Мазмұны
Кіріспе
I-ТАРАУ. Тарихи шындық және көркемдік шешім
II- Тарау. «Батыр Баян» – Мағжан поэмасының шыңы.
ІІІ- Тарау. Мағжан поэмасының көркемдік жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз.
Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері — «Батыр Баян». Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған.
Алғаш «Шолпан» журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған «Батыр Баян» поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, «Батыр Баян» поэмасын жазған.
«Батыр Баян» поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан.
Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді.
Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, «Батыр Баян» туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың » Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама «Лениншіл жас» журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың «XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті» еңбегінде біршама қаралады.
Мағжан Жұмабаев туралы көлемді еңбек Ш. Елеукеновтың «Мағжан» монографиясы (Алматы, Санат, 1995) жарық көрді. Зерттеуші Мағжан поэмасындағы психологизмді кеңінен қарастырады. Ал Сәкен Жүнісов «Мағжанның поэмалары» (қазақ әдебиеті 1990ж, 13 көкек) мақаласында ақын поэмаларының тақырыбына тоқталады. Б. Қанарбаеваның «Жыры мен жұртын оятқан» монографиясында (Алматы. Ана тілі 1998) Мағжан Жұмабаев шығармаларының монографиялық байланысы тарихи дере көздері қаралған. З.Т. Жұмағалиев «Шындық және көркем әдебиет» еңбегінде (Қарағанды 1993) ақын поэмаларын жап-жақсы қарастырады.Өмірхан Әбдиманұлы » XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиет» (Алматы Қазақ университеті, 2002) оқулығында және мақалаларында «Батыр Баяндағы» сонымен қатар, басқа поэмаларындағы азатшылдық рухтың көрінісін зерттейді. Бақытжан Майтанов «Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы» (Алматы Қазақ Университеті 2001) оқу құралында поэма көркемдігін сөз етеді. Балтоғаева Жайлы Елеңқызы «Мағжан поэмаларының жанрлық көркемдік ерекшеліктер» (Алматы 2003) атты диссертациясында жанрлық ерекшеліктерге тоқталады. Ал Мүсілім Мұсағитов «Батыр Баян дағы таным және шындық» (Жұлдыз, 1994ж, 8) зерттеу мақаласында «Батыр Баян» поэмасынның сюжетінде Шоқан Уәлихановтың мақасымен салыстыра қарайды. Ерік Асқаров болса, «Батыр Баян туралы бірер дерек» зерттеуінде Ноян мен Қалмақ қызы туралы дерек келтіреді. Бұдан басқа мерзімді басылым беттерінде әр жылда мақалалар жарияланып отырады.
Бітіру жұмысымның құрылымына тоқталсам, жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поемасының сюжет желісін Ш.Уалихановтың «XVIII ғасыр батырлары туралы аңыздар» мақаласымен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратамыз. Яғни Мағжан Жұмабаев Ш.Уалихановтан дерек ала отырып, оны қаншалықты ұтымды пайдаланды, тарихи шындықтан алшақтап кеткен жоқ па, болмаса бұл деректерді қандай көркемдікке жеткізді деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жұмысын жүргіздік.
Екінші тарау бойынша образдар жүйесі яғни Абылай хан, батыр Баян және Ноян мен Қалмақ қызының бейнесін жан-жақты талдауға тырыстық.Ақын осы образды сомдау арқылы не айтпақшы болды, болашақ ұрпаққа не ой тастап отыр осы сұрақтарға жауап іздеп, ой өрбіттік. Сонымен қатар, М.Жұмабаев «Батыр Баян» поемасын жазуда қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды, қалай пайдаланды және қандай дәрежеге көтерді деген мәселелер төңірегінде зерттеу жүргіздік.
Мағжан мен тұстас дүл-дүл жазушы Ж.Аймауытов Ташкенттегі студенттер алдында оқыған «Мағжанның ақындығы туралы» баяндамасында: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-ыртын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек» деген еді [1, 365бет]. Осы сөзді ойға ала отырып, шамамыздың жеткенінше зерттеу жұмысын жүргіздік.
I-ТАРАУ. ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
Мағжан Жұмабаев қолына алғаш қалам алғаннан бастап, шығармашылық күш-қуатынаумақты да биік әлеуметтік мәселелерге арнады. Халықтың өткендегісін ой елегінен өткізе отырып, бүгінгі хал-ахуалын таразылады. Оның жылт етер жарамдысына ағынан жарыла қуанса, келіссіз, қара-қоңырына күйзелді. Тар заманның аранын ашқан қатерінен жасқанып, бой тасалаған жоқ, арашаға ұмтылды.
Патша саясатының момын да қонақжай халқымызды қатал қыспаққа алып, оны ата-бабасының жер-суынан ығыстыру әрекетінің барғансайын күшейе түсуі, ол аздай дінінен, тілінен,ділінен қол үздіруге бағыталған қос қыртыс қитұрқы саясатқа түбегейлі ден қоюы Мағжан сыны өрен ойшыл түгілі кеудесінде саңылау барлардың бәрін қасіретке батырды. Әлгілерге қоса 1916 жылдың трагедиясы, онан соң кешікпей басталып талай уақытқа созылған тынымсыз жортуыл, атыс-шабыс, Кеңес өкіметінің алғашқы тұсындағы әр түрлі жағдайлардан туындаған күштеу, қорқыту, әкімшілдік, қақтығыс-қарбаластар асау мен жуасын, білімді мен сауатсызды бір тал тарының қауызына тықты. Әуел бастан бұлтарақ пен бұлтарыс табиғатына дарымаған: Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар сияқты аз ғана қазақты бөліп-жарымай, бәрін бірдей жақсы көрген Мағжан кедейдің ғана жоғын жоқтаған жоқ.
Жаңа қоғамның бойы бекіп, бұғанасы қата қоймаған кезі… Екі сөзімнің бірі ұран. Жалаң үгіт-насихатқа бой алдырып, белсенділіктің буына шарпылғандардың талайы ақынның да ет пен сүйектен тұратынын, оның да өмірінің сан-алуан әуені мен өрнегіне орай қуанатын не қайғыратын туыстары болуы мүмкін екенін ескермей, өздерінше тікелей тартты. Шыққан тегінің әулеттілігі, дәулеттіліг, ескі мектептерден дәріс алғаны, алашордашылардың тобында болғаны шотқа қағылды. Шығармаларында орысқа қарсы әуен бар, демек, олар идеялық жағынан теріс деп аттай желді. Ол дүниелердің қашан және қандай себептерге байланысты жазылғанын ескерген жоқ. «Ақынды сынау-мінеу 1923 ж Ташкентте шыққан үшінші жинағынан кейін тіпті күшие түсті, науқанға айналды»,- дейді З.Т. Жұмағалиев «Шындық және көркем әдебиет» атты еңбегінде [2, 50 бет].
Осындай алып қашпа жағдайдың да әсері болса керек, Мағжан оқырмандармен кең көлемде сырласуды жөн көріп, кең құлашты бірнеше поэмалар жазды. Ақын бұл сипатты туындыларында көне тарихтың қойнауын аралап, кейінгі ұрпаққа есімі көмескілене бастаған кейбір хандардың, батырлардың, өнер иелерінің өмірінің қайсыбір белестерін қағаз бетіне түсірді. Замана туралы жекелеген қайраткерлер туралы ой – толғаныстарын ортаға салды.
Мағжан поэмаларына келер болсақ, оның нәзік сыршыл, мұңшыл жұмбақ жаны, сұңғыла көрегендігі поэмаларынан анық байқалады. Ақын сезімі ғасыр басындағы қоғам, дүние дүмпуімен арпалысқа түскен ақын ойы тығырыққа тірелген тұста дүниеге келген «Батыр Баян» поэмасында Мағжан рухани әлеміндегі ширыққан жан күйзелісін, ақындық ақтық сөзін сюжетті оқиға желісін бастамас бұрын ақтарып салады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға [1, 20 бет].
Бұл – поэмадағы ақындық кредо да, ақындық абыз түйін де…
Ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. Бәріне кінәлі – заманы. Өткенге ой жіберіп отырған ақын сонау «абақтысыз» ерлік күреске толы Абылай заманын еске алу арқылы да, тек ақындық ащы зарын ғана емес, абақтылы XIX бен XX ғасырда өмір сүріп отырғанын естен шығармай «абақты» сөзін әрі образды, әрі тура мағынасында қолдана отырып, ақындық мүшкіл халін рухани ойсыраған жайын ақырмай санасына өз аузымен сарқа айтып кетеді.
Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын
Күрсініп көзіне жас алады да,
Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сырын төгер қаламына [1, 29 бет].
Қолы көзірлі, аяғы кісендеулі ақынның «сырын төгер» жалғыз серігі – қаламы. Көзіне жас алып күңіренген, Күрсінген ақын көңіл-күйін, ой-тұжырымын нақты көрсетіп, шын кескінін бейнелейді.
Мағжан өзі жырлағалы отырған оқиғаға кіріспес бұрын, осылайша өзінің сезім-сырын, жүрегінен шыққан мұңлы зарын толғап келіп ойын ағытады. Ол ойы – ақындық сырлы сұлу толғанысынан туған «Сырлы дария, қиыры жоқ Сарыарқаны, Арқа аралы, жер еркесі» Бурабай қамыс еткен Абылай заманының оқиғасы.
Творчество баспалдағы /»тіл кісендеулі»/, экология /Көкше табиғатының танылуы/, елдің ерлік тарихы /»Ақтабан»/, қазақтың екі империя қыспағындағы халі /»екі оттың орыс қытай арасына»/ туралы ащы да шыншыл ойларын алдымызға жайып салады.
Ақын жүрегінің жарасы һәм ел-жұрттың жарасы поэмада табиғаттың тұлдыр тартқан жетім кейпі арқылы өте дәл көрінеді:
Айырылып асау ерке аңдарынан
Көкшенің тас жүрегі жаралы да [1, 29 бет].
Абылай заманындағы батыр билерден, асыл ерлерден айырылған Көкшенің өзі өмір сүрген ендігі халінен де хабар бергендей, әрі сол ерлерді аңсаған ақын көңілінің сағынышы екені даусыз. Ақынның осы ойы поэманың екінші бөлімінде нақтылана түседі:
Айырылып от екпінде ерлерінен
Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой
Сонау дерт түгелімен ауып маған
Дариға жүрегімді өртеді ғой…. [1, 42 бет].
Ақын көңіліндегі, көірегіндегі айықпас дертті ақиқатын осылайша кесіп айтады. Жатырқау көңіліне медет, жаралы жанына дәт іздеген автордың баяғыға үңіліп, баяндап тұрған оқиғаға үнемі араласып, өз жүрегімен үндесіп, жан дүниесінің талқысынан өтіп, ақындық ниетін айқын аңғартып отыруы заңды.
