МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….6
- АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 .Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың ұғымы, маңызы………………………….8
1.2. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері………………………10
- АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
2.1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы…………………………………16
2.2. Жауап алу барысында айыпталушы туралы мәліметтер жинау әдістері…………………………………………………………………………………………………………20
2.3. Қылмыстық iс . адвокаттардың айыпталушыдан жауап алғанда қорғауға қатысуы………………………………………………………………………………………………………..25
- ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ АЙЫПТАЛУШЫНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
3.1. Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында……………………………..31
3.2. Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда жауап алу барысында адвокаттардың iс әрекетi……………………………………………………………………………….34
3.3. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы………………………………………………………………………………………………………45
3.4 Айыпталушыны тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі…….48
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..56ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ…………………………………..58
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Айыптау – бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде, шағым (кассациялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйығарымында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы [1, 6 б.].
Қылмыстық іс жүргізу заңында, ғылыми-теориялық әдебиеттерде және заң тәжірибесінде «айыпталушы ретінде жауапқа тарту» термині бір мағынада түсіндірілмейді және оның мағыналық салмағы жоқ.
«Кейде келтірілген терминдердің мазмұны жөніндегі көмескі түсініктердің ықпалымен айыпталушы ретінде жауапқа тартудың қылмыстық іс жүргізу актісінің құқықтық табиғаты бұрмаланады, «айып тағу», «айыпталушы ретінде жауапқа тарту», «қылмыстық жауаптылық» және «қылмыстық жауаптылыққа тарту», сондай-ақ «қылмыстық ізге түсу» секілді сапа жағынан әртүрлі құқықтық ұғымдар орынсыз араласып кетеді» [2, 6 б.] деп көрсеткен А.И. Трусов дұрыс айтқан.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл мәселені ұғыну үшін қылмыстық процестегі айыптау ұғымын, оның мәнін, маңызын анықтау қажет.
Айыптаудың мәні мынада:
— адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам –кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.
Заңда адамның кінәлылығы шүбәсыз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, тергеп тексеру органдары өте қиын жағдайға тап болар еді. Олар бұған дейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені ажлпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Зерттеудің әдістемелік негіздері: Дипломдық еңбектің әдіснамалық негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, қүқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушы, азаматтық қүқық салаларыңда, криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары қүрады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеудің әдістемелік негізін объективті және шындыққа негізделген нәтижелер алуға арналған жалпы ғылыми және арнайы әдістердің жүйесі құрайды.
Зерттеудің бастапқы негіздемесі танымның диалектикалық әдісі болып табылады, осыған сәйкес дипломдық жұмыста қарастырылатын проблемалар олардың әлеуметтік мазмұны мен заңдық пішіні бойынша біріктірілген түрде ұсынылған.
Тақырыптың жаңалығы мен тәжірибелік маңызы. Құқықтық мемлекет құру барысында заң режимін құру, қылмыстылықты болдырмау, алдын алу және тергеу негізгі мәселе болып табылады. Қылмыстылықты зерттеу қылмыстық құқықтық саясатты жүзеге асыру үшін керек. Криминалогиялық зерттеу бойынша жасалып жатқан қылмыстармен, статистикалық санақ жүргізетін органдардағы мәлеметтер арасында үлкен айырмашылықтар бар.
- АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 .Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың ұғымы, маңызы
ҚІЖК-нің негізінде белгіленген негіздерде және тәртіпте ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға болады.
Дәлелдемелердің жеткіліктігі, яғни тергеушінің адамды жасаған нақты қылмысы үшін жауапқа тарту қажеттігі туралы дәлелдемелердің жиынтығына негізделген сенімі тергеушіге адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға құқық беретін негіз болып табылады.
Алайда дәлелдемелердің жеткіліктілігі адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде жасалған қылмыс туралы толық және жан-жақты мағлұматтар жиналып болыд деген сөз емес, өйткені алдын ала тергеу аяқталған жоқ және дәлелдемелерді жинау жалғасуда, тергеушінің белгілі бір айыпталушы осы қылмысты жасады деген қорытындысы түпкілікті емес. Тергеп тексеру процесінде барысында айыптау өзгертілуі, толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін.
Егер тергеушінің қолында қылмысты кімнің, қашан жасағаны және қандай қылмыс жасалғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейтін қылмыс жасаудың әдістері мен тетіктері жөніндегі мағлұматтары ғана болса, онда адамды айыптаушы ретінде жауапқа тартуға болмайды.
Тергеуші мен прокурордың айыпталушының қылмыс жасауға кінәлылығы туралы қорытындылары олардың ішкі сенімдері екенін атап көрсету керек. Ол ешқандай жағдайда ҚІЖК-де баянды теліген «соттың үкімінсіз және заңға сәйкес келмесе, ешкім де қылмыс жасағаны үші кінәлы деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды» деген қағидаға қайшы келмейді. Кінәсыздығының анықтығы (презумпция невиновности) тергеушіге айыптауды тұжырымдауға, айыпталушыны әшкерелеуге, оның кінәлылығын дәлелдеуге мүлде тыйым салмайды. Ол сонымен қатар, соттың заңды күшіне енген үкімімен айыпталушының кінәсы анықталғанға дейін оған қылмыскер ретінде қарауға тыйым салады [3, 8 б.].
Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы мынада:
— адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы дәлелденген қаулыда тергеп тексерілетін іс бойынша анықталған мән-жайлар нақтыжіктемесі айқындалады;
— қылмыс жасағаны әшкереленетін айыпталушының қылмыстық кодекстің бабында көзделген жауаптылық шекарасы анықталады;
— айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары жүйесін тудырады, адам өзінің не үшін айыпталатынын біледі және заңда берілген құқықтарын пайдаланып өзінің мүдделерін мақсатты түрде қорғай алады;
— тергеуші мен прокурор айыпталушыны қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның жеке басы мен мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті;
— қылмыстық істегі айыпталушының мәртебесі тергеушіге айыпталушының әшкерлеу жөніндегі ьұдан былайғы тергеп тексеруді неғұрлым тиімді және мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. өйткені айыпталушыға әртүрлі мәжбүрлеу және бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін, ал айыпталушыдан алынған жауаптар дәлелдемелердің дербес түрі болып табылады;
— ең ақырында, қаулыдағы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы тұжырымдама айыптау қорытындысында жаңғыртылады да, одан соң оны сотқа беру ауқымы мен сотта қарау шегі анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы сезікті адамға бұлтартпау шараларын қолданудан басқа жағдайларда адамды айыпталушы ретінде қашан жауапқа тартуға болатынын анықтамаған, мұнда 10 тәулікте кешіктірмей айыптау тағылуы немесе бұтартпау шарасын жою туралы мәселе шешілуі тиіс.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу жолымен алынған мағлұматтар ҚР «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңының талаптары сақталғанда ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тексеру үшін негіз бола алады.
Тергеуші айыпталушыны айып тағылған күн туралы хабардар етуге және осымен бір мезгілде оның қорғаушы шақыру немесе тергеушіден қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуін өтіну құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті.
ҚІЖК-ның ережелеріне сәйкес адамға айыптау тағылған кезде, егер қорғаушыны айыпталушының өзі, оның заңды өкілі немесе оның тапсыруымен яки келісімімен басқа адамдар шақырып қоймаса, қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші оның келуін қамтамасыз ету шараларын қолданады.
Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуды қылмыстық іс қозғалған нақты адамға қатысты қылмыстық ізге түсудың басталуы деп есептеу қажет. ҚІЖК-нің 7-бабының 13-тармағының мәтіні де осыған дәлел болады — «қылмыстық ізге түсу (айыптау)» – бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, оның қылмыс жасаудағы кінәлылығын анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық ізге түсудің анықтамасынан қылмыс жасаған адам осы әрекеттің орталық буыны болып табылады, демек, істе нақты адамның – айыпталушының пайда болуы қылмыстық ізге түсу әрекетінің басталуы деген қорытынды жасауға болады [4, 10 б.].
Айып тағылатын кезде қылмыстың дәлелденгендігі – адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың басты белгісі.
1.2. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері.
Тергеуші айып тағылғаннан кейінгі 24 сағаттан кешіктірмей айыпталушыдан жауап алуға міндетті. Алайда бұл ережені жүзеге асыру тәжірибесінде айыпталушыдан жауап алу оған айып тағылғаннан кейін тез арада жүргізіледі. Мұның қажеттілігі ең алдымен мынадай жайларға байланысты: айып тағылғаннан кейін тергеуші жауап алу арқылы айыпталушының тағылған айыпқа қатынасын анықтауы, өзінің кінәсын мойындамайтын айыпталушыдан түсінік алуы, оның жеке басын және басқа нақты мағлұматтарын зерттеуі қажет. Яғни бұлтартпау шараларын таңдауда ескерілетін мән-жайларды анықтауы тиіс. өйтпеген жағдайда, ауыр немесе басқа қылмыс жасағаны үшін айып тағылатын адам алдын ала тергеуден жасырынып қалуы мүмкін.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі дұрыс шешім қабылдау тұрғысынан қарағанда қылмыстық іс жүргізу ғылымы ұғымдарының теориясындағы барынша күрделі ұғымдардың бірі болып табылады. заң әдебиеттерінде осы ұғымды анықтауда ғалымдар оған редакциялық жағынан ғана емес, сондай-ақ мағынасы жағынан да өзара айырмашылығы бар түсінік беруде.
Н.С. Алексеев, Б.З. Лукашевич, П.С. Элькиндтің редакциялауымен шыққан оқулықта адамды айпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері «нақты адамның іс-әрекеттерінде қылмыстың құрамы бар екенін көрсететін жеткілікті дәлелдемелер» ретінде анықталады.
«Тергеп тексерілетін қылмысты, — деп жазады В.В. Шимановский – қылмыстық әрекет жасады деп кінә тағылған нақ сол адамның жасағаны туралы қорытынды жасау үшін қажет болатын дәлелдемелердің жиынтығы адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады». [5, 10 б.]
С.Б. Бородиннің редакциялауымен шыққан оқулықта айыпталугы ретінде жауапқа тартуды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, «дәлелдемелер жеткілікті болатын реттерде қылмыс жасады деген айыптау тағылуы мүмкін. Кеңестік қылмыстық процесс теориясында дәлелдемелер («іс жүзіндегі деректер») бұл үшін негіз болып табылады деген пікір үстем болып келді. Алайда аталған бапты мұқият талдау шын мәнінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі мән-жайлардың дәлелгендігі осындай негіз болып табылатынын көрсетеді…».
Қарастырылып отырған мәселелерде А.С. Кобликовтың редакциялауымен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанады. Онда былай деп көрсетілген: «Алдын ала тергеудің барысында жиналған және тексерілген жеткілікті дәлелдемелер арқылы қылмыс оқиғаларының және осы қылмысты жасады деген адамның кінәлылығының дәледенгендігі айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады».
Біздіңше, айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің кез келген анықтамасында осындай шешім қабылдауға жеткілікті дәлелдемелердің болуы керектігін көрсететін нұсқау жазылуы тиіс.
Бұл, біріншіден, заңда берілген мынадай тұжырымдамаға сай келеді: «Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелі қаулы шығарады».
Екіншіден, қылмыс оқиғаларының және адамның кінәлылығының дәлелденгендігі (немесе тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайлардың дәлелденгендігі, бұлардың екеуі де бір мағынаны білдіреді) түрінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің анықтамасы іс жүзінде оны айыптау үкімін шығарудың негізімен бірдей деп тануды білдіреді [6, 11 б.].
Заңда бұл жөнінде былай деп айтылған: «Айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиіс мес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсы соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады». Заң адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздеріне қатысты мұндай талап қоймайтынын атап көрсету қажет.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып бұл ұғымды қарастыру адамның кінәлылығын шүбәсыз анықтау айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің болатыны туралы мәселе бойынша айқындаманы талдауды талап етеді.
Мәселен, М.И. Баканов пен Ю.М. Грошевойдың редакциялаумен шыққан оқулықта адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде қылмысты тұтастай алғанда ақиқат секілді оның кінәлылығы анықталуы тиіс деген тұжырымдама қорғалады. Онда, атап айтқанда, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы барлық мән-жайларды тергеушінің күмәнсыз анықтап, олар ақиқат болуға тиістігі айтылған. Қаулының өзі бұл мән-жайларды дұрыс бейнелеп көрсетуге тиіс. қаулыда қылмыстың нақты құрамы және оны жасаған адам туралы ақиқат қорытындылар болуы тиіс. заң айыптау қорытындысы мен айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы айыптаудың бүтіндей бара-бар талаптарын басшылыққа алады. Алайда егер айыптау қорытындысында тұжырымдалған айыптауда ақиқат қорытындылар болса, онда аталған қаулыларда да нақ осындай қорытындылар болуға тиіс. [7, 12 б.]
Сондықтан айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін тергеушіге қылмыстың болғаны туралы және оны айыпталушының жасағаны туралы өзінің қорытындысын тек ықтималдықпен растайтын мағлұматтарды анықтау жеткілікті деп әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлермен келісуге болмайды. Келтірілген қағидалардың авторлары айтқан пікірді құқықтың дамуындағы кеңестік кезеңнің бірқатар іс жүргізуші ғалымдары қолдады.
Мәселен, А.М. Ларин былай деп жазады: «Айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатын кездегі кінәлылығы туралы тергеушінің қорытындысы түпкілікті, анық емес, керісінше, алдын ала, проблемалық ықтимал маңызын, яғни болжамдардың біреуін білдіреді».
М.С. Строговичтің пікірінше, «айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде бұл адамның кінәлылығы дәлелденген деп есептеле алмайды және тергеушіден оны кінәлылығының орнына емес, қылмыс жасаған айыпталушының орнына қою үшін жиналған дәлелдемелердің жеткіліктілігіне сенімдік талап етіледі».
Егер заң адамды айыпталушы деп жауапқа тарту үшін қажетті жағдай ретінде осы адамның кінәлылығының дәлелденгендігін және бұған тергеушінің көзі жеткендігін белгілеген болса, бұл бұдан былайғы тергеудің айыптау жағына бейімделіп, айыпталушының кінәлылығынан басқа болжамдарды зерттеусіз қалдыруға әкеп соққан болар еді.
С.В. Бородиннің редакциялаумен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанып, қылмыстық жауапқа тарту үшін жеткілікті болатын негіздерді анықтауда дәлелдеуге жататын мән-жайлар да, сондай-ақ олардың дәлелденгендік дәрежесі де ескеріледі деп көрсетеді.
Мен нақ осы қағида қолдауға тұрарлық деп ойлаймын. Заң ақиқатты анықтауды және адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайлардың шүбәсыз дәлелденуін талап етпейді. [8, 12 б.]
Заңға сәйкес айыптау қорытындысының соңғы бөлімінде тағылатын айыптау тұжырымдамасы баяндалуы тиіс деген қағида тергеушінің қолында адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде де міндетті түрде айыптау қорытындысын жасау кезіндегідей дәлелдеме материалдары болуға тиіс деген сөз емес. Мұнда заң дәлелдеу процесі айыптау тағылғаннан кейін де жалғаса береді дегенді негізге алады. Мұның үстіне, ол қылмыс оқиғасын да, дәлелдеу тақырыбына кіретін айыпталушының кінәлылығын да қоса алғанда, барлық мән-жайларды зерттеуді қамтиды. Атап айтқанда, айыпталушы қылмыстық іс бойынша объективті тергеп тексеруге бөгет жасайды деп ойлауға негіз болған кезде оған бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігін көздегензаңда осыны көрсетеді. Демек, заң істе адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға мүмкіндік беретін дәлелдемелердің болғанына қарамастан, ақиқатты әлі де анықтауға тура келетінін негізге алады. Заң айып тағуды өзгерту мен толықтыру қажеттігін, сондай-ақ айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуі себепті істің қысқартылуын туғызатын жаңа дәлелдемелер алу мүмкіндігін ескереді.
Заңда адамның кінәлылығы шүбәсыз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, тергеп тексеру органдары өте қиын жағдайға тап болар еді. Олар бұған дейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені ажлпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Қылмыстың жасалу мән-жайларын анықтауға жәрдемдесетін дәлелдемелерді жинау мен бағалау тергеп тексеру кезендерінің мақсаты болып табылады да, осыдан кейін адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім қабылданады. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін бұлтартпайтын дәлелдемелер оны дер кезінде қорғану құқығымен қамтамасыз ететін тиісті іс жүргізу жағдайына қою қажеттігіне байланысты бұл мән-жайлардың осы кезеңде мүмкін болатын дәлелдеу дәрежесі шектеледі. Сондықтан осы кезге таман жиналған дәлелдемелердің жиынтығы жеткілікті бола алмайды. Ол айыпталушылардың берген айғақтарын ескере отырып, кейінгі тергеп тексерудің барысында толықтырылады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту жөніндегі шешімнің маңызы істі одан әрі жүргізу үшін жағдайлар туғызу қажеттігі болып табылады. айып тағудың мазмұнын құрайтын мән-жайлар бірдей дәрежеде анықталмауы мүмкін, бұл олардың әрбір қылмыс пен оны саралаудың ерекшеліктеріне қарай анықталатын маңызына байланыстыү алайда дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы жоқтығын осындай мән-жайлардың біреуін дәлелдеу процесі аяқталды деп есептеуге болмайды.
