АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Куликово шайқасы және Мамай

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I – ТАРАУ. МАМАЙДЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ

 

II – ТАРАУ. КУЛИКОВО ШАЙҚАСЫ ЖӘНЕ МАМАЙ

 

III – ТАРАУ. ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ МАМАЙ ОБРАЗЫ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

КІРІСПЕ

 

      Түбі  бір  түркі  халқының  тарихында  ел  мақтап,  жұрт  жақтаған,  талайдың  көңілінен  шыққан,  елі  мен  жері  үшін  жүрегін  жұлып  беруге  даяр  болған,  өмір  бойы  ел  мерейінің  биік  болуын  аңсаған  ұлдары  мен  қыздары  өте  көп  болған. Олардың  кейбіреулері  ел  есінде, жұрт  жадында  мәңгіге  сақталса, енді  біреулері  заманның  талабы  мен  тағдырдың  тәлкегіне  сай  есімдері  мәңгілікке  уақыт  еншісінде  қалып  қойған  тұлғалар. Ұлы  адамдардың  үшінші  бір  тобы  бар, бұл  кісілер  өз  еркімен  емес  өзгенің  қалауымен  жаман  шекпен  жабынып, жоқ  жерден  жасаған  жақсылықтары  жойылып, масқараланып, елдің  жеккөрініштілеріне  еріксіз  айналған  адамдар. Өкінішке  орай  ондай  тұлғалар  Отан  тарихында  өте  көп. Бұлай  болуының  өзіндік  себебі  бар, еліміз  тағдырдың  ең  ауыр  да,  сорақы  тәлкегіне  салынып,  екі  жарым  ғасыр  бойы  бодан  болып  келді. Бұл  сөздің  атауы  қандай  жаман  болса, заты  да  сондай  жаман. Ең  ауыр  тигені  елдің  бір  ғасырға  жуық  уақыт  бойына  тоталитарлық  жүйеде  өмір  сүруі. Бұл  кезеңде  елдің  ғылымы  да,  білімі  де, діні  де,  тілі  де  өзгенің  толық  ықпалында  болды. Осы  кезде  елдің  көптеген  ардақты  да  талантты  ұл – қыздарына  жала  жабылып, халыққа  жаман  келбетте  көрсетілді. Тоталитарлық  жүйе  мен  самодержавиесінің  ауыр  соққысына  жығылған  тұлғалардың  бірі  МАМАЙ  болатын. Тарихшы  болғаннан  кейін  жала  жабылып  жеккөрінішті  болған  Мамайдың  шынайы  келбетін  ашып  көрсетуді  өзімнің  ата – бабалар  алдындағы  азаматтық  борышым  деп  есептеймін.

     Бұл  тақырып  Қазақстан  тарихы  ғылымындағы  аса  өзекті  тақырып  болып  табылады. Себебі  Рессей  тарихшылары  Мамайға  «поганый» — деген  ат  қойып, тойымсыз  етіп  көрсетіп  келді. Неге  орыс  тарихшылары  Бұл  мәселеге  соншалықты  назарын  аударады  деген  сұраққа  былай  жауап  беруге  болады: Себебі  Рессей  Куликово  даласындағы  шайқастағы  өзінің  жеңісін  «тәуелсіздік  жолындағы  алғашқы  қадамы»  деп  есептейді. Ал  Мамайды  өздерінен  ойсырай  жеңілген  тұлға  ретінде  көрсетеді.жалпылама  алатын  болсақ  Куликово  шайқасы  туралы  қазіргі  таңда  айтылып  жүрген  ой-пікірлер  өте  көп. Әсіресе  орыс  тарихшыларының  бұл  мәселеге  «ерекше»  көзқарспен  қарайтындығы  баршаға  мәлім. Олардың  пайымдауынша  Куликово  даласындағы  Дмитри  Ивановичтің  жеңісі  барша  орыс  халқының  тәуелсіздік  жолындағы  басты, әрі  алғашқы  қадамдардың  бірі  болып  табылады. Орыс  халқы  Куликово  шайқасын  бүкіл  әлемге  монғол — татар езгісіне  қарсы қозғалыстағы  ұлы  жеңіске  жетелеген  шайқас  ретінде  дәріптеп  келгені  баршаға  мәлім.

     Куликово  шайқасы  мен  Мамай  туралы  орыс  халқының  кез  келген  аудиторияға  арналған  еңбектері  мен  шығармалары  өте  көп.  Олар  мультипликациялық  фильмнен  үлкен  сахналық  қойылымдарға  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл  еңбектердің  барлығы  бір  сипатта  болып  келеді. Яғни   Куликово  шайқасында  Дмитри  Ивановичтің  сөзсіз  жеңіске  жеткендігін  және  де  Мамайдың  сауатсыздығын, қорқақтығын  ғана  баяндап  отырады. Дәл  осы  себепті  Мамай  тек  орыс  халқының  емес, орыс  халқы  бір  кездерде  өз  үстемдігін  жүргізген  барлық  елдер  арасында  әскери  сауатсыз, дарынсыз, қорқақ  қолбасшы  ретінде  танылып  қалды. Мамайды  бұл  тұрғыда  танып  қалғандар  қатарында  онсыз  да  біреуге  қара  жаққанға  құмар қазақ  халқы  да  бар. Қазіргі  аға  буын  өкілдері  үщін  Мамай  есімі  жат  есімдерге  жатпайды,  олар  үшін  Мамай  бар  болғаны  Куликово  шайқасында жеңілген  адам  ғана, ал  Мамайдың  батылдығы,  саяси  көрегендігі,  әскери  қулығы, нағыз  ер  азаматқа  тән  қасиеттері  туралы, бүкіл  орыс  халқын  үрейде  ұстағандығы  жайлы  көпшілік  өкінішке  орай  мүлде  бейхабар  деген  тұжырымдама  айтуға  болады. Бұл   өз  кезегінде  тақырыптың  өзектілігін  аша  түсетін  сыңайлы. Не  себепті  орыс  халқы  Мамай  десе  әлі  күнге  дейін  тітіркенеді,  не  себепті  Мамайға  сонша  жала  жауып, лақап  тіркеулер  жалғайды,  не  себепті  Мамайды  русь  тарихындағы  барлық  жаулардан  да  жеккөреді? Осы  сұрақтардың  барлығы  жауапсыз  жатыр,  ал  бұл  тағыда  тақырып  өзектілігін  айқындай  түседі.

     Қазіргі  аға  буын  өкілдері  үщін  Мамай  есімі  жат  есімдерге  жатпайды,  олар  үшін  Мамай  бар  болғаны  Куликово  шайқасында жеңілген  адам  ғана,  ал  оның  билікке  келген  ең  алғаш  қарасүйек  екендігінен,  саясаткерлігі сияқты  тағы  да  басқа  жақтарынан  халық  оны  танымайды. Неге  қазақ  халқы  өз  жерінің, яғни  өзінің  ұлдарын  өзге  ұлт  тұрғысынан  тануы  тиіс. Әрбір  елдің, ұлттың, ұлыстың  тарихы тек  қана  сол  ел,  сол  ұлт, сол ұлыс тұрғысында  жазылуы  тиіс,  ал  Куликово  шайқасының  тек  орыс  халқының  тарихына  ғана емес,  Дешті Қыпшақ  даласының  тарихына қатысы  бар  екндігін  ұмытпаған абзал.   

     Дәл  осы  себепті  бітіру  жұмысын  жазу  барысындағы  менің  алдыма   қойған  ең  басты  мақсатым   Мамай  мырзаның  саяси-тарихи  аренадағы  алғашқы  қадамдарынан  ақырғы  күніне  дейінгі  аралықтағы тарихи  құбылыстарды  шынайы  баяндау. Мамайдың  шынайы  келбетін  ашып  көрсетіп, Отан  тарихында  өзіне  тиісті  орнын  беру. Бұған  дейін   қалыптасып  қалған  пікірлерді  қатаң  сынға  алу.

    Мамай  мырзаның  тарихи  потретін  ашу  бұл  жұмыстың  ең  негізгі  мақсаттарының  бірі  болып  табылатындығын  атап  өткім  келеді.

    Енді  осы  мақсатқа  жету  үшін  орындайтын  негізгі  міндеттеріме  тоқталып  кетейін. Ең  алдымен  Мамай  мырзаның  тарих  аренасына  шығуын  анықтау. Оның  билікке  келу  тарихын  баяндау. Мамайдың  психологиялық  ерекшеліктеріне  де  тоқталы  кету. Мамай  мырзаға  Отан  тарихшылары  мен  шет  ел  тарихшыларының  берген  бағаларын  салыстырмалы  түрде  қарастырып  оған  өз  тарапымнан  баға  беру. Тарихи  аренада  Мамай  мырза  образын  көршілерінің  көздерімен  баға  беру.

    Мақсатқа  жету  үшін  мен  бірнше  міндеттерді  орындауға  тиіспін.

1) Тарих  ғылымының  ең  басты  зерттеу  объектісі  дерек  болып  табылатындығы  баршаға  аян. Дәл  осы  себепті  тақырыпқа  байланысты  деректер  кешенін  іздеп,  тауып,  талдау  жасап, сынап,  объективті  түрде  қарастыру  менің  мақсатқа  жету  үшін  орындалатын  басты  міндетім  болып  табылады.

2) Отандық  және  өзге  де  тарихшы  ғалымдардың  тақырыпқа  байланысты  пікірлерімен  танысуға  тырысамын. Бұл  үшін  тақырыпқа  байланысты  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген  авторлардың  зерттеулерін пайдаланып, зерттеулерде  баян далған  тарихи  фактілер  мен  пікірлерді  қолдап  немесе  жоққа  шығара  отырып, өзімнің  ойымды  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеу сияқты  міндетті  де  жеткілікті  дәрежеде  орындауға  тырысамын.   

3) Өзімнің  кәсіби  білім  деңгейімнің  әлі  де  толық  емес  екендігін  ескеріп, әрі  жұмыс  тым  субъективті  болып  кетпес  үшін — өзге  тарихшылармен  пікір   алмасу  арқылы  бағыт – бағдар, қосымша  ой  пікірлер  алып  отыруда  басты  міндеттерімнің  бірі.

4) Жоғарыда  аталып  өткен  жаупсыз  сұрақтарды  азайту  үшін  Мамайдың  іс-әрекеттерінің  негізінде  оның  психологиялық  ерекшеліктерін, әуесқойлық  деңгейде  болса  да  ашып  көрсетуге  бел  буып  көремін.    

5) Кез  келген  тарихи  фактіге  міндетті  түрде  өзімнің  ойымды  білдіріп  отыру, талдау  жасау – бітіру  жұмысын  жазу  барысындағы  орындауға  тиісті  ең  басты  міндетім.

6) Мамай  мен  оның  заманындағы  тарихи  құбылыстарды  ұлттық  тұрғыдан  қарастыруға,  бірақ  объективтілікті  сақтауға  тырысамын.

7) Тек  Отандық  және  орыс  тарихшыларының  еңбектерін  емес  өзге  ұлт  өкілдері  көзқарастарын  іздеуге  тырысып  бағамын.

       Ендігі  кезек  те  тақырыптың  зерттелу  дәрежесі  мен  деректік  қорына, яғни  тарихнамасына  тоқтала  кетуді  жөн  санап  отырмын. Тақырыпқа  байланысты  деректерді  айтарда  әрине  орыс  жылнамаларын ерекше  атап  көрсетеміз.  Атап  айтқанда  Никондық  жылнама, Ростовтық  жылнама, Рогождық  жылнама  және  басқалары. Бұл  жылнамалардың  барлығы  «П С Р Л» – яғни  орыс  жылнамаларының  толық  жинағы  деген  атаумен  Археограф.  Коммисс.  баспасынан  шыққан. Сонымен  қатар   шығыс  деректері  шоғырланған  жинақ — «С М И З О»- Алтын  Орда  тарихына  қатысты  мәліметтер  жинағынан  Ибн  Халдун  сияқты   шығыс  авторларының  шығармалары  бар. Сонымен  қатар  Өтеміс  қажының  «Шыңғыс  нама» еңбегі  де  құнды  дерек  болып  табылады. Сол  сияқты  ең  негізгі  дерек  көздері  бұл  археологиялық  және  нумизматикалық  деректер. Дәл  осы  беректер  кешені  жоғарыда  аталған  жазба  деректерінің  кемшіліктерін  түзетіп  отырады.

     Ендігі  кезекте  тақырыптың  зерттелу  дәрежесіне  тоқталып  кетейік. Мамайға  немесе  Куликово  шайқасына  арналған  тікелей  шығармалар  жоқ,  бірақ  Алтын  Орда  тарихына  немесе  Қазақстан  тарихына  арналған  оқулықтардан  ғана  аздаған  мөлшерде  мағлұмат  алуға  болады. Бұл  жерде  де  ескеретін  жағдай тақырыпқа  байланысты  материалдың  жетіспеушілігі  және  біркелкілігі  біраз  қиындықтар  тудырады.       Алайда  нумизматикалық  деректер  мен  археологиялық  деректер кешендері негізінде жазба  деректердегі  кемшіліктерді  толықтыруға,  немесе  түзетуге  болады.

    Аталып  өткендей,  орыс  халқында  Куликово  даласындағы  шайқас  туралы  шығармалар  өте  көп  болғанымен, олардың  барлығы  аңыз, пьеса, әңгіме  күйінде  берілген, яғни бірде  бірі  тарихи,  немесе  тарихнамалық  еңбек  емес. Яғни  тақырыптың  зерттелу  деңгейі  өте  төмен. Бұл    факт  тақырыптың  өзектілігін  арттыратындығы  сөзсіз.

     Мамайдың  өмір  сүрген  кезеңі  туралы  мағлұматтарды  Алтын  Орда  тарихын  зерттеген  тарихшылар  еңбегінен  алуға  болады  деген  пікір  жоғарыда  айтылған  болатын. Олай  болса  Алтын  Орда  тарихнамасына  тоқтала  кетейік.

     1826 шы  жылы  Ресей  Ғылым  Академиясы  батыс  еуропа  және  орыс  тарихшыларына  Шыңғыс  ханның  Ресейдегі  жаулауынан  кейінгі  салдары  деген  тақырыптағы  еңбек  жазуға  бәйге  жариялайды. Бас  бәйге  100  сомды  құрады. Арнайы  коммисия  тапсырылған  еңбектердің  барлығын  қатаң  сынға  алып,  ешбір  еңбек  жүлдеге  лайық  деп  табылмайды. Алты  жылдан  кейін  Ресей  Ғылым  Академиясы  бәйгені  тағы  жариялап, бас  жүлдені  екі  есе  өсіреді. 1832 ші  жылы  академик  Френ  жарыс  аталптарын  жариялайды. Ол  талаптар  мынадай  еді: «Жошы  Ұлысының  тарихын  терең  талдаудан  өткізе  отырып  шығыс  деректерін  де,  польшалық, венгрлік  және  орыс  жылнамалары  неізінде  жазып  шығару.»  1835 ші  жылы  неміс  шығыстанушысы  Хаммер  Пургштал  Ресей  Ғылым  Академиясына  өзінің  көлемді  еңбегін  ұсынады. Құрамында  Френ,  Круг,  Шмидт  сияқты  академиктері  бар  коммисия  Хаммер  Пургштал   еңбегіне  сый  ақыны  бермесе  де, 1272  толық  беттерден  тұратын   еңбекті  жоғары  бағалайды.

     Екінші  сәтсіздіктен  кейін  Ресей  Ғылым  Академиясы  жарысты  тоқтатады. Бірақ  Алтын  Орда  тарихын  зерттеу  бір  мезетке  де  тоқтамайды. Уақыт  өткен  сайын  сан  түрлі  мақалалар  мен  кітаптар  шығып  отырды.

    Ресей  Ғылым  Академиясы  Алтын  Орда  тарихының  дерек  көзі  тек  жазбаша  деректер  емес  екендігін  жақсы  түсінді. Дәл  осы  себеппен  археологиялық  экспедициф  ұйымдастыру  міндеті  қойылады. Тұңғыш  рет  Терещенко  деген  археолег  Сарай  Беркеде  қазба  жұмыстарын  жүргізіп, табыстарға  жетеді

    1839 шы  жылы  Хаммер  Пургштал  өзінің  еңбегін  басып  шығарады. Хаммер  Пургштал   коммисия  шешімін  қатаң  сынға  алып, өзінің  риза  еместігін  білдіреді.[1; 10 бет]    

     Көптеген  орыс  ғалымдары  Алтын  Орда  тарихын  зерттеумен  айналысқан. Атап  өтетін  болсақ: Григорьев; Савельев; Березин; Саблуков; Патканов; Тизенгаузен; Веселовский  т.б. 

     Аталған  ғалымдар  арасындағы  Алтын  Орда  тарихнамасына  ерекше  еңбегі  сіңгені  В. Г. Тизенгаузен  болып  табылады. Ол  өзінің  өмірінің  талай  жылдарын  араб,  парсы  деректерін  жинақтауға  арнаған. 1884 ші  жылы  жарық  көрген  «С М И З О»- Алтын  Орда  тарихына  қатысты  мәліметтер  жинағы  Тизенгаузеннің  мақтанышы  болып  табылады.

     Байқап  отырғанымыздай  Алтын  Орда  тарихнамасыбастау  алғаннан  ақ  орыс  халқының  ықпалында  болған. Құрамында  Френ,  Круг,  Шмидт  сияқты  академиктері  бар  коммисия  тек  қана  «Жошы  Ұлысының  тарихын  терең  талдаудан  өткізе  отырып  шығыс  деректерін  де,  польшалық, венгрлік  және  орыс  жылнамалары  неізінде  жазып  шығару,» — деген  талаптаы  ұстамағны  анық.

      Осы  үрдіс  кеңестік  дәуірде  де  өзінің  жалғасын  тауып  отырды. Бұл  кездерде  Насонов,  Греков,  Якубовский  т.б. тарихшылар  өз  зерттеулерін   Алтын  Орда  тарихына  арнаған.

    1940 шы  жылы  жарық  көрген  А.Н.Насоновтың  «Татары  ир  русь» атты  еңбегі  орыс  жылнамалары  мен  шығыс  деректері  негізінде  жазылған.[1; 13 бет] Бірақ  бұл  еңбекті  Б.Д.Греков  пен  А.Ю.Якубовский  сынға  алып,  шығыс  деректерінің  аудармасында  алшақтық  бар  екендігін  атап  көрсетеді.

    Бұндай  күрделі  тақырыпты  зерттеу  бір  адамның  қолынан  келмейтіндігін  жақсы  түсінген  Б.Д.Греков  пен  А.Ю.Якубовский  тақырыпты  бірлесіп  зерттеуге  шешім  қабылдайды. Осылайша  1950 ші  жылы  «Золотая  Орда  и  ее  падение»  атты  көлемді  еңбек  жарық  көреді.

     Бұл  еңбек  сапасы  жағынан  жоғары   еңбек. Автролар деректердің   барлық  түрлеріне  талдау   жасаған. Бірақ  бұл  еңбек  өзге  ұлт  тұрғысынан  жасалған. Қанша  сапалы  болғанымен  артық  кетушіліктер  көптеп  байқалады. Автролар өз  тұжырымдары  мен  ойлрын  білдірерде  орыс  халқының  ұлылығын, мықтылығын  көрсеткісі  келіп  тұрады.

     Байқап  отырғанымыздай  тәуелсіздікке  дейінгі  кезеңде  Алтын  Орда  тарихы  біршама  зерттелген. Алайда   өзге  ұлт  тұрғысынан  зерттелген. Бұл  деген  сөз  Алтын  Орда  тарихының  әлі  ашылмаған  жақтары  өте  көп. Орыс  тарихшыларының  қателігін  қайталамас  үшін  бүкіл  Орда  тарихын  емес,  сол  Орда  тарихының  бір  бөлшегін  ғана, яғни  Мамай  тарихын  зерттеп  білуге  бел  буып  отырмын.

   Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  де  тақырып  өкінішке  орай  зерттеле  қоймады. Алтын  Орда  тарихы  тек  жекелеген  оқулықтарда  ғана  көрініс  тауып  отырды. Талас  Омарбеков  ақырғы  кездерде  Тоқтамыс  бейнесіне  тоқталып  жүр. Бұл  өте  дұрыс  бастама, біздер тәуелсіз  елдің  ұлдары өзіміздің  ата – бабаларымыздың  тарихын  дәл  осылай,  яғни  жеке — жеке  тануға  тиіспіз  деп   есептеймін.

     Жұмыс  кіріспе,  үш  тарау, қарытынды  және  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

     Жұмысты  жазу  барысында  талдау,  сынау,  сараптау  және  салыстырмалы  әдіс  тәсілдерді  пайдаланамын.

     Қорыта  келгенде  жұмысты  жазу  барысында, алдыма  қойған  міндеттерді  орындап,  мақсаттарға  жетуге  тырысып  бағамын.  Мамай  мырзаның  тарихи  потретін  ашып, Мамай  мырзаның  тарих  аренасына  шығуын  анықтап, оның  билікке  келу  тарихын  баяндап, Мамайдың  психологиялық  ерекшеліктеріне тоқталып, Мамайдың  Куликово  шайқасындағы  орны  ашып,  Мамайға  Отан  тарихшылары  мен  шет  ел  тарихшыларының  берген  бағаларын  салыстырмалы  түрде  қарастырып  оған  өз  тарапымнан  баға  беріп, тарихи  аренада  Мамай  мырза  образын  көршілерінің  көздерімен  баға  беруге  тырысамын.

 

 

 

 

I – ТАРАУ. МАМАЙДЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ

 

       Бұл  бөлімде  менің  негізгі  мақсатым   Мамай  мырзаның  саяси-тарихи  аренадағы  алғашқы  қадамдары  туралы  баяндап,  билікке  келуінің  себеп-салдарын  анықтау. Бұған  дейін   қалыптасып  қалған  пікірлерді  сынға  алу. 

      Мақсатқа  жету  үшін  мен   тақырыпқа  байланысты  деректерге  талдау  жасау, зерттеулерге  сүйіне  отырып, өзімнің  ойымды  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеу сияқты  міндеттерді   жеткілікті  дәрежеде  орындауға  тырысамын.   

      Бұл  жерде  де  ескеретін  жағдай тақырыпқа  байланысты  жазбаша  деректер кешенінің  жетіспеушілігі  және  біркелкілігі. Біз  бұларға  орыс  жылнамаларын  жатқызамыз.

        Алайда  нумизматикалық  деректер  мен  археологиялық  деректер кешендері негізінде жазба  деректердегі  кемшіліктерді  толықтыруға,  немесе  түзетуге  болады.    

      Мамай  тек  орыс  халқының  емес, Орыс  халқы  бір  кездерде  өз  үстемдігін  жүргізген  барлық  елдер  арасында  әскери  сауатсыз, дарынсыз, қорқақ  қолбасшы  ретінде  танылып  қалды. Мамайды  бұл  тұрғыда  танып  қалғандар  қатарында  онсыз  да  біреуге  қара  жаққанға  құмар қазақ  халқы  да  бар. Қазіргі  аға  буын  өкілдері  үщін  Мамай  есімі  жат  есімдерге  жатпайды,  олар  үшін  Мамай  бар  болғаны  Куликово  шайқасында жеңілген  адам  ғана,  ал  оның  билікке  келген  ең  алғаш  қарасүйек  екендігінен,  саясаткерлігі сияқты  тағы  да  басқа  жақтарынан  халық  оны  танымайды. Неге  қазақ  халқы  өз  жерінің, яғни  өзінің  ұлдарын  өзге  ұлт  тұрғысынан  тануы  тиіс. Әрбір  елдің, ұлттың, ұлыстың  тарихы тек  қана  сол  ел,  сол  ұлт, сол ұлыс тұрғысында  жазылуы  тиіс,  ал  Куликово  шайқасының  тек  орыс  халқының  тарихына  ғана емес,  Дешті Қыпшақ  даласының  тарихына қатысы  бар  екндігін  ұмытпаған абзал.   

     Мамайдың  тарих  сахнасына  келуін  талқыламас  бұрын, ең  алдымен  XIV ғасырдың  екінші  жартысындағы  Алтын  Ордадағы және  оның  көршілерінің саяси жағдайына қысқаша тоқталып  өткеніміз  жөн  болар.

      Алтын  Орда  тарихында  «ұлы  дүрбелең»  деген  атпен  қалған  жылдар  мемлекет  іргесін  қатты  шайқалтты. 20 жыл  ішінде  25 хан  ауыстырған  Алтын  Орданың  бұл  жылдары  тек  экономикасы  әлсіреген  жоқ, «ұлы  дүрбелеңде» экономикамен  қатар  әлеуметтік  этникалық  қатынастардың  әлсіреуі  ерекше  қарқынмен  жүрді. Сонымен  қатар  халық  арасында  да  Шыңғыс  ұрпақтарына  деген  сенім  төмендейді. Біз  бұны  ел  арасында  тараған  «нар  мойынды  Бердібек  те  кесілді» деген Бердібек  ханның  өліміне  байланысты  айтылған  сөздерден  байқуға болады.

      Міне  дәл  осындай  істерден  кейін  Алтын  Ордада  төменде  баяндалатын  жағдай  қалыптасқан  болатын.

      XIV ғасырдың 60 жылдары  Алтын Ордадағы ішкі қарқыстар өзінің шарықтау шегіне жеткен болатын. Бұл кезең Шыңғыс тұқымдарымен қатар монғолдық әскери аристократия да үлкен беделге ие болып, билікке таласа бастауымен  ерекшеленеді. Міне дәл  сондай  билікке  ұмтылған әскери  шенділердің  қатарында қарасүйек Мамай да бар еді. Ол  жайында     толық, тиянақты сөз  қозғау  осы  жұмыстың  басты  мақсатыболып  табылатындығын  айтып   үлгердік,  ендігі  кезекте  Мамайға  толығырақ  тоқталып  кетейік.  Себебі  Мамай  Алтын  Орданың  XIV ғасырдың  60-80 жылдар  аралығындағы  тарихының  негізгі  кейіпкерлерінің  бірі.

       Ибн Халдунның  мәліметі бойынша Мамай Бердібек тұсында үлкен беделге ие болған. Ибн Халдунның еңбегінде «Мамай Бердібектің қызымен отау құрғаннан кейін, Бердібектің  барлық істеріне белсенді түрде  араласып, басшылық жасап отырды,»- делінген. Және  Мамайдың  қиат  руынан  шыққаны  айтылған. [2; 251 бет]

      Татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдиннің   «Алтын  Орда  хандары» еңбегінде  Мамайдың  Бердібек  хан  тұсында  аса  беделді  қайраткер, үлкен  әскери  қолбасшы (түменбасы)  болғандығы  айтылады. Және  де  осы  еңбекте  Мамайдың  Бердібек  ханның  күйеу  баласы  болғандығы  расталады.

      Никондық жылнамалардың баяндауынша Темір Қожа билікке келгеннен кейін Алтын Орда әмірлерінің тарапынан үлкен наразылыққа тап болды.

      Бердібектің  билігі  тұсында  басталған  аласапыран  кезең  аласапыран  кезең  жөніндегі Өтеміс  қажының  шығармасы  «Шыңғыс-наменің»  мәліметі  өте  құнды:»Оның  заманында,-деп  жазады  Өтеміс  қажы, — аласапыран көп  болды. Оң  қолды, Қият  тайпасынан  шыққан,  Мамай  алып  өзінің  тайпаларымен  Қырымға, тағы  бір  қият Теңіз-Бұға сол  қолды  Сыр дариясы  бойына   алып  кетті. Хан  Бердібек  ішкілерімен  Сарайда  қалып,  үш  жылдан  соң  опат  болды.» [3; 68 бет]

     «Шыңғыс-наменің»  мәліметтері  жоғарыда  аталған жылнамалардың  берген мәліметтерін  растайды. Яғни  Мамай  Бердібек  хан тұсында-ақ  беделге  ие  болғандығы  сөзсіз.. Сонымен  қатар  Өтеміс  қажы өзінің  еңбегінде  тың  мәлімет  бере  отырып,   Мамайдың   қият  тайпасынан  шыққанын  атап  көрсетеді. [4; 122 бет]

      Яғни  Өтеміс  қажы  мен  Ибн Халдун  Мәліметтері  бір  біріне  өте  ұқсас,  бұл  фактор   деректердегі  мәліметтердің  шынайылық  деңгейін  көтереді.    

    Сонымен  қатар  Өтеміс  қажының  шығармасы  «Шыңғыс-намеде» мынадай  тағыда  бір  қызықты  мынадай мәлімет  кездесетіндігін  айта  кетейік:» Батыс  Дешті  Қыпшақта  тайпа  көсемі  Қият  Мамай  күшейіп  келе  жатты… »  [4; 122 бет]

    Өтеміс  қажының  бұл  сөздері  Мамайдың  бір  кездерде  тайпа  көсемі  болғандығын  көрсетеді.           

     Жылнамашылардың айтуынша осы жылы жазда Мамай Темір Қожаға жеккөрініштік танытып, қарсы болды. Қарсы болғаны сонша, өзі Өзбек ханның ұрпағы Абдаллахты хан етіп тағайындап алады. Осыдан кейін Мамай Абдаллах хан атынан Темір Қожаға қарсы әрекетерін бастайды. Яғни Абдаллах тек қана «қуыршақ» хан ретінде өмір сүреді.

      Орыс  жылнамалары  Мамайдың  осы  әрекетінен  кейін  оған  ерекше  назар  аудара  бастайды  және  Мамайға  сипаттама  бере  бастайды.  Бір  қызығы  орыс  жылнамалары  Мамайды  осы  кезден  ақ  жаман  жағынан  көретуге  тырысады.

     Міне  осы  жерден  Мамай  Алтын  Орда  тарихындағы  атап  өткен  басты  кейіпкерге  айналады. 

       Темір  Қожа  Мамайдан  Еділ  өзенінің  арғы  жағына  қашып  кетіп, сонда өлтіріледі. Міне дәл осы кезде Ордадағы жағдайдың қожайыны   ретінде  тұңғыш  рет  МАМАЙ ( ماماى ) есімі  аталады.                                                                         

      Яғни  Мамай  XIV  ғасырдың  60 шы  жылдарынан  бастап  билікке  келеді  деген  тұжырымды,  жоғарыда  атап  көрсетілген  мәліметтер  негізінде, растауға  болады.

      Алдайда  ол Шыңғыс хан тұқымы  болмағандықтан  өзін хан етіп жариялай алмады. Алайда оған елді қуыршақ хан  арқылы басқару үлкен қиындық  тудырған  жоқ. Есесіне бір  жағынан өте тиімді болды деп есептеуге де болады, себебі ол Абдаллахты өзінің тұрақты ханы, яғни «қуыршағы» етіп алады. [3; 68-69  бет]

       Никондық жылнамаларға сенер болсақ, бұл оқиға хижра бойынша 763 жылы, яғни біздің жыл санауымыз бойынша  1361-1362 жылдары болған болатын.

      Ал  енді  XIV ғасырдың  60-70  жылдары   Мамайдың  қолында  болған  барлық территорияларға  толығырақ тоқталып  өтейік.

     Зертеушілердің  бұл   проблеммаларға  байланысты  айтатын  пікірлері  біркелкі, әрі  ешқандай  күмән  келтіруге  болмайды  деп  айтуға  болады. Себебі  бұл  мәселе  бойынша  жазба  деректердегі берілген  мәліметтерді  нумизматикалық  деректер  растап отыр.

            Осы  кезеңде  Мамай  қолында  Волганың  төменгі  ағысынан  батысқа  қарай  Рязань  князьдігіне  дейінгі аралық  болды. XIV ғасырдың  70ші  жылдары  Қырым  Мамай  қолында  болды. Сол  сияқты  Мамай  иелігіне Воронеж,  Орлов,  тула  аймақтары  кірді. Осы  аудандардың  қазба байлықтарын  Мамай  өз  мүддесіне, және жұрт  мүддесіне  жұмсап,  билігін  нығайтты. Дәл  осы  кезде   русь  үшін  Мамай тарапынан үлкен  қауіп  төнді деп  көрсетеді  орыс  жылнамалары.. Себебі жоғарыда  көрсеткендей  Мамай  иелігіндегі  территориялар  русьпен  көршілес, шекаралас аймақтарда  орналасқан  болатын. Және  өз  кезегінде  орыстар  Мамайдың уақыт  өте  келе,  билігін  әбден  нығайтқаннан  кейін  Руське байырғы   монғолдық,  тонаушылық  саясатын  жалғастырып, қайталап  жүргізетіндігін  жақсы  түсінді.

         Алтын  Ордадағы  дүрбелең  жылдар  тек  русь  үшін  емес  Литва  үшін  де өте  тиімді  болды.  1341-1377  жылдар  аралығында  өмір  сүрген  литвалық князь  Ольгерд   Бугаға  жорыққа  атанады.  Ол  осыдан  кейін  де  батыл  қадамдарға  барып,  бірнеше  саяси-әскери   қимылдар  жасайды. [5; 93-94 бет]

      1365 жылдан  кейін  Ольгерд  Киевті  басып  алып  үлкен  беделге  ие  болады. Бірақ  Ольгерд  Мамаймен  де,  Дмитри  Ивановичпенде  одақ  құруға  бармайды.

       Ордадағы  қай  аралық Абдаллах пен  Мамай  қолында  болғанын  атап  көрсеттік, енді Мамайдың  XIV ғасырдың 60  жылдардағы  үлкен  қарсыластарының  бірі  Мұрат  иелігіндегі  аймақтардды  атап  көрсетсек: Оның  иелігінде  Волга   бойындағы   қалалар, әсіресе  аталмыш  өзеннің сол  жағалауы, яғни  қос  астана  Сарай  Берке  мен  Сарай  Бату  Мұрат  қолында  болды.

       Дәл  осы  кезде  Жаңа  Сарайда  Келдібек  өз  атынан  теңге  шығарып  отырған. Алайда  Жоғарыда  аталған  себептермен  Мәскеу  Сарайлық  ханнан  қорықпады. Яғни  Мәскеу  үшін  Жаңа  Сарайда  отырған  Келдібек  беделі  аса  үлкен  болмады. [1; 316 бет]

       Дәл  осы  себепті  Дмитри  Иванович  Мамай  басшылығын  мойындады. 

       Бұл  сөздерді  Насоновтың  «Монголы  и  русь» атты  еңбегінен  кездестіруге  болады. Бұл  жерде  автор  Дмитри  Иванович  қадамын  үлкен  саяси  қадам  ретінде  қарастырады. Алайда  бұл ешбір саяси  қадам  емес, амалдың  жоқтығынан  істелген  әрекет.  Олай  істемеген  күні  Мамай  ойланбастан  Руське  жорыққа  шығар  еді. Мамай Генуямен  келісіп  олардан  ақша  алып  тұрды. Сол  ақшаға  шешен, шеркеш,  теріскей  кавказдықтардан  құралған  жалдамалы  әскер  ұтап  отырды.  Ол  әскермен  Мамай  үшін  сол  кездегі  Мәскеу  сияқты  князьдікті  жеңу  аса қиын  шаруа  емес  еді.

       1360-1370 жылдар  аралығындағы  Алтын  Ордаға  Тәуелді  болған  елдердің  жағдайы  осындай  болатын. Ал  енді  Алтын  Орданың  ішкі  жағдайына  тоқталып  қетейік.

     Орыс  жылнамалары  Мамайдың  Абдаллах  атты  ханды  тағайындағаны  туралы  айттық. Бұл сөздерді нумизматика мәлметтері де растайды. Мамай тұсында шығарылған теңгелер Абдаллах атынан соғылып отырды.

       Бізге дейін жеткен Абдаллах хан атындағы теңгелер хижра бойынша 614 жылы, яғни біздің жыл санауымыз  бойынша  1362.11-1363.10 жылдар  аралығын қамтиды. Абдаллах хан атындағы теңгелер Ордада шығарылып отырды.       

      Байқап  отырғандай  нумизматикалық  деректер  де  Еділ бойы мен Сарай Берке Мамай қолында болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар теңгелер Азак пен Янгикентте де шығарылып отырды. Яғни  Насонов  көрсеткен территорияешқашан  тыныштықта  тұрмаған.

     Басқа  жерлер  сияқты, Мамай  иелігі де үнемі  толығып  немесе  азайып  отырған.     

       Жоғарыда  атап  көрсеткендей, Русь  Алтын  Ордада  орын  алған   қос  тарапты  биліктің  орнауын мұқият  қадағалап  отырды.  Қос тарапты  билік  нумизматикалық  деректерге   қарағанда   хижра  бойынша  762 жылдан  764  жылға  дейін,  яғни  біздің  жыл  санауымыз  бойынша  1360-1361 жылдардан  1663-1664жж  ға дейін  созылғандығын  көреміз.  Жылнамалар  бұл  кезеңді  былай  суреттейді:

     « Сол  уакқытта  Еділ  хандығын  қос  хан  биледі.  Олар  Мамай  мырза  ханы  Авдулла (Абдаллах)  және  Аммурат  хандар.  Бұл  хандар арасында

өзара  жеккөрініштік  сезім  орнаған.» [6; 40 бет] 

     Орыс  жылнамаларында   Аммурат  атанған  Мурид  хан  өз  атынан теңгелер  шығарып  отырған. Бұл  оның  біршама  күшке  ие  болғандығын  көрсетеді.

     Алайда  хандық  билік  үшін  талас  тек  қана  Мурид  пен  Мамай арасында  болған  жоқ .  Хижра  бойынша  764 жылы,  яғни  1363-1364 жылы  Сарйда  Мир  Полат  атты  хан  өз  атынан  теңге  шығарып  отырды.

         Осы  жерде  Сарай  Берке   қаласының  қолдан  қолға өтумен  болғанын атап  өткен  жөн. Яғни  астана  үшін  күрес  қарқынды  түрде  жүріп  отырды.  Бұл  сөздерді  нумизматикалық  деректер  арқылы  дәлелдеуге тырысайын.  Абдаллах  ханның  Сарай Беркеде  шығарған теңгелері  хижра  бойынша  771 жылы ғана ,  яғни  1369-1370 жылдары  шығарып  отырған.  Яғни  осы  жылдары  Сарай  Берке  Мамай  қолында  болмаған.

     Орыс  жылнамалары  Мамай  бәсекелестерінің  бірі  Мурид  хан  өлімі  туралы  ештеңе  айтылмайды. Ал  «Аноним Ескендір»-дегі  мәліметтер оның  Орда  Шейхтің  баласы  болғанын, және  үш  жыл  билік құрғанын айталды. Сонымен  қатар  Мурид  хан  теңгелері  762-764 жылдар  аралығында  шығып  отырған .  Яғни  Аммурат  немесе  Мурид  1365  жылға  дейін   қаза  болған . Аммуратты  Моғол  Букидің баласы   Ілияс өлтірген. [2; 166 бет]     

       Дәл   осы  деректе  Сарай  тағы  осы  кезде  Азиз  хан  қолында  болғандығын айтады . Нумизматикалық  деректер Азиз ханның  хижра  бойынша  764 жылы ,  яғни  1363 жылы  билікке  келгенін айтады.

          Мамай  мен  Абдаллахқа  әрқашан  қарсылас   табылып  отырды. Азиз  хан  өлімінен  кейін  Алтын  Ордада  хижра  бойынша   767-768  жж аралығында,  яғни  1366-1367 жылдар  аралығында  Абдаллах  ханнан  өзге, екінші   Жәнібек  хан  да  өз  атынан  теңге  шығарып  отырды. 

      Бізге  жеткен  оның  29  теңгесінің  бірінде  де  шыққан  жері  көрсетілмеген. Бұл  оның  билігінің  тұрақсыз,  яғни  нақты  болмағандығын  көрсетеді.

      Алайда  XIV  ғасырдың  60  жылдарында  Алтын  Ордада  орын  алған үлкен  дүрбелеңге  қарамастан  Мамай   беделі  өте  үлкен  болды.

     Біз  бұл  сөздерді   Мамайдың  келесі  ісінен  көре  аламыз. Абдаллах  хан  атындағы  теңгелер хижра  бойынша 771  жылы, яғни 1369-1370 жылдары  шығарылуын  тоқтатады. Ол  осы  кезде  қайтыс  болса  керек.  Никондық  жылнамалардың  баяндауынша  Мамай  ордада жаңадан Мамат атты  сұлтанды  хан  тағайындайды. 1370 жылғы  Никондық жылнаманың  бұл  мағлұматы  шындыққа  жанасады.  Себебі  Мамат  сұлтан  атындағы    теңгелер  хижра  бойынша  771 жылы , яғни  1370  соғыла  бастады.      

    Жоғарыда  аталғандай  Русь  Алтын  Ордада  орын  алған  дүрбелеңді  мұқият  қадағалап  отырды. Русьтегі  сауатты  князьдар  Алтын  Орданың  қатты  әлсіреу  үстінде  екенін  жақсы  түсінді. Және   олар  өз  кезегінде бұл  жайтты  өз  мүдделері  үшін  тиімді  жақтарын  барынша  пайдаланып  қалуға  тырысты.

   Уақыт  өткен  сайын  Алтын  Орда  қатты  әлсіреп,  Дмитри  Иванович  күшейе берді. [7; 99 бет]  

   XIV ғасырдың  60-70  жылдарында  феодалдық  бытыраңқылық  үстіндегі  Русь өз  бойынан  Алтын Орданың  тонаушылық  саясатына қарсы  бірлесуіне  күш  таба алды.[3; 71 бет] Дәл  осы  жерде,  уақыт  өте  келе  Донской  атына  йе  болған,  Мәскеулік  Дмитри  Иванович  үлкен  роль  атқарды.

    Дмитри  Иванович  Мәскеу  князьі  атағына  ие  болғанда  не  бары  11 жасар бала  болатын. Оның  жасының  соншалықты  жастығы, бір  кездерде  әкесі  мен  атасы  бастаған  Мәскеуді  нығайту  ісін  тоқтатып,  үзіп  алатын  сияқты  көрінді. Алайда ол  сауатты  әрі  көреген қолбасшылар  мен  кеңесшілер  арқасында  тек  қана  Мәскеу  үшін  емес бүкіл  Русь  үшін  де  дұрыс  жолды  таба  алды. [7; 96 бет]          

    Мәскеу  Алтын  Орда  мен  Сарайда  болып  жатқан  оқиғаларға  мұқият  қадағалап  отырды. Мәскеу  алдында  Алтын  Ордадан  толық  тәуелсіздік  алу  мүмкіндігі  туындады.Бұл  мақсатқа  жету  үшін  Мәскеу  үш  міндетті  орындауға  тиісті  болды. Ол  міндеттер  мынадай  еді:

     1) Бір кездерде  Аммуратқа  (Мұрат)  беріп  қойған  Владимир  князьдығын  өзіне  қайтарып  алу.

    2) Өзіне  Тверь  князьдығын  қарату  арқылы  экономикалық-әскери  күшейу.      

      3)  Жоғарыда  аталған  мақсатпен  Рязань  князьдығын  күшпен  болса  да  өзіне  қарату.

     Осы  міндеттерді  толық  орындағанда  ғана  Мәскеу  Алтын  Ордаға  қарсы  шыға  алатын күшке  ие  болар  еді. Себебі Алтын  Орда  қанша  жерден әлсіресе  де  русьтің  бір  ғана    князьдігінен  жеңілуі  мүмкін  емес  еді. [8; 100 бет]

    Дмитри  тағы  бір  саяси  қадамға  барады. Ол  уақытша  болса  да Мамай  ықпалын  моиындайды. Алайда  Мамай мен  Дмитри  Иванович

арасындағы  жақсы  қарым  қатынас  ұзаққа  созылмасы  анық  еді. Себебі  олар  бір  біріне  әрдайым  күмәнмен  қарайтын. Мамай  мәскеулік  князьдің  беделі  мен  күшінің  өсуінен  қатты  үрейленді. Өз  кезегінде Дмитри  Иванович  болса  Русьтің  татарлардан  бөліну  мақсатындағы  алда  тұрған  ең  қауіпті  адам  Алтын  ордалық   Мамай  екенін  жақсы  түсінді.

     XIV ғасырдың  70 жылдары  Алтын  Одадағы  дүрбелең  күшейе  түскенімен, негізгі  билік  Мамай  қолында   қала  берді. Мәскеулік  князь  Дмитри  Ивановичтің  Руссьті  біріктіру  саясатына  Мамай  барынша кедергі  жасағысы  келді.[5; 71 бет ] Осылайша  Мамай   Тверь  және  Рязань князьдарына  оладың  ұстанатын  саясатын  қолдайтындығын  және  Мәскеуге  қосылуын  құптамайтындығын  айтады.  Бұл  әрекет  өз  кезегінде  Мамайдың  аталмыш  аудандардағы  беделінің  қаншалықты  жоғары  болғанын  көрсетеді. Тверь  князьі  Михайл  да,  Рязань  князьі  Олег  те  саяси  көрегендігі  жағынан  Мәскеулік  Дмитри  Ивановичпен  денңгейлес  емес  еді. [6; 41 бет ]

     Дәл  осы  себептен  немесе  өзге  де  себептермен  болсын  Дмитри  өзінің  алдына  қойған  мақсаттарына  жете  алуы  мүмкін  еді. Бұған  жол  бермеу  үщін  ең  алдымен  Мамай  өзі  де  Алтын  Ордада  бірнеше  қиын  міндеттерді   жүзеге  асыруы  керек  еді. Сол  міндеттегге  тоқталып  кетейік. Ең  алдымен  Мамай  Алтын  Ордадағы  дүрбелеңді  тоқтатуы  тиіс  еді. Содан  екейін  Жошы  Ұлысының  барлық  жерлерін  өзінің қоластына  біріктіруі  керек  еді. 

