АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстық процеске қатысушылар

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….

  1. 1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

1.1.Қылмыстық процеске  қатысушылардың түсінігі мен олардың  жіктелуі…………………………………………………………………………….

1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  шаралары……………………………………………………………………………..

1.3.Қылмыстық іс бойынша  іс жүргізуге қатысудың  мүмкіндігін жоққа  шығаратын  жағдайлар.Қарсылық білдіру……………………………………..

 

  1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1.Сот — қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен  мәнділігі …………………………………………

2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………………………………………………….

2.3.Анықтау органы. Анықтаушы………………………………………….

 

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН

ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР

3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін  немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…

3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………………………………….

 
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………

 

КІРІСПЕ

 

         Қылмыстық  процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда  қылмыстық  ізге  түсуді   және сотта  айыптауды   қолдауды   жүзеге асыратын   органдар   мен  адамдар.   Қылмыстық  процеске  қатысушыларды   қылмыстық  іс   жүргізу  функцияларына   орай  мынадай  түрлерге  ажыратсақ  болады:

  • қылмыстық ізге  түсу  функциясы  —  прокурор,  тергеуші,  анықтаушы,  анықтау  органы;
  • тергеу функциясы  —  тергеуші,  анықтаушы;
  • айыптау функциясы – айыптаушы (мемлекеттік  айыптауды  қолдайтын  прокурор,  бірқатар  жағдайларда  жәбірленушінің өзі);
  • прокурордың заңдылықты  қадағалау  функциясы – прокурор;
  • қорғау функциясы —  сезікті, айыпталушы, сотталушы,  қорғаушы;
  • қылмыстық істі  сотта  қарау  және  шешу – судья, сот,  ал  жекелеген   жағдайларда   тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық  істі алдын  ала  тергеу  сатысында  қысқарту);
  • азаматтық талапты  қолдау – азаматтық   талапкер;
  • азаматтық талаптан  қорғау – айыпталушы,  азаматтық  жауапкер;

Сонымен бірге процеске  қатысушылардың  бұл  тізбесі  мұнымен  шектелмейді,  өйткені  ол  функцияларды  тікелей  орындау  процеске  өзге  де  адамдардың  тартылуын,  оларға  да  құқықтар мен  міндеттер   жүктелуін  көздейді. Қылмыстық  процеске   қатысушы   өзге  де  адамдар  тізбесіне   куәні,  сарапшыны,  маманды,  аудармашыны, куәгерді,    сот  отырысының   хатшысын,  сот  приставын    жатқызамыз.  Қылмыстық  іс  жүргізу   кодексінің  баптарында   осы  аталған  қылмыстық  процеске қатысушылардың  құқықтары  мен  міндеттері,  мәртебесі,  процессуалдық  жағдайлары,  өкілеттіктері  көрсетілген. Әрбір  іске  қатысушының  дербес   іс  жүргізу  функциялары болады.(1.77.)

         Қылмысқа  қатысушылар  проблемаларын  қылмыстық  іс  жүргізу  функцияларымен  өзара  байланыстыра   шешу  екі  мақсатқа  жеткізеді.

Бірінші мақсат – сот ісін  жүргізуге  әрбір  қатысушының   статусын  белгілеуге;

Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың  өзара  іс – қимыл  жасау   шектерін  жекелеген   функциялар   арасындағы  генетикалық   байланыстарды   табу  арқылы   анықтауға  мүмкіндік  береді.

         Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуге қатысушылардың  мәнін  түсінудің  біз  жақтап      отырған  жолының пайдалы  жағы мыналар:

а)функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге  асырылады;

ә)функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;

б)қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;

в)құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен  прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);

г)құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек  бір роль атқарады.

         Сонымен  қатар,  заң  бойынша  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  қауіпсіздігін   мемлекет  өз  қамқорлығына  алады.   

         Алдағы тарауларда  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  әрқайсысына  жеке – жеке  тоқталамыз.  Сондай-ақ,  сотқа  дейінгі  сатыда,  сот   сатысында,  алдын  ала  тергеу  сатысында қылмыстық  процеске  қатысушылардың іс жүргізуші органның іс-әрекеті мен шешімдеріне   қарсылықтар келтіру, наразылықтар мен шағымдар беру жолдары мен тәртібі туралы да    айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ  ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

 

1.1.Қылмыстық процеске  қатысушылардың түсінігі мен олардың  жіктелуі

 

         Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  7-бабының 9-тармағына сәйкес қылмыстық  процеске  қатысушылар  деп, қылмыстық істерді  тергеуге  және  қарауға өздерінің немесе  өздері  білдіретін  құқықтар мен   заңды  мүдделерді  қорғауы  мақсатымен  мемлекеттік  органдар тартатын  немесе  қатыстыратын  іс  жүргізушілік  кең  құқықтар  берілген  жеке  және  заңды  тұлғаларды,  қылмыстық  сот ісін  жүргізуге  өкілетті  лауазымды  адамдар  мен  мемлекеттік  органдарда,  қосалқы  функциялар    атқаратын  адамдар  мен  органдарды  түсіну  керек.   Процеске  қатысушыларға  жататын  адамдар  түсінігінде  мынадай  үш   көзқарас  барынша  айқын  байқалды.(2.77)

         Бірінші  көзқарасқа  сәйкес,  мүдденің  бар  жоғына  қарамастан  іске белгілі  бір  қатысы  бар  кез келген  адам процеске қатысушы болып табылады.  Бұл көзқарасты В.П.Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді.  Барынша көп қолдау  тапқан екінші  көзқарас процеске қатысушылар  деп,   тек істе  мүддені  білдіруші  немесе қорғаушы  адамдарды  тануға негізделген.  Үшініші көзқарас  қылмыстық  сот ісін  жүргізуде  “процеске қатысушылар” категориясының  заңдылығын  жалпы теріске шығарумен  байланысты. Осы  көзқарасты  жақтаушы  С.А.Альперт  процеске қатысушылардың  бәріне түрлі  құқықтар  мен міндеттер  берілген, сондықтан да оларды “процеске қатысушылар”  деген  бір ұғыммен  біріктіруге  болмайды  деп  санады.

Сонымен, “процеске қатысушылар”  терминін  түсіну,  ал  екінші  жағынан – процеске қатысушылар  категориясына   жатқызылатын  адамдар  шеңберін  анықтау  жөніндегі   ғылыми көзқарастарда орын  алып  отырған  алшақтықтарға  обьективті  негіз  бар,  оның мәні  мынада:

1.“процеске қатысушылар”  категориясының  өзін  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы  ғылымының  әр түрлі  түсінуімен;

2.іс  жүргізушілердің  қылмыстық  процестегі  функциялар   мәнін  түрліше  түсінуімен байланысты.

         Ғылымда процеске қатысушылар  мәнінің сыртқы  жағын  түрліше түсіну  байқалып  отыр. Атап өтер болсақ,  М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде  қатынасатын  адамдар  процесс  субьектілеріне  және қатысушыларына   бөлінеді деп санайды. Субьектілер- сот  ісін   жүргізуді   жүзеге асырушы  лауазымды адамдар мен органдар ғана;  басқалардың бәрі – процеске қатысушылар. Л.Д.Кокоревтің  пікірінше, “субьектілер”  және “қатысушылар”  терминдері –мән-маңызы бірдей ұғымдар,1  бірақ  қылмыстық процесс үшін “қатысушылар” термині лайықтылау, өйткені “субьектілер” термині жалпылама сипатта   болып  кетеді.

         Процесс субьектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар, себебі  құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық – сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына  жататын адамдар шеңберін анықтау  проблемасына түрлі ғылыми  мектептер түрліше қарайды.

         Қылмыстық іс жүргізу заңында “процеске қатысушылар” категориясының түрліше түсінілуі мынадан көрінеді:

1.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:

а) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-тармағында “процеске қатысушылар”-қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды  қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде  өздерінің немесе өздері  білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын  адамдар:  прокурор /мемлекеттік  айыптаушы/  тергеуші,  анықтау органы,  анықтаушы, сезікті,  айыпталушы, олардың  заңды  өкілдері,  азаматтық  жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілдері, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық  талапкер, олардың заңды өкілдері”  деп түсіндірілген; осылармен  қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25 тармағында тағы да бір түсініктеме  берілген: “қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар” – сот отырысының  хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

ә) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-бөлімі  (“Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар”)  сот немесе судья,  іс  бойынша  төрағалық етуші,  тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы бастығы қызметін регламенттеген.

б)10-тарауда (“қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар”) проуеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы,куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның  өзі  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25 тармағына сәйкес келеді.

         Сонымен, қолданылып отырған қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірде-бір  нормасы  қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдарджың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді. Сонымен бірге “процеске қатысушылар” категориясына жататын адамдар  шеңберінің заң мен  қылмыстық  іс жүргізу  теориясында  бір мағынада  түсінілуі:

-заңды бір ізге салу;

-заңды әмбебаптандыру;

-заң бұзылуының алдын алу;

-құқық  нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.

         Соңғы кезде, әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың  тұрақты тенденциясы  байқалып  отыр.(3.77)

         Процеске қатысушылар  проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:

  • сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
  • түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді. 

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған  жолының  пайдалы   жағы мыналар:

а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;

ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру  жолымен   орындалады;

б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне  әрбір қатысушының  тек өзіне тән  құқықтары мен  міндеттері болады;

в) құқық қатынастарының сипаты адамның  құқықтық статусын негізге ала отырып  белгіленеді. (тергеуші мен прокурор қатынастары, тергеуші мен  сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және  т.б.);

г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы  тек  бір  роль  атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды т.т.).

         Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық іс жүргізу  функцияларына орай сот ісіне  мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:

  • қылмыстық ізге түсу  функциясы – прокурор, тергеуші,  анықтау органы,  анықтаушы;
  • тергеу функциясы – тергеуші, анықтаушы;
  • айыптау функциясы — айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің  өзі);
  • прокурордың заңдылықты қадағалау  функциясы – прокурор;
  • қорғау функциясы – сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
  • қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот,  ал жекеленген жағдайларда  тергеуші не прокурор (мысалы, істі аладын ала тергеу  сатысында қысқарту);
  • азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
  • азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер.

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, себебі функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен  міндеттер  жүктелуін көздейді.

         Функциялардың  және оларды  жүзеге  асырушы адамдардың  ара-қатынасына қылмыстық процеске қатысушылардың былайша  жүктелуін ұсынуға  мүмкіндік  береді:

1.қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдар.

         Бұл топ  екі шағын топқа  бөлінеді:

1) сот; 2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен  лауазымды  адамдар (прокурор, тергеу  бөлімінің  бастығы,  тергеуші, анықтау органы,  анықтау  органының  бастығы,   анықтаушы).

         Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді  қорғайтын процеске қатысушылар  (сезікті, айыпталушы, қорғаушы,  жәбірленуші, жеке айыптаушы,  азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының  немесе сезіктінің  заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық  талапкердің және  жеке  айыптаушының   өкілдері, азаматтық жауапкердің  өкілдері).

         Қылмыстық процеске қатысушы  өзге де  тұлғалар.

         Қылмыстық процеске қатысушылардың  үшінші  тобын  шартты түрде үш шағын топқа  бөлуге болады.

Бірінші топ – дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар:  куәлер мен сарапшылар;

Екінші шағын топ – іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін  тартылатын  процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларының кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.;

Үшінші шағын топ – сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орындау сатысында пайда  болатын  іс жүргізу  мәселелерін  шешуге  қатынасатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың  нақты орындалуын  жүзеге асыратын  әкімшілік  өкілдері,  сотталушының  ауруына,  мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы  қорытынды  берген  дәрігерлік комиссиялар  өкілдері  және т.б.

         Құрамына үш шағын топ кіретін  үшінші  жүктеу тобы  ең  көлемді  топ.  Оған  осы топтан өзге топтардан  ерекшелейтін  жекеленген  белгілер,  атап  айтқанда мыналар  тән:

         -олардың қатысуы сот төрелігін жүзеге асыру   үшін  тиісті  жағдайлар қалыптастыру  қажеттігінен  туындаған; олардың қызметі  қосалқы сипатта болады;

         -бұл қатысушыларда  дербес  тұтас іс жүргізу  функциялары  болмайды;

         -олар процеске оқта-текте, мезгіл-мезгіл қатысады;

         -олар сот пен  тергеудің  іс  жүргізушілік  функцияларын толық орындауы үшін  соларға  жәрдем көрсетеді;

         -бұл қатысушылар  істе  әлдебір  мүдде  көздемейді;

         -олардың құқықтық  жағдайы,    әдетте,  олардың  қатысуымен  жүргізілетін  іс жүргізу  әрекеттерінің  тәртібін  реттейтін  нормаларда  регламенттеледі.

Қылмыстық процеске қатысушылар және оның түрлері.

 

Кылмыстық іс жүргізудің қатысушылары мен субьектілері.

       
     
 
   

Қылмыстық іске азаматтық-құқықтық,қылмыстық құқықтық мүддесін қорғап қатысушылар

 

Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамд.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  шаралары.

         Мемлекет қылмыстық процеске қатысушыларды, атап айтқанда,  судьяны, тергеушіні,прокурорды, анықтаушыны  , сарапшыны, маманды, қорғаушыны, сот приставын  өз  қорғауына  алады. Сондай-ақ, осы аталғандармен  қоса  олардың  отбасы  мүшелері.  және  жақын  туыстарын да  өз  қорғауына  алуы тиіс.

         Осы  аталған  адамдар   үшін  мемлекет  заңда  көзделген  тәртіппен  сотта  қылмыстық  істерді  немесе  материалдарды  қарауға,  анықтау  немесе  алдын ала  тергеу  жүргізуге  байланысты  олардың  өміріне  қауіп  төнуден немесе  күш  қолданудан  қауіпсіздендіру  шараларын  қолдануды қамтамасыз  етеді. (4.77)

         Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган,  егер  қаралып жатқан  қылмыстық іс бойынша  сол  істі  жүргізуге  байланысты  оларға  күш  қолдануды  немесе  қылмыстық  заң  бойынша  тыйым  салынған  әрекеттерді  жасаудың нақты  қаупі   болса,  жәбірленушінің, куәнің,  айыпталушының  қылмыстық  процеске  қатысушы  басқа да  адамдардың  сондай-ақ,  олардың  отбасы  мүшелері мен  жақын-туыстарының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді.

         Бұл жөнінде  қылмыстық  істі  жүргізуші  орган  ауызша  немесе  жазбаша  мәлімдемесі  негізінде  аталған  адамдардың  қауіпсіздігінің қамтамасыз  ету  жөнінде  тиісті  қаулы  шығарады.  Қатысушылардың  жазбаша  немесе  ауызша  мәлімдемесі болып  табылады. Мысалы, қылмыстық сот  ісін  жүргізуге  қатысушы  адамдардың,  олардың  отбасы   мүшелерінің  және  жақын-туыстарының  өздерінің  қауіпсіздігі  шараларын  қолдану  туралы  мәлімдемелерін қылмыстық процесті  жүргізуші  орган    алған  сәттен  бастап  жиырма төрт  сағаттан  кешіктірмей  қарайды.  Қабылдағаны  туралы  қаулыны  мәлімдеушіге  дереу  хабарланады. Сондай-ақ,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  туралы  мәлімдеме  қабылданбауы да  мүмкін.  Бұндай  реттерде  қылмыстық процеске  қатысушы  немесе  олардың  жақын-туыстары, отбасы   мүшелері  прокурорға  немесе сотқа  шағымдану  құқығы  беріледі.  Қауіпсіздік  шараларын   қолданудан   бас  тарту,  егер  бұрын   берілген   өтініштен  көрініс   таппаған,   яғни  өздеріне  белгісіз  мән-жайлар   туындайтын  болса,   бұл  туралы  қайтадан  мәлімдеме  жасауға  құқылы.

         Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуге  басқа  да  қатысушылардың   және   куәлердің,  сезіктілердің,  айыптаушылардың,  сондай-ақ  олардың  отбасыларының,  жақын   туыстарының  іс  жүргізу  қауіпсіздігінің    шараларына   мыналар   жатады:

1)қорғалатын  адам  туралы  мәліметтер  алуға  шек  қою,  яғни  құпияда  ұстау;

2)қорғалатын  адамның  жеке  басының  қауіпсіздігін қамтамасыз  ету;

3)қылмыстық процесті  жүргізуші  органның  күш  немесе  қылмыстық  заңда  тыйым  салынған  басқа  да  әрекеттің  қаупі  шыққан  адамға  онда  мүмкін  болатын қылмыстық  жауапқа  тарту  туралы  ресми ескерту  жасайды;

4)сезіктіге немесе айыпталушыға  қатысты  қылмыстық процеске қатысушыларға  қатысты   күш қолдану немесе  күш  қолдануды  ұйымдастыру немесе  өзге  де  қылмысты  әрекеттер  жасау  немесе  жасауды  ұйымдастыру  мүмкіндігін жоққа  шығаратын  бұлтартпау  шараларын  таңдау  қолданылады.

Аталған  төрт  бөлімді  түсіндірер  болсақ:

1)қылмыстық  жауапқа  тарту  туралы  ресми ескерту  іске  қатысушыға қол  қойғызу  арқылы  хабарланады. Ескертуді  қылмыстық процесті жүргізуші  орган  енгізеді.

2)қорғалатын адам  туралы  мәліметтер  алуға шек қою деп, қылмыстық істің материалдарынан  адамның  анкеталық  деректері  туралы  мәліметтерді  алып,  оның  негізгі  іс  жүргізуден  бөлек сақтаудан,  бұл  адамдардың  бүркеншік  ат  пайдалануынан тұрады.  Негізгі  іс   жүргізуден  оқшауландырылған  материалдармен  танысу  үшін  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органға ғана рұқсат  етіледі.  Қылмыстық  процеске  қатысатын  басқа  да  қатысушылар   онымен  осы  мәліметтерді  жарияламау  туралы  қолхат  бере  отырып,  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органының  рұқсатымен ғана таныса алады.  Қауіпсіздік  шараларын  қолданатын  адамның  қатысуымен іс жүргізу  әрекеттері  қажет  болған  жағдайларда  оны  тануды  болдырмайтын  жағдайларда  жүргізіледі. Бұл  жағдай  қатысушының  (сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің)  қауіпсізідігінің кепілі болып табылады.

         Ал куәгерлердің,  сезіктінің, айыпталушының, қылмыстық сот жүргізуші  басқа да  адамдардың  және  олардың  жақындарының  жеке  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің   тәртіптері заңмен  айқындалады.

         Сондай-ақ, қылмыстық процесті  жүргізуші  органның  дәлелді  қаулысымен  қауіпсіздік  шаралары  тоқтатылады. Бұл  туралы  қорғалатын  адамға, оның қауіпсіздік  шараларының  тоқтатылуы  туралы  деректердің  іс бойынша  іс жүргізуге     қатысушы  адамдарға ашылғандығы туралы дереу хабарланады.

         Сот куәнің,айыптау тарабының өтініші бойынша, сондай-ақ куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында өз бастамашылығы  бойынша куәден:

1)бүркеншік атты пайдалана отырып, оның жеке басы туралы  деректерді жарияламастан;

2)оны тануды болдырмайтын  жағдайларда;

3)оны сот талқылауынан басқа қатысушылардың  көзіне көрсетпей жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы;

Төрағалық етуші  бейне, дыбыс жазуды  жүргізуге және  жауап алуды  сақтаудың  өзге де  әдістерін жүргізуге  тыйым салуға, сот отырысы залынан  айыпталушыны  қорғау  тарабының  өкілдерін   шығарып  жіберуге  құқылы. Сот  процеске қатысушылардың біреуі болмағанда

көрсетуін сот төрағалық  етуші,  ол  куә  туралы  мәліметті  көрсетпестен оған  бар қатысушылар  қатысып  отырғанда  хабарлайды. Қажет  болған  жағдайларда сот процеске  қатысушылардың  және заңда көзделген өзге  де  адамдардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөнінде   басқа да шаралар  қолданады. Сот талқылауына  қатысушылардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  туралы  соттың  қаулысын  қылмыстық  ізге  түсуші органдарына  сондай-ақ сот  приставына  жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Қылмыстық іс бойынша  іс жүргізуге қатысудың  мүмкіндігін жоққа  шығаратын  жағдайлар.Қарсылық білдіру

Судья,  прокурор,тергеуші, анықтаушы, қорғаушы  жәбірленушінің,  азаматтық талапкердің, азаматтық  жауапкердің  өкілі, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман   қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге  өздерінің  қатысуын  жоққа шығаратын мән-жайлар  болған кезде  қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге  қатысудан  шеттетілуге міндетті  немесе  оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық білдіретіні туралы мәлімдеуі тиіс.Заң бойынша  қылмыстық процесті жүргізуге өкілетті орган қылмыстық істің кез келген сатысында іс бойынша іс жүргізуден  шеттету туралы мәлімделген қарсылық  білдірулер мен өтініштерді  шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа  шығаратын  мән-жайлар  анықталған  кезде тиісті  қаулы  шығару  арқылы өз бастамашылығы  бойынша іс жүргізуге  қатысудан  шеттетуге құқығы бар. Егер басқа процеске қатысушыларға  қатысты қарсылық  білдірулерді  шешуге уәкілетті адамға  қарсылық білдірумен бір уақытта  процеске  өзге  де қатысушыларға  қарсылық  білдіру  мәлімделсе, онда бірінші  кезекте  осы  адамға  қарсылық  білдіру туралы  мәселе шешіледі. Сондай-ақ, қылмыстық істі  жүргізуге бір  мезгілде бірнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе байланысты жоққа  шығарылатын  қылмыстық  іс бойынша іс жүргізуден  процеске  қатысушы  жағдайына  басқалардан кейінірек ие  болған адам  шеттетілуі тиіс.Іс бойынша туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың құрамында болса, қылмыстық іс бойынша жүргізуден шеттетілуге төрағалық етуші таңдаған адам жатады.Ал,сот отырысының хатшысы, сот приставы,аудармашы не маман не сарапшының сұраулары бойынша олардың  іс жүргізу функцияларын орындауына кедергі келтіретін дәлелді себептерінің болуына орай мұндай  қатысудан қылмыстық процесті жүргізуші орган босатады.(5.77)

Заң бойынша судьяға  мына жағдайларда қарсылық білдіріледі:

қылмыстық іс бойынша  жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық  жауапкердің, олардың өкілдерінің  туысы, айыпталушының немесе оның  заңды өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің туысы болса; егер, судья жеке, тікелей  немесе жанама осы іске мүдделі  деп санауға  негіз беретін өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды; аталған іс бойынша жәбірленуші,  азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса,  куә ретінде шақырылса не шақырылуы мүмкін болса. т.б.  заңда көзделген  жағдайларда   қарсылық білдіріледі.

         Қарсылық білдіру  сот тергеуі басталғанға дейін мәлімделуі керек. Сот тергеуі басталып кеткеннен кейінгі мәлімдемеге тек ол үшін негіз қарсылық білдіруді мәлімдеген тарапқа  сот тергеуі басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі. Ал, бірнеше судьяға немесе соттың  бүкіл  құрамына қарсылық мәлімделсе, онда  көпшілік дауыспен сот шешеді. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып саналады.Қарсылық білдіру  туралы мәлімдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс, шағым не өтінішті белгіленген тәртіппен  басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.   Қарсылық білдіруді қабылдамай  тастау  немесе  қанағаттандыру  туралы  қаулы шағымдалуға немесе наразылық білдірілуге жатпайды. Қаулыға келіспеушілік  туралы дәлелдемелер апелляциялық  немесе  қадағалау шағымына енгізіледі.

         Прокурорға қарсылық білдіру туралы  мәселені жоғары тұрған прокурор  шешеді. Ал, қарсылық білдіру қылмыстық істі  сотта қарау  кезінде  білдірілсе, онда бұл мәселені сот шешеді.

         Ал, тергеушіге байланысты білдірілген қарсылықты прокурор шешеді.

         Куәгерге білдірілген  қарсылықты  іс тергеп жатқан  тергеушінің өзі шешеді.

         Сот отырысының хатшысы мен  соттың приставына қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық істі қараушы соттың  өзі шешеді.

         Аудармашы мен маманға, сарапшыға  байланысты білдірілген қарсылықты қылмыстық процесті жүргізуші  органның  өзі  шешеді.

         Қорғаушыны, жәбірленушінің , азаматтық  талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілін  қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден  шеттету туралы мәселені  қылмыстық іс жүргізуді  жүргізуші орган шешеді.

         Қорғаушы, сондай-ақ, жәбірленушінің  не жеке айыптаушының, азаматтық  талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі  мына мән-жайлардың кез келгені болған ретте:

-егер ол бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы,  сот отырысының          хатшысы,     куә,  сарапшы  ретінде іске қатысса;

-егер ол осы істі тергеуге немесе соттың қарауына  қатысқан немесе қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;

-егер ол қорғалушымен немесе сенім білдірушімен қарама-қарсы мүдделері бар адамға заңгерлік көмек көрсеткен болса, сонымен қатар бұл адаммен туыстық қатынаста болса;

-егер, заңның күшімен немесе соттың  шешімімен қорғаушы немесе өкіл болуға  оның құқығы жоқ болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы болмайды.

         Қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын органдарға қылмыстық іс бойынша  маңызы  бар мән-жайларды  анықтау үшін өтініш  жасай алады. Өтініш процестің кез келген сатысында беріле алады. Өтініш білдірген адам қандай мән-жайды  анықтау үшін  іс — әрекет жасауды немесе шешім  қабылдауды сұрайтындығын көрсетуі керек. Өтініш жазбаша немесе  ауызша  беріледі. Өтініш  жазбаша  берілсе, онда өтініш қаралып отырған қылмыстық іске  тігіледі, ал,  ауызша  білдірілген өтінішті сот отырысының хаттамасына  немесе тергеушінің  хаттамасына  бұл туралы жазылуы тиіс. Тергеуші немесе сот өтінішті қанағаттандырмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда процеске  қатысушы өтінішті басқа органға немесе қылмыстық іс жүргізудің  басқа сатыларында білдіре алады. Өтініш қабылданған ретте ол тікелей шешуге жатады  және өтініш бойынша шешім үш тәуліктен  кешіктірілмей қаралады. Сот немесе тергеуші өтінішті қабылдау туралы дәлелді  қаулы  шығарады. Қаулының көшірмесі өтініш берушіге беріледі. Өтінішке шағым жасауға болады.

         Өтініш мына  жағдайларда  қанағаттандырылады:

-егер, ол істің мән-жайын толық және обьективті зерттеуге  жәрдемдессе;

-егер, өтініш басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге көмектессе.

         Егер жүргізілген іс жүргізу әрекеті  өздерінің мүдделерін  қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың  немесе  судьяның  іс-әрекеттеріне  шағымдана алады. Шағым қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін жауапты органға немесе лауазымды адамға және заңмен уәкілдік берген адамға беріледі. Шағымға қосымша материалдар  қоса  тіркелуі  мүмкін.  Шағымданушы қылмыстық  іс  бойынша  іс  жүргізілетін  тілді  білмейтін  болса, өзі білетін тілде не ана тілінде  бере  алады. Берілген шағымды   оны берген  адам  қайтарып  ала алады.

         Ұсталған  немесе  тұтқында  отырған  адамдардың  шағымын алдын  ала  қамауға  алу  орындарының  әкімшілігі  арқылы  беріледі.  Әкімшілік  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органға қылмыс жасады деген сезік  бойынша ұсталған немесе бұлтартпау  шарасы  ретінде  тұтқында отырған  адамдардың  шағымын дереу беруге міндетті. Ұсталған немесе  тұтқында отырған    адамдар, егер  тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс әреттеріне шағым беретін болса, онда ол шағымды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі  арқылы  прокурорға  беріледі. Ал, прокурордың іс әрекеттері мен  шешімдеріне  шағымды  жоғары  тұрған   прокурорға  береді. Шағымдарды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі тиісті адамға немесе органға бір тәулікте кешіктірмей жеткізуі тиіс.

         Шағымдарды беру мерзімі барлық  анықтау ісі,  алдын ала  тергеу  және  сот  талқылауын  жүргізу  барысында беріледі.

         Қылмыстық іс бойынша шағым берілсе, шағымдалған  шешімнің  орындалуы  тоқтатыла  тұрады.(6.77)

         Шағымдарды  қарау кезінде прокурор  немесе  судья  онда  жазылған дәлелдерді жан-жақты  тексеруге, қажет  болған  жағдайда қосымша  материалдарды талап етуге, тиісті лауазымды адамдардан,  ұйымдардан  және азаматтардан шағымдалған іс әрекеттер мен шешімдерге қатысты  түсініктеме алуға міндетті. Шағымды  қараушы прокурор немесе судья өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, немесе  өзге де  азаматтардың немесе  ұйымдардың  бұзылған құқықтары мен  заңды  мүдделерін қалпына келтіруге  дереу шаралар қолдануы тиіс. Іс жүргізу органдарының  заңсыз  іс  әрекеттері мен шешімдерінен  адамға   моральдық,  мүліктік зиян келтірілсе, онда  осы   зиян өтелуге  немесе жойылуға тиіс.

         Жоғарыда атап өткеніміздей, яғни анықтаушының, тергеушінің анықтау органының іс әрекеттері мен шешімдеріне келіп  түскен шағым бойынша, прокурор шағымды алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде қарауға міндетті. Ал , егер   шағымды  қарау  үшін  қосымша  материалдар  қажет болса, онда бұл туралы прокурор  шағым берушіге хабардар етеді. Мұндай  жағдайда шағымды қарау  мерзімі жеті тәулікке  дейін  созылады. Шағымды қараудың  нәтижесінде шағым жасалған  шешімді тоқтату немесе  өзгерту арқылы  шағымды толық  немесе ішінара  қанағаттандыру  туралы  не шағымды  қанағаттандырудан  бас   тарту  туралы  шешім  қабылданады.

         Прокурордың шешіміне қарсы болған  шағымданушы  ол туралы  хабарды алған күннен  бастап  бір айдың  ішінде  немесе оған жауап  алынбаса шағым берілгеннен кейін  бір ай  мерзім  өткен күннен  бастап прокуратураның  орналасқан  жері  бойынша сотқа қайтадан шағымдана алалы.    Судья келіп түскен шағымды  он тәуліктің ішінде соттың  жабық отырысында қарайды. Соттың отырысына шағымданушы мен прокурордың  келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Алайда сот олардың сот отырысына  міндетті  түрде  келуін  талап ете  алады. Шағым бойынша прокурор сотқа материалдарды табыс етеді және шағым беруші мен қоса сотқа түсініктеме береді.

 Шағымды қараудың нәтижесінде судья мына іс әрекеттердің бірін таңдайды және бұл туралы дәлелді қаулы шығарады:

-заңсыз деп танылған іс жүргізушінің шешімін тоқтатады;

-прокурорға, азаматтың  немесе ұйымның құқықтары мен заңды  мүдделерін қалпына келтіруді міндеттейді;

-шағымды қанағаттандыруға негіз жоқ деп, оны қанағаттандырмау туралы қаулы шығарады.

Судьяның шығарған бұндай қаулылары шағымдануға және қарсылық білдіруге жатпайды.

         Сондай-ақ,  сезікті, айыпталушы, олардың  қорғаушысы, заңды өкілдері прокурордың қамауға және қамау мерзімін  ұзарту туралы берген санкциясына да сотқа шағымдана алады. Шағым сезіктіге немесе айыпталушыға   бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу  туралы   прокурордың  қаулысын  өзгертпейді. Судья бұл жағдайда қылмыстық істі   қараушы органнан  осы іске қатысты барлық  материалдарды сұратып алып, жеке өзі прокурордың  сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға берген  санкциясының заңдылығы  мен  негізділігін  тексереді.

 Судьяның жіберген сұрауын қылмыстық ізге түсу органы алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде  орындауы тиіс.    Судья материалдармен танысып болғаннан кейін, сот отырысының күнін қатысушыларға хабарландырады. Отырысқа қорғаушы, сезіктінің, айыпталушының  заңды өкілдері, сондай-ақ сот егер негізді деп тапса, отырысқа сезіктінің де, айыпталушының да қатысуы мүмкін.  Іске қатысушылардың дәлелсіз себептермен отырысқа келе алмаса, онда бұл жағдай соттың  қарауына кедергі бола алмайды.

         Судья тараптардың дәлелдерін тыңдап, қылмыстық ізге түсу органдарынан талап етілген қылмыстық іс материалдарын қарай келіп мынадай тоқтамға келеді: -шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;-бұлтартпау шараларын тоқтату немесе  қатаң еместеуіне  өзгерту және сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босату  туралы дәлелді шешім қабылдайды. Судьяның шығарған қаулысына үш тәуліктің ішінде аталған адамдар шағымдана алады. Шағым облыстық не оған теңестірілген сотқа жолданады. Шағым бойынша облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысы  одан әрі қарай сот инстанцияларына шағымдануға немесе наразылық  келтіруге жатпайды. Бұл сот судьясының шешімі түпкілікті болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1.Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі

         Қылмыстық  іс жүргізу  құқық  қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектісі ретінде онда ерекше орын  алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын атап өтті.4  Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі – сот органы.

         Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік  органдар  жүйесіндегі орны сот билігі  органы деп белгіленген. “Сот, сот төрелігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік оргны ретінде,-деп атап көрсетті М.А.Чельцов,іс жүргізу қызметінің басты субьектісі болып табылады”5  Сот ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән-жайын зерттеу жөнінде тең құқықтар берілген).

         Соттың процесті басшылық ролі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді:

а)істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;

ә)істің нақты жағын анықтау;

б)егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысына баға беру және жазалау шарасын бекіту;

в)егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау;

г)заңды негіздер бар болса,   істі қысқарту.

         Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзіреттілігі және бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі:

-қылмыстық істердің соттылығын анықтау; — нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау; — судьяларды бөлу;

-істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясына бөлектеу.

         Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген:

1)судьяның жеке өзі; 2)үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы;

         Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі мынадай болып табылады:

-сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдана отырып,  қарайды және шешеді;

-алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот  іс жүргізу органының  прокуроры мен  тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау  тәртібі туралы  нұсқаулықтарын басшылыққа алады;  — жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады.

         Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар  жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіну үшін  басқа ешқандай органға емес, тек сотқа ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескерту қажет. Сондықтан, адамды айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға,  төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар.

         Соттың жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз өкілеттіктерін  жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметінде маңызды орын алады. Мәселен,  бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге он  тәулік ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады. Оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады. (істің апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Оның процедурасы қылмыстық іс жүргізу заңында қатаң белгіленген). Егер айыптау үкімі күшіне енген болса,  оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге де дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдері іс жүргізу барысында орнықтыру мен  бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады.

         Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін  жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылыққа әкеліп соғатын  мән-жайларды анықтауы оған үкіммен немесе  өзге де шешіммен  бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару  құқығын  береді.

         Соттың істі қарауға  байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптардың сотқа  дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады.  Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық  етуші  запастағы судьясының қатысуымен  қамтамасыз етеді. Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді. Қатысушылардың бәріне залда қажетті тәртіп сақтауын қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады. Заң негізі соттың осы және өзге де ұйымдық іс әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді.

Соттың  процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі,сонымен бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс  бойынша ақиқатқа жетуді көздейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық    мәні мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем  бейтарап жағдайға қояды.

Сот өз шешімінде  әділ  болуға  тиіс. Бұған оның   кіршіксіз  әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның  өзі  сот шешіміне субьективті  факторлар (мысалы, қылмыскерлердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі  шектен төмен мерзімге  бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды. Сонымен бірге, сот шешімін  субьективтендіру – жазаны  даралау принципі  көріністерінің бірі, бұл   материалдық – құқықтық қатынастар саласында  өте маңызды.

құқықтық қатынастар саласында  өте маңызды.

Қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүргізетін соттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қылмыстық  іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде прокурордың6 орны мен мәнділігі  Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заң  күші бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған заңдарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын  мемлекеттік органдардың жүйесіне  прокуратураның  прокуроры  қадағалаудың  функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық  бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту  үшін  өз  билігінің  бүкіл күшін пайдаланады.

         Прокурор қылмыстық іс қозғауға құқығы болса да,  қылмыстық іс қозғаудың  заңдылығына қадағалау жүргізуге міндетті. Қылмыстық іске қатысушы ретінде, прокурордың тұлғасы көп қырлы болып көрінеді: айыптаушыға қатысты прокурор айыпталушы  шағымдарымен, өтініштерімен,  тілектерімен шыға алатын инстанция болып табылады, сонымен бірге  тап  осы прокурор әлгі айыпталушыға немесе сотталушыға қатысты  сотта мемлекеттік айыптауды қолдауы мүмкін.

         Прокурор  қылмыстық  ізге   түсу мен  қылмыстық   істерді  тергеу    кезінде  заңдылықты   қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып,  мынадай  өкілеттіктерге  ие:

 1) оқиға  болған   жерді  қарауға,  қатысуға,  сараптама   тағайындауға,  сондай-ақ   қылмыстық  іс  қозғау  туралы  мәселені  шешуге  қажетті  басқа  да іс  әрекеттерді   жүзеге  асыруға  құқылы;

2)қылмыстық  іс  қозғайды  немесе  оны қозғаудан  бас  тартады,  тергеу  іс  әрекеттерін  жүргізу  туралы,  сондай-ақ  жедел-іздестіру  қызметінің  материалдарын  қылмыстық  іске  қосу   туралы  жазбаша  нұсқаулар  береді;

3) өзі  қозғаған  қылмыстық    істі  алдын  ала  тергеу  жүргізу  үшін  береді;

4) заңдарда  көзделген   жағдайларда   алдын   ала  тергеу  жүргізетін   лауазымды  адамдардың  іс  әрекеттеріне  санкция  береді;

5) жекеленген  тергеу  іс  әрекеттерін  жүргізуге  қатысады;

6) қылмыстық  іске  түсуден  иммунитеті  бар  адамды  қылмыстық  жауаптылыққа  тартуға келісім  алу  үшін   ұйғарым  шығарады;

7) алдын   ала  тергеу  органдарынан   келіп   түскен  қылмыстық  істі  сотқа  жібере  отырып,  істі  мәнісі  бойынша  қарау  үшін  айыпталушыны  сотқа   тапсырады;

8) қылмыстық  ізге  түсу  органдарынан   тексеру  үшін   қылмыстық  істерді,  құжаттарды,   материалдарды  және  жасалған  қылмыстар  туралы   жедел  іздестіру  қызметін  анықтау  мен  тергеу   барысы   туралы  өзге де  мәлімдемелерді  алады;

9) жасалған  немесе  дайындалып  жатқан  қылмыстар  туралы   арыздар мен  хабарларды   қабылдау,    тіркеу,    шешу  кезінде  заңның   сақталуын   тексереді;

10)анықтаушы мен  тергеушінің,   сондай-ақ   анықтау  органдары  мен  тергеу  бөлімі  бастықтарының   заңсыз  қаулыларының   күшін   жояды;

11)тергеу  мен    анықтау    толық   болмаған,   сондай-ақ   тергеу  және  анықтау  барысында  заң  бұзушылыққа  жол    берілгені  анықталған  жағдайда  қылмыстық   істі  қосымша  тергеуге  жібереді  не  оның толық   көлемде  немесе   белгілі  бір  адамдарға   қатысты  қысқартады;

12)қылмыстық   істі  анықтау  органынан   алып,   алдын   ала   тергеу   органына   береді;  айрықша   жағдайларда  тергеудің  толық  және  обьективті  болуын   қамтамасыз   ету  мақсатында  алдын ала  тергеу  органының  жазбаша   өтінімі  бойынша  не   өз  бастамашылығымен  істі  заңмен   белгіленген  тәртіпте тергеу  ретіне  қарамастан  алдын  ала  тергеудің  бір органынан  екінші  органына  береді;

13)анықтаушы мен   тергеушінің,   анықтау  және   тергеу  органдары   басшыларының  іс   әрекеттері мен  шешімдеріне  жасалған    шағымдарды  қарайды;

14)алдын  ала  тергеу,   анықтау  ісін   жүргізуде   заң  бұзушылықты    анықтаған   кезде    тергеушіні,   анықтаушыны   қылмыстық  істі  одан  әрі    тергеуден   шектейді;

15)осы  заңда  көзделген  жағдайлар  мен    тәртіпті  алдын   ала  тергеудің  және    бұлтартпау  шарасы    ретінде    қолданылған   қамауға   алудың   мерзімдерін   ұзартады;

16)бұлтартпау  шарасы   ретінде    қамауға    алу    қолданылған    адамдарды   күзетпен    ұстаудың   заңдарда   белгіленген   тәртібі  мен  шарттарының   сақталуын   тексереді;

17)заңдарда   көзделген  өзге  өкілеттіктерді   жүзеге    асырады.

Прокурордың   тергеушіге,   анықтаушыға,   тергеу   бөлімінің  бастығына,  анықтау  органына,  анықтау  органының   бастығына   заңмен  көзделген   реттерде  нұсқау  береді.  Нұсқау  бұлар  үшін  міндетті  болып  табылады.  Берілген  нұсқауды  орындамау   қылмыстық  заңда  көзделген  тәртіптерді  қылмыстық   жауаптылыққа  тартылады.  Нұсқау  қылмыстық  істі  әрмен  қарай  жүргізілуіне  кедергі  болмайды.

          Сондай-ақ, прокурор өзінің іс  жүргізушілік  өкілеттігін   жүзеге  асыру  кезінде  тәуелсіз  болады  және  тек  қана  заңға  бағынады.  Бас  Прокурор  өз   құзіреті  шегінде  анықтау  және  тергеу органдарының  орындауы  үшін   міндетті  болып  табылатын  нормативтік  құқықтық  актілер  қабылдайды. Ал, анықтауды   және  тергеуді  жүзеге  асыратын   органдар  нормативтік  құқықтық  актілерді  Қазақстан Республикасының  Бас Прокурорымен  келісе  отырып   қабылдайды.

         Айыпталушыға  немесе  оның  іс  әрекеті  үшін  мүліктік  жауаптылықта  болатын  тұлғаға  прокурор:

-өзінің  дәрменсіз  күйіне,  айыпталушыға  тәуелді  болуына  немесе   өзге  де  себептер  бойынша  талап  қою   және  оны  қорғау  құқығын  өз  бетінше  пайдалануға  қабілеті  жоқ  жәбірленушінің  құқығын  қорғап   талап  қоюға  құқылы;

-мемлекет  мүддесін  қорғап,  талап  қоюға  құқылы.

Прокурордың  сотқа  дейінгі   іс жүргізу  және    істі  соттың  қарау  кезіндегі   өкілеттігі:

— прокурор іс  қозғаудың  заңды  болуын  қадағалай  отырып, анықтаушының,  анықтау органының  немесе  тергеушінің  қылмыстық  іс  қозғау  туралы  қаулысының   күшін  жоюға    және  қылмыстық  іс  қозғаудан  бас  тартуға  немесе  материалдарды  қосымша  тексеру   үшін  іс  жүргізуге   жіберуге;

— анықтаушының,  анықтау  органының немесе  тергеушінің  қылмыстық  қозғаудан  бас  тарту  туралы  қаулысының   күшін  жоюға  және  қылмыстық  іс  қозғауға;

— анықтаушының, анықтау  органының  қылмыстық  іс  қозғау  туралы  қаулысының   күшін  жоюға  және   егер,  қылмыстық  іс  бойынша  тергеу  іс    әрекеттері   жасалған   болса,  оны   тоқтатуға   құқылы.   Прокурор   бір  немесе   бірнеше  адамды   әртүрлі     алдын  ала  тергеу  органдарының    тергеуіне  жататын  қылмыстар    жасағаны   үшін  айыптау  бойынша  істерді  бір  іс  жүргізуге  біріктірген  кезде  тергеу  ретін   белгілейді.

         Алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер  бойынша  анықтау   жүргізу  кезінде   заңдардың  атқарылуына   қадағалауды   жүзеге  асыра   отырып,  прокурор  заңмен  белгіленген  өкілеттіктерге  ие  болады,  бұдан  басқа  да  ол  мынадай  өкілеттіктерге  ие:

— айыпталушыны  сотқа   беруге   және  қылмыстық  істі  сотқа   жіберуге;

-анықтау  жүргізілетін  қылмыстық  істі  алдын  ала  тергеу  жүргізуге  жіберуге;

-анықтау  органының  бастығы  бекіткен  айыптау  хаттамасының  күшін   жоюға   және  осы  кодексте  көзделген  негіздер   бойынша  анықтауды   қысқартуға  құқылы.

Прокурордың   жеке айыптау  істерін   қоспағанда,  мемлекеттік  айыптаушы  ретінде   басты   сот  талқылауына   қатысуы  міндетті.  Күрделі  және  көп   эпизодты   істер  бойынша  мемлекеттік   айыптауды   бірнеше  прокурор   қолдануы  мүмкін.  Егер,  сот  талқылауы  кезінде   прокурордың  одан   әрі   қатысуының   мүмкін  еместігі  анықталса,  онда  ол  алмастырылуы  мүмкін.   Іске  және  прокурордың  кірісуі   осы  уақытқа  дейін   сотта  жасалған  іс  әрекеттерді   қайталауға  әкеп  соқтырмайды,   бірақ  прокурордың  өтініші  бойынша  сот  оған   істің  материалдарымен  танысу  үшін   уақыт  бере  алады.   Прокурор  дәлелдерді  ұсынады  және  оларды  зерттеуге  қатысады.    Сотқа  айыптаудың   мәні  бойынша,  сондай-ақ,   сот  талқылауы  кезінде  туындаған  басқа  да  мәселелер  бойынша  өзінің  пікірін  баяндайды.  Сотқа  қылмыстық  заңды     қолдану  және  сотталушыға   жаза  қолдану  туралы  ұсыныс  айтады.   Егер,  мұны  азаматтардың  құқықтарын,  мемлекеттік  немесе  қоғамдық   мүдделерді  қорғауды  талап  етсе  прокурор  іс  бойынша  азаматтық  талап  қояды   немесе  оны  қолдайды.

         Айыптауды  қолдай  отырып,  прокурор  заң  талаптарын   және істің  барлық  жағдайларын   қорғау  нәтижелеріне  негізделген   өзінің  ішкі  көзқарасын  басшылыққа  алады.  Сотталушының   жағдайын  нашарлатпайтын және оның  қорғалу  құқығын  бұзбайтын  болса,   прокурор  айыптауды  өзгерте  алады.   Прокурор,   егер,  айыптау  сот  талқылауында  қолдау  таппады  деген  қорытындыға  келсе,  айыптаудан  бас  тартуға  /толық  немесе  ішінара /   міндетті.

  Мемлекеттік  айыптаушының  айыптаудан  бас  тартуына  сот тергеуі немесе  сот жарыссөзі  кезінде  жол  беріледі.  Прокурор   айыптаудан   толық  бас  тартқан  жағдайда,   егер  айыптаудан  жәбірленушіге   де   бас тартса   сот  өз  қаулысымен  істі  қысқартады.   Ал,  егер  жәбірленуші  айыптауды  талап  етсе,  сот  істі  талқылауды  жалғастырып,  оны  жалпы  тәртіппен  шешеді.   Бұл  жағдайда  прокурор  процеске  одан  әрі  қатысудан  босатылады. Ал,  айыптауды  жәбірленушінің  өзі  немесе  өкілі  арқылы  қолдайды.  Жәбірленушінің  өтініші  бойынша   сот  оған    өкіл  шақыру   үшін  уақыт  беруге  тиіс.   Прокурор мен  жеке  айыптаушы  айыптаудан  ішінара  бас  тарқан  кезде   сот  айыптаудың  тарап   айыптаудан  бас тарқан  бөлігінде  істі  қысқартады.  Айыптаудың  қалған   бөлігіндегі  іс  жалпы  тәртіппен  қаралады.   

         Егер, прокурор   айыптауды  өзгертсе   және  жәбірленуші   бұрынғы  айыптауды   талап  етпесе,  сот  істі  жаңа  айыптау  бойынша   қарайды.

         Сонымен  қатар,  прокурорға  наразылық  білдіру  құқығы  істі  қарауға  мемлекеттік   айыптаушы  ретінде   қатысушы  прокурорға   тиесілі.   Қазақстан  Республдикасының Бас Прокуроры мен  оның  орынбасарлары,  облыс прокурорлары  мен  оларға  теңестірілген   прокурорлармен  олардың  орынбасарлары,     аудандарың  прокурорлары  және  оларға  теңестірілген  прокурорлар мен   олардың  орынбасарлары  істі  қарауға  қатысуына   қарамастан  өз  құзіреті  шегінде  үкімге   наразылық   білдіруге  құқылы.   Сондай-ақ,  прокурор   апелляциялық,   қадағалау  сатыларындағы  соттардың   қаулыларына   шағым  жасауы,  наразылық   білдірілуі   мүмкін. 

 Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Сотының  қадағалау  алқасының   қаулыларын  қайта  қарауға  және   істі  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  қадағалау  алқасында  қайта  қарауға   ерекше   жағдайларда   осы   алқа  қабылдаған   қаулы   адамдардың   өмірі,    денсаулығы   үшін,   не  Қазақстан  Республикасының   экономикасы  мен  қауіпсіздігі  үшін     ауыр,     орны  толмас  зардаптарға    әкеп   соқтыруы    мүмкін   екендігі   туралы    деректердің   анықталуына  байланысты  енгізілген    Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  Төрағасының    ұсынымы  бойынша   немесе  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының    наразылығы  бойынша  жол   беріледі.

Соттың  заңды   күшіне   енген  үкімдері    мен   қаулыларына  наразылық  келтіру   құқықтары   мына  прокурорларға   тиесілі:

-Қазақстан  Республикасыныың  Бас  Прокуроры- облыстық  және  оған   теңестірілген   соттың  қадағалау  алқасына   және  Қазақстан  Республикасы   Жоғарғы  Сотының  қылмыстық   істер   жөніндегі  алқасы мен  қадағалау  алқасына тиесілі;

-Қазақстан Республикасының   Бас Прокурорының орынбасарлары-облыстық  және  оған  теңестірілген  соттың  қадағалау   алқасына   және  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының   қылмыстық   істер  жөніндегі   алқасына;

-Облыс   прокурорлары   мен   оларға   теңестірілген   прокурорлар  — облыстық  және   оған   теңестірілген  соттың   қадағалау   алқасына       наразылық   келтіруге   құқылы.

            Наразылықты    іс    қадағалау   сатысында    қаралғанға   дейін    оны     берген      адам    кері    қайтарып   алуы   мүмкін,  сондай-ақ   жоғары    тұрған    прокурор     кері     қайтарып    алуы       мүмкін.

         Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  83  бабына   сәйкес  прокуратура  органдарына  Қазақстан Республикасының  аумағында  заңдардың    дәлме-дәл   және   біркелкі    орындалуын    қадағалау   жүктелген.  Конституциялық    деңгейде    жалпы   түрде   тұжырымдалған   қадағалау   функциясы   Қазақстан    Республикасы   Президентінің  «Қазақстан Республикасының  Прокуратурасы   туралы»   Заң   күші   бар   Жарлығында   жетілдіріліп,   нақтыланған.    Осы   Жарлық   бойынша  қылмыстық  сот  ісін   жүргізудегі  қадағалау   функциясының  мазмұнына  мыналар   жатады:

-жедел  — іздестіру қызметін қадағалау;

-тергеу мен  анықтаудың   заңдылығын  қадағалау;

-сотта  мемлекеттің  мүдделерін  білдіру;

-орындалу  ісінің  заңдылығын   қадағалау / сот  тағайындаған  жазаларды  және  өзге  де   мәжбүрлеу  сипаты   бар  шараларды  орындау  кезінде  ұсталғандар  жататын орындарда,  сондай-ақ  алдын  ала     қамау  орындарында    заңдардың  орындалуы.

Осы аталған бөліктерді   жеке-жеке  талқылыр  болсақ,    жедел  іздестіру  қызметін  жүзеге  асыру,   жедел-іздестіру   шараларын  жүргізу  барысында  адамның  және  азаматтың  құқықтары мен  бостандықтарының  сақталуы,    сондай-ақ жедел-іздестіру    қызметін   жүзеге  асыруға    өкілетті   органдар   мен   лауазымды   адамдардың   актілеріне    іс   әрекеттерінің    заңдылығы   қадағалаудың   мәні   болып   табылады. Жедел –іздестіру      қызметіне   қадағалауды   жүзеге   асыра  отырып,   прокурор: — жедел-іздестіру қызметінің    тоқтатылған  немесе   жүргізіліп   жатқан   істерін, жедел-іздестіру    қызметінің    барысы    туралы    материалдарды,      құжаттар  мен  басқа да  қажетті   мәліметтерді  алады,   бұған жедел-іздестіру    қызметін   жүзеге   асыратын  органдарда   жасырын  негізде   қызмет     ететін   немесе  қызмет   еткен  азаматтардың   жеке  басы  туралы   мәліметтер   қосылмайды;

— жедел-іздестіру қызметін  жүзеге  асыратын  органдардың   арнайы жедел-іздестіру  шараларын  өткізу   заңдылығын  тексереді;

— жедел-іздестіру қызметін  жүзеге  асыратын  органдар  шығарған жедел-іздестіру   шараларын  ұйымдастыру  мен  өткізу  тактикасын  реттейтін  Конституцияға,  заңдарға  және   Республика  Президентінің  актілеріне  қайшы  келетін  нормативтік  құқықтық  актілеріне  наразылық  жасайды;

— жедел-іздестіру  қызметін  жүзеге асырған  кезде   заңның   адамның   және  азаматтың  құқықтары мен  бостандықтарының  бұзылғаны  анықталған   жағдайда    өзінің   қаулысымен жедел-іздестіру  шараларын  тоқтатады:

— жедел-іздестіру   шараларын   жүзеге  асырған  кезде  құқыққа   қарсы   әрекеттерге  жол  берген   қызметкерлер  жөнінде  қылмыстық  және   тәртіптік   іс   қозғау   туралы   қаулы   шығарады;

— жедел-іздестіру   қызметінің  заңдылығына   қадағалауды   жүзеге  асырған  кезде   заңды   бұзудың   анықталған   фактілері  бойынша  прокурорлық  қадағалаудың  осы Заңда  көзделген   өзге  де  актілерін  шығарады;

-заңсыз   ұсталған   адамдарды   босатады;

-қажет   болған   кезде  жедел – іздестіру  қызметін  жүзеге  асыратын   органдар  басшыларынан  заң  бұзушылықты   жою  мақсатында  өздеріне  бағынысты  органдарда    тексеріс   жүргізуді  талап  етеді;

-заңдарда  белгіленген  жағдайларда жедел-іздестіру   шараларын   жүргізуге  санкция  береді. Жедел – іздестіру  қызметінің   заңдылығына   қадағалауды  Республиканың  Бас Прокуроры және  өзге де  прокурорлар  заңдарда  белгіленген  құзіреті  шегінде  жүзеге  асырады.

2.Тергеу мен  анықтама заңдылығына қадағалау.7  Прокурор  анықтама  мен  тергеу  органдарының  актілері мен  қызметінің  заңға   сәйкестігіне  жасалған  қылмыстар  және  тергеу   жүргізу   туралы   өтініштер  мен  хабарларды  шешудің  заңдарда  белгіленген   тәртібінің  сақталуының  қадағалауды  жүзеге  асырады.

Анықтама мен тергеудің  заңдылығына  қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып:

-анықтама мен  тергеу  органдарына  тексеріс  үшін  қылмыстық  істерді,  жасалған  қылмыстар  жедел-іздестіру  қызметінің   анықтаманың,   тергеудің   барысы  туралы  құжаттарды,    материалдар  мен  өзге   мәліметтерді  алады;

-жасалған  немесе  әзірленіп  отырған     қылмыстар   туралы  өтініштер  мен   хабарларды   қабылдағанда,  тіркегенде,    шешкенде   заңдылықтың  сақталуын   тексереді;

-қамауда  ұстауға   және  қамауға   алуға  санкция  береді;

-қажет  болған  жағдайларда  қылмыстық  іс  қозғайды,  қылмыстық  істерге  тергеу   жүргізу  жөнінде   жазбаша  нұсқаулар  береді;

-тергеушілер мен  анықтама  жүргізуші   адамдардың  заңсыз  қаулыларының   күшін  жоюды;

егер,  анықтама  мен  тергеу  барысында  процеске  қатысушылар мен  басқа  да  азаматтардың  құқықтарының   бұзылуына,   тергеудің   заңсыз   әдістеріне   жол  берілсе,   кінәлі   адамдардың  жауапкершілігі туралы  мәселе  қояды;

-тергеу  мен  анықтама  толық  болмаған,   сондай-ақ  тергеу   мен  анықтама  барысында   заңдылықтың  бұзылуына  жол  берілгені  белгілі  болған  жағдайларда   қылмыстық  істерді   қосымша   тергеуге  қайтарады  немесе  оны  толық    көлемде   не  нақтылы  адамдарға   қатысты  тоқтатады;

-анықтама мен тергеу  органдарына  келіп  түскен   қылмыстық  істерді  түптеп   қарау   үшін  сотқа  жібереді,  қажет  болған  жағдайларда  тергеу  бөлімшелері   анықтама  органдары  басшыларынан  оларға   бағынысты  органдарда   заңды  бұзушылықты  жою,  қылмыстардың  толық   ашылуын  қамтамасыз   ету  мақсатында   тексеріс  жүргізуді  талап  етеді. Анықтама  жүргізуші  адамның,  тергеушінің  анықтама мен  тергеу  органдары  басшыларының   іс  әрекеттері мен  шешімдеріне  жасалған  шағымдарды  қарайды. Сондай-ақ,  бұлтартпау   шарасы  ретінде    қамауға  алуға  шешім  жасалған  адамдарды  қамауда  ұстаудың  заңдарда  белгіленген  тәртібі мен  шартының  сақталуын  тексереді.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қылмыс  жасаған   және  тергеуден  жасырынып   жүрген   адамға   қатысты  халықаралық  іздестіру  жариялауға   санкция   береді.

Сотта  мемлекеттің  мүддесін  білдіру.

Қылмыстық,   азаматтық  немесе  өзге  де  сот  ісін  жүргізу  барысында   сотта  мемлекет  мүддесін   білдіре  отырып,   прокурор  осы  Заңға,  сондай-ақ  Республикасының  қылмыстық  істер  жүргізу,   азаматтық  істер    жүргізу    және  өзге  де  заңдарына   сәйкес   шағым  және   қадағалау   тәртібімен  өз  өкілеттігін   жүзеге   асырады.   Соттың  немесе  судьяның   іс  бойынша   шешімімен,  үкімімен   немесе  өзге  қаулысымен   оның  заңға  сәйкессіздігі немесе  негізсіздігі   себепті  келіспеген  жағдайда,   прокурор   істі  қайта   қарау   немесе   құқықтық  актінің   күшін  жою  не   өзгерту   туралы   жоғары  тұрған  сотқа  наразылық  беруге   хақылы.  Прокурор  өзінің    істің  сотта  қаралуына   қатысу-қатыспауына   қарамастан,   соттың  не судьяның   заңды  күшіне  енбеген,  заңға  сәйкес  келмейтін  немесе   негізсіз  шешіміне,   үкімі мен  өзге  де   қаулысына  жоғары  тұрған  сотқа  наразылық  беруге  хақылы.  Прокурор  соттың  заңды  күшіне  енген  шешімдері,  үкімдері   және  өзге   қаулылары  бойынша    істерді  өз  құзіретінің   шегінде  соттан  талап  етіп   алдыруға  құқылы.  Соттың  заңды   күшіне  енген   шешімі,  үкімі мен  өзге   қаулысы   заңға  сәйкес   келмейтін  немесе  негізсіз  болған  жағдайда,  прокурор  қадағалау  тәртібімен  наразылық  жасайды.  Егер,  наразылық  жасау  оның  құзіретінің  шегінен  асып  кететін  болса,  онда   тиісті  прокурор   наразылық  жасау  жөнінде  жоғары  тұрған  прокурорға  ұсыныс  айтып  өтініш  жасайды.  Прокурордың  соттың   заңды  күшіне  енген  шешіміне,   үкімі мен  өзге  де  қаулыларына  наразылық  жасау  және  орындалуын  тоқтата  тұру   жөніндегі  өкілеттігі  заңмен  айқындалады.  Республиканың  Бас Прокуроры  Республиканың Жоғарғы Сотының   нормативтік  қаулысының  Конституцияға   және  заңдарға  сәйкес  келмеу  негіздері  бойынша  Республика  Жоғарғы Сотының  жалпы   отырысына  наразылық  енгізеді.

Прокурордың атқарушылық  іс  жүргізудің  заңдылығына  қадағалау.

Атқарушылық  іс  жүргізудің  заңдылығына  қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып, прокурор  өз  құзіреті  шегінде: адам  құқықтары  туралы,   қамалғандар  мен  сотталғандарға   мейірбандық  тұрғыдан  қарау  жөнінде  Конституцияның,  заңдардың  және  Қазақстан Республикасы халықаралық  шарттарының  дәл  және  біріңғай    қолданылуын  талап  етуге;   азаматтың,   мемлекеттің  құқықтары мен  мүдделерін   қорғау  бойынша   сондай-ақ, прокурордың   талабы  мен  өтініштері  бойынша  атқарушылық   істер  жүргізілуін   талап  етуге  және  тексеруге;  сот   тағайындаған  жазалау  мәжбүр  ету  сипатындағы   өзге  де  шараларды  атқарушы прокурор бас  бостандығынан  айыру  орындары мен  мекемелерінде  тексеру  мақсатымен  кез  келген  уақытта  болуға;   ұсталғандардан,  қамалғандардан,  сотталғандар  мен  мәжбүр  ету  сипатындағы  шаралар  қолданылған  адамдардан  жауап  алуға;   осы  адамдарды  ұстауға ,   қамауға,  жазасын  өтеуге,   сондай-ақ  оларға  мәжбүр  ету  сипатындағы  шараларды  қолдануға  негіз  болған      құжаттарды  талап  етуге;    мәжбүр  ету  шараларын  атқарушы  бас  бостандығынан  айыру,  айыру  органдарында  немесе  мекемелерінде  заңсыз  отырған  әр адамды  өз    қаулысымен  дереу  босатуға;  бас  бостандығынан  айыру   орындарына  жазасын   өтеп жүрген  адамдарға  заңды  бұза  отырып,   қолданылған  тәртіптік  шаралардың  күшін  жоюға,   оларды  өз  қаулысымен  айыптық  изолятордан,  камералық   үлгідегі  орындардан  немесе  карцерден  қамаудан  босатуға;  заңда  белгіленген  жағдайларда  жазалауды  атқарушы  мекемелер  әкімшілігінің  актілерін  санкциялауға  хақылы;  заңдарда  белгіленген  жағдайларда  атқарушылық  іс  жүргізу органдарының  борышкердің  банктерге  немесе  банк  операцияларын  жекеленген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдардағы  ақшасына  және  басқа  мүлкіне  тыйым  салу  туралы  актілеріне  санкция  беруге  құқылы. 

         Сонымен қорыта айтсақ, прокурор  қызметінің  ерекшелігі  прокуратура органдарының  көп  қырлы  функциясынан көріп отырмыз.

 

 

2.3.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі

         Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  63-бабының   1-ші  бөлігіне  сәйкес    тергеу  бөлімінің  бастығы   дегеніміз – алдын  ала  тергеуді  жүзеге  асыратын  органның   тергеу  бөлімшесінің  бастығы  және     өздерінің  құзіреті  шегінде  жұмыс   істейтін    оның  орынбасарлары. Қылмыстық  іс  жүргізу  мағынасындағы   құзіреттің  ұғымы мен  мазмұнын     олардың  атқарушы  органдар   жүйесіндегі     лауазымдық  қызметтеріне   байланысты     осы  адамдарға   жүктелген   функционалдық    міндеттерден  ажырата  білу   қажет.

         Қылмыстық  іс  жүргізуге  байланысты  құқықтық  қатынастардың  қатысушысы  ретінде   тергеу  бөлімінің  бастығы:

— қылмыстық  іс  қозғау  туралы   және   өзге  де  қосымша  материалдар   туралы  қаулыны   бере  отырып,  нақты   тергеушігіе  тергеу  жүргізуді  тапсыруға  құқығы  бар.   Мұндай  тапсырма  кезекшілік  кезінде    келіп  түсетін,  хабар-ошарларға   жауап  беретін  жедел-іздестіру  тобының  қылмыстық  іс  қозғау  жағдайларында,   сондай-ақ   белгілі  бір  қылмыс  түрлерін   тергеуге  маманданып  жүрген  тергеушінің  тәжірибесі  мен   дағдысын  ескерту   қажеттігі  жағдайында  туындайды.

   Мұндай   тапсырыс  беру    қажеттігі   басқа   да   себептер  бойынша  туындауы   мүмкін, мысалы,  күдік  тудырушы     мен   /айыпталушымен/    жақын  қатынастарының  болуына  байланысты  тергеушінің  мүдделілігін,   сондай  —  ақ,  басқа  да  жағдайларға   байланысты  туындауы  мүмкін.

— тергеу  жүргізу  бөлімі  бастығының  қылмыстық  іс  жүргізу  бойынша   тергеуші  іс  —  қимылының  мезгілінде  болуын  бақылау   жасауда,   тергеушілердің,   алдын  ала  тергеу   мен  қамауда   ұстаудың  мерзімдерін  сақтауын    бақылауды  жүзеге  асыруға   құқығы  бар.   Қамау,   үйде   қамау   мерзімін    ұзартуға   арналған    санкцияларды  алуға     байланысты  материалдарды   прокурорға     табыс   ету  үшін  осындай   жағдайларда    көзделген    жиырма   төрт  сағат   ішінде   тергеушінің   қаулысының   көшірмесін    прокурорға   жолдау   үшін   іс-қимылдың   уақытылы    болуы   қылмыстар   туралы  хабарлар    мен    өтініштерді     қарау   үшін   заңда   белгіленген    мерзімдерді   сақтау   жолымен   қамтамасыз   етіледі.   Уақытылылығы    мазмұнына   аталған  мерзімдерді   сақтаумен    қатар   белгілі   бір   процедуралардың   дәйектілігі   де   жатады,  іс   жүргізуді   орынсыз   созу   іске  қатысушының   құқықтары   мен   заңды   мүдделеріне   қысым  жасау   ретінде   қаралуы  мүмкін.  Мысалы,   ұсталған  адамға   ұсталған  сәттен  бастап,  қорғаушының  араласуы   қамтамасыз  етіледі. Жалпы  ереже  бойынша    ұсталған   адамнан алғашқы  жауап  алынғанға  дейін оның  қорғаушымен  оңаша  кездесуі  жүзеге  асырылады.  Қорғаушымен  алдын  ала кездеспей  тұрып  сезіктінің жауап  бермеу  құқығына  ие болады.  Мұндай  дәйектілікті  сақтамау  ұстауды  орынсыз  деп  тануға   соқтырады;

— тергеу  бөлімінің   бастығы  прокурордың  нұсқауларының  орындалуына  бақылау  жасауды  жүзеге  асырады.  Қылмыстық  іс жүргізу  кодексінің 197 – бабының 2-тармағына  сәйкес  прокурордың  тергеушіге,  тергеу  бөлімінің  бастығына  берген  нұсқаулары  міндетті  болып   табылады.  Прокурордың  берген   нұсқауларына  жоғары  тұрған  прокурорларға  шағым    жасай  алады.  Шағым  жасау  істің  ары  қарай  жалғасуына  кедергі  келтірмейді.  Мұның  өзі  тергеу   бөлімінің  бастығы  прокурор  нұсқауларының   орындалуына,  осы   нұсқауларға   шағым   түсірілген   жағдайдың  өзінде   бақылау  жасайтын  болады  дегенді   білдіреді;

— Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде   белгіленген   жағдайларда  басқа  да  тергеушілер  тапсырмаларының  орындалуы  үшін  бақылау   жасайды.  Сотқа  дейінгі  қызмет  процесінде   қылмыстық   ізге   түсудің  өзге  де  органдарының  тергеушілері  тапсырмалар  беруі  мүмкін,  оларды  өз  күштерімен   орындау   барлық   уақытта   бірдей  мүмкін  бола  бермейді.  / мәселен, басқа  облыста  тұратын  куәгерден   жауап  алу  қажеттігі/;

-оған  негіздер  болған  жағдайда тергеушіні  іс  жүргізуден  шеттету;

-алдын ала  тергеуді жүзеге  асыратын  өзіне  бағынатын   органның  тергеу  бөлімшелерінің  бірінен  қылмыстық  істі  алып,  алдын ала  тергеуді  жүзеге  асыратын  осы  немесе  өзге де өзіне  бағынышты органнан басқа  тергеу  бөлімшесіне  беру.  Мұндай  берудің  қажеттілігі  тергеушілерге  тапсырмаларды  бөлген  кезде  қаралатын  істерді  біріктіру,  тергеушіден   бас  тару  немесе  оны  шеттету  жағдайларына  байланысты  туындайды.

-белгіленген  тәртіппен  одан  әрі  шаралар  қабылдау  үшін  аяқталған    қылмыстық  істі  прокурорға    жібереді.

-қылмыстық  істерді  қозғау  және  оларды  өзінің  іс  жүргізуіне  қабылдау,   бұл  орайда  тергеушінің өкілеттілігін  пайдалана  отырып,   алдын  ала  тергеуді  жеке  өзі  жүзеге  асырады;

         Осы  аталған  тергеу  бөлімі  бастығының  өкілеттіктері  тергеушінің дербестігін  шектей  алмайды.  Тергеуші  тергеу  бөлімі  бастығының  нұсқауларымен  келіспеген  жағдайда  прокурорға  шағым  түсіре  алады,  осы  арқылы  тергеуші  өкілеттігінің   тұтастығына  және  оған  берілген    құқықтардың  толық  жүзеге  асуына  кепілдік  береді.

         Тергеу  бөлімінің  бастығы  қылмыстық  ізге  түсуді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  органдар  тобына  жататын  тергеушімен  тығыз  байланыста.

         Сонымен  бірге  кейбір  өзіне  тән  іс  жүргізудің   елеулі  сипаттары  сот  ісін  жүргізудегі   оның  жағдайын  біршама  оқшау   түрде  көрсетеді,  бірақ  дербес  орган  сипаты  деңгейіне  көтере  алмайды.        Тергеу  бөлімі  бастығының  қызметін    реттеу   екі  деңгейдегі  сипатта  болады.   Алғашқы  деңгейі – заң  тұрғысында  сипатталады.   Екінші  деңгей – Ішкі  Істер  Министрлігінің,   Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің  тергеу  аппараттарының қызметін  реттейтін  ведомствалық  нормативтік  актілер.  Бұдан  басқа  заң  тұрғысындағы  деңгей – тергеушінің  маман  ретіндегі  қызметін  реттейтін  нормалардың  бүкіл  кешені,   өйткені  ол  тергеушінің  өкілеттіктерін  толық   күйінде көрсетеді.

                   Тергеушінің  өкілеттіктерін  жүзеге  асырумен  қатар  тергеу  бөлімінің  бастығы  қылмысты   ашу  және  алдын    алу  жөнінде  өзіне  бағынышты  тергеушілердің   іс  қимылының  уақытылы  болуына  бақылау  жасауды  жүзеге   асыруға,  қылмыстық  істер   бойынша    алдын  ала  тергеуді  мейлінше  толық,   жан-жақты  және  обьективті  түрде   жүргізілуіне   шаралар  қабылдауға  міндетті.  Осы  функцияларды  орындау  үшін   заң  шығарушы  оны   арнайы  өкілеттіктермен   қамтамасыз   етті, ол  мынадан  көрінеді,   тергеу  бөлімінің    бастығы  қылмыстық    істерді  тексеруге  алдын   ала  тергеуді  жүргізу  туралы,   сондай-ақ,   жекелген   тергеу   істерін  жүргізу  туралы  тергеушіге  нұсқаулар  беруге,   істі  бір  тергеушіден  екінші  бір  тергеушіге  беруге,  қылмыстық  істі  тергеу  жұмысын  бір  емес  бірнеше  тергеушіге  тапсыруға  құқығы болады.  Сонымен  қатар,  өзі  де  алдын  ала  тергеу   ісіне  қатысуға   және  алдын   ала  тергеуді  жеке   жүргізуге  құқылы.

         Тергеушінің  іс  жүргізуіне   заң   тұрғысынан  дербестік  берілуі   және   іс  бойынша   ол  өзі   қабылдайтын   барлық    шешімдер   үшін   жауапкершілік  жүктелуі — өзіне  бағынышты  тергеушінің  қызметіне  бақылау  жасауды  жүзеге  асыру  жөніндегі  тергеу  бөлімі  бастығының   өкілеттіктерінің  шегі  туралы  мәселені  анық  ажыратып     бере   алмайды.  Бұл   мәселенің  екінші  жағы   тергеу  бөлімі   бастығының  өкілеттілігін  және  прокурордың  өкілеттілігін  саралауға  байланысты.  Бұл  жерде  негізгі   өлшем,   біздің  көзқарасымызша, прокурор  өкілеттіктерінің   мазмұны   болып    табылады,   өйткені   бұл – олардың   негізгі   функционалдық   бағытына  —  заңдылықтың  сақталуын    қадағалауды  жүзеге  асыруға   байланысты    жан-жақты  әрі   мазмұнды   болып  келеді.

Мәселен   прокурор  айыпталушыға  қатысты   заңда   көзделген    кез  келген    бұлтартпау   шараларын    таңдау  туралы   нұсқаулар   беруге  құқылы  болса,   ал  тергеу   бөлімі   бастығының  осы  тұрғыдағы  өкілеттіктері  прокурор  санкциясын  талап   етпейтін  бұлтартпау  шараларымен   ғана   шектеледі.    Заң   бұзушылықты   анықтаған   жағдайда  тергеу  бөлімінің  бастығы   тергеушіге    нұсқаулар   береді.  Ал,  мұндай   жағдайда  прокурор  өзінің   қаулысымен   тергеушінің  де,  тергеу  бөлімінің  бастығының  да   шешімдерін   жоққа  шығаруға   құқылы. Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  197-бабының   негізінде   прокурор,  егер   тергеуші   іске  қатысушылардың  немесе   басқа  да  азаматтардың  құқықтарын  бұзуға  елеулі  түрде  жол  берген,  тергеудің  заңсыз   әдістерін  қолданған   жағдайда   немесе   оның   іске   салақ   қарауы   немесе  біліксіздігі  себеп  болса,  немесе   тергеудің  нәтижелеріне  жеке  өзінің  мүдделілігі   байқалған    жағдайда  тергеушіні  алдын   ала  тергеу   жүргізуден  босатуға  құқылы.   Тергеу  бөлімі  бастығының  мұндай  құқығы  жоқ. Осы  орайда  тергеушіні  тергеуді   әрі  қарай  жүргізуден    босату  құқығын  Э.И.Воронин  әділетті  түрде    былай  деп  атап  өтеді: «прокурордың  ерекше  құқығын   білдіреді» және  тергеуді   одан   әрі   жүргізуден «босату»  ұғымы  және  «істі    бір  тергеушіден  екіншісіне   беру  ұғымы  терминологиялық  тұрғыдан   ғана    емес,   мазмұны  жағынан  да  ерекшеленеді,   заң   шығарушы  олардың  әрқайсысына  осындай  сипат берген”(8.77)

                   Бұл   орайда  істі  бір    тергеушіден  екіншісіне   беру   деген  сөз  бұл  құқықты  кім  жүзеге  асыратынына  байланысты  әр  түрлі  мағынаны   білдіреді.    Егер  бұл  іс – қимылды  тергеу   бөлімінің  бастығы   жүзеге   асырса,   онда   мұның  өзі   біріңғай   ұйымдастыру  —   басқару  мақсаттарын  көздейді:   бағынышты  тергеушінің    тергеліп   жатқан  істердің  саны   мен   көлемі    тұрғысынан   жұмысы   көп   болса,   және    жұмысты  біркелкі   бөлу   үшін   бөлім   бастығы    істердің   бір  бөлігін  екінші  тергеушіге   береді. Прокурор  жүзеге  асыруға   тиіс   істі  бір  тергеушіден  екіншісіне  беруді  қадағалау  функциясын  орындауда  тергеуші  жол  берген  заң  бұзушылықты  дұрыс  жолға  қоюы  керек.

         Тергеу  бөлімі  бастығының  бағынышты  тергеушінің  қызметіне  процессуалдық   бақылауын  былай  деп   айқындауға  болады:  «…қылмыстарды   табысты   тергеу  мен  алдын  алу  және   тергеушілер  алдында  тұрған  міндеттерді   орындауды  жеңілдету   үшін  оңтайлы   жағдайларды  жасауға  бағытталған  шаралар  кешені».(8.77.)

         Тергеу  бөлімі  бастығының процессуалдық  бақылау  қызметіне  мыналар  жатады:

-қылмыстық іс қозғаудың уақытында  болуын  әрі  негізділігін  тексеру; -алғашқы  тергеу  іс-қимылдарын  жүргізудің  нәтижелілігін және олардың қылмысты  ашу  мен       тергеудің  маңызын  анықтау; күдік  тудырушыны   ұстаудың  заңдылығы  мен   негізділігін   таңдап  алынған  бұлтартпау  шараларының  оларды  қолданудың   процессуалдық  шарттарына  сәйкестігін  анықтау;  айыпталушы  ретінде  адамды  жауапқа  тартудың  заңдылығы  мен      негізділігін  тексеру; алдын  ала  тергеуге  қатысушылардың   процессуалдық  құқықтарын  қамтамасыз  етуді  талдау;  заң  бұзушылықтарды  жою; қажет  болған  жағдайда істі  тергеудің  жан-жақтылық, толықтылық  және  обьективтілік  талаптарын  орындау  жөніндегі  шараларын   қолдану; келтірген  материалдық  зиянның  орнын  толтыруды  қамтамасыз  ету  мақсатында  тергеуші  қабылдаған  шаралардың  сәйкестігін  анықтау; іс  жүргізуді  тоқтата  тұру  немесе  қысқарту  туралы тергеуші  қаулысының  заңдылығы  мен  негізділігін  тексеру.

         Бірқатар  зерттеушілер  мәселен,  И.Гуткин, Ф.Лопушанский, А. Чувилев,Ю.Белозеров  тергеу  бөлімі  бастығының  өкілеттіктері  ретінде  көрсетілмесе  де,  оның  процессуалдық  жағдайының  мәнінен  туындайтындай  тергеушіні  басқару  жөніндегі бірқатар процессуалдық  іс-әрекеттер орындайтындығын  атап  өтеді. Олар,  осындай  іс-әрекеттер  қатарына, мәселен, тергеушінің  анықтау  органдарымен  өзара  іс-қимылы  туралы,  қылмыстың  жасалуына себепші  болған себептер  мен   жағдайларды  зерттеу  туралы ,  қылмысты  ашуға  жұртшылықты  тарту  туралы  нұсқауларды беруін  жатқызады.

         Заң тергеу  бөлімі  бастығының  өз  өкілеттіктерін   жүзеге  асыру  нысанын  белгілейді. Қылмыстық  іс  бойынша  барлық  нұсқаулар  жазбаша  түрде  беріледі.

         Тергеу бөлімі   бастығының процессуалды  өкілеттілігін  екі топқа  бөлуге болады. Бірінші  топты  нақты  қылмыстық  істі тергеудегі  процессуалдық  бақылау   тәсілдері  құрайды. Екінші  топқа  оған  бағынышты  тергеушілерді  процессуалды  басқаруға  бағытталған  тәсілдері  жатады. Э.И.Воронин   ұсынған  осы  саралау  заңның  қаралып  отырған  бөлігіндегі  ережелеріне  анағұрлым  толық  жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тергеу бөлімінің бастығы.(9.77)

Тергеу бөлімінің бастығы – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын  органның  тергеу  бөлімшесінің бастығы мен өз құзіреті шегінде  іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.

       
     
   
 

Тергеу бөлімі бастығының өкілеттігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тергеуші.  Тергеушінің  өкілетіктері, оның  алдын  ала  тергеу  жүргізу   функцияларынан  ажыратылмайды, оның  үстіне олар,  тергеу  бөлімі  бастығының  процессуалдық  жағдайымен    өзара  байланыста  қаралуы  тиіс.Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеуші — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша  алдын ала  тергеуді  жүзеге асыруға өкілетті лауазымды адам. Ішкі істер органдарының  тергеушісі, ұлттық  қауіпсіздік органдарының  тергеушісі, қаржы полициясы органдарының тергеушісі болады. Тергеуші заңмен көзделген   жағдайларда әртүрлі өкілеттіктерге ие. Тергеушінің  процессуалдық   жағдайын  қылмыстық  ізге  түсу  органының  ұғымымен  байланыстыру  керек. Өйткені  Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 7-бабының 14-бөлігінде  көрсетілгендей  қылмыстық ізге  түсу  органдарын  тергеуші де жатқызылған.  Осы жағдай  алдын ала тергеу органын сипаттайтын, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу  құқықтық қатынастарының  қатысушысы ретінде  қаруға итермелейді.

Қылмыстық сот ісі қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің тұлғасын түсіну үшін анағұрлым маңызды принциптер  мыналар болып табылады: заңдылық,жариялылық, азаматтардың тегіне және әлеуметтік жағдайына, нәсілдік және ұлттық болмысына, діни сеніміне қарамастан зхаң алдында теңдігі; тергеудің ұлттық тілде өтуі, тұлғаға, тұрғын үйге, жеке өміріне, хат-хабар-алысуына, телефонмен болатын әңгімелердің  және телеграфтық хабарлардың құпиясына қол сұқпаушылық, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтылығы, обьективтілігі; алдын ала тергеуге қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;кінәсіздік презумпциясы; алдын ала тергеу  ісін жеделдетіп жүргізу; тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі және жауапкершілігі; қылмыстарды ашу мен тергеуге қатысуға жұртшылықты тарту.

         Тергеушінің негізгі мақсаты-істі тергеу болып  табылады. Заң әдебиеттерінде  “істі тергеу” ұғымы   “анықтау”,   “қарау”,    “зерттеу”  ұғымдарымен үндес, бірақ  тергеушіге  қатысты  «айыптау»,  “қорғау” ұғымы жоқ және болуы да  мүмкін  емес. Тергеуші өз жұмысын  айыптауға немесе қорғауға  емес, шындықты анықтауға бағыттайды.

         Тергеуші істің жағдайын  жан-жақты, толық және обьективті  зерттеуге ол үшін  барлық  шараларды қолдануға, оның  қылмыс  жасағандығын  көрсететін  жеткілікті  дәлелдер   жиналған  адамдарға  қатысты  айыпталушы  ретінде  тарту, айып тағу,  қылмыстардың жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қортындысын  жасау  жолымен  қылмыстық  ізге  түсуді  жүзеге  асыруға  міндетті.Тергеуші алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті болып табылатын  қылмыс  белгілері болған  кезде  анықтау органы  қылмыстық іс қозғауға  және  қылмыстың  ізін  анықтау мен  бекіту жөніндегі  кейінге  қалдыруға   болмайтын  тергеу  іс  әрекеттерін:  қарауда,  тінтуді,  алуды,  куәландыруды, сезіктілерді  ұстау мен  олардан  жауап  алуды,жәбірленушілер  мен   куәлерден  жауап  алуды   жүргізуге  құқылы. Анықтау органы  байқалған  қылмыс пен қылмыстық  іс  қозғалғаны  туралы  прокурорға  дереу  хабарлайды.

         Кейінге  қалдыруға  болмайтын  тергеу іс әрекеттерін орындағаннан  кейін, бірақ іс  қозғалған  күннен  бастап, бес тәуліктен  кешіктірмей анықтау органы істі  тергеушіге беруге  беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың  ішінде  прокурорға  жазбаша хабарлауға міндетті.  Істі  тергеушіге  бергенне кейін  анықтау органы ол  бойынша  тергеу іс әрекеттерін  және жедел іздестіру шараларын  тек тергеушінің тапсырмасы  бойынша ғана жүргізе алады.  Қылмыс жасаған  адамды  анықтау  мүмкін  болман  істі  тергеушіге  берген   жағдайда  анықтау органы  қылмыс  жасаған    адамды  анықтау  үшін  іздестіру  шараларын  жүргізуге,  тергеушіге  нәтижелер туралы  хабарлауға  міндетті.

         Тергеуші,  заңда  прокурордың  санкциясын  немесе  соттың  шешімін  алу  көзделген  жағдайларды  қоспағанда, тергеудің  бағыты мен  тергеу  іс   әрекеттерін  жүргізу  туралы  барлық  шешімді  дербес  қабылдайды  және  олардың    заңды және  уақытылы   үшін  толық  жауапты  болады.  Тергеушінің  қызметіне  заңсыз  араласу  қылмыстық  жауаптылыққа  әкеп  соқтырады.  Егер,  тергеуші,  тергеуіндегі  ісі  бойынша  прокурордың  нұсқауларымен келіспесе, онда жоғары  тұрған  прокурорға  шағымдану  құқығына  ие болады.

         Тергеуші  өз  тергеуіндегі  істер  бойынша  анықтау органдарының  тергеліп  жатқан  іске  қатысты  жедел-іздестіру  материалдарымен танысуға, тергеу  іс-әрекеттерін  жүргізу  туралы  тапсырмалар мен  нұсқаулар беруге  және  олардан  тергеу іс-әрекеттерін  жүргізуге  жәрдемдесуді  талап етуге  құқығы бар.

         Сонымен қорыта келгенде, қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің іс жүргізушілік қызметі туралы ғылымдағы негізгі дау тергеушінің сот ісін жүргізудегі функциялары туралы мәселенің төңірегінде өрбіді. Н.А.Якубовичтің пікірі бойынша тергеуші үш функцияны ғана жүзеге асырады,олар:қылмысты ашу,ізге түсу, алдын алу.10

         Аталған осы үш  функцияға А.М.Ларин тағы екеуін қосты, олар мыналар: іске қатысушы адамдардың өз құқықтарын жүзеге асру мүмкіндігін қамтамасыз ету;тергеуге процесуалдық басшылық жүргізу. Мұндай көзқарастың ішкі қайшылықтары да бар.  Мәселе  мынада: іске қатысушы адамдардың  құқықтарын  қамтамасыз ету, сондай-ақ тергеуге іс жүргізушілік  басышылық жасау – принциптер болып табылады. Және де біріншісі – жалпы іс  жүргізушілік принцип,  ал екіншісі – тергеуші қызметі принципінің құрамдас бөлігі, ол тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі мен жауапкершілігінен көрінеді.

 

Тергеушінің өкілеттігі.(11.77)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Анықтау органы. Анықтаушы.

         Анықтау – анықтау органдарының заңмен белгіленген өкілеттік  шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту, және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргіз нысаны болып табылады.

Заң  шығару анықтау органдарының  егжей-тегжейлі тізбесін  белгілейді.     Оларға мыналар жатады:

         1.ішкі істер органдары;

         2.ұлттық қауіпсіздік органдары;

         3.қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша- әділет органдары;

  1. қаржы полициясының органдары;

         5.контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша — кеден органдары;

         6.Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт  бойынша әскери қызметін атқарып жүрген  қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің құрамалардың,  мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың қызметтік  міндеттерін  атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан  жерінде жасаған  барлық  қылмыстары туралы істер бойынша -әскери полиция органдары;

         7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы  істер бойынша,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер  бойынша -шекара бөлімдерінің командирлері;

         8.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскер жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар  жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың өзінің қызметтік  міндеттерін  атқаруына  байланысты немесе осы бөлімдердің,  құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған  қылмыстары туралы істері бойынша әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің,  құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;

         9.Өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша -Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және  өкілетті өкілдіктерінің басшылары;

         10.Өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша -мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;

Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі  іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері,   сол  сияқты алысқа жүзу сапарындағы    теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының,  осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау  органдарынан  алыстағы басқа да мемлекеттің ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің   басшыларына да, —  көлік қатынастары жоқ болған кезеңде жүктеледі.

         С.В. Болотиннің пікірі бойынша: «Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемдену үшін төмендегідей құқықтық алғышарттардың  болуы қажет: -Заң белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органын  құру; — адамды қызметке  /оның ішінде осы  органның  басшысы қызметіне/  тағайындау; — аталған басқару органының анықтау жүргізуге  арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі»12 Сонымен бірге қазіргі қолданылып жүрген  Қылмыстық істер жүргізу кодексінің  талдау  қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушыға анықтау органының мәртебесін  беретін  тағы бірнеше белгілері бар екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады: — Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабының 2-тармағында аталған органдар  анықтауды  жүзеге асырған  уақыттағы  белгілі  бір  шектеулер /мәселен, кедендік органдар,  контрабанда  туралы істермен  кедендік  төлемдерді  төлеуден  жалтару  жөнінде  ғана  анықтау жүргізеді; әділет органдары – сотқа құрмет көрсету және  сот шешімдерін орындау  тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар  жөніндегі істер  жөнінде анықтау жүргізеді/;  — анықтау  органы   тек  аталған   органдардың   барлық  жүйесін  емес,  тікелей  анықтау  мақсаттары   үшін  қалыптасқан   құрылымдық  бөлімдерді  ғана /департаменттер,  басқармалар,  бөлімдер,  бөлімшелер/ түсіну, мәселен тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аппаратының,  аумақтық органдардан  /облыстық  басқармалар,  аудандық  бөлімдерден/  тұрады,  олар өз кезегінде /сондай-ақ  анықтауды  жүзеге асыру құқығы  бәріне  бірдей  берілмеген  жекелеген  қызметтерден  тұрады;/  — белгіленген  өкілеттіктер шегінде  қылмыстық  іс   қозғалғаннан   кейін  ғана  анықтауды  жүзеге  асыру  құқығының  пайда  болуы  /мәселен,  шекара  бөлімінің командирі  қылмыстық  іс  қозғап,  сотқа  құрмет  көрсетпеуге  байланысты қылмыстар бойынша  анықтау жүргізуге құқылы емес/;  — анықтау органдарына жедел-іздестіру  іс  — қимылын орындау құқығын беру;-алдын ала тергеу  ісін  жүргізу  міндетті  емес  қылмыстық  істер  бойынша толық  көлемде сотқа  дейінгі іс жүргізуді  аяқтау.

         Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша анықтау органдарының  процессуалдық  жағдайының  ерекшелігі- осы органдарың заң  белгілеген  жағдайда  алдын  ала    тергеуді  жүзеге  асыру   құқығы  болып  табылады.

         Анықтау  органдарының  қызметінің  сипаты  олар  алдын ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер  бойынша  жұмыс  істеуіне  байланысты   ерекшеленеді.

         Заң  алдын   ала  тергеу  жүргізуді   міндеттейтін  істердің  тобы  бойынша  анықтау  органы  қылмыстық  іс  қозғаумен  шектеледі,  қылмыстың  ізін  анықтау  және  бекіту  жөніндегі  шұғыл  тергеу  іс қимылын  жүзеге  асырады,  сосын  істі  кідіріссіз  прокурор  арқылы  тергеушіге  береді .  Осы  іс   бойынша  анықтау  органының  одан  әрі  қызметі  тергеушінің  тапсырмаларын орындау   нысанында  жүзеге  асырылады.

         Алдын   ал  тергеу міндетті  емес  істер  бойынша  анықтау  органының  өкілеттіктері   әлдеқайда   ауқымды.  Қылмыстық  іс жүргізу  кодексінің  285 – бабының 1-бөліміне  сәйкес  осы  істер  бойынша  анықтау  материалдары  істі  сотта  қарау  үшін негіз  болып  табылады.  Бұл  анықтау  нысанында  іс  жүзінде  алдын  ала  тергеу  жүргізілетіндігін  білдіреді,  бірақ  бұған  процеске  жекелеген  қатысушылардың  құқықтарының  көлемі  және  анықтау  жүргізудің  мерзімі  бөлігіндегі  кейбір  ерекшеліктері  қосылмайды.  Қылмыстың   белгілерін  және  оны  жасау  адамдарды  табу  мақсатында  анықтау  органдарына  қажетті  жедел-іздестіру  шараларын  қабылдау  міндеті  жүктеледі.  Қылмыстық  іс  жүргізу  заңына  жедел-іздестіру шараларының   мазмұнын  ашып  көрсетпейді  Жедел-іздестіру  қызметінің  мәні,  әдістері,  құралдары  Қазақстан  Республикасының «Жедел-іздестіру  қызметі туралы»  Заңы  реттейтін  тақырып  болып  табыладлы. Мұның  өзі  өз   кезеңінде  қылмыстық  іс жүргізу  құқығының  сондай-ақ,  тиісті  ведомствалық нормативтік  актілердің  көзі  болып  табылады.

         Бұл  орайда  мынаны  атап  өту  керек,  жедел  іздестіру  шараларын  қабылдау  міндетінің  іріктеп  алатындай  сипаты  болады  және  барлық  анықтау органдарына  қатысы    болмайды,  ол  тек  арнайы  әдістермен  құралдарды  қолданбастан  өзінің  өзгешелігі  бар  функцияларын  жүзеге асыра  алмайтын органдарға  тән (мәселен, қылмыс  жасаған  адамдарды  іздестіру  және  табу  жария  түрдегі  қылмыстық  іс  жүргізу  тәсілдері  мен мүмкін  болмайтын жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігінің  жүйесі  шегінде  жедел  іздестіру  шараларын  жүргізу  құқығы  осы   шараларды  функционалдық  тәртіппен  орындайтын   арнайы  бөлімшелер мен мекемелерге  берілген   және де  анықтау  мен  жедел-іздестіру шараларын  жүргізу  анықтау  органдары  атқаратын  екі  дербес  функция.  Анықтау мақсаттарына    қол  жеткізу Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің   нұсқауларын  қолдану  жолымен  де,  сондай-ақ  жедел  іздестіру шараларын  үйлестіру жолымен де  мүмкін   болады.  Жедел-іздестіру  ақпараты  дәлелдемелерге  қылмыстық  іс жүргізу  талаптарын    сақтаған  жағдайда  дәлелдейтіндей  ақпаратқа  айналуы  мүмкін.  Қарама-қарсы  жағдайда  мұндай  ақпараттың  қосымша  бағдар  беретіндей  ғана  сипаты  болады.

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтаушы.  Анықтаушы — өз  құзіретінің  шегінде  қылмыстық  іс  бойынша  сотқа  дейінгі  іс  жүргізуді  жүзеге асыруға  уәкілетті  мемлекеттің    лауазымды  адам.  Анықтаушы  сотқа  дейінгі  іс  жүргізудің  басталуы  және  жүзеге  асырылуы   шешім  қабылдауға,  заңда  оларды   анықтау органы  бастығының бекітуі, прокурордың  санкциясы немесе  соттың  шешімі  көзделген   жағдайларды  қоспағанда,  дербес  шешімдер  қабылдауға  және тергеу  мен  басқа  да іс   жүргізу  әрекеттерін  жүргізуге  құқылы.

         Анықтаушы  алдын  ала  тергеу  жүргізілуі  міндетті  қылмыстық  істер  бойынша  кідіртуге  болмайтын  жағдайларда  анықтау  органы бастығының  тапсырмасы  бойынша  қылмыстық  іс қозғауға,  сондай-ақ  шұғыл   тергеу   әрекеттері мен  жедел-іздестіру  шараларын   жүргізуге,  ол  туралы  жиырма  төрт сағаттан   кешіктірмей  прокурор мен   алдын   ала  тергеу   органын  хабардар  етуі  міндетті.

         Анықтаушы  соттың,  прокурордың,  алдын  ала   тергеу  органының    және  анықтау  органының   жекеленген   тергеу   әрекеттерін  жүргізу    туралы,  қылмыстьық  процеске   қатынасушы  адамдардың   қауіпсіздігі  шараларын  қолдану   туралы   тапсырмаларын  орындауға  міндетті. Анықтау  органы    бастығының  нұсқаулары  орындауға  міндетті.  Анықтау  органы  бастығының   қылмыстық  істер  жөніндегі  нұсқауына   прокурорға  шағым   жасалуы мүмкін.   Нұсқауларға  шағым  жасалуы  қылмыстың  саралану  мен  айыптаудың  көлемі   айыпталушыны  сотқа  беру  үшін  істі  прокурорға  жолдау   туралы  немесе  қылмыстық   істі   қысқарту  туралы  нұсқауларды  қоспағанда,  олардың  атқарылуын  тоқтатпайды.     Анықтаушы  қызметінің  тергеуші  қызметінен  ерекшелігі  олардың  іс  жүргізу  дербестігінің  көлемінен  анық  көрінеді.  Осы  іс  жүргізудің  дербестік  деңгейі  мыналардан   көрінеді:

-анықтаушының  прокурордың  нұсқауларымен  келіспеуге  құқығы  жоқ, ол  барлық  нұсқауларды  орындауға  міндетті; -анықтау  органының  құзіреті  алдын  ала  тергеу  жүргізудің  міндетті  екендігі немесе  міндетті  емес  екендігіне  байланысты  шектеледі, осыған  сәйкес  анықтаушының  құзіреті  де  өзгешеленеді; -тергеуші  прокурордың  қадағалауында  болады  және  оның   басшылығымен  тергеу  жүргізеді,  ал  анықтау  жүргізетін  адамды  прокурордың  қадағалауында  болады,  анықтау  органының   бастығына   тікелей  бағынады; -анықтау  органдары  тергеуші мен анықтау  органдары  қызметінің ортақ  аумағында  жасалған  қылмыстар  туралы  істер  жөнінде  тергеушінің  талаптарын  орындауға  міндетті; -басқа  ауданның  органдары  тергеушінің жекеленген  таалаптарын   орындауға   міндетті; -анықтаушының  тергеушіге  тапсырма  беруге  құқығы  жоқ. -тергеу  мен  анықтау  қызметкерлерінен  тұратын  жедел- тергеу  тобында  ұйымдық  және  іс  жүргізушілік  басшылығы  тергеушіге  тиесілі.

Анықтаушының өкілеттігі

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

 

3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін  немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері

         Cезікті. Бұрынғы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сезікті деп тану үшін негізсіз кең ауқымды түсінік берген. Атап айтқанда, С.Бекешов, сезікті дегеніміз-«қылмыстың жасалауына ықтимал кінәлі, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен процеске тартылған немесе сезікті ретінде жауап беруге шақырылған адам” деп атап көрсетті.13 В.М. Савицкий және Л.Д.Кокорев бастаған бір топ ғалымдар сезікті ретінде қылмысытқ іс қозғалған кез келген адамды тануды ұсынады. Идея назар аударуға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына қабылдауға тұрады, өйткені:

         Айып тағылғанға дейін қылмыстық іс қозғалған адам бұрынғы  қылмыстық іс жүргізу заңдарында ешбір белгіленбеген, яки оның құқықтық мәртебесі айқындалмаған, басқаша айтқанда құқықтар мен міндеттері жоқ;  адам заң белгілеген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы нәтижесінде ғана құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алатын белгілі, ал олардың  болмауы тергеу мүдделі болып отырған адамға қатысты қылмыстық ізге түсуді бастау іс жүзінде мүмкін еместігін білдіреді;

-мұндай адамның құқықтық мәртебесінің белгісіздігі жағдайында Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де белгілеген азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзуға жәрдемдесетін жағдай туындайды. Сонымен, қылмыс жасауы ықтимал адамнан іс жүзінде айыптау тағылғанға дейін куәгерден жауап алу ережелері бойынша жауап  алынады,14 мұның өзі ақиқат айғақ беру міндетін білдіреді, керісінше жағдайларда қасақана жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туындауы мүмкін.

         Қылмыстық іс қозғалған адамды терминологиялық  тұрғыдан өзгеше белгілеу ұсынысы әдебиетте кездеседі. Мәселен,М.Шешуков мұндай адамды “күдік тағылған адам” деп атауды ұсынды.Осы арқылы сотқа дейінгі кезеңдерде процессуалдық мағынадағы белгілі бір жеке тұлға мынадай түрде өзгеріске түсуі мүмкін:  Қылмыстық  іс қозғалған сәттен бастап ол күдік тағылған болып саналады, айып тағылғаннан кейін айыпталушы болып табылады. Күдік тағылған адам сезіктіге айнала алмайды.М.Шешуков ұсынысының тартымдылығына қарамастан оның кемшілігі де бар.Терминдердің фонетикалық үндестігі әртүрлі процессуалдық тұлғалардың мәртебелерінің араласып кетуіне әкелуі мүмкін; оның үстіне сотқа дейінгі кезеңдерде орын алған күдік тағылғанның, сезіктінің және айыпталушының мәртебелерінің айырмашылықтарын белгілеуде елеулі қиындықтар туындайды. Осы айтылғандар, В.М.Савицкийдің және оның ізбасарларының көзқарасы.

         Сезіктінің процессуалдық тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде анағұрлым күрделі болып табылыады. Қазіргі заң бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес сезікті дегеніміз-өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. 1)оған қатысты іс қозғалған,2)қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды;3)айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді.Сонымен бірге сезікті дегеніміз-қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден-бір қатысушысы, оның мәртебесі-адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шаралын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді. Сезіктінің процесте пайда болуынаң заң белгіленген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады.Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны сөз жоқ,сезіктінің жағдайына қояды.

         Сезіктінің процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты.Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді.Сезікті-өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуалдық тұлғалардың бірі.Сезіктінің мүдделерін қорғаудың іс жүргізушілік нысандары әр қилы. Айыптау табыс етілгенге дейін сезікті ұстап жүзеге асырылған немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ол қорғаушымен қамтамасыз етілуге тиіс,әрі алғашқы жауап алу жүргізілгенге дейін қорғаушымен оңаша және құпия түрде кездесуге құқығы болуға тиіс.Қорғаушының болмауы ұсталған адамға айғақ бермеуге мүмкіндік береді.Қорғаушының болуы ұсталған адамға алғашқы жауап өткізілгенге дейін-ақ өзі үшін анағұрлым тиімді бағыт ұстануына мүмкіндік береді.

         Алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін сезікті мүмкін болатын тәсілмен (телефон арқылы, басқа да белгілі байланыс арналары бойынша)өзінің ұсталғандығы және тұрғылықты орны немесе жұмысы бойынша қамаудағы орны туралы хабарлауға құқылы.

         Сезіктіні ұстаудың шекті мерзімі жетпіс екі сағаттан аспауы керек. Аталған мерзім ішінде мына шешімдердің біреуі таңдалады: сезіктіні қамаудан босату; таңдап алынған бұлтартпау шараларын  жоққа шығару;адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Сезікті заңмен белгілеген барлық процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алады. Бұл туралы сезіктіге қылмыстық ізге түсу органдары түсіндіру қажет.

Айыпталушы. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында айыпталушының мәні туралы мәселе даулы болды.Осындай көзқарасқа сәйкес айыпталушы бір мезгілде жазалауды, мәжбүрлеу шараларының және зерттеудің обьектісі және сонымен бірге іс жүргізушілік жағдайдың субьектісі болып табылады.Мысалы,А.Я.Вышинский осыған байланысты былай деп жазды:”айыпталушының процесте оның обьектісі ретінде ғана емес, сонымен бірге іс жүргізушілік құқықтардың субьектісі ретіндегі жағдайы-айыпталушының жауаптарын соттық дәлелдеудің мәні мен қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі”15 Айыпталушының іс жүргізушілік мәнін Р.Д.Рахунов, Л.М.Карнеева,М.С.Строгович басқаша түсінді. Олар іс жүргізушілік құқықтары бар дербес тұлға ретінде айыпталушы құқықтық қатынастардың субьектісі ғана болып табылады деп дәлелдеді.Осыған байланысты Р.Д.Рахунов былай деп атап өтті:”Айыпталушы құқық обьектісі бола алмайды.Ол осы терминнің қылмыстық-құқықтық мәні тұрғысынан обьекті бола алмайды.Айыпталушының іс-қимылы  қылмыс құрамының обьективті жағын қарауы мүмкін”(16.78.)

         Сонымен,айыпталушы деп, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған адамды  не сотта жеке айыптаумен қылмыстық іс қозғалған адамды,сондай-ақ анықтау органының бастығы оған қатысты айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді.Айыпталушының жағдайы сезіктінің жағдайымен көп жағдайда ұқсас.Олардың құқықтық мәртебесіндегі негізгі айырмашылықтар “сезік”   және ”айып” ұғымдары арасындағы айырмашылықтарға байланысты.

Қылымыстық сот ісін жүргізуде айыпталушының мынадай құқықтары бар:

-өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін амалдармен және тәсілдермен қорғауға;

-қорғануға даярлану үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндік алуға,

қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы шұғыл түсінік алуға;

-не себепті айыпталып отырғанын білу және өзін айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесін алуға;

-тағылған айып бойынша түсінік пен жауап беруге;

жауап беруден бас тартуға;

-қалау-тілектерін мәлімдеуге;

-іс аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдарымен танысуға;

-қорғаушы қызметін пайдалануға,онымен оңаша және құпия түрде кездесуге;

-алғашқы сатыдағы сотта  соттық талқылауға қатысуға;

-анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың іс-қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуға;

-соңғы сөз құқығын пайдалануға;

-бетпе-бет кездесу кезінде сұрақтар қоюға;

-қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтары мен мүдделеріне ықпал ететін іс жүргізушілік  шешімдердің қабылданғандығы туралы  хабар алуға;

-сарапшыға сұрақтар қоюға, сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға, сондай-ақ сараптама қорытындыларымен танысуға;

-тергеу аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдарымен танысуға және ондағы кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

ақтамайтын негіздермен істі тоқтатуға қарсылық білдіруге;

-жария соттық талдауды талап етуге, сондай-ақ заңмен белгіленген басқа да құқықтар мен міндеттерге ие болады.

         Айыпталушы тергеу мен соттан жалтармауға міндетті. Тергеу мен соттан жалтару қылмыс үшін жаза белгілеу тұрғысынан жазалау шарасына ешбір ықпал етпейді. Бірақ заң үкім шығарғанға дейін орын алуы мүмкін қылмыстық-процессуалдық санкцияларды  қарастырады. Мұндай санкцияларға: — бұлтартапу шараларын таңдау; — анағұрлым жұмсақ бұлтартпау шараларын анағұрлым қатал түрлеріне өзгерту; -айдап әкелуді жүзеге асыру. Бұдан басқа іс жүргізуге айыпталушы қатысатын тергеу және сот қимылдары уақыты белгіленген тәртіпті сақтау айыпталушының міндетіне кіреді. Бұл бөлікте де заң санкцияны қарастырған. Атап айтқанда, сотта тәртіп бұзатын адамдарға ескерту жасалады, содан кейін сот залынан шығарылады.

Жәбірленуші. Жәбіршенуші деп, қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысымен оған қылмыспен тікелей моральдық,дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адамды атаймыз. Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиян,оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шығындар толық өтеледі. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда- онық құқықтық мұрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына  сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Бұл жағдай қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда,егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса,залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.

 

 

Жәбірленуші мынадай құқықтарға ие:

 

Жәбірленушінің құқықтары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Заңмен жәбірленушіге сонымен қатар, міндеттерде жүктеледі. Жәбірленушінің міндетіне: қылмыстық процесті жүргізуші органның шақытуы бойынша келуге; іс бойынша барлық мән-жайларды хабарлауға; қойылған сұрақтарға дәл жауап беруге;тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға т.б. заңмен көзделген міндеттерге ие болады.

 

Азаматтық талапкер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Азаматтық талапкердің сот сатысына дейін мынадай құқықтарға ие: өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға және олардане кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға т.б.

Азаматтық талапкердің  сот сатысында мынадай құқықтарға ие:кез келген сатыдағы сотта  істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге;  сот отырысының хаттамаларымен танысуға және ескертулер енгізуге;  мәлімделінген шағымдар мен наразылықтарды қарағанда соттың қарауына қатысуға; азаматтық талап бөлігіндегі іс бойынша жасалынған шағымдар мен наразылықтарға қарсылық білдіруге т.б.

         Азаматтық талапкердің   істің барлық сатыларындағы құқықтары: аудармашының тегін көмегін алуға; істі жүргізуші органның шешіміне немесе әрекетіне шағымдар беруге; азаматтық талап бойынша шешімдердің көшірмелерін алуға; айғақтар беруге; өзінің білетін тілінде не ана тілінде жауап беруге; келтірілген моральдық және мүліктік залалдың орнын толтыртуға және т.б.

 

 

Азаматтық жауапкер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Азаматтық жауапкердің заңмен белгіленген  құқықтары бар. Сотқа дейінгі сатыда мынадай құқықтарға ие: өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға;  азаматтық талапқа оның қатысты бөлігіне қарсылық білдіруге; тергеу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға және олардан  кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға т.б.

         Азаматтық жауапкердің  сот сатысында мынадай құқықтарға ие:кез келген сатыдағы сотта  істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге;  сот отырысының хаттамаларымен танысуға және ескертулер енгізуге; мәлімделінген шағымдар мен наразылықтарды қарағанда соттың қарауына қатысуға; азаматтық талап бөлігінде соттың қаулыларымен шағымдарына шағымдануға және т.б.

         Азаматтық жауапкердің   істің барлық сатыларындағы құқықтары:істің мәні бойынша түсініктер мен айғақтар беруге; талапқа қарсылық білдіруге; өкілдер алуға; істі жүргізуші органның шешіміне немесе әрекетіне шағымдар беруге; азаматтық талап бойынша шешімдердің көшірмелерін алуға; айғақтар беруге; өзінің білетін тілінде не ана тілінде жауап беруге;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері, құқықтары мен міндеттері.

         Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық процеске қатысушыларды үш шағын топқа бөліп қарастырдық. Оның бірінші шағын тобына, дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар деп куәлер мен сарапшыларды жатқыздық. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға маманды, сот приставын, аудармашыны, сот отырысының хатшысын атап өтуге болады. Заңмен осы аталған процеске қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер жүктелген.

         Куәлер. ХХ ғасырыды 30-шы жылдарындағы әдебиеттерде белгілі бір фактілер туралы куәгерден қайта-қайта жауап алуды болдырмауды ұсында. Куәгерлерден қайталап жауап алуды жүргізбеу туралы тергеушіге құқық берген орынды болар еді, әрине егер тергеуші анықтау органының  жауап алуын жеткілікті деп таныса.(20.78)

         Сонымен куәгер дегеніміз – сотта немесе тергеуде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адамды айтамыз.21 Қылмыстық іс жүргізу құқығында куәгердің процестегі мәні мен құқықтық жағдайын заң қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде түсіндіреді. Куәгерді “бірегей процессуалдық тұлға” ретінде сипаттай келіп А.Р.Михайленко былай деп атап өтеді: “Куәгер дегеніміз-іс бойынша шындықты белгілеуде,іс бойынша заңды және негізделген” шешімдерді қабылдауда әділеттің салатанат құруына шешуші роль атқаратын дербес тұлға.Ол жалғыз өзі ғана оқиғаның куәгері бола алады. Ол іс бойынша жауап беруді немесе бермеуді өзі шешеді.Осы заманның ғылымның даму деңгейі адамның миынан оның еркінен тыс ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Бұл құқықтық проблема ғана емес, аса адамгершілік проблемасы. Заң іске қатысушы адамдардың күш қолдану, қауіп төндіру және басқа да заңсыз шаралар арқылы жауаптар алуына тыйым салады. Куәгердің бірегейлігі оның қылмыстық-процессуалдық мәні бар мынадай сипаттарынан көрінеді: — куәгер ауыстырылмайды; -өзінің ауыстыруға болмайтындығына байланысты, істің нәтижесіне мүдделілік себептері бойынша ол істен тысқары қала алмайды.

         Іс бойынша мыналар куәгер бола алмайды:а)айыпталушының қорғаушысы-қорғаушы міндеттерін орындауына байланысты өзіне айыпталушыдан белгілі болған істің жағдайлары туралы;ә)өзінің балалық жасына,өзінің дене немесе жүйке кемістіктеріне байланысты іс үшін мәні бар құбылысты дұрыс қабылдауға жай-күйі көтермейтін жәнедұрыс жауап бере алмайтын адамдар;б)адвокат,қоғамдық ұйымның өкілі-өкіл міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы;в)бұған қоса заң адамнан оның өзіне, жұбайына немесе зайыбына,жақын-туыстарына қарсы жауап алынбайды деп белгілейді,сондай-ақ діни қызметкерден оған сенім білдіретін діндестеріне, егер осы адамдар жауап беруге өзінің келісімдерін бермесе,қарсы жауап алуға болмайды.22 г) судья-іс бойынша процеске қатысуына байланысты куә бола алмайды.

         Куәгердің міндеттері: шақыру бойынша келуге;дәлелсіз себептермен келмесе айдап әкелінуі мүмкін; 2)жауап беру;жауап беруден бас тартса қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.;3)ақиқатты айту;қасақана жалған жауап берсе қылмыстық жауаптылыққа тартылады;4)өзі қатысатын тергеу жұмысын жүргізу кезінде тәртіпті сақтауға т. б.міндеттері бар.

         Куәгердің құқықтары:мәжбүрлеусіз жауап беруге;егер құқықтары мен мүдделері бұзылатын болса, іс жүргізушінің әрекетіне шағымдануға;жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталуына; сотқа келуіне байланысты шығындарын төлетуге;өзінің ана тілінде жауап беруге; жауап алу хаттамасында өзінің сөздерін өз қолымен жазуға; өзінің қалауы бойынша жасайтын мәлімдемесін адвокаттың қатысуын сұрауға және т.б. заңмен белгіленген құқықтары бар.

Сарапшы. Сарапшы деп,  арнаулы  ғылыми білімі бар адам  және іс бойынша іс жүргізу органдарының  қойған талаптары бойынша қорытынды бере алатын, сол қорытындылары бойынша жауап беретін тұлғаны айтамыз. Сарапшыны іс бойынша зерттеу нәтижесінде іс  үшін маңызы  бар мән-жәйлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындайды. Сарапшы өз бетінше, яғни сараптама тағайындайтын органның арнаулы рұқсаты болмаса өз бетінше зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ. Егер сарапшы іс бойынша жалған қорытындылар берсе қылмыстық жауапқа тартылады.

Сарапшының  құқықтарына: сараптама жүргізуге қатысты іс материалдарымен танысуға, сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға, тергеу әрекеттеріне қатысуға, тек  алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен қатар іске қатысы бар  басқа да мән-жайлар бойынша қорытындылар беруге,өзі білетін тілде немесе ана тілінде қорытынды немесе айғақтар беруге, өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша немесе материалдар қорытынды беруге жеткіліксіз болса қорытынды беруден бас тару құқығына,сондай-ақ басқа да құқықтарға ие.

Сарапшының міндеттері: қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша,жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге,сараптама жүргізуге байланысты өзіне мәлім болған мән-жайларды жарияламауға міндетті.

Маман.Маман тергеуге және сот әрекеттеріне қатысу  үшін мүдделі емес адам. Бірақ, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануда жәрдем көрсету үшін шақырылуы мүмкін. Мысалы, кәмелетке толмағандардан жауап алуда маман ретінде педагогтар немесе дәрігерлерде қатыстырылуы да мүмкін. Маман, өзінің міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маманға  берілетін құқықтарға: өзінің шақырылу мақсатын білуге; іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; сот әрекетіне қатысушыларға сұрақтар қоюға; өзі қатысқан тергеу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің көрсетілуінің толықтығы  мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға;қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға;  аудармашыдан  бас тартуға,өзінің тергеу  немесе сот әрекеттеріне  қатысуына байланысты өзінің келтірілген шығындарға өтем және егер іс бойынша іс жүргізу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға  т.б.құқықтары бар.

         Сот приставы. Соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады. Сот приставы бас бостандығымен айырумен байланысты емес жазалардың  атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді және сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек көрсетеді. Сот талқылауы кезінде залдағы тәртіпті бақылайды. Сондай-ақ, төрағалық етушінің  өкімін орындайды және соттарда судьяларды, куәлерді және басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды басқаның ықпалынан қорғайды. Соттың іс жүргізу іс әрекетін жүргізуіне жәрдемдеседі.Сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         Сот отырысының хатшысы. Сот отырысының  хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.Ал, дұрыс емес бөлігіне жауапты болады.

Сот отырысы хатшысының міндеттері:  өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі, қажетті барлық уақытта сот отырысы залында  болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың іс әрекеті мен шешімін, соттың  отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетеуге жататын басқа да жағдайларды толық жазуға; сот отырысынң хаттамасын осы кодексте белгіленген мерзімде  дайындауға; төрағалық етушінің заңды өкіміне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жәйлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

         Сонымен қорытып келгенде, қылмыстық процеске  қатысушыларға прокурор, сот, тергеуші, анықтаушы, анықтау органының бастығы, жәбірленуші, айыпталушы, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, қорғаушы т.б. жатқыздық.  Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық іс жүргізу нормаларында әрбір іске қатысушыға процессуалдық құқықтар мен міндеттер белгіленген.  Қылмыстық  сот ісін  жүргізу барысында барлық процеске қатысушылар  тең  құқықтарға ие болады, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қылмыстық іс жүргізу  заңдарымен өздерінің айқындамаларын  қорғауға бірдей  мүмкіндіктер берілген. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың  ешқайсысына күш қолдануға немесе адамның қадір-қасиетін  түсіретін әрекеттер жасауға болмайды. Сондай-ақ, қылмыстық процесті  жүргізуші орган  қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті. Іс жүргізу кезінде процеске қатысушылардың  құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтірілген зиян өтеледі.

         Қазіргі таңда елімізде құқық саласында болып жатқан өзгерістер де аз емес. Құқықтың көптеген салаларында реформалар енгізіліп жатыр.  Мәселен алар болсақ, сот реформалары. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында сот инстанцияларында қылмыстық не азаматтық істерді қарағанда  сот ісіне қатыстыру үшін алқа билерін  құру керектігін баса айтып өтті. Алқа билерін құру келер жылдың еншісінде. Алқа билерін сайлаудың европалық континентальдық  моделі  немесе үлгісі  таңдап алынды. Бұл заңның жобасы Парламентте қаралып, өзінің оңды шешімін тауып жатса, онда процеске қатысушылардың тізіміне алқа билерін де  қосуға болады.

         Ал, енді  заң бойынша  қылмыстық  процеске  қатысушы деп тану үшін, яғни  осындай адамдарға қандай құқықтар берілген сол туралы айтып өтейік.

         Қылмыстық  процестің  қатысушысы болып  табылмайтын  адамдардың ,  егер  оларға  қарсы  заңмен   тыйым  салынған  әрекеттер  жасалса  немесе   осындай  әрекеттерді  жасаса,  онда  олардың  жәбірленуші,  жеке  айыпталушы,  азаматтық   талапкер,  азаматтық  жауапкер,  олардың  заңды  өкілдері  және  өкілдер   деп   тануды  талап  етуге  құқықтары  болады. Бұл  үшін  аталған  адамдар  тобы  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органға  арыз  немесе  өтініштерін  жолдайды.  Арыздар  үш  тәліктен  кешіктірілмей  қаралып,   қабылданған  шешім  туралы  дереу  хабарландырылады,  және  оған  тиісті  қаулының  көшірмесі  жіберілуі  тиіс.   Өтініш   беруші  қаулының  көшірмесін  алғаннан  кейін,   егер  ол  шешімге  қарсы  болса,  бес  тәуліктің  ішінде  прокурорға  немесе  жоғары тұрған прокурорға  шағымдана  алады. Егер қаулының көшірмесі  шағым  берілген кезден  бастап  он  тәуліктің  ішінде  алынбаса,  өтініш беруші  оны  процеске  қатысушы  деп  тану  туралы  өтініш  жазып  прокурорға  немесе  сотқа  жүгіне  алады.

         Қылмыстық сот ісіне  қатысушы  әрбір  адамның  өз  құқықтары мен  міндеттерін, іс  бойынша  құқықтық салдарын,  сондай – ақ  оның  қатысуымен  өтіп жатқан  іс  жүргізу   әрекеттерінің  маңызы  мен  оған  танысу үшін  ұсынылған  іс  материалдарының  мазмұнын  ұғынуға  құқығы  бар.

         Қылмыстық   процесті  жүргізуші  орган  процеске  қатысушыларға  өздеріне  тиесілі  құқықтары  мен   оларға  заңмен  жүктелген   міндеттерін   түсіндіруге  міндетті.  Адамның  өтініші  бойынша  қылмыстық  процесті   жүргізуші  орган  оның  құқықтары   мен  міндеттерін   қайталап  түсіндіруге   міндетті.

         Қылмыстық   процесті   жүргізуші  орган  процеске  қатысушыларға   қарсылық   білдіру  мүмкін  болатын  адамдардың  тегін  және  олар  туралы  басқа  да  керекті  деректерді  беруге  міндетті.

         Қылмыстық  процеске  қатысушы  жағдайына  ие  болған  адамға  оның  қатысуымен  іс  жүргізу  іс-әрекетін   жүргізу  басталғанға  дейін  және  ол  процеске  қатысушы   ретінде қандай  да  болмасын  позицияны  білдіргенге  дейін оның   құқықтары  мен  міндеттері  міндетті  түрде  түсіндірілуі  тиіс.  Сот,  олар  қылмыстық  іс   бойынша  сотқа  дейінгі  іс жүргізу  барысында түсіндірілген,түсіндірілмегеніне  қарамастан   соттың   отырысына келген  процеске  қатысушыға   оған  тиесілі құқықтар мен  оған  жүктелген  міндеттерді  түсіндіруге  міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995ж. 30 тамы.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы. Юрист. 2004ж.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 1998ж.
  4. “Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары туралы” ҚР  21 желтоқсандағы  №2709  Заңы. 2002 жыл. 9 тамызындағы №346-11, 2003ж. 10 шілдедегі №483-2 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
  5. Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября 1995г. №24. Вести Казахстана. 1996г.19января.
  6. Положение о Департаменте расследований Министерства Юстиций Республики Казахстан: Утв. Пост. Правительства РК. От 7 апреля 1998г. // САПП . 1998 №10.
  7. Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября.1994 // Вед. ВС Республики Казахстан – 1994. № 13. Ст. 199., 1995г. №24. Ст.167., Вести Казахстана 1996. 19 января.
  8. “Об адвокатской деятельности ”Закон Республики Казахстан от 5 декабря. Алматы 1998г.
  9. “О некоторых вопросах применения законадательства о судебной власти Республики Казахстан ” Пост.: Пл.Верховного суда Республики Казахстан от 14 мая. 1998г. // ЮГ. 1998. №24.
  10. 10. Уголовный процесс. / Под ред. Гуценко К.Ф. Москва 1997.

11.Уголовный процесс. / Под ред. Н.А. Лупинский. М.1998г.

12.Курс советского уголовного процесса /ч.Общая/- под.ред. А.Д. Бойкова А.Д., И.А. Карпеца. М.1989.

13.Сов. Уголовный процесс. Под ред. Н.С.Алексеева., В.З. Лукашевича – М.1998.

14.Уголовный процесс Казахской ССР. Под ред. М.Мамутова  и Ю. Д. Левщица.  /ч.Общ./-Алматы 1989г.: /ч.Особенный/, Алматы 1990.

15.Ларин А.М., Мельников Э.В. Савицкий В.М., Уголовный процесс России . Москва 1998.

16..Комментарий к Уголовному Процессуальному  кодексу. /ч.общая/. Жети-Жаргы. 2002г.

17.Функций уголовного  преследования и защиты в российском судопроизводстве. Тверь 1996г.

18.Басков В.И. Прокурорский надзор. М.1998.

19.Следственные действия. Свердловск. 1983.

20.Павлов В.Е. Общие условия предварительного расследования. М.1983.

21.Шейфер С.А. Предварительные следствие. Общие условия и основные этапы производства. Куйбышев.1986.

22.Шимановский В.В. Общие условия производства предварительного следствия. М.1983.

23.Белозеров Ю.Н.,Чугунов А.А. Проблема  обеспечения законности обоснованности возбуждения уголовного дела. М:1976.

24.Мотовиловкер Я.О. Обстоятельства, исключающие производства по уголовному  делу. // Государство и право,1994. № 12. С. 60-63

25.Вопросы расследования  преступлений. Справочное пособия. Под ред. Кочанова А.Я. М.1996г.

26.Ларин А.М. Расследование по уголовному  делу:  процессуальные  функции. М.1991г.

  1. 27. Демидов И.Ф.Проблемы прав человека в Российском уголовном процессе. М.,1995г.

28.Щерба С.П. , Зайцев О.С. Охрана  прав  потерпевших и свидетелей по уголовным делам. М.1996.

  1. Шетуков М.П. Участники процесса на предварительном следствии. Проблемы процессуального положения – Рига 1988г.

30.Галкин Б.А. Советский уголовно  — процессуальный закон.М.1967.

31.Защита прав потерпевшего в уголовном  процессе. М.1993.

32.Богословская Л.Л. Процессуальный статус участников уголовного  судопроизводства // Харьков, 1991.

33.Михаилова Т.А. Предание суду в советском уголовном процессе. М.1981.

34.Николаева Т.Н.  Деятельность проркурора при окончании предварительного  следствия. Саратов 1990.

  1. 35. Агафанов П.Н. Порядок судебного разбирательства по уголовному делу. М.1985.