АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекет

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекет

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..

 

1-тарау Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекет тәртібі

       1.1.  Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері………………………

        1.2.  Қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдеу құралдары …………..

       1.3.  Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдері………………………..

 

2-тарау Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты

      2.1.  Қылмыстық процесстің алғашқы сатысының түсірігі және мәні…

      2.2.  Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздірімен себептері………….

      2.3.  Қылмыстық істі қозғауды туындатпайтын жағдайлар……………….

 

3-тарау   Қылмыстық   істі   қозғаудың   заңдылығы   мен   негізділігін қамтамасыз ету

       2.1.  Қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды қарау және шешуге ведомстволық бақылау…………………………………………………………………………

       2.2.  Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау…….

       2.3.  Заңдылықты қамтамасыз етуге соттың ролі……………………………..

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………..

Қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі…………………..

 

 

Кіріспе

 

         Қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізу заңында 2-түрлі мағынада  қаралады.

         Біріншіден, қылмыстық істі қозғау қылмыстық процестің алғашқы сатысы болып табылады, мұнда қылмыстық ізге түсу органы қылмыс жөніндегі арыздарды (хабарларды) қарайды, қылмыстық істі қозғау жөніндегі шешімді қабылдайды, оны ары қарайғы өндіріс үшін жібереді немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тартады.

         Екіншіден, қылмыстық істі қозғау – көрсетілген сатының қорытындысы бойынша қылмыстық іс бойынша өндірістің бастауы жөніндегі қылмыстық ізге түсу органының шешімі.

         Тақырыптың өзектілігі.

         Қылмыстық істі қозғау қылмыстық ізге түсудің басталуын білдіреді. Бұл сатыдағы іс-әрекеттің сәттілігінен Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген қылмыстық процестің белгіленуі жүзеге асырылады, яғни қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

         Қылмыстық сот өндірісі органдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін көтеру қылмыстық процестің алғашқы сатысында жеке тұлғаның процессуалды кепілдігін күшейту мәселелері көптеген процессуалист-ғалымдардың зерттеулерінде елеулі орын алады. Көп уақытқа дейін қылмыстық сот өндірісінің алғашқы сатысындағы іс-әрекеттердің нақты қылмыстық-процессуалды регламентациясы берілмейді.

         Берілген әрекет азаматтардың жеке құқықтары мен заңды мүдделер аумағына мемлекеттің қылмыстық-процессуалды араласуының алғашқы қадамы болып табылады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленген мемлекеттің міндеті болып табылады, сондықтан бұл кезеңде қатаң заң шектеулерін белгілеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

         Әлі де осы қылмыстық процестің алғашқы сатысында адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан негізсіз және заңсыз бас тарту жағдайлары ұлғаюда. Мұның бірнеше себебі бар. Яғни, қылмыс жөніндегі алғашқы мәліметтерге уақытылы назар аудармау, қылмыс жөніндегі мәліметтер бойынша алдын ала тексерулердің сапасыз ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіби дайындығының төмен болуы.

         Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздері:

         Қылмыстық істі қозғау сатысының мәселелері көптеген процессуалист-ғалымдардың зерттеулерінен орын алды. Атап айтқанда, Ю.Н. Белозеров,  Марфицин П.Г.  Галустян О.А. “Проблемы обоспечения законности при возбуждении и отказе в возбуждении уголовных дел органами дознания и предварительного следствия ” (1997); Григорьев В.Н. “Задержание подозреваемого” (1999); Давлетов А.А. “Возбуждение уголовного дела” (1994); Фаткуллин Ф.Н. “Возбуждение уголовного дела” (1961); Николюк В.В. “Стадия возбуждения уголовного дела ” (1995); Тетерин Б.С. “Возбуждение уголовных дел”, Шуруханов Н.Г. “Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру” (1998) және т.б.

         Бұл дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым төмендегідей:

  1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігін, мәнін ашу;
  2. Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер тәртібін көрсету;
  3. Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасызету жағдайларын көрсету.

Осы белгіленген мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді белгіледім:

  1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігін беру;
  2. Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздері мен себептерін көрсету;
  3. Қылмыстық істі қозғауды туындатпайтын жағдайларды көрсету;
  4. Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілерін көрсету;
  5. Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдерін көрсету;
  6. Қылмыстық істі қозғау сатысының заңдылығына прокурорлық қадағалау жүргізілу тәтібін көрсету;
  7. Заңдылықты қамтамасыз етуде соттың ролін көрсету.

Дипломдық жұмыс құрылымына келсек: ол кіріспеден, үш тараудан, әрбір тарау бірнеше параграфтан, қорытындыдан және қолданылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиет тізімінен тұрады.

         Бірінші тарауда қылмыстық процестің алғашқы сатысына түсінік беріледі, екінші тарауда қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері, бұл сатыдағы дәлелдеу құралдары және осы сатыдағы процессуалды мерзімдер жөнінде түсінік беріледі, ал үшінші тарауда қылмыстық істі қозғау сатысына жүргізілетін ведомстволық бақылау, прокурорлық қадағалау, соттық бақылау түсінігі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – тарау. Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс — әрекет тәртібі                                 

 

  • Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері.

 

     Осы сатыдағы ең кемінде бір ісжүргізу құқығы бар немесе іс жүргізу міндеті бар Қылмыстық жүргізу теориясында ұзақ уақыт бойы субъкт және қылмыстық жүргізуге қатысушы деген ұғымның ара – қатынастық байланысы, пікірлері айтылды.

     Қылмыстық іс қозғау сатысындагы қатынасу субъектілері : 

  • прокурор
  • анықтау органы
  • анықтау органы бөлімінің басшысы
  • анықтаушы
  • тергеу бөлімінің бастығы
  • тергеуші
  • судья
  • арызданушы
  • кінәсін мойындаушы
  • бұқаралық ақпарат құраодарының бас редакторы
  • коммерция немесе коммерция емес ұцымдардың басшысы
  • қылмыстық істі қозғау шешіміне қатысты тұлға.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 84 бабына сәйкес анықтау мен алдын – ала тергеу сот пен прокурордан бөлінген және арнайы органдармен жүзеге асырылады [1; 15].

 Бірақ әрекет етуші заңдылық бойынша сот пен прокурордың бастауымен де қылмыстық іс қозғалады.

       Жеке және жеке айыптау қылмыстық істерді қозғауға қатысты заң жәбірленуші, оның жақын туысқандары мен оның өкілдері жөнінде көрсетеді. Жеке айыптау тәртібінде қозғалатын істер бойынша арызды берген тұлғаға қатысты субъект іс әрекет етеді. Сондай–ақ арнаулы субъектілердің жеткілікті тізімі қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен берілген, бұл тұлғаларға қатыстық қылмыстық істердің ерекше тәртібі белгіленген

(судья, адвокат, адам құқығы жөніндегі өкілетті тұлға және т.б.)

        Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері болып маман, куәгер, аудармашы, жауап беруші материалдар сұралатын және талап ететін тұлға. Маман және куәгер қылмыстық істі қозғау сатысының субъектісі болып табылады, егер алдын ала тексеру кезінде оқиға болған жерді қарау жүргізілсе.

        Қылмыстық істі қозғағанға дейін заңгер куәландыру және сараптама тағайындауөндіәрістерін жүргізуге мүмкіндік бергендіктен, берілген кезеңдегі процесс қатысушысы және берілген тергеу әрекеттерінің қатысушысы болып : куәландырушы, дәрігер, өзге маман, сараптамамекемесінің жетекшісі және сарапшы болып табылады. Мұндай жағдайларда берілген тергеу әрекеттерініңқатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің қандай да бір ерекшеліктері болмайды.

         Қылмыстық істі қозғау счатысының барлық субъектілерін былайша жеткізуге болады:

  • қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық процесті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар
  • қылмыстық істі қозғау сатысының белгілі бір шешімдерінен және қылмыс жөніндегі хабарларды тексеру нәтижесіне мүдделі тұлғалар және олардың өкілдері
  • қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдемелік іс — әрекетті қамтамасыз етуге қызмет ететін өзге де субъектілер (куәгер, маман, аудармашы және басқалар).

   Қылмыстық істі қозғау сатысындағы іс — әрекетті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мыналарды жатқызамыз :

  • анықтау органы. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына : заңмен

белгіленген күзіретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қодану.

  Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру әрекеттерін орындау

  Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау

  • мыналар анықтау органдары болып табылады :
  • ішкі істер органдары;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары;
  • сотты құрметтеу және сот шешімдерінің атқарылу тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша — әділет органдары;
  • қаржы полициясы органдары;
  • контробанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша – кеден органдары;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарда өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша — әскери полиция органдары;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы істер бойынша, сондай – ақ Қазқстан Республикасының контининтальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша – шекара бөлімдерінің командирлері;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріеде Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты әскери қызметшілер, сондай – ақ олар әскери жиындар өткеру кезіндегі запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланыстынемесе осы бөлімдердің құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасалған қылмыстары туралы істер бойынша — әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командірлері, әскери мекемелер және гарнизондардың бастықтары;
  • өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдерінің, консульдық мекемелерінің және өкілетті өкілдерінің басшылары;
  • өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен басшылары;

      Анықтау органдары қылмыстық істі қозғау сатысында мынадай өкілеттілікке ие болады :

  • кез – келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс жөніндегі хабарларды қабылдау және тексеру;
  • қққылмыс жөніндегі хабарларды қабылдау туралы құжатты хабарлаған тұлғаға беру;
  • қққылмыс іздерін сақтауға және бекітуге байланысты процесуалды әрекеттерді жүзеге асыру;
  • қажетті материалдарды талап ету;
  • қылмыс жөніндегі хабарларды тексеру нәтижесі бойынша процесуалды шешімдерді қабылдау;
  • қылмыс жөніндегі хабарларды тексеру үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу.
  • Анықтау органдарының лауазымды тұлғаларына анықтау органдарының бастығы және анықтау жүргізуші жатады. Анықтау органының бастығы анықтау жүргізушіге анықтау өндірісін табыстауды өкілетті және іс жүргізу заңымен жекелеген процесуалды өкілеттілікке ие болатын анықтау органының лауазымды тұлғасы болып табылады. Анықтаушы – анықтау нысанында алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті анықтау органының лауазымды тұлғасы болып табылады.

           Анықтаушы қылмыстық істі қозғау сатысында мүмкін болатын тергеу және өзге де    процесуалды әрекеттерді дербес түрде жүргізуге құқықты.

      4)Тергеуші — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеудіжүзеге асыруға өкілеттілік берілген лауазымды адам. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және заңмен белгіленген барлық қызметтерді орындауға құқылы. Тергеуші алдын ала тергелуі міндетті істер бойынша анықтау органдарының қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындауын күтпей – ақ істі кез келген сәтте іс жүргізуге қабылдауға және оны тергеуге кірісуге құқылы.

      5) Тергеу бөлімінің бастығы – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзіреті шегінде іс — әрекет жасайтын оның орынбасарлары. Тергеу бөлімінің бастығы тергеу ісін жүргізуді тергеушіге тапсырады, олардың қылмыстық істер бойынша дер кезінде іс — әрекет жасауына процессуалды мерзімдердің сақталуына, іс бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізіді. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алуға және тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, жеке дара алдын ала тергеу жүргізуге құқылы.

      6) Прокурор — өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай – ақ  қылмыстық процесстің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға [2; 56]. Прокурор қылмыстық істі қозғау сатысында мынандай әрекеттерді жүргізеді :

       — қылмыс жөнінде хабарларды қабылдау, тіркеу және шешу жөніндегі заң талаптарының орындалуын тексереді және жасалған қылмыс жөніндегі қажетті материалдарды анықтау органдарына, тергеушілерден талап етеді;

       — тергеушінің немесе анықтаушының заңсыз немесе негізсіз қаулыларын бұзады;

       — тергеушіге немесе анықтаушыға қылмыстық істі қозғауға немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға келісімін береді;

       — қылмыстық істерді қозғайды немесе қозғаудан бас тартады;

       — белгілі бір процессуалды әрекеттер өндірісі жөнінде нұсқаулар береді;

       — қылмыс жөніндегі хабарларды тексеруші лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне түсірілген шағымдарды шешеді;

       — қылмыс жөніндегі арыздарды тексеру мерзімін ұзартады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қылмыстық істі қозғау сатысындағы дәлелдеу құралдары.

 

     Қылмыстық істі қозғау сатысындағы әрекет қылмыстық процессуалды дәлелдеудің формасы болып табылады яғни бұл сатыда дәлелдемелер жиналады. Дәлелдемелерді материалдарды талап ету, түсініктемелерді алу тәсілдері арқылы жинайды. Ерекше жағдайларда, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық істі қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарау жүргізіледі.

    Қылмыстық істі қозғау сатысындағы дәлелдеу құралының түсінігі қылмыстық процесс теориясында берілген.

    Кейбір прцессуалитер осы сатыдағы дәлелдеу құралы деп дәлелдемелердің өзін көрсетеді [1; 26].

    Ал басқа процессуалистердің пікірі бойынша бұл сатыдағы дәлелдеу құралдары дәлелдемелерді алу тәсілдеріне келіп саяды деп көрсетеді [2; 5].

    Қылмыстық процесстегі «дәлелдеу құралдары» термині көп жақты ұғымды белгілеу үшін қолданылуы қажет. «Құрал» сөзі қабылдау, тәсіл, құрал – жабдықтар деген ұғымдарды білдіреді,  яғни дәлелдеу құралы болып анықтау органының тергеушісімен, прокурормен және сотпен берілген мәліметтерді іс — әрекет жүргізу барысында алатын және пайдаланатын қандай да бір тәсілдері және формалары болып табылады.

    Азаматтардан және лауазымды тұлғалардан алынған түсініктемелердің дәлелдемелік мәні жөніндегі мәселе ерекше назар аудартқызатын жағдай болып табылады. Көптеген заң әдебиеттерінде бұл мәселе теріске шығарылды немесе оларға күмән келтірілді. Түсініктемелердің дәлелдемелік мәнін теріске шығаруды мынамен байланыстырады : олар жалған мәлімет хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертусіз алынған және шынайылық талабына сәйкес емес деп көрсетеді. Алайда, шынайылық дәлелдемелерді пайдаланудың маңызды шарты болғанымен, белгілі бір қайнар көзде, дәлелдемелерде бар мәліметтерді тану үшін міндетті болып табылмайды [2; 44].

Жекеленген процессуалистер былай деп көрсетеді: дәлелдемелердің шынайылығын анықтау үшін оны басқа дәлелдемелердің жиынтығында анализдеу қажет, ал бұл үшін берілген мәліметтерді сәйкес тексеруге, анализдеуге дейін дәлелдеме ретінде жіберу қажет [4; 86].

    Сонымен түсініктемелердегі берілген мәліметтерді кейін тексеру олардың дәлелдемелік мәнін растайды.

    Кейбір жағдайларда қылмыстық істі қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарау жүргізілуі мүмкін. Бұл өндіріс нәтижесінде алынған фактілер жөніндегі мәліметтер дәлелдемелер болып табылады, және бұның қайнар көзі оқиға болған жерді қарау хаттамасы болып табылады. Қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыны қабылдағаннан кейін, бірақ мұндай қозғауға прокурормен келісім бергенге дейін куәландыру және сараптама тағайындалуы мүмкін. Бұл дәлелдемелердің қайнар көзі куәландыру хаттамасы және сараптама қорытындысы болып табылады.

    Қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдемелерді жинаудың тағы бір тәсілі ретінде қылмыстық іс жүргізу заңдылығы сезіктімен, айыпталушымен, жәбірленушімен, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен және олардың өкілдерімен қылмыстық іске тіркеу үшін жазбаша құжаттарды және заттарды ұсынуды көрсетеді [5;89].

    Практика жүзінде өкілетті органдар қажетті құжаттар мен заттарды алып қою әрекетімен кездеседі. Әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңы алып қоюды дербес процессуалды әрекет ретінде көрсетпейді, тек оның өндірісі мынандай тергеу әрекеттерінің нәтижесінде болатындығын көрсетеді:

    -тінту

    -алу

    -қарау

    -куәландыру

    -салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді алу

    -мүлікке тиым салу.

    Заттарды және құжаттарды алып қою мүлдем рәсімделмеуі мүмкін немесе әкімшілік тәртіпте алып қою хаттамаларымен рәсімделуі мүмкін.

    Заң әдебиеттерінде қылмыстық іс қозғалғанға дейін автотехникалық және сот-медициналық сараптамаларын жүргізу жөніндегі пікірлер білдірілуде [29; 56-59].

    Бұл пікірлердің негізгі аргументі ретінде былай көрсетіледі: қылмыстық іс қозғалғанға дейін тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттілігі маңызды дәлелдемелік мәліметтерді алуға мүмкіндік береді және қолайсыз жағдайлар туындаған жағдайда бұл дәләлдемелік мәліметтерді жоғалтып алуы мүмкін.

     Алайда, сараптаманың тағайындау және жүргізуде, сондай-ақ оның нәтижесін бағалауда бірқатар процессуалды әрекеттердің жүргізілетінн ұмытпау қажет. Сараптаманы тағайындаушы лауазымды тұлға мынандай іс-әрекеттерді жүргізеді:

    — бұл жөнінде сәйкес қаулы қабылдайды;

    — сарапшыны жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді;

    — қажетті жағдайларда одан жауап алады.

    Қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыны қабылдағанға дейін сараптама жүргізу мүмкіндігінің болмауы басқа нысанда арнаулы зерттеулер жүргізу қажеттігін жоққа шығармайды.

    Мысалы, дене жарақаттарын келтірумен байланысты қылмыстар жөніндегі арыздар бойынша қылмыстық істерді қозғау жөніндегі мәселені шешу барысында соттық-медициналық куәландыру жүргізу қажет. Бұл зерттеу барысында, сәйкес лауазымды тұлғаның бағыты негізінде дәрігер дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі, сипаты жөнінде анықтамасын береді. Бұл анықтама қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдемелік мәнге ие болады, әдетте бұны өзге құжаттарға жатқызады.

    Іс бойынша өндірісті жүргізуші лауазымды тұлғалар ревизияларды және құжатты тексерулерді жүргізуді талап ете алады. Қылмыстық іс жүргізу заңдылығында ревизия және тексеру актілері дәлелдемелердің жеке дара қайнар көзі ретінде көрсетілген.

    Жоғарыда айтылған жағдайларды қорытындылай келе мынаны көрсетуге болады: өкінішке орай, әрекет етуші қылмыстық процессуалды заң қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстар жөніндегі арыздарды тексерудің құқықтық негіздерін көрсетпейді, ал бұл тексеруді тиімді жүргізуді және мұндай әрекетке қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірместен жүргізуді қиындатады. Сонымен қатар қылмыстық істі қозғау сатысында тергеу әрекеттерінің есебінен дәлелдеу құралдарын кеңейту қажет.

1.3. Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдері.

 

    Қылмыстық істі қозғау сатысының маңызды қылмыстық процессуалды шарттарының бірі берілген сатыда дер кезінде шешімдерді қабылдау болып табылады [30; 27].

    Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыс жөніндегі хабарлар бойынша ол хабарды алған күннен бастап үш тәуліктен аспайтын мершімнің ішінде шешім қабалдауға міндетті.

    Алайда, қылмыс жөніндегі хабарларды шешу мерзімі бұзылуда. Бұл мерзімдердің бұзылуына ең алдымен қылмыстық іс жүргізу заңының 184 бабының сәтсіздігі ықпал етеді:

1) Мұнда қылмыс жөніндегі хабарлардың тексеру мерзімінің өзгеруіне қандай жағдайлардың ықпал ететіндігін және қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды 10 тәулікке дейін қарауға берілетіндігі қандай жағдайларда екендігі көрсетілмеген.

2) Жоғарыда көрсетілген мерзімдердің нақты қай кезеңнен бастап есептеу қажеттілігі көрсетілмеген.

    Берілген нормаға анализ бере отырып мынандай қорытындыға келуге болады: қылмыс жөніндегі арыздарды қараудың үш тәулік мерзімі жеткілікті болып табылады, өйткені бұл сатыда қылмыс белгілерін көрсететін және қылмыс бойынша өндірісті туындатпайтын негіздердің болмауын көрсететін жеткілікті мәліметтер жиналады. Ал логика тұрғысынан алатын болсақ жоғарыда көрсетілген нормадағы 10 күндік мерзім қосымша материалдар жинау үшін белгіленген.

    Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімін есептеу өкілетті мемлекеттік органға немесе оның лауазымды тұлғасына қылмыстық істі қозғауға негіз болатын себептердің түсуінен басталады [31; 12].

    Қылмыстық процесстің алғашқы сатысының мерзімінің бұзылуының тағы бір себебі, осы кезеңде анықталуға жататын жағдайларды дұрыс көрсетпей және осы жағдайларды зерттеудің қажетті шегін белгілемеу. Көпшілігі осы сатыда қылмыстық процесстің келесі сатысына қатысты мәселелерді шешуге тырысады [32; 92].

    Берілген сатыдағы мерзімнің бұзылуының келесі себебі қылмыс жөніндегі хабарларды заңмен белгіленген мерзімде тексерудің практика жүзінде мүмкіндігінің болмауы.

    Бұл әсіресе экономикалық іс-әрекет аумағындағы қылмыстар жөніндегі алғашқы материалдарға қатысты. Бұл хабарлар бойынша заңды және негізгі шешім қабылдау үшін ревизия немесе құжатты тексеруге талап етеді. Ал бұл әрекеттер және аумақты болғандықтан оған ұзақ мерзім қажет. Мұндай жағдайда қылмыс жөніндегі хабарды тексеруші тұлға бірқатар қиындықтарға тап болады, Мерзім жөніндегі заң талабын бұза отырып тексеруді жүргізеді немесе жеткілікті негіздері болмаса да қылмыстық істі қозғау жөніндегі шешімін қабылдайды.

    Көрсетілген жағдайлар сөзсіз қылмыстық процесстің алғашқы сатысында шешімдерді қабылдау тәртібін күрделендіре түседі, және өз кезегінде қылмыстық істі қозғау сатысындағы заңмен берілген мерзімнің бұзылуына әкеледі.     

 

 

2-тарау. Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты.

2.1. Қылмыстық процестің алғашқы сатысының түсінігі және мәні.

 

         Қылмыстық істі қозғау сатысы заңдылық бойынша мынандай үш түрлі категорияны қамтиды:

  • Қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыда, яғни процессуалды актіде бекітілген өкілетті органдардың шешімі;
  • Қылмыстық–процессуалды институт: біркелкі қоғамдық қатынастар тобын реттейтін, берілген жағдайда қылмыс жөніндегі арыздар мен хабарларды қарау және шешу бойынша іс-әрекеттер барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы;
  • Дербес міндеттерімен, субъектілермен, мерзімдермен сипатталатын қылмыстық процестің дербес кезеңі, яғни қылмыстық сот өндірісінің сатысы.

“Қылмыстық істі қозғау”деп отырғанымыз не, енді осыған тоқталайық.

         Көп уақытқа дейін процессуалистер қылмыстық істі қозғауды қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы ретінде қарастырған жоқ . Процессуалистердің бірі қылмыстық істі қозғаудың алдында жүргізілетін текесеру әрекеттерін процессуалды әрекеттерге жатпайды деп көрсетті. [1; 116-117].

    Келесі бір авторлар қылмыстық істі қозғау алдын-ала тергеудің бір бөлігі ретінде қарастырады [2;18].

         Мынандай пікір өмір сүруде, қылмыстық істі қозғаудың мәні тек бір ғана процессуалды құжат – қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыны құруға негізделеді [3;231].

       Қылмыстық сот өндірудің дербес сатысы қылмыстық істі қозғау болып табылғандығы жөніндегі пікірін алғашқы рет атақты процессуалист-ғалым М.С. Строгович білдірді. Алайда, ол да бастапқы кезде қылмыстық істі қозғау алдын-ала телгеудің алғашқы кезеңімен бірігеді, егер қылмыстық істі қозғайтын да, ол бойынша тергеу әрекетін жүргізетін де бір орган болса

[4; 151-152].

         Қазіргі уақытта, қылмыстық сот өндірісінің дербес және міндетті сатысы – қылмыстық істі қозғау деп тану позициясы кеңінен өріс алды [5; 178-179].

         Қазіргі кезде іс-әрекет етуші қылмыстық іс жүгізу заңдылығына сәйкес, әрбір қылмыстық іс бойынша өндіріс қылмыстық істі қозғаумен басталады. Бұл кезең сотқа дейінгі өндірістің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл сатыда анықтау органы, тергеуші, прокурор және қылмыс жөнінде хабарлаушының (өзге де тұлғалар) арасында ерекше қарым-қатынас комплексі қалыптасады. Мұндай қатынастар, жүзеге асырылған немесе дайындалып жатқан қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарларды қабылдау, шешу және тексеруді жүзеге асратын субъектілердің іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қылмыс іздерін сақтау және бекіту шаралары жүзеге асырылады.

         Сөйтіп, қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық-процессуалды құқық қатынастарының жүйесін туындататын қылмыстық-процессуалды әрекеттер жүзеге асырылады.

         Жалпы ереже бойынша қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыс жөніндегі алғашқы мәліметтерді алудан басталып, қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту жөніндегі шешімімен аяқталады.

         Бұл бір жағынан, қылмыс жөніндегі әрбір хабарға шешімді және оперативті назар аударуды қамтамасыз етеді, ал бұл қылмысты тез және толық ашудың кепілдігі болып табылады, ал екінші жағынан – қылмыстық сот өндірісіне заңсыз және негізсіз азаматтың қатысытырылуын болдыртпайды.

         Бұл сатыда қылмыстық сот өндірісі үшін тән жалпы міндеттермен қатар, өзінің тікелей міндеттерін де белгілейді.

         Қылмыстық процестің жалпы міндеттеріне сәйкес, бұл саты қылмысты тез және толық ашуды, кінәлілерді анықтауға, заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы жүзеге асырылатын іс-әрекет заңдылықпен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстық алдын алуға, қоғам мүддесі мен жеке толғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және азаматтын Конституция мен өзге де Қазақстан Республикасының заңдарын бұлжытпай сақтауға ықпал етеді.

            Қылмыстық істі қозғау сатысының тікелей міндеттері қылмыстық процессуалды заңдылықпен белгіленген. Мұндай міндеттерге мынаны жатқызуға болады.

  • дайындалып жатқан немесе жүзеге асырылған қылмыс жөніндегі мәліметтін қайнар көзі қылмыстық істі қозғаудың заңды себебі бола ма ?;
  • хабарланған іс-әрекетке қылмыс белгілері бар ма?;
  • бұл іс-әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қай бабымен саралануы мүмкін?;
  • қылмыстық істі қозғау жөніндегі мәселені берілген орган және нақты лауазымды тұлға шешуге құқықты ма, немесе берілген материалды істі қорғау ретіне қарай беруге жата ма?;
  • қылмыстық істі қозғауға кедергі келтіретін жағдайлар бар ма?;
  • қылмыстық істі жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалуға жата ма?;
  • қылмыстық іске қатысты тұлға қылмыстық істі қозғаудың ерекше тәртібін туындата ма?;
  • қылмыстық іс қозғалған жағдайда, анықтау немесе алдын ала тергеуді кім жүргізуі керек?;
  • мәліметтер жиынтығы қандай да бір шешім қабылдау үшін жеткілікті ме, қылмыс іздерін бекіту және сақтау үшін қандай шаралар жүргізу қажет.

       Осы аталған мәліметтерді орындау үшін, өкілетті органға келіп түскен мәліметтерді сұрыптап, барлық берілген құжаттарды бір-бірімен салыстыра отырып, бағалай отырып тексеру қажет. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды тексеру белгіленген, мұны әдетте иалдын ала терсеру деп айтады.

Алдын ала тергеудің алдында қылмыстық істі  қозғауға негіз болатын, сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға негіз болатын мәліметтерді жинау кезеңі жүргізіледі.

Кезк  келген  процесуалды шешім қабылдау үшін, осы шешімнің негізделілігіне кепіл беруші фактілер жөніндегі мәлеметтер жиынтығын анықтау қажет. Сондықтан қылмыс жөніндегі арыздар немесе хабарлар бойынша сәйкес шешімді қабылдау қылмыстық істі қозғаудың немесе одан бас тартудың заңдылығы мен негізділігі үшін жеткілікті мәліметтерге сүйену қажет. Бұл мәліметтерді жинау, анықтау қылмыстық істі қозғау сатысының негізгі міндеті болып табылады.

      Мұндай тексеру бырысында жүзеге асырылатын әрекеттер процессуалды іс-әрекеттердің жүйесіне енгізіледі, сондай-ақ бұл іс-әрекеттерден берілген саты құралдары.

      Сөйтіп, мынандай қорытынды жасауға болады. Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын әрекет қылмыстық-проссуалды сипатқа ие болады [6;2].

     Өйткені, қылмыстық істі қозғау сатысында қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігін сақтауды қамтамасыз ететін бірқатар талаптар қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен қарастырылады.

      Іс-әрекет етуші заңдылық нормаларынан шығатыны: қылмыстық процестің алғашқы сатысындағы жүргізілетін әрекеттердің заңдылығы үшін келесі процессуалды шарттардың жиынтығы қажет:

  • қылмыстық істі қозғаудың негіздері болуы қажет, яғни бұл негіздерге мыналар жатады: азаматтардың арыздары; кінәсін мойындап келу; мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.
  • бұл іс-әрекеттерді қылмыстық істі қозғауға негіздерді анықтау және нақтылау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту негіздері.
  • Қылмыстық істі қозғау жөніндегі мәселені шешуге өкілетті субъектілерімен іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
  • Қылмыстық процессуалды заңымен көрсетілген тәсілдермен осы іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
  • Заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау.

          Сонымен қатар, осының нәтижесінде міндетті түрде сәйкес процессуалды шешім қабылдауға тиісті.

          Енді жоғарыда қөрсетілген әрбір процесуалды шарттарды қарастырайық:

  1. Қылмыстық істі қозғау негіздері ҚІЖК 177 бабында көрсетілгендей [7;85]:

    1) азаматтардың арызы; 2) кінәсін мойындап келу; 3) мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы; 4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; 5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәлеметтерді тікелей анықтау.

         Берілген заңды актілермен іс-әрекеттер ғана қылмыстық процесуалды әрекеттің бастамасы болып табылады және қылмыстық сот өндірісінің субъектілерінің процесуалды құқықтары мен міндеттерін туындатады.

  1. Қылмыстық істі қозғау сатысының келесі процесуалды шартты оның арнаулы мақсаты – бұл іс-әрекеттерді қылмыстық істі қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту негіздерін анықтау немесе нақтылау үшін жүзеге асыру.

         Бұл талап осы сатыда жүргізілетін негізгі тексеру мақсаттарымен байланысты болады, яғни қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердін болуы негіз болып табылады.

         Алғашқы материалдардың тексерілуі дұрыс жүргізілген жағдайда ғана қылмыстық істі қозғау сатысында заңдылықтың қамтамасыз етілуінің, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілдігі болып табылады.

  1. Қылмыстық істі қозғау сатысының процесуалды сипатын құқық қатынасына тусетін субъектілердің ерекшелік фактосы белгілейді, яғни қылмыстық істі қозғауға тек заңмен белгіленген мемелекеттік органдармен лауазымды тұлғалар құқылы.
  2. Қылмыстық істі қозғаудың маңызды процесуалды аргументі болып табылатын қажетті мәліметтерді жинау және тексеру үшін қажетті заңды және негізді шешім қабылдау қылмыстық-процесуалды заңмен белгіленген тәсілдермен жүзеге асырылады.

        5.Қарастырылып отырған затының тағы бір маңызды процесуалды аргументтінің бірі –оның қылмыстық процесуалды заңмен белгіленген мерзімде жүргізілуі.Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс .Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу,құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органінің бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін,ал ерекше жағдайларда- бірн айға дейін ұзарта алады, бұл туралы 24 сағаттың ішіде прокурорға  абарлануы тиіс. Қылмыстық істі қозғауға негіздер болмаған езде қылмыстықіске түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тартуы туралы қаулы шығарады.

         Қылмыстық іс қозғаудан бас тартуы туралы қацулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға және арыз берушіге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге құқықтары мен  қаулыға шағымдану тәртібі тұсіндірілуге тиіс.

  1. қылмыстық процесстің алғашқы сатысының процесуалды мәнін жүргізілген іс-әрекеттердің нәтижесі бойынша қабылданатын процесуалды шешімдер қылмытық іс жүргізу заңдылығына сәйкес қылмыс жөніндегі түскен мәліметтер бойнша мынандай шешімдердің бірі қабылданады:
  2. Қылмыстық істі қозғау жөнінде;
  3. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту жөніндегі;
  4. Тергеу ретіне қарай хабарларды беру жөнінде;

    Қылмыстық істі қозғау немесе  қылмыстық қозғаудан бас тату шешімі тергеушінің немесе анықтаушының қаулысымен рәсімделеді. Осы қаулымен қылмыствық сот өндірісінің алғашқы сатысы аяқталады.

          Жоғарыда көрсетілгендер негізгі қылмыстық сот өндірңсінің сатысы ретіндегі қылмыстық істі қозғаудың мынандай анықтамасынбергуге болады.    

         Қылмыстық істі қозғау-жалпы және тікелей міндеттерімен, арнаулы субьектілерімен, мерзімдерімен және өзге сатылардан айыратын қорытынды процесуалды актіемен сипатталатын қылмыстық сот өндірісінің алғашқы және міндетті сатысы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздері мен себептері.

         Қылмыстық істі қозғау сатысының себептері жөніндегі процесуалист-ғалымдармен берілген бірнеше пікірлер берілген.атап айтқанда, А.М.Ларин қылмыстық істі қозғау себебін былай деп көрсетеді: «алу нысандары мен тәсілдері жағынан түрлі болатын қылмыс жөніндегі мәліметтердің қайнар көздері[8;140]».

         М.А.Чельцов себепті былайша көрсетеді: «қылмыстық істі қозғау құқығын беретін қылмыс оқиғасы жөніндегі негізделген қайнар көздер [9;219];

         Н.П.Кузнецов себептерге былайша түсінік береді: «дайындалып жатқан нмесе жасалған қылмыстар жөіндегі заңдар көрсетілген қайнар көзден алынған мәліметтер [10,31];

         Егер жекелеген детальдарға назар аудармасақ, онда сы келтірілген көзқарастардан шығатын көптеген процесуалиситтер себептер деп қылмыстық факт немесе оның қайнар көздері жөніндегі алғашқы мәліметтерді түсінеді.

         Қылһмыстық істі қозғаудың себептері қылмысьтық процесуалды қатынастарды туындататын заңды акт болып табылады. Осы себептің пайда болуына байланысты өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың құылмыс жөніндегі мәліметтерді қабылдау, оны қарау, қажетті жағдайларды алдын-ала тексеруді жүргізу, кейін заңмен белгілеген мерзімге сәйкес процессуалоды шешім қабылдау және мүдделі тұлғалар мен арыз иесіне хабарлау міндеті туындайды.

         Қазақстан Республикасының ҚТЖК сәйкес қымыстық істі қозғауға мыналар себеп болады:

  1. азаматтардың арыздары;
  2. кінәсін мойындатып келу;
  3. мепмлекетік органның лауазымда адамының немесе ұйымда басқару функцияларының атқарып отырған адамнан хабарламаса;
  4. бұқаралық ақпарт құралдарындағы хабар;
  5. лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдарының қылмыстуралы мәліеттерді тікелей анықтауы. Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.

Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жазбаша арызға оны беріп отырған адам қол қоюға тиіс. [11;18]

     Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде немесе сот талқылауы ьарысынд жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиісінше тергеу іс-әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасыне енгізіледі. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз беруші, оның тұратын жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Хаттамаға арыз беруші және арыз қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

     Ароыз берушіге әдейі жалған сөз жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 351 бабы бойынша қлмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы хаттамаджа белгі қойылып, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырады. [12;155]

     «Домалық арыздар» тек олар алдын-ала тексерілгеннен кейін, егер оларды осы кодекстің 177 бабының екінші бөлігіндегі  жеткілікті аталған деректер болғанда ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.

     Кінәсін мойындап келу-адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегегнде немесе аталған қылмысты жасағаныны айып тағылмағанын да өзі жасаған қылмысты туралы  ерікті мәлімдеуі.

     Аталған млімдемені жазбаша да, ауызша да нысанында жасауға болады және оны мәлімдеуші қылмыстық процессті жүргізетін органға беруге тиіс. Ауызша мәлімдеме хаттамаға енгізіледі, хаттамада жасалған мәлімдеме егжей-тегжейлі жазылаы. Хаттамаға кінәсін мойындап келген адам және мәлімдемені қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

     Кінәсін мойндап келген кездегі мәлімдемеде өқылмысқа бірге қатысқан адамдар аталған жағдайда мәлімдеушіге әдейі жалған хабар бергіні үшін қылмыстық жауаптылық турал ескертіледі.

     Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журн,алда жарияланғанда не радио немесе теледидар арқылы таратылғада қылмыстық іс қозғайға себеп бола алады.

     Қылмыс туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар қылмыстық іс қозғауға құқығы бар адамның талап етуі бойынша жасалған мәлімдемені растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ мәліметтерді ақпарат көзін құпия ұстау шартымен берген жағдайларды қоспағанда сол мәліметтерді берген адамның атын атауға міндетті.

     Қылмыс туралы мәліметтерді анықтау қылмыстық істі қозғауға мынандай жағдайларда:

  1. өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде анықтау органынан қызметтері, тергеу қылмыстық прокурор куәләрі болғанда не қылмыстың ізін немесе салдарын жасалғаннан кейін бірден байқағанда;
  2. анықтан органымен анықтаушы қылмыс туралы мәліметтерді өз функцияларын жүзеге асыру кезінде немесе басқа бір қылмыс туралы іс бойынша анықтауды жүргізу кезінде алағанда;
  3. тергеуші қылмыс туралы мәліметтерді басқа қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша тергеу кезінде алғанда;
  4. прокурор қылмыс тралы мәліметтерді заңдардың орындалуына қадағалау жасаған кезде себеп болады.

 

          Қылмыстық  іске түсу органы кез-келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс тураклы арызды немесе хабарды қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Арыз берушіге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тіркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешім қабылдануға тиісті уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылаған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.

         Қылмыс туцралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негізсіз бас тартуға прокурорға немесе сотқа осы кодексте белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға болады.

         Сотқа түұскен қылмыс туралы арыз немесе хабар жеке айып тағу ісін қозау жағдайларын қоспағанда прокурорға жіберіледі, бұл туралы арыз брушіге хабарланады.

         Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс белгілерін байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы пркурорға хабарлауға міндетті.

         Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап, үш тәуліктен кешіктірілимей қабылдануға тиіс. Қажет боған жағдайда қосымша мәліәметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда бір айға дейін ұзарта алады, ол туралы 24 сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.

         Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбір жағдайда немесе қылмыс тікелей анықталғанда анықтаушы анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші немесе прокурор мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. қылмыстық іс қозғау туралы;
  2. қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы;
  3. арызды, хабарды тергеу ретімен, ал жеке айып тағу істері бойынша сот ретімен бру туралы.

Қабылданған шешім туралы арыз берушіге хабарланады және сонымен бір уақытта оған шешімге шағым беру құқығы түсіндіріледі[5;151].

         Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретімен жіберілген жағдайда анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмысты болдырмау немесе болдыртпау сонымен қатар қылмыс ізін бекіту шараларын қолдануға міндетті.

         Практика көрсеткендей қылмыстық істі қозғау заңдылығы сирек күмән келтіреді. Бірақ, кейбір жағдайларда тексеру қажеттілігі мынадай екі мақсатты көздейді:

  • Егер бұл тікелей қылмыстық-процесуалды заңдылық нормасымен көрсетілсе. Мысалы, қылмыстық істі тек жәбірленушінің арызы бойынша қозғау.
  • Ақпарат көзіне сенімсіздік білдірілсе қылмыстық істі қозғауға орнатылған заңдылық негізділігінің қажеттілігі немесе қажетсіздігі туындайды[13;23].

   Мысалы: арыз, құжатқа қол қойған тұлғаның атынан жазылған ба? Егер де арыз басқа біреудің атынан немесе ойдан шығарылған фамилиямен жазылса, онда ол анонимді болып есептеледі.

   Қылмыс туралы арыз жазған анық тұлға, қылмыстық істі қозғаудағы заңды негізгі шартты тұлға. Сондықтан анонимді арыз қылмыстық іс қозғауға себеп бола алмайды. Кейбір ведомстволық нормативті актілер жасалған қылмыс немесе жасалатын қылмыс туралы хабарламасы бар анонимді хаттарды оперативті жолмен алдын-ала тексеруге прокурорға жалпы қадағалау тексеруіне береді. Егер осы тексерулер кезінде қылмыстың белгілері анықталса, онда белгілі лауазымды тұлғамен қылмыстық іс қозғалуға тиіс.

   Құқықтық әдебиеттерде мынадай ойлар айтылады; қылмыс туралы хабарлар процесуалды рәсімдеу, тіркеу және тексеруден, кейін ғана себеп бола алады. Нағыз ішінара бекітілген және бүкіл әлемдік судьяға берілген жәбірленуші шағмының мазмұны мен формасы нақты талапта қылмыстық процесуалды заңмен қарастырылады. Жеке шағымдар мынадай мазмұнда болу керек:

  • арыз жіберілген соттың атауы:
  • қылмыс болған жердің суреттемесі, орны, уақыты, жасалу жағдайы;
  • қылмыстық істі өндіріске қабылдау туралы сот адресіне өтініш;
  • қылмыстық іске тартылған тұлға туралы мәліметтер;
  • сотқа шақыруға міндеттелген куәгерлер тізімі;
  • арыз берушінің қолы.

                Сонымен қатар арыз көшірмемен бірге берілуі тиіс.

                Шағымды жәбірленуші рәсімдеуі міндетті.

               Қылмыс туралы арыздың негізгі массалық өндірісіне келсек, ода заң формасына сәйкес ешқандай талаптарды енгізбейді, ал негізгі мазмұндық шарты болп, оларға қылмыс туралы оқиғаларды хабарлауы керек және шағымданушы қолы болуы тиіс. Лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың ажырамас міндетті биліктілігі болып қылмыс туралы шағымдары мен хабарлары, тексерулер мен рәсімдеулері болады. Бұнсыз қылмыстық іс қозғауға болмайды, өндірістік қайта тексерулерге жатпайды арыздар және жазбаша болады.

  Ауызша арыз хаттамаға тіркеледі және арызды қабылдаушы лауазымды тұлға мен арыз иесінің қолы болады. Азаматтардың жазбаша арызына мазмұны мен құрылымына заң ешқандай талап қоймайды. Тек қана арызданушының қолы қойылғаны көрсетілсе болды. Арызда кейбір көрсетілмеген мәліметтер, оның қабылдануына кедергі жасамайды ( ерекшелік тек жеке іс бойынша кінәлау шағымында): шағымда жетіспейтін мәліметтерді тексеру барысында алуға болады. Қылмыс болғандығы туралы хабарлама сотқа немесе прокурорға шағымдануы қылмыстық – процессуалды заң бойынша қабылдануын қарастырады.

   Бұл шарт азаматтардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтың қорғауға кепіл бола алады.

   Сондықтан заң талаптары бойынша ешқандай себепсіз қылмыстық іс қозғалмайды. Соттың прокурордың, тергеудің, анықтау органдарының бірінші міндеті болып қылмыстық  істің қозғалуы себебінің заңдылығы тексеріледі. Қылмыстық  істі қозғау себебіне күмән келтіретін қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу пәні бойынша көптеген ғалымдардың ойымен келіспеуге болады.

   Бастапқы материалдар туралы айтылатын, қылмыстық белгілерінің оқиғада барлығын куәландыратын қылмыстық істі қозғау сатысындағы дәлелдеу пәні жеткілікті мәліметтерді енгізеді[21;116].

  Осы жағдайды талдай отырып, көптеген ғалымдар мынадай қорытындыға келеді, заң шығарушы қылмыстық істердің негізін ала отырып жағдайдың ажырамас 2 бөлігін көрсетеді: лауазымды тұлғалар мен білікті мемлекеттік органдарға белгілі қылмыстың белгілерінің оқиғада барлығы; қылмыс белгілерінің барлығы негізінде көрсетілген мәліметтер жеткіліктілігі[16; 25].

  Сонымен қатар, қылмыстық істі қозғау негізгі құқықтық жағынан ( қылмыстық белгілердің барлығы) және нақты деректі жағынан мінезделеді ( мәліметтердің жеткіліктілігі)

    Қылмыстың белгілері: қылмыстың белгілерінің анықтамасының заңда жеткіліксіздігіне байланысты мынадай құқықтық әдебиетте осы сұрақтардың шешімінің әртүрлі ұстанымын туындатады. Кейбір процессуалистер, қылмыстық істі қозғаудағы шешімдерді қабылдаған кезде қылмыстың нақты құрамын анықтау керек деп есептейді, екіншілері, қылмыс құрамындағы белгілердің объективті әрекетінің қоғамға қауіптілігін болжайды; ал үшіншілері, салдардың болуын және әрекет белгілерін анықтау жетеді деп есептейді;төртіншілері, қылмыстың объективті жағын қарастыру жетеді деп есептейді; ал соңғы, бесіншілері, мынадай ойды ұстанады, ұйғарылған шешімдердің қабылдануына мына мәліметтерді қажет етеді: белгілі қоғамға қауіпті әрекетті мінездейтін белгілерді қылмыс ретінде қарастыру[17; 26]..

   Қылмыс құрамы түсінігі анықтамасы заңда көрсетілмеген. Бұл ұғым жеке қылмыстардың негізінен абстракциялау түрінде қылмыстық құқықтық теориясы ретінде жасалған. Қылмыс құрамы 4 элементтен тұрады: қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі, субъективті жағы мынадай қорытындыға келуге болады; қылмыстық істі қозғаудан бас тарту, қылмыстың құрамының жетіспеушілігінен болмайды, яғни, қылмыстың негізгі белгілерінің, яғни, қоғамға қауіптілігінен туындайды.

  Қоғамдық қауіпсіздік заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға келтірілетін әрекет қабілеттілігі зияны – қоғамдық қауіптілік деп анықталады [18; 56].

 Оған мыналар жатады:

  • адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары;
  • жеке меншік;
  • қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік;
  • қоршаған орта;
  • адамның қауіпсіздігі мен бейбітшілік;
  • қоғамдық қауіптілік;
  • қылмыс құрамы – түсінігінен тыс жатқан және өлшем қызметі болып

     саналатын қылмысты әкімшілік және азаматтық құқықтық дәйекті тәртіптілік            

     қияңқылардан шектейтін негізгі санат.

     Құқықта қарсы әрекет: неғұрлым ұстаным дәйекті  ұсынылса қылмыс құрамын мінездейтін әрекет құқыққа қарсы жағынан сәйкестелінеді. Қылмыстық сот өндірісіндегі алғашқы сатысында мына сұрақтардың шешімі көптеген қиындықтар туғызады, қаралып жатқан әрекет құқыққа қарсы бола ма, бұл қиындық көбіне мынаған себепті қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау кезіне заң белгілеуін талап етеді, тек қана қылмыстың ортақ белгілерін ғана емес, сонымен қатар жасалған істің биліктілігін нақтылау.

 Қылмыстық істі қозғау  қаулысында қылмыстық заңның бабы, бөлімі және пунктісі көрсетілуі керек. Қылмыстық құрамы белгілерін анықтау барысында, қылмыстық істі қозғау шешімінқабылдауға жеткілікті қылмыс құрамының нақты құрылымының негіздерін болжайды.

  Қылмыстың объектісі көптеген ғалымдар, ең бірінші қылмыстың объектісін анықтаумен келіседі, яғни, қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғала ма, егер оларға қоғамдық қауіп төнсе. Қылмыстық істі қозғау шешімін қабылдаған кезде, объектілердің өзіндік және туыстығын анықтау міндетті емес, қылмыстық ортақ объектісін анықтаса, басқа құқық бұзушылықтан шектеп көрсетсе жеткілікті [19; 107].

   Қылмыстың объективті жағы.

   Қылмыс құрамының келесі белгілері, қылмыстық сот өндірісінің алғашқы сатысының негізгі тәртібі объективті жағы болып саналады. Кез келген қылмыс құрамының объектівті жағының ажырамас элементі, қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі қаралған әрекеттің көптігі болады. Осы жағдайдың анықталуы қылмыстық істі қозғаудағы қылмыстың формалді құрамы жеткілікті, яғни, заң шығарушы істің қандай да бір зиянды салдары болмаса да қылмысты сияқтанған деп есептейді.

   Қылмыстың құрамының негізгі керекті тағы бір элементті қылмыс субъектісі болып табылады. Бірақ қылмыстық сот өндіріс кезеңінде қылмысты кім жасағандығы туралы анықтау міндет емес. Қылмыстың субъективті жағын қылмыстық істі қозғау сатысы барысында анықтау қажетті емес деп есептеледі. Кейбір жағдайларға ғана қылмыстық істі қозғау үшін қылмыстық істің субъективті жағын наықтау міндетті[20;130-131].

   Кейбір жағдайларда әрекеттің кінәлік формасы бойынша қылмысты және қылмысты емес деп ажыратылады.

   Абайсызда денсаулыққа жеңіл жарақат келтіру барысында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

   Қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстың құрамына субъективті жағынан пікір айту қиынға соғады, егер де оның субъектісі анықталмаса, қылмыстық істі қозғау сатысында ақпаратты алу амалдары мен  мерзімдер шектелмесе.

   Кінәнің пішінін субъективті жақтың сыртқы белгілерімен болжап анықтауға болады- әрекеттің мінезі мен оның алдары, өйткені қылмыста субъективті объективтен өзінің қалыптасуын табады.

   Қылмысты іс жүргізу заңдылығынан мына мазмұнды түсінуге болады, қылмыстың істі жүргізуде жеткілікті негіздер мен заңды себептерді анықтау бұндай шешімдерді қабылдауға мүмкіндік бермейді. Қылмыстық іс бойынша өндірісін жасайтын жағдайлардың барлығын тексеру қажат. Қылмыстық істі қозғау сатысында осы жағдайлар дәлелдеу пәні болып табылады.

 

                          2.3.  Қылмыстық  істі  қозғауды туындатпайтын жағдайлар.

Прокурор, тергеуші, анықтау органдары және анықтаушы қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға міндетті, егер де қылмыстық істі қозғауға негіз болмаса. Қозғалған қылмыстық іс мынадай негіздерге сүйене отырып тоқтатылады:

  1. Қылмыс оқиғасы болмаса
  2. Қылмыстың құрамы болмаса.
  3. Қылмыстық істе тұсу мерзімі өтсе.
  4. Айыпталушы немесе сезікті қайтыс болса.
  5. Жәбірленушінің арызы болмаса.
  6. Соттың шешімі болмаса.
  7. Қылмытың оқиғасы болмау. Мұндай негіз бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартады, егер қылмыс жөнінідегі алғашқы материалдарда сол фактінің өзі болмаса (мысалы, өлді деп саналған тұлға тірі болса).
  8. Қылмыс құрамының болмауы мынаны білдіреді: қылмыстық процестің бастамасы болып табылған іс–әрекет қылмыс құрамының бір элементінің болмауына байланысты қылмыстық жазаланбайтын болып табылуы, қылмыстық іс-әрекеттің болмауы және т.б.( мысалы, өзін-өзі өлтіру қылмыс болып табылмайды,қажетті қорғаныс кезіндегі іс-әрекет және т.б.)
  9. Мерзімнің өтуі. Мерзімнің өтуіне байланысты тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жүзеге асырылмайды. Егер қылмысты жасаған тұлға соттан немесе тергеуден жасырынса, онда мерзім тоқтатыла тұрады және сол тұлға ұсталған кезінен бастап немесе кінәсін мойындап келген кезден бастап қайта қозғалады. Жасаған қылмысы үшін өлім жазасы немесе өмірлік бас бостағынан айыру жазалары қолданылатын болса, бұндай тұлғаларға қатысты мерзімнің ескіруін сот шешеді. Сондықтан мұндай қылмыс құрамы бойынша мерзімнің ескіруіне байланысты қылмыстық істен бас тарту жүзеге асырылмайды.

      Бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған тұлғаларға 

      қатысты мерзімнің ескіруі қолданылмайды.

  1. Сезіктінің немесе айыпталушының өлімі. Алайда, өлгенді ақтау үшін қажетті

      қылмыстық іс бойынша өндіріс бұл негізбен қозғаудан бас тартуға жатпайды.  

      Мұндай негіз бойынша ерекше жағдайларда ғана қылмыстық істі қозғаудан бас  

      тартылады, өйткені мұндай шешім қабылдау үшін осы өлген тұлғамен қылмыстың  

      жасалғаны анықталуы қажет. Сондай-ақ бұл жағдайды анықтау үшін алдын-ала

      тергеу жүргізу міндетті.

      Егер өленді ақтау үшін іс бойынша өндіріс қажеттігі туындаса, онда мұндау          

      қылмыстық істерді қозғау үшін оның жақын туысқандарының, заңды өкілдерінің

      және өкілдерінің, қоғамдық  ұйымдардың, еңбек ұжымдарының, кәсіпорын мекеме

      әкімшілігінің арыздары негіз болады. Сондай-ақ бұндай қылмыстық істерді қозғау  

      және ала тергеу жүргізу қылмыстық сот өндірісі органдарының қалауымен жүргізілуі

      де мүмкін.

  1. Жәбірлеушінің арыздарының болмауы. Егер қылмыстық іс тек олардың арыздары

         бойынша ғана қозғалуы мүмкін болса. Жеке және жеке жариялылық айыптау істері          

         қылмыстық жауапкершілікке кінәліні тарту жөніндегі шағым түріндегі өтініш болған  

         жағдайда ғана қозғалады. Егер алдын ала тексеру барысында арыздар қылмыстық  

         заңдылықпен берілген талаптарға сәйкес емес берілсе, онда қылмыстық істі

         қозғаудан бас тартылуы керек. Яғни, қылмыстық істі қозғаудың заңды негізіне  

         жатпайтындығын айқындаса. Алайда, жәбірленіші өз құқықтарын және заңды  

         мүдделерін дербес қорғай алмаса, немесе жәбірленуші дәрменсіз жағдайда болса, 

         процесті жүргізуші тұлға оның арызынсыз қылмыстық істі қозғай алады.

  1. Соттың қорытындысының болмауы немесе Парламенттің, Конституциялық

      Кеңесінің келісімінің болмауы. Қылмыстық процессуалды заңдылықпен жекеленген                            

      тұлғалар категорияларына байланысты қылмыстық істерді қозғаудың кейбір  

      ерекшеліктері көрсетілген. Атап айтқанда қылмыстық істі қозғау жөніндегі шешім    

      төмендегі тұлғаларға қатысты былайша берілген:

  • Республика Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі Қазақстан

Республикасының анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органының басшысы ғана қозғауы мүмкін. Қылмыстық істің қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етіледі. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргізген соң іс қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы тергеушіге беріледі. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.

  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын өз өкілеттік мерзімі ішінде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттің тиісті Палатасының келісімінсіз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге,қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
  • Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттің Сенатына немесе Мәжілісіне ұсыныс енгізеді. Ұсыныс депутатқа айып тағу,қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық ізге түсу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешу алдында енгізіледі.
  • Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берсе, бұдан кейінгі тергеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
  • Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі.
  • Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім бермеген жағдайда қылмыстық іс қысқартылуға жатады.
  • Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім бермеген жағдайда, депутатқа осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге бұлтараптау, іс жүргізушілік мәжбурлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
  • Қазақстан Республикасы Парламенті депутатына қатысты қылмыстық істі тергеудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатына қатысты тергеу іс — әрекеттерін жургізуге осы Кодекске сәйкес прокурор рұқсат беруге тиіс санкцияны Қазақстан Республикасының бас Прокуроры береді. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатына қатысты қамау мерзімін ұзартуды осы Кодекстің 153 – бабында көзделген тәртіппен Казақстан Республикасының Бас Прокуроры береді.
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеуді жузеге асырушы мемлекеттік органының басшысы ғана қозғай алады. Қылмыстық істің қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарландырылады. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргізген соң іс қырық сегіз сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы тергеушіге беріледі. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне қатысты істер бойынша алдын ала тергеу ісінің жургізілуі міндетті.
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін қылмыстық жауапқа тартуга, қамауға алуға, мәжбүрлепкелтіруге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыныс енгізеді. Ұсыныс Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне айып тағу, қамауға алуға санкция беру, оны қылмыстық ізге тұсу органына мәжбүрлеп қажеттігі туралы мәселені шешу алдында негізіледі.
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімін алған соң іс бойынша әрі қарай іс жүргізу осы Кодекстің 496 – бабының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
  • Судьяға қатысты тергеу ісін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкін, ол анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асырушы органға тергеу жүргізуді тапсырады. Судьяға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу ісі жүргізу міндетті.
  • Судья Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикалы Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз не Конституцияның 55 – бабының 30- тармақшасында көзделген жағдайда – қылмыс үстінде қолға түсу немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының келісімінсіз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды.
  • Судьяны қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Конституцияның 55 – бабының 3 –

      тармақшасында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасы Парламенті                                                                                            Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс судьяға айып тағу, қамауға алуға санкция беру, судьянықылмыстық іске түсу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешу алдында енгізіледі.

  • Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алған соң іс бойынша әрі қарай іс жүргізу осы Кодекстің 496 – бабының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
  • Қазақстан РеспубликасыныңБас Прокурорына қатысты қылмыстық істі оның бірінші орынбасары ғана қозғауы мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бірінші орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейін өзінің қызметтерін атқарудан Қазақстан Республикасының Президенті шешеді. Қазақстан Республикасының Бос Прокуроры өзінің өкілеттіліктерінің мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз, қылмыс үстінде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстаржасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды.
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды.
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республиккасы Парламентінің Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына айып тағудың, қамауға алуға санкция берудің, оны қылмыстық іске түсу органына мәжбүрлеп жеткізудің қажет екені туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатынан шешім алған соң іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 496 – бабының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі тексерудің заңдылығын қадағалаудың оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу қимылын жүргізуге санкцияны оның бірінші орынбасары береді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу мен қамауға алудың мерзімін ұзартуды осы Кодекске көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жүргізеді.
  • Айыптау қорытындысымен бірге аяқталған істі тергеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жіберу үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары тапсырады. 

 

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық ісіне түсуден иммунитетті мынандай адамдар пайдаланады : 

      1) шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінің басшылары, осы өкілдердің дипломатиялық қызметкерлері және, егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелері;

      2) өзара негізде дипломатиялық өкілдердің қызмет көрсету қызметкерлерімен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бірге тұратын олардың отбасыларының мүшелері, консуьдықтардың басшылары және олардың қызмет міндеттерін атқаруы кезіеде жасаған әрекеттеріне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқада консульдық лауазымды адамдар;  

      3) өзара негізде дипломатиялық өкілдердің әкімшілік – техникалық қызметтерінің қызметкерлері және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұоақты тұрмаса, олармен бірге тұратын олардың отбасыларының мүшелері;

       4) дипломатиялық курьерлер;

       5) шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, Парламент және Үкімет делегацияларының мүшелері және өзара нгізде – Қазақстан халықаралық келіссөздерге, халықаралық  коференциялар мен кеңестерге қатысу үшін немесе басқа ресми тапсырмалармен келетін, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккен шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлері және егер бұл отбасылар мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдардың олардың қасына еріп жүрген отбасыларының мүшелері;     

       6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкілдерінің басшылары, мүшелері мен қызметкерлері, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт – дәстүрлер негізінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін осы ұйымдардың лауазымды адамдары;-   

      7) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтуші шет мемлекеттердің үшінші бір елдегі депломатиялық  қызметкерлері және аталған адамдардың қасына еріп жүретін немесе оларға қосылу немесе өзінің еліне оралу үшін жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелері;

      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.

       Осы баптың бірінші бөлігінің 1,4 – 7 тармақтарында аталған адамдар, сондай – ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар қылмыстық ісіне түсушілікке шет мемлекет қылмыстық ісіне түсушілік иммунитетіне үзілді – кесілді бас тарту жасаған жағдайда қылмыстық ісіне түсушілікке ұшырауы мүмкін [21;94] . Мұндай бас тарту туралы мәселе Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешіледі. Тиісті шет мемлекеттің аталған адамдар жөнінде қылмыстық ізіне түсушілік иммунитетінен бас тартуы болмаған жағдайда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуы тиіс.

       Осы баптың екінші бөлігінің қағыдалары бйл адамдардың жасаған қылмысы өздерінің қызмет міндеттерін атқаруға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда,егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың бірінші бөлігінің2 және 3 тармақтарында аталған адамдарға қолданылмайды. 

 

 

 

 

3-тарау.  Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету

3.1. Қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды қарау және шешуге ведомстволық бақылау.

 

    Қылмыстық істі қозғау сатысындағы әрекеттердің заңдылығы – Қылмыстық іс жүргізу заңының орындалуының сақталуынын болжайды. Сонымен қатар сот бойынша қабылданған нәтижелердің уақытылы және негізгі шешімдерін көрсетеді. Көрсетілген әрекеттің өзгешелігі бойынша тергеуші мен анықтаушы сұрақтар шешімін қабылдауда мемлекеттің мүддесін көтеру барысында (қоғам және азамат) бірдей билік қолдануға берілген.

    Лауазымды тұлғалар мен органдардың тәуелсіздігіне қарай бақылау функцияларын жүргізуге мыналарды ажырату керек:

  1. ведомсволық бақылау
  2. прокурорлық қадағалау
  3. соттық қадағалау
  4. Ведомстволық ұйымдардың бақылауы. Бұл бақылау әкімшілік құқық формада жүргізіледі және реттеу ведомстваның нормативтік актілерімен реттелген. Тергеушіге қатысты бұндай бақылауды ішкі істер органдарының территориялық басшысы орындайды. Қаржы полициясы, қауіпсіздік комитеті, және тергеу бөлімнің ведомствоға сәйкес бөлімнің басшылары. Анықтау органының лауазымды адамның қатысты бақылаудың құрылымы сәйкес, қылмыс туралы арыздар мен шағымдардын қарастыруын жүзеге асыруыни Ішкі Істер органының территориялдық басшысы иеленеді, қаржы полициясы қауіпсіздік қызметі және криминалдық полиция бастығы қоғамдық қауіпсіздік полициясы және анықтама бөлімдерінің бастықтары ие болады[33; 6].

    Ведомстволық іс жүргізу бақылауы.

    Ұйымдарға қарағанда ведомстволық іс жүргізу формасын реттейді және іс жүргізу әрекетінде тұлғаға әсер жасайды. Бұндай бақылауды шынайы жүргізуге біріншіден жоғарыда көрсетілген тұлғалардың келісімді өкілеттілігін реттейді, қылмыстық істі қозғау сатысында. Бірақ қазіргі уақытта көптеген сұрақтар ведомствоның іс жүргізу бақылауына байланысты заңды сәйкестік келісім алған жоқ. Ол мынаған әкеліп тіреді, қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырғандай тәжірибедегі жағдайдың кең көлемінде қолдануға әкеліп соқтырады.

    Қылмыстық істі хабарлау мен тексеруінде тергеушінің әрекетінде іс жүргізу бақылануында. Ішкі Істер Органдарының аймақтық басшысына, қаржы полициясына, қауіпсіздік қызметіне заңмен хабарлауға құқық берілмеген. Бұндай бақылау тергеушілердің іс-әрекетіне тек ғана тергеу бөлімшелерінің басшыларына берілген. Тергеу бөлімшелерінің басшысы құзырлығы мынадан тұрады:

  1. Қылмыс туралы хабарламаның тексеру мерзімін ұзарту.
  2. Прокурорға тергеушінің негізсіз және заңсыз қаулыларын қабылдауға талап-өтініш беруге.
  3. Жеке тергеу қимыл-әрекетінің өндірісінін жүргізуге нұсқау беруге.

Осы өкілеттерден басқа тергеу бөлімінің басшысы, қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіздерді тексеруге тергеушіге беруге немесе материалдарды басқа тергеушіге беруге құқылы. Осы көрсетілген іс жүргізу мінезіндегі нұсқаулар жазбаша түрінде бұл заңға қарастырылған. Бірақ бұл тек қана қылмыстық істерге нұсқауларда, яғни қайта тексеру сатысында болады.

    Сонымен қатар тергеу бөлімшесінің басшысы қылмыс туралы арыздарды қарауға қатысады және алғашқы мәліметтердің шешімін тауып жеке қарастырады. Сол бойынша шешім қабылданады. Бірақ мұнда мынаны көрсету керек. Тергеу бөлімшесінің басшысының бақылауы, тергеушіні өз бетінше іс жүргізуге кедергі жасамайды. Қылмыстық іс жүргізу сатысында іс жүргізу бақылауында кең көлемдік құқықтарға криминалдық полиция бастығы, қоғамдық қауіпсіздік полиция бөлімшелері, қаржы полициясының территориялды полициясы. Қауіпсіздік қызметкерлері және олардың орынбасарлары ие. Қазіргі заңға сәйкес анықтау органының өкілеттілігіне кең көлемінде тек сол органның ғана басшысы ие. Анықтау бөлімшесінің басшысы шешімдерді қабылдамас бұрын:

    1) алғашқы мәліметтер сақталған фактілердің мәліметтер жиынтығын зерттейді;

    2) оларға тиісті бағасын береді;

    3) текскрудің мінезі мен мерзімін анықтайды;

    4) мәліметтердің әрі қарай жалғасу шешімін қабылдайды.

    Қылмыстық іс қозғау сатысындағы күнделікті бақылау мақсатында анықтау органының бастығы мына құқықтарға ие және кейбір жағдайда міндетті.

    1) Өндірістік алғашқы материалдардың қылмыстық шешімдерімен, тексерулерімен нақты орындаушыға беруге;

    2) Жеке тексеруге өндірісіне қатысуға;

    3) Қылмыс туралы хабарламаларды тексеруді бірнеше қызметкерлерге жүктеуге;

    4) Істі бір қызметкерден екіншісіне беруге;

    5) Тексеру маңызына нұсқау беруге;

    6) Тексеру материалдарына дұрыс баға беру объективтілігін және өндірісті жан-жақты қарау мақсатында зерттеуге;

    7) Қылмыс туралы хабарды керекті жағдайларда мерзімін ұзартуға;

    8) Қылмыс туралы хабарлармен түскен арыздарды жеке тексеруге және соған сәйкес шешімін қабылдауға және анықтау органының өкілеттілігін қолдануға.

    Анықтама органының басшысы анықтаманың шағымы оның іс-әрекетін тоқтатпайды. Қылмыстық іс қозғау сатысында арызданушының қабылдаған кейбір шешімдері қатаң мерзімді заңмен бекітіледі.

    Қылмыстық іс қозғау қаулысының көшірмесі 24 сағат ішінде арызданушыға жолдану керек. Басқа да шешім қабылданбаса, ол да қылмыс туралы арызданушыға 24 сағат берілуі тиіс. Ведомстволық бақылау көрсетілген талаптарына теориялық жағынан қиындық туғызбауы керек. Сонымен қатар ведомстволық бақылау қылмыстық істі қозғау сатысында әлі де нәтижесі жетіспейді. Сондықтан да ол заңда дәлдікті және дамытушылықты қажет етеді.

3.2. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау.

    Ведомстволық бақылаумен прокурорлық бақылау тығыз байланысты.

    Қылмыс туралы хабарламамен арыздар қарастыру кезінде заңдылықтың сақталуын бақылайтын прокурор. Лауазымды тұлғалардың іс жүргізу функциялары орындалуының бірі болып қылмыс туралы хабарламамен арыздардың тез және дұрыс шешімін табуына мүдделік жасайтұғын ведомстволық бақылау мен прокурорлық бақылау. Осы сатыдағы заң бұзушылықты ведомстволық бақылау кезінде көрсетілмеген заң бұзушыларды прокурорлық бақылау жояды [34; 8].

    Қылмыс туралы хабарламамен арыздардың заңды шешімдерінің тексерулерін бір жүйеде қылмыстық қудалау бойынша ведомстволық бақылаумен прокурорлық бақылау бірдей қарастырады.

    Прокурордың өкілеттілігі. Прокуроға мынадай құқықтар беріледі [35; 4].

  1. Қылмыстық істі қорғау мәселесі бойынша тергеушімен анықтау органдарына міндетті орындауға нұсқаулар береді.
  2. Қылмыс туралы хабарламалар шешімдері, тіркеуі, қабылдау кезінде заңның талаптарының орындалуын тексереді.
  3. Оларға тексеруге байланысты құжаттар, мәліметтер, жасалған қылмыстар туралы материалды алуға талап етеді.
  4. Лауазымды тұлғалармен органдардың заңсыз және негізсіз қаулыларын қабылдамайды немесе жоққа шығарады.
  5. Қылмыс туралы хабардың тексерілуінің мерзімін ұзартады.
  6. Анықтаушымен тергеушінің шешімі мен іс-әрекетіне жасалған шағымдарды қарастырады.

    Қылмыстық істі қозғау сатысындағы заңдылықтың сақталуын талап ететін бақылауды прокурор тексереді [35; 5]:

  1. құзырлы органдарға түскен қылмыс туралы шағымдардың уақытылы, дұрыс, толық жүргізілуін және тіркелуін;
  2. жүргізілетін тексерулердің заңдылығы мен негізділігіне;
  3. оларға берілген мерзімдерінің сақталуын;
  4. қабылданған шешімдердің мүдделі тұлғалармен арызданушы ескерту талаптарын орындайды.

    Прокурордың міндеттері [36; 4].

    Алғашқы сатыдағы қабылданған шешімдердің заңдылығы мен негізділігін бақылауда прокурор заңмен міндеттеледі:

  1. Қылмыстық істі қозғауға келісім беру немесе бермеу.
  2. Мәліметтерді қайта тексеруге жіберуге ( қосымша).
  3. Тергеушінің, анықтаушының, заңсыз және негізсіз шешімдерін жоюға.
  4. Өз бетінше қылмыстық іс қозғауға.

    Ешбір қылмыстық іс қылмысты іс жүргізу заңнамасында прокурордың рұқсатынсыз жүргізілмейді. Тек кейбір жағдайларда ғана қылмыстық іс прокурордың рұқсатынсыз жүргізіледі. Олар мыналар:

    Алыс сапардағы теңіз капитандары, геологиялық бақылаумен қыстақтың жетекшілері, дипломатиялық өкілеттілік басшылары мен елшілері қылмыстық істі қозғау сатыларында анықтау формалары өкілеттілік міндеттерін анықтайды.

     Келесі бір негізгі прокурорлық бақылаудың міндеті болып қылмыстық іс қозғаудағы уақытында жойылумен ескертуі заңсыз, негізсіз жағдайларда бас тартса. Бұл міндеттің маңыздылығы мынада: қылмыстық істі қозғаудағы негізсіз бас тарту істің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді. Қылмыстық істі қозғаудағы шешімдер қабылдауда бас тарту жіберілген жағдайда прокурордың нақты шешімі мінездің бұзылуымен қателігін анықтайды. Егер прокурор қылмысты хабардағы тексерулер барысында табылған нақты жағдайлардың саналы бұрмаланса немесе қоғамдық қауіпсіздік дәрежесін бағалаудағы қателіктерді тапса, ол қылмыстық істі анықтама органымен тергеушінің негізсіз қаулыларын өзгерткеннен кейін қозғайды. Көпшілік іс жүргізушілер мынаны анықтаған, соңғы жылдары прокурорлық бақылау өз өкілеттілігін дұрыс орындамайды. Бұл жағдай мынадай ой туғызады. Прокурорлық бақылауды қылмыстық іс жүргізу сатысындағы сотқа дейінгі кезеңді соттық бақылаумен алмастыруы.

    Прокурор міндетті үзілісті қамтамасыз емес ол қылмысты істі қозғау сатысында құзырлы органдардың әрекеттерін күнделікті бақылауға міндетті. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу сатысындағы сотқа дейінгі кезеңде прокурор бақылауы сот бақылауымен алмастыруға болмайды. Сондықтан да іс жүргізушілер мүлтіксіз дұрыс бекітеді. Яғни, прокурорлық бақылау сотқа дейінгі өндіріс кезінде ең сенімді заңды кепіл бола алады [9; 21;].

  • Заңдылықты қамтамасыз етуде соттың рөлі.

Ведомстволық бақылау мен прокурорлық бақылаудың соттық бақылаудан негізгі айырмашылығы олардың әрекетіндегі әдісінде. Соттық бақылаудың кепілдік тиімділігінің негізділігі болып сот процедурасындағы қатал заңдылықтағы реттеулік болып табылады. Орындаушы органдарға арналған процедуралар (реттеулер, инструкциялар шешімдерді қабылдағандағы басқа да ережелер және т.б.). Тыңғылықты және жеткілікті құқықтық деңгейде иеленбейді. Сот процедурасында мінезде. Сот бақылауындағы тағы да бір тиімді дәлелі болып қылмыстық сот принципіндегі негізделген іс жүргізу ережесі мен жағдайы. Бұлар сот әрекетінде көрсетіледі. Соттардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы жақсы жағдайларды істің шын мәнінде жағдайын туғызады. Азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауда сот әрекетінің тиімділігін жасайды. Прокурорлық бақылаудың ведомстволық бақылаудың бұндай шарты жоқ.

Сот бақылауының формалары. Қазіргі уақытта сот бақылауының 2 формасын көрсетуге болады [37;5].

Қылмыс туралы арыздарды қарастырғанда прокурордың және тергеушінің және анықтау органының  әрекетімен заңды және негізді шешімдері:

  • Заң бұзушылығын анықтау. Қылмыстық сот өндірісіндегі алғашқы сатыда жіберілген және іс жүргізу санкциясының сәйкес қолданылуы.
  • Лауазымды тұлғалар мен органдардың заңды және негізді шешімдері мен іс жүргізу әрекетін тексеруде қылмыстық істі қозғау сатысында сотқа дейінгі өндіріс барысындағы мүдделі тұлғалардың арыздары бойынша.

Сот бақылауындағы көрсетілген формасы болып келесі сот бақылауының көрсетілуі болады, себебі алдыңғы бақылау – іс жүргізу өндірісіндегі әрекетке соттың рұқсаты.

Ортақ ережесі бойынша бұл сатыдағы қылмыстық сот өндірісі мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен шекетеспейді.

Бірінші көрсетілген сот бақылауындағы форма қылмыстық өндіріс сатысында болады (соттық талқылауды тағайындау, соттық талқылау, бақылау кассациалық, апелляциялық инстанциядағы өндіріс жаңадан ашылған жағдайлармен қайтадан ашылған жағдайлар сатысындағы істі қайтадан қозғау).

Мысалы: Соттық талқылау тағайындау сатысында алдын-ала тыңдау формасымен жасалады. Қылмыстық істі қозғаудың жағдайлардың көзін жеткізіп, істі тоқтатуға шешімдер қабылдайды. Сот қызметі қылмыстық іс жүргізу соттық талқылау қатынасына дайындық болып келмейді, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу әрекетіне қатынасты тексеруші болып келеді. Соттық талқылау кезінде сот дәлелдемелерді істен шығарып тастауға құқылы және қылмыстық істі тоқтатуға, егер қылмыстық іс қозғау сатысында қателіктер жіберілсе. Апелляциялық тәртіпте іс қараушы судья өз шешімдерін дәлелдемелерге негіздей алмайды.

Судьяның апелляциялық арыз бойынша қаралған іс өндірісіне қарама қайшы келмейді, ол инстанция бойынша заңмен қарастырылған. Апелляциялық және бақылау өндірісі сатысындағы қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктерден кейін үкімнің күші жойылып іс тоқтатылуы мүмкін. Егер бақылау және апелляциялық өндіріс сатысындағы іс жүргізу әрекетіне қатысты қылмыстық іске қатысушылар араласса, олар өздерінің арыздарында немесе талап – арыздарында сот мәжілісі кезінде көрсетеді. Сот мынадай шараларды дәлелдемелерді тексеру кезінде қолданады. Сонымен қатар апелляциялық өндіріс сатысында іс материалдарымен танысумен ғана шектелмейді, ал дәлелдерді өзіндік текесеру талапқа сәкестеу. Сот апелляциялық тәртіппен бекітілген үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділеттігін тексеріп дәлелдемелердің жіберілу шешімін қабылдай алмайды. Бұл үшін іс жүргізу шарттары сәйкес болуы керек. Қылмыстық істі тоқтатуға және үкімді жоюға құқылы, егер жаңадан ашылған жағдайларға байланысты қылмыстық іс қайтадан жаңғыртылып, онда сотқа дейінгі іс қателіктерін бұрмалаушылықтарын прокурор тапса.

Қылмыстық істі жаңадан ашылған жағдайларға байланысты қайтадан қозғау қорытындысы шығарылса, онда сотпен ашылса анықтаушылық қылмыстық зиян келтіруі, прокурордың, тергеушінің анықталса, қылмыстық істі қозғау сатысында заңсыз, негізсіз, әділетсіз шығарылған үкім табылса, онла ол оны істі қайтадан текесеруге жіберуге және үкімді жоюға мүмкіндігі болмайды.

Сонымен қатар сотқа дейінгі сатыдағы заң бұзушылық соттық өндіріс сатысы кезінде жөнделмейді және қылмыстық істің тағдырын анықтай алады.

Қылмыстық істі қозғау барысынан соттық кезеңге дейін көп уақыт өтеді, сондықтан да қылмыс туралы алғашқы мәліметтер кезеңінде бұзушылықтар өзектігін жоғалтады. Осыған байланысты ең тиімді болып келесі соттық бақылаудың 2 формасы лауазымды тұлғалармен органдардың шешімдерімен әрекетіне шағымдардың тексерулері болып келеді. Соттық бақылаудың осы формасы болып әділетті базасы ретінде келісілгендей әрбір азаматқа бостандықтары мен құқықтарын сот қорғауына сот кепілдік береді. Лауазымды тұлғалармен қоғамдық ұйымдардың органдары мемлекеттік билік органдары әрекеті мен шешімдеріне сотқа шағымдануға құқық берілген.

Бір қарағанда істі қозғау шешімі тұлғаның жеке басының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзбайды, бұл логикалық жағынан құр қалдырылған сияқты. Расындада бұл акт адамды сезікті жағдайында қалдырады. Қылмыстық сот өндіріс органдары сезіктіге қатысты шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Сот жілісі кезінде шағымдарды қарау.

Шағым алдын-ала тергеу өндірісінің орнымен беріледі. Бұндай шағым арызданушымен оның қорғаушысымен немесе заңды өкілімен сотқа немесе анықтаушы арқылы прокурорға немесе тергеушіге беріледі[38;4].

Сот мәжілісінде шағымды 5 тәулікте кешіктірмей қарайды. Бұл арызды қарауға тұлғаның келмей қалуы және оның қатысуымен шағымды қарастыруға ешқандай кедергі келтірмейді. Сот мәжілісі басында судья хабарлауға міндетт, қай шағымның қаралуы міндетті, қай шағымның қаралуы керектігін. Сот мәжілісіне келген тұлғаларға міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді. Содан кейін арызданушы, егерде ол сот мәжілісіне қатысса, шағымын дәйектейді. Содан кейін барып сотмәжілісіне келген басқа тұлғалар тыңдалады.

Арызданушыға сөз сөйлеуге мүмкіндік беріледі. Арызды қарау нәтижесі бойынша судья келесі қалауының біреуін шығарады.

  1. Оның міндетіндегі жіберілген қателіктерді жөндеп жәнә әрекетті еместігі немесе лауазымды тұлғаның шешімдерін зансыз немесе негізсіздігін мойындау.
  2. Арызды қанағаттандырмау.

Сот орган ретінде қылмыстық істі жүргізу және қылмыстық қудалауды жүргізуге құқығы жоқ..

Қылмыстық істі қозғауда бас тартуды заңсыз деп мойындайды өзі істі қозғамайды.

Шығарылған қылмыстық қозғаудан бас тарту қаулысын жоймайды, оны тек қана керекті лауазымды тұлғаны жіберілген қатесін жөндеуге сәйкетейді [39;35].

Сот қаулысының көшірмесі прокурорға және арызданушыға жіберіледі.

Баптардың ережелері бойынша шығарылған сот қаулысы наразалық келтіруге және шағымдануға берілмейді. Қаралған сұрақ бойынша қорытындылай келе мынаны айтуға болады. Сот бақылауы лауазымды тұлғалармен, мүдделі органдардың әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғау сатысындағы сот билігінің бір формасы ретінде қарастыруға болады.

Бақылау сот мазмұны іс-шара жүйелерін қарастырады, лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекетіне шағымдар тексеруіне байланысты, қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыстық іс жүргізу әрекетін жүргізуде, сонымен қатар қылмыстық іс ждүргізу сатысы келесілеріндегі соттың әрекетін жүйесін құрайды [41;27].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Қорытынды.

Отандық сот өндірісіндегі қылмыстық істі қозғаумен байланысты болатын мәселелерді қарауды қорытындылай келе, тағы бір рет мына жағдайды айта кету қажет: алғашқы сатыдағы іс-әрекет – тұлғаның заңды жәнек негізді түрде қылмыстық жауапкершілікке тартудың, мәжбүрлеу шарасының қолданудың маңызды кепілдігі болып табылады, қылмыстық процессуалды әрекетті жүзеге асырушы органдардың күштерімен құрал жабдықтарының процессуалды экономиялылығының кепілі болып табылады. Қылмыстық істі қозғауға негіз болатын жағдайларды тексерусіз тергеуді жүргізу қылмыстық пройессуалды әрекет барысында көптеген жаппай заң бұзушылыққа жол ашар еді.

Берілген сатыдағы мәселелерді ұзақ және деталды зерттеуге қарамастан көптеген мәселелер, соның ішінде практикалық мәселелері ғалым-процессуалистермен әлі күнге дейін шешілмей келе жатыр. Өкінішке орай әлі де болса бұл сатының маңызды мәселелері бар.

Қылмыстық процестің алғашқы сатысының негізгі мазмұнын құрайтын қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарларды тексеру қылмыстық сот өндірісі кезіндегі өзге де іс-әрекеттер түрлерімен қатар, сөзсіз қылмыстық-процессуалда дәлелдеуді құрайды және оның нәтижелері іс бойынша қорытынды шешім қабылданғанға дейін маңызды болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық істі қозғау сатысындағы іс-әрекет деталды түрдегі процессуалды реттеуді талап етеді. Бұл сатыдағы процессуалды шешімдер заңмен белгіленбеген іс-әректтердің нәтижесі бола алмайды. Қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарларды тексерудің процессуалды реттелу тәртібінің болмауы сот өндірісінің негізгі мақсаты- жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесіне заңды ықпал етуге мүмкін емес.

Ең алдымен қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарларды тексердің құралдарын , түсінік алу, материалдарды талап ету, ревизия және құжатты тексеру өндірісін талап ету сияқты әрекеттердің тәртібін заңда нақты түрде белгілеп көрсету қажет. Сонымен қатар қылмыстық істі қозғау сатысында арнаулы білімдерді пайдалану жағдайларында да процессуалды шеңберге енгізуді талап етеді. Сондай-ақ қылмыстық істі қозғауға дейін өкілетті лауазымды тұлғамен осы іске қатысты жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмей кез-келген қарау түрлерін, соның ішінде оқиға болған жерді қарау, түсініктеме алуды жүргізу жағдайларын және осы сатыда қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру қажет. Өйткені заңгер арыздарды және хабарларды тексеру барысында оқиға болған жер болып табылатын тұрғын жайда ондағы тұратын тұлғалардың келісімінсіз мәжбүрлі түрде қарауды көрсетеді. Әрине бұл жағдайда қарау өндірісі кезінде қандай да болмасын тұлғаның құқықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Процессуалды мәжбүрлеу шаралары да қылмыстық істі қозғау жөніндегі мәселені шешу үшін қажетті материалдарды ұсынуға байланысты өкілетті лауазымды тұлғалардың талаптарымен қамтамасыз етілуі қажет.

Қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен арыздар мен хабарларды жекеленген жағдайларда 10күндік мерзім ішінде тексеруді қолдау оның сақталуының мүмкін еместігін көрсетеді. Осыған байланысты бұл мерзімді прокурормен ұзарту құқығын қарастыру қажет сияқты.

Сонымен қатар қылмыстар жөніндегі алғашқы материалдарды тексерудің сапасын және тиімділігін шексіз тексеру әрекеттері арқылы жүргізілмеуі қажет, бұл сатыдағы өндіріс осы сатыға ғана тән дәлелдеу құралдырының есебінен жүргізілуге тиісті.

Бұрынғыша қылмыстық істі қозғау  сатысындағы іс-әрекеттер мен шешімдердің заңдылығына прокурорлық қадағалау және ведомстволық бақылау қатынастарының мәселесі өзекті болып қала береді. Прокурорлық қадағалау-қылмыстық процестегі заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы құралы. Қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарларды тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардың тексеру бойынша іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауда прокурордың мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай мұндай қадағалаудың прессуалды нысандарында жетілдіру қажет.

Қылмыстық процесстің алғашқы сатысындағы шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеруде соттың мүмкіндіктерінің аспектілерінің теріске шығаруға болмайды. Мүдделі тұлғалардың шағым-арыздары бойынша шешімдерді тексеру-сөзсіз соттық бақылаудың тиімді нысаны болып табылады. Сотқа қылмыстық сот өндірісінің қатысушыларының конститутциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекеттер мен шешімдерге шағым жасай алады. Қылмыстық істі қозғау сатысының іс-әрекетінің соттың араласуының процессуалды нысандары қылмыстар жөніндегі мәліметтерді тез және тиімді шешуге кедергі келтірмеу қажеттілігін айта кету керек.

Берілген жұмыстағы кейбір даулы мәселелердің қарастырылуы адамның құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау кезінде қылмыстық-процессуалды әрекеттің тиімділігіне ықпал ететін анағұрлым дұрыс позицияны заңгерге таңдауға мүмкіндк береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі:

 

  1. Басков В.И. Прокурорскийй надзор М., 2006 г.
  2. Шуруханов Н.Г. Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру. А., 1998
  3. Шаламов В.Г. Истребвание предметов и документов стадии возбуждения уголовного дела Омск, 1990
  4. Стругович М.С. Уголовный процесс, М. 1990
  5. Давлетов А.А., Возбуждение уголовного дела, Екатеринбург 2004 г.
  6. Тетерин Б.С. Возбуждение уголовных дел. М., 2001
  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 2007 г.
  8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1998
  9. Чельцов М.А., Уголовный процесс, М., 2000 г.
  10. Кузнецов Н.П., Доказывание в стадий возбуждения уголовного дела, 1995
  11. Похис М. Судебно-медицинскую экспертизу-стадию возбуждения уголовного дела // Соц. Законность 1971№9
  12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997
  13. Ящин В.Н.Предворительная проверка первичных материалов о преступлении М, 2000
  14. Гуляев А.П., Процессуальные сроки в стадиях возбуждение уголовного дела и предворительного расследования. М., 1996
  15. Тадевосян В.С. Прокурорский надзор. М., 1991 г
  16. Қылмыстық Құқық. Жалпы бөлім / ред. Н.Ф.Кузнецова, Ю.М.Ткаовский, Г.Н.Борзенкова, М.1989 г
  17. Қылмыстық іс жүргізу: ЖОО арналған оқулық // ред.П.А.Лупинская М., 1993г Советтік қылмыстық іс жүргізу:оқулық//ред. В.П.Божьева М., 1990 г
  18. Белозеров Ю.Н. Законность и обснованность в возбуждении уголовных дел М., 1988 г
  19. Белозеров Ю.Н.Обеспечение прав и законных интересов личности в стадии возбуждение уголовного дела, М., 1994 г
  20. Куцова Э.Ф. Гарантии прав личности в уголовном процессе М., 1982 г
  21. Кузнецова Н.А. Обьеснение как источник доказательств головном процессе М., 1996 г
  22. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995 г
  23. Приказ генералного прокурора республики Казахстан «об утверждении об организиции и надзора за законностью следствия им дознания» 2006 г
  24. Рахунов Р.Д. Қылмыстық іс қозғаудағы заңдылықтың сақталуы. //Заң газеті. Алматы, 15.02.2008 ж. № 2
  25. Чеканов В.Я. Алдын ала тексеру мен қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық бақылау 2-басылыс-Саратов, 1990 ж
  26. Шифман м.Дискусионные вопросы уголовного судопроизводства// Зан газетi. Законность.
  27. Савицкий Н.С, Возбуждение уголовного дела М., 1991
  28. Арсеньев В.Д. вопросы общий теории судебных доказательств М., 1984
  29. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» қазақстан Республикасының заңы 1994
  30. Жанайдаров А.М. Іс жүргізу әрекеті мен жедел іздестіру шараларындағы соттық бақылау. Мемлекет және құқық журналы. Оқулық М., 1998 Бойков А.Д. Сот реформасы//мемлекет және құқық 1994 № 6
  31. Афанасьев В.С. Рассмотрение сообщений об преступлениях М., 1992
  32. «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Рспубликасының президентінің заңды күшің бар жарғысы 1995
  33. Сарсенбпһаем М.А. Уголовный процесс. Досудебное производства А. 1999
  34. Постановление Правительства Республики Казахстан «О некоторых вопросах Министерства внутренни хдел Республики Казахстан» 2006
  35. приказ генерального Прокурора республикаит Казахстан «об утверждении ведение формы № 6 «О внутриведостевенной деятельности по контролью за учетной регистрационной дисциплинной органов приследования» и Инструкции по их составлению» 2006
  36. Закон Республики Казахстан «О Прокуратуре» 1995
  37. «Алдын-ала тергеу мен анықтаудың заңдылыған покурорлық қадағалау ұйымдастыру туралы» ҚР-ның Бас Прокурорының бұйрығы 1998
  38. Конститутционый закон республики Казахстан «О судебной сстеме статусе Республики Казахстан» 2000
  39. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997
  40. уголовный процесс/ под ред. К.Ф.Гуценко М., 1977
  41. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право РК, А., 1998
  42. Химичева У.В. рассмотрение заявление о сообщение о преступлениях. М., 1997