ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
Алматы — 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК…………………………………………….
1.1 Құқық ұғымы, белгілері………………………………………………………………….
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны…………………………….
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА……………………………………………………..
2.1 Құқықтың қайнар көздері……………………………………………………………….
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы……………………………
ІІІ ТАРАУ. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…………………………………………………………….
3.1 Конституциялық құқықтық нормалар………………………………………..
3.2. Конституциялық нормаларды топтастыру…………………………………
3.3. Конституциялық нормаларды жүзеге асыру………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………
КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4 түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып.
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
- Құқық ұғымы, белгілері.
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
Бұл идея тек халық арасында айтылып қалмай, билік тізгінін ұстаған лауазым иелерін ойлантқаны да көңілімізге сенім үмітін ұялатады. Олай дейтініміз, қоғамда орын алған құқық бұзушылық сипаттағы келеңсіз құбылыстарға үн қатып, оған білім беру мекемелері арқылы құқықтық насихат жүргізу іс-шарасы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі тарпынан арнайы қолдау тапты[1].
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда “құқық” түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады[2].
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз иелігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдалануда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” (6 бап)[3].
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі[4].
Екіншіден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап).
Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы — өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі” деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы — оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттілігі туады. Азаматтарға сан-қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады[5].
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты тараптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық – үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңдегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық[6].
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.» (15 бап)[7].
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы қажет. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы – оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. (Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы)[8]. Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Формальдық анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді[9].
Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң — ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атынан жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі – мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. (25 бап) Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі[10].
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (3бап)[11] Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция – құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер – заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.
Сонымен, қорыта келе айтарым, құқықтық норманың түсінігін ашпастан бұрын құқық ұғымын ашу керек екен. Ал құқық ұғымы – бұл ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі[12].
Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы[13].
Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті»[14].
Бұл талапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.
Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және тағы басқа. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор[15].
Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.
- Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал мораль мемлекеттен бұрын пайда ьолады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, ао мораль күрделірек құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі.Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.
- Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар қатынастар да жатады.
Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы және айрықша белгілер тән.
- Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез-келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз, адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
- Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік – адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетір адамның әрекеті әділ болып саналады.
Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.
Бостандық – адамның ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.[16]
- Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар – билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылық, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.
- Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
- Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан құқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.
- Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол – формальды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалылығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау – қылмыс[17].
Құқықтың жүйелілігі — оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқыфқтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.
Құқықтың тағы бір қасиеті – оның өзгермелілігінде. Қоғамдық өмір сүрісіп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықты теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әртүрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ.
Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды.
Әрине өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей[18].
Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауында он жыл біздің конституциямыздың мерей тойы, осы «он жыл ішінде еліміз тұрақты экономикалық дамуда», деп көрсетті.
Сонымен ел Президенті ерекше атап өткендей «әрекет етуші конституцияның потенциалын ары қарай да максималды түрде қолдану керек. Бүкіл әлем демократия мен заңдардың сақталуы ажырағысыз деп мойындайды».
Конституция мемлекеттің негізгі заңы және ол сол мемлекеттің құқықтық жүйесінде приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет және құқықтың әлеуметтік сфералары саясаттың, экономиканың, қоғамның мәнін анықтайтын базалық идеяларды білдіреді.Конституцияда мемлекеттік реттеудің мәні мен шектері бекітілген, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастаулары анықталған, ұлттық және халықаралық құқықтардың ара-қатынасы көрсетілген.
ҚР-ның Конституциясымен ҚР-да Президенттік басқару формасы анықталған және мемлекеттің басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары.
Республика қызыметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.19
Мемлекетіміздің құқықтық-демократиялық даму жолында өркендеуінің бірден-бір ұйытқысы-тәуелсіз еліміздің Конституциясына он жыл толды. Тарих үшін бұл уақыттың бір ғана сәті екендігіне қарамастан, еңсесін тіктеп, таяуда ғана тәуелсіздік алған еліміз үшін бұл оқиғанын маңызы ерекше. Себебі, «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,…»,-деп басталатын ата заңымыз біздің ата-бабаларымыздың аңсап кеткен егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізуінің куәсі іспетті. Тарихи сонау тереңде жатқан қазақ елі үшін тәуелсіз ел болып, еліміздің мемлекет болып бой көтеруі-үлкен жетістік екені даусыз.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдылану қажеттігі, оның әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.
Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас.Көптеген заңдар қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс басқа да келесі мәселелер бары белгілі. Дегенмен, басшылыққа алып,бағдар беретін негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына қатысты болуға тиіс.
Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау-әрбір азаматтың борышы.Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі- Конституция.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші және қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші және ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді.Еліміз Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызымет ететіндігін ұғынуымыз қажет20.
Кесте1
|
|||||||||
|
|||||||||
|
|||||||||
Құқық нормалары; техникалық құралдарды пайдалану,
қолдану ережелері;
Мораль (имандылық, өнеге)
нормалары;
санитарлық-гигиеналық нормалар;
қоғамдық ұйымдар
(корпоративтік)
нормалары; агрономиялық нормалар;
әдет-ғұрыптар; басқалары.
дін нормалары;
басқалары.
Кесте 2
|
|||||||||||
|
|||||||||||
құқық нормалары; саяси; стихиялық ауызекі
(сұрапылдық)
түрде; жазбаша.
имандылық (мораль, ұйымдық;
өнеге) нормалары;
әдет-ғұрыптар; этикалық саналы түрде.
(әдептік);
корпоративтік
нормалар; эстетикалық;
дін нормалары; басқалары;
басқалары.
Кесте 3
ҚҰҚЫҚ ПЕН МОРАЛЬДЫҢ (ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ, ӨНЕГЕНІҢ) ЖАЛПЫЛАМА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады;
- Нормативтік мазмұнда болады;
- Қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;
- әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді;
- көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады;
- жүзеге асырылудық ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы.
Кесте 4
|
ҚҰҚЫҚ: |
ИМАНДЫЛЫҚ, ӨНЕГЕ (мораль) |
- мемлекетпен бірге қатар пайда болады;
- нормалардан (жүріс-тұрыс ережелерінен) тұрады;
- нақтылығы (деректілігі), айқындылығы арқылы сипатталады;
- мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі;
- нақты шаралар мен мәжбүрлеудің түрлері күні бұрын көрсетілген болады;
- тек қана құқық бұзушының жүріс-тұрысын жан-жақты бағалайды;
- мемлекетпен бірге қатар жойылады;
- мемлекеттен бұрын пайда болады;
- күрделірек құрылымды болады;
- мазмұнының тым күрделі болуымен сипатталады;
- дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі;
- мәжбүрлеудің шаралары мен түрлері күні бұрын көрсетілмеген болады;
- адамның жүріс-тұрысы жан-жақты бағаланады;
- кез-келген қоғамда орын алады.
Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.
Кесте 5
Айқын, нақты жүріс- қамтамасыз ету дәрежесі
тұрыс ережелері болады;
Арнайы актілерде мәжбүрлеу түрлері;
баяндалған болып келеді;
құқық нормаларының
Нормалары жүйеге басымдылығы.
келтірілген болады.
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА
- . Құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
- Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
- Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
- Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
- Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ міндеттер атқарады
- Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары21.
12.1. Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын тану мен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.
Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды — экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-қүқықтық кепілдіктер айтар-лықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалык, және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген22.
12.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады.
Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи-құқықтық теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз етеді, сөйтіп Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
12.3. Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқығы кейін пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесіне табиғи түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси қүқықтар мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса, тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын да қамтиды, айталық азамат иеленген саяси билікке деген құқығы осы билікті мемлекеттің осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнау міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.
12.4. Конституцияның осы нормасына сәйкес шетелдіктер мен отансыз адамдардың (апатридтердің) Қазақстан Республикасы азаматтарымен әлеуметтік-экономикалық және тиісінше саяси салада азаматтық құқықтары мен міндеттерінің толық теңдігі белгіленген. Әдеттегідей, мемлекет азаматтары барынша кең саяси құқықтық субъектілікті пайдаланады, алайда жекелеген жағдайларда, айталық, дипломатиялық корпус үшін, Республиканың халықаралық келісім жасасуларынан туындайтын ішінара ерекшеліктер болуы мүмкін.
12.5. Осы норма бұзылған жағдайда кері зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның іске асыруының шегін орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құрылыс және қоғамдық; имандылық. Аталған шектеулер құқықтық практикада жалпыға мәлім шектеулер болып табылады. Мәселе заң қолданушылардың осы шектеуді түсінуіне келіп тіреледі. Орталықтандырылған құқықтық саясат кезінде мұндай түсіндірме бүкіл ел «көлемімде айтарлықтай жеңіл таратылуы да, кеңейтілуі де мүмкін, ол — қорғауды, тіпті жеке адамның құқықтық мәртебесінің өзін биліктің толық жоққа шығаруына мүмкіндік жасайды. Сондықтан аталған ереже тиісті нормативтік актілермен дәл нақтылауды қажет етеді.23
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:
- Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
- Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
- Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі24
13.1. Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары азаматтық заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын «құқық субъектісі» санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.
ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық құқығы және міндеттілік жүктеу қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынба-ған кез келген қызметпен айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірлесе құруға; заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына және өзге де ой еңбегіне жеке меншік құқығы болуға; материалдык, және моральдық зардаптардың орны толтырылуын талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге құқылы (ҚРАК-інің14-бабы).25
Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде туады.
Заң актілерімен он сегіз жасқа толмай некеге отыруға жол берілген азаматтың әрекет қабілеттілігі толық, көлемінде ол некеге отырған күннен басталады. Егер заң актілерімен өзгеше кезделмесе барлық азаматтың әрекет қабілеттілігі бірдей болады (ҚР АК-інің 17-бабы).26
ҚР АК-інің 18-бабында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыру мен оны шектеуге жол берілмейтіні туралы ереже белгіленген. Атап айтқанда, заң актілерімен көзделген реттер мен тәртіптен өзге жағдайда ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне шектеу қоя алмайтындығы белгіленген.
Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің заң актілерімен белгіленген шарты мен тәртібін немесе олардың кесіпкерлікпен не өзге қызметпен айналысу құқығын сақтамау тиісті шектеулерді белгіленген мемлекеттік немесе өзге орган актісінің заңсыздығын көрсетеді.
Азаматтың құқықтық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен және құқықтық қабілеттілігін немесе ерекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелерден толық немесе ішінара бас тартуы, заң актілерімен рұқсат етілгендерден өзге реттерде заңсыз болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғау тәсілдері ҚР АК-інің 9-бабында белгіленген. Азаматтық құқықтарды қорғауды: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу; міндеттіліктің іс жүзінде орындалуына үкім ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмілелерді заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару немесе жергілікті өкілді не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтін актілерін заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық иеленуіне немесе оны жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айып өндірту жолымен, сондай-ақ заң актілерімен көзделген өзге де тәсілдермен сот немесе аралық сот жүзеге асырады.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет немесе басқару органына жүгіну, егер заң актілерімен көзделмеген өзге реттерде, құқықты қорғау туралы сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
Заң актілерімен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тікелей өздері арқылы жүзеге асырылады (өзін-өзі қорғау).
Егер заң актілерімен немесе шарттармен өзгеше көзделмесе құқығы бұзылған адам оған келтірілген зиянның толық өтелуін талап ете алады. Шығындар дегеніміз — құқығы бұзылған адамның өндірілген немесе өндіріліп алынуы тиіс болатын шығындары, оның, жоғалған немесе зақымданған мүліктері (нақты залал), сондай-ақ осы адам, егер оның құқығы бұзылмаған болса айналымның әдеттегі жағдайында ала алатын алынбаған кірістері (жоғалған тиімділік).
Мемлекеттік өкімет органының, өзге де мемлекеттік органның заңға сәйкес келмейтін актілерін шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиянды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бірліктің өтеуі тиіс.
Егер жолсыздықтан құқықтық зардап шегу тәртіп бұзушының кінәсінен болса, заң актілерілнен кезделгеннен басқа реттерде оның кінәлілігі жорамалданады.
Қажетті қорғану үғымы 1997жылғы 16 шілдеде Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабында беріледі. Атап айтқанда, қажетті қорғаныс жағдайында, яғни қорғанушынын, немесе өзге адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа құқықтарын, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің қоғамдық қауіпті қол көтерушіліктен заңмен қорғалатын мүдделерін қол көтерушіге зардап келтіру арқылы қорғау, егер бұл ретте ол қажетті қорғаныс шегінен шығып кетпесе оның қол көтерген адамға келтірген зардабы қылмыс болып табылмайды.
Қажетті қорғаныс құқығына, олардын,кәсіптік немесе өзгелей арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар тең дәрежеде құқылы. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылып кету не көмек сұрап басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігіне қарамастан беріледі.
Қол көтерушіге зардап шектіру мұқтаждығы болмаған жағдайда айқын шамадан тыс зардап шектіру нәтижесінде қорғанудың қол көтерудің қоғамдық қауіптілік сипаты мен деңгейіне сәйкес келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығу тек қасақана зар-дап шектірген реттерде ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтың әдеттері,сот прецеденттері (үлгілері), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер – қоғам өмірнен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ.), “Есім ханның ескі жолы” (XVI ғ.), Тәуке ханның “Жеті жарғысы” (XVIІІ ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. ХІХ ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық прецеденті – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі – Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрдет бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер – құқықтың ең басты қайнар көзі, негізі ретінде танылады27.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен – конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі – жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша норматвиті қаулылар қабылдауға құқылы28.
Қазақстан 2030 жылы Орта Азияның Барысына айналады дегенге сенсек, онда ол үшін мемлекетіміздің құқықтық жүйесі мығым болуы тиіс. Ал құқықтық жүйенің берік болуы құқық саласының оңды дамуымен байланысты болса, құқықтық норма бұл ретте өзіне тиесілі орынды алады деген ойдамын.
Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Бідің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.
2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасамайтынын білетін болады28.
Сонымен, құқық негіздері дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, ресми түрде бекітілетін әдет ғұрыптар. Жоғарыдан белгілі болғандай, құқық негіздері жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады екен. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік – жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
2.2. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма — мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады29.
Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі. Диспозиция – құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) бейнеленген диспозиция – мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция – егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса30.
Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті – анық, б) баламалы, в) салыстырмалы.
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) – нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
- Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
- Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті31.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болыпкеледі.
Егерде құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.
Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.
Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсінуі, толығынан алғанда не үшін қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездерін, жүріс-тұрыстары тікелей реттелетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелуін жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған сараларының нормалары негізінен алғанда қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді32.
Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.
Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатына жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы, әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда алдындағы қатарға жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше назар аударылады.
Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінез, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейілінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарға түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше, айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктеледі. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.
Реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға: 1) анықтамалық-пайымдылық яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі. 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған және тағы сол сияқты Коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабында былай делінген:
- Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
- Констигуцияның ең жоғары заңдық күші бар және Респубпиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
- Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
- Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарымен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық акгілерді ресми түрде жариялау, оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады33.
4.1. Қазақстан Республикасының Кокституциясында «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық» сөздері, біріншіден, Конституция нормалары жәй декларациялар емес, тікелей қолданылатынын; екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетін нормативтік қүқықтық актілердің ғана қолданылатын актілер болып танылатынын; үшіншіден, Қазақстанның үлттық актілері тек Республиканың мемлекеттік органдары қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілерден ғана емес, сонымен бірге халықаралық шарттарынан және республиканың өзге де міндеттемелерінен тұратынын атап көрсету үшін қолданылған.
Теорияда «қүқық» сөзі мемлекет белгілеген немесе рүқсат берген кұқықтық нормалардың жиынтығы (жүйесі) ретінде түсініледі. Қазақстан Республикасының Коңституциясында «қолданылатын құқық» Конституция нормаларының және Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілердің жиынтығы ретінде келтіріледі. «Қолданылатын кұқық» деп келтірудің мейлінше терең заңдық мәні бар сияқты. Біздің пікірімізге, онын, себебі мынада, нормативтік қүқықтық актілер тек қүқық нормаларына ғана емес, сонымен бірге басқа да қүқықтық элементтерден: қүқықтық анықтамалардан, ұғымдардан, принциптерден, идеялардан, декларациялардан, кіріспелерден және тағы басқаларынан түрады. Қүқықтың тек нормалары ғана емес, тұтас нормативтік қүқықтық акт қоғамдық қатынастарды реттеуге (ретке келтіруге) бағытталған. Әрбір құқык, элементінің өз мақсаты, бағыты бар және тиісті рөл атқарады. Демек, нормативтік қүқықтық актілердегі қүқық нормалары ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда нормативтік қүқықтық актілер де қолданылатын қүқықтың қайнар көзі болып табылады.
Осы баптың аталған тармағында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы бар органдардың бәрі бірдей тізілмеген. Конституцияға сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқылы субъект — халық, Президент, Парпамент, Үкімет, орталық атқарушы органдар болып табылады. Сонымен бірге 4-баптың 1-тармағында қолданылатын құқыққа Конституцияға сәйкес республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соты жататындығы көрсетілген, Аталған органдардың нормативтік емес актілері қолданылатын қүқық актілері болып табылмайды34.
4.2. Қазақстан Республикасының Конституциясында Ресей Федерациясы Конституциясындағыдай (4-баптың 2-бөлігі) оньің үстемдік принципі тікелей бөлініп керсетілмеген. Алайда, Қазақстан Респубпикасы Конституциясында мұндай принциптің идеясы бар. Қазақстанның бүкіл аумағында Конститу-цияның үстемдік принципінің әртүрлі қыры бар. Ең алдымен, ол Республикада конституциялық қүрылысты орнықтырудан, әлеуметтік және құқықтық, мемлекет құруға бағыт ұстаудан көрінеді. Конституцияның үстемдігін тану мемлекеттің Конституция идеясына бағынуын білдіреді. Конституцияның үстемдігі барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың және азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қызметі оның принциптеріне, нормаларына қарап құрылуы тиістігін білдіреді. Қазақстанда аумақтық тұтастық, құрылымның, біртұтастық нысаны, президенттік басқару нысаны Конституцияның үстемдік принципіне негізделген. Сондықтан аталған мемлекеттік институттарға қарсы шығу Конституцияның үстемдік принципін бұзады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші конституциялық заңдары сияқты жәй заңдардың да, өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмеуі тиістігін, барлық деңгейдегі мемлекеттік үкімет органдарының, лауазьімды адамдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді. Консти-туцияның жоғары заңдық күші Конституцияға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген құқықтық нормаларының, ережелерінің заңдық күші жоқ деп есептелетінін және олардың күшін жоюға жататындығын білдіреді.
Конституция нормаларын тура қолдану мемлекеттік органдардың олар реттейтін қоғамдық қатынастарға тікелей қолдануын білдіреді. Конституцияның тура қолданылуы оның құқықтық жасампаздық рөлінен де көрінеді. Конституцияда қандай заңдар қабылдау қажеттігі атап керсетілген. Осы заңдар не нақты аталады, не атаусыз нұсқалады. Демек, Конституцияда Конституциялық Кеңестің құзыреті мен қызметі конституциялық заңмен реттелетіні айтылған. Парламенттің заң шығарушыпық қьізметі: меншік режимі, салық салу, сот құрылысы, сот ісін жүргізу және басқалары туралы заңдар шығаратыны жалпылай көрсетіледі.
Конституцияда жоғары мемпекеттік үкімет органдарының норма шығарушылық өкілеттігі белгіленген. Конституцияда көрсетілген шеңберде олар нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
Конституцияның нормалары: а) егер реттелуге жататын қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы нормалар жоқ болса; ә) егер коғамдық қатынастарды реттеу ұшін арнайы нормалар қабылдаудың қажеттігі жоқ болса; б) егер бар нормалар Конституцияның нормаларына қайшы келсе тікелей қол-данылады.
4.З.Дазақстан Республикасы Президентінің, «Қазақстан Рес-публикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою туралы» 1995 жыпғы 12 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығы Республиканың халықаралық шарттарына байланысты мәселелерді реттейді.
Қазақстан Респубпикасының халықаралық шарттары — ол Қазақстан Республикасының шет мемлекет пен (немесе мемпекеттермен) не халықаралық үйымдармен жазбаша түрде жасалған және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше қүжатта бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ оның, нақты атауына тәуелсіз халықаралық қүқық пен
реттелетін келісім.
Қазақстан Республикасының халықаралык, шарттары шет
мемлекеттермен:
Қазақстан Республикасының (мемлекетаралық шарттар);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің (үкіметаралық шарттар);
Қазақстан Республикасының Республика Президентіне тікелей бағынатын және оның алдында есеп беретін министрліктері, мемлекеттік комитеттері және өзге де орталық органдары (ведомствоаралық шарттар) атынан жасалады.
Халықаралық шарттардың бәрі бірдей бекітілмейді .Бекіту -ол үшін халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламенті арқылы бекіту жолымен Республиканың міндеттеме алуға келісуін білдіру әдісі.
