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталыныңшегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

    Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынын кемітуге жағдай тудырады.

    Вексель— бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушы алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы , несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

    Вексельдің қолдан қолға өту барысында табыстау жазбасы-индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

    Коммерциялық несиенің басты мақсаты- тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.

   Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

   Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан, шаруашылық байланыстардың  бұзылуынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дами алмады.

   Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық-түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиелі, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.

   Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға болады.

   Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

      Нарықтық  экономикада  несиенің  формасы  банк  несиесі.Бұл  жағдайда  несие  қатынасының  объектісіне  қарызын  ақшалай  қаражатпен  беру  процесі  жатады.Мұндай  несие  уақытша  қаржылай  көмеке  мұқтаж  мамандандырылған  қаржы-несие  ұйымдарына, көбінесе  банктерге, қарыз  алушы  кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке  беріледі.

     Банк  несиесінің  бірінші  ерекшелігі банк  өз  қарыз  алушыларына  несиені  өзінің  капиталына  ғана  емес, сонымен  бірге,тартылған  ресурстардан  да (заңды  және  жеке  тұлғалардандың  депозитінен ) береді. Қазақстан  банктерінің  несие  ресурстарындағы  өзіндік  капиталының  үлесі  шамамен  алғанда  18-20% -ті  құрайды,ал  қалғаны- тартылған  ресурстар (депозиттер, банкаралық  қарыз  ақшалар).

      Несие  формасының  екінші  ерекшелігі шаруашылық  айналымға  әлі  түсе  қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың  және  халықтың  банкке  орналастырылған  уақытша  бос  қаражатын  банк  қарызға  береді.

      Банк  несиесінің  үшінші  ерекшелігі  банк  ақшалай  қаражатты  қазызға  өздігінен  өсетін  құн  ретінде  болатын  капитал  формасында  береді.Мәселенің  мәнісі  мынада:қарыз  алушы  бұл  қарызны  пайдаланғаны  үшін  банкке  пайыз  төлейді. Қарыз  алушы  осы  несиені  өндіріс  саласында  пайдаланғаннан  кейін  табыс  алады  әрі  оның  есебінен  несие  берушіге  пайыз  төлейді.Несиеге  қажеттілік  оның  ажырағысыз  атрибуты  болып  табылады.Банк  несиесінің  айналыс  саласына  ғана  қызмет  ететін  коммерциялық  несиеден  айырмашылығы, ол, сонымен  қатар, өндіріс  саласына  және  жинақтау  саласына  да  қызмет  етеді. Банк  несиесінің  қолданылу  аясы  коммерциялық  несиеге  қарағанда  әлдеқайда  кең, өйткені  коммерциялық  несие – несие  мәмілесінің  бағытымен, мерзімімен  және  сомасымен  шектеліп  қалған.

     Банк  несиесі  банк  пен  қарыз  алушының  арасында  несие  келісімшарты  немесе  несие  келісімі  бекітілгеннен  кейін  беріледі.Банк  несиесінің  мақсаты: негізгі  және  айналым  капиталын  арттыру, маусымдық  қорларды  толықтыру, вексельдер  есебі  және  оны  қайта  есептеу, халықты  несиелеу.

     Банк  несиесі  берілетін  мерзіміне  қарай  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімге  бөлінеді.Қысқа  мерзімді  несие  қарыз  алушының  ағымдағы  және  маусымдық  ТМҚ  қорларын  қалыпиастыруына, еңбекақы  төлеуіне  және  өзге  де  шығындарын  өтеуіне  байланысты  уақытша  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  бір  жылға  дейінгі  мерзімге  беріледі.

    Ұзақ  мерзімді  несие  ұзақ мерзімді архивтердің ұлғайтылған ұдацы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.

   Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсіақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.

   Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін  сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.

   Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда,несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі.Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.

    Банк несиесі негізіне тікелей болады, яғни, қарыз қарыз алушыларға банктен тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі.

   Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2001-2006 жж.) экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ-дегі қарызлық қоржын 1.01.2002 ж15,0%-ды құраған болса, 1.07.2006 ж.-39,7%, яғни, 2 еседен көп.

   1.07.2006 ж. несие салымдарының құрылымы:

    — қысқа мерзімді несие -47,9%;

    — орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін)-32,2%;

    —  ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары)-19,9%;

    Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

   Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының

10-12 %-ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қарқады, оның үстіне, тұтыну несиенің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 18-20%-ды құрайды.

    Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады.Ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

   Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, қабілеті бар сұранысты арттырады.

   Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік (шұғыл мұқтаж) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесіне, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.

   Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың  тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.

   Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен.Мәселен, сатып алушылардың ұзақ мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банктен қарыз алу үшін пайдаланады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей берілетін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы- несие қатынасының артық буыны жойылады.

     Тұтыну  несиесі  халықтың  тауарға  деген  сұранысын  ынталандырады  әрі  олардың  өндірілуі  мен  сатылуын  ынталандырады.

     Қазақстанда  тұрғын  үй  құрылысын  салуға  және  оны  сатып  алуға  ұзақ  мерзімді  тұтыну  несиесін  беру  үшін  мамандандырылған  мемлекеттік  құрылыс-жинақ  ақша  банкісі  құрылады.2004  жылы  халыққа  берілген  тұтыну  несиесінің  мөлшері  122,1  млрд  теңгені  құрады, 2003  жылмен  салыстырғанда  9,4 %-ке  көбейді.

    Жылжымайтын  мүлікті  кепілге  салу  арқылы  болатын  қарызны  ипотека  несиесі  ретінде  ұғуға  болады.Ол  тұрғын  үй  құрылысын  салуға  және  сатып  алуға, жер  сатып  алуға  беріледі, әрі  ұзақ  мерзімді  сипатқа  ие.Ипотекалық  несиелеу  нарықтық  экономиканың  ажырағысыз  элементі  болып  табылады.Оның  мынадай  ерекшеліктері  бар:

      -ипотекалық  несие – бұл  қатаң  анықталған  кепілзатпен  берілетін  қа-

       рыз. Несие  қайтарылмаған  жағдайда  кепілге  салынған  жылжымайтын

       мүлік  сатылады  және  одан  түскен  қаражатпен  несие  берушінің  ала-

       шағы  өтеледі.Сол  себепті  де  ипотека  несиесі  несие  беруші  үшін  ең

       «сенімді» несие  ретінде  саналады;

      -ипотекалық  қарыздың  көбісі  қатаң  мақсатты  тағайындауға  ие,өйткені,

       ол  тұрғын  үй  мен  өндірістік  үй-жайларды  қаржыландыру, сатып  алу,

       тұрғызу  үшін  және  жер  учаскелерін  игеру  үшін  пайдаланылады;

       -ипотекалық  несие,әдетте, 10-30  жылға  дейін  ұзақ  мерзімге  беріледі.

        Несие  алдын-ала  жасалған  кестеге  сәйкес  біртіндеп  өтелетін  болады.

   ҚР « Ипотека туралы » заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.

   Респуликаның ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

  2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын Қазақстандық ипотека компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін  кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министрлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті.

  ҚИК 300 және 500 млн. сомаларында ипотекалық облигацияның екі шығарылымын шығарып үлгерді және оларды сәтті орналастыра білді.

  Ипотекалық несиелеудің отаны-Германия: алғашқы мемлекеттік ипотекалық банк 1770 жылы Силезида аса ірі помещиктік шаруашылықтарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылды.

  ХІХ ғасырдың бас кезіндегі ипотекалық банктің қызметі шағын помещиктік меншік иелеріне де қолданыла бастады, ал ХІХ ғасырдың орта шенінде бірқатар шаруа қожалықтарына қолданылды.Алғашқы жекеше акционерлік және « таза ипотекалық банк » 1962 жылы Франкфуртте құрылды.

     Мемлекеттік  несие  жеке  және  заңды  тұлғалардың  бос  ақшалай  қаражаттарының  мерзімділік, қайтарымдылық  және  ақылы  шарттары  негізінде  мемлекет  тарапынан  жұмылдырылу  себебі  бойынша  қатынастың  жиынтығын  білдіреді.

      Оны  мемлекет  бюджет  тапшылығын  жабу  үшін  және  мемлекет  өзінің  ағымдағы  мүмкіндіктерінен  тыс  қажеттіліктерін  қосымша  қаржыландыру  үшін  пайдаланылады.Бұл  несие  қатынасының  субъектісіне, бірінші  жағынан-қарыз  алушы  ретінде  мемлекет  жататын  болса, екінші  жағынан-халық,кәсіпорындар,ұйымдар, сондай-ақ, шетелдік  жеке  және  заңды  тұлғалар, мемлекет.   

     Бүгінгі таңда Қазақстанда айналыста мынандай бағалы қағаздар бар:

  • 3,6 және 12 ай мерзімдеріне шығарылған мемлекеттік қысқа мерзімді

 облигациялар (МҚО)

  • 5-7 жыл мерзімінде шығарылған мемлекеттік орта мерзімді

облигациялар

  • 20 жылға дейінгі мерзімге шығарылған мемлекеттік ұзақ мерзімді

облигациялар.

     Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді ҚР Қаржы министірлігі шығарады және оған мемлекет кепілдік береді.

     МҚМ-мен қатар айналыста ҚР Ұлттық банк ноталары бар. Ол (нота) айналыстағы артық ақша массасын алу үшін шығарылады, яғни мемлекеттік несие ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.

     Мемлекеттік  несие  жеке  және  заңды  тұлғалардың  уақытша  бос  ақшалай  қаражаттарының  есебінен  қосымша  қаржы  ресурстарын  жұмылдырудың  қуатты  құралы  болып  табылады.

     Мемлекеттік  қарыз  ішкі  және  сыртқы  қарыздарға  бөлінеді:Ішкі  мемлекеттік  қарыз  МҚМ  бойынша,мемлекеттік  займ  міндеттемелері  бойынша  берешектерден,сондай-ақ  жинақ  ақша  және  сақтандыру  жүйелерімен  жұмылдырылған  қаражаттан  тұрады.

     Сыртқы  қарыз  мемлекеттің  өзге  мемлекеттерден  қарызға  алған  берешегінен  пайда  болады.

     Халықаралық  несие-несие  беруші  ретінде  мемлекет,банк, басқа  елдердің  жеке  және  заңды  тұлғалары  жататын  халықаралық  экономикалық  қатынас  саласындағы  қарызлық  капиталдың  қозғалысын  білдіреді. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмат көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Шетелдік инвестарлар үшін халықаралық несие басқа елдерге , әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктаемен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

     Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді және шектеуді қажет етеді.

     Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және транс-ұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық-несие әрі қаржы ұйымдары болады.

     Қазақстанның халықаралық жетекші ұйымға кіруі экономикалық реформаларды жүогізуге қажетті қосымша қаржыға жол ашты.

    Халықаралық влюта қорымен (ХВҚ) «стенд-бай » несие аясында 185,6 млн. қарыз алудың арнайы құқығы (СДР) сомасында келісімге қол қойылды.

    Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық және Еуропа қайта құру және Даму банкілері, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт-импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы-валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.

   Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтингісі алуы төмен несие бағасы бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық несиеге жол ашты.

   Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай-ақ, капиталдың шоғырлануын және орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал мемлекеттер арасында қайта бөлінеді.

   Қазақстан 2003-2015 жылдарына арналған Индустриалдық-инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірісінің жаңа машина, құрал-жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет.

   Қазақстандағы компаниялар, фирмалар және банктер бір несие келісімі аясында топтасқан банктердің несие беруін білдіретін бірлестірілген деп аталатын несиені алады. Бұл арада банктердің біреуі бірлестірілген несиені ұйымдастырушы ретінде алға шығып, несиелеуге қажетті қаражатты жинау үшін өзге банктер мен қаржы институттарын тартады (біріктіреді), несие береді әрі қарыз алушылардан қайтарылған несиелерді пайызымен банктерге бөліп таратады.

   Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг-бұл негізгі құрал жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.

   Қызметтің бұл түрі ҚР « Қаржылық лизинг туралы » заңымен, Азаматтық, Салықтықжәне кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы »және «Инвестиция туралы » заңдарымен реттеледі.

   Лизинг бұйымына кез-келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, үй ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

  Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес « қызмет көрсету » жұмысының өзіндікқұнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемдлуі керек.

   Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі (жалға беруші) мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы келісілген мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру.

   Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша қарызға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін (тауарлық несие) несиені білдіреді.

    Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:

  • мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті

болмайды;

  • бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;
  • лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызы-

лады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;

  • жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді;

     Лизингілік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ҚР-ДАҒЫ   НЕСИЕ   ЖҮЙЕСІНІҢ   ДАМУЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ  ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

 

2.1  ҚР-ның   несие  жүйесінің  даму  ерекшеліктері                

                                   

   Өркениетті  мемлекеттердің  тәжірибесінде  несие  жүйесі  туралы  екі  ұғым  қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп  қатынастары, оның  түрлері  мен  несиелеу  әдістерінің  жиынтығы. Екіншісі, несие – қаржы  институттық  мекемелердің  жиынтығы. Несие  қатынастары  қарыз  капиталының  қалыптасуымен  оның  жұмсалуынан  туындап, несиенің  барлық  формалары  мен  түрлерін  қамтиды. Несие  жүйесі  несие – қаржы  мекемелерінің  жиынтығы  ретінде  жеке  және  заңды  шоғырландырылып, оларды  кәсіпорындарға, үкіметке  және  халықтың  әр  түрлі  топтарына  қарызға  береді.

