АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………

1-бөлім. Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері…………………

1.1. Лексиканы оқытудың мазмұны……………………………………………………….

1.2. Лексиканы оқытудың принциптері………………………………………………..

1.3. Лексиканы оқытудың жүйесі…………………………………………………………

2-бөлім. Жаттығу жұмысының әдістемесі…………………………………………….

2.1. Жаттығу әдісінің мәні, мазмұны мен мақсаты……………………………….

2.2. Жаттығудың мазмұны және түрлері……………………………………………….

2.3. Жаттығу жүргізудің әдіс-тәсілдері…………………………………………………

Қорытынды…………………………………………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………

 

 

П І К І Р

 

Бүгінгі күннің негізгі талабы оқу мен тәрбие жүйесін толық тіл үйренушінің ішкі мүмкіндіктеріне сай дамытуға бағытталып отыр. Осы ретте білім беру саласына әдістеме және оқыту әдіс-тәсілдерімен бірге толық нәтижеге тез жеткізуді мақсат ететін оқытудың инновациялық технологиялары да енгізіліп жатыр. Сондықтан ізденуші зерттеудің өзектілігін — оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін, алдымен, сөз мағынасын түсінуі, білуі керек бағытында оқыту мәселесі – зерттелмеген тың деп анықтауы орынды деп білемін.

Дипломдық жұмыс алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орынды да нәтижелі шеше білген:

  • жаңа әлеуметтік және саяси экономикалық жағдайларға байланысты қазақ тілін сабағында лексиканы оқытудың құрылымы, мазмұны мен көлемі, міндеттеріне сәйкес сөйлеуге үйрету икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін, ұстанымдары мен жүйесін белгілеген;
  • тілдік қарым-қатынасты қалыптастырудағы лексиканы оқытудың орны және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтаған;
  • лексиканы оқыту арқылы сөйлеу әрекетін дамыту негізінде оқушылардың қатысымдық білік, дағды, икемділіктерін қалыптастыру әдістемесін ұсынған.
  • лексиканы оқыту үдерісіндегі жаңа мазмұн мен дидактикалық негіздері бойынша ұйымдастыру көлемі анықталған. Лексикалық білім беру арқылы балалар сөздігінде мына сияқты жолдармен байытуға болатындығын анықтады: қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғатпен, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, экскурсиялар ұйымдастыру), сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау), ересектермен қарым-қатынас (әңгіме өткізу, кездесу ұйымдастыру), грамматикамен емлені үйрету (жаттығу арқылы дағды қалыптастыру), арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу (шығарма, мазмұнын талдату, қайра айтқызу) т.б.

Оқушының сөздік қорын байытуда мынадай қағиданы ұсынады: 1.Жаңа сөздің мағынасын, ұғымын меңгерту; 2.Жаңа сөздің қолданылуын игерту мен оны қолдану дағдысын қалыптастыру.

Диссертациялық жұмыстың мәнділігі:

-жаттығулар, дидактикалық материалдар мен оқу құралдарын жасауда белгілі сөздер мен сөз тіркестерін оқушының тілін дамытуда есепке алу;

-мазмұндама, диктант мәтіндерін құрастыруда ескеру;

-сөздік жұмысы, мәтіндегі сөзді бөліп көрсетіп, оны белсенді қолдануға қосу;

-тіл дамыту деңгейін бақылау т.б.

  • лексиканы оқыту арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу икемділіктерін қалыптастыруға арналған білім мазмұны талданып, арнайы жаттығулар жүйесін жасаудың ғылыми негіздері анықталған.

Пікір

 

Қазіргі кезде мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту, тілін, мәдениетін, сауатын арттыру жұмыстары айрықша мәнге ие болуды. Әсіресе, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуі мектептегі оқыту үдерісі мен білім беруді соның ішінде оқушылардың тілін, сауатын арттыру мәселелерін қайта қарап, барынша жетілдіруді талап етеді. Олай болса, зерттеу жұмысы өзінің мақсатынан–ақ көрініп тұрғандай, қазіргі кездегі өзекті де мәнді мәселеге арналған.

Лексикалық білім беру мен оның қатысымдық мақсатта қолданылуын дамытудың екінші бір мәселесі — сөзді орынды қолдана білуге баулу, тіл мәдениетін арттыру. Ол оқытуда сөздерді дұрыс тіркестіре білу дағдысымен анықталған.

Лексикалық икемділіктері мен дағдыларын дамытуда біз мына төмендегідей қағидаларға сүйенген:

  Біріншіден, сөйлеу икемділігі мен дағдысы тіл заңдылықтарын игеру, теориялық білім негізінде жүргізіледі.

  Екіншіден, лексикалық білім, икемділік пен дағды оқушының сөздік қорын молайту  негізінде жүргізіледі;

  Үшіншіден, қандай да болсын лексикалық  мәлімет беру тәжірибелік  мазмұнда болу қажет;

  Төртіншіден, әр сыныпта оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты  лексикалық материалдар сұрыпталып оқытылады;

Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы  оқушылардың тіл білімі  туралы ұғымының  кеңеюіне, тілдің  ең кіші нұсқасы сөздің фонетикасымен, морфологиясымен, синтаксис, стилистикамен қатысын түсінуіне, сөйтіп, бүкіл тілдің жүйесін  тұтас ұғып, оған өзіндік көзқарасының қалыптасуына  мүмкіндік береді.

  Лексиканы оқытуда алға  қойылатын мақсаттың  бүгінгі жастарды  заманымызға лайықты  тәрбиелеп шығу үшін  үлкен маңызы бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Зерттеу жұмысының өзектілігі. Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған: „Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру.Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру”. Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байла-нысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдыларды анықтайды. Мәселен, 5-10-сыныптардағы лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді. „Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету” деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді [1]. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал—лексика деп есептейді. [2].Белгілі бір тілді мегеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдк қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.

     Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынасдың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы); сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. Мәселен,Н.П.Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі: пішіні (форма); мағынасы (значение); қызметі (назначение).

      Н.П.Бехтерева сөздің осы үш ерекшелігінің ішінен адамның ойын, сезімін көрсететін үш белгісі- атқаратын қызметі-негізгі деп есептейді. Автордың айтуынша, сөз сөйлеушінің көзқарасын, көңіл-күйін білдіргендіктен адамдар арасындағы қарым-қатыныстық қызметті атқара алады.

      Сөзді қатысымдық тұрғысынан алып қарағанда, сөздің алатын орнынан да, білдіретін сезімдік жағынан да сөйлесу үшін қажеттісі- сөздің байланысу амалы мен қолдана білу заңдылығы. Өйткені өзіндік заңдылықпен қолданылмаған сөз сезімді де білдірмейді, тілдегі орнына сай қызметін де атқара  алмайды. Мәселен, белгілі бір тілде сөйлеу үшін, көп сөзді білгенмен,оны дұрыс қолдануды білмесең, ойыңды түсінікті етіп жеткізу мүмкін емес.

      Сонмен қатар, сөздің қай жағы (қалпы, мағынасы, қызметі т.б.) жетекші деген көзқарасқа келетін болсақ, қатысымдық тұлғаның сыртқы қалпы да, ішкі мағынасы да, ішкі байланысы мен сыртқы қолданысы да маңызды бола келіп, тілдік қатынаста әрқайсысы өзіндік қажеттілікпен, орнымен көрінеді. Сондықтан қатысымдық негізде сөзді оқыту жеке бірлік ретінде оның өзіндік белгілеріне байланысты. Зерттеуімізде сөзге тән мұндай белгілір мыналар деп есептедік:

  • сөз—белгілі бір ұғымдарға қатысты семантикалық мәндерді білдіреді және осы семантикалық қасиеттерді әрі сақтаушы, әрі жинақтаушы ретінде тілдік қатынастың ең қажетті бірлігі болып табылады;
  • сөз бір-бірімен байланысу арқылы адамдардың ойын білдіреді де, түсінісу құралы болудың нәтижесінде қатысымдық қызмет атқарады;
  • сөз өмір шындығын ғана емес, эмоциялық сезім күйді де білдіреді;
  • сөз тілдегі қалыптасқан ережелердің нәтижесінде бір-бірімен тіркесе келіп, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрауға негіз болады және тілдегі ең басты лексикалық бірлік болып табылады.

Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеуге жаттықтыру лексиканы меңгерумен тығыз байланысты.“Лексика” деген ұғым лингвистикада көбінесе сөзге қатысты айтылғанмен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лексиканы меңгеру—сөйлеу үдерісіндегі барлық лексикалық бірліктер туралы дағды мен икемділіктерін қалыптастыру деген сөз. Сонымен, қатысымдық қызмет атқаратын лексикалық тұлғалар мыналар: сөз, тұрақты сөз тіркестері. Ал сөйлеуге дағдыландыру үшін сөзді қолдан білу мақсатында мына сияқты икемділіктерді меңгеру қажет:

  • сөздердің ішкі мәні мен мағынасын, түрлі семантикалық қасиеттерін игеру;
  • тиісті грамматикалық өлшем – бірлік арқылы бұл тұлғаларды айтар ойға сәйкес бір-бірімен тіркестіру, байланыстыру;
  • мағыналық байланысқа түскен тіркестерден ойына сәйкес сөйлем құрай білу;
  • сөйлемдерді ойдың жүйесіне сай етіп, мәтін құрамына енгізіп, тілдік қолданыста пайдалану;
  • орфоэпиялық қалыпты сақтай отырып, осы лексикалық тұлғаларды дұрыс айту.

        Оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін, алдымен, сөз мағынасын түсінуі, білуі керек. Ал сөздің мағыналық құрамының өте күрделі екені белгілі. Тілдегі сөздердің көпшілігі көп мағыналы және ауыспалы мағынада да жиі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналық қасиеттері бар. Қарым-қатынаста сөздер мағыналық, стильдік қолдану жағынан да белсенді (актив) және сирек (пассив) қолданылатын сөздер болып ерекшеленеді. Сондықтан оқушының сөз мағынасын жақсы түсінуге қол жеткізу — өзекті мәселелердің бірі.

Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты – қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға лексиканы оқыту арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен практикалық жолдарын анықтап, лексиканы оқытудың  әдістемелік жүйесін жасау.

     Зерттеудің міндеттері:

  • тілдік қарым-қатынасты қалыптастырудағы лексиканы оқытудың орны және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтау;
  • лексиканы оқыту арқылы сөйлеу әрекетін дамыту негізінде оқушылардың қатысымдық білік, дағды, икемділіктерін қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.

     Диплом жұмысында мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды:

 Сипаттау, байқау, салыстыру тиісті әдебиеттер мен қазіргі оқу үдерістерін талдау, статистикалық әдіс (оқушылардың білімі мен дағдыларын, іскерлік деңгейін анықтау үшін) сондай-ақ педагогикалық бақылау, әңгіме жүргізу, сауалнама әдістер пайдаланылды. Зерттеу  жұмысының нәтижелілігін анықтау барысында эксперимент әдісі жүргізіледі.

 Бірінші кезеңде, оқушылардың ауызша сөйлеу жайы, мұғалімдердің іс-тәжірибесі анықталып, талдау жасалында.  Екінші кезеңде оқыту эксперименті ұйымдастырылды: 1) ауызша тіл дамытудың мазмұны, көлемі мен  жүйесі анықталып, арнаулы  тіл ұстарту сабақтары өткізілді. Тәжірибе-сынақ жұмыстарының кейбір нәтижелерін қайта тексеру  мен нақтылау жүргізілді. Зерттеу жұмыстары теориялық жағынан қорытындыланып, тәжірибелік ұсыныстар нақтыланады. Үшінші кезеңде тәжірибе-педагогикалық жұмысымызға талдау мен жинақтау жасалынып, оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдысының жүйелі қалыптасқандығы жөнінде пікір қорытылды.

  Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:

Оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдыларын  қалыптастырудағы  әдістемелік жүйесі қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді.  Тыңдап түсіну мен айту әрекеті, мәтінді мәнерлеп оқу, ауызекі жүйелі сөйлеу қабілетін дамыта оқудың жаттығулар жүйесі жасалды. Зерттеу жұмысының нәтижесі бала тілін ғылыми теориялық жағынан зерттеушілерге материал болады.

Зерттеу жұмысы нәтижелері мектепте қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартуға,  танымын арттыруға көмегін тигізеді. Зерттеу жұмысындағы әдістемелік ұсыныстар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді мұғалімдер өз тәжірибесінде, сабақ барысында, сабақтан тыс  жұмыс пен семинарларда кеңінен қолдануына болады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бөлім . Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері

 

Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысын түсінуіне, сөйтіп, бүкіл тілдің жүйені тұтас ұғып, оған материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Лексиканы оқытуда алға қойылатын бұл екі мақсаттың бүгінгі жастарды заманымызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан да лексикалық ұғымдар жоғарыда айтылған 4-5-сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды. Ондағы (сөздегі) сан алуан мән-мағына грамматикалық байланыста ашылып, жанды көрінісін, қабілетін таныта алады.

Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі  арнайы өтілетін курс та, екіншісі — өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. Әуелі 4-5-сыныптарда өтілетін арнайы курстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болады.

Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған, шашыранды атаулар емес. Олар – заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келе тіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел, аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір,екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөз бен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әр түрлі сезім-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі  (іңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тіліміздегі сөздердің жеке түрін дербес мағынаны аңғарту, аңғартпауына қарай атау сөздер, көмекші сөздер және одағай деп үшке бөлеміз. Немесе лексикалық мағыналы сөздер және грамматикалық мағыналы сөздер деп екіге бөлуге болады.

Лексика бөліміне енетін материалдың лингвистикалық негізі де осы айтылғандай принциппен шектеледі. Яғни тек қана лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлімет беріледі де, грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер ( көмекші есім, шылау, одағай) грамматика аясында ғана сөз болады. Әрине, лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасы болатынын мұғалімнің естен шығаруына болмайды. Дегенмен бұл жерде лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынуы керек.

 

І. 1.1. Лексиканы оқытудың мазмұны

 

Лингвистикалық негізін ажыратып алмай, лексиканы тіліміздегі жалпы сөздердің жиынтығы деп түсіндіре салсақ, оқушылар лексикалық талдау кезінде, жаттығу үстінде шатасады да, сабақтың негізгі мақсаты орындалмайды.

Мұғалімдер көп жағдайда оқулықты өздеріне тірек етеді. Онысы дұрыс та. Алайда оқулық оқушы үшін жазылғанын, онда мұғалім үшін көп нәрсенің жасырын сыр болып қалып қоятынын әр кез есте сақтау керек. Егер мұғалім оқулықтағыны ғана білсе, оқушыға берер білімнің түпкі мақсатын, одан шығар нәтижені өзге (грамматикалық) мағынадан жақсы ажырата алуы керек. Мысалы, лексикалық мағынасы бар сөздердің өзі түрлі қосымшалар жалғану арқылы дыбысталу қауызын өзгертіп отырады: адам, адамдар, адамдары, адамдарымыздың, адамдық, адамсу т.б. Ал олар сол қосымша арқылы грамматикалық мағына қабылдады ма, жоқ лексикалық мағына қабылдады ма деген мәселені ерекше ажырату керек. Өйткені атауыш сөздердің ішінде туынды түбір сөздер өте көп кездеседі. Оларды лексикалық мағынасы сақталып түрлі формаға енген сөздерден (адамдар, адамдармыз) бөле білмей тұрып, лексиканың лингвистикалық негізін де толық түсіну қиын болады. Сондықтан оқушыларға лексикалық мағына дегенді әр түрлі мысалдармен саналы түсіндіру арқылы ғана, оны грамматикалық мағынадан ажырататын болады. Мысалы, дейін, шейін, гөрі, сияқты, туралы т.б. шылаулар мен кітап, қар, аяз, жел, жаңбыр сияқты сөздерді салыстырып, оқушылардың өзіне мағыналарын түсіндір десек, тек кітап, қар, аяз, жел, жаңбыр сөздерінің ғана лексикалық мағынасын түсіндіреді де, шылаулардың лексикалық мағынасының жоқтығына көзі жетеді. Сондай-ақ лексикалық мағынасы бар атауыш сөздердің өзін бір ғана мағынасымен шектеу тағы қиын. Өйткені тіліміздегі сөздердің әрқайсысы сан түрлі мәнге ие. Олар – белгілі бір ұғымды аңғарта отырып, айтушының (не жазушының) көзқарасын, ой-күйін де байқатуы мүмкін. Мысалы, жуас, момақан, көнбіс десек, үш сөздің де лексикалық мағынасы бір немесе жақын болғанымен, қолданушының жақсы немесе жек көріп, әлде сүйсініп айтқанын байқауға болады. Сондықтан сөз мағынасын ашып түсіну оқушылардың лексикалық ұғым туралы білімінің сөйлеу, жазуды қолданып, стилистикадан хабардар болуға мүмкіндік береді. Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы түсінік бергенде олардың (сөздердің) әр түрлі мағынасы контексте, сөйлемде ғана ашылатынын, жеке тұрғанда ондай көп мағынасының аңғарыла бермейтінін ескеріп, жаттығу жұмысын контекспен байланыстыра жүргізу керек. Мысалы, ақиық сөзінің  оқушы бүркіт тұқымдас құс маржасын аңғартатынын контекссіз түсінсе де, ауыспалы мағынада шаршамайтын, шалдықпайтын адам деген мәнін ұға бермейді. Көл сөзінің теңізден кіші суды аңғартатынын білгенмен, көп, мол дегенді білдіруі тек мітін ішінде  ғана ашылады. Сондай-ақ сөз кейде өз мағынасында да, ауыспалы мағынада да қолданылмай, екі , не одан да көп  сөздердің  тіркесуі  арқылы басқа мағына беретін кезі де болады. Мұндай тіркестер айтушы немесе жазған кісінің құрастырумен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп қалыптасқан күйінде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы, ашық ауыз, төбе шашы тік тұрды сияқты тіркестер жеке бір ғана атауыш сөз мағынасын береді. Әрине, мұның бәрін, лексикалық мағынаны түсіндіргенде үйіп-төгіп оқушыға түсіндірем деу әурешілік болары анық. Дегенмен мұғалім өзі есте ұстаса, мәтін ішінде кездесе қалғанда оқушыға ұқтыруына қажет болады.

Сөз сырын, оның лингвистикалық негізін түсіндіруде оқушылар сөздердің бір-бірімен мағыналық жағынан әр түрлі себептермен тығыз байланыста болатынын, белгілі бір жүйеде бағынып, бірін-бірі толықтырып не мағынасын ашып тұратынын ескеру керек.

Мектеп курсында синонимдер, омонимдер, антонимдердің оқылуы осы жағдайға қарай бағытталған. Мысалы, синонимдес сөздер бірін-бірі толықтырып, мағынасын ашуға себеп болады. Айталық, сұлу сөзінің мағынасын аша түсу үшін келбетті, келісті, көркем, әдемі сөздерін пайдаланымыз. Сондықтан да түсіндірме сөздікте белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіру үшін оның синонимін келтіру (егер синонимі болса) тәсілі кездеседі. Мысалы, сызды – ылғалды, дымқыл; сый – құрмет, қошамет; сыйлы  құрметті, қадірлі; сымбат – нұсқа, мүсін, тұлға; сынау – тексеру, байқау.

Ал антонимдес сөздер (ұзын – қысқа, ақ — қара) біріне-бірі қарама-қарсы мағынаны аңғарту арқылы мағынаны дәлелдей түседі. Сондықтан біз кейде сөздің мағынасын түсіндіру үшін антонимін табуға, сол арқылы түсіндіруге әрекет жасаймыз. Мысалы, қара – аққа қарама-қарсы түс.

Сондай-ақ сөздің бір-бірімен байланысы тақырыптық топтарға қарай (спорт терминдері: футбол, волейбол; география терминдері: тау, қырат, ойпат т.б.) бүтін мен бөлшектің өзара қатысына қарай (адам – қол, аяқ, көз, мұрын, құлақ т.б.) сондай-ақ түбірлестігіне қарай (ақшыл, ақтау, ақтық; түрлі, түрсіз, түрлілік т.б.) анықталады.

Мектеп курсында оқушыларға лексика бөлімінен саналы білім беру үшін бағдарламаға енген тақырыптардың теориялық және тәжірибелік жағынан мәні анықталуы керек. Әрине, бағдарламадағы өз мазмұнымен негізгі мақсат-мәнін ашатын сияқтануы мүмкін. Сабақты түсіндіруші мұғалім де осы ізбен жеке тақырыпты бөліп-бөліп түсіндірумен қанағаттанса, олардың бір-біріне қатысты топтарын ашып түсіндіруді немесе өзі ұғуды мақсат етпесе, лексика бөлімін оқыту мазмұны толық ашылмауы әбден мүмкін. Сондықтан лексика бөлімін оқытуда есте сақталуы қажет үш ұғым бар екенін білуіміз керек. Біріншісі – сөздің мағыналық топтары. Бұған сөз және оның мағыналары (тура мағына, ауыспалы мағына, көп мағыналылық), синоним, омоним, антоним. Екіншісі — әр түрлі қолданылу аясына қарай бөлінетін жалпыға бірдей, белгілі аяда қолданылатын сөздер (терминдер, диалект және кәсіби сөздер), көнерген сөздер мен неологизмдер. Үшіншісі – шығу тегіне қарай қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздер. Осы үш топқа бөлінген тақырыптар бүкіл лексика бөлімін қамтиды да, олардың әрқайсысы мұғалімдерге материалды түсіндіруге белгілі міндет жүктейді.

Бірінші ұғым деп алып отырған сөздің мағыналық топтары 4-сыныпта оқытылатыны белгілі . 4-сынып оқушылары сөз мағыналарының әр түрлі қолданыс жолдарын (тура, ауыспалы), синонимдердің, омонимдердің, антонимдердің тіліміздегі көркемдік, стильдік мәнін түсініп, мәтіндерден ажыратуға, тіл ұстарту бағдарламасы бойынша,  ресми кеңсе стилінде, ауызекі сөйлеу стилінде, көркемдік әдебиет стилінде қолдану жолынан хабардар болады. Олардың түсіндірме сөздікте берілу тәртібімен танысып, сан түрлі сырын ұғады. Сөйтіп оқушылар сөйлеу, жазу нормаларына жаттығыды.

Ал екінші және үшінші топқа жататын ұғымдар 5-сыныпта оқытылады да тіліміздегі сөздердің даму, қалыптасу жолымен және олардың әдеби тілдің стильдік тармақтарында қолдану аясын аңғартады. Мысалы, қазақтың байырға сөздері  мен  басқа тілден енген сөздерді оқу арқылы тілдің баю, даму жолын түсінсе, терминдер мен диалект, кәсіби сөздердің, көнерген сөздер мен неологизмдердің мәнін білу арқылы тілдің сан-саласы стильдік тармақтары болатынын, әрқайсысы да қажетіне қарай тілімізге қызмет ететінін ұғады. Сондықтан лексика бөлімінің материалдарын өту барысында да, кейін пысықтау үшін де бұл айтылған ұғымдарды есте сақтаудың, оқушыларға оны анықтап ескертудің зияны жоқ.

Оқушыларға анық болуы үшін мынадай кестені жасап, іліп қоюға да болады.

Лексикалық ұғымдар

↓                                                 ↓                                                     ↓

Сөздің мағыналық топталуы

 

Сөздің шығу тегіне қарай топталуы

 

Сөздің қолданылу аясына қарай топталуы

↓                                                     ↓                                               ↓

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары. Көп мағыналы сөздер. Синонимдер. Омонимдер. Антонимдер

 

Қазақтың байырғы сөздері. Басқа тілден  енген сөздер.

 

Көнерген сөздер мен неологизмдер. Жалпылама қолданылатын сөздер. Терминдер. Диалект, кәсіби сөздер

 

Ал  фразеологизмдер мағынасы жағынан өзара синонимге де (жүрегінің түгі бар – жүрек жұтқан; он қолынан өнері тамған – ағаштан түйін түйген т.б.) көп мағыналыққа (аузын ашты деген фразеологизмді сөйлей бастады деп те, таң қалды деп те түсінуге болады) да жатады.

Ал шығу тегіне қарай алсақ фразеологизмдерді тіліміздегі сөздер  сияқты байырғы фразеологизмдер, басқа тілден енген фразеологизмдер деп бөлуге болады. Мысалы, көрмес түйені де көрмес, тасбақа аяң сияқты тұрақты тіркестердің біріншісі байырғы фразеологизм болса, екіншісі – черепаший шаг дегеннен алынған.

Қысқасы фрезологизмдер жеке сөздің баламасы ретінде қолданылатындықтан, сөздің аясында қарастырылады.

 

 

1.2. Лексиканы оқытудың принциптері

Мектепте лексиканы оқытуда оның тиімділігін арттыру үшін алға қойылатын негізгі принциптерді саралап алудың үлкен мәні бар.

Лексиканы оқыту әдістемесінде негізінен төрт принцип бар. Оның біріншісі – сөз мағынасын оның (сөздің) аңғартатын болмысымен (зат, сын-сапа, сан, қимыл т.б.) салыстыру; екіншісі – лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру, үшіншісі – семантикалық-мағыналық принцип, төртіншісі – дмахрониялық принцип.

Бұл төрт принципке жеке-жеке тоқталамыз.

Бірінші принцип – сөзді болмыспен салыстыру.

Қазақ тілінің сөз байлығын үйрену немесе игеру өмірді, өмірдегі сан алуан құбылыстың өзін, оның сын-сипатын ұғумен қатар жүретіні белгілі. Өйткені белгілі ұғымға телінбеген сөз есте де сақталмайды, өмірге қажет те болмайды. Өмірде нендей жаңа зат, жаңа ұғым пайда болуына қарай, жаңа сөз пайда болатыны сияқты, ол сөздердің әжетке жарауы да, жарамай, қолданылудан түсіп қалуы да сол зат не ұғымға тікелей байланысты. Жас бөбектің сөз үйреніп, тілінің шығуы — өзіне таныс заттар мен ұғымдарды танып білумен қатар жүретіні сияқты лексиканы оқытқанда да сөз мағынасы өмірмен тікелей ұштастырылып отырылуы талап етіледі.

