АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Күләш Ахметова лирикасы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Филология факультеті

 

Әдебиет теориясы және фольклористика  кафедрасы

 

 

 Күләш Ахметова лирикасы

 

 

                                          

 

РЕФЕРАТ

 

 

Жұмыстың тақырыбы:     Күләш Ахметованың лирикасы

 

Жұмыстың көлемі:   –  бет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  47.                  

 

Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер: лирика, метафора, метонимия,  әдеби әдіс – тәсілдер.

 

 Жұмыстың әдістемесі: сипаттама баяндау, талдау.

 

Жұмыстың құрылымы:  кіріспе, екі тараудан, тараушадан және қорытынды мен  пайдаланған әдебиеттер тізімінен  тұрады.  

 

Жұмыстың мақсаты, міндеті: Күләш Ахметованың ақындық әлемін

лирикалық өлеңдері арқылы қарастыру. Сондай-ақ ақындық өнерін ,тақырып

табиғатын   , жанрлық-көркемдік жүйесін және ақын поэзиясындағы

көркемдегіш құралдардың қолданылу шеберлігін айқындау.

 

Жұмыстың негізгі қорытындысы: Диплом жұмысымыздың негізі болған К.Ахметова лирикасының идеялық-көркемдік ерекшелігі жұмыста жан-жақты талданады.  Сондай-ақ, тілдік-стильдік ерекшелігі турасында да ақын лирикасының өзгеге ұқсамас табиғаты терең  теориялық талдаудан өтеді.

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I тарау. К.Ахметова  лирикасының идеялық – көркемдік ерекшелігі

1.1 К.Ахметова лирикасыдағы тақырып пен көркемдік шешім

1.2 К.Ахметованың махаббат лирикасы

 

ІІ тарау. Ақын лирикасындағы стиль және бейнелілік мәселесі

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр), екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада  ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов «Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»/1.216/.

Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің «О лирике», М.Гринбергтің «Лирическая поэзия», «Три грани лирики». Ал Михайловтың «Лирика сердца и разума», М.Поспеловтың «Лирика среди литературных родов», В.Бузниктің «Лирика и время», Л.Г.Фризманның «Жизнь лирического жанра», Полкиннің «Лирика как искусство стихотворного слова», т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография, мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың «Ақ жолынан» бастап, Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы», Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», Е.Ысмайловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», М.Дүйсеновтың «Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім», М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан көркем сөз», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы», З.Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы», Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т.б. көптеген еңбектерде қазақ поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.

Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы жылдар феномені де сол тектес бір «қопарылыс» мезеті еді. Оның тарихи себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен, И.Эренбург «Жылымық» (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты /2.63/.

60-90 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас /3.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов,  К.Ахметова, т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді. Осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі –  К.Ахметова.

Талант – күрделі құбылыс. Орыс әдебиеті теориясын зерттеуші Н.А.Гуляев талант жөнінде : «Это – комплекс творческих сил и способностей человека, обеспечивающих, прежде всего эстетическую сторону писательского труда, образную, эмоциональна выразительную специфику хужожественного произведения», – дейді /4.106/. Ал қазақтың ұғымымен, талант – ана сүтімен бойға даритын туа біткен қасиет. Ақындық та солай.  Заман талабы өзгеруі мүмкін, бірақ оның өлеңдері бәрібір оқылады. .

Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз – ақынның ойы мен сезімінің ұштасып келіп тұтас көрінуі. Лириканың предметі де, бейнелеп айтар ойлары да, бейнелеп көрсетері де – ақынның өз көңіл-күйі. Н.А.Добролюбов өзінің И.Никитин өлеңі туралы жазған мақаласында лирикаға орай мынадай тұжырым айтады: «Лирикалық өлеңде, – дейді сыншы, – ақын өзінің табиғатты немесе өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей сезім-түйсігін айтып береді. Бірақ мұндағы нәрсе – сол түйсіктің өзі де, оны ақынның енжар қабылдауы да мес, ақынның сол сыртқы әсерге іштей ұйып, құлай ықылас қоюында» /5.112/.

Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін   К.Ахметова поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /6,12/.

Абай әлеміне еркін еніп ,оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген — С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев,Т.Әбдірахманова, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, М.Әлімбай, М.Айтхожина, Ф.Оңғарсынова,  А.Бақтыгереева, Н Оразалин, О.Сүлейменов, Қ.Мырза Әлі, Қ.Бұғыбаева, М.Шаханов, Т.Медетбек, Ө.Нұрғалиев, С.Иманасов, Р.Ниязбек, Ж.Әбдірашев, К.Мырзабеков, А.Егеубаев, Ж.Жақыпбаев, Ұ.Есдәулетов, Е.Раушанов, И.Ғайып, Т.Оразбаева, Б.Серікбаев, Г.Салықбаева, Т.Әбдікәкімов, Н.Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері,көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып,рухни нәр сыйлады.Аталған ақындар шоғырының бел ортасында: -Мен өз жүрегімді жырлау арқылы қазақты жырладым, — деген өлең-өнердің өз өкілі — Күләш Ахметовада бар.

Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген,адамдық,ізгілік иірімдерін нәзік лиризиммен, терең тебіреністі толғамдармен еркін жырлаған – К.Ахметова уақыт талаптарын жіті зерделеді. Қайсы бір тақырыпты да тереңнен толғап,ақыл-парасат нұрын,көңіл күнделігін ,жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. Өлең өрімі, өрнектері арқылы уақыт алға тартқан келелі мәселелерді, тәуелсіздік талаптарын жүректен қозғады. Атамекен мұратын, ел-жұрт тағдырын, адам әлемін алуан ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізеді. Біздіңше К.Ахметованың ақындық өнері – талант қуатымен, көркемдік нәрімен,сыр-сезімге толы шындық сипаттарымен даралана түседі. Мұны ізденіс іздері де, қолтаңба мәнері де бедерлей түседі. Зерттеу мұраттарының арналы ағысы да, өзекті һәм ұтымды қырлары да осы тұстан айқын аңғарылады. К.Ахметова туралы: Ж.Дәдебаев, Ә.Кекілбаев және Ж.Абдуалиева, Қ.Бегманов т.б . мақалаларында біршама қарастырылды.

К.Ахметова шығармашылығының әлі де сандаған зерттеулерге объект болатынын айта келе, біздің бүгінгі тақырыбымыздың өзегіне айналар ақын өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала кетейік.

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туылған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.1961 жылы жамбыл медициналық училищесін ,1973 жылы ҚазМУ-ді тамамдаған.

Үшарал медпунктінде меңгеруші,Талас аудандық “Ленин жолы ” 1973-1977 жж республикалық “Қазақстан пионері ”газеттерінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі,1977-1980 жж “Жалын” баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.

“Сен менің бақытымсың” атты кітабы үшін акын Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. Өлеңдері түркі халықтарының тілдеріне аударылған мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. “Еңбекте үздік шыққаны үшін” медалімен марапатталған /7.37/

Ақын К.Ахметова шығармашылығындағы басты тақырыптар – атамекен , ел – жер мұраттары , достық пен жастық жырлары көркемдік –рухани мұраттар тұсынан кемел де келісті сипаттарымен әр буын өкілдерінің талап –талғамдарына жауап беріп келеді. Ақын ізденісі мен көзқарас мұраттарынан жаңа уақыт бедері, тәуелсіздік талаптары кеңінен көрініс береді. Әсіресе, ұлт мұраты, демократия тағлымы, адам мен оның еңбегін аялау мен бағалау сипаттары айқын. Кезең көріністері,мезгіл әуендері де нанымды өріс алады. .Алайда, бүгінгі күнге дейін К.Ахметованың лиркасы арнайы зерттеу нысанасына айналған жоқ.Тақырыптың зерттелу мұраттары да осы тұстан терең танылады.

  К.Ахметова лирикасы ақынның жеке басының сезім иірімдерін, көңіл-күйін жырлаумен шектелмей, қоғамға тән құбылыстар мен адамға тән мінез-құлықтардың табиғатын ашуға, өмірдің қиын да күрделі тұстарын зерделеуге, адам санасы мен ғалам байланысының сырлы жұмбақтарын тануға көмектеседі. Ақын заманның ащы шындықтарын терең барлап, батыл сөйлейді, еркін жырлайды, көркем суреттейді. 

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың басты мақсаты қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Күләш Ахметованың ақындық әлемін лирикалық өлеңдері арқылы қарастыру болып табылады. Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін,ізденіс арналарын,көркемдік мұраттарын, қаламгерлік нысанасын зерделеу.Ақын әлеміне ену,ізденіс арналарына назар аудару,тақырыпты меңгеру, образды ашу, көркемдік амал-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне мән беру. Біз диплом жұмысын жазу барысында біз мынандай мақсатты көздедік.

Бірінші тарауда, ақын  К.Ахметова өлеңдеріндегі қоғам мен заман шындығының бой көтеруі, ақын өлеңдеріндегі ұлттық таным сипаты, жаңашылдығына, тақырып таңдаудағы ерекшелігіне тоқталамыз.Сондай-ақ “махаббат лирикасы” деп аталатын тарауда ақынның махаббат лирикасы тереңдей талданады. Бұл тарауда ақынның сан алуан сезімді жеткізудегі шеберлігі, әйел сезімдерін бейнелеген өлеңдері арқылы айқындалып отырады. Күләш бұл саладағы шебер қаламгер екендігіне көз жеткіземіз.

Екінші тарауда, ақын өлеңдеріндегі өмір шындығының бейнелену ерекшеліктері,  стиль және бейнелілік мәселесін қарастыру. Ақынның өзідік қолтаңбасын айқындау.

Қорытындыда К.Ахметованың қазақ лирикасындағы жетістіктері айқындалады Оның өлең өлкесіне үлкен дайындықпен келген, батыл да өр лирикалық қаһарман бейнесін қалыптастырған талант иесі екендігі дәлелденеді.

Бітіру жұмысының өзектілігі Ақын творчествосын зерттей отырып, оның қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы, өзіндік мінезі бар, өзіндік «Мені» бар ақын екендігіне көз жеткіздік. К.Ахметованың ақындық политрасы – терең  лиризмге құрылған.

     К.Ахметованың лирикалық туындыларының басты арнасы, салалары жүйеленіп, оның ел-жер, табиғат, жастық, достық, махаббат тақырыбындағы туындылары терең сараланады.Сондай-ақ ,  ақын көзқарасы мен қолтаңбасы, ізденіс мұраттары,өлең өрісі мен өрнектеріндегі өзіндік өзгешеліктер, ой-сөз жүйесі, көркемдік таным арналары зерделенеді;

-ақын шығармашылығы тұтас қаламгердің өлең-жырларымен бірлік-байланыста сөз етіліп,өзіндік өзгешеліктері көрсетіледі;

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы  кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. К.Ахметова лирикасының идеялық-көркемдік ерекшелігі.

 

1.1  К Ахметова лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім.

 

Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіреді. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді.Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен,оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой,өнеге-үлгі алады.Тәлімдік,тағлымдық тұстары мол.

Бұл    ретте  әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д.Әбілев, А.Тоқмағамбетов,М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев, Ғ.Қайырбеков, С.Мәуленов, С.Сейітов, Т.Әбдірахманова, К.Салықов, Қ.Бекхожин, Қ.Шаңғытбаев,т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О.Сүлейменов пен М.Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Жұмағалиев, Н.Нәжімеденов, С.Иманасов, Ә.Нілбаев, Ө.Нұрғалиев,Қ.Мырза Әлі, М.Мақатаев, К.Мырзабеков, Ж.Әбдірашев, Ш.Сариев,Т.Медетбек, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов, И.Сапарбай, И.Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж.Ерман, А.Егеубай, А.Әлім, С.Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып,қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.

Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының  басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін  сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген  қаламгердің  қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.

Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға,көңілі нұрға толы талантты тұлғалардың бірі – Күләш Ахметова.

К.Ахметова ақындығы алыптар тобының асылы мен асқары,“кәдімгі Сәбит Мұқанов” назарына ілігеді .С.Мұқанов “Балауса өлең өрісі” атты жас авторлар шығармашылығы туралы мақаласында – К.Кененбаев, Х.Балшабеков, Х.Алпысбев, А.Жылқышиев, С.Оспанов, И.Дүйсебаев, Т.Қажыбаев, С.Буратаева, М.Нұрқанов т.б. бірге К.Ахметованың жауқазын жырларына да арнайы тоқталады.Ізденіс мұраттарын,көзқарас эвалюциясын, ондағы сыр-сезімді, көркемдік өрнектерді, өлеңдегі өмірін тап басып көрсетеді. Ақындық өнер мен көркемдік қабылдау мұраты өмір тәжірибесімен уақыт бедерінен із береді /8.9 6 /

 К.Ахметова лирикасының табиғатынан ұлттық болмыс бедері, қазақ тілінің жыр  болыптөгіген әрі мен нәрі, шұрайы мен шырайы қиял қанатымен қанаттанып, құштарлық, өнерге  сүйіспеншілік сезімдері сырлы да нәрлі түрде өріс алады. Адам өмірін үлгі ету,еңбек мұраттарын бағалау,келешекке үміт арту айқын аңғарылады. Кеше – бүгін байланысы берік те тағылымды. Мәселен,“Мен туған үй” өлеңінде:

Түрлі достар үйімізде бар біздің, 

Тоғысатын шоғырындай жұлдыздың.

Балалайка тартып анам, ал әкем

Әнін салып отыратын қырғыздың /9. 28/, —

деп, —  балалық бал дәуренін сағынышпен еске алу арқылы алтын тамыр – ауылға кеше-бүгінге барлау-байлам жасайды. Ақын үйді –Отан бейнесінде алып содан нәр-қуат алған адамдар әлемін ,еңбек тынысын еркін де көркем, серпінді суреттейді. Ата-анаға құрмет, досқа беріктік сынды сезім,сырлардан да табиғилық , тазалық танылады. Бұл тұста, әрине, ақын өмір шындығын көркемдік шешімге айналдырар тұста, тақырып табиғатына айрықша мән береді.Ақын кез-келген тақырыпты талғаусыз толғап,қиыннан қиыстырып жаза бермегені айқын аңғарылады. Бұл ретте,әрине,өзі көрген , көңілі сеніп,жүрекке берік ұялаған жайларды ғана тереңнен толғап, шынайы жырлайды.Өзін толғандырған тақырып табиғатына еркін еніп,оны әр қырынан танып, қалың көпке ізденіс-көркемдігімен, шеберлік пен шешендікке сай соны бейне, ұтымды қырларымен жеткізу – К.Ахметова ақындығының басты белгілерінің бірі.

Ақын тудырған өлең-жырлардың өрімі де әлеуметтік, философиялық, көңіл-күй әуендеріне айналып, жалпы адамзаттық, дүниетанымдық көзқарасын баян етеді. Лирикаға тән қасиеттердің бірі – адам сезіміне әсер берер отты, жалынды эмоциялық сезімталдық екені белгілі. Құрғақ баяндау немесе сезімге құрылмаған жай әншейінгі жалаң тұжырым музыкалық шығарма тудыра алмайды.  К.Ахметова лирикасының басты ерекшелігі – нәзік сезімге, ойлы толғанысқа құрылумен ерекшеленеді. Таңдаған тақырыбының түп-төркінін терең зерттеп, баянды барлап барып, сезім сырын шерту – ақын шеберлігінің бір қыры. Ақын кейіпкерлері кімнің атынан сөз алса да оқырман есінде ұзақ сақталатын ерекше мінез даралығымен өзгешеленеді.

  К.Ахметова шығармашылығының ең басты жанры – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын  терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида тұжырымдар арқылы бірлесе, оқырманға әсер етпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туылған жай сезімшілдік лирикасы жандандыра алмайды. Себебі, лирикаға жан беретін сезімнің аты, нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да осында. Шыншылдық пен сезім байлығы, ойшылдық – оның өмір танудағы,  адамды танып бағалаудағы үлкен байлық. Қай кезде қандай тақырыпты жырласа да ақын осы жолдан тайған жоқ. өлең әр күйде, әр жағдайда жазылып оның болмысын аша түседі.

 Қонғанда күздің баққа тұманы,

Қоштасар құстар тәтті етіп әнін,

Есіңе аларсың сонда жырларын

Ахматованың емес, Ахметованың /10.133/, —

деп басталған уыздай балғын жыр бүгінде қаншама тарихты, өмірді басынан кешірген кемел шағына келгенін танытады:

  Барасыңдар қай жаққа кетіп бәрің?

сырт-сырт етіп тоқтамай өкінтті әр үн.

Бір сөз, бір ой, бір демге ұзарыңдар

Құдіретті, қуатты секундтарым!

 

Күн күледі, сонан соң түн кіреді,

Түн көзімді сәл ғана ілдіреді.

Қатал патша – уақыт, бізден артық

Қадіріңді өзіңнің кім біледі?!/10.198/ — деп кең тыныстап кейінде қалған өмірге  шолу жасайды. Осы екі шумақтың арасында халқымыз бастан кешкен өмір жатыр, онда ақынның өз бояуымен өрнектеп салған қолтаңба ізі жатыр.  К.Ахметова  өлеңдерін оқи отырып  өткен  жылдарды қаз-қалпында көз алдымызға елестетеміз. Сол жылдардағы көңіл-күй, сезім оралымдары, туған жерге, ағайын-туғанға  деген кіршіксіз махаббат, бейбіт өмірге, бейқуат тірлікке деген қанағат әр өлеңінде жарасымын тауып әдемі суреттелген. Әсіресе, туған жерге,туған ауылына арналған ақын өлеңдері ерекше шабытпен жазылған. әр шумақтан, әр жолдан ақын жүрек сағынышы аңқып тұрады.

 Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,

Кір түсірме ел деген ұлы есімге.

Атамекен – бақыты бабалардың

Жеңіп алған сан ғасыр күресінде.

Күндерімен, түнімен, гүлдерімен

Өзіңдікі ол сенің, білесің бе?

 

Өзіңдікі ауасы,  таң нұры да,

Өзіңдікі жазы да, жаңбыры да.

Өзіңдікі даласы, тау қыры да,

Өзіңдікі мереке, ән-жыры да.

Өзіңдікі барлығы болғаннан соң,

Өзіңдікі болғаны тағдыры да, — /11.7/ — дейді ақын “ Өз елім ” деген өлеңінде. Туған жер тарихы,  атамекенге деген құрмет бәрі  әдемі үйлесіп тұр.Негізінен,  К.Ахметованың көптеген өлеңдерінде туған жерінің небір ғажап сұлулығы әр қырынан суреттелген. Ақынның кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілігіне еріксіз назар аударасың.

 Қырғыздың жері! Киелім!

Жанымды тербеп жаралы ән.

Еске алам сені, сүйемін,

Қырыңда жатыр жан анам.

Жайларсың жүрек, санамды,

Атсын таң қанша, батсын Ай.

Аяулы бізге адамды

Баурыңа алдың жатсынбай.

Келемін саған келемін,

Жеткізіп желмен шынарға ән.

Арналса саған деп едім,

Ең жақсы, мұңды шығармам /11.47/.

Барлығымызға бала кезден таныс туған жерге деген сағыныш ақын санасында мәңгілік сақталып қалған. Оған деген перзенттік сезімін ақын  шынайы сүйіспеншілікпен жарқын жеткізе алған.

 Ақынның табиғат құбылыстарын бақылап тұрған творчестволық объективтің кең екені байқалады. Сол объективтің аясында сонау аспанда әлденеден үркіп қашып бара жатқан сайлар сиып кетіп тұр. Біз де ақынмен бірге табиғаттың бойында ғана емес, өзгені де, жанында болып жатқан құбылыстарды көреміз. Табиғаттың тылсым жұмбақ жанына үңілу оңай шаруа емес, сол табиғаттың ішкі дүниесінде болып жатқан құбылыстарды тек «шилі өзектің қойнауын» ғана емес, біздің де өзегімізді сыздатып бара жатқандай. Ақын сезім мен ақиқат полотнасына сурет салады. Адамның көңіл-күй дүниесі, жан әлемі дәл сол күйінде түсіретін техникалық құрал не суреткерлік құдірет жоқ. Ақын осы ғаламат көшірмесін дәл түсіруді – өлеңімен түсіруді мұрат тұтады. Көңіл-күй, сезім – өлеңінің негізі.  Күләш ақын өзін толқытпаған жайды жазбайды. Тек тұла бойын шымырлатып өткен күн, келер шақтарды елестетердей әсер берген құбылыс қана оның жүрек қаламынан жыр туғызады. Осы көңіл дүниесінің қалт еткен қас-қағым сәтті табиғаттың көңіл әлемімен көмкеріледі де, адам мен жаратылыстың бұл күнде жер үстінен қашқақтап бара жатқан үйлесімін табады. Ақын шумақтарының өзінен-ақ лирикалық кейіпкердің ішкі жан әлемін көреміз.

 Ақын  өлеңдеріндегі  табиғатпен, ауамен, бұлтпен, ай сәулесімен астасып жататын жан қозғалысы, тынысы көбірек кездеседі.

Адам баласының бүкіл жарық дүниеге, барша жанға деген жанашырлық, сүйіспеншілік сезімі өзінің оймақтай ауылын,ес біліп, етек жапқанда көңіл көзі түскен туған табиғатын жақсы көруден басталса керек. Өзінің аршасы мен шыршасын, тобылғысы мен түзгінін кие тұтпаған адам басқаның ауласындағы қайыңды қастерлей алмайды. Өз туған жерінің тауы мен жылғасын, құралайы мен ұларын, наурызы мен қарашасын ақын керемет өрнектейді.

         Ақын шығармашылығындағы келесі бір үлкен тақырыптың бірі Ана тақырыбы.

Көргеніңнің өмірде —  бәрі мектеп,

                   Ренжітіп алдым ба, жаным, ептеп.

                   Мойынымнан құшакқтап келгеніңде

                   Мазам болмай отырып “әрі кет” деп.

                   Сен қиналсаң – мен бе екен жата алатын,

                   Сенің атың – алдымен аталатын.

                   Өлең қуып жүргенде,

                   Кемдеу болып

                   Кеткен жоқ па аналық махаббатым?

Ақынның бір сәттік көңіл күйі, толғанысы.Қажып келгенде мойнына асылған баласына “әрі кет” дейді.Соған қарамастан, ана көңілі “ренжітіп алдым ба, жаным” деп, тағы да алаң болады.

Мына өлеңінде ананың балаға деген мейірімі мен махаббаты басты тақырыпқа айналады.

                   Ботақандарым!

                   Кішкентай сүйіктілерім.

                   Көкірегімді иіскеп,

                   Бұзыңдар ұйқымды менің.

                   Ересектерден көңілім қалған кездерде

                   Сендерге қарап кеудемде күй тынды керім.

Кейіпкер характері, алдыңғы өлеңдегідей емес, бұл өлеңде  басқа қырынан танылады.

         Тыныш күндер ылғи табылса еді,

         Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.

         Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,

         Жаңбыр әні оятсын, жаным, сені.

         Жылы демің жүзіме білінсе еді,

         Ертегі айтып көздерім ілінсе еді,

                   Бөгде дыбыс бұзбасын ертеңіңді,

Ерке шуақ оятсын, күнім, сені. /11. 52б/

К.Ахметованың кейіпкерлерінің өмірге деген құштарлығының тағы бір қайнар көзі – Ана, баланың анаға деген сүйіспеншілігі.

         Қамыққанымда, торыққанымда,

         Думан тойлардан жалыққанымда.

         Қараңғы түнім мен жарық таңымда,

         Сен шықпадың есімнен,  ана.

         Қатал тағдырдың дауылдарында,

         Ақ боран мен жауын, қарында.

         Алданғанымда, ауырғанымда,

         Сен шықпадың, есімнен, ана,

         Сен шықпадың есімнен, ана. /18.60/

Ақын “Шілтер” өлеңінің алғы сөзінде  “Біздің үйде шешемнің қырғыз қыздарынан үйреніп тоқыған шілтері жатыр. Шілтер бар, тоқыған адам жоқ”…, — деп әрі қарай өлең жолдарымен ойын сабақтайды.

Сен тоқыған шілтер мынау тозбаған,

Ал мен болсам, тозбайтұғын сөз бағам.

Неге адамды сақтау қиын зат құрлы ?! –

Дейді менің бота көңілім боздаған.

…Шілтер жайлы мұңды өлеңді созбай тым,

Бітірейін. Ойды ой ғой қозғайтын.

Өмір шығар — өзі кетіп адамның,

Бір ескерткіш қалдыруы тозбайтын. – деп ақын жүрегі аяулы анасын аңсап, сағынышпен еске алса, “Мұң” атты өлеңінде :

Сен кеттің, апа, кешікпей

Сездім мен өмір салмағын.

Бауырым жылап бесікте

Жатты,

Мен жұбата алмадым.

Анасыз көңіл дерті – ерек,

Сезіндім өмір дауылын.

Есейтті мені ертерек

Бесікте қалған бауырым. /18.58/

Өлең өрнегінде балалық шақтың бал күндерінде сәби жүрегіне түскен мұң .Бұл тек бір адамның басындағы мұң емес.Барша адамзаттың мұңы.

Академик З.Қабдолов: “Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар нәрсе, әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады” десе /12.32/, профессор Ж.Дәдебаев, “Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен білгендерін ғана жазып қоймай, сол құбылыстардан лирикага арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани білуі керек” деп нақты ой білдіреді./13.151/.

К.Ахметова поэзиясының басты тақырыптары – ел мен жер тағдыры, адам мен оның еңбегі,елдік пен ерлік, уақыт пен кеңістік, дала мен қала, жыл мезгілдері, ғашықтық ғаламаттары болып табылады.

К.Ахметова лирикасындағы ізденіс арналары – ауқымды да ағысты, тақырыптары – іргелі де мәнді, көзқарас пен қолтаңба мәнерінен ақиқатты ту ету, шынайы шындыққа табан тіреу айқын байқалса, мазмұн құрылымынан – ұлт пен ұрпақ мұраттарынан адалдық, ел мен жерге берілгендік, адамдық істі ардақтау, кісілік пен кішілікке ден қою, тарих пен танымға, дәстүр мен дінге, діл мен тілге т.б. көркем де кемел, шебер де шешен жырлайтыны айқын танылады.Ақынның өлеңдеріне байыппен назар аударар болсақ, халық перзенті, елден үлкен еместігі, оқырманмен бірге екендігі айқын аңғарылады. Мұны “Кездесу” деген өлеңінен байқаймыз. Халқын сүю ,оның болашағына алаңдау қаламгердің ғана емес.кез келген азаматтың міндеті ісі болса керек.Біреу өз сүйіспеншілігін ерен еңбегімен, екінші біреу өнерімен дәлелдесе, ақын өлеңмен айтып жеткізеді. Күләштің халқына деген махаббаты алабөтен.

Қазақты жамандама қазақ бала!

Халық қой қазақ деген, аз – ақ қана!

Мәңгілік Ай астында, Жер үстінде,

Қазақтың жанашыры қазақ қана!

 

Қамалдай беріктікті құт санайды,

Қасынан опасыздар шықса – қайғы.

Қазақтың бар болмысы бөлек, дара,

Тағдыры ешкімге де ұқсамайды, —

деп өз ұлтын қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр-пыр болып қорғайды. Жас ұрпаққа халқын қорламауды, елін кемсітпеуді насихат етеді.

Ақын шығармашылығының негізгі, түп қазығы лирикадан танылады. Лирикалық поэзияның күрделі де қуатты бай түрін жасаған ақынның ең әуелгі ерекшелігі өмір шындығын көркемдік сатыға көтеріп, дамытып, қоғамдық құбылыстардың қым-қиғаш күрделі суреттерін лирикалық туындының қысқа қайырымды мазмұнына шеберлікпен сыйғыза алуында. Демек, лирикалық туындыға тән әр сәтте жарқ еткен құбылыс пен сезім сәттерін шағын шумақтарға сыйдырып, сырлы сөзбен сурет салу – ақын талантының бір ғана қыры.  К.Ахметованың стиліне тән осы қасиет ақын өлеңдерінің өмірінде бастан-аяқ байсалды қалпын сақтап отырады. Образ жасауда ақынның өзіне ғана тән даралық сипат ерекшеліктері барлығы аңғарылады. Қас қағым сәттік өмір көрінісі ақын жырларында көркемдік әрді иеленіп, образдық суреттер тудырады. Ақын кейіпкерлері қоғамның, заманның үнін танушы сан түрлі характерлі бейнелер сапында көрінеді.

Уақыттың өлшеулі шеңберінде,

Талай кітап оқылып болды өмірде.

Талайы әлі оқылар. Сонда-дағы

Адам жаны оқылып болмағаны.

Көп өртенді даланың көк орманы,

Мекеніне көп марал оралмады.

Ұясына көп құстар қона алмады

Тек адамның өртенген жоқ арманы.

Бұл замана шындығын әр қырынан көрсете отырып, ақын мағынасыз тірлікке мазасызданып, күйінеді. Оның ашық, батыл ойынан батылдық байқалады.

Ақынның жеке басының сезім күйлері тек бір адамның тіршілігін күйттемей, жалпы адамға тән сипаттарды кеңінен бейнелей алғанда ғана қоғамдық мәнге ие болады. Ендеше, ақын өлеңдерін оқи отырып, суреттелген жайларды бірге сезініп, бірге қайғырасың.

Лирика адам жанының терең сырларын аша отырып, оның рухани бейнесін қалыптастыру үшін, ең алдымен, шын мағынасындағы өнер дәрежесіне көтерілуі тиіс. Ашық, батыл ой, шынайы терең сезім шындықтары болуы керек /14.23/, – деген шартқа сүйенетін болсақ,  ақын Ахметова  лирикаларында   жан дүниесін мазасыздандыратын қоғам, заманның ащы шындықтарын бейнелейтін терең сырлары қамтылады. Ол — табиғатында өлеңді адамдық бітімінен бөліп алып қарамайтын өзімнің ар-ұятым, өмірімнің мақсаты мен мұраты деп ұғатын ақын.

Классик Қадыр Мырзалиевтің: “ Күләш Ахметова – көп ақынның бірі емес. Өз алдына бөлектеу тұрған сегіз қырлы, бір сырлы тұңғиық ақын ” деуі тегін емес/15 3б /.

Біздің жақты білгің келсе сен егер,

Ешбір үйге есік қақпай кіре бер.

Үлкендерге ізет – бізде бір өнер ,

Отырғанда үлкен келсе – түрегел.

Түрегел де алдымеен қол ұсын,

Ол отырсын, отырасың сонысын.

Айтқаныңды істете бер кішіге,

Ал үлкеннің сөзін тыңдау —  борышың /16.21бет/

Ақын өлеңінде өзге халықтардан жайсаң жаратылысымен, қара шаңырақты қастерлеген қасиетімен, салиқалы салтымен,ғұмырлы ғұрпымен ерекшеленетін таңғажайып қазақ елінің игі де ізгі құндылықтары қашаннан ақын жырының алтын арқауы.

“Күләштің жыры жүрегіңе сондай жылы ,сондай жақын…Бала кезіңде түсініктің емес,түйсіктің құшағындағы сәби кезіңде естіген лебізіндей мейірлі.Балғын кезіңде,баудың төрінде, жаратқанның өзінен басқа жан байқамас өңаша жолығыста, тіл байланып, діл сөйлейтін сиқыр сұхбатта естімесең де ,ұғып, айтылмаса да біліп, шалқып тұрып тыңдайтын жүрек лүпіліндей сіңімді…Күннің нұрындай, гүлдің әріндей, нанның дәміндей, сүттің өңіндей, бөбектің иісіндей ,емірентпей, тебірентпей қоймас, кінә тақсақ, кие ататындай пәк жыр.Жігерің құм боп жүргенде, жұлыныңа күш беріп, бойыңды тіктер, қан түкіріп,қаһарына мініп келгенде, райдан қайтарар қарындас пейіліндей демеу сыр, жебеу жыр осы Күләштің кітаптарында көп кездеседі”/15 3б/.  Белгілі қаламгер Ә.Кекілбаев Күләш Ахметованың өлеңдері туралы осылай дейді.

Ақын жүрегі елім деп соғады. Халқының ауыз біршілікте болып,тәуелсіздіктің көк аспанында  еркін самғауын қалаған ақын:

Бірімізді біріміз құқай көріп –

Дұшпанға жем болармыз ұпай беріп.

Өзімізді — өзіміз сыйламасақ,

Сыйлайма ағылшын мен қытай келіп?!-

деуі де сондықтан. Салт- дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, діліміз бен тілімізді сақтап, оларды үнемі дамытып отыруды да кейінгі ұрпаққа аманат етеді.Жастар ғана емес,Жасамыс жұрағаттарды да, әсіресе, ел басқарып жүрген жақсылар мен жайсаңдарды да ана тілімізді ардақ тұтуға үндейді.

Мұны ұқсақ,“қазынамыз – той”демесек,

Той емес, ең керегі – ой мен есеп.

Қазақтың бай тілінде кім сөйлесін,

Шырынын тамызып біз сөйлемесек?

Табады төл тарихын жұрт түбінде,

Басталды құрмет пенен құнт бүгінде.

Ілесер ынталанып дүйім халық,

Сөйлесе ұлықтары ұлт тілінде.

Ақын шындықты айтып отыр. Өз тілімізді өзімізден өзге кім қастерлейді, кім жоқтайды ?!Ақын жас ұрпаққа осыны ұғындырмақ. Ықылым замандардан бері сан жетпейтін зомбылықты, тіл жетпейтін тауқыметті басынан өткерген халқымыздың Тәуелсіздігін  баянды бар жан – жүрегімен қолдап – қуаттаған ақын оқырманын  өткеннен сабақ алуға шақырады.

Өз салтын өзге бірақ үйретпесін,

Ыза сөз жауар бұлттай түйдектесін.

Бауырым,

Бабалардың басқан жерін,

Тәңірім енді жатқа билетпесін!-

деп тебіренуі осы сөзіміздің дәлелі.

К.Ахметованың ақындық өнерінде өзіндік өзгешеліктер мол. Оның бастысы, әрине қайсыбір тақырып, мәселелер өмір шындығына негізделуінде жатыр.Өлең мұраты, ондағы өмір оқиғасы мен лирикалық қаһарман әлемі осы бағыт аясында кең өріс алады

Бастысы , әрине, К.Ахметова өмірін өнерге арнаған.Өмірге өнердің көзімен қарайды.Шындық жайттардан, толғам — толғаныс, тебіреністі сәттерден қуат алады. Сыр мен сезімді қатар ұстайды.Шындық шырағын алысқа түсіреді. Мұның бәрінде де ақындық мұрат айқын.Ұлттық болмыс пен уақыт өрнегі бедерлі. Қайсыбір тақырып, мәселелер жүрек айнасы арқылы көңіл безбеніне салынады.Жан жүректі толғантып, тебіреткен жайлар ғана өлең өріміне айналады.Өлеңдегі өмірбаян осылай жазылады.Қазіргі қоғамда адам , жер, әлем, орта, жеке адам тағдыры мәселелері көтерілуде. К.Ахметова лирикалық туындыларында өмір шындығы және қ аһарман әлеміне кең орын беріледі. “…Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен сезініп, алдымен ләззаттанып, алдымен жиіркенетін де сол адам десек, ендеше поэзияның бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім-түйсігінен жаралған. Демек, адамның қатысуынсыз поэзия жоқ. Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, сезетін сезім керек. Демек, шынайы поэзия – адам сезімінің анатомиясы да, шын ақын соның зертеушісі. Шынайы ақын — өз халқының шаттанса, шаттығы мен қуанышы; жыласа, көкірек шерімен көз жасы”, — дейді ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің “Қазақ жырының бір жылы” атты мақаласында. /17.215 /

Осы пікірде айтылғандай, Күләш қай тақырыпты жырласа да барынша шынайы, көркем жырлауды мақсат етеді. Ақынның байқампаз назарынан ешбір құбылыс таса қалмайды. Әсіресе, өзі өмір сүріп отырған орта, заман шындығы, қоғамдығы келеңсіз жайттар мен зиянды әрекеттер өлеңде барынша айқын көрінеді

         Қайран елім!

         Қонақжай қайырымды.

         Құндағынан жүрегі бай , ұғымды                              

         Толқындары қатерлі дарияға

         Қалтылдатып салдың – ау қайығыңды./.18.159/

Атақты сыншы В.Г.Белинский: “Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз дәуірінің перзенті ”, — деген екен. Осы пікірге сүйенсек, Күләш өлеңдерінде өз дәуірінің көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан құбылыстары сөз болады.

         Жадыңдама?

         Жауың кім? Бүлік – қас кім?

         Кіммен діндес, кімменен дос, ғұрыптассың.

         Жүрегіңе даланың даусы жетсе,

         Мәңгі бақи ойларсың, ұмытпассың.

Ақын өлеңінде  егемен елінің ертеңіне алаңдаушылық басым. Осы өлең әрі қарай былай өрбиді:

         Бұтағына жармасып өлі үміттің,

Кімге сендің ?

         Кімдерден нені күттің ?

         Бір тарының сыйғызып қауызына,

         Айырғанын еркіңнен неге ұмыттың —   деп ақын өз ұлтын қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр – пыр болып қорғайды. Әйтсе де Отан – от басынан басталады. Әлемдік қиындықтың бір пұшпағы — әркімнің өз ошағынан өрбиді.“Егер бүкіл Жерге сызат түсер болса, сол сызат алдымен ақындардың жүрегін басып өтеді”деген екен Генрих Гейне. Ал егер сол айтып отырғанымыз әйел ақын болса, Ана болса, оның жүрегі қаптаған жарақаттан тұрады.Ең керемет деген ер азаматтың басында мың мұң болса,әйелдердің, ақын әйелдердің басыда мың бір мұңы болады. Күләш Ахметова, міне , сондай ару, сондай ақын!

         Ақын “Оюлар” атты өлеңінде:

                   Қазақтың оюлары – ай, оюлары!

                   Даладай бояулары қою бәрі!

                   Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш

                   Жарайды көрмелерге қоюға әлі! /18.150./ – деп қазақ халқының дәстүрлі өнерін мақтан етеді.

К.Ахметованың тәуелсіздік кезеңіне дейін жазған дүниелері бір төбе болса, еліміз егемендік алғаннан бергі шығармалары ақынның шығармашылығының шыңы деуге болады.Тәуелсіздік толғауларын біз ақынның жаңа шықан “Құт”кітабынан кездестіреміз. Кітаптың алғашқы беташар өлеңі “Құт” деп аталады. Өлеңнің соңғы екі жол өлеңі ақынның өзекжарды арманы:

                   Келешек ұрпақ, сенің құтың мен қуатың –

                   Кемелденгенде білімімнің, сұлулығында —  рухтың!

Гегель “Эстетика бойынша дәрістерінде” эпикалық поэзияның мазмұнында жалпы әлем шеңберіндегі ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады . Бұрын жазылған “Ғасыр қасіреті”,“Сарыөзек сағыныш”, “Болашақ үшін”, “Үлбір сұлу” атты поэма- толғауларында ақын адамзатқа ортақ әділетті іздеу, бейбітшілікті сақтау, экологияны қорғау, махаббат пен мейірімді асқақтату мұратын биік қойып отырса, жаңа кітабыдағы “Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық” атты поэмасында адамның рухани бостандығын, елдің азаттығын, қоныстың құттылығын көздің қарашығындай аялап, Елбасын аманаттайды, ұрпаққа ұлықтайды. Ел, халық, Отан, Жер деген қасиетті ұғымдарды қанына сіңіріп, жүрегіңе құйып отырады. Ақынның бүкіл шығармашылығының  алтын арқауы болып табылатын адамгершілік құндылықтар “Құт” кітабында айрықша сипат алып, әрленіп, қуаттанып келеді.

         Астана туралы толғаған ақындардың алғашқыларының бірі де  Күләш.

                   Өнерлі орда, аспаны ән,

                   Жаңбыр – нұрмен жуынған.

                   Көшіп кеттің, Астана –

                   Жаухар Жетісуымнан, —

деп жырлайды ақын.Әрине, жер жаннаты атанған Жетісуға Елордасының әрі әр нәр беріп жарасым тауып тұрғаны анық. Өз Отанын жерұйық көріп,жүрекпен сүйіп, бас ию – Ахметова жырларында жиі кездеседі.

                   …Адамдарды құртады

                                               -құлай ұқпау,

                   Алдымызда —  ұлы үкім,                                                       

                   Біздің ғажап даламыз

                                               жан пида боп,

         Сүю мен қорғауға лайықты – ау!

“­Өз басым кейінгі жас ақындарға қарап, тіпті екпіндеріне қауіптеніп қарап отырамын. Сондай қауіптене, сүйсіне қарайтын азғантай топтың ішінде Күләштің творчестовасы менің көз алдымда өсіп, дамып келеді.

Бір өлеңнен екіншісіне аттаған сайын өсіп келеді. Күләшқа менің бір риза болатын жерім – ол өлеңге өте жауапты қарайды. Баяғыда біздің ауылда Сәрсен деген зергер болған – ды. Күмістен ою оятын: білезік, сақина, сырға, алқа дейсің бе – бәрін жасайтын. Сонда көріктен шыққан күмістен қол түгілі, көзге көрінбес нәзік өрнектерді  кез келген адам төзе бермейтін шыдай бермейтін шыдамдылықпен әшекейлейтін. Іші алтын, сырты күміс өлеңді жазу да  осындай ісмерлік, шеберлікті қажет ететін сияқты. Күләш та тап сол секілді” – дейді Ф.Оңғарсынова /19.123/ .

 Күләш өлеңдері оқырманын табиғилығымен, тектілігімен баурайды. Ақын тіл тағдыры- ел тағдыры, мемлекет тірегі. Осы тұста халқын ұлтын сүйетін, ұлт бесігіде тербелген әрбір ұл мен қыз туған тілдің келешегі үшін күресуі керек екенін, туған тілсіз Азаттықтың құны жоқ екендігін қатты ескертеді.

Өлеңдерінен ананың, ақын ананың үні сезіледі.Ана тақырыбын жырлауда да өзідік шеберлігін таытқан.Әрбір өлеңі сырттай өзінше жеке туынды көрінгенмен, іштей бір-бірімен үндесіп, ұласып, ұштасып жатқан тұтас әлем.Өлеңдерін көкірек көзімізден өткізе отырып, оны сыршыл ақын, өлең сөздің зергері екендігін тани түсеміз.

Күләштың «Ақ гүлім менің» деген алғашқы жинағынан бастап, соңғы кітабына дейігі аралықта жыр әлемінің шексіз кеңістігі мен түпсіз тұңғиығына, еркін бойлап, елі мен жерін байтақ Қазақстанын үлкен махаббатпен жырлап келе жатқан үлкен жүректі тұлға екені даусыз. 

 

1.2. К.Ахметованың махаббат лирикасы.

 

Поэзияның өнер мүлкі  ретінді қыр сыры мол  жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды .Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім.Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше. Күләш өлең сүйер оқырманын да , асыл сөзді бағалар әдебиетші қауымды да әрқашан мойындатқан ақын.

Сүйеді деп ойлауға жасқанар да ем

                   Таныстар да ол жайлы ойламаған.

                   Бірақ сүйем дей тұғын басқалармен

                   Бақытты бола қою қайда маған?

деп ағынан ақтарылған ақын өлең жасамайды, оны жүрегінен толғатып әкеледі. Сондықтан, Күләш тақырып таңдап жазатындар қатарынан емес.

 Жалпыға ортақ  өмірлік мәселелермен адами сезімдердің ақын қаламынан тыс қалмасы анық. Күләш өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. Ақын бірде азамат болып сыр ашып, бойжеткен болып мұңаяды. Соның ішінде біз сөз  еткелі отырған ақынның махаббат лирикасы.

Аңқау , тұйық, алаңы аз қыз едім,

Сені көріп бал-бұл жанды жүз , өңім

Сені көріп бұрымымды реттеп

Сені көріп жүрісімді түзедім.

Сені көрдім. Сілкіп өтті қатты ағын.

Ұмтылуға, тіл қатуға батпадым.

Бір нәрсені сен әкетіп қалғандай

Алаңдадым, сағат тағат таппадым

“Сені көрдім”өлеңінде махаббаттың тылсым күші қыз жанының албырт арпалысы. Отты сезім мен өр көңілдің шендесіп , шарпылуы арқылы бейнеледі.

              “  Табылды-ау саған да” мұң , мағанда мұң,

                   Сен мұңайсаң қиналып алаңдадым.

                   Қалың жұрттың ішінен қанша қарап,

Саған ұқсас бір адам таба алмадым

деп әрі қарай

                   Есіме алсам,

                   Өртейді ішімді өлең,

                   Ешкім мені өзіңдей түсінбеген.

                   Мүмкін сені сүйетін шығармын-ау

                   Ешкімге ұқсамайтының үшін де мен./20.92/

 “Айналдырып уақытты”деп аталатын бұл лирикада бойжеткеннің ішкі жан-дүниесі әдемі көрінеді.

                   Жанарымда:

                   Үмітім, қуанышым.

                   Түсінбесең,

                   Түзіліп мұздар ішім.

                   Сүйетінін дәлелдеп айтып жату

Міндетті де емес-ау қыздар үшін…/20.93/

Бұл айтылған лирикалық кейіпкердің жан-толқындары ақынның өз басынан кешірген сезім сәттері Күләш өлеңдері адам жанының әр сәттік жай-күйін дөп басудың үлгісін көрсетеді.

                   Неге бүгін тау жаққа жүр демедің,

                   Тәкәпарлық біздерге не береді.

                   Жазды ұзарт деп тілеп ем мен тәңірден,

                   Жаз қызығын бірақ сен молайтпадың.

                   Тамылжыған тамыздай сентябрьде

                   “ Қыдырайық, жаным! ”деп неге айтпадың ?! /20.81/ 

Өлең сұраудан басталып, сұрақпен аяқталып тұр. Сұраушы, сұрақ қоюшы – лирикалық кейіпкер, сұрауға, сұраққа жауап беруге тиісті жан – ол. Өлеңде сұраққа, жауап күткен жүрек тілегіне, оның сұраулы лүпіліне дауа болып, шипа дарыта алатын да сол. Бірақ лирикалық кейіпкердің көңілінің асыл жұмбағы шешілмеген қапы қала береді.

Сүйген көңілдің сүйіктісіне қояр талабы да көп, тілегі де зор. Кеше балаша қуанса, енді бірде қайта мұңаяды.

                   Өмірден таңдап тапқан дара бағым – ау,

                   Қатулы қабағыма қарап мынау.

                   Сен шақырып,

Мен ылғи “ бармаймын деп ”,

Гүлден нәзік көңіліңді жараладым – ау.

Сендей адам мен үшін анық көп дейсің бе,

Кештерімді қызық та, жарық та етпейсің бе?

“Бармаймын ” дагеніме көне бересің бе,

Көздерімді тұндырып алып кетпейсің бе?! 

Тағы да сұрау, тілекке толы көңіл. Лирикалық кейіпкер орамалы иығына сырғып түсіп, әлі де сүйіктісін күтіп отыр.Мұның нәзік қарсылығына қарамай, ол мұны бақыт бағына ала жөнелетіндей.

“…Кейбіреулер махаббат, көңіл-күй тақырыбындағы өлеңдер турасында жалаң сезімге құрылған” деген тіркес  қолданып, сынайтын болып жүр. Ал сезімнің жалаңы болады дегенге мен түсінбеймін. “Сезімге  әсер етпейді — сезімсіз” десек, бір жөн. Жалпы  бізде поэзияның  иісін тұмауратып  жүргендей сезінетінімізді  әшкерелейтін  әдет бар. Көңіл – күй,  махаббат, достық лирикасын “отбасы, ошақ қасының  өлеңі” деп менсінбей қараймыз.  Дүние  жүзінде халықаралық  Нобель  сыйлығының лауреатын  тұңғыш алған ақын әйел, Чили қызы Гаквриэль Мистраль  ыстық қанды сезімге толы махаббат лирикасымен әлемге аты шыққан. Сезімнің сүйініші де, күйініші де адамды , не заманды таңдамайды емес пе ? Қуанбайтын, қайғырмайтын, сүймейтін , жек көрмейтін адам бола ма? ” —  деп  Фариза ақын айтқандай /21.211/ Күләштің бұл тұрғыда айтпағы мүлде бөлек.  Ол әлі көп ешкім батылы барып жырлай бермейтін,  адам сезімдерінің небір қалтарыстарына үңіледі. 

         Ақын “Жұбатпадың”өлеңінде:

         Сен деп едім жылытар шуақ таңым,

         Арманымның көгертер мұраттарын.

         Өксігімді баса алмай жылағанда

         Сүйіп тұрып сен неге жұбатпадың ?

 

         Қып – қызыл боп осынау сәттегі арай .

         Мұңымды ұққан бұлтқа беттеген Ай.

         Жер дүние жанымды ұққан кезде

         Жұбатпадың сен ғана, әттеген – ай /16.64/

Өз еңбегінде Н.С.Қамарова: “Күшті сезім мен эмоцияны жүйелейтін мұң атты психикалық  форма алдымен  лирикаға тән, яғни ішкі монологты құрайтын негізгі күш” /22.84/ – дейді.

Жұмыр жердей жүгі көп бұл жүректі

Күтуде өткен күндерім шын жүдетті.

Көзім талып, шаштарым ағарады,

Көрмегелі тағы да жүз жыл өтті!

Жүз жыл өтті жолыңа қарағалы,

Қарағалы құруда бар амалым.

Гүл кезімде ұлғайып жараларым,

Күн көзінде сарғайды орамалым. /20.129/

Ақын жүрек сырын жырлайды. Жүрекке түскен ауыртпалықтың, сағыныштың салмағын “жұмыр жерге”теңеу арқылы өлеңмен өрнектеп,  салмақтап беріп отыр.Қазақ өлеңін теориялық  тұрғыдан зерттеген ғалым З.Ахметов теңеу жөнінде: Көпшілікке белгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен салыстырып айту бір басқа да, ал бейнелілік  сипаты бар көркем теңеу жасау – бір басқа. Теңеу туралы айтылғанда, салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек мән беріледі. Асылында, мәселен тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған құбылыс, нәрсе қандай. Оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңдестірудің өзінен қандай мағына туып,  ой аңғарылады – міне, алдымен осылар толық ескерілуге тиіс”, — деген болатын. Ақынның жоғарыда келтірілген өлең шумағындағы теңеу, ең алдымен, ақындық шеберлік, ұтқырлықты танытса, екіншіден, таза қазақы ойлау арқылы өлеңге ұлттық сипат дарытқан.

Ақын көңіл – күй, сезім қалтарыстарын көрсеткенде көбіне “жапырақ ” сөзін мотив етіп алады

Ала бұлттай ала тұман төңірек,

Таң ертеңгі жапырақтай мұңайдым. ?!/20.119/

Соғады самал есіле,

Жапырақ – жүрек дүрсілдеп…/20.66 /

Айтылмады әңгімем желге менің.

Жапырағым жетпеді жерге менің. /20.86 /

Өлеңдегі жапырақ сөзі ақынның нәзік те сыршылдығын аңғартады.Бұл өлеңдер ақынның “Жапырақ – жаздың жүрегі” кітабына топтастырылған.

Лирикалық туындыдағы басты іс — әрекет жеке адам характеріне құрылатыны белгілі. Оны әдебиеттануда лирикалык кейіпкер дейміз.   Автор  мен лирикалық кейіпкер ара-қатынасының ара жігін айыру мәселесін  қарастыру аса күрделі.Бұл мәселеде көптеген қателіктер мен түрлі пікірлердің  де кездесетіні  заңды.  Бұл туралы З.Ахметовтың:  “ Лириканы  түсіну пайымдаудағы үлкен және жиі кездесетін қателік – ақын өз атынан айтқанының бәрін тек өзі туралы, өз басы жайында айтып отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатындығы да өзіне ғана емес, өзгеге  де тән  көңіл – күйін  сезіне, айта алатынын  ескермеушілік”/23.272/, — деген пікірін еске аламыз. Мысалы, ақынның

Намыс менің серігім-ді жас күннен,

         Арпалысып кеудемдегі тасқынмен,

         Қаншама рет жаным жылап,

         өзіңді

         көрген жерде көрмеген боп қаштым мен, —

деген өлең жолдарынан ақын болмысының,  табиғатының әр түрлілігінен оның поэзиясындағы үні дараланады. Лирикалық кейіпкер тек өз басының күйін ғана күйттемейді, бұл ақын атаулыға  тән қасиет болса  керек. Поэзия әлемінде жасқа – кәріге немесе ерлерге — әйелдерге деп арнайы қойған тақырып жоқ. Бұл жөнінде Фариза ақын “ Адамзатқа тән сезім , түйсік, тағы басқа қадір – қасиеттердің әйел затына да тән екенінің ақиқаттығын айту қажет еместігі  секілді, әйел сезімінен туған поэзия жалпы  поэзиядан басқа, бейтаныс бір әлем құбылыстарының туындысы деп түсінуді теріс дәлелдеу де артық тәрізді. Өзіндік үні жоқ, жақсы деп  жақсылығын айту немесе жаман деп нашар дүние  екендігін дәлелдеуі қиын туындылары бар адам — әйел ме, ер ме, кім болсын, — әйтеуір, ақын емес. Анна Ахматованың “Мужество” деген өлеңін оқи отырып, нәзік те тамаша жыныстың өкілі  бола тұра, әйел басымен еркектің аузынан шығар сөзді айтты деп  айыптай аламыз ба? Демек, бұдан поэзиямызда ақынның жынысы басты роль атқармайды: ақын дүниені қалай көтереді, сол көріністі  өз сезіміне сіңіріп, сосын қалай өзінше суреттей алады әңгіме түйіні осында” , — деген еді.

         Десек те, қазақтың ақын қыздарының шығармашылығына жеке тоқталып,  біршама зерттеген С.Айбергенова өзінің “Қазақ ақын әйелдер шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы” атты диссертациясында осы бір “өзгеше әлемнің” өзіне тән мынадай бірнеше ерекшеліктерін атап көрсеткен болатын: “…Біріншіден, қазақ әйелдер поэзиясына тән ең басты ерекшелік,  дүниеге, қоршаған ортаға, кешеге,  бүгінге және ертеңге  Ана көзімен қарап, Аналық сезіммен жырлау . Мұның өзі әуелі ұят – иман, әдеп – иба деп өскен ұлттық тәрбиелеуіміздің дұрыстығына тағы да көзімізді жеткізе түсетін фактор.

