АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығына байланысты мәселелер

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                      3

 

1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ                                                                                                     5

1.1 Қылмыстардың көптігінің түсінігі                                                                       5

1.2 Қылмыстардың көптігінің нысандарының сипаттамасы                                   6

 

2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖӘНЕ ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ                                      11

2.1 Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы                                                            11

2.2 Қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындау                                 15

2.3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау                                          41

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                        50

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                    59

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыс қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігінің мәселелеріне арналған.

          Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға cәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс [1]. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар Қылмыстық Кодекстің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; қылмыстардың қайталануының болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқталғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық  жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын;  қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың  жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.

          Жалпы алғанда, сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұрын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатігездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

         Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруі оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызды болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты ескереді.

         Осыған орай, қылмыстардың көптігі мәселесін теориялық тұрғыдан зерттеу, жеке күрделі қылмыстардан, қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігінен ажырату қазіргі таңда өзекті деп айта аламыз.

Диплом жұмысының мақсаты – қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығына байланысты мәселелерді жан-жақты кешенді түрде зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін және оны сипаттайтын белгілерді анықтау;
  • қылмыстардың көптігінің нысандарын талдау және негіздеу;
  • қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығы барысында жаза тағайындауды зерттеу.

Зерттеу объектісі – қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығы барысныда жаза тағайындау ережелері қарастырылған қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеу пәні – қылмыстық заңның нақты нормалары болып табылады.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін ғылыми танымның жалпы, арнайы, жеке әдістері қолданылды. Оның ішінде, талдау, индукция, дедукция, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдіс, құқықты талдаудың формальды-қисындық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс және т.б. пайдаланылды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін жүйелі түрде талдауға ұмтылыс жасалынған.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, бес бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

  • Қылмыстардың көптігінің түсінігі

 

Бiр ғана тұлғаның бiрнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшiн аса қауiптi болып табылады. Бiрiншiден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетiн зиян объективтi түрде анағүрлым арта түседi. Екiншiден, бiр тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі  объектiлерге қиянат келтiретiн болса, зиян келетiн қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуi мүмкiн. Бір тұлғаның бiр ғана емес, бiрнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердiң бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейдi. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғүрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етедi.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық іс — қимылдарды жасауы қылмысты дұрыс саралаумен, кінәлінің жауаптылығын дараландырумен, сондай – ақ жеке күрделі қылмыстарды қылмыстардың көптігінен ажырату қажеттілігімен байланысты ерекше жағдайларды туындатады.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескiру мерзiмi өтпеген немесе соттылығы жойылмаған, не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екi не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазiргi қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінiң төмендегiдей түрлерi айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігі — жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында берілмегенмен де, қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Қылмыстардың көптігінің белгілері:

  • бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
  • бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар;
  • әр қылмыстан кейін қылмыстық құқықтың салдардың қалуы.

Бірінші белгі – қылмыстардың көптігінің ең негізгі сандық белгісі. Қылмыстардың көптігі болмайды, егер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі оларды жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке қылмыс болуы керек. Бірнеше қылмысты жасауды біз көптіік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің сипаты бойынша заңды түрде ұқсас немесе ұқсас емес болады.

Заңды түрде ұқсас деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша бірдей қылмыстарды айтамыз.

Ал заңды түрде біртектес қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік).

Заңи біртектес емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілген (бап, бөлік, пункт).

Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мәнге ие болады.

Қылмыстардың көптілігінің екінші белгісі — рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.

Көптіліктің үшінші белгісі — әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.

Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.

 

2.1 Қылмыстардың көптігінің нысандарының сипаттамасы

Қылмыстарды бірнеше рет жасау.

Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы дегеннiң мағынасына тереңiрек үңiлер болсақ, ол бiр тұлғаның екi немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттерi үшiн тұлғаның сотталғандығы немесе сотталмағандығы ескерiлмейдi. Мысалы, бiр тұлғаның кiсi өлтiру қылмысын екi рет жасауының бiр-бiрiнен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары түрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкiн, бiрақ бұл ҚК-тiң 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгiлерi бойынша ұқсас (бiрдей) болып келедi.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11 бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деп бір немесе заңда арнайы көрсетілген реттерде әртүрлі баптарда көзделген қылмысты бірнеше рет жасауын айтамыз [2].

Екі немесе одан да көп қылмыс жасау кезінде, яғни олар әр түрлі баптарға жатса, бұны бірнеше мәрте жасалды деп тек қана ҚК-те Ерекше бөлімінде көрсетілген кездерінде танылады.

Егер бұл істелген қылмыстар үшін, оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылса немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар де бірнеше рет жасалған қылмыс болып табылмайды.    

Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетiлген жағдайларда да бiрнеше рет жасау деп танылуы мүмкiн.
      Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді [3].
      Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады [4].
      Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.
      Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабының үшінші бөлігі бойынша  саралауға жатады). Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.

Бірнеше рет қылмыс жасаудың құрамдаушылары болып егер ол заңда қарастырылған болса, біртектес қылмыстар табылуы мүмкін, оларға бірдей немесе ұқсас тікелей объектілерге озбырлық жасайтын, бірдей кінә нысанымен және ұқсас уәждармен жасалған қылмыстарды жатқызу қажет [4].

ҚК 11-бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше рет жасалуы ҚК-те неғұрлым қатаң жазаға әкелетін жағдай ретінде қарастырылған жағдайда, тұлғаның жасаған қылмыстары бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін жаза көзделген ҚК Ерекше бөлімінің бабындағы тиісті бөлігі бойынша сараланады.

Қылмыстық заңды дұрыс қолдану азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды, сондай-ақ сотталушыларға жасаған әрекетіне сәйкес әділ жаза тағайындауды қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір адам бірнеше қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қажетті мән-жайларды анықтаған және жасалған әрекетті жалғаспалы (созылмалы) қылмыстың, қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, қылмыстардың нақты және анық жиынтығының анықтаулары бар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін ескеріп, саралаған жөн.

Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетілген жағдайларда да бірнеше рет жасау деп танылуы мүмкін.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді [5, 29 б.].

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады.

Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.

Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабының үшінші бөлігі бойынша  саралауға жатады). Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.

Қылмыстардың жиынтығы

Егер адам ҚК-ң әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да қылмыстың құрамы болады.

Егер де бір әрекет жалпы және арнайы бөлімінің белгілеріне сай келсе, онда қылмыстың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылыққа тұлға ерекше бөлімге сай тартылады.

Қылмыстардың жиынтығы идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, тармақшалары, бөліктері бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.

Ал қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына жататын қылмыстарды жасауын айтамыз.

Егер жасалған белгілі бір қылмыстар үшін кінәлі адам сотталса немесе қылмыстық заңмен көзделген негіздер бойынша жауаптылықтан босатылса, онда осы қылмыстар қылмыстардың жиынтығына кіре алмайды. Бұл жағдай жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін. Адамның бұрынғы алынбаған және жойылмаған соттылықтары жаңа қылмыстың саралаушы белгілерінің (бірнеше рет жасалуы, бұрын екі және одан да көп сотталған адамның жасауы) тағылуы үшін негіз болып табылады.

Адамның қылмыстардың біріне қылмыстың бірнеше рет жасалуын көздейтін бір баптың (баптың бөлігінің) күші қолданылатын, ал басқа қылмыстарға ҚК басқа баптарының күші қолданылатын бірнеше қылмыстарды жасауын да қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрайтын бірнеше әрекетті ҚК бабының бұл қылмыстардың осы саралаушы белгісін көздейтін бөлігі бойынша, ал жасалғаны үшін ҚК басқа баптарымен жауаптылық көзделген басқа әрекеттер — ҚК тиісті баптары бойынша саралануы қажет.

Қылмыстардың жиынтығы кезінде кінәлі адам ҚК 12-бабына сәйкес әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл сот дәлелденді деп таныған әрбір әрекеттің, әдетте, ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша дербес саралауға жататынын білдіреді.

Барлық жасалған қылмыстардың белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК баптарының біреуінің диспозициясымен қамтылған жағдайларда ғана қылмыстар жиынтығы ҚК бір бабы бойынша сараланады.

Қылмыстардың жиынтығына кіретін әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын мұқият зерттеп, қылмыстардың жасалу ретін, себептерін, мақсатын, кінәнің нысанасын анықтап, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларының әрқайсысының диспозициясын талдап және салыстырып, ҚК бір бабында жауаптылық көзделген бір әрекеттің белгілерінің жиынтыққа кіретін басқа бір қылмыс үшін жауаптылық көздейтін басқа баптың диспозициясын қамтитын-қамтымайтынын анықтаған дұрыс. Бұл орайда, қылмыстың белгілері деп, объект объективтік жағын, субъект субъективтік жағын құрайтын белгілерді түсіну қажет.

Қылмыстардың нақты жиынтығы көптік қылмыстардың бір түрі болып табылады да, басқа да көптік қылмыстардың нысандары сияқты бір адаммен әр уақытта, әр түрлі қылмыс жасағанын білдіреді.

Бұл қылмыстар қылмыстық заңның әр түрлі баптары мен бөліктеріне сәйкес келеді. Қылмыстардың нақты жиынтығына кінәлінің сотталғанға дейінгі іс-әрекеттері жатады. Сондықтан да, нақты жиынтық ретінде тану  үшін істелген қылмыстардың заңмен қудалану мерзімдері өтіп кетпеуі керек.

Қылмыстардың жиынтығына ұқсас қылмыстар да жатады, кінәлі қылмысты жасайын деп жасамағанда және басқа кезде толық аяқтап жасағанда немесе керісінше болғанда. Бұл жағдайда бәрі бір түсінікке келмейді, сондықтан қылмыстарды жеке — жеке бөліп, заңның әр түрлі баптарымен қарастыру керек. Егер, кінәлі ұқсас қылмыстарды басында жалғыз, кейін біреумен қосылып жасаса, ол қылмыстың қоғамға қауіптілігін дұрыс анықтау керек.

Қылмыстардың қайталануы

  Қылмыстың қайталануының түсінігі ҚР ҚК 13-бабында беріледі. Оған сәйкес бұрын жасалған қасақана қылмыс үшін сотталған тұлғаның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

         Қылмыстың қайталануы қылмыстың көптігінің түрі ретінде  кінәлі бұрын жасалған қасақана қылмысы үшін сотталудан кейін жаңа қылмысты жасайтындығымен сипатталады. Оның алдындағы қылмысы үшін сотталғандықтың болуы – оны қылмыстың бірнеше рет жасалуынан шектеу мүмкіндігін беретін қылмыстың қайталануының өзіне тән белгісі [6, 41 б.].

Тұлғаның он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстары үшін сотталғандықтары, сондай-ақ қылмыстық заңменен белгіленген тәртіппен алынып тасталған немесе жойылған сотталулар қылмыстың қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.

Қылмыстардың қайталануы Қылмыстық Кодеспен көзделген негіздерде және шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеледі.

Үкімде көрсетілген қылмыстың ауырлығына және жаза түріне қарамастан, бұрын жасаған қасақана қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыстар жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 13-бабына сәйкес, қылмыстардың қайталануы, сонымен қатар қауіпті және аса қауіпті болып бөлінеді. Басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша айыптау үкімін шығару кезінде сот қылмыстың қайталануының қандай түрінің бар екенін анықтайды.

Қылмыстың қайталануы түсінігін анықтаудын үлкен тәжірибелік және теориялық маңызы бар.  Ол қылмысты саралауға, жаза тағайындауға, қылмыспен күресуге, рецидивті қылмыстардың алдын алуға, қылмыскерді түзеуге мүмкіндік береді.

Қылмыстың қайталануын таныған және оның түрін анықтаған кезде әрбір сотталушылардың бұрынғы соттылықтарына қатысты мән-жайларды мұқият анықтау қажет. Атап айтқанда: сотталушының қылмыс жасаған сәттегі жасын, бұрын сотты болған қылмыстардың санатын, сот үкімі бойынша белгіленген жаза түрін, үкім бойынша тағайындалған жазаның іс жүзінде өтелген-өтелмегенін, үкім бойынша тағайындалған жазаның басқа жазамен ауыстырылған-ауыстырылмағанын және сотталған адам неге байланысты, қашан және қандай негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылғанын, бұрынғы соттылығы алынғанын немесе жойылғанын анықтау орынды.

Қылмыстық заңның 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, адамның 18 жасқа толғанға дейін жасаған қылмысы үшiн соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Осыған байланысты, соттар адамның бұрынғы сотталуына байланысты мән-жайларды зерттеп, сотталушы үкімде көрсетілген қылмыстарды жасағанда кәмелетке толған-толмағанын анықтау үшін үкімнің қарар бөлігінде ғана емес, сонымен қатар оның толық мәтінінде көрсетілгені дұрыс.

Қылмыстық кодекстің 77-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап адамның соттылығы бар деп танылады, сондықтан бұрынғы үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам жаңа қылмыс жасаған кезде оның бұрынғы үкім бойынша соттылығы қылмыстың қайталануының түрін анықтау үшін ескерілмейді.

Қылмыстық заңның 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, алынып тасталған немесе жойылған соттылықтар қылмыстың қайталануын анықтау үшін ескерілмейді. Сондықтан қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкенде бұрынғы соттылықтардың жойылу мерзімінің өткен-өтпегені есепке алынып, тексеріліп және оның жойылу мерзімін ҚК 77-бабының талаптарына сәйкес есептеу қажет.
      Бұл ретте, ҚІЖК 375-бабының алтыншы тармағында көрсетілген негіздер бойынша айыптау үкімімен жазадан босатылған адамның ҚК 77-бабының екінші бөлігіне сәйкес соттылығы жоқ деп танылатындығы назарға алынуы тиіс (осы үкіммен сотталушыға тағайындалған жазаны қолданудан босататын рақымшылық актісінің шығуына байланысты, не үкім бойынша тағайындалған жаза мерзімінің осы іс бойынша қамауда болған уақытын қамтуына байланысты).
      Үкімді орындау барысында адам рақымшылық актісінің негізінде немесе заңда көзделген басқа негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылса, мұндай адамның соттылығының жойылу мерзімі ҚК 77-бабының төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі.

 

2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖӘНЕ ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

 

2.1 Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 нормативтік қаулысында былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауыртпалығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе аурлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді еске алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады [7, 46 б.].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 52-бабы жаза тағайындайдың жалпы негіздерін көрсетеді. Онда былай делінген:

  1. Қылмыс жасауға айыпты дер танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
  2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қаматамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
  3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Қылмыстық жаза тағайындау сотта істі қараудың қорытындысы және жаза мақсатына жетуді қамтамасыз ететін қылмыстық іс-жүргізудің басты элементтерінің бірі болып табылады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 52-бабына сәйкес, қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, қылмыс жасаған адамға оның түзелуі сондай-ақ жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.

 Қылмыстық кодекстің 52-бабында көзделген ережелер сотқа жаза тағайындаудың жалпы негіздерін, яғни соттың нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде негізге алынуға тиісі заңмен белгіленген өлшемдерін бекітеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 52-бабына сәйкес, жаза тағайындаудың жалпы негіздері 4 өлшемнен тұрады, яғни сот жазаны келесі негіздерді басшылыққа ала отырып тағайындайды:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте;
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлігінің ережелері ескріле отырып;
  • Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті;
  • Қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін айыпталушының жеке басы, сонымен бірге, оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамдардың түзілуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Жоғарыда аталған негіздердің мазмұны.

Бірінші өлшем, сотқа қылмыспен күресетін органдарымен сараланған қылмыстарды дұрыс бағалауды міндет етеді. Сотталушының қандай нормамен жауаптылыққа тартылатынын анықтап, сот сол норманың санкциясын басшылыққа алады.Егер санкция баламалық болса, онда сот жазаның қандай түрін қолдану мәселесін шешеді, ал, содан кейін баптың санкциясында көрсетілген шектерді басшылыққа ала отырып, жаза мөлшерін тағайындайды.

Сот жасалған қылмыс үшін жаза тағайындауды заңның санкцияларында көзделген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен артық жаза яғни қандай ауыр қылмыс болмасын санкцияда көзделген жазадан басқа жазаның қатаңырақ түрін тағайындай алмайды. Бұл талаптарды орындамау заңдылықтры бұзу болып табылады.

Екінші өлшем, соттың жаза тағайындау кезінде ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімінің режелерін басшылыққа алуын белгілейді, мысалы, қылмыс туралы, оның сатылары, заңның уақыттағы, кеңістіктегі әрекет етуі, қылмысқа қатысу туралы, жазаның ұғымы мен мақсаты, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың тәртібі туралы ережелер, өзге де Жалпы бөлім ережелері міндетті басшылыққа алынуы керек.

Үшінші өлшем, сот жаза тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 38-бабының 2-бөлігінде көзделген жаза мақсаттарына жетуді көздеуі, яғни, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамнан да басқа адамдардың жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі қажет.

Төртінші өлшем, соттың жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстың ауырлығын ескеруін міндеттейді. Мысалы, тонау қоғамдық қауіптілік сипаты жағынан, ұрлыққа қарағанда қауіптірек, ал, кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіруге қарағанда қауіптірек, осыған сәйкес, бұл қылмыстарды жасағаны үшін жаза әр түрлі болуы керек. Ауырлығы жоғары қылмыстарға қатаңдығы жоғары жаза, керісінше ауырлығы төмен қылмыс жасағаны үшін жазаның жеңілірек түрі тағайындалуы қажет [8, 39 б.].

  Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2007 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағында:

«Соттардың назары ауыр және аса ауыр қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топ  немесе  қылмыстық қауымдастық болып жасаған, коррупциялық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі болып танылған, сондай-ақ бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларын міндетті түрде талқылап, қолдану керектігіне айналдылады.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабының талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауырпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т.б.) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс» [9].

Осы мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жоғарғы соттың нормативтік қаулысының 3-тармағында:

«Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі керек. Атап айтқанда,  сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметті анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейін, соттар ҚҢК-нің 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі керек».

Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұрын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруі оларға тағайындалатын жазаның түрін және көлемін белгілеу үшін елеулі маңызды болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгршілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жазатағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

 

2.2 Қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындау

Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау қылмыстардың қайталануы мен оның түрлерін белгілейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 13-бабымен және қылмыстардың қайталануы жағдайындағы жауаптылық негізі мен шекті мөлшөрлерін ашып көрсететін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабымен реттеледі.

         Қылмыстың қайталануы – адамның сотталғаннан кейін қайта қылмыс жасауы, оның қоғамға аса қауіпті екендігінің белгісі, сондықтан да заңда қылмыс қайталанған жағдайда жаза тағайындаудың  арнайы ережесі белгіленген. Оның мәні мынада: қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындай отырып,  сот бұрын жасалған қылмыстардың санын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруге тиіс.

         Қылмыстардың қайталануының түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 11-бабында, яғни, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы деген бабында белгіленген. Бұл бап бойынша:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады.
  2. Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін.
  3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
  4. Жалғасатын қылмыс, яғни, бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.
  5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады.

         Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар, атап айтқанда, қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезінде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның алдындағы жазаның  түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады [10, 45 б.].

         Ал, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерекшелігі көрсетілген, яғни, Қазақстан республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабының 2-бөлігі қылмыстың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшерін бекітеді. Мәселен, баптың осы  бөлігіне сәйкес:

  • қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімі мен мөлшерінің үштен бірінен төмен;
  • ал қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында – жартысынан төмен;
  • ал қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында – үштен екісінен төмен болмауы керек.

         Бірақ та қылмыстардың қайталануының қауіптілігі ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы кезінде жаза Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 2-бөлігінде көзделген ережелерді ескермей тағайындалады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 169-бабындағы қарулы бүлік жасағаны үшін жоғары жаза 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру болып белгіленген. Қайталанып жасалған қылмыстың түрлеріне байланысты осындай тәртіппен көтеріңкі жаза мөлшері мен түрін белгілеу бұрын қасақана қылмыс жасағаны, сотталғандығына қарамастан тағы да қасақана қылмыс істеп түзелу жолына түспегендерге берілген лайықты жаза болып табылады. Мұндайларға  түзелу үшін ауырырақ жаза тағайындау қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті [11, 57б.].

         Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындауға байланысты  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №1 нормативтік қаулысының 12,13-тармақтарында былай деп белгіленген:

  • Егер бұрынғы үкім бойынша Қылмыстық Кодекстің 63-бабын, яғни, шартты түрде соттауды қолдану арқылы сотталған адам сынақ мерзім ішінде жаңа қылмыс жасаған болса, онда сот қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкен кезде Қылмыстық Кодекстің 64-бабының, яғни, шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзартудың 4-бөлігіндегі талаптарды, атап айтқанда, шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықты қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді деген талаптарды міндетті түрде ескеруі тиіс.  Бұл орайда қылмыстың қайталануын анықтаған кезде Қылмыстық Кодекстің 63-бабы бойынша бас бостандығынан айырылған адамның соттылығы, тек егер сот жаңа қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде бұрынғы үкім бойынша шартты соттылығын жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана ескерілуі мүмкін. Егер сот абайсыз немесе онша ауыр емес қасақана қылмыс туралы істі қараған кезде бұрынғы үкім бойынша шартты соттылықты қалдыру туралы тұжырымға келсе, онда Қылмыстық Кодекстің 63-бабы бойынша соттылығы қылмыстың қайталануын анықтаған кезде ескерілмейді.
  • Соттар тиісінше қылмыстардың қайталануы кезінде, аяқталмаған қылмыс, сондай-ақ қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде осы адамдарға белгіленген жаза мерзімдерінің шеңберін қатаң сақтауы тиіс.
  • Бұл орайда Қылмыстық Кодекстің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, яғни, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды деген ережеге сәйкес, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының екінші бөлігіндегі ережелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі күшіне енгенге дейін жасалған (1998 жылғы 1-қаңтарға дейін) қайталау, қауіпті қайталау немесе аса қауіпті қайталауды құратын қылмыс үшін қолданылмайтынын ескеру керек. Егер қайталауды құрайтын соттылықтар Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің күшіне енгенге дейінгі және одан кейін жасалған қылмыстар құрайтын болса,  онда Қылмыстық Кодекстің 59-бабының екінші бөлігіндегі тәртіп тек 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған қылмысы үшін соттылығын ескере отырып қолданылады. Аяқталмаған қылмыс үшін тиісті қайталау орын алған жағдайда жазаның ең жоғары мөлшері Қылмыстық Кодекстің 56-бабында көрсетілген мерзімдер мен көлемдерден аспауға тиіс. Яғни:
  • аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән-жай ескеріледі;
  • қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінде аяқталған қылмыс үшін тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек.
  • қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінен ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек.
  • қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды [12].

          Қылмыстардың қайталануы – адамның сотталғаннан кейін қайта қылмыс жасауы,  қоғамға аса қауіпті болып табылатындықтан, заңда қылмыс қайталанған жағдайда жаза тағайындаудың  арнайы ережесі белгіленген. Оның негізгі мәні мынада: қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындай отырып,  сот бұрын жасалған қылмыстардың санын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін міндетті түрде ескеруге тиіс [13, 33б.].

         Жалпы алғанда, Қазастан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері, жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатал жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен болмауы  қажет [14, 41б.].

          Қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында тағайындалатын жаза жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің үштен екісінен, ал қылмыстың аса қауіпті жағдайында – төрттен үшінен төмен болмауға тиіс деп біз бағана айтып өттік. Мысалы, қасақана жасаған бұрынғы қылмысы үшін сотты болған адам Қылмыстық Кодекстің 175-бабының 1-бөлігі бойынша сотталады. Қылмыстық Кодекстің көрсетілген бөлігінің санкциясында балама ретінде берілген бес түрлі жазаның сот айыпкерге ең қатаң түрін – бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Бұл жағдайда қылмыстың жәй қайталануы орын алғандықтан, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот айыпкерге бір жыл алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды  тағайындай алады. Егер сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану нышаны болса – екі жыл үш айдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

         Егер Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің қолданылып отырған нормасы соттылықтың болуын саралаушы белгі ретінде қарастырса, мұндай қылмыстардың қайталануында сот жазаны Қылмыстық Кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті ескермей-ақ тағайындайды, яғни, сот жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық  заң нормаларында бұрыннан ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар қылмыстардың қайталануы болып және Қылмыстық Кодекстің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза Қылмыстық Кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады. Қылмыстық Кодекстің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық. Мысалы, айыпкер Қылмыстық Кодекстің 175-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез келген формасы) немесе қорқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде Қылмыстық Кодекстің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни, мүлкін тәркілеп үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

  Сонымен қатар, тағы да мына бір мысал бойынша қылмыстардың қайталану белгісі бар жағдайда адам Қылмыстық Кодекстің 175-бабының 1-бөлігі бойынша сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында Қылмыстық Кодекстің 55-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлардың бар екендігін анықтады. Бұл жағдайда да сот айыпталушыға жазаны Қылмыстық Кодекстің 59-бабының  2-бөлігінде көрсетілген ережелерді есепке алмай тағайындайды, яғни, Қылмыстық Кодекстің 175-бабының 1-бөлімінің санкциясында көзделген жазалардың бас бостандығынан айыруға қарағанда жеңілдеуін тағайындай алады. Егер бәрі бір бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса,  ол алты айдан үш жылға дейінгі мөлшерде болуға тиіс.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабына сәйкес, қылмыстардың қайталануының өзі қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылады. Бұған қосымша, қылмыстық заңмен қылмыстардың қайталануы кезінде жаза тағайындаудың арнайы тәртіптері реттелген және олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің арнайы баптарымен белгіленген [15, 53б.]. 

 Соңғы жылдары қылмыстылықпен күрес маңызды мәселелердің біріне айналуда. Қылмыстылықтың өсуінің масштабы мен тенденциялары біздің мемлекетіміз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Сот тәжірибесі қылмыскерлердің көпшілігінің бір емес бірнеше (2 және одан да көп) қылмыстарды қайталап жасайтындығын дәлелдеп берді. Мәселен, 1997 жылғы Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық дәрежесінің анализі бойынша 56537 қылмыс бұрын қылмыс істеген тұлғалармен жасалған, ал бұл барлық ашылған қылмыстардың 33,7%-ын құрайды, және бұл жағдайда өсім деңгейі 14,5%-ды құрап отыр. Барлық қылмыс істеген тұлғалардың ішіндегі 35601-і бұрын сотталғандар (25,9%), ал өсім деңгейі – 13,5%.

   Құқықтық энциклопедиялық сөздік бойынша «қайталану» (рецидив) сөзі латын тілінен аударғанда «recidivus» жаңарушы, қайтып оралушы деген мағынаны береді [16, 31б.]. Қайталанудың болуы тұлғаның түзелу жолына түсуге деген еш ынтасының болмауымен тікелей байланысты болып келеді. Бұдан шығатын қорытынды, жазаның бір мақсаты болып табылатын – сотталған адамдарды түзеуге әлі қол жетпегендігін білдіреді. Бұл мақсатқа жете алмаудың себебі неде? Мүмкін, қылмыстардың қайталануының жоғары деңгейіне қылмыстық-атқарушы жүйе жұмысының жеткіліксіздігі, сондай-ақ қылмыс істеген тұлғаларға қылмыстық заңның жалпы әсер ету деңгейінің төмендігі себеп болатын шығар.

         Қылмыстарды қайталап жасағаны үшін тұлғаға жоғары деңгейдегі қылмыстық жауаптылықтың көзделетіндігі 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінде де қарастырылған болатын. Бұл жерде жаза тағайындау кезінде «қылмыстың кәсіби қылмыскермен жасалуы немесе бірінші рет қылмыс жасап тұрған тұлғамен жасалуы» ескерілуі тиіс екендігіне баса назар аударылған. Содан кейін соттар да жаза тағайындау кезінде қылмыстың кәсіби рецидивист қылмыскермен жасалуы немесе ол қылмыстың бірінші рет жасалуы жағдайын белгілеуге міндетті болды.

         Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 13-бабы бабы бойынша бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

     Қылмыстың қайталануы:

  • егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
  • егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп танылады.

     Қылмыстардың қайталануы:

  • егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
  • егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
  • егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.

        Он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

        Қылмыстардың қайталануы Қылмыстық Кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.

        Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексімен көзделген мұндай негіздер бірнешеу, атап айтқанда:

  • қылмыстардың қайталануы жағдайында сотталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабының ережелері бойынша жазаға тартылады;
  • қылмыстардың қайталануы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылады;
  • бұрын істелген қылмыстар үшін жазаны өтеу кезінде қылмыстардың қайталануы жағдайында үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ерекше ережелері қолданылады;
  • Ерекше бөлімнің баптарында қылмыстардың қайталануының түрлері айқындаушы ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады;
  • қылмыстардың қайталануы жағдайында тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайды;
  • қылмыстардың қайталануы Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары бойынша айқындаушы белгі болып табылса, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабы бойынша қарастырылған жаза тағайындаудың ерекше ережелерін белгілейді.

        Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабы қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезінде жалпы қағидаларды белгілейтін жаңа норма болып табылады. Сот қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезінде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруі тиіс. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімі мен мөлшерінің үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында – жартысынан төмен, ал қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында – үштен екісінен төмен болмауы керек. Бұл баптың ережелері, біріншіден, соттылығы бар қылмыс істеген адамдардың жауаптылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етсе, екіншіден, бұрын істелген қылмыстардың санына, сипатына, ауырлығына, сонымен қатар, жаңадан істелген қылмыстың да сипатына, ауырлығына және қоғамға қауіпті зардабына байланысты әділ жаза тағайындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

         Жоғарыда аталғандардан заңшығарушының жазаның барлық мақсаттарына жетуді көздегені көрініп тұр. Алайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабының 3-бөлігінде: егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы Кодекстің 55-бабында, яғни, белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдануда көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы кезінде жаза осы баптың екінші бөлігінде көзделген ережелерді ескермей тағайындалады деп көрсетілген. Осы жағдайды нақтылы мысал арқалы талдаған кезде, егер қылмыстардың қайталануы айқындаушы белгі ретінде қарастырылған ретте жоғарыда аталған баптар бойынша қылмыс істелсе, онда жаза бас бостандығынан айырусыз да болуы мүмкін (альтернативті санкция бойынша) екендігін, ал егер қылмыс бұндай айқындаушы белгілерсіз істелсе, онда бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесінің шамалы болуына қарамастан, жаза тек  бас бостандығынан айыруды ғана көздейтінін байқауға болады [17, 53б.].

          Қылмыстардың қайталануының әлеуметтік маңызы қайталап қылмыс жасаушының жеке басының қоғамдық қауіптілігі дәрежесінің оның салт-санасында тұрақты қалыптасқан, жаңа қылмыс жасауға итермелейтін қоғамға жат мінез-құлықтардың болуына байланысты өсуімен түсіндіріледі, бұл мән-жағдай өз кезегінде ҚР ҚК 52-бабында көзделген мақсаттарға жетудің алғы шарты есепті оған барынша қатаң жаза тағайындауды негіздейді.

         Қылмыстың қайталануының құқықтық маңызы ең алдымен ҚР ҚК 54-бабының  «а» тармағының негізінде жазаны ауырлататын мән-жай болып табылатындығымен айқындалады. Екіншіден, ҚК-тің бірқатар баптарында өзара ұқсас қылмыстарды кәнігі қылмыскердің жасауы, адамның бұрынғы соттылығы іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін арттырмайтындығына қарамастан, қылмыс құрамының дәрежелеуші белгілері болып табылады. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы №1 «Қайталанушы қылмыстар туралы қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы» Қаулысында «бұрынғы соттылығы, бұрынырақта тағайындалған және нақтылы өтелген жазалар туралы, жазасын өтеуден босату негіздері туралы мәліметтерді тыңғылықты және жан-жақты тексеру, сондай-ақ сотталушының жеке басы туралы басқа да мәліметтерді анықтау» қажеттігіне баса назар аударылған.

          Сот тәжірибесі қашанда қайталап қылмыс жасаушылардың жауаптылығын күшейту жолында болды. Айталық, жоғарыда аталған Қаулыда: «бұрынырақта сотты болған адамдарға жаза тағайындау туралы мәселені шешу кезінде соттар табанды түрде түзелу жолына түскісі келмейтін және ауыр қылмыстар жасаған кәнігі қылмыскерлерге қатысты негізгіз жеңіл жаза шараларын қолдану жағдайларына жол бермей отырып, жазаны жеке даралау туралы заң талаптарын басшылыққа алуға тиіс», — деп атап көрсетілген.

         Қайталанушы қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту қажеттілігіне әлеуметтік ахуалдың лепті ықпалы болып отыр. Мәселен, Д.А.Лидің мәліметтері бойынша, әлемдік деңгейде тіркелген қылмыскерлердің жалпы санының 100 пайызынан алып қарайтын болсақ, кәнігі қылмыскерлердің ортақ үлесі осының 25 пайызынан асып түседі.  Қазақстан Республикасында бұл үлес 28 пайыздан 33 пайызға дейінгі аралықты құрайды. Бұл ретте кәнігі қылмыскерлер, әдетте, жаңа, ауыр қылмыстар жасай отырып, қылмыстық іс-әрекетке басқа адамдарды тартады, кәмелетке толмағандарға және ересек азаматтарға теріс ықпал етеді, қоғамдық ахуалды бұзады, т.б. Аталған және басқа да мән-жайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жаза тағайындау туралы мәселені барынша талдап, жан-жақты реттеу қажеттігін алдыға тартты. Бұл мәселелерді шешудің алғы шарты ҚР ҚК «Қылмыстардың қайталануы» деп аталатын 13-бабының ережелері болып табылады.

         Аталған норманың негізінде қылмыстардың қайталануы үш түрге бөлінеді:

  1. Жай (13-баптың 1-бөлігі);
  2. Қауіпті (13-баптың 2-бөлігі);
  3. Аса қауіпті (13-баптың З-бөлігі).

        Қылмыстардың қайталануын жай, қауіпті және аса қауіпті деп бөлудің заңдық маңызы ҚР ҚК 59-бабының негізінде қылмыстардың қайталануының кез келген жағдайында жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімінен төмен болмауы қажеттігімен айқындалады. ҚК 59-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот жаза тағайындау кезінде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруге міндетті.

         Сонымен қатар ҚК 52-бабының 3-бөлігі соттарды жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеруге міндеттейді. Заңның бұл талаптары жасалған қылмыстар және айыпты кәнігі қылмыскердің жеке басы туралы барлық мәліметтерді есепке ала отырып, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді [18, 117б.].

          Соттың сотталушының жеке басын оқып-зерттеуінің жалпы мақсаты қылмыстарды қайталап жасаушыға қатысты өзіндік мән-мазмұнға ие болады. Сот ең алдымен, қылмыстардың қайталануы айыпкердің өте жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші болып табыла ма, жоқ па, осыны анықтап алуға тиіс. Қылмыстардың қайталануы, әдетте, айыпкердің қоғамға қарсы көзқарастары және мінез-құлықтарынын, өте тұрақтылығын білдіреді. Бұл қылмыстық жауаптылықтың мақсаттарына жетуді барынша қиындатады, және сондықтан да кәнігі қылмыскерлерге (қайталап қылмыс жасаушыларға) барынша қатаң жазалау шараларын қолдануды талап етеді. Белгілі бір топқа жататын кәнігі қылмыскердің қоғамдық қауіптілік дәрежесі (қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы), әлбетте, бірдей емес. Әрбір кәнігі қылмыскердің қоғамдық қауіптілігінің ерекшеліктерін есепке алу соттың айыпкерлерге әділ жаза тағайындауына көп көмек етеді.  

         Кәнігі қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін ең алдымен оның жасаған қылмыстарының, жаза тағайындалып отырған және бұрын сотты болған қылмыстың үдесінен шыға отырып бағалау қажет. Сот кәнігі қылмыскердің бұрынғы соттылықтары туралы мәліметтерді оқып-білуге міндетті, бұл ретте ол соттылықты, жазаны өтеуді. жазадан босатуды, т.б. сипаттайтын үкімдердің және басқа да құжаттардың көшірмелерін пайдалануға тиіс. Бұрынырақта шығарылған үкімдермен және басқа да соттық және іс жүргізу құжаттарында айшықталған нақтылы мәліметтерді сот дәлелденген, процеске қатысушылардың даулауына жатпайтын мәмілелер ретінде қабылдайды. Сот, дегенмен, бұрынғы үкімдерде және басқа құжаттарда айыпкердің жеке басына қатысты берілген баға-пайымдарға тәуелді емес, оған ең бірінші себеп — аталған баға айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігінің артып келе жатқандығын көрсететін, қылмыстардың қайталануына дейін берілген [19, 135б.].

          Айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін бағалауға оның жасаған қылмысы ғана емес, сондай-ақ оның жеке басын сипаттайтын басқа да қосымша мәліметтер ықпал етеді, мәселен, жас шамасы, жасалған қылмыстарға қарым-қатысы, еңбекке қатысы, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы және т.с.с.

        Істің сот есепке алатын жеңілдететін (ҚР ҚК 53-бабы) және ауырлататын (ҚР ҚК 54-бабы) мән-жайлары өзінің мазмұны бойынша жасалған іс-әрекеттің немесе айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін сипаттайды. Сонымен қоса, ауырлататын мән-жайлардың көпшілігі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында қылмыс белгілерін дәрежелеуші мәмілелер ретінде айшық тапқан, заң осыдан келіп санкцияларды күшейтеді. Бұл мән-жай кей жағдайларда белгілерді дәрежелейтін мәліметтерді ауырлататын мән-жайлар ретінде ескеруді жоққа шығармайды, өйткені мұндай белгілердің мазмұны әр түрлі болып келуі мүмкін, соған сай, жазалау шарасына да түрлі дәрежеде ықпал етеді.

         Кәнігі қылмыскердің жеке басын сипаттайтын көптеген мән-жайларды сот бірінші үкім шығарған кезде есепке алған (жас шамасы, еңбек өтілі, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы, бұрынғы сіңірген қызметі, т.б.). Бұл, дегенмен, қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаған кезде қайтадан еселке алу қажеттігін жоққа шығармайды. Бірақ келтірілген мән-жайлардың үлес салмағы қылмыстардың қайталануы себепті өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Айталық, кәнігі қылмыскердің бұрынғы сіңірген еңбектерінің, оның кәмелетке толмаған балаларының немесе басқа да қарауындағы адамдардың болуы, денсаулығының ауру-сырқау күйінің жеңілдететін ықпалы қылмыстың қайталануы фактісімен жоққа шығады. Өйткені, қылмыстың қайталануы аталған мән-жайлардың кәнігі қылмыскердің түзелуіне және жаңа қылмыстардың алдын алуға ықпал етпегендігін, етпейтіндігін көрсетеді [20, 95б.].

        Өте кері кеткен, теріс өмір салтын ұстанатын кәнігі қылмыскерлер эгоизммен, қоғамның, басқалардың есебінен өмір сүруге ұмтылатындығымен сипатталады. Осының әсерімен олар түзелу жолына түскен сотталушыларға да дұрыс қарамайды, тіпті оларды кемсітуге, қорлауға дейін барады: ұрып-соғады, ар-намысына тиеді, т.б. әрекеттер істейді.

        Кәнігі қылмыскерлердің ішінде өзінің сотталғандар арасындағы үстемдігін көрсетуге, оларды өзінің еркіне бағындыруға, өзінің ой-жоспарын орындаудың құралы ретінде пайдалануға ұмтылатындары да кездеседі. Зорлық-зомбылыққа ұмтылу, өзін қоршаған кез келген адамдар тобына күш көрсету және алдау-арбау жолымен үстемдік етуді көксеу — аталған қылмыскер психологиясының ерекше бір белгісі болып табылады.

       Кәнігі қылмыскерлердің мынадай да психологиялық ерекшелігі өзіне еріксіз назар аудартады: олардың тағайындалған жазаға деген көзқарасы да, әдетте, ерекше болып келеді. Олардың көпшілігінің пікірі бойынша, өтелген немесе өтеліп жатқан жаза — бар болғаны жасалған қылмыс үшін есеп айырысу ғана. Түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін бастау алатын жаңа, болашақ өмір үшін, қылмыстық жазаның, олардың көпшілігі ойлайтындай, ешқандай маңызы жоқ.

        Кәнігі қылмыскерлердің ішінде кездескен қиыншылықтарға қарамастан ойға алған мақсатына қайтсе де жетпей қоймайтын көзсіз тәуекелшілері де жиі кездеседі. Олардың арасында сондай-ақ барынша шешімді сыбайластарының ықпалына жылдам еріп кететін ерік-жігері төмен адамдар да бар. Барлық дерлік кәнігі қылмыскерлерге тән болып келетін спирттік ішімдіктерге және есірткі заттарына деген шамадан тыс бейімділік көпшілік жағдайда, осы мінез-құлықтың әлсіздігімен түсіндіріледі.

        Жоғарыда сөз болған психологиялық сипаттар кәнігі қылмыскерлердің бәріне ортақ, дегенмен барлық реттерде толық көлемде емес, сондай-ақ олардың көрініс табу дәрежесі де барлық реттерде бірдей емес. Бір кәнігі қылмыскерлер үшін аталған сипаттардың бәрі тән болып келсе, басқа біреулері үшін бірқатары ғана тән болады. Кәнігі қылмыскерлердің жеке басының қоғамға қарсы бағытталуының тұрақтылығы да әрқилы, содан келіп жаза қолдануды жеке даралау қажеттігі туындайды.

        Осы талапты ескере отырып бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушы кәнігі қылмыскерлер арасында мынадай топтарды ерекшелеген жөн болар еді:

а) жеке меншікке қол сұққаны үшін жазасын өтеп жатқандар;

ә) бұзақылық үшін жазасын өтеп жатқандар;

б) адамның жеке басына қол сұққаны үшін жазасын өтеп жатқандар.

         Меншік түрлеріне ұрлық, тонау, т.б, түрде қол сұғушылар кәнігі қылмыскерлердің басым бөлігін құрайды. Олар өздерінің материалдық қажетін қанағаттандыру жолында ештеңеге қарамастан, барлық адамшылық қасиеттерді аяқ асты етіп, көзсіз ұмтылуымен сипатталады. Бұл топ сондай-ақ ішімдік және есірткі заттарды қолдануға бейім.

        Бұзақылық үшін сотталғандардың үлес салмағы өте қомақты. Кәнігі қылмыскерлердің бұл тобы қоғамға деген құрметтің жоқтығымен, екіжүзділікпен, адамшылық және мораль нормаларын өрескел бұзумен, білім дәрежесінің және мәдениетінің төмендігімен, сондай-ақ ішімдік жөне есірткі заттарды қолдануға бейімділігімен де сипатталады.

       Адамның жеке басына қол сұғушылық: кісі өлтіру, денеге жарақат салу және зорлау — жоғарыда аталған қылмыс түрлеріне қарағанда аз тараған, бірақ оларды жасаған айыпкерлер, әдетте, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталады. Бұл қылмысты жасаған адамдар қатыгездігімен, сезімсіздігімен, ұстамсыздығымен, басқа адамдардың мүдделеріне атүсті қарайтындықтарымен, өз ісіне деген жауапкершіліктің әлсіздігімен, тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.

         Кәнігі қылмыскердің жеке басының сипаты қаншалықты қарама-қайшылықты, қауіпті болсын, ол қылмыстық жауаптылық үшін негіз бола алмайды. ҚР ҚК 3-бабы мынадай мазмұнда түзілген: «Қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылады». Аталмыш ережелерден басқа мәмілелер қолданыстағы заңнамаларда қарастырылмаған, сондықтан да қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі — оның әрекетінде қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының болуы. Кәнігі қылмыскердің жеке басының жоғары қоғамдық қауіптілігі тек айыпкердің жауаптылығын күшейту үшін ғана негіз болып табылады.

        Кәнігі қылмыскер жасаған қылмыстың сипаты оның жасалуы нәтижесінде нұқсан, залал келтірілетін, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың мазмұнына байланысты болып келеді. Мүлікті иемденіп кету мақсатында жасалған ұрлық, тонау, шабуыл жасап тонау, иемдену немесе ысырап ету меншіктік қатынастарға қол сұғады және меншікке қарсы жасалған қылмыстар деп танылады. Кісі өлтіру, денеге жарақат салу, зорлау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы, өтірік айту және қорлау өмірге, денсаулыққа, жыныстық еркіндікке, адамның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғады және осыған орай жеке адамға қарсы қылмыстар болып табылады. Осы тұрғыда қылмыстың сипаты кәнігі қылмыскер жасаған қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтың әлеуметке қарсы бағыттағы мазмұнымен анықталады.

        Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі әрекеттің маңызды объективтік және субъективтік белгілерімен анықталады. Олар нақ сол қылмыс құрамын ашып көрсету барысында есепке алынуы да, алынбауы да мүмкін. Содан келіп бұл фактор қылмысты дәрежелеуге ғана емес, сонымен қоса аталған түрдің бір қылмысын сол түрдің басқа қылмысынан ажырата білуге де мүмкіндік береді. Ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың маңыздылығына, олардың сипатына (кісі өлімі, материалдық шығындар, моральдық нұқсан, т.б.), қол сұғушылық жасаудың тәсіліне, қылмыс жасау кезінде айыпкер басшылыққа ұстаған себеп-салдарларға, қылмыстық әрекеттің даму сатыларына, егер ол аяғына дейін жеткізілмесе (дайындалу немесе оқталу, аяқталған немесе аяқталмаған оқталу) және басқа мән-жайларға байланысты болып келеді. Олардың толық тізімін келтіру, әлбетте, мүмкін емес.

       Кәнігі қылмыскер жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін сот жаза тағайындау кезінде тек олардың жиынтығы күйінде назарға алады.

        Кәнігі қылмыскерге қатысты, соттық талдаудың нысаны болып табылатын жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесінен басқа, ол жасалған қылмыстардың саны және олардың бір тектілігі мен әр тектілігі ескеріледі.

        Қылмыстарды бірнеше рет жасау қоғамға қарсы көзқарастар мен дағдылардың тұрақтылығынан хабар береді, соған сай неғұрлым ұзақ мерзімді және нәтижелі жазалау-тәрбиелеу шараларын қолдануды қажет етеді. Кәнігі қылмыскердің жеке басының әлеуметке қарсы бағыттылығының және бір айрықша белгісі оның бір текті қылмыстарды бірнеше рет жасауы болып табылады. Өйткені, бұл дегеніңіз айыпкердің жоғары қоғамдық қауіптілігінің бұлтартпас дәлелі және ұзақ мерзімді жаза тағайындауды және жазаны өтеудің барынша қатаң режимін тағайындауды талап етеді [21, 105б.].

         Жазаның түрін және көлемін анықтаған кезде айыпкердің жеке басы туралы мәліметтер ескеріледі. Жаза тағайындау кезіндегі жеке басының бағасы негізінен оның сипатын талдауға тұспал келеді. Оның сипаты деп адамның өзіндік м-ңызды ерекшеліктерінің бірлігі танылады. Адамның сипаты әдетте қоғамға, ұжымға, қоғамдық пайдалы еңбекке және оның нәтижелеріне, өзінің міндеттемелеріне және т.б. қатысты іс-әрекеттерінде, мінез-құлқында көрініс табады.

         Соттың жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін ескеруі талап етіледі дегеніміз, сот қылмыстық әрекет жасаған адамның жеке басын сипаттайтын түрлі жағдайлардың жиынтығын назарға алуға міндетті дегенді білдіреді.

       Алдында айтылып кеткендей, адамның қоғамдық қауіптілігінің маңызды критериі, көрсеткіші ол жасаған қылмыс болып табылады. Сонымен қатар айыпкердің жеке басының сипатын жан-жақты ашып көрсету және оған барынша тиімді ықпал ету шараларын анықтау үшін қылмыскердің жеке басын тұтас тұрғыда оқып-зерделеу қажет. Бұл мақсатқа тек қылмыскердің әлеуметтік-психологиялық сипатын талдау арқылы ғана жетуге болады [22, 135б.].

Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері.Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаудың өзіндік бір  ерекшелігі ретіндегі әлеуметтік мінездеме — қылмыскерді түрлі әлеуметтік рөлдердің субъектісі, қоғамдық жеке тұлға ретінде сипаттау. Сондықтан да әлеуметтік-демографиялық мәліметтер — жынысы, жас шамасы, әлеуметтік жағдайы, білім дәрежесі, кәсібі және отбасылық жағдайымен қатар оның кәсіптік білім-білігі мен шұғылданып жүрген іс-әрекетін, еңбекке, қоғамдық міндеттемелерге көзқарасы-қатысын; отбасылық байланыстарын, тұрмыстағы тәртібін, жақын-жуықтарға деген қарым-қатынасын анықтау қажет. Әсіресе сотталушының байланыстары мен таныстарының сипатын, оған ықпал ете алатын қоршаған ортаға, адамдарға деген қарым-қатынастарын, бұрынырақта әкімшілік жазалаудың, соттылықтың болған-болмағандығын анықтап алудың маңызы ерекше. Сондай-ақ тұлғаны тәрбиелеу жағдайын, ата-аналардың өмір салтын, олардың балаларға деген көзқарасын анықтау да қажет.

          Қылмыскердің жеке басының психологиялық мінездемесі — оның ішкі әлемін сипаттау, одан сыртқы ықпал ету шараларының тиімділігі келіп шығады.

         Адамның психологиялық ерекшеліктерін оқып-білу үшін төмендегі мәселелерді анықтау шарт:

а) олардың өз іс-әрекеттерінде басшылыққа алатын ой-
жоспарларының, мүдделерінің бағыттылығы, табандылығы,
идеалдары, адамшылық қасиеттері;

ә) адамның қабілет-қарымы, табиғи дарыны;

б) субъектінің жеке басының ерекшеліктері.  

         Мәселелердің осы тобын зерттеу мінез-құлықтың нақтылы себеп-салдарларын, қылмыс жасаудың негізгі мақсатын, адамның қоғамға қарсы көзқарасының тереңдігін және тұрақтылығын анықтауға көмек етеді. Қылмыскердің жеке басын психологиялық тұрғыда танып-білу үшін тұлғаның ерекшеліктерімен танысу қажет: бұл ретте оның қылмыс жасауына ықпал еткен немесе керісінше, оның әрекеттеріне қарсы тұрған теріс пиғылы мен ерекшеліктері, сондай-ақ олардың қылмыскердің ерекшеліктері жүйесінде қандай орынға ие екендігі анықталады, өйткені нақ осы сипаттар жаза шарасын таңдауға барынша ықпал етеді [23, 123б.].

        Басқаша айтқанда, айыпкердің жеке басын есепке алу қылмысты екінші қайтара жасау кәнігі қылмыскер мінез-құлқының теріс жақтарының одан әрі дамуының нәтижесі болып табыла ма немесе қылмыс оның мінез-құлқының теріс жақтарымен байланысты болса да, нақ сол адам үшін, дегенмен кездейсоқ, қалыпты емес пе деген мәселені анықтап алу керек. Бұл мәселені шешу кезінде, егер сөз кәнігі қылмыскер жайында болып отырса, төмендегідей дерек-дәйектерді ескеру қажет: бұрынырақта жасалған қылмыс үшін жазадан босатуға негіз, бұл жазаны өтеудің толықтығы мен ұзақтығы, бұрынырақта жасаған қылмысы үшін тағайындалған жазаны орындау сәтінен жаңа қылмыс жасағанға дейінгі өткен уақыт, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі өзін-өзі ұстауы, т.б. Жалпы, кәнігі қылмыскердің жеке басын зерттеу кезінде оқып-білуге жататын мән-жайларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Қылмыс жасау алдындағы кезеңдегі айыпкердің жеке
    басын сипаттайтын мән-жайлар (айыпкердің әлеуметтік-пси-
    хологиялық мінездемесін талдау: еңбек өтілі, еңбекке, от-
    басына және ұжымға қатынасы, қоғамдық өмірге қатысы,
    айыпкердің соттылығы болған ба, бұрынғы қылмысының
    сипаты және т.б.);
  2. Қылмыс жасаудың себептері мен жағдайларына жа-
    татын мән-жайлар: қылмыскердің адами тұрғы-
    да қалыптасуының жағдайлары, жаңа қылмыс жасауға негіз
    болған сыртқы жағдайлар;  
  3. Тұлғаның жасалған қылмыспен байланысты мінез-құлықтары мен ерекшеліктерін сипаттайтын мән-жайлар; қылмыстың сипаты мен ауырлығы, оны жасаудың себеп-салдарлары мен мақсаты.

         Жазаның өтелген бөлігінің ұзақтығын есепке алмауға болмайды. Егер адам бұрынғы қылмысы үшін қысқа мерзімді жазасын өтеп, содан кейін жаңа қылмыс жасаса, бұл жағдай аталған адамға қатысты қысқа мерзімді жаза тағайындаудың тиімсіздігін және қайталанған қылмыс үшін оған санкция шеңберінде барынша ұзақ мерзімді жаза тағайындау қажеттігін білдіреді. Адамның ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасын өтеп, сонда да болса жаңа қылмыс жасау жағдайы санкция шеңберінде тек жазаның ұзақтығын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар жазаны ба-рынша қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуді тағайындау туралы ойға жетелейді.

        Жаза мерзімі туралы мәселені шеше отырып ҚР ҚК 53 және 54 баптарында белгіленген жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды соттың назардан тыс қалдыруына болмайды. Аталған мән-жайларды ескеру жаза мерзімін, оның ішінде бас бостандығынан айыру мерзімін анықтау кезінде соттың құқығы ғана емес, сонымен қатар міндеті де, өйткені заңда сот жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді деп атап көрсетілген.

        Айта кету керек, заңда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үлгілік тізімі және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың тұйықталған тізімі келтірілген. ҚР ҚК 53-бабында жаза тағайындау кезінде соттың заңда көзделмеген мән-жайларды да жеңілдетуші ретінде ескеруі мүмкін екендігі жөнінде айтылған.

        Егер жеңілдетуші мән-жайлар қылмыс құрамының элементтері болып табылатын болса, онда олар санкцияның өзінде ескерілгендіктен, өзінен-өзі жаза тағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, екеуінің де негізінде бірдей сипатты мәліметтер жатқанына қарамастан, ерекше мән-жайлардан айыра білу қажет. Істің ерекше мән-жайлары жайында ҚР ҚК 55-бабында сөз болады. Сот ерекше мән-жайларды, сондай-ақ айыпкердің жеке басын ескере отырып және аталған қылмыс үшін заңда көзделген неғұрлым жеңіл жаза тағайындау қажеттігін тани отырып. оның себеп-салдарларын міндетті түрде көрсете отырып, мұндай жеңілдетуге баруы мүмкін. Бұл ретте ерекше мән-жайлар үғымы бірнеше жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығын білдіреді. Аталған мән-жайлар жағдайында тиісті баптың санкциясы шеңберінде жазаның неғұрлым жеңіл түрін тағайындау адамшылық және әділдік қағидаларына қайшы келген болар еді. Істің ерекше мән-жайлары бір ғана маңызды жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда да пайда болуы мүмкін.

         Аталған баптарда бұл орайда ешқандай шектеулер қойылмауы себепті, кез келген қылмыс жасаған жағдайда ҚР ҚК 55-бабының қолданылуы мүмкін. Дегенмен жалпы ескерту пайымы бірқатар жағдайларда, мәселен айыпкердің ауыр қылмыс жасаған және айыпкердің жеке басының жоғары қоғамдық қауіптілігі жағдайында, сот аталған баптарды қолданудан бас тартады.

         Егер, керісінше, іс бойынша тек жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған болса, онда сот оларды ескере отырып ҚР тиісті бабы санкциясының ең жоғары мөлшеріне жақын немесе тіпті соған сай келетін жаза тағайындауға хақылы. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар қылмыс құрамының элементтері болып табылатын жағдайларда, оларды заң шығарушы бап санкцияларында алдын ала ескерген деп саналады да жаза мерзімін белгілеген кезде ескерілмейді.

          Егер жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлардың барлығы анықталса, сот оларды жиынтық түрде ескеруге міндетті және соған сәйкес жазаның нақтылы мерзімін тағайындайды.

         Жазаны қолдану дегеніміз оны соттың тағайындауын, сондай-ақ жазаны орындайтын түзеу мекемелері және басқа органдардың оны жүзеге асыруын білдіреді. Жазаны тағайындау және орындау қылмысты қайталап жасаушы тұлғаның жеке басына тән психологиялық еркшеліктерін анықтауды және талдауды керек етеді. Кәнігі қылмыскерлердің түзеу мекемелерінде және одан босатылғаннан кейінгі қадағалау нәтижесі оларды көпшілік жағдайларда эгоизм, айналасындағыларға деген теріс пиғыл, жат көзқарас, имансыздық, қылмыстық жазаны олардың өмір салтына орай заңды құбылыс деп қабылдау сияқты психологиялық ерекшеліктер сипаттайтындығын көрсетіп отыр.

         Қылмыстардың қайталануы жағдайында қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ретте қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыруды тек мемлекеттің белгілі бір органдарының заңда көзделген шараларды іс жүзінде қолдануы деп ұғыну аздық етеді. Қылмыстылыққа ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралар, әлі де жетілдіруді қажет етеді.

         Айталық, қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың айыпкерді жазасын өтеусіз соттау сияқты түрі, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың маңызды сипаты соттау дәйегінің өзі, адамды кәнігі қылмыскерлер қатарына жатқызу болса да, өзін-өзі ақтай алмайды.

        Қауіпті және өте қауіпті қылмыстардың қайталануы жағдайында қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың айыпкерді жаза тағайындаусыз соттау және жаза тағайындап, бірақ оны нақтылы өтеусіз соттау сияқты түрлерін есептен шығарып тастау қажет болар. Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың міндетті әдісі болуға тиістігі турасындағы талаптан шыға отырып, бұл жағдайда бас бостандығынан айыруды басым сипатты, өзін-өзі ақтайтын тәсіл ретінде қабылдаған жөн.

         Бірқатар ғалымдар жаза мақсатының оны тағайындау сатысындағыдан оны орындау сатысындағы жазаның мақсатынан айырмашылығы бар деп есептейді. Мәселен, жалпы ескертудің мақсаты жазаны өтеу кезінде өте төменгі дәрежеде, өйткені адамшылық және халықаралық нормалар тұрғысынан алып қарағанда адамдарды бас бостандығынан айыру орындарындағы тәртіппен және жағдайлармен қорқытуға жол берілмейді [25, 101б.].

        Заңдық түрғыда жаза қылмыстылықпен күрес мүдделеріне негізделген қосымша құқықтық шектеулер болып табылады. Педагогика тұрғысынан алып қарағанда, жаза — сотталушыны түзеу бағытында арнаулы мақсаты бар тәрбиелік процесс. Психологиялық тұрғыда — опық жеу, азап шегу, бостандығынан айырылу және сонымен бір мезгілде оған психологиялық қалыптасу, әлеуметтік тұрғыда — қылмыстылықпен күрес мақсатында азаматтарға ықпал ету шарасы. Сондықтан да жазаны өтеу барысында мемлекет органдары, қоғамдық ұйымдар және жекелеген азаматтар тарапынан сотталушыны түзеу мақсатында нақтылы, нысаналы ықпал етуші шаралар жүргізіледі. Сотталушының тұтыну қажеттіліктері шектеледі, оның мінез-құлқы басқа азаматтарға қарағанда барынша қатаң бақылауға алынады.

        Жаза мақсаттарына қол жеткенде, біз жаза «жұмыс істеді», ол тиімді болды деп білеміз. Жазаның қылмыстан сақтандыру мақсатына жетуге ықпап ететіндігінің бірден бір нақтылы критериі қылмыстылық динамикасы болып табылады. Жалпы сақтандырудың тиімділігі көрсеткіші үшін — барлық қылмыстылықтың жалпы алғандағы динамикасы, қылмыстың жекелеген түрлері бойынша динамикасы, кәмелетке толмағандар қылмысының динамикасы және т.б., ал арнаулы сақтандыру мақсаты үшін — бұл дегеніміз қылмыстың қайталануының динамикасы.

         Егер жазаның нақтылы түрлерін (бас бостандығынан айыру, бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстары және т.б.) кез келген қылмыс түрлері үшін қолдану бұл әрекеттер санының азаюына ықпал еткен болса, онда аталған жаза түрлерінің тиімділігі турасында да сөз етуге болады (жалпы превенция).

           Кез келген қылмыстық жаза түрін қолданудың тиімділігінің бір көрсеткіші қайталап қылмыс жасау жағдайы болып табылады (жеке превенция). Жазаның белгілі бір шарасын және түрін өтегендер арасындағы кәнігі қылмыскерлердің үлес салмағының азаюы, сөз жоқ, жазаның нақ сол түрі мен көлемі үшін тиімділік критериі болып табылады, дегенмен кәнігі қылмыскерлерге қатысты жазаның тиімділігін салыстыру тек олардың дәрежелеріне қатысты, бұрынғы жасалған қылмыстардың сипатын, жас шамасын, түзеу мекемелерінен босатылу мерзімін ескере отырып қана мүмкін болады. Бұл не бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімінің, не болмаса қоғамнан қысқа мерзімге, бірақ жазаны өтеудің қатаң режимін қолдана отырып, оқшаулаудың қайсысы тиімді болатындығын анықтауға мүмкіндік береді [26, 123б.].

         Ең соңында, бірдей нәтиже беретін барлық жазалардың ішінен тиімділігін анықтау үшін неғұрлым жеңіл түрін пайдалану қажет болады. Өйткені жаза келтірілген залал үшін қайғы шектіріп, қарғысқа ұшыратуды мақсат тұтпайды, оның негізгі міндеті қылмыстардан сақтандыру болып табылады. Қоғам қылмыстылықпен күрестің неғұрлым адами нысандарына қарай ұмтылуы керек, сонымен бірге ол жалпы және жеке превенциялардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті дәрежеде болуы шарт. Кәнігі қылмыскерлерге қатысты жазаның тиімділігі проблемасы да осы тұрғыдан алып қарастырылады.

         Егер бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы айтатын болсақ, олардың өмірі мейлінше тар шеңберде өтеді. Мұндай адамдардың сыртқы әлеммен байланысы үзіледі, олар қалыптасқан жағдайды барлық реттерде дұрыс қабылдай бермейді, нақтылы мән-жайлар туралы түсініктері өзгереді, жекелеген адамшылық қасиет-құндылықтарды дұрыс ұғыну жоғалады.

        Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу кезінде сотталғандардың іс-қимылдарына, әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұлардың барлығы, әлбетте, оның психикалық ахуалына қатты әсер етеді, өйткені сотталғанға дейінгі болған ортасының бас бостандығынан айыру орындарындағы ортадан, айтары бар ма, ат шапқандай айырмашылығы бар. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарында бір жынысты адамдар ғана болады, олардың арасында мінез-құлық қатынастары қатаң реттелген, оның «шеңберінен» шығуға қатаң түрде тыйым салынады, басқаша жағдайда кінәлі жаңа «жазаға» үшырауы мүмкін. Сондай-ақ колониялардың өзіндік мінез-құлық «жүйесі» бар, соған сай сотталғандар нақтылы мәртебеге ие болады. Бұл да сотталушының психикалық жағдайына барынша ықпал етеді, өйткені оған өзінің қалыпты мінез-құлқын, көзқарасын өзгерту жолымен жаңа ортаға үйренісуге тура келеді, т.б. 

         Кәнігі қылмыскерлерге осыған ұқсас қылмыстарды жасаған басқа адамдарға қарағанда жазаның неғұрлым ауыр түрін тағайындау қылмыскерлердің осы дәрежесіне қатысты қылмыстық жауаптылықты арттыру жөніндегі заң талаптарынан келіп шығады. Кәнігі қылмыскердің жеке басының жоғары қоғамдық қауіптілігі қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталғандығынан көрініс табады. Сонымен қатар бұл — оған қатысты бұрынырақта қолданылған жаза шараларының жеткіліксіз, тиімсіз болғандығының көрсеткіші де. Жауаптылық пен жазаны күшейту — кәнігі қылмыскерлерге неғұрлым тиімді және тәрбиелік ықпал етудің бір жолы. Бұл жол қазақстандық қылмыстық құқық қағидаларымен сәйкес келеді және жауаптылықты жеке даралау қағидасының нақтылы көрініс табуы болып табылады. Кәнігі қылмыскерлердің жауаптылығын жеке даралау аталған қағиданы жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде — заңда, үкім шығару және жаза тағайындау кезінде сотта және жазаны өтеу кезінде қолданылады.

         Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы жағдайында бұрын жасалған қылмыстардың сипаты және қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі ескеріледі. Сонымен қатар, айыпкердің жеке басы, оның ішінде оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталушының түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына әсер-ықпалы ескеріледі.

        ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы 1994 жылғы 25 мамырдағы «Қайталанушы қылмыстар туралы қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы» №1 қаулысында жаза тағайындау кезінде кәнігі қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтерді ескеру қажеттігіне соттардың назарын аударды. Пленум бұрын сотталған адамдарға жаза тағайындау туралы мәселені шешкен кезде «соттар табанды түрде түзелу жолына түскісі келмейтін және жаңа ауыр қылмыстар жасаған кәнігі қылмыскерлерге жазаның негізсіз неғұрлым жеңіл түрін қолдану жағдайларына жол бермей отырып, жазаны жеке даралау туралы заң талаптарын басшылыққа алуға тиіс» деп атап көрсетті.

          Кәнігі қылмыскерлердің жауаптылығы мен оларды жазалауды күшейту, ҚР ҚК 38-бабының 2-бөлігінде айшықталған жаза мақсаттарына жету тұрғысында, яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру тұрғысында өзін-өзі ақтап түр. Қайталап қылмыс жасаушыларға жаза тағайындау кезінде қазақстандық қылмыстық құқықтың адамгершілік қағидалары көрініс табады. Бас бостандығынан айыру мерзімін ұзарту, кәнігі қылмыскерлердің жазасын өтеу жағдайын қатаң режимге көшіру, жазаның қайғы шектіру жақтарын күшейту — дербес мақсат емес, тек жазаның басқа мақсаттарына жетудің бір шарты.

        Өте терең әлеуметтік-адамшылық тұрғысында кері кетуімен сипатталатын адамдарды түзеу үшін барынша ұзақ мерзім және қылмыскерлердің басқа дәрежелеріне қарағанда жазаны өтеудің неғұрлым қатаң түрін қолдану қажет етіледі. Қайталап қылмыс жасағандар үшін ерекше режимдегі түрмелерде және колонияларда белгіленген жазаны өтеудің ауыр жағдайы тіпті мейлінше тіс қаққан қылмыскерлердің өзін өткені және бүгінгісі жөнінде ойлантуға, сөйтіп болашаққа деген көзқарасын анықтауға ықпал етуі тиіс.

        Жеке даралау қағидасына сәйкес қылмыстық жаза қылмыс жасаған барлық адамдарға қатысты мақсатты түрде және әділетті болуға тиіс. Қайталап қылмыс жасаушыларға қатысты жаза да осындай талаптарға жауап беруге тиіс.

        Қылмыстық Кодекс қайталап қылмыс жасаушылардың жауаптылығын қарастырған баптары бойынша жаза тағайындау кезінде сот оларға қатысты осы баптардың санкцияларына сәйкес жаза мерзімін өсіреді. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен, ал қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында — үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында — төрттен үшінен төмен болмауы керек. Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабында айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ жоғарыда айтылған ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы кезінде жаза аталған ережелерді ескермей тағайындалады.

        Қайталап қылмыс жасаушылардың жоғары қауіптілігі олардың жасаған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылығын күшейту қажеттігін негіздейді. Мұндай күшейту қайталап қылмыс жасаушының жасаған қылмысы үшін көзделген заң бабының шеңберінде жүзеге асырылады. Қылмыстың қайталануы және қайталап қылмыс жасаушының жеке басы қаншалықты қауіпті болса, жаза да соншалықты қатаң болуға тиіс.

        Қайталап қылмыс жасаушылардың жоғары қауіптілігі қағидасы кәнігі қылмыскер жасаған қылмыс үшін жазаның ең төменгі мөлшерін тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешуде де айшықталады. Ол бірінші рет сотталып отырған адамдарға қатысты қолданылатын жазаның ең төменгі мөлшерінен жоғары болуға тиіс. Аталған қағида, әдетте, қайталап қылмыс жасаушыларға жазаның заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл түрін тағайындау және шартты түрде соттау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

         Кәнігі қылмыскердің жеке басынын, жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежесі соттың баламалы түрде бас бостандығынан айыруды және түзеу жұмыстарын көздейтін санкциялар шеңберіңде жаза түрлерін таңдауына сөзсіз ықпал етеді. Бұрынырақта бас бостандығынан ауыру түрінде жазасын өтеген қайталап қылмыс жасаушыларға қатысты түзеу жұмыстарын қолдану өзін-өзі ақтамайды.

        Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау мәселесін шеше отырып, соттар бұрын жасалған қылмыстардың санын, сипатын, бұрын тағайындалған жазаны өтеудің толықтығын, бұрынғы үкімдер бойынша жазадан босатудың негіздерін, қылмыс жасаған кездегі уақыт, т.б. ескереді. Кәнігі қылмыскерлерге соттар, әдетте, қылмыскерлердің басқа дәрежелеріне қарағанда барынша ауыр жаза тағайындайды. Сонымен қатар, адамды кәнігі қылмыскер деп тану туралы мәселені шешу және жаза тағайындау кезінде соттар тарапынан қателіктер де кетіп жатады.

         Соның бір айғағы — Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының Г.Ф.Макляк жөнінде шығарған үкімі. Г.Ф.Макляк ҚР ҚК 173-бабының З-бөлігі «в» тармағымен айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі түзеу мекемесіне жіберілген болатын. Оның алдында ол 1992 жылы 132-баптың 2-бөлігімен, 201-баптың 1-бөлігімен (ҚазССР ҚК) 5 жылға сотталған және 1993 жылы 76-баптың 2-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Бостандыққа 1998 жылы мерзімін өтегеннен кейін шыққан. Бұл іс бойынша наразылық білдірген прокурор соттың қылмыстық заңды дұрыс пайдаланбағанын атап көрсеткен. Яғни, сот айыпталушының ісінде аса қауіпті рецидив бар екендігін көрсеткен. Ал шын мәнінде Макляктың бұрынғы соттылықтары аса қауіпті емес қылмыстарға жататын. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы прокурордың наразылығымен келісіп, ол істі қайтадан жаңа сот қарауына жіберді.

         Заң талаптарына сәйкес қайталап қылмыс жасаушы деп танылуы мүмкін адамдарға қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде соттар әрбір жағдайда сол адамды сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, олардың себеп-салдарларын, қылмыстық ниет-пиғылдарды жүзеге асыру дәрежесін, жасалған қылмысқа қатысу рөлі мен сипатын, істің және басқа мән-жайларын ескере отырып, қайталап қылмыс жасаушы деп тану туралы мәселені талқыға салуға тиіс.

         Бұл ретте зандық тұрғыдан алып қарағанда жоғары қоғамдық қауіптілік тудыратын, табанды түрде түзелу жолына түскісі келмейтін қылмыскерлердің кәнігі қылмыскер деп танылуы мүмкін екендігі туралы мәмілені әрдайым есте үстау керек. Сотталушыны кәнігі қылмыскер деп тану үшін негіздің болуы туралы және мұндай шешімді қабылдау қажеттігі туралы мәселе сотта процеске қатысушылардың іс жүргізу ережелерінің теңдігі қағидасын ескере отырып, зерттелуге тиіс. Бұл ретте сотталушының өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі жан-жақты қамтамасыз етілуі керек.

         Адамды кәнігі қылмыскер деп тану туралы мәселені шеше отырып сот мұндай шешімді қабылдауға кедергі боларлық мән-жайлардың (бұрынғы қылмыс қандай жас шамасында жасалынған, бұрынғы үкімдер бойынша іс-әрекеттерді дәрежелеу өзгерген жоқ па, оларды жоғары тұрған соттар кас- сациялық немесе қадағалаушылық тәртіппен алып тастаған жоқ па және т.с.с.) бар-жоғын тексеруге тиіс.

        Сотталушыны кәнігі қылмыскер деп тани отырып сот үкімде өз шешімінің себеп-салдарларын ашып көрсетуге, ал үкімнің қарар бөлігінде қылмыстық заңның тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, сол шешімнің өзін келтіруге міндетті. Егер сот болымсыз негіздер жағдайларында сотталушыны кәнігі қылмыскер деп танымау мүмкіндігін тапса, бұл шешім де үкімде айшықталуға тиіс.

        Қылмыстардың қайталануы үшін жоғары жауаптылық белгілей отырып, заң шығарушы мұны заңмен белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынып тасталмаған соттылықтың бар болуы, белгілі бір жаза түрінің (ауыр қылмыстарға қатысты) — бас бостандығынан айырудың болуымен байланыстырады. Заңға сәйкес адам бірқатар міндетті белгілердің, оның ішінде — бұрынғы бас бостандығынан айыруға сотталуының бар болуы жағдайында кәнігі қылмыскер деп танылуы мүмкін.

         ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы 1994 жылғы 25 мамырдағы «Қайталанушы қылмыстар туралы қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы» №1 қаулысында атап өткендей: «бұрынырақта бас бостандығынан айыруға сотталған адам деп, заңды күшіне енген сот үкімі бойынша түзеу мекемелерінде өтеуге жататын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған, оның ішінде бұл жазаны адам өтемеген (мәселен, оны өтеуден жалтарған, үкімді орындау қылмыстық іс жүргізу заңдарымен көзделген тәртіппен кейінге қалдырылған, үкім ескіру мерзімінің өтуіне байланысты орындалмаған, қылмыстық заңмен көзделген кейінге қалдыруды қолдана отырып шарты түрде сотталған реттерден басқа жағдайларда) адамдарды есептеу керек».  Сондықтан да кәнігі қылмыскер деп бұрынырақта бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған, не үкімнің орындалысын кейінге қалдыру қолданыла отырып сотталған адам, егер ол тиісінше сынақ мерзімі ішінде, немесе үкімнің кейінге қалдырылуы кезеңінде, немесе ол соттың шешімі бойынша заңда көзделген негіздермен үкім бойынша бас бостандығынан айыру жөнінде тағайындалған жазаны өтеу үшін бағытталған уақытта жаңадан қылмыс жасаған адам танылады. Бұл ретте кез келген жағдайда заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталған немесе жойылған соттылық ескерілмеуі мүмкін емес.

         Сондай-ақ соттың үкімі бойынша түзеу жұмыстарына сотталған, артынша ол бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сонымен бірге заңға сәйкес сот жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстауды қолданған әскерилер бас бостандығынан айыруға сотталған деп қарастырылуы мүмкін емес.

         Кәнігі қылмыскерге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындай отырып, сот үкімде сотталушының жазасын өтеуге тиіс түзеу мекемесінің түрін көрсетуге тиіс. Түзеу мекемесінің неғұрлым қатаң түрі түрме болып есептелінеді. Жаза мерзімінің бір бөлігіне, бірақ бес жылдан артық емес мерзімге түрмеге қамау түрінде бас бостандығынан айыру қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында және кәмелетке жасы толғаннан соң аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға тағайындалуы мүмкін.

        Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу соттың үкімі бойынша қылмыстардың қайталануы жағдайында — қатаң режимдегі түзеу колонияларында, қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында — ерекше режимдегі түзеу колонияларында, қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында — түрмеде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімде өтеуге тағайындалады. Сот жасалған қылмыстың, айыпкердің қоғамдық қауіптілігі дәрежесі мен сипатын және басқа мән-жайларды ескере келіп, өзінің шешімін жан-жақты дәлелдеп, жазасын неғұрлым жеңіл режимдегі мекемелерде өтеуді тағайындауы мүмкін. Жазаның белгілі бір түрімен, мысалы бас бостандығынан айырумен және оны нақтылы өтеумен жалғасқан қылмыстардың қайталануы жазаны өтеу орны туралы мәселені шешу үшін негіз болып табылады.

         Бас бостандығынан айыру орындарындағы негізгі талаптар мен шарттарды да көрсетелік. Олар: міндетті түрде оқшаулау және сотталушының жаңа қылмыс жасау немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерге бару мүмкіндігін жоққа шығару тұрғысында оны үнемі бақылауда ұстау; оның өзінің міндеттерін нақты және бұлтармай орындауы. Қайталап қылмыс жасаушылар үшін аталған қылмыскерлер тобының айрықша қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, заң шығарушы жазаны өтеудің қатаң жағдайларын қарастырған.

          Кәнігі қылмыскерлерге жаза жалпы негіздер үдесінен шыға отырып және мұндай жағдайлар үшін қолданыстағы заңнамаларда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып тағайындалады. Осы орайда ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысында атап өтілгендей: «Жаза мөлшері қылмыстың қайталану қауіптілігінің дәрежесіне байланысты болғандықтан, соттар қылмыстың қайталану түрін дұрыс белгілеуге міндетті. Соттың бұл туралы тұжырымы дәлелдер келтіріле отырып, үкімнің дәлелдеу бөлігінде, ал тиісті шешім үкімнің қорытынды бөлігінде көрсетіледі».

         Үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасау жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосуға әкеліп соғады. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде, бұрын жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазаны жаңадан жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазаға толық немесе ішінара қосу мәселесін шеше отырып, соттар бұрынырақта жасалған және жаңадан орын алған қылмыстардың ауырлығын, айыпкердің жеке басы туралы мәліметтерді және жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды көрсетуге тиіс. Жаңадан жасалған қылмыс үшін үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, ол қылмысты қасақана немесе абайсызда жасады ма, жоқ па — оған қатыссыз жүргізіледі. Бұл ретте үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның түпкілікті шарасы қанша дегенмен шартты түрде не үкімнің орындалуын кейінге қалдырылуды қолдану арқылы тағайындалған жазадан немесе шартты түрде — мерзімінен бұрын босату кезінде жазаның өтелмеген мерзімінен көп болуға тиіс.

          Қылмыстардың қайталануы сотталушы адамның бір ғана емес, бірнеше қасақана қылмыстардың жасауынан көрініс табуы мүмкін. Егер олар Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында көзделген болса немесе бір қылмыстық іс-әрекет құрамында Қылмыстық кодекстің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыс белгілері болса, онда қылмыстардың жиынтығы бірден көзге ұрады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 58-бабы соттарды әуелі әрбір қылмыс үшін бөлек (негізгі және қосымша) жаза тағайындауға міндеттейді. Жиынтыққа енетін әрбір қасақана жасалған қылмыс айыпкер бұрынырақта сол үшін сотты болған қылмыстарға қатысты қылмыстардың қайталануы болып табылады. Қылмыстардың барлық жиынтығы үшін түпкілікті жазаны сот ҚР ҚК 58-бабына сәйкес жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді.

           Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша тұлғаның көптеген қылмыстар істегені үшін аса қауіпті қылмыстарды қайталап істеуші тұлға деп танылуы сотқа тұлғаның осы белгілері бойынша оның әрекеттерін айқындауға негіз болып табылады. Осы кодекс қылмыстың мұндай белгілерін қарастырмайды, алайда кінәлі тұлғада жаза тағайындау кезінде қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы болатын болса, сот Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген ережелерге талдау жасауға және баға беруге міндетті.

         Қылмыстардың қайталануының сипатына қарамастан сот бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне баса назар аударуы қажет.

         Жаза тағайындау көбінесе кінәлі тұлғаның қандай қасақана қылмыстар істегені және оларды неше рет жасағанына тәуелді болады, өйткені қасақаналықпен жасалған қылмыстар өздерінің қауіптілік дәрежелері бойынша бірдей болмайды.

         Кінәлі тұлғаға қылмыстардың қауіпті қайталануына қарағанда жай қайталануы жағдайында мейлінше қатал жаза тағайындалуы да мүмкін. Мысалы, тұлға бұрын орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бір рет сотталған болатын және тағы да ауыр қылмыс жасады – жай қайталану; тұлға бұрын ауырлығы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айырумен екі рет сотталған және тағы да  осындай қылмыс жасады – қауіпті қайталану болып табылады. Бірінші жағдайда кінәлі тұлғаның қауіптілігінің дәрежесі жоғары болады, себебі онымен істелген жаңа қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі бұрын істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесінен айтарлықтай жоғары. Ал екінші жағдайда тұлғаның жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі айтарлықтай жоғары болмайды.

        Жаза тағайындау кезінде қайта жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына баға берілуі керек. Кей жағдайларда кінәлі тұлға сотталып шыққан бұрын жасалған қылмысқа қарағанда қайта істелген қылмыстың қауіптілігі шамалы болады. Мәселен, бұрын кісі өлтіру мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру болсын делік, ал соңғы жасалған қылмыс – денсаулыққа абайсызда зиян келтіру болды. Осы келтірілген мысалда қылмыстардың қауіпті қайталануы орын алып отыр, алайда қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындау мөлшері минималды түрде болуы мүмкін.

         Сот, сонымен қатар, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды да ескеруі қажет. Бұл мән-жайлар әр түрлі сипатта болады және сәйкесінше жазаның мерзімі мен мөлшеріне әсер етеді. Кейбір жағдайларда жаңадан қылмыс жасауға түрткі ретінде түзеу колонияларындағы сотталған тұлғалармен жұмыс жүргізу кезінде жіберілген маңызды қателіктер негіз болуы мүмкін (теріс тәрбие жұмысы, зорлық-зомбылықтың болуы, колониядағы қауіпті қылмыскерлердің атақ-даңқы және т.б.); ал басқа жағдайларда – жаңадан қылмыс жасаудың мән-жайлары толығымен сотталған тұлғаның тікелей өзіне байланысты болады (яғни, ол бас бостандығынан айыру орындарынан қайтып оралғаннан кейін ішімдікке салынды, еш жерде жұмыс істеген жоқ, бұрын сотталғандармен  байланыста болды және тағы да қылмыс жасады).

        Ал енді, қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктеріне  қысқаша тоқталып өтейік:

  • Егер жаңадан жасаған қылмысы үшін тұлғаға бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындалатын болса, онда қасақана қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның (бұрынғы тағайындалған жазаның түріне тәуелсіз) кез келген ауырлық дәрежесіндегі жаңадан жасаған қылмысы жағдайында қылмыстардың жай қайталануы орын алады. Егер бұрынғы қасақана жасаған қылмысы үшін тұлға бас бостандығынан айырусыз жазамен сотталған болса және тағы да қасақана қылмысы үшін (оның ауырлығына тәуелсіз) бас бостандығынан айыру жазасымен сотталса, онда бұл жағдайда да қылмыстардың жай қайталануының болуы орын алады;
  • Егер тұлға бұрын бір рет онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасымен сотталса, сондай-ақ оның жойылмаған және алынбаған соттылығы болған жағдайда тағы да ауыр және аса ауыр қылмыстарға теңестірілетін онша ауыр емес және ауырлығы орташа қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған жағдайда да қылмыстардың жай қайталануы орын алады;
  • Егер тұлға қасақана ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын болса және бұрын да қасақана ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған болса, онда қылмыстардың қауіпті қайталануы орын алады;
  • Егер тұлға қасақана ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын болса және бұрын да қасақана ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасымен екі рет сотталған болса немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған болса, онда қылмыстардың қауіпті қайталануы орын алады;
  • Заңда көрсетілген ауырлықтағы бұрынғы және жаңадан істеген қасақана қылмысы үшін тұлға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталып, оны нақты өтеген және бұл жазаны толық немесе бөлшектеп өтеген жағдайда қылмыстардың қауіпті қайталануы қылмыстың қайта жасалуын құрайды;
  • Тұлғаның аса ауыр қылмысы және бас бостандығынан айыру соттылығы жағдайында, егер ол бұрын да қасақана ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған болса, онда қылмыстардың қауіпті қайталануы орын алады;
  • Егер алғашқы немесе одан кейінгі қылмысты іс-әрекеттерде аяқталған, сондай-ақ аяқталмаған қылмыстардың белгілері болса немесе ол қылмысқа қатысу болып табылса, онда тұлғаның іс-әрекеттерін қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы деп бағалаймыз;
  • Қылмыстардың қайталануының қандай да бір белгілері орын алған жағдайда қайта істелген іс-әрекет аяқталмаған қылмыс және қылмыс істеуге оқталу болып табылады және кінәлі тұлғаға тағайындалатын жаза қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімі мен мөлшерінің үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауіпті қайталануы жағдайында – жартысынан төмен, ал қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында – үштен екісінен төмен болмауы тиіс;
  • Қылмыстардың қайталануы мен қылмыстардың жиынтығы біріккен іс-әрекеттерде, қылмыстардың жиынтығы бойынша істелген әрбір қылмыс үшін жаза бөлек, бірақ қылмыстардың қайталану ережелері ескеріле отырып тағайындалады, ал қылмыстардың жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі қорытынды жаза жиырма бес жылдан артық емес мерзімде тағайындалуы мүмкін;
  • Қылмыстардың қайталануы мен үкімдердің жиынтығы біріккен реттерде кінәлі тұлғаға жаза қылмыстардың қайталану, қауіпті қайталану және аса қауіпті қайталану ережелері ескеріле отырып және егер жаңадан белгілі бір ауырлықтағы қасақана қылмыс алдыңғы үкімнің заңды күшіне енгенінен кейін жасалған болса деген шарт негізінде тағайындалуы мүмкін. Сотталған тұлғамен жаңа қылмыс іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін, бірақ оның заңды күшіне енуіне дейін жасалған болса, онда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабының 2-бөлігіндегі қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындауға байланысты ережелер соңғы үкім бойынша қолданылмайды;
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1-бөлігінің «г» пункті бойынша айыпкердің жас балаларының болуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылады. Бұл ережелерді сотталушының қылмысты қол сұғушылығының жәбірленушілері ретінде оның жас балалары болуы жағдайында, айыпкердің жас балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде заңшығарушы танымауы тиіс;
  • Тұлғаның соттылықты жоюға арналған қажетті мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасауы соттылықты жоятын мерзімді тоқтатпайды және тоқтата тұрмайды. Қылмыстық құқықтағы бұл шешім соттылықты алу мен оны жоюдың әлеуметтік-құқықтық негіздері институтына қайшы келеді. Сондықтан, тұлғаның соттылықты жоюға арналған мерзімі ішінде жаңадан қасақана қылмыс жасауы бұл мерзімді тоқтатады және сотталған тұлғаның соттың соңғы үкімі бойынша жазаны өтеуі сәтінен бастап жаңарады;
  • Егер бұрын сотталған ер адам жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтесе, алайда, оның соттылығы жойылған немесе алынған болса, онда соттың бас бостандығынан айыруды қатаң тәртіптегі түзеу колонияларында өтеуді тағайындауға құқығы жоқ.

         Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 13-бабына сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейтіндігін соттар міндетті түрде назарға алуы керек.

         Бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған тұлға деп бұрынғы заңды күшіне енген сот үкімі бойынша мынадай түрлерде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған тұлғаны есептейміз:

  • Түзеу мекемелерінде тұлға өтеуге тиісті болған және бұл жазаны ол өтемеген жағдайда, мысалы, оны өтеуден жалтару немесе Қылмыстық Кодекстің 73-бабының негізінде ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатылған реттерде, Қылмыстық Кодекстің 75-бабына cәйкес айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату жағдайларын қоспағанда;
  • Шартты түрде соттауға байланысты (Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің 40-бабы бойынша немесе 1997 жылы шілденің 16-сында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген, яғни, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабы бойынша);
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 72-бабына сәйкес, яғни, жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыруға байланысты;
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 74-бабына сәйкес, яғни, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыруға байланысты;
  • Шартты түрде міндетті түрде еңбекке тартуға байланысты (Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 23-2 бабы бойынша).

        Осыған байланысты тұлға сәйкесінше сынақ мерзімі ішінде немесе үкімнің орындалуын кейінге қалдыру мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасаса, не болмаса шартты соттауды жою не кейінге қалдыру және сотталған тұлғаға үкім бойынша бас бостандығынан айыру тағайындалғандықтан оны белгілі бір мекемеге жіберу жағдайларында қылмыстардың қайталануы танылғанда тұлғаның алынбаған және жойылмаған соттылығы және бас бостандығынан айыру шартты түрде тағайындалғандығы (Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 40-бабы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабы бойынша),  немесе үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды қолдану (Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 41-1-бабы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 72 және 74-баптары бойынша), немесе шартты міндетті түрде еңбекке тарту (Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 23-2 бабы бойынша) ескерілуі тиіс.

        Соттың үкімі бойынша түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, т.б. жазалар тағайындалған және  Қылмыстық Кодекстің 43-бабының 4-бөлігі және 45-бабының 2-бөлігі негізінде тағайындалған жазалар бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жағдайларда тұлғалар бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар ретінде танылмайды. 

         Тұлғалардың сәйкесінше қылмыстардың қайталануы болған реттерде,  аяқталмаған қылмыстар негізінде, сондай-ақ қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындаған кезде соттар жаза мерзімдерінің шектерін қатаң сақтауы тиіс.

        Осыған байланысты мына жағдайды ескеруіміз керек: Қылмыстық Кодекстің 5-бабының 3-бөлігіне сәйкес 59-баптың 2-бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін (1998 жылдың 1-қаңтарына дейін) жасалған қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы және аса қауіпті қайталануы үшін сотталған тұлғаларға қолданылмайды. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің қолданысқа енгізілгеніне дейін және оның қолданысқа енгізілгенінен кейін жасалған қылмыстардың қайталануы тұлғаның соттылығын құрайтын болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 59-бабының 2-бөлігінің ережелері 1998 жылдың 1-қаңтарынан кейін жасалған қылмыстар үшін ғана қолданылады. Ал аяқталмаған қылмыстарда сәйкесінше қылмыстардың қайталануы орын алған жағдайларда жазаның максималды мөлшері Қылмыстық Кодекстің 56-бабында көзделген мерзімдер мен мөлшерлерден аспауы тиіс.

 Қылмыстардың қайталануының қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, түзелу жолына түскісі келмейтін, керісінше, жаңадан қасақана қылмыстар жасайтын тұлғаларға әсер ету шараларының аса қатал түрлерін қолдануымыз қажет.  

 

2.3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Жалпы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде әр түрлі жағдайларда, негіздерде жазаны тағайындау көрсетілген. Олар Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінің IV-бөлімінде, яғни «Жаза тағайындау» деген бөлімінің баптарында көрініс тапқан. Ең бірінші жалпы жаза тағайындайдың негіздері туралы 52-бапта айтылған. 53-баптан 61-бапқа дейін сол негіздерге шолу жасалған. Соның ішінде біз 60-бапқа толық түсініктеме беріп, шолу жасаймыз.

60-бап. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

  1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.
  2. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің Жалпы бөліміндегі осы жазалау түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек.
  3. Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауы керек. Егер адам үкімдердің жиынтығында осы Кодекстің 58-бабының төртінші бөлігінде аталған қылмыстардың біреуін болса да жасаған деп танылған үкім қамтылатын болса, бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза отыз жылдан аспауы керек.
  4. Үкімдердің жиынтығы бойынша түакілікті жаза қайта жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.

5.Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде жазалардың қосымша түрлерін қосу осы Кодекстің 58-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.

Қылмыс жасап үкім бойынша жаза алған адамның тағы да қылмыс істеуінің қоғамға қауіптілігі орасан, сондықтан жаңа Қылмыстық кодекс мұндай қылмыскерлерге қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға қарағанда қатаңырақ жаза тағайындау тәртібін белгілеген. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың ауырлығына қарамастан заң талабына сәйкес бұрынғы үкім бойынша тағайындалған, жазаның өтелмей қалған бөлігін түгелдей я болмаса ішінара қосып белгілейді. Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілген сіңіру ережесі бұл бапқа қолданылмайды.

Үкімді жинақтап тағайындаған ақырғы жаза жаңа істелген қылмысқа тағайындалған жазадан да, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша өтелмей қалған жазаның бөлігінен де артық болуы керек.

Бірнеше  үкім бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы қылмысы үшін үкім шығарылған уақыттан бастап есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап қосқанда жазаның жалпы мерзімі егер ол бас бостандығынан айырумен тығыз байланысты болмаса жазаның сол түріне белгіленген ең ұзақ мерзімінен аспауы тиіс. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қосқанда жазаның жалпы мерзімі 25 жылдан аспауы тиіс, ал заң бойынша бас бостандығынан айыру жазасы 20 жылдан артық мерзімге тағайындалған қылмыстар бойынша – немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қолдануға болатын қылмыстар істегені үшін жазаның жалпы мерзімі 30 жылдан аспауы тиіс (58-бап, 4-бөлігі). Үкімдерді жиынтықтап жаза тағайындағанда негізгі жазаға жауаптылықты белгілейтін бапта көрсетілген қосымша жазаларды да қосуға құқылы. Әр түрлі түрдегі қосымша жазалар жеке-жеке орындалады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 60-бабына сәйкес, үкімлердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаған жағдайда орын алады.

Үкімдердің жиынтығының белгілері болып мыналар табылады:

  • адамға жаза тағайындаған үкімнің болуы;
  • жазаның сотталушымен толық өтелмеуі;
  • соттың үкімі бойынша тағайындалған жазаны толық өтеп болғанға дейін жаңа қылмыстың жасалуы.

Үкімдердің жиынтығы кезінде бұрынғы жасаған қылмысы үшін адам сотталғаннан кейін жаңа қылмыс жасайды. Бұл мән-жайлар кнәлінің қоғамға қауіптілігі жоғары екендігін дәлелдейді. Сондықтан заңмен қатаңдығы жоғары жазаның тәртібін тағайындауға әкеп соғады.

Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан соттың үкімі шығып қойған жазаның өтелмеген бөлігінен түпкілікті жаза жоғары болуы тиіс.

Сонымен бірге, егер үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты болмаса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлімінде осы жаза үшін көзделген мерзімнен немесе мөлшерден аспауы тиіс.

Ал, үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы тиіс. Егер үкімдердің жиынтғында қылмыс жасағаны үшін заңмен көрсетілген бас бостандығынан 20 жылға дейін айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген бір аса ауыр қылмыстардың біреуін жасаған деп танылған үкім қамтылатын болса, бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы  бойынша түпкілікті жаза 30 жылдан аспауы керек.

Бірдей, сондай-ақ әр түрлі жазаларды (олардың ішінде қосымша жаза) қосу, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 58 және 61-баптарымен белгіленген тәртіптермен жүргізіледі.

Осыған орай, үкімдердің жиынтығы кезінде сот жазаны келесі тәртіптер бойынша тағайындайды:

  • алдымен қайта жасалған қылмыс үшін жаза анықталады;
  • бұл жазаға сот толық немесе ішінара үкімнің өтелмеген бөлігін қосады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуіріндегі №1 нормативтік қаулысының 20-24-тармақтарында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауда басшылыққа алатын мынадай қағидаларды көрсетіп берген.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттар бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері мен түрін белгілеуге және көрсетуге  тиіс, жазаның  өтелмеген бөлігі ҚК-нің 60-бабының негізінде жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға түгелдей немесе ішінара қосылуы керек. Бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі болып мыналар саналады:

— шартты жазаға сотталған кездегі, сондай-ақ ҚК –нің 72-бабында немесе 74-бабының 3-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша жазаны өтеуді орындауды кейінге қалдырылған кезде немесе ҚІЖК-нің 452-бабында көрсетілген тәртіпте, 73-бабының 3-бөлігін қолданған кезде – ұсталуына немесе бұлтартпау шарасы ретінде тұтқындалуына байланысты қамауда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты емдеу мемкемесінде болған уақытты есептемегенде – жазаның бүкіл мерзімі;

— ҚК-нің 60-бабында көрсетілген негіздер бойынша мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған кезде – сотталушы оны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған жазаның бөлігі;

— бас бостандығын  шектеуге, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған кезде – міндетті жұмыс мерзімінің бөлігі және сотталушы жұмыстан жалтарған кездегі уақыт.

Бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып үкімдердің жиынтығын қолданғанда, егер қорытынды жаза жазының осы түріне белгіленген ең жоғарғы шегінде тағайындалмаса, сот үкімде  осындай шешімнің қабылданғанын дәлелдеу керек. Бұрынғы үкімдегі жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосқанда қорытынды жаза қалайда мөлшері жағынан жазадан жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жазадан да жоғары болуы керек.

Егер сотталушы сынақ мерзім ішінде жаңадан қылмыс жасаса, сот жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындау мәселесін талқылаған кезде ҚК-нің 64-бабының 4-бөлігінің талаптарын ескеруге міндетті. Бұл орайда ҚК-нің 60-бабының ережелері сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде бұрынғы үкімдегі шартты соттылықты жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана қолданылады. Егер сот абайсыз немесе онша ауыр емес қасақана қылмыс туралы істі қараған кезде бұрынғы үкімдегі шартты соттылықты қалдыру туралы тұжырымға келсе, онда жаза тек жаңа қылмыс үшін тағайындалады.

Жазаларды қылмыстардың  жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша толық немесе ішінара қосқан кезде соттар ҚК-нің 60-бабында бекітілген мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібін ескеруі жөн. Бұл баптың мәніне сай бұрынғы үкім бойынша тағайындалған өтелмеген қосымша жаза түгелдей немесе ішінара жаңа үкім бойынша тағайындалған дәл сондай қосымша жазамен бірігеді, бұл қосымша жаза қосымша жазаның дәл осы түрі үшін белгіленген мерзім шегінде тағайындалады. ҚК-нің 60-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қосымша жазалар бөлек орындалады.

Егер алғашқы үкім бойын,ша адам бас бостандығынан айыруға, түзету жұмыстарына немесе орындалуға жататын басқа да жазалар бойынша сотталса, ал екінші үкім бойынша жаза қолдана отырып тағайындалса, онда сот жазаларды қосқан кезде олардың бөлек орындалатынын үкімде көрсетуі тиіс. Бұл орайда шартты соттау қолданылған үкімдегі сынақ мерзімі алғашқы үкімдегі жаза қай мекемеде орындалатынына қарамастан, үкім күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Егер сотталған адам бұрынғы үкімді орындауды кейінге қалдырған кезде басқа қылмыс жасап қойса, сот жаңа қылмыс жасағаны үшін тағайындаған жазаға ҚК-нің 60-бабына сай бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жазасын қосуға тиіс. Ондайда бұрынғы үкімді орындауды кейінге қалдыруды бұзу туралы қаулы қабылдаудың керегі жоқ. Егер жаңа қылмыс үкімді орындауды кейінге қалдыру мерзімі өтіп кеткеннен кейін және сотталушыны сәйкес жазасын өтеу үшін тиісті мемкемеге жібергендігі туралы соттың ұйғарымы заңды  күшіне енгеннен кейін жасалса, сот жаңа қылмыстың жазасын белгілеп алып, ҚК-нің 60-бабында көрсетілген жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындаудың ережелерін қолдануға міндетті. Егер жаңа іс жөніндегі үкім қабылданған кезге дейін, сот сотталушыны жазасын өтеуден босату немесе оны жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы мәселесін заңға тағайындайды. Бұндай жағдайда орындалмаған үкімдер бола тұра үкімді орындау туралы мәселе ҚІЖК-нің 453-455-баптарында көзделген тәртіпте шешілуі мүмкін.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазасын толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаған жағдайда тағайындалады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудан айырмашылығы, бұл жағдайда жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру ережесі қолданылмайды. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалған кезде соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі толық немесе ішінара қосылады.

Мұндай қосындының шегі, нақтырақ айтқанда түпкілікті жазаның мөлшері, Қылмыстық кодексте екі нұсқада анықталады: бас бостандығынан айырудан гөрі жеңілірек қатаң жазаға және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға қатысты белгіленеді. Бірінші вариантта, бас бостандығынан айырудан гөрі жеңілірек түпкілікті қатаң жаза тағайындаған кезде, жазалау түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғары мерзімінен аспауы керек. Мысалға, егер үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза айыппұл түрінде белгіленсе, оның мөлшері белгіленген ең жоғары мөлшерден шықпауға тиіс.

Сонымен бірге, жаза тағайындаудың — үкімдер жиынтығы бойынша жүзеге асатын түрі бар. Бұл сотталған өзінің бірінші үкімі бойынша жазаны толық өтемес бұрын жаңа қылмыс жасаса орын алады. Бірақ та аса қатал емес жазаны қатал жазамен ауыстыру орын алмайды. Осы жағдайда сот жазаны ішінара немесе толық қосу принципі арқылы, яғни, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындап, оған соңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосу  арқылы тағайындайды.

Бұлай қосудың шектері, нақтырақ, түпкілікті жазаның мөлшері. Ол екі түрлі вариантта көрсетілген: а) бас бостандығынан айыру жазасына қарағанда жеңіл жазалар, және б) бас бостандығынан айыру жазасы. Бірінші жағдайда жазаның түпкілікті мөлшері. ҚК Ерекше бөлімінде көрсетілген максималды мөлшерінен аспау керек. Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы 30 жылдан аспау керек.

ҚР ҚК 60-бабының 4-бөлігіне сәйкес түпкілікті жаза жаңа істелген қылмыс үшін берілген жаза мен бірінші үкім бойынша өтелмеген жазаның бөлігінің қосындысы болу керек. Ал қосымша жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау сияқты жүзеге асады.

 Үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындауда қосымша жаза тағайындау тәртібі ҚР ҚК-нің 60-бабының 4-бөлігімен белгіленеді.

Егер сотталған үкім шығарылғаннан кейін жазаны толық өтемей тұрып жаңа қылмыс істесе, бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түпкілікті мерзімі 25 жылдан аспауы керек. Ал егер үкімдердің жиынтығы аса ауыр қылмыстарды, яғни оған өмір бойы бас бостандығынан айыру, өлім жазасы немесе 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген жазаларды қосса оның түпкілікті жазасының мерзімі 30 жылдан аспауы керек. Түпкілікті жаза жаңа қылмыс үшін тағайындалған жазаның және өтелмеген жазаның бөлігінің қосындысынан тұрады.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау туралы қысқаша кесте.

Түпкілікті жаза тағайындау кезінде ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін жаза тағайындау бір ғана принциппен жүргізіледі: түпкілікті жаза толық немесе ішінара қосу арқылы тағайындалады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру түріндегі жаза жиырма бес жылдан артық болмауы тиіс. Заң шығарушының бұндай әдісті қолдануы қайта істелген қылмыстың жауапкершілігін белгілей отырып, олардың қайта қайталанбауына жол бермеуге тырысады. Сонымен бірге ҚР ҚК қосымша жазалардың түрлерін қосу және тіркестіруді қарастырады.

Сот практикасында мынадай да жағдайлар да кездеседі: үкім шығарылғаннан кейін сотталған адам жаза тағайындалмаған тағы бір қылмыс істелгені белгілі болады. Бұндай жағдайда бұл ҚР ҚК-нің 60-бабына сәйкес шешіледі. Бірақ та түпкілікті жаза болып бірінші үкім бойынша тағайындалған жаза саналады. 

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде өтелмеген жаза деген термин кездеседі. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өтелмеген жаза болып мынау саналады:

а) алдыңғы үкім бойынша тағайындалған жазаның мерзімі;

б) жүкті әйелдірдің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру;

в) қамауда отырған тұлғаның өтемеген барлық мерзімі;

г) жазаның мерзімін ары-қарай өтеуден шартты түрде босатылған.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау орын алады, егерде сотталған тұлға жазасын өтемес бұрын жаңа қылмыс жасаса. Сонымен, үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау дың белгілері болып мыналар табылады:

  • тұлғаға жаза тағайындаған үкімнің болуы;
  • бұл жаза тұлғамен толық өтелмеуі керек;
  • жаңа қылмыс үкім шығарылғаннан кейін, бірақ та жаза толық өтелмес бұрын жасалады.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде қылмыс сотталған тұлғаның жазасын өтемес бұрын істейді. Бұл жағдай қылмыскердің қоғамға өте қауіпті екенін көрсетеді. Бұнын салдары жазаның орнына одан да ауыр жаза тағайындау.

Сонымен, үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны сот мына тәртіпппен тағайындайды:

  • жаңадан жасалған қылмыс үшін жаза тағайындалады;
  • осы жазаға алдыңғы үкім бойынша белгіленген жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.
  • Егер тұлға бірнеше аяқталмаған қылмыс жасаса, оның әр қайсысына жеке-жеке ҚР ҚК-нің 60-бабына сәйкес жаза тағайындалады (аяқталған қылмысқа жаза тағайындаудан неғұрлым жеңіл жаза тағайындалады), ал түпкілікті жаза болса үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың тәртібімен белгіленеді. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде негізгі жазаға қоысмша жаза қосылуы мүмкін. Қосымша жаза бойынша түпкілікті жаза ішінара немесе толық қосу кезінде белгіленген шектен аспауы керек, яғни РФ ҚК Жалпы бөлімінде белгіленген шектен аспауы керек.

Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан ауыру түріндегі жаза тағайындалған кезде сот түзеу мекемесінің түрін анықтау керек. Түпкілікті жаза өтеу мерзімі үкім шығарылған күннен бастап есептеледі. Есептеу кезінде соңғы іс бойынша қамауда ұсталу уақыты да ескеріледі. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырып шартты түрде босатылады, егер оның құрамындағы қылмыстардың түрі оны шартты түрде босатуға кедергі келтірмесе. Шартты түрде босату сотталғанның жазаның көп бөлігін өтеген жағдайда жүзеге асырылады. Оның тәртібі заңмен бекітілген.

Заң шығарушының жұту принципін үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде қолданудан бас тартудағы басты себебі — оның нәтижелігін арттыру. Сот практикасын зерттеу барысында бұл принциптін алынып тасталғанына қарамастан көптеп қолданылатыны анықталды.

Жоғарыда аталғандай, сот практикасында осы  принципті қолдануға тыйым салынса да, оны сотта қолданады. Оның басты себебі, соттың ең жоғарғы жаза тағайыдауында. Бұндай қайталанбас үшін, сот жаңа қылмыс үшін көрсетілген жазаны оған ішінара немесе толық түрде өтелмеген жзаның бөлігін қосуға болатындай етіп шығаруы керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың мөлшері, яғни мерзімі 61-бапта көзделген реттермен есептеледі. 61-бап «Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі» деп аталады. Бұл бап бойынша мерзім жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде жүзеге асырылады делінген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 62-бабының («Жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу») 1-бөлігіне сәйкес «юелгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас бостандығын шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың, бас бостандығынан айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі сағатпен есептеледі» делінген. Сонымен бірге осы жазаларды ауыстыру немесе қосу кезінде есепке алу күндермен есептелуі мүмкін.

Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 азандағы № 15 нормативтік қаулысының 12-тармағында:

«Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде соттар ҚК-нің 61-бабында көзделген жазаларды қосу қағидасын ескерулері қажет.

Егер тұлға, алдыңғы үкім бойынша бас бостандығынан айыруға, түзеу жұмыстарына, әскери қызмет бойынша шектеуге, бас бостандығын шектеуге немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға шартты түрде сотталса және ол сынау мерзімі кезінде жаңа қылмыс жасап, оған тиісті жаза тағайындалса, онда үкімдер жиынтығы бойынша жазаларды толық немесе ішінара қосу бірінші үкім бойынша ҚК-нің 64-бабына сәйкес шартты түрде соттау жойылған жағдайларда ғана мүмкін болады.

Шартты түрде соттау жөнінде бірінші үкім шығарылғанға дейін адамның басқа қылмысты жасауға кінәлі екендігі анықталған жағдайларда және шартты түрде соттауды жою үшін негіз болмаған не бірнеше үкім бойынша тағайындалған жазалар ҚК-нің 61-бабына сәйкес қосылмайтын жағдайларда соттар жазаның әр үкім бойынша бөлек орындалуы туралы көрсетулері қажет», — делінген.

Егер жазаның мөлшері жылмен есептелсе оның өтелуі сол жылдың соңғы күні өтеді. Мысалы, сот үкімі бойынша біреу бір жылдық мерзімге, 20 шілде 1997 жылдан 19 шілде 1998 жылға дейін есептеледі. Осы жағдайда жылдың күнінің саны маңызы жоқ.

Аймен есептелген мерзім белгіленген айдың соңғы күнінде бітті деп есептеледі. Мысалы, егер жазаның мерзімі 4 аймен белгіленсе және 5 қаңтарда 1994 жылы басталса, сол жылдың 4 маусымында аяқталады. Бұл жағдайда әр айдағы күндердің санының маңызы жоқ.

Егер мерзім күндермен есептелсе, сол мерзімнің басталған сағаты міндетті түрде көрсетілу керек. Себебі, сол сағатта сотталған тұлға босатылу керек.

   Қазақстан Республикасында үкім немесе қылмыс жиынтығы бойынша жаза есептеу 62-бапта көрсетілгендей жүзеге асырылады.

62-бап. Жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу.

  1. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас бостандығын шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың, бас бостандығын айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі сағатпен есептеледі.
  2. Осы бартың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаларды ауыстыру немесе қосу кезінде, сондай-ақ жазаны есепке алу кезінде мерзім күндермен есептелуі мүмкін.
  3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жаза мерзімінің бір күніне бір күн есебімен, бас бостандығын шектеу түрінде ұстауға – екі күнге бір күн, түзей жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге – үш күнге бір күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне – қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты қамауға ұсталған бір күн есебімен есептеледі.

3-1. Үкім заңды күшіне енгенге дейін үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамау түріндегі жаза мезімінің бір күніне екі күні, бас бостандығын шектеу түрінде ұстауға – бір күнге бір күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге – екі күнге бір күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне – қоғамдық жұмыстардың екі сағаты үйде қамауда ұстаудың бір күні есебімен есептеледі.

  1. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстің 8-бабының негізінде ұстап берілген жағдайда бір күнге бір күн есебімен есептеледі.
  2. Сот қарағанға дейін қамауда ұсталған адамға айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындау кезінде сот қамауда ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.
  3. Қылмыс жасалғаннан кейін психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзіміне есептеледі.

Практикада көптеген жағдайлар кездеседі. Соның бірі сот сотталған тұлғамен істелген жаңа қылмыс үшін ең жоғарғы жаза мерзімін белгілейді. Мысалы, тұлға, жаза түрінде бас бостандығы шектелсе, жаңа үкім бойынша бес жылға дейін немесе жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады. Бұндай жағдайда сот жазаны жұту принципін қолданады. Қосуға жарамайтын қосымша жазалар жеке-дара өздері орындалады (ҚР ҚК 61-бап). Сонымен бірге сотталған тұлғаның үкім шығарғаннан кейін бір емес екі немесе одан да көп қылмыс жасайтын кездер де кездеседі. Бұндай жағдайларда сот шешімді тек үкімдердің жиынтығы бойынша ғана емес, қылмыстардың жиынтығын ескере отырып та шығарады. 

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 58-бабында көрсетілген тәртіппен (қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау) айырмашылығы:

  • бұл жерде тек жазаларды қосу принциптерін қолдану орын алады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 58-бабында жаза сіңіру принципі де көзделген;
  • бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қосу кезінде ең жоғарғы мерзімді қамтиды.

Қосуға жатпайтын жазалар, оның ішінде қосымша жазалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 61-бабына сай тиісінше толықтырылады. Олардың қатарына: айыппұл, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысуға, ар,наулы әскери, құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу жазалары жатқызылады.

Іс бойынша үкім шыққаннан кейін бірақ жазаның толық өтеп болғанға дейін адам бір емес екі немесе одан да көп қылмыс жасаса, қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығынаң жиыны орын алады. Бұл жағдайда, сот біріншіден, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 58-бабының негізінде жаңа қылмыстар үшін жаза тағайындауы керек, содан кейін жаңа қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған түпкілікті жазаға, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 60-бабында көзделген ережелерді негізге ала отырып, бірінші үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.

 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың қылмыстың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудан басты айырмашылығы, ол үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде неғұрлым жеңіл жазаның соғұрлым ауыр жазамен алмастыру заңдылығы қолданылмайды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр жазалар ішінара немесе толық қосу қолданады. Бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспау керек.   Қылмыстардың жиынтығы ауырлығы шамалы қылмыстарды қарастарса, огнда ол одан да ауыр жазамен алмастырылады, немесе толық не ішінара жұтылуы мүмкін, бірақ мерзімі заңда көрсетілгеннен аспауы керек. Яғни, сот әр түрлі жаза тағайындаудың түрін қылмыстың ауырлығы мен қоғамға қауіптілігіне байланысты таңдайды. Себебі, қылмыстар осыған байланысты санаттарға бөлінеді.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде жазаға соңғы үкім бойынша белгіленген өтелмелмеген жазаның бөлігі ішінара немесе толық қосылуы қолданылады. Жазаны қосу қағидасы  бас бостандығынан айыру, не одан да неғұрлым жеңіл жазаның түрлеріне қолданылады.

Түпкілікті жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудан неғұрлым қатаң емес жаза тағайындау кезінде, ол заңда белгіленген ең жоғарғы мерзімінен аспауы керек, және Ерекше бөлімде көрсетілген сол жаза түріне юелгіленген мерзіміне сәйкес келуі тиіс. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде бас бостандығына айыру түріндегі жаза үшін отыз жылдан аспауы керек, бұл қылмыстардың санаттары (ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр) бойынша қосу кезінде берілетін мерзімнен бес жыл артық.

Яғни, үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қылмыстардың санаттарына емес, қылмыстың түріне байланысты болады. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза жаңа қылмыс үшін және оның алдындағы үкімге белгіленген өтелмеген бөлігін қосып тағайындалады. Бұл жағдай бас бостандығынан неғұрлым жеңілірек, және де бас бостандығынан ауыруғада қатысты. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жоғарыда баяндалғандар негізінде келесі қорытындыға келеміз. Бiр ғана тұлғаның бiрнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшiн аса қауiптi болып табылады. Бiрiншiден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетiн зиян объективтi түрде анағүрлым арта түседi. Екiншiден, бiр тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі  объектiлерге қиянат келтiретiн болса, зиян келетiн қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуi мүмкiн. Бір тұлғаның бiр ғана емес, бiрнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердiң бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейдi. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етедi. Сонымен қатар, бiр тұлғаның бiрнеше қылмыс жасауы, оның iстегендерiнiң дұрыс саралануы мәселесiн де туындатады.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескiру мерзiмi өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екi не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазiргi қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінiң төмендегiдей түрлерi айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігінiң өзіне тән белгiсi бiр тұлғаның кемiнде екi қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамының белгiлерi бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бiр әрекет) жасауы. Ал әкiмшiлiк құқық бұзушылық, азаматтық-құқықтық тәртiп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiнде қарастырылған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстың көптігіне жатпайды.

Қылмыстық жауаптылықтың ескiру мерзiмi өтiп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тiң 11-бабының 3-бөлiгiнде айтылған.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкiнуiне (ҚК-тiң 65-бабы), қажеттi қорғанудың шегiнен асуына (ҚК-тiң 66-бабы), жәбiрленушiмен татуласуына (ҚК-тiң 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актiсi негiзiнде (ҚК-тiң 76-бабының 2-бөлiгi) немесе ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде көрсетiлген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетiн ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиiстiлiгi.

Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бiр ғана құрамының белгiлерiнен тұратын әрекеттен ажырата бiлу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгiлерiнен тұратын қылмысты қылықтың бiр ғана көрiнiсi болса, әрине, жекелеген қылмыс түрiн қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.

Алайда, сот тәжiрибесiнде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетiн жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрделi (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.

Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгiлерiнен тұра алатын, алайда iшкi түтастығына қарай бiр қылмыс ретiнде қарастырылушы екi немесе бiрнеше Әрекеттерден қүралатын қылмыстар күрделi (құрамдас) қылмыстар деп танылады.

Мүндай қылмыстардың ең кең тараған түрi ретiнде бөтен мүлiктi иелену мақсатымен жәбiрленушiнiң өмiрiне не денсаулығына қауiптi болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткiзетiн қарақшылықты мысалға алуға болады.

Жекелеген күрделi қылмыстардың қатарына екi әрекеттен, соның iшiнде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тiң 202-бабында төмендегiдей балама әрекеттерден тұруы мүмкiн бiр ғана қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын бiле тұра бекiту, сонымен бiрге, құнды қағаздарды шығару жөнiндегi есептiң жалған екендiгiн бiле тұра, оны бекiту. Кiнәлi адам осы әрекеттердiң тек бiреуiн жасаса да, бiрнешеуiн жасаса да оның iсi, бәрiбiр, қылмыстың бiр құрамынан тұрады деп есептеледi.

Белгiлi бiр қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асырып отыру  созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда, ол заңмен қылмыстық қудалану қаупiн төндiре отырып кiнәлiнiң мойнына артқан мiндеттердiң көп уақыт бойына орындалмауына келiп тiрелетiн әрекет немесе әрекетсiздiк.

Айталық, П өзiнiң ұлын асырауға қажеттi, сот шешiмi арқылы белгiленген қаржыны төлеуден бiр жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінiң жұмыс орнын сегiз рет өзгертiп, бiр қаладан екiншi қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның iсi қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тiң 373-бабы), несиелi берешектi өтеуден әдейi жалтару (ҚК-тiң 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тiң 213-бабы) және басқалар жатады.

ҚК-тiң 11-бабының 1-бөлiгiне сәйкес жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бiрдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бiрақ әрекетсiздiктен де тұруы мүмкiн (ҚК-тiң 315-бабындағы — қызметтегi әрекетсiздiк). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердiң әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкiн (әкiмшiлiк немесе тәртiптiк жауаптылықпен байланысты немесе тiптi ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердiң әрқайсысы заң тұрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиiс, себебi, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттiң бiр кезеңi ғана. Мысал ретiнде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер кiнәлi деп табылған адам қоймадағы азық-түлiктi белгiлi бiр уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерiнде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердiң әр кезде ұрлап шығарған мүлкiнiң мөлшерiнiң маңызы жоқ. әр жолғы ұрланған мүлiк мөлшерi әртүрлі болып келтiрiлген залал бiр жолы айтарлықтай келесi бiр жолы елеусiз болғандықтан қоғамдық қауiптiлiкке жатпайтын және ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.

Ұрлықпен бiрге тұтынушыларды алдау (ҚК-тiң 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тiң 106-бабы), азаптау (ҚК-тiң 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиi ұшырасады.

Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы дегеннiң мағынасына тереңiрек үңiлер болсақ, ол бiр тұлғаның екi немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттерi үшiн тұлғаның сотталған-сотталмағандығы ескерiлмейдi.

Теория жүзiнде де, тәжірибе жүзiнде де қылмысты бiрнеше рет жасау екi түрге бөлiнедi жалпы және арнайы.

Қылмыстардың қайталануының кез-келген түрi, оның қоғамдық қауiптiлiгiнiң сипаты мен деңгейiне қарамастан жалпы және бiрнеше рет қайталану деп бөлінеді. Жалпы және бiрнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бiрақ жаза тағайындау кезiнде сот бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретiнде ескеруi мүмкiн (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағы).

Кiнәлi тұлғаның ұқсас немесе бiртектес екi немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бiрнеше рет жасалу деп табылады. ҚК-тiң 11-бабының 1-бөлiгiнде дәл осындай бiрнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау — қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады».

Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бiрдей қылмыс құрамының белгiлерiнен тұратын қылмыстар, ұқсас (бiрдей) қылмыстар деп есептеледi.

Мысалы, бiр тұлғаның кiсi өлтiру қылмысын екi рет жасауының бiр-бiрiнен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары түрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкiн, бiрақ бұл ҚК-тiң 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгiлерi бойынша ұқсас (бiрдей) болып келедi.

ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бiрнеше мәрте жасалуының орын алуы салаушы мән-жайлар болып табылады (ҚК-тiң 96-бабының 2-бөлiгiнiң «А» тармағы; 120-бабының 2-бөлiгi және т.б.).

Заңмен тiкелей қарастырылған жағдайларда бiртектес қылмыстардың да бiрнеше мәрте жасалуы ескерiледi. Белгiлi бiр объектiге немесе соған ұқсас объектiге қайталап қиянат келтiрушi, кiнӘнiң түрi бiрдей және басқа да объективтiк және субъективтi ұқсас белгiлерден тұратын қылмыстар (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) бiртектес қылмыстар деп танылады. Бiртектес қылмыстарды есепке алу мүмкiндiгi ҚК-тiң 175-бабына қатысты 3-ескертуде тiкелей қарастырылған, атап айтқанда онда былай делiнген: «Осы Кодекстiң 175, 181-баптарындағы бiрнеше рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстiң 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе одан да көп қылмыстардан кейiн жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтеннiң мүлкiн ұрлау қылмысы, бұған дейiн де мүлiк ұрлағандықтан ғана емес, сонымен қатар, кiнәлi тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бiрiн бұрын жасаған жағдайда да бiрнеше рет жасалған деп танылатын болады.

Бiрнеше рет жасалу ұғымы, кiнәлi тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлi тартылмаған әрекеттерiн де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кiнәлi тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бiрлесiп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер бiрнеше рет жасалған деп танылады.

Бiрнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғанда мәнi мынада: бiрiншiден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде қарастыратындығында. Екiншiден, ҚК-тiң 11-бабының 5-бөлiгiне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады деп көрсетiлгендiгiнде».

ҚК-тiң 12-бабының 1-бөлiгiнде айтылғандай «Осы Кодекстiң түрлі баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылытан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi ҚК-тiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса әрбiр жасалған қылмыс үшiн ҚК-тiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады».

Басқаша айтқанда, кiнәлi тұлғаның жасаған қоғамдық қауiптi әрекеттерiнң жиынтығы кезiнде, қылмыстың екi немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерiлетiн жай кiнәлiнiң жасаған iстерi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң түрлі баптарында немесе бiр бабының әр түрлі бөлiктерi мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгiлерiне сай болуы керек. Тұлғаның бiртектес әрекеттер жасауы, ол әрекеттердiң кейбiреулерi аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бiрлесiп қатысу сияқты болып сараланса да — қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кiретiн iстердiң ешқайсысы үшiн тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Iс жүзiнде, субъектiнiң қылығында қылмыстың көптігінiң бiрнеше түрлерi, атап айтқанда, қылмыстардың бiрнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бiрден байқалатындығы жиi ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерiнiң әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетiн қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескiру мерзiмiнiң өтiп кетпеуi, осы қылмыстардың бiреуi бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзiнде тағайындалған негiздер арқылы бұрын босатылмағандық болуы қажет.

Қылмыстар жиынтығының екi түрi болады: идеалды және нақты.

Кiнәлi тұлға өзінiң бiр ғана әрекетi арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрi ҚК-тiң 12-бабының 2-бөлiгiнде тiкелей қарастырылған. Идеалды жиынтық үшiн кiнәлiнiң жасаған iсiнiң бiр-ақ рет орын алуының немесе ол iстiң әжептәуiр ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендiгiнiң еш маңызы жоқ.

Үйдiң iшiндегi адамды өлтiру мақсатымен сол үйдi өртеп жiберу  идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгiсi. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бiрден екi қылмыс, яғни мүлiктi қасақана жою немесе бұлдiру (ҚК-тiң 187-бабының 2-бөлiгi), әрi кiсi өлтiру (ҚК-тiң 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кiнәлi адамның үйдiң iшiндегi кiсiнi өлтiру жөнiндегi ниетiнiң болу-болмауы iстiң айқындаушысы болып табылады. Егер кiсi өлтiру жөнiнде ниет болмаған жағдайда, бұл iс  не тиiстi жағдайларға қарай бiр ғана қылмыс ретiнде сараланады, атап айтқанда: бөтен мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiрудiң абайсызда адам өлiмiне әкелiп соқтыруы (ҚК-тiң 187-бабының 3-бөлiгi).

Тұлғаның өзінiң әр түрлі әрекеттерi арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бiр баптың бөлiктерi мен тармақтарына) сай келетiн бiрнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады. Мысалы, адам алдымен ұрлық, содан кейiн қарақшылық шабуыл жасайды.

Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзiлiсiнiң болу-болмауында. Бұл үзiлiс тiптi азғантай ғана болып, бiр қылмысқа екiншi қылмыс ұласып отыруы мүмкiн.

Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлiнуiнiң теориялық қана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.

Бiрiншiден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшiн анағүрлым қауiптi екенiн дәлелдейдi. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезiнде соттың неғүрлым қатаң шара қолдануына әкелiп соқтырады, себебi алғашқы қылмыстың жасалуы екiншi қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде ауырлатушы жағдай ретiнде танылуы мүмкiн (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «а» тармағы).

Екiншiден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi идеалды және нақты жиынтық кезiнде әрқалай есептеледi.

Үшiншiден, нақты жиынтық заңмен көзделген жағдайларда бiрнеше мәрте қайталаудың саралаушы белгiлерiн құрауы мүмкiн (ҚК-тiң 175-бабына қатысты 3-ескерту). Ал идеалды жиынтық кезiнде бұл жағдай мүлдем болмайды.

Қылмыстардың жиынтығын бiр қылмыстың ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрнеше баптарымен бiрден қамтылатын кезiндегi нормалардың бәсекелестiгiнен ажырата бiлу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалар бәсекесi кезiнде бiр ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тiң баптарының iшiнен осы әрекеттi саралайтындай бiреуiн ғана таңдап алуы тиiс.

Ал норманың жалпы және арнайы түрлерiнiң бәсекелестігi кезiнде арнайы норма қолданылуы тиiс. ҚК-тiң 12-бабының 3-бөлiгiнде былай делiнген: «Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды». Мысалы, судьяны оның заңды қызметiне кедергi жасау үшiн өлтiрудi ҚК-тiң қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына байланысты кiсi өлтiру үшiн жауаптылық көзделген 96-бабының 2-бөлiгiнiң «Б» тармағына сәйкес емес, ҚК-тiң сот төрелiгiн немесе алдын-ала тергеудi жүзеге асырушы адамдардың өмiрiне қол сұғу үшiн жаза тағайындайтын 340-бабы бойынша саралау керек, себебi екiншi норма бiрiншiге қатысты арнайы болып табылады.

Егер де арнайы нормалардың өзара бәсекелестігi туындаса, жазаның қандай түрi қарастырылатынына қарамастан, арнайы норма қолданылуы тиiс. Сараланған және ерекше сараланған құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесi кезiнде, қылмыстың ерекше сараланған нормасынан тұратын норма қолданылуы тиiс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бiрнеше рет жасаған ұрлығы саралаушы белгi ретiнде бiрнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың 2-бөлiгi мен осы баптың ерекше саралаушы белгi ретiнде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын 3-бөлiгiнiң жиынтығы арқылы сараланбауы тиiс. Бұл жерде кiнәлiнiң әрекеттерi аталған баптың едәуiр сараланған құрамынан тұратын 3-бөлiгi бойынша саралануы тиiс. Ал айыптау қорытындысы саралаушы белгiлердiң бәрiнде, яғни әрi сараланған, әрi ерекше сараланған құрамдарды құрастырушы белгiлердi қамтуы тиiс. Артықшылықты екi құрамның бәсекелестiгi кезiнде (жеңiлдетушi мән-жайлары бар) артықшылығы басым құрамға жол бередi. Мысалы, жан күйзелiсi жағдайында қажеттi қорғаныс шегiнен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтiрген тұлғаның әрекеттерi бiрден екi бап бойынша, яғни ҚК-тiң 98 және 99-бабы бойынша саралануға тиiс, себебi оның жазалаушы шарасы жеңiлдеу.

Сараланған және жеңілдетілген мән-жайлары бар құрамдардан тұратын нормалардың бәсекелестігi жеңілдетілген мән-жайлары бар құрамнан тұратын норманың пайдасына шешiледi. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелiсi жағдайында, жәбiрленушiнiң заңға қарсы әрекеттерiне байланысты субъектi екi адам өлтiрсе, оның әрекеттерi 96-баптың 2-бөлiгiнiң «А» тармағы бойынша емес, ҚК-тiң 98-бабының 2-бөлiгi бойынша саралануы тиiс.

Бөлшек пен бүтiннiң бәсекелестiгi кезiнде де қылмыстардың жиынтығы болмайды (бiр қылмысты әрекет басқа қылмыстың мiндеттi белгiсi болып табылған кезде). Әдеттегiдей мысал ретiнде қарақшылықты айтуға болады (ҚК-тiң 179-бабы). Шабуыл кезiнде жәбiрленушiнiң өмiрi не денсаулығы үшiн қауiптi болып табылатын күш қолдану оның мiндеттi белгiлерiнiң бiрi болып табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау барысында кiнәлi жәбiрленушiнiң денсаулығына залал келтiрсе, оның әрекеттерi ҚК-тiң осындай залал тигiзгендiк үшiн жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы саралануды қажет етпейдi. Бұл жағдайда iстелгеннiң бәрiне неғұрлым толық заңды саралаушы норма, яғни ҚК-тiң 179-бабы қолданылады.

Егер де, басқа қылмысты тәсiлi болып табылатын әрекет, бұл қылмыс құрамының заң арқылы қарастырылатын мiндеттi белгiсi болып табылмаса, мүндай әрекет жеке қылмыс ретiнде танылып, iстелген әрекеттердiң барлығы ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Мысалы, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алудың немесе ысырап етудiң жолы болып табылатын қызметтiк жалғандық жасау, ҚК-тiң 12-бабының 1-бөлiгiне сәйкес тұлғаның әрбiр жасалған қылмысы үшiн ҚК-тiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша Қылмыстық жауапқа тартылатындығында.

Қайталану — қылмыстың бiрнеше рет жасалуының бiр түрi болып табылады. ҚК-тiң 13-бабының 1-бөлiгiне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы ретiнде түсiндiрiледi. ҚК-тiң осы бабының 4-бөлiгiнде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi делiнген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердiң қоғам үшiн қауiптiлiгiнiң жоғары екендiгiн бiлдiредi, себебi бұл оған алғашқы қылмысы үшiн қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кiнәлi қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде мiндеттi түрде ескерiлуi тиiс.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмысты iстердi қарастыру тәжiрибесi туралы» №1 қаулысында бұрын болған соттылық, бұған дейiн тағайындалған және шынмәнiнде өтелген жазалар, жазадан босатылу негiздерi туралы мәлiметтер жан-жақты мұқият тексерiлуi керектiгi, сонымен қатар, сотталушының жеке басы туралы басқа да деректердi анықтап, бiлу керектiгi атап көрсетiлдi.

Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану жалпы және арнайы болып бөлiнедi.

Жалпы қайталану бұрын соттылығы бар тұлғаның кез-келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшiн сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкiн.

Жалпы қайталанудың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы оның қылмыстардың саралануына әсерiн тигiзбестен, жеке жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындау кезiнде ескерiлетiндiгi (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қайталануы бұрынғы жасалған қылмыс үшiн жазаны өтеу кезiнде орын алса, жаза ҚК-тiң 60-бабымен үкiмдердiң жиынтығы үшiн бекiтiлген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшiн сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру қатаң режимдегi түзеу колониясына тағайындалады.

Соттылығы бар тұлғаның ұқсас немесе бiртектi жаңадан қылмыс жасауы арнайы қайталану болып танылады.

Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан алғандағы мәнi мынада: бiрiншiден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тiң 170-бабының 2-бөлiгi, 175-бабының 3-бөлiгi, т.б.). Екiншiден, жалпы қайталану сияқты, арнайы қайталануды да егер ол ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде саралаушы белгi ретiнде көрсетiлмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде ескередi. Және де, үшiншiден, егер де арнайы қайталану сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшiн жазасын өтеу кезiнде болса немесе алғашқы қылмыс үшiн субъект бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкелiп соқтырады.

Қоғамдық қауiптiлiгiнiң деңгейi бойынша қайталану қарапайым қауiптi және аса қауiптi болып бөлiнедi.

Қарапайым қайталану бұл қауiптi және аса қауiптi қайталанудың белгiлерiне сәйкес келмейтiн қайталану.

ҚК-тiң 13-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегiдей жағдайларда қауiптi қайталану деп танылады:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылымыс үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

Қылмыстың қайталануы ҚК-тiң 13-бабының 3-бөлiгiне сәйкес мынадай жағдайларда аса қауiптi қайталану деп танылады:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағана үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам жасаған  қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылымыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж./Юрист, 2009. — 44 б.
  2. Казақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 16 шілде 1997ж./Юрист, 2009. — 168 б.
  3. Маликова Ш.Б. Қылмыстық құқықтағы қылмыстарды бірнеше рет жасау мен жеке қылмыстардың ара қатынасының кейбір мәселелері// Казахстанский журнал международного права №3. – Алматы, 2008.
  4. «Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік қаулысы / Юрист, 2009.
  5. Кругликов Л.Л., Савинов В.Н. Квалифицирующие обстоятельства: понятие, виды, влияние на квалификацию преступлений – Ярославль, 1989г.- 211с.
  6. Рогов И.И. Множественность преступлений // Уголовное право. Общая часть – Алматы: «Қазақ университеті», 2005. – 146-155 с.
  7. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім». Оқулық. — Өнд. толықт., 4-бас. – Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 345б.
  8. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы». Оқулық. – Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2005. – 279 б.
  9. «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2007 жылғы 30 сәуірдегі №3 // Юрист, 2009.
  10. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (общая часть). Издание 3-е, дополненное. – Алматы: Компьютерно-издательский центр «ДОИВА-Братство», 2003. – 397 с.
  11. Алауханов Е., Рахметов С. Жаза: Практикалық-оқу құралы. — Алматы: Өркениет, 1999. – 213с.
  12. «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 нормативтік қаулысы / Юрист, 2009.
  13. Рахметов С.М., Кулмуханбетовва Б.А. Наказание: понятие, цели, виды, порядок и назначение: Учебное пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 386с.
  14. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. / Ответственные редакторы: проф. Рогов И.И., доц. Баймурзин Г.И. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 397c.
  15. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР (1924-1986) – Москва: , 1987г. – 715 с.
  16. Уголовное право. Общая часть / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – Москва: ИНФРА М – НОРМА, 1998. – 516 с.
  17. Ештаев Ербол Амангельдиевич. Рецидив преступлений по Уголоному кодексу Республики Казахстан: диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. — Алматы, 2007. – 125с.
  18. Панько К.А. Вопросы общей теории рецидива в советском уголовном праве. – Воронеж: ВГУ, 1988. – 255с.
  19. Уголовное право. Общая часть / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – Москва: ИНФРА М – НОРМА, 2001. – 516 с.
  20. Шнарбаев Б.К. Наказание по уголовному законодательству Республики Казахстан: Учебное пособие. – Алматы: «Данекер», 2002. – 277с.
  21. Наумов А.В. «Ресей қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім». Лекциялар курсы. – Қайта өңделген және толықтырылған 2-басылымнан аударылды. – Астана: «Фолиант», 2005. – 566б.
  22. «Уголовное право. Общая часть». Учебник/ Под ред. Н.И.Ветрова, Ю.И.Ляпунова. – Москва: «Новый Юрист», «Кио Рус», 1997. – 471с.
  23. Бытко Ю.И. Рецидив, отдаленный во времени. Уголовно-правовые и криминологические исследования. – Саратов, 1984. – 297с.
  24. «Уголовное право: Часть общая. Часть особенная». Учебник/ Под общ. ред. проф. Л.Д.Гаухмана, проф. Л.М.Колодкина и проф. С.В.Максимова. – Москва: «Юриспруденция», 1999. – 232 с.
  25. Кругликов Л.Л., Савинов В.Н. Квалифицирующие обстоятельства: понятие, виды, влияние на квалификацию преступлений – Ярославль, 1989г. – 153 с.
  26. Г.Г.Криволапов. Множественность преступлений по советскому уголовному праву. Москва: Академия МВД СССР, 1974. – 32 с.