АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелер

         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық  мәселелер

 

Алматы — 2009

Реферат

 

Жұмыс көлемі: 40 бет

Әдебиеттер тізімі: 46

Түйін сөздер:

Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты  еңбегіне талдау жасап, психология ғылымына қатысты термин, ұғымдарды талдау.

Міндеттері:

  1. XX ғ. басындағы қазақ педагогикалық-психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар еңбектеріне шолу.
  2. М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелерді талдау.
  3. М. Жұмабаев еңбегіндегі психологиялық терминдерді анықтау

Зерттеу болжамы:  Мағжан Жұмабаевтың мұраларын зерттеу арқылы – 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ психологиялық ой-пікірлерінің даму деңгейін анықтауға болады.

Зерттеу обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі.

Зерттеу пәні: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық психология саласындағы көзқарастары және ой-пікірлері мен оның ұлттық психология ғылымына қатысты термин, ұғымдары. 

Зерттеу әдісі: тарихи тұрғыда жазылған педагогикалық-психологиялық әдебиетке талдау, өмірбаян әдістері арқылы зерттелді.

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………

 

І ТАРАУ. М. Жұмабаев педагогикалық психология ғылымының көрнекті өкілі

1.1 М. Жұмабаевтың өмірі мен творчестволық қызметі……………………………

1.2 XX ғ. басындағы қазақ педагогикалық-психологиялық

       ой- пікірлердің қалыптасу жағдайлары…………………………………………….

І Тарау бойынша тұжырым……………………………………………………………………..  

 

ІІ ТАРАУ. М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі психология ғылымының өзекті мәселелері

2.1 М.Жұмабаев мұрасындағы жалпы психологияның                 

       мәселелері ……………………………………………………………………………………….

2.2 М. Жұмабаев және педагогикалық психологияның

       өзекті мәселелері………………………………………………………………………………

2.3 М. Жұмабаев ұлттық психология терминдерін алғаш 

жүйелеушілердің бірі………………………………………………………………………………

ІІ Тарау бойынша қорытынды…………………………………………………………………       

Қорытынды…………………………………………………………………………………………..

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………….

Қосымша

 

Кіріспе

 

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының, мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да, сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді.

Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін  үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады.

Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар. Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның  пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да кездеседі.

Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері  өз халқының тарихы на үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі.

Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.

Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.

Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев «тәрбие – дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады» дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді.

Зерттеу мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық-психология саласындағы еңбегіне талдау жасап, психология ғылымына қатысты термин, ұғымдарды саралау.

Зерттеу болжамы:  Мағжан Жұмабаевтың мұраларын зерттеу арқылы – 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ психологиялық ой-пікірлерінің даму деңгейін анықтауға болады.

Зерттеу обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық- психологиялық еңбегі.

Зерттеу пәні: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық психология саласындағы көзқарастары және ой-пікірлері мен оның ұлттық психология ғылымына қатысты термин, ұғымдары. 

Зерттеу әдісі: тарихи тұрғыда жазылған педагогикалық-психологиялық әдебиетке контент-талдау, өмірбаян әдістері арқылы зерттелді.

 

І ТАРАУ  М. ЖҰМАБАЕВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ

 

1.2 М. Жұмабаевтың өмір жолы мен қызметі туралы жалпы мағлұмат

 

М. Жұмабаев – қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының игілігіне не істеуге жұмсалса да даяр болған. «Мен ақынмын, көкте жүзуім керек» демей, қазақты сөзбен емес, іспен оятуға талпынған.  Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылар деп армандаған аяулы ақын енді міне, ел-жұртының арасына қайтып оралуда.

М. Жұмабаев 1893-жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында әулетті отбасында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл М. Жұмабаев атында. М. Жұмабаев өз заманының ең білімдар адамының бірі болған. 1903-жылы дейін ол әуелі ауыл молдасынан, содан кейін мұғалімнен оқиды. Бұдан кейінгі жылдар Уфадағы Ғалия медресесінде дәріс алады, орыстың маңдай алды оқу орындарында білімін толықтырады. 1913–1917-жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923–1926-жылдары Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітіреді /1/.

М. Жұмабаевтың қоғамдық-саяси көзқарасы қалыптаса бастаған кезде Ресей империясының отары Қазақстанның халі мүшкіл еді. Өскен капиталистік қатынастар жайлай түсті. 1913-жылы Қазан қаласында М. Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Жиырмадан енді асқан жас ақын бірден жұртшылық назарына ілігеді. Әсіресе қазақ жастары арасында Мағжан аты кеңінен жайылады. Олар ақын айналысына топтаса бастайды. Омбы қаласында «Бірлік» деген қолжазба журналына редактор болады.

Ресейдегі ақпан төңкерісіне байланысты қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыс жаңа белеске көтерілді. Нағыз таң атты деп есептеген Мағжан 1917-жылдың көктем-жаз айларында кұрылған «Алаш» партиясы басшысының Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында автономия алуы тиіс деген ұранына қосылады. М. Жұмабаев 1917-жылдың көктемінде Ақмола облыстық комитеті халық ағарту бөліміне енгізіледі. «Алаш» партиясының съездерінде, Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат, қазақ мектептері үшін оқулық жасау комиссиясының мүшесі болып сайланады. Мағжан 1918-жылдың қаңтарынан мамырға дейін абақты деген сұмдықты басынан өткереді.

М. Жұмабаевтың 1917–1920-жылдар аралығында өмірі мен шығармашылығы әлі де қосымша зерттеуді талап етеді. «Бостандық туы» газеті Омбыда шығып тұрғанда, ал 1921-жылы осы облыстық газет Петропавлға көшкенде оның жауапты редакторы болып істеген. 1920–1927-жылдары М. Жұмабаевтың шығармашылығы ең шырқау биігіне жетеді. 1922-жылы Қазанда, 1923-жылы Тәшкенде ақынның өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын үсті-үстіне өлең, поэмалар, әңгіме, очерк, мектеп балалары үшін арнайы шығарма жазуға қатысты. «Ақ жол» т.б газеттер, «Шолпан» журналы, түрлі баспа орындары ақын қаламынан туған дүниелерді үзбей, сиясын кептірмей жариялап тұрды /2/.

Осы кезде ақын аудармашылық, педагогикалық қызметке де қызу араласады. 1923–1926-жылдардың аралығында өзі жазған «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы», «Педагогика», «Бала тәрбиелеу жолдары», «Сауатты бол» оқулықтарын әлденеше рет бастырып шығарады. Омбының мұғалімдер семинариясын, сол кездегі Сібірдің университеті аталып кеткен мәртебелі оқуын үздік бітірген жас ақын педагогика, психология мамандықтарын музаның құрбандығына шалмаған. Екі-үш абзал міндетті қатар алып жүруге тырысқан /6/.

Мағжанның өнеріне тән нәрсе – қолға алған тақырыбының тарихи немесе теориялық бүге-шегесін барынша терең білдіретінінде. Бұған оның алғыр ойын, ұшқыр қиялы мен сезімін қосамыз.

М. Жұмабаев – М.Горький шығармаларын алғашқылардың бірі болып тәржімалады. Ол қазақ оқырмандарын пролетариат-тың ұлы жазушының «Сұңқар жыры» т.б әңгімелерімен таныстырды. Өз тұстастары оны еуропалық зор мәдениетті жазушы деп білсе, бұл нәтижеге ол оңайшылықпен жеткен жоқ. Мағжан өзі сүйген орыс және дүниежүзі ақындарының көп-көп  шығармаларын таңды таңға соғып айтуға бартын.

Көркем шығарма – суреткер дүниетанымының бірден-бір өлшемі. Осы жағынан да М. Жұмабаев шешуші қадам жасайды. Оның шығармаларында «психологиялық талдау», «ішкі монолог» деген сияқты бейнелеу жиі кездеседі.

Мағжанның алып тұлғасын танытқан ең шоқтығы биік шығармасы – «Батыр Баян». Бұнда көркем психологизмнің, алуан түрлері түзілген. Адам мінезі, әрекеттері, ішкі жан дүниесі, сөзі, адамдардың өз әрекеттерінің жүректе, жан әлемінде әлдебір өзгеріс, сілкініс туғызуы – осы формалардың бәрі-бәрі ұласып, жалғасып отырады. Психологиялық талдау, ішкі монолог, жан әлеміндегі арпалыс, тебіреніс, кейіпкер ойының қырлары, бір ойдың екінші бір ойды теріске шығаруы, ішкі адамның бір мәмлеге келе алмай жанталасуы, соның нәтижесінде адамдардың соңғы шешімге, әрекетке бой ұруы яғни диалектикасы дейтініміз міне бұл кең өріс алады.

Эпикалық поэма оқиға қызығына құрылатын жанр. Ол адамдардың ішкі әлеміндегі құбылыстарды тікелей бейнелеуді мақсат етпейді. Кейіпкер психологиясын, мінезін, біз оның ісіне, әрекетіне қарай бағалаймыз. Бар іші сыртқа теуіп тұрады. Оқиға жетегінде жүріп әсерленеді. Жалпы көркем әдебиет – роман, әңгіме, өлеңдердің барлығы адам сезімі, өмірі, ой-санасы, мінез-құлқын т.б қамтиды.

Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.

1927-жылы М. Жұмабаев оқытушылық қызметпен айналысады. Жаңа өлеңдер жазады. Саяси көзқарасы өзгерген Мағжан шығармашылығының жаңа парағы ашылды. Бірақ тағдыр бұл беталысымен қалам тартуға жазбады. Ел басын сталинизмнің қара бұлты торлай бастады. Оның көлеңкесі алдымен қазақтың Мағжан секілді маңдай алды боздақтарына түседі. «Басқа пәле тілден» деуші еді. Мағжан Мәскеуде оқып жүргенінде «Алқа» деген әдеби үйірме ұйымдастырған болатын. Бұл 1925-жыл еді. Содан төрт жыл өткен соң осы «контрреволюция ұясы» болып шыға келді. Обалы нешік, ақын зауал туды деп жүнжіген жоқ. Ізденді, күресті. Түбінде әділет жеңетініне кәміл сенді. Солай болды да. Бағына М. Горькийдің көзі тірі. Сол кісіден Мағжан әйелі Зылиха арқылы хат жолдайды. Ұлы гуманист жазушының көмегімен Мағжан 1936-жылы қамаудан мерзімінен бұрын босанып шығады.

Ақын тағы да жан алып, жан берді. Шын көңілден «социалистік еңбек еліне» қызмет етпекке барын салды. 1937-жылы мамыр айында Қызылжардан Алматыға келеді. Мұнысы қаңғалақтап жүріп, құрулы торға өзі түскенмен бірдей болды. Сол жылдың желтоқсанында Мағжан ежовшылардың қаңды шеңгеліне түседі. Келер жылдың он тоғызыншы наурыз күні «жапон тыңшысы» деген айыппен атылды.

Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.

Қорыта келгенде, туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.

 

 

1.2 XX ғ. басындағы қазақ педагогикалық-психологиялық ой-пікірлердің қалыптасу жағдайлары

 

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Бұлардың арасында Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғырұлы және т.б бар. Мәселен, С. Көпеевтің күні бүгінге дейін жарияланбаған қолжазбаларының бірінде педагогика мен психологияның ғылыми мәселелеріне байланысты құнды пікірлер кездеседі. Ол сезім мүшесінің қызметі, жүрек пен жанның, жан мен мидың байланысы, ойлау, қиял қуаттары, түс көру себептері, бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасы, қыз баланы оқуға тарту жайында қызығылықты да салиқалы пікірлер айтады.

С. Көпеев адамның ерік-жігер, қажыр-қайраты туралы айта келіп, «еркі күшті адам алдына қойған мақсатты жолында ештеңеден қайтпай, талабынан бас тартпай, келешектен ешбір үміт үзбей, ұсақ-түйекпен айналыспай әрекет етеді» дейді.  «Жігері мен қадір-қайраты мол адам еш уақытта үйде отырып, тыныш өмір сүре алмайды. Оның бүкіл тыныс-тіршілігі ылғи да талас-тартыс пен күреске толы. Өйткені, оның бар арманы мақсатқа жету жолына бағышталады». С.Көпеевтің адамның мінезі мен психологиясы туралы бұдан басқа да айтқан ғылыми түйіндері баршылық.

Қазақ Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасып, дамуы жайлы сөз қозғағанда «Әліппе» (1924-жыл) авторы А. Байтұрсынұлын ерекше ілтипатпен қазақтың ғылыми тәлім-тәрбиелік жүйесінің көш басшысы ретінде еске аламыз. Ғалымның қазақ «Әліппесін» жасауы, араб жазуының реформасы, қазақ тіл білімі мен сөз өнерінің негізгі терминдерін түзеп, халқымыздың ойлау мүмкіндігімен сабақтастыра, олардың әрқайсысына таңба беріп, грамматикалық категорияларының жүйесін жасағаны, әсіресе, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жүйесін жасағандығы, ұлттық тәлім-тәрбие ғылымына қосылған баға жетпес үлес екендігі даусыз.

Қазақтың аса көрнекті жазушысы, публицист, журналист, ақын, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының (1885 – 1935) күрескерлік жолы оның 1906-жылы Санкт-Петербургте «Серке» атты газеттің шығуына ат салысуынан басталады.

1922 – 1926-жылдары Орынборда мұғалім болып жүріп, мектеп оқушыларына арнап «Қирағат», кейіннен Қызылорда да «Есеп құралы» дейтін кітаптарды баспадан шығарады. Осы еңбектерінде  тәлім-тәрбиелік, дидактикалық әңгімелер, яғни, балаларды ізгілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулитын ертегілер мен аңыздарды көптеп жариялайды. Оның көшпелі қазақ елінің әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі жайлы айтқандары: «балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, оның үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады» дегендері қазір де аса зор маңызға ие /1/.

1923 жылы сол кездегі Қазақ республикасының астанасы Орынборда Халық ағарту институтының ректоры В.Я.Струминский (1880 – 1967) жаңа талабына орай тұңғыш рет «Психология» кітабын шығарады. Бұл кітап сол кездегі Санкт-Петербург пен Мәскеудегі ғылыми зиялыларды дүр сілкіндірген оқиға болды. Өйткені, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында «Психология» ендігі жерде қандай болуы керек, және оны марксизмге негіздеп қалай жаңғырту керек деген мәселе сол кездегі ғалымдардың алдында тұрған нөмірі бірінші мәселе еді.

В.Я.Струминский сол кезде жаңа құрыла бастаған мектептер үшін «Мұғалімнің қолына түспейтін кітап» (1923) атты еңбек жазды. Соңғысы қазақ мектебінің жаңа бағытта қаз-қаз басуына методикалық жағынан едәуір себебін тигізді.

Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы. Бас аяғы бес- алты жылдың ішінде оның осы салада алты кітап жазуы – бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орынбор, Госиздат, 186-бет), 1926-жылы екі кітап, бірі – «Психология» (Қызылорда –Ташкент), екіншісі «Жан жүйесі және өнер тандау» (М.Центриздат, 81-бет), 1929-жылы «Комплекспен оқыту жолдары» (Қызылорда, Қазгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» (бастауыш класқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-1930ж.ж) «Сауатсыздықты қалай жою керек?» т.б жариялады /2/.

Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекшісінде» дидактика мен педагогиканың психологиялық ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болды. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т.б).

Жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы мысалдар терең талданбады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық психологияның кейбір мәселелері сөз болды. Олар: ұстаз бен шәкірт ынтымақтарының басты белгілері, қазақ мектебінің өзіндік ерекшеліктері мұндағы еңбек тәрбиесі, т.б.

Әрине, кітаптың құрылымы жағынан жекелеген олқылықтары да жоқ емес.

Ж.Аймауытұлының психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның «Психология» атты төл оқу құралы толық жалпы психологияның мәселелерін қарастырылған.

Психология, — деп жазды автор осы кітаптың «Беташарында»: «терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән, өзге білімдер затшылдыққа табанын тіресе де, психология әлі тіреп, яғни нық басқан жоқ. Қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады. Себептері, сырлары айқындалады, бұлардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де болса керек-ті. Бұл кітапты алдымен бала оқушыларға ұсынамыз. Қала берсе, кімде-кім әлеуметпен, қоғаммен қатынасып, қызмет ететін болса, оның бәріне де психология пайдалы кітап деп ойлаймыз, хат танитын жәй қазақ, арындамай оқи алса, едәуір білім алар деп сенеміз». Оқырманына осылай ой сала келіп, Ж.Аймауытұлы: «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді /3/.

Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiндегi  барлық тұлғалар  өзiнiң әлеуметтiк ортасымен және уақытымен тiкелей байланысты. Бейнеленген адамдарды сол дәуiрдiң  қоғамдық саяси өмiрiнен, әдет-ғұрпы мен табиғатынан бөлiп қарауға болмайтыны  автор еңбектерiнiң негiзгi қағидасы болып табылады. Автордың көркемдiк қлемiнде әлеуметтiк-сославиелiк ортаның ықпалы абсолюттiк дәрежеде болғанмен кейбiр оқиғаларда кейiпкерлердiң iс-әрекетiне тiкелей үстемдiк ететiнiн байқауға болады. тағдырлары мен iс-әрекеттерi қлеуметтiк жағдай мен қоғамдық ортаға тiкелей байланысты екiншi қатардағы кейiпкерлердi айтпағанның өзiнде басты кейiпкерлердiң жүрiс- тұрысы көп ретте сыртқы  ортаның, жағдайдың қысымынан туындап жатады.

Кейiпкердiң тек жүрiс-тұрысы мен iс-әрекетi ғана емес, олардың көзқарастары, ұғымдары, ойлау үлгiлерi де сыртқы ортаның әсерiнен бола алады. Бұл арада сыртқы орта белгiлi бiр жағдайлардың тоғысуы ғана емес, негiзiнде материалдық, сославиелiк мүдделер жатқан қатынастардың күрделi жүйесiнiңде қызметiн атқарады.

Алайда, Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiндегi тұлға  концепциясын көтерiп тұрған негiзгi кейiпкерлер-әлеуметтiк сценарийден шықпайтын, сыртқы ортаның “өкiлi” ғана емес, олар  қоғамның, жағдайдың үкiмiне, қысымына қарсылық бiлдiредi. Өзiнiң әлеуметтiк жағдайына қарамастан, өз бақытына ұмтылу, бостандық және тұлға мәселелерiмен тiкелей байланысты.

Жүсiпбек Аймауытұлының кейiпкерлерiнiң әлеуметтiк тәуелдiлiгi жеке адам бойындағы ортаның әсерiнсiз бола беретiн шабыт, құштарлық секiлдi табиғи психологиялық қасиеттермен үйлесiп отырады.

Тұлға  концепциясымен оның  автор еңбектерiндегi көркемдiк кейпiнiң ерекшелiктерiн кейiпкер проблемасымен араластырмай отырып (себебi тұлға концепциясы кейiпкер проблемасынан әлдеқайда кең ұғым)  Қартқожа, Ақбiлек бейнелерi арқылы адам бойындағы әлеуметтiк сипаттан  (социальная детерминированность) асып түсе алатын күштi көрсеткенiн атап  өткенiмiз жөн.

Мұндағы кейiпкерлер тек әлеуметтiк  ортаның заңдарымен ғана өмiр сүретiн адамдар емес, олар өз  бойларынан жағдайдың, ортаның ықпалына қарсы тұра алатын қайрат тапқан, сол арқылы адам мүмкiншiлiгiнiң шексiздiгiне сенiмдi бiлдiрiп қана қоймайды. Адамның абырой, намыс, жан ашу, жауапкершiлiк т.б. психологиялық қасиеттердi сақтай отырып, кез-келген  жағдайда жол таба алатынына  сенiмдi бiлдiредi.

Автордың кейiпкер таңдау принциптерiнен де гуманизм белгiлерiн байқау қиын емес.  Қоғам мен әлеуметтiк ортаның, жағдай үстемдiгiнiң бiрiншi екенiн  мойындай отырып, автор көркем сөз арқылы мәселенiң екiншi жағы адамның өз тағдырын өзгерте алатын мүмкiндiгiн  дәлелдейдi. Жүсiпбек Аймауытұлы қоршаған ортаны бiр деңгейден өзгермейтiн әлде бiр оқшау жағдай деп қабылдайтын ұғымдарға қарсы шыққан алғашқы қазақ  қаламгерлерiнiң бiрi болып саналады.

Біздегі ұлттық психологияның терминдерінің алғаш жүйеге түсуі де Ж.Аймауытұлы есімімен байланысты. Қай кезде де термин сөздерге ауыр жүк жүктелген, олардың жекелеген ғылымның өзіндік ерекшелігін бажайлап көрсете алуы абзал. Ғылыми ұғымдардың ана тілімізде дұрыс түйінделуі аса мұқтияттылықты қажет етеді, сондықтан да біз әрбір терминнің тұрақты орын алуына, біртіндеп ширай түсуіне қамқор болғанымыз жөн. Осы айтылғандарға 20-шы жылдардың өзінде-ақ Ж.Аймауытовтың ерекше назар аударғаны құптарлық жәйт.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен қазақ әйелдерінің арасынан тұңғыш әлеумет өмірінде көрінген кісілердің бірі – Нәзипа Құлжанова болды.

Н. Құлжанованың ұстаздық, тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның бірі 1923-жылы Орынборда шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие», екіншісі «Ана мен бала тәрбиесі».

Қазақ қоғамы жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеудің ғылыми астарлары әлі де болса айқындала қоймаған кезде Н. Құлжанованың осынау тың жатқан істі өзіне зор міндет етіп көтеруі – оның бала тәрбиесінің сан-саналы шараларын көрсете алатын біліктілігінде еді. Айтылған еңбегінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олардың отандық және шетелдік үлгілерін сөз етуімен бірге қоғамдық ортадан тәрбие алатын жас ерекшеліктеріне қарай, оның қоршаған ортасының ықпал-әсерінен туындайтын психология-лық өзгерістерді кеңінен баяндайды.

Н.Құлжанованың еңбектерінде қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады /4/.

М. Жұмабаевтың 1917–1920-жылдар аралығында өмірі мен шығармашылығы әлі де қосымша зерттеуді талап етеді. «Бостандық туы» газеті Омбыда шығып тұрғанда, ал 1921-жылы осы облыстық газет Петропавлға көшкенде оның жауапты редакторы болып істеген. 1920–1927-жылдары М. Жұмабаевтың шығармашылығы ең шырқау биігіне жетеді. 1922-жылы Қазанда, 1923-жылы Тәшкенде ақынның өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын үсті-үстіне өлең, поэмалар, әңгіме, очерк, мектеп балалары үшін арнайы шығарма жазуға қатысты. Мағжанның алып тұлғасын танытқан ең шоқтығы биік шығармасы – «Батыр Баян». Бұнда көркем психологизмнің, алуан түрлері түзілген. Адам мінезі, әрекеттері, ішкі жан дүниесі, сөзі, адамдардың өз әрекеттерінің жүректе, жан әлемінде әлдебір өзгеріс, сілкініс туғызуы – осы формалардың бәрі-бәрі ұласып, жалғасып отырады. Психологиялық талдау, ішкі монолог, жан әлеміндегі арпалыс, тебіреніс, кейіпкер ойының қырлары, бір ойдың екінші бір ойды теріске шығаруы, ішкі адамның бір мәмлеге келе алмай жанталасуы, соның нәтижесінде адамдардың соңғы шешімге, әрекетке бой ұруы яғни диалектикасы дейтініміз міне бұл кең өріс алады.

Эпикалық поэма оқиға қызығына құрылатын жанр. Ол адамдардың ішкі әлеміндегі құбылыстарды тікелей бейнелеуді мақсат етпейді. Кейіпкер психологиясын, мінезін, біз оның ісіне, әрекетіне қарай бағалаймыз. Бар іші сыртқа теуіп тұрады. Оқиға жетегінде жүріп әсерленеді. Жалпы көркем әдебиет – роман, әңгіме, өлеңдердің барлығы адам сезімі, өмірі, ой-санасы, мінез-құлқын т.б қамтиды.

Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.

Қазақстандағы ұлттық психология ғылымының негізін салушылардың еңбектері бүгінгі таңда терең зерттеуді қажет етеді. М. Жұмабаевтың  мұраларын зерттеу жұмыстарының көбейіп  келе жатқанын байқауға болады. Ғалым-зерттеуші А.Т.Ақажанованың М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі сәби тәрбиесі, психикалық даму және жалпы психология  мәселелері туралы көзқарастарын қарастырып, ғылыми мақалалар жазған. Автор өз мақаласында  жалпы психология ғылымындағы дағдарыстың Қазақстан психологиясына тигізген әсері және репрессия құрбандарының осы саладағы еңбектерін зерттеуге жаңаша ғылыми тұрғыдан келу өзектілігін көрсетеді /5/.

 

І-Тарау бойынша тұжырым

Қазақстандағы ұлттық психология ғылымының негізін салушылардың еңбектері бүгінгі таңда терең зерттеуді қажет етеді. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Тұжырымдай келгенде, туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев.

Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.

Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.

 

 

 

ІІ ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» АТТЫ ЕҢБЕГІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

2.1 М.Жұмабаев мұрасындағы жалпы психологияның мәселелері

 

 М.Жұмабаев «психология – адамдардың  жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл-қайрат, көңілдің жайын баяндайтын пән» деп анықтама береді /7/.

М.Жұмабаев психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологияның болу нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.

Мағжан Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» -деп белгілейді. Мұнда психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сұрақтарға тоқтала отырып, мынадай мәселелерді анықтайды. Жан көріністерінің дене көріністерінің айырмашылы ғы: жан көріністері мен дене көріністерінің арасындағы байлам; жан көріністері үйрену жолдары өзін бақылау; жан тұрмысының түзу болу шарттары; нерв жүйесін өсіру және бейімдеу, нерв жүйесінің қызметі; оның белсенділігін сақтау; мидың қажуы және оны тынықтыру.

Жан көріністерінен – ақыл және ішкі сезім деп бөледі,  жан тұрмысының бірлігін дәріптейді. Ақыл көрінісі: әсерлену ұғымының пайда болуы, мұнда әсерлену көрінісінің пайда болу шарттары әсерленудің іші, күші, тоны, сын-сипатына т.б тоқталған. Бұл мәселенің барлығы ұлттық психология тұрғысынан қарастыруға ұмтылған. Адамның бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауда іскерлік, суреттеу, тұқымдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ой шығару, тіл т.б. кеңінен тоқталып, оларға жатық, қарапайым, қолайлы түсіндірмелер береді/10/.

Енді М.Жұмабаевтың жалпы психология мәселелеріне кеңінен тоқталып, қарастырайық. Психология – ескі пән. Бұл пәнді пән етіп дүниеге шығарушы Иса пайғамбардан бұрын болған, грек ұлтынан шыққан Александр Македонский, Еркендір Зұлқарнайын патшаның тәрбиешісі Аристотель данышпан. Басында айтқанымыздай, «психология – жан туралы пән» деген М.Жұмабаев. Жанды ешкім көрмесе де жанның барлығына дау жоқ. Бірақ сол жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендігі туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі философия пікіріне негізделген. Бірінішісі – жан деген бөлек, өз алдына бір нәрсе дейді. Бұл баяғыдан келе жатқан пікір. Қазақтың шыбын шыбын сияқты зат, өлгенде ауыздан шығып кетеді, ұйықтағанда мұрнынан шығып серуендеп жүреді-міс дейтін ертегісі осы пікірдің бір сәулесі.

Бұл жан денеден тіпті бөлек, өз алдына қандай да болса бір зат деген пікір «спиритуализм», яки «идеализм» деп аталады. Екінші пікір – жан дене іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни жан деген жеке зат жоқ, жан деген дененің бір бөлігі деген сөз. Бұл пікір материализм деп аталады.

Үшінші пікір жан деген жан көрінісінің жиынтығы дейді. Яғни, жан деген ойлау, сезу және басқа барлық көріністердің жалпы аты дейді. Бұл пікір «феноменализм» яғни «эмпиризм» деп аталады. Қайткенде, адамзат бұл күнге шейін жанның не зат екенін біле алған жоқ. Жанның не зат екенін білінбеуінен жанның бар екендігіне күмән келтіруге болмайды. Жан бар. Барлығы сол, оның істері, көріністері бар. Ақша қар қосылып жатқан айқын ізге түссең, алдында аңның барлығына күмән келтіресің бе? Бұл да сол сықылды. Жалғыз айырмашылық мынау ізге түсе отырып, адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға жете алған жоқ. Яғни, істері, көріністері бойынша жанның не зат екенін қанша білгіш болса да, әлі күнге дейін біле алған жоқ. Бірақ, бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді.

Ал, енді М. Жұмабаев жан көрінісі мен дене көрінісінің арасында қаншалықты айырма бар екеніне тоқталып өтеді: «Жан көріністері мен дене көріністернің арасында көп айырма бар:

Бірінші: сыртқы дүние заттардың бәрі; мысалы, қазан, дөңбек, құрық белгілі бір орын алып тұрады, қандай зат болса, орын алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып тұрған орнын өлшеген болсақ, пәлендей орын алып тұр дейміз.  Өлшемеген болсақ, пәлен зат ұлкен, не болмаса кіші, яғни пәлен зат пәлен заттың не оң, не сол жағында тұр дейміз. Сыртқы дүниедегі заттың өзі түгел, ол заттың өзі де белгілі бір орын алады. Жан көріністері жалғыз уақытпен ғана өлшенеді. Біз жан көріністері туралы, мысалы ой жайлы, пәлен уақытта болады, яки осы кезде болады деп айта аламыз. 

Екінші.  Сыртқы дене заттарының көріністері сезім мүшесі арқылы көрінеді. Ал енді, жан көріністерін сырт сезіммен сезуге болмайды.

Үшінші. Сыртқы денеде бірнеше заттар, яки көріністер бір уақытта бола береді. Ал енді, жан көріністері бір уақытта болмайды. Олар бірінің артынан бір өтеді.

Жан көріністері мен дене көріністері арасында қанша айырма болғанымен, аралығында тіпті жақындық та жоқ емес, қайта мықты байлам бар», дейді М. Жұмабаев. «Дене жанға, жан денеге байлаулы, біреуінің біреусіз күні жоқ.

Өзіңізге мәлім – дене сау болса, жанымыздың ісі де сау. Яғни ақылымыз түзу, мінезіміз дұрыс, қайратымыз берік болады. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер етеді.

Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене арасында тіл хатшы болады. Құрал, жан мен денені бір-біріне байлайтын жүйке жүйесі деп аталады» дейді М. Жұмабаев. Осылай жүйке жүйесін екі бөлімге бөледі: орда бөлімі (ми жұлыны) және бұтақ бөлімі, яки, «перифериясы». Жүйке жүйесінің бірінің түрі бастығы – ми. Мидан он сегіз егіз жүйке шығады.

«Жүйке жүйесінің ағасы, биі – ми. Ми – жанның құралы. Жан ми арқылы сыртқы дүниеде не өз денесінде болып жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені қозғайды. Егер ми зақымдалса, онда адамның қол-аяғы қозғалмай қалады. Яғни, «паралич» болады.

Жүйке жүйесінің сау болуы керектілігі секілді, оның жақсы өсуі берік болуы да керек. Ол үшін баланы бастапқы кезден сыртқы сезімдерін ұлғайтатын, дене мүшелерін көп қозғалтатын жұмыстер істеу керек»/9/.

Бұл айтылғандардың өзіндік мән-мағынасы бар. Сол кездің өзінде Мағжан жан-жақтылығымен көрініп, мәнді пікірлер қалдырып кеткенін көреміз

М. Жұмабаев жан көріністерін қанша түрлі болғанымен, оларды түп мінездері бойынша үш топқа бөлуге болады дейді. «Білу, яғни, ақыл көріністері, ішкі сезім, яғни, көңіл көрінестері мен қайрат көріністері. Бір заттың яғни көріністерінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемейтін боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл қайрат ісі» деп көрсетеді де әрі қарай осы үшеуін қарапайым мысалмен көрсетеді.

Сонымен қатар жасөспірім бойына сіңіру, тәрбиелеу жолдарын білдіреді. Кітаптың осы бөлімінде әсерлену сезім туралы ойын таратуда көркемдік, тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Мұнда ол сұлулыққа тәрбиелеудегі табиғат пен өнердің мәнін, жарқын орта – үй іші, зат, дүние, адамның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, іс-әрекет көркемдігін ашып көрсетеді. Сондай-ақ ересек адамдар әрқашан жақсы үлгі көрсету керек екендігін баса белгілейді.

Мағжан әсерленуді былайша түсіндіреді «әсерлену көрінісінің болуы былайша сыртқы дүниедегі бір заттың денемізге яғни жүйке ұшына әсер қылады. Мысалы, дауыс, құлақ, жүйкеге әсер қылады. Ми осы келген әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв системасының алып келген әсері жанның аңдауы, әсірлену деп аталады», деп қарапайым анықтама береді.

«Әсерелену – орындастыру, яки локализация. Әсерлену орда жүйесінде, мида, жұлында ғана болса да, денеміздің қай жеріне әсер болса, біз әсерленуді сол жерге алып барамыз. Әсер денеміздің қай жерінде болса, сол жерде әсерленуді орналастыру яғни локализация деп аталады.

Перцепция, яғни, локализация әсерленуді туғызатын себепті, затты табу перцепция деп аталады.

Апперцепция. Әсерленуді бұрынғы болған тәжірбиелермен толықтыру апперцепция деп аталады.

Перцепция мен апперцепция арасындағы байлам мынандай: перцепция неғұрлым күшті болса, апперцепция соғұрлым әлсіз болады. Керісінше апперцепция неғұрлым күшті болса, перцепция соғұрлым әлсіз болады. Ал енді, перцепция апперцепцияны тіпті жеңіп кететін болсам ол уақытта адамда иллюзия, ағни, сезім алдауы пайда болады».

М. Жұмабаевтың бұл айтқандары қарапайым тілмен  термин сөздердің мағынасын ашып, түсінікті мысалдармен толықтырып отырған. Оқушылар оқығанда тілі жатық, тез түсінуге көмектеседі.

Автор әсерленуді екіге бөледі: жалпы сезім және сыртқы сезім әсерленуі. Осы екеуінің Мағжан сыртқы сезім әсерленуіне көбірек тоқталады. Ол сыртқы сезімді алтау деп қарастырады. Олар: көру, есту, иіскеу, тату, сипау ет сезімдері. Яғни, олардың түсі, түрі, дәмі, иісі және басқа сындары мен адам жанына түрлі білімді осы алты сезім береді.

Автор осы сыртқы сезімдерді дұрыс күту керектігін айта отырып,    әрқайсына жеке-жеке тоқталады. «Көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу ләзім. Сол тәрбиелеу арқылы абай (зейін) қалыптасады. Зейін дегеніміз (М.Жұмабаев зейінді абай деп алған. Бізге түсініктіболу үшін зейін деп жазып кеттім). Сыртқы дүниедегі бір затқа, яғни ішіміздегі жан көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі».

Оның зейінді тәрбиелеу жөніндегі айтқандары қысқа болса да, нұсқа. Зейінді бірнеше түрге бөліп қарастырады:

  1. Әсер берген заттың, яғни көріністің мінезіне қарап екіге бөлінеді. Ерікті және еріксіз зейін. Біз тілемеген уақытта, яки тілімізге қарсы бірнәрсе біздің зейінімізді еріксіз тарса, міне осындай уақытта болатын зейін еріксіз зейін деп аталады. Ал енді, егер біз өзіміз тілеп,бір нәрсеге зейінімізді өзіміз аударсақ, міне, осындай уақытта болатын зейін ерікті зейін деп аталады.
  2. Зейіннің табандылығына қарай екіге бөлеміз. Табанды және табансыз зейін. Бір затқа қажымай қадалған зейін табанды деп аталады. Ал енді бір затқа тұрақтай алмай, бірінен-біріне секіретін зейін табансыз деп аталады.
  3. Зейін тарататын заттың тұқымына қарап, екіге бөлінеді. Ішкі зейін және тысқы зейін. Сыртқы дүние затына жұмсаған зейін – сыртқы зейін деп аталады. Өзіміздің ішкі жан көрінісімізге жұмсалған зейін – ішкі зейін деп аталады.

Баланың зейіні ересек адамдарға қарағанда төмен, нашар екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдану беру керек екендігін түсіндіреді.

«Зейін – жан тұрмысының негізі. Сондықтан түсіндіретін нәрсе көрнекті шын ынтамен көріп тыңдамайды. Жаңа өмірмен байланысты назар аударатындай болса» дейді автор.

«Суреттеу ассоциациясы» (ұғымдық байланыстар) туралы ғылыми түсініктер беріп, ғалым балаға не түсіндірсең де көрсетіп түсіндіру керектігі, бір уақытта бірнеше ұғымдардың бірін-бірі тудыратыны, ұғымдар жалғастығы, осы ассоциациялық заңдылықтарға байланысты, сондықтан ол заңдылықтарды оқу-тәрбие ісінде тиімді пайдаланып отыру керек екендігін дәлелдеп келтіреді.

«Галлюцинация: бізге ешбір әсер бермеген бір затты яки көріністі суреттеу деген сөз. Бұл адамның миы, жаны сау болмағандығынан болады». Бұл айтқан пікірі, яғни түсіндірмесі де қарапайым жалпақ тілмен айтылған. Осы кездегі галлюцинация жайлы айтылған түсіндірмелерден мағынасы алыстап кетпейді. Мысалдарын да қазақ өміріне қауыштырып түсіндірген.

Адам өмірінде естің алатын орнын көрсете келіп, оны есту, көру, қозғалу исі деп жеке-жеке қарастырады.

«Енді «ес» процесіне толығырақ талдау жасасақ: ес және еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтау бәлуі ес деп аталады. Ал, енді сақтаулы тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады».

«Әр адамның есі әртүрлі», дейді автор. «Кейбіреулер тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады. Бірақ тез ұмытпайды. Ал кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды. Адамның білімді болуына осы төртінші онан соң үшіншісі пайдалы» деп көрсетеді.

Естің адам өмірінде қаншалықты маңызды орын алатынын былай сипаттайды. «Ес өмір үшін аса керек. Ес болмаса, бүгінгі жаттағаныңды бүгін ұмытып тұрсаң өмірде адамның білімі артпас еді. Адам адамды білмес еді. Ес болса ғана адам білімді болады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол, бай болса ойда терең болады. Балада ес болмаса, оған ешнәрсе үйрету мүмкін емес».

Естің адам жасына байланысты өзгерісі де өзекті мәселе екендігін айта келіп, баланың есін дамытуға тоқталады. Ес туралы психикалық тұжырымдарды талдай келе, автор, оқытудың жүйелілік мақсатын, пысықтау (қайталау) әдістерін уағыздайды.

«Естің күшті болатыны жеті мен он бес аралығы. Бұл жасында баланың міндеті ой жүгіртіп, білімді іске асыру ғана емес, білімді молайта білу, даярлай еру, бар нәрсені еске ала беру» дейді ол.

Естің өркендеуі үшін төмендегі шарттар орындалу керек дейді:

  • Әсер күшті болуы қажет
  • Сыртқы сезімнің көбінің қатынауы
  • Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау, пысықтау.

Мағжанның ендігі бір ерекше сипаттаған бөлмі қиял  ойының,  өмірдің алға басу үшін маңызы зор екендігі белгілі. Мағжан қиялға былай анықтама береді: «жанның өзіне бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алу – қиял» деп аталады.

«Бірақ, дейді автор, адам, жанында тіпті болмаған суреттеулерден сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр адамның заттардың түстері туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле алмақ емес. Ал енді, жанымызда бар суреттелген жаңа суреттеуді қайрат жұмсап өзіміз тілеп жасау ерікті қиял, яғни фантазия деп аталады» дейді. «Фантазия – өмірдің гүлі, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді», дейді.

Мағжан қиялдың пайда болу жолдарына, оның бала өміріне қажеттілігіне, бала фантазиясын тәрбиелеу, оқушы өміріндегі ертегінің, ойынның, ойыншықтың маңызыны үлкен ілтипатпен жазады. «Баланың қиялын, фантазиясын тәрбие қылу жолдары» деген бөлімінде ұлттық тәрбиеге аса құрметпен қарайды да, қазақ баласының қиялына қанат бітіретін ұлттық тәрбие екендігін пайымдайды. Әлі де болса балаға ұлттық тұрғыдан оның қиялының дамуына төмен жағдай жасап отырғанын айтады.

«Қазақ қиялы тәрбие көрген жоқ, әлі таза, әлі бала, біз жылдар, күндер өткен соң қазақ қиялы тәрбие алып, тереңдеп, адамзат дүниесінің бір жарық жұлдызы болады дегенге иманымыз кәміл», дейді М. Жұмабаев. Қарап отырсаңыз Мағжанның арманы әлі күнге дейін толық орындала қойған жоқ десек артық айтқандық емес. Ертегі туралы жазғанда да ғалым баланың өмірі үшін ертегінің маңызы ерекше екенін айтады. «Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп әкелсең ұғады. Мысалға, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөз желмен ұшып кеткенмен бірдей. Егер сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігі үшін қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады», дейді М. Жұмабаев.

М. Жұмабаев жан көріністерін қанша түрлі болғанымен, оларды түп мінездері бойынша үш топқа бөлуге болады дейді. «Білу, яғни, ақыл көріністері, ішкі сезім, яғни, көңіл көрінестері мен қайрат көріністері. Бір заттың яғни көріністерінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемейтін боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл қайрат ісі» деп көрсетеді де әрі қарай осы үшеуін қарапайым мысалмен көрсетеді.

Сонымен қатар жасөспірім бойына сіңіру, тәрбиелеу жолдарын білдіреді. Кітаптың осы бөлімінде әсерлену сезім туралы ойын таратуда көркемдік, тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Мұнда ол сұлулыққа тәрбиелеудегі табиғат пен өнердің мәнін, жарқын орта – үй іші, зат, дүние, адамның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, іс-әрекет көркемдігін ашып көрсетеді. Сондай-ақ ересек адамдар әрқашан жақсы үлгі көрсету керек екендігін баса белгілейді.

Мағжан әсерленуді былайша түсіндіреді «әсерлену көрінісінің болуы былайша сыртқы дүниедегі бір заттың денемізге яғни жүйке ұшына әсер қылады. Мысалы, дауыс, құлақ, жүйкеге әсер қылады. Ми осы келген әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв системасының алып келген әсері жанның аңдауы, әсірлену деп аталады», деп қарапайым анықтама береді.

 «Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз затты түгелімен білеміз, яғни оның бөлімдерін, мүшелерін білеміз» дей келе Мағжан Жұмабаев ойлауға тоқталады.

Автор әсерленуді екіге бөледі: жалпы сезім және сыртқы сезім әсерленуі. Осы екеуінің Мағжан сыртқы сезім әсерленуіне көбірек тоқталады. Ол сыртқы сезімді алтау деп қарастырады. Олар: көру, есту, иіскеу, тату, сипау ет сезімдері. Яғни, олардың түсі, түрі, дәмі, иісі және басқа сындары мен адам жанына түрлі білімді осы алты сезім береді.

Автор осы сыртқы сезімдерді дұрыс күту керектігін айта отырып,    әрқайсына жеке-жеке тоқталады. «Көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу ләзім. Сол тәрбиелеу арқылы абай (зейін) қалыптасады. Зейін дегеніміз (М.Жұмабаев зейінді абай деп алған). Сыртқы дүниедегі бір затқа, яғни ішіміздегі жан көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі.

 Баланың ой-қиялы оның ұғымына байланысты, сондықтан жалпы, дербес, ұғым, зат, заттың сыны, саны, іс-әрекет туралы ұғымдарды түсіндіру ұғымдар байланыстырған (хүкім), ой қорыту, ой саралау (индукция, дедукция), ой салыстыру (силлогизм) арқылы ақиқатқа жету туралы ғылыми талдау жасап, ұстаз ойлауды, өркендету жолдарын жүйелеп үйрету, ой байламдары мен себептерін түсіндіру, ақыл-есті бірте-бірте басқыштап өркендету деп көрсетеді.

Осы ойлаудың күнделікті тұрмыста керектігі және оны дамыту жолдарына тоқталып өтеді. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады дей келе, ойлау болмаса, адам басқа жануарлар секілді заттарды, көріністерді жадына, есіне ғана алып,  жат көрініс ұшырасса, оны шеше алмайтын, оған түсінігі жете алмайтын жан иесі болар еді. Қысқасы, ойлай білетін адам шын мағынасымен адам деп өміріндегі ойлаудың орнын анықтап береді автор. Ойлау осындай қымбат болса, оны дамыту керек екендігі жайлы да естен шығармайды. Әсіресе, тәрбиеші баланы дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Ұстаз тәрбиеші баланың ойын жетектемесе,бала ұғымды теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл бала болып шығады.

 Осы бөлімде ойлау, ұғым, ой шығару т.б мәселелер таратыла талданды да олардың өзін іштей әлденеше тармаққа бөліп қарастырды. Ой шығаруға осы ретпен келіп, «дедукция», «индукция», «аналогия» ұғымдарының мәндеріне зейін қояды.

Ұлт жанды ұлағатты ұстаз «жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз. Тіл әрбір адамға қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат… Тілінен айрылған ұлт ұлт болып жасай алмақ емес. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілін білу. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанының көрінісі. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың даласы кең, тілі де бай» дей келе баланың тілін жетілдіруге толығымен тоқтала кетеді /7,8,9,10/.

Ұғым оның жасалуы. «Бір-біріне ұқсас бірнеше заттарды суреттесек, біз сол заттарды бір-бірімен салыстырамыз» дейді автор, ұғымның жасалу жолын түсіндіре келіп, мысалдармен ойын толықтырып отырады.

Енді автор, ұғым мен сурттеу расындағы айырмашылықты көрсетіп береді. «Суреттеу қашан да болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген сөз сол затты белгілі бір орында белгілеу, бір уақыттағы түрімен барлық сындарымен тірілітіп алып келді деген сөз. Ал енді, ұғым жалпылықты тілейді. Жалпыламасаң, яғни топ заттың әрқайсысының дербес сындарын алып тастамасаң, ұғым болмайды. Ұғым болу үшін заттардан алып жалпы зат жасау керек. Ұғым ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен ғана жасауға болады», дей келе автор ұғым жайлы қорытындылайды.

Ал енді, ойлау мен қиял арасындағы айырманы қалай түсіндіреді, соған тоқталатын болсақ.

«Қиял суреттеуден жасалады. Ал ойлау болса, ұғымдардан жасалады. Қиял-суретті, жанды көрініс; ойлау-белгілі бір тірі суретсіз жалаңаш көрініс. Қиял мен ойлаудың арасындағы айырма осылай деп», өте қарапайым түрде түсіндіріп береді.

Ой шығару, яғни ұйғарым. М.Жұмабаев, ой шығару қалай жасалды, деген сұрақты қоя отырып, былай жауап береді. «Біз бір ұғымды екінші ұғымға байлап қойып, яғни хүкім жасап қанағаттанбаймыз. Осы хүкімді басқа хүкімдермен салыстырып отырып осы хүкімді аяқтаймыз. Бірнеше хүкімдерден жаңа бір хүкім туғызу ой шығару деп аталады».

Осы ойдың пайда болуын зерттей келе, Мағжан «ой шығару үшін үш түрлі жолмен болады дейді:

1) дедукция

2) индукция

3) аналогия

Дедукция. Ойдың бір жалпы заңынан дербес бір көрініске көшу. Екінші түрмен айтқанда, жалпы ойдан жалқы ой шығару дедукция деп аталады.

Силлогизм. Дедукцияның көп қолданатын түрі – силлогизм, яғни екі хүкіммен жаңа бір хүкім жасау. Жаңа шығарылған хүкім нәтиже деп аталады.

Индукция. Ойдың дербес көріністерден жалпы көріністерге көшуі, екінші түрмен айтқанда жалқы ойдан жалпы ой шығару индукция деп аталады».

Аналогия. М.Жұмабаев аналогия жайлы айтқандары да көңілге қонымды. Аналогияға мынадай анықтама береді: «екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар екендігін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес көрініске көшуі аналогия деп аталады».

Аналогия жәй тұрмыста  да пәнмен бір нәрсені тексергенде де көп қолданылады. Әсіресе, бала көбінесе осы аналогиямен ойлайды. Аналогия да индукция сықылды, кейде қате болуы да мүмкін. Қате болуы екі зат яғни екі көріністе бір-біріне болмашы бір сында бір- біріне ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығаруынан болады. Баланың саналы азамат болуы үшін, М.Жұмабаев осылардың қажеттілігін дәлелдейді.

«Кейбір көріністердің арасындағы  байламды мүмкін бақылауға болмайды. Ол уақытта біз бұл көріністер туралы жалпы заңды жорып, болжам ғана шығарамыз. Жалпы заңды болжаумен шығару гипотеза деп аталады» — дейді автор, бұл түсіндіру қазірдің өзінде де мағынасын жойған жоқ.

Ал енді баланың ойлануына тоқталсақ. Бұл жайды Мағжан шеберлікпен бала ойлау жайлы құнды пікірлер айта білді. «Бала айналасындағы заттарды, көріністерді біліп қана қоймайды. Соларды ұққысы келеді. Яғни солар туралы ұғым жасауға, ой шығаруға ұмтылады дей келе автор үш жастан бастап бала дамылыссыз: «мынау не? Бұл неге жарайды? Мынаны не үшін былай істеді?» деген сықылды сұраулар береді. Міне, осыдан балада ойлау болатынын білеміз.  Бала ойлауы терең ойлау емес. Баланың жанындағы суреттеулер аз, ұғым жасай алмайды. Сондықтан баланың зат туралы ұғымы сол заттың суреті болады».

Осы айтылғандарға қарап, Мағжан қазақ баласының ойлауының қаншалықты дәрежеде жетілгенін жас мөлшеріне қарап талдау жасағанын көреміз. Бұл пікірден Мағжанның қазақ балаларына зерттеу жүргізіп, бақылағанын аңғаруға болады.

Осы ойлаудың күнделікті тұрмыста керектігі және оны дамыту жолдарына тоқталып өтеді. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады дей келе, ойлау болмаса, адам басқа жануарлар секілді заттарды, көріністерді жадына, есіне ғана алып,  жат көрініс ұшырасса, оны шеше алмайтын, оған түсінігі жете алмайтын жан иесі болар еді. Қысқасы, ойлай білетін адам шын мағынасымен адам деп өміріндегі ойлаудың орнын анықтап береді автор. Ойлау осындай қымбат болса, оны дамыту керек екендігі жайлы да естен шығармайды. Әсіресе, тәрбиеші баланы дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Ұстаз тәрбиеші баланың ойын жетектемесе,бала ұғымды теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл бала болып шығады.

 Осы бөлімде ойлау, ұғым, ой шығару т.б мәселелер таратыла талданды да олардың өзін іштей әлденеше тармаққа бөліп қарастырды. Ой шығаруға осы ретпен келіп, «дедукция», «индукция», «аналогия» ұғымдарының мәндеріне зейін қояды.

Ұлт жанды ұлағатты ұстаз «жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз. Тіл әрбір адамға қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат… Тілінен айрылған ұлт ұлт болып жасай алмақ емес. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілін білу. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанының көрінісі. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың даласы кең, тілі де бай» дей келе баланың тілін жетілдіруге толығымен тоқтала кетеді /7,8,9,10/.

Қорыта келгенде, Мағжанның тіл жайында айтқан пікірлеріне қосып алатынымыз жоқ. «Осы күні түрік тілінің ішінде қазақ тілінен бай тіл жоқ. Түркі тілінде сөйлемеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Осы жерде қазақ тілінің түркі тілдері ішіндегі ерекшеліктерін айтып, баланың ойын тәрбиелеу тіл тәрбиесімен тығыз байланыста екенін дәлелдеп, баланың ана тілін ардақтауға үйрете білу әрбір ұстаздың ұлттық борышы екендігін мойындатады. Ұлттық тілдің көмегімен ұлттық ойды, сезімді, мінез-құлық, көңіл-күйді білдіріп, эмоциялық халді жеткізе алатындығымызды толық түсіндіреді», дейді М.Жұмабаев.

М.Жұмабаев жан тәрбиесіне тоқталғанда, жан көріністерін үшке бөліп қарастырған «ақыл көріністері, ішкі сезім және көңіл көріністері, қайрат көріністері» деп. Ақыл көріністері қандай түрге бөлінгенін  және оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін айтып өттік. Ал енді ішкі сезімге тоқталсақ.

М.Жұмабаев адамның ішкі сезімдерін толығымен ашып, түрлі адамдардың типтеріне тоқталып, талдау жасап түсіндіреді. Осы ішкі сезімдердің адам өмірінде қандай орын алатынына Мағжан тоқталып, «баланың өмірінде ішкі сезімнің алатын орны зор» дейді. «Біз бір жұмыс істегенде, осы ішкі сезімдер бастама болады да біз жағымды нәрселер істейміз, жағымсызды істемейміз.

Адамның бақытты немесе бақытсыз болуы осы ішкі сезімдерге байланысты. Жәй нәрседен жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам бақытты, тым семімпаз адам бақытсыз, сондықтан ішкі сезімге дұрыс тәрбие жасау керек» деп, қарапайым, жалпақ тілмен түсіндіріп өтеді. Енді осы ішкі сезімдерді қалай тәрбиелеуге болады? Осыған «баланың ішкі сезімдерін тәрбие қылғанда тәрбиеші алдымен үйрету керек» деп М.Жұмабаев, бұл мақсатқа жеткізетін жолдарын көрсетеді.

1) Дұрыс ішкі сезімдердің көп болуына, нашарлардың болмауына жәрдем көрсету керек. Яғни баланы ұнамсыз ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақтау керек.

2) Баланың маңындағы адамдар балаға жақсы мысал. Баланың еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-анасының мінезіне салып алады. Баланың айналасындағы адамдардың мінезі дұрыс болуы керек. 

Өзімшілдік ішкі сезімнің біреуі – ашу. Екінші кісі тарапынан бізге әдейі көлденең тартылған бір бөгетке кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу сезімі пайда болады. Ашу сезімі адамда екінші бір адамға қарсы оянады.

М.Жұмабаев «баланың қайраты әлсіз, бала өзінің күшін шамалай алмайды және маңайындағы нәрсенің бәрін жанды деп біледі. Бала жылдам ашуланады» деп, баланың бойындағы осы қасиетті қалай тәрбиелеп түзетуге, психикасына әсер ететін нәрселерден аулақ болуына, ескертеді.

Қорқу сезімі – адам жанында бір бақытсыздықты күткенде пайда болады. Мағжан «қиялы бұзылған адамдар қорқақ болады, қатты қорыққанынан адамдар сөйлей алмай, қозғала алмай қалады» дейді.

Жас баланы кішкене кезінен жасық етпей өсіруге автор көп көңіл бөледі. Қазақ психологиясы, бала тәрбиесіне өзінше ерекшеліктерімен қарайды, бұның пайдалы жақтары, зиянды жақтары да бар. Осы орайда Мағжанның айтқан пікірлдерімен санасуға болады.

Ұялу сезімі. Егер біз өзіміз қымбат көретін адамдардың мінегендей бір мін істесек, бізде ұялу сезімі пайда болады. Ұялмайтын адам жоқ. Бірақ біліміне, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы әртүрлі. Мінезі жұмсақ болса, ондай адам ұялшақ келеді.

Ұялу сезіміне қарсы – өзіне-өзі разы болу сезімі. Адамда бұл сезім басқалар өзін жақсылағанда, мақтағанда пайда болады. Өзіне өзі ылғи разы болып жүретін тәккаппарлық сезімі пайда болады. Тәкаппарлық сезімі, яғни адамдардың өзін ірі санауы шектен шығып кетпесе, әрине дұрыс сезім, дұрыс мінезі. Бірақ шектен шығып кетпесін» деп, адам сезімінің бұл түріне де жақсы түсініктер мен толықтырып, адам психологиясының әр түрлілігінің бір қырын көрсетіп береді. Баланы жас кезінен өзін-өзі дұрыс тәрбиелеуге шақырады.

М.Жұмабаевты сонымен бірге үлкен әдіскер деуге болады. Мысалы, «ішкі сезімнің біреуі – іш пысу мен зерігу» деген бөлімінде былай дейді. «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің ісі пысады, мұғалім үстіне-үсті төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, бала мезі болып іші, пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің барлығын балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде.

Сабақ оқытуда мұғалім сөзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың зейінін өзіне қарата алады. Сабақ үстінде балалардың ойнауы, тыныш болмауы, бір-бірімен сөйлесуі мұғалімнің жинақы, жігерлі бола білгендігінен», деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек. Дәл бізге, біздің «бала оқымайды» деп кінәлауға дайын тұратын мұғалімдерге арналған. Мағжаннан үйрену әлі кеш емес.

Ендігі Мағжанның кеңірек тоқталғаны «сұлулық сезімі». Оның айтуынша «жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.

Осы сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне көп көмек көрсетеді. Сондықтан балалының сұлулық сезімін дұрыс тәрбилеу керек. Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрселерден оянады. Біреулердікі музыкадан, біреудікі сұлу суреттен. Біреулердікі поэзиядан».

Мағжан тәрбиелеуші адам, балада қандай түрі басым екенін анықтап, сол сұлулық сезімдерді өркендетуге көмектесетін жолдарды көрсетеді:

Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Осы сұлулықтарды бала сезе білу және зейінін аудара алуымыз керек.

Баланың маңайындағыларының бәрі жинақы, ретті, таза болсын. Баланың айналасындағыларының бәрі дұрыс жүрулері керек. Айналысындағыларының сөздері де мағыналы болуы шарт.

Бала сұлулықпен терең танысуы керек. Бала неше түрлі үндерді естіп, түрлі нәрселерді көрсін, сұлу өлеңдер жаттасын. Бұлар баланың танымдық процестерін дамытады.

Енді автор жан көріністерінің бірі «қайратқа» тоқталады. Қайратты (ерік) түсіндіре келіп былай дейді: «біз ақыл көріністері арқылы сыртқы заттар туралы, яғни олардың өзі, ісі және күші туралы ілім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын білеміз және ол күйді жағымды, не жағымсыз деп бағалаймыз.

Ал енді, адамның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері болады. Мысалы:

Импульс. Кейбір сырттан ешбір әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді.

Рефлекс. Сыртқы бір әсерге, денесі ғана жауап береді, яғни, шартсыз рефлекс болады.

Соқыр сезім (инстинкт). Атадан қалған, тұқыммен жалғасады. Соқыр сезім адамның өзінің яки тұқымының аман болуына қызмет қылады

Қайрат мынандай түрлерге бөлінеді: тартылу, ұмтылу және тілеу. Қайрат адамда ә дегеннен берік болмайды. Бастапқы кезде бір нәрсеге жаны жай тартылады. Жанның осындай күйі тартылу деп аталады. Ал енді, адам не нәрсеге болса да өзінің мұқтаж екендігін аңдып анық білсе, бірақ сол мұқтаж нәрсенің не екенін біле алмаса, жанында ұмтылу болады. Егер біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу тілеуге айналады», деп қайраттың үш түрін осылай түсіндіріп береді. 

Ерік адам өмірінде аса қымбат екенін, Мағжан жақсы анықтап көрсетіп берді. Адам іс-әрекеттерінің маңызының зор екеніне тоқталып өтеді де, баланы ерікті, күшті етіп тәрбиелеуге шақырады.

Ерік адамның барлық ісін реттеп отыратынын, ерік-жігері күшті адам жеңіске жетіп, өмірдегі қиын-қыстау кезеңдерде мойынмайтынын, ойлаған ойын орындап шығатынына сенімді болады, дейді Мағжан.

Енді әдеттің адам өміріндегі қандай маңызы бар екенін айтады. Автор «әрбір іс дене болсын, жан ісі болсын алғаш істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істегенде ол істі тіпті жеңіл істейді. Белгілі шарттар болғанда белгілі бір түрде іс істеу керек әдет деп аталады», дей келе, Лейбництің «адамның барлық ісінің төрттен үшеуі әдет болады» деген сөзін келтіреді.

«Мінез адамның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке дара өзгешелігі. Оның әртүрлі қырлары біртіндеп өмір барысында қалыптасады. Мінезде адамның сенімі мен танымы, қажеттілігі мен мүддесі, ақыл-ой дәрежесі, ерік-жігері, сезім-эмоциясы, темпараменті, қызық бейімділігі байқалып тұрады. Мінез айқын, күшті, берік, байсалды, тәрбиелі және т.б болып келеді.

Адамға осындай дара мінезбен қатар дәуір, орта, әлеуметтік өмір тудыратын типтік мінез де болады. Типтік мінез – белгілі адамдар тобына ортақ, қоғам өмірінің жекелеген жақтарымен сипатталады. Мәселен, белгілі бір ұлттың адамы, сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен сол ұлттың тұрмысы, өмір сүру салтынан нәр алады. Сондықтан да бір ұлттың адамы өздерінің тұрмыс-салт мінез-бітімі жағынан басқа ұлт өкілдерінен ерекшеленіп тұрады. Осындай өзгешелікті сол ұлттың психикалық тұрпаты деп аталады. Осы тұрғыдан қазақ халқының да өзіне тән ұлттық психикалық ерекшеліктері туралы әркез айтылған».

Осыған орай Мағжан «адам мінезіне» тоқталып, мінездің қыр-сырын көрсетеді.

Баланы елін сүюге, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа тәрбиелеу үшін үлгі өнегелі айналаның мінез-құлық темпераментінің «бала табиғатының мәні зор екенін ғылыми дәлелдеп» автор іс-әрекетті қалыптастыру, мінез-құлықты қалыптастыру әдістерін ұсынады. Бала темпераментін сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндалады, баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктерді де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берген.

«Адамның шын мағынасымен «адам» болу үшін өзін сүюі, жақындары сүюмен қанағанттанбай жалпы адамзатты сүю шарты халықтың да адамдарды сүюге міндеті» /9/. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл – адамның жаратылысындағы негізгі мінез. әлемдегі тіршілік қауіпсіздігі, жалпы адамзат ұрпағының өзара сүйіспеншілігіне, ынтымақтастығына тікелей тәуелсіздікте тұрған бүгінгі таңдағы бейбітшілік мәселесімен жоғарыдағы пікірлері жақсы үндеседі.

 

 

2.2 М. Жұмабаев еңбектеріндегі педагогикалық психологияның өзекті мәселелері

 

Ғалымның психологиялық мұрасындағы ерекше орын алатын салалардың бірі – педагогиканың, яғни тәлім-тәрбиелік психология мәселелеріне арналған дүниелер. Психология ғылымының осы саласы XIX ғасырдың екінші жартысында алдымен Еуропа елдерінде, кейіннен АҚШ пен Ресейде дүниеге келді. Еуропа континентінде бұл мәселені алғаш қолға алған ағылшын, неміс, француз психологтары болды. Ал  XIX  ғасырдың аяқ кезінде психологияның осынау қолданбалы маңызын жұрттан бұрын көре білген АҚШ ғалымдары еді. Өйткені жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімділігі, оларды нәтижелі етіп оқытудың, яғни қоғамда билеп-төстеушілердің сойылын соғатын азаматтарды тәрбиелеу, оның жан дүниесін танып, білу жан ғылымдарының осы саланың еншісіне тиетін мәселелері еді.

Бала ана құрсағынан бастап есейгенге дейін қалай өсіп жетіледі? Сондай-ақ, мұны мектепте, тіпті мектепке дейін қалай сапалы оқытып, жақсылап тәрбиелеуге болады? Бұл мәселелерді сол кездегі психологтарды да көп толғантқан, қызықтырған болатын. Әсіресе, Америка психологиясының басы Стенли Холл (1846-1924) болып, кейіннен Гезель, Термен тағы басқалар да осы мәселенің ғылыми астарын қарастырды.

Кейіннен орыс психологиясына үлес қосқандар – аты әйгілі Л.С.Выготский мен Блонский, Добрынин мен Эльконин, Мухина мен Лисина, Обуховалар. Мұның теориялық жақтарының сомдалуына орыстың  белгілі психолог-теоретиктері – А.Н.Леоньтев, А.А.Смирнов т.б. біраз еңбек сіңірді.

Енді осы мәселенің қазақ топырағындағы жағдайын сөз ететін болсақ, психологияның осы екі саласына қатысты жәйттерді алғаш бірінші көтерген М.Жұмабаев болатын. Әрине, М.Жұмабаевтан бұрын да сонау есте жоқ ерте заманның өзінде атақты жерлесіміз Әбу Насыр Әл-Фараби трактатарында да жасөсіпірімнің психологиялық ерекшеліктеріне, оларды оқытып, тәрбиелеудің мәселелеріне көп көңіл бөлінген болатын.

Қазақ топырағында кейіннен Бұқар жырау, Шал ақынның (XVII ғ.) толғауларында, ұлы ойшылымыз Ыбырай, Абай өлеңдері мен қара сөздеріне, қазақтың тәлім-тәрбиелік психологиясының алғашқы ірге тасы қалана бастаған болатын. Осы тақырыптың төңірегінде Ш.Құдайбердіұлының өлеңдері мен философиялық еңбектерінде көтерілген болатын. Мәселен, Ж.Аймауытұлы өзінің «Әділет заңы» еңбегінде тәлім-тәрбие иірімдеріне халықтық дәстүр, өнерлерге психологияның астарына үңіледі.

    Ж.Аймауытұлы педогогикалық психологияға қатысты түйінді «ақылды адам көбіне отанның күзетшісі, қорғаны… тәрбиешіге Отанның келешек өмірі тапсырылды» деп жасайды. «Тәрбие жұмысы болашақтан-болашаққа жемісі үзілмей жалғаса беретін нұр. Әлемдік мәдениет пен халықтың рухани байлықтарының қоғамға, оның іс-әрекетіне қажетті тұстарын танып, таразылау пайдалы болмақ», деп қорытындылайды.

Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған, әлденеше рет ондаған тиражбен басылған «Сауатты бол!» оқулығы шешуші орын алды десек, асырып айтқандық болмайды. Ал, ақынның «Педагогика» кітабы, айтарға жоқ, қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін мұғалім, жалпы қазақ қауымы үшін таптырмайтын үлгі/7/.

Кітап негізі он бес бөлімнен тұрады. Онда дене тәрбиесі мен рухани тәрбиенің (Мағжан «жан тәрбиесі» дейді) мәселесі жан- жақты және терең қамтылады. Еңбектің ғылыми сындарлы жүйемен, аты мен сөзі бос шығындалмай, үнемді, ұстамды жазылғаны сонша, бұл кітапты республика баспа ісінің жайы балаң кезде шыққан деп тіпті ойламайсың. Мағжан кітабының Орынборда шыққан нұсқасын М.Жолдыбаевтың «қазаққа «Педагогика» кітабы «Інжілдей», Мағжан азамат Иса пайғамбардай болды» деуінде үлкен мән бар. Өйткені бұл еңбек қажетті білімді салқын қанды қасаң тілмен жеткізетін әлдебір оқулықтардай емес-ті.

Ғылыми тіл абстрактылы, Мағжанша айтқанда жалаңаш тіл. Әрбір пайымдаудың астарынан автордың мінезін, сырын біле алмайсың. Ал мына кітаптан ақын жүрегінің дүрсілі құлаққа жетеді. Мағжанның қазақ баласының бесікке салып бөленуінен бастап, тәй-тәй басқан әрбір қадамына елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады деп толғануы ғажап. Мұндай мейірбандыққы анасының баласына деген мейірбандығымен ғана салыстыра аласың. Даналық ешқашан өлмейді. Қайта апарып көмсең де, бір күні алтын секілді тот баспаған қалпында жарқ етіп шыға келеді. Мағжанның еңбектерінен осыны көруге болады.

Енді Мағжанның жалпы еңбегіне тоқталайық. «Адам қоғамдық тұлға. Сондықтан да ол өз жаратылысын қабілеті мен мүмкіндігін тек адам қоғамында басқалармен қатыныса үстінде ғана дамыта алады. Демек жеке адамның басқа адамдарға табиғатқа қатынасын оның қажеті мен қанағаттану тәсілдері – биологиялық жолмен қалыптасуы, қоғамдық болмыс, қоғамдық практикалық қызмет өзіндей адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.

Халықтық психология өзінің ұзаққа созылған тарихи қалыптасу жолында басынан өткен тағдырының санада сақталған бейнесі адам – «жаңашыл» жаңа үстіне жаңа тілейді. Жаңадан-жаңаға құмар келеді, Адам – әсемшіл, әсемнен әсем, сұлудан – сұлу таңдайды» дейді екен Мағжан. Мағжан Жұмабаев «тәрбиешіні» сөз басына қояды. Шынында да, оның өзіндік сыры бар ғой. Баланың өмірге келген күнінен, алғашқы минуттан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді, бала өмірі тәрбилеуден басталады.

Осы арада Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқы дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз береді. Баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-аналар, туған-туыстары ізгі құлықты болуы тиіс. Оның осы пікірі орыстың үлкен педагогы П.П.Блонскийдің «ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын» деген жолдарымен қабысады /8/.

«Жеке адамды қалыптастыруда баланы жасынан сапалы тәртіпке дағдыландыру, оны баланың күнделікті рухани қажетіне айналдыру психология үшін үлкен мәселе».

Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.

    Мағжан Жұмабаев «тәрбие дегеніміз не?» деген сұраққа жауап бере отырып, «адам денеден және жаннан құралады. Сондықтан тәрбие – адам жанын азықтандырып, «адам» деген атқа шын мағынада лайық ету», дейді /9/.

    Ол тәрбиені кең мағынадағы ұғым деп қараған. Мұнда ол осы күнге дейінгі біздер сияқты тек Еуропа, батыс жақтан шыққан тәрбие ғылымына еліктемей, шығыс халықтарының тәрбиеге көзқарасын қазақ халқының тәрбие туралы ой-пікірімен тоғыстырады. Мағжан «бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін. Немесе Иран мәтелі баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет». Араб мәтелі, тағы басқасын қолданған. 

Мағжан Жұмабаев тәрбиенің мақсаты «адамды адамдардың ұлтын бүкіл адамзат қауымымен бақытты ету» дей отырып, жеке адамның бақытын ұлт, одан қалса бүкіл адамзаттың бақытты болуымен байланыстырады. Ол адам баласының тәрбиеге мұқтаждығыны айта келіп «бала тәрбиесі бір өнер, сондықтан ол жеке ғылым болуды тілейді» деп ой түйеді.

Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев «тәрбие – дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады» дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді. Мәселен ол, «жын пері, жалмауыз кемпір, жын-шайтан секілді ертегілерді балаға айту мүлдем дұрыс емес, мұндай ертегілер баланы жасық қылады» деп қорытындылайды. Демек, Мағжан сол уақыттың өзінде жаман мысалдардан, қылықтардан сақтандырған.

Көшпелілер әулетінде ұлылар көп болған. Соның ішінде қазақ қауымының ішінде дара дана- Мағжан.«Даналарды ұғатын данышпандар болар» деген түсінік тегін айтылмаған. Ол кітап бойына Абайға бірнеше рет сүйенеді. Абайдың даралығын алғаш аңғартқан М.Жұмабаев пен А.Байтұрсынұлы.

Адам рухани әлемін негізі үш салаға жіктейді. «Бұлар: ақыл, көңіл (ішкі сезім) және қайрат. Енді бұл турасында Абай не дейді, содан кейін, қазақ данышпаны Абай», деп жазады Мағжан, «бұл үш топты ақыл, жүрек, қайрат деп атады. Біз бір заттылық яки көріністердің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды, белгіні табамыз. Бұл – ақыл, іс. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл ішкі сезімдер ісі. Біз бір істі істемекші боламыз. Бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл қайрат ісі»/10/

«Осы жерде Абайдың толық адам туралы ілімінің сандығының кілті ашылады. Толық адам болу үшін ақыл, жүрек (ішкі сезім) және қайрат арасында берік байлам бар екендігін есте ұстау керек. Біздің міндетіміз – адамдардың әрбір ісін осы үш топтың үшеуі бірдей қатынасатынын білу. Ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие етпесе, толық адам шықпайды».

Мағжан өз заманында білімді адамдар санатына қосылған. Дүниетаным жағынан ол негізінен материалистік көзқарасты ұстаған ағартушы, демократ.

Мағжанның зерттеушілік өнеріне тән нәрсе қолға алған тақырыбының тарихи, яғни теориялық бүге-шігесін барынша терең білдіретіндігінде. Бұған оның ойын, ұшқыр қиялы мен сезімін қосамыз.

Адамдардың көңіл-күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін- психология. Оның сыршылдығы мүмкін осыдан да болар. Оның өлеңдерін, қара сөзбен жазылған ғылыми еңбектерінде көреміз. Былай қарасаңыз, Мағжанның кейбір жазғандары ұсақ нәрсе сияқты. Ал оны жүрек, жан сезімі, ой арқылы өткізсеңіз – басқаша ойлайсыз.                                       Жалпы біреулер Мағжанды «атеист» десе, енді береулері «діншіл» дейді. Шындығында, Мағжан дінді, оның тарихын жақсы білген. Жақсы-жаман жақтарымен етене таныс болған. Оған осы бөлімдегі «жан» туралы пайымдаулары мен басқа еңбектеріндегі дін туралы пікірлері дәлел. «Жанды ешкім көрмесе де, жанның бар екендігіне дау жоқ» деп жазады Мағжан.

Алайда, діндарлыққа салынып, «жанды» әлдебір құдіреттің, құдайдың ісі деп қараудан аулақ. Керісінше, жанның пайда болуын, оның бар жоқтығын материалистік, ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге тырасады. Осыған байланысты үш түрлі көзқарасқа Мағжан өзінше тоқталып, өз ойын білдіреді. «Алайда, — деп жазды М.Жұмабаев, — баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін, жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді. Психология пәні міне осы үшін қажет».

Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.

    Мағжан Жұмабаев «тәрбие дегеніміз не?» деген сұраққа жауап бере отырып, «адам денеден және жаннан құралады. Сондықтан тәрбие – адам жанын азықтандырып, «адам» деген атқа шын мағынада лайық ету», дейді /9/.

    Ол тәрбиені кең мағынадағы ұғым деп қараған. Мұнда ол осы күнге дейінгі біздер сияқты тек Еуропа, батыс жақтан шыққан тәрбие ғылымына еліктемей, шығыс халықтарының тәрбиеге көзқарасын қазақ халқының тәрбие туралы ой-пікірімен тоғыстырады. Мағжан «бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін. Немесе Иран мәтелі баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет». Араб мәтелі, тағы басқасын қолданған. 

Мағжан Жұмабаев тәрбиенің мақсаты «адамды адамдардың ұлтын бүкіл адамзат қауымымен бақытты ету» дей отырып, жеке адамның бақытын ұлт, одан қалса бүкіл адамзаттың бақытты болуымен байланыстырады. Ол адам баласының тәрбиеге мұқтаждығыны айта келіп «бала тәрбиесі бір өнер, сондықтан ол жеке ғылым болуды тілейді» деп ой түйеді.

Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев «тәрбие – дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады» дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді. Мәселен ол, «жын пері, жалмауыз кемпір, жын-шайтан секілді ертегілерді балаға айту мүлдем дұрыс емес, мұндай ертегілер баланы жасық қылады» деп қорытындылайды. Демек, Мағжан сол уақыттың өзінде жаман мысалдардан, қылықтардан сақтандырған.

Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.

 

 

2.3 М. Жұмабаев ұлттық психология терминдерін алғаш жүйелеуші

 

М. Жұмабаевтың психология мәселесі жөнінде айтқан түйін-тұжырымдарына қатысты маңызды мәселенің бірі – ғылымның төл атауларын жасау, осы орайда ғұлама ғалымның алатын орны жөніндегі мәселе. Халқымыз қай заманда болсын сөз қасиетінің құдыретін кәусар бұлаққа балап, оны сарқылмас рухани байлық ретінде пайдалана біліп, оның кейбір асылдарын халық ұғымында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ел намысын оятатын да, елді ұйытатын да сөз құдыреті. Қазақ сөз өнерінің осыншалық құдыреті – оның асқан пәрменділігінде, қысқа болса да нұсқалығында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйе білуде.

Білім, ғылым мен техниканың ұлттық атауларын, терминологиялық сөздерін жасау мәселесі бүгін ғана ойластырылмаған, ол соңғы жүз жылдың о жақ, бұ жағында көтеріліп келе жатқаны белгілі. Қазақ терминалогиясын жасаудың басы қасында жүрген, осы мәселемен көптен бері айналасып келе жатқан профессор Ө.Айтбаев төл тілімізде ұлттық терминдер жасалуының басты кезеңдерін беске бөледі.

Оның біріншісі – термин жасалуаның алғашқы балаң кезі – XIX ғасырдың екінші жартысы. Бұл кезеңде орысша білім алған қазақ зиялылары басы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, кейіннен Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев т.б. Олар ғылыми термин жасаумен арнайы шұғылданбағанымен, өз еңбектерінде терминдік мәні бар ұғымдарға мән бере бастағанын аңғару қиын емес. Сол кездердің өзін де-ақ оқу, білім, шаруашылық, медицина салаларына жазылған әртүрлі тақырыптарда терминдік атаулар аз кездеспейді.

Екінші кезеңі – бұл Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының аталмыш мәселелердегі нақты әрекеті. Ахмет Байтұрсынұлы 1910–1930 ж.ж. арасында Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлыларымен бірлесе қазақтың ғылыми тіл білімі мәселелерімен арнайы айналысқаны белгілі. Олар жазу, әліппи, емле мәселелерімен түбегейлі шұғылдана жүріп, қазақ тілінің терминдік жүйесін жасауды да қолға алды. Әсіресе, бұл жерде Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл туралы»  мен Жүсіпбек Аймауытұлының «Психологиясы» және Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасында» жинастырылған терминдік сөздер күні бүгінге дейін өзінің мәнін жоймай келеді.

Ұлттық терминдерді қорландырудағы үшінші кезең жиырмасыншы жылдардың басы мен отызыншы жылдардың аяғын қамтиды. Ал біздің қазақ елінің латын графикасына көшіп, өзінің ұлттық тілін, ғылыми атауларын біршама дамыта түскен кезі еді. Бұл кездерде терминалогия мәселесі жұртшылық назарына ерекше түсті. Ғылыми тіл дамуының төртінші кезеңіне қырқыншы, сексенінші жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл таза орыс жазуын әбден мойындап, оның тілімізге етене енген кезеңі. 1985-жылдан бастап, күні бүгінге дейінгі аралықты біз қазақ терминологиясы қалыптасуының бесінші кезеңі дейміз.

1927-жылы  Қызылорда қаласында «Пән сөздері» деген араб грамматикасы мен терминдер сөздігі шықты. Мұнда жекелеген ғылымдардың төл тіліміздегі басты-басты терминдері жинақталған еді. Бұған психологияның да бірсыпыра терминдері енген болатын. Бұлардың дені Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытұлының кітаптарынан алынған. 1931-жылы Алматыда «Атаулар сөздігі» деген екінші басылым жарық көрді. Бұған латын графиксымен жазылған сегіз мыңнан астам сөздер мен атаулар енді. Бұл жинақтан да психологияның жекелеген сөздері мен терминдерін кездестіреміз.

Терминология мәселесі дамуында 1931-жылы Мәскеуде ұйымдастырылған бүкіл одақтық кеңестің де мәні зор болды. Бұл жиын бұрыңғы КСРО  халықтары үшін ортақ терминдер жасау, яғни интернационалистік терминдерді унификациялау, оларды белгілі бір жүйеге келтіру мәселелерімен айналысты. Осындай басқосулар бұдан кейінгі жылдары да ауық-ауық өткізіліп тұрды. 1936-жылы Қазақ ССРО Халық Комиссарлар кеңесінің жанынан республикалық терминологиялық комитет құрылды. Оның ұлттық терминдерді қалыптастыру ісіне тигізген көмегі аз болмады. Содан бері ғылымның сан алуан саласынан жалпы саны жүзге жуық терминологиялық сөздіктер жасалды. Міне, осындай игі істердің басында  біз мұрасын зерттеп отырған, қазақтың ұлттық психологиялық терминдер жасалынуы көш басында М.Жұмабаев тұрады.

Жұмабаев қолданған психологиялық терминдердің басым көпшілігі қазіргі қазақ психологиясынан орнықты орын алып отыр. Ғұлама ғалымның термин жасау тәжірибиесін қазіргі жағдайда бірден-бір үлгі ретінде ұсынсақ ұтылмаймыз.

Ал енді, М.Жұмабаев термин құрау практикасында халқымыздың сан ғасырларының негізгі сөздік қорынан психологияға қатысты ұғымдарды ерінбей іздеп тауып, қолданысқа түсіргені қазіргі қазақ психологиясына тамаша үлгі өнеге. Біз М.Жұмабаевтың термин жасау, оны қолдану тәрбиесі туралы айта келе, оның жекелеген кемшілік, олқылықтарына тоқталмай өтуге болады. Әйтсе де, жол-жөнекей болса да, кейбір оғаштау кеткен қателіктеріне тоқталып өтсем.

Автор «абстракция» деген ұғымды «жалаңаштау» деп алыпты, бұдан гөрі «оғаштау», «дерексіздендіру» деген дұрыс еді. Бірақ қазіргі кезде бұл термин абстракция күйінде қалып отыр.

Автордың  түйсікті – әсерлену, елестетуді – суреттеу, есті – зейін, ерікті – қайрат, пікірді – хүкім, зейінді –абай, т.б.Терминдердің қазіргі психология саласына онша үйлеспейді, мағыналық жағынан сай келмейді.

М.Жұмабаевтың оқулығы аса құнды. Оның үстіне бұл кітап таза қазақ тілінде жазылып, тілі жатық, мұсылман әлемінде қабыл алынған терминдермен байытылғаны жөнінде жоғарыда айта кеттік.

Араб сөздерінен алынған терминдер М.Жұмабаевтың еңбектерінде де табылып қалып жатады. Мысалы, құлық тәрбиесі – арабтың ахлақ, мінез – моральдық тәрбие; зағып – арабтың – загиф – кемтар – инвалид; емле – имла – шығарма, сынып – шкіф т.б. қолданылады.

Осы сөздіктерге қарап отырып М. Жұмабаев Батыс пен Шығыс әдебиеттерін теңдей қарастырып, таныс болғанын анықтауға болады.

М.Жұмабаев психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен  қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологияның болу нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.

Мағжан Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» -деп белгілейді.

Мағжанның қазақ баласының бесікке салып бөленуінен бастап, тәй-тәй басқан әрбір қадамына елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады деп толғануы ғажап. Мұндай мейірбандыққы анасының баласына деген мейірбандығымен ғана салыстыра аласың. Даналық ешқашан өлмейді. Қайта апарып көмсең де, бір күні алтын секілді тот баспаған қалпында жарқ етіп шыға келеді. Мағжанның еңбектерінен осыны көруге болады.

 

2.4  Контент-анализдік зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi

 

Зерттеудiң мақсаты — М.Жұмабаевтың «Педагогика» кiтабындағы психологиялық атаулар мен терминдердi жүйелеудегi негiзгi ұстанымдары мен ұлттық педагогикалық-психологияның ғылыми  терминдерiне берген сапалық анықтамаларының бүгiнгi психологиядағы ғылыми терминдермен сәйкестігі тұрғысынан талдауға ұмтылу.

Зерттеу объектiсi- М.Жұмабаевтың «Педагогика»  кiтабы.

Зерттеу әдiстемесi: Контент-анализ әдiсi.

Зерттеу мiндеттерi:

  • М.Жұмабаев мұралары туралы жазылған ғылыми еңбектерге шолу.
  • М.Жұмабаев еңбегіндегі психологиялық мәселелерді  қарастыру.
  • М.Жұмабаев «Педагогика» кiтабындағы ғылыми атаулар

   мен терминдердi контент-анализ әдiсi арқылы талдау.

  • Зерттеу нәтижелерiн өңдеу, талдау, қорытындылау

 

Контент-анализ әдісі түрлi әлеуметтiк зерттеулерде соның iшiнде әлеуметтiк психологияда қолданылатын қүжаттарды талдау әдiсiнiң бiрi болып табылады.

Контент анализдiң қүжаттардың мазмүнын зерттейтiн басқа әдiстердiң спецификасы бүл процедурада зерттелiнетiн текстердiң мағыналық бiрлiгiнiң кездесi жиiлiгi есептелiнедi.

Контент-анализдiң мақсаты-қүжат текстiн талдау негiзiнде реалды адамдар мен қүбылыстар туралы қорытынды жасау.

Контент-анализ процесiндегi негiзгi қиындық зерттелiнетiн қүбылыстардың немесе сипаттың текстегi сәйкес индикаторларын табуға көмектесетiн процедураларды анықтау, оларды өлшеу және адекватты тұрде интерпретация жасау. Осы мiндеттi шешуде контент-анализ бiрнеше процедураларды қолданады.

Контент-анализдегi стандартты бiрлiк ретiнде мыналарды аламыз.

а) сөз, символ, термин;

ә) пiкiрлер мен ой қорытындылары;

б) жалпы әңгiме тақырыбы

в) персонаждар;

г) автор

д) жалпы түтас хабарламалар

Контент-анализдiң категориясы деп- алынатын зерттеудiң кiлттiк концептуалды ұғымдарын қалыптастыру. Талданатын құжаттардың жеке элементтерiн де осы категориялардың кездесу жиiлiгiн сенiмдi және жұйелi түрде тiркеп отыру керек. Осылай алынған сандық мәлiметтер статистикалық өңдеуге жiберiлiп, зерттеу мақсатына сай талданады.

Контент-анализдiң көмегiмен ашып сұрақтар жауабын өңдеуде, интервью материалдарын өңдеуде, тұрлi әлеуметтiк құбылыстарды, топтық белсендiлiк процесiн, құндылық бағдар ларын зерттеуде қолданылады.

Контент анализдiң бiрлiктерiн екi топқа бөлемiз: сапалық және сандық бiрлiктер. Контент анализдегi сапалық бiрлiктер текстен ненi санау керек деген сұраққа жауап бередi. Ал сандық бiрлiктер қалай санау керек-деген сұраққа жауап бередi.

Сапалық бiрлiктерге категорияларды жатқызуға болады.

Контент-анализдiң категориясы ретiнде зерттеудiң концептуалды схемасын құратын кiлттi ұғымдарды қарастырамыз. Категориялар неғұрлым ұсақ, сапалық бiрлiктерге, яғни подкатегорияларға бөлiнуi мұмкiн. Категориялардың индикатор лары бұл сәйкес категориялармен подкатегориялардың сапалық белгiсi  ретiнде көрiнетiн мазмұн бiрлiктерi.

Контент-анализдiң категориясы ретiнде алынатын зерттеудiң кiлттiк концептуалды ұғымдары: психологиялық термин сөздер

 А-сыртқы безендiру;      В-iшкi мазмұны.

А1-Термин атаулары

А2-анықтамалардың болуы

В1-сапалы анықтамалардың болуы

В2-ақпараттың толық болуы.

1-кесте. М.Жұмабаев еңбегiндегi психологиялық терминдер

Категориялар

К е з д е с у  ж и i л i г i

 

зейін

ой

 сезiм

назар

ерiк

қиял

қабiлет

түйсiк

А1-термин атаулары

412

260

376

141

382

238

280

245

А2-анықтамалар дың болуы

5

3

3

3

2

2

3

4

В1-сапалы анықтамалар болуы

3

1

1

2

2

1

2

2

В2-ақпараттың толық болуы

5

2

2

3

2

2

3

3

 

Контент-анализдiк зертеуден шыққан қорытындылар мынадай: М.Жұмабаев кiтабында психикалық процестердiң iшiнде зейін (абай) процесiнiң кездесу жиiлiгi-412, ал оған берiлген анықтамалар 5-рет кездестi. Осы атауға байланысты сапалы психологиялық анықтамалар 3-рет кездестi. Келесi  ең көп жиiлiкте кездескен термин — ерiк (қайрат) /376/, сапалы анықтамалар  1-рет, ақпараттың толық берiлуi 2-рет кездестi. Келесi жиi кездескен қабiлет терминi /280/, сапалы анықтамалар 3-рет, ақпараттың толық қамтылуы 3-рет кездестi. Бұдан кейiнгi кездесу жиiлiгi жоғары ойлау процесi /260/, анықтаманың берiлуi 3 рет, сапалы анықтаманың кездесуi-1, ақпараттың толық болуы 2-рет кездестi. Келесi жиi кездескен тұйсiк процесi /245/, анықтамалар 4-рет, сапалы анықтамалар-2 рет, ақпараттың толық қамтылуы 3-рет кездестi. БҰл арада автордың тұйсiктi сезiм саңылауы деп атағанын ескерткенiмiз жөн. Бұдан кейiнгi кездесу жиiлiгi жоғары қиял процесi /238/, анықтаманың берiлуi 2-рет, сапалы анықтаманың кездесуi-1, ақпараттың толық болуы 2-рет кездестi. Кездесу жиiлiгi деңгейi бойынша келесi ретте назар (iлтипат) немесе қазiргi зейiн процесi /141/, анықтаманың берiлуi-3 рет, сапалы анықтама-2, ақпараттың толық берiлуi-3 реттiк жиiлiкте кездестi.

М.Жұмабаев бұл аталған процестердiң мен қасиеттердiң  барлығын да адамның саналы iс-ёрекетiнiң жемiсi деп тұсiндiредi жёне ёрқайсысына ғылыми тұрғыда сапалық психологиялық анықтама бередi.

Зерттеу жұмысының келесi бағыты М.Жұмабаев құрастырған психологиялық-педагогикалық терминдердiң қазақша-орысша сөздiгiн белгiлi бiр жүйеде кестеге түсiруге арналды. 

М. Жұмабаев құрастырған психологиялық терминдердің

қысқаша қазақша-орысша сөздігі

 

М.Жұмабаев қолданған атаулар

Қазіргі кездегі атаулары

Орыс тіліндегі атауы

абстракция

абай

ассоциация

арман

аналогия

әдет

әрекет

белсенділік

дедукция

жасанды

жеткіншек

жан қуаттары

жігіттік

зеректік

зейін

индукция

иллюзия

көпшілдік

категория

келістілік

қайрат

қылық

құлық

құмарлық

қорытынды

қызмет

локализация

мүдде

мінез

меланхолик

мимика

ойлау

өркендеу

перцепция

рефлекс

сезім

сангвиник

силлогизм

темперамент

тітіркендіргіш

ұғым

флегматик

холерик

қиял

хүкім

ынта

үмітшіл

істей білу

абстракция

зейін

ассоциация

——————

аналогия

әдет

әрекет

белсенділік

дедукция

жасанды

жасөспірім

психол. процесстер

жастық

қабілеттілік

зейін

индукция

иллюзия (алдану)

альтруизм

категория

сәйкестік

ерік

мінез-құлық

мораль

——————

ой қорытындысы

іс-әрекет

локализация

қызығу

мінез

меланхолик

мимика

ойлау

даму

перцепция

рефлекс

сезім

сангвиник

силлогизм

темперамент

тітіркендіргіш

ұғым

флегматик

холерик

қиял

пікір

қызығу

оптимист

икемділік

абстракция

внимание

ассоциация

—————-

аналогия

привычка

действие

активность

дедукция

искусственный

отрок

психол. процессы

юношество

способность

внимание

индукция

иллюзия

альтруизм

категория

гармония

воля

поведение

мораль

страсть

умозаключение

деятельность

локализация

интерес

характер

меланхолик

мимика

мышление

развитие
перцепция

рефлекс

чувста

сангвиник

силлогизм

темперамент

возбудимость

понятие

флегматик

холерик

воображание

мнение

интерес

оптимист

умения

 

ІІ Тарау бойынша тұжырым

 

М.Жұмабаев психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен  қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологияның болу нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.

Мағжан Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» -деп белгілейді. Мұнда психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сұрақтарға тоқтала отырып, мынадай мәселелерді анықтайды.

М. Жұмабаевтың психология мәселесі жөнінде айтқан түйін-тұжырымдарына қатысты маңызды мәселенің бірі – ғылымның төл атауларын жасау, осы орайда ғұлама ғалымның алатын орны жөніндегі мәселе. Халқымыз қай заманда болсын сөз қасиетінің құдыретін кәусар бұлаққа балап, оны сарқылмас рухани байлық ретінде пайдалана біліп, оның кейбір асылдарын халық ұғымында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ел намысын оятатын да, елді ұйытатын да сөз құдыреті. Қазақ сөз өнерінің осыншалық құдыреті – оның асқан пәрменділігінде, қысқа болса да нұсқалығында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйе білуде.

Мағжан қазақ арасына бұрыннан терең тағылымды аңыздар, даналық нақылдар түрінде кең мағлұм болған ежелгі грек данышпандары (Платон, Сократ, Аристотель т.б) жоғарыда айтылған қайта өрлеу дәуірінің алыптарын, орыстың төңкеріске дейінгі және кейінгі өзі жақтайтын және жақтамайтын педагог, психолог оқымыстыларын зерделеп оқығанын, сондықтан да жұрт алды-артына қарамай «екпіндеп бара жатқан» алмағайып заманда дұрыс бағытта болғанын пайымдау қиын емес.

М. Жұмабаев кезінде қолданған психологиялық ғылыми терминдердің басым көпшілігі қазіргі қазақ психологиясынан орнықты орын алып отыр. ғұлама ғалымның термин жасау тәжірибиесін қазіргі жағдайда бірден-бір үлгі ретінде ұсынсақ ұтылмаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мағжанның «Педагогика» атты еңбегіне қысқаша талдауымызды аяқтай келіп, қазақтың кемеңгер ұлы ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі, қынаптағы семсердей, халқының игілігіне не істеуге жұмсаса да даяр болған. Оның еңбектерінен біз бірқатар маңызды, құнды психологиялық қағиданы байқаймыз.

«Адам – жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді: адам — әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды» дейді екен М.Жұмабаев.

 Адамзат көшінің бір орынды сарыжұрт қылма үнемі ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылған қасиетін қандай дөп басқан. Бұл орайда өзінің жазған психология саласындағы еңбектері осы күнде әлі де өзіндік мәнін жоймай келеді.

Психологияға тұрақталған түсініктер мен терминдер енгізіп, халықтың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін алғаш рет ажырата қарастырады.

Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.

Мағжан өзінің еңбегінің бір бөлігін психологияға арнауы тектен-тек емес, психологияны міндетті түрде меңгеруді, былайша айтқанда бала психологиясын жан-жақты білуді, бақылауды ғылыми тұрғыдан білімділікпен жүргізуді ұсынады.

Даналарды ұғатын данышпандар болар деген түсінік тегін айтылмаған. Мағжан еңбегінде Абайға сүйеніп, Міржақып, Шәңгерей жырларын пайдаланады. Халқымыздың бай тәрбие мәдениеті болғандығын дәлелдейді.

Көшпелілер әулетінде ұлылар көп болған. Соның ішінде қазақ қауымының ішінде дара дана – Мағжан десек қателеспейміз. Бұған арнайы түсініктеме жасамай-ақ, осы мәселеде көтерілген ғалым түйінінің терең психологиялық астары барына  оқырман қауымның көзқарасын аудартып, бұл тақырыптың алдағы жерде де әрмен қарай зерттей түсу қажет.

Қорыта келгенде, біз өз зерттеу жұмысымыздың түйіні ретінде бірнеше ұсыныстарды бейнелеуге болады.

  1. М.Жұмабаев еңбектеріндегі психологиялық көзқарастар мен ой-пікірлерін халқымызға және өзге ұлт өкілдеріне кеңінен насихаттау.
  2. М.Жұмабаев еңбектеріндегі психологиялық ой-пікірлерін шет ел тілдеріне аударып жариялау ісін қолға алу.
  3. М.Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы және ұлттық психология мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын жүргізу

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ш.Елеукенов, «Мағжан, өмірі мен шығармагерлігі». А. «Санат», 1995.
  2. Қ.Б.Жарықбаев. «Қазақ психологиясының тарихы». А, «Қазақстан», 1996.
  3. Қ.Б.Жарықбаев. «Развитие психологической мысли в Казахстане». А, 1968.
  4. М.С.Бурабаев. «Общественные мысли Казахстана в 1917-1940 г». А, 1991.
  5. А.Т. Ақажанова. М.Жұмабаев сәби тәрбиесі туралы //Үйелмен және балабақша. 1993. №2
  6. Ш.Елеукенов, «М.Жұмабаев», А. 1995.
  7. М.Жұмабаев. Педагогика. А, «Ана тілі», 1992.
  8. М.Жұмабаев.Таңдамалы, А. «жазушы» , 1992.
  9. М.Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жиынтығы. А, «Білім», 1995.
  10. М.Жұмабаев. Шығармалары. А. «Ғалым», 1988.
  11. Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» Бес арыс. Алматы , Жалын, 1992.
  12. Ж.Базарбеков. «Инабат» (оқу құралы). Алматы, 1995.
  13. А.Байтұрсынов. «Ақ жол». А. Жалын, 1991.
  14. Р.Бердібаев. «Ақын тағдыры», Бес арыс. А. 1992.
  15. «Бес ғасыр жырлайды». Екі томдық. А. «Жазушы», 1989.
  16. Ш.Елеукенов, «Жаңа жолдан әдеби портреттерді зерттеу». А. «Жазушы», 1989.
  17. Н. Елікбаев. «Ұлттық психология», А. 1992.
  18. «Жұлдыз» журналы. 1992.№2.
  19. «Жұлдыз» журналы. 1994. №2
  20. Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев. «Қазақ тәлім тәрбиесі», А, 1995.
  21. Қ.Б.Жарықбаев, А.Әбдірахманов «Психология терминінің орысша-қазақша сөздігі», А,1976.
  22. Д.Күмісбаев, «Терең тамырлар». А. «Ғалым», 1994.
  23. З.Қабдолов, «Көзқарас», А, Рауан. 1986.
  24. Қазақ халықының тәлім-тәрбиесі тарихынан. А, 1992.
  25. «Қазақстан мектебі» журналы, 1997, №2
  26. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1993, №4.
  27. «Қазақстан мектебі» журналы», 1995, №1
  28. Ә.Қоңыратбаев, «Шеберлік сырлары», А.Жазушы. 1979.
  29. С.Қожанұлы. «Алғысөз» Бес арыс. А, «Жалын», 1992.
  30. Қ.Мұхамедханов, «Абай мұрагері», А. «Санат», 1955.
  31. Н.Н Медынский. «Педагогическая мысль школа в России конца XVIII века». М. 1955.
  32. С.Негимов. «Өлең өмір». А. «Ғалым», 1980.
  33. Жарықбаев Қ.Б. Перспектива развития этнопсихологических исследований в Казахстане //Национальные процессы в Казахстане. Алматы.1992.
  34. Жарықбаев Қ.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане // Со второй половины 19 в.до наших дней. Алматы. Казахстан. 1968.
  35. Жарықбаев Қ.Б. Психологиялық қысқаша библиографиялық көрсеткiш (1917-1967) Алматы.1967.
  36. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. Алматы. Рауан 1990.
  37. Бес арыс. Естелiктер, эсселер жёне зерттеу маәалалары. Алматы.Жалын. 1992.
  38. Н.А. Логинова «Становление комплексного подхода в психологических школах В.М.Бехтерова и Б.Г.Ананьева». Автореферат.Л. 1975.
  39. Богомолова Н.Н. Контент-анализ. М, 1992.
  40. Л.Э.Измайлов, «Народная педагогика: педагогич. обуч. народов Средней Азии и Казахстана». М, 1991.
  41. Жүкеш К. Ұлттық психологияның сипаты. Алматы. РБК. 1992.
  42. «Ұлағат» журналы.1994. №3
  43. ««Ұлағат» журналы, 1995 №2
  44. «Ұлағат» журналы, 1997. №1-2
  45. Г.М. Храпченков. «Научно педогогические вопросы народного образование в Казахстане,» А, 1976.
  46. Этнопедагогика и этнопсихология (Сборник научных статьей). Материалы научно-теоретические и прикладные проблемы этнопедогогики и этнопсихологии В Казахстане. А, 1995.