Мектеп бағдарламасында бұл әдісті қолданудың әдістемесі қалай дегенге келсек, ең бірінші заттың суретіне қарап атау, не естіп, оның суретін табу әдісінің үлкен мәні бар. Әрине, бұның қарапайым әдісі ретінде аңғарылуы да мүмкін. Өйткені мұндай әдістер көбінесе балалар бақшасында, бастауыш мектептің алғашқы сабақтарында жиі кездеседі. Ал біз әңгіме етіп отырған 4-5 сынып бағдарламасында қалай қолданылмақ. Айиалық, 4-сыныпта сөздің мағыналық топтарын оқытуда сөздің мағынасын заттың суретімен салыстыру лексиканың көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним сияқты категорияларын танытуға үлкен септігін тигізеді. Бір заттың атауы екі не одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздерді синоним болатынын (шолақ, қысқа, келте т.б.) немесе бірнеше зат бір сөзбен аталса, омоним болатынын, бір-біріне ұқсас бірнеше затты бір сөз аңғартса, көп мағыналы сөз болатынын түсіндіру үшін өте қажет әдіс болып табылады. Мектеп оқулығында бұлайша салыстыру әдісіне негізделген суреттер берілген. Оны мұғалім көбейтіп қолдануына әбден болады Өйткені тіліміздегі сөздерді оқушы біліп, оны қолданып тұрғанымен ішкі сырын, мағыналық қатпарларын, стильдік өңін анық тани бермейді. Тілдің күрделі мәселе екені, оны жастай үйреніп, сол тілде сайрап сөйлеп тұрғанның өзінде адам баласы өмір бойы үйренумен өтетіні белгілі. Олай болса, сөз туралы ұғым, оның қажеті қанша үйренген сайын, қыр-сыры молая беретін байлық. Сондықтан бұл принципті мектеп бағдарламасында лексика бөлімін оқушыларға саналы үйретудің бірден-бір қажетті жолы деп есептеуге болады.

Екінші принцип – лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру. Бұл принцип лексикалық құбылысты нақтылап, анықтап, дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі. Мысалы: антоним, синоним, омонимдерді, көп мағыналы сөздерді оқытқанда, олардың (сөздердің) лексикалық мағыналарына көңіл бөлеміз де грамматикалық мағынасына көңіл аудармаймыз. Айталық, омонимдерді өткенде дыбысталуы бірдей бола тұра басқа-басқа ұғымды аңғартатын, бір-біріне байланысы жоқ сөздер деп түсіндіреміз де пысықтау кезінде болсын, жаттығу, қайталау кезінде болсын, осы ізбен кете береміз. Грамматикалық мағынасы аталмайды.

Шындығында, омонимдердің грамматикалық мағынасына көңіл аударып, олардың бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да (түс – зат есім, түс – етістік т.б.) бола беретінін салыстыра түсіндірсек, тақырыптың мазмұны ашыла түседі, омоним сөздердің мәні де толықтырылады, сөйтіп, лексикалық мағынаны жаұсы түсінуге мүмкіндік туады.

Ал мұндай мысалдарды қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен оқушылар өздері тауып, лексикалық, грамматикалық мағыналарын салыстыру арқылы көп мәселені үйренеді. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» албан және албыр деген екі сөзді қарап көрейік.

  1. Албан, зат есім. Алым, салық.
  2. Албан, зат есім. Албанияның негізгі халқы, ұлт.
  3. Албырт, сын есім. Беті қайтпаған, тауы шағылмаған.
  4. Албырт, зат есім. Делбе (ауру).
  5. Албырт, етістік. 1.Албырау, қызару. 2.Көңілдің әр нәрсеге кетуі.

Егер оқушыларға осы албан және албырт сөзінің түсіндірме сөздікте берілуін, олардың екі сөз емес, бес сөз екенін (алдыңғысы 2 омоним, соңғысы – үш омонимге бөлінетінін), бірақ олардың омонимдік мағыналары бір сөз табы аясында да (мысалы, албан сөзі тек зат есім), әр түрлі сөз табы аясында да бола беретінін (албырт сөзі омонимдес зат есім, сын есім, етістік болып тұр) салыстыра түсіндірсек, олардың әрі лексикалық мағынасын, әрі грамматикалық мағынасын игертеміз. Мұндай салыстырула синоним, антонимдерді өткенде де ойластырып отырған жөн. Әсіресе түсіндіру дерексіз ұғымды білдіретін сөздердің лексикалық мағынасын ашып түсіндіруге қажет болады. Өйткені үшін дерексіз ұғымдарды аңғартатын сөздердің мағынасын ашу деректі ұғымды аңғартатын сөздердің мағынасына қарағанда әлдеқайда қиын.

Сөздердің лексикалық және грамматикалық белгілерін салыстырып түсіндіру барысында тағы бір еске алатын жайт, әрқашан талданатын сөз сөйлем ішінде, контексте ғана қарастырылуы керек. Өйткені жеке тұрған сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары беймәлім болып келеді. Мысалы, егеу, жамау, жабу, оқу т.б. сияқты сөздер бірде зат есім, бірде етістік болып қолданылуы сөйлем ішінде ғана байқалады. Сондай-ақ алыс, жақын сөздерін біз бір-бірімен салыстырып, қашықтықты білдіретін антоним сөздер екенін бірден аңғартуымыз мүмкін. Бірақ алыс сөзінің етістік ретінде қолданылуы еске түсе бермейді. Ал бұлар сөйлем ішінде (контексте) қарастыру оқушыларға әлдеқайда жеңіл болады.

Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияларды түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды болады. Бұлайша түсіндіру – лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды да бойына сіңіре беруіне, сөздердің қолданылу аясын тереңдей білуіне мүмкіндік жасайды.

Үшінші принцип – семантикалық принцип. Бұл припцип сөздердің әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланысты. Лексикалық парадигма дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысы қандай болса, оларды аңғартатын сөздердің де бір-біріне қатысы сондай болады. Мысалы, өзара қатыстылығы арқылы бір атауға топталатын сөздер болады. Айталық, таңертең, сәске, түс, намаздыгер, намазшам, кешқұрым сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атаулары; тал, терек, қарағаш, қараған, сәмбі, өрік, алма т.б. сөздер ағаш сөзінің мағынасына енеді; қол, аяқ, иық, тізе, арқа, құлақ, мұрын т.б. сөздер дене мүшесіне жатады. Сондай-ақ синоним, антоним, көп мағыналы сөздер де өз ішінде белгілі мағыналық қатысқа ие. Сөйтіп лексикалық парадигма дегенде осындай өзара мағыналық байланысы бар сөздердің тобын айтамыз. Сондықтан семантикалық принцип көп мағыналы сөздер мен омонимдерді, көп мағыналы сөздер мен антонимдерді, синонимдер мен түбірлес сөздерді үйренуде қолданылады. Сондай-ақ өзара бір атау топтарға бөлінетін сөздерге көңіл аудару да лексикалық мағынаны аша түсетін тәсіл екенін есте сақтаған жөн. Мысалы, шабуылшы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, қақпашы сөздерін спорттың футбол атты түрімен ғана түсіндіріп, мағынасын аша аламыз. Сондықтан тіліміздегі көптеген сөздердің лексикалық мағынасын тек семантикалық принцип арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ бұл принцип сөздердің сөз тіркесі және сөйлем ішінде өзара мағыналық байланысу жолын аңғаруға да көмектеседі. Өйткені қандай сөз болмасын ешқашан тілде жеке өмір сүре алмайды, қандай да бір басқа байланыста қолданылып, әжетке жарайды. Мысалы, есік сөзі ашу, жабу етістігімен байланысты айтылғанымен, ұшу, жүру, кету, келу сияқты қозғалысты білдіретін сөздермен байланыспайды. Бірақ тілдің ішкі мүмкіндіктеріне қарай, бір-біріне байланысы жоқ ұғымдарды образды ойлау жүйесімен айту арқылы байланыстыратын кездер де болады. Мысалы, барқыт түн, алтын дән, ақ алтын, алтын күз т.б. Сондықтан оқушыларға сөздің лексикалық мағынасын түсіндіруде семантикалық принцип осындай сөз қолданыс түрлеріне қарай да айқындап ұқтыруға мүмкіндік береді.

Төртінші принцип – диахрониялық принцип. Бұл принцип тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген, ол көбінесе 5-сыныптағы басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, кәсіби сөздер туралы ұғымды оқушыларға түсіндіруде қолданылады. Сөйтіп, диахрониялық принцип – оқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау үшін қажет. Бұл принцип сырттай қарағанда оқушылар үшін тым күрделі көрінуі де мүмкін. Мәселе онда емес. Біз бұл жерде сөздің этимологиясын ашу үшін жасалатын күрделі талдауға бармаймыз, тек 5-сынып оқушыларының өз ұғымына сай, оқулық материалы көлемінде ғана жүргізіледі. Мысалы, орыс тілінен енген машина, трактор, комбайн, колхоз сияқты сөздердің тілімізге енуінің себебі қазақ халқының тарихымен ашылуға тиіс. Немесе көнерген сөздерді, неологизмдерді де халық тарихымен салыстырып, би, хан, уәзір сияқты сөздерді қазір халық неге қолданбайды, не үшін спутник, ұшқыш сияқты сөздер пайда болды? дегендей сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргіземіз.

Оқушылар бұлай салыстыру әдістері арқылы басқа тілден сөз ену, кей сөздің көнеріп, кей сөздердің тілімізде жаңадан пайда болып жатуы қазақ халқының тарихындағы өзгерістерге, даму жолына байланысты екенін аңғарады. Мысалы үшін оқушыларға   тың сөзін  талдатсақ, қазақ халқының өміріндегі ұлы өзгеріске байланысты екенін аңғарады. Айталық, әуелі оқушыларға тың сөзінің бұрын сын есімге жататын сөз болғанын, тың күш, тың көлік, тың жер сияқты зат есімге  анықтауыш ретінде тіркесетінін түсіндіре келіп, қазіргі тың сөзінің лексикалық мағынасын талдап, оның зат есімге айналғанын аңғарғуға болады: «Тың игеру кезінде ондағы кездескен тұрмыстағы қиыншылықтарды қайта сөз ететін болсақ, олар шынында да уақытша қиыншылықтар еді.»

Бұл сөйлемдерде тың сөзі бұрынғы сынды аңғартатын мағынасынан алыстап не?  деген сұраққа жауап беретін белгілі бір территорияны, елімізге әйгілі астықты өлкені аңғартып тұр. Оқушылар тың сөзінің ішкі мағынасындағы өзгеріс қазақ халқының мекені Қазақстанда болған тың игеруге, ұлы оқиғаға байланысты туғанын түсініп, сөз бен халық тарихы бір-бірімен сабақтас, жалғас жататынын түсінеді. Сөз тарихы мен халық тарихын салыстыра түсіндіру әр түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін. Кейде сөз тарихы баяндалатын қысқа мәтіндерді жаттығу ретінде пайдалану арқылы, сөздің қайдан, қалай келгенін, қалай пайда болғанын білдіруге болады.Мысалы, Шаруалар қайсы елде болса да, мехнатты өмір кешіп, мұқтаждықта қорлық көрген. Әліпті таяқ деп білмейтін ауыл адамдарын қалалықтар қас надан деп мазақтап, кеудесін керіп кердеңдеген.

Шаруаларға менсінбей қараудың өзі осы Клоун атауынан да аңғарылады. Өйткені бұл сөз латынша «Колонус», яғни ауыл тұрғыны деген сөзден шыққан.

 

  • Лексиканы оқытудың жүйесі.

 

Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары жөнінде. Лексикалық жаттығулар қазақ тілі лексика жүйесін белгілі бір ұғымдық мәліметтермен танысуға, сөздерді қолдана білуге дағдылануға бағытталады. Сондай-ақ лексикалық жаттығу оқушылардың сөз байлығын арттырады, сөзді қолдануға бейімдіктерін дамытады, оқушыларды әрбір сөзге көңіл бөлуге, мағынасын анық аңғартуға жетелеп, логикалық ойлау жүйесін кеңейтеді.

«Қазақ тілі» оқулықтарында (4-5-сынып оқулықтарында) лексикалық жаттығулар тек қана лексикалық ұғымдарды (тура және ауыспалы мағына көп мағыналылық, синоним, омоним, антоним, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, фразеологизмдер) пысықтауға және олардың қолданылуын үйренуге жетелейді. Бірақ қолданылуы жайында тапсырма аз берілген. Демек, лексиканы игеру үшін грамматикамен, орфографиямен және стилистикамен байланысты жаттығу жұмыстары жүргізілуі керек. Өйткені лексикалық ұғымдарды үйрену мен оның қолданылу аясын толық игеру тілдің басқа салаларымен байланыстырылмай, толық мәнге ие бола алмайды. Сондықтан оқулыққа жаттығу жұмыстарын беру үстінде қай материал грамматиканың, орфографияның қай тақырыбымен байланысты екенін айрықша ескеріп, олардың жүйелі берілуіне көңіл аударған жөн. Бұл жерде үлкен шеберлік, оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдау, орындау мүмкіндігін айқын аңғаратын педагогикалық, психологиялық білік қажет. Сондықтан әуелі лексика саласы бойынша берілетін жаттығулардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай классификациялап алған жөн. Берілетін жаттығу жұмыстарының бірінші тобы, сөз жоқ, лексикалық жаттығу болып табылады. Мұнда негізінен оқушылардың лексикадан алған теориялық мәліметтері пысықталып, сөз қолданысқа үйретіп, дағдыландыру, сөздікті пайдалану ісі игерілуі керек. Дұрысында, сөздіктермен танысу, оларды пайдалану жұмысы әрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі керек. Мысалы, түсіндірме сөздікпен танысу, оны пайдалану сөз мағыналарын өткенде (тура және ауыспалы мағына, көп мағыналық, омоним, синоним, антоним) қажет болады. Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын сөздікте қалай түсіндірілетінін немесе өздері мағынасын анық аша алмаған сөздердің мәнін ұғу үшін пайдаланады; көп мағыналы сөздердің, омоним сөздердің берілу тәртібін үйренеді.

Көп мағыналы сөздердің әр түрлі синонимі, әр түрлі антонимі болатынын түсіндіріп, оған сай жаттығу жұмысын жасау – сөзді толық түсінуге, барлық мүмкіндігін ашып ұғуға мүмкіндік береді. Мысалы, асау ат, асау өткел деген тіркестерде асау сөзіне бірде жуас, бірде оңай сөзі антоним болады (жуас ат, оңай өткел). Ал синонимі де әр  түрлі, айталыұ, бастықпаған ат, қиын өткел.

Ал лексикалық жаттығулардың екінші тобы тілдің басқа салаларымен байланыстырылып жүргізілетін синтетикалық жаттығу болып есептеледі. Анығырақ айтсақ, лексикалық тақырыптан алған білімін бұрын өткен грамматика, орфография, стилистика тарауларының материалдарымен байланыстырып жаттығу. Мұның өзі оқушылардың лексикадан алған білімін жалпы тіл жүйесінде түсінуге, тіліміздегні орнын, қолданысын ұғуға, сондай-ақ өзге материалдарды еске түсіріп, қайталап отыруға мүмкіндік береді.

Ол үшін мынадай жаттығулар жүргізілгені абзал.

  1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын таптыру: 1) адам, өсімдік, жануар, алтын, су; 2) қызық, жазық, әдемі, үлкен; 3) ойлану, жүру, сөйлеу, кебу.

Оқушылар үш топқа бөлінген сөздердің лексикалық мағынасын аша отырып, бірінші топтағы сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы сөздердің заттың белгісін, сынын білдіретінін, үшінші топтағылар қимылды білдіретінін анықтап, зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс. Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қолданылуына, шығу тегіне қарай ажырату да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі.

  1. Мына түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтату: 1) келісім, келісті, келіншек; 2) орын, орынша, орындық, орынды; 3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды.
  2. Грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығудың тағы бір түрі сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату болып табылады. Мысалы, белгілі бір сөзге септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып көруге болады. Оқушылар бұлайша түрленген сөздердің лексикалық мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда болғанына көз жеткізді.

Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылардың лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі, сөйтіп, сөздің қолданылыс аясын жақсы меңгеріп, тәжірибелік дағдысы артады, жазу мәдениеті жетіледі.

 Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құруға үйретеді. Бұған байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары: 1) берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтарға, қайсысы қандай стильдік тармақтарға жатады. Мысалы, балалар – балдар, қыз – нашар бала, тыныш тиыш, бала – балақай, қыз – қызалақ т.б. 2) стилистика туралы ұғымды оқушыларға кеңінен түсіндіріп, ғылыми, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерімен таныстыру.

Ал орфографиямен байланысты жүргізілген жаттығулардың да өзіндік орны, ерекшелігі бар. Өйткені оқушылар сөз байлығын игерумен бірге оның дұрыс жазылу жолын да саналы түсінуі керек. Ол үшін оқушылардың сөз қолдану, жазу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізген жөн:

  • мына сөздердің түбірлес варианттарын жазып, түсіріліп жазылатын дауысты дыбыстар ережесін түсіндір: ұры (ұрлық), орын (орны), құлып (құлпы), көрік (көркі).
  • мына сөздерді сыңарларымен салыстырып, мағыналас немесе өзге сөз екенін түсіндір: қан – хан, қат – хат, кәрі – қария, ары — әрі, білік – пілік, қас – хас.
  • Берілген сөздерге түбірлес сөз тауып, дауыссыз дыбыстардың өзгеруін түсіндір: жап – жауып, тап – тауып, тек – теуіп, көбік – көбігі, парақ – парағым, тарақ – тарағым.
  • Берілген түбірлес сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшелікті түсіндір, түбірлес сөздердің лексикалық мағынасын ажыратып бер. Жұмыс – жұмысшы, ас – асшы, дос – досжан.
  • Омонимдес сөздердің түбірін тауып, әрқайсысының мағыналарын аштыру: түстік (тамақ) – түспек, түн – түнек.

Әр сөзді қатыстырып, жеке-жеке сөйлемдер құрастыру. Қысқасы, лексиканы пысықтау үшін берілетін жаттығулар жоғарыда келтірілгендей әр түрлі тақырыппен байланыстырыла жүргізілсе, оқушылардың сөз болып отырған тарау бойынша теориялық білімі мен қолдану дағдысын қалыптастыруға, жалпы тіл заңдылығын толық игеріп, өздігінен ойлануына, сөз қолдану шеберлігін арттыруына үлкен ықпал жасайды.

Мұның өзі оқушы лексика тарауына қаншалықты теориялық білім, қандай көлемде дағды алу керек деген сұрақтың да шешуін бере алады. Мысалы, ІҮ сыныпта оқушылар түсіндірме сөздікпен жұмыс істеп, тура және ауыспалы мағыналарды сөздіктен тауып, олардың берілу тәртібін түсінеді, синоним – зат есімдерді ауызекі, жазбаша түрде қолдану арқылы орынсыз сөз қайталаудан арылады, сондай-ақ синоним – сын есімдер мен синоним – етістіктерді қолдану жолын үйренеді.

Ал Ү-сыныпта сөздіктер арқылы қай сөздің қай тілден ауысқанын, көнерген сөз бе, неологизм бе, диалектизм бе, әлде кәсіби сөз бе деген сұрауларға жауап беріп, олардың қолданылу орнын, көркем әдебиеттегі ролін түсінеді.

Ү сыныпта лексиканы оқыту.

Ү сынып бағдарламасында лексика материалына 10 сағат берілген. Оқушылар осы берілген сағат көлемінде сөздің лексикалық мәнін, оның тілімізде қолданылу орнын, қызметін түсіндіру міндеттеледі. Ол үшін сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасын ашып, сөздердің өзара мағыналық байланыс жүйесін түсіндіру, сөйтіп, олардың сөз байлығын арттырады; сөздің тілдегі өзіндік өзгешелігін, яғни дыбыстық жағын, затты, сапаны, қимылды т.б. мағынаны аңғартатынын түсіндіру Ү сынып оқушылары лексика тақырыбын өту барысында лексикалық ұғымдардан хабардар болуымен қатар, олардың көркем әдебиетте қолданылуымен танысып, өз беттерімен оларды мәтіннен табуға дағдыланады.

Сөз және оның мағынасы. Бұл тақырып бойынша оқушылар тіліміздегі сөз байлығы туралы түсінік алып, олардың мағыналары, қолданылу аясы бойынша дағдылануы мақсат етіледі. Сондай-ақ тілдегі сөз байлығының шексіз молдығын, ал олардың сан алуан мағынаға ие екенін түсінуі қажет.

Мұғалім сабақтың тартымды өтуі үшін сөз байлығы адам баласының сөйлеу, жазу үшін қаншалықты қажеттілігін ұқтырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға әрекет жасауға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім.  Жаттығу әдісінің мәні, мазмұны мен мақсаты

 

Қазақ тілі – оқушының өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан мектептерде ана тілін арнаулы әрі негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән беріледі.

Тілден алатын білім көбінесе абстрациялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген мәселелерге сүйенеді. Мәселелердің көлемі, балаларға берілетін білім мөлшері олардың жас ерекшеліктерімен, мәселелерді қабылдай білу қабілетімен тығыз байланысты болады. Осы тұрғыдан, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар.

Қазақ тілін оқытудың мақсаты – тек баланың сауатын ашу, ана тілі пәнінің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды игі қасиеттерге, тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге тәрбиелеу.

Оқулықтағы жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерде басталмайды, баланы сол ереже, түсініктерге қарай жетектейтін тілдік материалдардан басталады. Оқушы жатығуларға берілген дидактикалық материалдарлы ұғына, тапсырмаларды орындай келе, солардай өздері қорытынды шығаратындай кезең басталғанда, жинақталған ережелер беріледі. Сонда олар тосыннан айтылған қағидалар болмай, өздеріне бұрыннан түсінікті, өздері қорыта алатындай болады.

Тілден өтілген материалдарды толық меңгертіп, оны тиянақты білгізу жолында көбірек қолданылып жүрген өнімді әдістердің бірі – жаттығу әдісі.

К.Д.Ушинский «Оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін жетілдіруді ойлаған жетекшілер оларды үздіксіз жаттықтырып отыру керек», — деген.[4]

Ы.Алтынсарин: «Жаттығу әдісі оқушыларды білім алуға үйретіп, дүние танымын кеңейтетін әдіс», — деп есептеген. [5]

А.В.Текучев: «Жаттығуды грамматкадан өтілген теориялық материалдарды түсіндіруді ғана сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды, ол тілден ұйымдастырылған сабақтың өте қажетті бөлімі және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім берілетін болса, ол өмірден, тәжірибеден, нақтылы тілдік материалдардан қол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді», — деп анықтайды. [6]

Әдістемелік әдебиеттерде жаттығу жүргізудің мақсаты оқытуда былайша тұжырымдалады:

  • оқушыларды сауатты жазуға үйрету;
  • мәдениетті сөйлеуге баулу;
  • дұрыстап оқу нормасын білуге дағдыландыру;
  • сөздігін байытып, дүниетанымын кеңейту;
  • тәжірибедегі іс шеберлігін қалыптастыру;
  • тәжірибелік білім беріледі т.б.

Жаттығу жұмысы оқушы  мектепке келген күннен бастап жүргізіледі. Өйткені әрбір білім саласынан берілетін білім өмірмен байланысты болады.

Қазақ тілінен берілетін білім негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: «Тіл материалдарын меңгерту барысында оқушының ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу және жазбаща тілін жетілдіру, сауатты жазу, әдеби тіл нормасында тіл мәдениеттілігін арттыру », — деп көрсетеді. [7]

Олай болса. Бұл міндеттерді іске асыру үшін оқушыларды жаттықтыру мен дағдыландыру керек. Ол үшін қазақ тілінен ауызша да, жазбаша да жаттығу жұмыстары орындалады.

Жазу, жаттығу жұмыстары бастауыш сыныптан бастап-ақ жүргізіледі. Әсіресе, бастауыш сыныптарда дұрыс жазуға үйретуден бастап жазудың күрделенген түрі шығармаға дейін ұласады.

Соның ішінде дұрыс жазуға үйрету жұмысы – оқуға үйрету жұмысымен қатар жүргізіледі. Оқушылар таныған, білген дыбыстарының әрпін жазуға үйреніп қана қоймайды, сол әріптерден сөз, сөйлем құрап жазуға жаттығады. Мұғалім жазуға үйрету кезінде әрбір әріптің дыбыстық ерекшелігімен де таныстырады. Тақтаға жазылған әрбір әріп, буын, сөз, сөйлем оқытылады да, оны анықтап әрі іштерінен оқып мәнін түсінеді.

Бастауыш сыныптарда грамматика мен емле тануға байланысты жүргізілетін жазудың басым көпшілігі – көшіріп жазу. Тақтада таблицада жазылған сөйлемдерді көшіру, жазу үлгісінен, басқа баспа құралдарынан (газет-журнал т.б.) көшіру, айту бойынша жазу т.б. Ал бұл жұмыстар жоғары сыныптарда грамматикалық ереже, анықтамаға сай белгілі жұмыс түрін орындаумен ұйымдастырылады.

Оқулықтарда берілген жаттығулардың 70-80 пайызы жазбаша орындалады десек, әр тапсырманың өзіндік ерекшелігі, мақсаты бар. Оқушылар ол жаттығуларды сөздер мен сөйлемдерді талдай отырып жазуға машықтанады. Себебі жазу мен емле ережелерін меңгерту бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі.

Белгілі тақырып бойынша емлелі ережелерді оқушылардың қаншалықты меңгергенін, түсінгенін, әрі дұрыс жазуға жаттыққанын байқау үшін, сыныпта орындалатын жаттығуларды түсіндіріп жазу тапсырылады. Мұндай жағдайда сыныптағы оқушылардың ерекшеліктері ескеріліп, жаттығудың ауыр және жеңіл түрлері ұсынылады.

Оқушыларды жатқа жазуға үйрету жұмысы да бастауыш сыныптан-ақ басталады да, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Мысалы, алдымен жеке дыбыстар мен буындарды, бір буынды сөздерді, содан кейін екі-үш буынды сөздерді, екі-үш сөзден құрылған сөйлемдерді жатқа жазуға болады. Атап айтқанда, 1-сыныпта жатқа жазғызатын мәтіннің көлемі 8-10 сөзден артпайды. Оқушылар ол сөздерді мұғалімнің нұсқауы бойынша жазуға жаттығады.

Жатқа жазу оқушылардың грамматикалық ережелерді дұрыс меңгергенін, есту қабілетінің, жазуға төселу машығының қаншалықты қалыптасқанын байқатады. Әрі диктанттың әр түрін жазуға дайындық болады.

Сондықтан көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант жазу тағы басқа жаттығу жазу жұмысын ұйымдастырудың басшылыққа алынатын негіздері болады.

Мектепте орфографияны үйрету ісінде көзделетін негізгі мақсат – оқушыларға орфографиялық ережелерді саналы түрде меңгертіп, күнделікті жаттығу жұмыстарын орындауда сол ережелер бойынша дұрыс, қатесіз жазатын етіп төселдіру. Бұл мақсатты орындау үшін орфографияны оқыту әдістемесі мыналарды ұсынады:

  1. Қазақ тілі орфографиясының сүйенетін негізгі принциптерін үйрету;
  2. Қазақ тілі грамматикасының ерекшеліктерін, орфографиялық ережелердің сол ерекшеліктерге негізделіп жасалатындығын үйрету;
  3. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру т.б.
  4. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары .

Жазуға үйрету, соның ішінде жаттығу жүргізу сабақтарында педагогика мен әдістемеде ұстайтын басты принциптерінің бірі – оқушыларға грамматикалық материалды саналы түрде меңгеру.

Саналы түрде жазу, жаттығу дегенде, оқушының ойы, санасы екі түрлі бағытта болуы мүмкін. Біріншісі, оқушы жазу үстінде өзінің ойы басқаға түсінікті болу үшін тиісті дыбыстар, буындар, сөз бен сөйлем тауып, соларды орынды жазып, қолдануға тырысады. Мұндай жағдайда жазған сөздерінің емлесіне, ол сөздің  бірге не бөлек жазылатындығына көңіл аудармауы керек.

Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, дұрыс жазуға үйреткенде саналы түрде белгілі бір жүйемен үздіксіз жаттықтырудың қажеттілігі анықталған.

Алғашқы кезде оқушылар кейбір сөздердің емлесін ойлап, ережеге сүйеніп жазатын болса, кейін ойланбай-ақ дұрыс жазатын болып әдеттенеді. Біртіндеп оқушылардың орфографиялық ережелерді сақтай отырып, дұрыс жазуға дағдыланады.

Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынуы тиіс. Сондықтан қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу талдау материалдарын таңдауға мынадай талап қойылады:

Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз тіркесі, сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен диктант мәтіндері ойдан шығарылған сөйлемдерден құралмай, мүмкін болғанша көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркестері, сөйлем болуға тиіс. Алдымен солардың тиімді, мазмұны, дұрыс болу жағын ойлауға тиіспіз. Қалайда олар балаға дұрыс тәрбие нысанасын бағдарлауы керек.

Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, яғни, диктант мәтіндері тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстануы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы басты талап – балаға грамматикадан, орфографиядан, білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруды көздеу тиіс. Сол үшін оқушылар дұрыс құрылмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсы үлгілері бойынша, әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша тәрбиеленеді.

Үшіншіден, алынған жаттығу, жазба мәтіндері тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі кездесетін болсын. Мәтін, жаттығу материалдарын талдауда негізгі назар аударатынымз осы талап тұрғысынан болғанмен, алдыңғыларсыз бұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды. Сондықтан біз жаттығу немесе жазба жұмыстардың мәтіні осы талаптардың барлығына да жауап беруі қажет.

Жаттығу, жазба жұмыстар, талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың да дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасалады.

Қазақ тілін мектепте оқытуда жаттығу материалдарының сапалы болуына ерекше көңіл аударылу себебінің екі мақсаты бар: біріншіден, онда қазақ тілі теориялық курс ретінде емес, негізінде практикалық сабақ ретінде оқытылады. Сондай-ақ практикалық жұмыстардың тірегі де, мөлшері  білім көлемін баянды ететін де «жаттығу» деген атпен беріледі; екіншіден, бағдарлама бойынша мектепте қазақ тілі 1) «Сауат ашу мен тіл дамыту»; 2) «Оқу мен тіл дамыту»; 3) «Грамматика, емле және тіл дамыту» деген тарауларға бөлінеді, яғни тіл дамытуға байланысты жүргізіледі.

Мектепте жаттығу, жазба жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:

— жаттығу, жазу жұмыстарын жүргізу оқушылардың жас ерекшелігіне, түсіну қабілетіне сай, балаларға қызықты, тартымды, оларға ой салатындай болуға тиіс;

— жаттығу, жазу жұмыстарын жүргізуде оқушылардың ой-өрісі мен тіл байлығын молайтуды қамтамасыз ету қажет;

—  жаттығу, жазу жұмыстарын жүргізудің білімдік мәні болуы тиіс, яғни сапалы біліммен берік машықтануды көздеу керек. Ол үшін дайын ережелерді жеке тұлғаларды жаттатып, соларды еске түсіретіндей ғана жұмыс жүргізбей, мүмкін  болғанша, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды айқындауға оқушыларды белсене қатыстыру, талдау қорыту жұмыстарына жетектеу керек;

— жаттығу арқылы баланы ойландыратын, өз бетімен жұмыс істейтін талап, сұрақтар қойып айтылуға тиісті қорытынды ережелерді дұрыс, тез түсіндіруге болады.

Сонымен жаттығу әдісі қазақ тілін тәжірибелік жақтан үйрету әдістері бола тұрып, ол дыбыс заңдылықтарының өзіндік белгілерін тәжірибелік дағдылар арқылы меңгеруде үлкен қызмет атқарады. Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалдармен дәлелдеп саналы түсінуде бұл әдістің пайдасы мол.

Жаттығу жұмыстары қазақ тілі материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардың тілін ұстарту, сөйлеу тілін дамыту дағдыларын жүзеге асыруда аса зор септігін тигізеді. Бұл әдіс қазақ тілі материалдарының бір-бірінен айырмашылығын, бірімен-бірінің байланысын, жасалу жолдарын, өзіндік ішкі белгілерін, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.

2.2. Жаттығудың мазмұны мен түрлері

 

Жаттығу әдісі және оның тәсіл, амалдары оқушыларға бағдарлама көлемінде білім беру мақсаттарына негізделетіндіктен , одан жүргізілетін жаттығудың түрлері де әрбір сыныпқа және әрбір сабақта өтілген тілдік материалдарға лайықты болады.

Қазақ тілінің қандай тарауын өтуде болмасын, жаттығу жұмыстары не жазбаша, не ауызша орындалады. Сондай-ақ сыныпта да, үйде де жүргізіледі.

Мұғалім ең алдымен жаттығудың мақсатын, түрін анықтайды. Қазіргі кезде мұғалімдердің сабақта қолданып жүрген жаттығуларының мынадай түрлері бар:

  1. Өтілген тілдік материалдарды оқушыларға қайталап жатқа айтқызу арқылы жаттықтыру (емле, ереже т.б.)
  2. Өтілген тілдік материалдарға (оқушыларға) мысалдар тергізіп, сол мысалдарды тәжірибелеріне пайдалану мақсатында жаттықтырылады;
  3. Әріптердің емлесіне байланысты, қалдырылып қолданған сөздегі орнына тиісті әріптер жаздыру. Мысалы, ме…, мил…, қу… т.б.
  4. Түбір сөздер беріп, оған қоысмшаларды жалғатып жаздыру. Мақсаты — сөз түрлендіруші мен сөз тудырушы қосымшалардың ерекшелігін таныту.

а) жаңа сөздер тудырудың амалдарын білдіру мақсатында: жұмыскер, Бақытжан т.б.

ә) сөйлемдегі қосымшалардың байланысын білдіру мақсатында: ілік – тәуелділік, көптік – жіктік

  1. Жеке әріптерді беріп сөз құрату, бірнеше сөздерді беріп сөйлем құрату, сөйлемдерден абзац, абзацтардан мәтін түзу;
  2. Бір категорияның грамматикалық белгілерін кестеге талдап жаздыру. Мысалы, тәуелдек, септек жалғауларын мәтіннен теріп жаздыруға да болады.
  3. Сөйлемдер беріп, оны схемамен жазғызып жаттықтыру. Мысалы:

Септік

1-жақ

2-жақ

3-жақ

Атау

балам

елім

балаң

елің

баласы

елі

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Белгілі бір орфографиялық ережеге байланысты сөз ішінен әріптерді, грамматикалық ережеге байланысты қосымшаны немесе сөйлем ішінен сөздерді тастап кетіп, оны оқушыларға таптыртып жаттықтыру. Мысалы: … кісінеді, … тоқыды.
  2. Өткен грамматикалық белгілерді тапқызып, астын сыздырады және оны дәлелдеттіреді;
  3. Мәтіннің ішінен белгілі үйретілген граммтикалық белгілерді теріп жаздыру.
  4. Сөздік жасату жолымен жаттықтыру (синоним жасау, антоним, зат есім, түсті білдіретін сөздер);
  5. Бір грамматикалық белгіден екінші грамматикалық белгіні ажырату жолымен жаттықтыру (көмектес септік пен шылауды ажырату, жұрнақ пен жалғауды ажырату);
  6. Мәтіндердің ішінен грамматикалық белгілерді тауып жаздыру немесе оқушылардың жіберген қателерін дұрыстап көшірту жолымен жаттықтыру (дұрыс жаздырады, ережесін айтқызады, мысал келтіреді т.б.)
  7. Өтілген тілдік материалдар бойынша мысал тергізіп, сол мысалдарды тәжірибесінде пайдалануға жаттықтыру;
  8. Сөз мағыналары мен сөздердің жазылу емлелеріне қарай сөздік жасату жолымен жаттықтыру;
  9. Талдау жүргізу арқылы жаттықтыру;
  10. Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы жаттықтыру;
  11. Қазақ тілін оқытуды көбінесе оқулық пен оқу құралдарында берілетін жаттығулар мақсатында ұйымдастыруды талап етеді т.б.

Жаттығуларды орындаудың да тәртібі бар, яғни жаттығуларды орындағанда оқу процесі өтуінің заңдылықтарымен айқындалған белгілі дидактикалық дәйектілікті сақтаудың маңызы бар.

  1. Алдымен білімді берік меңгеруді қамтамасыз ететін, яғни жаңа оқу материалдарын жаттап алуға, есте сақтауға, саналы түсінуге бағытталған жаттығулар орындалуға тиіс. Бұл ретте бұл жаңа сөздерді, ережелерді, мазмұнды жатап немесе білу болады. Өзге бір жағдайлар да бұл жазу процесінің барысында оқушыларға жаңа материалды игеріп алуына көмектесу мақсатында болады. Мысалы: мәтіннің ішінен игеріп алуына көмектесі мақсатында болады. Мысалы: мәтіннің ішінен теріп жаздыру, бір грамматикалық материалмен екінші материалды (форма, категория т.б.) салыстыру т.б.
  2. Бұдан соң оқығанды, үйретілгенді жаңғыртуды көздейтін, игеру, жаттау, білу сапасын тексеретін жаттығулар орындалуы тиіс. Бұл оқушының да, мұғалімнің де жұмыс нәтижесін анықтайды.
  3. Енді анағұрлым күрделі жұмысты қажет ететін. Білімді қолдана білуге бағытталған, қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізіледі. Бұлар – іріктеп таңдауды, басқа құбылыс ерекшеліктерімен салыстыруды т.б. қажет ететін жаттығулар. Педагогикалық әдебиеттерде жаттығудың бұл түрін кейде жартылай шығармашылық деп атап жүр.
  4. Соңынан оқушылар жаңа білімдерін тәжірибеде қолдануды үйренген соң, білім мен іскерлікті өз бетімен шығармашылықпен қолдануды көздейтін жаттығулар деп аталатын анағұрлым қиын жаттығулардың (шығарма, өз бетімен мәтін құру) қолданылады.

Соңғы кездерде дербестікті дамытуға, қабілеттерді қалыптастыруға және белсенді ойлауға көңіл аударудың күшеюіне байланысты іздену – проблемалық, шығармашылық типтегі, мейлінше танымдық және дамытушылық маңызы бар жаттығулар жасауға және құрастыруға айрықша мән берілуде.

2.3. Жаттығуды жүргізудің әдіс-тәсілдері

 

Сонымен жаттығу білімді бекітудің және іскерлік пен. Дағдыларды қалыптастырудың, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдісі болып табылады.

Жаттығулар алуан түрлі болады. Олар ең алдымен оқу пәніне байланысты ажыратылады. Мысалы, физика, химия, математика бойынша жұмыс істегенде есеп шығару жаттығулардың ерекше түрі болып табылады.

Ал ана тілі мен шет тілі үшін емле ережесіне, грамматикалық  және т.б. жазылған жаттығулар тән болып есептеледі.

Жаттығуларды орындағанда нақты, белгілі талаптар сақталғанда ғана тиімді болады. Оқушылар оны саналы түрде орындау қажет. Оо үшін мұғалім мынадай мәселелерді ажыратып, мақсатын түсіндіріп  отырады.

  • оқушы берілген жаттығуды қай материалдар бойынша беріліп отырғанын анық білуі (ереже, анықтама, емле т.б.).
  • осы берілген жаттығуды қандай мақсатпен орындалу жолдарын білу (терминдер мен анықтамаларды жаттап алу, естеріне түсіру, жаңа ережені меңгеру);
  • осы берілген жаттығуды қалай орындау қажет екенін білу (мұғалімнің түсіндіріп көрсетуі, оқулықта берілген үлгі арқылы т.б.).

Мектепте қазақ тілі білімі белгілі жүйе бойынша беріледі. Атап қайтқанда, Ү сыныпта синтаксис және орфография, фонетика, лексика, морфология, ҮІІ сыныпта морфология, синтаксис, ҮІІ-ІХ сыныптарда синтаксистің  категорияларынан білім беру көзделеді.

Жаттығу жүргізудің әдіс-тәсілдері сан алуан.  Тәжірибелі мұғалімдер оны әр мақсатта түрлендіріп жүргізеді. Атап айтқанда, озат мұғалімдер қазіргі кезде жаттығуды былайша орындатып жүр:

  1. Сабақтың құрылысы, бөлшектері мен мақсатына байланысты жаттығулар жүргізу. Олар:
  • өткен материалды қайталап, естеріне түсіруге байланысты теориялық анықтама, ережелерге мысалдар ойлап таптыру;
  • жаңа материалды сапалы ұғыну үшін бекіту жаттығуларын жүргізу;
  • үй тапсырмасына байланысты жаттығулар орындаттыру т.б.
  1. Оқушылардың бұрынғы білімі мен жаңа игерілетін материалдарды байланыстырып, тіл білімінің жүйесін түсіндіру үшін жаттығу жүргізу;
  2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаттығу жүргізу. Онда: ойын элементтерін пайдалану, кеспе, кесте, сызба т.б. түрлерін пайдалану;
  3. Оқушының ойын, тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіру үшін жаттығу жүргізу.

     Лексикалық минимум сөздерді белгілеудегі негізге алынатын мәселе –  ол оқулық, оқу құралдары және оқу материалдарының тілі. Өйткені оқу материалдары оқушылардың тілді игерудегі басты құралы болып есептеледі. Баланың сөздік қоры оқулықтардың лексикасы арқылы да дамиды. Демек, тіл дамыту мақсатымен оқулық, оқу құралдары белгілі лексикалық минимум бойынша құралады. Сондықтан біз зерттеуімізді оқушылардың тілін дамыту мақсатымен және әр сыныпқа лексикалық минимум түзу үшін 5-10-сыныптардың «Қазақ тілі» оқулығы лексикасының қолданылу жиілігі бағытында талдау жасадық.

 

Кесте 1-«Қазақ тілі» оқулығындаға лексикасыны қолданылу жиілігі.

қ/с

Сыныбы,оқулық

Барлық сөз

қолданылуы

әр сыныпта қайталанбайтын сөз

1

Қазақ тілі,5-сынып

14396

46614

2

6-сынып

19715

50693

2309

3

7-сынып

18045

47051

2051

4

8-сынып

16261

41273

739

5

9-сынып

14378

40317

512

 

 

Кесте 2-Сөздердің жиіліктегі қолданылуы

 

қ/с

Сыныбы,оқулық

20-дан астам

10-20 дейін

5-9дейін

1-4дейін

1

Қазақ тілі 5-сынып

212

272

956

10956

2

Қазақ тілі 6-сынып

198

286

712

18021

3

Қазақ тілі 7-сынып

72

180

584

17244

4

Қазақ тілі 8-сынып

148

237

612

14727

5

Қазақ тілі 9-сынып

92

163

591

12164

 

Бұл кесте екі мәселені шешуге пайдаланылды. Біріншіден, 5-9-сыныптағы қазақ тілі оқулығындағы барлық сөз санын анықтап, әр сыныпта қайталанбайтын сөздердің санын білу. Зерттеу бұл мәселе жөнінен де оқулықтың құрастырлуында жаңа сөзбен таныстыру мақсаты  қойылмағандығын анықтайды. Мәселен, бір сыныптағы сөздердің саны баланың сөздік қорын дамыту дәтежесінде емес. Өйткені қайталанбайтын сөздер саны негізінен қазақ тіл білімінің оқытылатын салалары мен тарауларына байланысты термин сөздерден ғана тұрады. Бұл термин сөздерді қолдану ғылыми стильде сөйлеу икемділіктері мен жағдыларын меңгеруді мақсат етпейді. Сондықтан бұл кесте арқылы әр сыныпта баланың тілін дамытуға, тыңдап түсіну, айту, оқу, жазу әрекеттерінің икемділік пен дағдыларын қалыптастыруға қажетті сөздер белгіленбеген. Мәселен, 5-сыныпта ауызекі сөйлеу тілін меңгеру үшін сөйлеу тілінің ерекшеліктерін білдіретін жиі қолданылатын сөздер, синонимдер, метафора, метонимия және фразалық тіркестер сұрыпталады. Ол сөздер 5-сынып оқулығында, дидактикалық оқу құралдарында берілмеген. Сондықтан зерттеуімізде анықталған бір мәселе-баланың тілін дамытуда оқулық тіліндегі сөздердің жетімсіздігі. Оған дәлел-қазақ тілі оқулығы. Әр сыныптағы оқу құралдарында негізінде қазақ тіл біліміне байланысты термин, арнаулы сөздер жиі беріліп, ол ғылыми стиль бағытында ғана ұснылған. Мәтінді сипаттау мәніндегі қолданылатын сөздер өте аз мөлшерде келтірілген.

      Екіншіден, қай деңгейде дамыту деген мәселе бойынша әр сыныптағы жиіліктегі сөздердің сапасын анықтау. Бұл кестеде әр сыныптағы қазақ тілі оқулығындағы сөздердің жиіліктегі қолданылуы сапасы әр түрлі. Сондықтан біз оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатымен жиілік сөздікке байланысты қарастырғанымызда мынадай бағыт ұстандық.

     №2 кестеде анықталғандай, оқулықта оннан жоғары жиілікте қолданылатын сөздер саны аз. Оның есесіне 4-ке дейін қайталынып қолданылатын сөздердің саны көп. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, әр сыныптағы оқушылар жиілігі жоғары сөздерді өздігінен игереді. Өйткені ол сөздер-баланың күнделікті қарым-қатынасында қолданылып жүрген сөздер. Жиілігі төмен сөздер баланың игеруін қиындатады. Өйткені ол қайталанып, оқушының күнделікті қолдана білуге жаттығуын қалыптастыруға мүмкіндігі жоқ. Олай болса, біз баланың сөздік қорын байытып, сөйлеу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін лексикалық минимумға осы оқулық пен күнделікті баспасөз мәтіндеріндегі қажетті деп тапқан жиілігі төмен сөздерді, бірақ сөйлеу сапасына керекті сөздерді тізімге алу қажет деп есептейміз.

      Нәтижеде біз оқушыларға минимум ретінде ұсынуға 1-4-жиіліктегі қолданылатын сөздерді де қостық. Өйткені сөздің бұл жиілікте қолданылуы баланың күнделікті сөйлеу сөздік қорына енбейді, баланың сөйлеуде бұл сөздерді қолданылу икемділігі мен дағдысы қалыптаспаған. Осы мәселе бойынша баланың сөздік қорын молайту әдістерін қарастырайық:

      1.Сөз және оның мағынасымен таныстыру  кезеңінің мақсаты-сөздің есту-көру бейнесі мен ұғымын қалптастыру және оның қолданылуымен таныстыру. Жаң сөзбен жасалатын жұмыстың ең алғашқы кезінде оқушыларды сөздің дыбыстық бейнесімен салыстырып, оның қалай айтылатынын тыңдату, оны дұрыс айту және ол сөздер қандай сөздермен тіркесе алатынын ажырату арқылы лексикалық және грамматикалық мағыналарымен таныстыру. Бұл кезеңнің негізгі мақсатына сай жаңа сөздерді жеке дара емес, контекст құрамына енгізу керек. Контекст жаңа сөздердің диструбициялық ерекшеліктерін, оның тіркесу қабылетін айқын көрсетеді. Сөздің орфоэпиялық жағымен таныстыруда жалаң түрінде алмай кешенді таныстыру тиімді, өйткені сөз жеке-дара емес, белгілі бір контексте қолданылады.

           Балның сөздік қорын молайту ең алдымен сөздің мағынасын түсіндіруден басталады. Өйткені сөзді қолдануда оқушылардың жасайтын қателерінің көпшілігі оның мағынасын түсінбегендіктен немесе стильдік мәнін қате түсінгендіктен болады.

            Сөздің мағынасын игерту арқылы сөздік қорын байыту үшін «сөз» туралы ұғым қалыптастырумен бірге сөздің мағынасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Сөз мағынасын игерту арқылы сөздік қорын байыту дегеніміз сөздің мағыналық-семантикалық белгісіне байланысты үйрету болып табылады. Бұл әдіс сөздердің әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына лексикалық жіктеу (парадигма) жасу қабілетімен байланысты. Лексикалық жіктеу немесе топтау дегеніміз-айналадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысы қандай болса, оларды аңғартатын сөздердің қатысы сондай болуы. Мысалы, өзара қатыстылығы арқылы бір атауға топталатын сөздер болады. Айталық, таңертең, сәске, кешқұрым сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атаулары болса, тал, терек, қарағаш, қарағай, сәмбі т.б. сөздер ағаш сөзінің мағынасына енеді. Сондай-ақ синоним , антоним, көп мағыналы сөздер сөздер де өзара белгілі мағыналық қатынасқа ие. Сөйтіп, сөздердің лексикалық мағынасы өзара топтастырылып игертіледі.

            Сөз үйретуде балалардың ой-өрісіне сай, олардың өздеріне таныс заттар мен құбылыстардың атауларын білдіретін сөздерден таңдалып, сараланып және дербес ерекшеленіп алынған логикалық топтары болуы тиіс. Мысалы, 5-сынып оқушыларына сөз таптары бойынша сөздердің лексикалық мағынасына байланысты сөздер топтастырлып беріледі де, олардың ой-өрісі айтқызылады. Ол үшін оқушыларға логикалық сөз топтарының мынадай негізгі типтерін ұсынуға болады:

     1.Зат пен құбылыс атаулары: жеміс, көкөніс, дақылдар, төл атаулары т.б.

    2.Қимылды, жай-күйді білдіретін сөздер: сөйлесті, айтты, сыбырлады т.б.

    3.Түсті білдіретін сөздер: боз, шұбар, күрең т.б. 

Берілген типтеріндегі сөздер міндетті түрде логикалық жүйелілік ұстанымы бойынша оқытылып, әрбір сөз топтарынан бөлінбей игертіледі. Мұның өзі арнайы сөйлем құрамдарын жасауды керек етеді. Сөйлем құрамдарының логикалық пайымдауына байланысты екі түрі бар: біріншісі-жалпылауыш компоненті (абстракты): мысалы, төлдер: қонжық, бота, көжек; екіншісі-санама (түсіндірме) компоненті бұрын келген сөйлем құрылымы.  Мысалы, қозы, лақ, бота-төлдер. Тұжырымдағанда, аталған сөйлем құрамындағы белгілі заттық ұғымын білдіретін жеке сөздерді жалпылама абстракты бір сөзбен атауға үйрету немесе жалпы абстракты атауды жеке-дара таратып, талдап атауға төселдіру арқылы оқушыларға сөздің мағынасы игертіліп, олардың таным жүйесі, жалпы ой-өрісі дамытылады.

    Сурет – баланың сезіміне мейлінше зор әсер ететін, жоқ затты алмастыратын білім көзі. Кіші жастағы оқушыларға әр зат жеке-жеке бейнеленген заттық суреттерді көрсете отырып, әрбір сөздің беретін ұғымын оларға оңай д түсінікті дәрежеде жеткізіледі. Жоғары сынып балаларына мазмұнды суреттер мен картинкалар ұсынылады. Өйткені ересек бала жеке заттың суретінен гөрі, белгілі мазмұнға топтасқан бейнелеу туындылары бойынша жұмыс жүргізуге әуес. Сондықтан тақырып мазмұнына лайық қолданылуды керек ететін негізгі тәсілдердің бірі-топтау тәсілі. Бұл тәсіл боынша суретпен мынадай жаттығу жұмыстары жүргізіледі: а) аралас берілген әртүрлі заттар тобын бейнелейтін суреттерді топқа, сыныпқа бөліп сұрыптату. Мысалы, үй жануарларын бір бөлек, жабайы аңдардың суретін бір бөлек жаздыру; ә) суретті бақылау арқылы белгілі атауларды теріп жаздыру. Мысалы, бейнелеу туындысындағы әскери киім атауларын теріп жаздыру т.б; б) жалпы ортақ ұғымға қатысты жеке-дара ұғымдар беретін сөздерден жалпылауыш мүшелері мен санамалаушы мүшелері әр орында келген сөйлемдер құрату. Мысалы, құлақшын, сәукеле, тұмақ, бөрік, тақия-баскиімдер т.б. Мұндай жаттығулар сөз ұғымын жете меңгеруге жәрдем етеді. Бұл жаттығу әртүрлі мақсатта беріледі:

     1) Бір типтегі сөздерді одан төменгі топтарға тарату. Мысалы, үй жануарлары; жылқы атаулары; қой атаулары; ешкі атаулары т.б.

     2) Әр типтегі сөздерді ұғымдары бойынша тарату. Мысалы, заттың атауын білдіретін ұғымдар; түсті білдіретін ұғымдар; қимылды білдіретін ұғымдар.

     3)Бір ұғымдық атауларды топтастыру. Мысалы, қазақтың дәстүріне байланысты, киіз үй жиһаздары т.б.

4)Сөз ұғымын бастауыш-баяндауыштан құралған екі сөзді жалаң сөйлемдер құрастыру арқылы да үйретуге болады. Ол мына түрде      орындалады:

      а/ Тірек сөздер беріп, бұл ұғымдар қай жануарға байланыстылығына сөйлем құрату. Мысалы, кісінейді, сайрайды, боздайды, ысылдайды, қарқылдайды т.б. Бұл сөздер арқылы сөйлем құралады: түйе боздайды, жылқы кісінейді т.б.

      ә/ Малдың төлдеуі қалай аталатындығын ойынан жаздыру. Мысалы, қоян көжектейді.

       Тұжырымдағанда, «сөз» ұғымын игерту белгілі жүйемен жүргізілсе, оқушыларға заттың аты ғана емес, оның сынын, сапасын, санын, қимылын, мезгіл-мекенін т.б. сөз түрлері туралы ұғымдарды есіне сақтау арқылы сөздік қорын байытуға болады. Сөз ұғымын игерту нақты зат пен құбылыстан басталып, абстракты ұғымдарды игертуге ұластырылады.

      Лексикалық минимум арқылы сөздік қорын байыту мәселесінің бірі—лексикалық минимумның сөз таптарына қатыстылығы. Бұл мәселе бойынша оқушыларға сөздік ұсынуда жиілік сөздіктің сөз таптарына қатысы анықталады. Ол үшін біз оқулықтағы белгілі бір мәтіндегі сөз таптары ретінде сөздердің сөйлемдегі жиілікте қолданылуын қарастырдық.

      Лексикалық минимумды белгілеуге байланысты мәтіннің тілін талдау арқылы сөз таптары бойынша сөздердің жиілікте қолданылуында айырмашылықтар бар екені анықталынды. Мысалы, біз оқулық пен баспасөз мәтініндегі 7000 сөздің көлеміндегі бірнеше мәтіндегі сөздерді сөз таптары бойынша анықтадық. Оның қорытындысы мынадай болды:

Кесте 9-Мәтіндегі сөз таптарына байланысты сөздердің сандық көрсеткіші.

қ/с

Сөз таптары

Пайыздық қатысы

Сөздер саны

1

Зат есім

43, 00

602

2

Сын есім

8, 86

122

3

Сан есім

5, 14

72

4

Есімдік

8, 86

124

5

Етістік

22, 14

310

6

Үстеу

10,29

144

7

Шылау

1,14

16

8

Одағай

0, 29

4

9

Еліктеу сөздер

0, 28

4

 

Жиынтығы

100пайыз

7000

 Бұл кестеде сөйлеу нәтижесінде құрастырлыған мәтіндердегі белгілі сөз таптарына байланысты сөздердің қолданылуы жиілік ерекшелігін анықтадық. Мәселен, 7000 сөзден тұратын (100пайыз) мәтіндегі сөз таптарының пайыздық көлемі қандай екендігі жоғардағы кестеде берілді. Бұл мәтінде ең көп қолданылған зат есім сөздер мен етістік сөздер. Бірақ мұндай сөз таптарының мәтінде көрінуі барлық мәтінде бірдей емес. Өйткені ол өзгеріс жалпы мәтіннің жанры мен тіл стильдеріне байланысты.

Кесте 10-Сөз таптарына байланысты сөздердің пайыздық көрсеткіші

 Сөз таптары

Көркем стиль

Ғылыми стиль

Ресми стиль

Зат есім

35

51

54

Сын есім

24

9

5

Етістік

22

51

38

Үстеу

3

9

2

Шылау

6

1

1

Жиынтығы

100

100

100

 

Бұл кестенің нәтижесіне қарағанда, баланың сөздік қорын дамытуда белгілі әдеби тіл стильдері мен жанрлық ерекшеліктеріне байланысты сөздіктер берудің және жасаудың қажеттігі шығады. Біз бұл мәселеде белгілі тақырып, жанрға байланысты сөздерді топтастырып беру арқылы сөздік қорын дамытуды мақсат еттік.

      Лексикалық – минимум мақсатында оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстар да талданды. Ол белгілі тақырып аясында қаралды. Бұл «Спорт», «Денсаулық», «Тұрмыс», «Ғылым» тақырыптар бойынша диалогтық және монологтық мәтіндермен жүргізілді. Онда әр сыныпта осы тақырып бойынша әңгімелеу, мазмұндама мен шығарма жұмыстары жүргізіледі. Әр сынып бойынша  (жаңа деп есептелген) сөздер берілді. Оқушылардың оны игеруі мына кестедегідей болды: (орта есеппен)

Кесте 3-Тірек сөздерді игертудің нәтижесі

 

Берілген сөз саны

Сөз тіркесінің саны

Мазмұндамада қолданылу саны

Шығармада қолданылу саны

20

10

14

8

8

6

           

 

Бұл кестеден мынадай қорытынды шығаруға болады. Оқушыларға жаңа сөзді ұсыну белгілі тақырып, мәселеге топтастырылуы тиіс. өйткені ол сөздерді белгілі топтық мәні бойынша салыстыра үйретпейінше, өз тәжірибесінде қолдана білу дағдысы қалыптаспайды. Демек, оқушыларға сөз үйрету сөздік қорын молайту лексикалық минимум беруде әр сыныптағы тақырып, үйретілетін мәселе бойынша жаңа сөз ұсыну керек.

      Сондықтан бізге ең алдымен әр сыныпта берілетін сөз санын анықтау керек болды. Ол үшін біз оқулықты пайдаландық. Мұнда «Қазақ тілі» оқулығына енбей қалған сөздер және басқа қажетті деп сесптелген сөздер алынды. Әр сыныптың оқулығындағы  сөздер мен оның қолданымда берілген тұлғаларына талдау жасалынды. Әр сыныптағы қазақ тілі оқулығындағы қайталанған сөздер мен жаңа деп берілген сөздердің саны мына төмендегі кестеде келтірілді.

 Кесте 4-Қазақ тіліндегі қайталанған сөздердің мөлшері

 

қ/с

Сыныбы

Барлық сөз саны

Қайталанған сөз саны

1.

5-сынып

14396

 

2.

6-сынып

19715

17406

3.

7-сынып

18045

1694

4.

8-сынып

14378

13866

 

Жиілік минимум сөздер арқылы баланың тілін дамытудың  өзіндік тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері бар.

Сөздерді топтастырып беруде сөз тіркесі жэне сөйлем ішінде езара мағыналық байланыс жолын аңғартумен байланысты мағынаны игерту кәзделеді. Өйткені қандай сөз болмасын оның мағынасы қандай да бір сөзбен, ұғыммен байланыста қолданылу арқылы анықталады. Мысалы, есік сөзі ашу, жабу етістігімен байланыста айтылғанмен, үшу, жүру, кету, келу сияқты қозғалысты білдіретін сөздермен байланыспайды. Демек, әзара бір атау топтарға бөлінетін сөздерге көңіл аудару арқылы түсіндіру лексикалық мағынаны аша түсетін тәсіл екенін есте сақтаған жөн, Мысалы, шабуылшы, қорғаушы, жартылай қорғаушы сөздерін спорттың футбол атты түрімен ғана байланыстырып, олардың лексикалық мағынасын игертуге болады. Бірақ тілдің ішкі мүмкіндіктеріне қарай, бір-біріне мағыналық байланысы жоқ ұғымдар образды ойлау жүйесімен немесе бейнелегіш, кәркемдегіш құрал ретінде өзара байланысатын сөздер де болады. Мысалы, барқыт түк, алтын дән, алтын күз т.б. Сондықтан оқушыларға сөздің лексикалық мағынасын түсіндіруде қолданыс түріне қарай жаттығулар жүргізіледі. Мысалы, білім, ғылымға байланысты сөздер бойынша сөйлем құрату, заттың көлеміне байланысты сөз тіркестерін келтіріп сөйлем құрау, қимыл, іс-әрекеттің мезгіліне байланысты сөздерді топтастыру т.б.

Сөздердің мағыналарын игертуде түсіндіру әдісі қолданылады. Мысалы:

1.Сөздіктермен, әсіресе, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жүргізу. Оқушының танымы, ойы, түсінігі артқан сайын олардың сөздік қорын байыту жұмысы күрделене түседі. 5-10-сынып оқушыларының тілін дамыту үшін әдіс-тәсілдері күрделі ой-амалдары мен қорытындыларын жасай білу негізінде пайдаланады. Сөздің мән-мағынасын болмыспен салыстыру арқылы игерту. Бұл әдіс сөздің лексикалық топтарын оқытуда көп мағыналы сөздер, синоним, омоним сияқты категорияларды танытуда нәтижелі болып есептеледі. Демек, бір ұғым екі немесе одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздердің синоним болатыны сол ұғым мен сөздер салыстыру арқылы игертіледі (қысқа, шолақ, келте) немесе бірнеше ұғым бір сөзбен аталса, омоним болатыны, сондай-ақ бірнеше ұғымды бір сөзбен аңғартса, көп мағыналы сөз болатыны-салыстыра игертіледі. Салыстыру арқылы ұғымдар мен дыбысталудың, мағыналар мен сөздердің ерекшеліктерін таниды.    Мысалы: а/ Омонимдер мен полисемиялы сөздердің бір-бірінен өзгешеліктері салыстырылады: 1. Олар жатқан орындарынан атып тұрды. 2. Қараңғыдан шыға келген адам мылтығын атып жібереді. 3. Жас ағаштар шешек атып құлпырып кеткен. 4. Атты ертте, жылдам жүреміз. Немесе мәтіннен синоним мен полисемиялы сөздерді таптыртып, олардың мағыналарын салыстыру арқылы ерекшеліктері игертіледі. Нәтижеде, сөздің үғымын, мағынасын үйрету арқылы жаңа сөзді игереді. Оны өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттығады.

2.Лексикалық материалдарды игертудің екінші бағыты-сөздің қолданылуындағы мәні, қызметі бойынша топтастыру арқылы мағлүмат беру. Бұл бағытта көнерген сөздер мен неологизмдер, жалпылама қолданылатын сөздер мен термин, диалект, кәсіби сөздер туралы білім мен дағдысы арттырылады. Бұл лексикалық материалды игертудегі әдісінің бірі -сөз байлығының пайда болу, жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра отырып, мағынасын ашу. Бұл тәсіл кәбінесе басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер кәсіби сөздер туралы үғымды оқушыларға түсіндіруде жиі қодданылады. Мұндағы мақсат — оқушыларға сездің тарихын, шығу тегін не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау.

Оқушыларға жаңа сөздер ұсыну. Бұл бағытта 5-10-сынып оқулықтарындағы сөздерді талдадық. Соның нәтижесінде, оқулықтарда қайталанбайтын сөздердің бар екендігі анықтадды. Бұл әр сынып үшін берілген жаңа сөздер сол сыныпта оқытылатын тіл білімінің терминдерінің есебінен де болды. Сондықтан әр сынып үшін лексикалық минимум сөздердің көлемін анықтауда бұл терминдерден басқа оқушылар тілінде сирек, өзге (баспасөз, басқа оқулық т.б.) мәтіндерде жиі қолданылатын сөздер қосылу қажет. Әр сыныпта қазақ тілі оқулығында шамамен орта есеппен 900 жаңа сөз келтірілген. Сондықтан оқушылардың өзіндік қарым-қатынаста сөздерді меңгеру әрекетін есепке алып, әр сыныптағы лексикалық минимум жаңа сөз 1500-1600 көлемінде деп есептедік.

4.Лексикалық-минимум сөздерін таңдауда әр түрлі сөздіктер де  қолданылады. Соның ішінде жиілік сөздік сөз таңдаудағы белгілі бір өлшембірлік пен ұстанымдардың талаптарына жауап береді. Сондықтан біз ең алдымен оқулыққа қосымша жиілік сөздік жасадық. Нәтижеде сол жиілік сөздіктегі 1-4 жиілікте қолданатын сөздер жаңа сөз ретінде, ал 4-10 жиілікте қолданылатын сөздер оқушының тәжірибесінде белсенді қоддануға жаттықтыру мақсатында алынды. Сондай-ақ лексикалық минимум сөздікті белгілеуде сөздіктер (түсіндірмелі, синоним, омоним, антоним, фразеологиялық, топонимикалық т.б.) пайдаланылды.

5.Сөз мағынасын игертуде сөздіктерді пайдалануға үйрету. Мысалы, омоним, архаизм, диалект, кэсіби т.б. сөздердің мағынасын сөздіктердің жэрдемі арқылы игертуде синонимдер, омонимдер, антонимдер және түсіндірмелі сөздіктер қолданылады. Бұл жұмыс сөздің лексикалық мәні мен грамматикалық мағынасын салыстыра үйретуде де жүргізіледі. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінен» оқушылар мынадай омоним сөздерді салыстыру арқылы олардың лексикалық және грамматикалық мәнін ажыратады: І.Албан, зат есім, алым салық. 2.Албан, зат есім, Албанияның негізгі халқы, ұлты.

6.Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыра үйрету. Сөздің лексикалық және грамматикалық белгілерін салыстырып түсіндіру барысындағы еске алатын жұмыс — нысан болатын сөздің сөйлем ішінде қарастырылуы. Ол туралы И. Ф. Филин: «Сөздің лексикалық бөлшек екендігінің негізгі белгілері оның басқа сөзбен байланысты кезінде жан-жақты ашылады, өйткені белгілі бір сөз басқа сөздермен байланысқа түсіп барып қана белгілі бір ойды білдіріп, өмір сүреді»,-дейді.   [9,334]. Өйткені жеке тұрған сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары нақты болмайды. Мысалы: егеу, жамау, сабау, жабу, оқу т.б. сияқты сөздер бірде зат есім, бірде етістік болып қолданылуы тек сөйлем ішінде ғана байқалады. Сондай-ақ алыс жақын деген сөздерді бір-бірімен салыстырып, олардың қашықтықты білдіретін антоним сөздер екенін аңғаруымыз мүмкін. Бірақ, алыс сөзінің етістік ретінде қолданылуы еске түсе бермейді. Бұлар сөйлем ішінде анық байқалады. Олай болса, сөзді сөйлем ішінде (контексте) қарастыру оқушыларға әлдеқайда жеңіл болады. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытудағы нәтижелі жұмыстың бірі-сөздердің мағынасын игерту арқылы таным, түсінігін дамыту болып есептеледі.

Қорыта келгенде, оқушыларға минимум беру арқылы лексикалық икемділігі мен дағдысын, сөздік қорын арттыру үшін мына бағытта жұмыс жүргізу тиімді:

Оқушыларға жаңа сөздер ұсыну. Бұл бағытта 5-9-сынып оқулықтарындағы сөздерді талдадық. Соның нәтижесінде, 5-9-сынып оқулықтарында қайталанбайтын сөздердің бар екендігі анықталды. Бұл әр сынып үшін берілген жаңа сөздер сол сыныпта оқытылатын тіл білімінің терминдерінің есебінен болады. Сондықтан әр сынып үшін лексикалық минимум сөздердің көлемін анықтауда бұл терминдерден басқа оқушылар тілінде сирек, өзге (баспасөз, басқа оқулық т.б.) мәтіндерде жиі қолданылатын сөздер қосылу қажет. әр сыныпта қазақ тілі оқулығында шамамен орта есеппен 900 жаңа сөз келтірілген. Сондықтан оқушылардың өзіндік қарым-қатынаста сөздерді меңгеру әрекетін есепке алып, әр сыныптағы лексикалық минимум жаңа сөз 1500-1600 көлемінде деп есептедік.

Лексикалық минимум сөздерін таңдауда әртүрлі сөздіктер де қолданылады. Соның ішінде жиілік сөз таңдаудағы белгілі бір өлшембірлік пен ұстанымдардың талаптарына жауап береді. Сондықтан біз ең алдымен оқулыққа қосымша жиілік сөздік жасадық. Нәтижеде сол жиілік сөздіктегі 1-4жиілікте қолданылатын сөздер оқушының тәжірибесінде белсенді қолдануға жаттықтыру мақсатында алынды. Сондай-ақ лексикалық минимум сөздікті белгілеуде сөздіктер (түсіндірмелі, синоним, омоним, антонм, фразеологиялық, топонимикалық т.б.) пайдаланылады.

Лексикалық минимумның мақсаты-оқу үрдісінде жыл бойы сөздік қорын байыту жұмысын белгіл жоспармен, жүйемен жүргізуді реттеу. Лексикалық минимум арқылы сөздік қорын байыту мына бағыттарда жүргізіледі: 1) жаңа сөз игерту арқылы; 2) бұрын игерген, бірақ қолданьайтын сөзді белсенді сөздігіне айналдыру; 3) сирек қолданылатын сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру; 4) сөздердің қолданудағы ауыспалы мәнін, стильдік реңін, көрмемдегіш және бейнелегіш құрал ретінде ерекшеліктерін игеріп, пайдалана білу.

Сабақ сайын, жылма-жыл әр сыныпта оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының күнделікті өмірде, қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Ол үшін мынадай бағытта  жұмыстар жүргізіледі: 1.Жаңа сөздің мағынасын, ұғымын меңгерту;

2.Жаңа сөздің қолданылуын игерту мен оны қолдану дағдысын қалыптастыру.

Тіл дамыту үшін лексикалық минимумды мынадай мақсаттарда қолдануға болады деп есептейміз:

-жаттығулар, дидактикалық материалдар мен оқу құралдарын жасауда белгілі сөздер мен сөз тіркестерін оқушының тілін дамытуда есепке алу;

-мазмұндама, диктант мәтіндерін құрастыруда ескеру;

-сөздік жұмысы, мәтіндегі сөзді бөліп көрсетіп, оны белсенді қолдануға қосу;

-тіл дамыту деңгейін бақылау т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңейуіне, тілдік ең кіші бөлшегі — сөздің фонетикасымен, морфологиясы, синтаксисі және стилистикасымен қатынасын түсінуіне, сөйтіп бүкіл тілдің жүйесі тұтас ұғынуына мүмкіндік береді, ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейтіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды. Сөздегі сан алуан мән-мағына грамматикалық байланыста ашылып, жан-жақты көрініспен, қабілетін дамыта алады. Зерттеуімізде лексиканы санаулы сағат арасында ғана өтілетін материал деп қарамай, бүкіл қазақ тілі қурсын оқу барысында, оқушылардың тіл дамыту мақсатында байланысты қарастырдық. Мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – арнайы өтілетін курста, екіншісі – өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер.

Бағдарламадағы әрбір лексикалық тақырап өз мазмұнымен негізгі мақсат мәнін ашатын сияқтануы мүмкін. Сондықтан сабақты түсіндіруші мұғалім де осы ізбен жеке-жеке тақырыпты бөліп-бөліп түсіндірумен қанағаттанса, олардың бір-біріне қатысты топтарын ашып түсіндіруді немесе өзі үғуды мақсат етпесе, лексика бөлімінің, әсіресе, лексикаға байланысты оқушылардың тілін дамытудың мазмұны толық ашылмайды. Өйткені лексиканың жеке-жеке тақырыптарының өзі де ыңғайланып топтастырылады. Біріншісі – сөздің мағыналық топтары, бұған сөз және оның мағыналарын (тура мағына, ауыспалы мағына, көп мағыналық), синоним, омоним, антоним. Екіншісі-әртүрлі қолдану аясына қарай бөлінетін жалпыға бірдей, белгілі аяда қолданылатын сөздер: терминдер, диалект, кәсіби сөздер, көнерген сөздер, неологизмдер. Үшіншісі — шығу тегіне қарай қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздер. Осы үш топқа бөлінетін тақырыптар бүкіл лексика бөлімін қамтиды. Сондықтан мұғалім олардың әр қайсысын оқыту барысында материалдарға байланысты түрлі міндеттермен бірге оқушылардың сөздік қорын байытуды  да жүйелі шешіп отырады.

Сөздік қорды байыту мақсатын шешуде, біріншіден оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін, екіншіден оқушыда сөз байлығының, қорының аз болу себебін, өзіндік ерекшеліктерін, үшіншіден сөздік қорын байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерді алдын-ала анықтап, белгілеу керек.

Лексикалық білім беру арқылы балалар сөздігінде мына сияқты жолдармен байытуға болады: қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғатпен, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, экскурсиялар ұйымдастыру), сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау), ересектермен қарым-қатынас (әңгіме өткізу, кездесу ұйымдастыру), грамматикамен емлені үйрету (жаттығу арқылы дағды қалыптастыру), арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу (шығарма, мазмұнын талдату, қайра айтқызу) т.б.

Озат тәжірибелер мен зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде оқушылардың сөздігін байытудағы әдістемелік тәсілдер мынаға келіп саяды: зат және құбылыс туралы түсініктері мен ұғымдарын жеңілдете түсу жолымен байыту, балалар қолданған сөздің мәнін айқындау, оқушылар сөздігін ауыспалы мағыналы сөздермен толықтыру, жаңа сөздерді өз ойларын жүйелеуде жиі қолданып, тұрақты сөздіктеріне қосу, сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуын игерту арқылы дамыту.

Сондықтан сөздік жұмыстары басты-басты мынадай бағыттарда жүзеге асырылады: 1) оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру және ол туралы ұғым қалыптастыру; 2) жаңа және түсініксіз сөздердің мәнін игерту; 3)грамматиканы оқытумен байланысты сөздік жұмыстарын жүргізу; 4)лексикалық жаттығу орындату.

Әрбір мұғалім қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмысының мына үрдістерін біріктіре отырып, әр тақырыпты оқыту тұсында ұйымдастырады:

1.Сөзді мағынасына қарай дұрыс қолдана білу. Мұндағы мақсаты – оқытылатын тақырыпқа байланысты балалар қаншалықты сөздерді білетіндігі, үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу, олардың сөздік қорын молайту.

2.Жазбаша ойын дұрыс беруге дағдыландыру. Жаңа тақырыпқа байланысты үйренген сөздерін дұрыс баяндау, ойларын  жүйелі жазбаша жеткізе білу, сөзді орынды қолданып сөйлем құрастыру, үйренген сөздерін сауатты жаза білуге дағдыландыру мақсаты көзделеді.

  1. Тірек сөздер беру арқылы оқығанын немесе көргенін мазмұндап айта білуге дағдыландыру.

Лексикалық жаттығулар қазақ тілі лексика жүйесін белгілі бір ұйымдық  мәліметтермен танысуға өз тәжірибесінде сөздерді қолдана білуге дағды-лануға бағытталады. Сондай – ақ лексикаға байланысты жұмыстар, жаттығулар оқушылардың сөз байлығын арттырып, сөзді қолдана білуге бейімділігін дамытуға бағыт алуы тиіс. Оқушыларды әрбір сөзге көңіл бөлуге, мағынасын анық аңғаруға жетелейді, олардың қолданудағы стильдік мәні мен реңдерін тани білуге, логикалық ойлау жүйесін кеңейтеді. Міне, осы міндеттерді атқаратын жұмыстардың бірі – жаттығу жұмыстары.

Мектептегі оқу бағдарламасына байланысты “Қазақ тілі” оқулықтарында (5 – 10 сынып оқулықтарында) лексикалық жаттығулар тек қана лексикалық ұғымдарды (тура және ауыспалы мағына, көп мағыналық, синоним, омоним,антоним,басқа тілден енген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, фразеологизмдер) пысықтауға, теориялық ұғымдарды түсінуге жетелейді. Бірақ қолданылуы жайында, яғни оқушылардың тілін дамытуға байланысты жаттығулар мен тапсырмалар өте аз берілген. Сондықтан мұғалімдердің өздеріне тіл ұстартуға байланысты жаттығулар түзуіне тура келеді.Сонымен қатар қосымша оқулықта жаттығу жұмыстарын беру үстінде қай материал грамматиканың, орфографияның қай тақырыбымен байланысты екенін айрықша ескеріп, олардың жүйелі болуына көңіл аударған жөн. Бұл жерде үлкен шеберлік, оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдау, орындау мүмкіндігі мен қабілетін аңғартатын лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық білік қажет. Бұл жұмыс мектепте білім беретін білім негізімен байланыстыра жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер