КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы: Қытай Халық Республикасы — Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. 1992 жылғы қаңтарда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері екі ел өз экономикаларының дамуында зор табыстарға қол жеткізді. Екі ел бір-біріне етене жақындай түсті. Шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалын орнатты. Екі ел арасындагы экономиқалық ынтымақтастық нығайтылып, өзара сауда-саттық байланыстары жыл өткен сайын өсіп келеді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық-географиялық байланыстарға баға бере отырып, екі ел арасындағы жыл сайын артып келе жатқан сауда қатынастарына және оның жоспарлы бағыт-бағдарына тұжырым жасап, екі ел арасындағы ынтымақтастық, достық қарым-қытынысының дами түсуі және халықтың әл-аухатының жақсара түсуі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға аз да болса көмегі тиер деген оймен осы тақырыпты зерттеуді жөн көрдім..
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселлелер қарастырылды:
.екі елге географиялық сипаттама бере отырып, екі ел байланысына әсер ететін факторларға талдау жасау.
.екі ел арасындағы сыртқы сауда байланыстары және Қазақстанның экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне зор рол ойнаитын Мұнай экспорты туралы ізденістер.
Зертеудің теориялық және әдістемелік негізі: бітіру жұмысына бұрынғы Кеңес кезіндегі геосаяси зерттеушілер Түркебаев А.Е , Двоскин Б.Я, ал қазіргі кезде зерттеушілерден Надыров Ш.М, Әубакіровна Әмина және Қытайдағы Циньзиян география инистутіндағы Шы шы фаңның қатарлы зерттеушілердің еңбектері теориялық негіз болды.
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
- Қазақстан Республикасының географиялық орны
Қазақстан Республикасы Евразия құрлығындағы мемілекет. Құрлықтың орта бөлігінде ( 55°26´- 40º 56´с.е және 45º 27´ – 87º 18´ш.б аралығында ) орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа қарай 3000 км–ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км –ге созылып жатыр. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұзындығы 6467 км), оңтүстігінде Түркменстан( 380 км),Өзбекстан (2300 км), Қырғызстан ( 980км) республикасымен, шығысында Қытаймен ( 1460 км) шектеседі. Батысында Каспий теңізі ( 600 км) орналасқан. Жалпы жер көлемі 2724.9 мың шаршы километр. Жер аумағы жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орынды, Евразия материігінде Ресей, Қытай,Үндістан мемілекеттерінен кейін төртінші орынды йеленеді. әкімшілік жағынан 14 обылстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. 85 қала, 160 аудан, 2237 ауылдық елді мекенге біріккен 7719 лдық елді мекен бар.
Қазақстан Республикасы 1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған Конситуция бойынша өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және ілеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламентте тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және Республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайлайды. Сенаттың жеті депутатын парламент өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мемлекет тілі- Қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге.
- Қазақстанның табиғи ресурстары.
Кен байлықтары. Казақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен кауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының казіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзі рынокка минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын аныктайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және эконмикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Е к і н ш і т о п т ы каржы түсімін камтамасыз ететін әрі Қазакстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орьндары. Үш і н ш і топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықгардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорыңдар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Мұнай мен газ. Казақстанда 200-дей мүнай және газ кен орындары аныкталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ — 2,5 трлн./м3, конденсат — 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық корлары 20 — 25 млрд, т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд, т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ ендірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт — Бозащы аймағыңдағы ең ірі кен орындар — Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған коры 700 млн. т, конденсат — 1,4 млн. т және газ — 141,0 млрд. м3 құрайды. Жалпы республика баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол коры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл,Майбұлақ, Ащысай, Арыскұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық коры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі — Құмкөл кен орыны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
К ө м і р . Қазақстанда тас және коңыр көмірдің мол корлары бар. Республикада 200-ге жуык көмір кен орыны барланған. Қазакстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд, т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, коңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% — коңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазакстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары — Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ак, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т). Торғай энергетикалық коңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазакстанда Іле және Төменгі Іле коңыр комір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық корлары 14,8 млрд, т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төменгі Іле алабының геолгиялық коры 9,9 млрд. т, онын 3 млрд. т-сы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тактатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20.3 млн. т. Казақстанның батысындағы ең ірісі — Мамыт коңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық коры — 1,5 млрд. т, оның 0.6 млрд. т-сы барланған. Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын кара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикалық және өндірістік, онын ішінде бірегей турлері кездеседі. Қазақстанда қара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір. хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынганы 17 кен орны. баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Онын 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай. Соколов. Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүстік Қазакстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орнатасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жаткан Батыс Қаражал, Үшкатын мен Кентөбе кен орындарының барланған коры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазакстанда Иірсу (коры 327,7 млн. т) мен Абайыл (28.3 млн. т) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі — баланстан тыс солитті қошкыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық коры 1 млрд, т болатын Беликов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының коры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн, т). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады. (қоры 100 млн. т-дан асады). Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланестық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 — 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауднда шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас. Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазакстандағы, жердің беткі қабаттарында жаткан титан кендерінің де маңызы аса зор.
Түсті металдар. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазакстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен корғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту завоттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаманайбат, Бозша көл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрказған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезказған мыс кені, Жаманайбат мыс кені) мыс коры 10 млн. тоннадан асады. Қ о р ғ а с ы н мен м ы р ы ш тың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і баланска алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазакстанда (Кенді Алтай) және Орталық Казақстанда шоғырланған. сондай-ак, Орталық Қазакстанда да (Қаратау) кездеседі. Казір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. А л ю м и н и и шикізаты ретінде ең көп таралғаны — боксит. Қазакстанда бокситтің қоры коп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке атынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет. Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды. Қазақстан сирек металладрға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші. Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы терт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк калайы кен орындарынын, ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлыктай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Калайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған. оның 12-сі баланстык. Вольфрам кенінің басым типтері — кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба. Ақшатау, Жоғарғы Кайракты, Бұтыты, т.б. кен
орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Катпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты. Көктіңкөлі. Қараоба, т.б.). ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0,12 — 0.19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғарғы Қайрақты. Бұтыты. Қараоба (штокверк), Солтүстік Катпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған.
Асыл металдар. Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша — үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда — Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені; Батыс Қазақстанда — Юбилейное; Шығыс Қазакқстанда — Бақыршык алтын кені, Суздаль, т.б.; Онтүстік Қазақстанда — Ақбақай алтын кені. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау аудндагы аса ірі Васильков кен орны даярланған. Қазақстанда негізгі атгын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Матаев, Грехов. Алтын, сондай-ак, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған тұпкі және кенкайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршык, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, БалажаОлимпиялык, Кенгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс. Сувенир, Аттынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар. Кепкен, Восток V. Комаров I. Қаншыңғыс, т.б.).
Казакстанда к ү м і с ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Казакстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектониқ. көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар он өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солтүстік Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу — Іле — Кіндіктас — Балқаш жағалауы және Шу — Бетпақдала өлкелері, Шу-Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі , Жоңғар — Кетпен және Каспий жағалауы өлкелері, Ұлытау , Шыңғыс-Тарбағатай және Мұғалжар — Арал жағалауы аудандары.
Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағыңда бейкентасты шикізатгың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солтүстігінде орналасқан. Қазақстанда м и н е р а л д ы және термалдық жер а с ты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда — 9, Солтүстік Қазақстанда — 7, Орталық Қазақстанда — 10 және Шығыс Қазақстанда — 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км’, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.
1.3. Қазақстанның табиғаты және ішкі сулары
Климаты. Кең байтақ Казақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты куаң континентгік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радивциялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді. Радиация Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солтүстік, батыс және оңттүстік) төмен қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағаттан 3000 сағатқа дейін артып отырады. Жылына солтүстіктете 120, оңтүстіктете 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыстта түрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 — 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 — 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық үзактығы солтүстіктете 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстіктете — 1 ай. Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м:-ге кемиді. Жазғы шұраттык кұбылыс. яғни булану есебінен күндізгі ауа температурасынын кала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байкалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа температурасын өзгертеді. Каңтар айының орташа темперасы Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарындағы — 18°С-тан онтүстік аудандарында 3ºС-қа дейін көтериіеді. Шілденің орташа темпертурасы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 — 30°С-қа дейін. Қазақстанның солтүстік-шығысында климаттынң континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа температурасының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңтүстік аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік температура 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солтүстігінде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда -45°С-тан -50СС қа жетеді. Жазы қоныржай жылы, қыска, кейде ауа температурасы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін. Қазақстаннын оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғарғы деңгейі 15 — 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері -30—35°С, тіпті —40°С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс. минимум —42°С-қа жеткен (26 ақпан, 1951). Республиканын қиыр оңтүстігінде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің екінші жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа температурасы 45 — 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді.
Ішкі суларға республикамыздың аумагындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мүздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әрі түрлі. Климаты құрғақ шөл және шелейт аймақта су тапшы, ал жауын-шашын мол жауатын орманды-дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суғаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.
Өзен жүйелері меи өзен алаптары. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннін ішінде 84 694-і шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-re дейін) және 23-і ірі (500-1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік шыысындағы Жетісу және Іie Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торынын жиілігі (барлык өзендер үзындығы косындысының осы алаптың ауданына катынасы) баска өңірлерге Караганда жоғары, 0,4—1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Үлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торынын жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Әзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады.Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алаиқа бөлінеді: Солтүстік Мұзды мүхит алабы және ішкі түйық көлдер алабы.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы, Солтүстік Мүзды мүхит алабына жататын өзендер Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларынан, Сарыарқадан және Оңтүстік Орал тауының оңтүстік-шығысынан басталатын ірі өзендер. Солтүстік Мұзды мүхит алабы өзендерінің бірі — Ертіс. Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен баетау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс езені Зайсан көлі мен Вұқтырма бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен тар шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп күяды. Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері келіп қосылады. Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс Ресей жеріне жылына 28 млрд. мЗ су алып барады.
Сарыарқаны тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс — Қарағанды каналы салынды. Канал құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске қосылды. Оның ұзындығы 490 км. Қазақстан жерінде Ертістің басынан сағасына дейін кеме жүзуге қолайлы. Ертістің суы арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың көсіпорындары пайдаланады.
Бұқтырма өзені — Ертістің оң жак саласы. Бүл өзен Оңтүстік Алтайдың мүздықтары мен карынан басталады. Бұктырма — жағалауы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Ертістің сол жак салалары — Есіл мен Тобыл өзендері.
Есіл өзені Қазақтың үсақ шоқысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Нияз тауынан басталады. Оның бірнеше үсақ салаларының суы кейде жазда тартылып қалады. Есілдің Ақмола қаласына дейінгі аралықта жазда суы тайызданып қалатын болса, Көкшетау маңында оған бірнеше салалар қосылып суы молая түседі. Батыс Сібір жазығына жеткенге дейін Петропавл қаласы тұсында жан-жақтан қосылған салалардан арнасы одан да ұлғаяды. Көктом кезінде еріген қар, жауын-шашын суымен өзен арнасынан асып ақса, жазға қарай суының деңгейі күрт төмендей бастайды. Жалпы су деңгейі кыс айларында қатты төмендейді.
Өзен кішігірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен бойымен 270 км-ге жүзе алады. Алайда жаз айларында суының тартыла бастауынан кемелер үнемі жүзе бермейді.
Тобыл Оңтүстік Оралдың щығыс беткейінен басталып, Қазақстан жерінен өзеннің тек басы ғана ағып өтеді. Жол жөнекей оған Торғайдың төрткүл өлкесінен әр түрлі салалар қосылады. Есіл сияқты Тобылдың суы да көктем айында молайып, қыс кезінде тартылады. Тобыл өзенінің суы ауыз су ретінде және егістікке пайдаланылады. Тобыл бойында Қызылжар, Амангелді бөгендері салынған.
Каспий теңізі алабы
Бұл алапта өзендер сирек. Бірақ өзендерінің суы тұзды келеді. Алаптағы ең ірі өзен — Жайық. Жайық Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне барып құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2 428 км, оның 1 107 километрі қазақ жері арқылы өтеді. Жайықтың төменгі Каспий маңы ойпатында ағысы баяулап, арнасы кеңіп, жазық жермен ағады. Суы сәуірдің екінші жартысында тасып, арнасынан шығып, жайылып кетеді. Мамыр бойы суы мол болады. Бұл өзенде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады.
Жем езені Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Өзен аңғары жақсы қалыптасқан, суын мұнай кәсіпорындары мен егістікке пайдаланады. Көктем айында тасиды, ал кей жылдары суы Каспийге жетпей сорға сіңіп кетеді. Жағасы кұм және саз жыныстарынан түзілген. Қарашадан наурыз айының соңына дейін теңіз бетінде мүз катып жатады.
Арал теңізінің алабы
Арал теңізінің алабы өзендері сирек, шөлді аймакта орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария деп Ортальқ Тянь-Шань тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінің бастауы аталады. Оның жоғары ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика жерінде Арыс және Келес өзендері құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 километрі құмды аңғармен ағып етеді. Арналары иір-иір, жарқабақты келеді, лёсті-саздақты жыныстарды шайып әкетеді.
Соңғы жылдары Сырдария суын толық дерлік шаруашылық пен егістіктің өртурлі салаларына пайдалануға байланысты суы Арал теңізіне жетпей тартылып кдлады. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, Қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған. Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге қүядьт, кейбір қуаңшылық жылдары олардың да арналары кеуіп қалады.
Балқаш-Алакөл алабы
Іле — Балқашқа қүятын ағысы қатты тау өзендерінін ішіндегі ең ірісі Іле өзені шығыс Тянь-Шань шегінде Текес пен Күнес өзенінің қосылуынан пайда болады.
Қапшағай су қоймасы салынғаннан кейін Іле жазықтық өзенге айналды. Жоғары және орта ағысында оған бірнеше сала келіп қосылады: Олар: Шарын, Шелек, Қаскелең, Күрті, Түрген өзендері. Қаскелең өзенінің салалары — Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендері. Шарын озенінің аңғары құлама жартасты болып келеді, қат-қабат жарқабағы (каньоны Испан тілінен ауд. Canon — қүбыр, шаткдл деген сөз) қайталанбас әсем көрініс береді.
Іле ұзындығы жағынан Қазақстандағы үшінші өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, республика жеріндегісі 815 км. Суы егін суаруға, электр энергиясын ендіруге пайдаланылады.
Іле өзеніне жоғары жене орта ағысына Тянь-Шаньнан бастау алатын бірнеше салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең ірілері — Шарын, Шелек және Қаскелең өзендері.
Іле мұздық және кар суымен қорланатын езендер қатарына жатады. Оның суы сәуірдің аяғынан тамызға дейінгі аралықта тасып жатады. Жазда тау басындағы қар мен мұздықтардың еруінен өзен суы мол болады. Күз айларында биік таулардың басындағы қар мен мұз баяу еріп, өзен суының деңгейі төмендейді. Іле алабындағы езендер таудан басталатындықтан, тасты, лайлы тасқындар (селдер) жиі болып түрады. Тасқын жолындағы тау беткейлерін бүзып, өзен арнасын бұрып әкетеді, жолындағы көпірлер мен құрылыстарды қиратып, елді мекендерге қауіп төндіреді, халық шаруашылығына да көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілде күні орасан зор сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көл әпсәтте жойылып кетті.
Соңғы жылдары су эрозиясына қарсы күрее жүргізіліп, түрлі агротехникалық Іларалар колданылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызыльш, екпе шөп өсіріледі, бөгеттер салынады. Медеу шатқалында ағып жатқан Кіші Алматы өзенін бөгеп, үлкен бөгет (биіктігі 100 метрге, табанының ені 600 метрге жуық) салынған. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден сақтап қалды.
Іле езенінің Қытай шекарасына дейінгі жері кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы егін суаруға пайдаланылады, өзен бойында электр станциялары салынған.
Шекарааралық проблемалар: Ертіс, Іле сияқты негізгі өзендер бойынша шекарааралық проблемалар Қытай мен Қазақстан арасындағы сулық қарым-қатынасқа бағытталған. Мұндағы басты проблемалар мыналар:
- ағын суларға өнеркәсіптік және комуналды – тұрмыстық қалдықтарды тастау:
- өзендердің жағалауына, су қорғау зоналарына және өзнедердің өзіне қоқыстар тастау:
- су қорғау мекемелерінің рұқсатынсыз су қорғау зоналарына тұрғын үй, гараж, монша т.б обьектілер салу.
2001 жылы Шекарааралық өзендерді пайдалану мен қорғау Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында “Шекарааралық өзендерді пайдалану мен қорғау”жайында келісім бекітілген. Осы құжатты дамыту мақсатында мынадай жұмыстар атқарылмақ.
- шекарааралық өзендерді пайдалану мен қорғау бойынша біріккен су коммиссиясын құру;
- шекарааралық өзендерде судың сапасын, көлемі мен деңгейін бақылауға арналған гидробекеттер құру және оларды жабжықтау;
3.төтенше су жағдайларының алдын- алуда, трансшекаралық судың сапасы мен сулылығының өзгеруін өлшеуде бірігіп зерттеулер жүргізу.
Республикадағы барлық су ресурстарын кешенді және үнемді пайдалану мақсатында жүргізілетін барлық шарттарды Қытай Халық Республикасының жоспарын ескере отырып орындау қажет. Судың қазіргі экологиялық, экономикалық жағдайларды ескере отырып, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев 2006 жылы 19 желтоқсандағы Қытай Халық Республикасындағы ресми сапра барысында, трансшекаралық өзендердегі шекаралық гидробекеттер арасында өзара гидрологиялық ахпараттармен алмасу жөніндегі, трансшекаралық өзендерде ғылыми- зерттеу жасау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдерге қол қойылды.
Көлдері. Каспий теңізі Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан дүние жүзіндегі ең үлкен көл. Жалпы көлемі 400 мың купке жуық. Айдыны өтн үлкен болғандықтан, теңіз деп аталады. Теңіздің су деңгейі дүние жүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр.
Арал теңізі. Қазақстанның оңтүстік аймағында жатқан бұл теңіз көлемі жығынан екінші орынды йеленеді. Ол Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 м биктікте орныласқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.
Балқаш Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы километр, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 километр, еғ тар жерінің ені 8 километр. Суының деңгейі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз өзендері келіп құяды.
1.4. Қазақстанның халқы
Халықтың саны бойнша біздің республика ТМД елдері арасында Рессей федерациясы, Украина Және Өзбекстаннан кейін төртінші орында. Қазақстан әлемдегі халық ең аз қоныстанған елдердің бірі болып табылады. 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағьшың мәліметі бойынша Қазақстан казіргі Қазақстан аумағындағы халыктың 80%-ын қазақтар. 12%-ын славян тектес хааықтар кұраған. 1897 -1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин. беларусь, татар, үйғыр. дунген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу керсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам. 1913 ж. — 5597 мың. 1939 ж. 6082 мың. 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың. 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халыктарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында КСРО 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтың батыс облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс бастатысымен 1941 жылы КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада. Беларусьта, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірлді. 1943 жылы қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызстан мен Өзбекстанға көшірілді. Одактық үкіметтің 1943 жылы күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солтүстік Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 жылы ақпанда Қазақстан аумагына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңтүстігі аймағына және Қырғызстанға балқарлар әкелінді. Л.Берияның «Қырым АКСР-нын аумағынан Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы» 1944 жылы 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазакстанның онтүстік аймақтарына қоныс тепті. 1944 жылы 13 маусымда Мемлекеттік қорғаныс кмитетінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды республика аумағына қоныстандыру туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 жылы қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облтарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 — 56 ж.ж) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 — 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төмен деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 — 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Казақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазакстан халқының саны 2003 жыл қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті. 1990 жылға дейін Қазақстан халқының демографиялық жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезенде славян, герман тектес тұрұындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкеріске дейін Қазақстан қалалрында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жыддарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі құрылыстар салу, т.б. факторлар әсер етті.
Әдетте Қазақтар көбінесе ауылдық жерлерде тұрады. соңғы он жылдықта олардың қалаға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 жылы қалада тұратын Қазақтар үлесі 38,8% болса, 1999 жылы 45,3%- ға жетті. Консулдық қызымет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша (2003) әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады. Олардың жалпы саны 3,5 миллион адам. Алыс шет елдерде: Кытайда — 1258500, Моңғолияда — 83000, Ауғанстанда — 28000, Түркияда — 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елде-рінде — 2500, Германияда — 700, Жапонияда — 400, Австралияда — 400. Бельгияда — 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда — 20, Кубада — 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бірге Францияда — 172, Швецияда — 51, Пәкстанда — 36, АҚШ-та — 23; Австрияда — 18, Швейцарияда — 4, Данияда — 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда – 966000, Ресейде -687800, Түрікменстанда -87600, Қырғызстанда — 42600, Украинада — 10500, Тәжікстанда — 10000. Әзербайжанда — 4000. Грузияда — 3000, Молдовада — 2000, Арменияда — 500, Беларусьте -300 адам тұрады. Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 — 34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді. 60 — 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады.
1990 – жылдар басынан бұрынғы кеңес одағының басқа көптеген республикалаларындағыдай, Қазақстанда көші-қон үрдістері күшейді. Бұл көбіне бөлек этностық топтардың тарихи отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен байланыстырылады. 1994 жылы республика халқының көші- қонға байланысты кемуі ең жоғары болып, 400мың адамнан асты. Көші-қон салдосының коэффиценті (1000 тұрғынға шаққанда) минус 25 адамды құрады.
Қазакстан Республика 1989 жылғы қаңтарында халык санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Казақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне кешіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазакстан, Қызылорда. Атырау облыстарында, Алматы, Астана қаларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мынды кұрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мысалы, Қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарьшың саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.
1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімшілік аумағы бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдык округ, 7684 ауылдык елді мекен болады. Ресми статистикалық мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады. Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі қалалары — Алматы (1129356 адам) Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Калған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем.
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикадағы халық тығыздығы бір шаршы километрге 5,6 адамды құрады. 1991 жлы Қазақстан республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін, транцформациялық үрдіс басталып, бөлек этностық топтар тарихи отанына оралу мүмкіндігі ашылған сайын, ТМД- ның бақа елдеріндегідей, Қазақстандада халықтың санында және ұлттық құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Туу деңгейі төмендеп және өлім-жітімнің көбеюінің, сонымен қатар халық санының табиғи өсімінен асатын көші- қонның айтарлықтай жағымсыз салдосының нәтижесінде 1992 жылдан бастап республикадағы халық санында 2001 жылдың соңына дейін төмендеу беталысы болды. 2002 жыддың 1 қаңтарынан бастап халықтың туу өсімінің, көшіп келушілер ағымының өсімі мен көшіп кетушілер ағымының төмендеуі нәтижесінде халық санының өсуі байқалды. 2006 жылыдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ол 15219,3 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалық тұрғындар саны 86996,5 мың адам(57,1%) және ауыл тұрғындарының саны 6522,8 мың адам (42,9%). 1991 жыл басымен салыстырғанда халықтың жалпы саны азайды. Ол кезде республикада 16358,2 мың адам тұрып жатты. 2006 жылдың 1 қаңтарындаы жағдай бойынша оның кемуі 1138,9 мың адамды енмесе 7%- ды құрады. Жынысы боиынша халық құрлымы негізінен демографияллық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен қалыптпсады. Гендерлік әспектіде Қазақстанда әйел жынысы үлесінің азғантай басымдылығы бар арақатынас қалыптасты. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ерлер саны 7324,8 мың адамды(48,1%), әйелдер саны 7894,5 мың адамды (51,9%) құрады. әр 1000 әйелге 928 ер ара қатынасы қалыптасты. 1990-2005 жылдары елдегі халықтың жас бойынша құрлымы белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Негізгі демографиялық көрсеткіштер
Кесте 1. Негізгі демографияық көрсеткіштер
|
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
|
|||
Халықтың жалпы саны, жыл аяғына, мың адам |
1485,11 |
14866,8 |
14951,2 |
15074,8 |
15219,3 |
|
|||
Қала халқы |
8429,4 |
8457,1 |
8518,2 |
8614,7 |
8696,5 |
|
|||
Ауыл халқы |
6421,7 |
6409,7 |
6433,0 |
6460,1 |
6522,8 |
|
|||
Халықтың жалпы санынан мына жастағылары |
|
||||||||
Еңбекке қаблетті жасқа дейнгілер |
4256,9 |
4148,4 |
4064,7 |
4012,6 |
3982,1 |
|
|||
Еңбекке қаблетті жастағылар |
8999,9 |
9140,2 |
9318,4 |
9488,8 |
9652,5 |
|
|||
Еңбекке қаблетті жастан асқандар |
1594,5 |
1578,2 |
1568,1 |
1573,4 |
1584,7 |
|
|||
Туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы, жыл |
|
||||||||
Барлық халық |
65,8 |
66,00 |
65,83 |
66,18 |
65,91 |
|
|||
Ерлер |
60,50 |
60,70 |
60,45 |
60,62 |
60,30 |
|
|||
Әйелдер |
71,32 |
71,52 |
71,46 |
72,00 |
71,77 |
|
|||
1000 адамға шаққанда |
|
||||||||
Туғандар |
14,91 |
15,29 |
16,63 |
18,19 |
18,42 |
|
|||
Өлгендер |
9,95 |
10,05 |
10,41 |
10,14 |
10,37 |
|
|||
Соның ішінде 1 жасқа дейнгі нәрестелер (туған 1000 нәрестеге шаққанда) |
19,13
|
17,02
|
15,67
|
14,50
|
15,15
|
|
|||
Табиғи өсімі |
4,96 |
5,24 |
6,22 |
8,05 |
8,05 |
||||
Неке саны |
6,25 |
6,66 |
7,41 |
7,64 |
8,12 |
||||
Ажырасу саны |
1,99 |
2,10 |
2,13 |
2,10 |
2,14 |
||||
Халықтың көші қонөсімі |
-5,9 |
-4,2 |
-0,6 |
0,2 |
1,5 |
||||
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша құрамы келесі түрде қалыптасты: 15 жасқа дейіегі балалар 3680,6 мың адамды (24,2%), 15 жастан 65 жасқа дейінгі тұлғалар саны 10344,7 мың адамды(68%), 65 және одан жоғарғы жастағы тұлғалар саны 1194 мың адамды( 7,8%) құрады. Республика халқының жалпы санындағы жастардың үлесі ( 16-29 жас) төрттен бір бөлігінің сәл астамын құрады(25,8% немесе 3927,6 мың адам). Республикадағы халықтың этностық құрамында 7 ұлт ең көп болып табылады. Олар: қазақтар, орыстар, украиндер, өзбектер, татарлар, немістер, ұйғырлар. Олардың үлесіне елдегі халықтың жалпы санынан 95% келеді.
- ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
- Қытай Халық Республикасының географиялық орны
Қытай Халық Республикасы Азияның шығысындағы, Тынық мұхиттың батыс жағалауындағы мемлекет. Қытай Халық Республикасының құрлық жер ауданы 9 миллион 600 мың шаршы километрге жетеді. Жер аумағы жағынан дүние жүзінде Ресей федерациясы мен Канададан кейнгі үшінші орында тұрады. Бұл тұтас Европаның жеріне қарайлас келеді. Қытай Халық Республикасының құрлықтағы мемлекет шекарасының ұзындығы 20 000 км ден астам болып, құрлықта 15 мемлекетпен шекараласады. Шығысында Солтүстік Корея, солтүстігінде Ресей федерациясы және Моңғолямен, батыс солтүстігінде Қазақстан, Қырғызстан, Тажікстанмен, батысында Афғанстан, Пакистанмен, батыс оңтүстігінде Индия, Непал, Сикким, Бутанмен, оңтүстігінде Бирма, Лаос, Ветнаммен шекараласады. Ал теңіз арқылы бөлініп тұспа-тұс жатқан 6 мемлекет бар. Шығысы Оңтүстік Корея мен Жапония, шығыс оңтүстігі Филиппн, оңтүстігі Малайзия, Бруней және Индонезиямен шекаралас.
Қытай халық республикасы әкімшілік жақтан 23 өлке (провинция), 5 автономиялы район, 4 төте қарасты қала ( Пекин, Шанхай, Тяньцзинь,Чунцин), 2 ерекше әкімшілік районнан (Гонконг, Аумын) тұрады. 1982 жылғы қабылданған Конситуциясына сәйкес Қытай Халық Республикасы — социялистік мемлекет. Жоғарғы заң шығару органы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы — Қытай Халық Республикасы төрағасын, оның орынбасарларын, орталық әскери кеңес төрағасын сайлайды және жоғарғы атқарушы орган Қытай Халық Республикасы мемлекет кеңесі премьері мен мүшелерін бекітеді. Қытай комунистік партиясы – елдегі жетекші партия( 60 милионнан аса мүшесі бар). Ұлттық мейрамы – 1 қазан Қытай Халық Республикасы құрылған күні.
2.2. Қытайдың табиғи ресурстары
Қытайдың табиғи ресурстары орасан мол, алайда жан басына шақкандағы қамтамасыз етілуі (әсіресе егістік жерлерге қатысты) халықтың ерен көптігінен тым жұпыны. Ел тас көмір, темір және марганец рудалары, бокситтер мен мырыш, қалайы, сурьма, вольфрам, молибден және басқа да түрлі минерал шикізаттың қорлары жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде. Қытай Халық Республикасында мол энергия байлығы бар. Мұның ішінде көмірдің қоры мен өнім мөлшері алдыңғы орынды ұстайды. Қытайдың ірі көмір кендері мыналар: Хыби өлкесіндегі Кайлуан және Фыңфың көмір кені, Саншидағы Датұң, Шишан, Яңшуан көмір кендері, Ляуниңдағы Фушиин көмір кені, Жияңсудағы Шүйжу көмір кендері т.б Қытай халық республикасы көмір өнім мөлшері бойнша дүние жүзі бойынша бірінші орынды ұстайды.
Бүгінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мөселесі негізінен шешілген, ал Қытай секілді мемлекетте мұның өзі үлкен жетістік болып табылады. Ескі Қытайда индустрияның негізі жеңіл өнеркәсіп салалары болатын. Бертінгі ондаган жылдарда мұнай және мұнай еңдеу, химия, авиация, атом, электр техникасы секілді ел үшін жаңа салалар құрылды. ҚХР дүние жүзінде көмір өндіру, цемент шығару, велосипедтер, тігін және кір жуатын машиналар, мақта-мата шығару жөнінде бірінші орында.
Өнеркәсіптің географиясы түбрімен өзгерді. Егер ескі Қытайда барльқ өнеркәсіп көсіпорындарынын 70%-ына жуығы теңіз жағалауындағы аудандарда орналасқан болса, енді жаңа өнеркәсіптік құрылыс негізінен елдің ішкі аудандарында шикізат пен отынға, тұтынушыға жақын жерлерде жүргізілуде. Мұнай, металл рудалары, химиялық шикізаттың жаңа кен орындары ашылып, игерілді.
Елдің энергетикасының өзіне тән ерекшелігі отын-энергетика балансында көмір үлесінің кептігі (3/4) болып табылады. Бүл орайда ол айтарлықтай өзгермеген күйінде, үйткені көмір өндіру үнемі артып келеді (Солтүстік және Шығыс Қытай). Мұнай мен газ өндіру де арта түсуде. Тұтас алғанда Қытай Халық Республикасы энергия өндіру жөнінен дүние жүзінде үшінші орынға (АҚІП пен Ресейден кейін) шықты. Алайда елде планета халқының бестен бірі тұратын болғанымен, ол дүние жүзінде ондірілетін энергияның 1/ 12-ін ғана пайдаланып отыр.
Қытай Халық Республикасы — дүние жүзінде қара металлургияны дамыту үшін жақсы шикізат базасы бар санаулы елдердің бірі. Бұл салада ұсак және тым ұсақ кәсіпорындарды қосканда 1 мыңнан астам металлургия кәсіпорны бар. Алайда негізгі өнімді толық металлургиялық циклы бар ірі зауыттар беріп отыр, олар Анышань, Бэньси, Баотоу, Пекин, Ухань және т.б. қалаларда орналасқан. Легирленген және арнаулы болат өндірісін үйымдастыру үшін легирленген металл рудаларының дүниежүзілік маңызы бар қорлары болуының арқасында елдің мол мүмкіндіктері бар.
Түсті металлургияның негізі алюминий, мыс, қорғасын және мырыш қорыту болып отыр. Бұл орайда руда өндіру және жентектер шығару елдің қиырдағы, индустриялануы аз аудандарында (Оңтүстік-Батыс, Орталык-Оңтүстік), ал түсті металлургияның аяқтаушы кезеңдері экономикалық жағынан неғұрлым қуатты аудандарға (Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қытай) орайластырылған.
соңғы жылдары жүргізілген экономикалық реформаның нәтижесінде ҚХР тұрмыстық электр аппараттарын, приборлар, ЭЕМ, ең жаңа байланыс құралдарын және т.б. жасауда елеулі табыстарға жетті. Шетел капиталы қатыстырылған кәсіпорындар кеңінен тарап отыр. Машина жасаудың басты-басты орталықтары Шанхай, Шэньян, Тянь-цзинь, Харбин, Пекин, Лоян, Чанчунь және т.б.
Химия (ең алдымен мұнай-химия) өнеркәсібі карқын алып келеді. Онда өндірістердің маңызды-маңызды үш тобы сараланған, олар: минерал тыңайткыштар, байланыстырғыш материалдар және тұрмыстық химия өнімдерін шығару.
Темір кені байлығы мол. Мұның ішінде Хыби өлкесіндегі Чян- ан, Сычуан өлкесіндегі Панжыхуа, Ляуниң өлкесіндегі Аншаш, Бнши темір кен орындарының қоры өте мол. Геология кен министірлігінің таныстыруына негізделгенде, Қытайдың мол кен байлығының ішінде, кезекте 12 түрлі кеннің барланып анықталған қор мөлшері дүние бойынша бірінші орынды ұстайды. Олар мыналар: сирек кездесетін жер элементтері, гипс, титан, лити, волфрам, лғалдан ұлғайтқыш топырақ, қалайы, күкірт ышқыл натри, күкірт қышқыл бари, магни кені, сүрме, графит. Бұлардың ішінде 6 түрі түсті метал. Қытай дүние бойынша түсті метал байлығы аса мол мемлекетердің бірі саналады. Сан-алуан түсті метал кендері елдің осызаманғы өнеркәсәбін және озық ғылым техникасын дамыту үшін қажетті заттық негізді жаратып отыр. Мысалы, болат қортқанда, балқу нүктесі аса жоғары мөлшердегі волфрамды, балқу нүктесі төмен литиды, ара салмағы жеңіл титанды, магниттық кобалтты қосып араластырсақ, жеке- жеке ар алуан болатты қортып шығаруға болады. Мұнда басыты кен орындарынан Гансудағы Жиачаң никел кені, жиаңшидағы дайүй волфрам кені, Иұнандағы Гыжиу қалайы кені, сандуыңдағы Жауиуан алтын кені т.б ларды атауға болады.
2.3. Қытайдың табиғаты және ішкі сулары
Қытай Халық Республикасы негізінен қоңыржай және субтропиктік климат белдеулеріне орналасқан. жер бедері жағынан 3 үлкен аймаққа бөлінеді. 1) оңтүстік батысында тибет таулы қыраты Қытайдың ең биік бөлігі саналады. (орташа биктігі 4000 метр. Жеке шыңдарында биктігі 6000-7000 метр) және шеткі тау жүйелерін де қамтиды. 2) орта Азия жазықтарымен таулы үстірті(биктігі шамамен 1200 метр) Қашғар мен Жоңғар жазықтарын қамтиды. Оларды шығыс Тянь-Шань таулары бөліп жатыр. 3) шығыс Қытайдың ойпатты жазықтары. Негізінен сары теңіз жағалауын қамтиды. Оларға: Саньцзян, Солтүстік Ханкай ойпаттары, Ұлы Қытай жазықтары жатады. Қытай Халық Республикасы әр түрлі климат белдеулеріне орналасқан. Шығыс Қытайдағы температураның маусымдық ауытқуы әр түрлі. Мысалы, қаңтардағы орташа температура Харбинде 20,4°C, Пекинде 4,6°C, шілдеде 23°C және 26°C. Жауын-шашының жылдық мөлшері 500-2000 мм. Батыс пен солтүстік батысқа қарай климаттың континентігі арта түседі: жазы ыстық (Турфан ойпатында шілденің орташа температурасы 34°C, бұл араның ең жоғары ауа температурасы 49,6°C – қа дейін барған). Қысы суық ( солтүстік Қытайда қаңтарда- — 28°C, ал батыстағы Үрімшіде -14,9°C). жауын-шашын мөлшері өте аз(50-250 мм). Тибет таулы жыл бойы температура біршама төмен (қаңтарда -11, °C, шілдеде 11,8°C). әдетте күшті желдер соғып тұрады.
Қытайда ұзынана ұзаққа созылып ағып жатқан дариялармен үлкен өзендер бар. Ағыс аумағы 1000 шаршы километрден асатын 1500 ден астам өзен бар. Батысы биік, шығысы аласа келетін жер бедерінің әсеріне ұшырайтындықтан осы өзендердің көпшілігі батыстан шығысқа қарай ағып, ең соңында Тынық мұхитқа құяды. Тек батыс оңтүстіктегі бірнеше өзен ғана оңтүстікке қарай ағып, Үнді мұхитқа құяды. Шинжиаңның солтүстігіндегі Ертіс өзені солтүстік мұзды мұхитқа құяды. Ішкі өзендері негізінен батыс солтүстік ішкі құрлыққа орналасқан. Жауын-шашыны сирек, климаты қуаң, құмды шөл кеңнен таралған бұл аумақта өзен сулары негізінен асқар таулардағы қар- мұздардың еріген сулары мен жауын – шашын суларымен қоректенеді. Жаз маусымында ауа температурасы жоғары, қар- мұздардан еріген су мөлшері көп, таулы өңірдің жауын- шашыныда көбірек болатынықтан, өзендердің су мөлшеріде едауыр мол келеді. Жаз маусымы өте берісімен өзендердің су мөлшері бірте- бірте азайып қалады, тіпті тартылып та қалады. Шығыс Қытайдағы ірі өзендер: Янцзы, Хуанхэ. Олар тибет таулы қыратынана бастау алып Сары теңізге құяды. Янцзының жалпы ұзындығы 6300 км, ол — Қытайдағы ең ұзын өзен. Дүние жүзіндегі үлкен өзендердің ішінде Ніл өзені мен Амозонка өзенінен қалса, үшінші орынды ұстайды. Жылдық ағын мөлшері 1 триллион шаршы килоометрге таяп, Қытайдағы өзендердің жылдық ағын мөлшерінің 1/3 бөлігін йелейді. Ал алабының жер ауданы 1 миллион 800 мың шаршы километр болып, Қытай териториясының 20%- ына жуығын ұстайды. Янцзы өзен айдыны кең, жыл бойы мұз қатпаиды. Оның негізгі, тармақ салаларында кеме қатнайтын жол 70 мың километірден асып, бүкіл елдің ішкі өзендерде кеме қатынау жолының 2/3 бөлігін йелеп, кең көсілген су тасымалы торын қалыптастырған. Дәл осындай қолайлы су жолы дүние жүзіндегі үлкен өзнедердеде кем ұшырайды. Сондықтан, адамдар Янцзыныалтын“алтын су арнасы ”дер атаған. Хуанхэ Чиңхай-Шизаң үстіртіндегі Байынқара тауынан басталып, ирелеңдеп шығысқа қарай ағып, жол бойында көптеген тармақ салааларды қосып алып, 5500 километр жол басып, Бохай теңізіне құяды. Хуанхэ Қытайдағы екінші ұзын дария. Хуанхэ дариясы жоғары төменгі ағарлары көбінесе асқар таулардан, үстірттегі тар қысаңдардан кесіп өтетіндіктен, онда мол су энергиясы байлығы сақталуда.
Көлдері көп, табиғи көлдердің өзінен 2000 мыңнан астамы бар. Чиңхай-Шизаң үстіртіндегі көл районы дүниедегі үстірт көл шоғыры таралған ең үлкен өлке. Бұндағы Чиңхай көлі Қытайдағы ең үлкен көлдердің бірі. Шығысында Янцзының орта, төменгі ағар жазығына, Хуайхы өзенінің төменгі ағарына, Шандұң өлкесінің оңтүстігіне таралған. ірілері: Дунтинху, Тайху, Пояңху, Хуңзыху.
2.4. Қытайдың халқы
Қытай Халық Республикасы әлемдегі жан саны ең көп даму үстіндегі мемлекет. Жер шарында іс жүзінде әрбір бесінші адам — Қытай азаматы. Жан саны көп, энергия қайнары сайкесінше жеткіліксіз болу Қытайдың қазіргі кезеңдегі негізгі мемлекеттік мәселесі болып табылады. әрі оны қысқа уақыт ішінде қалпына келтіру өте қыйын. Жан саны мәселесі сотциялизымның алғашқы сатысында тұрған Қытайдың ұзақ уақыыт күресетін мәселесі, ол Қытай экономикасының дамуына әсер ететін басты себеп.
Бір жағынан мұншама көп халықта еңбек ресурстары орасан көп (500 млн. адам деуге болады), екінші жағынан, халықтың табысын көбейтуді қиындатады, тұрғын үй және азық-түлік проблемасын шиеленістіреді, еңбекке орналастыру мүмкіндігін азайтады және т.б. Осы себептен де 70-ші жылдардың ортасында-ақ Қытайда тууды барынша шектеуге бағыт ұсталды. Ондағы жүргізілетін белсенді демографиялық саясаттың ең басты ұраны “кешірек үйленіп, кешірек балалы болу”, «бір жанұяға бір баладан» делінеді. Бұл нұсқаудан қайсыбір ауытқуға шағын ұлттар басым аудандарда ғана жол беріледі. 30 жылдық қажырлы құлшыныс арқылы Қытайдың экономикасы әлі дамымай тұрған жағдайда, жансанының тез қарқынмен дамуын тежеп, яғни, табиғи күрт өсуден тежелу сынды тарихи бетбұрыстар жасады. Барынша жалпы күшті шоғырландырып, қоғамның дамуы мен халықтың тұрмысына өзгеріс жасап, бүкіл дүние жүзі жан санының тұрақтылығына белсенді үлес қосты. Жан санымен дамудың жалпы саясатында берік тұрды, әрі жан санын халық экономикасы мен қоғамның дамуын барынша үйлестіріп, энергия қайнарының жұмсалуы мен ортаны қорғау мәселелерін бірге алып жүрді. xx ғасырдың 90- жылдарынан бері әр жылы жан саны, энергия қайнарықоршаған орта тақырыптары жайлы дөңгелек үстел болып отырды. Қоғамдық күштерді аттанысқа келтіріп, заң, экономика, әкімшілік сияқты көптеген шараларды қолдана отырып, экономиканың дамуы, жоспарлы туыттың жүрілуі, оқуағартудың дамуы, денсаулық дәрежесін жоғарлатып, кедейлікті жою, әйелдер орнын жоғарлату, мәдениетті де бақытты семия құру сынды мәселлелелердді түбегейлі байланыстырды. 2006 жылдың 9- февралында Қытай мемлекеттік кеңесі тағыда заң қабылдай отырып, болашақ 15 жыл ішінде жан санын 1,5 миллииярд көлемінде тежеуді нысандады.
Саны, сапасы, құрлымы, және таралуы жағынан Қытай Халық Респуубликасы жан санының қазіргі жағдайы төмендегідей: 2005 жылдың соңындағы санақ бойынша жалпы жан саны 1 миллиярд 307 миллион 56 мың болып, 2005 жыл басындағы санақ мөлшерінен 7 миллион 68 мың адамға артқан.сол жылы бір жыл ішіндегі туылған адам саны 16 миллион 17 мың, яғни, туылу мөлшері 12,4% болды. Ал өлім- жітім 8 миллион 49 мың болып, яғни, 6,5% болды.сонымен табиғи өсім мөлшері 5,89% болды.
Жан санының жас шамасының құрлымына қарағанда, 2005 жыл басындағы санақ бойынша жалпы жан саны 1 миллиард 299 миллион 88 мың, оның ішінде 0-14 жас аралығындағылардың саны 279 миллион 470 мың, жалпы жан санының 21,5%-ын ұстайды. Ал 15-64 жас аралығындағылар 927 миллмон 840 мың адам болып, жалпы жан санының 70,92%-ын ұстайды. 65 жастан жоғарғылар 98 иллион 570 мың болып, жалпы жан санының 7,58%-ын ұстайды. Ал жан санының жыныстық құрлымынан қарағанда 2005 жыл басыындағы санақ бойынша, ерлер саны 669 миллион 760 мың адам болып, 51,5%-ды ұстаса, әйелдер саны 630 миллион 120 мың адам болып, 48,5%- ын ұстайды. Жан санының таралуы бойынша 2005 жыл басында мемлекет бойынша қала- қалашық жан саны 542 милион 830 мың адам болып, жалпы жан санының 41,76%-ын ұстаған. Ауыл-қыстақ жан саны 7570миллион 50 мың адам болып, жалпы жан санының 58,24%-ын ұстайды. Қытай — урбандалуы аз ел, елдің әрбір үшінші адамы ғана қалада тұрғыны, Жақынғы жылдардан бері белсенды қалаландырумен өндіріс құрлымын көтерудің арқасында, қала жан саны жылына 1% жылдамдықпен көбейіп отыр.
Қытай Халық Республикасы халықтың туылу мөлшерін азайту жолына әлде қашан түскен болсада, бірақ жан саны мөлшерінің өсуінің инертсиясы ықпал жасап,көз алдағы және кейінгі он неше жыл ішінде, Қытай жан саны мөлшері сол байағыдай жылына 800 мыңнан 1 миллион жылдамжықпен арта береді. Қазіргі межелеулерге қарағанда, 2010жылы, 2020 жылдары Қытай жан саны мөлшері 1 миллиард 370 миллион және 1 миллиард 460 миллион болады дер есептеген. Алайда дүние жүзінің өзге ешбір мемлекетінде мұнша «миллионер қалалар» жоқ, мұнда олар 40-қа жуық. Барлық қалалық мекендердің оннан тоғызы елдің шығыс бөлігінде.
Шығыста, атап айтқанда Ұлы Қытай жазығының оңтүстігінде, халық өте тығыз қоныстанған (бір км2-ге 600 адам), ал Тибет автономиялы ауданында ол
1 -2 адамнан келеді (ел бойынша орташа көрсеткіш — 108). осы тұрғындарының 90 пайызынан астамы кытайлар (хань) болғанымен, көпұлтты ел. Шағын ұлттардың дені ішкі (ең алдымен автономиялы) аудандарда тұрады, бұлар жуандар, монғолдар, үйғырлар, қазақтар, тибеттіктер және т.б.
Жан санының шектен тыс артуы экономиканың , қоғамның дамуына мол еңбек күшпен қамдаумен қатар, байлық қайнарының жұмсалуына, ортаны қоғауда әр жақтан тимсіздік тудырып отыр.
Кесте 2. 2005 жылғы халық санының көрсеткіші
Көрсеткіш |
2005 жыл басындағы санақ боойынша(100 мың адам) |
Барлық халыққа пайызбен |
Елдегі жалпы халық |
130756 |
100 |
Қала халқы |
56212 |
43 |
Ауыл халқы |
74544 |
57 |
Ерлер саны |
67375 |
51 |
әйелдер саны |
63381 |
48 |
0-14 жас аралығы |
26504 |
20,3 |
15-64 жас аралығы |
94197 |
72 |
65 жастан жоғарғылар |
10055 |
7,7 |
- ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
3.1. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс
Қазақстан Республикасы дүниенің 145 мемлекетімен сыртқы сауда байланыстарын жасайды. Дүние жүзінде 122 мемлекетке өнімдерін экспорттайды, ал импорттық өнімдер 155 мемлекеттен келіп түседі. Қазақстан Республикасы сыртқы нарыққа 200 ден астам әр түрлі тавар өнімдерін жөнелтуде. Экспортқа шығарылатын гегізгі өнім түрлеріне қара және түсті металдар, минералдық өнімдер(кен шикізат, көмір, мұнай, фосфорит,т.б), химия және мұнай химия өндірісінің өнімдері, фосфор, кали, күкірт қышқылы, минералдық тыңайтқыш. Ал импорт құрлымында маңызды орыны машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, мұнай өнімдері, өндірстік тұтыну таварлары, тамақ өнімдері,
Қытай Халық Республикасы — Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. 1992 жылғы қаңтарда, дипломатиялық қарым- қатынас орнатқаннан бері екі ел өз экономикаларының дамуында табыстарға қол жеткізді екі ел бір – біріне етене жақындай түсті. Шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалын орнатты. Етене көршілердің ежелгі дәстүріндей достық Ежелгі дәстүр демекші, Шығыстың көне де көсегесі көгерген мемлекеті — Қытаймен еліміздің арасындағы қарым-қатынас тарихының тамыры да тереңде жатқаны ақикат. Тылсым тарихқа көз салсақ осы дәуірдің басындағы Хань еулеті мен біздің ата-бабаларымыз — ғұндардың араласуы. VI ғасырда Қытайдың солтүстігіндегі Вэй, Чжоу, Ци және Суй патшалықтарымен ықпалдасқанымыз көне шежіреден белгілі. Табғаш Таң патшалығының дүниеге келуі, дамудың шырқау шыңына жетуі, одан кейінгі басынан кешірген қилы тағдыры да біздің тарихымызға.қарым-қатынасымызға тікелей қатысты. ал оның бер жағында Юань эулеті кезенінде көшпенділер КІытаймен дипломатиялыққарым-қатынаста болғаны да мәлім. Сондай-ақ біздің дәуірімізге дейінгі XXI — XVI ғасырлардағы Ся патшалығы, «Үш патшалық» кезеніндегі жылнамаларда көшпенді бабаларымыз бен Қытай секілді көне отырықшы елдің сол кездегі байланыстары мен өмір тіршілігі жайында толық мағлұматтар келтірілген.
Енді осы заманғы өзара байланыстарға ойыссақ, Қазақстан мен Қытай 1992 жылғы қаңтардан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері өз экономикаларының дамуына айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп келеді. Екі ел бір-біріне етене жақындай түсіп, бүгін ге дейін келісімдік-құкқықты қарым-қатынастарға негіз қалайтын 140-қа жуық екіжақті кұжаттарға кол койылды.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі белесті кезең — Тәуелсіздікке 15 жыл толды. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан алғанда егемендігін жүздеген жылдармен есептейтін өзге елмен салыстырғанда бұл мерзім тым аз көрінуі де мұмкін. Алайда жаһандану үрдісімен ерекшеленетін ғасырға қадам басқан сәтте арадағы 15 жылды Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін маңызы мәні жағынан жүз жылға теңеген болатын. Бұл пікір — боямасы жоқ ақиқат. Өйткені, дөл осы кезеңде біздің егемен елміздің мемлекеттік іргесі бекіп, еңсесі биіктей тусті. экономикада, елеуметгік салада және сыртқы саясатта аса ауқымды, іргелі өзгерістер мен алға басушылықтар іске асырылды.
Қазақстанның шет елдермен ынтымақтастығының заңдық негізі 15 мыңнан астам құжатпен бекітілді. бүгінде біздің еліміз Ресеймен одақтастық, Қытаймен тату көршілік, сондай-ақ орталық Азия елдерімен достық және ынтымақтастық қатнастарын дамыту үстінде. Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық әріптесі болып, Еуропалық Одақпен жан-жақты ықпалдастығын тереңдетуде. Тәуелсіз Қазақстаннын әлемдік қауымдастыққа батыл да сенімді енгенін аузы дуалы халықаралық сарапшылардың өздері жиі айтатын болды.
Осы жылдар аралығында бір жүйеден мүлле кереғар екіншісіне өту кезеңін бастан кешкен Қазақстанның экономикасы нарықтық экономика деп мойындадды. Елдің экономикалық дамуына халықаралық қаржы институттары жоғары баға беріп, бүл өз кезегінде ірі жобаларға шетелдік инвестицияларды тартуға оңтайлы ықпал етті. тоқсаныншы жылдардын басында бізге бұрынғы Кеңес одағынан мұраға шешлмеген шекара мәселелері калған еді. Сондықтан Елбасы бірінші кезекте сыртқы шекараны реттеу міндетін алға қойып. ең алдымен көрші Қытай Халық Республикасымен арадағы шекаралық дауларды шешуге тапсырма берді. Н.Назарбаев басқалардан бұрын Қытаймен арадағы шекараның достық және ынтымақтастық шекарасы болуының табанды жақтаушысы ретінде көрші мемлекетке әр жыл сайын дерлік сапарларьнда осы мәселеге айрықша мән беріп отырды. .Айта кетерлігі, 1700 шақырымдық шекараны заңдық рәсімдеу кеңес-қытай текетіресінен мураға калған проблемаларды реттеу жұмыстарымен қатар жүргізілді. Негіз ретінде орыс-қытай шарттары мен келісімдері, сондай-ақ КСРО мен ҚытайXалық Pеспубликасы арасындағы келіссөздер жүргізу принциптері туралы уағдаластықтар алынды. Олай болса, мәселе шегініс жасауда емес — келіссездерді Қазақстан мүдделеріне нұқсан келтірмей аяқтауға басты назарда тұрды. Нәтижеде тарихн әдітдік, заңдық дәлдікпен саяси ұстамдылық салтанат құрды дейміз.Шекара мәселесі Қазақстан-Қытай қатынастарының күн тәртібінен толық және мәңгілікке алынып тасталды. Бүл өзара сенім деңгейін арттырып. екіжақты байланыстардың жаңа келешегіне жол ашты. Осы орайда, біздің Президентіміздің жеке еңбегімен қатар бұрынғы Қытай Төрағасы Цзян Цземиннің айырыкша рөлін атап өтуді орынды санаймыз.
Қазақстан тәуелсіздігін қалпына келтірген алғашқы жылдары Қытайдың
кәсіпкерлері Қазақстанды ішкі нарықты тұрмысқа қажетті өнімдермен
қамтамасыз еткен болатын. Енді міне, он екі жылдан кейін Қазақстандық
кәсіпкерлер де қытайдың ішкі нарығында өздеріне лайықты орындар ала
бастады. Бүған «Райымбек» серіктестігінің Үрімшідегі шырын зауытының
ашылуы дәлел. Екі ел арасындағы жүк ағысын қамтамасыз ету үшін екі жақты
сауданы түрлендіру және сабақтастыру Қазақстан үшін аса маңызды. Осы
орайда, айта кететін жайт Қазақстанның Қытайға астық пен электр қуаты
секілді тауарларды шығару мүмкіндігі көп ұзамай ашылмақ. Шынжаңның
шекаралық аудандары көршілес қазақстанмен жан-жақты қатынастарды
дамытуға толық мүмкіндіктері бар. Екі елдің шекаралық аймақтары арасындағы қатынастардың нығаюына, өзара алмасудың, барыс-келістің,мәдени -гуманитарлық, ғылыми техникалық және басқа салалардағы байланыстардың одан әрі дамуына толық негіз бар. Екі елдің шекаралық аймақтары арасындағы өзара байланыстардың қарқынды дамуы өте маңызды. Қазақстанның Алматы облысы және Шынжаң арасында, оның ішінде Іле- қазақ автономиялы облысымен құрған тығыз байланыстарды бұның мысалы ретінде келтіруге болады. Алайда ынтымақтастықтың бүгінгі деңгейі нақты бағдарламасын дайындауды ойластырғандары дұрыс. Бүгінгі таңда екі тарап өзара тиімді шекаралық сауданы дамытуға күш салуда. «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Қазақстан-Қытай ауқымды экономикалық байланысты дамытып, халықаралық ұйымдарда аймақтық мәселелер бойынша мүдделерімізді сәтті үйлестіріп отырған көршілерміз. Біздің жанымызда мыңдаған жылдық тарихы бар және өте бай мәдениетімен дүниетанымы мызғымастай қалыптасқан. сондай-ақ өркениет пен берік мемлекеттік идеологияға сүйенген Қытай мемлекеті қарқынды дамып келеді. Бір миллиард екі жүз миллионнан астам халқы бар Қытайдың қарқынды экономикалық дамуы әлемдік күштер балансына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Сондықтан бұл алпауыт мемлекетпен достық әрі терезесі тең қатьнастарды дамьпу — Қазакстан үшін баламасы жоқ бірден бір қажеттілік деп білу қажет. Бүгінгі күні екі жақгы қатынастарды реттейтін құқыктық база 100-ден астам құжаттан тұрады, оның ішінде 2002 жылғы Тату көршілік, достық және ынтьшақгастық келісімі ерекше манызға ие. Екі ел арасындағы сауда айналымы жылдан-жылға артып келеді, екі тарапқа ортақ стратегиялық маңызы бар қомақты экономикалық жобалар іске асырылуда. Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның біздің едімізге щілде айында жасаған мемлекеттік сапары табысты өтті. Сапар барысында тату көршілікті сақтауды, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейтін стратегиялық әріптестік декларациясына қол койылған болатын.
Таяу күндері Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына болатын мемлекетгік сапары екі ел қарым-қатынастарының жаңа дәуірін бастайды деуге толық негіз бар. Сапар барысында стратегиялық ынтымақтастықты одан өрі нығайта түсетін маңызды қужаттарға қол қойылмак.
Әрине,трансшекаралық өзендердің су қорларын тиімді пайдалану, сондай-ақ екі ел арасындағы көші-қон деңгейін тиянақты бақлау сынды күрделі мәселелерді өзара шешіп алу қажеттігі күн тәртібінен түспейді.
Ғасыр төрінде төрткүл дүниеге өзін алпауыт ел ретінде таныта алған Аспан асты елімен казіргі уакытта әлемнің кай мемлекеті болмасын тығыз қарым-қатынас орнатқысы келетіні анық. Осындайда ресми Пекин дүниенің түкпір-түкпірінен алма-кезек келіп жататын талай саясаткерлерді келісілген кесте бойынша тігісі жатқызылған дипломатиялық кездесулер шеңберінде шығарып салуды дәстүрге айналдырған. Бүл орайда еларалық саясатын ежелден екшеп-елеп отыратын коңсымыздың козыкөш жерде түрған тұрлаулы стратегиялық әріптесі Қазақстанға, сонын Ішінде тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президентіне деген ықыласы ерекше. Айталық, алдын ала жасалған келісімдер бойынша ресми кездесулер 20 желтоқсанға бекітілгеніне қарамастан, сейсенбі күні кешкісін Пекинге келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао арнайы қонақасыға шақырды.
2002 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол койылды, бұл екіжақты қатынастарды әрі қарай дамытудың тарихи іргетасына айналды. Кезінде Кеңестер Одағымен арадағы бірде суып, бірде жылып тұратын сан-алуан шекарааралық байланыстар Қазақстан дербес ел атанғаннан кейін бір ретке келтірілді. 90-жылдардың басынан бері шекара бойындағы әскери қосындар азайтылып, шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалы орнады. Одақ кезінде тарқатылмаған түйін күйінде каған мемлекеттік шекара нақты белгіленді. Екі ел арасындагы экономиқалық ынтымақтастық ныгайтылып, өзара сауда-саттық жыл өткен сайын өсіп келеді. Жалпы алғанда, екі елдің арасындағы тауар айналымы көрсеткішін алдағы уақытта 10 миллиард долларға жеткізу қарастырылған. Осындай жоғары қарқын сақтала берсе, болашақта Қытай еліміздің саудадагы негізгі серіктестерінің біріне айналмақ. Екі елдің шекаралық аймақтары арасындағы қатынастардын нығаюына, өзара алмасудың, барыс-келістің, мәдени-гуманитарлық, ғылыми техникалық және басқа салалардағы байланыстардың одан әрі дамуына толық негіз қаланған.
Қазақстанның Алматы облысы және Шынжаң арасында, оның ішінде Іле-Қазак автономиялы облысымен бұған дейін күрған тығыз байланыстар нақты дәлел бола алмак. Қазақстанның импорттық тауарлар құрамында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары(импорттың жалпы көлемінің 44%), химиялық және сонымен байланысты өнеркасіп салаларының өнімі, метталлургия өнеркасібінің өнімі, азық- түлік өнімдері мен оны өндіру үшін шикізат басым.
Былтырғы жылы қүрылысы аякталып, алтын арнаға айналған Атасу-Алашанку(Алатау сағасы) бірлескен кұбыры, Шанхай ынтымақтастық үйымы аясындағы өзара сенімділік, теңдік, бір-бірінің мүдделері мен пікірлеріне деген кұрметке құрылған өзара түсіністік, тағысын тағылар қос көрші арасындағы ынтымақтастық ауқымының аясы кең екенін айқындай түседі. Сондай-ақ Қытай Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда үйымына кіруі туралы екіжақты келісімін аяқтаған бесінші ел саналады.
Өткен жылдың шілде айында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мэденигуманитарлық, қауіпсіздік және басқа салалардағы ынтымақтастықты қамтитын екі жақты ынтымақтастық жөніндегі комитет құрылды. Еркін азаматтық қоғам құруға бағытталған жұмыстар Қазақ елінде жемісті жүріуде. ТМД мемлекеттерінің ішінде алдыңғы қатарға шықты, халықаралық сарапшылар оң бағаларын беруде. 1993 жылы Қазақстан дербес макроэкономикалық саясатын жүзеге асыруды бастап, үлттық ақшаны енгізді. Елдің стратегиялық дамуына негіз болған жекешелендіру бағдарламасы іске асырылды. Осының нәтижесінде соңғы жылдарда Қазақстан халқы жеке кәсіпкерлікпен бизнесті өз өміріне ендіре алды. Елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі принциптері айқындалды. қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеп, Қазақстан келешектегі өркендеуіне нақты негіз қалады. Ең маңыздысы, қазақстанның халқы көптеген сындардан саяси тұрақтылығын, азаматтық және ұлтаралық өзара келісімін жоғалтпады. сүйтіп, ТМД елдері бойынша жоғарғы деңгейлердің біріне көтерілді.
Кесте 3. Қазақстан мен Қытайдың өткен жылдардағы сыртқы сауда жағдайы
(Қытай кедендік бақылауы бойынша)
Жылдар |
Жалпы сыртқы сауда мөлшері (100мил.$) |
Экспорт мөлшері (100мил.$) |
Импорт мөлшері (100мил.$) |
1992 |
3,7 |
2,7 |
1,5 |
1993 |
4,3 |
1,7 |
2,6 |
1994 |
3,3 |
1,4 |
1,9 |
1995 |
3,9 |
0,7 |
2,3 |
1996 |
4,5 |
0,9 |
3,6 |
1997 |
5,2 |
0,9 |
4,3 |
1998 |
6,3 |
2 |
4,3 |
1999 |
11,4 |
5 |
6,4 |
2000 |
15,6 |
6 |
9,6 |
2001 |
12,88 |
3,28 |
9,6 |
2002 |
19,5 |
6 |
13,5 |
2003 |
32,86 |
15,66 |
17,21 |
(Қазақстан мен Қытайдың өткен жылдардағы сыртқы сауда жағдайының графигі)
Кезінде белгілі тарихи себептермен жан-жаққа тарыдай шашылған қандастарының береке-бірлігін нығайту және ұлттық сана-сезімін көтеру мақсатында дүние жүзі қазақтарының құрылтайлары өткізілді. Қазіргі кезде Қазақстан-Қытай екі мемлекет арасындағы қарым — қатынастар сапалық жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға толық негіз бар. Қазақстанның дамуы, Шынжаңның дамуы екі жаққа да тиімді екені сөзсіз. Осы жылдар ішінде мұнда үлкен өзгерістер болыпты. Қытай Үкіметінің «Батыс өңірін игеру» саясаты үлкен нәтиже беруде. Мамыр айындағы Қытайда болған мемлекеттік Қазақстан басшысының сапары кезінде ол автономиялы ауданның орталығы Үрімші қаласында болды. Қазақстан ел басының ойынша орасан зор өзгерістер Қазақстанмен шекаралас аймақтарда, атап айтқанда, Ілеқазақ обылысы және Бөрітала Моңғол автономиялы облыстарында да бар деп айтуға негіз бар — деп атап көрсетті. Бұл жерде Қытайдың «батыс қақпалары» болып саналатын Қорғас пен Алашанькоу сияқты маңызы ерекше шекаралық өткелдер орналасқан. Олар Шынжаңның сыртқы сауда экономикасын жандандыруда шешуші мәнге ие. Өйткені Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі жүк ағымы осы өткелдер еншісіне тиеді. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао мырзамен Қазақстан ел басы жақын жылдарда екі елдің арасындағы өзара сауданың көлемін бес миллярд долларға жеткізу жөнінде келісті. Осындай жоғары қарқын сақтала берсе, болашақта Қытай Қазақ елінің саудадағы негізгі серігіне айналады. Келешекте бірлесіп жасайтын мәселелер көп. Ендігі кезекте екі елдің арасында табиғи газ қүбырын тарту жоспарда түр. Бүкіл Қазақстанның шығысынан батысына дейін созылатын темір жолды Қытайға ұластыруды қарастыруда. Осы жылғы мамырда Қазақстан елбасы Пекинде мемлекеттік сапармен болған кезінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен келешекте шекаралық сауда аймағын құру жөнінде келісті. Одан басқа, Достық және Алашанькоу темір жол стансалары арасындағы жүктер тасымалының көлемін жылына он бес миллионн тоннаға жеткізуге толық мүмкіндік бар. әрине, екі ел арасындағы қатынастар мұнымен шектелмейді.
3.2. Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай байланыстары
Казақстан кен байлыктарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның үлттық экономикасының тұрақты дамуы мен кауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының казіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен казбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзі рынокка минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдык шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан Орта Азияда мұнай мен газ қоры мол ел. Мұнай експорты Қазақстанның экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне зор рол ойнайды. Қазақстан осы себептерге байланысты Қытайдың қызу сұранысына көз тігіп, Қытайдың энергетика базасына алдын – ала кірді.
Қазақстан-қытай құбыр құрылыс программасы 1997 жылы екі жақтың үкіметі ұсынған. 2004 жылғы майда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы ресми сапар мезгілінде, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында 2004 жылы мамырдың 17- сінде жасалған келісімдерге сай жүзеге асрыла бастаған болатын. 2004 жылы Қыркүйктің 28- күні Қазақстанның батыс бөлігі мен Қытайдың Шинжиаңын біріктіретін мұнай құбыры «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры ресми құрылысын бастады. Бұған Қазақстан мен Қытай екі жақ ортақ 70 миллион доллармен қамдады. Бір жылдан артығырақ уақытқа созылған құбыр құрылысы өз мәресіне жеткен соң, мұнай толтыру салтанаты 2005 жылы желтоқсанның 15- күні басталды. Оны ел басы Нұрсұлтан Назарбае “ҚазТрансОйл” “”акционерлік қоғамының Астанадағы орталық диспетчерлік басқару ғимаратынан мұнай құбырын автоматты бақылау және басқару жүйесі көмегімен өз қолымен іске қосты. Құбыр жолын толтыруға қажет технологиялық мұнайдың көлемі 400 мыңнан астам тоннаны құрады. 2006 жылы мамырдың 24- күнінен 25- күніне қараған түні Пекин уақты бойнша таңғы сағат 3:10 айналасында Қазақстан- Қытай аумаған жалғастырып жатқан алып мұнай құбырымен аққан қазақстандық “қара алтын” Қытай шекаралық бекетіне жетті. Бұл Қытайдың мұнай експортының тағы бір жаңа энергетика көзімен толыққанын бейнелейді. Осы Құбыр жолы республикамыздың Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын басып өтіп, ҚХР аумағындағы Алашанькоу(Алатау сағасы) бекетіне дейін созылады. “Атасу-Алашанькоу” мұнай құбырының жұмыстарын аяқтау және оны пайдалануға беру ісі – Қазақстан республикасының көп салалы Экспорттық мұнай тасымалдау инфрақұрылымының тағы бір маңызды кезеңі саналады.
Сөйтіп, “Атасу-Алашанькоу”мұнай құбырын толтыру жұмыстары аяқталды. Қарамайдың Шыңжаң өлкесіндегі мұнай өңдеу завыты орналасқан Душаньцзы(Майтау) қаласына жетуі құбыр жолының нақты іске қосылғанын білдіреді. “Атасу-Алашанькоу”мұнай құбырының пайдалануға берілуі 2006 жылдың аса маңызды оқиғаларының бірі. мұнай тасымалдау жүйесінің көп бағыттық стратегиясын жүзеге асырудағы елеулі кезеңі болды әрі мұнай компаниялары мұнайды Қытайдың келешегі зор және қуырт өсіп отырған ауданының тұтынуына жеткізудің сенімді де экономикалық тиімді бағытын қамтамасыз етті.бұдан басқа, мұнай құбыры Қытайға Ресей мұнайын тасымалдау үшін Қазақстанның өткізушілік әлеуетін қосуға мүмкіндік берді.
“Атасу-Алашанькоу” мұнай құбырының жалпы ұзындығы – 962,2 шақырым, құбыр диаметірі 813 миллиметр. Оның жобалық өткізу қуаты – жылына 20 миллион тоннаны құрайды. Бұл Қытайдың жылдық мұнай импортының 15% — ына дейн жетеді. Соның ішінде жұмыстың алғашқы кезеңінде жылына 10 миллион мұнай тасымалын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл Қытайдың жылдық мұнай импортының 8% — ына жуық. Бұдан Қытай Қазақстан мұнай құбырын батыстағы үлкен мұнай күре тамыры деп қарауы ешқандай артық емес. Қытай ұлттық мұнай- газ корпорациясы Шыңжаңның Душаньцзы(Майтау) қаласында жылдық өнімі 10 миллион тонна болатын ірі мұнай өңдеу завотын мен етилен завотын салып жтыр. 2007 жылдың соңында іске қосылып, өнім шығаруды межелеп отыр. Қазақстан табиғй мұнай құбыры шектеулі серіктігінің орынбасар төрағасы Кабардинның айтуынша, Қазақстан -Қытай мұнай құбырлары өніріске кірісіп, жұмыс істеуі Қазақстан мен Қытай екі мемлекет істестігінің тағыда бір жақсы үлгісі болды. Энергия қайнары жөнінде істестікті күшейту екі жақтың ортақ арманы және екі жақтың экономикасының дамуына пайдалы.
Жуық жылдардан бері ,Қытай Қазақстанмен істестік аяқ алысын тездетті. 2006 жылы науырыз айының басында, Қазақстанның астанасы Астана қаласында, «Қазақстан мен Қытай дамудың стратегиялық бірлестік байланысына талпыну» тақырбында мәжіліс өткізілді. Мәжіліске қатынасқан Қазақстан және Қытай үкіметінің көптеген мамандардан құралған өкілдері көптеген мәселелерді талқылады. Мәжілістің басты көз тіккен мәселесі Қазақстан мен Қытай екі мемлекет арасындағы эенргия істестік мәселесі, энергия бірлестік келешегі, құбыр тасымалы тектес мәселелерге қатысты болды. Нақтырақ айтқанда, “Атасу-Алашанькоу” мұнай құбырының тасымалы. Орта Азия мемлекеттерінің Қытайға табиғи газ жеткізетін құбыр құрылысының келешегі. Мұнда Қытай мемлекеттік даму зерттеу орталығы, Евроап-Азия қоғам даму дипартаментінің бастығы Ли фың лин тез арада мұнай, табиғи газ өңір программаларын тұрақтандыру үмітін білдірді. Оның аитуынша Қытай энергия сұранушысы ғана емес және энергия өндірушісі. 2004 жылы Қытай 1 миллион 846000 тонна өлшемді жанар зат өндірді. Оның ішінде мұнай тек 22,7% ын ғана ұстайды. 2004 жылы Қытай жалпы 72 миллион тонна мұнай өндірді, 120 миллион тонна мұнай импорт қылды, импорттаған энергия жалпы энергия сұранысының 5% ғана ұстайды. 2005 жылы Қытай жалпы 300 миллион тонна мұнай өнімдерін тұтыныды. Мұның 47,2% Қытайдың шығысынан, 30,3% Африкадан, қалғандары Европа және Азия елдерінен келген. Мұнай тұтыну мөлшері жағынан Қытай АҚШ- тан кейнгі екінші орынға табан тіреп, Дүнйе жүзі жалпы тұтыну мөлшерінің 7,8% ын ұстады. Энергетика көздеріне деген тапшылық күннен- күнге артып отырғандықтан Аспан асты елі қазақстаннан тартылған қарамай құбырына аса зор мән беріп отыр. Орта Азиядан үздіксіз келіп жатқан шикі мұнайға ілесіп, Қытайдың батыс бөлігі Қытайдың маңызды мұнай базасына айналмақшы. Бірақ келешекте Қытайдың мұнайға деген сұранысы артып қалмастан, 2010 жылы импорт етілетін мұнайдың жалпы мөлшері 200 миллион тоннаға, 2020 жылы импорт етілетін мұнайдың жалпы мөлшері 250 миллион тоннаға жететіндігі межеленді. Қазақстанның бұл жағында атқаратын ролы өте зор. теңіз арқылы Жапония мен Кореяға мұнай тасымалдау жоспары Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы мұнай бірлестік ісін онан әрі кеңейтіп, даму болашағын ілгерлетеді. Былайша айтқанда, өзінің мұнайға деген сұранысын қанағаттандырғаннан кейін, Қытай таяу шығыс көрші елдеріне мұнай тасымалдау мүмкіншілігін қарастырады.
Қазақстан республикасында мұнай өндіру көлемі ұдайы өсу үстінде. 2006 жылы Қазақстан 65 миллион тонна шамасында мұнай өндірді. Бұл 1997 жылғы осындай көрсеткіштен 2,5 еседен асып түсті (25,7 миллион тонна). мұнай өндіру көлемі 2010 жылға қарай жылына 90 миллион тоннаға, ал 2015 жылға қарай Каспйи теңізінің Қазақстандық қайраңында аңа кеніштер іске қосылған кезде мұнай өніру жылына 150 миллион тоннаға жетеді. 2005 жылы желтоқсанның 16- күні Қазақстан 600000 тонна мұнай жіберіп, мұны Қазақстанның егемендігіне арнады.
“Петро Қазақстан ” интегралды мұнай газ компаниасы болып табылады. Ол “Қытай халқының мұнай газ корпорациясы”мен Қазақстандық“ҚазМұнайГаз ”компаниясына тиесілі.“Петро Қазақстанның”негізгі салалары-“Петро Қазақстан Кумкол Ресорсиз” АҚ және “Петро Қазақстан Ойл Продакс”ТОО. Компанияның мұнай өндірудің негізгі салалары “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” (ПККР) Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігіне Қызылорда және Қарағанды обылыстарында орналасқан. “Петро Қазақстан Ойл Продакс” ( ПКӨП) компанияның бір бөлігі, Шымкент қаласында орналасқан. Бұл компания мұнай өндірумен айналысады. Сонымен бірге“Петро Қазақстан ”оңтүстік Торғай бассейніндегі “Казгермұнай”және“Торғай Петролеум”дерінің 50% акциясын сатып алған “Петро Қазақстан ”компаниясы “ҚазМұнайГаз”, “Торғай Петролеум”,“ЛУКойл Оверсиз Холдинг Лтд” компанияларымен бірігіп жұмыс жасайды.
Бұл алпаут компанияның тарихына жеке тоқталар болсақ 1986 жылы Оңтүстік Торғай бассейнндегі Құмкөл кен орны экцплуатацияға түскен болатын . осы жылы Канададағы Альберт провинциясының Комори қаласында “Харрикеин Хайдрокарбонз Лтд” компанисының (қазіргі атауы“Петро Қазақстан Инк”) негізі қаланды. 1991 жылы осы компания Қазақстан Республикасының Қызлқыия, Арысқұм, Майбұлақ және оңтүстік Құмкөл кен орындарымен бірігіп жұмыс жасай бастады.
1996 жылы Қазақстан Республиксының келісімімен“Харрикеин Хайдрокарбонз Лтд”Құмкөл кен орындарын басқарып отырған “Оңтүстік мұнайгаз ” компаниясын сатып алады. Сол кезде Құмкөл кен орнынан шамамен күніне 45 мың баррель мұнай өндірлетін. 2000 жылы“Харрикеин Хайдрокарбонз Лтд” “Шымкентнефтеоргсинтез”( ШНОС) компаниясының 88% акциясын сатып алады.
2003 жылы КАМ- Жусалы құбыры экцплуатацияға берілді. Диаметрі 16 дюйм, ұзындығы 177 км болатын бұл құбыр Құмкөл кен орны мен КАМ тобындағы кен орындарды ( Қызылқыия, Арысқұм, Майбұлақ) жалғастырып жатты. 2003 жылдың маусымында бұл компания өз атауын“Петро Қазақстан Инк ”деп өзгертті. 2005 жылдың қазанында бұл компанияны “КННК Интерлешнл Лтд”өзінің акциясының 33% ын “ҚазМұнайГазға ” берді. 2006 жылы 23 тамызында PetroChina КННК копаниясынан“Петро Қазақстан ”акциясының 67% -ын өзіне йемдеп алды.
2006 жылдың бірінші жары жылдығында “Петро Қазақстан Инктың ”жалпы өндіру көлемі 26052 миллион баррель мұнайды құрады( 3363 миллион тонна мұнай), ол 2005 жылы көрсеткішінен 12,7% көп.соңғы 5 жылда
“Петро Қазақстан ”компаниясының жыл сайын өндіру өнімі артып келеді. Мысалы, егер 2001 жылы 36,8 миллион баррель өндірілсе, 2005 жылы 42,7 миллион баррель өнім өндірілді. өндңіру көлемін тоқтатпай ары қарай артыра беру үшін 2006 жылы жаңадан 3 сквожина бұрғыланған болатын. Олар Оңтүттік Құмкөл, бесеуі Қызылкие және бесеуі Арысқұмда.
Мұнайды және жоғарғы сапалы мұнай өнімдерін өндіре келе“Петро Қазақстан ”компаниясы өз өнімдерін Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге шет елдергеде шығармақ. Қазірдің өзінде “Петро Қазақстан ”өз мұнайын ТМД елдеріне, Қытайға сонымен бірге Европаның мұнай өңдеу зауоттары мен АҚШ-тың мұнай өңдеу заводтарына экспорттайды. Экспорт түрлі терминалдар арқылы, құбырлар, темір жол және теңіз жолдары арқылы түрлі кіленттер мен түрлі ронкқа тасымалданды.
Құмкөл мұнайы халқаралыық энергетика саудасында, сапасы халықаралық мұнай эталонына- Брент мұнай маркасына сайкес келгендіктен жоғары бағаланады.
“Петро Қазақстан ”диаметрі 20 және 28 дюим бола алатын ммұнай құбырларымен байланысқан. Оның күніне 350 мың баррель мұнай шығара алатын қаблеті бар. Бұл құбыр “Солтүстік-оңтүстік”деп аталатын магистрральды құбырмен байланысқан. Бұл магистральды құбыр арқылы Батыс Сібірден орта Азияның мұнай өңдеу зауоттарына, дәлірек айтсақ Павладар және Шымкент мұнай өңдеу зауотынан өнімдер тасымалданады. 2003 жылы“Петро Қазақстан ”өзінің жеке құырын яғни КАМ- Жусалы, диаметірі 16 дюим, күніне 140 мың баррель мұнай өткізе алатын құбырын іске қосты. 2006 жылдың шілдесінде Қазақстан–Қытай мұнай құбырлары эксплуатацияға түскенен кейін компания мұнай тасымалдауды дәл осы мұнай құбыры арқылы Қытай ронігіне ығара бастады. Танспорттау“ҚазТрансОил”жүйесі бойынша және Қазақстан -Қытай мұнай құбыры бойынша жүзеге асты. Бұл мұнайды танспорттау кезіндегі көптеген шығындарды азайтты. Компанияда 3 жеке өзінің териналы бар . Жусалы темір жол станциясындағы теминол эксплуатацияға 2003 жылы берілді. Ол республикадағы ең бір жоғарғы технолбиллы, қазіргі заманға сай обьектілердің бірі болып саналды. Теринолдың техникалық сипат ерекшелігінің бірі атмосферадағы буланудың жоқтығы. Ол терминолды экологиялық таза обьектіге жатқызады. Тағы бір ерекшелігі мұнайды цистерноға құюдың жылдамдығында. Негізінен мұнайды 69 цистерноға құю 82 минутты қажет етеді. Сонда күніне 5-6 состав жүктеліп жөнелтіледі. Терминол ең соңғы жабдықтармен жабдықталып, жоғары технологияны қолданып салғандықтан обьектіні басқару үшін 20 адам бір сменаға жеткілікті деп еспетелнді. Сонымен бірге“Петро Қазақста”Алматы обылысндағы Қытай Халық Республикасымен шекаралас жердегі“Достық ”станциясындағы құйма терминолі тиеслі. Бұл терминол 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында реконструирленген болатын.
“Петро Қазақстанның” 2006 жылдың бірінші жартысындағы мұнай өндіру көлемі
Ішкі сауда. 2006 жылдың ақанында“Петро Қазақстан ”Қазақстан Республикасы жұмыс істейтін басқада мұнай компанияларымен бірігіп жұмыс жасай отырып, меморанду өкіметімен келсім шарттар жасаған болатын. Меморандумда“Петро Қазақстан ”компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауотына күніне 2 миллион тонна мұнай жіберіп тұрады. Жалпы айтқанда Шымкент мұнай өңдеу зауотыда “Қазгермұнай ”, “Торғай Петро Леум”және “ҚазМұнайГаздің ”мұнайларын ескере отырып, 4 миллион тоннадан кем болмайтын мұнай өңделген. 2005 жылы мұнай өнімдерін ішкі ронкта қолдануына байланысты “Петро Қазақстан ” компания бензин, дизелді отындарды сату үшін мұнай өнімдерін сататын орталғы ашылды. Қорта кетсек, “Петро Қазақстан ”барлацумен мұнай және газ өнімдерін өндірумен өңдеумен және мұнай және мұнай өнімдерін сатумен айналысатын толық сикілды тігінен интегралданған мұнай газ компаниясы. 2005 жылы“Петро Қазақстан ”кампаниясы жалпы ауданы 14 мың шаршы километр болатын 3 жаңа лицензиялытериторияларда барлау жұмысын жүргізуге рұхсат алды. өз жұмысы кезінде республикада компания мұнай өндіруді 1604 миллион баррельден 42,7 миллион барреге дейін көтерді. “Петро Қазақстан Инк-тың ”Президенті Бо ши лән өз компаниясын қазақстанда алдыңғы қатарлы дамып келе жатқан компанияның ең негізгісі деп санайды. өз жұмысын оңтүстік Торғай бассеинінің бірнеше кен орындарында юастаған бұл компания қзірғы кезде ең ірі, жоғарғы технологиялы алдыңғы компания болып есептелнеді. Жұмыс жасап жатқан жылдар ішіндегі респубиканың экономикасындағы біздің инвестициямыз 1 миллиард долларға жетті. Және бұл көрсеткішті келешекте одан ары көтеруе тырысамыз дейді.
3.3. Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Орталық Азия өңірінде тұрақтылық және қауіпсіздікті бекітудің маңызды факторы сияқты Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы 2001 жылдың 15 маусымында бір жағынан Қытаймен және басқа жағынан СССР-дің ыдырауынан кейін пайда болған мемлекеттермен және Қытаймен жалпы шекарала-ры бар — Ресеймен, Қазақстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен және Қырғызстанмен құрылды.
Алты ел аумағының жалпы ауданы 30 млн. шаршы километрден астам, бұл Еуразия ауданының 60%-ға жуығын құрайды. Алты ел аумағында 1 млрд. 455 млн. адам тұрады. бұл барлық Жер шары халқының төрттен бірі.
Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы құрылуы туралы хабарлама, әскери салада Қытай, Ресей, Қазақстән, Қырғызстан және Тәжікстан арасында сенімді бекіту шара-лары бойынша дамыған «Шанхай бестігін» құру және шекара аумағын-да әскери күштердің қысқаруының бастамасы болды. 1996-1997 жылдары «бестік» мемлекет басшыларының Шанхай және Мәскеуде қарқынды кездесулері болды. Онда шекара аудандарының әскери сала-сында сенімді бекіту бойынша Келісім-шартқа және шекара ауданын-да әскери күштерді өзара қысқарту туралы Келісім-шартқа қол қой-ылды.
2000 жылы Душанбеде болған мемлекет басшыларының саммитінде Өзбекстан Президенті қатысуымен «бестіктің» құрамы кеңейді. 2001 жылдың маусымында «Шанхай бестігінің» құрылғанына 5-жыл толуына байланысты, «бес мемлекеттің» басшылары және Өзбекстан Президенті Шанхайда кезекті кездесулерін еткізді, онда өзіне алты мемлекетті қосатын, толық Шанхай ынтымақтастық ұйымына «Шанхай бесеуін» қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл мемлекеттердің басшылары «Шанхай бестігі» механизміне Өзбекстанды қосу туралы Бірлескен өтінішке қол қойды, содан соң Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы құру туралы Декларацияны жариялады. Декларацияда алда тұрған мүмкіншіліктерді тиімді ортақ қолдану мақсатында және жаңа қыр көрсетулерге және қатерлерге қарсы тұру және алты елдің езара ынтымақтастығының деңгейін көтеру белгіленді, «Шанхай бестігі» механизмі негізіндеШанхай Ынтымақтастығының ұйымы құру туралы шешім қабылданды.
Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы елдері-қатысушыларымен өңірлік қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету мақсатында (Өзбекстанды қоса), терроризммен, сепаратизм-мен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясына (2001 жылдың 15 маусымында Шанхайда), Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясы жәнеШанхай Ынтымақтастығының ұйымы мемлекеттері-мүшелері арасын-да Өңірлік антитеррористік құрылым туралы Келісім-шартқа (2002 жылы 7 маусым Санкт-Петербург) қол қойылды. Берілген құжаттар, өңір-лік деңгейде тиісті құрылымдардың өзара іс-әрекетін тәртіпке келтіру үшін анық құқық шеңберлерін құрды және «үш жамандықты» (терроризм, сепаратизм, экстремизм) алдын алуға, айқындауға және болдыр-мауға бағытталған.
Серіктестіктің экономикалық жазыктығына қатысты, 2001 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда, өңірдің алты елінің ынтымактастығына негіздел-ген, экономикалық дамудың жаңа кезеңіне бастама берген, сауда және инвестиция саласында қолайлы жағдайлар туғызу бойынша процестер-ді жіберуге және өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағыттары мен не-гізгі мақсаттар туралы Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы қатысушы-мемлекеттер Үкіметінің арасында Меморандумға қол қойылды.
Көрсетілген құжатты жүзеге асыру мақсатында 2003 жылдың қыркүйегінде ұйымның мемлекет-мүшелерінің үкіметтің басшы Кеңесімен са-уда-экономикалық байланыстарды кеңейту бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама және бірқатар көпбағытты келісім-шарттар қабылданды, олардың орындалуы сөзсіз, ынтымактастыққа және экономика мен сауда саласындағы өзара әрекеттің жаңа бағыттарына қосымша күш береді.
Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы шеңберінде экономикалық ынтымактастыкты жандандыру үшін, даму және іскерлік кеңес қорын құру, көліктік әлуетті және кедендік ынтымактастыкты дамыту, инвестицияны тартуға жәрдемдесу, электрондық сауданы және стандарттарды біріздендіруінің басты инспекциясы бойынша жеті бірлескен жұмысшы тобы құрылды, олардың қызметі Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы мемлекеттерінің интеграциялық өзара-іс-әрекеттерін тереңдетуге ықпал етеді.
Қазіргі уақытта көлік және энергетика саласында экономикалық жо-баларды жүзеге асырудың өзекті мәні бар. Тәжікстандағы Рогун және Сангтудин ГЭС бірлескен құрылысы, Қырғызстандағы Қамбаратинс ГЭС, Душанбе-Баткен-Синьцзян автомобиль жолдары, Қытай-Қырғыз-стан темір жолы Бішкек-Сарыташ-Ош-Иркештам-Кашгар, Қытай бағы-тындағы Тәжікстаннан келетін және Қырғызстаннан Тәжікстанға кете-тін электртаратқыш келешектеШанхай Ынтымақтастығының ұйымы мемлекетінің көліктік-транзиттік әлуетін дамытуға және тиімді пайдалануға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы мемлекеттерінің арасында сауда-экономика-лық байланыстарды кеңейту, олардың тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады. Негізінен, Тәжікстан үшінШанхай Ынтымақтастығының ұйымы елдер-мү-шелерімен сауда, сыртқы сауданың жалпы көлемінен 48,5%-ын құрай-ды. 2005 жылыШанхай Ынтымақтастығының ұйымы мемлекеттерімен Қырғызстанның тауар айналы-мының көтерілуі байқалды: Қазақстанмен 28 %-ға, ҚХР — 17%-ға, Ресей Федерациясымен — 55%-ға, Тәжікстанмен — 11%-ға және Өзбекстанмен бұлкөрсеткіш 17%-ға көтерілді.
Қазақстан, барлық Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы ел-қатысушыларымен тауар айналымы-ның көлемін көтеруді жоспарлайды. Негізінен, ҚХР-мен келешекте тауар айналымын екі есеге көтеруді болжамдайды (5 млрд. АҚШ долларынан 10 млрд. АҚШ долларына дейін), бұған Атасу-Алашанькоу құбыр арқылы мұнайды жеткізу жобасын жүзеге асыру және экономикалық саладағы бірқатар езге жобалар да ықпал етеді.
Қазақстан, Орталық Азия еңірінде ең ірі газтранзиттік торабы болып табылады. Қытай бағытындағы республиканың батыс өңірлерінен келетін қазақстандық газды тасымалдау жобасының келешегі зор. Сонымен қатар бұл газ құбырының өзбек, түркмен және ресей газын тасымалдау үшін мүмкіндігі бар.
Қытайға Ресей энергоресурстарын жеткізуде, Ангарск-Дацин құбыры бойынша мұнайды және қытай бағытында батыс-сібір газын тасымалдау жобасы ұсынылады.
2005 жылы Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы елдерімен қаржы саласында интеграциялық өзара іс-әрекетті тереңдету бойынша белсенді шаралар қабылданды. Не-гізінен, Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы Іскерлік кеңес Басқармасының бірінші мәжілісі өтті және Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде банкаралық ынты-мактастық туралы Келісімге қол қойылды, оны орындау Орталық Ази-яда ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда маңызды фактор болмақ.
Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы қызметінің өзге басым бағыты, мәдени-гуманитарлық сала-да ынтымақтастық болып табылады. Осы байланыс арқылы 2005 жылдың шілдесінде Қазақстанда мәдениет министрлерінің кеңесі бол-ды, сонымен қатар алты ел мәдениетінің бірінші фестивалі өтті. Мәде-ниет министрлерінің шешімі, 2005-2006 жылдарға арналғанШанхай Ынтымақтастығының ұйымы мемлекет мүшелерінің арасында көп салалы мәдениет ынтымақтастығы-ның Жоспарын орындау үшін, тұрақты негіз құрайтын, мәдени өзара байланыс мәселелері бойынша сараптама жұмысшы тобын құру жәнеШанхай Ынтымақтастығының ұйымы шеңберінде осы елдердің бай және ерекше мәдениет әлеуетін пайдалану бойынша белсенді жұмысты ұйымдастыру болып табылады .
Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы тиімді жумыс істеуі, нақты экономика секторында осы мем-лекеттердің интеграциялық езара байланыстарды тереңцету жолы-мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдалану, Шанхай Ынтымақтастығының ұйымы елдерінің тұрақты экономикалық өсіміне, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан мүшесі болып отырған аймақтағы ең іргелі кұрылым — үш миллиардтан астам халықты біріктірген Шанхай ынтымактастық ұйымы. Былтыр Астанада өткен ШЫҰ саммитінде ынтымақтастықты нығайту туралы маңызды шешімдер кабылданды. Ұйым кауіпсіздік саласында, атап айтқанда терроризм, діни экстремизм, заңсыз есірткі тасымалына қарсы тізе қосып әрекет етуді қолға алып отыр. ШЫҰ өзінің өсу жолына сай халықаралы саясаттың салмакқты факторына айналып, геосаяси жағдайға оң ыклал етуі қуантады.
2007 жылы Ұйымнын Бас хатшысы Қазақстан өкілі болады. осы орайда біз ШЫҰ батысқа карсы бағытталған деген алыпқашты әңгімелерді болдырмауға күш салуымыз кажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Казақстан кен байлыктарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның үлттық экономикасының тұрақты дамуы мен кауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының казіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен казбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзі рынокка минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдык шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан Орта Азияда мұнай мен газ қоры мол ел. Мұнай экспорты Қазақстанның экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне зор рол ойнайды. Қазақстан осы себептерге байланысты Қытайдың қызу сұранысына көз тігіп, Қытайдың энергетика базасына алдын – ала кірді.
Бұл жұмысты төмендегідей 3 бөліммен сипаттап көрсеттім.
- Қазақстан Респубикасына қысқаша сипаттама
- Қытай Халық Респубикасына қысқаша сипаттама
- Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстар
Бұл бітіру жұмысымда Қазақстан мен Қытай Халық Республикасына жеке-жеке қысқаша сипатама берідім. Және екі ел арасындағы экономикалық-географиялық байланыстарға және екі ел арасындағы мұнай байланыстарынада жеке тоқталдым. Картаграфиялық, статистика әдістерін қолданып, тақырыпты онан ары аша түсуге тырыстым.
Қазақстан мен Қытай 1992 жылғы қаңтардан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері өз экономикаларының дамуына айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп келеді. Құрылысы аякталып, алтын арнаға айналған Атасу-Алашаньку (Алатау сағасы) бірлескен кұбыры, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара сенімділік, теңдік, бір-бірінің мүдделері мен пікірлеріне деген кұрметке құрылған өзара түсіністік, тағысын тағылар қос көрші арасындағы өзара ынтымақтастық, өзара даму ауқымының аясы кең екенін айқындай түседі. Екі ел арасындағы қатынастар мұнымен шектелмейді. Одан ірі дами түсетініне сеніміміз кәміл.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 5,6 том.
- Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.Отандық дипломатияның он бес жылы. Егемен Қазақстан, №51-63, 2006
- Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы және физгеографиялық идеялардың тууы. – Алматы: Ғылым, 1990
- Дуан тун хуа. Шұғылалы қырық жыл 1954-1994. Циньзиян халық баспасы, 1994
- Қытай жылнамасы. Шинхуа баспасы, 2002
- Қытай мұнайгаз корпорациясы журналы, 2005
- Көрші журналы. №3, 2005
- Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Алматы, 2006
- Қазақстан- Қытай құбыры.
- Қытай географиясы, 2004
- Қытайдың соңғы жылдардағы демографиялық жағдайы. 2005
- Шиао таң. Қытай мен Қазақстанның істестік қатынастарына қысқаша 13. шолу. Ортталық ұлттар баспасы, 2006
- Petro Kazakhstan, 2006
- Қуат Бораш. Ежелгі көрші, етене ел. Қазақстан заман, №315(24568), 2006
- Қазақстан цифрларда. Алматы, 2006
- Цинзяньды ашуға қаржы қосуға бағдар. Цинзянь баспасы, 2000
- География атауларының түсіндірме сөздігі. Цинзянь ғылым,техника, денсаулық сақтау баспасы, 1986
- Жын иуын хуй. Қытайдың экономика және қоғамның дамуы турасында жалпы шолу. Цинзянь халық баспасы, 1999
- Ернұр Сапарбек. “Атасу-Алашанкоуды”ақыры толтырдық. Қазақстан заман, №51, 2006
- С.Найман. Қытайша-Қазақша үлкен сөздік. Циньзиян халық баспасы, 2006