    Несие  жүйесінің  қызметінен  несие  қатынастары  туындайды. Несие  қатынастарының  мазмұнын  несие  мекемелерінде  әр  түрлі  субъектілердің  уақытша  бос  ақша  капиталдарын  шоғырландырып  және  оларды  белгілі  бір  мерзімнен  кейін  және  белгілі  бір  төлем  ақымен  қайтару  үшін  бөліп  беруді  анықтайды. Сонымен  бірге  несие  жүйесі  мемлекеттің  ақша  айналымын  реттеп, ақша  қаражаттарының  экономикалық  бір  саласынан  екінші  саласына  ауысуын  қамтамасыз  ету  арқылы  өндірістің  тиімділігін  арттыруға  ықпал  етеді. Несие  жүйесі  арқылы  кәсіпорындардың, ұйымдардың  және  халықтың  ақшаны  есеп – айырысуы  мен  төлемдері  жүргізіліп, сондай-ақ  әр  түрлі  несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес  беру  және  сол  сияқты  көптеген  операциялар  өтеді.

    Несие  жүйесінің  маңызы  мен  ел  экономикасындағы  рөлі  біраз  көрсеткіштермен: атап  айтқанда, ақша  салымдарының  жалпы  көлемімен, кәсіпорындар  жалпы  көлемімен, кәсіпорындар  мен  мекемелердің  негізгі  және  айналым  қапиталын  қалыптастырудағы  банктік  қарыздың  үлесімен, жиынтық  төлем  айналымымен  және  т.б.  сипатталады.

   Несие  қатынастарының  даму  дәрежесі  несие  мекемелерінің   көбеюі, өндірістік  пен  тұтыну  салаларының  банк  операцияларын  пайдалануы  жөнінен  дүние  жүзіндегі  дамыған  мемлекеттердің  ішінде  АҚШ  алдыңғы  қатарда  келеді. Оған  дәлел, елде  ақша   капиталының  орташа  алғанда  ¾  бөлігінің  несие  жүйесі  арқылы  өтеді.              

     Өз   қызметінің  тиімділігін  арттыру  үшін  Ұлттық  Банк  халықаралық  стандарттарға  Қазақстан  тәуелсіздігін  алғаннан  және  өз  бетінше  ақшалай-несиелік  саясат  жүргізе  бастағаннан  бастап, яғни  ұлттық  валютаны – теңгені  енгізген  сәттен  басталды.

      Өткен  16  жыл  ішінде   экономиканы  несиелеудің  нарықтық  нысандарына  көшу, халықаралық  ұстанымдар  мен  стандарттарға  негізделген  банктік  қадағалаудың  тиімді  жүйесін  құру, капиталдың  жеткіліктілігі, активтердің  сапасы, менеджмент, бухгалтерлік  есеп, банктік  жүйені  автоматтандыру  деңгейі  жағынан  банктердің  халықаралық  стандарттарға  өту  мәселелері  шешілді. Ұлттық  Банк  пен  екінші  деңгейлі  банктердің  нығайтылған  қаржылық  есептілікті  құрастыруға  көшу  де  жүзеге  асырылды. Банктік  статистика  жетілдірілді  және  Халықаралық  Валюта  Қорының  (ХВҚ)  стандарттары  бойынша  деректерді  тарату  стандарттарының  жүйесі  енгізілді. Енді  Қазақстанның  ақшалай-несиелік  статистикасы, төлем  балансы  мен  сыртқы  қарыз  статистикасы  үнемі  ХВҚ  сайтында  орналастырылып, ХВҚ  және  Дүниежүзілік  Қайта  құру  және  Даму  Банкінің (ӘҚДБ) ресми  басылымдарында  жарияланады.

    Қаржы  нарығының  түрлі  сегменттерінде  бір  мезгілде  әрекет  жасайтын  әртүрлі  бағыттағы  бірлестіктердің  пайда  болуы  Ұлттық  Банкте  2004  жылдың  қаңтар  айында – Қазақстан  Республикасы  қаржы  нарығын  және  қаржылық  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  Агенттігін  құруымен  барлық  қадағалаушы  және  реттеуші  қызметтерінің  шоғырлануына  себеп  болды.

   Қаржылық  ұйымдар  қызметін  табыспен  қайта  қалыптастыру  тұрақты  қаржылық  жүйені  құруға  мүмкіндік  берді.Орташа  мерзімдік  кезеңде  Қаржы  секторын  дамытудың  тұжырымдамасы  басым  міндет  ретінде  қаржы  жүйесінің  тиімділігін  әрі  қарай  арттыруды  анықтады. Онда  2007  жылға  қаржы  нарығының  қатысушыларын  реттеу  және  қадағалау  механизмдері  бойынша  Еуроодақ  стандарттарына  ең  жоғары  дәрежеде  қол  жеткізу  қарастырылған.

     Қадағалау  және  реттеу  қызметтерін  бөлу  Ұлттық  Банк  мәртебесінің  артуына  әкелді – қызметі  классикалық  орталық  банкке  тән  міндеттерге  толық  шоғырланған  ТМД  елдері  арасында  жалғыз  банк  болды. Бұл  ақшалай-несиелік  саясатты  жетілдіру  және  оның  халықаралық  стандарттармен  ұштасуы  бойынша  шараларды  күшейтуге  мүмкіндік  берді, бұл  Үкіметтің  2006-2008  жылдарға  арналаған  Бағдарламасында  көрсетілген.

   Жаңа  релиялар  Ұлттық  Банк  саясатындағы  акценттердің  жылжуына  себеп  болды. 2004  жылдан  бастап  Ұлттық  Банктің  басты  мақсаты  елдегі  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. Ұлттық  Банк  өз  нарығын  инфляцияның  төменгі  деңгейін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  ақшалай-несиелік  саясатты  жүргізуге  бөлді. Ұлттық  Банк  үшін  инфляция  денгейі  негізгі  көрсеткіш  болып  табылады, сондықтан  Ұлттық  Банк  өзінің  инфляция  бойынша  болжамдарына  және  инфляциялық  процестермен  күресу  бойынша  шараларға  көп  көңіл  бөлінуде.

    Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  2007  жылғы  24  желтоқсанындағы  № 146  қаулысымен  Ақша-несие  саясатының  2008-2009  жылдарға  арналаған  негізгі  бағыттары  қабылданды.

    Ақша- несие  саясатының  негізгі  бағыттары  Ұлттық  Банктің  негізгі  концептуалдық  құжаты  болып  табылады, балжанған  сценарийлер  шеңберінде  осы  құжатта  ақша-несие  саясатының  негізгі  көрсеткіштерінің, оның  ішінде  инфляцияның  болжамдық  өлшемдері, сондай-ақ  Ұлттық  Банктің  ақша-несие  саясатының  шаралары  айқындалды.

    Айқындалмаушылық  жағдайында  әлемдік  қаржы  нарығының  және  тиісінше  ішкі  экономиканың  даму  перспективаларына  қатысты  Ақша-несие  саясатының  негізгі  бағыттарын  алдағы  үш  жылға  емес, екі  жылға, яғни  2008-2009  жылдарға  әзірленді. Айқындалмаушылықтың  төмендеуіне  қарай  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  үш  жылдық  кезеңге  арналаған  Ақша-несие  саясатының  негізгі  бағыттарын  әзірлеу  практикасына  қайтып  оралуға  ниеті  бар.

    Ұлттық  Банктің  баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  бойынша  негізгі  мақсатын  іске  асырумен  қатар  Ақша-несие  саясатының  негізгі  бағыттарында  банк  жүйесінің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  шаралар  кешеніне  ерекше  назар  аударылды.

    Ұлттық  Банк  Қазақстан  экономикасының  дамуының  екі  сценарлық  нұсқасын  қарастырды: базалық  және  пессимистік. Бұл  ретте  базалық  сценарийді  жүзеге  асыру  неғұрлым  шындыққа  жанасады  деп  саналады, ал  пессимистік  сценарий  көбіне  гипотетикалық  ретінде  ұсынылды, оны  жүзеге  асыру  мүмкіндігі  аса  жоғары  емес  болып  бағаланады. Соған  қарамастан  құжатта  Ұлттық  Банктің  екі  сценарийді  жүзеге  асырылған  жағдайдағы  шаралары  көрініс  тапты.

    Ұлттық  Банктің  2008-2009  жылдарға  арналаған  ақша-несие  саясатының  негізгі  мақсаты  базалық  және  сол  сияқты  пессимистік  сценарийді  жүзеге  асыру  кезінде  жылдық  инфляцияны  2008  жылы  7,9-9,9%  және  2009  жылы  7,5-9,5%  деңгейінде  ұстап  тұру  болады (өткен  жылдың  желтоқсанымен  салыстырғанда  желтоқсанда ). Бұл  орташа  жылдық  инфляцияның  2008  жылғы  16-18 % және  2009  жылғы  8-10 %  шегіндегі  деңгейіне  сәйкес  келеді.

    Екінші  деңгейлі  банктердің  экономика  саласына  салған  несиелік  салымы, ұлттық  банктің  мәліметі  бойынша  2003  жылы  924,3  млрд  теңгені  құрады, және  олардың  тұрақты  өсуі  байқалуда. Несиелік  салымдардың  жалпы  көлемінде  ұзақ  мерзімдік  несиелік  салымдардың  үлесі  62,2 %, шетел  валютасы  салымындағы  үлес  54,9 % құрады.Банк  жүйесіндегі  депозиттер  көлемі  759,2  млрд  тегені  құрады, бұл  2002  жылмен  салыстырғанда  36,4 % -ке  артық, 319,8 млрд  теңге  баолы, бұл  2002  жылмен  салыстырғанда  36,7 % -ке  көп.

    Қазақстанда  орта  және  шағын  бизнестің  қалыптасуы  мен  дамуына  үнемі  баса  назар  аударылады. Қазіргі  күнде  шағын  бизнес  ел  бюджетінің  11 % -қалыптастырады, және  оның  жалпы  ішкі  өнімдегі  үлесі  17 %  құрайды. Статистикалық  агенттіктің  мәліметі  көрсетіп  отырғандай, бірқатар  салаларда  шағын  бизнестің  үлесі  айтарлықтай  жоғары, мәселен  саудада  94,6 % , қонақ  үй  мен  ресторан  бизнесінде  90,9 % .

    Осы көрсеткіштер, сарапшылырдың пікірі бойынша дамыған елдердің деңгейімен бара-бар, ондағы шағын бизнестің үлесі 60-90%-ті құрайды. Алайда, егер онда шағын бизнес жалпы ішкі өнімнің 60-тан 90 % дейін үлесін құраса, ал біздің елімізде бұл көрсеткіш 17% құрайды.

    Аталмыш көрсеткіштер осы сектордың дамуын бағалауда сандық емес, сапалық өлшемнің қажеттілігін көрсетеді.

    Тұтас алғанда, республика азаматтары үшін ең танымал және үйреншікті сфера, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысу болып табылады. Жеңілдетілген тіркеу мен салық салу, шағын бизнестің аталмыш сферасына осы бизнестің 281 субъектісін тартты (557 мың адам)- яғни шағын бизнестің жалпы үлесінің – 72,5 %.

    Шағын бизнес, әсіресе сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы сфераларында кең таралған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында- 16,6%, Алматыда-13%, Алматы облысында -12,4%. Осы аймақтарда шағын бизнестіе қызмет ететіндердің үлесі ең көп көрсеткішті құрайды. Аталмыш сектордың төмен белсенділігі Қызылорда (2,1%), Маңғыстау (2,2%), және Атырау (2,3%) облыстарында байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің алған кірісі жағынан Алматы жетекші орынды иеленеді-24,9%.

 

Кесте  1

 

          Облыстар бойынша шағын кәсіпорындардың үлесі, %-те

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

                                                 16,60%

Алматы

                                                 13,00%

Алматы облысы

                                                 12,40%

Қызылорда облысы

                                                   2,10%

Маңғыстау облысы

                                                   2,20%

Атырау облысы

                                                   2,30%

Басқалар

                                                 51,40%

Барлығы:

                                                   100 %

    Шығыс көзі:ҚР  Статикалық  мәліметінің  негізінде

 

 

   Республика 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейін 189016 шаруашылық субъектілер  (заңды тұлғалар) тіркелген,  оның  ішінде жұмыс  атқаратындары  — 141776, олардың қатарындағы   шағын заңды тұлғалар- 130113. Қызмет атқарып отырған заңды тұлғалардың  ішіндегі  шағын  кәсіпорындар   саны   105693,  оның  ішінде  шағын  бизнес  субъектілері-  92642. 

    Президенттің тапсырмасы  бойынша  үкімет  дайындаған  2003-2004  жылғы  бағдарламада  белгіленген  мемлекттік  шара  шағын  және орта  бизнес  саласындағы  қызмет  атқаратын  кәсіпорындар  санын  500 мыңға  дейін,   ал ондағы  жұмыс  істейтіндер  саны  екі  миллион  адамға  дейін  көбейтуге  мүмкіндік  береді.  Нәтижесінде,  бұл  шағын және  орта бизнес  субъектілері  өндіретін  жалпы  ішкі  өнім  көлемін  25 %  жеткізуге  мүмкіндік  береді.

    Қазақстан  экономикасы  соңғы  жылдары  өрлеу  жолында. Мұны  тұрақты  даму  деп  атайды. Оның  өзі  экономикалық  үлкен  теория. Әлемде  тұрақты  даму  жолына  түскен  мемлекеттер  аз. 2000  жылдан  бері  қарай  бес  жылдай  уақыт  ішіндегі  елдің  көрсеткіші  тұрақты  дамуды  дәлелдейді. Осыған  байланысты  теңге  де  нығайып  келеді. Теңгенің  басқа  валюталарға  бағамы  да  макроэкономика  тұрғысындағы  үлкен  саясат. Бұл  экспорт  шығындарын  өндіріс  орындарына, жалпы  ішкі  өнімнің  көлеміне  әсер  ететін  көрсеткіш.

    Еліміздегі  банк  жүйесі  жақсы  дамып  келе  жатқаны  рас. ТМД   елдері  ішіндегі  қарқыны  жоғары  екені  анық. Біздер  банк  жүйесін  жасаған  кезімізде, Еуропалық  тәжірибені  басшылыққа  алғанбыз. Атап  айтқанда, Германияның  банк  жүйесін  енгізбекші  болғанбыз. Бірақ  ол  көп  аймақтық  банктерден  тұратын. Ол  кездегі  біздің  елдегі  банктер  саны  200-дің  үстінде  болатын. Қазір  35-і  ғана  қалды. Дегенмен  біздің  еліміз  соңғы  жылдары  ірі  банк  жүйелерін  қалыптастырды.Бұл  америкалық  жүйеге  ұқсастау.

    Банк  жүйелерінің  несие  беру  көлемі  қарқынды  өсіп  келе  жатыр. Өткен  жылдың  қорытындысы  бойынша  алсақ, несие  беру  көлемі  жалпы  ішкі  өнімнің  32  пайызына  жетті. Ал  2000 жылға  дейін  бұл  көрсеткіш  10  пайыздан  аспайтын.

    Банктің  несие  бергендегі  қосылатын  пайыздық  үстеме  ақысы  да  азайып  келе  жатыр. Мысалы, теңге  қолданысқа  енген  кездері, яғни, 1993-94  жылдары  кері  қайтару  көлемі  250  пайызға  дейін  кетіп  қалатын. Ол  енді  құнсыздануды  тоқьату  үшін  керек  болды. 2000  жылы  орташа  көрсеткіші  23-тен 29  пайызға  дейін  болса, 2005  жылы  16-дан  18, кейбірінде  20  пайызға  дейінгі  аралықты  қамтиды.Өйткені  несиенің  берілу  мерзімі  әр  түрлі. Дамыған  елдерде, Еуропалық  одақта  әрі  кеткенде  бизнестік  құрылымдарға  берілетін  несие  4, әрі  кеткенде  6  пайыздық  көрсеткіштен  аспайды. Сондықтан  біздің  елдегі  несие  берудің  пайыздық  көрсеткішін  ілі  де  азайту  керек.

    Біздің  алдымызда  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіру  мақсаты  тұр. Соған  орай  жақында   ғана  Мәжілісте  еліміздің  кейбір  заңнамалық  актілеріне  лицензиялау  және  шоғырландыру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  енгізу  туралы  заң  жобасы  мақұлданды. Толықтырулар  бірнеше  заңдарды  қамтиды. Өзгерістердің  мәні – банк  жүйесіне  инвесторларды  көбірек  тарту. Ол  банкілерді  әлі  де  ірілендіруді  көздейді. Біз  банк  жүйесін  ең  жақсы   дамыған сала  деп  айтамыз, алайда  ол  әлі  де  кішкентай. Мысалы, біздің  банкі  жүйесінің  барлық  жиынтық  активі  Еуропаның  бір  ғана  АБН  АМРО  банкінің  сегіз-ақ  пайызындай. Ал  ТМД  елдерінің  барлық  банкілерінің  жиынтық  активтері  АБН  АМРО  банкінің  сексен-ақ  пайызын  құрайды. Еуропаның  бір  ірі  банкісіне  түгел  ТМД  елдері  болып  әлі  жете  алмай  отырмыз. Сондықтан  банк  қызметінде  бұрын  көптеген  шектеулер, тежейтін  тетіктер  болған, жаңа  қабылданған  заң  бойынша  ондай  кедергілер  алынып  тасталды.

    Қазақстанда  несие  жүйесінің  даму  ерекшеліктерінің  жемісін  тәжірибеде  кеңінен  пайдаланылып  отыр. ҚР  Ұлттық  банкі  мен  үкіметі  ақша-несиені  реттеудің  монетаристік  теориясын  қолдана  отырып, 1994-1997  жж.  өршіген  инфляцияны  басты  және  елдегі  макроэкономикалық  тұрақтылыққа  қол   жеткізеді.

     Банктердің  ресурстық  базасының  қарқынды  өсуінің  арқасында (негізінен  депозиттер  көлемінің  ұлғаюы  есебінен) жалпы  алғанда  банк  секторының  несиелік  қуаты  елеулі  түрде  нығайды  және  несие  нарығында  олардың  қызметінің  жандана  түскені  байқалды. Банктердің  несиелік  белсенділігінің  артуына  сондай-ақ  Қазақстан  Ұлттық  Банкі  жүргізген  шаралар  да  жәрдемдесті. Ел  экономикасының  қалыпты  дамуы, теңге  бағамының  тұрақтануы  және  инфляцияның  төмен  болуы, сондай-ақ  индикативтік  көрсеткіштің  төмендеуі  жағдайында  банктік  несиелер  бойынша  қайта  қаожыландыру, нарықтық  ставкалар  біртіндеп  төмендейді.

     Несиенің  негізгі  көзі – депозиттер  есебінен  банктердің  ресурстық  базасының  өсуі  оларға  экономиканың  нақты  секторын  несиелеу  бойынша  операциялар  көлемін  көбейтуге  жол  ашты.

     Банктердің  несие  жобаларын  білгірлікпен  және  біліктілікпен  таңдай  білуі  және  Ұлттық  Банктің  несие  портфелінің  сапасын  сақтау  жөнінде  банктерге  қойған  қатаң  талаптары  жыл  аяғында  мерзімі  өткен  борыштың  жалпы  үлесін  азайтуға  мүмкіндік  берді.

     Ұлттық  Банк  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  және  бірінші  кезекте, қызметі  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  несиелеумен  тікелей  байланысты  банктік  емес  қаржы  институттарының  нормативтік  құқықтық  базасын  жетілдіру  жөнінлегі  жұмысты  жалғастырды. Ұлттық  Банк  Несиелік  серіктестіктер  туралы  ережеге, Несиелік  серіктестіктерге  арналған  пруденциалдық  нормативтер  және  басқа  сақталуға  міндетті  нормалар  мен  лимиттер  туралы  ережеге  бірқатар  өзгертулер мен  толықтырулар  енгізілді. Бұл  өзгерістермен  толықтырулар  несиелік  серіктестіктер  құруға  және  қызметіне  қойылатын  талаптарды  азайтуға  бағытталған, олардың  белсенді  жұмыс  істеуі  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерді  несиелеуді  арттыра  түсуге  ықпал  ететін  болады.

   Шағын  бизнестің  субъектілерін  несиелеуде  банктер  орта  және  ұзақ  мерзімді  инвестицияларға  мән  берді.

   15  жыл  ішінде  Қазақстандағы  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдауда, экономиканың  дамцының  нақты  кезеңіне  тән   проблемалық  мәселелеріне  ерекше  назар  аударылды. Бұған – шағын  кәсіпкерліктің  даму  келешегі  мен  мәселелері, мемлекеттің  ұзақ  мерзімді  песпективаға  экономикалық  дамуының  мақсаттары  мен  артықшылықтарының  жалпы  жүйесінің  өзара  байланыссыз  қарастырылуы  себепші  болды.

    Соңғы  жылдары  мемлекеттік  саясат  өзінің  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  әлеуетін  арттыру  көзқарасы  тұрғысынан  ең  үлкен  әлеуеті  бар  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  дамуына  жәрдем  беруге  бағытталған. Шағын  және  орта  бизнестің  дамуы, шағын  кәсіпкерлік  пен  мемлекеттің  өзара  тиімді  байланысы, шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  мемлекеттік  саясатының  қалыптасуына  жаңа  тәсілдерін  талдау- бқұл  мемлекеттің  негізгі  мәселелері.

    Қазақстанда  шағын  бизнестің  тіркелген  субъектілер  саны  сайын  көбейіп  жатыр. Осылайша, соңғы  бес  жыл  ішінде  олардың  саны 2 есе өсті, соның  ішінде  шағын  бизнес  кәсіпорындарының  саны – 2,7 есе, шаруа (фермер) қожалықтары  саны – 1,6 есе  өсті.

 

Кесте  2

Шағын  бизнестің  тіркелген  және  жұмыс  істеп  тұрған  субъектілерінің  саны.

 

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Шағын  бизнестің тір-

келген  субектілері, бірлік  

     …

     …

365499

452007

541073

643035

739122

соңын  ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

тіркелген  кәсіпорындар

76743

87995

102182

116924

130779

145087

157568

тіркелген жеке  кәсіпкерлер

     …

     …

144257

197223

260937

321838

394672

тіркелген  шаруа

қожалықтары

 

105170

119060

137870

149357

176110

186882

Республика  бойынша  тіркелген

шаруашылық  жүргізуші субъек-

тілердің  жалпы  санындағы ша-

ғын  бизнестің  тіркелген  суб-

ъектілерінің  үлес  салмағы,%-бен 

 

 

 

 

 

 

 

      …

 

 

 

 

 

 

 

       …

 

 

 

 

 

 

 

87,1

 

 

 

 

 

 

 

 

88,6

 

 

 

 

 

 

 

 

89,8

 

 

 

 

 

 

 

 

90,8

 

 

 

 

 

 

 

 

91,4

Шағын  бизнестің  жұмыс  істеп  тұрған  субъектілері, бірлік

 

      …

 

       …

 

289496

 

366434

 

431503

 

497871

 

569127

соның  ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

жұмыс істеп  тұрған  кәсіпорындар

63422

67059

77398

87173

93494

103291

115126

жұмыс  істеп  тұрған  жеке

кәсіпкерлер

        …

         …

119038

169781

215116

247688

297234

жұмыс  істеп  тұрған  шаруа

қожалықтары

      …

76373

93060

109480

122893

146892

156767

Республика  бойынша  тіркелген  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  жалпы  санындағы  шағын  бизнестің  тіркелген  субъектілерінің  үлес  салмағы, %-бен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76373

 

 

 

 

93060

 

 

 

 

109480

 

 

 

 

122893

 

 

 

 

146892

 

 

 

 

156767

Шығыс көзі:ҚР –ның  статистикалық  бюллитені

 

   Шағын  бизнестің  жұмыс  істеп  тұрған  субъектілерінің  үлесі  бесжылдық  мерзім  ішінде  79.2 % -дан  77.0 %-ға  дейін  төмендеген, соның  ішінде  кәсіпорындар  үлесі – 75 %-дан 73 %-ға  жейін, жеке  кәсіпкерлер  үлесі  -82.5 %-дан  75.3  %-ға  дейін, шаруа  қожалықтарының  үлесі – 78 % — дан 39.7 % -ға  дейін  төмендеген.

    Азаматтарға  ипотекалық  несиелерді  беруді  екінші  деңгейдегі  банктер  1998  жылдан  бастап  жүзеге  асыруда. Ипотекалық  несиелер  бойынша  сыйақының  бастапқы  ставкасы  жылына  20 %, бастапқы  жарна  мөлшері  40-50 %-ға  жуықты  құрады, несие  5-10  жылдан  аспайтын  мерзімге  берілді.

    Ипотекалық  несие  беру  жүйесінің  осындай  дамуы  кезінің  өзінде  қызметтер  көрсетудің  бұл  түрі  ҚР  азаматтарының  аз  санатына  ғана  қол  жетімді  болды. Негізгі  себептердің  бірі  халықта  сыйақы  төлеу  мен  бастапқы  жарна  үшін  жеткілікті  қаражаттың  жоқтығы  болып  табылады. Осыған  байланысты «Қазақстан  Ипотекалық  Компания » ЖАҚ  бұдан  әрі – ҚИК ) құрылды. Қазіргі  кезде  ҚИК –тің  жарғылық  капиталы  2,5 млрд. теңгені  құрайды.