Қазақстан Республикасынын, Парламентпен бекітілетін халықаралык, шарттарына:
1) қолданылатын заңдарға өзгерістер енгізілуін немесе жаңа заңдар қабылдануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгеннен өзге ережелер белгілеуді талап ететін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының өтетіні туралы шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық шекараласуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймақтары мен қүрылықтық шельфінің шекараласуы туралы;
3) қарусыздану немесе қарулануларға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге халықаралық бақылау маселелері бойынша мемлекетаралық қатынастардың негіздері, сондай-ақ бейбітшілік шарттары мен үжымдық қауіпсіздік туралы шарттар;
4) егер мұндай шарттар оларға Қазақстан Республикасының егемендік құқығының бір бөлігінің жүзеге асырылуын беруді көздейтін немесе олардың органдарының шешімдерінің Қазақстан Республикасы үшін заңды жауаптылығын белгілейтін болса, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдарға және өзге бірпестіктерге қатысуы туралы;
5) мемлекеттік займдар және Қазақстан Республикасына экономикалық және өзгедей көмек көрсету туралы халықаралық шарттар жатады.
Уағдаласушы мемлекеттер шарттар жасасу кезінде оны кейін бекітуге келіскен жағдайда Казақстан Республикасының халықаралық шарттары бекітуге жатады.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттік маңызы бар және мемлекеттің егемендік кұқығына дейінгі көкейкесті мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттары бекітуге жатады.
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының оның заңдарынан басымдығы болады. Егер Конституцияда жай заңдар мен конституциялык, заңдардың шектелгендігін ескерсек, оңда, әрине, Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының тек жәй заң алдында ғана басым екендігі түсінікті болады. Казақстан Республикасының Парләамент бекіткен халықаралық шарттары тікелей қолданылады. Бұл құқықтық нормалары бар мұндай шарттардың тиісті қоғамдық қатынастарды реттейтін, оларға қатысушылардың құқықтарын, міндетіері мен жауап кершіліктерін тудыратынын білдіреді.
Халықаралық шарттарда олардағы нормативтік ережелерді қолдану үшін заң шығарудың қажеттілін керсетілуі мумкін.
Онда халықаралық шарттардың ережелері заң қабылдау арқылы іске асырылады.
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.
Мұндай заңның ерекшелігі мынада, біріншіден, оның қайнар көзі халықаралық шарт болып табылады, екіншіден, мұндай заңмен халықаралық; шартқа өзгеріс, толықтыру енгізілмейді; және үшіншіден, оған Казакстан Республикасының заңдарын қабылдау тәртібі қолданылады.
4.4. Конституцияға сәйкес, Республика қатысушы болып табылатын барлық заңдар, халықаралық шарттар жарияланады. Казақстан Республикасының Казақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдары, қаулылары және басқа актілері қазақ және орыс тілдерінде шығатын «Парламент Жаршысында», «Егемен Қ азақстан», «Казахстанская правда», «Заң», «Юридическая газета» газеттерінде жарияланады. Қазақстан Республикасының заңдары аталған газеттерде немесе олардың ресми қосымшаларында Қазақстан Республикасының Президенті қоп қойғаннан кейін жеті күндік мерзім ішінде, бірақ, олар қабылданған күннен төрт аптадан кешіктірілмей жарияланады. Қазақстан Республикасыньің Парламенті қабылдаған қаулылар мен басқа актілер аталған газеттерде олар қабылданған күннен жеті күннен кешіктірмей жарияланады. Казақстан Республикасы заңдарының «Парпамент Жаршысында», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жариялануы ресми жариялану болып табылады.
Аталған барлық акілер, сондай-ақ өзге де баспасөз органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы хабарлануы, телеграф арқылы берілуі, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қазақстән Республикасының Заңдары, Парламенттің нормативтік сипаттағы басқа да актілері «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде немесе олардьің ресми қосымшаларында жарияланған күннен кейін он күн өткен соң Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді. Заңның күшіне енуінің көрсетілген мерзімі Республика Парламенті актіні қабылдаған кезде оны қолдануға енгізудің басқа мерзімін белгілеген жағдайда қолданылмайды.
Бұл жағдайда әңгіме Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының барлық түрлерінің жариялануы жөнінде болып отыр.Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы» заң күші бар Жарлығында оларды жариялау тәртібі көзделген. Парламент бекіткен, Қазәқстан Республикасы үшін күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар Парламенттің ресми басылымдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген, бекітуге жатпайтын мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы, Президенттің келтірілген жарлығы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылған үкіметаралық шарттар «Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жинағында» жарияланады. Ведомствоаралык,, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы Президент жарлығымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылған шарттарды қоса алғанда, Казақстан Республи-касы үшін күшіне енгізілген халықаралық шарттар «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, келісімдерінің және жекелеген заң актілерінің Бюллетенінде» жарияланады) Қазақстан Республикасының шетел тілінде мәтіні бірдей жасалған халықаралық шарттары осы тілдердің бірінен қазақ және орыс тілдеріне ресми түрдегі аудармасымен жарияланады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік қүқықтық актілер де ресми, яғни оларды қабылдаған мемлекеттік органдардың атынан ресми түрде жариялануы тиіс. Тек осындай реттерде ғана оларды нақты жағдайларға қолдануға болады.Осы ретте әңгіме Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың қаулылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілері жөнінде болып отыр.
Қазақстанның ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апеллияциялық өндіріс жайлы толыққанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляциялық қайта қарау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандықтан, Қазан төңкерілісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі құқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болғанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр түрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес,қайта іштей өзара астасып, біте қайнасып жатқандай еді.Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі он тоғызыншы ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім,сондықтан да болар, қазақтың дәстүрлі құқығындағы қайсыбір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.
Қазан төңкерілісіне дейін қазақтардың дәстүрлі құқығында қылмыстық және азаматтық құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес қана болды. Қазақтардың пікірінің дамуы жөнінде он тоғызыншы ғасырдағы әйгілі қазақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш. Уәлиханов былай дейді:
“Қылмыспен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес”35.
ІІІ ТАРАУ. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Республикамыздың қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі қазіргі түбегейлі өзгерістер, жүзеге асырылып жатқан -құқықтық реформа еліміздің әрбір азаматынан құқықтық сауаттылықты талап етеді. Еліміз демократиялық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бекем бел байлады. Адам құқықтары аяқ асты етілмей, заңсыздық пен жемқорлық жайламай, мемлекетіміз нығаю, дамуы және. көркеюі үшін заңның талабы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Ежелгі Римнің әйгілі ғұлама ойшылы Марк Тулий Цицерон: «Біз
заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз»деп әсерлі айтқан екен. Әділеттік, ізгілік қағидаларын жүзеге асыру, қоғамды және мемлекетті демократиялық тұрғыдан
ұйымдастыру заңның үстемдіғі арқылы қамтамасыз етіледі.
Демократиялық қуқықтық мемлекет құрамыз дсген әрбір адамның өз құқыктарын жете біліп, заң саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Сондықтан еліміздің әр азаматы республикамыздың Конституциясымен, соған сай келетін заңдармен, өзге де нормагивтік-құқықтық актілермен жстс танысуы тиіс.
Конституциялық-құқықтық, нормалар реттейтін қарым-қатынастардың субъектісіне, алдымен, әлеуметтік бірлестіктер-халық, таптар, ұлттар, топтар, коллективтер және жеке тұлғалар жатады. Сонымен қатар, конституциялық-құқықтыҚ нормалар реттейтін қарым-катынастардың субъектісіне әлеуметтік бірлестіктердің саяси-құқықтық қызметін жүзеге асыратын ұйымдык,
құрылымдар жатады. Солардың ішінде басты орын мемлекет пен саяси жүйеге беріледі. Әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар да, еңбек коллективтері де конституциялық норма реттейтін қатынастардың субъектісі болып табылады. Әрине, ұйымдардың барлығы тек конституциялық-құқықтық норма реттейтін қатынастардың субъектісі, ғана емес, олардың көпшілігі ағымдағы заңдардың нормаларына сәйкес қызмет атқарады.
Конституциялық-құқықтық норма солардық саяси және экономикалық жүйедегі орнын анықтайды. Конституциялық-құқықтық норманың, басқа құқықтық нормаларға қарағанда, реттейтін қарым-қатынастар ауқымы кеңірек және объектілері өзгеше. Конституциялық-құқықтық норма мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы қарым-қатынастарды реттейді.
Конституциялық-құқықтық норма мемлекеттік ұйымдардың мәртебесін, мемлеқеттік органдардың қүзіретін, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, еңбек
коллективтерінің құқықтық жағдайын реттейді, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызмет істеу қағидаларын белгілсйді және олардың өзара карым-қатынас жасау негізін бекітеді. Конституциялық құқықтан өзге құқық салаларының нормалары қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу барысында ықпал етудің нақтылы түрлері мен әдістерін қолданады. Мысалы, әкімшілік құкық саласында-әрекет жасауға ұйғарымды қолдану, әрекет жасауға сендіру немесе көндіру және тыйым салу
шараларын қолдану қылмыстық құқық саласында-тыйым салу нормаларын қолдану. Ал, конституциялық-құқықтық норма-құқықтық жүйенің ірге тасы, негізі және бүкіл құқықшығармашылық қызметтің берік- белгісі ретінде де, қоғамдық қарым — қатынасқа ықпал етудің тікелей жолы ретінде де құқықтық реттеудің жалпы бағытын ұстанады. Құқықтың бір бөлігі бола түра, конституциялық-құқықтық нормалар оның негізгі қасиеттеріне және барлық әлеуметтік нормаларға тән жалпы жүйелік белгілергс ие болады. Сонымен бірге, конституциялық нормалар, басқа
нормалар сияқты, құқықтың сыртқы нысанында көрсетілген қосымша мәндік жақтарын айқындайтынын ескеру қажет. Конституциялық-құқықтық нормалардың міндеті қоғамдық қарым-қатынастарды нормалаудан, өлшеуден және- бағалаудан тұрады. Конституциялық-құқықтық нормалар әлеуметтік субъектілердің мінез-құлық, құқықтары және бостандықтары өлшемдерін және қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу өлшемін белгілейді. Олар әлеуметтік қүндылықтарды және жауаптылықты өлшеудің, әлеуметтік игілікті үлестірудің жоне қорғаудың ерекше құралы болып табылады. Конституциялық-
құқықтық нормалар құқық субъектілерінің мінез-құлықтарын бағалауда «‘ біркелкілікті ұстанады және олардың жалпыға бірдей талаптары заңи теңдіктің маңызды алғы шарты болып табылады.
. Конституциялық-құқықтық нормалар ақпараттық толықтықпен, универсалды, көпмақсатты сипатымен өзгешеленеді. Көптеген конституциялық-құқықтық нормаларға көптеген әлеуметтік нұсқалар сәйкес келеді. Конституциялық-құқықтық нормаларға азаматтардың, басқа субъектілердің мүдделеріне ықпал ету, олардың алдыларына бслгілі бір мақсат қою қабілеттілігі тән.
Кон ституц иял ық- құқықтық нормалар, жалпы алғанда, мемлекетпен ерекше байланыста болады. Өйткені оларды белгілеу және жүзеге асыру мемлекетсіз мүмкін емес. Конституциялық ұйғарымдардың көптеген жағдайларда ерікті түрде орындалуы, олардың мемлекеттік-кендіру сипатынан айырылатынын білдірмейді. Яғни, олар әртүрлі қоғамдық құралдардың негізінде жүзеге асырылуымен қатар, мемлекеттің көндіру күшімен қорғалады.
Конституциялық-құқықтық нормалар жалпыға міндетті мінез-құық ережелерін қалыптастырады.
Жоғары заңи күш белгісі тек конституциялық-құқықтық нормаларға ғана тән. Конституцияның жоғары заңи күші, оның мемлекеттің және қоғамның басты, маңызды мәселелерін саяси-заңи шешуіне байланысты. Конституцияның үстемдігі ағымдағы норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметтің заңи базасы ретіндегі жоғары заңи куштің ролін заңдылық пен құқықтық тәртіп режимінің нсгізі ретінде түсіндіреді. Барлық заңдар, өзге де норматинтік құкықтық актілер, құқық қолданушы
актілер Конституцияға сайкелуі тиіс және барлық коғамдық, мемлекеттік ұйымдар оны басшылыққа алуы қажет. Конституцияны мүлтіксіз дәлме-дәл сақтау барлық
азаматтардың және басқа а-дамдардың мінез-құлық эталоны болуы абзал. Көптеген ғалымдар конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктерін олардың құрылымдарымен ұштастырады. Ол бір жағынан дұрыс. Өйткені, конституциялық-құқықтық норманың құрылымын айқындау, оның әртүрлі элементтерінің ішкі байланысын анықтауға және оның заңи табиғатын тереңірек түсінуге қосымша мүмкіндік береді.
Құқықтық әдебиетте конституциялық-құқықтық нормалардың құрылымына байланысты әртүрлі козқарастар бар. В.К. Бабаевтің пікірінше: «Норма құрылымының барлық элементтері және олардың белгілі бір байланысы
бар болған жағдайда ғана, құқық нормасы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудің ерекше қасиетіне ие болады, оның реттеу мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі және әртурлі құқықтық бөлімшелер арасында жүйелік байланыстардың пайда болу шарты болады»./4,168/ Бұл козқарастың осал жерлері бар. Біріншіден, құқық, нормасының реттеушілік. ықпал етуі, сол норманың қоғамдық қарым-қатынастарға қатысушылардың мінез-құлығын анықтайтын ұйғарымымен байланыста болады. Екіншіден,- бұл пікір жалпының, ерекшенің және жекенің ара-қатынасын ескермейді. Құқықтық тәжірибені талдау барлық нормаларға жарамды құрылымды қалыптастыру әрекеті негізсіз қалғанын көрсетті. Құқықтық норманың біреуіне келетін құрылым басқасынакелмей қалуы мүмкін. Ережені құқық нормасы деп тану үшін үш «элементтің» (гипотеза, диспозиция, санкция) міндетті түрде болуы керек деген пікір «шындыққа қайшы келеді»,- деп жазады
Б. В. Шейндлин./5,91/.
Құқықтық норманын, үш элементтік қүрылымы — бұл барынша көп элементтерден » құрылған құқықтық норманың жалпы үлгісі, моделі. Кейбір конституциялық- құқықтық нормалардың құрылымы осы модельге сәйкес келсе, ал кейбіреулерінің құрылымдары элементтердің саны өзгерген әртүрлі модификацияда кездеседі. Сонымен бірге, гипотеза мен санкция сияқты элементтер кейбір нормаларда болмаса да, диспозиция міндетті түрде болады. Себебі, диспозиция құқықтық норманың мәнін, мазмұнын, маңызды ерекшелігін құрайды. Конституциялық-құқықтық нормадағы элементтердің бар болуы оның бағыттылығына байланысты. Элементтердің ара-қатынасы және гипотезаның, диспозицияның, санкцияның нақтылы заңдылығын таңдау бірқатар факторлармен (реттелетін қоғамдық қатынастардың сипаты, норманың мазмұңы, заң шығару -саясатының ерекшеліктері, заң шығару техникасы тәсілдерінің жетілдіру дәрежесі және т.б.) анықталады. Осыған байланысты Ю.А.Тихомиров «конституциялық- құқықтық норма көбінесе өзінің құрылымы жағынан толық емес болады» деп атап кетті./б.і 32/ Үш «элементі» бар конституциялык нормаға Конституциямыздың мына нормасын мысал ретінде келтіруте ‘болады: «Қазақстан Республикасының Президенті мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер — Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламснттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады». /63-бап/ Екі «элементі» бар конституциялық нормаға мына норманы жатқызуға болады: «Қазақстан Республикасының азаматы
жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғаң жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік Қамсыздандырылуына кепілдік беріледі». /28-бап/ .
Құқық норма.сының барлық элементтері қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған. Олардың ішінен басты маңызға диспозиция ие болады. Диспозиция белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарға қатысушы субъектілердің мінез-құлық ережелерін қалыптастырады, яғни, сол қарым-қатынастарды реттейді.
«Норманың өзегі деп норманың талаптары құрайтын диспозицияны атауға болады. Диспозиция субъектілердің міндеттерін, немесе тиісті әрекеттенуін, немесе осы екеуін бірге белгілейді. Онда норманың адресаттары өздерін қала.й үстануы қажет екені туралы көрсетіледі. Диспоз.ицияны танып білу, оны табу және анықтау норманы жүзеге асыру үшін маңызды, аса қажет,»-деп жазады П.Е.Недбайло./7.62/ Бұған қоса, О.С.Иоффе, М.Д.Шаргородский: «Диспозиция құқық нормасынық қажетті және шешуші құрамдас элементі болып табылады,»- деп ерекше көңіл аударады./8.156/
Конституциялық-құқықтық норманың көпшілігі тек ғана диспозициядан тұрады. «Диспозиция қоғамдық қатынастарды реттсудің негізгі жұмыстарын атқарады. Гипотеза диспозицияның жұмыс істеу (немесе жұмыс істемеу) салаларын белгілеу мақсатына қызмет жасайды. Яғни, гипотеза диспозицияны қолдануды қамтамасыз етеді және оның іске асу шарттарын, шекараларын белгілейді.
Кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда гипотеза жоқ болады. Оларға ‘қағида-нормаларының, мақсат-нормаларының, тыйым салушы нормалардың көпшілігі жатады. Гипотеза конституциялық-құқықтық норманың құрамдас бөлшегі ретінде біртекті емес және өзінің құрылымы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Егер норма диспозициясының жұмыс істеуі белгілі бір жағдайға тәуелділігімен ерекшелінсе, мұндай гипотеза жай гипотеза деп аталады, мысалы: «Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады»./70-бап,1-тармақ/. Күрделі гипотезаларда диспозицияның жұмыс істеуі белгілі бір шарттардың жиынтығына байланысты болады, мысалы: «Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлексттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын -Республика азаматы сайлана алады»./41-бап,2-тармақ/ Конституциялық-құқықтық норманың гипотезасы альтернативтік болуы мүмкін. Мұнда норма диспозициясында көрсетілген бірнеше шарттардың біреуі бар болған жағдайда басшылыққа алуға болады, мысалы: «Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген жағдайда, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Президенттің міндетін атқару уақытша Парламент Сенатының Төрағасына ауысады»./48-бап, 1-тармақ/
Конституциялык-куқықтық нормалардың гипотезаларын аңықтық- дәрежесіне қарай нақты-тұжырымды және біршама-тұжырымды деп жіктеуге болады. Нақты-тұжырымды гипотезаларда сол норманың диспозициясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар нақтылы тікелей және мейлінше толық көрсетіледі. Бұған мысал ретінде Президентті қызметінен кетіруге, төтенше жағдайды енгізуге байланысты кейбір құқықтар мен бостандықтарды шектеуге бағытталған жағдайларды келтіруге болады. Біршама- тұжырымды гипотезалар диспозицияны қолданудың шарттарын көрсетсе де, бірақ олардын, мазмұнын ашпайды және мұны сол норманы жүзеге асырушы субъектілерге қалдырады.
Мысалы: «Парламенттің сенімсіздік білдіруіне байланысты Үкіметтің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент Парламентті таратуға хақылы.»/70-бап/ Кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда нақты-тұжырымды және біршама-тұжырымды гипотезалар кездеседі. Мысалы: «Қазақстан Республикасының Президенті Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бүл тур.алы республика Парламентіне дерсу хабарлайды.» /44-бап/
Құқықтық норманың үшінші — элементі санкция мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын білдіреді. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары өз міндеттсрін орындамаған немесе құқықтарын теріс пайдаланған кінәлі адамдарға және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында қолданылады. Осыған байланысты Ж.Ч. Салимбаева санкцияны екі мағынада түсінуге- болатындығын атап көрсетті. Бір жақтьі мағынада — оны бұзғаны жағдайында қолданылатын құқықтық нысанда кезделген заңи салдар (жалпы ереже бойынша — мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары). Демек, санкция нормада бекітілген жағдайда ғана оның құрылымдық элементі болып табылады. Ал қалған барлық жағдайларда санкция кең мағынада түсініледі, өйткені, мемлекет әрқашан өзіне құқықтық норманы мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін қалдырады. Конституциялық-құқықтық актілердің көптеген нормаларында санкцияның жоқ болуы оларды бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлсу мүмкіндігін жоймайды. Мұнда мемлекеттік мәжбүрлеуді өзге құқықтық нормалар арқылы пайдалану ерекшелігі туралы айтылады.
Конституциялық санкциялар тиісті субьектілерге қолайсыз салдардың пайда болуын белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің, қызметінен кетірілуі, Парламентінің таратылуы, Үкіметінің орнынан түсуі.
3.1 Конституциялық құқықтық нормалар
Конституциялық нормаларды топтастыру.
Конституциялық-құқықтық нормаларды топтастырудың ең маңызды мәселесі — ол қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуіш ретінде нормалардың елеулі қасиеттерін көрсетіп соның негізінде теория -мен тәжірибенің мәселелерін шешуге жәрдемдесетін конституциялық-құқықтық норманың өзіндік ерекшіліктерін айқындау болып табылады. Ғылыми топтастыру нормаларды оқып білуді, жеңілдетеді, соның арқасында құқықтық ережелерді дұрыс түсінуге Конституцияны жалпы құқықтық реттеу механизімін мейлінше жетілдіруге мүмкіндік туады. Әрбір
топтастыру белгілі бір мөлшерде шартты түрде және зерттеу мақсаттарына байлаңысты болады. Нормаларды әртүрлі негіздер бойьтнша жіктсуге -болады. Бұл мәселенің зор маңызы бар жәнс топтастырудың мақсатына жету үшін жіктеу белгілерін дұрыс таңдау керек. Конституциялық-құқықтық нормаларды топтарға бөлуде зерттелетін объекті топтастырудың жалпы талаптарына сай болуы қажет. Ең
алдымен, объектінің болатын жіктелу бағыты анықталады, содан кейін сол объектінің жіктелу негіздерін және нақты шекараларын анықтайтын қасиеттері қарастырылады. Топтастырудың нсгіздсрі ретінде тек ішкі заңдылықтарды, мәнді жалпылылықты қамтып көрсететін қасиеттер ғана бола алады. Мұнда-жуйелердің айырмашылығы, ұқсастығы және өзара байланыстары ескерілуі керек. Барлық құқықтық нормаларда топтастырудың бірыңғай негіздері жоқ. Сол себепті, конституциялық-құқықтық нормалардың мәндік қасиеттерін анықтайтын белгілерді бекітудің әдістемелік талаптарын қалыптастыру туралы ғана сөз козғалады. Конституциялық-құқықтық нормаларды топтастыру негіздеріне мыналарды жатқызуға болады конституциялық реттеудің объектісі; конституциялық-құқықтық норманың бағыттылығы; ұйғарымның анықтық дәрежесі ұйғарымның міндеттілік сипаты; реттейтін, қоғамдық қарым- қатынастардың көлемі; конституциялық-құқықтық нормалардың иерархиясы; норма ықпал ететін субъектілер; норманың уақыт бойынша қолдану күші; конституциялық реттеу механизімдегі атқаратын ерекше. Осы негіздердің жиынтығы әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың. арасындағы аса маңызды байланыстарын қоғамдық -қарым-қатынастарға ықпал ету ерекшеліктерін, материалдық және іс жүргізуші нормалардың ара-қатынасын т.с.с. анықтауға мүмкіндік береді.
Конституциялық реттеудің объектілерін тандау әртүрлі факторлармен себептеледі. Конституциялық реттеу объектілерінің ерекшелігі және оларға тиісті қоғамдық қарым-қатынастар, белгілі мөлшерде, Конституцияның құрылысын, мазмұның және басқа да маңызды сипаттамаларын анықтайды. Өз кезегінде құрылыс конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесіне және оның ішкі құрылымына ықпал етеді./14.53/
Конституциялық реттеудің маңызды объектілеріне мыналар жатады: конституциялык құрылыс негіздері; жекс тұлғаның құқықтық жағдайы; мемлекеттік құрылыс мемілекеттік билік және мемлскеттік органдары жергілікті өзін-өзі басқару Ерекше объект ретінде Конституцияның өзі (Конституцияға өзгертулер енгізу және қайта қарау, қорытыңды және өтпелі ережелер) қарастырылады.
Аталған объектілерге- байланысты конституциялық -құқықтық нормалардың жалпы топтастыруын жасауға болады. Бұл топтастырудың бірінші тобын конституциялық құрылыс негізіндерін аша-отырып, егемендікті, халықтық билікті бекітетің, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп жариялайтын мемлекеттің қоғамдағы орнын, оның басты міндеттері мен мақсаттарын, мемлекеттік билікті ұиымдастырудың қағидаларын анықтайтын, жергілікті өзін-өзі басқаруды белгілейтін және кепілдік беретін, идеологиялық және саяси әр алуандылықты, қоғамдық бірлестіктердің саяси -құқықтық негіздерін бекітетін конституциялық құқықтық нормалар құрайды. Сонымен бірге бұл топқа экономикалық кеңістіктің бірлігін қамтамасыз ететін, (меншіктің нысандары мен объектілерін қамтитын, әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын, Конституцияның
заңи күші мен қолдану сипатын анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Конституциялық-құқықтық нормалардың бұл тобын өзгеше заңи режимі ерекшелейді. Бұл топтың нормалары кең көлемдеғі қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді және Конституцияның барлық негізгі функцияларын (әсіресе, құрылтайшы) атқаруға қатысады. Осы нормалардың қоғамдық қдрым-қатынастарға ықпал етуі белгілеу, бекіту арқылы жасалады, сондықтан мұнда жалпы реттеуші нормалар басым.
Екінші топқа адамның көне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін конституциялық-құқықтық нормаларды жатқызуға болады. Бұл топқа кіретін конституциялық-құқықтық нормалар теңдікті, адам мен азаматтың жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мсн бостандықтарын, негізгі құқықтары мен бостандықтардың кепілдіктерін, негізгі міндеттерін бекітеді. Конституциялык-құқықтык нормалардың бұл тобына құрылтайшы фуңкцияның мәнін айқындайтын белгілеу, бекіту сияқты жақтары тән болғанымен де, алдынғы қатарға құқық беруші және қорғаушы функциялар шығады. Мұндай нормалар ұсынылуы-міндеттеуші сипатқа ие болып, қоғамдық қарым-қатынастарға нақтылы реттеушілік ықпал етеді.
Үшінші топқа, мемлекеттік құрылысты, егемендікті, мемлекеттік және территориялық біртұтастықты бекітетін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Олар Қазақстан Республикасының мәртебесін және рәміздерін анықтайды. Жалпы конституциялық реттеудің ерекшелігін, табиғатын мемлекеттік -билікке, оны ұйымдастыруға, мемлекеттік органдарға байланысты конституциялық-құқықтық нормалар неғұрлым толық айқындайды. Жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты конституциялық-құқықтық нормаларды жеке бір топ ретінде қарастыруға болады. Мұнда жергіліктг өзін-өзі басқарудың мақсат-міндеттері, ұйымдасу негіздері және кепілдіктері туралы соз қозғалады.
Конституцияға өзғсртулер енгізу мен қайта қарау тәртібін, қорытынды және өтпелі ережелерді белгілейтін конституциялық-құқықтық нормаларды бір топка жатқызуға болады.
Конституциялық-құқықтық норманың конституциялық реттеу механизіміндегі атқаратын ролінің ерекшелігін ескере отырып, оны материалдық және іс-жүргізуші деп бөлуге болады. Конституциялық-құқықтық іс-жүргізуші норма белгілі бір тәртіпті (процедуралар, процессуалдық формалар) сақтағанда, өкілетті субъектілердің өз міндеттерін іс жүзіне асырғанда пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Ал материалдық норма мемлекеттік органдардың және басқа субъектілердің қызметінің мазмұнын айқындаған олардың құқықтық жағдайын, құзыретін т.б. белгілейді. Конституциялық-құқықтық іс-жүргізуші нормалар материалдық нормалардың ұйымдастырушылық-құқықтық жолдарының тәртібін, әдістерін, тәсілдерін белгілейді.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті Конституцияға сәйкес заң шығару кызметін былай жүзеге асырады: «Мәжіліс көпшілік даусымен- макұлдаған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткендеалпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба
заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі» ./61-бап/
Іс-жүргізуші нормалар мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың құкық шығармашылык пен құкық қолданушылық қызметіне тікелей катысты лауазымды адамдардың кәсіби жетілуіне, ұйымдастырушылық жұмыстарының жоғары сатыға көтерілуіне мүмкіндін туғызады. Олар коғамдық қарым-қатынастарды реттеудегі құкықтың ықпалдығын және маңыздылығын көтереді. Іс-жүргізуші нормалардың жоктығы немесе жетілмегендігі кұкыктың реттеушілік ықпал етуін едәуір бәсендетеді.
Конституциялық материалдық және іс-жүргізуші нормалардың ара-қатынасының заңи табиғаты, негізінен, басқа да құқық салалары нормаларының (мысалы, қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-іс жүргізу нормалары) ара-қатынасы сиякты. Алайда, бұл байланыс сала аралык емес, сала ішіңдегі болып табылады. Конституциялық іс-жүргізуші нормалардың мақсаттық бағыттылығы мынада олар демократияны жүзеге асырудың ұйымдастыру-құқықтық іс жүргізу нысандарын белгілейді: өкілетті субъектілер қызметінің іс жүргізу тәртібін бекітеді өкілетті субъектілер қызметіне еңбекті ұйымдастырудың ғылыми элементтерін енгізеді, әбден жетілген процедураға жалпыға міндетті сипат береді; іс жүргізу кызметіне қатысушылардың «құқықтары мен мүдделерін сақтаудың заңи алғы шарттарын қалыптастырады; конституциялық-құқықтық қарым-катынастар саласындағы
заңдылықты нығайтудың қажетті шарты болады. Атқаратын міндеттеріне сәйкес конституциялық іс-жүргізуші нормалар іс жүргізу қызметіне қатысушьшардың құрамын айқындайды; олардың құқықтары мен міндеттерін, қажетті әрекет түрлерін, бірізділігін және нақтылы мәселелерді щешуге байланысты ерекшеліктерді белгілейді.
Конституциялық іс-жү’гізуші нормалардың басқа құкық салаларының іс-жүргізуші нормаларынан ерекшелейтін белгілері бар. Конституциялық іс-жүргізуші нормалар ұйғарымдарының сипатынан және бағыттылығынан көрінетін ерекше заңи мазмұнға ие болады. Барлық конституцңялык іс-жүргізуші нормалар, басқа да құқық салаларының іс-жүргізуші нормалары сияқты жалпы процедуралық сипатта болады. Сонымен бірге, олардың өзгешеліктері де бар. Бірқатар авторлар, барлык іс-жүргізуші нормаларға тән белгілердің бірі ретінде — оларды қабылдау арқылы жаңа қарым-қатынастардың пайда болуын және қоғамдык, мемлекеттік өмірдің әркилы жақтарын басқарудың бұрын болмаған, тек құқықтық қарым-қатынастар түрінде мүмкін болатын жаңа нысандарын калыптастыруын қарастырады. ./1/ Іс-жүргізуші нормалар негізгі қарым-қатынастарды тікелей реттемесе де, олардың өздері бекіткен қосымша, көмекші қоғамдык қарым-қатынастар арқылы ыкпал -етеді. Бірақ та, бұл іс-жүргізуші нормалардың жаңа қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігінен айырылғанын білдірмейді. Іс-жүргізуші нормалар өмірге әкелген жаңа қоғамдық қарым-қатынастар құкықтық қарым-қатынастардың барлық белгілеріне ие болады. Конституциялық іс-жүргізуші нормалардың реттеушілік ықпал етуі мемлекеттік органдардың құкық шығармашылық және құқық қолданушылық қызметін қамтиды. Бұл осымен тек құқық қолданушылық қызметті реттеумен ғана шектелетін басқа құқық салаларынан өзгешеленеді. Конституциялық-құқытық іс-жүргізуші нормаларды жүзеге асыру процесіне қатысатын субъектілердің шеңбері басқа құқық салаларының іс-жүргізуші нормаларын жүзеге асыруына қарағанда әлдеқайда кеңірек. Конституциялық _ іс-жүргізуші нормалар айқындалу нысанымен ерекшелінеді. Мәселен, қылмыстық іс-жүргізуші және азаматтық іс-жүргізуші нормалар тиісті іс жүргізу кодекстерінде шоғырланса, ал конституциялық іс-жүргізуші нормалар әртүрлі нормативтік актілерде, бұған коса, материалдык нормаларымен бірге кездеседі
Конституциялық-құқықтық нормалардың атақаратын функцияларының ерекшелігіне байланысты оларды құқық беруші және құқық қорғаушы деп ажыратуға болады. Құқық беруші конституциялық-құкыктык нормалар позитивті заңи құкықтар мен. міндеттерді белгілесе, құкык қорғаушы конституциялық-құқықтық нормалар оларды бұзушылықтан қорғауға және заңи жауапкершілік шараларын,, соған қоса конституциялық кепілдіктерді
белгілеуге бағытталған.
