АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар

ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КIРIСПЕ…………………………………………………………………………………….      

 

І ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар………………………………………..    

1.1 Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы — киіз үйдің жасалуы және құрылысы………………………………………………………………………………………….     

1.2 Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған тұрмыстық заттар………………………………………………..     

 

II ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Орталық  Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдарды  сақтау  және қайта қалпына келтіру тәсілдері ………………………………………………………………………………………….    

2.1 Ағаштан жасалған  бұйымдарды  сақтау тәртіптері мен талаптары…………………………………………………………………………………………   

2.2 Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру  (реставрация, концервация)…………………………………………………………..  

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМШАЛАР

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

          Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы өзіне ата- бабасының дәстүрін, өмір сүру салтына тән ерекшеліктерін бойына сіңіріп қалыптасты. Халқымыздың көшпелі өмір салты, оның қолөнерінің қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады. Күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін халық шеберлері тері өңдеп, жүннен жіп иіріп, тоқыма тоқып, іс тігіп, ағаш өңдеп түрлі бұйымдар жасады. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады. Ағашты сүйекпен әшекейледі, күнделікті тұрмыста үйді, үй іші жиһаздарын жасады. Әсіресе, жүн мен түбітті жібектей, тері терсекті торқадай құлпыртып бұйым жасауға машықтанған ісмерлердің даңқы алысқа тарады.

          Халық қолөнері- бағзы замандарда бері ұлы даланы мекен етіп келген тайпалардың заттық және рухани көне мәдениетінің дәстүрлі жалғасы. Оның дамуы қазақ қоғамындағы көшпелі өмір салты, әлеуметтік- эканомикалық жағдай, халықтық сана-сезім және тарихи үрдістермен тығыз байланыста өрбиді. Халықтың этномәдени болмыс бітімін айғақтайтын факторлардың біріне саналатын қолөнер туындыларында халықтың байырғы дүниетанымы мен  символикалық, эстетикалық талғамы мен ою- өрнек түрлері бедер бейнелер арқылы орын тапқан. Кәсіпшіліктегі қолөнер бұйымдарының жасалуы қоғамдағы еңбек бөлінісі мен оны атқару тәсіліне байланысты шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:

          Ұсталық және зергерлік, Ағаш өңдеу, Тері, сүйек өңдеу, Тас қашау, Жүн және киіз өңдеу, Тігіншілік, Кестелеу, Кілем тоқу және термелеу, Ши орау   және тағыда басқалар жатады.

          Бұл заттарда жасалған бұйымдар қазақ халқының күнделікті тұрмысына қолданылатын бұйымдары көші-қонға бейімделіп жасалған жеңіл, сынбайтын, ұзақ тұтынуға төзімді болып келеді.

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған бұйымдардың орны ерекше. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, жеңіл, әрі күнделікті тұрмыс- тіршілікте қолдануға анағұрлымыңғайлы болып келеді. Өкінішке орай, бұл күндері ағаштан жасалған көне дәстүрлі бұйымдар өте сирек кездеседі. Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан мәдениетін, салт- дәстүрін қайта жаңғыртуда музейлердің алтын орны ерекше.

          Сондай музейлердің бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музейі өнер туындыларын болашақ ұрпақ үшін сақтап, қорғап, насихаттайтын бірден- бір орталық. Музейдің бай қоры көптеген жылдар бойында қалыптасып , қазір де ел арасынан жиналған көне  жәдігерлерді толықтырумен келеді. Музей қорында ағаштан жасалған өте бай жәдігерлер сақталған.

          Музейтанудың зерттеу нысанасы музей, музей ісі, музей заты десек те, осылардың негізгі атауын, ұғымын беріп тұрған музейдің өзі айналып келгенде музей затынсыз құрылмақ емес. Ендеше тақырыпқа өзек болып отырған ағаш бұйымдары музей жәдігерлері ретінде қазақ мәдениетінің аса маңызды бөлігі екені сөзсіз. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарыда музейлерде ұлттық мұраны қастерлеуге , зерттеуге ерекше мән берілуде.

          Қазіргі музей ісінің негізгі бағыттарының бірі- қазақ халқының ата- баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт- дәстүрін сақтап, болашақ ұрпақтарға тәлім- тәрбие беру, қызыметін жүзеге  асыру болып табылады. Сондықтан да музейді, оның қорындағы бұйымдарды зерттеу, сақтау, насихаттау ьүгінгі күні өзекті болып табылады.

         Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ халқының қолөнеріне, соның ішінде ағаш бұйымдарына, жасалу техникасына, түрлеріне, қолданылу аясына байланысты зерттеулер жазылған. Ревалюцияға дейінгі кезеңдерде жазылған еңбектер арасынан С.М.Дудиннің «Киргизский орнамент» , Е.А.Клодттың «Казахский народный орнамент», Е.Р. Шнейдердің   «Казакская орнаментика », Б.А.Куфтиннің «Киргиз- казаки. Култура и быст» атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады.

          Қазақ халқының қолөнеріне қатысты зерттеулер ХІХ- ХХ ғасырларда зерттеле бастады. А.К.Акишевтің «Искусство и мифология саков», А.И.Левшиннің  «Описание киргиз- казачьих, или киргиз- кайсацких орд истепей», Э.А.Масановтың «Очерки истории этнографического изучение казахского народа в СССР» атты еңбектері қазақ халқының қолөнері жайлы мол мәлімет береді.

          1956 жылы ҚазССР ҒА- ның тарих, археология және этнология институтыны экспедициясы қазақ  халқындағы ағаш бұйымдар, оларды өңдеу техникасы жайлы құнды дерек жинайды. Бұл экспедиция Қостанай және Ақтөбе облыстарының  түрлі аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысын жеке жинақ ретінде жариялайды.

          Осы тақырыпқа байланысты ғылыми және жан- жақты терең пікірлерді  академик Ә.Х.Марғұлан еңбектерінен көреміз. “Казахское народное искусство” атты 2-томдық альбом кітабының 1- ші томында ағаштан жасалған бұйымдардың суреттерін көрсетсе, 2- ші томында қазақ халқының қолөнерінің барлық түріне, соның ішінде ағаш бұйымдарға  сипаттама берген. Сонымен қатар Х.Арғынбаевтің, Қасимановтың, Тәжімұратовтың, С.Қожамқұлов, Жаймұханов еңбктерінде ағаш бұйымдардың түрлеріне, жасалу технологиясына тоқталған. Х.Арғынбаев “Қазақ халқының қолөнері” атты еңбегінде қазақ халқының ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерін өндіретін бұйымдарына қарай даралап көрсетеді. Бекешов С.С. “Қазақтың дәстүрлі ағаш бұйымдары және оның аймақтық  ортақ сипаттары”, “Ағаш өңдеу және бұйымдардың оймыш түрлері” атты мақалаларында ағаштан жасалатын бұйымдарға  терең талдау жасаған. Ағаш бұйымдарын оюлармен безендіруге байланысты  К.Ибраеваның “Казахский орнамент” еңбегінің алатын орны ерекше. Бұл еңбегінде автор қазақ жерінде орын алған ою-өрнектерді зерттеу ісінің шығу тегі және дамуы, мазмұны терең түрде қарастырылады.

          Зерттеу жұмысы музей қорындағы жәдігерлерге байланысты болғандықтан, музей ісі теориясынан біраз ғылыми әдебиеттер зерделенді. Өкінішке орай бұл салада қазақ тілінде жазылған әдебиеттер жоқтың қасы. Бұл мәселеге байланысты К.Райымханова мен Д. Қатыранның “Музей ісінің теориясы мен практикасы” атты еңбегінің құндылығы өте зор екендігін айтып кету керек. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми- ағарту жұмыстар кең көлемде жазылған.

          Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде К.Г.Левыкина, В.Хербстың редакциялығымен шыққан “Музееведение. Музей исторического профиля”, Т.Ю. Юреневаның “Музееведение” атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады.

          А.И.Михайловскаяның “Музейная экспозиция” атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған.

          Музей қорындағы бұйымдарды қорғауға, сақтауға байланысты Н.Ребрикованың еңбегін айтып өтуге болады. Сонымен қатар, “Инструкция по учету и хранению музейных ценностей” инструкциясы музей бұйымдарын  қорғау, сақтау тәртіптерін белгілейді.

          Тақырыптың деректік көзі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректер, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіндегі инвентарлық кітаптар, картотекалар, музейдің жылдық есептері, экскурция жүргізушілерге арналып жазылған әдістемелік мәтіндер. Сонымен қатар, экспозициялық қойылымдар, экспозиция материялдары және тікелей музей жәдігерлері.

          Жұмыстың мақсаты.  Осы тақырыпты зерттеу мақсатым- Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдардың, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлшегі ретінде, музей арқылы ашып көрсетіп, оларды зерттей отырып, ерекшелігін, түрлерін, жасалу техникасын, қазақ халқының өмірінде алатын орнын анықтап, музей заты, тарихи- мәдени жәдігер ретінде қалың оқырманға, зерттеушілерге танымал ету, насихаттау.

          Тақырыптың міндеті.

  • қазақ халқының ағаштан жасалған бұйымдарының қалыптасуы, түрлері, қолданыс аясы, қазіргі таңдағы ерекшеліктерін зерттеу;
  • Орталық Мемлекеттік Музей қорынтағы ағаш бұйымдарға сипаттама беру;
  • Тақырыпқа байланысты ғалымдардың еңбектерін пайдаланып, жан- жақты талқылау;
  • Музей қорындағы ағаш бұйымдарды сақтау, қорғау мәселелерін айқындау;
  • Музей қорындағы ағаш бұйымдарға реставрация жасау, оның жолдарын музей практикасы жүргізуін ғылыми теориялық әдебиеттерде көрсетілген нормалармен салыстырып, ерекшеліктерін айқындау;
  • Ағаш бұйымдардың жасалу технологиясын, құрамын айқындау, салыстыру;
  • Музей ісінің оқытылуына үлес қосу, практикалық маңыздылығын көрсету.
  • Тақырыптың құрылымы. Зерттеу  жұмысы кіріспе, екі тарау, әр тарау екі тараушадан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

 

І ТАРАУ. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР.

 

1.1 Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы — киіз үйдің жасалынуы және құрылысы (музей экспозициясы бойынша).

 

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған үй бұйымдарының алған орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалған бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық оларды өндіретін бұйымдарына қарай “үйші”, “арбашы”, “ұста”, “ерші” деп даралады [1.9]. Ал, бұл шебердің әрқайсысы өзінің негізгі  кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай белді. Әсіресе “ұста” атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты.

Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: Емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады [2.123]. Орталық Мемлекетік музей қорынан  осы айтылған ағаштардың көптеген түрінен жасалған бұйымдарды көруге болады. Мысалы, емен ағашынан жасалған тұғыр (КП 12708. 1930 жылы шебер Қ.Жазықбаев жасаған.), тобылғы шыбықтарынан өрілген кесеқап (КП 1490 ХХІ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы, Жетісу), қайың діңінен жасалған келі (КП 20711/2 ХХ ғасырдың басы) тағы басқалар [30].

          Ағаш өңдеу өнерінің ішінде аса іскерлік пен қыруар еңбекті шынайы талғамды керек ететін түрі-киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі.

          Көшпелі халық өмірінде, жорықтар мен аң аулаушылықта киіз үй құрылысының тез тігілуі мен тез жиылуға арналып жасалуының маңызы зор болған. Сондай-ақ, киіз үй-дала тұрғындарының ұсақ-түйек заттары мен күндізгі күннің қайнаған ыстығы, түннің салқындығына және көктем мен күздің үздіксіз төккен нөсерлі суық  жаңбырына қарсы қорған болу жағы да қарастырылған.

          Қазақ халқы ертедегі көшпелі мәдениетінің ең негізгі дәстүрлерін өзіне мұра етумен бірге, оны ары қарай дамытты және байытты. Міне сондай мәдени дәстүрдің белгісінің бірі– көшпелі өмірге ыңғайлы, киіз үй болды [3.10].

          Қазақтың киіз үйі, өзінің мәдени тұрмыстық шаруашылық жағдайына байланысты үш түрге бөлінген:

  1. Қазақ халқының жазды күні тұруына арналған киіз үйі;
  2. Мереке- жиын кезінде және қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй.
  3. Жарық кезінде тігетін киіз үй [4.23].

Негізінде, киіз үй қазақ үй, ағаш үй, қара үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі батысы мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған километрге  созылған қазақ жері көптеген туысқан республикалар мен өлкелерге шектескендіктен республиканың осындай географиялық жағдайы киіз үйдің сырт формасы, істелу технологиясына да аздаған өзгешеліктер енгізген сияқты. Оны киіз үйдің әр жерде әр түрлі аталуынан да байқауға болады [5.86].

Мысалы, Оңтүстік облыстарда оны киіз үй деп атаса, батыс оьлыстарда ағаш үй, киіз үй деп қатар айтылғаны байқалады. Негізінде нағыз термин ретінде мұның киіз үй деп аталуы дұрыс.

Жалпы киіз үйдің үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйдің 2, 3 қанаттан бастап 12, 18, 30 қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үйдің керегесінің басы 70-80- нен 360 см-ге дейін барады. Міне осыған орай киіз үйдің түрлері мен атауларының да көп екендігі байқалады.

Хан сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен және өте бай жиһазды ою-өрнекпен безендіріліп, әшекейленген. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған [3.14].

Орташа шаруалар мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қараша үй, қара лашық, күрке отау, итарқа, жолым үй, көтерме туырлықты, қалмақы үй, жаба салма, жаппа деп атаған.

Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін: абылайша, ақ қос, қос қақа (арбаның үстіне тігілетін үй) жорық үй деп атаған.

Ас үйлерді: асхана, ас үй, кілет үй, кібіт деп атаған. Сондай-ақ құрыш киізден, қамыстан, шиден- қақыра, доғара, аран, қалқа, тошала, сияқты киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер де салынатын болған. Мұндай кішігірім үйлер қақыра, немесе қалқа сияқты үйлер көбінесе жаугершілікте, майдан шебінде далаға жауын-шашыннан қорғану үшін тігілген.

Орталық Мемлекеттік музейдің этнография залында алты қанатты киіз үй экспозицияланған Бұл киіз үйді  жасаған адам өкінішке орай қазіргі күні белгісіз. Сонымен қатар музей қорларында киіз үйдің жекелеген бөлшектері де сақталуда.

Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, көбінесе үйшілердің өздері ерте көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес-алты ай, кейде, тіпті, жыл бойы көлеңкеде кептіреді. Киіз үй сүйегіне арналып дайындалатын ағаштың ұзындығы мен жуандығы кереге-уық жасауға жарамды болуы қажет, ал олардың қисықтығына онша мән берілмейді. Шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет. Кейде мұндай ағаштар тым жуан болса, оларды кесіп, ұзынынан жарып, ыңғайлап шауып қояды. Үй ағашын кесіп, бұтақтап, қабығын сыдырады. Мұндай етудің өзіндік себептері де бар. Біріншіден, жаңа кесілген жас тал мен қайыңның қабығы оңай сыдырылады, көп еңбекті қажет етпейді; екіншіден, қабығы алынбаған ағашты көлеңкеге жиып қойса, ол жуырмаңда кеппей, қабық астында құрт пайда болып, ағаш борсып, шіри бастауы ықтимал. Сондықтан, кесілген ағашты жылдам аршып, бас-аяғын тегістеп отап, керегеге жарайтындарын бір бөлек, уыққа арналған әлдіректерін бір бөлек 20-30 ағаштан бір-бір бума жасап, көлеңкеге бірінің үстіне бірін жинай береді [6.21]. Мұндай бумаларды, әдетте сыдырылған тал қабығының өзінен-ақ буады. Үй ағашын бұлайша бумалап кептірудің де өзіндік себебі бар. Біріншіден, тасымалдауға ыңғайлы, екіншіден, көлеңкеге жиналған көп бумалардың бәрін дұрыс, біркелкі кептіру үшін оларды әлсін-әлсін аударыстырып, астын үстіне, ортасындағысын шетіне шығарып қозғап отырады. Ал, барлық бумаларды бір шамада жел қақтырып отыруға немесе шыжыған ыстықтарда ағаш тез қурап, жарылып кетпеу үшін оларға су бүркетіндей етіп бумалап жинау тым қолайлы болады. Осындай әдіспен әбіден кепкен үй ағашын үйшілер: “Қақсал кепкен ағаш”,- дейді және ол жоғары бағаланады [1.9].

Үйшіге қажетті жабыдықтар: тез, сықаурын, жонғы, қуыс жонғы, тісті жонғы (сызғы ырғыш), тесе шот, шаппашот, балта, қашау, қол ара, ою пышақ, үскі сияқты саймандармен бірге кереге, уық және шаңырақ жасауға арналған әр түрлі қарапайым қалыптар мен кепкен ағашты жібітуге арналған қоз, мор, обын атанатын ыстық “пештердің” болуы да аса қажет. Осы айтылған саймандар мен жабыдықтардың  барлығын да тәжірибелі үйшілер, көбінесе, талғамдарына сай етіп, өздері жасап алады.