    ҚИК-тің  қатысуымен  ипотекалық  несие  беру  жүйесінде  8  банк  және  банктік  операциялардың  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  2  ұйым  жұмыс  істейді. ҚИК –тің  бағдарламасы  бойынша  ипотекалық  несие  беру  жөніндегі  өз  қызметін  жүзеге  асыратын «Каспий», «Астана-Қаржы» банкі, «Центр-Кредит» банкі, « АСҚ », « БТА – Ипотека » банкі, « Нұрбанк », « Қазақстанның  Халық  банкі», « Техака  банк», « Альянс  банкі», « Цесна  банк »  сияқты  екінші  деңгейдегі  банктер  мен  қаржы  ұйымдары  ҚИК-тің  серіктестері  болып  табылады. Бұдан  басқа  , екінші  деңгейдегі  банктердің  бірқатары  тұрғын  үй  құрылысына  ипотекалық  несие  беруді  дербес  жүзеге  асырады.

     2001  жылғы  1 – наурыздағы  жағдай  бойынша  ҚИК екінші  деңгейдегі  банктерден  10 млрд. теңгеден  астам  сомаға  ипотекалық  несиелер  бойынша  талап  ету  құқықтарын  сатып  алды.

     Ипотекалық  несиелерге  кепілдік  беру (сақтандыру)  жүйесі  айтарлықтай  рөл  атқарады. Ипотекалық  несиелерге  кепілдік  беру (сақтандыру) жүйесі  екінші  деңгейдегі  банктер  мен  ипотекалық  несиелерді  сақтандырушы  ұйымдар  арасындағы  несие  бойынша  несиелік  тәуекелдерді  бөлу  жолымен  ипотекалық  несиелерге  қолжетімділікті  арттыру  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасауға  бағытталған.

    Осыған  байланысты  ҚР – да  2003  жылы  Қазақстандық  ипотекалық  несиелерге  кепілдік  беру  қоры ( ҚИНБҚ )  құрылды. Ипотекалық  несиелерге  кепілдік  беру  ( сақтандыру )  жүйесін  құру  ҚР –на  ипотекалық  несиелер  нарығын  оңтайландыруға  және  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.

    Тұрғын  үй  саласының  ипотекалық  несиелеу  мәселесі  қазіргі  таңда  халық  арасындағы  ең  өзекті  проблемалардың  бірі  болып  отыр. Республикамыздың  елбасы  да  ипотекалық  несиелеу  қызметіне  көп  назар  аударылуда.

 

Кесте 3

Банктердің  халыққа  ипотекалық  несие  беруі

млн.теңге                                                                                                                                

 

2001

2002

2003

2004

2005

2006

01.04.2007

 

Барлық  несиелер             2624       7632       29509    99366    220504   396119   472369

 

     Оның  ішінде:

 

ұлттық валютада:             1095        1517       6728      11439     45181    120820    174340

 

қысқа мерзімді                      35           39         347          305        105          819         1348

 

 ұзақ мерзімді                    1059        1479       6381      11135     45076    120000    172993

 

шетел валютасында:         1530        6114     22782      87927    175323    275300    298029

 

қысқа  мерзімді                    121         142           91          290         198        335           394

 

ұзақ  мерзімді                     1409       5972      22691     87637    175125    274964     297635

 

__________________________________________________________________

 

     3-кестеде берілген мәліметтер бойынша  банктердің  халыққа  ипотекалық  несие  беруінің  2006  жылғы  барлық  көлемі  396119 млн. теңге.Оның  ішінде  ұлттық  валютада  120820 млн. теңге. Соның  ішінде  қысқа  мерзімді  819 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  1200000 млн. теңге.Ал, шетел  валютасында  275300  мле. теңге. Соның  ішінде  қысқа  мерзімді  335  млн.  теңге, ал  ұзақ  мерзімді  274964  млн.  теңге  болды.

     2007  жылдың  сәуір  айында  банктердің  халыққа  ипотекалық  несие  беруінің  барлығы  472369 млн.  теңгені  құрады. Ұлттық  валютада  174340 млн. теңге, оның  ішінде қысқа  мерзімді  1348 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  172993 млн. теңге. Шетел  валютасында  298029 млн. теңге, оның  ішінде  қысқа  мерзімді  394 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  297635 млн. теңге  болды.      

    Тұтыну  несиесі – бұл  тұрғындарға  тұтыну  тауарларын  сатып  алу  және  тұрмыстық  қызметтерді  төлеу  үшін  коммерциялық  және  банктік  формада  берілетін  несие.

     Несиенің  бұл  түрін  әр  түрлі  елдерде  салыстыру, оның  дамуының  әр  түрлі  деңгейін  көрсетеді. Италия  мен  Жапонияда  тұрғындардың  жалпы  қарыз  сомасының  қатынасы  осы  елдердің  ЖІӨ — не  10 %  деңгейінде, ГФР  және  Францияда  30 %, ал  Ұлыбритания  мен  АҚШ — та  60 %  астам.Тұтыну  несиесі  негізінен, қымбат  тұратын  тауарларды  сатып  алу  кезінде: автомобильдерді, электр  тұрмыстық  құралдары, жиһаздарды  және  т.б.  пайдаланылады. Капиталистік  елдерде  несие  көлемінің  жартысынан  көбі  автомобильдерді  сатудың  үлесіне  тиеді. Қалған  тауарлар  көбінесе  қолма – қол  төлеу  шартымен  сатылады.

 

  Кесте 4

Банктердің  халыққа  берген  тұтыну  несиелері

млн.теңге

 

12.04

12.05

12.06

01.07

02.07

03.07

04.07

  05.07

 

Барлық несиелер:            144422     320501     777027     784186    811880    857586   930023  999531

             Оның ішінде:

қысқа мерзімді                    35024      60578       86849        83749    77456       74380      70840     65119

ұзақ  мерзімді*                 109398     259923      690178     700437    734423    783206   859183    934412

Несиелердің жалпы

сомасы  ішінде:

Жеке тұлғаларға

берілген  несиелер           139965     309519    747790    753554   777081   817832   887846    954523    

               Оның ішінде:                                

қысқа  мерзімді                   34459       59808       85309     82207     75715      71140    67719      62599        

ұзақ   мерзімді*                  105507     249710    662481    671346   701366   746392   820127    891924

 

Жеке тұлғалар-ша-

ғы кәсіпкерлік суб

ъектілеріне берілгендер

несиелер                              4456         10983     29237     30632      34798     39754     42177     45008

              Оның ішінде:

қысқа мерзімді                      565          769           1539      1542        1741       2940       3121      2520

ұзақ мерзімді*                     3891          10213     27698     29091      33057     36814     39056     42488

_____________________________________________________________________________________

 

*1 жылдан аса

** қорытынды  айналымдар есепке алынған жоқ

 

   4-кестеде   көріп  отырғанымыздай  екінші  деңгейлі  банктердің  халыққа  тұтыну  несиесінің  барлық  несиелері  2007  жылдың  мамыр  айындағы  көлемі  999531 млн. теңге. Оның  ішінде  қысқа  мерзімді  65119 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  934412 млн. теңге. Жеке  тұлғаларға  берілген  несиелер  954523 млн. теңге. Оның  ішінде  қысқа  мерзімді  65599 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  891924 млн. теңге. Жеке  тұлғаларға шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  берілген  несиелер  көлемі  45008 млн. теңге. Оның  ішінде қысқа  мерзімді  2520 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  42488 млн. теңгені  құрады.

    Қазақстан  Республикасындағы  қазіргі  таңдағы даму  барысындағы  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  тұрақты  әлеуметтік – экономикалық  даму  арқылы  халықтың  тұрмыс  деңгейінің  сапасының  артуын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. « Қазақстан  2030 »  стратегиясы, 2015  жылға  дейінгі  индустриялдық – инновациялық  даму  стратегиясы  мен  Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында  кәсіпкерлік  ортаны  одан  әрі  нығайту  мәселесіне, оның  ішінде  ұлттық  экономиканы  инновациялық  технологиялар  негізінде  диферсификациялауды  жүзеге  асыруда  шағын  және  орта  бизнеске  жетекші  орын  беріліп  отыр.

    Қазақстан   Республикасындағы  қазіргі  уақыттағы  экономикалық  жағдайы, оның  ішінде  несиелі  ақша  жүйесінде  үлкен  өзгерістер  болып  отыр. Несие  толығымен  экономикамен  және  оның  жеке  секторларымен  тығыз  байланысты. Сондықтан  да  бүгінгі  таңда  Қазақстанда  күрделі  өзгерістер  болуда, яғни  елдің  экономикасының  дамуы  мемлекеттің  несие  саясатымен  тікелей  байланысты. Несие  жүйесі қазіргі  уақыттағы  экономиканың  жетекші  саласы  болып  табылады.

    Банктердің   қаржылық  жағдайының  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету – жалпы  экономика  дамуының  басты  шарты. Банктік  қызмет  кәсіпкерліктің  басқа  түрлеріне  қарағанда  жоғарғы  тәуелділікпен  ерекшеленеді. Ал  банктердің  ең  негізгі  қызметтерінің  бірі – банктердің  несиелік  қызметі  болғандықтан, банктер  көбіне  несиелік  тәуекелге  ұшырайды. Банк  пайдасының  үлкен  бөлігі  несиелеумен  байланысты. Бірақ  несиені  қайтармау ,  әсіресе  үлкен  мөлшердегі  несиені, банкті  банкротқа  ұшыратуы  мүмкін. Кез  келген  банктің  қызметінің  табыстылығы  банктің  берген  несиелерінің  сапасына, яғни  оның  қайтарымдылық  дәрежесіне  тікелей  байланысты. Несиенің  уақытылы  қайтарылмауы  банктің  зиян  шегуіне  итермелейді. Сондықтан  да  банктер  несиелік  тәукелді  басқару, реттеу  шараларымен  уақытылы  айналысып  отыруға  тиісті.

   Сонымен  қатар, несиелік  тәуекелді  реттеудегі  мемлекеттің  де  рөлі  маңызды  болып  табылады. Мұнда  мемлекет  өз  қызметін  ҚР  Ұлттық  Банкі  және  ҚР  Қаржы  нарығы  мен  қаржы  ұйымдарын  реттеу  және  қадағалау  Агенттігі  арқылы  жүзеге  асырады. Ескере  кететін  жағдай, 2003  жылғы  31  желтоқсанындағы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  №1720 « Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  басқару  жүйесін  одан  әрі  жетілдіру  туралы » жарлығына  сәйкес  бірқатар  өзгерістер  болды. Атап  айтқанда  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкінің  реттеу   және  қадағалау  қызметтері  жаңа  құрылған  Агенттікке  жүктелінген  болатын.

   Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  мен  Қазақстан  Республикасының  Қаржы  нарығы  мен  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  Агенттігі  Қазақстандағы  екінші  деңгейлі  банктердің  қызметін – банктік  жүйенің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, екінші  деңгейлі  банктердің  қызметіндегі  тәуекелді  азайту  арқылы  салымшылардың  мүдделерін  қорғау  мақсатында  реттеу  мен  қадағалауды  жүзеге  асырады. Соның  ішінде  банктердің  несиелік  операцияларын  реттеу  мен  қадағалаудың  бірнеше  себебі  бар:

  • Банктік жүйенің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету.
  • Банктер қызметінің  сенімділігін  қамтамасыз  ету. Мысалы, қарыз  алушыға  берілетін  несие  сомасын  шектеу. Мұндай  шектеудің  басты  мақсаты – несиенің  бір  қарыз  алушының  қолында  шоғырланбауын  қамтамасыз  ету  және  несиелік  тәуекелді  төмендету  болып  табылады.
  • Жалпы экономикаға  әсер  етуіне  байланысты  несиенің  кейбір  түрлерін  шектеу  немесе  қолдау  көрсету.

    Несиелік  тәуекелді  реттеу  шараларының  ішіндегі  ең  маңыздыларының  бірі – 2002  жылы  3 маусымдағы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  № 213  қаулысымен  бекітілген  « Екінші  деңгейдегі  банктерге  арналған  пруденциалдық  нормативтер  туралы » ереже. Атап  айтсақ, оның  ішінде: « Меншікті  капиталдың  жеткіліктілік  коэффициенті » және  « Бір  қарыз  алушыға  келетін  тәуекелдің  жоғарғы  мөлшері » .

    Отандық  банктік  тәжірибеде  проблемалық  несиелерге  несиелердің  жіктелуі  ережесіне  сәйкес  стандартты  несиеден  өзгелері, соның  ішінде  күмәнді  және  үмітсіз   несиелер   жатады.

 

 

Кесте 5

 

           ЕДБ – дің  экономикаға  берген  несиелердің  жіктелуі, млрд .теңге

 

Көрсеткіштердің аттары

01.01.2003ж

01.01.2004ж

01.01.2005ж

01.10.2005ж

1

Несиелік  портфель

717.4

1086.6

1812.9

2514.0

2

Стандартты

511.2

664.0

1019.1

1486.0

3

Күмәнді,соның ішінде

191.7

399.7

741.9

975.8

 

1-санатты  күмәнді

121.1

280.7

578.1

755.3

 

2-санатты  күмәнді

18.1

34.0

25.1

66.2

 

3-санатты  күмәнді

29.5

49.5

95.2

89.4

 

4-санатты  күмәнді

8.2

15.5

17.6

27.6

 

5-санатты  күмәнді

14.7

20.0

25.9

37.3

4

Үмітсіз

14.4

22.8

51.9

52.2

 

    5 кестеден  көріп  отырғанымыздай  2003-2004  жж  ЕДБ – дің  несиелік  портфелінің  сапасы  төмендегі  байқалады, оны  стандартты  несиелер  үлесінің  азайып, керісінше  күмәнді  несиелер  үлесінің  артуынан  көреміз. Әрине  мұндағы  соңғы  екі  несие  бұл  банк  үшін  проблемалық  несиелер, олардың  үлесінің   артуы  банктердің  табысына  кері  әсерін  тигізеді. Сондықтан  да  олармен  уақытында  жұмыс  жүргізу  қажет.

