АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. М. Шаханов поэзиясы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ЖАҢА БИІГІ.

  • М.Шаханов – халқымыздың ұлттық

қасиетін қастерлеуші ақын

1.2.  М.Шаханов –ана тілінің айбары.

 

ІІ. ТАРАУ. АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУ АЛАР ҚАЙНАРЫ –ДОСТЫҚ ПЕН МАХАББАТ

2.1 Поэзияда көркемдік идеясын тапқан шынайы достық.

2.2 Ауқымды тақырып – ізгі махаббат.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

Кіріспе

 

         Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді.

         ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол – адам  рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі — ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», — [1]   деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің  рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды.

         Ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады.

         Ақын қоғам қайраткері М.Шаханов поэзиясының қайнар көздерін саралай түсу жұмыстың өзектілігі болып табылады.

         Зерттелу деңгейі. Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі —  ақын М.Шаханов. ол әрі мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері.

         Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау  және монографиялық тұрғыда зерттелмесе де, баспасөзде соңғы жылдары әсіресе, қаламгердің 60 жылдық мерей-тойынан бері үздіксіз сөз болып келеді.

         Көптеген әдебиетші ғалымдар М.Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, жазып та жүр. Ғарифолла Есім, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ермандардың ақын шығармашылығына арналған мақалаларында Мұхтардың қазіргі күнгі әдебиетіміздегі алатын орны, шығармаларындағы көтерген мәселелерінің көркемдік көкжиектеріне оңды баға берілді. Сондай-ақ Шаханов шығармашылығы шетелдің әдебиет сүйер қауымының  да көңілін өзіне аударды. Біз жұмысымызда, баспасөзде жарияланған материалдарға назар тастай алатын ақынның «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтары және жеке жарияланған өлңдерін пайдаланып, тақырып аясында өз пікірімізді баяндап, тұжырым жасауға әрекет еттік.

         Мақсаты мен міндеттері.  М.Шаханов поэзиясы көп салалы саналуан тақырыпты қамтиды. Әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайды. Солардың қатарынан бөле жарып өзімізге мыналай мақсат қойдық:

  • ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу;
  • ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау;
  • туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу;
  • шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы;
  • махаббат жырларының оттылығы мен ойлылығын көрсету;
  • ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу.

 

Таңдап алынған ақынның өлең, поэмаларын көз алдымыздан өткізіп, ойымызды топшылап, алға қойған мақсаттарымызды орындауға міндеттендік.

Ғылыми жаңалығы. Жоғарыда келтергеніміздей, ақын М.Шаханов шығармашылығын зерттеу жұмыстары қазіргі күнде қолға алына бастады. Ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру Мұхтар Шаханов шығармашылығын зерттеуге қосылатын ғылыми жаңалық саналады.

Методологиялық негізі. Диплом жұмысында С.Қирабаев , З.Қабдолов, М. Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Т. Рахымжановтардың еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алынды. М.Шахановтың жинақтарымен қатар М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиевтердің өлеңдер жинағы да дерек көздері ретінде қарастырылды. Жалпы қазіргі күнгі әдебиеттану ғылымынң кейбір жетістіктеріне сүйендік.

Жұмыстың кәдеге жарай мүмкіндігі.

Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен  лекция оқығанда толық пайдалануға болады.  Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық.

Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау (ішкі екі бөлемдерден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

І тарау. Ұлттық рухтың жаңа биігі.

 

  • М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын

 

         Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: «Поэзия – рух пен сұлулық перзенті» — дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік.

         Өзгесін айтпағанда «Тарлан» сыйлығынан тартып, «Нобель» атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын  сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз.

         Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.

         Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың «Ақын болу-өз еркің, азамат болу –міндетің»  деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес,  бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.

         Халқымыздың «Ел басына күн туса, етікпенен су кешер, тұлпар басына күн туса, ауыздықпен су ішер», — демекші жастарымыз мұз жастанған Желтоқсан  ақиқатын айтар дуалы ауыз табылмай қиналғанда, басын бәйгеге тігіп, қызыл империяның отаны Мәскеуде өткен съезд мінберінен ақиқатты айтып сөйлеген М.Шахановқа таң қалмасқа болмайды. Бұл Мұхтар Шахановтың ақындық пен азаматтықты бір кеудеге біріктіріп, жасаған аса ірі ерлігі. Ол сөз жоқ дауылпаз ақын.

         ХХ ғасырдың соңының өзі сан алуан оқиғаларға толы, Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зарлаптарының алабұртуы халық жанына оңай тиген жоқ. Мұның бәрінде де халқының жанашыр азаматтары күрестен тайынбады. Халыққа экологиялық зардап шектіріп отырған Арал суының тайыздануы оны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық мемлекеттік бірлестіктердің жоспарлы бағыттарына талайлар атсалысты. Тарих еншісіне кеткен жырдың соңғы шеніндегі Желтоқсан оқиғасы ұлттың бой көтеру мен күрестің тәуелсіздік табалдырығындағы өршіген жалыны болды.  Айтып келе жатқан «тар жол, тайғақ кешулердің» лепті толқыны халқымыздың аңсары болған тәуелсіздікке жетіп егемендік алдық.

         Ақын және азамат болып танылып келе жатқан М.Шаханов өзі көріп куәсі болған жәйттердің бәрінің қасында, басында болғысы келді. Оның жаратылыс болмысы да осыған лайық. Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын депутат ретінде Кремль сарайының мінберінен айқара ашты.

         Құрбан болғандардың мұңын жоқтап, құнын даулап дабыл қақты. Ұлы рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ақын өзінің «Рух мектебіндегі мұң» өлеңінде:

         Кейде албырт Батырлық та Тасырлықтан кетпекке

         Оймен, мұңмен көз тастайды  Рух атты мектепке.

         Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,

         Ішіне даңқ сыйғанымен, даңқы байлық жимаған.

         Содан оған жұрттың көбі құлықты емес баруға,

         Шу менен Бу дес бермейді мектеп парқын тануға

         Сол мектептің ұстазы едік, нәпіге бас имеген,

         Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.

         Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,

         Біз шыққан тау – Шындық тауы, барлықтан таудан биік тау!. [16,44]

 

         Ақын  осы өлеңді Төлен Әбдікке арнағанадығы ақиқат. Онымен бірге  өздерінің алпыс тау асып алдарында қанша тау қалғандығын толғанып ойға шомады. Дегенмен қанша тау әлі де болса оларды да алды күрес, арты дау деп есептейді ақын. Оның меңзеп отырғаны халқының тағдыры, азаматтарының өмірі. Ақын ойынша, өмір бұралаңсыз болмайды деген ой түйінін әр мезгіл еске салып отыру.

         Асатын таулардан шалдықпай өту үшін қайраттылық, алғырлық, төзімділік шыңға жету үшін беріктік керек деп біледі. Өздерін рух  мектебінің ұстазы санайды. Адамилық сенгіштің қайсарлық  сүйрейтіндігіне көз тіктіреді. Шындықты шырғалаңға түсірмей биік тау етіп ұстануды айқындықпен жеткізеді.

         Осы өлеңмен үндес келетін ақынның тағы бір шығармасы «Айбергенов шыңы». Ақын ұлттық рухты жоғары көтеруге лайық даналарды  тамсана жырлайды. Солардың арасынан отыз-ақ жыл өмір сүрген шындыққа, әділдікке тік көзбен қараған Төлегенді, ақын Төлегенді асқақтата биіктетеді.

         Ол:

Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,

Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,

Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.

Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,

Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.

 

Пайымдаймын , мойындаймын, сен данасың, мен- бала,

Ұлтына кім жақын, алыс,  айқындайтын ел ғана.

 Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана….

 

Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің,

Сондықтан да сенің даңқың, сенің салтың көгерсін.

Сайын далаң жырыңды еске ап күлкісін сәл шегерсін

Әр жүректе бұлтқа оранған  қасиетті бір шың бар,

Ол –ақындық, мәрттік шыңы, Айбергенов деген шың…

Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана,

Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала! [16,40]

         Жоғарыда  өлеңмен сарындас келетін «Айбергенов шыңы» да өз ұлтына кімнің жанасып жақын болып жүргендігін, тіршілік күйбеңіне түсіп өзін ғана ойлап ел мүддесінен ұзақта тұратындарды бағалайтын ел екендігін оқушы есіне салады. Айбергеновтың өмір  өткелдері мен өлеңдеріне бас иген ақын оның халықты толғандырар кең тынысты өлеңдерін жоғары бағалайды.

         Төлегенді Махамбетпен қатар қояды. Төлегенді заманының ырқына жүрмей кеткен іңкәр  даусын сағынышпен тілге алады. Тіршіліктің өксігіне өмірі тола келсе де, Айбергеновтің ұлт рухы алдында ары мен жаны таза өткендігін пафоспен жырлайды. Ұлт рухы әрқашан биік тұратындығын айта келіп халқы үшін туған ер азаматқа толмастай қанат қақтырып қондыратын да сол дейді. Бұл арада ақынның ұлтжандылығы өз елінің айбынды күрескерлерін өмірде халық мұраты жолында қайсарлықпен қайтпастай күресе алатын ерлерін, ақын және адамдарына сый-құрмет көрсетуінде.

         «Қалдаяқов өзені» өлеңін оқып отырғанымызда да ақынның өз елінің асыл тұлпарларын ардақтап, олардың өмірі мен өнеріне сүйсінгендігін танимыз. Халық арасынан шығып, оза шауып өнерде бәйге алған Шәмші Қалдаяқовтың ән  жүйрігі екендігін Мұхтар ерте таныған. Ақын сөзімен айтқанда, асатын тау белестерінде мұқалған сәттері бөгет – тосқыннан қиналғандықтан қайратын қажытқан тіршілік сыбағасына сынбаған дарынның тұлғасын жарқырата суреттейді.

         Бар қазақты тамсандырған,

         Таңнан-таңға ән салдырған,

         Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің, —

дей келіп сазгердің талантын өз ұлтының рухына арнағандығын

         Дарын едің алдыңа жан салмаған,

         Ұлт сезімін арқалаудан талмаған

         Отырардың еңкеймеген рухын

         Әр қазаққа әр арқылы жалғаған, —

деп халқына өнерін тауыса арнаған әр тарланын паш етеді.

         Енді саған өшпес, өлмес атақ даңқтың кезегі

Келгендігін досың түгіл қастарың да сезеді.

Кеш болса да жадырап ақ, ерелеп  ақ еліне

Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.      [16,38-39].

 

         Көріп отырғанымыздай ұлт рухын биікке көтергендердің есімі де, еңбегі де уақыт өткен сайын жарқырай түсіп мәңгілікке айналатындығын өз кезінде ақын айтса, өмір оны дәлелдеп отыр. Кезінде жеті жасар баладан жетпіс жасар шалға дейін өз өнерінің құдіретімен әуелетіп ән салдырған Шәмші Қалдаяқовтың есімі өз халқымен бірге өмір сүре береді.  60-шы жылдардың ішінде ән қойнауына алтын діңгек болып енген «Менің Қазақстаным» бұл күнде ресми түрде Қазақстан Респуликасының Әнұраны болып отыр.  Бұл халық рухының аласармайтын табиғаты Ш.Қалдаяқов әнінің халық жүрегіне тапқан жолының жарқылы.

         Туа бітті жүрегі, сезімі нәзік болған халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеу әр заманның, әр ұрпақтың міндеті емес пе? Сондықтан халқымыздың даласы, данасы бар екендігін әсіресе көзімізбен көріп жүрген кезімізде айнала төңірек мойындап отырғаны ақиқат.

         Ел іші кеніші демекші, халқымыздың данасы да, дарасы да бар дедік. Қазақ халқы көбіне ұлдарының атын Мұхтар қойып жатады. Сол Мұхтарлардың да дарасы және данасы бар. Олардың біз ХХ ғасырдың заңғар жазушысы М.Әуезовтің ұлылығын мақтанышпен айта келіп, бойындағы талантын от жалындай танытып үшмыңжылдықтың табалдырығына бүкіл әлем таныған Мұхтар Шахановтың келуі тек қана әдебиетіміздің емес тарихи ғұмырнамамыздың да биікке көтерілгендігін байқатады.

         М.Шаханов қай тақырыпты жырласа да, оны сонау ғасырлар қойнауындағы ата-бабалар рухымен сабақтастыра тізбектейді. Ақын өз тұсымен шектеліп қалмай, халықтың, елдің, ұрпақтың болашағына көз тігеді. Мұхтар шығармашылығынан бұған жауап берер дәйекті дәлелдерді көптеп келтіруге болады. Солардың бірі «Өркениеттің адасуы» атты романындағы рухсыз күш формуласы деп атап, «Компьютербасты жартылар»  концепциясы осыған жауап береді. Аталмыш шығармада көтерілген қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың құлдилауына әрі осыған байланысты білім ағарту саласындағы өзекті мәселелерге баса назар аударуы әлемдік-азаматтық үн деуге болады. Ақын өмірдің, ғылымның дамуын жоққа шығармайды. Әсіресе, ғылыми дамуындағы сыңаржақтылыққа толғанады. Әлемнің ақпарат тасқындарының, техникалық жедел дамудың, кәсіптік мамандықтың тар шеңберде біржақты даярлануы себебінен әсіресе адами құндылықтардың ескерілмеуін қоғамда компьютербасты жартылардың күрт өсіп кетуі ғасырымыздағы кезек күттірмейтін үлкен проблемаға айналды. Рухсыз білімнің зиянын Мұхтар Шаханов атап айтты.

         Соңғы кездегі әлемдік деңгейде белең алған ар-намыс, ұят, әделіттілік, қайырымдылық , инабаттылық үлгідегі қасиеттерді ескермеу, арнайы көңіл бөлмеу адамзатты тұңғиыққа тіреуден басқа нәрсе емес. Кейбір өркениетті елдерде, дамып келе жатқан жоғарғы техникалық білім беру жүйелерінде рухсыздардың кең өріс алуына тосқын бола алатын гуманитарлық пәндерді оқытудан іргесін аулақ салу нышандарына ақын немқұрайды қарай алмайды.

         Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе. Ал өзімізге келетін болсақ, қазіргі өмірдің даму қарқынына жанасу әрине әрқайсымыздың мақсатымыз. Оның үстіне біздің мамандығымыз гуманитарлық пәндер болғандықтан оны терең меңгеруімен қатар болашақта қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелеріне ғылыми тәжірибелік тұрғыдан сүбелі үлес қосу басты мақсатымыз.

         Демек, біз болашақ үшін тыным таппай ойланумен, толғанумен келе жатқан Мұхтар Шахановтың жан айқайына дайын болу әзірлігін бастаған сияқтымыз. Сонымен бірге ақынның рухсыз білімнің біржақты болатындығын ескерткеніне үн қоса отырып, жас ұрпақты компьютербасты жартылар болып қалудан аман сақтауға уақыт өткізбей кіреріміз анық. Ақын шығармасынан үзінді алар болсақ,

                   Иә, бізді қайда апармақ мына заман ықпалы?

                   Ұлан-байтақ  жерімізде жарты адамдар қаптады.

Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар 

Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар,

деп келеді де, адам бойына нұр құярлық, жоғарыда аталған керенаулықтан сақтайтын әдебиет әлемін, сөз құдіретін адам жанына сан алуан асыл-қасиеттерді енгізетін өнерді дәріптейді де:

         Ұлы Ғабит Мүсірепов – қара сөздердің кемелі,

         Бүткіл қазақ рухының айдары мен беделі, —

дейді . Одан әрі қарай:

         Оян, Данте, Фирдаусидің және Абайдың айбыны!

         Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.

         Үнсіз жата береміз бе, қол қусырып көнеміз бе?

 

         Робат – түйсік арқалаған,

         Мейірімі тұл жарты адамдар

         Жердің бетін түгел жаулап жеңгенінше

         Дөңбекшиді көңіл ғалам,

         Бүгін өлу жеңіл маған,

         Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне  сенгенше.  [18,24].

 

Осы келелі кең мәселе туралы ойымызды әлемнің белгілі қоғам қайраткерлері, көрнекті ақын-жазушыларымыздың ойларымен түйіндейтін болсақ, жапондық Дайсаку Икэда былай дейді: М. Шаханов өзіне тән көрегендіктен, гуманистік ар-намыстың сезім алғырлығымен бүгінгі жаппай еркіндікке елтіген рухани құлдырау түйісінен, ғаламат ақындық  сөз қуаты арқылы әлемдік үлкен қауіп алдында тұрғанымызды ескертеді.

         Рухани байлықты мойындамай, тек қана жалаң білімге ден қойған қазіргі «компьютербасты» жарты адамдардың пайда болуы жайлы Шаханов концепциясы бізді, жапондықтарды қайран қалдырды. Мен оның халқын осындай тегеурінді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келіп: [18,26].

         Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов: «Қалай десеңдер, олай деңдер, М.Шаханов-ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегі Желтоқсан көтерілісі кезеңінде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегі қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің алпауыттарына басын бәйгеге тіге отырып қарсы шыққан, сөйтіп ұлтымызды үлкен әділетсіздіктен қорғап қалған осы жігіт еді ғой.

         Арал қасіретін күллі әлемнің назарын бұрған да –Шаханов.

         Ұлтымыздың ірілі, ұсақты проблемаларының маңында ылғи да осы ақын келе жатқан жоқ па? – деп ақыл иесі ретінде алғыс айтып, ағынан жарылған ақсақал жазушының сөзіне толық қосылып оны қуаттаймыз.

         М.Шаханов не жазса да шындықты ойып жазады. Батыл сын айтып, олқылықтың орнын толтырудың жолын іздейді. Көпшілік атаулының болашақ ұрпаққа індет болмауын ойлаған ақын әрқашан кесір атаулыдан ұрпағын сақтандырмақ болып жақсылықтың оты маздап тұрса да оны алаулатпақ болады. Өр даусын жалқына ұрандай жеткізеді.

         «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» өлеңінде:

                  Ертелі- кеш ұлылыққа ауған аңсары,

                  Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады.

                  Ергежейлі бөдене таланттар, жоқ сендерде болашақ таңы,

                  Қайдасың Қажымұқан шаруашылықтағы ғылым мен саясаттағы?

                  Тұлпар туған биені біздің ұлтымыз ешқашан соймаған,

                  Осы  дара дәстүрде мазмұн бар тереңге басқаша бойлаған.

                  Қажымұқанда жоқ қарадан ақ бөлініп сараланбайынша

                  Қоғамда тұлпар ой туғызар еркектер бағаланбайынша.

         Ақын мұнда ірі өмірлік те, философиялық та толғаныс жасаған. Бойына күш дарытқан халқымыздың мақтанышына айналған Қажымұқанның дүниеге келуі үлкен құбылыс екендігін дәл тауып айтумен бірге ерекше оны сипаттайды. Шынында да өлеңнен «Алып анадан туады» дегендей Қажымұқанның қазір дүниеге келмей қалғандығын аналарға өкпе-наз ретінде нәзіктікпен жеткізеді. Солай болса да, ақын мұнан да тереңірекке барған сияқты. Өйткені бұлай болмаса ақын:

         Қажымұқан рухын иеленген далаға етуде бүгін иелік.

         Қанша мың бөдене бастықтар бөдене ойларға сүйеніп, демеген болар еді. Барлап қарайтын болсақ, ақын шынында өмірдің әр тұсына көз жіберіп тұр. Ондағысы ақынның өзі атағандай, ергежейлі дарындардың, бөдене бастықтардың ел қамын емес, өз қамын ойлап бөдене ойларға шырмалып ақ пен қараны ажыратуға дәрменсіздік жасайтындығы жан күйзелтетіні белгілі. Ақын бойында ықпал әсері мол. Қанша дегенмен өмір өзінің ұшан теңіз сырымен де, қырымен де ғажайып құбылыстардан тұратындығы сөзсіз.

         Олай дейтініміз «Күріш күрмексіз болмайды» дегені сияқты ақын армандаған ұлылық оңай келмейді. Өйткені ақын халық рухын көтеріп алып күш иелерін, ақыл-ой парасатпен суарылған әділ билікті айтады. Томаға тірелген ой әпербақандық, өзімшілдік, әділетсіздік жақсылық атаулыдан қашық жамандықтың керенаулығын ноқталап алғандарға жаны қас.

         Ақынның ойынша, әрбір ортада ондайлар болмаса деп өзі де  ұғынып, өзгелерді де ұғындыруға талпынады. Ақынның даналық ойын әрбір азамат, әрбір қазақ ұғынса бүкіл халқымыздың көсегесі көгерер деп білеміз.

         М.Шаханов ой салып ортаға тастап отырған ой-пікірі ақыл есі кірген баланың билік лауазым иелеріне дейін ашық та анық. Осы бір өмірге жан-жақты қарап ой-толғанысынан туған пікірлердің куәсі әркім де  бола алады. Сондағы айтарымыз жазықсыз жапа шексең жүрегің сыздайды. Сол жапаны ауызбен айтып, қолмен жасаған мәз-мейрам да шығар. Оның құлағы соны қалап тұрса, олай болмай  не болар. Бірақ, оның сұрауы да бар екендігін еске салған ақын «Қоянның көжегі ұқсас ергежейлі қалыптан бөлек, қоғамға бүгін Қажымұқан, қуатты дарындар, алыптар керек» деп ойын қорытады.

         Әрине, мұндай ойды, өмірдің осындай қырын тек Мұхтар ғана айтты демейміз. Дәуіріміздің белгілі ақыны Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Қадір Мырзалиев өмір туралы ой-өрімдерін жырына төмендегіше арқау етеді:

                   Адам күліп тумайды, тауа сала күлмейді,

                   Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып

                   Адам жылап өледі, өзгелерді жылатып

                   Туғанда оның жылайтыны, адамдар бар қинайтын.

                   Өлгенде оның жылайтыны, адамдар бар қимайтын  [9,12].

 

         Көрнекті ақынымыз Қ.Мырзалиевтің жоғарыдағы ойлары М.Шахановтың біз сөз еткен ой-иірімдері үндеседі және үйлеседі. Бұл табиғи да. Қос ақынның өмір өткелдеріне айрықша мән беріп, оның қалтарысын да құр жібермей, дөп басып айтуларында. Екі ақын бұл мәселеге бір көзқараста болса да, олардың өзіндік өрнектері, сөз саптаулары, көркемдік бейнелілігі ұқсамайтындығы тағы бар.

         М.Шахановтың рухани байлық туралы өлеңдерін сөз етер болсақ, тек  қана ақынның «Ғасырлар бедері», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтарының өзінен  түйдек-түйдек етіп алуымызға болады. Бұлай дейтініміз ақын халықтың бүгіні мен ертеңгісін  ойлаудан бір тынбайды.

         Соның үшін ел пайдасы шешілетін мәселелерге баса назар аударады. Осы даңғыл жолдың нұрлы болуын, жарық болуын аңсаған ақын қарапайым қатардағы адамнан бастап ел билігінің тізгінін ұстағандар арасындағы барлық азаматтарға көңіл аударады. Бәрінде де рухани байлықсыз мемлекет құруға да, алға дамуға да, өркениетке жетуге де мүмкін еместігін еске салады.

         Ақын әдетінше жайма шуақ ой айтып қоюдан аулақ. Ой ұшқынын шашыратып өткір тілділігін жұмсайды:

         Жаңа қазақ, шала қазақ, жас інім,

         Аршысынан тұрды бүгін асығың

         Саған қарап ойландым да, жасыдым.

         Айырмаған азғыны мен асылын

         Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың, —

дей келіп оқушысына Желтоқсан оқиғасын елесін ескертіп ел басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жақсылығын жүрек әмірімен толғанады. Өлеңнің соңында:

         Жинасаң да әлемнің бар алтынын,

         Адамдығың көрсетпесе жарқылын,

Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.

Ешкім рух байлығынан бөлініп,

Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным! –

дейді. Ақын толғанысы ел өмірімен өзектес. Халқы үшін шырылдап отқа түсу ақының азаматтық биік мұраты. Бұл жолдан М.Шаханов танбай келеді. Біз сөз етіп отырған мәселе ақын поэзиясындағы азаматтық үннің бір қыры ғана. Ол өмірде де, депутаттың мінберінде де, қалың оқырманымен кездесулерде де кең тынысты алуан тақырыпты ой қозғап халқының биік тұлғалы азаматы да, көп жұмыс тындырар ардақты ақыны да болып келеді.

 

1.2.  М.Шаханов –ана тілінің айбары.

 

Евгений  Евтушенко: «М.Шаханов ұлттық шеутеулігіне бағынбайтын нағыз қазақ ақыны. Оны үлкен болашақ  күтіп тұрғанына сенемін. Өйткені  фольклор әуендерінен бас алған ақын М.Шаханов өз халқының тарихи және қазіргі заманға даналығын шебер ұштастыра отырып, әлемдік рух биігінде  самғауда деп қазақ ақынын  әлемдік әдеби орны бар ақын ретінде танып, оған зор құрмет көрсетеді»  [8,26].

М.Шаханов тек өлеңмен әуес болып айналшықтап, әдеби ортада қалып қоймаған. Оның өзі де ойы әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып  ой түйген, содан кейін, адамзат туралы толғанысқа  түскен, әлемге жауар бұлттай  түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік өзі айтқандай санаулылардың қолынан келетін іс, М.Шахановта осындай санаулылардың бірі.

Ақынның табиғаты өмірдегі шындықтың көрінісі. Ақын бәрін білгісі келеді, ол айтпаған  сөз, ол мәселе етпеген құбылыс жоқ. Қысқа қайырсақ, ақын сезімге емес, санаға емес, адам рухына қатысты сөз айтушы жан. Осындай сөзді М.Шахановтың барлық шығармаларында тамырдай қуат алған өзекті етіп отырады.

Ақын бүгінгі заман тынысының қандай болмасын бір сәтін өлеңге айналдыра бастап, оны сонау атам замандағы ой-санаға теңестіріп екеуінің туыстығын тауып, кешегіні бүгінгі етіп, бүгіннің болуы кешегіге байланысты екендігін көркемдік тәсілдермен тамаша бейнелей білетін сезімтал суреткер әдетте, ғалымдардың том-том етіп кітаптар жазып, соны түсіндіре алмаған мәселелерге М.Шаханов тұп-тура келіп, бірнеше  шумақта ой-легін төгіп-төгіп тастайды. Айтылған ойдың дұрыс немесе бұрыс екендігін М.Шаханов тексеріп жатпайды. Мәселе онда емес, әңгіме ой білдіруде, адамдарды ойға тартуда. Сондай жағдайда тіптен түсінікті, қарапайым деп жүрген мәселелер күрделеніп аса қиын, ұғынуға болмас деген жүрек шайлықтырар проблеманы жеп-жеңіл шеше салады. Ол М.Шаханов ойлау ерекшелігінің күтілмеген ғажайыптары, терең ойдың иесі екендігін білдіреді.

М.Шаханов лексиконында дәстүрлі қазақ тілінің орамдарында орнықпаған тың тіркестер, жаңа түсініктер молырақ толығады. Әсіресе, жаңа Шаханов  шығармаларында жиі кездесетін мұндай тосын ұғымдар бір қарағанда ақынның сөздер қорына күмәнмен қарауғада себеп болатындығы.  Байыбына барсаңыз уақыт көшінен кенжелеп қалмауға ділгер болып отырған қазақ тілін байыта түсуде осындай тәжірибесіне де жатырқамай қарау қажеттігін сезінеміз. Өткен ғасырдың басында жаңа тұрпатты жазба тілімізді орнықтыруға күш салған алаш ардагерлеріміздің сөз қолданысында дәл осылай оғаш-қиғаш көрінген болар. Қазақ  тілі төрт тұяғын топыраққа тигізбей тайпалта жорғалаған шешендер ғажайып көркем тілі екендігі қандай рас болса, бүгінгі өмір қиындығының иірім,  қайырымдарына икемделіп бейімделу арқылы мүлдем сондай мүмкіндіктерінің де  мол екендігін дәлелдей алатын өміршең тірлік.          Осы тұрғыда М.Шаханов шығармасына жүргізген кейбір талдауымыздың бағытын ақынның қазақ тілі – ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде от алып тіл мәртебесін көтеру жөніндегі азаматтық та, ақындық та  үнінің тым биік екендігінің куәсі болып жүрміз. Ақын өзінің «Мемлекеттік тіл – мерейім» -деген өлеңінде терең толғанысты ойын және  кесімін қысқаша былай жеткізеді:

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүймей тұрып, сүймек емес ғаламды

Өзге ананың мазмұнына мерейіне тор құрар,

Алдыменен өз анасын  сүйе алмаған сорлылар

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында,

Ана тілін сыйламаған, сыйламайды халқын да! [12,3]

М.Шахановтың өмірдегі, әдеттегі тұлғасы оның халқына адал қызмет етіп келе жатуында, әлемді Арал апатынан сақтандыру жолындағы еңбегі, Желтоқсан оқиғасының арашасы болуы, әсіресе ұлттық қауіпсіздіктің көсегесі көгеріп, оның бүкіл қазақ қолданатын тіл болуын жақтап  жан айқайын білдіруі – отансүйгіштік Ақынның осындай еңбегін шетелдің қоғам қайраткері, ақын – жазушылары жоғары бағаланғанда, қазақтың айтулы ақындары да  өз Мұхтарын бауырына басты. Қазіргі әдеби тіліміздің тұмаға атанған майдайалды ақынымыз Тұманбай Молдағалиев былай дейді:

Талайын  жырға көз ең, нұрға без ең,

Төгіп тұр шапағатын ұлға кезең.

Телемген екі ананы асыл перзент,

Кемеңгер аса жаздап тұрған өзен.

Кемелді мынау шағың келісті шақ.

Жапон да жақсы көріп төрін берді,

Сырасын ішкізеді неміс қыштап

Бәрі де өзің туған аяулы елдей

Қырғыз да қымызына тойғызады,

Өзбектер жібермейді палау бермесе, — [11,27]

деп Қазақстанның халық жазушысы, әрі ақынымыз Мұхтардың  кемел шағын, кенелген шағын қуанышпен сипаттап, бұның да зор ақындық шабыт халқының асыл ұлы болып әлем алдында әдеби тілімізді де, өзін де таныта беруіне тілектестік білдіреді.

         Тіл төңірегіндегі мәселені тек қана ұлттық емес, азаматтық басқышқа көтеріп жүрген ақындар саны мол- ақ. Соның арасында өз халқының данышпан ұлы қазақ әдеби тіліміздің досы  авар жазушысы Расул Ғамзатов туралы тілі туралы жүрегіндегі сөзді  2- тармақ өлеңге сыйғыза алған.

         Егер тілім жойылатын болса ертең,

         Онда құдай мені бүгін алмай ма?

-деп тіліміздің жойылуы мағынасыз, мәңгүрттік өмір деп санайды ақын.

         М.Шахановтың шығармалар жинағына енген өлеңдерінде, газет-журнал беттерінде жарияланған, оқырмандар тіл жанашырлары алдындағы оқыған өлеңдерінде де ұлт тілі қазақ тілін қастерлейді. Өз ұлтының мемлекеттік мәртебе мінберінен орын ала алмай келе жатқандығына қиналыс білдіреді. Ақынның өзге өлеңдері сияқты, бұл тақырыптағы шығармалары да от жалынға бөленумен бірге  пафосқа толы. Оның әрбір өлеңі тың ой, терең мағынаға құрылған. Өлең өрнектері де бір-бірінен ерекшеленіп, дараланып тұрады. Сондағы Мұхтардың тіл туралы толғаныстары ұлт тілін өлеңге қосу емес, халқының бүгініне ғана қарап қалмай, оның болашағына көз тігуінен жарқырап көрінетін сөз маржандарын да, ой маржандарын да кездестіреміз.Ойын топтап жалын шарпыған өлеңін оқығанда оның поэзиясына табынбайтын жан да қалмайтын сияқты. Өйткені, М.Шаханов үшін тіл тағдыры, ел тағдыры біртұтас.

         Жоғарыда айтқанымыздай ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастайтындығы айқын танылған. Тіл туралы пікірін ғана емес, ой тұжырымдарын, философиялық толғауларын кібіртіктетпей қайта терең мазмұнмен айқын дәлелдерге құрады. Осы пікірімізді дәлелдеу үшін «Баба тіл төңірегіндегі машақаттар» өлең-эссесін қарастырайық. Бұл өлеңнің бойынан нақты деректер, кейіпкерлер, тіл арнасының құбылуы сияқты мәселелер сөз болған. Ақын бір кездегі адамзатта  он, он бес мың тіл болғандығын айта келіп, бұл күнге сол тіліміздердің күлі ғана жетіп келген деп өкініш білдіреді. Әртүрлі қақтығыс, соқтығыстар арқылы адам баласына жасалатын зерттеулер нәтижесінде тілін жойып, ұлтсыздыққа соқтыратын, күйрететін жәйттарға ақын азамат ретінде қынжылыс білідіреді.Қазір жер бетінде екі жарым мың ғана тілдің қалуы заманның, адамның теперішіне байланысты. Ол тілдердің қайсысына табыт жасалып жатыр деп оқырманын ойға қалдырады. Егер тіл зұлматына қарсы тосқын қойылмаса, жер бетінде 400-500 тіл қалмақ деп төніп келе жатқан қауіпті ашып тастайды. Бұл әрбір басқан қамсыз қадамымыздың сыны болады деп көрсетеді. Ақын өзінің ана тілінің өміршеңдігіне сеніммен қарайды.

         Ана тілім – баба тілі, қасиетім, қанатым,

         Ғұмыр бойы бас иетін ар-ожданым санатым,

         Мың азаптан, мың тозақтан еңсе бүкпей өтіп ең

Мұң дөңбекшіп өзегіңде,

Жаһандану кезеңінде,

Рухсыздар шыққан шақта белсенді боп шетінен,

Жойылуға жол алдың ба ұлы жердің бетінен.

Мына мүмкін халің бүгін ұлт намысын қорлаған,

Тіпті Кольбин кезінде де тілден жеру болмаған [18,15].

 

Өзі көріп жүрген елдердегі келеңсіздіктерге бейжай қарамайды. Қырғыздардың депутаттарының істеп жүрген өрескелдіктеріне налиды. Табиғатынан ана тілі ақыл ойдың жемісі екендігін таныта отырып, одан айрылу Расул сөзін қайталауға аз-ақ қалмай ма? деп сақтандырады.

Осы өлеңнің жалғасы ретінде келетін «Голощекин және қазақ әліпбиі» деп аталған  2 –ші  бөлімінде қазақ әліпбиінің кеңес дәуіріндегі құбылу сәттеріне тоқталады. Тарихтан білетініміздей, 1929 жылы араб жазуының латын әліпбиіне, 1940 жылы тағы да құбыла түсіп, кириллицаға өтуі ол ұлтымызды рухсыздандырудан басқа нәрсе емес. Себебі, ауыстырылған әріптер ұлтымыздың рухани мәдениетін түгелдей тамырсыздандырады. Ал қазіргі кездегі жалпы түркі халықтарының латын әліпбиіне өту саясатына ақын қолдау сыңайын танытады. Ал әліпбидегі өзгерту жұмысында тіліміздің дені де, діні де мықты болу жағын қарастырып отыру негізгі нысан деп санайды. Ақын сөздері өткір тілді жалпақтау, мүләйімсу дегенді білмейді.

Қатты айтса да,  батыра айтса да оның ойлағаны өз халқы, өз ұлты. Оның болашағы бар ма, жоқ па деп алаңдатып, ұлт болып қаламыз ба, қалмаймыз ба дей отырып тілге өте жауапкершілікпен қарауды ұғындырады.

Ақынның өткір ойы тіл тағдырын ел тағдырымен, ұлт тағдырымен тұтас қарастыруда өз өлеңін мінбер етіп пайдаланады. Егемендік алып, Тәуелсіздікке қол жетіп, қойнымыз қуанышқа толғанда оның баянды болуының бір тетігі тіл құдіретінде жатқандығын, қателеспесек, М.Шахановтан басқа ешкім айта алған жоқ. Егемендіктің желісі әдеби – тіліміз, мәдениетіміз, экономикамыз тағы басқа салаларда да оның тең дәрежеде дамуы аса қажет. Осы орайда ұлт рухы болып табылатын ана тілінің Голщекин заманы өтіп, қазіргі күнде алаңдатын жәйтқа тап болған кезең әрине сын кезең. Дәуірімізді ешбір өткен  уақыттармен салыстыруға келмейді. Халқымыздың ой — санасы дамып отырған дәуірде сол саналылықтың салмақты үлесін тіл тағдырына да бөлуді қазіргі кезең сұранып тұр. Ұлттық рухымыздың биіктеуі, ана тіліндегі бала бақшалардың көбеюімен қазақ мектептерінің санымен мен сапасының артуына да байланысты. Барлық құндылықтарымызды өз ұлтымыздың ерекшеліктеріне сай қадірлеу ол да ана тілі тұғырының берік болуын керек етеді. Ақын өлеңдерінің идеясы осы сияқты мәселелерінің түпкілікті шешімін табу үшін тіл қоғамының қозғалысын ұйымдастырды. Оның арнайы газетін шығарып отыр. Басты мақсат тіл құдіретін арттырып, оны рухани байлығымыздың өсу, өркендеу кепіліне айналдыру болып отыр.

Егер біз ХІХ ғасырдағы Махамбетті от ауызды, орақ тілді, поэзиясы от жалын шашқан ақын деп танысақ, Махамбеттің «Қара қазақ сары бала қамы үшін» жаумен егескен күресі бейбіт өміріміздегі тіл бұзатындар — өз ана тілін жетік меңгермей, өзге тілді болып жүргендерге ақын тіл сойылын сілтейді. Оның өлеңдерінің аттарының өзі «Космополит қазақтар», «Мәңгүрттендіру марселезасы» деп аталуы да  жоғарыда келтіргеніміздей, лексиконында да, ойының да тың екендігін тағы да бір деректей түседі. Яки Мұхтардың «Тәуелсіздіктің екі түрі немесе рух пен қарын егемендігі» деп аталуы да алдыңғы ойымызбен сабақтасып тұр. Тіл бұзушыларды космополиттер деп оның жалпы қоғамымыз дамуына нұқсан келтірерлік зардаптары қаншама деп қиналыс табады.  Қазіргі күнде тоталитарлық тізімнен аулақ болсақ та, өз ана тілімізде толық сөйлеп, тілімізді берік қорғауға бірікпей жүргенімізге ақын тағы да ашынады. Оның себебі, санамыз сандалып, күшіміз бірікпей, әлсіздік танытатын тұстарымыздың көрініп жатқандығын нұсқайды.

Ақын  «Космополит қазақтар» деген өлеңінде  «Тоталитардық жүйеде жүргенде тосылудамыз?» деп жерімізді жат қолдан қорғап, мерт болғандарды қадірлеудің дәстүрлі жорық жолы байқалмайтынына күдіктене қарайды.

Ата-бабалар рухын басынудамыз деп  мұндай көлеңкелі тұстарды өрнекті сөздермен айшықтайды. Рух мүддесінің тоқырап, тоқтап шыншылды даттап, ұрыны мақтап қарын мүддесі үшін ғана күнелтіп, соны ойлап, қоғамның науқасын қоғамнан жасырып отырған космополиттерге қатты реніш те, күйініш те білдіреді. Космо рухсыз дей отырып, ол рухсыздықтың ылаңына орыс, украин әдебиеті қаламгерлерінің өнегелі жолын үлгі етеді. Тарихта аты қалып өз ана тілінде шығармалар дүниесіне өлшеусіз үлес қосқандығын тағы да бір рет ақын айқындай түседі. Міне, әдеттегі бұл сүрлеудің жалпы қоғам дамуында  пәрменді өрістеуін насихаттап қана қоймай, көптеген қоғамдық іс-шаралар атқарып жүрген ақынның тіл жанашырлығы, ұлт жанашырлығына саиитын шығармашылық жұмысының соңғы, атап айтатын болсақ, он жыл ішіндегі аршынды ақындық арыны мен адымы саналады. Ал соңғы аталған өлеңінде материалдық байлық үшін алқыныс  ол ұлт мүддесімен қабысатын жарқын іс бола алмайды деп көрсетеді ақын. М.Шахановқа тән ерекшеліктің бірі әрбір өлеңінде өмірдің өзегін суреттей келіп, ондағы даму заңдылықтары жөнінде ұшқыр ой таныта алған ақын негізгі айтайын деген ойын суреттеуге ой түйіндерін тоғыта өз атымен атау басым. Бұл дегенім жәйбарақаттылыққа көнбістік жоқ.

Мәселен ақын:

Ана тілсіз егемендік – жарты демеу, жарты ырыс,

Ол алқыныс – ұлтсыздыққа басталған талпыныс, —

деген ой тұжырымдары анық, айқын болумен бірге барды бар өз қалыбында сипаттау басым. Одан ақын сескенбейді де, бұлтармайды да. Өлеңдегі осы ойды әрі қарай ширата түскен ақын қарын егемендігіне егер тілің сөнсе, түрің де, қарның да қалады. Бірақ ерте ме кеш пе сені баба ғасырдың сапалы ызасы  ұрады деп, оны шошындырады. Осы өлеңдегі ой желісі тілдің қасиетті екендігін ту етіп көтерген ақын рух егемендігі белге тағар қасиетті белестерге теңейді. Оны саналы азамат өз кезінде тақырыбы абзал екендігі айтпай –ақ түсінікті деген ұғымда. Ал жазатайым ол белдік кеш тағылса тілдің сөнгенінен, рухтың өшкендігін не деп сұрақ қояды да оған ақын өз оқушысымен бірге ақылдаса отырып жауап іздейді. Сондағы жауабы өкінішпен соңғы ойлашы дей отырып, тәуедсіздігің кімге қажет деп өз ойына қорытынды жасайды.

         М.Шахановтың шығармаларындағы ұлт тағдыры мен тіл тағдыры қамшының өріміндей егіз болып келеді. Бабалар рухына сыйынған ақын  Әл-Фарабидің 72-тіл білгендігін мақтанышпен айтады. Өз ана тілін дана тілім деп қастерлеген ақын өз жерінде осы тілінің өзі шетінеген күн кешіп отырғандығын өлеңнің күй пернесіндей әуелетеді. Қазіргі  күнде туған тілдің қамын ойлап, оның болашағын бүкіл халық қазынасы болып табылатын ұлттық болмысымыздың өз дәрежесіне көтеретіндер қоғамда басшылар арасында табыла бермейтіндігіне ақын жүрегі жылап тұрған болады. Іс жүзінде мемлекеттік тілді толық қолдану тұтастай бүкіл қоғамның міндеті.

 

 

 

ІІ. ТАРАУ. АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУ АЛАР ҚАЙНАРЫ –ДОСТЫҚ ПЕН МАХАББАТ

 

2.1 Поэзияда көркемдік идеясын тапқан шынайы достық.

 

 

Адамзат тарихында ұлы қасиет бар. Ол – достық. Дұшпандық, қасгөйлік, талапаттарын басынан көп кешкен адам баласы достықты, оның қадірін түсініп қана қоймай, қастерлейде біледі. Соның ішінде халқымыз «Досы көпті жау алмайды» деген қорытындыға келген. Осындай үлкен қасиет рухани мұраларданда кең орын алатындығы сөзсіз. Достықты ту етіп ұстаған халық бірлігі тозбай, ірілікке адым тастаған, жеңіске жеткен. Дұшпаннан сақтанудың құралы еткен. Өмірінің азығы да болған достық атадан балаға мұра болып қала берген.

Бізге белгілі болған халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, көне жазу ескерткіштерінде достықты адамның өмір сүруінің арқауы еткен. Жалпы әлем әдебиеті, шығыс шайырларының поэзиясында да достық маңызды тақырып болған. Тәжік әдебиетінің классигі Әбдірахман Жәми өлеңдерінің бірінде былай деген.

Біріншіден досыңның қадірін біл,

Кемшілігін,  кеңшілікпен кешірген.

Екіншіден өзің де абай бол,

Жаза басып сұрап жүрме кешірім.

Жер бетіндегі даңқты шайырлардың бірі, академик Рахманқұл Бердібаевтың пікірімен бедерлесек, жеті жұлдыздың бірі  Ә.Жәми достықтың шынайылығын терең қозғап, мәнді сөзді осыдан он ғасырға жуық айтқан. Достық қасиетін кіршіксіз сақтау, оны жоғарыдағы  өлеңінде айқындап берген.

Өмірден оқығаны мол, талант иесі болған, қазақ жырауларының толғауларында бұл тақырып кең орын алған. Дос пен дұшпанның арасын айыра білген ақылды жандардың ойын қозғап, жүрек сезімін толқытқан әсерлі, сырлы  сөздер өмір сүрудің талмас қанатындай болған. Осы арада Шамлкиіз жыраудың осы тақырыпқа арнаған ой-түйінін келтіру артық болмас еді:

         Бір жақсымен дос болсаң,

         Азбас, тозбас мүлік етер.

         Бір жаманмен дос болсаң,

         Күллі әлемге күлкі етер.

деп кең дала, өскелең ұрпаққа бес ғасыр алдын жар салуының маңызы айтарлықтай болғандығын әркім де тани алады. Жырау жақсы мен жаманды да айыра алатын достық деп көрсетеді. Жақсыға ұмтылу, жақсылыққа адым басу, жақсы адамға құштарлық достықтың белгісіндей бедерленген.

Халқымыз «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», — деп достың жанашыр, табандылық көрсететін ой-сезіміне қозғау салып, қатайтып жол көрсетуші болатындығын аңғартады.

Қазіргі күнде ұлттық  сезімнің арқауына айналып отырған ұлы Абайдың сөздерінің орны бөлек. Өз халқын шын пейілмен сүйген, білімі мен күш қуатын еліне аянбай жұмсап қазақ халқын биіктерге бастап келе жатқан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халқына  қарата айтатын сөздерінде ұлы ақынның «Біріңді қазақ  бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», — деп қайталап отыратындығы осыдан. Ал, нағыз көркем әдебиетте көркемдік кестесін тапқан шынайы достық адам баласын жақсылыққа жетелейді. Оның ой сезіміне әсер етіп, татулыққа бастайды. Соның ішінде халқымыз жас нәрестенің алғашқы күндерінен бастап берілетін тәрбиеде ұрма, соқпа, жақын тарт, аяла деген сияқты асыл  сөздермен  баланың бойында жақсы қасиеттер қалыптастырады.

Әдебиет — өмір айнасы десек, өмірдегі көптеген жайттарды ақын-жазушылардың көркем шығармаларынан танимыз. Қазіргі дәуіріміздің белгілі ақыны, қоғам қайраткері М.Шахановтың шығармашылығында да достық мәселесі салалы бағыттың  бірі болып есептеледі. Ақын достықты, іңкәрлікті,  турашылдықты  айту арқылы өмір сүрудің мән-мағынасын алдымызға жайып салады. Оның  шығармаларын оқып отырғанымызда «Ғасырдарды безбендеу»,  «Эверестке шығу», «Жаңа қазақтар», «Компьютербасты жарты адамдар» тағы басқа жинақтарынан биік адамгершілікті, азаматтықты, дархандықты, турашылдықты, терең ойшылдықты, достықты оқушының тұла бойына, поэзиялық қуатпен сіңдіре алғандығына таң қалмауға болмайды. Мұндай мәселелерді сипаттауда, бұл туралы ақын өз ойын абстракт түрде  алмай, қайта іс-әрекет үстінде, кейіпкерлер қатынасында ашып беруді өзіне машық еткен. Оның үстіне енді түйдектетіле берілген ой-сезім көркемдіктің қанықты бояуыменде кестеленген. Сондықтан  да М.Шаханов өлеңдерінің басты мазмұны – терең ойды жеткізіп беруімен, шынайы сезімді суреттеуімен, ақындық жүректі жарып шыққан  күшті толғаныспен берілген ой-сезімнің қуатын құрайды. Қай тақырыпты жырлауға бет алса да, оны тосыннан айтпай тереңнен толғап, әріден келе жатқан әр мен нәрге бөлеп береді. Сонда ақын өзіне дейінгі айтылған ой-бедерінің қайталамай, тыңнан қозғап, ойын от ұшқынын шашырата жеткізеді. Бұл М.Шахановтың ақындық табиғаты.

Көпшілікке ойын жеткізгенде де, олардың алдында өлең оқығанда да Мұхтардың ақындық ары биік тұрады. Сонымен  бірге оның шығармалары әрқайсысы өзіндік бағыт-бағдары, бет-алысы анық, бір-біріне ұқсамайтын туындылар. Бұл ақынның бойындағы ойының тереңдігі  мен көркемдік өнерді жетік білуінде, шеберлігінде екендігі дау туғызбайды. М.Шаханов шығармашылығында сан алуан тақырыптардың арасында өркеші биік тұратыны – достық. «Танакөз» поэмасы ақынның негізгі идеялық пікір-түйінін адам баласының бойындағы осындай асыл қасиетке сайитын достықты жырлайды. Адамдар арасындағы достық сезімдерді ардақ тұту, асқақтата құрметтеу шығарманың басты түйіні.

Поэманы бастап оқығанымызда оның прологында автордың алдына үлкен  мақсат қойып отырғандығын бірден аңғарамыз.

Ақын былай дейді:

Ізгілік пен ізеттің байлауында,

Мама қаздар самғайтын қойнауында,

Достық атты қазына аралы бар

Сонау мақсат тауының жайлауында

 

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,

Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,

Өзің мәңгі бақытты санайды екен

Сол аралдан от алып ұшқан адам.

 

Нар талабын салса да қандай жолға,

Тілектес дос пейілдер самғайды алға

Жүрмейді онда сатқындар, саудагерлер,

Опасыздар, отсыздар болмайды онда.  [16,141].

 

-деген ақын жыры оқырманға  Достық атты қазына аралы бар, ол «Сонау Мақсат тауының жайлауында» дей отырып, достықтың қасиетті қадірін ұғындырады.

«Достық аралы» жұрттың бәрін өзіне тартады. Жұртта оған баруға әбден құштар. Өйткені, ол аралда доспейіл ғана салтанат құрған. Опасыздар, сатқындар, саудагерлер ол жерде жүрмейді. Ақынның адам баласы жүрегінде ту етіп ұстарлық осы достықты барлық келеңсіздіктен, пенделіктің самалынан  сақтай алу жайттарын ұғымды етіп айта алған. Өз ойының бір түйінін сол аралға асықтықпен ғашықтық, ұмтылыспен аяқтайды. Поэманың басты кейіпкері – Мұрат. Оның болашақ өмірін балаң кезде көз алдына келтіре алмауының өзімен ақын көп нәрсені ұғындырғандай:

         Тағдырына  өкпе айтып, мұңаймаған,

         Құрбы қыздың көзінде нұр ойнаған.

         Екеумізге ортақ бір бақыт бар деп,

         Кім ойлаған, ол кезде кім ойлаған?!….

         Сен ержеткен таулы өлкеде мен де ержеттім, жан досым,

         Мен  тербеткен бір арманды сен тербеттің, жан досым-

деп ақын  сыр тарта сөйлейді  [16,142].

Мұрат пен Танакөздің тағдыр талайы ұқсас келгені Мұраттың өз аузынан айтылады. Екі ананың екеуі еркесі болып өскенмен, әке тағдырлары оларға баянды болмаған. Соғыстың  отты жорығын кешкен әкелер еліне қайта оралмаған. Бұл аяныш болғанмен, соңында қалар ізгілік бар, ол екі әкенің бір-бірімен тату болып, өмірді ынтызарлықпен өткізген жандар екені. Мұны ақын поэмада былайша баяндайды:

Бір –бірінен жан аямас дос болыпты оларда,

Дос болыпты.  Біздің достық сонан өнген болар ма?

 

Менің әкем жау шебінде жаралы боп қалғанда,

Жан досымды қалай қиып қалдырам деп арманда,

 

Көкірегін қарша жауған от пен оққа қалқалап,

Сенің әкең  үш күн бойы алып жүрген арқалап.

 

Айналасы қалың өлік, қалың орман, өрт толған,

Сол орманда екеуі де жау оғынан мерт болған.

 

Не  жетеді келер күнге деген кәусәр сенімге,

Екі досты ажырата алмапты ғой өлімде.

 

Екеуі де көз жұмыпты құшақтасқан қалпында,

Екі өмірдің жалғасы боп, біз қалыппыз артында.

 

Ал, анамыз бізді, сірә, көрген емес бөлектеп,

Ауыр күндер өтіп жатты, соғып жатты, жел өкпек  [16, 143].

Ғажап суреттер. Әрі көңілсіздік, әрі өмірге ұшқын шашқан үміт. Әкелерінің жан қиыспас бір-бірінен берілгендерін, тылсымдары өз ұрпақтарына өтіп жатқандай. Мұны жүрек сезімімен ойдың ыстық отымен, жастардың бойына нұрдай құйып тұрған ақын — Мұхтар ғой. Әкелер қадір құрметінің, ананың аялы алақанының өтіп жатқанын өлең жолдарынан көруге болады.

Достық арқауын бағыт етіп алған ақын оны отаншылдық  бояуына көмкереді. Жаудан ыстық топырағын  аянбай қорғаған қос жауынгер — әкелердің қайтпас қайсарлылығын, қажырлылығын сүйсіне жырлайды. Жауға берілместен ақтық қаны қалғанша күрескен азаматтар ерлігін де, елдігін де кейінгі ұрпаққа үлгі етіп,  жан тапсырады. Жесір аналардың майдангер әкелерден жетім қалған балаларды әлпештеп тәрбиелеуі тартымды бейнеленеді.

Осы тұста ана мейірімділігі, ананың ақ пейілі Т.Айбергеновтың өз анасы Жібекке арнаған өлеңі поэмадағы аналық жүректермен тоғысады.

Өтті анам үш баламның пайғамбары,

Үш сәби жүрегінің  сайрам-бағы.

Жыр қылып жатты біздің қара шаңырақ,

Менің сор маңдайымның тайған бағын.

 

Ана еді ол мен үшін не көрмеген!

Азаптың бәрін көрген, тек өлмеген.

Көк жасын  көктем болып, қарайтын ол,

Тасқа да талай ғасыр көгермеген.

 

Қайтейін  жүрмегенсің,  жанға байлап,

Алыста кеттім одан арман айдап.

Айналып  — толғанатын ақ дидарлы,

Ана еді ол – жауыңды да  аңдамай қап…. [1,111].

 

   Ақын  Төлегенде ана жүрегін сезімталдықпен суреттеп, өзге кейіпкер емес, өз басына жасаған жақсылықты ақындық перзенттік үнмен жеткізіп берген.

М.Мақатаев  «Атамекен» атты өлеңінде достықтың туған жер, ыстық топырақтың қадірін әуелете жыр нәріне бөлейді. Туған жерді жер біткеннің бал қаймағына  балайды. Жоғарыда біз сөз еткен М.Шаханов өлеңдері соғыс өртінің елімізді, жерімізді шарпуынан қаймықпай соғысқан екі әкенің қайсарлықпен туған жер топырағын дұшпаннан қорғау қиындығын от жалынмен суреттесе, Мұхтар ақын бейбіт өмірдегі кіндік қаны тамған жерді сүйіспеншілікпен жырлайды.

Әкел, досым,

Сен маған қолыңды бер!

Әкетейін, мен өткен жолымды көр.

Сонау шыңның басына шығармын,

Менмін ғой бұл аймақтың жолын білер.

 

Мінеки,

Шыға келдік шың басына,

Ал енді шақшаңды бер құрдасыңа.

Атамекен туралы сыр шертейін,

Құлағың  түр, құрдасым, сырласыңа.

 

Мен туған жер, Қарасаз, баурайдағы

Жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы.

 Есім кетіп жүргенде ес білдірген,

Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.

 

 Бақытым ғой «Қарасаз» келіп қонған,

Кисем –киім, ішсем-ас, көлік болған.

Мендей ұлдың осы жер мыңын туып,

Әлі күнге мұңына жерік болған.

 

Кешір дос, менің біраз бөскеніме,

Есім кетті оралам ескегіме.

Қай-қайдағы жоғалған қайран күндер

Шыныменен шырпыдай өшкені ме?! [10,247].

 

Ақын осы өмір дастанның өн бойында ағыла-тегіле өз өкпесін ақындық қуатының нәрімен суландыра жыр төгеді. «Атамекенді» оқып отырып өн бойымызға адамдық қасиетті, туған жерге деген риясыз сүйіспеншілікті, өлең қуатымен бойымызға нұрдай құйғандай боламыз. Бұл ақынның жүрегінен шыққан сүйіспеншілік екеніне тағы да сүйсінеміз.

М.Шахановтың «Танакөз» поэмасына қайта оралатын болсақ, екі жеткіншектің, мектепке барар жылғы ана арманынан туған жақсы ниет оқушыны ойландырарлықтай екеуіне арнайы тігілген, жақсы ниет етіп тігілген киімдері ұзақ уақыт сақталады. Он жыл оқып орта білімнің куәлігі аттестат алғанда, сандық түбінде жатқан киімдерді кигізу әке жолын жалғастырар ұрпақтан күтер үміт, достық сезім баурап алған шақты аңғартады. Мұраттың аузынан балалық шаққа тамсанған сөздерді айтқызу арқылы ақын өз кейіпкерлерінің өсу эволюциясын бірізділікпен баяндаған:

Қуансақта, қайғырсақта – Танакөз,

Төнанкөзбен көңілдеді біздің ерке бала кез – деп балалықтың балғын шақтарымен тамсантады.

Балалық шақ-іңкәр дәурен, сұңқар тауын шарпыған,

Өз көктемін сағынбайтын, аңсамайтын бар ма адам,

-деп өз құрбысының адал достығын биік көтерген Мұрат есейген шағындағы қос қуанышқа жалғастырады. Танакөзге деген екі достың қарым-қатынасы сипатталғанда, олардың ішкі сезімі, жүрек лүпілі де көріне қалады.

         Нақ  сол күнде кеудемізде бір құпия от жанып,

         Екеумізде Танакөзге гүл ұсындық, шаттанып.

 

         Өтті солай тұңғыш рет тынышымды бұзған күн,

Тұңғыш рет сенен досым, Танакөзді қызғандым.

 

Оянсақ  та, бал сезімнің алғашқы асау әнінен,

Аппақ, адал достығымыз биік тұрды бәрінен

 

-дейді де, осы арада ана жолының, ана жанының ұлық та мейірімді екендігі жүрек сезімін толқытады.

 

         Нұргүл апа-сенің анаң, жан еді бір ақылды,

         Қолға аттестат алған күні бізді өзіне шақырды.

 

         Қажыды ма жылдар бойы арқалаудан арманды,

         Соңғы кезде өзін тіпті науқас  меңдеп алғанды.

 

         Төсегінен  әрең тұрып, келді дағы күлімдеп,

         Иығымызға қолын қойды саусақтары дірілдеп.

 

         Қарақтарым, ер жеткеннің белгісі ғой, міне, бұл,

         Екі әкенің келер күнмен жалғадыңдар жүрегін, —

 

         Деп жымиды, жанын бір тербеткендей тасқынды,

         Жанарында  жазғы шықтай екі тамшы жас тұрды.

 

Сосын жайлап бардыдағы, көк сандықты ақтарды,

Сыртта құстар сырлы сазға бөлеп жатты бақтырды,

 

Нұргүл апа демі толқып ерке желдей еспелі,

Көк сандықтан екі көйлек алып шықты кестелі.

 

-Бірге еді ғой сенің анаң екеуміздің сырымыз,

Он жыл бұрын ырым етіп  тігіп едік мұны біз.

 

Он жыл бұрын. Егіз қозы секілді еңдер онда да,

Жұрттың бәрі екеуіңе көз қадайтын таңдана.

 

Сағымдай боп ой арбаған нұрлы күнге жетпекке,

Екеуіңді  тұңғыш рет ертіп бардық мектепке

 

Аңсаған күн келді бүгін, мұны еске алмау мүмкін бе,

Бірақ марқұм сенің анаң жете алмады бұл күнге…

 

Сыртқа шықтық үстімізде желбірейді ақ көйлек,

Біз достықты ұғып өстік сөнбейтұғын от қой деп.

 

Бұл ақ көйлек екі әкенің шапағаты секілді,

Екі ананың бізге деген махаббаты секілді.

 

Екі аналық ар-намыстың  жемісі бұл ақ көйлек.

Екі әкенің достығының жеңісі бұл ақ көйлек.

 

Біздер іштей серт етістік ана үмітін ақтауға

Достық гүлін кеудемізде мәңгі тірі сақтауға [16, 144-147].

Қою сюжетке оралған оқиғалық суреттеулерде асыл сезім, ата-ана қадірі тереңдікке бойлай жеткізілген. Шынайы достықтың беріктігі тас қала сияқты . Ақын кейіпкерлерінің өмірлік тынысын таза, саф етіп суреттеген.

Өмір болған соң талай оқиғалар өткелінде бұлтарыс – қалтарыс та көп болады. Нағыз дос осындай кезеңдерде білінеді. Тар жол, тайғақ кешуде сүрінбей  өткендер ғана адамгершілігі мықты жандар достық қасиетін сақтай алады. Ақын поэмасындағы кейіпкерлер қатал сындардан сүрінбей өтіп, өмірдің оңды қағидасын жалғастырушылар болады. Ақын поэмалардағы кейіпкерлер осындай жандар.

Шынында да поэманың оқиғалық бітімінде қиыннан қиысқан қисынды іс-әрекеттерге толы кейіпкерлердің өмірі десекте болғандай, талай тылсым дүниелер  оқушының көз алдынан өтеді. Екі достың ғашық болған Танакөзі ол бір махаббаттың мөлдірі, сүйіспеншіліктің сусыны, алғашқы екеуі бірдей гүл ұсынғанда Мұраттың бойынан қызғаныш оты шарпып өтсе де, ес тоқтатып сезімді ақылға жеңдіреді. Танакөзді өзі ішінен қимас, силас досына ұйғарады. Өзі Зеркүлге үйленеді.

«Даудың басы Даурабайдың көк сиыры» дегендей, Мұраттың апатқа ұшырауы, жас жұбайлардың өмір сынына түсіп, сондағы кешкен күйлері өзгеше еді. Екі аяғынан айрылған Мұраттың мүсәпір хал үстінде Зеркүл оны тастап кетеді. Өзінің өмірлік шешімін  жасамаған Танакөз достық сезіммен адамгершілік қасиетпен жол бастап Мұратқа келеді. Онымен табысады. Міне, осында ақынның позициясы айқын көрінеді:

Кез-келгеннің қолы жетпес,

Кез-келгеннің жолы жетпес,

Айналайын ұлы достық,

Құлатпашы мені

Мәңгі осы сатыңнан

Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан. [16,162].

-деп бұдан алдыңғы Мұраттың барары қайда, қарары кім алдында мүгедектер үйіме деп қобалжыған ой, уайым, қайғыны серпіп тастап, жаралы кейіпкерін ақын қамқорлық құшағына енгізеді.

         Шығарманың кейіпкерлері Мұрат пен Танакөз қазіргі жас ұрпақты үлкен адамгершілікке, әр уақытта адамды қанаттандырып, биіктететін адалдыққа, берік достыққа, мейірімділікке тұла бойды баурай түседі. Ақын  шешімі өте дұрыс. Себебі шығармадағы кейіпкерлердің бәрі де бір бағытта емес, жоғарыдағы адам талпынатын биіктерге кесе-көлденең тұратындарды анықтап берген. Ол Зеркүл мен шешесі. Олардың ойлары жеңілтек, көңілі  тар, мейірімсіз. Олардың  тілі қандай ащы болса, тірліктері де солай. Зеркүлдің шешесі тамыр-таныстықты пайдаланып, күн көру тіршілігінде жүреді. Мұндай ащы шындықты ақын:

         Тірі қалды, екі аяғын кестірді де тізеден,

         Аңдамасаң мүйіздейді, тағдыр кейде  сүзеден.

         Содан бастап жан досымның шаңырағы кетірді,

Үш айдан соң шешесі кеп, алып кетті Зеркүлді.

 

Алып кетті, тәңір атқыр, мейірімсіз арам-ай,

Хал үстінде жатқан қартаң анаға да қарамай.

Сорлы анаға қайдан  жеңіл тисін мұның салмағы,

Бастан жүрек ауруы бар, емдеткенмен болмады.

Жұмды көзін. Қайғысына бүкіл ауыл тербеліп,

Сенің марқұм анаң жатқан Көкшолқыға жерледік,

-деп ауыр күнде жығылғанға жұдырық дегендей, Зеркүл жеңілтектік жасап, қайғыға батқан ананың да өліміне себепші болды. Өмірде  кездесетін  осындай келеңсіз жайттардың қыртысын аша білген ақын адамды, ананы, ұлы адамдарды сақтандырады.

         М.Шаханов шығармаларының арасында оқшау да биік тұратын достықты мызғымас шам ретінде жырлаған ақындардың арасында дүниеден ерте кеткен көрнекті қазақ ақыны Т.Айбергеновте достықты сүйсіне жырлады. «Досқа  сын» өлеңінде Төлеген:

         Қанша дос боп жалғасам да аяулы арман –тілекті,

Аямайтын ащы сыным ашындырар жүректі.

Табысыңа  шын қуанып, сырға қоссам сыр алуан,

Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай да тұра алман.

Білген жанға өмір деген мәңгі жарқын жаз емес,

Жұмыр бастан кетіп жатар кемшілік те аз емес.

Әрине, оған кейде-кейде керек шығар кешірім,

Алайда оны кешірместен досына айтудың несі мін.

 

Өмір бізге кінәлі емес, шексіз достық сый еткен,

Сондықтан да менің сыным өтер  бәлкім сүйектен

Мейлі ұнат, мейлі ұнатпа мені тіпті ол үшін,

Қажет болса қолды саған бір сермеу де борышым.

 

Сені өкпе мен ренішке батырғанда белшеден,

Кем мұңайып, аз қиналып тұрмын ба екен мен сенен?

Бұл айтылған достың сындық мейлің шын ұқ, шын ұқпа,

Тек қана оның маған да жай тимегенін ұмытпа, — дейді. [1,56].

 

Шексіз достықты өмірдің сиындай қабылдаған Т. Айбергенов халықтың «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген нақылына ойын саийды. Достық білген жанға өмір бойы жарық дүние, мәңгі жыр деп ұғындырған. Мұнда қос ақынның достық туралы ойларының  бір арнаға үйлесетіндігін танып тұрсақта, олардың оқиға құру, кейіпкерлер сомдау, сюжеттік желінің өрбуі, көркемдік кестелері әрине оқшауланып тұрғандығын біз келтірген мысалдардан аңғаруымызға болады. М.Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңі де қызғылықты оқиғаның күрделі шешімін танытады.

Жоғарыда поэмада жастық шақ, балалық балғын өмір, есею, ер жету, от басы болу, сипаттары толығымен суреттелген. Ал, «Достық өлкесінің заңында» балалықтың жазалы, қамқорлық қойнындағы екі баланың татулығы, достығы жырланады. Нағашысына ертіп барған қасындағы досы әженің көзілдірігін сындырып қойады. Әженің қарқынды қаһарынан қаймыққан бала, досын қорғап, мен сындырған едім, кешіріңіз деп басын төмен салады. Екі бала дүлей мінез тосып тұрса да, әже ашу шақырып, жазалау қамына кіріскен жоқ. Осы сәтте «Сенбеңіз  көзәйнекті қонақ бала, сындырды», — деп сыбыр ете қалады. Әже қайтадан ашуға булығып, немересінің құлағынан бұрап, нағашысының алдына алып барады. Міне, ақынның достық отансүйгіштік кредосы осы тұста  айтылады:

«Қой, бәйбіше, дау тудырта бекерге, —

Деп нағашым әңгімесін жалғады, —

Айып па екен, өзін беріп қатерге,

Ер жігіттің досын қорғап қалғаны

Достық  деген ізгіліктің алаңы,

Оған  куә ғасырлар мен замандар

Отанын да сатып кете алады.

Қиын шақта досын сатқан адамдар»!  [16, 28].

Осындай қарапайым оқиға сәтінен терең ой қозғай алған ақын М.Шаханов әрі шебер, әрі терең ойлы ақын екендігі айқын. М.Шахановтың әдебиет әлеміндегі көп салалы тақырыптарының арасындағы достық лебіздерін білдірген өлеңдеріне ой жібере отырып, ақындар арасынан қайталанбас құбылыстай жарқ етіп, өте шыққан найзағай Мұқағали ақынның ар да жырларының арасынан «Аманат» атты жыр жинағындағы достың тақырыбына арналған өлеңдерін оқып, ақындардың тақырып жағынан өзара сабақтастығын аңғарамыз.

Мұқағали :

Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын

Дос болам десең,

Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен  дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көп пе?

Апырау неткен жақсы едің?

Досым аз менің ….

Досым-ау менің, тапшы емін?

Достарыңменен достастып мені, асылым,

Достастыр мені?

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін,

Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін,

Өзіме-өзім мін артып…

Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,

Достардың  барып, ауласында өқлген мың артық. [10,160].

 

Ақиық ақын Мұқағали терең толғаныспен досты сыйлаудың мәні өмір доспен ғана қымбат дей отырып, «Досы көпті жау алмайды» дегендей, досының көп екендігі жақсы және мені де достарыммен достастырсаң деп үмітін достарға артады. Жоғарыда  көргеніміздей өлеңінің соңы жауыздық уәзірі болғанша дос ауласында өлген мың есе артық деп қорытынды шығарады.

М.Шахановтың өлеңдерінің терең ойлылығымен мағыналылығы жөнінде көп айтуға болады. Бір тақырыпқа арналған өлеңдерінің өзінде оқиғалық бітімді тереңнен толғап, тыңнан іздейді.

Федор Достаевскийдің Шоқан Уәлихановқа жазған хатын тамаша поэзияға айналдырады. Өлеңнің атын «Құлпытас кепиеті немесе Кері табу  заңы» деп атайды.

Өлең былай басталады.

Досым Федор,

Мына хат – соңғы хатым.

 Соңғы тыныс,

Соңғы дем қалды жақын

Жайшылықта айырмас ақ, қараны.

Сыпсың  сөздер бір сәтке тоқталады.

Тоз-тоз болған ағайын басын қосып,

Ертең мені жерлеуге ап барады [16,51].

 

         Міне, осындай адамның тұла бойын шымырлатып, жан тербететін сезімді тауып айтқан ақын ақыретке аттанып бара жатқан ұлы ғалымның қаламынан досына хат жаздырады. Бұл хаттың мазмұндық желісі әрі қарай жалғаса түседі. Шоқанға деген бір ғана Ф.Достаевский емес, өзге достарының да ұлылықты жоғары ұстап, Шоқанға деген олардың достық жүрегінің жылуын ақын былай жеткізеді.

         Жылдар озды,

         Ескі тозды,

         Көнерді,

         Озғақ жылдар көнерте алмас өнерді

         Бір кез Омбы түрмесінің тұтқыны

          Федор даңқы шарлап кетті әлемді

Шоқан жатқан Алтыкемел төсі де

Талай – талай той-думанға бөленді….

Осыменен бітіруге болушы еді өлеңді,

Уақыт қанша жасырғанмен өлмеген

Бір оқиға кездеспесе көлденең:

 

Жай  үңілсең көрінбейтін астары,

Ол оқиға – тағдыр, тағлым дастаны.

Көп жыл бойы Шоқанның

Бір топ жақын достары

Ұлы адамның ұлы рухын азалап,

Қайта – қайта ұлықтарды мазалап,

Сонау Ташкент қаласынан алдыртып,

Қырат үстін балға үнімен жаңғыртып,

Мәрмәр тастан белгі орнатты басына,

«Достан – дұға» осы да.

 

Өлеңнің соңын өзіндік ой-тұжырыммен ұлыларға тас атқан арсыз төбетке саналатындығын айтады. Федор досының Шоқанның қаза болғанын естігендегі, жүрегі сыздап ауырып, төбесінен жай түскендей сезінген досы Шоқанын  аңсайды. Осындай  достың тылсым тізбегін, әсерлі сезімге баурап жеткізе алған ақын былай дейді:

Нақ  сол жылы көктемде

Матай тауы маңындағы көк белге

Қонып ұшқан сыңар аққу

Петрбордың төбесінен өткенде,

Әлгі аққудың мұңлы әніндей.

Мұңлы хабар Федордың

Құлағына жеткенде:

— Шапағатқа суарылған сүйегі

Дос  сезімде қасиет бар киелі.

Киеліге қол  көтерген жолығады бөгетке,

Сауап  бопты ойсыз, арсыз төбетке, —

депті ұлы адам бойын дүлей ыза буып, қасарып,

Досын аңсап, жанарына жас алып…..

 

         Екі халық өкілі, екі данышпанның бір-біріне сүйіспеншілігін жырлай отырып, ақын екі халықтың достығын тереңдетіп, татулықтың жаршысы іспеттес болып танылады.

         Ақын ойының бұл күнде тереңдеп отырғанын көзбен көріп жүрміз. Биылғы жылы Қазақстанда дарынды ақын Пушкин жылы,  Ресейде  Ұлы Абай жылы аталуы осы пікіріміздің куәсі. «Ұлтты ұлылары ұлықтайды» дегендей, жуырда ғана Мәскеуде ұлы Абай атамыздың  ескерткішінің бой көтеруі, қазақ халқының оның поэзиясының кемеңгері Абай Құнанбаевтың ұлтымызды ұлықтатқанының белгісі.

         Ақынның «Сенім патшалығы» атты поэмасы бастан-аяқ достықтың ұлы күшін дәріптеуге арналған. Поэманың кіріспесінде ақын осы ойын алдын-ала аңғартады.

Шығармадағы Жайықтың ханға иіліп айтатын сөзі төмендегіше:

Еңбегімді сатқаным,о, халайық,

Намысымды сатқаным емес шығар.

Мен байлықты басқаша түсінемін:

Қиын шақта табылатын қасымнан,

Биік тұрған жердегі бар асылдан,

Жаны  мөлдір, діні мықты,

Ардақ тұтқан ұлылықты,

Менің іңкір, жан аяспас досым бар!

-деп,  кейіпкер толғанысын тереңнен толғай отырып, жайықтың хан алдында қасқайып тұрып, оның қызына күйеу бала алатынын, таққа мұрагер болуға лайық санайтын жан екендігін танытуы басталған   диалогтарды ширата түсіп, ұтымды шешім жасаған Жайық пен Мерейдің айнымас берік достығы жоғары деңгейде сипатталған. Олар бірі үшін бірі жан беруге дайын достар. Екеуі де әлемдегі адамгершіліктің жоғары қасиетін тұла бойына сіңдірген, қылыштан да, ханнан да, заңнан да мықты екендіктерін танытады. Мұндай сөзді жендет бастығы өз аузынан айтады. Поэманың әрбір бөліміндегі жемісі бірте-бірте күрделеніп, ақынның ойын реалистік ақиқатқа жеткізеді.

         М.Шаханов әр кез әділ де, турашыл тұлға екендігін танытып келеді. Оның бойында көлгірсу жоқ. Ол таза ізгілік, адал сезімді халқының кәдесіне жарайтын ұлы істерді, ұлы әдебиеттерді  жақтайтын, сүйетін ақын. Ақынның үлгі боларлық осындай қасиеттерін халықтар достығы үйінде өткен кездесуде анық танып, тағы да көз жеткіздік.

         Қорыта келгенде М.Шахановты достықты қастерлеп, оны ту етіп ұстап, ұлылайтын әрі оны терең сезіммен жырлайтын ақын дер атауымызға болады.

 

 

 

2.2 Ауқымды тақырып – ізгі махаббат.

 

         М.Шаханов туралы әдебиеттің алыбы Ғ.Мүсірепов терең толғаныспен ақынның асқан талант, көрнекті ақын, қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем поэзиясындағы ірі тұлғаға айналғандығын тани алып, оған: «Дарын танылды. Ар–намыс танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін азды – көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір күш түседі… Тек автобуста келе жатып оқыма, шай ішіп отырып оқыма, басыңды жастыққа сала беріп оқыма! Өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» десе, ақынға заңғар жазушы Ғ.Мұстафин:… «Өз дәуірінің көкейтесті проблемаларын дөп басып, кең тыныспен толғай білетін, оқырманына таңдай қақтыра отырып, кейде пікір таласын тудыратын, аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен М.Шаханов секілді ақын бұрын бізде кездеспеген еді» деп баға береді.

         Ақын поэзиясын қарастырып отырғанымызда оның ауқымды тақырыптарының бірі –ізгі махаббат шынайы сүйіспеншілік екеніне көзімізді жеткіздік. 

  1. Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге. 2. Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде –деп, өзі жырлағандай тақырыпты жырлаудың өзгеге ұқсамас жаңа қырын ақын іздеді және сол жолды тапты да.

         Сүйіспеншілікті жырлауды өзге ақындар сияқты көңіл – күй пернелерін дәл басып, сезімді селт еткізер, дәстүрлі нәзік лириканы емес, тереңнен тамыр алып, философиялық ойға құрылған, тарихпен сабақтас сырлы лириканы дүниеге әкелді.      Ақынның ғашықтықты жырлауда жасаған философиялық тың байламдары оның шығармашылық даралығын танытса, осы тақырыптағы: «Махабатты қорғау», «Сенім патшалығы», «Сейхундария», «Танакөз» поэмалары мен «Жанерке», «Ғашықтық ғаламаты», «Шың басындағы оқиға» балладалары «Ұйқысыз өткен түн», «Алғашқы махаббатқа хат» өлеңдері ақын поэмасының жаңашыл сипатын аша түсті. Жоғарыдағы шығармаларында, халық ауыз әдебиетінің өзінде шынайы, сыршыл тақырыпты негіз етіп алады. Оны өзініңі терең толғанысымен, ойлылығымен, талантымен, поэзияда ешкімге ұқсайтын өз даусымен, өз болмысымен, өз үнімен жарқырата суреттейді. Халықтық мұратты ізгі жол етіп алған ақын бойкүйездік, сатқындық, арамдық, жалғандық сияқты адамдар арасындағы теріс мінез – құлықтарды өлтіре сынайды. Ақиқат, адалдық, сенім, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттердің сүйіспеншілікпен бастау алатынын дәлелдейді.

         Өзендер мен көлдердің,

         Көлден шалғай шөлдердің,

         Биіктер мен алыптардың,

         Жылулар мен жарықтардың арасын

         Жалғап келген бір ән бар.

         Парасатты мұңданудан,

         Жерді қирап күл болудан,

         Таңды қара дүрсіндіктен,

         Адамдарды күншілдіктен

         Қорғап келген бір ән бар.

Ол ән – ұлы достық әні, негізгі әні ғаламның,

Ол ән – ұлы махаббаты менің сайын даламның,

Дала көңіл бабамның.

Сол екі әнмен гүлденер жер,

Салмақ тауып саналы,

Сол екі әнді білмегендер

Өмір сүрдім демесе де болады – [16,188]

–деп ғаламды ұстап тұрған жоғарыда кең түрде сөз еткен, достық пен махаббат екенін ақын тебірене жеткізеді.

         Ақын махаббаттың не екенін айқындау үшін жай баяндаудан гөрі тың байлам жасауға күш салған ақын оның әріден келе жатқан адам баласының сүйіспеншілігі, іңкәр екенін былайша сипаттайды:

Ғасырлардан ғасырларға жол алған,

Ұшып келген арасан атты аралдан.

Мен тірліктің ақ құсы едім, аппақ ардан  жаралған,

Даңқым алыс таралған.

Көктем гүлін қадасам да шашыма,

Ылғи көктем еткенім жоқ қасыма.

Қонған жоқпын анау- мынау биікке,

Қонған жоқпын кез – келгеннің басына.

Қара түнді көп кешемде азалы,

Және ешкімнің жаза тартқызамын дегеннің,

Өзі тартты жазаны [16, 258].

— деп махаббаттың ылғи көштеп, сипаттайтын және кез – келгеннің басына қона бермейтінін тауып айтқан.  Махаббаттың жолын кесетін қиянатты.

         Тағдыр мені салды қанша сотқа да.

Ішке мойығам жоқ, күйгем жоқ отқа да.

Маған арнап от атқанның барлығын,

Жазып қойды тарих қара тақтаға.

Тек күншілдікке орағыта

Тек зұлымдық қалмай қойды ізімнен [16,259].

— деп жырлайды. Махаббатта  тек бақыт, шаттық қана емес, қайғы мен қиянат қатар жүретінін:

Қанатымды самалы бар бақыттың,

Саусағында жүзігі бар қайғының

Ішке деп жеткізеді.

Ақынның ойынша махаббат ұлы сезім. Оның даңқы асқақ, құдіреті жоғары. Сондықтан ол ешқандай алтынына да сатылмайды:

Ождансыздар сатқанымен халқымды,

Ешкім менің сата алмайды даңқымды

Мазақ етіп күлге теуіп жібердім,

Мені сатып алмақ болған алтынды.

Әділдіктің жолын  күтіп сарылсам,

Өкінбейм қайтпайды деп қарыптам.

Мен сендерге жалынбаймын құтқар деп,

Мен махаббат болмас едім жалынсам.

Әдебиетіміз бұл тақырып ақындардың поэзиялық қуатымен жан -жақты жырланған тақырып. Ақын Қ.Мырзалиев:

Махаббат, сырың жұртқа танымалы,

Тулайды өзің болып

Мен саған өсек болмай,

Жыр бол деп жалынамын

-деп, отқа жалынға оранған сезімді жыр арқылы емдейді.

Өмір деген арман мен құштарлықтан, ляззат пен құмарлықтан тұратын сиқыр әлемнің сан қырын. Ж.Әбдірашев өзінің өлең жолдарында былай аңңғартады:

         Күндер өтер,

         Айлар өтер,

         Жыл өтер,

         Күту, аңсау жабырқатар, жүдетер,

         Сендік сезім,

         Сендік төзім,

         Сендік сыр,

Махаббатттың жұмақтығын жыр етер.

         десе, Қадыр ақын:

Қымызыңды құйып жатып зереңге,

Сыр жасырып үлгердің –ау тереңге

Айна көзден ақ балығын сезімнің,

Енді қайтып көрмеймін бе, көрем бе?!

Жарасқанның ар махаббаты, от махаббаты, бал махаббатты, Қадырдың асау махаббатты, бұлбұл махаббатты табиғи тұтастығымен сезімнің сері пернелері тап басып, жанарды бірде күйдіріп, бірде ысыта алады.

М.Шахановты махаббат тірліктің ақ құсы бола тұра, ешкімге бағынбас, тойымас күшін, кез – келгенге бұйырмайтыны көрінеді. Ол зұлымдық пен күншілдіктің  құтылмас азабын тартса да үміт пен сенімді тірек етіп, сатылмас биікте паңдана тұрған мәңгілік құдірет ретінде жырлайды. Ақын махаббатты өзгеше тұжырымдамен береді:

1) Махаббат – ол  қос жүректің әні ғой…

                                      («Шың басыңдағы оқиға»)

2) Махаббат ол – жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі

                                      («Махаббатты қорғау»)

3) Ия, махаббат – қайсар құзды жарып өтер тасты жол…

                                     («Махаббатты қорғау»)

4) Махаббатта шың сияқты:

Күн жақындап қасына,

Бұлт қонатын басына

Қыран тектес жандар ғана,

Шыға алатын қасына («Эверестке шығу»)

5) Ғашық көңіл – мәңгі жасл айдын көл.

                                      («Ғашықтық ғаламаты»)

Ұлы Абайдың «Махаббатсыз дүние бос» деген ойын Мұхтар Шаханов:

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны жай күндер («Ғашықтық ғаламаты»)

 

Махаббатсыз өткен күннің бәрі ізсіз

Суға жазған таңбадай («Сенім патшалығы»)

Ұлылардың «Әлемді ұстап тұрған — махаббат» деген ойын ақын:

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді,

Құлай сүю- ерлікпен тең себебі:

Бірақ сүю бақыты

Кез–келгенге тартылмайтын сыбаға,-деп қорытады. («Ғашықтық ғаламаты»).

Небір – теңеу эпитет, метафора, ұлттық бояумен астасып сөздің ажарын аша түскен Жарасқан мен Қадір махаббатты сан құбылтып суреттейді.

Жарасқан:

Асылдай ма едің сарсанға салған талайды?!

                                                         (теңеу)

Оралғаны ма қайтадан

 

Орағытып ескен самалдай (теңеу)

 

Ақ махаббат – менің асыл мұратым (эпитет)

 

Мұңды жырсың — 

Тебіренсем,

Толғасам… (эпитет)

 

Мені толқытқан

Қара көзің бе екен?! (эпитет)

 

Менен асқан отты ақын

Жоқ сияқты  — сеніңше (эпитет)

 

«Махаббат у» деседі, жаным… (метафора)

 

«Махаббат бал» дегенді –

сен сияқты…

Ғашығын өпкендер айтқан! (метафора)

 

Қадыр:

Сорлы жүрек солқылдайды сол жақта (эпитет)

 

Махаббаттың сүттей ақ туын тіктің (теңеу)

 

Мендік асау махаббатты жүргендер күш қайда бар? (эпитет)

 

Серке күндер,

Ерке түндер,

Қайдасың?! (эпитет)

 

Айна көзден ақ балғын сезімнің… (эпитет)

Жалғасын күн нұрмымен

Жас жүректер аңсаған (эпитет)

 

Сен – кәдімгі нағажай,

Мен – кәдімгі жайтартқыш (метафора)

Мұхтардың махаббатты кез – келгенге тартылмайтын сыбаға. Олай  болса, сол жолда күресу қажет. Өз махаббаты жолында күресе алмаған жанға:

Махаббатқа жан пидалық етпедің бе,

Бәрі бекер, енді қалған қызығыңның нарқы кеміп, мәні кетер.

Артық қорлық барма әлемде сенгеніңнен безінуден,

Құлай сүйген адамның осалдығын сезінуден

-деп жиіркенішті қарайды («Махаббатты қорғау»).

 

Ал, жоғарыда махаббат туралы өлеңдерін тізбелеп, жарыстыра, ой ұшқындарын таратып отырған Жарасқан мен Қадыр ізгілік, тазалық,  адалдық атаулыға іңкәр жүректің лүпілін сезбеу мүмкін емес екендігін төмендегіше жырға қосады.

Мен саған көрінсем деймін –

Қайта оралмас уақыттың ажары болып!

Мен саған көрінсем деймін –

Қайталанбас бақыттың базары болып

                                               (Жарасқан)

 

Түнересің, түршігесің,

Күтіп тұрып күрсінесің, —

Сүю деген осы да!

Сүйсінесің риясыз,

Жылап тұрып жымиясың, —

Сүю деген осы да! (Қадыр).

 

Сен ізде мені –

Жолың көкжиекке сіңіп жоғалғанда.

Сен ізде мені –

Жасыл бақ жапырағынан тоналғанда

                                               (Жарасқан).

 

Сенің сөзің мен үшін

Тұтқында жатқан адамға жабықтан түскен жарықтай.

 

Сенің сөзің мен үшін

Таңдайы  кепкен бақшаға кезінде жеткен арықтай.

Біз сөз етіп отырған үш ақын да, Мұхтарда да, Жарасқанда да, Қадырда да терең толғанысқа толы махаббат тақырыбындағы шығармаларда адамзатты адал сезімге, ізгі махаббатқа, таза көңілге, ұшқыр ойға, терең талғамға шақырады.

 Ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық жырдан іздейтін М.Шаханов туған елмен ару атамекеннің қасиетін сағым көмкерген даланың құдіретті күшін, бабаларының өшпес рухымен, қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен, асқақ жандардың ару махаббатымен адал достығын жырлайды. Ойымызды аша түсу үшін «Ғашықтық ғаламаты» балладасының кіріспесінде келтірілген төмендегі түсініктемені келтіруімізге болады.

Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72 – ге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жанбастай жатып досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын… Ұлы сезімнің кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым –ай» – деп ағыл – тегіл жылапты [16, 7].

Ақын поэзиясына алтын арқау болған махаббат тақырыбы шынайы сүйіспеншілік пен жырланумен бірге бұл тақырыпқа ақын жаңадан із салған және ақын өзіндік беті айқын мәнері жаңалығы бар ақындарды мойындап, оған жанаспайтын өнердегі із, жол, салып бағытын таныта алмағандарды есепке алмай. Ақын «Ғашықтық ғаламаты» балладасында  Естайдың мына бір сөзін әсерлі келтіреді:

Тұзағына іліндірді мені өлім,

Тулағанмен амал нешік, көнемін,

…Десе – дағы ел дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт

Қарсыласа көрмесін

Қорланымның көзі болған жүзікті

Өтінемін,

Өзіммен бір жерлесін!…

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де, – [16,9] деп өзінің соңғы үмітін досына аманат етіп айтады. Естайдың бұл тілегін  Мұхтар ақын «Ғашық болып өлу қандай мәртебе» — деп, деген жаңа тұжырымға келеді. Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан:

Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыздағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өлім сыйлапсың–ау, жер–ана, -[16,10] деп, ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп еңкілдейді. Қорланның Естайға деген аппақ та, тұнық сезіміне таң қалған Мұхтар «Нағыз ғашық қарттылығына көне ме?» деген байлам жасайды. Қорланды жылатқан–Естайға деген махаббат. Кейін өзі қылтамақтан өлерде күйеуін сыртқа жіберіп, немересіне Естайдың әнін салдырып, «Бақыттымын, бақыттымын» деп мәңгілік көз жұмады.

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжім жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап, қозып делебесі де,

Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

«Бақыттымын, бақыттымын» — депті де,

Көз жұмыпты мәңгілік [16,11],

Ақын Естайдың  Қорланға деген кіршіксіз махаббатын жырлай отырып, ғашықтық деген сезімнің ғаламат күшін паш етеді. Естайдың өлімін биік өлім деп бағалайды. М.Шаханов ғашықтық дегенде көрсеқызарлық, арзанқұмарлықты айтып отырған жоқ, тіршіліктің тірегі, ұлы сезім – мөлдір махаббатты үлгі етеді. Ойын сабақтай келе:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі

Ешбір геометриямен

Өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді.

Құлай  сүю – ерлікпен тең себебі!

Апатай – ау,

Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?

Көңілің күні жоқтардан

Табанының бүрі жоқтардан

Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.

Жоғарыдағы адал сүйіспеншілік, оңай алынбайтын асудай болған махаббат қуанышы мен қайғысы қатар жүретін сезім, арай, көрнекті қазақ ақыны Т.Айбергеновтың «Махаббат элегиясында» да нәзіктік пен жырланған.

Көрмес деп күдер үзбеймін,

Саламын сұрау, іздеймін,

Сағына сені сарғайдым,

Сары жапырақ күздеймін.

 

Атыңды айтсам ардақтап,

Ойым жоқ басқа жар таппақ.

Сен бе деп көше қызының,

Жүзіне қараймын жалтақтап.

 

Тілдеспей кетем сөзге кеп,

Шыққан соң сенен өзге боп.

Қаяулы көзден моншақтар,

Тамшылап жатар кез де көп.

 

Сол сәттен сені жоғалтқан,

Сүю таңы әлі жоқ атқан.

Күтем мен сол таң арайын,

Үмітпен келер сағаттан [1,178].

 

Ал, Мұхтар балладасына оралсақ, анаға Естай өмірін өнеге ете отырып:

Апатай – ау,

«Қызым батты күнәға,» —

Деп қамығып жылама,

Жандарыңды қасіретке бұлама

Мүмкін, жолы сәтсіз шығар…

Бірақ сүю бақыты

Кез – келген тартылмайтын сыбаға

Апатай – ау,

Сеніміңді жасытпа,

Қашықтықты жеңе білу – мықтылық,

Нағыз бақыт – жақында емес, қашықта [16, 11].

 

Ақын «Сүю бақыты – кез келгенге тартылмайтын сыбаға» деген ойын түйіндей отырып, шеберлікпен мықты дәлелдер келтіреді. Махаббаттың біреуге мұң, біреуге бақыт екендігін ашып айтады. Біреуге алыста болса, біреудің қолында екендігін де көрсетеді. Ал, асқақ махаббат кедергісіз болмайды. Ақын осылайша пікір қорыта отырып, жастарды кіналау жазалауды емес, қайта оларға түсініктік және тілектеспен қарап, ақ жол тілеуге шақырады. Мұндай ақынның ғаламат ойы осы тақырыпты жаңғырта жырлаған ақындар Жарасқан мен Қадір сынды поэзиямыздың сәйгүліктері қаламдарынан да туған

Достар,

Самарқау тірліктен безінгілерің келе ме,

Сезімнің не екенін сезінгелердің келе ме,

Түн сайын таусылмас қисынға беріліп,

Таң алдында ғана көз ілгілерің келе ме,

Махаббат дейтұғын асқақ әнге сап,

Көктемгі дарияша тасып толыңдар!

Басқа емес, мына… мына мен құсап,

Ғашық болыңдар, ғашық болыңдар!… –

— деп, Жарасқан жыр жүректің нәзік соғысын, дүниенің дүбірі мен діріліне ұластырып, ақ әлемге жарсалса Қадыр ақын:

         Сен болмасаң көздің жасы моншақтап,

         Сорлы жүрек солқылдайды сол жақта.

         Сен бар жерде бәрі, бәрі, бәрі бар,

         Бәрі, бәрі, бәрі де жоқ сен жоқта, —

-деп сағыныштың сырлы ырғағы болып, сыңсып дүрсілдеп соққан жүрекке айналады. Қос ақында алыстан тақырып іздемеген. Ешкім де жоқ махаббат жырланбайды. Бәрі таныс, бәрі түсінікті.

         М.Шахановтың терең толғанысқа толы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы Естай мен Қорлан махаббатына құрылған ғажайып оқиғаны негізге алған. Сол арқылы адамзатты адал сезімге, ізгі махаббатқа, таза көңілге, ұшқыр ойға, терең толғамға шақырады. Кіршіксіз таза, шынайы сезім иелері Естай мен Қорлан асқақ махаббаттың  символы. Естай Қорлан махаббаты арқылы ақын ғашықтықтың ғажайып ғаламатын, өлмес құдіретін таныта алған, сонымен бірге ақын жағдай мен заманды, тарих пен адам тағдырын ұштастыра баяндайды, сол арқылы өмір келбетін жасайды. Сондықтан да оның шығармалары халық жүрегінен жылы орын алады.

М.Шаханов ақындықта шеберлікті толық меңгерген десек болады. Ол қазақ поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, формалық яғни түр жағынан байытқан, әрі жетілдірген ақын. Оның поэзиясы үздіксіз дамып жетілу үстіндегі диалектикалық қозғалыс күйіндегі біртұтас поэзия. Достық пен махаббатқа адал, адамгершілік қасиеттерімен қаруланған лирикалық қаһарман оның кез – келген шығармада өзінің азаматтық әуенімен рухани өмір өлшемдерін және бастың бақытынан жоғары қояды. Бұған оның «Достық туралы баллада», «Борыш туралы баллада», «Тастар неге үнсізсіңдер», «Танакөз» поэмаларын т.б. шығармаларын жатқызуға болады.

Әдебиет дәстүрді жалғастырып қана қоймай оны дамытатын, жаңартатын  ізденістерді сүйеді. М.Шаханов шығармаларында осы қасиет аса биік орын алады. Ақынның ізденісін оқиғалы өлеңдерді дамытуынан айқын көреміз. Сондай – ақ баллада жанрындағы ерекше құлшынысынан астауға болады. М.Шаханов ең алдымен өлеңді сюжетке құрайды. Ұлы Абай айтқанындай алғаш ішкі ой мен мазмұнға баса көңіл аударады. Сондықтан да ақын өлеңдерінің өрімдерінде сезімнен гөрі ой басым болып жатады.

Шағын лирикалық өлеңдерінің өзі эпикалық тыныспен сюжеттік арнада әрбір, қою суретке малынып келеді. «Алма бақтың ұрылтары» атты өлеңі былай басталады:

Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар,

Тағыдырындай таңдарда бар, мәнгі бақи ән болар.

Күз келгенде уыржып, піседі екен алмалар,

Алма піссе, ол  алманы үзіп алған жөн болар.

 

Оқушының көз алдында сұлу суретті табиғат елестейді. Бірақ өлең жалғасында әлгі табиғат суреті көзден ғайып болып, оның орнына оны ұрлауға тосын келген ұрылар жігіттерге  айналып сала береді. Осылайша ақын күнделікті қарапайым өмірдің көрінісін суреттейді.

Өлеңмен жастықтың желі еседі, әсер береді. Алма қыздың да ажарлысы мен базарлысы болатынын ұғындырады. Ұры жігіттерге де тән сипаттар, яғни, жас қарындасын ұрылардан қызғыштай қорғау арқылы өмір әрекетін шеберлікпен бейнелеген. Демек, өлеңнің оқырман жүрегіне сара жол табудың кілті, ақынның өмірді ондағы құбылыстарды, тіршіліктің түрлі қырларын айна қатесіз өлеңге айналдырғанында.

«Достық өлкесінің заңы» атты өлеңінде күнделікті өмірден алынған қарапайым көрініс суреттелді. Әжесінің көзәйнегін байқаусызда сындырып алған досын аяп, оны жазадан құтқармақ болады.

Ақын өлеңдегі сюжетті шығарма аяғындағы өз сөзіне:

Достық деген – ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанында сатып кете алады,

Қиын шақта досын сатқан адамдар, —

деген терең философиялық түйсік пен сезімді жеткізген.

         Яғни, рухы мықты адам ғана достыққа дал, ал достыққа берік жан ешқашан өз отанына опасыздық жасамайды. Осы арқылы Мұхтар лирикада сезім күші ақылмен тұтасып, өзінше сипат алған ақынның лиркалық өлеңдері, философиялық толғаныстардың басымдылығымен ерекшеленеді.

 

Тұтату қиын шаланы,

Түтенбес үрлегенге,

Адамдар аласарады,

Намысы кірлегенде.

Немесе

 

         Артық қорлық барма өмірде сенгеніңнен безінуден,

Құлай сүйген адамыңның осалдығын сезінуден.

 

Өмір тәжірибесінен туған мұндай тағлымды тұжырымдар мен салмақты ой Мұхтар поэзиясының мазмұнын құрайды. Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғ.Мүсірепов ақын шығармаларының осы ерекшелігіне баса назар аударып жазған бір мақаласында: «Мұхтар поэзиясының әрбір жолында ойландыратын салмақ жатыр» — дейді.

Оқырманның эстетикалық таным түсінігін қалыптастыру мен әдеби шығамаларының көркемдік мазмұнын жеткізу жолында кез–келген ақын не жазушы ерекше жағдайдағы ұлттық мінез –сипаттарды көрсету үшін, әртүрлі шығармашылық ізденіске барады. Ондай ізденістерден туған көркем шығармаларының құны артық болатыны белгілі.

Түс көру адамзат өмірінің кішкене еншісіне тигенін білетінімізге де сандаған ғасырлар. Жыл санауымыздың алдында грек дастандарында түс көру мотиві ерекше орын алған. Дүние жүзіне таралған сюжеттерде көбінесе түс көру ілесе жүреді. Қазақ ертегілері мен дастандарында мұны жиі ұшыратамыз. М.Шахановта түс формасы арқылы көркем шығармаларында оқиға желісін дамыту тәсілін қолданағанын көреміз. Ақынның «Нарынқұм залалы» атты шағын поэмасы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Махамбеттің соңғы монологы» деп аталады. Осы бөлімінде Махамбет ақын өлерден екі күн бұрын айналасындағыларға өзінің жан шошырлық түс көргенін, түсінде иығының үзіліп түскенін, өз басы өзіне қоштасу айтып тұрғанын әңгімелеген: Деген эпиграфпен байланысатын поэмада автор өмірден алынған дерек көзін өлең өрнегіне айналдырады. Мұндай тарихи дерек негізінде туған көркем шығарманың сюжеттік желісі нанымды әрі  әсерлі.

Поэма:

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,

Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап.

Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман – ақ,

Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап.

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,

Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.

 

Қорқынышты түсінің тегін еместігін саралаған айбынды ақын:

Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқын заманда,

Тіршілікпен қоштасар, сәт жетті – ау тоған да.

Одан әрі өрбіген символикалық түрдегі Махамбет монологында оның өзімен — өзі  тілдесуі арқылы, ақынның туғандарына өкпесі мен елінің етеңі жайындағы толғаныстары романтикалық сезіммен суреттелген көркем шығармаларының философиялық ойы көтеріңкі пафоспен айшықталған.

Ал, «Әке үкімі» атты екінші бөлімдегі мағына мазмұн сюжет арқылы ашылады. Әділеттілік образдағы үкімшіл әке мен опасыз, сатқын бейнелері шомба жігіт ықылас аралғындағы оқиға желісі логикалық контракст деңгейінде объективті суреттелген. Қашаннан әділеттің бар опасыздықты жеңетінін дәріптейтін көркем әдебиеттің түсінікті тақырыптарын басты тұратын деп тапқан М.Шаханов бұл поэмасы ақынның этникалық жанрындағы өзіндік ізденісі мен стилінің қалыптасуына мол әсерін тигізген шығарма.

Халық аңыздары шығармаларда өзекті ойлар айту, тың байламдар жасау үшін пайдаланылған «Нарынқұм зауалы» атты поэмасы өткенге үңілу арқылы дәстүр сабақтастығын іздеуімен құнды.

Мұхтар поэзиясы өзіндік құрылымы мен өлең құрылысындағы бунақ, шумақ, тармақ өзгешелігімен ерекшеленеді. Ол дәстүрліліктен гөрі өлеңге өзіндік түр беріп, түрлендіруге өзінше жаңашыл.

Өзіңсіз келген күндерден,

Өзіңсіз терген гүлдерден,

Өзіңсіз кешкен ойлардан,

Өзіңсіз өткен тойлардан,

Жалығып біттім жаным – ау.

 

Шумақтың әр тармағының басында симетрия құраған бірыңғай бастама мен тармақ, соңындағы тізбекті ұқсас өлеңінің тікелей жүрекке жетуі, оқырманға әсер етуіне барынша қызмет атқарып тұр.

Эстетикалық сезімге әсер ететін өлең техникасындағы қайталаулардың қыр – сырын жетік меңгерген М.Шаханов өз шеберлігін танытқандығын төмендегідей үзіндіден байқауымызға болады:

Сан алапат тасырдан соң,

Тасыр, дауыл басылған соң,

Жеті жарым ғасырдан соң,

Өзіңді іздеп тіл қаттым.

 

Мұхтар шығармаларын синонимді тармақтар бағанды түрде кездеседі. Мәселен: «Эверестке шығу» өлеңінде:

Транзейге әйел былай  тіл қатты

Құдай саған еркек деген ат берді,

Дәулет берді,

Атақ берді,

Бақ берді,

Немесе,

         Аз ба елде тұлпарды асқан бағы бар

         Жуас,

Көнбіс, мал – момақан табылар

Тағы бір мысалы,

         Кешір, әке, балалық па,

Зерсіздік пе,

Шалалық па,

Тек Нобайғы ғана қапты ойымда.

         Мысалдағы синонимдік қатар өлеңінің шынайы ғана келтірмей, терең рифма жасап тұр. Синонимдерді орынды қолдану екі ақынның бірінің қолынан келмейтін тәсіл. Бұл жөнінде А.Байтұрсынов былай деген: «Тілді қолдана білу деп ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді орын — орына дәл қоса білуді айтамыз» [3, 149].

         М.Шахановтың соңғы кезде жарық көрген туындыларының өлең құрылымы күрделене түскен «Өркениеттің адасуы» поэмасында:

Я, бізді қайда апармақ, мына заман ақпалы? Ұлан байтақ жерімізде жарты адамдар қаптады.

Қайда барсаң көз алдыңда  өнеге боп жарқылдар,

Жарты ұстаздар жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар.

немесе «Жазагер жады космоформула» романында негізінен «Жетінші түйсік» өлеңінде төмендегідей жолдар кездеседі:

  • Жұбайың досың болды ма, самғатқан сенім шырайың,
  • Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайың?

 Ойнай ма оның көзінде сенім мен рух жарқылы

Ұға ма ол шаттық – мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса…

Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от.

Рухани терең түйсіну

Жоқ кезде махаббатта жоқ.

Өлең көз жүгіртіп оқуға көнбейді. Әр тармақты жітілікпен ақылдың тезіне салып оқуға қажет Мұхтар шығармаларының күрделенуі кең тұрғыда жаңарып аясының кеңеюімен, көтерілген мәселе (рух, өркениет т.б.) тұрғысынан тар мағынада өлең құрылымы буын санының көптігі мен поэтикалық құралдарды қолданудағы ақынның өзіндік даралығы мен түсіндіруге болады. Жоғарыда сөз болған өлең құрылысындағы ерекшеліктер Мұхтар ізденісінен туындаған соны соқпақтар.

М.Шаханов поэзиясы қазір поэтикалық кемелдену үстінде. Оның көрінісі ретінде поэзиясын әлемдік аренаға көтеріп, дүйім жұртшылыққа танымал еткен «Жазагер жады космоформуласы» романын атауға болады.

Қорыта келгенде М.Шаханов поэзиясының көркемдігі ұшан – теңіз екендігі даусыз. Біз өз әрекет қадерімізше кейбіреулеріне ғана пайымдау жасай алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Отан, туған жер, туған ел алдындағы парызын өтеп жүру қазіргі күнгі әрбір жастың парызы. М.Шаханов жырлары жастардың есіне осы бір ұлы міндетті қондыра беруде ерекше маңызы бар.

Ақынның қай шығармасын оқып қарасақ та олардағы алтын өзек ой – жастарды ерлікке баулу, адалдыққа, отансүйгіштікке үндеу болып келеді. Ақын үш мың жылдық қор өмірден, үш күндік кісілік өмірді артық қоятындығын оның өлеңдер жинағындағы жырларынан мол кездестірдік. Отанын сүю, ізгілік, адалдық ақынның шығармаларының негізгі өзегі десек, артық айтқандық емес, мұның бәрін ақынның дара бойындағы таланты, білімпаздығы өз халқын шексіз сүйген ұлтжандығы деп қарауымыз керек. М.Шаханов өлеңдерінің өзгешелігі оның әрқайсысында терең мағына, терең ой жатуында және осындай тағлымды, ғибратты тарихтың терең қойнауында жатқан халықтың данышпандығынан ала білгендігінде. Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.

Қазіргі кезеңдегі дауылпаз ақын тұғырында М.Шахановтың тұрғанына ешкім екіленбейді. Ол халқымыздың ұлттық рухын қастерлеп, тәуелсіздікті ұлықтап жыр толғайды. Ақын ұлттық рухты жоғары көтеруге лайық даналарды тамсана жырлайтындығы бірнеше өлеңдері, соның ішінде әсіресе «Айбергенов шыңы» атты өлең арқылы пікірімізді дәлелдеуге әрекет еттік. Өз елінің асыл тұлпарларын ардақтап, олардың өмірі мен өнерін сүйіспеншілікпен жырлағандығын атақты өнер иесі Ш.Қалдаяқовқа арналған өлеңі арқылы көрсеттік. Ұлт рухын биікке көтергендердің есімі халық арасында алтын әріптермен жазылып, ұрпақтан – ұрпаққа мадақталып жете беретіндігін ақын Мұхтар нықтап айтады. Әрбір жанның да, жастың да ұлттық қасиетті қастерлеу міндеті екендігін таныта түскен ақын өзі оның алдыңғы шебіндегі үлгі тұтар биік тұлға.

«Өркениеттің адасуы» атты романы рухсыз білімнің зиянын даналықпен айтқан шығармалар қатарынан орын алады. Адам баласының өмір кешуімен бірге оның желбіреген жалауы болған ұлы қасиеттер, ар – намыс, әділеттілік, қайрымдылық, инабаттылық тағы басқа көптеген асыл қасиеттерді ескермеу адамзатты тұңғиыққа тірейді деп ақын одан сақтандырады. Ойы терең, талғамы биік ақын мұны халқымыздың ұлы жолға беттеген қағидаларынан алып отыр.

Біз жұмысымызды ұлттық рухтың жаңа биігіне көтеріліп отырған Мұхтар Шаханов не жазса да, шындықты ойып жазатындығын атадық. Ақынның бұл даралығы, халықтың даналығын қастерлей алатындығын көрсетеді.

М.Шахановтың ой тізбектері замандас ақындардың пікірлермен үндесіп, үйлесіп отырса да ой шашырата сөз саптаулары тың көркемдік бейнелілік жасай алуы ұқсамайтындығында өзге ақындардың өлеңдерімен салыстыру барысында айқындай түсуге әрекет еттік. Ақын толғанысы ел өмірімен өзектес екенідігі Мұхтар поэзиясына тән құбылыс деуімізге болады.

М.Шахановтың ақындық табиғаты өмірдегі шындықтың понарамасы десек болады. Өйткені, ол айтылған сөз өткір ақындық қаламынан тудырған мін берден сөйлеп, көтермеген мәселе жоқ десе болғандай. Біз ойымызша, ана тілінің айбары деп танып отырған ақын туған тіліміз үшін шырылдап жан күйдіріп жүргендігін газет, журнал, өлеңдер жинағынан сүйсіне оқумен бірге ақынның жұртшылықпен кездесулерінде көзіміз көріп, құлағымызбен тыңдап жүргенімізге хат етіп жазып аламыз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында талай тындырымды жұмыстар орындап келе жатқан М.Шахановтың тіл қоғамының жұмысына жанашырлығы, оны жандандыра түсуге жан сала қызмет етіп келе жатқандығын айтқан сөздері, жазған өлеңдері арқылы дәлелдеп көрсеттік.

Халық әрқашан достықты қадірлеп ұлылылаған. Мұның тамыры тереңде екендігін тілге тиек етіп, өзге ақындардан өзгешелеу суреттеген М.Шахановтың бірнеше өлеңдерін келтірдік. Достықтың сан – салалы қырларын танытумен бірге, оған адал болудың жайттарын оқушы алдына жайып салады ақын.

Байыптай қарасақ, достық пен махаббат егіз сияқты. Жоғарыда сөз еткеніміздей, ақынның баспаған жері, бармаған тауы жоқ сияқты. Махаббатты дәріптеуші алдына жан салмайтын тарландардың бірі екенін көрсеттік.

М.Шахановтың шығармаларына тән кейбір көркемдік, бейнелілік жайттарды сөз етіп, оны қазіргі күнгі ақындардың кейбір шығармаларымен салыстыра отырып, Мұхтар ақынның өзіндік өрнектерін атап өттік.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылан әдебиеттер.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана; 2006 жылғы 1 наурыз.
  2. Айбергенов Т. Аруана — бауыр дүние.  — Алматы; Атамұра, 2003. — 208 б.
  3. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі — (Құрастырған Ахметов 3, Шаңбаев Т) Алматы; Ана тілі, -384 б.
  4. Байтұрсынов А. Шығармалар. — Алматы; Жазушы, 1989. — 320 б.
  5. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. -Астана; Елорда, 2001.-312 6.
  6. Қабдолов 3. Сөз өнері. — Алматы; Қазақ Университеті, 2002.-352 б.
  7. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедия — Алматы; Білік, 1999. — 750 б.
  8. «Қазақ әдебиеті» газеті №26, 28.06.2002 ж.
  9. Мырзалиев Қ. II томдық шығармалар жинағы. — Алматы; Балауса,

1995.-400 6

  1. Мақатаев М. Аманат. — Алматы; Атамұра, 1999. — 304 6.
  2. Молдағалиев Т. «Мұхтар Шахановқа хат» Жас қазақ үні № 27-28.
  3. «Рух-дария» газеті. № 3, 2005 ж
  4. Шаханов М. Ғасырларды безбендеу. -Алматы; Жазушы, 1988.-301 б.
  5. Шаханов М. Таңдамалы жырлар.  — Алматы; Дэуір, 1992.-61 б.
  6. Шаханов М. Жаңа қазақтар.  — Алматы; Білім, 2000.-224 б.
  7. Шаханов М. Эверестке шығу. — Алматы; Атамүра, 2003.-272 б.
  8. Шаханов М. Компьютербасты жарты адамдар. (Рухсыз күш формуласы) — Алматы; Атамұра. 2003.-301 б.
  9. Шаханов М. «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» — Алматы; Атамұра, -310 6.

19.Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ, 1–кітап–Алматы: Қазақстан Республикасының  Ғылым академиясы. 1967. – 586 бет.

20 Кәкішев Т. Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы. –Алматы: мектеп, 1961. – 341 б.

  1. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. –Алматы: Жазушы, 1971. – 280 б.
  2. Ахтанов Т. Көкейтесті. Әдебиет туралы ойлар. – Алматы: Жалын, 1980. – 360 б.
  3. Әбдірахманов Т. Қасым Аманжолов поэтикасы. – Алматы: Жазушы, 1976. – 285 бет.
  4. Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. Әдеби сын. – Алматы: Рауан, 1973. – 370 б.
  5. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. – Алматы: Мектеп, 1966. – 370 б.
  6. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1973. – 371 б.
  7. Бербдібаев Р. Әдебиет және өмір. — Алматы: Жазушы, 1964. – 341 б.
  8. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: Рауан, 1981. – 375 б.
  9. Егеубаев А. Сыр мен сымбат. — Алматы: Жазушы, 1981. – 341 б.
  10. Жәмішев Ә. Жыр жанары. — Алматы: Рауан, 1970. – 401 б.
  11. Ибрагимов Т. Өлең өрісі. — Алматы: Рауан, 1979. – 280 б.
  12. Кәкішев Т. Дәуір суреттері. — Алматы: Жазушы, 1967. – 370 б.
  13. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе – бет. – Алматы: Жазушы, 1972. – 301 б.
  14. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. – Алматы: Мектеп, 1968. – 370 б.
  15. Қирабаев С. Шындық және шеберлік. — Алматы: Рауан, 1983. – 301 б.
  16. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 1998. – 224 б.
  17. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.-Алматы: Білім, 1995.–288 б.
  18. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. — Алматы: Білім, 1982. – 280 б.
  19. Нұрғалиев Р. Өнердің эстетикалық нысанасы. — Алматы: Рауан, 1979. – 380 б.
  20. Нұрғалиев Р. Телағыс. – Алматы: Мектеп, 1986. – 301 б.
  21. Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. — Алматы: Рауан, 1982. – 320 б.
  22. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. — Алматы: Мектеп, 1980. – 280 б.
  23. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы: Жазушы, 1968. – 320 б.
  24. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1992. – 320 б.
  25. Тәжібаев Ә. Ойлар, толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1977. – 280 б.
  26. Шәріпов Ә. Сырбай Мәуленов творчествосы.-Алматы: Рауан, 1985.–301 б.
  27. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. — Алматы: Мектеп, 1962. – 315 б.
  28. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. — Алматы: Жазушы, 1973. – 301 б.
  29. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – Алматы: Ғылым, 1990 – 280 б.
  30. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Мектеп, 1977. – 280 б.
  31. Мақатаев М. Жырлайды жүрек. — Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.