Тез-үйшілердің ең басты, негізгі құралдарының бірі. Тезді, көбінесе, сүйегі ауыр, тығыз және жарыла қоймайтын мықты қарағаш, қайың және жиде ағаштарының (ұзындығы 80-100 сантиметр) жуан кесінділерінен жасайды. Тез жасау үшін мүмкіндігінше ағаштың қатар өскен екі мықты бұтағы бар тұсын таңдайды. Өйткені, бір метрдей жерінен кесілген екі бұтақ сүйірлеу ұштарымен жерге кіре тездің бір басындағы екі аяғының рөлін атқарады. Ал, екінші басы қолдан жасалған, жерге мықтап орнатылған арнайы аша ағашқа жатқызады. Жерге бұлайша орнатылған тез оның үстінен қанша күш түссе де, мызғымайтын берік болады және үйшінің жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бұтақты ағаш кесіндісінің жөні келмегенде тез ағашты айыр ағаштарға  жатқызады. Қайткен күнде де үйші іске кіріскенде тез солқылдамай, нық тұратындай болуы қажет. Үйші тез басқанда ылғи түрегеп тұрып істейтіндіктен, оның биктігі бір метр шамасында болуы керек.

Тез ағаштың үстіңгі жағының дәл ортасына ені бір қарыс, тереңдігі сынық сүйемдей көлденең кертпек жасалады. Кертпектің екі басының оң және сол жағынан арнайы жасалатын тік тесіктерге кертпек биктігінен сәл асып тұратын екі қайың қазықшалар орнатылады. Қисық ағашты түзетуде немесе түзетілген ағашқа иін жасап мүсіндеуде осы қазықшалардың атқаратын қызметі өзгеше. Өйткені, ағаштың қисық тұсы осы қазықшалардың бірімен сықаурын алақанының арасында сығылудың нәтижесінде түзетіледі [2.128].

Сықаурын- міндетті түрде әбден кепкен, жуандығы білектей, ұзындығы 1,5 метр шамасындағы қайыңнан жасалады. Сықаурынның бір  жақ тегістелген жуан басын “алақан”, үйшінің жамбасына дәл келетін орта тұсын “жамбастық”, ал, жіңішке ұшын “тұтқалық” деп атайды. Қандай қисық ағаш болмасын оны оқтай етіп түзететін немесе түзу ағашты көңілдегідей етіп ию арқылы оған жаңа мүсін беретін аты шулы тездің қарапайым көрінісі мен құрамы осындай ғана “Қисық ағаш жатпайды тез қасында” деген халық мақалы да киіз үй сүйегін жасаудағы қарапайым қазақ тезінің орны бөлек екенін аңғартқандай .

Әбден кепкен үй ағашын тезге салып түзету үшін, ең алдымен, оларды от қызуына қақтап, балқытып алу керек. Ағаштарды қыздырып балқыту үшін арнайы пештер жасалады. Олар “мор”, “обын”, “қоз” сияқты пештер.

Қазақстанның солтүстік аудандарында мор деп аталатын пешті тақыр жерге ұзындығын 3,5 метр , биктігі мен көлденеңін 30-40 сантиметр етп, екі қабырғасы мен төбесін кірпіштен не тастан қалайды, бір басынан 2,5 метр мойын шығарады. Осы мойынға үй ағаштарын тігінен салып, пештің аузынан от жағады. “Обын” атты пеш жерден қазылып жасалады. Ол үшін ұзындығы 3,5 метр, тереңдігі мен көлденеңі 40-50 сантиметр ор қазады. Ордың үстіне 3-4 жерден көлденең шабақ ағаштар орнатып, үстінен үй ағаштарын, ұзыннан-ұзақ сұлата жатқызады да, шыммен бүркей жауып, обынның бір жағынан от жағады, екінші жағынан түтін шығады. Бұл пештерге үй ағаштарын салып жібіту ісін үйшілер тілінде “мор салу” не “обын салу” дейді.

Қазақстанның көпшілік аудандарында үй ағаштарын дайындау әдісі өте қарапайым келеді, яғни жағылған оттың қозына жібітеді. Мұндай әдіс үйшілер тілінде “қоз салу” дейді. Қоз жасау үшін тездің жанынан мол етіп қой не түйе құмалақтарынан немесе қидан от жағады да, күлін жинамай орнында қалдырады. Ертеңіне сол күлдің үстіне тағы от жағып, әлі кебе қоймаған дымқыл құмалақ, тезек қалап, лапылдатып жандырмай бықсытып қояды да, от астындағы ыстық күлге алдын ал су бүркілген үй ағаштарын сұғып, 20-30 минуттан соң бір-бірлеп суырып алып, тезге салып өңдей бастайды. Дымдау үй ағаштарын қозға салар алдында оның күймей, буланып жылдам жібуіне жағдай туғызады. Кейде қозды құмнан да жасайды. Ол үшін тездің жанына көп қылып ұсақ құм үйеді, оны біраз жаймалап, үстіне қи жағады. Құм әбден қызған уақытта жоғарыда айтылғандай үй ағаштарын балқытып, жібітетін қоз болып шыға келеді [3.17].

Жонғы-үй ағаштарының сыртқы кем-кетігін тегістейтін құрал. Мұны ұзындығы екі сүйем, ені екі елідей темірден соғады. Екі шетінде ағаш саптары бар, өткір жүзді аспап. Мұның түзу жонғы, қуыс немесе ойыс жонғы, тісті немесе ыру жонғы деп аталатын үш түрі болады. Түзу жонғының өткір жүзі түзу болады. Үй ағашын алғашқы өңдеу кезінде және керегенің басын, уықтың алақанын шығара тегістей жону үшін қолданады. Қуыс немесе ойын жонғыны ағашқа жұмырлық бейне бере жону үшін пайдаланады, тісті жонғының жүзі иректеліп тіс тәрізденіп шығарылады, оны кереге басы мен уық алақанына ыру-сызықтар жүргізу үшін қолданады. (Мұны сызғы деп атайды). Түзү жонғының екінші жағына иректеп тіс жасауға байланысты оны екі бірдей процесті орындауға қолданады.

Үскі-кереге желісінің көк өткізетін көздерін және уық алақанындағы уық бау өткізетін көзді тесу үшін арнайы жасалған құрал. Ел арасында үскінің бірнеше түрі болған. Соның ішінде ең көп тарағаны- араларын 20-25 сантиметр етіп жерге қағылған екі қазықтың бас жағында бір-біріне қарама-қарсы тесіктері болатын, оған темір үскі орнатылатын түрі. Үскінің жұмырланған ағаш бөлігінің өн бойына ұсақ кертпектер жасап қояды. Ол кертпектер үскінің нық және жылдам айналуына себін тигізеді. Өйткені, үскіні айналдыратын ұзын қайыс бау осы ағаш білікшеден 2-3 рет шалынып алынады да, оның екі ұшынан бір кісі екі қолымен кезек тартып отырады, сонда үскі зыр қағып оңды-солды айналады. Ал, үйші айналып тұрған үскіге кереге шыбықтарын тосып, оның алдын ала белгленген көк өткізтін көздерін лезде тесіп шығады [7.31].

Үскілердің жоғарғы жағынан басып тұруға арналған екі басты қалақ ағаштың ортасындағы тесікке кіндік кигізіледі де, ырғақ үстіне шалқасынан сұлата жасқызған кереге сағаларының көк өткізетін көздерін жоғарыдан төмен қарай тесіп шығады. Үскінің бұл түрлері де қайыс бау арқылы екінші бір кісінің күшімен жұмысқа қосылады.

Ырғақ-кереге сағаларының мүсін біркелкілігін сақтау үшін арнайы жасалатын қалып. Ырғақ жасау үшін ұзындығы кереге сағаналарымен шамалас жарыстырыла қойылған екі сырғауылдың үстіне көлденеңінен ұзындығы 1 метрдей төрт ағаш шабақтар қырынан бекітіледі бұл шабақтардың әрқайсысының биктіктері мен орналасатын орындары кереге сағаналарының мүсініне байланысты болады. Сондықтан, мұндай ырғақ үстіне кереге сағаналарын шалқасынан салғанда олардың біркелкілігінің немесе сәл ғана үйлесімсіздіктерінің өзі үйшінің қырағы көзіне бірден шалынып, кемшілікті дереу жөндеп отыруға мүмкіндік береді. Керегенің әр қанатын көктеп болған уақытта да оны осы ырғаққа шалқасынан жатқызғанда, оның мүсіні ырғақ қалпымен үйлесетін болуы керек, мұның өзі киіз үй сүйегінің орнықты, берік болу шарттарының сақталғанын көрсетеді.

Уыққа арналған қалып, көбінесе, үш қазық арқылы жасалады. Ол үшін алғашқы уықты әбден өңдеп болған соң (негізгі мәселе оның иінінде) оны тақыр жерге қырынан жатқызады да, уық алақанының сыртынан, иін ортасының ішкі жағынан және уық қырының сыртынан биктігі 1 метрдей түзу жонылған үш мықты қазық қағылады, ал солардың арасында жасалған уықтарды ретімен бірінің үстіне екіншісін қырынан қыстыра береді. Мұндай қазықтардан жасалған қалыпқа қыстырылған уықтардың иіндері сол қалпында қатып, кейін су тисе де, жазылмайтын күйге түседі. Уық иіні көбіректеу жасалатындықтан, оны дереу қалыпқа салып қатырмаса, балқып тұрған уық иіні жазылып кетеді.

Керегеге арналған ырғақ болсын, үш қазықтан тұратын уық қалпы болсын үйші жұмысының өнімділігін арттруға себін тигізеді. Уықтың иініне де, кереге сағаналарының мүсініне де көзі қанығып, әбден дағыдыланған тәжірибелі үйші жасап жатқан бұйымның белгілі үлгі деңгейіне дүп келді-ау деп ырғаққа не уық қалыбына салғанда, көбінесе, жаза баспайды, ішінара үйлесіңкіремей қалған жерлерін дереу жеріне жеткізе жөндеп жібереді. Осы айтылған станоктар еңбек өнімділігін, сапасын арттырумен қатар үй сүйегі бөлшектерінің біркелкілігін, формасының беріктігін қамтамасыз етеді.

Ал ендігі кезекте киіз үйдің жасалу технологиясына тоқталайық. Үйші жұмысқа кіріспес бұрын неше қабат үйдің сүйегін жасайтынын біліп, соған қарай дайындалған ағаштарының қажеттілерін іріктеп, ыңғайлайды. Жұмыс орнын, саймандарын жөнге келтіріп алып, көбінесе, таң сәріден іске кіріседі. Әрине, шебер үйшілердің бос отыратын уақыты болмайды, негізгі күнкөріс осы кәсіппен байланысты болғандықтан, олар, әдетте, бір үй сүйегін бітсе, екіншісін бастай береді. Соның өзінде үй сүйегін әркімнің тапсыруы, алдын ала келісімі бойынша жасайтындықтан оның әрқайсысын әркімге арнап, іске кіріседі. Өйткені, әркімнің қалауы әр түрлі болады. Айталық. Біреуге- 4, біреуге- 6, енді бреуге- 8 қанат не оданда үлкен үй керек болады. Біреулерге тым сәнді, әшекейлі үй қажет болса, енді біреулерге қарапайым баспана болса болғаны. Осы жағдайлардың бәрі үйші еңбегіне айтарлықтай әсер тигізеді [7.27].

Киіз үй сүйегінің ең күрделісі де, қыруар еңбекті қажет ететіні де кереге болғандықтан, үйші ең алдымен кереге сағаналарын дайындауға кіріседі. Ол үшін алдын ала дайындалған қозға немесе мор мен обынға, керегеге арналған ағаштардың он шақтысын салып, әбден жұмсартады. Жақсы кепкен ағашты қозға салар алдында суға малып алса, ол тез жұмсарып, бабында балқыйды, ағаштың сырты күймейді де. Қозда жатқан ағаштарды біртіндеп алып өңдеуге кіріседі. Ең алдымен ағаштың кисық жерлерін тезге салып, түзетіп алады. Ол үшін қоздан шыққан ыстық ағашты биялай киген сол қолымен ұстап, оның қисық жерін тездің кертпегіндегі қазықшаның тұсына апарып ұстайды да, оны сықаурын алақанымен жанши отырып түзетеді. Сықаурынды оң қолымен ұстап тұрып, сабы жағын жамбасқа салып, бар дене салмағымен бір басып, бір босатқан уақытта түзетілетін ағашты ретіне қарай аударыстырып, қозғап отырады. Оның ұзына бойындағы олпы-солпы түзетіп шығады да, бас-аяғын шаппашотпен шауып, сағаналар ұзындықтарын біркелкі етеді. Одан соң ағаштың жуан басының екі жағын түзу жонғымен тегістейді, тісті жонғымен ыру сызықтарын жүргізеді. Кереге сағаналарының қалған ұзына бойын түгелдей қуыс не ойыс жонғымен жұмырлай жонады. Жону, түзету жұмысы біткен соң тезге салу арқылы кереге сағаналарына арнайы мүсін бере, әр жерінен белгілі мөлшерде иіндер жасайды. Осының нәтижесінде кереге сағанасының басы сәл шалқақтау болады, мойын тұсы ішке еніңкі, бүйірі сыртқа теуіп шығыңқы келеді. Ал, бір жағы біртіндеп ішке тартып, төменгі ұшы тіп-тік келуі қажет. Кереге сағанасын тігінен қойғанда оның басы мен етегінің ең төменгі ұшы бір түзу бойында болуы шарт. Мұның өзі киіз үй сүйегінің орнықты және берік, әсіресе, киіз үйдің салмағына керегенің шыдамды болуының басты шарты. Кереге сағанасының Осылайша мүсінделуі бүкіл қанатының әдемі болуына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Мүсінделген кереге сағаналарын көлеңкеде тұратын ырғақ үстіне қатарлап қоя береді. Шалқасынан қатар жатқан кереге сағаналары ұзындығы, жуандығы және иіндерінің үйлесімділігі жағынан егіз қозыдай ұқсас, біркелкі болуы қажет. Мұндай біркелкілік болмаса, кереге қанатын дұрыстап көтеру мүмкіндігі де болмайды. Ал, әуреленіп көктеген күннің өзінде керегенің жиналып-жазылуының өзі қиынға соғады, көрер көзге десиықсыз, олпы-солпы болумен бірге тым осалкеледі, әсіресе, оның көгі шыдамай үзіле беретін болады. Орталық Мемлекеттік музей қорында ХХІ ғасырдың бірінші жартысында жасалған кереге сақтаулы. Бұл керегенің жиналған кездегі көлемі 277х74 см болады. Кереге музейге 1986 жылы 16-қазанда өте нашар сақталған күйінде түскен. Бірақ музей қызметкерлерінің қыруар еңбегінің арқасында реставрация жұмыстары жүргізіліп, бастапқы қылпына келтірілген. Қазір ол КП 20735/1-7 номерінде музей қорында сақтаулы [30].

Киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі- алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз-алты керегелі үй деген сөз. Сонда үйдің үлкен-кішілігі оның қанат санымен анықталады. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай уық саныәр түрлі болып келеді. Мұнымен бірге кереге көздерінің үлкен-кішілігіне қарай тор көз кереге (жұдырық сыярлықтай ғана) және жел көз кереге (Қос жұдырық сыярлық кең көзді) болып екіге бөлінеді. Олай болса, тор көз және жел көз керегелі киіз үй сүйегінің кереге басы, оған қарай уық саны да әр түрлі болады. Мәселен, Қызылорда, Алматы облыстарынан өзіміз ел арасынан жинаған деректерге қарағанда, тор көзді 12 қанат үйде-180 бас, 8 қанат үйде- 130бас, 6 қанат үйде-90 бас, 5 қанат үйде-80 бас, 4 қанат үйде-60-65 бас болсса, жкл көз керегелі 6 қанат үйде-72 бас, 5 қанат үйде-60 бас болады. Тор көзді керегенің біреуінде (яғни, қанатта) 15-16 бас, 6 қанат үй керегелерінің үшеуі 15, қалған үшеуі 16 басты болып келеді, яғни үйдің қанат саны қанша өскенімен, оның жартысы 15, жартысы 16 бастан тұратындығы заңдылық. Ал, жел көзді керегенің біреуінде 12-13 бастан болады, ал оның жартысы 12, қалған жартысы 13 бастан тұрады. Бұлай болу себебі, қанаттарды бір-бірімен қосқан, яки үйді тіккен уақытта екі керегенің бір-бір басы бірігіп, бір бас болып шығады да, тігілген үйдегі керегелердің әрқайсысының басы тор көзді керегеде 15-тен, жел көздіде 12-ден шығады. Бұл арада айта кететін тағы бір заңдылық- киіз үй сүйегінің қанат саны 6-дан артқан соң оның керегелері әрдайым тор көзденіп жасалады, ал жел көз керегелі үйлер, әдетте, 4, 5 және 6 қанаттан аспайды. Көп қанатты үлкен үйлердің сүйегі салмақтырақ болады. Үйдің көлемі үлкейген сайын жауын-шашын, дауыл, құйын кездерінде үй сүйегіне сырттан түсетін күште көбірек. Сондықтан өз салмағы мен сырттан түскен табиғи күштердіңтегеурініне үлкен үйлердің сүйегі төтеп беретіндей орнықты, әлді болуы қажет. Тор көзді үлкен үйлерсүйегінің жасалуы күрделі, бағасы да қымбат түсетіндіктен, оларды кезінде ауқатты адамдар ғана жасатты. Ал, жел көзді шағын үйлердің сүйегі жеңіл, жасалуы оңай, бағасы да арзан болғандықтан, орта шаруалар қаымының басым көпшілігі осыны қанағат етті. Алты қанат киіз үйдің бір тор көз керегесіне жұмсалатын сағаналардың үлкенді-кішісін түгел қосқандағы жалпы саны 42 шыбықтан тұрады.Оның ең ұзын ерісінің саны 18 болса, қалғандары сағанақ атанады да,қос-қостан барған сайын қысқара береді. Оның жалпы саны24-ке жетеді.Кереге ерісінің ұзындығы 2 метр болса, сағанақтың ең ұзындары1,6 метр, ең қысқалары 30 сантиметр шамасында болады [1.12].

Жасалып жатақан киіз үй сүйегінің керегелеріне жетерліктей түгел сағаналар түзетіліп, жонылып, мүсінделіп, ырулар жүргізіліп болған соң, олардың барлығына да көк өткізетін көздер тесіп шығу қажет. Әрбір кереге сағанасына қанша тесік жасалатындығы керегенің тор көз, не жел көз болып жасалуына байланысты. Керегенің басы қанша болса, кереге қанатында жоғарыдан төмен қарай сонша көз бар, ал әрбір кереге ерісінің соншама көк тесігі жасалады.

Кереге сағанасына жасалатын 15 тесіктің аралары тең болуы қажет, бұл жағдай кереге көздерінің біркелкілігін қамтамасыз етеді. Кереге ерісінің бас жағынан төмен қарай 5 тесік жасалып, 6-сы тесілмейді, одан әрі 3 тесік жасалып, 10-сы тесілмейді, одан әрі керегенің етегіне дейін тағы 5 тесік қатар тесіледі. Кей уақытта 18 басты тор көз кереге ерісіне 15 тесік жасалып, 4 азат қалдыратын жағдай да кездеседі. Мұндай жағдайда әрбір үш тесіктен соң бір азат қалдырып отырады. Керегедегі көз санының өсуіне байланысты азат саны да артады. Азат саны жиі қайталанса, керегенің жиылып-жазылуын жеңілдетеді. Азат қатары бір үй сүйегінің барлық қанаттарында бірдей болуы қажет.

Кереге сағаналарының көк өткізетін көздері үскімен түгелдей тесіліп болған соң ғана оның қанатын көктей бастайды. Ол үшін, ең алдымен, көктелетін кереге астына арнайы төселетін жастық ағашты орнықтырып, оның үстіне көктелетін кереге сағаналарын орын-орнына қояды. Сондықтан кейін кереге көктеу ісіне кіріседі. Кереге сағаналарының ең ұзын ерісін екі қатар етіп қиғаштап орналастырады да, ұзынды-қысқалы сағаналар ерісінің екі жағынан, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары келесі қанатқа дәл қиысатындай болып көктеледі. әдетте, керегенің бір ерісінен ұзынды-қысқалы екі сағанақ шығады.

Керегені көктеу үшін түйе сірісінен алдын ала тілініп дайындалған жалпақ, ұзын тапсаны су бүркіп жібітеді. Содан кейін бір үшын арнайы мүйіз ине көзінен өткізіп, екінші жағынан кішкене тесік жасап, одан ине арқылы таспаны түгел өткізгенде, оның соңғы ұшында түйін пайда болады. Түбі түйінделген ұзын таспаны екі қабатталған кереге сағаналарының тесіктерінен төменнен жоғары қарай өткізіп, таспаны тартыңқырап тұрып түбінен керегеге тигізе тесіп, одан таспаның инелі ұшын қайта өткізеді де, қиып алады. Екі жағы нық  түйілген түйе сірісі аз уақыттың ішінде тас болып қатады да қалады. Мұндай көк тозып үзілмесе, өз бетімен ешқашан шешілмейді, кереге сағаналарын біріктіріп мықты ұстайды,  жуыр маңда тозбайды да. Бір үй сүйегіне қажетті кереге қанаттарының бәрін көктеп болған соң, оның басқа бөлшектерін жасауға кіріседі [4.34].

Кереге сағанақтарының көгі мен уық алақандары тесіліп болған соң, оның әрқайсысы майда түрпі, темір қырнауыш немесе шыны сынықтарымен мұқият өңделіп, көбінесе, жосамен боялады. Ал, шамасы келгендер кереге мен уықтарды түгелдей қызыл, жасыл, көк түсті май бояулармен боятады, содан олар сырлы үй атанады. Тек қайыңнан жасалған киіз үй сүйегін мұқият өңдеген соң өсімдік майын неше қайтара сіңіре жағады. Содан барып өте ұнамды қайың ағашының өзіндік табиғи түсін сақтайды. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уалихановқа әкесі арнайы жасатқан 10 қанат киіз үй сүйегінің боялмағандығы, мұқият өңделгендігі, керегелерінің өте әдемі мүсінделгендігі туралы 1865 жылы Шоқан өлгеннен кейін Шыңғыс ауылында болып, осы киіз үйде жатқан генерал А. К. Гейнс мұндай тамаша үйді бұрын-соңды еш жерден көрмегендігін баяндайды. Міне, дәл осы Гейнс көрген Шоқан үйінің қайыңнан жасалғандығы туралы  академик                  Ә.Х Марғұлан еңбектерінен де көреміз. Ал, енді сән-салтанат қуған, әсіресе, сауда-саттықпен, қаламен байланыста болған қазақ әкімдері мен ірі байлары кейде сырлы үйлерді місе түтпаған. Олар кереге бастарын, уық алақаны мен қаламдарын күмістетіп, сүйектетіп те әшекейлететін болған. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында адай руынан шыққан Талпақов Қаражігіт деген бай киіз үйінің сүйегін таза күміс, күмістелген темір және өрнектелген сүйек әшекейлермен мейілінше мол безендірген екен. Сол туралы осы күнге дейін ел арасында тамсана сөз етеді. Қазақ әкімдерінің әр уқытта Россия патшаларына сыйлаған немесе әр түрлі көрмелерге жіберген киіз үй сүйектерін айтулы шеберлерге жасатқан, сыр, күміс, сүйек сияқты әшекейлермен түрлендіре безендірген. Осындай қымбат үйді XIX ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір бірінші Николайға сыйға тартқандығы туралы П. Столянский жазса, XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан қазақтары бірінші Николайдың баласы Николайға сыйлаған үй де нағыз өнер туындысы болғандығы туралы академик               Ә.Х. Марғұлан жазды [4,35].

Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп, киіз үйдің төбесін шығарып тұратын иінді ұзын ағаштарды уық деп атайды [9.12]. Бір үй сүйегіне арналған уық саны кереге бастарының жалпы сандарына тең болады. Олай болса, уықтың саны да, әрқайсысының ұзындығы да, әлділігі де киіз үйдің көлеміне, яки қанат санына, керегенің тор көз, не жел көзділігіне тікелей байланысты болады. Әдетте, киіз үйдің маңдайшасына алты уық байланады. Сонда кереге бастарының санына 6 маңдайша ұяларын қосып, жалпы уық санын есептеп шығару қиынға түспейді. Орта есеппен 6 қанат үйдің уығының ұзындығы 12- 13 қарыстай болады. Әрине, әр жағдайда, әсіресе, шаңырақ көлеміне қарай уықтың ұзындығы жоғарыда көрсетілген мөлшерден не аздап ұзарып, не қысқаруы да ықтимал. Қанат саны өскен сайын уықтың ұзындығы да арта түседі. Мәселен, 8 қанат үйдің уықтары 15- 16 қарысқа дейін барады. Уық иіні иінділеу келсе, яғни 130- 150 градус доғал бұрыш шамасында болса, үй төбесі күмбезделіп шығады, ал иіні аздау болса, яғни 145- 150 градус доғал бұрыш шамасында болып, уық алақаны қысқалау келсе, үй төбесі конус тәрізді шошақтау болады. Біздің көп жылдар бойы ел арасынан жинаған деректерімізге қарағанда, Жетісу өңірінің киіз үй уықтары иінсіздеу, шаңырағы шағындау келеді де, үй төбесі қалмақ үй тәрізді шошақтау болады екен, ал Қазақстанның қалған өңірінде уық иіндірек, шаңырақ көлемділеу болады да, үй төбесі күмбез тәрізді жалпақтау келеді. Академик    Ә.Х. Марғұлан дәл осындай талдау жасай келіп, төбесі конус тәрізденген киіз үй конструкциясын киіз үй сүйегінің көне түрі ме деген болжам жасайды [4.36]. Шынында да, жалпы киіз үйдің пайда болу, даму процестеріне ой жүгіртсек, бұл болжамның дұрыстығына шүбәлануға болмайды.

Уақыттың ұзына бойын қазақ халқы төртке бөледі:

— алақаны- кереге басына байланып бекітілетін жалпақтау түбі;

— иіні- алақанға жалғаса иілетін тұсы;

— қары- иіннен ұшына дейінгі оқтығы;

— қаламы- шаңырақ тесігіне еніп тұратын уықтың төрт қырлы ұшы [5.83].

Уықтың алақанының бетін түзу жонғышпен тегістеп алып, тісті жонғышпен ыру жүзгізеді. Уық түбін шапашотпен доғалдап шауып,үскімен уық бау өткізетін тесік жасайды. Уықтың қарын ойыс жонғымен жұмырлап жонады. Уық иінінен бастап қаламының дәл ұшына дейін біртіндеп жіңішкере береді. Уықтың мұндай конструкциясы, үйшілердің айтуынша, тегін қалыптаспаған. Біріншіден, уықтың жеңілдеу болына әсерін тигізсе; екіншіден, шаңырақ шеңбері де онша жуан болмайтындықтан, оған жасалатын көптеген тесіктер саусақ сиятындай ғана болып жасалатындықтан, уық ұшына қарай жіңішкере беруі керек; үшіншіден, дөңгелене құрылған кереге бастарынан киіз үй аумағының 1/3-дей көлемде болатын, дөңгелек шаңыраққа қарай жарыса ұмтылатын уықтардың кереге басына бекітілетін алақан аралықтары алшақтау болады да, уық қаламдары сұғынатын шаңырақ ұяларының арасы 2,5- 3 сантиметрден аспайды. Олай болса, уықтар аралығындағы кеңістік те, уықтардың өздері де төменнен жоғары қарай біртіндеп жіңішкере беріп, шаңырақ шеңберінде тыныштық тапқандай келісті көріністі аңғартады. Мұның өзі халық шеберлерінің ғасырлар бойы эстетикалық талғамы дамуының нәтижесі; төртіншіден, қаламының жуандығы оның алақанымен тең болса, олар шаңырақ шеңберіне сыймайды, ал уық иіні жіңішке, әлсіз болса жоғарыдан түсетін салмаққа шыдамайды. Сондықтан, уықтардың төменгі жағының жуан, әлді болуымен қатар жоғары қарай жеңілдеп, жіңішкеруі заңды қажеттіліктен туған өнер үлгісі. Уықтың ең жоғарғы жіңішке ұшынан оның 7- 8 сантиметрдей төрт қырлы қаламын шығарады. Уық қаламының төрт қырлы болуы мен түбінен ұшына қарай жіңішкере беруі уықтың аунамауына және шаңырақ ұясына оның нық сұғынып, орнықты болуына ең қолайлы жағдай туғызады. Төрт қырлы уық қаламын шапашот және түзу жонғы арқылы теп-тегіс етіп шығарады, оның біркелкілігіне мұқият көңіл бөлінеді.

Уық алақанының ішкі бетіне жүргізілетін ырудан басқа басы артық  ою-өрнектер жүргізуді уық ағашы көтермейді, сондықтан уықтар көбінесе жосаланып, кейде сырланып немесе күміс, сүйек әшкейлерімен көркемделеді. Әбден жасалып біткен уықтарды 20- 25-тен біріктіріп, бас-аяғын жіппен байлап, көлеңке жерге қояды, олар үй сүйегі түгелбіткенше тұрады.

Орталық Мемлекеттік музей қорында осындай уықтардың бірнеше түрі сақтаулы. Солардың біріне тоқталып кетейік: ХХ ғасырдың ортасына жатады, уықтың жасалған ағашы қызыл түспен боялған. Музейге Алматы қаласының тұрғыны Досжанов К. Тапсырған. Инвентарлық номері КП №20736/1-119.

Шаңырақ-киіз үй үйді төбесін шығарып тұратын шеңбер. Шаңырақты, көбінесе, тұтас немесе екі-үш бөлек қайың кесіндісінен, кей жерлерде қара талдан да жасайды [12.17]. Шаңыраққа арналған ағашты да алдын ала дайындап, сыртқы қабығын сыдырып, көлеңкеде кептіреді. Шебер үйшілер шаңырақты тұтас ағаштан да, екі не үш бөлек кесінділерден де жымын білдірмей, дөп-дөңгелек етіп иіп жасайды. Шаңырақ ағашының дияметірі 7-8 сантиметр болатындықтан, оны сындырмай дұрыс шеңбер етіп июде оңайға түспейді. Дегенмен, қазақ үйшілері өздерінің тым қарапайым қалыптарына салып, шаңырақ шеңберін, яғни тоғының, шын мәнісінде, мінсіз етіп шығарады. Ел арасында ең жиі кездесетін шаңырақтардың дияметірі 1-1,8 метрдей, кейде 2 метрге де жететін шаңырақтар болады. Дияметірі белгілі болған шаңырақ тоғынының (шеңберінің) ұзындығын табу қиын емес, яғни шаңырақ тоғынының ұзындығы оның дияметірінен 3 есе артық болады. Сонда шаңырақ тоғынының ұзындығы 3-5 метр шамасында болады десек, қателеспейміз. Шаңырақ ағашын шаппа шотпен ыңғайлап, астынғы бетін шығара шауып, жонғымен мұқият тегістеп болған соң, оны құрым киізге орап, дымқыл жерге көмеді, содан оншақты тәуліктен соң, шаңырақ ағашы өз бойына жеткілікті ылғал тартып үлгереді-ау дегенде, оны қазып алады. Осыдан кейін үстіне себілген су бойына сіңген кезде дайын тұрған қозға көмеді. Ыстық қозда бие сауым уақыт (1-1,5 сағаттай) жатып әбден жібіген шаңырақ ағашын кірпіштен не ағаштан арнайы жасалатын қалыпқа салып иеді. Айталық, жасалатын шаңырақ дияметіріне сай етіп жер бетіне дөңгелентіп кірпіш қалап қатырып қояды. Немесе жуандығы жеңді білектей ағаш кесінділерін қатарластырып қойып, бір-бірімен кепіл ағаштар арқылы біріктіріп, оны шет-шетін арамен дөңгелентіп, шаңырақ дияметіріне дәлдеп кеседі де шаңырақ қалпы ретінде пайдаланады. Мұндай арнайы шаңырақ қалпын-байтес дейді [10.28]. Арнайы қалыптың болуы үйші жұмысын жеңілдетіп, көптеген қолайлылықтар туғызады. Шаңырақ тоғынының жалғасатын екі басын астастыру ісі де осы қалыпқа кигізіп қойып жасағанда оңай орындалады.

Шаңырақ көздерінің саны киіз үй сүйегіндегі уық пен керегелер басының санына байланысты жасалады. Оны тоғынның төменгі жиегімен жоғары қарай төрт қырлап тесіп шығады. Бұл тесіктер уық қаламдарының нық және бөгетсіз сұғынуына сай асқан дәлдікпен жасалуы тиіс. Сондықтан, шаңырақтың сыртқы және ішкі көз тесілетін жерлерін алдын ала белгілеп алып, үскімен тесіп алады, содан кейін оны жіңішке қашаумен төрт қырлап кеңітіп шығады. Одан соң көздердің бір келкі болуы үшін уық қаламындай етіп соғылған “қалам- темір” не “көзеу” деп аталатын аспапты отқа әбден қыздырып алып, шаңырақ көздерін күйдіріп жөндейді. Бұл күйдіру жұмысын үйшілер тілінде “көзеу” дейді.

Шаңырақтың төбесін шығарғанда түндікті төмен түсіріп алмас үшін оған күлдіреуіш орнатады. Шаңырақ шеңберінің дияметірімен жоғары қарай көтеріле иіліп, бір-бірін дәл ортасынан кесе өтетін шыбықтарды күлдіреуіш дейді. Күлдіреуіштің әр қатарында 3-тен 8-ге дейін шыбықтар орнатылады, оларды арнайы жасалған қарғаша немесе бақалақ деп аталатын кепіл ағаш тесіктерінен өткізеді. Кепіл ағаш саны әр күлдіреуіштер тобында екіден не төрттен жасалады. Кейде оларды күлдіреуіш шыбықтарының төменгі жағынан әрқайсысына шегемен жапсыра бекітеді. Күлдіреуіштің бұлайша жасалу тәсілі- қазақ арасында ертеде келе жатқан дәстүрлі өнер.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде шаңырақ күлдіреуішін жасау тәсілінің кейнірек қалыптасқан басқаша түрі де болады. Оны халық табақты күлдіреуіш дейді. Шаңырақтың төбесін алақандай табақ тәрізденген қалың дөңгелек тақтай шығарып тұрады, 5- 6 имектеу күлдіреуштен оны шаңырақ шеңберімен біріктіреді. Табақтық төменгі бетінің ортасында шаңырақ көтергенде бақанның басын тірейтін саяздау ұя жсалады, оның айналасында ою-өрнек ойылады. Күлдіреуіштің мұндай түрін жасау оңай-ақ, бірақ көркемдік және беріктік жағынан дәстүрлі күлдіреуіш жағынан әлдеқайда төмен. Көпшілік бұқараға арналған шаңырақтарға ешқандай әшекей жасалмайды, тек жосалаумен ғана шектеледі. Ал, сән қуған байлар шаңырақты да үйдің басқа сүйектерімен қосып сырлатады немесе шаңырақ бөлшектерінің үй ішінен көрініп тұратын беттерін мүмкіндігінше саяз сызықтар жүргізу арқылы әр түрлі өрнектермен көркемдетеді. Ою-өрнектер негізінен, геометриялық, символдық, өсімдік және зооморфтық мотивтер элементтерінен тұрады. Шаңыраққа ою-өрнек жүргізетін құралдың негізгісі ұшкір пышақ сияқтанып темірден соғылатын арнайы аспапты қобы дейді.

Шаңырақ бөлшектерін сырлау, оюлаумен бірге күмістеу, сүйектеу тәсілдерімен де өрнектейді. Әрине, күмістелген, сүйектелген шаңырақтарды сән қуған ауқатты адамдар ғана жасатады.

Киіз үйге арналған дәстүрлі “сықырлауық” ағаш-есік: екі ашпалы есіктен, маңдайшадан, екі босағадан және табалдырықтан тұрады. Осы есік бөлшектері бөлек-бөлек жасалады, керек болған жағдайда арнайы жасалған тетіктері арқылы үйлесе бірігіп, біртұтас “сықырлауық” есік болып шыға келеді. Сықырлауық есік болшектерінің бір-бірімен шегесіз біріктірілетіндігі көш-қонның кезінде қолайлылық туғызады. Киіз үй есігінің биктігі тігілген үйдің керегесінің биктігіндей, яғни орта есеппен 170- 175 сантиметр, ал ені 120- 122 сантиметр шамасында болады. Маңдайшаның ені 10-12 сантиметрдей, екі босаға мен табалдырық ендері 7- 8 сантиметр. Маңдайша, босаға және табалдырық ағаштары жарылмай кепкен, бұтақсыз қайыңнан шабылады. Маңдайшаның енділеу келетін себебі- оның жоғарғы жағынан уық байлайтын түзу бұрышты 6 тесік қашалады, кейде маңдайшаның үстіне уықтың алақаны сыйып тұратындай тереңдігі 3- 4 сантиметр шамасында ұялар жасалады. Маңдайшаның астыңғы жағының, табалдырықтың үстіңгі жағының екі бастарынан қос босағаның бас-аяқтары сүғынып тұратын түзу бұрышты екі ұя болады. Ал, екі ашпалы есіктердің топсасы есебінде олардың босаға жағынан, жоғарғы және төменгі шеттерінен маңдайша мен табалдырықта арнайы жасалған дөңгелек ұяларға кіріп тұратын «сықырлауық» атты жұмыр дөңестер шығарылады. Бұл жұмыр дөңестер маңдайша мен табалдырық ұяларына кіріп тұрады, есікті ашып-жапқанда сықырлаған дыбыс шығарады. Киіз үйдің екі ашпалы ағаш есігінің “сықырлауық” атануы, бәлкәм, осыдан да болар. Сықырлауықтың ашпалы есіктері әртүрлі әдістермен жасалады. Бірде есіктің әр ашпасы тұтас қайың не терек ағаштарының жалпақ тақтайларынан жасалса, енді бірде бірнеше жіңішке қарағай тақтайлардан құрастырылып жасалады. Киіз үй есігі мен маңдайша, босағаларының ішіне қарайтыне беттеріне ою-өрнектер ойылып, түрлі- түсті бояулармен сырланып, сүйектеліп безендіріледі [11.35]. Кейде бәсекелес төрелер мен байлар киіз үй есіктерінің ішкі жағын түгелдей әр түрлі өрнекті сүйек, күміс әшекей және түрлі- түсті асыл тастармен де сәндейтін болған. Әдетте, маңдайша мен босағалардың сыртқы беттері, табалдырықтың екі жағы да ешбір ою-өрнек, әшекейлермен безендірілмейді. Оның есесіне ашпалы есіктердің сыртқа қарайтын беттеріне ою-өрнектер ойылып, түрлі түсті бояулармен сырланады. Әдетте, ашпалы есіктердің ішкі және сыртқы беттеріне жүргізілетін ою-өрнектер екі түрлі болады, ішкі беттеріндегі оюлар өте күрделірек келеді.

Кейде ашпалы киіз үй есігінің әр ашпасын ұзынды-қысқалы тақтайлардан түзу бұрышты рама тәріздендіріп құрастырады. Ортасына тақтайдан шаршы не сопақтау 2-3 табақшалар орнатады немесе есік ашпасының үстінгі жағының 1/3 бөлігіне тақтай табақша орнына жұмырлданып безендірілген бірнеше таяныштар тігінен орнатылады. Ал, басқа табақшаларға ою-өрнек нобайын үш қырлы саяз сызықтар жүргізу арқылы немесе түрлі түсті бояулармен көркемдейді, кейде осы айтылған өрнектеу әдістері қатар жүргізіліп әсемделеді [13.95].

Киіз үй есіктернің ішкі беттеріне ою-өрнектің сан алуан түрлерін бедерлеп оймыштау тәсілі сирек кездеседі. Дегенмен, Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс өңірлерінде ішінара кездесіп отырады. Мұндай есік беттеріндегі ою-өрнектің өзі бедерленіп ойылады, оның түрі (фоны) әжептәуір тереңдікке дейін түгелдей қашалып, сәнді өрнек айқындала түседі. Бедерлі оймыштың әр өрнегі өте нәзік болады, бірімен-бірі астасып келеді, өткермеленіп жатқандай бейне орындалады, ол өрнектердің әрқайсысының фоны түрлі- түсті бояулармен боялғанда бұйымның әсемдігі артып, нағыз өнер туындысы дерлік дәрежеге жетеді. Мұндай есік беттеріндегі ою-өрнектің өзі бедерленіп ойылады, сәнді өрнек айқындала түседі. Мұндай есік болшектерінің ою-өрнектер негізгі өсімдік, символдық және зооморфтық мотивтердің біте қайнасып араласуының нәтижесі деуге әбден болады. Бедерлі ою-өрнекті қашау арқылы орындау тәжірибелі шеберлердің ғана қолынан келеді. Олар өз ісіне өте жауаптылықпен қарап, жасаған есіктерінің өте сәнді болуын көздейді.

Қалың бұқара киіз үй есіктерін ешбір ою-өрнексіз-ақ жасата береді. Тіпті, кейбіреулердің ашпалы ағаш есіктері де болмайды ғой, оның орнына “есік-ергенек”, “ит-кірмес” атанатын ағаш шарбақтармен-ақ күн көреді. Оның есесіне, әр үйдің есігінің сыртынан жабылатын киіз есіктер болады.

Көшпелі елдің шаруашылық жағдайына қарай, жорық немесе көші-қон кезінде уақытша тігілетін баспананың негізгі түрі- қос. Оның қаңқасын жасау киіз үй сүйегіндей қиынға түспейді. Қос қаңқасының құрамы ұзындығы 3 метрдей 30- 35 уық пен диаметрі 1 метрдей шағын шаңырақтан ғана тұрады. Қосқа арналған қарапайым шаңырақтың киіз үй шаңырағына кішілігі болмаса, басқа айырмасы шамалы. Ал, қос уықтары тіптен өзгеше болады. Олар көбінесе қарағай мен шырша ағаштарынан жасалады. Бұл ағаштар оқтай түзу және кепкен уақытта өте жеңіл болады. Қос уығына ұзындығы 3 метрдей, түп жағының жуандығы 5 сантиметр шамасында болатын қарағай кесіндісі жарай береді. Мұндай сырықтардың бұтақтарын шауып, қабығын жонып, жіңішке ұшынан төрт қырлы қалам шығарса болады, қосқа арналған әлді уық шыға келеді. Осындай 30- 35 уықтың қаламдарын шағын шаңыраққа сыртынан көлбете сұғындырғанда, конус тәрізді қостың қаңқасы қалыптасады. Мұндай қостарға ағаш есік салынбайды, сыртынан жабылатын киіз есіктері ғана болады. Қостың киіз жамылышы екі үзік пен бір түндіктен ғана тұрады. Өзі жеңіл, жылы, жиюы мен тігуі де оңай мұндай қостарды революцияға дейін, көбінесе, даладағы жылқышылар баспана есебінде пайдаланған.

Сөйтіп қазақтағы үйшілер өнері сонау көне замандардағы көшпнлілік салтына  байланысты қалыптасып, ғасырлар бойы даму, жақсару процесі нәтижесінде шынайы халықтық өнер дәрежесіне жертен. Ал, Орталық Мемлекеттік Музей сол өнер туындыларын болашақ ұрпақ үшін сақтап, қорғап, насихаттайтын бірден-бір орталық.

 

1.2 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған тұрмыстық заттар.

 

Қазақ халқының өмір жолы көшпелілік, жартылый көшпелілік және отырықшылық жағдайда өткені бәрімізге белгілі. Осыған орай олардың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалған тұрмыстық заттары да көші-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады.

Ағаштан жасалған үй жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш, тоқпақ, саба, аяқ піспек, астау, табақ, тегене,  шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және басқа да көптеген бұйымдар кірді [1.18].

Қазақстанда өте кең тараған ағаш бұйымдардың бірі- төсек ағаш (төс ағаш). Қазақтарда төсағаштың жасалу жолына, сыртқы кескініне қарай бірнеше түрі бар. Төсағаштың бірінші түрі жасалу тәсіліне, бет жағына жүргізілетін ою-өрнек, әшекейлеріне қарай әркелкі келеді. Мұның ең көне түріне зер салсақ, оның үш бөлек ағаштан, екі басы мен ортасын қосатын жалпақ тақтайдан, ал артқы беті екі бас пен арасын қосатын екі ұзын шабақтан тұрады. Екі беттің арасын 6-7 шабақпен қосады. Көлденең шабақтар үстіне ұзыннан бірнеше бос тақтай салады. Ал, көлденең шабақтар санын молайтқан жағдайда ұзыннан төселетін тақтайлардың керегі болмайды. Бірақ бірнеше қабат киіз төсеумен ғана шектеледі. Мұндай төсағаштың екі басы қисық біткен төрт ағаш кесіндісінен тұрады. Олардың төмінгі жағынан төрт аяқ шығарылады. Жоғарғы бастары көлденең шабақтармен қосылып, төсектің шалқақтау келген екі басына айналады. Төсек бастарының иіні  135-145 градус шамасындағы доғал бұрыштанып, төрт қырлана немесе  жұмырлана шабылады. Тұтас шабылған төсек бастары тым шалқақ болса, аяқтары ішке қарай кіріңкі, ал аяқтары тік болған жағдайда жоғарғы сүйеніштері де тіктеу келеді. Бір-біріне қарама-қарсы орналасатын екі бастың арасын төсектің беті біріктіреді. Төсағаштың бет жағына кейде ою-өрнек ойылса, енді біреулері түгелдей сүйектеліп, күміс әшекейлермен безендіріледі [2.46].

Қазақстанның батыс аудандарында төсағаштың беті түгелдей бедерлі оюлармен көркемделген өте әдемі түрі кездеседі. Мұндай төсағаштардың бет жағы: түзу ағаштан мүсінделе шабылып, сыртына сәл шалқая орналасатын екі басы мен олардың арасын жалғастыратын ұзын, жалпақ тақтайдан тұрады. Ал, екі бас пен бет тақтайдың қиысатын жоғарғы бұрыштарына мүсіндей жонылған миық ағаштар сәндік үшін шегеленеді. Олардың екі басындағы тақтай бетіне  ойылатын бедерлі  оюлар бірдей болып келеді. Ендігі екі милыққа ойылатын оюлар бірдей болып келеді. Енді мына милыққа ойылатын оюлар сияқты, орта ағаш бетінің оюлары да өз алдына дербес композиция құрайды. Әдетте, төсектің бет тақтайының ортасына үлкен дөңгелек гүл ойылады. Ойылған оюлар мативі негізінен өсімдік тектес болып келеді де, стильденген қошқар мүйіз, сыңар мүйіз және әр түрлі геометриялық фигуралармен толықтырылады. Оюлы өрнектер қызыл, қара бояумен боялған. Музей қорында сақталатын төсек ағаш түрлеріне тоқталайық.

-ХІХ ғасырдың аяғы-ХХғасырдың басы. Шығыс Қазақстан облысы. Ағаш, сүйек, металл, оймыш, сүйектелген.

КП 1662.

Беті оюланған сүйектермен өрнектелген және ажурлы металл пластинкалар қондырылған. Геометриялық элементтері бар зооморфтық, өсімдік оюлары аралас салынған.

-ХХ ғасырдың басы. Ақтөбе облысы. Ағаш, оймыш, бедер.

КП 11281.

Ағаш төсектің алдыңғы беті жалпақ-рельефті етіп ойылған және түрлі-түсті бояулармен боялған. Оюлар композициясы өсімдік типтес [30].

Қазақстанның батыс өңірінде қазақ ұсталары жастық ағаштар да жасаған. Құс жастықтың астынан төсейтін жастық ағаштарды, көбінесе, оң жақта отырған қыздарына  арнап жасататын-ды. Сондықтан, олардың сыртын түгелдей, сүйенішінің ішкі жағын да оюлап, сырлап көркемдейді. Музей қорында ондай жастық ағаштардың бірнеше түрі сақталуда.

-ХХ ғасырдың ортасы. Маңғышлақ облысы. Ағаш, оймыш, әрленген.91х36х50.

КП 22632 [30].

Тік қабырғалы бұрыш тәрізді, түбіне қарай еңкейіп тұратын, екі жақтауында жастыққа арналған көлбеу келген ағашы бар, арқа тіреп отыруға арналған жастық ағаш. Алдыңғы бетіне толығымен зооморфтық, өсімдік оюлары оймышталған. Қызыл, сары, жасыл бояулармен боялған.

-1897 ж., Орал облысы. Ағаш, оймыш, әрленген. Ұз-102см; 44х38см.

КП 3210.

Тік қабырғалы бұрыш тәрізді, түбіне қарай еңкейіп тұратын, екі жақтауы үшбұрыш болып келген, жастық қойып, арқа тіреп отыруға арналған жиһаз. Алдыңғы бетіне толығымен зооморфтық элементтері бар өсімдік оюлары оймышталған. Арқалағының ортасында қатар орналасқан жіңішке жақтаулары бар. Түсі ашық-қоңыр [30].

Қазақстанның барлық облыстарында көп жасалған қажетті үй жиһаздарының бірі- жүкаяқ. Қысы-жазы бірдей, киіз үйде болсын, жер үйде болсын іргеде үйіліп жататын жүк атаулының бәрі аласа жүкаяқтарға жиналады. Жүкаяқ ылғи ағаштан жасалады. Оның ұзындығы, негізінен, 90-130 сантиметр, биктігі 25-30 сантиметр, ені 45-50 сантиметр шамасында болады. Жүкаяқтың жасалу тәсіліне қарай бірнеше түрі болған. Жүкаяқтың да тек бет жағы ғана көркемделеді. Бірде оның бетіне әр түрлі сүйек әшекейлер ойыстырылып, күміс бүркеншікті шегелермен шегеленеді, ою да ойылады немесе түрлі-түсті бояулармен де өрнектелетін түрлері де болған.

Жүкаяқ Қазақстанның барлық облыстарында жасалған. Ағаш ұсталары оны жасауда қыруар еңбек сіңірген. Әрқайсысы өз әлінше көркемдеп жасауға ұмтылған (6.61). Әр шебер оны өрнектеп, әдемілеу мақсатымен өзінің таусылмас қиялына да ерік беріп, өз ісіне көптеген ерекшеліктер бере, жүкаяқтың сан алуан үлгілерін қалдырды. Қазіргі күнде оның басым көпшілігі, әрине, сақталмаған, сақталған үлгілерінің өзіне  түгелдей тоқталу да мүмкін емес. Сондықтан, осы арада сөз болған жүкаяқ үлгілерінің өзі қазақ шеберлерінің өнер деңгейін анықтауда жеткілікті мағұлмат бергендей.

-Жүк аяқ. 1957ж., Арал маңы. Ұз-105,5см, 54х47,5см.

КП 115.

Тікбұрышты формалы, бетіне оюланған ажурлы металл пластинкалар қондырылған. Қызыл, сары, қара түспен боялған.

Киім-кешек, әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қол сандық, әбдіре және жағлан пайдаланылған. Үлкен әбдіре-сандықтардың ұзындығы 90-100, биіктігі мен ені 45-50 сантиметр шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады. Олардың сырты түгелдей қызыл, жасыл немесе қара бояулармен боялатын да бет жағы жез, күміс, түсті тастармен безендіріледі.

Осы жағландардың жасалу тәсілі, көлемі, материалы мен көркемдеу тәсіліне қарағанда, бәріне тән ортақ ұқсастықтар көп. Сондықтан да, оларды белгілі бір шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындысы деуге әбден болады. Бұл жағландардың сүйегі қарағай тақтай екен, тек қолдан жасалған шегелер арқылы құрастырылған. Сырты түгелдей қалың қоңыр түсті былғарымен қапталып, бет жағына стильденген қошқар мүйіз, қос мүйіз оюлары бедерленген. Оған қосымша үш жерден ортасында қызыл тастары бар үлкен-үлкен үш дөңгелек күміс гүл шоқтары бейнеленген. Жиектері мен бұрыштары әр түрлі күміс әшекейлермен безендірілген. Жағланды құлыптауға арналған темір ілгектің бет жағы күмістеліп, төрт жерден қызыл тас орнатылған.

Жағлан жасайтын қазақ шеберлері, XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірлерінде көп болған. Жағланға қажетті сапалы былғары мен күміс табу оңай болмаған, оларды тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап, өз материалдарынан жасатқан [5.73].

Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп жасалған бұйымның бірі- қол сандық. Қол сандықты  бой жеткен қыздарға арнап жасататын, ол ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса, қол сандықтар бой жеткен қыздар мен жаңа түскен жас келіншектердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Оның көлемі де шағын (ұзындығы 45-50 сантиметр, ені 25-30 сантиметр, биктігі 15-20 сантиметр шамасында) болатындықтан қыз-келіншектердің ине-жіп, айна-тарақ, әтір, сабын сияқты уақ-түйек бұйымдарын сақтауға арналады.

Көпшілік қауымның жасататын қол сандықтары тек ағаштан ғана мұқият өңделіп, бір түсті бояумен сырланып жасалады. Сән қуған кісілер қол сандық бетіне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызып, түрлі түсті  бояулармен сан қилы ою-өрнектер салғызады. Бұған қоса неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекейлерін кеңінен пайдаланатын болған. Орталық Мемлекеттік музей қорында мұндай бұйымдардың көптеген түрі сақталған. Солардың бірнешеуіне сипаттама беріп өтейік.

 

-Шайсандық. ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы. Көкшетау облысы. Ағаш, сүйек, оймыш. 47х20х33см

КП 3269.

Тікбұрышты, қақпағы қайыспен артқы жақтауына бекітілген, қапталдары бар сандықша. Алдыңғы бөлігі, жақтаулары және үстіңгі беті толығымен оймышталған сүйекпен өрнектелген.

-Сандық. ХХ ғасырдың ортасы. Қызылорда облысы. Ағаш, бояу. 70х36х24см7 Шебері Қобландин М.

КП 123.

Ағаштан оймыштап бояп жасаған сандық. Негізгі реңі қою-көкшіл. Екі жақтауы мен қақпағы өсімдік және геометриялық оюлармен өрнектелген. Алдыңғы бетінде көз, жүрек бейнелері, сондай-ақ, қошқар мүйізі, жапырақ оюлары салынған.

-Жағлан. ХІХ ғасырдың аяғы. Жетісу. Ағаш, тері, ақ металл, өрнек бедерлеу, штампылау. 75х30 см.

КП 3271.

Терімен қапталған ағаш сандық. Алдыңғы бетіне геометриялық белгілері бар зооморфтық оюлармен және фигуралы металл пластинкалармен, құймалармен  өрнектелген.

Қазақ ежелден азық-түлік сақтауға кебежені пайдаланған. Ол Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған. Бір қызығы, кебеженің жалпы кескіні мен жасалу тәсілі барлық жерлерде бірдей деуге болады. Бірақ, олардың бет жағын көркемдеу тәсілі әр түрлі, бір сыпыра кебежелерден жергілікті ерекшеліктер анық байқалады. Кебеже- кімге болсын өте қажет бұйым. Сондықтан, ағаш ұсталары оны, көбінесе, ешкімнің тапсыруынсыз-ақ көптеп жасап, шетінен алушыға сата береді екен. Мұндай кебежелерді онша көркемдемейді. Өйткені, ою-өрнекпен безендіріліп, көркемделген кебежелер қымбат болады, оны сатып алуға көпшілік халықтың да мүмкіндігі де бола бермеген. Ал, сән қуған ауқатты адамдар ел ішіндегі ең айтулы ұсталарға арнайы тапсырыс, тіпті, ақысында алдын-ала беріп, кейде шеберді өз үйіне шақырып, кебежені оюлатып, сүйектетіп, күмістетіп те жасататын болған.

Орта есеппен кебеженің ұзындығы 70-90, биктігі 40-50, ені 40-45 сантиметр шамасында жасалады. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы төрт қазық арқылы біріктіріледі. Мұның тек бет жағын ғана әсемдейді, ал артқы беті мен екі жанын кейде қызыл, жасыл бояулармен бояп қойғаны болмаса, басқадай әдіспен көркемделмейді. Кебеженің бет жағына келетін екі қазық беттері, оның басы мен аяқ жағында мүсінделе көркемделеді. Қазақстанның орталық, солтүстік шығыс аудандары мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендейтін қазақ жұртшылығында сүйектелген кебежелер жиі кездеседі. Бұлардың өзі көркемдеу әдісіне қарай өзара ерекшеленеді. Сырдария бойында кездескен сүйектелген кебежелердің беттері түгелдей әр түрлі геометриялық фигуралар формасында жонылып, өрнектелген сүйек әшекейлермен жабылған [8.28].

Сүйектелген кебеженің тағы бір түрінің бетінің үстіңгі және астыңғы жиегінде, екі басына 12 тік бұрышты сүйек әшекейлері зергерлікпен қиюластырылған. Бұлардың астына қызыл шұға төселген. Кебеже бетінің ең ортасына үш жерден төрт-төрттен біріктірілген сыңар мүйіз тәрізденіп жонылған сүйек әшекейлер орнатылған. Әрбір сүйек әшекейдің беттеріне ортасында ноқаты бар шағын шеңберлер сызылған.

Сүйектелген кебеженің тағы бір түрінің айнала жиегінен нәзік ойылған әшекейлер тұтас жүргізілген. Кебеже бетінің ортасына стильденген қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, өсімдік тектес, ұшқан құс бейнесіне ұқсас оюларды сүйектен ойып, кебеже бетіне күміс шегелермен шегеленілген. Мұқият өңделіп, бірнеше өсімдік майы жағылған қайыңның табиғи түрі мен ақ сары сүйек түстері өте жақсы үйлесім тауып тұруының өзі оны жасаған шебер талғамының жоғары болғандығын танытады.

Кебеже бетін оюлап, сырлап көркемдеуде Қазақстанның батыс аудандарындағы халық шеберлерінің өнері өз алдына бір төбе. Бұл кебежелердің ою-өрнек мотиві, негізінен өсімдік тектес болғанымен, геометриялық және стильденген зооморфтық өрнек элементтерімен де толықтырылады. Әдетте, ою-өрнектер көк, ақ, қызыл, жасыл бояулармен боялады. Ал, түрі көбінесе, қоңыр, ашық қоңыр түсті бояулармен боялып, ою-өрнек жүйесі айқын көрінетіндей болып жасалады. Кейбір кебежелердің ағаш ісі мұқият өңделіп, оның беттері сырланбай, тек мінсіз ойылған ою-өрнек күйінде қалдырылады. Осы кебежелердің қай-қайсысының болсын ою-өрнектерін орындауда симметрия заңдылығы мен композиция тұтастығы берік сақталған.

Кебеженің бетіне түгелдей ою оюлап, бірақ боялмайтын түрі де Қазақстанда жиі кездеседі. Бұлардың бәрінің сырты түгелдей мұқият өңделіп, бет жағына симметрия заңдылығын сақтай отырып, өсімдік тектес, геометриялық және символдық бедерлі оюлар ойылған. Бірінің бет жағына түгелдей әр түрлі бедерлі геометриялық фигуралар ойылса, екіншісінің беті түгелдей тек үшбұрыштап оймышталған.

Кебеже беттеріне сырмақ, текемет оюларын ойып жасайтын шеберлерде болған. Мұндай кебежелердің ою-өрнегі ,негізінен, стильденген қошқар мүйіз, қос мүйіз болып келеді, кейде өсімдік тектес өрнектерде ұшырасады.

-ХХ ғасырдың басы. Ағаш сүйек оймыш. 76х41 см.

КП 23129.

Сирағы бұрыштарындағы ағаштардыңжалғасы болып келеді. Алдыңғы бетіне жалпақ өрнектер оймышталап салынып, сүйектелген. Көк, жасыл, қоңыр түстер, геометриялық өрнек басым. Алдыңғы бетінің жоғарғы және төменгі жағына бір-бірін қайталайтын үшбұрышты тіс оюлары батыра салынған.

-ХХ ғасырдың басы. Ағаш, сүйек, оймыш. 79х415х51см.

КП 23840.

Кебеже тұрмыстық тұтыныс заттарын сақтауға арналған жәшік.Тікбұрышты, үшбұрышты және жүрек, айна, тамшы тәрізді екі жерден “Базкен” деген жазуы бар қызыл шыны қондырылған. Ағашы қызыл-қоңыр түске әрленген, сүйегі сары, металы қара түсті.

Ыдыс-аяқ сақтау үшін ағаштан жасалатын бұйымның бірі- асадал (шкаф) Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Асадалдың дәстүрлі бірнеше түрі болған. Оның ең көнесі қазіргі томбочка тәрізденіп, енінен биктігі артық болып жасалса, екінші түрінің ені мен биктігі шамалас келеді. Үшінші түрінің биктігі кебежедей ғана болады. Ал, ені биктігінен 1,5-2 есеге жуық артық, ұзынша болып жасалады. Енді төртінші түрі қазіргі буфет тәрізденіп жасалатын асадалдар [11.32].

Томбочка тәрізді биктеу асадалды оның ең көне түрі деуіміздің себебі бар. Біріншіден, олардың көлемі көш-қонға қолайлы келеді, онша үлкен болмайды (100-100х60-70 см), екіншіден, оны көркемдеу тәсілінде нұсқалы ою, күмістеу, сүйектеу дәстүрі жиі кездеседі.

Сыртқы кескіні төрт бұрышты асадалдың көлемі           100х100 сантиметр. Екі ашпалы есігі, жоғарғы жағында екі суырмасы бар.

Мұндай асадалдардың нұсқалы оюлар ойылып, сүйекпен көркемделген үлгілерін Жамбыл облысынан, ал бетіне өсімдік тектес өрнектер салынып, боялған үлгілерін Қазақстанның батыс аудандарынан кездестіруге болады.

Музейде 1850 жылы, Семей облысында жасалған асадал экспозицияланады. Асадал ағаш, сүйек, металлдан оймышталып жасалған. Көлемі 118х58 см. Әзмағамбет шебердің қолынан шыққан.

КП 5946.

Тікбұрышы жоғары көтерілген, ыдыс-аяқ сақтауға арналған шкаф. Екі жаққа ашылатын есіктен, сөрелерден тұрады. Алдыңғы беті ақ фигуралы қақпақты шегелермен бекітілген, оймышталған сүйектермен өрнектелген [30].

Тұтас қайың кесіндісінен ағаш қақпақпен жабылатын шағын шынықап, аяқ қаптар да жасалды. Ертеректе бұлар көшіп-қону кезінде ыдыс-аяқтың сынбауын қамтамасыз ететін болған. Шынықап, аяқ қаптардың ою-өрнек жүргізілген түрлері де жиы ұшырасады. Музей қорында кездесетін кесе қаптарды сипаттап өтейік.

-ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы. Қызылорда облысы. Ағаш, боялған, оймыш.

КП 26184.

Кесеге арналған құты.Түбі мен қақпағы жоқ. Цилиндр тәрізді. Алдыңғы беті үш қатар оюлармен оймышталған. Негізгі өрнектер:арқар, қой мүйіздері,соңғысы “құс тұмсық” тәрізді оюмен аяқталған.

-ХІХ ғасырдың екінші жартысы. Батыс Қазақстан.Ағаш, металл, өрнек бедерлеу.

КП 9394/1.

Шыбықтан өрілген, қақпағы бар. Жарты шар бітімді кесе тасуға арналған құты. Негізгі қаңқасы ретінде айнала иіре қиыстырылған ағаш бекітілген. Сырты үшбұрышты оюлар салынған металл құймалармен әшекейленген.

 

Әр түрлі ағаштардан күнделікті үй шаруасына арналған шүмекті және шүмексіз шелектер жасалады. Егер мұндай шелектердің түбі бөлек салынса, енді бірде ағаш кесіндісінің өзінен түп қалдырады. Көбінесе шелектің түп жағы мен аузына темірден құрсау салынады. Әсіресе, шелек түбі бөлек тақтайдан орнатылса, темір құрсау міндетті түрде қажет.

Киіз үй сүйегінің құрамына тікелей енбегенмен, міндетті түрде шебер жасайтын қажетті бөлшектің бірі-адалбақан. Адалбақанды үйшілер ағаштан жасаса, ұсталар темірден жасайды. Кейде ағаштан жасалған адалбақанды күмістелген тері ілгектермен, тағы басқа әшекейлермен де безендіреді. Оның металдан жасалатын қосымша бөлшектерін, көбінесе, үйшілердің өздері-ақ, кейде ұста-зергерлерде істейді. Адалбақанның ағаштан жасалған негізгі бөлігінің ішкі беттеріне ою-өрнек жүргізіліп көркемделеді. Кей жерлерде адалбақанды қызғылт түсті жеміс ағашынан немесе қызыл қайыңнан жасайтын үйшілер оның ұзына бойын мүсіндеп шауып, алдымен ою-өрнектерін ойып алады. Содан кейін ағаш бетін мұқият өңдеп, бірнеше қайтара өсімдік майын сіңдіре жағады, сөйтіп ағаштың өзіндік табиғи реңін енгізіп қана қояды. Мұның өзі өте ұнамды болады. Ауқатты адамдар жұмырланып шабылған адалбақанның сыртын түгелдей былғарымен қаптатып, ілгектерін күмістеп, темірден салғызады [4.87].

Адалбақанның ұзындығы киіз үйдің іргесіне тігінен қойғанда, уықтың иінінен келетіндей биіктікте болуы керек. Тігінен сүйеп қоятын адалбақан бір жағына аунап кетпес үшін, оның бас жағы екі айыр болып жасалады, бір уықтың иініне ашасымен тірей сүйеледі. Әдетте адалбақанның түп жағы көркемделмейді, өйткені оның түбін жерге көміп қояды.

Адалбақан, негізінен, киім, ертеректе қару-жарақ ілу үшін қолданылды. Адалбақанның ұзындығы 227 сантиметр, түп жағының ені 10 сантиметр де, бас жағының диаметрі 5 сантиметр. Адалбақанның сыртқы кескініне қарағанда, ол екі бөлімнен тұрады. Төменгі бөлімінің ұзыны-91 сантиметр, ені-10 сантиметр, қалыңдығы-5,5 сантиметр. Түзу бұрыштанып жасалған, ең түбінен диаметрі 12 сантиметрдей домалақ шар шығарылған. Бұл шарда еш өрнек жоқ, тек қоңыр бояумен түгел боялған. Өзінің көк бояумен сырланған жоғарғы бөлігі мен қысқа жұмыр мойын арқылы жалғасқан. Жұмыр мойынның үстінгі жақ беті тегістеліп жасалған, 91 сантимнтрлік түзу бұрышты төрт бұрыш. Оның бетіне үш жерден күмістелген үш дөңес темір көз орнатылған, айналасы дөңгеленіп, көк бояумен боялған, ондай көздкрдің ара-арасына күмістелген екі сопақша әшекейлер орналастырылады. Дөңгелек және сопақ әшекейлердің шеттері иректеледі. Бұл күмістелген әшекейлердің арасындағы бос орындарға бедерді ою-өрнектер ойылған жиегі түгелдей түрлі түсті бояулармен өрнектелген. Адалбақанның осы біз сөз еткен төменгі бөлігінің екі иығынан күміс шабылған темір ілгектер шегеленеді.

Адалбақанның жұмырланған, төмен не жоғары қарай жіңішкере беретін бөлігінің ұзындығы 136 сантиметр. Мұның төменгі бөлігі буынтақталып, жоғарыдан төмен қарай жасыл, қызыл, сары бояулармен жолақтана боялған. Бунақтың жоғарғы жағынан күмістелген төрт темір сақина кигізіледі. Сақина араларына үш-үштен құстың басы секілді күмістелген темір ілгектер бекітіледі. Ең жоғарғы-төртінші сақинаның үстінгі жағы жіңішкеленіп барып күмістелген темір ашаланып бітеді. Адалбақанның жұмырланған жоғарғы бөлігі де қызыл, сары түсті бояулармен тігінен жолақтана боялған. Ал, ең жоғарғы басы көгілдір аспан түсті реңде болады.

Қазақ ұсталары тұтас ағаш кесіндісінен ішін үңгіп келі жасайды. Келі-келсап жасау үшін көбінесе, жарыла қоймайтын қайың ағашын қолданады. Келі-кесап Қазақстанның барлық аудандарында біркелкі болып жасалғанын аңғаруға болады [1.20].

Ағаштан қаныт шағуға арналған шағын тоқпақтар мен саба піспегі көбірек жасалатын-ды. Қол тоқпақ тұтас, ал саба піспегінің жоғарғы жағы нақыштала оюланады. Күмістелген не сүйектелгендері де, түрлі түсті бояулармен өрнектелгені де бар. Өкінішке орай, бұл күндері аталмыш бұйымдар өте сирек.

 

 

 

 

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ АҒАШ БҰЙЫМДАРДЫ  САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТӘСІЛДЕРІ.

 

2.1 Ағаштан жасалған музей бұйымдарды сақтау тәртіптері мен талаптары.

 

          Музей қорында сақталатын бұйымдардың  өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режімдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір музей, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады. Жалпы нормативтік құжаттарға негізделіп, ішкі музейлiк құжаттар, нұсқаулар қабылданады [16,25]. Музей қорындағы жәдiгерлердi сақтау тәртiптерi: температуралық-ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандару шаралары, экстремальдық (аяқ астынан шыққан) қиындықтарға баланысты алдын-ала дайындық шаралары жасалынады.

 

       Температуралық-ылғалдылық тәртіп.

Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескіруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанға дейінгі сақталуына тығыз байланысты.

          Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарды сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді. Мысалы, суретсалуға (майлы бояумен) арналған кенептің көлемі өзгерсе, бояу қабаты түсіп қалуы мүмкін. Төмен және жоғары ылғалдылықтемір мен эмальдан жасалған заттарға да өте зиян. Темірлерді тат басып қалуы осыдан болады. Кейбір материалдар ауаның температурасына сезімтал. Мысалы, қалайыны +18 градус С-ден төмен температурада ұстауға болмайды. Егер температура +13 градустан төмендесе, ол өзінің құрылымын өзгертіп «қалайы обасымен» ауырады. Жәдігерде сұр дақтар пайда болады, тіпті тесілуі де мүмкін. Ал, пластилин мен балауыз (воск) материалдары +25 градус С-тан жоғары температурады еріп кетеді [17,12].

Төменгі ылғалдылық пен жоғарғы температура гигроскопиялық заттардың жойылып, құруына әкеп соғады. Жоғарғы ылғалдылық төменгі температурада күшея түседі.

          Температураның кенеттен өзгеруі жәдігерлерге қатты әсер етеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда (аклиматизация), жәдігер сол ортаға үйренгенше ылғалдылығы аралық температурадағы бөлмелерде ұсталуы тиіс.

Әсіресе, археологиялық жәдігерлерге өте көп өзгерісті басынан кешіруге тура келеді. Темір заттарында топырақ коррозиясы болады. Археологиялық шыны зеттерын да төменгі ылғалдылықта ұстаған жөн, себебі олар да топырақ суының ықпалына шалдыққан. Археологиялық ағаш жәдігері, керісінше, жоғары ылғалдылықта сақталуды қажет етеді. Әрбір жәдігерге байланысты темпеатуралық режимді мамандар анықтайды.

          Температуралық ылғалдылық режиміне байланысты қалыптасқан бірегей көзқарас жоқ. Көптеген ғылыми еңбектердегі нұсқаулар бойынша темір заттары үшін +18 градус +20 градус С, 50 %-ке дейінгі ылғалдылықта, шыны, эмаль, керамика заттары үшін +12 градус +20 градус С және 55-65 % ылғалдылық, та, тастар (бағалы, жартылай бағалы) +15 градус +18 градус С және 50-60 % ылғалдылықта, тері, аң терісі бұйымдарын +16 +18 градус С, 50-60 % ылғалдылық, та, қағаз +17 +19 градус С 50-55 % ылғалдықта, өнер суреттері +12 +18 градус С және 60-70 % ылғалдылықта қара суреттер +12 градус С, 40-50 % ылғалдылықта, түрлі-түсті сурет +5 градус С, 40-50 % ылғалдылықта, маталар үшін +15 +18 градус С, 55-65 % ылғалдылықта, сүек, мүйіз, тасбақа заттары үшін +14 +15 градус С, 50-60 % ылғалдылықта устауды қажет етеді.

          Қағаздар ылғалды ауа жағдайында және суықта қалып қойғанда қауіпті зақымдарға душар болады.

Керамика, фаянс заттары да осындай. Теспература өзгерістері ылғалдылықты да өзгертеді. Сол себепті температуралық режимді комплексті сақтауға мынадай температура қажет: орташа температура +18 градус С +1 градус С, орташа ылғалдылығы 55 — +5 %. Қажетті температураны сақтау үшін музейде ауа кондиционері болуы шарт. Егер музейлерде кондиционер жоқ болған жағдайда, жылу жүйесі, желдету, ылғалдандару, құрғату т.б. әдістер мен қажет температураны ұстап отыруға тырысу керек. Қорлардағы бұйымдарға маусымдық өзгерістер де, экспозициядағы экспонаттарға музейге келушілердің саны да әсер етеді. Жоғары ылғалдылықта жылуды күшейту қажет. Суық күндері музейдегі бөлмелерді жиі желдету зиянды, аязды ауа жылы бөлмеде сулы буға айналып, ылғалдылықты өзгертеді. Желдеткен кезде кірген ауа музей жәдігердеріне тура тимегені жөн және де сыртқы теспература мен ішкі температура көрсеткіші жақын болғаны дұрыс. Ыстық күндері желдетудің қажеті жоқ. Температуралық-ылғалдылық режим психрометр, гигрометр, термометр, гигрограф, термограф сияқты аспаптар көмегімен тексеріледі және прибор көрсеткіштері сөткесіне бір рет, бір уақытта тексеріліп, жазылып отырады [17,23].

 

 

 Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау.

 Музей жәдігерлерінің ескіруіне ауадағы әр түрлі қоспалар да әсер етеді. Оған газдалған заттар – күкіртті газ, күкіртті сутек (азот пн сутек қосындысынан жасалған ащы иісті түссіз газ), хлор, минералдық шаң, қара күйе (сажа) жатады.

Музей ауасының ластануы музей ғимаратының орналасқан жеріне де байланысты. Музейдің маңайының, бөлмелерінің таза болуы қажет. Музей маңайында ірі өндіріс, өнеркәсіп мекемелері болмағаны дұрыс.

Өнеркәсіп өндірісінің нәтижесінде күкіртті сутек іріп-шіріп, адамның дем алатын ауасына зиян болады. Суық, құрғақ ауа райы жағдайында күкіртті газ көлемі ауада ұлғаяды. Ылғалмен қосылып бұл газ күкіртті газ, сонан соң күкірт қышқылын құрайды. Ол маталарды, теріні, қағазды, өнер тундыларын, мраморды, қорғасынды, құмтас, мыс, алибастр, інжу, известняк сияқты заттарға қауіп төндіреді [18,35].

Хлорды технологиялық процестерде қолданатын қағаз, жеңіл өнеркәсіптері арқылы ауада пайда болады, хлор ауада ылғалмен біріккен соңтұз қышқылына айналады. Хлор да күкірт сияқты маталарға, қағазға өнер туындаларына, күміске, қолаға, мрамор, песчаник, известняк, гипс, алебастр, інжу-маржанға қауіпті. Аммиак күкіртті сутек сияқты іріп-шіру үрдісі нәтижесінде пайда болады. Суда ериді, күміс, бояу, лак заттарына әсер етеді.

Шаң, қаракүйе, күйе заттарда газ бен ылғалды ұстануына, химиялық реакциялардың белсенділігіне, ағашқа, матаға, қағазға сіңіп, механикалық нұқсан келтіреді, заттардың сыртқы күйін бұзады. Шаң биологиялық зиянкестер үшін қолайлы. Ауаның тазалығы мен ластануы ауадан анализ алу арқылы жүзеге асырылады. Ауаның ластануынан сақтанудың бір жолы – бөлмені герметизациялау (ауа кірмейтіндей саңылаусыз бекіту), әрине, кондиционерсіз болмайдыжәне сүзгіш заттар (фильтровальные устройства) орнату да артық емес. Музей ішін, сыртын үнемі тазалап отыру керек. Жәдігерлердің өзідерін тазалау өте ұқыптылықты қажет етеді.

Музей сақтаушылары жәдігерлердің шаңын еппен сүртіп, полтровкалы мебельдің шаңын жұмсақ шүберекпен немесе күдерімен (замша) жиі сүртіп отырады. Жәдігерлер сақтауда әр түрліқорғау жолдары, бұйымдары: папкалар, қаптар, жаймасөре өте маңызды рөл атқарады.

б) Музейдегі жарық түсу тәртібі жәдігерлердің ұзақ сақталуы үшін қолданылады. Бұл тәртіп бойынша заттарға жарық толықтай, жартылай берілуі не мүлде жарықсыз сақталуы мүмкін. Ол жәдігерлердің қай материалдардан істелгеніне байланысты анықталады. Жарық – электромагниттік, толқындық жарық таратушы, ал қысқа толқындар ультракүлгін сәулелер тудырады.

Ұзақ толқындар инфрақызыл, жылы сәуле таратады. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көз қабылдамайды [19,52].

 Ультракүлгін сәулелердің әсрі жәдігерлердің сыртқы пішінінің өзгерістеріне әкеп соғады. Фотохимилық өзгерістер заттардың ультакүлгін сәулесі мен түсетін жарық әсерінен пайда болады. Ол жәдігерлердің сарғайып, түрінің өзгеруінен, түссізденуінен білінеді. Табиғи жарық ультракүлгін сәулелеріне бай. Ал жасанды жарық ішінде люминесценттік лампалар қауіпті. Жарыққа төзімділігі жағынан материалдар үш топқа бөлінеді:

  1. Жоғары төзімділіктегі – темір, тастар, гипс, керамика, түссіз шыны.
  2. Орта төзімділіктегі – сүйек, тері, аң терісі, ағаш, майлы бояулы өнер туындылары.
  3. Төмен төзімділіктегі – фотосуреттер, акварель, қағаз, мата бұйымдары.

Жарық әсер жәдігерлердің түр-түсіне де байланысты – зат күңгірт, қара, қоңыр реңде болған сайын оның жарық сіңіру қасиеті арта түседі. Жарықтың тура түсуі барлық заттарға зиян. Жоғары төзімділіктегі заттарға жарық (күн көзі) тура түспесе болғаны.

Ал орташа төзімділіктегі заттарға режим ір түрлі. Ағаш бұйымдары – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, емен, қайың – өңін береді, сондықтан оларды қаптап, жауып қояды.

Ал майлы суреттерді, сүйектен жасалған жәдігерлерді сақтау ұшін жарық түсіп тұру керек. Себебі, жарықсыз майлы бояу күлгінденеді, сүйек сарғаяды. Ал аң терісін ұзақ уақыт жарықсыз ұстауға болмайды.

Ал жарық түсу зиян келтіретін заттар жарықтан қорғайтын шынылармен қапталып, түрлі құралдар қолдану арқылы сақталады. Бұл зеттермен жұмыс істегенде жарық 50-75 лк (люкс) болу керек. Люкс жарық түсірудің өлшемі [16,32].

 

   Музейдегі биологиялық режим.

Музей заттарды биологиялық зиянкестердің әсерінен де бұзылады. Олар зең түскен саңырауқұлақ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кеміргіштер. Сондықтан музейлерде зиянкестердің пайда болуына жол бермейтіндей жағдай жасалуы керек. Егер музейдің температуралық-режимдік ережелері бұзылса, жәдігерлерді шаң-тозаң басса, музейге тамақ сақталатын қоймалар жақын орналасса өте қауіпті ауру жұқтыратын заттарды дезинфекциядан өткізбей, музейге қабылдамайды. Заттарды зең түскен саңырауқұлақтармен бүлінуі ауа арқылы немесе ауру жұққан заттар арқылы таралады. Егер ауа ылғалдылығы 70 проценттен жоғары болса және температура +20 +25 градус С болса бұл ауру өршиді.

          Зең түскен саңырауқұлақ (плесневые грибки) барлық органикалық текті материалдар және кейбір органикалық емес, мысалы, керамика заттарына тез жұғады. Бұл жағдайда ауру тудыруға ықпал ететін нәрсе – шаң-тозаң. Зең түскен саңырауқұлақ аурулар музей жәдігерлеріне механикалық, химиялық зақым келтіреді. Заттарда дақ қалады, бұлдақтарды тіпті, реставрация тәсілімен де тазалау қиынға түседі. Бұл ауруға шылдыққан заттардыбірден басқа заттардан аулақтатып ұстау керек. Ауруды анықтау үшін лабораториялық әдіс қолданылады. Зең түскен саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жәдігерлерін жабдықтарын 21 процент формальдегидтің спирттік ерітіндісімен оқтын-оқтын сүртіп отыру керек. Музей заттарына кеселін тигізетін заттарға қаракүйе (моль) жатады. Олар музейге терезеден, есіктен немсе музей жәдігерлерімен ілесе кіреді, әсіресе жүн, тері, сүйек заттарына зиян. Қаракүйеге қарсы заттарды жылы, ыстық күндері қағу-кептіру, қоймаларда нафталин, камфора, лаванда майы, жусан, далмат түймедағы, жаңғақ жапырақтарын салу арқылықорғайды. Бұл заттарды үнемі алмастырып тұру керек. Өйткені, олар оған үйреніп алады, кілемдердің астына керосин сіңірген қағаздар салып қою арқылы да қорғайды. Үй шыбындары да өте зиян. Олардың заттарға қалдырған дақтары басқа шыбын-шіркейлерге қорек болады [20,62].

          Жәдігерлерді бір орыннан екінші орынға ауыстырған кезде сақ болу керек, бұл заттардың механикалық бұзылысынан қорғайды.

Табиғи-жаратылыстану ғылыми музей жәдігерлері көбінесе табиғатқа, өлкетанушылыққа арналған музейлерде не арнайы бөлмелерде сақталады. Табиғи-жаратылыстану ғылыми музейінде жәдігерлерді табиғи қалпында сақтауға тырысады. Онда жансыз және (неорганикалық) және жанды (органикалық) заттарды сақтайтын қор болады. Бұл қорлар табиғатта әртүрлі құбылысытарды, өзгерістерді, процестерді табиғи және антропогендік (адамның қатысуымен жасалатын) факторларын көрсету (қозғаушы күш, себептерін), құжаттау арқылы тіркеуі, табиғаттың эволюциялық (бірте-бірте) даму кезеңдерін есепке алу, белгілеу үшін жабдықталады. Табиғи жаратылыстану жәдігерлері  ғылыми білімді насихаттауға, таратуға, қоғамдық, ғылыми көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір табиғи зат биосфераның (жер шарының тіршілік тараған аймағы) тұтас бір жүйесінде жататын басқа да заттармен тығыз байланыстағы объектісі болып табылады. Әрбір затты өз өмір сүру ортасынан алған кезде оның ақпараттық потенциалы сол зат туралы қаншалықты толық дерек, белгілер, ғылыми өңдеу деңгейіне, экспонаттық сипат беруіне тығыз байланысты.

Басқа жәдігерлерге қарағанда табиғи-жаратылыстану жәдігерлері күрделі кезеңдерден өтеді [28,13-22].

