АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Қытай экономикасының дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі

Қытай экономикасының дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі

 

 

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………..   3

 

  1. ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері .. 5

1.1 Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері .  5

1.2 Экономикалық реформа бағыттары мен механизмдері ……………………..  11

1.3 Меншік қатынастарының өзгеруі …………………………………………………….  20

 

  1. Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы . 25

2.1 Экономикалық реформа нәтижелері ………………………………………………….. 25

2.2 Қытай экономикасының қазіргі проблемалары ………………………………….. 38

 

  1. Қытайдың әлемдік экономикаға әсері …………………………………………….. 47

3.1 ҚХР-сының әлемдік экономикадағы экономикалық көшбасшылығының қалыптасуы ……………………………………………………………………………………………  47

3.2 ҚХР-ң Қазақстандағы мүдделері …………………………………………  54

 

Қорытынды  ………………………………………………………………………………………….  61

 

Әдебиеттер тізімі …………………………………………………………………………………..  63

 

 

Кіріспе

Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.

Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды.   

Ал біздің ел үшін әлемдік нарыққа ену кезінде әрі көрші, әрі серіктес, әрі бәсекелес болып келетін Қытай сияқты алып мемлекеттің экономикасының  даму ерекшеліктерін зерттеу аса маңызды болып келеді. Қытай халық республикасы дүние жүзілік сауда ұйымына 2001 жылы мүше болған. Қазақстан Республикасының осы ұйымға мүше болуға үлкен дайындық жасап жатқандығы белгілі. Осыған орай, әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған Қазақстан үшін, Қытай сияқты көршіміздің экономикалық дамуын білу өте қажет. 

Ұсынылып отырған жұмыстың басты мақсаты, Қытай Халық Республикасының экономикалық дамуының ерекшеліктерін зерттеу.

Аталған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер бар:

  • Қытай экономикалық реформасының кезеңдерін зерттеп, сараптама жүргізу. Жұмыста негізінен 1978 жылдан кейінгі реформаларға көп көңіл бөлінген, оған себеп осы кезде Қытай экономикасын алға тартқан Қытай ерекшеліктеріне сай социализм құру бағытының бастау алуы.
  • Реформаның қазіргі нәтижелерін қарастыру.
  • Қытай елінің қазіргі таңдағы басты мәселелеріне талдау жасау.
  • Қытай елінің қазіргі әлемдік экономикадағы көшбасшы ел болу мүмкіндіктерін бағалау
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастарды қарастырып, Қытай елінің біздің елімізге танытып отырған қызығушылықтарын анықтау.

        Ұсынылған жұмыстың жазылуы барысында статистикалық мәліметтер және оқулықтармен қатар, интернеттегі сараптамалық сайттардан алынған мәліметтер, газеттер мен журналдардағы мақалалар қолданылды. Сондай-ақ Қытай елінің экономикалық даму көрсеткіштерін сипаттаған кестелер де енгізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері

 

1.1 Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері

Қытай – Қытай Халық Республикасы қазіргі замандағы әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі болып саналады. Қытайдың әлемдік аренада осындай маңызды орынға XX ғасырдың 70-ші жылдарының соңында басталған қоғамдық реформа арқылы жеткендігі белгілі. Сондықтан болар Қытайдың социалистік жүйеге жүргізген реформасына әр ел ғалымдары үлкен қызығушылық танытуда, отандық политологтар Қытай реформасын зерттеуде.

ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыр шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды. 1949 жылы жанбасына шаққандағы табыс 54 долларды немесе 66 юаньді құрады. Халық саны 541,7 млн. адамды құрады. Әуелбастан Қытайдың жаңа басшылығы кеңестік экономикалық модельді қолға алды. Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде 1949-1952 жылдары ауыл шаруашылығы жылына 14,1%-ға,  өнеркәсіп 40,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер 1937 жылғы деңгейге қайта келуін көрсетеді. 1952 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 67,9 млрд. юаньді құрады немесе жан басына шаққанда 119 юаньді құрады[1]. Дегенмен Қытай экономикасының бұл көрсеткіштері әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте аз болды. Бірінші бес жылдық жоспар кезінде (1953-1957)  ауыр өнеркәсіпке көбірек көңіл бөлінді (оның өндірісі 75 %-ға өсті) Алғашқы бесжылдықтың негізгі міндеттері келесілер болды:

  1. КСРО көмегімен 156 ірі нысандардың құрылысына бар күшті салу. Сондай-ақ социалистік индустриялизацияның негізі болып табылатын 694 ірі және орта кәсіпорындарды құру
  2. Ауыл шаруашылық және қолөнер кооперативтерінің құрылуын жылдамдату.
  3. Ұлттық капиталистік өнеркәсіпті мемлекеттік капитализм жолына қою.

Алғашқы бесжылдық кезінде ЖІӨ 1,57 есеге өсті.

Алайда Мао Цзэдун экономикалық өсу қарқынына көңілі толмай, Қытайды жаппай толығымен индустриялизациялауға бағыттады («үлкен қадам басу» бағдарламасы). Оның басты идеясы қысқа мерзім ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп тауарларының өндірісін өсіру мақсатында бүкіл халықты интенсивті еңбекке мобилизациялау.

Бұл бағдарламаның негізгі элементі төменгі сортты жергілікті кеннен, меттал қирандысынан(лом) металл өндіру үшін «аулалық домна пештерін» құру болды. Миллиондаған шаруалар мен қала жұмыскерлері жоғарыдан түскен нұсқауға сәйкес «домна пештерінде» жұмыс істеу үшін егіс алқаптары мен фабрикаларды тастауға мәжбүр болды. Осы бағдарлама нәтижесінде Қытайдағы шойын мен болат балқымасының жалпы көлемі бірнеше жылдың өзінде-ақ, Ұлыбритания көрсеткіштерінен асып түскенімен, экономикаға біраз зардабын тигізді. Табиғи ресурстарды бейберекет сату, өндіріске отын табу мақсатында ағаштардың жаппай кесілуі, бұның нәтижесі – ашаршылыққа тіреді. Кейбір мәліметтер бойынша, 1959-1961 жылдардағы ашаршылық 30 миллион адамның өмірін алып кеткен.

1960 жылы Кеңес Одағы Қытайға көмек көрсетуін тоқтатып, елден өзінің техникалық мамандарын алып кетті. Ол кезде Қытай Батыс елдерінен көмек алған болатын (аштықтан зардап шеккендерге астық), олардың ішінде Канада және Австралия бар. 1961 пен 1965 жылдар арасында Қытай экономикасын қалпына келтіру Дэн Сяопин мен Лю Шаоцидің прагматикалық саяси бағытының негізінде жүргізілді. Жалпы өнеркәсіптік өнімнің көлемі жылына 17%-ға өсті, ауылшаруашылығында да жағдай түзелді. Бұл жағдайға себеп болған өндірісті басқаруда жоғары маманданған кадрларды пайдалану, ғылым жетістіктерін пайдалану және еңбек бойынша төлеу жүйесінің енгізілуі.

«Прагматикалық бағыттың» дамуын 1966 жылы басталып, 10 жылға созылған «ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс» тоқтатып тастады. Барлық мектептер жабылып, әскер тарапынан қолдау көрген, өздерін хунвэйбиндармыз («қызыл қорғаушылар») деп атап жүрген жастардың отрядтары барлық «оңшылдарды» — Мао Цзэдунның дұшпандарын жоюға мақсат етті. «Мәдени төңкеріс» Қытайдың интеллектуалды және мәдени саласына зардап келтіруімен қатар, Қытай экономикасына да зиян келтірді. Өндірісті басқару аппараты, үкімет органдары және коммунистік партияның көптеген кадрлары заман талабына сай болмай қалды. Сыртқы ссуда көлемі күрт төмендеді. 1967 жылдан кейін әскер бұл жағдайға бақылау орнатуды қолға алғанымен, елдегі тәртіпсіздіктер 1971 жылға дейін толастаған жоқ.

Мао Цзэдун елді басқаруын тоқтатқан соң, Дэн Сяопин мен Чжоу Эньлай Қытайды тұрақты экономикалық даму стратегиясына қайтаруға тырысты. Алайда бұл талпыныстарға «мәдени төңкеріс» кезінде билік басына келген партия лидерлерінің фракциялық оппозициялық әрекеттері кедергі келтірді. Шиеленіскен жағдай 1976 жылы Мао Цзэдунның өлімінен кейін ғана аяқталды.

Мәдени төңкеріс жылдары Қытай экономикасы аса ауыр хальге түсті. Ауыл шаруашылығы өте қатты құлдырап кетті. Экономика тиімділігі жылдан жылға төмендеді. Халықтың өмір сүру деңгейі де нашарлап кетті. 1966 мен 1976 жылдар аралығында  жалақының орташа деңгейі 4,9 пайызға төмендеді. Ел бюджеті де зардап шекті. [1]

Мәдени революция аяқталған соң,  билік басындағылар «батыстық үлкен секіріс» науқанын қолға алды. Оның басты мақсаты батыстық технологияларды сатып алу арқылы экономикалық өсім қарқынын тез арада өсіру болды. Дегенмен бұл саясат та сәтті болмады. Экономика басқа әдіспен реттелуі тиіс болды. 1978 жылғы 11-шақырылмның 3-ші пленумы кеңестік типтегі жоспарлы дамудан заманауи экономикалық реформаға көшуге бағыт берді.

Қытай Халық Республикасына 1978 жылғы ҚКП Орталық комитетінің он бірінші кезекті, үшінші пленумы үлкен өзгерістер алып келді. Осы пленумнан кейін Дэн Сяопиннің басшылығымен біртіндеп халықтың мүддесін қорғайтын экономикалық реформалар жүргізіле бастады. Бұл реформаларды негізгі бес кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1-кезең 1978-1986 жылдар аралығы;

2-кезең 1987-1991 жылдар аралығы;

3-кезең 1992-1997 жылдар аралығы;

4-кезең 1998-2002 жылдар аралығы;

5-кезең 2002 жылдан бастап қазірге дейін;

1978 жылға дейін Қытайдағы ауыл шаруашылығы дамуының капиталды жағдайы өте әлсіз болды, жеңіл және ауыр өнеркәсіптің арақатынасы диспропорциямен ерекшеленді. Реформа және ашықтық саясатын жүзеге асыру жылдары барысында Қытай үкіметі жеңіл өнеркәсіптің приоритетті дамуы, жоғары сапалы тұтынушылық тауарлардың импортын кеңейту, базистік өнеркәсіптік салалар мен инфрақұрылымды құруды күшейту, үшінші индустрияны жан-жақты дамыту үшін кешенді шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде экономикалық құрылым оңтайлана және жаңара бастады. Халық шаруашылығының түрлі салаларының арақатынасы елеулі жақсарды: бірінші индустрияның үлес салмағы  төмендеді, ал екінші және үшінші индустриянікі жоғарлады. Егер бұрын халық шаруашылығының өсімі негізінде бірінші және екінші индустрияның даму есебінен жүзеге асса, бүгін ол негізінде екінші және үшінші индустрияға арқа сүйеп отыр және екінші индустрия Қытай экономикасының қарқынды дамуының қозғаушы күшіне айналды.

Түрлі индустриялардың салаішілік құрылымында да үлкен өзгерістер орын алды. Ауыл мен орман, мал мен балық шаруашылықтарының жалпы өнімінде ауыл шаруашылығының үлес салмағы кеміп, орман, мал және балық шаруашылықтарының үлес салмағы жоғарлады. Жеңіл және ауыр өнеркәсіптің құрылымы басты көңілді тұтыну дефицитін жоюға бөле отырып, қарапайым формадан едәуір жетілген формасына біртіндеп көше бастады. Бұл жерде басты назар инвестициялық бағыттар мен проектілерге аударылды. Үшінші индустрияда транспорт, сауда және басқа дәстүрлі салалардың үлес салмағы төмендеп, жылжымайтын мүлік, сақтандыру, банк ісі, электрондық өнеркәсіп және ақпарттандыру салалары тез дамыды.

1978 жылы Қытай коммунистік партиясының Орталық комитетінің 11-шақырылым 3-пленумында жұмыстың басым бөлігін социалисттік модернизация мен реформа және ашықтық саясатын жүзеге асыруға аудару туралы стратегиялық шешім қабылданды. Реформа ауылдан басталды. Отбасылық мердігерлік жүйесі мен орталықтанған басқару мен орталықтанбаған шаруашылық жүргізудің үйлесуімен ерекшеленетін шаруашылық жүргізудің жаңа механизмі енгізілді. Ауыл шаруашылық және подсобты шаруашылықтардың өнімдерін орталықтанған дайындау біртіндеп қысқартылды. Ауыл және подсобты шаруашылықтарының өнімдерінің елеулі бөлігінің бағасы нарық арқылы реттелінді. Ауыл өндірісінің құрылымы реттелінді. Сондай-ақ көп көңіл волосттық-ауылдық кәсіпорындардың диверсификациясы мен дамуына бөлінді. Бұл шаруалардың өндірістік белсенділігін максималды арттырды. 1984 жылы ҚКП ОК 12-шақырылым 3-пленумында қаладағы реформа мен ашықтықтың басталуының белгісі болған «Экономикалық жүйені реформалау туралы қаулы» қабылданды.

1987ж. шақырылған Қытай коммунистік партиясының  XIII съездінде, Дэн Сяопиннің қытайлық ерекшеліктері бар социализмді құру туралы теориясына сәйкес стратегиялық мақсатты бағдарлар жасақталды. Мұнда Қытай экономикасын құрудың 3 кезеңі белгіленген. Бірінші кезеңде ЖҰӨ-ді 1980 жылмен салыстырғанда екі есе өсіріп, халықтың тамақ және киім мәселелерін шешу. Бұл мақсаттар негізінде 80-ші жж. соңына таман орындалды. Екінші кезеңнің міндеті – XX ғасырдың аяғына қарай 1980 жылмен салыстырғанда ЖҰӨ-ді 4 есе өсіру. Екінші кезеңнің міндеті 1995 ж. мерзімінен ерте орындалды. Өз жұмысында жаңа бағыттарды белгілеу үшін Қытай үкіметі «Экономикалық және әлеуметтік дамудың тоғызыншы тоғызжылдық жоспарын  және 2010 жылға дейінгі перспективалық-мақсатты бағдарламасын» жасақтады. Тоғызыншы тоғызжылдықтың (1996-2000жж) басты мақсаты, модернизацияның екінші кезеңінің стратегиялық міндеттерінің толығымен орындау және халық санының  2000ж. 1980 жылмен салыстырғандағы өсімі шамамен 300 млн. болған шағында адам басына шаққандағы ЖҰӨ-ді 1980 жылмен салыстырғанда 4 еселеу; кедейлікті жою және халықты орташа өмір сүру деңгейіне жеткізу; кәсіпорындарды заманауи режимге көшіруді тездету және социалисттік нарықтық экономика жүйесінің негізін қалау. Перспективалық бағдарлама 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда ЖҰӨ-ді 2 еселеуге, халықтың тұрмысын орташа өмір сүру деңгейінде жақсартуға және социалисттік нарықтық экономиканың салыстырмалы жетілген жүйесін құруға бағытталған. Бұл мақсаттарға жеткен кезде қоғамның өндірістік күші, мемлекеттің жалпы қуаты және халықтың өмір сүру деңгейі тағы да бір жоғары деңгейге көтеріледі, әлеуметтік-экономикалық жағынан елде тарихи маңызы бар жаңа үлкен өзгерістер орын алады, ел модернизациясының үшінші кезеңінің  стратегиялық мақсаттарына  жету үшін мықты негіз салынады.

 1992 жылы болған ҚКП XIV Бүкілқытайлық съезі Дэн Сяопиннің Қытай ерекшелігіне сай социализмді құру теориясының статусын партия және мемлекет үшін жетекші идея ретінде бекітті, экономикалық жүйені реформалаудың – социалисттік нарықтық экономика жүйесін құрудың — негізгі мақсаттарын қалыптастырды. Бұл реформаның басты бағыттары келесілер болды: реформалардың жан-жақты тереңдеуі, макрореттеу және макробақылау аясында бірқатар шаралар қабылдау, оның ішіне  қоғамдық меншіктің басымды ролін сақтай отырып, әртүрлі экономикалық секторлардың бірге дамуының негізгі жүйесін құру кіреді; сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық механизмдерінің трансформациялануын олардың өздігінен шаруашылық жүргізу құқығын кеңейту және мердігерлік жауапкершілік жүйесін енгізу арқылы жалғастыру, нарықтық экономика талаптарына сай және меншік мәселесінде, құқық және жауапкершілікте, административтік және өнірістік функцияларды бөлуде нақты ережелерді ұстанатын заманауи кәсіпорын режимі мен ғылыми негізделген басқару құру; бүкіл ел көлемінде қалалық нарықтарды ауылдықпен біріктіре отырып, ішкі нарық қажеттіліктерін әлемдікпен ұштастыра отырып, материалды ресурстардың оңтайлы орналасуын ынталандыра отырып, біртұтас ашық нарықтар жүйесін қалыптастыруға беталу; көбінесе жанама әдістерге жүгінетін макрореттеудің жетілген жүйесін құру мақсатында үкіметтің экономиканы реттеу функциясын өзгерту; «Жұмыс тиімділігі басымдығы және әділеттілікті есепке алумен, еңбек бойынша бөлу» қағидасына назар аудара отырып, табысты бөлу жүйесін жетілдіру; экономикалық дамуды ынталандыра алатын көпсатылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру.

1997 жылы ҚКП XV Бүкілқытайлық съезінде қоғамдық емес экономиканың секторы Қытай социалисттік экономикасының маңызды құрамдас бөлігі деп аталды. Табысты бөлуде капиталдың, техниканың және басқа да маңызды өндірістік элементтердің қатысуын мадақтау экономикалық жүйені реформалау қарқынын елеулі түрде жылдамдатты. 1998 жылы барлық салалардағы реформа алға жылжи берді, сондай-ақ кейбір қиын мәселелерде маңызды қадамдар жасалды. Мысалы, олар — астық айналыс жүйесін реформалау, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және қаржы жүйесін реформалаумен байланысты мәселелер. Қалалық тұрғын үй жүйесін және медициналық сақтандыру жүйесін реформалау жобасы жүзеге асуда; инвестиция және қаржы-салықтық жүйелерін реформалау жобалары жасақталу үстінде. Мемлекеттік кеңес аппаратын реформалау сәтті өтуде, бұл жерде де елеулі жетістіктер байқалады.  Қазіргі таңда  Қытайда социалисттік нарықтық экономика жүйесі қалыптасуда, ресурстарды орналастыруда  нарықтың базистік ролі айқын күшейді, макрореттеу мен макробақылау жүйелерінің бастапқы түрі қалыптасты; экономика экстенсивті экономикалық өсу жолынан интенсивтіге көшуде. Осының барлығы 2010 жылға қарай Қытайда салыстырмалы жетілген социалисттік нарықтық экономика жүйесі құрылады, ал 2020 жылға таман жетілген түрге көшеді дегенге үміттендіреді.

2002 жылдың қарашасында Пекинде ҚКП-ң XVI съезі өтті. Бұны Қытай реформасының жаңа кезеңінің басы деп айтуға болады. Бұл кезеңнің міндеттері келесідей болды: социалистік нарықты одан әрі қарай жетілдіру, елдің индустриализациясын аяқтау, елдің ақпараттану дәрежесін өсіру, модернизация қарқынын жылдамдату, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату, заманауи технологияларды дамыту, қызмет көрсету саласын өсіру, ауылды дамыту, өндіріс саласын одан әрі қарай дамыту, қаржы саласындағы реформаларды жалғастыру т.б.

Жалпы Қытай экономикасын реформалау кезінде меншік реформасы да үлкен роль атқарды. Бұрын Қытай экономикасы тек қоғамдық меншікке негізделген болатын, оның тіршілік әрекеттілігі жеткіліксіз болды. 1978 жылдан бастап елде реформа және ашықтық саясаты жүзеге аса бастайды. Қытай үкіметі қоғамдық меншіктің басымды ролін сақтай отырып, әртүрлі экономикалық секторлардың дамуын ынталандырады. Осының арқасында индивидуалды және жеке сектор экономикасы тез дамыды. 1997 жылдың аяғына қарай бүкіл ел бойынша 29,47 млн. индивидуалды және жеке кәсіпорындар тіркелді. Оларда 65,87 млн. адам жұмыс жасады. Шетел капиталының қатысуымен жұмыс жасап жатқан 236 мың. кәсіпорын тіркелді. Оларға 303 млрд. юань сомасы көлемінде шетел капиталы құйылды. Тіркелген жалпы капиталы 1,73 трлн. юаньге тең 680 мың акционерлік жүйенің және акционерлік кооперация жүйесінің кәсіпорындары тіркелді. Экономиканың бұл секторларының дамуы халық тұрмысының жақсаруында, құрылыс және шетелдік озық технологиялар және басқару тәжірибесіне кеткен қаражаттың орнын толтыруда маңызды роль атқарады. Мұнымен қатар қоғамдық меншіктің басымдық ролі де күшеюде. 1997 жылы елдің жалпы ішкі өнімінде қоғамдық меншіктің үлесі 75,8 пайызды құрады. Қоғамдық меншікті басты сектор ретінде сақтай отырып, түрлі экономикалық секторлары бірге дамитын құрылым негізі қалыптасты[2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Экономикалық реформа бағыттары мен механизмдері

Аграрлық реформа. Қытай ауылдарындағы шаруашылық жүйесінің реформасы ең бірінші жарияланып, басқа сектор реформаларынан ерте басталып, ерте аяқталған болатын. Сондай-ақ бұл реформа ҚХР-ң басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларындағы реформаға бағыт бағдар берген.

Аграрлық жүйедегі реформа ұғымын экономистер социалистік өндірістің даму қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілетін халық шаруашылығының негізгі түрлерін қайта құру деп түсіндіреді. Шаруашылық жүйедегі реформаны қарастырғанда Қытай ғалымдары шетелдің тәжірибесін пайдалануға тырысты. Нәтижесінде Қытайдағы аграрлық реформа шетел үлгілерінің пайдалы және пайдасыз жақтарын ескере отырып, Қытай ерекшеліктерімен жаңа шаруашылық үлгісін жасады. ҚХР-дағы аграрлық реформаның теориялық негізі социалистік ел экономикасының қоғамдық жеке меншікке негізделген жоспарлы тауар шаруашылығы болып табылады, ал мақсаты біртіндеп тауар шаруашылығы негізінде ауылдық жүйеге көшіп экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ету.

Сонымен 70-ші жылдардың аяғында Қытай ауылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне өтті. Оны жүйелі экономикалық реформалар дәуірі деп атады. Бұл реформаға негіз болған 1978 жылы желтоқсанда өткен үшінші пленум екенін жоғарыда атап өттік. Қытай коммунистерінің алдына қойған маңызды міндеті ауыл шаруашылығын тез қарқынмен дамыту, өйткені ол ел экономикасының негізгі саласы еді. Ауылда Қытай халқының 80 пайызы өмір сүреді, сонымен қатар олар жеңіл өнеркәсіптің 70 пайызын шикізатпен қамтамасыз етеді. 1980-жылы 14-22 қыркүйекте, партия орталығы өлкелік, қалалық, автономиялы аудандардағы парткомдардың бірінші хатшылары арнаулы мәжілісін ашып, ауыл шаруашылығы өндірісінің жауапкершілік формаларын кемелдендіру, күшейту мәселесін талқылады, әрі мәжіліс естелігін жариялады. Сөйтіп орталықтың құжатты формасымен отбасылық мердігерліктің мәнін тұңғыш рет айқын пайымдады.

Мұнда былай деп атап көрсетілген: «Социалистік өнеркәсіп, сауда және коллективті ауыл шаруашылығы мүлде басым иелеу шарт-жағдайында, өндіріс әрекеттерінің басшылығында отбасылық мердігерліктер құру социалистік арнадан ауытқу емес, қайта социалистік шаруашылыққа сүйену». Осылайша, ұзақ уақыттан бері адамдар алған өнімдеріне бірлестіріп, отбасына көмек беру идеологиясының қыспағынан арылды. Бұл құжатқа шаруалар оң көз қараспен қарады. Бұл жүйенің шаруаның жағдайын жақсартуы бүкіл ел көлемінде жалпы дамуды тездетті. 1980-жылы қараша айының басында, Қытай бойынша отбасылық мердігерлігіне өндірістің 15% бөлінді.

1982-жылы қыркүйек айында ашылған Қытай комунистік партиясының 12-пленумы отбасылық мердігерлік бағытын тағы бір рет тұрақтандырды. Сол жылы қараша айында партия орталығы ауылдың идеялық-саяси қызмет мәжілісін ашып, кезекті аграрлық экономика саясаты жөніндегі бірнеше мәселелеріндегі баяндамасын жасады, әрі 1983-жылы 2-қаңтар күні партия орталығының құжаты ретінде басып таратты. Осы құжат отбасылық мердігерлікті толық тұрақтандырды, әрі жоғары бағалады. Құжатта мыналар атап көрсетілген: партияның 11-кезекті 3-жалпы мәжілісінен бері, еліміздің ауылдық жерлерінде көптеген зор өзгерістер болды, мұның ішінде түрлі формадағы ауыл шаруашылығы жауапкершілік формалардың ықпалы терең еді, деседе отбасылық мердігерлік жауапкершіліктің негізгі түріне айналды. Отбасылық мердігерлік жауапкершілік формасы бір тұтас шаруашылық басқару мен оны бөліп басқару өзара ұштастыру принципін қолданып, коллективтің және жеке адамдардың белсенділігін танытты. Осы құжат жарияланғаннан кейін, 1983-жылы Қытайдағы аграрлық реформасы біршама дамыған жыл еді, отбасы мердігерліктері арқылы отбасының жағдайын жақсарту ауылдағы басты экономикалық формаға айналды. 1983 жылдың соңында мемлекет бойынша 175 миллион диқан отбасында осы мәселе жолға қойылып, диқан жанұяларының 94,5%-ын иеленді. [3]

1983-жылы 12-қазан күні, партия орталығы мен мемлекеттік кеңес «халық коммунасының» орнына ауылдық үкімет құру жөніндегі идеясын ресми жариялады. Бұл мәселеде мыналар атап көрсетілген: ауыл шаруашылығында жауапкершілік формаларының реформасының жүргізілуіне байланысты, қазіргі атқарып отырған халық коммунасына сәйкес келмеуі. Кезектегі негізгі заңда, ауыл-қыстақтарда ауылдық үкімет құру, халық коммунасын күшінен қалдыру керек деп айқын белгіленген. Кезектегі басты міндет халық коммунасын жойып, ауылдық үкімет құру. Сонымен бірге ауыл бойынша ауылдық партком құру әрі өндірістің қажетімен бұқараның тілегіне сай экономикалық ұйымдарды біртіндеп құру тиіс. Партия партияны басқармайтын, үкімет үкіметті басқармайтын және үкімет пен кәсіпорын бір-бірінен айырылмайтын жағдайды тез арада өзгертуіміз керек, халық коммунасын күшінен айырып, ауылдық үкімет құру қызметін ауылдық халық құрылтайы  өкілдерін сайлау қызметімен ұштастыру, жалпы тұлғалық жақтан 1984-жылдың соңына дейін орындап болуы қажет еді.

Халық коммунасының аграрлық реформасы сәтті жүргізілді. 1985-жылдың көктемінде, ауыл-қыстақтардағы халық коммунасының күші әлсіреп, ауылдық үкімет құру қызметі толығымен аяқталды.

Мұнда ең әуелі реформа ауыл шаруашылығының тез қарқынмен дамуын және ауыл шаруашылығы өнімдерімен жақсартуын қамтамасыз етті. Қатысты мамандардың өндіріс санды мәліметі бойынша жасаған баяндамасына қарағанда, 1978-жылдан 1984-жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім құнын өзгермеген баға бойынша есептегенде 42,23% артқан, мұның 46,89%-ы отбасылық мердігерлік өнімділігінен болған, ал химиялық тыңайтқыштың өнімділігі 32,5 пайыз еді. 1978-жылдан 1984-жылға дейін астықтың жылдық өнімі 300 миллион тоннадан 400 миллион тоннаға артқан; Мақта 2 миллион 170 мың тоннадан 6 миллион 260 мың тоннаға, майлы дақыл 5 миллион 220 мың тоннадан 11 миллион 910 мың тоннаға жеткен. Мұнан қалса аграрлық реформасы диқандар кірісінің 15,1% пайызы құрады, диқандар кірісінің ең аз артқан мезгілі болды. Ауылдардағы кедей халық саны жылына 16,4%-ға тез қарқынмен азайды. 1984 жылы ауыл қыстақтардағы кедей халық саны 1978-жылғы жалпы халық санының 33,3% ұстайтын салыстырмадан 11%-ке төмендеді. Реформаның тағы бір өнімділігі ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мен диқандар кірісінің артуы тұтас халық шаруашылығының артуына әсер етті. Санды мәліметке қарағанда, қытай халық шаруашылығының жылдық арту мөлшері 6%-ға жетті. Мұнда аграрлық экономикасының арту үлесі 37,3% болған, ал реформадан кейінгі 1978-жылдан 1988-жылға дейін халық шаруашылығының кірісі, жылына 9,2% артқан, ауыл экономикасының арту үлесі 63,7%-ке жеткен, қала реформасы жаппай өрістетілуден бұрын ауыл реформасының ілгері жүргізілуі ең әуелі диқандар отбасы мен ауыл-қалалық кәсіпорындары сияқты дамыған механизмі бар экономикалық тұлғаны қалыптастырып, базар шаруашылығын дамытуға негіз қалады. Тұтас экономикалық реформасын тездету үлгілік роль атқарды[3].

Отбасы мердігерлігі түсінігін аз санды адамдар түсінбей келеді, тіпті басқаша көзқарас та болды. Идеялық және кейбір былықпалық жағдай жасай отырып, партия орталығының 11-кезекті 8-жалпы мәжілісі «партия орталығының ауыл шаруашылығы және ауылдың қызметін анағұрлым күшейту жөніндегі ұйғарымында», «отбасылық мердігерлік формасын негіз еткен екі сатылы шаруашылық басқару формасының өзара ұштастыруды ауылдық коллективті шаруашылық ұйымының негізгі формасы ретінде ұзақ уақыт бойы орынықты жүргізу, әрі үздіксіз кемелдендіре түсуі керек»,-деп атап көрсетті.

Ауыл шаруашылық айналым түзіліс реформасы ең алдымен жоғары дәрежеде жүргізілді.

Қытай елінің ауыл шаруашылық реформасы жалпы тұлғалық жақтан мынадай екі түрге бөлінеді.

  1. Отбасылық мердігерлік арқылы жанұялардың жағдайын жақсартып, халық коммунасын әлсірету. Сондай-ақ диқандармен коллективтік қатынасын дамыту.
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналым формасына реформа жасап, ауылда тауар шаруашылығын бар күшімен дамыту, сол арқылы жоспарлы шаруашылық формасынан нарық шаруашылығы формасына қарай біртіндеп өтуді жүзеге асыру.

Отбасылық мердігерлік жауапкершілік формасы ауылдарда алғашқы орынға шыққаннан кейін, 1985-жылы партия орталығы ауыл шаруашылығы өнімдеріне аграрлық реформа жасап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын қос арналы түзілістен базарға ауыстыру сияқты жаңа жобасын дер кезінде ортаға қойды. Жоспарлы шаруашылық формасының ауыл-қыстақтардағы арқа сүйер тірегі бар тұтас сатып алу, әрекеті болды. 1953-жылдан бастап мемлекет ілгерінді-кейінді  астық,  мақта және майлы дақыл қатарлы маңызды ауыл шаруашылығы өнімдеріне бір тұтас сатып алуы ұзақ уақыт жүрілуі тауарлардың базарын күн сайын тарайтып, базар механизімінің рөлін барған сайын әлсіретіп жіберді.

   1979-жылдан бері, ауыл шаруашылығы өндірісі жаппай тез қарқынмен дамыды.  Негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажетсінуді қамдай алмау жағдайы өзгеріп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы реформалауды заттық негізбен қамдады.  1985-жылдан кейін,  аграрлық реформасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының аграрлық реформасына қарай бағытталды, микро саладан макролық  салаға қарай кеңейді. Ауылдарда  өнімге бірлестіріп, отбасының жағдайын ауыл-қыстақтарда тауар шаруашылығының тұлғасын қалыптастырды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің аграрлық реформасын экономикалық негізбен қамдады. 1984-жылы ауыл шаруашылығы өндірісі тарихтағы ең жоғарғы орынға ие болды.

Тәжірибеде Қытай ауылдарында мердігерліктің екі түрі және көптеген ұйымдастырушылық өндірістік бірліктер бар.

  • Өндіріс көлеміне мердігерлік. Бұл шаруашылық жүргізу формасында аула-мердігерлігі (өндірушінің ең төменгі разряды) өндірістік топпен (шаруашылық есеп беру бірлігі, ол сондай-ақ мемлекет пен жеке ауыл өндірушінің арасындағы өзара есеп айырысуда делдал қызметін атқарады) белгілі бір өндірістік тапсырысты орындау үшін келісім шартқа тұрады. Өндіріс көлеміне мердігерлігі өсімді шаруашылығында қолданылған уақытта, негізгі шаруашылық есеп беру бірлігі — өндірістік топ — аулаға қажетті жер, жұмысқа арналған мал, еңбек құралдары, отбасылық қорлармен т.б. қамтамасыз етеді; мал шаруашылығында, тиісінше – жем, жайылым, өріс, өндіріс құралдарын, өнімді қайта өңдеу қызметтерін береді.
  • Толық аулалық мердігерлік. Өндірістік жауапкершіліктің бұл формасында Қытай ауылындағы аулалық-қатысушылар да мердігерлік бірлік қатарына жатқызылады. Оның алдыңғы формадан ерекшелігі, бұл жерде отбасы мердігерлігінің еңбегі нәтижесін төлеу жүйесі еңбек күндерімен есептелсе, бірінші формада келісілген өнім көлемін ескермейтін, артық өнімнің барлығы отбасы иелігінде қалады.

Жалпы алғанда бұл жүйені шаруалар үлкен қызығушылықпен, жауапкершілікпен қарсы алды. Бұл жүйе қытайлық социалистік тауар өндірісінің либерализациясы кезеңінде бұл жүйе тиімді, әрі болашағы зор болды. ҚХР-ң үкіметінің ауыл өндірушілерінің артық өнімін жоғары сатып алу бағаларымен алу тәжірибесінен біртіндеп өздерінің аймақтық өкілдері арқылы нарықтық бағамен сатып алу тәжірибесіне көше бастау үрдісі өте маңызды роль атқара бастады.

Ауыл шаруашылық өндірісінде басымды роль  өндіріс көлеміне мердігерлігінен толық аулалық мердігерлікке біртіндеп көшу отбасылық өндіріс жауапкершілік жүйесінің ауылдағы қолданылу аясының кеңеюімен қатар жүрді. Бұл жүйе ірі ауылдық өндіріс бірлестіктерінің деңгейінде өнім көлеміне байланысты келісім шартқа тұрудан бастау алған болатын. Кейіннен жергілікті жерлердегі тәжірибелер, өндірістің тиімділігін жоғарлату үшін коллективті қызығушылықпен ғана шектелмеу керектігін көрсетті, керісінше өнім көлеміне мердігерлігін жекелеген аулалық-өндірушілер деңгейіне жеткізу керектігін меңзеді.

Аграрлық реформа барысында 80-жылдардың басынан бастап қазірге дейін тауар өндірісімен айналысатын арнайы аулалар, сондай-ақ түгел маманданған ауылдар және арнайы облыстар мен уездер пайда болуда. Оларға қызмет көрсету үшін маманданған нарықтар құрылды. Бұл өндірістік бірліктер мен бірлестіктер  Қытай ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуына алғышарттар жасайды. Бұл маманданған бірлестіктердің жоғары тиімділігінің басты факторлары болып келесілер табылады: қаржы қаражатты, өндіріс құралдары мен еңбек күшін толық масштабта пайдалану, жеке шеберлердің толық, рационалды жұмысбастылығы, еңбек бөлінісі деңгейін оның өнімділігін көбейту мақсатында өсіру. Осы арнайы ауыл шаруашылық өндірушілеріне олардың шаруашылық жүргізу қызметіне елеулі еркіндік беру Қытай ауылдарында  шаруашылық бірлестіктерінің көптеген формаларының құрылуына жол ашты. Ауылшаруашылық бірлестіктер формалары келесідей принциптер негізінде қалыптасты:

  1. Территориялық ерекшеліктері бойынша бірлестіктер және ауданаралық типтес бірлестіктер
  2. Келесілердің бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер:
    • Еңбек
    • Ақша қаражаттары
    • Материалдық ресурстар
    • Жоғарыда аталғандардың араласып бірігуі

                   3.Өндірістік процесс сатылары бойынша құрылған немесе өндірістік сатыларға дейінгі және кейінгі бірлестіктер (қамтамасыз ету, қайта өндіру, сақтау, тасымалдау, техникалық қызмет көрсету, несие, ақпарат т.б.)

  1. Мамандандырылған және кешенді бірлестіктер
  2. Мүшелердің табыстарын келесілер негізінде бөлінетін бірлестіктер:
  • Еңбек үлесі
  • Пайлық принцип
  • Аралас принцип

Бірлестіктердің барлық түрі мүшелердің өз еркімен қатысу принципін сақтап, орталық жоспарға бағынып, мемлекет пен жергілікті билік органдарымен жасалған өндіріс көлемі туралы келісім шартты орындап, еңбек бойынша үлестіру принципін негізгі деп танып, шаруашылық құрылымының жергілікті басқарушыларымен пайлық табыстарды бөлуді келісіп алуы керек.     

Нарықтық экономикаға біртіндеп көшу. Қаржы жүйесін реформалау Қытайда 80-жылдардың ортасында жүргізілді. Оның нәтижелерін толық елестету үшін Қытайдың бұрынғы және қазіргі қаржы жүйесін салыстырған жөн. Басты қаржыны жинақтаушы және бөлуші мемлекеттік бюджет болып табылады, басты қайнар көз кәсіпорындардың таза табысы (соңғы жылдары сыртқы сауда ролі жоғарлауда). Алайда қаржыны басқару жүйесі оның реформасынан кейін мемлекеттік бюджет инструментінен басқа жаңа механизм пайда болды – кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу қызметі.

Көптеген Қытай ғалымдары 1976 жыл мен 1985 жыл арасында ҚХР-да болған қаржы реформасын  3 кезеңге бөледі.

Бастапқы 3 жыл Қытай қаржы жүйесін реформалаудың эксперименталды-дайындық кезеңі болып табылады. Бұл периодта тәжірибеде түрлі қаржы қатынастар формасы сыналды. Негізгі формалар:

А) Орталықтанған қалалар, провинциялар мен автономды аудандарда бірінші қаржы қатынасы жүйесінің формуласы келесі болды: «Табыс пен шығыстың тұрақты арақатынасы, оның жалпы сомасына бөлу». Яғни шаруашылық пайда түскен кезде оның бір бөлігі ауданда, шығыны көп жерлерде қалады, ал шығындардың тағы бір бөлігі мемлекеттік бюджеттен жабылады.

Б)Екінші форма – «табыс өсімін бөлу, табысты шығыстармен байланыстыру» — оң немесе теріс балансқа көңіл бөлінбеді. Алдыңғы жылға қарап, табыс өсімін салыстырды, содан соң табыс шығыстарға қарай  орталық бюджет есебінен немесе пайдасына үлестірілді. Бұл жағдайда аймақтық ынталандыру алдыңғы формамен салыстырғанда төмен болды.

В) Үшінші форма ерекше болды. Бұл форма эксперимент ретінде 1977 жылы Цзянсу провинциясында қолданылды. Ол бюджетке тұрақты аударымдарға негізделді. Бұл аударымдар аймақтардың тарихи қалыптасқан табысы мен шығысының үлесі бойынша анықталды. Бұл жүйенің толық атауы – «табысты шығыстармен байланыстыру, жалпы соманы бөлу, бірнеше жыл қолданылатын нормативті коэффициент». Бұл форма кейіннен мемлекеттің шаруашылық және мәдени жағынан оқшауланған елдің таулы аймақтарымен өзара есеп айырысуда қолданыс тапты.

Екінші кезең орталық пен шалғай аймақтар арасындағы қаржылық қатынас формасының жасақталуымен ерекшеленеді. Бұл «табысты шығыстан бөлетін сатылы жауапкершілік» деп аталатын жүйе болатын. Бұл жайында уақытша ережені ҚХР-ның Мемлекеттік кеңесі 1980-жылдың ақпанында басып шығарған. Жергілікті және орталық бюджеттің уәкілдігі кәсіпорындардың шаруашылық бағыну принципі бойынша бөлінді. Орталық бюджетке аударымдар, орталық және жергілікті бюджет арасында пайданы бөлу пропорциясы, өнеркәсіптік дотациялар көлемі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Орталық бюджеттің тұрақтылығы жоспардан тыс дотацияларды төлеуден бастартуы арқасында өсуімен қатар, мұндай қаржылық есеп айырысу формасының идеясы кәсіпорындардың толық өндірістік жауапкершілікке өту процесінің активизацияланған кезеңімен тұспа-тұс келді. Яғни, табыстар мен шығыстардың шектері орнатылды, оларды бұзғаны үшін аймақтар өздерінің қызығушылықтарымен жауап берді. Мемлекеттік бюджетке қаржылық аударымның осы формасын қабылдап, аймақтардың көбісі бұл жүйенің көптеген шарттарын өздерінің кәсіпорындарымен қатынасына сай трансформациялап алды. Осы арқылы олар кәсіпорындардың шаруашылық қызығушылықтары мен қаржылық дербестігін арттырды.

Бұл жүйе сәтті болып 1984 жылға дейін өмір сүрді. Ал 1984 жылы пайдадан аудару жүйесі бірегей салық механизмімен ауыстырылды. Бұл ҚХР-дағы қаржы реформасының 3-кезеңі болып келеді. Бұл кезеңге қытайлықтар 1978 жылдан бері дайындық жүргізген. Пайда үлесінен өзіндік қорларды қалыптастырумен бірге осы пайданы кәсіпорындар, жергілікті және орталық бюджет арасында бөлу принципін анықтау қажеттілігі туды. Сол кезден бөлудің жасақталған нұсқалары салықтық заңның негізіне енді.

Алайда қаржы жүйесі реформасының үшінші кезеңінің бірінші бөлігі өтпелі болды. Бұл кезде қытайлықтар пайданы бөлу мен салықты үйлестірді. Яғни пайдаға бірінші салық заңында бекітілген тұрақты механизм бойынша салық салынды, ал қалған пайда белгілі формалардың бірі бойынша Орталық бюджет, жергілікті бюджет және кәсіпорын арасында бөлінді. Мұндай жүйеге Қытай үкіметі аса сеніммен қарамады, біріншіден бұл жүйе тек ірі рентабельді кәсіпорындарға қолданылды, екіншіден бір жылдан кейін ҚХР-ң салық саясаты екінші бөлімге көшіп кетті – пайданы бөлуді толығымен алып тастады, сондықтан тұрақты пайызды салықты дифференциацияланған немесе қалқымалы нормативтермен алмастырды.

Өнеркәсіпті басқаруды реформалау. Өзінің өнеркәсібі бар кез келген мемлекетте оны басқарудың екі деңгейі бар: өндірісті кәсіпорын деңгейінде және бүкіл ұлттық өнеркәсіп өндірісінің басшылығы деңгейінде. Бұның әсер ету дәрежесі түрлі факторлармен анықталады – ұлттық өнеркәсіптің мамандануы, оның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формасы, басты идеология (дамудың демократиялық концепциясына жақын болуы нарықтық механизмнің кең қолданылуы мен кәсіпорынның шаруашылығын басқарудың еркіндігімен тұспа-тұс келеді), уақыт жағдайы. Осы және басқа да факторлар өнеркәсіпті басқаруды қалыптастыруда тең дәрежеде әсер етеді, кейбір жағдайда кейбір факторлар басымды түрде әсер етуі мүмкін.

Қытайдың өнеркәсіпті басқару жүйесі негізінде 50-ші жылдардың басында қалыптасқан және кеңестік жүйеге ұқсас болды. Оны реформалаудың қажеттілігі 70-ші және 80-ші жылдарда пайда болды.

ҚКП-ң ОК-ң 11-шақырылымындағы 3-пленумынан кейін өнеркәсіпті басқарудың жаңа әдістерінің өміршеңдігі мен тиімділігін тексеру үшін    мемлекеттік масштабта үлкен тәжірибелер басталды. Бұл тәжірибелер үшін әрбір ведостволар мен әкімшілік-территориялық бірліктер тәжірибелік кәсіпорындарды ұсынулары қажет болды. Жергілікті үкіметтің бұл ұсынысқа ынтасыз болғанына қарамастан 1980 жылы тәжірибеге қатысушы кәсіпорындардың саны 6000-ға дейін өсті. Бұл мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорындардың 16 пайызын құрайды және сәйкесінше  жалпы өнім мен өнеркәсіптік пайданың 60 және 70 пайызын құрады. Соңғы екі көрсеткіш пен біріншінің қатынасынан-ақ жаңа өнеркәсіпті басқарудағы реформалардың тиімділік дәрежесін көруге болады. Осы кәсіпорындардағы реформаларды ынталандыру үшін және оған мемлекеттік сектордың жаңа өнеркәсіптік бірліктерін тарту үшін 1980 жылы қыркүйекте ҚХР мемлекеттік кеңесінің мақұлдаған Мемлекеттік экономикалық комитеттің «Кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу дербестігін кеңейту саласындағы жағдайлар мен перспективалар туралы» баяндамасында мемлекет пен кәсіпорындардың түрлі қорлары арасында пайданы бөлудің түрлі формаларын қолдануға жол берілетіндігі көрсетілген. 1981 жылдан бастап бұл құқықтар елеулі түрде ішкі кадрлік саясат, қаржылық қызмет, материалды ресурстармен өзіндік қамтамасыз ету, өндірістік процесті модернизациялау, бастапқы шикізатты сатып алу мен өнімді үлестіру сияқты салаларда да өріс ала бастады. Сол кезеңде мықты негізі қаланған ғылыми-зерттеу базасы бұл маңызды тәжірибелерді  тексерілген механизмдердің нәтижелерін зерттеумен қатар жүргізуге және өздерінің тиімділігін дәлелдегендерін ұлттық өнеркәсіпке кең түрде енгізуге мүмкіндік берді. Өнеркәсіп шаруашылығын басқаруда жаңа әдістерді тәжірибелік тексеру 1983 жылы өндірілетін тауарлардың аясын кеңейту құқықтарын, пайда үлесінен қалыптасатын кәсіпорын қорларын қолдануды либерализация құқытарын, валюталық табыс бөлігін қолдану құқықтарын кеңейтумен аяқталды.