Конституциялық кепілді нормаларды жеке бір топқа жатқызуға болады. Мұндай нормалар Конституциянын баска нормасының ұйғарымын камтамасыз етеді. Мәнісінде, кепілді конституциялык-құкыктық нормалар мемлекетке, оның органдарына, қоғамдық-ұйымдарға және адамдарға өздері қорғайтын басқа нормадағы құқыктарды іске асыру үшін нақты жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ‘мінез-құлықтың белгілі бір вариантын нұсқайтын жалпы сипаттағы бекітулер болып табылады. Олар белгілі бір мінез-құлық түріне тыйым салу ретінде де айқындалуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағындағы «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін киюға хақысы жоқ» деген норма әркімнің өмір сүру құқығын кепілдейді.
Конституциялық ұйғарымдардың -негізгі бағыттылық сипатына қарай конституциялық құқықтық нормалар 4-ке бөлінеді: міндеттеушіз- тыйым салушы құкық (өкілеттік) беруші және реттеуші.
Конституциялык-құқықтық нормалардың осы топтастыруын норманың логикалык немесе грамматикалық құрылымына тәуелдеуге болмайды, себебі, бұл топтастыру ұйғарымдардағы мемлекеттің екпін койғанын білдіреді және әрбір жеке норма барлык.- жағдайларда белгілі бір мінез-құлықты рұқсат ету, тыйым салу немесе мөлшерлеу мақсатында белгіленеді.
Міндеттеуші конституциялық-құқықтық нормаға. мысалы Конституциямыздың мына нормалары жатады:
«1. Әркім Қазақстан Рсспубликасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтсуге міндетті.
- Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті». /34-бап/
«Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады»./70-бап,1-тармақ/.
Тыйым салатын конституциялық-құқықтық нормаға мына нормаларды жатқызуға болады: «Мақсаты немесе іс-әрекеті Рсспубликаның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан -келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, » тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметше, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады»./5-бап/ «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік ңемесе адамдық қадір-қасиет қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды»./17-бап/ «Республикаңың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды»./10бап, 2-тармақ/ «Ар-ождан бостандығы қүқығьін жүзеге асыру жалпы адамдық және
азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемсуге тиіс»./22-бап, 2-тармақ/.
Құқық беруші конституциялық. құқықтық нормаға мысал ретінде Конституциямыздың мына нормаларын келтіруге болады: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына қүқығы бар -және озінің құқықтары мен бостандықтарын, қажстті қорғанысты қоса алғанда занға қайшы келмсйтін барлық тәсілдермен қорғауға хакылы». /13-бап/; «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оку және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар»./19-бап,2-тармақ/ «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады»./26″-бап,1-тармақ/.
Сонымен қатар, бұл топқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты нормаларды жатқызуға болады. Бұған мысал ретінде Конституциямыздың 44- және 66- баптарын келтіруге болады. Сонымен қатар, мұндай нормалар міндеттеуші сипатқа да ие болады.
Реттеуші конституциялық-құқықтық нормаларға Конституциямыздың мына нормаларын мысал ретінде келтіруге болады: «Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызмсті, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың . Рсспубликадағы діни бірлестіктер басшыларын, тағайындауды Республиканың тиісті мемлекеттік органдармен келісу арқылы жүзеге асырылады. /5 бап/.
Мінез-құлық- ережесінің анықтық дарежесіне байланысты конституциялық-құқықтық нормаларды нақтылы-реттеуші және жалпы реттеуші (дефиниттік) деп екіге бөлуге болады.
Нақтылы-реттеуші нормада мінез-қүлық ережесі анық тұжырымдалған, -яғни мінез-құлықтың белгілі бір түріне нақтылы құқық берушілік, міндеттіліқ немесе тыйым салушылық сипат бсрілген. Мысалы: «Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі»./61-бап/. «Жергілікті езін-езі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады»./89-бап, 2-тармақ/.
Конституциялық-қуқықтық нормалардың көпшілігі нақтылы-реттеуші екеніне көңіл аудару қажет. Бұларға диспозициясында субъективтік заңи құқықтар мен міндеттер көрсетілген конституциялық-құқықтық нормалардың барлығы жатады. Нақтылы-реттеуші нормаларға қарағанда дефинитивтік нормалар айтарлықтай анық көрініс таба алмаған мінез-құлық ережесін білдіреді. Бұл нормалар заңи маңызы бар құқықтық мақсаттарды, қағидаларды, түсініктерді немесе категорияларды айқындайды. Дефинитивтік нормаларда мінез-құлық ережесі жалпы тұрғыда айқындалады және олар заңи құқықтар мен міндеттерді тікелей қалыптастырмайды. Сонымен қатар, егер дефинитивтік норма ғылыми танымның нәтижссі болып, қоғамдық дамудың ақиқат заңдары мен заңдылықтарын қамтып көрсетсе, онда олар ең қымбат қазына болый; ессптеледі. Бұндай нормалар Конституцияымызда кездеседі: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет»./2-бап, 1-тармақ/ «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -халық»./3-бап, 1-тармақ/; «Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Рес.публиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданыдады»./4-бап,2-тармақ/; «Рсспубликаның Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мсн бостандықтарының рәмізі әрі кепілі»./40-бап, 2-тармақ/; «Парламент- — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы./49-ба-п, 1-тармақ/ және т.с.с.
Конституциялық-құқықтық нормадағы ұйғарымдардың міндеттілік сипатының әртүрлі болуы, оларды императивтік, диспозитивтік және альтернативтік деп бөлуге мүмкіндік береді. Мұнда Конституцияның көтермелеу нормаларын атап кетуге болады.
Императивтік нормаларға оларда қалыптасқан ережеден ешбір шегініс болғызбайтын катаң кесімділік тән,мысалы, «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жөне өзге де міндетті төлемдсрді төлсу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады»./35-бап/ «Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс»./80-бап/
Диспозитивтік нормаларда белгіленген мінез-құлық ережесі қарым-қатынастарға қатысушылар өз мінез-құлықтарының басқаша шарттарын қалыптастырмағандықтан қолданылады, мысалы, «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді»./89-3/
Альтернативтік нормалар нақтылы жағдайларға байланысты мінез-құлықтың әртүрлі варианттарына жол береді, мысалы, «Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселесі Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды»./70-бап, 4-тармақ/.
Көтермелеу нормалары азаматтардың және олардың бірлестіктерінің қоғамға пайдалы қызметтерді іс жүзіне асырудағы мемлекеттің мүддесін бекітеді, мысалы,»Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады»./28-^бап,2-тармақ/’
Конституциялық-құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қарым-қатынастардың көлемі жағынан әртүрлі болғандықтан, оларды жалпы, арнайы және ерекше деп жіктеуге болады.
Жалпы конституциялық құқықтық нормалар біртектік сипаттағы қоғамдық қарым-қатынастардың барлығын немесе бірнеше түрлерін реттейді: «Республикада мемлекттік билік біртұтас ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне
сәйкес жүзеге асырылады»./3-бап, 4-тармақ/ .
Арнайы конституциялық-құқықтық нормалар қарым-қатынастардың тек белгілі бір түрін ғана реттейді, немесе өзгеше, арнайы бағыттылыққа ие болады: «Қазақстан Республикасында мсмлскеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады»./6-бап, тармақ/; «Конституция » күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасыньгң заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс»./92-бап, 4-тармақ/.
Ерекше конституциялық-құқықтық нормалар жалпы және арнайы нормалардағы ережелерден кейбір үзінділерді айқындайды: «Үкімет . Қазақстан Республикасының атқарушы биліғін .жүзеге асырады, .атқарушы органдардың жүйесін басқарады және ,-олардың қызметіне басшылық жасайды»./64-бап, 1-тармақ/;- «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін»,/6-бап, 3-тармақ/.
Мерзімі бойынша қолдануына байланысты конституциялық-құқықтық нормаларды) мерзімі белгісіз (шексіз) және б) мерзімі шектелген деп екіге бөлуге болады.
Конституциялық-құқықтық нормаларды басқа да белгілер бойынша жіктеуге-болады. Мысалы, конституциялық-құқықтық нормалар бағытталған субъектілер б-ша, т.с.с…
3.2. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.
Конституциялық-құқықтық нормаларды жузеге асыру күрделі әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл жүзеге асыру процесінің әртүрлі элементтеріне (нысандары, құралдары, тәсілдері, механизмі, тікелей құқық субъектілерінің құқыққа сай мінез-қулық жуйесі, т.с.с.) қатысты. Осы мәселелерді зерттеу үншін», біріншіден, Конституцияның әлеуметтік бағыттылығын және мазмұнын, оның заңи куші мен орнын, және екіншіден, әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың- реттеушілік. ықпал ету ерекшеліктерін қарастыру қажет.
Мемлекеттануда конституциялық-құқықтық нормаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін, әдетте, олардың қолданылуы сипатымен (тікелей немесе жанама түрде) байланыстырады./15.133/ Осыған байланысты екі негізгі позицияны ажыратуға болады. Бірінші позицияға сәйкес, Конституцияның барлық нормалары тікелей қолданылады./16.40/ Екінші позицияга сәйкес, конституциялық-құқықтық- нормалар тікелей және жанама (тікелей емес) қолданылады./і 7.19/, /18.5/Сонымен қатар, конституциялық-құқықтық-нормалардың тікелей қолданылуы жөніндегі позициясын мойындамайтын көзқарастар бар. /19.30/
Ю.А.Тихомировтың пікірінше, конституциялық-құқықтық нормалардың тікелей қолданылуы мынаны білдіреді: біріншіден, олар/дереу күшінс енеді, өйтксні, әрбір норма Конституция жүйесінің элементі ретінде ықпал етеді; екіншіден, жеке нормаларды орындауды кейінге қалдырудың немесе тоқтатып қоюдың жалпы бір ережесі мен тәртібі жоқ. /6.133/ Осы пікірге Н.А.Михалеваның пікірі де ұқсас. Оның ойынша, Конституцияның барлық нормаларының заңи күші бірдей, олар кезде және тікелей қолданылады. Ондай болмаса, тиісті заңдарды қабылдағанша Конституция нормаларының бір бөлігі қолданылмайтынын мойындау керек. /20.143/
Конституциялык-құқықтық нормалардың қолданылуын осылайша түсіну—мемлекеттің конституциялық-құқықтық. нормаларды жалпыға міндетті ұйғарым ретінде іс жүзіне асыру мүмкіндігін білдіреді. Әрине, мұндай мүмкіндік, Конституция . күшіне енгеннен бастап, оның барлық нормаларына тән қасиет. Сонымен қатар, конституциялық ұйғарымдардың тікелей қолданылуы құқық субъектілерінің мінез-құлықтарында тікелей жүзеге асқандығын білдірмейді. /21.11/
Конституциялық-құқықтық нормалардың жанама (тікелей емес) түрде жүзеге асырылуының қажеттілігін Конституциямыздың 66-бабының 3-тармағынан көреміз. Мүнда Крнституциямызды жүзеге асыруға қажетті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету өкілеттілігі бекітілген. Конституциямыздың кейбір нормаларын жүзеге асыру ағымдағы заңдарда нақтылануды талап етеді. Мысалы, «Меншік субъектілері мен объектілсрі, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді». /1.6/
Осы мәселе тұрғысында, мемлекеттануда әртүрлі жағдайлар қарастырылган. Конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуының ағымдағы заңдарда нақтылану қажеттілігіне, көбінесе, конституциялық ұйғарымдардың өзі негіз болады. Себебі, кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда тиісті заңдарды қабылдау қажеттілігі тікелей көрсетіледі. Алайда, бслгілі. бір конституциялық-құқықтық нормада оның заңмен нақтыланатыны көрсетілсе де, қандай заң екені көрсетілмейді. Соңымен бірге конституциялық-құқықтық нормаларды нақтылайтын көптеген ағымдағы заңдарды қабылдау — сол нормалардың мағынасынан және жалпы сипатынан, сонымен қатар, мемлекеттің маңызды міндеттерін шешу қажеттілігінен туындайды. «Сондықтан кейбір нормалар лезде, бүтіндей жүзеге асырылса, басқалары бөліктермен, кезеңдермен асырылады, ал үшіншілері әр түрлі нысандарда жүзеге асырылады»,-деп көрсетеді Ю.А.Тихомиров. /6.81/.
Осыдан, әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың тікелей қолданылуы олардың тікелей жүзеге асырылуын білдірмейді. Тікелей жүзеге асу тек бүтіндей, лезде, толық көлемде жүзсге асырылатын нақтылы нормаларға тән. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар дербес немесе басқа конституциялық-құқықтық нормалармен үйлесіп қажетті құқықтық нәтижеге жетеді.
Ал бөліктермен, кезеңдермен немесе әртүрлі нысандарда жүзеге асырылатын нормалар қажетті құқықтық нәтижеге жету үшін, олар ағымдағы заңдарда нақтылануы, салалық нормалармен бірігіп іске асуы қажет. Жүзеге асырудың мұндай сипатын-жанама (тікелей емес) деп атайды. Ол өз бетімен нақтылы құқықтық байланыстарды қалыптастырмайтын жалпыреттеушілік нормаларға тән.
Сонымен, қонституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың тікелей және жанама сипаттарын мойындау дүрыс болар. Конституцияның жалпыреттеушілік нормаларының мақсаты -көздеген әлеуметтік нәтижелерге, қағида бойынша, ағымдағы заңдарда нақтыланғанда жетеді. Осы нормаларды нақтылауға байланысты құқықшығармашылық олардың түпкі нәтижесі емес, ол тек оларды жүзегс асырудың қажетті сатысы болады. Әрине, конституциялық-құқықтық нормаларды орындауға бағытталған заңдарды қабылдау жүзеге асырудың басы болып табылады.’ Өйткені, тек адамдардың тәжірибелік іс-әрекеттерінде ғана белгілі бір әлеуметтік нәтижелерге нақты жетуге болады. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың қарастырылған ерекшелігі осы құбылыстың мәндік жақтарын толық мөлшерде қамтып көрсетпейді. Мұнда тек заңи процестің ерекшелігі ғана қамтып көрсетіліп, жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектісінің ерекшеліктері ескерілмейді. Әрине; осы норманың адамдарға саяси, идеологиялық, психологиялық әсер етуі тура байланыс жолдарымен тікел.ей жүзеге асырылады.
Конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген демократияның жоғарғы әлеуметтік-саяси және рухани идеалдары құқық субъектілерінің тәжірибелік әрекеттерін бағыттайды және сенім ұялатады.
Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың екінші ерскшелігі Канституцйяның әлеуметтік бағыттылығымен себептеледі. Негізгі Заң бүқіл құқық жүйесінің түйіні болып. табылады. Сонымен қатар, ол өзінде басқа да әлеуметтік реттеуіштердің (саясат, мораль) негіздерін шоғырлайды. Конституцияның нормалары толық мөлшерде жүзеге ағымдағы заңдардың нормаларымен, саясаттың, моральдың, эстетиканың көптеген нормаларымен бірлесіп асырылады. Сондықтан, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруға комплекстік сипат тән. Жүзеге» асырудың бұл ерекшелігі үлкен әлеуметтік-саяси маңызға ие. Егер ағымдағы заңдардың нормалары конституциялық ережелерді қажетті мөлшерде дамытпаса, ықпалдылығы төмен немесе тіпті оларға қайшы келсе, онда конституциялық-құқықтық нормаларының мақсаттарына жету мүмкін болмайды немесе қиынға түседі.
Конституциялық-құқықтық. нормаларды жүзеге асырудың комплекстік сипаты осы құбылыстың кезекті мәселесін шешуді мөлшерлейді. Ол конституциялық- құқықтық нормаларды жүзеге асырумен және оларды ары қарай дамытатын ағымдағы заңдардың нормаларын жүзеге асырудың арасында шектің бар-жоғына байланысты мәселе. Конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асуының ерекше ортасы — ол нақтылы конституциялық қарым-қатынастар. Конституциялық ықпал -ету, ең алдымен, осы қарым-қатынастардың жиынтығына бағытталған. Сондықтан, дәл осында Конституция нормаларының табиғаты және әлеуметтік бағыттылыгы. неғүрлым толық және анық іске асады. Алайда, кейбір авторлар конституциялық-құкықтық нормалардың жүзеге асырылуын салалық құқықтық қарым-қатынастарда, әдеттегі заңдардың нормалары қолданылатын салада да көреді. Яғни, мұнда конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру салалық нормаларды жүзеге асырумен бір деңгейде қарастырылады. Норманың көздеген нәтижесінс жсткснің және қай кезде жеткенін анықтау үшін, біріншіден, тек қана конституциялық-құкықтық нормалардың жүзеге асырылуын олардың басқа да құқықтық нормалармен бірігіп жүзеге асырылуынан ажыратып алу қажет; екіншіден, Конституция нормаларын жүзеге асырудың нәтижесін ағымдагы заңдардың нормаларын жүзеге асыруының нәтижелерімен теңдестіруге болмайды. Өйткені, конституциялық ережелерді нақтылайтын салалық нормалардың қолданылуы салдарының ықпалсыздығы немесе жағымсыздығы кездессе, онда олар кейбір конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруының ықпалсыз немесе жағымсыз салдары ретінде теңдестірілуі мүмкін.
Осыған байланысты, конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын 2 деңгейде қарастыруға болады.
Бірінші деңгей (жоғарғы) — нақты конституциялық мағынадағы жүзеге асыру. Оның мәні мемлекет пен қоғамның, мемлекет пен ұлттың, мемлекет пен жеке тұлғаның мүдделерінің принципті ара-қатынасын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт ретіндегі Конституцияның бағыттылығымен.- тікелей сипатталады. Бұл деңгейде демократияның жоғарғы институттарының және конституциялық қарым-қатынастардың басқа да қатысушыларының өздерінің конституциялық нормаларда бекітілген негізгі мүдделерін қанағаттандыру жөніндсгі қажетті саяси-құқықтық байліанысы айқындалады. Яғни, норманың конституциялық мүддесі тек конститудиялық қарым-қатынастар шеңберінде ғана-қанағаттандырылады. Еліміздің Коңституциясының -29-бабында азаматтардың денсаулықтарын. сақтау құқығы бекітілген. Нақтылы конституциялық деңгейде бұл норма конституциялық қарым-қатынастарда жүзеге асырылады. Яғни, мемлекет өз
тарапынан азаматтарға осы қүқығын пайдалануына қажетті жағдай, нақты мүмкіндік жасауы тиіс, ал азаматтар оны мемлекеттен талап етуге құқылы.. Мұндағы жүзеге асырудың қажетті әлеуметтік нәтижесі — мемлекет пен денсаулығын сақтау жайындағы азаматтың арасындағы әлеуметтік-құқықтық байланысы болып табылады.
Екінші деңгей —’конституңиялық-құқықтық нормаларды кең мағынада -жүзеге асыру. Бұл деңгей — салалық құқықтық қарым-қатынастарда нақтылы әлеуметтік нәтижелерге жету жөніндегі жалпы конституциялық байланыстар негізіндегі белгілі бір құзыретті органдардың, азаматтардың әрекет ету саласы. Мұнда Конституцияның нормалары салалық нормалармен бірігеді, констицуциялық- қарымқатынастар салалық заңдардың нормаларымен реттелінген нақтылы- құқықтық байланыстармен толықтырылады.
Конституциямыздың 29-бабының мысалына сәйкес, бұл деңгейде нақты бір азамат, нақты бір медициналық мекеме, тиісті заңи фактілер, медициналық жәрдемнің белгілі бір түрі шығады. Мұнда мемлекет тарапынан азаматтардың денсаулығын сақтау. жөніндегі норманың конституциялық. мүддесі нақтылы әлеуметтік нәтиже түрінде (медициналық жөрдем- көрсету) белгілі бір құқықтық байланыстырда қанағаттандырылды.
Конституциялық-құқықтық норманың салалық қарым-катынастарда қолданылуы тоқ.тамайды, ол медициналық мекеменің және медициналық жәрдемді қажет ететін азаматтың әрексттерін (қызметін) бағыттайды.
Сонымен, конституциялық-ққұқықтық нормалардың әлеуметтік маңыздылығы, заңи табиғаты және салалық нормалар жүйесіндегі орны олардың жүзеге асырылуын екі негізгі деңгейде қарастырылуын мөлшерлейді.
Нақты конституциялық мағынадағы деңгейде конституциялық-құқықтық нормаларды, соның ішінде, осы нормалардың жеке бір топтарын жүзеге асыруының ерекшеліктері неғұрлым толық көрінеді.
Жалпы ұсынушы-міндеттеуші конституциялық-құқықтық нормалар жүзеге асырылғанда, жалпы әлеуметтік-құқықтық тәуелділікті, субъектілерді мінез-құлықтың жалпы моделімен байланыстығын тудырады. Осы байланыс салалық заңдарда нақтыланбаса да тәжирибелік маңызға не Конституциямыздың- 38-бабында былай бекітілген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Бұл жалпы ереженің тікелей жүзеге асырылуы, біріншіден, оның,- ағымдары заңдардың нормаларында нақтылануынан, екіншіден, азаматтардың әлеуметтік-белсенді мінсз құлықтарын қадағалауынан көрінеді. Осы жалпы ұсынушы-міңдеттеуші нормалар конституциялық деңгейде қосымша ксзсңдсрді немесе нысандарды бекітуінсіз тура жүзеге асырылады. Бұл, әсіресе, конституциялық мақсат-нормаларына, қағида-нормаларына қатысты. Бұларда тура байланыс жолдары арқылы ықпал етстін бірсыпыра саяси-құқықтық бағдарламалар, конституциялық қарым-қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық нұсқаулары шоғырланған.
Осы нормаларды бұл деңгейде жүзеге асыруының негізгі жағдайы ол субъектілердің қызметін норманың ұйғарымына сәйкес өзін-өзі реттеу жолы болып табылады. Конституциялық деңгейде бірқатар конституциялық ережелерді іске асырудың «задидан тыс» жағы неғұрлым анық корінеді. Конституцияның кейбір нормаларында зани және моральдық-түсініктер үйлесіп, азаматтар қызметінің ізгілік, енегелік белгілері бекітілген. Мысалы, Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы (Конституция, 36-бап). Мұнда қасиетті борыштың құқықтық міндеттілігінің, моральдық парыздың және ізгіліктік, өнегелік бағалаудың бірлігі қамтып көрсетіледі.
Бұл нормалардағы адамдар қызметін бағалаудың ізгілік элементтерінің бар болуы, олардың нақтылы салалық нормаларға қарағанда, неғұрлым мазмұнды түрде жүзеге асырылатыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай конституциялық ережелер көпшілік қызметінің мақсатты бағдарларын береді, қоғамдық өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу бастамаларын күшейтетін және дамуын көрсетстін мінез-құлық үлгілерін бекітеді.
Нақты -конституциялық деңгейде жалпы конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруының нәтижесі — ол конституциялық қарым-қатынастарға » қатысушылардың қызметін жалпы әлеуметтік-құқықтық бағыттау болып табылады.
Сайып келгеңде, негізгі Заңның нормаларын жүзеге асыру — құқық субъектілері қызметінің жоғары саяси-құқықтық құңдылықтарын және моральдық-құқықтық белгілерін бекіту болып табылады. Бұл ереже өзінің барлық маңыздылығымен азаматтардың мінез-құлықтарында көрінеді. Көбінесе, азаматтардың. мінез-құлықтарының нақтылы бір актілері салалық. Нормалардың ұйғарымдарына, сонымен бірге, конституциялық-құқықтық нормалар бекіткен шеңбердегі құндылықтарға негізделеді./22.14/.
Сонымен, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың қарастырылып отырған деңгейі нақты конституциялық нормаларды жүзеге асыру ерекшелігі туралы дәл »түсінік береді. Екінші деңгейде Конституцияның барлық нормалары тікелей жүзеге асырылады. Жалпы нормалардьг жүзеге процесі мінез- құлықтың жалпы модельдерін немесе тура байланыс жолдары арқылы жалпы құндылық нұсқаулар мен бағдарларды қабылдауымен сипатталады. Оған конституциядық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекше нысандары, тәсілдері және нәтижелері тән.
Салалық қарым-қатынастар деңгейінде конституциялық-құқықтық нормалар салалық заңдардың нақтылы нормаларымен бірігіп жүзеге асырылады. Әрине, конституциялық-құқықтық нормалар нақтылы бір құқықтық байланыстарда құқық субъектілерінің қызметін бағыттайды, бағдар береді және- орнықтырады. Бұл процесс нақтылы құқықтық қарым-қатынастардың дәстүрлі нысандарына өтеді және оның сипаты салалық нормаларды жүзеге асырудың көпшілігіне тән. Бұл жағдайда конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшелігі аса дүдәмал туғызбайды.
Осы деңгейлерді бірін-бірін қарсы қоюға болмайды. Олар қажетті түрде өзара байланысқан және өзара қамтамасыз етілген. Бірінші дсңгейді жүзеге асыру екінші деңгейдің жүзеге асырылуының бағытын, сипатын және жолдарын анықтайды. Екінші деңгейді жүзеге асыру, ең ақырында, нақты конституциялық-кұкыктык норма мазмұны талап ететін нақтылы әлеуметтік нәтижелерге жетуге себепші болады.
Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың деңгейлерін талдаудың тәжірибелік маңызы зор. Ол, мысалы, . Конституцияның нормаларын жүзеге асыру процесіндегі заңдылықтың қолданылуы шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызады./23..3О/ Конституциялық заңдылықтың, оның талаптарының және қамтамасыз ету кепілдіктерінің ерекшелігі,- алдымен, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру саласында керінеді. Бұл тұрғыда конституциялық заңдылық талаптарын Негізгі Заңның нормаларын жүзеге асырудың жоғары, яғни, нақты конституциялық мағынадағы деңгейінде қарастыру қажет.
Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшеліктерін зерттеу’ жалпыға бірдей құқықтық нормаларды, заңй кепілдіктерді, олардың тиісті жүзеге асырылуын бекітуімен қатар, осы құралдарды, конституциялық-құқықтық нормалардың сипатын ескере отырып, түсінуге және пайдалануға мүмкіндік туғызады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.
Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.
Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.
Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.
Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.
Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Осыған орай және елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті.
Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін — өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.
Және де Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жылғы долдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны» баян етілген. Ел Президенті Қазақтан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру керек деп, елімздің алдағы жүрер жолы, негізгі стратегиялық бағдарды айқындап берді . Бұл жағдайдың өзі де мемлекеттегі құқықтық жағдайдың нығая түсуін қажет етеді. Себебі мемлекеттің алдағы бағдарламаларын іске асырудың кепіл ретінде мемлекеттің құқықтық жағдайы айқындалады.
Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады.
Бұл еңбектерде елдің өткені мен болашағының теориялық негіздері қаланды десе болады. Сол негіздер ең алдымен “құқық” пен “мемлекет” ұғымдарын түсініп білуге бағытталады.
Менің де “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы” аталмыш дипломдық жұмысым өз кезегінде заң ғылымындағы белгілі бір теориялық ілімдерді дәлелдеп, дамытуға үлес қосар деген ойдамын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, — 65-71стр.
- А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
- А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
- Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
- Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.
- Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.
- Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
- «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.
- «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.
- Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім — тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
- Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.
- «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.
- Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.
- Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.
- Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.
- Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.
- Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.
- «Общая теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.
19 «Общая теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.
- С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
- С.А. Дьяченко «Сильная власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.
- С. Ынтымақов « Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.
- Т. Мамедсупиев «Правовая природа нормативных постановлений Верховного суда Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б.
- Т. Мырзамбетов «Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.
- Т. Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.
- Т. Айтмухамбетов «Қазақстанның сот өндіріснде сот шешімдерін қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.
- Т. Айтмухамбетов «Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.
- С.А. Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б.
[1]Қ.А. Мұстафаев . «Құқықтық тәлім – тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң журналы.- жыл, 2005.-№5.- 31-33 бет.
[2] С.Д Бакқұлов. “Құқық негіздері”: оқулық, Алматы, 2004, 28 бет.
[3] Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж, 6 бап, 7-8 бет.
[4] “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: Оқулық.- Алматы, 2003, — 93 бет.
[5] Н.И.Матузов.А.В.Малько. «Теория государства и права»: курс лекций.- юристъ, Москва, 1997, -313-316 стр.
[6] Ғ.С.Сапаргалиев.А.С.Ибраева.”Мемлекет және құқық теориясы”: оқу құралы.-Алматы, 1998,- 24 бет.
[7] ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 15 бап, 10 бет.
[8] ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 19 бап, 11бет.
[9] А.С.Ибраева. Н.С.Ибраев. «Теория государства и права»: учебное пособие.-Алматы, жеті жарғы, 2003, — 67-71 бет.
[10] ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 25 бап, 12 бет.
[11] ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 3 бап, 6 бет.
[12] Қ.Д.Жоламан. А.Қ.Мұхтарова. А.Н.Тәукелев. “Мемлекет және құқық теориясы”: оқулық.- Алматы, 1999, — 124-127 бет.
[13] “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық. – Алматы, 2003, — 98 бет.
[14] ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл, 27 бап, 13 бет.
[15] С.А.Комаров. «Общая теория государства и права»: учебник. – Москва, 1997. – 191 стр.
[16] Н.Дулатбеков.С.Амандықова.А.Турлаев. “Мемлекет және құқық негіздері”: фолиант. – Астана, 2001, — 10-14 бет.
[17] “Общая теория государства и права»: Академический курс 2 том. – Москва, Зерцало 1998, — 74-78 стр.
[18] “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық.- Алматы, 2003, -97 бет.
19 А. Жакупова.”Конституция-основа развития государства”//Журнал. Заң және заман.-год,2005.-№9.-17 стр.
20 Т.Мырзамбетов. “Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі”//Заңгер журналы.-жыл,2005.-№19.-40-44бет
21Қазақстан Республикасының Конституциясы.30 тамыз,1995, 12бап.-9 бет
22 “Қазақстан Республикасының Конституциясы.”Түсініктеме.-Алматы:Жеті жарғы, 1999,-59бет
23 “Қазақстан Республикасының Конституциясы”: Түсініктеме.-Алматы, 1999,-60 бет.
24Қазақстан Республикасының Конституциясы: Алматы, 30 тамыз,1995, 13бап.
25 ҚР-ның Азаматтық кодексі. 27.12.1994. 14 бап
26 ҚР-ның Азаматтық кодексі. 27.12.1994. 17 бап
27 Ғ. Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”:Оқу құралы.-Алматы, 1998,-79-80 бет.
28 “Общая теория государства и права”:Академический курс, 1том.-Москва,Зерцало, 1998,-70 стр.
28 Н.Ә. Назарбаев. “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында”: ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.-Астана, 2006,-9-11 бет.
29 Қ.Д. Жоламан. А.Қ. Мұхтарова. А.Н. Тәукелов. “Мемлекет және құқық теортясы”:оқулық.- Алматы, 1999,-115 бет.
30 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”:оқулық.- Алматы, 2003,- 112-116 бет.
31 ҚР-ның Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл, 34 бап.
32 Ғ.Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”:оқу құралы.-Алматы, Жеті жарғы, 1998,-81бет.
33 ҚР-ның Конституциясы: 30 тамыз,1995. 4 бап. 6 бет
34 ҚР-ның Конституциясы: Түсініктеме.-Алматы, 1999,-26-29 бет.
35 Т. Айтмұхамбетов “Қазақстанның сот өндірісінде сот шешімдердің қайта қарау”// Заң журналы.- жыл, 2004.-№21.-8 бет.