      Мамай  өз  қоластына  бір  кездерде  Болгарларды, Астраханьді, солтүстік  Кавказды жаулап  алып,  біріктіре  алады. Алайда  Мамай

     Жошы  Ұлысын  түгел  бағындыра  алмайды. Мамай  үшін  бағынбаған аймақ  Еділ  бойындағы  бай  қалалар  болды.

Русьтегі  феодалдық  бытыраңқылық  өзінің  шегіне  келе  жатты, Мәскеу үлкен сакяси-әскери  күшке  ие  бола  бастады. Енді  Мәскеумен  оның  күшті көршілері  санасатын  болды.  Ал  әлсіз  көршілерінің  жағдайы  тіпті  ауыр  болды.

     Русьте  тұтынушылар  мен  өндірушілер  арасындағы  қатынас  ұлғая  берді. Бұл  қатынастар  өте  тығыз  болғандықтан  бытырап  жатқан  русьтің  бірігуін  жеделдетті. Бұл  өз  кезегінде  материялдық  базасы  бай  Русь  мемлекетінің  пайда  болуына  әкеле  жатты. [8; 259 бет]

     Мәскеу  князьдігі  үлкен  шешімдерге  бара  бастайды,  дәл  осы  себепті  1375 жылы  Мәскеу  князьдығының  әскерлері  Тверьге  шабуыл  жасап,  ауыр  соққы  береді. Осыдан  кейін  Дмитри  Иванович  Тверь  князьіменен  келісім  жасасады. Бұл  келісімнің  бірнеше  қызықтыв  жақтары  бар  еді,  соларға  тоқталып  өтейік.

 1) Келісім  бойынша  Тверь  князьі  Дмирти  Ивановичті  өз  ағасы  ретінде  тануы  тиісті  еді. Яғни  өзін  Дмитриге  тәуелді  екендігін  жариялауы  қажет  еді.

 2) Қоластындағы  князь  болғандықтан  Тверь  князьі  Мәскеулік  Князь  Дмитриге  әскери  күшпен  де  көмектесіп  тұруға  тиісті  еді.

 3)  Бұған  дейін  Тверь  князьдігіне  тәуелді  болған  князьдіктер  енді  өз  тәуелсіздігін  алады.

4)  Ең  қызықты  жағы  бұл  татарларға  қарсы  одақ  құру  мүмкіндігі.

     Орыс  жылнамаларында  аталған  келісімнің  «қызықты»  жағы  былай  беріледі: » Татарлар  бізге  тыныштық  десе,  бізде  тыныштық  дейміз. Татарлар соғыс  десе, бізде  соғыс  дейміз. Бізге  бәрі  бір.» [3; 66 бет]

     Бұл  келісімді  жасасудағы  Мәскеу  князьі  Дмитридің  көздеген  мақсаты  белгілі,  ол  өзінің  беделін  өсіруге тырысты.

    Ал  тарихшы  ретінде  айта  кететін  жағдай  Дмитри  Ивановичтің  бойынан  бұған  дейін  көрінбеген  батылдықтың  белгілері  көрінеді. Бұған  дейін  Дмитри  Ивановичтің  бұндай  шешімдер  қабылдамағандығы  баршаға  аян. Бірінші  рет  татарларға  қарсы  одақ  құру  туралы  сөз  қозғалып  отыр. Бұлардың  барлығы  өлкедегі  саяси-әскери   жағдайдың  өзгергендігін  көрсетеді. Алайда Дмитри  Ивановичтің  әлі  де  Мамайға  тәуелді  екендігінұмытпаған  жөн. Жоғарыда  аталғандай  өз  кезегінде Дмитри  Иванович  Мамайдың  уақыт  өте  келе  байрғы  монғолдық  тонаушылық  саясатты  жалғастыратындығын  жақсы  түсінді. Дәл  осы  себепті  жоғарыда  аталған  татарларға  қарсы  одақ  деп  отырғаны,  Мамайға  қарсы  одақ  деп  түсінген  жөн. Себебі Дмитри  Иванович  Тверьге  жасаған  жорығынан  кейін  оны  тыныш  қалдырмасы  анық  еді. Себебі  кез  келген  адам  тәуелділердің  ондай  әрекетін  құптамайтындығы  сөзсіз  еді. [9; 33 бет]

     Біздер   Алтын  Ордадағы   XIV ғасырдың   70 жылдарындағы  оқиғаларды   қысқаша  былай   қорта   аламыз. Мамай   қанша  тырысқынымен  Алтын  Ордадағы   билікті  толығымен   өз  қолына   шоғырландыра   алмады. Поволжье  өзара  талас-тартыстағы   Ақ  Ордалық   Жошы  ұрпақтарының   және   аз   ғана  уақытта  Астрахан  мен  Болгар  қолында болды. Ақ  Ордалық хандардың   күштілігі  сонша,  олар  өзара қанша  қарқыста  болса  да. Мамайға аймақты  бермейді. Осы   себепті   Мамай   өз   қоластына    Жошы ұрпақтарын   біріктіре  алмады. Ал   өз   кезегінде   осы  жерде  Мәскеу  князі  Дмитри  Ивановичтың   орыс   жерінде  беделі   өседі.  Мамай   бұл  істің   осылай   жалғаса    берсе   арада  міндетті   түрде   қақтығыс   болатындығын   түсінді. [9; 35 бет]

     Мамай  Ольгердпен  одақтас  болып  жүрген  Владимир  князьдығына  билік  жүргізуге  рұқсат  береді.  Мамай  Дмитри  Ивановичке  Қартағай  мен Тұзақ  есімді  елшілерді  жібереді. Елшілердің  негізгі  міндеті  Тверь  князьдығын  Михайлға  беру  туралы  бұйрықты  жария  ету  болатын. Осы   кезде  Дмитри  Иванович  Мамайдың  еркін  орындағысы  келмейді, бірақ  Мамаймен  ат  құйрығын  кесісуге  де  әлі  ертетек  екендігін  де  жақсы  түсінді. Қалай  болғанда  да  Дмитри  Мамайдың  бұйрығын  орындамайды. Дмитри  Иванович  литвалық  Ольгердпен  бірігіп Михайлге  қарсы  шықпақ  болады. Бұл  жағдайды  естіген  Михайл  Мамайға  қайта  келеді. Мамай  Михаилге тек сөзбен  ғана  көмектеспейдіндігін   білдіргісі  келді.  Осының  белгісі  ретінде  Мамай  Михайлге  әскери  көмек  ұсынады. Бірақ Михаил  Мамай  ұсынған  көмектің  бұл  түрінен  тартады. Мамай  Михайлге  Сарықожа  деген  елшіні  қосып,  Тверьге  қайта  жібереді.Бірақ  Дмитри  Иванович  Русь  барлық  қаларына  боярлар  мен  арнайы  адамдарды  жіберіп  «анти  михаилдық» үгіт  жүргізіп  үлгерген  еді. Яғни  халық  арасына  «Михаил русьта  князь  болмайды. Ол руське  кірмейді,» — деген  сияқты  сөздер  таратады.

     Бұл  оқиға  шамамен  1370-75  жылдар  аралығында  орын  алған  болатын.  Себебі  Дмитри  Иванович  пен  Ольгерд  арсындағы  келісім осы  жылдары  жасалған  болатын. [6; 42 бет]

    Егер  де  Михайл  Мамай  ұсынған  әскери  көмектен  бас  тартпағанда, мүмкін,  Дмитри  Иванович  жеңіліс  табар  еді. Себебі  Дмитри  Иванович әлі  де  үлкен  күшке  ие  емес  еді. Мамаймен  қарым  қатынасын  біржола 

үзбеуі  де  осы  себепті.

     Жалпылама  қорытындылайтын  болсақ  Мамайдың  тарих  сахнасына  шығуы  үлкен  қиындықтарға  толы  болды.

      1) Алтын  Ордадағы  орын  алған  дүрбелең  жылдардағы  хандардың  жиі-жиі  ауысуы  кезінде    өз   орнынан  айрылмай, біршама  ұзақ  уақыт  бойы    беделінің  төмендемеуі  тек  қана  оның  саяси  көрегендігінің  арқасы.

     2) Дешті  Қыпшақ  даласында  Шыңғыс  хан  жаулауынан кейін мүлде  болмаған  қарасүйектің  мемлекет  билігіне  келуі  қырық  рудан  құралған Алтын  Орда  халқының  арасында  үлкен  наразылық  тудырды. Сондай қиын жағдайдан  саяси  сауттылықпен  шыға  білу  екінің  бірінің  қолынан  келмейді.

     3) Алтын  Ордадағы  көптеген  хандар  арасында  адасып  қалмай  сыртқы  саясаттағы  әрдайым  беделін  өсіру  үшін  қадамдар жасап  отыруы.     

     4) Шет  елдіктерден әскер  ұстап  отыруы  да,  Мамайдың  саяси  сауттылығын  көрсетеді. Себебі  жергілікті  сарбаздар  кез  келген  уақытта  төре, сұлтан және  ақсүйектердің  жағына  сатылып  өтіп  кетуі  мүмкін  еді.  

     Қорыта  келе  Мамай  «дала  заңына» толық  болмаса  да,  айтарлықтай  өзгеріс  енгізген  тұлға. Жылдар  бойы  қалыптасып  қалған  «ақсүйектік» жүйені  бұзбаса да,  керегесін  шайқалтқан  Мамай  болатын. Осылайша  Шыңғыс  ханнан  мұраға  қалған  билік  дәстүріне  де  өзгеріс  енгізілді және  бұл  өзгерісті  «ұлы  даланың  ұлдарының»  бірі  Мамай  жасған  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – ТАРАУ. КУЛИКОВО ШАЙҚАСЫ ЖӘНЕ МАМАЙ

 

     Куликово  шайқасы  туралы  қазіргі  таңда  айтылып  жүрген  ой-пікірлер  өте  көп. Әсіресе  орыс  тарихшыларының  бұл  мәселеге  «ерекше»  көзқарспен  қарайтындығы  баршаға  мәлім. Олардың  пайымдауынша  Куликово  даласындағы  Дмитри  Ивановичтің  жеңісі  барша  орыс  халқының  тәуелсіздік  жолындағы  басты, әрі  алғашқы  қадамдардың  бірі  болып  табылады. Орыс  халқы  Куликово  шайқасын  бүкіл  әлемге  монғол — татар езгісіне  қарсы қозғалыстағы  ұлы  жеңіске  жетелеген  шайқас  ретінде  дәріптеп  келгені  баршаға  мәлім.

     Куликово  шайқасы  мен  Мамай  туралы  орыс  халқының  кез  келген  аудиторияға  арналған  еңбектері  мен  шығармалары  өте  көп.  Олар  мультипликациялық  фильмнен  үлкен  сахналық  қойылымдарға  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл  еңбектердің  барлығы  бір  сипатта  болып  келеді. Яғни   Куликово  шайқасында  Дмитри  Ивановичтің  сөзсіз  жеңіске  жеткендігін  және  де  Мамайдың  сауатсыздығын, қорқақтығын  ғана  баяндап  отырады. Дәл  осы  себепті  Мамай  тек  орыс  халқының  емес, Орыс  халқы  бір  кездерде  өз  үстемдігін  жүргізген  барлық  елдер  арасында  әскери  сауатсыз, дарынсыз, қорқақ  қолбасшы  ретінде  танылып  қалды. Мамайды  бұл  тұрғыда  танып  қалғандар  қатарында  онсыз  да  біреуге  қара  жаққанға  құмар қазақ  халқы  да  бар. Қазіргі  аға  буын  өкілдері  үщін  Мамай  есімі  жат  есімдерге  жатпайды,  олар  үшін  Мамай  бар  болғаны  Куликово  шайқасында жеңілген  адам  ғана,  ал  оның  билікке  келген  ең  алғаш  қарасүйек  екендігінен,  саясаткерлігі сияқты  тағы  да  басқа  жақтарынан  халық  оны  танымайды. Бірақ  қарасүйектер  арасынан  алғаш  билікке  келген  Мамай  мырза  екендігі  бұған  дейін  бірнеше  рет  айтылып  өткен  еді. Тіпті  Әмір  Темірдің  билікке  кеуіне  жол  ашушы  кейіпкерлердің  ең  бастысы  Мамай  мырза  екндігі  анық. Ұлы  далада  қарасұйек  билікке  келе  алады  деген  пікір  Мамай  мырзаның  саяси  әрекеттеріне  дейін  мүмкін  емес  сияқты  көрінген. Алайда  Мамайдың  бұл  стереотипті  жойғандығы  алғашқы  бөлімде  айтылған.

     Неге  қазақ  халқы  өз  жерінің, яғни  өзінің  ұлдарын  өзге  ұлт  тұрғысынан  тануы  тиіс. Әрбір  елдің, ұлттың, ұлыстың  тарихы тек  қана  сол  ел,  сол  ұлт, сол ұлыс тұрғысында  жазылуы  тиіс,  ал  Куликово  шайқасының  тек  орыс  халқының  тарихына  ғана емес,  Дешті Қыпшақ  даласының  тарихына қатысы  бар  екндігін  ұмытпаған абзал.

     Міне  бұл  бөлімнің  де, бұл жұмыстың  да  ең  басты  мақсаты  Мамай  мырзаның  тарихын, Куликово  шайқасының  тарихын  шынайы  түрде  ұлттық  тұрғыда,  деректер  негізінде  жазып  шығару.

     Куликово  шайқасы  орыс  жылнамаларының  баяндауындағыдай  болды  деген  сөзге  үлкен  күмәнмен  қарауға  негіз  бар. Бұл  мәселеге  әлі  де  толығырақ  тоқтала  кетуге  тырысамын.

     Русьтегі  феодалдық  бытыраңқылық  өзінің  шегіне  келе  жатты, Мәскеу үлкен сакяси-әскери  күшке  ие  бола  бастады. Енді  Мәскеумен  оның  күшті көршілері  санасатын  болды.  Ал  әлсіз  көршілерінің  жағдайы  тіпті  ауыр  болды. [8; 262 бет]

     Русьте  тұтынушылар  мен  өндірушілер  арасындағы  қатынас  ұлғая  берді. Бұл  қатынастар  өте  тығыз  болғандықтан  бытырап  жатқан  русьтің  бірігуін  жеделдетті. Бұл  өз  кезегінде  материялдық  базасы  бай  Русь  мемлекетінің  пайда  болуына  әкеле  жатты.

     Мәскеу  князьдігі  үлкен  шешімдерге  бара  бастайды,  дәл  осы  себепті  1375 жылы  Мәскеу  князьдығының  әскерлері  Тверьге  шабуыл  жасап,  ауыр  соққы  береді. Осыдан  кейін  Дмитри  Иванович  Тверь  князьіменен  келісім  жасасады. Бұл  келісімнің  бірнеше  қызықтыв  жақтары  бар  еді,  соларға  тоқталып  өтейік.

 1) Келісім  бойынша  Тверь  князьі  Дмирти  Ивановичті  өз  ағасы  ретінде  тануы  тиісті  еді. Яғни  өзін  Дмитриге  тәуелді  екендігін  жариялауы  қажет  еді.

 2) Қоластындағы  князь  болғандықтан  Тверь  князьі  Мәскеулік  Князь  Дмитриге  әскери  күшпен  де  көмектесіп  тұруға  тиісті  еді.

 3)  Бұған  дейін  Тверь  князьдігіне  тәуелді  болған  князьдіктер  енді  өз  тәуелсіздігін  алады.

4)  Ең  қызықты  жағы  бұл  татарларға  қарсы  одақ  құру  мүмкіндігі.

     Орыс  жылнамаларында  аталған  келісімнің  «қызықты»  жағы  былай  беріледі: » Татарлар  бізге  тыныштық  десе,  бізде  тыныштық  дейміз. Татарлар соғыс  десе, бізде  соғыс  дейміз. Бізге  бәрі  бір.» [6; 42 бет]

     Бұл  келісімді  жасасудағы  Мәскеу  князьі  Дмитридің  көздеген  мақсаты  белгілі,  ол  өзінің  беделін  өсіруге тырысты.

    Ал  тарихшы  ретінде  айта  кететін  жағдай  Дмитри  Ивановичтің  бойынан  бұған  дейін  көрінбеген  батылдықтың  белгілері  көрінеді. Бұған  дейін  Дмитри  Ивановичтің  бұндай  шешімдер  қабылдамағандығы  баршаға  аян. Бірінші  рет  татарларға  қарсы  одақ  құру  туралы  сөз  қозғалып  отыр. Бұлардың  барлығы  өлкедегі  саяси-әскери   жағдайдың  өзгергендігін  көрсетеді. Алайда Дмитри  Ивановичтің  әлі  де  Мамайға  тәуелді  екендігінұмытпаған  жөн. Жоғарыда  аталғандай  өз  кезегінде Дмитри  Иванович  Мамайдың  уақыт  өте  келе  байрғы  монғолдық  тонаушылық  саясатты  жалғастыратындығын  жақсы  түсінді. Дәл  осы  себепті  жоғарыда  аталған  татарларға  қарсы  одақ  деп  отырғаны,  Мамайға  қарсы  одақ  деп  түсінген  жөн. Себебі Дмитри  Иванович  Тверьге  жасаған  жорығынан  кейін  оны  тыныш  қалдырмасы  анық  еді. Себебі  кез  келген  адам  тәуелділердің  ондай  әрекетін  құптамайтындығы  сөзсіз  еді.

     Мамай  өз  вассалынан  мұндай  қадамды  күткен  болатын,  алайда  орыс  тарихшылары  бұлай  деп  есептемейді. Бірақ  Мамайдың  жалдамалы  әскер  ұстауының  басты  себебі  русьтің  қарсылығынан  қауіптенуі  екендігі  баршаға  түсінікті. [9; 33 бет]

     Әрине  бұл  келісім  Ордадағылардың  назарынан  шығып  қалмауы  сөзсіз  еді. Себебі  Мәскеу  өзі  негізін  қалаған  кеісім  шартқа  тек  өз  талаптарын  жариялайды.

      Мамай  бұл  жағдайға  қарап  қана  отыра  алмады. Өзіне  тәуелді  вассалының  қолынан  шығуға  талпынуы, өзінше  шешімдер  қабылдауы  Мамай  үшін  ауыр  жағдай  болды. Орыс  тарихшыларының  ойынша  Дмитри  Ивановичтің  тәуелсіздік  алып  кетуі, Мамай  үшін  салық  төлеушісінен  айрылуына  әкелетін  еді. Сөзсіз  бұл  шындық,  алайда  бұл  бірнеше  жағдайлардың  тек  біреуі  ғана  еді. Ең  бастысы  Мамай  ел  арасында  да, көршілері  алдында  да  өз  беделінен  айрылары  анық  болатын. Және  де  тұрақты  салық  төлеушісінен  айрылуы  Мамай  үшін  экономикалық  ауырлық  тигізер  еді.  Себебі  Дмитри  Иванович  Мамайға  үлкен  мөлшерде  салық  төлеп  отырды.

     Осы  жағдайлардың  барлығын  ой  елегінен  өткізген  Мамай  Мәскеуге  өзі  қарсы  шығуға  шешім  қабылдайды. Бірақ  бұған  дейін  татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдиннің   баяндауынша  Мамай  орыстарға  қарсы  1377  жылы  Арабшах  атты  әскербасшыны  жіберген  екен. Бірақ  Мәскеу  әскерлері  соғыстан  бас  тартып,  қаша  жөнеледі. Арабшах  бастаған  әскер  Төменгі  Новгородқа  шауып, оны  өртеп  тастайды.

      Мәскеу  осыдан  кейін   Мордваға  шабуыл  жасайды. Мәскеуліктер  де  ордаға  тәуелді  мекенді  тонап,  өртеп,  ойран  шығарады.

      Дмитриден  өш  алу  үшін  Мамай  оған  қарсы  өзінің  әскери  қолбасшысы  Бегіш  пен  оған  бпғынышты  біршама  әскер  жібереді. Бірақ  Рязань  жерінде  Вожа  өзені  бойында  жеңіліс  табады. Бұл  оқиға  1378  жылы  11  тамыздың  жұлдызы  күні  орын  алған  еді. Осыдан  кейін  екі  ел  арасындағы  ара  қатынас  толығымен  үзіледі. Енді  екі  жақ  та  шайқасқа  даярлана  бастайды. [3; 70 бет] 

      Дәл  осы  мақсатта  Мамай  Алтын  Ордалықтардан  және өз  қоластындағы  тәуелді  елдерден  әскер  жинақтай  бастайды. Жоғарыда аталып  өткен  тәуелді  елдер  қатарында  волгалық  боярлар,  буртастар,  ястар  және  де  татарлар  болды.

     Мамай  бұл  күштерге  де  толық  сенбей  литвалық  князь  Ягайломен  әскери  келісім  шартқа  отырады. Келісім  шарт  негізінде  Мамайға  Ягайло  әскері  көмекке  келіп,  Мәскеуге  қарсы  жорыққа  қатысуы  керек  еді. Ягайло  әскері  Мамайға  Дон  бойында  қосылуы  керек  еді.  Біріккен  күштер  шабуылға  шығуға  тиісті  болды.

     Мамай  әскеріне  Мәскеуге  қарсы Русьтегі  Рязань  князьі  де  әскери  көмекке  келетін  болды.

     Бұл  жерде  тағыда  Мамай  әрдайым  қолында  ұстап  отырған  жалдамалы  әскер  туралы  да  ұмытпаған  жөн. Бұл  әскердің  өзі  де  үлкен  күшке  ие  екендігін  атап  өттік.

     Осы  жерде  Русьтегі  метрополиттердің    литвалықтар  туралы  айтқан  пікірлерін осы  жерде  келтіре  кету  өте  орынды  болар. Жылнамашылардың  баяндауынша,  метрополит  Алексей  бірде  жиында  :»Мамай  литвалықтармен  одақтасады,  ал  литвалықтар  сұм,  алдамшы,  сатқын  халық»- деген  екен. Міне  дәл  осындай  литвалықтарға  берілген  мінездеме  өзінің  шынайылығын  болашақта  талай  дәлелдейтін  болады.

      Қалай  болғанда  да  Мамай  бұл  шайқасқа  немқұрайлы  қарамағандығы  анық. Оның  жоспарында  Мәскеуге  қиарта  соққы  беріп,  ойсыратып  тастау  және  де  бас  көтерместей  қирату  арқылы  өз  бәдәлін  арттыру  болды. Егер  де  Мамай  жеңіске  жеткенде  оның  билігі  толығымен  нығаяры  сөзсіз  еді.  Бұл  жағдайды  Мамайдың  даладағы  басты  қарсыласы  Төре  тұқымы Тоқтамыс  та  жақсы  түсінген  еді. [9; 103]

     Тоқтамыс  бейнесіне  толығырақ  тоқталдар  болсақ,  Ақ  Орданы  Орыс  хан  билеп  отырғанда  оған  қарсы  Тоқтамыс  бейнесіндегі  қарсылас  пайда  болды. Тоқтамыс  Шыңғыс  ханның   ұрпағы,  Төре  тұқымынан  болатын.

      Орыс  хан  тұсында  Ақ  Ордада  феодалдық  өзара  қарқыс  шарықтау  шегіне  жеткен   еді. Ақ  Орда  Жошы  ұлысынан,  яғни  Алтын 
Ордадан  іс  жүзінде  бөлініп  өз  алдына  дербес  мемлекет  болған  кезі  еді. Тоқтамыс  сұлтан  Ақ   Ордадғы  соғыс  кезінде  Самарқанға  көшіп  кетіп,  Әмір  Темір  ғұзырында  әрі  қонақ,  әрі  тұтқын  ретінде  біраз  өмір  сүреді. Ақ  Орданың  күшеюінен  сескенген  Әмір  Темір  Тоқтамысты  Орыс  ханға  айдап  салады. Темірдің  әскери  көмегіне  сүйенген  Тоқтамыс  1374-1375  жылдары Орыс  ханға  қарсы  жорыққа  аттанады. Соғыста  Орыс  ханның  баласы  өлгенімен,  Тоқтамыс  әскері  жеңіліске  ұшырайды.

     Темірден  жаңа  әскер  алып,  Тоқтамыс  екінші  рет  жорыққа  шығады. Бұл  жорықта  да  Тоқтамыс  жеңіліс  табады. Осыдан  кейін  1375-1376  жылдары  Орыс  хан   Тоқтамыс  пен  Темірге  қарсы  жорыққа  шығады. Күннің  суып  кетуіне  байланысты  соғыс  кейінге  шегеріледі.

      Бір  жылдан  кейінгі  Әмір  Темір  мен  Тоқтамыс және  олардың қарсыласы Орыс  хан  арасындағы  шайқаста  Орыс  хан  қаза  табады.

      Тоқтамыс  Әмір  Темір  көмегімен  Ақ  Ордадағы  билікті  өз  қолына  алады.

      Енді  Тоқтамыс  туралы  баяндалған  кезде  бірнеше  рет  есімі  аталған  Әмір  Темірдің  осы  кездегі  ие  болған  орнына  тоқтала  кетейік. Атынан  белгілі  болғандай  Әмір  Темір  де  Мамай  сияқты  қарасүйек,  яғни  Шыңғыс  хан  тұқымы  емес. Алайда  Мамайдан  басты  айырмашылығыәскери  алаңда  жолы  болғыш  адам  болған.

     Бірақ  қарасүйектер  арасынан  алғаш  билікке  келген  Мамай  мырза  екендігі  бұған  дейін  бірнеше  рет  айтылып  өткен  еді. Тіпті  Әмір  Темірдің  билікке  кеуіне  жол  ашушы  кейіпкерлердің  ең  бастысы  Мамай  мырза  екндігі  анық. Ұлы  далада  қарасұйек  билікке  келе  алады  деген  пікір  Мамай  мырзаның  саяси  әрекеттеріне  дейін  мүмкін  емес  сияқты  көрінген. Алайда  Мамайдың  бұл  стереотипті  жойғандығы  алғашқы  бөлімде  айтылған. Олай  болса  Әмір  Темірге  қайта  оралайық. Әмір  Темір  өз  империясын  құрарда  бір  ғана  мақсатты  көздеді,  оның  мақсаты  өз  билігінің  астына  мүмкіндігінше  дүние  жүзінің  көптеген  елдерін  бағындыру  болды.  Мамай  мырза  үшін  Әмір  Темірдің  тарих  сахнасына  шығуы  тиімді  болды  ма  деген  сұраққа  былай  жауап  беруге  болады. Сөзсіз  Әмір  Темірдің  тарих  сахнасына  шығуы  аса  тиімсіз  болды,  себебі  Әмір  Темір  Тоқтамысқа  үлкен  көмек  көрсетіп,  саяси  беделінің  артуына  үлес  қосты. Ал  Тоқтамыс  Мамай  үшін  басты  қарсылас  болғаны  бұған  дейін  де,  бұдан  кейін  де  айтылатын  бірнеше  рет  болады. [9; 40 бет]

     Жалпылай  алғанда  Әмір  Темір Баязит  пен  Алтын  Орданы  талқандаған, үлкен  сәулет  өнері  Ахмет  Яссауи  кесенесін  салдырған  тұлға. Және  де ол қытайға  жорыққа  бара  жатып  қаза  тапқан.

     Ендігі  кезекте  Мамай  мырзаға  қайта  оралайық. Жоғарыда  аталған  сөздерден  түсінікті  болған  бір  тарихи  факт  ол  Мамай  мен  Дмитри  Иванович  арасында  үлкен  бір  қақтығыстың  орын  алатындығы  еді. Бұл  қақтығыс  нәтижесі  орталық  азия  мен  еуропа  жерлерінің  даму  тарихын  шешетін  еді. Қалай  болса  да  жеңілген  жақтың  дамуы  біраз  жылдарға  тежеліп, жеңген  жақтың  қарқынды  түрде  дамуына  үлкен  жол  ашылары  сөзсіз  еді. Соғысушы  екі  жақтың  да  бұл  шайқасқа  немқұрайлы  қарамауының  себебі  осыда  болды.

      Екі  алпауыт  арасындағы,  ұлы  даланың  баласы  Мамай  мен    Мәскеудің  құтқарушысы  Дмитри  Иванович  арсындағы  қарқыс  тағдыры  бір  шайқаста  ғана  шешілетін  болды. Шайқас  Куликово  даласында  болтын  болды. Бұл  шайқастың  Куликово  даласында  өтілуін  орыстар  шешкен  болатын. [6; 44 бет]

     Алайда  мыңдаған  жылдар бойы  қапытасқан  тарихи  дәстүр  бойынша  кез  келген  соғыста  шайқас  аренасын  көшпенділер  таңдайтындығы  баршаға  мәлім. Ал  дәл  осы  жолы  соғыс  аренасын  орыстардың  таңдауы  бір  ғана  нәрсені  аңғартады. Яғни  орыс  әскер  қолбасшылыры  мен  кеңесшілерінің  арасында  далалықтардың  болуы  сөзсіз. Бірақ  орыс  халқы  бұл  сөздерден  толығымен  бас  тартады. Олардың  ойнша  бұл  жеңіске  тек  орыс  халқы  өзі  ғана  себепкер  болып  табылады. Бұл  мәселеге  мен  әлі  толығырақ  тоқталуға тырысамын.

        Сонымен  Мамай  Мәскеуге  қарсы  өзі  аттанбақ  болады. Греков  және  Якубовский  өздерінің  еңбектерінде орыс  жылнамаларына  сүйене  отырып,  Мамай әскерінің  қатарында  оған  қарасты,  яғни  қоластындағы  халықтар,  яғни волгалық  боярлар, бұртастар, яс  және  татарлар  болғандығы  туралы  мәлімет  келтіреді. Және  де  аталған  авторлар  Мамайға  рязань  князьінің  де  қосылғандығын  атап  көрсетеді. Мамай  бұл  күштердің  де  аздық  қылуынан  қауіптеніп, литвалық  князь  Ягайломен  одақ  құру  туралы  келісімге  келеді. Келісім  бойынша  Ягайло  әскері  Мамай  әскеріне  Дон  өзені  бойында  қосылуы  тиісті  еді. [5; 79 бет]

      Кейбір  авторлар  Мамай  бұл  шайқасқа  тек  далалықтарды  әскер  қатарына  алғандығын  атап  көрсетеді, бұлай  болуының  себебі  өзге  әскерлер  тарапынан  сатқыдық,  опасыздықтан  қауіптенді  десе,  енді  біреулері  Мамай  шайқасқа  далалықтарды  алмағанын  айтып, себебін  былай  түсіндіреді: Мамай Қарасүйек  болғандықтан  оған  далалықтар  кезкелген  уақытта  қарсы  шығуы  мүмкін  еді.

      Татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдин  «Ханы  золотой  Орды»  деген  еңбегінде  Мамай  әскерінің  көпшілік  бөлігі  жалдамалылар  болғандығын  айта  келе,  Мамай  жеңілісінің  басты  себебін  осы  жалдамалылар  кесірінен  деп  түсіндіреді. «Жалдамалы  ол  әрқашан  да  жалдамалы  болып  қала  береді,  оның  көздегені  тек  ақша  ғана, оған  өз  басшысын  тастап  қашып  кету  ештеңе  емес» [11;193 бет]- деген  сөздер  Ризаэтдин  Фахретдиннің  «Ханы  золотой  Орды»  еңбегінде  осы  Куликово  шайқасына  байланысты  бөлімінде  көптеп  кездеседі.

       Қалай  болғанда  да  тарихтың  Мамай  әскерінің  құрамы  қандай  болды  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін  толық  деректер  кешенін  зерттеп  білу  қажет. Ал  бұл  мәселеге  байланысты  археологиялық  деректердің  жоқтығы  зерттеушілерге  мәселені  зерттеуде  үлкен  кедергі  туғызады. Бұл  мәселеге әлі  де  тоқталатын  боламын.

       Енді  бұл  шайқасқа  Мәскеу  қалай  даярланғанын  анықтап  көрейік. Греков  және  Якубовскийдің  айтуынша,  Мәскеу  шайқасқа  үлкен  жауапкершілікпен  қарап, жақсы  даярланады. Дмитри  Иванович қоластына  өзіне  қарасты  барлық  княздықтарды  біріктіреді. Дмитмри   Иванович  туы  астынан  мына халықтар  табыла  білді: владимирліктер,  суздальдықтар,  ростовтықтар,  ярославтықтар,  белозерліктер,  муромдықтар, бряндықтар  тағы  да  басқа  ұсақ  князьдіктер. Жылнамашының  баяндауынша  мәскеулік  Дмитри  Иванович  жалпы  саны  жүз  елу  мыңға  жеткен  әскер  жинақтайды. Бұл  сөздердің  қаншалықты  шындыққа  жанасары  белгісіз.  Ал  Мамай  әскерінің  саны  туралы  мәліметті  жылнамашы  келтірмейді.

     Әскер   құрамына  байланысты  тағы  да  бір  мәлімет  Бұған  дейін  шайқасқа  қатыспады  деп  келінген  новгород  князьдығының  әскерлері  осы  шайқасқа  қатысқан  деп  айтуға  болады.

     Ал  Мамай  әскері  қатарында  әрдайым  қолында  ұстап  отыратын  шеркеш,  шешендерден  құралған  жалдамалы  әскер  бұл  шайқасқа  қатыспайды.  Жалдамалы  әскердің  шайқасқа  қатыспау  себебі  қаржы  мәселесінде  емес,  себебі  Мамай  әскері  сол  кездегі  озық  қару-жарақпен жабдықталған  болатын. Жалдамалы  әскердің  шайқасқа  қатыспауның  негізгі  себебі жоғарыда  аталған  сатқындық,  опасыздық  принциптері  болуы  мүмкін.

     Сонымен  Дмитри  Иванович  жинақтаған  жүз  елу  мыңдық  әскер,  жылнамашының  баяндауынша  тамыз  айында  оңтүстікке  қарай  бет  алады. Жоғарыда  аталған  соғыс  аренасын  өздеріне  тән  емес  болса  да,  орыстардың  таңдау  процесі  дәл  осы  кезде  орын  алған  болатын. [5; 79 бет]

      1380  жылы  қыркүйектің  6шы  жұлдызы  күні  орыс  әскерлері  Дон  өзені  бойына  келуі  тиіс  еді. Орыс  қолбасшылары  өз  әскерлеріне  Дон  өзенінің  арғы  жағына  өтуге  бұйрық  береді. Бұл  бұйрықтың  берілу  себебі  орыс  қолбасшылары  өз  қоластындағы  әскерлердің  шайқас  барысында  қаша  жөнелу  қауіпінен  болғандығы  сөзсіз.

      Өзеннен  өту  екі  күнге  созылып  үші  қыркүйекте  орыс  әскерлері  аты  шулы  Куликово  даласына  келіп  тұрақтайды.

      Бұл  күні  ауа  райы  таң  ертеңмен  бұлыңғыр  тартып  тұрады. Сай  салаларға  қалың  тұман  түседі. Бірақ  сағат  тоғыздарда  ауа  райы  жадырап  сала  береді. Түске  тарта  даладан  Мамай  әскерінің  қарасы  көрінеді. Сағат  бірлерде  шайқас  өз  бастауын  табады. Шайқасты  тікелей  тамашалаған  жылнамашы  шайқасты  былай  суреттейді: Бұндай  шайқас  әлі  болған  емес,  даланың  он  шақырымы  әскерлерден  көрінбей  қалды. Адамдар  мен  жылқылардан  аққан  қан  жаңбырша  жауды. Татарлар  жеңіске  жете  бастайды. Орыс  әскерлері  дала  жаққа  да,  кейін  қарай  да  қаша  жөнеледі. Татарлар  өздерінің  жауларын  толық  күйрету  үшін  қуа  жөнеледі. Сағат  үштерде  Куликово  даласындағы  көрініс  өзгеріп  шыға  келеді. Тосқауылда  тығылып  отырған  Владимир  Андреевич  Серхопувский  мен  Литвадан  Дмитри  Ивановичқа  арнайы  көмекке  келген  Дмитри  Боборок  басшылық  жасап  отырған тың  орыс  әскері  шабуылға  шығады.

      Орыс  әскерлерінің  қаша  жөнелгенін  көрген  Владимир  Андреевич  Серхопувский  бірден  шабуылға  шаппақ  болады,  бірақ  Дмитри  Боборок    оны  тоқтатып  татарлардың  өздеріне,  Яғни  тың  әскерге  арқасымен  қарауын  күтеді. Осы  жағдай  орын  алғанда  Дмитри  Боборок  бастаған  тың  әскер  татарларға  шаба  жөнеледі. Қашып  бара  жатқан  орыстар  кейін  бұрылып,  татарлар  қоршауда  қалып  қояды. Татарлар  ойсырай  жеңілуге  мәжбүр  болады. Шайқасты  біршама  әскерлерімен алыстан  қадағалап  отырған  Мамай  Калка  өзені  бойына  қарай  қашады. Оны  ол  жақта  даладағы  басты  қарсыласы  Тоқтамыс  қарсы  алады. Әскерін  талқандап  Мамайды  күйретеді. Мамай  Кафу (Федосия)  жеріне  қашып,  сонда  өз  өлімін  табады. [3; 68 бет] [5; 47 бет ]

    Бұл  жерде  жеңіліс  деп  атап  көрсетіп  отырған  авторлар,  бұл   сөзді  үлкен  мақтанышпен  айтады. Алайда  өзгенің  тактикасымен,  өзгенің  әскери  қолбасшыларымен, үлкен  қырғынмен  жеткен  жеңістің  несі  жеңіс. Ұлы  Шыңғыс  ханның  өзі  ешбір  мағынасыз  қоршауда  қалып  өлгеннен  гөрі  қашып  кетіп  қайта  күш  жинап  соққы  беруді  дұрыс  санаған. Мамай  да  осы  ұстанымды  ұстанғаны  анық. Ал  Дмитри  Иванович  бұл  шайқаста  үлкен  шығынға  ұшырады. Дмитридің  жанындағы  сенімді  князьдары,  жауынгерлері  осы  шайқаста  көз  жұмды. Және  де  соғыс  аяғынан  еліне  оралушы  жаралы  жаунгерлер Ягайло бастаған Литвалықтар  тарапынан  қырғынға  ұшырайды. [9; 33 бет]

     Жоғарыда  келтірілген  мәліметтерді  бізге  орыс  жылнамалары  бере  алады. Алайда  Куликово  шайқасынан  кейінгі  оқиғалар  туралы  деректер  әр  түрлі  болып  келеді.

     Мысалы  Өтеміс  қажының  «Шыңғыс  наме»  еңбегінде  Мамай  Куликово  даласында  қаза  тапты  делінеді.

      Ал  Насонов  болса  өзінің  «Монголы  и  русь»  еңбегінде, осы  жағдайды  былай  суреттейді: Мамай  жеңіліс  тапқаннан  кейін  қашуға  мәжбүр  болады. Онымен  қоса  әскер  құрамындағы  бірнеше  жүйрік  аттылар  да  қосыла  қашып  аман  қалады. Мамай  әскерінің  құрамында  жоғарыда  аталған  жүйрік  аттылар  көп  болған  көрінеді. Себебі  Мамай  Ордаға  орала  сала  өш  алу,  кек  қайтару  туралы  ойлай  бастайды. Бір  жылдан  кейін  Мамай  руське  қайта  аттанбақ  болады. Бірақ  дәл  осы  кезде  Мамай ойламаған  жерден  Тоқтамыс  тарапынан  қарсылыққа  тап  болады. Енді  Мамай  руське  жорық  жасамас  бұрын  Тоқтамыс  әскерін  талқандауы  қажет  болады. Дәл  осы  жерде  қанға  сіңіп  қалған  Шыңғыс  хан  тұқымдарын  биік  қою,  сыйлау  принципі  өз  күшіне  енеді. Дәлірек  айтсақ  Мамай  әскері  мен  Тоқтамыс  әскері  жолыққан  кезде  Мамай  әскерінің  көпшілік  бөлігі  Тоқтамыс  жағына  өтіп  кетеді. Бірақ  олар  өз  қолбасшыларын  ұстап  беруден  бас  тартып,  Мамайдың  қашып  кетуіне өз  тарапынан  жағдай  жасап  береді. [12;  221 бет]

    Дәл  осы  себепті  бұл  жерде  мен  сатқындық  принципі  емес  сыйлау  принципі  деген  сөз  тіркесін  пайдаланып  отырмын. Бұл  жағдайдан  кейін  Мамайдың  өзінің  өмір  тыныштығын  табатын  аймақ  іздуге  кірісері  таң  қаларлық  нәрсе  емес. Біраз  ойланғаннан  кейін  Мамай  бір  кездерде  өзінің  үлкен  серігі,  одақтасы  болған  Генуяға  аттануға  шешім  қабылдайды. Мамай  өзінің  қасына  біраз  адам  алып   Генуяға  келеді. Әрине  олар  құр  қол  келмей,  өздерімен  бірге  бірнеше  бағалы  заттар  мен  алтын,  күміс  бұйымдар  ала  келеді. Бұл  өз  кезегінде  генуялықтардың  үлкен  қызығушылығын  тудырады,  себебі  иол  ақша  әрдайым  кез  келгеннің  қызығушылығын  туғызады, ал  егер  де    бұл  генуялықтар  болса  онда  жағдай  мүлде  бөлек. Мамай  мырза  генуялықтардан  әскери  көмек  алып  жақсы  қарым-қатынас  жүргізгені  анық. Алайда  генуялықтардың  Мамай  мырзаға  деген  көзқарасы  мүлде  өгереді. Міне  осыдан  кейін  генуялықтар  Мамайды  өлтіріп  оның  байлығына  ие  болады. Осылайша  Мамай  мырза  бір  кездердегі  өзінің  досы,  одақтасы  қолынан  қаза  табады. [13; Жалын 1991 16-17 бет ]

     Татар  тарихшасы  Ризаэтдин  Фахретдиннің   айтуынша  Мамай  Тоқтамыспен  қақтығыста  өзінің  әскерінен  айрылып, Кафыға  кетуге  мәжбүр  болады. Мамай  мен  оның  жанындағы  жақындарын  генуялықтар  бастапқыда жақсы  қарсы  алады, бірақ  кейіннен  оны  өлтіріп  байлықтарын  өзара  бөліске  салады. [14; 62 бет]

     Татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдиннің   Насоновтың  және  де  Греков  пен  Якубовскийдің  пікірлеріне  қосылатындығын  байқап  отырмыз. Олай  болса  Мамай  мырза жат  жұртта,  генуялықтар  елінде,  қазіргі  Федосия  жерінде  өмірін  аяқтаған  деген  тұжырым  жасауға  болады. 

    Алтын  Орда  тарихында  билікке  жеткен  алғашқы  қарaсүйектің  өмірі  осылайша  аяқталады. [11; 99 бет]               

    Жоғарыда  айтылған  пікір  Насоновтың  пікірі  екендігін  айта  отырып,  бұл  тарихшының  өз  еңбегін  жазу  барысында  орыс  жылнамаларымен  қоса шығыс  деректерін  де  пайдаланғандығын  ескеретін  болсақ,  осы  пікірдің  шындыққа  жақын  екендігін  аңғару  қиын  емес.     

     Ал  енді  Греков  және  Якубовский  сияқты  тарихшы  ғалымдардың  еңбегіндегі  осы  мәселе,  яғни  Мамай  өлімі  былайша  суреттеледі: «Мамай  Куликово  даласындағы  жеңілісті  алыстан  бақылап  тұрды.  Одан  кейін  Мамай  қаша  жөнеліп,  Калка  түбінде  Тоқтамыс  әскерінен  тағы  бір  жеңіліс  табады, сонан  соң  Мамай  Генуя  жеріне  қашып  барып  сонда  қастандықпен  өлтіріледі,»  деп  көрсетеді.

      Келесі  кезекте  Отандық  тарихшы  Керейхан  Аманжоловтың  » Түркі  халықтарының  тарихы » еңбегінде – Мамай  Куликово  даласында  үлкен  зардаптар  шеккен  жоқ. Оның  негізгі  әскер  күші  аман  қалып, тек  жалдамалы  әскер  ғана  қырғынға  ұшырады. Ордалықтар  мен  Мамай  мырза  ұрыс  алаңын  өздерінің  жүйрік  аттарымен  тастап  кетті. Ал  Мәскеу  князьі  Дмитри  Иванович  шығыны  Мамай  мырзамен  салыстырғанда  әлде  қайда  зор  болды. Дмитридің  жанындағы  сенімді  князьдары,  жауынгерлері  осы  шайқаста  көз  жұмды. Және  де  соғыс  аяғынан  еліне  оралушы  жаралы  жаунгерлер Ягайло бастаған Литвалықтар  тарапынан  қырғынға  ұшырайды. Мамай  мырза  елге,  ордаға,  орала  сала  кек  қайтару  туралы  ойланып,  даярлана  түседі. Алайда  Мамай  мырза  Тоқтамыс  тарапынан  қарсылыққа  тап  болып,  әскерімен  кезігеді. Осы  жерде  Мамай  мырза  әскерлері  аттарынан  түсіп  даланың  заңды  билеушісіне, яғни  сұлтанға  қарсы  соғыспайтындығы  туралы  ант  қабылдап,  қаруларын  тастайды. [11; 99 бет]

     Бірақ  олар  өз  билеушілерін  ұстап  беруді  сатқындық  деп  танып, Тоқтамыстың  бұл  шартынан  бас  тартады. Бұл  жағдайдан  кейін  Мамайдың  өзінің  өмір  тыныштығын  табатын  аймақ  іздуге  кірісері  таң  қаларлық  нәрсе  емес. Біраз  ойланғаннан  кейін  Мамай  бір  кездерде  өзінің  үлкен  серігі,  одақтасы  болған  Генуяға  аттануға  шешім  қабылдайды. Мамай  өзінің  қасына  біраз  адам  алып   Генуяға  келеді. Әрине  олар  құр  қол  келмей,  өздерімен  бірге  бірнеше  бағалы  заттар  мен  алтын,  күміс  бұйымдар  ала  келеді. Бұл  өз  кезегінде  генуялықтардың  үлкен  қызығушылығын  тудырады,  себебі мол  ақша  әрдайым  кез  келгеннің  қызығушылығын  туғызады, ал  егер  де    бұл  генуялықтар  болса  онда  жағдай  мүлде  бөлек. Және  де  генуялықтар  үшін  сатқындық    далалықтардағыдай  ауыр  күнә  емес. Мамай  мырза  генуялықтардан  әскери  көмек  алып  жақсы  қарым-қатынас  жүргізгені  анық. Алайда  генуялықтардың  Мамай  мырзаға  деген  көзқарасы  мүлде  өгереді. Міне  осыдан  кейін  генуялықтар  Мамайды  өлтіріп  оның  байлығына  ие  болады. Осылайша  Мамай  мырза  бір  кездердегі  өзінің  досы,  одақтасы  қолынан  қаза  табады. [11; 101 бет]

     Байқап  отырғанымыздай  көптеген  еңбектің  авторлары  да  Мамайдың  Генуя  жерінде  қаза  тапқанын  мойындайды. Көптеген  Қазақстандық  авторлар  да  осылай  есептейді,  олай  болса  бұл  сұрақтың  жауабына  күмәндануға  болмайды.

     Ал  енді  Куликово  даласындағы  шайқас  мәселесіне  тоқтала  кетейік. Куликово  шайқасы  орыс  жылнамаларының  баяндауындағыдай  болды  деген  сөзге  үлкен  күмәнмен  қарауға  неігз  бар. Осы  негіздемелерге  тоқтала  кетейік.

    1) Ұлы  дала  заңы  бойынша  бас  қолбасшы  шайқас,  ұрыс,  соғыс  кезінде  өз  әскерімен  бірге  болуы  тиіс,  ал  орыс  жылнамашылары  Мамай  шайқасты  алыстан  бақылап  отырды  деген  мәлімет  келтіреді. Бұлай  баяндауының  себебі  егер  Мамай  ұрысқа  қатысты  десе  орыс  әскерінің  Мамайдың  қалай  қоршауды  бұзып  шығуына  жол  беруін  түсіндіруі  керек  еді. Ал  Мамай  сөзсіз  шайқаста  әскермен  бірге  болған. Олай  істемесе  халық  арасында  өз  беделінің  қатты  түсерін  Мамайдың  түсінбеуі  мүмкін  емес   еді.

    2) Орыс  жылнамашылары  тағы  бір  қызықты  мәлімет  береді. Олардың  айтуынша  шайқас  аяқталғаннан  кейін  орыстар  барлық  өліктерді  жинап  өртеп  жібергендігі  туралы  мәлімет  келтіреді. Ал  Куликово  даласында Рессей  археологтарының  көпжылдық  жұмыстары  ешқандай  нәтиже бермеген. Көптеген  орыс  зерттеушілері  археологиялық  деректердің  жоқтығын  жоғарыда  аталған  жылнамалардағы  мәліметпен  түсіндіреді. Бірақ  «тазалық  сүйгіш»  орыс  жауынгерлері  қанша  жерден   тырысса  да   барлық  қару-жарақ  пен  оқ-жебелерді   жинап  алуы  мүмкін  емес. Себебі Бұл  шайқасқа  өте  көп  адам  қатысқанын  орыс  жылнамалары  арқылы  дәлелдеген  едік. 

      3) «1380  жылы  қыркүйектің  6 шы  жұлдызы  күні  орыс  әскерлері  Дон  өзені  бойына  келуі  тиіс  еді. Орыс  қолбасшылары  өз  әскерлеріне  Дон  өзенінің  арғы  жағына  өтуге  бұйрық  береді. Бұл  бұйрықтың  берілу  себебі  орыс  қолбасшылары  өз  қоластындағы  әскерлердің  шайқас  барысында  қаша  жөнелу  қауіпінен » деген  мәліметтер  де  осы  орыс  жылнамаларында кездеседі. Бірақ  бұл  бұйрықтың  берілу  себебі  тек  қана  қашудан  құтылу  емес  дала  қолбасшыларының  нұсқауымен  болған  нәрсе. Ал  ол  дала  қолбасшыларын  Тоқтамыстың  жіберуі  әбден  мүмкін. Себебі  Мамайдың   жеңілісі  бәрінен  бұрын  Тоқтамысқа  қажет  еді. Осы  жерде  тағы  бір  ескеретін  жағдай  орыс  әскерлері  соғыс  алаңына  ерте  келіп  дем  алып,  соғысқа  даярланып  алған  еді.  Бұл  да  болса  далалықтарға  тән  қасиет. 

       Көріп  отырғанымыздай  орыс  жылнамашыларының  беретін  мәліметіндегі  сөздер  бір  біріне  қарсы  шығады. Яғни  бұл  жылнамалардағы  мәліметтерді  тікелей  ала  салуға  болмайды. Яғни  қазіргі  таңдағы  кейбір  тарихи  еңбектер  шындықтан  алшақ  жатыр  деген  тұжырым  жасауға  болады.

     Қортындылай  келе  бұл  бөлімді  жазу  барысында  алдыма  қойған  міндеттерді  орындап,  белгілеген  мақсаттарыма  жеттім  деп  айта  аламын.  Мамай  мырзаның  тарихи  сахнадағы  шынайы  орнын  көрсетуде толық, болмаса  да  ең  алғашқы  қадамдар  жасалды  деген  тұжырымға  келуге  болады. Осы  сөздерді   дәлелдеу  үшін  келесі  негіздемелерді  келтіре  кеткенім  дұрыс  болар.

    1) Куликово  даласында  жеңілгені  үшін  айыптағандығы  аса  үлкен  әділетсіздік. Бұл  жеңілісте  оның  ешқандай  кінәсі  жоқ. Мамай  мырза  бар  болғаны  Тоқтамыс  пен  Дмитри  Иванович  арасындағы  келісім,  шарт,  одақ  құрбаны.

     2) Мамай  мырзаны  сауатсыз  қолбасшы  мен  білімсіз  билеуші  екендігін  дәлелдейтін  деректік  қордың  қандай  дәрежеде  екендігі  жоғарыда  атлып  өтті. Бәлкім  бұл  деректердің  бастапқыда  берген  мәліметтері  қазіргі  күйінен  бөлек  болған  шығар, алайда  орыс  жылнамаларының  көпшілігі  дерлік  XVIII  ғасырда  қайтадан  само  державиелік  тұрғыдан  қайта  жазылғандығы  баршаға  белгілі.

      3) Татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдиннің  сөздерімен  айтар  болсақ,  Яголайдың  кешікеніне  қарамастан  Мамай  мырза  батыл  әрі  сауатты  соғыса  білді. Тылдағы  тың  әскерге  айтарлықтай  қарсыластық  көрсете  білді. Егер  де  Мамай  мырза  тағы  бір  сағат  соғыса  тұрғанда  Яголай  әскері  жетері  сөзсіз  еді. Ал  бұл  жағдайда  Мамай  мырзаның  күшеюінен  Дмитри  Иванович  әскерлерініңжағдайы  мүлде  басқаша  болары  тағы  анық.

      4) Егер  әскер  құрамындағы  жалдамалылар  қаша  жөнелмегенде  Мамайдың  жеңіске  жетері  анық  екендігі  түсінікті. Себебі  Ягайло  және  оның  әскері  не  бары  он  бес  шақырым  жерде  еді. Ал  егер  Мамай  мырза  әскері  жоспарланғандай  Ягайло  әскерімен  дер  кезінде  кездескенде  Дмитри  Иванович  пен  оның  жанындағылардың  жағдщайы  мүлде  нашар  болар  еді.

      Байқап  отырғанымыздай  орыс  халқының   ұлы  жеңісінің  ешқандайда  ұлылығының  жоқтығын  дәлелдеу  аса  қиын  емес. Және  де  бүкіл  русь  Куликово  шайқасынан  кейін  де  баяғысынша  монғолдардың  құрамында  қала  берді. Шайқас  барыснда  Дмитри  өзінің  ең  мақтаулы  жауынгерлері  мен  князьдарынан  айрылып  қалды. Мәскеу  де,  басқа  да  русь  князьдіктері  билік  ету  үшін  Сарайға  жарлық  алуға  келіп  тұрды. Яғни  шайқас  орыс  тарихшылары  айтып  жүрген  Куликово  шайқасы  аймақтағы  жағдайға  үлкен  өзгеріс  әкелді  деп  айту  қиын. Шындығына  келер  болсақ  бұл  шайқастан  кейін  болған  бір  ғана  өзгеріс: бұл  орыс  халқының  ордалықтарды  жеңуге  болатынына  тұңғыш  рет  көзі  жетуінде  болып  табылады. Алайда  бұл  жеңіс  қаншалықты  қиын  жолмен, әрі  қымбат  бағамен  келгендігін  де  орыс  басшыларының  түсінгені  анық. Мәскеу  князьі  Дмитри  Иванович  шығыны  Мамай  мырзамен  салыстырғанда  әлде  қайда  зор  болды. Дмитридің  жанындағы  сенімді  князьдары,  жауынгерлері  осы  шайқаста  көз  жұмды. Және  де  соғыс  аяғынан  еліне  оралушы  жаралы  жаунгерлер Ягайло бастаған Литвалықтар  тарапынан  қырғынға  ұшырайды. Осыған  қоса  Тоқтамыс  Мәскеуді  тағы  да  жаулап  алып,  аңсаған  тәуелсіздіктері  көпке  созылмайды.

    Куликово  шайқасы  және  Мамай  деп  аталған  бөлімді  жазу  барысында  түсінгенім  бір  ғана  нәрсе,  бұл  Куликово даласындағы  ұрысқа  ерекше, жаңаша  көзқараспен  қарауды  бүгіннен  бастау  біздер,  яғни  тарихшылар  үшін  үлкен  әрі  маңызды  бастама  болар  деп  есептеймін.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               

 

III – ТАРАУ. ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ МАМАЙ ОБРАЗЫ

 

       Мамай  мырзаның  тарихи  потретін  ашу  бұл  жұмыстың  ең  негізгі  мақсаттарының  бірі  болып  табылатындығы  жоғарыда  аталып  өтті. Енді  осы  мақсатқа  жету  үшін  орындайтын  негізгі  міндеттеріме  тоқталып  кетейін. Ең  алдымен  Мамай  мырзаның  тарих  аренасына  шығуын  анықтау. Оның  билікке  келу  тарихын  баяндау. Мамайдың  психологиялық  ерекшеліктеріне  де  тоқталы  кету. Мамай  мырзаға  Отан  тарихшылары  мен  шет  ел  тарихшыларының  берген  бағаларын  салыстырмалы  түрде  қарастырып  оған  өз  тарапымнан  баға  беру. Тарихи  аренада  Мамай  мырза  образын  көршілерінің  көздерімен  баға  беру.

       Жоғарыда  аталған  мақсаттарға  жету  үшін  мен  барынша  объективті  болуға  тырысамын. Мамай  мырза  тарихын  деректер  мен  зерттеулер  негізінде  жазып,  қалыптасып  қалған  пікірлерді  жоюға  жол  ашуға деген  ұмтылыс  осы  бөлімде  өзінің  шарықтау  шегіне  жетпек.

     Куликово  шайқасы  мен  Мамай  туралы  орыс  халқының  кез  келген  аудиторияға  арналған  еңбектері  мен  шығармалары  өте  көп.  Олар  мультипликациялық  фильмнен  үлкен  сахналық  қойылымдарға  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл  еңбектердің  барлығы  бір  сипатта  болып  келеді. Яғни   Куликово  шайқасында  Дмитри  Ивановичтің  сөзсіз  жеңіске  жеткендігін  және  де  Мамайдың  сауатсыздығын, қорқақтығын  ғана  баяндап  отырады. Дәл  осы  себепті  Мамай  тек  орыс  халқының  емес, Орыс  халқы  бір  кездерде  өз  үстемдігін  жүргізген  барлық  елдер  арасында  әскери  сауатсыз, дарынсыз, қорқақ  қолбасшы  ретінде  танылып  қалды. Мамайды  бұл  тұрғыда  танып  қалғандар  қатарында  онсыз  да  біреуге  қара  жаққанға  құмар қазақ  халқы  да  бар. Қазіргі  аға  буын  өкілдері  үщін  Мамай  есімі  жат  есімдерге  жатпайды,  олар  үшін  Мамай  бар  болғаны  Куликово  шайқасында жеңілген  адам  ғана, ал  Мамайдың  батылдығы,  саяси  көрегендігі,  әскери  қулығы, нағыз  ер  азаматқа  тән  қасиеттері  туралы, бүкіл  орыс  халқын  үрейде  ұстағандығы  жайлы  көпшілік  өкінішке  орай  мүлде  бейхабар  деген  тұжырымдама  айтуға  болады. Бұл   өз  кезегінде  тақырыптың  өзектілігін  аша  түсетін  сыңайлы. Не  себепті  орыс  халқы  Мамай  десе  әлі  күнге  дейін  тітіркенеді,  не  себепті  Мамайға  сонша  жала  жауып, лақап  тіркеулер  жалғайды,  не  себепті  Мамайды  русь  тарихындағы  барлық  жаулардан  да  жеккөреді?  Осы  сұраққа  жауап  беріп  көрейік.

     Ең  алдымен  Мамай  мырзаның  билікке  келмес  бұрынғы  өміріне  талдау  жасап  кетейік. Жоғарыда  аталып  өткендей  Мамай  Бердібек  хан  тұсында  да  үлкен  беделге  ие  болған. 

       Ибн Халдунның  мәліметі бойынша Мамай Бердібек тұсында үлкен беделге ие болған. Ибн Халдунның еңбегінде «Мамай Бердібектің қызымен отау құрғаннан кейін, Бердібектің  барлық істеріне белсенді түрде  араласып, басшылық жасап отырды,»- делінген. Және  Мамайдың  қиат  руынан  шыққаны  айтылған. [2; 168 бет]

     Бердібектің  билігі  тұсында  басталған  аласапыран  кезең  жөніндегі Өтеміс  қажының  шығармасы  «Шыңғыс-наменің»  мәліметі  өте  құнды:»Оның  заманында,-деп  жазады  Өтеміс  қажы, — аласапыран көп  болды. Оң  қолды, Қият  тайпасынан  шыққан,  Мамай  алып  өзінің  тайпаларымен  Қырымға, тағы  бір  қият Теңіз-Бұға сол  қолды  Сыр дариясы  бойына   алып  кетті. Хан  Бердібек  ішкілерімен  Сарайда  қалып,  үш  жылдан  соң  опат  болды.»  Өтеміс  қажының  сөздері  Мамай  мырзаның  үлкен  беделге  ие  болғандығын  және  де  халықтың  Мамай  мырзаны  қолдайтындығы  көрінетін  сияқты. [2; 169 бет ]

     Ал  орыс  жылнамалары  оның  билікке  келе  сала  үлкен  аумаққа  ие  болғандығын  атап  көрсетеді. Ал  енді  XIV ғасырдың  60-70  жылдары   Мамайдың  қолында  болған  барлық территорияларға  толығырақ тоқталып  өтейік.Зертеушілердің  бұл  сұраққа  байланысты  айтатын  пікірлері  біркелкі, әрі  ешқандай  күмән  келтіруге  болмайды  деп  айтуға  болады. Себебі  бұл  мәселе  бойынша  жазба  деректердегі берілген  мәліметтерді  нумизматикалық  деректер  растап отыр. » Осы  кезеңде  Мамай  қолында  Волганың  төменгі  ағысынан  батысқа  қарай  Рязань  князьдігіне  дейінгі аралық  болды. XIV ғасырдың  70ші  жылдары  Қырым  Мамай  қолында  болды. Сол  сияқты  Мамай  иелігіне Воронеж,  Орлов,  тула  аймақтары  кірді. Осы  аудандардың  қазба байлықтарын  Мамай  өз  мүддесіне, және жұрт  мүддесіне  жұмсап,  билігін  нығайтты. Дәл  осы  кезде   русь  үшін  Мамай тарапынан үлкен  қауіп  төнді деп  көрсетеді  орыс  жылнамалары.. Себебі жоғарыда  көрсеткендей  Мамай  иелігіндегі  территориялар  русьпен  көршілес, шекаралас аймақтарда  орналасқан  болатын. Және  өз  кезегінде  орыстар  Мамайдың уақыт  өте  келе,  билігін  әбден  нығайтқаннан  кейін  Руське байырғы   монғолдық,  тонаушылық  саясатын  жалғастырып, қайталап  жүргізетіндігін  жақсы  түсінді,» [15; 256 бет]- делінеді  орыс  жылнамаларында.  Бұл  сөздер  русьтің  Мамай  мырзадан  айралықтай  дәрежеде  сескеніп,  қорыққандығы  айқын  көрінеді.

    Мамай  XIV  ғасырдың  60 шы  жылдарынан  бастап  билікке  келеді  деген  тұжырымды,  жоғарғы  бөлімдерде  атап  көрсетілген  мәліметтер  негізінде, растаған  болатынбыз. Алдайда  ол Шыңғыс хан тұқымы  болмағандықтан  өзін хан етіп жариялай алмады. Алайда оған елді қуыршақ хан  арқылы басқару үлкен қиындық  тудырған  жоқ. Есесіне бір  жағынан өте тиімді болды деп есептеуге де болады, себебі ол Абдаллахты өзінің тұрақты ханы, яғни «қуыршағы» етіп алады. Ордадағы  қай  аралық Абдаллах пен  Мамай  қолында  болғанын  атап  көрсеттік, енді Мамайдың  XIV ғасырдың 60  жылдардағы  үлкен  қарсыластарының  бірі  Мұрат  иелігіндегі  аймақтардды  атап  көрсетсек: Оның  иелігінде  Волга   бойындағы   қалалар, әсіресе  аталмыш  өзеннің сол  жағалауы, яғни  қос  астана  Сарай  Берке  мен  Сарай  Бату  Мұрат  қолында  болды.

       Дәл  осы  кезде  Жаңа  Сарайда  Келдібек  өз  атынан  теңге  шығарып  отырған. Алайда  Жоғарыда  аталған  себептермен  Мәскеу  Сарайлық  ханнан  қорықпады. Яғни  Мәскеу  үшін  Жаңа  Сарайда  отырған  Келдібек  беделі  аса  үлкен  болмады.

       Дәл  осы  себепті  Дмитри  Иванович  Мамай  басшылығын  мойындады.[5; 37бет] 

       Бұл  сөздерді  Насоновтың  «Монголы  и  русь» атты  еңбегінен  кездестіруге  болады. Бұл  жерде  автор  Дмитри  Иванович  қадамын  үлкен  саяси  қадам  ретінде  қарастырады. Алайда  бұл ешбір саяси  қадам  емес, амалдың  жоқтығынан  істелген  әрекет.  Олай  істемеген  күні  Мамай  ойланбастан  Руське  жорыққа  шығар  еді. Мамай Генуямен  келісіп  олардан  ақша  алып  тұрды. Сол  ақшаға  шешен, шеркеш,  теріскей  кавказдықтардан  құралған  жалдамалы  әскер  ұтап  отырды.  Ол  әскермен  Мамай  үшін  сол  кездегі  Мәскеу  сияқты  князьдікті  жеңу  аса қиын  шаруа  емес  еді. [12; 66 бет]

       1360-1370 жылдар  аралығындағы  Алтын  Ордаға  Тәуелді  болған  елдердің  жағдайы  осындай  болатын. Ал  енді  Алтын  Орданың  ішкі  жағдайына  тоқталып  қетейік.

     Орыс  жылнамалары  Мамайдың  Абдаллах  атты  ханды  тағайындағаны  туралы  айттық. Бұл сөздерді нумизматика мәлметтері де растайды. Мамай тұсында шығарылған теңгелер Абдаллах атынан соғылып отырды.

       Бізге дейін жеткен Абдаллах хан атындағы теңгелер хижра бойынша 614 жылы, яғни біздің жыл санауымызбойынша  1362.11-1363.10 жылдар  аралығын қамтиды. Абдаллах хан атындағы теңгелер Ордада шығарылып отырды.       

       Никондық жылнамаларға сенер болсақ, бұл оқиға хижра бойынша 763 жылы, яғни біздің жыл санауымыз бойынша  1361-1362 жылдары болған болатын. Жоғарыда  атап  көрсеткендей, Русь  Алтын  Ордада  орын  алған   қос  тарапты  биліктің  орнауын мұқият  қадағалап  отырды.  Қос тарапты  билік  нумизматикалық  деректерге   қарағанда   хижра  бойынша  762 жылдан  764  жылға  дейін,  яғни  біздің  жыл  санауымыз  бойынша  1360-1361 жылдардан  1663-1664жж  ға дейін  созылғандығын  көреміз.  Жылнамалар  бұл  кезеңді  былай  суреттейді:

     « Сол  уакқытта  Еділ  хандығын  қос  хан  биледі.  Олар  Мамай  мырза  ханы  Авдулла (Абдаллах)  және  Аммурат  хандар.  Бұл  хандар арасында

өзара  жеккөрініштік  сезім  орнаған.» 

     Орыс  жылнамаларында   Аммурат  атанған  Мурид  хан  өз  атынан теңгелер  шығарып  отырған. Бұл  оның  біршама  күшке  ие  болғандығын  көрсетеді.

     Алайда  хандық  билік  үшін  талас  тек  қана  Мурид  пен  Мамай арасында  болған  жоқ .  Хижра  бойынша  764 жылы,  яғни  1363-1364 жылы  Сарйда  Мир  Полат  атты  хан  өз  атынан  теңге  шығарып  отырды.

         Осы  жерде  Сарай  Берке   қаласының  қолдан  қолға өтумен  болғанын атап  өткен  жөн. Яғни  астана  үшін  күрес  қарқынды  түрде  жүріп  отырды.  Бұл  сөздерді  нумизматикалық  деректер  арқылы  дәлелдеуге тырысайын.  Абдаллах  ханның  Сарай Беркеде  шығарған теңгелері  хижра  бойынша  771 жылы ғана ,  яғни  1369-1370 жылдары  шығарып  отырған.  Яғни  осы  жылдары  Сарай  Берке  Мамай  қолында  болмаған.

      Міне  дәл  осы  іс  әрекеті  арқылы  Мамай  мырзаның  саяси  көрегендігін,  халықтың  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  қимылдауы  оның  тарихи-саяси  сахнада  айтарлықтай  ұзақ  мерзімге  тұрып  қалуына  жол  ашты. Дәл  осындай  істер  Мамай  мырзаның  замандастарының  қолынан келмегендігін  ескеретін  болсақ. Мамай  мырзаның  қаншалықты  саяси  көреген  болғандығын  байқап  білу  қиынға  соқпайды. Яғни  Мамай  мырзаның  кезеңіндегі  қиындықтар  оны  саяси  өмірде  қаншалықты  шыңдағанын  көреміз. [13; 1991 Жалын  16-17  бет]      

     Мамай  мырза  әрдайым  өзара  қырқыстар  мен  соғыстарда  өзінің  әскери  біліктілігі  мен  соғыс  өнеріндегі  үлкен  біліктілігін  асырып  отырған  болатын.     Басқа  жерлер  сияқты, Мамай  иелігі де үнемі  толығып  немесе  азайып  отырған.     

     Алайда  хандық  билік  үшін  талас  тек  қана  Мурид  пен  Мамай арасында  болған  жоқ .  Хижра  бойынша  764 жылы,  яғни  1363-1364 жылы  Сарйда  Мир  Полат  атты  хан  өз  атынан  теңге  шығарып  отырды.

         Осы  жерде  Сарай  Берке   қаласының  қолдан  қолға өтумен  болғанын атап  өткен  жөн. Яғни  астана  үшін  күрес  қарқынды  түрде  жүріп  отырды.  Бұл  сөздерді  нумизматикалық  деректер  арқылы  дәлелдеуге тырысайын.  Абдаллах  ханның  Сарай Беркеде  шығарған теңгелері  хижра  бойынша  771 жылы ғана ,  яғни  1369-1370 жылдары  шығарып  отырған.  Яғни  осы  жылдары  Сарай  Берке  Мамай  қолында  болмаған.

     Орыс  жылнамалары  Мамай  бәсекелестерінің  бірі  Мурид  хан  өлімі  туралы  ештеңе  айтылмайды. Ал  «Аноним Ескендір»-дегі  мәліметтер оның  Орда  Шейхтің  баласы  болғанын, және  үш  жыл  билік құрғанын айталды. Сонымен  қатар  Мурид  хан  теңгелері  762-764 жылдар  аралығында  шығып  отырған .  Яғни  Аммурат  немесе  Мурид  1365  жылға  дейін   қаза  болған . Аммуратты  Моғол  Букидің баласы   Ілияс өлтірген. [14; 159 бет]      

       Дәл   осы  деректе  Сарай  тағы  осы  кезде  Азиз  хан  қолында  болғандығын айтады . Нумизматикалық  деректер Азиз ханның  хижра  бойынша  764 жылы ,  яғни  1363 жылы  билікке  келгенін айтады.

      Мамай   мырза  мен  Абдаллах  ханға  әрқашан  қарсылас   табылып  отырды. Азиз  хан  өлімінен  кейін  Алтын  Ордада  хижра  бойынша   767-768  жж аралығында,  яғни  1366-1367 жылдар  аралығында  Абдаллах  ханнан  өзге, екінші   Жәнібек  хан  да  өз  атынан  теңге  шығарып  отырды.

Бізге  жеткен  оның  29  теңгесінің  бірінде  де  шыққан  жері  көрсетілмеген. Бұл  оның  билігінің  тұрақсыз,  яғни  нақты  болмағандығын  көрсетеді.

      Алайда  XIV  ғасырдың  60  жылдарында  Алтын  Ордада  орын  алған үлкен  дүрбелеңге  қарамастан  Мамай   беделі  өте  үлкен  болды.

     Біз  бұл  сөздерді   Мамайдың  келесі  ісінен  көре  аламыз. Абдаллах  хан  атындағы  теңгелер хижра  бойынша 771  жылы, яғни 1369-1370 жылдары  шығарылуын  тоқтатады.  Ол осы кезде  қайтыс  болса  керек.  Никондық  жылнамалардың  баяндауынша  Мамай  ордада жаңадан 

Мамат атты  сұлтанды  хан  тағайындайды. 1370 жылғы  Никондық жылнаманың  бұл  мағлұматы  шындыққа  жанасады.  Себебі  Мамат  сұлтан  атындағы    теңгелер  хижра  бойынша  771 жылы , яғни  1370  соғыла  бастады.

     Байқап  отырғанымыздай  Мамай  мырзаның  саяси-әскери  өмірде  қарсыластары  өте  көп  болған. Осы  қарсыластары  арасында  Мамай  мырзаның  адасып  қалмауын  қамтаммасыз  еткен  жағдай  (фактор)  оның  көрегендігі,  білімділігі,  батылдылығы.

     Мамай  мырзаның  қолында  көптеген  территориялар  болған. Осы  кезеңде  Мамай  қолында  Волганың  төменгі  ағысынан  батысқа  қарай  Рязань  князьдігіне  дейінгі аралық  болды. XIV ғасырдың  70ші  жылдары  Қырым  Мамай  қолында  болды. Сол  сияқты  Мамай  иелігіне Воронеж,  Орлов,  тула  аймақтары  кірді. Осы  аудандардың  қазба байлықтарын  Мамай  өз  мүддесіне, және жұрт  мүддесіне  жұмсап,  билігін  нығайтты. Дәл  осы  кезде   русь  үшін  Мамай тарапынан үлкен  қауіп  төнді деп  көрсетеді  орыс  жылнамалары.. Себебі жоғарыда  көрсеткендей  Мамай  иелігіндегі  территориялар  русьпен  көршілес, шекаралас аймақтарда  орналасқан  болатын. Және  өз  кезегінде  орыстар  Мамайдың уақыт  өте  келе,  билігін  әбден  нығайтқаннан  кейін  Руське байырғы   монғолдық,  тонаушылық  саясатын  жалғастырып, қайталап  жүргізетіндігін  жақсы  түсінді. Дәл  осы  себепті  Мамай  мырзаның  ең  басты  қарсыласының  бірі  Мәскеулік  князь  Дмитри  Иванович  болғандығы  жоғарыда  айтылды. Мамай  онымен  қалай  күресті?

     XIV ғасырдың  70 жылдары  Алтын  Одадағы  дүрбелең  күшейе  түскенімен, негізгі  билік  Мамай  қолында   қала  берді. Мәскеулік  князь  Дмитри  Ивановичтің  Руссьті  біріктіру  саясатына  Мамай  барынша кедергі  жасағысы  келді.[] Осылайша  Мамай   Тверь  және  Рязань князьдарына  оладың  ұстанатын  саясатын  қолдайтындығын  және  Мәскеуге  қосылуын  құптамайтындығын  айтады.  Бұл  әрекет  өз  кезегінде  Мамайдың  аталмыш  аудандардағы  беделінің  қаншалықты  жоғары  болғанын  көрсетеді. Тверь  князьі  Михайл  да,  Рязань  князьі  Олег  те  саяси  көрегендігі  жағынан  Мәскеулік  Дмитри  Ивановичпен  денңгейлес  емес  еді. [11; 130 бет]

     Дәл  осы  себептен  немесе  өзге  де  себептермен  болсын  Дмитри  өзінің  алдына  қойған  мақсаттарына  жете  алуы  мүмкін  еді. Бұған  жол  бермеу  үщін  ең  алдымен  Мамай  өзі  де  Алтын  Ордада  бірнеше  қиын  міндеттерді   жүзеге  асыруы  керек  еді. Сол  міндеттегге  тоқталып  кетейік. Ең  алдымен  Мамай  Алтын  Ордадағы  дүрбелеңді  тоқтатуы  тиіс  еді. Содан  екейін  Жошы  Ұлысының  барлық  жерлерін  өзінің қоластына  біріктіруі  керек  еді.  Мамай  Ольгердпен  одақтас  болып  жүрген  Владимир  князьдығына  билік  жүргізуге  рұқсат  береді.  Мамай  Дмитри  Ивановичке  Қартағай  мен Тұзақ  есімді  елшілерді  жібереді. Елшілердің  негізгі  міндеті  Тверь  князьдығын  Михайлға  беру  туралы  бұйрықты  жария  ету  болатын. Осы   кезде  Дмитри  Иванович  Мамайдың  еркін  орындағысы  келмейді, бірақ  Мамаймен  ат  құйрығын  кесісуге  де  әлі  ертетек  екендігін  де  жақсы  түсінді. Қалай  болғанда  да  Дмитри  Мамайдың  бұйрығын  орындамайды. Дмитри  Иванович  литвалық  Ольгердпен  бірігіп Михайлге  қарсы  шықпақ  болады. Бұл  жағдайды  естіген  Михайл  Мамайға  қайта  келеді. Мамай  Михаилге тек сөзбен  ғана  көмектеспейдіндігін   білдіргісі  келді.  Осының  белгісі  ретінде  Мамай  Михайлге  әскери  көмек  ұсынады. Бірақ Михаил  Мамай  ұсынған  көмектің  бұл  түрінен  тартады. Мамай  Михайлге  Сарықожа  деген  елшіні  қосып,  Тверьге  қайта  жібереді.Бірақ  Дмитри  Иванович  Русь  барлық  қаларына  боярлар  мен  арнайы  адамдарды  жіберіп  «анти  михаилдық» үгіт  жүргізіп  үлгерген  еді. Яғни  халық  арасына  *Михаил русьта  князь  болмайды. Ол руське  кірмейді,* — деген  сияқты  сөздер  таратады. [16; 125 бет ]

     Бұл  оқиға  шамамен  1370-75  жылдар  аралығында  орын  алған  болатын.  Себебі  Дмитри  Иванович  пен  Ольгерд  арсындағы  келісім осы  жылдары  жасалған  болатын.

    Егер  де  Михайл  Мамай  ұсынған  әскери  көмектен  бас  тартпағанда, мүмкін,  Дмитри  Иванович  жеңіліс  табар  еді. Себебі  Дмитри  Иванович әлі  де  үлкен  күшке  ие  емес  еді. Мамаймен  қарым  қатынасын  біржола 

үзбеуі  де  осы  себепті.

    Мамай  мырзаның  аса  ірі  қарсыластарының  бірі – Тоқтамыс  хан  болған  еді. Тоқтамыс  хан  Мамай  мырзаның  тегеурінді  қарсылық  көрсете  алмаған  жалғыз  қарсыласы. Куликово  даласында  жеңіліс  тауып,  артынан  кек  қайтара  алмауына  тікелей  әсер  еткен  адам  осы  Тоқтамыс  хан  болатын. Қалай  болғанда  да  Мамай  бұл  шайқасқа  немқұрайлы  қарамағандығы  анық. Оның  жоспарында  Мәскеуге  қиарта  соққы  беріп,  ойсыратып  тастау  және  де  бас  көтерместей  қирату  арқылы  өз  бәдәлін  арттыру  болды. Егер  де  Мамай  жеңіске  жеткенде  оның  билігі  толығымен  нығаяры  сөзсіз  еді.  Бұл  жағдайды  Мамайдың  даладағы  басты  қарсыласы  Төре  тұқымы Тоқтамыс  та  жақсы  түсінген  еді. [16; 101 бет]

     Тоқтамыс  бейнесіне  толығырақ  тоқталдар  болсақ,  Ақ  Орданы  Орыс  хан  билеп  отырғанда  оған  қарсы  Тоқтамыс  бейнесіндегі  қарсылас  пайда  болды. Тоқтамыс  Шыңғыс  ханның   ұрпағы,  Төре  тұқымынан  болатын. Орыс  хан  тұсында  Ақ  Ордада  феодалдық  өзара  қарқыс  шарықтау  шегіне  жеткен   еді. Ақ  Орда  Жошы  ұлысынан,  яғни  Алтын 
Ордадан  іс  жүзінде  бөлініп  өз  алдына  дербес  мемлекет  болған  кезі  еді. Тоқтамыс  сұлтан  Ақ   Ордадғы  соғыс  кезінде  Самарқанға  көшіп  кетіп,  Әмір  Темір  ғұзырында  әрі  қонақ,  әрі  тұтқын  ретінде  біраз  өмір  сүреді. Ақ  Орданың  күшеюінен  сескенген  Әмір  Темір  Тоқтамысты  Орыс  ханға  айдап  салады. Темірдің  әскери  көмегіне  сүйенген  Тоқтамыс  1374-1375  жылдары Орыс  ханға  қарсы  жорыққа  аттанады. Соғыста  Орыс  ханның  баласы  өлгенімен,  Тоқтамыс  әскері  жеңіліске  ұшырайды.

     Темірден  жаңа  әскер  алып,  Тоқтамыс  екінші  рет  жорыққа  шығады. Бұл  жорықта  да  Тоқтамыс  жеңіліс  табады. Осыдан  кейін  1375-1376  жылдары  Орыс  хан   Тоқтамыс  пен  Темірге  қарсы  жорыққа  шығады. Күннің  суып  кетуіне  байланысты  соғыс  кейінге  шегеріледі. Бір  жылдан  кейінгі  Әмір  Темір  мен  Тоқтамыс және  олардың қарсыласы Орыс  хан  арасындағы  шайқаста  Орыс  хан  қаза  табады. Тоқтамыс  Әмір  Темір  көмегімен  Ақ  Ордадағы  билікті  өз  қолына  алады. [9; 33-34  бет]

    Менің  өзімнің  жеке  тарихи  көзқарасыма  тоқталар  болсам, Тоқтамыс  хан  тарапынан  жасаслған  бұл  әрекеттерді  аса  құптамаймын. Себебі  Мамай  мырзаның  бұл  жеңілісі,  және  де  кек  қайтара  алмауы  орыс  халқы  үшін  өте  қолайлы  фактор  болды  және  өз  тарихын  қалағанынша  жазуға  жақсы  көмектесті.

     Келесі  кезекте  Мамай  мырзаның  қолында  болған  территорияларға тоқталар  болсақ, орыс  зерттеушілері — «Мамай   қанша  тырысқанымен  Алтын  Ордадағы   билікті  толығымен   өз  қолына   шоғырландыра   алмады. Поволжье  өзара  талас-тартыстағы   Ақ  Ордалық   Жошы  ұрпақтарының   және   аз   ғана  уақытта  Астрахан  мен  Болгар  қолында болды. Ақ  Ордалық хандардың   күштілігі  сонша,  олар  өзара қанша  қарқыста  болса  да. Мамайға аймақты  бермейді. Осы   себепті   Мамай   өз   қоластына    Жошы ұрпақтарын   біріктіре  алмады. Ал   өз   кезегінде   осы  жерде  Мәскеу  князі  Дмитри  Ивановичтың   орыс   жерінде  беделі   өседі.  Мамай   бұл  істің   осылай   жалғаса    берсе   арада  міндетті   түрде   қақтығыс   болатындығын   түсінді,»  деген  пікірді  көп  айтады. Және  де  Сарай  Мамайдың  қолында  болмаған  деген  пікірді  де  жиі  айтып  жүрген  жайы  бар,  алайда  бұл  сөздер  оның  орыс  тарихшыларының  Мамайға  таққан  көптеген  жалған  пікірлерінің  бірі.  Олар  бұл  сөздерді  Мамайды  Ордадағы  жағдайдың  толық  иегері  болмады  деген  пікірді  дәлелдеуде  дәиек  ретінде  пайдаланып  келді. Алайда  нумизматикалық  деректер  бұл  пікірге  қарама  қайшы  болып  келеді. Сарайда  Абдаллах  хан  атынан  да, Мамат  сұлтан  атынан  да  теңгелер  шығып  отырған. Тағыбір  жағынан,  егер  де  Мамай  Сарайға  ие  болмаса  онда  оның  беделі  ешқандайда  жоғары  болмас  еді.

     Бәрін  айтта,  бірін  айт  қалай  болғанда  да  Мамай  1360  жылдардан  бастап  ақ  Ордадағы  жағдайдың  қожайыны  болды. Дәл  осы  іс  әрекеті  Мамайды  жаңа  жақтарынан  тануға  мүмкіндік  береді.

    1)Алтын  Ордадағы  орын  алған  дүрбелең  жылдардағы  хандардың  жиі-жиі  ауысуы  кезінде    өз   орнынан  айрылмай, біршама  ұзақ  уақыт  бойы    беделінің  төмендемеуі  тек  қана  оның  саяси  көрегендігінің  арқасы.

     2) Дешті  Қыпшақ  даласында  Шыңғыс  хан  жаулауынан кейін мүлде  болмаған  қарасүйектің  мемлекет  билігіне  келуі  қырық  рудан  құралған Алтын  Орда  халқының  арасында  үлкен  наразылық  тудырды. Сондай қиын жағдайдан  саяси  сауттылықпен  шыға  білу  екінің  бірінің  қолынан  келмейді.

     3) Алтын  Ордадағы  көптеген  хандар  арасында  адасып  қалмай  сыртқы  саясаттағы  әрдайым  беделін  өсіру  үшін  қадамдар жасап  отыруы.     

     4) Шет  елдіктерден әскер  ұстап  отыруы  да,  Мамайдың  саяси  сауттылығын  көрсетеді. Себебі  жергілікті  сарбаздар  кез  келген  уақытта  төре, сұлтан және  ақсүйектердің  жағына  сатылып  өтіп  кетуі  мүмкін  еді.  

   Лев  Гумелёв  Мамайды  «өз  заманының  адамы» — деп  таныған, яғни  ол  сөздің  адамы, жауна  қатал, досына  адал. Дәл  осы  қасиетінен  Мамай  үлкен  зардап  шекті. Оны  орыс  жылнамаларындағы  мына  бір  сөздерден  айқын  байқаймыз: Мәскеу  князьдігі  үлкен  шешімдерге  бара  бастайды,  дәл  осы  себепті  1375 жылы  Мәскеу  князьдығының  әскерлері  Тверьге  шабуыл  жасап,  ауыр  соққы  береді. Осыдан  кейін  Дмитри  Иванович  Тверь  князьіменен  келісім  жасасады. Бұл  келісімнің  бірнеше  қызықтыв  жақтары  бар  еді,  соларға  тоқталып  өтейік.

 1) Келісім  бойынша  Тверь  князьі  Дмирти  Ивановичті  өз  ағасы  ретінде  тануы  тиісті  еді. Яғни  өзін  Дмитриге  тәуелді  екендігін  жариялауы  қажет  еді.

 2) Қоластындағы  князь  болғандықтан  Тверь  князьі  Мәскеулік  Князь  Дмитриге  әскери  күшпен  де  көмектесіп  тұруға  тиісті  еді.

 3)  Бұған  дейін  Тверь  князьдігіне  тәуелді  болған  князьдіктер  енді  өз  тәуелсіздігін  алады.

4)  Ең  қызықты  жағы  бұл  татарларға  қарсы  одақ  құру  мүмкіндігі.

     Орыс  жылнамаларында  аталған  келісімнің  «қызықты»  жағы  былай  беріледі: » Татарлар  бізге  тыныштық  десе,  бізде  тыныштық  дейміз. Татарлар соғыс  десе, бізде  соғыс  дейміз. Бізге  бәрі  бір.»

     Бұл  келісімді  жасасудағы  Мәскеу  князьі  Дмитридің  көздеген  мақсаты  белгілі,  ол  өзінің  беделін  өсіруге тырысты.

    Ал  тарихшы  ретінде  айта  кететін  жағдай  Дмитри  Ивановичтің  бойынан  бұған  дейін  көрінбеген  батылдықтың  белгілері  көрінеді. Бұған  дейін  Дмитри  Ивановичтің  бұндай  шешімдер  қабылдамағандығы  баршаға  аян. Бірінші  рет  татарларға  қарсы  одақ  құру  туралы  сөз  қозғалып  отыр. Бұлардың  барлығы  өлкедегі  саяси-әскери   жағдайдың  өзгергендігін  көрсетеді. Алайда Дмитри  Ивановичтің  әлі  де  Мамайға  тәуелді  екендігінұмытпаған  жөн. Жоғарыда  аталғандай  өз  кезегінде Дмитри  Иванович  Мамайдың  уақыт  өте  келе  байрғы  монғолдық  тонаушылық  саясатты  жалғастыратындығын  жақсы  түсінді. Дәл  осы  себепті  жоғарыда  аталған  татарларға  қарсы  одақ  деп  отырғаны,  Мамайға  қарсы  одақ  деп  түсінген  жөн. Себебі Дмитри  Иванович  Тверьге  жасаған  жорығынан  кейін  оны  тыныш  қалдырмасы  анық  еді. Себебі  кез  келген  адам  тәуелділердің  ондай  әрекетін  құптамайтындығы  сөзсіз  еді.

     Мамай  өз  вассалынан  мұндай  қадамды  күткен  болатын,  алайда  орыс  тарихшылары  бұлай  деп  есептемейді. Бірақ  Мамайдың  жалдамалы  әскер  ұстауының  басты  себебі  русьтің  қарсылығынан  қауіптенуі  екендігі  баршаға  түсінікті.

     Мамай  Дмитри  Иванович  тарапынан  арадағы  келісім  бұзылғаннан  кейін  қатты  ашуланып, ызаланды. Мамай   бұл  істің   осылай   жалғаса    берсе   арада  міндетті   түрде   қақтығыс   болатындығын   түсінді. Мамай  Ольгердпен  одақтас  болып  жүрген  Владимир  князьдығына  билік  жүргізуге  рұқсат  береді.  Мамай  Дмитри  Ивановичке  Қартағай  мен Тұзақ  есімді  елшілерді  жібереді. Елшілердің  негізгі  міндеті  Тверь  князьдығын  Михайлға  беру  туралы  бұйрықты  жария  ету  болатын. Осы   кезде  Дмитри  Иванович  Мамайдың  еркін  орындағысы  келмейді, бірақ  Мамаймен  ат  құйрығын  кесісуге  де  әлі  ертетек  екендігін  де  жақсы  түсінді. Қалай  болғанда  да  Дмитри  Мамайдың  бұйрығын  орындамайды. Дмитри  Иванович  литвалық  Ольгердпен  бірігіп Михайлге  қарсы  шықпақ  болады. Бұл  жағдайды  естіген  Михайл  Мамайға  қайта  келеді. Мамай  Михаилге тек сөзбен  ғана  көмектеспейдіндігін   білдіргісі  келді.  Осының  белгісі  ретінде  Мамай  Михайлге  әскери  көмек  ұсынады. Бірақ Михаил  Мамай  ұсынған  көмектің  бұл  түрінен  тартады. Мамай  Михайлге  Сарықожа  деген  елшіні  қосып,  Тверьге  қайта  жібереді.Бірақ  Дмитри  Иванович  Русь  барлық  қаларына  боярлар  мен  арнайы  адамдарды  жіберіп  «анти  михаилдық» үгіт  жүргізіп  үлгерген  еді. Яғни  халық  арасына  «Михаил русьта  князь  болмайды. Ол руське  кірмейді,» — деген  сияқты  сөздер  таратады. [17; 254 бет]

     Бұл  оқиға  шамамен  1370-75  жылдар  аралығында  орын  алған  болатын.  Себебі  Дмитри  Иванович  пен  Ольгерд  арсындағы  келісім осы  жылдары  жасалған  болатын. Байқап  отырғанымыздай  ардағы  қақтығыс  осы  кезде  басталған  еді. Алайда  Мамай  шынайы  сауатты  жауынгерге  тән  шайқасты  бірден  бастамай,  бес  жыл  шамасында  даярланады. Ол  өзіне  жақсы  одақтас  іздейді  және  оны  табады.     Осы  жерде  Русьтегі  метрополиттердің    литвалықтар  туралы  айтқан  пікірлерін осы  жерде  келтіре  кету  өте  орынды  болар. Жылнамашылардың  баяндауынша,  метрополит  Алексей  бірде  жиында  :»Мамай  литвалықтармен  одақтасады,  ал  литвалықтар  сұм,  алдамшы,  сатқын  халық»- деген  екен. Міне  дәл  осындай  литвалықтарға  берілген  мінездеме  өзінің  шынайылығын  болашақта  талай  дәлелдейтін  болады.

      Қалай  болғанда  да  Мамай  бұл  шайқасқа  немқұрайлы  қарамағандығы  анық. Оның  жоспарында  Мәскеуге  қиарта  соққы  беріп,  ойсыратып  тастау  және  де  бас  көтерместей  қирату  арқылы  өз  бәдәлін  арттыру  болды. Егер  де  Мамай  жеңіске  жеткенде  оның  билігі  толығымен  нығаяры  сөзсіз  еді.  Бұл  жағдайды  Мамайдың  даладағы  басты  қарсыласы  Төре  тұқымы Тоқтамыс  та  жақсы  түсінген  еді.

     Тоқтамыс  бейнесіне  толығырақ  тоқталдар  болсақ,  Ақ  Орданы  Орыс  хан  билеп  отырғанда  оған  қарсы  Тоқтамыс  бейнесіндегі  қарсылас  пайда  болды. Тоқтамыс  Шыңғыс  ханның   ұрпағы,  Төре  тұқымынан  болатын. [18: 110 бет]

      Орыс  хан  тұсында  Ақ  Ордада  феодалдық  өзара  қарқыс  шарықтау  шегіне  жеткен   еді. Ақ  Орда  Жошы  ұлысынан,  яғни  Алтын 
Ордадан  іс  жүзінде  бөлініп  өз  алдына  дербес  мемлекет  болған  кезі  еді. Тоқтамыс  сұлтан  Ақ   Ордадғы  соғыс  кезінде  Самарқанға  көшіп  кетіп,  Әмір  Темір  ғұзырында  әрі  қонақ,  әрі  тұтқын  ретінде  біраз  өмір  сүреді. Ақ  Орданың  күшеюінен  сескенген  Әмір  Темір  Тоқтамысты  Орыс  ханға  айдап  салады. Темірдің  әскери  көмегіне  сүйенген  Тоқтамыс  1374-1375  жылдары Орыс  ханға  қарсы  жорыққа  аттанады. Соғыста  Орыс  ханның  баласы  өлгенімен,  Тоқтамыс  әскері  жеңіліске  ұшырайды.

     Темірден  жаңа  әскер  алып,  Тоқтамыс  екінші  рет  жорыққа  шығады. Бұл  жорықта  да  Тоқтамыс  жеңіліс  табады. Осыдан  кейін  1375-1376  жылдары  Орыс  хан   Тоқтамыс  пен  Темірге  қарсы  жорыққа  шығады. Күннің  суып  кетуіне  байланысты  соғыс  кейінге  шегеріледі.

      Бір  жылдан  кейінгі  Әмір  Темір  мен  Тоқтамыс және  олардың қарсыласы Орыс  хан  арасындағы  шайқаста  Орыс  хан  қаза  табады.

      Тоқтамыс  Әмір  Темір  көмегімен  Ақ  Ордадағы  билікті  өз  қолына  алады.

    Екі  жағынан  да  өзінің  қарсыластары  арасында  қалғанын  түсінбеген  Мамай  шайқас  алаңына  аттанады.

    Әлем  тарихында  жеңілмейтін  Рим  империясы  әскерлерін  қарсыластары  тек  өз  қаруын  өзіне  қарсы  пайдаланып  қана  жеңе  білген  еді. Бұл  шайқаста  да  осы  оқиға  орын  алады. Яғни  көшпелілердің  тылдан  шабуыл  жасау  тактикасын  қолдану. Шайқас  басын  қайта  оралайық. Дмитри  Иванович  жинақтаған  жүз  елу  мыңдық  әскер,  жылнамашының  баяндауынша  тамыз  айында  оңтүстікке  қарай  бет  алады. Жоғарыда  аталған  соғыс  аренасын  өздеріне  тән  емес  болса  да,  орыстардың  таңдау  процесі  дәл  осы  кезде  орын  алған  болатын.

      1380  жылы  қыркүйектің  6шы  жұлдызы  күні  орыс  әскерлері  Дон  өзені  бойына  келуі  тиіс  еді. Орыс  қолбасшылары  өз  әскерлеріне  Дон  өзенінің  арғы  жағына  өтуге  бұйрық  береді. Бұл  бұйрықтың  берілу  себебі  орыс  қолбасшылары  өз  қоластындағы  әскерлердің  шайқас  барысында  қаша  жөнелу  қауіпінен  болғандығы  сөзсіз.

      Өзеннен  өту  екі  күнге  созылып  үші  қыркүйекте  орыс  әскерлері  аты  шулы  Куликово  даласына  келіп  тұрақтайды.

      Бұл  күні  ауа  райы  таң  ертеңмен  бұлыңғыр  тартып  тұрады. Сай  салаларға  қалың  тұман  түседі. Бірақ  сағат  тоғыздарда  ауа  райы  жадырап  сала  береді. Түске  тарта  даладан  Мамай  әскерінің  қарасы  көрінеді. Сағат  бірлерде  шайқас  өз  бастауын  табады. Шайқасты  тікелей  тамашалаған  жылнамашы  шайқасты  былай  суреттейді: Бұндай  шайқас  әлі  болған  емес,  даланың  он  шақырымы  әскерлерден  көрінбей  қалды. Адамдар  мен  жылқылардан  аққан  қан  жаңбырша  жауды. Татарлар  жеңіске  жете  бастайды. Орыс  әскерлері  дала  жаққа  да,  кейін  қарай  да  қаша  жөнеледі. Татарлар  өздерінің  жауларын  толық  күйрету  үшін  қуа  жөнеледі. Сағат  үштерде  Куликово  даласындағы  көрініс  өзгеріп  шыға  келеді. Тосқауылда  тығылып  отырған  Владимир  Андреевич  Серхопувский  мен  Литвадан  Дмитри  Ивановичқа  арнайы  көмекке  келген  Дмитри  Боброк  басшылық  жасап  отырған тың  орыс  әскері  шабуылға  шығады. [18; 55 бет]

      Орыс  әскерлерінің  қаша  жөнелгенін  көрген  Владимир  Андреевич  Серхопувский  бірден  шабуылға  шаппақ  болады,  бірақ  Дмитри  Боборок    оны  тоқтатып  татарлардың  өздеріне,  Яғни  тың  әскерге  арқасымен  қарауын  күтеді. Осы  жағдай  орын  алғанда  Дмитри  Боборок  бастаған  тың  әскер  татарларға  шаба  жөнеледі. Қашып  бара  жатқан  орыстар  кейін  бұрылып,  татарлар  қоршауда  қалып  қояды. Татарлар  ойсырай  жеңілуге  мәжбүр  болады. Шайқасты  біршама  әскерлерімен алыстан  қадағалап  отырған  Мамай  Калка  өзені  бойына  қарай  қашады. Оны  ол  жақта  даладағы  басты  қарсыласы  Тоқтамыс  қарсы  алады. Әскерін  талқандап  Мамайды  күйретеді.

     Осы  жерде  Куликово  шайқасын  атақты  Каталаун  шайқасымен  салыстырып  кеткенді  жөн  санап  отырмын. Бұл  шайқаспен  салыстырудағы  менің  көздеген  басты  мақсатым  Мамайды   Атилламен  қатар  қою  емес,  не  бары  шайқастың  маңыздылығын  ашып  көрсету. Еуропа  мен  ғұндар  үшін  Каталаун  шайқасы  қандай  маңызды  болса,  Русь пен  Орда  үшін  де  Куликово  сондай  маңызды. Екі  шайқас  та  тарихқа  өте  үлкен  жаңалықтар  енгізді. Екі  шайқаста  да  қарсыластар  бір  бірінің  қыр  сырын  жақсы  түсінді. Қос  шайқастың  да  ең  басты  тұлғалары  біздің  ата-бабаларымыз. Аты  аңызға  айналған  Еділ  патша  Римді  қаншалықты  үрейде  ұстаса,  өз  кезегінде  Мамай  да  русьті  соншалықты  үрейде  ұстады. Бірақ  екі  шайқастың  зерттелу  дәрежесі  екі  түрлі. Каталаунға  байланысты  Отандық  тарихшылар  өзінің  ой – тұжырымдарын  батыл  түрде  жария  етуде,  ал  Куликово  даласындағы  шайқастың  мән — жайы  сол  баяғы  ескірген, кеңестік  келбетте  қалып  қойған.

     Ендігі  кезекте  Каталаун  даласындағы  шайқасқа  тікелей  тоқталып  Куликово  даласындағы  шайқаспен  дәлме  дәл  ортақ  белгілерін  шығарып  көрейік.

    Каталаун  даласындағы  шайқаста  римдіктердің  әскерін  басқарған  Патрици  Флави  Аэци  ғұндардың  соғыс  өнерін  қаншалықты  білсе,  Куликово  даласындағы  шайқастағы  русь  әскерінің  қалбасшылары  Мамай  әскерінің  соғыс  өнерін  соншалықты  білді. 451 жылы  15 маусымда  Тура  қаласының  маңында  Еділ  әскерлерімен  Рим  әскерлерінің  арасында  шешуші  шайқас  болды. Шайқасты  көрген  адамдар  «бұндай  ірі  шайқас  бұрын  солды  болған  емес,  өзендерден  аққан  су  қызыл  қанға  боялды» — деген  баға  берген. [ 19; 100 бет] Ал  Орыс  жылнамашылары  Куликово  даласындағы  шайқасқа » Бұндай  шайқас  әлі  болған  емес,  даланың  он  шақырымы  әскерлерден  көрінбей  қалды. Адамдар  мен  жылқылардан  аққан  қан  жаңбырша  жауды,» – деген  баға  берген. Еділ де  Мамай  сияқты  жеңіске  жетіп  тұрып  жеңіледі, сөйті  күшін  қайта  жинақтауға  өз  ордасына  оралады. Каталаун  даласындағы  шайқаста   екі  жақтың  да  шығыны  тең  болып  қарсыластар  бірін  бірі  ала  алмады. Осы  себепті  бұл  шайқаста  ешкім  жеңген  жоқ,  ешкім  жеңілген  жоқ  екі  жақ  та  қатты  әлсіреді. Міне  жоғарыда  аталған  пікірді  қазіргі  таңда  отандық  тарихшылар  ұстанып  отыр. Ал  Куликово  даласындағы  шайқас  ше? Бәрі  дәлме  дәл  Каталаун  даласындағыдай  екі  жақтың  да  шығыны  тең  болды, тіпті  Мамай  шығыны  аз  болды  деген  пікір  де  бар, қарсыластар  бірін  бірі  ала  алмады, екі  жақ  та  қатты  әлсіреді. Бірақ   Куликово  даласындағы  шайқастың  бағасы  бір  бөлек. Мамай  ойсырай  жеңіліп  Генуяға  қашып  сонда  қаза  болды, деген  пікір және  Мамайға  қорқақ,  сауатсыз  деп  берілген  баға  ең  әділетсіз, ең  дөрекі  берілген  баға. Қалыптасқан  көзқарасты  түбірімен  бүгінгі  күннен  бастап  жою  қажет. Тек  Мамайға  ғана  емес  Отан  тарихының  әрбір  тұлғасына  әділетті  баға  беру  қажет.      

     Бұл  жерде  жеңіліс  деп  атап  көрсетіп  отырған  авторлар,  бұл   сөзді  үлкен  мақтанышпен  айтады. Алайда  өзгенің  тактикасымен,  өзгенің  әскери  қолбасшыларымен, үлкен  қырғынмен  жеткен  жеңістің  несі  жеңіс. Ұлы  Шыңғыс  ханның  өзі  ешбір  мағынасыз  қоршауда  қалып  өлгеннен  гөрі  қашып  кетіп  қайта  күш  жинап  соққы  беруді  дұрыс  санаған. Мамай  да  осы  ұстанымды  ұстанғаны  анық. Ал  Дмитри  Иванович  бұл  шайқаста  үлкен  шығынға  ұшырады. Дмитридің  жанындағы  сенімді  князьдары,  жауынгерлері  осы  шайқаста  көз  жұмды. Және  де  соғыс  аяғынан  еліне  оралушы  жаралы  жаунгерлер Ягайло бастаған Литвалықтар  тарапынан  қырғынға  ұшырайды.

     Мамай  соңғы  сәттерге  дейін  өзінің  одақтасы  Ягайло  келеді  деп  сенген. Бірақ  Мамай       сенген  одақтас  кешшігіп  жетті. Шайқас  тағдыры  шешіліп  қойған  еді. Ягайло  тек  орыстың  қалған  әскерлерін  ғана  қырып  қайта  оралады.

     Байқап  отырғанымыздай  Мамайға  Лев  Гумелевтың  берген  бағасы  өзінің  дәлдігін  барған  сайын  айқындап  отыр. Мамай  шын  мәнісінде  досына  адал,  жауына  қатал,  саяси — әскери  көреген  тұлға,  өз  заманының  адамы. Өз  одақтасын  соңғы  сәттерге  дейіншайқас  алаңына  келеді  деп  сенген  Мамай,  Резатдин  Фахретдин  пікірінше,  тағы  бір  жарты  сағат  шыдағанда  жеңіске  жетері  сөзсіз  еді.

    Лев  Гумелевтың  «Мамай  өзінің  досына  адал  болу  қасиетінен  қатты  зардап  шекті»  деген  сөздері  Мамайдың  ақырғы  күндері  өз  дәлелән  тапты. Авторлардың   Мамайдың  соңғы  күндері  туралы  пікірлері  әр  түрлі,  бірақ  көпшілігі  оны  Генуя  жерінде  қаза  болды  деген  пікіри  айтады. Едні  пікірлерге  жекелей  тоқталсақ: Насонов  болса  өзінің  «Монголы  и  русь»  еңбегінде, осы  жағдайды  былай  суреттейді: Мамай  жеңіліс  тапқаннан  кейін  қашуға  мәжбүр  болады. Онымен  қоса  әскер  құрамындағы  бірнеше  жүйрік  аттылар  да  қосыла  қашып  аман  қалады. Мамай  әскерінің  құрамында  жоғарыда  аталған  жүйрік  аттылар  көп  болған  көрінеді. Себебі  Мамай  Ордаға  орала  сала  өш  алу,  кек  қайтару  туралы  ойлай  бастайды. Бір  жылдан  кейін  Мамай  руське  қайта  аттанбақ  болады. Бірақ  дәл  осы  кезде  Мамай ойламаған  жерден  Тоқтамыс  тарапынан  қарсылыққа  тап  болады. Енді  Мамай  руське  жорық  жасамас  бұрын  Тоқтамыс  әскерін  талқандауы  қажет  болады. Дәл  осы  жерде  қанға  сіңіп  қалған  Шыңғыс  хан  тұқымдарын  биік  қою,  сыйлау  принципі  өз  күшіне  енеді. Дәлірек  айтсақ  Мамай  әскері  мен  Тоқтамыс  әскері  жолыққан  кезде  Мамай  әскерінің  көпшілік  бөлігі  Тоқтамыс  жағына  өтіп  кетеді. Бірақ  олар  өз  қолбасшыларын  ұстап  беруден  бас  тартып,  Мамайдың  қашып  кетуіне өз  тарапынан  жағдай  жасап  береді. [7; 100 бет]

    Дәл  осы  себепті  бұл  жерде  мен  сатқындық  принципі  емес  сыйлау  принципі  деген  сөз  тіркесін  пайдаланып  отырмын. Бұл  жағдайдан  кейін  Мамайдың  өзінің  өмір  тыныштығын  табатын  аймақ  іздуге  кірісері  таң  қаларлық  нәрсе  емес. Біраз  ойланғаннан  кейін  Мамай  бір  кездерде  өзінің  үлкен  серігі,  одақтасы  болған  Генуяға  аттануға  шешім  қабылдайды. Мамай  өзінің  қасына  біраз  адам  алып   Генуяға  келеді. Әрине  олар  құр  қол  келмей,  өздерімен  бірге  бірнеше  бағалы  заттар  мен  алтын,  күміс  бұйымдар  ала  келеді. Бұл  өз  кезегінде  генуялықтардың  үлкен  қызығушылығын  тудырады,  себебі  иол  ақша  әрдайым  кез  келгеннің  қызығушылығын  туғызады, ал  егер  де    бұл  генуялықтар  болса  онда  жағдай  мүлде  бөлек. Мамай  мырза  генуялықтардан  әскери  көмек  алып  жақсы  қарым-қатынас  жүргізгені  анық. Алайда  генуялықтардың  Мамай  мырзаға  деген  көзқарасы  мүлде  өгереді. Міне  осыдан  кейін  генуялықтар  Мамайды  өлтіріп  оның  байлығына  ие  болады. Осылайша  Мамай  мырза  бір  кездердегі  өзінің  досы,  одақтасы  қолынан  қаза  табады.

     Татар  тарихшасы  Ризаэтдин  Фахретдиннің   айтуынша  Мамай  Тоқтамыспен  қақтығыста  өзінің  әскерінен  айрылып, Кафыға  кетуге  мәжбүр  болады. Мамай  мен  оның  жанындағы  жақындарын  генуялықтар  бастапқыда жақсы  қарсы  алады, бірақ  кейіннен  оны  өлтіріп  байлықтарын  өзара  бөліске  салады.

     Татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдиннің   Насоновтың  және  де  Греков  пен  Якубовскийдің  пікірлеріне  қосылатындығын  байқап  отырмыз. Олай  болса  Мамай  мырза жат  жұртта,  генуялықтар  елінде,  қазіргі  Федосия  жерінде  өмірін  аяқтаған  деген  тұжырым  жасауға  болады. [20; 210]

    Алтын  Орда  тарихында  билікке  жеткен  алғашқы  қарaсүйектің  өмірі  осылайша  аяқталады.((               

    Жоғарыда  айтылған  пікір  Насоновтың  пікірі  екендігін  айта  отырып,  бұл  тарихшының  өз  еңбегін  жазу  барысында  орыс  жылнамаларымен  қоса шығыс  деректерін  де  пайдаланғандығын  ескеретін  болсақ,  осы  пікірдің  шындыққа  жақын  екендігін  аңғару  қиын  емес.     

     Ал  енді  Греков  және  Якубовский  сияқты  тарихшы  ғалымдардың  еңбегіндегі  осы  мәселе,  яғни  Мамай  өлімі  былайша  суреттеледі: «Мамай  Куликово  даласындағы  жеңілісті  алыстан  бақылап  тұрды.  Одан  кейін  Мамай  қаша  жөнеліп,  Калка  түбінде  Тоқтамыс  әскерінен  тағы  бір  жеңіліс  табады, сонан  соң  Мамай  Генуя  жеріне  қашып  барып  сонда  қастандықпен  өлтіріледі,»  деп  көрсетеді.

      Келесі  кезекте  Отандық  тарихшы  Керейхан  Аманжоловтың  » Түркі  халықтарының  тарихы » еңбегінде – Мамай  Куликово  даласында  үлкен  зардаптар  шеккен  жоқ. Оның  негізгі  әскер  күші  аман  қалып, тек  жалдамалы  әскер  ғана  қырғынға  ұшырады. Ордалықтар  мен  Мамай  мырза  ұрыс  алаңын  өздерінің  жүйрік  аттарымен  тастап  кетті. Ал  Мәскеу  князьі  Дмитри  Иванович  шығыны  Мамай  мырзамен  салыстырғанда  әлде  қайда  зор  болды. Дмитридің  жанындағы  сенімді  князьдары,  жауынгерлері  осы  шайқаста  көз  жұмды. Және  де  соғыс  аяғынан  еліне  оралушы  жаралы  жаунгерлер Ягайло бастаған Литвалықтар  тарапынан  қырғынға  ұшырайды. Мамай  мырза  елге,  ордаға,  орала  сала  кек  қайтару  туралы  ойланып,  даярлана  түседі. Алайда  Мамай  мырза  Тоқтамыс  тарапынан  қарсылыққа  тап  болып,  әскерімен  кезігеді. Осы  жерде  Мамай  мырза  әскерлері  аттарынан  түсіп  даланың  заңды  билеушісіне, яғни  сұлтанға  қарсы  соғыспайтындығы  туралы  ант  қабылдап,  қаруларын  тастайды. [11; 1991  Жалын  16-17  беттер]

     Бірақ  олар  өз  билеушілерін  ұстап  беруді  сатқындық  деп  танып, Тоқтамыстың  бұл  шартынан  бас  тартады. Бұл  жағдайдан  кейін  Мамайдың  өзінің  өмір  тыныштығын  табатын  аймақ  іздуге  кірісері  таң  қаларлық  нәрсе  емес. Біраз  ойланғаннан  кейін  Мамай  бір  кездерде  өзінің  үлкен  серігі,  одақтасы  болған  Генуяға  аттануға  шешім  қабылдайды. Мамай  өзінің  қасына  біраз  адам  алып   Генуяға  келеді. Әрине  олар  құр  қол  келмей,  өздерімен  бірге  бірнеше  бағалы  заттар  мен  алтын,  күміс  бұйымдар  ала  келеді. Бұл  өз  кезегінде  генуялықтардың  үлкен  қызығушылығын  тудырады,  себебі мол  ақша  әрдайым  кез  келгеннің  қызығушылығын  туғызады, ал  егер  де    бұл  генуялықтар  болса  онда  жағдай  мүлде  бөлек. Және  де  генуялықтар  үшін  сатқындық    далалықтардағыдай  ауыр  күнә  емес. Мамай  мырза  генуялықтардан  әскери  көмек  алып  жақсы  қарым-қатынас  жүргізгені  анық. Алайда  генуялықтардың  Мамай  мырзаға  деген  көзқарасы  мүлде  өгереді. Міне  осыдан  кейін  генуялықтар  Мамайды  өлтіріп  оның  байлығына  ие  болады. Осылайша  Мамай  мырза  бір  кездердегі  өзінің  досы,  одақтасы  қолынан  қаза  табады. [9; 35 бет]

    Мамай  өз  заманының и адамы  болды,  бірақ  генуялықтар  ондай  болмады. Оларда  алғашқы  капиталистік  белгілер  қалыптаса  бастаған боатын. Осы  себепті  генуялықтар  достықтан  пайданы  жоғары  қойып,  Мамайды  өлтіреді.

     Жалпылай  өз  ойымды  қорытындылайтын  болсам,  айтылған  сөздердің  барлығын  сараптай  келе  мынадай  тұжырымдар  жасауға  болады.  Мамай  негізінен  зерттеулер  мен  деректерде  өзінің  толық  орнын  ала  алмаған. Керісінше  жала  мен  жалған  жағымсыз  істердің  еріксіз  түрде  иегері  атанған. Мамай  бірнеше  жылдар  бойы  тағылып  келген  «поганый» атауының  қаншалықты  жалған  әрі  миға  қонымсыз  атау  екендігін  жұмыс  барысында  дәлелдедім  деген  ойдамын. Өзімнің  тарихшы  ретінде  жасайтын  ұсынысым  мынадай: Мамайдың  тарихи  портретін  қайта  жасап, келешек  ұрпақ  алдында  Мамайды  батыр, саясаткер, ұлтжанды  адам, дарынды  қолбасшы ретінде  тануды  ұсынамын. Алтын  Ордадағы  орын  алған  дүрбелең  жылдардағы  хандардың  жиі-жиі  ауысуы  кезінде    өз   орнынан  айрылмай, біршама  ұзақ  уақыт  бойы    беделінің  төмендемеуі  тек  қана  оның  саяси  көрегендігінің  арқасы.  Дешті  Қыпшақ  даласында  Шыңғыс  хан  жаулауынан кейін мүлде  болмаған  қарасүйектің  мемлекет  билігіне  келуі  қырық  рудан  құралған Алтын  Орда  халқының  арасында  үлкен  наразылық  тудырды. Сондай қиын жағдайдан  саяси  сауттылықпен  шыға  білу  екінің  бірінің  қолынан  келмейді. Алтын  Ордадағы  көптеген  хандар  арасында  адасып  қалмай  сыртқы  саясаттағы  әрдайым  беделін  өсіру  үшін  қадамдар жасап  отыруы. Шет  елдіктерден әскер  ұстап  отыруы  да,  Мамайдың  саяси  сауттылығын  көрсетеді. Себебі  жергілікті  сарбаздар  кез  келген  уақытта  төре, сұлтан және  ақсүйектердің  жағына  сатылып  өтіп  кетуі  мүмкін  еді. Мамайды  Куликово  даласындағы  жеңіліске  кінәләуға  біздің  моральдік  құқығымыз  жоқ. Мамай  елдің  мақтанышы  болуға  тиісті. Мамайға  Лев  Гумелевтың  және  де  менің  көзқарасым  негізінде  қарауларыңызды  өтініп  сұраймын. Себебі  дәл  осылай  есептеуге  негіз  де, себеп  те  бар . Біз  тәуелсіз  Қазақстан  азаматтары  ел  тарихын  ұлттық  тұрғыда  тануға  тиістіміз.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Жалпылай  қорытындылайтын  болсақ,  Мамай  Отан  тарихындағы  ұлы  тұлғалардың  бірі екендігі   ғылыми  тұрғыда  дәлелденді  деген   ойдамын. Алтын  Ордадағы  орын  алған  дүрбелең  жылдардағы  хандардың  жиі-жиі  ауысуы  кезінде    өз   орнынан  айрылмай, біршама  ұзақ  уақыт  бойы    беделінің  төмендемеуі  тек  қана  оның  саяси  көрегендігінің  арқасы. Дешті  Қыпшақ  даласында  Шыңғыс  хан  жаулауынан кейін мүлде  болмаған  қарасүйектің  мемлекет  билігіне  келуі  қырық  рудан  құралған Алтын  Орда  халқының  арасында  үлкен  наразылық  тудырды. Сондай қиын жағдайдан  саяси  сауттылықпен  шыға  білу  екінің  бірінің  қолынан  келмейді. Алтын  Ордадағы  көптеген  хандар  арасында  адасып  қалмай  сыртқы  саясаттағы  әрдайым  беделін  өсіру  үшін  қадамдар жасап  отыруы. Шет  елдіктерден әскер  ұстап  отыруы  да,  Мамайдың  саяси  сауттылығын  көрсетеді. Себебі  жергілікті  сарбаздар  кез  келген  уақытта  төре, сұлтан және  ақсүйектердің  жағына  сатылып  өтіп  кетуі  мүмкін  еді.  

   Мамай  «дала  заңына» толық  болмаса  да,  айтарлықтай  өзгеріс  енгізген  тұлға. Жылдар  бойы  қалыптасып  қалған  «ақсүйектік» жүйені  бұзбаса да,  керегесін  шайқалтқан  Мамай  болатын. Осылайша  Шыңғыс  ханнан  мұраға  қалған  билік  дәстүріне  де  өзгеріс  енгізілді және  бұл  өзгерісті  «ұлы  даланың  ұлдарының»  бірі  Мамай  жасған  болып  табылады.

     Куликово  шайқасына  тарихшылардың  берген  бағасы  дұрыс  емеытігін  дәлелдедім  деген  ойдамын.

     Мамай  мырзаның  тарихи  сахнадағы  шынайы  орнын  көрсетуде толық, болмаса  да  ең  алғашқы  қадамдар  жасалды  деген  тұжырымға  келуге  болады. Осы  сөздерді   дәлелдеу  үшін  келесі  негіздемелерді  келтіре  кеткенім  дұрыс  болар.

    1) Куликово  даласында  жеңілгені  үшін  айыптағандығы  аса  үлкен  әділетсіздік. Бұл  жеңілісте  оның  ешқандай  кінәсі  жоқ. Мамай  мырза  бар  болғаны  Тоқтамыс  пен  Дмитри  Иванович  арасындағы  келісім,  шарт,  одақ  құрбаны.

     2) Мамай  мырзаны  сауатсыз  қолбасшы  мен  білімсіз  билеуші  екендігін  дәлелдейтін  деректік  қордың  қандай  дәрежеде  екендігі  жоғарыда  атлып  өтті. Бәлкім  бұл  деректердің  бастапқыда  берген  мәліметтері  қазіргі  күйінен  бөлек  болған  шығар, алайда  орыс  жылнамаларының  көпшілігі  дерлік  XVIII  ғасырда  қайтадан  само  державиелік  тұрғыдан  қайта  жазылғандығы  баршаға  белгілі.

      3) Татар  тарихшысы  Ризаэтдин  Фахретдиннің  сөздерімен  айтар  болсақ,  Яголайдың  кешікеніне  қарамастан  Мамай  мырза  батыл  әрі  сауатты  соғыса  білді. Тылдағы  тың  әскерге  айтарлықтай  қарсыластық  көрсете  білді. Егер  де  Мамай  мырза  тағы  бір  сағат  соғыса  тұрғанда  Яголай  әскері  жетері  сөзсіз  еді. Ал  бұл  жағдайда  Мамай  мырзаның  күшеюінен  Дмитри  Иванович  әскерлерініңжағдайы  мүлде  басқаша  болары  тағы  анық.

      4) Егер  әскер  құрамындағы  жалдамалылар  қаша  жөнелмегенде  Мамайдың  жеңіске  жетері  анық  екендігі  түсінікті. Себебі  Ягайло  және  оның  әскері  не  бары  он  бес  шақырым  жерде  еді. Ал  егер  Мамай  мырза  әскері  жоспарланғандай  Ягайло  әскерімен  дер  кезінде  кездескенде  Дмитри  Иванович  пен  оның  жанындағылардың  жағдщайы  мүлде  нашар  болар  еді.

      Байқап  отырғанымыздай  орыс  халқының   ұлы  жеңісінің  ешқандайда  ұлылығының  жоқтығын  дәлелдеу  аса  қиын  емес. Және  де  бүкіл  русь  Куликово  шайқасынан  кейін  де  баяғысынша  монғолдардың  құрамында  қала  берді. Шайқас  барыснда  Дмитри  өзінің  ең  мақтаулы  жауынгерлері  мен  князьдарынан  айрылып  қалды. Мәскеу  де,  басқа  да  русь  князьдіктері  билік  ету  үшін  Сарайға  жарлық  алуға  келіп  тұрды. Яғни  шайқас  орыс  тарихшылары  айтып  жүрген  Куликово  шайқасы  аймақтағы  жағдайға  үлкен  өзгеріс  әкелді  деп  айту  қиын. Шындығына  келер  болсақ  бұл  шайқастан  кейін  болған  бір  ғана  өзгеріс: бұл  орыс  халқының  ордалықтарды  жеңуге  болатынына  тұңғыш  рет  көзі  жетуінде  болып  табылады. Алайда  бұл  жеңіс  қаншалықты  қиын  жолмен, әрі  қымбат  бағамен  келгендігін  де  орыс  басшыларының  түсінгені  анық. Мәскеу  князьі  Дмитри  Иванович  шығыны  Мамай  мырзамен  салыстырғанда  әлде  қайда  зор  болды. Дмитридің  жанындағы  сенімді  князьдары,  жауынгерлері  осы  шайқаста  көз  жұмды. Және  де  соғыс  аяғынан  еліне  оралушы  жаралы  жаунгерлер Ягайло бастаған Литвалықтар  тарапынан  қырғынға  ұшырайды. Осыған  қоса  Тоқтамыс  Мәскеуді  тағы  да  жаулап  алып,  аңсаған  тәуелсіздіктері  көпке  созылмайды.

    Куликово  шайқасы  және  Мамай  деп  аталған  бөлімді  жазу  барысында  түсінгенім  бір  ғана  нәрсе,  бұл  Куликово даласындағы  ұрысқа  ерекше, жаңаша  көзқараспен  қарауды  бүгіннен  бастау  біздер,  яғни  тарихшылар  үшін  үлкен  әрі  маңызды  бастама  болар  деп  есептеймін.  

    Мамай  негізінен  зерттеулер  мен  деректерде  өзінің  толық  орнын  ала  алмаған. Керісінше  жала  мен  жалған  жағымсыз  істердің  еріксіз  түрде  иегері  атанған. Мамай  бірнеше  жылдар  бойы  тағылып  келген  «поганый» атауының  қаншалықты  жалған  әрі  миға  қонымсыз  атау  екендігін  жұмыс  барысында  дәлелдедім  деген  ойдамын. Өзімнің  тарихшы  ретінде  жасайтын  ұсынысым  мынадай: Мамайдың  тарихи  портретін  қайта  жасап, келешек  ұрпақ  алдында  Мамайды  батыр, саясаткер, ұлтжанды  адам, дарынды  қолбасшы ретінде  тануды  ұсынамын. Алтын  Ордадағы  орын  алған  дүрбелең  жылдардағы  хандардың  жиі-жиі  ауысуы  кезінде    өз   орнынан  айрылмай, біршама  ұзақ  уақыт  бойы    беделінің  төмендемеуі  тек  қана  оның  саяси  көрегендігінің  арқасы.  Дешті  Қыпшақ  даласында  Шыңғыс  хан  жаулауынан кейін мүлде  болмаған  қарасүйектің  мемлекет  билігіне  келуі  қырық  рудан  құралған Алтын  Орда  халқының  арасында  үлкен  наразылық  тудырды. Сондай қиын жағдайдан  саяси  сауттылықпен  шыға  білу  екінің  бірінің  қолынан  келмейді. Алтын  Ордадағы  көптеген  хандар  арасында  адасып  қалмай  сыртқы  саясаттағы  әрдайым  беделін  өсіру  үшін  қадамдар жасап  отыруы. Шет  елдіктерден әскер  ұстап  отыруы  да,  Мамайдың  саяси  сауттылығын  көрсетеді. Себебі  жергілікті  сарбаздар  кез  келген  уақытта  төре, сұлтан және  ақсүйектердің  жағына  сатылып  өтіп  кетуі  мүмкін  еді. Мамайды  Куликово  даласындағы  жеңіліске  кінәләуға  біздің  моральдік  құқығымыз  жоқ. Мамай  елдің  мақтанышы  болуға  тиісті. Мамайға  Лев  Гумелевтың  және  де  менің  көзқарасым  негізінде  қарауларыңызды  өтініп  сұраймын. Себебі  дәл  осылай  есептеуге  негіз  де, себеп  те  бар . Біз  тәуелсіз  Қазақстан  азаматтары  ел  тарихын  ұлттық  тұрғыда  тануға  тиістіміз.

       Бітіру  жұмысын  бастаған  кезде  менің  алдыма  қойған  өзндік  мақсат-міндеттерім  болған. Алдыма  қойған ең  басты  мақсатым   Мамай  мырзаның  саяси-тарихи  аренадағы  алғашқы  қадамдарынан  ақырғы  күніне  дейінгі  аралықтағы тарихи  құбылыстарды  шынайы  баяндау. Мамайдың  шынайы  келбетін  ашып  көрсетіп, Отан  тарихында  өзіне  тиісті  орнын  беру. Бұған  дейін   қалыптасып  қалған  пікірлерді  қатаң  сынға  алу. Мамай  мырзаның  тарихи  потретін  ашу. Осы  мақсаттарға  жету  үшін  мен  бірнеше  міндеттерді  орындадым:

1) Тарих  ғылымының  ең  басты  зерттеу  объектісі  дерек  болып  табылатындығы  баршаға  аян. Дәл  осы  себепті  тақырыпқа  байланысты  деректер  кешенін  іздеп,  тауып,  талдау  жасап, сынап,  объективті  түрде  қарастыру  менің  мақсатқа  жету  үшін  орындалатын  басты  міндетім  болып  табылды.

     Осы  міндетімді  орыс  жылнамалары, атап  өтсек  Никондық  жылнама, Рогождық  жылнама, Ростовтық  жылнама т.б. түпнұсқасынан  блмаса  да, жинақтардан  қарастырып, талдадым. Сол  сияқты  шығыс  авторлары  Ибн  Халдун, Өтеміс  қажы  еңбектерін  қарастырып,  талдаудан  өткіздім. 

2) Отандық  және  өзге  де  тарихшы  ғалымдардың  тақырыпқа  байланысты  пікірлерімен  танысуға  тырысамын. Бұл  үшін  тақырыпқа  байланысты  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген  авторлардың  зерттеулерін пайдаланып, зерттеулерде  баян далған  тарихи  фактілер  мен  пікірлерді  қолдап  немесе  жоққа  шығара  отырып, өзімнің  ойымды  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеу сияқты  міндетті  де  жеткілікті  дәрежеде  орындауға  тырысамын.

    Бұл  міндетімді  орындау  үшін  орыс  тарихшылары  Греков, Якубовский,  Насонов  еңбектерін, татар  тарихшысы  Р. Фахретдин  еңбегін, Отандық  тарихшылар  Аманжолов, Сұлтанов, Гумелев  сияқты  автролардың  шығармаларын  қарастырдым.  

3) Кез  келген  тарихи  фактіге  міндетті  түрде  өзімнің  ойымды  білдіріп  отыру, талдау  жасау – бітіру  жұмысын  жазу  барысындағы  орындауға  тиісті  ең  басты  міндетім.

     Бұл  міндетімді  орындау  үшін  деректер  мен  зерттеулерді  асқан  сақтықпен  пайдаланып,  өз  оймды  жетілдіріп,  қажетті  жерлерде  тұжырымдар  жасап  отырдым.

4) Мамай  мен  оның  заманындағы  тарихи  құбылыстарды  ұлттық  тұрғыдан  қарастыруға,  бірақ  объективтілікті  сақтауға  тырысып  отырдым. Дәл  осы  себепті  мен  Мамайды  ең  алдымен  ұлы  даланың  ұлдарының  бірі  ретінде  қарастырып,  оның  жеке  принциптеріне  назар  аударуға  тырыстым.

    Осындай  міндеттердің  барлығын  орындағаннан  кейін  мен  өзімнің  алдыма  қойған  мақсатыма  жеттім  деген  ойдамын.

    Менің  ойымша  Мамайдың  тек  Алтын  Орда  тарихында  емес, Қазақстан  тарихында  да,  тіпті  әлем  тарихында  да  алатын  орны  ерекше.Мамайдың  ерліктері  мен  ұлғатты  істерін  одан  әрі  халыққа  танытуда  мен  бітіру  жұмысымен  тоқтамйтындығымды  айта  кеткім  келеді… 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Греков Б.Д. Якубовский  А.Ю. «Золотая  Орда  и  ее  падение»  М-Л  1950г.
  2. Тизенгаузен В.Г. « Сборник материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды»   Т – 2.  АН   СССР  1941 г.
  3. ПСРЛ «Никоновская летопись»  Т-1 изд. Археографическая   коммиссия  1911г.
  4. Утемиш Хаджи « Чингис  нама » Алматы 1992.
  5. ПСРЛ « Рогожская летопись »  Т-1  изд. Археографическая   коммиссия  1911г.
  6. ПСРЛ « Ростовская летопись»  Т-2   изд. Археографическая   коммиссия  1911г.
  7. Насонов А. Н. « Монголы  и  русь »  М-Л 1940г.
  8. Карамзин И. М. « История государства  Россииского »  Т – 4  М 1992г
  9. Аманжолов К. Р. « Түркі халықтарының  тарихы » Алматы  Білім  2002ж
  10. Кляшторный С.Г. Султанов Т.И.  « Казахстан:  летопись  трех  тысячелетии » Алматы 1992
  11. Ризатдин Фахретдин « Ханы  Золотой  Орды »  Казань  2000г.
  12. Исмагулов О.И. « Население Казахстана  от  эпохи  бронзы  до  современности » Алматы  1970г.
  13. Гумилев Л.Н. « Мені евразиялық деп  атайды »  Алматы  1991ж.
  14. Новосельский А.А. « Борьба Московского  государства  с  татарами  в  первой  половине  XIV  века » М-Л 1948г.
  15. Григорьев В. В. « Ярлыки Тохтамыша  и Сеадет  Герея »  « ЗООИД » 1 Одесса  1844г.
  16. Прислеков М. Д. « Ханские ярлыки  русским  метрополитам » СПб 1916г.
  17. Жұмағұлов Қ. Т. « Дүниенің төрт  бұрышын  тітіркендірген  Еділ  патша» Алматы  2006 ж.
  18. Греков Б.Д. Якубовский  А.Ю. «Золотая  Орда,  очреки»  под.ред. В.Быстрянского  1937 г.
  19. Григорьев В.В. «Монеты джучидов, генуэзцев  и  Гиреев  битых  на  Таврическом  полуострове » Одесса 1844г.
  20. Қазақ ССР тарихы  Т-2 1957ж.
  21. Қазақстан тарихы Т-2 1995ж.
  22. Немов Н.Н. «Психология: просвещение» М 2000г.
  23. Лихачев А. Ф. « Новый клад  джучидских  монет»  СПб  1877г.
  24. Григорьев В. В. « Россия и  Азия  сб. исслед. и  статей  по  ист; этногр; геогр; » СПб  1876г.
  25. Якубовский А.Ю. « Из  истории  падения  Золотой  Орды »   Вопросы  Истории  N 2  1947г.
  26. Якубовский А.Ю. « Тимур » Вопросы  Истории  N 8-9  1846г.
  27. Атабаев Қ.А. «Қазақ баспасөзі қазақстан  тарихының  дерек  көзі» Алматы  2002
  28. Иностранцев К.А. « Золотая  Орда: падение » Вопросы  Истории  N 7  1890г
  29. Ляскоронский В.Г. « К вопросу обитвах  с  татарами »  ЖМНП  новая  серия  1907  март,  апрель,  май.
  30. Иванов А.И. «Дмитри Иванович  и  его  время»  Вопросы  Истории 

N 2-3  1849г.

  1. Калугин И.С. « Дипломатические  отношения  России с Золотой  Ордой в княжение  Дмитрия  Донского »  Московские   Ведомости  1855-1856 г.г. N106-109
  2. Козин С.А. «История  Московского  княжества  »  Московские   Ведомости  1860г.  N65
  3. 33. Григорьев В. В. «Несколько новых  монет  Золотой  Орды  XIV века» ТВО  VIII  СПб  1864г.
  4. Бутков П.Г. « История ханов  из  дома  чингизидов » СПб 1829г.
  5. Греков Б.Д. «Объеденение  руси  вокруг  Московского  Княжества» Вопросы  Истории  N 9  1857г.