АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы маңызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

 

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

                                                      Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

   КІРІСПЕ………………………………………………….……………………………3

 

  1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ

   ҚҰҚЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ……………………………………………………………………….5

  1.1. Қылмыс   құрамының түсінігі  және  құрылымы…………………………………..5

  1.2. Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс

   құрамдарын   анықтаудағы   ролі……………………………………………………………..8

  1.3. Қылмыс құрамы және қылмыстық заң………………………………………………..13

  1.4.Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы…………………17

 

  2-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ25

  2.1.Қылмыстық  заң бойынша қылмыс   құрамдардың   белгілері……………….25

  а) Қылмыс құрамдарының гинесологиялық және қоғамға қауіптілік дәрежесін

  сипаттайтын белгілері…………………………………………………………………………….25

  ә) Анықталған және бағаланатын белгілер………………………….………………26

  б) Негативтік және позитивтік белгілер………………………….…………………29

  в) Тұрақты және айнымалы белгілер………………………….…………………….30

  2.2. Қылмыстық құрамдардың түрлері………………………………………………31

 

  3-ТАРАУ.  ҚЫЛМЫСТЫҚ  ҚҰРАМНЫҢ  МАЗМҰНЫН  ТҮСІНУ………40

 

  ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….…………………………………….45

  ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………47

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қылмыстық заң негізінен екі түрлі қызметті іске асыруға арналған десе болады, яғни біріншіден, қылмыс деп танылған әрекеттерді заң жүзінде жариялау арқылы халыққа ескерту, сақтандыру шараларын қолдану және екіншіден, ескерту шараларына қарамай қылмысты деп танылған әрекеттер жасалса, онда жауаптылық қолдануға арналған. Осы екінші қызметті іске асыру барысында кейбір қылмысты деп танылған әрекеттердің өз-ара ұқсас белгілері болуына байланысты оларды бір-бірінен ажырату және практикада да осындай ұқсас қылмыстарды ажырата отырып заң нормаларын қолдану мәселесінде қиындықтар туындайды. Мұндай кемшіліктер мен қате жұмыстар орын алмауы үшін, әр қылмысты сипаттайтын белгілерді толық түсініп қана қоймай, сонымен бірге заңда осы қылмыспен ұқсас қылмыстар бар екендігін біліп, олардың айырмашылықтары қандай белгілерде екендігін де білу қажет болып табылады. Бұл әрине өз кезегінде заң нормаларын сауатты қолдануды ғана емес, сонымен қатар заң бойынша дұрыс жұмыс істеуді, нәтижесінде «заңдылық» қағидасының сақталуына жол ашады деп түсінеміз. Бұл маңызды мәселе болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы өзінің даму бағытының бір бағыты ретінде құқықтық мемлекетті орнатуды көздеп, елде құқықтық реформаларды 1990 жылдардың орта кезеңдерінен бастады және бұл реформаның негізгі бағыттары ретінде қылмыстық заң нормаларын да қайта қарап, оларды өмір шындығымен байланыстыруды және озық үлгідегі заңды қалыптастыруды, заң нормаларын гуманизациялауды көздеді.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы барлық заңдардың  алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, қылмыстық құқықтық саясаттың негізгі қағидалары ретінде ауыр емес қылмыстарды әкімшілік немесе азаматтық құқық бұзушылыққа ауыстыруды жалғастыру, ауыр емес және орташа ауыр экономикалық қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды азайтып, мүліктік сипатта жазалауды көбейту, өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту, қылмыскер кінәсін шын мойындаған жағдайда көтермелеу шараларын қолдануды барынша кеңейту белгіленген. 

Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Қылмыстық әрекеттер әсіресе жеке адамға, меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының  статистикалық мәліметтері бойынша 1998 ж – 142100; 1999 ж – 139431; 2000 ж – 150790; 2001ж-152168; 2002ж-135151; 2003ж-118485; 2004ж-143550 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш елде қылмыстылық әлі де күрделі жағдайда қалып отырғанын көрсетеді.  

Қылмыстық құқықтың зерттеу обьектісі қылмыс және жаза мәселесі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстардың түрлерін, олардың жауаптылықты ауырлататын түрлерін анықтаумен айналысады. Бұл міндетті іске асыру үшін жекелеген қылмыстардың қылмыстылығын білдіретін белгілерді анықтау қажет болады, соған байланысты қылмыстық құқық құрам элементтері деген ұғымды қолданып, олардың қатарына қылмыстың обьектісі, обьективтік жағы, субьективтік жағы, сонымен қатар субьектісі деген қылмыстың мағынасын, түсінігін ашатын құралдарды жатқызады. Құрам элементтері деген ұғымның өзі де жалпы және кең ұғым ретінде бағаланады, себебі бұл элементтер оларды сипаттай алатын белгілердің жиынтығынан құралады. Осы белгілерді қолдана отырып, нақты қоғамға қауіпті әрекеттерді талдай отырып, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын және оның құрылымын ашуға болады.

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде нақты қылмыстарды анықтау, талдау үшін қажетті болып табылатын қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші, аяқталмаған, қатысушылықпен жасалған қылмыстардың түсінігі мен түрлері, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері тәрізді негізгі ұғымдар немесе негізгі ережелер қарастырылған. Бұл ережелерді меңгермей отырып жекелеген қылмыс түрлерін түсіну және оларды практикалық жұмыстарда қолдану мүмкін емес. Міне осы ережелердің қатарына Жалпы бөлімдегі қылмыс құрамының элементтері мен белгілеріне қатысты 14-18 баптардағы қылмыстық жауаптылық қолданылатын жасқа, 19-23 баптар аралығындағы кінәнің түсінігі мен оның нысандарына қатысты ережелерді жатқызуға болады. Осы ережелердің және қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға және оларға зиян келтіруге бағытталған іс-әрекеттерді қолдану арқылы нақты қылмыс түрлеріне қылмыстық құқықтық талдау жасауға болады.

Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі осы заңның негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған нормалар жүйесінен құралады десе болады. Себебі онда негізінен қылмысты деп танылған әрекеттер топтық обьектісіне қарай тарауларға бөлініп, олардың түрлері мен жауаптылықты ауырлататын құрамдарының түрлері, сонымен қатар қылмыстың қауіптілік дәрежесі мен сипатына қарай тиісті жазалардың түрлері мен олардың көлемі белгіленген. Біз бұл қылмыстардың түсінігін немесе қауіптілігін анықтау үшін құрам элементтері деп аталатын құралдарды қолдана отырып, олардың қылмыстық сипатын толық анықтаймыз және осымен қатар оларды басқа қылмыстардан ажырата аламыз. Сондықтан осы бітіру жұмысы қылмыстық құқытың маңызды мәселесінің бірі болып саналатын, қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы маңызына арналады.

 

 

 

 

 

 

 

1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ.

 

1.1.  Қылмыс   құрамының түсінігі  және  құрылымы

 

Қылмыс – жай   әлеуметтік   құбылыстың   бір  түрі   ретінде  ғана  емес,  ол  сонымен   бірге   қылмысты   сипаттай   алатын   және   оның   қауіптілігін   көрсете   алатын  әлеуметтік   саяси   тұрғыдан   қауіпті   белгілермен   элементтердің   жиынтығы  ретінде   бағаланады.  Қылмысты   саралау  үшін  қылмыстық   заңдағы  жекелеген   қылмыс   түрлерінің  қылмыстық   құқықта   белгіленген  ерекшеліктерін   немесе   оларды  өзге   қылмыстардан   ажырататын   белгілер   тобымен  жақсы   таныс   болуы  керек.  Әрбір  қылмысты  білдіретін   белгілер  тобының   жиынтығы  арқылы  ғана   жеке  қылмыс   құрамдары   өзге  құрамдардан    ажыратылады  және   нақтыланады.  Әрине,  әр  қылмыс  құрамының  элементтерін   сипаттайтын   белгілер  өзгелеріне   ұқсамайтын   тек  осы   құрамға  ғана   тән   сипатта   болады    деп   түсінуге  болмайды.   Қоғамдық   құбылыстардың,   процестердің   кейде  бір-біріне   кейбір   белгілері   ұқсас   болып  келетіндігі   тәрізді  қылмыс   құрамдары   да   кейбір   құрам   элементтерінің  белгілері   бойынша  бір-бірімен   жақын,  ұқсас   болып  келеді.   Қылмыстық   заңның   ерекше   бөліміндегі   қылмыстардың   көпшілігі   обьектісі,  субъективтік  жағы   және   субъектісі  бойынша   бірін-бірі   қайталайтындай   дәрежеде.   Мұның   себебі   қылмыстық   құқықтық   ережелерге   байланысты.  Мысалы  қылмыстық   құқық   қылмыстық   жауаптылықты   әдетте  16  жастан   белгілейді   және  тек   есі   дұрыс   адамдарға  кінә  артып,   жауаптылық   жүргізеді   немесе   қылмыстық   Кодекс  Ерекше  бөлімінің   тараулары  қылмыс  объектілері   бойынша   топтастырылған,   сондай-ақ   қылмыстың   субъективтік   жағы   бойынша  қылмыстық   құқықта   қасақаналық   және  абайсыздықтағы   кінә   нысандары   белгіленген.  Міне   осындай   ережелер   қылмыс   құрамдары  белгілерінің   көпшілік   жағдайдағы   ұқсастықты   білдіруінің   басты   себебі   болып   табылады.  Қылмыстық   кодексте   қылмыстың   объективтік   жағының   белгілері   бойынша   да   бірін-бірі   қайталайтын   құрамдар   кездеседі.  Мысалы,  қорлау   (130-бап),  Өкімет   өкілін   қорлау  (320-бап),  Сотты  құрметтемеу  (342-бап),  Әскери  қызметшіге тіл  тигізу (371-бап).   Осындай  ұқсастықтардың   кездесуіне   қарай   сот – тергеу   практикасында   қылмысты  саралауға   байланысты  қиындықтар   туындайды.   Қылмысты   саралауды  дұрыс   жүргізудің   осындай   ұқсас   қылмыс   құралдарының   өзара   атқарылатын   құрам   элементтерін   анық   білуі   қажет.

Қылмыс   құрамы   деген  ұғым  “құрам”   деген  сөздің   қолданылуының   әріпінен-ақ,  оның   белгілі-бір  элементтерден,   белгілерден   құралып   бір   ұғымды   білдіретінін   көрсетеді.   Демек   бұл  “қылмыс   құрамы”  деген   атауда   бірнеше   құрамдас   бөліктердің   өмір  сүретінін,   ал   қылмыстық   жауаптылықты   белгілеу   немесе   жасалған   қылмыс   оқиғасы   бойынша   айыпты   деп   тану   үшін   сол   қылмыс   оқиғасының   белгілі   болуы   ғана   емес,   адамның   негізді    жауаптылығын  ашып   бере   алатын   белгілердің   анықталуы   қажет   екенін   білдіреді.

Қылмыстық   құқықта   қылмыс   құрамдарының   элементтері   ретінде   қылмыстың   объектісі,   қылмыстың   объективтік   жағы,   қылмыстың   субъективтік   жағы   және   қылмыстың   субъектісі   аталады.   Бұлардың   әр   қайсысының   қылмыс   оқиғасын   зерттеуде,  ол   бойынша  кінәлі   адамның   жауаптылығын   белгілеуде   өз  ролі   бар.

Қылмыстың   объектісі   ретінде   қылмыстық   заң   бойынша   қорғауға   алынған   қоғамдық   қатынастардың,   заңды   мүдделердің,   құқықтардың   және   құндылықтардың   жиынтығы   алынады   деп   түсіну   керек.  Кейбір   әдебиеттерде   қылмыс   объектісі   ретінде  “қоғамдық   қатынастар”    деген   ұғым   алынып,   ал   қалған  “заңды   мүдделер,  құқықтар  мен   құндылықтар”   деген   ұғымдар  “қоғамдық   қатынастар”   деген   ұғымға   жатқызылады.  

Қылмыстың    объективтік   жағы   ретінде   қылмыстың   сыртқы   бейнесін   сипаттайтын   белгілердің   жиынтығы   алынып,  онда   қылмыстық   факт   немесе   оқиға   ретінде   балаларға   болатын   белгілер  тобына   сипаттама   беріледі.  Объективтік    жақты   қылмыстың   жасалу   оқиғасын   білдіретін   элемент   ретінде   түсінуді   ұсыну,   ол   объективтік    жақтың   “қылмыстың   сыртқы   бейнесін  сипаттайды”   деген   ұғымға   байланысты.   Яғни   бұл   құрам   элементінде   қылмыстың   қоғамға   қауіптілігін    көзге   көрсете   алатын   сыртқы   белгілер   қауіпті    әрекет   немесе   әрекетсіздік,   елеулі    зардап,  себепті   байланыс,   қауіпті   құрал,   тәсіл,   жағдай   тәрізді   т.б.   белгілер   түгелденеді   немесе   осы   бағыттағы   материалдарды   саралау    жүргізуші   субъект   іздестіреді.

Қылмыстың   субъективтік   жағы   ретінде   қоғамға   қауіпті    іс-әрекет   жасаған   адамның    психикалық   сезімдерін   білдіретін   ішкі   жағы  белгілері   алынады.   Демек   бұл   құрам   іс-әрекетіне,   зардапқа,   қылмыс   тәсіліне,   жағдайына   деген   психикалық   қатынасы   сонымен   бірге   қылмыстың   жасалуына   түрткі   болған   ішкі   сезімдер   ашылады.   Яғни   қылмыскер   адамның  қылмыстың   объектісі   мен   объективтік   жағының   белгілеріне   деген   ми   жұмысының   шешімдері   анықталуға    жатады.

Қылмыс   субъектісі   ретінде   қылмыстық   жауаптылық  жасына   жеткен,   есі   дұрыс,  кінәлі   адам   алынады.   Қылмыстың   құрамын   негізінен   субъективтік   және   объективтік    бағыттардағы    белгілерден   құралатынын   ескеріп,   оның   ұғымын   осы   екі   бағыттағы   белгілердің   жиынтығы    түрінде   алу   қисынды   және   өзге   әдебиеттерде   де   осындай   сипатта   беріледі.   Сонымен,   қылмыс   құрамы   дегеніміз,   қылмыстық   заң   бойынша  қоғамға   қауіпті   іс-әрекеттерді   қылмыс   ретінде   сипаттайтын   объективтік   және   субъективтік   белгілердің   жиынтығы   болып   табылады.1

Қылмыс   құрамының   элементтері   өзара   бір-бірімен   байланысты   ұғымдар.  Мысалы,   қылмыстың   объективтік   жағы   мен    субъективтік   жағының   ұғымы   және   оларды   құрайтын   белгілер   бірін-бірі   дәлелдеуші,   анықтаушы   роль   атқара   алады.   Яғни   қылмыстың   объективтік   жағы   сыртқы   бейнесін   сипаттаса,   ал   субъективтік   жақ   ішкі   бейнесін   негіздейді.  Бұл   ұғымдар  қылмыстық   құқықта   бір   медальдің    екі   жағы  іспеттес   ұғымдар   болып   табылады.   Яғни   қылмыстың   сыртқы   жағы  болмаса,   оның   ішкі   жағы   да  болмайды.

Қылмыстың   объектісі   өзге   құрам   элементтерінің   ішінен   қылмыстың   объективтік   жағымен   тығыз   байланысты,   өйткені   кінәлі   адамның   жасаған   қауіпті   іс-әрекеті   оның   зардабы   заңмен   қорғалатын   объектіге   бағытталады.   Ал   қауіпті   әрекеттің   жасалуы   заңмен   қорғауға   алынған   объектінің   бұзылғанын   білдіреді.

Қылмыстың   субъективтік   жағының   қылмыс   объектісімен   де  байланысы   бар.  Бірақ   бұл  байланыста,   яғни   субъективтік   жақ   қылмыстың   объективтік   жағының   белгілері   арқылы   қылмыс   субъектісімен   байланысатын   тәрізді   болып   көрінеді.  Өйткені   қылмыскердің   қауіпті   іс-әрекетіне   немесе   зардапқа   деген   психикалық   қатынастары   іске   асырылғанда   объективтік   жақтың   белгілері   көрініс   алып,   заңмен   қорғалатын   объектіге    нұқсан   келеді.

Қылмыстың    субъектісі   қылмыстың   субъективтік   жағымен   тікелей   байланысты.   Себебі   объективтік   жақтың   белгілеріне   деген   әртүрлі   психикалық   қатынастар   және  қылмысты   әрекеттің   орындалуына   түрткі   болған   ішкі   сезімдер,   сонымен   қатар    әрекеттің  мақсаты   барлық   кезде   адам   ойынан   шығып   жатады.   Сондықтан    қылмыскер   адам   болмаса   қылмыстың   субъективтік   жағына,   объективтік    жағына   қатысты    белгілер   орын   алмайды.

Қылмыстық   құрамның   элементтері   бірін-бірі   толықтыратын   ұғымдар   болып   табылады.   Бұлай   деуіміздің   себебі   ол,   өмірде   аталған   элементтердің  бірі  немесе  бірнешеуі   көрініс   алғанмен,   бірақ   кем   дегенде   біреуі   болмаса,   онда   қылмыс   құрамы   да,   қылмыс   оқиғасы   да   жоқ   деп   танылады.   Мысалы,  заңмен   қорғалатын   объекті   ретінде   адамның   өміріне,   денсаулығына,  меншігіне   зиян   келгенмен,  бірақ   ол  зиянды   келтірген   адам   болмаса   қылмыстың   субъектісі   жоқ.   Мұндай   кезде   заңмен   қорғалатын   мүддеге   зиян   келтіруші   жануарлар   немесе   табиғаттың   зілзала   күштері   болуы  мүмкін.   Сол   сияқты   қылмыстың   объектісіне   зиян   келгенмен,   ол   зиянды   келтірген  адам   бар   болғанмен,   бірақ   ол   адамда   кем   дегенде   абайсыздық   түріндегі   кінәнің   белгілері   болмаса   қылмыстың   субъективтік   жағы   жоқ   деп  танылады.   Мысалы,   жазықсыз   зиян   келтіру.  Сондықтан   жасалған   іс-әрекетті   қылмыстық   құрамының   бар   болуы   қылмыстық   жауаптылықтың   негізін   ғана  емес,   сонымен   қатар   қылмысты   саралаудың   құқықтық   негізінде   білдіреді.   Бұл   айтылып   отырған   ереже   практикада   мынандай   жағдайда   сақтала   бермейді.  Мысалы,   қылмыстық   іс   қозғалғанда   қылмыс   фактісі   немесе   қылмыс   оқиғасы  (мұндай   жағдайда   фактіні   немесе   оқиғаны   қылмыс  емес,   қылмысқа   ұқсас   оқиға,   факт   деп   бағалаған   дұрыс)   бойынша   қозғалады,   бірақ   қылмыс   құрамының   бұл  оқиғада   бар  екендігі   әлі   белгісіз   болуы   мүмкін.   Тергеу   практикасында   өрт  оқиғасының   орын  алып   қоғам   және  адам    меншігіне  елеулі   зиян   келгендігі   немесе  адамның   қайтыс  болуы   бойынша  да   қылмыстық   іс   қозғалады.   Бұл   кездерде   қылмыстық   құрамның   толық   болуы   талап   етілмейді.  Ал   кейін   адамға  сезікті   немесе  айыпкер   ретінде   тану   туралы  қаулы   шығарылғанда    қылмыстық   құрамының   толық   болуы   талап  етіледі.   Жоғарыда   айтып   отырған   қайтыс   болған   адам   бойынша  қылмыстық   іс   қозғалғанмен,   бірақ   алдын   ала   тергеу   барысында   оның   өз   ажалынан   қайтыс   болғандағы   анықталып   іс   қысқартылуы   мүмкін немесе   болған   өрт   адамның   кінәсінен   емес   табиғи   күш   әсерінен   болуы   мүмкін.   Мұндай   қылмыскер   ұқсас   уақиға   немесе   зардаптық   орын   алуы   бойынша   дереу   қылмыстық   іс   қозғау,   ол   мемлекеттің   құқық   қорғау   органдарын   үнемі   сергек   болуды   әрбір   фактіні   назарда   ұстауды   талап  етуіне   байланысты.   Бір   айта   кететін   жәйт,   ол  мұндай   оқиғаларда  қылмыстық   құрамы   бар   екендігі   әлі  анық   болмаса   да,   бірақ   қылмысты   саралау   жүргізіледі.   Бұлай   деуіміздің  себебі,   ол  қылмыстық   іс   қозғалғанда   міндетті   түрде  Қылмыстық  Кодексте   белгілі   бір   баптары   бойынша   қозғалады.

 

1.2. Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның                      қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі.

 

Қылмыс   құрамы   элементтерінің   қылмыстық   іс-әрекеттерге   құқықтық   талдау   жасау   кезінде   кезектілікпен   аталу  тәртібі,  ол   таза  құқықтық   емес,   әлеуметтік   сипатына   байланысты   болып   табылады.   Әдетте   қылмыс   құрамының   элементтері   қылмыс   объектісі,   объективтік   жағы,  субъективтік   жағы   және  субъектісі   деген реттілікпен келтіріледі. Бірақ әдебиеттерде қылмыстың   субъективтік жағы мен субъектісінің орнын ауыстырып, субъективтік жақты соңғы кезекте  атайтын   да   бағыттар   кездеседі.1

    Құрам   элементтерінің   кезектілік   тәртібін   белгілеу   мәселесі   қылмыстық   құқық   қарастыратын   зерттеу   объектілерін   әлеуметтік   тұрғыдан   талдауға   алғанда   ашылады.

Әлеуметтік   тұрғыдан   алғанда   қылмыстың   алғашқы   белгісі   қоғамдық    қатынас   болып   табылады.   Қоғамдық   қатынас   қылмыстың   объектісі   ретінде   ғана  емес,  сол   нақты   қоғамдық   қатынастың   түрі  немесе   оның   қоғамдағы   ролі   қылмыстың   мазмұнын   алуға   да   әсер  ете    алады.

Қоғамдық   қатынастар   жалпы   социология   тұрғысынан   алғанда   қоғамда   ерекше   орын   алады.   Себебі  белгілі  бір   ортада   қоғам   бар   деу   үшін,   ол  жерде   қоғамның   қалыптасуын,   дамуын   білдіретін   қоғам   мүшелері   арасындағы   қоғамдық   қатынастар   өмір  сүруі   керек.  

Қоғам   мүшелері  дегеніміз — өзінің   биологиялық   сипаттағы   қажеттіліктерін   қанағаттандыру   мақсатындағы   емес,   әлеуметтік   құрамы   бар   адамдар   арасында   орын  ала  алады.   Мысалы,   жұмыс   беруші   мен   жұмысшының,   сатушы   мен  сатып   алушының  т.б.

Қоғамдық   қатынастар    жеке   адамға   тәуелсіз   сипатта   болады   деп   түсіну  керек,  өйткені   әрбір   жеке   адамға   келгенде   қоғамдық   қатынастар   ол  адамға   дейін   өмір  сүрген   құбылыс,     жаңа   адам   тек   оған   қосылады.   Қоғамдық   қатынастар   жеке   адамға   тәуелсіз   өмір   сүретіндіктен,  адам   оған   тәуелді   болып,   ұжымдық   өмірге   бағынады.   Түптеп   келгенде   адам   дұрысырақ   айтқанда   қоғам   мүшесі   әртүрлі   қатынастарға   түсуге   негіз   беретін   қоғамның   құрамдас   белгілерін   сол  қоғамға   алады.   Ол   бір   уақытта   отбасы   мүшесі,   жұмысшы,   партия   мүшесі  т.б.   бола  алады,   және   бұл  белгілер   бір   адамның   бойында   бір-біріне   қарсы   бағытта   болмай,   олар   өзара   үндесіп   жатуы   керек.

Қоғамдық   қатынастың   келесі   қызметі,   олардың   жиынтығы   бүтін   қоғамдық   организм   ретінде   әлеуметтік-экономикалық   және  саяси   формацияның   түрін   немесе   сол   қоғамның  даму   бағытын   білдіре   алады.

Сондықтан   қоғамдық   қатынастардың   жиынтығы   қоғамды   білдіретін   күш  дейміз. Сонымен,   адамның   қоғам   мүшесі   ретінде   қоғамдық   қатынастардың   қатысушысы   болып   табылатын   жағдайы   мынандай   қорытынды   жасауға   әкеледі.   Егер  қоғамдық   қатынастарды   жеке   адамдарда   бар   биологиялық   құрамдарын   да   кеңірек   алсақ,  онда   бұл  әлеуметтік   сапалар    арасындағы   қатынастар   болып   табылады. Бұл  қоғамдық   қатынастың   құрамын,   оның   қоғамды қозғаудағы,   қалыптастырудағы   ролін   ашудың   ең   қарапайым   түрі. Өйткені қоғамдық   қатынастардың   қатысушылары   ретінде   адам   ғана  емес,   мекеме,   ұйымдар   мемлекеттер   де   бола   алады.

Қылмыстық   заңмен   қорғауға   алынған   қылмыс   объектісі  ретінде   аталатын   қоғамдық   қатынастардың   қоғам,   жеке   адам   өміріндегі   ролі   осындай   маңызды   болуына   байланысты   қылмыс   құрамының   элементі   ретінде   бірінші   кезекте   аталады.   Сонымен    қатар   адамда   қылмыстық  ниеттің   пайда   болуының   алғашқы  кезеңінде-ақ   және   оның   жасаған   қауіпті   іс-әрекеттері   қоғам,   адамзат   үшін   аса   қажетті   қылмыс   объектісіне   бағытталады.  Бұл   кездейсоқ  емес.   Әлеуметтік-экономикалық   дамуда   жай   еңбек   бөлінісі   ғана  пайда   болып   қоймайды.   Сондай-ақ   қоғам   мүшелерінде   әлеуметтік   мүліктік   т.б.  айырмашылықтар   пайда   болып,   олар  әртүрлі   деңгейлерде   бола  алады.  Әрбір  адам   өз   заманының   адамы   болғандықтан,   осындай   айырмашылықтар   қоғам   мүшелерінің   арасында   мүліктік,   саяси,  т.б.   артықшылықтарға   ұмтылуға   себепші   болады.   Оның   бір   тәсілі   қылмысты   әрекеттер  жасау   арқылы  қоғамдық   қатынастарға   зиян   келтіре    отырып   өз   мұқтаждығын   қанағаттандыру   болып  табылады   дейміз.

Осы   еңбектен   де   қылмыс – объективтік    құрамы  бойынша   жеке  адамның   немесе   қылмыс   субъектісінің   адам   мен   адам   немесе   жеке  адаммен   заңды   ұйым,  ұжым  арасында   қалыптасқан   қатынасқа   зиян   келтіру   болып   табылады.   Бұл   қылмысты   қоғамдық   маңызды   құбылыс   ретінде   бағалатады.   Тіпті   қылмыскер   жеке   адамға   зиян   келтіргенде   де   қоғамға   зиян   келтірген   болып  есептеледі,  өйткені   жәбірленуші   адамда   қоғам  мүшесі.  Осы   айтылғандар   қылмыс   объектісінің   қайдан   шығатынын,   оның   неліктен   бірінші   кезекте   аталатынын  ғана  емес,   сонымен   бірге   қылмыстың   қоғамға   қауіптілігін  де  білдіреді.

Әлеуметтану  теориясынан   келгенде   адам   әрекетін   бағалаудың   критерийі   қоғамдағы   объективтік   заңдылыққа   іс-әрекеттің    сәйкестік   шамасы   болып   табылады.

Әлеуметтік   ортадағы   әрекеттердің   бағыты,   қауіптілік   дәрежесі   әртүрлі.   Жалпы   әлеуметтік   әрекеттердің  кейбіреуі   қоғамдық   жүйенің   даму   заңдылықтарына   сәйкес  келеді,  ал   кейбір   түрлері   қоғам   талабына   тұрады.  Сондай-ақ   осы   уақытта  емес   болашақта   қарсы   қолданылатын   әрекеттерде    кездесе   алады.   Мұндай   әрекеттердің   ішінен   қоғам   талабына   қарсы    тұратын   әрекеттер   зиянды,   қоғамға   қауіпті   деп   бағаланады,   олардың   қоғамға   қауіптілігі    барынша   жоғарылары   қылмыс   ретінде   белгіленеді.

Қоғамға   қауіпті  іс-әрекеттердің   қауіптілік   қарқындарының   шамасына  (мера   интенсивность   и  действия)   дәрежесіне   қарай   зиянның   мөлшері   белгіленеді   және   осы   критерийде   қылмыс   теріс   қылықтан  ажыратылады.   Қылмыстық   құрамның   объективтік   жағын   сипаттауда  (мысалы,   бұзақылық,   билікті   не   қызметтік   өкілеттікті   асыра   пайдалану   қылмыстарында)   көрінеу,   кәнігі,   аса  кәсіби   түрде  деп   келтірілетін   ұғымдар  да   осы   қылмысты   әрекеттердің   қарқындылық   шамасына   қарай  анықталады.   Мұндай   қарқындарды   кейбір   қылмыс   түрлерінде   дәл   анықтау  қиын,  ол   көбінесе   бағаланушы   ұғым  ретінде   заң   нормасында   белгіленіп,   іс   жүзінде   анықтауды   саралау   жүргізуші   қызметкердің   еркіне   беріледі.

Қылмысты   іс-әрекеттер   заң   шығару   жұмысында   практикадан,  яғни   қоғам   өмірінен   алынады,  себебі   қылмыстар   қоғамға   таралған   әрекеттер   болып  табылғандықтан, cодан   алынады.   Қылмысты   іс-әрекеттер   қатарында   практикада   әлі   кездеспесе   де   алдағы  уақыттарда   болуы   мүмкін  деп   заң   шығарушының   қылмысты   деп   таныған   әрекеттері   болуы  мүмкін.   Бұл  өте  сирек   кездесетін   жағдай.  Мысалы,   Қазақстан  Республикасының   Қылмыстық   заңының   96  бап  2 бөлімінің   М пунктінде   қарастырылған   “жәбірленушінің   мүшелерін   немесе   тінін   пайдалану    мақсатымен   жасалған”   кісі   өлтіру   Қылмыстық   Кодекс   1997  жылы   бекітілгенге   дейін   сот-тергеу   практикасында   кездескен   жоқ.   Бірақ   заң   шығарушы  мұндай  кісі   өлтіру   түрі   шетелдердің   практикасында   бар,   алдағы   уақыттарда    бізде   де  кездесуі   мүмкін   деген   болжаммен   заңға   енгізді.

Қылмысты   іс-әрекеттер   мен   зардаптың   қарқындылық   шамасын   қылмыстық   құқықтық   тұрғыдан   талдағанда   осындай   түсіндірмемен   шектелуге   тура  келеді.  Ал   бұл   қарқындылық   шаманы  әлеуметтік   тұрғыдан   талдасақ,   онда   қылмыстық   құқықтық   ережеден   аса   бастаймыз.   Себебі   қасақана   немесе   абайсызда   қылмыстар   жасау,   аяқталған   қылмыстармен   қылмысқа   даярлану   немесе   оқталу,   сондай-ақ   қылмысқа   қатысушылар   мен   оған  жанасушылардың   әрекеттерінің   қарқындылық    дәрежесі   бірдей   емес.

Келесі   айта   кететін   жәйт,   ол   қандай   іс-әрекеттер   қоғамға   қауіпті   деп   танымды   деген   сұраққа   жауап  табу. Жауапты   анық,   әрі   қысқаша   былай   беруге   болады.   Қылмысты   әрекеттер   зардап   келтіретін   әрекеттер   деген   сөзбен   тоқталуға   болмайды.   Ол   іс-әрекеттер   қалыптасқан   жағдайға   зардап   келтірудегі   ерекше   тәсілді   білдіреді   және   олар   тек   қоғамдағы   қатынастарды   бұзатын   немес   бұза   алатын   әрекеттерді   қамтиды.   Осындай   себептерден   қылмыс   құрамында   объективтік   жақ  белгілері  қылмыс  объектісінен   кейін   екінші   кезекте   қарастырылады.

Қылмыстық   құрамдарда  субъективтік   жақ   белгілерінің   үшінші   кезекте   қарастырылуына   бірнеше   себептермен   түсіндіруге   болады.   Біріншіден   жоғарыда   айтқанымыздай   объективтік   жақтың   белгілері  қылмыстың   сыртқы  бейнесін,  сипатын   көрсетсе,  субъективтік   жақтың   белгілері   қылмыскер   адамның   сол  сыртқы   белгілерге   деген   ішкі   ойын,   оның   бағытын   ашып  береді.  Қылмыстық   құрамдарға   талдау   жасағанда,  әрине   сыртқы   бейнесін   ашқаннан   кейін,   оның   ішкі   жақ,  яғни   қылмыскердің   ми   жұмысындағы   әрекетіне   және   зардапқа,   қылмыстық   объективтік   жағының   қосымша   белгілеріне    деген  ой   қатынасын   қарастыруға   өткен  тиімді,   әрі   мәселені   кезектілікпен   талдауды  білдіреді.

Бұл   мәселеге   анығырақ   үңілсек,   шындығында   қылмыстық   объективтік   жағының   белгілерінен   бұрын   субъективтік   жақты   құрайтын   белгілер   алдымен   пайда   болады.  Бұлар   кінәнің  нысандарын   құрайтын   белгілерде,  ниетпен   мақсатта   да   әрекетпен,   зардаптан   бұрын   пайда   болады.   Анығырақ   айтқанда   кінәліде   қылмысты   іс-әрекет   жасаудан   бұрын   қауіпті   әрекет   жасауға   итермелейтін   ниет   пайда   болады.   Мысалы,  ұрлық,  тонау,   алаяқтық   қылмыстарын   құрайтын   әрекеттер   орын  алу   үшін  алдымен   пайдақорлық   ниет  пайда    болады.  Сол   сияқты   қылмысты   әрекет   жасардың   алдында   немесе  сол  кезде,   өзінің   әрекетінің   қауіпті   екенін   сезеді,   ол   әрекеттің   белгілі   бір   зардаптар  тудыратынын   көре   біледі   және   сондай   зардаптардың   туындауын    тілеуі  немесе   оған  саналы   түрде   жол   беруі   мүмкін.   Бірақ   осындай   себептерге   қарамай   қылмыстың  субъективтік   жағының   объективтік   жақтан   кейін   қаралу   себебі,  ол   қылмысты   кінә,   ниет,   мақсатқа   жетуге   жағдай   жасайтын   әрекеттер   жасалмай,   зардап   туындамай   тұрып,   қылмысты   оқиғаның   бар   екендігін   көру   қиындығына   байланысты   болып   табылады.   Яғни,   адамның  іште   жатқан   қылмысты  белгілері   сыртқа   шыққанда   ғана  және   заңмен  қорғалатын   объектілерге   нақты   қауіп   туындағанда   немесе  олар   бұзылғанда   қылмыс   уақиғасы   туралы   сөз   қозғауға   болады.

Екіншіден,   қасақана   түрде   жасалатын   қылмыстарда   қылмыстық   ниет  өзге   белгілерге   қарағанда   алдымен   пайда   болғанмен,   оның   іске   асырылуы   соңғы  кезекте   тұрады.   Қылмысты   ниетті  (мысалы,  кек   қайтару,  пайда   табу)   іске   асыру   үшін  тиісті   іс-әрекеттер  толық  әрі   ойдағыдай   орындалып  шығуы   шарт.   Егер   қылмыстың   жасалуына  түрткі   болған   ниетті   іске   асыру   бағытындағы   әрекеттер   орындалмаса   немесе  толық   орындалмаса,  онда   қылмыстың   ниеті   ғана  емес,  мақсаты   да   жүзеге  аспайды.   Демек   бұл   белгілерге   кінәлінің   жетуі,   оның   жүзеге   асуы   қылмыс   процедурасында   соңғы   кезекте   тұрады.

Үшіншіден,   оқиғаның   сыртқы   көрінісі   бар   болғанмен    кейін   анықтай   келгенде   ішкі   көрініс   жоқ   болып   шығуы   да   мүмкін.   Мұндай   жағдайларда  “сыртқы   көрініс”   деп   отырғанымыз   анықтай   келгенде   қылмыстың   объективтік   жағын   білдірмейді,   өйткені   бұл   оқиғаның   ішкі   мазмұны   басқа   мағынаны   білдіруі   мүмкін.   Мысалы,   түн  уақытында   адамның   үй   есігін   бұзып   жатуы   сырттай   қарағанда   ұрлық   қылмысына   бағытталған   әрекетті   білдіре   алады.   Бірақ   есікті   бұзып   жатқан   адамның   осы   үйдің   иесі   болып   шығуы   есіктің   кілтін   жоғалтуына   т.б.   себептерге   байланысты   осындай   әрекетті   жасап  жатыр.   Бұл   жағдайда    қылмысты    кінә   немесе   ниет   болмауына   байланысты   қылмыстың   объективтік   жағының   да   белгілері   жоқ   деп   танылады.   Яғни,   қоғамға   қауіпті    іс-әрекет  жоқ.

Міне   осындай   реттілікпен   қылмыстық   құрам   элементтерін   келтіргенде,   соңғы   кезекте   қылмыс  субъектісі   анықталуға   жатады.   Қылмыс   субъектісіне    қойылатын   талаптарда   көп   емес.  Қоғамға   қауіпті   іс-әрекетті   жасаған   адамда   екі   белгінің   болуы   шартты.   Олар   адамның   есі   дұрыстығы,   яғни   жасаған  іс-әрекетінің   мағынасын   түсіне   алуы   және  өз   әрекеттеріне   жетекшілік   жасай   білуі   және   екіншіден   қылмыстық   жауаптылық   жасына   жеткен   болуы. 

Қылмысты   саралауда   және  қылмыстық   құрам   элементтерінде   қылмыс   субъектісінің   соңғы  кезекте   белгіленуін   тергеу   практикасының   мынандай   қызметімен   де   негіздеуге   болады.   Жоғарыда   айтқанымыздай   кейбір  жағдайларда   қылмыс   жасаған   адам  әлі   белгілі   болмаса  да   қылмыс   болып   шығуы  мүмкін   деген  болжаммен   оқиға,   факт   бойынша   қылмыстық   іс   қозғалып   жатады.   Мұндай   жағдайларда   тергеушіге   қылмыстың  субъектісі   ғана  емес,   субъективтік   жақтың   белгілері  де   белгісіз  болады.   Яғни   қылмыстық   іс   зардап   туындау   фактісі   бойынша   қозғалып,   оған  Қылмыстық   Кодексінің   Ерекше  бөлімінің   тиісті  бабы   бойынша   саралау    беріледі.   Нәтижесінде    кінә   және   қылмыс   субъектісі   анықталғанда    айып  тағылып,   ал   зардап   туындау   фактісінде   адамның   кінәсі    немесе   субъектіні   құрайтын   белгілер   болмаса,   онда   іс   қысқартылады.

                                                                                                           

1.3.   Қылмыс   құрамы   және  қылмыстық   заң

 

Қылмыс  құрамы – бұл   нормативті   ережеге  сәйкес   анықталатын   және   соған  сәйкес   қолданылатын   ұғым.   Қылмыс   құрамын   анықтаудың   заңды   моделі,   ол   қылмыстық  заң.

Қылмыстық   заңның   құрылымына   қылмыс   құрамына   қатысты   және   оған   қатысты   болып   есептелмейтін   басқа   да   ұғымдарды   қамтиды.   Қылмыстық   заң   нормалары   арқылы   қылмыстық   құралдардың   мағынасы   ашылып   қана   қоймай,   сонымен   қатар   әр  қылмысқа  белгіленген   жаза   түрлері  де   қарастырылады.   Демек   нормалар  санкциясы   қылмыстық   құрам   ұғымынан  тысқары   жатыр.  

Қылмыстық   заң   бойынша   қарастырылатын   қылмыс   құрамы,   қылмыстық-құқықтық   норма   және   қылмыс   деген   ұғымдардың   ара   қатынасын   ашу   қажеттілігі  туындайды,   себебі   саралау   жүргізуде   бұл   ұғымдардың   қолданылу   деңгейін   білу   міндетті   болып   табылады.

Қылмыстық   құрамның   түсінігі   және   оның   элементтері    мен   белгілері,   сондай-ақ   саралау   жүргізуде   қолданылатын   Жалпы   және  Ерекше   бөлімнің   баптары   бұдан  бұрынғы   бөлімдерде   айтылды.

Қылмысты   саралау   негізінен   Қылмыстық  Кодекстің  Ерекше   бөлімінің   нормалары   бойынша   жүргізілетіндіктен   онда  әр   бабының   диспозициясы   сол  құрамға    сипаттама  беру   міндетін   атқаруы   тиіс.   Құрам   және   оның   белгілері   Ерекше   бөлімнің   баптарында   келтіріледі   деп  айтуға   негіз   бар  тәрізді.  Себебі   ол   баптар  өзіне   сәйкес  келетін   барлық  қылмысты   әрекеттерді   қамти   білу   үшін,  толық,  анық,  әрі   сенімді   болуы   және   тұрақты   қолданылу   сапасына   ие   болуы   керек.   Бұл   заң   баптарына,   оның   диспозицияларына   қойылатын   қағидалар.  Бірақ   қылмыстық   Кодекстің  Ерекше   бөлімінің   ешбір   бабы   қылмыстық   құрамы   элементтерінің   белгілерін   толық  тізіп   сипаттамайды.   Олардың   көпшілігі   объективтік   жақтың   белгілерін   келтірумен   шектелсе,   ал   кейбіреулері   объективтік   жақтың   және   субъективтік   жаққа   қатысты   белгілерді    ғана   келтіреді.  Мысалы  134  бап,   баланы   қасақана  ауыстыру.  Қылмыстың   субъектісі  де  осы  тәріздес   кейбір   баптарда   аталса  (мысалы  224  бап,  Заңсыз   сыйақы  алу.  Диспозициясы   “Мемлекеттік   органның   немесе   мемлекеттік   ұйымның   мемлекеттік   қызметтерді  атқаруға   уәкілетті   адамы   болып   табылмайтын   қызметтерінің   немесе   оған   теңестірілген   адамның,   сол  сияқты   мемлекеттік   емес    ұйымның   басқару   қызметтерін   атқармайтын   қызметкерінің….),   ал   кейбіреуінде  айтылмайды.  Ал  қылмыстық   объектісін   дәл  болмаса   да,   нұсқап  көрсететін  диспозициялар  кездеседі.  Мысалы  96  бап, кісі   өлтіру,   яғни   басқа   адамға   құқыққа   қарсы   қаза   келтіру.   Осындай   жағдайларға   қарай   отырып,   баптау   диспозициялары   қылмыстық   құрамын   бейнелейді   немесе   оның   маңызын   ашады   деп   айтуға   болмайды.   Демек   қылмыс   құрамы  мен   норма   диспозицияларының   айырмашылықтары    ғана  емес   міндеттері   де   бөлек   деп   түсіну   керек.   Ерекше   бөлім  нормаларының   диспозициялары   нақты   қылмыс   құрамының   ерекшелігін   білдіретін   белгілерді  көрсетуді   міндет  тұтады.   Ал   оның   басқа   және  ұқсас   құрамдардан   айырмашылығы,   яғни   құрам   элементтерінің   ерекшеліктері   түсіндірме   беру   кезінде    немесе  оқулық   әдебиеттерде   ашылады.   Сондықтан   қылмыстық   құрамдарды   оқу,  меңгеру,   онымен   практикада   жұмыс  істеу   үшін,   тек  қылмыстық   заңды   оқып   шығумен   шектелуге   болмайды.   Заңды   оқу   арқылы   халық  қандай   әрекеттер   қылмысты   болып  табылатыны   және  қандай   жаза  түрлері,  оның   көлемі   белгіленгені   туралы   хабардар   болып,   үстірт,   алғашқы   қажетті   түсінік  ала  алады.  Ал  қылмыстық   заңмен   үнемі   жұмыс   істеу   үшін  құқық   қолданушы   қызметкер   толық   білімді   болуы   керек   және   ондай   білімді   оқулықтардан,   зерттеу   әдебиеттерден   алады.   Бұл   біріншіден,   екіншіден   Ерекше   бөлімнің   нормаларының   диспозициялары   қылмыс   құрамы   элементтерінің   белгілерін   толық   келтіретін  болса,   онда   қылмыстық  кодекс   қазіргі   қолданып   отырған   көлемнен   анағұрлым   қалыңдап   және   құрамдардың   ортақ   белгілерін   үнемі   әр  бапта   қайталап  отырар   еді.  Мысалы,  қылмыстың   жалпы   субъектісі,   әдетте   16  жасқа   толған,   есі   дұрыс  адам.  Бұл   көптеген   құрамдарға  ортақ   белгі.  Мұны  сол  баптардың   көпшілігінде   көрсете  білуге   айтарлықтай   қажеттілік   болмас  та  еді.   Біз  осылай   дей   отырып,   заңның   дұрыстығы,   анықтығы  туралы   екі   жағдайды   ескеруіміз   керек.   Норма   диспозициясында   құрам   элементтерінің   кейбір   белгілерін   тікелей   көрсетпегенде,   біз   теория   мен   практиканың   кейбір   мүмкіншіліктерін   жіктейміз.   Мысалы,   әйел  зорлау  қылмысының   құрамын   диспозицияда   толық   келтірумен  айналыса   отырып,  бұл   қылмыстың   субъектісін   “14  жасқа  толған,  есі   дұрыс   ер  адам”   десек,   онда   біз   практиканың   мүмкіндігін   шектеген   болуымыз  мүмкін.  Себебі,   әйел   зорлау   қылмысында  14 жасқа  толмаған   ер  жынысты  адамды   14 жастан  асқан  әйел  адам   біреу   арқылы   қылмысты  орындаған   болып  шығады.   Демек   әйел  зорлау   қылмысының  субъектісі   арнайы   емес,   жалпы   болуы  да   мүмкін.

Норма   диспозицияларын   толық,   анық   бейнелей   отырып   практика   қызметін  бір  ізділікке   келтіруге  болады.  қылмыстық   құқықта  кейбір  құралдар  элементтерінің   белгілері   даулы  болып  кездеседі.   Мәселенің   теория  жүзінде   даулылығы   практика   қызметін   шатастырып  қана  қоймайды,   ол   сонымен   бірге   әркелкілікке,  яғни  екі   тергеу   мекемесінде   екі   түрлі  саралауға   соқтыруы  мүмкін.   Бірдей   оқиғаны   бір  тергеуші  “қылмыс   құрамы  бар”  деп,  екіншісі  “қылмыс  құрамы  жоқ”   деп  бағалауы  мүмкін.  Мысалы  өзін-өзі   өлтіруге   дейін   жеткізу  (102-бап)   қылмысының  кінә   нысаны   қылмыстық   құқықта   даулы   болып   саналады.   Бұл   бапта   кінәлінің  зардапқа   деген   психикалық   қатынасы   тікелей   айтылмағандықтан   оқулықтар   бірі   жанама   қасақаналық,  екіншілері   абайсыздық   деп   әркелкі   түсіндіреді.  Мұндай   жағдайлар,  яғни   норма   диспозициясының   толық  мағлұмат   бере  алмауы   қылмысқа   саралау   беру   барысындағы   сот-тергеу   қызметін   шатастырады.

Келтіріліп   отырған   мысалдар  Ерекше   бөлім  баптарының   диспозицияларына   қарағанда   қылмыстың  құрамы  деген   кең   және  терең   ұғым   екендігін   дәлелдейді. 

Ерекше   бөлімнің   нормалары   Жалпы   бөлімнің   нормаларымен   өзара   үндестікте,   байланыста   қолданылады   және   қылмыстық   құрамдарды   оқып,   меңгеру   барысында   қажет   болып  табылады.  Жалпы   бөлімде   Ерекше  бөлімде   қарастырылатын   құрамдарға   қатысты   ортақ   ережелер   қарастырылады.  Оларды    үш  топқа  бөлуге  болады.

  1. Қылмыстық  заңға  қатысты
  2. Қылмыс құрамына қатысты
  3. Жазаға қатысты

Бірінші   топтағы   қылмыстық   заңға   қатысты   нормалар   қылмысты   саралауда   қолданылатын   заңдарды,   заңның  міндеттері,  заңның   кері  күшімен   уақытындағы   күші   тәрізді   ережелерді   құрайды.  Екінші   топтағы   қылмысқа   қатысты  нормалар   Жалпы  бөлімнің   екінші  бөлімінде   келтірілген.  Мұнда   қылмыстың   жалпы  түсінігі,  оның   санаттары,   қылмыс  жиынтығы,   қайталануы,  бірнеше  рет  жасалуы,  жауаптылық   белгіленетін   жас,   кінәға  қатысты  түсініктер   қарастырылған.  Сонымен   бірге  бұл   топтағы  нормаларға   көпшілік  немесе   кейбір  қасақаналықпен   сипатталатын   қылмыстарда   кездесе  алатын   қылмысқа   қатысу,  қажетті  қорғану,  аса   қажеттілік,  бұйрықты   немесе   өкімді   орындау   тәрізді  т.б.   осы  тәріздес   жалпы   ережелер   келтірілген.   Ал  жазаға  қатысты   ережелер  ІІІ-ҮІІ   бөлімдерде   келтіріледі. 

Қылмыстық   заңды   Жалпы   және  Ерекше   бөлімдерге   бөлу  заң   тарихында   кейінірек,  ХҮІІІ  ғасырдың   орта   кездерінен   басталған.   Заңды   екі   бөлімге   бөліп   оқу  және   жұмыс  істеу,   ол   заңды   оқып,  үйренудің   жеңіл  болуы  және   заң  қолдану   жұмысын   тиімді,  оңтайлы   жүргізу   үшін   пайда   болған.   Яғни   барлық   қылмыстарға   қатысты,   ортақ   болып  табылатын   кінә,   қылмыс  субъектісі,   есі  дұрыстық,  қылмыс   ұғымы   тәрізді   ұғымдар   және  көпшілік   қылмыстарда   кездесе   алатын   қылмысқа   даярлану   немесе   оқталу,   қылмысқа   қатысу,   қажетті  қорғану   тәрізді   ережелер   Жалпы   бөлімге   шығарылған.  Сондықтан   Жалпы  бөлім   нормаларының  Ерекше   бөлім  нормаларына  қарағанда   түсінік   беру   немесе   белгілерді   атау   қызметі   басым,  толық   көрінеді.  Себебі,   Ерекше   бөлім   нормаларының   диспозициялары   мұндай   Жалпы   бөлімде  қаралған   ортақ  ұғымдарды,  белгілерді   қайталамауы  керек.   Қылмыстық   заңның   Жалпы  және   Ерекше  бөлім   нормаларының   өзара  жақындығы,   байланысы,   бір-біріне   атқаратын   қызметі   міне  осында. Демек,   Ерекше   бөлім   нормаларының   диспозициялары   өзінің   басты   міндеті  болып   табылатын,  қылмыс   құрамының   басқа  құрамдардан   айырмашылығын   білдіретін   осы   қылмыс   түріне   тән   белгілерді,   ұғымдарды   келтірумен   айналысуы   тиіс  дейміз.

Ерекше   бөлімдегі   баптардың   диспозициялары   келтіріп   отырған  кейбір   ұғымдардың,   терминдердің   түсінігін   жалпы  бөлім  еншісіне   қалдырады.   Мысалы,  214  баптың  2 бөлімнің   “а”   пункті   “бірнеше   рет”.  Мұнда   Кеден  төлемдері   мен   алымдарын   төлеуден   жалтару   қылмысындағы  бернеше   рет   деген   ұғымды  түсіну   үшін  Жалпы   бөлімдегі  11 бабқа   сүйену   керек.   Егер   диспозицияда   қолданылып   отырған   ұғым  тек   осы   қылмыс  түріне   немесе   осы  тектес   ұқсас   қылмыстарға   тән  болса   заң   нормасын   талқылау,   түсіндіру   кезінде   ашылады.   Мысалы,  112  бап   Қорқыту,  181  бап  қорқытып  алушылық,  248  бап  радиоактивті   заттарды   ұрлау   немесе   қорқытып  алу,   255  бап  қаруды,   оқ-дәріні,   жарылғыш   заттар  мен   жару   құралғыларын  ұрлау   не  қорқытып   алу.

Осындай   себептерге   байланысты   қылмыс  құрамына   арналған   баптардың   диспозициялары   қылмыстық   заңда   жұтаңдық   көрсетуі   мүмкін. 

 

1.4. Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы.

 

Қылмыстық   кодекстің   Ерекше   бөлімі  әлеуметтік-қоғамдық   өмірде   кездесетін   қылмыстардың   түрін  анықтауға   және   оларға   жауаптылық   белгілеуге   арналған.   Қылмыс    құрамы   ұғымының   да   басты   міндеті   осы   тәріздес,   яғни   жауаптылық    белгілеу,   адамгершілік   және   құқықтық   тұрғыдан    әділетті,   негізді   болуы   үшін   іс-әрекеттің   қылмыстылығын   анықтайтын   құрам   элементтерінің    белгілерін   ашуға   ұмтылады.  Мұндай   кезде   “қылмыс”   және   “қылмыс   құрамдары”   ұғымдарының   ара   қатынасын   анықтау   туралы   қажеттілік   туындайды.

Бұл   екі   ұғымдардың   байланысының  ұқсастығын   былай   түсіну  керек.   Біріншіден,   кеңірек   ұғым  ретінде   қолданылатын   “қылмыс”,   тар  немесе   нақты   мағынада   қолданылатын   “қылмыс  құрамы”   ұғымдары   елеулі   де  қылмыстық   жауаптылықтың   негізін   білдіре   алады.   Тек   “қылмыс”   ұғымы   әлеуметтік-саяси   мағынада,  ал  “қылмыс   құрамы”   деген  термин    құқықтық   сипаттағы   жауаптылықтың   негізін  білдіру   мақсатында   қолдануға  оңтайлы.

Екіншіден,   бұлар   бірін-бірі   тудырушы    ұғымдар   болып  табылады.   Егер   қылмыс   болмаса   қылмыс   құрамы  деген   ұғымда   өмір   сүрмес  еді.   Сонымен   қатар   қылмыс   деген   қылмыс  туралы   деген   ұғымсыз   да   өмір  сүре   алар  еді.   Қылмыстар   түрлері   қоғамдық   ортада   өмір  сүре   отырып,   оның   нақты   түрлерінің   түсінігін  дұрыс   қалыптастыру,   сол   әлеуметтік-қоғамдық   ортада   толық  мүмкін  емес.  Мұндай   ортада   қылмыстар   түрлері   туралы   толық   және   жан-жақты   зерттелмеген   түсінік   өмір   сүреді.   Бірақ   Л.И.Спиридонов   айтқандай   “Қылмыстың   әлеуметтік   ұғымы,   оның   заң   жүзіндегі   ұғымына   жағдай  жасайды”   Қылмыстық   заңдағы   түсінігі,   оның   әлеуметтік   түсінігінен   үндесіп,   сабақтасып  жатпаса   немесе   әлеуметтік   түсінігіне   қайшы  келсе,   онда   мұндай   заңды   қоғам    мойындамас   еді.   Дәлірек   айтқанда   қылмыс   қоғамда   өмір  сүреді,   ол   қылмыстың   сипатына,  қауіптілігіне   байланысты   адамдарда   үстірт   түсінік   қалыптасады,   ал   қылмыстық   құқық   сол   қылмыс   құбылысын    және   халықтың   түсінікті   зерттеуге   алып,   оның   шын   қылмысты   әрекет   екенін   құрам   элементтері   арқылы   дәлелдейді.1

В.Н.Кудрявцев  “Шын   мәнінде   құрам   белгілері   іс-әрекеттің   қоғамға   қауіптілігін   ғана  емес,  сонымен  бірге   адамның   кінәсін   де   сипаттайды.   Олар   бір   қылмысты  басқаларынан   ажыратады”, — деп   сенімді   айтады.1 

“Қылмыс”   және  “қылмыс   құрамдары”  ұғымдарының   өзара   айырмашылықтары   мынада.

Сырттай   қарағанда   біріншіден,   “қылмыс”   әлеуметтік   қоғамдық   ортада   қалыптасқан,   сол   ортада   өмір   сүретін    ұғым,   ал “қылмыс   құрамы”   қылмыстың   құқықтық   немесе   ғылыми   ұғым   болып   табылады.   Қоғамда  немесе   халықтың   арасында   қылмыс   құрамы   деген   сөз   айтылмайды.  Себебі  “құрам”  деген    сөздің   өзі,   онда   элементтердің,   белгілердің   немесе   құрамдас   бөліктердің   бар   екендігін   білдіреді.   Мұндай   құрамдас   бөліктерді   білдіретін   элементтерді   анықтауды   халық  міндет  санамайды.

Күлтелеев  Т.М   қазақ   әдет-ғұрып   құқығында  “қылмыс”   деген  ұғым   болмаған.   Оның   орнына  “жаман  қылық”   деген   ұғым   қолданылған.   Бұл   жаман   қылықтардың   түрлері   қазіргіше   ұғыммен   алғанда   қылмыстарды   білдірген.   Қазақ  әдет-ғұрып   заңдарында   қылмысты,   яғни   жаман   қылықты бірнеше  санатқа   бөлу   болған   тәрізді.  Себебі   “өте   жаман  қылық”   деген  ұғым   қолданылып,  ол   жеке   адамға,   хан,  сұлтан,   би,  ру   басылардың   жеке   басына,   оның  ішінде   ар-намысқа,   сонымен   қатар   отбасы   иесі   болып   табылатын   адамға   қарсы   әрекеттерді   білдірген. 2  

Т.М.Күлтелеев   қазақтардағы   қазіргі  “қылмыс”   термині  “қылық,   жаман   қылық”   деген  сөзден   шыққан   тәрізді   дейді.  3 

Қылмыс   ұғымы   көлемі   бойынша    құбылыстың   немесе   қылмыс   түрінің   атын   ғана   білдіретін   түсінік   болып  табылады.   Ал   қылмыс   құрамы  сөзі   көлемі   бойынша    жоғарыда   айтқанымыздай   қылмыстың   бар   екендігін   дәлелдеу   мақсатында   оның   белгілерін   оған   тән   ерекшеліктерді    ашатын   және   объективтік    және  субъективтік   белгілерін  қамти   алатын  кең   ұғым   ретінде   қолданылады.   Әдебиеттерде  “қылмыстық   құрамға   қылмыстық-құқықтық   норманың   элементі   ретінде   заң    шығарушылармен   нақты   осы   қылмыс   түрінің   мағынасын,   барысын,  сипатын,  оның   қоғамға   қауіптілік   дәрежесін   білдіретін   белгілер   жатқызылады”   деген   түсіндірме  кездеседі. 4 

Үшіншіден,  қылмыстық-құқықтық   мағынада   қылмыс   ұғымы   тек  атаулы   түрде   ғана   қолданылады, мысалы,   кісі   өлтіру қылмысы.

Қылмыс   құрамы   деген   ұғым   қылмыстық   құқықта   сипаттаушы  мысалы,   кісі   өлтіру   мағынада   қолданыла   отырып,   бір  қылмыстың   өзінде   бірнеше   қылмыстық   құрамдарын   келтіре   алады.   Мысалы,  Қылмыстық  Кодекстің   96  бабында  кісі   өлтіру   қылмысы   қарастырылады   дегенмен,   ол   бапта   кісі   өлтіруді   білдіретін   бір  ғана   қылмыстық   құрам   қарастырылады   деп  айта   алмаймыз.

Қылмыстық  Кодекстің  Ерекше   бөлімінің   баптары   бірнеше   құрамдарды   сипаттау   және   оларға   жауаптылық   белгілеу  мүмкіншілігіне   ие,   яғни   бір  қылмыс   бірнеше   қылмыстық   құралдар  түрінде   кездесе  алады.  В.Н.Кудрявцевтің  “Белгілі  бір  қылмыс   түрінде  бірнеше   балама   белгілер   келтірілгенде,  ол   балама   белгілердің   кем   дегенде   біреуі   осы  қылмыстың   құрамын   білдіріп   тұратын    белгі   болуы  керек.   Кейбір   баптарда   бірнеше   белгілер  келтірілгенде   бірнеше   қылмыс   құрамдары   емес,   бір   құрам   келтіріліп   тұрған   тәрізді. Мысалы,   көруден,  естуден   айырылу   және   басқа  да   денсаулыққа   ауыр   зардаптар   келтіруді   білдіретін   әртүрлі    көріністер   бір   құрамды   құрайды.   Ал   кейбір   баптарда   бұл   мәселе   осындай   оңай   болып   көрінбейді.   Мысалы,   256 бапта   бір   құрам  бар  ма   әлде  бірнешеу   ме?  Басқаша   айтқанда  “Балықты,   теңіз   аңдарын   және   өзге  де   су   жануарларын    немесе   өсімдіктерін    заңсыз  алу”   деген   формулировка    бір   құрамның   балама   белгілерін    білдіре   ме,    әлде   мұнда   төрт   құрам   ба?   Ал  Қылмыстық  Кодекстің   263  бабында   ше  “жол   қозғалысы”   және  “көлік   құралдарын”   пайдалану    ережелерін    бұзу   (оның   үстіне   әртүрлі   құрамдар   деп   есептесек,   онда   ұрлық    қылмысын  қарастыратын   158   бапта   бір  емес,   сегіз   құрам   бар   болып   шығады.   Жай   ұрлық,   алдын  ала   келісіммен   топ   адамдардың   жасаған    ұрлығы,   ірі   мөлшердегі   ұрлық  т.б.)   дей   отырып,   бұл   мәселеде  “құрам   ретінде    кеңірек   жиынтықты   атасақ,    онда   мысалы,   кісі   өлтірудің   бір  ғана   құрамы   бар,   ал   105-108  баптар    балама   көріністерін   қарастырады   деп  атау   керек”, — дейді. 1 

Мұндай    бағытпен  келісуге   болмайтын   тәрізді.  В.Н.Кудрявцев   денсаулыққа   қасақана   ауыр    зардап    келтірудің    түрлерімен   балық,   теңіз   аңдарын заңсыз   алудың,  көлік   құралдарын    заңсыз   пайдалану   мен   жол  жүру   ережелерін    бұзудың   арасынан   бірі    барлық   белгілері бір   құрамды   білдіретін   ал   қалғандарында   бір  диспозиция- ның   әр  белгісі   әртүрлі   құрамды   білдіретін   қандай   айырмашылық   көріп   отырғаны   белгісіз.   Бұл   қылмыстардың   белгілері   анығырақ   айтқанда   түрлері   бір   баптың   бір  диспозициясында    келтірілген.   Бұл   жерде   қандай   айырмашылық    болуы  мүмкін. Аталған   қылмыс- тардың    айырмашылығы,   ол   бірінде   адамның    денсаулығына   келетін   зардап   түрлерінде   болса,   екіншісінде   қылмыс   затында,   ал   үшіншісінде   әрекет   түрінде   ғана,   онда   не   тұр.

 Бұл   мәселені    шешуде   баптың    бір   диспозициясында   келтірілген   белгілер   немесе   әрекеттер    мен  бір   баптың   әр   бөлімдерінде   қарастырылған   әрекеттерді   бірдей   көрмеген   дұрыс   тәрізді.   Бұл   заңның   жүйеге   бөліну   қағидасынан   туындаған   нәтиже.   Заң  Жалпы   және   Ерекше   бөлімдерге,  бөлімдер   топтық   объектілеріне   қарай   тарауларға,   тараулар   баптарға,   қылмыс   түрлеріне   бөлінеді.   Қылмыс   түрлері   осы   қылмысты   білдіретін   құрамдарға    бөліне   алады.   Бір   қылмысты   білдіретін   түрлі   құрамдар   бір   баптың   жекелеген    бөлімдерінде   ғана   қарастырылады   деген  дұрыс.   Баптың   бір  бөлігі   қанша   белгіні,   қылмысты    әрекеттерді   тізсе  де,   олар   бір   қылмыстық   құрамды   білдіреді.   Мұның   себебі   заң   қоғамдық   өмірде   кездескен   қауіпті   әрекеттерді,   белгілерді    келтіреді   және   заң   осылай   ете   отырып   сол   қоғамдық    өмірге   модель   ретінде   жасалады.  Анығырақ   айтқанда   бір   қылмысты,   бір  қылмыстық   құрамды  білдіретін   әрекеттер,   оның  әртүрлі   көріністері   өмірде   көптеп   кездеседі.   Заң   олардың   бір-бірінен   айырмашылықтары   болғанмен,   объектісі,   әрекеттері   ұқсас   болғанда   диспозиция   бабында   тізіп   келтіре   отырып,   бір  қылмыстық   құрам  ретінде   ұсынады.   Сондықтан   денсаулыққа   қасақана   ауыр   зардап    келтіруді   қарастыратын   103  баптың  1 бөлімінде   немесе   көлік   құралдарын    пайдалану   және   жол   жүру   ережелерін    бұзу   үшін   жауаптылық    көздейтін   296  баптың   1 бөлімінде   де   бір  құрам   келтірілген.

Заң   құрылысында   көңіл   аудара   отырып,  бір   бапта   қарастырылған   бір   қылмыс   бірнеше   құрамдарға   бөлінеді   деуге   болады.  В.Н.Кудрявцевтің    “ұрлық   қылмысы  сегіз   қылмыстық   құрамға  бөлінеді”   дегені   бұл   жерде   дұрыс.

Қылмыстың   жасалу    ерекшеліктерінде   және   жауаптылық   белгілеу   мәселесінде   баптың   бір  бөліміне   сиғыза   алмайтын   сол  қылмысты    білдіретін   әрекеттердің   себептері   бірнешеу   болады.  

  1. Кінәні, жауаптылықты ауырлататын   немесе  аса   ауырлататын   әрекеттермен    қылмыс   жасалғанда,   жазаны   негізгі    құрам   бойынша   белгілей   алмаймыз,   заң   баптарын    бөлімге   немесе   әрі   қарай   ауырлататын   құрамдарға   бөлмеу   кінәліге   жеткілікті   жаза    тағайындауға    заң   жүзінде   мүмкіндік   бермес   еді.   Мысалы   жай   ұрлықпен   ірі   мөлшерде   жасалған   ұрлықты  бірдей   бағалауға   болмайды.   Бұл  екеуі   де   бір  қылмыс,    ұрлықты   білдіреді,   бірақ   ұрлықтың   жеке   құралдарын   білдіреді.   Сол   сияқты   кісі   өлтіру   қылмысын  білдіретін    96 баптың   бөлімдері   (және   екінші   бөлімнің   он  үш  пункті)   де   жеке   құрамдарды   білдіреді.   Олардың    әрқайсысында   кісі   өлтірудің    жеке   жағдайлары   қарастырылады.
  2. Ауырлық дәрежелері бірдей  немесе   шамалас   және   бағыты   бойынша   ұқсас    болып   табылатын   жекелеген   әрекеттер   де   бір  қылмыстың   жекелеген   құрамдарын  білдіреді.  Мысалы,   Қылмыстық  Кодекстің  194  бап,   несиені   заңсыз  алу   және   мақсатсыз   жұмсау.   Бұл   баптың   бірінші   бөлімі   мемлекеттік   несиені   заңсыз   алғандығы   үшін   жауаптылықты   қарастырса,   екінші    бөлімі   сондай   несиені   мақсатсыз  бағытта   жұмсағандықты   келтіреді.   Мұнда   да   қылмыстың    заты   және   объектісі,  субъективтік   жағы   мен   субъектісі    ұқсас   әрекеттер   келтіріліп,   олар   жеке   қылмыстық   құрамдар   ретінде   қарастырылған.   Сырттай   қарағанда    несиені   заңсыз   алу   және   мақсатсыз   жұмсау   әрекеттері   жеке   қылмыс   түрлерін   білдіретін   тәрізді.   Өйткені   мемлекеттік  несиені   мақсатсыз   жұмсау    және   заңсыз   алу   құрамдарының   арасында   тікелей    байланыс   жоқ.   Бірінші   несиені   заңсыз   алғаны   үшін   жауаптылықты   белгілесе,   екіншісі   несиені   заңды   түрде   алып,   бірақ  кейін   алу   кезінде    берген  уәдесі   бойынша   емес,   басқа   бағытта   жұмсағаны  үшін   жауаптылық   көздейді. Сондай-ақ    194  бапта   бұл   екі   құрамның   бірі   болмаса   да,   екіншісінің   осы   баптың   өмір  сүруіне    мүмкіндік   бере   алады.   Ондай   кезде   тек   бап    немесе   қылмыстың   атауы   ғана   қысқартылады.   Несиені   заңсыз  алу   және  мақсатсыз   жұмсау   әрекеттерінің   негізгі   белгілері   және   бағыты   осындай   ұқсас    болуына   байланысты,   бұл   әрекеттер   бір   қылмыс    ретінде   аталып,   оның   негізгі    түрлері   жеке   құрамдар   ретінде    келтірілген.
  3. Қылмыстық заңның Ерекше   бөлімінің   баптарын   бөлімдерге   бөлу,   соның   нәтижесінде   осы   қылмыстың   жекелеген   құрамдарын    келтіру,   ол   қылмыстың   ауырлық   дәрежесінің    әртүрлі   болып   кездесуіне   байланысты.   Ерекше   бөлімнің   нормалары    бірнеше   бөлімдерге   бөлінгенде   сол   қылмыстың   жекелеген   құрамдарын   келтіру   мақсатында   бөлінбейді,   бірнеше   бөлімдерге    бөлудің   басты   себебі,   ол   қылмыстың   ауырлық   дәрежелері    әртүрлі    болып   кездесуіне  байланысты.   Норма   бір   бөлімнен  ғана   тұрғанда    санкцияның    төменгі   және    жоғарғы   шектерін  тым   ұзақ  етіп   көрсете   беруге    болмайды.   Себебі   сот   қызметкерлері   қылмыстың   ауырлық    дәрежелерін    бірдей   шамалас    дәрежеде    бағаламай,   әрқайсысы   әртүрлі    алшақ   мерзімде    жаза   белгілеген  болар  еді.   Мысалы,  359   бап  (Бас   бостандығынан  айыру  түріндегі   жазасын   өтеуден   жалтару)   бір   бөлімнен   ғана   тұрады  және   екі   жылға   дейінгі    мерзімге   бас   бостандығынан   айыруды   келтірген.   Бұл   жерде   заң  шығарушы   осы   әрекеттің   қауіптілігін   таразылай   отырып,   осы   қылмыстың   жасалу   себептерінде   ескеріп   шамамен    6 аймен   2 жылдың   арасында   ғана   жазалау   керек   деп   бағалаған.   Егер   бұл   баптың   санкциясы   6  жылға   дейінгі   мерзімге   бас   бостандығынан   айыру   жазасын   келтірсе,   онда   практикада   бір  сот   1 жылды   белгілесе,   ал   екінші   бір   жердегі   сот   тап   осындай   әрекет   үшін  5 немесе   6 жылды   белгілеуі   мүмкін.   Нәтижесінде   әрекеттің   қауіптілігін  дәрежелеуде   және   соған  сәйкес   жаза   белгілеуде   сот   қызметкерлерінің   арасында   алшақтық   пайда   болар  еді.

Практикада   көпшілік   қылмыстар   қауіптілігі   бойынша   әртүрлі   дәрежеде   болып   кездесетін,   соған  орай   Ерекше   бөлім   нормаларының   көпшілігі   бірнеше   бөлімдерден   тұрады.   Бұл   әсіресе   тергеу    қызметінен   гөрі   сот   қызметін   нақты,   бірдей   шамада   жұмыс   істеуге   жағдай   жасайды.   Бір   айта   кететін    жәйт,   ол  егер   Ерекше   бөлімнің   баптары   қылмыстың   ауырлық   дәрежелері    бойынша   бірнеше   бөлімдерден   тұрса,   онда   кейінгі,   яғни  2,3,4  бөлімдер   бірінен   кейін   бірі   кінәні   және   жауаптылықты   ауырлата   береді   деуге  болады.   Кейбір   баптарда   екінші    бөлімге   қарағанда   бірінші   бөлім   ауыр  болып   кездесе    алады.   Мысалы   111-баптың   (Денсаулыққа   абайсызда   зиян   келтіру)  2 бөлімінде   абайсызда   екі  немесе   одан  көп   адамның   денсаулығына   ауыр   зиян  келтіру   келтірілсе,   ал   осы   баптың   үшінші   бөлімінде   денсаулыққа   абайсызда   орташа   ауырлықтағы   зиян   келтіру   қарастырылған.

  1. Қылмыстық Кодексте бірнеше   адамдардың   қатысуымен   жасалатын   қылмысқа   қатысушылық   түрлері  кездеседі.  С.В.Познышев   “Кейбір   қылмыс   түрлеріне   табиғатынан   қылмысқа   қатысушылық  тән” – деп   оның   мысалдары   ретінде   бунт,  шайка,   скоп,   дуэль   деген   қылмыс   түрлерін   атайды.

Мұндай   тек  екі   немесе   одан    көп   адамның   бірлесуі   арқылы   қылмыс   жасауды   қылмыстық    құқықта   қылмысқа   қатысушылық   деп   атайды.   Бірақ   қасақана   қылмыс   түрлерінің   кейбіреулеріне   қатысып   жасау    тән   болғанда,   олардың   рольдері,   белсенділігі    бойынша   таразыламай  бірдей   жауаптылық   белгілеу   әділетсіздікті   білдіреді.   Қылмыстық   кодекстың   237  бабының  (Бандитизм)   бірінші   бөлімі   банданы   құрған,   басқарған,   яғни   белсенділік   көрсеткен   адамдардың   әрекеттеріне   жауаптылықты   көрсетсе,   осы   баптың   екінші   бөлімі   банда  тобының    қатардағы   қатысушыларына   жауаптылық   көздейді.   Мұндай   себеппен   бір   қылмыстың    бірнеше   құрамдарға   бөлінуі   162  баптың   (жалдамалылық)  1  және  3  бөлімдерінде,   231   баптың   (коммерциялық  сатып  алу)   1 және  3  бөлімдерінде,  235  баптың  (ұйымдасқан   қылмыстық   топты   немесе   қылмыстық   қауымдастықты   құру   және  оны   басқару,   қылмстық   қауымдастыққа   қатысу)  1,2,3  және 4 бөлімдерінде,   236 баптың  (заңсыз   әскерилендірілген   құраманы   ұйымдастыру)   1  және  2  бөлімдерінде  және  т.б.  кездеседі.   Сонымен   қылмыстық   заңда   қарастырылған   қылмыс   түрлерінің   бірнеше   құрамдарға   бөліну   себептері   негізінен   осындай. 

Жоғарыда   келтіріп  отырған   бір  қылмыстың   бірнеше   құрамдарының   құрылысына,  яғни   құрам   элементтерінің   белгілеріне   құрылымына,  яғни   құрам   элементтерінің   белгілеріне   назар  аударсақ,  онда    олардың   көпшілігінің   құрам   элементтері   бойынша   айырмашылығы   жоқ   екендігі   байқалады.   Бір   қылмыстың   бірнеше   бөлімдерінде   қарастырылған   құрамдарының   құрам   элементтері   бойынша    айырмашылықтары   болмағанда,   олар  өзара   басқа   белгілеуге   қарай   ажыратылады.  В.Н.Кудрявцев   “барлық   жағынан   бірдей   екі   қылмыстық   құрам   болмайды.   Барлық   қылмыс   құрамдары   кем   дегенде   бір   белгісі   бойынша   ажыратылады.   Құрамдардың   арасында   айырмашылықтың   болмауы   ұқсас    қылмыстарды   ажыратуда    мүмкіндік   бермес   еді” – деп   дұрыс   айтады.1    Құрам    элементтері   бір   қылмыстың   түрлі   құрамдарында    бірдей   анықталғанда,   олар   өзара    құрам     элементтерінің    қосымша   белгілерінің    міндетті   белгі   болуына   қарай   және   Қылмыстық   Кодекстің   54  бабында   келтірілген    кінәні   ауырлататын    белгілердің   көрсетілуіне   қарай   ажыратылады.   Мысалы,   96  баптың   2 бөлімінде   қарастырылған   қасақана   кісі   өлтірудің   ауырлататын   түрлерінің   құрам   элементтері   бойынша   айырмашылығы   жоқ.   Тек   соңғы  “н”   пункті   бұрын  қасақана  кісі   өлтіру   қылмысын   жасаған   адамның   осы   қылмысты    қайталауын   көрсетіп   субъекті   бойынша   ажыратады.   Бұл   баптың   әртүрлі  пункттеріндегі    қасақана   кісі   өлтіру    әрекеттері   өзара   объект,   көлемі   (мысалы   жүкті  әйелді   өлтіру   екі  немесе   одан  көп   адам   өлтіру),    тәсілі   бойынша   (мысалы   аса   қатыгездікпен    өлтіру,   бірнеше   адамдардың    өміріне   қауіпті   тәсілмен   өлтіру),   қылмыстық   ниеті   бойынша  (пайдақорлық,   қанды   кекті   қайтару,   бұзақылық  ниетпен   кісі   өлтіру),   мақсаты   бойынша   (жәбірленушінің   мүшелерін   немесе   тәнін   пайдалану,   басқа   қылмысты    жасыру   немесе     қылмыстың   жасалуын    жеңілдету   мақсатында   кісі   өлтіру)   ажыратылады.   Зардаптың   көлемі   бойынша   (мысалы   175  бап  1 бөлім    жай   ұрлық   және   175 бап 3 бөлім “б”   пункті   ірі   мөлшердегі   ұрлық)   қылмыстың   орны   бойынша   (175  бап  2  бөлім  “в”  пункті,  тұрғын,  қызметтік   немесе  өндірістік   жайға,   қоймаға   заңсыз  кірумен   жасалған   ұрлық),   құралы   бойынша  (179 бап  2 бөлім “г”   пункті   қару    немесе   қару   ретінде   пайдаланылатын   заттарды   қолдану)   да   ажыратылатын   құрамдар  көп.   Сонымен   қатар   құрам   элементтерінің   міндетті   немесе   қосымша   белгілері   ретінде   бағаланбайтын,   бірақ  кінәні   ауырлататын   белгі   ретінде   ескерілетін  54  баптағы   белгілерде   Қылмыстық  Кодекстің   Ерекше   бөлім  баптарының   бөлімдерінде   тікелей   көрсетілгенде   осы   құрамды   басқа   құрамдардан  ажырату   мүмкіншілігіне  ие.   Ерекше   бөлім   баптарының   бөлімдерінде   топ,   ұйымдасқан  топпен,  бірнеше  рет   қайталап,   өкімет   өкілінің   киімін   немесе    құжатын   пайдаланып   қылмыс   жасау  т.б.  ауырлататын   құралдарға   жатқызған. 

Осы   жағдайларды   ескере   отырып   қорыта   айтқанда,   бір  қылмыс  әртүрлі   құрамдарға   бөлінгенде  олар   негізінен   құрам элементтерінің   міндетті   немесе   қосымша   белгілерінің     нақты          қылмыстарға      ерекшеліктеріне     байланысты    міндетті   белгі   ретінде   көрсетілуіне   қарай    және  кінәні   немесе  жауаптылықты   ауырлататын   аса  ауырлататын   белгілердің   нақты  қылмыс   түрінде   жиі   кездесе- тіндігіне   байланысты   арнайы   көрсетілуіне   қарай   ажыратылады. 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2- ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

                

2.1.   Қылмыстық  заң бойынша қылмыс   құрамдардың   белгілері

 

Қылмыстық   кодекстің   Жалпы   және  Ерекше   бөлім   нормаларының   диспозицияларында   қолданылатын  белгілерге    зер  салсақ,  олардың   біркелкі   сапада   емес  екендігін   байқауға   болады.  Қылмыстық   құрамдарды   сипаттайтын   белгілеуге   негізделген   қылмысты   іс-әрекеттердің   түрін  бейнелейтін,   объективтік   жақтың   белгілері   тән   болғанмен,   олардың   ішінде  субъективтік   жақты,  тіпті  субъектіні   сипаттайтын   белгілер  де  кездеседі.   Мұндай   қылмыс   құрамының   әртүрлі   элементтеріне   жататын   белгілердің   норма  диспозицияларында   кездесіп   отыру  себебі,  ол  диспозициялардың   қылмыс  түсінігін,   оның   басты   сипаттамасын,   өзге   қылмыстардан   басты  айырмашылығын   білдіруге   ұстамды   кезіндегі   қажеттілік  деп  түсіну  керек.  Құрамдардың   белгілерін   бірнеше   критерийлерде   бөліп  келтіруге   болады.

 

а) Қылмыс құрамдарының гинесологиялық және қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілері.

Қылмыс   құрамдарының   белгілері   гинесологиялық    мағынада   1) объективтік   және  2) субъективтік   деп   екі  топқа   бөлінеді.  Объективтік   белгілер   қылмыс  құрамының  объектісін   және  объективтік   жағын  сипаттайтын   белгілерді   білдіреді.  Субъективтік   белгілер – қылмыс   құрамының   субъективтік   жағын  және   субъектісін  сипаттайтын   белгілер  болып  табылады.

Қылмыс   құрамының   қоғамға   қауіптілік   дәрежесін  сипаттайтын   белгілерді   үш  топқа   бөлуге   болады. 1) Негізгі   немесе  конститутивтік;   2) Ауырлататын   немесе  сараланған;  3) Жеңілдететін;

  1. Негізгі немесе конститутивтік   белгілер  деп  қылмыстық   құрамдардың   негізгі   немесе   ауырлататын   құрамдарына   сондай-ақ   жеңілдететін   құрамдарына  да   тән   белгілерді   айтамыз. Мысалы  қасақана  түрде  5%  басқа  адамға  қара  келтіру  белгісі  96 баптың  1 бөлімі  бойынша  сараланатын  жай  кісі  өлтірудің  ауырлататын  кісі  өлтірудің  түрлеріне, сондай-ақ   97,98,99,100  баптардағы  кінәні  жеңілдететін  жағдайларға  қарсы  бағытталған  қылмыстардың  негізгі  белгісі  болып  табылады.
  2. Ауырлататын белгілер қылмыстық  құрамында  тікелей  келтірілген  ауырлататын  жағдайларды  білдіреді. Ол  ауырлататын  шаралар  қылмыстық  құралды  сипаттайтын  белгілердің  түрлерінде  кездеседі, яғни  зардаптық  көлемге  қылмысты  жасау орны, уақыты, тәсілі  жағдайы, құралына  қарай және  ниетімен  мақсаттық  қылмыс субьектісінің  түріне  қарай  ауырлатады. Мысалы, 96 баптың екінші  бөлімі  «3» пунктіндегі  пайдақорлық  ниетпен кісі  өлтіруде  «пайдақорлық» ниет ауырлататын  белгі  болып  табылады. Бұл  белгінің адам  өміріне  қарсы қылмыстарда  неліктен кінәні  ауырлатады деген  сұрақ  туындауы  мүмкін. Себебі пайдақорлық қасақаналықпен  жасалатын көптеген  қылмыстарға  тән  ниеттің  бірі   болып  табылады. Мысалы  ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, қорқытып алушылық  т.б осы  тәріздес  қылмыстарға  пайдақорлық  тән  белгі  болып  табылады. Бірақ  бұл  қылмыстарда  пайдақорлық  ниет  кінәні ауырлатпайды.  Ал  кісі  өлтіру  қылмысында  пайдақорлықтың  ауырлату  себебі, ол кінәлінің пайда  табу  ниетін іске  асыру  үшін  келтіретін  зардабының  түрі  аса  ауыр болуына  байланысты. Басқаша  айтқанда, ол пайда  табуы  үшін біреу  өлуі  керек. Бұл  қылмыскердің  қоғамға  қауіптілігін  бірден айғақтайды  және  аса  қауіпті  адам  етіп  көрсетеді. 
  3. Қылмыстық құрамдар кінәні  жеңілдететін  қылмыс  түрі  ретінде  бағалауы  үшін, ол  жеңілдететін  белгі  құрамның  мазмұнында  келтіріледі. Мұндай  жағдайда  ауырлататын  құрамдардағы  тәріздес  кінәні  жеңілдететін  белгі  қылмыстық  құрамның  міндетті  белгісі  ретінде  норма  диспозициясында  тікелей  көрсетіледі.  Қылмыстық  кодексте  кінәні  жеңілдететін  қылмыс  құрамдары  көп  емес.  Ондай   құралдар бар болғаны жетеу ғана  және барлығы да  жеке  адамға  қарсы  қылмыстар  тарауында  келтірілген. Оларға әйелдің  баласын  босану  уақытындағы, қажетті  қорғану, ашу  шегінен шығуы, қылмыскерді  ұстау  шаралары  шегінен  шығуы жағдайларында өміріне  немесе ден-саулығына  зардап  келтіруді қарастыратын  құрамдар жатады. Бұл қылмыстарда кінә қылмыс  жасау  уақытына  және жағдайына  қарай жеңілдетіледі.

Жеңілдететін құрамдар  мен  жеңілдетін  белгілер деген  ұғым  түсінуге  болмайды. Кінәні  немесе жауаптылықты жеңілдететін  белгілер  Қ.К. 53 бабында  келтірілген. Ол   белгілер  мысалы  кінәлінің  жүкті  әйел, кәмелетке  толмаған  т.б. болуы  қасақаналықпен  немесе  абайсыздықпен  жасалған  қылмыстарда  кездеседі  және  қылмысты  саралауда  әсер  етпейді. Жеңілдететін  белгі  баптың  атауында  немесе диспозициясында тікелей  көрсетілгенде  ғана қылмыстық құрамның міндетті белгісі  ретінде  бағаланып, қылмыс  осы  белгісіне  қарай     сараланады.

 

 

ә) Анықталған және бағаланатын белгілер.

Қылмыстық  құрамның  белгілері  анықталуы  дәрежесіне  қарай  екіге  бөлінеді: 1) анықталған; 2) бағаланатын;

Аяқталған  белгінің  мағынасын  түсіну  қылмыс  құрамын  анықтайтын  белгінің  бар  немесе  жоқ  екендігін  анықтауда  қиындық  тудырмайды  және  мұндай  белгілер  заң  баптарының  өзінде  келтіріледі  немесе  оның  түсінігі  ашылады. Мысалы, 103 бап  денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтіруді  білдіретін  белгілер.

Бағаланатын  белгілердің  түсінігі  немесе  оны  анықтау  дәрежесі  диспозицияда  келтірілмейді. Мұндай  топқа  жататын  белгілерді  практикада  саралау  жүргізуші  субьектілер  өз  көз-қарасының  пайымдалуымен  немесе  құқықтық  санатымен  анықтайды.

Заң  баптарында  бағаланатын  белгілер  ұдайы  немесе  үнемі (мысалы  107 бап. Азаптау «Ұдайы  ұрып  соғу»), елеулі (мысалы  307 бап. Қызмет  өкілеттігін  теріс  пайдалану «…  азаматтардың  немесе  ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  не  қоғамның  немесе  мемлекеттің  заңмен  қорғалатын  мүдделерін  елеулі  түрде  бұзуға  әкеп  соқса») көрінеу (мысалы,  308 бап. Билікті  не  қызметтік  өкілеттікті  асыра  пайдалану «… өзінің  құқықтары  мен  өкілеттігі  шегінен  көрінеу  асып  кететін  …»)  108 бап. Көрінеу  қылмыстық  жолмен  табылған  мүлікті  сатып  алу  немесе  сату, оны  құрметтемеу, ерекше  арсыздық (мысалы 257 бап. бұзақылық), әдепсіз (мысалы 130 бап. Қорлау «… әдепсіз  түрде  кемсіту…»), нұқсан  келтіретін (мысалы  129 бап, жала  жабу), қатігездік  немесе  жауыздық (276 бап, жануарларға  қатігездік  жасау), селқос (381 бап, қызметке  селқос  қарау) т.б.  Мұндай  ұғымдардың  ауырлық  дәрежесі  тергеуші  немесе  соттардың  қызметінде  жеке  таразылай  бұрынғы  практикаларына  сүйене  немесе  жеке  өз  көз-қарасымен, бағалай  отырып  анықталады.

Бағаланатын  ұғымдардың  заңда  өмір  сүру  себебі  әрекеттердің  көріністері  әр  түрлі  деңгейде  болатындығына  және  көп  түрлі  мазмұнды  иеленетіндігіне, соған  сәйкес  әр  жағдайдағы  қауіптілік  дәрежесін  заңда  бейнелеу  мүмкін  еместігіне, соған  орай  нақты  қылмыстың  сол  кездегі  жағдайларына  қарай  анықтау  қажеттілігіне  байланысты  болып  табылады.  Қылмыстық  заңда  бағаланатын  ұғымдардың  кездесуі, ол  тек  практика  қызметкерлерін  ғана  емес, заң  шығару  қызметін  де  кейде  қателіктерге  ұрындырады.  Мысалы, 1998 жылға  дейін  қолданылған  қылмыстық  заң  бойынша  бұзақылық  қылмысы  жай  кәнігі  және  аса  кәнігі  бұзақылық  деп  бөлінетін. Ұсақ  бұзақылық әкімшілік тәртіпте қаралатын,кейін сол 1998-жылға  дейінгі  заңның  қолданылуы  кезінде-ақ  жай  бұзақылықты  да  қылмыс  қатарынан  шығарып, әкімшілік  құқық  бұзушылыққа  ауыстырды. Қазіргі  қылмыстық  заңның  258 бабында  тек  бұзақылықтың  кәнігі  және  аса  кәнігі  түрлері  ғана  қарастырылған. Яғни, бағалаушы  ұғымдар  іс-әрекеттің  қылмыстылығын  белгілеуде  анық  емес   пайымдауларға  соқтырып  отыруына, оның  тұрақтылығына  әсер  ете  алады.

Соттар, тергеушілер  бағаланушы белгілер  кездесетін  заң  баптары  бойынша  іс-әрекетті  қылмыстық  деп  бағаланғанда  оны  құжаттарда  негіздеу  керек  немесе  фактілерді  көрсете  отырып, дәлелдеуі  керек. Себебі,  бағаланушы  фактілердің  мағынасын  оның  көлемін  дұрыс  түсіндіруде  құқық  қолданушы  қызметкер  ақиқат   болмысынан, оның  шындығынан  ауытқып  кетуі  мүмкін.  Соның  нәтижесінде  шын  мәнінде  қылмыс  деп  немесе  қылмысты  емес  әрекет  қылмыс  деп  бағалануы  мүмкін.  Осы  тәріздес  кемшіліктерден  құтылу  үшін  қылмыстық  заңның  кейде  бағаланушы  ұғымдардың  әр  түрлі  көріністерін  немесе  көлемін  анықтауға  тырысуы  бағытын  ұстанатындығын  байқауға  болады.  Оны  мынандай  үш  жағдайда  байқауға  болады. Біріншіден  ұғымның  мағынасын, көлемін  алу  үшін, сол  бапта  ескертпе  келтіру. Мысалы,  кейбір  баптарда  «ірі  мөлшер» деген  белгі  қолданылады. Мысалы, 193 баптың  заңсыз  жолмен  алынған  ақша  қаражатын  немесе  өзге  мүлікті  заңдастыру. 3 бөлімінде  ірі  мөлшердегі  қаражатты  заңдастыру  үшін  жауаптылық  көзделген. Бұл  бапта «ірі  мөлшер» деген  белгінің  көлемін  анықтау  және  сот-тергеу  қызметтік  бір  ізділікке  келтіру  мақсатында  ескертпе  келтірілген.

Баптарға  арнайы  ескертпе  келтірілгенде, оны  бағаланушы  ұғымның  мағынасын  ашу  үшін  келтірілген  екен  деп барлық  кезде  түсінуге  болмайды. Ескертпелер  кейде  қылмысты  іс-әрекет  жасаған  адамды  кейіннен қылмысты  ашуға, оның  өзге  қатысушыларын  табуға, сондай-ақ  ауыр  зардаптар  туындамай  тұрып  мемлекеттік  органдардың  талабын  орындап, қылмысты  әрекеттердің  жалғасуын  өз  еркімен  тоқтатқан  адамды  қылмыстық  жауаптылықтан  босату  немесе  жемқорлық  жасаған  адамдарды  әшкерлеу  мақсатында т.б  себептерге  қарай  келтіріледі.  Бағаланушы  ұғымдардың  түсінігін, көлемін  анығырақ  заңда  көрсету  мақсатындағы  екінші  бағыт  ретінде  нормалардың  диспозицияларында  келтіріліп  отырған  осындай  белгілерді  анықтаған  белгілермен  ауыстыруды  айтуға  болады. Мұндай, жағдайлар  әрине  қылмысты  саралау  барысындағы  сот-тергеу  қызметкерлерінің  нақты  жағдайларда  өз  бағалауы  бойынша  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  шектейді.  Бірақ  оның  есесіне  құқық  қорғау  органдарының  қызметінде  әр  келкі  түсіну, алауыздықтар  шектеліп, заңдылық  қағидасының  сақталуы  арта  түседі.

Бағаланушы  ұғымдарды  бір  келкі  деңгейде  түсіну  бағытындағы  үшінші  бағыт  ретінде  қылмыстық  реттер  бойынша  қабылданылған  Қ.Р Жоғарғы  сотының  нормативтік  қаулыларын  келтіруге  болады. Мұндай  қаулыларда  қылмысқа  саралау  жүргізу  мәселелерінің  қатарында  қылмыстық  кодекстің  диспозицияларында  келтірілген, бағалаушы  белгілердің  мағынасын  дұрыс, әрі  біркелкі  анықтау  үшін  жетекші  түсініктер  беріледі. Мысалы  1995 жылғы  21 шілдеде  қабылданған  «Бұзақылық  туралы  істер  бойынша  сот  практикасы  жөніндегі» Қ.Р. Жоғарғы  соты  қаулысының  3 бөлінде  «ерекше  арсыздық  ретінде  жалпы  адамгершілікті  менсінбегендікті  көрсетуді  білдіретін  бұзақылық  әрекеттерді  түсіну  керек, мысалы  ұятсыздық  көрсету, ауру, қарт, дәрменсіз  адамдарды  мазақтау  т.б.»  деп  түсіндірме  берген. Сонымен  бірге  осы  қаулының  4 бөлімінде «ерекше  өрескел» белгісінің  мағынасы  қарастырылып  «ерекше  өрескел  белгісін  иеленетін  бұзақылық  ретінде, адамдардың  кемсітумен  қоғамдық  тәртіпті  ұзақ  және  белсенді  түрде  бұзықпен, бөтеннің  мүлкін  бүлдірумен  немесе  жоюмен, көпшілік  шараларды  тоқтатып  тастаумен, кәсіпорындар  мен  мекемелердің  немесе  қоғамдық  көліктердің  жұмысын  уақытша  тоқтатумен  және  тұрақты  еңбек  қабілетігінен  айырмаған  немесе  денсаулықтың  қысқа  уақыттық  бұзылуына  соқтырмаған  жеңіл  дене  жарақаттарын  келтіру  жағдайларымен  ұштасқан  көрінеу  қоғамды  сыйламауды  білдіретін  қылмысты  түрде  қоғамдық  тәртіпті  бұзу» деп  түсіндіреді.1

 

б). Позитивтік және негативтік белгілер. 

Қылмыс  құрамдарының  белгілері  қылмыстық-құқықтық  маңыздылығына  қарай: 1) позитивтік (мағынасы  жағымды,  оңды  деген  мағынаны  білдіреді) 2) негативтік деп  екі  топқа  бөлінеді

Қылмыс  құрамдарында  кездесетін  белгілер  мағынасы, маңыздылығы  бойынша  көбінесе  растап  тұрса, ал  кейбіреулері  теріс   мағынада  түсіндіру  құрамының  бар  екендігін  ия  деген  мағынада  білдіреді. Ал  негативтік  белгілер  қылмыс  құрамының  белгілеріне  екінші  белгілерді  қарсы  қойып  түсіндіреді. Мысалы  «жатпайтын, өзге  жағдайларда, бар  болмағанда» деген  сөздерді  қолдану  арқылы  байқалады, сонымен  қатар  қылмыс  құрамының  жоқ  екендігін  білдіретін  белгілер  түрінде  көрінеді. Қылмыс  құрамының  жоқ  екендігін  білдіретін  белгілер. Ерекше  бөлім  баптарының, ескертпелерінде  кездеседі. Мысалы, 251 бап. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш  заттарды  және  жарылғыш  құрылғыларды  заңсыз  алу, беру,өткізу, саптау, тасымалдау  немесе  алып  жүру қылмысының  ескертпесіндегі  «өз  еркімен  тапсырған  адам» деген  белгіні  айтуға  болады.  Мұндай  ескертпелер  терроризм, кепілге  алу, парақорлық, қылмысты  жасыру, хабарламау  қылмыстарында  кездеседі.  Сонымен  қатар  неготивтік  белгілер  Жалпы  бөлімнің  баптарының  атауларында  немесе  диспозицияларында  да  кездеседі. Мысалы  23-бап  Жазықсыз  зиян  келтіру, 16-бап  есі  дұрыс  еместік. Л.Д. Гаухман «терминологиялық  белгілердің  мұндай  бағытта  қолданылуы  іс-әрекетте  қылмыс  құрамының  бар  немесе  жоқтығына  белгілеу  кезінде  пайда  болатындығында, әйтпесе  жалпы  социологиялық  тұрғыдан  алғанда  бұлардың  мағыналары  қарама-қарсы  басады, яғни  ондай  жағдайда  негативтік  немесе  оңды  белгілер  қылмыс  құрамының  жоқтығын  білдірсе, ал  негативтік  белгілер  қылмыс  құрамының  бар  екендігін  білдіреді»  дейді.

              Негативтік  белгілер  Ерекше  бөлім  нормаларының  диспозицияларында да, жеткілікті  кездеседі. Мысалы 185  баптағы «автомобильді  немесе  өзге  де  көлік  құралдарын  ұрлау  мақсатынсыз                                                                                                                                                 заңсыз  иелену (айдап  кету)» деген  ережедегі «ұрлау  мақсатынсыз» белгісі, сондай-ақ  бөлімдеріндегі  кездесетін «тиісті  мамандығы  жоқ» деген  белгілерді  келтіруге  болады.

Қылмыстық  заңда  негізінен позитивтік  белгілер  қолданылады, бірақ  негативтік  белгілердің де  қылмыстық  құрамды  сипаттаудағы  ролі  позитивтік  белгілерімен  бірдей  және  қылмысты  саралауда  міндетті  белгі  ретінде  қолданылады. Позитивтік  белгілер  тек  заңды  оқығанда  түсінуге  жеңіл  болып  байқалады. Негативтік   белгілердің  заңда  өмір  сүру  себебі, ол  позитивтік  белгілер  тәріздес  қылмыстық  құралды  сипаттау, мағынасын  кезінде  қажет  болуына  байланысты.1

 

В). Тұрақты және айнымалы белгілер.

Қылмыстық  құралдардың     белгілерін     тұрақтылығына    қарай  1) тұрақты  және  2) айнымалы  деп  бөлуге  болады.

Тұрақты  белгілер  ретінде  қылмыстық  заңның  қолданыстағы  уақытында  өзгермейтін  құрам  белгілері  алынады  және  мұндай  белгілер  жасалған  қылмыстың  нақты  жағдайларына  қарай  мағынасы, түсінігі  өзгермейді.

Тұрақты  белгілер  Ерекше  бөлім  баптарының  диспозицияларында  ғана  емес, олар  Жалпы  бөлім  нормаларына  да  тән  болып  келеді. Мұндай  белгілерге  нақты  қылмыс  құрамдарын  талдауда  қолданылатын  белгілермен  қатар, көпшілік  немесе  барлық  қылмыс  түрлерін  сипаттауда  қолданылатын  белгілер  де  жатады.

Мысалы, барлық  қылмыс  түрлеріне  тән  белгінің  қатарына  кінәлілік, есі  дұрыстықты  жатқызуға  болады.

Ал  нақты  қылмыс  түрлеріндегі  тұрақты  белгілер  бұрынғы  заңдарда  басқаша  берілген  болуы  мүмкін, бірақ   жаңа  қабылданған  заң  ол  белгіні, түсінікті  басқаша  нұсқада  беріп  және  ол  заңның  бүкіл  күшінде  болу  уақытында  сақталады. Мысалы  1998 жылға  дейінгі  қылмыстық  заң  бойынша «кісі  өлтіру – бұл құқыққа  қайшы  түрде  басқа  адамды  өмірінен  айыру  болып  анықталатын. Ал 1998 жылдан  бастап  күніне  енген  заң  кісі  өлтіруді «басқа  адамға  құқыққа  қарсы  қасақана  қаза  келтіру» деп  анықтайды.  Бұрынғы  заң  мен  қазіргі  заңның  бұл  анықтамадағы  басты  айырмашылығы  кісі  өлтірудің  тек «қасақана» түрде  жасала  алатындығы  болып  табылады.

Тұрақты  белгілер  әдетте  қылмыстық-құқықтық  норманың  өзінде  келтіріледі, ал  басқа  нормативтік  актілерде  көрсетілгенде  айнымалы  сипатқа  көше  бастады. Себебі,  әр  түрлі  шаруашылық, қауіпсіздік  саласына  арналып  шығарылған  өзге  ведомоствалық  заңдар  техникалық  прогреске  талаптық  күшеюіне, бұрын  белгілі  болмаған  жайттардың  ашылуына  т.б  байланысты  жиі  өзгерістерге  ұшырайды. Қылмыс  құрамының  белгілері  бланкетті  болған жағдайда   өзге  ведомстволардағы  өзгерістер  қылмыстық  құрамның  белгісінің  де  өзгеруіне соқтырады. Мысалы, нақты  өзгеріс  салаларында  қолданылатын  техникалық  қауіпсіздік  ережелеріне  өзгерістер  енгізу  жүргізілгенде, мұндай  өзгерістер  ауыр   зардаптарға  соқтырған  қауіпсіздік  ережелерін  сақтамау  қылмыс  ретінде  заңда  қарастырылса, онда  бұл  өзгерілген  белгілер  айнымалылық  сипатты  көрсетеді.  ,   

Қылмыстық  заңда  мұндай  бланкетті  құралдар  қоғам  қауіпсіздігіне экологиялық  қауіпсіздігіне, экономикалық  қызметіне  қарсы  бағытталған  қылмыстарда  көптеп  кездеседі. 

Қылмыстық  құрам  белгілер  айнымалылыққа  соқтыратын  келесі  жәйт, ол  белгілі-бір  қылмыс  түрлері  бойынша  Жоғары  Соттың  нормативтік  қаулыларының  жаңаша  жетекші  ұсыныстар  көрсетілуіне  себеп  болатын  жағдайлар, қылмыстық-құқық  ғылымының  жетістіктерін  қолдану  қате  пайымдауларды  түзету  т.б  бола  алады.

 

                            2.2. Қылмыстық   құрамдардың  түрлері

 

Қылмыстық  құрамдарды  сипаттамасына  назар  аудара  отырып,олардың  бір-бірінен   елеулі  айырмашылықтары  болатындығын  байқауға  болады. Елеулі  айырмашылықтар  құрамдар  белгілерінің  көмегінде,  белгілердің қоғамға  қауіптілігінің   дәуірлерінде  сонымен  қатар қылмысты іс-әрекеттің  аяқталу  кезеңін білдіретін  белгілерде  немесе  құрамдардың құрылысында  кездеседі.

Қылмысты  кезеңде қаралып  отырған    ерекше   бөлім  нормаларының  немесе  бөлімдерінің    қандай  қылмыстық  құрам   түріне    жататындығын  білу  қажет.  Өйткені,   осы  шараларға  қарай  да  қылмыс  негізі  немесе   ауырлататын  құрал  ретінде  бағаланып немесе   бөлім  нормаларына    сілтеме   жасау  немесе    жасамау  мәселесі  шешіледі.

Қылмыстық  құрамдарды   қылмыстық  құқыққа    әдетте  сипатталуына   қарай   жәй  және  күрделі    құрамдарға  бөледі.  Демек,   қылмыстық  құрамдар  қылмысты  сипаттау белгілері   көлеміне  қарай   бірдей  бола   бермейді. Кейбір   қылмыстық   белгілері   құрам     элементтерінде   бір  белгісінің  болуы  бойынша   ғана  сипаттаса,  ал  кейбір құрамдарда оның элеметтері бірнеше белгінің бар болуымен немесе көрсетілген белгілердің кем денгенде біреуінің іс-әрекетте   болуымен  анықталады.  Қылмыстық  құрамының  жай  түрі  дегеніміз   қылмысты   сипаттайтын  құрам  элементтерінің   бір   белгіден,  яғни  бір  обьектіден  обьективтік   жағы  бойынша    бір  іс-әрекеттен   немесе  бір  зардап  түрінен,  субьективтік  жағы  бойынша   бір  кінә    түрінен   тұруы  болып  табылады.

Жай  құрамдарда    құрам  элементтерін   сипаттайтын  белгілер  бір  және  балама  белгілерді  немесе  белгілер  жиынтығын  білдірмеуі  керек.   Мысалы:  175  баптың  1 бөлімінде  қарастырылған  ұрлық  қылмысы  жай  құрам   тәрбие  жатады.  Бұл  қылмыстың  обьектісі  біреу, ол  бөтеннің  меншік  құқығы,  обьективтік жағы  бойынша  бір  әрекеттен  тұрады,  ол  бөтеннің  мүлкін  жасырын  алу,  зардаптың  түрі   материалдық  сипаттағы  мүліктік  зардаптар,  кінә   нысаны   тікелей  қасақаналық,  субьектісі  14  жасқа  толған, есі  дұрыс  кез- келген адам.

Бір  ескерте  кететін  жайт,  11  қылмыс  түрі  бір  ғана  құрам  түріне   барлық  кезде   жата  бермейді.   Бұдан  бұрыңғы  бөлімдерде  айтып  кеткендей  бір   қылмыс  бірнеше  құрамдарға  бір  баптың  көлемінде  бөлінуі  мүмкін.  Мысалы,  ұрлық  қылмысын  қарастыратын  175 баптың  3  бөлімі  «б»   пунктіндегі  ірі мөлшердегі   ұрлықтан  басқа  құрамдардың   барлығы   жай  құрамды  емес     күрделі  құрамдарды  білдіреді.  Себебі  осы  баптың  екінші  бөлімінде  келтірілген   «адамдар  тобының  алдын – ала   сөз  байласуы    бойынша,  бірнеше  рет  жасалған  ұрлықтар  қылмыстық  обьективтік   жағының  белгілерін  күрделендіреді».

Күрделі  құрамдар  дегеніміз, қылмысты  сипаттайтын  құрам  элементтері   белгілерінің бірнеше  белгілерден  құралуы  немесе  балама  түрде  бейнеленуі  болып  сипатталады.мысалы  237  бап,  Бандитизм    қылмысының  негізгі  обьектісі    қоғамның    қауіпсіздігі   болса,  ал  балама  обьектілері  ретінде  бөтеннің  меншігі, адамның  өмірі  мен  денсаулығы, жеке  бостандығы  т.б  бола  алады.  Сол  сияқты  күрделі  құрамдарға  қылмыстың  обьективтік  жағы  бойынша  іс-әрекеттерден  тұратын  қылмыстар  жатады.  Қылмыс  сол  баптың  диспозициясында  келтірілген  бір  әрекеттің  немесе  бір  әрекеттің  мағынасын  ашу  кезінде   қолданылатын  белгілердің  болуымен  анықталады. Бір  әрекеттің  мағынасын  ашу  кезінде  қолданылатын  белгілер  деп  отырған  себебіміз, кейбір  күрделі  құрамдарда  обьективтік  жақтың  белгісі  норма  диспозициясында бір  белгі  түрінде  көрсетілгенмен, ол  белгінің  көріністерін  білдіретін  әртүрлі   әрекеттер  болады, олар  заңда  көрсетілмеуі  мүмкін.  Билікті  асыра  пайдалану  қылмысын  сипаттауда «өкілеттік  шегінен  көрінеу  асып  кететін» деген  белгі  қолданылады. «Көрінеу  асып  кететін» әрекеттердің  нысандары  ретінде:

-лауазымды  адамның  өзінен  жоғары  ведомстволық  әрекетті  жасауы;

-лауазымды  адамның  басқа  ведомоствоның  өкілеттігіндегі  әрекетті  орындауы;

-алқа  түрінде  шешілетін  мәселені  жеке  шешуі  ерекше  жағдайларда ғана  берілетін  құқықтарды  пайдалану;

-ешбір  жағдайда  құқығы  жоқ  әрекеттерді  жасауы  (мысалы  қызметшіні  ұру, тілдеу т.б)

Осы  тәріздес  көпшілік  қылмыстар  материалдық   зардаптың  келуі  түрінде  анықталатындықтан, зардаптың  түрін, көлемін  сипаттауда  бірнеше  зардап  түрлері  құрам  белгісі  ретінде  келтірілуі  мүмкін. Мысалы, 282 бап. Атмосфераны  ластау.

Күрделі  құрамдар  қылмыстың  субьективтік  жағының  міндетті  белгісі  болып  табылатын  кінәлі  екі  нысанда  да, яғни  қасақаналықтың  немесе  абайсыздықтың  бірінің  болуымен, сондай-ақ  кінәнің  аралас  нысаны  түрінде  сипаттайды.Мысалы, 179 баптың  3 бөліміндегі  «б» пункті  бойынша  сараланатын  абайсызда  адамның  денсаулығына  ауыр  зиян  келтірумен  немесе  жәбірленушінің  өліміне  соқтырған  қарақшылық.

Күрделі  құрамдарда  қылмыстың  субьектілері  де  жауаптылық  жасына  толу, есі  дұрыстық  тәрізді  қарапайым  белгілер  мен  ғана  емес  сонымен  бірге  жалпы  және  арнайы  субьектілер  түрінде  анықталады.  Мысалы, 190 бап.  Заңсыз  кәсіпкерлік.

Біз  ескерте  кететін  жәйт, ол  күрделі  құралдарда  төрт  құрам  белгілері  де  күрделіліктен  тұруы  шарт  емес. Күрделі  құрам  деп  айту  үшін  құрам  элементтерінің  кем  дегенде  біреуі  сипатталуы  бойынша  күрделіліктен  тұрса  жеткілікті.

Қылмыстық  құрамдар  іс-әрекеттің  қоғамға  қауіптілік  дәрежелеріне  қарай  негізгі  құрамдарға  ауырлататын  құрамдарға  жете  жеңілдететін  құрамдарға  бөлінеді.  Құрамдардың  негізгі  түрі  іс-әрекеттің  қауіптілігін  жеңілдетпейтін  де  аса  ауырлатпайтын  да  белгілерден  құралады.  Мұндай  құралдар  көбінесе  Ерекше  бөлім  баптарының  бірінші  бөлімдерінде  келтіріледі. Мысалы  175 бап  1 бөлімі, жай  ұрлық; 177 бап 1 бөлімі  жай  алаяқтық, сол  сияқты  178 баптың  1 бөлімі, 179 баптың  1 бөлімі, 96 баптың  1 бөлімі, 120 баптың  1 бөлімі т.б.

Негізгі  құрамдарды  анықтауды  барлық  кезде  қылмыстың  ауырлық  сипаттары  ауыр  емес, орташа  ауыр, ауыр  және  аса  ауыр  қылмыстар  деп  төртке  бөлгенмен  негізгі  құрамға  жататын  қылмыстар  ауыр  емес  те  (мысалы  129 баптың  1 бөлімі   жала  жабу) ауырлығы  орташа  да, ауыр (мысалы  жай  кісі  өлтіру 96 бап  1 бөлімі) аса  ауыр  да  болуы  мүмкін. Негізгі  құрамға  бар  ауыр  қылмыстардың, әдетте  сол  баптың  басқа  бөлімдерінде  қарастырылған  ауырлататын  немесе  аса  ауырлататын  құрамдары  кездеседі.

Қылмыстың  қоғамға  қауіптілігіне  қарай  немесе  кінәні  ауырлататын  құрамдар  көпшілік  жағдайда  баптың  кейінгі  бөлімінде  келтіріледі.  Бұл  құрамдардың  негізгі  құрамдарын  салыстырғанда  ауырлатушы  обьективтік  немесе  субьективтік  белгілері  диспозицияда  тікелей  көрсетіледі. Ауырлататын  құрамдардың  белгілері  бұдан  бұрынғы  бөлімдерде  айтқанымыздай  қылмыстық  обьектінің  көлеміне, іс-әрекеттің  белсенділігіне, түрі  мен  көлеміне, қылмыстың  жасалу  орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралына  ниеті  мен  мақсатының  немесе  қылмыс  субьектілерінің  түріне, сондай-ақ  Қ.К. 54 бабында  келтірілген  белгілердің  тікелей  көрсетілуіне  қарай  ауырлатады.  Мұндай  ауырлатушы  белгілер  сол  құрамның  белгісі  ретінде  заңда  тікелей  көрсетілгенде  бұл  белгілер  міндетті  белгі  ретінде  бағаланып, қылмыс  осы  белгісіне  қарай  сараланады.

Ауырлататын  құрамдарда  қоғамға  қауіптілікті  ауырлатушы  белгілер  заңда  тікелей  көрсетілгенмен, ол  қылмысты  немесе  оны  жасаған  адамның  кінәсін  барлық  кезде  ауырлатпауы  да  мүмкін. Анығырақ  айтқанда  заң  бойынша  аса  ауыр  деп  бағаланатын  қылмысты  кінәні  жеңілдететін  белгілері  бар  адам  да  жасауы  мүмкін. Мысалы,  аса  ауырлататын  кісі  өлтірудің  түрлерін  немесе  бандитизм  қылмысын  жасаған  адам  да  ҚК 53 бабында  қарастырылған  жеңілдететін  белгілер  болуы  мүмкін. Мұндай  жағдайда  қылмысты  саралау  өзгермейді, іс-әрекет  ауыр  қылмыс  құрамы  түрінде  саралана  береді, қылмыс  құрамында  немесе  баптың  диспозициясында  тікелей  көрсетілмеген  белгі  саралау  жүргізуде  әсер  етпейді, бірақ  қылмыс  құрамындағы  емес, жасалған  қылмыстағы  немесе  іс-әрекеттегі  жеңілдетуші  белгі  жаза  тағайындау  кезінде  ескеріледі.

Жеңілдететін  қылмыстық  құрамдарда  кінәні  немесе  қоғамға  қауіптілікті  жеңілдететін  белгілер  қылмыстық  атауында  немесе  баптың  диспозициясында  тікелей  аталуы  және  қылмыс  құрамында  жеңілдетіп  тұрған  белгі  міндетті  белгінің  ролін  атқарады.  Яғни,  іс-әрекетте  кінәні  жеңілдетуші  осы  белгі  болмаса, онда  іс-әрекет  осы  қылмыс  құрамы  ретінде  сараланбайды. Мысалы,  іс-әрекетті  қажетті  қорғану  шегінен  шығу  жағдайындағы  кісі   өлтірушілік  деп  бағалап, 99 баппен  саралау  жасау  үшін  жасалған  кісі  өлтіру  әрекетінде  қажетті  қорғану  және  оның  шегінен  шығу  белгісі  болуы  керек. Бұл  белгі  болмаса  онда  жеңілдететін  құрам  ретінде  бағаланбайды. Жалпы  кінәні  жеңілдететін  құрамдар  қылмыстық  заңда  көп  емес, олардың  барлығыда  жеке  адамға  қарсы  қылмыстар  тарауында  қарастырылған.

Қылмыстық  құрамдар  құрылымның  ерекшелігіне  немесе  қылмыстың  аяқталу  белгілеріне  қарай  формальдық, материалдық    және  келте (қысқартылған)  құрамдарға  бөлінеді.

Мұндай  құрамдардың   заңда  өмір  сүру  себебі, ол  іс-әрекеттің  қоғамға  қауіптілігінің  қылмыс  деп  бағалауға   болатындай  дәрежеге  жетуіне  байланысты  қылмыстық-құқықтық  шектеу  қою  моментімен  байланысты   болып  табылады. Яғни,  әрбір  қылмыс  құрамының  аяқталу  моментінде  қылмыс  жасалды, оның  қауіптілігі  қоғамға  үрей  туғызды  немесе  заңмен  қорғалатын  обьектіге  зиян  келуі  деп  бағалауға  болатындай  қауіпті  іс-әрекеттер  бар.

Материалдық  құрамдар  ретінде  қылмыстың  аяқталу  кезеңі  туындауы  мүмкін  зардаптардың  болуымен  анықталатын  құрамдар  танылады.

Кейбір  қылмыстар  табиғатынан  заңмен  қорғалатын  обьектілерге  белгілі  бір  зардаптар  келтірумен  ерекшеленеді. Материалдық  құрамдардағы  зардаптар  бөтеннің  меншігіне  мүліктік, адам  өмірі  мен  денсаулығына  ауыр, орташа  және  жеңіл  дәрежелі  зардаптар  келтіру  түрінде  бола  алады. Материалдық  құрамдарда  қылмыс  құрамының  міндетті  белгісінің  бірі  материалдық  зардаптар  болып  табылады  және  бұл  белгі  қылмыстың  обьективтік  жағының  бір  белгісі  ретінде  анықталады.

Материалдық  құрамдардың  түрлері  ретінде  адамның  өмірі  мен  денсаулығына, бөтеннің  меншігіне  қарсы  көптеген  қылмыстар, сондай-ақ  қылмыстық  заңның    өзге  тарауларындағы  қылмыстың  аяқталу  меншікті  үшін  белгілі  бір  мүліктік  немесе  физиологиялық  зардаптардың  келуі  міндетті  деп  танылған  қылмыс  түрлері  жатады.  Зардаптар  туындағанда  емес, ол  зардаптар  туындамаса  да  материальдық  түрін  жоғалтпайды.  Тек  мұндай  кезде  қылмыстық  іс-әрекет  аяғына  жетпеген  немесе  аяқталмаған  қылмыс  ретінде  бағаланады.  Материальдық  құрамдарда  нақты  зардаптың  түрлері  мен  көлемі  міндетті  белгі  ретінде  қарастырылатындықтан, олардың  ауыр  немесе  аса  ауырлататын  құрамдарын  қылмысты  саралауда  анықтау  аса  қиындық  тудырмайды, ол  заңда  белгіленген  зардаптың  түрімен  немесе  көлеміне  қарай  жеңіл  анықталады.

Материалдық  құрамдар  қылмыстың  аяқталу  кезеңіне  қарай  нақты  аяқталу  түріне  сәйкес  келеді.  Дәлірек  айтқанда  мұндай  құралдарды  қылмыстық  заң  жүзінде  және  нақты  аяқталу  кезеңдері  бір-біріне  сәйкес,  бір кезеңмен  аяқталады. Мысалы, алаяқтық  қылмысында  іс-әрекеттің  мақсаты, бағыты  бөтеннің  меншігіндегі   мүлікті  немесе  мүлікке  құқық  беретін  құжатты  алу  болып  табылады.  Кінәлі  осы  үшін  қолдау  немесе  сенімге  қиянат  жасау  әрекеттерін  жасайды. Егер  осы  әрекеттердің  нәтижесінде  жәбірленушіге  мүліктік  сипаттағы  зардаптар  келсе, ол  қылмыстық  нақты  (фактический) аяқталу  кезеңін  білдіреді.  Қылмыстық  құқықта  алаяқтық  қылмысының  аяқталу  кезеңін  меншік  иесіне  зардаптың  келу  кезеңімен  анықталады.  Бұл  қылмыстың  заң  жүзінде  аяқталу  кезеңін  білдіреді. Қылмыстың  аяқталу  кезеңдерінің  түрлері  барлық  қылмыстық  құрамдарда  бір-біріне  сәйкес  келе  бермейді. Бұл  әсіресе  формальдық  құрамға  жататын  кейбір  қылмыстарда  және  келте  құрамдарда  байқалады.

Формальды  қылмыстық  құрамдар  дегеніміз, әрекеттің  қоғамға  қауіптілігі  жоғары  болуына  байланысты  қылмыстық-құқықтық  шектеу  белгіленіп  және  аяқталу  кезеңі  қылмысты  деп  танылған  іс-әрекеттің  жасалуымен  анықталатын  құрамдар  болып  табылады.  Әдебиеттерде  формальдық  құрамдарда  «қылмыстық  аяқталу  кезеңі  үшін  зардаптың  туындауы  міндетті  емес  және  қылмысты  деп  танылған  іс-әрекеттің  жасалуымен – ақ  аяқталатын  қылмыстар»  деп  анықталады. Бұл  аса  дұрыс  түсіндіруді  білдіре  алмайды.  Формальдық  құрамдардың  қылмыстылығын  негіздеу  үшін  іс-әрекеттің  қоғамға  қауіптілігін  дәлелдеу  керек.  Қылмысты  іс-әрекеттердің  қоғам  өмірінің  әр  саласында, әр  түрлі  жағдайда, деңгейде  кездесе  алатындығының  бір  дәлелі  осы  формальдық  немесе  заң  жүзінде  қылмысты  деп  танылған  құрамдарда  байқалады. Формальдық  құрамдардың  негізгі  мағынасы  заңда  қылмыс  деп  танылған  іс-әрекетте  қоғам  мүддесіне  көрінеу  туындап  тұрған  материальдық  зардаптар  болмағанмен, ондай  әрекеттердің  заңмен  қорғалатын  обьектілерді  бұза  алатындығымен  көрінеді.  Мұндай  әрекеттерге  егер  қылмыс  деп  бағаланып  құқықтық   шектеу  қойылмаса, онда  бұл  әрекеттер  қоғамның  сол  саласын  күйретуге  әкелер  еді. Мысалы,  қылмыстық  заңдағы  адамды  ұрлау, жала  жабу, әйел  зорлау, жалған  құжаттарды, мөртаңбаларды, … қолдан  жасау, дайындау  немесе  өткізу  пара  алу, кәмелетке  толмағандарды  қылмыстық  жолға  тарту  т.б   формальдық  құрамдарға  жатады. Бұл  әрекеттердің  қылмыстылығы  бұлай  негізделеді. Апталық  аталған  қылмыс  түрлері, мысалы  жала  жабу, жалған  құжат   жасау  заң  жүзінде  қылмыс  деп  танылмаған.Онда  қоғамда  мұндай  әрекеттерді  жасауға  болмайды  деген  түсінік  қалыптасады.  Себебі  құжатты  заңда  салу  үшін  белгілі  бір  заңды  әрекеттер  орындалуы  керек. Мысалы,  диплом  алу  үшін  оқу  керек, ешбір  адам  өзіне  жала  жабылғанын  қаламайды.  Бірақ  қоғамда  қалыптасқан  осындай  түсінікке  қарамай, жала  жабу  немесе  жалған  құжат  жасау  әрекеттері  жасалса, онда  біз  оларды  жауаптылыққа  тарта  алмаймыз. Өйткені,  жала  жабу, әбден  зорлау, т.б  заңда  қылмыс  деп  табылмаған. Мұндай  жағдайда  осы  салаларында  мүлдем  тәртіп  болмас  еді. Барлық  адамдар  жала  жабылып, зорланып, қадір  қасиеттен  жұрдай  болып  шығар  еді  де, қоғамның  осы  салалары  күйреуге  ұшырар  еді. Міне, формальдық  құрамдарға  жататын  іс-әрекеттердің  қоғамға  қауіптілігі  және  олардың  қауіптілігі  осындай  дәрежеде  болады  деп  түсіну  керек. сондықтан  мұндай  әрекеттер  қоғамға  қауіпті  болуына        байланысты  қылмысты  деп  бағаланған.1

Заң  шығарушылық  қызметінде  іс-әрекеттерді  қылмыстандыру (криминализация) немесе  қылмыс  қатарынан  шығару  (декриминализация) жиі  байқалатын  құбылыс. Мұндай  жұмыста  заң  шығарушы  белгілі-бір  іс-әрекеттің  қылмыстылығын  анықтауда  қиындықтарға  кездеседі, бұл  әсіресе  формальдық  құрамға  жататын  іс-әрекеттерде  жиі  байқалады.  Мысалы,  бұзықтық  қылмысының  жай  түрі, ұрып-соғу  әрекеттері  қылмыс  қатарынан  алынып  тасталады.  Негізінен  іс-әрекеттердің  қылмыстағы  немесе  қоғамға  қауіптілігін  дәрежелерге  анықтағанда, заң  шығарушы  талқылауға  алынып  отырған  іс-әрекеттің  жоғарыда  айтылып  отырған  үлгіде  яғни  іс-әрекеттің  әлеуметтік  қауіпсіздігіне  сүйене  отырып  мәселені  шешу  керек.  Өйткені,  кейбір  кезде  формальдық  құрам  ретінде  бағаланатын  қылмыстармен  моральдық-этикалық  нормаларға  немесе  әкімгершілік  заңға  қайшы  әрекеттердің  айырмашылығын  табу  қиындықтарға  соқтырады.  Іс-әрекеттің  моральы  мен  этикаға  немесе  қалыптасқан  заңмен  қаралатын  обьектілерге  қайшы  екендігін  анықтағанда  да  ол  әрекетке  заң  тарапынан  тиым  салынбаған  да  қоғамды  қандай  күйге  соқтыратындығы  тұрғысынан  шешу  қажет  болып  табылады. Қылмыстық  құралдардың  келесі  түрі  келте  құралдар  болып  табылады. Әдебиеттерде  келте  құралдарға  «кейбір  жағдайларда  заң  шығарушы  қылмыстың  аяқталу  кезеңін  алдын  ала  қылмыстық  әрекет  кезеңдерінің  біріне  қылмысқа  дайындық  немесе  оқталу  кезіне  аударады.  Мұндай  қылмыстың  жасалғандығын  мойындау  үшін  қылмыстық  зардаптың  болуы  да, оны  тудыратын  әрекетті  аяғына  дейін  жеткізу  қажет  емес», деп  түсінік  береді.

Негізінде  келте  құрамдардың  негізгі  мағынасы, іс-әрекеттің  қауіптілігі  нақты  аяқталу  кезеңінде  ғана  емес, оның  бастапқы  кезеңдерінің  өзінде-ақ  қауіпті  әрекеттердің  жасалуы  арқылы  заңмен   қорғалатын  обьектілерге  зиян  келтіруіне  байланысты  аяқталды  деп  танылып  жауаптылықты  толық  белгілеуге  негізі  бар  қылмыс  құрамдарын білдіреді.

Келте  құрамдарда  қылмыстық  нақты  аяқталу  жеке  заң  жүзінде  аяқталу  кезеңдері  бір-біріне  сәйкес  келмейді  және  қылмысты  нақты  аяқтау  бағытында  бастапқы  жасалған  әрекеттердің  өзі-ақ  қоғамға  қауіпті  болуына  байланысты  қылмыс  жасалынды  деп  заң  жүзінде  бағаланған  іс-әрекеттер  болып  табылады.  Келте  құрамдардың  бір  ерекшелігі  бастапқы  кезеңде  жасалған  әрекеттердің  өзінде  қылмыстық  кодекстің  басқа  баптарындағы  аяқталған қылмыстық  белгілері  болады. Демек  келте  құралдардың  өзге  құралдармен  салыстырғанда  мынандай  ерекшеліктері  болады1..

  1. Қылмыстық заң жүзінде  аяқталу  кезеңі  оның  нақты                        аяқталу  кезеңінің  алдында  болады.
  2. Аяқталу кезеңінің өзінде  әрекеттің  қоғамға  қауіптілігі                     болады.
  3. Заңмен қорғалатын обьектілердің  бұзылуы  орын  алады.
  4. Бастапқы немесе заң жүзінде аяқталу  кезеңінде жасалған  әрекетттерде кейде  басқа  қылмыстың аяқталған  құрамы болады.

Келте  құрамдарға Қ К. 235 бабы (ұйымдасқан  топты, қылмыстық  қауымдастықта  құру) 237 бабы (бандитизм) 156 бап (басқыншылық соғысты  жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу)т.б.

               Келте  құрамдардың  заңда  өмір  сүруінің  басты  себебі, ол  қылмыстық  мақсатқа  жету  бағытында  жасалған  іс-әрекеттердің  қоғамға  қауіптілігінің  жоғарылығының  байқауына  байланысты, яғни  мұндай  кезеңнің  өзінде-ақ  сырттай  қарағанда  қылмысқа  даярлану  немесе  ақталу  сипатындағы  әрекеттер  жасалғанмен, ол  шын  мәтінде  осы  кезеңнің  өзінде-ақ  заңмен  қорғалатын  мүддеге  зиян  келтіре  отырып, қоғамға  нақты  қауіп  тудырады.

Мысалы, бандитизм  қылмысы  заң  жүзінде (юридический  момент  оканчания  преступления) бандиттік  топ   құрылған  кезден  аяқталады  деп  танылады. Ал  бандитизмнің  нақты  аяқталуы, ол  қылмыс  мақсатының  орындалуымен, яғни  бандиттік  топтың  шабуыл  жасаған  кезеңімен  анықталады. Заң  шығарушы  неліктен  бандитизмнің  заң  жүзінде  аяқталу  кезеңін топтың  құрылған  кезеңімен  белгіленген  немесе  осы  кезеңдегі  әрекеттерде  қоғамға  қауіптілік  қылмыс  бар  ма  деген  сұрақ  туындайды. Бандитизм  басқа  қылмыстарға  қарағанда  ауыр  белгілерінің  болуымен  сипатталады. Себебі  бұл  қылмысқа  бірнеше  адамдардың  бірлесуі, топқа  мүшелерінің  тұрақты  түрде  кіруі, қарулы, оның  ішінде  атылатын  қарудың  болуы  және  мақсатының  арнайы, яғни  шабуыл  жасау  тәсілі  арқылы  қылмыстық  мақсатқа  жетуді  көздеуі  тән  болып  табылады. Демек, біріншіден  тұрақты  топ  құрылып, оларда  қару 

болғанда  қоғам  қауіпсіздігіне  (қоғам  қауіпсіздігі – бұл  қылмыс  обьектісі) үдей  туындайды. Екіншіден, мұндай  шабуыл  жасау  мақсатындағы, қарулы, тұрақты  топтар  қоғам  қауіпсіздігін  қамтамассыз  ету  үшін  құрылмауы  керек. Үшіншіден, қауіпті  белгілері  бар  топтар  құрылғыдан  мемлекет  қоғамның, азаматтардың  қауіпсіздігін  қорғауға  міндетті, сондықтан  мұндай  топтардың  құрылуының  өзін-ақ  қылмысты  деп  жариялайды. Төртіншіден, бандитизм  қылмысының  аяқталу  кезеңіне  Қ.К. өзге  бабы  бойынша  аяқталған  қылмыс  деп  табуға  негіз  беретін, дәлірек  айтқанда  235 баптағы  қылмыс  құрамының  толық  аяқталу   белгілері, яғни  қылмысты  әрекеттермен  айналысу  үшін  тұрақты  топты  құру, оған  қатысудың  белгілері  бар. Бандитизм  қылмысы  заң  жүзінде  аяқталу  кезеңімен  толық (нақты) аяқталмаса  да, бірақ  оның  осы  бастапқы  әрекеттерінде  өзге  қылмыстық  толық  аяқталғандығын  білдіретін  белгілер  бар.

Мұндай  негіздемені  қазіргі  оқулықтар  формальдық  құрамдарға  жатқызып  жүрген  қарақшылық  немесе қорқытып  алушылық  қылмыстарынан  да  байқауға  болады.

Қарақшылық  және  қорқытып  алу  қылмыстарының  толық  немесе  нақты  аяқталу  мүлікті  немесе  мүлікке  құқық  беретін  құжатты  алған  кезеңімен  анықталады.  Ал  қарақшылық  қылмысы  заң  жүзінде  өзге  адамдардың  меншігін  иелену  мақсатында  шабуыл  жасаған, ал  қорқытып  алушылық  осындай  мақсатқа  жету  үшін  қорқыту  немесе  мүліктің  немесе  мүлікке  құқық  беретін  құжаттарды  талап  еткен  кезден  аяқталады  деп  танылады.

Бұл  қылмыстардың  заң  жүзінде  аяқталу  кезеңдерінің  бастапқы  сатыға, яғни  шабуыл  жасаған  кезге  немесе  мүлікті, құжатты  беруді  талап  еткен  кездге  белгілену  себебі, ол  осы  әрекеттердің  өзінде  қоғамға  қауіптіліктің  болуына  және  осы  әрекеттерге  қылмыстық-құқықтық   шектеу  қоюдың  заң  азаматтардың  меншігін  қорғап  қана  қоймайды, сонымен  қатар  олардың  ерік-жігерін, қауіпсіздігін  де  қамтамасыз  етуге  кепілдік  береді.  Демек, өзге  адамның  меншігін  алу  мақсатында  шабуыл  жасауға  немесе  қорқытып  талап  етуге  құқықтық  тұрғыдан  ғана  емес  адамгершілік  тұрғыдан  да  болмайды. Ал  мұндай  әрекеттер  жасалғанда  мемлекет  әрекетсіздік  жасамауы  тиіс, себебі  азаматтардың  өмірі, денсаулығы, бостандықтары  мен  меншігі  тәріздес  құндылықтар  мемлекет  қорғауына  алынған.  Осындай  заңмен  қорғалатын  обьектілерге  қарсы  әрекеттер  белсенді, әрі  қауіпті  түрде  жасалғанда  қылмыс  аяқталды  деп  танылады. Бұл  белсенді, әрі  қауіпті  әрекеттер  қарақшылықтың  толық  қылмысындағы  жай  шабуыл  түрінде  емес, адамның  өмірі  мен  денсаулығына  қауіпті  тәсілдерді  қолдануы  арқылы, ал  қорқытып  алушылық  қылмысында  мүлікті  немесе  оған  құқық  беретін  құжатты  талап  еткен  жай  қорқыту  емес, өлтіремін, жарақаттаймын, мүлкіңді  жоямын, масқаралайтын  мәлімет  таратамын  немесе  осындай  зардаптарды  жақын  адамдарыңа  келтіремін  деп  қорқыту  тәсілімен  анықталады. Демек  келте  құрамдардың  аяқталу  кезеңіндегі  әрекеттер, тәсілдер, құралдар  барынша  қауіпті  болуына  байланысты, осы  кезеңде-ақ  заң  қорғайтын  қатынастарға  нақты  қауіп  туындайды, мұндай  әрекеттерге  осы  кезеңде-ақ  заң  тұрғысынан  қылмысты  деп  тиым  салынады. Сонымен  қатар  бұл  құрамдарда  басқа  қылмыс  құрамдарының  негізгі  белгілері  қылмыстың  тәсілі, мақсаты  түрінде  байқалады. Мысалы,  қорқытып  алушылық  қылмысының  заң  жүзінде  аяқталу  кезеңінде Қ.К. 112 бабымен  қарастырылған  «қорқыту» қылмысының  толық  құрамы  бар.Осындай  негіздерді  ескере  отырып  қарақшылық  және  қорқытып  алушылық  қылмыстарын  келте  құрам  ретінде  бағалаған  дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-ТАРАУ.  ҚЫЛМЫСТЫҚ  ҚҰРАМНЫҢ  МАЗМҰНЫН  ТҮСІНУ.

 

Қылмысты  саралау  мәселесі  құрам  элементтерінің  жасалған  қылмыстық  белгілерімен  сәйкестігіне  қарай  шешілетіндіктен, заң  нормаларының  мазмұнын  дұрыс  түсіну  қажет  болып  табылады. Заң  нормаларының  мазмұны  деп  кеңірек  мағынада  айтуға  болады. Себебі  ерекше  бөлім  нормаларының  диспозицияларында  сол  қылмыстың  барлық  элементтерін  ашатын  түсіндіретін  белгілер  көрсетіле  бермейді. Қылмыстық  құрамның  мағынасы   оның  таралу  деңгейі  қылмыстық  құқық  ілімінде, әрбір  қылмыстық  құрам  элементтеріне  талдау  жасау  кезінде  бір  шама  ашылады. Бірақ  қылмыстық  құқық  оқулықтарында  кейбір  қылмыс  құрамдарына, олардың  белгілеріне  түсіндіруін  беру  кезінде, осы  қылмыс  туралы  ақиқат  болмысын  тануда  қиындықтар  туындайды. әдетте  баптың  диспозициясында  қылмыстық  обьективтік  жағының  белгілеріне  жататын  әрекеттердің  түрлері  келтіріледі, бірақ  кінә  нысаны  туралы  ештеңе  айтылмауы  мүмкін. Мұндай  жағдайларда  заңды  түсіндірушілердің  арасында   біркелкілік  болмай, әркім  осы  қылмыста  кездесетін  кінә  нысандарын  әртүрлі   анықтауы  мүмкін.  Мысалы, мемлекеттік  құпияларды  заңсыз  алу, жария  етуді  қарастыратын  Қылмыстық   Кодекстің  173  бабында  немесе  өзін-өзі  өлтіруге  дейін  жеткізу  қылмысына  жауаптылық  белгілеуге  арналған  102 бапта  обьективтік  жақтың  белгілерін  білдіретін  әрекеттер  түрлері  келтірілгенмен, бұл  қылмыстардағы  кінә  нысаны  туралы  ешнәрсе  айтылмайды. Қылмыстық  құқық  мамандарына, практика  қызметкерлеріне  осы  қылмыстағы  кінә  түрлерін  анықтау  қажеттілігі  туындайды.   Бұл  біріншіден, екіншіден  қылмыс  құрамының  мазмұнынын  түсіну  мәселесі  баптың  диспозициясында  келтірілген  белгінің  мағынасын  ашу, дұрыс  түсінуге  де  байланысты  туындайды. Мысалы,азаптау  қылмысын  қарастыратын  107 баптың  диспозициясындағы  «ұдайы  ұрып-соғу»  ретінде  кем  дегенде  неше  рет  ұруды  түсіну  керек  деген  де  мәселе  туындауы  мүмкін. Осындай  құрам  элементтерін  дұрыс  түсінуге  қатысты  мәселе  қылмыс  субьектісіне  байланысты  да  туындап  жалпы  субьекті  түрінде  анықтау  немесе  арнайы  субьектілерді  де  қосу  туралы  ұсыныстар  туындау  мүмкін.  Демек  қылмыстық  құрамның  мазмұнын  түсіну  мәселесі  екі  жағдайда  да, яғни  белгі  баптық  диспозицияда  көрсетілгенде  де, көрсетілмегенде  де  туындай  алады. Бұл  бір  жағынан  заңды  құбылыс. Өйткені,бұдан  бұрынғы бөлімдерде  айтқандай  Ерекше  бөлімнің  баптары  қылмыс  құрамының  элементтерін  толық  көрсетіп  беруі  немесе  диспозицияда  аталған  белгінің  мағынасын  ашып  беруді  міндет  тұтпайды.

Бірақ   бұл  мәселені  шешуде  тек  практика  қызметкерлерінің  арасында  ғана  емес,  сондай-ақ  қылмыстық  құқық  оқулықтарының  арасында  да  алауыздық  кездесетін  кездер  болады. Мұны  жағымсыз  құбылыс  деп  бағалау  керек.  Себебі  қылмыс  құрамының  мазмұнын  түсінуде  әркелкі  пікірлердің  болуы  қылмысты  саралау  барысына  әсер  етіп, заңдылық  қағидасының  бұзылуын  білдіреді. Қылмыстық  құрамдардың  анықталуы  немесе  қылмыстың  түрін  белгілеу, ол  жеке  адамдардың  көз-қарасына, еркіне  тәуелді  болмауы  керек. Демек,  бұл  мәселеде  ортақ  шешім, үлгі  өмір  сүруі  керек  болып  табылады.

Бұл  міндетті  шешудің  бірнеше  амалдарын  келтіруге  болады.               Біріншіден,  заң  шаралары заң  шығарушының ой  жұмысының  жемісі  емес,  қоғамдағы  қызметтің бір түрі   екендігін ескеру  керек.  Құқық нормалары қоғамдық  заңдағы  обьективтік   заңдылықтарда   байқалады, болашақтағы  құқық   ескі  заңдағы  немесе  болашақтағы  болмыстарды  емес,  осы уақыттағы  жағдайларды  көрсете  білуге міндетті. Құқық нормаларының   мағынасы түсіну-бұл   осы  норманы  келтірудің негізгі  ретінде  құбылыс  обьективтік  заңдылық  алынғандағы және   осы норманы   ұсынуды заң  шығарушы  қандай  мақсатты  көздегенін  білу болып табылады. Сонда  ғана құқық  нормаларын қолданушы  осы  норманың оралушы,  яғни оның  қандай  жағдайда  қолданылатынын, бұл  норманың  таралу  діңгегін  немесе     әлеуметтік- құқықтық  мағынасын  дұрыс  түсіне  алады. Жоғарыда  мысал  ретінде  келтірілген  адамды  өзін-өзі  өлтіруге  жеткізу  үшін  жауаптылықты  көздейтін  құқық  нормасының  таралу  діңгегінде  адамға  қатігездікпен  қарау  әрекетінің  ауыр  салдарға соқтыруы  мүмкіндігі   үшін  жауаптылық  мәселесі   көзделіп отыр  қылмыстық  табиғатына   адамды  өзін-өзі  өлтіру халіне  жеткізу  әрекеттерінің   кінә  нысандары  бойынша  негізінен  абайсыздықпен, ал  кейбір  жағдайларда  жанама  қасақаналықпен  жасалуы  екендігін  көрсету  жатыр.  Себебі  адамдар  бір-біріне  қатігездік, үнемі  ұрып-соғу, кемсіту  әрекеттерін  жасағанда  ол  өзін-өзі  өлтірсін  деп  тілемеуі  мүмкін. Ол  мұндай  зардаптардың  болуы  мүмкін  екендігін  көре  білмеуі, көре  білгенмен  ондай  зардаптар  болмас  деп  есеп  жасады  немесе  зардаптың  туындауына  мән-мағынасыз, бәрібір  деп  қарауы  мүмкін.

Бұл  қылмыс  құрамының  абайсыздықта  адам  өліміне  соқтырған  немесе  жәбірленушінің  өзін-өзі  өлтіруге  бағытталғандығы  үшін  кінәліге  жауаптылық   көздеуінің  басты  негізі  шындап  келгенде  зардап  түрінде  немесе  зардапқа   деген  ой-қатынаста  емес, ол  кінәлінің  жасаған іс-әрекеттерінің   қауіпті  және  заң  қорғайтын  мүдделерге  қарсы  болуының  нәтижесінде  ауыр  зардапқа  соқтыру  мүмкіндігінде  жатыр. Сондықтан  қылмысты  саралау  мәселесінде  кейбір  құрамдардың  белгілерін  түсіну, таралу  деңгейін  анықтау  қиындық  тудырғанда, осы  жағдайға  сәйкес  келетін  құқық  нормаларының  саралауына, бағытына  сүйену  керек.

Екіншіден, қылмыстық  құрамның  мазмұнын  түсіну  мәселесі  заңның  баптарында  келтірілген, бірақ  мағынасын  түсіндіруді  қажет  ететін  белгілер  кездескенде  пайда  болады. Яғни  белгінің  атауына  қарап, оның  мағынасын  бірнеше  түрде  түсінуге  болатын  ұғымдар  кездеседі. Мысалы, Қылмыстық  Кодекстің  296  бабы  1 бөлімінің  диспозициясы  «автомобильді, троллейбусты, трамвайды  не  басқа  да  механикалық  көлік  құралдарын  жүргізуші  адамның  жол  қозғалысы  немесе  көлік  құралдарын  пайдалану  ережелерін  бұзу, … зиян  келтірсе» деп  бейнеленген. Мұндай  жағдайдағы  әрекеттерді  саралауда  трактор, мотоцикл  тәрізді  құралдар  «басқа  да  механикалық  құралдар»  тәрбие  жата ма?  деген  сұрақ  туындауы  мүмкін. Заң  шығарушы  баптың  диспозициясындағы  белгілерді  біркелкі  түсінбеушілік  орын  алуы  мүмкін  дегенде, ол  бапқа  ескертпе  қосып  түсіндіруді  талап  етіп  отырған  белгі  арнайы  түсінік  береді. Жоғарыда  аталған  296 бапқа  да  ескертпе  қосылып, онда  басқа  техникалық  құралдар  ретінде  нені  түсіну  керек  екендігі  айтылады.

Мағынасын  түсінуге  қиындық  тудыратын  белгілердің  барлығына  баптың  астында  ескертпе  келтіріле  берілуі  де  мүмкін. Баптарға  түсіндіру  бағытындағы  ескертпелер  кейде  практика  қызметкерлерінің  сұранысынан, олардың  қызметінде  осы  белгілі  қате  түсінудің  нәтижесінде  қате  саралауының  кездесуіне  қарай, кемшіліктерді  жою  мақсатында  беріледі.

Құрам  белгісін  түсінуге  арналған  ескертпелер  болмағанда  қылмыс  құрамының  мазмұнын  толық  ашу  үшін  заңды  ресми  түрде  түсіндіруді  сұрауға  болады. Мұндай  кездесудегі  түсіндіру  жұмыстарын  мынадай  екі  қызмет  түрінен  алуға  болады. Егер  беріліп  отырған  түсіндіруге  сенімділік  болмағанда  немесе  ол  жоғары  тұрған  орган  немесе  сот  түсіндіре  алмаған  жағдайда  осы  заңды  қабылдаған  орган  түсіндірме  беруі  тиіс.

Қылмыстық  заңдардың  жалпы  және  ерекше  бөлімдерінің  баптарына, олардың  бөлімдеріне, сонымен  қатар  қылмыстық  құрамның  мазмұнын  түсіндіру  мәселелерімен  Қазақстан  Республикасының  Жоғары  Сотының  қылмыстық  істер  туралы  нормативтік  қаулылары  айналысады. Бұл  органның  түсіндірмесі  төменгі  соттар  мен  прокуратура, тергеу  органдарының  осы  бағыттағы  қызметі  үшін  міндетті  күші  бар.  Бірақ  Жоғары  Соттың  мұндай  қаулыларында  мағынасын  түсіндіруді  талап  ететін  барлық  белгілер  қарасытрыла  бермейді.

Өзге  қызмет  түрлері  дұрыс  түсіндірме  бере  алмағанда  жүгінуге  тура  келетін  келесі  қызмет  ретінде  ресми  емес  түсіндіру  құралдары  алынады. Мұндай  жағдайда  қылмыстық  құқық  ғылымындағы  барынша  оңды  ұсыныстарды, бағыттарды  пайдалануға  болады.

Үшіншіден,  қылмыстық  құрамның  мазмұнын  түсіну  мәселесі  нормалар  бәсекелестігі  кездескен  жағдайда  да  туындайды. Практика  қызметкерлерінің  қылмысқа  саралау  жүргізу  кезінде  бәсекелес  нормалар  екендігіне  қарамай, екеуінде  алып  қылмыс  жиынтығы  ретінде  бағаланатын  кездері  жиі  кездеседі. Қылмыстық  құралдардың  кейде  күрделі  түрде  болуына  немесе  нормалар  бәсекелестігі  кездесуіне  байланысты  саралау  жүргізуде  арнайы  түсіндірме  беруді  қажет  ететін  кездер  болады. Мысалы, Қ.К 102 бабында  өзін-өзі  өлтіру  халіне  жеткізу  қылмыс  келтірілген. Сондай-ақ  370 баптың  3 бөлімінде  әскери  қызметкерлердің  бір-бірінің  арасында  бағыныштылық  болмағанда  жарғылық  ережелерді  бұзуының  ауыр  зардаптарға  соқтыруы  қарастырылады.

Мұндай  жағдайда  әскери  қызметкерлердің  бірін-бірі  кемсітуі  қорлауы  адамның  өзін-өзі  өлтіруіне  немесе  соған  оқталған  әрекеттері  болса  қалай  саралау  беруі  керек  деген  сұрақ  туындайды. Бұл  мәселе  туралы  1954 жылғы  23 желтоқсандағы «азаматтардың  өмірі  мен  денсаулығына  зиян  келтіру  үшін  жауаптылықты  реттейтін  заңдарды  соттардың  қолданылуы  туралы» ҚР.  Жоғары  Сотының  №7 қаулысының  32 пункті  арнайы  түсінікті  бермейді.

Бұл  құрамдардың  мазмұнына  арнайы  түсіндірме  болмауына  байланысты  практикада  үш  түрлі  саралау  кездесуі  мүмкін:

1.102 баппен  өзін-өзі  өлтіру  халіне  жеткізу  ретінде;

2.370 баптың  3 бөлімінде  өзара  бағыныштылық  қатынастар  болмаған  жағдайда  жарғылық  ережелерді  бұзудың  ауыр  зардаптарға  соқтыруы  ретінде;

3.Қылмыстар  жиынтығы  ретінде;

Бұл  нұсқалардың   ішінен  екінші  нұсқа  дұрыс  деп  табылады, себебі  тек  102 баппен  саралағанда  заңмен  қорғалатын  обьектінің  бірі  әскери  қатынастардың  жоғарыға  сай  жүргізілуі  еленбей  қалады  және  қылмыс  негізі  және  қосымша  обьекті  түрінде  емес  тек  қате  белгіленіп  қосымша  обьекті  негізгі  обьекті  ретінде  алынып  тұрады. Яғни  топтық  обьектіден  шығатын  «әскери  қатынастар» деген  негізгі  обьекті   көрінбей  қалады.

Қылмыстар  жиынтығы  ретінде  бағаланбайтын  себебі, ол  бұл  нормалардың  жалпы  және  арнайы   нормалар  бәсекелестігіне  байланысты. 102 бап  жалпы  норманы  білдірсе, ал  370 бапта  өзін-өзі   өлтірудің  жеке  жағдайын  білдіреді  және  арнайы  норма  болып  табылады. Сондай-ақ  370 баптағы  ауыр  зардапқа  соқтыратын   әрекеттер   адамда  өзін-өзі  өлтіруге  жеткізу  түрінде  ғана  емес, басқа  түрде  де  кездесе  алады. Қ.К. 12  баб  3 бөлімінің  ережесіне  сәйкес  нормалар  бәсекелестігі  орын  алғанда  қылмыс  жиынтығы  ретінде  сараланбайды.

Жоғарыда  қолданылып  отырған  нұсқалардан  екінші   нұсқаны  дұрыс  деп  бағалау  керек. Өйткені,  біріншіден  370 бап  102 баппен  салыстырғанда  арнайы  норма  ғана  емес  бүтін  норма  болып  табылады. 370 бапта  өзін-өзі  өлтіру  халіне  жеткізудің  және  заңды  әскери  қатынастардың  бұзылу  белгілері  бар. Екіншіден,  370-баппен  сараланғанда  қылмыс  обьектілері  толық  қолданылады. Үшіншіден, 370 баптың  3 бөлімі  обьектілі  қылмыс  болып  табылатындықтан  және  ауыр  зардаптарды  қарастыратындықтан  10 жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру  жазасын  қарастырады, ал 102 баптың  1 бөлімі  бұл  жазаны  3 жылға  дейін  ғана  көрсетеді. Демек, жауаптылық  көлемі  бойынша  әскери  қызметкерлердің  жарғыға  жатпайтын  ауыр  зардаптарға  соқтырған  әрекеттері  өзін-өзі  өлтіру  қылмысының  жауаптылық  көлемін  қамти  алады. Сондықтан  қылмыс  құрамының  түсінуде  анықталуға  жататын  белгінің  толық  мағынасын  ашу  үшін  осы  құрамның  өзге  элементтерінің  белгілерімен, мағынасы, бағыты  бойынша  сәйкестігін, яғни  осы құрамның  бір  жиынтық  ретінде  өмір  сүру  мүмкіндігін, сонымен  қатар  оның  орналуы  бағытындағы  әлеуметтік  саяси  ролін  ескеру  қажет. Бұл  айтылғандарда  норма  мағынасына  сүйеніп  те  іске  асыруға  болар, бірақ  барлық  кезде  норма  мазмұны  қылмыс  құрамына  қарағанда  тар  түсінік  берумен  немесе  осы  норманың  өмір  сүруіне  себепші  болған  негізгі  белгілерді  ғана  бейнелеумен  шектеледі.

Сондықтан  В.Н.Кудрявцевтың  «Норма  мағынасы  саралауға  сөзсіз  әсер  етеді, бірақ  тікелей  түрде  емес, құрамның  нақты  белгілері  арқылы  әсер етеді,бірақ тікелей түрде емес,құрамның нақты белгілері арқылы әсер етеді.  Сондықтан  заңның  мағынасын  түсіну, ол  тек  нақты  құқықтық  белгілерді  іздеудің  және  түсінудің  бастапқы  кезеңі  болып  саналады» деген  көз  қарасымен  толық  келісуге  болады.1

Қылмыстық  құрам  элементтері  белгілерінің  мағынасын  дұрыс  түсінудің  практика  қызметкерлерінің  де  атқаратын  қызметі  ерекше  деп  бағалау  керек. Сот-тергеу  қызметкерлері  үнемі  практикамен  байланыста  жұмыс  істейтіндіктен  оларда  заң  шығарушы  мен  ғылыми  қызметкердің  ойына  келмеген  осы  құрамның  мазмұнын  түсінуге  қатысты  әртүрлі  материалдар  кездесуі  мүмкін. Сондықтан  заң  нормаларының  немесе  құрам  белгілерінің  мағынасын  ашуда, дұрыс  түсінуде  практика  мен  ғылым  бірлесе  отырып  жұмыс  істеуі  керек.

  Қорыта айтқанда қылмысты саралау күрделі,әрі жауапты құқықтық қызметтің бір түрі болып табылатындықтан және құрамдардың мазмұнын түсіну саралауға әсер ететіндіктен,бұл қашанда жоғарыда келтірілген бағыттарды ескеріп жан-жақты,терең ойлауды қажет ететін мәселе болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен біз бұл жұмыста қылмыс құрамдарының элементтерінің әлеуметтік-құқықтық мағынасын ашуға тырыстық және қылмыс құрамы элементтерін құрайтын ұғымдардың тек құқықтық ғана емес, әлеуметтік пайымдауды көрсетуге бағытталған ұғымдар екендігін білдік. Яғни белгілі бір адамгершілікке жатпайтын, адамзатқа, қоғамға, мемлекетке зиянды іс-әрекеттерді қылмыс деп танып жазалау шарасын қолдану үшін қылмыс құрамының элементтері деп аталатын категориялар болу керек және олар әр жақты түсіндіріле отырып қылмыстың қауіптілігін бірнеше тұрғылардан дәлелдеп беруге арналған. Мысалы, қылмыстың обьектісі деген жай қоғамдық қатынас емес, ол қоғам, адамзаттың өмір сүруі, дамуы үшін қажетті болып табылатын құндылықтарды немесе мүдделерді білдіреді, сондықтан қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарындағы нақты қылмыстардың обьектісі қашанда қоғам, адамзат, мемлекет үшін қажетті, құндылықтарды көрсетеді.

Қандайда бір іс-әрекетті қылмыс деп бағалау үшін ол әлеуметтік сипаты жағынан алғанда зиянды, қауіп төндіретін әрекеттер түрінде болуы керек және соған байланысты қоғамға қауіпті зардаптардың туындау ықтималдығы артады. Әрекеттің түрі мен бағытына қарай отырып, оның қандай заңмен қорғалатын қоғамдық қатынасқа бағытталғанын білуге  және әрекеттің белсенділігін ескере отырып, осы қылмыстың да қауіптілік дәрежесін анықтауға болады. Негізінде қылмыс құрамының сыртқы бейнесін көрсетуге бағытталған обьективтік жақтың белгілері қоғамға қауіптілікті білдіретін белгілердің сыртқы бейнесін көрсетуге арналған, сондықтан да құрамның осы элементіне қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, елеулі зардап, олардың араларындағы себепті байланыс, сонымен қатар қылмыстың орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралы сияқты белгілер жатады.

Әрекеттің сыртқы бейнесі қауіпті сипатты көрсеткенмен, оның ішкі бейнесі осындай қауіпті түрде болмаса, онда қылмыстың субьективтік жағының белгілері жоқ деп танылады. Сондықтан қылмыстық құқық кінә мәселесін арнайы зерттеуге алып, адамның өз әрекетімен әрекетсіздігіне, оның зардабына, т.б сыртқы белгілеріне қатысты адамда болған психикалық қатынастарды қарастырады. Сонымен қатар әрекеттің қылмыстылығын толық ашу үшін қылмыстың ниеті мен мақсаты тәрізді белгілерді анықтай отырып, қылмысты әрекетті жасауға әсер еткен ішкі сезімдердің түрлерін зерттейді.

Қылмыстық құқық адамның психологиялық және дене тұрғысынан жетілуі баяу жүретінін ескере отырып, қауіпті әрекет жасағандығы үшін қылмыстық жауаптылықты жетілген немесе өз әрекетіне толық жауап бере алатын даму кезінде белгілеуді көздейді. Осыған орай қылмыстық құқық қылмыс субьектісі деген элементті қолданып, оны тек жасқа толу белгісімен ғана емес, сонымен бірге адамның есі дұрыстығы түрімен де анықтайды.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, қылмыс құрамы тек іс-әрекеттің қылмыстылығын ғана емес, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын анықтауға да жағдай жасайды деуге болады.

Қылмыс құрамы элементтерін сипаттайтын белгілердің түрлеріне немесе олардың жиынтығына қарай жекелеген қылмыс құрамдары пайда болып, осы белгілердің ерекшеліктеріне қарай қылмыстардың бір-бірінен айырмашылықтары да көрінеді. Сондықтан қылмысты саралаудың негізгі көрінісі жасалған әрекеттің белгілері мен қылмыстық құқықтағы құрам элементтері белгілерінің сәйкестігі арасында өлшенеді немесе анықталады. Қылмыс құрамдары қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары ретінде қолданылуы, қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетіп қана қою болып табылмайды, сонымен қатар заң нормаларының практикада қолданылуына, яғни қылмысты саралау қызметінің қолданылуына жол ашады деп түсінеміз. Әйтсе де қылмыстық заңның баптары әрекеттің қылмыстылығы туралы түсінік беруді міндет тұтқанымен немесе қылмыс құрамын ашуға жағдай жасағанмен, бұл міндет бойынша сапалы жұмыс атқару немесе заң нормаларында келтірілген ұғымдардың мағынасын түсіну заң қолданушы қызметкердің  өзіне байланысты болады. Мұндай кездерде әркелкілік, алауыздық орын алмау үшін мемлекет заң нормаларына толық түсінік беруге арналған ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша нормативтік қаулыларын дайындайды немесе қылмыстық құқық ғылымының жетістіктерін пайдалануды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. 1. Қазақстан    Республикасының    Конституциясы.    Жеті Жарғы.

  1995ж.

  1. Қазақстан      Республикасы     Президентінің    2002    жылғы    20

          қыркүйектегі № 949 жарлығымен мақұлданған Қазақстан                              Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы.  Егемен Қазақстан 3 қазан, 2002 жыл.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы: Юрист, 2005 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының  статистика жөніндегі Агенттігінің

2005 жылғы ақпараттары.

  1. Курс Советсткого уголовного права.Т.1-Л: Изд Ленинградского ун-та,  1968г.
  2.   Курс Советского  уголовного права  Т.2-М:  Изд-во “Наука”,1970г.
  3. Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений. –М.,  2004г.
  4. Л.И.Спиридонов. Социология уголовного  права. – М., 1984г.
  5. В.Н.Кудрявцев. Общая теория квалификаций преступлений. –М.,

Юрист, 2001г.

  1. Күлтелеев Т.М. Уголовное   обычное   право   казахов – Алма-

          Ата, 1955г.

  1. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. –М., 1957г.
  2. Сборник постоновлений Пленума Верховного  Суда  Каз ССР,

          нормативных  райпостоновлений  Верховного  суда  Республики

          Казахстан.  1961-2003 годы. Алматы, 2004г.

  1. Алауханов, С.С. Үмбеталиев, С.М. Рахметов. Қылмыс

          құрамы. — Алматы «Өркениет»  2000 жыл.

               14.Судебная практика по уголовным делам Верховного Суда     Республики Казахстан (2000-2002г.г.) ЗАО «БИ-ЛОГИСТИКА»2003г.

  15.Утевский.Б.С  Вина о советском уголовном праве М.1950г.

               16.Уголовное право Российской Федерации Особенная часть 1996

  1. Уголовное право Республики Казахстан Особенная частьЧ 1.         Жеті Жарғы 1999ж.

               18.Уголовное право  Республики Казахстан Особенная частьЧ 2.     Жеті Жарғы 1999ж

  1. Қайржанов Е. М. Уголовное право Республики Казахстан

          Общая часть.Алматы.1997г.

  1. Курс уголовного права Общая часть,Т-1.Под редакцией Н.Ф.Кузнецовой,И.М.Тяжковой «Зерцало» 1999г.

           21.А.Н.Ағыбаев.  Қылмыстық  құқық  Жалпы  бөлім. Алматы.    Жеті    жарғы. 2001ж.