ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………………….. |
|
|
1 тарау. |
Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері………………………………… |
|
1.1 |
Күріштің өсіп дамуының морфозиологиялық сипаттамасы …………………………………………………………….. |
|
1.2 |
Күріштік агроэкологиялық факторларға талабы…………. |
|
2 тарау. |
Арал өңіріндегі суармалы жерлердің экологиялық –агромелиоративтік жағдайы және күріш өсіру перспективалары……………………………………………………….. |
|
3 тарау. |
Күріш өсіру аймақтарының агроэкологиялық және топырақ – мелиоративтік сипаттамалары…………………… |
|
4 тарау. |
Өзгерген агроэкологиялық жағдайда күріш өсіру технологиясын жетілдіру…………………………………………… |
|
4.1 |
Күріш дақылының өсу дәуіріндегі күрделі (шешуші) кезеңдер…………………………………………………………………….. |
|
4.2 |
Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау……………. |
|
|
Қорытынды ………………………………………………………………. |
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………… |
|
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырда майда әрі тиімді суару жүйелері орнына шөлді және шөлейт аймақтарды үлкен масштабта суландыру жүйесі іс жүзіне асырылды. Нәтижесінде мақта және күріш өсіру, олардың егіс көлемін ұлғайту шаралары Арал теңізіне құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын егістікке пайдалануды қажет етті.
Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес территорияларға кері әсерін тигізді. Мысалы, әр жылдары Амудария мен Сырдария өзендерінің бойында Әндіжан, Тоқтағұл, Қайраққұн, Шардара су қоймалары салынды. Аралға құятын судың 70-75% -ы осы аталған су қоймаларында қалып қойып отыр. Нәтижесінде еліміздің Оңтүстік –батысындағы ұлан-ғайыр Сыр өңірі бүгінде экологиялық проблемалары шиеленіскен апатты аймақтың бірі болып отыр.
Күріш – суда өсетін дақыл. Сондықтан суды және тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып ғылым жетістіктері мен озат тәжірибе жаңалықтарын өндіріске енгізу арқылы егіншілік мәдениетін арттырып, фермер-күрішшілер игілігіне айналдыру керек. Бірақ, күріш егісі өнімі баяу өсуде, ал кейінгі жылдар тіпті төмендеп кетті. 1990 жылмен салыстырғанда еліміздегі күріш алқаптарының көлемі 1,6 есе қысқартылды, ал гектер өнімділігі Қытай, Жапония мемлекетеріндегі өнімділік пен салыстырғанда 1,5 еседей төмен. Мұның себептерінің бірі – күріш сорттарының биологиялық морфофизиологиялық және агроэкологиялық ерекшеліктері ескерілмей, жалпы күріш егісіне арналған орташа технология қолдануда. Сондықтан, экологиялық дағдарысты Арал өңірінде күріш егісіне азот тыңайтқышын беру мөлшерін оптмизациялау аталған тыңайтқышты қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау – практикалық маңызы үлкен, актуальді проблема.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. 1965-1966 жылдардан бастап товарлы күріш өндіру мақсатында бұл дақыл егісі үлкен көлемде (жыл сайын 90-110 мың гектар) егілді. Осындай көлемдегі күріш егісін орналастыру егістігі күріштің үлесі 62,5% және оданда жоғары болды. Нәтижесінде, бұл Арал өңіріне орасан зор экологиялық, әлеуметтік, т.б. өзгерістер әкелді. Соның ішінде аса қауіпті, зиянды құбылыстардың бірі- топырақтың тұзданып сорлануы, жер асты суының жаппай көтерілуі және минерализациялануы.
Осыған сәйкес жұмыстың мақсаты ауыспалы егіс танаптарындағы топырақ түзілу процесінің өзгеруіне және сорланып тұздануына байланысты күріш өсірудің сорттық технологиясын дайындап, азот тыңайтқышын берудің агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау.
Жұмыстың міндеті. Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеп дайындау барысында орта бойлы жіңішке, тік жапырақты Кубань сорты мен орта бойлы ірі жапырақты Маржан сорты егісіне азот тыңайтқышын енгізіп қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін анықтап белгілеу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Күріш сорттарын өсіру агротехникасын биологизациялау – бұл нақты сортты (мысалы, ірі жапырақты Маржан, жіңішке, тік жапырақты Кубань 3) өсіріп баптау технологиясы мен әрбір агротехника шараларын олардың биологиялық және морфофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіру. Бұл күріштен жоғары әрі сапалы өнім алу жолы және сорттардың өсіру технологиясын жетілдіруде практикалық маңызы үлкен.
1 тарау. Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері
- Мәдени күріш немесе екпе күріш (Оrуzа sativa L.) — бір жылдық өсімдік, злак немесе коңырбас (Gramineae, Роасеае) тұқымдастығына, күріш трибасына (Оrуzeae) жатады. Күріш (Оrуzа) туыстығын алғаш анықтап сипаттаған К.Линней (1735ж.). Кейінгі жүйелеу (классификациялау) бойынша Оrуzа (күріш) туыстығында 28 түр бар. Күріш туыстығының түр құрамы әліде зерттеліп анықталуда. Күріштің егіліп жүрген түрлері Оrуzа sativa L. (екпе күріш) және Оrуzа glaberrima Steud (жылтыр күріш) — диплоидтар.
- Күріш дақылының таралу ареалы өте кең, үлкен. Климаттық, маусымдық өзгерістерге, топырақ жағдайына, әртүрлі суару режиміне бейімделіп және географиялық оқшаулану, табиғи сұрыпталу және селекция нәтижесінде 0.sativa туыстығы дифференцияланып, жіктеліп, әртүрлі сорттар тобына бөлінген. Олар географиялық расаларға (экорасаларға), яғни indica (индиялық), jароnіса (жапондық), jаvаnіса (явандық) түр тамақтарына бөлінеді. Екпе күріш түр тамақтарының сипаттамасы 1 — кестеде келтірілген.
1 — кесте. Күріш түр тамақтарының сипаттамасы
(Е.П.Алешин, ІІ.Е.Алешин, 1993)
Қасиеттері
|
Түр тармақтары |
||
indica (индиялық) |
jароnіса (жапондық) |
jаvаnіса (явандық) |
|
Жапырақ |
Жалпақ, ашық-жасыл |
Жіңішке, қою-жасыл |
Жалпақ, тік орналасқан, ашық — жасыл |
Дән |
Ұзын, өте үзын, жіңішке әрі ұзынша, жалпақ |
Орташа және кысқа, ұзынша дәнді, жалпақ және домалақ |
Орташа және қысқа, ұзынша дәнді, жалпақ және домалақ |
Түптенуі |
Күшті |
Орташа |
Нашар |
Сабақ |
Ұзын, өте ұзын |
Қысқа |
Ұзын және орташа |
Гүл кауыздарын-дағы түкшелер |
Жіңішке және қысқа |
Ұзын әрі калың |
Ұзын |
Масақ дәнінің төгілуі |
Күшті |
Нашар |
Нашар |
Өсімдік ұлпалары, ондағы кремний мөлшері |
Жұмсақ, кремний орташа және аз мөлшерде |
Қатты, кремний көп және орташа мөлшерде |
Қатты, кремний көп және орташа мөлшерде |
Фотокезеңге реакциясы |
Әртүрлі |
Әртүрлі, қысқа күндік формаларынан фото бейтарап түрлеріне дейін |
Нашар |
ТМД елдері территориясында негізінен жапондық jароnіса (тамағына жататын: var.italica, var.zeravschanica, var.vulgaris, var.eruthroceros, var.dicroa, var.nigroapiculata, var.janthoceros түршелерінің сорттары өсіріледі.
Күріш егісін ластаушы, арамшөп қатарына жататын қызыл дәнді формалары: Alef., subpyrocarpa Gust., var., desvauxii, Kazakstanica Gust., flawoactes Kara – Murza bicolota Kanevck түршелеріне жатады.
1.1 Күріштің өсіп дамуының морфофизиологиялық сипаттамасы
- Күріштің өсу дәуірі төмендегідей фазаларға бөлінеді: тұқымның өнуі, көктеп (тебендеп) шығуы, түптенуі, сабақтануы, масақтануы, гүлденуі және дәннің пісуі. Өсу дәуірінің әрбір фазаларында күріш дақылы әртүрлі морфофизиологиялық сипатта болып, физиологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан, бұл дақылдың қоршаған ортаға бейімделуі және өсіру технологиясына талабы өсу барысында өзгереді.
- Күріш онтонегенезінде басқа злак дақылдары сияқты органогенездің 12 этапы анықталып сипатталған. Бірақ, П.С.Ерыгинның (1969,1981), Е.П.Алешин, Н.Е. Алешиннің (1993) пікірлері бойынша, органогенездің 8-ші және 9-шы этаптары біріккен, сондықтан олар күріште он бір этап бар деген пікірге келген.
- Ғалымдардың (П.С.Ерыгин, 1981; Ф.М.Куперман, С.Б.Рамазанова және 1986) зерттеу нәтижелері бойынша, күріштің өсіп даму барысындағы морфофизиологиялық өзгерістер төмендегідей:
- Органогенездің І этапы. Күріш тұқымы ылғал жеткілікті жағдайда (яғни, суға бастырылған атыздарда) өне бастайды. Бұл процесске қолайлы температура 22-260С, ал ең төмен, минимальды температура 12-14°С. Анаэробты жағдайда колеоптиле өседі, оның өсуі клеткалардың созылуы нәтижесінде болады. Егер ортада оттегі мөлшері 2%-дан төмен болса, тамырша өспейді, ал колеоптиле анаэробты зоңадан өткенше өсе береді, сосын негізгі ұрық тамыр төмен қарай өседі (1-сурет). Колеоптиле ішінде екінші жапырақ (катафилл) өсіп, тебен тәрізденіп шығады. Бұл екеуі күріштің фотосинтетикалық аппаратының қалыптасуына үлес қоспайды. Органогенездің I этапы нағыз бірінші, бірақ пайда болу ретімен үшінші жапырақтың өсіп шығуымен аяқталады. Этап ұзақтығы 10-12 күн, ауа райы салқын болған жылдары 2-3 күнге ұзарады.
- Органогенездің II этапында конус түбі алғашқы буын мен сабақтың буынаралық бөлігіне дифференцияланады. Сабақтардың буын және буынаралық саны осы 1-11 этапта анықталады, ал бұл көрсеткіштер (сандар) мөлшері күріштің сорттық ерекшеліктеріне және технология деңгейіне байланысты.
- Органогенездін II этапы күріштің көктеп шығу фазасымен сәйкес және түптену фазасының бастапқы кезін қамтиды. Бұл кезеңде болашақ 5-7 жапырақтар метамерлері дифференцияланады. Этап ұзақтығына сәйкес күріштің өсу дәуірі де ұзарады. Арал өңіріңде аудандастырылған күріш сорттарының осы этап ұзақтығы 28-32 күн. Сабақтың ұзына бойына орналасқан жапырақтар көлемі, морфофизиологиялық қасиеттері бойынша өзгешеленіп анықталады. Бұлар өсу конусындағы өзгерістерге байланысты. II этап соңында өсу конусында жоғарғы 8-10 және жалау жапырақтардың метамерлік ұлпалары түзіліп пайда болады.
- Сонымен, органогенездің І, ІІ этапында тұқым өніп, күріш көгі шығады, жанама сабақтар саны, жапырақтар көлемі мен саны, ұрық тамыр және қосымша тамырлар саны белгілі болады.
- Органогенездің III этапында өсу конусы жылдам өседі де, бастапқы масақтың негізгі діңгегі (өсі) пайда болып, болашақ жанама бұтақшалар болатын төмпешіктер пайда болады. Осы кезең басында өсу конусы көлемі 0,10-0,16; ал этап соңында 0,250-0,350 мм-ге жетеді. Сыр өңіріндегі аудандастырылған ерте пісетін сорттардың ІІІ-этапы 5-ші жапырақ толық шығып, 6-шы жапырақ пайда болғанда, ал орта мерзімде пісетін сорттар — 6-шы жапырақ толық шығып, 7-ші жапырақ пайда болғанда басталады.
- ІІІ-этапта болашақ өнімнің негізі қаланады, яғни масақтағы дән саны анықталады. Бұл этап кезеңі ұзарған сайын, әрбір масақ ұзын болып, онда бірінші және екінші қатардағы жанама бұтақшалар көп болады. Нәтижесінде, ең көп дән байланады да, өнім артады. Аталған кезеңде атыздағы судын ең қолайлы (оптимальды) температурасы 19-24°С. Су температурасын осы деңгейге жеткізу үшін органогенездің ІІІ-этапының басында, яғни күріштің 6-7 жапырақты кезіңде атыздағы суды уакытша көтереді.
- ІІІ-этаптын басында күріш егісіне берілген азот тыңайтқышы масақтың ұзындығын арттырып, дән санын көбейтеді. Органогенездің ІІ-этапында берілген фосфор және ІІ, ІІІ этаптарда енгізілген калий тыңайтқышы осыңдай нәтиже береді. Сондықтан, ІІІ-этап басыңда азот және калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру дән өнімін күрт арттырады. Орта мерзімде пісетін күріш сорттары органогенезінің III-этапы ұзақтығы 8-10 күн, ерте пісетін сорттарда — 6-8 күн.
11.Органогенездің ІV-этапында масақ бұтақшаларының алғашқы ұлпалар тобы күрт өседі де, бұтақтануы жүреді және барлық бұтақшаларда масақшалар төмпешіктері пайда болады. Масақша төмпешіктері қаншалықты көп болса, масақтағы дән саны көбейеді. Бұл кезеңде өсу конусының мөлшері -0,36-0,85 мм. Масақтағы алғашқы бұтақшалар мен масақша төмпешіктерінің көп болуын қамтамасыз ететін оптимальды жағдайлар: топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуы, атыздағы судың тереңдігі қолайлы деңгейде болып, су температурасы ысымай, орташа жылылықта болуы нәтижесінде фотосинтездің күрт артуы. ІV-этап ұзақтығы — 2-3 күн.
- Органогенездің V — этапында масақша төмпешіктері дифферен-цияланып, гүлдердің қалыптасуымен аяқталады. Этап ұзақтығы 13-15 күн. Дифференциялану барысында алдымен масақша қауызы пайда болып бөліктенеді, сосын гүл кауыздары ерекшеленеді. Қауыздар масақтың жоғарғы, яғни бас жағында, сосын ортаңғы бөлігінде, ең соңында төменгі бөлігінде түзіледі. Бүтақшаларда да қауыздардың пайда болуы осы тәртіппен бір мезгілде жүреді. Кейін масақтағы дәндердің толысып пісуінде де осы заңдылық сақталады. Гүл қауызының ішінде алты аталық, ортасында аналық пайда болып дифференцияланады .
- V-этаптағы алғашқы гүлшоғы көлемі мен XІІ этаптағы (толық піскен кезінде) масақ көлемі арасында тығыз байланыс бар және бұл қоректену алаңына байланысты. Бұл кезенде коректік заттар жеткілікті болып, су және температура режимінің қолайлы болуы масақтың синхронды өсіп дамуына себепкер. Осы кезенде пайда болған гүлдер, саны мен масақтағы дәндер санының арасында тікелей байланыс бар.
- Органогенездің VІ-этапында микро — және мегаспоралар қалыптасады. Тозандықтың даму барысыңда 4 үя пайда болып, онда аталық жыныс клеткалары — тетрада өсіп, одан тозаң дәншелері дамып жетіледі. Аналықта тұқым бастамасы (тұқым бүршігі) қалыптасады. VІ — этапта сабақтың орта буынаралықтары өсуін жалғастырады және жоғарғы буынаралықтар өсуін бастайды. Этап ұзақтығы 1-2 күн.
15.Органогенездің VІІ-этапыңда аталық және аналық гаметофиттер
қалыптасады. VІІ-этап басында гүл қауыздары жұмсақ, түксіз, ал этап
соңыңда қатайып, тері сияқты болады, түк пайда болып, масақ әрбір
сортқа тән өзінің үлкен көлеміне жетеді. Масақтың ұзын болып
қалыптасуына жоғары агротехниканың әсері зор. Этап ұзақтығы 6-8
күн
16.Органогенездің VІІІ-этапында күріш бас шығарады, яғни масақтанады (масақ толық сыртқа шығады), гаметогенез толық аяқталады. ІХ-этапта масақ гүлдейді, аналық ұрықтанып, зигота пайда болады. VІІІ -этапта жақсы дамыған гүлдер қаншалықты болса, XІІ-этапта толық дәндер соншалықты болады. VІІІ -ІХ этап ұзақтығы 1-2 күн.
- Органогенездің Х-этапында -алғашқы ұрық пайда болып, алғашкы эндосперм қалыптаса бастайды. Бастапкы ұрықтың дифференциялануы аналық ұрықтанғаннан 4 күннен кейін басталады. Бүл этапта дән үзарып есе бастайды, этап соңында дән әрбір сортқа тән ұзындыққа жетеді. Х-этаптың үзақтығы 4-5 күн.
ХІ-этапта -күріш дәнінде коректік заттар жинақталады. Дән ұзындығы және ені мен қалыңдығы бойынша кәдімгі деңгейге жетеді. Бұл этап күріш дәнінің сүттену фазасымен сәйкес. Сонымен, ХІ-этап жаңа организмнің алғашкы стадиясы. Бұл этапта дәндегі құрғақ заттар интенсивті жинақталып, дән бойындағы ылғал азая бастайды, эндоспермның қалыптасуы аяқталады. Алейрон клеткаларының қалыптасуы тездетіліп, қоректік және физиологиялық активті заттар жинақталады. Этап ұзақтығы 6-8 күн.
ХП-этапта — қоректік заттар қорлық (запастық) заттарға айналады. Бұл этап сүттеніп қамырлану фазаларымен сәйкес және дәннің толық пісуімен аяқталады.
1.2 Күріштің агроэкологиялық факторларға талабы
Жарық режимі. Күріш — жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интенсивті болғанын талап етеді. Дақылға қолайлы жарық деңгейі — 40-60 мың люкс (лк). Күріштің өсу дәуірі (мамыр — тамыз айлары) кезінде Сыр өңіріндегі ауаның салыстырмалы ылғалдығы төмен -29-37%, ал ең аз мөлшері 8-10 %-ға дейін төмендейді. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа кұрғақ әрі таза болады. Сондықтан да, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, немесе шашырап Ғарышқа кетпейді. Нәтижесінде күріш егісіне кеп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі.
Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ көлеміне байланысты. Сыр өңірінде аудандастырылған Кубань 3 сорты жапырағы көлемі 55-75 мың м2/га, ал жапырақ алаңы индексі (ЖАИ)-5,5-7,5 м2/м2 болғанда ең жоғары өнім алынады. Оптимальды (үйлесімді) тығыз күріш егісі келіп түсетін радиацияның 60-90%-ын сіңіреді, 10-30%-ы ауаға кетеді, ал тек 5-10%-ы ғана егіс арасына өтіп, су мен топыраққа сіңеді. Егістікте қабылданған (сіңірілген) күн сәулесі радиациясының 80-90%-ы жапырақ аркылы қабылданады, ал қалған 10-20%-ын сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да мүшелері аркылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен, күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын оптимальды жапырақ көлемі Кубань 3 сорты үшін 55-75 мың м2/га. Бүл деңгейге күріш дакылының егістегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 250-380 өсімдік, немесе 520-650 масақты сабақ болғанда жетеді. Егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болган жағдайда фотосинтетикалык белсенді радиацияны (ФБР) қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күріш дақылының сирек егісі арасынан күн сәулесі радиациясы өтіп, суға, топыраққа сіңеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зиянды ценотикалық әсері күшейе түседі. Кейінгі аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән өнімі төмендейді.
Температура режимі. Күріш — жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында температура қосындысы (3200-4200°) ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену кезінде температураға сезімтал, — 0,5-1°С-та дақыл зақымданады.
Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14°С болғанда себуді бастауға болады. Осы температурадан төмен болса, тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі шетінейді, немесе шықпай қалады, егіс сирек болады (2 кесте).
Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22-26°С. Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.
2 — кесте. Арал өңірі жағдайында күріштің өсіп дамуына керекті төменгі (минимум), қолайлы (оптимум) және жоғарғы (максимум)
температуралар
Өсіп даму фазалары
|
Температура, + °С |
||
төмен (минимум) |
қолайлы (оптимум) |
жоғарғы (максимум) |
|
Тұқымның өнуі Көктеп шыққанда Түптену Сабақтану Масақтану — гүлдену Дәннің сүттену және қамырлану кезі Пісу кезеңі |
13-14 15-16 15-17 16-18 18-20 18-20 15-17 |
22-26 24-26 24-28 19-24 24-28 26-28 22-26 |
34-36 34-36 34-36 34-36 34-36 34-36 32-34 |
Күріштің өсіп дамуына сәйкес дақылдың температураға талабы және сезімталдығы өзгереді (2 кесте). Мысалы, дақылдың түптенуі температураға көп байланысты, керекті ең төменгі биологиялық минимум +15-17°С, ал қолайлысы +24-28°С.
Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән саны анықталады және бүл кезенде күріш температураға өте сезімтал. Осы кезенде түптену буынына керекті қолайлы температура +19-24″С. Ол үшін атыздағы деңгейін 12-15 см-ге дейін уақытша көтеру керек, сонда жоғары өнімді, әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте тсмператураның (атыздағы су мен топыраққа) қолайлы мөлшері 19-24°С-қа жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін 15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.
Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық (семік) дәндер санын көбейтеді, ал ен қолайлысы (оптимум) 24-28°С. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура 26-28°С.
Қазақстан — күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылдың өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикамыздағы күріш өсіруші аймақтың топырақ — климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп-жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей (3- кесте).
Қазақстанның күріш өсіруші аймақтарының ауа райы, температура ресурсы күріш егіншілігіне қолайлы. Мысалы, Алматы облысы Балқаш ауданындағы күріш өсіретін аймақта +10°С-тен жоғары жылы температураның жиынтығы 3200-35000С, Сыр өңіріндегі Жаңақорған -Шиеліде (бірінші аймақ) -3800-4200°С, Қызылорда массивінде (екінші аймақ) -3700-4100°С, Қазалыда (үшінші аймақ) -3500-3800°С, ал Шымкент облысының Шардара ауданында — 4000-4500°С. Яғни, Іле өзені алқабында өте ерте, ерте және орташа мерзімде пісетін, Сыр өңірінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар, ал Шардара массивінде орташа және кештеу мерзімде (121-125 күнде) пісетін күріш сорттарын өсіруге болады.
3-кесте. Күріш сорттарын пісу мерзімдеріне байланысты топтастыру
Сорттар тобы |
Күріштің өніп шыққаннан масақтану кезіне дейінгі күндер саны |
Өсу дәуірі, күн есебімен |
Дакылдың өсіп жетілуіне керекті жылулық қосындысы,°С |
Өтс ерте пісетіндері Ерте пісетіндері Орташа мерзімде пісетіндері Кеш пісетіндері Өте кеш пісетіндері |
>60 61-70 71-80
81-85 86-90 |
>І00 101-110 111-120
121-125 126-130 |
>2500 2500-2750 2750-2900
2900-3000 3000-3100 |
Суару режиміне талабы. Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін гидрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын орындаумен қатар егістегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің транспирациясын азайтады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп, минеральды элементтермен қоректенуін жақсартады. Топырақтың үстіңгі (0-15 см) қабатында жинақталған тұздар суға еріп, фильтрацияланған сумен бірге төменгі қабаттарға, сосын дренаж арықтарына өтіп, күріш ауыспалы егісі танаптарынан сырт жаққа ағызып әкетіледі. Яғни топырақ шайылып, тұздар мөлшері азаяды және де арамшөптермен күресуге колайлы жағдай туындайды.
Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, түкымның сініру терендігіне, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстаннның оңтүстігі жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұракты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда — қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады.
Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда оптимальды калың (бір шаршы метр жерде 320-380) күріш көгін өсіру керек. Бұл өте жауапты кезең. Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі тек су бастырылған атыздарда алынып жүр. Осыған сәйкес, тұкымның өніп, күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасай отырып, егістікте күрмек пен шиін арамшөптері көгінің өсуіне жол бермеу керек.
Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының зерттеулері бойынша Қызылорда облысы жағдайында күріш егісінің мелиоративтік суару нормасы гектарына 18-22 мың м3. Нақты жұмсалынып жүрген суару мөлшері облыс бойынша гектарына 28 мың м3, кейбір шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 26-30 мың м3-ге жетеді.
Топыраққа және коректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш өсуруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр және тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы -аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Түздану типі- хлоридті-сульфатты, бір метр топырақ кабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0,882-1,816% және оданда жоғары. Жер асты суы тереңдігі 2-5м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік (фильтрациялау) касиеті өте төмен. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді тұздар келеді.
Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде кездеседі және олардың табиғи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі (гумус) аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор тыңайтқыштарын N120-180 және Р 90-120 кг/га әсерлі зат (ә.з.) есебімен бірге беру күріш өнімін 2,3-2,5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде — 1,2-1,5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде -15-20% арттырады.
Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде коректік заттар (макро және микроэлементтер) алып бойына сіңіреді.
Азот — белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, оның ішінде НАД жәнс НАДФ, витаминдер (дәрумен) және басқада органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан, азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, дақылдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.
Күріш егісін азот тыңайтқышымен оптимальды мөлшерде қамтамасыз еткенде дакылдың сабақтары мен жапырақтары жаксы өседі, өсімдіктің түптенуі артып, масақты сабақтар саны көбейеді. Сондықтан, азот тыңайтқышы, суару және температуралық режимдермен қатар масақты сабақтар қалындығын және жоғары өнім күралуын реттейтін күшті факторлардың бірі. Осыған сәйкес өнім компоненттеріне әсер ету үшін азот тыңайтқышын себу алдыңда.және үстеп коректендіру ретінде беру керек.
Фосфор өсімдікте заттар алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн қышқылдары (ДНК және РНК), нуклеотидтер, фосфолипидтер, витаминдер және басқада органикалық заттар құрамына кіреді. Фосфордың топырақта аз болуы күріш дақылының жас кезінде сабақ пен жапырактардың, әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді. Бұл тыңайткыштың оптимальды мөлшерде болуы дакылдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді.
Калий протоплазма кұрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану процесін тежейді. Калийдің көп белігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал қалған белігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмірсу — белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді.
Күріш дақылына азот, фосфор, калийден басқа макро және микроэлементтерде қажет: олар кальций, кремний, темір, күкірт, мыс, молибден, марганец т.б. Бұлардың барлығы организмдегі ферменттер құрамына кіріп, өсімдіктегі биохимиялық процесстерді реттейді. Микротыңайтқыштарды топыраққа енгізу немесе себу алдында тұқымды аталған микроэлементтер тұздары ерітіндісімен өңдеу тұқымның шығымдылығын арттырып, күріш кегінің (ескінінің) қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады, нәтижесінде өнім артады және сапасы жақсарады
2-тарау. Арал өңіріндегі суармалы жерлердің экологиялық –агромелиоративтік жағдайы және күріш өсіру перспективалары
Қазақстанда бидай өте көне заманнан бері (біздің эрамыздан бұрынғы ІІ-І мыңжылдық) Сырдария, Шыршық, Арыс өзендерінің жағалаулық жайылма аңғарында, Қаратау бөктерінде, Ертіс өзенінің жайылма аңғарларында өсірілген [19].
Қазіргі кезеңде Арал өңірінде (Қызылорда облысы) дәнді дақылдарды өсіріп, астық өндіру (күрішті есептемегенде) түрғын халықтардың физиологиялық тұрғыдан негізделген қажетті мөлшерінен көп төмен. Атап айтқанда, облыстың әрбір тұрғындарының нан бұйымдарына қажеттілігі ұнға есептегенде жылына 151,2 кг. Бұл мөлшерді қамтамасыз ету үшін жылына 91,6 мың тонна үн өндіру керек, ал жыл сайын дайындалатыны небәрі 17,5 тонна. Жетіспеген үн солтүстік облыстардан тасымалданады [2]. Сондықтан егіншілікті диверсификациялау (әртараптандыру) программасына сәйкес, Қызылорда облысында жаздық бидайдың егіс көлемін үлғайтып, бүл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы.
Топырақ-климат, мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы. Сыр өңірінің топырақ-климат жағдайы ертеден-ақ зерттелген [10-18]. Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы егіншілікке жарамды 8млн.гектар жер бар. Олар Шардара су қоймасынан бастап Сырдария өзенінің екі жағасында Арал теңізіне дейін орналасқан. Территория бойынша Шымкент және Қызылорда облыстарына жатады. Суармалы егіншілік үлкен массивтерде (аймақтарда) орналасқан: олар — Қызылқұм, Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда және Қазалы алқаптары [19-20].
Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы — 226,0 мың км2 жерді алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент облысымен, солтүстігінде — Қарағанды (Жезқазған), солтүстік — батысында — Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде — Өзбек Республикасымен шектеседі (1-сурет).
1- сурет. Күріш өсіруші аймақтар схемасы
Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан Туран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Батысында — Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 м, Арал теңізінің жағасында — 53 м. Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым, төбе-төбе құмдар алқабы бар [19-21].
Негізгі климаттық және агроклиматтық ерекшеліктері. Облыстың климаты шұғыл континентті: жазы ыстық, қысы суық, қар алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11°С. Орталық Азияға тән атмосфералық процесстер, ауа массаларының, соның ішінде циклондардың жылжуы Арал өңірінің климаттық ерекшелігін анықтайды. Батыстық ылғалды және солтүстіктен келетін суық ауа массалары температураны төмендетіц, жауынның немесе қардың жаууын туындатады [22].
Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта (Арал, Қазалы аудандары) 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін, екінші аймақта (Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында) 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін, бірінші аймақта (Жаңақорған, Шиелі аудандарында) 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай -қаңтар, ең жылы ай — шілде. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда (шілдеде) ауаның орташа температурасы 26-28°С төңірегінде болады [20, 21].
Теңіздің кеуіп, табанының құрғауына байланысты Қазақстандық Арал өңірінде климат өзгере бастады: соңғы жылдары (2000-2003 жж.) көктемгі салқын (суық) жел наурыздың аяғына, сәуірдің басына дейін созылуда, ал күз жылы болып, күзгі салқын кешірек түсуде.
Облыстың ауа райы өте қуаншылықты болып келеді. Бірінші аймақта жылына 132-159 мм, екінші аймақта — 129-144 мм, үшінші аймақта 128-135 мм. Бірінші аймақтағы аудандарда жауынның көпшілік бөлігі суық кезеңге (қараша, мапт), басқа аймақтарда жылы кезеңге (сәуір, қазан) тұстас келеді (4-кесте). Жылма-жылғы жауынның мөлшері жиі өзгеріп түрады. Ауа райы өте қолайсыз, құрғақшылық жылдары небәрі 30-80 мм, ал ылғалы мол жылдары 200-215 мм жауын жаууы мүмкін. Келіп түсетін жалпы радиация қосындысы 116-127 ккал/см2. Облыстың температура ресурсы ерте дәнді дақылдарды өсіруте жеткілікті [24,31].
4-кесте. Егіншілік аймақтарындағы ауа-райының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Егіншілік аймақтары және метеостанциялар |
|||
Түгіскен (Аққұм) |
Жаңақорған –Шиелі |
Қызылорда |
Қазалы |
|
Ауа температурасы +100С – тан ауысуы: Көктемде Күзде |
3,04 13,09 |
5,04 14,10 |
9,04 9,10 |
14,04 10,10 |
+100С – тан жоғары температурасы бар күндер саны |
192 |
191 |
182 |
176 |
Кезең ішінде +100С – тан жоғары температура қосындысы |
4176 |
3929 |
3724 |
3650 |
Ауа температурасы +150С – тан ауысуы: Көктемде Күзде |
21,04 26,09 |
22,04 26,10 |
26,04 21,10 |
30,04 21,09 |
+150С – тан жоғары температурасы бар күндер саны |
157 |
156 |
147 |
143 |
Кезең ішінде +150С – тан жоғары температура қосындысы |
3782 |
3482 |
3281 |
3217 |
Суық болмайтын кезең ұзақтығы, күндер |
178 |
177 |
176 |
167 |
Шілде айындағы орташа температура 0С |
29,2 |
26,0 |
25,8 |
26,1 |
Жауын-шашын мөлшері: Бір жылда Мамыр-қыркүйек айларында |
159 29 |
119 24 |
109 31 |
124 40 |
Ауаның 10°С-тан жоғары жылы температураның жиынтығы бірінші аймақта — 3800-4200°С, екінші аймақта — 3700-4100°С, үшінші аймақта — 3500-3800°С. Облыс территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді дақылдар, көкөніс (овощ), бақша, жеміс-жидек дақылдарын өсіруте мүмкіндік береді [23].
Арал өңіріндегі егіншілік аймақтарының агроэкологиялық және топырақ-мелиоративтік сипаттамалары. Түгіскен аймағы — шөл зонасының жусанды-эфемерлі даласын алып жатыр. Аймақтың негізгі бөлігінде тақыр тәрізді топырақ (41%) дамыған. Дарияға жақындаған сайын шөлге айналған шалғынды топырақ (20%), шөлейттенген (12%) және шалғынды-батпақты топырақтар бар (20%). Су өткізу мүмкіндігі 55 м куб/сек Келінтөбе магистральды каналы арқылы аймақ суландырылады [14,21].
Аймақтың табиғи жағдайы күріш жөне ерте дәнді дақылдар өсіруге қолайлы, өйткені топырағы құнарлы, жазда күн сәулесі мол, құрғақ ауа райы қалыптасады және сумен жақсы қамтамасыз етілген. Дақылдарды өсіруге қолайлы жылы күндер үзақтығы -192-226 күн.
Бұл аймақта көктемдегі суық кезең сәуірдің екінші он күндігінде аяқталады, ал күздегі суық қазанның бірінші он күндігінде түседі, яғни суықсыз кезең ұзақтығы 157-178 күн. Көктемдегі ең соңғы суық наурыздың екінші-үшінші он күндігінде, кейде сәуірдің басында болып өтеді, ал өте қолайсыз жылдары мамыр айында да болуы мүмкін.
Тұрақты қар жамылғысы қарашаның аяғында пайда болып, наурыздың екінші-үшінші он күндігінде түгел еріп кетеді. Қар қалындығы жұқа 8-10 см, немесе оданда аз. Қар жамылғысының ерімей жату ұзақтығы 50-70 күн.
Аймақтағы топырақ негізінен екі түрлі: суармалы егіншілік (күріш плантациялары және дәнді дақылдар) орналасқан бөлігінде шалғынды-батпақты топырақтар, ал басқа жерлерде тақыр тәрізді түзданбаған, немесе аздап түздаған топырақтар бар.
Жаңақорған-Шиелі суару аймағы — облыстың оңтүстік бөлігіндегі Сырдарияның оң жағасында орналасқан және егіншілікке жарамды жерлер көлемі үлкен. Аймақ Жаңашиелі және Сунақата ирригациялық жүйелері арқылы суландырылады. Жаңашиелі каналының ұзындығы 89 км, су өткізу мүмкіндігі 102 м куб/сек. Сунақата суару жүйесі 1943 жылы салынған, канал үзындығы 25 км, су өткізу мүмкіндігі 12 м куб/сек. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы нашар, өйткені жер асты суы жақын орналасқан
Қызылорда суару жүйесі — Сырдарияның екі бетіндегі Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан үлкен территорияны қамтиды. Бүған үш аудан – Сырдария, Жалағаш, Шиелі административтік аудандары кіреді.
Аймақтың топырақ жамылғысы әртүрлі, бірақ негізінен шалғынды-батпақты, аллювиальді шалғынды-батпақты топырақтар. Мұнда күріш өсіру тиімді. Тұздану типі-хлорлы-сульфатты. Тұздардың жинақталуы топырақтың фильтрациялау мүмкіндігіне, шөгінді топырақтың бір қалыпты еместігіне және дренаждық қасиетіне байланысты. Оның үстіне суару суларымен бірге көп мөлшерде (22-28 т/га) түз қосындылары келіп түседі. Жер асты суы 1-5 м тереңцікте жатады. Олардың минерализациялануы 1-13 г/л, бірақ көпшілік жағдайда 10 г/л болады [21, 24, 25].
Ауа райы Түгіскен және Жаңақорған-Шиелі аймағьшьщ климатына ұқсас. Жазы ыстық әрі қүрғақ, шілдеде температура 38-42°С-қа дейін жетеді, маусым-қыркүйек айларында жауын-шашын болмайды. Дақылдардың өсуіне қолайлы жылы кезең — 191-208 күн.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 50-120 мм, олардың көпшілігі қыс және көктем айларында жауады. Сондықтанда бұл жерлерде егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін. Көп жылғы мәлімет бойынша жылы кезең сәуірдің екінші он күндігінде келіп, қазанның бірінші он күндігінде суық түседі және жылы уақыт ұзақтығы 176-182 күн. Кейбір жылдары суық наурыздың екінші-үшінші онкүндігінде аяқталады, қарашаның басында қайтадан түседі.
Осындай жылдары жылы кезең 200-215 күнге созылады. Қысы қысқа, суық, бірақ арасында жылы күндер жиі болады. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның үшінші онкүндігінде қалыптасады, ал қары бар кезең үзақтығы 50-70 күн
Қазалы суару аймағы. Сырдарияның екі бетінде орналасқан, 60 мың га жерді алып жатыр. Қазалы су торабы салынып біткеннен кейін бүл аймақта күріш егіншілігі интенсивті дами бастады. 1965 жылы мүнда күріш егісі көлемі 3,8 мың га болса, 1979 жылы Д0,8 мың гектарға жетті, ал 200ІЙкылы 8,5 мың га болды.
