АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық табиғатын қарастыру

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                      3

 

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ                                                    5

 

2 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ                                                             16

                                                             

3 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖАСАУ              35

 

КОРЫТЫНДЫ                                                                                                        50

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                  52

 

ҚОСЫМША (тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру)      54     

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.

ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.

Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Түзеу мекемелерi (бұдан әрi — TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.

Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.

Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.

Жоғарыда баяндалған мән-жайлар диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға түрткі болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық мінез-құлықтың кейбір аспектілерімен көрнекті ғалымдар — А.Н.Ағыбаев, Е.О.Алауханов, С.М. Әпенов, Н.М.Әбдіров, У.С.Джекебаев, Е.І.Қайыржанов. Н.Дулатбеков. М.С.Нәрікбаев. А.Х. Миндагұлов, Ғ.С.Мауленов, С.С. Молдабаев, А.А.Смағұлов, Г.Р.Рустемова, және т.б. айналысты.

Жұмыстың мақсаты қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық табиғатын қарастырып, аталған жүйені жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.

Осы койылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:

—   қылмыстық атқару жүйесінің мазмұнын зерделеу;

—  қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық, әлеуметтік жағдайларын талдау.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін талдау, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдістер құрады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту керек;
  2. Бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау қажет.

Жұмыстың объектісі болып – жазаларды атқару аясында қалыптасатын құқықтық қатынастар табылады.

Зерттеу пәнін қылмыстық атқару жүйесінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарының нормалары құрайды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының ұсыныстары мен тұжырымдары қылмыстық атқару жүйесін жетілдіруге байланысты еңбектерде қолданылуы мүмкін.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ

 

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) жазаларды атқарудың мемлекеттiк тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады.

ҚАЖ-ды дамытудағы маңызды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы» 1996 жылғы 1 қазандағы № 1199 [1] және «Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 [2] қаулыларымен бекiтiлген бағдарламалық құжаттар қабылданды және негiзiнен iске асырылды. Бұл ретте, позитивтi нәтижелерге қол жеткiзiлдi, оның iшiнде сотталғандар құқығы кеңейтiлдi, олардың әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы неғұрлым тиiмдi бола түстi, жаза өтеудiң прогрессивтi жүйесi енгiзiлдi.

Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, ҚАЖ-да сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.

ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңымен ҚАЖ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына берiлдi.

Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Түзеу мекемелерi (бұдан әрi — TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.

Республика аумағында режим түрлерi бойынша ТМ-нiң әркелкi орналасуын атап өту қажет. TM-нiң қазiргi орналасуы кезiнде жыл сайын сотталғандарды республиканың түрлi өңiрлерiне көшiру жүргiзiледi, оған тек 2007 жылы — 22 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл мақсаттарға 2008 жылы шамамен республикалық бюджетте 35 млн. теңге болатын қазiргi қажеттiлiк кезiнде 25 млн. теңге бөлiндi. Өмiр бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшiн ерекше режимдегi түзеу колониялары жоқ.

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi, Қызылорда облысында жалпы режимдегi ТМ жоқ. Республикада әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған ТМ-нiң саны жеткiлiксiз, бұл сотталғандардың көрсетiлген санаттарының әлеуметтiк байланысын сақтау үшiн қиындықтар туғызады.

Қолданыстағы ТМ-нiң толып кетуi сотталғандарды орналастыруда, режим мен қадағалауды қамтамасыз етуде, бас бостандығынан айыру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, сондай-ақ олармен тәрбие жұмысын жүргiзуде қиындықтар туғызады. Сол сияқты сотталғандарды еңбекпен қамтудағы, туберкулезбен науқастанған сотталғандарға емдеу жүргiзуге, коммуналдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыруға байланысты ахуал күрделене түсуде.

Қылмыстық саясатты iзгiлендiрудiң объективтi процестерiне сай бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны едәуiр артады. Бұл ретте, қылмыстық-атқару инспекциялары, ең алдымен штат санының жеткілiксiздiгінен де өздерiне жүктелген мiндеттердiң толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге дайын емес. Бұл проблемаларды шешу үшiн қылмыстық-атқару инспекцияларының функцияларын кеңейту аталмыш қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттыру қажет.

ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлауда, әлеуметтiк қамтамасыз етуде, сондай-ақ сотталғандардың камераларда оқшау емес, отрядтарда ұсталуынан қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде проблемалар бар.

ТМ-дi техникалық қадағалау мен күзет құралдары бүгiндерi моральдық және физикалық жағынан ескiрген.

Қазiргi уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 7 мыңнан астам туберкулезбен ауырғандар және 500 ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Осы ауруларды емдеу мен алдын алу ТМ үшiн қосымша медициналық құрал-жабдықтар сатып алу қажеттiгiн талап етедi.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi сотталғандардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. ҚАЖ кәсiпорындары толық қуатында жұмыс iстеп тұрған жоқ, олардың өнiмдерi рынокта бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Осыған байланысты, ҚАЖ кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу қажет.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу ҚАЖ-ды одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтайды.

— ТМ-де ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын;

— қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау сапасын;

— ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығын жақсарту жолымен ҚАЖ-ды одан әрi дамыту болып табылады.

— жазаларды орындау, ТМ-де ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;

— сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақындату;

— ТМ-нiң жаңасын салу және қолданыстағысын қайта жаңғырту;

— ТМ-нiң материалдық-техникалық базасын жақсарту;

— бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау;

— сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;

— ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлау.

ҚАЖ-ды дамыту қолданыстағы заңнама базасын қайта қараумен, халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеумен және қабылдаумен қатар жүруi тиiс.

Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.

Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.

ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру.

ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру мақсатында: жаңа ТМ-дi құру;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру;

сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту;

TM-де қадағалау жөнiндегi бақылаушылардың штат санын кезең-кезеңiмен арттыру;

ҚАЖ-ды басқару процесiн сапалы ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етудi құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру қажет, оны оңтайландыру, компьютерлендiру құралдарының кеңiнен енгiзiлуi мен байланыстың дамуы негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.

ТМ-де режимдi, қадағалауды және күзетудi ұйымдастыру.

Қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жағдайында сотталғандарды жасақтық ұстау түзеу мекемелерiнен бiртiндеп камералық және жасақтық ұстаудың ақылға қонымды аралас үлгiсiне көшiру жөнiнде шаралар қабылдаған жөн, ол үшiн жалпы және қатаң режимдердегi ТМ-де сотталғандарды камерада ұстауға арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн зерделеу қажет.

ТМ аумағында орналасқан объектiлер мен ғимараттарды одан әрi оқшаулау жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру.

Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.

Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау кепiлдiгiн нығайту мақсатында:

адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдарды қатыстыра отырып, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

Сотталғандардың заң көмегiн алуы уақытылы және оңай болуын қамтамасыз ету.

Сотталғандармен тәрбие жұмысы.

Сотталғандармен тәрбие жұмысы жазаны өтеу жағдайларын одан әрi iзгiлендiруге, сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық және әлеуметтiк-психологиялық қорғауды қамтамасыз етуге, оларға көмек және қолдау көрсетуге, шектеулер мен тыйым салуларды бiртiндеп азайтуға, сотталғандарды ТМ-де болған бiрiншi күннен бастап бостандықтағы өмiрге дайындауға бағыт алуы тиiс.

Бұл ретте, сотталғандармен дербес жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуге, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық, дiни және өзге де ұйымдар арасындағы байланысты қолдау мен нығайтуға, дiни қажеттiлiктердi, рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыруға, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтауға жағдай жасауға маңызды орын берiлуi тиiс.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың орта бiлiм алу жүйесiн оқыту нысандарының икемдi құрылымын құру негізiнде жетiлдiру қажет.

Сол сияқты, сырттай және дистанциялық оқыту нысандарын сотталғандардың анағұрлым кеңiрек пайдаланып жоғары бiлiм алу мүмкiндiгiн оны мемлекеттiк бiлiм берудiң жалпы желiсiне енгiзе отырып қарау қажет.

Тәрбие аппараты сотталғандардың жеке басының дамуы үшiн, олардың орта бiлiм алу мүмкiндiгiне жағдай жасауда, сотталғандардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қамтамасыз етуде, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтауда, клуб және үйiрме жұмыстарының жүйесiн кеңейтуде, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыс iстеу керек болады.

Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау.

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тәрбиелеу және оңалту құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн олардың мiнез-құлқын психологиялық-криминалистикалық жағынан болжау әдiстемесiн әзiрлеу керек болады.

Локалдық компьютерлiк желiлер мен қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған сотталғандардың ақпараттық деректер базасын құру қажет болады.

Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету

Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында:

ауруханалардың, емдеу құқығындағы ТМ-нiң соның iшiнде туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқас сотталғандарды ұстау мен амбулаторлық емдеуге арналғандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

ҚАЖ-дың денсаулық сақтау органдарымен сотталғандардың жұқпалы және басқа да ауруларының, сонымен қатар маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу мәселелерiнде өзара iс-әрекеттi жүзеге асыру;

ТМ медициналық бөлiмдерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды денсаулық сақтау органдары ұйымдарының базасында қамтамасыз ету қажет.

Үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен ҚАЖ мекемелерiнде есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзудi қамтамасыз ету.

ЖҚТБ инфекциясын және басым жыныстық жолымен берiлетiн жұқпалы аурулардың алдын-алуды жүзеге асыру үшiн ҚАЖ қызметкерлерiнiң және сотталғандардың iшiнен ерiктiлердi даярлау жөнiндегi жұмысты одан әрi жүргізу.

Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен әдістерін жетілдіру.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың еңбек рыногында сұранысқа ие жұмыс кәсiптерi мен мамандықтарын алуына, босатылғаннан кейiн олардың жұмысқа орналасуына ықпал етуi тиiс. Осыған байланысты:

бiлiм беру органдарымен бiрлесiп сотталғандарды кәсiби оқытудың өз өндiрiсiнiң мүдделерiн, еңбек рыногын, сондай-ақ босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу мүмкiндiгiн ескеретiн икемдi жүйесiн ұйымдастыру;

сотталғандардың адал еңбегi мен оқуын ынталандыру бойынша құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды әзiрлеу қажет.

ТМ кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру мақсатында:

ҚАЖ кәсiпорындарының Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптi дамытудың ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк және инвестициялық жобаларына қатысуы;

жеңілдiк несие беру есебiнен ҚАЖ кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды кезең-кезеңiмен жүргiзу;

сұранысқа ие өнiмдердi шығару үшiн ҚАЖ өндiрiстiк объектiлерiн құрылымдық жағынан қайта бейiмдеудi қамтамасыз ету;

ҚАЖ кәсiпорындарымен сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен қызметке қатысатын әртүрлi меншiк нысандарындағы ұйымдар үшiн салық жеңiлдiктерiн енгiзу бойынша ұсыныстар енгізу мақсатқа сай келедi.

ҚАЖ үшiн кадрлар даярлау.

ҚАЖ қызметiн дамыту кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiрусiз мүмкiн емес.

Сонымен бiрге, ҚАЖ-да жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау жөнiндегi оқу орны жоқ. Осыған байланысты, ҚАЖ үшiн жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерiнiң бастапқы даярлығына, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта бiлiктендiруге арналған оқу орталығын құру мүмкiндiгiн қарау қажет.

ҚАЖ қызметкерлерiнiң қызметтiк, дене және моральдық-психологиялық даярлық деңгейiн арттыру бойынша шаралар қолдану қажет.

ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту.

ҚАЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн ғылыми қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет, оның қызметi жаза атқару саласындағы халықаралық тәжiрибенi зерделеу мен енгiзуге, өткiзiлетiн ұйымдастырушылық және құқықтық қайта құруларға ғылыми iлеспе жасауды қамтамасыз етуге және ҚАЖ-дың өмiрлiк қажеттiлiктерiне сәйкес қолданбалы және iргелi сипаттағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруға бағдарлануы тиiс. Қоғамдық бiрлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Халықаралық ынтымақтастық

Бұл бағыттағы жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн:

қоғамдық бiрлестiктермен, соның iшiнде құқық қорғау ұйымдарымен және қайырымдылық қорларымен өзара iс-қимылды кеңейту;

мемлекеттiң жаза атқару саласында жүргiзiп жатқан саясаты туралы халыққа объективтi ақпарат беру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау қажет.

Шет мемлекеттердiң пенитенциарлық жүйелерiмен халықаралық байланысты дамыту мақсатында:

тиiстi халықаралық шарттар жасасу;

ҚАЖ қызметiнiң өзектi мәселелерi жөнiндегi халықаралық конференцияларға, семинарларға және курстарға қатысу;

ҚАЖ қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру саласында ынтымақтастық жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.

ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту

ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту мыналарды:

жаңа ТМ салуды;

қолданыстағы ТМ-дi жаңғыртуды;

ТМ-дi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыруды, сондай-ақ қолданыстағысын күрделi жөндеудi;

ҚАЖ үшiн арнайы автокөлiк сатып алуды;

ҚАЖ қызметкерлерiн қазiргi заманғы жеке қорғаныс, байланыс құралдарымен және қару-жарақпен қамтамасыз етудi көздейдi.

Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң ұйымдық-құрылымдық құрылуын және штаттық қамтамасыз етiлуiн кезең-кезеңмен реформалауды жүзеге асыру көзделдi. Қылмыстық-атқару жүйесiн қайта ұйымдастыруға байланысты орталық және облыстық қылмыстық-атқару жүйесi басқару органдары арасындағы құзырлық шектеу нормативтi түрде бекiтiлдi. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас басқармасына қылмыстық-атқару саясатының жалпы бастаулары мен принциптерiн, қылмыстық-атқару заңдарын, жазалауды атқарудың шарттарын айқындайтын жалпы республикалық нормалар мен ережелердi әзiрлеу, оларды барлық органдар мен бөлiмшелердiң мiндеттi түрде сақтауына бақылау жасау жүктелдi. Сондай-ақ ҚАЖББ-да пенитенциарлық практиканы қорытындылау, халықаралық, республикалық бағдарламалар мен келiсiмдердi орындау жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру, жүйе қызметiн материалдық, кадрлық, қаржылық, ұйымдық және ғылыми қамтамасыз ету болды.

Жазалауды атқарушы мекемелердiң түрлерiн шектеу жөнiндегi заңдық және ұйымдық шараларды әзiрлеу жалғастырылсын. Бұл ретте сотталғандардың мекеме iшiнде ұстау жағдайларына олардың әлеуметтiк-адамгершiлiк азғындау дәрежесiне және жазасын өтеу кезеңiндегi мiнез-құлығына байланысты саралауды көздеу керек.

Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) жағынан өзiнiң iшкi қауiпсiздiгiн, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыс көрінiстерiнiң бейтараптандыру және жолын кесу, қылмыстық-атқару жүйесi мен iшкi күзет әскерлерiнiң жеке құрамына жедел қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн арнаулы бөлiмшелер құру.                 

Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) объектiлерiнiң периметрiн күзетудi осы заманғы инженерлiк-техникалық құралдармен қайта жарақтандыруды, күзет практикасына өндiрiстiк теледидар қондырғыларын енгiзу бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Қылмыстық-атқару жүйесi объектiлерiндегi инженерлiк-техникалық құралдарды күрделi және орташа жөндеу жөнiндегi инженерлiк-техникалық қамтамасыз ету орталығы және жөндеу базасын құру. 1997 жылдан бастап 2000 жылға дейiн қызмет иттерi питомниктерi құрылып, олардың негiзiнде кiшi маман-кинологтарды даярлайтын және қайта даярлайтын оқу орталықтарын құру.           

Қылмыстық-атқару жүйесi, алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң жоғары ресми мәртебесi мен қоғамдық беделiн орнықтыру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.

Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң және алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайын заңды тәртiпте айқындау.

Еңбекпен түзеу және тәрбиелеу мекемелерiн, алдын ала қамауға алу орындарын кадрлармен жасақтау Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi, Мемлекеттiк тергеу комитетi және Бiлiм министрлiгiнiң оқу орындарында арнаулы даярлықтан өткен адамдармен ғана жүзеге асыру. Психологтарды мақсаттық даярлау өрiстетiлсiн.

Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi оқу органдарында және шетелдерде кадрлардың алғашқы даярлығы, қайта даярлығы және бiлiктiгiн арттыру, мамандар даярлау бағдарламасын әзiрлеу.

Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) қызметкерлерiнiң кәсiптiк төмендеуiнiң және шамадан тыс психологиялық салмақ түсуiнiң алдын алу үшiн дәрiгерлiк-оңалту орталықтарын құру. Қамалғандар арасындағы агрессивтi көрiнiстерге жол бермеу үшiн ТМ, ТК, тергеу оқушылары қызметкерлерiнiң арнаулы, жауынгерлiк және дене даярлығын жетiлдiру.

Қызметкерлердi жеке қорғаныс және белсендi қорғану құралдарымен кең тұрғыда жабдықтауды қамтамасыз ету.

Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң жеке басының қауiпсiздiгiнiң кепiлдiктер жүйесiн заңды түрде айқындау. Сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық қорғау, оларды жұмысқа пайдалану:     құқық бұзушыларға адамгершiлiк көзқарасты; адамның құқығы мен оның мүдделерiн; сотталғандардың заңға бой ұсыну тәртiбiнiң басымдылығын;   қылмыскердiң әртүрлi санаттарына саралау (дифференцированный) ыңғайы; сотталғандарды жазаны атқарушы мекемелерде алғашқы болған күнiнен бастап бостандыққа өмiр сүруге әзiрлеу принципiн қамтамасыз ететiн жаза өтеудiң жағдайлары мен тәртiбiн жасау. Осы мақсатта:

сотталғандарды ұстау жағдайын олардың тәртiбiне қарай кезең-кезеңмен өзгерте отырып, жазаны өтеу режимiн саралау;

сотталғандардың бейiмделуi, диагностикасы мен бөлiнiсi үшiн жағдайларды, өзiн оң жағынан көрсеткендердiң ұсталу жағдайының жақсартылуын, сауықтыру-алдын алу шараларын жүргiзудi қамтамасыз ету;

сотталғандарға берiлетiн кепiлдi игiлiктiң ең аз деңгейiн кеңейту;

тергеудегi-тұтқындалған және сотталған адамдарға ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және өзге қызмет көрсетулерiнiң берiлу жүйесiн құру;

тергеудегi-тұтқындалған, сотталған адамды ұстауға арналған ең аз шығыстардың нормасын Қазақстан Республикасының нақтылы мүмкiндiктерi мен халықаралық стандарттарды заңды түрде белгiлеу және бекiту;

азық-түлiк, заттық және де басқа интенданттық мүлiктердi орталықтандырылып берiлуiн, сондай-ақ материалдық ресурстарды өз кәсiпорындарында және оқу өндiрiстiк шеберханаларында шығаруды ұйымдастыруды көздей отырып бас бостандығынан айырылған және алдын ала қамауға алынғандар ұсталатын орындардағы адамдарды тұрақты материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесiн құру;

әртүрлi санаттағы сотталған және тергеудегi-тұтқындалғандар үшiн тұрғын алаң нормасын бiрте-бiрте көбейту, тергеудегi-тұтқындалған және сотталғандарды камералық үлгiдегi санитарлық талаптарға сәйкес үй-жайларға орналастыруды қамтамасыз ету;

жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк оқыту органдарымен бiрлесе отырып өз өндiрiсiнiң, еңбек нарығының мүдделерi, босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi ескерiле отырып қамалғандарды оқытудың икемдi жүйесiн құру;

сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланыстың нығаюына жағдай жасау;

Бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке жарамды барлық сотталғандар үшiн қажеттi жұмыс орындарын құру алда тұр.

Осы мақсаттарда атқарушы өкiмет органдарының қолдауымен сұранымға ие өнiм түрлерiн шығаруға қабiлеттi қылмыстық-атқару жүйесiнiң өндiрiстiк объектiлерiн жаңарту мен құрылымдық қайта бағдарлауды қамтамасыз ету.

ҚАЖББ мекемелерiнiң өндiрiс орындарында мемлекеттiк тапсырыстарды, оның iшiнде қылмыстық-атқару жүйесi және республика iшкi iстер органдарының мұқтаждары үшiн өнiм шығару тапсырыстарын бiрiншi кезекте орналастыруды қамтамасыз ету.

Бүгiнгi күнi республикадағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрамына 91 бөлiмше кiредi, оның iшiнде: 21 жалпы, 15 қатаң және 3 айрықша қатаң режимдегі түзеу колониясы, 23 колония-қоныстары, кәмелетке толмағандарға арналған 3 тәрбие колониясы, 1 түрме, 8 арнайы емдеу мекемесi және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушылар күзет қамауында ұсталатын 17 тергеу изоляторы бар.

Барлық аталған мекемеде 85 мың 744 адам ұсталуда. Оның iшiнде: жалпы режимдегi колонияларда — 33 556 адам, қатаң режимдегi колонияларда — 18 730; айрықша қатаң режимдегі колонияларда — 2 001; колония-қоныстарда — 4 839; түрмелерде — 292; 3 268 — әйелдер; 1 128 — кәмелетке толмағандар; тергеу изоляторларында — 17 141 сезiктiлер мен айыпталушылар жазаларын өтеуде. Бұл ретте, сотталғандардың және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдардың саны мынадай:

1-кесте

әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша

түзеу мекемелерiндегі сотталғандар санының динамикасы

Жылы                 1995               1996             1997             1998             1999             2000            2001     
Саны       65 165   73 687   65 329   67 906   61 924   58 961   70 800

 

1997 және 2000 жылдарғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сотталғандар санының азаюы сотталғандардың кейбiр санаттарына рақымшылық жасауды қолдануға, ал 1999 жылдың 1 қаңтарындағы дейiнгi жағдай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң енгiзiлуiне сәйкес үкiмдердiң қайта қаралуына байланысты.

2-кесте

2000 жылдың iшiнде әр ай бойынша сотталғандардың саны

         I   II III  IV  V   VI  VII VIII  IX  X   XI !XII       
                                                                         
Саны           58 961   59 559   60 337   60 995   62 995   63 392   64 919   66 150   67 200   68 603   69   70        600  800      

 

     Жоғарыда келтiрiлген деректер сотталғандар санының орташа есеппен ай

сайын 1000 адамға өсiп отырғандығын айғақтайды, бұл сотталғандар  санының2001 жылдың 1 қаңтарында 12 мың адамға өсетiндiгi және сондай-ақ  кейiнгі 5 жылда да өсе беретiндiгi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.    

3-кесте

2001-2005 жж. кезеңiнде сотталғандар саны

Жылы        2001      2002     2003     2004      2005    
Саны        70 800    82 800   94 800   106 800   118 800 

 

     Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару  заңнамасына  сәйкес  бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағындағы  түзеу  мекемелерiнде  жазаларын  өтеулерi тиiс. Бiрақ та қолда бар мекемелердiң  әр  қилы  орналасуы  бұл  талаптың орындалуын қамтамасыз ете алмай отыр. Қызылорда облысында жалпы режимдегi колониялар,  Ақтөбе,  Алматы,  Атырау,  Батыс  Қазақстан  және   Қостанай облыстарында  қатаң  режимдегi  колониялар  жоқ,  соның  нәтижесiнде  осы облыстардағы  қатаң  режимдегі  түзеу  колонияларында  жазаларын   өтеуге сотталғандар   республиканың   басқа   аймақтарындағы   қатаң   режимдегi колонияларда жазаларын өтеуде.

     Қолда  бар  айрықша  қатаң  режимдегi  үш  түзеу  колониясы  Ақмола, Қостанай  және  Солтүстiк  Қазақстан  облыстарында  орналасқан,    осыған байланысты  республиканың  барлық  аймақтарындағы  сотталғандар  жоғарыдааталған облыстардағы түзеу колонияларына жiберiлуде.     Әйелдер мен  кәмелетке  толмағандарды  ұстауға  арналған  колониялар жеткiлiксiз. Республиканың барлық облыстарындағы сотталған әйелдер Алматы және  Қарағанды  облыстарындағы  екi  түзеу  колониясында,  ал  кәмелетке толмағандар Ақтөбе, Алматы және  Солтүстік  Қазақстан  облыстарындағы  үш тәрбие колониясында жазаларын өтеуде.     Мұндай жағдай республикадағы тергеу изоляторларында да  қалыптасқан. Олардың көбi санитарлық және техникалық талаптарға жауап  бермейтiн  ескi ғимараттарға орналасқан.  Олардың  қатарына  18-19  ғасырларда  салынған, қазiргi кезде апаттық жағдайда тұрған  Алматы,  Қарағанды,  Семей,  Орал, Өскемен,  Шымкент  қалаларындағы  тергеу  изоляторы  жатады.    Маңғыстау облысында тергеу изоляторы мүлде жоқ, саны 400  адам  болатын  сезiктiлер мен айыпталушылар Атырау қаласындағы тергеу изоляторында ұсталуда. Астана және Алматы қалаларындағы тергеу изоляторлары шектен тыс толған,  санының лимит шегiнен шығуы тиiсiнше 22 және 132% құрайды.  Республиканың  тергеу изоляторларында ұсталатын арнайы контингент саны ай сайын 700-800  адамға өсiп отыр. Осылайша, ондағы  арнайы  контингенттiң  саны  2001  жылдың  1 қаңтарында 18 300 адамды құрды. Қазiргi  сәтте  сот  үкiмдерiне  сәйкес  сотталғандарды       тергеу изоляторларынан түзеу мекемелерiне режимнiң  түрлерi  бойынша  тасымалдаутемiр жол көлiгiмен жүзеге асырылады.  Айына  ұзақтығы  жолда  жүрудiң  1 тәулiгiнен 6 тәулiгiне дейiнгi 36  рейске  дейiн  жасалатын  12  жоспарлы бағыт көзделген. Осы мақсаттар  үшiн  қылмыстық-атқару  жүйесiнiң  тиiстi қызметтерi «Қазақстан Темiр Жолы» республикалық мемлекеттiк  кәсiпорнынан16  арнайы  вагонды  және  Ресей  Федерациясының  «Темiржол        көлiгi кәсiпорнынан» 3 арнайы вагонды жалға алып отыр. Жоғарыда  аталған  арнайы вагондар күрделi жөндеудi қажет етедi және  оларды  пайдалану  мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты  толық  ауыстыруға  жатады.  Арнайы  контингентті тасымалдауға арналған арнайы автомобильдер де дәл осындай жағдайға ұшырап отыр, бұл ақыр аяғында сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды автомобиль және темiр жол  көлiгiмен  тасымалдау кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соғуы мүмкiн.     Жабық    үлгiдегi    түзеу    мекемелерiн    күзеттiң        қазiргі инженерлiк-техникалық құралдарымен  жабдықтау  проблемалық  мәселе  болып отыр.  Қазiргi  уақытта  республиканың  түзеу  мекемелерiнде   орнатылған «Ночь-12», «Пион»,  «Мимоза-4»  сияқты  күзеттiң  тағы  басқа  техникалық құралдары олардың ұзақ уақыт пайдаланылуына  байланысты  жөндеудi  немесе қайта орнатуды қажет етедi. Бұл ретте бас бостандығынан айыру орындарында жазасын   өтеп   жатқан   адамдардың   мiнез-құлқын   бақылауды      және қылмыстық-атқару  жүйесiнiң  бөлiмшелерi  қызметкерлерiнiң  қауiпсiздiгiн жүзеге асыру үшiн  түзеу  мекемелерi  мен  тергеу  изоляторларын  қосымша өндiрiстiк теледидар қондырғыларымен жабдықтау қажет. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдындағы мiндеттер мыналардан тұрады:

1) жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту жолымен түзеу мекемелерiндегi және тергеу изоляторларындағы сотталғандарды ұстаудың орналасу тығыздығын азайту;

2) сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейiн тұрған аймағының шегiнде жазасын өтеу үшiн жағдай жасау;

3) сотталғандарды республика бойынша тасымалдау санын азайту;

4) түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеу кезiнде сотталғандарды ұстаудың қауiпсiздiгiн арттыру;

5) сотталғандардың арасындағы қылмыстар санын, олардың күзетiлетiн түзеу мекемелерiнен қашу санын азайту.

Сотталғандардың тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағында жазаларын өтеу туралы заңнамалық талаптарды iске асыру мақсатында барлық санаттағы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлерге, әйелдерге және кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратындарға жазаларын өтеу үшiн әрбiр облыста тиiстi жағдай жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру.

Прогрессивтi жаза өтеудiң сотталғандарды тиiмдi қайта әлеуметтiк бейiмдеудi барынша ынталандыратын, сотталғандарды бiр түзеу мекемесiнiң шегiнде саралап ұстауды және жеңiлдеу режимдегi өзге де түзеу мекемелерiне ауыстыруды, тiптен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қамтитын қалыпты жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.

Жазаларды өтеудiң режимiн, ғылым мен техника саласындағы соңғы жетiстiктер негізiнде жасалған күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарын пайдалана отырып, бас бостандығынан айыру орындарын күзетудiң сенiмдi болуын нығайту. Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оларды қазіргі заманғы жеке қорғаныс және байланыс құралдарымен, қару-жарақпен қамтамасыз ету.

 

2 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

 

Біздің елде қылмыспен күресуді болжау арнайы профилактика жұмысын ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны істеуге мүмкіндік беретін себептері мен жағдайын белгілеуді, сонымен қатар жасалған қылмысты тергеу және сотта қарау, жазаны белгілеу мен орындауды талап етеді. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларының барлық жиынтығын іске асыру мемлекет органдарына жүктелген.

Қылмыстық іс жүргізу заңдарымен үкімді атқару. онымен айналысу үкім шығаратын сотка жүктелген. Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе соттөрағасы үкімнің көшірмесімен коса үкім орындау міндеттелген органға жібереді. Ол орган үкімнін орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды.

Сот шешімін орындау үшін мемлекет тиісті жазаны атқаратын арнайы мекемелер мен органдар кұрады, сондай-ак жазаны атқару басқа бір жеке органдарға өзге де міндеттермен бірге жүктеледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi — Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару қызметi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады [3].

Комитеттің негiзгi мiндетi қылмыстық жазаны орындау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қылмыстық жазаны орындайтын органдар мен мекемелерде құқық тәртiбi мен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Комитеттің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындауды және күдiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелерi мен органдары, сотталғандарды күзетудi және олардың мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлiмшелерi, оқу орындары және кәсiпорындары болады.

Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.

Комитеттің құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi. Комитеттің толық атауы — «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi» мемлекеттік мекемесi.

Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлермен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер келтiретін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

 Комитет заңнамада белгiленген:

1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:

— сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындауды;

— соттардың үкiмдерiне, қаулылары на және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде сотталғандардың орналасуын ұйымдастыруды, жазаны өтеудiң заңнамада белгіленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етудi;

— сотталғандарды тергеу изоляторларынан, сондай-ақ жазалауды орындайтын мекемелер мен органдардан басқаларына ауыстыруды ұйымдастыруды;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн, органдары мен кәсiпорындарын, күзетуді, сотталғандардың, қызметкерлер мен олардың аумағындағы өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды айдауылдауды, iшкi қауiпсiздiкті, қылмыс көрiнiстерiн, соның iшiнде ұйымдасқан қылмысты бейтараптандыруды және оның жолын кесудi қамтамасыз етудi;

— рақымшылық және кешiрiм жасау кесiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруды; сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау, жазаның осы түрін өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру іс-шараларын уақытылы жүргiзу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруды;

— қылмыстық жазаны өтеп жүрген адамдар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды;

— сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, атқарушы билiк органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекiтудi, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды азық-түлiкпен, заттай және интенданттық мүлiкпен материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудi ұйымдастыруды;

— мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзудi ұйымдастыруды;

— Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы арыздарын қарау, оларды есепке алу мен тiркеудi жүзеге асыруды;

— төтенше жағдайлар кезiнде қызметтік мiндеттердi орындау жөнiндегi iс-әрекеттердiң жедел жоспарларын әзiрлеу және iске асыру, қылмыстық-атқару жүйесінің қажетті күштерi мен құралдарын тартуды және олардың құқық қорғау органдарымен және басқа да ведомстволармен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етудi;

— қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары мен мекемелерiнде, мемлекеттiк ұйымдарда немесе өзге де меншiк нысандарындағы ұйымдарда сотталғандардың еңбек етуiн ұйымдастыруды, сотталғандардың жеке еңбек қызметiне жағдайлар жасауды;

— сотталғандардың жалпы орта, бастауыш кәсiптік бiлiм алуын немесе кәсiби даярлығын ұйымдастыруды;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарға, күдiктiлер мен айыпталушыларға емдеу-алдын алу көмегiн ұйымдастыруды;

— кадрларды iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегі жұмысты жүзеге асыруды, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастыруды;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру және ұйымдастыру, оны жетілдiру жөнiндегі шараларды қабылдауды, қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда өзге де органдардың тиiстi қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауды;

— түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында дайындалатын және жасалатын қылмыстарды және жазаны өтеу мен күзетте ұстаудың белгіленген тәртiбiн бұзушылықтарды анықтауды, ашуды, жолын кесудi және алдын алуды ұйымдастыруды;

— тергеу изоляторларында күдiктілердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталуын ұйымдастыруды;

— анықтауды жүзеге асыруды ұйымдастыруды;

— қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту және нығайту бағдарламаларын iске асыруды;

— мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық жазалауды орындау саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiрудi;

— сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды;

— қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

— қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды;

— басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;

— Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;

— азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;

2) бақылау-қадағалау функциялары:

— сотталғандарға қатысты сот кесiмдерінің, сондай-ақ рақымшылық және кeшipiм жасау кесiмдерінің орындалуын;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарында режимдiк талаптардың орындалуын;

— қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтарының, олардың материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларының сақталуын;

— қылмыстық жазаны өтеп жүрген сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді;

— бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеп жүрген адамдарды;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде режимдi қамтамасыз ету мақсатында сотталғандарды;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететiн санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын;

— қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi жедел жағдайды;

— тергеу изоляторларында қамауда ұстау мерзiмдерінің сақталуын;

— медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қамтамасыз ету бөлiгіндегi соттар үкімдерінің уақытылы орындалуын және сотталғандарды ауруына байланысты жазаны өтеуден босату үшiн сотқа материалдардың ұсынылуын жүзеге асырады.

Комитеттiң өз құзыретінің шегінде:

1) аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты әкiмшілiк-өкімгерлiк және бақылау функцияларын орындауға;

2) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) сотталғандардың топтасып бағынбау, сондай-ақ түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiк оқиғаларына қызметтік тексерулер жүргізуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiндегі шараларды қабылдауға;

5) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ерекше жағдай режимiн енгiзу туралы ұсыныс енгізуге;

6) кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге;

7) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін жүзеге асыратын мекемелердi, органдарды және ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, көшiру және тарату туралы ұсыныстар әзірлеуге;

8) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.

 Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны дербес теңгерімде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берілген мүлікті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

 Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.

Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда белгіленген тәртiппен:

1) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің аумақтық органдары мен құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгiлейдi;

2) Комитеттің, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) әділет подполковнигіне дейiн қоса алғандағы кезектi арнайы атақтарды береді;

4) Комитеттiң, аумақтық органдардың, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың басшыларын көтермелейдi, оларға тәртіптік жаза қолданады;

5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары туралы ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың Жарғыларын бекiтедi;

6) Комитетті мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда білдiредi;

7) белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерін ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық көмек көрсету және олардың қызметін тексерудi жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға жiбередi;

8) Комитеттiң, сондай-aқ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын сақтауын ұйымдастырады;

9) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштердi қарайды, олар бойынша шешім қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілерi бойынша қызметтiк тексерулер жүргiзедi;

10) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

Жазаны өтеуді басқаратын түзеу мекемелері мен органдарының негізгі міндеттері мыналар:

  1. Соттың немесе әскери соттың үкімімен белгіленген тиісті қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару.
  2. Сотталғандарды заңды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесін сыйлау рухында түзету мен тәрбиелеу.
  3. Сотталғандардын өздерінің жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы немесе жеке ескерту).
  4. Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту).

Қазақстан Республикасы Қылмыстык-атқару кодексінің 2-бабында былай делінген: «… қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады. Қылмыстық-атқару заңдарының міндеті жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу амалдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостаңдығы мен занды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету болып саналады».

Түзеу шараларымен әсер етуге байланысты соттың жиірек тағайындайтын жазасы — ол бас бостандығынан айыру болып есептеледі. Осы жағдайды ескере отырып, бұл қылмысты орындайтын мекемелердің ұйымдастыру құрылымын толығырақ қарау қажет сияқты. Түзеу мекемелерін арнайы бас бостандығынан айыру жазасын орындату үшін мемлекет құрады. Түзеу   мекемелері ұйымдастыру жағынан дербес болады және оның заңдық тұлғалық кұқығы бар да басқадай функциясы жоқ болып келеді. Бас бостандығынан айырудың маңызы — ол сотталғанды соттың үкімімен белгіленген мерзімге түзеу мекемесіне орналасуға мәжбүр ету, сонымен оны қоғамнан бөлектеу.

«Қамауда ұстау орны» мен «түзеу мекемесі» түсініктерін айыра білген жөн. Қамауда ұстау орнына: тергеу қапасы (ТҚ), уақытша ұстау қапасы (УҰҚ), әскери абақтылар кіреді. Түзеу мекемелерінің басқа қамауда ұстау орындарынан айырмашылығы — бұларда сот үкімінің заңды күшіне енгендер немесе тек қана бас бостандығынан айыруға сотталғандар ғана отырады. Тергеу қапасында, уақытша ұстау қапалары мен абақтыда сотталғанға немесе үкім заңды күшіне енгенге дейін күдіктілер мен айыптылар отырады, ал уақытша ұстау қапасы мен абақтыда оған қоса әкімшілік және тәртіптік реттерінде қамалғандар отырады [4, 33б.].

Сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Қазіргі күші бар заң сотталғандардың жасына қарай түзеу мекемелерін екі топқа айырады: а) ересектер үшін (18 жасқа толғандар); ә) кәмелетке толма-ғандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер) [5, 12б.].

Түзеу мекемелерінін ересектер үшін бірнеше түрі болады. Олар жазасын өтеу жөніне, жағдайына (ұстау режиміне), қоғамнан бөлу, оларда отырған адамдардың қауіптілік деңгейіне байланысты ұсталатындар: қоныстану колониясы, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар болады.

Кәмелетке жатпағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар: а) жалпы режимді тәрбиелеу колониясы; ә) режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшін).

Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған қылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесінің түрін белгілейді [6, 67 б.].

Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған, олар жынысына, жасына қарай бөлек-бөлек орналаскан. Тергеу қапастарында шаруашылық қызметі үшін сотталғандар қалдырылуы мүмкін.

Жазалаудың мақсатына жету үшін түзеу мекемелерінің алдына нактылы міндет қойылып, ал олар негізгі түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегімен іске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимін орындау, қоғамдық пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, жалпы білім мен техникалық-мамандыққа оқыту. Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерінің барлық түрлері сайып келгенде Қазақстан Республикасының ІІМ-нің қарауына кіретін қылмыстық-атқару жүйесін құрайды. Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерін баскару үшін түзеу мекемелерінің саны мен ондағы сотталғандардың санына байланысты облыстық ішкі істер баскармасына қарайтын (ОІІБ) қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімдері немесе басқармасы құрылады. Елдің барлық мекемелерін жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы ПМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті жүргізеді. Департаменттің қызметін дұрыс бағыттап-баскару министрдің орынбасарларының біріне жүктеледі. Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінде құрылымдық өзгерістер жүргізілуде. Мысалы, режимі күшейтілген түзеу колониялары, қасақана қылмыс істегендерге арналған қоныстандыру колониялары таратылды. Сонымен қатар ерекше режимді түзеу колонияларында өмір бойы бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару үшін жағдай жасалады [7, 41 б.].

Қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттің барлық құкық қорғау органдарының қызметі өзара байланысты. Бұл өзара байланыс жалпы мақсатқа, яғни біздің елде қылмыспен күресуге бағытталған.

Жазаны атқарушы түзеу мекемелерінен басқа да органдардың алдына қойылған міндеттерді тиімді орындауы үшін тергеу, сот, прокуратура, милиция органдарымен белсенді қызмет істеуі тиіс. Осы мемлекеттік органдардың әрбіреуімен өзара көмектесе әрекет жасау сипатының өзіндік ерекшелігі де бар. Ол қылмыспен күресу кезеңінің ерекшеліктері мен себептерінен, мемлекеттік органның қылмыспен күресудегі орны мен рөлінің өзгешелігімен себепші болады, көрсетілген органдардың әрекет ету жағдайларына және тағы басқалармен белгіленеді.

Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың тергеу органдарымен әрекеттестігі.

Өздерінің күнделікті жұмыс әрекеттерінде анықтау және тергеу органдары, жазаны атқарушы түзеу мекемелері мен органдары алдына қойылған мақсатты тиімді шешу үшін өзара бірлесе белсенді әрекеттеседі. Тергеу органдары қылмысты ашып, қылмыскерді әшкерелеумен қатар қылмыс жасауына мүмкіндік болған себептер мен жағдайларын анықтауы тиіс, сонымен бірге ондай себептер мен жағдайларды болдырмаудың тиімді шараларын қолданулары керек. Мұның жазаны өтеп жүргендер мен өтеп кеткендердің енді қылмыс істемеулерін ескерту үшін маңызы зор. Тергеуші өзінің іс әрекеті кезінде жазаны атқарудағы тапқан кемшіліктерін мекеменін әкімшілігіне оларды жою жөнінде ұсыныс енгізеді. Бұл ұсыныстар жазаны атқарушы органдардың қызметін жақсартуға бағытталған [8, 43 б.].

Бұдан басқа тергеу органдары жазаны атқарушы мекемелер мен оргаңдар әкімшілігіне сотталғандардың жеке басын, олардың мінез-кұлқын анықтайтын мағлұматтар арқылы тексеруге көмектеседі.

Сонымен қатар түзеу мекемелерінің әкімшілігі тергеуші органдарға бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазаны атқарған айыпталушының жеке басын тексеруге және қамауға алынғанға дейінгі істеген, бірақ қылмыстық жазаға тартылмаған қылмысын ашуға көмек көрсете алуы мүмкін.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің соттармен өзара әрекеттестігі. Сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілей отырып, оның тез орындалуы мен шектелмейді, ол оған қоса сотталғандардың отыратын түзеу мекемесінің түрін, жазаны өтеудің режим түрін белгілейді. Сонымен, сот жазаны даралай отырып, сотталғаннын бас бостандығынан айыру орындарында оның атқаруында даралау үшін алдын ала тиісті жағдай туғызады.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе өтеп кеткен адамды айыптайтын қылмыстық істі қарау барысында, сот бұл адамның жаңадан қылмыс жасауынын себептері мен жағдайын анықтауы немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға негізсіз ұсынудың шындығын ашуы мүмкін. Сот дәл осындай, сондай-ақ басқа да жағдайлар жөнінде оларды жою мақсатында орган бастықтарына арналған жеке ұйғарым шығаруға тиісті.

Соттар үкімді өткеру процесінде жаза түрінің өзгеруіне, сотталғанға түзеу мекемесі түрінің өзгеруіне т.б. бақылау жүргізеді.

Заңға байланысты тек сот жазаны атқарып жүрген сотталғандардың үкімін өзгертуге шешім кабылдай алады.

Сонымен, соттар мен түзеу мекемелері, сондай-ақ басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өзара әрекеттесе отырып, қылмыстық жазаның мақсатына тиімді жету үшін жағдай жасайды.

Қайталанба қылмыспен күресудегі ең маңызды бағыттың бірі — ол бас бостандығынан айыру оргаңдарынан босатылғандар жағынан жаңадан қылмыс болмауын ескерту. Бұл жағдай бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталғандардың кейбіреулері өздерінің қылмыскерлік көзқарасы мен ниетінен бас тартпайтындығына негізделген.

Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққандарға түзеу әсерінін жағымды қорытындысын бекітуді жалғастыру мақсатында заңмен белгіленген жағдайда оларға әкімшілік бақылау қойылуы мүмкін. Оларды қызметке орналастыру мен тұрмыстық жағдайларын түзеу шаралары жүргізіледі.

Еңбекке орналастыру мен тұрмыс жөніндегі аға инспектор сотталғандарды босатудан 3 ай бұрын жергілікті полиция органдарына түзеу мекемесі босататындар туралы хаттама арқылы мінездеме жібереді; онда тағы да қылмыс жасамауын алдын ала ескерту үшін жазаны өтеп жатқан кездегі тәртібі, мінез-құлық өзгешеліктері мен т.б. ерекшеліктері жазылады.

Сонымен түзеу мекемелері әкімшілігінің және басқа да жазаны атқарушы органдардың полиция аппаратымен өзара тығыз әрекеттестігі түзетудің ықпалын баянды етуге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар жағынан қылмыс болдырмаудың алдын алуға маңызы зор.

Түзеу мекемелері мен басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өздерінің күнделікті қызметінде жазаны атқаруды заңдылықты сақтауды бақылап отыратын прокуратура органдарымен әрдайым өзара байланыста болады. Бұл функцияны орындай отырып, прокуратура органдары қылмыспен күрес жүргізетін басқа да органдардың жұмысын үйлестіріп отырады, ал ол өз кезегінде органдардың жұмысындағы кемшіліктері мен олқылықтарын тауып және оларды жойып, болдырмауын талап етеді.

Қазақстан Республикасының ішкі істер оргаңдары кызметкерлерінің құқық жағдайлары қорғалуына (олардың қатарына жазаны орындау мекемелері мен органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері кіреді) Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік етеді және олар 1993 ж. 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы», 1992 ж. 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы Қазақстан Республикасы заңдарымен, қылмыстық-атқару заңдарымен, ЕТМ-нің ішкі тәртіп Ережелерімен, сондай-ақ жекелеген еңбек зандарымен белгіленген.

Ішкі істер органдарының қызметкері Үкіметтің өкілі болып есептеледі. Ол мемлекеттің қорғауында болады және қызмет бабы кезінде дербес құкыққа ие болады. Ішкі істер органдарының азаматтарға, лауазымды адамдарға солардың ішінде сотталғандарға койған заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер де ішкі істер органы кызметкерінің қимыл-әрекеті азаматтардың (сотталғандардың) уақытша аз ғана болса да құқығы шектелетін болса, ол жағдайда «заңның атынан» деген сөз қоса айтылуы керек. Ол жағдайда кез келген жеке адам ішкі істер органы қызметкерінің талабына сөзсіз бағынып және орындауы керек.

Ішкі істер қызметкерінің заңды талабын орындамау занда белгіленген жауапқа тартылады. Талдап айтсақ: оны сөгу, оған қарсылық көрсету, қорқыту, өміріне, денсаулығына, мүлкіне қауіп төндіру, абыройына, ар-намысына тию, оған жүктелген міндеттерін орындауға кедергі жасау, сонымен қатар жүктелген қызметін атқарып жүрген ішкі істер қызметкерінің отбасы мүшесіне, туған-туысқандары, жақындарының өміріне, денсаулығына, мүлкіне қауіп төндіру, намысына тию заңда белгіленгендей жауапқа тартылады.

Сонымен, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының қызметкерлеріне заңмен үлкен өкілдік беру, ол жазаны атқартып жүрген мекемелер мен органдардың алдында тұрған қылмыспен күресу саласындағы міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге шақырылады.

Қылмыстық жазаның алдында тұрған мақсатқа жету, көбінесе жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлері әрекетінің тиімділігімен белгіленеді.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлері кұрамына кіретіндер: түзеу мекемелері қызметкерлерінің қатардағы және басқарушы құрамы, ІІО-ның түзету жұмысы инспекциясының қызметкерлері, полицияның кейбір қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі әскерлерінің түзеу мекемесін күзететін және бақылайтын әскери қызметкерлері, түзеу мекемесінін ерікті жалдамалы жұмысшылары мен қызметшілері.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің құкық жағдайы — қылмыстық жазаны атқару кезіндегі жүктелген функциясын орындауда оның өкілдерінің құқығы мен міндеттерінің жиынтығын құрайды [9, 87 б.].

Қызметкерлердің құқықтық жағдайы көптеген экономикалық-әлеуметтік, саяси тағы басқа да факторларға байланысты. Осы факторлардың ішіндегі маңыздылары, ол жаза атқарудың мақсаты — қылмыстық-атқару заңдарының міндеттері және осыған сәйкес қылмыс жазасын атқару мекемелері мен органдарының функциялары мен міндеттері.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардын қызметкерлеріне құқықтар мен міндеттер жүктеу — ол қылмыстық атқару жүйесі органдарының алдына қойылған мақсаттарды қамтамасыз ету.

Қызметкерлердің құқыктық жағдайы әр түрлі болуы мүмкін. Ол жазаны өтететін түзеу мекемелерінің, органдарының түріне, жаза өтеу мен шешетін мәселелеріне байланысты. Сотталғандардың құқықтық мәртебесі өзгерген сайын қызметкерлердің де құқық жағдайы өзгеріп отырады. Мысалы, түзеу жұмыстары инспекциясы қызметкерлеріне қарағанда, түзеу мекемелері қызметкерлерінің өкілдік құқығы әлдеқайда кеңірек болады [10, 37 б.].

Түзеу мекемесінің қызметкерлері шешетін мәселелеріне, орындайтын міндеттеріне қарай үш дәрежеге бөлінеді. Біріншісіне — арнайы лауазымды қатардағы және басқарушы құрамдағы түзеу мекемесінің қызметкерлері кіреді. Екіншісіне — түзеу мекемесін күзететін және сотталғандарды бақылайтын әскери қызметкерлер. Мекеме алдына қойылған жазаны өтеу режимін сақтау, сотталғандарды еңбекке тарту, күзету, сотталғандарды бакылау және түзеу мекемесінің қауіпсіздігін сақтау салаларындағы негізгі қызметті қамтамасыз ету аттестациядан өткен қызметкерлерге жүктелген. Мысалы, түзеу мекемесі қызметкерлері жазаны өтеу режимін сақтауды қамтамасыз ету үшін сотталғандардан және басқа да адамдардан (сотталғандармен бірге жұмыс істеп жүрген жұмысшылардан, қызметкерлерден, түзеу мекемесіне келіп кететін адамдардан) түзеу мекемесіне қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген міндеттерін орындауды талап етуге хақы бар. Мұндай талаптарға: сотталғандардың кейбіреулерінің бөлектеу ережесін сақтауы, жолықтыруды өткізу, хаттасуды, сотталғандардың өзара және түзеу мекемесі кызметкерлерімен қарым-қатынасын реттеуді жатқызуға болады. Режимді бұза қалса сотталғандарға жазалау шарасы қолданылуы мүмкін.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтық жағдайының (Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерді сотталғандарды күзетуде, қашуды ескертуде және үзіп тастауда, бас бостандығынан айыру орындарында басқа да қылмыстарды болдырмауда маңызы зор. Сонымен бірге түзеу мекемесі объектілерін қорғау және олардың материалдық дүниелерін, сотталғандарға рұқсат етілмеген құралдар мен заттардың өтіп кетуін болдырмау, қашып кеткен сотталғандарды іздеу т.с.с. қамтамасыз ету міндеттелген. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге сотталғандардың жатқан жерлерін, жеке заттарын, өздерін тінтуге, көліктерді және түзеу мекемесіне кіріп-шығатындарды немесе режим талаптары қойылған аумақтарда жүргеңдерді тексеруге рұқсат берілген. Қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ жазаны өтеуден бұлтарып жүргендерді ұстау үшін түзеу мекемесі қызметкерлері мен ІІМ ішкі әскер әскери қызметкерлерінен тұратын іздестіру топтары құрылады, олар жергілікті полиция органдарымен бірлесе отырып операция жүргізеді. Қашып кеткен сотталғандарды іздестіру кезінде түзеу мекемесі қызметкерлері қоғамдық ақпарат құралдарының, яғни газет, радио, теледидар мүмкіндіктерін пайдалануға құқы бар. Олардан қашыққа қашқан қылмыскер, олардың белгілері, мүмкін болатын жерлері туралы және оларды ұстауға көмектесуді хабарлайды.

Түзеу мекемесі мен тергеу қаласының бастықтары анықтау органдары қызметінің уәкілеттілігін орындайды. Түзеу мекемесі бастығына, оның қарауындағы қызметкерлерге құзырлығы шегінде тиісті жедел-іздестіру және басқа да қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленгеңдей, қылмысты және оны жасаған адамды табу мақсатында шара қолдану міндеті жүктеледі.

Егер қылмыстың белгісі бар болса алдын ала тергеу жүргізу міндетті, онда анықтау органдары қылмыстық іс қозғайды және қылмыстық іс жүргізу заңының ережелерін басшылыққа ала отырып, жедел тергеу қимылдарын жүргізеді, оны анықтау және қылмыстың ізін сақтап қалу үшін: қарайды, тінтиді, заттарын алады да оған тиюге тыйым салады, куәландырады, күдікті ұстайды, одан жауап алады, жәбірленуші мен айғақтардан жауап алады, керек болса сараптама тағайындайды.

Қылмыстың табылғаны, анықтау басталғаны және онын аяқталғаны жөніңде түзеу мекемелерінің бастығы прокурорға хабарлауға міндетті. Түзеу мекемелері қызметкерлерінің тәуелсіз құзырлығының құқы мен міндеттері тәрбие жұмысын жүргізу керектігінен, жалпы білім беруден, мамандыққа — техникаға дайындаудан туындайды.

Түзеу мекемелерінің жалдамалы ерікті жұмысшылары мен қызметшілерінің құқықтық жағдайы еңбек, қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген. Түзеу мекемесінің қызметі ерекше болғандықтан жұмысшылар мен қызметшілерге қосымша міндеттер жүктеледі, оларға кіретіндер — сотталғандармен жұмысына қатысы жоқ қарым-қатынас жасауға тыйым салы-нады. Сотталғандарға тағам, азық-түлік, ақша, хат, спирттік ішімдіктер, заттар, басқадай бұйымдар беруге рұқсат етілмейді. Егер де бұл талаптар бұзыла қалса түзеу мекемелері әкімшілігі ондай адамдардың сотталғаңдар жұмыс істейтін объектіге кіруін тоқтатады және ондай адамдарды жауапқа тарту мәселесін шешуге хақы бар. Сонымен қатар жалдамалы еріктілер құрамы сотталғандармен бір жыныстас болуы тиіс.

Жазаны қоғамнан бөлектемей атқаратындарды бақылайтын орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайының қылмыстық түріне қарай өзгешелігі бар. Бас бостаңдығынан айырмай еңбекпен түзеу инспекциясы қызметкерлерінің айрықша міндеттері қылмыстық-атқару заңдарымен реттеледі.

Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне тиісті талаптар койылады. Олар едәуір әр түрлі және лауазымына, жұмысына тән орындайтын функциясының ерекшелігіне байланысты. Оларға қойылған талаптар, қызмет істеу тәртібі мен жағдайы, әлеуметтік-құқықтық қорғау шаралары: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті бекіткен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жұмыс істеудің тәртібі мен жағдайлары туралы Ережемен, сонымен бірге қылмыстық-атқару заңдарымен және заңға негізделген нормативтік актілермен белгіленген. Айтылып отырған қызметкерлерге жалпы талап сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгі Ережесінде баяндалған: «Қамау орнындағы барлық қызметкерлер әр уақытта ұстамды болуы және өз міндеттерін орындағанда қамаудағыларға үлгі көрсетіп қадірлі болуы тиіс».

Түзеу мекемелері қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен орындайтын қызметіне байланысты олардың өзгешеліктері болады. Сондықтан түзеу мекемелері қызметкерлері арасындағы жеке топтарды бөліп айтуға болады: оперативтік-режимдік, тәрбиелеуші, өндірістік-техникалық, медицина-санитарлық және тағы басқа да қызметкерлер. Осыған сәйкес қызметкерлерге қойылатын талаптар да әр түрлі, оның кәсіпқойлылығына, жеке басының қадірлілігіне, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне байланысты. Бірақ әр түрлілігіне қарамастан, қылмыстық жазаны атқару процесінде және сотталғандарға тәрбиелік ықпалын тигізуде оларға жүктелетін жалпы талаптарды ерекше айтуымыз керек.

Түзеу мекемелері қызметкерлерінің білім дәрежесіне ерекше талап қойылады. Олардың айырмашылығы — лауазымына, атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, түзеу мекемелері қызметкерлерінің көпшілігі жоғарғы және арнайы орта білімді болулары керек, себебі қылмыстық-атқару заңдарын қолдану, сотталғандарға психологиялық-педагогикалық ықпалын жүргізу үшін ғылымның осындай жақтарының да білімді болуын талап етеді. Оперативтік-режимдік бөлімшелерде істейтін түзеу мекемелерінің қызметкерлері, әдетте заң ғылымы салаларын терең меңгерген, ал жасақ бастықтары — педагогикалық (арнайы) «білімі бар заң қызметкері болулары керек.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің кәсіби мамандық сапасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігімен сондай-ақ алғашқы кезеңде сотталғандарды түзеумен анықталады. Түзеу мекемесі қызметкерлері қызмет істегенде құқықтық дәрежесі шектелген сотталғандармен араласатынын еске алу керек. Осыған байланысты заң қызметкерлерден Қазақстан Республикасының заңдарын, әсіресе қылмыстық жазаны орындау тәртібі мен жағдайын сөзсіз сақтауды талап етеді. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарынан шығады. Сол себепті түзеу мекемелері мен органдарының барлық әрекеті, іс қимылы, сот үкімін орындауға және заңды қатал сақтауға бағытталған болуы керек. Осы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өз әрекетінде заңдылықты қамтамасыз етуге жауап береді. Түзеу мекемесінде сотталғандармен жұмыс істеу қызметкерлерден ішкі-сыртқы сезім күштерін барынша жұмсап жұмыс істеуіне мәжбүр етеді, ал ол үшін тиісті деңгейде мықты денсаулық керек. Сондықтан, ішкі істер органына жұмысқа алғанда денсаулығы мен күш-қуатын тексереді. Осы максатта қызметкерлер арнайы дайындықтан өтулері керек және ішкі істер органдарында қызметке жарамдылығын білу үшін мезгіл-мезгіл бақылаудан өтіп тұруға міндетті. Ол үшін қызметкерлер жеткілікті дәрежеде өзінің денесін шынықтырып, денсаулығына нұқсан келтіріп алмай жүруге міндетті.

Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылатын талап ретінде қызметкерлерге сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізумен тікелей оны ұйымдастырумен шұғылдану белгіленген. Жасақ бастықтары мен басқа да оперативтік-режим қызметкерлері өздерінің лауазымдық жағдайына сәйкес немесе тікелей орындайтын функциясына байланысты тәрбие жұмысына катысады. Сондықтан түзеу мекемесі қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жоғары білімді, мәдениеті, ой-өрісі кең, жеткілікті өмір тәжірибесі бар және сотталғандармен жұмыс істей алатын, сондай-ақ педагогика саласында білімдарлық қабілеті жетік болуы керек. Тәрбие жұмысын орындайтын қызметкердің өзіне тән өнегелілік пен сезімталдық-жігерлілік қасиеті болуы керек. Түзеу мекемесі қызметкерлеріне койылған талаптардың ішінде әлеуметтік әділеттілік сезімі оларда айрықша орын алуы тиіс.

Дөрекілік жазаны өткеріп жатқан сотталғандардың жанына ауыр тиеді; олардың абыройына нұқсан келтіреді.

Жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың бастықтарына барынша жоғары талап қойылады. Өздерінің лауазымдық мәртебесіне карай олар сотталғандарды және қарауындағы кызметкерлерді тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырушы, мекеменін өндіріс-шаруашылық әрекетін жүргізуші болып есептеледі. Ондай бастықтар өзіне және қарауындағыларға қатаң талап қоятын, табанды, өзгелерді сыйлай білетін болуы керек. Жаза орындайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне негізінен осындай талаптар қойылады.

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ішкі істер қызметкерлерінің құқықтық жағдайымен қатар оларды әлеуметтік қорғау шараларын да белгілеген. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлері қоғамдық үлкен маңызы бар қызмет аткарады. Олар әр уақытта ішкі-сыртқы сезім күш-қуатын қинап істеуге мәжбүр болады: жұмысбастылық, қайғыру, күйіну тағы баскаларға байланысты. Айта кету керек түзеу мекемесінде жұмыс — сотталғандардың топтанып көнбеушілік, шабуылдау, аманатқа тартып алу, сотталғандардың агрессивтік істеу қимылы себебінен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына кауіп-қатер төндіру сияқты экстремальдық жағдайларда да өтіп жатады. Мұның бәрі бас бостандықтан айыру орындарында жұмыс істеудің мәртебесін, тартымдылығын көтеру үшін қосымша шаралардың керектігін білдіреді. Сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгілер Ережесінде бұл жұмыстың аса қиын жағдайын еске ала отырып, қызметкерлерге соған сәйкес жеңілдіктер мен жұмыс жағдайларын қамтамасыз етілді. Олардың еңбек ақы мөлшерін тағайындағанда бұл жұмысқа қабілетті ерлер мен әйелдерді тартып және ұстау үшін есептелуі тиіс.

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және нормативтік актілермен ішкі істер қызметкерлерін әлеуметтік қорғау көзделген, олар: мемлекеттік сақтандыру және ішкі істер органдарының қызметкері қаза болса немесе науқастанса, сондай-ақ оның дүниесіне зиян келтірілсе шығынын өтеу: оларды пәтермен, тұрғын үймен қамтамасыз ету; медициналық, санаториялық курорттық қызмет көрсету және басқа да қосымша әлеуметтік қорғауға кепілдік беріледі.

Қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктер әр түрлі болады. Олар лауазымына, жазаны атқаратын мекемелер түріне, оның тұрған жеріне, қызметкерлердің аттестацияланған немесе жалдамалы ерікті құрамына жататындығына және басқа да негіздерге байланысты. Мысалы, аттестациядан өткен қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшеріне; лауазымдық еңбек ақы, арнайы атаққа берілген ақысы, қызмет еткен жылдарына қосылатын пайыздық үстеме, тамақ пайогінің бағасы кіреді.

Қатал, сондай-ақ айрықша режимді колонияларда туберкулезбен ауыратын сотталғандардың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысына 10—15 пайыз көлемінде үстеме белгіленген.

Түзеу мекемесіндегі қызметкерлердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті зейнетке шығатын қызмет мерзімі қысқартылған.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек алуға, жеңілдетілген санаторий мен курортта емделуге, медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар [11].

Қазақстан Республикасы заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қорғау кепілдігі берілген, бұл — мемлекеттің бұл жұмыстың ерекшелігін ескепке алып көрсеткен қамқорлығынын айғағы [12].

Бас бостандығынан айыру органдарында ең қауіпті, бірнеше рет сотталған, әлеуметтік-өнегелілігі жағынан төмен азаматтар жаза өтеуде. Жазаны өтеу кезінде сотталғандардың бәрі бірдей түзелу жолына түсе бермейді, олардың кейбіреулері жазаны өткеру кезінде режим талаптарын бұза береді, жаңадан қылмыс жасауды ойластырып жүреді және мекеме қызметкерлерінің заңды талабына белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар жағынан қылмыс істеудің өзгешелігі бар, ол түзеу мекемесі қызметкерлерінен аманатқа адам ұстап алу немесе оларға шабуыл жасау, сондай-ақ басқалай да зорлап күш қолдану. Жоғарыда баяндалғандар жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін сотталғандардың қылмыстық немесе басқалардың қауіпті әрекеттерінен қорғаудың маңызды себептері болады.

Сонымен, түзеу мекемелері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы қылмыстық-атқару процесінің тиімділігін арттыруда маңызы жоғары егер де сотталғандарды түзеудегі қызметкерлердің жұмысына қауіпті жағдай төне берсе, одан әрі іс-әрекетті орындау мүмкін емес. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күші бар заңдар бірсыпыра құқықтық және ұйымдастырушылық амалдар қолданады.

Алдыменен қылмыстық-кұқықтық сипаттағы шараларды айтуға болады. Бас бостандығынан айыру орындарында қызмет ететіндердің өміріне, денсаулығына қастандық жасағаны және орган қызметкерлерінің дербес құқығына қол сұққаны үшін жоғары дәрежедегі қылмыстық жаза қолдану көзделген. Бұл шараларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің өміріне, денсаулығына арнайы зиян келтіруге бағытталған әрекетке қылмыстық заңдар нормалары белгіленген қылмыстық түрде жауапқа тарту. Ондай қылмыстарға жататындар: бас бостандығынан айыру орындарынан немесе күш пайдаланып және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер келтіру әдісімен қашу; түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақана бағынбау, мұнда түзеу мекемесі қызметкерлеріне күш қолданумен байланысты; түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысына шабуыл жасау арқылы кесел келтіру.
  2. Лауазымды адамдарға күш қолданғаны үшін көрсетілген жауапкершілік нормалары.
  3. Жеке адамның өміріне, денсаулығына. бостандығына, абыройына қарсы бағытталған қылмыстарды қарастыратын қылмыстық заң нормалары [13, 67 б.].

Заңмен белгіленген қызметкерлердің қауіпсіздігі шараларын екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сендіру шараларын білдіретін амалдарды кіргізуге болады. Өзінің мағынасына қарай сеңдіру шаралары: сотталғандарға жазаны өтеу режимін қызметкерлермен қарым-қатынас ережесін түсіндіруден, олардың өкілдерінің өміріне, денсаулығына, абыройына қылмыстық қауіп төндіруіндегі жауапкершілігінен тұрады. Осы шаралар сотталғандармен жүргізілетін негізгі тәрбие жұмыстарының түрлерімен қамтылады және оған күші бар заңдарды (сотталғандардың мінез-құлық ережелерінің мәселелері) түсіндіру, сонымен қатар әрбір сотталғанмен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу де кіреді.

Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екінші маңызды амалы, ол — профилактикалық жұмыс. Қызметкерлердің қылмысты профилактикалау жұмысына жариялы және құпия жедел-іздестіру шаралары кіреді. Оны Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңына сәйкес түзеу мекемесінің оперативтік бөлім, бөлімшелері және басқа да аймақтық органдар қызметкерлері жүргізеді.

Құкық бұзушылыкты жалпы профилактикалау шараларына кіретіндері: құқық бұзуға бейімді адамдарға жазаны өтеуде режим жағдайын еңгізу, күзету мен бақылауда техникалық құралдар қолдану және жекелей профилактика жүргізу (агрессивті мінез-құлықтыларды, психикасында ауытқушылығы бар және түзеу мекемесі қызметкерлеріне қарсы қылмыс жасауға ойланып жүргендерді тауып, оларды есепке қою, сонымен бірге ескерту шараларын жүргізу) [14, 167 б.].

Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының ең тиімді жағы, ол — техникалық құралдармен күзету; қызметкерлердің қызмет етіп жүрген жерінде арнайы дабыл қағып дыбыс беретін арнайы жүйе қою, түзеу мекемесінің кейбір объектісін бақылау үшін теледидар орнату, есіктерді, қапасты (камера) автоматты түрде дабыл беретін құралдармен жабдықтау т.с.с.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау амалдарының бірі — ол сотталғандарға да дұрыс негізделген қауіпсіздік шараларын қолдану. Заңда бекітілген қауіпсіздік шараларына кіретіндер: қол күшін, арнайы құрал қолдану. ал ерекше жағдайда қару қолдануға да рұқсат етіледі.

Қауіпсіздік шаралары қылмыс жасап сотталып, сонын негізінде құқықтық мәртебесі шектелгендерге ғана қолданылады. Сондыктан, қауіпсіздік шараларын және қару қолданғанда заңдылықты қамтамасыз етуге қызметкерлердің және қылмысты жазаға сотталғандардың заңды талаптары мен құқығын қорғауға тиісті кепілдік берілуі талап етіледі. Негізсіз немесе қате қолдану (немесе қолдану керек кезенде қолданбау), егесу жағдайын терендете түседі және ол ауыр жағдайға, яғни топтанып бағынбаушылыққа, сотталғандардың жаппай тәртіпсіздігіне, аманатқа ұстап алу, адамдардың қаза болуы сияқтыларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұлардың бәрі қолданылатын қауіпсіздік шаралары жиынтығына тиісті талап қоюға, оларды құқықтық негізде бекітуге және қолдануды ұйымдастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, қамалғандармен айналысудың Ең аз үлгісі Ережесінде сотталғандарды басу кезінде құрал ретінде кісен, шынжыр қолдану рұқсат етілмейді [15, 117 б.].

Қауіпсіздік шаралары — мемлекеттік мәжбүр етудің бір түрі. Оларды қолданғанда қорғануға мәжбүрлігі мен басқадай амал қалмаған жағдайы негізделіп және керектілігі дәлелденіп қылмыстық-құқықтық институттардың шеңберінде бағалануы тиіс. Қауіпсіздік шаралары сыртқы түріне қарағанда қауіп төндіргенге күш қолданған болып көрінеді. Қауіпсіздік шараларын қолданудың ерекше бір айырмашылығы түзеу мекемесі — ол төтенше немесе басқа да дауласу жағдайларында, яғни сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, басқа азаматтарға, сондай-ақ өзге сотталғандарға, тіпті өзіне-өзі күш жұмсау қимылдарынан пайда болғанда қолданылады. Бұл жағдай әлеуметтік-құқықтық қауіпсіздік шараларымен және қару жұмсаумен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен аяқталмайды. Бұл шаралар сотталғандардың өз қауіпсіздігін, басқалардан, мысалы, түзеу мекемесіне келгендердің және күзетілетін объектілердің, түзеу мекемелерінің ғимараттарын, қатынас құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған [16, 98 б.].

Қауіпсіздік шараларын сотталғандарға колданылатын тәртіпті жазалау шараларынан айыра білген жөн. Қауіпсіздік шаралары, алдымен, өз бетімен токтатылмайтын және ауыр зардап төндіретін сотталғандардың қоғамдық қауіпті әрекеттерін тоқтатуға бағытталған. Тәртіптік жазалау шаралары сотталғандардың тәртіп бұзуы аяқталғаннан кейінгі жаза ретінде қолданылады. Сондықтан сотталғандарға, алдымен, қоғамдық қауіпті әрекетіне қауіпсіздік шарасы, сонан соң және тәртіптік жаза шарасы қолданылуы мүмкін [17, 207 б.].

Қазіргі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы» Заңдарында, Қылмыстық-атқару кодексінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ түзеу мекемесінің ішкі тәртібі Ережесінде қауіпсіздік шаралары тізімі. оның негізгі және қолдану тәртібі берілген.

Бас бостандығынан айырылған адамдарға қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен оларды қолдану негіздері Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 81-бабында реттелген және ішкі тәртіп Ережелерінде атап көрсетілген.

Алдымен, қауіпсіздік шаралары мен оларды қолданудың жалпы талабына көңіл аударған жөн. Талапқа сай күш жұмсау, ерекше құралдары және қару қолдану құкығы түзеу мекемесі қызметкерлерінің бәріне бірдей берілмейді, тек қана ішкі істер органының қатардағы, яғни басқарушы құрамынын арнайы атағы бар қызметкерлеріне лауазымды адамдарына және Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сондықтан осы айтылған қызметкерлер арнайы дайындықтан өтуге, мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп, арнайы құрал мен қаруды қолдану жағдайына байланысты әрекеттерге жарамдылығын біліп жүруге міндетті.

Түзеу мекемесі қызметкерлері, ішкі әскердің әскери қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, яғни қару қолданған кезде сотталғандарға және басқа да адамдарға мүмкіндігіне қарай ең төменгі дәрежеде зиян келтіруді қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатпен заңда ерекше құралдар мен қару қолдану тәртібінің негіздері каралған.

Қауіпсіздік шарасы мен қару жұмсау тәртібі, ережесі қандай нақтығы жағдайда қолданылады?

Арнаулы құралдарға заң мыналарды: қол кісенді, жуасыту көйлегін, арнайы құрал мен іздеуші иттерді жатқызады.

Арнайы құралдарды қолдану негіздері мен тәртібі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңында және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген.

Арнайы құралдарды қолдану тәртібін нақтылы карастырайық. Қол кісенді сотталғандарға мынадай жағдайларда қолданылады: әскери нарядтық құрамына, күзетшілерге, тузеу мекемесі әкімшілігіне қара күшпен қарсылық көрсеткенде; сотқарлық істегенде; айып қапасына барудан бас тартқанда; өзін-өзі өлтіргісі, денесіне зақым келтіргісі келсе немесе басқа сотталғандарға, сондай-ақ бөтен біреулерге тарпа бас салса; қашып кеткен сотталғандар ұсталғанда. Қол кісенін салғанда белгіленген формамен ант жасалады. Қол кісенің негізсіз салған адам жауапқа тартылады [18, 117 б.].

Жуасыту көйлегі сотталғандарға басқа шаралар қорытынды бермегенде қолданылатын әсер етудің ең соңғыларынкі кіреді. Ол түзеу мекемесі бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауымен және медицина қызметкерінің бакылауымен қолданылады. Егер де медицина қызметкері бұл сотталған адамға жуасыту көйлегін кигізуге болмайды десе, ол сөзсіз орындалады. Жуасыту көйлегінде бұзақылық жасаған сотталушы тынышталғанша болады. Бірақ ол екі сағаттан аспауы керек.

Жуасыту көйлегі оңаша бөлмеде (айып қапасында, бақылаушылар бөлмесінде т.б.) кигізіледі.

Жуасыту көйлегін кигізген сайын акт жасалады оны түзеу мекемесі бастығы немесе оның орынбасары бекітеді де прокурорға хабарлайды.

Арнайы құралдарға, сондай-ақ мыналар да жатады: резин сойылы, назар аударатын жарық-дыбыс құралдары, тосқауыл бұзушы саймандар, су шашушылар, бронемашиналар, қызмет иттері т.б. ішкі істер органдары қарауындағы арнаулы құрал-саймандар.

Арнайы қарулар — жалпылай тәртіпсіздікті, белгіленген ережені топтанып бұзушыларды тоқтату, түзеу мекемесі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер жалдамалы құрамдар жұмыскерлеріне шабуылды тоқтату, ұстап алған құқық бұзушының қарсылық көрсеткені үшін қолданылады.

Арнайы қаруды қолдану шешімін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауап беруші, операцияны басқаратын лауазымды адам қабылдайды. Жеке әрекет жасап жүрген түзеу мекемесі қызметкері немесе ішкі әскердің әскери қызметкері шұғыл жағдайда мұндай шешімді өз бетімен қабылдайды.

Арнайы құралдардың түрлерін және оны қарқынды, қолдану қалыптасқан жағдайға, бұзылған құқықтың түрі мен кұқық бұзушының жеке басына және де арнайы құралдың техника-тактикалық сипаттамасына байланысты белгіленеді. Оларды қолданудың тәртібі анық белгіленген, мысалы арнайы құрал алдын ала ескертуден кейін ғана қолданылады. Құқық бұзушылар ашық, тұтқиылдан шабуылдаса. бұл құралдардың ескертусіз қолданылуы мүмкін. Арнайы құралдарды әрбір қолданған нақтылы жағдайда, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету шаралары алдын ала белгіленген болуы керек.

Арнайы құралдарды қолданған жағдайда, оларды қолданған қызметкерлер, әскери қызметкерлер түзеу мекемесі бастығына, ішкі әскердің, бөлім командиріне рапортпен қашан, қай жерде, кімге және оларды қандай жағдайда қолданылғанын көрсетіп баяндайды.

Жоғарыда айтылғандай, арнайы құралдарға іздеу қызметі иттері де кіреді. Олар сенімді қорғаушы да, шабуылшы да сондықтан түзеу мекемесі қызметінде кең пайдаланылады.

Іздеу қызметі иттері төмендегідей жағдайларда қолданылады: Сотталғандарды бақылау қызметін орындап жүргенде; түзеу мекемесінін аумағында жасырынып қалған сотталғандарды іздеу және табу кезінде; өзін қорғау кезінде немесе сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге шабуыл жасаған кезде; есірткі және басқа да заттарды іздеген кезде т.б. Қызмет иттерін әйелдерге, мүгедектер мен кәмелетке толмағандарға қарсы, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса қолдануға рұқсат етілмейді.

Егер де басқадай шаралармен сотталғандардың істеген әрекеттерің тоқтатуға болмаса, онда оқ ататын қаруды қолдану ерекше шара деп есептеледі. Заңда «басқадай шаралар» мазмұны түсіндірілмесе де, сендіру шарасы оған қоса қауіпсіздік шаралары, яғни қара күш жұмсалу мен арнайы құралдарды қолдану деп болжауға болады. Оқ ату қаруын қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының ІІМ белгілейді.

Сотталған әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса, қарумен қарсылык көрсетпесе, әуе кемесін, аманатка біреуді басып алмаса және топтанып шабуыл жасаумен өмірге қауіп туғызбаса қару қолданылмайды.

Түзеу мекемесі қызметкері қару қолданылған барлық жағдайда қоршаған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, зардап шеккендерге күттірмей медициналык көмек көрсетуге міндетті, одан кейін өзінің тікелей бастығына түсіндіруі тиіс және бұл оқиға туралы прокурорға хабарланады.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің, ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздік шаралары мен қару қолдануы Қазақстан Республикасы ІІМ органдарының үнемі бакылауында болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ЖАЗАНЬІ АТҚАРУШЫ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЬҢ КЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

 

Қылмыстық-атқару жүйесі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бір бөлігі болып есептеледі. Оған қылмыстық жазаны атқару мен өтеуді қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды түзеу, сотталғандар және басқа біреулер жаңа қылмыс жасамауды ескерту мақсаты жүктелген. Көрсетілген мақсатты шешуге қоғам толықтай мүдделі болғандықтан, ол мемлекеттік, қоғамдық институттар жүйесі арқылы құқық қорғау органдарының, соның ішінде жазаны атқартушы органдарға әрдайым әлеуметтік бақылау қоюды белгілейді.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмысына бақылау қоюдың үлкен құқықтық-әлеуметтік маңызы бар. Қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі бақылау процесінде, алдымен заңдылықты сақтау қамтамасыз етіледі. Заңдылықты сақтау — жазаны атқару органдары жұмысының басты қағидаты болып есептеледі. Жазаны атқаратын түзеу мекемелері мен органдарының қызметі заңдарды қатал сақтауға негізделеді. Бұл мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өздері еңбек етіп жүрген қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге жауапты [19, 125 б.].

Қызметкерлердің жұмысын бақылау дегенді қарап жүру мен тексеру жүйесі, қызметкерлердің әрекетінің нормативтік актілер талабына сәйкестігін, болып жатқан заң бұзушылықты білу мен тоқтату мақсатында және ондайларды келешекте болдырмауды ескерту ретінде түсіну керек.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмысын бақылау жеке бастың мақсаты емес, ол қажетті амалдың тиімділігін көтеру, жазаны атқару мен түзеу шараларын қолдануға әсер ету.

Бақылаудың қорытындысын жүзеге асырғанда әкімшіліктің, кызметі әрекетіндегі кемшілікті табу және оны жоюға мүмкіндік туады. Әкімшіліктің қызмет әрекетін бақылау, сонымен бірге қылмыстық-атқару мекемелері жүйесіндегі заңдылыкты бұзу жағдайларын табу амалы мен оның себебін жою болып есептеледі. Алдымен, ол заңдылыктың құқықтық негізін әсіресе заңға негізделген нормативтік актілерді, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайда жетілдіруге әсерін тигізеді.

Демократиялық, кұқықтық мемлекет құру жағдайында Үкіметтін барлық мемлекеттік институттары, соның ішінде құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы қоғамның назар салып қадағалауында болады. Жазаны атқарушы органдардың кызмет әрекетін бақылау, оның қоғамдық түрлерін пайдалану арқылы іске асырылады, ол жазаны өткерудің жағдайларын, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған экономикалық және басқа да қиыншылықтарды кеңірек хабарлауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі өз кезегінде, жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның қарқыны мен мақсаты жөнінде әр түрлі көзқарастар туғызған қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді төмендетуге септігін тигізеді.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін бақылаудың маңызы мынадан байкалады: ол мемлекет бөлетін қаржы-материалдық қаражаттарды үнемдеп жұмсауға, оны қайта бөлуге, қылмыстық-атқару мекемелер жүйесін ұстауға, біздің мемлекетке аса қажетті басқа да әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін бақылау әр түрлі негіздермен топтастырылуы мүмкін, ол бақылау жүргізетін субъектілерге байланысты: халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін халықаралық бақылау — Халықаралық адам құқықтары ережелерінде, алдымен Адам құқықтарының жалпы Декларациясында (1948), азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде (1966), азаптауға және басқа да мейірімсіз, адамгершіліктен тыс сондай-ақ абыройын қорғау түрлерімен айналысу немесе жазалауға қарсы Конвенциясында (1984) және басқаша ұсыныс ретінде БҰҰ мүше елдеріне айтылған жайттар.

Қоғамдық бақылау да жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетінде заң бұзбауды қамтамасыз ету амалының бірі болып есептеледі. Ол мемлекеттік қоғамдык ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың және құқық қорғау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының жазаны өткеру жағдайлары мен ретін бақылауы.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің, кызмет әрекетін мемлекеттік бақылаудың бірнеше түрлері бар, олар: атқарушы үкімет органдарының бақылауы, соттық бақылау, ведомстволық бақылау және прокурор бақылауы.

Жазаны атқарушы түзеу мекемелері және басқа да органдардың жұмыс әрекетін атқарушы Өкімет өкілдері, яғни Үкімет өз аумағындағы жағдайға жауапты әкімдер жағынан бақылау жүргізіледі. Жергілікті әкімшілік органдарында түзеу мекемесі әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін тексеруге функциясы бар бақылау комиссиялары құрылады.

Ведомстволық бақылау маңызды орын алады. Оны қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары органдары, яғни — қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті мен басқарма, бөлім бастыктары және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің басшылары жүргізеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызмет әрекетін бақылауда прокуратура органдарының рөлі айрықша болады. «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Прокуратурасы— Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік актілерін Республика аумағында бір түрде және бұл жаппай қолданылуына жоғары бақылау жүргізетін мемлекеттік орган.

Прокуратура кез келген заң бұзушылықты табуға және оны болдырмауға шара қолданады. Қазақстан Республикасы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіреді, сотта мемлекет мүддесін қорғайды және керекті жағдайда заңмен белгіленген тәртіп пен көлемде қылмысты қудалауды іске асырады.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қадағалау жұмысын тиімді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Прокуратурасында арнайы бөлім құрылады немесе бұл жұмысты облыс, аудан прокурорларының көмекшісі, аға көмекшілер жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заңда жеке тарау » Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау» енгізілген. Онда заң прокуратураға заңдылықты сақтап іске асыру үшін бірқатар арнайы қадағалау уәкілдігін береді. Оған жазаны атқару мекемелері мен органдары әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін қадағалау да кіреді.

«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 43-бабына сәйкес прокуратура мына бағытта бақылау жүргізеді:

  1. Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығына.
  2. Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттарының сакталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына.
  3. Бас бостандықтарынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығына.

«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы заңында прокурордың Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің органдарында заңдылықты қамтамасыз ету өкілеттігі көрсетілген. Заңдылыққа бақылау жүргізе отырып, прокурор өз шамасы құзырлығында хақы бар:

  1. Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық-тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын талап етуге;
  2. Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтініштері бойьшша атқарушылық істер жүргізілуін талап етуге және тексеруге;
  3. Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерінде тексеру мақсатымен кез келген уакытта болуға;
  4. Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
  5. Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
  6. Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
  7. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жаткан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысыменен айыптық изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
  8. Заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы.

Сонымен, прокурорлык бақылау барлық бас бостандығынан айыру орындарын (қамау, бөлу), оларда қандай категориядағы ұсталған адамдар отырғанына қарамастан түгелдей қамтиды. Прокурорлық бақылаудың мақсаты — ол бас бостандығынан айыру орындарындағы заң бұзушылықты кезінде түгелдей тоқтату, ал заң бұзған адамдар заңда көрсетілгеніндей жауапқа тартылуы тиіс [20, 178 б.].

Әкімшіліктің қызмет әрекетіне бақылау жүргізуде прокурор барлық салаларға прокурорлық жалпы бақылау өкілеттілігін қолданумен бірге бақылау субъектісі ретінде прокурорға жүктелген арнайы өкілеттілігін ұсталғандардың, алдын ала қамалғандардың, жазаны өткеру орындарындағы заңның орындалуын және сот белгілеген басқа да мәжбүрлеу шараларын бақылайтыны есте болуы керек.

Заңдылықты бұзуды табу мен ескерту прокурор өкілеттілігінің бірі — ол жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін, ондағы жазаны атқару жағдайлары мен тәртібін тексеру. Оны іске асыру үшін прокурор жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға кез келген уақытта баруға хұқы бар. Прокурор жеке барып танысу процесінде әкімшіліктің жұмыс әрекетімен тікелей танысады, атап айтқанда сотталғандардың бас бостандығынан айырылуы негізі жөніндегі құжаттармен танысады, сотталғандарға жеке-жеке сұрақтар қояды, жатқан орындарымен, жазаны өтеу режимі жағдайымен, ондағы қылмыспен, тәртіптік жаза қолдану тәжірибесімен танысады. Сотталғандардың жұмыс әрекетімен барып және тікелей танысуы заңдылықтың, режим мен жазаны атқару жағдайларын тікелей білуге және заңдылықты бұзушылықты анықтауға, оны ескертуге мүмкіндік береді.

Прокуратура туралы заңға сәйкес прокурор жазаны өтетуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлыктарының заңға үйлесімділігін тексеруге хұқы бар. Сонымен катар лауазымды адамдардың, қызметкерлердің тәртіптік жаза қолдануының заңдылығы мен дәлелділігі тексеріледі. Егер де заңға қайшы акті қабылданған болса, онда прокурор лауазымды адамдардан зансыз шешім қабылдағаны үшін жеке түсініктеме беруді талап етуге хұқы бар және оған кейін қарсылық білдіреді [21, 267 б.].

Сотталғандар жазаның өткеру түріне қарамастан, прокурормен жеке кездесуге немесе мемлекеттік, сондай-ақ атқарушы органдарға, жергілікті өкілетті орган-мәслихаттарға және хат арқылы хабарласуға құқы бар. Бұл —Қазақстан Республикасының азаматтары ретіндегі олардың Конституциялық құқы. Сонымен бірге айтылып отырған құқық, ол жазаны өткертуші мекемелер мен органдар қызметкерлері жағынан заң бұзушылықты табудың бірден бір маңызды амалы болып есептеледі. Түзеу мекемесіне сәйкес заң прокурорға шағым арыз жіберудің ерекше тәртібін белгілеген. Түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандардан түскен шағым мен арыздарды бір тәуліктен кешіктірмей прокурорға жіберуге міндетті. Оларды қарауға немесе тексеруге рұқсат етілмейді. Сотталғандардан түскен арызды немесе шағымды прокурор заңмен белгіленген мерзімде қарауы, тиісті шешім қабылдап, оны арыз немесе шағым берген адамға хабарлауы тиіс.

Түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысындағы заңдылықты бұзуды ескертудің бір түрі — оның лауазымды адамдарының кейбір қызмет әрекетіне прокурордың рұқсат етуі. Сотталғандардың аса маңызды құқығы мен занды талаптарына тиісті жұмыс әрекетіне әкімшіліктің рұқсат алуы керек болады. Мысалы, бас «бостандығынан айыруға сотталғандардың ақшасы мен бағалы заттарын мемлекет пайдасына жіберу туралы қаулыға, төтенше жағдайға байланысты бас бостандығынан айыру орынынан қысқа мерзімге сыртқа шығуға: жақын туысқанынын өлуі немесе халсіз күйде жатуы, жаратылыс апатынан сотталғанға, сондай-ақ әлде оның отбасына едәуір материалдык зиян келтіргенде прокурордан рұқсат алу керек болады.

Заңдылықты бұзудың және оның себебі мен жағдайын туғызатын себептерін болдырмаудың прокурор бакылауының құқықтық амалдары әр түрлі, соның бірі — прокурорлық бақылау актілері түрінде болады.

Прокурор бақылауының негізгі актілері мыналар: наразылық білдіру, қаулы, ұйғарым, жарлық, рұқсат ету, нұсқау, бұйрық, ережелер («Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заңның 18-бабы). Бұлар прокурорға жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заң бұзушылықты тиімді де тез жоюға мүмкіндік береді. Прокурор заңның бұзылу сипатына байланысты іс қозғауы, тәртіптік және шығаруы, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың лауазымды және басқа да қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзғаны туралы қаулы шығаруы мүмкін. Прокурор өзінің қаулысы мен бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз отырған сотталғандарды, бас бостаңдығынан айыруды өтеп жатқандарға заңсыз салынған тәртіптік жаза шараларын бұзуға, заңсыз жазаланған адамдарды айып қапасынан, қамау торы бөлмесінен, карцерден, жеке адамдық тордан, тәртіп қапасынан босата алады [22, 127 б.].

Прокурордың заң бұзушылыққа көңіл аударуының төмендегідей түрі, ол — заң бұзушылықты, оған мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жасауы. Мұны прокурор, әдетте жаза атқарушы мекемелер мен органдар кызметкерлерінің жұмыс әрекетінде зан бұзушылықтың әрдайым кездесетіндігінен жасайды. Ұсыныс жіберілген қызметкердің, немесе жоғары органның лауазымды адамы ұсыныста көрсетілгендей, болған істерді бір айдан қалдырмай қарауға міндетті. Бұзылған заңды, оны тудырған себептер мен жағдайды жою шараларын қабылдап, қорытындысын прокурорға хабарлайды.

Прокурордың заң бұзушылыққа көңіл аударуының тағы бір түрі, ол —наразылық білдіру. Прокурор жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарына заңға қайшы бұйрық, қарар немесе қаулы қабылдағаны үшін наразылық білдіреді. Білдірілген наразылық міндетті түрде түскен уақытынан бастап он күннен кешіктірілмей қарауға және корытындысын жазбаша прокурорға тез хабарлауға міндетті.

Сонымен, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау мен қылмыстық жазаның басқа да түрлерін бақылау прокурорлық бақылаудың саласы болып саналады. Мұның өзіне тән заңды бұзуды табу мен ескертудің және табылғанға назар аударудың айрықша түрлері мен әдістері бар.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл әділсот органына жатады.

Соттың бақылау қызметінің негізгі үлгілері, түрлері мен әдістері әр түрлі және олар едәуір тиімді болып келеді.

«Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Заңының 1-бабына сәйкес соттардың шешімдерін, үкімдерін, өзге қаулыларын, сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қызмет әрекетін соттық бақылауды үш түрге бөлуге болады:

Бірінші — азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік құқық қатынастық таластарда және сот ісін жүргізу ережесімен жүзеге асырылатын айрықша іс жүргізуді қарағанда соттық бақылау болады. Мәселен, азаматтық іс жүргізгенде қызметкерлердің жұмыс әрекеті екі жақтан тікелей талас тудыруы мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айыруды өткеріп жатқанда еңбекке жарамсыз болған талап етуші адамның түзеу мекемесінің кінәсінен келтірілген шығынды өтеуді шешкенде немесе керісінше, жазаны өтеу кезінде сотталғанның келтірген материалдық зиянын босатылғанда өндірілмей қалғанын төлеу туралы түзеу мекемесі талабын шешкенде туатын таластар. Бұл жағдайларда жазаны өтеу кезіңде сотталғандардың еңбек құқын сақтауда түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс қимылын сот бағалай алады [23, 234 б.].

Сондыктан іске дәлел ретінде берілген құжаттарды соттың қабылдауы, олардың заңды екенін растайды, ал оларды қабылдамауы әкімшілік қызмет әрекетіне кері әсерін білдіреді.

Соттық бақылау сотталғандардың түзету шараларымен байланысты емес жазаны өтеу кезінде де орын алады. Мысалы, сотталған белгіленген мезгілде айып төлемесе, азаматтық сот ісі тәртібімен сот берген орындау қағазы негізінде жазаны орындауға мәжбүр етеді.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін соттық бақылаудың екінші түріне — қылмыстық істер жүргізгендегі бақылау, ал сотта қылмыстық іс қаралғанда жүзеге асырылатын және сот үкімін орындау мәселелерін сотта қарағандағы бақылау жатады.

Соттың бақылау функциясы қылмыстық-атқару мекемелері жүйесі қызметкерлерінің лауазымды адамдары жағынан жіберілген заңдылықтың өрескел бұзылғаны жөнінде қылмыстық іс қаралғанда білінеді. Ол — билігін немесе қызметтік жағдайын пайдаланып қиянат жасау, өкілеттілігін пайдаланып қиянат жасау, кездейсоқ уәкілдігін пайдаланып асыра сілтеулік, селкостық және басқа да лауазымдық қылмыс түрлері.

Соттық бақылау сотталғандардың жазаны өтеу кезінде жасалған қылмыстық істерді қарағанда да орын алады. Мәселен, қылмыс жасаған сотталғаңдар жөнінде қылмыстық іс қарағанда, мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбеушілік немесе түзеу мекемесі және басқалардың жұмысына іріткі салу, бұл құқыққа қарсы әрекет сотталғандардың құқығына қысым жасалуына байланыстылығын сот тексеруге міндетті. Сот түзеу мекемесі әкімшілігі талабының заңдылығын, оған сотталғанның қасақаналықпен көнбегенін, қапас тәріздес бөлмеге көшіру туралы салынған жазаның негізділігін тексеруі тиіс.

Егер де қылмыстық істі қарау кезінде салынған жаза қылмыстық-атқару заңынын талабы бұзылғандығы анықталса, ол адам әкімшілік талабына қасақана көнбесе де, оның әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақталуы тиіс.

Сот түзеу мекемесінің әкімшілігі жағынан заңдылыктың бұзылғанын анықтаса, оған жеке ұйғарыммен назарын аударуға міндетті.

Сотталғандардың заңды құқын, талабын, олардың өз міндеттерін орындауын жүзеге асыру мәселелері қылмыстық істі қарағанда басқа негізде қозғалған болса да, ол сот бақылауының бір түрі болуы мүмкін.

Сот іс қарау процесінде айғақтардың, жәбірленушінің, сотталушылардың жауаптарын, эксперттер қорытындысын, заттар дәлелдемелерін, құжаттарды бағалай отырып, түзеу мекемесі әкімшілігі жағынан заңдылықтың бұзылғанын, яғни қиянат істегендігін анықтай алады. Бұл жағдайда сот айкындаған заң бұзушылықты, оны тудырған себептері мен жағдайларын жазаны өткеруші мекемелер мен органдар жұмыс әрекетіне бақылау жүргізетін прокурорға немесе оларды басқарып отырған лауазымды адамдарға хабарлауға міндетті. Көрсетілген лауазымды адамдар сотта ашылған және жеке ұйғарымда, яғни ұсыныста көрсетілген заң бұзушылықтың себептері мен қызметкерлерге оны бұзуға мүмкіндік туғызған жағдайларды болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.

Жазаны атқарушы түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарудың әр түрлі аспектісіне қатысты мәселелерде көрінеді. Мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігі сотқа жаза мерзімінен бұрын босатуға, жазаны жеңілдетуге немесе оның түрін өзгертуге ұсыныс жібереді, ал оны шешу үшін керекті материалдарды да қоса жолдайды. Сот түскен құжаттарға сүйеніп, олардың заңдылығы мен негізділігі жағынан баға бере отырып, лауазымды адамдардың шешіміне заң күшін береді, немесе оларды заңды күшінен айырады. Осы мақсатпен соттар түзеу мекемесі әкімшілігі жіберген материалдарды бұрмалау мақсатында, сондай-ақ сотталғандардың тәртібі толық бейнеленбеуі мүмкін болғандықтан, бұлар істі әділ шешу мақсатында ұқыпты қарап шығуға міңдетті.

Соттық бақылау қызметі сот жазаны басқа түрге ауыстыру мәселелері туралы іс қараған кезінде сотталғанның үлгілі міңез-құлкына немесе белгіленген жазаны өтеуден бас тартқанын есепке алғаннан пайда болады. Мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына немесе одан да жеңілірек жазаға ауыстырғанда, сондай-ақ керісінше, сотталғанды түзеу мекемесіне өтелмей қалған жазаны өткеруге қайтарғанда т.с.с.

Сот жазаны өткеруші мекемелер мен органдар қызметкерлерін жазаны өтеу жағдайларын өзгертуге байланысты мәселелерді шешу кезінде бақылай алады. Заңға сәйкес мұндай мәселелер, бас бостандығынан айыру мен түзеу жұмыстары жазаларын өтеу кезінде пайда болуы мүмкін. Бас бостандығынан айыру орындарында, сот сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып, бас бостандығынан айыруды ұстау мәселесін өзгертіп, сотталғанда түзеу мекемесі бір түрінен екіншісіне, яғни жеңіл немесе катаң режимге ауыстыруды шешеді.

Бұдан басқа жасы толмаған сотталғандардың 18-жасқа толуымен тәрбиелеу колониясында қалдыруға негіз болмаса, сот оларды түзеу колониясына ауыстыруға шешім қабылдайды.

Қызметкерлердің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қылмыстық жазаны өтеу саласымен немесе оның жұмысына шағым етумен ғана аяқталмайды. Сот бақылауын түзеу мекемелері жұмысына қолайласақ, онда сот мүлік-шаруашылық, жер т.б. дау-таластарды қарағанда, әрине бір жағы түзеу мекемесі болуы керек, ал сот ерікті жалдамалы немесе аттестациядан өткен қызметкерлерді жұмысқа қайта алу сияқты талаптарын қарағанда ол іске асуы мүмкін.

Соттық бақылаудың үшінші түрі — ол жазаны өтеуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекетіне шағым ету. Мемлекеттік органдарға жіберілген сотталғандардың шағымы, арыздары тиісті жеріне жіберіліп, заң тәртібі бойынша шешіледі. Мысалы, сотталғандардың жазаны азайту шаралары туралы өтініші.

Қылмыс жасаған адамды қылмыскер деп танып, кінәсіне қарай оны жазаға тарту, барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға тиісті де міндетті.

Қылмыстық жаза заң тарапынан алғанда жазаға тартылған азаматтардың құқықтық жағдайын өзгертетін қосымша құқық шектеу болып есептеледі. Қылмыстық жазаның маңызы мемлекеттің мәжбүр етуінің айрықша түрі, жасаған қылмысына орай тартқан сазайы болады. Құқық шектеуді қолданғанда жазалап әсер ету жеке мақсат емес, оның міндеті белгіленген мақсатка жету үшін жазаны атқаруды қамтамасыз ету. Жазалаудың мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеумен қатар сотталғандардың және басқа адамдардың қылмыс жасауын болдыртпауды ескерту екендігі баршаға мәлім.

Көрсетілген мақсаттар қылмыспен күресу талабына бағынуы керек, өйткені түзеу жүйесі қылмыспен күресу органдарының жүйесіне кіреді.

Кейінгі кездерде кейбір заңгерлер «сазайын тарттыру» сөзін бұрынғы КСРО-дағы болған тоталитарлық мемлекеттің жазалау саясатына қуғын-сүргінге баламалап, оны қолданыстан шығарып тастауға талаптануда. Бұл жағдайда ол мемлекеттің кандай да болмасын қылмыстық жазаны орындату саласындағы саясаты, философиялық категория ретінде жазаның маңызына әсер ете алмайтыны еске алынбайды.

Әлеуметтік тұрғыдан карағанда жаза — әсер ету шарасы; психология тұрғысынан қарасақ, ол кемтарлық, қайғы-қасіретпен бірге оған психологиялық бейімдену; педагогика тұрғысынан — айрықша мәселені шеше алатын, яғни қылмыс істеген адамдарды түзететіндей әсер ету. Құқық тұрғысынан — ол қылмыс жасаған адамдардың мінез-құлқын бағыттап түзетіп отыру және жаңадан қылмыс істеуді болдырмауды ескертетін құқық шектеу жиынтығы.

Жазалау қылмыс істеушінің құқығына қысым жасалуды көрсетеді. Мемлекеттің атынан сот үкім шығарып, сотталғанды заңмен белгіленген қасіретке ұшыратады: қоғамнан оңашалайды, құқығы мен бас бостандығынан айырады, сөйтіп әлеуметтік өкілеттілікті орнатады, басқа адамдарға қылмыс жасауға болмайтындығын ескертеді. Сонымен, жоғарыда айтылғандай қылмыстык жазаның маңызды элементі жасаған қылмысына қарай тартқан сазайы болып есептеледі. Айта кетерлік жайт қылмыстық жазаларды жеке-жеке қарағанда, бұл басқа қылмыстық-құқық шаралары әсерінен ажыратканда айыра білудің белгісі.

Басқаша да мәжбүр ету сияқты қылмыстық-құқық шаралары жазаны басынан кешіру сезімін оятпай, қайта олар мәжбүрліктен болған шаралар екенін, қоғамның талабын, оның азаматтарын қорғауға бағытталғанын сезіну керек.

Мысалы, егер де жазалау дәрежесіне жасаған зиянды түзеу міндеттеме, ал сотталған шын мәнінде зиянды түзетсе, онда бұл процесті жаза ретінде қабылдауы тиіс. Сонымен қатар жасаған зиянды түзеу адамгершілік-этикалық жағынан алғанда жазаны басынан өткізу емес, қайта қайғысына ортактасқанындай болып сезінуі тиіс.

Басқалай қылмыстық-құқықтық шаралар — олар басқа түрдегі құқық шектеу. Олардың мақсаты да жазалаудікіндей, бірақ оларды жасаған қылмысы үшін қудалау деп есептемеу керек немесе сазайы оның мазмұны, құрайтын элементі бола алмайды. Сонымен, жазалау қылмыстық-құқық жүйесінде басқа дәрежеге, қосымша элементке иеленіп жасаған дәрежесіне қарай тартқан сазайы болады.

Жазаны сазайын тарту деп есептемесе, оны қоғамның, кауіпсіздігін камтамасыз етудің мәжбүр шарасы ретіндегі ұсыныс тартымды болуы мүмкін. Жазаға мұндай тәсіл колдануға карсы дәлелдің бірі, бұл жағдайда қауіпсіздіктің жалпы тұжы-рымдамасындағыдай, байқаусызда істелген қылмыска берілген жазанын сәйкес келмеуі. Бұл қатардағы адамдарға бас бостандығынан айыруды қолдану кауіпсіздік талабына сәйкес келмейтін, өте катаң шара болып есептеледі.

Сондықтан, Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі жазалау жүйесі ғылыми тұрғыдан алып қарасак әлі жетілмеген. Онда жазалаудын 12 түрі белгіленген. Жаза жүйесінің шамадан тыс кеңеюінің теріс салдары бар. Қылмыстық-құқықтық реттеу әдісі басқа құқық салаларына тән әдістерден өзгешелігі болуы тиіс, себебі әңгіме баскадай құқық бұзудан маңызды түрде айырмашылығы бар қылмыс үшін жазалау жонінде болып отыр. Шын сот тәжірибесі қылмыстық жазанын әр түрлілігін кабылдамауы ғажап емес, ол негізінен мыналарменшектеледі. Бас бостандығынан айыру, түзеу жұмыстары, шарткойып соттау, айып салу, өлім жазасымен тоқталады.

Егер де біздің заманымызға сәйкес жазалау туралы заңдарды реформалаудың талаптарын қысқаша көрсетуге ұмгылсақ, онда алдымен әртүрлі жазаныңкалыптаскан тәжірибесін қолдануды есепке алып және жаза жүйесін шетелдердікіне анықтап келтіруді атап айтқан жөн.

Соңғы он жылдын ішінде жер ауыстыру, әсіресе жер аудару тәжірибеде қолданылған жоқ. Бұрын жер аударатын шалғай жерлер енді мәнісін жоғалтып, ондай болудан қалды. Одан басқа мұндай жерлерде үнемі тұратындар өзінен-өзі екі ойлы жағдайға ұшырап қалады. Сонымен, жер аудару карапайым тұрған жерін өзгертуге айналды. Бұған үлкен аумақта халыктың шашылып тұратын мұндай адамдарға дұрысында шын бакылау болмайтынын, сотталғандардың өмір сүруге жағдай жоктығын коссақ, онда олар жағынан қайталанба (рецидив) қылмыстық істелуін түсінуге болады. Өмір сүруге лажы болмағандыктан, тұратын баспана, жұмыс жоқтығынан, бұл адамдардын көпшілігі қылмыс жасай бастайды. Үқсас жағдай жер аударылғандарда да болды. Бұл жағдайда жалғыз мүмкін болатын дұрыс шешім — ол жер аудару мен айдауды жазалау жүйесінен шығарып тастау.

Бас бостандығынан айырудан міндетті түрде еңбекке тартып шартты босату мен бас бостандығынан айыру орындары-мен міндетті түрде еңбекке тартып шартты босату институттары жойылған болатын.

Жұмыс күші жетпейтін шиеленіскен кезде көптеген өндірістер, мұндай сотталғандарға арнайы комендатура мекемелерін ұстауға шығынына қарамастан мәжбүр болған.

Жұмыссыздык пайда болған жаңа шаруашылык кезеңінде арнайы комендатураларды ұстауға, көлікке, жатакханаға, сот-талғандарды бакылайтын кызметкерлерге еңбек акы төлеу пайдасыз болды. Кәсіпорындар сотталғандардан бас тартып, IIМ-мен жасаған шартты бұза бастады. Олардың маманданған ерікті жалдамалы адамдарды жұмысқа таңдап алуға мүмкіндігі пайда болды. Сотталғандар жұмыссыз калды, сондықтан олар өмір сүруге бейімсіз күйде қалды. Сондыктан шартты сотталғандар мен еңбекке міндетті түрде тартылу мен шартты босату институттары таратылды.

Қаңғыбастык, қайыршылықпен шұғылданғандарға немесе арамтамақтықпен өмір сүргендерге қылмыстық жауапкершілік токтатылды. Алимент төлеуден бұлтарғандар немесе төл құжат жүйесінің ережесін бұзғаны үшін сотталғандар саны шамалы болатын. Сондыктан, криминалды әрекетіне байланысты бұрын қылмысқа тартылғандарды бағып-кағу және оларды еңбекке баулу үшін кұрылған еңбекпен тәрбиелеу профилакториялары жұмыс істеуін тоқтатты.

Әрі қарай жазалар жүйесін қысқарту мен жаза ретінде көпшілік алдында ұялтудан бас тарту болжануда.

Көпшілік алдында ұялту, тәжірибеде сотталғанның құқығы мен бас бостандығына шектеу койылмайды. Тәжірибеде қолданылмайды. Сот бұл «жазаны» белгілей қалса, онда ол сотталғанның жазадан түгелдей босатылғанын білдіреді.

Қазақстан Республикасы қылмыстык кодексі авторларының қылмыстық жазалау ретінде көпшілік алдында ұялту, лауазымынан босату, келтірген зиянын жуып-шаюды міндеттеу түрлерін шығарып тастағандарымен келісуге болады. Тәжірибеде олар қылмыстық жазалау ретінде көптен бері қолданылмайды. Шынында істелген қылмыс қылмыстық түрде қудалауға сәйкес келмейді.

Негізінен қылмыстық жазалау жүйесімен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін дайындағандарға теория жағынан кейбір тілек айткымыз келеді, біздін ойымызша оларды жүйеге келтіруін жақсарта түссек болар еді.

Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексін дайындағандар жаңа жаза түрін — қамауды енгізді, оны бас бостандығынан айырумен байланыстырмайды, дұрысында ол қылмыстық-құқықтық шара болғандықтан бас бостандығынан айыру болып кала береді.

Қамау жазасы «састыру» рөлін атқарып, сотталғандарға мықты сазайын тарттыратындай әсер етуі керек. Сонымен бірге ұзақ емес мерзімге сотталғандарға жұмыс орнын, мекен-жайын, әлеуметтік-пайдалы байланыстарын сақтауға мүмкіндік береді.

Бірақ жуық арадағы жылдарда қамауды енгізу оте қиынға соғып отыр. Қазақстанда қамайтын мекемелер жоқ. Тергеу қапастарынын толы, көбінесе сотталғандарға заңмен кепілденген ұйыктайтын орындары жоқ. олар кезекпен үйык-тауға мәжбүр болады.

Қамау сиякты жазаны орындау үшін арнайы капас тәріздес ғимарат тұрғызу керек. Экономика ахуалын есепке ала отырып, жазаның бұл түрін 2001 жылдан, яғни оны орындау мүмкіндігіне қарай енгізілуі мүмкін.

Бас бостандыкты шектеу тәрізді жазаның қоғамдық жағы белгіленіп, оның әртүрлері ескерілуі тиіс: бұл түзеу жұмыстары. баска жерде белгіленетін жұмыстар. Жазаның бұл түрі теориялык жағынан жаңа түрлерімен байытылуы мүмкін. Дүниежүзілік тәжірибе бас бостандықгы шектеудің басқа да түрлерін біледі. Мысалы. сотталғанның бас бостандығынан айыру орнында кешкі уакыттан бастап танертеңгіге дейін. Ал баска уакыттарда жұмыста, белгілі бір сағаттарда отбасыны болу түрі сияқтыға ыкылас аудару керек. Жазаны қоныстандыру колониясында өткеру бостандықты шектеуде айыруға қарағанда, одан артықшылығы бар.

Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінде заң шығарушы жазаның келесі түрлерін айтады: а) айып; ә) кейбір лауазымды орындарда істеу немесе тиісті жұмыспен айналысу құқығынан айыру; б) қоғамдық жұмыстар; в) түзеу жұмыстары; г) әскери қызметке шектеу; д) бостандықты шектеу; е) қамау; ж) тәртіптік әскери бөлімде ұстау; з) бас бостандығынан айыру; и) өлім жазасы.

Қылмыстық жазалауды орындату саласында заңдылықты қамтамасыз ету үшін режим ережесін, жазаны атқарушы органдардың өкілеттілігін, сотталғандарға лауазымды адамдардың қарым-қатынас ережесін дәл реттеуді талап етеді және оларды түзеу шараларын орындау тәртібін қолдануға әсер ету және т.б.

Түзеуге әсер ету түсінігіне толық тоқталған жөн болар.

Түзеу әсерінің жалпы тәрбиеден айырмашылығы бар. Оның объектісі ретінде, әдетте әлеуметгік-құқықтық жағына салақ қараған, сол себепті қоғамға белгілі қауіп туғызатын адамдар есептеледі. Сот үкімі түзеу әсерін қолдану шарасына негіз болады да қылмыстық-атқару құқығы шеңберінде іске асырылады. Жазаны атқаруды түзеу шараларымен әсер етуді қосқанда біртұтас жазалау-тәрбиелеу процесін құрастырады.

Сонымен түзеуге әсер ету тәрбиелеу процесінін ерекше түрін көрсетеді. Ол сотталғандарға азап шегу негізі болмау керек. Түзеуге әсер ету педагогиканың жалпы принциптері мен әдісіне негізделеді.

Біздер жазалаудың алдына мақсат пен міндет койғанда оның кейбір жағымсыз жағдайлардан құтылмағандығын еске алуымыз керек, себебі бас бостандығынан айыру орындарында азаматтардың шамалылау бөлігі біріктірілген. Сотталғандар өзінше мәдениет құрамакшы (субкультура) болады. Сотталғандардың бұзақылары дұрыстау жағына зорлық көрсетіп, өздерінше «тәрбиелеу үшін» қысым жасайды. Бас бостандығынан айыру әлеуметтік-пайдалы байланыстардың үзілуіне, от басынын ыдырауына әкеліп соғады. Осының бәрі тәрбиелеу процесіне, сотталғандарды түзету әрекетіне қарсы әсер етеді.

Қылмыстық-атқару кұкығы теориясында түзеу әсерінің маңызын кұрайтын негізгі элементтерінің есебіне кіретіндері мыналар: қоғамдық пайдалы еңбек, сотталғандармен тәрбие жұмысы, жалпы білім мен мамандыққа үйрету. Ұстауда отырғандағы режимді сөз етсек, онда түзеуге әсер ету шараларының ұсталғандарға жазасын тарттырмайтын жағын жатқызуға болады, атап айтсақ, ол қоғамдық тұрмыс ережесін сақтау (мүлікке ұқыпты қарау, жеке басының тазалығын сақтау, тұрған бөлмесі мен аула ішін таза ұстау т.б.).

Әрине жазаны атқару шеңберінде қолданылатын түзеуге әсер ету, тиісті шегінде іске асырылады және құқықпен белгіленеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарға педагогикалык әсер еткенде оның түрін, әдісін, тәсілін тәрбиешінін өз бетімен еркін таңдауына қамаудағы ұстау режимінің ережелерін шек кояды. Мысалы, жолықтыру, демалыс беру, телефонмен сөйлестіру заңмен белгіленген және олар тәрбие құралы ретінде қаралады. Бірақо оларды беру мезгілі және т.с.с. режим ережесінде керсетіліп қатаң реттеледі. Сондықтан қылмыстық-атқару құқығының нормалары түзеу әрекетін ұйымдастыруда белсенді әсер ететін тәрбиенің кейбір түрлерін, әдісін, тәсілін қолдануға рұқсат етілетіндерін белгілейді.

Түзеу әрекеті шараларының құқықтық реттеуі, әрқайсысында әртүрлі. Сотталғандарды тәрбиелеу жұмысы, оларға жалпы білім беру және мамандыққа үйрету құқықпен жалпылама түрде реттелген. Құқық нормасы үйретуге тиісті адамдарды және сотталғандарды жұмыстан босату тәртібі мен жағдайын, өтетін уақытын т.б. белгілейді. Құкықтык реттеудің көлемі шектелгендіктен, психология мен педагогиканың карамағына әдістерін іске асыру үшін тиісті кеңістік береді.

Кұкық нормалары мен сотталғандардын еңбегі толығырақ реттелген, солай болғандықтан қоғамдык қатынастардың бұл категориясы жазаны өтеушілердің өте маңызды талабын козғайды. Құқық нормасы сотталғандардың міндетті түрде еңбек етуін, оларды еңбекке тартудың жағдайын және ақы төлеудің тәртібін белгілейді.

Сотталғандарды түзеуге бағытталған тәрбие процесіне қылмыстық жазаны атқарушы органдармен бірге жалпы қоғам катысады. Қылмыстық жазаны қолданудың теріс салдарын ескере отырып, оны қылмыспен күресудің универсалды амалы ретінде карауға болмайды. Сондықтан тәрбиелеу процесіндегі жолын қуушылық жазаны өткеру кезінде де, одан босатылғаннан кейін де әлеуметтік бақылау өте манызды.

Құқық бұзушыларға қазіргі күші бар Заңға сәйкес мемлекеттік құқықтың бірсыпыра шаралары қолданылады, соның бірі қоғамнан айыру (бас бостандығынан айырып) және азаматтық-құқықтық мәртебесін шектеу болады. Бас бостандығынан айыруды қолданудың негізі азаматтык құқыққа қарсы мінез-кұлык болып есептеледі. Ол істелген құқық бұзушылықтың қоғамдағы қауіптілігіне, құкық бұзушының жеке басын яғни басқа да себеп, сипатына, ауырлығына байланысты бостандықтан айырудың түрін — әкімшілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу немесе қылмыс-құқықтылығын белгілейді. Осыған байланысты бас бостандығынан айыру әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу, немесе қылмыстық және қылмыстық-атқару құкығына сәйкес реттеледі. Ал, бұл мәжбүр ету шарасын атқару үшін тағайындалған мемлекеттік органдары мен мекемелері арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік мәжбүр етудің бұл шарасы, күші бар заңдарда әр түрлі аталады, яғни «ұстау», «қамауға алу», «бас бостандығынан айыру» және т.с.с. «Бас бостандығынан айыру» айтылған мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің жалпы түсінігі.

Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде қылмыскерлерге әсер етудің әзірге ең басты амалы болып отыр.

Кейбір мемлекеттің өзінің жазалау саясаты сол мемлекеттің ұстаған бағытына байланысты, қылмыс істегендерге бас бостандығынан айыру жалпы жазалаудың ішінде аз орын алады (Мысалы, Жапонияда — 5%, Германияда — 10% шамасында, АКШ-та — 20% дейін, ал баска елдерде — едәуір жоғары Казак-стан Республикасында барлык сотталғандардың 40% шамасында).

«Бас бостандығынан айыру» түсінігін қарай отырып, қылмыстық жазалаудың бұл түрінің мәні мен мазмұнын белгілеу керек. Әдетте мән деп заттың ішкі, ең басты жағы, оның негізі, онда жүріп жатқан терең процестер сипатталады, ал мазмұн деп мәннің сырын ашуды айтады. Жазаның мәні бас бостандығынан айырып сазайын тарттыру түрінде білдіріледі, ал оның әр түрлі элементтері оның мазмұнын құрайды.

Қазіргі кезде заң ғалымдарынын арасында айрықша назар аударарлық объектілердің бірі бостандық ұғымы болып отыр, қылмыстық жазалардың бір түрі ретінде одан айыру себебінен, Қазақстан Республикасынын бірде-бір нормативтік-құқықтық актісінде (Конституцияда, КК, КІЖК, КАК) заң шығарушылар «бас бостандық» ұғымына адамнын игілігі ретінде түсінік бермейді, сондықтан оны әр түрлі түсінуге болады. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың принциптері мен процессуалдык тәртібі КК, КАК-терінде едәуір толық өз көрінісін тапқан.

Бұл мәселе туралы заң әдебиеттерінде де біркелкілік жоқ. Кейбір ғалымдар бас бостандығынан айыруды азаматтың басты құқықтары — өз еркімен орын тебу кұкығынан, қоғамнан, коршаған әлеуметтік жақындарынан оқшаулау, әлеуметтік байланыстарын тежеу деп есептейді. Басқалардың ойынша, еркіндігінен айырғанда қоғамның басқа мүшелеріне қарағанда, сотталғандардың құқығын едәуір шектеу орын алады, ал ол тек сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен қатар, оған басқада шектеу колдану, мысалы, еңбек түрін таңдағанда, оның уақытын белгілеуде және т.с.с. байқалады.

Біздің ойымызша бас бостандығынан айырудың маңызы жалпы алғанда төмендегідей түсінік береді. Бас бостандығынан айыру адамның конституциялык құқығы мен бостандығынан зорлап айырудан немесе шектеуден тұрады. Ал, мәжбүр ету шараларын қолдану тәртібі, оның тізімі қылмыстык, қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленіп, реттеледі.

Бас бостандығынан айыру — жазалаудың ең қатал түрінің бірі. Ол бас бостандығынан айыруға сотталғандардың құқық шектеуінің көлемінен, заңмен белгіленген және ең алдымен қылмыстық-атқару тағы басқада нормативтік актілерден шығады. Бас бостандығынан айырудың мәні — қылмыстық жазаның түрі ретінде көрінгенмен, сотталған ерекше құқықпен яғни мемлекеттің арнайы мекемесінде сот өкімі белгілеген мерзім кезінде тұруға міндеттеледі.

Сотталғанды жазаның элементі — бас бостандығынан айыру кезінде ерекше құқық шектеу ретінде басқа жазалардан бөлектеп, жазаның жалпы жүйесінде оны өте қатал етіп көрсетеді.

Заң міндеттеп белгілеген арнайы мекемеде тұру ықпалы элементіне алдымен кіретіндер: сотталғанды еркімен қозғаудан, тұратын жерін өз еркімен тандаудан айыру, демалу мен білім алу құқығын шектеу, саяси құқығы мен демократиялык еркіндігін шектеу, бостандықта жүрген адамдармен еркін аралауды болдырмау, өзін-өзі еркін билеу құқығын шектеу.

Көрсетілген элементтерде бас бостандығынан айырудын әлеуметтік-психологиялык аспектісі тиісті кезенде пайда болады, себебі: сотталған, бұқаралык-ақпарат кұралдарын жіберілуден, жеке басының, мекен-жайының, хат жазысу құпиясы, еңбек ету, дем алу және т.с.с. құқығына қол сұқпаушылықтан шектеледі.

Бас бостандығынан айыру қылмыс жазасы ретінде түзеу мекемелерінде орнатылған айрықша режимі болып сипатталады да, сонымен бірге режим талабын бұзушыларға мәжбүр ету шараларын қолдану мүмкіндігін береді.

Жазалау элементінің маңыздылығы — ол бас бостандығынан айыруға мәжбүр етіп — зәресін алу, яғни соттың мемлекет атынан үкім шығаруы, болған істің шындығын жариялау, оны бас бостандығынан айырудың мерзімінен, түзеу мекемесінің түрі және онын орналасқан жеріне байланысты көпшілік алдында ұялту.

Айтылған жазаның жеке-психологиялық әсері, ол бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау. Кылмыскерді қоршағандардын қарым-қатынасын өзгертеді, оның істеген ісін кінәлайды, қоғамның көпшілік алдында ұялтуы, адамгершілікке жат қылығын, құқыққа қарсы мінезін өзінің ұғынуы, түзелуге ұмтылу талабын ояту болып есептеледі.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның жазалау элементіне қоғам сипатына тиісті шектеу әкелетін сотталғанның хал-жағдайы кіреді. Сонымен қатар қылмыстық-құкық салдары, занда керсетілгендей негізде сотталғандығын жою немесе алып тастағаны да косылады.

Бас бостандығынан айыру едәуір жазалау әрекетіне ие бола алады. Ол қылмыстық-атқару амалдары жиынтығының әсерімен сотталғандарға үлкен ықпал етуге, олардың мінез-құлқын, жұмыс калпын озгертуге мүмкіндігі бар. Бірақ заң әдебиетінде әділ көрсетілгендей, бостандықтан айыру табиғатына карама-қайшылыктән, солай болғандықтан:

—  адамды қарапайым қоғам жағдайында өмірге барынша икем ету мақсатында, оны қоғамнан оңашалауға мәжбүр етеді;

—  қылмыскердің ойындағы кате түсінігі мен зиянды әдеттерін жою мақсатында оның теріс әсері бұл жағынан өте ұнамсыз ортаға орналастырылады;

—  адамның белсенділігі, пайдалы әрекетке кабілеттілігі қылмыскерлер тұрмыс салтынан түгелдей кол үзуге өте керекті. бірақ бостандығынан айыру қайткенде де адамды дербестігінен аиырады.

Бас бостандығынан айырудың кең көлемде әсер ету себебі мұнда тек кана әлеуметтік оң нәтиже берумен катар терісі де пайда болуы ғажап емес. Сондыктан қылмыстық және кыл-мыстык-атқару саясатында жазалау амалын үнемдеу принципін ерекше өзекті етеді.

Сотталғандардын кейбір категорияларына ұстаудағы жүйесін жеңілдету, қылмыстық-құқықтықәсерді даралау, жазалау жүйесін өне бойы жетілдіруді (аддымен балама ретінде бостандығынан айыру) объективті, қоғамдық даму процесімен белгіленген деп карау тиіс. Сонымен біргежазаны сазайын тарттыру мақсатында және әлеуметтік маңыздылығын кұптау, сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеу мәселелерінің ең біріншісі ретінде пайдаланудан бас тарту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi жазаларды атқарудың мемлекеттiк тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады. Жоғарыда баяндалғандар негізінде келесі қорытындыларға келуімізге болады:

— ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлауда, әлеуметтiк қамтамасыз етуде, сондай-ақ сотталғандардың камераларда оқшау емес, отрядтарда ұсталуынан қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде проблемалар бар.

— ТМ-дi техникалық қадағалау мен күзет құралдары бүгiндерi моральдық және физикалық жағынан ескiрген.

— Қазiргi уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 7 мыңнан астам туберкулезбен ауырғандар және 500 ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Осы ауруларды емдеу мен алдын алу ТМ үшiн қосымша медициналық құрал-жабдықтар сатып алу қажеттiгiн талап етедi.

— Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi сотталғандардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. ҚАЖ кәсiпорындары толық қуатында жұмыс iстеп тұрған жоқ, олардың өнiмдерi рынокта бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Осыған байланысты, ҚАЖ кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу қажет.

— ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру.

— ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру мақсатында: жаңа ТМ-дi құру; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру;

— Қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жағдайында сотталғандарды жасақтық ұстау түзеу мекемелерiнен бiртiндеп камералық және жасақтық ұстаудың ақылға қонымды аралас үлгiсiне көшiру жөнiнде шаралар қабылдаған жөн, ол үшiн жалпы және қатаң режимдердегi ТМ-де сотталғандарды камерада ұстауға арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн зерделеу қажет.

— Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.

— Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау кепiлдiгiн нығайту мақсатында:

адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдарды қатыстыра отырып, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

— Сотталғандардың заң көмегiн алуы уақытылы және оңай болуын қамтамасыз ету.

— Сотталғандармен тәрбие жұмысы жазаны өтеу жағдайларын одан әрi iзгiлендiруге, сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық және әлеуметтiк-психологиялық қорғауды қамтамасыз етуге, оларға көмек және қолдау көрсетуге, шектеулер мен тыйым салуларды бiртiндеп азайтуға, сотталғандарды ТМ-де болған бiрiншi күннен бастап бостандықтағы өмiрге дайындауға бағыт алуы тиiс.

Бұл ретте, сотталғандармен дербес жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуге, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық, дiни және өзге де ұйымдар арасындағы байланысты қолдау мен нығайтуға, дiни қажеттiлiктердi, рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыруға, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтауға жағдай жасауға маңызды орын берiлуi тиiс.

— Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың орта бiлiм алу жүйесiн оқыту нысандарының икемдi құрылымын құру негізiнде жетiлдiру қажет. Сол сияқты, сырттай және дистанциялық оқыту нысандарын сотталғандардың анағұрлым кеңiрек пайдаланып жоғары бiлiм алу мүмкiндiгiн оны мемлекеттiк бiлiм берудiң жалпы желiсiне енгiзе отырып қарау қажет. Тәрбие аппараты сотталғандардың жеке басының дамуы үшiн, олардың орта бiлiм алу мүмкiндiгiне жағдай жасауда, сотталғандардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қамтамасыз етуде, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтауда, клуб және үйiрме жұмыстарының жүйесiн кеңейтуде, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыс iстеу керек болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы № 1199 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы» бағдарламасы // Справочно-аналитическая база ЮРИСТ, 2009.
  2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» бағдарламасы // Справочно-аналитическая база ЮРИСТ, 2009.
  3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы Ереже // Справочно-аналитическая база ЮРИСТ, 2009.
  4. Уголовно-исполнительное право России / Под ред. А.И. Зубкова. – М.: ИНФРА-НОРМА, 1997. – 416с.
  5. Селиверстов В., Шмаров И. Уголовно-исполнительный кодекс: Концепция и основные положения // Законность. 1997. №5. – С. 10-18.
  6. Ткачевский Ю.М. Условно-досрочное освобеждение от отбывания наказания // Вест. Московского уни-та. Сер. 11. право. 1997. №2. – С. 15-21.
  7. Сахаров А.Б. О принципах социалистического уголовного права // Правоведение. 1969. №4. – С. 57-63.
  8. Зубков А.И., Калинин Ю.И., Сысоев В.Д. Пенитенциарные учреждения в системе Министрества юстиции России. История и совеременность. — М.: НОРМА. 1998. – 213с.
  9. Уголовно-исполнительное право: Учебник / Под ред. И.В.Шмарова. — М., 1996. – 411с.
  10. Уткин В.А. Курс лекций по уголовно-исполнительному праву. Общая часть. – Томск, 1995. – 467с.
  11. Казақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж./Юрист, 2009. — 44 б.
  12. Казақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж./Юрист, 2009.
  13. Игошев К.Е. Социальный контроль и профилактика преступлений. – Горький, 1976. – 311с.
  14. Комментарий к уголовно-исполнительному кодексу РФ / Под ред. П.Г.Мищенкова. – М.: Вердикт-1М, 1997. – 317с.
  15. Бочарова С.Н. Роль общественных объединений в защите прав человека // Вест. Московского уни-та. Сер. 11. право. 1997. №1. – С. 101-109.
  16. Зубков А.И., Дорофеев Н.К. Строго регламентированный внутренний распорядок ИТУ и его реализация. – Томск, 1972. – 325с.
  17. Комментарий к уголовно-исполнительному кодексу РФ / Под ред. А.И.Зубкова. – М.: ИНФРА М-НОРМА, 1997. – 395с.
  18. Комментарий к уголовно-исполнительному кодексу РК. — Алматы, 2001. – 375с.
  19. Апенов С.М. Қылмыстық атқару құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2004. – 357б.
  20. Уголовно-исполнительное право России 20 века: Учебник / Под ред. А.И.Зубкова. — М., 1997. – 477с.
  21. Исправительная педагогика: Учебник / Под ред. А.И.Зубкова и М.П.Стуровой. – Рязань, 1993. – 354с.
  22. Тюгаева А.С. Образовательные программы исправления осужденных. – Рязань, 1997. – 211с.
  23. Уголовно-исполнительное право. — М.: БЕК, 1996. –389с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 1 кесте

тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру

─────────────────────────────┬──────────────┬─────────┬────────────────────  Тергеу изоляторлары        │ Пайдалануға  │ Орын    │ Нақты   (бұдан әрі — ТИ)          │ берілген жылы│ лимиті  │ толтыру─────────────────────────────┴──────────────┴─────────┴────────────────────1-ТИ Алматы қаласы            1952 жыл        1 690      3 8882-ТИ Семей қаласы             1773 жыл          760        6983-ТИ Шымкент қаласы           1964 жыл          550        9054-ТИ Орал қаласы              1858 жыл          530        5535-ТИ Ақтөбе қаласы            1954 жыл        1 230      1 0336-ТИ Талдықорған қаласы       1954 жыл          660        5667-ТИ Қостанай қаласы          1912 жыл        1 010        9189-ТИ Атырау қаласы            1971 жыл          510        35110-ТИ Қызылорда қаласы        1810 жыл          700        27712-ТИ Астана қаласы           1977 жыл          880      1 03613-ТИ Тараз қаласы            1870 жыл        1 300      1 45114-ТИ Павлодар қаласы         1980 жыл          760        92016-ТИ Қарағанды қаласы        1946 жыл        1 370      1 77317-ТИ Өскемен қаласы          1720 жыл          760        98118-ТИ Петропавл қаласы        1954 жыл          570        61020-ТИ Көкшетау қаласы         1981 жыл          510        457 ───────────────────────────────────────────────────────────────────────────

2 кесте

2001-2005 жылдар кезеңiнде республиканың тергеу

изоляторларындағы арнайы контингент санының болжамы

Жылы              2001      2002      2003       2004      2005      
Саны             17 300    18 000    18 700     19 400    20 100