АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланумен байланысты қылмыстар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР

 Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ…………………………………

  • Лауазымды тұлға және қызмет өкілеттілігіне жалпы мінездеме……………..
  • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың түсінігі………………………………….
  • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануының қылмысының құрамы…………..

 

2-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ                 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ………………………………………..

  • Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланудың криминалистикалық сипаттамасы және оның элементтері мен түсінігі…………………………………………
  • РФ қызметтік қылмыспен күресуінің салыстыру сараптамасы……………….

 

3-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ…………………………………………………………………………………………..

3.1 Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану қылмыстарын ашу және анықтау..

3.2  Тергеуді жоспарлау мен тергеуге тән жағдайлар……………………………………

3.3  Қылмыстық өкілеттілікті теріс пайдалануды тергеудің алғашқы кезеңі……

  • Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану кезіндегі тергеу

жұмыстарының ерекшеліктері…………………………………………………………………….

  • Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалануды тергеудің жалғасы мен қорытынды кезеңі………………………………………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қылмыстың өсуі оның ішінде экономика жүйесінде өсуі жүргізіліп отырған экономикалық  реформаға және оның бағытына теріс әсер беруде. Экономикалық қылмыс – ол бірден – бір тұрғындардың материалдық жағдайы және экономикалық жағынан өсуіне тежеу келтіруде. Экономика саласында тәртіпті ретке келтірмей оның дамуын сөз өту өте қиын. Экономика жағдайын қорғау және жеке меншікті күзету қылмыстық құқықтың және процесстың қатысуын талап етеді, сондықтан басқа салалар оларды нақты қорғай алмайтын жағдайда.

 Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі»  жаңа ҚР ҚК қабылдануына байланысты, мемлекеттік аппаратта  қызмет орнын пайдаланып қылмысқа баратын тұлғалармен күресу жаппай белең алуда. Қызмет орынын пайдалану қызметтік қылмыстың кең тараған түрі, көбіне бұндай қылмыстар мемелектеттік аппарат тұлғаларының қылмыстық  істерінің басы, кейде ауыр қылмыс жасауға себеп болады. Қылмыс мемелкеттік аппараттың әрбір саласында болуы мүмкін. Ең қауіптісі өзінің қызмет лауазымын пайдалану арқылы мемлекеттік аппарат жұмысын бұзып, сонысымен мемлекетке нақты зиян келтіреді.

Қылмыстың неігзі, мемлекеттік қызметкер лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған қызметтік лауазымды теріс бағытта қолдануында.

       Тәжірибеде көрсетіліп отырғандай экономикаға зиян келтіріп отырған «ақжағалылық» қылмыс, олармен күресу оңай болмай отыр. Экономикалық қылмыспен күресті нәтижелі жүргізу үшін, олардың жасалу түрлерін білу және нақты тұлғалардың кінәсін растайтын материалдар жинау және әдістемесін ашу.

      Оқиғаларды, жағдайларды зерделеудің  сан алуан түрлері бар. Осындай  зерделудің түрі қылмыстық іс бойынша тергеу болып табылады,  сонымен қатар экономикалық қылмыстар жөнінде. Үкіметке экономикалық көрсеткіштердің төмендеп кетуінің себептерін, механизімін, салдарын, қатысушыларды, істің салдарын, істі қиындатуға әкеліп соққан        проблеманы шешу немесе жою.

      Осындай  жағдайлардың күрт төмендеуі экономика саласындағы  региондармен ведомстволарда, мекемелерде болуы мүмкін.

      Тергеу бюджет есебінен  инвестицияның көбеюіне қарамастан көрсеткіштері төмен региондарға, мекемелерге, экономика салаларына тағайындалады. Қылмыстық істер шеңберіндегі тексерулер басқа тексерулерден екі түрімен (журналисталық, парламенттік және т.б.) ерекшеленеді, бірінші жағдайда ауқымды спектор методттарды зерделеу: ғылымнан барлаушы және контрбарлаушы әдістеріне дейін аталған жедел тексеру шаралармен, екіншісі  еркін жүріп — тұруды  шектеу бойынша шара қолдану (ешқайда жол жүрмеу, үйде қамау және т.б) және басқа құқықтар (тінту жүргізу, мүлікті алу, сөйлесулерді құпия тыңдау, хаттарды қарау).

Мемлекеттік қызыметке қарсы қылмыстар қызмет саласында кең таралғандықтан, осы қылмыстарға ұқсас қылмыстармен күресу өзекті мәселе болып отыр. Лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану қазіргі кезде ұрлау, пара алу, қызметтік лауазымды асыра пайдалану қылмыстарына ұқсас болады немесе оларды жасауға мүмкіндік туғызады не болмаса оларды жасырудың құралы болып табылады.[1]

Дипломдық жұмыстың мақсаты лауазымды қызметті өз пайдасына айналдыруды тексеру және ашу әдістерін зерделеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі шаралар қойылды:

  • лауазымды теріс  пайдалану түсінігін ашу;
  • лауазымды теріс  пайдаланудың субъективтік және  

        объективтік жақтарын қарастыру;

  • аталған қылмыстардың криминологиялық ерекшеліктерін зерделеу;
  • лауазымды қызметті теріс пайдаланудыт  тексеру және  

        ашу  әдістерін зерделеу;

  • лауазымды қызметті теріс пайдалануды тексеру және ашу

        әдістемесін  жүзеге асыру бойынша ғылыми негізді мінездемелерді  

        талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАРАУ   ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

1..1   Лауазымды тұлға және қызмет өкілеттілігіне жалпы мінездеме

 

   Мемлекеттік қызмет – қызметтік міндеттерді және қызметтік өкілеттілікті бір тұтас нормативтік құқықтық актілермен бекітілген бір тұтас структуралық меммекеттік орган («Мемлекеттік қызмет жөніндегі» ҚР заңының 1 бабы); бұл мемлекеттік органның құзырының бөлшегінен тұратын мемлекеттік органның базалық құрылымының бірлігі.  Заңдылыққа сәйкес мемлекеттік лауазымды иеленушілер барлығы бірдей мемлекеттік қызметке қатысты қызметті атқарады деп айтуға болмайды, дәлірек айтқанда мемлекеттік қызметтің барлығы бірдей  мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы болып табылмайды.

Әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне бекітілген міндеттерді жүзеге асырумен, нақты мақсаттарды орындаумен айналысуы қажет. Сондықтан да қызметкер әрдайымда мемлекеттік әкімшілік органдарда және құрылымдық бөлімшелерде нақты лауазымды иеленеді. Мемлекеттік қызметкер бекітілген тәртіппен лауазымды иеленген тұлға болып саналады; ол қызметкерлер штатына енгізіліп өзіне сәйкес квалификациялық разряд (квалификациялық сынып, шен) алады және мемлекеттік әкімшілікте лауазым сатысынан (иерархия) орнын алады.

«Лауазым» түсінігі ғылыми әдебиеттегідей және қолданыстағы нормативтік актілер деңгейінде әр – түрлі сипатталады. Айта кететін жәйт, өткен жылдардағы ғылыми зерттеулерде бұл мәселе аса бір  мағынаға ие болған емес және заңгерлер аталған категорияны  және оның мазмұнын тек мемлектік қызметтің басқа мәселелеріне байланысты қарастырып отырды (мысалы, мемлекеттік қызметкердің құқықтық статусын зерделеу кезінде).

 Ғылыми   әдебиетте «лауазым» түсінігіне байланысты және оның түсінігіне байланысты пікір-талас жоқ.

Оқымысты – заңгерлер  лауазымды мемлекеттік  әкімшіліктің жай элементі,  оның  бірінші және негізгі жасушасы ұйымдастырушы құрылымы ретінде түсінеді. [2]

Аталған түсінікке классикалық анықтама: «Мемлекеттік – қызметтік лауазым  — ол мемлекеттік органның (ұйымның) ұйымдастыру құрылымының бөлігі, негізгі құжаттармен негізделген және тіркелген (штатта, лауазымды айлық схемасына және  т.б.), оның тәжирибелік жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметкер – ұсынылған тұлғаға компетенциялық мемлекеттік органның (ұйымның) бөлігі.» [3]

Осыған байланысты, лауазым келесі белгілермен мінезделеді:

  • мемлекеттік органның ұйымдстыру құрылымының бөлігі болып табылады;
  • құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік органның құзырлы бөлігін өзіне енгізеді.

Бір жағынан, лауазым алғашқы бөлінбейтін аппарат компоненті. 

             Лауазым – басқармада оның ролі мен орнын анықтайтын бір қызметкерге арналған аппараттың жәй жазушасы. Бір жағынан, ол ұйым жұмысының бір бөлшегін атқарушы, заңды тұлға  бір адамға бағытталған құқық пен міндеттердің жиынтығы.

Әр бір лауазым құзырлы органдардың актілер тәртібімен бөлініп құрастырылады, тұлғаға байланысты аты, қызметтік иерархияда орны (кімге қарайтыны, оған кім қарайтыны), бір-бірін алмастыру тәртібі анықталады. Ол штаттық кестеге, лауазымды қызметкерлердің бір тұтас номенклатурасына енгізіледі. «Құзырлы мемлекеттік және құзырлық органдар арасындағы байланыс, бір жағынан, оның құрамдары, екінші жағынан лауазым болып табылады. Лауазым – ол алғашқы органның жазушасы (немесе оның аппаратынының) құқтық статусы; нақты айтқанда қызметтік орны. Сол кезде немесе басқа уақытта ол бос емес немесе жабық болуы мүмкін. Лауазым осы орынды иемденген немесе сол орынға үміткер тұлғаға қатысты талаптарды анықтайды, қызметтік міндеттерді және қызметтік және жеке құқытар жиынтығын береді».

Д.Н. Бахрах айтқандай лауазым – ол ең алдымен қажетті қимыл-істерді жүргізуді талап ететін қызметтік міндеттер, атап айтқанда қызметтік мақсаттарға жету үшін оны шығарған тұлғаның жағына шешілетін іс-қимыл.

Қызметтік құқық қамсыздандыру мінездеме алып жүреді, олардың ауқымдылығы қызметкерге өз міндеттерін орындау үшін қажетті жағдай жасауға негізделген, сондықтан, қызметкер оларды пайдалануға міндетті. Жалпы айтқанда, қызметтік құқық түсінігі үкіметтік емес субъектілерге қатысты құқық (тапсырма беру, ұстау, жауапкершілікке тарту және т.б.). Ал егер оларды мемлекеттік тұрғыда қарастырсақ (ұйым тұрғыда), онда қызметкер ұстауға, қадағалауға және т.б міндетті – ол оның қызметтік міндеті.   Мемлекеттік қызметкердің қызметтік құқығы мен міндеттері  бірыңғай, оның бірыңғайлығы сол, олардың құқығы міндеттер болып табылады, яғни олар қызмет мақсатында пайдаланылуы қажет, ал міндеттер – құқықтармен, яғни қарсы жағдайда оларды (міндеттерді) жүзеге асыру мүмкін болмайды. Сондықтан да қызметтік міндеттер мен қызметтік құқықты  әрдайымда бір түсінік — өкілеттілік тұтастырады, алайда,  құқықтың бәрі бірдей міндеттілік болып табылмайды. Басқару ғылымы міндеттер мен құқықтың бір бірімен байланысы жөнінде қағида жасалды: олардың бір бірімен сәйкестігі қажет.

Аталған лауазымдық өкілеттілік мемлекеттік органның және оларды тағайындау функцияларының қатаң сәйкестікте орындалуға жатады.  Лауазымдық өкілеттілікті дұрыс пайдалануды қамтамассыз ету үшін қылмыстық заңдылықта қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланғаны және қызметтік өкілеттілікті (ҚК 307 бабы) немесе билікті асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚК 308 бабы).

Жоғарыда айтылған қылмыстарды жасауға, біріншіден қызметкердің лауазым жағдайы, оның өз құықығын жүзеге асыру жағдайы, нақты

мәселелерді шешуге ықпал жасауы, нақты іс-қимылдарды жасай алуы, оған мәлім ақпараттарды немесе басқа лауазым иесі тұлғалармен байланыстарды пайдалану негіз болып табылады.

Сондықтан да  лауазым иелерінің іс-қимылдарын ҚР ҚК 307 бабындағы тұғырмен «Қызмет бабын теріс пайдалану», сонымен қатар ҚР ҚК-ң 308 бабы «қызметтік лауазымды және билікті асыра пайдалану» сарапталуы қажет.

 

1.2. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың түсінігі.

 

Қызмет бабын теріс пайдалану – қызметтік қылмыстың кең етек алған түрі, кей кездерде басқа қылмыстық істермен қатар басқа қатаң қылмыс жасау тәсіліне айналып  лауазымды тұлғаның қылмыстық іс-қимылының бастамасы болып келеді. Мемлекет аппаратында, облыс басқармасында, шаруашылықта, банк істері салаларында жасалуы мүмкін. Оның қауіптісі сол, лауазым иесі өз қызмет жағдайын қылмыстық жағдайға пайдаланып мемлекетке, жеке азаматтарға немесе жалпы қоғамға елеулі зиян келтіре отырып, мемлекет аппаратының дұрыс жұмысын бұзады.

ҚР ҚК 307 бабының «Қызмет бабын теріс пайдалану» тарихи аспектісін қарастырайық. Қаз ССР ҚК-ң 143 бабында аталған қылмыс «Лауазымды тұлғаның  қызметтік борыштың талаптарын бұзып мемлекеттік және қоғам мүддесіне айтарлықтай зиян келтіретін, яғни заң және құқыпен қорғалатын азаматтардың мүддесіне айтарлықтай зиян келтіретін қасақана іс-әрекеті». ҚҚ-ң зерттеудегі бабы екі атауға ие «билікті асыра пайдалану және қызмет бабын теріс пайдалану». Қылмыс билік өкілеттілігі тарапынан жасалған жағдайда, «Билікті асыра пайдалану» болып табылады. Басқа жағдайларда қылмыс субъектісіне басқа лауазым иелері тартылған жағдайда «Қызмет бабын теріс пайдалану».

 Бұл қылмыс іс жүзінде сол мемлекет аппарат жүйесіндегі оған ұсынылған қызметтегі қызмет жағдайындағы құқығы мен өкілеттілікті теріс пайдалану арқылы қылмыс жасау субъектісі лауазымды тұлға болып табылуы. Қызметтік құрылымда қызметтік қылмыс түрлерінің кең етек алуы салғырттықтан кейін екінші орында қылмыс кеңінен таралған (қызмет бабын теріс пайдалану біреудің мүлкін ұрлаумен, пара алу, билікті асыра пайдалану немесе оған ықпал жасау болып табылады).

  Бір жағынан билікті асыра пайдалану немесе қызмет бабын теріс   пайдалану қызмет аясында жасалатын іс-қимыл, былайша айтқанда мемлекет тарапындағы құқық пен өкілеттілікті лауазымды тұлғаның алған мәліметтерді пайдалануы.

   Қызметтік лауазымды немесе билікті асыра пайдалану кезінде лауазымды тұлға әрдайым өзінің құзырына қатысты іс-әрекеттерді атқарады, қызметтік өкілеттілікті пайдалануға айқындалады және осы секілді лауазым иесі емес тұлғалар үшін мүмкін болмайтын істерді жасайды.

  Осыған байланысты, қарастырылып отырған қылмыстың дұрыс емес жағы: лауазымды тұлғаның нақты іс-әрекеттерді қызмет мүддесіне қайшы жасауы, лауазымды тұлғаның өз іс-әрекетімен мемлекетке немесе қоғам мүддесіне немесе заңмен қорғалып отырған азаматтар құқығы мүддесіне айтарлықтай зиян келтіруі; қылмыстық іс-ірекеттер мен қызмет жағдайын пайдалану арасында байланыс себептері. 

  Қызметтік лауазымды пайдалану билік басындағы лауазымды тұлғалардың белсенді іс-әрекеттері. Қаз ССР ҚК байынша билік және қызмет жағдайын теріс пайдалану лауазымды тұлғаның белсенді түрдегі іс-әрекеттермен жасалуы мүмкін. Басқа ТМД Республикасының ҚК бойынша қарастырылып отырған құрам іс-әрекет жолдарымен, сонымен қатар еш іс-шарасыз да жасалуы мүмкін. Мысалға Грузияның ҚК-ң 185 бабында лауазымды тұлғаның қызмет талаптарына қайшы жасалмаған іс-әрекеттері немесе қасақана жасалғаны жөнінде айтылады.

 Осыған байланысты Қаз ССР ҚК-ң 143 бабында басқа ТМД республикасынан айырмашылығы сол, қызмет бабын теріс пайдалану тек іс-әрекет ретінде қарлады, ал ол негізінде лауазымды тұлғаның іс-шарасыздығы салақтықпен қоса қызметтік қылмысты құрайды. Қасақана жасалған қылмыс (биліктің іс-шарасыздығы) және әр түрлі санкциялармен бекітіледі, ол негізді болуы мүмкін емес.

Осымен қатар, егер лауазымды тұлға қызметтік іс-әрекет жасай отырып және белгілі талаптарды сөз жүзінде бұзып тіпті іс мүддесіне қайшы келмесе қызмет бабын теріс пайдалану себебі жоқ болып саналады.[4]

Әрине лауазымды тұлғаның іс-әрекеттері заңға қайшы келмей мақсатқа сәйкес қызмет мүддесіне қайшы жасалған болып есептелмейді. Сотық тәжірибеде  осындай көз қараста. Өндірістік кооперативтің төрағасы С. ҚК-ң 143 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оны өнім жинау үшін көршілес шаруашылықтан шақыртылған комбайыншыға  25 т. бидай бергені үшін айыптауда. Аудан прокуроры С. деген азаматқа қатысты қылмыстық істің материалдарымен мұқият таныса келіп  С. қызмет жағдайындағы қызмет бабын теріс пайдаланды деген айыпты негізсіз деп тапты. Бидай жинауға шақырылған комбайыншыларға берілген бидай өндірістік коператив правлениясының шешімімен берілді.

Сонымен қатар С. кооператив мүддесін басшылыққа алды, басқа өз мүдделілігі онда болған жоқ. Аудан прокуроры С. тарапынан қылмыстық  іс-әрекеттің болмауына байланысты осы іс бойынша тергеушінің қаулысының күшін жойды. [5]

Елеулі  қиындық туғызатын қылмыстар лауазымдық қылмыстың  басқа аралас қылмыстық құраммен байланысы. Республиканың сот материалдарын қарау кезінде көрсеткені, ол сот және прокуратура органдарының қызмет бабын теріс пайдалануда қарастырылатын жауапкершіліктің шамаларын дұрыс пайдалануы. Алайда кейбір аралас құрамның қызмет бабын теріс пайдалануы және іс жүзінде  және сот тәжірибесінде осы құрамды шексіздендіру көзқарастың жоқтығы квалификацияны қателікке соқтырып, жеке тұлғаны алатын болсақ қатаң жағдайларға әкелуі мүмкін.

Қылмыстың дәрежесіндегі қателік жазалау шарасын дұрыс пайдаланбауға және құқықтық жауапкершілкке тартылуына байланысты негізсіз және жазалау шарасын дұрыс тағайындалмауына әкеліп соқтырады. (сотталу, еңбекпен түзеу колониясының түрі, мерзімнен бұрын босату немесе кешірім жасау және т.б.) Сот тәжірибесінде әсіресе көптеген келіспеушілік қызметтік өкілеттіліікті теріс пайдаланудағы шектеуді тудырады, ұрлаудан, салақтықтан, пара алудан, билікті асыра пайдалану және басқа да қылмыстардан.

 

  • Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалануының

қылмысының құрамы.

 

Қызметтік өкілеттілікті қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланылуы, егер бұл азаматтардың не ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері не қоғамның және мемлекеттік мүдделері елеулі түрде бұзуға әкеліп соғады.

ҚР ҚК баптарында тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттілік бойынша өкіметтің өкімі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскери және әскери құрылымдарында әкімшілік – ұйымдастырушылық немесе әкімшілік – шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар болып танылды.

Мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың уәкілеттіліктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгінленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі.

А) Қылмыс құрамының объективті  белгілері.

Қылмыстың  қоғамға қауіптілігі мемлекеттік қызмет мүддесі, мемлекет аппарыттың заңмен реттелген, дұрыс қызметіне озбырлық жасаумен сиппатталады. Негізділік тікелей объект болып мемлекеттік қызмет мүдделері саналады.

Қосымша тікелей объект болып – азаматтардың, ұйымдардың заңды мүдделері саналады.

Бұл қылмыстың объективті жағы, ол мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің қызметтік уәкілеттілігін қызмет мүддесіне кереғар пайдалану, егер ол мемлекет не қоғам және азаматтар заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін елеулі бұзуға әкеп соқса.

Билікті не қызметтік уәкілеттілікті асыра пайдалану  қылмысы айқындалады, егер азамматтардың не мемлекет, не қоғам және ұйымның заңмен қорғалатын құқтары мен мүдделерін бұзу және соның салдарынан және адамдардың әрекетсіздігінен залал келтіру түрінде болуы. Осы белгілердің мазмұны мен түрлерінің объективті жағы билікті не қызметтік уәкілеттілікті теріс пайдалану сияқты, қызметті асыра пайдаланумен бірдей. Қызметтік уәкілеттілікті не билікті теріс пайдаланудың тиісті белгілерінде нақты құқық бұзушылықтың жоқтығынан. ҚК 307 бабы  қылмыстық жауапкершіліктің жоқтығын  растайды. [6]

Елеулі  бұзушылық белгісі аталған уәкілеттің ісінің шектен шығуын айқындығын білдіреді.

Заңда көрсетілгендей  қылмыс деп, атап айтқанда мемлекет және қоғам немесе ұйым не азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу салдарынан болған қылмыс. Тәжірибеде бұл қылмыс психикалық немесе күш көрсету арқылы зорлық жасау түрінде айқындалады.

Билікті асыра пайдалану кезінде зорлық – зомбылық көрсету психикалық немесе күш көрсету болуы мүмкін. Билікті не қызмет

уәкілеттілігін асыра пайдалану кезінде күш көрсету зорлық-зомбылық жәбірленушіге қол жұмсау, азаптау, ұрып соғу, заңсыз қамауға алумен айқындалады.

Билікті асыра пайдалану кезіндегі психикалық зорлық-зомбылық күш көрсету зорлық жасаумен қорқыту және өлтіремен деп қорқыту, жәбірленушінің нақты іс-шаралар жасауға итермелеу және қылмыс жасауын жеңілдету мақсатында үркітумен айқындалуы мүмкін. Психикалық зомбылық сөзбен, хатпен, ыммен, қозғалыспен, сонымен қатар, үркіту жәбірленушіге ғана емес оның туысқандары мен жақындарына да қатысты болуы мүмкін.

Қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланудың объективті жағының  түрі оған ұсынылған өкілеттілік шегінен шығып және заңда көрсетілген бұзушылықтың бір түріне әкеліп соқтыруы.

Қызмет өкілеттілігін пайдалану астарында, лауазымды тұлғаның және қызмет өкілеттілігіне қатысты міндеттері мен құқықтарды жүзеге асырумен байланысты атқаратын қызметінің күшіне бөлінген лауазымды тұлғаның қалыптасуы.  Қызмет өкілеттілігі тиісті лауазымды иемденген адамның міндеттері мен құқықтары қағидамен, нұсқаулықтармен, жарғылармен немесе басқа да нормативтік актілермен айқындалады.

Қызмет өкілеттілікті қызмет мүддесіне керағар пайдалану түсінігі, ол қызмет адамының өз құзыры аясында, бірақ тиісті органның мақсаттары және міндеттеріне керағар істер жасауы. Қызмет өкілеттілігін  теріс пайдалану әрекетсіздік және нақты істер арқылы жасалуы мүмкін.

Өзінің құрылысы жағынан бұл қылмыс материалдық және демек заңда көрсетілген нәтижелер айқындалған сәттен аяқталан болып есептеледі, оған қатысты: азаматтар заңды және құқықтық мүделерін бұзу немесе заңмен қорғалатын мемлекет және ұйым мүделерін бұзу. Келтірілген залал негізді болып табылуын шешу кезінде, міндетті түрде кәсіпорынның, мекеменің жұмысына келтірілген залал дәрежесін, материалдық шығын мөлшері мен  түрін, жәбірленген азаматтар санын, моральдық, күш жұмсау ауырлығын немесе мүлік залалын ескерілуі тиіс.

Елеулі бұзу материалдық залал келтіру, азаматтардың  Конституциялық  құқығы мен бостандығын бұзу, мемлекет билігінің беделін түсірумен көрсетілуі мүмкін.

Егер келтірілген залал елеулі болмаса, онда кінәлі адамның ісі  тәртіпсіздік тұрғыда қаралады.

Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану туралы мәселені шешу кезінде ҚР-ң жоғары сот Пленумының жаңа түсіндірмелерін қабылдағанға дейін, алға қарай ССРО Жоғары сот Пленумының 1990 ж. 30 наурызындағы «Қызмет жағдайын немесе билікті теріс пайдалану, қызметтегі қызметтегі салалқтық туралы істер бойынша сот тәжірибесі жөніндегі» қағидасын басшылыққа алу керек. Қағидада қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану дегеніміз — ол  қызмет адамының қызмет бабына байланысты берілген мінедеттер мен құқықтарды жүзеге асырумен байланысты және оның уәкілеттілігінен асып түсетін іс-әрекеті.  

Қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың нақты түрлері лауазымды тұлғаның сан — алуан  іс-әрекеті аясында  болуы мүмкін.

Лауазымды тұлғаның өз қызмет уәкілеттілігін кереғар пайдалануы жергілікті өзін-өзі басқару органдармен, мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілеріне және келім шарттардан (еңбек шарт) шығатын лауазымды тұлғаның қызмет міндеттерінің көлемімен анықталады.

Мемлекет не қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерін немесе ұйым және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін елеулі бұзу түрінің жалпы қауіптісі пайда табудағы қателікте материалдық шығын түрінде, сонымен қатар әр қилы мүдделерге зиян келтірумен, мысалы, азаматтардың Конституциялық бостандығы мен құқықтарын бұзуда, билік беделін түсірумен, қылмысты жасыру және т.б. түрлермен айқындалуы мүмкін. Заңды және құқық бұзу орындарын анықтау үшін, келесі жағдайларды  ескеру қажет: материалдық немесе моральдық зиян, күш көрсету ауырлығы, жәбірленушілер саны, ұйымның жұмысын бұзу дәрежесі және т.б.

Қаз ССР ҚК-ң 143 бабына енгізілген қосымшада,  адамның Конституциялық құқығын бұзу және сонымен қатар, айлық жалақы ҚР заңдылығымен бекітілген жүз айлық есеп көрсеткішісінен асса елеулі зиян болып табылады.

Қызметті теріс пайдаланудың объективті жағының негізгі себебі, елеулі зиян келтіру болып табылады. Ғылыми заң әдебиетінде елеулі зиян келтіру түсінігі жалпыға түсінікті пікірлер айтылып, аз зерттелген болып табылады.  70 жылдарда осы  түйінді  талқылау мәселе болды. 

Осыған байланысты, лауазымды тұлғаның келтірген елеулі зиян іс-әрекеттер материалдарын бағалау кезінде факторлардың субъективтілігі жоғары, ал іс — жосықтың күрделілігі елеулі зиянды анықтау әдісінің болмауынан тәжірибеге көп қиындық туғызды.

Елеулі түсінігін бағалау арқылы ашу кейде мүмкін болмайды. Қоғам не мемлекет мүдделеріне, азаматтарға елеулі моральдық зиян келтіргенін анықтау бізге ұсынылып отырады, зардапты (нәтижені) талдау арқылы білуге болады. Материалдық  тұрғыға жатпайтын  елеулі зиянды анықтау кезінде лауазымды тұлғаның заңға қайшы іс-әрекетінен кейінгі мүддеге кетірілген зиян немесе заңсыз құқыққа қысым жасау, сонымен қатар, екінші тұрғыда зардап салдарынан бұзылғанына заңды көз-қараспен бағалау қажет.

Бір іс-әрекеттің өзі бірнеше зардап құрайтын бір бүтін және объективті қылмыс келтіріп елеулі зиян келтіру түсінігін береді.

Конституциямен ұсынылған азаматтар міндеттері мен құқықтарына араласу азаматтар мүдделері және құқығына елеулі зиян келтіру болып табылады.

Осы өлшемдер, біздің көз қараспен іс-әрекет зардабын бағалау кезінде елеулі материалдық зиянға жатпайтынын анықтау кезінде негізге алынуы қажет.

Шаруашылыққа, серіктестіктерге, компанияларға, жеке банктерге немесе қоғамдық ұйымдарға, мекемелерге, мемлекеттік органдарға келтірілген зиян материалдық тұрғыға жатпаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген субъектитвті және басшылардың беделін немесе бейнесін төмен түсірумен айқындалады. Нарық шарттарында шаруашылық субъектілер арасындағы серіктестік қарым – қатынас, нақты күрес және адал кәсіпкерлердің бейнесін және кәсіпорын беделін нарыққа қатысты өткізуді меңгеру.

Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану ҚР ҚК 308 бабынан айырмашылығын білу қажет, билікті немесе қылмыстық өкілеттілікті объективті жағынан асыра пайдалану, объективті жағынан өкілеттілікті және оның құқығынан   асып түсетін мемлекеттік немесе соған теңестірілген міндеттерді орындауға өкілетті тұлғамен істелген істердің объективті жағы кінәлінің ісі, тұлғаның асыра пайдалануында, оның негізгі мазмұны нақты нұсқаулықтарда, жарғылар да немесе басқа да нормативтік актілерде қарастырылған.

Кезіндегі ССРО Жоғары Сот Пленумының 1990 ж. 30 наурызындағы қағидасындағы түсіндірме бойынша, лауазымды тұлғаның уәкілеттілігінің шектен шығу іс-әрекеттері келесідей:[7]

  • аталған ведомстваның жоғары лауазымды тұлға жасауға құқығы бар әркет (мысалы, университет факультетінің деканы өзіне факультет қызметкерлерін қызметтен шығару және қабылдау міндеттерін заң бойынша жоғары оқу орынының ректоры ғана шешеді);
  • басқа құрылымның лауазымды тұлғаның құзырына кіретін әркет, (мысалы, тінту жасау құқығы, тергеу, прокуратура және сот органдарына берілген, ауыл әкімінің тінту жасауға берген өкімі билікті асыра пайдалануы тұрғысында қаралады);
  • алқалылық органның құзырына кіретін әрекет (мысалы, емдеуші дәрігердің мүгедек жөніндегі анықтама беруі, алайда заң бойынша

    осындай анықтаманы тек еңбектіқ — дәрігерлік сараптау     коммиссиясы       бере алады);

  • лауазымды тұлғаның құзырына кіретін әрекет, алайда заңда немесе басқа нормативтік актілер шартында көрсетілген болса ғана (қылмыскер тиіспес бұрын қару қолдану);
  • бірде бір орган не лауазымды тұлға жасауға құқықсыз әрекет (жәбірленушінің жеке басына тіл тигізу, қарамағындағыларға зорлық көрсету немесе басқа әрекет жасау);

Б) Қылмыстың субъективті нышаны (белгісі).

Қылмыстың субъективті жағы тікелей немесе жанама ниетті түрде, қасақана  түрінде сиппатталады. Лауазымды тұлға қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың жалпы қауіптілігін мойындайды, былайша айтқанда мемлекет не қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерін не ұйымның және азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын елеулі бұзудың зардаптарын біле тұра және соны қалап, немесе қаламасада саналы түрде осы зардаптарды жасайды не оларға салақтық танытады.[8] Қылмыстың құрамында ҚК 307 бабында қарастырылған уәждің міндетті түрде болуы. Уәж түрінде бұнда пайдакүнемдік немесе басқа жеке мүдделілік бой алады.

Пайдакүнемдік, қызықтырушылық  лауазымды тұлғаның қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану арқылы мүліктік, материалдық пайда табумен айқындалады.

Өзге жеке мүдделілік өз қызметі арқылы мүліктік тұрғыда пайда табу айқындалады, мысалға, басшыға жағу, мансапты ұғыну және т.б.

Қылмыс субъектісі мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті, немесе оларға теңестірілген тұлғалар (ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлімі), қызмет адамдары (ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлімі), сонымен қатар мемлекеттік жауапты қызметін атқаратын (ҚР ҚК 307 бабының 3 бөлімі) адамдар болып табылады.

Мемлекеттік қызметкер түсінігі «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылдың 23 шілдесіндегі ҚР заңының 1 бабында  түсініктеме берілген, осыған байланысты мемлекет міндеттерін және мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында қызмет өкілеттілікті атқаратын және мемлекет қызметіндегі ҚР-ң азаматы болып табылады. Барлық мемлекеттік қызметкерлер кейбір қызмет тұлғалар жаңа ҚК бойынша қылмысты анықтайтын субъектілер болып танылды.[9]

  1. Тұрақты, уақытша не арнайы уәкілеттілік бойынша билік өкімінің міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер.
  2. Тұрақты не арнайы уәкілеттілік бойынша мемлекеттік органдарда немесе Қарулы Күштер не ҚР әскери құрылымдарда және басқа әскери бөлімдерде әкімшілік – шаруашылық не ұйымдастырып – басқа міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлер.

 Тек екі құрам бойынша  — 309 бап (қызмет адамының                    уәкілеттілікті иеленуі) және 314 бап (қызметтік алдау) – жаңа ҚК қылмыс субъектісі ретінде лауазымды тұлға  болып табылмайтын жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкері немесе мемлекеттік қызметкерді анықтайды.

Билік өкілдерінің міндеттері барлық заңдылық, атқарушы және сот биліктері тарамдарында мемлекеттік деңгейде және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде жүзеге асырылады. Заң билігіндегі өкілдер болып: мәжіліс депуттары мен Сенат Парламентінің сенаторлары, сонымен қатар, маслихат депуттары табылады.

Атқару билігінің өкілдері болып: жергілікіті басқару органдарының басшылары, ҚР үкіметінің, сонымен қатар құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметкерлері – ІІД, ҰҚК, прокуратура, кеден, салық қызметінің қызметкерлері, шекарашылар және осыларға теңестірілген адамдар саналады. Сот билігіне барлық деңгейдегі сот судьялары жатады. Арнайы уәкілеттілік бойынша  билік өкіметінің міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалар болып, белгіленген мерзімде заңды маңызға иебилік уәкілеттілікті атқаруға тартылған қоғамдық инспекторлар, ревизорлар, бақылаушылар табылады.

Ұйымдастырып — басқару  міндеттері астарында, ұжым, жұмыс участкесін, басқа жұмысшылардың өндірістік немесе қызметтік қызметтерін басқару қарамағындағылардың еңбегін ұйымдастыру, мемлекеттік органдар, ҚР Қарулы Күштер не республикалық басқа әскери бөлімдерінің мемлекеттік тәртіпті қолдау міндеттерін бар екенін түсіну қажет.

Олар қаржымен жабдықтау бөлімдерінің немесе қызметтер бастықтары, қойма, мемлекеттік дүкендер меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелер – бөлімдер, филиалдар және т.с.с. болуы мүмкін.

Нақты әкімшілік – шаруашылық не ұйымдастыру – басқару міндеттерді атқаруға штаттық лауазымдағы емес адамға тапсыру деп тануға болады. Ол арнайы құқықтық актымен (бұйрықпен, еңбек келісімімен, еңбекшілер ұжымының шешімімен, сенімхатпен) не ауызша өкім негізінде рәсімделуі мүмкін.[10]

Өкілеттілік оған қоса нақты тапсырманы белгілі уақытқа орындау үшін  беріледі.

Мемлекеттік органдарда қосалқы-техникалық не аса кәсіби міндеттерді атқаратын мемлекеттік қызметкер қызметтік тұлға болып табылмайды.

Билік өкілі болып, мемлекеттік биліктің қандай да бір органның қарамағындағы тұрақты не уақытша оның міндеттерін жүзеге асыратын және өз құзыры шеңберінде жеке және бағыныштылық, ведомствалық керек – жарағынан тәуелсіз ұйымдастырумен және азаматтармен орындалуы үшін міндетті өкімдер беру не қызмет жасау құқығына ие тұлға болып табылады. Билік өкімінің қызметі онымен қызметі бағынышты емес адамдармен қарым-қатынаста құрылады. Осыған байланысты билік өкіміне бағыныштылар болмаса да, ауқымды адамдарға байланысты биліктік уәкілеттілікке ие. (ҚК 320 бабына қосымша)

Билік атқарушы, заң және сот болып бөлінсе ол билік өкілдері арасында келесі категориялы адамдарды атап көрсетуге болады: атқарушы  билікті қадағалайтын ҚР үкіметі жергілікті басқару органдарының  басшылары, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, заңдардың орындалуын қадағалайтын, қылмыспен күрес жүргізетін, мемлекеттік, өртке қарсы, эпидемияға қарсы және басқа қауіпсіздіктермен қамтамасыз ететін (ҰҚК, ІІД және т.с.с) билік құрылымдарының жұмысшылары; Заңдылық билігін жүзеге асыратындар мемлекеттік биліктің өкілетті органдарының депутаттары (парламент, маслихаттар билігі барлық дәрежедегі судъялармен жүзеге асырылады).

Ұйымдастыру – басқару міндеттері қызметті ұйымдастыру және учаскелерді басқару бойынша тұлғаның өзінің қызмет қарамағындағы басқа қызметкерлері бар және олардың жұмысын ұйымдастырушы. Осындай міндеттерді министрлік, ведомство, департамент, басшылар, білім беру, мәдениет мекемелерінің меңгерушілері және т.с.с.

Әкімшілік – шаруашылық міндеттері – ол құжаттарды және ақшалай заттарды беру және қабылдау, шығындарды бақылау және есепке алу, бөлу, қайта қарау, сақтау тәртібін бекіту сияқты, мемлекеттік мүлікті басқару бойынша өкілет. Мысал ретінде қаржы бөлімдерімен қызметтері, шаруашылықты жоспарлау, жабдықтау, бастықтармен олардың орынбасарлары (30 наурыздағы № 4 ССРО Жоғары Сот Пленумының «Қызметтегі жалғандылық және немқұрайлылық, қызмет өкілеттілігін не билікті асыра пайдалану, қызмет не билікті теріс пайдалану жөндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» қағиданы қараңыз).

ҚК 307 бабына қосымшада былай делінген,  лауазымды тұлғалар деп, тек қана мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарда, ҚР-ң Қарулы Күштер және басқа әскери бөлімдердің қызмет өкілеттіліктерін атқаратын тұлғалар танылады. Егер тұлға осы тәріздес өкілеттілікті қоғамдық ұйымдастыруда, партияда, коммерциялық құрылымдарда атқарса, онда ол үшін қылмыстық жауапкершілік ҚК-ң 8 тарауында қарастырылған «Коммерциялық және басқа ұйымдарда қызметке қарсы қылмыс».

С) Қылмыс дәрежесінің белгілері.

ҚК 307 бабы 2 бөлімінде қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану түрінің дәрежесі жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаның қылмыс жасауы деп  қарастырады, аталған баптың 1 бөлімінде қарастырылған. Жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғалар ретінде ҚР Конституциясымен  мемлекеттік органдар өкілдері (мысалы, парламент, мәжіліс депутаты, үкімет мүшесі, акім, судъя, прокурор және басқалар) және мемлекет міндеттерін атқару үшін ҚР Конституциялық және басқа заңдармен бекітілген, мемлекеттік қызмет туралы заңдылыққа сәйкес мемлекеттік          қызметкердің саяси қызметіне ие тұлғалар танылады.

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдесіндегі «Мемлекеттік қызмет жөнінде» заңына сәйкес мемлекеттік саяси қызметкеріне жататын қызметкер:

а) ҚР Президентімен жүзеге асырылу арқылы тағайындалатын, сонымен қатар осы қызмет адамдардың орынбасарлары;

б) Парламент палатасы не олардың төрағаларының құзырына кіретін сайлау не тағайындау, сонымен қатар осы қызмет адамдарының орынбасарлары;

в) Үкімет және Президент төрағалары иемденген;

г) Орталық атқару органдары мен ведомствалар басшылары, сонымен қатар осы қызмет адамдарының орынбасарлары; мысалы, министрлер және олардың орынбасарлары;

Сарапталатын баптың 2 бөлімінде жаңа беймәлім дәрежелік жағдай айтылған – жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаның қызмет өкілеттілігін не билікті асыра пайдалану.

307 баптың 2 қосымшасына сәйкес жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға деп, мемлекеттік органдар өкілдері және мемлекет міндетерін тікелей атқару үшін ҚР Конституциясымен, Конституциялық және басқа ҚР заңдарымен белгіленген қызметтегі тұлғалар. Жауапты мемлекеттік  қызметкер адамы ҚР Президенті, ҚР үкіметінің төрағасы, Парламент палатысының төрағалары, депуттар, министрлер, Жоғары сот төрағасы, бас прокурор, Конституциялық Советтің мүшелері мен төрағасы, судъялар және ҚР-ң өзге де жоғары қызмет адамдары.[11]

Қарастырылатын баптың 3 бөлімінде аса дәрежедегі жағдай ретінде ауыр қылмыстың болуын атайды. Осындай қылмысқа жәбірленушінің байқаусызда өлімі, көп мөлшерде материалдық шығын келтіру не өзге де зиян келтіру.

ССРО Жоғары сот  пленумы қағидасының 13 бөлімінде «қызметтік жалғандылық және немқұрайлылық, қызмет өкілеттілігін не билікті  асыра

пайдалану жөнінде істер бойынша сот тәжірибесі жөнінде» 1990 ж. 30 наурызындағы тіке айтылған, «жәбірленушіге қасақана аса ауыр дене жарақатын келтіру, қасақана өлтірумен сабақтасатын, қызмет уәкілеттілігін не билікті асыра пайдалану», қылмыс жиынтығы бойынша дәрежеленуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 -ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.

 

2.1 Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланудың криминалистикалық сипаттамасы және оның түсінігі.

 

ҚР жаңа ҚК қабылдауға байланысты, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде» заңына байланысты мемлекеттік аппараты қызмет адамдарының қызметтік қылмыстармен күрес көкейкесті мәселеге айналды. Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану – қызметтік қылмыстың кең тараған түрі, мемлекеттік аппараты қызмет адамының аса ауыр қылмыс жасау тәсілімен қылмыстық ісінің бастамасы болып табылады. Ол мемлекет аппаратының кез – келген салаларында жасалынуы мүмкін. Оның қауіптілігі сол, қызмет адамы өзінің қызмет жағдайын қылмыс жасауға пайдаланып мемлекет, қоғам мүдделеріне, азаматтараға елеулі зиян келтіріп, мемлекет аппаратының дұрыс жұмысын бұзады. Аталған қылмыстың мәні (маңызы) лауазымды тұлға мемлекеттік қызметкер мемлекеттік аппарат жүйесіндегі қызмет жағдайындағы өкілеттілікпен құқықты жауыздыққа пайдалануында. Мемлекеттік қызметтегі қылмысқа қарсы күрестің көкейкестілігі, қызметтік қылмыс құрылымында олар кең етек алғандығы. Қызметті теріс  пайдалану қазіргі кезде ұрлаумен, пара алумен, қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланумен, не оларды жасауға әрекет жасаумен не оларды жасыру түрімен сәйкес келеді.

Бұндай жағдайда аталмыш адам мемлекет аппаратының дұрыс, заңды қызметіне қол сұғады. Осыған байланысты жаңа ҚК –тің 13 тарауында  жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыс түрінің міндетті белгілері болып табылатындар: біріншіден, лауазымды тұлғаның өз қызмет жағдайын пайдалануы;

Екіншіден,  осы тұлғаның қызмет мүддесіне қайшы елеулі іс — әрекет  жасауы;

Үшіншіден, осы істер міндетті түрде ұйым не азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мемлекет не қоғам мүдделерін бұзуға әкеліп соқтырады. Лауазымды тұлғаның құзыры заңды қағидамен, ал кейде нормативтік актілермен, нұсқаулықтармен кесімделетіні бәріне аян. Осы күнге дейін бізде мысалы, «Жергілікті өзін — өзі басқару жөнінде» заң, «Жергілікті билік органдары жөнінде» заң қабылданбаған. Осыған орай анық заң актысы болуы қажет, атап айтқанда осы заң талаптарының қайсысы жергілікті әкімдермен және лауазымды тұлғалармен бұзылады. Онсыз  оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту өте қауіпті және қолайсыз. Сондықтан Парламентке, біздің депутаттарға  осы маңызды заң акілерін қабылдауды тездету қажет.

Қызметті теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін, жаңа ҚК бойынша азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарының қаншалық елеулі бұзылғанын анықтау қажет. 1959 жылғы ескі ҚК-те елеулі бұзушылықтар емес, елеулі зиян келтіру деген ұғымға анықтама берілген. Қолданыстағы ҚК-те бұл термин елеулі бұзушылықпен алмастырылған.

Қылмыстық құқық териясында және әр түрлі ғылыми зерттеулерде елеулі бұзушылыққа сан алуан анықтаулар бар, сонымен бірге бұл түсінік бағалаушы, болып табылады тергеу, сот жұмысшыларымен анықталады. Алматыдағы бір істі қарастырайық. Екі аудан бір фабула. Бір прокурор келтірілген зиян елеулі емес деген тұжырым жасайды. Көрші ауданда осындай істер елеулі қылмыс жасады деп танылып, адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Неге олай санайсыз деп, — осы қызметкерден сұрағанда оның жауабы: өйткені елеулі елеулі еместігін бағалау құқығы заңмен берілген. Ол біздің құзырымызда, судъялардың, тергеуші және прокурордың құзырында. Бұл мәселені біз шешеміз.

Жақында БАҚ-ға ҚР Жоғары тәртіптік кеңесі мемлекет мүддесіне

жарты миллион зиян келтірген жоғары лауазымды тұлғаның тәртіптік әрекетін қарағаны жөнінде айтылды. Он келтірген зиян елеулі емес  деп саналып, сөгіспен шектелді. Сондықтан бізге елеулі  зиян дегеніміз не ? Қандай жағдайларда нақты зиянды елеулі және елеулі емес деп анықтауға болатын нормативтік акті қажет. Сондықтан да аталған мәселе бойынша Жоғары Сот пленумының нормативті қағидасын қабылдау қажет.

Енді ҚК өзге құрамдары, мысалы, қызметтік жалғандылық, биліктің әрекетсіздігі, адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді, алайда жеке мүдделілікті не пайда табу себебін анықтау қажет.  Пайда табу себебі дегеніміз не? Жеке мүдделілік дегеніміз не ? Қандай заңда анықтама берілген? Бұл түсінікте құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әр қилы түсіндіріледі. Осы мәселе бойынша құқықтық қылмыс ілімі сан алуан түсінік береді. Сондықтан да кейбір жағдайларда лауазымды тұлғаның бір ісі қызмет жағдайын ұрлау жолына пайдаланады деп есептелсе, басқа жағдайларда  қызмет өкілеттілігін теріс тайдаланды деп есептеледі.

Осы белгілер бойынша жоғары сот пленумының  қағидасында  жаңа нормативтік  анықтама берілуі тиіс. Қолданыстағы  ҚК 307 бабында лауазымды тұлға түсінігіне қосымша берілген. Осы түсінік бірден – бір дұрыс түсінік. Осыған қарамастан «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі» заңда лауазымды тұлға түсінігіне басқа анықтама береді. Лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға термині енгізілген, ал заң мәтінінде кімдерді лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға екені айтылмаған. Қарастырылып отырған мәселенің осы аспектісіне байланысты біздің ҚК-ң парақорлық құралы ескі ҚК-де өзгерместен бұрынғысымен қалды, сонымен қатар қолданыстағы кейбір терминдік ерекшеліктер қалды.

Көршілес Қырғызстанның ҚК-де парақордың түрлеріне жауапкершілік қарастырылған: пара алу, пара беріп сатып алу, пара беруге мәжбірлеу, сонымен қатар қызметті сатып алу үшін пара алу. Кінә дәрежесінің жалпы қауіптілігін ескеріп сан – алуан санкциялар түрі көрсетілген.

Осы тәжірибені бізге алдағы уақытта қылмыстық заңдылықтарды жүзеге асыру үшін зерделеу қажет. Осы жағдайларды ескере отырып қолданыстаға ҚР ҚК – не толықтырулар, өзгерістер енгізу қажет.

Кез – келген мемлекетті мемлекеттік аппаратының қызметіне елеулі зиян өзінің өзінің қызмет міндеттерін орындаудағы қызмет адамының қылмыстық және жемқорлық қарым – қатынаста келтірілуі.   Құқықтық және материалдық құндылықтарды басқара отырған тұлғалар қызметті теріс пайдалана отырып үлкен материалды ғана емес моральды зиян келтіреді, мемлекеттік аппаратқа нұқсан келтіреді.

Келтірілген зиян елеулі болып табылатыны жөнінде мәселені шешу кезінде ҚР Жоғары Сот Пленумы – кәсіпорын, мекемелер және ұйымдардың дұрыс жұмысына құқыққа қарсы істердің теріс ықпалының дәрежесін, материалдық шығынның мөлшері мен түрін, зардап шеккен азаматтар саны, оларға келтірілген моральдық, мүліктік, күш жұмсау шығынының ауырлық дәрежесін ескеру қажет.

Елеулі зиян түсінігі қылмыстық заңдылықта мемлекетке, қоғамдық бірлестіктерге не азаматтарға келтірілген зиян, ҚР заңдылығымен   бекітілген жүз айлық есеп көрсеткішінің мөлшерін  асыру зияны ашылады; елеулі зиян болып адамның конституциялық құқығын бұзу табылады.

Зиян мемлекетке, қоғамдық бірлестіктерге не азаматтарға мүліктік зиян келтірумен білінеді. Мүліктік зияның нақты түрлерінің білінуі сан алуан болуы мүмкін. Оларға: бірудің мүлкін уақытша ала тұру, материалды бағалы заттарды қарызға беру және жіберуі, ақша қаражаты, материалды бағалы заттарды мақсатсыз шығындау, аталған не өзге тұлғалардың немқұрайлылығынан болған ақша қаражаты, материалды бағалы  заттардың жетіспеуі немесе өзге тұлғалармен жасалынған ұрлықты жасыру. Барлық жағдайларда мүліктік зиян белгілі бір уақытта құндылықтар саны азаяды, олардың айналымы тежеледі, оларды мақсатсыз, дұрыс пайдаланбау салдарынан мемлекет, қоғамдық бірлестіктер не азаматтар материалды пайда табу жағдайынан айырылады. Қылмыс жасау кезінде  келтіліген зиян  заңдылықпен бекітілегн 100 пайыз айлық есеп көрсеткішінен асып түссе лауазымды тұлғаның ісінде қызмет уәкілеттілігін теріс пайдаланғаны анық.

Уәкіліттілкті теріс пайдаланудың залалының арты азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтірумен айқындалуы мүмкін. Осы бойынша 307 бапта: елеулі келтірілген зиян болып Конституция заңымен қорғалатын адамның құқығы мен мүддесін бұзу болып табылады делінген. Оған 1995 ж. 30 тамызындағы ҚР Конституциясымен кепілденген саяси, еңбек, тұрмыстық және басқа да азаматтар  құқығы жатады.  Жеке азаматтарға елеулі зиян келтіру мүліктік және жекемүліктік емес түрде болуы мүмкін. Келтірілген залал мүліктік зиян тұрғысында болса, осы зиянның елеулі, елеулі еместігі қылмыстық заңдылық арқылы анықталады.  Азаматтарға келтірілген зиян моральдық тұрғыда болған жағдайда моральдық зиян есептеу жиынтығына жатпайтындықтан барлық істер жағдайлар есібімен белгіленуі тиіс. Ондай жағдайларда зиян түрін анықтау құқық қорғау органдар құзырына қатысты және қылмыс жасалған уақытта белгіленген іс бойынша нақты жағдайлардың жиынтығын шығара отырып олармен бекітілуі қажет.

 Қызметте қызмет уәкілеттілігін теріс пайдалану жөнінде бізбен қаралған 423 іспен 33,1% біреудің мүлкіне қол сұғу және пайдалану тәртібін бұзумен байланысты, 25,3% азаматтардың конституциялық құқығын бұзумен, 17,8% жетіспеушілікті жасыру және т.б.

Соттық – тергеу тәжірибесі материалдарының сараптамасы келесіні тұжырымдайды, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану жағдайы көбіне жауапкершілік қызметтегі адамдармен жасалады; олар заңсыз істермен мемлекетке не қоғамға, азаматтарға моральды зиян, ірі не өте ірі материалдық залал келтіреді. Мысалы, 2003 жылдың 17 ақпанындағы Қостанай облыстық соттың  өкімімен Т. атты мырза 1997 жылдың бірінші қаңтарынан АО «Агропромбанк» бөлімі басқарушысының орынбасары, ал 1999 жылдың 8 маусымынан осы бөлімнің басқарушысы міндетін атқарушы  бола тұрып өз қызмет жағдайын теріс пайдаланып банктың корреспонденттік есебінде кредит қоры болмай тұрса да (дебеттік сальдо) «Инвар» кәсіпорынына үш ай мерзімге 70 млн. теңге кредит беріп, ҚР ҚК 307 бабы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылып сотталды. Осы жеке кәсіпорын басшылары И. және Ш. шартта белгіленген мерзімде кредитті кері қайтармай, жасырынған. Т. атты мырзаның осы іс-әрекетінен АО «Агропромбанк» бөліміне 95 млн. теңге мөлшерінде елеулі зиян келтірілді.

Аталған қылмыс объектісі болып азаматтардың заңмен қорғалған құқықтары  мен мүдделерін не мемлекет аппаратының дұрыс қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Олар тек арнайы субъект – лауазымды тұлғамен жасалуы  мүмкін.

Қарастырылған қылмыстың мәні лауазымды тұлғаның өз қызмет жағдайын пайдаланып азаматтардың заңмен қорғалған құқықтары мен мүдделерін не мемлекеттік не қоғамдық мүддеге елеулі зиян келтіретін қызмет мүддесіне қайшы дұрыстыққа жатпайтын іс — әрекеттер жасаудан тұрады.

Қызметтік қылмыстардың криминалдық түрлері оларды жасау түрлері мен себептері; оларға себепкер болатын жағдайлар; сонымен бірге қызметтік қылмыстың басқа да қылмыстық істермен байланысы,

Тәжірибеде көрсетілгендей орындалуға міндетті қағида, нұсқаулық, ережелерді бұзатынын, біле тұра дұрыстыққа жатпайтын істерді белсенді жолмен қылмыстар жасалған уақытта сан – алуан түрлер қолданылады. Оларға жатқызуға болатындар:

  • заңсыз бұйрықтармен өкімдер шығару;
  • өзге адамдардың заңсыз қызметін өзінің басқаруымен жасыру;
  • жеке мұқтаждыққа мемлекеттік не қоғамдық заттарды уақытша;

          пайдалану және ала тұру;

  • қаражатты мақсатсыз жұмсау;
  • жүкті құжаттамассыз жіберу;
  • билік өкілінің заңсыз қару қолдануы;
  • қызметте бағыныштыларға және басқаларға зорлық көрсету;

Іс шарасыздық салдарынан болатын қызметтік қылмыс:

  • қызметтік нұсқаулықтарды орындау және қызмет міндеттерін

                              атқару, сеніп тапсырылған мүлікке салақ қарау;

  • материалдық – заттай құндылықтарды жіберу және қабылдауда;
  • селқостық таныту;
  • бақылаусыздық және т.с.с;

Қызметте қызмет адамының дұрыстыққа жатпайтын  істерінің салдарынан материалдық жағдайлар түседі; заңсыз ақылы сыйлық төлеу жөніндегі бұйрықтар, төлеуге берілген есеп шоттар, түбіртектер, жазба құжаттарда көрсетілген іздер қалады.

Анықталған іздер жіберілген заң бұзушылықтар түрі жөнінде дұрыс көз қарас құруға, уақытты белгілеу, қылмыстың жасалған жері мен түрі; іс бойынша маңызды мәліметтер беретін куәгерлерді анықтауға септігін тигізеді.

Көбіне қылмыстың жасалған себептері қызғаныш, жеке мүдделілік және пайда табу, жақсы жолға қойылған жұмыс ретінде көз бояушылық жасау, «қызметтік міндет» түсінігін дұрыс түсінбеу ж.т.б.

Қызметтік қылмыс жасауға түрткі болатын тән жағдайларға  

жататындар:

  • кадрларды реттеу және іріктеу принціптерін бұзу;
  • ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда ұйымдастыру – шаруашылық қызметіндегі кемшіліктер (қырсыздық, тәртіпті бұзу, қажетсіз есеп және заттай – материалдық құндылықтарды тасымалдау және сақтау жағдайларының қанағатсыздығы, жоғары тұрған ұйымдар не бақылау – тексеру мекемелердің жағынан қызмет адамдарының қызметіне бақылаудың жоқтығы).
  • құқық қоғау органдар қызметіндегі жетіспеушіліктер қызметтегі

қылмыстың криминалдық түрінің маңызыды элементі – басқа қылмыстармен өздеріне тән байланыс жиынтығы.

               Лауазымды тұлғаның оған жүктелген міндеттерді орындамауы басқа                  

               қылмыс үшін оңды негіз жасайды;

  • мемлекеттік және өзге мүліктерді ұрлау;
  • алып сату, иемдену;
  • сапассыз заттар шығару, мемлекет қызметкерлерінің жемқорлық істері;

Қызметтік қылмыстың ұрлаумен байланысы:

  • қабылдау – тапсыру құжаттарына келісілмей түзету жасау;
  • қолдан жасалған құжаттар;
  • пересортница;
  • материалдық құндылықтарды уақытында кіріс жасамау;
  • құжатсыз мүлік операциясы;
  • көп мөлшерде заттардың пайдағаспауы;

  —  материалды – заттай құндылықтардың қозғалысы жөнінде есептерді  

     уақытында ұсынбау және оларды тиісінше рәсімдемеу;

               — мемлекеттік не ұжым мүлкін өз пайдасына айналдыру фактілері;

   Аталған   қылмыстарды тексеру кезінде тергеу жұмысының алғашқы және кейінгі кезеңдерде әр түрлі типтік тергеу жағдайлары:

—  қадағалау органдарының жәбір көрушілерден келіп түскен, қызметтік  уәкілеттілікті теріс пайдалану істері жасалғаны жөнінде дәлелді мәліметтердің бар болуы;

—  қызметтік уәкілеттілікті теріс пайдалануды белгілеу не шамалау туралы мәліметтер басқа қылмыстық істерден  тергеу материалдарынан мәлім болған.  Алғашқы кезеңде, ең алдымен қызметтік уәкілетілікті теріс пайдалану орын алғанын анықтау үшін тергеу болжамдары алға тартылады,  оған келесі тұжырымдар тән.

             —  қызметтік  тұлға өзінің уәкілеттілігі шегінде нақты тұлғаның пайдасына орындады, бірақ толықтай дұрыс, қызмет уәкілеттілікті теріс  пайдаланғаны жөнінде арыз адал қателесу, немесе жаңылыс айтылған сөздің салдары болып табылады;

—  қызметтегі тұлға шыныда да алғашқы аталғандардан шыққан жағдайлар кезінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануы;

—   қызметті тұлға белгілі бір тұлғаның пайдасына қызметтік іс — әрекетті заңды атқарды;

—  қызметтік тұлға тарапынан адам пайдасына ешқандай іс — әрекет жасалған жоқ.

Тексерудің келесі кезеңдерінде тергеу жағдайлары әдетте оның алғашқы  кезеңнің қорытындылары есебінен жиналады, алғашқы тергеу тұжырымдамаларын тексеру жолы бойынша алға жылжу сатылары, сонымен қатар субъектіге қатысты жиналған дәлелдер түрінің олардың кінәлілігі. Осыған байланысты бұндай жағдайларда көп жағдайлар кінәлінің оған тағылған кінәға қатысты сиппатта анықталады.

Көрсетілген істер бойынша тексеру жоспары жедел – іздестіру шаралары жоспарымен айқын келісілген болуы тиіс.

Жариясыз кешенді істер мен шаралар өткізуді қажет ететін қылмыстарды тексеру келісу аркасында нәтижелі болады. Жоспарда міндетті түрде криминалистикалық – техникалық заттарды қолданылғанын ескеру қажет, табу үшін қажетті, іздерді алу және анықтау осы істер бойынша қылмыскерлермен жойылатын немесе өзгертілетін заттар.

Қылмыс болғаны жөнінде тиісті ақппараттың түскен кезінде, пара алу фактысы бойынша қылмыстық іс қызметті тұлғаның қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану фактысы туралы толықтай мәліметтердің, алғашқы мәліметтермен танысқаннан соң бірден қозғалады.

Егер алғашқы ақпарат жеткіліксіз болса, онда қылмыстық іс жүргізу үшін заңды негіз белгілеу мақсатында ғана жүзеге асатын түскен материалдарды тексеру осы істі қозғауға із ашады (лауазымды тұлғаларды негізсіз қараладан қашу).

Алғашқы кезеңдегі тексеру істері:

  • өтініш берушіден жауап алу;
  • қызмет өкілеттілікті теріс пайдаланғанын растайтын құжаттарды қарау;
  • уақиға болған жерді қарау;
  • құжаттарды, заттарды, киімдерді және өзге де материалды объектілерді қарау, қажетті жағдайларда оларды алу;
  • аталған қылмыс субъектіге тінту жасау, оның мүлкін тұтқындау (пайдалануға тиым салу);
  • күдіктілерден жауап алу;

Кейінгі тергеу істеріне жататындар:

  • куәгерлерден жауап алу;
  • айыпкерлерден жауап алу;
  • көздестіру жүргізу;
  • түстеп тану үшін көздестіру;
  • тергеу эксперименті және орын алған жерде деректі тексеру;
  • сараптама берген және тексеруді салыстыру үшін үлгілерді алу.

Осы құқық бұзған тұлғаны анықтау:

  • құқық бұзушы бірнеше рет қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланған тұлға ретінде танымал, бұл айналадағылардың теріс реакциясын туғызады;
  • қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланғаны жөнінде сенімді жедел мәліметтер бар.

 

  • РФ-да қызметтік қылмыстармен күресуінің салыстыру

сараптамасы.

 

Қазіргі қылмыстық саясат бір тұтас аса көріністі либералдық бағыт алуда. Алайда қоғамға қауіпті қастық жасаушы кейбір топқа қарсы әрекет – заңдылыққа тікелей қарама – қайшы қылмыстық жауапкершілікті күшейту айқындалады. (наркотикалық және психотропттық заттарды заңсыз алу және  өндіру, террористік тұрғыда істері, топтасқан топтың қылмыс жасауға). Осындай әр қилы қастық жасау түрі қызмет мүддесіне қарсы қылмыс болып келеді.

Қылмыстық заңдағы аталған қастық жасау үшін  жауапкершілік негізін кеңейту олардың атауларына да ықпал етті.  Егер Совет Үкіметі кезінде қылмыстық құқықта бұл істер «лауазымды қылмыс» деген атауда болса, ал осы заманғы доктринде және дұрыс қолдану тәжірибесінде оларды көбіне «қызметтік қылмыс» деп атайды. Бұл жерде тек қана қылмыстық – құқықтық терминологияны түрлендіруді көру дұрыс болмайды. Қылмыстық құқықта қылмыстар атауы жөнінде мәселе қағидалық тұрғыны алып жүреді: азаю, немесе керісінше, аталаған қылмыс тобына жататын істер шеңберінің кеңеюі немесе қысқартылуымен байланысты осы немесе өзге түрдегі қылмыстық – жазалау істерін белгілеу үшін пайдаланылатын қылмыстық – құқықтық категориялар ауқымының көбеуі.

Қызметтік және өзге де коррупциялық құқық бұзушылықтың әрі қарай дамуы жағдайында, билікке қатысты аяда «қылмыстық» жүйелі трасформацияда қызмет мүддесіне қайшы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңдылықтарды дамытудың қас нақты бағыттарын анықтайды.

Осындай сыңаржақтың бірі – қызметтік құқық бұзушылық объектілер шеңберінің кеңеюі. РСФСР 1960 ж. ҚК бойынша қылмыстық қылмыс объектісі болып мемлекеттік аппараттың дұрыс жұмысы аталады, сонымен қатар саяси жүйеге енгізілген және мемлекеттік істерді басқаруға қатысқан, қоғамдық ұйымдар аппаратының дұрыс жұмыс жасауы мойындатылды. (кәсіптік ұжымдар, және басқа квазимемлекеттік ұйымдар). Аталған қылмыстық заң жалпы қызмет мүдделерін қорғайды, оның қолданыста болған мерзімде жеке қызмет болған емес. РФ 1996 ж. ҚК  мемлекеттік және муниципиалдық қызмет мүдделерін, сонымен қатар коммерциялық және өзге де ұйымдарда қызмет мүдделерін күзетуді қамтамасыз етеді, яғни көпшілік аясындағыдай, сондай – ақ жеке қызмет аясында қызметтік қылмыс жасауды алдын ала ескертеді.е жеке қызмет ған мерзімт мүдделерін қорғайды, оныңкеттік ұйымдартының дұрыс жұмыс жасауы мойындатылды.яси жүйеге енгізілген жә 

Қылмыс жасайтын тұлғалар шеңберінің кеңеуі басқаша үрдіс 1960 ж. ҚК бойынша қылмысқа тартылатын лауазымды адамдар болып есептеледі.

1996 ж. ҚК бойынша – лауазымды адамдар, лауазымды тұлғалар болып саналмайтын мемлекеттік және жергілікті өзін – өзі басқару органдарына сайланған адамдар, коммерциялық немесе басқа ұйымдарда басқарушы қызмет атқарушы адамдар, жеке нотариус және аудиториялар, жеке күзет қызметкерлері мен қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері жатады. «Лауазымды қылмыскерлердің» шеңберін кеңейтуге лауазымды тұлғалар саналмайтын мемлекеттік қызметкердің және жергілікті өзін — өзі басқару орган қызметкерлерінің қоғамдық қауіпті әрекеттері ықпал етті. Осылай, 1996 жылғы ҚК бойынша мемлекеттік және жергілікті лауазымды қызметкерлер қызметтік жалғандық жасау (292 бап) және лауазымды адамның өкілеттілігін заңсыз иемдену (288 бап) баптары бойынша жауапқа тартылады.

«Лауазымдық қылмыстарда» негізделген қылмыстық жауапкершілікті кеңейту үрдісі қазіргі кездегі құқықтық заңнамада кездесіп отырады. Тәжірибеде көрсеткендей  лауазымды тұлға ұғымының ауқымы көлемді болып келеді.

Атап айтқанда, лауазымдық әрекеттердің бір түрі саналатын – ұйымдастыру – басқару әрекеті.

Ұйымдастыру – басқару әрекеті – 2000 ж. 10 ақпанындағы РФ Жоғары сотының № 6 қарарының 3 тармағында көрсетілген. «Пара алу және коммерциялық заңсыз сатып алу» — деп аталатын заңнама ұжымды басқару, маман кадрларды таңдау және тағайындау, қарамағындағы қызметкерлердің еңбегін немесе қызметін ұйымдастыру, тәртіпті қадағалау, мадақтау және  шара қолдану – құқығын заңдастырады. Бүгінгі таңда бұндай  әрекеттерге құқықтық жауапкершілікті жүктейтін заңдастырылған әрекеттерді жүзеге асыру да кіреді. Көріп отырғанымыздай, лауазымды тұлға болып – мемлекеттік және жергілікті басқару органы сарапшылары,  мемлекеттік аудиторлар мен нотариустар, жергілікті және мемлекеттік оқу органдарының оқытушылары жатады.

Қызмет саласындаға қылмыс туралы заңнаманың үшінші саласы – жалғасып отырған жекелеген қызметтік түрлі қауіпті әрекеттер.

1996 ж. ҚК бойынша бұқаралық және жеке секторлар аймағында пара алу немесе коррупцияның басқа түрлеріне қылмыстық жаза қолдану енгізілді. Бұл – кәсіптік қызметке заңсыз қатысу (289 б), коммерциялық заңсыз сатып алу (204 б), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын – сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (189 б), коммерциялық, салықтық, банктік құпияларды заңсыз сатып алу мен жинау (183б).

Қылмыстық әрекеттердің билік топтарына енуі – аталған топта қылмыс түрінің күрделеніп, көбеюіне әкеп соғады. Әдеби нұсқаларда көрсетілгендей, бұл арада жекелеген қылмыстық әрекеттердің қауіпті түрлерінің іске асуы жалпы  құқықтық заңнама бола тұра әдейі заң құрастыру әрекеті болып табылады. В.Н. Кудрявцев: «Біздің құқықтық заңнамадағы арнайы қағидалар лауазымдық қылмыстардан келіп шыққаны тарихи», — деп жазған еді. Заңгер – ғалым заңгердің айтуынша лауазымдық қылмыстардың жалпы қағидалардан ерекшелінетін  арнайы түрлері: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (185 б), билікті не қызметтік өкілетті асыра пайдалану (286 б), лауазымды адамның өз қызметіне ұқыпсыз қарауы (293 б), осы тектес экологиялық қылмыстар (246-253, 254 – 255, 257,259 баптар), еңбек ережесін бұзу (143 бап) қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар (215-217,219 баптар) т.б. Дей тұрғанмен, В.Н.Кудрявцев, лауазымдық қылмыстың арнайы тармақтары шиелінісіп жатады. Жаңа бекітілген арнайы  заң қағидалары жалпы құқықтың заңнама шеңберінен асып жатады немесе жалпы заңмен аралық заң ретінде жанаса жүреді. Н.Ф. Кузнецова атап өткендей: РФ ҚК-нің «Мемлекеттік билікке қарсы қылмыс, мемлекеттік және жергілікті өзін — өзі басқару орган қызметіне қарсы қылмыс» деп аталатын 30 бөлімі бәсекеге сай. Осы заңның қағидаларының салдарындай болып шығады. Ал, Л.В. Иногамова – Хегайдың пайымдауынша, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану туралы жалпы қағидалар (285 бап) РФ-ң Федеральдық Мәжілісін немесе РФ-ң есеп палатысына ақпарат беруден бас тарту қағидаларына (287 бап), пара алу (290 бап), көріну әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (305 бап).

Сонымен қатар бұл мәселе бойынша өзге пікірлер де айтылады: РФ ҚК – ның 30 бөліміндегі қағидалар бір – бірімен жалпылай да, арнайы да байланыспайды, атап айтқанда, жекелеген (290 бап «пара алу», 290 бап «Қызметтік жалғандық жасау») нақты («Қызмет бабын заңсыз пайдалану» 285 бап) нұсқауымен қабыспайды. Жалпы және арнайы қағидалар қиысында астасып жатады деп – нормативтік қатал түрде қарар болсақ, ҚК 30 бөлімінде көрсетілген, және ҚК ерекше бөлімінде әр тармағына орналастырылған қызметтік қылмыстардың біріктірілуі, әдеттегідей бір – бірімен қайшыласпайды және оларға РФ  ҚК-ң 17 бабының 3 бөлімі жүрмейді.

Лауазымдық қылмыстардың алуан түрлілігіне көз жеткізе отырып, заңның жалпы қағидаларына қайшы келеті тек қана нақты қылмыстық әрекет екенін ескере отырып, В.Н. Кудрявцев атап өткекдей: жалпы және арнайы қағидалардың бәсекелестігі түгелдей (әрдайым) немесе жеткіліксіз (сирек) болатынын немесе жалпы қағидадан бөлініп шығатын арнайы қағиданың жекелген тұстары жалпы қағида шеңберінен шығып, көбіне қылмыстың кең етек алған тұстарында қолданылады.

Лауазымдық қылмыстарды әшкерелейтін қылмыстық заңдарда бұндай қауіпті қылмыстық әрекеттің жаңа түрі мен әдісін бейнелегенде осы  әрекеттерді қылмыстық жеңіл түрі ретінде есептеу үрдісі байқалады. Жоғарыда айтылған 1996 жылғы ҚК – де мемлекеттік қызметіндегі тұлғаның кәсіпкерлікке заңсыз қатысуын (289 бап) балама қараларда екі жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты барынша қатал жазғаны анықтады. «РФ ҚК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деп аталатын 2003 жылы 8 желтоқсанда шыққан Федеральдық заңнама лауазымдық қылмыстың 2 жаңа түрін заңға енгізді: бюджет қаржысын басқа мақсаттарға жұмсау (285, 1 бап) және бюджеттен тыс мемлекеттік қорларды басқа мақсаттарда заңсыз қолдану (285,2 бап). Осындай заңсыз қол сұғу әрекеттері (285.1 бап 1 бөлімі және 285. 2 баптың 1 бөлімі) заңнамада қылмыстың жеңіл түріне жатқызылған. Сараптай келе бұл әрекеттердің бәрі (бүгінгі күні «қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану» деп аталатын) лауазымдық қылмыстардың арнайы түрінің бірі деп саналады, бұл 1996 жылғы ҚК бойынша ауырлығы орташа қылмыстар қатарына енгізілді (285 бап 1 бөлім). Заңнамада қылмыстың қауіптілігін төмендету лауазымдық қылмыстың заңсыз түрлерін «ерекшелеу» деп қарағандай болып көрінеді. Солай бола тұра, 285.1 және 285.2 ҚК баптарындағы қылмыстың басты белгісі болып – бюджет қаржысын көп мөлшерде – бір миллион бес жүз мың рубльден асатын қаржыны басқа мақсаттарға заңсыз жұмсау әрекеті болып табылады. Мұндай шара ҚК- ң 285 және 286 баптарындағы лауазымдық қылмыстарға байланысты лауазымдық қылмыстарда қаралатын қағидаларға (кедергі болуы мүмкін) көлеңке түсіруі мүмкін. Іс жүзінде, «көп мөлшерге» қатысты  заңдылық – құқықтық шаралар (285.1 және 285.2) және «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзып» (285 және 286 баптар) соңғысының мазмұндық құндылығының алғашқы айтылған шаралардың бағалық құндылығынан төмен болмауын айқындауға мүмкіндік береді. Заңнамаға   жүйелі тоқтала отырып, (ауырлығы орташа қылмысқа жататын «салғырттық» 293 бап) заң алдындағы жауапкершілігі егер  келтірген залал мөлшері жүз мың рубь көлемінде болса, онда бұл қылмыс абайсызда жасалған деп есептеледі, ал зардап мөлшері бір жарым миллионнан асса әдейі ұйымдастырылған (285.1 және 285.2 баптар) деп есептелінуін түсіндіру қиын.

Тағы  бір үрдіс – ҚК-ң ерекше бөлімінің басқа да тармақтарында көрсетілген лауазымдық қылмыстың сан жағынан көбею үрдісі. Солай бола тұра, «Қызмет бабын пайдалану»  ҚК – ң 20 дан астам баптарында көрсетілген мынадай қылмыстардың (мысалы, 159 б, 3 бөлім, 160 бап 3 бөлім, 228 бап 3 бөлім «б» тармағы) құрама немесе кәсіптік белгісі болып табылады. Сонымен қатар бұл үрдіс заң қадағалаушының қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаушы тұлғаның экономикалық, жалпы қылмыстық және басқа заңсыз әрекеттеріне заң алдындағы жауапкершілігін күшейтуін дәлелдейді. Осындай қылмыстық тұлғаларға лауазымды адамдар, мемлекеттік қызметшілер, комерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару ісін атқарушы адамдар болуы мүмкін. Дегенмен, тәжірибеде көретіндей, қызмет бабындағы заңсыздық жауапкешлігі орынына жалпы қылмыстық әрекет үшін айыпталу оқиғалары да кездеседі.

Ресей заңнамасында бүгінгі күнде лауазым иесі мен оның құқықтық мәртебесі туралы ұғымдар әлі нақты айқындалған жоқ. Біздің ойымызша, бұл жағдай қатардағы қызметкерді лауазымдық қылмыс жасаушы тұлғалар ретінде қарауға негіз бола алмайды.

Халықаралық және ұлттық заңнамалардың тығыз сабақтастығын ескере отырып, жоғарыда аталған үрдістердің  ықпалдық әсерін божауға болады. 1999 жылғы 27 қаңтардағы «Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы» Еуропа кеңесі Конвенциясы, 2000 жылғы 31 қазандағы БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясында ұлттық   

             заңнама негізінде жемқорлық әрекеттерге қарсы қозғалысты күшейтуге шақырады. РФ ҚК — не  сай пара алуы және пара беруі (290 және 291 баптар) әрекеті,   кез – келген   мүлік   түрінде   заңсыз   пайда табу болып табылады.

РФ ҚК – де мүліксіз пайда табу емес түріне жататын (жақсы мінездеме беру, жылы лебіз білдіру, қосалқы автор санау, жоғары ақылы қызметке тағайындау, құжаттар дайындау, мүліксіз қызмет түрін көрсету)  әректтерді  пара алу деп қарамайды. Конвенция ұйғарымы бойынша мемлекеттік лауазым иесіне және кірген басқа жеке және кәсіби тұлғаға жасалатын заңсыз кез – келген артықшылықтар қылмыстық сатып алу болып санады. Сонымен бірге аталмыш Конвенция  пара алушы мен пара берушіге айналасындағыларға ықпал ететін құқықтық әректтер ауқымын кеңейтуді ұсынады; тікелей немесе меңзеп уәде беруі, заңсыз жеңілдіктер ұсыну немесе тағайындау, талаптарын қабылдау немесе тілектерін орындауға уәде ету. РФ ҚК-не сай тұлға пара алу немесе пара беру, коммерциялық заңсыз сатып алу ойымен айтқан сөздерін іске асыру үшін әрекеттенбеген болса, онда тұлғаның бұл қылығы заңсыз деп қабылданбайды.

Ресей қылмыстық заңнамасына сай теріс пиғылдың әшкереленуі жазаланбайды.

Аталған Конвенция бойынша айыпты болып саналатын әрекеттер: шетелдік мемлекеттік лауазымдық қызметкерлер мен халықаралық ұйымдардың лауазым иелерін, халықаралық сот пен сот төрағалары заңсыз сатып алу болып табылады. Нәтижесінде қылмыстық айыпты танылмайтын: «өз ықпалын теріс пайдалану», яғни лауазым иесіне немесе кез — келген  жеке тұлғаға заңсыз пайда ұсыну, уәде ету, беру (лауазым иесі немесе жеке тұлғадан талап етуі) лауазым иесі өз ықпалын теріс пайдалана отырып, мемлекеттік ұйымнан немесе басқа ұйымдардан заңсыз жеңілдіктерді иемденуі, «қызмет бабын теріс пайдалану» лауазымдық қылмыс жасап яғни қасақан заңсыз әректтерді белсенді түрде немесе баяу жүргізе  отырып басқа біреуге немесе өзіне пайда табу, «заңсыз баюы» — лауазым иесінің өз заңды кірісінен асып түсетін мүліктік пайдамен баюы және осы кірісті дәлелдеп, түсіндіре алмауы.

Қылмыстық  заңның  дамып  отырған   лауазымдық  қылмыстың  жаңа саласы бағалау сатысының қолдану аясын тежеу. 2003 ж. 8 желтоқсанында Федеральдық заңымен ҚК-ң 293 бабына өз қызметне салақ қарауға байланысты өзгерістер енгізілді. Бірақ заңнама аталған қылмыстың салдарынан нақты анықтап беруден бас тартып  «Азаматтардың  немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу» деумен тоқталады. Атап өту керек «Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін елеулі түрде бұзу»  — заңмен қорғалатын өзге байлықтардың топтамасын елеусіз қалдырып отыр.    Өз мазмұнымен бұл қылмыстың әкелер зардаптарын түгел саралай келе осы қылмыстың салдарына сай нақты әрі қатал жаза қолдануға себебін тигізе алмайды. Салғырттықтың нақты көрінісі ретінде (ҚК 293 б 1 б) бүгінде жүз мың рубльден асатын зиян келтіру болып табылатын «қомақты мөлшер» — деп аталатын ұғым бар. Егер салғырттық салдарынан абайсызда кісі өлімі болып немесе адам денесіне нұқсан келсе, аталған қылмыс ҚК-ң 293 б. 2 бөлімімен жазаланады.

Абайсыздық салдарынан екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соқтырса, бұл әрекет ҚК 293 бабтың 3 бөлімімен қамтылады.

«Жалпы» лауазымдық қылмыстардың мазмұндарын нақтылап саралау – жағымда үрдіс. Дегенмен бұл бапты қылмыстық іс жүзінде қолдануды «осал тұстардың»  баршылығы анықталды. Ең алдымен, қызметтегі салғырттыққа байланысты заңнама бұл қылмысты негізгі және кәсіби деп бөліп қарамайды. ҚК-ң 293 баптың 1,2 бөлімдеріндегі қылмыстардың анықталуы қылмысты әрекеттердің кәсіби белгісіне  қарай емес, зардаптық сипатына сай жіктеледі. Осыған байланысты  бұл қылмыстар қызметтегі салғырттықтың  дара түрі болып саналып, әр қайсысы заң көлеміндегі «негізгі құрылым» болып шығады. Осы аталған заң тармақтарының басқалай қолданылмауы үшін (кейде мұндай жағдайлар заңда кездеседі) ҚК-ң 293 б 1 бөлімінде «егер бұл» дегеннен кейін «әрекет» деген сөзді қосып «салғырттық,  яғни  лауазымды  адамның  қызметіне  адал  қарамауы  немесе  ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындамауы, егер бұл әрекет шығынға ұшыратса» деп толықтыру қажет. Қызметтегі салғырттықтың заңда қаралатын тағы бір нұсқасы:

  1. «Қызметке адал қарамау немесе ұқыпсыз қарау саладарынан өз     міндеттерін орындамау немесе лайықты орындамау салдары – зор   шығынға әкеліп соқса,..  жазаланады».
  2. Қызметке адал қарамау немесе ұқыпсыз қарау саладрынан өз міндеттерін орындамау немесе лайықты орындамау салдары абайсызда ауыр дене жарақаты немесе кісі өліміне әкеліп соқса,.. жазаланады. Енді, осы үрдістің көлеңкелі тұстарына ҚК лауазымдық қылмыстар жайлы жүйесіз құрылған үкімдеріне тоқталамыз. ҚК ерекше бөлімінің 30 тармағындағы бапта белгіленген айыппұл мөлшері заңдарғы жүйелі талаптарды ескрусіз қойылады. Ауырлығы орташа лауазымдық қылмысқа заң беруші айыппұл мөлшерін бір жағдайда 80.000 рубльге дейін көрсетсе (292 бап), келесі жағдайда  — 120.000 рубльге дейін, ІІІ-де – 100.000 рубльден 300.000 рубльге дейін деп (285.1, 285.2 б.б.) көрсетеді. Сондай – ақ ауырлығы орташа лауазымдық қызметтер кейбір  кездерде 80.000 рубльге дейін (285 б.1 бөлім және 286 б. 1 бөлімі), келесіде – 200.000 рубльге дейін (287 б. 1 бөлімі, 291 б. 1 б.) – ІІІ-де 100.000 рубльден  000 рубльге дейін, төртіншісінде – 100.000 рубльден 500.000 рубльге дейін (290 б. 1 б.) болып көрсетіледі. Сонымен қатар, кейбір лауазымды қылмыстарға заң төмендегідей айыппұлдар мөлшерімен жазалайды:100.000 рубльден 300.000 рубльге дейін (285 б. 2б. Және 286 б.2 б) 100.000 рубльден 500.000 рубльге дейін (291 б.2 б.). Көріп отырғандай, келтірілген айыппұл мөлшерлері жасалған қылмыстың сипатынан алшақ және қисынсыз негізде жасалған, ҚК-ң 286 б. 3 б. Және 290 б. 4 бөлімдерінің сараптамалық нәтижесі көрсеткендей пайдакүнемдік және лауазымды қылмыстар (7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан  айыру)  ауыр зардап әкелген күштеп лазалған лауазымды қылмыстарға  қарағанда  мейілінше  қатаң  жазаланады  (3 жылдан 10 жылға   дейін бас бостандығынан айыру). Мұндай шара заңмен қорғалатын құндылықтар жиынтығының әдістемелік ұстанымына сай келеді деп айту қиын. Жоғарыда айтылғандарда іріктей келе лауазымдық қылмыстар үшін айыптау заңының жетілуі қылмыс жоғарылап, мемлекеттік лауазымдық қылмысқа, лауазымдық бақылаудан тыс қалып отырған әлсіз кедергі болып тұр.

Қазіргі кедергі сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын теріс пайдалану қылмыстарының аса қауіптілігі олардың сандық – сапалық сипатында. Бір жағынан бұндай қылмыстық әрекетің қоғамда етек алуы өршіп барады. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын теріс пайдалану заңсыздықтары бүгінгі өмірдің бұлжымас бөлігіндей еніп отыр.

Ресей қылмыстық статистика бөлімі сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстың өсіп отырғанын тіркеді: пара алу соңғы бес жылда 12% өссе, коммерциялық заңсыз сатып алу – 26,9% өсті. Егер 1996 жылы Ресей жерінде 3323 пара алу ісі тіркелсе, 2000 жылы – 7047, 2003 жылы 7346. Самара облысында 2000 жылы пара алудың 145 фактісі тіркелсе (10 – 290 бап, 45 – 291 бап), 2003 жылы -164 оқиға тіркелген. Бір қарағанда, қызметті теріс пайдалану қылмыс, соның ішінде сыбайлас  жемқорықлық жүйесі сипат алды. Сыбайлас жемқорлықтың белгісі биліктегі жекелеген тұлғалардың қылмыс топтардан өз кірістерін алып отыруы, лауазым иелерінің қылмыстық құрылыммен ұйымдасқан қылмыспен бірігуі, мемлекеттік және жергілікті өзін — өзі басқару органының сыбайлас жемқорлықьың жоғары және төмен сатысының заңсыз әрекеттерімен байланысуы болып табылады. Шындығында мұндай бағыт кеңестік дәуірдің қылмыстық заңы кезінде де байқалған еді. Сол кезеңнің заң қорғау және қылмыстық істер тәжірибесінде қызмет бабын теріс пайдалануы деп айыпталушылардың аясы кең болатын. Бұндай сот істерінде айыпталушылар  қатарында: күзетші, қоймашы, қаруылшы, байланыс желесінің операторлары,  кассирлер,  жолсеріктен,  пойыз  жүргізушілері,  экспедитр – жүргізушілер, медбикелер, дәрігерлер, оқытушылар, техниктер, инженерлер, рефенттер, кеңесшілер, нұсқаушылар, хатшылар және басқа сатыдағы техникалық жұмысшылар, мүлікке жауапты адамдардың және тек қана кәсіби іспен шұғылданушылардың көмекшілері де болған.[12] Лауазымдық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған лауазымды міндет атқарушы   бойынша айыптауларды  И.Л. Бучило мен П.Г. Щекочихин: «Біздің ойымызша лауазым иесі болып табылмайтын міндетті әрекетін орындаушылар, көмекші құрамдағылар, мүлікке жауапты жұмысшыларды лауазымдық қылмысқа  тартылу себебі РСФСР ҚКң 170 бабына енгізілген қосымша заңның ұйымдастыру – басқару және әкімшілік – шаруашылық істерді құықтың теориялық және іс – тәжірибесінде кең ауқымды қарастырудан,», — деп жазды. Айқындап айтсақ бұл қылмыстық заңнаманың кемшілігінен, лауазым иесі болып табылмайтын тұлғалардың лауазымдық қызметтегілердей қылмыс жасайтындықтары үшін жазалау жоқтығынан.

«Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, қызметтік жалғандық жаусауға,  қарсы қызметтегі заң жүзінде жаза қолдану». ССРО Жоғары сот Бюллетені 1990 ж. №4 20 бет. Здравохмыслов Б.В. Лауазымдық қылмыстар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ.

                                                  

3.1. Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану қылмыстарын ашу және анықтау.

 

Кез – келген әдісті қолдану өзінің бағалық тиімді әдісіне негізделеді. Бұл әдіс тергеушінің тіршілік — әрекетін немесе ол туралы мазмұнды ақпарат тұстарын емес, ол тиімділік тергеуді екі басты тәсілден бастауға әрекет және қисынға сүйенеді.

Әдістің базалық құрамдық әрекеті: мақсат – нәтиже, зат – негіз, құралдар, тұлғалар, орындаушылар болып табылады.

  1. Қылмыстық істерді ашуға қажетті дәлелдеудің жүйесін қалыптастыруға негізделген кез – келген нақты тергеу әдісі сияқты бағалық әдістің әрекетті мақсаты. Бұл мақсат әдістің мазмұны мен құрылымдық әрекетін сиппаттайды. Орындаушы – тұлғалардың әдістің басты мақсатын анық сезіне білуі өзара бірлесе қимылдаудың лайықты шешімін және жоғары тиімділігін табуды анықтайды.

Базалық әдістің қисындық құрылымы тергеудің сатылық жүйесінен құралады: тексеру, себеп, жоспарлау, себебін тексеру жоспарын іске асыру. Әр жүйелік сатыға сәйкес оны шешуге арналған тапсырмалардың тізбегі толтырылады.   Берілген құрылым  шарт – мүмкіндіктерді талдауға негізделген мына сипатты: «егер, онда, мүмкін..» дегендей лайықты қисынға құрылады.

Нақты әдісті қалыптастыруда орындаушы – тұлғаларға екі әрекетті жүзеге асыруды міндеттеу қажет: а) ойлау қабілеті – ең бастысы алынған ақпаратты қылмыстық сараптай білу; б) әрекеттік, себепті анықтауда жүзеге асыратын нақты іс – қимылын таба білу.

Нақты әдістердің қатарына тергеушінің басқа да қылмыстық  іс – жүргізушілермен бірге қимылдауы  және алдын – ала тергеу кезіндегі кедергілерді жою тәсілдері мен құралдарын анықтау әдісі кіреді.

Тергеудің әдісін, негізін қалыптастыруды таңдағанда бұл әдістерді үлкейту және жүйелендіру, әр көлемді және әр деңгейдегі (толық және қысқарған, жалпы және жеке т.б.) әдістерді өзара байланыстыру үрдісін ескеру қажает. Лайықты дәрежедегі ұсыныстардың топтамасы ретіндегі кез – келген жалпы әдісті қалыптастырып,  зерттеп, қолдануды екі аспектіде қараған  жөн: а) дара ұсыныстар жиынтығы (қылмыстың «соңғы нәтижесі»); б) бұған жататын жүйелі толық құрымдылық және қысқартылған жекелей әдістер (соңғы нәтижені өңдеуші және қолданушы құрал).

Аталған теориялық — әдістемелік тұжырымдаманың тәжірибелік негізі – тергеудің нақты әдісін қалыптастыру болып табылады, соның ішінде мына мәселелерді міндетті түрде бөліп көрсету керек:

  • қызмет бабын теріс пайдалану қылмысын тергеу әдісі – осы заңсыз әрекетті сипаттайтын ережелерді қолдануға негізделген базалық әдістермен қалыптасады. Демек, қызмет бабын теріс пайдалану зыңсыздығы қандай сапалы деңгейдегі әдістермен зерттелсе, бұл қылмысты сондай деңгейдегі тергеу әдісі қолданылады.
  • ллауазымдық қылмысты тергеудің жалпы топтама әдісі негізіне екі

    көрсеткіш жатады:

  • қылмыстық – құқықтық. Негізгі қылмыстарды біріктіретін

                 (қызметтік) және серіктес (экономикалық, кедендік, басқа, яғни  

                  әртектес қылмыстық әрекеттер) 

  • қылмыс. Қызмет бабын теріс пайдалану заңсыздығын зерттейтін күрделі де көпдеңгейлі әдістер жүйесіне әдістемелік ұсыныстар топтамасынан өзге, кеден органындағы лауазымдық қылмыстарды тергейтін жеке әдістер де енеді. Бұл да, кез – келген нақты әдістердей базалық әдістің әрекеттік және қисындық құрылымдарынан оның бөлімдерінің  мазмұндық өзара байланыс сараптамаға сүйенеді.
  • лауазымдық қылмыстардың аталған түрі әрі кедендік органдарға байлансты бөліктері тергеу әдістерінің негізі бола алады. (іздері  және олардың кейінгі сараптамасы арқылы).  Типтік себептердің басты жүйесі дәлелдеуді қажет ететін заңды жағдайға ауысады. Типтік  себептерді тексеруге  арналған тұрақты бағдарламалар – аталған  әдістің мәні  басты сипатына айналады.

Сонымен бірге кедендік  органдардан қызметтік заңсыздықтарда тергейтін әдістердің мазмұнына басқа әдістермен қатар, мұндай істерде жиі кезедсетін кедергі болған актілер де тіркеледі, соның ішінде адвокаттар тарапынан – қорғаушы жақтардың анықтамалары тіркеледі.

Тергеудің нәтижесін болжамдай келе, алдағы кедергілерді болдырмауды жүзеге асыратын әрекеттерді жоспарлауға ұсыныстар енгізіледі.

Базалық әдіс – бұл «таза құрылым». Ол,   әрекет тұрғысынан алғанда, өз ықпалымен құрылатын ғылыми нәтиженің айқын анықтамасын бере алады.

Қылмысты  тергеудің базалық әдіс моделін қабылдаудың әдістемелік талаптары ретінде, оған тәуелді ұғымдардың жүйелі қалыптағы теориялық инварианттық қағидасы келіп шығады. Атап айтқанда: 1) Базалық әдістің – мақсат нәтижесі; 2) Зат – негіз; 3) Әдіс тәсілдері; 4) Тұлғалар – орындаушылар.

Солай бола тұра мұны тексерудің қарама – қайшы екі бағыты деп қаруаға болмайды: не құрылым бөліктерін талдап,  сараптаумен олардың арасындағы байланысы арқылы ұғыну, не солардың байланысы арқылы бөліктер туралы түсінік алу. Екі бағыт та бірдей деңгейде сараптаушыға нақты ұсыныстар  қабылдауға мүмкіндіктер береді. Зерттеулердің тәжірибелік нәтижесі жалпы алғанда бұл жағдайларды растайды.

Кез – келген  зерттеулерді қолға алғанда орталық ұғымның көкейкестілігі басым болады. Біздің жағдайымызда қылмыстық тергеудің базалық әдісінің мақсаты басты шешім болып таңдалады. Заңнама реформасы басталысымен дәлелдеудің мақсаты туралы қылмыстық сот істерінде қызу пікірталас туды. әлі күнге ақиқат басымдылығының екпінді ықпалы өте зор.

Мақсатты әрекеттенуші жүйенің базалық әдісінің нысаны – қылмыстық – іс, осы жүйе арқылы дәлелденетін оның қылмыстық ізінің сипаты болып табылады. Осыған байланысты қылмыстың  заңсыз сипатының тұжырымдамасы туралы қызу пікірталас, тиісті әдістемені қалыптастыру мен қолданудың көп бөлігінің осалдығы нәтижесінде екенін атап   өткен   маңызды.    Ең   кемінде   басты   екі   талап  орындалмайды:

  1. Заңсыз сипаттағы кейбір істердің анықталған бөліктері мен белгілері нақты емес, ал нағыз керекті анықтамалар, дәлелдер болмай шығады;
  2. Тергеп, іздестіруде ең маңызды саналатын осы бөліктер арасындғы   сыбайлас байланыс пен тәуелділік белгілерінің сипаты жете зерттелмейді.

 Нәтижесінде ең бастысы – себептерді алға тартатын ақпараттың негізі, дәлірек айтқанда, типтік себептердің бәйтерегі жетіспейді.

Тергеудің базалық  әдістемесін орындаушы – тұлға ретінде: іздеуші, қадағалаушы, қадағалау органының қызметкері, тергеуші, іздестіру бөлімінің бастығы, сарапшы маман кереді.

Нақты әдістемені талдау кезінде   бұл әдістемені әр түрлі тұлға қолдануы мүмкін екеніні ескеру қажет. Сонымен қатар бұл нұсқаулардың аталған саладағы істердің, оның қағидаларына негізделген өзрара байланысы түрі мен тәсілін жан – жақты қамтуы қажет.

Барлық әдістің құралы ретінде  үш топ саналады: 1) ақпараттық құралдар (теориялық және эмпирикалық түрін қосқанда); 2) процедуралық (тәсілдік — ұйымдастырушылық); 3) техникалық.

Бірінші сызбада төрт кезеңнен тұратын тергеу ісінің базалық әдісіндегі қисындық құрылымды ұсынамыз; әрбір кезеңге сәйкес мақсаттар; мақсаттарда орындауға арналған шаралар.

1 Сызба. Барлық әдістің қисындық құрылымы:

Кезеңдер

Негізгі мақсаттар мен шешімдердің топтамасы.

І. Тексеру 

Дайындалып жатырған, жасалаған немесе бұрын жасалған қылмыстардың белгілерін анықтауға берілетін нұсқаулар: тергеудегі  істің ізін анықтауға келіп түскен ақпараттарды сараптау мен тексеру.

ІІ. Себептік

Себептерді қалыптастыруға нұсқаулар беру (көзделген тұлғалар туралы, жүргізілетін әрекеттердің тәсілі туралы).

ІІІ. Жоспарлау

Анықтау мен дәлелдеуге қажетті сұрақтарды әзірлеу, іс — әрекетті орындаушыларды іріктеу, әрекеттерді жүзеге асыру реттілігі мен мерзімі жөнінде нұсқаулар беру.

IV. Себепті тексеруге арналған жоспарды орындау.

Тексеру жоспарын орындауға нұсқаулар беру; тактикалық, техникалық және басқа  да құралдарды таңдау туралы.

     

 

Ұсынып отырылған базалық әдістің қиындық құрылымы орындаушы – тұлғаның «сыртқы» әрекет түрлеріне қарамастан «егер..» , онда, мүмкін .. – деген тәрізді шартты – мүмкіндіктер талқысына негізделген озат қисынға ие болады. Демек, орындаушы тұлғаларға ұсынылатын, олар іске асыратын әрекеттер, айқын екі түрге бөлінуі қажет: 1) ойлау әрекеті, 2) іс — әрекет, ойлау әрекетінің ең маңыздысы ретінде орындаушы тұлғаның ақпаратты санасында өңдеуі  және жүйелеп, іс – таңбаның сипатына қарай себебін алдын – ала айқындай білуі жатады.

Іс — әрекеттің, себептерді тексеруге байланысты нақты шаралары: ақпарат берушілерді табу және тіркеу, сол ақпараттарды дәлелді айғақтарға айналдыруы маңызды.

Базалық әдістеменің құрылымын ескере отырып, орындаушы – тұлғалардың мынадай қисынды әрекеттер ұсынулары мүмкін:

  • Егер бастапқы алынған мәліметтер (алғашқы ақпарат) шын болса (І кезең), онда,
  • Мүмкін, мұны жасаған мынадай қылмыстық тұлғалар, және олар, бәрінен бұрын мынадай тәсілдерді қолданып, әрекет етті, одан мынадай іздер (ІІ кезең) қалуы керек.
  • Егер солай болса, онда осындай жағдайларды анықтап, дәлелдеу қажет, ол үшін тиісті жоспар құрып және оны орындауға мынадай шараларды таңдаймын (ІІІ кезең), сонда,
  • Егер шаралар жоспарланса, онда олардың әрқайсысына мынадай іс – қимылдар, техникалық, ұйымдастырушы құралдар мен әдіс – тәсілдерді дайындап, орындау қажет, сосын бұл істердің нәтижесін сараптап (IV кезең) және, қажет болса алдыңғы кезеңдерге оралу керек.

  Мұның үстіне, ойлау қабілеті де, іс — әрекетте тергеу әдісінің әр кезеңін де қылмыстық істер туралы жобалық білімдерді қолданумен байланысуы керек.

Кез – келген қылмыстық модульдің жекелей алынған бөлігі (ізі мен одан туындайтын сараптау арқылы) себепті тағайындайтын негіз ретінде болуы мүмкін және болуы керек те. Егер қылмыстың  аталаған бөліктері өзара   заңды байланыста болса, онда олардың жаслу сипаты мен іздерінің де байланысы болады.  Әрі қарай, қылмыстық модель, зерттеу нәтижесі ретінде тергеудің иерархиялық жүйесінде – анықтап, дәлелдеуді қажет ететін жағдайға айналады. Қылмыстық әрекеттің базалық моделі мен тергеудің базалық әдісінің – себептер бойынша — байланысы айқын көрінеді.

Базалық және нақты әдістердің мәні мен құрылымына, алдын – ала  тергеу ісіне қарыс жүргізілетін әрекеттердің бейтараптандыру жолдары мен құралдарын міндетті түрде енгізу керек.

Баса көңіл аударатын мәселе, тергеу ісіне кәсіби қорғаушылар тарапынан кездесетін кедергілікке тән әрекеттерге тиісті заңды қарсы және әдепті түрде қолданып, бейтараптандыру, соның ішінде шиеленіссіз мәмілеге келумен аяқтау – абыройлы іс.

Қылмысты тергеу әдсіс екі басты бағытта жүзеге асады:

 1) Жеке бір қылмысты тергеу әдісі құрылады, оның дамуына қарай құқық – заң нормаларын  ескере отырып, тәжірибеде талабына сай, енді жалпы әдістемеге айналған берілген әдістің «аясында» бұрынғы әдістерден шағын, жеке әдістер қалыптасады.

2)  Қылмыстық сипаты  ұқсас істерді  тергеуде тергеуде, дамып отырған қылмысқа қарсы жаңа күрес тәсілін туғызатын көптеген мазмұндас әдістер жалпы әдісіне біріктіріліп, жеке әдістер  жинақталады.

Осыған орай кез – келген жалпы әдістемені екі тұрғыдан талдап, зерттеп, қолану керек: 1) Жүйеге енген («соңғы нысананы» қалыптастырып, қолданудағы басты құралдың деңгейі) тұтас және шағын құрылымда әдістемелерді қолдану.

Сыртқы экономикалық қызмет аумағында қылмысты тергеудің әдістемелік топтала негізін қалыптастырудың жолдары мен нәтижесін және кедендік органдардағы лауазымдық қылмыстарды тергеудің жеке әдістемесін қарастырамыз (аталған топтама бөліктерімен).

Негізгі әдісті таңдап алу қылмыстық әрекеттің түрлі салаларында кездеседі. Өткізілген сараптама көрсеткендей, қылмысты тергеудің жалпы (түрлер аралық тігінен), кешенді (заттық топтастыру), қысқартылған (көлемі бойынша) негізделмелерін әзірлеу қажет. Сонымен, жалпылама қылмыстардың топтамасы аясындағы лауазымдық қылмыс сыртқы экономикалық қызметтерде негізгі екі белгіден туындайды: 1) негізгі қылмыс (кедендік) және серіктес (экономикалық, қызметтік, басқа) яғни, әртүрлі қылмыстарды біріктіретін заңдылық – құқықтық белгі. 2) қылмыстық, яғни – экономика саласында – сыртқы экономикалық қызмет, сыртқы экономика қызмет аясынан,  сырқа экономикаға қызмет тұлғалары жасайтын заңдылықтардың тоғысқан белгісі.

Егер бұл әдістемені қылмыстық тергеудің кешенді дербес ұсынысы ретінде қарар болсақ, (қылмыстың соңғы нысана деңгейі), онда бұл ұсынысты дайындаушыға базалық құрылымды негізге ала отырып, толық құрылымды әдісті қалыптастыру қажет. Қалыптасушы нұсқаларға ақпарттық негіз ретінде сыртқы экономика  саласындағы заңдылықтар туралы қылмыстық мінездемелер жатады. Бұл мінездемеден алынған кез – келген құрылымдық бөлшекке негізгі себеп ретінде қарауға болады. Иерархиялық жүйедегі бырыңғай  себептер заңды түрде анықтау мен дәлелдеуді талап ететін жағдайға айналады. Барлық әдістемелер сияқты әр әдістеменің маңызы мен мәні бірыңғай себептерді тексеретін орынықты бағдарламалар болып табылады.

Егер берілген кешенді  әдістемені басқа тұрғыдан (осыған кіретін және әдістер жүйесі ретінде) зерттесе,  онда бұл әдістеменің қосарлы жасалғанынан, дайындаушы алдында дербес те көпдеңгейлі екі жеке әдістеме жасақтау міндеті тұрады. Мұндай әдістемелер әр түрлі нұсқада әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Әдістемелердің басқа түрін «түгендегенде» олардың бүгінгі күнгі әдістемелер жүйесінде жоқтығы анықталды.  Солардың ішінде, негізгі топтағы қылмыстарды, яғни шеттен заңсызға әкелуді және кедендік салық төлемеуді тергеп, анықтайтын толық құрылымды әдіс – және әдіс бола алады және болуы керек.

Серіктес қылмыстар арасында өзіне ерекше назар аударған күрделі де қоғамға қауіпті қылмыстың бір түрі болды.  Әңгіме  кеден органында болған лауазымдық заңдылықты тергеудің қылмыстық сипаты мен әдісі туралы болып отыр.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде қызмет бабын  теріс пайдалану заңдылығының қылмыстық сипаты берілді, соның ішінде базалық төрт әрекет тармақтарынан құралған (тұлға – жағдай – тәсілдері — салдары) заңсыз әрекеттер жайлы сөз болды. Зерттеу осы тармақтар арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтап, әр тармағын талдап, саралау жолымен жүргізіледі.  Бұндай қылмыстың  сипаттамаларда көбіне өзара байланысты болатын, әсіресе, «тәсілдер» мен «салдары» тармақтары.

Мысалы, тәсілі – заттарды жоюдың кедендік тәртібін қызметкердің көрінеу теріс орындауы, салдары – заттарды жою туралы  жалған актілер т.б.,  байланысы – егер затты жою туралы кедендік тәртіптің жалған арыз болса, онда, кеденші мен өзге де  заттың жойылғаны туралы жалған акті де болуы мүмкін т.с.с.

Кедендік  органдардардағы қызмет бабын теріс пайдалану заңсыздығын тергеу әдісін дайындағанда, базалық әдістеме негізінде берілген жеке әдістеменің құрылымдық іс — әрекет бөліктері және нысана – негіз, әдістеме құралы, және орындаушы – тұлғаны тағайындау мақсатын көрсетіп береді. Әдістеменің құрылымды   қисынды   бөліктері   оның төрт   кезеңін сараптау жолымен тексеру, себеп, жоспарлау, себепті анықтау жоспарын іске асыру.

Белгілі ұғымдар бойынша, әрекеттің екі түрін анықтау үшін қолданатын әдістемедегі төрт кезеңнің басты маңыздылығы: ойлау (қылмыстың себебін саралау) және әрекеті (нақты істермен айналысып және себепті тексеру әдістері). Мысалы: әдістеменің себептік екінші кезеңінде, ең маңыздысы мынадай жорамалда ұсынуға болады:

1) Заңсыз мәлімдемелермен  шетелдерден заңсыз сапасыз тағамдар әкелген. 2) Заттарды жою туралы мәлімдемелер кеденшінің қатысымен жалған толтырылған (себеп — жорамалдар). Егер екінші жорамал расталмаса, онда кеден құжаттары арасында заттардың жойылғандығы жөнінде жалған актілер болады, (себеп — тергеу) олай болса, тергеудің үшінші және төртінші кезеңінде тергеу жоспарына осы жалған құжатты табу кіреді, ол үшін жедел түрде тінту жүргізуді және мүмкін болса тінтуді тергеу бастығы жүргізуі қажет.

Екінші кезеңнің әдістемесінде ішкі және сырттай айыпталушылардың қорғаушылары – адвокаттар тарапынан болатын  кедергі істердің бірыңғай түрлері енгізілген  және осындай  тергеуге қарсы әрекеттердің салдары сипатталады.  Үшінші кезеңде жоспарлау, төртінші кезеңде – тергеуге қарсы әрекеттерді бейтараптандыруға арналған нақты іс – шаралар көрсетіледі.

Әдістемелік үшін ұсыныстың қосарлама түрі таңдалады: мәтіндік және сызба. Соңғысы кезеңнің  сипатын көректі түрде кескіндеу үшін және тергеу жоспарының бір үзіндісімен жақын танысу үшін таңдалған. Төртінші кезең аумағына жекелеген әрекеттерді іске асыру ғана емес,  сонымен қатар оның шұғыл тәсілдік шаралар сияқты кешенді түрі де енгізілген. Мысал ретінде затты заңсыз өндіруді әшкерелеудің шұғыл тәсілдік (шарала) үлгісі берілген.

Бағдарламалық әдістемені ертерек, қылмыстың алғашықы белгілері әшкереленген бойда бастап кету – бүкіл әдістеменің мақсаты – осы.  Аталған  нұсқаулар орындаушы – тұлғалар өздері, бірудің шағымдарын немесе тергеу істерін күтпей осы белгілерді өз бастамаларымен анықтап, яғни қылмыстық істің жариялылық қағидасын жүзеге асыруды ұсынады. Мысалға келтірілген тәжірибелерде мынадай жетістіктер аталып өтеді: қаншалықты міндет оңайтылды, қаржы үнемделді, әдістің аз уақытта орындалуы, басты мақсат – сапалы айғақтың аздаған жиынтығын құрау тиімділігін арттыру.

Нақты бір істерді тергеу – жеке әдістерді емес қызметтік қылмыстар көлемінде, бір тектес қылмыстарды әшкерелей отырып, жалпылама әдістемеліктерді пайдаланып сыртқы экономикалық қызмет саласындағы  қылмыстарды тергеп, терең де жан – жақты жүруі мүмкін.

 

3.2. Тергеудің сипаттамасы және жоспарлау.

 

Қызмет бабын теріс пайдалану заңсыздығын әшкерелеп және тергеу үшін бүгінгі таңда жедел іздестіру мен тергеудің кең ауқымды түрі керек. Сыбайлас жемқорлықтың латенттік деңгейі өте жоғары және бұл қылмыстың  латентті қылмыс екені баршаға аян, латентті – бұл қылмыстың  беймәлім, жасырын жасалатыны. Зерттелуші  қылмыстың жасырындығы сол – лауазымды қызметті тұлға мен қылмыс пайдасына жасалса – сол тұлғаның өзінің заңсыз әрекеттерін әшкере еткісі немесе баяндағысы келмеуі. Сондықтан бұндай саладағы заңдылықтарды тергеуде, мынадай жедел – іздестіру шараларын қолдану керек:

  • тергеуді қызықтыратын тұлғалардың телефон әңгімелерін тыңдау.
  • сыбайланыс байланыстағы жекелеген тұлғаларға анықтамалар алу.
  • кейбір тұлғаларды жасырын аңду.
  • телеграфтық және телефон хабарларын тұтқындау.
  • тыңдау және бейнелі жазбамен бақылау.
  • сыбайластар ортасына жасырын құрал орнату.
  • қылмыстық сипатын анықтауға тыңшылар жіберу.

Әрине, бұл әдістердің бәрінің қылмысты ашуға қажеті болмауы да мүмкін, бірақ бұл дер кезінде және дұрыс қолдану, лауазымдық қылмыстарды толық және дер кезінде ашуға септігін тигізеді. Кәсіби шеберліктің де аталған қылмысты ашуға үлкен маңызы бар, сондықтан заңқорғау органандарының  жедел  аппараты сыбайлас жемқорлықпен күресте үнемі дайындық деңгейін жетілдіріп, заман талабына сай білімді болуы қажет.

Лауазымдық қылмыстың қымқырумен байланысын көрсететін:

  • қабылдау — өткізу құжаттардағы келісілмеген түзетулер;
  • жалған құжаттар;
  • қайта саралау;
  • мүліктік құндылықтарды өз уақытында есепке қабылдамау;
  • мүлікпен заңсыз сауда жасау;
  • көптеген заттардың жарамсыз болуы;
  • заттық – мүліктік құндылықтардың қозғалысы жайлы есепті өз уақытылы бермеу және дұрыс толтырмау;
  • өнім өндіргенде техникалық талаптың бұзылуы;
  • айыпталушының мемлекеттік және ұжымдық мүлікті өз пайдасына айналдыруы.

Аталған қылмыс түрін тергеудің алғшқы және келесі кезеңдерінде                 әр түрлі тергеу жағдайлары қалыптасады:

  • алдын – ала әкімшілік тергеуде анықталған бұрын жасалған қызметтік қылмысты баяндайтын мәліметтердің болуы.
  • Олардың үстінен қызмет бабын теріс пайдаланғандығы жөнінде нақты адамдардан арыздың болуы.
  • Басқа қылмыстың істерден анықталатын, жасалаған немесе болуы ықтимал лауазымдық қылмыстар жайы.

Тергеудің бастапқы сатысында, ең алдымен лауазымдық қылмыс белгілері болды ма соны анықтап, осыған сәйкес жорамалдар құрады.

Лауазым иесі, белгілі бір тұлға үшін өз өкілеттілігін пайдаланып заңды әрекет еткен, ал, қызмет бабын теріс пайдаланды деген шағын қате немесе жала жабу үшін жазылған.

  • лауазым иесі алғашқы анықтамалардан белгілі болғандай қызмет бабын теріс пайдаланған.
  • Лауазым иесі белгілі бір тұлғаның пайдасына заңды әрекет атқарған.
  • Лауазым иесі белгілі бір тұлғаның пайдасына ешқандай әрекет жасалмаған.

Тергеу барысындағы жағдайлар бастапқы кезеңнің нәтижесімен, тергеу жорамалдарын алға жылжыта отырып тексеру жолдарымен   және тұлғаның өзін айыптауға байланысты айғақтарға қатысын дәлелдеумен айқындалады. Соның ішінде мұндай жағдайлар қылмыскерлердің өзіне тағылған айыпқа қаншалықты қатысы барлығымен анықталады.

Аталған  істері тергеу жедел – іздестіру амалдарының  жоспарымне нақты келістірулері қажет.  Осындай қылмыстарды тергеудің көбіне жасырын әрекеттер мен шаралары  табысты  өтуі нақты  келісімдерге байланысты. Жоспарға іздерді анықтайтын, жазып алатын,  тәркілейтін қылмыстық – техникалық құралдарды   енгізу міндетті түрде қажет, өйткені  бұндай қылмыстың іздерін қылмыскерлер  бүлдіріп, дереу жойып отырады.

 

3.3. Қызмет  бабын теріс пайдалану заңсыздығын

 тергеудің бастапқы кезеңі.

 

Қызметтік қылмысты бастапқы тергеудің мынадай жолдарын қарастырамыз: мұндай қылмыстарды тергеудің мынадай жолдарымен анықтау қажет:

  • Лауазым иесінің заңсыз әрекетінің сипаты мен түрі.
  • Осы әрекеттерден туындаған қоғамдық қауіпті салдар.

Лауазымдық қызметтегі тұлғаның заңсыз әрекетінен (әрекетсіздігінен) мемлекет немесе қоғам мүддесі немесе әрбір заңмен қорғалатын азаматтар құқығына зиян келетін болса онда лауазымдық қызметкер жауапкершілікке тартылады.

Келтірілген зиян ұғымы – нақты жағдайлармен анықталады: зиян мөлшері, оның сипаты, жағдай, келтірілген уақыты мен орны. Келтірілген заттың, мүліктің сипаттағы зияндармен қатар  — келешектегі табыс келген табыспен кіріс түріндегі зиян болуы мүмкін.

Қызмет бабын теріспайдалану болып: қаржы тәртібімен штат кестесін бұзу (мысалы қаржыны өаңсыз жұмсау, жасалған жұмыс көлемін көбейтіп көрсету арқылы артық жалақы төлеу, жалақы төлеу мен есептеу тәртібін бұзу, жеке мақсатқа пайдалану үшін мемлекеттік қаржыдан уақытша ақша алу т.б.), сауда тәртібін бұзу (несие болмайтын жерде, немесе зат беру), бақылаушы органдарды  алдау мақсатымен есептік құжаттарды шатыстыру, ұйымдық жарғыны орындамау, мысалы, жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға жер телімдерін заңсыз бөлу, жеке бастың мүддесіне үшін бірнеше рет қасақана пайдакүнемдік немесе басқа мақсатқа өнімдерді жеткізу тапсырыстарын орындамау.

Бұл қылмыстардың  ауыр зардаптарына: ұйым қызметінің берекесін қашыруы, өндірістің өнім  шығару мерзімін бұзу т.б. жатады.  Қызметтік өкілетті асыра пайдалану заңсыздығына тек жоғары қызметтегі тұлғалардың құқығы бар әрекетті орындауы, төтенше жағдайда ғана жүзеге асатын әрекеттерге, ондай жағдай болмағанда да баруы (мысалы  ережені бұзып, заңсыз қару қолдану т.б.),  ұжым  шешетін мәселені жеке басы шешім етуі.

Анықтау кезінде, лауазым иесінің мінездемесіне оның қызмет түріне, кәсіби шеберлігіне, жіберген кемшіліктері мен алған ескерту, марапатталуларына көңіл аудару қажет. Бұл мәліметтерді тұлғаның жеке ісімен, жұмыс орынының құжаттарынан, қызметтестерінің берген мәліметтерінен, сонымен бірге  ұжым басшысының пікірінен жинақталады.

Аталмыш қылмыстарға  түрткі болушы пайдакүнемдік және басқа да заңсыз әрекеттермен өзіне пайда табу, өз мүддесін көздеп, бірулерге мемлекет және қоғам есебінен  лауазымдық қызмет  көрсету себеп болады.  Кейде қылмыстың есебі болып жұмыстағы жетпейтін мүлікті жасыру, қызметтік жағдайды  жалған  түрді  жайлы етіп көрсету,  қызмет  мүддесі теріс түсінікте болу.  

Бұл салада қылмыстар басылым басылымдарынан, тексеру нәтижесінде, аудиторлық және ведомствалық тергеу нәтижесінде, азаматтардың арызы мен  хаттарынан кейін қаралады.  Кейбір  жағдайларда  тергелетін  қылмыстардың белгілері алдын – ала тергеу органдарында тергеуші, сот,  құқықтық қызметтің  басқа қылмыстарды тергеуі кезінде анықталуы мүмкін.  Бастапқы мәліметерден қылмыстық  әрекеттердің  белгілері айқын көрінеді де,   қылмыстың іс қозғау аса қиындық туғызбайтын   жағдайлар аз болмайды.  Егер  де алынған мәліметтердің  қылмысты дәлелдеуге  жеткіліксіз болса,  онда алдын – ала  тергеу жүргізіліп, оның  барысында қылмыстық  белгілердің бар – жоғы анықталады. «Қылмыстық іс  қозғауда оған негіз»  болған нақты мәліметтер жинақталуы тиіс: 1)  Келген зиянның сипаты мен оны келтірген жолдары. 2) Осы зиянды  келтіруші лауазымдық тұлғаны әрекетті немесе әрекетсіздігі туралы. Осы саладағы істерді тергеудің бастапқы кезеңінде оның себептері жөнінде  анық мәліметтер жеткілікті жиналады.  Себептер әдеттегідей мына тектес болады:  қылмыстың салдарынан келген шығынның сипаты мен мөлшері, лауазымды қызметкердің әрекеті мен әрекетсідігінің зиянды салдары, лауазымды  қызметкерлердің кінәларының түрі мен себептері, олардың қылмыстық істерді басқарудағы ролі, лауазымдық қылмыс жауапшылардың сыбайлас жемқорлық   құрылымындағылармен байланысу мүмкіндігі.

 

  • Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану кезіндегі тергеу 

жұмыстарының ерекшеліктері

 

Құжаттарды тексеру және алу.

Тергеу нысанасы лауазымдық қызметтегі тұлғаның заңсыз әрекеті  екеніне байланысты, ол жайлы  керекті анықтамаларды  (оның құзыры мен қызмет өкілеті, ол араласқан нақты қаржы – шаруашылық істері т.б.) нақты құжаттарды  зерделеу арқылы алуға болады.  Күдіктілердің нақты делдалдық әрекетке қатысын көрсететін құжаттар болып  саналатын  қарарлары, қойған бұрыштама, қол  таңбасы бар құжаттар.

Билікті немесе қызмет бабын теріс пайдалану жүйелі түрде жүретіндіктен, осы қылмыстарды әшкерелейтін құжаттар табылған кезде, тек осы құжаттармен ғана шектелмей, басқа да ұқсас құжаттарды ревизор – маманның, инспекторлардың көмегі қажет болады.[13]

Қаралып отырған қылмыс түрінде тергеу соңына қарай  айып тағылады, ал, айыптылар еркіндікте жүріп, көбіне  өздерінің заңсыз әрекеттерін әшекерелейтін құжаттарды жасырып, тәркілеу тергеу басталысымен – ақ  жүргізілуі керек.

Кейде, егер келтірілген зиян бүлінген өнім немесе мүлікке, бітпестен немесе құлаған құрылысқа т.с.с байланысты болса, онда оқиға болған орынның жоспары мен сызбасын және сол жерді міндетті түрде суретке түсіру қоса жүргізіледі. Бұл суреттерді хаттамаға тіркеу лауазымды қызметкердің әрекеті немесе әрекетсізідігі көрнекті айғағы бола алады. Бүлінген мүлікті тексергенде тың саныны, бүліну сатысы мен сипатын, сақтау орны мен шартын  анықтау қажет. Осындай тексеру кезінде сақтау орынының жарамсыздығы, мүлікті сақтау мен тасымалдау ережесінің бұзылуы анықталады.

Кейде, билік   пен  қызмет  өкілеттілігін  теріс пайдалану немесе асыра   пайдалану немесе қызметтегі салақтықтың салдарынан өнім немесе мүлік бүлінсе, онда өнімдер сараптамалық тексеруден өткізіледі.

Тергеудегі қылмыстық бүкіл мәнін ашып, тексеру үшін, куәлардан жауап алынады. Бұндайда, куәлар ретінде, осы қылмыс жайында шағымданушылар бола алады. Әдетте олар ревизорлар, әкімшіліктен, қылмыс болған ұйымның  қызметкерлері және  жұмысшылары болуы мүмкін.

Егер қылмыстық іс ревизиялық тексерістен  кейін қозғалса, ең басында ревизордан жауап алынады, оның барысында тексеріс әшкерелеген барлық заңсыздықтар, ревизордың шешіміне негіз болған себептер анықталады.

    Қызметтерден жауап алғанда күдіктінің тиісті міндеті және зиян шектірген нақты әрекеті, оынң кәсіби сапалығы, әкімшілікпен және қызметтестермен қарым – қатынасы, зиян келтіруге әкелген жағдайлар анықталады.

Сезіктіден   жауап алу.

Қызметтегі заңсыздықтарға барған  тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігінен  келген  қомақты зиян тергеудің барсында – ақ көрінеді.  Ондайда, қылмыстық іс қозғалғанда – ақ бірден  күдіктіден  жауап алынады. Жауап алу кезінде оның қомақты зиян келтірген әрекеті немесе әрекетсіздігі, оның тиісті міндеті, еңбек шарты т.б. анықталған барлық  лауазымдық қызмекерлердің барлық жауабы мұқиятты түрде  хаттамаға тіркеледі.  Қылмыстының берген түсініктемелері анықталы, қызметтегі кейбір әрекеттерді орындауға немесе жол бермеуі  талап етуші белгілі бір тұлғаға  тәуелділігіне, жұмыс орындағы тәртіптің  нашарлығына  еңбек  шартының  бұзылуына, өзінің тәжірибесіздігіне, жоғарыдағы әрекеттерді жөнді  білмейтіндігіне, болған жағдайдың сөздігіне, басқа  тұлғалардың  бейқамдығына  жасалған сілтемелері мұқият  тексерілуі қажет.

Мемлекеттік қызметкер келтірген зиянын жасыру үшін, көбіне өз әрекетіндегі  салғырттықты  мойындауға әзір, қызмет бабын немесе лауазымын теріс пайдаланғандығын  мойындап, басқа  қызметкерлерді жақтап, өзінің ұрлау мен қымқыруға қатысы барын әшкеренбеуі үшін осындай әрекеттерге барады.

Айыпкерден жауап аларда, оның еркіндікте, көбіне өз қызметін жалғыстыра жүріп, тергеу барысын алдын – ала  сезініп, өз секемін тергеуге әлі белгісіз айғақтарды жоюға  жұмсайды,  өзіне тәуелділерге  ықпалын жүргізіп,  жауапкершілікпен құтылуға  тырысады.

 

  • Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалануды тергеудің жалғасы мен қорытынды кезеңі.

 

Аталмыш қылмыстар сипатын анықтаудың бастапқы кезеңі белсенді ізденісте,  жоғарыда аталған айғақтарды анықтап, дәлелдерін бекіту. Қылмыстың тәркіленуі теркелуі  тергеудің бастапқы кезеңі боп саналады.  Кезеңін  аяқталар сәтін жалпылама атауға болмайды. Ол кезең айыпкер және қылмыс туралы ақпаттарды жинақтап, айып  тағу кезеңімен  аяқтаулы мүмкін. Одан әрі тергеу мынадай екі бағыттың біруімен жүруі мүмкін: а) қылмыскер анықталмаған  оны табу жолдары қарастырылуда; б) қылмыс ашылды, яғни қылмыскер ұсталды, оның қылмысын дәлелдеп, әрекет жағдайын анықтаудың барлық бөлімдері жүргізіледі.

Келесі кезеңдердің негізгі бағыты – жүйелі әрі жан – жақты дәлелдеу. Соңғы , үшінші бағыт  мазмұны  жиналған деректерді  саралау, тергеушінің, тергелушінің, сот бөліміндегілердің өтініштері бойынша әрекет, тергеудің аяқталуы туралы шешім болып табылады. Кейде тергеу  тоқталады (қылмыстыны іздестіруден басқасы) ал,  тергеу кері жалғасқанда, тергеу әрекеттері екінші кезеңнен басталуы мүмкін.

Сонымен, қылмысты  анықтау әдістемесінің шешуі  кезеңі болып тергеу   әрекеттеріне  сай  мынадай   ерекше   әдістерді   сипаттау  болып  табылады. Әдетте, мұндай әдістеменің  құрылымдық бөлімі тергеудің айыптау тағып, істі сотқа беруге дейінгі немесе оның  тоқталуына, яғни тергеудің  аяқталуына дейінгі мерзімді қамтуы.

Р.С. Белкин ұсынғандай тергеу  әрекетінің әдіс – тәсілінің тізімі  жазылған тергеу әдістің қосымша – үшінші  бөлімін енгізуді тиімді есептейді.

Біредің  әдіс – тәсілін қылмыс сипатына  қарай  қолданылған әрекетер жиынтығы деп қарауға болады.

Қарапайым тергеу  әрекетінің алға басуы, негізінен алғашқы тергеу жұмысының гәтижесіне байланысты. Бір жағдайларда – тергеудің басты міндеті – анықталған  қылмыскерді іздестіру болса,  екіншіден — әлі анықталмаған қылмыскерді іздестіру,  үшіншісінде – ұсталған қылмыскердің айыбын  мойындататын  жаңа қосымша деректерді жинақтауға, оған айып тағайындау т.с.с. болып келеді. Осыдан келіп  тергеу және  жедел – іздестіру  амалдарына қажетті  кешенді  әрекеттер мен олардың  орындалу реттілігін  айқындап алу шығады.

Қарапайым тергеу  жағдайы және алдағы тергеу ісінің барысы – үшінші, шешуші кезеңінде – тергеу ісінің  бастамасында алынған толық деректерге, жинақталған айғақтарға  қылмыскердің қатысына, айыпкер жауабынан туындаған жаңа жағдайларға  байланысты болады.

Мұндай істерге,  мысалы,  толық және нақты айғақтар арқылы қылмыстының өз айыбын мойындауы жатады. Осыдан кейін тергеу ісінің  ендігі бағыты – істі аяқтау  талаптарын дайындау  және орындау болып табылады.

 Үшінші кезеңге  тән жағдайлардың бірі танымды әрі толық айғақтарға қарамастан қылмыскердің мойындауы немесе мүлде мойындамауы. Мұндайда  тергеудің басты мақсаты – қосымша  деректерді анықтап тексерумен және жаңа айып тағумен немесе  тергеуді аяқтау талаптарын орындау ғана болады.

Алдын – ала тергеу қызметкерлері мен тергеушілер алдынан әдетте, сот сараптамасын тағайындау, оны уақытылы тағайындау мен сараптаманы жүргізу мәселелері келіп шығады.

Сот сараптамасының қажетті түрін таңдау, оны  уақытылы тағайындау, сараптау  нысанасын анықтап, істің айғақтарын табу үшін тиімді бағытты көрсету – бүкіл тергеу  жұмысының табысты өтуінің  негізі бір төбе.

Іс нәтижелері  көрсеткендей тергеушілер кейбір жағдайда сараптама қажет ететін істерді, сараптамашыны, сараптау  жолымен шешілетін сұрақтарды  белгілеуде жеткілікті білім деңгейін меңгермеген.

Төмендегідей тергеу істеріне сараптамалық зерттеу әдісі тағайындау лауазымдық  тергеуде көбіне соттық – бухгалтерлік, сотық – экономикалық, мүліктанушылық, техникалық және қылмыстың сараптамалар тағайындалады. 

Соттық – бухгалтерлік сараптама есепке алынған ұйым немесе мекеменің қаржы – шаруашылық  ісін тексергенде қолданылады. Соттың экономикалық  сараптама  мелекеттік қызметкердің шаруашылық  әрекетіне байланысты болады. Соттық – мүліктанушылық сараптама азық – түлік немесе өндіріс өнімінің сапасы, түрі, бағасы, олардың сақталуы мен тасмалдануына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Соттық – техникалық сараптама жол апаты себебін, құрылыс мерзімінің  бұзылуы, жабдықтардың бүлінуі, салдар сипаты мен көлемі жайлы анықтама бере алады, сараптама мемлекеттік  бөлшек сауда бағасымен мүліктік зиян мөлшерін есептейді, ақша мен бағаланбайтын  жағдайда: өндірістің тоқтап немесе тежелуі, нысананы іске қосу мерзімінің орындалмауын анықтауға көмектеседі.[14]

Лауазымдық қылмысты тергеуде жиі кездесетін қылмыстық сараптаманы  тағайындау. Ол көбінесе  тұлғаның жазуын және құжаттарды техникалық зерттеу үшін қажет.

  1. Жазудың соттық сараптамасы жазуды анықтайды (барлық жазба, қолжазба, сандық белгілер) және жазудың дәл сәйкестігін ажырату болып бөлінеді. Жазудың дәл сәйкестігін зерттеу сараптамасын тағайындағанда іске қатысты тұлғаның қолтаңбасы бар қағаздар, тәжірибелік жазу үлгісі және қосымша жазулар алынады. Сараптама нысандарына:
  • қолжазбалық құжат;
  • құжаттағы мәтін үзіндісі;
  • қолтаңба;
  • сандық бейнелер;
  • жазу үлгісі;
  • қолтаңба және сандық бейнелер үлгісі жатады.

Соттық – автортану  сараптамасы қолжазба мен толтырылған сөздік  тілді тексергенде қолданылуы.  Автортанушы сараптама арқылы берілген жазба түріндегі мәтіннің немесе үзіндісінің авторын, мәдени – білімділік деңгейін, мамандығын, жасы мен  жынысын,  тіл және ой сараптау маңыздылығымен  ерекшеленетін туып — өскен жерге сәйкестігін анықтайды.

Автортанушылық  сараптама жол апаты себебін, құрылыс мерзімінің орындалмауы,  жабдықтардың бүлінуі,  салдар сипаты мен көлемі жайлы анықтама бере алады. Сараптама мемлекеттік бөлшек сауда бағасымен есептелген мүліктік зиян мөлшерін есебінен ақшамен   бағаланбайтын  жағдайларда, — өндірістің тоқтап қалу және өндіріс жұмысының тежелуі, өндіріс нысанасының іске қосылу мерзімін бұзу.

Лауазымдық қылмыстарды тергеуде көбіне қылмыстық сараптаманың жазуды анықтау және құжаттарды техникалық зерттеу сараптамасы тағайындалады.

Тексерудің келесі кезеңдегі мақсаты  мен міндеті көбіне сол  кезеңге бейін жинақталған  ақпараттар  көлеміне байланысты.

Құжаттарды тексеру актісін, қаржы саласындағы лауазымдық қызметердің   тергеудің   бастапқы  кезеңінде   берген    түсініктемелер мен жауабын, тінту  нәтижесін, күдіктіні сипаттайтын  мәлімет, құжаттарды  зерттеу – ұсынылған жорамалдарға сай  айыпталушыдан (күдіктіден) және куәдан  жауап алуға мүмкіндік береді.

Лауазымды қызметкерден тиімді жауап алу үшін, тергеушінің лауазымдық қылмыстың жасалу жағдайын түпкілікті анықтауы  қажет.

Алайда, бұл  жағдайдың мәні тергеуші тәжірибесінде аталған қылмыстың түріне байланысты кейбір ерекшеліктерге ие болады.

  1. Лауазымдық қызметкерден жауап алу тиімділігі үшін тергеушінің лауазымдық қылмыстың жасалу жағдайын анықтап алуы керек.

Алайда бұл жағдайлар  оның нақты мәні тергеуші тәжірибесінде аталған қылмыс түріне байланысты кейбір ерекшеліктерге ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Лауазым – бәрінен бұрын қызметтік міндет, оны орындау үшін керекті әрекет ету осы орынға тағайындау мүддесіне сай қызмет атқару міндеті. Қызметтік құқықты  қамтамасыз етілген көлемді түрде лауазымдық қызметкерге өз міндеттерін орындауға пайдалана алады. Мемлекеттік қызметтік құқығы мен міндеті тең дәрежеде  болатындықтан, олардың құқығы болып қызмет бабында міндеті  орындалуы керек, ал міндеті құқық болып келеді, өйтпеген жағдайда міндет атқарылмай қалады. Сондықтан қызметтік міндет пен қызметтік құқық бір ұғым — өкілеттік ұғымға біріктіріледі,  дегенмен барлық құқық міндетке айнала бермейді.

Аталған қызметтік өкілеттілік мемлекеттік органның бекітілген әрекеттері қатаң сақтау тиіс. Қызметтік қызметкерлер міндетін өз дәрежесінде орындалуы үшін, қызмет бабын  теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік   (ҚК 307 бабы) және билікті  немесе  өкілеттілікті асыра  пайдаланғаны үшін жауапкерлік (ҚК 308 бабы) қолданылады. Аталған қылмыстың негізгі себебі ең алдымен мемлекеттік қызметкердің мәртебесі, оның өз құқығын пайдалану, кейбір мәселенің шешіміне ықпал ету, (өзі немесе басқа біреу арқылы) әрекет етуі, өзіндегі ақпаратты немесе байланысты басқа мемлекеттік қызметкермен бөлісу.

ТМД елдердің ҚК – де қызметтік қылмыстың  көбіне екі түрі байқалады:  елеулі зиян немесе ауыр зардап (анықталған салдар  нәтижесіне байланысты).

Елеулі зиян мен ауыр зардап ұғымы сәйкес келмейді. әрекеттің сипаты және салдарының көлеміне қарай ауыр зардаптың жауапкершіліклігі   елеулі зиянға қарағанда басымдау, осындай айырмашылыққа қарай олардың зияндылығы да бірдей.

Лауазымдық қылмыстың жеке мақсатпен немесе  жасалған түрінің мұндай мақсаттарсыз жасалған лауазымдық қылмыстан жауапты қызметтік  тұлға жасаса  қоғамдық қауіптілігі арта түседі.

Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану  заңсыздығына:  қаржы есебін немесе штат кестесін бұзу (мысалға, жоспардан тыс қаржы жұмсау, жұмыс көлемін әдейі жоғары көрсктіп, артық жалақы төлеу, оны есептеу мен төлеудің тәртібін бұзу, жеке мақсатқа мемлекеттік кассадан ақша алу т.б.); сауда тәртібін бұзу (несиеге рұқсат жоқ жерде, немесе зат жіберу); бақылаушы органдарды алдау үшін есептерді былықтыру, кейде ұйым жарғысын бұзып, жеке адамдарға немесе мекемелерге жер телімдерін беру, жеке немесе пайдакүнемдік мақсатта өнімді жеткізу тапсырыстарын үнемі орындамау жатады.

Бұндай заңсыздықтардың ауыр салдары боп танылатын жағдайлар өндіріс жұмысын қажырату, өнімді өндіріске қосу мерзімін бұзу т.б. Қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану заңсыздығына тек жоғары лауазымды  қызметкердің құзырындағы әрекетте орындауы, кейбір төтенше жағдайларда қолданылатын әрекетке ондай жағдай болмағанда баруы (мысалы, ережеге қарсы, заңсыз қару қолдану т.б.) ұжымдық шешімді бір өзі шешіп отыруы жатады.

Аталған қылмыс  түрлері көбіне тексеріс нәтижесінде, ведомсвалық және аудиториялық тексеруден кейін, азаматтардың арыз – шағымымен, БАҚ хабарламаларынан қозғалады. Қаралған қылмыс түрлері кейде алдын – ала тексеру кезінде, басқа қылмыстарды тергеу кезінде тексерушінің, соттың көмегімен ашылып жатады. Тергеудің бастапқы материалдарынан – ақ қылмыстың сипаты білініп, қылмыстық іс қозғау қиындық  тудырмайды. Егер қолда бар деректер қылмысты анықтауға аздық етсе онда қылмыстың бар – жоғы туралы ақпаратты алу үшін алыдн — ала тексеру жүргізу керек. Қалай болғанда да, қылмыстық іс ашуға негіз болған материалдарда нақты мәліметтер болуы керек: 1) елеулі зиянның түрі мен қандай жағдайда келтірілгені жайлы  сипаттама; 2) Осы зиянды

тудырған әрекет немесе әрекетсіздігі шаралары туралы. Осы саладағы

қылмыстарды қарастырғанда іс қозғауға толық себеп  болатын  мәліметтер жинақталады. Мұндай себептер мынадай болуы  мүмкін: келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, қылмыстық салдар мен мемлекеттік қызметкердің әрекеті немесе әрекетсіздігінің байланысы, жекелеген лауазым иесінің бұл қылмыстағы орын, олар басшылыққа алынған заңсыздықтардың түрі мен себебі, мемлекеттік қызметкер мен ұйымдасқан қылмыстық  құрылымдардың  байланысы.

Бұл дипломдық жұмыста қызмет бабын теріс пайдалану заңсыздығын алдын – ала тергеудің жалпы шарттары қарастырыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы- Алматы: Юрист,2001.
  2. Абдиров Н.М. Бороться – значит предупреждать.// Предупреждение

преступности.2001г. №26.

  1. Агибаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. – Алматы: Жеты Жаргы, 1997. – 304.
  2. Агибаев А.Н. Ответственность за злоупотребления должностными полномочиями по УК РК. — Астана 98.
  3. Алиева Г.М. Об актуальности социально – философского осмысления преступности.//А-2002.,Материаы международной конференции.
  4. Алыбаева Р.А. и Зенкевич И.Б. К вопросу о соотношении биологического и социального в системе детерминант преступного поведения личности// Правовое развитие и становление., А-1998г.
  5. Аминов О. Полный курс уголовного права. М-1999г.
  6. Амрекулов Б.А. О совершенствовании норм уголовной ответственности за злоупотребление должностными полномочиями// Фемида №8,2000г.с.10.
  7. Амрекулов Б. Злоупотребления должностными полномочиями и служебный подлог// Фемида №12,2000г. С.14.
  8. Аснис А. Проблемы совершенствования воздействующего уголовного законодательства об ответственности за служебные преступления// Россия №5, 2005г. С.44.
  9. Бабенко А.В. Место и роль программно-целевого планирования в системе общего и специального предупреждения преступности.// Российский следователь №5,2005г.
  10. Байгенжина А. и Нестеренко Н. Распространение корыстных и корыстно насильственных преступлении// Заң және Заман., №21 1999г.
  11. Байкулы Б. Должностные преступления в резерве социологического опроса// Тураби №1,1997г. С.88
  12. Борсукова Р. Криминологические вопросы борьбы с коррупционно должностными преступлениями.- Алматы, 2003г.
  13. Валиев Т.А. С должностных лиц особый спрос// Зан ж/е заман №2,2000г. С.1.
  14. Гусева А.В. Рассецкая Т.А. Криминалистика: Учебное пособие для средних специальных учебных заведений. – М: «Приор — издат»,2005.-240с.
  15. Ибраев А.З. Особенности криминологической характеристики коррупционной преступности// Проблемы совершенствования правовых основ борьбы с преступностью. К-2001г.
  16. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік, Қарағанды 1999 ж.
  17. ҚР Қылмыстық кодексі Алматы ЮРИСТ 2007 ж.
  18. Криминология Учебник Под. Ред. В.Н. Кудрявцева и В.Е. Эминова. -2-е изд., перераб. И доп. – М: Юрист, 2000.-678.
  19. Кегембаева Ж. А. Проблемы юридической ответственности должностных лиц в государственном управлении по законодательству Республики Казахстан: Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук. / Кегембаева Ж. А.- Алматы:, 2006.- 29 с.
  20. Мауленов Г.С. Понятие и предупреждения коррупции.// Предупреждение преступности. 2001. №1. с.17.
  21. Проблемы борьбы с организованной преступностью и коррупцией: Курс лекций. Под ред. А.М. Кустова, Б.М. Нурголиева. — Караганда: КарЮИ РК, 1999.- 216.
  22. Петрожидская Т.М. Вопросы совершенствования уголовной ответственности за злоупотребление властью или служебным положением // МВД РК, КВШ, Сб., 1995г. С.97.
  23. Петрожидская Т.М. Правомерность профессионального риска должностного лица// ГСК РК, КВШ., Караганда 1996г. С.130.
  24. Сборник методических екомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности Астана, 2003 -378.
  25. Уголовный кодекс РК (Особенная часть) Комментарий – Алматы: ЗАО Жеты – Жарғы, 2000
  26. Чукматиов Д.С. Борьба с организованной преступностью и коррупцией теория и практика часть 1.
  27. Чукматиов Д.С. Борьба с организованной преступностью и коррупцией теория и практика часть 2.

 

 

 

 

 

 

 беде көрсеткендейі кеңейту үрдісі қазіргі кездегі құқықтық заңнамада кездесіп отырады.л етті. иялар, жеке күзет қызметкерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Алиева Г.М. «Об актуальности социально-философского осмысления преступности» А. 2002 г. материалы международной конференции.

[2] Сборник методических рекомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности / Колл авт -Астана, 2003 — с. 260

[3] Сборник методических рекомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности / Колл авт -Астана, 2003 -с 261

[4] Здравомыслов В.В. Должностные преступления. М., Юридическая литература. 1975. С.66.

[5] Архив прокуратуры Жамбылского района Алматинской области.

[6] Сборник методических рекомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности / Колл авт -Астана, 2003 — с. 268

[7] Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім): — Алматы: Жеті Жарғы, 2003 – с. 626

[8] Сборник постановлений Пленумов Верховных Судов СССР и РСФСР (Российской Федерации) по уголовным делам. М., 1997. С. 334.

[9] Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім): — Алматы: Жеті Жарғы, 2003 – с. 623

[10] Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім): — Алматы: Жеті Жарғы, 2003 – с. 623

[11] Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім): — Алматы: Жеті Жарғы, 2003 – с. 624

[12] Применение судами законодательства об ответственности за злоупотребление властью или служебным положением, превышение власти[12] или служебных полномочий, халатность и должностной подлог // Бюллетень Верховного Суда СССР. 1990. № 4. С. 20; Здравомыслов Б.В. Должностные преступления. Понятие и квалификация. М.: Юрид. лит., 1975. С. 33-38 и др.; Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. Алма-Ата, 1977. С. 101-102; Светлов А.Я. Ответственность за должностные преступления. Киев: Наумова думка, 1978. С. 126-128

[13] Сборник методических рекомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности / Колл авт -Астана, 2003 — с. 272

[14] Сборник методических рекомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности / Колл авт -Астана, 2003 — с. 274