Жалпы алғанда бұл жекелеген тексерістер мен тәжірибелер 1979 бен 1983 жылдар аралығын алып, оң тәжірибесін берді.

Өткізілген тәжірибелер мен олардың нәтижелерін бекітуден кейін ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіпте де экономикалық жауапкершіліктің түрлі жүйесін енгізуге қолайлы негіз пайда болды. Дәлірек айтқанда, 80-ші жылдардың ортасына таман бұл жүйенің жетілдірілуі туралы мәселе қарала бастады, себебі 1982 жылдың қазан айынан бастап ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайызы түрлі формалар шеңберінде қызмет жасай бастаған. Кең көлемде қолданысты өндірістік жауапкершілік жүйесі тапты. Ол алғаш рет «Шоуду» пекиндік металлургия комбинатында енгізілді және «кепілдік, жауапкершілік, тексеріс» деген атқа ие болды. Оның негізінде кәсіпорын мен жоғары тұрған органдар арасында және кәсіпорындардың өздерінің арасында келісім-шарттық-мәмілелік принципі жатты. «Тексеріс» пункті келісім шарт пен тиісті әкімшілік-қаржылық санкциялар жүйесін қатаң бақылауды білдірді.

Бұнымен қатар мемлекеттік сектордың орта және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы басқару жүйесін ауыстыру қажеттілігі туындады. Бұрын бұл жүйе директорлық жауапкершілік пен партиялық тұтқалардың өндірістік қызметінен тұрған болатын. Белгілі бір кезеңде өзін ақтаған жүйе 80 жылдардың соңына таман өзін толығымен әлсіретті және басшылықтың партиялық бөлігі қысқартылды.

Өзінің қорларын еркін пайдалану тәжірибесі Қытайда 1979 жылдан басталып, мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорындардың табыстарын бөлу реформасының бір бөлігі болды. Оның басқа да құрамдас бөліктері келесілер:

  • Еңбек ақы қорының кәсіпорын өндіріс көлемі, өнім сапасы, пайда және келісім шарт жауапкершіліктері бойынша мемлекеттік жоспарды орындаған соң өзінің қорына ауыстыру.
  • Түрлі салаларда пайданың 5, 10 және 15 пайызын аударулар орнатылды. Осы аударымдардан құралатын қорларды өндірісті дамытуға, әлеуметтік қажеттіліктерді және премиальді төлемдерді еркін пайдалану мүмкіндігін беру.
  • Пайданы бөлуде түрлі жекелеген тәжірибелерден құралған эксперимент:

          А) Мемлекеттік бюджетке пайдадан дифференциацияланған аударым.

  Б)      Жоспардан жоғары пайданы бөлу

  В)      Барлық пайданы бөлу

  Г)      Пайданы аударудың бекітілген көлемі

          Д)      Пайданы аударудың прогрессивті көлемі

  Е)      Пайданы бөлудің тұрақты пропорциясы және т.б.

Бұл тәжірибелердің барлығы сол периодта белгілі бір экономикалық әсері болғанымен, бұл барлық тәжірибелер өтпелі сипатқа ие болды. Бұған қарағанда көп жағынан ең тиімді және әсері елеулі болған кәсіпорындарда салық механизмін дамыту пайдалану және құру.

Салық салудың бірінші кезеңінде заңға ешқандай өзгерістер жасалмай, бұрынғы жүйемен жұмыс істелінді. Жоспарлы пайданы тапсырған соң артық қалған бөлігіне салық салынатын болды. Бұл маңызды механизмді сәл түзеудің өзі бірқатар оң әсерін берді: біріншіден, шаруашылық жүргізушілерге  мемлекетке қайтарылуы тиіс пайданы түрлі жеке қорларға жасырын түрде салу едәуір қиындады. Рентабельді кәсіпорындар үшін пайданы бөлудің түрлі және қиындатылған әдістерінен нақты салық механизміне көшуі олардың жұмыстарын жеңілдетті.

Салық салудың екінші кезеңінде сауда-өнеркәсіптік салықты қосымша құн салығы, өнімге салық, тұз және кәсіп салықтары сияқты түрлерге бөлді. Осы кезең шеңберінде табыс салығы мен реттеуші салықтардың құрылымы өзгерді. Жаңа салықтың түрлері енгізілді: ресурсқа салық, қала құрылысына салық, құрылысқа салық, жер және көлік пайдалану салығы.

Өндірістік компаниялар құру кәсіпорындар арасындағы кооперацияны күшейтті.

1984 пен 1990 жылдар аралығында ҚХР-ң Мемлекеттік Кеңесі бірқатар шараларды жүзеге асырған болатын. Бұл шараларға жалпы мынадай ат беруге болады «Жекелеген кәсіпорындардың өндірістік қуатынан тұратын ұлттық өнеркәсіптік потенциалды есептік ішкі шаруашылық байланыстарын максималды тиімді пайдалану арқылы бірегей өндірістік механизмге жұмылдыру үшін талпыну». 80-жылдардың ортасына таман ауыл шаруашылығындағы сияқты, ұлттық өнеркәсіпте де 90-шы жылдардың басына қарай Қытай реформаторлары біртұтас, реттелген механизм құрды. Алайда нарықтық және социалистік принциптерді араластырып пайдаланғандығынан және кооперация масштабының әсерінен бұл механизм құрылымы тым күрделі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Меншік қатынастарының өзгеруі

Көпукладты экономиканың дамуы. 1978 жылы Қытайдың 56%-ы мемлекеттік меншіктің үлесіне тиетін, коллективті 43, қоғамдық емес меншік формалары 1 пайыз.

70-ші жылдардағы экономикалық реформалар жеке  шаруашылық жүргізу пайда болып және топтық шаруашылық (ауылдағы жеке мердігерлік, қала мен ауылдағы шағын кәсіпорындар) жүргізу дамыды. Салықтық және инвестициялық жеңілдіктерге ие болған  мемлекеттік емес меншік формалары  мемлекеттік объектілерді ығыстыру арқылы емес, оған толықтыру негізінде таратылды.

Мемлекеттік сектордағы негізгі өзгеріс болған «құқықтарды төменге қарай жылжыту», кәсіпорындарды жергілікті басқаруға көшіріп, әкімшілік басқару органдарынан бөлу және шаруашылық жүргізу құқытарын кеңейту арқылы өзіндік тауар өндірушілерге айналдыру.  Мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттік қаржыландыру жүйесінен шығарыла бастады, оның орнына бұл кәсіпорындарға арзан несие мен өзіндік қаражаттарды кеңейтуге мүмкіндік берілді. Экономиканы жалпы либерализациялау бағытында Қытай аумағында өндіріске шетелдік серіктестерді тарту да жүзеге асырылды.

1987 жылы мемлекеттік кәсіпорындарды мердігерлік шаруашылық жүргізу формасына көшіру де кең тарады. Ол бойынша жоғары тұрған инстанциямен өндірістің белгілі көлемі мен мемлекеттік бюджетке белгілі соманы аудару жөнінде келісім шартқа тұру қарастырылды. Шағын мемлекеттік кәсіпорындарда жалға беру енгізілді.  1988 жылы «Кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Акционерлеу мен кейбір кәсіпорындарда мердігерлік ақша аударымдарының орнына бюджетке деген аударымдардың салықтық формасын енгізу эксперименттері жүргізілді.

1992 жылдан бастап реформа одан сайын жетілідіріліп, «социалистік нарықтық экономика құру» ұранымен жалғасты. 1992 жылы жалпыхалықтық меншіктегі кәсіпорындарды басқару механизмін өзгерту бағдары қабылданды. Кәсіпорын көлемі мен оның жалпы мемлекеттік маңызына қарай оларды түрлі әдіспен басқару қарастырылды:

  • Жалпы мемлекеттік маңызы бар салалардағы кәсіпорындар (пошта, телеграф, көлік жолдары, темір жол, қоршаған ортаны қорғау, электр-, газ-бен қамтамасыз ету т.б.) мемлекеттің меншігінде қалды. Олар толығымен бюджетпен қамтамасыз етілді.
  • Монополия типтес ірі кәсіпорындар (энергетикалық өнеркәсіп, мұнай химиясы, металлургия, машина жасау т.б.) ірі корпорацияға айналдырылып, акциялардың бақылауға мүмкіндік беретін бөлігі мемлекеттің қолында қалады. Сондай-ақ бұл кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру жүйесінде жұмыс істеді.
  • «қарапайым» бәсекелестік түрлі саладағы кәсіпорындар, мысалы жеңіл өнеркәсіп, сауда және техника саласындағы кәсіпорындар т.с.с. Бұл кәсіпорындар акционерленіп, оның белгілі бір акциялар бөлігін мемлекет иемденуі мүмкін немесе мүлде мелекеттің қатысуынсыз жеке кәсіпорын түрінде құрылды.
  • Шағын мемлекеттік кәсіпорындар кооперативтер, акционерлік, пайлық серіктестіктер түріне көшірілді. Сондай-ақ жалға немесе жеке тұлғалар мен коллективтерге сатылды.

1992 жылы акционерлеу әдістері жөніндегі арнайы қаулы қабылданады. Нәтижесінде акционерлік кәсіпорындардың саны өсе бастайды (1993 жылдың бірінші жартысында олардың саны 3200-ден асты, көбінесе жабық түрдегі).

1993 жылы қабылданған мемлекеттік және партиялық шешімдер шаруашылық жүргізу формаларының нарықтық құрамын бекіту мен «заманауи кәсіпорындар жүйесін» құруға – мемлекеттік кәсіпорындарды қазіргі нарық шарттары мен қатал бәсекелестік кезінде жұмыс жасайтын корпорацияларға айналдыруға бағытталған. 1994 жылы корпорациялар туралы заң қабылданады. 1995- 1996 жылдары «чжуада, фан…» бағыты жариаланады (ірі кәсіпорындарды мемлекеттің қолында ұстап қалып, шағындарын жіберу).

1993 пен 1997 жылдар арасында мемлекет меншігінің жалпы жағдайына зерттеу жасалды,  3 жалпы мемлекеттік өнеркәсіптік тіркеу нәтижелері кең көлемде бұқаралық ақпарат құралдарында талқылауға салынды. Өнеркәсіп кәсіпорындарын басқарудың жаңа институционалды құрылымын құру бағытында нақты қадамдар келесідей схема бойынша жасалынды: үкімет – мемлекеттік меншікті басқару органдары және меншікті басқаруға құқылы ұйымдар – кәсіпорын.

Мемлекеттік секторды реформалаудағы кідірістер мен қарыздың өсуі айтарлықтай декапитализацияға әкелді.

1997 жылы  мемлекеттік кәсіпорындардың 40 пайызында (жалпы саны 15 мың бірлік ішінен) пассив пен актив арақатынасы 80 пайыз болды, сондай-ақ 4,6 пайызында  пассивтердің активтерден жоғары болуы байқалған.

1997 жылы өнеркәсіптің 48 пайызы мемлекеттік кәсіпорындардың үлесіне тиді, 30 – коллективті, 22 – қалған қоғамдық емес меншік формаларына тиесілі болды.

Мемлекеттік сектор басқармасы мен мемлекеттік сауда-өнеркәсіптік  басқармасының 1992 жылғы қаулысына сәйкес 9 негізгі экономикалық сектор заңдастырылды (меншік формалары), олардың өзі 21 тармаққа бөлінген:

  • Мемлекттік сектор (мемлекттік кәсіпорындар мен мемлекттік аралас кәсіпорындар)
  • Коллективті сектор (коллективті кәсіпорындар және аралас коллективті кәсіпорындар)
  • Жеке сектор (жеке капиталды шаруашылықтар, жеке үлестік ұйымдар, жекеменшік жауапкершілігі шектеулі компаниялар)
  • Индивидуалды сектор (индивидуалды кәсіпорындар мен серіктестіктер)
  • Аралас экономика секторы (мемлекеттік-коллективтік, мемлекттік-жеке, коллективті-жеке, мемлекттік-коллективтік- жеке кәсіпорындар)
  • Акционерлік сектор (жауапкершілігі шектеулі акционерлік компаниялар мен жауапкершілігі шектеулі компаниялар)
  • Шетел кәсіпорындарының секторы (қытай-шетел аралас кәсіпорындары мен шетел капиталына толығымен тиесілі кәсіпорындар)
  • Тайвань, Гонконг және Макао капиталының қатысумен құрылған кәсіпорындар
  • Шаруашылық қызметінің басқа да түрлері.

1993 жылы қабылданған компания туралы заңға сәйкес корпорацияның негізгі екі түрі бар – жауапкершілігі шектеулі компаниялар(пайщиктердің саны 2 ден 50-ге дейін заңды немесе жеке тұлғалардан құралған жабық түрдегі қоғам) және жауапкершілігі шектеулі акционерлік компания (пайщиктердің саны 5 тен кем емес ашық немесе жабық түрдегі).

1997 жылы меншік қатынастарын реформалаудың маңызды кезеңі болды. Алдыңғы жасалған өзгерістердің нәтижесінің аздығы мен мемлекеттік кәсіпорындардың шығындылығының өсуі түпкілікті бұл жағдайды өзгертуді талап етті. 1997 жылы үкімет шығынды мемлекттік кәсіпорындарды жою жоспарын жасақтады. Ол бойынша орталық әкімшілік аппаратты кең көлемдегі қайта құруды қарастырды: 9 өнеркәсіптік және сауда басқармасын қысқарту; банк несиесі бойынша қарыздардың айтарлықтай бөлігін сызып тастау; банкроттық процедурасын өткізу; акционерлік жүйені кең көлемде енгізу; шығынды мемлекеттік және коллективті кәсіпорындарды жеке тұлғаларға жалға беру немесе  сату. 1999 жылы кәсіпорын туралы заң қабылданады, ол жеке инвестицияларға негізделеді. 1999 жылдың 22-қыркүйегінде өткен ҚКП-ң 15-шақырылым ОК-ң 4-пленумы «мемлекттік кәсіпорындарды реформалау мен дамытудың басты мәселелері бойынша шешім» қабылдады. Ол реформалаудың алдыңғы бағытын бекітіп, XXI  ғасырдың бірінші онжылдығына жаңа міндеттерді бекітті.

1999 және 2000 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды тез арада реформалаумен ерекшеленді. Ол заманауи корпорациялар режимін құру жолымен жүзеге асты. Жоспарлау мен даму істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша, 1999 жылдың соңына қарай 1994 жылдан бері шаруашылық жүргізу механизмін қайта құру басталған 2473 мемлекеттік кәсіпорынның 2016-сы компания түріне ауысты. Ал 2000 жылдың соңында алдыңғы қатарлы 520 мемлекеттік кәсіпорынның 430-ы (83,7%) корпорацияға ауысты, оның ішінде 282-сі жауапкершілігі шектеулі компаниялар немесе жауапкершілігі шектеулі акционерлік компаниялар. Олардың көбінің акциялары қор нарығында орналастырылған. [4]

2000 жылдың соңында жасалған шаралардың нәтижесінде  1997 жылмен салыстырғанда шығынды ірі және орташа мемлекеттік кәсіпорындардың саны  6,6 мыңнан 4,4 мыңға дейін қысқарды. Шағын мемлекеттік кәсіпорындар 6 жыл бойы жалғасқан таза шығындық жағдайдан шықты.

Реформа кезінде мемлекеттік сектор тез дамығанымен (жылына жалпы өнімді 9 пайызға өсірді), меншіктің қоғамдық емес формаларының  тез қарқынмен дамуынан мемлекеттік және коллективті секторлардың ЖІӨ-дегі үлесі 1978 жылғы 94,7% көрсеткіштен 1997 жылы 75,8% -ға төмендеді, ал тұтынушылық тауарлардың айналымында 1978 жылғы 54,6% көрсеткішінен  1999 жылы 23,3% — ға төмендеді. Өнеркәсіп саласында мемлекеттік кәсіпорындар 1999 жылы 28,2% өндірді, ал 2001 жылы –    20,2 %.

Қайнар көзі: Китайская экономика в XXI веке. Селищев А.С., Селищев Н.А. –  Питер, 2004 ж. – 202 бет.

 

90-шы жылдардың ортасында өнеркәсіптегі мемлекеттік кәсіпорындардың саны азайып отырды, 1994 жылы 102,2 мыңнан 1999 жылы 61,3 мыңға азайды. ҚХР-ң Мемлекеттік сектор басқармасының мәліметтері бойынша, 2000 жылы өнеркәсіпте тек 42,4 мың мемлекеттік кәсіпорын болған, ал 2001 жылы – 34,5 мың.

Жеке салалар бойынша экономиканың мемлекеттенсіздендіру дифференциацияланған. Толығымен мемлекетсіздендірілген сала теміржол, әуе транспорты және пошта-телеграфтық қызмет, ал 90 пайызға қаржы саласы.

Меншіктің мемлекеттік емес формаларының даму динамикасы. Жеке және индивидуалды сектор да тез дамыды. 1978 жылы елде 150 мыңға жуық индивидуалды кәсіпкерлік нысандары тіркелді. Олардың көбі жөндеу, қызмет көрсету салаларында болды. Жеке сектор болмады десе де болады. Қазіргі таңда Қытайда 30 миллионнан астам индивидуалды шаруашылықтар тіркелген, оладың жартысынан көбі қызмет көрсету саласында шоғырланған. 2000 жылдың соңына қарай қалаларда 6 миллионнан астам индивидуалды өнеркәсіптік және 1 миллионнан астам жеке кәсіпорындар тіркелді.

2001 жылы шамамен «ірі масштабты» өнеркәсіптің барлығының 1/5 бөлігі бір жыл ішінде 22 мыңнан 36 мыңға өскен жеке кәсіпорындардың үлесіне тиеді. 1999 жылы енгізілген және тек жеке инвестицияларға негізделген «Кәсіпорындар туралы заңға» сәйкес  450 жеке кәсіпорындарға өздігінен экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу құқығы берілді (мұндай құқық бұрын тек мемлекеттік кәсіпорындарға ғана берілетін).

Жеке сектордың өсуі волостық-ауылдық кәсіпорындардың осы категорияға ауыстырылуынан болды. Бұрын олар коллективті ретінде қарастырылатын.

Шетел капиталының да позициялары күшейе бастады. 2000 жылы 180 елден шетел салымшыларының 353 мыңнан аса кәсіпорындары тіркелді. Олардың келісім-шарттық инвестициялар сомасы 641,7 млрд.долл.-дан асып түсті, ал шын мәнінде пайдаланылған капитал салынымдарының сомасы 327,7 млрд. долл. құрады. 2001 жылы 31,4 мың «ірі масштабты» шетел капиталының кәсіпорындары осы категориядағы өнеркәсіптік фирмалардың жиынтық өнімінің 28,5% өндірді. Олардың үлесіне елдің импорты мен экспортының жарты көлемі келеді, сондай-ақ  алдыңғы қатарлы технологиялар мен басқару тәжірибесін таратуда, жоғары маманданған жұмысшыларды дайындауда олардың алатын орны ерекше.

1978 жылға дейін Қытайда қоғамдық меншік экономикасы болды: мемлекеттік кәсіпорындар 77,6%, коллективті сектор кәсіпорындары 22,4 %-ды құрады. Реформалар экономиканың барлық секторларының бірге дамуына кең жол ашты, шетелдік, яғни Сянган, Аомэнь және Тайвань капиталы мен инвестициялары негізінде өнеркәсіп, жеке кәсіпорындар және жеке сектор, т.б. экономикалық секторлар тез дамыды.

Кәсіпорындарды реформалау – Қытай экономикалық реформасының негізгі бөлігі. Үкімет мемлекеттік кәсіпорындардың ұзақ мерзімді және кең көлемдегі рентабельсіздігі мәселесін шешу үшін түрлі тәжірибелер жасады. 2003 жылдың соңына таман Қытайдың 4371 басты кәсіпорындарының 80%- ы компанияларға ауысты, кіші және орта мемлекеттік кәсіпорындардың 90%-ы компанияларға ауысты. Акционерлік режимге көшіру реформасы жасалған мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі тұрақты өсуде, мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы потенциалы өсуде, бұл олардың халық шаруашылығына бақылау, әсер ету және ынталандыру ролін күшейтуде. 2003 жылы мемлекеттік және акциялардың қадағалау пакеті мемлекеттің қолындағы кәсіпорындары жылдық тауар айналымы 5 млн. юань және оданда жоғары  мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі барлық кәсіпорындар өндірілген  барлық өнеркәсіптік қосымша құнның 47,3%-ын берді, коллективті сектордағы кәсіпорындар – 6,8%-ын, қалған бөлігін қоғамдық емес меншіктегі кәсіпорындар, сондай-ақ Сянган, Аомэнь және Тайваньның шетелдік капиталы мен инвестициялары негізіндегі кәсіпорындар,  индивидуалды және жеке сектор кәсіпорындар берді. Осылайша, экономиканың түрлі секторларының бірге даму құрылымы қалыптасты[5].

Мемлекеттік емес кәсіпорындарға активтерді басқарудың негізгі құқығы орталық үкіметке тиесілі емес кәсіпорындар жатқызылады.Мемлекеттік емес сектор қауымдастықтар (коллективті меншік) меншігіндегі кәсіпорындардан, кооперативтерден және индивидуалды меншіктен, сондай-ақ жеке кооперациялардан және шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы

2.1 Экономикалық реформа нәтижелері

Елдің экономикалық өмірінде маңызды орын алатын нарықтық механизм қалыптасты. Мемлекет тарапынан реттеліп отыратын өнеркәсіп өнімдерінің түрлерінің үлесі 1978 жылғы 95%-дан қазіргі таңда 6%-ға дейін төмендеп кетті. Мемлекет тікелей реттеу механизмдерінен бас тартып, біртіндеп жанама әдістерді пайдалана бастады (салықтар, пайыздық қойылым, валюта курсы, ақша массасы). Қытай 2001 жылдың қарашасында ДСҰ-на кіру кезінде елдің экономикасын либерализациялау қажеттігі туды. Кедендік салықтарды төмендетуге және шетелдік серіктестердің тауарлары импортталған уақытта шектеулерді азайту керек болды. Дегенмен, ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қытай көптеген артықшылықтарға ие болып, оның сыртқы сауда көлемі тез өсіп,  2001 жылғы 510 млрд. долл.-дан 2003 жылы 851 млрд. долл.-ға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай әлемде 4-ші орынға шықты. Оның алдында тек АҚШ, ЕО және Жапония болды. Сондай-ақ елде тікелей шетел инвестициясының көлемі де артты: 2001 жылы 46,9 млрд. долл.-дан 2003 жылы 53,5 млрд.-ға жетті. Осы мәліметтерге қарағанда Қытай тек әлемдік экономикаға интеграцияланып қана қоймай, белгілі бір артықшылыққа ие болып, экономикасын дамытуда. ҚХР-ның экономикалық дамуының нәтижелері көрсеткендей ДСҰ-ға кірген уақыттағы 2002-2003 алғашқы екі жылда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз деп танылған көлік өнеркәсібі, керісінше тез қарқынмен дами бастаған. Автокөлік саудасының қарқыны 2002-2003 жылдары ішкі нарықта алдыңғы жылдармен салытырғанда 50 пайызға өсті[6].

Жыл сайын халықтың өмір сүру сапасы да өсуде. Шаруаның табысы 1978 жылғы 134 юаньнен 1995 жылы 1578 юаньге дейін өсті, жұмысшының жалақысы 615 юаньнен 3893 юаньге өсті. Шаруалардың табысының нақты (бағалардың жоғарлауын ескерген кездегі) орташа жылдық деңгейінің өсу қарқыны 7%-ды құраса, жұмысшылардікі – 5% болды. Осылайша әлеуметтік-экономикалық реформалардың сәтті болғандығын көруге болады[7].

Көптеген социологиялық зерттеулер көрсеткендей, 90-жылдары нарықтық қатынастардың дамуымен қатар, әлеуметтік дифференциацияда күшейді. Бір жағынан, бүкіл ел бойынша орташа табыс деңгейі өсті – 1978 жылғы 184 юаньнен 2003 жылы 4058 юаньге дейін өсті, сондай-ақ қалада 1978 жылғы 405 юаньнен 2003 жылы 8265 юаньге жетті, ал ауылда 1978 жылғы 138 юаньнен 2003 жылы 2399 юаньге жетті. Екінші жағынан, кедейлер мен байлар арасындағы табыс алшақтығы өсіп отырды. Нәтижесінде, Қытайда орта таптың қалыптасуы өте баяу жүріп жатыр. Батыстық әлеуметтік стратификация теориясы талаптарына жүгінсек, Қытайдағы халықтың көпшілігін орта тапқа жатқызу мүмкін емес, ең көп дегенде тек төменгі орта тапқа ғана жатқызуға болады.

Дегенмен, Дүниежүзілік Банк мамандарының бағалауы бойынша, кедей халықтың саны азаюда. Мысалы, 1990 жылы 360 млн., 1999 жылы 223 млн., 2003 жылы 151,9 млн. Жалпы Қытайдың демографиялық жағдайына келсек, 1995 жылы ҚХР халық саны 1,21 млрд. адамды құраған(әлем халқының 1/5 бөлігі). Елдің бір отбасыға бір бала саясатына қарамастан, Қытай халқы жыл сайын 10 млн. адамға өсіп отыр[8]. Жалпы Қытай халқының болжанған өсім динамикасы мына кестеде көрсетілген:

Кесте 1

ҚХР-ң  халқының өсу динамикасы мен процестері

 

1995 жыл

2000 жыл

2010 жыл

2030 жыл

2050 жыл

Халық саны млн. адам

1211,0

1280,0

1380,0

1480,0

1560,0

Табиғи өсім, % жылына

1,055

1,00

0,8

0,5

0

Қалалық және ауылдық халық үлесі

29,5:70,5

30:70

35:65

50:50

70:30

Сауатсыздар саны, %

25,5

22,5

18,5

8,5

0

Қайнар көзі: Китайская экономика в XXI веке/Селищев А.С., Селищев Н.А. — Питер, 2004. – 224с.

 

Сурет 2-Қытайдағы халық санының өсу динамикасы, 1978-2002 жж. (млрд. адам)

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China — http://k2kapital.com

 

 

 

 

Сурет 3 — Ауыл мен қаладағы халық санының өзгеру динамикасы(%)

 

Ауылдағылар үлесі

 

Қаладағылар үлесі

 

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China — http://k2kapital.com

90-жылдары ЖІӨ құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Мысалы, қызмет және өндірістік емес салалар жататын 3-сфера үлесі өсті, 1-сфера болып есептелетін ауыл шаруашылығының үлесі азайды. Ал 2-ші болып есептелетін өнеркәсіп саласы тұрақты күйінде қалды.

 

Кесте 2

Өнім құны % шұғылданатын адам саны(%)

Жыл

1-кәсіп

2-кәсіп

3-кәсіп

1-кәсіп

2-кәсіп

3-кәсіп

1975

32,6

46,1

21,3

77,1

13,3

9,6

1980

30,1

48,5

21,4

68,7

18,3

13,0

1985

28,1

43,1

28,5

62,4

20,9

16,7

1990

27,1

41,6

31,3

60,0

21,4

18,6

1996

20,2

48,0

31,8

50,5

23,5

26,0

Қайнар көзі: Құйғанбай Қ. ҚХР нарықтық экономиксындағы дамыған сыртқы сауда//Ағайын-2001жыл-№1 — 45-бет.

Дегенмен, дамыған және дамушы елдердің ЖІӨ құрылымын Қытаймен салыстырғанда бұл елдегі 1-ші және 2-ші сфера үлесі айтарлықтай үлкен екендігін көруге болады. Қытайдағы реформадан кейінгі өзгерістерге көз жүгірттік, алайда реформаның негізгі ерекшелігі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер арқылы көрініс табады. Сондықтан жұмыста ауылдың өсу динамикасына көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ Қытай экономикасындағы ең маңызды орындардың бірі өнеркәсіп саласынағы реформа нәтижелеріне тереңірек үңілейік, әсіресе оның ішінде энергетика саласына.

Отбасылық мердігерлік жүйесі мен тікелей нарықтық сатып алуларға көшу ауылдағы жағдайды түбегейлі өзгертті, адам факторының белсенділігі артты және ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісінің тез өсуіне ықпал етті. Шаруалар қайтадан жерді пайдалану құқығына ие болды, ауыл шаруашылық жұмыс пен ауыл шаруашылық өнім сипатын еркін анықтай алатын болды. Сондай-ақ мемлекет шарулар мен сатылатын және сатып алынатын өнімдерге «баға қайшысын» жоюға шаралар ұйымдастырды. Бірегей сатып алу мен жеткізу тәжірибесі алынып тасталынды, ауыл шаруашылық өнімдерінің көптеген түрлеріне баға түсірілді. Бұрынғы көптеген шектеулер қысқартылып, шаруаларға көп салалы шаруашылықты дамытуға және ауылдық-волостық кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді. Бұл ауылдағы өндірістік белсенділікті арттырды. Реформалар өндіргіш күштерге ерік беріп, оларды дамытты, ауыл шаруашылығының тез дамуын және оның құрылымының үздіксіз оңтайлануын қамтамасыз етті. Ал бірер мезгілден соң аграрлық салаға капиталдың құйылуын өсірді. Мұны ең алдымен несиелік мекемелер арқылы жүзеге асырды.

Ауыл шаруашылығына бұл шаралар тез, әрі оң әсерін берді. Өндірістің елеулі өсімі байқалды. Қытай өзінің өте үлкен халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, өнеркәсіпке шикізатты жеткізуді өсіре алды. Ауылда жасалған реформалар ауыл шаруашылығындағы бір реттік жылдам өндірістің өсуіне ықпал етті және бұл реформалар өзінің тарихи тенденцияларына сай даму үстінде. Мемлекеттік сектордың сақталуына қарамастан мемлекеттік емес сектор өсуде. Негізінде тез экономикалық өсімді мемлекеттік емес ауыл шаруашылықтық емес секторлар қамтамасыз етіп отыр. Қытайдағы ауыл шаруашылығының дамуының елеулі көрсеткіштерін келесі кесте көрсетеді.

Кесте 3

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі (млн. тонна)

Өнім түрі

1978

1990

2000

2002

2003

Астық

304,77

446,24

462,18

457,06

430,7

Мақта

2,167

4,508

4,417

4,916

4,86

Майлы шикізаттар

5,218

16,132

29,548

28,972

28,11

Қант құрағы

21,116

57,62

68,28

90,107

90,24

Қант қызылшасы

2,702

14,525

8,073

12,82

6,18

Отқа кептірілген темекі

1,052

2,259

2,238

2,135

2,015

Шәй

0,268

0,54

0,683

0,745

0,768

Жеміс

6,57

18,744

62,251

69,52

145,174

Ет

8,563

25,135

61,254

65,865

69,329

Қайнар көзі: Справочник  — Китай//издательство “Синь син” —  2004 жыл  — 102 бет.

 

1990-жылдың басында Қытай ауыл шаруашылығы және ауыл экономикасы көптеген қиындықтармен кездесті, алайда дамудың оң үрдістерін сақтай білді. 1996-2000 жылдарда  ауыл шаруашылығының ЖҰӨ бойынша қосылған құны 5 жыл бой 7,12918 трлн юаньді құрады. Салыстырмалы бағалар бойынша, орташа жылдық өсім 3,5% құрады, тұрақты даму тенденциясы сақталынды. Бірнеше жыл қатарынан астық және басқа да ауыл шаруашылық өнімдері жақсы алынды. 2003 жылы егіс алқаптарының азаюы және табиғи апаттардан астық өндірісі белгілі бір дәрежеге қысқарды, дегенмен 430,70 млн. тоннаға жетті. Қазіргі таңда Қытай астық, мақта, рапс, арахис, ет, жеміс өндірісінен әлемде бірінші орынға шықты.

Өндірістің дамуымен ауыл шаруашылық өнімін адам басына шаққандағы көлемі өсті. 2003 жылы орта есеппен адам басына 334 кг астық, 42,7 кг ет, 13,6 кг сүт және 36,5 кг акваөнімдерді құрап, орташа әлемдік деңгейден асып түскен. Қазіргі таңда Қытай ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түріне  ұзақ уақыт бойы дефицит кезеңінен жаңа кезеңге өтеді — өнімнің жалпы балансы және бай өнім көлемі кезіндегі артықшылықтар.

Ауылдық-волостық кәсіпорындар ауылды аудандардағы шаруалардың кәсіпорындары болып табылады. Ауылдағы реформа және ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресс өндірістің тиімділігін үлкен дәрежеде жоғарлатты, нәтижесінде ауыл жұмыс күшінің көп бөлігі алқаптық жұмыстардан босап, ауылдық-волостық кәсіпорындардың дамуына жол салды. Бүгінгі күні олардың төмен бағамен ерекшеленетін өнімдері бүкіл мемлекетте таралады.

Ауылдық-волостық кәсіпорындардың сферасы кең, олар өнеркәсіп,  ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік және тасымалдау, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану және қызметті қамтиды. 2003 жылы елде 21,85 млн-нан аса ауылдық волостық кәсіпорын болды. Оларда 135,73 млн. адам жұмыс істеп, олардың  қосымша құны 3,67 трлн юаньді құрады, ал бұл алдыңғы жылдан 13,3%-ға көп.

Ауылдық-волостық кәсіпорындар шаруалардың табыстарының өсуінің және ауыл экономикасы дамуының басты қайнар көзі болды. 10 мың кәсіпорынның тауар айналымы жылыны 50 млн. юаньнан асып түседі, 5 мың кәсіпорын – 100 млн. юань; осы кәсіпорындардың 30 түрлі өнімдеріне.

Қытай ауыл шаруашылық саласында дамыған елдермен ғылыми техникалық айырмашылықты азайтуда, қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің ауыл шаруашылығындағы тиімділігі 42%-ға жетті. Ауыл шаруашылықтық ғылыми-техникалық ведомстволар биоинженерияда, ғылыми сыйымдылығы жоғары техникада, фундаменталды зерттеулерде үлкен жетістіктерге жетті. Қытай мата мен өсімдік жасушаларын өсіру, гүл мен емдік өсімдіктерді өсіру, гаплойдтық селекция мен қолданбалы зерттеу салаларында әлемде алдыңғы қатарларда келеді. Күріш пен жүгеріні басқа культуралармен будандастыру және топырақты жете тазалап, культураларды жылына бірнеше рет өсіру техникасы әлемдік алдыңғы қатарлы деңгейге жетті. 1949 жылы Қытай ғалымдары агрономиялық культураның 40 түрін, шамамен 5 мың ауруларға төзімді және жоғары өнімді жаңа сорттар мен комбинациялар шығарды, 4-5 есе алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық культуралары жаңартылды, әр жаңарту өнімділікті 10-30 %-ға жоғарлатты. Қазіргі таңда Қытайдағы астық өнімділігі 4,82 тонна/га-ға жетті.

Мемлекеттік ведомстволар бірнеше ғылыми-техникалық жоспарлар орындауда – «Ұшқын» бағдарламасы, нақты өндіріске ірі жетістіктерді енгізу жоспары, «Өнімділік» және «Жалын» жобалары тікелей ауылдағы экономиканы құруға бағытталған. Бұлар ауылдарға алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникаларды енгізуге мүмкіндік береді, оларды әр отбасыға жеткізеді, сол арқылы ауылдың ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлатуда маңызды роль атқарды.

2001 жылы Қытай ДСҰ-ға ресми мүше болған соң, ауыл шаруашылық бәсекелестігін арттыру үшін үкімет ауыл шаруашылығын қайта құру стратегиясын жүзеге асыруда, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы, ғылыми-техникалық жаңалықтар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік бағытқа көшіру үшін қаржы мен материалдық ресурстар құйылуда. Ғылым мен техника министрлігінің ұсынылған негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жобасы 10-бесжылдықтың басты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қатарына енгізілді. Ол бойынша астық, май шикізаты, жеміс, көкөніс, мал шаруашылық өнімдері,  орман шаруашылығы өнімдері және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған маңызды технологиялар мен құрал-жабдықтарды зерттеуді жалғастыру, процесс сапасы мен ауыл шаруашылық өнімдерін экспресс-сараптамасына арналған технологиялар мен құрал-жабдықтарды қадағалау жүйесін жасақтау қарастырылған[5].

1979 жылы Қытайдың реформа мен ашықтық саясаты басталған соң, өнеркәсіп те жоғары қарқынмен дамуда. 2003 жылы тауар айналымы 5 млн. юань және одан да жоғары барлық өнеркәсіптік мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі  кәсіпорындардың қосымша құны 4,1045 трлн. юань құрады, пайда 815,2 млрд. юаньнан асты, сәйкесінше алдыңғы жылдан 17% және 42,7%-ға жоғары, сондай-ақ сапа мен тиімділік қарқындарының синхронды дамуына  жақсы жағдайлар туындағаны байқалды. 1996 жылдан бері болат, көмір, цемент, химиялық тыңайтқыштар және телевизорлар өндіріснен Қытай әлемде бірінші орынға шықты

Өнеркәсіптік салалардың ішінде қарқынды дамып жатқан электрэнергетикасы, оның ішіне жылу, гидро- және атом энергетикасы кіреді. 1990 жылдан бастап барлық энергоблоктардың қуаты 100 млн. кВт-тан 300 млн. кВт-қа дейін өсті, 2003 жылдың аяғына таман 385 млн. кВт-қа жетті, электр қуатын өндіру 1,9108 трлн. кВт-ты құрады. Қазіргі таңда Қытай әлемде энергоблоктардың қуаттылығы мен электр қуатын өндіруден екінші орында.

 

Кесте 4

Өнеркәсіптік тауарлардың негізгі түрлерінің өсімі

Өнім

Бірлік

1978

1990

2000

2002

2003

Көмір

Млн.тонн

618

1080

998

1380

1670

Мұнай

Млн.тонн

104,05

138,31

163

167

169,6

Электр қуаты

Млрд. кВт/сағ

256,6

621,2

1355,6

1654

1910,8

Болат

Млн.тонн

31,78

66,35

128,5

182,37

222,34

Цемент

Млн.тонн

65,24

209,71

597

725

862,27

Автокөлік

Мың. дана

149,1

514

2070

3251

4444

Ауыр және орташа тракторлар

Мың. дана

113,5

39,4

41

45,4

48,8

Түсті теледидарлар

Мың. дана

3,8

10330,4

39360

51550

65414

Химиялық талшықтар

Мың. тонна

284,6

1654,2

6940

9912

11811

Иірілген жіп

Мың. тонна

2382

4626

6570

8500

9836

Мата

Млрд.м

11,03

18,88

27,7

32,24

37,46

Қант

мыңтонна

2270

5820

7000

9260

10840

Күкірт қышқылы

мың тонна

6610

11970

22270

30500

33710

Химиялық тыңайтқыштар

мың тонна

8693

18797

31860

37910

42009

Этилен

мың тонна

380

1572

4700

5430

6118

Чиптер

Млн. дана

30

110

5880

9630

14830

Бағдарламалық коммутаторлар

мың дана

71360

58607

73799

Ұялы телефондар

Мың дана

52479

121646

182314

Микро-ЭЕМ

Мың дана

82

6720

14635

32167

Қайнар көзі: Справочник  — Китай//издательство “Синь син”-2004 жыл-113 бет.

 

Электр желілерін салу Қытай тарихында ең тез даму сатысында тұр; масштабы жағынан әртүрлі электр желілері қалалар мен ауылдың көпшілігіне таралған. Қазіргі таңда Қытайдың солтүстік батыс бөлігін есептемегенде, 6 провинция аралық және аймақ аралық электр желілері және 5 провинциялық деңгейдегі 500 кВт-тық дербес электр желілері салынды.  Осының барлығы электр энергетикасындағы жаңа кезеңді сипаттайды. Яғни ол дегеніміз ірі агрегаттар, ірі станциялар, ірі желілер, аса жоғары қуат және автоматтандыру.

Нарықтағы электр энергиясының жеткілікті ұсынысына көмір өнеркәсібіндегі өндіріс қуаттарының қарқынды өсімі септігін тигізді. 80-ші жылдардан бастап Қытай үкіметі ірі заманауи көмір шахталарының құрылысына қомақты қаржы бөлуде. Бұл көмір өндірісіндегі өндіріс қуатының біртіндеп жоғарлауына септігін тигізуде. 1989 жылдан бері Қытай жылына 1млрд.  тонна деңгейінде көмір өндірісін ұстап келе жатыр, сәйкесінше бұл халық шаруашылығының даму қажеттіліктерін қанағаттандырады. Көмір өнеркәсібінің техникалық деңгейі де үздіксіз жоғарлауда, нәтижесінде қазіргі таңда Қытайдың ондаған миллион тонна өндірісі бар ірі көмір кеніштерін, сондай-ақ ірі және орташа шахталарды проектілеу, салу, жабдықтау және басқару потенциалы бар. Көмірдің түрлі сорттарын байыту технологиялары мен әдістері үздіксіз жақсаруда. XXI ғасырдың басында көмір экспорты 80 млн. тоннадан асты. Қытай әлемдегі көмір жеткізуден 2-ші орынға шықты.

Мұнай және газ Қытайдың маңызды энергия ресурстары болып табылады. 1995 жылы мұнай өндірісі 150 млн. тоннадан асып түсті, 1997-2003 жылдары өндірістік қуат жеті жыл қатарынан жылына 160 млн. тоннаны асып түсті. Бұл әлемде бесінші орын. Мұнай өнеркәсібінің дамуы  жергілікті экономика мен аралас салалардың дамуын ынталандырды – машина жасау, болат балқыту, көлік. 1996  жылы табиғи газ өндірісінің қуаттылығы 20 млрд. куб. м.-ден асып түсті, 2003 жылы ол 35,02 млрд. куб. м.-ге жетті[5].

Қытай экономикасы дамуындағы айтқысыз жетістіктер — әлемдік тарихтың соңғы онжылдықтардың маңызды құбылыстарының бірі. Реформалар кезінде (1979-1999 жж.) ЖІӨ көлемі 5,7 есеге өсті, яғни орта есеппен 9,6 пайызға жыл сайын өсіп отырды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісі 4,4 есеге өсті, еңбек өнімділігі (бір жұмысбастыға ЖІӨ) 3,6 есеге өсті. 1999ж. ЖІӨ көлемі 1 трлн. АҚШ долларынан астам болды[9].

Сурет-4 ЖІӨ динамикасы, 1991-2003 жж. (%)

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China — http://k2kapital.com

 

Осындай көлемді оң жетістіктерге әкелген негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Қытай бар күшін өткенді бұзу мен сынауға емес, жаңаны құруға бағыттады.
  • Реформа әуелбастан адам мен оның қажеттіліктеріне бас бұрды. Халықтың азық-түлік пен кең қолданыс тауарларына деген негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті жаңадан құрылған шаруашылық жүргізу құрылымының қызметінде басымды болды. Бұл халықтың реформалардың бас кезеңдерінде-ақ оны қолдауын қамтамасыз етті.
  • Реформалаудың басты әдісі экономиканы жаппай либералдау емес, эволюциялық, сатылы, эксперименталды тексерістер арқылы нарыққа көшу болып танылды.
  • Реформаның алғашқы жылдарының тәжірибесіне қарағанда, нарыққа апаратын табиғи жол – меншік формасы бойынша түрлі шаруашылықтарды дамыту: коллективті, жеке тұлғалық, жеке, бірлескен (шетел қатысуымен). Бұл жолмен жылжу арқылы нарық субъектілерінің тез өсімін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ ұлттық шаруашылық құрылымын меншік формалары бойынша өзгерту арқылы инвестиция мен өндірістің құрылымын экономика мен әлеуметтік саланың нақты талаптарына қарай реттеуге болады;
  • Нарық субъектілері бар мемлекеттік құрылымдарды жою арқылы емес, негізінен бос тетіктерді жаңа коммерциялық құрылымдармен толтыру арқылы қалыптасты, яғни бастапқы қадамдардан бастап реформа экономиканың дефицитін азайтуға жұмыс жасады. Бұл мақсаттар үшін тек ішкі резервтер ғана мобилизацияланған жоқ, сонымен қатар шетел капиталы да белсенді түрде тартылды;
  • Микро деңгейде шаруашылық бастамаларды ынталандырып, мемлекет басшылары экономиканы макро реттеуді қолдан жібермеді және оның тепе-теңсіздігінің қауіпті өсуі кезеңінде бірден қарсы шаралар ұйымдастырды;
  • Өздерінің және шетел тәжірибесін зерттеп, үкімет реформаны өзгелердің әдістері арқылы жасамау керек деген тұжырымға келді. Қытай өз ерекшеліктеріне сүйене отырып, “социализмді қытай ерекшеліктерімен құру” жолына түсті. Бұл шектелген ресурстар жағдайында халық санының көптігі сияқты маңызды факторды ескерді.

Қытайдың жоспарлы шаруашылықтан нарықтық жүйеге көшудегі негізгі стратегиясы біртіндеп шешім қабылдауды орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік емес экономиканы либерализациялау болды.

“Екі торапты” әдіс – жоспарлы бағытпен қатар нарықтық бағытты құру – бұл барлық салалардағы шешім қабылдауда қолданылады: экономика секторындағы реформа, бағаның мемлекеттің араласуынсыз орнатылуы, кәсіпорындарды реконструкциялау, аймақтық даму, сауданың дамуы, валюта айырбасын басқару, орталық және жергілікті басқару органдарының арасындағы фискалдық қатынастар, ұлттық валютаны шығару. “Екі торапты” бағытқа ауысудың әдеттегі үрдісі келесілерден тұрады:

  • Жоспарлы төмен бағамен мемлекеттік жеткізудің көлемін өзгертпей ашық нарықты құру;
  • Нарықтық баға деңгейіне жету үшін бірте-бірте жоспарлы бағаларды өзгерту. Жоспарлы бағалармен жоспарланған жеткізулерге, егер олардың уақыт өте келе көлемі өзгермесе, әдетте квота орнатылады. Әдетте, екі түрлі бағаның іспеттестігінің “шок” тудыруы байқалмайды. Мұндай жол 1978 жылдың соңында ауыл шаруашылық секторын тез, әрі жалпы либерализациясы кезінде енгізілді. Ал бұл кезде өнеркәсіптік сектор дәстүрлі орталықтан жоспарлы басқару жағдайында қала берді.

1978 ж.(алғашқы реформалар жүргізілген кезең) елеулі субсидиялар алған Қытайдың мемлекеттік секторында жұмыс күшінің аз бөлігі жұмыс істеген – 18%, ал сол кезде мемлекеттен субсидия алмаған ауыл шарушылығында 75% болды. Мемлекеттік кәсіпорындар қомақты әлеуметтік қызмет пакетімен қамтамасыз ете алды, оның ішінде: еңбекақы және әлеуметтік қорғау, зейнет ақы, елеулі дотациялармен сүйемелденіп отыратын тұрғын үй, медициналық қызмет көрсету, мектепке дейінгі балаларға арналған оқу орындары және демалыс орындары. Бұл қызметтер шаруаларға қолданбаған және қазіргі таңға дейін олар қалалық тұрғындардың алатын субсидияларының шамамен үштен бірін алады.

Қытайлық “екі тораптық” әдістің жағына қолдайтын аргумент келесідей болып келеді. Экономикалық өзгерістер елеулі жылжулармен байланысты, сондықтан өтпелі кезеңде ұлттық шаруашылықтың басына келетін соққылар күшін амортизациялаған жөн. Нарық либерализациясымен байланысты жаңа мүмкіндіктер пайда болмайынша,  экономиканың бұрынғы секторларын қорғаған жөн. Бұрынғы секторлар тиімділігі аз болғандықтан  бәсекелестік нәтижесінде жаңалары оны ығыстырады. Бірақ бұл жұмысшылар өз еркімен ескі кәсіпорындардан жаңа және тиімділігі жоғарырақ мемлекеттік емес кәсіпорындарға көшуіне қарай бірте-бірте жүзеге асады.

Қытай экономикасы құрылымының “артта қалу артықшылықтарына” толықтыру ретінде басқада факторлар болды. Олар динамикалық өсім көрсеткіштеріне ықпал еткен. Олар:

  • Реформаның басы терең макроэкономикалық кризис пен қатал үнемдеу тәртібін ұстануды талап ететін елеулі сыртқы қарыз кезеңіне сай келмеді;
  • Қытайдағы жинақтау нормасы тіпті шығысазиялық стандарттар бойынша өте жоғары болып келеді. Отбасылық жинақтардың жоғары нормасы Қытай экономикасын тұрақтандыруда маңызды роль атқарады.
  • Екі радикалды науқан – “алға жылжудың үлкен серпілісі”(1958-1962 жж.) және “мәдени революция”(1966-1976 жж.) – марксистік догмаға сенімді жойып, мемлекеттің административті әсерін әлсіретті және мемлекеттік жоспарлау саясатының беделін түсірді. Бұл екі апаттың салдары Дэн Сяопинге, ол билік басына үшінші рет 1978 ж. келген кезде экономика және ресурстарды үлестіру саласында провинцияларға формальді және формальді емес билік тізгінін беруге мүмкіндік берді. Орталық үкімет пен партиялық аппарат орталықсыздандыру саясатына қарсы тұру үшін өте әлсіз және беделі төмендеп кеткен болатын.
  • Отанда және шетелде тұратын қытайлықтардың арасындағы отбасылық байланыстың болуы бизнестің дамуын жеңілдетті. Оңтүстік Қытайда арнайы экономикалық аймақтардың тез дамуы (ЕЭА) Гонконг пен Тайваньнан, бұл өнеркәсіп салаларында басымдықтарын жоғалтқан еңбек сыйымдылығы жоғары кәсіпорындарды жаппай көшірудің нәтижесі болып табылады. Қытай жақын орналасқан, жалақы ол жерде төмен болған және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты балама орындарға қарағанда тіл проблемасы туындамаған. Менеджерлер ЕЭА-та орналасқан өздерінің фабрикаларындағы жұмыс барысын бақылауға мүмкіндіктері болды. Сенімді жергілікті инспекторлардың болуының, жергілікті ережелер мен жергілікті билікпен байланыстардың арқасында отбасылық байланыстар қаржылық операциялардың инвестицияларымен байланысты құнды елеулі қысқартты. Қытайдың тез қарқынмен дамуына басты себеп – экономикалық саясат сипаты. 1979-1999 жж. Мемлекетте реформалар біртіндеп және кезекпен жүзеге асты. Олардың либералдығы мен радикалдық дәрежесі әлем тарихында баламасы жоқ. Тәжірибеде либералды экономикалық модельді қолдану нәтижесі барлық бағыттардағы мемлекеттік ауыртпалықтың масштабын төмендетті. Бұл Қытай экономикасының рекордты өсім қарқынын қамтамасыз етті.

Бізге белгілі болғандай Қытайдағы реформа 1978 жылдан бастау алды. Бұл уақыт ішінде (21 ғасыр басына таман) мемлекеттің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ), инфляцияны ескергенде нақты шамамен 8 есеге артты (шамамен жылына 10 пайыз). Мақта, көмір, цемент, әйнек, азық-түлік тауарлары, болат және тағы басқа сияқты базалық тауарлар өндірісінен Қытай әлемде бірінші орынға шығып үлгерді.

Халықтың нақты табысы жыл сайын 7,7 пайызға өсіп отырды (бұл 9 жыл сайын өмір сүру деңгейінің екі еселенуі). Ал мұндай «тоғызжылдықтардың» үшеуі өтті, сондықтан қытайлықтардың қаншалықты өмір сүру деңгейлері өскендігін есептеу қиын емес. Шамамен 6 есе.

Мүлкі жоқ халықтың саны 1980 жылғы 300 млн-нан 21 ғасырдың басына таман 40 млн-ға дейін азайды.

Ауыл шаруашылығында өте үлкен алға жылжу болды. Аграрлық өнім реформа уақытында 4 есеге дейін өсті. 1990 жж. бірінші жартысында өнімдік карточкалар жоқ болды. Оған қоса, Қытай көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын өсіре бастады.

Аграрлық сектордың құрылымы да жақсара бастады.  Алқап шаруашылығының дәстүрлі жоғары үлесі құлай бастаса, мал шаруашылығының  көлемі шамамен 6 есеге, балық аулау шамамен 4 есеге, орман шаруашылығы шамамен 3,6 есеге өсті.

Алқап шаруашылығының үлесі жалпы ауыл шаруашылық өнімінде 80-нен 58 пайызға төмендесе, мал шаруашылығы 15-тен 28,5 пайызға, балық шаруашылығы 1,6-дан 10,3 пайызға өсті.

Өнеркәсіптегі табыстар да елеулі болды. 1990 жж. өнеркәсіпке құйылған инвестиция көлемі шамамен 7 есеге өсіп, 17 трлн. юаньді құрады. Реформа жылдары кезінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 19 есеге өсті. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің үлесі ауыр өнеркәсіппен теңесті. Реформа басынан бастап  жеңіл өнеркәсіптің өнім көлемі 25 есеге өсті, ал ауырдікі 15 есете өсті. Көмір өндірісі 627-ден 1100 млн т-ға өсті(әлемде тұрақты бірінші орын). 1960 жылға дейін тұрақты лидер КСРО болатын.

Элктр энергиясын өндіру 256,6 млрд кВт/сағаттан (1978ж) 1166,2 млрд-қа 20 ғасыр аяғында өсті, яғни 5 есеге өсті.

Өңдеуші өнеркәсіп елеулі түрде модернизацияланды. Қытай қазіргі таңда көптеген заманауи технологияларды өндіруден әлемдік лидер болды. Электроника, компьютер, ақпараттық құрал жабдықтар өндіруде биік шыңдарға жетті. Авиақұрылыс, космос өнеркәсібі, атом өнеркәсібі маңызды рольдерге ие бола бастады.

Көлік пен байланыс дамуында елеулі алға жылжулар байқалды. 21 ғасырдың басына таман темір жол ұзындығы 57,9 мың км., автомобиль жолы 1352, су жолы – 116,5, әуе жолы – 1522 мың км.,оның үштен бірі сыртқа әуе жолына келеді. Мұнай және газ құбырларының ұзындығы 25 мың км-ге жетті.

Бүкіл мемлекет бойынша әлемдік ең мықты магистральдарына дес бермейтін жоғары жылдамдықты автомагистральдар жүйесі құрылды.

Телекоммуникация саласында нағыз революция орын алды. 1980 ж. 100 адамға 0,43 телефон аппараты келді. Қазір шамамен – 15[1]. 

Жалпы қорыта айтқанда Қытай Халық Республикасының әлемдік деңгейде жетістікке жетуіне оның кемшілігі себепкер болып отыр десек қателеспейміз.

Елдегі жұмыссыздықтың салдарынан, жұмыс күшінің ұсынысының көп болуы, шетел инвесторларының қызығушылықтарын тудыруда. Мысалы, түрлі бағалаулар бойынша, Қытайдағы өндірістік салада орташа жалақы сағатына 0,6-дан 1,2 долларға жетеді. Бұл көрсеткіш басқа дамушы елдердегі көрсеткіштермен салыстырғанда аз. Мексиканың өзінде бұл көрсеткіш 2 долларға тең. Осылайша, жұмыс күшінің арзандығы шетел инвестицияларының ағылып келуінің басты факторы болып келеді. Бұл өз кезегінде елдегі өндіріс пен басқа да салалардың дамуына өзінің оң әсерін беруде. Қытай экономикасының әлемдік нарықты жаулап алуының тағы бір басты құралы ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр. Экономикалық заңдылыққа сәйкес елдің валютасы бағамының төмендігі, ол елдің тауарларының сыртқы нарыққа төмен бағамен шығуын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Қазіргі таңда АҚШ және Еуроодақ елдері Қытай елімен юаньнің валютасын төмен бағамын жоғарлату төңірегінде келіссөздер жүргізуде. Алайда Қытай бұл қадамға баруға асығыстық танытып отырған жоқ.  Сонымен Қытай экономикалық жетістіктері басқа ешбір елде жоқ бағытта дамып, салыстыруға келмейтін саясат ұстанғандығын байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қытай экономикасының қазіргі проблемалары

Қытай экономикасынның қазіргі ең басты мәселелерінің бірі энергетикамен байланысты. Қытайдағы энергия көздеріне деген сұраныс жылдан жылға өсуді сондықтан бұл бөлімдегі негізгі көңіл осы салаға бөлінбек.

Энергоресурстарды тұтынудың әлемдік тенденциялары келесідей, жақын онжылдықта әлемдік қауымдастық экономикалық даму әсерінен мұнай, табиғи газ және тас көмір сияқты негізгі энергетикалық ресурстарды қарқынды өндіріп, тұтынатын болады. Осыдан бірнеше уақыт бұрын мамандар адам отынның мұнай сияқты дәстүрлі түрлерінен бас тартып, күннің, желдің, биомассаның және т.б. көздердің энергияларын қолданатын альтернативті энергетиканың қарқынды өсуін болжаған. АҚШ-ң энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпараттық әкімшілігі зерттеулері бойынша бұл болжам әлі орындалмайды. 2020 жылдың өзінде мұнай, табиғи газ және мұнай әлемдегі басты энерготасушылар болып қала береді. Ал экологиялық таза электр энергиясының құны аса қымбат болып қала бермек, сондықтан оның жалпы әлемдік энгергетикалық жүйеде үлес салмағы өспей қоймай, азаюы да ғажап емес.

Қытай экономикасының қарқынды дамуы және оның өнеркәсіп пен қызмет салаларына миллиондаған құйылымдары энерготасымалдаушыларға, әсіресе мұнайға деген қажеттілікті өсіруде. Мұнай тұтынуынан біртіндеп табиғи газ тұтынуына ауысу сияқты әлемдік тенденцияларға қарамастан Қытай негізгі көңілді мұнай өндірісімен қатар оның тұтынуына да бөлуде.

Қазіргі таңда Қытай экономикасы 75%-ға тас көмір өндірісне тәуелді. Қытайдағы зерттелген көмір қоры 100 млрд. т құрады. Бұл шамамен 30 млрд. т мұнайға тең, сондай-ақ бұл мұнайдың өзіндік құны 1 баррельге 15-17 АҚШ долл. құрайды. Үкімет көмірді альтернативті энергиятасушылармен алмастыру мәселесін шешуге тырысқанына қарамастан, көмір ел экономикасында әлі ұзақ уақыт бойы динамикалық рольге ие болады.  Көмір өндірісі мен тұтыну үлесі 64 %-ға дейін төмендегенімен, оның өндірісі 2277 млн. т-ға өсуі керек, яғни ҚХР экономикалық дамуында тас көмір маңыздылығын төмендету үшін Қытай экономикасына  ұзақ уақыт пен қосымша шетел капиталын тарту қажет. Белгілісі, ҚХР мұнай мен газдың бай қорларына ие.

Мұнай. Қытайдың негізгі ішкі мұнайы (120 млн. т.) елдің солтүстік-шығыс кен орындарында өндіріледі. Сондай-ақ мұнай Тибетте бар, алайда ол жерде қажетті транспорттық инфрақұрылым жоқ. Қазіргі таңда ҚХР-дағы маңызды мұнай кәсіптері Дацин (Хэйлунцзян провинциясы), Ляохэ (Ляонин провинциясы), Шэнли (Шаньдун провинциясы), Хуабэй (Хэбэй провинциясы) және Даган (Тяньцзинь провинциясы), сондай-ақ Карамай (ШҰАР) болып табылады. Зерттелген және потенциалды мұнай қорларының нақты бағалауын алу қиын болғандықтан көптеген мамандар шамамен 70 млрд. барр. (9,52 млрд. т.) санын меңзейді, оның ішіне 40 млрд. барр.  құрлықтағы қорлар, 30 млрд. барр. теңіздегі қорлар. Теңіздегі қорлар келесідей болып үлестіріледі: 40 % — Шығыс- Қытай теңізі және 30% — Оңтүстік-Қытай және Сары теңізде. Бұл мәліметтерден шекаралық аймақтардың даулы болғандығы себебінен потенциалды бай аймақтар шегерілген, оларды Қытай ресми емес түрде өзінің құзырына кіргізеді[10].

1980-1984 жылдары Оңтүстік Қытай теңізінде жасалған зерттеулер жұмыстары (120 мұнай кен орнынан тек 39-ы өндіруге болатын 100 млн барр-ден кем емес мұнай мен газ берді) көңілге қонарлық нәтиже бермегенімен, Қытай Спартли архипелагы айналысындағы даулы аймақтардағы мұнай мен газ қорлары Ирак қорларымен тең деп сеніп отыр.

Бастапқы көңіл барлау мен шельфтегі сынақтық эксплуатациялық жұмыстарға бөлінді, ол жерлерде жылына шамамен 3 млн. т. өндіріледі. Қытай шельфтеріндегі мұнай барлау жұмыстарының ең перспективтісі Оңтүстік Шығыс Азияда болып отыр, қазіргі таңда Бохай шығанағында (оның мұнай қоры 14 млн. т. деп бағаланады) қытай мұнай компанияларымен бірлесіп батыстың Chevron, Texaco, BP, Kerr McGee және Ultra Petroleum сияқты компаниялар жұмыс жасауда. Оңтүстік Қытай теңізінің шельфтің жекелеген аймақтарына Филиппин, Вьетнам, Малайзия және Бруней мемлекеттері таласуда.

Мұнай іздеуде Қытай Оңтүстік Қытай теңізімен қатар, көп көңілді Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына бөліп отыр, әсіресе ШҰАА-ң Тарим және Карамай мұнай аудандарына. Шыңжаңдық мұнай кен орындарын жасақтау 1955 жылы басталған болатын, ал қазір Жоңғар ойысында мұнай өндірісі 20 мұнай-газ пластында жүргізілуде, олардың ішіндегі ең ірісі Карамай. Мұнайшылардың айтуынша 40 жыл ішінде бұл кен орнынан барланған мұнайдың 20 %-ы өндірілді. 1996 жылы Карамайдағы мұнай өндірісінің жылдық көлемі 8,3 млн-ға жетті және осы күнге дейін сол деңгейде сақталды. Егер бұл көрсеткіш мемлекеттік квотлармен шектелмегенде, ол одан да жоғары болатын еді. Бұл мұнайдың көбісін  Карамай мен Душаньцзының МӨЗ-тары өңдейді, ал қалғаны Қытайдың басқа шалғай аймақтарына кетеді. Карамайдағы бір баррель мұнайдың өзіндік құны 5 пен 9 АҚШ доллары арасында құбылып тұрады, бұл Карамай мұнайының салыстырмалы арзан екендігін көрсетеді.

Үш жағынан таулармен қоршалған Тарим кен орнының  аса қатал шарттары (биіктігі 150 метрден асатын қозғалмалы бархандар желді ауа райы кезінде бірнеше минут ішінде  жолдар мен техниканы басып қалады), аса күрделі геологиялық құрылымдары бұрғылауды өте қымбат етеді (бұрғылаудың бір метрі 2700 АҚШ дол. болады). Мұнайды теңіз жағалауындағы өнеркәсіптік орталықтарға жеткізу үшін құны 10 млрд. АҚШ долларлық 3,5 мың км.-ге созылатын және биік таулардан өтетін мұнай құбыры қажет. Сондықтан бұл кен орынының потенциалды мұнай қорлары 147 млрд барр.(20 млрд т.) деп бағаланғанына қарамастан, оның күндік өндірісі 33 мың барр. көлемін құрайды. Осы ресурстарды игеру үшін Қытайға 15 млрд. АҚШ долларынан аса инвестиция көлемі қажет. Жалпы Қытайда мұнайдың 80 %-ы  солтүстік-шығыс жағалау территорияларында өндіріледі, теңіз өндірісі шамамен тек 3 %-ды құрайды. Шыңжаңдағы жалпы барланған көмірсутек қорлары шамамен 500 млн. т. құрайды.

ҚХР қомақты табиғи ресурстарға ие болғанына қарамастан, жан басына шаққанда әлемдік орташа жан басына шаққандағы деңгейден елеулі аз. Белгілі минерлады шикізат қорлары жеткіліксіз. Мәселенің мәні келесіде – бай кен орындарының аздығы, геологиялық барлаудың төмен деңгейі, өндіру және пайдаланумен байланысты спецификалық қиындықтар, олардың тиімсіз орналасуы (негізгі қажеттілік елдің шығысында, ал қорлар батыста), өндіру мен тұтынудың рационалды емес құрылымы, энергияның көп шығындалуы, оны пайдаланудағы төмен ПӘК (30%), жан басына шаққандағы аз тұтыну. Осылайша болашақта Қытайдың энергиятасушыларға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды, бұл салыстырмалы түрде қоршаған ортаға зиянсыз отын-энергетика жүйесін құру қажеттігін білдіреді.

90-шы жылдардағы Қытайдағы мұнай өндірісі мен тұтынылуы бойынша мәліметтері мұнайдың орташа жылдық өндірісінің өсімі 1,9%-ды құрады, яғни 2,75 млн. т. Осындай тенденциялар тұсында мұнайға деген сұраныс жыл сайын өседі, 2010 жылға таман 350 млн. т мұнайды құрайды.

 

Қайнар көзі: Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая Рахимов Р.К. /АльПари-2003 жыл- №3-4 -125 бет

ҚХР құрылғалы бері мұнай өндірісі біртіндеп өсті, алайда соңғы жылдарда 160 млн т-да тұрақтап қалды. Мұндай көлеммен ҚХР-ң XXI ғасырдың бірінші жартысына арналған ірі жоспарларын жүзеге асыру мүмкін емес болады. Қытайдың мұнай болашағы, тиісінше оның индустриалды дамуының басты анықтаушы факторы болып ішкі сұраныс пен тұтынудың арақатынасы табылады. Бұл екі көрсеткіштің тарихи қалыптасқан арақатынасы 1:1,42. Мұнайдың жетіспеушілігі бүгінгі күннің өткір мәселесі. Қытай МӨЗ-ң жиынтық қуаты  240 млн. т-ға тең, алайда 2000 жылы олар тек 190 млн. т. өңдеді. Бұған қоса ВР компаниясының 1998 жылы жасаған есептеулері бойынша, барланған Қытай мұнай қорлары 21 жылға жетеді. Қытай басшылығы қол жеткізілген деңгейді ұстап қалу үшін бар күшін салуда.  Ішкі қажеттілікті өздері қанағаттандыру мақсатында олар мұнайды шамамдан тыс өндіруге тырысты, бұл арқылы қорлардың сарқылуына және кен орындарына зиян келтіру қаупін тудырды. Үкіметтің пайымдауынша, 2005 жылдың аяғына таман 2 апталық тұтынуға жететін  мұнайдың стратегиялық қорларын құру керек, бұл үшін 1 млрд. долл. көлемінде инвестиция керек.

2000 жылы Қытай 70 млн. тонна мұнайды негізінен Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азиядан импорттады. Қазіргі таңда импорт көлемі 30%-ды құрайды, жақын онжылдықта жалпы тұтынудың 50-70%-ын құрайды. Мамандардың пікірінше, өзіндік өндірістің көлемі өзгермеген жағдайында 2010 жылға таман Қытайдың мұнайды импорттаудағы минималды қажеттілігі 90-100 млн. т-ға дейін өседі , ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 130-150 млн. т-ға өседі.

Осылайша Қытайдың өспелі экономикасы мұнайға мұқтаж: 8%-дық экономикалық өсу қарқынында елге жылына 420 млн. барр. қажет, ал 10%-дық өсімде жылына 450 млн. барр. Мұнай ішкі тұтынудың орташа жылдық өсімі 8%-ды құраса, оны өндірудің өсімі тек 1%-ға тең. Қытай ішкі өспелі тұтынуды қанағаттандыру үшін мұнайға бай әлемнің барлық аймақтарынан, яғни Таяу Шығыстан, Оңтүстік шығыс және Орталық Азиядан, Сібірден және т. б. аймақтардан көмірсутектің тиімді импортын қарастыруда[10].

Газ өнеркәсібі. Энергия тасушы ресурстарға сұраныстың қарқынды өсуі және Қытай экономикасының өсуімен байланысты мұнай мен тас көмірден басқа Қытай басшылығы басқа қуат көзі ретінде табиғи газды пайдалануды қарастыруда. Қазіргі таңда ҚХР-да бірініші ретті энерготасушыларды пайдалану құрылымында табиғи газдың алатын үлесі көмірмен (75%) және мұнаймен (20%) салыстырғанда елеусіз аз: 2%-дан кішкене асады. Көмірдің қазіргі бар қорлары қазіргі өндіру көлемін ұстап тұру үшін 100 жылға жеткенімен, оның елдің энергобаланстағы онсызда өте жоғары үлесін ескерсек, Қытай энергетикасының көмір бағыты бойынша дамуы  мамандардың пікірінше орынсыз болып табылады. Бұл экономиканың болжанған өсу қарқынында табиғи газға сұраныстың өсуіне жақсы алғышарт жасайды.

Түрлі болжамдар бойынша 2020 жылы энергия тұтынудағы газдың үлесі 8-10%-ға өсуі мүмкін. Осы мақсатта газ саласын біршама либерализациялауды жүзеге асырып, тиісті инфрақұрылым құру қарастырылуда. 2000-2010 жылдар барысында Қытайдағы  газ тұтынудың орташа жылдық өсімі 20%-ды құрауы мүмкін. Қытайда энергия тұтынуда газдың үлесі 2010 ж – 7, ал 2020 ж – 10%-ды құрайды деп күтілуде. Қытай климатын ескере отырып, жуырдағы 10 жылдықта коммуналды-тұрмыстық секторы (әсіресе ғимараттарды жылыту) Еуропа мен АҚШ деңгейіне жетуі екі талай, алайда жалпы алғанда осы сектордағы газды тұтыну екі еселенуі мүмкін деп күтілуде.

ҚХР газ өнеркәсібі дамудың бастапқы сатысында тұр. Соңғы 10 жылда Қытайда газды тұтыну шамамен 50%-ды құрап, 2000 жылы 24,2 млрд. куб м-ге тең болды. Бұл аса көп өсім емес, себебі бұл периодта азиялық елдерде газды пайдалану 80%-ға өсті. Қытайдың экономикалық бағдарламасы басымды бағыт ретінде  елдегі газ тұтынуын 2000 жылдағы 24,2 млрд. куб м-ден 2010 жылы 70-80 млрд. куб м-ге дейін кеңейту және энергетикалық баланстағы газдың үлесін 2,5-тен 7%-ға өсіруді қарастырады.

Қайнар көзі: Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая Рахимов Р.К. /АльПари-2003 жыл- №3-4 -127 бет

 

Қытай мамандарының бағалауы бойынша,  Қытайдағы табиғи газдың потенциалды геологиялық ресурстары 46,2 трлн. куб м-гек жетеді, оның ішінде 39,5 трлн. куб м-і құрлықтық кен орындарының үлесіне тиеді. Газ қорлары ел территориясында орналасуы бірегей емес: барлық қордың шамамен 80%-ы елдің орталық және батыс аймақтарында, сондай-ақ теңіз шельфтерінде орналасқан. Басты кен орындары Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағындағы Тарим бассейнінде, Цинхай, Сычуань провинцияларында және Шэньсу, Ганьсу провинцияларының түйіскен жерінде және Нинься-Хуэй  автономиялық ауданында, сондай-ақ Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің шельфтерінде шоғырланған. 2001 жылдың басында Ішкі Монғолия автономиялық аймағында елдің солтүстігінде Сулигэ ірі газ кен орны ашылды. Оның болжамды қоры 700 млрд. куб м. Шетел мамандарының кейбір бағалауы бойынша, Қытайдағы ашылмаған дәстүрлі табиғи газдың геологиялық ресурстары 22-ден 37 трлн. куб м-ді құрайды.

Қытай жер қойнауы жеткілікті дәрежеде зерттелмегендіктен, шамамен 150 кен орнында шоғырланған қазіргі елдегі газдың қорлары (дәлелденгендері, мүмкіндері), 1,7-2,0 трлн. куб м. деп бағалануда. Бұл ағымдағы тұтыну деңгейінде елдегі газ отынына деген елдегі қажеттілікті 74-120 жыл бойы қанағаттандыру үшін толығымен жеткілікті. Сондай-ақ өндірілген газ қорларымен аймақтардың қамтамасыз етілуі әртүрлі: мысалы, солтүстік шығыс Қытай – 30 жыл, Сычуань провинциясы  — 65 жыл, батыс Қытай – 243 жыл.

Жақын арада газ өндіретін Қытай ұлттық мұнайгаз компаниясы дәлелденген қорларды 2,8 трлн. куб м-ге жеткізбекші. Негізгі геологиялық барлау жұмыстары Шэньси провинциясында, елдің орталығының солтүстік аудандарында, жиынтық газ сұранысының жартысы тиесілі Сычань провинциясында, елдің солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында жүргізіледі. Қытай геологтарының бағалауы бойынша, Шэньси провинциясының өзінде дәлелденген қорлар 1,4 трлн. куб м-ге дейін өсуі мүмкін. Қытай шельфіндегі дәлелденген қорлар 320 млрд. куб м-ді құрайды.

Соңғы 5 жылда 1996 жылдан бастап Қытайда газ  өндірісі өсуде, 2000 жылы 27,7 млрд. куб м-ді құрады. Қытайдың негізгі газ өндіруші аудандары болып Сычуань провинциясы, елдің бірқатар солтүстік шығыс провинциялары (қосалқы газ), Хайнань аралы ауданындағы Оңтүстік Қытай теңіз шельфі, сондай-ақ елдің солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясы табылады. Ірі өндіруші болып (шамамен өндірілетін газдың жартысы) 10 млрд. куб м-ден аса өндіретін Сычуань провинциясы. Бұл провинцияда елдегі газ құбырларының шамамен үштен бірі шоғырланған. Оңтүстік Қытай теңізінің континентальді шельфінің кен орнын жасақтау барған сайын үлкен маңызға ие болып отыр. Ол жерден газ Гонконгқа және Хайнань провинциясына жеткізіледі.  Жақын жылдарда Қытайдың континентальді шельфіндегі газ өндірісі 10 млрд. куб м-ге жеткізіледі, ал 2005 жылы шельфте өндірілетін газ ұлттық өндірістің 23%-ын құрайтын болады.

ҚХР-ң 10-шы бесжылдық әлеуметтік-саяси дамудың жоспары (2001-2005жж.) газды өндіру 2000 жылғы 27,7 млрд. куб м-ден 2005 жылы 40 млрд. куб м-ге өсуі қарастырылып отыр. ИНЭИ РАН мамандарының бағалауы бойынша, Қытайдың ресурстық қорлары оған 2010 жылы 70 млрд. куб м, ал 2020 жылы 100 млрд. куб м газ өндіруге  мүмкіндік береді. Сондай-ақ газды дәстүрлі емес көздерден өндіру (ең бастысы көмір метаны) 2010 жылы 10 млрд. куб м-ге, ал 2015 жылы 15-20 млрд. куб м-ге жетуі мүмкін.

Қазіргі кезеңде Қытайдың алдында тұрған басты міндет газға деген сұранысты кеңейту болып табылады. Қазіргі кезге дейін Қытайдың газ саласы екінші орында тұр және басты қолданысы тыңайтқыш және мұнайхимиясы өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болды. ҚХР үкіметі газды тыңайтқыш өндірісіне, сондай-ақ басқа да секторларда, оның ішінде коммуналды- тұрмыстық және коммерциялық секторларда шикізат ретінде пайдаланудағы шектеулерді алып тастауда. Қытайдың көптеген қалаларында экологиялық және ауа бассейнінің жағдайын жақсарту мақсатында, сондай-ақ өмір сүру деңгейін жоғарлату мақсатында табиғи газды пайдалану аясы кеңейтілуде. Пекин, Тяньцзинь, Шэньянь, Шанхай және Сиянь сияқты ірі қалалар осы экологиялық таза энергия тасушыны пайдалануға көшті.

ҚХР экономикасындағы қазіргі таңдағы табиғи газды пайдалану оның өндірісінің аз көлемімен анықталады. Қытайдағы газ тұтыну нарығын қалыптастыру процесі барысында коммерциялық-тұрмыстық секторда табиғи газды пайдаланудың үлесі ҚҰМК мамандарының болжамы бойынша елеулі өседі: 1998 жылғы 10%-дан 2010 жылы 25-30%-ға дейін. Электрқуаты саласында газ үлесі сол периодта 15-тен 30%-ға өседі, химия өнеркәсібінде 35-тен 15-17-ге төмендейді, өнеркәсіптік отын ретінде мұнайгаз өндірісінде 28-ден 25%-ға азаяды[10].

Халықаралық қуат агенттігінің бағалауы бойынша Қытайда 2010 жылға таман газға сұраныс 100 млрд. куб м-ге өседі (ал газдың ішкі дефициті 50 млрд. куб м-ді құрайды), ал 2020 жылы 140 млрд. куб м-ге жетеді. Есептеулер бойынша 2010 жылы газ тұтынуын 140 млрд. куб м-ге өсіру үшін 50 млрд. АҚШ доллары көлемінде капитал салымы қажет. Жалпы алғанда мамандардың есептеулері Қытайдағы табиғи газдың қорлары келесі 10 жылдағы газға деген өсіп келе жатқан сұранысты өзіндік өндіру арқасында қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.

Ұлттық экономиканың газ саласын  ілгері дамыту мақсатында ҚХР үкіметі ішкі нарықтағы газға өспелі сұранысты қанағаттандырудың 3 басымды бағыттын анықтады:

  • Өзіндік газ өндірісін өсіру
  • Газ тұтыну нарығын қалыптастыру үшін газ инфрақұрылымын құру, ең алдымен елдің шығыс аудандарында
  • Газ дефицитінің орнын толтыруға қажетті табиғи газдың көлемін импорттау, яғни көрші мемлекеттерден газ құбырлары арқылы жеткізу және СПГ импорты

Қытайдың жаңа газ кен орындарын игеру мен газ тұтынуын өсіруді ұстап тұрған негізгі фактор қажетті инфрақұрылымның болмауы, ең біріншіден газ транспорты. Қытайда жалпы ұлттық газ құбыр жүйесі жоқ, ал тұтыну өндіру аймақтарында шоғырланған, сондай-ақ газ өндіруші аймақтар географиялық жағынан елдің индустриялды дамыған аудандарымен сәйкес келмейді. Мысалы, Қытайдың оңтүстігі мен шығысының (ЖҰӨ-ң 70%-ы) үлесіне ұлттық өндірістің 30%-ы келеді, ал батыс пен оңтүстік батысқа – 47% (бұл аудандардың елдің ЖҰӨ-дегі үлесі 12 %-ды құрайды). Осы себептерден қазіргі таңда газды Қытайдың солтүстік және батыс аймақтарынан шығыс Қытайдың өнеркәсіптік дамыған аудандарына тасымалдау мүмкін емес.

Қытай жылына 150 млрд. куб м. өткізу мүмкіншілігі бар ұлттық газ тасымалдаушы торапты, газ жинақтаушы орталықтар мен қоймаларды құруды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдау жүйесі елдің территориясын солтүстік-оңтүстік және батыс-шығыс бағыттарында бөліп өтетін тораптардан тұрады деп ұйғарылуда, сондай-ақ ол Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінен келетін экспортты құбырларына қосылу мүмкіндігіне ие болмақ. «Батыс-Шығыс» газқұбырының құрылысы қазіргі таңда шамамен 15-18 млрд. АҚШ доллары көлемінде бағаланып отыр, оның ішіне газ құбыры құрылысы, сондай-ақ барлау, өндіру және газификациялауға кететін шығындар кіреді. Құрылыс жұмыстары барысында үкімет газ жеткізілуіне қызығушылық білдіретін Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді, сондай-ақ ресейлік газ компанияларынан шетелдік инвестициялар тартпақ. Осылайша Қытай салыстырмалы төмен бағамен бүкіл елді газбен қамтамасыз ете алатын бірегей ұлттық газтасымалдау жүйесінің құрылысын жаңадан бастауда. Қытайдың ішкі табиғи газ қорларын, газдың басқа энергия көздерімен салыстырғанда аз мөлшерде қолданылуын, сондай-ақ ҚХР нарығының дайын еместігін ескере отырып, елдің кейбір аймақтарында ұлттық газ қолданысына деген елдің жоғары экономикалық белсенділігіне қарамастан, Қытай жақын 10-20 жылда газ жеткізудің сыртқы көздеріне жүгінбейді. Қазіргі таңда Қытайдағы газ өндірісі деңгейі тез дамып жатқан индустрия сұранысын қанағаттандырмайды, сондықтан бұл жағдай болашақта құбырлар арқылы тасымалданатын  газдың, сондай-ақ СПГ-ң үлкен көлемде импорталуына әкеп соқтырады. Қытайдағы газға деген потенциалды сұраныстың үлкендігі сонша, болашақта газдың екі түрі де тез қолданыс табады.

Қытай экономикасы қарқынды дамығанымен шешілмей келе жатқан проблемалар мен экономиикадағы қарама-қайшылықтар жетерлік. Оларға көз жүгіртсек.

Экономикалық өсім көбіне ресурстар мен қоршаған ортаға байланысты. 2003 жылы экономика 9,1 пайызға өсті, алайда бұл өсім қарқыны үлкен шығындар негізінде тіркелді. 2003 жылы Қытайда 260 млн. тонна болат пен прокат, 1,5 млрд көмір, 820 тонна цемент шығыс болды, бұл тиісінше әлемдегі осы ресурстардың жалпы шығыстарының төрттен бір, 30 және 50 пайызын құрайды. Ал Қытай экономикасының өсімі тек әлемдік ЖІӨ-ң 3,9 пайызын құрады. Мұндай шаруашылық жүргізудің экстенсивті шаралары ұзаққа созылмайды. Ғылым жетік дамымай бұл мәселеден арылу қиын.

Халық табысындағы айырмашылық үлкеюде. Шаруалардың табысы баяу өсуде. Ал бұл құбылыс ауыл шаруашылығының дамуы мен ауылдағы тұрақтылыққа кері әсерін тигізуде. Халықтың сатып алу қабілетінің төмен дәрежесі сақталуда, бұл экономикалық өсімнің қарқынына кедергі келтіруде. Яғни ашып айтсақ, жоғарыда аталған екі фактор экономикада көптеген қарама-қайшылықтар туғызуда. Олардың бастысы капитал құйылымдары мен тұтыну арасындағы дисбаланс. Соңғы жылдары Қытай экономикасының өсімі инвестициялау масштабын өсіруге тәуелді болды. Алайда тұтыну тиісінше өспейтіне болса, мұның салдарынан өнеркәсіптің барлық салаларында шамадан тыс өндіру орын алуы мүмкін. Инвестициялаудың коэффициенті жылдан жылға өсуде. Мысалы, 2001 жылы ол 38 пайыз, 2002 жылы 39,4 пайыз, 2003 жылы 45 пайызды құраған. Ал соңғы тауарды тұтыну коэффициенті төмендеуде, 2001 жылы 59,8 пайыз, 2002 жылы 58 пайыз, 2003 53 пайыз. Қытайдағы инвестициялау коэфициенті әлемдік орташа деңгейден, екі есе жоғары, ал соңғы тұтыну коэфициенті әлемдік орташа деңгейден 24 пайызға төмен.  Мұндай қарам-қайшылықтарға себеп болып отырған жоғарыда атап өткен, шаруалардың төлем қабілеттілігінің болмауы және қоғамдық байлықты үлестірудің үлкен айырмашылығы. «Цинхуа» университетіндег Социология институтының жүргізген зерттеулеріне қарағанда, халықтың 20 пайызын құрайтын Қытайдың ең бай адамдарының үлесіне қоғамдық байлықтың 53 пайызы келеді екен, ал халықтың 20 пайызын құрайтын ең кедей халықтың үлесіне қоғамдық байлықтың тек 3 пайызы ғана келеді. Бұл жағдай зиянды десек те болады. Себебі бай халық төлем қабілеті болғанымен, көп тұтынуға ынталы емес, ал басқаларында керісінше[1].

Сондай –ақ келесідей проблемаларды да атап өткен  жөн:

 

  • Реформалау қарқыны баяу жүріп жатқан экономиканың салаларының болуы. Бұл әсіресе мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты. Сондай-ақ қазіргі өндірістің алдында көптеген қиындықтар тұр. Себебі коммерциялық кәсіпорындар толық аяғына тұрған жоқ және саны көп емес.
  • Өсімнің жоғары қарқынымен қатар экономикалық тиімділктің төмен дәрежесі мен өндірілетін өнімдердің төмен сапасы қатар жүруде. ЖІӨ жан басына шаққанда салыстырмалы түрде аса жоғары емес. Өндірістің құрылымына артта қалуышылық тән. Үлестірудің құрылымы рационалды емес, ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық өсімге әсері салыстырмалы түрде үлкен емес.
  • Ішкі нарық динамикалық түрде кеңеюде. Дегенмен шетел өндірушілері тарапынан да қатал бәсеке туындап жатыр. Қытай тауарлары көбіне сапасы жағынан шетел өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды. Кейбір ұлттық салалардың шетел капиталының арқасында жойылу қаупі бар. Мұндай жағдайда әлемдік экономикаға кіру оңайға соқпайды.
  • Экспорттың қарқынды дамуы мен отандық өндірушілердің эффективтілігінің төмендігі әсерінен Қытай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмен болып келеді.
  • Батыс және шығыс аймақтардың айырмашылығы өсуде.
  • Экономика масштабының үлкеюіне қарамастан, жұмыссыздық өсуде, мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс орындары қысқаруда, ауыл халқының қалаға жаппай көшуі байқалады, мұның салдарынан көптеген әлеуметтік проблемалар туындауда. Бұл қоғамдағы тұрақсыздықты ушықтыруда.
  • Көптеген экологиялық проблемалар шешілмеген. Олардың үстіне жаңалары қосылуда.
  • Қытайдың еңбек нарығы үлкен, алайда оның сапалық жағы нашар.
  • Келесі нарықтар дамымаған: қаржы-валюталық, жылжымайтын мүлік және маманданған кадрлар
  • Білім беру жүйесінде олқылықтар көп.

Жоғарыда аталған мәселерді Қытай үкіметі барынша шешуге тырысуда және болашақта Қытай халық республикасының көшбасшы елге айналуына толық мүмкіндік бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қытайдың әлемдік экономикаға әсері.

3.1 ҚХР-сының әлемдік экономикадағы экономикалық көшбасшылығының қалыптасуы.

XXI ғасырда жетекшілік орын Қытайға беріледі деген ой соңғы жиырма бес жыл бұрын ешкімнің ойына да кіріп шыққан жоқ шығар. 2004 жылғы қаңтар-қазан айларындағы көрсеткіштер бойынша Қытай 1,1 триллион АҚШ долларынан тұратын ішкі жалпы түсімі (IЖВ-ВВП) бойынша дүниежүзінде жетінші орынға ие. Осы көрсеткіштер бойынша Қытай Испанияны озып өтті, Италия, Франция және Ұлыбритания сияқты экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды.

ҚХР – ның қаржылық жүйесі Батыс Еуропа елдерінің қаржылық жүйесінің құрылымын сол қалпында өзгертпей қабылдауға ұмтылмайды. Ол негізінен экономиканың  нақты жағдайына, ел басшылығының  ұлттық экономиканы сыртқы бақталастарынан қорғанысын қамтамасыз ететін және отандық өндірістің өркендеуін қолдайтын ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарына сәйкестендірілген.

Егерде  ҚХР-ның  экономикалық саясатының түп негізін алып қарайтын болсақ, онда олардың өздерінің қаржылық жүйесінің әлемдік нарықтағы алуан түрлі күйзелістерден қорғауға, отандық өндірісті барынша қолдауға, соңғы өнімді мүмкіндігінше сыртқа мол шығаруға, елде валюта қорын жинақтауға және елден валюта шығатын көздерді мүмкіндігінше жабуға бағытталғандығын оңай байқауға болады.

Тек қана өздерінің пайдасына көзделген Қытайдың ашық саясатының нәтижелері мемлекеттің валюталық қорларын жинақтауға, елдің экономикалық тәуелсіздігін арттыруға, ішкі нарықтағы бағаларды реттеуге және құнсыздануды болдырмауға мүмкіндік туғызады. Бүгінде Қытай валюталық қорларының көрсеткіштері бойынша дүниежүзі елдерінің арасында Жапониядан кейінгі екінші орында тұр.

Жыл сайынғы ҚХР – ның  экономикалық даму деңгейі 8-9% төмен түспейді. Жуық арада телекоммуникациялар мен компьютерлік техникадан бастап, авиация мен энергетикаға дейінгі көптеген жоғары технологиялар саласында Қытай экономикасы дүниежүзіндегі ең алдыңғы орынға шығуы мүмкін. Ішкі жалпы түсімнің нақты көрсеткіштері бойынша Қытай 2010 жылы Ұлыбританияны, ал 2050 жылы – Жапонияны озып өтеді деген болжам жасады қытай экономистері.

Ал Дүниежүзілік Банк пен ХВҚ сияқты ұйымдардың болжамынша, 2015-2020 жылдары экономикалық дамудың абсолютті көрсеткіштері бойынша Жапония мен АҚШ-ты басып озады. Мұндай болжамадарға себеп Қытай елінің соңғы 20 жылда экономикалық, саяси, мемлекеттік ахуалдан шығып, өз дамуында айтарлықтай жетістіктерге жеткендігі болып отыр.

 ҚХР – ның экономикалық саясаты отандық өнеркәсіпті дамытуға, экспортқа шығарылатын өнімді барынша кеңейтуге, шектелген импортқа және мүмкіндігінше елден валютаның шығу жолдарын жабуға негізделген. Еркін айналысқа түсетін валютаның және өнімнің ҚХР – на енуге есік ашық, бірақ бұл есік тек бір жаққа ашық. Ал сырт жаққа тек тауарлар ғана шығарылады.      

           Есептесудің және төлемдердің барлық түрлері тек қана Қытай банктерінде ғана жүзеге асырылады. ҚХР – ның заңды және жеке тұлғаларына тек қана қытай банктерінде ғана қызмет көрсетіледі. Қытайдың банктік жүйесінің 70% мемлекеттік банктер арқылы бақыланып, ал қаржылық саланың 90% мемлекеттің қолында қалып отыр. 2006 жылға қарай халықаралық қаржылар нарығында Қытайдың барлық банкілерінің төлемақылық мүмкіндіктері бақталастыққа толық дайын болуы тиіс.

            Әрине, осындай жетістіктермен қатар Қытай экономикасы біршама қиыншылықтарды басынан өткізуде. Мысалы, 2003 жылғы Қытайды дүр сілкіндірген өзгеше пневмония ауруы оның экономикасына үлкен әсер етті. Сол жылдың екінші тоқсанында ҚХР экономикасының даму деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,9% — дан 6,7% — ға дейін төмендеп кетті. Бірақ Қытай үкіметі дер кезінде нәтижелі шараларды қолданып, аталған аурудың таралуын бақылауға ала білді. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, эпидемиядан кейінгі Қытайдың ІЖТ – нің даму деңгейі 9,1% сыртқы сауда қатынасы 37,1% дейін жоғарылады[11].

               Доллардың юаньға айналдыруы қолдау тапса, оған керісінше юаньның долларға айналуы өзіндік кедергілерге кездеседі. Юаньның толық қанды бағасы жоқ. Қытайға валютаның мүмкіндігінше көптеп әкелінуі мемлекет тарапынан қолдау тапса, сыртқа шығару, банктер мен кеден мекемелерінің көп сатылы рұқсат беру жүйесі арқылы барынша қиындатылған.

1998-2002 жылдар аралығында Қытайдың Ішкі жалпы өнімі(ІЖӨ) 7,9 пайызды құрап, әлемдік жоғарғы көрсеткіштен асып түсті. Ол 2,4 пайызға тең. Ресми деректерге сүйенсек, 2003 жылы «Азия айдаһары»саналатын Қытайдың ІЖӨ-і 9,1 пайызға жетті. Ал өнеркәсіп өндірісі жылына 12,5 пайызға, қызмет көрсету нарығы 6,7 пайызға бірақ өсті.Сондай-ақ, Қытайдың 2004 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экономикалық өсімнің өзі көз сүйсінтеді, яғни 9,8 пайыздық дәрежеде.

Осы орайда, мына құбылысқа назар аудара кеткен жөн. Бүгінде Шығыс Азияның азулы мемлекеттері саналатын Сингапур, Оңтүстік Корея мен Тайванның ІЖӨ-нің қосындысы Қытай ІЖӨ-нен сәл ғана асады. Ал 90-жылдары бұл мемлекеттердің ІЖӨ-нің қосындысы Қытай ІЖӨ-нен 1,5 есеге артық болып табылады.

«Morgan Stanly» сараптау орталығының  болжамдарына жүгінсек, жоғарыда аталған елдердің ІЖӨ-нің жиынтығы 2010 жылы Қытай ІЖӨ-нің жартысына тең келер болса, 2020 жылы бар болғаны оннан бірін ғана құрайды-мыс. 2020 жылы Азия алпауыты даму деңгейі жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шығады дейді сарапшы-мамандар.

Қытай экономикасының сыртқы әлемді жаулап алуы негізінен экспортқа шығатын тауар көлемінің өсуінен болып отыр. Қытай Мемлекеттік Кеден басқармасының есебіне жүгінер болсақ, былтырғы жылдың өзінде бұл елдің экспорт көлемі 34,6 пайызға жетіп, 438,5 миллиард долларды құрады[12].

Экспорттың бұлайша жоғарғы мөлшерде болуына бұл елге АҚШ-тан әкелінетін қуатты өндірістік құрал-жабдықтар себеп болып отыр. Ал керісінше Азияның бірқатар дамыған елдері: Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея және Сингапур елдерінің сауда баланстары жыл өткен сайын құлдырауда.

Қытайдың ірі экономикалық серіктестері саналатын АҚШ пен Еуро Одақтың сауда-саттық капиталының көлемі жекелей алғанда 100 миллиард доллардан аса мөлшерге көтерілуде.

Қытай экспортының тауарларына техникалық құрал-саймандар, электронды жабдықтар мен тұтыну бұйымдары жатады. Ал Қытайға келетін импортқа болат өнімдері мен автомобильдер жатады. Халықаралық саудадағы Қытайдың белсенділігі өзге аймақтар мен елдердің экономикалық дамуына ықпал етуде.

Соңғы үш жылда Қытай өндірісінің көлемі 50 пайызға өссе, ал бұл жылдар аралығында АҚШ кәсіпорындары жағымсыз тенденцияға бой алдырды.

Қытай экономикасының қуатты өркендеуі шикізатқа деген үлкен сұраныс тудыруда, соның есебінен мұнайға деген әлемдік сұраныс 3 есеге артса, болатқа сұраныс 90 пайызға, мысқа сұраныс 100 пайызға өсті.

2003-2004 жылдар барысында байқалған Америка валютасының курстық бағам тұрғысынан әлсірету тауар нарығының бағасын көтеріп, шикізат экспорттауға бағытталған Ресей, Бразилия және Австралия сияқты елдердің экономикалық өсіміне күш берді.

Сол уақытта Қытайдың әлемдік нарықтағы тауарларының аралық және ақырғы құнына жағымсыз қысым жасалды, мәселен, үлкен көлеммен Қытай кәсіпорындарынан шыққан тоқыма және өзге де өнеркәсіптік тауарлар жұмыс күшінің төмен бағалануы мен мемлекет валютасының жеткілікті бағаланбауы салдарынан бәсекеге толы әлемдік конъюнктураның қатқыл талабына ұшырады. Міне, осы аталған факторлар Қытай экономикасында шикізаттық тауарлар мен азық-түлік өнімдері бағасының өсіп кетуіне әсер етуде. Ал, АҚШ пен Жапонияда, сондай-ақ Еуропаның бірқатар елдерінде аталмыш тауарлар бағасы әлдеқайда төмен. Егерде АҚШ-тағы шикізаттың құны ақырғы өнім бойынша 10 пайыз, ал еңбек жалақысына жұмсалатын шығын 65 пайызды құраса, Қытайда бұл жағдай мүлдем керісінше. Мұндай дисбаланс Қытай бизнесінің кірісіне жағымсыз әсер етіп, бірте-бірте бағаның өсуіне алып келуде.

Мұнай тұтыну көлемі жөнінен Қытай бүгінгі таңда АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Ешқашанда мұнай экспорттамаған Қытай 1993 жылдан бері  қара алтын өндіруші елдердің таза импортеры саналды. Автомобиль нарығының жедел дамуы мен өнеркәсіп қуатының кеңеюі өзге елдердің Қытай автомобильдеріне деген сұранысын арттырып отыр.  

Әлемдік нарыққа зерттеу жүргізетін сарапшылар алдағы біраз жылдар бойы Қытайдың дүние жүзі бойынша шетел инветициясын молынан иелене алатын бірден бір ел болып қалатындығына күмәнданбайды. Бұл елдің экономикасының қарқынды дамуына әсер берген нақ осы шетел инвестициялары болып табылады.

Қытайдың ДСҰ-ға шетел инвестициясының бұл елдегі тұтыну нарығының потенциялына ықпал етіп, жұмыс күшін арзандатып, табиғи ресурстарды игеріп қана қоймай, инфрақұрылымды дамытып, саяси тұрақтылықты сақтап қалуға себеп болды. Осы тұрғыда айтар болсақ, Қытай экономикасына құйылатын инвестицияның 70 пайызы негізінен Гонконг, Тайвань, Сингапур және Макао елдерінен болса, ал АҚШ-қа тартылатын тікелей инвестицияның көлемі 15 пайызды құрайды.

Сурет 7 — Қытайға инвестиция ең көп құйыған 15 ел, 2002 ж. (тікелей инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес, %)

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China — http://k2kapital.com

 

        Шетелден келген инвестициялық қаражат Ұлы қорған елінің телекоммуникация, электротехника, тұрмыстық техника және химия салаларына жұмсалады. Өйткені, бұл салалардан шығатын өнімдер экспортқа жіберіледі.

Қытай экономикасының дамуындағы дисбаланс тек халықаралық саудамен шектелмейді. Аспанасты елінде мемлекеттік кәсіпорындарда жүргізілген реформалардан соң жұмыссыздық анау айтқандай азая қойған жоқ. Десе де, 2003 жылы Қытайдың ірі қалаларындағы өнеркәсіп өндірісінің дамуы 8,6 миллион жаңа жұмыс орнының ашылуына ұйытқы болды. Соған қарамастан, елдегі мемлекеттік мекемелерде жаппай қысқартулар орын алып, ауыл шаруашылығына маманданған аймақтарда жұмыссыздық етек алды.

Елдегі жұмысбастылық сол жылы бар болғаны 6,9 миллион адамды қамти алды. Бұған қарап нені байқаймыз? Яғни, Қытай халқының 70 пайызға жуығы ауыл шаруашылығына бейімделген аудандарда тұрады. Ал бұл жерлердегі таза кіріс көлемі мемлекеттік қазына қанша көбейгеніне қарамастан төмен.

 « Paribas Peregrine BNP» инвестициялық банкісінің сарапшылары 2010 жылы қалада тұратын орта таптың үлесі (жылдық кірісі 10000доллардан кем емес) 10-15 пайыздан 25 пайызға өседі деп болжауда.

Сол уақытта халықтың таптық жағдайы айқындала түспек. Бұл процесс негізінен елді жекешелендіруден соң орын алған болатын.

Қытай шет мемлекеттер үшін азиялық иірімге толы, менталитеті көнеден қалыптасқан ел саналады. Қытайдың құпияға толы қырлары кейбір елдер үшін алыстан сыйласуға итермелейді.

Он жылға жуық уақыт оқшауланған экономикалық кеңістікте өмір сүрген Қытай үшін ДСҰ-ға кіру әлемдік экономикалық қауымдастықтың  толық қанды мүшесі болуға мүмкіндік берді. Алайда, бірнеше әлемдік стандарттарға жету үшін адам құқықтарын қорғау мен экологиялық нормаларды сақтау үшін Пекинге әлі де біраз даму көкжиектеріне көтерілу керек. Мұның барлығы Қытайға қалған әлеммен ортақ тіл табысу үшін әлі де біраз уақыт керектігін аңғартады.

Әлемдік нарықта негізгі бәсекеге түсетін екі держава бар. Оның бірі –АҚШ болса, екінші орынға  — Қытайды қойсақ қателеспейміз. Екі елдің арасындағы экономикалық қатынастарына көз жүгіртіп көрелік. Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық қатынастар ресми түрде 1979 жылы басталды.  1979 жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатып, «ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары туралы» келісім шартқа қол қойылған.  Содан бастап екі арасындағы сауда –экономикалық қатынастар тез қарқынмен дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша, 1979 жылы Қытай-Америка сауда көлемі 2,45 млрд. долларды құраса, бұл көрсеткіш 1996 жылы 63,5 млрд. долларға жетті. Бұл көрсеткіштерге қарап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тез дамығандығын көруімізге болады.

Қытайда жұмыс күші құны төмен, дегенмен ол жерде ақша қаражаттарының жетіспеушілігі байқалады. Сондай-ақ АҚШ пен салыстырғанда ғылыми-техникалық сала жетік дамымаған.  Ал АҚШ ақша ресурстарына бай, жоғарғы техника мен технологияларды игерген мемлекет. Дегенмен ол жердегі жұмыс күшінің құны жоғары болып келеді. Қытай экспортында көбіне еңбек сыйымдылығы жоғары тауарлар басымдыққа ие – текстиль, киім, аяқ-киім, ойыншықтар т.б. Ал АҚШ өз кезегінде ұшақтар, машина, электрондық бөлшектер, байланыс құралдары мен химия өнімдері сияқты капитал сыйымдылығы мен техникалық сыйымдылығы жоғары тауарларды экспорттайды. Дегенмен соңғы жылдары Қытайда техникалық сыйымдылығы жоғары тауарларды өндіретін салалар да дамып келе жатыр.

Соңғы жылдары шетел компаниялары Қытайдың өндіріс саласына қомақты инвестициялар құя бастады –400 ғылыми-зерттеу орталықтарын құру үшін шамамен 18 млрд. доллар салынды. Атап айтқанда,   Microsoft, Intel, Fujison, Siemens және Nokia сияқты компаниялар инвестиция құны 50 млн-нан 100 млн. долларға жететін орталықтар ашты. Соңғы үш жылда Қытайдың өнеркәсіптік өндірісі 50 пайызға өсті[13].

IDC зерттеу фирмасының мәліметтері бойынша, 2003 жылдың екінші жартысында Қытай персоналды компьютерлер нарығында Жапонияны басып озып, әлемде екінші орынға шықты.

Автокөлік құрылысы саласы да көтеріліп келе жатыр. Қытайдың ұлттық даму мен реформа комиссиясының мәліметтері бойынша, 2007 жылы автокөлік өндірісінің жылдық көрсеткіші, 15 млн. бірлікке жетуі мүмкін.  Бұл көрсеткіш 2003 жылдан 4,4 мллионға көп.  Автокөлік құрылысы қарқынды дамуда. Осыдан 10 жыл бұрын негізгі көлік велосипедтер болған.  Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, орта таптың қалыптасуы және тұтынушылық несиенің қол жетімділігі автокөлікке деген сұранысты ынталандырды. Автокөлік өндірісі бойынша Қытай әлемде АҚШ, Жапония және Германиядан соң 4-ші орынға шықты[13].

Көріп отырғанымыздай Қытай келешекте тек қана еңбек сыйымдылығы жоғары тауарларды өндіріп қана қоймай, техникалық және капитал сыйымдылығы жоғары салаларды да игеріп келе жатыр. Бұл Қытай елінің барлық салаларда көшбасшы болуға толық мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Кейіннен Қытай АҚШ-тан қалыс қалған салаларда да, АҚШ елін басып озуы да ғажап емес.

Оның бір айғағы келесі мәлімет. Қытай АҚШ-ты басып озып, ноутбуктар, ұялы телефондар және басқа да ақпараттық және телекоммуникациялық салада әлемде ірі экспортерге айналды. Бұл жайында 2005 жылы Экномикалық серіктестік және даму ұйымының  көктемде шыққан баяндамасында хабарланды. Бұл ұйымның баяндамасында жалпы атауы «ICT» болып келетін бұл тауарлар тобының экспорты 2004 жылы 180 млрд. долларды құраған, ал сол жылы бұл көрсеткіш АҚШ-та 149 млрд. долларды құраған. 2003 жылы ақпарттық және телекоммуникациялық салада көшбасшылық АҚШ-тың қолында болған еді (137 млрд. доллар), ал Қытай екінші орында (123 млрд. доллар) болған[14].

Сондай-ақ Қытай келесі бір экономикалық мықты держава нарығын жаулауда. Ол держава —  Еуроодақ.

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2005 жылдың бірініші ширегінде Қытайдан келетін импортталған футболкалар 164 пайызға өскен. Нәтижесінде ішкі нарықтағы өнімнің осы түріне баға 26 пайызға төмендеп кеткен.  Бұл сатып алушыларға қолайлы болғанымен, Еуропаның текстиль өнеркәсібіне үлкен қауіп болуы мүмкін. Жалпы барлық позициялар бойынша Қытай импорты 2005 жылдың басынан 51 пайыздан 534 пайызға дейін өскен екен. Еуроодақтың сауда жөніндегі комиссары Питер Мандельсонның айтуынша, Еуропа өзінің өндірісінің жойылуына қол қусырып қарап отырмайды деген мәлімдеме жасады.  Ол сондай-ақ Қытай Еуропаға экспортталатын тауарларына шектеулер енгізуі қажет немесе ДСҰ-да бұл мәселе бойынша 3 айлық кеңес беру процесі басталады деп ескерткен. Қытай тарапына белгілі бір шектеулер енгізуді АҚШ-та қарастырмақ.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге назар аударсақ қазіргі экономикалық шайқаста Қытайдың басымдық көрсетіп келе жатқандығын көруге болады.

Қытайдағы әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселелер болғанымен, мамандардың пікірінше, Қытай әлемдік экономикадағы көшбасшы ел болуға толық мүмкіндігі бар және ол бұл мүкіндікті жіберіп алмас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 ҚХР-ң Қазақстандағы мүдделері

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы нольдік деңгейден бастау алған жоқ. Қазақстан 1980 жылдары Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы кең экономикалық байланыстардың мұрагері болып қалды. Кеңес-Қытай қатынастарының ұзаққа созылған суық кезеңі 1980 жылдардың ортасына қарай қайта жаңғыртыла бастады. 1989 жылы Қазақстан мен ШҰАО(СУАР) арасында 1989-1995 ж.ж. кезеңіне экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

Кейіннен орын алған Кеңес Одағының ыдырауы бұл экономикалық келісім шарттың толығымен жүзеге асуына кедергі жасады, алайда Қытай мен Қазақстан арасындағы технико-экономикалық ынтымақтастық толығымен жойылған жоқ. Ол тек елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан көрші Шыңжаң ауданымен ғана емес, Қытайдың басқа да аймақтарымен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды. Қытай тарапы да бұған қызығушылық білдірді. Республикамыздың бұрынғы КСРО-ның басқа аймақтарымен сауда айналымы төмендеген сайын Қытай Қазақстанға тұтынушылық тауарларды жеткізуде басты рольдердің біріне ие бола бастады.

1990-шы жж. басында Қазақстанда пайда болған өткір тауар дефицитін бәсеңдету функциясын өз мойынына алған Шыңжаң, кейіннен бүкіл Қытай еді. Қытайдың тұтынушылық тауарлары Қазақстанға көптеп келді. Бұл уақытта қазақстандық шикізат пен стратегиялық материалдарының, құрал-жабдықтарының, көлік құралдарының экспорт көлемі лезде ұлғайған болатын. Айтарлықтай дәрежеде, екі мемлекеттің арасындағы сауда сипаты да өзгере бастады.

1992-1993 жж. Қазақстанға қытайлық «көпшілік қолданатын тауарларының» келуінің өсуімен сипатталады. Бұл тауарлардың ағымы көбінесе кең етек жайған  «шоп-туризм» арқылы пайда болған. Тауар жетіспеушілігі кезеңінде төменгі сапалы, бірақ бағасы бойынша қол жетімді Қытай тауарлары қазақстандық тұтынушылардылардың минималды сұраныстарын қамтамасыз етті.

Қазақстанмен байланыстарды дамыта отырып, Пекин тек қана экономикалық мақсатты көздемейді. Ол еркін саяси алаңда – Орталық Азияда – тұрақтанып, көрші аймақта, яғни бұрынғы бәсекелесі Мәскеудің бұрын иемденген жеріне, өзінің саяси әсерін күшейтуге тырысуда. Пекинде Қазақстан энергетика саласында қандай потенциалды мүмкіндіктерге ие екендігін түсінеді. Нақ осы салада Қытай экономикасының әлсіз тұсы уақыт өткен сайын сезілуде. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанның үлкен табиғи ресурстарын әлемдік айналымға шығару барысында өзінің делдал рөлінен көп пайда табуы мүмкін. Қытайдың қарқынды даму үстіндегі экономикасының мұнайға мұқтаждығы өсе беретіндігі сөзсіз. Сол үшін Қытай Қазақстанды энергетикалық шикізатты тасымалдаушы ең тиімді серіктесі ретінде қарастыратын болады. Өз кезегінде Қазақстан Қытай мемлекетінің сыйымдылығы жоғары нарығын қажет ететін болады.

      Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастары жалпы алғанда сәтті даму үстінде. Екі ел арасындағы сауда көлемі жылдан жылға өсуде,  1997 жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға артық. Бұл жылдары Қытайдың ҚХР-на шығаратын экспортының 90 пайызы шикізат тауарлары болған еді. Оның ішінде: қара және түсті металдардың прокаттары 42 пайыз(болат, мыс, алюминий), қой терісі 14,3 пайыз, мақта 13,7 пайыз, тері 8,6 пайыз, қалған 10 пайызы минералды тыңайтқыштар.

  Қазақстанның Қытайдан әкелінетін импортының құрылымы келесідей: текстиль және трикотаж өнімдері, тоқыма өнімдері – 35,5 пайыз, аяқ киім – 9 пайыз, тұрмыстык электр техникасы – 7,2 пайыз, химреактивтер мен басқа да химикаттар – 6,6 пайыз, азық-түлік – 22,8 пайыз(оның ішінде қант пен кондитерлік өнімдер – 9,8 пайыз, шырындар мен сусындар – 10 пайыз). 2000 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 1,5 млрд доллар құраса, 2002 жылы 1,7 млрд доллар болды[15]. Ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 4,5 млрд долларға жетті. 2005 жылдың қаңтар  — ақпан айларының өзінде сауда айналымы 826 910,1 мың долларды құрады[16].

Қазақстанның түсті металлургия саласындағы кәсіпорындары ҚХР компанияларымен негізінен  сауда келісім шарттары бойынша тауарларды жеткізу бағытында жұмыс істейді. Қытай нарығы көлік шығындары тұрғысынан қарастырғанда қазақстандық машина жасау өнімдерінің өткізілуі үшін ең қолайлы нарық болып есептеледі.

Қазақстан-Қытай қатынастары үшін маңызды және болашағы мол салалардың бірі-химия өнеркәсібі. Бұл салада Қытай компанияларымен тиімді байланыстар орнатылған. Сондай-ақ Қытай капиталын Қазақстанның химия кәсіпорындарына инвестициялауға тарту үшін жұмыстар атқарылуда.

Жылына Қытайға 300 мың тонна минералды тыңайтқыштарды біріккен кәсіпорыдар құру мен инвестициялау, елдегі минералды тыңайтқыштардың өндірісі техникалық қамтамасыз ету мен дамыту арқылы өндіруге және жеткізуге  бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама жүзеге асырыла бастады.

Қазақстан  Қытайдың оңтүстік провинцияларындағы ірі фирмалармен байланыстарды қайта орнату мен еркін сауда аймақтарын құруға қызығушылық танытып отыр. Бұл халықты сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге оң әсерін бермек.

Қазақстынның Каспий теңізі аймағында үлкен мұнай мен газ қорларының табылуы, екі ел арасындағы серіктестік масштабының нығаюына жол ашуы мүмкін.

Кейбір болжамдар бойынша, Азия-Тынық мұхиты аймағында мұнай импортының өзі 2010 жылы 1,5 млрд тоннаға  дейін өсуі мүмкін, Қытайдың өзінде 200 млн. тонна[16].

Қазірдің өзінде Қытай Орталық Азия мен Каспий теңізінің мұнай мен газ кен орындарына қызығушылық танытуда алдыңғы қатарға шығып келе жатқандығын толық сеніммен айтуға болады. Жоғары қарқынды экономикалық дамумен байланысты қуат көздеріне деген мұқтаждық өсуі Қытайды барлық тиімді бағыттардағы қызметінің белсенділігін арттыруға итермелеуде, ол бағыттарға орталық-азиялық аймақ та кіреді.

Мұндай қорытындылар  Қытайдың СРРЕІ жобалық институтының жүргізген зерттеулерінен кейін, сонымен бірге  мұнайға деген сұраныс пен ұсынысты (мұнай өнімдерінің импортын есепке алмағанда) болжау нәтижелері негізінде жасалып отыр. Бұл мәліметтерде Қытайдың мұнайдың таза импортының көлемі 2010 жылы шамамен 127 млн. тоннаға (сұраныстың жалпы көлемінің 41,37 пайызы) жетеді. Пекин Орталық Азия мен басқа да жерлердегі шетел мұнай мен газ кен орындарына жол ашатын кең көлемді бағдарламасын жасақтап, оны жүзеге асыруға кірісіп кеткендігі айдан анық. Мамандардың мәліметтері бойынша 1993 жылдың өзінде Қытай Венесуэла, Ирак, Иран, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Ресей сияқты мемлекеттерде 15 ірі мүнай-газ келісім шарттарына тұрған. Жалпы жасасқан келісім шарттардың жалпы көлемі 20,7 млрд долларды құраған. Қазіргі таңда Пекин Қытай үшін тиімді энергетикалық жобаларға белсенді қатысуда. Оның бір мысалы 2004 жылы қолға алынған «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры жобасы.

Орталық Азия елдерінің арасындағы пайдалы қазбаларға ең бай, әрі көне Жібек жолы бағытындағы транзиттік мүмкіншіліктері мол Қазақстан Республикасымен сауда – экономикалық  қатынастарды дамыту Қытай үшін өте маңызды. Әрине, Қазақстан мен Қытай  қуаттылығы жағынан бір – бірімен салыстыруға келмейтін мемлекеттер, бірақ ол «өзара достық қатынасты қолдай алмайды»деген мағынаны  білдірмейді. Керісінше, екі мемлекет бір-бірінің көмегімен өз экономикаларын дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар. Расында да, екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының мүмкіншілігі мол, сол себепті Қытай өз тарапынан барлық шығындарды көтеруге даярлығын білдіреді.

             1993 жылы қазанда ҚР мен ҚХР арасында қол қойылған бірлескен  Декларацияның сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту тармағында:   « Қазақстан мен Қытай экономикалары өздерінің құрылымы бойынша бір-бірін өзара толықтырады және өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор мүмкіншіліктер бар деп есептейді. Тараптар өздерінің тиісті заңдарының шеңберлерінде, әсіресе, инвестициялар мен мүлікті өзара қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады, ведомстволардың, аймақтардың (атап айтқанда, шекараға жақын) және кәсіпорындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты жан-жақты көтермелейді және дамытады, экономикалық ынтымақтастықтың барлық нысандарын көтермелейді».

        Екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы орнатылған қарым-қатынастың деңгейін өте жоғары бағалайды. Ал сауда-экономика саласында қол жеткізіліп отырған ынтымақтастық оған негізгі дәлел болып табылады. Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасына негізінен шикізат өнімдерін, оның ішінде қара және түсті металдарды, минералды тыңайтқыштарды, мақта және тері шикізаттарын экспортқа шығарады. Ал Қытай Қазақстанға машиналар мен жабдықтарды, химия өндірісінің өнімдерін, пластмассалық бұйымдарды, электротехника тауарларын, дәрі-дәрмектерді, тоқыма бұйымдарды және халық тұтынатын тауарларды импорттайды.

         Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы — ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің арасында Ресейден кейінгі ҚХР-дың екінші серіктестерінің бірі. ҚР мен ҚХР-дың бірлескен Декларациясына сай екі мемлекет мәдени бағдарламалар шеңберінде ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты дамытуға барынша ат салысуда. Аймақтарымыздың көрші болуы, бай пайдалы қазбалар және екі елдің экономикаларының бірін-бірі толықтыру жағдайлары сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасап отыр.                       

 90-шы жылдардан бастап Қазақстан аймағына ене бастаған Қытайдың кіші және орта бизнесі үлкен қарқынмен дамыды. Қазір Қазақстанда 20-дан астам қытай компаниялары аккредитацияланып, мұнай және газ саласында, тоқыма, пластмасса және металл өнеркәсіптерінде әрекеттенуші 670 біріккен кәсіпорындар қызмет етуде. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында оншақты, Алматы облысында 15-тен астам бірлескен кәсіпорын қызметін ойдағыдай жалғастырып жатыр. Негізінен бұл кәсіпорындар тамақ өнімдерін, ірі қара малын өсіру және  ағаш бұйымдарын жасау жұмыстарымен айналысады. Жалпы Қытайдың іскер топтары Қазақстанға не бары 800 млн. АҚШ  долларын, ал оның ішінде 500 миллионды Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы инвестициялады[11].

Соңғы жылдары Қытай үкіметі барынша елдің батыс аудандарының экономикалық әл-ауқатын көтеру мақсатымен, Қазақстанмен шекараласып жатқан Шыңжан Ұйғыр Автономиялық Ауданымен (ШҰАА) сауда қатынасын кеңейтуде. 2000 ж. наурызда өткен Халық Өкілдерінің Бүкілқытайлық Жиналысының кезекті сессиясында Қытайдың Батыс аймағының экономикасын көтермелеу мәселелері талқыланды. Қытай басшыларының айтуынша, осы аудандарда экономикалық құрылысты дамытудың нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына, ұлттық азшылықтардың көкейтесті мәселелерінің шешілуіне, аймақтың тұрақтылығына әсер етуші сепаратистік әрекеттердің азаюына мүмкіндік туады.

Қазақстан мен Қытай шекараларының ұзындығы 1700 шақырымды құраса, соның барлығы ШҰАР аймағы арқылы өтеді. Әрине, Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасының жалпы шекараларының ұзындығы 1700 шақырым болса, ал соның барлығы ШҰАА аймағы арқылы өтеді, сондықтан Қазақстанмен жасалынатын сауда айналымының басым бөлігі Шыңжаң өлкесінің үлесіне тиеді. Қытайдың Батыс  аймақты игеру саясатының жүзеге асырылуы Қазақстан үшін өте тиімді болып отыр. Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы жыл өткен сайын қарқынды өсіп келеді. Екі ел  арасындағы тауар айналымы 3,3 миллиард долларға жеткен болса, соның 1,7 миллиард доллары, яғни 60% жуығы осы аймақтың үлесіне тиеді.Оған нақты мысал ретінде үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында «Қорғас»кеден бекетінен өткізілген жүк көлемі бұрынғымен салыстырғанда 2,5 есе артқанын алуға болады.

  Қазіргі кездегі ШҰАА-ның халық саны 18,76 млн. адам. Ауыл және қала тұрғындарының орташа жылдық табысы-1099 доллар. Осы жерде 47 ұлт өкілдері тұрады, ал соның ішінде 1,2млн. қазақтар. Қытай үкіметінің Батыс аймақтарды игеру стратегиясы бойынша осы аудандағы халықтың санын 30 миллионға дейін көтермек ойлары бар.

 Қытай мен Қазақстанды байланыстыратын темір жол артериясы тура осы Шыңжаң өлкесі арқылы өтеді.Қытайдың Батыс аймағымен және әсіресе Шыңжаң өлкесімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту Қазақстан үшін өте тиімді. Трансқазақстандық темір жол магистралі, мұнай және газ құбырларының құрылысы сияқты ірі жобалар, сонымен қатар ШҰАА-ғы Қазақстан инвестицияларының ұлғаюы қазақ-қытай қарым-қатынастары үшін Шыңжаң өлкесінің маңыздылығын арттыра түседі. Бүгінде Қытай басшылығы Батыс Қытайдың экокономикасын дамытуға баса көңіл бөліп, «Достық» және «Алашанқай»станциялары арқылы жүк тасымалдаудың жылдық көлемін 15миллион тоннаға дейін жеткізуді қарастыруда. Ал бұл мәселе тікелей Қазақстан мен Шыңжаң өлкесіне қатысты.

Екі мемлекет арасында Қытайдың Ляньюньган теңіз портын Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнелтілетін Қазақстан жүктерін өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев бұл келісімнің маңыздылығы жөнінде былай деп атап өтті; «…Мұндай келісім Қазақстанға не береді? Темір жол 30 миллион тонна біздің жүгімізді, оның ішінде мұнай құйылған цистерналарды да тасымалдай алады. Ляньюньган портына дейінгі жолдың 3,5 мың шақырым. Аз ұтыс емес. Оның үстіне, біздің тауарымызға Қытайдың да сұранысы зор екенін ескеріңіз»[11].

Екі жақты саудамен қамтамасыз етумен Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуметін неғурлым толық пайдалану тұрғысынан қарағанда еліміздің Қытаймен темір жол саласындағы өзара әрекеттестігі қарқынды дамытудың да болашағы мол. Құлжат-Қорғас, Достық-Алашанькоу шекара асулары арқылы автотрассалар қосылды, Қытайдың Ляньюньган портынан Қазақстанның аймағы арқылы Батысқа, Еуропаға жөнелетін жүк тасымалы жүзеге асырыла бастады. Экономикалық тұрғыдан бұл тармақ Транссібір магистралінен әлдеқайда ұтымды болып отыр.

Қазақстанның статистикалық көрсеткіштері бойынша, Достық/Қазақстан/-Алашанькоу/Қытай/ стансасы арқылы өткізілген ауыр жүк айналымының мөлшері 2004 жылы 9,2 миллион тонна болса, ал 2005 жылдың аяғына қарай бұл көрсеткіш 11 миллион тоннаға жетеді. Ал болашақта Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы жүк тасымалдау көлемі 2006 жылы-13млн.тонна деңгейге дейін, ал 2010 жылы- 20млн. тонна деңгейге дейін жетеді деген болжам жасалынуда[11].

Көлік жолдарын диверсификациялауға үлкен маңызды болып табылатын Трансқазақстандық темір жол магистрал жобасының құрылысын толық қолдайтындығы жөнінде Қытай басшылығы ашық жариялады. Қазақстандық және қытайлық теміржолшылары мен кәсіпкерлері осы Достық стансасынан Ақтау портына дейін өтетін, ал болашақта Түркіменстан, Иран және Туркия арқылы Еуропаға өтетін теміржолдың құрылысына үлкен қызығушылық білдіруде. Осы Ұлы теміржол жобасы Қазақстан мен Қытай, сонымен бірге ШЫАА үшін стратегиялық маңызы өте зор болып табылады.

«…біз трансқазақстандық темір жол магистралінің құрылысын бастауды жоспарға алып отырмыз. Бұл Достықтан Каспийге дейін созылатын 3 мың км. тұратын ірі жобалардың бірі. Сонымен қатар біз темір жолды Түркменстан, Иран, Туркия және Еуропа арқылы оңтүстікке создыруды ойластырудамыз. Біздің сарапшылардың айтуы бойынша, сонда біздің темір жолымыз көлік тасымалына кететін бір аптаны үнемдеуге мүмкіндік алатын еді», деп көрсетті ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжоу Сяопэй.

Шыңжаңға орталық үкіметтің бюджетіне тыс, жергілікті үкіметтер мен ірі компаниялар және жеке саудагерлердің қаржысы құйылуда. Ал Қазақстанда өндірілген азық-түлікпен сусындықтар Шыңжаң нарығында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан отандық азық-түлік тағамдарын Шыңжаңға экспортқа шығару өте пайдалы болмақ.

Осы орайда 2004 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің және «Қазинвест» қазақстандық инвестицияларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Үрімші қаласында «Қазақстан мен Қытай –сауда және инвестициялық әріптестер»атты бизнес-форумы өтті. ҚР Президенті Н.Назарбаев бизнес- форумда сөйлеген сөзінде қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлердің бірлесіп қатысуы екі жаққа да тиімді, әрі пайдалы болатынын алға тартты. Сондай-ақ, Елбасы, осы мақсатқа қазақстандық кәсіпкерлердің инвестиция салуға қазірдің өзінде дайын екендігін жеткізді.

Үрімші қаласында алғашқы қазақстандық шырын өндіретін «Райымбек  Фуд Шыңжаң» кәсіпорнының ашылуы Қытай бағытында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлердің үлкен жемісі болып табылады. Кәсіпорнының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің өзі қатысты. Жаңадан құрылған сауда орталығының аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Онда жеті галерея залы, басқа да қажетті орындар бар. Жалпы құрылысына 20 миллион доллар қаржы жұмсалған. Алғашқы кезеңде кәсіпорын жылына 52 миллион литр шырын өндірсе, ал енді биылғы жылдан бастап кәсіпорынның өндірістік қуаты 104 миллион литрге дейін арттырылды.

 1992 жылдан бастап Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара маңындағы сауда қатынасы да тез қарқынмен дамып, Қазақстан ШҰАА-ның алғашқы ірі сауда серіктесі болып табылады. 2004 жылғы қыркүйектегі Н.Назарбаетың ШҰАА-ға жасаған сапары барысында шекара маңындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатымен «Қорғас» халықаралық орталығының құрылғандығы туралы келісімге қол қойылды. Орталықтың мақсаты негізінен шекара саудасын ретке келтіруге, жеткізілетін тауарлардың сапасын арттыруға, сонымен қатар контрабандалық және контрафакіттік өнімдердің өтуінің жолын кесуге бағытталған.

 Қазіргі кезде екі елдің мамандары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін басқару туралы үкіметаралық келісімді үйлестіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп, Қорғаста еркін экономикалық  аймақты ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

 2004 жылғы мамырда Қытайдың темір жол министрлігі және Қазақстан Республикасының  көлік және коммуникация министрлігінің арасында темір жол көлігіндегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Осы келісім темір жол жүктерін тасымалдау саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығының жаңа нәтижесі ретінде болып табылады. Келісім бойынша, темір жол жүктерін тасымалдау саласындағы екі жақтың ынтымақтастығы өз елінің заңдарына және халықаралық конвенцияларға сәйкестендіріле отырып, теңдік және өзара тиімділік негізінде дамиды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, екі жақ екі ел арасындағы халықаралық жолаушы және жүк тасымалдау, сондай-ақ темір жол қатынасын одан әрі дамытуға келісімге келді.

Мұның сыртында Қазақстан астығын Қытай нарығына шығару бағытында белсенді жұмыстар да жүргізіліп, Қытай жағы Қазақстанның астығын алуға аса зор ынта байқатып отыр. Олардың ойынан Қазақстан астығын екі түлі жолмен алғысы келетіні байқалады. Біріншіден, өндірілген дайын астықты тікелей астып алу; екіншіден, өздеріне жақын облыстардан жерді жалға алып, астық егіп оның өнімдерін Қытай нарығына шығару. Егер екінші ойлары іске асатын болса, онда еліміздің шығыс жақ шекара аудандарындағы тұрғындары сиреп қалған жерлерге Қытай дихандары «уақытша» орын ауыстырып, астық өндірісімен шұғылданатын болады.

Қорытып айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан жылғы жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Жалпы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағытында 30-дан астам құжатқа қол қойылып, қазір олар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан-Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

Дегенмен де даму барысындағы бүркемеленіп жатқан жағымсыз факторлардың екі ел қатынастарына болашақта кері әсер етуінен осы бастан сақтанған жөн. Қытайда саяси тұрақтылық жағдайының сақталуы Қазақстан үшін бірден-бір маңызды жай, өйткені шығыс көршінің ішкі саяси келіспеушіліктері біздің республикамызға да әсерін тигізуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қытай Халық Республикасынының экономикасының ерекшеліктерін қарастырғаннан соң, келесідей қорытындылар жасауға болады:

  • Қытай Халық Республикасының соңғы жылдардағы айтарлықтай үлкен жетістіктері ел ерекшеліктеріне сай жүргізілген реформалардың нәтижесі екендігі белгілі болды. Реформа кезінде оның ең алдымен ауыл шаруашылықтан басталуының өзі саясаттың дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Оған себеп ауыл шаруашылығының дамуы басқа да салалардың дамуына түрткі болуы. Себебі ауыл шаруашылық саласы басқа салаларға шикізат жеткізіп тұратын басты сала болған. Қазақстандағы реформалармен салыстырсақ, негізінде біздің үкіметіміз үлкен назарды ауыл шаруашылығын дамытуға аударуда. Бәлкім Қытайдағыдай ауыл шаруашылығынан басталған реформалар өз нәтижесін бергендей, біздің елдегі саясат та осындай оң нәтиже береді. Қытайдағы реформаның басты ерекшелігі Қытай ерекшеліктеріне сай социализм құру
  • Реформаның қазіргі нәтижелерін қарастыра отырып, оның басты ерекшелігі ауыл шаруашылығының реформасы. Сонымен қатар Қытайдың қарқынды дамуының басқа да факторлар, арзан жұмыс күші мен ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр десек қателеспейміз.
  • Жұмыс барысында Қытай алдында тұрған өткір мәселе энергетика саласы екендігін байқап, осы тұста Қазақстан үшін Қытаймен серіктесіп жұмыс істеу екі елдің болашақтағы стартегиялық бағыты екендігіне көз жеткізуге болады. Шикізат ресурстарына бай Қазақстанға Қытайдың танытып отырған қызығушылығы мол екендігін байқау қиын емес.
  • Қытай елі көптеген көрсеткіштер бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерін озып келе жатқандығы да айқын. Сондықтан Қытай елінің әлі әлеуметтік мәселелерді шешіп, барлық көрсеткіштер бойынша көшбасшы ел болуға толық мүмкіндігі бар. Атап өтілгендей көптеген сарапшылар бұл елдің Жапония мен АҚШ сияқты елдерді басып озатындығын мойындауда. Қытай елінің АҚШ сияқты қуатты елдердің нарықтарын өзінің арзан тауарларымен жаулап алуы, осы көшбасшылықтың алғышарты десек қателеспейміз. Қытайдың қарқынды дамыған экономикасы оған тек қана аймақтық емес, әлемдік көшбасшы болуға да мүмкіндік береді. Бұған жұмыста келтірілген мәліметтер дәлел.
  • Дегенмен жұмыста көрсетілгендей Қытайдың экономикасы қарқынды дамығанымен, ол елде де көптеген шешілмеген мәселелер бар екендігін білдік. Жалпы экономикалық көрсеткіштер өскенімен, өмір сүру деңгейнің төмендігі Қытай елінің басты шешілуі тиіс мәселелерінің бірі болып қала бермек.

Осындай экономикалық жағынан мықты елдердің арасындағы шайқасы кезінде, Қытай елі өз мүдделерін көздеп, Қазақстан сияқты стратегиялық маңызды көршілерінің табиғи ресурстарына көз салуда.  Әрине, Қазақстан үшін де, Қытай үшін де серіктесіп жұмыс істеудің маңызы зор. Жұмыста көрсетілгендей екі ел арасындағы байланыстың нығаюы барысында, Қазақстан мен Қытайдың экономикасына көмегін тигізуде. Дегенмен, Қазақстан ДСҰ-ға кірген уақытында Қытай елі үлкен бәсекелеске айналатындығы да сөзсіз. Сондықтан әлемдік көшбасшылыққа басты үміткер Қытайдың нарықтарды өзінің сапасыз, бірақ арзан тауарларымен жауалап алу саясатына қарсы тұрудың амалын ойластырған жөн. Алайда, Қытай сапалық көрсеткіштерді жоғарлатуға толық мүмкіндігі бар. Ондай жағдайда, Қытайдың алдыңғы орынға шығатындығы айқын. Қорыта айтқанда, Қытайдың жетістіктеріне тек қана, дұрыс жасақталған саясат емес, сондай-ақ еңбек ресурсының молдығы, ел үшін аянбай еңбек ететін халықтың идеологиялық бағдарлануы да өз септігін тигізуде.

Сонымен жұмыстың басты мақсаты Қытай әлемдік экономикаға елеулі өзгерістер әкеп жатқандығы мен оның жүргізген реформалары оны әлемдік көшбасшы болуға негіз болатындығы және бұл мемлекеттің потенциалының өте жоғары екендігі дәлелденді.

Енді Біздің еліміздің алдында тұрған басты мақсат, экономикалық майдан алаңынада дұрыс саясат таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Селищев А.С., Селищев Н.А. Китайская экономика в XXI веке. – СПб.: Питер, 2004. – 240с.: ил.
  2. Справочник-Китай// Издательство “Синь син” 1999 год
  3. Мейірманова Г.А. Қытайдағы аграрлық реформаның жүргізілуі(1978-2000 жж.)//ҚазНУ хабаршысы, Тарих сериясы — 2002 жыл -№1-115-117- беттер.
  4. Ли Ли и Кондрашова Л. Демократизация прав собственности: китайский вариант//Проблемы теории и практики управления – 2003 год-№ 2-24-30-стр.
  5. Справочник — Китай//издательство “Синь син” 2004 год
  6. Яо Цзинъюань: новые проблемы, стоящие перед экономикой Китая — china.org.cn
  7. Чжоу Синьчэн Экономическая реформа в Китае: достижения и задачи — http://chinapro.ru
  8. Дорога в Поднебесную: Made in China — http://k2kapital.com
  9. Хуан Дингуй Китай: подходы и особенности экономических преобразований — http://chinapro.ru
  10. Рахимов Р.К. Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая//АльПари-2003 год- №3-4 -124-128 стр.
  11. Қаражанова Ж. Қ. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сауда-экономикалық қатынастары//ҚазНУ хабаршысы, Тарих сериясы. — 2005жыл — №3(38) – 89-92-беттер
  12. Садуақасов А. Қытай экономикасның құпиясы неде?//Дала мен қала — 2005 жыл-№20 -4-бет
  13. Макаренко И.П.Прогноз ИЭЭ. Китай. – iee.org.ua
  14. Китай перехватил у США лидерство на мировом рынке ПК и мобильных телефонов — liga.net
  15. Касымжомарт Токаев «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» — Алматы: АО «САК» — 2000 год – 584 стр.
  16. Сидоров О. Казахстано-китайские отношения: проблемы и перспективы сотрудничества. — gazeta.kz
  17. Танирбергенов А. Казахстан и Китай: добрососедство и взаимодействие//Саясат-2004-№3 — 6-11-стр.
  18. Электронная энциклопедия Кругосвет// раздел «Страны» — Китай
  19. Ақатаева А. Қытай-Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық мәселелері// ҚазНУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. — 2005 жыл- №2(31) – 17-23-беттер
  20. Кулахметов А. Региональные интересы Китая в Казахстане//АльПари 2002 год — №1 – 35-37-стр.
  21. Бельчук В. Вновь об оценке реформ в Китае//Мировая экономика и международные отношекния-2005 год- № 4 – 87-93-стр
  22. Құйғанбай Қ. ҚХР нарықтық экономиксындағы дамыған сыртқы сауда//Ағайын-2001жыл-№1 — 44-45-беттер
  23. Брилев С. Казахстано-китайские отношения: сотрудничество или великая миссия. — dialog.kz
  24. Титаренко М. Постепенное создание многоукладной экономики – фактор успеха реформ в Китае — http://chinapro.ru
  25. Андрей Островский Догнать и перегнать Америку. Новые горизонты китайской экономики в XXI веке — http://chinapro.ru
  26. Әмірбекұлы Ж. Қытай: экономикалық реформа тәжірибелері//ҚазНУ хабаршысы. Экономика сериясы-1998 жыл-№1(13)-46-48-беттер
  27. Рахимов Р.К. Энергетичесоке сотрудничество Китая с Россией и Казахстаном//АльПари-2004 год-№2-3 – 68-71-стр.
  28. Сыроежкин К. Китайские сюрпризы// Континент.- 2004-29 сентябрь-12 октябрь- 33-35-стр.
  29. Ермекбаев Н. О внешнеэкономических связях Китайской Народной Республики (КНР)// АльПари – 2003 год — №1 – 90-94-стр.
  30. Тим Луард Китай — новая сверхдержава? — bbc.co.uk