1-кезең – фиксация, яғни, белгілеу, жазып алу, көңіл қою. Бұл – заттың өңделуінің алғашқы сатысы. Тірі табиғи зат алмасу процесін, клеткалардың ыдырауынтоқтату мақсатымен жүргізіледі. Бұған өсімдіктерді кептіру (гербарий), жануарлардың терісін кептіру, қатыру, ашыту жатады. Жануарлардың органдарын (мүшелерін) препараттау  (зерттеуге, бақылауға арналып даярланған жәндіктің организмі, анатомиялық және медициналық препараттар болады), жәндіктерді кептіру, қатыру, табиғат заттарын әртүрлі қатыратын сұйықтарға құю (спирт, формалин) жатады. Әр сұйықтың өзінің қажетті концентрациясы болады [22,62].

Табиғи заттардың көпшіліг үшін бұл алғашқы кезең болып табылады және ол музейлердің шикізат қорына жатады.

Бұл қорлар арнайы қорға жатады және ол көп, ұзақ уақыт сақталмауы да мүмкін. Сондықтан ары қарай консервациялау керек, яғни қорғау, сақтау керек. Кепкен, тұзталған, жануарлар терісі илеу арқылы, жануарлар сүйегі (скелет) пісіру, қақтау арқылы сақталса, жәндіктерді кептіріп, энтомологиялық түйреуіштердің көмегімен энтомологиялық арнайы жәшіктерге саланап сақталады. Консервациялық әдіске бальзамдау (хош иісті зат), консервация сұйықтарын қолдану, жұқа қабықтарды (пленка) қолдану т.б. жатады. Кейбір ботаникалық заттар тек фиксациялау кезеңінен өтсе болғаны, ұзақ уақыт сақталатын музей жәдігеріне айналады. Фиксация және консервация кезеңдерінен өткен заттарды үш топқа: құрғақ, дымқыл және микроскопиялық заттар деп бөледі. Құрғақ препараттарға табиғи матриалдар – геологиялық (тау кендері, минералдқ заттар, палеонотологиялық: сүйек қалдықтар, іздері, тасқа айналған жансыз қалдықтар), топырақты, ботаникалық (гербарий), зоологиялық (тұлыптар, қаңқа сүйектер, терілер т.б.), энтомологиялық коллекциялар (көбелектер), жан-жануарлардың тұрмыс-тіршілік қалдықтар (көң, қи, тезек), ұялар жатады [23,56].

Сұйытылған заттарға – спиртке, формалинге салынған консевацияланған заттар жатады.

Жәдігерлердің микроскопилық түріне – ғылыми зерттеу, оқу мақсатында қолданылатын, микроскопиялық техника көмегімен қолданылатын, микроскопиялық техника көмегімен қолданылатын заттар жатады.

Табиғи жаратылыстану заттары препоратор, таксидермист, т.б. салардағы мамандар көмегімен жасалынады. Музейлердегі табиғат бөлімі мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. геологиялық;
  2. жер қойнауы заттары;
  3. өсімдік, жануар әлемі;
  4. ботаникалық материал;
  5. зоологиялық материал;
  6. ұя, аң іздері [24,35].

Кейбір музейлерде сол аймаққа байланысты өнеркәсіп заттары да сақталады, мысалы:

  • техника;
  • хаттар, схема, макет, модельдер қойылады.

Музей жәдігерлерін әр түрлі топтарға бөліп қою керек. Мысалы, мата, тері, аң терілері бір топқа жатады және олар ішінара шағын топтарға бөлінеді. Заттар көлемдеріне қарай жәшіктерге саланып, мақта матамен оралады. Жүн, жібек, кенап, мақта, синтетикалық жіптен жасалған бұйымдар әр түрлі қоймаларда сақталады. Інжу, маржан, алтын, күміс, жалаулар көлденең күйінде сақаталады.

Киімдерді киім ілгіштерге іліп, тік түрінде, қоймаларда сақтайды.

Тері, аң терісі заттарын көлденеңінен қояды. Бас киімдерді болванкаға кигізіп, миколенттік қағазбен толтырып қоймаға сақтайды.

Аяқ киімдер де қоймаларда сақталады. Сүйектен жасалған заттарды бір-бірінен алшақ ұстаған жөн [26,88].

 Ағаш бұйымдарын сақтауға келсек, оларды , әдетте, линолеум немесе пластикпен қапталған стеллаждарда немесе сөрелерде сақтайды.

Көлемі үлкен ағаш бұйымдарды арнайы тұғарларда \, сдендтарда, ал көлемі кішігірім бұйымдарды (ыдыс-аяқ, тұрмыс бұйымдары, ойыншықтар және басқалары) әйнектелген шкафтарда сақтаған дұрыс

Үй жиһаздары екі ярусқа бөлінген стеллаждарда сақталады. Біріншісінде, көлемі үлкен, ірі, ауырлары, екіншісінде көлемі кіші, жеңілдері орналастырылады.

Үй жиһаздарын, әсіресе, ірілерін, еденде сүйреп орнын ауыстыруға болмайды, оларды мүмкіндігінше, көтеріп қозғалту керек.

Скульптура туындыларын чехолдарға орап, сөрелерде сақтайды. Көлемі ірі скульптураларды чердакта, еденде, ары-бері өтетін жерлерде сақтауға болмайды. Олардың сақталу жері тұрақты болуы керек. Олардың орнын ауыстырған кезде арнайы арбаларды немесе носилкаларды қолдану дұрыс болады. Осы айтылған ережелерді музейдің әр қызметкері білуі шарт [29,33]!

 

2.2 Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру ( реставрация, консервация).

 

Ағаштан жасалған музей бұйымдары қолайсыз жағдай туған кезде физикалық, химиялық бүлінушілікке ұшырайды. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын-шіркейлер, құрт-құмырсқа, кеміргіштер мен микроорганизімдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Бұл факторлардың әсері, ықпалы бір-бірімен тығыз байланыста. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғарғы дәрежедегі ылғалдылығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдық шаң-тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Кейбір жәдігерлерге жоғары денгейдегі ауа ылғалдылығы мен жарықтың түсуі бір мезгілде болса, тез бұзылып, ескіреді. Осындай қолайсыз жағдайлардан қорғау үшін музей жәдігерлерін қорғау тәртібі, ережесі болады [16,34].

Музейлердің қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттар қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді.

Музей қорларын қорғау жұмысының мақсаты-қордағы жәдігерлердің қасиеттерінің сақтауын қамтамасыз ету және оларды қолданудың ұзақтығын, бұқараға ашықтылығын қамтамасыз ету. Музей қорларын қорғау жұмысы жәдігердің бүкіл сақталу кезендеріне жүргізіледі. Әсіресе қор сақтау қоймасы, экспозиция (қойылу, тізілу тәртібі), әртүрлі жағдайларда орын ауыстыру болған кезде де сақталу режимі дұрыс болуы қажет.

  Музей қорындағы ағаш бұйымдардың зақымдануына түрлі себептер бар. Солардың арасында ең жиі кездесетіні – жәндіктер. Әсіресе, кеміргіштер. Кеміргіштермен қатар, ағаш кеміргіштер, усачтар да зақымдайды. Бірақ алдыңғылармен салыстырғанда соңғыларының зияны айтарлықтай аз. Кеміргіштердің 10 түрі белгілі.

Кеміргіштердің ең көп тараған түрі – Anabium punctatum Deg. Оны қарапайы тілде «шашел» деп атайды. Зақымдаушы ретінде ол бұрыннан белгілі – ол әдетте, үй жиһаздарын, үйлердің ағаш бөліктерін, ағаш скульптураларды, көркемсур туындыларыныЎ ағаш негізін зақымдайды. Үй жиһаздарының кеміргіші арша тектес ағаштарынан және жапырақты ағаштардан жасалған бұйымдарды зақымдайды.

И.Н. Тоскина жүргізген зерттеулер нәтижесінде үй жиһаздарын кеміргіші тек ағаш бұйымдарын ғана емес, жұмсақ түптелген кітаптарды да зақымдайтыны анны [23,54].

Кеміргіш мочевино-формальдегид смоласымен өңделген ағаш бұйымдарына зақым келтірмейтіні белгілі. Сондықтан бұл ерітінділермен ағаш бұйымдарын өңдеп тұру қажет.

Үй жиһаздарын кеміргіші–ұсақ, ұзындығы 3-6 мм, цилиндр тәрізді, қара-сұр қоңыз. Әдетте, қоңыздар музей ғимараттарында сәуір айынан бастап пайда бола бастады. Мамыр-маусым айларында кең тарайды. Ал аса салқын ғимараттарда шілде-тамыз айларында пайда болады. Қыркүйек пен ақпан айларында үй жиһаздарын кеміргішіұшуын тоқтатады. Қоңыздар, әдетте,  2 апта мүлдем қоректенбей тіршілік етеді. Ұрғашы қоңыздар орта есеппен 20-30 жұмыртқа салады [26,68].

2-3 аптадан кейін, ұзындығы 1 мм жетпейтін личинкалар пайда болады, кеміру арқылы ағаштың діңіне кіріп кетеді. Личинкалардың жүрген жолдарын жай көзбен көру мүмкін емес. Личинкалар 2-5 жыл, кейде 3-4 жылда дамиды. Толығымен дамыған личинка – 5 мм ұзындықтағы С  тәріздесаң құрт. Көктемде ол ағаштың сыртқы бетіне қарай жылжып қуыршаққа айналады. Ал 2-3 аптадан кейін қуыршақтан қоңыз пайда болады. Пайда болған қоңыз ағашты кеміру арқылы тесік жасап ұшып шығады. Кеміру нәтижесінде ұн тәріздес ұсақталған ағаш пайда болады. Ұшу тесігінің диаметрі 1,5 – 2 мм. Көктем-жаз кезеңінде ағаш бетінде тесіктердің және ұсақ ағаштардың көп болуы – зақымдалу ошағын көрсетеді.

Қоңыздар көбінесе кеш батқанда ұшады. Жарық түсіп тұрған кезде ұшып жүрген қоңызды сирек көруге болады.

Үй жиһаздарын кеміргішінің пайда болуы және көбеюі температураға және ылғалдылыққа байланысты [26,69]. О градус кезінде личинкалар анабиоз жағдайында болады, ал температура -16–-17 градусқа төмендегенде жойылады. Бұл түрдің дамуы үшін керекті оптималды температура 22-23 градус. Ал ылғалдылық ең төменгі оптималды шекарасы 18-20 пайыз. 45 пайызы төменгі ылғалдылықта личинкалар дамымайды; 65 пайыз жоғарғы ылғалдылық личинкалардың дамуына өте қолайлы.

Музей қорындағы ағаш бұйымдарын зақымдайтын кеміргіштердің түрлері әлі де жетік зерттелмейді.

Еліміздің солтүстік облыстарында көп тараған кеміргіштердің түрі

  • солтүстік – Pribium con fusum Kr.
  • үй кеміргіші – Pribium pertinax J.
  • гробовый – Pribium carpini Hbst [27,36].

Бұл үш тірдің таралуы ағаштың саңырауқұлақ ауруына шалдығуынан болады.

Солтүстік кеміргіштер солтүстік-шығыс бағытқа қарай, ылғалды, сулы жерлерде өмір сүреді.

Үй кеміргіші құралдардың төменгі жағына қарай, бөренелердің тоғысқан жерлерінде, яғни, ылғалдылық өте жоғары және әлсіз желдетілетін жерлерде пайда болып дамиды.

Брабовый кеміргіш – ылғалды, мүлдем желдетілмейтін, саңырауқұлақтардың дамуына өте қолайлы жерлерді мекендейді.

Бұл кеміргіштерге қыстың суығы жағымды әсер етеді. Сол себептен олар жылытылмайтын құрылыстарда кездеседі. Олардың личинкалары ағаштың үстіндегі қабатын, бөренелердің ұштарын зақымдайды:  ағаштың өзегі аса зақымдалмайды [26,56].

Жоғарыда айтып кеткен түрлерден басқа ағаш бұйымдарға зақым тигізетін кеміргіштердің келесі түрлері:

  • қызыаяқты кеміргіштер – Cacotemnus rufines F. Anobium rufines F.
  • омыртқалы – Ptiline fus cus Geoffr [26,58].

Бірақ бұл екі түрде саңырауқұлақ ауруымен байланысты емес.

Бұл екі түрде әр түрлі экспонаттарға зақым әкеледі, әсіресе, қызылаяқты. Қызылаяқты кеміргіштер ағаш скульптураны, үй жиһаздарын, ағаш тамырларынан жасалынған бұйымдарды да зақымдайды. Я.Дамиликтің болжамы бойынша бұл кеміргіш 2 жылдан аса уақыт өмір сүрмейді [25,37].

Оңтүстік аудандарда үй жиһаздарын кеміргішімен қоса төмендегідей кеміргіштер кездеседі:

  • бархотистый – Oligomerus brunneus ol.
  • батыс – Oligomerus ptilionoides Woll.
  • крымдық – Nicobium achneideri Rtt.

Олар ылғалдылықты аса сезбейді, бірақ олардың дамуына өте жоғары температура керек. Үй жиһаздарын кеміргішімен салыстырғанды, бұлар ыстық және құрғақ жерлерді мекендейді.

          Бархатист және батыс кеміргіштер – тұрмыс заттарын, үй жиһаздарын, көркем өнер туындыларын зақымдайды.

         Сонымен қатар, тарақмұртты кеміргіштер (Ptilinus pectini – cornis 2) де кең тараған. Ол көне ағаш скульптураны, бук ағашынан жасалынған үй жиһаздарын зақымдайды.

Ағаш бұйымдарын зақымдайтындардың келесі тобы – ұзынтұмсық – трухляктар (Curculionidal семьясы, Cossorinal тобы) [26,62].

Ұзынтұмсықтар мен кеміргіштер зақымдаған ағаштарды сыртқы көрінісіне қарап ажыратады: егер кеміргіштердің личинкасы ғана ағашты зақымдаса, ұзынтұмсық қоңыздар өздері ағашпен қоректенеді.

Ең көп кездесетін ұзынтұмсық – Codiosoma spadix Hbst.  

     Музей ғимараттарын және музей экспонаттарын зақымдайтын ұзынтұмсық трух-ң екі түрі белгілі:

  1. Eromotes elongatus Gull.
  2. culinaris.

         Ағаш зақымдаушылардың үшінші тобы – усачтар (Cerambyoidae семьясы).

          Ең көп тараған түрлері: қара күйе — усачы — Hylotrup es bajulus L.

Бұл – 10-20 мм ұзындықтағы қарасұр қоңыз тек (хвойный) аршатектес ағаштарды ғана зақымдайды. Қоңыз ағашты ішінен кеміргендіктен, ағаштардың сыртқы формасына қарап айту қиын. Бұл қоңыздың жасайтын тесіктері сопақ формада болады – размерлері 3-5 х 6-12 мм. Олардың дамуы 3-4 жылға созылады. Ал қолайсыз жағдай туса 8-12 ж. созылуы мүмкін. Қоңыздар тез ұшады және зақымдалған бұйымдардан, сау бұйымдарға тез ауысады.

Қара үй усачы ылғалдылығы 12 пайыз ағашта дамиды. Ол әлемнің барлық аймақтарына тараған.

Музей құрылымдарында кейде фиолетовый усач кездеседі. Олардың личинкалары ағаштардың сыртқы қабатында өмір сүреді [24,31].

Біздің жерімізде (древогрызы) ағашкеміргіш (Lyctidal семьясы) кедеседі. Олардың ағаш бетінде қалдыратын тесіктерінің диаметрі – 1-1,5 мм. Өте ұсақ қоңыздар, қызыл-қоңыр түсті, ұзындығы – 3-5 мм. Тек жапырақты ағаштардан жасалған бұйымдарды зақымдайды. 1ж. өмір сүреді. 7 пайыз ылғалдылық олардың дамуына өте қолайлы. 

          Lyctus brunners Steph – бір түсті ағаш кеміргіштер және L. Linesris Goeze – бороздчатовый ағаш кеміргіштері – ағаш құрылымдарын, көне ағаш скульптураларын, түрлі бұйымдарды зақымдайды. Олар және L. Pubescens Panz. Біздің еліміздің оңтүстігінде көп кездеседі. Әсіресе, соңғысы музей экономикасына үлкен зақым әкеледі.

          Кеміргіштерден зақымданудың басты жолы – сақтау қоймаларына «ауруға шалдыққан» экспонаттардың түсуі. Соны болдырмау үшін, ең алдымен, музей қорына түскен заттардың қай жерден әкелінгендігі жайлы мәлімет жинау керек: суық немесе ыстық бөлмеде тұрды ма, жанында кеміргіштермен зақымдалған бұйым тұрған жоқ па.

          Кеміргіштер зақымдаған бұйымдарды бірден байқауға болмайды, ал олардың дамуы бірнеше жыл жүреді. Сондықтан музей қорына түсетін заттар изолятордан өтуі тиіс ұзақ уақыт тексеруден өту керек – 1 маусым шамасында.

          Егер музей бөлмесі рентген құрылғыларымен жабдықталса, онда жұмсақ Х – сәулелері арқылы түрлі заңдылықтарды анықтауға болады. Тірі личинкалар мұндай кезде жақсы байқалады.

          М.П. Виктурина және З.И. Фалеева эксперимент жасау барысында рентгеографияның оптималды режимдерін анықтады. Тірі личинкалармен қатар, олар өлі личинкаларды да анықтауғы мүмкіндік жасады. Сонымен Х – сәулелері арқылы химиялық өңдеулердің нәтижелерін тексеруге болатындығы дәлелденді.

          Бірақ Х – сәулелер арқылы диагноз шектелген: заңдылықтардың алғашқы кезеңінде болмайды.

          Үй жиһаздарын кеміргіштері зақымдаған ағаш бұйымдарды қорғауға байланысты көптеген жұмыстар жасалды.

         Өкінішке орай, музей қорларындағы ағаштан жасалған бұйымдарды толығымен сақтап қалуды жүзеге асыру қиынға соғады. Дегенмен, бұл процессті бәсеңдету үшін түрлі амал-тәсілдер қолданылуда.

Сондай амал-тәсілдердің бірі-ағаш бұйымдарды антисептип ертінділерімен сүрту. Бұл ертіндінің әсері ағашты шаң басудан және жәндіктерден қорғап, әр түрлі майлар мен лактардың сіңіп кетуінен сақтау, ағаш бұйымдарда шытынау, сыну процесстеріне жол бермейді [23,61].

Кейде ағаштың гидрофильді қасиетін төмендету үшін щеллактың, нетроцллюлозаның, ацетилцеллюлозаның, поливинилбутиралдың спирттік және ацетондық ертінділерімен сүртеді. Бұл тәсіл өзінің тез әсер ету қасиетімен ерекшеленеді.

Ағаш бұйымдардың құрылысын қатайту барысында фенольно-формальдегидтық, мочевино-формальдегидтық және меламино-формальдегидтық смолалар қолданылады. Жалпы ағаш бұйымдарын қатайту практикасында мұндай әдіс кең қолданылады. Смола ағашта смолалық қабат түзіп, бүкіл сынықтар, тесіктер мен жарықтарға толып қалады. Сөйтіп, ағаш құрамының бұзылмай, көп уақыт сақталып тұруына әсерін тигізеді. Бұл ағаштың тығыздығын, төзімділігін арттырып, ылғал тартқыштығын төмендетеді.

Смоланың құрамына фенол, формальдегид сияқты антисептикалық заттар кіргендіктен шаң басу және жәндіктермен зақымдалу өте сирек кездеседі [23,64].

Реставрациялау практикасында алдыға қойған мақсатқа жету ұшін реставрациялық шеберханаларда белгілі тәсілдердің барлығы қолданылады.

Музей практикасында ағаш бұйымдарды сақтау үшін мочевино-формальдегидтік және меламино-формальдегидтік смолалар қолданылады. Өйткені бұл смолалар фенольно-формальдегидтік смолаға қарағанда түссіз пленка құрап, жарыққа төзгіш болып келеді.

Ағаш бұйымдарын жабыстыру арқылы қалпына келтіру үшін МФ-17 смоласы қолданылады. МФ-17 смоласына катализатор ретінде 10% концентрациялы щавель қышқылы кіреді (К-17 желімі).

Бірақ, бұл желімді көркем сурет туындыларына қолдануға болмайды. Өйткені, қышқылдық катализаторлар кейбір бояғыштармен бояу қабатының бұзылуына әкеледі.

Көп жерлерде катализатор ретінде аммонийді қолдану қолға алынған. Көптеген зерттеулер смола ертіндісімен өңделген ағаш бұйымдар, өңдеу жасалмаған ағаш бұйымдарға қарағанда төзімді болатыны дәлелденді. Ағаш өзінің бастапқы түрі мен түсін, формасын жоғалтпайды.

Ағаш бұйымдарын реставрациялау процесі тек оны өңдеумен шектелмейді. Сонымен қатар ағаш бұйымдарының сынған, шытынаған бөлшектерін жабыстыру керек. Сынықтарды, қуыстарды ЭД-6 немесе ЭД-40 түріндегі эпиксидті смола негізінде жасалған шпаклевкалы ертіндімен толтырады. Бұл смола төменгі молекуланы полимер, термопастикалық, қою, жабысқыш болып келеді, 60 градус температурада сұйылтуға болады. Эпоксидтік смоланың жабысқыш дәрежесі өте жоғары. Онымен түрлі материалдарды, соның ішінде ағашты да жабыстыруға болады. Оны қатайтқыштар (мыс, гексометилендиамин немесе полиэтиленполиамин) қосу арқылы қатыру керек. Оның қатаюы кезінде жанама өнімдер бөлініп шықпайды, Сондықтан бұл смола практикаға өте қолайлы.

Ағашты сіңдіру процесі келесі операциялар арқылы жүзеге асырылады:

1) шаң-тозаңнан құрғақ әдіс бойынша айыру (шаңсорғыш, құрғаш дәке, құрғаш жаққыш);

2) экспонаттың жағдайына байланысты жабысқақтық дәрежесі әртүрлі мочевино-формальдегидтық немесе меламино-формальдегидтық смола ертінділерімен сіңдіру;

3) екі күн өткеннен кейін қайтадан сіңдіру жүргізу;

4) 6-8 күн бойы бөлме температурасында экспонатты кептіру.

Ағаштан жасалған музей экспонаттарын қатайту үшін қолданылатын реактивтер мен құрал-жабдықтар

Құрал-жабдықтар: вентиляциялы шкаф, әйнек колба, 250мл. Мензурка, техникалық таразы, 100 селсиградус жоғары шкалалы термометр.

Реактивтер: мочевина немесе меламин, формалин (37-40% концентрациялы), аммиак (25% концентрациялы), универсалды индикатор, лакмус, техникалық этил спирті, хлорлы аммоний, ағаш ұны, ЭД-6 немесе ЭД-40 смоласы, гексаметилендиамин немесе полиэтиленполиамин.

           Реактивтерді сақтау шарттары.

Формалинді сыймдылығы әртүрлі алюминиден, ағаштан немесе әйнектен жасалған ыдыста сақтау керек.

Формалинді ауызы жақсы жабылатын әйнек бөтелкеде сақтаған ыңғайлы. Қыстың күндері оны жабық, жылытылатын бөлмелерде сақтау керек. Формалинді лайланып, ыдыс түбінде түнба түзілгенше сақтайды.

Мочевинаны (меламин) құрғақ жерде әйнек немесе ағаш ыдыста бір жыл сақтауға болады.

Аммиак ауыз тығыны тығыз әйнек ыдыста бірнеше жыл бойы сақталады.

ЭД-6 немесе ЭД-40 смола ертінділерін жабық ыдыста 17-18 селсиграду температурада сақталады.

Гексаметилендиамин немесе полиэтиленполиаминді герметикалық жолмен жабылған әйнек ыдыста сақтауға болады [22,54].

 

              Қатайту әдістемесі.

Бірінші операция. Ағашты сіңдіруге дайындау:

  • құрғақ әдіспен бұйымның сыртын тазалау (шаңсорғыш, құрғақ шүперек, құрғақ жаққыш);
  • бұйымның сырты лас, кірлеу болса дымқылдатылған шүперекпен сүрту.

Екінші операция. Сіңдіруші құрамды дайындау:

  • формалинді нейтрализациялау. Формалин құрамында құмырсқа қышқылы болғандықтан қышқылдық реакция береді. Ал, смола ертіндісін жасаған кезде қышқыл мөлшері көбейіп, кері реакция жүруі мүмкін. Мұндай реакцияны болдармау үшін ертіндіге аммиакты қосу керек. Бұр процесс келесі жолмен жүзеге асады:

әйнек колбаға формалин құйып, үстінен тамшылатып аммиак қосады. Нейтралды реакция пайда болғанға дейін нәтиженің дұрыстығын универсалды индикатор немесе лакмус арқылы тексереді;

  • смоланы қайнату. Нейтралданған формалин ертіндісіне мочевинаны (меламинді) қосады (екі бөліп). Бірінші рет 30 минут қайнату керек. Екінші рет мочевинамен қатар этил сптртін қосып, тағы да 30 минут қайнату керек.
  • сіңдіруші ерітіндіні дайындау. Ағаш бұйымдардың әртүрлі болуына байланысты смолалардың коцентрациясы да әртүрлі болады. Керекті ерітінді концентрациясын алу үшін спирт, су немесе ацетон қосады.
  • Тездеткішті қосу. Тездеткіш ретінде хлорлы аммоний қолданылады. Оны тура ағашты сіңдіру алдында қосу керек. Тездеткіш қосылған смола ерітіндісін 2-3 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Үшінші операция. Ағашты сіңдіру.

Сіңдіруді екі жолмен жүзеге асыруға болады:

  1. 1. Смола ерітіндісіне экспонатты толығымен батыру
  2. Жаққыш қолдану арқылы экспонатқа смола ерітіндісін жағу. Бұл процесті арсына 30-60 минут салып бірнеше рет қайталау керек.

Төртінші операция.Сіңдірілген ағашты кептіру.

Кептіру 2-3 күнде жүзеге асырылады. Кептірудің аяқталуын экспонаттың салмағының қалпына келгенінен білуге болады.

Бесінші операция. Сіңдіруді қайталау.

Алтыншы операция. Сіңдірілген ағашты қайта кептіру

Жетінші операция. Экспонаттың сынған, шытынаған бөліктерін жабыстыру және шпаклевка жасау.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Қазақ мәдениеті халқымыздың өмір сүру салтына тән ерекшеліктерді бойына сіңіріп қалыптасты. Өткен ғасырлардан бері даламызда өркен жайған көшпелі мал шаруашылығы қолөнер, кәсіп, еңбек құралдары мен баспана, сәулет өнеріне өз нақышын қалдырды. Күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдарды жасау үшін түрлі материалдар қолданылды. Ағаш өңдеу, тері өңдеу, жүннен жіп иіру, тоқыма тоқу, іс тігу кәсіптері озық деңгейде дамыды. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады, ағашты сүйекпен ойыстырып әшекейледі. Жүн мен түбітті, тері-терсекті торқадай құлпыртып бұйым жасауға машықтанған ісмерлердің даңқы алысқа тарады. Сонымен қатар, қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған үй бұйымдарының алған орны ерекше. Біздің қазақ жері  орманды алқаптарға өте бай. Ағаштың физикалық, механикалық қасиеттерін ата-бабаларымыз ерте кезеңнен бастап білген. Ағаш шеберлері бұйымдарды жасау барысында ағаштың қаттылығын, жұмсақтығын, иілгіштігін, беріктігін, шыдамдылығын және морт сынғыштығын табиғи өрнегіне қарай таңдаған.

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымы күнделікті тұрмысына қажетті заттарын ағаштан, темірден, металдан, теріден, сүйектен жасап алатын. Ағаштан жасалған бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық “үйші”, “арбашы”, “ұста”, “ерші” деп даралады. Ал, бұл шебердің әрқайсысы өзінің негізгі  кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай белді. Әсіресе “ұста” атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты.

Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Ата-бабаларымыздан қалған мұраны сақтау, біздің алдымызға қойған мақсат қана емес, басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Музей ата-бабалар мұрасын сақтауда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады.

Музей-табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі нұсқаларын жинақтаушы сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме.

Орталық Мемлекетік музейдің екінші экспозициялық залы қазақ халқының антропологиялық ерекшелігінен бастап, тіршілік қамын, шаруашылығын, барша этнографиялық болмыс-бітімін, дәстүрлі мәдениетінің сыр-сипатын көрсетуге арналған. Мұнда Қазақстанның әртүрлі өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мәдениетінің ескерткіші түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, түскиіз, және қару-жарақ, батырлар мен сал-серілерді бейнелейтін атрибуттық бұйымдар секілді этнографиялық көрнектер бар. Музей қорынан ағаштан жасалған көптеген бұйымдарды көруге. Музей қорындағы сақталатын ағаш бұйымдар: төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш тоқпақ, саба аяқ, піспек, астау, тегене, табақ, шара аяқ, ожау, тостаған, қасық, күбі, ағаш шелек, келі – келсап және басқада көптеген бұйымдар. Бұл бұйымдар аса шебер ұсталар қолынан шыққан деп айтуға болады. Өйткені ағаш бұйымдардың беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металлдармен, түрлі түсті тастармен, шынылармеен көркемдеген. Ендеше мұндай ұсталар ағашпен қатар, темір, мыс, жез, күміс ұстау ісін де меңгерген шынайы өнер иелері болған.

Орталық Мемлекеттік музейдің этнография залының экспозизиялық көрінісіне қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үйдің қойылуы ерекше мән береді. Көшпелі халық өмірінде, жорықтар мен аң аулаушылықта  киіз үй құрылысының тез тігілуі мен тез жиылуға арналып жасалуының маңызы зор болған. Қазақ халқы ертедегі көшпелі мәдениеттің ең негізгі дәстүрлерін өзіне мұра етумен бірге, оны ары қарай дамытты және байытты. Міне, сондай мәдени дәстүрдің белгісінің бірі – көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй. Сонымен қатар, музей қорларында киіз үйдің жекелеген бөліктері сақталуда.

Музей қызметкерлері ата – бабаларымыздың мол мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін үлкен еңбек сіңіруде. Олар музей қорларында сақталатын әр затқа ұқыптылықпен қарап, сақтау, қорғау тәртіптерін бұлжытпай орындап отырады. Өзінің алғашқы қалпын жойып, түрлі өзгерістерге ұшыраған бұйымдарға реставрация жұмыстарын жүргізеді. Өте құнды, яғни, бірегей бұйымдардың көшірмелерін жасайды. Қорлар құрамындағы бұйымдарды келермендер назарына ұсынып, түрлі көрмелер ұйымдастырады. Бұл, әрине, үлкен жауаптылықты талап ететін қиын, әрі маңызды жұмыс. Осындай музейлер саны көбейе берсе екен деймін.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.

 

  1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. А., 1987.
  2. Қасиманов . Қазақ халқының қолөнері.
  3. Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының қолөнері. 1-2 том.
  4. Марғұлан Ә.Х. Юрта и ее убранства.
  5. Захарова, Ходжаеева. Казахское национальное жилище.
  6. Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. А., 1977. 745. Т. 28.
  7. Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі. А., 1993.
  8. Жалмұханов Ғ. Зергердің өзі көненің көзі. А., 1985.
  9. Қазақтың киіз үйі: Әлемнің Ұлттық бейнесі. – А., 1998.
  10. Нәлібаев А. Ағаш ою: балалар мен жасөспірімдерге арналған көмекші құрал. А., 1994.
  11. Қазақ өнері: Энциклопедия. А., 2002.
  12. Шаңырақ: Қысқаша үй тұрмысы энциклопед. А., 1989.
  13. Мұқанов М.С. «Қазақ үйі». А., 1981.
  14. Бекешов С.С. Қазақтың дәстүрлі ағаш бұйымдары және оның аймақтық ортақ сипаттары // Ақиқат. 2001. № 9б 95-96 бб.
  15. Бекешов С.С. Ағаш өңдеу және бұйымдардың аймыш түрлері // Истор. наука и современность: концепт. Пробл. Метол. Историограф. И источн. Отеч. Ист. матер. Научн. Коор. Ноябрь 2001. А., 2001.
  16. Раимханова К., Катран Д. Музей ісінің теориясы мен практикасы. А., 2002.
  17. Юренова Т.Ю. Музееведение. М., 2003.
  18. Музееведение. Музей исторического профиля. Под ред. К.Г.Левыкина, В. Хербста. М., 1988.
  19. Музееведение. На пути к музею ХХІ века. М., 1982.
  20. Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане. А., 1979.
  21. Этнолингвистическая коллекция в музеях СССР. М., 1964.
  22. Вопросы реставрации. М., 1978.
  23. Вопросы реставрации и хран. М., 1973.
  24. Комплектование, научное описание и экспозиционно выставочная пропоганда этнографических материалов современного периода. Л., 1979.
  25. Сборник статей по вопросам физических и химических методов исследоваия музейного экспоната. М., 1965.
  26. Ребрикова Н. Научные методы музейного хранения. М., 1978.
  27. Проблемы комплект, научного описания и атрибуции этнограф. Памятн. Л., 1987.
  28. Михайловская А.И. Музейная экспозиция. М., 1964.
  29. Музееведение. Проблемы использования и сохранности музейных ценностей. Сборник научных трудов. № М.,1985.
  30. Қазақстан Республикасының Орталдық Мемлекеттік Музей қорының түгендеу карточкасы. 1998-2005жж.