Алыстан орыс-қытай ауыр салмақ
Жақыннан тынышытпайды қалың қалмақ
Артында ор, алдында көл, жан-жағы жау,
Дағдарған алаш енді қайда бармақ [1, 30 бет].
Қайран қазағымның бір уақыттары көршілестерінің сан алуан барымтасынан әбден қажып, қайда барарын, қайда паналарын білмей тұйыққа тірелгенде ел ағаларының – хандар мен басшылардың қаумалаған қауымның мүддесі үшін тыным-тыныштықтан қалып, күні-түні ат үстінде шаң жұтып, қан түкіруден бой тартпағанын ризашылық сезіммен еске алады.
Бұл сауал тек Абылай заманына ғана емес, ақынның өзі өмір сүрген кезеңге де дәл келеді. Бірақ поэмада ақын бұл сауалды Абылай заманына әкеп тірейді де, осындай қиын-қыстау тығырықтан алып шыққан кемеңгер Абылай мен оның батырларының, қос батыр баланың іс-әрекетін баяндайды. Оқиғаның баяндау барысында ақын жаны қаншалықты жүдеу болса да, өзіне тән асқақ та ер тұлғасын, берік сақтап отырады.
Ақырында ақын:
Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой
Ерлері ертегінің өрт еді ғой,- деген тұжырымға тіреледі [1, 42 бет].
Енді Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын жан-жақты талдамас бұрын, осы «поэманың сюжеттік желісін ақын қайдан алды?,» деген сұраққа жауап ізделік.
Мағжан поэмаларын дерекнамалық тұрғыдан жан-жақты зерттеген М.Мұсағитов: «Тарихи шындыққа, нақтылық пен дәлдікке классик ақынның қаламынан туған «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» дастандары мен тағы басқа шығармаларындағы бұлтартпас айға Ш.Уәлиханов еңбектерімен жете танысудың арқасында келген» екенін ескертеді [1, 192 бет]. Нақтылай айтсақ, «Батыр Баянда» суреттелінетін Абылай жорығы Ш. Уәлихановтың «XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи мағлұматтар» атты еңбегінде кездеседі. Мұнда да Баянның біраз күттіріп барып 540 сарбазымен сапқа қосылғаны, содан кейін Абылайдың сырнайлатып, қалмақтармен соғысқа аттанғаны айтылады. Ш.Уәлихановтың мақаласында батырдың неліктен кешіккені туралы еш мәлімет жоқ. Баянның, Ноянның, тұтқын қыздың араларындағы драма және оның нәтижесі Ш.Уәлиханов мақаласында кездеспейді. Ал, жорық кезінде қалмақтардың ұрысқа тәуекелі жетпей, Уса, Серен Бастаған жеті кісіні келісім жасауға жібергені, олардың көршілікті, ағайындықты көлденеңдетіп, сый-сияпатын татуласпақ болғаны екі авторда да бар. Және Абылайдың сыйлық береміз деп сауға сұраған қалмақтардың сыйлығын алып алайық та, содан соң соғысайық деген шешіміне Баянның қарсы шыққаны,қалмақтар бізді алдап соғайын деген ниетте дегеніне Абылайдың құлақ аспауы , айтқандарын екеуінің екі рет қайталағаны, ақыры Баянның айтқаны келіп, қалмақтардың алдап қытай асып кеткені екі авторда да бар. Тек Ш. Уәлиханов мақаласында Баянның жауды мың адам жауды қолмен қуып кеткені, қайтар жолда ауыз судан ұшынып, қайтыс болғаны айтылса, Мағжан Жұмабаев поэмасында Баян өлімі басқаша көрсетіледі.
Мағжан «Батыр Баян» дастанынан Бурабай даласының тамаша сұлу табиғатын суреттеумен бастап келе жатады да, кенеттен тұңғйық тылсым дүниеге кездескендей баяулайды. Бірнеше күннен бергі ханның қалың әскері өздерінің қанды жорыққа қашан аттанатынын білмей, Абылайдың бұйрығын тосып, дәл-сол болуда. Осы дағдарыстың сырын ашу үшін батырлар Қанай биді Абылайға жібереді:
Жиналған өңшең бөрі Бурабайға
Алаштың кебісіндей ізгі жайға
Батырлар бұғаудағы арыстандай,
Абылай тұңғиық бір терең ойда
Бәрі де ел қорғаны батыр билер,
Аттанбай тек жатудан таппай пайда:
«Жүрелік жау басынар деген сөзбен,
Салады Қанай биді Абылайға
Би Қанай «Бұл қалай?» деп бастағанда
Абылай сұрайды одан: «Баян қайда?!»
Бірнеше күннен бері «бұғаудағы арыстандай батырларды» Абылайдың жіпсіз байлап, жорыққа бастамай жатқан себебі – Батыр Баянның келмей жатқандығы. Дастанда Абылайдың Баянды іздеуімен сюжеттің негізі қаланады. Жорыққа сансыз көп халық жиналғанына қарамастан, Абылай Баянды күтеді: Бұл оқиға Ш. Уәлиханов мақаласында: «Ақырында 540 адамымен келді де, хан алдына тұра қалып: «Қайда, небұйырасын, мен орындаймын», — деді: Хан халыққа қарата: «Міне, мен неге сонша ұзақ күттім Баянды», — деді [4,225 бет].
Ханның күту себебі дәлелденбесе де, деректерде бар. Міне, осы «кешігу» оқиғасын Мағжан поэмасына шебер пайдаланған, тіпті оны махаббат трагедиясымен байланыстырған. Сюжетте Баянның: «қайда жұмсасаңыз да мен дайын», — деген жауабына Абылай ханның риза болғандығы айтылса, Мағжан ханның баянды күту себебін былай түсіндіреді:
… Баянның аруақты құр атынан,
Кеп қалмақ болмаушы ма еді қорқақ қоян?
Нар кескен, өрттей өшкен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ Батыр Баян! [1, 31 бет].
Сюжеттегі хан сөзіне қарағанда Абылайдың Баянды іздеу себебі әлде қайда қуаттырақ шыққан.
Абылай қолына келгеннен кейін батыр Баян:
«Тілегім-енді жауға аттаналық,
Қан көрсе, қас қыранда шер тұрама?!» [1, 43 бет].
-деп жауға аттануға тілек білдіреді. Одан әрі Мағжан:
Алдына отырғызып күміс кернеу
Керсеннен көкжалына берді сарқыт, — [1, 43 бет].деп ежелден бері бірлікті қасиеттеуді шарт етіп қойған халқымыздың бұзылмас салтын алға тартады. Ертеде батырлар жорыққа шығар алдында қандай таршылық, қиыншылық болмасын серттен таймаймыз десіп, бір ыдыстан ас-су ішкен. Жауласқандар бір ыдыстан сусын ішіп, бір қоржыннан ас татысып елдескен.
Абылай батырларын ертіп қалмақтарға қарсы жорыққа шыққанда, ол жолы қалмақтардың ұрысқа тәуекелі жетпей Уса, Серен бастаған жеті кісісі келісім жасауға жібергені, ағайындықты көлденеңдетіп, сый алпатпен татуласпақ болғаны екі авторларда да бар екенін жоғарыда айтқанбыз. Бұл жерде Шоқан: «Алла жар болса, Уса мен Серен хан сый жіберіпті Мағжан: қалмақ- қазақ бауырлас, бұдан былай да бейбіт — өмір сүрейік, ақ киіз үйді қабыл алыңдар!» «Кешіріңдер!» – деп хан, батырларын жинап, кеңес қылды, «ақ үйді алып, көңілдерін орнықтырайық, сосын шабайық» десті.
Баян: «Жоқ! Ақ шаңырақты алмаңыз, алдаймыз демеңіз: Уса мен Серен Ор қытай мен Ой қытайды да алдаған, сені де алдап отыр,» – деп жауап қайырады. Хан өз айтқанын екі рет қайталады, ол да екі рет солай жауап қатты, Хан өз дегенінде қалды. [4, 226 бет].
Ал енді Мағжан бұл оқиғаны:
Қаратал, Аягөзбен — екі көзі,
Ернесі – Іле өзені ұзын аққан, — деп оқиғаны Іле өзені жағасында өткеніне хабардар ете отырып:
Кеңесті қос қонтайшы: «Уса, Серен.
Жіберді кенесті де жеті қалмақ, — дейді. Дастанда да Шоқан жазған жеті қалмақ келеді.
Елшілер әкелегн өтініш поэмада:
Ағаттық бізде болды, кешсін Абылай
Ақ-отау, айдаған мал – бәрін берем.
Тағы да ер басына бір ару мен
Қара нар – айыбымыз,қалың кілем, — деген жолдармен берілген.
Қу қалмақ кеше ғана алдамап па еді;
Шоқитып Ор қытай мен Ой қытайды…
Хан да екі, Баян да екі қайтарысты
Алмастан бір-біріне тіккен көзін [1, 45 бет].
Ақын Шоқан Уәлиханов еңбегіндегі тарихи шындықтан алысқа ұзамайды.
Шоқан жазбаларындағы Абылай хандық кезеңдегі батырлар мен билер есімдер беріліп, олардың ұрыстағы, өмірдегі қимыл-істеріне баға беріледі.
Кейбір батырларды суреттеуде Мағжан Шоқан жазып кеткен кейіп те алады. Шоқанда: «Балталы Оразымбет асқан шапшаң қимылымен даңқты», — дей келіп, бағаналы Баянбай әңгімесінен мысал келтіреді, «Бір жолы Баянбай мен Оразымбет басшылар сегіз киіз үйден тұратын қалмақтардың ауылын шабады. Айтушыға қарағанда, ол екі үйдегі қалмақтарды жайлап бітіргенше, Оразымбет батыр қалған алты үйді шауып алыпты». «[4, 223 бет].
Мағжанда осы шапшандық: «Балталы, екпінді оттан Оразымбет» [1, 30 бет]. – деп дәлме-дәл суреттеледі.
Сіргелі Елшібек батыр туралы Шоқан да былай баяндалады: бір жорықта үңгірге тығылып, қолына орама мылтық ұстаған қалмақ мергені жақындағандардың бәрін көздеп атып, ешкімді алға бастырмай қояды. Батырлардың жүректері қайтып, не қыларға амал таппай тұрғанда, Елшібек батыр бүкіл желіспен қалмақ мергені жатқан жерге тартады. Шоқан бұл оқиғаны: «Елшібек осындай жолмен өте жақын келіп, кенеттен қатты ұмтылып, қалмақ пілтесін қайыра жығам дегенше, батыр шауып та тастаған»[4, 224 бет].- деп жазған.
Ал Мағжан «Сіргелі, шапшаң оқтан, ер Елшібек»,[1, 30 бет]. – деп мақаладағы батырдың жылдам қимылын, нақты оқиғаны суретті құбылысқа айналдырады.Шақшақұлы ер Жәнібек хақында Шоқан оны тәкаппар, азулы батыр деп жазғаны белгілі. Жәнібек батырдың да тәкаппар, паң мінезін мағжан:
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін,
Тәкаппар Қошқарұлы ер Жәнібек, [1, 31бет]. – деп сырт пішінін ерлігіне сай алады.
Тұтқында бірге болған Жәнібек (жапаң) батыр жайында Шоқан: «Қалмақтар оны аңшылықта жүргенде тұтқиылдан басып қалып, бірнеше би, атақты Құдайберді батырмен қоса ….. Жәнібекті Қолданға алып келеді».[4, 222 бет] деп береді.
Осы оқиғаны Мағжан:
Қолданға ханмен бірге тұтқын болған,
Жолдасы Абылайдың батыр Жәнібек, [1, 31бет]. Деп солқалпында береді.
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында осы аталғандармен қоса, «Ащы жауған қардай, шөккен нардай» қарт Бөгенбайды, «Аузынан жалын шашқан» жас Жаңатайды, «Найзасын нажағайдай ойнататын»Бәсен… Сарымалайды, «ойы ұдай, тілі шаян» Қарауылдың қара сөзге дес бермейтін шешені Қанай биді сипаттап өтеді.
Б. Қанабаева «Жырымен жұртын оятқан» монографиясында: «Мағжан Ш. Уәлиханов жазбаларымен жақсылап танысып, ондағы аңыздарды сұрыптаған. Одан Баян мен Абылайға байланысты нағыз халықтың бағаға ие болғандарын ғана алған. Эпизодтардың поэманың сюжетіне сәйкестендіріліп құрылғаны сондықта»,- [5, 160 бет]. Деген пікір айтылады. Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдағы батырлар жайлы тарихи аңыздар» атты мақаласы мен «Батыр Баян» поэмасының сюжет желісін салыстыра отырып, Б. Қанарбаеваның бұл пікірімен келісеміз. Мағжанның бұл поэманы жазуына Шоқан мықтап әсер еткен деп жорамалдауға әбден болады. Бірақ бұдан Мағжан Шоқан уәлиханов мақаласын көшіріп алды деген ой тумаса керек. Ақын Шоқан мақаласындағы тарихи деректі негізге ала отырып, бұл дерекке жауапкершілік мәдениетін сездіреді.»
Дастанда Баянның туған інісі ретінде алынған Ноян кім? Баянның махаббат үшін оны атып өлтіруі рас па? Енід осы жайларға келейік. Қанарбаева өз еңбегінде «Возвышен ауданының «Писеровка» кеншарының, Ленин бөлімшесінде тұратын 80 жастағы ақсақал Қажымұрат Айтмағамбетов қазіргі Булаев ауданының, Полуден кеншарына жақын жердегі обалардың бірінде, «Ноли мен Ақшамаңдайдың мәйіті жерленгені [5, 161 бет] деген мәлімет келтірсе, Е. Асқаров 1989 жылғы «жұлдыз» журналының №8 санында жариялаған мақаласында: Мағжанның Ноян деп алғаны – Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы Қыстаубай. Ел есінде қалған әңгімеге қарағанда, Қыстаубай расында да ауылдағы қалмақтың Лағда деген қызын алып қашса керек. Баласының қылығына сары батыр қатты долданады. «Сары батыр долданса екі көзін қан жауып кетеді екен. Қашан оншақты дұшпаны түйреп тастағанша көзі ашылмайды. Оған дейін шылбыры Баянның тақымында жүреді екен», — деп әжелеріміз әкелерінен естігенін айтып отырушы еді. Сол Сары: «Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі мен қару-жарағын көзінше көм!», — деп Баянды жұмсайды. Баян Қыстаубайды қуып жетіп, бір қабат киімін алып, «қозының қанына малып, Сарыға алып келеді. Қыстаубайлардың нағашылары кіші жүзден екен. Сол жаққа бар деп кеңес береді. Кейін алты алаш дүр көтерілген бір соғыста кіші жүз әскерімен келген ұлын көріп, Сары батыр жібудің орнына Баян батырға қатты ренжіпті деседі», [6, 125бет] – дегендерек келтіреді.Ал Шоқанның айтуынша, Батыр Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. «Ол өзінің ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан және жорықтарға қатысып отырған. Осындай бір жорықтарда Сары мен Баян қаза болған. Халық аузында қос батырдың аттары біріктірііп Сары-Баян деп қосақталып айтыла да береді», — деп жазады Шоқан.
Ақын – жазушылар қайсыбір аңыздардың үзінділерін, фактілерін, болмаса оқиғаның шағын эпизодтарын пайдаланады. Ол артынан шығарманың құрылысын дамытушы дәнге айналады. Біздің ойымызша М. Жұмабаев бұл аңызды шығарманың қуатын арттыру үшін, сюжет желісін ширықтыру үшін, Баянның ұлы тұлғасын сомдау үшін пайдаланған. Бұл тосын эпизод арқылы поэмаға жаңа драмалық тартыс, жаңа кейіпкер енгізген. Фольклорлық мұраның әдебиетке түсіп, қайтадан фольклорға ауысуын жолдыөзектегі обалардың бірінде, Ноян мен қалмақ қызының мәйіті жатыр деп жұртшылықтың, күні бүгінге дейін қол жайып құран оқитындығынан байқаймыз.
Жоғарыдағы әртүрлі пікірлерді саралай келіп, Баянның «Ноян» деген інісі болмаған деген тоқтамға келеміз. Поэмадағы маңызды композициялық рөл атқарып отырған – Баян образын айқындауда, Ноян мен қалмақ қызы поэма сюжетін дамытушы көмекші құрал. Баян – Қыз – Ноян арасындағы махаббат өрісі сюжеттің желі болып тартылғанмен «ғашық жар» аясында қалмай, үлкен ел сүйгіштік идеяға мегзейтін азаматтық үні айқын шығарма. От – жалынға толы Мағжан жырларының бар сапасын арттыратын биік белеске көтеріп, ақындық қуатын танытатын бұл дастан – батырлық пен ерлік, өлім мен махаббат, ел тағдыры, сонымен қоса адамның ішкі сезімінің жан күйзелісінің бір сәттік пенделік қалпын да аңғартатын шығарма.
Енді ақын Мағжан Жұмабаев жоғарыда аталған аңызды өз шығармасында қалай қолданды, қандай дәрежеде көрсете білді соған тоқталайық.
Баянның ағасы Сары екеуі талай ұрыстарда тізе қосып, қазақ елінің тағдыры сыңға түскенде ерлік пен жанпидалыққа барған:
Баянның ерағасы батыр Сары,
Қос қыран тізе қосып жаушы қуған [1, 32бет].
Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы — әдеби көркем шығарма. Баян – тұлғасы кесек, жаны нәзік, ішкі адами сезіммен, бір сәттік пенделік сипатымен қайшылықта суреттелген кейіпкер ретінде көрінеді:
Жауының бір жорықта бір сұлуын
Ер баян алып қайтқан алдына сап.
Баянның алып қайтқан сол сұлуы –
Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.
Міне, осы тұс, батырдың тағдырына кері әсер етеді.Баянныі ішкі жан-дүниесі арпалысқа түседі, яғни Баянның қалмақ қызы ғашық болуы. Ал – аңызда бұлай емемс. Демек, ақын аңыз желісін толық сақтаулы алдына міндет етіп қоймаған. Баянның інісі бар он бес жаста
Бөрінің бөлтірігі – Бала Ноян [1, 33 бет] деп, ақын аңыздағы Қыстаубайды «Ноян» бейнесінде алып, оны Баянның туған інісі ретінде суреттейді: Ноян мен қалмақ қызының арасындағы қарым-қатынасты Мағжан жеріне жеткізе суреттейді. Аңғал жастық сезімін, сұм сұлу қыздың арбауына түскен сәтін: Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті,
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті, [1, 35 бет] — деп келтіреді. Дегеніне жеткен қалмақ қызы жас бала Ноянды ертіп, екеуі еліне қашады. Сол сәттегі Батыр Баян жайын ақыл: «Жаралы жолбарыстай күңіренді», — дейді Мағжан:
Ақыры ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді:
Өлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян
Боз үйден оқ жыландай шыға келді, -[1, 37 бет] деп Баян кейіпкерін, елбоздағын, елім деп күңіренген батырының дұшпанның билігіндегі кейпін осылай сипаттайды. Осы ашумен Баян туған інісі Ноян мен қалмақ қызын өз қолымен өлтіреді.
Екі жас аттарынан ұшып түсті
Түскенде бірін-бірі құшып түсті [1, 38бет] ….
Бұдан ақын қиялында батыс еуропаның романтикалық шығармаларымен шығыс әдебиетінің аталары Фирдоуси, Низами мен Навойдың да әсері болғандығы байқалады. Өйткені Низамидың «Құсырау мен Шырын» дастанында, Навойдың «Фархад-Шырын» дастандарының сюжетінде армандарына жете алмаған ғашықтар өлген бір-бірлерін құша құлайды.
Ия, сонымен Ноян мен «Сұм сұлу» оққа ұшты. Осыдан кейінгі сәттегі Баянның ішкі қиналысы, өкініші шексіз. Батырдың көз жасы көлдария болып, зарланып, белі бүгіліп түседі. Ер бауырын қимайды. Өз ісіне опық жейді. Батырдың бір қасқағым сәттегі іс-амалынан жүрегін қанжұтады:
Сындырдым аз ғана уақ – елім болып
Елімнен кетіп, елді қайдан табам [1, 39 бет]. Ой- миын жаулап алған сан түрлі сұрақтар батырдың монологы арқылы өрбиді: өз-өзімен арпалысқан батырдың жан күйзелісін ақын монологқа құрған. Мұнда батырдың жүрек түбіндегі жатқан қиналыс пен ел алдындағы жауапкершілігі, ел тағдыры, намысы деген отаншылдық рухының жеке бастан, туыстық мүддеден жоғары тұрғандығын сезінесіз.
Жоқ, әлде, жоқ,жоқ…Әлде… өлтірдің бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?? [1, 40бет]
Халық тағдыры сынға түскенде, жекенің мақсат-мүддесі, сезімі қараң қала ма? Кей тұстарда Баян батыр тағдырына көз салсаң, өзін ұмытып, барлығын тәрк етіп, адам бір күнәлі кейіпке түскеніне таң қаласың… Ішкі адамы болымшы қалыпты ұстау қиын. Ашу мен ақыл қайшылығы туыстасқан кезінде батырды аяғынан шалған, «ашу -шайтан» ақыры дегенін істеп тынды.
Енді «Поэмада ерекше шабытпен жырланған эпизод» сөз жоқ, Баянның қалмақтармен соңғы айқасы [2, 66 бет] деп З.Т. Жұмағалиев атаған баянның жоңғарларымен айқасына келейік. Баянның соңғы айқасы туралы «Расында, өмірлік дерек бойынша батыр өлімі басқаша жағдайда болғанын білеміз. Ақын биік көркемдік жинақтау мақсатымен Баянның соңғы ұрысын Жанатай ердің шайқасымен алмастырғандай», — деген ой айтады Б. Майтанов. «Мағжан Жұмабаевтың тактикасы» еңбегінде [7, 34 бет].
Осы пікірді басшылыққа ала отырып, Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдағы қазақ батырлары туралы аңыздар» атты мақаласында Жанатайдың шайқасы туралы мынадай дерекке кезіктік: «Осы уақытта алдыңғы лекте қарауылда тұрған Жанатай батыр ағасы арқандардың өлімі үшін 500 жасағымен 10 мың қалмақ қолына қарсы аттанып, ұрыста мерт болады». Ары қарай қияңкескі ұрысты Шоқан: «Жанатай батыр сүйікті туған ағасының өлімін естігенде, қанішер жаудан кек алуға ант береді. «Не өлемін, не қандарыңды ішемін!» «Атын әкелтіп, 500 адамдық жасақпен қалмақ ордасына қойып кетеді. Олар 10 мың жаудың ішіне батып кетеді. Жанкешті ұрыс еді. Қазақтар өлімге бас тігіп, Үйсінбай қақ жарылған қарнын, шопанымен шұбалған шегін жинай соғысты және Жанатай батыр: «Жарық қарынмен де өмір сүруге де бола ма? ,» – деп сұрады. Бәрі де мерт болып, Жанатай ұлы Төкішпен сегіз-ақ адам қалды. Жанатай атынан түсіп, шалбарын ұлының қолына беріп: «Бұзып –жарып елге жет, болмаса менің кегімді қайтарар адам қалмайды» – дейді. Өзі шейіт кетеді. Жанатай өлімін естігенде Абылай: «Қара болатымның жүзі майырылды!»,- деп егіледі» [4, 226 бет].
Осы ойды Мүсілім Мұсағитов толықтыра түседі: «Сірә, Мағжан Баянның кешігуін ел аузындағы аңыздан алып, өлімін жанатай ұрысынан алса керек. Бұл екеуінің ортасында байланыс бар. Біріншісі, екі кейпкер де ажалға туыстарының өлімі үшін бас байласа, екіншісі, ақын Баян мен Жанатай батырды бір майданда қаза тапқызады», [3,198 бет] – деген тұжырым жасайды.
Енді Жанатай шайқасы мен Баян батырдың жоңғарлармен шайқасын салыстырып көрейік. «Жанатай шайқасында» : жанатай сүйікті туған ағасының өлімін естігенде, қан ішер жаудан кек алуға ант береді.
«Не өлемін, не қандарыңды ішемін». [4,226 бет]. Ал «Батыр Баян» поэмасында, Баян інісі Ноян мен қалмақ қызын өлтіргеннен кейін:
«Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым аттанамын, жауына өлем!», — [1,41 бет] деп жылайды.
Шоқан Жанатайдың қалмақтармен ұрысын: «Атын әкелтіп, 500 адамдық жасақпен қалмақ ордасына қойып кетеді. Жанкешті ұрыс еді»,- [д4,226 бет] деп берсе, Мағжан Баянның қалмақтармен шайқасын:
Жүз қыран мың сан қолға араласты,
Орғыған асқар таудан судай тасты.
Шыдамай жүз екі күнге шулай беріп,
Қалмақты ә дегенде қара басты, — [1, 47 бет] – деп көркемдеуіш құралдарды пайдалана отырып, керемет суреттеп береді.
Шоқан Жанатайдың сол шайқаста қаза тапқанын айтса, Мағжан:
Жанында жалғыз жолдас- жас Жанатай
Қансырап зорға ғана кірпік қаққан, -деп Жанатай халін суретейді де, Баян жайында: Алайда уақыт өтті, құлап түсті,
Құшақтап Жанатайдай жан жолдасын, [1,48 бет]- деп Жанатай мен батыр Баянды бір шайқаста қаза тапқызады. Осы ұқсастықтарға қарап, біз де ақын Баянның қалмақтармен соңғы шайқасын Жанатай ұрысынан алды дегенге тоқталамыз. Бірақ, Мағжан бұл деректі толықтай сақтауды міндет санамаған. Балтоғаева жайлы Елепқызы «мағжан поэмаларының жанрлық –көркемдік ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында, мағжан поэмаларын үш топқа бөледі: «Тарихи сюжеттер, аңыз сюжеттер және әдеби сюжеттер» [8,35 бет] -деп, сөйтіп «Батыр Баян » поэмасын тарихи сюжетке жатқызады.
Қиын күн туған алаш баласына,
…Кез болған жаудан үркіп, «Ақтабанға»,
Дұшпанның қалғандай боп табасына,
…Күндерде сонау қара, тапсырған ел
Тағдырын Абылайдай данасына.
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында — өр, алдында – көр, жан-жағы жау,
…Көп жаудың бірін шаңып, бірін арбап,
…Күндердің бір күнінде хан Абылай
Қалмаққа ойына алды ойран салмақ. [1,30 бет].
Мағжанның осы жолдары Мұхтар Әуезовтың мына пікірімен дәлме-дәл: «Орысқа бағыну елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды. Ел өмірі мен әдебиеті тарихында осы дәуірден қалған белгілер көп. Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай маңына жиналады. Ал сол аласапыран дәуірде қалған елдің «қайрандап жон қала ма» деген Қазқұрттай үміті жалғыз ғана Абылай басында болған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін,тең көтеріп бір араға жиған Абылай болатын. Бұлай болса, кейінгі заманда туатын үлкен тарихи оқиғалар мен тарихи жырлар түгілімен Абылай заманынан суат алады [9,142 бет].
Мағжанның «Батыр Баянына» «тарихи өлең» деп қарамасақ та, поэманың тарихилығы мен тарихи шындыққа негізелгендігі ақиқат. Тарихтың өз дертіне тоқталар болсақ та, жыр жолдарынан алшақтығы жоқ екендігін көреміз.
Абылайдың да, Баянның да тарихта бар, болған тұлғалар екендігін жоғарыда айтқанбыз. Абылайдың Баян сүйікті батыры болғандығын Шоқан жазбалары дәлелдейді. Сонымен қатар,Абылай хан мен батыр Баян жайында ел арасында аңыз көп тараған. Соның бірін батырдың жиені Қайыргелді Баймұратов айтады: «Қалың әскер кезеті бір жорыққа шыққалы дайындалып жатқанда Абылай хан қасына жақындаған Баянға: «Міне, батыр, қағып ал!», — деп жүзі қылпылдаған қылышын Баян жалаңаш қолмен ұстауға жасқанады деп ойласа керек.
Бірақ батыр сыр бермей, өзіне қарай жарқылдап келе жатқан қылышты жерге түсірмей, жүзінен тап беріп ұстап алғанында, алақанынан қан сау ете түссе керек. Сонда да қабағынан кірбің байқатпаған батырға риза болған хан, өзінің сынайын деген ойын жасырып: «Енді құлаштап өлше»,- депті. Баян қылышты жеті рет құлаштапты да; енді сізменің қылышымды өлшеңіз» деп қылышын қынабынан суырып алып, Абылай ханға тура әлгіндей етіп лақтырыпты. Хан да қағып алып, төрт рет құлаштайды да: «Батырым төрт атаңа дейін белгілі боласын, одан кейін ұрпағың атыңды ұмытады»,- депті. Сонда Баян қамығып тұрып: «Сіздің есіміңіз жеті атадан да асады» деп қылышын ханға қайтарған екен.
Сол Абылай хан бабамыздың айтқаны келді-ау деймін. Себебі 1990 ж бұрынғы Аралағаш, кейінгі «Қарағанды» совхозының атын Баян батырға берейін деп сұрағанда жергілікті халық ондай батырды білмейміз, тарихта болмаған деп, совхозға көзі тірі Миллердің атын берген [10,4бет].
Батыр кеудесін найза ұшына төлегенде, тек қазақтардың ғана намысын қорғаған жоқ, күллі алаш жерінің азаттығы үшін күресті емес пе?!
Осыны білген мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен батыр Баян есімін тарихта өр тұлғасымен қалдыру мақсатында «Батыр Баян» поэмасын жазған.
II Тарау. «Батыр Баян» – Мағжан поэмасының шыңы.
Баян бейнесі.
Қазақ тарихында үлкен орын алатын – жоңғар қалмақтарының шапқыншылығы. Халқымызға қасірет әкелген кезеңде өлімнің намысы мен жігерін, қаһармандығын жаңына қару қылып сермеген нар тұлғалы, арыстан жүректі айбынды батырларымыз жайлы жар да, аңыз да көп.
Халық санасында батырлығымен бедерленген сондай ерлердің бірі-Баян батыр. «Баян – артына аңыз да, нақты дерек те қалдырған тарихи тұлға , — дейді Өмірхан Әбдіманұлы өз еңбегінде [11,384 бет].
Ұрпақтарының айтуынша, Баян батыр 1700-1715 жылдар аралығында туған, 1757 жылы дүние салған. Әдебиеттанушы Қанарбаева Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының тұрғыны, Баян ұрпағы Зейнолла Олжабаевтың аузынан батырға қатысты шежірелік дерек жазып алған. Сол дерек бойынша: «Баян – уақ руынан, Уақ – Шоға, Шәйкөз, Баржақсы, Жансары, Мұрат дейтін тайпалардан тұрады. Шоға – Баянның арғы атасы.Уақ руының біраз тайпалары Семей, Аякөз, Өскемен аймақтарын мекендейді. Тіпті Уақ тайпаларын Шу өзені төңірегінен, Баянауыл маңынан да, қала берді Ақтөбе төңірегінен де, Қытай мен Монғолиядан да кездестіруге болады. Уақ елінің ескі атамекені Қостанай мен Қызылжар қалаларының екі аралығындағы Обаған өңірі. Шоға –Баянның жетінші атасы. Шоғадан Байыс, Байыстан Қырғызәлі, Қырғызәліден –Мүлкіс, Мүлкістен – Қасаболат, Абылай, Алтыбай атты үш ұл бала, Қасболаттың үлкен ұлы Баян, кіші ұлы – Жарбол. Баяннан Бұлан, Бұланнан – Манабай, Манабайдан –Басшығұл (1842ж туған). Бастығұлдың Құлтабай, Жаныбай, Олжабай дейтін үш ұл баласы болды, Олжабай Бұдан он жыл бұрын дүние салды. Олжабайдың баласы Зейнолла қазір есен-сау. Солтүстік Қазақстанның Булаев ауданында жауапты қызметте. Құлжабайдың баласы Шер 19990 жылы қайтыс болды. Шеридің Қайырбек Қаһарман атты екі балалары Булаев ауданындағы Қарағанды совхозында қызмет істеп жүр». [12,4 бет].
Қара шежіре Баянның Ер Көкше, Ер Қосайдың тікелей ұрпағы екенін айтады. Оның Әлкей марғұланда терісіне шығармайды.
«Батыр Баянның әкесі Қасболат, Қасболаттың әкесі Қарабас та Уақ елінің ноқта ағасы Шоғаға өте сыйлы адам болған деседі. Батыр Баянның өз ұрпақтарына ата санатсаңыз одан арғыларын да Жаубасарға дейін тереңдеп бере алады. І. Есенберлиннің «Жанталас» романында «Баянның арғы аталары монғолдан сіңген Салы, Аян дегендер еді», — деуі негізсіз. Өйткені, Салы, Аян деген батырлар қазақтың да, монғолдың да тарихында болмаған, қиялдан туған адамдар, — деген дерек келтіреді Ерік Асқаров өз еңбегінде [6, 125бет].
Мағжан Баянға қатысты жазба мағлұматтарды жетік білген. Шығарманың көркемдік қуатын арттыру үшін шындықты «бұрмалауға» да барған.
Поэма да басты кейіпкер – Баян батыр, оқиға Баян мен батырдың айналасы, Абылай хан, Ноян, қалмақ қызы арқылы өрбиді.
Баянның шыққан тегі мен нәсілін ақын былай суреттейді:
Арқада бір өзенді дер Обаған,
Сол жерде аз ғана Уақ қоныс қылған.
Уақтың ерте күнде өжет –қайсар
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер болған,
Сол ері ерте күннің, Ер Көкшенің
Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған. [1,32 бет].
Мағжанның поэмасындағы Баян батыр шынайы көркем образ. Біз поэмада ең алғаш Батыр Баян тұлғасын, сол кезде ел тұтқасын ұстап отырған хан Абылай сипаттауынан танимыз:
Қанайым, ойың ұдай, тілің шаян
Амал не, келген жоқ қай батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақтықұр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма еді қоқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай аттанбайды хан Абылай,
Келмеген қандыбалақ батыр Баян! [1,3 1 бет].
Қалмақтарға қарсы жорыққа жиналған кілең алып батырларды дәріптей өрнектейді де, досына бедел,жауына айбар, әйгілі ханның тек Баянды күттіріпқоюын ескертумен-ақ бас кейіпкердің ерен тұлғасын асқақ көрсетеді.
Абылай жауабын естіген Қанай батырларға келіп, Абылай сөзін жеткізеді:
Аяңдап батырларға қайтты Қанай,
Байлаулы бөрілерді аза қылмай,
Кестелеп сөзбен сипап айтты Қанай,
Күндеу ме, көтеру ме? – кім біліпті,-
Батырлар десті жалғыз: «Баян болса-ай».
Көкшенің бауырында өңшең көкжал
Күңіреніп күтіп жатты күндер талай,
«Жоқ» десе жатпайтұғын батыр Баян,
Апырым-ай келмеуінің мәні қалай? [1,32 бет].
Абылай сөзін естіген батырлардың пендешілікпен күндеуі ме, әлде Баянды көтеру ме кім білсін, бірақ осы жолдарынан Батыр Баянның ерекше тұлғасы көрінеді:
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,
Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,
Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?
Бәрін айт, бірін айт та басқа батыр
Баяндай «алашым» деп еңіреп пе еді?
Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі!, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы және әскеріндегі орны ен беделін байқаймыз, Қанды балақ батыр Баян жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қазақ жасақтарының абыройы мен рухы болғандығы – тарихи шындық.
«Үш жүздің батырларының арасында кімдерді ерекше бағалайсыз?» деген сұраққа Абылай хан екі батырдыңесімдерін айрықша атайды. Олар: бәсентиін Малайсары байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен, ержүректігімен ерекшеленеді, -деп айтқан Абылай хан. [4, 221 бет]. Шоқанның бұл мәліметтері өз заманында батыр Баян ханына да, қазақ жұртына да мәлім, айбынды қолбасшы және ер жүрек жауынгер болғандығын айғақтайды. Бүкіл өмірінің қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлы, алғырлығы, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ – жоңғар шайқастарына қатысып «Батыр Баян» атанған.
Мағжан осы тарихи шындықтың бәрін білген. Сондықтан Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын – атты жүрек ақынның батыр тұлғасын дәріктеп, бар шындық болмысын, батыр – пенденің ішкі иірімін, жан күйзелісін шебер суреттеген, ірі туындыға жатқызамыз.
Енді оқиғаға қайта оралайық. Абылай хан қалың қолмен тек тек Баянды ғана күтіп отыр. Баянның кешігу себебі мынау: жорықтардың бірінде Баян қалмақтың он төрт жасар, сұлу қызын артына салып алып келеді. Оған өзі де інісі Ноян да ғашық болады. Автор бұл тұсты былай береді:
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң
Ер Баян қарындас қып ерік берген. » «»»»»»
Алайда, ар алысқан жүрегі мен
Теңізде алысқандай күшті сең мен.
Осылай іштен күйген Батыр Баян [1,33 бет].
Батырға тән мәрттігі мен ары аласұрған жүрегіне тоқтау салады. Ар жолынан аттамағаны-анық азаматтығы.
Осылай ғашықтық дертіне ұшырап, адам айыға алмай жүргенде соққы үстіне соққы болып жанындай бауыры Ноян сезімі ессіз елітіп, қалмақ қызының соңынан ілесіп, елін, жұртын тастап қалмақ жеріне бет түзейді.
Осы оқиғаны естіген сәттегі баянның халін Мағжан әсері күшті, нанымды суретті сөздермен бейнелейді. Ақын Баян характерін ашуда, оның батыр, ержүректілігімен қоса батырдың пендешілік қасиетінің барын, оның да бірде қуанып, бірде тұнжырай, сезімге берілетіндігін көрсетеді.
Ақылға алғыр құстай ашу келді,
….Ақыры ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді,
Өлді ақыл. Атып тұрып Баян батыр,
Боз үйден ақ жыландай шыға келді. [1, 37 бет].
Алаш жұрты үшін күндіз күлкі, түнде ұйқы қашырып, бетін жуған батырды кім болсын құрмет тұтады. Қашқындықтан, сатқындықтан кешірілмес күң санайтын батыр екі жасқа жаудырылған нәлет-қарғысқа шыдап отыра алмайды. Заманында ел, жер намыс үшін Мүде хан әкеісн өлтірсе, Баян да дала заңына бағынып інісі мен сұлу қызға қарсы қару жұмсады. Жиренішті, бірақ керек те құдіретті жол.
Екі жасты жер жастандырғаннан кейін:
Күлдей қу тұнжыраған түндей болып,
Жия алмай, құр теңселіп, ақыл есті,
Тұрды да біраздан соң батыр Баян.
Атынан есі ауғандай құлап түсті. [1, 38 бет].
Күңгірт тартқан мезгілде зарланып күңіренеді. Ащы сор басылды. Енді Баян өзіне-өзі сот құрады. Өзін құшпаннан бетер айыптайды. Бір Баян ойы екіге жарылады. Бір ойы айыптаса, екінші ойы ақтайды. Бұдан әрі батыр жанындағы әр қилы ой, әр қилы жауаптар ішкі үні арқылы өз аузынан айтылады:
Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам? -[1, 39 бет]. Деп өзіне ауыр кінә тағады. Оған ішінен тағы бір ойы дау айтады:
…Жоқ әлде жоқ, жоқ …әлде..өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін? -[1 40 бет] деп жанын жалаған өкініш жалынына су себелегендей, өз-өзіне келе бастайды.
Баян «батыр» деген көне атына қарамастан, әдебиетіміз үшін жаңа кейіпкер еді. Баян уақ руынан десек те, ұлт қаһарманы. Ол отаншылдық биікте самғаған қыран. Халық мүддесі категорияларымен ойлайтын қаһарман. Өзін-өз күшігін жеген бөрі есептесе де оның Отан атынан опасыздықты жазалағанын ұмытуға болмайды.
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын жауызда өлем! [1, 40 бет]. Деп батыр Абылай ортасына тартып отырады. Батырларға Баян келіп қосылғаннан кейін, Абылайдың қалың қолы жорыққа аттанады. Бірақ, қалмақтар соғыспайық деп, келісімге шақырады, сыйлық тарту етеміз дейді. Абылай хан қалмақтардың сыйлықтарын алып алайық та, сосын шабайық дегенді айтады. Абылай сөзін автор былай береді:
Ерлерім, ойым осы! – деді. Абылай,-
Бұл ойды теріс дейтін адам барма?-[1 45 бет]
Сонда Баян:
Сөзімді не кектерсің, не жүктерсің
Ойыңды теріс дейді Баян – анық!
Талқыға салмай шындық табылмайды,
Құл ғана …. ылғи қабылдайды
Қу қалмақ күні кеше алдамап па еді,
Шоңқитып Ой Қытай мен Өр Қытайды -[1 45 бет]
Баян- дара туған тұлға. Ойға бай, ойының дұрыстығын кімнің алдында да
иленбей дәлелдеуге бар. Абылай хан шешіміне батырлар ішінен сурылып жалғыз батыр Баян қарсы шығады. Мемлекет басшысына бағынғысы келмегендіктен олай етпейді, ханды қателіктен сақтандырғысы келеді. Халықаралық қатынастан,тарихтан, соғыс тәжірибесінен білімі бір қайраткерден кем еместігінен. «Талқыға салмай шындық табылмайды» дейтін берік нанымнан. Мұнда Мағжан стиліне тән суреткерлік психологизм аз сөзбен көп жайларда аңғарылып тұр. Яғни, Баян мақсатына жетпей шынбайтын қайрат иесі және көреген екендігін байқаймыз.
Ақыры қалмақтар Абылайды алдап кетеді: Хан жауынгерлеріне елге қайтуға жарлық жасайды. Мұны естіген Баян:
«Апырмай, Алаш арын жоқтамастан
Жеңіліп бұл қайтудың мәні қалай? –
Деді де атып тұрып топ ішінен,
Ерлерден от екпінді жолбарыстай
Жүз жасты жолдас қылып тарта берді,
Таң ата: «Қайдасың, — деп –қалың Қытай? -[1 47 бет] Баянның кейінгі қалмақ қолы туралы хан шешіміненкеліспеуі – алаш арын жоқтаумен бірге, жан жарасына ем іздеу.
Поэмада ерекше шабытпен жырланған эпизод, сөз жоқ, Баянның қалмақтармен соңғы айқасы, Баян жүз жігітті ерткен бойда, Іле бойын жайлап жатқан көп қалмаққа лап қояды. Жыр маржанын төгілткен Мағжан «Батыр Баян»поэмасында қазақ елінің тарихи шындығы мен тағдыры көрсетіледі.
Аз қазақ көп қалмаққа салды атойды,
Көк аспан қара түтін шаңға толды.
Алдаспан ажал менен бәсеке боп
Қанішер қайқы қара қанға толды, -[1 47 бет] деген жыр жолдарында қырғын соғыс көрінісі суреттеледі.
Қан майдандағы Баян кейіпкердің батырлығымен сипатын:
Қалың қол ортасында батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Екі көзі екі қызыл шаң боп кеткен,
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.
Оң-солға алда… сілтегенде, —
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқырытқан,- [1 48 бет] деп ер Баянның соғыстағы бейнесін береді. Ақын нені жырласа да сүйсіне жырлайды. Өзіне сұққан найзаны жұлып алып, қалмақтың басты алдаспанымен шапқан батырды:
«Қыларың, қатын қалмақ тағы бар ма?»-
Деді де, суырып ап жау найзасын:
«Алаштың арқалы,-деп,- қайдасың?»-
Жыландай жарқ еткізіп алдаспанды
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын. [1 49 бет] деп суреттейді.
Жау найзасынан жараланып, өмір мен өлімнің арасында талықсып жатқанда да екі жастың бейнесі батырдың жанын сыздатады. Бақиға бет бұрған батыр көз алдындағы елес бейнеден кешірім сұрайды.
«Іс өтті ажал жетті. Енді не бар?
Қоштасып айтысалық соңғы сөзді!
Келіңдер, қарақтарым, кешіріңдер!»-деп,
Ер Баян әлсіз ғана қолын созды. [1 49 бет]
Өзін ар алдында күнәлі санаған батырдың адамгершілігі,қолымен істегенін мойнымен көтеруге даяр бірбеттілігі оның тұлғасын биіктете түседі.
Ер жүрек, аңғал батырдың сәбидей сезімі де ең соңғы тынысы үзілер шағында да еліне, алты алашына деген адалдық пен сүйіспеншілікке толы.
Күнәмді тәңір кешпес, кешер бірақ
Жауын да жан берген соң алты алашым,- [1 49 бет] деп Баян батыр жасаған бір қателігін арқалап, тәңірісіне аттанады.
Мағжан ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлығынан да жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының жау табанында басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.
«… Оның киялын еркіндік үшін қандай жауға да шабатын, қайтпаған албырт ерлік иесі, жеке басының мүддесінен ел мүддесінен жоғары санайтын кіршіксіз, таза, өр мінезді жандардың бейнесі кернейді. Соның бірі –Батыр Баян. Ақын баянның теңдңсі жоқ өжеттілігін адам ерлігінің жарқын мысылы етіп ұсынбақ болған», — дейді әдеьиет зерттеушісі ғалым Р. Бердібаев.
Баян қылығы – мұсылмандық парасаттылық, ұстамдылық және қазақ халқына тән салқынқанды ақыл, момындық тағы басқа қасиеттерді өзіне жинаған мәрт тұлғаның болмысын танытады.
Мағжан бас қаһарман Баянның саяси — әлеуметтік тұрғыдан батырлық образын, рухани – гуманистік тұрғыдан психологиялық портретін, тұрмыс – тіршілік тұрғысынан пендешілік болмысын ашқан.
Ш. Елеукенов Баян бейнесі жайынды: «Баянды жаңа типті кейіпкер деуге бір себеп –ол Абай армандаған, Мағжан қостаған болашақ адам, атап айтқанда, ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстайтын толық адам», — деген пікір айтады [15. 263 бет]. Бұл пікірмен келісуге болады.
Абылай хан – бейнесі.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны аз ғана қазақтың сонау бір тұста азулы көршілестерімен баянды да пәтуалы қарым – қатынас құра алмай,қысы – жазы ат үстінде селкілдеуге мәжбүр болған сұрапыл тірлігін суреттеуге бағытталған және осы алып сахараның білікті де, білекті азаматтарға кенде болмағанын баяндайды. Аталған шығарманың орталық қаһармандары –жерінің бүтіндігін, ұлттық салт сана, күнделікті өмірден туындайтын саяси — әлеуметтік , экономикалық мәселелерді өз лайығына сай зерделеп, олардың бөтен біреудің қанжығасында кетпеуін қатал қадағалаған айдынды азаматтар. Солардың бірегейі – Абылай ханның үлкенді – кішілі қимыл — әрекеттерінің қайсысы да осы ізгі мақсатқа тоғысып жатады.
«Абылай хан билік құрып тұрған дәуір – қазақ халқының дәуірлеп тұрағн кезі еді «,- деп жазады Шоқан Уәлиханов. [4 426 бет]. Поэмадағы Абылай бейнесі таза тарихи тұлға. Абылай хан қазақ жұртын берісі жоңғар, әрісі орыс, қытай басқыншыларынан аман алып қалған көрнекті мемлекет қайраткері, ірі саясашы, іскер дипломат, қолбасшы батыр. Абылайдың ерлігі, мәмлегер даналығы жайында ел аузында жүздеген жыр – дастандар мен аңыздар сақталған. Абылайдың ерлер көзіне түсіп, жұрт аузына іліккен шақта алғаш тізгін тартқан, ел басқарған жері – Көкшетау.
Ақын: Бурабай – Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға,- [1, 29 бет] деп Абылай қоныс етіп, қалмаққа қарсы жорыққа шығарда қол ж… Көкшетаудың табиғатын асқан сүйіспеншілікпен жырлайды.
Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш,
Дариға бұл күндерде жап- жалаңаш!
Ордасын сол ағаштағы Абылайдың
Меккедей тәуеп қылған тамам Алаш,- [1 30 бет] деп, Мағжан Абылайға орда болған қызыл ағашты әулиенің қабірінен артық, тіптен, алаштың Меккесі деп аспандата суреттейді. Халқымыз әулиелері мен дін иелерін ерекше қасиеттеп, олардың айтқанын екі етпеген. Ойлап қарасақ, ақын Абылайды әулиелердің әулиесі, алаштың пайғамбары ретінде танығаны аңғарылады. Ақын осы ойынан таймаған күйі: Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- [1 30 бет] деп, жаугершілік заманында қазақ халқын түбімен құрып кету апатынан аман алып қалған Абылайдың ғажайып түстей кереметтілігін ерекше бағалып, қадірлеуді келер ұрпаққа табыстайды.
Поэмада Абылайдың киелі адам екені көрінетін тұс, Хан мен Баян батырдың сөзге келіп қалуы:
Бетіне Абылайдай ардагердің,
Келуді алты алашқа ар қыламын.
«Бетіне келген жанды соғар кие?» –
Деп жырау, жауырыншылар жар қылатын.
Баянның сөзін естіп қариялар
Ішінен ерін аяп: «А, шырағым!» –
Десті де күрсінісіп кесіп қойды:
Қоймад, -деп осы жолы, Баян бағың! [1 40 бет]
Хан да екі сөз жоқ. Оны тіпті «дініміз де» құптамайды. өйткені ел билей киелі адамның үлесіне тиген деген халық арсында сенім бар. Қазақтар киеге үлкен мән берген. Ендеше, Абылай хан киелі аруақ қонған адам. Абылайдың аруақшылығы хақында да әртүрлі аңыздар бар. Халық сенімінде «Аққу киелі құс, оны өлтіруге болмайды, өлтіреген адамды киесі ұрады». Ақын Абылайдың қасиетті адам екенін айту үшін «Құдай боп құс төресі топ төрінде» деген теңеуді қолданған.
Шоқанның Абылай туралы жазған еңбегіне сүйенсек, хан іс жүзінде патшаны мойындамаған. Білгір хан «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген халық даналыған берік ұстанған. Себебі, біріншіден кемеңгер хан қазақ жұрты тек біреуіне қарап кетсе, елден де, жерден де айырыларын білеген. Екіншіден Ресей патшалығы даладағы билікті өз қолына алуға тырысқан. Ал қытайлар ханы билік үшін қауіп туғызбаған.
Сірә, тарихты жақсы білген Мағжанның:
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында — өр, алдында –көр, жан- жағы жау,
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Сол кезде елге қоған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап, -[1 30 бет] деген жолдары жоғарыдағы Шоқанның жазғандарымен мағыналасып жатуы – дастандағы Абылай бейнесін шығаруға асқан жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді.
Қалмақтар алдап кеткеннен кейін:
Тұнжырай қалса – дағы хан Абылай:
«Қайму!» – деп, сөздің болды бітуанасы,- [1 45 бет] деп жауынгерлеріне қалмақтың соңынан қуайық, шабайық демейді, өйткені қалмақтар бұл уақытта Қытай шекарасына өтіп кетті, ал қытайлар өте көп. Онда барса, қазақтың бірі қалмай мерт болатынын кемеңгер Абылай біледі. Сондықтан, «қайту керек» деген үкім шығарады. Бұл оның көркемдігі деп білеміз, яғни ол – мемлекетті сақтаушы.
Күңіреніп ойланғанда алаш жайын
Жанымды орай берсе ұлы уайым,
Кеудеме күннің нұры болғандай боп,
Жырлаймын алты Алаштың Абылайын. [1 42 бет]
Автордың Абылайды жоғары бағалауы, пір тұтуы – елге тұтқа, жат жұртқа айбар боларлық басшыны аңсаған ізгі қасиетінен туған құбылыс. Жаралы жанына Абылайдың қайрат- күші жігер беріп, кеудеміне нұр құйғандай қасіретті ақын рухымен бірігіп кеткендей.
«Ұлт ұйытқысы хан Абылай – шығармада тәуелсіздік айбары. Ол – кемеңгерлігін халқы мойындаған айбынды елге арқалы тұтқа, ұлы тұлға, деген пікір айтқан Өмірхан Әбдіманұлы өз еңбегінде. [13 62бет].
Біздіңше Мағжанның алдына қойған мақсаты — тарихтағы Абылай ханның қайды, қай уақытта өмір сүргенін, қандай болғанын айту. Мағжан суреттеуіндегі Абылай жауына қатал, еліне әділ, тұғырда отырған қыран құс тәрізді.
Абылай – жан – жақты ойлана білетін, соғыс өнеріне жетік, халқына беделді, көрнекті мемлекеттік қайраткер.
Шоқан Уәлихановтың айтуына қарағанда, «Абылай хан болып сайланғаннан кейін Ресей патшасының әкімшілігіне барғысы келмеген, себебі мені хан сайлаған өз халқым», -деген. [4 428 бет]
Талайдың жыры мен сырына астар болған, тағдыр тәлкегінен тайсалмай, өзінің батырлық – хандық сом тұлғасын соққан Абылайдың шын тарихи бейнесін тану үлкен еңбекті қажет еткен.
Ал Мағжан танымындағы Абылай – халық патриоты, айлакер, ақылды және үлкен саясаткер.
Ноян бейнесі
Ал, шығармадағы Ноян бейнесі-шығармаға негіз болған ұлы идеяны өрлетудің алтын арқауы. Жоғарыда атап өткеніміздей, Ноян Баянның туған інісі емес, аңыз желісі бойынша Баянның ағасы Сарының Қыстаубай деген баласының рөлінде тұрған образ. Әңгіме Ноянның кімнің рөлінде тұрғандығында емес, поэма оқиғасында қандай рөл атқарғанында. Мағжан Ноян бейнесі арқылы драмалық тартысты шиеленістіре дамытады. Ақын Ноян бейнесін: Баянның інісі бар он бес жаста-
Бөрінің бөлтірігі бала Ноян
Ноянның бар ақылы білегінде
Билеген асау жүрек қайнаған қан, [1,33 бет] деп сипаттайды.
Ноян –сезімнің құлы. Ол тұтқын қызға ғашық. Поэмада ол былай көрінеді: Келгенде – ақ сұлудың қарауынан
Ноянның жүрегінен ұшқын туған.
Сол ұшқын өртке айналып жап-жас Ноян,
Алысып жүрегімен, аласұрған, [1,33 бет].
Оны құмарлық сезім билеген. Сол құмарлықтан шығу үшін, Ноян Отанын сатуға әзір. Қыз Ноянға ауылға бірге жетейік дегенде, Ноян:
Жас Ноян жас қанына тұншыққан соң,
Ұмытпай тұрсын қалай өзі-өзге!
«Жарайды, даярмын!» – деп айтып салды,
Ойланып бір минутта қимай төзім,
Сол сайда уәделерін бекітісіп,
Екеуі айналасын ыстық жүзін [1, 36 бет] .
Ноян елін сатуға әзір дегенімізбен, оның «әзірлігі» саналы есептен тумаған. «Мұным қалай болды?» – деп ойланып –толғануға оның мұршасы жоқ. Оның он жасы – асау жүрегі, қайнаған қаны.
Жатықта жалынданып сүйген қандай!
Баладай өсіп жылап, күйген қандай?
Көрмеген жан –жарынды өлгендей боп,
Қайғырып күлдей кебін киген қандай!
Кеудеңе жан кірмей ме, көзің шалса,
Өмірің жаңа ағарып ашқан таңдай
Кеудемді қасиетті сәуле кернеп,
Жүрегім сол минутта жарылғандай
Не дерсің салпаң құлақ есектерге,
Өгіздей өмір сүрген сүймей-жанбай! [1,34 бет].
Поэмада махаббат гимні сияқты естілетін осы өлең жолдары дәл осы Ноянға байланысты жазылған.
Ноянның бар ақылы білегінде, дейді ақын. Оның басқа жазығы жоқ. Сүйгені үшін жазықты емес. Ноянды алды-артына қаратпай, ата дұшпанының еліне дедететкен шынайы сүйіспеншілік. Осындай сүйіспеншілік бұл жолы қарыз бен парыз аталуынның қайсысынан да үстем шыққан.
Ноянға қалмақ қызы:
Бөбегін шырылдатып ап кеткенде,
Ата-анам жылап-зарлап қалған еді.
Сорлы анам көкірегін көкке сауып,
Қан жылап менен бір ат алған еді.
Ол атты: «Елдің шетін, анаң бетін,
Бір көрмей, қозым елге барма» – деді:
Анама сөзім-анау, өзім-мынау
Жас Ноян жүгінемін ер деп сені, [1, 35 бет] дегенде, Ноянның қыз тілегіне қарсы болмай келісім беруінің бір сыры-ананы құрметтеу екі халықтың да қанына сіңген қадірлі дәстүр.
Қорыта келгенде, поэмадан махаббат драмасының басты кейіпкерінің бірі –Ноян еркіндік символы.
Қалмақ қызының бейнесі
Талай жорықтың тағдырын шешкен айтулы Батыр Баянның шытырманға тұтылып, одан босанудың жолын таба алмай, қатты арандатқан, ешбір әмір, әді-айла жүрмейтін тұйыққа тірелуіне себепті болған кейіпкер, бұл – қалмақ қызы. Баянның да, ініс Ноянның да сорына орай, ақынның өзіатағанындай «сұм сұлуға»екуі де ғашық болады. Он төрт жасар хас сұлуға ес-түссіз ғашық болмау тіпті мүмкін емес. Мұны Мағжан сөзбен кестелеген қыз келбетінің өзі-ақ айқындап тұр:
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір саған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шақпақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері –су сылдырап құйылғандай.
Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай
Лебізі – жібек лебі, жұмақ жені,
Кәусардай татқан адам қалар қанбай… [1,32 бет].
Толқыншаш характерінің Ноян бейнесіне қарағанда күштірек көрінетін себебі, тұтқан халіне байланысты ол ертерек есейген.
Жауының бір жорықта бір сұлуын
ЕрБаян алып қайтқан алдына сап.
Баянның алып қайтқан сол сұлуы-
Балдырған бөбек дерлік он төрт жаста-ақ. [1,35 бет].
Он төрт жасар қыз ағайынды екі жігітті шыр айналдырады. Қыз Баянның төредей азамат екенін қатесіз таныса да құшағын оның бауыры Ноянға ашқан. Бір жағынан оны жаулаушы, өзінің еркіндігін жоюшы деп білген.
Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап»,
Баянда жан қалмаған жандырмаған.
Сонда да сыр шығармай – Батыр баян
Жастық қып жанын естен тандырмаған /1.33/
«Сұм сұлу» деп ақын бекер қолданып отырған жоқ, — дейді С. Ізтілеуова өз еңбегінде [14,45 бет]. «Сұм сұлудың» Баянды ағатайлап қасына жуытпауында салқын есеп бар: Баянға тигенің өз жұртыңнан мәңгі қол үзгенің. Қыз талайдан ойланған ісін албырт, шикі бала арқылы жүзеге асыратыны сезеді.
Қыз бен Ноян кездесіп қалған сәтте:
Қыз сонда: «Ноян бауырым –кебем!»-деді,
«Сүйемін мен де сені тәңірі куә,
Тән түгіл жаным саған берем!»-деді.
«Нояным,бірақ сенен қалауым бар», — деді де сұлу ойға тереңдеді. [1,35 бет].
Яғни қыздың Ноянды жақсы көруі-өзінің ойға алғанын жақсы көруінен. Ноянды сезімнің құлы десек, қалмақ қызын сананың құлы дейміз. Қыз туған еліне қайтуға асық. Ол Отанына оралу үшін өзін құрбан шалуға, тәні түгіл жанын беруге бекем бел буған.
Ақынның:
Қыз сонда: «қалауым бар, Ноян батыр,
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем – дағы
Алыста туған, өскен жерім, жатыр,
Айбынды арыстандай құмды кезген,
Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр.
Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра
Ата-анам – айым менен күнім жатыр»,-[1,35 бет] деп қыз аузына осындай сөздер салуы қалмақ қызының анасына берген сертіне адалдығын көрсету, екіншіден қалмақ қызының бұл тілегі арқылы, оның елін, жерін, Отанын сүюін өзгелерге үлгі етеді. Үшіншіден, қарсылас қалмақ елінің қазақтармен оңайшылықпен ымыраға келмеген, мықты жау екендігін байқату.
Біз жоғарыда қалмақ қызы Ноянмен өз есебін орындау үшін ған көңіл қосыт дедік. Дегенмен, автордың:
Сонда да кейбір кезде ақ бетіне
Бір нәрсе жүгіруші еді ыстық қандай,- [1,34 бет] деген жолдарына зер салсақ,қыз да Ноянды ұнатқан деген ойға келеміз. З.Т. Жұмағалиев «Шындық және көркем әдебиет» деген еңбегінде қалмақ қызы жайында: «…ақылды да әдетті ару қадірменді ағаның алдында ештеңе болмағандай, Ноянмен жұптасып, тұрмыс кешуін ыңғайсыз санап, көз көрмес алысқа қоныс аударуды жөн санаған»,- деген пікір айтады [2,57 бет].
Ал, Балтоғаева осы жайлы мынадай ой айтады: «Біздіңше поэмада патриотизм екі образға қатысты бейнеленеді; бірі – Баян да, екіншісі –жау елі өкілінің яғни, қалмақ қызының еліне деген махаббаты, антқа деген адалдығы».[8, 97 бет].»
- МАҒЖАН ПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖҮЙЕСІ
Біз енді Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын көркемдік жүйе тұрғысынан қарастырамыз.
Талдауға кіріспес бұрын Сәбит Мұқановтың мына пікірін еске алайық: «Ақынның жағына келгенде Мағжан, әрине қазақтың күшті ақынына саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетін жаңа түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбектері көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
… Мағжан өлеңдерінен құр ғана үйлескен сөздерді көрмеймін, ақынның ішіндегісін әйгілейтін айнасын көремін»[16,283 бет],- деп Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде-ақ осындай әділ баға берген еді.
Сонымен, көркемдік жүйені құрайтын көркемдік бейнелеу құралдары сюжет құрайтын элементтердің қатарына жатпайды. Дегенмен олар сюжеттік көркемдеуге, жырланатын түрлі оқиғаларды айшықтауға, табиғат пен тұрмыс-тіршіліктің көрінісін бейнелеуге тікелей қатысады.Әсіресе олардың образдар жүйесін жасаудағы қызметі айырықша.
Мағжан Абайдан кейінгі қазақ әдеби тілін дамытушы, көріктендіруші суреткер. Сөзбен образға жету үшін нәзік сыр мен сыршыл үнмен талғампаз ұмтылысымен образды ойға бейнелі көрік беру тіл тәсілі – эпитетті талғап, таңдап қолдану айырықша көрінеді. Мағжан эпитеті поэтик тілге түсірер сәулелі шамы іспеттес қабылдады. Оқырманның жан-дүниесіне, сезіміне әсер ететін ойлы, бейнелі шынайы сурет эпитет сөздер арқылы түсті.
Мағжан поэзиясында адамның ой, сезім, таным әрекеттеріне қозғау салуда эпитетті жаңаша мазмұнға, әдемі стильге ыңғайластырады.
Ашудан бұғып қалған қорқақ ақын.
Күбірлей бастады енді «мұның не?»- деп [1,39 бет] осындағы «қорқақ ақыл» эпитеті нені ұғындырады. Ол адам танымының әр алуан қызметінің құпиясын ашуға көмектеседі «қорқақ ақыл» адамның ақыл шексіз, бірақ оның адам санасында сәулеленуі сирек, кейде ол ұлтының ұмтылыс жағдайында қалып қалды, кейде ол кідіртіктеп аяғын шалыс басады, кейде ол көрінбей өз қызметінде көзге ілінбей қалады. Осындай суреттердегі суретті ақын «қорқақ» сөзімен тамаша айқындап тұр.
