АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігінің мәселелері

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ                                                                                                                      3

 

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ                5

1.1 Қылмыстардың көптігінің түсінігі                                                                       5

1.2 Қылмыстардың көптігі және жеке қылмыстардың ара қатынасы                    9

 

 

2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ НЫСАНДАРЫ                                     15

2.1 Қылмыстарды бірнеше рет жасау                                                                      15

2.2 Қылмыстардың жиынтығы                                                                                 20

2.3 Қылмыстардың қайталануы                                                                               31

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                        42

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                   50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыс қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігінің мәселелеріне арналған.

1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум жолымен  қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциясының дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылды. Конституцияның 1–бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды» [1]. Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс–жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап – талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтқан мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі – заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы – қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс – қимылды  талап етеді.

Қазақ КСР-нің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орнын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16 – жұлдызында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1 – жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жеке мән берілсін және заңға қарама қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын”, – деп атап өтті [2, 3]. Сол себептен, қазіргі кезеңде негізінен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр жүйесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударылуда. Осыған сәйкес, қылмыстық құқықтық шаралар өздерінің алдына қойған мақсаттарын заң қорғау органдарының қатаң заңға сәйкес қызмет әрекеттері арқылы жүзеге асырулары керек. Қазіргі кездегі қылмыстық заңды тереңірек білу үшін, қылмыстардың көптігі барысында дұрыс саралауды жүзеге асыту үшін қылмыстарды бірнеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстардың қайталануын дұрыс зерделеу қажет.

1998 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көптік қылмыстар 11, 12, 13 баптардың нормаларында көрініс тапқан [3].

Қылмыстық құқық ғылымында көптік қылмыстарға қатысты бірқатар еңбектердің болуына қарамастан, сот-тергеу тәжірибесі заң нормаларына терең және толық көлемдегі түсінікті талап етеді.

Осыған орай, қылмыстардың көптігі мәселесін теориялық тұрғыдан зерттеу, жеке күрделі қылмыстардан, қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігінен ажырату қазіргі таңда өзекті деп айта аламыз.

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – қылмыстардың көптігімен байланысты мәселелерді жан-жақты кешенді түрде зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін және оны сипаттайтын белгілерді анықтау;
  • қылмыстардың көптігінің нысандарын талдау және негіздеу;
  • қылмыстардың көптігінің нысандарының ара қатынасын зерттеу.

Зерттеу объектісі – қылмыстардың көптігі қарастырылған қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеу пәні – қылмыстардың көптігінің нысандары көрсетілген қылмыстық заңның нақты нормалары болып табылады.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін ғылыми танымның жалпы, арнайы, жеке әдістері қолданылды. Оның ішінде, талдау, индукция, дедукция, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдіс, құқықты талдаудың формальды-қисындық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс және т.б. пайдаланылды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін жүйелі түрде талдауға ұмтылыс жасалынған.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, бес бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ

 

  • Қылмыстардың көптігінің түсінігі

Бiр ғана тұлғаның бiрнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшiн аса қауiптi болып табылады. Бiрiншiден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетiн зиян объективтi түрде анағүрлым арта түседi. Екiншiден, бiр тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі  объектiлерге қиянат келтiретiн болса, зиян келетiн қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуi мүмкiн. Бір тұлғаның бiр ғана емес, бiрнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердiң бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейдi. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғүрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етедi.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық іс — қимылдарды жасауы қылмысты дұрыс саралаумен, кінәлінің жауаптылығын дараландырумен, сондай – ақ жеке күрделі қылмыстарды қылмыстардың көптігінен ажырату қажеттілігімен байланысты ерекше жағдайларды туындатады.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескiру мерзiмi өтпеген немесе соттылығы жойылмаған, не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екi не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазiргi қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінiң төмендегiдей түрлерi айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігінiң өзіне тән белгiсi бiр тұлғаның кемiнде екi қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамының белгiлерi бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бiр әрекет) жасауы. Ал әкiмшiлiк құқық бұзушылық, азаматтық-құқықтық тәртiп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiнде қарастырылған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстың көптігіне жатпайды.

Қылмыстық жауаптылықтың ескiру мерзiмi өтiп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бiрнеше рет жасалуына қатысты ҚК-тiң 11-бабының 3-бөлiгiнде айтылған.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкiнуiне (ҚК-тiң 65-бабы), қажеттi қорғанудың шегiнен асуына (ҚК-тiң 66-бабы), жәбiрленушiмен татуласуына (ҚК-тiң 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актiсi негiзiнде (ҚК-тiң 76-бабының 2-бөлiгi) немесе ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде көрсетiлген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетiн ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиiстiлiгi.

Қылмыстардың көптігінің ұғымы қылмыстық құқық теориясымен қарастырылған да, қылмыстық заңнамада берілмеген.

А.М.Яковлевтің пікірі бойынша, «қылмыстық іс-қимылдардың көптігінің ұғымы қылмыстарды қайталау, қылмыстардың рецидиві және жиынтығы түсініктерінен нақты көрініс табады» [4, 5 б.]. Г.Г.Криволапов қылмыстардың көптігінің ұғымын, оның белгілерін көрсету арқылы, яғни, «қылмыстардың көптігі әрқайсысы дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық жазаланатын іс-қимылдарды жасауы» деп берген [5, 6 б.]. В.И.Ткаченко көптік қылмыстар ретінде, алдыңғы сотталғандығына қарамастан, адамның сот үкімі арқылы белгіленген, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын түсінеді [6, 285 б.]. Берілген анықтамалар қарастырылатын ұғымға тән басты белгі – бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын ғана көрсетеді. Бұл белгі қылмыстардың көптігінің барлық жағдайларына ортақ болып табылады. Ю.А.Красиков көптік қылмыстарды «кінәлі адамның кезектілікпен орындаған бір немесе бірнеше іс-қимылдар арқылы бірнеше қылмыс құрамдарын жасауы»,- деп анықтаған [7, 6 б.].  Е.А.Фролов және Р.Р.Галиакбаров бойынша, «қылмыстардың көптігі — қылмыстық заңмен қарастырылған бір адамның мінез-құлқындағы бірнеше құқық бұзушылықтардың үйлесуі» [8, 8 б.]. И.М.Гальперин «қылмыстардың көптігі – кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейінгі әртүрлі қылмыс құрамдарының белгілері бар, бірнеше қылмыстық іс-қимылдарды, немесе өзара ішкі байланыста емес, бір қылмыс құрамының белгілерін құрайтын бірнеше қылмыстық  іс-қимылдарды, немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғаннан кейін кез келген басқа қылмысты жасауы» [9, 249 б.].

Қылмыстардың көптігін жоққа шығаратын кейбір белгілер Б.А.Куриновтың анықтамасында көрініс тапқан, яғни, қылмыстардың көптігі – адамның соттылық жойылмаған және қылмыстық қудалаудың мерзімдері өтпеген, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын қамтиды [10, 159 б.].

В.П.Малков қылмыстардың көптігінің кең анықтамасын береді: «Қылмыстардың көптігіне – егер де жасалынған қылмыстардың кемінде екеуі үшін қылмыстық-құқықтық нәтижелер жойылмаған және қылмыстық істі қозғау үшін процессуалдық кедергілер жоқ жағдайларда адамның бір мезгілде немесе кезектілікпен қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін, немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғаннан кейін, қайта қылмыс жасауын жатқызамыз» [11, 12 б.].

Қылмыстардың көптігін келесі белгілермен сипаттауға болады.

— бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы. Егер де, кінәлімен жасалынған екі іс-қимылдың біреуі қылмыстық іс-қимылдың белгілері жоқ құқықбұзушылық, яғни әкімшілік немесе тәртіптік қылық, маңызы шамалы іс-әрекет болса қылмыстардың көптігі болмайды.

— қылмыстардың көптігі әрқайсысы, дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, қылмыстық іс-қимылдардан тұрады. Қылмыстық іс-қимылдың дербестігі оның объективтік және субъективтік белгілерінің бірлігімен анықталынады. Бұл дегеніміз – жеке алынған әрбір іс-қимылда белгілі бір қылмыс құрамының болуын бідіреді. Бұл қылмыстардың құрамдары өзінің юридикалық белгілері бойынша бір-біріне сәйкес келсе де, объективтік немесе субъективтік қасиеттеріне байланысты бір-бірінен ажыратылады. Қылмыстардың көптігі аяқталған қылмыстар арқылы да, сондай-ақ қылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу арқылы да түзіледі. Бұл жерде қылмыстардың көптігі ретінде тану үшін бірінші аяқталған қылмыс, одан кейін қылмысқа дайындалу немесе оқталу жасалуының, яғни қылмыстық іс-қимылдарды жасау кезектілігінің маңызы жоқ. Қылмыстардың көптігі ретінде тек орындаушының әрекетін ғана емес, ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің әрекеттерін де тани аламыз. Айталық, қылмыстардың көптігі, егер ұрлықтың бір эпизодында кінәлі тікелей орындаушы, ал келесісінде – көмектесуші болса да танылады.

— қылмыстардың көптігіне енетін әрбір қылмыстардың қылмыстық-құқықтық нәтижелері болуы керек, яғни кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндіктерінің болуы немесе заңмен бекітілген тәртіпте соттылық алынбауы немесе жойылмауы қажет [12, 53 б.].

Қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстардың және қылмыскердің жоғары қоғамға қауіптілігінің, кінәлінің бойына сіңіп қалған қоғамға жат көзқарастардың, әдеттің, белгілі бір өмірлік ұстанымдардың заңи көрінісі болып табылғандықтан, аталынған белгілер болмаған жағдайда жағымсыз салдарларды туындататын ұғым ретінде қылмыстардың көптігінің де болмауын білдіреді. Сондықтан да, қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстық іс-қимылдардың біреуіне байланысты қылмыстық-құқықтық нәтижелерді жоятын мән-жайлар болған жағдайда болмайды.

Заңға сәйкес бұл мән-жайлардың қатарына келесілер жатқызылады:

  1. Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  2. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  3. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  4. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  5. Рақымшылық актісінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату;
  6. ҚР ҚК 77, 86 баптары негізінде соттылықтың жойылуы және алынып тасталуы;
  7. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген мән-жайларға сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 312, 326, 352, 363, 364, 372, 373, 375, 376, 378, 379, 381 бб. Ескертулері).

Қылмыстардың көптігі бірқатар заңи салдарларды тудырады:

  1. Заңи біртектес және әртектес қылмыстарды жасау кейбір жағдайларда ауырлататын (ҚР ҚК 175, 176, 177 б.б.) немесе аса ауырлататын (ҚР ҚК 175, 177, 179 баптарының 3 бөлімдері) қылмыс құрамдарының белгілері болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстрдың көптігіне қатысты қылмыс құрамының аса ауырлататын белгісі ретінде бұрынғы соттылық қана танылған. Бірақ та, соттылық өз бетінше қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін жоғарылатпайды, кінәлінің тұлғасын сипаттайды. Ал жаза болса, адамның қасиетіне байланысты емес, қылмыс үшін тағайындалады.

Қылмыстардың көптігі келесі модификациядағы қылмыс құрамдарының ауырлататын белгілері ретінде қарастырылады:

а) тек ұқсас қылмыстарды жасау барысында: ҚР ҚК 103 б. 3 б. «к» тармақшасы, 121 б. 2 б. «г» тармақшасы;

ә) юридикалық ұқсас, сондай-ақ бір объектілік және әртүрлі объектілік  қылмыстарды жасау барысынада – ҚК 175 б. 3 Ескертуі.

Кінәліні соттаумен байланысты қылмыстардың көптігі қылмыс құрамының ауырлататын белгісі ретінде көрінеді:

а) тек заңи ұқсас қылмыстарды жасау барысында – ҚР ҚК 117 б. екінші бөлімі;

ә) заңи әртүрлі объектілік қылмыстарды жасау барысында – ҚР ҚК 103 б. 2 б. «к» тармақшасы, 104 б. 2 б. «ж» тармақшасы;

  1. Қылмысты саралауды өзгертеді. Мысалы, қызғаныштан бір адамды өлтіру ҚР ҚК 96 б. 1 б. сараланса, осы ниет арқылы екі адамды өлтіру ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармақшасымен сараланады.
  2. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде келесі топтамадан көрінеді:

а) ҚР ҚК-нің 52, 54, 59 баптарының негізіндеқылмыстарды бірнеше рет жасау және қылмыстың қайталануы барысында, кінәліге қылмысты алғаш рет жасаған адамға қарағанда, қатаң немесе ұзақ мерзімдегі жаза тағайындалуы қажет;

ә) ҚР ҚК-нің 58 б. негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау барысында жазаны толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданыла алады;

б) ҚР ҚК-нің 60 б. сәйкес, жазаны өтеу барысында, сондай-ақ шартты түрде соттау кезіндегі сынақ мерзімі кезеңінде, жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаны орындауды кейінге қалдыру кезінде жасалынған қылмысы үшін жаза тағайындауда жазаның берілген түрінің шегінде толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданылады;

  1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау барысында түзеу мекемесінің түріне әсер етеді. Бұрын, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдарға қатаң режимдегі, кейбір жағдайларда ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындалады (ҚР ҚК 48 б.);
  2. Кейбір қылмыстар, бұрын қандай да болмасын қылмыстарды жасағаннан кейін ғана жасалына алады – ҚР ҚК 358 б [13, 53].

Сонымен, бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс істеуі, оның қоғамға қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі құқықпен қорғалатын мүдделерге бір қылмысқа қарағанда аса мәнді залал келтіруден байқалады. Басқа жағдайларда қылмысты бірнеше рет жасау әлеуметтікке қарсы бағытталған әрекеттерден тұрады.

Қылмыстардың көптігі — жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында берілмегенмен де, қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Қылмыстардың көптігінің белгілері:

  • бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
  • бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар;
  • әр қылмыстан кейін қылмыстық құқықтың салдардың қалуы.

Бірінші белгі – қылмыстардың көптігінің ең негізгі сандық белгісі. Қылмыстардың көптігі болмайды, егер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі оларды жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке қылмыс болуы керек. Бірнеше қылмысты жасауды біз көптіік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің сипаты бойынша заңды түрде ұқсас немесе ұқсас емес болады.

Заңды түрде ұқсас деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша бірдей қылмыстарды айтамыз.

Ал заңды түрде біртектес қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік).

Заңи біртектес емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілген (бап, бөлік, пункт).

Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мәнге ие болады.

Қылмыстардың көптілігінің екінші белгісі — рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.

Көптіліктің үшінші белгісі — әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.

Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.

 

1.2 Қылмыстардың көптігі және жеке қылмыстардың ара қатынасы

Жеке қылмыстардың ұғымы ҚР ҚК 9б. 1б. берілген. Яғни, жеке қылмыс деп, қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тиым салынған, қоғамға қауіпті іс-әрекет түсіндіріледі. Бірақ та, кейбір жағдайларда заң шығарушы заң нормасын құру барысында бірнеше қылмыстық іс-әрекеттерді біріктіріп, бір қылмыс құрамында бірнеше қылмыстық іс-әрекеттерді көздейді, ауырлататын белгілерді белгілейді. Яғни, жеке қылмыстарды жасауға қылмысты істеу сатысы немесе әдісі ретінде дербес сипатқа ие емес, басқа қоғамға қауіпті іс-әрекет көмектеседі.

Осы айтылғандардың негізінде жеке қылмыстарды екі топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топтағы қылмыстарға бір әрекет арқылы, бір объектіге қатысты және бір нәтижені туындатын қылмыстар жатады. Қылмыстық құқық теориясында бұл топтағы жеке қылмыстар жай қылмыстар деп аталынады да, қылмыстардың көптігінен ажыратылуы қиындық туындатпайды.

Екінші топтағы қылмыстарға өзінің табиғаты немесе заңда көрсетілінуіне байланысты, екі немесе одан да көп объектілері бар, бірнеше қылмыстық іс — әрекеттерден тұратын, немесе бірнеше нәтижелерді туындататын қылмыстар жатады. Қылмыстық заңда бұндай қылмыстар аз емес, сондықтан да оларды қылмыстардың көптігінен ажырату мәселелері теория тұрғысынан да, қылмыстық заңнаманы тәжірибелік қолдануда да сөзсіз қажет.

Аталған қылмыстарды жіктеу негізі ретінде ғалымдар қылмыс құрамдарының сипатталу әдісінен қылмыстық іс — әрекеттің немесе нәтиженің сипатына дейінгі әртүрлі критериилерді қарастырған.

Күрделі қылмыстардың толық жіктелінуін В.П.Малков берген [14, 16 б.].

Күрделі жеке қылмыстардың келесі түрлерін қарастырады:

— құрамдас қылмыстар;

— балама әрекеттермен жасалатын қылмыстар;

— балама нәтижелерді туындатқан қылмыстар;

— жалғаспалы қылмыстар;

— созылмалы қылмыстар;

— қайталанған әрекеттермен жасалынатын қылмыстар;

— екі әрекет арқылы жасалатын қылмыстар;

— ауырлататын белгілері бар қылмыстар.

Құрамдас қылмыстар. Құрамдас қылмыстардың ең ұтымды анықтамасын Н.Ф.Кузнецова берген, яғни, оқшау алып қарағанда әрқайсысы дербес жай қылмысты білдіретін, екі немесе одан да көп іс-әрекеттерден тұратын қылмыстар [15, 117 б.]. Қылмыстық құқық әдебиеттерінде құрамдас қылмыстардың келесі түрлерін ажыратады: 1) заңда көрсетілінуіне байланысты құрамдас қылмыстар, 2) заңда құрамдас сипаты көрсетілмеген құрамдас қылмыстар.

Бірінші топтағы, яғни әртектес қоғамға қауіпті іс-әрекеттерден тұратын қылмыстарға, мысалы, өкімет өкіліне не болмаса қоғамдық тәртіпті қорғауға байланысты міндеттерді атқаратын немесе қоғамдық тәртіпті бұзуды тойтаратын басқа да адамдарға қарсылық көрсетумен байланысты жасалған бұзақылық жатады.

Екінші топтағы қылмыстарға басқа ауыр қылмысты жасаудың әдісі немесе сатысы болып табылатын, қоғамға аса қауіпті емес қылмыс, дербес іс-әрекет сипатын жоғалтады да, саралауда бейнеленбейтін қылмыстар жатады. Қылмыстық құқық теориясында бұл қылмыстардың сіңірілуі деп аталынады. Мысалы, тұрғын-жайға заңсыз кіру арқылы жасалынған ұрлық, егер де ұрлық барысында есік, тұтқа зақымдалса [16, 114 б.].

Құрамдас қылмыстардың қылмыстардың көптігінен басты айырмашылығы, кінәлі жасалынған екі іс-әрекетті де қамтитын, қылмыстық заңның бір бабымен қарастырылған, бір қылмыс үшін жауаптылыққа тартылатындығында.

Күрделі қылмыстарға балама әрекетер арқылы жасалынатын қылмыстар жатады. Олардың өзгешелігі мынада: баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттің (әрекетсіздіктің)  кез келгенін жасау қылмыс құрамының болуын тануға жеткілікті болып табылады. Мысалы, ҚК 259б. 2б. бір қылмыс құрамы туралы айтылған (есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттардысату мақсатында заңсыз алу, тасымалдау немесе сақтау, сондай-ақ  заңсыз дайындау, қайта өңдеу, жіберу, сату), көрсетілінген бір немесе бірнеше әрекеттерді жасаудан бастап аяқталған деп танылады. Егер субъект ҚК 259б. көрсетілген екі немесе барлық әрекеттерді жасаса да, айталық есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз алып, сақтап, одан кейін сатса жаңа қылмыс жасаған деп есептелмейді.

Балама нәтижелермен қылмыстар да жеке қылмыстардың қатарына жатады. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ҚК 103б. 1б. көрсетілінген бір немесе бірнеше зардаптарды – көруден, естуден, сөйлеуден, қандай де болмасын мүшеден айырылуды туындатуы мүмкін.

Жалғаспалы қылмыстар. Жалғаспалы қылмыстың түсінігі КСРО Жоғарғы сот пленумының 1929ж. 4 наурыздағы «Созылмалы және жалғаспалы қылмыстарға ескіруді және рақымшылықты қолдану шарттары туралы» қаулысында берілген [17, 478 б.]. Осы қаулыға сәйкес, жалғаспалы қылмыстар ортақ мақсатқа бағытталған және жиынтығы бойынша жеке қылмысты құрайтын ұқсас қылмыстық іс — әрекеттерден тұратын қылмыстар.

Егер де, тұлға кезектілікпен бір немесе бірнеше адамдарды тұншықтырса, уландырса, атса, ол ұқсас емес, біртектес әрекеттер жасайды. Жалғаспалы қылмыстардың және қыллмыстарды бірнеше рет жасаудың ұқсастығы, екеуінде де бір емес, ҚК белгілі бір бабының белгілеріне сәйкес келетін, бірнеше ұқсас немесе біртектес әрекеттер жасалады.

Бірақ та, жалғаспалы қылмыстар, қылмыстарды бірнеше рет жасауға қарағанда терең ішкі байланыспен, эпизодтардың арасындағы аралықтардың болмауымен, кінәлінің бірыңғай ойымен сипатталынады. Егер де, қылмысты бірнеше рет жасау кезінде, тұлға әр қылмыс барысында жаңадан пайда болған қасақаналық оймен әрекет етсе, жалғаспалы қылмыс кезіндегі ұқсас немесе біртектес әрекеттер бір қасақаналық оймен қамтылады. Мысалы, кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету (ҚК 176б.), жалғаспалы қылмыс бола алады, келесі жағдайларда, мысалы, егер кассир, автокөлік алу үшін ірі сомаға ие болу мақсатымен, оған сеніп тапсырылған ақша сомасын дереу емес, біртіндеп, аз уақыт аралықтарында иемденуді жүзеге асыра бастайды. Бұл эпизодтардың әрқайсысы қылмыстық жауаптылықты туындата алады. Бірақ та, ортақ қасақаналық оймен біріккендіктен, бұл эпизодтар, өзінің жиынтығында, қоғамға қауіптіліктің жоғары дәрежесімен сипатталынады. Барлық зпизод бойынша келтірілген зиянның бір мөлшерін есепке алу өз кезегінде кінәліні имеденіп алудың аса ауырлататын түрі — ірі мөлшердегі белгісі бойынша (ҚК 176б. 3б.) жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді. Осы талан – таражыға салуды жалғаспалы деп танымайтын жағдайларда, жауаптылық ҚК 176б. 2б. «б»т. бойынша бірнеше рет иемденіп алу үшін туындайтын еді. Заң әдебиеттерінде, мысалы Г.А.Кригер бойынша жалғаспалы қылмыс бір мезгілде, егер бапта ауырлататын белгі ретінде көрсетілген болса, қайталанған (бірнеше рет жасалған) қылмыс ретінде саралана алады деген пікір орын алған [18, 217 б.].

Кейбір қылмыстардың объективтік жағының өзгешелігі күрделі жеке қылмыстардың ішінен созылмалы қылмыстарды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Созылмалы қылмысты жасау барысында әрекет немесе әрекетсіздік кінәліге қылмыстық жаза қатерімен қылмыстық заңмен жүктелген міндеттерді белгілі бір уақыт аралығында орындамаумен сипатталынады [19, 5 б.]. Бұндай қылмыстар белгілі бір қылмыстың құрамын үздіксіз жүзеге асырумен сипатталынады да, ұзақ уақыт аралығы бойында жасалынады. Созылмалы қылмыстарға мысал ретінде, заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК 126б.), балаларын немесе еңбеккке жарамсыз ата-анасын ұстауға қаражат төлеуден қасақана жалтару (ҚК 136б.), кредиторлық берешекті төлеуден жалтару (ҚК 195б.), қызмет орнын немесе бөлімді өз бетімен тастап кету (ҚК 372б.) және т.б. келтіреміз [20].

Созылмалы қылмыстар алғашқы қылмыстық әрекетті жасау кезінен бастап (мысалы, қызмет орнын немесе бөлімді өз бетімен тастап кету (ҚК 372б.) – командирдің заңды рұқсатынсыз аумақты тастап кеткен кезден, не болмаса қылмыстық әрекетсіздік актісінен бастап (мысалы, әскери қызметті мүшесіне зақым жасау немесе басқа әдіс арқылы өтеуден жалтару (ҚК 374б.)) – шақыру орнына немесе басқа белгіленген жерге дәлелсіз себептермен келмеу кезінен басталады да, нақты қылмыстың аяқталған құрамын құрайды.

Созылмалы қылмыстар кінәлінің өзінің қылмысты тоқтатауға бағытталған әрекеттері арқылы (мысалы, кінәсін мойындап келу), немесе қылмысың ары қарата жалынуына кедергі келтіретін оқиғаның болуы нәтижесінде (мысалы, өкімет органдарының араласуы), немесе созылмалы қылмыстың мазмұнын құрайтын міндеттің жойылуымен (мысалы, баланың немесе еңбекке жарамсыз ата-ананың өлімімен кінәлінің сот шешімі бойынша оларды ұстауға қаражаттарды төлеу міндеті жойылады) аяқталады. Созылмалы қылмыс оны жүзеге асыру ұзақтығына тәуелсіз түрде бір қылмыс ретінде қарастырылады.

Созылмалы қылмыстардың қылмыстарды бірнеше рет жасаудан айырмашылығы: егер, қылмыстарды бірнеше рет жасау әрқайсысы қылмыстық заңмен қарастырылған, жекелеген іс-әрекеттерден тұрса, созылмалы қылмыс нақты қылмыс құрамын үздіксіз жүзеге асырумен сипатталынады. Созылмалы қылмыс белгілі бір әрекеттен (әрекетсіздік актісінен) басталса да, бірақ та соңынан бұл қылмыстың объективтік жағы кінәлінің заңмен қарастырылған (мысалы, кредиторлық берешекті төлеуден қасақана жалтару – ҚК 195б.), немесе оның мінез-құлқымен шартталған (қызмет орнын немесе бөлімді өз бетімен тастап кету – ҚК 372б.) нақты міндеттерді үздіксіз орындамауымен сипатталынады.

Қайталанатын әрекеттермен жасалынатын қылмыстар. Қылмыстық заңда көрсетілінген негізінде әрекеттердің қайталануы жататын кейбір қылмыстар жеке қылмыстар болып табылады, себебі, қайталанған әрекеттің алдындағы әрекет қылмыс емес, әкімшілік, тәртіптік немесе қоғамға жат қылық болып табылады. Тек олардың қайталануы, яғни алдыңғы әрекет үшін сәйкес шара қолданылғаннан кейін қайтадан жасалуы Қылмыстық кодекстің сәйкес бабында қарастырылған қылмысты құрайды. Мысалы, ҚР ҚК 199б., тауарлық белгіні заңсыз пайдалану үшін қылмыстық жауаптылық диспозицияда көрсетілген әрекеттер бірнеше рет жасалған жағдайда ғана туындайды.

Екі әрекет арқылы жасалынатын қылмыстар. Бұл қылмыстар екі әрекетпен жасалынады да, тек олардың бірлігі барысында ғана аяқталған қылмыс деп танылады. Бұл қылмыстарға мысал ретінде, алыпсатарлықты келтіреміз (ҚазКСР ҚК 168б.), алыпсатарлық барысында тек бір әрекетті жасау – қылмысқа оқталуды ғана білдіреді. Қылмыс аяқталған деп тану үшін екі әрекеттің бірлесіп болуы қажет.

Ауырлататын белгілері бар қылмыстар. Бұл күрделі жеке қылмыстар ретінде осы қылмыстың жай құрамына тән негізгі белгілерден басқа, жасалынған әрекетке жаңа сапа беретін, қоғамға қауіптілік дәрежесін жоғарылату немесе төмендетуіне байланысты кінәлінің мінез-құлқының заңи бағалануын өзгертетін қосымша белгілерге ие қоғамға қауіпті іс-әрекеттер түсіндіріледі [21, 13 б.]. Ауырлататын белгілері бар қылмыстарды екі топқа бөліп қарастырамыз:

  • қосымша ауыр зардаптардың болуыман сипатталынатын қылмыстар;
  • кінәнің екі нысанымен жасалынатын қылмыстар.

Бірінші топтың мысалы ретінде, әдетте ҚК 111б. 3б. (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсыздықта адамның өліміне әкеліп соқтырса) келтіреміз.

Екінші топтың мысалы ретінде – ҚК 188б. 3б. (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, абайсыздықта адамның өлімін туындатса), ҚК 246б. 2б. (жарылыс қаупі объектілерде немесе жарылыс қаупі бар цехтарда қауіпсіздік ережелерін бұзу), ҚК 296б. 2б. (жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсыздықта адам өліміне әкеліп соқтырса) және т.б. келтіреміз.

Бірақ та, бұл мысалдардың бәрін қосымша ауыр зардаптары бар топтағы қылмыстардың қатарына жатқызуымызға болады. Дәл осы қылмыстар ҚК 22б. сәйкес, заң шығарушы арқылы кінәнің екі нысанымен жасалынатын қылмыстардың қатарына жатқызылған да, бір жеке қылмыс ретінде қарастырылған.

Сонымен, қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бiр ғана құрамының белгiлерiнен тұратын әрекеттен ажырата бiлу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгiлерiнен тұратын қылмысты қылықтың бiр ғана көрiнiсi болса, әрине, жекелеген қылмыс түрiн қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.

Алайда, сот тәжiрибесiнде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетiн жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрделi (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.

Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгiлерiнен тұра алатын, алайда iшкi түтастығына қарай бiр қылмыс ретiнде қарастырылушы екi немесе бiрнеше әрекеттерден құралатын қылмыстар күрделi (құрамдас) қылмыстар деп танылады.

Мүндай қылмыстардың ең кең тараған түрi ретiнде бөтен мүлiктi иелену мақсатымен жәбiрленушiнiң өмiрiне не денсаулығына қауiптi болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткiзетiн қарақшылықты мысалға алуға болады.

Жекелеген күрделi қылмыстардың қатарына екi әрекеттен, соның iшiнде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тiң 202-бабында төмендегiдей балама әрекеттерден тұруы мүмкiн бiр ғана қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын бiле тұра бекiту, сонымен бiрге, құнды қағаздарды шығару жөнiндегi есептiң жалған екендiгiн бiле тұра, оны бекiту. Кiнәлi адам осы әрекеттердiң тек бiреуiн жасаса да, бiрнешеуiн жасаса да оның iсi, бәрiбiр, қылмыстың бiр құрамынан тұрады деп есептеледi.

Белгiлi бiр қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асырып отыру  созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда, ол заңмен қылмыстық қудалану қаупiн төндiре отырып кiнәлiнiң мойнына артқан мiндеттердiң көп уақыт бойына орындалмауына келiп тiрелетiн әрекет немесе әрекетсiздiк.

Айталық, П өзiнiң ұлын асырауға қажеттi, сот шешiмi арқылы белгiленген қаржыны төлеуден бiр жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінiң жұмыс орнын сегiз рет өзгертiп, бiр қаладан екiншi қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның iсi қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тiң 373-бабы), несиелi берешектi өтеуден әдейi жалтару (ҚК-тiң 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тiң 213-бабы) және басқалар жатады.

ҚК-тiң 11-бабының 1-бөлiгiне сәйкес жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бiрдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бiрақ әрекетсiздiктен де тұруы мүмкiн (ҚК-тiң 315-бабындағы — қызметтегi әрекетсiздiк). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердiң әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкiн (әкiмшiлiк немесе тәртiптiк жауаптылықпен байланысты немесе тiптi ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердiң әрқайсысы заң тұрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиiс, себебi, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттiң бiр кезеңi ғана. Мысал ретiнде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер кiнәлi деп табылған адам қоймадағы азық-түлiктi белгiлi бiр уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерiнде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердiң әр кезде ұрлап шығарған мүлкiнiң мөлшерiнiң маңызы жоқ. әр жолғы ұрланған мүлiк мөлшерi әртүрлі болып келтiрiлген залал бiр жолы айтарлықтай келесi бiр жолы елеусiз болғандықтан қоғамдық қауiптiлiкке жатпайтын және ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.

Ұрлықпен бiрге тұтынушыларды алдау (ҚК-тiң 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тiң 106-бабы), азаптау (ҚК-тiң 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиi ұшырасады.

 

  • ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ НЫСАНДАРЫ

 

2.1 Қылмыстарды бірнеше рет жасау

Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы дегеннiң мағынасына тереңiрек үңiлер болсақ, ол бiр тұлғаның екi немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттерi үшiн тұлғаның сотталғандығы немесе сотталмағандығы ескерiлмейдi.

Теория жүзiнде де, тәжірибе жүзiнде де қылмысты бiрнеше рет жасау екi түрге бөлiнедi жалпы және арнайы.

Қылмыстардың қайталануының кез-келген түрi, оның қоғамдық қауiптiлiгiнiң сипаты мен деңгейiне қарамастан жалпы бiрнеше рет қайталану деп табылады. Жалпы бiрнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бiрақ жаза тағайындау кезiнде сот бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретiнде ескеруi мүмкiн (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағы).

Кiнәлi тұлғаның ұқсас немесе бiртектес екi немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бiрнеше рет жасалу деп табылады. ҚК-тiң 11-бабының 1-бөлiгiнде дәл осындай бiрнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау — қылмыстардың бiрнеше реет жасалуы деп танылады».

Нақты жағдайлар түрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бiрдей қылмыс құрамының белгiлерiнен тұратын қылмыстар, ұқсас (бiрдей) қылмыстар деп есептеледi [22, 64 б.].

Мысалы, бiр тұлғаның кiсi өлтiру қылмысын екi рет жасауының бiр-бiрiнен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары түрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкiн, бiрақ бұл ҚК-тiң 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгiлерi бойынша ұқсас (бiрдей) болып келедi.

ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бiрнеше мәрте жасалуының орын алуы саралаушы мән-жайлар болып табылады (ҚК-тiң 96-бабының 2-бөлiгiнiң «А» тармағы; 120-бабының 2-бөлiгi және т.б.).

Заңмен тiкелей қарастырылған жағдайларда бiртектес қылмыстардың да бiрнеше мәрте жасалуы ескерiледi. Белгiлi бiр объектiге немесе соған ұқсас объектiге қайталап қиянат келтiрушi, кiнәнiң түрi бiрдей және басқа да объективтiк және субъективтi ұқсас белгiлерден тұратын қылмыстар (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) бiртектес қылмыстар деп танылады. Бiртектес қылмыстарды есепке алу мүмкiндiгi ҚК-тiң 175-бабына қатысты 3-ескертуде тiкелей қарастырылған, атап айтқанда онда былай делiнген: «Осы Кодекстiң 175, 181-баптарындағы бiрнеше рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстiң 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе одан да көп қылмыстардан кейiн жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтеннiң мүлкiн ұрлау қылмысы, бұған дейiн де мүлiк ұрлағандықтан ғана емес, сонымен қатар, кiнәлi тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бiрiн бұрын жасаған жағдайда да бiрнеше рет жасалған деп танылатын болады.

Бiрнеше рет жасалу ұғымы, кiнәлi тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлi тартылмаған әрекеттерiн де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кiнәлi тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бiрлесiп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер бiрнеше рет жасалған деп танылады.

Бiрнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғанда мәнi мынада: бiрiншiден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде қарастыратындығында. Екiншiден, ҚК-тiң 11-бабының 5-бөлiгiне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады деп көрсетiлгендiгiнде».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11 бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деп бір немесе заңда арнайы көрсетілген реттерде әртүрлі баптарда көзделген қылмысты бірнеше рет жасауын айтамыз.

Екі немесе одан да көп қылмыс жасау кезінде, яғни олар әр түрлі баптарға жатса, бұны бірнеше мәрте жасалды деп тек қана ҚК-те Ерекше бөлімінде көрсетілген кездерінде танылады.

Егер бұл істелген қылмыстар үшін, оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылса немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар де бірнеше рет жасалған қылмыс болып табылмайды.    

Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетiлген жағдайларда да бiрнеше рет жасау деп танылуы мүмкiн.
      Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді [20].
      Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады [23].
      Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.
      Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабының үшінші бөлігі бойынша  саралауға жатады). Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын жалғаспалы қылмыстардан ажырата білу қажет. Белгілі бір адамның кінәнің бірыңғай нысанымен және біріктірілген ортақ мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының біркелкілігімен сипатталатын, қылмыс жасау тәсілі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі және одан да көп қылмыстық әрекеттерді жасауы қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрамайды. Мұндай жағдайларда барлық жасалған әрекеттерді тұтастай жалғаспалы қылмыс ретінде танып, осы қылмысты жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК бір бабы немесе бабының бөлігі бойынша саралаған жөн.
      Егер жалғаспалы қылмыс кезеңінде қылмыстық заңға осы әрекет үшін неғұрлым қатаң жауаптылықты белгілейтін өзгерістер енгізілсе және қылмыс көріністерінің ең болмағанда біреуі заңның жаңа редакциясы күшіне енген кезеңде жасалса, онда жалғаспалы қылмыстың барлық көріністері жаңа заң бойынша тұтастай бір қылмыс ретінде саралауға жатады.
      Жалғаспалы қылмыс кезеңінде белгілі бір адам жалғаспалы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабының диспозициясы қамтымайтын белгілері бар басқа қылмыс жасаған жағдайда (мысалы, балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару кезеңінде ұрлық жасау), оның әрекеттері жалғаспалы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баппен  және басқа қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабымен қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауға жатады.

Екінші рет және одан кейін де қылмыс жасау кінәлінің жеке тұлғасының аса қауіптілігін, оның тұрақты қоғамға қарсы бағыттылығын көрсетеді. Сонымен бірге, екінші және одан кейін жасалған бірнеше рет жүзеге асқан қылмыстар қоғам үшін неғұрлым қауіпті, өйткені олар жәбірленушілердің көп санына зиян келтіреді және т.б. Бұл жағдайларды ескере келе, заң шығарушы қылмыстың бірнеше рет жасалуын қылмысты саралайтын белгілерге жатқызады.

Бірнеше рет қылмыс жасаудың құрамдаушылары болып егер ол заңда қарастырылған болса, біртектес қылмыстар табылуы мүмкін, оларға бірдей немесе ұқсас тікелей объектілерге озбырлық жасайтын, бірдей кінә нысанымен және ұқсас уәждармен жасалған қылмыстарды жатқызу қажет [24].

ҚК 11-бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше рет жасалуы ҚК-те неғұрлым қатаң жазаға әкелетін жағдай ретінде қарастырылған жағдайда, тұлғаның жасаған қылмыстары бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін жаза көзделген ҚК Ерекше бөлімінің бабындағы тиісті бөлігі бойынша сараланады.

         Қылмыстардың жүйелілігі қылмыстық заңның бірқатар баптарының саралау белгісі ретінде көзделеді.

         Жүйеліліктің сандық құрамы кінәлінің өз сипаты бойынша бірдей болып табылатын кемінде үш қылмысты жасауын талап етеді. Дегенмен, бірнеше рет қылмыс жасаудан ерекше, жүйеліліктің сапалық өзінділігі кінәлінің қылмыстық іс-әрекеттері азды-көпті ұзақтылы кезеңнің барысындағы оның қылмыстық мінез-құлқының белгілі бір желісі (жүйесі) болып табылатындығында жатыр.

         Осылайша, жүйелілік дегеніміз – кінәлінің қылмыстық мінез-құлқының белгілі бір желісін сипаттайтын бірдей қылмыстарды, егер олардың ешбіреуі үшін ол сотқа тартылмаса, үш рет немесе одан артық жасауы.

         Қылмысты кәсіп ретінде жасау дегеніміз – кінәлі үшін тіршілік ету құралдарының негізгі немесе қосымша көзі болып табылатын табысқа қол жеткізу мақсатымен жасалатын жүйелі қылмыстық қызмет.

         Бірнеше рет қылмыс жасаудың қылмыстық-құқықтық салдары келесіде жатыр:

  • ол жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті ауырлататын жағдай болып табылады (54-б., 1-бөл., «а» т.);
  • қылмысты саралауға әсер етеді (120б. 2-бөл. «г» т., 121 б. 2-бөл. «г» т., 125-б. 2-бөл. «б»т., 175,176, 177, 178, 179, 180, 181 бб.);
  • қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болғызбайды;
  • жаза тағайындаудың ерекше, неғұрлым қатаң тәртібін көздейді (58-б.);
  • қылмыстық жауапкершілікке тартылудың мерзімнің өтуін тоқтатады (69-б., 4-б.);
  • шартты түрде соттаудың күшін жоюды талап етеді (64-б., 4,5 бб.).

Қылмыстық заңды дұрыс қолдану азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды, сондай-ақ сотталушыларға жасаған әрекетіне сәйкес әділ жаза тағайындауды қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір адам бірнеше қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қажетті мән-жайларды анықтаған және жасалған әрекетті жалғаспалы (созылмалы) қылмыстың, қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, қылмыстардың нақты және анық жиынтығының анықтаулары бар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін ескеріп, саралаған жөн.

Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетілген жағдайларда да бірнеше рет жасау деп танылуы мүмкін.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді [25].

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады.

Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.

Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабының үшінші бөлігі бойынша  саралауға жатады). Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.

2.2 Қылмыстардың жиынтығы

Егер адам ҚК-ң әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да қылмыстың құрамы болады.

Егер де бір әрекет жалпы және арнайы бөлімінің белгілеріне сай келсе, онда қылмыстың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылыққа тұлға ерекше бөлімге сай тартылады.

Қылмыстардың жиынтығы идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, тармақшалары, бөліктері бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.

Ал қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына жататын қылмыстарды жасауын айтамыз.

Егер жасалған белгілі бір қылмыстар үшін кінәлі адам сотталса немесе қылмыстық заңмен көзделген негіздер бойынша жауаптылықтан босатылса, онда осы қылмыстар қылмыстардың жиынтығына кіре алмайды. Бұл жағдай жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін. Адамның бұрынғы алынбаған және жойылмаған соттылықтары жаңа қылмыстың саралаушы белгілерінің (бірнеше рет жасалуы, бұрын екі және одан да көп сотталған адамның жасауы) тағылуы үшін негіз болып табылады.

Адамның қылмыстардың біріне қылмыстың бірнеше рет жасалуын көздейтін бір баптың (баптың бөлігінің) күші қолданылатын, ал басқа қылмыстарға ҚК басқа баптарының күші қолданылатын бірнеше қылмыстарды жасауын да қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрайтын бірнеше әрекетті ҚК бабының бұл қылмыстардың осы саралаушы белгісін көздейтін бөлігі бойынша, ал жасалғаны үшін ҚК басқа баптарымен жауаптылық көзделген басқа әрекеттер — ҚК тиісті баптары бойынша саралануы қажет.

Қылмыстардың жиынтығы кезінде кінәлі адам ҚК 12-бабына сәйкес әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл сот дәлелденді деп таныған әрбір әрекеттің, әдетте, ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша дербес саралауға жататынын білдіреді.

Барлық жасалған қылмыстардың белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК баптарының біреуінің диспозициясымен қамтылған жағдайларда ғана қылмыстар жиынтығы ҚК бір бабы бойынша сараланады.

Қылмыстардың жиынтығына кіретін әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын мұқият зерттеп, қылмыстардың жасалу ретін, себептерін, мақсатын, кінәнің нысанасын анықтап, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларының әрқайсысының диспозициясын талдап және салыстырып, ҚК бір бабында жауаптылық көзделген бір әрекеттің белгілерінің жиынтыққа кіретін басқа бір қылмыс үшін жауаптылық көздейтін басқа баптың диспозициясын қамтитын-қамтымайтынын анықтаған дұрыс. Бұл орайда, қылмыстың белгілері деп, объект объективтік жағын, субъект субъективтік жағын құрайтын белгілерді түсіну қажет.

Қылмыс құрамын құрайтын белгілердің қылмыстың саралаушы белгілерінен ерекшелігі қылмыс құрамы белгілерінің ең болмағанда бiреуiнiң болмауы әрекетті қылмыс деп тануға мүмкіндік бермейтіндігінде, ал қылмыстың саралаушы белгілерінің болмауы әрекетті осы қылмыстың жасалғаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылық көздейтін заң нормасы бойынша саралауға негіз болады (жай құрам).

Қылмыстық заңның бір бабы (бабының бөлігі) бойынша саралауға жататын жалғаспалы қылмыстан қылмыстардың идеалды жиынтығының ара-жігін ашу кезінде қол сұғушылық жасалған объектілердің бір немесе бірнеше қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделгенін және осы қылмыстың нәтижесінде келтірілген зардаптарды анықтау қажет, сондай-ақ жасалған әрекеттердің әрқайсысының субъективтік жағының қалай сипатталатынын ескеріледі.

Бір бапта көрсетілген объект басқа бапта көрсетілген объектінің бөлігі болып табылмаған жағдайда ҚК әр түрлі баптарында көрсетілген заңмен қорғалатын бірнеше объектілерге қол сұғуды әрбір объектіге жасалған қол сұғу үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған дұрыс деп ойлаймыз. Қол сұғу нысаны бойынша өзара ерекшеленетін әрекеттер де осылай саралануға жатқызылуы керек (мысалы, белгілі бір адам ерекше құндылығы бар заттармен қатар басқа мүлікті ұрлаған кезде бірінші әрекет ҚК 180-бабы бойынша, басқа әрекет — ҚК басқа да тиісті бабы бойынша саралауға жатады).

ҚК бірнеше баптарында объектісі көрсетілген әрекетті саралау кезінде (жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі) қылмыстардың жиынтығы болмайды және әрекет ҚК 12-бабының үшінші бөлігіне сәйкес тиісті арнайы норма бойынша саралауға жатады.

Келтірілген әр түрлі қоғамдық қауіпті зардаптар қолдануға жататын қылмыстық заңның бір нормасымен көзделмесе және әр түрлі қылмыстардың тікелей объектілеріне жататын болса да, әрекетті де әрбір қылмыс үшін жауаптылық белгілеген ҚК тиісті баптары бойынша қылмыстардың жиынтығы ретінде сараланады.

Жасалған әрекетте ауырлатылған құрамды жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабында көрсетілген қылмыстың белгілері (мысалы, адам өлтіру кезіндегі аса қатыгездік) және сонымен қатар осы әрекетті жеңілдететін мән-жайлар бойынша (мысалы, жан күйзелісі жағдайында) саралау үшін негіз болып табылатын басқа да белгілер анықталған кезде қылмыстар жиынтығы болмайды. Мұндай жағдайларда әрекет осы қылмысты жасағаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, жан күйзелісі жағдайында аса қатыгездікпен адам өлтіру ҚК 98-бабы бойынша ғана саралауға жатады).

Белгілі бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін әр түрлі саралаушы белгілер ҚК бірнеше баптарында көзделген жағдайларда, әрекет қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады. (Мысалы, қажетті қорғаныс шегінен тыс және жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру ҚК 99-бабы бойынша саралауға жатады).

Белгілі бір адам жасаған, жиынтыққа кіретін қылмыстардың біреуінің субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен, ал басқа қылмыстың субъективтік жағы абайсыздықпен сипатталса (мысалы, бір адамды қасақана өлтіру және басқа адамды абайсыздықтан өлтіріп алу), онда жасалған қылмыстар тіпті объектісі, объективтік жағы және келтірілген зардаптары бойынша бір-бірімен сәйкес келгеннің өзінде әрбір әрекет ҚК қасақана және абайсыздықпен жасалған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптары бойынша саралануды қажет етеді [26].

Егер жиынтыққа кіретін қылмыстардың бірін тек арнайы субъектінің жасауы, ал басқа қылмыстарды — өзге адамдардың жасауы мүмкін екендігі заңда көрсетілсе, онда мұндай қылмыстар осы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша жеке саралануы тиіс.

Егер қылмыс субъектісі қылмыстардың бірін жасау кезінде орындаушы, ал басқа қылмыстарды жасау кезінде — ұйымдастырушы, арандатушы не көмектесуші болса, жиынтықты құрайтын қылмыстар да осылай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда ұйымдастырушы, арандатушы немесе көмектесуші ретінде қылмысты жасауға қатысқан адамның әрекеттерін саралау кезінде ҚК 28-бабын және жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабын қолдану қажет, ал адамның орындаушы ретіндегі әрекетін ҚК тиісті бабы бойынша дербес сараланады.

Егер жасалған қылмыстардың бірі басқа қылмысты жасаудың құралы немесе тәсілі болып табылса және қылмыстардың екеуінің де белгілері қылмыстық заңның тиісті нормасының диспозициясында көрсетілсе, онда жасалған әрекет неғұрлым ауыр қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК бір бабы бойынша ғана саралауға жатады. Бұл орайда, қатаңдығы төменірек қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша қосымша саралау қажет емес. (Мысалы, контрабанда жасау кезінде қызмет бабын асыра пайдалану ҚК 250-бабының екінші бөлігінің б) тармағы бойынша ғана саралауға жатады).

Бір қылмыстың басқа қылмыспен ұштасуы қылмыстардың өзара байланыстығын, бір қылмыстың басқа қылмыстың жасалуымен ұласуын білдіреді. Мұндай жағдайларда кінәлі адам қылмыстардың әрқайсысын орындауға (арасында уақыт өткізіп немесе өткізбей) бағытталған әрекеттерді жасайды [27].

 Қылмыстардың нақты жиынтығы кезінде олардың ұштасуы (яғни, қылмыс кінәлінің бірнеше әрекеттерімен жасалғанда), сондай-ақ олардың анық жиынтығы кезінде (бір әрекетте не әрекетсіздікте ҚК екі және одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері болғанда), ҚК 12-бабына сәйкес, әрбір қылмысты ҚК тиісті бабы бойынша бөлек саралауға әкеп соғады.

Жиынтыққа кіретін біртектес емес қылмыстарды кінәлі бірнеше сабақтас әрекеттер арқылы жасаса және олардың біріншісінің жасалуы екінші қылмыстың бірінші қылмыспен ұштасып жасалуы деген саралаушы белгісі бойынша саралау үшін негіз болып табылса (мысалы, алдымен жәбірленушіге қатысты қарақшылық, қорқытып алушылық, бандитизм, зорлау, нәпсiқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау, содан кейін оны өлтіру), әрбір қылмыс ҚК тиісті бабы бойынша дербес саралауға жатады.

Бірінші қылмыс (мысалы, адам өлтіру) одан кейін екінші қылмысты (мысалы, ұрлау) жасауды жеңілдету мақсатында жасалса не кінәлі бірінші қылмысты (мысалы, зорлау) жасағаннан кейін осы қылмысты жасыру мақсатында басқа қылмыс (мысалы, адам өлтіру) жасаса, жиынтықты құрайтын қылмыстар осылай сараланады.

Егер іс бойынша қолдануға жататын қылмыстық заңның нормасы, қылмыстар жиынтығын көрсете келе, жасалған қылмыстардың әрқайсысының барлық белгілерін толық қамтыса және олардың әрқайсысынан қоғамдық қауіпті зардаптардың келтірілуін көздесе, онда жасалған әрекет тұтастай алғанда осы саралаушы белгілері бар неғұрлым ауыр қылмысты жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК тиісті бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, қарақшылық шабуыл жасау және бұл орайда денсаулыққа ауыр зиян келтіру).

Адам аяқталған қылмыстарды және қылмыс жасаудың белгілі бір сатысында соңына дейін жеткізілмей тоқтатылған қылмыстарды жасаған жағдайда бұл қылмыстар бір бап бойынша саралануы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған қылмыс ҚК 24-бабының тиісті бөлігі және ҚК Ерекше бөлімінің бабы (бабының бөлігі) бойынша, ал аяқталған қылмыс — осы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, қылмыстық заңды қолдану кезінде қылмыстардың жиынтығы нақты және идеалды жиынтық болып бөлінетінін ескеруіміз қажет. Қылмыстардың нақты жиынтығы белгілі бір адамның әрқайсысында ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлі баптарында (баптарының бөліктерінде) көзделген қылмыс құрамы бар екі және одан да көп қылмыстық жазаланатын әрекеттерді жасауынан құралады. Идеалды жиынтық кезінде кінәлінің бір әрекетінде ҚК екі және одан да көп баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген кем дегенде екі әр түрлі қылмыс құрамдарының белгілері болады және барлық жасалған әрекет тұтастай алғанда қылмыстық заңның осы нормаларының бірде бірімен толық қамтылмайды.

Қылмыстардың нақты жиынтығы көптік қылмыстардың бір түрі болып табылады да, басқа да көптік қылмыстардың нысандары сияқты бір адаммен әр уақытта, әр түрлі қылмыс жасағанын білдіреді.

Бұл қылмыстар қылмыстық заңның әр түрлі баптары мен бөліктеріне сәйкес келеді. Қылмыстардың нақты жиынтығына кінәлінің сотталғанға дейінгі іс-әрекеттері жатады. Сондықтан да, нақты жиынтық ретінде тану  үшін істелген қылмыстардың заңмен қудалану мерзімдері өтіп кетпеуі керек.

Қылмыстардың жиынтығына ұқсас қылмыстар да жатады, кінәлі қылмысты жасайын деп жасамағанда және басқа кезде толық аяқтап жасағанда немесе керісінше болғанда. Бұл жағдайда бәрі бір түсінікке келмейді, сондықтан қылмыстарды жеке — жеке бөліп, заңның әр түрлі баптарымен қарастыру керек. Егер, кінәлі ұқсас қылмыстарды басында жалғыз, кейін біреумен қосылып жасаса, ол қылмыстың қоғамға қауіптілігін дұрыс анықтау керек.

Қылмыстық құқық теориясы айтылған айырмашылықтарды анықтаудың кейбір критерийлерін белгіледі. Қылмыстың жиынтығының екі түрі болады:

1). Бір-бірімен байланысқан қылмыстардың жиынтығы.

2). Бір адаммен қайталанып істелген әр түрлі қылмыстар.

Қылмыстардың жиынтығын жеке, күрделі қылмыстардан дұрыс ажырату үшін В.П.Малков мынандай түсініктер енгізген:

  1. Қылмыстардың жиынтығы барысында бір қылмыстың келесі қылмыстың істеліуіне жағдай туғызуы. Мысалы мылтық немесе суық қаруды дайындап, сол қарумен шабуыл жасау.
  2. Басқа қылмыс жасау үшін біреуінің екіншісін істеуге көмектесуі есептеледі. Мысалы: үкіметтің немесе коллективтің меншігін ұрлау жатады.
  3. Бір қылмыс екінші қылмысты жасырғанда немесе жауапкершіліктен қашқанда істелсе. Мысалы: тұтынушыларды алдау, жол ережесін бұзып, жарақаттанған адамды жол оқиғасы болған жерде тастап қашып кету, бұзақылық жасап полиция немесе басқа күзет адамдарына қарсылық көрсетіп олардың өміріне қауіп төндіру.
  4. Қылмыстардың нақты жиынтығына басқа қылмыстың түрі, уақыты мен істелген орны сәйкес келгенде. Мысалы: қызды зорлап, оның құнды заттарын ұрлап алу. Көлікті ұрлап алып, әдейілеп оның манызды бөліктерін сындырып тастап кету.
  5. Қылмысты істеудің ниеттері бір, бірақ әр түрлі уақытта істелуі. Мысалы: қылмыскер алдымен тонайды, кейін бөтеннің мүлкін ұрлап алады [14].

Иделды қылмыстардың жиынтығы деген ұғым қылмыстық заңның 12 бабының 2 бөлімінде берілген. Қылмыстық құқық теориясы мен сот – тергеу тәжірибесі қылмыстың нақты жиынтығы деп — қылмыскердің қылмысының заңның бірнеше баптарына сәйкес келген кезін айтады.

Қылмыстың нақты жиынтығы қылмыскердің бірнеше қылмыс істегендегі шынайы шындылығын көрсетеді. Қылмыстың нақты жиынтығын түсіну үшін оны бірнеше топқа бөлеміз.

1). Бір обьектілі қылмыстың нақты жиынтығы.

2). Әр түрлі обьектілі қылмыстың нақты жиынтығы.

Бір обьектілі қылмыстар тек бір обьектіге ғана жасалады. Әр түрлі обьектілі қылмыстардың жиынтығы сот-тергеу тәжірибесінде кең тараған. Бірнеше обьектілерге қылмыс жасалған уақытта біз оны әр түрлі обьектілі қылмыстардың жиынтығы деп атаймыз.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылау келе, адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болады.

Егер де бір әрекет жалпы және арнайы бөлімінің белгілеріне сай келсе, онда қылмыстың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылыққа тұлға қылмыстық заңның ерекше бөліміне сәйкес тартылады.

Қылмыстардың жиынтығы идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, тармақшалары, бөліктері бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.

Ал қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына жататын қылмыстарды жасауын айтамыз.

Егер жасалған белгілі бір қылмыстар үшін кінәлі адам сотталса немесе қылмыстық заңмен көзделген негіздер бойынша жауаптылықтан босатылса, онда осы қылмыстар қылмыстардың жиынтығына кіре алмайды. Бұл жағдай жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін. Адамның бұрынғы алынбаған және жойылмаған соттылықтары жаңа қылмыстың саралаушы белгілерінің (бірнеше рет жасалуы, бұрын екі және одан да көп сотталған адамның жасауы) тағылуы үшін негіз болып табылады.

Адамның қылмыстардың біріне қылмыстың бірнеше рет жасалуын көздейтін бір баптың (баптың бөлігінің) күші қолданылатын, ал басқа қылмыстарға ҚК басқа баптарының күші қолданылатын бірнеше қылмыстарды жасауын да қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрайтын бірнеше әрекетті ҚК бабының бұл қылмыстардың осы саралаушы белгісін көздейтін бөлігі бойынша, ал жасалғаны үшін ҚК басқа баптарымен жауаптылық көзделген басқа әрекеттер — ҚК тиісті баптары бойынша саралануы қажет.

Қылмыстардың жиынтығы кезінде кінәлі адам ҚК 12-бабына сәйкес әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл сот дәлелденді деп таныған әрбір әрекеттің, әдетте, ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша дербес саралауға жататынын білдіреді [24].

Барлық жасалған қылмыстардың белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК баптарының біреуінің диспозициясымен қамтылған жағдайларда ғана қылмыстар жиынтығы ҚК бір бабы бойынша сараланады.

Қылмыстардың жиынтығына кіретін әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын мұқият зерттеп, қылмыстардың жасалу ретін, себептерін, мақсатын, кінәнің нысанасын анықтап, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларының әрқайсысының диспозициясын талдап және салыстырып, ҚК бір бабында жауаптылық көзделген бір әрекеттің белгілерінің жиынтыққа кіретін басқа бір қылмыс үшін жауаптылық көздейтін басқа баптың диспозициясын қамтитын-қамтымайтынын анықтаған дұрыс. Бұл орайда, қылмыстың белгілері деп, объект объективтік жағын, субъект субъективтік жағын құрайтын белгілерді түсіну қажет.

Қылмыс құрамын құрайтын белгілердің қылмыстың саралаушы белгілерінен ерекшелігі қылмыс құрамы белгілерінің ең болмағанда бiреуiнiң болмауы әрекетті қылмыс деп тануға мүмкіндік бермейтіндігінде, ал қылмыстың саралаушы белгілерінің болмауы әрекетті осы қылмыстың жасалғаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылық көздейтін заң нормасы бойынша саралауға негіз болады (жай құрам).

Қылмыстық заңның бір бабы (бабының бөлігі) бойынша саралауға жататын жалғаспалы қылмыстан қылмыстардың идеалды жиынтығының ара-жігін ашу кезінде қол сұғушылық жасалған объектілердің бір немесе бірнеше қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделгенін және осы қылмыстың нәтижесінде келтірілген зардаптарды анықтау қажет, сондай-ақ жасалған әрекеттердің әрқайсысының субъективтік жағының қалай сипатталатынын ескеріледі.

Бір бапта көрсетілген объект басқа бапта көрсетілген объектінің бөлігі болып табылмаған жағдайда ҚК әр түрлі баптарында көрсетілген заңмен қорғалатын бірнеше объектілерге қол сұғуды әрбір объектіге жасалған қол сұғу үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған дұрыс деп ойлаймыз. Қол сұғу нысаны бойынша өзара ерекшеленетін әрекеттер де осылай саралануға жатқызылуы керек (мысалы, белгілі бір адам ерекше құндылығы бар заттармен қатар басқа мүлікті ұрлаған кезде бірінші әрекет ҚК 180-бабы бойынша, басқа әрекет — ҚК басқа да тиісті бабы бойынша саралауға жатады).

ҚК бірнеше баптарында объектісі көрсетілген әрекетті саралау кезінде (жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі) қылмыстардың жиынтығы болмайды және әрекет ҚК 12-бабының үшінші бөлігіне сәйкес тиісті арнайы норма бойынша саралауға жатады.

Келтірілген әр түрлі қоғамдық қауіпті зардаптар қолдануға жататын қылмыстық заңның бір нормасымен көзделмесе және әр түрлі қылмыстардың тікелей объектілеріне жататын болса да, әрекетті де әрбір қылмыс үшін жауаптылық белгілеген ҚК тиісті баптары бойынша қылмыстардың жиынтығы ретінде сараланады.

Жасалған әрекетте ауырлатылған құрамды жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабында көрсетілген қылмыстың белгілері (мысалы, адам өлтіру кезіндегі аса қатыгездік) және сонымен қатар осы әрекетті жеңілдететін мән-жайлар бойынша (мысалы, жан күйзелісі жағдайында) саралау үшін негіз болып табылатын басқа да белгілер анықталған кезде қылмыстар жиынтығы болмайды. Мұндай жағдайларда әрекет осы қылмысты жасағаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, жан күйзелісі жағдайында аса қатыгездікпен адам өлтіру ҚК 98-бабы бойынша ғана саралауға жатады).

Белгілі бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін әр түрлі саралаушы белгілер ҚК бірнеше баптарында көзделген жағдайларда, әрекет қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады. (Мысалы, қажетті қорғаныс шегінен тыс және жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру ҚК 99-бабы бойынша саралауға жатады).

Белгілі бір адам жасаған, жиынтыққа кіретін қылмыстардың біреуінің субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен, ал басқа қылмыстың субъективтік жағы абайсыздықпен сипатталса (мысалы, бір адамды қасақана өлтіру және басқа адамды абайсыздықтан өлтіріп алу), онда жасалған қылмыстар тіпті объектісі, объективтік жағы және келтірілген зардаптары бойынша бір-бірімен сәйкес келгеннің өзінде, әрбір әрекет ҚК қасақана және абайсыздықпен жасалған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптары бойынша саралануды қажет етеді [28].

Егер жиынтыққа кіретін қылмыстардың бірін тек арнайы субъектінің жасауы, ал басқа қылмыстарды — өзге адамдардың жасауы мүмкін екендігі заңда көрсетілсе, онда мұндай қылмыстар осы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша жеке саралануы тиіс.

Егер қылмыс субъектісі қылмыстардың бірін жасау кезінде орындаушы, ал басқа қылмыстарды жасау кезінде — ұйымдастырушы, арандатушы не көмектесуші болса, жиынтықты құрайтын қылмыстар да осылай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда ұйымдастырушы, арандатушы немесе көмектесуші ретінде қылмысты жасауға қатысқан адамның әрекеттерін саралау кезінде ҚК 28-бабын және жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабын қолдану қажет, ал адамның орындаушы ретіндегі әрекетін ҚК тиісті бабы бойынша дербес сараланады.

Егер жасалған қылмыстардың бірі басқа қылмысты жасаудың құралы немесе тәсілі болып табылса және қылмыстардың екеуінің де белгілері қылмыстық заңның тиісті нормасының диспозициясында көрсетілсе, онда жасалған әрекет неғұрлым ауыр қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК бір бабы бойынша ғана саралауға жатады. Бұл орайда, қатаңдығы төменірек қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша қосымша саралау қажет емес. (Мысалы, контрабанда жасау кезінде қызмет бабын асыра пайдалану ҚК 250-бабының екінші бөлігінің б) тармағы бойынша ғана саралауға жатады).

Бір қылмыстың басқа қылмыспен ұштасуы қылмыстардың өзара байланыстығын, бір қылмыстың басқа қылмыстың жасалуымен ұласуын білдіреді. Мұндай жағдайларда кінәлі адам қылмыстардың әрқайсысын орындауға (арасында уақыт өткізіп немесе өткізбей) бағытталған әрекеттерді жасайды.

 Қылмыстардың нақты жиынтығы кезінде олардың ұштасуы (яғни, қылмыс кінәлінің бірнеше әрекеттерімен жасалғанда), сондай-ақ олардың анық жиынтығы кезінде (бір әрекетте не әрекетсіздікте ҚК екі және одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері болғанда), ҚК 12-бабына сәйкес, әрбір қылмысты ҚК тиісті бабы бойынша бөлек саралауға әкеп соғады.

Жиынтыққа кіретін біртектес емес қылмыстарды кінәлі бірнеше сабақтас әрекеттер арқылы жасаса және олардың біріншісінің жасалуы екінші қылмыстың бірінші қылмыспен ұштасып жасалуы деген саралаушы белгісі бойынша саралау үшін негіз болып табылса (мысалы, алдымен жәбірленушіге қатысты қарақшылық, қорқытып алушылық, бандитизм, зорлау, нәпсiқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау, содан кейін оны өлтіру), әрбір қылмыс ҚК тиісті бабы бойынша дербес саралауға жатады.

Бірінші қылмыс (мысалы, адам өлтіру) одан кейін екінші қылмысты (мысалы, ұрлау) жасауды жеңілдету мақсатында жасалса не кінәлі бірінші қылмысты (мысалы, зорлау) жасағаннан кейін осы қылмысты жасыру мақсатында басқа қылмыс (мысалы, адам өлтіру) жасаса, жиынтықты құрайтын қылмыстар осылай сараланады.

Егер іс бойынша қолдануға жататын қылмыстық заңның нормасы, қылмыстар жиынтығын көрсете келе, жасалған қылмыстардың әрқайсысының барлық белгілерін толық қамтыса және олардың әрқайсысынан қоғамдық қауіпті зардаптардың келтірілуін көздесе, онда жасалған әрекет тұтастай алғанда осы саралаушы белгілері бар неғұрлым ауыр қылмысты жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК тиісті бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, қарақшылық шабуыл жасау және бұл орайда денсаулыққа ауыр зиян келтіру).

Адам аяқталған қылмыстарды және қылмыс жасаудың белгілі бір сатысында соңына дейін жеткізілмей тоқтатылған қылмыстарды жасаған жағдайда бұл қылмыстар бір бап бойынша саралануы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған қылмыс ҚК 24-бабының тиісті бөлігі және ҚК Ерекше бөлімінің бабы (бабының бөлігі) бойынша, ал аяқталған қылмыс — осы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады.

ҚК-тiң 12-бабының 1-бөлiгiнде айтылғандай «Осы Кодекстiң түрлі баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылытан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi ҚК-тiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса әрбiр жасалған қылмыс үшiн ҚК-тiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады».

Басқаша айтқанда, кiнәлi тұлғаның жасаған қоғамдық қауiптi әрекеттерiнң жиынтығы кезiнде, қылмыстың екi немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерiлетiн жай кiнәлiнiң жасаған iстерi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң түрлі баптарында немесе бiр бабының әр түрлі бөлiктерi мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгiлерiне сай болуы керек. Тұлғаның бiртектес әрекеттер жасауы, ол әрекеттердiң кейбiреулерi аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бiрлесiп қатысу сияқты болып сараланса да — қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кiретiн iстердiң ешқайсысы үшiн тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Iс жүзiнде, субъектiнiң қылығында қылмыстың көптігінiң бiрнеше түрлерi, атап айтқанда, қылмыстардың бiрнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бiрден байқалатындығы жиi ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерiнiң әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетiн қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескiру мерзiмiнiң өтiп кетпеуi, осы қылмыстардың бiреуi бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзiнде тағайындалған негiздер арқылы бұрын босатылмағандық болуы қажет.

Қылмыстар жиынтығының екi түрi болады: идеалды және нақты.

Кiнәлi тұлға өзінiң бiр ғана әрекетi арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрi ҚК-тiң 12-бабының 2-бөлiгiнде тiкелей қарастырылған. Идеалды жиынтық үшiн кiнәлiнiң жасаған iсiнiң бiр-ақ рет орын алуының немесе ол iстiң әжептәуiр ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендiгiнiң еш маңызы жоқ.

Үйдiң iшiндегi адамды өлтiру мақсатымен сол үйдi өртеп жiберу  идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгiсi. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бiрден екi қылмыс, яғни мүлiктi қасақана жою немесе бұлдiру (ҚК-тiң 187-бабының 2-бөлiгi), әрi кiсi өлтiру (ҚК-тiң 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кiнәлi адамның үйдiң iшiндегi кiсiнi өлтiру жөнiндегi ниетiнiң болу-болмауы iстiң айқындаушысы болып табылады. Егер кiсi өлтiру жөнiнде ниет болмаған жағдайда, бұл iс  не тиiстi жағдайларға қарай бiр ғана қылмыс ретiнде сараланады, атап айтқанда: бөтен мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiрудiң абайсызда адам өлiмiне әкелiп соқтыруы (ҚК-тiң 187-бабының 3-бөлiгi).

Тұлғаның өзінiң әр түрлі әрекеттерi арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бiр баптың бөлiктерi мен тармақтарына) сай келетiн бiрнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады. Мысалы, адам алдымен ұрлық, содан кейiн қарақшылық шабуыл жасайды.

Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзiлiсiнiң болу-болмауында. Бұл үзiлiс тiптi азғантай ғана болып, бiр қылмысқа екiншi қылмыс ұласып отыруы мүмкiн.

Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлiнуiнiң теориялық қана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.

Бiрiншiден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшiн анағүрлым қауiптi екенiн дәлелдейдi. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезiнде соттың неғүрлым қатаң шара қолдануына әкелiп соқтырады, себебi алғашқы қылмыстың жасалуы екiншi қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде ауырлатушы жағдай ретiнде танылуы мүмкiн (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «а» тармағы).

Екiншiден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi идеалды және нақты жиынтық кезiнде әрқалай есептеледi.

Үшiншiден, нақты жиынтық заңмен көзделген жағдайларда бiрнеше мәрте қайталаудың саралаушы белгiлерiн құрауы мүмкiн (ҚК-тiң 175-бабына қатысты 3-ескерту). Ал идеалды жиынтық кезiнде бұл жағдай мүлдем болмайды.

Қылмыстардың жиынтығын бiр қылмыстың ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрнеше баптарымен бiрден қамтылатын кезiндегi нормалардың бәсекелестiгiнен ажырата бiлу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалардың бәсекестiгі кезiнде бiр ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тiң баптарының iшiнен осы әрекеттi саралайтындай бiреуiн ғана таңдап алуы тиiс.

Ал норманың жалпы және арнайы түрлерiнiң бәсекелестiгі кезiнде арнайы норма қолданылуы тиiс. ҚК-тiң 12-бабының 3-бөлiгiнде былай делiнген: «Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды». Мысалы, судьяны оның заңды қызметiне кедергi жасау үшiн өлтiрудi ҚК-тiң қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына байланысты кiсi өлтiру үшiн жауаптылық көзделген 96-бабының 2-бөлiгiнiң «Б» тармағына сәйкес емес, ҚК-тiң сот төрелiгiн немесе алдын-ала тергеудi жүзеге асырушы адамдардың өмiрiне қол сұғу үшiн жаза тағайындайтын 340-бабы бойынша саралау керек, себебi екiншi норма бiрiншiге қатысты арнайы болып табылады [29].

Егер де арнайы нормалардың өзара бәсекелестігi туындаса, жазаның қандай түрi қарастырылатынына қарамастан, арнайы норма қолданылуы тиiс. Сараланған және ерекше сараланған құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесi кезiнде, қылмыстың ерекше сараланған нормасынан тұратын норма қолданылуы тиiс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бiрнеше рет жасаған ұрлығы саралаушы белгi ретiнде бiрнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың 2-бөлiгi мен осы баптың ерекше саралаушы белгi ретiнде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын 3-бөлiгiнiң жиынтығы арқылы сараланбауы тиiс. Бұл жерде кiнәлiнiң әрекеттерi аталған баптың едәуiр сараланған құрамынан тұратын 3-бөлiгi бойынша саралануы тиiс. Ал айыптау қорытындысы саралаушы белгiлердiң бәрiнде, яғни әрi сараланған, әрi ерекше сараланған құрамдарды құрастырушы белгiлердi қамтуы тиiс. Артықшылықты екi құрамның бәсекелестiгi кезiнде (жеңiлдетушi мән-жайлары бар) артықшылығы басым құрамға жол бередi. Мысалы, жан күйзелiсi жағдайында қажеттi қорғаныс шегiнен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтiрген тұлғаның әрекеттерi бiрден екi бап бойынша, яғни ҚК-тiң 98 және 99-бабы бойынша саралануға тиiс, себебi оның жазалаушы шарасы жеңiлдеу.

Сараланған және жеңілдетілген мән-жайлары бар құрамдардан тұратын нормалардың бәсекелестігi жеңілдетілген мән-жайлары бар құрамнан тұратын норманың пайдасына шешiледi. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелiсi жағдайында, жәбiрленушiнiң заңға қарсы әрекеттерiне байланысты субъектi екi адам өлтiрсе, оның әрекеттерi 96-баптың 2-бөлiгiнiң «А» тармағы бойынша емес, ҚК-тiң 98-бабының 2-бөлiгi бойынша саралануы тиiс.

Бөлшек пен бүтiннiң бәсекелестiгi кезiнде де қылмыстардың жиынтығы болмайды (бiр қылмысты әрекет басқа қылмыстың мiндеттi белгiсi болып табылған кезде). Әдеттегiдей мысал ретiнде, қарақшылықты айтуға болады (ҚК-тiң 179-бабы). Шабуыл кезiнде жәбiрленушiнiң өмiрi не денсаулығы үшiн қауiптi болып табылатын күш қолдану оның мiндеттi белгiлерiнiң бiрi болып табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау барысында кiнәлi жәбiрленушiнiң денсаулығына залал келтiрсе, оның әрекеттерi ҚК-тiң осындай залал тигiзгендiк үшiн жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы саралануды қажет етпейдi. Бұл жағдайда iстелгеннiң бәрiне неғұрлым толық заңды саралаушы норма, яғни ҚК-тiң 179-бабы қолданылады.

Егер де, басқа қылмысты тәсiлi болып табылатын әрекет, бұл қылмыс құрамының заң арқылы қарастырылатын мiндеттi белгiсi болып табылмаса, мүндай әрекет жеке қылмыс ретiнде танылып, iстелген әрекеттердiң барлығы ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Мысалы, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алудың немесе ысырап етудiң жолы болып табылатын қызметтiк жалғандық жасау, ҚК-тiң 12-бабының 1-бөлiгiне сәйкес тұлғаның әрбiр жасалған қылмысы үшiн ҚК-тiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығында.

2.3 Қылмыстардың қайталануы

  Қылмыстың қайталануының түсінігі ҚР ҚК 13-бабында беріледі. Оған сәйкес бұрын жасалған қасақана қылмыс үшін сотталған тұлғаның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

         Қылмыстың қайталануы қылмыстың көптігінің түрі ретінде  кінәлі бұрын жасалған қасақана қылмысы үшін сотталудан кейін жаңа қылмысты жасайтындығымен сипатталады. Оның алдындағы қылмысы үшін сотталғандықтың болуы – оны қылмыстың бірнеше рет жасалуынан шектеу мүмкіндігін беретін қылмыстың қайталануының өзіне тән белгісі [30].

  Қылмыстың қайталануының түрлеріне: ұқсас қылмыстардың қайталануы; біртектес қылмыстардың қайталануы; әртүрлі қылмыстардың қайталануы жатады.

Сондай-ақ қылмыстық құқық теориясында жалпы, арнайы, қауіпті, аса қауіпті қылмыстың қайталануы деп бөлінеді.

Жалпы қылмыстың қайталануы дегеніміз — бұрын сотталған адамның кез келген жаңа қылмысты жасауы.

Арнайы қылмыстың қайталануы деп бұрын сотталған адамның жаңа ұқсас немесе біртектес қылмысты жасауы танылады.

Қауіпті қылмыстың қайталануының анықтамасы ҚК 13-бабының 2-бөлігінде беріледі.

Оған сәйкес қылмыстардың қайталануы қауіпті деп:

а) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айрылуға сотталатын қасақана қылмысты жасаған кезде, егер бұрын ол тұлға қасақана қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айрылған болса;

б) тұлғаның ауыр қылмыс жасаған кезінде, егер ол бұрын ауыр қалмыс үшін сотталған болса, танылады.

         ҚК 13-бабының 3-бөлігіне сәйкес аса қауіпті қылмыстың қайталануы дегеніміз:

а) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын қасақана қылмысты жасауы, егер бұрын бұл тұлға ауыр қылмыстары немесе орташа ауыр қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға кемінде үш рет сотталса;

б) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын ауыр қылмыс жасауы, егер бұрын осы тұлға екі рет ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса;

в) тұлғаның аса ауыр қылмыс жасауы, егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса.

         Сонымен қатар, әдебиеттерде қылмыстың қайталануының қарапайым (бір реттік), күрделі (көп рет жасалған) түрлері анықталады [31, 67 б.].

          Қарапайым (бір рет жасалған) қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын тек бір рет қана сотталған адамның қылмыс жасауы.

Күрделі (бірнеше рет жасалған) қылмыстың қайталануы деп бұрын екі рет немесе одан артық сотталған адамның қылмыс жасауы танылады.

         Қылмыстық құқықтық әдебиетте пенитенциарлық қылмыстың қайталануы да ерекше аталады, оның мәні сотталған адам бас бостандығынан айыру түрінде кемінде екінші рет жазасын өтейтіндігінде жатыр [32, 24 б.].

         Тұлғаның он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстары үшін сотталғандықтары, сондай-ақ қылмыстық заңменен белгіленген тәртіппен алынып тасталған немесе жойылған сотталулар қылмыстың қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.

Қылмыстардың қайталануы Қылмыстық Кодеспен көзделген негіздерде және шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеледі.

Үкімде көрсетілген қылмыстың ауырлығына және жаза түріне қарамастан, бұрын жасаған қасақана қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыстар жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 13-бабына сәйкес, қылмыстардың қайталануы, сонымен қатар қауіпті және аса қауіпті болып бөлінеді. Басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша айыптау үкімін шығару кезінде сот қылмыстың қайталануының қандай түрінің бар екенін анықтайды.

Қылмыстың қайталануының қылмыстық-құқықтық салдарына келесі позицияларды жатқызуға болады:

  • ол жазаны тағайындау кезінде жауапкершілікті ауырлататын жағдай болып табылады (54- б.1-бөл, «а» т.);
  • қылмысты саралауға ықпал етеді;
  • қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмайды;
  • жазаны тағайындаудың неғұрлым қатаң тәртібін көздейді (59-б.);
  • айыптаушы үкімді орындаудың мерзімнің өтуін тоқтатады (75-б.);
  • соттылықты орындау және алып тастауды тоқтатады (77-б);
  • жазаны өтеудің неғұрлым қатаң тәртібін талап етеді (48-б.);
  • белгілі бір жағдайларда қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп таниды (13-б.).

Сонымен, қылмыстардың көптігінің нысаны ретінде жоғарыда айтылып кеткендей бұрын сотталған адамның қайта қылмыс істеуі жатады. Бұл қайталану өте қауіпті, себебі сотталған адам соттан және үкіметтен моральдық теріс баға алып, басқа қылмыс істемеуге ескерту алған.

Қылмыстың қайталануы түсінігін анықтаудын үлкен тәжірибелік және теориялық маңызы бар.  Ол қылмысты саралауға, жаза тағайындауға, қылмыспен күресуге, рецидивті қылмыстардың алдын алуға, қылмыскерді түзеуге мүмкіндік береді.

Рецидив — латын тілінің термині, ”қайталану” деген мағына береді. Орыс тілінің мағыналық сөздігі бір нәрсенің қайтуы немесе бірдеңені қайталау деп түсінік береді (возвращающиеся).

Рецидивтің ең манызды анықтауышы оның қайталануы болып есептеледі. Қайталанған қылмыс алдында істелген қылмыспен сәйкес немесе одан өзгеше болуы мүмкін. Рецидив болған жағдайда оның ауырлығының, түрінің, қолданылған жазаның түрінің айырмашылығы жоқ [33].

Қылмыстың қайталануын таныған және оның түрін анықтаған кезде әрбір сотталушылардың бұрынғы соттылықтарына қатысты мән-жайларды мұқият анықтау қажет. Атап айтқанда: сотталушының қылмыс жасаған сәттегі жасын, бұрын сотты болған қылмыстардың санатын, сот үкімі бойынша белгіленген жаза түрін, үкім бойынша тағайындалған жазаның іс жүзінде өтелген-өтелмегенін, үкім бойынша тағайындалған жазаның басқа жазамен ауыстырылған-ауыстырылмағанын және сотталған адам неге байланысты, қашан және қандай негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылғанын, бұрынғы соттылығы алынғанын немесе жойылғанын анықтау орынды.

Қылмыстық заңның 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, адамның 18 жасқа толғанға дейін жасаған қылмысы үшiн соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Осыған байланысты, соттар адамның бұрынғы сотталуына байланысты мән-жайларды зерттеп, сотталушы үкімде көрсетілген қылмыстарды жасағанда кәмелетке толған-толмағанын анықтау үшін үкімнің қарар бөлігінде ғана емес, сонымен қатар оның толық мәтінінде көрсетілгені дұрыс.

Қылмыстық кодекстің 77-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап адамның соттылығы бар деп танылады, сондықтан бұрынғы үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам жаңа қылмыс жасаған кезде оның бұрынғы үкім бойынша соттылығы қылмыстың қайталануының түрін анықтау үшін ескерілмейді.

Қылмыстық заңның 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, алынып тасталған немесе жойылған соттылықтар қылмыстың қайталануын анықтау үшін ескерілмейді. Сондықтан қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкенде бұрынғы соттылықтардың жойылу мерзімінің өткен-өтпегені есепке алынып, тексеріліп және оның жойылу мерзімін ҚК 77-бабының талаптарына сәйкес есептеу қажет.
      Бұл ретте, ҚІЖК 375-бабының алтыншы тармағында көрсетілген негіздер бойынша айыптау үкімімен жазадан босатылған адамның ҚК 77-бабының екінші бөлігіне сәйкес соттылығы жоқ деп танылатындығы назарға алынуы тиіс (осы үкіммен сотталушыға тағайындалған жазаны қолданудан босататын рақымшылық актісінің шығуына байланысты, не үкім бойынша тағайындалған жаза мерзімінің осы іс бойынша қамауда болған уақытын қамтуына байланысты).
      Үкімді орындау барысында адам рақымшылық актісінің негізінде немесе заңда көзделген басқа негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылса, мұндай адамның соттылығының жойылу мерзімі ҚК 77-бабының төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі.

Қылмыстың рецидиві – латынша: recidivus – қылмыс көпшілігінің қайталанбалы, жанданбалы түрі.

Қылмыстың қайталануы түсінігі ҚР ҚК 13-бабында беріледі. Оған сәйкес бұрын жасалған қасақана қылмыс үшін сотталған тұлғаның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

         Қылмыстың қайталануы қылмыстың көптігінің түрі ретінде  кінәлі бұрын жасалған қасақана қылмысы үшін сотталудан кейін жаңа қылмысты жасайтындығымен сипатталады. Оның алдындағы қылмысы үшін сотталғандықтың болуы – оны қылмыстың бірнеше рет жасалуынан шектеу мүмкіндігін беретін қылмыстың қайталануының өзіне тән белгісі.

         Қылмыстың қайталануының түрлеріне: ұқсас қылмыстардың қайталануы; біртекті қылмыстардың қайталануы; әртүрлі қылмыстардың қайталануы жатады.

Сондай-ақ жалпы, арнайы, қауіпті, аса қауіпті қылмыстың қайталануы деп бөлінеді.

Жалпы қылмыстың қайталануы дегеніміз — бұрын сотталған адамның кез келген жаңа қылмысты жасауы.

Арнайы қылмыстың қайталануы деп бұрын сотталған адамның жаңа ұқсас немесе біртекті қылмысты жасауы танылады.

Қауіпті қылмыстың қайталануының анықтамасы ҚК 13 б. 2 б. беріледі.

Оған сәйкес қылмыстардың қайталануы қауіпті деп:

а) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айрылуға сотталатын қасақана қылмысты жасаған кезде, егер бұрын ол тұлға қасақана қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айрылған болса;

б) тұлғаның ауыр қылмыс жасаған кезінде, егер ол бұрын ауыр қалмыс үшін сотталған болса, танылады.

         ҚК 13 б. 3б. сәйкес аса қауіпті қылмыстың қайталануы дегеніміз:

а) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын қасақана қылмысты жасауы, егер бұрын бұл тұлға ауыр қылмыстары немесе орташа ауыр қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға кемінде үш рет сотталса;

б) тұлғаның ол үшін бас бостандығынан айыруға сотталатын ауыр қылмыс жасауы, егер бұрын осы тұлға екі рет ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса;

в) тұлғаның аса ауыр қылмыс жасауы, егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса.

         Сонымен қатар, әдебиеттерде қылмыстың қайталануының қарапайым (бір реттік), күрделі (көп рет жасалған) түрлері анықталады.

          Қарапайым (бір рет жасалған) қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын тек бір рет қана сотталған адамның қылмыс жасауы.

Күрделі (бірнеше рет жасалған) қылмыстың қайталануы деп бұрын екі рет немесе одан артық сотталған адамның қылмыс жасауы танылады.

         Сондай-ақ әдебиетте пенитенциарлық қылмыстың қайталануы да ерекше аталады, оның мәні сотталған адам бас бостандығынан айыру түрінде кемінде екінші рет жазасын өтейтіндігінде жатыр.

         Тұлғаның он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстары үшін сотталғандықтары, сондай-ақ осы Кодекспен белгіленген тәртіппен алынып тасталған немесе жойылған сотталулар қылмыстың қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.

         Қылмыстардың қайталануы Қылмыстық Кодеспен көзделген негіздерде және шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеледі.

         Қылмыстың қайталануының қылмыстық-құқықтық салдарына келесі позицияларды жатқызуға болады:

  • ол жазаны тағайындау кезінде жауапкершілікті ауырлататын жағдай болып табылады (54 б.1 б. «а» т.);
  • қылмысты саралауға ықпал етеді;
  • қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмайды;
  • жазаны тағайындаудың неғұрлым қатаң тәртібін көздейді (59 б.);
  • айыптаушы үкімді орындаудың мерзімнің өтуін тоқтатады (75 б.);
  • соттылықты орындау және алып тастауды тоқтатады (77 б);
  • жазаны өтеудің неғұрлым қатаң тәртібін талап етеді (48 б.);
  • белгілі бір жағдайларда қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп таниды (13 б.).

Қылмыстың қайталануының түрлі ұғымдары бар: қылмыстық-құқықтық немесе заңды (ресми), кериминалогиялық немесе фактылық және пенитенциарлы қайталану.

Қылмыстық-құқықтық қайталану заңды қайталану ұғымымен сәйкес келеді, бұл – ертеде жасалған қылмысына сотты болған тұлғаның қастандықпен қылмыс жасауы. Заңмен ерекше жауапкершілік бекітілгендер де заңды қайталануболып саналады.

  1. Қылмыс қайталануы ретінде бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның қасақана қылмыс жасауы танылады.
  2. Қылмыстың қайталануы қолданыстағы Кодексте қарастырылған негіздер мен шектер бойынша қатаң жазаға тартылады.

Пенитенциарлы қайталану – ертеде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамның қылмыс жасауы.

Фактілік қайталану ұғымымен сай келетін, криминологиялық қайталану – қылмыстың кез-келген түрінің қайта жасалуы, яғни қылмыстың қарапайым қайталануы.

Қылмыстың қайталануы жалпы немесе қарапайым қайталану нысандарымен ажыратылады.

— кез келген сипаттағы қылмыстың қайта жасалуы; арнайы қайталану.

— бірінші жасаған қылмыспен негіздес немесе ұқсас қылмыстың қайта жасалуы; қауіпті және аса қауіпті қайталану;

— төмендегілер сотпен бекітіледі: бұрын қасақаналықпен қылмыс жасағаны үшін 2 рет бас бостандығынан айрылған тұлға қылмыс жасаса қайталану деп танылады және бас бостандығынан айыру жазасына тартылады, сонымен қатар ауыр қылмыс жасаған тұлға бұрын ауыр қылмысы үшін соттылығы болған болса қауіпті қайталану деп танылып, жоғарыда айтылған жазаларға тартылады. Бұрын ауыр қылмысы үшін 3 не одан да көп рет соттылығы болған тұлға қасақана қылмыс жасап бас бостандығынан айыру жазасына тартылған жағдайда, бұрын қасақана жасаған ауыр қылмысы үшін 2 не одан да көп рет жазаға тартылған тұлға, қасақана ауыр қылмыс жасаған жағдайда және бұрын ауыр және аса ауыр қылмысы үшін жазаға тартылған тұлға аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда қайталану аса қауіпті деп танылады.

  1. Бұрын жасалған қылмыс санына байланысты мыналар анықталады:

— қарапайым (бір реттік) қайталану;

— күрделі (көп реттік) қайталану.

Қарапайым және күрделі қылмыстың қайталануының қатынасы тұрақты тәуелділікпен сипатталады: екінші рет сотталғандардың үлесі үшінші рет сотталғандарға қарағанда 2,5-3 есе көп, соңғылардың үлесі төртінші рет соттталғандарға қарағанда соншалықты көп, тағы да сол сияқты.

Қылмыстарды біртектілігіне  қарай жалпы және арнайы қайталану деп бөледі. Жалпы қайталану — әр текті қылмыстардың қайта жасалуы. Арнайы қайталану біртекті немесе ұқсас қылмыстардың қайта жасалуымен сипатталады.

Қылмыстың қайта жасалу уақытына қарай жақын қайталану және егер қылмыс жазасын өтегеннен кейін 3 жылдан соң жасалса, алыс қайталану болып табылады.

Қайталану — қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуының бiр түрi болып табылады. ҚК-тiң 13-бабының 1-бөлiгiне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы ретiнде түсiндiрiледi. ҚК-тiң осы бабының 4-бөлiгiнде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi делiнген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердiң қоғам үшiн қауiптiлiгiнiң жоғары екендiгiн бiлдiредi, себебi бұл оған алғашқы қылмысы үшiн қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кiнәлi қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде мiндеттi түрде ескерiлуi тиiс.

Жалпы қайталанудың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы оның қылмыстардың саралануына әсерiн тигiзбестен, жеке жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындау кезiнде ескерiлетiндiгi (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қайталануы бұрынғы жасалған қылмыс үшiн жазаны өтеу кезiнде орын алса, жаза ҚК-тiң 60-бабымен үкiмдердiң жиынтығы үшiн бекiтiлген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшiн сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру қатаң режимдегi түзеу колониясына тағайындалады.

Соттылығы бар тұлғаның ұқсас немесе бiртектi жаңадан қылмыс жасауы арнайы қайталану болып танылады.

Арнайы қайталанудың заңды түрғыдан алғандағы мәнi мынада: бiрiншiден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тiң 170-бабының 2-бөлiгi, 175-бабының 3-бөлiгi, т.б.). Екiншiден, жалпы қайталану сияқты, арнайы қайталануды да егер ол ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде саралаушы белгi ретiнде көрсетiлмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде ескередi. Және де, үшiншiден, егер де арнайы қайталану сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшiн жазасын өтеу кезiнде болса немесе алғашқы қылмыс үшiн субъект бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкелiп соқтырады.

Қоғамға қауiптiлiгiнiң деңгейi бойынша қайталану жай, қауiптi және аса қауiптi болып бөлiнедi.

Жай қайталану — бұл қауiптi және аса қауiптi қайталанудың белгiлерiне сәйкес келмейтiн қайталану.

ҚК-тiң 13-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегiдей жағдайларда қауiптi қайталану деп танылады:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылымыс үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

Қылмыстың қайталануы ҚК-тiң 13-бабының 3-бөлiгiне сәйкес мынадай жағдайларда аса қауiптi қайталану деп танылады:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағана үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам жасаған  қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылымыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

ҚР ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, адамның 18 жасқа толғанға дейін жасаған қылмысы үшін соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді. Осыған байланысты, соттар адамның бұрынғы сотталуына байланысты мән-жайларды зерттеп, сотталушы үкімде көрсетілген қылмыстарды жасағанда кәмелетке толған-толмағанын анықтау үшін үкімнің қарар бөлігінде ғана емес, сонымен қатар оның толық мәтінінде көрсетуі тиіс.

ҚК 77-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап адамның соттылығы бар деп танылады, сондықтан бұрынғы үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам жаңа қылмыс жасаған кезде оның бұрынғы үкім бойынша соттылығы қылмыстың қайталануының түрін анықтау үшін ескерілмейді.

ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, алынып тасталған немесе жойылған соттылықтар қылмыстың қайталануын анықтау үшін ескерілмейді. Сондықтан қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкенде бұрынғы соттылықтардың жойылу мерзімінің өткен-өтпегені есепке алынып, тексеріліп және оның жойылу мерзімін ҚК 77-бабының талаптарына сәйкес есептеу қажет.

Бұл ретте, ҚІЖК 375-бабының алтыншы тармағында көрсетілген негіздер бойынша айыптау үкімімен жазадан босатылған адамның ҚК 77-бабының екінші бөлігіне сәйкес соттылығы жоқ деп танылатындығы назарға алынуы тиіс (осы үкіммен сотталушыға тағайындалған жазаны қолданудан босататын рақымшылық актісінің шығуына байланысты, не үкім бойынша тағайындалған жаза мерзімінің осы іс бойынша қамауда болған уақытын қамтуына байланысты).

Үкімді орындау барысында адам рақымшылық актісінің негізінде немесе заңда көзделген басқа негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылса, мұндай адамның соттылығының жойылу мерзімі ҚК 77-бабының төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі.

ҚК 63-бабы қолданып, адам шартты түрде сотталып, оған қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзімі сынақ мерзімі мен қосымша жаза мерзімінің ұзақтығына және оның іс жүзінде өтелуіне байланысты есептеледі. Бұл ретте шартты түрде сотталғанда сынақ мерзімі қосымша жаза мерзімінен көп болса немесе сынақ мерзімі қосымша жаза мерзімімен тең болса, онда соттылық сынақ мерзімі өткеннен кейін ҚК 77-бабы үшінші бөлігінің а) тармағының негізінде жойылады. Егер қосымша жаза мерзімі сынақ мерзімінен көп болса, онда соттылықтың жойылу мерзімі ҚК 77-бабы үшінші бөлігінің в) тармағы бойынша қосымша жаза мерзімі өтелгеннен кейін бір жыл өткеннен кейін есептеледі.

Қылмыстардың бірі кәмелетке толмағанда, ал басқа қылмысы он сегіз жасқа толғаннан кейін жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталғанда әрбір қылмыс үшін соттылықтың жойылу мерзімі, қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған жаза өтелгеннен кейін жеке: біріншісі — ҚК 86-бабының ережелері, басқасы — ҚК 77-бабының ережелері бойынша есептеледі.

Мұндай жағдайларда кәмелетке толғанда жасалған қылмысы қылмыстар жиынтығына кіретін соттылық есепке алынады.

Егер жаңа қылмысты жасаған сәтте адамның кәмелетке (18 жасқа) толғаннан кейін жасаған қылмысы үшін соттылығының жойылу мерзімі өтпеген жағдайда ғана осы соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде назарға алынады.

Адамды түрлі ауырлықтағы бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін соттаған кезде, оның ішінде қылмыстардың бірі қасақана, ал басқалары — абайсызда жасалған болса, қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаны өтегеннен кейін соттылықтың жойылу мерзімі ҚК 77-бабы үшінші бөлігінің тиісті тармақтары бойынша олардың әрқайсысы үшін жазаны іс жүзінде өтегеннен кейінгі мерзімге сүйене отырып, әрбір қылмыс үшін жеке есептеледі.

Үкімді орындау барысында сот тағайындаған бас бостандығынан айыру жазасы ҚК 71-бабына сәйкес басқа неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылған жағдайларда, соттылықтың жойылу мерзімі неғұрлым жеңіл жазаны, сондай-ақ егер сотталған адам қосымша жазаны өтеуден босатылмаса, соттың үкімі бойынша тағайындалған қосымша жазаны толық өтеген уақытынан бастап есептеледі. Бұл ретте, үкімде көрсетілген қылмыстың қай санатқа жататындығына байланысты бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін соттылықтың жойылу мерзімі ҚК 77-бабында белгіленген ережелерге сәйкес есептеледі.

Рақымшылық туралы заңның негізінде немесе кешірім жасауға байланысты соттылықтың алынуы ҚК 77-бабының жетінші бөлігіне сәйкес осы соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.

Осыған байланысты, соттылық алынған кезде оның бұрынғы соттылықтарының жойылу мерзімі ҚК 77-бабының талаптарына сәйкес есептеледі. Мұндай жағдайларда бұрынғы соттылықтардың жойылу мерзімін есептеген кезде, соттылығы рақымшылық бойынша немесе кешірім жасаудың негізінде алынып тасталса, қылмыстың жасалуына байланысты үзілген мерзім есепке алынбайды.

Қазақстан Республикасында, сондай-ақ басқа мемлекеттерде де бұрын сотталған адамдардың әрекеттерінде қылмыстың қайталануын тану туралы мәселені шешу кезінде соттар қолданыстағы халықаралық шарттарды ескеріп, Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алулары керек.

Қылмыстардың қайталануын анықтағанда бұрынғы КСР Одағының және оның құрамына енген одақтас республикалардың соттары (трибуналдары) шығарған үкімдер бойынша алынбаған және жойылмаған соттылықтар ескерілуге жатады.

Кәмелетке толмағанда жасалған қылмыстары үшін соттылығының негізінде «қылмысты бірнеше рет жасау», «бұрын екі және одан да көп рет сотталған адамның қылмыс жасауы» деген саралау белгілері қате тағылған жағдайларда, бұрынғы үкімдер бойынша, сондай-ақ қаралатын іс бойынша қылмыстардың санатын осы саралау белгілерін есепке алмай анықтау қажет.

Егер адамның Қаз КСР ҚК бойынша сараланған қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығы бар болса, онда бұл қылмыстардың санатын Қаз КСР ҚК 7-1-бабының талаптарын есепке алып анықтау қажет. Бұл ретте, қылмыстар Қаз КСР ҚК 7-1-бабына сәйкес ауыр емес қылмыстар болғандықтан, қылмыстардың қайталануын анықтағанда қылмыс кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс ретінде есепке алынбайды, оларды қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыс ретінде тану қажет.

ҚК 10-бабының төртінші бөлігінде және Қаз КСР ҚК 7-1-бабында көрсетілген қылмыстарды ауыр қылмыстар деп, ал ҚК 10-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды аса ауыр қылмыстар деп есептеу керек.

Қаз КСР ҚК-7-1-бабына сәйкес қылмыстар ауыр қылмыстар деп танылғандықтан, қылмыстың қайталануын таныған кезде ол қылмыстың қолданыстағы ҚК  бойынша аса ауыр қылмысқа жататындығына қарамастан ауыр қылмыс ретінде ескеру қажет.

Бұрынғы алынбаған және жойылмаған соттылықтарға байланысты мән-жайларды зерделегенде ҚК 5-бабының ережелерін ескеріп, қылмыстардың қайталануы туралы мәселені қарағанда қылмыстық заңның өзгеруіне сәйкес, жаңа іс бойынша үкімді шығарған сәтте қылмыс деп танылмайтын әрекеттер үшін соттылықтары назарға алынбайды.

Жасаған қылмыстары үшін адамның алынбаған немесе жойылмаған соттылықтары болып, қылмыстардың санаттары туралы қылмыстық заң қылмыстың ауырлығын ұлғайту жағына қарай өзгергенде, қылмыстардың қайталануын тану кезінде үкім шығарған сәттегі қылмыстың қай санатқа жататынын ескеру керек [34].

Егер сотталушы жасаған қылмысы үшін сотталып, ол бойынша алынбаған және жойылмаған соттылығы болса, заңның өзгеруіне байланысты қылмыстар онша ауыр емес қылмыстар санатына ауыстырылған жағдайда, олардың санатын ҚК 5-бабына сәйкес анықтап, жаңа заң бойынша қылмыстардың қайталануын тану кезінде ескеру керек.

Қылмыстың қайталануын және оның түрін тану туралы мәселені қарағанда адамдарды бұрын бас бостандығынан айыруға сотталғандар қатарына жатқызу кезінде «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 13-тармағында және «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 нормативтік қаулысының 6-8-тармақтарында берілген түсіндірмелерді басшылыққа алу керек [35, 36].

Бұрын бірнеше қылмыс жасап, бір үкіммен сотталған немесе жаңадан бірнеше қылмыс жасаған адамдардың әрекеттерінде қылмыстың қайталануын тану туралы мәселені қарағанда қылмыстардың немесе үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті белгіленген жазаны емес, нақты қылмысты жасағаны үшін тағайындалған жазаны негізге алу қажет, оны жасағаны үшін сотталғаны қылмыстың қайталануының тиісті түрін анықтау үшін негіз болып табылады.

Абайсызда жасаған қылмысы үшін адамды бас бостандығынан айыруға соттап, оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес, қасақана қылмыстың жиынтығына кіретін өзге жаза тағайындаған жағдайда, ҚК 13-бабы екінші бөлігінің а) тармағына, үшінші бөлігінің а) және б) тармақтарына сәйкес қылмыстың қайталану түрін анықтағанда, аталған адам қасақана қылмыс үшін сотталған немесе бас бостандығынан айыруға сотталған ретінде есептелмейді.

Егер адам бір ауырлықтағы санатқа жатқызылған қасақана жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталған болса және жиынтыққа кіретін әрбір қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған жағдайда, онда ол адамды жаңа қылмысты жасау кезінде соттылығы жойылмаған және алынбаған қылмыстары үшін сотталған деп есептеу қажет.

ҚК 13-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, сотталушының әрекетіндегі қылмыстың қайталануын тану үшін бір мезгілде екі шарттың болуы қажет: жасалған қылмыстары үшін сот тағайындаған жаза түріне қарамастан, адамның қасақана қылмыс жасағаны және бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының болуы қажет. ҚК 13-бабы екінші бөлігінің а) тармағына және үшінші бөлігінің а), б) тармақтарына сәйкес қылмыстың қайталануын тиісінше қауіпті немесе аса қауіпті деп тану үшін адам бұрынғы үкімдер бойынша, сондай-ақ қаралып отырған іс бойынша шығарылған үкіммен нақты бас бостандығынан айыруға сотталған болуы керек. ҚК 13-бабы екінші бөлігінің б) тармағы және үшінші бөлігінің в) тармағы бойынша қылмыстың қайталануын тану бұрынғы үкімдер бойынша және қаралып отырған іс бойынша шығарылған үкім бойынша тағайындалған жазаға байланысты емес.

ҚК 13-бабы үшінші бөлігінің а) тармағын қолданғанда, бұрын орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасап үш рет сотталғаны немесе қасақана ауыр қылмыс жасап үш рет сотталғаны не біреуі ауыр қылмыс болып табылатын, ал басқасы орташа ауырлықтағы қылмысқа жататын қасақана қылмыстар жасағаны үшін үш рет сотталғаны — қылмыстың қайталануын аса қауіпті деп тану үшін жеткілікті болып табылады.

ҚК 13-бабы үшінші бөлігінің б) тармағына сәйкес, бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бір рет соттылығының немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет соттылығының бар болуы — қылмыстың қайталануын аса қауіпті деп тану үшін жеткілікті болып табылады.

Бұрынғы немесе соңғы үкім бойынша сотталушыға түпкілікті жаза ҚК 58-бабының алтыншы бөлігінде көрсетілген ережелер бойынша белгіленсе, онда қылмыстың қайталануын тану кезінде бұл қылмыстар үшін бірнеше үкім бойынша соттылық қылмыстың жиынтығы бойынша бір соттылық ретінде ескеріледі.

Бұрынғы үкімдер бойынша, сонымен қатар қаралып отырған іс бойынша қылмыстың қайталануын тану үшін қылмыстың жасалу сатысы маңызды емес (қылмыс аяғына дейін жасалғаны немесе оны жасауға оқталу орын алғаны). Сондай-ақ, қылмыстың қайталануын тану үшін сотталушының қылмысты орындаушы екендігі немесе оның қылмысқа қатысуы басқа нысанда болғандығы, ол бұрынғы үкім бойынша жазаны толық өтегені, оны өтеу мерзімі ішінде жаңа қылмыс жасағаны, не заңда көзделген негіздер бойынша жазадан босатылуына байланысты жазаның мерзімін толық өтеген-өтемегені маңызды емес.

Қылмыстың қайталануының белгілі бір түрін тану үшін негіз болып табылатын алынбаған және жойылмаған соттылықтар заңда қарастырылған жағдайларда жаңадан жасалған қылмыстарды «қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы» немесе «бұрын сотталған адамның осыған ұқсас қылмыс жасауы» деген белгілер бойынша саралаған кезде де ескеріледі. Мұндай жағдайларда, кәмелетке толмаған кезде жасалған қылмыстары үшін соттылық саралау кезінде ескерілмейді және жаңадан жасаған қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде ҚК 59-бабының екінші бөлігінде көрсетілген ережелер қолданылмайды.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда баяндалғандар негізінде келесі қорытындыға келеміз. Бiр ғана тұлғаның бiрнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшiн аса қауiптi болып табылады. Бiрiншiден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетiн зиян объективтi түрде анағүрлым арта түседi. Екiншiден, бiр тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі  объектiлерге қиянат келтiретiн болса, зиян келетiн қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуi мүмкiн. Бір тұлғаның бiр ғана емес, бiрнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердiң бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейдi. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етедi. Сонымен қатар, бiр тұлғаның бiрнеше қылмыс жасауы, оның iстегендерiнiң дұрыс саралануы мәселесiн де туындатады.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескiру мерзiмi өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екi не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазiргi қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінiң төмендегiдей түрлерi айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігінiң өзіне тән белгiсi бiр тұлғаның кемiнде екi қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамының белгiлерi бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бiр әрекет) жасауы. Ал әкiмшiлiк құқық бұзушылық, азаматтық-құқықтық тәртiп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiнде қарастырылған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстың көптігіне жатпайды.

Қылмыстық жауаптылықтың ескiру мерзiмi өтiп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тiң 11-бабының 3-бөлiгiнде айтылған.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкiнуiне (ҚК-тiң 65-бабы), қажеттi қорғанудың шегiнен асуына (ҚК-тiң 66-бабы), жәбiрленушiмен татуласуына (ҚК-тiң 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актiсi негiзiнде (ҚК-тiң 76-бабының 2-бөлiгi) немесе ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде көрсетiлген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетiн ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиiстiлiгi.

Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бiр ғана құрамының белгiлерiнен тұратын әрекеттен ажырата бiлу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгiлерiнен тұратын қылмысты қылықтың бiр ғана көрiнiсi болса, әрине, жекелеген қылмыс түрiн қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.

Алайда, сот тәжiрибесiнде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетiн жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрделi (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.

Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгiлерiнен тұра алатын, алайда iшкi түтастығына қарай бiр қылмыс ретiнде қарастырылушы екi немесе бiрнеше Әрекеттерден қүралатын қылмыстар күрделi (құрамдас) қылмыстар деп танылады.

Мүндай қылмыстардың ең кең тараған түрi ретiнде бөтен мүлiктi иелену мақсатымен жәбiрленушiнiң өмiрiне не денсаулығына қауiптi болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткiзетiн қарақшылықты мысалға алуға болады.

Жекелеген күрделi қылмыстардың қатарына екi әрекеттен, соның iшiнде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тiң 202-бабында төмендегiдей балама әрекеттерден тұруы мүмкiн бiр ғана қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын бiле тұра бекiту, сонымен бiрге, құнды қағаздарды шығару жөнiндегi есептiң жалған екендiгiн бiле тұра, оны бекiту. Кiнәлi адам осы әрекеттердiң тек бiреуiн жасаса да, бiрнешеуiн жасаса да оның iсi, бәрiбiр, қылмыстың бiр құрамынан тұрады деп есептеледi.

Белгiлi бiр қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асырып отыру  созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда, ол заңмен қылмыстық қудалану қаупiн төндiре отырып кiнәлiнiң мойнына артқан мiндеттердiң көп уақыт бойына орындалмауына келiп тiрелетiн әрекет немесе әрекетсiздiк.

Айталық, П өзiнiң ұлын асырауға қажеттi, сот шешiмi арқылы белгiленген қаржыны төлеуден бiр жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінiң жұмыс орнын сегiз рет өзгертiп, бiр қаладан екiншi қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның iсi қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тiң 373-бабы), несиелi берешектi өтеуден әдейi жалтару (ҚК-тiң 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тiң 213-бабы) және басқалар жатады.

ҚК-тiң 11-бабының 1-бөлiгiне сәйкес жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бiрдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бiрақ әрекетсiздiктен де тұруы мүмкiн (ҚК-тiң 315-бабындағы — қызметтегi әрекетсiздiк). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердiң әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкiн (әкiмшiлiк немесе тәртiптiк жауаптылықпен байланысты немесе тiптi ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердiң әрқайсысы заң тұрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиiс, себебi, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттiң бiр кезеңi ғана. Мысал ретiнде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер кiнәлi деп табылған адам қоймадағы азық-түлiктi белгiлi бiр уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерiнде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердiң әр кезде ұрлап шығарған мүлкiнiң мөлшерiнiң маңызы жоқ. әр жолғы ұрланған мүлiк мөлшерi әртүрлі болып келтiрiлген залал бiр жолы айтарлықтай келесi бiр жолы елеусiз болғандықтан қоғамдық қауiптiлiкке жатпайтын және ҚК-тiң 9-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.

Ұрлықпен бiрге тұтынушыларды алдау (ҚК-тiң 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тiң 106-бабы), азаптау (ҚК-тiң 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиi ұшырасады.

Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы дегеннiң мағынасына тереңiрек үңiлер болсақ, ол бiр тұлғаның екi немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттерi үшiн тұлғаның сотталған-сотталмағандығы ескерiлмейдi.

Теория жүзiнде де, тәжірибе жүзiнде де қылмысты бiрнеше рет жасау екi түрге бөлiнедi жалпы және арнайы.

Қылмыстардың қайталануының кез-келген түрi, оның қоғамдық қауiптiлiгiнiң сипаты мен деңгейiне қарамастан жалпы және бiрнеше рет қайталану деп бөлінеді. Жалпы және бiрнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бiрақ жаза тағайындау кезiнде сот бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретiнде ескеруi мүмкiн (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағы).

Кiнәлi тұлғаның ұқсас немесе бiртектес екi немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бiрнеше рет жасалу деп табылады. ҚК-тiң 11-бабының 1-бөлiгiнде дәл осындай бiрнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау — қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады».

Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бiрдей қылмыс құрамының белгiлерiнен тұратын қылмыстар, ұқсас (бiрдей) қылмыстар деп есептеледi.

Мысалы, бiр тұлғаның кiсi өлтiру қылмысын екi рет жасауының бiр-бiрiнен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары түрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкiн, бiрақ бұл ҚК-тiң 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгiлерi бойынша ұқсас (бiрдей) болып келедi.

ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бiрнеше мәрте жасалуының орын алуы салаушы мән-жайлар болып табылады (ҚК-тiң 96-бабының 2-бөлiгiнiң «А» тармағы; 120-бабының 2-бөлiгi және т.б.).

Заңмен тiкелей қарастырылған жағдайларда бiртектес қылмыстардың да бiрнеше мәрте жасалуы ескерiледi. Белгiлi бiр объектiге немесе соған ұқсас объектiге қайталап қиянат келтiрушi, кiнӘнiң түрi бiрдей және басқа да объективтiк және субъективтi ұқсас белгiлерден тұратын қылмыстар (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) бiртектес қылмыстар деп танылады. Бiртектес қылмыстарды есепке алу мүмкiндiгi ҚК-тiң 175-бабына қатысты 3-ескертуде тiкелей қарастырылған, атап айтқанда онда былай делiнген: «Осы Кодекстiң 175, 181-баптарындағы бiрнеше рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстiң 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе одан да көп қылмыстардан кейiн жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтеннiң мүлкiн ұрлау қылмысы, бұған дейiн де мүлiк ұрлағандықтан ғана емес, сонымен қатар, кiнәлi тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бiрiн бұрын жасаған жағдайда да бiрнеше рет жасалған деп танылатын болады.

Бiрнеше рет жасалу ұғымы, кiнәлi тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлi тартылмаған әрекеттерiн де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кiнәлi тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бiрлесiп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер бiрнеше рет жасалған деп танылады.

Бiрнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғанда мәнi мынада: бiрiншiден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде қарастыратындығында. Екiншiден, ҚК-тiң 11-бабының 5-бөлiгiне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады деп көрсетiлгендiгiнде».

ҚК-тiң 12-бабының 1-бөлiгiнде айтылғандай «Осы Кодекстiң түрлі баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылытан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi ҚК-тiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса әрбiр жасалған қылмыс үшiн ҚК-тiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады».

Басқаша айтқанда, кiнәлi тұлғаның жасаған қоғамдық қауiптi әрекеттерiнң жиынтығы кезiнде, қылмыстың екi немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерiлетiн жай кiнәлiнiң жасаған iстерi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң түрлі баптарында немесе бiр бабының әр түрлі бөлiктерi мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгiлерiне сай болуы керек. Тұлғаның бiртектес әрекеттер жасауы, ол әрекеттердiң кейбiреулерi аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бiрлесiп қатысу сияқты болып сараланса да — қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кiретiн iстердiң ешқайсысы үшiн тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Iс жүзiнде, субъектiнiң қылығында қылмыстың көптігінiң бiрнеше түрлерi, атап айтқанда, қылмыстардың бiрнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бiрден байқалатындығы жиi ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерiнiң әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетiн қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескiру мерзiмiнiң өтiп кетпеуi, осы қылмыстардың бiреуi бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзiнде тағайындалған негiздер арқылы бұрын босатылмағандық болуы қажет.

Қылмыстар жиынтығының екi түрi болады: идеалды және нақты.

Кiнәлi тұлға өзінiң бiр ғана әрекетi арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрi ҚК-тiң 12-бабының 2-бөлiгiнде тiкелей қарастырылған. Идеалды жиынтық үшiн кiнәлiнiң жасаған iсiнiң бiр-ақ рет орын алуының немесе ол iстiң әжептәуiр ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендiгiнiң еш маңызы жоқ.

Үйдiң iшiндегi адамды өлтiру мақсатымен сол үйдi өртеп жiберу  идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгiсi. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бiрден екi қылмыс, яғни мүлiктi қасақана жою немесе бұлдiру (ҚК-тiң 187-бабының 2-бөлiгi), әрi кiсi өлтiру (ҚК-тiң 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кiнәлi адамның үйдiң iшiндегi кiсiнi өлтiру жөнiндегi ниетiнiң болу-болмауы iстiң айқындаушысы болып табылады. Егер кiсi өлтiру жөнiнде ниет болмаған жағдайда, бұл iс  не тиiстi жағдайларға қарай бiр ғана қылмыс ретiнде сараланады, атап айтқанда: бөтен мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiрудiң абайсызда адам өлiмiне әкелiп соқтыруы (ҚК-тiң 187-бабының 3-бөлiгi).

Тұлғаның өзінiң әр түрлі әрекеттерi арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бiр баптың бөлiктерi мен тармақтарына) сай келетiн бiрнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады. Мысалы, адам алдымен ұрлық, содан кейiн қарақшылық шабуыл жасайды.

Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзiлiсiнiң болу-болмауында. Бұл үзiлiс тiптi азғантай ғана болып, бiр қылмысқа екiншi қылмыс ұласып отыруы мүмкiн.

Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлiнуiнiң теориялық қана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.

Бiрiншiден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшiн анағүрлым қауiптi екенiн дәлелдейдi. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезiнде соттың неғүрлым қатаң шара қолдануына әкелiп соқтырады, себебi алғашқы қылмыстың жасалуы екiншi қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде ауырлатушы жағдай ретiнде танылуы мүмкiн (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «а» тармағы).

Екiншiден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi идеалды және нақты жиынтық кезiнде әрқалай есептеледi.

Үшiншiден, нақты жиынтық заңмен көзделген жағдайларда бiрнеше мәрте қайталаудың саралаушы белгiлерiн құрауы мүмкiн (ҚК-тiң 175-бабына қатысты 3-ескерту). Ал идеалды жиынтық кезiнде бұл жағдай мүлдем болмайды.

Қылмыстардың жиынтығын бiр қылмыстың ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрнеше баптарымен бiрден қамтылатын кезiндегi нормалардың бәсекелестiгiнен ажырата бiлу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалар бәсекесi кезiнде бiр ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тiң баптарының iшiнен осы әрекеттi саралайтындай бiреуiн ғана таңдап алуы тиiс.

Ал норманың жалпы және арнайы түрлерiнiң бәсекелестігi кезiнде арнайы норма қолданылуы тиiс. ҚК-тiң 12-бабының 3-бөлiгiнде былай делiнген: «Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды». Мысалы, судьяны оның заңды қызметiне кедергi жасау үшiн өлтiрудi ҚК-тiң қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына байланысты кiсi өлтiру үшiн жауаптылық көзделген 96-бабының 2-бөлiгiнiң «Б» тармағына сәйкес емес, ҚК-тiң сот төрелiгiн немесе алдын-ала тергеудi жүзеге асырушы адамдардың өмiрiне қол сұғу үшiн жаза тағайындайтын 340-бабы бойынша саралау керек, себебi екiншi норма бiрiншiге қатысты арнайы болып табылады.

Егер де арнайы нормалардың өзара бәсекелестігi туындаса, жазаның қандай түрi қарастырылатынына қарамастан, арнайы норма қолданылуы тиiс. Сараланған және ерекше сараланған құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесi кезiнде, қылмыстың ерекше сараланған нормасынан тұратын норма қолданылуы тиiс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бiрнеше рет жасаған ұрлығы саралаушы белгi ретiнде бiрнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың 2-бөлiгi мен осы баптың ерекше саралаушы белгi ретiнде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын 3-бөлiгiнiң жиынтығы арқылы сараланбауы тиiс. Бұл жерде кiнәлiнiң әрекеттерi аталған баптың едәуiр сараланған құрамынан тұратын 3-бөлiгi бойынша саралануы тиiс. Ал айыптау қорытындысы саралаушы белгiлердiң бәрiнде, яғни әрi сараланған, әрi ерекше сараланған құрамдарды құрастырушы белгiлердi қамтуы тиiс. Артықшылықты екi құрамның бәсекелестiгi кезiнде (жеңiлдетушi мән-жайлары бар) артықшылығы басым құрамға жол бередi. Мысалы, жан күйзелiсi жағдайында қажеттi қорғаныс шегiнен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтiрген тұлғаның әрекеттерi бiрден екi бап бойынша, яғни ҚК-тiң 98 және 99-бабы бойынша саралануға тиiс, себебi оның жазалаушы шарасы жеңiлдеу.

Сараланған және жеңілдетілген мән-жайлары бар құрамдардан тұратын нормалардың бәсекелестігi жеңілдетілген мән-жайлары бар құрамнан тұратын норманың пайдасына шешiледi. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелiсi жағдайында, жәбiрленушiнiң заңға қарсы әрекеттерiне байланысты субъектi екi адам өлтiрсе, оның әрекеттерi 96-баптың 2-бөлiгiнiң «А» тармағы бойынша емес, ҚК-тiң 98-бабының 2-бөлiгi бойынша саралануы тиiс.

Бөлшек пен бүтiннiң бәсекелестiгi кезiнде де қылмыстардың жиынтығы болмайды (бiр қылмысты әрекет басқа қылмыстың мiндеттi белгiсi болып табылған кезде). Әдеттегiдей мысал ретiнде қарақшылықты айтуға болады (ҚК-тiң 179-бабы). Шабуыл кезiнде жәбiрленушiнiң өмiрi не денсаулығы үшiн қауiптi болып табылатын күш қолдану оның мiндеттi белгiлерiнiң бiрi болып табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау барысында кiнәлi жәбiрленушiнiң денсаулығына залал келтiрсе, оның әрекеттерi ҚК-тiң осындай залал тигiзгендiк үшiн жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы саралануды қажет етпейдi. Бұл жағдайда iстелгеннiң бәрiне неғұрлым толық заңды саралаушы норма, яғни ҚК-тiң 179-бабы қолданылады.

Егер де, басқа қылмысты тәсiлi болып табылатын әрекет, бұл қылмыс құрамының заң арқылы қарастырылатын мiндеттi белгiсi болып табылмаса, мүндай әрекет жеке қылмыс ретiнде танылып, iстелген әрекеттердiң барлығы ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Мысалы, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алудың немесе ысырап етудiң жолы болып табылатын қызметтiк жалғандық жасау, ҚК-тiң 12-бабының 1-бөлiгiне сәйкес тұлғаның әрбiр жасалған қылмысы үшiн ҚК-тiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша Қылмыстық жауапқа тартылатындығында.

Қайталану — қылмыстың бiрнеше рет жасалуының бiр түрi болып табылады. ҚК-тiң 13-бабының 1-бөлiгiне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы ретiнде түсiндiрiледi. ҚК-тiң осы бабының 4-бөлiгiнде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi делiнген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердiң қоғам үшiн қауiптiлiгiнiң жоғары екендiгiн бiлдiредi, себебi бұл оған алғашқы қылмысы үшiн қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кiнәлi қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде мiндеттi түрде ескерiлуi тиiс.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмысты iстердi қарастыру тәжiрибесi туралы» №1 қаулысында бұрын болған соттылық, бұған дейiн тағайындалған және шынмәнiнде өтелген жазалар, жазадан босатылу негiздерi туралы мәлiметтер жан-жақты мұқият тексерiлуi керектiгi, сонымен қатар, сотталушының жеке басы туралы басқа да деректердi анықтап, бiлу керектiгi атап көрсетiлдi.

Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану жалпы және арнайы болып бөлiнедi.

Жалпы қайталану бұрын соттылығы бар тұлғаның кез-келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшiн сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкiн.

Жалпы қайталанудың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы оның қылмыстардың саралануына әсерiн тигiзбестен, жеке жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындау кезiнде ескерiлетiндiгi (ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң «А» тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қайталануы бұрынғы жасалған қылмыс үшiн жазаны өтеу кезiнде орын алса, жаза ҚК-тiң 60-бабымен үкiмдердiң жиынтығы үшiн бекiтiлген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшiн сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру қатаң режимдегi түзеу колониясына тағайындалады.

Соттылығы бар тұлғаның ұқсас немесе бiртектi жаңадан қылмыс жасауы арнайы қайталану болып танылады.

Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан алғандағы мәнi мынада: бiрiншiден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тiң 170-бабының 2-бөлiгi, 175-бабының 3-бөлiгi, т.б.). Екiншiден, жалпы қайталану сияқты, арнайы қайталануды да егер ол ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде саралаушы белгi ретiнде көрсетiлмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде ескередi. Және де, үшiншiден, егер де арнайы қайталану сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшiн жазасын өтеу кезiнде болса немесе алғашқы қылмыс үшiн субъект бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкелiп соқтырады.

Қоғамдық қауiптiлiгiнiң деңгейi бойынша қайталану қарапайым қауiптi және аса қауiптi болып бөлiнедi.

Қарапайым қайталану бұл қауiптi және аса қауiптi қайталанудың белгiлерiне сәйкес келмейтiн қайталану.

ҚК-тiң 13-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегiдей жағдайларда қауiптi қайталану деп танылады:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылымыс үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

Қылмыстың қайталануы ҚК-тiң 13-бабының 3-бөлiгiне сәйкес мынадай жағдайларда аса қауiптi қайталану деп танылады:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағана үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам жасаған  қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылымыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Казақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж./Юрист, 2009. — 44 б.

2 Қазақстан-2030. Өркендеу, қауіпсіздік және қазақстандықтардың әлауқатын жақсарту: Ел Басының Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: 1997. – 93 б.

3 Казақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 16 шілде 1997ж./Юрист, 2009. — 168 б.

4 А.М.Яковлев. Совокупность преступлений. Москва: Гос. Юрид. Изда-во, 1960. – 120 с.

5 Г.Г.Криволапов. Множественность преступлений по советскому уголовному праву. Москва: Академия МВД СССР, 1974. – 32 с.

6 Уголовное право Российской Федерации. Общая часть / Под ред. Б.В.Здравомыслова. Москва: Юристъ, 1996. – 512 с.

7 Ю.А.Красиков. Множественность преступлений. Москва, 1988. – 96 с.

8 Е.А.Фролов, Р.Р.Галиакбаров. Множественность преступных деяний как институт советского уголовного права. Сверловск: «Уральский рабочий», 1976. – 20 с.

9 Советское уголовное право. Общая часть. М., 1974г.  стр. 249-250.

10 Б.А.Куринов. Научные основы квалификции преступлений. Москва: Издательство МГУ, 1976. – 233 с.

11 В.П.Малков. Множественность преступлений и ее формы по советскому уголовному праву. Издательство Казанского университета, 1982. – 176 с.

12 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 352 б.  

13 Маликова Ш.Б. Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігі ұғымының кейбір сұрақтары //Материалы Международной научно-практической конференции «Реализация уголовной ответственности: история, современность и песпективы».31 марта-1 апреля 2005 г. –  Алматы, 2005.

14 Малков В.П. Совокупность преступлений – Издательство Казанского университета, 19974г. – 308с.

15 Кузнецова Н.Ф. Значение преступных последствий для уголовной ответственности. – Москва: , 1958г. – 111 с.

16 Уголовное право. Общая часть / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – Москва: ИНФРА М – НОРМА, 1998. – 516 с.

17 Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР (1924-1986) – Москва: , 1987г. – 715 с.

18 Кригер Г.А. Квалификация хищения социалистического имущества – Москва: Государственное юридическое издательство, 1971г. – 125 с.

19 Сборник постановлений Пленумов Верховных Судов СССР и РСФСР по уголовным делам – Москва: , 1995г. – 819 с.

20 Маликова Ш.Б. Қылмыстық құқықтағы қылмыстарды бірнеше рет жасау мен жеке қылмыстардың ара қатынасының кейбір мәселелері// Казахстанский журнал международного права №3. – Алматы, 2008.

21 Кругликов Л.Л., Савинов В.Н. Квалифицирующие обстоятельства: понятие, виды, влияние на квалификацию преступлений – Ярославль, 1989г. – 153 с.

22 Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть – Москва: Издательство БЕК, 1996. – 560 с.

23 Каиыржанов Е.И. Уголовное право. (Общая часть) – Алматы: Арда, 2006. – 248 с.

24 «Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік қаулысы / Юрист, 2009

25 Кругликов Л.Л., Савинов В.Н. Квалифицирующие обстоятельства: понятие, виды, влияние на квалификацию преступлений – Ярославль, 1989г.

26 Блум М.И. Понятие и призанки совокупности преступления. В сб.: Вопросы уголовного права и процесса. Рига, 1969. – 111-118 сс.

27 Стручков Н.А. Назначение наказания при совокупности преступлений. М., Госюриздат. 1957. – 165 с.

28 Ткешелиадзе Г.Т. Ответственность при совокупности преступлений по советскому уголовному праву. Автореф. канд. дисс., Тбилиси, 1961. – 34 с.

29 Уголовное право. Общая часть / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – Москва: ИНФРА М – НОРМА, 2001. – 516 с.

30 Рогов И.И. Множественность преступлений // Уголовное право. Общая часть – Алматы: «Қазақ университеті», 2005. – 146-155 с.

31 Уголовное право. Общая часть. М., 2004г. С. 67

32 Г.Ф.Поленов. Уголовное право. Общая часть. Алматы, 2001г. С. 24

33 Ильмалиев Ж.Б. К вопросу о повышении роли посткриминального контроля в предупреждении рецидивной преступности//к 10-летию Уголовного, уголовно-исполнительных кодексов РК. Сборник Международной конференции. Алматы, 2007г. С.129-132

34 «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 Нормативтік қаулысы / Юрист, 2009.

34 «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысы / Юрист, 2009.

35 «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 нормативтік қаулысы / Юрист, 2009.