         Екіншіден, ерекше  бөліп айтар қасиеті – ақын әйелдердің  көркемдік  әлемінің палитрасына жинақталған  бояулардың әрі қанық, әрі алуан түрлілігі. Әйел  ақындар аққу үнімен, нәзік сарынымен, қарлығаш  қамқорлығымен ізгі ниеттерге үндейді екен.

         Үшіншіден, қазақ ақын әйелдерінің  поэзиясынан бөлек бір тектілік  аңғарылады. Бұл тектіліктің  екінші атын дәстүр  жалғастығы деуге боады: ара  тасқа гүл өспейді, гүл құнарлы топырақта көктейді./24.78/

                  Көз салмасам, ерінімді тоспасам,

                   Көнерсің сен, сенерсің  де шыдарсың.

                   Дәл осылай ешкімді де ешқашан

                   Таза, сұлу сүймеген – ақ шығарсың./11. 47/

Міне, бұл Күләш Ахметоваға дейін де талай жырланған тақырып, талай жастың жан сыры. Алайда, ақын осы дәстүрді әрі қарай жалғастыра отырып, өзіндік тың сүрлеу қалыптастырады, осы тақырыпқа Күләш ақынша келуді мұрат тұтады. Ақын лирикасындағы негізгі бағыт — адам өмірі, заман сыры, уақыт деңгейі, табиғат, достық, махаббат туралы ойлар. Тақырыптық жағынан табиғат лирикасы поэзияның ғасырдан-ғасырға, ұрпақган-ұрпаққа жетіп, үздіксіз жырланып келе жатқан мәңгілік тақырыптарының бірі. Әлемдік табиғат тарихына көз жіберсек, әр қоғамның, әр ұлттың ақындары өз туған өлкесін өресі жеткенінше жырға қосып келгені аян. Табиғат құшағында туып-өскен суреткер одан көркемдік ләззат алмай отыра алмайды. Ақын табиғатты әлемдік заңымен бейнелеп тануға құштар. Ақын әрқашан жаратылыспен сырлас, тілдес екендігін айтпай-ақ түсінуге болады.

Поэзия мен махаббат – бір – бірінен айрылмайтын егіз ұғым. Сондықтан, әр елдің әдебиетін, әсіресе поэзиясында көп ұшырасатын, мәңгілік тақырып – махаббат. Бірақ, әр халықтың жан – дүниесінің құрылымына, әрбір ақынның ой – түйсігіне қарай, махаббатты әркім өзінше жырлайды:

Үндемейсің…

Дүниенің бұзылды ырғақтары,

Күндегідей сыңғырлап су ақпады.

Дір-дір етті үрейден гүл бақтағы,

Шегірткелер шырылын тыңдатпады.

Көбелектер ұшуға бір батпады

Қуаныш пен үміттің күл боп бәрі,

Айналаны ақ түтек түн қаптады

Қиын екен тал түсте күн батқаны

Көк теңізге отырмын шым батқалы/20. 120/

– деп табиғаттың дүлей күшін суреттей отырып, адам қайғысын, зарын тілге тиек етеді. Яғни, жүректі қан жылатқан кайғы-мүңды табиғаттың дүлейімен жеткізеді. Басқа жырларында да табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге қанаттасып жатады. Кей сәттерде адам құбылысы санамен, көңілмен үндесіп сұлу сырлы суреттерді көз алдыңа әкеледі. Сөз ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы сияқгы ғана көрінеді де ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезімінді калай билеп қалғанын білмей каласың.  Сонымен, ақынның лирикаларында кейіпкердің бүкіл жан-дүниесіндегі шарасыздық пен мазасыздыққа табиғат та ортақсып, үн қосады. Ақын табиғатты лирикалық кейіпкер сезімін ашудағы кілт ретінде орынды пайдаланған. Сондай-ақ, жоғарыда келтірілген өлең шумақтарындағы теңеулер ең алдымен, ақындық шеберлік, ұтқырлықты танытса, екіншіден, таза қазақы ойлау арқылы өлеңге ұлттық сипат дарытқан. Лирикада  мінез болады. Ол – ақынның мінезі. Өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады”,- деген сөзінің салмағы осы арадан байқалады.

К.Ахметова шығармашылығын сөз еткенде тағы бір айта кететін жайт – оның өлең өрнегіндегі ерекшелігі, жаңашылдығы. Жалпы Ахметова  дәстүрлі поэзиямыздың негізін сақтай отырып, оны одан әрі жалғастырып, дамытушы. Ол дәстүрді жаңа мазмұн мен тың образ, терең философиямен, тосын теңеу, жаңа сөз орамдарымен байытушы. Ақын өлеңдерінде нәзік сезімді ғана сөз етіп қоймай, оны айналасындағы құбылыстармен, табиғатпен салыстыра суреттейді.

Құстар қайтып келеді шулап, талып,

Жүрек соқты кеудені тулап барып.

Көктем лебі, әнекей, ауада жүр

Көп-көгілдір жібектей шумақталып

Кеудесінен дүние ән ағылтып,

өрік, алма жарғанда жаңа бүртік.

Жан-жағыңа қарайсың ғашық көзбен

Көңіл – көктем тыншымай алабұртып.

«Лирикалық шығарманың күші, қуаттылығы алдымен адамның көңіл-күйін, өмірдегі жағдай-құбылыстан алған әсерін бейнелеп, жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады. Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән ерекше сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын, табиғатты айрықша сергектік сезімталдықпен қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім» /25.113/

  Махаббат тақырыбы –  поэзияның құнарлы арналарының бірі. Ол махаббатты адамның ең асыл сезімдерінің бірі ретінде суреттей келе, оның жан мен тәнге бірдей қасиетін айшықтауға ұмтылады. Махаббат сезімі – «тәтті у». Яғни қайшылығы көп сезім. Бірақ сүймеген жүрек – өлі жүрек. Өмірдің шын рахатын сезбеген жүрек.  

Қазіргі қазақ өлеңінің жапырағын  жайқалта түскені 60- жылдардан  бергі уақытты қамтиды.  Қазақ лирикалық  поэзиясының философиялық тереңдігі  артып, мазмұнының баюы, түр жаңалықтарына  еркін баруы, уақытпен үндестігі – публицистикалық  сипатының молаюы,  ақындарымыздың даралыққа ұмтылуы, ең басты  ұлттық дәстүрге бірыңғай бет бұруы – 1960  жылдардан  басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан  қазақ өлеңінің сапалы қасиеттері Қ.Мырзалиевтің:  “Кейінгі жылдары қазақ поэзиясының  қадір – қасиеті қаттырақ  өсті деп мақтанар болсақ, ол ең алдымен,  лирикамыздың құлдырап барып қайта қалықтап шыққан қыран мінезді лирикамыздың арқасы. Қазірде  лирикалық кейіпкер  дегеніміз еңселі, иықты интеллект дәрежесіне  көтеріліп, оның арқалар жүгі бұрынғыдан гөрі ауырлап, әлдеқайда  көбейіп барады. Ал енді біз бұрын түсініп келгендей, ғашық жігіт, ғашық қыз немесе  жаратылыстың  жарқын суретіне қызықтай қараған құмар жан, ия болмаса  жора – жолдасы мен жырақта қалған жап – жасыл жастық шағын есіне алып ойға шолып, кейде тіпті, бейкүнә көз жасына ие  бола алмай  жылап та алатын көңілшек кейіпкер ғана емес, есейген  от басы,  ошақ қасынан біраз қашықтап, бір түтіннің ғана  қамын ойлауды әлдеқашан ұмытып, дүйім  ел, барша жұрт қамын, керек десеңіз мынау жатқан байтақ планетамыздың тағдырын ойлайтын қайраткер  дәрежесіне шейін көтерілген  кейіпкер”/26 .34/, —  дегені де 60 – жылдардан бергі уақыт аралығын  қамтитын өлең  өнеріміздің шындығынан алынып айтылған.К.Ахметованың махаббат лирикасы алғаш жүректі дір еткізген  бала махаббаттан бастау алып,елге, жерге, отбасына деген  махаббатымен ұштасады. Ақын қыз сезімінің тұңғиық, терең қалтарыстарына үңіледі. Ондағы шынайылық пен төгіліп жатқан керемет сезім толқынды сезімдерді дәп басып көрсетеді. Сондай-ақ махаббатқа адалдықты үндейді. К.Ахметова өлеңдері адам жанының әр сәттік жай-күйін дөп басудың үлгісін көрсетеді.

Күләш Ахметованың мұраты айқын, шабыты шалқар, сезімі нұрлы да шуақты, ақындық әлемі көркем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. КҮЛӘШ АХМЕТОВА ЛИРИКАСЫНДАҒЫ СТИЛЬ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК МӘСЕЛЕСІ.

 

Орыстың атақты сыншысы В.Г.Белинский : “Он том жазсаң, жеткізе алмас ойыңды бір сызып тастай салғандай етіп, жалғыз сөзбен айтып берер – көркемдік” , — дейді /27.53/. Ал сөзді дәл осы дәрежесінде танып, тауып қолдана білу шынайы ақындық шеберлік екені даусыз.

         Сөз көркемдігінің тағы бір ерекшелігі – тап басып, дәл тауып айтылуы, суреттің табиғилығы. Көріктеу құралы қаншалықты  ашық, айқын, дәл берілсе , ол соншалық мойындатқыш, әсерлі. Өйткені, көріктеу құралы көркемдеу қызметін ғана атқармайды, басқаша айтқанда, бояудың рөлінде ғана қолданылмайды, сонымен бірге ой үшін, оның айқын, ашық түсініліктілігі үшін де қажет. Демек, мағына үшін қажет. Ақындық шеберліктің тағы бір қыры-қолданылуына қарай көп мағыналы сөздің айтылмаған, қолданылмаған қырын күтпеген жерден, тұтқиылдан тауып қолдану, сөйтіп сөздің жаңа мағынасын ашу, — дейді Т.Әбдірахманова /28 .95/

Гегель поэзияны өнердің тәжі, өнердің биік шоқтығы мен биік  шыны деп атаған, ендеше таза сезімнің ашық түрде айқын көрнер арнасы да осы поэзия. Олай дейтініміз, поэзия бейнелі терең құнды асыл сөздер арқылы адамның ішкі жан-дүнесін тәптіштеп толық жеткізуге ұмтылады. Осы ойымызды Александр Блоктың сөзі одан әрі қуаттандыра түсетіндей: ”Кімде-кім” дүниені мөп-сөлдір таза күйінде көре алса, кімде-кім дүнеге сәби көзімен қарап, сол сәби көзінің жанарына ересек адам санасының нұрын төге алса, міне, сол адам суреткер; кімде-кім тағдырдың жазуымен, тіпті өз еркінен тыс, тек өз табиғатының ерекшелігімен, дүненің тек бергі қабатын ғана көрмей, соның арғы жағында жатқан сырларды ұға алса, аңғал болмыстың көлегейінен жай адамның көзі ажырата алмайтые сонау бимағлұм алыс қиырларды қырағы көзімен шала алса – міне, сол адам суреткер”. Меніңше, Александр Блоктың айтқанындай, ”ерекше көзі” бар ақындар қатарына Абай әлемін, одан рухани нәр, үлгі алып өскен, ізін жалғастырушы қазақ ақындарын жатқызамыз.               

Ақын лирикасындағы тілдік – стильдік, бейнелік құбылыстар да ерекше назар аударады. Әдебиеттану ғылымында стиль мәселесіне ерекше маңыз беріледі. Стиль – форма мен мазмұн көркемдігінің жалпы сипаты. Жалпы, стильден жеке суреткердің өзіне тән ерекшелігі туады. Әрі: “бір ғана шығарманың бойына тән ерекше стильдік сипат сол суреткердің басқа шығармаларының стильдік сипаттарымен астаса, жарыса қиысып оның тұтас творчествосына тән стильдік ерекшелігін жасауы мүмкін”. /29.79 / Сонымен бірге, суреткердің өзіндік ерекшелігі оқшау, дара қалыптасатын құбылыс емес. Яғни, жеке стильдің жасалуы үстінде өткен, бұрыннан бар стильді қолдануден аулақтай алмайсыз, себебі олар бірлесіп, өзара ұқсас көркемдік мәселені шешуге қатысады. Мұның ақындық өнерімен де үндесетін тұстары бар.

Батысқа жүйтки жөнелген,

Поезбен қаштым сенен мен.

Еске алмайын-ақ деп ем мен

Артымнан қудың өлеңмен.

——————————-

Айналып сиқыр елеске,

Шақырып ыстық кеңеске.

Сағыныш болып жетесің

Самолетте де сен еске.

——————————

Қуам деп ойды жаңғырған,

Саздары бөллек салдым ән.

Самалдан озып кетіп ем,

Сағым боп шықтың алдымнан.

Импрессионистік бояу да, сезім де, көңіл-күй де, қаяу салатын мұң да, көзқарастар конфликтісі де, лирикалық меннің драмалық тағдыры да, уақыт пен заманның ықпалы да бар. Ақын өлеңдерінің баршасы, негізінен, ойлары, сезімдері мұң кеткен үздіксіз бұлқыныстағы лирикалық «Меннің» жүрек жарды ащылы-тұщылы толғаныстарынан, монологтарынан тұрады.

С.Мұқановтың: «Менсіз ақын оригиналды ақын бола алмайды. Мені жоқ ақын өмірдің әрбір көрінісін өз жанының елегінен өткізіп, сол көрініске өзінің менін қоса жырлайтын ақын» (30.336), – деген пікірін ескерсек,  Күләш Ахметованы өзіндік мені қалыптасқан ақын деп батыл айта аламыз.

К.Ахметованың ақындық өнерінде өзіндік өзгешеліктер өте көп. Ол, әсіресе тілдік – стильдік сипатарынан, көркемдік өзгешеліктерінен танылады.

Ақын өз шығармаларында жан – жануар, құс атауларын көңіл – күймен шебер үйлестіре алып көрсетеді.Ол – аққу, ләйлек, ақ тамақ қарлығаш, қырандарды жақсылықпен байланыстырса, сұңқар мен қарғаны, бүркіт пен жапалақты ше ндестіру арқылы философиялық тұжырымдарын алға тартады

Жалп – жалп ұшып жүр тағы қарақұстар.

Тәкаппарлық керек-ау таң қаларға.

Кербез құстар кеткенде сән қалар ма ?/11.106/

Мұндай өлеңдер мен ойлы тұжырым, шумақтар молынан кездеседі. Бәрінен де көркемдік ізденістер, стильдік құбылыстар кеңінен көрінеді.Ой айту мүмкіндіктері, тақырыпқа адалдық та айқын аңғарылады.

         Адамзат пен табиғат арасындағы байланыстардың көркем өнер түрлерінде бейнелер (образдар) арқылы жүзеге асып жататыны, бұл орайда символдың орны бөлек болатыны белгілі. Өйткені, символдық бейнелер жүйесінде ұлттың бірнеше ғасырлар бойында қалыптасқан наным – сенімдері, ой – қиялы, сезім – сырлары тұтастай көрінеді.

Ақын поэзиясының көкжиегі кең. Көркемдік көкжиегі, тілдік мүмкіндіктері мол. Таныс тақырыпты әр қырынан байытып, түрліше суреттейді. Алуан салыстыруларға барады.Олар табиғи, шындық сипатында өріс алады.

         К.Ахметова поэзиясында кездесетін фразеологиялар жайлы сөз еткенде, аса бір ерекше тұс – бұл фразеологияларда лирикалық стиль бояуы анық байқалып тұруы.Оны төмендегі мысалдардан байқаймыз:

Сен үшін бабалардан бата аламын

         Із қалдырам сен үшін жылдарға бұл

         Сыбағасы өзіңе бұйырмаған ./11.280б/

         Алдау – арбау арбасын быт – шыт қылып,

         Ақиқаттың алдында бас ұрайын /11.28б /

Бұл жолдардан, әрине ақынның жан – жүрек дүрсілін танумен бірге өлеңдегі өрісті өлкені де, ізденіс пен ойлылық сипаттарды да, лирикалық кейіпкердің көңіл – күй көзқарасы да терең байқалады. Біздіңше, ақын тақырып табиғатына еркін енеді.Басты мәселеге назар аударып, екпін түсіреді. Әр алуан ізденістер арқылы көркемдік мұраттарға,өмір өнегесіне мән береді. Ой-сөз жүйесіне кең өріс ашады.

         Атақты сыншы В.Г.Белинский: “Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз дәуірінің перзенті” , — деген екен.Осы пікірге сүйенсек, Күләш өлеңдерінде өз дәуірінің көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан құбылыстары сөз болады.

         Ақынның жан-жүрегіндегі алуан қозғалыс пен тербелістер, ойлар мен толғаныстар өмір көріністерінің ешбірін де назардан тыс қалдырмайды. Қоғамдағы құбылыс — өзгерістер, адам өмірі мен еңбегіне қатысты жайттар, елдік пен ерлік тағылымдары, жастық пен достық сырлары, уақыт өрнектері – қанатты сөз, ұтымды ой, шымыр шумақтарға негіз болады.

         Біздіңше, ондай жан-жүректен туындаған өлең-өрнектері табиғи да, тартымды әсер етеді.Көңілге қонымды ұялайды. К.Ахметова  кездесетін көркемдік құралдар алуан түрлі. Осыған сай түрлі эпитет, теңеу, метафора сияқты әдебиеттану ғылымындағы троптың түрлері жиі қолданылады. Бұлардан басқа троптың аллегория, синекдоха, кейіптеу, әсірелеу тәрізді түрлері бар. Бұлардың барлығы да ақынның айтамын деген негізгі идеясын оқырманға барынша ұғынықты, көркем жеткізу үшін керек.

лирикасында тұтастай афоризм ретінде кездесетін өлеңдер де бар:

         Жалғыз қалай, гүл болсам,

         Жайнамақпын ?

         Бұлбұл болсам,

         Кім үшін сайрамақпын ?!

         Құс құсымен жарасар.

         Гүл-гүлімен.

         Жалғыз мықты болсам деп ойламаппын /11.40/

Өлең —  дидактикалық – философиялық сарындағы, шешендік үлгідегі терме, толғау өлең. Мұндай өлеңдер өзінің табиғатында мақал үлгілес афоризм болып келеді. Дегенмен, ақын өмір мұратын, адам әлемі мен іс-әрекеттерін сомдау тұстарында халық мұрасына, ұлттық дүниетаным арналарына еркін барады.Сол арқылы қоғам, өмір шындықтарын келісті суреттейді. Табиғат тылсымына ден қояды. Аң құстар әлеміне енеді.Өзіндік өзгешеліктерін жіті саралайды.Құс сипатын, гүл әсемдігі мен көркемдігін өзіндік белгі, ерекшеліктеріне сай суреттейді..

         К.Ахметова эпитет жасауда дәстүрлі көк тоғай көк тау, көк орманмен қатар, көк белдер, көк көйлекті қыз, көк гүл, көк бұлт эпитеттерін бір шумаққа сыйғыза алады:

         Көктем келіп көк гүлдерін санасаң,

         Көтеріле көк таулармен таласа ән /9.81б/.

“Сарыөзеке сағыныш” поэмасында ақын “сары”сөзінен эпитеттерді шебер үйлестіре білген:

         Сары өзен.Сары тоғай.сары қайың.

         Сары өзек.Сары дала.Сары уайым.

         Сарыптап сезімдерге сабау болып,

         Сары ішік шабытымды жамылайын./11.222б/

Эпитет арқылы белгілі бір зат өзін қоршаған басқа заттар мен құбылыстардан ерекшеленеді. Ол автордың жеке қабылдау-көруіне де тікелей байланысты.

         Ақын өлеңдеріндегі “көк тау”, “сары бұлақ” айқындаулары өзінің жеке қабылдауынан туган. Әдетте, тау мен бұлаққа қатысты – “ала, қара, сеңгір, биік” пен “кәусар, мөлдір, таза” деген айқындаулар қолданса, көктем маусымындағы басым түс – көк болғандығынан, сол бояуға орай “Көк тау”деп алған. “Сарыөзек сағыныш” поэмасында сол сағыныш – аңсардың аясында“сары” түстің басым болып, бұлақтың да сары түске бояуы табиғи шыққан.Өзіндік өзгешеліктерін де нақтылы ашады.

К.Ахметова лирикасында нақты дүниетанымды байқататын метафоралар жүйесі мол . Мәселен: “мезгіл — өзен”, “өмір — күрес”, “өкініш – у ”, “тозім – сенің егізің” секілді ауыстырулар ақынның өмірге көзқарасын байқатады.

         Ақын дәстүрлі “байтақ өлке” күн нұры, жарық үміт, сал самал, сағымды бел, тал бесік, асқақ шыңдар, тар соқпақ, асау толқын, алтын күн, жаңбыр әні т.б. тыңнан оралымын тауып, жарастырып қолдана білген.

Ақын өлеңдеріндегі анафоралық, эпифоралық қайталаулар өз кезегінде шығарманың идеялық мазмұнына, интонациясына әсер етеді.

Өлең сөздің азабына сай келіп,

Жатыр іште бір үміт, бір қайғы өліп.

Көп адамның есінде екен тұрғаның,

Торыққанға тақан шекер, май бөліп,

деген/9.41б/ шумақта ақын айтатын ойын бекітіп, тұрақтандыра түседі. Өлеңнің соңғы тармағындағы – “сай келіп”,“қайғы өліп”, “май бөліп” ақынның ойын күшейтіп, шумақты шымыр ете түскен.Өлеңнің көркемдігі мен рухани  нәрі артқан.    

Академик З.Қабдоловтың: “Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқуы, автордың өз басының  алуан – алуан нәзік түйсіктері күйініш – сүйініш тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында  болған түрлі – түрлі толғаныс – субьективті нәрсе”: бірақ сонымен қабат кәдімгі обьективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл – күйі өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал – жағдайына байланысты, өзі қоршаған шындықтың саяси — әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да – лирикада сол кезеңнің шындығы мен сыры жатады”, — деп тұжырымдауы жоғарыда айтқан ойымызды бекіте түседі/31.62б /

        …Біреу түсіп келеді “Волгасынан”

        Біреу мініп жатқанда автобусқа!

        …Жаңа ғана екі адам айрылысқан

        Жолмен екеу келеді қол ұстасып

        ——————————————-

        …Бесік алып біреулер өткен жолмен

        Бара жатыр біреулер табыт алып!/11.46б/ — деген өлең жолдарындағы  ақынның образбен өрілген философиялық байламдары  дәстүр жалғастығының одан әрі жаңғырып, поэзияға жаңаша ойлаудың келгендігін көрсетті.

          Ақын өлеңдерінің тақырыбы сан алуан, ол тақырып таңдамайтын ақын.  Алайда тақырыптың ақын шығармашылығындағы алар орны ерекше екені  белгілі. Осы тұста ақын Қадыр Мырзалиевтің мына бір бағалы пікірін келтіре кетуді жөн көрдік: “Меніңше, жақсы өлең мазасыз тебіреністен шығады. Жаным сүйген тақырып жүрегімді тербейді де, жазбасқа қоймайды. Шын тебіреністен туған өлең – асқардан ақтарылған тас бұлақтай тегеурінді болуы тиіс”. “Тақырыпты эстетикалық биік талғам деңгейінде нанымды, сенімді игеру  қаламгердің профессионалдық шеберлігіне, идеялық-эстетикалық мұратына, дүниетанымдық көзқарасы мен творчестволық позициясына тікелей қатысты” (32.168), десек   К.Ахметова көтерген тақырыптың қай-қайсысының да тереңнен сыр тартатындығы анық.

         Ақын  К.Ахметова  өлеңдерінен байқалатын тағы бір басты ерекшелік – ондағы ұлттық таным, қазақы ұғымның, қазақы сипаттың молдығы. Бұл ерекшелік жалпы  К.Ахметова  поэзиясында жиі ұшырасады. Ұлттық айырмашылықтарға тарихи тұрғыдан алғаш назар аудартып, жаңаша қисын жасағандардың бірі – ХҮІІІ ғасырдың атақты ағартушысы И.Г.Гердер: “Түйіндеп айтқанда, адамның жарық жалғандағы тұрмыс-тіршілігінде көп мәселе мезгілге, мекенге және ұлттық мінез айырмаларына тәуелді, өйткені ең негізгі  нәрсе – халықтың мінезі”,- деген еді.

                   Осы бір сәтте ақындық атты бақ дарып,

                   Шалқып жатыр жанымнан жалын ақтарып.

                   Думанды ауыл, дидарың жатыр кеудемде

                   Тал бесіктегі таққан тұмардай сақталып . — деген шумақтар жоғарыда айтқанымыздың айқын дәлелі.

         Тыңнан  сөз тіркестерін тізіп, оны творчестволық ізденістермен байыта білу   К.Ахметованың  ақындық қолтаңбасының бір қыры деуге болады.

Тамашасын қарашы мына таңның!

Жаңа таңы ғажайып ұлы Отанның.

Төгіл, шуақ!

Даланың көркін құрап,

Желмен ойнап желбіре,

Желпін, құрақ!

Жұмыр жердің жүрегін дүрсілдетіп

Жүгіріңдер еркін жел,

Еркін бұлақ! /11.11б/

Таң тамашасына таң болып оянған жанның көңіл күйі, сезім сипаты — өлеңнің негізгі өлшемі. Өлеңдегі өлшем, ырғақ пен ұйқас, екпін – бәрі де өзгеше: лепті, отты, салтанатты.Өлеңнен табиғатқа, өмірге деген жарқын құштарлық еседі.Ақынның көктем мен жаз мезгілдерінің көркі туралы жазған өлеңдері осындай пафосымен ерекшеленеді.

Төмен қарай түн төсімен құлапты,

Қараңғыда жатыр үнсіз сұлап қыр.

Беймезгілде жауған жаңбыр астында

Қарағайдың бұтақтары жылап тұр. /9.59/

 ақынның белгісіз бір әлемді аңсауынан, тылсымды іздеуінен туындаған образдар.

 “Ақындық шеберліктің тағы бір қыры – қолданылуына қарай көп мағыналы сөздің айтылмаған, қолданылмаған қырын күтпеген жерден, тұтқиылдан тауып қолдану, сөйтіп сөздің жаңа бір мағынасын ашу”, — дейді ақын Тұрсынхан Әбдірахманова /28.95/ . Поэзия ой мен сезімнің бірлігінен туады десек, ақын жырлары ойланта отырып, әр түрлі сезімге бөлейді.

         Өлеңге биік өлшеммен баратын ақын лирикасының көркемдігі туралы айтқанда, оның  монолог арқылы кейіпкер сырын ашу, лирикалық “меннің” мінезін, психологиясын берудегі шеберлігіне тоқталмай өтуге болмайды. Монологтың адамның өмірмен, уақытпен және табиғатпен қарым-қатынасы кезіндегі алғашқы түрі, яғни ақын үшін суреттеудің ең қолайлы түрі екені рас. Солай бола тұра монологтың  атқарар қызметі де орасан зор.

К.Ахметованың  лирикасында көбінесе ішкі монолог басымдау келеді. Лирикалық кейіпкер өз-өзіне сұрақ қоя, сырласа отырып оқырманын өзіне, өлеңін өмірге айналдырып жібереді.

Бұл – лирикалық кейіпкер сезімінің шарықтау шегі. Өлеңнің бар арқауы – кейіпкер психологиясы, ішкі жан-күйзелісі, ойлары.

         …Асқар тауым деп сүйенер,

         Өлеңім, саған мұң шақтым.

         …Бір шаттыққа жету үшін

         Бірнеше рет мұңайдым.

         ————————————

…Бір қолымнан қуаныш жетелесе,

         Бір қолымнан жібермейді мұң ұстап.

Лирикалық мұң барлық ақында бірдей бола бермейтіндігі  белгілі. “Күшті сезім мен эмоцияны жетелейтін мұң атты психикалық форма ең алдымен лирикаға тән, яғни ішкі монологты құрайтын негізгі күш” (22. 84), — дейді Н.С.Қамарова өз еңбегінде.  Күләш ақын өз кейіпкерлерінің ішкі әлемін беруде осылайша тың ізденістерге барды.

…Есейткен мені ертерек

Бесікте қалған бауырым

…Есейтркен мені сонан соң

Соғыстан соңғы жоқшылық!

…Ертерек мұңмен достастым.

Қияға жолым бұрылды – ау.

Қуыршақпенде қоштастым

Құрбыларымнан бұрындау./18.58 /

Осы тармақтар мен шумақтардың ар жағында қанша қыз, қанша әйелдің, ару ақынның мұңы, мұңы емес шері жатыр! Мұндағы “Мен” есімдігін“ Біз” деген есімдікпен оп – оңай айырбастай салсақ, жалпы жалқыға, бір тағдыр көптің тағдырына айналып жүре береді. Ал көптің тағдыры халықтың тағдыры.

Лирикалық туындыға басты іс-әрекет жеке адам характеріне құрылатыны белгілі. Оны әдебиеттануда лирикалық кейіпкер дейміз. Автор мен лирикалық кейіпкер ара қатынасының аражігін айыру мәселесін қарастыру аса күрделі. Бұл туралы З.Ахметовтың «Лириканы түсіну пайымдаудағы үлкен және жиі кездесетін қателік – ақын өз атынан айтқанның бәрін тек өзі туралы, өз басы жайында айтып отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатындығы да, өзіне ғана емес, өзгеге де тән көңіл-күйін сезіне, айта алатынын ескерушілік» (18,272), – деген пікірін еске аламыз.

Лирикалық кейіпкер (лирикалық герой) ұғымын алғаш негіздеп, оған атау берген – Ю.Тынянов. орыстың ақыны А.Блок қайтыс болғаннан кейін көп кешікпей жазылған «Блок туралы» деген мақаласы (1921) ақынның бүкіл поэзиясын тұтас көрініс, бірегей құбылыс ретінде кейіптеп тұрған нақты адам бейнесі бар екеніне тоқтала келіп, әдебиеттану ғылымында теориялық құны өте маңызды лирикалық кейіпкер категориясын енгізді. Лирикалық кейіпкер – ең алдымен көркем бейне (13.12).

Ал  ақынның лирикалық кейіпкері ұдайы ой үстінде. Кейде мұңаяды, көбінесе қайғырған сәтте асау мінез көрсетіп, шалт қимылдайды.

Хабарласпай кеткенің дұрыс болды,

Көңілі таңғы судай салқындасын деген шығарсың.

Оңашада қамығып ән тыңдасын деген шығарсың…

Менен басқа өмірді де есіне алсын деген шығарсың.

“егіліп жыларсың да, басыларсың” деген шығарсың.

Май айында басынан күзді өткерсін деген шығарсың.

Сүйетіні шын болса, іздеп келсін деген шығарсың.

Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасын зерттеуші-ғалым Тұрсынжан Шапай қазіргі әдебиеттану ғылымында жиі қолданылып жүрген «лирикалық қаһарман», «ақынның мені» сияқты ұғымдардың әрқайсысының өзіндік сипатын анықтауға біршама еңбек жасады. Бұл турасында ғалым «Өлеңдегі лирикалық субьект орта дүниетаным, авторлық дербес сана көрінісі бола отырып, әрқилы адамдық кейіп, мінез-қалып әлеуметтік-психологиялық түрлі саналар арқылы айтылатын жайлар бар. Мәселен, ол өлең мазмұнына құрылысшы, қойшы, ғашық жігіт, мұңлы қыз, қария немесе жас бала т.с.с. кейпінде көрініп, әр қайсысы өз өрісімен парасат-пайым дәрежесінде ой толғап, сыр шертуі мүмкін. Олар бәрін ақынның лирикалық тұлғасымен тұтастықты жеке лирикалық кейіпкер деп қарауымыз әбден заңды. Ал енді ақын оқырман алдына ешқандай лирикалық «маскасыз» шығып, нақты ақындық, адамдық болмысымен көрініп, бүркемесіз өз атынан сөз алса ше? Ақындық «мен» атауын, біздіңше, дәл осы жағдайда қолдану орынды».(34.16), — дейді. Сондай-ақ, лирикалық тұлға – ақынның бүкіл шығармасындағы көп контексіндегі айқындалатын бейне болса, лирикалық кейіпкер жеке фрагментаралық тексте, кез-келген жеке лирикалық өлеңде көрініс тапқан авторлық дербес сананың көркемдік тұрпаты, – деген ой айтады.

Ақын ой өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің жан сыры жыл өткен сайын жаңа сапада жаңғыра береді.  Оның өлеңдері адам жанын әр сәттік жай-күйін дөп басудың үлгісін көрсетеді.

Мезгіл — өзен ақырын ақпайтыны қинайды,

Менің қайғым басқаға батпайтыны қинайды.

Бізді жұртттың білмей-ақ мақтайтыны қинайды,

Бір көгершін кеудемде тыным таппай қинайды.

Жұлдызымыз мәңгілік жанбайтыны қинайды,

Жүйрік жылдар жалт етіп алдайтыны қинайды.

Қайталанбас бір белгі қалмайтыны қинайды

Қайран шөлім өмірде қанбайтыны қинайды, —

дейді де, өмірдегі кездесетін түрлі сәттерден мысал келтіре отырып, алдымен өзіңе деген сенімді күшейту керектігін баса айтып, айналып соғып отырады. Лирикалық кейіпкер  бітімнен қоғамдық өмірдің көрінісі, заман ағымы оның толғанысы арқылы көрінетіні белгілі. Өлеңдегі   өміршең  бейне ылғи алдыңғы саптан табылып, халық атынан сыр ағытып ой тоғытса – онда туынды авторларының да адамзаттық өрісі, кісілік келбеті жарқ етіп көрініп қалады.

Неміс философы Я.Ницще: «Лирикалық образдары – ақынның өзінен басқа ешкім де емес, тек бұл өлеңнің әр қилы формада обьективтенген тұрпаты, сондықтан осынау ұлан – ғасыр әлемнің күндік тұтқасы ретінде ол «Мен» деп сөйлеуге әбден хақылы, бірақ бұл «Мен» империялық рольді «меннің» өзіне ұқсамайды, ол жалпы әр нәрсенің тегінде, негізінде жатқан бірден-бір мәңгілік өсиет,  ақиқат – мән ретінде де көрінеді»,– дей келіп, осы арқылы лирикті жалаң субьективті ақын деген түсінікті жоққа шығарып, ақынның өзін бүкіл ой-сезім әлемімен, түптеп келгенде, сол өзі жаратқан лирикалық геншінің (Ницщенің атауы) танымы ғана деп біледі. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі – ақынның өзі болғанымен, лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, дәлірек айтсақ, толық мағынадағы әдеби бейне сатысына көтеріліп, ақынның ғана емес, оның замандастарының атынан сөйлеу құқына ие болған тұлға. (35.48). Бұл пікірге қосыламыз, бірақ та, ақын не туралы жырласа да, ең алдымен өз толғаныс, дүниетанымын бірінші орынға қояды. Сезім көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын абстрактылы ұғым болғандықтен, лирикада тек көкірекпен ғана түсінетін нәзік сырлары мол болады.

Әр  лирикалық өлең – ақынның жан дүниесінен хабар беретін ақиқатнегізі, көңілінің, жүрегінің күнделігі. Үлкен сезіммен  туған дүниелер құдды психология оқулығы типтес. Аса бір нәзіктілікпен адами болмысты дәл көрсете біледі. (36.56).  Демек,  К.Ахметова өлеңдері арқылы өзінің болмыс-бітімін, әр сәттегі ойларын білдіреді.

Қайда шықтың, енді қайда барасың,

Көріне ме арманыңның қарасы?

Үзейін бе, жалғайын ба, жолаушы,

Тәуекел мен үмітіңнің арасын?

——————————————-

Айбаттанып адам деген ұлы атың,

Құс жолындай жарық болса мұратың.

Бақыт атты асқар тауға жеткізем

Қатпар-қатпар жақсылықтан тұратын, —

дейді ақын “Жол сыры” атты өлеңінде  жолдың атынан сыр ағытып. Ақын не туралы, кім туралы жырласа да, ең алдымен өз толғаныс дүниетанымын бірінші орынға қояды. Сезім көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын абстрактілі ұғым болғандықтан, лирикада тек көкірекпен ғана түсінетін нәзік сырлары мол болады екен.  К.Ахметованың әр лирикалық өлеңі, ақынның жан-дүниесінен хабар беретін ақиқат негізі, көңілінің, жүрегінің  күнделігі. Оны оқи отырып, адами болмысты дәл көре аламыз.

Әдебиет теориясының білгірлерінің бірі Г.Н.Поспелов лирикалық «меннің» туындыларын «медативті» деп атайды. Арнайы тарауда бөлек топ етіп қарастыра келіп: «Осы топтағы медетивная лирика өлеңдер әдебиет тегі тұрғысынан лирикалық поэзияның негізгі түрі болып табылады», деп тұжырымдайды. Шынында да, лирикалық поэзияның таза субьективті  сипаты дәл осындай өлеңдерде өте-мөте анық әрі айқын болады. (37.102). Негізінен қазақ өлеңдеріндегі әдеби бейнелер жүйесі, ақын бейнесінен басталады. Бірақ, басқа да лирикалық образдар болатынын ескермеуге болмайды.

Әйел – ақындар Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, М.Айтқожина, К.Ахметовалардың әрқайсысының ақындық палитрасы бір-біріне ұқсамайды, олардың бәрін біріктіріп, бір жүйе, бір арнаға әкелетін ортақ қасиеттер бар – дәстүр жалғастығы.

Расын да, әңгіме түйіні ақынның дүниені қалай көріп, соны қалай өзінше суреттейтініне байланысты. Дегенмен, бүгінгі замандас әфелдің әлеуметтік ролі, міндет-жауапкершілігі артып отырған кезде, тіпті ол әйелдердің бітім-болмысындағы орасан өзгерістерді көрсете жырлауда ер ақын мен әйел ақынның дүниені көруінде, ойлау табиғатында, сезім-эмоциясында, сонымен қатар бейнелеу құралдарында өзіндік сипат, ерекшелігі бары анық.

Әйел-ақындар нені жазып, нені қойса да өз өлеңдерінен әйел затына тән нәзіктікті, биязылық, әдептілік, керек десеңіз, әйелге тән әсіздікті ұмытқан емес. Керісінше, өлеңдерінің астарында нәзік иірім толқынын байқауға болады. Бұл қолданыс әйел-ақындарда өз жалғасын тапқан.

К.Ахметованың “Ана дауысы”, “Нейтрон бомбасына қарсылық” өлеңіндегі:

Үйі ме сол

Жасаған-ау,

Ауласына бала ойнап отырмаған?!

деген жолдар тек сезімтал да сергек, ана жүрегінің қарс айырылуын білдіреді. Ақын ең бастысы не жазса да, қалай жазса да өміріді сүйіп жазады, адамға деген ізгілікті махаббатпен жазады.

“Көркем әдебиеғттің, оның ішінде поэзияның тіл кестесін білдіретін зерттеулерде “символ” идеяны заттық образбен білдіруін айтады”. Демек, поэтикалық образдың заттық белгісі, яғни, символ – белгілі бір заттың түрінде білдірілген поэтикалық образ”, — дейді ғалым Р.Сыздықова.

К.Ахметова өлеңдерін қарастырғанымызда, ақынның көк түске байланысты небір соны тіркес жасап, орынды образдар жасаудағы тілдік ерекшелігін байқадық. Енді ақынның өлеңдерінен мысал келтіре отырып, көз жеткізуге болады. Мысалы,

Ауаның өзінде де көк шырай қап,

Самал жел көк төксін ойнап…

——————————————

Көк бұлттар көңілімнің ауыры ма,

Алапат кезікпедік дауылыңа.

———————————————

Қатты сағынам көктем айларын,

Көктемнің ғажап сағынам көк тоғайларын.

Күләш жұмсаған сын есім сөз тіркестері көк шырай, көк бояу, көк бұлттар, көк орман, көк тастар, көгілдір нұр, көк көбік, т.б. өлеңдердегі көк түске байланысты дәстүрлі қолданыстағы сөздермен қатар, ақынның өзіндік стильдік сөз қолданысы екендігін байқадық. Ақынның өлеңдерін талдап қарастырғанда, бүкіл өлеңдерінің өн бойынан көк түске байланысты сөз тіркестерінің қолданыс жиілігін, бұл түр-түстің ақынның мінез-құлқына, таным-талғамына жақындығына көз жеткіздік. К.Ахметова табиғат-ананың әр құбылыс, әр сәтіне, діріліне, құбылуына, табиғат пен адам гармониясына үңіледі. Өлеңдеріндегі ақынның асқақ ойы, қол созған арманы, құс қанатты қиялы, бәрі – бәрі қаз қалпында қолмен ұстағандай, дәмін татқандай, кескін келбетін ұққандай көрініс береді. Ақын өмірді өлең түрінде сөйлетеді. Өлең өлкесіне еркін көтеріліп, әсемдік әлемін, сыр сезім сипаттарын қалың көпке де нанымды қалыпта жеткізеді.  

“Әр ақынның өз алдына бір әлем. Әрқайсысының өзінің аспаны, өзінің жұлдызы, өзінің бұты бар.  Бірақ оның барлығы творчествода  көрінуі үшін телегей теңіз тер төгілуі, сандаған сия сауыттыңтүбі сарқылуы шарт ”, — деп Жарасқан Әбдірашев айтпақшы, ақынның бұл саладағы еңбегі орасан зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ақынын алыстан танып, талантты тамыршыдай тап баса білген халықтың оған деген ықылас-құрметі қашан да зор болған. Халықтың берген бағасынан бөлек, ақын туралы баспасөз беттерінде көптеген сын мақалалар көрініп, кейбір еңбектерде біршама зерттеледі.

Ақын лирикасы толысу, кемелдену сатысынан өте келе, тақырып әуені байсалды, байыпты түрге енеді. Ақынның соңғы жылдардағы жазылған әлеуметтік лирикасынан насихат, ғибрат өнегесі байқалады. Бұлда болса, сөз жоқ, автордың қоғам өміріндегі саясатпен байланысты жалпы жұрттық қызметінің әсерінен, ықпал-әрекетінен туындап жататын табиғи процесс болса керек.

 Дүниетаным – табиғатқа, жаратылысқа деген қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы жөніндегі көзқарастар жүйесі. Жеке адамның дүниетанымы ең алдымен қоғамдық болмысты бейнелейді. Бұл бейнелеу өмір процесінде, адамдардың нақты қатынастарында, олардың іс-әрекетінде жүзеге асады да, одан адамдардың белгілі бір көзқарас жүйелері қалыптасады. Қазақтың бірнеше жылдық тарихы бар жыраулық дәстүрінен тамыр алып өрістеген ақындық өнердің де шежіресін мақтанышпен айтуымызға болады. Өзінің тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректі біз – ақындар десек оның сансыз жапырағын – ақынның жыры іспетті дейміз. Осы қазақ өлеңі дейтін өлкеде өз үнін, өз қолтаңбасын бізге, яғни болашақ ұрпаққа танытып келе жатқан талантты ақындарымыздың бірі – Күләш Ахметова. 

Күләш Ахметова өлеңдері тақырыптық жағынан алып қарағанда кілең лирикаға құрылған деуге болады. Оған мөлдірлік, тазалық тән. Осындағы табиғат, көңіл-күй, махаббат лирикалары оқырманның жан – дүнесін тербеп, терең сезіммен баурап әкететін табиғилық басым.Ақын мұратына, өлең өрімі мен ондағы өрнек – үлгілерге ден қойсақ, жыл мезгілдері, табиғат тамашалары мен таңғажайыптары өзіндік белгі, ерекшеліктерімен назар аудартады. Өмір құбыыстары, табиғаттың сыны мен сыры – адам әлемімен байланыстырады. Өмір —  дүние сипаты, уақыт сырлары – табиғат құпияларымен бірлік, үндестікте беріледі. Күләш Ахметова ақындығынан ұлттық мінез-қасиет, адамға тән сыр- сезімдер, уақыт өрнектері, туған тілдің мол мүмкіндіктері терең көрініс береді. Бөлекше айтар жәйт: ақын лирикасы өмір шындығы мен уақыт өрнектерінен тұрады. Онда, әсіресе адам мұраты, еңбектің бейнеті мен зейнеті, жастық — достық сырлары, сыр сезім иірімдері – ұлттық болмыс пен бедерленген, ана тілінің қуатынан нәр алған. Мұның ақын лирикасына, ондағы тілдік – стильдік құбылыстарға қатысы мол. Осы тұста ақын Қ.Мырзалиевтің мына бір бағалы пікірін келтіре кетсек: «Меніңше, жақсы өлең – мазасыз тебіреністен шығады. Өзім жазған поэмалар мен жақсы деген өлеңдерім – өз жанымды тербетіп, маза бермеген ойдан, қиялымды дүбірлеген әуендерден туса керек. Жаным сүйген тақырып жүрегімді тербейді де, жазбасқа қоймайды. Шын тебіреністен туған өлең – асқардан ақтарылған тас бұлақтай тегеуірінді болуға тиісті. Не жазса да ақынның өз мінезі, өз «мені»болуы шарт. «Мені» жоқ ақын, жасық ақын. Ал өзі жасықтың – сөзі жасық». (24.29)

 Ақын поэзиясындағы кейіпкерінің санасында жеке бастық, тұлғалық, лирикалық, романтикалық таным элементтері бір арнаға тоғысады. Ақын лирикасының ең бір елеулі тұсы – ақын кейіпкерлерін сөйлетуде ақын жанының білгірі, нәзік психолог ретінде сөз алады. Ақын «мені» кімнің атынан сөз алса да кісілікті, кішілікті күмбез етіп көтереді.

Сергей Есениннің «Өмірімді білгің келсе – өлеңімді оқы» дейтінін еске түсірсек, шынында да, әр қаламгер өз дәуірінің жыршысы, өз кезеңінің жоқтаушысы. Қай ақынның өлеңі болмасын өз өміріне бір де соқпай кетпейді. Бірақ мәселе жүректегі жаратылыстарды, идеяларды иесіне қалай жеткізуде. Психологиялық, азаматтық тұрғыдан саф дүниені кір шалдырмай, мезгіл бұрқасындарына ұрынбай, ұясына қондыру – ақынның парызы.

 Біз бүгінгі жұмысымызда басты назарды да ақынның лирикасына аудардық. Қазақ әдебиетінде өзінің жалынды жырларымен, нәзік иірімді өлеңдерімен келген  К.Ахметованың  ақындық мұрасы – әлі сан зерттеулерге тақырып болатын үлкен шығармашылық әлемі. Диплом жұмысымызда біз К.Ахметова лирикасына тоқтала келіп, оны тақырыпты өзінше игеру ерекшеліктері, лирикалық бейнесін сомдау шеберлігі сияқты бағытта аз-кем ой-пікірімізді білдіруге талпындық. Поэзияда  қолданылатын көркемдік тәсілдерін, образ жасау, жанр талабына жауап беру дәрежесін анықтауға күш салдық.  Жалпы ақын шығармашылдығының кезеңдері, жанрлық табиғаты айқындалады. Біз бүгінгі жұмысымызда баса назарды да ақынның махаббат лирикасына аудардық. Қазақ әдебиетіне өзінің жалынды жырларымен, нәзік иірімді өлеңдерімен келген Күләш Ахметованың ақындық мұрасы — әлі сан зерттеулерге объект болатын үлкен шығармашылық әлем. Диплом жұмысымызда біз К.Ахметованың лирикасына тоқтала келіп, оның тақырыпты өзінше игеру ерекшеліктері, лирикалық кейіпкерлер бейнесін сомдау шеберлігі сияқты бағытта аз – кем ой – пікірімізді білдіруге талпындық. Ақынның махаббат лирикасының көркемдік тәсілдерін, образ жасау, жанр талабына жауап беру дәрежесін анықтауға күш салдық.  Ақынның қай жинағын алып қарасақ  та, әсіресе патетика, кеудемсоқ декламация, өзеуреген өлермендік, жалған дидактика, сырдан суреттеулер, таптауырын теңеулер, жаттанды абыз-самақтық атымен жоқ. Оның есесіне туындылардың барлығы дерлік кернеуі жоғары, ойлары – мұңды, тілі –оралымда, сезімдері – аңсарлы, метафоралары – әрі тапқыр, әрі нақты болып келеді. Қысқасы, лирикалық поэзияға, драмалық дастанға – әрі көркемдік, әрі өміршеңдік сипаттар дарытатын қасиеттер шығармаларының өн бойында аңыздап тұр.      Поэзияда жасқа, жасамысқа деп бөлініп қойылған орын жоғы анық. Десек те,  К.Ахметова дәстүр жалғастығын жалғай отырып, өлең өлкесіне өзінің  жаңалығымен келген ақын екендігі даусыз.

 

 

Сілтемелер көрсеткіші.

 

1.Жанр сипаты. Ред.басқарған. М.Қ.Қаратаев. – А.: ҚазССР Ғылым академиясының “Ғылым” баспасы, 1971. – 268 б.

2.Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы. Жазушы, 1997.

3.Әбдірашев.Ж, Т.Шапай. Ақ сөйлеп, адалына жүгінсек. Кітапта: Уақыт және қаламгер. 12-кітап.–Алматы: Жазушы, 1990

  1. Гуляев Н.А. Теория литературы. – М .: Высшая школа, 1985.

5.Мүтиев З.Ж.. Ф.Оңғарсынова лирикасы. Канд. Диссертация

6.Әбдірахманова Т. Сөз көркемдігі – шеберлік негізі. Кітапта: Жанр сипаты.- Алматы: “Ғылым”, 1971.                                                                     7.“Қазақстан жазушылар : хх ғасыр” Анықтамалық. – Алматы : “Ана тілі” баспасы ЖШС. 2004 – 392б.

8.Ислам Д. К.Ахметованың лирикасы.

  1. Ахметова К. Бұлақтағы жұлдыздар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 112 б.10.
  2. Ахметова К.Наурыз нұры. – Алматы: Жазушы, 1991. – 196б.

11.Ахметова К.Күн шыққанда күліп оян. – Алматы : Ана тілі, 1996. – 180б.

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы. Қазақ университеті, 1932. 352 б.
  2. Дәдебаев.Ж. Өлеңдегі сөз. Кітапта. Уақыт және қаламгер. 11-кітап. –Алматы: Жазушы, 1985
  3. Жәмішев Ә. Лирика табиғаты дегенде // Жұлдыз, 1967 №3

15.Қазақ әдебиеті “ Аспанды көрдім ар жағы – ғарыш, асты — нұр”//8желтоқсан2006ж

16.Ахметова К. Ақ гүлім менің. – Алматы : Жазушы, 1975. – 74б.

17.Мақатаев М. Қазақ жырының бір жылы. Кітапта: Қош, махаббат. Алматы.

18.Ахметова К. Бақ.Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2005. – 240б.

  1. Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз. – А.: Жазушы, 1990, — 336б.
  2. Ахметова А. Жапырақ – жаздың жүрегі. – Алматы: Жазушы, 1979. – 144б.

21.Сейітов С. Өлең өлкесінде. – А.: Жазушы, 1986.

22.Қамарова.Н. Қазіргі қазақ өлеңіндегі психологизм. Кандидаттық диссертатция. – Алматы, 2001                                                         23.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы, Ана тілі, 1995,227б.

  1. Айбергенова С.Т. Қазақ ақын әйелдер шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы. Кандидаттық диссертация. – А., 1995.

 

  1. Нурғалиев Р. Айдын,– Алматы, Жазушы, 1987–375 б.
  2. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры,– Алматы, Жазушы, 1982. 123 б
  3. 27. Белинский В.Г. Шығармалар жинағы. ІІІ том, – Москва, 1953. 312 б.
  4. Әбдірахманова Т. Сөз кіндігі – шеберлік негізі. – Алматы, Ғылым. 1971. 268 б.

29.Қаратаев М Стиль зерттеу принциптері (Алғы сөз). Кітапта: Стиль сыры. Алматы: 1974. – 270 б.

  1. Мұқанов С. Өсу жылдарымыз – Алматы. Жазушы, 1978. 416 б.
  2. Молдағалиев Т. Үш томдық шығармалар жинағы – Алматы. 1990.62б.
  3. 32. Шапай Т. Қазақ поэзисындағы лирикалық тұлға проблемасы. Кандаттық диссертатция. Алматы, 1994.
  4. 33. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, Мектеп 1973. 212 б.

34.Султанғалиева Ж. Қазіргі қазақ лирикасындағы мінез мәселелері. Кандидаттық диссертатция, – Алматы, 1998.

35.Беселия А.  Кто ты, лирический герой. – Сухоминяк. 1979. 83 б. 36. 36.Б.

36.Бекхожин Қ. Өлең өткелдері, – Алматы, Жазушы, 1986. 328 б.

37.Белинский В.Г. Шығармалар жинағы. ІІІ том, – Москва, 1953. 312

38.Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры,– Алматы, Жазушы, 1982. 123 б

 

 

 

 

 

 

Қосымша әдебиеттер тізімі:

 

  1. 1. Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. Алматы. Білім, 2001. 173 б.

2.Егеубаев.С. Сыр мен сымбат. – Алматы: Жазушы, 1981, 224 б

3.Қайырбеков.Ә. Өлеңдегі «мен»-нен өрбіген ой. Кітапта: Беталыс. – Алматы: Жалын, 1984.

  1. 4. Әдебиеттану терминдер сөздігі. — Алматы. Жазушы, 1997.

6.Әбдірахманова Т. Сөз кіндігі – шеберлік негізі. – Алматы, Ғылым. 1971. 268 б.

 5.Елікбаев.С.Т. 60-80 жылдардағы өлең құрлымы. Кандидаттық диссертатция. Астана, 2000.                                                                            6.Кәрібозұлы.Б. Сырлы сөз сипаты. – Алматы: Қазақ Университеті, 1997, 281 б.

  1. Қуандық Мәшһүр–Жүсіпов. Өлең сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1991, 216 б.

8.Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы: Әдеби – сын мақалалар. – Алматы: жазушы, 1988. – 152 б.

  1. Ахметова К. Сен менің бақытымсың. – Алматы: Жалын. 1977. 80 б.