АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі

 

Алматы — 2011

 

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ.……………………………………………………………………………………………………4

     

1 БӨЛІМ. ТЕРРОРШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ………………………………………………………………………………………..6

1.1. Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының

негізгі ұғымдары…………………………………………………………………….…6

1.2. Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда

болуының  табиғи және әлеуметтік факторлары……………………………………………14

1.3. Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері …………………………………..23

 

2 БӨЛІМ. ТЕРРОРШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАЙТЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ӘДІСТЕР….28

2.1.Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты…………………………………………………………….28

2.2. Зерттеу барысында қолданылған әдістердің сипаттамасы……………………….28

2.3. Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданы-

латын математикалық әдістермен талдау жасау…………………………………………….32

2.3.1. Басса-Дарки агрессивтілік деңгейін анықтау әдістемесінің

нәтижелерін тіркеу, өңделуі………………………………………………………………………….32

2.3.2. Розенцвейг әдістемесінің қорытындыларының өңделуі………………………..38

2.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесін қорытындылау………………………….42

2.4. Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз……………………………………………………………..44

      ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..46

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….48

ҚОСЫМШАЛАР

 

КІРІСПЕ

 

        2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін (бұл күні АҚШ-тың бірнеше қаласында осы мемлекет саясатына қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастырылған болатын, осының салдарынан төрт мыңдаған адам опат болды) терроризм құбылысы біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Адамзат терроризмнің туындауы жаһандану үрдісімен байланысты екенін сезіне бастады және ары қарай “терроризм” атты құбылыстың өздерімен бірге өмір сүретініне көз жеткізді. Алдағы ондаған жылдарда бұл құбылысты жойып жібереміз деген сөздерге сену өте қиын және мүмкін емес те.

      Терроризм психологиясы – психологияның ең жас салаларының бірі. Бұл саланың жеке түрде ғылым болып бөлініп шығуына өзіндік үлес қосқан – жоғарыда аталған әрекеттер. Рас, 2001 жылға дейін террорлық әрекеттер жиі ұйымдастырылып тұрды және оның саяси, заңдық, экономикалық аспектілері зерттелініп, ғылыми негіздемелері жасалынды. Ал, терроризмнің психологиялық астарларын қарастыру соңғы бес жылдықта ғана қолға алына бастады.

        Ресейде терроризм психологиясының әлеуметтік қырларын көрсетумен Линдер И.В., Титков С.А., Витюк В.В., Эфиров С.А., Васильев В.Л. сияқты психологтар айналысса, шетелдік психология өкілдерінен  психологияны әлеуметтік әсерлермен байланыстыра зерттеушілерге Поуст Дж., Александер И.,  Ливингстоун Н. т.б. ғалымдарды жатқызамыз [1, 42 б].

      Терроршылардың психикалық ерекшеліктерін көрсетуде еңбек сіңірген авторлар қатарына ресейліктер Ольшанский Д.В., Антонян Ю.М.,  Марков М.М., Требин М., Алексеева Е., Коровиков А. жатқызсақ [2, 148 б],  шетелдік ғалымдарға Франкл В., Беккер Э., Янсен Г., Поспишил К., Милгрем С. сияқты авторларды енгіземіз.

       Менің бұл мәселені бітіру жұмысыма басты зерттеуі етіп алуымның өзіндік өзектіліктері бар.

      Біріншіден, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың әлем мемлекеттерімен ұстап отырған саясаты арқасында Қазақстан Республикасына терроризмнің қаупі әлі төне қойған жоқ. Дегенмен, әлемде болып жатқан оқиғалар көрсеткендей терроризм құбылысы хабарландыруды керек етпейді. Республикамызда осыған байланысты әрекеттер істелінді (ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті аясында терроризмге қарсы комитет жұмыс істейді, оны ҚР ҰҚК-нің төрағасының бірінші орынбасары А.К. Божко басқарады) және терроризмнен заңдық, құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыда қорғану әрекеттері істелініп жатыр. Мысалы, “Терроризмге қарсы күрес”, “Экстремизмнің алдын-алу туралы”, “Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің Мемлекеттік Бағдарламасы” атты ҚР арнайы Заңдары бар.  Осы қатарға терроризмнің психологиялық аспектлерін қоссақ, құба-құп болар еді.

      Екіншіден, еліміздің географиялық орналасу аймағы. Ұлан-ғайыр территориямыздың оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстанмен шектессек, батыста Каспиий теңізі арқылы Ресейдің Дағыстан, Шешенстан автономиялық мемлекеттерімен шектесеміз. Көріп отырғанымыздай, аты аталған мемлекеттердің барлығын терроризм құбылысы жайлап алған.  Бұл қатарға Орта Азияда бізбен қатарласа қоныс тепкен әлемдік терроризмнің ошағы Ауғанстан мен Пәкістанды қоссақ, елімізде жасырын түрде терроршылардың мекен етіп жатқанына ешкім кепілдік бермейді.

       Үшіншіден, терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу терроршылармен келіссөз жүргізетін арнайы кадрлар дайындауда тиімді. Әлемнің көптеген елдерінде осындай адамдарды дайындайтын арнайы институттар бар, еліміздің Қауіпсіздік комитетінде бұл мәселе енді қолға алына бастады. Сондықтан, осындай кадрларға терроршы психологиясын білу өте маңызды.

       Зерттеудің басты мақсаты — отандық психологияда аса зерттеле қоймаған терроизм мәселесінің басты әрекет етушісі террошы тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін көрсету және терроршыға тән агрессивтілік деңгейін анықтау.

       Зерттеудің міндеттері:

1) Терроризм психологиясы мен терроршының тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы айтылған ресейлік және шет елдік авторлардың теорияларын талқылау;

2) Зерттеу болжамын анықтауда тиімді болатын әдістердің топтамасын жасау;

3) Зерттеу объектісі болған тұлғаларға топтастырылған әдістерді жүргізу;

4) Алынған нәтижелерді психологиялық өңдеу;

5) Психологиялық өңделген нәтижелерге психологияда қолданылатын математикалық талдау жасау;

6) Зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БӨЛІМ. ТЕРРОРШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

 

       1.1 Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының негізгі ұғымдары

 

       Қызықты, дегенмен факт: 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-та болған қайғылы оқиғадан кейін террор адамдар ойында “жаңа ескі” құбылыс ретінде қайтадан қалыптасты. Жермен теңескен қос әлемдік сауда мұнарасын көргенде адамзат “бұл не?” деп жағаларын ұстады. Шынымен де, террор, терроризм құбылысы деген не, ол қалай пайда болды?

      Халықаралық терроризм халықаралық масштабта мемлекеттерге қарсы ұйым ретінде пайда болды. Олар тек мемлекетке ғана шығып қоймай, мемлекеттілікке де қарсы шықты. Терроршылар суда жүзген балықтай мемлекет құрған тосқауылдардан емін-еркін өтетіндей жағдайға қол жеткізді. Және олар жай үйлерді жарып қана қоймай – мемлекеттік символы болатын ғимараттарды да жарып жібереді.

       1986 жылы БҰҰ барлық террорлық акт қылмыс деп саналады деген резолюцияны қабылдаған болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл резолюцияның басты қателігі – “терроризм” мен “терролық акт” ұғымдарына анықтама берілмеген.

       Терроризм ұғымдарының анықтамасын жасау өте қиын. Оның анықтамасын жасауда заңгерлер, саясаттанушылар, психологтар, философтар, әлеуметтанушылар өздерінің ғылымдарына сай негіздегі анықтамаларды беруге тырысады. Қазіргі кезде терроризмнің 200-ден астам ұғымы бар, бірақ олардың ешқайсысы ортақ қабылданған деңгейге жеткен жоқ. Мұндай жағдайдың туындауына осы құбылыстың өзіндік күрделілігімен қатар, мемлекетішілік немесе халықаралық деңгейдегі субъективті факторлар әсер етеді.

       Терроризм мәселесімен айналысатын зерттеулер көрсеткендей, ұғымдарды анықтауда негізгі үш ұғым “террор”, “терроризм”, “террорлық акт” ұғымдарының өзара айырмашылықтарын анықтау тиімді болмақ.       “Терроризм”, “терроршы”, “террорлық акт” сөздері ағылшын тілінен болған калькаларды білдіреді (terrorism, terrorist, act of terrorism). Олар шығу көзі бойынша террормен, қорқыту саясатымен байланысты. Сондықтан олардың айырмашылықтарын білу маңызды. Терроризм субъектісі ретінде көп жағдайда терроршы емес, алдарына нақты саяси мақсаттарды қойған ұйымдар қабылданады. Терроризмнің нақты бір шарты – террорлық акттен қоғамда резонанстың тууы. Қоғамдақ резонанс терроршыларға қоғамдық көңіл-күйді өзгертуде маңызды. Теракттер бұқара психологиясына айтарлықтай әсер етеді.

      Ғалымдар арасында да терроризм құбылысының анықтамалық талдауын жасауда ортақ көзқарас жоқ.  Бір авторлардың айтуынша (С.А. Эфиров, А.В. Наумов), терроризмнің әмбебап анықтамаларын іздемей-ақ бірнеше белгілері бойынша анықтамасын жасау тиімді болса, екіншілерінің айтуынша (А.Э. Жалинский), терроризмнің құқықтық анықтамасын жасау осы мәселеде белгілі нәтижелерге қол жеткіздіреді. Ал, шетелдің кейбір зерттеушілері (мысалы, В. Малиссон, С. Малиссон) өз еңбектерінде террор мен терроризмді ұғымдар деп қарастырмайды.

      Терроризм — бір адамға немесе қоғамға бағытталған қорқыту формасында болатын қылмыстық әрекет, онда саналы түрде қоғамда қорқыныш, қысым көрсету жағдайы жасалынады, мұның мақсаты — терроршыларға тиімді шешімді шығартуға бағытталады[3].

        ҚР Қылмыстық Кодексінің 233 тармағының 1 бабында терроризмге төмендегідей анықтама берілген: терроризм – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу жолында, ҚР мемлекеттік органдары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар қабылдайтын шешімдерге қарсы ниетте адамдардың өміріне қатер төндіретін және мүлікке зиян келтіретін әрекеттер жарылыс, өрт т.б. ұйымдастыру [4].

        Терроризм ұғымын анықтаудың тағы бір жолы — оның сипатын анықтау. Терроризм сипаты дегеніміз – оны әлеуметтік-саяси және құқықтық категория ретінде көрсететін және ішкі мазмұнын ашатын әмбебап белгілер мен өзіндік ерешеліктерінің жиынтығы [5, 33 б]. Қазіргі кездегі заң әдебиеттерінде терроризмді қылмыстық әрекет ретінде анықтайтын мынадай белгілерін көрсетеді:

— біріншіден, терроризмнің басты ерекшелігі ол қоғамда үлкен қауіптілік төндіреді, ол жұртшылыққа қауіпті әрекеттер нәтижесінде туындайды;

— екіншіден, терроризмнің жариялануы, қарапайым қылмыстық әрекетте көп жағдайда ешкім хабарланбайды, ал терроризм қоғамда теңсіздік тудыру үшін алдын-ала жарияланып отырады;

— үшіншіден, терроризм жағдайында саналы түрде үрейлі, қорқынышты жағдай туындауға жол беріледі. Бұл кезде осы жағдай индивидуалды немесе кіші топ деңгейінде болмайды, ол әлеуметтік деңгейде болып, объективті тұрғыдағы әлеуметтік-саяси факторға айналады. Осы жерде қоғамда қорқыныш жағдайын тудыру басты мақсат болмайды, басқа мақсатқа қол жеткізудегі құрал ретінде пайдаланылады;

— төртіншіден, терроризм жүзеге асқанда қауіпті қысым көрсету бір адамдарға бағытталса, психологиялық әсер ету басқа адамдарға бағытталып, солардан терроршыларға тиімді жүріс-тұрыс формасын талап етеді.

      Терроризм сипатының ерекшеліктерін көрсетуде кейбір қиындықтар туындайды. Г.В. Овчинникованың айтуынша, терроризм анықтамасын жасауда ортақ келісімге келіп, оны заңдық тұрғыда рәсімдеуге кедергі келтіретін фактор ретінде оның тым саяси жақтан қарастырылуы кері әсерін тигізеді [6, 53 б]. Терроризм ұғымын жасаудағы келесі бір мәселе — терроризмді террор ұғымымен бірге қарастыру, яғни олардың синоним ретінде қарастырылуы.

       Кейбір авторлар терроризмді – қылмыс, террорды – кез-келген субъекттің (мемлекет, ұйым, жеке тұлға) күштеу, қорқыту түріндегі әрекет тәсілі ретінде қарастырады. В.П. Емельянов террорды “агрессия”, “геноцид”, “соғыс” ұғымдарымен салыстыра қарастырып, “террор — билік субъектілері тарапынан болатын бұқаралық қысым көрсету” деді. В.П. Емельяновтың пікірінше, терроризм мен террорлық акт ұғымдарын қатар салыстыру тиімді, террорлық акт терроризмнің барлық белгілерін қамтиды, тек бұл қатарға ең алғашқы саты қоғамда қаіптілікті туындату деңгейін қоспаса да болады.

      Қарастырылып отырған құбылыстардың негізін “террорлау” (фр. terrorizer) ұғымы қамтиды. Террорлау – адамдарды қорқыныш қалпында ұстап отыра, қысым көрсету, қорқыту формасында болатын талаптарды қою. Террорлауға қылмыстық әрекет құрылымы ретінде мына белгілер тән:

— біріншіден, әрекет етушінің қысым көрсету немесе басқа әрекетінің өзіндік мақсаты болмайды, ол басқа мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылады;

— екіншіден, қорқыныш жағдайы әрекет етушімен арнайы түрде оның қызығушылықтарына сай келетін шарттарды орындату үшін ұйымдастырылады;

— үшіншіден, соңғы нәтижеге қол жеткізу әрекет етушінің іс-қимылынан емес, террорлау бағытталған тұлғалардың әрекетіне байланысты болады.

       Кейбір заң әдебиеттерінде терроризм экстремизмнің  ақтық фазасы ретінде қарастырылады. Ал экстремистік іс-әрекетке мына қасиеттер тән:

— конституциялық құрылымды, мемлекет тұтастығын, ұлт қауіпсіздігін т.б. жоспарлайтын, ұйымдастыратын, дайындайтын жеке тұлғалар мен түрлі ұйымдардың (діни, қоғамдық) іс-әрекеті;

— нацистік және соған ұқсас символика, атрибутикаларға насихат жүргізу;

— аталған әрекеттерге бұқаралық қолдау көрсетуді талап ету;

— аталған әрекеттерді қаржыландыру.

       Терроризмнің қоғамда зор мәнге ие болуына қоғамдық пікір де өзіндік әсер етеді. “Терроризмнің күштілігі саны мен сапасында емес, қоғамдық пікірде” – бұны айтқан Гарвард криминологиялық орталығының ағылшындық философы Ян Шрайбер болатын. Оның айтуынша, терроризм көп кешенді құбылыс, оның артында әрқашан кекшілдік, үміт, қайғылану, таңдану сезімдері жүреді. Бұл сынық айна сияқты, бірақ оны үстемелейтін бір фактор бар. Ол – масс-медиа. Газеттер мен теледидар терроризмді “миллондардың университетіне” айналдырды. 20 ғасырдың өте қорқынышты құбылысы бүкіләлемдік шоуға айналды. Терроршыларға да бұл қол болды, аудитория, көрермендерсіз олар бір күнде өмір сүре алмайды. 

       Терроризмнің сипаты болатын ұғымдарға жасалған талдауды осылай көрсетуге болады. Енді терроризммен қатар жүретін террор, терроршы ұғымдарын қарастырсақ, кеңестік энциклопедиялық сөздікте “Террор – Антарктидадағы сөнген вулкан, Росса жартыаралында орналасқан… және экспедициялық кеме атына қойылған”[7, 46 б] деп анықтама берілген. Бұл анықтаманың, көріп отырғанымыздай, біздің зерттеуге еш қатысы жоқ.

       Ожеговтың сөздігінде террорға “саяси қарсыластарға қарсы тәни қысым көрсету” деп анықтама берілген [8, 423 б]. Шынымен де, саяси қарсыластарға ғана ма? Ресейде соңғы кездері терроризм психологиясын зерттеп жүрген Д.В. Ольшанский “террордың психологиялық және экономикалық түрлері де болады” деп бұл оймен келіспейді [9, 169 б]. Осы сөздікте “террорлау”, ”терроршы” сөздеріне де анықтама берілген:

      Терроршы – индивидуалды террор актіне қатысушы немесе жақтаушы.

       Ольшанский бұл жерде де өз пікірін террордың индивидуалды түрі ғана емес, бұқаралық түрі де болады деп білдіреді.

       Отандық бұқаралық ақпарат құралдарында орыс тіліндегі “террорист” сөзін “лаңкес”, “жанкешті” деп аударып жүр. Мен зерттеу жұмысын жасағанда бұл сөзге балама ретінде 1981 жылғы “Орысша-қазақша сөздікте” жазылған “террошы” сөзін таңдап алдым [10, 420 б].

        Шет ел тілінің сөздігінде “террор – қорқыту саясаты, саяси қарсыластарды зорлық-зомбылық шараларымен басып тастау” деп, сәл нақтылау айтылған [11, 309 б].

       Ал, әскери сөздікте былай делінген: “Террор – қорқыту саясаты және класстық, саяси қарсыластарды кез-келген қарумен басып тастау, бұл әрекет тіпті физикалық жоюға дейін барады”[12, 225 б].

      Осындай бірнеше ұғымдардан ортақ ұғым шығару қиын болғандықтан жалпы “террор” деген сөз қайдан шықты?” деген заңды сауал туындайды. “Террор” латынның “terror” – “қорқыныш” деген сөзінен туындаған.

       1970 жылдардың басында К.Э. Изард әр түрлі мемлекет өкілдерінің (АҚШ, Англия, Германия, Швеция, Франция, Греция, Жапония) эмоцияға қатысты көзқарастарын зерттеген болатын. “Сіз қандай эмоциядан қорқасыз?” деген сұрақтың көпшілігінде қорқу айтылған болатын. Осы қорқу сезімінен адамдарда қорқыныш туындайды. Қорқыныш – қорқудан туған күйзеліс, ол адам психикасында қорқудың қайталана беруінен туындайды.

       Қорқыныш — өте күшті эмоция, сондықтан адамдар бұл жағдайда өте сирек болады. Изард сұрастырған адамдар қорқу сезімінен гөрі ұялу, қайғыру, жиіркену сезімдері туралы көп сөз қозғаған. Изардтың ойынша, қорқу – адамдар қорқынышпен ойлайтын эмоция. Ол адамдарда қауіпсіздік пен тұрақтылықтан айыратын сезім ретінде қабылданады.  Ольшанскиийдің көзқарасында да, террор – бір әрекеттерден адамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығынан айрылу қаупі туындайтын қорқыныш.

      Террор террорлық акттерден – жеке буындардан, компоненттерден, тәсілдерден, құралдардан қалыптасады. Бұл туралы В. Пирожков былай дейді: “Объект таңдалуға байланысты теракт нақты бір адамдарға қарсы да, бұған қатысы жоқ, бірақ жолы кездесіп қалған адамдарға қарсы да бағытталады (мысалы, ұшақтарды айдап әкету немесе жарып жіберу, өндіріс объектісі мен транспорттағы диверсия). Соңғы жағдайдағы террордың мақсаты – қоғамдағы жағдайды күрделендіру, адамдарда мазасыздық туындату. Мұндай жағдайдағы террордың нақтылығы болмайды, олардың құрбаны қарапайым адамдар болады. Терроршылар осы әрекеттері арқылы қоғамдық резонансқа сүйенеді, адамдар бұл кезде құқық қорғау органдарының  шарасыздығын айыптайды. Қауымдастықты қорқыныш пен сенімсіздікте ұстау – қоғамға билік жүргізудің бір тәсілі”[13, 130 б].

      Террорлық актті терроршылар жүзеге асырады, олар инициаторлар, ұйымдастырушылар және орындаушылар болып бөлінеді. Ғылыми емес негізде терроршылар деп орындаушыларды келтіреді. Террорлық әдістер дегеніміз – террорлық акттер мен террорды жүзеге асыру әдістері. Ол террордың түріне байланысты, өз кезегінде террордың түрлерін саяси, физикалық, идеологиялық, экономикалық, психологиялық деп бөлуге болады.

       Енді жалпы түрде немесе Агеевтің ойынша айтсақ, терроризм – жалпыланған, кешенді құбылыс, мұнда қорқу да, қорқыныш та, террор тәсілдері мен олардың жүзеге асуы, олардың нәтижесі түгелдей қарастырылады [14, 63 б].

    Терроризм объектісі мәселесін қарастырсақ, көптеген ғалымдар бұл жерде ортақ көзқараста тоғысады, олар терроризм объектісі – қоғамдық қауіпсіздік деп қарастырады. Осы ойды айтқан авторлар қатарына В.В. Мальцева, А.В. Попов, В.С. Комиссаров, А.И. Коробеев, В.П. Емельянова және т.б. жатқызамыз.

       Терроризмнің жіктелу мәселесін қарастыратын болсақ, терроризмді жіктеуде Д.В.Ольшанский ұсынған нұсқа маңыздырақ. Ол терроризмнің саяси, информациялық, экономикалық, әлеуметтік (тұрмыстық) деген негізгі түрлерін бөліп шығарып, оларға мынадай анықтама береді:

       Саяси терроризм – бұл террорлық әрекеттердің мақсаты —  саяси лидерлерге, билікке, олардың саясатына әсер ету. Кей жағдайда саяси терроризм қоғамдағы саяси жағдайды өзгерту үшін саяси лидерлерді жойып жіберуге бағытталады.

       Қазіргі қоғамда саясатқа қарсы жасақталған жүздеген террорлық топтар бар, олардың әрекеті қоғамдағы саяси жағдайды өзгертуге негізделген. Бұл қатарға Таяу Шығыстағы “әл-Қаиида”, “Хамаз”, испандық ЭТА террорлық топтарын жатқызуға болады.

       Информациялық терроризм – адамдарда белгілі бір көзқарас тудыру мақсатында олардың санасы мен психикасына тікелей әсер ету. Масс-медиа арқылы терроршылар адамдарда қорқу мен қорқынышты тудыратын түрлі информацияларды жібереді, мұның өзі қоғамда дизбаланс тудырады. Мысалы, бір террорлық топтың белгілі бір күнде белгілі бір объектке қатысты терролық акт жасайтыны туралы мәліметтер газет-журнал, теледидар, интернет арқылы жиі беріледі. Осының өзі сол объектке қожалық етіп отырған билік пен қоғамда қорқу сезімін туындатады. Бұл терроршылар үшін билік пен қоғам арасын арандатудың тиімді тәсілдерінің бірі.

      Экономикалық терроризм – экономикалық бәсекелестерге немесе белгілі бір мемлекеттерге қарсы экономикалық жетістікке жету жолында жасалынатын терроризм. Мысалы, мемлекеттер арасында тауарларға қатысты, импортқа байланысты түрлі кедергілерді қалыптастыру экспорттаушы мемлекеттің экономикасын шығынға ұшыратады. “Экономикалық терроризм” деп куба ұлты американдықтардың Ф.Кастроның билікке келуімен экономикалық байланысын үзуін атаса, кезінде осындай ұғым КСРО-да АҚШ-тың Джексон-Вэник заңының дүниеге келуімен пайда болды, ол бойынша Ақ үй Мәскеуге қатысты жоғары технологиялық өнімдерді экспорттауды тоқтатқан болатын.  

       Әлеуметтік (тұрмыстық) терроризм – бұл терроризмнің бір түрі болғанмен, нақты мақсаты болмайды. Тұрмыстық терроризм – көшеде, үйде т.б. жерде қорқытудан көрінеді. Бұл қатарға эпидемияның пайда болуы, жасөспірімдердің девиантты тұрғыда бірігуі, басбұзарлардың (рэкетир) сауда орындарына қысым көрсетуі т.б. сияқты құбылыстар жатады.

        Д.В. Ольшанскийдің ойынша, аты аталған терроризм түрлері бір-бірімен өзара байланысты және бір террорлық акт болған жерде терроризмнің бірнеше түрін көрсетуге болады. Негізінде, бәрінің де негізі саяси терроризм болып, қалғандары оны толықтыратын болып қабылданады.

        Заң әдебиеттерінде суицидті терроризм деген ұғым бар, онда терроршының саяси нәтижеге қол жеткізу жолында өзін құрбан қылуға дайындығы туралы сөз қозғалады.

        К.Н. Салимов қылмыстық терроризм ұғымын бөліп шығарды. Оның айтуынша терроризмнің бұл түрі қылмыстық топтардың әрекетінен туындайды, олар бір сфераға күрес жолында бір-біріне қарсы қару, жарылғыш заттар қолданады, бұл іс-қимыл көп жағдайда халық шоғырланған жерде жүзеге асып, қоғамда қорқыныш қалпының туындауына алып келеді.

       Алыс шетел ғалымдары терроризмнің мынадай түрлерін көрсетеді: психикалық және қылмыстық (Дж. Белл), революциялық, субреволюциялық және репрессивті (П. Уилкинсон, Р. Шульц), ядерлік, экономикалық, технологиялық, экономикалық және т.б.

       И.Р. Михеев пікірінше, терроризмнің мынадай түрлерін қарастыруға болады: территориялық белгілері бойынша – халықаралық, мемелекетішілік, қылмыстық мотивациясына байланысты – саяси, діни, ұлттық және экономикалық.

       Психологиялық терроризмнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Терроршылар адамдарды құрбан қыла алатынына сенімді болып, осыны жүзеге асыра алатын қару бар деп иллюзия туғызып, қоғамда қорқыныш жағдайын туындатады.

        Соңғы кездері құқық қорғау органы қызметкерлерін кибертерроризм (электронды, компьютерлік терроризм) деген терроризмнің жаңа бір түрі жиі мазалауда. Оны қолданатындар қоғам қауіпсіздігіне, мемлекет құрылымына зиян келтіретін мәлімет, бағдарламаларды компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асырады. Кибертерроршылар бағдарлама ретінде вирустық бағдарламаларды жіберіп, полиция, әуежай, аурухананың электронды машиналарына өз биліктерін жүргізетін жағдайлар жиі кездесуде.

        Соңғы кездері еліміздің саясаттанушылары да терроризмнің түрлерін жасауда өз көзқарастарын қалыптастыра бастады. Мысалы, Досым Сәтбаевтің айтуынша терроризмнің саяси, діни, криминалды деген түрлері бар . С.Мұқанов та терроризмнің 3 түрін көрсетеді, бірақ оның пікірі өзгеше: терроризмнің әлеуметтік, ұлттық және діни деген түрлері болады. Ал, Р.Қайдаров терроризмнің криминалды және ұлттық деген түрлерін бөліп шығарды.  

      Терроризмнің осындай көп формасының болғанына қарамастан оның ортақ мақсаты бар деп айтуға болады, ол – жұртшылықта қорқыныш, үрейлену, қорғансыздық қауіпін тудыра отырып, билік пен адамдарды өз қызығушылықтарының құрбаны қылу. 

       Ресей саясаттанушысы Л.Я. Гозманның көзқарасы бойынша “террорлық акттің нәтижесі үкіметке сенімсіздік тудырады, биліктің өзгеруіне әкеледі, қоғамда дестабилизация тудырады”.

     Терроризмнің осындай негізгі сфераларын бөліп көрсетсек те, Ольшанскиий теориясына сүйенсек, терроризм негізі – қысым көрсету болып қала бермек. Ол түрлі құралдардан көрінеді – саяси қастандықтан, адамдарды кепілдікке алудан басталып, көше криминалына дейін жалғасады. 

      Терроризм психологиясында сонымен қатар “қысым көрсету” мен “агрессия” ұғымдарын да қарастыру орынды.

       Агрессия туралы Б.Г. Мещеряков, В.П. Зинченко редакциялығымен жазылған психологиялық сөздікте мынадай анықтама келтірілген: “Агрессия

(латынша agressio —  шабуыл) мотивтелген деструктивті жүріс-тұрыс, ол қоғам мен адамдарда қалыптасқан нормаларға қарсы келіп, шабуыл объектісіне зиянын тигізеді, адамдарға физикалық зияндылық әкеліп, психологиялық дискомфорт тудырады.”

      Агрессияның келесі түрлері болады:

1.физикалық – басқа адам мен объектке қарсы физикалық күшті қолдану;

2.вербалды – негативті сезімдерді форма арқылы (ұрсысу, айғайлау) және вербалды реакциялар арқылы (қорқыту) көрсету;

3.тікелей – бір объект пен субъектке тікелей бағытталады;

4.жанама – басқа адамға жанама формада (өсек, қалжың) бағытталады;

5.құралдық агрессия – бір мақсатқа жету үшін қолданылады;

6.аутоагрессия — өз-өзін қорлауда көрінеді, мұнда адам өз-өзін өлтіруге дейін барады;

7.кек алушылық – агрессия объектісіне шығын келтіру негізінде бағытталған агрессия;

8.альтуристикалық – басқа біреудің агрессиялық әрекетінен қорғану мақсатында істелінеді.

        Агрессия мәселесін қарастырғанда, терроршыға тән агрессивті жүріс-тұрыс ұғымын қарастырғанның да маңызы бар. Агрессивті жүріс-тұрыс – психикалық және физикалық тұрғыдан жағымсыз өмірлік ситуацияларға зейін бөлудің бір формасы. Агрессивті жүріс-тұрыс келесі мақсаттарда қолданылады:

1.бір нәтижеге қол жеткізуде;

2.психикалық ширау тәсілі ретінде;

3.өзін жүзеге асыру мен өзін мойындату қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізуде.

      Осы психологиялық сөздікте зерттеудің басты нысанасы болатын – мотив ұғымына да анықтама берілген. Соны да қарастыратын болсақ, мұнда мотив-  (ағыл. incentive) – 1. материалды немесе идеалды “зат”, соған байланысты іс-әрекет бағытталады және мотив арқылы субьекттің белгілі қажеттіліктері қанағаттандырылады; 2. аталған “заттың” психикалық образы.

      Терроризм психологиясын қарастырғанда “қысым көрсету” ұғымынының синонимі ретінде “зорлық-зомбылық” сөзін де қолдануға болады. Психологиялық тұрғыдан алатын болсақ, террор – зорлық әсерінен пайда болатын қорқыныш күйі. Террорлық акттер – зорлық акттері. Жалпы зорлықты пайдалану адам өлімі, материалды құндылықтардың жойылуы, әлеуметтік қатынастардың дегумонизациясы сияқты құбылыстарды тудырады.

       Қарапайым тұрғыда қысым көрсетуді саяси-әлеуметтік тұрғыда суреттейтін болсақ, ресейлік саясатттанушылар А.А. Деркач пен Л.Г. Лаптевтің логикасына сүйенеміз, ол бойынша “адам мен қоғам өмірі көптеген заңдар мен шарттарға негізделеді. Осындай регламентациялар саяси субъект белсенділігіне де әсер етеді. Осыдан детерминацияның қалыптасуы зорлық түрінде көрініс береді. Қысым көрсету кез-келген қоғамға тән болмақ және бола береді”.

      Зорлық жасау индивидуалды түрде де, бұқаралық түрде де жүреді, қандай түрде қалыптасқанына қарамастан зорлық жасаудың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеміз:

1.бұқаралық ұйымдасқан қысым көрсету – бұған әскер мен полиция сияқты арнайы адамдарға ұйымдастырылған институттарды айтуға болады, қысым көрсетудің бұл түрі тоталитарлық диктатурада қолданылса, мемлекетте мемлекеттік терроризм пайда болады;

2.бұқаралық ұйымдаспаған қысым көрсету – аяқ астынан пайда болып мемлекетке қарсы бағытталады, мұның алғашқы сатысына көтеріліс, толқу сияқты құбылыстарды атасақ, шырқау шегі ретінде мемлекетте төңкеріліс жасалуды айтамыз;

3.индивидуалды ұйымдасқан қысым көрсету – қарапайым өмірде бұл құқық реттеушінің айыпталушыға қатысты қысымынан көрінеді;

4.индивидуалды стихиялық – көбінесе тұрмыстық жағдайда пайда болады.

       Осылай терроризм психологиясының негізін құрайтын ұғымдарға қысқаша тоқталдық. Жалпылай айтсақ “террор”, “терроршы”, “терроризм” ұғымдарын тұтастай “орасан және қорқынышты” деп қорытуға болады немесе “терроршы – террорлық акт — террор” тізбегі терроризмді тұтастай құбылыс ретінде суреттейді деп ой қорытындысын жасауға болады. 

        Жалпы бір мәселені ғылыми тұрғыда зерттегенде оның тарихи дамуына да көз салған маңызды факторлардың бірі. Ольшанскийдің ойынша, терроризмнің бастауы сонау “Ұлы Француз революциясынан” басталады. 1793 жылы Францияда пайда болған Конституцияда “үкімет адамдардың құқын бұза алады” деген сөздің болуы бұқара арасында толқу туғызып, Лион мен Парижде мемлекетке қарсы революция көтерілді. Бұл туралы Карл Маркс те өз еңбегінде атап көрсетті. Оның айтуынша “француз терроризмі – буржуазия жауларымен күресудің, абсолютизмнің, феодализмнің бір тәсілі болатын”.

       Ресейде алғашқы террорлық топ 1886-1887 жылдары Санкт-Петербургте өмір сүрді, оның негізін П. Шевырев пен А. Ульянов құрды және терролық фракция “Халық қалауы” деп аталды. Олар 1887 жылы 1 наурызда Александр III императорға сәтсіз қастандық жасады, осыдан кейін патша бұйрығымен бұл топ жойылды.

       Сонымен қатар Ресейде 1917 жылы болған қос революциядан да терроризмнің белгілерін байқауға болады. Одан бері жылжыйтын болсақ, атақты Гитлер мен Муссолинидің фашистік саясаты мен Сталиннің КСРО-ғы билігі “террор және тоталитаризм” деген  лақап атқа ие болды.

      Жалпы, XX ғасырдағы терроризмнің даму тарихын ғалымдар бірнеше сатыда көрсетуге тырысты. 60-70 жылдардың түйіскен шағында саяси терроризмнің жаңа толқындары пайда бола бастады, олар соғыстан кейінгі “экономикалық керемет” болған мемелекеттер Италия, Германия, Жапонияда өріс алды. Бұл мемлекеттердің әлеуметтік құрылымдары мен институттары экономикалық өзгерістерге үлгере алмауынан “Қызыл бригада”, “Қызыл Әскер фракциясы”, “Жапондық Қызыл Әскер” ұйымдары елдегі саяси жағдайды шиеленістіретін іс-әрекеттер орындаған болатын.

       1979 жылғы Ислам революциясынан кейін ислам фундаменталистерінің терроризмі кең етек жая бастады. Қазіргі кездегі батыс саясаткерлері мен саясаттанушыларының халықаралық терроризмді “Ислам терроризмі” деп атауына да осы революциядан кейін кең аумақты қамтыған ислам қозғалыстарының әрекеті өз әсерін тигізді.

       Қазіргі кездегі террорлық акттерге демократиялық рең беруге болады. Қазірде Шешенстан мен Дағыстанда, Ауғанстан мен Палестинада болып жатқан террорлар тиісінше Ресей мен АҚШ-тан, Израилден бостандық алуға бағытталған.

       Жалпы, террор әлемдік қауымдастықта 2001 жылғы қыркүйекке дейін еленбей келді, тек АҚШ-тағы орасан апат адамзаттың басты жауына деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.

 

      1.2 Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда болуының табиғи және әлеуметтік факторлары

 

      Жаңа террордың механизмі адам бойында терең орналасқан. Террорлық әрекетке баруда көп жағдайда бір адамдардың немесе бір топтың бір жағдайда шешім шығара алмауы да әсер етеді, олар қалыптасқан жағдайды драмалық жағдай ретінде түсінеді. Бұл қатарға аз ұлтты баск, корсикандық, бретон, ирланд ұлттарын, сонымен қатар идеологиялық көзқарас пен діни сенім негізінде біріккен топтарды айтуға болады. Бәрінің де мотивациясы ортақ: біздің халық, біздің тіл, біздің ұлт, біздің діл, біздің сенім жойылудың алдында, біздің сөзімізге ешкім құлақ аспайды, бұдан шығудың бір жолы ғана бар, ол – қару арқылы жүзеге асатын кек алу жолы.

      Адам терроршы болып бірден жаратылмайды. Терроршы болу үшін тұлға апатия мен әлеуметтік дезадаптацияның түрлі формаларынан өтеді. Терроршы болып қалыптасудың үрдісін Э.  Шоу жасаған болатын. Ол өзінің моделінің жеткіліксіз тұстарын мойындай отыра, адамды терроризмге алып келетін төрт факторды көрсетті:

1.ерте жастағы әлеуметтен шеттетілу;

2.нарцистік бұзылыстар;

3.конфликтілі жағдайлар;

4.террорлық ұйым мүшелерімен болған байланыстан.

      Шоудың ойынша, тұлға өзіндік бағалауда қиындықты бала шағында сезінсе де террорлық жолға түсуге бейім келеді.

     Терроршы тұлғасының қалыптасуының генезисі адам әлеуметтенуінің сценарийіне қарама-қарсы. Адам әлеуметтенуінде өмір шыңы (“акме”) шығармашылық үрдісте (өнер, медицина, педагогика т.б.) өзіндік даму болса, терроршылардың бұл сатыдағы әрекеті басқалар жасаған игіліктерді жою, адамдарды құрбан қылуға келіп тіреледі. Терроршылар үшін әлемді негативті қабылдауға бірнеше факторлар әсер етеді. Ол өзінің тұлғалық және әлеуметтік жетілмеуі салдарынан моральды өзіндік қорғаныс үшін өзінде “Мен жақсы, әлем жаман” деген позицияны ұстанады. Осы арқылы ол өзінің кез-келген деструктивті жүріс-тұрысын ақтауға тырысады. Осындай жоққа шығарудың арқасында оның бойында өзінің шыншылдығына деген концепция пайда болады, бұдан кейін терроршы немесе террорлық топта позитивті көзқарастар қалыптасады дегенге сену өте қиын.

       Осы процесс негізінде терроршыда қалыптасатын эмоция агрессивті болады, бұл өз кезегінде депрессияға еш бағынбайды.      

       Агрессивтілік пен зорлық көрсету өзіндік құндылықтарды көрсетуде маңызды рөлге ие болады. Агрессивтілік және зорлық-зомбылық арқылы импульсивті, көңіл-күйі дисгармонияға ұшыраған адамдар өте қысқа мерзімде практикалық тұрғыда шындық пен қайырымдылық туралы өзіндік көзқарастарын жүзеге асыра алады.

       Психологияда агрессивтілік пен зорлық көрсетуді зерттеудің тәжірибелік қоры біршама көлемді. З. Фрейд пен К. Лоренц агрессивтілікті адамның табиғи инстинктерімен байланыстыра қарастырды. Фрейд бұл жөнінде “өлім инстинкті” ұғымын қалыптастырды, мұнда адамның бұзып-жоюға деген қабілеттілігінің табиғи факторлары туралы айтылады. Лоренц агрессивтіліктің пайда болуын былай түсіндіреді: “Агрессивті инстинкттің бұзып-жоюшылық энергиясы адамға тұқым қуалай берілді, адамдарда агрессивтіліктің пайда болуына мыңдаған жылдарға созылған түрішілік сұрыпталу әсер етті. Адамдар өздерінің қарулары арқылы, әлеуметтік ұйымдасуы арқылы сыртқы күштерден қорғана алатындай деңгейге жеткенде түрішілік сұрыпталу басталған болатын”.

       Көріп отырғанымыздай, атақты қос зерттеуші де зорлық көрсетуді тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерімен байланыстырған жоқ, керісінше агрессивті жүріс-тұрыстың филогенетикалық негіздерін көрсетіп, олар адамда бағдарланған, туа біткен инстинктпен байланысты және адамның өзін көрсетуде басты қаруы болып қолданылады деген ой тастады.

       Осы инстинкт концепциясымен қатар фрустрация теориясы да пайда болды, оның алғышарттары 1939 жылы Дж. Доллард монографиясында көрсетілді. Ол бойынша, “агрессиялы жүріс-тұрыстың пайда болуы фрустрациямен байланысты, және керісінше – фрустрацияның болуы агрессияның кез-келген бір формасын тудыра алады”.

       Көптеген жағдайда агрессивтіліктің көрініс беруіне сыртқы жағдайлар кедергі келтіреді немесе жазалану қорқынышының пайда болуы әсер етеді. Бірақ ішкі түрткінің болуы агрессивтілікті кез-келген уақытта туындатады және агрессивті мінез-құлық тек фрустрация туғызған объектке ғана емес, жазалану шарты болмайтын басқа объекттерге де бағытталады.

        Агрессивтіліктің психоаналитикалық концепциясын атақты американ-неміс психоаналитигі Эрих Фромм жасаған болатын. Ол агрессивтіліктің “пайдалы” және “зиянды” түрін бөліп көрсетті.

         Алғашқысы адам инстинктерімен байланысты және адам мінезінде, адамның құмарлығында қалыптасады. Фроммның айтуынша, инстинкттер табиғи түрде болғанмен, адам мінезімен байланысқан құмарлықтың негізі әлеуметтік және тарихи реңге ие болады.

       Құмарлықтың инстинкт сияқты физикалық қорғаныс қызметі мен тұрақтылық қасиеті жоқ. Құмарлық адамның өмірге деген қызығушылығын, адамның ұмтылысын қамтамасыз етеді. Құмарлық – адамда миф, фантазия, драма, діни көзқарас пайда болуының негізгі материалы. Құмарлық тамырын болмыс негізінің тереңінен алады.

        Фромм адам құмарлығын таза психологиялық комплекстерге жатқызудың мәнсіз екенін дәлелдеді. Құмарлық адамның белгілі бір уақытта өмір сүру жағдайын анықтайды. Осы кезде адам өз қажеттілігін орындай алмайтындай ситуация туындаса, әлеуметтік қатынастардың деструкциясы пайда болып, адамда деформацияланған ұмтылыстар пайда болады.

       Фромм өз еңбегінде “нарциссизм” ұғымына да анықтама береді. Фромм заманында терроизм құбылысы болмағандықтан, ол нарциссизмді тікелей терроризммен байланыстырып зерттеген жоқ. Дегенмен,  нарциссизм адам деструктивтілігінің себепкерлігі болғандықтан, терроршы бағыттылығын осы ұғыммен байланыстырып суреттеуге болады.

        Э. Фромм нарциссизмге мынадай анықтама береді: нарциссизм – эмоционалды күй, онда адам өзінің тұлғасына, өзінің денесіне, өзінің қажеттілігіне, өзінің ойларына, өзінің сезімдеріне ғана назар аударады, ал осыларға қатысы жоқтың барлығының өзіндік салмағы, түсі, мәні жоқ және саналық деңгейде ғана қарастырылады. Осылай нарцисс адамда айналасына қатысты объективтілік пен құндылықты бағалауда қабілеттілігі әлсіз болады .

       Фроммның айтуынша, нарцисс адам өз-өзіне сенімділік деңгейіне өзіндік еңбек пен жетістіктер арқылы емес, өз-өзінің ерекше екенін субъективті  деңгейде ғана сезінумен қол жеткізеді. Сондықтан нарцисс-терроршы өзінің “ең ақылды”, “ең батыл” екеніне статикалық тұрғыда сенімді болып, жалпы қоғам құндылықтарына шабуыл жасайды. Терроршының мұндай бағыттылығына өзінің “шыншыл” топтың мүшесі ретінде сезінуі де әсер етеді. Бір топ ішінде осындай нарциссистік эпидемия орын алса, осы террорлық топқа қарсы тұру одан әрі күрделенеді.

       Нарциссизм өз-өзіне бейімделуді білдіретін болғандықтан, нарцисс адам өзінің нарцисстік ортасынан басқа жерде тұлғалық бұзылысқа ұшыраған адам ретінде қарастырылады. Сондықтан мұндай тұлға:

  • өз тобының мүшесі емес адамдарға әрқашанда агрессивті қатынаста болады;
  • өзінің топтағы орнын, топ мүшесі екенін дәлелдеуде кез-келген әрекеттерге барады (осы қатарға өзін жарып жіберетін фанатик терроршыларды да жатқызуға болады).

        Э. Фроммның ойынша, адам нарциссизмі жеке емес, топтық құндылықтар деңгейінде болса өте сезімтал болады және топқа қатысты айтылған кері пікірлер онда агрессивтіліктің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан осы реакция индивидуалды нарцисске қарағанда эффективті болады. Индивид өзіне қатысты кері көзқарас айтылса айнаға қарап күдіктенуі де мүмкін, ал топтық деңгейде өзіне қатысты күдіктенушілік жеңіліспен тең.

      Осылай топтық нарциссизм адам агрессивтілігінің негізгі қайнар көзінің бірі болып табылады.

      Терроршылардың өздерін “ең”, “ең” тұрғысынан сезінуі – ең шыншыл, ең батыл, ең маңызды т.б. – нарциссизм құбылысын туғызады.

      Нарциссистік тұрғыда бағытталған адам өз тобы мойындаса өз персонасымен мақтана түседі және өзінің сенімділігінің арқасында жапа шексе ол екі есе өзіндік қанағат сезіміне ие болады. Ол қаншалықты өзінің реалды өміріне қанағаттанбаса, соншалықты топқа бейімділігі арта түседі.

       Нарциссистік көңіл-күй мен эмоцияларды үлкен және кіші топ (саны бойынша) мүшелерінің бойынан көруге болады. 90 ж. Кавказ ұлттарының өзіндік сүйіспеншілігі байқалған болатын, әсіресе бұл террорлық топ басшыларының бойынан жақсы байқалды.

      Топта терроршы өзіндік нарциссизмін жетілдіріп қана қоймай, тұлғалық идентификацияға да қол жеткізеді. Көптеген терроршылар үшін террорлық топ ұжымдық әке рөлін атқарады, олар осында өздерінің қорғана алатынын сезінеді. Осындай жолға көбінесе өзінің маргиналдығы арқасында өз ортасынан шеттетілген адамдар түседі, олар еңбек іс-әрекетінде, білім алғанда немесе өмірдің кез-келген сферасында сәтсіздікке ұшырайды.

      Осындай терроршылардың топқа берілуінен топтық норма мен мақсаттар идеалданып, жалпыға тән және міндеттілікке айналады. Осыдан өзге көзқарас ұстағандарға деген кекшілдік туындайды және бұл жерде күдіктенушілікке жол берілмейді. Террорлық топқа қарсы бағытталған әрекеттер топ ішіндегі кереғар пікірлерді жойып, оларды біріктіруге әкеледі, осыдан олар айуандық әрекеттерге жол береді.

       Ресейдің Тұлға дамуы институтының бас қызметкері В.Ф. Пирожков терроршы тұлғасының қалыптасуының концепциясын жасағанда келесі мәселелерге көңіл бөледі. Ол алдымен террорлық топқа бейім адамдардың психологиялық профилін жасап алуды ұсынады. Мұндай адамдарға саяси қатынастарда жолы болмаған және соған ұмтылатын және жетіспеушілік комплексі бар тұлғалар жатады. Осыларға ақша үшін қызмет ету мен қантөгістік әрекеттер сияқты басбұзарлық элементтер бірігеді.

       Пирожков терроризмде әр түрлі мамандық өкілдерінің қамтылатынын баса айтады. Онда өмірден тыс қалған спортшыларды да көруге болады. Террорлық топқа аз көлемде болса да қоғам тастандылары, маргинал тұлғалар жұмылдырылады, олар тек “қатардағы жауынгерлер” рөлін атқарады. Терроршыларды толықтыруда конфликтілі аймақтан шыққан азаматтар да көптеп тартылады. Пирожков адамдарға билік етуге ұмтылған адамдарда психологиялық аномалия құбылысы бар деп есептейді. Жоғарыда айтылған маргиналдар, психикалық ауытқулары барлар, комплекстенген адамдар кей жағдайда индивидуалды түрде әрекет етеді. Оның айтуынша, терроршының психологиялық портретін жасау, оның қылмыстық әрекетінің мотивін анықтау, тұлғалық бағдары мен моральдық құндылықтарын зерттеу өте қиын. Террорлық топ жетекшісі мен ондағы қарапайым терроршы психолологиялық жағынан бірдей емес. Қарапайым терроршы өз алдына ерекше бір саяси жоспар жасауы мүмкін емес, ол – террорлық ұйымның лидерлерінің атрибутикасы ғана болады.

       В.А. Сосниннің айтуынша терроршылар қоғамның психологиялық күйі төмен аймақтарда өз әрекетін ұйымдастыруға ұмтылады. Олар өз әрекетін ұйымдастырғанда мемлекеттегі билік пен қарапайым халық арасындағы өзара сенімділік деңгейіне де сүйенеді. Мысалы, Ресейде жүргізілген сауалнамалар бойынша тұрғындарда қорқыныш, сенімсіздік, қауіптілік сезімдері жоғары нәтиже көрсеткен (1994 жылдың қарашасында бұл көрсеткіш 46% тең болған). Ал, елдегі демократияға сенбейтіндер саны 1992 жылы 72% құраған. Осындай есептер террорлық топ әрекеттері үшін жағымды факторды құрайды.

        С.Я. Ениколопов терроршылар арасында жиі кездесетін екі түрін бөліп шығарды. Біріншілері, өздеріне сенімді, өзіндік бағалауы жоғары болса, екіншілеріне өзіндік “Менінің” төмендігі, өз-өзіне сенімсіз болумен ерекшеленеді. Бірақ екеуіне де жоғары агресситвілік, өз “Менің” қорғауға дайындық, басқалардың көңіліне сезім бөлмеу, фанатизм тән. Олар экстренализация тенденциясына сүйенеді, яғни өздерінің ішкі мәселелерінін шешімін сырттан іздейді.

        Көптеген терроршылар үшін қоғамдық қарым-қатынас (“Біз-Олар”) маңызды емес, олар басқаша ойлаушылыққа, басқа көзқарасқа жол бермейді. Адам өмірінің құндылығы мен басқалардың өмір сүруге құқығы жоққа шығарылады. Зорлық-зомбылық пен агрессивтілік өзіндік құндылыққа айналады. Оларға қарсы шыққан күштер терроршыларда қайта кері эффект тудырады – олар топ үшін біріге түседі, топ ішіндегі қайшылықтар азаяды, моральды қолдау туындатады.   

       С. Рощин терроризм психологиялық аспектте адамның агрессиялық теориясымен және тұлға дамуының психопатологиялық нұсқаларымен байланыста болады деп, төмендегі кестеде терроршы тұлғасының үш моделін көрсетті:   

 

 

 

Терроршы тұлғасы

                       
 

Психопат-фанат тұлға-ның моделі

 

 

Фрустрациялан-ған тұлға

моделі

 

 

Психологиялық және әлеуметтік па-тологияда дамыған тұлға

 

 
         
 
         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба — С. Рощин ұсынған терроршы тұлғасының моделдері (басы)

 

 

 

           
           
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба — С. Рощин ұсынған терроршы тұлғасының моделдері (жалғасы)

 

       Терроршы психологиясын қарастырғанда “тұлғаның террористік түрі” деген ұғымды ашып көрсету маңызды рөлге ие болады. Кейбір зерттеушілер ортақ терроршы тұлғасы болмайды деп өз болжамдарын жасайды. В. Витюктің айтуынша, терроршылардың индивидуалды ерекшеліктері мен ішкі мотивтері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Ол террорлық ұйым мүшелерінін мынадай түрлерін анықтады: идеалистер (“шындықты іздеушілер”), кондотъерлер (“құмарлықты іздеушілер”) және ермекшілдер (“өмір мәнін іздегендер”).

       Ағылшын саясаттанушысы Д. Тэкро терроршыларды олардың рөлдік ерекшеліктері бойынша бөледі: лидерлер, операторлар, идеалистер.

       Сондықтан, “тұлғаның террорлық түрін” абстракция деп қана алып, осының шеңберінде мынадай логикалық тізбе жасап шығарамыз: арнайы бейімделген санасы бар террорлық тұлға типі, осының негізінде пайда болатын террорлық ойлау, және соңғысы терроризмнің мифологемасы.

       М. Решетников ұсынған терроршының психологиялық бет-бейнесінің қалыптасуына мына алғышарттар тән:

-уақыт ағымын сезінуден ауытқу — өткен шақ актуальды осы шаққа ауысқан;

-реалдылық пен фантазия арасындағы шекараны анықтай алмау;

-моральды шектеулерді жүзеге асырудағы пассивтілік;

-жақсылық пен жамандық шекараларының бір-бірімен ұласуы, жеке жағдайларда апокалиптистік фантазиялардың мессиандық идеялармен бірігуі;

-садомазохистік позиция-реалды немесе мифологиялық қарсыласқа қатысты кекшілдік пен өз-өзіне немесе өз тобына деген жан аяушылықтың өзара түйісуі;

-агрессормен идентификация, яғни “мен агрессор болсам, агрессия объектісіне айналмаймын” деген идеяның қалыптасуы;

-басқа пікірдегі адамдардың көзқарастарын қабылдаудағы қабілетсізділік;

-тиесілі және тиесілі емес мақсаттар мен идеалдарды анықтаудағы рационалдылықты жоғалту.

       Жоғарыда көрсетілген қасиеттер бойынша анықтайтынымыз, терроршы ешқашанда рационалды ойлануға бейімделмейді. Оған істелетін немесе істелген әрекетке қатысты өкіну мен қорқу тән емес. Терроршыны психикалық ауру ретінде көрсетуге талпыну жалған және осы арқылы ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Осы сияқты терроршыны аз білімді адам деп қабылдау да жалған. 

     Дегенмен де, террорлық актке бейім көптеген индивидтерді олардың мотиві мен саяси көзқарастарына бағынбайтын кейбір психикалық қасиеттер біріктіреді. Фредерик Форсайттың айтуынша, терроршылар әлемді ақ және қара түс деңгейінде ғана қабылдайды. Олар бала сияқты, бір бағытта ғана әрекет етеді.

       Олар бір бағытта ғана әрекет етсе де, олардың тұлғалық ерекшеліктерін патологиялық ауытқулармен мүлдем байланыстыруға болмайды. Мұны “Баадер-Майнхоф” террорлық ұйымының әрекетін зерттеген П. Оустрейхер толық дәледеп, өз көзқарасын былай бейнелейді:

     “Мен олардың істеп жатқан әрекеттерін көріп отырсам да, оларды тұлға ретінде жоққа шығара алмаймын. Оларды аса ауыр қылмыскер ретінде қабылдайтын қоғаммен де келісемін. Бірақ, менің ойымша олар өздері жасаған соғыстың құрбандары. Басқа жолды таңдаса олар да басқалар сияқты игі істерді атқара алатынына мен сенімдімін”.

       Терроршылар психикалық қалыпты адамдар болса да, олардың ерік-жігерінде, ойлық сферасында, эмоционалды көңіл-күйінде, тұлға бағыттылығында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, террорлық әрекетті орындаушылар үшін болып жатқан оқиғаларды рационалдық тұрғыда қабылдауға алып келетін шектен тыс эмоционалдылық тән. Ал, террорлық топ жетекшілері әрқашанда сабырлы болуға ұмтылады. Мысалы, Усама бен Ладенмен пікірлескен журналшылардың айтуынша, ол қарапайым, ұялшақ адам бейнесінде сұхбаттасады, әрқашан қолына қарап отырады, баяу дауыспен сөйлейді.    

        Қысым көрсетуге бейім адамдардың психикасын зерттеуге американ психологы Х. Точ өз үлесін қосты. Ол мұндай адамдарға қатысты өз ойын былай көрсетті: “Бұл тұлғалар үшін ситуациялардың түрлі жиынтығы олардың агрессивті реакцияларын ақтап алатындай көрінеді. Қысым көрсетуге бейім адамдар қысым көрсетуді доктрина мен философия ретінде пайдаланып қана қоймай, әлемді қысым көрсетушілік терминдері шеңберінде қарастырады”. 

       Көптеген терроршылар жағдайы жоқ жанұя мүшелері болып табылады. Олардың арасында ата-анасының бірі болмаған немесе екеуі де жоқ жанұядан шыққан тұлғалар да бар. Мысалы, “Халық қалауы” террорлық ұйымының белді мүшесі болған Софья Перовская жас шағында әкесімен жанжалдасып, осындай жолды таңдаған. Германияны дүр сілкіндірген “Баадер-Майнхоф” тобының ұйымдастырушысы Ульрика Майнхоф болса жас шағынан тұл жетім атанып, шешесінің туыстарының қолында өседі. Осы топтың тағы бір басшысы Франц Баадердің әкесі соғыс кезінде қайтыс болып, анасының қолында өскен ол ерте үйінен кетіп қалады. Атақты палестиналық терроршы Абу Нидаль он жасында ана қамқорлығынан айырылса, әлемдегі №1 терроршы Усама бен-Ладеннің әкесі 11 жасында көз жұмған.

        Бұл оймен испандық ЭТА психологиялық тобының мүшелерін зерттеген психологтарда келіседі. Осы ұйымның жетекшілерінің көбісі – франкистік репрессияның құрбандары болған ата-аналардың балалары. Каудильоның баяғыда қайтыс болғанына, баск тілінің екінші мемлекеттік тіл жағдайына жеткеніне, басктердің өзіндік мемлекеттік белгілерінің қалыптасқанына қарамастан бұл адамдардың психологиясында ештеңе де өзгерген жоқ. 

      Жаралы жастық шақтың бірнеше психологиялық салдарлары бар. Ол кезде тұлға бұзылысы қалыптасып, балада невротикалық комплекстер пайда болады. Мұндай тұлға өзінің жалғыздығын, ауыртпалықтарын басқалардан зорлық көрсету арқылы алуды армандайды. Олар авторитарлы тұлғаға айналады, яғни өте күштілерге бағынып, әлсіз қауымға өз билігін жүргізуге қабілетті болып келеді.

      Осы авторитарлықты анықтауда Стенли Милгермнің белгілі эксперименті бар. Милгрем дәлелдегендей, қарапайым адам өзі авторитет деп санайтын адам әсерінен кез-келген моральдық қасиеттерін жоғалтып, оның бағыттан әрекеттерін істеуге дайын тұрады. Эксперимент әр түрлі елдерде жүргізілді және бірдей нәтижелерді тіркеді. Осындай жағдайлардың қалыптасуы қарапайым адамнан терроршының пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.  

        Зорлық арқылы мұндай тұлға өзінің кім екенін дәлелдегісі келеді, ол осыдан қанағат сезімін алады. Психологтардың айтуынша бала жастық шақта эмоционалды қамқорлықтан тыс қалса, кейін оның өз эмоциясын өз еркіне бағындыру процесі өте қиын жүреді.

        Терроршылар көп жағдайда өздері қалыптастырған өмірде өмір сүреді. Олардың санасы мифологиялық тұрғыда қызмет істейді. Сондықтан оларға реалдылықтан бөлек өмір сүру тән. А. Хеллер 1980 ж. Италиядағы терроризмді былай бағалады:

      “Терроризмге әлем образын абсолютті ирреалды етіп көрсететін параноидты идеология тән. Олар өз әрекетін дәл осы образбен байланыстырып істейді”.

       Осы бағалаумен француз ғалымы Д. Кон-Бендит те келіседі: “Бұл адамдар өздерінің үкіметті құлату стратегиясымен реалдылықтан ауытқыған, олар тек өз эмоцияларының құрбандары”.

       Террорлық іс-әрекет американ социологы Х. Келман көрсеткен тізбеге де бағынады. Ол зорлық-зомбылықтың үш процесін көрсетті: санкция жасау, рутинизация, дегуманизация. Осы процестердің астарында істеген әрекетке қатысты моральды жауапкершіліктің төмендеуі, адам құндылықтардың бағалануының бұзылыстары жатыр.

      Терроршылар психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, өздері туралы жиі айтылғанды қалайды және бұған БАҚ мен саяси тұлғалардың көзқарастары өз көмегін тигізеді, оларда жазылған мәліметтер мен айтылған ойлар терроршының айнасы ретінде болмақ, осы арқылы олар өздерінің жетістіктерін бағалап, қоғамды қысымда ұстап отырады. Осылай БАҚ мүшелері рейтинг қуу жолында және мол қаржыны игеру ниетінде терроризм туралы жазғанда өзіндік сенсацияларға қол жеткізумен қатар жасырын түрде терроршылардың нарцисстік қажеттіліктерін де орындайды. Егер БАҚ терроршылар туралы жазбаса, көптеген терроршылар әрекеті жойылуы да мүмкін еді, әзірге қоғамның сұранысының өзі терроризм құбылысын жандандырып отыр. Басқаша айтсақ, немесе жазушы Ю. Трифоновтың көзқарасымен айтсақ: “Терроризм дегеніміз — әлемдік шоу. Терроризм театрға айналды, сахна қанға боялды, басты әртістер — өлім. Терроршылар бейсаналы түрде болса да осындай жарнаманың жасалынып жатқанына қуанбаса, өкінбейді”.

       Терроршылар өз әрекеттерін орындағанда жан-жақты талдау жасайды. Қызықты бір жайт, зерттеушілер дәлелдегендей, 2001жылы қыркүйекте терроршылар әлемдік сауда мұнарасына шабуыл жасау тәсілін кинемотографиядан игерген. Мысалы, америкалық бір фильмде басқа планетаның адамдары сауда мұнарасын жою үшін қай жерден көздеу керектігін анықтайды. Олар сауда мұнарасын бес бөлікке бөліп, жоғары үш  бөлігін көздеу тиімді екеніне көз жеткізеді. Егер төменгі бөлігі нысанаға алынса, ғимарат қирамауы да мүмкін, егер жоғары бөлігін қиратса, шығын аз ғана болады. Сондықтан, жоғарғы үш бөлікті жойып жіберу ғимаратты толықтай қиратуда тиімді болады.

       Шынымен, 2001 жылы “егіз” мұнара осылай нысанаға алынды. 110 қабаттық ғимараттың 80 мен 65 қабаттар аралығы терроршылардың ұшағымен жанасты, осылай жоғарғы отыз қабат ғимараттың төменгі бөлігін толықтай көміп тастап мыңдаған адамдарды құрбан қылған болатын. Ең қызықтысы, “День независимости” (1996), “Армагеддон” (1998), “Осада” (1998), “Столкновение с бездной” (1998), “Дорога на Арлингтон” (1999) фильмін көрген жұртшылықтың айтуынша, осы туындылар 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғаның терроршылар үшін тиімді болып жасалуына нұсқаулық болған.      

       Терроризмді күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде психологиялық зерттегенде тура факторлармен қатар, жанама факторларды қарастыру керек болғандықтан айта кететін жайт, терроршы психикасын қалыптастыруда геосейсмикалық белсенділікте әсер етеді. Осы мәселені зерттеп жүрген геолого-минералогия ғылымдарының докторы В. Рудниктің айтуынша, сейсмогеодинамкалық белсенділіктің бейсаналық деңгейде адам психикасында қалыптасуына олардың геопатогенді аймақтарда мекен етуі де әсер етеді. Бұл адамның ішкі мен сыртқы ортаның әсер етуін қабылдау қабілеттілігін төмендетеді. Осы ерекшелік басқа жағдайлармен біріге отыра соғысу мен қақтығысуға дейін алып келетін оқиғаларды туындатады. Мысалы, Альпы-Гималай таулы белдеуінде орналасқан мемлекеттерде (Албания, Косово, Босния, Приднестровье, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Шешенстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ирак, Джамма, Кашмир, Камбоджа және Вьетнам) терроризм соңғы отыз жылда қоғамның ажырамас бір бөлігіне айналды.                

 

      1.3 Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері

 

      Терроршы тұлғасын объективті тұрғыда түсіну үшін оның ішкі қажеттілігін, терроршы террорлық актты не үшін істейтінін – мотивын анықтап алу маңызды. Ресей психологы В. Пирожковтың көзқарасы бойынша “терроршылар алдарына қандай мақсат қойса да (саяси – билікті басып алу, қоғамдық құрылысты өзгерту; экономикалық – бәсекелестерді аренадан тайдыру; діни — өз дінінің адалдылығын айқындау; психологиялық – атаққа қол жеткізу, тарихта атын қалдыру) – осының барлығында бір ғана мотив – адамдарға билік жасауға ұмтылыс тұр. Адамдарға билік ету – апиын сияқты, кім бір рет дәмін татты, сол осыған қайтадан ұмтылады. Мұны босқындар бойынан жақсы байқаймыз, олар бір конфликті аймақтан екіншісіне ауып жүреді, сондықтан оларға қаржы табу қажеттілігі басты нәрсе емес, басты нәрсе болып адамдарды өлтіру қажеттілігі жатады. Сондықтан терроризммен айналысу процесінде мақсат болмайды – оның өзіндік алғышарттары болса да, — мұның бәрінің артында адамдарға билік ету қажеттілігі тұрады”[9].

        Г. Нюман Еуропаны 1970 жылдары қорқыныш уысында ұстаған Баадер-Майнгофтың (1976 жылы өз-өзіне қол жұмсады) террорлық ұйымының іс-әрекетіне талдау жасағанда негізгі үш мотивті бөліп көрсетті:

— біріншіден, мәдени мотив – терроршылар логикасы бойынша қоғамды жандандырып отыру керек, мұның тиімді жолы – “қантөгіс”;

— екіншіден, рационалды мотив – террор олар үшін саяси іс-әрекеттің эффективті құралы ретінде қолданылады;

—  үшіншіден, идеологиялық мотив  — террор әлеуметтік процестерді реттейтін құрал ретінде пайдаланылады.

        И. Задорожнюктің көзқарасында “… терроризм әрқашанда террорға қарсы көзқарас ұстанған институттарға бағытталады. Терроршы немесе террорлық топ террорлық актіні қаншалықты дайындаса да, өз мақсаттарын анықтауда көр соқыр болып қала береді. Мұндай “соқырлықтың” бір параметрі – мотивтердің әрқилылығы, бұл кіші гомогенді топтың үлкен гетерогенді топқа өз қалауын жүргізуде мақсаттардың бұзылуынан көрінеді”.

      Д.В. Ольшанский болса, террорға қатысушылардың мотивін – қасақана және қасақана емес деп бөліп көрсетеді. Қасақана мотивтің жағдай белгілі, мұнда терроризм терроға қатысушылар үшін ақша табудың көзі болып табылады. Қасақана мотив қарапайым болып келеді, мұнда адамдарды бір жаттығуға үйретеді, аванс ұсынады және қалған қаржыны тапсырманы орындағаннан кейін береміз деген ұсыныс жасайды. Ақша табу үшін лоар бұл тапсырмаларды орындайды: ғимараттарды жарады, ұшақтарды айдап алып кетеді, саяи лидерді өлтіреді т.б. Мұндай терроршыларды кәсіби киллерлермен салыстыруға болады, ақша табу үшін оларға жалдануға тура келеді.

      Осы Ольшанскийдің деректері бойынша, терроршылардыың берген мәліметтеріне талдау жасағанда мынадай келесі мотивтерді бөліп көрсетуге болады:

1.меркантильді мотивтер  — көптеген терроршылар үшін осы мотив түрі алғашқы орында болады. Терроризмге кез-келген адам іс-әрекетінің сферасы сияқты ақша төленеді және көптеген адамдар қаржы табу мақсатында осындай қадамға барады;

2.идеологиялық мотивтер – бұл мотив адамның жеке құндылықтарымен байланысты, адамның құндылықтарына бір топ, партия, қоғам құндылықтары сәйкес келсе, адам сол топ мүшелігіне өтеді, егер көзқарастар ортақ пікір таппаса, адам сол қауымдастыққа қарсы шығады. Мұндай адамдар үшін террормен айналысу өзіне тапсырылған тапсырма, миссия түрінде болады. Көптеген идеологиялық мотивтерді идеялық-саяси, саяси, діни, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени деп бөліп көрсетудің ғылыми негізділігі бар;

3.қайта құрушылық, әлемді өзгерту мотивы – мұндай мотивты алдына қойған адамдар өзі өмір сүріп жатқан қоғам пікірлерімен келіспейді. Мұндай мотив көбінесе террормен кәсіби айналысатын тұлғаларға тән;

4.адамдарға билік жасау мотивы – бұл көне, тамырын тереңнен алатын мотивтердің бірі. Адамдар адам болмай тұрғанда да бір түрдің екінші түрге зорлық көрсетуі өмірдің қолайлылығы үшін қолданылған. Осы фактор адам психикасында жасырын түрде сақталып қалғандықтан, терроршы бойында өзіндік мотивтерді туындатады;

5.террор іс-әрекет сферасы ретінде қызығушылығынан туған мотив – қаражаты мен білімі жеткілікті кейбір адамдар террорға қызықты бір іс-әрекет сферасы ретінде келеді. Олар террорлық акт жоспарын жасаудан, террорлық акттің жүзеге асуынан, террорлық акт нәтижесінен қанағат алады және осыған өз күштері: білімі мен қаржысын салуға әрқашанда дайын болады; 

6.эмоцияға негізделген мотивтер – мұнде террорлық актті орындауға адам кек алу мақсатында т.б. жағдайларда барады, мотивтің бұл түрінің ешқандай рационалдылық мотивировкасы жоқ, адамдар бұл кезде эмоцияның құрбаны болады.

        Енді, Д.В. Ольшанский ұсынған мотивтердің жіктелуіне жеке-жеке тоқталып өтсек. Алғашқысы, меркантильді мотивтер, яғни терроршылар террорлық әрекетті істегенде қаржы табу ниетімен істейді. Орыстың психологы В.Измайловтың айтуынша, белгілі шешен терроршысы С. Радуевпен болған әңгімеден анықтағаны, көптеген террорлық акт астарында қаржы табу мүмкіндіктері жатыр. Радуевтің айтуынша, мыңдаған адамдардың өмірін жалмаған Дағыстанның Первомай ауылы мен Кизляр қаласындағы террорлық акт істеген терроршылардың барлығы қаржы табу үшін жалданған. Пятигорск қаласындағы бірнеше жарылысқа қатысқан әйелдердің де басты мотивы осы болған. Белгілі терроршы Жафаровтың сөзімен келтірсек, “оларды көндіру қажет емес еді, олар ақша табу жолында әр түрлі идеялар тастайды”. Радуевтен алынған мәліметтер көрсеткендей, халықаралық экстремистік мұсылман ұйымдары террорлық әрекетті сәтті өткізген терроршыларды қаржы мәселесімен толық қамтып отырған. Қорыта, В.Ф. Пирожковтың сөзімен айтсақ, терроршылар психологиясындағы заңдылық: кім көп қаржы төлейді, сол кездегі “өлтіре салу”, “адамдарға билікті сезіну”, “басқалардан өз ерекшелігін көрсету” сезімдері өздігінен туындайды.   

       Екінші, идеологиялық  мотив мәселесін қарастыратын болсақ, бұл негізде біріккен терроршыларды белгілі бір идеялар, белгілі бір көзқарастар қалыптастырады. Олар қалыптастырған идеялар көп жағдайда діни және саяси реңге ие болады. Мұндай терроршылар үшін өздері қабылдаған діннен басқалары қажет емес, өздерінінің көзқарастарына сай келмейтін мемлекет саясатының өмір сүруінің де қажеттілігі жоқ. Қазіргі терроризмде осындай бағыт ұстанған ислам фундаментализмі негізіндегі экстремистік құрылымдар жиі кездеседі. Әлемнің әр жеріндегі терроризм жүйесінің көп бөлігін алып жатқан осындай террорлық ұйымның белсенді мүшелеріне келесі қатардағыларды жатқызамыз: “Ағайынды мұсылмандар” (Египет, Сирия, Сауд Арабиясы), “Хезболла” (Ливан), “Қаруланған ислам тобы” (Алжир, Франция), “әл-Жиһад әл-Ислами” (Иран), “Хизбут-Таһрир” (Ауғанстан, Сауд Арабиясы) және барлығына да қатысы бар жеке тұлғалар Усама бен Ладен, Оджалан, Личо Джелли т.б.

        Қайта құрушылық, әлемді өзгерту мотивін өз алдарына терроризмде әбден ысылған тұлғалар қояды. Мысалы, Усама бен Ладеннің террорлық ұйымы шартты түрде “әл-Қааида” болғанмен, бен Ладеннің “Хамаз”, “Хизбут Таһрир”, “Хезболла” т.б. ұйымдарда өзіндік ықпалы бар, және ол өзінің әрекетін батыстық саясаткерлер ұстанған бағытқа қарсы қояды. Бен Ладенге АҚШ-тың әлемді билеуге талпынған саясаты ұнаған жоқ, ол жауап ретінде 2001 жылғы қыркүйектегі Бүкіләлемдік сауда мұнаралары мен Пентагонде террорлық акттерді орындауда басты рөлді орындады. Шындығында да, АҚШ территориясынан тыс территорияларда болып жатқан террорлық әрекеттер неге соларға бағытталады, өйткені кейбір террорлық ұйымдарға олардың әлемге қатысты саясаты ұнамайды. Бен Ладен сияқты кәсіби терроршылар өздерінің ұлылығын дәлелдеуде өз алдарына әлемді өзгерту сияқты күрделі мотивті қояды және соған бар күш-қайраты мен қаржысын жұмсайды.

       Келесі, адамдарға билік жүргізу мотиві, жіктелген мотивтердің ең негізгісі болып табылады. Мұндай мотивті жоғарғыда аты аталған бен Ладенге де, қарапайым терроршыға да қатысты айтуға болады. Терроризм негізі – адамдарға билік жүргізу. Мұндай мотивтің терроршы бойында көрінуіне адамға табиғи тән бір-біріне билік жүргізуге құлшыныс та, әлеуметтік қарым-қатынастан пайда болатын мәселелер де әсер етеді. Біреуге билік жүргізуге деген ниет қарапайым адам бойында ешқашан жоғалған емес, терроршыларда мұндай ниеттің бірнеше еселеп көрініс беретінін дәлелдеу қиындықты талап етпейтіні белгілі. В.Ф.Пирожков сөзімен келтірсек, адамдарға билік жүргізу апиын сияқты, кім дәмін татып көрді, ол соған қайтадан қол жеткізуде еш нәрседен тайынбайды.

       Террор іс-әрекет ретінде қызығушылығынан туған мотив – көбінесе патологиялық ауытқулары бар адамдар бойынан көрінеді. Қоғамға пайдасын тигізетін түрлі мамандықтарға мойын бұрмай, қылмыстық әрекеттің бірі болып саналатын терроризм сферасына берілу қалыпты адамға тән емес құбылыс. Мұндай адамдар өз агрессиясын көрсетуден, басқа адамдарға билік жүргізуден, экстремалды жағдайлардың туындауынан ләззат алады. Осындай қанағат алу үшін олар бар қаржысы мен ерік-күшін жұмсауға дайын. Олар үшін террорлық ұйым алдына саяси міндет, экономикалық міндет, діни міндет қойса да мәнді емес, бар мәнділік адамдарға зорлық-зомбылық пен билік жүргізуге келіп тіреледі. Мұндай тұлғалар өзіндік жоспарын кез-келген сферада құруға бар жігерін жұмсайды. Кей жағдайда террорлық ұйым мол қаржы ұсыну негізінде өз қоғамында бағаланбай жүрген тұлғаларды ұйымның тиімді қызмет етуіне шақыратын да кездер болады.

         Соңғы, эмоцияға негізделген мотивтер. Бұл мотивті алдарына өмірде эмоционалды жылулық көрмеген, жастық шағында ата-ана қамқорлығын сезінбеген немесе қарсыластарына қарсы шыққан адамдар қояды. Ата-аналары тарапынан дөрекі қарым-қатынасты көрген жасөспірім эмоционалдық күйзеліске ұшырайды, жанұялық жағдай ол үшін қоғамдық мәнге ие болады, сол себепті ол қоғамнан кек алуда тиімді болатын орта іздеуге ұмтылып, террорлық ұйым құрбандығына айналады. Ал, қарсыластарына қарсы шыққан адамдар эмоцияға бағынса да, саналы түрде әрекет етеді. Мысалы, биліктегі бір тұлға саяси қарсыласынан жеңіліске ұшырағаннан кейін, содан кек алу жолында террорлық ұйым көмегіне сүйенеді. Мысал ретінде, қазірде Қырғызстанда қалыптасқан жағдай туралы айтсақ, премьер қызметін атқарған Феликс Құлов президент Құрманбек Бақиевтен кей мәселелер бойынша саяси жеңіліске ұшыраған соң, оппозициялық блок құрып, елдегі билікке қарсы түрлі экстремистік бағыттарды әрекеттерді ұйымдастыруға атсалысуда. 

        Мотив – адам қажеттілігінің пәні ретінде қолданылады. Сондықтан, кез-келген террорлық іс-әрекет істелуден деформацияланған қажеттілік белгісін қарастыруға болады. Криминологтардың ойынша, ең бірінші – қарым-қатынаста, жолдастықта, сыйластықта, құрметтеуде көрінетін социогенді мотивтер деформацияланады. Мұнан түсінгеніміз, адамның қарапайым мотивтері кей жағдайда бұрмаланып, бұзылып, өз еркін жүзеге асыру, басқаларға қысым көрсету мотивіне айналады. Осы негізде Г.М. Минековский мен В.П. Ревин мотивтің мынадай түрлерін жіктеп көрсетті: фундаменталды, секстанттық, діни, ұлттық, саяси, өзін-өзі көрсетушілік, қасақана және кек алушылық [15, 136 б]. 

        Құқықтанушылар жүргізген арнайы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, зорлық-зомбылық әрекетінің 42 %-ы айналадағыларға өз еркін жүргізу тілегінен туындаса, 25 % осындай әрекетті орындаған адамдардың жауабы өз-өзін көрсетуге негізделген. 10 %-ы басқалардан ерекшеленгісі келсе, 7 % билікке ұмтылған, ал 6 %-ы мұны эгоцентризм әсерінен жасаған. Мұнан байқағанымыз, соңғы үш мотив алдынғы екеуін толықтырады. Құқықтанушы В.Н. Кудрявцевтің пікірінше “деформацияланған қажеттіліктерден қоғамға қарсы мақсаттар да туындайды, бұл заң шеңберіне кірмейтін жүріс-тұрыстан көрінеді және адамдар осыны қанағаттандыруға ұмтылады. Мысалы, 68 % зорлық-зомбылық көрсетуші қылмыскерлер авторитарлы билік  қалыптастыруға ұмтылған”[16, 78 б].

       Кей жағдайда ерекше психопаталогиялық мотив ретінде өзін құрбандыққа шалу мотиві жүреді. Мысалы, белгілі терроршы Б. Савинков өз жауынгерлерін өз еңбегінде былай суреттеген: “жауынгерлерде терроршы психологиясының екі типі гармониялық тұрғыда үйлескен. Олардың екі тілегі бар: жеңіске жету және осы жолда құрбан болу. Олар террордың соңы өлімге әкелетінін сезінді. Бірақ олар революция үшін жанын қиюға дайындығын көрсетті және сәті түссе жеңіс тойын тойлаудан да қашпайтынын байқатты”[17, 89 б]. Ольшанский болса бұл оймен келіспейді. Оның ойынша “патологиялық тұлғалар ғана болмаса, терроршылар арнайы өз алдарына мұндай мақсат қоймайды. Оларда әрқашанда қорғаныс инстинктісі жақсы қызмет етеді”[9, 158 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БӨЛІМ. ТЕРРОРШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАЙТЫН  ЭКСПЕРИМЕНТТІК ӘДІСТЕР

 

2.1 Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты

 

       Зерттеу әдістемелері: Басса-Даркидің агрессия деңгейін анықтайтын сұрақтамасы (Қосымша Б); Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі; “Автопортрет” проективті әдістемесі.

      Аталған әдістемелер жоғарыда теориялық бөлімде сөз қозғалған терроршы агрессивтілігің деңгейін анықтауға бағытталған.

       Зерттеу болжамы: Терроршылар мен қылмыскерлердің қылмыс жасау агрессивтілігінде айырмашылық бар және терроршылардың агрессивтілік деңгейі басқа қылмыскерлерге қарағанда жоғары болады.

       Зерттеудің мақсаты: Жүргізілген әдістерді психологиялық талдау және математикалық өңдеу арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару.

       Зерттеудің өзіндік ерекшеліктері: Зерттеуге екі топ іріктелініп алынды: бірінші топ – эксперименттік топ – 6 адамнан тұрады. Бұлар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233-1, 233-2 тармақтары бойынша айыпталған, яғни терроризмді ұйымдастыруға, жүзеге асуына, насихатталуына қатысы бар деп айып тағылған азаматтар; екінші топ – салыстырмалы топ – 8 адам, ҚР Қылмыстық Кодексінің басқа тармақтары бойынша айыпталған азаматтар.

       Зерттеу базасы: Эксперименттік топ, салыстырмалы топ – ЛА-155/14 жазасын өтеу колониясы, Алматы облысы, Заречный елді мекені.

       Зерттеудің міндеттері: 1) жүргізілетін әдістемелердің толық сипаттамасын беру; 2) аталған әдістемелерді екі топқа жүргізу; 3) алынған нәтижелердің қорытындысын шығару, психологияда қолданылатын математикалық тәсілдер бойынша өңдеу.

 

        2.2 Зерттеу барысында қолданылған әдістемелердің сипаттамасы

 

       Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы. Қазіргі кезде “агрессивтілік” термині өте кең шеңберде қолданылады. Әр түрлі авторлар өз еңбектерінде агрессия мен агрессивтілікке түрлі анықтамалар береді: адамның туа біткен “өз территориясын қорғау” рекациясы (Лоренц, Ардри); билік жүргізуге ұмтылыс (Моррисон); адамның басқа адамнан кек алу реакциясы (Хорни, Фромм). Сонымен қатар, агрессия мен фрустрацияны сабақтастыра қарастыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

      Агрессивтіліктің сандық және сапалық ерекшеліктері болады. Басқа құрылымдар сияқты оның да көріну деңгейі болады: мүлде болмайды немесе шектен тыс нәтиже көрсетеді. Әр тұлғаның өзіндік агрессивтілік деңгейі болуы керек. Оның болмауы пассивтіліктің, конформдылықтың туындауына алап келеді. Оның шектен тыс дамуы конфликтілі тұлғаны қалыптастырады, олар саналы коопреацияға қабілетті болмайды.

       Агрессивтіліктің көрінуінің екі түрін көрсетуге болады: біріншісі – мотивациялық агрессия, екіншісі – құралдық агрессия (екеуі де сана қадағалауымен және керісінше эмоционалды күйзеліспен байланыста болады). Психологтарды мотивациялық себептерден туындаған агрессия тұлғадағы деструктивті тенденцияларды анықтауда қызықтырады. Басса-Даркидің агрессивтілікті анықтау сауалнамасы осыған негізделген. А.Басса мен А.Дарки өздерінің сауалнамаларын жасағанда келесі реакция түрлерін бөліп шығарды:

1.Физикалық агрессия – физикалық күшті басқа адамға қатысты қолдану;

2.Жанама агрессия – жанама түрде басқа адамға немесе ешкімге бағытталмаған агрессия;

3.Тітіркену – аз ғана қоздыру болған жерде негативті сезімдердің дайын болуы;

4.Негативизм – қалыптасқан заңдар мен дәстүрлерге пассивті қарсыласудан белсенді күресуге дейін болатын оппозиционды жүріс-тұрыс;

5.Өкпелеу – айналада болып жатырған әрекеттерге қатысты қызғану мен жек көрушілік;

6.Күдіктенушілік – басқа адамдарға сенімсіздіктің қалыптасуы және басқа адамдар зиянды әрекеттердіістейді және жоспарлайды деген көзқарастың қалыптасуы;

7.Вербалды агрессия – негативті сезімдердің форма арқылы (айқайлау, шиқылдау), және сөздік жауаптар (қорқыту, қарғыс) арқылы көрінуі;

8.Кінәлілік сезімі – субъектің өзін жаман адам деп ойлауы, пайдалы емес әрекеттер істейтінін сезінуі.

        Сұрақтама 75 тұжырымдамадан тұрады, зерттелінуші оларға “иә” және “жоқ” деп жауап береді.

 

       Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі

      Зерттелінушіге 24 оқиға желісі бейнеленген суреттер ұсынылады. Онда екі адамның өзара әңгімелесуі бейнеленген. Бірінші адам айтқан сөздер бірінші шаршыда жазылған. Зерттелінушінің міндеті, екінші адам рөлінде осы оқиға желісінде қалай жауап қайтаратынын екінші шаршыда бейнелеу. Жауап беруші өз ойына келген бірінші жауапты көрсетуі керек.

    Әдістеме бойынша алынған жауаптар екі аспектіде талқыланады: реакция бағыттылығы бойынша және реакция түрі бойынша. Реакция немесе агрессия бағыттылығы бойынша үшке бөлеміз: 1) сыртты айыптау реакциясы (С) – мұнда басқа адамға немесе объектке қатысты айыптау, қорлау, агрессивтілік суреттеледі. 2) өзін-өзі айыптау реакциясы (Ө) – жауапта өзінің кінәлі екендігі, өзіне бағытталған агрессия, өкіну формалары кездеседі. 3) айыптаушылық жоқ реакция (Ж) – мұнда өзін де, өзгені де айыптау реакциясы болмайды.

       Реакция түрі бойынша жауаптар былай бөлінеді: 1) кедергілі-доминантты (КД) – егер жауапта кедергілердің, бөгет нәрселердің немесе басқа да фрустраторлардың бар болуы қарастырылса; 2) өзіндік қорғаныс (ӨҚ) – жауапта адамның өзін немесе өзгені болған істе айыптауы немесе ақтап алуы тіркелсе, 3) шешімге келу (ШК) – егер жауап фрустрациялы жағдайды өз тарапынан немесе өзгелердің көмегімен шешуге бағытталса.

     Талдаудан алынған нәтижелер арнайы жауап беру парағында тіркеледі. Жауап беру парағын талдау негізінде қорытынды таблица толтырылады: онда сыртты айыптау, өзін-өзі айыптау, айыптаушылық жоқ реакциялардың жалпы сомасы келесі қатарларда жазылады: кедергілі-доминантты, өзіндік қорғаныс, шешімге келу.

       Реакцияның түрі мен бағыты бойынша жалпы балы пайыздық көрсеткішке мына формула бойынша көшіріледі: S = K * 4,17%, мұндағы S – реакцияның түрі мен бағытының пайыздық көрсеткіші. К – жалпы балл.

       Розенцвейгтің айтуынша, реакция түрлері мына қасиеттерді көрсетеді: кедергілі-доминантты – адамның фрустрацияланған күйі, өзіндік-қорғаныс – тұлғаның әлсіз және күшті тұстарын көрсетуде, шешімге келу – тұлға белсенділігін көрсетеді.

       Реакция фрустрациясының жалпы профилін былай анықтаймыз:

түрі бойынша ӨҚ > КД > ШК;

бағыты бойынша С > Ө > Ж.           

 

      “Автопортрет” проективті әдістемесі

       Автопортрет — әдістемеге қатысқан адамның өзі ойлап шығарған адам бейнесі. Психодиагностика үшін автопортреттің салыну моделі мен типологиялық белгілерінің болуы маңызды. Автопортреттің формаларын былай бөліп көрсетуге болады:

—    бет-бейнені ортада бейнелеу, бұл өте жиі кездесетін бейнелеудің түрі;

—    портретті толықтыратын немесе ысыратын интерьерде бейнелеу;

— әр түрлі жасты, өмірлік жолдың деңгейлерін білдіретін бірнеше автопортреттің салынуы;

—  сюжетті автопортрет, мұнда автор достары, туыстары, жақындарының ортасында бір әрекет істеу түрінде бейнеленеді;

—    ерекше, реалды жағдай, бұл кезде автор өзін шындығында да болған бір оқиға желісінде бейнелейді;

—     ойлап шығарылған бейне – автор ойлап шығарған, өзі қатыспаған оқиға желісінде салынған бейне[29].

       “Автопортрет” проективті әдістемесінің интерпретациясын жасауда көбінесе Р.Бернс (АҚШ, Адам дамуының институты, Сиэтл қ.) бейімдеген интерпретация қолданылады. Р.Бернс автопортретте кездесетін элементтерді былай талқылауды ұсынды:

Бас. Үлкен бас өзіндік интеллект сезіміне қанағаттанбаудан салынады, кішкентай бас өз интеллектіне қанағаттану сезімімен байланысты.

Көз. Үлкен көздің бейнеленуі күдіктенішілік пен қоғамдық пікірге қатысты сезімділіктің жоғары деңгейін білдіреді. Кішкене немесе жұмулы көздер өз-өзіне бейімделу мен интроверсия тенденциясын білдіреді.

Құлақ пен мұрын. Үлкен құлақтар сынауға қатысты сезімділікті білдіреді. Мұрынға істелген акценттер сексуалды мәселелердің қалыптасқанының көрсеткіші болады. Осылар ерекше көрсетілсе агрессивтіліктің белгісі.

Ауыз. Ерекше бейнеленген ауыз бейнесі сөйлеудегі қиыншылықтарды білдіреді. Ауыздың салынбауы не депрессияны, не сөйлеуге деген қажеттіліктің жоқтығын білдіреді.

Қол. Тұлғаның айналамен байланыста болуының символы, айқасқан қол қатал, жабық тұлғаны білдіреді. Әлсіз салынған қолдар физикалық және психологиялық әлсіздіктің көрінісі. Ұзын, анық салынған қолдар өз-өзіне сенімділік пен сыртта болып жатқан оқиғаларға өзінің қатыстығын білдіреді.

Аяқ. Ұзын аяқтың бейнеленуі тәуелсіз болуға қажеттілікті білдіреді. Үлкен аяқтар қауіпсіздіктің болуын талап етеді. Аяқтың салынбауы тұрақсыздықты және негізділіктің болмауын білдіреді. Мысалы, дизертирлер, көбінесе бейнесін аяқсыз салады.

       Бернс бейнеленген элементтер бойынша интерпретация жасауды ұсынса, қорытынды жасаудың екінші түрі бейненің салынуымен байланыстырылып жасалынады. Оның келесі түрлері бар:

  1. Эстетикалық бейне – шығармашылық қабілеттіліктері бар адамдармен салынады. Бейнедегі сызбалардың көрнекті, жеңіл салынуы, образ сәйкестілігінің болуы осыған дәлел болады.
  2. Схематикалық бейне – дене мен беттің схемалы түрде профилді және анфасты салынуы, мұндай адамдар интеллектісі жоғары болады, олардың жалпылауы синтетикалық когнитивті стиль түрінде болады.
  3. Реалдылыққа сай бейне – мұнда барлық элементтер бет, шаш, құлақ, мойын, киімнің салынуы толық қамтылады. Мұндай адамдар педантилді, детализациялауға, аналитикалық когнитивті стилге қабілетті болады.
  4. Метафоралық бейне – адам өзін бір зат түрінде, мысалы, шәйнек, химиялық құрал, жануар, өсімдік, әдеби кейіпкер түрінде салады. Мұндай бейнені жоғары фантазиялық дамуы бар шығармашылық адамдар салады. Осы адамдарға әзілқойлық та сай келеді.
  5. “Интерьердегі автопортрет” – адамның басқа бейнелер, пейзаж бен бөлме фонының аясында салынуы. Осындай бейне салған адамдар сюжеттік бейнелеуге құмар болады, олар өздерін айналасындағылармен жоғары байланыста ұстайды.
  6. Эмоционалды автопортрет – адам өзін бір эмоционалды күйде бейнелейді. Мұндай суретті салуға өз күйін рефлексиялайтын, жоғары эмоционалдылық тән адамдар салады. Көп жағдайда адамдағы эмоция салынған эмоцияға қарам-қарсы болуы мүмкін. Мысалы, қайғылы адам күліп тұрған адамды бейнелейді.
  7. Қалыпты немесе қозғалысты бейнелеу – адам өзін бір әрекет істеуде бейнелейді. Мұндай суретті қозғалмалы адамдар, мысалы, спортшылар мен бишілер салады.
  8. Артқы келбеттен салынған автопортрет – бет-бейненің орнына адамның шүйде тұсы салынады, мұндай суретті инструкцияға, зерттеушінің нұсқауларына қарсы келген адамдар салады.

       Осы көрсетілген екі интерпретациялардан алынған мәліметтер негізінде “Автопортрет” проективті әдістемесінің сандық және сапалық мәліметтерін шығаруға болады.

 

 

     2.3 Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданылатын      

     математикалық әдістермен талдау жасау

 

     2.3.1  Басса-Дарки агрессивтілік деңгейін анықтау әдістемесінің

     нәтижелерін тіркеу, өңделуі

 

Кесте 1 — Басса-Дарки әдістемесі бойынша эксперименттік топ мүшелері көрсеткен нәтижелер

 

 

Физика-лық аг-рессия

Жанама агрессия

 

Тітіркену

Негати-визм

 

Өкпелеу

Күдік-тену-шілік

Вербал-ды агрес-сия

Кінәлілік сезімі

1

2

3

4

5

6

А.Р.

В.Б.

А.А.

Х.Ф.

К.Б.

Х.С.

4

5

4

5

5

4

4

3

7

3

2

3

4

1

3

3

4

3

2

2

1

0

0

1

 

5

5

4

5

5

3

5

4

6

5

9

3

4

7

3

4

5

5

5

10

9

6

4

6

 

Кесте 2 — Басса-Дарки әдістемесі бойынша салыстырмалы топ мүшелері көрсеткен нәтижелер

 

 

Физика-лық аг-рессия

Жанама агрессия

 

Тітіркену

Негати-визм

 

Өкпелеу

Күдік-тену-шілік

Вербал-ды агрес-сия

Кінәлілік сезімі

1

2

3

4

5

6

7

8

Ф.В.

Бар.

Г.С.

Мас.

К.А.

Айн.

Ков.

Кал.

7

3

6

6

2

6

2

5

8

4

2

3

2

2

3

4

8

2

7

6

2

4

3

9

3

2

3

1

1

3

1

4

 

 

6

5

1

3

3

2

6

8

10

8

6

4

3

3

7

10

9

7

6

3

4

7

3

11

8

6

5

7

6

6

8

5

 

Әр шкала бойынша мүмкін болатын максималды балл саны:

  1. Физикалық агрессия: 10
  2. Жанама агрессия: 9
  3. Тітіркену: 11
  4. Негативизм: 5
  5. Өкпелеу: 8
  6. Күдіктенушілік: 12
  7. Вербалды агрессия: 13
  8. Кінәлілік сезімі: 10

 

       Басса-Дарки агрессивтілік әдістемесінен алынған нәтижелерді гистограммада бейнелеу

    Эксперименттік топ.

    Топтан алынған нәтижелердің ортақ мәнін тауып алуымыз қажет:

    Эксперименттік топ мүшелері көрсеткен нәтижелер мынадай (топ 6 адамнан тұрады):

  1. Физикалық агрессия – топ мүшелерінің жалпы жинаған балл саны – 27. Мұны топтағы адамдар санына бөліп, ортақ нәтижені шығарамыз, яғни

 

27 / 6 = 4,5

 

  1. Жанама агрессия – жалпы балл – 22 / 6 = 3,6
  2. Тітіркену – жалпы балл – 18 / 6 = 3
  3. Негативизм – жалпы балл – 6 / 6 = 1
  4. Өкпелеу – жалпы балл – 27 / 6 = 4,5
  5. Күдіктену – жалпы балл – 32 / 6 = 5,3
  6. Вербалды агрессия – жалпы балл – 28 / 6 = 4,6
  7. Кінәлілік сезімі – жалпы балл – 40 / 6 = 6,6

 

     Енді осы нәтижелерді гистограммада бейнелейміз:

 

Гистограмма 1 — Басса-Дарки әдістемесінен эксперименттік топ мүшелері нәтижелерінің ортақ мәндері

 

Салыстырмалы топ. Топ 8 адамнан тұрады.

  1. Физикалық агрессия – жалпы балл – 37 / 8 = 4,6
  2. Жанама агрессия – жалпы балл – 28 / 8 = 3,5
  3. Тітіркену – жалпы балл — 41 / 8 = 5,1
  4. Негативизм – жалпы балл – 18 / 8 = 2,25
  5. Өкпелеу – жалпы балл – 34 / 8 = 4,25
  6. Күдіктену – жалпы балл – 51 / 8 = 6,3
  7. Вербалды агрессия – жалпы балл – 50 / 8 = 6,25
  8. Кінәлілік сезімі – жалпы балл – 50 / 8 = 6,25

 

Алынған нәтижелерді гистограммада бейнелейміз:

 

Гистограмма 2 — Басса-Дарки әдістемесінен салыстырмалы топ мүшелері нәтижелерінің ортақ мәндері

 

Енді эксперименттік топ пен салыстырмалы топ мүшелері көрсеткен нәтижелердің арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін салыстырмалы гистограммаларды жасау тиімді:

 

 

Гистограмма 3 — Екі топ арасындағы ортақ мәндерді салыстырмалы бейнелеу

 

Гистограмма 4 — Екі топ арасындағы ортақ мәндерді салыстырмалы бейнелеу

 

 

Гистограмма 5 — Екі топ арасындағы ортақ мәндерді салыстырмалы бейнелеу

 

       Екі топтан алынған нәтижелер негізінде агрессивтіліктің сипатын көрсететін 3 шкала: физикалық агрессия, жанама агрессия, вербалды агрессияны бөліп алып, алға қойған болжамды растау және жоққа шығару үшін математикалық статистикада өңдейміз.

       Статистикалық гипотеза – математикалық статистика тілінде параметрлер арасындағы байланысты орнатады. Олар нөлдік және альтернативті болып бөлінеді.

       Нөлдік гипотеза (Н0) — өлшеніп отырған екі құбылыстың арасында айырмашылықтың жоқтығы туралы гипотеза, яғни – Х12=0.

       Альтернативті гипотеза (Н1) – салыстырылып отырған екі белгінің арасында мәнді, жеткілікті айырмашылықтың бар болуы туралы гипотеза. Мұны кейде экспериментті, жұмыс гипотезасы деп те атайды.

       Ары қарай осы болжамдарды дәлелдеу үшін топтар арасындағы айырманы бағалау үшін Манна-Уитни әдісін қолданамыз. Манна-Уитни әдісін таңдау тобында аз адам болғанда қолдану тиімді. Осы зерттеуге қатысқан зерттелінушілер саны аз болғандықтан, Манна-Уитни әдісін таңдау тиімдірек.

 

    Манна-Уитни критерийін мына формула бойынша есептейді: (1)

 

U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx  , (1) мұндағы

 

 n1  n2 – сәйкес таңдау топтарындағы зерттелінушілер саны;

 nх – ранг қосындысы жоғары таңдау тобындағы зерттелінушілердің саны;

 Тх – жоғарғы ранг қосындысы.

 

       Бірінші шкала бойынша, Н0 – екі топ арасындағы физикалық агрессияда мәнді айырмашылық жоқ, Н1 – екі топ арасындағы физикалық агрессияда мәнді айырмашылық бар.

 

Кесте 3 — Екі топтың физикалық агрессия көрсеткіштерін Манна-Уитни әдісі үшін тіркеу

 

Эксперименттік топ

 

Көрсет-кіш

 

Сәйкес ранг

 

Салыстыр-малы топ

 

Көрсет-

кіш

 

Сәйкес ранг

 

1.     А.Р.

2.     В.Б.

3.     А.А.

4.     Х.Ф.

5.     К.Б.

6.     Х.С.

4

5

4

5

5

4

10

6,5

10

6,5

6,5

10

 

жалпы балл:49,5

 

1.     Ф.В.

2.     Бар.

3.     Г.С.

4.     Мас.

5.     К.А.

6.     Айн.

7.     Ков.

8.     Кал.

7

3

6

6

2

6

2

5

1

12

3

3

13,5

3

13,5

6,5

жалпы балл: 55,5

 

   Тх – 55,5 салыстырмалы топ рангілері жоғары.

 

      U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx = 6*8 + 8*9 / 2 – 55,5 = 28,5 (1.1)

 

Uэмп =28,5

 

    Критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырсақ, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:

 

Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)

 

Uкрит < Uэмп

 

    Сондықтан біз жұмыс гипотезасын шеттетіп, нөлдік гипотезаны қабылдаймыз. Яғни, терроршы мен қылмыскердің физикалық агрессиясында мәнді айырма жоқ.

       Енді екінші шкала жанама агрессия көрсеткіштерін математикалық тұрғыда талдаймыз. Бұл үшін:

Н0: екі топтың жанама агрессиясында мәнді айырмашылық жоқ.

Н1: екі топтың жанама агрессиясында мәнді айырмашылық бар. 

 

U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx    (2)

 

    Екі топтаң жанама агрессия бойынша көрсеткен нәтижелері келесі таблицада берілген.

 

 Кесте 4 — Екі топтың жанама агрессия көрсеткіштерін Манна-Уитни әдісі үшін тіркеу

 

Эксперименттік топ

 

Көрсет-кіш

 

Сәйкес ранг

 

Салыстыр-малы топ

 

Көрсет-

кіш

 

Сәйкес ранг

 

1.     А.Р.

2.     В.Б.

3.     А.А.

4.     Х.Ф.

5.     К.Б.

6.     Х.С.

4

3

7

3

2

3

4

8

2

8

12,5

8

жалпы балл: 42,5

 

 

1.     Ф.В.

2.     Бар.

3.     Г.С.

4.     Мас.

5.     К.А.

6.     Айн.

7.     Ков.

8.     Кал.

8

4

2

3

2

2

3

4

 

 

1

4

12,5

8

12,5

12,5

8

4

жалпы балл: 62,5

    Тх – 62,5 салыстырмалы топтың рангілерінің қосындысы жоғары.

 

      U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx = 6*8 + 8*9 / 2 – 62,5 = 21,5   (2)

Uэмп =21,5

 

       Критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырсақ, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:

 

Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)

Uкрит < Uэмп

 

         Алынған эмпирикалық мән критикалық мәндерден жоғары, сондықтан жұмыс гипотезасын шеттетіп, нөлдік гипотезаны есепке аламыз.

 

   Терроршы мен қылмыскер агрессивтілігінің қатынасының көрсеткіші болатын үшінші шкала – вербалды агрессияның гипотезасы:

Н0: екі топтың вербалды агрессиясында мәнді айырмашылық жоқ.

Н1: екі топтың вербалды агрессиясында мәнді айырмашылық бар. 

 

Кесте 5 — Екі топтың вербалды агрессия көрсеткіштерін Манна-Уитни әдісі үшін тіркеу

 

Эксперименттік топ

 

Көрсет-кіш

 

Сәйкес ранг

 

Салыстыр-малы топ

 

Көрсет-

кіш

 

Сәйкес ранг

 

1.     А.Р.

2.     В.Б.

3.     А.А.

4.     Х.Ф.

5.     К.Б.

6.     Х.С:

4

7

3

4

5

5

10

4

13

10

7,5

7,5

жалпы балл: 52

 

 

1.     Ф.В.

2.     Бар.

3.     Г.С.

4.     Мас.

5.     К.А.

6.     Айн.

7.     Ков.

8.     Кал.

9

7

6

3

4

7

3

11

 

 

2

4

6

13

10

4

13

1

жалпы балл: 53

       Тх – 53 салыстырмалы топтың рангі жоғары болғандықтан, формуланы былай өрнектейміз:

 

U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx = 6*8 + 8*9 / 2 – 53 = 31    (3)

Uэмп =31

       Критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырсақ, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:

 

Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)

Uкрит < Uэмп

 

        Эмпирикалық мән критикалық мәндерден жоғары, сондықтан жұмыс гипотезасын шеттетіп, нөлдік гипотезаны қабылдаймыз.

 

    Басса-Дарки әдістемесінің математикалық сұрыпталуы көрсеткендей, агрессияны сипаттайтын үш шкала бойынша да эксперименттік топ пен салыстырмалы топ арасында мәнді айырмашылық жоқ.

 

       2.3.2  Розенцвейг әдістемесінің қорытындыларының өңделуі

 

       Розенцвейг әдістемесінен алынған қорытынды таблица бойынша агрессивтілік белгілерінің екі шкаласын көрсетуге болады:

1.Реакция түрі бойынша кедергілі-доминанттылық белгісінің реакция бағыттылығы бойынша сыртты айыптаумен түйісуі;

2.Реакция түрі бойынша өзіндік қорғаныс белгісінің реакция бағыттылығы бойынша сыртты айыптаумен түйісуі.

 

    Осы екі шкаланың екі топтағы тіркелуінің кестелерін былай көрсетеміз.

 

 

 

Аты-жөні

Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі

Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі

1

2

3

4

5

6

А.Р.

В.Б.

А.А.

Х.Ф.

К.Б.

Х.С.

2

3

4

2

3

2

1

2

2

3

3

3

Кесте 6 — Эксперименттік топтағы нәтижелердің тіркелуі

 

 

Кесте 7 — Салыстырмалы топтағы нәтижелердің тіркелуі      

 

 

 

Аты-жөні

Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі

Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі

1

2

3

4

5

6

7

8

Ф.В.

Бар.

Г.С.

Мас.

К.А.

Айн.

Ков.

Кал.

2

3

2

1

3

1

2

1

4

4

3

2

4

2

2

2

 

       Енді алынған нәтижелерді көрнекі түрде салыстырмалы көрсету үшін графикалық бейнеде бейнелеу тиімді.

       Ол үшін әр шкала бойынша екі топтың ортақ нәтижелерін шығарып аламыз:

  1. Эксперименттік топ. Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 16, зерттелінушілер саны – 6.

16 / 6 = 2,66

    Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 14, зерттелінушілер саны – 6.

14 / 6 = 2,33

  1. Салыстырмалық топ. Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 15, зерттелінушілер саны – 8.

15 / 8 = 1,9

    Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 14, зерттелінушілер саны – 6.

23 / 8 = 2,9

 

Алынған нәтижелерді гистограммада бейнелейміз:

 

Гистограмма 6 — Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласының екі топ арасындағы салыстырмалы көрсеткіші

 

 

Гистограмма 7 — Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласының екі топ арасындағы салыстырмалы көрсеткіші

 

       Енді Розенцвейг әдістемесінен алынатын нәтижелерін болжамды дәлелдеу үшін психологияда қолданылатын математикалық тәсілдерге саламыз, яғни статистикалық гипотеза негізінде есептейміз.

      Зерттеу болжамын дәлелдеу үшін Манна-Уитни әдісін қолданамыз. Манна-Уитни әдісін таңдау тобында аз адам болғанда қолдану тиімді.

 

    Манна-Уитни критерийін мына формула бойынша есептейді:  (1)

 

U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx      (1)

 

        Осы формула негізінде кедергілі-доминанттық пен сыртты айыптаудың түйісуі шкаласын есептейміз. Мұндағы:

      Н0 гипотеза: Екі топ мәліметтерінің арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма жоқ.

      Н1 гипотеза: Екі топ мәліметтерінң арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма бар.

 

Кесте 8 — Кедергілі-доминанттық пен сыртты айыптау түйісу шкаласының Манна-Уитни әдісі үшін көрсеткіші

 

Эксперимент-тік топ

Көрсет-кіші

Сәйкес

ранг 

Салыстыр-малы топ

Көрсет-кіш

Сәйкес ранг

1. А.Р.

2. В.Б.

3. А.А.

4. Х.Ф.

5. К.Б.

6. Х.С.

2

3

4

2

3

2

 

8,5

3,5

1

8,5

3,5

8,5

жалпы: 33,5

 

1. Ф.В.

2. Бар.

3. Г.С.

4. Мас.

5. К.А.

6. Айн

7. Ков.

8. Кал

2

3

2

1

3

1

2

1

8,5

3,5

8,5

13

3,5

13

8,5

13

 жалпы: 71,5

 

     Тх = 71,5 – салыстырмалы топ рангілері жоғары болғандықтан, жоғарыда көрсетілген формула бойынша U мәнін есептейміз:

 

   U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx = 6*8 + 8*9 / 2 – 71,5 = 12,5   (4)

Uэмп =12,5

    Енді критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырайық, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:

 

Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)

 

Uкрит < Uэмп

 

       Біздің алып отырған эмпирикалық мәніміз критикалық мәндерден жоғары, сондықтан альтернативті гипотезаны шеттетіп, нөлдік гипотезаны қабылдаймыз.

      Демек, эксперименттік топ пен салыстырмалы топ арасындағы агрессивтілікте айырмашылық жоқ.

 

    Енді өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісуінен болатын екі топ арасындағы агресивтілік айырмашылығын анықтаймыз. Бұл бойынша,

 

       Н0 гипотеза: Екі топ мәліметтерінің арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма жоқ.

     Н1 гипотеза: Екі топ мәліметтерінң арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма бар.

 

Кесте 9 — Өзіндік қорғаныс пен сыртты айыптау түйісу шкаласының Манна-Уитни әдісі үшін көрсеткіші

 

Эксперимент-тік топ

Көрсет-кіші

Сәйкес

ранг 

Салыстыр-малы топ

Көрсет-кіш

Сәйкес ранг

1. А.Р.

2. В.Б.

3. А.А.

4. Х.Ф.

5. К.Б.

6. Х.С.

1

2

2

3

3

3

 

14

10,5

10,5

5,5

5,5

5,5

жалпы:

51,5

 

1. Ф.В.

2. Бар.

3. Г.С.

4. Мас.

5. К.А.

6. Айн

7. Ков.

8. Кал

4

4

3

2

4

2

2

2

2

2

5,5

10,5

2

10,5

10,5

10,5

 жалпы: 53,5

    Тх = 53,5 – салыстырмалы топ рангілері жоғары.

 

   U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx = 6*8 + 8*9 / 2 – 53,5 = 30,5    (5)

 

Uэмп =30,5

       Ары қарай критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырайық, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:

 

Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)

Uкрит < Uэмп

 

      Тағы да бұл шкала бойынша алып отырған эмпирикалық мәніміз критикалық мәндерден жоғары, сондықтан альтернативті гипотезаны шеттетіп, нөлдік гипотезаны қабылдаймыз.

       Бұл шкала бойынша да эксперименттік топ пен салыстырмалы топтың арасындағы агрессивтілікте айырмашылық жоқ.

        Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Розенцвейг тесті бойынша терроршылардың агрессивтілігінің деңгейі қылмыскерлерден жоғары болады деген болжам жоққа шығарылды.

 

  • “Автопортрет” проективті әдістемесін қорытындылау

 

     “Автопортрет” әдістемесі жалпы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған болғандықтан, терроршы тұлғасының ерекшеліктерін білу ниетінде таңдап алынған болатын. Сонымен қатар, осы әдіс арқылы тұлға агрессивтілігінің кейбір қырларын да байқауға болады.

       Әдіске қатысқан екі топтың нәтижелерін салыстырғанда да зерттеуге қойылған болжам жоққа шығарылды деп айтуға болады. Ол үшін әр топтан шыққан нәтижелерді жеке-жеке талдауымыз керек. Негізгі тұлғалық ерекшеліктер ретінде келесі 15 қасиет таңдап алынды.

       Олар мына кестеде бейнеленді.

 

Тұлғалық ерекшеліктер

Кездесу жиілігі (%)

Эксперименттік

топ,  6 адам

Салыстырмалы

топ, 8 адам

1.     Эгоцентризм (бет-бейнені

    ортада анфас күйінде белгілеу)

2.     Үлкен интеллектуалдылық (үлкен бастың бейнеленуі)

3.     Әлеуметтік және интел-лектуалды қалыптаспағандық (кішкене бастың бейнеленуі)

4.     Күдіктенушілік (үлкен көздің салынуы)

5.     Интроверсия (кішкене көздердің бейімделуі)

6.     Сынға деген сезімталдық (үлкен құлақтың салынуы)

7.     Мұрынға жасалған акцент (сексуалды проблемалардың болуы)

8.     Агрессивтілік (ерекше бейнеленген бет-бейне)

9.     Депрессивтілік (ауыздың салынбауы)

10.  Тұйық тұлға (қолдың айқасып салынуы)

11.  Психологиялық әлсіздік (жіңішке қолдардың бейнеленуі)

12.  Өз-өзіне сенімділік (ұзын, күшті қолдардың бейнеленуі)

13.  Тәуелсіз болуға қажеттілік (ұзын аяқтардың салынуы)

14.  Қауіпсіз болуға қажеттілік (үлкен аяқтардың салынуы)

15.  Тұрақсыздық, негізсіздік (аяқтардың салынбауы)

 

3 (50)

 

4 (66)

 

 

1 (16)

 

2 (33)

 

4 (66)

 

4 (66)

 

 

2 (33)

 

3 (50)

 

0 (0)

 

1 (16)

 

 

1 (16)

 

2 (33)

 

1 (16)

 

2 (33)

 

3 (50)

 

4 (50)

 

4 (50)

 

 

3 (37)

 

5 (62)

 

2 (25)

 

3 (37)

 

 

3 (37)

 

5 (62)

 

1 (12)

 

0 (0)

 

 

4 (50)

 

2 (25)

 

2 (25)

 

1 (12)

 

3 (37)

Кесте 10 — Тұлғалық ерекшеліктердің екі топтағы кездесу жиілігі

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

      Алынған нәтижелер негізінде қоғамға залалын тигізетін қасиеттерді іріктеп алып, екі топ арасындағы айырмашылықты анықтаймыз. Ол қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады:

1.Эгоцентризм;

2.Әлеуметтік және интеллектуалды қалыптаспағандық;

3.Агрессивтілік;

4.Депрессивтілік;

5.Тұрақсыздық, негізсіздік.

 

       Енді аталған қасиеттердің екі топ арасындағы пайыздық көрсеткішіне көз салатын болсақ:

                                   Эксперименттік топ                Салыстырмалы топ

  1.            50                                           50
  2. 16 37
  3. 50 62
  4. 0 12
  5. 50 37

 

      Көріп отырғанымыздай, аталған бес қасиеттің салыстырмалы талдауын былай өрнектеуге болады: 

+1=1-3, яғни

 

бір қасиет бойынша эксперименттік топ нәтижесі жоғары, тағы бір қасиет бойынша екі топ көрсеткіштері бірдей, ал қалған ұш қасиет бойынша салыстырмалы топ нәтижелері жоғары көрсеткішке ие болған.

       Сондықтан, “Автопортрет” проективті әдістемесі арқылы да терроршыларды қарапайым қылмыскерлерден ерекшелейтін ерекше бір тұлғалық қасиеттерді анықтадық деп айту да қиын.

 

        2.4  Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз

 

        Зерттеудің болжамына сай, “терроршылардың агрессивтілігі қарапайым қылмыскерлерден жоғары бола ма?” деген сұраққа жауап іздеу ниетінде жоғарыдағы үш әдістеме таңдап алынған болатын. Екі әдістеме тікелей агрессивтіліктің көрсеткішін анықтауға ыңғайланып таңдалған болса, “Автопортрет” әдістемесі тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға бағдарланды.

          Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алдымызға қойылған болжам анықталған жоқ, яғни оның растығына көз жеткізе алмадық. Сонда да зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштерді ақтық нәтиже деп қабылдау ерте сияқты:

— біріншіден, зерттеуге эксперименттік топ мүшелері ретінде тек 6 адам ғана таңдап алынды (ЛА 155/14 мекемесінде ҚР ҚК 233 бабының 1 және 2 тармағы бойынша айыпталған азаматтар саны осыншама ғана), тәжірбиеге сүйенсек, таңдау тобында адамдар саны аз болған сайын, зерттеу нәтижесінің сенімділігі де төмендейді;

— екіншіден, эксперименттік топ мүшелерінің барлығы өзбек ұлтының азаматтары, “Хизб-ут-Таһрир” партиясының мүшелері, яғни діни адамдар, сондықтан да оларға эксперимент жүргізгенде, олардан зерттеу әдістері батыстық бағытта жасалған, мұсылмандарға дайындалған нұсқасы болса деген ұсыныс түсті. Бұл да зерттеудің ақтық нәтижесіне ықпалын тигізуі мүмкін;

— үшіншіден, екі әдістеме бойынша математикалық әдіс ретінде Манна-Уитни формуласы ғана таңдап алынды. Мұның себебі, таңдау тобында адамдар аз болғанда бейімделген әдіс – осы Манна-Уитни әдісі ғана. Сондықтан зерттеудің жұмыс және нөлдік гипотезаларының шығуы рсы әдіске негізделді.

 

         Міне,  зерттеу ерекшеліктері туралы осылай қорытынды жасауға болады. Жалпы, терроризм психологиясы – жұмбақ және қызықты психология.    Сондықтан жаңа қоғамының өзекті мәселелерінің бірін психологиялық тұрғыда зерттеу ары қарай қолға алынады деп ойлаймын.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Терроризм – бұрмаланған сана мен ереше логиканың мысалы. Терроризмнің шешендік, орыстық, палестиндік, ауғандық нұсқаларында өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, дегенмен оның сипаты біреу ғана. Терроршы әрекетінен қалыпты адамға тән логика іздеудің мәнділігі жоқ. Қалай айтқанда да, барлығы мына екі факторға келіп тіреледі: қаржы табу және адамдарға зорлық-зомбылық көрсету.

        Бұл дипломдық жобаның мақсаты ретінде терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде агрессивтілігі мәселесін қарастыру таңдап алынды. Зерттеу жүргізгенге дейінгі ой теория жүзінде терроршылардың агрессивтілігі жоғары болады дегенге келген болатын. Бірақ зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, терроршылардың агрессивтілігі қарапайым қылмыскердің агрессивтілігі деңгейінен жоғары деудің ешқандай негіздемелері жоқ. Сондықтан да болар, терроризмге қарсы күресте олардың осындай айқын белгілерінің болмауы – жағдайды ушықтыра түседі. Айқындылықтың болмауы – терроршылардың басты психологиялық құралдары іспеттес. 

        Зерттеудің нәтижесіне бірнеше факторлар әсер еткендіктен, зерттеудің болжамының жоққа шығуын ақырғы нәтиже деп қабылдау да ертерек болар. Зерттелінушілер санының аз болуы (осы жерде терроршылар мен қылмыскерлерге зерттеу жүргізуге рұқсат берген Алматы қаласы және Алматы облысы ҚАЖ Комитетінің төрағасы, юстиция полковнигі Н. Сәбитов пен ЛА 155/14 мекемесінің төрағасы, юстиция полковнигі Р. Ахметовтың қосқан үлестерін айту орынды болар деп ойлаймын), терроршылардың мұсылман ұлтының өкілдері, діни адамдардың болуынан әдістердің кейбір кемшін тұстарының қалыптасуы зерттеуге өз әсерін де тигізгендей. 

        Терроризмнің психологиялық астарлары – өте күрделі мәселе. Зерттеуге терроршылардың қатысуы Қазақстан Республикасынан бұл құбылыстың ауылы алыс деген ойдың рас еместігін дәлелдейді. Сондықтан да, терроризмге қарсы күресте психологиялық зерттеулердің де көмегі зор болатындықтан, елімізде бұл мәселе дұрыстап қолға алынса деген идея ұшқын береді.

        Қазір ЖОО-ның “психология” бөлімдерінде “экстремизм психологиясы” атты арнайы курс оқытылады, осы курста тек экстремизмнің психологиялық мәселелері қарастырылады. Терроризмнің психологиялық алғышарттарын қарастыратын осындай арнайы бағдарламалар сабақ жоспарына енгізілсе деген ұсыныс та туындайды.   

        Дегенмен, терроризм психологиясы – психологияның жаңадан қалыптасқан бір нұсқасы. Әлемдік әдебиеттерде терроризмді психологиялық тұрғыда нақты суреттейтін еңбек шыға қойған жоқ деп те айтуға болады. Бұл мәселемен көп жағдайда саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер айналысатындықтан, олар терроризм құбылысын психологиялық жағынан суреттейміз десе де, өздерінің мамандықтарына қарай мазмұнда бағдар жасайды. Сол себепті алдағы жылдары терроризм психологиясы жаңа мазмұнды әдебиеттермен толығып, адамзаттың басты жауы атанған құбылысты зерттеуге қолғабысын тигізеді деп ойлаймын. Және бұл қатарға қазақстандық психологтар да өзіндік үлес қосады деген үміт туындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Антонян Ю.М. Терроризм. М., Владос, 1998 г.- 234 с.
  2. Психология террористов и серийных убийц. Минск, Харвест, 2004 г.-

312 с.

  1. Голубев В. Кибертерроризм как новая форма терроризма. –

      http://www.crime-research.org/library/Gol_tem3.htm(04.01.2003)  

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі.
  2. Михеев И.Р. “Терроризм: понятие, ответственность, предупреждение”

     http://www.kiev-security.org.ua/box/4/123.shtml

  1. Овчинникова Г.В. Терроризм: Серия “Современные стандарты в

     уголовном праве и уголовном процессе” / Науч. редактор проф. Б.В.

     Волженкин. СПб., 1998 г.- С. 46-51                 

  1. Советский энциклопедический словарь. М., Советская энциклопедия,-

     1980 г.- 1335 с.

  1. Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., Русский язык,- 1986 г.- 1045 с.
  2. Ольшанский Д.В. Психология терроризма. СПб., Питер,- 2002 г.- 273 с.
  3. Орысша-қазақша сөздік. 2 том. Алматы. Қазақ Совет энциклопедия- .

      сының бас редакциясы,- 1981 ж.- 963 б

  1. Словарь иностранных слов. М., Русский язык,- 1989 г. -872 с.
  2. Военный энциклопедический словарь. М., Воениздат, 1983 г. 736 с.
  3. “Психологи о терроризме” (“круглый стол”) // Психологический

      журнал. Т. 16. 1995 г. -№4.- С. 40-42

  1. Агеев А. “Наступил XXI век” // Профиль — 2001 г — 17 сентября.- С. 4-6
  2. Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону, Феникс, -1996 г. -315 с.
  3. Большой психологический словарь под ред. Б.Г. Мещерякова, В.П. Зинченко. М., ОЛМА-Пресс,- 2005 г. -456 с.
  4. Политическая психология / Под общ. Ред. А.А. Деркача, В.И. Жукова, Л.Г. Лаптева. М., Академический проспект, -2001 г.- 126 с.
  5. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения: в 50 т. 4-е изд. М., Госполитиздат,- 1951-1984. -456 с.
  6. Советский энциклопедический словарь. М., Советская энциклопедия, -1980 г. -1335 с.
  7. Кудрявцев В.Н. Правовое поведение: норма и паталогия. М., Наука,

-1982 г. -164 с.

  1. Савинков Б. “Воспоминания террориста” // Савинков Б. Избранное. М., Московский рабочий, -1990 г. -146 с.
  2. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности. М., Наука 175 с.
  3. Салимов К.Н. Современные проблемы терроризма. М., Щит-М.- 1999 г.-

    110 с.

  1. Васильев В.Л. Психология терроризма. www.rambler.ru
  2. Сатпаев Д.А. “Терроризм в Центральной Азии: реальность и перспективы” // Саясат. -1998 г.- №2. — С. 16-17
  3. Муканов С. “Некоторые аспекты классификации террористической деятельности” // Право и государство. 2000 г-. №3- С. 23-25
  4. Кайдаров Р.Е. “Терроризм: причины возникновения, развития и меры противодействия” // Право и государство. 2000 г. -№3, -С. 12-13
  5. Минековский Г.М., Ревин Р.П. “Характеристика терроризма и некоторые направления повышения борьбы с ним” // Государство и право. 1997 г.- №8, -С. 23-24
  6. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Книга М., Владос Пресс. -2006 г. -364 с.
  7. Еникеев М.И., Кочетков О.Я. Общая, социальная и юридическая психология. М., Юридическая литература. -1997 г. -416 с.
  8. Дубовик О.Л. Принятие решения в механизме преступного поведения и индивидуальная профилактика преступлений. М., Наука,- 1977 г. -158 с.
  9. Ратинов А.Р. Личность преступника. Психологические аспекты. В кн.

Новая Конституция и актуальные вопросы борьбы с преступностью. Тбилиси, Мцниереба, -1979 г. -162 с.

  1. Васильев В.Л. Психология терроризма. Сборник научных трудов.

СПб: ЮИ ГП РФ — №2- С. 36-38

  1. Бартол К. Психология криминального поведения. М., Олма-Пресс,

-2004 г. -489 с.

  1. Васильев В.Л. Психология терроризма. Материалы международной

конференции “Серийные убийства и социальная агрессия: Что нас ожидает в XXI  веке?” -Ростов на-Дону,- 2001 г.

  1. Васильев В.Л. Психолого-педагогические проблемы предупреждения

терроризма. Материалы международной конференции “Ананьевские чтения”. -СПбГУ. -2001 г.

  1. Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. Краткий курс. М.,

Социально-политический мысль, -2005г. -236 с.

  1. Хизб-ут-Таһрир. // Шапағат-Нұр. 2004 ж.- №11, С. 4-5
  2. Поуст Дж. Мы против них: групповая динамика политического терроризма. // В сб.: Социальные конфликты: экспертиза, прогнозирование, технология разрешения. -Вып. 4. Терроризм, -С. 36-38
  3. Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. СПб., Социально-психологический центр. -1996 г. -349 с.
  4. Түңлікбаева Э. Психологияда қолданылатын математикалық тәсілдер.

А., Қазақ университеті. 2001 ж — 42 б.