    Кез  келген  коммерциялық  банкте  проблемалық  несиелер  Басқармасы  немесе  жұмыс  жасау  бөлімі  ұйымдастырылуы  тиіс.

     Проблемалық  неиелермен  әрі  қарай  жұмыс  жасау  бағытын  таңдауда  мынадай  факторлар  ескерілуі  тиіс:

  • қарыз алушының  Банк  алдындағы міндеттемені  орындамау себебі;
  • проблемалық несиенің  пайда  болу  себептері: дефолтқа итермелеген   форс-мажор  немесе  нарықтық  жағдаяттың  теріс  өзгерісі, бизнес  жоспарындағы  жіберілген  қателіктер, кәсіпорындағы  менеджмент   сапасының  төмендігі  және  т.с.с;
  • қарыз алушының  іскерлік  беделі, несиелік  тарихының  болуы;
  • кепіл мүлкі  есебінен  ссудалық  қарызды  қайтару  мүмкіндігі;
  • қаржылық сауықтандыруға  байланысты  шаралар  жасалған  жағдайда  қазыз  алушының  ссудалық  қарызды   толық  төлейтіндігін  куәландыратын  қаржылық  сауықтандыру  жоспарының  банкке  ұсынылуы; 
  • қарыз алушының  ағымдағы  қаржылық  есебі, ақша  қаражаттары-

ның  қозғалысы  туралы  толық  ақпараттарды  банкке  беруге  дайын

           болуы;

      —    қарыз  алушының  қосымша  қамтамасыз  ету  мүлкін  банкке  ұсынуы.

    Қорыта  айтқанда, банк  үшін  аталған  нұсқалардың  қайсысы  аз  шығын  жұмсай  отырып, ссудалық  қарызды  қайтаруға  мүмкіндік  жасайтындығын  ескеру   қажет.

 

2.2  ҚР-ның  несие  жүйесінің  қазіргі  жағдайын  талдау

 

    Несие  нарығындағы  ахуалға  мониторинг  жүргізу  мақсатында  Ұлттық  Банк  2008  жылғы  қаңтарда  « Несие  нарығының  жай – күйі  және  өлшемдерінің  болжамы »  зерттеуін  жүргізді.

     2007  жылдың  екінші  жартыжылдығында  зерттеу  нәтижелері  бойынша  банктердің  несие  саясаты  біршама  қатаңдатылды. Пікіртерім  жүргізілген  банктердің  ішінен  респонденттердің  жартысынан  көбі  қаржылық  емес  ұйымдарға  және  жеке  тұлғаларға  ( респонденттердің   68 % ипотекалық  несиелеуге, 63 % — тұтыну  несиесіне  қатысты ) қатысты  саясатты  қатаңдатуды  атап  өтті. Бұл  үрдіс  активтері  жөнінен  бірінші  бестікті  құрайтын  және  несиелеудің  осы  бөліктерінде  көш  бастайтын  банктерде  айтарлықтай  анық  байқалды. Банктердің  несие  саясатына  әсер  еткен  негізгі  факторлар:

  1. капиталдың ішкі  нарықтарындағы  қаржы  ресурстарының  қолжетімділігінің  төмендеуі  және  құнының  өсуі;
  2. борыштық ауырпалықтың  өсуіне  байланысты  салалық  тәуекелдердің  және  жеке  тұлғалардың  төлем  қабілеттілігі  тәуекелдерінің  ұлғаюы;
  3. жылжымайтын нарықтағы  жағымсыз  үрдістер  жағдайында  кепілдік  қамтамасыз  ету  құнының  өзгеру  тәуекелдерінің  өсуі;
  4. тұтастай алғанда  елдің  экономикалық  дамуы  қарқынының  баяулауын  күту.

     Сыртқы  нарықтардағы  қарыз  алу  талаптарының  қатаңдауына  және  өтімділік  дағдарысына  жауап  ретіндегі  қатаңдату  несие  берудің  баға  және  баға  емес  талаптарының  барлық  спектріне, әсіресе  несиелеудің  тәуекелді  түрлеріне, кепіл  талаптарына, сондай-ақ  берілетін  несиелердің  ең  көп  сомасына  және  бастапқы  жарналардың  мөлшеріне  қатысты  әсер  етті. Несие  нарығының  баға  өлшемдері  мен  экономикалық  даму  үрдістері  жеке  тұлғалардың  ипотекалық  және  тұтыну  заемдарына  деген  сұранысына  айтарлықтай  әсер  етті, оның  төмендеуін  пікіртерім  жүргізілген  банктердің  жартысы  мен  үштен  бірі  атап  өтті. Тұтастай  алғанда  ең  ірі  5  банк  несие  саясатын  және  несиелеу  талаптарын  барынша  қатаңдатты.

     Екінші  жартыжылдықтың  жағымсыз  үрдістері  2008  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  да  дами  беретіндігін  айта  кету  қажет. Атап  айтқанда  қаржылық  емес  ұйымдарды  несиелеуге  қатысты  2  банк  қана, ипотекалық  несиелеуге – 1  банк, тұтыну  несиесіне  қатысты – 3  банк  өздерінің  несие  саясатын  аздап  жұмсартуға  ниет  білдіруде. Бұл  ретте  жеке  тұлғаларды  несиелеуге  қатысты  несие  саясатын  одан  әрі  қатаңдатуға  көбісі  ниетті (әсіресе  бірінші  5  банк ), бұл  осы  санаттағы  заемшылар  тарапынан  сұраныстың  одан  әрі  баяулауында  көрінеді. Тұтастай  алғанда  қатаңдату  несиелеудің  тәуекелді  түрлері  бойынша  ғана  емес, стандартты  несиелер  бойынша  да  баға  талаптарына  әсер  етеді.

    Сондай-ақ  банктер  2008  жылдың  1  жартыжылдығында  несие  тәуекелі  деңгейінің  біршама  өсетіндігін  күтуде, ол  ұзарту  санының  өсуінен  және  проблемалы  несиелердің  кепіл  мүлкін  өндіріп  алу  жөніндегі  операциялар  санының  өсуінен  көрінетін  болады. Бұл  өсу  банктердің  жылжымайтын  мүліктің  нарықтық  құнының  одан  әрі  төмендеуін  күтумен, соған  байланысты  кепіл  мүлкі  құнының  төмендеуін  күтумен  қатар  жүретін  болады.

     Маңыздылығы  жөнінен  2-ші  орында  деп  банктер  өтімділік  тәуекелін  бөліп  көрсетті, ол  банктердің, әсіресе  ірі  банктердің  алдағы  уақытта  сырттан  алған  қарыздарын  өтеуіне  байланысты  өзектілігін  жоймайды.

    Осылайша,  банктер   өтімділікке  қолдау  көрсету  міндетімен  күресу  жағдайында  несие  нарығының  неғұрлым  қатаң  өлшемдері  жағдайында  капиталдың  жеткіліктілігіне  банктердің  қолдау  көрсету  мәселесі  бірінші  дәрежелі  мағынаға  ие  болады.

 

    Кесте 1

Несие   нарығы

 

 

            Экономикаға  берілген  несиелер, кезеңнің соңына, млн. теңге

Барлығы

Оның  ішінде валюта  түрлері  бойынша

Оның ішінде  мерзімдері  бойынша

Оның  ішінде субъектілер бойынша

ұлттық

валютада

шетелдік

валютада

қысқа

мерзімді

орта және ұзақ мерзімді

Банктік емес заңды  тұлғаларға

Жеке  тұлғаларға

12.07*

7258369

4158399

3099970

1457607

5800763

4681174

2577195

01.08

7242981

4147127

3095854

1428749

5814232

4685205

2557776

02.08

7239542

4115322

3124220

1401884

5837685

4696270

2543272

 

* қорытынды  айналымдар есепке  алынды

 

   Жоғарыдағы  кестеден  көріп  отырғанымыздай  екінші деңгейлі  банктердің  экономикаға  берілген  несиелерінің  01.08  жылғы  барлық  көлемі  7242981 млн. теңгені  құрады. Оның  ішінде  ұлттық  валютада  4158399  млн.теңге, шетелдік  валютада  4147127 млн. теңге. Ал  02.08 жылы  экономикаға  берілген  несиелердің  барлық  көлемі  7239542 млн. теңге. Яғни , бұл  алдыңғы  аймен  салыстырғанда  3439 млн. теңгеге  аз. Ұлттық  валютада  4115322 млн. теңге, шетелдік  валютада  3124220 млн. теңге.        

   Қазақстанда  экономика  өсімі  бұрыңғы  жылдармен  салыстырғанда  кем  түсіп, шамамен  5 %-ды  құрайды. Бірақ  экономика  өсімінің  уақытша  баяулауы  « қызып  кетуі »  проблемасын  шешуге  ықпал  ететін  болады. Қазақстан  экономикасы  тұрақты  болып  қалады, бұлай  деуге  толық  негіз  бар.

  1. Соңғы уақытта  мұнай  емес  секторы  белсенді  дамуда.
  2. Елдің алтын-валюта  қоры  үнемі  өсуде  және  жалпы  ішкі  өнім  көлеміне  шаққанда  40 %-ға  жақындады. Олар  өз  мөлшерінің  2007  жылдың  желтоқсан  айында  17,6  миллиард  долларға  дейін  төмендеуінен  кейін  ағымдығы  жылдың  наурыз  айында  19  миллиард  долларға  дейін  өсті.
  3. Негізгі экспорттық  құрам  бағасының  рекордтық  жоғары  көрсеткіші  ғалами  ауқымдағы  өтемділік  жағдайының  қолайсыздығы  кезеңіне  экономикалық  тұрақтылықтың  кепілі  ретінде  қызмет  атқарады.
  4. Тікелей шетелдік  инвестициялардың  үнемі  айтарлықтай  ағыны   ағымдық  есеп  тапшылығын  жабуды  қамтамасыз  етеді.

   Қазақстанның  халықаралық  рейтингтері  өткен  жылдың  күзіндегі  төмендеуінен  кейінгі  деңгейде  қалып  отыр.

Жоғарыда  аталған  факторлар  елдің  рейтингін  айқындауда  басты  рөл  ойнауы  тиіс. Мәселен, Moodys Inbesnors  Service  рейтингі  агенттігі  Қазақстан  рейтингі  бойынша  өз  ұстанымын  сақтап  қалды, бұл  ең  алдымен  ел  экономикасындағы  айтарлықтай  тұрақты  және  қолайлы  жағдайды  көрсетеді.

    Алайда, бұған  қарамастан  өзге  рейтинг  агенттіктерінің  пікірі  басқаша.Атап  айтқанда, 2007  жылдың  қазан  айында  Standard&Poors  агенттігі  Қазақстанның  тәуелсіз  несиелік  рейтингін  « тұрақты » деңгейіндегі  болжамды  растаумен  бір  саты  төмендетті. Fitch  Ratings  желтоқсан  айында  Қазақстанның  ұзақ мерзімдік  міндеттемелер  бойынша  тәуелсіз  несиелік  рейтингін  растады  және « кері »  болжамды  ғана  ауыстырды.

     2007  жылы  ақша  массасының  өсу  қарқыны  2006  жылмен  салыстырғанда  25.5 %-дан  78.1 %-ға  біршама  қысқарды. Бұл  алыс-беріс  ресурстарының  сыртқы  рыногындағы  тұроақсыздық  салдарынан  2007 жылы  ақша   ұсынысының  өсу  қарқынының  баяулауы  ағымдағы  жылы  инфляцияға  оң  ықпал  етуі  мүмкін. Ұлттық  Банктің  2008 – 2009  жылдарға  арналған  ақша – несие  саясатының  өлшемдері  инфляция  бойынша  белгіленген  өлшемдерге  жетуді  есепке  ала  отырып  айқындалды.

     Мемлекеттің  макроэкономикалық  саясаты  баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, оңтайлы  айырбас  бағамын  ұстап  тұруға  және  экономиканың  бірқалыпты  өсіміне, қаржы  жүйесінің  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге, халықтың  өмір  сүру  сапасын  жақсартуға, экономиканың  жаңғырту  және  әртараптандыруға, аймақтарды  теңгерімді  дамытуға, әлемдік  экономикаға  тиімді  интеграциялануға  бағытталатын  болады.

    Келешегі  бар  ірі  жобалар  мен  шағын  және  орта  бизнес  жобаларын  әрі  қарай  тұрақты  несиелеуледі  қамтамасыз  ету  үшін  үкімет  даму  институттарына  қор  бөлу  шараларын  қабылдады. Бұл  институттар  екінші  деңгей  банктері  несиелейтін  және  қаржы  тапшылығын  көріп  отырған  инвестициялық  жобаларға  қаржыландыру  және  қосымша  қаржыландыруды  жүзеге  асырады.

    Мәселен, « Алдыңғы  кезектегі  іс-шаралар  жоспарын » жүзеге  асыру  шеңберінде  2007  жылы  шағын  және  орта  бизнеске  48,8  миллиард  теңге  бөлінді. 2008  жылғы  28- наурызға  шаққанда  екінші  деңгей  банктері  игерген  сома  42,1  миллиард  теңгені  немесе  бөлінген  қаржының  86,2 %-ын  құрады.

   Сонымен  қатар  үкімет  қаулысына  сәйкес, жергілікті  атқару  органдары  2008  жылға  арнап  шағын  және  орта  бизнесті  несиелендіруге  жергілікті  бюджеттен  8,3  миллиард  теңге  қаржы  бөлуді  қарастырған.

    Мұнымен  қоса  қазіргі  кезде  үкімет  бөлінетін  мемлекеттік  қаржы  тиімділігін  арттыру  мен  шағын  және  орта  бизнесті  несиелеудің  қолайлы  жағдайларын  туғызу  бойынша  жұмыстар  жүргізуде.

    Атап  айиқанда, даму  институттары  мен  екінші  деңгей  банктерінің  сыйақыларын  реттеу  арқылы  соңғы  қарызгер  үшін  несие  мөлшерлемесін  төмендету, бір  қарызгерге  шек  мөлшерін  арттыру, шағын  және  орта  бизнестің  өңдеу  кәсіпорны  мен  ауылшаруашылығында  несиелеу  үшін  басым  салалар  ретінде  нығайту  бойынша  жұмыс  жүргізіліп  жатыр. Шағын  және  орта  бизнесті  несиелеуге  бұрын  бөлінген  қаржыны  игеру  нәтижелерін, шағын  және  орта  бизнестің  соңғы  бес  жылдағы  дамуын  талдауды, сондай-ақ  кәсіпкерлер  мен  екінші  деңгей  банктерінің  ұсыныстарын  есепке  ала  отырып, « Қазына » АҚ  коммерциялық  банктерде  қаржыны  шартты  орналастырудың  жаңа  бағдарламасын  қарастыруда. Мұнда  бір  қарызгерге  шек  мөлшерін  3  миллион  долларға  дейін  арттыру  көзделуде. Осының  нәтижесінде  банктерге  өңдеу  өнеркәсібіндегі  ұзақмерзімдік  инвестициялық  жобаларды  несиелеуге  мүмкіндік  береді.  Банктер  үшін  негізгі  қорларды  сатып  алуға  бағытталатын  қаржының  төменгі  көлемін  бүкіл  несие  сомасының  50 % -нан  кем  болмайтын  деңгейде  белгілеу  көзделуде, бұл  негізгі  қорды  жаңғыртып, жаңартуға  бағытталған  жобаларды  несиелеуге  мүмкіндік  береді.

    Сонымен  қатар  шағын  неcие  беретін  ұйымдардың   жұмысын  да  жаңдандыру  жоспарланған. Олардың  жұмыс  тиімділігін  арттыру  үшін  «Шағын  кәсіпкерлік  қоры »  АҚ  жәәне  « Ауыл  шаруашылығын  қаржылық  қолдау  қоры » АҚ   арқылы  жылына  7  миллиард  теңге  көлемде  2009-2011

Жылдары  шағын  несие  беретін  ұйымдарды  республикалық  бюджеттен  қаржыландыруды  жалғастыру  қарастырылған.

    Жалпы  алғанда, аталған  шараларды  жүзеге  асыру  шағын  және  орта  кәсіпорындарды  қолайлы  түрде  қаржыландыруға  келешегі  бар  инвестициялық  жобаларды  әрі  қарай  тұрақты  несиелеуге, сондай-ақ  елдің  ипотекалық  нарығында  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге, үлескерлер  құқығын  қорғауға  және  құрылыс  нысандарын  аяқтауға  ықпал  ететін  болады.

     Республикада  құрылған  әлеуметтік – кәсіпкерлік  корпарациялардың  қызметтері  де  мемлекеттік – жекеменшік  әріптестік  аясындағы  бірлескен  жобаларды  жүзеге  асыру  арқылы  жекеменшік  бизнесті  қолдауға  бағытталған.

    Мәселен, 2007  жылы  « Сарыарқа » әлеуметтік – кәсіпкерлік  корпарациясы  қайта  құрылған  кәсіпорындарға  289,9  миллион  теңге  сома  актив  инвестициялады. Тікелей  келіссөздер  жүргізу  негізінде  12  қатты  пайдалы  қазбалар  нысандары  бойынша  жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  берілді.

    Үстіміздегі  жылы  « Сарыарқа »  жаңа  жобаларға  шамамен  1,5  миллиард  теңге  инвестициялауды  және  19,3  миллиард  теңге  жалпы  сомаға  жеке  инвестициялар  тартуды  жоспарлауда.

      Қазақстан  Республикасының  мемлекет  басшысының  халыққа  арнаған   «Қазақстан  азаматтарының  әл-ауқатын  көтеру – мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты  »  жолдауының  негізгі  ережелерін  жүзеге  асыру  мақсатында  үкімет  серпінді  жобалар  мен  « Қазақстанның  30  корпаративтік  көшбасшысы »  бағдарламасын    жүзеге  асыру  жұмыстарын  жалғастыруда. Бұл  шаралардың  жүзеге  асуы  шикізаттық  емес  және  « саудаға қатыссыз » салаларын  дамытуды  қамтамасыз  етеді.

     1999  жылдың  16  тамызынан  бастап  Қазақстан  Республикасының Ұлттық  Банкінің № 276  қаулысымен  бекітілген  екінші  деңгейдегі  банктерді  несилеу  бойынша  құжаттауды  жүргізу   Ережесіне  сәйкес  несиені  толық  өтеу  туралы  несие  бөлімінің  қызметкерлері  әрбір  қарыз  алушыға  несиелік  іс  жүргізеді.  Несиелік  шарт әрекет  ету  мерзімі  бойынша  банк  қарыз  алушымен   тығыз  қатынасты  сақтап,  оның  қаржылық  жағдайын  бақылайды, несиенің  мақсатты  пайдаланылуын,  оның  қамтамасыз  етілуіне  кепілге  берілген  мүлкінің  сақталу  жағдайын  тексереді, яғни  несилік  мониторинг  жүргізіледі.

     Несиелік   мониторинг – несиені  берген  күннен  бастап, оны  толық  қайтарғанға  дейін  бақылауды  және  қарыз  алушының  несиелік  қабілетінің  өзгерісін  үнемі  талдап  отыруды, несие  сапасының  төмендеуі  немесе  несиелік  келісім – шарттың  бұзылуы  анықталған  жағдайларды  қамтитын  банктің  күнделікті  жұмысы.

     Несиелік  мониторингті  жүргізуге  арналған  ақпарат  көзіне  мыналар  жатады:

  • банкте жинақталған  қарыз  алушы  туралы  ақпараттар;
  • қарыз алушыдан  алатын  ақпараттар;
  • өзге де  көздерден  алынатын  ақпараттар ( жабдықтаушылардан, сатып  алушылардан, өзге  банктерден, қаржы  ұйымдарынан, үшінші  тұлғалардан  және  т.б. ).

    Ақпараттың  толықтығына  қарай  несиелік  мониторинг  ағымдық  және  тереңдетілген  болып  бөлінеді.

    Ағымдық  мониторинг – ай  сайын  ағымдық  мониторинг  есебін  түрінде  рәсімделетін, несиені  қайтару  кестесінің  орындалысы  шегінде  барлық  несиелер  бойынша  жоспарлы  түрде  қарыз  алушының  шаруашылық  және  қаржылық  жағдайы  туралы  жалпы  ақпараттарды  алу  негізінде  жүргізілетін  тексеру.

    Ағымдық  несиелік  мониторинг  әр  ай  сайын  несие  толық  қайтарылғанға  дейін  жасалады. Ағымдық  несиелік  мониторингтің  мақсаты – банктің  барлық  берген  несиелер  бойынша  төлемсіздіктің  алдын  алу. Мониторинг  жүргізуде  несиені  қайтару  кестесі  пайдаланылады  және  оның  көшірмесі  шот  менеджеріне  беріледі.

    Ағымдағы  мониторингтің  негізгі  қадамдарына  мыналар  жатады:

  • қарыз алушының  шотындағы  ақша  қаражаттарының  қозғалысына  бақылау  жасау;
  • клиентке ескертулер  жасау ( несиені  төлемеу  мерзімінен  екі  үш  күн  бұрын  телофон  арқылы  ескерту, телофон  болмаған  жағдайда  жазбаша  түрде );
  • клиенттің орналасқан  жеріне  бару ( қарыз  алушы  кәсіпорынның  қаржылық  есебінің  материалдары  негізінде  оның  қаржылық  және  шаруашылық  жағдайымен  танысу  және  т.б. ).

    Қарызды  қайтару  күнінде  несиені  қайтару  кестесі  бойынша  қарыз  алушының  негізгі  қарыздың  және  пайыздың  төленгендігі  тексеріледі.

    Тереңдетілген  мониторинг – ай  сайын  тереңдетілген  мониторинг  есебін  түрінде  рәсімделетін, несиені  қайтару  кестесінің  орындалысының  бұзылуына  қарай, жоспардан  тыс (кенеттен)  немесе  қандай  да  бір  алаңдатарлық  белгілердің  туындауына  байланысты  қарыз  алушының  шаруашылық  және  қаржылық  жағдайы  туралы  барынша  толық  ақпараттарды  алу  мақсатында  жүргізілетін  тексеру.

    Тереңдетілген  мониторингтің  ұзақтылығы  мыналарға  тәуелді:

  • қарыз алушының  несиелік  рейтингіне;
  • қарыз алушының  саласының  жағдайына;

    Несиелік  рейтинг – несиені  қайтару  ықтималдылығы, міндеттемені  орындау  тұрғысынан  қарыз  алушының  несиені  несиені  өтеу  қабілеттілігін  бағалауды  білдіреді. Мұндай  рейтингті  әдетте  банктер  немесе  мамандандырылған  консалтинг  агенттіктері  анықтайды.

 

 Кесте 2  

ТМД  елдерінің  несиелік  рейтингтері

 

Эмитент

Дефолтты эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингі шетел валютасында

Дефолтты  эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингі ұлттық валютада

Халықара-

лық рей-

тинг бойынша болжам

Қысқа мерімді рейтинг ұлттық валютада

Ұлттық шкала  ойынша рейтинг

Мем-

лекет-тік

  « шек»

Берген

күні/

соңғы

қаралу

Азербайжан

 

Қазақстан

 

Украина

 

Армения

 

Ресей

Федерациясы

 

Молдавия

 

      ВВ+               ВВ+           Тұрақты               В                          ВВ+   05/02/07

 

       ВВВ               ВВВ+        Позитивті           Ғ3                          ВВВ+ 21/01/06

                                                                                                                 АА+(ukr) 

       ВВ-               ВВ-            Позитивті                                          ВВ-     25/10/06

 

       ВВ-                 ВВ-            Тұрақты             В                            ВВ      17/08/06

 

       ВВВ+             ВВВ+         Тұрақты             Ғ2      ААА(rus)    F-       17/08/06

 

 

       В-                    В                Тұрақты             В                             В-      04/04/06  

 

Шығыс көзі: Fitch  Ratings. Экономика  және  статистика  №1, 2007 жыл

 

    Статистикалық  мәліметтер  негізінде  мемлекеттік ұлттық  институттар  мына  жағдайды  ескеру  керек  және  де  халықаралық  институттар ( МВҚ, ОЭСР ), одан  басқа да тәуелсіз  беделді  халықаралық  рейтингтік  агенттіктердің  бағасын ( Standart & Poors , Moodys , Fitcһ ) . Одан  кейін  методологиялық  және  сараптамалық  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  несиелік  рейтингісінің  бағасын  осы  агенттіктердің  қатысуымен  Standart& Poors  және  Fitch .

     Қазақстан  Республикасы  ТМД  елдері  ішіндегі  бірден – бір  мемлекет  инвестициялық  рейтинг  бірінші  берілген, жоғарыдағы  кестеде  Қазақстан  Республикасының  несиелік  рейтингісінің  салыстырмалы  жағдайы  туралы  мәлімет  және  де  бірқатар  ТМД  елдері. 2006  жылдың  желтоқсанында  Fitch  Ratings  дефолтты  эмитенттер  рейтингі  бойынша ( «РДЭ») болжамын  өзгертті. Қазақстан  Республикасындағы  шетелдік  және  ұлттық  валютада  «тұрақты » жағдайдан  « позитивтіге » .Қазақстан  Республикасының  шетелдік  және  ұлттық  валютадағы  деңгейі  расталды  « ВВВ »  және  « ВВВ+» осы  бойынша. Агенттік  тағы  да  растады  мемлекеттік  шектік  рейтингті  мына  деңгейде  « ВВВ+ »  және  қысқа  мерзімдік  рейтинг  шетелдік  валютада  « Ғ3 » .

    2006  жылдың  маусымында  Standart & Poors  агенттігі  Қазақстан  Республикасының  рейтингтік  болжамын  « тұрақты » жағдайдан  « позитивтіге»  өзгертті: несиелік  рейтинг  ұлттық  валютада  бойынша  қарыздарды  ВВВ / Позитивті / А-3   шетелдік  валютадағы  қарыздар  бойынша  ВВВ- / Позитивті / А-3 .

     Экономиканың  қазіргі  жағдайындағы  банктің  несие   жүйесінің  дамуын  талдауға  келетін  болсақ   Қазақстан  Республикасының  банк  секторының  2008 жылдың  1  қаңтарына  берілген  жағдайына  тоқталайық.

     Қазақстан  жоғарыда  көрсетілген  уақытта  екінші  деңгейлі  банктердің  саны  35 – ке  жеткен.

 

  Кесте 3

 

                                  Банктік  сектордың  құрылымы

                   Банктік  сектордың  құрылымы

 

01.01.2007ж

01.01.2008ж

Екінші деңгейдегі  банктердің саны, оның ішінде:

        33 

       35

Мемлекеттің  жарғылық  капиталына  100 пайызға  жуық  қатысатын  банктер

         1

        1

Екіншідеңгейлі  банктердің филиалдарының саны

        324    

       352

Екінші  деңгейлі  банктердің  есептік-кассалық  бөлімдерінің  саны

       1489

       2028

Екінші  деңгейлі банктердің  шетелдегі өкілдерінің  саны

        22

       -17

Қазақстан  Республикасындағы   резидент  емес

банктердің  өкілдерінің  саны

        23  

        26

Міндетті  жүйеге  қатысатын  жеке  тұлғалардың

ұжымдық  кепілдік (сақтандыру), салымдар (депозит)  бойынша  банктердің  саны

        32

        33

Кастодианды  қызметіне  іске  асыруға лицензиясы бар  банктердің  саны

          9    

        10

  Шығыс  көзі: Қазақстанның  банкі  журналы  №2  2008  жыл.

 

    Екінші  деңгейлі  банктердің  саны  01.01.2007 жылға  қарағанда  01.01.2008  жылы  екі  банкке  артқанын  жоғарыдағы  кестеден  көріп  отырмыз. Мемлекеттің  жарғылық  капиталына  100 пайызға  жуық  қатысатын  банктер  келетін  болсақ  екі  жылдың  көрсеткіші  өзгеріссіз. Екінші  деңгейлі  банктердің  филиалдарының  саны  2007 жылы  324  құраса, 2008  жылы  бұл  көрсеткіш  352 – ге  артқан. Екінші  деңгейлі  банктердің  есептік-кассалық  бөлімдерінің  санына  келетін  болсақ  2007  жылы  1489  болса, 2008  жылы  бұл  көрсеткіш  2028  тең. Екінші  деңгейлі  банктердің  шетелдегі  өкілднрінің  саны  2007  жылы  22  болса, 2008  жылы  -17  кеміген. Қазақстан  Республикасындағы  резидент  емес  банктердің  өкілдерінің  саны  2007  жылы   23  болса, 2008  жылы  26  тең  болып, 3 есеге  артқан. Міндетті  жүйеге  қатысатын  жеке  тұлғалардың  ұжымдық  кепілдік (сақтандыру), салымдар (депозит)  бойынша  банктердің  саны  2007  жылы  32  болса, 2008  жылы  33  ғана  өскен. Кастодианды  қызметіне  іске  асыруға  лицензиясы  бар  банктердің  саны  2007  жылы  9  болса, 2008  жылы  10-ға  жетті.

    Екінші  деңгейлі  банктердің  есептелген  жарғылық  капиталдың  жиынтығының  көлемі  2007  жылы  613,2  млрд.  теңгеге  (52,5%)  ұлғайды  және  01.01.2008  жылдың  жағдайы  бойынша  1 781,8 млрд. теңгені  құрады. Осыған  байланысты, бірінші  деңгейдегі  капитал  57,2 %  өсіп, 1 283,7 млрд. теңгеге  жетті. Ал,  екінші  капиталдың  деңгейі  45,5 % немесе  560,9млрд. теңгені  құрады.

 

Кесте

                      Екінші  деңгейлі  банктердің  несиелік  көрсеткіштері

                                                                                                               млрд. теңге

                 Атауы

    01.01.07

     01.01.08

Өсімділігі %-бен

Бірінші деңгейдегі капитал

       816,5

       1 283,7

         57,2

Жарғылық  капитал

       593,6

          938,5

         58,1

Қосымша  капитал

          4,0

              3,8

         -5,0

Өткен жылдың  бөлінбеген таза

табысы

       131,6

          204,7

         55,5

Екінші  деңгейдегі капитал

        385,4

          560,9

         45,5

Бөлінбеген таза табыс

        101,3

          221,6

       2,2 рет

Қарыздар

        368,0

          460,9

         25,2

Үшінші  деңгейдегі  капитал

           1,5

             1,5

            0

Барлық өзіндік капиталдың есебі

       1 168,6    

        1 981,8

         52,5

 Шығыс  көзі: Қазақстанның  банкі  журналы №2  2008  жыл.

 

    Банктік  сектордың  өзіндік  капиталының  дәл  көрсеткіші  01.01.2008 жылғы  жағдай   бойынша  өзгермеген  және  к1-0,11 (норматив  бойынша -0,06)  (банк  үшін, банктік  холдинг болып  табылатын, норматив -0,05), к2-0,14 (норматив  бойынша 0,12 ) (банк  үшін, банктік  холдинг  болып  табылатын, норматив -0,10 ).

     Қазақстан   Республикасының  банк  жүйесінің  құрамды  бөлігінің  бірі  болып  отырған  «Алматы  сауда-қаржы  банкі» АҚ  тұрақты  қаржылық  жағдайдағы  және  дамып  келе  жатқан  банктердің  біріне  маркетингтік  зерттеу  жүргізудің  нәтижелеріне  тоқталып  өтейік.

     «Алматы  сауда-қаржы  банкі»  АҚ  банк  филиалының  2007  жылғы  қызметінің  маркетингтік  зерттеулері  банктің  төмендегі  қаржылық  көрсеткіштерін  сипаттайды.

 

Кесте

 

                      «Алматы  қаржы-сауда  банкі» АҚ  филиалының қаржылық

                                                            көрсеткіштері

                                                                                                                    мың теңге

 

Баптардың  аты

 

 

I

квартал

 

II

квартал

 

III

квартал

 

IV

квартал

Жыл

б/ша

барлығы

 

Табыстар

 

58376,4

 

61 647,2

 

55 504,2

 

73 651,6

249

179,4

 

Шығындар

 

56959,1

 

38 310,3

 

33 972,1

 

28 047,8

157

289,4

Табыс  салығын

ескермегендегі нәтижеже

 

1 417,2

 

23 336,9

 

21 532,1

 

45 603,8

 

91 890,0

 

Табыс  салығы

 

2 889,6

 

7 285,2

 

4 383,4

 

5 136,1

 

19 694,2

Табыс  салығын  ескергендегі  нәтиже

 

 

-1 472,3

 

16 051,7

 

17 148,7

 

40 467,7

 

72 195,8

 

 

    Зерттеу  нәтижесі  бойынша  филиалдың  табыс  салығын  алып  тастағандағы  таза  табысы  72195,8  мың  теңге, жоспарлы  сома  71676,5 мың  теңге, жоспар  100,7 % орындалып, оның  артуы  519,3 мың  теңге  болғандығын  көрсетеді.

     Банк  филиалы  қызметінің  негізгі  бағыттары  бойынша  филиал  табысының  жіктелінуін  қарастырайық.

 

Диаграмма

 

       «Алматы  қаржы-сауда  банкі» АҚ  филиалының  табысының  құрылымы

 

     Кесте

 

        «Алматы  сауда-қаржы  банкі» АҚ  филиалының   2007  жылғы  берілген    

                                                 несиелерінің  көлемі

                                                                                                                  мың.теңге

 

      Берілген  несиелер 

 

            1-

жартыжылдықта 

        2-

жартыжылдықта 

 

   жылына  

корпаративтік

клиенттерге 

 

2

150

286,0

 

38

742

723,0

 

40

893

009,0

кіші  және  орта  бизнес  субъектілеріне 

оның  ішінде:

 

260

 

207

444,0

 

441

 

282

537,0

 

701

 

489

981,0

 

ЕБРР  тармағы  бойынша

 

222

110

229,0

 

399

167

690,0

 

621

277

919,0

 

тұтыну  мақсаттарына

 

85

 

64481,0

 

117

112

230,0

 

202

176

711,0

 

 

барлығы:

 

347

422

211,0

 

596

1   137

526,0

 

943

 

1  559

737,0

   2007  жылы  филиалмен  943  несие  1  559  737,0  мың  теңге  сомада  берілген. Корпаративтік  клиенттерге  40 несие   893  009,0  мың  теңгеде  берілген, кіші  және  орта  бизнес  субъектілеріне  701  несие  489  981,0  мың  теңгесомада  берілген, жеке  тұлғаларға  тұтыну  мақсатында  202  несие  176  711,0  мың  теңге  сомада  несие  берілген.

 

Кесте 

             «Алматы  сауда-қаржы  банкі» АҚ  филиалының  несиелеу 

                   бағдарламасы  бойынша  ссудалық  портфелі

                                                                                                                    мың теңге

 

               Ссудалық  портфель:

 

   Саны

 

 Көлемі

 

— корпаративтік  несиелеу

 

8   

 

399 049,0

— кіші  және  орта  бизнес субъектілерін

  несиелеу:

 

561

 

345 660,0

 

  ЕБРР  тармағы  бойынша

 

492

 

184 984,0

 

— тұтыну  мақсатында

 

240

 

160 881,0

 

         Барлығы:

 

809

 

905 590,0

 

 

    Зерттеу  нәтижелері  жалпы  ссудалық  портфельдің  44,1%  корпаративтік  клиенттерге  берілген  несиелер  құрайды. Ірі  клиенттердің  бірі  ААҚ «Қайнар» , оның  қарызы – 330  000 мың  теңге  немесе  жалпы  портфельдің  36,4 % құрайды, ЖШС  «Бапон» — 24 049  мың  теңге, ЖШС «Охранное  агенство  Беркут — О»- 45000 мың  теңге.

     Корпаративтік  клиенттерді  тарту  банк  аралық  бәсекелестіктің  өсуінен  қиындай  түсіп  отыр. 1000 000  АҚШ  долларынан  жоғары  сомада  несиеленетін  клиенттер  банктен  бірінші  рет  несие алып  отырған  жоқ, ендеше  олардың  әрқайсысының  несиелік  тарихтары  бар  және  банк  жеңілдіктерін  қолданады.

     Филиалдардың   несие  саясатының  болашақ  бағыттарының  бірі  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерін  несиелендіру. 2007  жылы   шағын  және  орта  бизнес  субъектілеріне  345 660,0  мың  теңге  немесе  жалпы  ссудалық  портфельдің  38,2 %  жұмсалған.

 

   «Алматы  сауда-қаржы  банкі» АҚ  филиалының  шағын  және  орта  бизнес

                         субъектілеріне  берілген  несиелері, мың  теңге 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

 

          «Алматы  сауда-қаржы» АҚ  филиалының  ссудалық  портфелінің

                                                      жіктелінуі

                                                                                                                    мың теңге

 

Несилердің жіктелінуі

 

01.01.2005

01.07.2006

01.01.2007

Негізгі

қарыз

Үлес

салмағы

Негізгі

қарыз

Үлес

салмағы

Негізгі

қарыз

Үлес

салмағы

 

Стандартты     

867

150,0

96,99 %

992 374.0

97.37%

896

634.0

99.0%

Күмәнді

26907,0

3,01 %

23 464.0

0.4%

6 345.0

0.7%

Үмітсіз

18 752.0

2.3%

2 611.0

0.3%

 

барлығы:

 

894

057,0

100,0 %

1    034

590.0

100%

905

590.0

100%

  • Стандартты несиелер – 896 634,0 мың теңге, филиалдың  жалпы  ссудалық  портфелінің  99,0 %  құрайды;
  • Күмәнді – 6 345,0 мың теңге, филиалдың  жалпы  ссудалық  портфелінің  0,7 % құрайды;
  • Үмітсіз – 2 611,0 мың  теңге, филиалдың  жалпы  ссудалық  портфелінің  0,3% құрайды.

      Филиалдың  жалпы  ссудалық  портфелінің  99,0 % стандартты  несилер  құрайды, портфель  сапасының  төмендеуі  ЖШС  БК ТП «Южмаш-К» және  Моложовской  С.В.  несиелерін  үмітсіз  категориясына  жатқызумен  байланысты. 2003  жылдың  2- жартыжылдықта  үмітсіз  несиелердің  көлемі  16 141,0  мың  теңгеге  төмендеген.

 

Кесте

 

         «Алматы  қаржы-сауда  банкі» АҚ  филиалының  2007  жылға  құрған

                                                    провизиялары

Қарыз алушы

 

 

Қалдық

ссудалық

қарыз

Резерв

көлемі

Провизия

сомасы

Жіктеу

категориясы

1

ЖШС  СКТП ”Южмаш-К”

       2     601

036,13

 

100

 

2 601 036,13

 

үмітсіз

2

ТОО “Сейхун-S”

        4    309

800,00

 

5

 

215 490,00

 

күмәнді

3

ЖШС “Көкөніс-жеміс”

        1    666

000,00

 

5

 

83 300,00

 

күмәнді

4

Танкибай Ж.Е.

         87

498,00  

 

5

 

4 374,90

 

күмәнді

5

Жамалбеков Ш:

         263

616,10

 

5

 

13 180,81

 

күмәнді

 

Барлығы:

 

 

2 917 381,84

 

 

 

    2007  жылдың  ақпан  айында  ЖШС  СКТП «Южмаш-К» провизиялар көлемі  100 %  және  22 461,2 мың  теңге. Өткізілген  іс  шаралардың  нәтижесінде  жалпы  қарыз  24 796,10 АҚШ  долларына  қысқартылған, мұнда  сонымен  қатар  кепіл  мүлікті  сақтап  қалған.

    2007  жылдың  29  желтоқсанында  кепіл  мүліктерге  сауда  жарияланған, кейінгі  сауда  16  ақпанда  жарияланды. Филиал  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  ауданаралық  сотына  кепілге  қойылған  мүліктерге  ешқандай  кедергісіз  иелену  құқын  беру  туралы  иск  берді. Кепілге  қойылған  мүліктерді  сатып  алушыларды  табуда  іс-шаралар  жүргізілуде.

    2003  жылы  жеке  тұлғаларға   202  банктік  займ  171 974,0 мың  теңге   сомада  берілді, бұл  өткен   жылмен  салыстырғанда  93 633  мың  теңгеге  артық.

 

Кесте

 

           «Алматы  сауда-қаржы  банкі» АҚ  филиалының  мерзім  бойынша                                                  

                                   ссудалық  портфелінің  жіктелінуі

                                                                                                                    мың теңге    

Көрсеткіштер

 

01.01.2006

01.04.2006

01.07.2006

01.10.2006

01.01.2007

Қысқа мерзімді

 

3 120,0

 

4 444,0

 

2 947,0

 

2 486,0

 

2 288,0

Ұзақ

мерзімді

 

61 498,0

 

71 484,0

 

91 134,0

 

116 515,0

 

158 593,0

 

Барлығы

 

64 618,0

 

75 928,0

 

94 081,0

 

119 001,0

 

160 881,0

 

 

  Тұтыну  мақсатына  несиелер  6 айдан  10  жылға   дейін  берілген, оның  негізгі  үлесі  98,6 %  немесе  158 593,0 мың  теңге  ұзақ  мерзімді  несиелер, қысқа  мерзімді  несиелер  1,4  немесе  2288,0  мың  теңгені  құраған.

   Зерттеу  нәтижелерін  қорытындылай  келе  банктің  қаржылық  жағдайларын  жақсарту  мақсатында  банк  мынадай  стратегиялық  бағыттағы  шараларды  атқару  қажет:

  • банк өнімдерін  белсенді  түрде  жарнамалау;
  • белсенді жарнаманың  негізінде  депозитік  базаны  артыру;
  • шағын және  орта  бизнестер  бойынша  несиелерді  артыру;
  • клиенттерге қызмет  көрсету  сапасын  арттыру;
  • жаңа банк  өнімдерін  енгізу;
  • аймақтық нарықтар  бойынша  маркетингтік  жұмыстар  жүргізу;
  • нарықтарды зерттеу, АКБ ашу  мүмкіндіктерін  қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.                 ҚР-ның   несие  жүйесін  перспективалық  дамыту  бағыттары.

 

3.1 ҚР-ның  несие  жүйесін  дамыту  мәселелері

 

    Несие  жүйесін  қарастырған  кезде  мынаны  ескеру  керек: ол  ұзақ  тарихи  даму  жолынан  өткен  және  консалидациялау  рөлінде  ойнайтын  барлық  экономикалық  байланыс  құрамындағы  қиын  экономикалық  қарым – қатынаста  негізделіп  жүзеге  асады.

    Несие  жүйесінің  екі  ұғымы  қарастырылады:

  • несие байланыс  жиынтығы, несиенің  түрлері  мен  әдістері 

     ( функционалды  түрі ).

  • еркін ақшалай  қаржыны  жинап, оларды  несиеге  беруге  ұсынатын  несие – қаржы  мекемелерінің  жиынтығы ( институционалды  түрі ) .

     Бірінші  аспектте  несие  жүйесі  банктік,  тұтынушылық ,  коммерциялық, мемлекеттік,  халықаралық несиемен  көрсетілген. Барлық  осы  несие  түрлеріне  арнайы  байланыс  түрлері мен  несиелеу  әдістері  тән.  Бұл  байланыстарды  ұйымдастыратын жүзеге асыратын екінші ұғымдағы (институционалды) несие  жүйесін  құрастырушы  арнайы  мекемелер.  Банктер  несие  жүйесінің  институционалды  құрамының  бастаушы  тобы  болып  келеді. Алайда,  несие  жүйесі  банктік  жүйеге  қарағанда  аса кең  және  сыйымды  ұғым.

   Қазіргі  заманғы  несие  жүйесі  екі  негізгі  ұғымды  қарайды: төлем  және  төлем-несие  байланыстарымен  қаржы-несие  институттардың  жиынтығы (банктер,  сақтандыру компаниялары т.б.)

   Бірінші  ұғым,  әр-түрлі  несие  түрі  бойынша,  қаржы  несиесінің  қозғалысымен  байланысты.

   Екінші,  несие  жүйесі  өзінің  көптеген  институттары  арқылы  еркін  ақшалай   қаржыны  жинайды және  мекемелерге,  жергілікті   тұрғындарға,  өкіметке  жібереді.

   Несие  жүйесі  несие  механизмі  арқылы  жұмыс  істейді.

Ол, біріншіден, несие  институттарымен  әр  түрлі  экономикалық  секторлар  арасында  қаржыны  жинайтын  және  аударатын  жүйе  болып  табылады.

    Екіншіден, қаржыны  өз   несие  институттары  арасында  орналастыру.

    Үшіншіден, несие  институттарымен  шетел  клиенттері  арасындағы  байланыс.

    Сонымен  қатар,  несие  механизміне  барлық  несие  аспекетілері  кіреді: инвестициялық, ұйымдастырушылық, топтастырушылық, делдалдық.

    Қазақстанда  қазіргі  таңда  үш  деңгейлі  несие  жүйесі  құрылып   жатыр:

 

    1  деңгей – коммерциялық  банктер;

    2  деңгей —  мамандандырылған  қаржы – несие  мекемелері;

    3  деңгей —  шағын —  несие   мекемелер.

 

    Коммерциялық  банктер – бұл   несие  жүйесінің  негізгі  сегменті. Банктер  арқылы  уақытша  бос  қаржыны  жинау  және  топтау, оларды  инвестиция  және  несие  ресурсы  ретінде  орналастыру. Жергілікті  тұрғындар  мен  заңды   тұлғалардан  ақша   қабылдай  отырып, банктер  оларды  экономикалық  өндірістерге  немесе  жеке  өндіріс  мекемелерін  дамытуға  жұмсайды. Осы  арқылы  олар  жеке  өндірістермен  еліміздің  барлық  өндіріс  экономикасын  дамытуға  ат  салысады.

    Мамандандырылған  қаржы – несие  институттары  немесе  банктік  емес  мекемелер  банктік  операциялардың  жеке  түрлерін  Ұлттық  Банк  берген  лицензияға  сәйкес  жүзеге  асырады. Бұларға  несие  кеңестері, кооперативтер, жинақ  кассалары, ломбард  жатады. Жүргізілген  операциялардың  көлемі  жағынан  аталған  институттардың  коммерциялық  банктерден  айырмашылығы  үлкен. Соған  қарамастан  берілген  сегмент  жүйесі  экономиканың  дамуына  әсерін  тигізеді. Банктік  емес  мекемелер  коммерциялық  банктерге  қарағанда  қаржыны  несиелеуі  аса  жұмсақ  түрде  өтеді. Негізінде  берілген  сегменттің  клиенттері  ақшадан  уақытша  қысылып  жүргендер  болады. Кепілдікке  автокөлігін , айлық  жалақысын, қымбат  затын  қойып, клиент ( тұтынушы )  аз  ғана  қаржыны  қысқа  мерзімге  ( 2-3 ай )  төмен  пайызбен  несиеге  ала  алады. Ал  коммерциялық  банктер  несиені  ұзақ  мерзімге  ( 1 жыл  және  жоғары )  жоғары  пайызбен  бере  алады.

    Тағы  да  несие  жүйесінің  бір  сегменті  көлемі  жағынан  үлкен  емес, бірақ  экономиканың  дамуына  едәуір  ықпал  ететін  ол  шағын  несие  мекемелері. Осы  мекемелер  шағын  несиені  ( 4000 – 7000 МРП )  негізінде  жеке  кәсіпкерліктің  дамуына  береді. Шағын  несие  мекемелерінің  ерекшелігі  оларда  Ұлттық  Банк  тарапынан  лицензия  болмайды. Олар  жай  ғана  Әділет  органдарына  тіркеледі.

    Шағын  несие  мекемелерінің  пайда  болғанына  аз  уақыт  болса  да  жұмыстары  қарқынды  жүруде. Қарастырылған  сегменттер  арасында  бәсекелестік  аса  байқалмайды , өйткені  олар  әр  түрлі  тұтынушы  топтарды  көздеп   отыр. Сонымен  қатар  шағын  несие мекемелері   негізінде  шағын  бизнеспен, жеке  және  жергілікті  кәсіпкерлермен  жұмыс  істейді. Сол  себепті  барлық  қаралған  мекемелер  бір – бірімен  белсенді  байланыс  жүргізеді. Мысалы, банктер  банктік  емес  мен  шағын  несие  мекемелерін  несиелендіреді ( қаржыландырады ).

    Банк  жүйесінің  нығаюына  банкаралық  ақша  нарығының  дамуы  айтарлықтай  рөл  атқарды. Ол  банктерге  өздерінің  өтімдегі  қысқа  мерзімді  тұтынушылық  іс — әрекеттерін  қанағаттандыруға  мүмкіндік  берді  және  бос  ақша  ресурстарын  сатуға  мүмкіндік  берді. Еліміздегі  банктердің  қызмет  ету  сапасының  жоғары  болуына   шетел  капиталы  айтарлықтай  әсерін  тигізді.

   Алайда, екінші  деңгейлі  банктерге  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  салымы  мен  шетел  валютасымен  жүргізілген  операциялар  қолайлы  болды, өйткені  ол  кірісті  кепілдік  етті.

    Ұзақ  мерзімді  несиелердің  өсуіне  Ұлттық  Банк  үлкен  әсерін  тигізді. Өйткені, ол  банк  капиталының  мемлекеттік  үлесін  азайтып, қатаң  талаптар  ашты, лицензияларды  және  банктерге  ішкі  бақылау  жүргізді.Мұндай  саясат  банк  жүйесін   қаржыландыру  дәрежесін   көтерді.

    Банк  қызметінің  сапасын  жақсаруына  және  дамуына  еліміздегі  төлем  жүйесі   әсер  етті. Шетел  сарапшыларының  бағалауы  бойынша   Қазақстанда  ТМД  елдерінің  ішінде  ең  жоғары  төлем  жүйесін  құруға   мүмкіндік  болды.

    Айта  кету  керек, қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  қаржы – несие жүйесінің   қалыптасуында  және  дамуында  үлкен  ауқымды  мәселелер  туып  отыр.

    15  миллион  халқы  бар  Қазақстанды  қаржыландыру  қиындық  келтіріп  отыр. Сонымен  қатар  банктердің  Қазақстандағы  несиелеу  деңгейі  ашық  емес ( мөлдір  емес ) . Қазақстандағы  банктердің  экспанциясының  күшеюіне   басқа  ТМД  елдерінің  Ресей  Федерациясы  және  Қырғыстан  елдеріндегі  нарыққа  келеңсіз  жағдай  тудырып  отыр.

    Одан  бөлек, Қазақстандағы  банк   жүйесі  қарқынды  жұмыс  істеп  жатыр. Кіші  банктер  депозит  тарту  арқылы  қиындыққа  жолығады. Оларға  халықаралық  банктерге  кіруге  жол  жоқ..

    Қазақстан  Республикасындағы   несие  жүйесінде   төмендегі  мәселелерді  атап  айту  керек:

 

  • банк секторындағы  тиімсіз   стратегияны   реттеу  тәуекелі;
  • банктердегі астарлы  капиталдың   болуы;
  • жеке банк  операцияларын  жүзеге  асыратын  заңсыз  реттеулер  мекемелер  тарапынан;
  • жеке банк  операция  түрлерін  жүзеге  асыруына  және  шағын  несие  мекемелерінің  дамуына   мемлекет  тарапынан  қолдау   механизмінің  болмауы.

    Осы  аталған  кемшіліктерге  аса  көңіл  бөлу  керек.

    Атап  айтсақ, Қазақстан  Республикасындағы  қаржы – нарық  мүшелерінің   іс -әрекеттерінің  бағыттары  мен  стратегиялық  міндеттері  ЕуроОдақ  стандарттарына , сонымен  қатар , ЕуроАзЭО  қаржы – несие  жүйесінің  интеграциясының  негізгі  дамуына  бағытталуы  керек.