Топырағы және басқа табиғи жағдайы жоғарыда аталған аймақтармен ұқсас. Дегенмен Сырдарияның төменгі сағасында топырақтың механикалық құрамы ауырланып, сазды болады әрі тұздануы күшейе түседі.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде пайда болады және ұзақтығы 85-90 күн. Көктемдегі жылы күндер Қызылорда облысының оңтүстігімен салыстырғанда 10-15 күн, ал күзде 5-7 күн кейін келеді.
Сонымен, Қызылорда облысының топырақ жамылғысы әртүрлі, дегенмен негізінен екі түрі бар: егіншілік зонасында ылғалды (гидроморфты) топырақ және қуаңшылық (субареальды) жағдайда қалыптасқан, көне суару жүйелері іздері бар шөл дала топырақтары. Осындай әртүрлілігіне қарамастан, шөл далалық жағдайына, ауа райына байланыстьі-жазық жерлердегі топырақтардың кейбір ортақ қасиеттері бар [14].
1.Жоғары карбонаттылығы (көмір қышқыл әк 10-25%). Тұзданған жерлерді сумен шайғанда карбонаттылық топырақтың тұздылығын азайтушы қасиеттердің бірі. Топырақта карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайтқыштарының ерімейтін, бірақ өсімдіктер сіңіре алатын қосындылар түрлеріне айналуын жылдамдатады.
2.Профилі аллювиальды топырақтар түрлеріне сәйкес қатпарлы шөгінділер. Мүндай топырақтарда шаң тәрізді бөлшектер 40-75%, көлемі 1-0,25 мм.фракциялар өт аз, 1 мм-ден ірі бөлшектер жоқ.
3.Макроструктуралар жоқ, су өткізбейтін микроқұрылымдар көп.
4.Топырақтың жоғарғы қабаты (0-15 см), ал шөл дала топырағының орта қабаты (20-150 см) өте түзданған. Тұздану типі-хлорлы-сульфатты, күкірт қышқылының натрий, магний, кальций тұздары басым. Суармалы аймақтар тұздану деңгейі бойынша әртүрлі: Жаңақорған-Шиелі аймағының топырағы және жер асты суы аз деңгейде тұзданған. Қызылорда аймағы топырағы орташа мөлшерде, ал Қазалы аймағы топырағы өте жоғары деңгейде тұзданған.
- Микробиологиялық процесстер өте жылдам, интенсивті өтеді. Бұл органикалық заттардың жылдам шіріп бөлшектенуіне әкеліп соғады. Барлық топырақ түрлерінде калий көп, жылжымалы фосфор түрлері орташа, немесе одан төменгі деңгейде, ал азот өте аз. Сондықтан органикалық және минералды тыңайтқышштарды, әсіресе азотты көбірек беру [14, 20, 21].
3 – тарау. Күріш өсіру аймақтарының агроэкологиялық және топырақ – мелиоративтік сипаттамалары
Дағдарысты Арал өңіріндегі суармалы жерлердін өзгеру сипаты, қазіргі агромелиоративтік жағдайы, егіншілік саласын әртараптандыру, күріш және бидай дақылдарын өсіру перспективалары.
Жерді мелиорациялау нәтижесінде Қазақстан, соның ішінде Арал өңірі күріш егіншілігі жедел дамыған аймаққа айналды. Күріш пен дәнді дақылдарды (бидай) өсіріп жинаудың барлық процестерін (үдерістерін) механикаландыруға мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер жасалынады. Осы жүйелер негізінде күріш және басқа дақылдар өсірудің жаңа аймақтары игерілді. Олар: Алматы облысында — Ақдала, Шарын, Тасмұрын алқаптары (массивтері); Қызылорда облысында — Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Орталық (Қызылорда) және Қазалы алқаптары; Оңтүстік Қазақстан облысында — Қызылқүм алқабы [19, 20].
Қазақстандық Арал өңірінде күріш егіншілігі 1965-1966 жылдардан бастап қарқынды дамыды, ал 1980-1990 жылдары бұл бағалы дақыл 90-100,3 мың гектар көлемінде өсірілді, дән өнімі Қызылорда облысы бойынша орташа 49-52 ц/га, бидай өнімі 12-15 ц/га деңгейіне дейін жетті. Күріш және бидай егісінен мұндай жоғары өнім алынған жағдайда бұл дақылдар негізгі
қоректік элементтерді (NPK) көп мөлшерде топырақтан алып сіңіреді. Нәтижесінде ауыспалы егіс танаптарының топырақтарындағы минеральды қоректік элементтерінің айналымы ажыратылып, олар дәнмен, сабанмен әкетіледі. Ұзақ уақыт суға бастырылған күріш атызы топырағына оттегінің ауамен келуі тоқтатылады, топырақтың минерологиялық құрамы және қоректік заттардың тереңдік (профиль) бойынша орналасуы өзгерді. Мұндай өзгерістер жер асты суы жақын орналасқан және тұзданған топырақтарда күштірек болады [7, 29,27].
Аталған қолайсыз жағдайларды өзгертіп жақсарту және топырақ құнарлылығын арттыру үшін егістікке минеральды және органикалық тыңайтқыштарды оптимальды мөлшерде беріп, көп жылдық шөптердің (жоңышқа, түйежоңышқаның) егіс көлемін ұлғайту керек. Өйткені көпжылдық шөптер күріш ауыспалы егісі танаптарының топырағын органикалық қалдықтармен көп молшерде байытып қамтамасыз етеді [7, 28]. Бұл күріштің және бидайдың биологиялық өнімімен (дән, сабан) әкетілген коректік элементтерді «Қайтару зандылығын» сақтауға мүмкіндіктер туғызады.
Қызылорда облысындағы суармалы жерлер көлемі 277,6 мың гектар, оның ішінде 206,0 мың гектары — инженерлі дайындалған жерлер. Мұнда 382 ауыспалы егіс, оның ішінде 285 күріш ауыспалы егісі 165,6 мың гектар жерлерге орналасқан. 2001-2002 жылдары ауыспалы егіс 70,7 %, яғни 117 мың гектар көлеміне күріш, бидай және басқа дақылдар орналасқан. Бүлардан басқа 21,9 мың гектар колемінде 73 жемшөптік ауыспалы егіс, 4,5 мың гектарға орналасқан 24 көкөніс — бақша ауыспалы егістері бар [26, 27, 29].
Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы агромелиоративтік
зерттеулер және жер асты суларының тереңдік деңгейі мен түздану
режимі бойынша анықталды (3-кесте).
Қазіргі кезенде (01.01.2003 жылғы мәлімет бойынша) жағдайы жақсы деп бағаланатын суармалы жерлер колемі 39,8 мың гектар, қанағаттанарлық — 104,8 мың га, жағдайы қанағаттанарлық емес -70,1 мың га, оның ішінде топырағы түзданған жерлер — 32,0 мың га, жер асты сулары деңгейінің тым котерілуі және тұздануы нәтижесінде қүнарсызданған жерлер — 38,0 мың гектардан асады [26, 27].
Күріш ауыспалы егісі танаптарындағы жер асты суларының режиміне әсер етуші негізгі факторлардың бірі егістікті суару тәртіптемесі. Жер асты суларының толығуы күріш егісін суару барысында судың фильтрацияланып, төменге сіңуі және жер асты суларымен қосылуы нәтижесінде болады.
Жер асты суларының азайып, деңгейінің төмендеуі топырақтан судың булануы, дренаждық ағыс және жер асты суларының ағысы арқылы басқа жаққа әкетілуі немесе дарияға қайтадан құйылуы арқылы болады. Сондықтан, жер асты сулары деңгейінің өзгеруі жыл бойына екі кезеңге бөлінеді:
а) Өсу дәуірінде (мамыр-тамыз айлары) күріш атыздары мен каналдар ішінде су болғандықтан жер асты суы деңгейі көтеріледі;
б) Күз-қыс-көктемгі кезеңде каналдар мен күріш атыздарында су болмайды, нәтижесінде жер асты суы деңгейі төмендейді.
Арал өңірінде күріш ұзақ жылдар бойы (1965-2005 ж.ж.) өсірілуі әсерінен аймақтағы жер асты суларының деңгейі күріш егілген суармалы жерлерде және де күріш егілмеген көрші табиғи агрофитоценоздар астындағы сулар деңгейінің жалпы көтерілуіне себепкер болды. 1980-1985 жылдар күріш жыл сайын 90-100,3 мың гектар жерлерге егіліп өсірілді (2-кесте). Бұл өз кезегінде жер асты суы деңгейінің көтерілуін туындатты. Мысалы, 1990-2000 жылдары жер асты суы деңгейі 2-3 м болатын суармалы жерлер сөлемі артып, 199,5-221,3 мың гектарга жетті. Сонымен бірге, жер асты суларының минерализациялануы күшейіп, 1-3 г/л және одан да жоғары (5г/л) болды (4 –кесте).
Сыр өңірінде Түгіскен, Жаңақорған — Шиелі, Қызылорда, Қазалы алқаптарын игергенге дейін (ягни 1965-1966 жылдарға дейін) жер асты суларының режимі табиғи факторларға байланысты болатын және де гидрогеологиялық тип бойынша қалыптасатын. Жер асты суларын толықтырушы көз — Сырдария өзені еді, ал атмосфералық жауын-шашынның әсері жоқ. Ол кезеңдерде, яғни 1965-1974 жылға дейін суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы қалыпты әрі тұрақты болатын. Жер асты сулары 4-6м одан да тереңге орналасқан және олардың жылдық (немесе маусымдық) ауытқуы 0,4 -0,6 м аралығында еді.
Сырдария өзенінің суы табиғи құнарлы сапасынан айрылған. Су құрамындағы органикалық және ылайлы бөлшектердің орнына зиянды қоспалар жылдан жылға көбейіп келеді. Өзен арнасына минерализацияланған тұздар, пестицидтер және улы заттар қосылған қашыртқы-дренаж сулары, өндіріс орындары мен елді мекендерден шыққан лас сулардың қосылуы (құйылуы) нәтижесінде дария суының сапасы нашарлауда. Мысалы, Сырдария өзенінің жоғарғы (бас) жағындағы суының минерализациялануы 0,3-0,5 г/л мөлшерінен төмен, ал Қызылорда қаласы түсындағы өзен суының минерализациялануы 1,6-2,0 г/л.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы сү ресурстарының жылдан жылға азайған қолайсыз жағдайда дамуда.
Арал өңіріндегі суармалы жерлердің агроэкологиялық және мелиоративтік жағдайының нашарлауы коллекторлы — дренажды ағын суларда тұзды қоспалардың көбеюіне және жер асты суларынының көтеріліп минерализациялануына байланысты. Бұл процесс күшейе түсуде, ал соңғы 10 жыл ішінде 60 %-ға артты. Мүның себебі: суару және жер асты суларының минерализациялануы, сонымен бірге бүкіл аймақтағы қашыртқы — дренажды жүйелердің нашар, бұрынғы проектілік қуатынан көп төмен жұмыс істеуіне байланысты.
5 – кесте. Алынған су мөлшері, орташа суару
нормасы және күріш өнімділігі [76,77]
Жылдар |
Суарылған егіс көлемі, мың га |
Алынған су мөлшері млн.м3 |
Орташа суару нормасы, м3/га |
Күріш өнімділігі, ц/га |
1970 |
139,9 |
7292,6 |
31,4 |
34,7 |
1975 |
145,4 |
3057,6 |
21,0 |
42,5 |
1980 |
224,8 |
6880,0 |
30,6 |
49,4 |
1985 |
151,7 |
4987,4 |
19,8 |
47,2 |
1990 |
258,3 |
4869,2 |
18,1 |
52,0 |
1995 |
231,4 |
4308,1 |
19,6 |
49,0 |
2000 |
150,0 |
3168,0 |
21,1 |
40,0 |
2002 |
145,9 |
2729,0 |
18,7 |
37,5 |
2003 |
146,3 |
2760,9 |
19,1 |
33,5 |
Нәтижесінде суармалы жерлер қайтадан тұзданып, құнарсызданып, біртіндеп айналымнан шығып қалуда. Атап айтқанда, Қызылорда Гидрогеологиялық мелиоративтік экспедицияның зерттеулеріне қарағанда [26, 27], облыс территориясында тұзданбаған суармалы жерлер көлемі — 353 га, аз түзданған жерлер көлемі — 113,6 мың га, орташа деңгейде тұзданған — 45,9 мың га, күшті тұзданып сорланған жерлер көлемі — 55,1 мың га. Топырақтың түздану типі (түрлері) — хлоридті -сульфатты және сульфатты.
Осыған сәйкес, күріш шаруашылығын одан әрі дамыту, егіншілік мәдениетін жақсартып, дақылдар (күріш, бидай т.б.) өнімділігін арттыру үшін көптеген проблемаларды шешу керек;
- су ресурстарын тиімді пайдалану, күріш, бидай егіншілігі өнімділігін (дән-астық) арттыра отырып, су пайдалануды үнемдеп азайту;
- коллекторлы — дренажды жүйелер параметрлерін бұрынғы проектілік деңгейге жеткізу;
- тазаланбаған қашырқы-дренаж және суару суларын азайту, оның құрамындағы улы компоненттерден тазарту;
- инженерлі дайындалған суармалы жерлердің агромелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында кешенді шараларды іс жүзіне асыру, суару және қашыртқы-дренаж жүйелерін тазалап реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу;
- күріш, бидай және басқа дақылдарды өсірудің агроэкологиялық тұрғыдан негізделген сорттық технологиясын өндіріске енгізу; егіншілік саласын биологизациялап, ауыспалы егіс дақылдарының суару режиімін минералды тыңайтқыштарды енгізу (қолдану) мөлшерін, мерзімін және әдістемелерін оптимизациялау қолайландыру;
- арамшөптермен (күрмек, шиін, доңызқоға т.б.) күресу үшін агротехникалық және агробиологиялық әдістемелерін (мысалы, түйежоңышқа егісі көлемін ұлғайтып, жоғары өнімді егісін қалыптастыру арқылы арамшөптерді жою) тұжырымдап өндіріске енгізу және экологиялық тұрғыдан залассыз гербицидтерді қолдану;
- күріш ауыспалы егісі танаптары топырағының құнарлығын арттыру және агромелиоративтік жағдайын жақсарту шараларын үздіксіз жүргізу.
- — тарау. Өзгерген агроэкологиялық жағдайда күріш өсіру технологиясын жетілдіру
Күріш егісінің жоғары әрі тұрақты өнім алу үшін сорттардың ролі үлкен. Күріш өсіруші аймақтардағы жетістіктер өндірісте жоғары өнімді (Краснодар 424, Кубань 3, Маржан, Авангард, Лиман т.б.) сорттарды енгізіп, технологияны жетілдіру нәтижесінде алынды.
Күріш сорттарын өсіру агротехникасын биологизациялау — бұл нақты сортты өсіріп баптау технологиясы мен әрбір агротехника шараларын олардың биологиялық және морфофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіру. Бұл күріш егісінен (агроценозынан) жоғары және сапалы өнім алуға жағдай жасайды.
4.1 Күріш дақылының өсу дәуіріндегі күрделі (шешуші) кезеңдер
Күріш өсіруші алқаптар ішінде Қазақстан солтүстік аймаққа. жатады. Сондықтан өсу дәуірінің ұзақтығы шектеуші факторларының бірі. Күріш сорттарының фотосинтетикалық әрекеті мен өнімнің құралу заңдылықтарын зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл дақылдың өсу дәуірін үш кезеңге бөлген жөн (К.Н.Жайлыбай, 2001):
Бірінші кезең — күріш егісінің қалыптасуы — тұқымның өніп шығып, нығаюы кезінен — өте ерте пісетін сорттар үшін 5-6 жапырақты, орта мерзімде пісетін сорттар үшін — 6-7 жапырақты фазасына (немесе органогенездің ІІІ-этапы басталуына) дейін. Жоғары өнім алу үшін күріш егісінің тығыздылығы үйлесімді (оптимальды) деңгейде болуы керек. Өйткені дән өнімінің 50%-дай мөлшері масақты сабақтардың саны мен оптимальды тығыздығына, 25%-ы масақтағы дән санына, 25%-ы 1000 дән салмағына, яғни дәннің жақсы толысып пісуіне байланысты. Сондықтан, осы кезеңдегі агротехникалық шаралар — оптимальды тығыз күріш көгін алып, оның нығаюына бағытталуы тиіс. Бұл болашақ мол дән өнімін беретін егіс (агроценоз) және интенсивті технология мен қолайлы мөлшерде берілген тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады.
Екінші кезең — фотосинтетикалық потенциалдың, яғни асимиляция-лаушы жапырақ көлемінің қалыптасуы — органогенездің ІІІ-этапынан (5-6 және 6-7 жапырақты кез) масақтану фазасына дейін. Оптимальды тығыз күріш көгін алғаннан кейінгі дән өнімін анықтаушы кезең. Осы кезендегі негізгі мақсат — масақтағы дән санын көбейту (К.Н.Жайлыбай, 2001). Сондықтан оргагенездің ІІІ-этапы басталған кезде азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру масақтағы дән санын көбейтеді (С.Б.Рамазанова, 1982). Мүндай сабақтар саны, ал екінші жартысында масақтағы дән мөлшері анықталады (С.Б.Рамазанова, 1982; К.Н.Жайлыбай, 1985, 2001).
Үшінші кезең — дәннің толысып пісуі — масақтану кезеңінен — дән толық піскенше. Өнімнің артуы — ұшық (семік) дәндердің аз болуына, 1000 дән салмағы артып, дұрыс толысып пісуіне байланысты. Бұл үшін әрбір атыздағы суару режимін қатаң қадағалау керек. Егер атыздағы су температурасы 26°С-тан асса, суды дереу ауыстырады, немесе, көбірек жібереді.
4.2 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау
Күріш өсірудің интенсивті сорттық технологиясын жүргізу үшін дақылдың және оның сорттарының биологиялық ерекшеліктерін, морфофизилогиялық қасиеттерін терең зерттеп білуді және көптеген факторларды есепке алуды талап етеді. Мысалы, тыңайтқыштарды топырақтағы қоректік заттар балансына, деңгейіне қарай енгізуді ескере отырып, күріштің дамуының шешуі (күрделі) кезеңдерінде, минералдық қорек элементтерін өсімдік өте қажет ететін уақытта енгізу. Сонымен бірге, технологиялық жүйені егіс өнімділігі элементтерінің белгілі бір параметрлерінің қалыптасуына бағыттау, атап айтқанда егістегі өнімді (масақты) сабақтар тығыздылығына сәйкес, даму кезеңінде өсімдік өнімділігі элементтерінің жетілуін басқару т.б.
Күріш егісі — өздігінен реттелетін динамикалық агроценоз. Жоғары агрофонда егістің қалыңдығына және қоректену алаңына байланысты күріш өсімдігінің бір-біріне әсері өзгереді. Бұл өзгерістер сорттардың архитектоникалық пішініне, фотосинтез интенсивтілігі мен өнімділігіне және басқа да физиологиялық, генетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Егістің (агроценоздың) әртүрлі қалыңдығына байланысты фотосинтетикалық қызметі мен есу процестері өзгереді, бұл дән өнімі мөлшеріне және сапасына әсер етеді. Осыған сәйкес күріш егісі (агроценозы) мынадай түрлерге бөлінеді: сирек, орта енімді, жоғары өнімді (оптимальды тығыз) және өте тығыз (қалың) егістер. Бұл агроценоздардың дән өнімі әртүрлі (3-кесте).
3-кесте. Қолайлы агрофон жағдайындағы күріш сорттарының әртүрлі егістерінің (агроценоздарының сипаттамасы)
Егістің сипаттамалық көрсеткіштері |
Күріш егістері (агроценоздары) |
|||
Сирек егіс |
Орта өнімді егіс |
Жоғарғы өнімді егіс |
Өте тығыз егіс |
|
Орта бойлы, жіңішке, тік жапырақты сорттар (Кубань 3) |
||||
Егістегі өсімдіктер саны, дана/м2: көктеп шыққанда масақтану кезінде Масақты сабақтар саны, дана/м2: Масақтар саны, млн., дана/га Түптенуі, бір түптегі сабақтар саны Бір өсімдіктің қоректену алаңы, см2 көктеп шыққанда масақтану кезінде Дән өнімі, ц/ға Потенциалды өнім Өндірісте алуға болатын өнім |
60-110 50-80 300-360 3,0-3,6 6-12
110-162 125-192
30-50 25-35 |
140-250 120-180 380-490 3,8-4,9 2,7-4,2
40-71 55-83
60-80 40-45 |
320-400 250-380 520-650 5,2-6,5 1,8-2,5
22-30 25-38
100-125 55-60 |
430-480 395-450 680-750 6,8-7,5 1,1-1,7
20 одан аз 24 одан аз
50-80 40-45 |
Орта бойлы, үлкен жапырақты сорттар (Маржан) |
||||
Егістегі өсімдіктер саны, дана/м2: көктеп шыққанда масақтану кезінде Масақты сабақтар саны, дана/м2: Масақтар саны, млн., дана/га Түптенуі, бір түптегі сабақтар саны Бір өсімдіктің қоректену алаңы, см2 көктеп шыққанда масақтану кезінде Дән өнімі, ц/ға Потенциалды өнім Өндірісте алуға болатын өнім |
70-120 60-90 300-350 3,0-3,5 4,8-5,8
102-145 110-165
45-55 35-40 |
130-230 120-180 380-480 3,8-4,8 2,7-3,2
42-71 55-83
70-80 45-50 |
280-320 220-250 520-580 5,2-5,8 2,0-2,3
31-36 40-45
100-125 55-60 |
350-430 280-350 600-650 6,0-6,5 1,2-1,8
28 одан аз 35 одан аз
50-70 35-40 |
Өндірістік жағдайда сирек, орта өнімді және жоғары өнімді күріш егістіктері қатар жатқан атыздар мен қарталар бойында кездесе береді. Сондықтан, агротехникалық шаралар комплексі әртүрлі егістер (агроценоз) қалындығына және күріш сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.
Күріштің жоғары өнімді егістерінің (агроценозының) оптимальды параметрлері мен сипаттамасын анықтау мамандарды, бригадирлерді, күрішші фермерлерді жаңа, ғылыми негізделген идеялармен қаруландырады, — ал оны өндірісте колдану адам факторы жұмысының тиімділігін арттырады.
4.3 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау
Зерттеу нәтижелері бойынша орта бойлы, тік жапырақты сорттардың (Кубань 3, Краснодарский 424) ең жоғары өнім беретін егісіндегі масақты сабақтар саны — 550-650 дана/м2 немесе гектарына 5,5-6,5 млн. масақ. Сабақтардың мүңдай үйлесімді тығыздылығы күріш когі өніп шыққан кезде 320-400 дана/м2, ору алдында 250-350 дана/м2 болғанда қалыптасады. Өндірістік жағдайда Кубань 3 сорты егісі гектарына 250 кг (7,5 млн. дана) тұқым себіліп, әсер етуші зат есебімен. N180 Р90-120 кг/га ә.з. тыңайтқыш берілгенде ең жоғары өнім береді.
Маржан және Лиман сорттарының ең жоғары өнімді егісі көктеп шыққан кезде 280-300 дана/м2, ору алдыңда 220-250 дана/м2 түп өсімдік болғанда қалыптасады. Лиман сортының масақты сабақтарының үйлесімді тығыздылығы 550-600 дана/м2, немесе гектарына 5,5-6,0 млн. масақты сабақ, ал Маржан сорты бойынша 520-580 дана/м2, немесе гектарына 5,2-5,8 млн. масақты сабақ. Өндірістік жағдайда мұндай мол өнімді егіс Лиман сорты бойынша гектарына 250 кг (7,5 млн. дана) тұқым себіліп, әсерлі зат есебімен N150 Р90-120 , ал Маржан — 280 кг/га (7,5 млн. дана) дән себілгенде және N150-180 Р90-120 кг/га ә.з. тыңайтқыш берілгенде қалыптасады.
Орта бойлы үлкен жапырақты (Маржан) және аласа бойлы, жалпақ жапыракты Лиман сорттары егісіне азот тыңайтқышының жылдық (N180 кг/га ә.з.) нормасының 60-70%-ын себу алдында, 30-40%-ын күріштің 6-7 және 5-6 жапырақты кезінде (органогенездің Ш-этапы басында) бір рет үстеп қоректендіру арқылы берілгенде ең жоғары дән өнімі алынады (2-сурет).
Азот тыңайтқышының барлық жьглдық нормасы себу алдында берілгенде Маржан, Лиман сорттары егісінен авиациямен үстеп қоректендіру бермей-ақ мол өнім (45-50,5 ц/га) алуға болады.
Орта бойлы, жіңішке, тік жапырақты Кубань 3 сорты егісіне азот тыңайтқышының жылдық (N180 кг/га ә.з.) нормасының 25-33%-ын себу алдында, 67-75%-ын дақыл 5-6 және 8-9 жапырақты кезенде екі рет үстеп коректендіру ретінде берілген жағдайда ең жоғары өнім береді (3-сурет).
Сорт ерекшеліктеріне-сәйкес тыңайтқыштардың оптимизацияланған (оңтайландырылған) мөлшері, мерзімі мен енгізу әдістемелері «дәстүрлі агротехникада» және көшеттеп егу технологиясы бойынша өсірілген күріш егістерінде де қолдануға болады және өндіріске енгізуге ұсынылған.
Суға бастырылған атыз топырағында жүретін тотықсыздану процесі
нәтижесінде ерімейтін әрі өсімдіктер қабылдай алмайтын фосфор
қосындылары жылжымалы түрге (формаға) айналады. Топырақтағы
жылжымалы фосфор мөлшері күріштің өсу дәуірі кезінде көбейе
береді де, ең жогары деңгейі, дақылдың гүлдену кезінде байқалады,
сосын біртіндеп төмендейді (И.А.Таутенов, К.Н.Жайлыбай,2003). Сондықтан, фосфор тыңайтқышының бүкіл жылдық нормасы себу алдында беріледі. Фосфор тыңайтқышы дозасын дифференциялап беру гопырақтағы жылжымалы фосфор деңгейіне байланысты (X. Джамантиков 2002). Тұзданған топырақта жылжымалы фосфор деңгейі орташа болған жағдайда күріш егісіне әсер етуші зат есебімен Р90 кг/га ә.з., ал төмен болса Р120 кг/га ә.з. берілуі керек (К.Н. Жайлыбай, 2001).
2 – сурет. Күріштің Маржан сортты өсімдігінің азотпен қоректенуі
Казіргі кезеңде Казақстанда шаруашылық жүргізудің әртүрлі әдістемелері бар, олар: фермерлер, жеке кіші кәсіпорьш, үжымдык шаруашылық, акционерлік қоғамдар, бірлестіктер, ассоциациялар. Бұлардың әркайсысының экономикалық деңгейі мен табыстары әртүрлі. Осыған сәйкес олардың техника, тыңайтқыш, тұқым, жаңа технология т.б. сатып алу қабілеті әр деңгейде. Жаңа технологияны өндіріске енгізгенде немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын есіру және тыңайтқыштар беру жүйесі жөніндегі колданылып жүрген агротехникалық шаралар жетілдірілгенде шаруашылыктардың, кіші кәсіпорындар мен фермерлердің мүмкіншіліктерін ескерген жөн.
Ғылыми зерттеу жұмыстары мәліметтері мен озат тәжирибені тұжырымдау нәтижесінде Арал өнірінің топырағы тұзданған күріш егісі танаптарында минеральды тынайтқыштар қолданудың Маржан сорты үшін агроэкологиялық негіздемесі тұжырымдалды:
а) 1-5 мамыр аралығында N180 P120 кг/га ә.з. дозасында тыңайтқыштар берілген Маржан сорты егістігі барлық алғы дақылдар аңызында бір қатар өнім берді. Сондықтан, осы кезең аралығында күріш егісін мелиоративтік танаптарда және жоңышқаның аударма шымына орналастаруы керек, өйткені бұл танаптар топырағы ертерек қызады;
б) жоңышқа шымына және аударма шымына орналасқан Маржан
сорты егісінен жоғары өнім 11-25 мамыр аралығында себіліп, суға
бастырылған танаптарында N180 P120 мөлшерінде тыңайтқыш берілгенде
(50,9-53,7 және 47,2-49,5 ц/га) алынды. 21-25 мамыр аралығында
жоңышқа шымына орналасқан күріш егісінен аз мөлшерде (N90 P60 кг/га ә.з.) тыңайтқыш енгізіп немесе бермей-ақ бір шама жоғары өнім алуға болады. Яғни, минеральды тыңайтқыштарды үнемдеу үшін жоңышка немесе түйежоңышқа егісі көлемін ұлғайтып, жоңышқа шымы және аударма шымы танаптарын көбейту керек;
в) мелиоративтік танаптарда ең жоғары дән өнімі N180 P120 кг/га ә.з.
мөлшерінде тыңайтқыш берілгенде алынады.
г) тұқымды үнемдеу үшін 15-25 мамыр аралығында себу нормасын 260-240 кг/га деңгейіне дейін азайтуға болады.
4 – кесте. Минералды тыңайтқыштар дозасы мен арақатысының күріш өніміне әсері
Тыңайтқыштар дозасы, кг/га ә.з.
|
Дән өнімі, ц/га
|
Фонга косымша өнім |
NPК арақатынасы |
|
ц/га |
% |
|||
Тыңайткыш берілмеген (бақылау) |
35,4 |
_ |
|
_ |
N160 |
49,7 |
14,3 |
40 |
1:0:0 |
Р120 |
37,6 |
2,2 |
6 |
0:1:0 |
К80 |
35,8 |
0,4 |
1 |
0:0:1 |
N160Р120 |
67,3 |
31,9 |
90 |
1:0,75:0 |
P60К80 |
56,1 |
20,7 |
58 |
1:0:0,5 |
Р120К80 |
39,6 |
4,2 |
12 |
0:0,75:0,5 |
N160Р120К80 |
69,5 |
34,1 |
96 |
1:0,75:0,5 |
N80Р60К40 |
47,5 |
12,1 |
34 |
1:0,75:0,5 |
N240Р60К40 |
62,5 |
27,1 |
77 |
1:0,25:0,15 |
N80Р180К40 |
49,6 |
14,2 |
40 |
1:2,3:0,5 |
N80Р60К120 |
46,5 |
11,1 |
31 |
1:0.75:1.5 |
N40Р180К40 |
63,8 |
28,4 |
80 |
1:0,75:0,15 |
N240Р60К120 |
60,3 |
24,9 |
70 |
1:0,25:0,5 |
N80Р180К120 |
47,2 |
11,8 |
33 |
1:2,3:1,5 |
N240Р180К120 |
62.9 |
27,5 |
78 |
1:0,75.0,5 |
ЕКЕА05 |
5,7 |
|
|
|
26 мамырдан кейін Маржан сорты тұқымын себу үшін ұзақ мерзімді ауа райы болжамын білу керек. Қазақстандық Арал өңірі жағдайында тамыз айының екінші жартысында және қыркүйек айында ең төмен (минималды) температурада +140С –тан жоғары болғаны жөн. Сонда Маржан сортынан біршама жоғары өнім алуға болады.
Ғылыми — зерттеу және азат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда, күріш егісіне берілген азот, фосфор мөлшерін және калий тыңайтқыштарың арақатынасы — N:Р:К-1:0,7:0,5 (4-кесте), ал топырағы өте тұзданған танаптарда — N:Р-1:1-0,8 болғанда жоғары әрі сапалы өнім алынады. Бірақ, бұл арақатынаспен тыңайтқыштар енгізген кезде топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін есепке алған дұрыс. Яғни, нақты топырақ және басқа өзгерген агроэкологиялық жағдайында тыңайтқыштар енгізудің мұндай арақатынасы қайта анықталуы тиіс.
Жоғары өнімді (яғни, үйлесімді тығыз) күріш егісіне оптимальды дозада азот және фосфор тыңайтқышы берілгенде өнім күрт артады, дән сапасы жақсарады, оның құрамында биологиялық бағалы қосындылар (белок, витамин т.б.) көбейеді, сонымен бірге топырақ құнарлығы да артады.
Азот тыңайтқышы көп мөлшерде N240 кг/га ә.з. және одан да жоғары) берілгенде, егістіктегі күріш өсімдігінің ауруға шалдығуы және зиянкестермен зақымдануы күшейе түседі. Нәтижесінде бір гектарға берілетін пестицидтер мөлшері артады, ал бұл ез кезегінде дән құрамында пестицидтердің жинақталуын, топырақтың және су қоймаларының ластануын туындатады. Сондықтан, күріш егісіне азот тыңайтқышын көп мөлшерде (N240кг/га ә.з.) беру экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімсіз.
4.4 Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тұзданған жерлерде күріш егісінің суару режимін жетілдіру
Күріш ауыспалы егісіндегі топырағы тұзданған танаптарда атыздарды суға алғашқы бастыру тереңдігі 10-12см, өрі жылдамдатылған (форсированный) әдіспен жүргізіледі. Егер алғы дақыл жоңышқалық болса атыз толғаннан кезден бір күннен кейін, ерте дәнді дақылдар (бидай, арпа, сүлы) немесе жүгері аңызы болса 1-2 күннен кейін, күріш аңызы болса 3-4 күннен кейін атыздағы суды қашыртқыға ағызып жіберіп, қайтадан толтыру керек.
Топырақтың беткі (0-15 см) қабатында жинақталған түздар 1-3 тәулік ішінде суға ериді де, қашырқыланған сумен бірге кетеді. Осының нәтижесінде аз уақыт болсада топырақта аэробты жағдай болады, ал бүл анаэробты алмасу заттары — эталон, СО2, күкірт сутегі (Н2S) және басқа зиянды қосындылардың тұқым маңында азаюына жағдай жасайды. Топырағы тұзданған осындай атыздарда алғашқы бастырылған судың ұзақ уақыт атызда болуы түқымның өнуіне зиянды әсерін тигізеді. Суды екінші рет қашыртқылау атыз топырағының тұздану деңгейіне сәйкес 7-8 күннен кейін жүргізуге болады.
Хлорид — сульфат типіндегі тұзданған, тұздар қосындысы құрғақ зат қалдығы есебімен 0,9-2,8% аралығында болған жерлерде осы әдісті қолданған жағдайда Кубань 3, Маржан сорттары тұқымының өну шығымдылығы 55-68%-ға, Лиман — 46-52%-ға, Приманычский — 38-48%-ға дейін жетті. Осының нәтижесінде күріш егісінде үйлесімді тығыз өсімдік түп саны қалыптасып өседі.
Дән өнімі қалыптасу барысында түптену фазасы күріш дақылының өсу дәуіріндегі маңызды кезең. Өйткені, бұл кезеңнің басында масақты сабақтар саны, ал екінші жартысында масақтағы дән мөлшері анықталады.
Бұл кезенде атыздағы су деңгейі мен суару режимі күріш көгінің тығыздығына және дақылдың өсіп даму фазаларына байланысты. Мысалы, үйлесімді тығыз күріш көгі бар егісте тереңдігі 5-8 см су деңгейін 1-2 жанама сабақ шыққанша (5-10 күн) ұстайды. Сосын су деңгейін 12-15 см-ге дейін көтереді. Бұл дакылдың түптену процесін дереу тоқтатады. Осының нәтижесінде болашақ ең жоғары өнім беретін 550-600 дана/м2, немесе гектарына 5,5-6,0 млн. масақты сабақтар егісте өсіп қалыптасады. Сирек және орташа тығыз егістіктерінде (афоценозында) терендігі 5-8 см су деңгейін 4-5 және 3-4 жанама сабақтар пайда болғанша ұстайды, нәтижесіңде масақты сабақтар саны көбейеді. Бірақ, егісте күрмек пен шиін арамшөптерінің өсіп көбеюіне жол бермей, қадағалау керек.
Түптену фазасының екінші жартысында, немесе органогенездің ІІІ-этапында дән саны анықталады. Бұл кезендегі судың ең қолайлы температурасы 19-24°С, Су температурасын осы деңгейге жеткізу үшін органогенездің ІІІ-этапының басында, яғни күріш 6-7 жапырақты кезеңде атыздағы суды уақытша көтереді: дақыл көгі үйлесімді (оптимальды) тығыз егісте — 13-15 см, сирек және орташа тығызз егісте — 15-17 см-ге дейін. Осының нәтижесінде судың және топырақтың температурасы төмендеп, тәулік бойынша 20-24°С аралығында болады. Тек, күндіз 13-17сағат аралығында күріштің түптену буыны орналасқан тереңдіктегі (1-2см) топырақ температурасы 26-26,5°С-ка жетеді, бірақ бұл қолайлы температура деңгейі. Су деңгейін көтеру мезгілі Кубань 3 сорты үшін атызды алғашқы бастырған мерзімнен бастап есептегенде 36-38-ші күні, Лиман, Приманычский сорттары үшін — 37-39-ші, Маржан — 40-42-ші, Краснодарский 424 сорты үшін — 42-45-ші күні басталады.
Күріштің тез, интенсивті өсу (буын ату — масақтану кезі) және дән толысып пісу кезеңдерінде мол өнімді қалыптастыру үшін қолданылатын шаралар жүйесі — масақтағы дәннің ұшық, семік болмай, толық болуын қамтамасыз ету. Бұл суару режимін қатаң сақтау арқылы жүзеге асады. Өсімдік саны үйлесімді тығыз егістікте су деңгейін — 10-12 см, сирек жөне орташа тығыз егісте — 12-15 см болуы керек. Сондықтан, күрішшілер атыздағы су деңгейін, суару және қашыртқылау жүйелерін күнделікті қадағалап тексереді. Егер атыздағы су температурасы 26°С-тан асса немесе тұзданып сарғайса дереу ауыстырады.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі