АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. М. Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

 

І ТАРАУ  МҰХТАР  ӘУЕЗОВ   ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА…………..5

  • Аударма түсінігі,  анықтамасы, тарихы  және  мәселелері……….5
  • Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма

          туралы   ойлары……………………………………………………………21

 

ІІ ТАРАУ АВТОРЛЫҚ  СТИЛЬ ЖӘНЕ

МҰХТАР  ӘУЕЗОВТЫҢ  КӨРКЕМ АУДАРМАЛАРЫ………………….28

2.1. Түпнұсқа   стилі  мен  оның    аудармадағы қалпы……………..…..28

2.2. Мұхтар Әуезовтың  көркем аудармалары……………………………30

                   2.2.1. “Дворян  ұясы”  романының  аудармасы…………….31

                   2.2.2.Гогольдің және Чехов шығармаларынан

                   жасаған  аудармалары…………………………………………35

                   2.2.3.“Отелло” пьесасының аудармасы……………….…..…38

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………..………42

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….45

 

 

КІРІСПЕ

 

          Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан  келе  жатыр.  Бір  халықтың   екінші  халықпен  қарым-қатынас жасауы,  танысуы,  өз  елінің ой-санасын  өркендету тиянақты  тірегі болып табылатын аудармаға  дүние жүзінің атақты  ғалымдары  ерекше  көңіл  бөлген.

       Аударма  жұмысы  қазір біздің  өмірімізден үлкен  орын  алады. Орыс  классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан  бері  үзбей  аударылып  келеді.

       Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының   өмірінде аударма әдебиет зор  роль  атқарады. Сондықтан аударма  мәселесі — өмірлік мәні бар маңызды  мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен  танысады. Аударма  арқылы  халық өткен ғасырлардағы және осы  замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың  маңызы   мұнымен  ғана  сарқылмайды.  Аударма ана  тілінің қалыптасып,   дамуына  да әсер  етеді.

        Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ   тілінің сөздігі жаңа  сөздермен, сөйлемшелермен  байыды. Қазақ тілінің  қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің  мағынасы  өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің  осындай қалыптасу процесінде  орыс  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударудың  елеулі  маңызы  болды.

Жұмыстың  мақсаты: М. Әуезов  шығармашылығының аударма  саласымен байланысын, қарастырып, аударма  шығармаларымен  танысу. Атаулы  қойылған мақсатта  келесі  міндеттер  анықталды:

  • М.Әуезовтың аудармашы  ретінде   әдебиетте   алатын  орнын анықтау;
  • Жазушының аударма  еңбектерін  қарастыру;
  • М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі  кездегі  аударманың сабақтастығын қарастыру;

Жұмыстың жаңалығы: Берілген  жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық  қызметі  бүгінгі  заман  тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма —  шын  мағынасында  ғылыми  жұмыс. Аударма творчестволық  ізденудің, әдеби  шеберліктің  нәтижесінде  туады.  Осы  мағынада аударма  өнері  деп  танылады. Аударма  өнеріне  жетілу  үшін,  біріншіден,  шығарма  қай тілге аударылса, сол  тілді, яғни  қазақ тілін  жақсы  білу  керек.  Қазақша   сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын  меңгерген,  әдеби тілдің  заңдарын  игерген  және  оларды  іс жүзінде  қолдана  білетін  адамдар ғана  қазақ  тілінің  шебері  деп  есептелінеді. Екіншіден аударма  өнеріне  жетілу  үшін  шығарма  қай  тілден  аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми  сөздіктердегі мағынасында  ғана емес,  халықтың  ауызекі  сөзінде  кездесетін  әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге  міндетті.  Міне  тек  осындай  шарттарды  орындағанда  ғана  аударма  өнеріне жетілуге  болады.

Жұмыстың  ғылыми негізділігі: Атаулы  аударма  тақырыбы  ХХ ғасырдан бастап  зерттелініп келе  жатқан  тақырып.  Бұл саланың  дамуына М.Әузов,   С. Талжанов,  бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова  және  басқа да зерттеушілер өз  үлесін  қосып  отырды. Атаулы  салада  жазылған біраз  ғылыми  еңбектер  де  баршылық.

Негізгі  дерек  көздер: Жұмыстың  негізгі  дерек  көздері  ретінде   М.Әуезовтың аударма  шығармалары, аударма  саласына қатысты жазған ғылыми зерттеу  мақалалары, тікелей аударылған  автор  шығармалары, ғылыми  мақалалар,  оқулықтар,  баспасөз  беттеріндегі материалдар алынды.

Жұмыстың  құрылымы: Берілген  диплом жұмысы кіріспе  бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

 

І ТАРАУ  МҰХТАР  ӘУЕЗОВ   ЖӘНЕ   КӨРКЕМ АУДАРМА

 

1.1. Аударма  түсінігі,  анықтамасы, тарихы  және  мәселелері

 

       Аударма   адамдардың  көп  замандарға   созылған   ұзақ   тарихында  тілі   өзге   басқа   адамдар   қауымын   түсінудің  құралы,  олармен   қарым – қатынас  жасаудың    делдалы,   дәнекері  болған.   Аударма – халықты   рухани  жағынан   дамытудың күшті құралы,  себебі  ол – бүкіл   адамзат мәдениетінің   қазыналы   қақпасын ашатын  кілт,  ғылым мен білімінің   қайнар  бұлағы,  тіл  ұстарту  мектебі.

        Аудармашы — өз халқының,  өз ортасының,  өзі өмір  кешкен   заманының   перзенті.  Аударма   әрқашанда   адамдар,  қауымдар,  тайпалар,    халықтар,  ұлттар  арасындағы  әлеуметтік,  экономикалық,  рухани,  ғылыми  қарым – қатынастың,   алыс – берістің,   айырбастың  құралы.  Аударма – елтану   жолы,  достықтың,  ынтымақтастықтың,  тәжірибе – тағылым   алмасудың  делдалы.

      Аударма  тарихында  басқа  тілдегі  мәтінді  екі  түрлі  жеткізу  үрдісі  болғандығын  байқатады: түпнұсқа тілін дәлме-дәл жеткізуге негізделген сөзбе-сөз аударма;

Түпнұсқа шығарманың мағынасын, “рухын” ғана қалдырып, өз тілінің талабы деңгейінен көрінуге негізделген еркін аударма.

Аударманың бірінші түріне, мысалға, Інжілдің грек — латындық кейбір аудармаларын; ортағасырлық Еуропа халықтарының тіліне Інжілдің аудармаларын; Аристотельдің философиялық шығармаларының ортағасырлық аудармаларын жатқызуға болады. Бұндай сөзбе-сөз дәлме – дәлділікті қажет еткен, соған себеп болған басты нәрсе – інжілдік  мәтіндер алдындағы, адамзаттың ұлы ұстазы алдындағы  “киелі табынушылық” сезімі болатын. Сонымен қатар бұндай аудармалардың орын алуына осы кезіндегі аудармашылардың лингвистикалық “аңқаулығы” да, яғни бір тілді келесі бір тілге механикалық түрде сәйкес келтіруге болады деген үміт-түсінігі де әсер етті.

          Аударманың  келесі  түрі – еркін аударма  көбінде  зайырлы  мағыналы  шығармаларға  пайдаланылған  болатын.  Мысалы,  грек  тілінде  жазылған  шығармашылықтын  жоғары  үлгілерін  латын  тіліне  аударуды  алатын  болсақ,  бұл  аудармалардың  теориялық  негіздерінің  мақсатын  ұлы  Цицерон  (б.з.д.  1 ғ.)  белгілеп  берген  еді.

          Аударма  өнері-әрдайым  тіл  өнері.  Аударма  халықтың  рухани  өмірінің,  мәдениетінің,  ғылым-білімінің, әдебиетінің  бөлінбестей  бір  бөлігіне  айналған.  Аударма  мәдениеттің  айтарлықтай  өсіп өркендеуіне  жол  ашады.  Бір  сөзбен  қайыратын  болсақ,  аударма-рухани  байлық  пен  мәдениеттің  биік  шыңы. 

Оңы мен солы,  бары мен  жоғын   түгендеуге   шамасы  келе  бастаған  біздің  елімізде  де  қазір осы  аударма  мәселесіне  жіті  көңіл  бөлініп,  аударма  жұмысы  қолға  алына  бастады.  Оған  мемлекеттік  деңгейде   қабылданған  және   қазірде  жүзеге  асып  жатқан   “Мәдени  мұра”  бағдарламасы,  сол  сияқты   ұлтжанды   азаматтардың  жеке  ынталары  (мысалы,  “Зерде” қорының  әлемдік саяси ой  классиктерінің  туындыларын аудартуы)   куә.

      Аударманың ауқымы кең.  Аудару  дегеніміз  басқа  бір  тілге   дәл  әрі  толық  түрде  өз  тіліндегі  ақпаратты   жеткізу  немесе,  керісінше,  басқа  тілдегі  ақпаратты  туған  тілінде  сөйлету.  Аудармада  тіл  халықаралық қатынастың маңызды құралына айналады. Ол бір тілден өлең, көркем проза, ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған әр қилы еңбектер, дипломатиялық құжаттар, іс қағаздар, саяси  қайраткерлердің мақалалары мен майталман шешендердің сөздері, газет-журнал, баспасөз материалдары, тағы сол сияқты толып жатқан дүниелер тасымалдауы мүмкін. Осының бәрі аудармашыға қойылатын үлкен талап пен жауапкершілікті қажет етеді.

Кезінде Якобсон “ Аударма туралы” деген эссесінде аударманың үш түрін көрсеткен екен:

  1. Бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау – түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету ( мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу ) және т.б. ;
  2. Сөздің төл  мағынасындағы  аударма  немесе  тіларалық  аударма,  яғни  бір  тілдің  лингвистикалық   белгілерін  басқа  тілде  беру;
  3. Семиотикалық аударма немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық  белгілерін  бейлингвистикалық  белгілер  жүйесі  арқылы  қайталау.  Мысалы  белгілі  роман  не  повесть  желісіндегі  фильм  түсіру  немесе  қойылымдар  даярлау.             

       Былайша  айтқанда,  аударма  болып  есептелмейтін  “аударманың”  екі  формасы  бар  екені  көрініп  тұр.  Біріншісін  Якобсон  аудармадан  басқа   сөзбен  жеткізеді:  тілішілік  аударма  немесе  басқа  атау  беру,  rewordіng.

Сондай-ақ  үшіншісі  де  аударма  болып  есептелмейтін  семиотикааралық   аударма  немесе   трансмутация.   Бұл  екі  жағдайда  сөз  “аударманың”  аудармасы,  интерпретациясы  туралы  болып  тұр.  Осыдан  тура  өз   мағынасындағы  аударма  бар  деп  айтуға  болатын  секілді.       

          Бұл ретте аударма тіларалық  аударма болмақ.   Тіларалық   аударма  өзге  елдің  мәдениетін,  тілін,  дәстүрін  игеруде   ерекше  орын   алады.  Аударма  арқылы  біз  басқа ұлттың мәдениетін  танып,  одан  өзімізге   қажеттіні   алып,  рухани  қазынамызды  байыта  түспекпіз. 

          Қабылдаушы   (рецепиент)  мәдениет   үшін  аудармалар  маңызды  рөл атқарады. Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттың өзіндік   концептосферасының  болуының   арқасында,   сол   мәдениеттің   өзіндік     танымдық  кеңістігінің  болуының   нәтижесінде   көптеген   өзгерістерді  басынан   кешіреді.   

          Осында   концептосфера   (концепттер  әлемі)  туралы  қысқа  тоқтала   кететін  болсақ,  онда  ұғымды  ғылыми  қолданысқа   орыс   филологы,   мәдениеттанушысы,  академик  Д. С. Лихачев   енгізгенін  айтуымыз   керек.

          Концепт   деп   қалыптасқан   мәдениеттің  ықпалынан   туындайтын   әрі  сол   мәдениет   өкілдерінің   әлем   бейнесін   сипаттауына    қатыспай    тұрмайтын   ядролық   ұғымдық   бірлікті   айтады.   Концепттер   жеке    тілдік   тұлға   үшін   болсын,   жалпы   лингво – мәдени    тұтастық – қауым   үшін болсын экзистенциалды маңызға ие. Мәдениеттің негізгі  концепттеріне   төмендегідей   абстрактілі,  жалпы   адамзаттық   мәнге  ие    ұғымдар  кіреді:  отан,  ұят,  тағдыр,  ерік – жігер,  күнә,  заң,  еркіндік,  үміт   және  т. с. с.

          Келесі   бір  орыс   мәдениеттанушысы   А. Я.  Гуревичке   жүгінер   болсақ,  мәдени   концепттерді  екі  топқа  бөліп   қарастыруға    болады   екен.  Олар:

         1)  мәдениеттің  әмбебап  концептері – уақыт,  кеңістік,  себеп,  өзгеріс,  қозғалыс   сынды  “ғарыштық,  философиялық   категориялар;

         2)  еркіндік,  құқық,   әділеттілік,  еңбек,  байлық,  меншік  сияқты   категориялардан   тұратын   әлеуметтік   концептер.

         Бұлардың  барлығын  кез  келген   мәдениеттің  әмбебап   қолданысқа   түсетін   ұғым – категориялары   дейміз.  Аталғандарға  қоса,  ұлттық  мәдениет   категориялары,  концептері  деп  өз  алдына  тағы   бір  топ  құруға  болады.  Мысалы,  қазақ мәдениетінің   ұлттық  концептосферасын   құрайтындарға  төмендегілерді жатқыза   аламыз   деп   ойлаймын:  атамекен,  жерұйық,  көңіл,  үміт,  аруақ,  құт – береке,  құдірет,  рух,  пиғыл, ниет,  тілек,  арман,  жазмыш,  жомарттық,  сағыныш  және  т. б.

Мәдениеттің негізгі концептерінің ұжымдық-тілдік санадағы рөлі өте зор. Өйткені онсыз ұлттың өзін түсіну, оның ділін, арман-мұратын ұғу қиын. Демек, ұлттық мәдениеттің концептосферосын танымай тұрып бір тілден екінші тілге, басқанын қоя тұрғанда, көркем аударма жасау өте қиын.

Бұдан аудармашы жүгінің ауырлай түскенін байқауға болады. Ендеше, аудармашы кім дегенге келсек, ол “ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика жөнінде хабары бар, аударылатын және аударатын тілді жетік меңгерген адам әрі басқа ұлт мәдениетінің  концептосферасын бір кісідей білетін мәдени дәнекер деп айтар едік”[32, 25].

 Аудармашы, өз ұлты мен өзге ұлттың  ерекшелігін қоса қарастыра алатын мүмкіншілігі  бар әрі соны жазып жеткізе алатын шығармашылық таланты бар адам.

          Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер. Аударма  ісінің  озық   үлгісі   ұлттың   әдебиетінің,  ұлттың   мәдениетінің   көтерілуіне   үлкен   септігін   тигізеді.  Бейнелі  айтар  болсақ,  аударма  әрқашан  әлемге,  жарыққа  ашылған   терезе  сияқты.  Онсыз  самал   соғып,  “үй  ішінің”  (тіліміз  бен   мәдениетіміздің  деп  ұғыныз )  ауасы   тазармайды,  күн  сәулесі   түсіп,  кеңістігі   шұғылана  құлпырмайды.

          Аударма – мәдениеттің  зор  тынысы.  Аударма  әрқашан  өзіндік   ерекшелікті сақтай   отыра,  халықтар мәдениетін жақындастыруға,  еларалық   байланыстардың  өсуін  тереңдетуге   қызмет  етеді.  Ол   терең  тамырланған  ұлт  мәдениетінің  өркендеуіне  өлшеусіз  зор  үлес  қосады.

          Аударма  пайда  болғалы  ол   жайындағы  ғылыми  ой–пікірдің   де  қанаттаса  өрби  түскені  мәлім.  Қай  халықтың   тарихын  қарасаңыз  да  аударма   жайында  жинақталған  тәжірибе,  тұрақтанған пайым-түсінік бар. Аударма практикасымен шұғылданған жұрт, оның ішкі сырына үңіліп, өзіне лайықты заңдылықтарын да ашып беруге тырысқан. Сондай ықыластан туған әрекеттер аударма теориясының негізін қалайды.

      Аударма өнері  идеология саласындағы  зор  құралдардың бірі  болып  та  саналады.  Аударма  әдебиеті  халықтар  достығының  дәнекері. Осы  пікірді дәлелдейтін айғақ  орыс халқының  тіліне  араб әдебиетін аудару  жөнінде  айтылған  болатын. Сонда: “Мың жыл деген тек бір  халықтың  тіршілігі   ғана  үшін  емес,  бүкіл  адамзат өмірі үшін де көп уақыт, мың  жыл  бұрын  өтіп  ұлы   ата – бабасын,  олардың келешек үрім бұтаққа қалай өмір сүрудің  жарқын  үлгісін  көрсетіп,  болашаққа сілтеп  өткенін ұмытпаған халық- бақытты  халық. Өзінің алыс-жақын көрші елдеріне болған ұлы адамдары біліп, отыру бақыттылық. Көбінесе, әлгі  әр елден  ұлы  ата-бабалар  өздерінен  мың  жыл  кейін де  халықаралық  байланыстың  дәнекері  болып  қала   береді”,  —  дейді  академик  И.Ю.Крачковский.

      Өмір  қажетін  ашатын,  адам  арасын   қосатын   тиянақ-тірек  —  аударма  өнері. Аударма әдебиеті – бұл төл әдебиетінің егіз туған сыңары, бұлар  қатар  өседі. Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы да осыған айғақ бола алады.       .   

Шетел және орыс  классиктерін  аудару  арқылы  өз  әдебиетімізді   тың көркемдік тәсіл, нақыш  кестесімен  түрлендіруге  тиіспіз. Түпнұсқаның  көп  қырлы қасиеттерін сақтағанда ғана аударушының ісі нағыз өнерпаздық,  игілікті  іс  саналмақ. Орысшадан  қазақшаға  аудару  қазақ  тіліне бірталай  жаңа  сөйлем оралымдарын,  жаңа  сөз  байламдарын  әкелді.  Бұлардың  көбі   өз  тілімізге  әбден сіңісіп  кетті. 

Аударма —  көне  де,  жаңа  да өнер.  Өнер  болғанда,   ол —  сөз,  әдебиет,  публисцистика  ғылымдарының  ажырамас саласы. Аударма адамдардың  көп  замандары созылған  ұзақ  тарихында   тілі  ізгі   басқа адамдар қауымын  түсінудің  құралы,  олармен  қарым-қатынас  жасаудың  делдалы  болған.

Аударма  жасау  арқылы  тілімізде  сөз құраудың,  ойды  бейнелеудің  жаңа  тәсілдері туды,  жазу  шеберлігі  артты.  Ол халықты  рухани  жағынан  дамытудың күшті құралы. Бүкіл  адамзат  мәдениетінің  қазыналы   қақпасын  ашатын кілт, ғылым мен  білімнің  қайнар  бұлағы,  тіл ұстартудың  мектебі.  Аудармашылық — нағыз  творчестволық  өнер.  Аударма  өнері  әрдайым —  тіл  өнері. Аударманың құрылыс материалы тіл құралдары, аудармашының  іс-әрекеті сол құралдарын орынды қолдану, онымен жұмыс істеу  болғандықтан   аудару процесі лингвистикалық тұрғыдан екі тілдің және олардың   стилистикалық құралдары қарым-қатынасының сипаты жайындағы  мәселесі  зерттеуді  қажет  етеді.

Ал аударманы әдебиеттану тұрғысынан зерттегеннің өзінде де  құбылыстарын талдау  мен  бағалау  қажет. Өйткені тұпнұсқаның  мазмұны  дербес  оқшау  нәрсе  емес,  ол белгілі  бір  формада   мазмұн  мен  форманың  үйлесімінде көрініс бейнелейтін тіл  элементерінің  бірлігінде  тіршілік  етеді.  Және аударма  да  тек тіл құралдарын жұмсау жолымен оқушыға,  тыңдаушыға  жеткізіледі. Аударма  шығарманың ғылыми талапқа сәйкес келуі,  дәрежесімен  сапасы  тіл  құралдарын  дұрыс пайдалануға   тікелей  байланысты.  

Аудармашы  екі  тілді де  жетік білу  мен    қатар   әрі жазушы,  әрі  ғалым  болу  керек. Аударма  сапасы оның  талантына,  біліміне  жалпы  мәдени  дәрежесіне  және   тәжірибесіне  байланысты.

Аударма тарихи алыстан келе жатыр, дүние жүзінің  атақты  ғалымдары  бұған  ерекше  көңіл  бөлген. 

Көркем туындының барлық элементтері  автордың  негізгі идеялық,   көркемдік ойын  білдіреді. Аударманың  міндеті  басқа  тіл   құралы  арқылы  туынды жүйесінің барлық ойын қайта қалпына келтіру болып  табылғандықтан,  ол аударылатын шығарманың  идеялық-тақырыптық   мазмұнын  ұғыну тиіс.

Көптеген  елдерде  аударманың  екі  негізгі  түрге  бөлінуі  кездеседі:  жазбаша аударма және ауызша аударма. Жазбаша аударма  — лингвистикалық   әдебиеттану теориясының нысанасы. Осыған орай жазбаша аударманың  лингвистикалық аударма концепциясында зерттелуі лексикалық және  грамматикалық  мәселелермен  тығыз  байланысты.

Көркем аудармаға әдеби байланыстарды бекіту, әдебиетті  жақындастырудың негізгі функциясы  жүктеледі.  Әдебиет тарихында классикалық  әдебиеттің шығармалары басқа да   халықтардың  әдебиетіндегі әр  түрлі  аударма  жағдайлары  аз  кездеспейтіндігі  белгілі.  

Қазақстанда көркем аударманың мәселелері   кейінгі  жылдары ерекше   мәнге  ие болды. Оған   қазақ тілінің  рөлінің  күшеюі  ықпал  етті.

Бұл  кезеңнің ерекшелігі  әдеби  дәстүрдің  даму   мәселелерімен  қатар,  көркем  аударма  мәселелері ҚР контитуциясына  сәйкес  мемлекеттік  тіл  статусын,  оған  қазақ тілін қолданудың аясын кеңейту мәселесімен де  байланысты.

Көркем  аударма — бұл ақындық, сондай-ақ,  прозалық өнер  болып  табылады. Өнер  — бұл  шығармашылық   жемісі, ал шығармашылық  дәлме-дәлдікпен сәйкес келмейді. Егер аударма мен өнер дәлме-дәлдікпен  ешқандай ортақ  нәрсе иеленбесе, онда  аудармашы  жазушы  қасиетімен  ерекшеленуі  керек. Аударма  өнері  өзінің  ерекшеліктерін  иеленеді. Сонда  да аудармашы  жазушыларды —  нақты  жазушылармен  айырмашылықтарына   қарағанда,   ұқсастықтары,  анағұрлым  басым  кездеседі.

Нақты жазушыларға  қарағанда  аудармашы-жазушыларға   өсерге үздіксіз  толығып отыратын өмірлік тәжірибе  аса  қажет.  Нақты жазушы  да, аудармашы жазушы да жан-жақты өмірлік тәжирибесі болмаса, екеуі  де  бірдей  рухани   әлсіреуге   шалдығуы   мүмкін.

Аудармашы-жазушының тілі нақты  жазушының тілі секілді туған  халқының  тілінен  бақылағанынан  және туған  әдеби  тілінен оның тарихи  дамуын  да бақылауынан қалыптасады.   

Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнеле қана қоймайды. Ол адам  табиғатын,  қоғамның  болмысын  өзгертуге,  жақсартуға  атсалысады. Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы  мәселелерді  қамтиды. Әдеби  шығарманың  құрылым  жүйесі,  образдылығы,  мазмұны, стилі,  тілі  поэтикалық  құбылыстармен бірге  оның  эстетикалық,  лингвопоэтикалық, сондай-ақ  психологиялық табиғатын  түзетін  көркемдік  құбылыстарды  пайымдау әдеби  аударманың табиғатын  таразылауда  басты  міндеттер қатарында жатады. Оның үстіне аударма шығармашылық   шеберлігі ен  даралығы қатар  көрініс табады. Әрі түпнұсқа  мен  аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да, өте көп, алуан  түрлі  екендігін  көрсетеді.

           Ғалым С.Талжанов  аударма  туралы  ойын  былай  сабақтайды: “Біздің  ойымызша аударма екі түрлі салаға бөлінеді. Соның біріншісі   бір халықтан  екінші халыққа ауысқанда мезгіліне сол елдің ұғымына  сәйкес аударылады.  Бір халықта айтылған ой өңделіп, өз елінің ұғымына бейімделіп  түпнұсқаның ұзын-ұрғасы беріледі. Ауыс–түйістің  алғашқы  сатысы  осылай   басталды. Бұл  аударманың ауыс  —  екі  тарау  түрі.  Екіншісі  — бір  елде  айтылған  пікір  сол  қалпында жетеді,  ой ырғағы жоғалмайды. Алдыңғы  әдіс ауызша таралады, ал  кейінгі әдіс кешеуілдеп туған әдіс жазба  әдебиетте   орын  тепкен”.

Аудармада кездесетін  түрлі-түрлі   әдістер  бар:  еркін  аударма,  сөзбе  сөз  аударма  және  балама  аударма.

Еркін  аударма  түпнұсқаның  жетік  білмеуден немесе  сол  түпнұсқаның  ұғымды  болуынан  гөрі  өзіне  тиімділігін, оңайлығын  көбірек көздеуден туады. Сөзбе сөз аударма көбінесе түпнұсқаның тілін түсінгендерден  болады,  соның   әуеніне  еріп,  құл  болудан  шығады.

Балама  аударма  осының   ең  қиын  түрі.  Мұны  екі  тілді  бірдей  білумен  қатар сол алдында тұрған түпнұсқаның түпкі  ойын сыртқа  түсінетіндер, дыбыс ырғағын, тіл  әдемілігін автордың сөз мәндерін зертеп жете   ұғынатындар  жасайды

Қазақ аудармасының тарихында да, бүгінгі тәжірибесінде де “тіларалық аударма”, яғни өзге тілде жазылған шығарманы ана тілімізге немесе, керісінше, қазақ тіліндегі шығарманы өзге ұлттың тіліне аудару өнері қалаптасқан.

Қазақ тіліне алғашқы аударма үлгісі XVII-XVIII ғ.ғ. келген тәрізді. Араб- парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегі-аңыздар, неше алуан мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей болмақ. Бұлар таза аударма болмаса да, мазмұндап, қайталап айту түріндегі түсініктеме-аударма болған секілді.

“Переводчики- почтовые лошади просвещения” деген екен кезінде А.С.Пушкин. Расында да дәл солай. Мысалы, алысқа бармай-ақ, өз мәдениетіміздің тарихына көз жіберер болсақ, одан да біз орыс ғұламасының әлгі айтқанының дәлелін тапқандай боламыз.

Аударма ісі дәл өзінің танымал мағынасында, яғни тіларалық көркем аударма ретінде қазақ мәдениетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл орыс әдебиетінің алдыңғы қатарлы шығармаларын аудару мезгілі еді. Осы бағытты бастаған Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар болды. Солардың арқасында қарапайым халық арасында жеріміздегі ағартушылық үрдістері басталды десек, қателеспейміз.

Ұлт пен ұлт арасындағы мәдени дәнекер болған Абай аударма шебері болды деуге толық негіз бар. Абай орыстың ақындарын ана тілінде үйлесімді сөйлете білген. Абайдың кезінде өзі сусындаған, нәр алған орыс халқының классиктерін ана тіліне аударып,   өз   халқына   паш   етуі   үлкен   рухани     қажеттіліктен   туған  іс  еді.  А.Құнанбаев орыстың Крылов, Пушкин, Лермонтов сияқты   ақын – жазушыларының   шығармаларын аударды.  Аудара  отырып  олардан   рухани  нәр  алды,   өлең   жазудың   шеберлігін, сөз сараптаудың, ойды бейнелеп   айтудың   асқақ   та   нәзік   үлгілерін  үйренді.

Абай   заманында  қазақ   арасында   аударма   өнері   мүлде   дерлік дамымаған болатын-ды. Егер онымен бірен-саран   шұғылданушы   табыла  қалса   да,   олар  аударма   ісіне  негізгі   мамандығының   мұқтажына   қажетті   қосалқы   құрал   ретінде   қарайтын   еді.   Мысалы,   көрнекті   ағартушы  және  тұңғыш  педагог  Ы. Алтынсариннің  осы   саладағы   еңбегіне   назар   аударсақ ,   соның   куәсі    боламыз.  Ол   жас   жеткіншектерді   оқытуға  септігі   тиетін   бірнеше   ғибрат  әңгімелерді   орысшадан   қазақ   тіліне   аударған,  бірақ   бұл   игілікті   іспен  кең   көлемде   және   арнайы   айналысқан   жоқ. Ы. Алтынсариннің   аударғандары  негізінен  А. Н.  Толстойдың,  А.И.Крыловтың, К.Д.Ушинскийдің,  И. М. Паульсонның   шығармалары   еді.

Шәкәрім   Құдайбердиевті   де   аудармашы   ретінде  тани   аламыз. Ш. Құдайбардиевтің   көркем  аудармаға   қосқан   үлесінің   шоқ   жұлдыздары  А. С.  Пушкиннің  “Дубровский”  мен   “Барон”   хикаясы   болды. 

Әлихан   Бөкейхановтың   қазақ    тарихындағы   саяси   орнын   бәріміз   білгенімізбен,  оның   қазақ   мәдениетіндегі   аудармашы   ретіндегі өзіндік орнын   бәрі  біле   бермеуі   мүмкін.   Әлиханның   кейінгі ұрпаққа  қалдырған   әдеби мұрасының   ең   көлемдісі – көркем   аударма.  Аудармаларының   ішінде  орыстың   классик   жазушылары   Л.Н.Толстой,    А.П.Чехов,  В.Г.Короленко,   Д.М.Мамин – Сибиряк  сынды   жазушылармен  қатар,  Еуропаның   өркениетті   елдерінің   қаламгерлері  Ги  де  Мопассан   әңгімелері,  сондай – ақ   үнді,  түркі   тектес  халықтардың әдеби   шығармалары   және   антикалық   дәуірдің   жәдігерлері  де  ұшырасады.

Жоғарыда   айтып  өткеніміздей,  Абай   аудармалары   қазақ   әдебиетінің тарихында  болған үлкен оқиға.   Аудармашыға  қойылатын   ең  бірінші   талап  оның  екі  тілді  де   барынша  жақсы   меңгеруіне   байланысты  болса,   оған   қоса   аудармашыдан   тіл  сырын,  сөз   мәнін,   көркемдіктің   қадірін   білетін,  өмірге   суреткерше   қарап,  әрбір   көрініс  пен   құбылысты   көркемдік,   әсемдік   тұрғысынан   ұғына алатындай   қиялы   ұшқыр,   ойы   терең,   жаны   сергек  те   сезімтал,   ақындық – жазушылық   дарынның   иесі    болуы   да   керек   етіледі.

Абай аудармамен   шұғылданған   шағында   бұл   салада   арнайы   қызмет етуді, сөйтіп  аударма  ісін  кәсіби  биікке   көтеруді  нысана   етіп қоймаған   тәрізді. Әйтсе  де, Абай өзінің ақындық өнері   тәжірибесінде әрдайым   орыстың   озат  мәдениетіне  сүйенгендіктен,  өзі   сүйсіне   оқып, үлгі — өнеге   тұтқан   классик  ақындарды қазақша   сөйлетпей  де   отыра алмаған.  Ол, Абай ақындығының   кемелденуіне, жетіле   түсуіне, асқан   көркемдік   пен   терең   мазмұнға   ие  болуына  сол   аударманың едәуір рөл   атқарғаны,   игілікті   әсер   еткені   күмәнсіз.

Қалайда,   ақынның   әдеби   мұрасы   ішінде аударма   үлгілерінің   де  өзіндік   орны   мен салмағы   бар. Сан тілімен келтірсек:  аудармаға   арналған 15 жылында Абай  үлкенді – кішілі 50 – ден астам    шығарманы орыс тілінен қазақшаға   аударыпты.  Сонда  ол   А.С.Пушкиннің   “Евгений  Онегин”  атты  әйгілі  шығармасынан  7  үзінді,   М. Ю.  Лермонтовтан   30 – ға  таяу  өлең,  И. А. Крыловтан   12  мысал   және   басқа   да   авторлардан   7  өлең   шамасында  аударған.

Абай аудармаларын Пушкин үзінділерінен бастайтын себебіміз  кездейсоқ   емес.   Қазақ   ақынының   аударма   өнеріндегі   алғашқы    қадамы  дәл  сол   тұлғадан   басталған   болатын.

     Абайдың   жасаған   аудармаларының   дәл   не   еркін   болуы   әртүрлі   тарихи   жағдайлардың   жемісі.

Сайып келгенде,  өз заманындағы оқушы  көпшілікке   аударманы   ұғымды   ету   үшін   азды – көпті  алшақтыққа Абай саналы  түрде   барған сияқты.  Бірақ   ол   еш   уақытта  да  Пушкиннің   негізгі   сырын,  рухын мүлде өзгертіп көрген емес. Пушкинді   қазақшалағанда,   Абай қайтсе  де оның   мәтініне  тың   жолдар  енгізіп,  өнер   таластыруға   немесе   орыс   ақыны   тартқан   желіні  бұзып,   соны   тақырыпқа  әдейілеп   барған   жоқ. Егер  ара — тұра  ақын   Пушкиннің  түпнұсқасынан алшақтау кетсе, оны Абайдың қазақ   оқырмандарының  қамын  жеуінен   туған  заңды   көрініс  деп білу  керек.

         Бір халық  пен екінші   халық   жақындасып   араласа   бастағанда,    олардың   қай – қайсысы   болсын   өзінде   жоқты   көрші   елден   алары    хақ. Осы   ауысуды   тиянақты   жүзеге    асырушы – аударма,  өйткені  жоғарыда   айтып   өткеніміздей,   аудармашылар – мәдениетті  бір   елден  екінші   елге   тасымалдап  жеткізетін  “пошта   аттары”.

Абайдың   ерекше   сүйіп   аударған   екінші   ақыны – М.Ю.Лермонтов.   Ең   алдымен,  Лермонтов   шығармаларымен   қазақ   ақынының   жақын   таныс   екенін  және  оның   жеке   өлеңдерімен   бірге   кейбір   поэмаларынан  да   үзінділер   аударғанын   аңғарамыз.  

Абайдың   аса   көңіл   бөліп   аударған   үшінші   ақыны – орыстың атақты   мысалшысы   И. А. Крылов.  Сол   бір  кезде,  аударма   өнері   жолға   қойылмай   тұрған  шақтың  өзінде,  И. А. Крыловтың   бір мысалын  (“Қарға  мен  түлкі”)   тұңғыш   рет Ыбрай   Алтынсарин   қазақшалаған   болатын.   Содан   кейін  Абай  оның   он  екі   мысалын   қазақ тіліне аударды. Крыловтың сатиралық мысалдарын   қазақшалауға   бармай,   оның  өсиетшілдік   бағыты  басымырақ   мысалдарын   Абай   ден   қоя   аударған.

Бұл    аудармаларында   да   Абай   шебершіліктің,   дәлдіктің,  авторды  терең  түсінудің  үлгілерін   көрсете   алған.   Соншалық   шабытты   жолдар   орыс   елінің  ұлы  мәдениетімен   қазақ  ақынының  танысып,   Пушкин,    Лермонтов   сынды   абзал   жандармен   сырласу   сәтінде   туған.   Сол   себепті,  Абай,  бір   жағынан,  ақындық   өнерін   шырқау   биікке   көтерсе,   екіншіден, сол кездегі қазақ   жұртшылығын   тың  бір   дүниемен   таныстырды,  келешек   ұрпаққа   өнеге  боларлық   ұмытылмас  еңбек   жасады.

Данышпан   ақын   аз   жылғы   тәжірибесінде   шын  мәніндегі  шебер   аудармашы   дәрежесіне   көтерілді.   Қазірдің өзінде Абайдың   кейбір аудармалары   көркемдік   қасиеттері мен дәлме – дәлдігі   жағынан   кейінгі   буын   талапкерлердің   бәріне   қол   жетпес  үлгі   болып   келе   жатыр.

Қазақстандағы   аударманың   тарихы   мен   теориясын   зерттеу   жұмысы   ғылыми   әдебиетте   аударма   жайында   алғаш   пікір   айтқан  С.  Сейфуллиннен   бастауын   алады   деуге  келеді.   Спандияр   Көбеевтің “Үлгілі  тәржімасы”,  Молданияз   Өтетілеуовтің   “Жиған – тергені”   және    басқа   авторлардың   жарияланған   аударма   туралы ойлары Қазақстанда   аударма   өнерін   өркендетуге  айрықша   қызмет   атқарды.

Қазақ аудармасының   тарихы   мен   теориясын   қалыптастыруға      ғылыми – зерттеу   еңбектері   де  үлкен септігін   тигізді.   Атап   айтқанда: С.Нұрышевтің “Абайдың аударма жөніндегі   тәжірибесінен”  (1957  ж.),   “Көркем   аударманың   кейбір   мәселелері”  (мақалалар жинағы.  1957  ж.),    С.Талжановтың  “Көркем  аударма  туралы”  (1962ж.),  Ә. Сатыбалдиевтің “Рухани  қазына”  (1965 ж.), М.Әлімбаевтың  “Өрнекті  сөз – ортақ  қазына”  (1967 ж.),  Т.Абдрахмановтың “Жаңа ғасыр көгінде” (1961 ж.),  Б.Әбілқасымовтың  “Алғашқы қазақ газеттерінің тілі” (1971 ж.), С.Талжановтың  “Аударма   және  қазақ  әдебиетінің  мәселелері” ( 1975 ж.)  деген кітаптарында  қазақ   аудармасының  әрқилы  мәселелері   зерттеліп,  талқыланды.

Заманына  қарай аударманың өсу жолын дәлелдейтін мысалдар  көп-ақ. Аударманың сапасы сол елдегі  төл әдебиеттің  сапасына сай келеді. Көш  бастайтын төл  әдебиеттің соңына  еріп, аударма әдебиеті жедел жүреді.  Кейде аударма әдебиет те төл әдебиеттің осы өсіп —  өркендеуіне көмек  беріп  отырады.

Зерттеуші Л.У Абенованың  айтуынша, аударма әдебиетінің  марқайып  өсуіне  септігін  тигізген   жағдайлар келесідей  келеді:.

  • ауысу, араласу  арқылы  ортақ  сөз,  ортақ  ұғым  көбейсе;
  • төл әдебиетіміз өсті де, аудармаға  үлгі жасалды;
  • тіліміздің қалыптасуы, тіл  ғалымдарының  атсалысуы.

Бүгінгі  ғылым  дүниесінде талас туып жүр. Ол аударма  тіл  ғылымына  жата ма. Немесе  әдебиет  зерттеу  ғылымына  жата ма  дегенге  саяды.  Біздіңше, аударма екеуіне де жатады, екеуіне де  молымен жетеді. Тек  қана көркем  шығарманың аудармасына келгенде,  мұның  әдебиет ауқымына   кіретінін  ұмытпау  керек [44, 41.

Жер жүзі халықтары әдебиетінің үздік үлгілерінің  қатарына толымды   үлес болып қосылған ұлы эпопеясы арқылы қазақ көркем ой-қазынасын әлемдік деңгейге көтерген  М.Әуезов әдебиеттің барлық  жанрында шоқтығы биік туындылар  бергені өз  алдына, ХХ ғасырдағы  ұлттық  мәдениетіміз  бен  әдебиетіміздің қалыптасып дамуында т.б. сан алуан жақсы істердің  бастаушысы, алғаш  із салушы  болғаны  белгілі. Сондай  игілікті істің  бірі – оның  сол  дәуірде қазақ  аударма  мектебінің  де  көшбасында  тұрғаны.  

Жастайынан орыс әдебиетінен және сол арқылы дүние жүзінің  классикалық әдебиетінен сусындап, нәр алып өскен ол халықтар арасындағы  әдеби,  мәдени  байланыстың  ең  өнімді  жолы —  көркем аударма  деп  біліп,  әу  бастан-ақ  оның  теориялық  және практикалық   мәселелеріне  қатысты  ой-пікірін ортаға  салып  отырған.

Аударманың теориялық-проблемалық және практикалық  мәселелеріне  таза теориялық байламдары мен ғылыми пайымдары көрініс табатын.  Көптеген  мақала  еңбектеріне  арнаған.  Бұл орайда  “Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы” (1936), “Ревизордың” аудармасы туралы  (1936) “Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар” (1937), “Жәңгір  жыры  қазақ  тілінде”  (1940), “Пушкин и братская литература Советского  народа” (1949), “Дворян ұясы романның аудармасы  туралы” (1952),  “ Көркем аударманың кейбір теориялық  мәселелері  туралы” (1955), “Художественные переводы  литератур  народов СССР” (1955) т.б.  еңбектері  жарияланған. 

М.Әуезов қазақ әдебиетінде көркем аударма саласын қалыптастыру мен дамытуға, жолға қоюға арналған ғылыми  пайымдарын  ортаға салып  қоймай, өзі бас болып, белсенділік таныта отырып, творчестволық тәжірибеде аударманың  классикалық  түрлерін  берді.  Ол   әлем және орыс  классикалық шығармаларының  біразын   қазақ  тілінде  сөйлетті.  Шекспирдің   “Отелло”, “Асауға  тұсау”, Гогольдің “Ревизор”, К.Треневтің “Любовь Яровая”, Погодиннің “Ақсүйектер” сияқты пьесаларын шебер аудару арқылы жазушы   қазақтың  ұттық  театр  өнерінің  дамып  жетілу  жолында  көп  еңбек  сіңірді.  Және  өзінің  де  драматургтік  шеберлігін  ұштай  түсті. Прозадан   И.С.Тургеневтің  “Дворян  ұясы” , Джек Лондонның “Ақ  азу”, Л.Толстойдың “Той  тарқар”, “Будда”,  т.б. тәрізді  шығармаларын аударған. М.Әуезов аудармашылықты  жаттығу, үйрену  мектебі  деп  сезген. Бұл  орайда  драматургияда   В. Шекспирді, Л.Толстойды   аса  құрметтеген.

         Жазушының алғашқы көркем шығармаларынан да, әдеби-ғылыми  еңбектерінен  де  өркениетке  ерте  қадам  жасаған елдердің  мәдениеті  мен  әдебиетінің  әсер-ықпалы  айқын  сезіледі.  Бұл  орайда  Абайдың  Пушкин,  Лермонтов,  Крылов  шығармаларын  оқып, оларды  қазақ  оқушысына  ұғымды  етіп  аударып  қана  қоймай,  сол  классиктер  тағылымын  бойына  сіңіріп,  үйрене  білгенін  түсінген  жас  талап   Әуезов  бастапқы   кезден-ақ  орыс  және  батыс  классиктерінің  үздік  туындылары  мен  танысып  қана  қойған жоқ, олардың кейбіреуін қазақ  тіліне  аударды.  Ол  Лев  Толстойдың  “Будда” әңгімесін 1918 жылы  аударып, “Абай” журналының  бірінші  санында жариялады.  Бұл   болашақ  ұлы  жазушының аударма  саласындағы тұңғыш қадамы да еді. Осылайша творчестволық қадамның алғашқы   сәттерінен  бастап-ақ   аудармашылық  өнерге  ден қойып,  бұл  салада  да  қаламын  ұштап, шеберлігін  дамытады,  әрі  өзі көркемдік  тәсілдерді сіңіре береді.

Рас, 20-шы ғасырдың алғашқы 30 жыл аумағындағы қазақ  аудармасындағы кемшіліктер көп еді. Ол кезеңде жасалған  аударманың  көбіне  басқа  тілдегі  шығармаладың қазақ тіліне аударылған нұсқасының орнына “қазақыландырылған”  түрі жасалатын, шығарманың  негізгі  мазмұнынан,  идесынан тым алшақтап, өзгертіп  жіберетін  мысал  көп  болатын.  Осындай  “қазақыландыру” орайында аудармашы шығармасы тәржімаланып  отырған  жазушының өзіндік ерекшелігіне  қарай қазақ ұғымдарға ғана тән  теңеулерді қолданып, ескі мақал, мәтел, т.б. сөз тіркестерді көп  пайдаланатын.  Сөйтіп,  бір  елдің  классикалық  туындысын  мағына,  сезім  жағынан  әлсіретіп,  өңін  айналдырып  жіберетін  жайлар  жиі  кездесетін. 

Өз шығармашылығына аса жауапкершілікпен қарайтын  М.Әуезов “Ревизор”  тәрізді  классикалық драманы  ұлттық  сахнамызда   мінсіз  сөйлейтіп, өз бояуын жоғалтпаған күйде қазақ көрермендеріне жеткізуді  көздеп,  пьесаның бұрынғы аудармасында еткен кемшілік пен олқылықты   толтыруды міндет  етіп  қойды. Бұл  жайында  ұлы жазушы  1936 жылы жазған бір мақаласында былай дейді: “Ревизордай”  мәңгілік  қасиеті бар   классик  шығарманы  қазақ сахнасында мінсіз қып, мәдени  түрде  қою —  біздің  театрдың барлық  коллективіне  де, жеке  артистеріне де  үлкен  сын.  Көркем  өнер жолында есейіп, өскендігіміздің сыны. Олай болса, оның аудармасында  да  шалағайлық,  теріс  әдіс,  көрнеу  олқылықтар  болмауға  тиіс.  Осындай  міндеттерді есепке  ала  отырып, бұрынғы  аударманы  қайта  қарап,   бастан-аяқ толықтырып, өзгертіп түзгенде, мен шамам  келгенше “қазақыландыру” белгілерін  барлығын  жиып, Гогольдің  өз  тілін,  өз  стиль-үлгісін, өз ерекшеліктерін қайтадан орнына салуға тырыстым”. Өйткені  “Ревизордың”  алғашқы  аулармасында  түпнұсқадан қалып  қойған  сөздер  бар  еді.

М.Әуезов Гогольдің “Ревизорын” 1934 жылы шыққан алғашқы басылымда түпнұсқадағы “Мінездері мен киімдері” деген мәселе бойынша  Н.В.Гогольдің дуанбасы, Анна Андереевна, Хлестаков, Добчинский, Ляпкин-Тяпкиндердің тұрпаты, мінезі, киімі қандай болу керек  екені туралы   актерлар  үшін арнайы  жазған  бір  беттегі  ремаркілік  сөздер  түгелдей  жоқ.  Бұған басқа  да  кейіпкер сөздердің  толықтырылған немесе  өзгертілген мысалдары 1953 жылға басылымда көп орын  алады. М.Әуезов комедияның  барлық ерекшеліктерін анық көрсетуге  тырысқан. Бұл  тұрғыда  аудармашы   өз мақсатына жеткен деуге болады. Мысалы: “Послушай,  Иван  Кузьмич,  нельзя ли вам для общей нашей пользы, всякое  письмо,  которое   прибывает нам  в почтовую  контору,  входящие  и  иходящие  знаете,  итак немножко распечатать  и  прочитать:  не содержится  ли в нем  кого-нибудь  донесения  или  просто  переписки. Если  же нет,  можно  даже  итак  отдать  письмо, распечатанное”. Бұл  жерде   байқалатын  негізгі  нәрсе  парақорлық. Городничий өзін  осал  жерін  біледі,  өйткені  ол аса қу адам.  Сондықтан  алғашында  жағымпазданғанмен  сол  жердің  әкімі,  қожайыны  екенін  естен  шығармайды. Міне, осындай қайшылықты  характерлердің   болмысын   жоғалтып  алмай   аудару оңай емес алайда М.Әуезов шеберлігі өз  деңгейінде  бұл тұста  да  көріне  алған. Оқып  көрейік. “Бері  қараңыз,  Иван  Кузьмич,  бәріміздің пайдамыз үшін  конторыңызға  келген хатты,  азырақ бүйтіп, ашып  оқуға  болмас па  екен,  жай  хат  па  екен,  жоқ  болса  қайта  жасырып  қоясыз  ғой,  жапсырмай  тапсырса  да  оқасы  не”.

Бұл  ретте зерттеуші Қ.Алпысбаевтың пайымдауымен келісуге болады: «…сөз мағынасы  дәлме-дәл жеткізілген. Гогольдің  юморы  өз  дәрежесінде  сақталады. Мұндай мысалдарды  комедия аудармасының өн бойынан   көптеп  келтіруге  болады» [38, 48].

Осылайша қазақ тілінде сөйлеп, қазақ театрларының  репертуарынан  берік  орын  алған  “Ревизор”  аудармадағы  М.Әуезовтың   шеберлігінің   бір  көрінісі  екені  даусыз.

Көркем шығарманы аударуда автордың стилін бұзбай,  мазмұнынан  ауытқымай, дәл жеткізуде берік ұстаным ретінде алған М. Әуезов өз  шығармашылығында   оны  айқын  жүзеге  асыра  білді.

Қоғамдық дамудың, жаһанданудың, әдеби байланыстың үдеу  қарқынына  сай қазақтың әдеби  тілі  жаңа  ұғымды бойына  барынша  сіңіруде,   аударма  мәдениеті де   өсу  үстінде.

Қазақстанда көркем аударма тәжірибесі неғұрлым  кең  өріс  алып  ұлғайған  сайын  ол  жайындағы  әдеби  сын  мен  ғылыми  теориялық  ой-пікір  де  өсіп  келеді.

М. Әуезов  аударма  теориясына  байланысты  пікірлер  айтумен  қатар, шетел  және  орыс  классиктерінің  шығармаларын  казақ  тіліне  аударуға көп  үлес қосты.

М. Әуезов үшін  аударманың өзі  шығармашылық  өсудің  мектебі  болғандығын көреміз.  Абай  Құнанбаевты,  Пушкинді, Лермонтовты    және Крыловты аудару арқылы өз білімінің өрісін  ұлғайтып,  заманның  мәнін  түсінген  сияқты,  М. Әуезов  те Гоголь мен Шекспирді, Толстой  мен Чеховты, Тургеневті  т.б  аудару  арқылы  шеберлік жолында  сатылап   өрге  басты  деп  анық  айтуымызға болады.

М. Әуезов  көркем аударма  түпнұсқасының  мазмұнымен  қатар,  бүкіл  стилін де  дәл  келтіру керек деген  принцинпті  ұстанды.  Оның  аудармаға  байланысты жазылған ой-пікірлері, сол кездегі мерзімді  баспасөз  беттерінде  үзбей  жарияланып отырды.  1936 жылы “Социалистік  Қазақстан” (“Егемен  Қазақстан”)  газетінде “Пушкинді  қазақшаға  аудару  тәжірибелері  туралы” деген  мақала  шықты. Бұл  өзі  автордың  қазақ әдебиеті  үшін,  атап айтқанда  қазақтың көркем аударма мәдениеті  үшін  үлкен   бір белес  болғалы  тұрған  тарихи кезеңді   ұғына  отырып,  соған атсалысушыларға көмек  болсын  деген оймен әдейі жазған мақаласы еді. Автор мұнда Пушкин  шығармаларын  қазақшаға  аударудың  тарихын шолып,  әрбір  кезеңдегі  аудармаға  қысқаша  баға беріп  өтеді. Ол  көркем аударма түпнұсқаны  оңайлатып,  жабайыландыруға мүлдем  қарсы.

М. Әуезовтың  аударма  теориясына  байланысты   жазылған  мақалалары: “Ревизордың аудармасы туралы” (“Қазақ  әдебиеті”1936, №37), “Пушкин  аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?” (“Қазақ  әдебиеті” 1937, №9) , “Евгений Онегиннің  қазақшасы  туралы” (“Социалды  Қазақстан” (1937, №6),  “Евгений Онегин  на   казахском  языке” (“Каз.правда”, 1937, №5) т.б., “Қазақ сахнасындағы аударма  пьесалар”  деген мақала  жазып,   көркем аударманың   ұлттық  театр  өнерін  өркендетуде   тигізіп  отырған  және  бұдан  былай  да  тигізе  беретін  игілікті  әсерін сөз  етті.

1957  жылы  Қазақтың  Мемлекеттік Көркем әдебиет  Баспасы “Көркем  аударманың  кейбір  мәселелері”  деген жинақ  шығарады.  Жинақ  талантты   аудармашы  М. Әуезовтың  “Көркем  аударманың  кейбір   теориялық мәселелері”  деген мақаласымен ашылады.  Автор  өз  мақаласында  аударма ғылымының жетістіктері  мен кемшіліктеріне тиянақты  тоқталып  өтеді.  “Аударма  саласындағы көптеген  міндеттер  нақтылы  түрде,  түпнұсқаның  түрлі  қасиеттерін  толық  беру  үшін  аудармашы   қолданған  құрал-тәсілдері  зерттеумен анықталады,  ол  қасиеттерге: интонация, ырғақ, образдылық (синонимдардың, идиомалардың, мақал-мәтелдердің, афоризмдердің түрліше  астарларымен бірге) секілді  элементтер  жатады.  Және  бұған ұлттық  форманың әрқилы өзгешеліктері, тарихи сипатары да келіп  қосылады”, —  дейді  автор.

Бұл  пікір көркем аударманың  практикасы  мен  теориясына көп  еңбек  сіңірген жазушы  М. Әуезовтың кездейсоқ  айтыла  салған ойы  емес, қазақтың  тіл  мәдениетінің,  әдебиетінің  көркем ойының,  тіпті жалпы  дүниежүзілік әдебиет  пен  мәдениеттің  даму  бағытын  бағдарлай  отырып, ұзақ ойланумен  барып  келген ғылыми  қорытынды еді.

М. Әуезов Н.В:Гогольдің  “Ревизорын” И.С. Тургеневтің “Дворян ұясы” секілді  классикалық  шығармаларын  қазақ тіліне көркем  тілмен  аударған. Ол ешқашанда аудармада “түпнұсқадағы сөйлемнің  көшірмесін  беру  керек”  деп талап  қойған  емес.  М. Әуезов “тек  дәл аудару  ғана  үлкен  жазушының  тіл,  стиль,  сөйлем ерекшеліктерін бере  алатын болды.”  Деп ашып айтқан. Осы уақытқа дейін  орысшадан қазақшаға аудару кезінде  М. Әуезовтың  пікіріне  сүйеніп  келеміз. Әсіресе,  оның  аударма автордың  стилін  бұзбай  жеткізу жөніндегі   ұстанған принципі  1-ші  кезекке  қойылады.

М. Әуезовпен шығармашылық  жағынан көп жыл бойы жұмыстас болған (аудармашы  ретінде)  орыс әдебиетшілері  А. Пантиелев пен З.Кедринаның  естеліктерінде жазушы бейнесін,  оның  тұтас  тұлғасын  танып білуге септігін  тигізетін қызықты  материалдар бар.  З.Кедринаның  естелігіне  назар  аударайық:“….  Мен үшін ең  тамашасы- қазақ  өлеңдерін орыс  тіліне аудару  ісіне, соның ішінде  автордың  (Жансүгіровтің) өзі  тікелей қатысуымен  және  Мұхтар Омарханұлының  басшылығымен аударуға  қатысуым болып еді. Біз  онда Ілиястың   “Дала” поэмасын  аудардық.   Поэманы үшеулеп  отыр аударатынбыз. Мұхтар Омарханұлы, Жангсүгіров  және  мен үшеулеп бірігіп  әуелі  жолма-жол  аударма  жасап  алдық.  Осындай  әр отырыста  біз бір тарауды  аударып  тастайтынбыз.  Сол  кезде  менің  қолымнан  өткен әрбір  тарауды  дауыстап оқып,  талқылайтынбыз,  түзетулер енгізетінбіз, содан соң  ғана дайын болды деп,  есептейтінбіз. Осы  жұмыс  үстінде  мен  Мұхтардың  қазақтың  мәдениетіне шын берілген  ғажап  көзқарасын  көрген едім.  Әуезов өз мойнында көпте  көрнекті  жұмыс  тұрғанына  қарамастан, талай  тынымсыз уақытын,  алуан  еңбегін  осы  аудармаға  жұмсады” , —  дейді. (“Біздің  Мұхтар” Алматы1976).

Белгілі  сыншы М. Қаратаев М. Әуезовтың  аудармашы   ретіндегі  рөліне  мынадай  баға беріп  еді: “Без  большой и  многолетней  переводческой  деятельности Ауезов,  вероятно,  не стал  бы  тем, кем  стал  для совесткой  литературы”  (“Мастерство   перевода”  М. 1963). 

1963 жылы Мәскеу  қаласында  жарық  көрген  “Мастерство  перевода”  атты  кітаптың   М. Әуезовке  арналғандығы  осының  куәсі  іспеттес.

1938  жылы  М. Әуезов  Л.Н. Толстойдың “После  бала”  дейтін  әңгімесін “Той  тарқар” деген атпен аударған. Бұл аударма еркін  аударманың  тамаша  үлгісі  болып  есептелінеді.  М.Әуезов сынды   көркем  сөз зергерінің   қолынан  шыққан   бұл  аударма үлкен әдеби  мұра  болып,  ұрпақтан  ұрпақа  қала беретіндігі де сөзсіз. Бұл  әңгіменің аудармасын сөз  жоқ, сол тұстағы прозалық көркем аударманың алды деп бағалаймыз. Аудармашының  сөзге  бай  екендігі,   ана  тілінің  образдылық жүйесін  шебер игере  отырып, орыс тілінің ішкі сырлары  мен мағыналық  астарларын  жақсы  жеткізгендігі даусыз. Мысалы, “Дождавшись  начала  мазурочного  мотива, он  бойко топнул  ногой,  выкинул,  другую,  и  высокая, грузная  фигура его то тихо и плавно,  то шумно  и  бурно, с  топотом  подошв и ноги об  ногу, задвигались  вкоруг залы”  деген  үзіндіні  аудармашы  былай  береді. “Мазурка  күйінің   басы басталар бергенде, ол  бір  аяғын  екпінімен тарс еткізіп,  екіншісін  соза  бастады.  Зор,  ауыр  денесі кейде  жай, кейде  қалқып,  кейде  құлшынып,  екіленіп  кетеді.  Бір  аяғын  бір  аяғына  соғып, немесе табанымен тақтай  теуіп  зал  бойымен жылжып  берді”. Осы  үзіндіні  салыстырып  қараған  аударманың  қаншалықты  дәл  және  көркем шыққандығына  шек  келтірмейді.

Нағыз шығармашылық  көркем  аудармада  түпнұсқаның тілдік,  стильдік  ерекшеліктерін  түгел  ескере  отырып,   оның  көркемдік-идеялық қасиеттерін толық  жеткізу,  әрі  қазақша  биязы да  жатық  етіп  шығару, осы екеуі  шебер  ұштасқанда ғана аударма  көркем болады.  М.Әуезовтың  аудармалары  осы  айтылған  талапқа сай  келеді.  М.Әуезов  қазақ   әдебиеті  классиктерінің  шығармаларының  орыс  тіліне  аударуға да көп  еңбек  сіңірген. Белгілі орыс ақыны Всеволод Рождественский: “Абай  Құнанбаевтың  мен аударған  шағын  жинағы Алматыда 1936 жылы  басылып  шықты. Оның  жарық көруіне  себепші  болған — М.Әуезов. Бұл  соның  идеясы  болатын  және  оның  толық  жүзеге  асуына  ол  өзі  барынша   атсалысты. Оның достық жәрдемінсіз аудармашы еңбегінің  межелі  жерден  шығуы  екіталай  еді”, — деп  ұлы М.Әуезовтың  аудармашы  ретіндегі  қызметінің  бір  қырын  көрсетеді.

ХХ  ғасырдың   Гомері атанған  Ж.Жабаевтың  шығармаларын аударылуына  да  себепші  болған М.Әуезов  еді.  М.Әуезов  аудармада  Жамбылдың “өңі  өзгеріп”  жаңғырып ,  “жаңарып”  кетпеуін,  оның  образдылық  жүйесі  ұлттық  өрнек  бояуы, өлең  құру ерекшелігі  қаз-қалпында  сақталуын қатты  қадағалаған.   Ол: “Жамбыл  сегіз  қырлы, бір сырлы суреткер, оның  толып жатқан  ертеші,  эпиграмма,  памфлет,  мақал-мәтел, нақыл  сөздері  бар. Міне, солардың  бәрін мұқият  жинақтап,  солардың бәрін де  аудару қажет, тек сонда ғана Жамбылдың  нағыз  жезтаңдай  жыршы, халықтық сөз зергері  ретіндегі  алып  тұлғасын  анық  анықтауға  болады” , —  деген. 

“Көркем аударуға  қойлатын  ең  басты шарт —  шығарманың көркемдік-идеялық күші мен  эстетикалық  ләзатын жеткізу.  Ол,  ең   алдымен,   көркем болсын,  әсерлі  де,  тартымды  оқылсын”.  Бұл  пікірді  де  айтқан  М.Әуезов  болатын.

Совет жазушыларының  бүкілодақтың  екінші  съезінде  Павел Антокольский,  Максим  Рыльскиймен  бірігіп, М.Әуезов көркем аударма  туралы баяндама  жасаған. Біз  М.Әуезовті  көркем аударма  теориясының  көрнекті  теоретигі  деп білеміз. Жоғарыда  аталған   баяндамадан үзінді  келтірейік. “Дарование переводчика сродны   способности  артистического,  сценического  перевоплощения.  Это особоя  отзывчивость  на  творчество  другого  человека,  особое  мнение  творчески воплотить в  себе  чужую манеру,  пережить  и передать ее в своих  переводах. При наличии такого  умения  и такой  способности, переводчик является полноценным творцом и художником слова”. Аудармашының дарындылығы оның бейнелеп  отырған  өмір  көріністері мен  құбылыстарына  авторша  қарап, авторша  толғанып, қаламды  авторша сілтеумен өлшенеді. Қорыта айтқанда, М.Әуезов көркем аударма  шебері  деп,  мақтанышпен   айта  аламыз.

Ыбырай мен Абайдың көркем аударма саласындағы игі  бастамаларын,  негізін салып  кеткен  дәстүрінің   эстафетасын  кеңес  дәуірінде  жас  Мұхтар  іліп  алып ара  қарай  дамытты. Ол  1918  жылы   Толстойдың “Будда” атты  шығармасын, 1924 жылы Профессор Вагнердің “Жердің  жаратылысы  жайындағы   әңгімелерін”   аударып,  бастырды.

Қазақ әдебиетінің өркендеп, өсіп дамуына, көп ұлтты  кеңес  әдебиетінің  өзара байланысына бір біріне тигізетін  игі  әсер ықпалына көркем аударманың   қаншалықты керек  екенін  Әуезов  әсте  ойынан  шығармаған. Ол  қазақ   жазушыларының  тәуір  туындыларын  орыс  тіліне аударуға  қатынасыпты. 1933 жылы Ілияс Жансүгіровтің  “Дала” поэмасын З.Кедринамен бірлесіп аударды. Ал  1936  жылы Джек  Лондонның  “Қасқыр”, Лев Толстойдың “Булька”  атты   шығармаларын   аударған.

Отызыншы жылдары М.Әуезов орыс және шетел  драматургтарының  таңдаулы 3  шығармаларын  қазақ тіліне  аударуға   мықтап кіріседі. Қазақ театрының репертуарының Шекспирдің “Отеллосы”, Гогольдің  “Ревизоры”,  Н.Погодинның  “Ақсүйектері”  сияқты  шығармалармен  байыта  түседі.  Сонымен   ұлттық  театр   өнерінің дәстүрі, тарихи  қалыптасы  өсуіне  тағы да   үлкен   үлес  қосады. Кейіннен 50-ші  жылдары  Шекспирдің  “Асауға тұсауы”, К.Треневтің “Любовь Яроваясы сияқты театр репертуарының алтын  қорына  қосылды.  30-шы  жылдардың орта  кезінде  Қазақстанға Ленинградтан Леонид Соболев бастаған  орыстың  бір топ  ақын-жазушылары келді. М.Әуезов басқа белгілі қазақ әдебиетшілерімен  бірге   оларды  құшақ жая қарсы  алып,  республиканың  әр өлкесімен, шұрайлы  аймақтарымен, мазмұнды мәдениеті  және  өсіп-өрбіп  келе жатқан экономикасымен таныстыруға қатысады. Олармен  творчестволық  бірлікте болады. Аударма саласына келгенде, көптеген  зерттеушілер  М.Әуезовтың «Дворян  ұясы»  романының аудармасын  ерекше  атап  өтеді. Проза саласында Мұхаң аударған ең ірі шығарма Тургеневтің  “Дворяндар  ұясы”. Ол аудармашылық мол тәжірибесін теориялық мәселелерді   көтерумен  ұштастырып  отырған [45, 1.

Көп  жылдар жемісі  ретінде  1955 жылы жазылған  “Көркем  аударманың   кейбір  теориялық  мәселелері   атты”   мақаласында   академик  жазушы аударманың  кейбір  кенже  қалып жүрген   мәселелерін  шешіп  берді.  Осындай  өзекті мәселелерді  барлау  үшін   көп  ұлты  әдебитімізге ой көзін жүгіртеді. Белинский, Гоголь, Тургенев, Добролюбов айтқан  қағидаларды есепке  алды.

 

 

1.2. Мұхтар  Әуезовтың  шығармашылығы мен көркем аударма  туралы   ойлары

 

Орыс  жазушылары  оны  Шығыстың  екінші Абайы  немесе   Шолоховы  деп  атаған.  Мұндай  салыстырулар  жай ғана  емес. Абай – қазақ  мәдениетінің,  тілі  мен  әдебиетінің  бір  табан  болса  да  алға  жылжуына қызмет еткен  ұлы  тұлға. Абай  — ғылым  мен білімнің уағыздаушысы  болған. Абай  Мұхтар  үшін  үнемі  үлгі  болған.

Мектеп жылдары  ол Пушкин,  Гоголь, Толстой, Достевский,  Чехов,  Шекспир, Гете  шығармаларымен  танысады. 

М.Әуезов  өзінің  естеліктерінде  орыс  ұстаздарына  алғысын  білдіріп отырады. Әуезов  ортасында  көпшілігі  Абай  өлеңдерін жатқа   білетін.  Мектеп жылдары  1909 жылы Санкт-Петербургте  Абай  өлеңдерінің  жинағы  қайта басылып  шығады. Сол   жинақ  Мұхтардың  қолына  түсіп  оның   алғашқы  зерттеулерінің басталуына  түрткі  болды. Алты  жасында ол өзінің  әжесімен  Әйгерімнің  үйінде  қонақта  болып алғаш  рет   ұлы  ақынды  көреді.  Абайдың  рухани   байлығы  Мұхтар үшін  шығармашылық,  тәрбие   ошағы  болып  отырды.

М.Әуезовтың  еңбек  ету  саласы кең  және  жан-жақты. Оны  біз жазушы, ғалым, аудармашы,  сыншы,  публицист  деп танимыз. Орыс  әдебиетіне  деген сүйіспеншілігі  келесі  кездерде  сол  әдебиеттің  өкілдеріне  танысып,  солармен бірлесіп қызмет етуге мүмкіндік  берді. Ұлы жазушы В.Иванов, А.Фадеев,  Л. Соболев,  Н. Тихонов,  К.Федин және  т.б. ғұламалармен   дос  болған.

Аудармашы  туралы сөз  қозғағанда, оның сан  салалы  қырлары  туралы да  айтылады. Мысалы, түрік  жазушысы Али Аббас Чинар былай дейді: «М.Әуезов —  өзінің сан салалы еңбегімен  қазақ  мәдениеті  мен  әдебиетін   көркейтуге  көп  үлес  қосқан  тұлға. Ол отандық қайраткерлердің  алғылары  болып  ғылымның  дамуына да өзінің  зерттеу  жұмыстарымен  еңбек  етіп  отырды. өзінің  таланты  мен  өмірін халқының  бейбіт  өміріне  арнаған  болатын  өз  болашағын  халқының  болшағымен байланыстырған  жазушы». [34, 103].

М. Әуезовтың  шығармашылығын екі  кезеңге  бөлуне  болады.  Бірінші кезең  өз  шығармаларын жариялай  бастаған уақыттан  бастап, 1930-шы жылдарға  дейін. Ал екінші  кезең  1930-шы  жылдардан  бастап  өмірінің  соңына  дейін. Екі  кезең  де  жазушының  тақырып, тіл, стиль  көзқарасы  тұрғысынан  әр түрлі  болып  келеді.

Шығармашылығының алдыңғы кезеңінде жазушы қазақтардың   революцияға дейінгі өміріне және олардың көзқарасына,  дүниетанымына  көп көңіл  бөледі.  Екінші  кезеңдегі  шығармаларында ұжымдастырку және қоғамның жаңа саяси көзқарстардың  қалыптасуына  тигізетін  ықпалын  ашып қарастырады.

Жазушы өз шығармашылығын  1917 ж бастайды. Кеңес  одағында өмір сүріп, Қазақстанның  жоғарғы кеңесінің  мүшесі  болғанына қарамастан  ең  алдымен  білім,  еңбек,  әділеттілік  және ақиқатты   жоғарыға қойған. М.Әуезовтың  түсінуінше ақиқат —  халықтың  өмірлік   жолы,  оның  толғаныстары  мен  көзқарастары. Осы  тұрғыдан барып,  шыни  болмысты  бейнелеу  —  жазушының  міндеті  деген  қағида  да  шығып  отыр. Әдебиет,   мәдениет  және өнер үнемі  халыққа  арналып  отырады.

Бүгінгі  таңда  М.Әуезовтың қалдырған  мұрасы қазақ  даласының Абай, Шоқан, Ыбырай   сынды  ұлы  ұлдарының  қалдырған   мұрасына  қосылып,   қазақ  халқының  мақтанышына  айналып  отыр.

Жаңа  технологияның  дамуы  мен  жаңа  жасап шығарулар химик  және  математик  ғалымдардың  арасында жаратылыстану ғылымдары басқа  қоғамдық ғылымдарға қарағанда, маңыздырақ келеді деген  ұғым  қалыптастырып  үлкен дау-дамайлар тудырған.  М.Әуезовтың оларға  берген  жауабы олардың қаншалықты қателескендерін аңғартты. Ол келесідей  түсінік  береді: “Адамзат  зерттеулері   мамандандарудың  арнайы саласын  қажет етеді. Химия немесе физика шығармашылықтың ондай көзі  бола  алады ма? Ондай жетістікке тек Данте, Сервантес, Шекспир, Гете, Толстойлар  ғана  жеткен

Жазушы  мен  аудармашының  шығармашылығының  көптеген  қайнар  көздері Абай шығармашылығынан, оның өмірінен, өлеңдерінен,  еңбектерінен, көзқарастары мен ойларынан шығып отырады. Абай  тақырыптары жазушы үшін ғылыми-зерттеулік және жазушылық  қызметтің негізгі  тақырыптары болған.

Бір  жағынан жазушы   өзінің  шығармашылық  жұмыстарын  Абайдың шығармашылығына негіздейді, оның көзқарастарын   бағалайды. Екінші жағынан өзінің шығармаларында, жаңа романдарында, әңгімелерінде,  пьесаларында  Абай  тақырыбын жалғастырып отырады. Неміс  жазушысы Альфред Курелла   ол туралы  былай  дейді: “Әуезов  көзқарас пен  сезімдерді  бірдей  дәрежеде  қарастыруда  Шекспирге  ұқсас  келеді”.

М.Әуезов  өз  шығармаларын  реализмге  негіздейді.  Алайда  ол реализм көп  жағдайда әлеуметік  ұстанымдарына сәйкестеніп  отырады.

М.Әуезов ғылыми зерттеу еңбектерінде аударма мәселесінің теориялық  ой-пікірі  қадамының  әжептәуір  ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, мағыналы жаңалықтармен өрістеп келе  жатқандығын айта  отырып,  аударма теориясы ғылымының бір саласы болып, әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін білу  қажеттілігін атап өтеді. Бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе  алмағанын  атап  отыр.

Ғалымның  айтуынша, сол  кеңес  дәуірінде  аударма  мәселесі орыс және  батыс тілдерінен аударылған шығармалар төңірегінде болып отыр. Орыс тіліндегі  аудармалар  алдымен  зерттеуге, үлгі тұтылуға тиісті және де  талдауды содан  бастаған  жөн. Дегенмен де  аударма   саласында  сол кездегі  тәжірибе  айтарлықтай  деңгейде бола қойған  жоқ. Орыс  тілінен  аударылған  материалдардың мәнділігі,  оның теориялық түйіндер жасау үшін  әр  қилы, мол  деректер беретінін ескеру  қажет. 

Аударма өнерін зерттеушілер өздерінің теориялық дербес пікірінің  маңызды дәлелді болуы үшін бір-біріне  алшақ  қалыңқы   тіл  жүйелеріндегі  келелі  аудармаларды   тереңірек,  толығырақ  талдап,  сипаттағаны  пайдалы болар  еді. Мысалы, аударуға қиын тиетін және де бұл реттен жақсы  аударма үлгілері  бар  өте-мөте  жеке  қиын  сөйлемдердің  аудару  тәжірибесін ортаға  салса, айталық сөз сипаты жағына сөздің түбірлік, туындылық  құрылыстары жағына бір-бірінен мүлде  өзгеше орыс тілінен  бурят-монгол тіліне, немесе түркімен тіліне аударылған қиын сөйлемдердің  аудармасын,  оны  аса  бір  халыққа тән  жайларын  талдап  көрсетсе,  өте игі  іс  болар  еді.  

Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі, жоғарыда  айтылғандай,  жақсы, үлгілі  аударма  тәжірибелерін   жеткіліксіз  үстірт  зер  салу, шетеңдеп қана зерттеу болып отыр. Ал негізінде,  ондай аудармаларды   бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талдағанда шығарманың идеялық, көркемдік  қасиетерін аударманың бойына қалай сіңіргендігін образдылық, түпнұсқаның ырғақтық үндестік, шумақтық,  ұқсастық  нәзік ұтымды  тетіктерін, авторларының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігінің, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы  соңғы аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аударманың таңдаулы үлгілерінің, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы — әдебиетік теориялық  пікірдегі  бір  зор кемістік деп болу керек. Мұндай күрделі ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан,  аударма теориясы  бұл шаққа  дейін  шала  жүйелі,  үзінді  қиянды  күйде  кейде  кенет  қана  қозғалатын  мәселе  сынды  болып  отыр.       

Аудармалар жөніндегі сын-пікірлердің екінші бір ақауы-тәуір аудармалардың, тіпті жалпы аударманың тек бір  бетке  көлеңке  жақтарын,  сұрқай  пішіндерін  ғана  байқастырудан  туады.

Аудармалардың жетістік жайларын көрмеу,  немесе  оны бағалау,   бүкіл аударма теориясының игі және нәтижелі қасиеттеріне нұқсан келтіреді. Кемістіктер жайында тіпті кең ауқымда қилы–қилы   кескіндерін қарастыра қоюда керекті, алайда бұл әңгіменің  ұшқиырсыз болуы ықтималдығын  да ескергеніміз жөн, өйткені әрбір осал аудармалар өзіне тән  осал  белгілерімен  өзінше осал келеді. Ал ылғи  тек  кемістіктер мен  кінәларды  теріп  айтылған  пікірдің  өркендеген  әдебиет  қозғалысына  пайдалы  әсері  кем  болмақ.

Аударма теориясындағы тағы  бір  ірі  ақау  “…аударманың ұлттық  түрлері  жайындағы мәселеден байқалады. Әлбетте, бұл тақырыпқа арналып, теориялық мақалалар жазылып, пікірлер  айтылмады  демейміз, қайта проза  аудармасына байланысты бұл мәселені айрықша көтеру талаптары бар. Алайда, әзірге  бұл  байқаулар  жайындағы кейбір  сындар, соңғы  пікірлер  сол  зор мәселенің тек шет-пұшпағын ғана қамытған сияқты. Ал негізінде, шындықтың мол көріністері, бай деректеріне сүйене бұл мәселедегі теориялық  тапқырлықтың, баршаға пайдалы түйіндердің құлашын кең  сермеуге әбден мүмкін еді. Бұл  үшін  ұлттық  форманы, аударма  жайындағы  қазіргі  зерттеулердегідей тұйық, санама күйде қарастырмай, оны өрістеп, қалыптасып отыратын тарихи  категория  немесе  құбылмалы  категория  деп  ұғыну  керек”. [2,300]

Кеңес ақын-жазушылары орыстың әдеби-сөз мәдениетіне  өздерінен  бұрын  өткен сөз  иелерімен анағұрлым  тығыз  байланысты. Біздер үшін орыстың әдебиет тілі екінші ана тіліміз болып  табылғандықтан, біздің ақын-жазушыларымыз өздері мирас еткен ұлттық дәстүрлік формаларға өз шығармашылығы арқылы және аударма арқылы өздерінің  ұлғайған әдебиетінен  көптеген  тың,  жаңа  қасиеттер,  жаңа  пікір,  жаңа  сөз  туындыларын  әкеліп  қосады.

Аударма  теориясын жекелеп, жіктеп  қарастырғанда, сол  кезде одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі  өзгеше бейімдарлығы  анықталды,  бірі – аударма тіл  зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала  болғандықтан,  аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені  лингвистикалық  әдіспен  зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі  — аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы  талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы  әдебиет   таныту  теориясын   зерттейтін  объект  деп  қарайды.

Ғылымның  бір  саласы болып табылатын бұл екі ағымның екеуі де  алдымен бір ғана принципті —  қандай  да болмасын,  әдебиет  шығармаларын бір тілден екінші тілге аударуға мүмкін деген  принципті қолдайды. Сөйтіп, кеңестік аударма мектебі әдебиет сөздерінде аударуға көнбейтін ежелден  қарысқан өзгешеліктері  бар  деген  ескі  наным-сенімді  қабылдамайды.      

Ал  аударма  саласындағы  көптеген  міндеттер  нақтылы  түрде,  түп  нұсқаның түрлі қасиеттерін толық беру үшін аудармашы  қолданған  құрал-тәсілдерді зерттеумен анықталады, ол қасиеттерге: интонация, ырғақ,  образдылық (синонимдердің, идиомдардың мақал-мәтелдердің  және афоризмдердің  түрліше  астарлары  мен  бірге)  секілді  элементтер  жатады  және  бұған  ұлттық  форманың  әр  қилы  өзгешеліктері,  тарихи  сипаттары да  келіп  қосылады.

Аударылатын шығарманың сөз, стиль өрнегіндегі осы көрсетілген  қасиеттер,  бүтіндей  алғанда, алуан  түрлі  болып  келеді де, аударуға  оңай  ырық та бере қоймайды, түпнұсқаның сөз образдылық тәсілінің  өзгешелігіне  байланысты: бұл аудармашыдан сол қиын жайларға төтеп берерлік  шығармашылық  зор  тапқырлықты  талап етеді.

Түпнұсқаның  орыс тіліне аударылғанда сытылып,  түсіп  қалатын  көркемдік-өзіндік өзгешеліктерін, образдылық-стильдік  қасиеттерін   немесе  ұлттық ерекшелік сипаттарын атай кетуге де  болады. Мысалы:  аудармалардан — заман  алшақтығы,  кейіпкерлердің сөз  әлпетіндегі  немесе  авторлық ремаркадағы  тарихи  үндестілік  секілді  әуендер  сезілмей  қалады,  түрліше  әлеумет топтарынан алынған бейнелердің сөз ерекшеліктері де   айырым  берілмейді,  дін иелерінің  де,  өздеріне тән  сөз  өзгешеліктері  де  көрінбей, көмескі  жатады.

Аудармаларда сөзді жас айырымына қарай өзгешелігі – бала мен  үлкеннің, бала мен  бала  арасындағы сөздердің  айрықшалығын  жақсы  бере  білген сәтті жағдай кездестіру  қиын. Өте  қынжыларлық  бір  жай,  түпнұсқа  авторы сәттің келтірген ділмәр тапқырлықтар, сөйлем кестесінің гүл  көріктері, прозаға  берілген  өлең сынды  үндестілік  қасиеттердің  бәрі  де  дарымай, тыс қалады. Белгілі бір кейіпкер үшін автор әдейі ойлап  шығарған,  халық мақалына мүлде өзге, тың нақыл сөздер де әлсіз аударылады, сөз құрамының ырғағы  әуені  сезілмейді, көптеген  шебер  тілді  жазушылардың шығармаларындағы  сөз  ойнақылығы  да  өшіп  кетеді.

Ұлттық көркем прозалардың аудармаларында орыс тілінің  соншалықты  кедей, әсерсіз, сарқай пішіндеріне қайран қаласың. Орыстың сөз сұлулықтарының,  сөйлем   өрнектерінің, алуан  қырлы,  әсерлі екпіндерінің орасан мол қазынасынан аудармаларда,  түнұсқаның сорына қарай, тіпті дерлік сыбаға алынбайды,   пайдаланылмайды. Бұл өкініштінің  бастысы сол,  аударма орыс  тіліне  түпнұсқада  емес, дарынсыз, олақ қолдан  шыққан  әлгі  бір жолма-жол аударма (подстрочник) дегеннен  аударылады, — бұл  өзі өзге  тіл оқушысы  мен  түпнұсқа  арасындағы,  бұл ретте, аудармашы  арасындағы  бір берекесіз дәнекер. Бұл  жөнінде  қуанарлық ілу-қағыл көріністер – орыс жазушыларының қаламынан шыққан кейбір  жақсы  сирек  аудармалар  ғана.  Бұлардың еңбектерінің, басты қасиеті, — олар Добролюбов айтқан  шығарманың “ішкі өмірін” жақсы бере біледі. Түпнұсқаның негізгі қасиетін осылай көрсету арқылы олар үздік шығармалардың  ұлттық  үнін  шығарып,  аудармадағы басты мақсатқа жетеді. Творчестволық  жолмен  шешу  арқылы  олар бір кезде Тургенев, Гоголь, Белинский  талап  еткен  аударманың  жақсы  нәтижелеріне ие болады. “Аударма бізге, неғұрлым аударма болып  көрінбей, өзінде төл тума шығарма болып  көрінсе, онда  оның тамаша  болғандығы”, — деген Тургенев. Белинский: “Аударма  автордың  өзі  орысша  жазған  секілді  болып көрінсін, көркем шығарманы ондай етіп аудару үшін  художник болып  туу  керек”- деп талап  еткен.

Бұл секілді аудармаларда кейіпкерлері қазақ, өзбек, латыш, татар, армян  т.б. бола  тұра, олар шын орысша сөйлейді. Біз бұл аудармашы автордың жақсы орыс жазушысы екенін, оның өзіндік түбегейлі шығармаларында  ерекше стилист ділмәр сөздің шебері екенін білеміз, солай бола тұрса да, ол  аударылатын шығарма авторының стиліне өз стилін байланыстырмайды.  Сонымен біздің ойымызша, бұл аудармашы негіз шығарма авторының тіл ойлау  дүниесіне  айрықша ықтият болып, мұқият зер салады. Ол аудармаға  сол шығарманың  барлық материалын  жақсы  біліп  алып  кіріседі.  Шығармада  суреттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкерлердің  дәуірімен, ортасымен  терең танысып алады. Әрі  үлкен  жазушы, әрі талантты аудармашы  болып өнеге  көрсететін  бұл  секілді  игіліктер, бір  өкініші,  өте сирек  кездеседі.

Орыс тіліне аударылатын шығармалардың көбінесе әсерсіз жүдеу  жолма-жолдықтан аударылатынын жоғарыда  аңғартып  өттік. Солай  болғандықтан  ұлт тілдерін білетін, немесе  оқып үйреген  аударманың  маман кадрларын  әзірлеудің қажеттілігін дәлелдеп жатпаса да болады. Ал аударма теориясының совет аудармаларының күнделікті шындықтарына – орыс тілінен  ұлт тілдеріне, ұлт тілдерінен орыс тіліне  аудару  тәселелеріне  тығыз  жақындастыру қажет. Аударманың өте-мөте  қонымды  ғылыми  дәлелденген  түрі  деп  олар  — шығарманың  мазмұнын да, формасын толығырақ  беретін ғылыми дәл, балама аударманы есептейді. Дегенмен де М.Әуезовтың пайымдауынша, “Кеңес дәуірінің классиктері аударылатын  шығарманың  лексикасын,  синтаксисін де,  олардағы ой-пікірлерді,  эмоциялық  және  образдық  көріктерді  толығымен  сақтауға  түпнұсқаның  мазмұны  мен  формасының  бүкіл  нәр-қуатын  толық беруге талаптанады” [2,306].   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ  СТИЛЬ ЖӘНЕ МҰХТАР  ӘУЕЗОВТЫҢ 

КӨРКЕМ АУДАРМАЛАРЫ 

 

2.1. Түпнұсқа   стилі  мен  оның    аудармадағы қалпы

 

Аударма өнерінің әдістемелік алғы шарты мазмұн мен форма  бірлігінің диалектика-материалистік ұстанымы болып табылады. Бұл   ұстанымның бұзылуы көркем  аудармаға зиян  келтіреді. Форманың негізгі  компоненттерінің  бірі  болып шығарма стилі танылады. Стиль туралы  нақты анықтамасын М.П. Брандес өзінің  мақаласында  былай  береді: “Стиль —  бұл мазмұнды  көркемдеу  тәсілдерінің  бірі”. [16, 116]

М.П.Брандес  шығарма стилін ішкі форма деп дұрыс қарастырады. Шығарманың   мазмұны  ретінде  біз сюжет,  кейіпкер бейнелеріне  құрылған жүйеден  тұратын   образдылық  көркем шығарма  жүйесі  деп   танимыз.  Осыдан  барып, стиль  — бұл   бейнелік  немесе  көркем  мазмұн  формасы   деген  тұжырымға  келуге  болады.

Сонымен,  шығарма  стилі,  Брандестің  айтуынша, көркемдік-сөйлеу  элементтерінен тұратынын білдік. Сол себептен шығарманың  нақты-объективтік   негізіне сүйене  отырып,  аудармашы түпнұсқаның   стилін  ұғынуы  тиіс. Түпнұсқаның стилистикалық жүйесінің бұзылуы оның бейнелілік құрылымының және  көркем  мазмұнының  бұзылуына  әкеледі.

Стильді сақтау проблемасы 1967 жылы өткен “Көркем  аударманың   өзекті  мәселелері”  атты  Бүкілодақтық  симпозиумде   көтерілген  болатын.

Осыдан барып, стильді сақтау көркем  аударманың  қажетті шарты болып табылмақ,  дегенмен де барлық  сыншылардың  айтуынша  ол үнемі іске асырылмайды Аудармада міндетті түрде тілдік  айырмашылықтар пайда болып отырады. Олар тілдердің әр жүйелілігімен, аудармашының  интерпретациялық ұстанымымен, тілдік  құралдарды  таңдаумен, тұпнұсқаны қабылдау  деңгейімен шартталады.

Ең алдымен аудармашы автордың стилін (авторға тән  шығарманың идеялық мазмұнын белгілеуші сөздер жиынтығын, синтаксистік құрлымдарды, образдарды құру жүйелерін, жанрлық ерекшеліктерін) түсініп  меңгереді.

Аударма  қызметінің ең  алғашқы  кезеңі  болып   түпнұсқа  стилін  меңгеру болып  табылса,  оның  аяққы  кезеңі  болып  толыққанды   көркем  шығарма   жазып  шығару  табылады.

Поляк ғалымы Зенон Клеменсевичтің айтуынша: “Түпнұсқаны  элементтер сомасы емес, жүйе  ретінде, элементтердің механикалық   тіркесуі емес, органикалық тұтастық ретінде түсіну қажет”.  Аударманың міндеті түпнұсқаның  құрылымы мен  элементтерін   қайта жасап шығарудан емес, олардың қызметін түсінуден табылады”. Осылайша функционалды   ұқсастық  тұжырымдамасы  шығады  (оның  маңызы келесіде: түпнұсқаның белгілі бір элементтерінің   информациялық  қызметі  зерттеледі  де, сол қызметті аударма кезінде қандай тілдік құралдар орындайтыны анықталады). Демек,  аудармашының міндеті екі тілдік жүйелерді  салыстырудан  келесілерді  шығарудан тұрады:

  1. Екі тілдік жүйенің қай информациялық құралын   эквивалентті  деп санауға  болады?
  2. Түпнұсқа тілінде бар, бірақ аударма тілінде жоқ информациялық құралдарды  анықтау:
  3. Түпнұсқа тілінде жоқ, бірақ аударма тілінде бар информациялық құралдарды  анықтау:

Аудармашының жұмысы стилистикалық кілтті іздестіріп  табудан  басталады. Бұл түпнұсқаға тән ырғақ, интонация, синтаксистік  құрылымдардың сәйкес келе аудармада берілуі қарастырады. Бұл  элементтердің барлығы органикалық түрде автордың  дүниетанымымен  байланысты  болу  керек. Сол себептен   аудармашы  түпнұсқада  берілген көркем  шындықтан (мәлімет  көлемі)  хабардар болуы керек,   тілді   өте  жақсы  білуі  керек және  оның   эстетикалық  қабылдау  деңгейі (көркем  елестету)  жоғары болу  керек. 

Тіларалық  сәйкестіктерді (стилистикалық  және   лексикалық) іздестіру  көркем аударманың  қосымша  қызметі  болып табылады. Ал  негізгі   қызмет  көркем  сәйкестік  мәселелерін  (мазмұн  мен  тұлға  бірлігі) зерттеуден тұрады. Жоғарыда айтылғандай, аударма  процесі – бұл шығармадағы  мәліметті басқа  тіл құралдары  арқылы  беру.  Осыдан  барып   сөздегі  мәлімет  көлеміне  де  көңіл  бөлуіміз  қажет.

В.С. Виноградов сөздің  информациялық  құрылымында  ең  алдымен информацияның екі негізгі типін қарастырады: экстралингвстикалық (айрықша мәнді) және лингвистикалық  (қызметті)

Бірінші типті  мәліметтерге  болмыстың кез  келген  құбылыс,  факт, нысаналары, сипаттары, ерекшеліктері, жағдайлары, қасиеттері, сапалары  туралы  ұғымдар  мен   көзқарастар кіреді. Екінші  типтес мәліметтер  ішкі тілдік  мазмұнға  ие.

Сөз негізінен тек  қана мағыналық  қызметке  ие  болып  қоймайды. Ол эмоционалды-экспрессивтік қызмет атқарып,  сөйлеушінің   әлеуметтік  қатынасы  туралы  мәлімет  береді. 

Кез  келген тілдің  лексикасы  қоғамның  дамуымен,  оның  тарихымен  байланысты,  ол   тілдің  ұлттық  ерекшеліктерін  көрсетеді. В.С. Виноградов информацияның  атаулы  типтерінен  басқа  көркем  сөйлеудегі  сөз  мәліметінің тағы  да  5  түрін  атайды. Олардың  ішінде  ол   ассоциялық — бейнелік  информацияны ерекше  атайды. Атаулы  құбылыс кез  келген  авторлық  троп,  сөздің  ауыспалы  мағынасының  мазмұнын береді. Олар   бағалау  бояуының,    автор  және  кейіпкерлер тілінің  эмоционалдық нақтылығының және олардың  сөйлеу  тілнің жекешелену  құралы  ретінде  қызмет  атқарады.

Аударманың  стилистикалық  анализінің   алғы  шарттарының  бірі  болып  аударма  мен  түпнұсқа  мәтіндеріндегі   эквивалентті   лексикалық бірліктерінің қызметтері мен семантикасындағы  сәйкестіктер  мен  айырмашылықтарды анықтау табылады. Лексикалық сәйкестіктердің  анализі  бізге М.Әуезовтың драмалық шығармаларды аудару кезіндегі  шығармашылығының алдыңғы кезеңі туралы, оның эквивалент  синонимдерді таңдау  ұстанымдары  туралы,   қарапайым  лексиканы  аудару  туралы, реалий  сөздерді  аудару туралы,   оның  сөз шығармашылығы туралы,  фразеологиялық  тіркестерді аудару  туралы  сөз  қозғауға  мүмкндік  береді.

Мұндай  типтегі  жұмыстарды  жүргізуге  қазақ және  орыс  тілдерінің  стилистикасы   көмекке  келеді. Драмалық шығармаларды аудару кезінде кездесетін қиындықтар атаулы жанрдың  ерекшіліктерімен  шартталады

Кейіпкерлер сөзін жекелеу міндеті драматургтерді өз  шығармаларында   жай органикалық, кәсіби және басқа  да  лексиканы пайдалануға  мәжбүрлейді. Тілдің рөлін драматургияның   бейнелеу  құралы  деп терең  түсіну негіздері М.Әуезовтың  еңбектерінен  табылады.  

 

2.2. Мұхтар Әуезовтың  көркем аудармалары

 

Мұхтар   Әуезов   аударма  саласында  көп  еңбек еткен қайраткер. Әдебиеттегі   жанрлар  бойынша  драмалық   шығармаларды,  роман,  әңгімелерді    аударған. Оның   аударма  қорына келесілерді  жатқызуға  болады:

 

1 – кесте    

 

Мұхтар  Әуезовтың  аудармалары

 

 

Шығарма

 

Жанр

 

Автор

1

“Ревизор”

Пьеса

Н.В.Гоголь

2

“Любовь  Яровая”

К. Тренев

3

“Отелло”

В. Шекспир

4

“Асауға тұсау”

В. Шекспир

5

“Қорқыныш”

А. Афиногенов

6

“Ақсүйектер”

Н. Погодин

7

“Той  тарқар”

Әңгіме

Л Толстой

8

“Будда

9

“Булька”

10

“Аққасқа”

А. Чехов

11

“Қасқыр”

Джек  Лондон

12

“Жердің  жаратылысы  туралы  әңгімелер”

Ю. Вагнер

13

“Дворян  ұясы”  

Роман

И. Тургенев

 

 

2.2.1. “Дворян  ұясы”  романының  аудармасы

 

Көркем сөздің шын шебері жалғыз орыс әдебиеті  ғана мес,  дүниежүзілік көркем  әдебиет классиктерінің қатарында аталатын И.С.Тургеневтің (1818-1883) ”Дворян  ұясы”  атты  романы 1859  жылы  жазылған. Автордың  аз  жылдар  ішінде  жазған  бір  топ  ірі романдарының  ең көрнекті,   көркемінің  бірі  осы  ”Дворян  ұясы”.

Бұл романның айналасында туған Тургеневтің үлкен  шығармалары “Рудин” 1856  жылы  жазылған. Өзге  барлық  басқа  романдарыменен  және   көп  көркем   әңгімелерімен зор  атаққа  ие  болумен  қатар  ол  өзінің  көзі тірісінде-ақ   Батыс  Европаның  да көп  елдеріне  мәлім  даңқты   жазушы  болып  үлгерген-ді.   

      Орыс  әдебиеті  көлемінің  тарихтық  орын  алғанда  ”Дворян  ұясы” романы   —  Пушкин дәстүріне  жақын, нақтылап  айтқанда “Евгений  Онегин”  дәстүрімен  жалғас  шыққан  шығарма.  Романда да, поэмада  да орыс табиғатының көрініс, уақиға баянына да және  қаһармандардың  ішкі  сезімдеріне  де үнемі  оралып,  аралас  суреттеледі. 

       ”Дворян  ұясы” да —  тарихтық  роман  емес.  Бірақ  бұл  әлсіреп,  солғын тартып бара  жатқан  орыс  дворяндарының  тағдырымен  байланысты  болған  тарихтық процесті  көрсететін  роман.  Сонымен  қатар,  ”Дворян  ұясы” романы  үлкен  герой  жайындағы  роман емес, бұл  роман  енді  ғана  жаңа  тәсіл   туғызып  өсіргелі келе  жатқан  Россияның  аналық  топырағы жаңғыруы  жайындағы  роман деп танылады.

Осы  атаулы  романды  аударған  кезінде  ол  дәл  аударуды іске   асырған. Тек  дәл  аудару  ғана  үлкен  жазушының  тіл, стиль,  сөйлем  ерекшеліктерін  бере  алатын  болады. Бұл  жөніндегі  дәл  аудару  дегенді  автор сөйлеміне сөйлем  орай  етіп  аудару  деп  түсінеді.  Сондықтан қанша  ұзын  болса  да,  романның өзіндегі  сөйлемі   үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше  сөйлем  болып берілмейді.  Соның  орайына орысша  текстің  өзінде  болған  тыныс белгілерінің (пунктуацияның)  көбі қазақша тексте  де мол қолданылады. Сөйтіп, Тургеневтің  сөйлемдері  қазақшасында  да өзінің   ұзынды-қысқалы көлемімен дәл беріледі. Бұлай  етудің  себебі  бар. “Орыстың ұлы классикалық әдебиет үлгісін аудару арқылы аударушы – жазушы  мен өзім сол асыл нұсқаның шеберлігін үйренуге тырысамын” — деп  жазады  аудармашы. [ 14,296]

 Сөйлемнің  дәл  беру  жазушының  стилін  дәл  беруге төтелей себепші болады. Стилін білсе, сол  жазушының  өзгешелік  ерекшелік қасиетерін де толық танитын болады. Олай болса, Тургеневтің өзінің тургеневтік сөйлемдерімен, Гогольды гогольдік периодтарымен, Л.Толстойды оны өзінің, басқыштап келетін  сөйлемдерімен, сол сияқты Шолоховты және де өзінің сөйлем ерекшеліктеріменен дәл  беруге  тырысу  керек.

Тургеневтің романы өз тіл, стилімен дәл беруді мақсат  еткендіктен  аудармашы романның геройларының  аузына,  немесе  автордың  аузына   қазақтың  мақал-мәтелі  сияқты  және т.б.  талай  түрлі  тіл кестесі,  сөз  айшығы,  өрнегі сияқты ерекше, қазақша әшекей бояуларды салмауға  тырысты.  Себебі   ондай  қазақ   әдебиеті  тілінің  өз  көлемінде   заңды  болатын, қазақ адамының  немесе  жазушысының сезуіне, ойлауына, айтуына қонымды  боп  келетін,  осы  тілдің  өз  көлемінде  ғана  заңды, бірақ  өзге  тілдерде,  орасан өзгешелік түрінде сезілетін сөз құрамдары мұндай орынға қолдануға  қолайсыз  болады.  

Мұхтар Әуезов “Дворян  ұясын”  аудару  кезінде өзі  ұсынған  синтаксистің  теорияға  байланысты  сөйлем  құрылымдарын  автордың   стиліне  сәйкес аударуды   көздеген.

Қазақ аударма әдебиетін зерттеу де осы синтаксис туралы  аудармадағы жақсылы-жаманды әрекеттерді  сөз  еткен  Ә.Сатыбалдиев еді.

Аударма сынында басқа тілдің көркемдік, стильдік  енрекшеліктерін беру  қиыншылықтары,  көбінесе орыс  тілінен аударудағы тәжирібелердің  төңірегінде  сөз  болумен тынып  жүр. Мұнда  аударылатын  тілдің  көптеген сөздерін  аудармаға  кіргізу —  шығарманың  ұлттық  рухын, колоритін сақтайды – мыс делінеді. 

Біздің  ойымызша,  “орыс тілі синтаксисін  түгел көшіру”  теориясында да жоғарғы  пікірге  ұқсас жайттар бар.  Қалайда, түпнұсқаның  “синтаксисін”  кіргізу  шарт  делінеді. Мұның практикадағы көріністері ретінде орысша  фразалар мен сөйлемдерді тікелей көшіру тенденциясы   бағыт алып  жүр.

Бұл проблеманы  қазақ  әдебиетінде  тұңғыш көтеруші  де,  оны  өз  аудармасында іске асырушы  да  М.Әуезов.

“Дворян ұясы“ романының М.Әуезов  аударған аудармасы жайлы сыншы, ғалым М.Қаратаев былай дейді: “Аудармашы  түпнұсқаға сөзбе-сөз  ұқсатамын  деп, кітаптың  оқушыға  түсініктілігін ауырлатып алған. Тургенев прозасының нәзік психологиялық  суреттерін  толық  жеткізе  алмаған”.

Ә.Сатыбалдиев бұл аудармаға “Рухани қазынада” арнайы  тоқталған. Ондағы  негізгі  пікір  мынау:

“Жалпы принципін дұрыс  қойғанмен,  М.Әуезов бұл  проблеманы іс  жүзінде  қалай  шешу  керек екенін кеңінен  талдап  көрсетуге  үлгермей  кетті.  Сонымен қатар, оның  осы  тәсілді принцип ретінде  әдейі  қолданған жерде, яғни “Дворян ұясының” аудармасында,  сол  сөзбе-сөз,  жолма-жолдықтың ұнамсыз  жері  де  жоқ емес”.

Алайда  бұл аударма (“Дворян ұясы“) ғылыми  тұрғыдан арнайы  зерттеуді  керек  етеді, өйткені,  мұнда  бұрын  аударма  өнерінде  небір  тамаша  үлгілер көрсетіп,  еркіндік  пен  дәлдікті  шебер  ұштастыра  білген  классик  жазушының әдейілеп  жасаған  бет  бұрысы  бар. Сондықтан да бұл еңбектің дәл  аударудың  жолындағы  қиындықтарды  көрсетеін  көп  мысалдар  табуға  болады.

“Түпнұсқаның бүкіл стилін,  үн-ырғағын,  барлық  ерекшеліктерін  жеткізу – аударманың  ең  жоғарғы  мақсаты…бірақ  соны  қалай  жеткізу керек? Мәселе,  міне, осында”… Аударма жасалған кездегі  тіл  шеңбері,  уақыт  әсері  дегендер  аудармаға  ықпал етпей  тұрмайды  дегенмен де,  біздегі  осы бағытпен  аударылған,  аударылып  жатқан  шығармалар ана тілін  тірек  етіп  ұстаудан айырылып  қалушылық болды, әлі  де  бар.  Оның  үстіне  мұны  қолданушылар бір  ғана  тіл білмейтіндер, не  әріпқойлыққа  түсушілер  емес.  Бұл  жазушылар  тіліндегі ерекшелік те емес.  Бұл  аударма әдебиетіндегі  қазір  “асқынуға” әкеп  соққан  бір  “әдіс”.

М.Әуезовтің орыс классикалық  әдебиетінен  алған  үлгілері, тіл өнері, ой тереңі  бәрі де аудармаларынан да  белгі  беріп отырады. Осы арада “Дворян ұясын“ аударудағы жазушының аудармиашылқ автопортретінің айрықша көрінетін кезеңдерін  бөлекше сөз еткен  жөн. Автопротрет дегеніміз – аудармашының үлкен сөз шебері дәрежесіне көтерілуі, өз қолтаңбасының айқын танылуы. М.Әуезов түпнұсқаға жақын отыру принципін көп жерлерде өнер дәрежесіне көтереді. Ондайда Тургенев стилі дәл де әдемі беріледі. Тіпті ана тілінің нормасынан шағын шығып кеткен жерлеріне де іздену белгілері анық танылады. Осы бір жайдың мәніне бармаған кейбір сыншылар М.Әуезовке “Дворян ұясын“ эксперимент есебінде аударды” деген пікір таңды.

Осы аудармадағы жұртты шошындырған нәрсе – ол тіпті  жақын  тұруы  еді. Мұнда  бір-біріне грамматикалық  байланысы аз екі  халықтың  тілін жақындастыру мақсаты қойылғанға ұқсайды. Әуезовтің  тіл шеберлігі дарыны мұны  көп  орайда  жеткізе де  білді, өйткені  ондағы сезімді,  тіл  кестесін, ой астарын  күні-бұрын біліп  отырды, сондықтан  да сөзбе – сөз  аудармалары  дәл шықты.

М.Әуезовтің осындай  “тұпнұсқаға  жақын  отыруы мұны  толық  беру” әрекетінде  әдеттен  тыс  тіркестер  де  жоқ  емес. Бұл  баяғы “давайте  сделаем  как  у автора”  делінетін,  немесе  классикалық  жазушыларды  сол  қалпында  бере  қою теорияларына  жақын  тұр.  Аудармада  автордың “стилін сақтау “ – “тыныс белгілеріне  шейін сақтау”  деген  пікірдің  аударма  практикасындағы көріністеріне де  осы  аударма  ұйытқы  болды. “Дворян ұясын”  басқа аудармалардан  даралайтын кейбір  ерекшеліктерге  үңілейік. Аударманың  көркемдігі,  жеңіл оқылатыны, көбінесе, “тыныс  белгілерін, синтаксисті  сақтау”  ғана болып отырған жоқ.  Олар Әуезовтің  көркем  тілі  арқылы,  авторды  толық  түсініп,  шығарманы  жете  игеруден  т.б.  шығып жатады.

 

 “Ночь была  тиха  и  светла  хотя  луны  не  было”.

“түн тыныш, ай  бомаса  да  жарық  екен”.

“Лаврецкий  поднялся  и  начал  возражать  Паншину; завязался  спор”.

“Лаврецкий түрекеліп,  Паншинге  қарсы  сөйлей: дау  басталды”.

“День пронесся быстро в этих  размышлениях, начался  вечер”.

“Осындай ойлармен күн  тез  өтті де, кеш  те  батты”.

“Он ей сам  по себе  не  очень  нравился, да  и Паншин, под влиянием  которого она  находилась, весьма коварно, не небрежно похвалил его накануне”.

“Мұның өзі де оншалық ұнамайтын және Паншин де өзінің бұл әйелге ететін әсер бойынша кеше жігітті аса арам түрде және астамшылықпен мақтаған болған”.

 

Соңғы сөйлемге  назар аударсақ,  нұсқада   үш  үтір,  бір  көмекші  “и”  тұр,  ал  қазақшасында  “жәнеден” басқа сақталған тыныс белгілерін көрмейміз.  Басқа  үзінділерді   осындай  мұның  өзі  тыныс  белгілерін де  қолдану  жөніндегі  біздің  жоғарыдағы пікірлерімізді  тағы да  растап  отыр.  Өз заманында орыстың  ұлы  сыншысы Белинский  аударма орыстың  көркем  әдебиетіне  жатады  деген. Синтаксис жайында айтсақ, қазақ әдебиетінің қазақ тілінің  нормасымен заңымен жазылуға тиіс,  оған басқа  тілдің  заңы  жүрмейді. Кейбір  ұқсастықтар  болуы  мүмкін. Бірақ ол ортақ  заңдылыққа  жатпайды,  ендеше, аудармада  төл  шығармада сияқты үлкенді-кішілі тыныс белгілері  сияқты жалпылы ырғағымен, грамматикалық құрылысымен байланысуы тиіс. Мұхтар Әуезов аудармаған сөйлемдерден келтірілген мысалдар аз, соны көрсетіп отыр. Олай  болса, сол сөйлемдердің  синаксисі де, тыныс белгілері  де, негізінен  бір ғана  қазақ  тілінің  заңына бағынуы керек.  Автор  сөйлемдерінің  синтаксисін, тыныс  белгілерін сақтаймыз деу – көрінер  көзге  ана тіліне қорлық болар  еді. Қысқасы,  түпнұсқаның  тыныс  белгілерін  толық  жеткізу “проблемасы ”дегенді  дәлдікке  ұмтылудан  туған жақсы  ықылас  деп қарауымыз  керек. Бірақ  мұны  жазушының  өзіне тән  стилін  берумен  шатастырмаған жөн: орыс классиктерінің  шығармаларындағы  ситкасистік  сөйлем  құрылыстарын беру  мәселесі  өз алдына сөз болар тақырып. Ал аударманың тәжірибесі нені  көрсетеді? Ол  болашақ ісі түпнұсқадағы  синтакситік, грамматикалық ерекшіліктерді  беру аудармашының талантына  да байланысты  болу  ғажап емес.

 

 

2.2.2. Гогольдің   және Чехов шығармаларынан жасаған  аудармалары

 

“Пьеса- әдебиеттің ең ауыр түрі, өйткені қатысушы адамдар онда өз тілімен сөйлейді, ісі де сол сөзінен көрініп тұрады, автор араласпайды”, — деп Горький тауып айтқан еді. Оның үстіне пьесаны Гогольдей шебер жазса, оны аудару қиынның қиыны!

“Ревизорда” қатысатын адамдар әрбіреуі өз тілімен сөйлейді, пьесада өздерінің жеке- жеке орны бар, сол міндетін атқарады. Әр адамның әрбір сөзі ревизорды күту туралы, немесе соның қалада жүргені жөнінде айтылады. Негізгі ойы ревизор туралы болады, сол ревизордан шығады да, не соған қайта айналып келе береді. Сондықтан оның ешбір сөзін өзгертуге болмайды, бәрі өз орнында”- дейді Белинский. Міне, Гогольді аудару осынша қиын, ал бірақ сол Гогольдің оңай жағы да бар. Біздің ойымызша Гоголь   геройларының мәдениет сатысы  төмен жатады, көбінесе шағын қалада жүрген парақор-чиновниктер, поселкеде жүрген- жалмауыз озбыр помещиктер болады.

Бұларды біздің ауылдағы қарапайым халқымыз он тоғызыншы ғасырдың екінші жарымынан  бастап — ақ танып білген еді.1868 жылы жарияланған “ Жаңа закуннен” бастап, бұлар қазақ елінің өз арасынан да шықты. Бізде феодалдық-патриархалдық заман болды, сонда дуанбасы, би, болыс, ауылнай, елу басы — бәрі де етек алып жайылды.”Елу басы, он басы ол шайтанның жолдасы”   дейтін  өлеңдер  де  шықты.  Пара  алмаған, елді жемеген  біреуі  де  жоқ  еді. Ендеше, өз елінде  тар  ұғымды  түсіну  жеңіл, түсінгеннен  кейін  аудару  да  жеңіл. Оның  үстіне көрші  отырған білге  де  түсінікті. Мәдениетіміз  орыс  елінің  мәдениетінен  үлгі  алып  дамыған  біздің  елге  етене  жақын  тұрады.

Адамды адам  құлданған, крепостнойлық дәуірден әлдеқашан  өтіп  кеткен Батыс Европа елі Гоголь геройларын түсінбеуі  де  мүмкін. “Біздің  орыс тіліндегі  ерекшелікті француз  бен неміс мәңгі-бақи  түсінбес”-дейтін Гогольдің  өз  сөзі де  тегін айтылмаған шығар. Бірақ бұл бізге  түсінікті.

Әліміз келгенше, Гоголь шығармаларын  аударудың  қиын   жағын да, жеңіл жағын  да айттық, енді туп-тура автор мен аударушылардывң  өздеріне  берейік.

Ревизордың  келе  жатқанын естіп,  қорқып  отырған дуанбасы  өзінің  жемтіктес-бақтастарын  шықырып  алып:

“Я пригласил вас, гопода, с тем, чтобы сообщить вам  пренеприятное известие: к  нам едет  ревизор… Ревизор  из Петербурга, инкогнито (под  чужим  именем) и еще   с секретным  предписанием…” Я  как  будто предчувствовал:  сегодня  мне всю  ночь снились какие-то  две необыкновенные  крысы. Право,  этаких я  никогда  не  видовал: черные, неестественной  величины! Пришли, понюхали  и пошли  прочь. Вот я вам прочту  письмо, которое  получил  я от Андрея  Ивановича Чмыхова,  которого вы, Артемий  Филипович,  знаете.  Вот что он  пишет : ”Любезный  друг,  кум  и благодатель,  спешу,  между  прочим, уведомить  тебя, что приехал  чиновник  с предписанием  осмотреть  всю  губернию  и   особенно наш уезд. Я узнал  это от  самых  достоверных  людей,  хотя он  представляет  себя частыным  лицом.  Так  как  я  знаю,  что за  тобою,  как  за  всяким,  водятся  грешки, потому  что  ты человек  умный  и не  любишь пропускать того,  что  плывет  в  руки… Так  вот  какое  обстоятельство!”- дейді.

Біз  бұл жерде  дуанбасының үш  рет  айтқан сөзін біріктіріп  алдық,  өтйткені  жеке-жеке  сөздерді жалғыз  жарым сөйлемді  сәтті  шығарып,  автордың  нысаналы  идеясын   ашуға, түгел ойын  беруге келгенде,   жаңсақ басып,  кібіртіктеп, қалатын  аударушылар болады. Сондықтан,  аударманың  әр жерін  үзіп,  жұлып, алғымыз  келмеді.  Екінші  жағынан   төрт тілге аударылған “Ревизорды” сынағанда,  1952  жылы  О.Н.Олидор  да: “ең  сәтті  шыққан  аударма  Әуезовтікі” —  деген  екен.  Сол ойдың  дұрыс,  терісін  аша  кетпеппіз,  сөйтіп, Әуезовтің  қазақшаға:

“Мырзалар,  мен  сіздерді  бір  орасан  жайсыз хабарды  естіртуге шақырып едім.  Бізге  ревизор келе  жатыр..  ”

“петербургтан  келе  жатқан  жасырын  ревизор  және  атсыртын  жарлығы да  бар  көрінеді”.

“Құдай  білдіргендей  бүгін  түні  бойы  түрі  жаман екі егеуқұйрық  түсімнен  кетсінші! Тіпті, өмірі мұндай тышқанды  көрген емен.   Добалдай  қар-қара! Келді де  иіскеп-иіскеп кетіп қалды. Артемий Филипович,  әлгі  өзіңіз  білетін Андрей Иванович Чмыховтың  жіберген хатын оқиын  сіздерге. Оның  жазып отығаны мынау: “Сүйікті  досым, замандасым,  және  сүйеушім…  саған   білдірмек маңызды хабарым: жоғарыдан жарлығы  бар  бір төре  келді.  Бүкіл  губернияны, әсіресе  біздің уезді  қарамақшы.  Ол  өзін  жай адаммын  десе  де, мен анық  сенімді  адамдардан  естідім. Мен білемін  ғой,  сен  де  жұрт  қатарлы  күнәдан  мұндаздай  жан емес ең,  өйткені  ақылды  адамсың  ғой,  құдайдың  беріп  тұрған  несібінен  кім  қашады?…міне  осындай  жағдай! ” – деп  аударғанын  да келтірдік. Гоголь орысша қандай  түсінікті  сөйлесе,  қазақша да сондай  жүйткітіп, сөйлеп  отыр ғой.  Дуанбасының осы сөзінен  оның  парақор  адам екенін және сол  қылмысын білетін сұм  екенін, “қорыққанға  қос  көрініп” – түсіне сенетін, білімі  тайыз, құлқынның  ғана  құлы  екенін  орысша қалай  түсінсек,  қазақша да солай  түсінеміз.

Салалас құрмалас етіп берген дуанбасының алғашқы сөйлемін: “Я  пригласил вас, господа, с тем чтобы сообщить  вам  пренеприятное  известие:  к нам едет ревизор”- деген бір сөйлемді, “Мырзалар, мен сіздерді бір орасан  жайсыз  хабарды естуге шақырып ем. Бізге  ревизор келе  жатыр” – деп екіге  бөліп, шағын екі жай сөйлемге  айналдырып жіберуі заңды да, түсінікті  шыққан. Аударушы бұл арада ұтпаса,  ұтылмаған.

Гоголь образын,  оның   оның  сықағын  беруде,  түгел стилін сақтауда тағы бір есекеретін жайт  бар. Ол – Гогольде  ұшырайтын  адам аттары. Осы  аттардың  бәрін де Гоголь  тегін қойып  отырған  жоқ. әрине, бірін бірдей аудару қандай сыңаржақтық болса,  осылардың бәрін бірдей өз қалпына алу да сондай сыңаржақтыққа апарып оғады,  өйткені  әрбір сыңаржақ  ойдың  түбі  қателесумен  ұштасып  жатады.

Сонымен, авторды аудару кезінде оның стильдік ерекшелкітеріне  аса  көп көңіл  бөлеміз. Мысалы, Әуезов аударған тағы бір  автор А.П.Чехов.

Чехов шығармаларын қазақ тіліне аударған  кезде  грамматикалық қателер молшылық  кездеседі. Казахсий язык следует отметить   возросший  уровень  мастерства. Әуезовтың айтуынша Чеховты  аудару  үшін оның күйін  кешіп, қалпын сезіну  керек. Оның  шығармашылығы туралы ұлы  жазушы былай  дейді: “Трудно учиться у Чехова, даже глубоко  чувствуя  огромную властную  силу, силу его гения… Это  художник  особой  палитры,  многоконтрастного,   яркого,  необычайно богатого колорита”. Аудармаларынынан көріп отырсақ, Чеховтан М.Әуезов “Аққасқаны” (”Белолобый”) аударған. Әңгімені аудару барысында  М.Әуезов  автор  ойын  дәл, стиліне сәйкес берген. әңгімені  оқу  барысында  Әуезов  аудармасы арқылы Чеховпен танысамыз.

Аударма саласына көп  көңіл  бөлген зертеуші К.Ш. Кереева-Канафиева А.П.Чеховтың аудармаларын оқыған кезде  аудармашылардың  жіберген қателерініне жіктеу жасап,  атап  кетеді. Оларға  келесілерді жатқызамыз:

 

  1. Шіркеу славянизмдерін беру;
  2. Қаһармандардың жеке сөздерін беру;
  3. Орыс тұрмысының және қоғамдық өмірінің реалий сөздерін қазақ реалий сөздерімен беру;
  4. Әңгімелердің атауларын беру;
  5. Көп сөзділік;
  6. Өздігінен қосу;
  7. Фамилияларды аудару;
  8. Мәтінді көркемдеуге әрекет жасау;
  9. Дұрыс құрылмаған граматиканы аудару;
  • Орыс сөздерін түсініксіз беру;
  • Жеке сөздер мен сөз тіркестерін жіберу;
  • Сөздіктен жіберілген қателер;
  • Аудармада жіберілген грамматикалық қателер;
  • Стилистикалық қателер [18,49]

         Орыс әдебиетімен қатар М.Әуезов батыс жазушыларының шығармаларын аударған. Ол аудармаларға біз Шекспир мен Лондонның шығармаларын жатқыза аламыз. Бұл ретте біз аударманың түрлеріне  оралуымыз  жөн. Әуезов Шекспирдің  “Аусауға  тұсау”, “Отелло” пьесаларын  аударды.

 

2.2.3.“Отелло” пьесасының аудармасы

 

“Отелло” Шекспир туындыларның шоқтығы биік  шығармаларының  бірі. “Отелло”  1622  жылы Лондонда  жарияланған.  Ол  1604  жылы  1  қарашада  Король Яков 1 қатысуымен Уайт Холдың  ескі залында  қойылған.  Драматург трагедияның сюжет желісіне белгілі итальян жазушысы,  философ Джанбатисто Жиральдо и-Монто қаласынан шыққан “Экономити” атты   новеллалар жинағынан алынған. 1965 жылға дейін Шекспирдің  көзі  тірісінде  бұл  новеллалардың  берді  — біреуі  ағылшын  тіліне ауларылмаған. Француз  тілінде аударма  1583 жылы  шыққан. Демек, Шекспир  француз  тілін  жақсы  білген. Новелла  оқиғасына  келсек,  жас парасатты  венециан  қызының Итальян күйеуінің қызғанышы аруды өлтірумен аяқталады. Қыздың  есімі  —  Дездемона.  Шекспир  бұл  есімді  драматургиясына енгізіп,  қалған  есімдерді ойдан шығарған. Дездемона грек сөзі,  “махаббаттағы   өлім  мен  қызғаныш”  дегенді  білдіреді.  Яго мен Отелло есімдері  ағылшынның  “опасыздық үшін  құдайдың  жазасы” деген  мағынаны білдіреді. Алайда драматург Шинтио новелласындағы адам  қатігездігін  натуралистік  суретпен  бейнелеудегі  сирек  кездесетін қабілетті  одан әрі  дамытады.

Шекспири тілі  бай,  әрі  алуан,  реалистік  тіл.  өзіне  дейінгі  ағылшын  ақындары  мен  драматургтардың  сөздік  қорына  қарағанда,  оның  сөздік  қоры  әлдеқайда  мол.

Жазушының метаформалары нақты,  образды, дәл, теңеулері  тұжырымды, қысқа болып келеді. Шекспир  тілінің осынау  қасиеттерін  қазақ топырағындағы  аудармасынан да  дәл  басып  тани  қоясыз. Кейде  аудармашы  оқи  отырып,  оның  түпнұсқадан  оншалықты  ауа  жайлап бара жатқанын байқаймыз. М.Әуезов: “Шекспирді  қою  арқылы ең  әуелі,  бір  қазақ  жұртшылығын   неше алуан  тарихпен,  неше түрлі ұлттардың, топтардың өмірімен таныстырамыз. Сол ортадағы  қоғамдық  мінез-құлық, мүсін  пішіндерді  танимыз”.

М.Әуезов  әлем  әдебиетінде  өзі  ерекше құрметеп, ұстаз  тұтқан  екі  есімді  бөліп  айтты;  олар прозада – Лев  Толстой,  драматургияда – Шекспир  бұлардың шығармашылығын  оқып  үйренуде Әуезов  қазақ  әдебиетінің асыл  қазынасына  қосылған  жанрлардың дамуына ықпал жасаған классикалық  аудармалар  тудырды.  Соның бірі – “Отелло  трагедиясы”.

Шекспирдің  бұл ұлы  шығармасы  орыс  тілінде Н.Кетчер, П.Вейнберг, А.Радлова, М. Лозинский, Б.Пастернак, К.Морозов  секілді  жиырмадан астам  әртүрлі  авторлардың  аудармасынан  шыққан.

Тұңғыш  рет 1858  жылы  жарияланған П. Вейнбергтің  аудармасы  18  рет  қайта  басылды.  Мұхтар сүйген  А.Радлованың  нұсқасы  1935,  1966, 1937  жылдары  4 рет  жарияланған. Шекспир  твочествосын  зерттеп,  ол  туралы  ғылыми  еңбектерді  мол  құрастырған Әуезов  ұлы  ағылшын  дараматургиясын  қазақша  сөйлетудің  сәтті  кілтін  тапқан. Түпнұсқада  “Отелло” ямб өлшемімен, ырғақ  заңдылығына  сүйенген ақ  өлеңмен  жазылғандығы  белгілі.  Әріден соң  қара  сөз  де  кездеседі.  Бұрын  өзінің  тәжірибесінде  “Еңлек — Кебек”,  “Қарагөз”, “ Хан  Кене” трагедиясында  қолданған  ақ өлең өлшемін ұлы  шығарманы  аудару кезінде  Мұхтар  сәтті  пайдаланған. 

Аударманы  оқи  отырып, кейде оның  түпнұсқадан  оншалықты   айырмасын байқай да  алмаймсың.  Әуезовтың   “Отеллосын”  оқыған  кезде, Шекспир қаһармандары олардың өзіне тән, дараланған  сараланған тілі,  бәрі-бәрі   көкейіңізге  қонып,  көз  алдыңызға келеді,  есіңізге сайрап  тұрады. Шын  аудармашы автормен  бірге бір  деңгейде   тұруы  қажет. Әуезов  мына  аудармада сол  деңгейде  табылған.  Қазақ тілін барша   құдіретін   жарқыратып танытқан, Шекспир кейіпкерлері  қызық  иілім сезімі “Отеллоның” түпсіз тұңғиықтай терең  махаббатын,  мерт қылар мейірімсіз  қызғанышын,  Дездемонаның  сәбидей  пәк періштелігін, Ягоның қанқұйлы зұлым идиотизмін  ашуда  қиналмайды, есе  жібермейді. Мұхтардың  ұғымы  сол, ол   халықтан,  өмірден үйренді. Ол  сайрауық,  тар қас  кастаның  азйшысы бола қалған  жоқ. Шекспирге тән,  ағылшындарға  тән  ұлттық  мінез  құлқын  шығармада  шынайы суреттей  білді.

Қазақ әдебиетінде жарық көрген Шекспир  шығармаларына А.Сұлтанов пен Р.Нұрғалиев  өздерінің  сыни  мақалаларын жариялады.  Бұл  мақалада аударманың   үлкен  шеберлікпен  жасалғаны  айтылады.  Сыншы  аударманың  жақсы жақтары мен  қатар,  кемшіліктерін де  атап өтеді. Мұхтар Әуезовтің Шекспир  шығармаларының  көркемдік  қуатын сақтап,  аудармағанын  айтады.

Өнердің де тарихы бар.  Тарихты  қастерлеу  қасиетті  парыз.  Қазақ өнерінің  тарихына алтын әріптерімен жазылатын құтты   уақыттардың бірі 1939  жыл. Сол жылы “Отелло” спектаклінің премьерасы болды. Пьесаны қазақшаға аударған Мұхтар да,  спектакльді  қойған  М.В. Соколовский  мен  Әубәкір Ысмайылов.

Қазақ өнерінің шежіресі Қ.О.Бадияровтың естелігіндегі  материалдарға сүйеніп, анығын  айтсақ, Шекспир шынына  талпыныс  бұдан  сәл  ертеректе —  1937  жылдың аяғында   басталған  екен [15.46].

Шекспир сынды  ұлы дрматургтің сахнада сәтті  сөйлеудің  кілті аудармашының  қолында  еді.  Осыны  жақсы ұғынған  театр  коллективі ақылдаса  келіп  бұл  жұмысты М.О. Әуезовке  сеніп тапсырған екен. М.Әуезов “Вейнберг” аудармасы  шұбалаңқы,  Радлова тәржімәсі    жатық”   деп соңғы  аудармаға  тоқтаған  екен.  Шекспирдің   “Отеллосын”  ағылшын  тілінен   аударған Радлова  мен орыс  тілінен  қазақ тіліне,  қазақ  топырағына   көркем  көшірген  М.Әуезовты  жарыстыра  оқысаңыз,  екі еңбектің  түпнұсқа  мен  аударманың  көлемі шамалас  болумен  бірге көркемдік  қуаты  бір  биік,  бір деңгейде  тұрғанына  көңіліміз ғана сенбей,  көзіміз  де  анық  жетер  еді. Шекспир жазған “Отелло” мен Әуезов аударған “отеллоны”  салыстыра, жарыстыра оқығанда Мұхтар еңбегін  аударма  деген  аяулы  мағынадағы асыл  сөзге  де  сыйғыза  алмайсың,  анығын, әділін  айтсақ  екі  ұлы  суреткер  бір  тақырыпты  жарыса  жылағандай  әсер  береді. Мысалы: 

 

Әйелдердің  көз  жасынан,

Буаз болса  қара  жер,

Әр  тамшыдан  бір  айдаһар  туар  ед.

 

Бұл Отеллоның төртінші  актінің  бірінші  сахнасында Людовикке  Дездемона “Жылап  тұр  ғой,  кешірімін  алыңыз”  дегенде  ыза  болып тұрып  айтқаны.  Аударма  қандай  тамаша  жасалған. Алыптың,  алыпты  аударудың,  классикалық  үлгіні,  классикалық  түрде  жеткізудің жолы  осы  емес пе?

Ал енді  бесінші  актінің  сахнасында  ұйқыда  жатқан  Дездемонаны  өлтіруге  келген  Отеллоның  ұзақ  монологындағы  мына  бір  жолдарын  оқып көрейік:

Себеп  бар,  жаным,  себеп  бар!

Жарқыраған  жұлдыздар

Айтпасам  да  себеп  бар

Қан  ағызбан,  жара  салман,

Қардай  атпаң,

Ұлпадай  майда  еміңе

Бірақ  өлмей  болмайды-

Басқаларды  алмайды.

Ал өлеңмен  берілген  осы  сезім,  осы  жолдар аударма  деген сөздің   ауқымына  сияр ма?  Төгіліп  тұрған  поэзия  емес пе? Бұл   келтірілген  үзінділердің   түпнұсқамен  дәлме  дәл  келетіні  өз алдына,  тіпті аударма  емес  өз  ана  тілімізде    жазылған  шығарма  десе  де сенесіз

Бұл  шығарманың  сюжеті  негізінде  отбасылық драма  болғанымен, негізінен ол Қайта өрлеу дәуірінің қарама-қайшылықтарын  бейнелейді. Отелло дәуірдің  ұлы  тұлғаларына  тән  алыптардың  қасиеттерін иеленеді; солар сияқты  өз уақытының  авторлық рухымен  өмір сүріп  келеді.  Бұл  өзінің  өмір  туралы  әңгімесінде  айқын  көрінеді. Белинский  былай  жазды : “Отеллоны  өз әйелін  өлтіруге  себепкер  боған  оның  күшінің  тереңдігі:  сондай  адамдарда  жаңа трагедиялық  коллизияның  мүмкіндігі  жатады;  тек  мұндай  махаббатан  ғана соншама  қызғанушылық  тумақ”.  Алайда трагедия тақырыбын, қызғанушылық қана анықтамайды. Ал Пушкиннің  айтуынша: “Отелло  табиғаттан  қызғаншақ  емес,  керісінше, ол  өте  аңғал”. Қаһарман  алданған сенім  трагедиясын  басынан  кешеді.

Қайта   өрлеу  дәуірі  адамның ең  жақсы  иеленген Отеллоға Яго қарама-қарсы  келеді. Яго  да  сол  заман адамы,  ол  да  өзінше  алып, ол  да авантюрлық  сезімдерге  толы.  Бірақ  ол —  зұлымдық алыбы.  Ол – адамдарға  сенбейтін,  жоғары  сезімдерді жатсынған, қара  күншілдік  пен  зұлымдыққа  толы  адам.  Ол  өзінің  мақсаттарына  жету  үшін басқа  адамдар тағдырын  аяққа  басуға да  даяр.

Адами  деген сезімсіздігімен  Отеллоға  қарсы  қаскүнемдік  жасайды.  Ол  Отеллоны Дездемонаның  олқы қылықтарына  сендіреді. Отеллоның  ішкі  жан дүниесі  қызғаныш пен  ызаға толы. Бірақ Дездемонаны өлтіру себебі  бұл  емес. Бұл жерде ол оны (Дездемонаны) өмір негізін  бұзған, адамдар  арасындағы  сенімді бұзушы адам ретінде  таниды.  Ол  өз  жазысын  шығарып,  оны  өлімге  кеседі,  себебі “ол  басқаларды  да  азғырындыуы  мүмкін”.

Дездемонаны  өлтіре, Отелло өзін әлемді зұлымдықтан,  жамандықтан тазартушымын деп ойлайды. Ал  негізінде ол қаскүнемдік  құрбаны  болып  қалады. “мен жек  көріп  ештеңе  де  жасаған  емеспін,  мен ұяттан қорықтым”, — дейді өз әрекеттерін түсіндіре. Ал  Дездемонаның  күнәсіз екенін  анықталғанда,  Отелло өзінің  ағаттығын түсініп,  өзін де  өлім  жазасына  кеседі. өзін-өзі  өлтіру  өмірден  қайту  шешімі  емес, бұл  әділетті  жаза,  Отеллоның  жасаған  қателігін  өтейтін  жаза.  Ол  Дездемонаның  күнәсіз  екенін  біліп,   өлер алдында  сенімділіктің бар екенін, тек жалған  мен  шынайы сезімдерді  айыра  білу  керектігін  аңғарып  кетеді.  Әлемнің  құлықтық  тәртібі  Отелло  Дездемонаның  күнәсіздігін  дәлелдейді. Алайда  оның  өз  күнәсі бар  ғой. Ол  — жаман  адамға  сену.  Осылайша  Яго  екі  рет жеңіліске  ұшырайды: ол  өзінің  бақытын  басқалардың  қайғысына  негіздей  алмайды.

 

 

Қорытынды

 

        Халқымыздың  жалпы  мәдениетін  өркендету  үшін  ең  алдымен  оның  өз   ана  тіліндегі   әдебиеттерді   көбейту қажет.   Ғылым  мен  техниканың барлық салалары жөніндегі, экономика мен  мәдениетіміздің  мәселелері  жөніндегі   кітаптарды, көркем  әдебиет  шығармаларын  бұрынғыдан  да  гөрі   көбірек  шығаруға   біз  ерекше   көңіл  бөлуіміз  керек.

        Кеңесте аударманың принциптері туралы мәселе  кеңінен  талқыланды. Түпнұсқаны қалай болса солай өзгертіп, шамамен  долбарлап,  шығарманың мазмұнына, автордың стиліне нұқсан келтіріп,  еркін  аудару   әдісін   жұрттың бәрі  теріс  әдіс  деп  тапты. Ал жоғары  сапалы  аударма  жасау маман адамдардың ғана қолынан келеді

        Көркем  аударма   саласыда  жолымыз, барар  бағдарымыз   қайсы  жеткен  жеткен  жетістігіміз мүлт  басқан  жеріміз  қандай  деген  сияқты  мәселе  аударушыларды  ойландырғалы  көп  болды.  Бірақ  жұртты  толғандырған  осы  сұрақтың  төңірегінде  баспасөз  беттерінде  пікір  алысулар,  үлкен  ойлар  айтылмай  келді.  Жақсы  аударма  да  жаман  аударма  да   жұрт  талқысына  түспей  жаулы  күйінде  қалып  жүрді.  Бізде   аударма   сынының,  аударма  сыншысының  жоқтығы   осылай  аңғартады.   Кейбір   тиіп-қашты  мақаласындағы   “орысшасы  олай  екен,  қазақшасы былай  бопты, пәлен  жерден  сөз  қалып  қойыпты,  түген  жерде  бір  жалғаулық  түсіп  қалыпты”  деген  сияқты  пікірлер  істің   техникалық  жағына  кейбір  септігін  тигізгенімен,   көркем  аударманың келелі  мәселелерін  қамтуға толғамы  тар,   қарпауы  кем,   қарымы  қысқа  жатыр.

        Әңгіме   түпнұсқадағы  жеке  сөзде  емес,   сыршыл  нәзік  сезімді.  Жеке сөйлемді  емес, көркем образды  аударудың  әр  жазушының өзіне тән   ерекшелігін,  оқшау  қасиетін  аударудың  шарттарын  сөз  етуде, соны   тапқырлықпен  терең  талдап,  көрсетуде   болып   отыр.

        Әрбір аударманы  төл шығармамен қатар санамаушылық бар. Жақсы  аударушыны  жазушы  санасын  қоспаушылық  бой  көрсетеді 

        Аударма  тарихына  үңілсек, қазақ  әдебиетіндегі  көркем  аударма  өнерінің етеден көзге  түсер ерекше бір қасиеті әуелден – ақ   орыс классиктерінің Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларының аударылуы. Абай бастаған осы  өнердің  жақсы үлгілері  қазақ  әдебиетінің  мұрасы  болып қалғаны  туралы  мақтанышпен айтып  келеміз.  Сонымен  қатар аударма  тәжірибесінде  басқа да көптеген мәселелер бар. Соның  ішінде  аударма  өнеріндегі  көркемдік,  дәлділік  дегендердің  мазмұны  неде  деген  сауалға  жауап  ізделуі – аудармадағы бүгінгі  күннің  зәру  мәселелерінің  бірі. Аудармадағы  ана тіліміздің  орны, ерекшелігі,  салмағы туралы, оны іске  асырушы  аудармашының  өнері, таланты, эрудициясы  туралы  мәселелердің басын ашып алудың  маңызы зор.  Бұлардың   бәрі – аударма  жолын  іздеу. Ондағы  проблемаларды  күнтәртібіне  қоюдың  басты  бағыттарның  бірі.

        Аударма  өнері аудармашы  еңбегі туралы  біз  үлгі тұтарлық зерттеулер орыс әдебиетінде  де, басқа  туысқан  халықтар әдебиетінде де, дүние жүзі  әдебиетінде де  бар. 

        Көркемдік дегеніміздің өзі өз дәлділіктен, түсініліктіліктен туады. Мұнсыз  көркемдік  болу  мүмкін  емес.  Көркем аудармаға  ақиқатына  жету  қиын, жатқан  бір тұңғиық  деген  көзқараспен қарау  дұрыс  болмас  па  еді,  барлық  өнер  сияқты  аударма  өнеріне де қойылатын талаптың  да,  көркемдіктің де белгілі шегі, мөлшері бар.Сол мөлшерді, шекті ана тіліміздің икемділігі, мүмкіндігі көлемінде шешкен лазым. Аударма өнерінің табысы дегеніміз — аударылған шығарманың көркемдік тұрғысынан да, мазмұн  дәлелдігі  жағынан да, стильдік  орайында  да, түпнұсқадағыдай болып шығуын айтамыз.

       Аудармашы көптеген шарттармен қоса,  мына негізгі үш талапты ұмытпаған  жөн.

Олар:

  • көркемдік;
  • дәлдік;
  • түсініктілік.

      .  Ана  тіліне жасалатын  қиянаттардың  көпшілігі аударылып  отырған жазушы  тілінің   ықпалы  көбірек  болатыны  байқалды.  Тілге   жасалатын ықпал, дегенде  екі  бағыт бар:

  • түбірі бір тілдердің бір-біріне ықпалы. Бұл —  тіл  ғылым негізінде  жүреді. Мұнда  салғастыру  әдісінде  қолдануға болады.

Жалпы сөз мәдениетінен туатын ықпал. Ол тілдің морфология,  синтаксисіне  оншалықты  ықпал  етпейді.  Етсе де  бірен+-сараң  шамалы  сөз  тіркестерінде  бой  көрсетуі  мүмкін.

        Аударма  тіл  өнерінің  барлық  қасиеттерінің өлшем-таразысы  емес. Сол сықылды, бүкіл тіл мәдениетінің негізі аударма бола алмайды және болмайды да. Жалпы аударма тілі жазушы  тілін, стилін зерттеуге  негіз  етіп алынбайтыны да осыдан. Мұның ғылымда, жалпы  әдебиет  дүниесінде басы ашық. Бұл орайдағы түпқазық төл шығарма, соның тілі, стилі. Абай аудармаларындағы жаңа ұғымдардың өзін қазақ тіліне Абай әкелген  ұғымдар деп  қарайтынымыз да  осыдан. Бұл  Пушкин, Лермонтов, Крылов  стилінің  үлгісі  емес, аудармашының  ғана, Абай  тілінің  үлгісі.

        Әйтсе де бұларды бір-біріне қарсы  қоюдан  аулақпыз. Аудармада  ана  тілі ғана жетекші  рөл  атқарады дегенді есте  сақтаған  жөн..

        Аударма жанрын және аударма  әдебиетін сөз  еткенде, даусыз,  дүйім  жұртқа әйгілі ақиқат мынау: барлық ұлтта сол әдебиеттің төл шығармаларындай қабылданатын аударма үлгілері бар. Бұған орыс  әдебиетін үлгі етуге болады. Осындай аударма үлгісін жасап төл  әдебиетімізді байыту әлі де өз шеберлерін  күтіп  тұрған мәселе. Бұл Абай салған дәстүр негізінде орыс классиктерінің шығармаларын аудару  арқылы шешілуі керек  сияқты.

        Әрине, орыс  классикалық  әдебиетінің  ана  тіліміздегі  шыңдарын  жасау мәселесін  ұлт  әдебиетінің  зергерлері  ғана  шешеді. Басқа  жол  жоқ. Бірақ,  өкінішке  қарай,  олрадың өз шаруасын  ғана  күйттеуде,   аудармаға самарқау. Абай дәстүрін  дамыту,  тереңдету  орнына – іргені  аулақ салып  жүр. М.Әуезов “Дворян  ұясын”  аударды. Жай  аударған  жоқ,  принциппен  әдейі  аударды.  Бұл  іздену  жолы  еді.  Өз  қара басының  ішндегісі ғана емес,  бүкіл  қазақ  әдебиетінің болашағы  үшін ізеніс. Кемеңгер  жазушы  бүкіл әлем  әдебиетінің  уызын  еміп  өскен, замана  биігіне  көтеріліп  кеткен  орыс  әдебиетінің  игі  дәстүрін молынан  игермейінше —  жауын  күткен өскіндей  болып  жатқан  құнарлы  төл  топырақтың  гүлдемейтінін  білді. Қыруар  шаруасын  ысырып  қоя  тұрып,  жанын  салғаны  солан.  Бұл ізденістің  кемшілігі де, жетістігі   де  жоғарыда  айтылды.

         Қорыта  келе, аударма  саласының кез келген  дәуірде  дамуын  жалғастыратын  сала болып  қалады  деген  ойдамын. Бүгінгі таңдағы  аударманың маңызы  өте  зор. Қазіргі  кездегі  жаһандану үрдісіне  байланысты  оның  мәдени  және  әдеби   интеграцияға қосатын  үлесі де мол. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

  1. Әуезов М.О Жиырма  томдық  шығармалар жинағы, — Алматы: Жазушы, 13 Т. Аударма  пьесалар. – 456 б.
  2. Әуезов М.О Жиырма  томдық  шығармалар жинағы, — Алматы: Жазушы, 14 Т. Аудармалар. – 376 б.
  3. И.С. Тургенев: Собрание сочинений в шести  томах, — Москва: — “Правда”- Т.2, 1968 г.
  4. Л.Н.Толстой: Собрание сочинений в двенадцати  томах, — Москва: — “Правда”, — Т.9, 1987 г.
  5. Мухашева С.: “М.О.Ауэзов – переводчик русской  советской Драматургической классики”, —  Алматы: — Мектеп, 1971 г.
  6. Алтынбаева С.М.: Маданова М.Х. “Художественный  перевод  и сравнительное  литературоведение”, — Алматы, 2000г.
  7. Тұрарбеков З.: “Аударма туралы”, — Алматы, 1961 ж.
  8. Герольд Бельгер: “Лики Слова”, — Алматы: — “Білім” – 1986 г.
  9. Талжанов С.: “Аударма және  қазақ  әдебиетінің   мәселелері”, — Алматы: — “Ғылым” – 1975 ж.
  • Талжанов С.: “Көркем аударма туралы”, — Алматы: — 1962 ж.
  • Қ.Қ. Алпысбаев, Г.Қ. Қазыбек: “Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі”,- Алматы: “Қазақ  университеті”- 2001 ж.
  • Рақыш Хайруллин: “Аударма сыпаты”;- Алматы: “Жазушы”-1976 ж.
  • Кереева-Канафиева К.: “Русско-казахские литературные отношения”;-Алматы,- 1980 г.
  • Әбдірахманов Г: “Орыс әдебиетін қазақ тіліне аудару  дәстүрі  және Бекет Өтетілеуов”;-Алматы,-1960 ж.
  • Қазыбек Г.Қ.: “Көркем аударма тәжірибесі”;- Алматы,-2005
  • Брандес М. “Стиль и перевод”;-Москва, — 1988 г.
  • Бархударов Л.: “Язык и перевод”;-Москва, — 1975 г.
  • Кереева-Канафиева К.: “Пути развития переводческого искусства в Казахстане”;-Алматы,- 1984 г.
  • Рыльский М.Ф.: “Искусство перевода”;- Москва,- 1986 г.
  • Алимов В.В.: “Основы теории перевода ”; — Москва: — 2000 г.
  • “Проблемы литературоведения и художественного  перевода”, — Алматы:- Сборник научных трудов, — 1991 г.
  • Сагандыкова Н.Ж.: “Основы художественного перевода”, — Алматы:- “Санат”, — 1998 г.
  • Әкімов Т.: “Даналық мәйегі: М.Әуезов туралы деректер”, — Алматы:- “Ана тілі”,- 1997 ж.
  • М.О.Әуезов., Юсупов. К : “Асыл дәнекер” // Социалистік Қазақстан: — 1989 ж.- 28 маусым. //
  • Мұқышева Г.: Көркем аударма – ұлттық әдебиеттің  ықпалды  арнасы // “Ақиқат”: — 2004 ж.- № 6 – 71-74 б.//
  • Алпысова М.Е.: Художественный перевод и сравнительное литературоведение // “Вестник КазНПУ имени Абая”: — Алматы, — 2004 г. — № 2, — 8-12 ст.//
  • Жақыпов Ө.: Аударма ажары неде? // “Ақиқат”: — 1998 ж. № 9 – 85-86 б.//
  • Шаншаров А.: Көркем аударма туралы  ойлар // “Қазақ әдебиеті”: — 1958 ж. – 14 ақпан, 3 б. //
  • Аударма мәселесі — маңызды мәселе // “Социалистік Қазақстан” :- 1958ж.:- 21 қаңтар, 1 б. //
  • Әнес Сарай: Аударма ауылында  не  жаңалық? // “Қазақ  әдебиеті”: – 1983 ж. 20 мамыр.//
  • Адибаев Х.А.: Переводчик и автор // “Каз правда”- 1998г. 28 ноябрь //
  • Құлсариева А.: Қазақ мәдениетіндегі аудармашылық  үрдістер  туралы //“САЯСАТ — POLICY“: — № 4, 2005 ж.//
  • Бельгер Г.: Казахское слово и проблемы перевода // “Таңшолпан”: — 2005,- № 3 //
  • Али Аббас Чинар: Истоки творчества М.Ауэзова (Пер. с  турецкого Ж.Абельдаев) // “Мир Ауэзова”:- Алматы,- 2005, 100 с. //
  • Болатова Г.: Абай и проблемы перевода // “Мұхтар  Әуезов  және  әлем  әдебиет”і:- (Халықаралық  ғылыми конф. мат), — Алматы: —      2004 ж. //
  • Буйон Ж.: Что есть в  мире  сильнее слова // “Мир  Абая”:- Алматы: — 2004 г. //
  • Су Чжоу Сюнь: М.О.Ауэзов (1897-1961) // “Мир Ауэзова”:- Алматы:- 2005 г. 70-80 с.//
  • Алпысбаев Қ.: Мұхтар Әуезов және аударма // “М.Әуезов  және ғылым әдебиеті”:- (Хал.  ғ/т  конф.  мат.),- Алматы:-2004 ж.//
  • Аударма мәдениетін көтере  берейік // “Қазақ  әдебиеті”:- 1958, 17 қаңтар, 1 б. //
  • Қазыбек Ғ.Қ.: Авторлық аударма // “Қаз. ҰУ Хабаршысы”:- Филология сериясы, — №7. 2003//
  • Алдашева А.М.: Аудармадағы баламалылық // “Қаз. ҰУ Хабаршысы”:-Филология сериясы, — №4 2003 //  
  • Хошаева Г.Б.: Көркем әдебиетті қазақ  тіліне  аударудағы  кейбір  мәселелер // “Қаз. ҰУ Хабаршысы”:-Филология сериясы, — № 7  2003//
  • Хошаева Г.Б.:Аударма өнерінің өзекті мәселелері // “Қаз.ҰУ Хабаршысы”:- Филология сериясы, — № 6, 2002 //
  • Абенова Л.У.: Аударма және көркемдік ізденіс // “Қаз.ҰУ Хабаршысы”:- Шығыстану  сериясы, — № 2, — 2003 ж.  //
  • Сұлтанбеков М. Көркем аударманың білгірі // “Семей  таңы”:- 1977 ж. – 24  қыркүйек. //
  • Ә. Әлмашұлы: Көркем аударманың шебері // “Жас  қазақ” :-1992.ж. – 16 шілде. //
  • Лизунова Т. : Әуезов және әдебиеттер туыстығы // “Жұлдыз” :- 1977.- № 9. //
  • Абдрахманов С. Әуезов: [жазушы М.Әуезовтың туғанына 105 жыл толуына орай] // “Егемен Қазақстан”:-2002 ж.- 27 қыркүйек //
  • Адамбаев Б. Ұмытылмас тұлға (М. Әуезов туралы естелік) // (“Социалистік Қазақстан”:-1967 ж. – 30 қараша //
  • Айтматов Ш. Әуезов туралы сөз // “Қазақ тілі мен әдебиеті”: 1978 ж- № 9//
  • Алтаев Ж. М.Әуезов дүниетанымы // “Заман Қазақстан”: 1996 ж.- 6 желтоқсан.
  • Арагон Л. Шетелдік достың сөзінен // “Қазақ әдебиеті” 1957 ж.- 28 қыркүйек //
  • Ахметов Ш. Асыл сөз асыл  ойдан // “Жетісу” 1977 ж.-20 қыркүйек //
  • Мұстафин Б. “Ревизор” (М.Әуезов аудармасында) // “Советтік Қарағанды”: 1958 ж. – 13 сәуір //
  • Мұхамеджанов Қ.М. “Ревизор спектаклі” [М.Әуезов аудармасында] // “Қазақ әдебиеті”: 1958 ж.- 20 маусым //
  • Мұхамеджанов Қ.М. Әлем мәдениеті тарихын зерттеуші // “Абай” : 2003 ж. — № 1 //
  • Қыдырұлы Е. Ұлылық мінезден танылады // “Алматы ақшамы”: 1997ж.- 26 қыркүйек //
  • Қазыбек Г. Көркем аударма шебері // “Абай және  Әуезов”:- Алматы, — 2002 ж. //
  • Қайырбеков Ғ. Бұл да талант пен  өмір жемісі: [Көркем аударма жайында] // “Қазақ әдебиеті”: 1959 ж.- 26 маусым //