Заңда адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізін тергеп тексеру аяқатлды деп тану үшін емес, айып тауға үшін жеткілікті дәлелдемелердің болуымен байланыстырады. Осыған орай, тергеуші бұл кезде өзінің шығарған шешімі жорамалдарға немесе тексерілмеген мағлұматтарға емес, қылмыс жасалған және оны нақ айып тағылыпадам жасаған, бұл дәлелдемелердің бәрі заң талаптарына сәйкес жиналып, бағаланған және айыпталушыдан жауап алғанға дейін мүмкін болатын толықдәрежеде тексерілген деген қорытынды шығаруға болатындай дәлелдемелерге сүйенетініне көз жеткізуі тиіс.
Жоғарыда айтылған жағдайлар, меніңше, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың дәлелдігі іс бойынша ақиқат міндетті түрде анықталуға тиіс және қылмыстың оқиғалары мен оған айыпталушының кінәлылығы жөнінде білім жеткілікті болуға тиіс дегенді білдірмейді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Тергеушінің айып тағудың мазмұнын құрайтын мән-жайлар туралы білетіндері ықтимал деректер ретінде қаратырылуы мүмкін, ал мұндай ықтималдық дәрежесі жоғары болып, шүбәсыздыққа дейін жуықтауы тиіс.
Қылмыстық іс бойынша мұндай жағдайға жетуге болады және тәжірибеде әдетте «адамның кінәлылығы туралы болжамды осы кезде қолда бар барлық құралдармен тексергеннен кейін мұндай болжамды дәлелдемелердің жиынтығы нанымды растап, қылмысты басқа адамдардың жасауы жөніндегі болжамдар көз жеткізе жоққа шығарылатын кезде де осындай мүмкіндік туады.
Іс жүргізу жөніндегі әдебиеттерде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін дәлелдемелердің жеткілікті болуы туралы мәселе көбіне тергеушіні айыпталушы адамның кінәлылығына қатысты сенімінің болуымен байланыстырылады. Бұған қоса, осындай пікірді ұстанатын авторлар мұндай сенім ақиқатты, шүбәсыз білімді анықтаудың нәтижесі болып табылады деген тұжырымды негізге алады. Қарастырып отырған мәселе бойынша қарама-қарсы айқындаманы жақтаушылар, керісінше, тергеушіде адамның кінәлылығына қатысты күдік, екіұдай пікір болса, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту мүмкін деп есептейді.
Тергеушінің айыпталушы адамды кінәлы деп есептейтін сенімін оның да қателесу мүмкін екенін ескере отырып, қорытынды ақиқаттығының өлшемі ретінде қарастыруға болмайды. және, керісінше, тергеп тексеру іс жүргізіліп адамды әшкерлейтін дәлелдемелердің жоқтығына қарамастан, сенімнің дұрыс болып шығуы да мүмкін. өзінің кәсібіне өмірінің көптеген жылдарын арнаған тергеушілердің ішінде сезіктімен «хаттамаға түсірілмейтін» ашық әңгіме үстінде оның қылмыс жасағанын егжей-тегжейіне дейін айтып, тергеушінің көзін жеткізгенін,ал оған айып тағу үшін жеткілікті дәлелдемелер жинай алмағандары да болды.
Бұл айтылғандар айыпталушы ретінде жауапқа тартқалы отырған адамының кінәлылығына тергеушінің сенімі туралы мәселенің ешқандай тәжірибелік маңызы жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, жалпы ереже бойынша, тергеушіде айыпталушының кінәлылығы туралы ішкі сенімінің болмауы нақты адамның қылмыс жасағаны туралы қорытындыға келу үшін дәлелдемелері жетіспейтіндігінің белгісі болып табылады. сондықтан тергеушіде мұндай сенімнің болуын оның адамды сезікті ретінде жауапқа тарту жөніндегі мәселені оң шешуі үшін қажетті жағдайлардың (әрине, іс жүргізетін емес) бірі ретінде қарастыруға болады.
Бұдан былайғы тергеп тексеру барысында дәлелдеме материалдың көлемі мен сапасының өзгеруіне қарай тергеушінің айыпталушның кінәлылығына денен сенімі де өзгеруі мүмкін. Кейде өзін кінәлі деп есептемейтін айыпталушының берген айғақтарын тексеру барысында, мән-жайларды ертерек көріп білмесе де, тергеушіге оның кінәлы еместігін дәлелдейтін мән-жайлар белгілі болады. Сондықтан ақтайтын негіздер бойынша айыпталушының ісін тоқтату барлық уақытта бірдей дәлелсіз айып тағылған дегенді білдіре бермейді.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының дәлелділігі жөніндегі мәселенің күрделілігі мұндағы дәлелдеу айып тағуға негіз болатын дәлелдемелерге сілтемені қамтитындығына әртүрлі көзқарастардың болуымен анықталады. Заңның мағынасына қарай бұл қаулыда айыпталушыны әшкерелейтін негізгі дәлелдемелер келтірілуге тиісті дейтін тұжырымдама бірқатар жұмыстарда айтылады. Мұндай көзқарас оқу әдебиеттерінде де қолдау тапқан.
Жоғарыда баяндалған жайларды негізге ала отырып, кейбір жұмыстарда айтылған адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда тергеушінің әшкерелеуші дәлелдеме келтіру міндетін заңда белгілеу жөніндегі ұсыныстарды қолдауға болмайды. Мұндай қағида, сөз жоқ, көптеген жағдайларда айыпталушыдан дұрыс айғақтар алуды қиындатқан болар еді. Егер адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде ақиқат анықталып, айыпталушы толығымен әшкереленген болса, ол тергеуге кедергі жасамас еді. Соған қарамастан барлық істер бойынша осылай бола бермейді. Қылмыстың жасалғаны айдан анық болатын кезде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда дәлелдеулерді көрсетуге айрықша кедергілер болмайды. шынын айтқанда, айыпталушының өзі (беттесуден, сараптама актісінен және басқа көздерден) қандай дәлелдемелер арқылы әшкереленіп отырғанын біледі. Алайда көптеген істер бойынша адамға айып тағу айыпталушының кінәсын дәлелдейтін материал жинаумен аяқатлмайды. Мұндай жағдайларда айып тағудан кейін айыпталушыны әшкерелейтін жаңа мғлұматтар анықталады, оларсыз ақиқатты анықтау жөніндегі мәселе дұрыс шешілмейді. Айыпталушыны жиналған дәлелдемелердің сипаты мен жиынтығынан мезгілінен бұрын хабардар ету белгіленген жауап алу тактикасы жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін. [9, 16 б.]
Әлбетте, айыпталушы адам айып тағудың мәнін ғана емес, сондай-ақ негізгі дәлелдемелерді де біле отырып, өзінің мүдделерін барынша толы, белсендірек қорғай алатын болады. егер айыпталушыадам кінәсыз болса, мұндай мүдделері де заңды болады. Алайда кінәлы адамға барлық дәлелдемелер ұсынылатын болса, онда бұл мемлекет пен қоғамның мүдделеріне зиян келтіреді де, қылмыскер жауаптылықтан құбылып кетуге тырысатын болады. заң шығарушы осыны негізге ала отырып, сот ісін жүргізуді тергеп тексеру органдары қылмыскерлерді әшкерелей алатындай етіп, сонымен бірге айыпталушылар өздерінің заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігіне ие болатындай етіп реттейді
- АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
2.1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы іс жүргізу шешімі дербес қаулы түрінде ресімделеді. Осы құжаттың мазмұндық және сыртқы көрінісіне қойылатын талаптарды сақтау қыбалданған шешім заңдылығының маңызды өлшемдерінің бірі болып табылады. адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту фактісінің өзі заң тұрғысынан алғанда зор маңызға ие болады. адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезден бастап оның іс жүргізу-құқықтық мәртебесі өзгереді. Тиісті қаулыны дұрыс ресімдеудің зор маңызы болатынын осы жағдаймен түсіндіруге болады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар заң арқылы реттеледі. Дәлелденген қаулыда былай деп көрсетіледі:
— күні, айы, жылы, елді мекеннің атауы;
— бұл қаулыны шығарған адамның лауазымы, атағы, тегі;
— ол қай іс бойынша шығарылған;
— айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, оның туған, күні, айы, жылы, туылған жері (бұл деректер жеке куәлік немесе басқа құжаттар арқылы анықталады); мүмкін болса, бұл құжаттардың көшірмесін қылмыстық іске қоса тіркеген жөн;
— айыпталушыға тағылатын қылмыстық әрекеттің сипаты, ұрланған немесе келтірілген зиянның уақыты, орны, әдісі, мөлшері және заңға сәйкес оны жасаудың өзге де мән-жайлары;
— айыпталушы жауапқа тартылатын қылмыстық заңның бөліктерін, тармақтарын, баптарын, орналасуын, нормаларын, сондай-ақ саралаушы белгілерін дәл көрсету; егер адамға бірнеше қылмыс тағылатын болса, онда қаулыда оның қылмыстық әрекеті сараланатын Қылмыстық кодекстің барлық баптары көрсетіледі.
Қаулының негізділігі онда адамға тағылатын қылмыстың мәні ішкі бірлікті сақтай отырып, хронологиялық ретпен баяндалатындығында болып табылады. мұнда Қылмыстық кодекстің нақты бабына сәйкес қылмыстың мәні құрамы арасындағы өзара байланыс анықталуы тиіс. осыған қатысты Р.Х. Якупов былай деп жазған: «Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы дәлелденген болуға тиіс. Дәлелдеу дегеніміз іс жүзіндегі мән-жайларды қисынды ретпен және үйлесімділікпен баяндауды, олардағы қылмыстың нақты құрамындағы заңды белгілерін түсіндіруді және қылмыстық заңның осы қылмыс жататын белгілі бір бабын көрсетуді білдіреді» [10, 17 б.].
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының жасалу уақыты мен орнын көрсетудің мынадай тұрғыдан маңызы бар:
— адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан кезден айып тағуға дейінгі уақыт үш тәуліктен аспауы тиіс.қаулының шыққан уақытын дәл көрсету уақыт есептеуді жоғарыда айтылған үш тәуліктің ішінде дұрыс жүргізуді көздейді;
— кең мағынада алғанда қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық сот ісін жүргізу орны ұғымының құрамдас элементі болып табылатын кеңістікте әрекет етеді. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының жасалған орнын көрсету қылмыстық ізге түсу органының өзінің қызмет көрсететін аумағына сай келетінін білдіреді.
Осы қаулы шыққан кезден бастап адам айыпталушы деп танылады, яғни қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған адамның іс жүргізу жағдайы айтарлықтай өзгереді деген мән-жайлар қаулыда оның шыққан уақытын белгілеудің маңыздылығын түсіну үшін зор маңызға ие болады. Адамның іс жүзінде айыпталушы мәртебесін алған кезі туралы мәселе ғылыми пікірсайыстар үшін ашық қалып отырғанын айту керек, өйткені адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығару мен оған айып тағу арасында уақыт үзілісі болады. сонымен, айыпталушы мәртебесін алу уақыт жағынан адамды айыпталушы ретінде қаулы шығару арқылы оны айыпталушы деп танитын кезден бастап үш тәулік шегінде кешігеді.
Қаулы шығарған адам туралы деректерді көрсету белгілі бір өкілеттіктері бар тиісті адам жөніндегі талаптардың сақталуы жайында пікір айтуға мүмкіндік береді.
Қаулыда айыпталушы ретінде жауақа тартылатын адам жөніндегі деректерді көрсету қателіктерге, сондай-ақ ол туралы мәліметтерді әдейі өңін айналдырып, бұрмалауға жол бермеу қажеттігіне байланысты. Сонымен қатар, айыпталушының туған күні мен орнын көрсету қылмыс субъектісінің белгілерінің болуы (адамның қылмыстық жауапқа тартылатын жасын анықтау) туралы мәселені және азаматтық туралы мәселені шешуге байланысты болады.
Адамға тағылатын қылмыстық әрекетті сипаттау – оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының аса маңызды құрамдас бөлігі. Р.Х. Якупов былай деп көрсетеді: «Заң қаулыда айып тағудың дәлелдемесіне міндетті түрде сілтеме жасауды талап етпейді. Алайда мұндай сілтемеден толық бас тарту тәжірибесін тергеп тексерудің мүдделерін қанағаттандырады деп тануға болмайды. Ойдағыдай қорғану үшін айыпталушының өзіне не үшін айып тағылғанын ғана емес, сондай-ақ мұндай айыптаудың неге негізделетінін білуі де маңызды. Сонда ол өзіне тағылған айыптауға қарсы нақты қорғанып, айып тағудың осал, тергеп тексерудің дәлелсіз тұстары мен қателіктерін табуға жол ашар еді. Осыған орай, дәлелдемелерге сілтеме жасаудан бас тарту тергеушінің, анықтауды жүргізген адамның қалауы бойынша еркіне қарай емес, одан айыпталушыны дәлелдемелермен оған айып тағылған кезде емес, жауап алу барысында немесе одан кейінірек таныстыру тиімді болатын нақты қылмыстық істі тергеудің тактикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізілгені маңызды болмақ».
Л.Н. Башкатов, Г.Н. Ветрова, А.Д. Доценко, В.И. Зажицкий, В.И. Шестаков басқаша пікір айтады. Бұл авторлар, атап айтқанда, былай деп жазады: «Заңда қаулыда айып тағу үшін негіз болатын дәлелдемелерді келтіру қажеттігі туралы нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл мәселе тергеушінің (анықтаушының) қалауына қарай шешіледі. Әдетте, қаулыда іс бойынша адамға айып тағуға негіз болатын дәлелдемелердің жеткілікті жиналғанына ғана сілтеме жасалады» [11, 19 б.].
Келтірілген авторлар Ресейдің Қылмыстық іс жүргізу кодексін талдап отырғанына қарамастан, бұл ҚР ҚІЖК-нің 207-бабының мәнін түсіну үшін де айтарлықтай көкейтесті мәселе. Тағылатын қылмысты сипаттау заңға сәйкес дәлелдеу мәселесінің мазмұнына кіретін барлық мән-жайларды көрсетуді көздейді. Дәлелдемелер мен дәлелдеу мәселесі өзара байланысты болатындықтан, бірін-бірі алмастыра алмайтыны белгілі. Мұнда екінші пікір ҚР ҚІЖК-нің нұсқауларына едәуір сәйкес келеді, ол бойынша да айып тағуға негіз болатын дәлелдемелерді қаулыда келтіру талап етілмейді. Заң жүзіндегі нұсқаудың мұндай сипатына тағы бір түсінік бар. Мәселе мынада: заңға сәйкес айыптау қорытындысынды уақыты жағынан адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдан кейін жасалады. Адам өзіне тағылған айыптаудан қорғану стратегиясы мен тактикасын айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының негізінде емес, айыптау негізінде құрады. Сонымен қатар, әртүрлі екі іс жүргізу құжаты – адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы мен айыптау қорытындысы, — мақсаты түрліше болатындықтан, олардың мазмұндау бөлігіне қойылатын талаптар жөнінен сәйкес келмеуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда дәлелдемелерді келтірудің керегі жоқ деп есептеуге бейім тұрамыз. Бұл тергеп тексерудің басқа кезеңінің міндеті болмақ, ол туралы қылмыстық істің барысына арналатын бөлімде толығырақ баяндалатын болады. қаулыда жасалған қылмыстың мән-жайларын дәлелдеу мәселесі талап етіп отырғанындай көлемде өзара қисынды байланыста ретімен баяндау жеткілікті.
Әдебиеттерде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының құрылымы кіріспе, сипаттама және қорытынды бөлік деп аталатын үш бөліктен тұрады дейтін көзқарас бар. Заңда бұл туралы ескерту жоқ, бірақ объективті қарағанда бұл пікір шындыққа сай келеді. Мәселен, заңда көрсетілгендей – жалпы сипаттағы талаптардан тұратындықтан, бұл кіріспе бөлігінің реттеуі және мұнда жасалған қылмыстың мән-жайлары баяндалатындықтан, бұл сипаттама бөлігі болады.
Қаулының қорытынды бөлігінде тергеп тексерілетін іс бойынша адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім келтірілуі тиіс.
Айып тағу айыпталушыға түсінікті болатындай етіп тұжырымдалуға тиіс.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі.
Қылмысты топтасқан адамдар жасайтын жағдайларда айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы әркімнің жасалған қылмыс әрекетінің рөліне қарай қылмыстың әрбір қатысушысына қатысты жеке дара жасалады.
Егер тергеп тексеру барысында заңда жаңадан жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделген немесе бұрын жасаған қылмысы үшін кінәлылығы үкіммен анықталған және ол үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбаған жағдайда кейін сот оны аса қауіпті кәнігі қылмыскер деп танитын негізде бұрынғы сотталғандығы туралы үкімде анықталатын болса, онда бұл жөнінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының сипатта бөлігінде көрсету қажет [12, 20 б.].
Қаулыда іске қатысты жиналған нақты мағлұматтар арқылы анықталған және расталған мән-жайлар ғана көрсетілуі тиіс. мұндай мән-жайлар негізделетін дәлелдемелер тергеп тексеруді жүргізетін адамның қалауы бойынша көрсетіледі. Ерекше жағдай ретінде, қаулыда міндетті түрде сараптама қорытындысының деректері мен оның қорытындыларын көрсету талап етіледі.
Судьялар Парламенттің депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері мен Төрағаасы, Бас Прокурор үшін айыпталушы ретінде жауапқа тартудың ерекше тәртібі белгіленген [13, 20 б.].
Айып тағудың ұйымдастыру шаралары мен іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы ретінде қарастыру қажет. Құрылымына қарай айып тағу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
— айыпталушы деп танылатын адамның тергеушіге келуін қамтамасыз ету;
— адамға айып тағудың өзі;
— айып тағылған адамға оның іс жүргізу құқықтарын түсіндіру.
Сонымен айыптау рәсімінен бұрын айыпталушының келуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру шаралары жүргізіледі. Осыған байланысты айыпталушының тергеушіге келі міндеттілігін реттеу тікелей айып тағу қызметімен толайым қарастырылады.
2.2. Жауап алу барысында айыпталушы туралы мәліметтер жинау әдістері
Жауап алу, тергеу әрекеті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 26-тарауындағы 211-219 баптар аралығында қамтылған. Осы мәселеге нақты анықтама берер болсақ, жауап алу алынатын адамның белгілі бір оқиғаны не фактіні сипаттауы ғана емес, жауап алу өте күрделі әрі қарама-қайшы процесс. Зерттеуші А. Дулов тергеушінің жауап алғанда алатын мәліметтерін екіге бөледі. Бірінші, тергеу үшін қажетті оқиға немесе фактілер жөніндегі мәліметтер. Екінші, оқиғалар мен фактілерді ауызша жеткізетін қайнар көздерге қатысты мәліметтер. Айта кететіні, екінші топқа енетін мәліметтердің барлығы өте маңызды болып саналады. өйткені, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 117-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мәліметтер қатарына айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар да кіреді.
Жауап беру барысында айыпталушының өзінің жеке қасиеттері туралы байқатпауы мүмкін емес. Тіпті, кез келген айыпталушының қылмыстың оқиғасынан гөрі өзі туралы, өзінің өмірі мен жұмысы туралы қызыға әрі қуана айтатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен қатар, шын айғақ бере отырып шындықты біршама әсірелеп, өзін артық бағалап жіберіп немесе өзін теріс жағынан сипаттайтын әрекеттер жөнінде үн қатпау сияқты рефлекстің — «қорғану» әрекеттерінің байқалуы да мүмкін. Ендеше, қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алу оңай шаруа емес. Сондықтан, тұлға туралы анық ақпараттарды оның жасанды іс-қимылын аңғару арқылы және сұрақты соған бағыттау арқылы анықтау қажет.
Қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын психикалық құбылыстардың белгілері туралы мәліметтер алу үшін тергеуші қылмыстық іс жүргізу нормаларына және моральдық этика талаптарына сай келетін ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек. Осыған байланысты зерттеуші Б. Ананьев психологиялық зерттеуде қолданылатын барлық әдістерді: ұйымдастыру әдістері, ғылыми мәліметтерді табудың эмпирикалық (эмпирические – тәжірибеде жинақталған) әдістері, мәліметтерді өңдеу тәсілдері, интерпретациялық әдістер (лат. Interpretatio – бір нәрсенің мәнін ашу, талқылау, белгілі бір мәтінді түсіндіру) деп төрт топқа бөледі. Ол ұйымдастыру әдістеріне зерттеудің барлық сатысында қолданылатын салыстыру және кешенді әдістерді жатқызса, эмпирикалық әдістерге бақылау, экспериментальдық, психодиагностикалық (әңгімелесу, интервью), модельдеу, биографиялық мәліметтерді өңдеу тәсілдеріне сандық және сапалық талдауды, интерпретациялық әдістерге генетикалық және құрылымдық әдістердің түрлі нұсқаларын жатқызады. Әрине, мұндай тұжырым орынды. Дегенмен, жауап алынатын тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жауап алу кезінде әдістердің шағын түрін пайдалануға болады.өйткені, оларды таңдау тергеу әрекетін жүргізудің мақсаты мен оған бөлінетін уақытқа да байланысты болады. жауап алу кезінде тұлғаны психологиялық диагностикалауға қолданылатын негізгі әдістерге бақылау, әңгімелесу, эмоционалды эксперимент , психологиялық анализді жатқызуға болады. аталған әдістер толығымен қолданылмайды. Себебі, нақты жағдайда сәйкес тиімді әдістер қолданылады.
Тергеуші жауап алынатын тұлғаның сыртқы бейнесіне, эмоционалды жағдайына, мінез-құлқына көңіл аударады. Жауап алу аяқталғанға дейін тергеуші жауап беруші тұлғаның темпераменті мен жауап алудың мазмұнына қатысты ойын қорытындылай отырып, оның бетіндегі мәнерлі қозғалыстарды, сөзінің барысын, реакциясының жылдамдығын бақылап отырады. Бақылау жауап берушінің өзін-өзі ұстау үлгісін, сөзшеңдігін, қойылған сұрақтарға қатысты қатынасын,, процессуалдық мәселеге не тергеушінің жауап алуға шақыруына байланысты психикалық жағдайын қамтиды. Бақылаудың нәтижесін бағалағанда бақылауға алынған тұлғаның (іс-қимылын еркін жасайтын) үйреншікті ортадан тыс жерде екендігі ескерілуі керек. өзінің рөлін және болашақтағы процессуалдық жағдайын толық біле бермейтін бейтаныс ортада жауап алынатын тұлға өзін еркін ұстай алмайды. Көбіне, алдын ала ойластырып қойған бағыт бойынша мінез танытады. Ал аталған жағдайлар бақылау барысында анықтауға болатын шын көріністі бүркемелеп, өзгертеді.
Тергеу әрекетін жүргізу барысында әрқашан психологиялық анализ жасалып отырады. Тергеуші нақты бір тергеу әрекетінің дамуының барлық сатыларын неғұрлым жақсы білетін болса және орындалуға жататын барлық қызметінің жиынтығын жете меңгерсе, соғұрлым психологиялық анализді тиімді және нәтижелі жүргізе алады. Басқаша айтқанда, тергеуші жүргізгелі отырған тергеу әрекетінің психологиялық құрылымын алдын ала болжаған болса, іс бойынша сапалы анализ жасалуы мүмкін. Түскен мәліметті талдау кезінде субъект жөніндегі барлық білімді қолдану керек. Сондай-ақ, субъектінің байланыстары мен тәуелділігін, тергеуге қатысты жағдаймен байланысын ескерген жөн. Сондықтан, тергеуші зерделенген объектінің қасиеттері мен сапасын мұқият талдамастан өзінің жеке пікірі мен әрекеттерін негіздеп, пайым жасауға ешқандай қақысы жоқ. Ол тергеу әрекетін жүргізгене өз әрекеттеріне бақылау жасап, дұрыс шешім қабылдап жатқанын қадағалап отыруы тиіс.
Жауап алынатын тұлғаның жеке басын зерттеу үшін әңгімелесу (сұхбаттасу) әдісі қолданылады. Жауап алу мен әңгімелесу процессуалдық және мақсаты жағынан бір бірінен өзгешеленеді. Жауап алу процесінің сипаты шектеулі болғанымен оның барысында әңгімелесу қолданылады. Мұндағы мақсат – психологиялық байланыс орнату үшін жауап алудың мазмұнынан тыс мәліметтермен алмасу. Жауап алу процесінде қолданылатын әңгімелесу әдісін екі тұрғыда қарастыруға болады. бір жағынан, ол психологиялық контакт орнатуды көздеп жауап алудың пәнінен тыс мәліметтермен алмасу және жауап алынатын тұлғаның темпераментінің түрі мен мінез-құлқының белгілерін анықтау үшін қолданылатын болса, екінші жағынан әңгімелесу жауап алудың барысында қатар қолданылуы мүмкін.
Жауап алу барысында қылмыскердің тұлғасын зерттеудің қосымша әдісі – эмоционалды (психологиялық) эксперимент. Бұл әдіс өз алдында бөлек қолданылмайды, керісінше, жауап алудың тактикалық тәсілінің құрамдас элементі ретінде пайдаланылады. Бұл әдістің мәнісі мынада, жауап алынатын тұлғаға эмоционалды реакцияға ұшыратуға қабілетті белгілі бір мәлімет хабарланады немесе дәлелдеме көрсетіледі. Егер тұлғаның анық ұсынылатын дәлелдемемен немесе хабарламамен байланысы бар болса абыржуы мүмкін.
Эмоционалды эксперименттің қолданылуы келесі тәртіптердің сақталуын талап етеді: 1) оның мақсатты болуы; 2) сезікті психологиялық өзгеріске ұшырауы мүмкін деген уақытты, жағдайды және құралдарды таңдау; 3) бұл жағдайлардың жауап алудың процессуалдық тәртібіне сай болуы; 4) оның орындалуы және тұлғаның психикалық процесін бақылай алу; 5) бақылаудың нәтижесін бағалау.
Тергеу тактикасының негізгі талаптарының бірі – жауап алынатын тұлғаға индивидуальды бейімделу. Бұл талаптың орындалуы жауап алынатын тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеумен байланысты. Жеке тұлғаның қасиеттерін жедел диагностикалау әдістері өте аз зерттелген. Сондықтан, тергеуші көп жағдайда өзінің ішкі пайымына ғана жүгінеді. Жеке бейімделу дәлелдемелерді жинаудың, зерттеудің және бағалаудың барлық процесіне қатысты бар процессуалдық, тактикалық және тәрбиелік ықпал ету принципі болып саналады. Ол тергеушіні қылмыстың субъектісін адам, тұлға ретінде тануға, туындаған жағдайдың ерекшелігін бағалауға және осының негізінде ықпал ету әдістерін, тәсілдерін және құралдарын саралап, тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасын құруға міндеттейді. Осы тәсілдердің кешенді қолданылуы арқылы жеке тұлғаның қандай қасиеттерін анықтауға болады? енді осы сауалға жауап берелік.
Жалпы тұлғалық қасиеттер өзара байланысты төмендегідей психикалық ерекшеліктермен анықталады:
1) тұлғаның бағытымен – оның иерархиялық қалыптасқан құндылық жүйесімен;
2) психиканың табиғи негізделген ерекшеліктерімен – темпераментімен;
3) мінез-құлықты реттейтін әлеуметтік жағдайда қалыптасқан тұрақты әдістермен – мінезімен;
4) әлеуметтік-беделді психикалық көріністерімен.
Біз осы қасиеттердің ішінен тұлғаның бағытын анықтау әдістеріне тоқталсақ. Жеке тұлғаның бағытына кіретін элементтер, бұл оның қажеттіліктері, мотиві, әуестік мүдделері, дүниетанымы мен армандары. Бағыттылықтың үш түрін ажыратуға болады: жеке, ұжымдық және іскерлік. өзінің амандығын қамдау, өзін-өзі қолдау, жеке мүддесіне жету сияқты мотивтер мен құндылықтар басымдық танытқанда жеке бағыт орын алады. Мысалы, бір топ адам жасаған талан-таражға салу қылмысы бойынша айыпталушы басқа қатысушыларды жауапкершіліктен босатуға тырысып, кінәлі толығымен өз мойнына алады. Тергеуші оған ұрланған ақшаның барлығы сот арқылы оның бір өзінен өндірілетінін және бұл үшін, тіпті оның мүлкінің тәркіленуі мүмкін екенін, соның салдарынан бүкіл отбасы материалдық зардап шегетінін түсіндіреді. Егер, ол бұл қылмысқа қатынасқан басқа қатысушылар туралы өз еркімен мойындайтын болса, келген шығын барлық қатысушылардың ортақ өндірілетінін және сот жаза тағайындағанда оның қылмысты ашуға белсенді көмек көрсеткендігін ескеретіндігін де түсіндіреді. Туындаған жағдайды ескеріп, айыпталушы ұрлықты бірге жасаған адамдарды әшкерелеп берді делік. Бұл жағдайда тергеушінің түсіндіру нәтижесінде айыпталушыда жеке басының амандығын ойлау мотиві белсенділіктің басқа түрлерінен басымдық танытты [14, 24 б.].
Ал, алдын ала тергеуге қатысушының (қылмыскердің) әрекеті басқа адамдардың, ұжымның, топтың мүдделерімен, сот әділдігі мен жалпы қоғамның мүдделерімен анықталғанда қоғамдық бағыт орын алады. Қоғамдық немесе кәсіби қызметінен туындайтын, сонымен қатар сот әділдігін жүзеге асыратын органның жұмысы мен оның қылмыстық іс жүргізу аясындағы орындайтын рөліне сай туындайтын мотивтер айыпталушының бойында басымдық танытуы мүмкін. Мұндай мотивтерге атқарған ісіне мақтаныш, кәсібінің беделі, пайда ойламай ақиқатты мүддесін көздеу сияқты мотивтер жатуы мүмкін. Мұндай мотивтерді иемдену объъектінің кәсіби бағыты туралы айтуға ерік береді.
Қылмыскердің саналы түрде алдына қойған мақсаты, қабылдаған шешімі не себептен қозғаушы күшке, яғни мінез-құлық мотивіне айналады деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін мотивтердің пайда болуының психологиялық механизмін білу керек. Мұны түсінген соң тергеуші басқа адамның мотивациялық аясына мақсатты түрде араласуға мүмкіндік алады және бір қозғаушы күштің дамуын тоқтатады.
Психологтар адам мінез-құлқының барлық қозғаушы күштерінің негізінде тұлға белсенділігінің басты қайнар көзі – қажеттілік жатыр деп санайды. Адамның қажеттілігі қандай жолмен қозғаушы күштің ерекше нысанына, адам мінзе-құлқының мотивіне айналады? өмір мен даму адамның қоршаған ортаға және өзіне деген белгілі бір қатынасын қалыптастырады. Объектілерге деген мұндай қатынас және оған деген мұқтаждық белгілі бір уақытқа дейін потенциалды жағдайда болады. бұл мұқтаждық аса маңызды емес.
Бірақ, қандай да бір уақытта адамды қоршаған ортада өзгеріс болады, ол өзгерістер адам психикасының ішкі «тыныштығын» – тепе-теңдігін бұзады. Адам өз қажетін қанағаттандыру процесінің тығырыққа тірелгенін сезеді немесе сыртқы жағдай мен мотивациялық белсенділіктің дамуына бейімделмей немесе қайта өңдемей процесті одан әрі жүзеге асыру мүмкін еместігін түйсінеді. Қажеттілік жағдай пайда боладв. Ол субъективті теріс бағаланып уайым пайда болады. өйткені, ішкі тепе-теңдіктің бұзылуының нәтижесінде адам қалыпты өмір сүріп, дами алмайды.
Сана-сезім және ерік сияқты таным процестерінің белгілі бір бағытта белсенділік көрсетуін жағдайлардың нәтижесі деп қарастыру керек. Қажетін түсінген соң адам санасын сыртқы ортаны зерделеуге бағыттайды, өз қажетін қанағаттандыруға кедергі жасап отырған факторлар мен бұзылған тепе-теңдікті, ішкі «тыныштықты» қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін факторларды анықтай отырып, туындаған жағдайдың кейбір жақтарын бағалайды. Қажеттілігін қанағаттандыруға болатын объектіні іздеп табумен және сол жағдайда белгілі бір әрекет жасау керек деген шешімге келумен сыртқы жағдайларды зерделеу аяқталады. Мұнда іс-әрекет мақсатты бағыт алады, бұл қажеттілікті қанағаттандыру пәнімен, мақсатымен және құралдарымен дәлелденеді. Олар адам үшін материалдық немесе рухани құндылық ретінде танылады.
Психологтардың пайымдауынша, мотивациялық аяның ең дамыған түрі мінез-құлықтың жетекші мотивіне айналған, белгілі бір моральдық құндылықтарды игеру болып саналады. Л. Божовичтің айтуынша, игерілген құндылықтар басқадай әсер ету күштерін өзіне бағындыра отырып тікелей сер ету күшіне айналады. Олай болса, жауап алынатын тұлғаға ықпал етуде жеке бейімделу үшін және ықпал етуде оңды нәтижеге жету үшін тергеуші жауап алынатын тұлғаның қозу жүйесін анықтап алуы керек және бұл жүйеде қандай қозғаушы күштің басымдық танынатынын білуі қажет. Тек осындай күштерге сүйеніп, ықпал етудің тәсілдері мен құралдарын дұрыс таңдап алуға болады. Егер, туындаған жағдайда мінез-құлықтың қажет емес мотиваторы жетекші болып табылмайтын болса, бастапқы сатыда ықпал етуді осы қозғаушы күштің маңыздылығын арттыруға бағыттау керек. Содан соң, оны жауап алу барысындағы ықпал ету тактикасында пайдалану қажет. [15, 26 б.]
Мысалы, бір жоғары оқу орнының төртінші курс студенті сол институттың градеробынан екі пальто ұрлап кетеді. Осы сіресіп, өзінің кінәсін мойындамай қояды. Бірақ, сотталатын болса барлық өмірлік мақсаттары мен үмітінің құрдымға кететінінтүсінеді. Тергеу барысында айыпталушының ұстанған бағытын өзгерту үшін тергеуші П.-ның оқуға деген қажеттілігін, оның институтты бітіріп, жоғары білім алуға деген талпынысын байыппен түсіндіре бастайды. Айыпталушының өмірінің осы тұстарына қызығушылық таныта отырып тергеуші дипломның алдындағы практикаға дейін неше емтихан қалғанын және қандай пәндерден қалғанын анықтап алады. Содан кейін, тергеуші нақты мысалармен П.-ға болашақта оның адал адам болатынын және әдеттегі өмірге қайта етене араласатынын, оқу орнын табысты аяқтай алатынын түсіндіреді. Жазасын өтеп келгеннен кейін институтты аяқтауға болатынына бірден сенбесе де, айыпталушы осы ойды мықтап ұстап, нәтижесінде оның мінез-құлқы өзгеріп шыға келеді. Ол ұрлықтың мән-жайлары мен пальтоны сатқан тұлғалар туралы айтып беріп, тергеушінің тергеуді тез аяқтауын өтінеді. Бұған себеп болған нәрсе, тиісті жазасын өтеп, институтқа қайта келіп, оны аяқтап, дұрыс өмір сүруге деген талпыныс еді. Бұл жерде жетекші мотивті және онымен байланысты қажеттіліктерді белсенді ету тергеушіге айыпталушының мотивациялық аясына мақсатты түрдеықпал етуіне септігін тигізді және осының негізінде айыпталушының тек қана тергеу барысында ғана емес, одан кейінгі өмірінде де қоғамдық-тиімді позициясын қылптастыруға көмектесті.
2.3. Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың айыпталушыдан жауап алғанда қорғауға қатысуы.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғануына үлкен әсер ететiн қылмыстық iс жүргiзу принциптерiнiң бiрi – ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық iс жүргiзу жүйесiнде бұл принцип ерекше орында тұрады. Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс жүргiзу принциптерiмен тығыз байланысты болады және оның бiрқатар элементтерi басқа принциптерiнiң құрамдас бөлiгiне кiредi. Мысалы, заңдылық сот iсiн тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылыны негiзiнде жүргiзу, жариялылық, кiнәсiздiк призумпциясы және т.б. Аталған принциптердiң сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз етуi прниципiмен бiрге қызмет жасау арқылы ғана сот төрелiгiн жүргiзе аламыз.
Дегенмен, сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципiнiң өзiндiк маңызы және оны қылмыстық iс жүргiзудiң басқа принциптерiнен ерекшелендiрiп тұратын нақты белгiлерi бар. Олардың iшiндегi ең бастысы, ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс жүргiзудiң маңызды бiр функциясы «қылмыстық iс жүргiзудегi қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа шығару мен оны жеңiлдетуге бағытталады.» [16, 27 б.]
Егер айыптау функциясы тұлғаның кiнәлiлiгiн көрсететiн дәлелдерге негiзделсе, онда қорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе жеңiлдетуге бағытталған материалдарға негiзделедi. Сондықтан бiз былай айта аламыз. Айыптаушы мен қорғаушының қызметтерi бiр мақсатты орындауға бағытталады – ол қылмыстық iс бойынша шындықты ақиқатты анықтау болып табылады.
Қорғау қылмыстық iс жүргiзудiң функциясы ретiнде алдымен айыпталушыға қызмет жасайды, сөйтiп, ол сот төрелiгiне көмек көрсетедi. Сонымен бiрге, қорғаудың бiрқатар элементтерi айыптау функциясында да болады. Айыптау бiр жақты не тек айыптау материалдарына ғана негiзделiп отырса, онда бұл функция дұрыс қалыптаспайды, әрi нәтижесiз болады. Сондықтан, айыптау функциясы тек айыптау дәлелдерiне сүйенiп қоймай, сондай-ақ қорғау тарабы ұсынған барлық тұжырымдарын да ескерiп отырса ғана айыптау берiк болады. Бұл жағынан айыптау мен қорғау бiр-бiрiмен өзара байланысты құқықтық институт. Бұларсыз бiрде-бiр қылмыстық iс қаралмайды, сондықтан бұл екеуi қатаң түрде өз орнын табуы тиiс (14).
Қазақстан Республикасының ҚIЖК-нiң 26 бабының 1 бөлiгiне сәйкес сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы бар. Олар бұл құқығын ҚIЖК-де белгiленген тәртiппен жеке өзi де, қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады. Яғни сезiктiнiң, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепiлдiктерiнiң iшiнде, қорғаушының көмегiн алу құқығы ерекше орында тұратындығын көремiз. Алайда, жүргiзiлген сауалшылардың қорытындысына жүгiнсек, iс жүзiнде сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы әлi жеткiлiктi қорғалмай отыр. Мәселен, сезiктi мен айыпталушыларға ұстау кезiнде қорғаушы алу құқығы,қамауға алу кезiнде қорғаушы алу құқығы, айыпталушыларға айып тағу кезiнде қорғаушы алу құқықтарын түсiндiрiлмейдi. Өкiнiшке орай айыпталушының қорғану құқығын елемейдi.
Қорғану құқығын дұрыс бағаламау ойландыратын құбылыс. Бұл келеңсiз жағдайды жою үшiн сезiктiге, айыпталушыға қорғаушы алу құқығын ұсынып қоймай, керiсiнше оны тиiмдi қолданудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етiп отырылуы қажет [17, 28 б.].
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету арқылы олардың құқықтары мен бостандықтарын толық орындауға болады. Ал, қорғаушы арқылы көп жағдайда мына мәселелер шешiледi:
- айыпталушының толық ақталуы;
- қылмыстық жауапкершiлiктi жеңiлдету;
- iс жүргiзу мәжбүрлеудiң жеңiл шараларын қолдануға жағдай жасау. Осыны ескере отырып, бiз былай айта аламыз, қорғаушының қызметi – сезiктi мен айыпталушыға заң көмектерiн көрсету оларды ақтайтын, не олардың жауапкершiлiгiнжеңiлдететiн дәлелдер ұсыну әрi заңда рұқсат етiлген әдiстер мен құралдарды пайдалана отырып, олардың тағдарларын жеңiлдетуге барлық шаралар жасау. Яғни қорғаушының қызметiн көрiп отырсақ, сот төрелiгiне қайшы келмейдi. Демек, қорғаушының қылмыстық iс жүргiзудегi алатын орны туралы, адвокат азаматтарға заң көмегiн көрсетiп қоймай, сондай-ақ, Конституцияның негiзiн қорғауды жүзеге асырады, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi болып табылады деп айтуымызға толық негiз бар.
Бұл принциптi қатаң сақтау арқылы қылмыстық iс жүргiзуде заң бұзушылыққа жол бермеуге, кiнәсiз тұлғаны жазықсыз соттатпауға қол жеткiзуге болады.
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi, ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты әдiл жаза тағайындалуына қызмет жасайды. Кiнәсiз адамды соттау, тек өрескел заң бұзушылық қана емес. Сондай-ақ ол әшкерленбеген қылмыскер жазасыз қалып қылмыстардың ашылғанына және барлық кiнәлi тұлғалар әшкерленiп, әдiл жаза алынуына және бiрде-бiр кiнәсiз тұлға қылмыстық жауапқа тартылмауына әрқашанда мүдделi болады. Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi арқылы қылмыстық iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттей аламыз. Бұл принцип сонымен бiрге, айыпталушыға қатысты негiзсiз шешiмге алып келетiн айыптау сипатына қарсы бағытталып отырады.
Ал, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе оған айып тағылған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.
Қылмыстық iстер бойынша ҚIЖК-нiң 70 бабына сәйкес, мына тұлғалар қорғаушы бола алады.
- Адвокаттар, адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын тұлғалар.
- Айыпталушының жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары, туған бауырлары мен әпке, қарындастары, атасы, апасы, немерелерi қорғаушылары мен қамқоршылары).
- Айыпталушы мен сезiктi жұмыс жасаған мекеме мен ұйымның өкiлдерi.
- Кәсiподақтың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, осы ұйымдардың мүшлеренiе қатысты iс болса.
- шетел адвокаттары, егер ол iс халықаралық шарттарда көрсетiлген негiзде қаралса.
Қылмыстық iс бойынша қорғаушы — әрекет қабiлетi бар, кәмелет жасқа толған, қорғаушы мiндетiн атқара алатын және қорғаушы болуға келiсiм берген тұлға.
Қорғаушылардың категорияларына қарамастан, барлықтарының құқықтары бiрдей.
Айырмашылығы iске қорғаушының мiндеттi қатысуы – бұл тек қана адвокаттың мiндетi. Басқа қорғаушылар айыпталушының, басқа тұлғалардың шақыртуымен iске қатысады, бiрақ iске шақыртқанда мiндеттi түрде айыпталушының қорғаушыны шақырту тапсырмасы мен келiсiмi қажет [18, 29 б.].
Барлық қорғаушылардың iшiнде тек қана адвокат өзiне қабылданған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. Басқа қорғаушылар бас тарта алады және бас арту себептерiн, негiздерiне түсiнiк бермеуге құқылы.
Қылмыстық iс бойынша адвокаттың қорғаушы болып қатысуы – кәсiби заңды қызметi және бұл мiндетiн орындаудан бас тартуына құқығы жоқ.
Адвокаттың iске тағайындалып немесе келiсiммен қатысуына қарамастан оның нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын құжат заң консультациясының ордерi [19, 29 б.].
Қазақстан Республикасының 74 бабы 1 бөлiгi негiзiнде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығара алатын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдармен қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуден айырмашылығы қылмыстық iс жүргiзуде мына төменде көрсетiлген негiздерде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының, айыпкердiң, сотталушының өкiлi емес:
— қолданылып жүрген ҚIЖК-сi қорғаушыны сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өкiлi деп қарастырмайды;
— қорғау көп жағдайда тағайындау арқылы жүзеге асады;
— адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ;
— ҚIЖК 71 бабында көрсетiлген жағдайларда сот, прокурор, тергеушi сотталушыға қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
— адвокаттар сотталушының мүдделерiн қорғауды екi жағдайда жүзеге асыруға тура келедi:
- Сотталушы Қазақстан Республикасының тыс жерлерiнде болса және сотқа келуден жалтарған жағдайда;
- Қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы және жүйке ауруына душар болған жағдайда.
Осындай себептерден адвокат айыпталушыға тағылған айыптан айыпталушыны қорғайды, бiрақ өкiлi бола алмайды.
Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше адвокаттың қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр сезiктi мен екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн [20, 30 б.].
— бiр адам, егер сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғауш болуға тыйым салынады.
— кәмелет жасқа толмаған айыпталушы мен қылмыстық iске тартқан кәмелет жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған.
Сезiктiнiң, айыпталушының сотталушының қорғаушыға жүгiну құқығын бұзу, ҚIЖ Заңының елеулi белгiленген тәртiппен жеке өзi немесе қорғаушының көмегiмен жүзеге асыра алады.
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың құққытарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi, сонымен қатар сезiктi, айыпталушының қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етедi.
Қорғаушының қатысуы сезiктi мен айыпталушының құқықтарын шектемейдi.
Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда мiндеттi түрде қатысады:
— қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса;
— сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса;
— сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
— сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;
— адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге ба с бостандығынан айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;
— айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе.
ҚIЖК-нiң 71 бабында көзделген өзге де жағдайларда адвокат қылмыстық iске мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады.
Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы.
Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.
Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат бес күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады.
Қазақстанның қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864 жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi рет алдын ала тергеуге қатысты [21, 31 б.].
Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған, тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.
Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы мынадай бөлiктерден тұрады:
— заңда тыйым салынбаған әдiстер мен құралдарды қолдана отырып айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы;
— сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн адвокаттық көмек алуға құқылы.
— анықтау органдары, тергеушi, прокурор мен сот сезiктiге, айыпталушыға құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.
- ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ АЙЫПТАЛУШЫНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
3.1. Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында
Қылмыстық iс бойынша тапсырманы қабылдағаннан кейiн адвокат өз өкiлеттiгi шеңберiнде дереу iске қатысуы керек.
Себебi, адвокат iске сезiктi ұсталған кезден бастап қатысса процестiң өз пайдасына өрбуiне әсер етедi. Сезiктiнi негiзсiз ұстаған жағдайда тергеу органының бастығына немесе прокурорға шығарылған шешiмнiң заңсыздығына шағымдана алады.
Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы мүмкiн [22, 33 б.].
Қылмыстық iс жүргiзуде, қылмыстық iстi қозғау бiрiншi стадия болып табылады. Бұл стадияда прокурор, тергеу, сот органдары нақты бiр iс бойынша тергеу әрекеттерiн жүргiзу қажеттiгiн, сонымен қатар қылмыстық белгiлерi бар деректер пайда болған жағдайда осы деректер негiзiнде қылмыстық iс жүргiзу органының араласуының қажеттiгiн шешедi.
Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi – қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады.
ҚIЖК 194 бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың санкциясымен) нақты қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, кулерден жауап алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады.
Қылмыстық iс қозғау стадиясына қылмыстық iс жүргiзу стадияларының барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық қатынастар мен әркеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты болған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылаймыз.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi стадияларында қаралады [23, 34б.].
Мемлекет қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгiн Заңда нақты көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғаларға берген. Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қатарына: анықтаушыны,анықтау органын, тергеушiнi, алдын ала тергеу органын, прокурорды жатқызамыз. Қылмыстың белгiлерiн тапқан жағдайда әр орган өз құзыретi шегiнде қылмыстық iстi қозғай алады және кiнәлi тұлғаларға заңда көрсетiлген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
Аталған органдардың қылмыстық iс қозғау стадиясында өкiлеттiктерiнiң ерекшелiктерi бар. Сондықтан да адвокат әр органның қылмыстық iс қозғау стадиясындағы өкiлеттiктерiн бiлуi тиiс.
Қылмыстық iстер тек қана Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қозғай алады, ао егер де өкiлеттiгi жоқ адам iстi қозғаса адвокат прокурорға шешiмнiң заңсыздығын дәлелдеп күшiн жоюды сұрайды.
Қылмыстық iстi қозғауға өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалар мен органдар мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық iстi қозғауға қажет құжаттарды, есептердi әкiмшiлiк комиссияның актiлердi сұратуға құқылы.адвокаттың лауазымды тұлғалардың және органдардың қылмыстық iс қозғау қаулысын тексергендегi мiндетi:
— жiберiлген қателiктерiн табу керек;
— жiберiлген қателiктi тапқаннан кейiн соған сәйкес шешiм шығаруы керек;
— шешiмдi дұрыс орындауы тиiс.
Адвокат қылмыстық iстiң заңды және дәлелдi қозғалғанына ерекше назар аударады. Бұған кәсiптiк бiлiмдiлiгi, өмiрден тәжiрибесi және iстi жүргiзуге еркi, адвокаттық интуициясы көмегiн тигiзедi.
Лауазымды адамдар мен өкiлеттiгi бар органдар қылмыстық iстi Заңды себептер мен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қозғайды.
Қылмыстық iстiң қозғау себебi – прокурор, тергеушi, анықтаушы органдарының қылмыстық болатынын немесе болған қылмыс туралы мәлiметтерiнiң болуы.
Нақты қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
— азаматтардың арызы;
— кiнәсiн мойындап келу;
— мемлекеттiк органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
— бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
— лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.
Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп есептелiнбейдi, себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз болуы қажет.
Қылмыстық iс қозғаудың негiзi – қылмыс белгiлерiнiң бiрiншi тұжырымы болып саналады. Тұжырым белгiленген қайнар көздерге сүйене отырып шығарылуы тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi, лауазымды тұлғалардың қаулылары, анықтамалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс сыбыс, өсек негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген материалдардың заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда қылмыстық iс қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана алады.
Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң барлығын айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу стадиясында тиiстi лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды. Сондықтан да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты қорытындылау үшiн жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi шешедi.
Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты бағалауы тиiс. Бiрақ та бұл сатыда, яғни қылмыстық iстi қозғау сатысында деректер мен мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық iс қозғау сатысында қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес [24, 35 б.].
Қылмыстың iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды тексеру қажет. Түскен арыздар мен хабарламаларға қосымша қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады:
— прокурорға шағымдана алады;
— тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiредi.
Болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ. Қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды тексеру барысында өзi тексеруi тиiс. Тексерiстi кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн тексередi.
3.2. Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда жауап алу барысында адвокаттардың iс әрекетi
Қылмыстық iс қозғалмастан бұрын ҚIЖК 132 бабының тәртiбiнде сезiктiнi ұстағанда ҚIЖК 135 бабына сәйкес жеке тiнту жүргiзiледi.
Сезiк келтiрген адамды ұстау – оның қылмысқа қатыстылығын анықтайды және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылады. Ұстауды жүзеге асыру мақсаты ұсталған адамда қару бар ма, қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайда сақтап қалу үшiн ұстауды жүзеге асырады.
Қазiргi уақытта жедел iздестiру қызметi мойындату және керектi ақпарат алу үшiн азаматтарды ұстау тәсiлiн кеңiнен қолданады. Азаматтарды заңсыз ұстаумен қатар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңсыз тiнтуi де аз кездеспейдi. Соңғы кездерi прокурордан алдын ала санкция алмай-ақ тiнту жүргiзу үрдiсi етек алып барады. Бұлтартпау шараларын қолдану барысында заңдылықтың сақталуын адвокат өте тиянақты қарауы керек. Прокурорлар кей жағдайда қамауға алуға санкция берер де қылмыстық iс материалын жете зерттелмейдi, жинақталған дәлелдемелердi сараламайды, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтердi, қылмыстың ауыр жеңiлдiгiн, жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiн есепке ала бермейдi. Осы жағдайларда адвокат шағымдана алады.
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi [25, 37 б.].
Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғарытұрған прокурорға шағымдана алады.
Адвокат алдын ала тергеу стадиясында айып тағылған не адам сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
Адвокаттың соңғы жағдайда iске қатысуы:
— тұлғаны ұстаған жағдайда (кiнә тағылмаса да)
— тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда.
ҚIЖК 70 бабында көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы керек:
— сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған уақытқа сәйкес белгiленедi;
— сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
— адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса.
Адвокат iске қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74 бабында көрсетiлген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:
— сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.
Адвокат iске қатысқаннан кейiн төмендегiдей қызмет атқарады және бiрқатар құқықтарға ие болады:
— заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлiметтердi жинап ұсынады;
— дәлелдемелердi ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас бұрын оларды белгiлi қайнар көздерден алу қажет, бiрақ та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi;
— ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда көрсетiлген қылмыстық iс жүргiзу өзге де құжаттарымен танысуға құқылы;
— өтiнiм жазады;
— ҚIЖК-нiң 109-110 баптарында көрсетiлген тәртiпте судья шағымдарды қарағанда адвокат қатыса алады;
— қарсылық бiлдiредi; (ҚIЖК-нiң 92, 93-баптары)
— Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымданады;
— Заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
Iске қатысқаннан кейiн адвокат сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы болып көптеген мәлiметтердiң, оқиғаның куәсi ретiнде болады. Қорғау қызметiн атқара отырып осы өзiне мәлiм болған мәлiметтерi бойынша жауапқа тартылмайды.
Адвокат куә ретiнде жауап беруге құқығы жоқ, себебi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 15 бабының 3 тармағында көрсетiлген адвокат көмегiн көрсете отырып өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокат қорғаушы болып қатыса отырып:
— заңда көрсетiлген тергеу әрекеттерiне қатысады. Сонымен қатар жауапқа тартылып отырған тұлғаларға қосымша сұрақ қояды, хаттаманың дұрыстығы мен толықтығына жазбаша ескерту көрсетедi. Тергеушi адвокаттың кейбiр сұрақтарын жауапсыз қалдырады, бiрақ осы әрекетiн хаттамаға енгiзуi тиiс. Адвокаттың сұрақтары ьтек қана мән жағдайды ашуға айыпталдушының айыбын жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңiлдетуге бағытталуы керек.
— iске қатысты, өзiне қажет құжаттарды сұратады;
— тергеушiге өтiнiм, ал алдын ала тергеу әрекеттерiне қадағалау жасайтын прокурор мен судьяға шағымдана алады.
— қылмыстық iспен байланысы бар мамандардан консультация алуға құқылы.
— прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны қамауға алу және мерзiмiн ұзартуға берген санкциясына келiспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. Мұндай шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен жайына байланысты жiбередi.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық iстiң барлық материалдарымен танысуы. Айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-жеке таныса алады. Iстiң барлық құжаттары адвокатқа тiгiлген және нөмiрленген күйiнде берiлуi керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi орындамаған жағдайда, адвокат iстiң құжаттарымен танысудан бас тарта алады. Адвокат пен тергеушiнiң арасында ешқандай келiсiм болмауы керек, себебi әр бет нөмiрленбеген болса iсте басқа материалдар тiркелiп немесе iске тiркелген басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкiн. Сонымен қатар беттердiң нөмiрлерiнiң болмауы адвокаттың өтiнiм жазған кезде нақты қай бетiне келiспейтiндiгiн көрсетiп сiлтеме жасай алады [26, 39 б.].
Адвокат алдын ала тергеу сатысынан бастап қатысса iстiң көптеген құжаттарымен таныс болғандықтан мiндетiн атқаруға жеңiл болады. Егер адвокат келесi сатылардан бастап iске қатысса, ол iстiң барлық құжаттарымен танысуы керек. Iстiң құжаттарымен танысуда белгiлi бiр тәсiлдер белгiленбеген, қорғаушылардың барлғы дерлiк бiрiншiден қылмыстық iс қозғау қаулысымен танысады. Қылмыстық iс қозғау қаулысының уақытын, кiм қозғағаны, қандай қылмыстық белгiлермен қозғалғанын, қандай тұлғаларға қатысты қозғалғанын қарайды, содан кейiн айыпкер ретiнде тану қаулысымен танысады. Қорғаушы iс құжаттарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын болмаса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға, сонын iшiнде техникалық құралдардың көшiрмесiн түсiрiп алуға құқылы.
Адвокат iс бойынша құжаттардың көшiрмелерiн өзiнiң досъесiнде сақтауға тиiс. Досъе мiндеттi түрде iске қорғаушы болып қатысқаннан бастап толтырылуы тиiс [27, 39 б.].
Iстiң құжаттарымен таныса отырып адвокат тергеу және анықтама органдары алдын ала тергеу әрекеттерiнде жiберген қателiктерiне, қылмыстық iс жүргiзу Заңының бұзылғанына көңiл бөлуi тиiс. Заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды және айыптаудың негiзi болып табылмайды. Содан кейiн сот қорғаушының өтiнiмi бойынша дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс құжаттарды алып тастайды.
Iстiң құжаттарымен танысып болып адвокат әр түрлi өтiнiштер бiлдiруге құқылы. Көбiне жазған өтiнiшi қосымша тергеу жүргiзуге берiлген. Мысалы, қосымша жауап алуға, беттестiруге, тергеу экспериментiн жүргiзуге, сараптама тағайындауға байланысты. Қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда қылмыстық iстi қысқарту туралы құжатын сұратып iске тiркеу жөнiнде өтiнiш бiлдiредi. Тергеушiнiң қылмыстық iс бойынша адвокаттық өтiнiш қанағаттандырудан бас тартса, адвокат өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесiн алып үш тәулiктiң iшiнде прокурорға шағымдана алады.
Тергеу iс-әрекеттерiне қатысты адвокаттың өтiнiшi қанағаттандырылса осы өтiнiштi қарастырғанда қатысуға құқылы.
Iстiң барлық құжаттарымен танысқаннан кейiн адвокат айыпталушымен сот процесiнде қорғаушы бол қатыса алатын тұлғалардың тiзiмiн қарастырады. Қорғаушы болып қатыса алатын тұлға дегенiмiзде айыпталушының айыбын жоққа шығаратын мәлiмет бiлетiн адамды айтамыз. Бұл тұлғалардың тiзiмiн адвокат соған сәйкес өтiнiмде көрсетуi қажет.
Адвокат қылмыстық iс құжаттарымен танысқаны туралы қорытындысын белгiлi хаттамада толтырады. Хаттамада танысуға қандай құжаттар ұсынылғаны, қандай өтiнiмдер мәлiмдегенiн және өзге де қандай мәлiмдемелер жасалғанын, сондай-ақ iс бойынша қандай куәлардан жауап алғанын, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмiн қоса тiркелгенiн көрсетедi.
Қамауға алғанда немесе ұсталынған кезде адвокаттың тұлғаға қорғаушы бол қатысқанда ерекше белсендiлiгiн көрсету керек. Себебi тергеушiлер мұндай әрекеттерiн жүргiзгенде көп қателiктер жiбередi.
Айыпталушының қамауда қандай негiзде ұсталғанын адвокат қорғаушы ретiнде тексеруге құқылы. Қылмыстық iс жүргiзу органдарына қылмыстық iс жүргiзу Заңы қоғамға аса қауiптi қылмыскерлердi тез арада қамауда ұстауға құқық берген. Қоғамнан аса қауiптi қылмыскердi бөлiп ұстамаған жағдайда қоғамымыздың тұрғындары орынды ренiш бiлдiредi. Себебi қылмыскер жауаптылықтан заңсыз босатылса қайтадан қылмыстық әрекетке бел бұрады. Ал егер де, кiнәсiз немесе жеңiл дәрежеде қылмыс жасаған тұлғаны тұтқынға алса адвокат өз құзыретi шегiнде, кәсiптiк бiлiктiлiгiн көрсете отырып көмек көрсетуi тиiс.
Адвокат осындай жағдайларда қорғау қызметiн жақсы атқару үшiн тергеу органдарының қанда жағдайда мiндеттi түрде тұтқынға алатынын қандай жағдайда рұқсат етiлетiндiгiн және қандай жағдайда Заңмен тыйым салынатынын мiндеттi түрде бiлуi керек.
ҚIЖК-нiң 130 бабының тәртiбiнде қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана және тек заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасағандығына сезiктiге, айыпталушыға қатысты қолданылады [28, 40 б.].
Мемлекет өзiнiң азаматтарының жеке басына тиiспеушiлiктi қамтамасыз етедi. ҚIЖК-нiң 14 бабының 2 бөлiгiнде көзделген жағдайда ғана соттың не прокурордың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Қылмыстпенн күрес жүргiзуде, құқық тәртiптерiн қорғау мақсатында Заң тұлғаның жеке басына тиiспеушiлiктi кей жағдайда бұзуға тура келедi, сонымен қатар бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкiн. Олар:
— жасалған қылмысқа соттың шығарған үкiмiнiң негiзiнде қылмыстық жаза ретiнде бас бостандығынан айыру;
— әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық кезiнде қысқа мерзiмге қамауға алу;
— бұлтартпау шаралары ретiнде – алдын ала тергеу органдары прокурордың санкциясымен немесе соттың шешiмiмен күзетпен ұстайды.
Қорғауындағы адам қамауға алынған жағдайда адвокаттық қорғау iсiн жүзеге асыру үшiн, бiрден бiр бағыты ол – жоғары тұрған прокурорға бұлтартпау шарасын өзгерту немесе заңсыз деп табу туралы өтiнiш жасайды. Адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдану негiздерне қарсы өтiнгiш жасау үшiн дәлелдi негiздер қажет.
Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер:
— айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынғанда;
— iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасағанда;
— қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырса;
— қамауға алу, үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қолданылады.
Қамауға келiспеген жағдайда қылмыстық iстi жүргiзу органына қарсы төтеп бере алатын бiрқатар аргументтер бар. Мысал:
- Күзетте ұстау кiнәсiздiк презумпциясына қайшы келедi, әр адам оның қылмыс жасағандығы дәлелдегенге дейiн және соттың заңды күшiне енген ұкiмiмен белгiленге дейiн кiнәсiз деп саналады. Айыпталушы кiнәсiз деп саналады, бiрақ бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Айыптаушыны кiм кiнәсiз деп табады? Бұған жауап: мемлекет, қылмыстық жаза құқының субъектiсi ретiнде.
Мемлекет үкiм шығармас бұрын айыпталушыны әлеуметтiк құқықтық және тағы басқа құқықтарынан айырмайды. Адвокат қорғауындағы адамның айыптылығы дәлелденбегенше кiнәсiз деп тануды талап етедi.
Тергеушi мемлекет атынан әрекет жасай отырып айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алады. Мұндай әрекеттi жүзеге асыру себебi айыпталушының кiнәлiлiгiне сенiмдi болу үшін және де алдын ала тергеу әрекеттеріне зиянын тигізіп, бас сауғалап қашып кетпеуі үшін жасайды. Тергеушiнiң өз сенiмдiлiгi жеткiлiксiз, нақты негiздер қажет.
Сонымен қатар адамды кiнәлi деп тануға құқығы жоқ. Сот қана адамды кiнәлi деп таба алады. Сотқа осындай өкiлеттiлiк бере отырып, мемлекет iске қорғаушының араласуына кепiлдiк бередi.
- Қамауға алу – бұл бұлтартпау шарасының ең қатал түрi, күштеп қоғамның бөлiп қамайды. Бөлек ұстау шарты денсаулық талабына сәйкес келмейдi, айыпталушы сырқат (медицина, мекемесiмен сәйкес справка тiркеледi), бөлек отырғаны оның өмiрiне қауiптi (жүрек ауруының болуы т.б.) немесе денсаулығына қауiптi (мұндай қауiптiнiң туындау себептерiн көрсету керек).
- Жоғарыда көрсетiп өткендермен қоса адвокат басқа да деректерге сүйенуi керек. Жеке қарастырсақ: отбасы жағдайы (жақсы отағасы, екi баланың, кәрi ата-ананың қамқоршысы, қорғаушысы); тұрақты тұрғылықты жерiнiң болуы, тұрақты жұмыс орнының болуы (нақты жұмыс орнын мекен жайы мен қызмет түрi). Қамауға алу, қамауға алынғанның отбасы мүшелерiн және туыстарын материалдық және моральдық қиындықтарға соқтырады. Сондықтан да бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолданбас бұрын бұлтартпау шараларының басқа түрлерiн қарастыруы керек.
Практикада қамауға алу бұлтартпау шарасы аса қауiптi қылмыс жасалғанда қолданылады.
Кез келген бұлтартпау шарасын заңға қайшы әрекеттер жасауға бел буған, дәлелдемелердi жоюға әрекеттенген, куә, сарапшыларды қорқытқан айыпталушыға және бостандықта жүрсе тағы қылмыстық әрекеттер жасайды деген күдiк келтiрсе қолданады.
Тәжiрибеде күзетпен ұстау шарасын көбiнесе қылмысты тергеу кезiнде қолданады.
Анықтама тергеу органдарының, прокурордың шығарған бұлтартпау шарасына қамауға алу, мерзiмiн ұзарту шарасына мына тұлғалар шағым бiлдiре алады:
— сезiктi;
— айыпталушы;
— сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы;
— сезiктiнiң, айыпталушының өкiлдерi.
Күзетпен ұстаудың заңдылығын, негiздiлiгiн тексеру үшiн сотқа материалдар жiбередi. Бұл материалдарда:
— қылмыстық iстi қозғау қаулысының көшiрмесi;
— сезiктiнi ұстау хаттамасы;
— айыталушы ретiнде ретiнде тарту қаулысы;
— бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қаулысы;
— тергеушi, прокурор күзетпен ұстаудың заңдылығын, негiздiлiгiн дәлелдеу үшiн тұлғанын жеке басы туралы және басқа да мәлiметтер ұсынылады [29, 43 б.].
Осы бұлтартпау шарасының мерзiмiн ұзартуына шағым жасаған кезде бұлтартпау шарасының мерзiмiн ұзарту туралы қаулының көшiрмесiн де сотқа жiбередi. Күзетпен ұсталынып отырған тұлға және оның қорғаушысы, заңды өкiлi берген шағымдарының дұрыс шешiлуiне әсер ететiн мәлiметтер ұсынуға құқылы. Осындай мақсатта сот қорғаушыдан, заңды өкiлiнен тағы басқа тұлғалардан шағымның шешiлуiне көмегi тиетiн материалдарды сұрата алады.
Сотқа шағым түскеннен кейiн бұлтартпау шарасы ретiнде қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексередi. Судья қылмыстық iзге түсу органынан iстi талап ете отырып, шағым түкен кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей жабық отырыста прокурордың сезiктiге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдануға берген санкциясының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексерудi жеке өзi жүзге асырады. Қылмыстық iзге түсу органы судьяның сұрау салуын алғаннан кейiн бiр тәулiктiң iшiнде оған қылмыстық iстi ұсынуға мiндеттi. Заңдылық пен негiздi тексеру жабық сот отырысында жүргiзiледi және прокурор мiндеттi түрде қатысуы керек. Отырысқа қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлi де қатыса алады, шағымның қаралатын күнi туралы уақытында хабарландырылған кезде олардың дәлелдi себептерсiз келмеуi соттың қарауына кедергi келтiрмейдi. Егер де адвокат басқа сот процесiнде отырса сотқа хат арқылы немесе телефон арқылы шағымды қарауды басқа күнге ауыстыра отырып уақытын белгiлейдi. Ал егер де өз өтiнiшi бойынша белгiленген уақытта адвокат келмесе сот шағымды қарай бередi.
Қажет болған жағдайда судья отырысқа сезiктiнiң, айыпталушының қатысуын қамтамасыз етедi.
Қылмыстық iс бойынша адвокат iс жүргiзуде мiндеттi қатысса, ал сезiктi мен айыпталушы келмеген жағдайда сот тексерiсiне өздерi таңдаған қорғаушының қатысуына өтiнiш жасайды. Осы жағдайда сот тексеруге таңдалған адвокаттың қатысуын қамтамасыз етуi тиiс. Егер де таңдалып алынған қорғаушы ұзақ мерiзiмде (кемiнде бес тәулiк) қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе басында тағайындалған қорғаушыны қайта шақыртуға немесе адвокаттардың кәсiптiлiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы [30, 43 б.].
Қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру барысында қамауда жатқан адамның кiнәлi немесе кiнәсiздiгiн талқыламауы тиiс. Тексерiсте тек қана қамауға алу мен мерзiмiн ұзарту негiздерi қаралады.
Қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге негiздер жоқ болған жағдайда сот iс жүргiзудi, яғни, тексерiс жүргiзудi қысқарту қаулысын шығарады.
Егер де сот отырысына қамауға алу және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн дәлелдейтiн материалдарды ұсынбаған жағдайда, солт бұл бұлтартпау шарасының түрiнiң күшiн жою туралы қаулы шығарады, және қамауда ұсталынған тұлғаны босатады. Судья қамауға алу бұлтартпау шарасының күшiн жоя отырып заңда көрсетiлген басқа да бұлтартпау шарасын қолдана алады.
Сезiктi, айыпталушы, олардың қорғаушысы прокурор санкцияландырған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы, сондай-ақ қамау мерзiмiн ұзарту шарасы жөнiнде шағымы қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда белгiлi бiр адамды нақ iс бойынша нақ сол негiз бойынша алу мерзiмi жаңадан әрбiр ұзартылуы кезiнде шағымның қайталап қаралуға құқыңы бар. Қайталама шағым ҚIЖК-нiң 110 бабында көзделген тәртiппен қаралады.
Шағым жасай отырып адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген күзетпен ұстау негiздерiнiң жоқ екенiн, осы бұлтартпау шарасы Заңсыз қолданылып отырғанын дәлелдеу керек. Күзетке алу шарасы сезiктi, айыпталушы кiнәларын мойындайды деп қолданылмайды. Сезiктi мен айыпталушының кiнәсiнiң мойындауы – бұлтартпау шарасының мақсаты емес. Егер адам көп уақытта қамауда болса, тiптi кiнәлi болмаған жағдайда сот алдында еркiн, сенiмдi болса алмай қалады.
Қазiргi уақытта шетел азаматтарына қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануын, қолданылмауын ерекше қарастырады. Егер де қамауға алу шарасы қолданылмаса азамат өз елiне кетiп қалу қауiпi бар, мұнын салдарынан iс бойынша iс жүргiзу қиынға түседi. Осындай жағдайларда адвокат жұмысы күрделi болады, себебi тергеушiде дәлелдi негiз болады. Мысалы,айыпталушы алдын ала тергеуден және соттан жалтаруы мүмкiн. Осындай негiздер болғандықтан бұлтартпау шарасының қамауға алу шарасын қолданады. Ал адвокаттың мiндетi сезiктiнiң, айыпталушының қашып кетуiне кедергi келтiретiн мән-жайларды көрсетуi тиiс:
— сезiктiнi, айыпталушыны белгiленген жерде тұрғылықты жерлерiне тiркеуге келiсiм берiп отырған жақын туыстарының болуы.
— белгiленген жерде айыпталушының iрi мөлшердегi меншiгiнiң болуы
— жасаған әрекетiнiң қоғамға аса қауiптi дәрежесiнiң болмауы айыпталушының белгiленген территориясында қалуына басқа да себептер әсер етедi.
Заңсыз қамауға алу, билiгiн, өкiлеттiгiн терiс пайдаланып адам, құқықтарын қорлау болып табылады.
Қазiргi уақытта заңсыз қамауға алудан тұлғалар бiрнеше құқықтық актiлермен қорғалады. Құқықтық актiлер: халықаралық және iшкi мемлекеттiк болып бөлiнедi.
Халықаралық актiлерге:
- Адам құқықтары жалпыға бiрдей декларация (1948ж), бұл декларацияда әр адамның құқықтары жөнiнде жеке өмiрiне қол сұғушылық туралы, сонымен қатар заңсыз қамауға алынуға, ұсталынуға немесе қудалануға жол берiлмейтiндiгi белгiленген.
Азаматтық және саяси құқықтар жөнiнде халықаралық Пакт (1966) белгiлеген, әрбiр адам бостандықта өмiр сүруге және жеке өмiрiне қол сұғушылық құқыққа ие. Ешкiм де заңсыз қамауға немесе күзетте үсталынуға жол берiлмейдi.
Iшкi мемлекеттiк актiлерге: Конституция, ҚIЖК жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы тұлғаларды заңсыз қамауға алудан қорғайды. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады.
Бұлтартпау шарасы ретiнде қолданылған қамауға алу шарасына адвокат:
- прокурордың тiзбесi бойынша шағымданады.
- сотқа шағымдана алады.
Прокурордың тiзбегi бойынша шағымдануға қадағалаушы прокурор қамауға алуға санкциясын бергенi жөнiнде шығарған шешiмi жатады. Егер де iстiң мәнi өзгерсе алдында шығарылған шешiмдi қайта қарауды қадағалаушы прокурордан екiншi қайтара жолығып сұрайды.
Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда адвокат басқа өтiнiшiмен жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады. Бұл өтiнiшiнде қандай себептерден қадағалаушы прокурор өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқанын көрсету керек.
Прокурордың тiзбегi бойынша өтiнiш бiлдiруге құқығы бар тұлғалар: сезiктi, айыпталушы, қорғаушы және заңды өкiлдерi.
Адамның ең бiрiншi, басты өтiнiш беру құқы ол – қамауға алу бұлтартпау шарасына және күзетпен ұстау мерзiмiнiң ұзартылуына. Азаматтық және саяси құқықтар жөнiнде халықаралық Пактiге сәйкес қамауға алу және күзетпен ұстау шарасының себептерiнiң бас бостандығынан айырылған тұлғалар сотта осы мәселенi талқылай алады. Сот бұл бұлтартпау шараларының заңды жүргiзiлгенiн тексерiп тексерiске сай қаулы шығарады.
Адвокат бұлтартпау шарасының қамауда ұстау түрiнiң заңсыздығына шағымданғанда қамауда ұстамаудың себептерiн көрсетедi. Мысалы, сезiктiлердiк кәмелетке жасы толмаған балаларының болуы, тұрақты мекен-жайының болуы, оң мiнездемесiн көрсетедi. Сезiктiнiң, айыпталушының жасаған әрекетiнiң ауыр қылмыстарға жатпайтыны және қылмысты бiрiншi рет жасауы, өкiнуi, тергеу органдарына жәрдемдесетiндiгi [31, 46 б.]
Адвокат жазалау шараларын қолдану кезiнде сотқа құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның терiс қылық жасағанға дейiнгi мiнез-құлқын ескертуi тиiс. Сонымен қатар адвокат тағайыналатын жазаның сотталған адам жасаған терiс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкестiгiн қадағалауы тиiс. Егер жазаның мөлшерi сотталушының жасаған әрекетiне сәйкес келмесе адвокат он тәулiктен кешiктiрмей шағым жасауы тиiс. Тексерiлу жүргiзгеннен жаза бiр айдан кешiктiрiлмей тағайындалады. Жаза 24 сағаттың iшiнде, ал ерекше жағдайларда –ол тағайындалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей атқарылады.
Шағымдар ауызша не жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар қорғаушы мен шағымды қабылдап алушы лауазымды тұлға қол қоятын хаттамаға енгiзiледi. Адвокат шағымға қосымша материалдар тiркеуге құқылы. Сезiктi мен айыпталушы қорғаушының берген шағымын қайтарып алуға құқылы. Адвокат анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттық iс-әрекеттерi мен шешiмiне шағымдарды барлық анықтау iсi, алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу барысында бере алады. Адвокат анықтаушының, анықтау органының және анықтауды жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалау жасайтын прокурорға шағымданады. Ал прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiне адвокат жоғары тұрған прокурорға шағымданады.
Прокурор анықтаушы мен тергеушiнiң, анықтау және тергеу органдарының iс-әрекетiне, шешiмдерiне келiп түскен шағымды ол алынған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қарауға мiндеттi. Прокурор адвокаттың қанағаттандырмаған жағдайда, қанағаттангдырудан бас тартқандығы туралы прокурордың хабарлауын алған күннен бастап бiр айдың iшiнде тиiстi прокуратураның орналасқан жерi бойынша аудандық сотқа бере алады.
Осы келiп түскен шағымды он тәулiктiң iшiнде жабық отырыста судья өзi қарайды. Адвокат шағымдану себептерi мен прокурордың заңсыз әрекетiн дәлелдейтiн негiздер, құжаттар iске қатысты материалдар ұсына отырып өзi түсiнiк бередi.
Iс сотта қаралып жатқанда күзетпен ұстау шарасын заңды негiз болған жағдайда сот шығарады. Сонымен қатар үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн күзетпен ұстау шарасын шығаруға құқылы.
Адвокат күзетпен ұстау шарасын шығарғанда, үкiмнiң орындалуының осыған байланыстылығының тексеруi керек, яғни үкiмнiң орындалуына айыпталушының кедергiсi тиетiндiгiн. Егер де айыпталушының кедергiсi тимесе, оған бұлтартпау шарасын қолданбауын қадағалауы тиiс. Мысалы, шығарылған шешiм заңсыз болады, егер үкiмнiң орындалуына айыпталушы емес, объективтi деректер кедергi келтiрсе. Объективтi деректер: ауа райының тиiмдi болмауы, көп мөлшерде қар жауып, сут астқыны болса; соттың және басқа да әкiмшiлiк органдардың толық көлемде жұмысын орындалмауы (канцелярия қызметкерлерiнiң жұмысын дұрыс орындамауы, керектi құжаттарды кiдiрткенде, құжаттарды басқа мекемеге жiберген жағдайда сот орындаушылары құжаттарды жоғалтқан жағдайда).
Мұндай қателiктер әрине тек қана алда ұйымдардың үкiмдi орындау iсiн жақсартады, ал күзетпен ұсталынып отырған сотталушыға өзгерiс болмайды.
Жасы кәмелетке толмағандарға және қарт адамдарға күзетпен ұстау шарасы қолданылмайды. Сонымен қатар адамдарға күзетпен ұстау шарасы, мүгедектерге, ауыр сырқат жағдайында, отбасы жағдайы, аяғы ауыр әйелдерге, нәрестесi бар әйелдерге, жалғыз аналарға, балалары көп ата-аналарға қоданылмайды.
Күзетпен ұстау шарасы мына жағдайларда қолданылады:
— егер де айыптаушының әрекеттерi шындықты айқындауға кедергi келтiрсе;
— басқа тұлғалардың туыстарының, таныстарының, бөтен адамдардың өз бетiнше жасаған әрекеттерi шындықты айқындауға кедергi келтiрсе, онда айыпталушыны күзетпен ұстауға негiз болмайды. Ал егер де туыстары, таныстары бөтен адамдар айыпталушының үркiтуiмен, қорқытуымен шындықтыайқындауға кедергi келтiрсе, онда айыпталушыға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданады. Бұндай жағдайларда адвокат ешқандай әрекет жасай алмайды.
3.3. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы.
Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып қатыса отырып тұлғаға айып заңды негiзде тағылғанына көзi жеткенде осы тағылған айыбына жауаптылығына жеңiлдететiн мән-жайлар қарастырады. Жауаптылығын жеңiлдететiн мән-жайларды табуы тиiс, ерекше белсендiлiк көрсетуi керек. Адвокат iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттейдi.
Адвокат жауаптылықты жеңiлдететiн жағдайларды анықтағанда қылмыстық құқық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сай әрекеттер жасауға құқылы көптеген iстерде сезiктiнiң немесе айыпталушының қылмысты жасағандығы айқын көрiнiп тұрса, адвокат айыбын жоққа шығаратын емес, жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды қарастырып, өз өкiлеттiгi шеңберiнде қызметiн атқарады.
Жеңiлдететiн мән-жағдайлар дәлелдеу пәнiнiң негiзi ретiнде болады. Тәжiрибеде көп кездеседi, әсiресе ҚIЖК 71 бабының негiзiнде адвокаттардың мiндеттi түрде қатысуында, адвокаттар алдын ала тергеуден бастап сотта қорғаушының қорғау сөзiнде де тек қана қорғауындағы адамның шын жүректен өкiнетiндiгiн, тергеу әрекетiне көмегi тиетiндiгiн айтады. Мұндай қорғау сөздерiн қоғамдық қорғаушылар да айтып өте алады, бiрақ та кәсiптi, бiлiмдi, бiлiктi, тәжiрибелi адвокаттарға тек осындай қорғау сөздерiн баяндау ұят.
Бiлiктi, тәжiрибелi, кәсiптi адвокат жеңiлдету әрекеттерiн жүргiзгенде алдын ала тергеу бағытына, шығарған шешiмдерiне тiптi iске толығымен өз пайдасына әсерiн тигiзуi керек. Сонымен қатар адвокаттық тағы да бiр мiндетi айыпталушыны қорғауды жүзеге асыру үшiн тергеушiге, прокурорға, сотқа жазасын жеңiлдетуге дәлелдi негiздердi ұсына отырып сендiру және соған сәйкес шешiм шығарту [32, 48 б.].
Адвокат соттың жаза тағайындап, жазасын жеңiлдететiнiн күтпеуi керек. Айыпталушы деп тапқанда, бұлтартпау шарасын қолданғанда, қорғаушы iс құжаттарымен танысқанда тергеушi айыптау қорытындысын шығарғанда, прокурор бұл қорытындыны бекiткен кезден бастап адвокат айыпталушының жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды қарауы тиiс. Тергеу әрекетi кезiнде iс жүргiзу шешiмдерiне жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiрмесе, соттың айыптау қорытындысын шығарарда жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiре алмайды. Айыптау үкiмiн шығарарда жазасын жеңiлдетуге байланысты деректер ұсынса сотта бұл деректер тексерiлгендiктен жарамсыз болып табылады.
Адвокат жеңiлдету мән-жағдайларын табу мақсатында кез келген қылмыстық iс бойынша дәлелдеу пәнiне араласады. Адвокаттың мiндеттi түрде қадағалайтын жұмысы жеңiлдететiн мән-жағдайлардың нақты ашылуы, iс жүргiзу құжаттарында көрсетiлуi және шығарылған шешiмдерде ескерiлуi тиiс.
Жеңiлдету мән-жағдайларды судья қылмыстық iстер көбейтiп кеткенде, жеке тұлғаның белгiлерiн тексермей жасаған әрекетiнiң ауырлығына мән бергенде, сапасыз немесе бiр жақты айыптау тергеуi болғанда ескерiлуi мүмкiн.
- Қоғамдық саяси көзқарастарға баға береді
- Дәлелдемелерге анализ жасап баға береді
- Қылмыстың алдын алу туралы ұсыныс
- Қылмысқа заңды баға беру
- Айыптаушының жеке мінездемесі
- Жазалау және жазалау мерзімін қысқартуға ұсыныс
- Материалдық шығынын қауіпін ойлау
- Заң күшінде айыптаушыға үкім шешуді ұсыну.
- Қоғамдық жұмысқа баға беру. Әрбір қылмыс оның келіп түскен зардабына, түріне қарамастан реттелуі тиіс. Әрбір қылмыс тек бір адамға ғана зардабын тигізбейді. Ол қоршаған ортаға, мемлекетке және қоғамдық тәртіпке де әсерін тигізеді. Мемлекеттің айыптаушысы қоғамдық қысмысқа баға бергенде ол зардабын, әсерін көрсетеді және заң оған не үшін жазаланғанын айтады. Қоғамдық қылмысқа баға беру үшін қылмыстық іспен байланыста болуы керек.
- Дәлелдемелерге анализ жасап баға беру.
Мемлекеттің айыптаушысының ең ауыр және қиын жұмыстарының бірі — дәлелдемелерге анализ жасау. Сондықтан прокурор дәлелдемелерді әбед іздестіріп сол іске сай екендігіне көзін жеткізіп барып қана қолдану керек. Прокурор істі дәлелдеп жатқан кезде ол өзінің дәлелдемелерін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көрсетіп анализ жасату керек. Өйткені оның айыптау үкімі сол дәлелдемелерімен байланысты болады. Айыптау үкімі күдікке оның негізінде дәлелдемелер құрау тиіс. Кейде тәжірбиеде мемлекеттің айыптаушысы тек куәгерлердің жәбірленушінің, айыптаушының көрсетімдер эксперименттук қорытындысына негізделеді. Бірақ дәлелдемелердің тура екенің көрсетпейді. Соттық дәлелдемелерге баға беру үкім шығару мен прокурордың мемлекеттің атынан айыптауы өздерінің заңи салдары бойынша ерекшеленеді. Прокурор соттың үкім шығару барысында сот рұқсат беретін сұрақтар бойынша өз ойын ғана айтады. Прокурор өз ұстанымы бойынша айыптаушының кінәлі екендігін дәлелдеу барысында өзінің дұрыстығына сенімді болуы керек. Прокурордың айыпталушының кінәлі екендігін дәледеуі ішкі сеніміне байланысты. Осы арқыла мемлекеттің айыптаушының іс жүргізудегі тәуелсіздігі мен өзінің тәуелсіз екенін көрсетеді.
- Қылмыстың алдын алу туралы ұсыныс. Прокурор өзінің дәлелдемелерін ұсынғаннан кейін ендігі жерде ол қылмыстың болуына не итермелегенін көрсетеді. Прокурордың қылмыстың не үшін болғанын, қандай мақсатта жасалғаны туралы талап қойылады. Тәжірибеде көрсетілмейді, мемлекеттің айыптаушысының қылмыстың алдын алу туралы ұсыныстары және жеке соттар бұл туралы талап қоймайды.
- Қылмысқа заңи баға беру. Соттың шығарған үкімі заңи дұрыс бағаға ие болу тиіс. Себебі осы арқылы заңдылықтың керекті шарттары пайда болады. Мемлекеттің айыптаушысы әр кезде қылмыстың қоғамға әкелген зардабын оның қай қылмысқа жататынын, оның кімге әсерін тигізгенін түсіне білуі керек. Сондықтанда мемлекеттін айыптаушысы жоғарғы заңи жетік білетін, логикалық ойлау қабілеті жоғарғы заңды тұлға болуы тиіс.
- Айыталушының жеке мінездемесі. Сот үкім шығарған кезде қылмыскердің жасаған қылмыстың зардабына қарап қана қоймай, ол қылмескердің жеке мінездемесіне де қарау қажет. Сот қылмескердің жеке мінездемесінсіз үкім шығара алмайды. Сондықтан да айыпталушының жеке мінездемесі мемлекеттін айыптаушысында болуы тиіс. Прокурор мемлекеттің айыптаушысы бола тұра, ол айыпталушының мінезін, айыпталушыға байланысты мағлұматтарды білуі тиіс. Прокурор сотта сөз сөйлеген кезде, ол сотқа айыпталушының қандай адам екендігін көрсетеді. Сот осы арқылы дұрыс шешім қабыдайды. Толық және объективті мінездеме сотқа жаза шығаруға әбден көмектеседі.
- Жаза берудің ұсыныстары. Жаза беру бұл мемлекеттің мәжбүрлі түрде сотта тағайындалады. Жаза әділеттілікті орнату үшін басқа қылмыстын алдын алу үшін қажет. Жаза заңды қылмыстық құқықтың заңына сай және сол қылмыстың әкелген зардабына әсеріне негізделуі тиіс. Айыпталушыға тағайындалған жаза оның түзелуіне және басқа қылмыс жасамауына негізделуі тиіс. Жаза тағайындалған кезде, қылмыскердің мінезі, оның қылмысының қоғамға және жеке бір адамға әкелен зардабы, әсері және рақымшылық актісі де ескерілуі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағандарға жаза тағайындалған кезде оның болашақтағы өмірі де ескерілуі тиіс. Өлім жазасы тағайындалған кезде, прокурордың ойы да ескеріледі. Ондай жаза өте ауыр қылмыс жасағанда ғана тағайындалуы мүмкін.
- Айыптаушының кесілген заттай дәлелдемелері арқылы сотта материалдық зардаптардың орынын толтыру мен ауыстыру ұсынысы. Қылмыстың келтірген зардабының көлемі дәлелденгенде мемлекттін айыптаушысы оның орнын толтыру туралы өз ойын білдіре алады. Азаматтардың шағымдарын ескере отыра прокурор оны түсіндіреді. Топпен жасалған қылмысқа прокурор сотқа кімге қандай айыппұл салынатынын жеке-жеке айту керек.
3.4 Айыпталушыны тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі
Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектемейтіндіктен, олардың заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуші, нақты қатаң процессуалдық кепілдіктер керек. Біздің мемлекетте қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына, азаматтың құқықтары мен бостандығын аз шектеу арқылы қол жеткізу көзделген. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Жоғарыда айтып кеткенің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдеріне көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз. Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.
Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараны қолдануда, қылмыстық сот өндірісінің міндеттеріне жету мақсатында, заң нормаларында бекітілген жағдайларда конституциялық құқықтары мен бостандықтары шектеуді рұқсат етеді. Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу барысында, Ахпанов А.М., Петрухин И.Л., Коврига З.Ф., Зинатуллин З.З., Сәрсенбаев П.Е., Төлеубекова Б.Х., сияқты ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, негізгі ойлар тұжырымдалды.
Қоғам әлі қылмыстан арылған жоқ. Сондықтан ол қылмыспен күресетін қымбат мемлекеттік аппаратты ұстауға мәжбүр . Құқық қорғау органдарының қызметіне, куәгерлер, жапа шегушілер, аудармашылар, мамандар, сарапшылар және т.б. ретінде әртүрлі іс-жүргізу рөлдеріне көптеген азаматтар тартылады. Негізінде азаматтарды өндірістік жұмыстан, жеке істерінен, демалысынан қол үздірмеген абзал, бірақ мемлекет осылай істеуге мәжбүр, азаматтардың атсалусынсыз қылмыспен күресу мүмкін емес. Мемлекет азаматтардың қажетті іс-жүргізу міндеттемелерді орындауды талап ете отыра, олармен қылмыспен күресу ауыртпалығын бөліседі. Бұндағы қоғамның қылмыстан бос еместігі, азаматтардың қылмыстық сот жүргізуге қатысудың әлеуметтік қажеттілігінен бос еместігін және соған байланысты болатын ыңғайсыздық пен шығындарды көтеретіндігін көрсетеді. Бірақ бостандықтың танылған қажеттілік екені бесенеден белгілі емес пе?!
Қылмысты түбірімен жою қажеттігін түсінген және өзін қылмыстық – іс жүргізу құқықтық қатынастарының саласына еркін қосқан тұлға мәжбүрлеуді қажет етпей, еркін әрекет жасайды. Көріп отырғанымыздай бостандық пен мәжбүрлеу диалектикалық бірлікте: қылмыспен күресуге әлеуметтік тұлғыда мәжбүрленген адам, нақты іс бойынша қылмыстық соттың іс жүргізуге қатысқан кезде өз өнегелік позициясын таңдау бостандығын сақтай алады. Бұлай қатысу еркін /еркін бостандығы сақталады/ және мәжбүрлеуге /қоғамдық мүдделерге қарама-қарсы еркін жанышталады/ бөлінеді.
Айыпталушылар мен күмәнділер, оларға тағылған қылмысты жасарда ерік бостандығын сақтады, яғни іс-жүргізу сипатындағы мәжбүрлеу шараларын оларға қолдану, олардың белгілі бір мінезді таңдау бостандығының нәтижесі.
Қылмыстық сотты іс-жүргізуге қатысушылардың көпшілігі /айыпталушы мен күмәндіден басқасы/ қылмыстық іс жүргізу құқы нормаларын жүзеге асыру қажеттілігіне сенеді, сондықтан осы нормалардың шаралары көп жағдайда әрекет етпейді, кейбір іс жүргізу әрекетінің барысы тұлғаның негізгі құқықтарын шектеумен байланысты болған жағдайда да мәжбүрлеу қолданылмайды.
Қылмыстық процесте мінез-құлықтың бірнеше түрінің мүмкіндігі бар іс-жүргізу міндеттемесін еркін орындаудан мәжбүрлеуді қолдануға дейін. Бұл мүмкіндіктер ауыспалығы адам жауап беруге куәгер ретінде келерде пайда болады:
1/ іс жөнінде бірдеңе белгілі тұлға өз еркімен, шақырусыз жауап беруге келді /азаматтың оянуы заң шығарушының еркімен үндесіп кетеді/;
2/ адам жауап алуға шақырылды, және еш қисақтамай келді /субъектінің еркі заң шығарушының мүддесіне қайшы емес/;
3/ тұлға жауап алуға шақырылған болатын; бұл шақыру белгілі бір себеппен оған қиын, оғаш көрінді, сондықтан себептер күресін туғызды; бірақ күмән сейіліп, тұлға жауап алуға бару туралы саналы шешім қабылдап, оны еркін түрде орындады;
4/ өткендегі жағдай сияқты жауап алуға шақыру оған қажетсіз болып, себептер арпалысын туғызды, бірақ ол жауап алуға бару қажеттілігі туралы шешіммен аяқталды, бірақ бұл шешім шақыру қағазындағы мәжбүрлеп жеткізу және куәлік беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы қорқыту қысымымен қабылданған болатын яғни еріксіз, мәжбүрлік болады.
5/ тұлға жауап алуға шақырылған болатын, бірақ ол саналы түрде шақыруға келген жоқ, сондықтан күштеп әкелуге мәжбүрлік туды.
Алғашқы үш жағдайда біз іс жүргізу міндеттемесін еркін орындау оқиғасын көрдік, кейде шешім күмәнсіз қабылдана бермейді, ол соңғы екі жағдайда міндеттеме психикалық немесе тәни мәжбүрлеу арқылы жүзеге асады.
Іс-шаралық міндеттемелерді орындау азаматты қызметтік істерінен қол үздіреді, жеке жоспарларына өзгертулер енгізеді ал кейде тұлғаның конституциялық құқын да шектейді. Сондықтан адамның қылмыстық процестік қатысуы туралы ішкі шешімі моралдік шиеленіс жағдайында қабылданады.
Жеке мүдде /отбасы, бос уақыт т.б/ мүддесінің /қылмысты ашу, кінәліні жазалау, кінәсіздердің жапа шегуіне жол бермеу/ біреуін таңдауға тура келеді. Әрине мұндай жағдайларда адамның ішкі шешіміне іс шара міндеттемесін орындаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеудің қолданылатыны әсер етпей қоймайды. Негізінде процесс субъектісінің өз іс-шаралық міндеттемесін еркін құптай отыра орындау оқиғасы мен ол оны жауапкершіліктен қауіптену себепті істеу немесе мүлде істемеу оқиғасын бөліп қарауға болады. Бұл жерде өзінің құндылықтарға деген қатынасынды анықтау керек және олардың біреуін таңдау қажет. Бір адамға әделетті, қажетті, пайдалы болып көрінген басқаға әділетсіз, қажетсіз, пайдасыз боп көрінуі мүмкін. Осыдан бір адаммен құпталатын және басқамен мүлдем қолданбайтын іс шара міндеттемесіне деген қатынас туады.
Алғашқы сәтте түгел қылмыстық процесс мемлекеттік мәжбүрлеудің кең және интенсивті қолданылуы саласын пайда болдырады. Қылмыстық істерді жүргізу жіктелген лауазымды тұлғалар және мемлекет органдары дәлелдеме алу туралы, тінту жүргізу туралы, куәләндіру туралы басқа да іс шара әрекеттерін жүргізу туралы қылмысқа қатысты және оны жасағандар жөнінде мәліметтер алуға бағытталған талаптары арқылы азаматтарға үн қатады.
Қажетті жағдайларда айыптаушыға қатысты алдын ала қамау, қызыметінен шеттету, мүлкіне тыйым салу сияқты шекті шаралар қолданылады. Өзінің іс – шаралық міндеттемелерін бұзған тұлғалар айыпқа тартылады. Кейбір жағдайларда мәжбүрлеу процеске қатысушылардың құқын толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Сот ісін жүргізетін лауазымды тұлғалардың заңсыз және негізсіз іс-әрекеттері мен актілеріне қатысты сол актілерді тоқтату немесе өзгерту, істі тоқтату, кінәсізді ақтау, істі қайтару сияқты механизм жұмыс істейді.
Қылмыстық-іс жүргізу ғылымында қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеуге кейбір тергеулік іс-әрекеттер /алу, тінту, куәландыру, салыстырмалы түрде зерттеу үшін үлгілер алу, тұлғаны медициналық мекемеге жатқызу және т.б.с.с./ толығымен және тұтастай жатады деген пікір қалыптасқан. Әрине бұл іс шаралық әрекеттер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты /тұлғаның дербестігі, хат жазысу құпиясы,тұрғын-жайдың дербестігі, жеке өмірге құқы/. Көптеген жағдайларда көрсетілген шктеулер саналы өзіндік шектеулер болып табылады.
Мысалы, кейбір азаматтардың ұрланған заттарды қайтаруы олар алғанда оның ұрланғанын білмесе де. Көптеген куәгерлер мен жапа шегушілер еркін түрде және саналы түрде өздерін тергеушінің ырқына береді.
Олардың жақын туыстарын күмәндінің, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін кейбір іс-шара әрекеттерін жүргізу осы тұлғаларға тиімді болса, іс-шаралық мәжбүрлеу шараларына жатқызуға болмайды. Мысалы айыпталушы мен олардың туыстары ұрланған затты сенімді жерге тығып қойса, өздерінің үйіне тінту жүгізілгенің қалайды, өйткені ұрланған заттың олардың үйінде болмауы, айыпталушыны ақтайтын дәлел ретінде қаралуы мүмкін.
Сонымен қоса ұстау және із кесу шарасын таңдау айыпталушы мен күмәндіге қатысты мәжбүрлеу шаралары болып табылады. Бұл жерде әңгіме, тұлғаның кінәсін мойындап келуінде, ол өзінің ұсталатының, жазаға тартылатындығын біліп саналы түрде келеді бұған оның қолымен істегенін мойнымен көтеру қағидасы әсер еткен. Мұндай мысалдар өмірде сирек кездеседі.
Екі түсініктің арасын ашып алған жөн: тектік – “қылмыстық процестегі мәжбүрлеу” және түрлік-”қылмыстық – іс жүргізу арқылы мәжбүрлеу” /бұл терминология белгілі бір шекте шартты/. Бірінші түсінік /қылмыстық процестегі мәжбүрлеу/ процесс субъектісіне әсер етудің барлық түрлерін қамтиды, нәтижесінде ол іс жүргізу міндеттемесін өз еркіне қайшы келсе де орындауға мәжбүр. Оған, субъектіге психикалық әсер етудің келесі шаралары қолданылады : а/ іс шаралық /кез келген іс шаралық міндеттемені мәжбүрлеп орындау немесе күштеп әкелу қаупі/; б/ тәртіптік /мысалы, сарапшы сотқа, тергеушіге келіп қортынды жасаудан бас тартса, тәртіптік жазаға ұшырау қаупі/; в/ қылмыстық-құқықтық /мысалы, куәгер мен жапа шегуші жауап берушіден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі/; г/ азаматтық –құқтық /мысалы, соттың қарауға қатысушыдан, сотқа салмақты себепсіз келмегені үшін сот процесін кейінге жылжытуға байланысты туған шығындарды өндіріп алу қаупі/ ; д/ қоғамдық /мысалы, ұятсыз қорғаушынықорғаушылар алқасының жалпы жиналысын салу/.
Сонымен субъектіні онда жатқан іс жүргізу міндеттемесін ояту мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу, құқықтық тәртіпті қорғаудың материалдық-құқықтық құралдармен қоса құқықтық, қоғамдық әсер ету, психикалық қауіп тәни мәжбүрлеу сияқты қылмыстық-іс жүргізу құқығының арнайы құралдарының шегінен шығып кетеді. Осы кең мағынасындағы мәжбүрлеу шаралары кезең кезеңмен /бірінші шара арқылы психикалық қауіп ал егер де ол жеткіліксіз болса, тәни әсер ету/ қолданылады. Олар бір-бірін толықтырады /куәгерді әкелу және бір мезетте оны қылмыстық жауапкершілікке тарту/.
“Қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеудің” қысқа түсінігі сот ісіне қатысушыларға әсер етудің қылмыстық-іс жүргізу мен оны қолданатын мемлекет органдары ие құралдарды ғана қамтиды.
Қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына мәжбүрлеу арқылы қол жеткізу мәселелері ең алдымен мемлекеттік мүддені жүзеге асыруды кепіл ететін көзқарастар тұрғысынан анықталады деген бірқатар көзқарастар бар. Бұл көзқарас құқық шеберінде, өйткені процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қызметтік ролі жазасының болмай қойылмайтындығын тығыз байланысты. Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттіе аппарат күшімен қамтамасыз етілген мәжбүрлеуге анықтама бере отырып көпшілік авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке, материалдық және моральдық шектерді қою арқылы фигуралық немесе психикалық ықпал ету болып табылады.
Бұл анықтамада мәжбүрлеудің басты мақсаты ретінде тек мемлекеттік мүдде ғана табылатыны айқын анықталады. Бірақта бұл анықтамада мәжбүрлеудің мәні толық көрініс таппайды, өйткені оның құқық реттеуші сипаты көлеңкеде қалып қояды. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Мәжбүрлеудің мәнінің бұндай түсініктемесі мәжбүрлеу шарасының мақсаты және құралды тағайындауды біріктіретін ғана мәні, негізгі қасиетін анықтауға мүмкіндік береді. Мақсатты тағайындалуы деп біз мемлекеттік мәжбүрлеу көмегімен шешілетін мақсаттардың жиынтығын түсінеміз. Ал мәжбүрлеудің құралды тағайындалуы, нақты міндеттерге жету мақсаттарындағы арнайы құралдары мен тәсілдері тандау мен пайдалануды сипаттайды.
Процессуалдық әдебиеттерде кейбір авторлар мәжбүрлеудің ұғымын анықтауға басқаша көзқарасты жүзеге асырады.
В.М.Корнуковтың пікірі бойынша, қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу, қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын тиісті орындау мен іс жүргізу қатысушыларымен өз міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге шақырылған, қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған мәжбүрлеу шараларының жиынтығы. Қылмыстық сот өндірісіндегі мәжбүрлеудің түсінігінің ұқсас тұжырымдамасы басқа да авторлардың еңбектерінде қолдану тапқан. З.Д.Енекеев қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасын “мемлекеттік мәжбүрлеудің құралдарының дефинициясы арқылы анықтайды және сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеуді тұлғаның мемлекеттік ұйғарымдарға бағынуы деп сипаттайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, процессуалдық мәжбүрлеудің мәнді ерекшеліктерін ”шаралардың жиынтығын, “құралдардың жиынтығын деген, онымен ұқсас дефинацияларда іздеу нәтижесіз болып табылады. Ол процессуалды мәжбүрлеудің мәнін терең түсінуді қамтамасыз ете алмайды. З.Ф.Коврига ұсынған қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, қылмыстық іс жүргізушілік құралдарда көрініс табатын, мемлекеттік ықпал етудің әдісі ретіндегі анықтамасы қолдауға тұрады. Біздің ойымызға, бұл анықтаманы ең сәттілердің қатарына қосуға мүмкіндік беретін, барлық шарттардың өзінде де, егерде оны кейбір толықтырулар мен түзетулерді жасап қабылдаса, онда ол алдыңғы қатарға шығар еді. Егерде мәжбүрлеуді, оның қызметтік ролі тек қана қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының қайсы біреуіне тек бір ғана ықпал етуге әкеліп тіресе, онда біз оның қолдануының аумағын шындыққа сай келмейтін жасанда түрде маңызды шектейміз. Сондықтан да, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен объективті сипаттайтын, мәжбүрлеу психикалық немесе физикалық ықпал етудің мақсаттарынан басқа, қалыптасып отырған қатынастарды жалпы реттеу мақсаттарына олардың қоғамының бүкіл азаматтарының және бөлек әрқайсысының қызығушылықтары үшін реттеу мақсаттарына қызмет етеді.
Жоғарыда айтып кеткеннің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдерінде көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз.
Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Әңгіме сендіру әдісі туралы жүргізіліп отыр. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.
Оның философиялық тұрғылардағы құқық шектеуші бағыттылығын мәжбүрлеуді, мүмкінділік пен шындылық, еркінділік пен қажеттілік деген анықтамалардың ара байланысы мен ара келісуі арқылы қарастыруға, жеткілікті дәрежеге сәйкес келеді.
Философтар еркінділік пен танылған қажеттілігі негізіндегі, субъектілердің әрекеттерін түсінеді. Егерде қажеттілік әлі танылмаса, онда ол субъектінің ұмтылыстарымен қайшылыққа түседі.
Осы категориялардың ара қатынасы, қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің механизінің ішкі, субъективті жағын бейнелейді. Мүмкіндік пен шындылық категорияларында объективті бастама салынған, оған сәйкес субъектіге мінездің көп деген мүмкінді варианттарының ішінен, бірқатар жағдайларға байланысты, қоғамның, бүкіл объективті табиғи-тарихи үдірістің қызығушылықтарына жауап беретін, бір ғана анықталған түрі ұсынылады. Жағдайлар нақты әлеуметтік жүйені мінездейтін экономикалық, саяси-идеологиялық факторларға тәуелді болады. Мәжбүрлеу шарасының қылмыстық сот өндірісінің саласында кеңтаратылуы. Біріншіден, қылмыстылық сияқты, әлеуметтік құбылыспен белсенді күресінің қажеттілігіне байланысты.
Бұлтартпау шараларын қолданудың мақсаты, негізі және шарттары. Бұлтартпау шаралары-бұл қылмыстық соттың ісжүргізудің мақсатына жетуге бөгет жасайтын күдіктілер мен айыпталушылардың мінезіне мәжбүрлі әсер ету тәсілдері /істің шынайы жағдайын айқындау, заңды дұрыс қолдану, кінәлілерді жазалау мен кінәсіздерді соттауға жол бермеу/.
Бұлтартпау шараларын қолдану азаматтардың жеке бостандықтарын шапшаң шектеумен байланысты, атап айтсақ тұлға дербестігіне құқы, бөгетсіз жүріп тұру және тұру орнын таңдау құқықтары.
Бұлтартпау шаралары заңмен белгіленген негіздерге арқа сүйер және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау арқылы қатаң тәртіпте қолданылуы керек.
Бұлтартпау шараларының өзіндік шағын, ерекше мақсаттары бар:
1/ айыпталушының /күдіктінің/ анықтаудан, алдын ала тергеуден және соттан жасыруына жол бермеу;
2/ айыпталушының /күдіктінің/ ақиқатқа жетуге бөгет болуына жол бермеу;
3/ айыпталушының /күдіктінің/ кейінгі қылмыстық қызметін тоқтату;
4/ үкімді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бірінші мақсатқа жету айыпталушының қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізуді, оның сотпен анықтауға қатысуын, сотталушының сотпен тағайындаған жазаны өтеуін және қылмыспен келген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса әрине айыпталушының тергеу және соттық әрекеттерге қатысуы оған куәлік беру немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жасау міндетін тудырмайтының білген жөн.
Екінші мақсат айыпталушыға куәгерлерді, жапа шегушілерді, мамандарды және әлі қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған тұлғалармен заттай айғақтар мен құжаттарды жасыру мен жалған қылуда астартын келісім жасауына, сатып алуына жол бермеу. Бұл мақсаттың маңыздылығы айыпталушының жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерге жауап бермейтіндігінде.
Үшінші мақсаттың мазмұны ұзаққа созылған қылмысты тоқтату және айыпталушының басқа қылмыстар жасауына тосқауыл қою. Қарастырып отырған шаралардың “із кесушілік” астары бәрінен бұрын осы мақсатта көрінген. Алғашқы екі мақсат /бұлтартпау шараларының мақсаттары/ із кесу мен емес, айыпталушының қажетсіз мінез-құлқын ескерту мен жол бермеуге байланысты. Сондықтан “бұлтартпау шаралары” деген атаудың өзі бар институттың мәнің толық аша алмайды. Із кесу шаралары айыпталушыныңрұқсат етілмегені қызметіне тосқауыл қоюмен ғана айналыспайды сонымен қоса оның жөні түзу мінез-құлығын қамтамасыз етеді.
Бұлтартпау шаралары айыптаушының уақытша бас бостандығынан шектеу немесе айыруды, ал ерекше жағдайларда сезіктінің бас бостандығын шектеу немесе айыруды қарастыратын қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Бұлтартпау шараларын қолдануды процессуалдық негіздері туралы мәселе үлкен тәжірибелік мәнге ие, себебі басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларымен салыстырғанда бұлтартпау шаралары адамның құқығы мен бостандығына тікелей байланысты. Бұлтартпау шараларын негізсіз қолдану азаматтардың бостандықтарын тікелей немесе жанама заңсыз шектеумен байланысты заңдылықты дөрекі бұзу болып табылады.
Бұлтартпау шараларын заңда көрсетілмеген мақсаттарда қолдануға жол берілмейді.
Бұлтартпау шараларын қолданудың негізі дәлелдемелердің жиынтығы болып табылады. Олардың біреуі айыпталушының (сезіктінің) қылмыс жасауын, ал басқалары оның тиісті емес іс-әрекетінің мүмкіндігінің дәрежесін куәландыратын мән-жайларды қалыптастырады.
Нақты адамның қылмыс жасағаны туралы дәлелдеме және оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту бұлтартпау шараларын қолдануға жеткіліксіз. Бұл ереже мынадай жағдайда қолданылмайды: ауыр қылмыстарды жасаған кезде қамауға алу. Бұл жағдайда қамау қылмыстың ауырлығына байланысты қолданылады. Жасалған қылмыстың ауырлығы оның барлық ерекшеліктерін есепке алады, бұлтартпау шараларын қолдану айыпталушының қылмыстық процессті жүргізуші органның шақырылуы бойынша келуі: мүмкіндігін дұрыс шешуге көмектеседі. Тағайындалатын жазаның көлемі мен мәні маңызды, қатаң жаза тағайындаған кезде айыпталушының жауаптылықтан қашуға және жасырынуға мүмкіндігі мол.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамдардың мінез-құлқы жоғарыда талданған бағыттардан басқа көбіне өзіне тән әлеуметтік бағытпен де анықталады. Бұл тұлғаның болмысынан, алына қойған мақсатының ерекшелігінен, тұлғаның мүдделерінен байқалады. Тұлғаның әлеуметті бағыты ең алдымен оның өз әрекетіне деген қатынасын анықтайды. Сондықтан, мұндай субъективті фактор сезіктіден жауап алып отырғанда оның мінез-құлқына да әсер етеді. Мысалы, қоғамға жат бюағыты бар тұлғалардың басқа жол жоқ деп санағанда, жеткілікті дәлелдемелер болғандықтан, одан әрі қарсыласу мағынасыз деп санағанда ғана шын жауап беруге шешім байлайтынын байқауға болады.
Ерекше қауіпті рецидивистер еңбек пен қоғамға теріс көзқараспен қарайды және өздерінің қылмыстық өмірін оң мінез-құлық деп санайды. Олардың сот және тергеу органдарымен қарым-қатынас жасауда едәуір тәжірибелері бар. Мәселен, жолы болмай қалған жағдайда не істейтінін қылмыс жасар алдыннда ойланып алады. Мұндай тұлғалар жауап алу барысында ақиқатты анықтауға бағытталған тергеушінің әрекетіне едәуір қарсылық көрсетеді. Егер белгілі бір жағдайда ақиқатты айту тиімді деп санаса, кейде қылмысын мойындап, жауап беруі де мүмкін.
Айыптаушының уақытша бас бостандығынан шектеу немесе айыруды, ал ерекше жағдайларда сезіктінің бас бостандығын шектеу немесе айыруды қарастыратын қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Бұлтартпау шараларын қолдануды процессуалдық негіздері туралы мәселе үлкен тәжірибелік мәнге ие, себебі басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларымен салыстырғанда бұлтартпау шаралары адамның құқығы мен бостандығына тікелей байланысты. Бұлтартпау шараларын негізсіз қолдану азаматтардың бостандықтарын тікелей немесе жанама заңсыз шектеумен байланысты заңдылықты дөрекі бұзу болып табылады.
Бұлтартпау шараларын заңда көрсетілмеген мақсаттарда қолдануға жол берілмейді.
Бұлтартпау шараларын қолданудың негізі дәлелдемелердің жиынтығы болып табылады. Олардың біреуі айыпталушының (сезіктінің) қылмыс жасауын, ал басқалары оның тиісті емес іс-әрекетінің мүмкіндігінің дәрежесін куәландыратын мән-жайларды қалыптастырады.
Нақты адамның қылмыс жасағаны туралы дәлелдеме және оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту бұлтартпау шараларын қолдануға жеткіліксіз. Бұл ереже мынадай жағдайда қолданылмайды: ауыр қылмыстарды жасаған кезде қамауға алу. Бұл жағдайда қамау қылмыстың ауырлығына байланысты қолданылады. Жасалған қылмыстың ауырлығы оның барлық ерекшеліктерін есепке алады, бұлтартпау шараларын қолдану айыпталушының қылмыстық процессті жүргізуші органның шақырылуы бойынша келуі: мүмкіндігін дұрыс шешуге көмектеседі. Тағайындалатын жазаның көлемі мен мәні маңызды, қатаң жаза тағайындаған кезде айыпталушының жауаптылықтан қашуға және жасырынуға мүмкіндігі мол.
Ал қоғамға тұрақты түрде жат бағыты жоқ қылмыскер өзін басқаша ұстайды. Ол алдын ала қылмысқа әзірленбейді, көбіне кездейсо жағдайдың жәнк күйзелістің әсерінен қоғамға жат қылық (қылмыс) жасайды. Жауап алу барысында ол жасағанын мойындайды, өйткені, қылмыстық мінез-құлық оның өмірлік болмысына қайшы келеді, жазадан да қорқады.
Қорыта келгенде, жауап алынатын адамның жеке тұлғасын зерттеудің мақсаты толық және объективті жауап алу үшін қолданылатын ең тиімді деген тактикалық тәсілдерді таңдау арқылы қылмыскердің тұлғасы туралы ақпараттар алу болып табылады. жеке тұлғаның көзқарасын, мүдделерін, қажеттіліктерін, құнды бағыттарын, мінездемелік, ерікті және эмоционалды ерекшеліктері мен қасиеттерін білу оның мінез-құлқына криминалистік баға беруге септігін тигізеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30-тамызда респубикалық референдумда қабылданған (21.05.2007 жылы енгiзiлген өзгерiстермен толықтырулар). Алматы:2007ж.
- ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылғы 13 желтоқсан. 2000 жылғы 5 мамырда өзгертулермен толықтырулар енгіщілген. Алматы: Жеті жарғы. 2000.
- Бахин В.П., Когамов М.Ч., Карпов Н.С. Допрос на предварительном следствии. Алматы: өркениет, 1992, 8-бет.
- Савицкий Б.М. Запрет привлекать к ответственности даважды за одно и то же преступление // Актуальные проблемы сответского уголовного процесса. Свердловск, 1987, 27-30-беттер.
- Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жалпы бөлім). Алматы, Жеті жарғы. 2000
- Төлеубекова Б.Қ. Қапсәләмов Қ.Ж., Шынарбаев Б.Қ., Бекішов Д.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы (Ерекше бөлім). Алматы: Дәнекер, 2002.
- Уголовный процесс: Учебник для студентов юридических вузов и факультетов /Под ред. К.Ф. Гуценко. Изд. з-е, перераб. Идоп. М.: Зерцало, 1998, 234-бет.
- Философский энциклопедический словарь. М., 1983. Стр.173
- Химичева Г.П. Рассмотрение милицией заявлений и сообщений о преступлении. М.: ЮИ МВД РФ, 1997, 27-бет.
- Арсентьев О.В. Адвокатура. Адвокат в уголовном игражданском процессах .г.Костанай.1998.
- Тыныбеков С.Т. Организационные формы и деятельность адвокатуры в РК Казахстан.Алматы. Казах университетi.1997.
- Стецовский Ю.В. Советская адвокатура .Учебная пособия для вузов. М.Высшая школа.1989.
- Жәмиева.Р. Қайыржанов.Е. Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi. Заң журналы.2/2001.
- Сборник законодательных и нормативных актов,регулирующих деятельность адвокатов. Алма-Ата.1981.
- Бусленко.Н.И. Досъе адвоката. Ростов на Дону. 1996.
- Пакт ООН Основные положение о роли адвокатов. /Международный адвокат,№4.1992./
- Булгакбаев А.Б. Советская адвокатура. Алма-Ата.1982.
- ҚР ҚIЖК 13 .12.1997.
- Адвокатура в странах СНГ. Материалы съезда адвокатов,состоявшегося в Минске 19 апреля 1994 г. Ч.Адвокат. 1995.№ 8-9.
- Арсентьев.О.В. Адвокат в уголовном и гражданском процессах.г.Костанай.1998.
- Гаврилов.С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.1996.
- Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесi мен судьялардың мәртебесi туралы» Конституциялық заңы.
- Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заң күшi бар Жарлығы. 1995ж. 21-желтоқсанда қабылданған (1997ж. 2-шiлдедегi №266-I, 1999ж. 7-сәуiрдегi №374-I, 1999ж. 23-шiлдедегi №454-I, 2000ж. 29-наурыздағы №24-II, 2000ж. 5-мамырдағы №48-II ҚР Заңдарымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар).
- ҚР «Ішкі істер органдары туралы» Заңы. 1998.
- Словарь основных уголовно-процессуальных понятий и терминов. Караганда, 1992. Стр.27