МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
- Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні
- Қосылған құн салығының қызмет ету негізі
- Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі
ІІ ТАРАУ. ҚҚС ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІ
- ҚР бюджетіне ҚҚС түсімдерінің жағдайына талдау
- ҚҚС құрылу ерекшелігі мен есептеу тәртібі
- ҚҚС шаруашылық субъетілерінің экономикалық әрекетіне әсері
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚҚС ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі.
Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.
Мемлекетке салық жүйесі елдің экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды мәселелерді шешу мақсатында, сонымен қатар өндірістің даму қарқыны мен пропорциясын реттеуді қадағалау үшін де қажет.
Дегенмен елдің экономикасындағы нарықтық өзгерістер және әлемдік нарықтағы қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің қалыптасқан салық жүйесін әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда Қазақастанда Салық кодексі өңделіп жасалды, ол салық салу негізін және салықты жинау процесі барысында пайда болатын құқықытық қатынастарды анықтайды.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы жаңа қатынастарды тиімді айқындайтын салық түрлерін анықтау болып отыр. Қандай да бір дәрежеде осындай салықтарға жанама салықтарды немесе тұтыну салықтарын жатқызуға болады.
Мемлекеттің даму қарқынына және әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің даму деңгейіне байланысты мемлекеттік кірісте салықтардың үлес салмағы өзгеріп отыруы мүмкін. Атап айтқанда, тікелей салықтар экономикасы қалыптасқан және тұрақты мемлекеттерде үстем болады. Бірақ, іс жүзінде барлық мемлекеттерді фискалды саясатты іске асыруда негізгі рөлді жанама салықтар атқарады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі — жанама салықтар, тікелей салықтарға қарағанда, кәсіпорын салығы болып табылмайтындығында. Олар тұтынушыға салынатын салықтар. Ал кәсіпорындар тек оларды жинаушы болып табылады. Жанама салықтардың барлық ауыртпалығы толығымен соңғы тұтынушыға, яғни тұрғындарға түседі.
Содан да, оларды қолдануда әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар бөлігі зиян шекпеуі үшін салық салу механизмі нақты қалыптасуы қажет.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы және бірқатар экономикасы дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесін қарастыра отырып, тәжірибелік негіздерін зерттеу. Сонымен қатар, қосылған құн салығының төлеу және есептеу ерекшеліктерін айқындау.
Диплом жұмысының төмендегідей міндеттері бар:
- жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
- мемелекеттік бюджет табысындағы олардың үлес салмағын талдау;
- жанама салықтардың алу механизмін қарастыру;
- дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесіне қысқаша талдау.
Кеңестік кезеңде біздің елімізде жанама салықтар түрлерінен айналымға және сатуға салынатын салық әрекет етті, ал нарықтық қатынас жағдайында олар қосылған құн салығы мен акцизбен ауыстырылды.
Оның себебі, айналымға және сатуға салынатын салықтар өнімді өткізудің соңғы кезеңінде ғана бюджетке алынды, бұл салықтарды өндіріп алу механизмінің әрекетін баяулатты.
ҚҚС-ты өндіріп алу өндіріс және айналымның әрбір кезеңінде жүзеге асырылады. ҚҚС сомасы сату және сатып алу кезінде өндіріліп алынатын салықтар айырмасына тең. Осылайша, бұл салықтар тауарларды сатумен байланысты кез келген өнімге салынады және де қосылған құн салығын төлеуші болып (заңда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа) барлық кәсіпорныдар мен тұлғалар табылады.
Көптеген мәліметтерде ежелгі уақыттан бері акциз салығы қолданылады. Акциздер мемлекет анықтаған тауарларға салынады. Негізінен бұл тауарлар екінші ретті мәні бар заттар.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының Салық кодексі және басқа ресми құжаттар болып табылады. Қазіргі күні салық салудың теориясы мен іс-тәжірибесін дамытуда ТМД елдерінде Пушкарева В.М., Черник Д.Г., Юткина Т.Ф. т.б. Ал Қазақстанда осы тақырыпқа қатысты Ержанов М.С., Зейнелгабдин А.Б., Идрисова Э.К., Кулукова Н.К., Карагусова Г.Н., Мельников В.Д., Нурумов А.А, Оспанов М.Т. еңбектері белгілі.
І ТАРАУ. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
- Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні
“Салықтар” — бұл белгіленген мерзімде және анықталған мөлшерде алынатын, заңмен бекітілген міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні бұл азаматтардан және шаруашылық субъектілерден ұлттық табыстың белгілі бір үлесін өндіріп алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылуда.
Салықтар мемлекттің кірісін қалыптастырған қаржылық қатынастардың бір бөлігі әрі табиғатты қорғау, құқық қорғау және мемлекттің тағы басқа да қызметтерін атқару үшін қажет және қоғамның дамуы үшін қажет экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады. Міне сондықтан да, салықтар мемлекетке өз қызметтерін атқару үшін аса қажет және салықтарды жою мемлекетті жоюмен тең десе де болады.
Салық — бұл қаржы ғылымның негізгі түсініктердің бірі. Салықтың мәнін олардың атқаратын қызметтерінің көмегімен ашуға болады. Ал қызметтері, өз кезегінде, салық қасиетінің әдісі ретінде сипатталады. Бұл қандай қасиеттер, олардың қандай түрлері бар екеніне тоқталып өтейік.
Ең біріншісі аса маңызды салықтың бір қызметі — оның қазыналық (фискалды) қызметі. Осы қызметтің көмегімен салықтың негізгі қоғамдық бағыты — мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету іске асады.
Кесте 1. ҚР-ғы 1998-2003 жж мемлекеттік бюджеттің жалпы крірісндегі салықтар үлесі(мың теңге)
|
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
|
Жалпы кіріс, соның ішінде: салықтар |
286664,0
190400,0 |
333247,9
222273,4 |
800990,0
544673,2 |
981241,2
631344,0 |
1028461,6
750777,0 |
|
Жалпы кірістегі салықтар үлесі % |
66 |
67 |
68 |
64 |
73 |
|
Кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан бюджетіндегі кірісінде салықтардың мәні зор. Сондықтан да салықтардың қазыналық қызметі экономикалық мәнінен шығады, ол мемлекетті қаржымен қамсыздандыру.
Мемлекеттік бюджеттің кірістерін салықтарды тұрақты және орталықтандыру негізінде қалыптастыру мемлекттің өзін ірі экономикалық субъектіге айналдырады.
Салықтың келесі қызметі бұл бақылау қызметі. Бақылау қызметінің көмегімен салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қозғалысына қадағалау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер қажеттілігін анықтайды. Салықтың бақылау қызметінің іске асырылуы, оның толықтығы мен тереңдігі белгілі-бір деңгейде салық тәртібіне байланысты.
Салықтардың келесі қызметі — реттеуші қызметі өндірістің дамуына әсер етеді және оның мәні тұтыну мен жинақталу арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету, яғни халықтың ағымдағы табыстарының бір бөлігін алып қою арқылы олардың кейбір тауарларды тұтынуына шек қою және оны өндірісті дамытуға бағыттау. Міне осы салықтың басты қызметтеріне сипаттама берілді, әрі қарай салықтардың біздің мемлекетімізде ену алғышарттарына тоқталып кетеміз.
ХХ ғасырда төлем қабілеттілігінің критерийлері қабылданып және осы кезеңге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Тікелей салық мүлікке салынса, жанама салықтар — іс-әрекетке, тұтынуға салынған. Тікелей салықтар орта салық қабілеттілігіне салынған, яғни оның жанама салықтардан айырмашылығы жанама салықты жеке төлемдер, жеке актілер алынатын төлем десек, тікелей жалпы орта салық қабілеттілігіне есептелініп салынады. Егер мемлекет белгілі бір тұлғаға талап қойып және оның төлем қабілеттілігін есептеп шығару негізінде салық салса, бұл тікелей салық түрі болады, ал егер салық салықтөлеушінің тікелей өзінің іс-әрекеті арқылы белгіленіп төленсе бұл жанама салық түрі болып есептеледі.
Осының нәтижесінде жанама салыққа тек қана ҚҚС, акциз, кедендік төлемдер ғана жатпай, сонымен қатар бонустар да жатады, өйткені бұл төлем түрі жеке субъектілер өздерінің іс-әрекеті арқылы төленеді.
Жанама салықтар тұтынуға салынатын салыққа жатады, ал бонустар бір реттік ірі төлемдер болып табылады. ҚҚС, акциздер және құнды қағаздарға салынатын салытар жалпы тұтынушыларға, бүкіл республика тұтынушыларына салынды.
Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде ұзақ уақыт бойы, содан кейінгі Одақ құлдыраған кезеңде де экономикалық кеңістікте айналымға салынатын салық болған. Бұл 30-шы жылдары енгізілген салық бюджетке тұрақты түрде кіріс келіп түсуін қамтамасыз етіп және ірі салық түрі болып есептелген.
1930 жылдардағы салық реформасы бюджетке қаржының толық әрі үздіксіз түсуі үшін жағдай жасаған, мұнда кәсіпорындардан салық алу екі түрлі әдіспен іске асқан: тауар бағасында көрініс алатын айналым салығының қатаң белгіленген салық мөлшерлемесі жолымен және кәсіпорындардың табысынан аударымдар түрінде. Төлемдердің бұндай жүйесі бюджеттің және шаруашылық есептің мүдделерін толық қамтамасыз еткен. Бұл жүйенің орталық маңызды мәселесі айналым салығының төлемдерін унификациялау еді. Акцизді қолдану мүмкін емес болған, өйткені бұл жағдайда белгісіз сандағы мөлшерлемелерді белгілеп және тауарлардың күрделі есебін жүргізу қажеттілігі туар еді.
Қазақстан өте күрделі қиын жағдайға қалып еді, өйткені құрылымды қайта құру экономикалық тұрғыдан ұзақ мерзімді және қосымша қаржы ресурстарын талап етеді, ал бұл іс-жүзінде ол кезде республикамызда жоқ еді.
Кеңес Одағының бар кезінде біздің республика салық салу мәселелері бойынша өз заңдылық актілері болған жоқ, жалпы салық саясаты Мәскеуде елден тыс қалыптасып отырған. Мұндай жағдай жас тәуелсіз Қазақстанға қолайсыз болады, бұдан өзгеде еліміздің нарық экономикасында өту қажетті салық жүйесін қалыптастыруды талап еткен. Осы жағдайлар салық заңдылығы бойынша заң пакеттерін өңдеу қажеттілігін және 1991 жылдың аяғында оны қабылдауды айқындады, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негізі салынған еді. Заң пакеттеріне он төрт заң ендірілді және олар бұрыңғы ССРО-ның салық салу тәртібінен онша айырмасы жоқ еді. Бұл пакеттегі негізін құраушы “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” Заңы болды, бұл заңға сәйкес 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпы міндетті жергілікті және 17 жергілікті салықтар мен төлемдер қарастырылған.
Салықтардың жалпы мемлекеттік, жергілікті жалпы міндеттемелік, жергілікті деп бөлінуі жергілікті бюджетке төлемдердің кепілдік болған, ал бұл жергілікті биліктің қаржыны өздігінен бөлінуіне ыңғай жасаған.
Айта кетерлік бір жай, кейбір маңызды жалпы мемлекеттік салықтар, яғни ҚҚС, табыс салығы, акциздер республикалық бюджетке түсіп отырған, ал кейбірі, яғни азаматтардың табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлік салығы, мемлекеттік баж т.б. жергілікті бюджетке түсіп отырған.
Сатуға салынған салық республикамызға 1991 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді (% мөлшерінде белгіленген) өндірістік-техникалық бағыттары өнімдерді өткізуден, халық тұтыну тауарларын өткізуден 5% мөлшерінде болды. Бұл салықты қолдану айналым салығының көшірмесі сияқты болды, яғни салықты қолдану белгілі-бір қиындықтарға әкеп соқты. Өнімді сатуға салынатын салық объектісі болып тауарды соңғы тұтынушыға өткізуге табылады. Осы соңғы тұтынуға салынатын салық болғандықтан ол тауар, қызмет өндіруге инвестиция салуға мүмкіндік береді, жанар май ресурстарына экономикалық қолданылуына қолайлы жағдай тудырады. Дегенмен де жалпы экономика шеңберінде оның да өзіндік регрессивті сипаттары бар.
Өнімді сатуға және тұтынуға салынатын салықтың кемшілігі оны қолдау аймағының шектеулігінде, сондықтан да ол барлық тұтынушыларға біркелкі бірдей салынбайды, кейбір салық төлеушілер, әсіресе басқа елдерге экспорттаушы саласында салықты төлемей отырушылар бар.
Осы күндері ұсақ саудагерлер қосымша құн салығын төлеуден бас тартып, қашып отыр. Өйткені, ҚҚС төлеуге есепке кіру үшін, әуелі потенциалды салық төлеушінің айналымы заңмен белгіленген сомадан асып түскенін дәлелдеуі керек. Ал бұл топтағы мүшелер патент бойынша жұмыс істегендіктен құжаттар айналымын жүргізбейді немесе тіпті рұқсатсыз жұмыс істеп отырады.
Бұрыңғы Кеңес Одағы елдерінің жаңа нарықты экономикаға көшуі маңызды мәселелерді шешудің жаңа жолдарын талап етті. Қалыптасқан қаржы жағдайындағы күрделі мәселелерді шешудің біздің республикамыздағы қабылданған бір шешімі — бұл айналым және сату салығын қосымша құн салығымен алмастыру болды, өйткені, ол нарық конъюнктурасының өзгерістеріне қолайлы болды. Қазақстанда ҚҚС енгізу объективті қажеттіліктен туындады. Сонымен қатар, мемлекеттің қазыналық мүддесін қорғайтын жанама салық салу жүйесін қалыптастыруды білдірген. Бұл салықты оңтайлы қолдана білген жағдайда бағаны қалыптастыру процессіне позитивті әсер етуге және тұтыну құрлымына әсер етуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық төлеушілерге табысқа тікелей салықты өсірудің орнына олардың шығыстарына салықты өсіру қолайлы болып отырған.
ҚҚС салық жүйесіне енгізуде мемлекет өз алдына келесі мақсаттарды қойған:
- Бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық салыну базасын кеңейту;
- Салықтан түсетін түсімдерді инфляциялық құнсызданудан сақтау;
- Тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің тұрақты кіріс көзін қалыптастыру;
- Төлем қабілетінен артық сұранысты төмендету арқылы келесі екі мәселені шешу: тауар тапшылығын жою және инфляцияның қарқынды өсуін төмендету.
Алғашқы мақсат ҚҚС іс жүзінде бүкіл тауарлар мен қызметтерді қамтитындықтан және нарықтық экономиканың шарттарына жауап беретіндіктен іске асқан. Екінші мақсатқа жету ҚҚС бағаның ырықтануына сәйкес келеді, баға өскен сайын, толық түсімдері де өсе түседі, салық мөлшерлемесі тұрақты болып қана береді. Үшіншіден, мемлекетке заңды және жеке тұлғалардың табысының есебінен жүргізілгендіктен, тауарлар мен қызметтер есебін жүргізу жеңіл. Ал төртінші себеп, ҚҚС енгізілген кезеңде кеңестік ақша — рубль жалпы эквивалент қызметін тоқтатқан, оның натуралды айырбасы (бартер) жүре бастады. Қазақстан республикасында 28% мөлшерімен ҚҚС енгізу бір жағынан бағаның өсуіне, ал екінші жағынан бағадан сатып алу қабілеттілігінің қалып қоюына әкелді. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, соның ішінде ауылшаруашылық өндірістері өзін өзі қаржылардыру процесін және жәй ғана қайта өндіру процесін қамтамасыз ету қабілеті болмады. Бұл мемлекеттік бюджеттен қаржының көп бөлігін қажет етті, соның салдарынан оның тапшылығы өсті.
Жанама салықтардың, соның ішінде ҚҚС-тің, экономикалық мәнін ашудан бұрын олардың әртүрлі әдебиеттердегі қарастырылған анықтамаларын қарастырайық.
Салықтардың орысша-қазақша терминологиялық сөздігі бойынша “Жанама салықтар — бұл тауарлардан, операциялардан және көрсетпе тамашалардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік кірістердің ең ежелгі көзі болып табылады”. Мысалы ретінде ҚҚС атаймыз.
Өз анықтамасын Карагусова Г.Н. былай дейді: “Жанама салықтар — бұл бір тұлғаның салық ауыртпалығын сатып алушы тұлғаға өткізетін салық түрі”.
Ең толық анықтама Қазақстан республикасының “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Заңда берілген, мұнда “Жанама салықтар — бұл тауарларға және көрсетілетін қызметтерге, олардың бағасына үстеме ретінде қосылатын салықтарды жатқызамыз, олар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей байланыссыз болады”.
Жанама салықтардың қолайлы жақтары да сөзсіз, оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
- Жанама салықтарды дұрыс пайдалана білсе, мемлекетке үлкен қаржы түсімдерін түсіреді. Мысалы, ҚҚС қазіргі күні бюджеттік түсімдердің ең негізгі көзі болып отыр.
- Жанама салықтар салық төлеушілерге көп салмақ салмайды, өйткені олар оны бөліп кіші бөліктермен төлеп отырады.
- Жанама салықты төлеу, олар күнделікті тұрмысқа аса қажетті зат болмаса, тек төлеушіде ақша болған кезде ғана төленеді. Ал тікелей салықтар салық төлеушінің жағдайына қаратпай белгілі бір мерзімде төленуін талап етеді.
- Жанама салықтар мемлекетке салық төлеушілердің одан іс тәжірибеде бас тарта алмайтындығымен пайдалы.
- Жанама салықтарды жинау да тікелей салықтарды жинаумен салыстырғанда жеңіл, өйткені салықтардың көп бөлігі көтеріп жүруші болады, ал оны, әдетте, өндіруші немесе сатып алушы ғана төлейді.
Міне, жанама салықтардың осындай позитивті жақтары оны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде негативті нәтижелерді беруі де әбден мүмкін, сондықтан да жанама салықтар мен тікелей салықтар арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ұтымды шешім қабылдануы керек.
Атап айтқанда, жанама салықтармен тек тұрмысқа екінші ретте қажетті заттар ғана салынуы тиіс, өйткені жанама салықтар тауарлардың бағасының өсуіне әкеледі, ал мемлекет халықты кедейліктен, аштықтан, ауырудан сақтауы үшін бірінші реттік тұрмысқа қажетті өнімдердің бағасын төмен деңгейде ұстап тұруы тиіс. Сондықтан да бұл тауарларға салық салынбауы керек.
- Қосылған құн салығының қызмет ету негізі
Күрелі салық түрлерінің бірі болып өзімен бірге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру мен айналыс процесіне қосылған, өткізу нәтижесінде салынатын айналым құнының бөлігі ретінде бюджетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды импорттау кезіндегі аударылатын қосылған құн салығы табылады.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге есептелген қосылған құн салығы мен сатып алған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төленуі тиіс. Қосылған құн салығы сомасының айырмасы ретінде анықталады.
Қосылған құн салығы қалыпты қызмет етуі үшін салық төлеушілерді салық салу объектісін, салық салынатын айналым мөлшерін, ставкаларды, қосылған құн салықтық еспке алу мен төлем мерзімдерін саралау керек.
Қосылған құн салығының объектісі болып салық салынатын айлым мен салық салынатын импорт табылады. Тауарларға қолданылатын салық салынатын айналым тауарды сату, тиеу, экспорттау; тауарларды қайтарымсыз беруі; жарғылық капиталға жарнаны; жұмыс берушінің жұмыскерге тауарды еңбек ақы есебінен бергенін; төлемдерді кейінге қалдыру шартында тауарларды жөнелтуді комиссиялық келісім шарттары бойынша тауарларды жөнелтуді; кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілдік мүлігін беруді; бір құрылымдық бөлімшенің екіншісіне тауарды жөнелтуін білдіреді.
Жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымға мүлікті уақытша иелікке және мүлікті жалға келісім шарты бойынша қолдануға ұсыну, интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық беру, жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы есебінен жұмыс берушінің қызмет көрсетуі, бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстарды орныдау, қызметтерді көрсету жатқызылады.
Өткізу бойынша айналымға жатпайтындар: жарнамалық мақсатта тауарды беру не сыйға тарту; дайын өнімді жасау және жинау, жөндеу үшін тапсырыс берушінің мердігерге қосылқы тауарларды жөнелту; қайтарылатын тарыны жөнелту, тауарды қайтару; көрме және басқа мәдени-спорттық шараларды өткізу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тауарларды шығару.
Тауарларға қатысты өткізу термині кепілді ұстаушының меншігіне кепілдікке берілетін тауарларды сатуды, қайтарымсыз беруді немесе беруді білдіреді.
Салық салынатын импорт болып қосылған құн салығын төлеуден босатылғандарды қоспағанда импортталған тауарлар табылады.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып осы салық салынатын тауарларды өндіретін және өткізілетін заңды тұлғалар мен жекелеген кәсіпкерлер табылады.
Егерде тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды өткізу бойынша айналым мөлшер төменгі шектен (минимум) артса, онда төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті. Есепке тұрмаған жағдайда салық органдары тұлғаның сұрауынсыз қосылған құн салығы бойынша есепке алуға құқылы. Өз кезегінде өткізу бойынша айналымның төменгі шегі кезеңнің соңғы айында белгіленген 10000 еселенген айлық есеп көрсеткіші шамасын құрайды (10000‡919=9190000тенге).
Егер төлеушіде соңғы он екі ай мерземінде салық салынатын айналым мөлшері төменгі шектен аспағанда және салық салынатын айналым мен қызметін тоқтатса, онда кезеңнен кейінгі, мезгілдің бірінші күнінде салық бойынша есептен шығарылады.
Салық салынатын айналым мөлшері тураптар қолданатын баға мен тариф мәмілесін қолдана отырып, одан қосылған құн салықты алып тастамай, өткізілетін тауарлар, қызметтер мен жұмыстар құны негізінде анықталынады.
Тауарлар қайтарымсыз негізінде берілгенде, салық салынатын айналым мөлшері баланстық құннан төмен емес өткізу бойынша айналым аяқталған күнде қалыптасқан баға деңгейімен анықталынады.
Кепіл берушінің кепілдік мүлікті беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері кепілдік беруші ісі кепілге берілген мүлікке қосымша құн салығын қоспағанда алынған қарыздық қаражаттың сомасымен анықталынады.
Төлемді кейінге қалдыру шарттарында тауарды өткізу кезіндегі салық салынатын айналым келісім-шартта қарастырылған алынатын барлық төлемдер ескеріле отырып, анықталынады.
Үш тұлға үшін алдын-ала жасаумен байланысты қызмет көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшеріне комиссиондық сыйақы қосылады.
Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар мен қызметтер түрлері бойынша акциздер сомасы қосылады.
Қосымша құн салығы бойынша есепке алу қарастырылмаған тауарларды өткізу кезінде оларды сатып алуда салық салынатын айналым мөлшері тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын импорт мөлшерін анықтау кезінде тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ Қазақстан республикасында импортталу кезінде төленуге жататын жинақтар, баждар, салықтар сомасы қосылады.
Жаңа заңда резиденттен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді алған жағдайда, қазақстандық қайнар көзден алынған табыс алатын резидент еместерден салық алу туралы ереже сақталған.
Салық Кодексіне сәйкес, қосылған құн салығынан төмендегідей тауарларды, жұмыстар мен қызметтерлі өткізу бойынша айналым босатылады:
- пошта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
- акциздік алымдар маркалары (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есептік-бақылау);
- өкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекет баж алатын қызметтерді;
- адвокаттық қызметті, нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі өткізетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
- мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;
- Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беру, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беруді;
- жарғылық капиталға жарналарды;
- жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;
- жерлеу бюроларынан, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулердің, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;
- оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымдар;
- банк карточкаларымен жасалынатын операциялар бойынша есеп-кисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрестулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
- жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға өткізумен байланысты айналымдар;
- қаржылық қызметер, оларға жататындар: банк операциялары, бағалы қағаздармен операциялар, төлемдік карточкаларымен, чектермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;
- сақтандыру және қайта сақтндыру операциялары;
- зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет көрстеулер, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері;
- қаржылық лизингтегі мүлікті беру;
- коммерциялық емес үйымдардың көрстетін қызметтер мен жұмыстар;
- геологиялық барлау және геологиялық іздеу жұмыстары;
- білім беру, ғылым және мәдениет аяларындағы қызмет көрсетулер мен жұмыстар;
- медициналық және мал дәрігерлік аядағы тауарлар мен қызметтер;
- кәсіпорынның немесе кәсіпорынның дербес әрекет ететін бөлігін қосылған құн салығы бір төлеуші екінші салық төлеушіге өткізгенде.
Салық заңдылығына сәйкес импорттың кейбір түрлері қосылған құн салығынан босатылады, оларға жататындар:
- шетелдік валютаның, ұлттық валютаның, сонымен қатар бағалы қағаздардың импорты;
- Қазақстан Республикасының Өкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;
- мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық үйымдар желілері бойынша қайрымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;
- шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдердің ресми пайдалану үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің, дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тауалар импорты;
- дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция — дәрігер, протездік-ортопедиялық бүйыдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрігелік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек және диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар импорты;
- пошта маркаларының импорты;
- ақша белгілерінің өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты;
- төлем карточкаларымен қызмет көрстеуге арналған құрал-жабдықтар импорты;
- мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдарыдың желісі бойынша берілетін гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.
Қара және түсті металл сынықтарын экспортын қоспағанда, экспорттық тауралар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Бұл Қазақстан республикасы аумағында аталған нарықтардың дамуы үшін, отандық тауар өндірушілер пайдасы үшін, біздің елден бағалы металлдары шығаруды қиындату үшін жасалған.
Нөлдік ставка бойынша салық салу қосылған құнға есептелетін салық мөлшерінің нөлге теңдігін білдіреді.
Қазақстан республикасының кедендік аумағынан тауалар шығарылса, онда ол экспорт деп есептелінеді. Экспортты растайтын құжат болып экспортталатын тауарларды қою келісім-шарты, жүктерге берілетін кедендік декларация, тауарға ілеспе құжаттарының көшірмесі табылады.
Нөлдік ставкамен халықаралық тасымалдаумен байланысты жұмыстар мен қызметтерге де салық салынады, оларға жататындар:
- Қазақстан республикасынынң аумағынан экспортталатын тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар Қазақстан республикасының аумағы бойынша тразит арқылы жіберілетін тауарлар;
- поштаны, жолаушыларды, жүкті тасымалдауға байланысты жұмыстар, қызмтер көрстеулер;
- халықаралық реестерге техникалық, коммерциялық, аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету.
Салықты алу механизмі кезінде нақты түскен тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке алудың негізделуі маңызды болып табылады.
Қосылған құн салығы төмендегідей шарттар орындалса есепке алынады:
- тауарларды, жұмыстар мен қызмттерді алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
- өнім беруші өткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шот-фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура «Қосылған құн салығы жоқң деген белгімен жазылса.
Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне кедендік құжат толтыру кезінде төленген қосылған құн салығы ғана есепке алынады.
Салық төлеуші есептеулер әдісін қолданған кезедегі есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасы болып жүктердің кедендік декларацияларында, төлем құжаттарында, жолда жүру билеттерінде, коммуналдық қызметтер құжаттарында, тауарлар қалдығының инвентаризациялық тізімінде көрсетілген немесе қолма-қол айырысумен тауарларды сатып алғандағы қойылған шот-фактура бойынша төленуі тиіс салық сомасы болып табылады.
Төмендегі шарттарды алумен байланысты салық алуға жататын салық есепке алынбайды:
- тұрғын үй ғимараттарын;
- негізгі құрал ретінде автокөлікті алу;
- жалға берілетін тұрғын үй қорын, ғимаратты жөндеуге қолданған тауарлар мен қызметтер, жалға беру келісім-шартына сәйкес жөндеуге кеткен шығындарды жалға беруші өтейтін болса, және жөндеуді жүзеге асырушы жалға берушінің салық салынатын айналымы болып табылған жағдайды қоспағанда;
- өтеусіз алынған мүлік (тауар, қызмет, жұмыс), Қазақстан республикасынан тыс жерлерден әкелінсе және осы мүлікті алушы қосылған құн салығын төлеген жағдайды қоспағанда.
Егер де салық төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын айналым болса, онда жалпы айналым сомасына салық салынатын айналымның үлес салмағымен анықталған салық сомасы қосылған құн салығы бойынша есепке алынады.
Жоғарыда қосылған құн салығын алу тәртібі туралы айтылған жағдайды декларация мысалында қарастырып көрейік.
Компания қосылған құн салығы салынатын объектісін иеленіп отырған заңды тұлға, яғни қосылған құн салығының төлеушісі болып табылады.
Төртінші тоқсанда салық салынатын айналым: 9675 мың теңге
Қосылған құн салығынан босатылған айналым: 343248мың тг.
Жалпы айналым:352973 мың тг.
Салық төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымды иеленеді, сондықтан үлесімді әдіс бойынша, яғни пайыз қатынасындағы салық салынатын айналымның жалпы айналымға қатысымен анықталған қосылған құн салығы сомасы есепке алынады.
9675/352973‡100%=2,7%
15% ставкамен есептегенде қосылған құн салығының сомасы
9675‡15%=1451,25 мың теңге
Қосылған құн салығы көрсетінлген шот-фактура бойынша Қазақстан республикасы аумағында сатып алынғандықтан, салық төлеуші қосылған құн салығының сомасын есепке алуға құқығы бар.
Қосылған құн салығы жоқ айналым — 4206 мың теңге, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы 4206‡15%=630,9мың теңге.
Декларацияның 10 жолын толтырғанда «Қосымша Дң қолданылады. Бұл қосымшада есептік кезеңдегі барлық өндірілген, сатып алынғандар туралы толық мәліметтер көрсетіледі.
Үлесімдік әдісті қолдануда есепке жатқызылған қосылған құн салығының туындысының салық салынатын айналым үлесіне тең, есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасын анықтасық, 630,9‡2,7%=17,03 мың теңге.
Есептік кезеңде төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасын есептелген қосылған құн салығы мен есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының айырмасымен есптейміз: 1451,25-17,03=1431,22 мың теңге.
Халыққа ұсынылатын коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін алғашқы құжаттарды қолдану арқылы банктермен, жолушы тасымалдауда жолда жүру билеттерімен есеп айырысудан басқа халыққа тауарларды өткізу жағдайында бақылау-кассалық машина чегін қолдану, қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар мен қызметтерді ұсынған кездердегі, қолма-қол ақшамен айырысуда қосылған құн салығы төлеушілердің барлығы үшін шот-фактура міндетті құжат болып табылады.
Салық төлеуші тауарды тиеген немесе жұмысты орындаған күні алушы тұлғаға қосылған құн салығы шот-фактурасын ұсынуға міндетті.
2001 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерінен 15%-ті құрайды.
Салық төлеуші салық мерзімі өткен соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынуға міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен нақты есеп айырысатын салық кезеңі болып күнтізбелік ай саналады. Егер де бюджетке төленуге жатқызылған салықтың орташа айлық сомасы 10000 АЕК-ті құраса, онда салықтық кезең болып тоқсан есептелінеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші — салық төлеушілер үшін салықтық кезең болып жыл саналады.
Салық төлеуші салық комитетіне декларация ұсыну үшін белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке төлем жасай алады.
Импортталатын тауарлар үшін салық Қазақстан Республикасының кедендік заңына сәйкес кедендік баж төлеу үшін анықталған күні төлейді.
Есептік кезеңде салық сомасынан есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасы артық болғанда, алдағы уақыттағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне аударылады.
Нөлдік ставкамен салық айналатын айналымнан артық болса, төмендегі шарттар сақталғанда салық төлеушіге қайтарылады: қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді үнемі нөлдік ставкамен өткізсе; нөлдік ставкамен салық салынатын айналым бойынша тоқсан ішінде алдыңғы айға қарату өтінішін өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымнан 70%-ті құраса.
Қандай да болмасын бір сомаға жұмыстар мен қызметтердің өткізу құны өзгерген жағдайда салық салынатын айналым мөлшеріне қосымша шот-фактура және басқа құжаттардың негізінде түзетулер жасалынуы мүмкін.
- Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі.
1967 қабылданған заң жиынтық айналымнан алынатын салықтан (өзіндік айналым сабақтас баспалдақтар айналымы) айналымның кезекті кезеңіне салынатын салықтан тазартылған айналым салығына, яғни қосылған құн салығына өтуді білдірді.
Қосылған құн салығы бұйымның бағасының өндірісі, қайта өңдеу және өткізудің әрбір стадиясындағы өсімінен алынады. Қосылған құн өзімен бірге пайдалынған шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, отынның, электр қуатының және келісім бойынша орындалған жұмыстың шегеріп тастағандағы тиеліп жөнетілген құнды ұсынады. Заң салық салу бойынша жеңілдіктер мен жеткізулер сипатын анықтайды. Мысалы, теңіз флоты мен азаматтық авиация үшін экспортқа шығарылатын тауарлар, несиелік операциялар мен бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларға салық салынбайды.
Әдетте, салық ставкасы 16 пайызды құрайды. 7% жеңілдетілген ставка азық-түлік өнімдеріне (ішімдік сусындары мен кафе, мейрамхана айналымдарынан басқа) және өнер туындыларына қолданылады.
Азық-түлікті қоюшы бюджет табысына тапсырыс берушінің төлем жасауы мен қаражат аударуын күтпестен төлемдік талап толтырғаннан соң бірден қосылған құн салығының сомасын аударады. Бұл тәртіп тәжірибеде 1979 жылдың 26 қарашасындағы қосылған құн салығы туралы заңмен бекітілген.
Қосылған құн салығы бюджеттің барлық үш түріне (федералды, жердің және жергілікті) бөлінеді. ГФР-да қосылған құн салығы табысты реттеуші қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Оның көмегімен ағымдық бюджеттерді қалыптастырғанда жерді қаржылық жағдайда тегістеу жүргізіледі. Әрбір 2-3 жыл сайын федералдық үкіметпен жердің қаржылық органдары қосылған құн салығы болуы туралы келіссөздер жүргізеді. 1992 жылы ол былай бөлінді: 60 пайызы — федералды бюджетке, 35 пайызы — жердің бюджетіне, 5 пайзы жергіліктіге.
Германия Федерациясының салық заңдарына сәйкес тұтынуға салынатын салықтар жекелеген тауарлардың тұтыну мен қолданудан алынатын алым ретінде анықталынады.
Әдетте, тауар салық салу өндірісі стадиясында немесе шетелден әкелінген кезде жүзеге асырылады. Тұтыну салығы салынатын тауарлар төрт негізгі топқа бөлінеді:
- Аударымдары федералдық бюджетке түсетін тауарлар (мұнай және мұнай өнімдері, қант, шай, спирт-арақ өнімдері, кофе, жарық беретін құралдар, тұз және т.б.). Федералдық бюджетке осы салық түсімінің үлес салмағы орталық өкіметтің барлық салықтар түсімдерінің 20 пайыздан астамын құрайды.
- Салықтық түсімдері жерлер бюджетіне бағытталатын тауарлар. Бұл негізінен сыраға салынатын салық.
- Импроттық айналым салығы салынатын тауарлар. Бұл салық елге енгізілетін тауарлардың басым көпшілігіне салынады. Импорттық айналымға салық бір мезгілде қосылған құн салығының нысаны болып табылады.
- Жергілікті органдар салығы салынатын тауарлар (кейбір ішімдікті және ішімдіксіз сусындар, құйып сату мен кафе ұстауға лицензиялық төлем, иттерге салық).
Тұтынуға салықтар фискалдық қатынастардағы салық салу нысандарының ішіндегі бірден-бір тиімдісі болып табылады. ГФР-да жасалған зерттеулерге сәйкес, оларды жинауға жұмсалған шығындар осы салықтардан алынатын барлық түсімдер шамасына 0,7% құрайды. Негізінен салық салуға көрсетілген тауарларды шығаратын кәсіпорындар санының аздығы тұтыну салығының жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
Тұтыну тауарларынан алынатын салықтық аударымдардың дұрыстығына бақылауды негізінен кедендік қызмет, ал жерлер мен жергілікті салықтардың бар болуымен қатар бақылауды қаржылық ведомстваларда жүзеге асырылады.
Көптеген экономистердің айтуынша, ГФР-да тұтыну салығы салуға жатқызылатын таурлардың қатаң сыныпталуы жоқ. Бірінші әлемдік соғыс кезінде әскери-теңіз флотын қаржыландыру үшін енгізілген шарапқа салық қазіргі уақытқа дейін салынады.
Неміс фирмалары шетелге тауар шығаратын кезде қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
ГФР-дағы импортқа кедендік салық салу тауарлардың жекелеген топтары бойынша ерекшелінеді. ГФР өнеркәсібі мүдделі импорттағы көптеген шикізаттық және жартылай фабрикаттар үшін, не кедендік баж белгіленбейді, не олардың мөлшері елеусіз.
Дайын бұйымға кедендік баж жоғары болса да, бірқатар ерекше айырмашылықтары бар. Әлде қайда төменгі баж әлемдік және ішкі нарықта ГФР фирмалары күшті позицияны иеленетін тауарларға белгіленеді.
Германиядағы салық салудың айрықша ерекшелігі болып салық жүйесіндегі қосылған құн салығы бойынша жалпы және жеңілдікті ставкаларының болуы табылады. Бюджеттің табыстарындағы қосылған құн салығының үлесі Қазақстан республикасындағыдай 28 пайызындай құрайды.
1992 жылдан бастап Қазақстан республикасы салық жүйесінде бірден-бір негізгі салық болып қосылған құн салығы табылатындықтан, осы салықтың, отанының салық жүйесі біз үшін үлкен қызығушылық тұғызады. 1949 жылы қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре өңдеп, 1954 жылы Францияда енгізді.
Соңғы 30 жыл ішінде түсімдер сомасы бойынша жанама, оның ішінде қосылған құн салығы басым болып табылады.
Франциядағы салықтарды үш топқа топтастыруға болады, табысты алушыдан оны алу сәтінен бастап алынатын табыс салығы; табыс жұмсалғанда тұтынушыға салынатын салық; меншіктен алынатын, яғни затқа айналдырылған табыстан алынатын капиталға салық. Сондай-ақ, елдің салық жүйесі тұтынуға салық салуға бағытталған. Табыстар мен меншікке салық салу қалыпты болып табылады.
Бюджет жүйесінің жетекші буыны болып қосылған құн салығы табылатындығын бәрімізге мәлім. Елдің аумағында тұтынылатын және қолданылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлығын тұтынуға салық туралы сөз болмақ. Сыртқы нарықпен байланысты операциялар қосылған құн салығынан босатылған. Экспортқа жатқызылатын операциялар жасаған және қосылған құн салығын төлеген тұлғалар оларды қайтарып алу құқығын қолдану мүмкіндігін иеленеді. Импорттық операциялар іштегі құқыққа сәйкес салық салуға жатқызылады.
Қосылған құн салығын төлеу жасалатын мәміленің сипатымен анықталып, саық салушының қаржылық жағдайын есепке алмайды. Тауарлар бағасына тәуелсіз түрде қолданылатын салық ставкасы барлығына бірдей. Салық салу объектісі болып тауарлар мен қызметтердің сату бағасы табылады.
Сондай-ақ, бөлшек сауда бағасы мен қосылған құн салығынан басқа да алымдар мен баждра жатқызылады. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды қоюшылардың төлеген салық мөлшері жалпы сомадан шегеріледі.
1988 жылы Францияда қосылған құн салығы бойынша 4 ставка әрекет етті:
5,5% — бірінші қажеттілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер (ішімдік пен шоколадты қоспағанда азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, көлік);
7,0% — мәдени қолданыстағы тауарларға қысқартылған ставка;
18,6% — барлық тауарлар мен қызметтерге қалыпты тавка;
33,33% — машина, ішімдік және темекіге шекті ставка.
Қосылған құн салығы европалық салыққа айналады. 1977 жылы қосылған құн салығы ставкасына сәйкес ЕЕО мүше-елдер бір-бріне жақын болу үшін қосылған құн салығына Еуропалық директив қабылдады. Францияда қосылған құн салығы бойынша ең жоғарғы ставка болғандықтан, олардың орташа еуропалық деңгейге төмендеу тенденциясы байқалды. Сонымен, 1989 жылы келесідей 3 ставка әрекет етті: 5,5%, 18,6%, 54,8%. Кейін ЕЕО шеңберінде екі: 18,6% — қалыпты және 5,5% — төмендетілген ставкалар әрекет етуде.
Франция заңдарында қосылған құн салығынан екі салықтық — мүлдем және мүмкіндікті босатулар қарастырылған.
Қосылған құн салығынан мүлдем босатуға сатып алу және сату кезінде әртүрлі ставкалар нәтижесінде экспорт пен импорт бойынша қосылған құн салығы компенсацияға жатқызды.
Сондай-ақ, қызметтің 3 түрі салықтан босатылады:
- Дәрігерлік көмек;
- Бастауыш, орта, жоғары және кәсіби білім беру;
- қоғамдық және қайрымдылық сипаттағы қызметтер.
Сонымен қатар, сақтандырудың барлық түрлері, казино, лотереялар босатылады.
Қосылған құн салығынан мүмкін болатын босатулар қарастырылған қызмет түрлері де бар, яғни салық төлеушілердің қосылған құн салығын немесе табыс салығын төлеу үшін таңдауға құқығы ұсыналады.
Осындай қызметтер түрлеріне келесілер жатқызылады:
- экономикалық қызметтің кез-келген түрлері үшін ғимараттарды жалға беру;
- қаржылық және банктік іс;
- әдебиет, спорт, артистік қызметтер, миниципалдық шаруашылық.
Өзінің кәсіпорындарында қосылған құн салығы бойынша есеп айырысу жасалады. Бухгалтерлік есептік оңайтылған схемасы қолданылатын ұсақ кәсіпорындар үшін қосылған құн салығы салық қызметтері есептейді.
Ұсақ кәсіпорындар (тауар айналымы 3 млн. франк немесе қызмет көрсетуі 0,9 млн. франк) жыл ішінде декларация толтыру мүмкіншілігін иеленеді. Тауар айналымы 500 мың франк немесе қызметі 150 мың франк ұсақ кәсіпорындар декларацияны жылына бір рет толтырады.
Ауыл шаруашылығында қосылған құн салығы бойынша оңайтылған нысаны мен төлем схемасы қолданылады. Декларация жылына бір рет толтырылады, жылдың қортындысы бойынша алдағы жылдағы қосылған құн салығынан 1/5 мөлшерінде тоқсан сайын қайта есептеумен төленеді.
Францияда 3 млн. жуық қосылған құн салығының төлеушілері бар. Әдетте декларация негізінде ай сайын қосылған құн салығы бюджетке енгізіледі. Кәсіпорындар салық орталықтарына декларация мен бірге салықты төлеген чекті ұсынады. Тауар айналымының көлеміне байланысты қосылған құн салығын төлеудің тоқсандық және жылдық мерзімдері қолданылады.
Тауарлар экспорты жағдайында кәсіпорындарға қосылған құн салығы бойынша компенсация ай сайын жасалынады. Ал қалған түрлеріне (мысалы, фермер тракторды 18,6% ҚҚС-пен сатып алса, ауыл шаруашылығы өнімдері 5,5%-пен өткізілген) компенсация тоқсан сайын жүзеге асырылады. Әкімшілік жыл сайын 65 млрд. франк шамаға жуық сомаға немесе жалпы салық сомасынан 12% компенсация жасайды.
Қосылған құн салығын төлеуге бақылау ай сайын жүргізіледі. Егер де қандай да бір себептен қосылған құн салығын төлеуші декларацияны ұсынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде салықты төлеу мерзімі өткендігі туралы ескерту береді.
Францияда салық қызметінің 10 мыңдай адамы қосылған құн салығын есептеу мен жинаумен айналысады.
ҚҚС бойынша жеңілдіктер аз және негізінен ұсақ кәсіпорындарға беріледі.
Егер кәсіпорындарының тауар айналымы 300 мың франктан аз болса, онда ҚҚС төленбейді. Осындай жағжайда есептеу жолымен кәсіпорын бюджетке тұрақты соманы төлейді. Осындай ереже қолданылады, өйткені бұл кәсіпорындар қосылған құн салығы есепетуге қажетті деңгейдегі көлемде бухгалтерлік есеп жүргізбейді.
Егер ҚҚС 1350 франктан аз болса, онда кәсіпорындар оны төлеуден босатылады. 3 млн. қосылған құн салығы төлеушілерден ондай кәсіпорындар саны 54 мың.
Қосылған құн салығығың сомасы 1350 франктан жоғары, бірақ 5400 мыңнан кем емес кәсіпорындар жеңілдікті иеленеді. Сондай-ақ егер қосылған құн салығы 20 мың франктан кем болса, онда ұсақ өнеркәсіпшілерге де жеңілдік ұсынылады.
Инвестицияға бағытталған қосылған құн салығы сомасынан жасалатын шегерімдерге қосылған, инвестиция жасайтын кәсіпорындар ҚҚС бойынша жеңілдікті иеленеді.
Әдетте, қосылған салығы бағалау оң нәтижелелі және тұтыну салықтарының ішіндегі табыстысы. Жақсы қасиеттерінің бірі кәсіпорындарға қатынасының бейтараптылығы, сондай-ақ қаражаттардың бюджетке түсуінің нақтылығы мен тұрақтылығы. Өнімді экспорттауға қолайлы жағдай жасалған.
Қазіргі ауқытта әлемнің 40-тан астам елі, оның ішінде еуропалық елдердің көпшілігінде қосылған құн салығықолданылады. ҚҚС-тық осындай дамуы оның ставкасы санының қысқаруы мен есептеу әдісінің жетілдіріулуімен түсіндіріледі. ҚҚС жерлердің бюджетіне түсетін ГФР-нан ерекшелігі, Францияда ҚҚС орталық бюджетке толығымен түседі. Сонымен қатар, жергілікті билік органдары мемлекеттен қосылған құн салығы есебінен дотация алады. қосылған құн салығының бөлігі — 1,4% ЕЭА қажеттілігіне жұмсалады.
Францияда қосылған құн салығы, өзімен тұтыну салығын ұсынатын бірқатар жанама баждармен толықтырылады. Олардың кейбірі мемлекет пайдасына алынатын болса, басқалары жергілікті басқару органдары бюджетіне аударылады.
Қосымша салық салынатын тауарлар, оның ішінде бірінші кезекте ішімдік сусындары, темекі бұйымдары, сіріңке, от тұтағыш, қымбат металдардан жасалған бұйымдар, қант және кондитерлік өнімдер, сыра мен минералды су, автокөліктердің кейбір түрлері, ұшқыш аппараттар. Қосылған құн салығынан басқа, жанама салықтар электр қуатына, теледидар жарнамасына салынады. Туристік немесе табиғи қайнар көздерге жақын орналасқан аудандарда жергілікті органдар туристік алымды енгізіледі.
Тұтынуға салынатын салыққа кедендік бажды да жатқызуға болады. кедендік юаждақ негізгі мақсаты табыс алу емес, ішкі нарықты, сондай-ақ ұлттық өнеркәсіп пен ауыл шарушылығын қорғау. Кедендік баж мелекеттің экономикалық саясаттыңаспабы ретінде қатысады. Олар импортталатын тауарлар ішкі нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасын теңдестіру керек.
Әдетте, кедендік баж тауарлардың бағасынан алынады. Кейбір жағдайда, ерекше критерийлер — салмағы, ауданы қолданылады. Осындай кедендік түрлері сусындарға, темекі бұйымдарына, кинофильмдерге қолданылады. Францияның салық жүйесі негізінен тұтынуға салық салуға бағытталғандықтан, қосылған құн салығының үлес салмағы 41%-ті құрайды. Қосылған құн салығын төлеген кезде жасалған операцияларының сипатымен анықталып, салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды. Салық жүйесінде тауардың түріне байланысты әрекет ететін бірнеше салық ставкаларының бар болуы, қазақстандық салық жүйесінің ерекшеленеді.Қазақстандық жанама салық салу жүйесінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
Ұлыбританияда жанама салықтарға қосылған құн салығы, кедендік баж, акциздер, гербтік алымдар жатқызылады. Баждар мен акциздер басқармасының жетекшілігіне жанама салық салудың барлық жүйесі берілген (гербтік алымнан басқасы).
Жанама салықтар құрылымында қосылған құн салығы — 39%, кедендік баж — 35%, мұнай өнімдеріне акциз — 13%, темекіге — 6,6%. Ішімдікке акциз — 5,1%, ойындық бизнеске салық — 1,1%, басқа табыстар — 0,2% құрайды.
Бұл салық түрі 1973 жылы 1 көкекте енгізілді. Осы жылы ЕЕО-на мүшелікке енді. Англия, Солтүстік Ирландия, Шотландия және Уэльс, Мэн аралы аумақтарына таратылды.
17,5% мөлшердегі қосылған құн салығы бөлшек сауда кезінде тауарлар мен қызметтердің көпшілігіне салық салынады. Жоғарыда көрсетілгендей, тауардың әрбір кезеңінде өндіру мен өткізуде қосылған құннан алынады. Қосылған құн еңбекақыны, амортизациялық аударымды, несиеге пайызды, пайданы, электр қуатына, жарнамаға, көлік және тағы басқа шығындарды қосады. Қосылған құн салығының сомасы сатылған тауарлардың құнына қосылады. Компаниялар әрбір тоқсан сайын өздерінің тауарларын сатқанда салықтың қандай сомасын алғанын және шикізатты, жартылай фабрикатты сатып алу кезінде осы салықтың қанша сомасын нақты төлегендерін есептейді. Егерде осы сомалардың балансы олардың пайдасына болса, онда осы шама ішкі табыстар басқармасына төленеді. Егерде баланс оларыдың пайдасына болмаса, онда басқарма сатып алу—сату кезінде жоғалтқан соманы төлейді. Еуропа елдері сыртқа тауарлар мен қызметтер экспорталған кезде салық қайтарылады.
Елеулі табыстарды мұнай өнімдеріне, ішімлік және темекіден акциздер, кедендік баж, ойын бизнесінен салық — 8%, жарыстардан алымдар (аттар бәйгесі, иттер жарысы). Акциздік алымдар 10% және 30% аралығында тербеліп тұрады.
Ұлыбританияның салық жүйесі айырықша белгісі болып мемлекттік бюджеттің негізгі табыстарын бірдей үлесте жанама салықтардың ішінде қосылған құн салығы мен кедендік баж алатындығы табылады. Шағын бизнеске салық салу кезінде азайтылған ставка қолданады.
1988 жылдан бастап Италияда жанама салықтар мемлекеттікбюджет табыстарын шоғырланудың басым нысаны болып табылады.
Италияда қосылған құн салығы 1 қаңтар 1973 жылы Еуропалық экономикалық одақтасушы-елдер өздерінің қаржылық жүйелерін жақындату бойынша қабылданған шешімін жүзеге асыру тәртібімен енгізілді, 3 жылдан кейін бұл басқа да елдерге қолданылды. Қосылған құн салығы бұрын болған айналымға салық пен 20-дан астам акциздерді ауыстырып, жанама салық алуды біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта бұл салық жанама салықтардың жалпы сомасынан 67%-ті құрайды.
Қосылған құн слаығы басым көпшілігі соңғы тұтынушыға бағытталған тауарлар мен қызмет сатып алушылардан алынады. Осы кезде тауар бағасына қосылатын салық сомасы оның нарықтық бағасы мен берілген салық ставкасымен анықталады. Бұйымның салықты қосқандағы жалпы құнын сатып алушы төлейді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салығы тауардың бағасына қосылған салық, материалдар мен құрамдас бөлшектерді қойғаны үшін дайындаушылар өтеген салық арасындағы айырманы ұсынады. Сонымен, өңдеудің сәйкесінше стадиясында қосылған құнға пропорционалды есептелінеді.
Қосымша құн салығының аралық төлеушілері болып өнекәсіпшілер, саудагерлер, қол өнершілер, сондай-ақ әртүрлі ұйымдар, оның ішінде қоғамға, оларың қалыпты қызмет етуі барысында тауарлар мен қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдар да табылады. Әрбір кезеңінің заңдық шегі сатып алу — стау актісі, яғни меншік иесінің өзгеруімен анықталады. Бірақ, заң осындай айырбас болмайтын мәселелерді, мысалы ренталық және лизингтік операцияларды салықтан босатпайды.
Қосылған құн салығы алынбайтын жағдайлар ұлттық табыстың өсуіне әкелмейтін, тек оларды қайта бөлуді ұсынатын операцияларға қатысты қолданылады. Оларға әрекеттенуші компаниялардың акцияларын, облигацияларын, жерін алу-сату, несие ұсыну, кәсіпорындарды қосу мәмілелері және басқалар жатқызылады. Қосымша құн салығынан тауарлар мен қызметтер экспорты босатылған (сәйкесінше импортқа салық салынады). Бірақ олар салықтың нөлдік ставкасы қолдалынатын ерекше операциялар түрі ретінде заңды тіркелген. Нәтижесінде экспорттаушылар салық органдарында өз операцияларын жүргізу барысында құжаттық тіркеуден босатылмайды.
Фискалдық органдардың қосылған құн салығын қайта аудару алдағы айдың қортындысы бойынша ай сайын жүргізіледі. Төлем мөлшері өткізілген өнім құннан есептелген салық сомасы мен шикізат, жартылай фабрикаттары қоюшының бұрын төлеген салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады. Теріс нәтиже болғанда, салық төлеуші келесі айда өтеуге мүмкіндігі бар. Осындай күрделі процедурадан мемлекетпен жылына немесе жарты жылда ет есеп айырысуға рұқсат берілген ұсақ кәсіпорындар босатылған.
Сондай-ақ, ұсақ кәсіпорындардан (жылдық айналымы 780 млн. лирадан кем) қосылған құн салығын алу процедурасын жеңілдету үшін 1985 жылы ұсақ кәсіпорындарда және ерікті кәсіп тұлғаларында қалыптасқан қосымша құнды анықтаудың жаңа принципі енгізілді. Қосымша құн сомасының есебі өндірістік шығындар мен алынған табысты нақтылау мақсатында бухгалтерлік кітап негізінде жүргізілмейді (себебі ол ірі кәсіпорындарда жасалатындықтан). Жаңа заң бойынша қосымша құн салығын алу үшін ұсақ есеп айырысулар талап етілмейді. Қосымша құн өндірістік және қызмет көрсету аясындағы қызметтердің алуан түрлері үшін жеке бекітілген (40—97,5%) арнайы коэффициентке (%) кәсіпорындардың жиынтық түсімін азайту жолымен анықталады. Ең жоғары коэффициент (97%) бензинді сататын әртүрлі саудагарлерге белгіленген.
Қосылған құн салығы сараланған ставкалар бойынша алынады. Қазіргі уақытта олардың саны бесеу: жеңілдетілген — 0% және 4%, негізгі — 9%, екі жоғарлатылған — 19% және 38%.
Жоғарыда айтылған нөлдік ставка тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортында қолдалынады.
4%-тік жеңілдікті ставка бірінші қажетті заттарға (нанға, сүтке, тағамның басқа да түрлеріне, газет, журнал) қолданылады.
9%-тік негізгі ставка өнеркәсіптік, оның ішінде тоқыма бұйымдарына қолданылады.
Мейрамханалар арқылы сатылатын азық-түлік және ішімдік сусындары, сондай-ақ бензин мен мұнай өнімдеріне 19% ставкамен салық алынады.
Ең жоғары ставка — 39% тері, зергерлік бұйымдарға, спорттық автокөліктерге қолданылады.
Арнайы акциздер жанама салықтардың арасында шамасы жағынан екінші фискалдык мәнді иеленеді. Олар Италияда тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне (электр қуаты, қант, ішімдік сусындарына) қолдалынады. Әлде қайда елеулі түсімді мұнай мен мұнай өнімдеріне акциздер қамтамасыз етеді. Жанама салық салудың басқа да табысты объектісі болып темекі өнімдері табылады.
Италиядағы жанама салық салудың айырмашылықты сипаты, ол қосымша құн салығы бойынша бірнеше сараланған ставкалардың бекітілуі мен салық алудың оңайлатылған жүйесінде қолданылып. Сонымен бірге қосымша құн салығы жанама салығы жанама салықтардың арасында жетекші орынды иеленеді.
Италияда акциздік алымдар Қазақстан мен салыстарғанда
бюджетке елеулі табыстар әкеледі, біздің елімізде олар азаюда.
Сомымен дамыған елдердің салық жүйелері көптеген түрлі экономикалық саяси және әлеуметтік шарттардың әсерінен қалыптасқан.
Салықты іріктеу оның құрылымын алу ставкалары биліктің әр түрлі деңгейдегі фискалдық өкілеттік, салық базасы, салықтық жүйелер бір-бірінен ерекшелінеді.
Әртүрлі табысқа салыққа жекелеген елдер экономикасының салыстырмалы тәуекелділігі біркелкі емес және тербелмелі.
1975 жылға дейін экономикалық ынтымақтастық даму ұйымының (ОЭСР) көптеген елдерінде тұтынуға салықтық, өзгеріссіз үлесі байқалады.
70 жылдардың екінші жартысында тұтынушыларға салық үлесінің өсу тенденциясы байқала бастады.
Көптеген елдерде тұтынушыға салықтың үлесі, акциз үлесі, кедендік баж бірдей.
Біріншісінің ролі мен үлесі артып отырса, 80 жылдары соңғысы төмендеді. Тікелей (компанияның табыс салығы) жанама (тұтынушы табысына салық, акциз, кедендік баж) салықтардың жалпы көрінісі осындай.
Тікелей салықтар Германияда, АҚШ-та, Жапонияда, жанама салықтар Франция мен Италияда басым болса, тең салмақтандырылған құрылымды Ұлыбритания иеленеді.
Германия мен АҚШ-та тікелей салықтардың рөлі артса, Жапония мен Италияда — жанама салқтардың рөлі артқан.
Осы елдердің салықтар құрылымы өзгерістер салық салудың одан әрі дамуынан экономикалық өсуі мен инфляцияның жанама салықтардың алынатын табыстарға емес, тікелей салықтардан алынатын табыстарға әлдеқайда әсер ететіндігіне негізделген.
ІІ ТАРАУ. ҚҚС ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІ
2.1 Қазақстан республикасының бюджетіне ҚҚС түсімдерінің жағдайына талдау
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымындағы №209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Салық кодексіне сәйкес барлық салық төлеушілер үшін қосылған құн салығының мөлшері 16% құраған, ал 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС мөлшері 15%-ке төмендеді.
Мемлекеттік бюджеттің мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес республикалық бюджетке қосылған құн салығының бір қалыпқа түсуін қамтамасыз ету мақсатында екінші жарты жылдыққы қосылған құн салығын әкімшілендірудің ерекше тәртібі қарастырылды:
- Барлық қосымша құн салығын төлеушілер салық органдарына тауарлық-материалдық запастар мен негізгі құралдардың қалдығы туралы қосылған құн салығы бойынша декларациясын бір мезгілде тапсыруы керек. Сонымен қатар 20%-тік және 10%-тік ставкамен қалыптасқан қосымша құн салығынан артық соманы өндірістік қажеттіліктер үшін тауарлы-материалдық құндылықтардың қалдығын қолдану мен өткізу шамасына қарай қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есептелінеді. Қалдықтарды өткізу кезінде қосылған салық 15% ставкамен есептелінеді.
Салық төлеушінің ұсынған мәліметтері негізінде салық органдары өткізілген тауарлары бойынша ҚҚС төлеудің толықтығына бақылау жүргізіледі. Есепке алуға жатқызылған 1-наурызындағы жағдайға байланысты қосылған құн салығы артық салық төлеушілер ай сайын декларациясымен бірге салық органдарына тіркелгені туралы, материалдық қалдықтарын қолдану туралы артық есептелінген қосымша құн салығы бойынша есеп береді.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша бюджеттік борыштың елеулі өсуін болдырмау мақстаында 2003 жылдың 2-ші жартысында нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығын өтеу мерзімі 90 күнге дейін белгіленген.
Қазақстан Республикасы салық заңдылығы жер қойнауын пайдалану мәмілелеріне белгіленген салық режимінің тұрақтылығын кепілдендіргендіктен жер қойнауын пайдаланушылар үшін қосылған құн салығын 15%-тік ставкамен төлеу жағдайлары қарастырылады, демек жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды өткізу мен импорттауды жүзеге асыруда мәміленің салық режимін тараптардың келісуімен нақытылағанға дейін қосымша құн салығы 15% мөлшерде қолданылады. Жер қойнауын пайдаланушылар аталмыш мөлшерде қосылған құн салығын қолдануға мүдделі болатындықтан құзырлы мәміленің жекелеген жағдайларын нақтылау туралы ұсыныс жасауы қажет. Сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушылар салық режимін өзгертумен байланысты бюджет алдындағы өзінің міндеттемелерін қайта есептеуін қаржылық санкциялары қолданусыз оған өзгертулер енгізгенге дейін қайта есептеулер жасата алады.
“Тағайындау елі” принципі әлемдік саудада жалпыға ортақ болып табылады. Ресей Федерациясымен өзара саудада “тағайындау елі” принципі бойынша қосылған құн салығын алуға көшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының 15%-ке төмендеуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымының өсуіне әсер етуі керек. Осы келісімнің нормаларын дұрыс сақтаған кезде қазақстандық сатып алушылар үшін Қазақстандағы Ресейлік тауарлар бағасы 4%-ке төмендейді.
“Нөлдік” ставканы қолдану бюджеттен қосылған құн салығы өтеуді білдіреді. Қазақстанда қосылған құн салығын өтеу мерзімі жаңа Салық кодексі бойынша 60 күн.
Ресейлік заңдылықтардың өзгешеліктері бар. Алдын ала төлемсіз тауарларды тиеп түсіруде экспортты кедендік құжаттарда көрсету күнінен бастап 181-ші күн өткізу күні болып танылады. Осыған байланысты ресейлік жабдықтаушылар үшін қайтару мерзімі іс жүзінде тоғыз ай болуы мүмкін. Бұл жағдай ресейлік жабдықтаушылар жөнелту бағасын ҚҚС сомасына кемітпеуіне, бағаның бұрыңғы деңгейде сақталуына әсер етуі мүмкін. Осындай жағдай Қазақстанға қойылатын ресейлік тауарлардың әрекет етуші бағасы ҚҚС сомасына азайтылмағандықтан, де-факто Қазақстанға қойылатын ресейлік тауарларға қосылған құн салығын екі рет алынуына әкелуі мүмкін, сондықтан ұқсас тауарларды қоюдың балама көздерін иелену орынды.
Қазақстан Ресупбликасына Ресейлік тауарларды енгізгенде ҚҚС 15%-тік ставкамен алынатындықтан осы тауарлардың Қазақстандағы құны Ресейге қарағанда төмен. Ставкалардың төмендеуінің арқасында 2001 жылдан бастап Қазақстан Ресупубликасы аумағына енгізілетін тауарлардан алынатын түсімдердің өсуі байқалады, “тағайындалу елі” қағидасын қолдану кедендік шекара арқылы тауарлар қозғалысына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Ресейге тауарларды экспорттауға “нөлдік” ставканы қолдану және ҚҚС кезекті қайтару Қазақстандық салық төлеушілерден Ресей Федерациясына нақты экспортты құжаттық растауды қажет етеді.
Осы мақсатта Қазақстанның экспорттаушылары салық органдарына экспортталатын тауарларды қоюға келісім-шартты, экспорт режимінде толтырылған мемлекеттік салық декларациялары Қазақстан Республикасы шекарасына өту орынында кеедендік органдардың тауарларға ілестірме құжаттарға қойған белгісімен, Ресей федерациясының импорттық режименде толтырылған мемлекеттік кедендік декларациясының көшірмесін ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы салық және кеден орагндарымен тауардың экспорты мен импортын өзара растау бойынша ақпараттар алмасу ұйымдастырылады.
“Тағайындаушы ел” қағидасы бойынша Ресей мен Қазақстан арасында өзара саудада мұнай мен табиғи газды өткізуге таратылмайтынын естен шығармау керек.
ҚҚС-тың ортақ ставкасын енгізу тұтастай алғанда материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу шығындарын азайтуға әкеледі, себебі бұрын 20%-тік ҚҚС-пен алынған тауарлар енді 15%-тік ставвкамен алынады. Осыны ескере отырып, ауылшаруашылық өнімдеріне ҚҚС ставкасының 15%-ке дейін өсуі қосылған құн салығын жеңілдету арқылы ауылшаруашылық өнімдерін іс жүзінде жасырын дотациялаудың артуына әкеледі. Яғни 10%-тік ставкадан 15%-ке өту ҚҚС ставкалары арасында айырмаға жөнелту бағасын өсірудің еш қажеті жоқ, себебі ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге салық бойынша 80%-тік жеңілдік ұсынылып отыр.
Ауылшаруашылық қайта өңлеуші кәсіпорындарға қатысты ҚҚС-тің әтүрлі ставкаларының кері әсері жойылады. Қазір ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден өнімдерді ҚҚС-тің 10%-тік ставкамен сатып алып, есепеке алуға құқығы иеленеді. Соынмен қатар, қайта өңдеушілердің айналымы жалпыға ортақ ставкамен алынады, яғни олар үшін жеңілдікті болып келген салық жүктемесі басқалар үшін қосымша болып табылады. Сонымен отақ ставканы енгізумен аграрлық өнімді қайта өңдуші кәсіпорындар үшін қосылған құн салығын есептегі қиыншылықтар мәселесі шешіледі. Ол кәсіпорынның шауруашылық іс-әрекетінің көрсеткіштерін (рентабелдік таза табыс) жақсаруына әсер етеді.
“Нөлдік” ставканы қолдану бюджет есебінен ҚҚС қайтаруды туындайды. Мұндай қайтару, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығының сомасының шынайлығын міндетті құжаттық тексеруді талап еетеін әрекет етуші заңдарға сәйкес жүзеге асады. Сондай-ақ, қайтару схемасы қосылған құн салығы және басқада салық түрлері бойынша ағымдық міндеттемелерді өтеу есебіне қосылған құн салығын есепке алу жүйесін ұйғарады.
2001 жылда жаңа Салық кодексін енгізумен байланысты ішкі өндіріс тауарлары бойынша қосылған құн салығынан түсімдердің өскені байқалады. Бұл экономика секторларының жандануымен сипатталып, шағын және орта бизнес аясында көптеген кәсіпорындардың құрылуы қосылған құн салығын алудың артуына әсер етті. Өткір тербелістер шағын кәсіпкерлік субъектілері қосылған құн салығы тоқсанына бір реттөлеуімен, ал өткізу бойынша айналым шегінің 10000 еселінген ЕАК шамасынан аспайтындығымен байланысты. Сондай-ақ, 2001 жылдан бастап салық органдарының бақылау-экономикалық қызметі де едәуір жақсарған. Бұның бәрі салықтардың жинақталуының артуы мен әкімшіліктендірілуін жақстарудағы қабылданған шаралардың тиімділігін, қосылған құн салығы ставкасының төмендеуі, сондай-ақ республиканың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсуінің оң бетбұрыстарын білдіреді.
Қазақстан Республикасы аумағына енгізілген тауарларына қосылған құн салығы 2001 жылға импортталатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша түсімдер болжамы 72231 млн. теңге сомасында болса, 103% орындалып, бюджетке нақты түсім 74428 млн. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы аумағында енгізілетін тауарларға қосылған құн салығынан түсетін түсімдерді өткен жылдармен салыстыру бойынша серпінін салыстырмалы талдау тұтастай алғанда түсімдердің өскенін байқауға болады.
2.2 ҚҚС құрылу ерекшелігі мен есептеу тәртібі
Қазіргі күні бүкіл әлемде ең кең тараған жанама салықтың түрі — қосымша құн салығы. Қазақстанда қосымша құн салығы ТМД елдері мүшелерінің өкіметтері арасында келісілген салық саясатының қағидалары туралы келісім-шартқа сәйкес енгізілген.
1991 жылы ҚҚС енгізілген сәттен бастап салық жүйесіндегі бұл салық түрі көптеген өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады.
Алғашқыда салық 28% мөлшерінде белгіленген еді. Бірақ нарықтар тауар массасы жетіспеушілігінен, бағаның өсуінен, сол кездегі инфляцияның өсуі есебенен бұл ставка жоғары болған. Соған байланысты салық мөлшері 20%-ке дейін төмендеді, ал тұтыну тауарларына — 10%-ке дейін төмендетілген еді.
Қазақстан Республикасының салық заңдылығына ҚҚС енгізумен бірге, бұл ҚҚС регрессивтілігі туралы пікірлер пайда бола бастаған, өйткені ҚҚС көп жағдайда орта бизнес пен жағдайлары төмендердің жағдайына әсер етеді. Бұл салықтың регрессивтілігі мынада көрінеді. Кіші табысы бар тауар тұтынушылары өз табысының көп бөлігін салыққа төлеген, ал көп табысты адамдар одан аз төлеп отырған. Сондықтанда бұл салықтың регрессивті жағын төмендету үшін мемлекет келесі қадамды жасады – тұрмысқа ең керек тауарлардың салық мөлшерін төмендетті, оның қатарында азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер бар.
ҚҚС енгізуде оны жинаудың тәртібі толық өңделмеген еді, соның нәтижесінде төлеушілердің ғана емес, қазыналық ұйымдардың да жұмысы күрделене түсті. Мысалы ретінде салық төлеушіні есепке алу тәртібін қарастырып көрелік.
Тауарлар мен өнімдерді алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, қызметтер көрсетудер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер қосылған құн салығының төлеушісі болса және тауарлардың импорттары бойынша бюджетке төлеген болса, олар үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасын анықтауда әлемдік тәжірибеде екі кең тараған әдіс қолданылады:
- тұра (бухгалтерлік) әдістің мәні ҚҚС-ті келесідей формула бойынша есептеуде:
ҚҚС=СхҚҚ;
мұндағы С – салық ставкасы;
ҚҚ — қосылған құн.
- жанама (барабарлық) әдіс шот-фактура арқылы келесідей формуламен анықталады:
ҚҚС=СБ-СТ
мұндағы С – салық ставкасы;
Б — өткізу бағасы;
Т — тұтынлған туарлардың құны.
Нәтижесінде, қабылданған ҚҚС-ті есепетудің оңайтылған тәртібі қосылған құн шамасын алдын-ала есептеуге негізделген қиын тәртіп нәтижелері бірдей десек саяды.
1995 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанда кәсіпорын табыстарына тікелей байланысты ҚҚС-ті төлеу түрі қолданылған. Алынған ресурстар бойынша төленген салық сомасы өзіндік құн (шығындар) құрамында есептелінген, осыдан салық сомасының жинақталуы болған. Сондықтан да ҚҚС алу моделі кумулятивті сипатта болды. Салық салу саласындағы мамандар ҚҚС-ті есепетудің аталмыш әдісі жанама салықтар сияқты тұтынуға салынатын салық емес, табыстарға салынатын салық түріне ие болуда. Қазақстандық ҚҚС-тің бұндай үлеспеушілігі қазақстандық тауарлардың бәсеке жарамдылығын төмендетті және республикасына инвестициялардың ағымын бәсеңдетті.
Қазіргі кезде ҚР-нда ҚҚС-ті есепетудің барабарлық әдісі қолдануда (әлемдік тәжірибеде – салықтық несие әдісі). Осы әдістің мәні келесіде: өткізілген өнімге қатысты есепетлінген салық сомасы бюджетке түгелдей емес, салықтардың “кіргізілген” шама мен “шығарылған” шамасының айырмасын төле қағидасы негізінде жатыр. Басқаша айтқанда, есепеке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталынады.
Салық кодексіне енгізілген “тіркелу шегінің” ерекше мәні бар, осыған сәйкес ҚҚС төлеушілердің арасынан жылдық айналымы 10000 еселінген ЕАК-тен аз болған кәсіпкерлер шығарылады. Бұндай шара салықтық әкімшіктендіруді ыңғайлата түседі және салықтық шот-фактуралардың қозғалысына кедергі жасамайды.
Салық кодексінің 208-210 баптарында қосылған құн салығы бойынша есепке тұру мен есепетен шығу тәртіптері көрсетілген. Осымен қатар, 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарында тіркелген салық төлеушілері 2002 жылдың ақпан айына дейін ҚҚС бойынша есепке алу туралы өтініш өткізуі тиіс.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Салық кодексінде тауарлардың (қызметтер, жұмыстар) “өткізу орнына” анықтама берілген. Бұл анықтаманың енгізілуі жұмыстар мен қызметтерге салық салу тәртібін өзгертті. Осы жәйт 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыстар мен қызметтердің өткізу орны ҚР болмаса, Қазақстан Республикасында ҚҚС-тің төлеушісі болмайды. Бірақ-та, резидент емес ҚҚС-ті төлеу тәртібі сақталынған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салықтық заңдалағында ғ37 “ҚҚС есептеу және төлеу тәртібі туралы” нұсқаулықтан алынған өзгертулер толықтыруларды ескере отырып, салық салынатын айналым мөлшерін анықтау тәртібі әр салаға қатысты (тасымалдау, құрылыс, туризм және т.с.с.) бөлек-бөлек көрсетілген. ҚҚС есепке жатқызу тәртібі нақтыланған және экспорт бойынша “нөлдік ставкасын” қолдану реттелген, сонымен қатар импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС төлеу ерекшеліктері нақтыланған.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелінген ҚҚС сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15%. Жеке тұлғалар оңайтылған тәртіппен өткізетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдалақтарына сәйкес айқындалады.
Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс ҚҚС отраша айлық сомасы 10000 ЕАК кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметтіжүзеге асырудан бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі салық жала болып табылады.
ҚҚС төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
Декларациямен қоса салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі. Шот-фактуралар тізілімінің нысаны уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Салық органдары импротталатын тауарлар өнеркәсіптік ұқсатуға арналған және су, газ, электр қуаты импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертеді.
ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту өсімпұл есептелмей, кеден органы кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жасалады. Мерзімді өзгерту мына құжаттар негізінде жасалады: уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш; тауарларды беруге арналған шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі. Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары ҚҚС төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
Уәкілетті мемлекеттік орган өнекәсіптік ұқсату үшін үнемі импорт бойынша тауарларды алып тұратын ҚҚС төлеушілерге, ҚҚС өзгертілген мерзімдер бойынша төлеткізе отырып, тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асыруы үшін күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
Салық органдары импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді ҚҚС төлеушілен өтініш пен белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
ҚҚС жабдықтың, ауылшаруашылық техникасының, автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының, тікуұшақтар мен ұшақтардың, теміржол локомотивтері мен вагондардың, өзінің өндірістік мұқтажы үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің импорты бойынша белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
ҚҚС төлеуші кеден органдарына ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ ҚҚС бойынша декларацияда тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс ҚҚС сомасын көрсету жөніндегі міндеттемені табыс етеді. Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналысқа шығару – белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін, ал акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, ҚҚС іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Нақты түскен тауарлар, соның ішінде импотталатын тауарлар бойынша төленуге тиісті қосылған құн салығының есебіне жатқызылатындардың негізделуі өте маңызды болып табылуда.
Осыда жеткізілу құнында ҚҚС-тің барын растайтын құжаттарды тексеру қажет. Шетелден әкелінген импортталатын тауарлар бойынша ҚР бюджетіне кедендік рәсімдеу кезінде төленген ҚҚС ғана есепке алынады.
ҚҚС төлеуден босатылған сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салық сомалары есепке алынбайды. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы салынатын айналым мақсаттарыда пайдаланылмаған тауарлар, негізгі құралдарыды қоса алғанда, тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиіс.
Тауарлар бойынша күмәнді міндеттеме сомасын табысқа енгізген кезде осындай тауарлар бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы, ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылып тасталуға тиіс.
Егер қосылған құн салығы шығарылып тасталғаннан кейін ҚҚС төлеуші тауарлар үшін ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңіндегі есепте қалпына келтіріледі.
Қосылған құн салығын өнім беруші-төлеуші банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын есптен шығарып тастау банкрот деп танылған ҚҚС өнім беруші-төлеушіні заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.
Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде ҚҚС төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есепету әдісімен анықталған қосылған құн салығының сомасы еспке жатқызылады. Таңдап алынған ҚҚС есептеу әдісі күнтізбелік жыл ішінде өзгермеуі керек. Есепке жатқызылмайтын қосылған қн салығы салық салынатын табысты анықтау кезінде Салық кодексінде белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.
2.3 ҚҚС шаруашылық субъектілердің экономикалы әреекетіне әсері
ҚҚС-ғы іскерлік белсенділікке әсер етпейді және өндіріс шығындарын арттырмайды деген кең тараған пікірдің негізінде нарық шартында бағаның шексіз өсуі туралы теріс мәлімет жатыр. Өндірістің құлдырауы, кәсіпорынның және халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі сұранысқа қатаң шектеулер қояды. Бағаны өсіру мүмкінділігі болмағандықтан өндіруші ҚҚС өз пайдасынан төлеуге мәжбүр, ал бұл өндірісті тоқырауға әкелетін қосымша фактор болып табылады.
Бұл жағдайда мемлекетте, ҚҚС салынатын тауарларды өндіруші кәсіпорында өз табысын кемітеді: керісінше, қандайда бір өнімнің ҚҚС төмендету нәтижесінде арзандуы, әдетте, тұтынуды күшейтеді. Міне соның нәтижесінде, ҚҚС жоғары ставкасы тұтынудың қысқаруына және кәсіпорындардың шығындар болуына әкеледі, ал бұл біздің экономикамыз үшін теріс әсер етеді.
Жанама салықтар жүйесін құрауда елдің экономикалық даму ерекшеліктермен салық жүйесінің ерекшелігін еске алу қажет, атап айтқанда келесілер:
- Өнеркәсіпке салынатын салымдардың өтелу мерзімінен өндірістің циклдің ұзаққа созылуына саяси және инфляциялық факторлар көз қарасынан алғанда үлкен қатер тудырады. Соның нәтижесінде бос ақша қаражаттары бар қаржы және сауда құрылымдарының өндіріске ақша салғысы келмейді және өнекәсіптегі қаржының сауда-қаржы саласына құйылады;
- Өнеркәсіптік салаға бос қаржы ресурстарының жетіспеушілігі кәсіпорындардың өзара төлемсіздік күйреуіне әкеледі;
- Өнеркәсіп орындардың кірісі төмен деңгейде болғандықтан жалақысы да төмен болып мамандандырылған кадрлердің жұмыстан кетуіне әкеледі.
Қазіргі кезде қосымша құн салығын есептеу механизмі кәсіпкерлердің шаруашалық қызметіне әсер етуі мүмкін. Өнімнің немесе тауардың тауар өндіруші мен сатушылар арқылы өтуде оның қосылған құны да өсіп отырады, ал бұл өндіріс цикілінің әр-бір мүшесін салық төлеуге мәжбүрлейді. ҚҚС өтеу механизмі айналым қаражаттарының айналымының жалдамдығына тиімді қызмет ете бастайды, сондықтан қосылған құнға төленген салыққа кеткен қаражаттың қайтымын қамтамасыз етеді.
Дегенмен, кәсіпкерлердің қызмет етіп отырған қалыптасқан шарттарды аталған айналым принципін толық мүмкіндігін қолдануға мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан ҚҚС басқа әдістерін қолдану жиі кездеседі. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің басқа да негізгі көрсеткіштері мен ҚҚС өзара әрекеттесуінің бірнеше жай мысалдарын қарастырып өтелік. Мысалы үшін А кәсіпорыны басқа ұйымға ешқандай материалдық шығынсыз қызмет көрсетті және шартты түрде 1200 бірлік көлемінде түсім алды.
- Кіріс 1000
- ҚҚС 200
- Салық салынатын табыс 1000
- Заңды тұлғалардың табыс салығы (30%) 300
- Барлық төленген салықтар (П2+П4) 500
- Таза табыс (П3-П4) 700
- Кәсіпорында қалған ақша қаражаты 700
Берілген мысалда түсім сомасындағы салықтардың үлес салмағы (табыс салығы және ҚҚС) 41,67% (500:1200‡100)құрайды. Түсім сомасындағы таза табыстың үлес салмағы 58,3% (700:1200•100) құрайды, бір мезгілде ақша қалдығының сомасы кәсіпорында қалатын таза табыс сомасында сәйкес келеді. Бұл мысал өте тиімді және тек қана берілген көрсеткіштер құрылымындағы болатын өзгерістердің әсеріне бақылау жасау мақсатында беріліп отыр. Мысалы үшін, А кәсіпорын барлық көрсеткіштерін сақтай отырып, кәсіпкерлік табыс алу мақсатында 600 бірлік көлемінде шығындар жасады.
- Табыс 1000
- ҚҚС 200
- Шығындар 500
- ҚҚС шығындары 100
- бюджетке төленетін ҚҚС (п2-п1) 100
- салық салынатын табыс (п1-п3) 500
- Заңды тұлғалардың табыс салығы 150
- Барлық төленген салықтар (п5+п7) 250
- Таза табыс (п6-п7) 350
- Кәсіпорында қалатын ақша қаражаттары 350
Бюджетке төленген салықтардың үлес салмағы 20,8% (250:1200) құрады, түсім сомасындағы таза табыстың үлес салмағы 29,2% (350:1200•100) құрады. Таза табыс сомасымен ақша қаражаттарының қалдығығың сомасы сәйкес.
Бірінші және екінші көрсеткіштерді салыстырсақ, шығындар жағынан өсуі ҚҚС және табыс салығы бойынша салық міндеттемелері бөлігін азайтады, сонымен қатар қаржы нәтижесінің деңгейін төмендететді және қолма қол бос ақша қаражаттарын шектейді.
Сондықтан да, кәсіпорынның табысын шектеу арқылы оның шығындары бөлігін өсіруге тырысу өзін ақтамайды. Өзіндік құны өсіретін тиімсіз шығындарды арттыру арқылы салық төлемдерін төлемей экономдауды мақсат тұту кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
ҚҚС толық түрде өтеуге тырысу кей кезеңдері кәсіпорынға кері нәтиже береді. Мысалы үшін А кәсіпорны барлық түскен түсімді құрал жабдықтарын сатып алуға жұмсайды.
- Табыс 1000
- ҚҚС 200
- Алынған құралдар 1000
- Құрал бағасының ҚҚС 200
- Бюджетке төленетін ҚҚС (п2-п4) 0
- Салық салынатын табыс 1000
- Заңды тұлғалардың табыс салығы 300
- Таза табыс (п1-п7) 700
- Барлығы бюджетке төленетін 300
- Кәсіпорында қалатын қаржы(п1+п2)-(п3+п4) 0
Түсім сомасындағы салықтың үлес салмағы 25% және таза табыс 70% болғанда кәсіпорында бос ақша қаражаттары қалмады, ал бюджетке 300 бірлік мөлшерде табыс салығын төлеуі қажет болатын.
Осы жағдайда кәсіпорын салық міндеттемесін өтей алмайды, сонымен қатар нақты табысы 700 бірлік бола тұра ол басқа да шығындарды жасай алмайды, өйткені бос ақша қаражаттары жоқ. Мұндай жағдайларды көптеп келтіруге болады, бірақ олардың барлығының нәтижесі дұрыс бола қоймайды.
Әрине, салық заңдылығында қарастырылған ҚҚС бөлігінде жеңілдіктерді барлық кәсіпкерлер пайдалағысы келетін табиғи заңмен және № 37 Интсрукциясымен салық салынбайтын айналымдар тізімі бекітілген; ҚҚС төлемейтін субъектілер; ҚҚС есепету мен есепке алуда салық есебінің ережелері. Салықты есептеу тәртібінің ерекшеліктерін пайдалануда нәтижелері бірдей болмайды, ал пайдасы мен зиянын салыстыруға келмейді.
Мысалы В кәсіорында жеке тұлғалардан қолма-қол ақшаға материалдар сатып алу шешімі қабылданған, бірақ оларда сол материалдарды қолма-қолсыз есепке айырысу жолымен басқа кәсіпорындардан сатып алу мүмкіндігі де бар. Мұндай шешімді қаылдаудағы мақсат: заң бойынша тауарды қолма-қол ақшаға сатып алса олар жеңілдіктер алады. Айтар босақ, кәсіпорын жұмысшысы 120000 теңгеге материал сатып алды. Оны өткізу бағасы 345000 теңгені, соның ішінде ҚҚС 45000 теңгені құрады. Мұндай операцияның қаржы нәтижесі 180000 теңге (300000-120000), бюджетке төленген ҚҚС сомасы 45000 теңге. Екінші жағдайда, егер тауар ҚҚС төлеуші кәсіпорын ретінде есепте тұрғын тұлғалардан сатып алынса, онда алынған тауарлар құны 100000 теңгені құрып, ал ҚҚС жабдықтаушыға төленген – 20000 теңгені құрар еді. Онда қаржы нәтижесі 200000 теңгені құрар еді. Бюджетке кәсіпорын 45000 теңге емес, 30000 теңге төлер еді.
І ІІ
- Сатып алынған тауарлар 120000 100000
- ҚҚС — 15000
- Өткізу 300000 300000
- ҚҚС 45000 45000
- Бюджетке төленетін салық (п4-п2) 45000 30000
- Қаржы нәтижесі (п3-п1) 180000 200000
Егер резервтік қор, дивиденд төлеу т.б. сияқты төлемдер жасалуы қаржылық нәтижеге байланысты екендігін ескерсек, онда кәсіпорын және оның мүшелері үшін әрине екінші жағдай қолайлы екенін көреміз. Айқын көрініп тұрған жәй ең тиімді жол бұл заңдылықты сақатап, орынды отыру қажетті. Мысалы, ҚҚС есепке алу немесе оны өтеу дұрыс толтырылған шот-фактурасыз мүмкін болмайды. Егер ҚҚС сомасы сәйкес келетін құжатта белгіленіп көрсетілмесе, онда салықтың сомасы кәсіпорын шығындарына жатқызылады немесе тауардың өзіндік құнына жатқызылады. Бұл жағдай өнімінің өзіндік құнын өсіруге әкеледі, оның бәсекелестік қабілеттілігі төмендейді, ал бағаның түсуі тек қана рентабелділікті төмендету арқылы іске асуы мүмкін, нәтижесінде мұның барлығы кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне кері ықпал итгізеді.
Міне ҚҚС жанама салыққа жатқызылғандығымен, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсері айтарлықтай маңызды бола алады.
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚҚС ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қосылған құн салығы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге белгіленетін жанама салықтар түрлерінің бірі болып табылады. Салық базасы болып тауардың өндірісі мен өткізудің әрбір кезеңінде қосылған құн табылады. Қосылған құн өзіне есептелінген еңбек ақыны, амортизацияны, несие үшін пайда пайызын, пайданы, жарнама шығындарды, транспортты және т.б. қосады. Бағаға тауардың тұтынушыларға қарай жылжу кезінде барлық кезеңдерінде кәсіпкерлермен енгізілген қосылған құн салығының жалпы сомасы енгізіледі. Сонымен тұтынушы осы салықтың жалғыз да, соңғы төлеушісі болып табылады.
Бюджетке үнемі түсудің нәтижесінде және қосылған құн салықтың универсалдығы бірден бір тиімді фискалдық аспап ретінде қатысады.
Сонымен қатар қосылған құн салығы елдің экономикасын реттеумен экономикалық интеграция құралы ретінде пайдаланылады. Мемлекет қосылған құн салығын алу мәселесі бүгінгі күні өзекті болып табылып, қызуғышылықты тұғызады.
Нарықтық қатынастарға өту салық заңдылығында радикалды өзгерістер мен мемелекеттік бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдерді дұрыс анықтауға толық және уақытылы нақты бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін салық жүйесі үлгісін құруды талап етті. Оны ұйымдастырудың принциптері болып біртұтастылық, жергілікті билік органдырна тәуелсіздік пен қатаң орталықтандыру жатады. Қазақстанның салық органдары қызметінің құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасы Конституциясы, Жоғары билік органдары шығаған нормативті құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылықтары мен ұйғарымдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен ұйғымдары және т.б. салық салу мен салық органдары жұмысын ұйымдастыруға байланысты заңды актілер табылады.
Жаңа Салық кодексін қабылдаумен байланысты қосылған құн салығын төлеушілерге қойылым арқылы салықтық бақылау жүргізу, оларды жекелеген есепке алу салық бақылауының өте маңызды нысаны болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу бойынша маңызды ереже болып тауарларды өткізумен байланысты айналым мөлшерін енгізу болып табылады.
Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығын төлеушілердің қатарынан тауарларды өткізу жылдық тауар айналымы салық салынатын айналымнан бекітілген төменгі шегі 10000 АЕК-ке жетпейтін кәсіпкерлер шығарылып тасталады.
Ең алдымен осы норма тауарларды өткізетін кәсіпкерлерге қатысты.
Сонымен қатар, көрсетілген кәсіпкерлерде қосылған құн салығы бойынша есепке ерікті тұру құқығы сақталады.
Сонымен қосылған құн салығы бойынша есепке алу тауарларды өткізу бойынша айналым мөлшері нәтижесінде салық салынатын төменгі шектен артқан кез келген кезең аяқталған күннен кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктермей жүзеге асырылады.
Осыған байланысты көрсетілген салық төлеушілерге қатаң есеп беру бланкісі болап табылатын қосылған құн салығы бойынша куәлік, яғни қосылған құн салығы бойынша төленушіні есепке алуды білдіретін құжат беріледі.
Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу мен есепке алу орталықтандырылған тәртіппен жүргізіліп, қосылған құн салығын төлеушілердің ел бойынша ортақ мәліметтер базасы жасалады. Мәліметтер базасын жасау жалған шот-фактура бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 211 бабына сәйкес жалған шот-фактура болып қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмайтын салық төлеушімен толтырылған қосылған құн салығын қосатын шот-фактура табылады.
Салық бақылауын жүзеге асыру салық қызметі органдарына қосылған құн салығын төлеушілердің мәліметтері базасы арқылы осындай төлеушілерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған төлеушіні анықтаған жағдайда салық қызметі органдары анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде салық заңдарын бұзғанын жою туралы ескертпе жібереді. Сонымен қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған төлеуші салық қызметі органынан ескертпе алғаннан кейін тауардың осы түрі бойынша есепке тұру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
Салық қызметі органы көрсетілген төлеушіге салықтық тексеріс жататын салықтық бақылаудың басқа да шараларын қолданады.
Сонымен бірге осы төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы Кодекстің 211 бабында жалған шот-фактураны жазғаны үшін айыппұл салуды қарастырады, айыппұл заңды тұлғаларға шот-фактурада көрсетілген қосылған қн салығы сомасынан 200% шамасында болады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке алу тәртібі және куәліктің көмегімен қосылған құн салығын қолдану жеңілдетіледі.
Жаңа Салық кодексінің іске қосылуымен байланысты салық жүйесін жетілдірумен салық әкімшілігін жақсартуға бағытталған перспективалар ерекшелінеді.
Негізгі бағыттарының бірі болып қосылған құн салығы бойынша салық төлеушілердің тіркелу, қосылған құн салығымен толтырылған шот-факутраларды қабылдау мен тізімін қайта өңдеу жүйелерін мәліметтер базасын құру табылады. Бұл жүйе қосылған құн салығы бойынша әкімшіледіруді еләуір жақсартады, яғни әлде қайда тиімді салық бақылауына жағдай жасайды. әрбір шот-фактура бойынша сатып алушының аты-жөні, оның салық төлеушінің нөмері, өнім түрі, қосылған құн салығын салудың есептеуден кейінгі өткізу көлемі анықталынады. Барлық реестр электронды және қағаздық нұсқаларда қабылданады. Шот-фактура реестрлі компьютерге енгізіліп электрондық қайта өңдеу жүргізіліп сәйкес кемеушіліктарды анықтайды. Мысалы, бір салық төлеушішің өнімнің белгіленген түрлерінің өткізу көлемі салық төлеушінің тіркеу нөмері шот-фактурада көрсетілген басқа салық төлеушінің осы өнімді сатып алу көлемінен ерекшелінеді.
Сондықтан шот-фактуралар реестрлерін қабылдау және өңдеу жүйесі қосылған құн салығын экспорттаушы кәсіпорындарға өтеу бақылауын жеңілдетеді.
Салық қызметі органдары қосылған құн салығының дұрыс есептелуіне бақылау жүргізе отырып салық төлеуші қосылған құн салығын тіркеуші түрінде тіркелгенін және оған салық төлеушінің тіркеу нөмері берілгенін анықтауы қажет.
Филиалдары бар кәсіпорындары үшін салық салатын айналымды анықтағанда, осы айналым филиалдары да ескеріледі. Тексеріс кезінде тауарларды тиеу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді жүзеге асыраушы салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке алығанын ескерту қажет.
Сондай-ақ салық төлеуші есепке қай жұмысы арқылы жұмыс жасайтынын анықтау керек.
Өткізулерді есепке алу әдісімен есепке алған кезде тиелген тауарлардың орындалған жұмыстар мен көрстеілген қызметтердің өткізілу құнынан анықталады. Кассалық әдіс кезінде өткізу тиелген тауарлар мен орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер құнынан анықталады.
Салық салынатын айналым мөлшерін дұрыс анықтауға айырықша көңіл бөлу қажет. Қазақстан Республикасы шекарасында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналым салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт болып танылады.
Тауарларға қатысты “өткізу” термині салық ұстаушының меншігіне кепілдендірілген тауарларды сату, айырбастау, қайтарымсыз беру немесе беруді, жеке мақсатта тауарларды қолдану, жоғалту жұмыс мен қызметті өткізу білдіреді.
Туарларды, жұмыстарды және қызметтерді айырбастау немесе оларды қайтарымсыз беру, сондай-ақ сатып алу құнынан төмендетіп сату кезіндегі салық салынатын айналым айырбастау немесе беру сәтінде қалыптасқан, бірақ нақты қалыптасқан шығындардан төмен емес баға деңгейімен анықталады. Акцизделетін тауарларға салық салынатын айналым мөлшеріне акциз сомасы қосылатынын ұмытпау керек.
Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге қоюшы қосылған құн салығын төлегенде есепке алуға жатқызудың негізділігін тексеру келесі кезең болып табылады. Сонымен салық төлеушіде әрбір қоюға шот-фактура немесе қойылым құнында қосылған құн салығының бар болуын расстайтын басқа құжаттың бар немесе жоқтығына тексеріс жасау керек.
Алыс шетелден шығарылған импорттық тауарлар бойынша тек кедендік құжат толтыру екзінде Қазақстан Республикасы бюджетіне төленген қосылған құн салығы ғана есепке алынады.
Қосылған құн салығын төлеуден босатылған қызметтер бойынша, ғимараттар мен жеңіл автокөліктерін сатып алу, кәсіпкерлік қызметке емес басқа мақсатқа алынған тауарлар қосылған құн салығы бойынша есепке алынбайды.
Салық кодексіне сәйкес, тауарлар бүлінген немесе жоғалған кезде осы тауарлар бойынша есепке алынған қосылған құн салығы бюджетке қайтаруға жатқызылады.
Егер де салық төлеушілерде салық салынатын және салық салынбайтын айналым болса, онда қосылған құн салығы бойынша есепке айналымның жалпы сомасынан салық салынатын айналымның үлес салмағымен анықталған салық сомасы қабылданады.
Есепке алуға жатқызылған есеп сомасы есптік кезеңде есептелген сомада артқан жағдайда салық органдары қосылған құн салығы бойынша дебеттік сальдоны немен байланысты туындағанына мұқият талдау жасаған жөн. Егер де ол нөлдік ставканы қолданумен байланысты болса, онда барлық растаушы құжаттардың (алыс шетелдің шекарасын өткендігін растайтын жүктердің кеденді декларациясы бір реттік халықаралық тасымалдау құжаттары және т.б. құжаттар) бар болуы міндетті түрде тексеріледі.
Бюджетке аударылатын қосылған құн салығы сомасының толықтық және уақытылы аударылуына тексеріс жасауда салық және оның мөлшері бойынша ағымдық төлемдер жарнасы мезгілінің сақталуына аса көңіл аудару қажет. Салық төлеушіге салықты төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру өтеулердің уақыттылығы мен өсім ақының төлемі ұсыналады, әлде жоқ па соны тексеру керек. Осы кезде Салық кодексі бойынша ұсынылған мерзімді кейніге қалдыруды ескере отырып өсімшені есептеуге, өтеудің уақыттылығына тексерім жасау керек. Салық кодексі бойынша ұсынылған кейінге қалдыруды ескеру қажет. Салық кодексімен ұсынылған бюджеттік мекемелер үшін кейінге қалдыруларға өсімше есептелінбейді.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияларда көрсетілген мәліметтердің шынайлығына, сондай-ақ салық органына дер кезінде ұсынылуына дер кезінде тексеріс жасау керек. Сондай-ақ салықтардың толық келіп түспеулерді жою керек. Қосылған құн салығының дұрыс есептелуімен уақытылы төлену тәртібін қарастырып, салықтық бақылау салықтарды толық және дұрыс төлеуді бақылау емес екенін атап өту керек. Салықтық бақылаудың кең мәні — бұл мемлекеттің маңызды қызметтерінің біріне жатқызылған салық заңдарының орындалуын бақылау. Оның маңыздылығы осы бақылау мемлекеттің мүліктік табысы болып табылатын алымдар мен салықтарды қамтамасыз етуші құрал ретінде қатысуында.
Нәтижесінде, әдетте, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың жақсы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Салықтық бақылаудың барлығын қамтыған мемлекеттің материалдық мүддесі салық төленбеген жағдайда экономикалық және әлеуметтік тәртіпте мәселе тұғызады. Салықтық бақылаудың мамандырылуы оның материалдылығымен анықталады. Ол салық қызметі органдарының оның шегінен шығуына қақысыз екендігінен көрінеді. Бұл жағдай Салық кодексінде салық төлеушінің құқығы түрінде “салық салуға қатысы жоқ ақпараттар мен құжаттарды ұсынбауы керек” деген тұжырым жазылған. Салықтық бақылаудың қызметтілігінің объектісі ретінде меншік нысанына ұйымдық құқықтық нысанына және қызмет түріне тәуелсіз заңды және жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелері қатысады.
Біздің елімізде салықтық бақылау сәйкесінше билік құзырлығымен қамтылған, “билік пен бағыну” үлгісіндегі салықтық қатынастарда бақылаушы субъектісі болып табылатын мемлекеттік органмен жүзеге асырылады. Сондықтан не бір азамат, не бір еңбек ұжымы, не бір кәсіодақ салықтық бақылау субъектісі ретінде қатыса алмайды. Осы себептерге байланысты кең таралғанымен де аудиторлық тексерістер салықтық тексеруші бола алмайды. Бақылаудың мәні “тексеру”, тексеру мақсатындағы “барлауды” білдіреді. Бақылаудың мақсатымен міндеттің толықтығы, уақыттылығы және тиімділігі, сондай-ақ операция әрекеттің және салық төлеушінің жауапкершілікке тартудың, заңдылығы мәліметтерінің шынайлығы белгіленеді. Сондықтан бақылау салық төлеушілердің салық заңдарын сақталуына бағытталған. Салықтық тексерістерді жүргізудің тиімділігіне қол жеткізу үшін салықтық қызмет органдары атқарушы билік органдарымен құқық қорғау, қаржы және басқада бақылаушы органдармен өзара әрекет етіп, біріккен бақылауды жүргізудің шараларын қабылдап, сәйкесінше, салық қызметінің, өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған ақпараттардың құпиялығын сақтай отырып, ақпараттардың өзара айырбасын қамтамасыз етеді.
Салық кодексі мемлекеттік органдарының міндеттерін белгілеп, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуына бақылау бойынша міндеттерді, сондай-ақ салықтық тәртіп бұзушылықпен күресте міндеттерді орындауына әсер етеді.
Қазіргі уақытта барлық әлемде салық жүйесін жеңілдету тенденциясы байқалады. Салық жүйесі қарапайым болса, экономикалық нәтиже оңай анықталады. Салық органдарында жұмыс істейтіндер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Осындай тенденция кейбір елдерде тек жалғыз қосылған құн салығының бар болуымен бекітіледі.
Біздің елімізде салық жүйесі өте күрделі құрылымды иеленеді. Онда бір-бірінен мәні жағынан еш айырмашылығы жоқ әртүрлі салытар, аударымдар, акциздер және алымдар бар. Осындай төлемдердің көптігі кәсіпорындар бухгалтериясында үнемі қателіктерге әкелсе, нәтижесінде ксіпорын салықты уақытында төлемділігі үшін өсім төленуіне тура келеді. Салықтардан өсім алу үшін салық жүйесін арнайы қиындықтан дегенде ой келеді.
Сонымен бірге, салық ставкалары мен олар төленетін табыстар өте қажетті салық элементтерінде әркелкі көрсетіледі. Сондықтан Заң шыққан соң біраз айлар өткеннен кейін нұсқаулар шығарыла бастайды. Біздің еліміздің салық жүйесінің тағы бір кемшілігі — оның тұрақсыздығы болып табылады.
Салықтар енгізілген соң бір жылда қызмет етпей алынып тасталады.
Салықтар төңірегіндегі осындай жағдайлар біздің экономикамыздың тұрақсыздылығына әкеледі. Сондықтан, дағдарыс жағдайынан шығу үшін салық жүйесін жөнге келтіру, кәсіпорындарға қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жоғарында айтылғанды талдай келе мәселелер қазіргі жағдайда төмендегі әдей проблемалық сұрақтарды бөлуге болады:
- салықтарды есептеу мен жинаудың, салық төлеушілерді есепке алудың, бақылау жұмысының және салық тәртібін бұзушылықпен күрестің тиімді жүйесін құру, тиімсіз салықтарды жүйеден алып тастау арқылы салық жүйесін жеңілдетіп салық ауыртпалығын азайту, өзін ақтамайтын салықтық жеңілдіктерді алып тастау арқылы салық бағасын кеңейту, салық ауыртпалығын аудару;
- аудандар деңгейінде жаңа ұйымдық-қызметтік құрылымды енгізу;
- салық органдары қызметтерін жүзеге асыру үшін жаңа технология мен процедураны өңдеу мен енгізу;
- салық заңының тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-аналитикалық жұмыстар мен ғылым болжамдар әдістері мен нысандарын қолдану;
- құжаттық тексерістер мен оларды өткізу үшін салық төлеушілерді іріктеу мен әдістемені өңдеу мен қолдану;
- халықаралық және мемлекеттік стандарттарды салық органдарын ақпараттандыру үшін қолдану;
- салықты есепету мен алудың “дербес есептеу” жүйесін іске қосу;
- салық органдары мен салық төлеушілердің өзара әрекеттестігінің “мейірбандық” жүйесін қалыптастыру мен ұйымдастыру;
- салық органдарында құжат айналысын оңтайландыру.
Осы тақырыптың өзектілігін отандық тауар өндірушілерге салық салудың тиімді концепциясын жасау жолымен салық ауыртпалығының азаюынан көруге болады.
Экономикалқы өсуге қол жеткізу азаматтардың өмір сүру деңгейін өркениетке жеткізу тиімді жұмыс істеуші салық жүйесін құру болып табылады. Соңғы жылдары осы жүйенің экономикалық және әлеуметтік шарттарына сәйкес қосымша өңдеуді қажет ететін контуры анықталады.
Салық жүйесін жетілдіру сұрақтарын қарастыра отырып салықтардың жиналымдалығын арттыратын механизмді іздеуге аса көңіл бөлу керек. Қазіргі уақытта салық жүйесін жетілдіруді төмендегідей бағыттарда жүргізу керек:
- бюджетке қаржы ресурстарының түсуінің толықтығын қамтамасыз етуге кедергі кемшіліктерді жою;
- салықтар жүйесін санды есептік-бақылау аспектісінде жеңілдету;
- әрбір өндірушінің шаруашылық қызметінің мақсатын, стратегиясын таңдау әдісі мен құралын қалыптастырушы тұтас және белсенді әрекет етуші экономиканы реттеу жүйесін құру;
- салықтық қатынастарды реттеудегі заңның рөлін арттыру есебінен құқықтық нысанды жақсарту.
Салықтарды тиімді қолданудың маңызды бағыттары болып шағын кәсіпкерлікті ынталандырудағы оның рөлін арттыру болып табылады. Нақ осы бәсекелестік аяны қалыптастырып, қосымша жұмыс орынын ұсынып, озық жетістіктерді жедел енгізеді, сұраныс пен ұсынысқа байланысты өндірісті бейімдей алады, жоғарлатылған алғашқы шығындарды талап етпейді.
Шағын кәсіпорындардың санын өсіру, олардың тиімділігін арттыру мақсатын, өзі емес нарықтық ортаның қалыптасуының, экономикалық өсу шарттарын қамтамасыз етудің шанайы қадамы, соның негізінде біздің азаматтарымыздың тұрмыс тіршілігін арттырады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту механизмнің бірден-бір шешуші буыны болып салық жүйесі табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлікті нығайту мен қолдауға бағытталған салық жүйесін құрудың мақсаты бағытталған бағдарламасын құрудың қажеттігіне куәлік етеді.
Салық саясаты салық базасын кеңейтуге бағытталған болу керек. Салық базасын кеңейту салық ауыртпалығын күшейтпей-ақ, бюджетке тапсырыстардың шынайы түсуін арттырады. Осы проблеманы шешпей экономикалық өсудің, қаржылық базасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Салық салатын базаны кеңейтудегі шынайы қадам болып шағын кәсіпкерліктің дамуын барынша ынталандыру болып табылады.
Салық жүйесі нарықтық экономиканың бірден-бір басты элементтерінің бірі болып табылады. Шаруашылықты дамытуға экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылығын анықтағанда салық жүйесі мемлекеттің әсер етуінің басты аспабы болып қатысады. Осыған байланысты Қазақстанның салық жүйесі жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделіп, әлемдік тәжірибеге сәйкес болуы керек.
Біздің салықтардың тұрақсыздылығы ставкалардың жеңілділігінің үнемі қайта қаралуын Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде теріс рөлді иеленіп отандық және шетелдік инвестицияларға кедергі болды. Салық жүйесінің тұрақсыздығы бүгінгі күндегі салық салудың басты проблемасы. Өмір салық жүйесінің таза қазыналық қызметіне жасалған басымдылығының оң нәтижесін бермеді.
Салық саласындағы реформаторлық қайта құрудың талдауы негізінен тартылған ұсыныстар салық жүйесінің элементтеріне ғана екенін көрсетті (ең алдымен ставка мөлшері, ұсынылатын жеңілдіктер, салу объектісі).
Бірақ бүгінгі уақытта нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңіне сәйкес келетін салық жүйесі қажет.
Бүгінгі күні Батыс елдерінде салық алу мен оны қолданудың жалпыланған теориясы мен ойластырылған тәжірибесі бар. Бірақ олардың тәжірибесіне бейімделу қиын, себебі өзінің ұлттық шаруашылығын қайта құрудың жарқын жолдарын іздеуші бүгінгі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси шарттарының ерекшеліктеріне бірінші дәрежелі көңіл бөлмеу мүлдем мүмкін емес.
Салық салу аясындағы проблемалардың көп қалыптасқандығы сондай, оларды жекелеген жарлықтар мен түзетулер арқылы шешу мүмкін емес. Біздің салық жүйеміз өзіне жүктелген қызметтерді жүзеге асыруға қабілетсіз. Ол өз кезегінде елдің экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Осы қайшылықтарды жоюдың ойластырылмаған амалдарды көптеген түзетулер өз кезегінде одан әрі қайшылықтар мен тұрақсыздыққа әкеледі. Ставкалар мен жеңілдіктерді үнемі қарастыру біздің салық органдарының тұрақсыздығы нарықтық қатынастардың қалыптасуында жағымды рөлді иеленген жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тікелей салықтар кейбір экономикалық құбылыстары мен серпінін үнемі көрсете бермейді. Осыған байланысты жанама салықтарды қолдану бірқатар болжауларды қамтамасыз етеді.
Сонымен жанама салықтардың ерекшеліктері болып олардың салық ауыртпалығын басқа тұлғаларға ауыстыруы табылады.
Жанама салықтарды ұтымды және тиімді қолданса мемлекетке үлкен қаржылық түсімдер әкеледі, мысалы қосылған құн салығын қолдану қазіргі уақытта бюджеттік түсімдердің негізгі көзі болып отыр. Ең басты Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жанама салықтар өсідің тұрақты тенденцияларын иеденеді.
Жанама салықтар тікелей салықтарға қарағанда оңай жинақталады, себебі салықты таратушылар саны көп болғанымен, оны төлеушілер өндірушілер немесе сатып алушылар, яғни адамдар саны аз.
Жанама салықтардың осындай артықшылықтары оларды үнемі ауқымды қолдануға, сондай-ақ бір қатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Жанама салықтарды тарату мен олардың шамасын кеңейту мен шамадан тыс қолдануға болмайды. Оларды жаппай қолдану мен арттыру тауарды қымбаттатып халық табысының өсуін қысқартып, салық төлеуден алынатын табысты елеулі азайтады. Сондай-ақ оны қолдануды шамадан тыс азайтып жіберу салық алудан түсетін табысты азайтады. Сондықтан тікелей және жанама салықтардың арасындағы ұтымды ара-қатынасты табу маңызды. Қосылған құн салығы өндірістік және бөлінгіштік циклдан басталып соңғы тұтынушыға дейін әрбір сату актісінен алынатын көп сатылы салықты ұсынады. Салықтың объектісі қосылған құн болып табылады. Ол өзімен бірге шикізаттың, материалдың немесе жаңа өнім мен қызметті жасау үшін сатып алынған тауарлар мен өнімдердің құндарында қосылады.
Қосылған құнды өндіріс пен өткізудің әр буындарында бөліп қарастыру өзіндік мәнді иеленеді:
- өндіруші де өндіріс шығындарын азайтуға ынта туғызатын тауар бағасының барлық элементтері мұқият шектелген;
- салық бойынша есептеулер процесінде мемлекет өнекәсіптік және сауда капиталының айналымдық қарқыны туралы мәліметтер алып, макроэкономикалық бағдарламалаудың міндеттерін жеңілдетеді;
- мемлекетке салықтың толық құнының жалғыз және соңғы төлеушісі болып қатысатын халықтан тауарларды өткізгенге дейін табыс келіп түседі.
1999-2002 жылдары арасында республикада мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің қалыпты өсу тенденциясы байқалады. Бюджетке салықтық түсімдердің құрылымында жанама салықтардың ішінде қосылған құн салығының үлесі 22%. Мұндай жоғары көрсеткіш салық салу субъектісі мен объектісінің санын артқанының халық шаруашылығының барлық салаларында инвестициясының өскенінің куәсі.
Сонымен қатар осы кезеңдегі республикалық бюджет табыстарындағы жанама салықтар үлесі 36,3% — 29,2%-ке төмендеген. Оның себебі, қосылған құн салығы ставкасының 20%-тен 16%-ке, кейінен 15%-ке өзгеруі мен басқа салықтар рөлінің артуы.
Акциздік салықтарды бірдей бағалауға болады. Өз уақытысында У. Петти бүгінгі уақытқа дейін өзектілігін жоймаған, акциздік салыққа қатысты мынандай ұйғарым жасады: “Әркім не тұтынса, соған сәйкес төлем жасайды”. Бұл салық күшпен төленбейді. Осындай жағдайда көптеген акцизделетін тауарлар бірдей мөлшерде байлар мен кедейлерге қажет.
1990 жылдары дамыған елдерде тура және жанама салықтар жағадайы төмендегідей болды:
Греманияда, АҚШ-та, Жапонияда тікелей салықтар басым болса, Франция мен Италияда жанама салықтар, ал Ұлыбританияда екеуінің тең салымақтық үлесті иеленді. Гремания мен АҚШ-та тікелей салықтардың рөлі артса, Жапония мен Италияда жанама салықтардың рөлі артты.
Шаруашылық өмірдің ғаламдануы мен халықаралық еңбек бөлісінің өсуімен трансұлттық монополияның бөлінуі мен сыртқы сауда құрылымының өзгеруіне байланысты екінші әлемдік соғыстан кейін табыс көзі ретіндегі кедендік баждың рөлі біртіндеп түсті. Қазіргі уақытта Қазақстандық жаңа кодексінде қосылған құн салығынан босатудың аз шегі қарастырылған. 2003 жылдың 1-наурызынан бастап отандық телерадионы таратуды қолдану үшін электронды бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радио өнімдерінің өзіндік өнімдеріне және таратылуы бойынша айналымдарға қатысты нөлдік процент мөлшерінде қосылған құн салығы белгіленген.
Сондай-ақ нөлдік ставканы қолданатын, аффинирленген қымбат металлдарды өткізуден басқа кәсіпорындар тізімі қысқарған. 20 және 10 проценттік қосылған құн салығының ставкаларының орнына, импортталатын тауарларға да 15 проценттік ортақ ставка бекітілген. Салық жүктемесінің осылай төмендеуі: біріншіден, қосылған құн салығын есептеу ортақ тәртібін белгілеу жолымен экономиканың барлық салалары үшін салық салу шарттарын теңдестіру мақсатымен байланысты. Екіншіден, қосылған құн салығының әлде қайда төмен ставкасын иеленуші салалар үшін шегерімдерден есепке алулар бойынша қосылған құн салығының теңсіздік проблемаларын шешідің қажеттілігінен туындады.
Жаңа Салық кодексінің елеулі артықшылығы болып оның бірден бір бабында өткізілген тауарлар жұмыстар мен қызметтер құнын салыстырудың қарастырылмауы, яғни өткізу құны мен нақты шығындар арасындағы айырмашылықты табыс деп танудың немесе қайта есептеу қажеттілігінің жоқтығы. Салық проблемасы әлде қайда күрделі және қайшылықты болып табылатындықтан іске енгізілген салық төлеушілердің заңдық құқығымен әлеуметтік мүдделерінің толық қорғалуын қамтамасыз ететін салық жүйесінің жағдайына баға беруге әлі ерте.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- ҚР Салық кодексі “салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”. Алматы, 2004
- “ҚҚС туралы ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” // Егемен Қазақстан, 2002
- “ҚҚС есептеу және оны төлеу тәртібі” туралы нұсқаулық // Бух.бюллетені, 2002, ғ14-15 сәуір
- Назарбаев Н.А. Ел басшысының ҚР халықтарына жолдауы // Егемен Қазақстан, 05.04.2002
- Нурсейтов А.О. Предпринимателю о налоге на добавленную стоимость. Алматы, 1999
- Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, 2001
- Сержантов К.А. Налоги иналоговое прланирование. Алматы, 2002
- Аньшин В.М. Налогообложение в системе экономического управления. Москва, 1999
- Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане. Алматы, 2002
- Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения. Алматы, 2002
- Балабанов Е. Все начиналось с десятины // Қаржы-қаражат, ғ 12, 2002
- Трошин А.В. Сравнительный анализ методик определения налоговой нагрузки предприятия // Финансы, ғ5, 2000
- Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политики налогов. Москва, 1999
- Раимбеков А. Классификация налогов // Қаржы-қаражат, ғ7, 2001
- Гаджиев Р.Г. О соответствии прямого и косвенного налогообложения // Финансы, ғ3, 2000
- Интикбаева С.Ж. Некоторые проблемы налоговой политики // Қаржы-қаражат, ғ1, 2003
- Культбатыров А. Пути совершенствования системы местных налогов и сборов // Қаржы-қаражат, ғ12, 2003
- Атыгаева З., Бекбердиев Б. Налоговый контроль в современных условиях // Қаржы-қаражат, ғ7-8, 2002
- Раимкулов А. Контроль как приоритетное направление в пополнении доходов бюджета // Қаржы-қаражат, ғ1, 2003
- Бабич Е. Контроль еще раз контроль // Қаржы-қаражат, ғ4, 2003