Қылды-ау бізге қалмақ қарғыс
Дей берді:
Ер Баян сұп-сұр болып деді бірақ:
«Жарайды…. Бар, ақсақал. Ойланарсыз»[1,36 бет]
Мұндағы «қарғыс»эпитетін ақын қалмақ қызының мінез құлқын айқындау үшін қолданып отыр.
Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап»,
Баянда жан қалмаған жандырмаған.
Сонда да сыр шығармай – батыр Баян
Жастық қып жанын естен тандырмаған [1,40бет]
«Сұм сұлу» деп ақын бекер қолданып отырған жоқ. Эпитеттің үстіне эпитет қосып, қалмақ қызының мінезін нақтылай түсу үшін қолданып отыр. Мағжаннның эпитетті қолданудағы табысы да осында.
Дариға, жұбанамын, жел ойменен,
Тартапады сұм садақты бұл ойменен,- осындағы «сұм садақ» эпитетін ақын бірнеше мәрте қолданған. Жоғарыдағы сұм сөзі қалмақ қызының мінезін айқындау үшін қолданылса мұндағы «сұм» сөзі садақтың сан түрлі қасиетінің бірін ашу үшін пайдаланылған.
Сорлы ағаң ашып-жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін [1,40 бет] «Сорлы ағаң» тіркесін ақын Баянның ішкі-сыртқы сезімін құбылысын танытуға қолданған.
Бөкеңнің жас жолбарыс жеткіншегі
Аузынан жалын шашқан жас жанаттай
Және
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң
Ер Баян қарындас қып ерік берген
Келесі өлең жолдарында :
Нояннан о да көзін алмас болды,
Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп [1,34 бет]
Сонымен қатар «Жас баладай», «жас қанына»,»жас Ноянға» деген тіркестердегі «жас» сөзі ақын ұғымында жас, атты, қызулы, жалынды мағынасында алынған.
Мағжан поемасының көркемдеу тәсілінің бірі-теңеу.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, жалпы халық тіліндегі бейнелеу тілінің үлгілерін ақын молынан пайдаланған.
Мағжан көңіл-күйдің, сезімнің, ойдың суреткері. Ол өзінің осы көңіл-күйі, сезімі, талғамын тапқан сәттерде сыртқы дүниеде бар суреттерге ұқсатып барып та образ жасаған. Мәселен, «Ер Баян арыстандай жаны жара», «Кілегей қара бұлттай енді Баян». Бұлар поэтикалық образдар -дай жұрнағы арқылы жасалып отыр. Осының екеуінің де
Оң-солды алды аспанға тілтемегенде,
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан [1,48бет] деп ақын Баян образын айқындау мақсатында теңеуді қолданған.
Одан әрі Мағжан:
Жыландай жарқ еткізіп алды аспанды
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын [1,48 бет],- деген жолдарды келтіреді. Сөйтіп Баянның өліспей беріспейтін ерен тұлғасын іс-әрекеті арқылы көрсетеді. Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай [1,30 бет],- осы жыр жолдарындағы «жауған қардай» теңеуі дерексіз ұғым ашуды заттандырып, әрлендіре түскен. «Шөккен нардай» – тұрпаты ірі жануарға балау, сол арқылы күн көрінісі мал бағуға байланысты қазақ ұғымына жақын ұлттық өрнекті кәдеге асыру – бәрі батырдың ерен бітімін, соған сәйкес кесек ашуын әспеттеуге жұмсалған.
Сонымен қатар:
Майданда от шашқандай оқ шашатын
Сырттаны бәсекесін Ер Сырымбет [1,30 бет],- деп Сырымбет образын беруге теңеуді ұтымды пайдаланған.
Ал қыздың сыртқы бейнесін сомдауда ақын
«Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір саған бар сұлулық жиылғандай
Кәусардай татқан адам қалар қанбай»,- деген теңеулер арқылы қыз бейнесін тартымды етіп көрсетеді.
Суреткер қандай нәрсені суреттесе де адамның сезіміне, жан дүниесіне әсер етуді көздейді. Әдеби тілдің әсемдігі үшін әсірелеу де қажет. Сондай тәсілдің бірі айшықтау. «Айшықтауды әсірелеу деп сөздің әсерін күшейткен сөйлемді айтамыз. Әсірелеу көңіл-күйінен шығып, көңілге күй түсіреді»,деп түсіндіреді тілші ғалым А. Байтұрсынов [1,38 бет].
Біз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқи бастасымен айшықтаудың бір түрі арнауға кезігеміз.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп-жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң
Толғанып қарауым сол баяғыға
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей баяғыда
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма? [1,29 бет].Бұл оқырманның эмоциялық сезіміне әсер етіп, ақынның өзіне, өзгеге, жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, қалың қауым мен сөйлесуі, олармен үн қатысуы.
Қ.Жұмалиев өзінің зерттеу еңбегінде арнаудың үш түріне тоқталған: «жарлай арнау,зарлай арнау, сұрай арнау» [18,132 бет]. Мағжан поэмасында аталған арнаудың үш түрі де кездеседі. Поэма жырлай арнау түрі – түрімен басталады да:
Ертегі уатпай ма баланы да,
Сөз сыйқыр ғой жабай ма жараны да? [12,3 бет],- деп сұрай арнау түріне көшеді. Арнауда қойылған сұраққа автор жауап күтпесе де, ол ешқандай жауапсыз түсінікті, яғни мағжан тілінде ол өзіне—өзі есеп беру сияқты ұғыммен бағдарлас. Одан әрі зарлай арнау түріне көшеді:
Көшеде күні кеше қойдай өрген
Түлі аң, бөрі, бұғы, маралы да.
Айырылып, асау ерке аңдарынан
Көшенің тас жүрегі жаралы да! [1,29 бет] және
Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш! [1,30 бет],- деп ақын өз елінің, жерінің табиғатына жаны ашиды, мүшкіл халін жыл жолдарына түсіреді.
Арнаудың шешендік үлгісі Мағжан тілінің үлкен табысы. Бұл ақынның өз өмірінен бүкіл мақсат-ниетін, ой-арманын, қуаныш-қасіретін танытатын тілдік ерекшелігі.
Ақын арнауында өмірге, дүниеге өкпе-наз артады. Өмірдің ауры қасіретті шағын кіналайды. Алдағы мақсат-мұратын болжау, армандау мақсатын айтқысы келеді.
Адам өз ойын, көңіл-күйін, эмоциясын тіл арқылы жеткізеді, басқа адамдардың сезіміне тіл арқылы әсер етеді. Мұндай сөз әсерін күшейту үшін, әр түрлі тәсілдер қолданылады, сондай тәсілдердің бірі қайталамалар.
Қайталаулар ауыз әдебиетінен келе жатқан құбылыс. Дәстүрлі дидактикалық сарындағы шешендік өлеңдерге тән бірден бір ерекшелік қайталаулар болатын. Мағжан поэмасында қайталамалар көркемдеу құралдарының тілдік тәсілі ретінде поэма тілінің шұрайлылығына және көркемдігіне, сонымен қатар кейіпкерлер характерлерін ашуға өз үлесін қосады.
Ауыз әдебиетінен сондай-ақ, орыс-болыс әдебиетінің тамаша үлгілерін сусындаған Мағжан қайтамалары жаңаша түрмен шырайлы мазмұнға ие болған. Мағжанның әсем ырғақты, әсерлі ұйқасқа құралған көркем сөз кестелеріне толы қайталамалары оқушысын селт еткізбей қоймайды.
Қайталамлардың түрі ақын поэмасында көптеп кездеседі. Мәселен,
Жастықта жалындатып сүйген қандай!
Баладай өксіп-жылап күйген қандай
Көрмесем жан жарымды өлгендей болып,
Қайғырып күлден кебін киген қандай! [1,33 бет], — деп Мағжан махаббатты, жастықты жырлауда «қандай!» сөзін бірнеше мәрте қайталаған. Бұл сөзді ойдың көркемдігін, әсерлігін арттыру үшін, эмоцияға яғни адам сезіміне әсер ету үшін пайдалануға болады.
Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян [1,37бет] суреткер әр тармақтың соғында «Баян» есімін бекер қайталап отырған жоқ. Осы қайталау арқылы оқырман назарын Баян бейнесіне айырықша аударғысы келгендіктен және бас кейіпкердің характерін ашу мақсатында «Баян» есіміне жүк артып отыр.
Жорыққа құр қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге?
Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды
Көр болғыр екі көзім көрді неге? [1,39бет]. Мұнда ақын Баянның екі жасты өлтіргеннен кейінгі сезім күйін жан арпалысын суреттеген. Поэма кейіпкері «неге?» деген сұраққа жан ұшырар жауап іздейді.
Ақын дастан бойында бірнеше жерде «Баянның батырлығы алашқа аян» сөз тіркесін қайталайды. Бірінші рет ерлік белгісіндей бұл тіркес айбарлы хан Абылайдың сөзімен беріледі. Жорыққа неге шықпай жатырмыз деген Қанайға:
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян [1,31бет],- деп Баянның кешігуін басты себеп етіп сөйлейді. Бұл жолдары арқылы Баянның туған жұртына қадірлі, ата жауына аяусыз қатал жау екенін аңғарамыз.
Екінші рет ініс Ноянды өлтірер кезде:
Дегенше тартып қалды батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян [1,38бет], — деп атылған жебенің нысанаға жазбай тиетін ажал-ақ екенін көрсетеді.
Үшінші рет «Ерлігі алашқа аян батыр Баян» деп, Абылайға қарсы шығып, екі рет сөз қайтарысқанда қолданады. Мұнда ақын Баянның саясаттан да хабары бар екенін көрсетеді.
Төртінші рет:
«Қалың қол ортасында батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян [1,48бет],- деп,жүз жігітпен келіп жауды шапқан кезінде қайталайды. Байқап қарасақ ақын мәтелге айналғандай бұл сөз тіркесін тек қажетті уақытында ғана пайдаланып отырған.
Поэма соңында Мағжан:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас [1,50бет] деп өзінің айтқан пікірін растау мақұлдау мақсатында және ойды қорытындылау, жырымдау мақсатында ақын қайталануларды белігілі ретпен өзіне ғана тән стилистикалық өрнекке құраған.
Суреткер өзінің поэтикалық тілін құбылту үшін негізгі мақсатымен эстетикалық мұратына қызмет ететін тіл тәсілдерін жиі пайдаланады. Әдеби тілдегі құбылтудың түрі – ауыстыру яғни метофра, сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолданады.
«Кез-келген көркем шығармада метофраның екі түрі кездеседі, бірі қос нүкте бүкіл халыққа түсінікті, тұрақты ауыс мағынада дәстүрлі қолданылып келе жатқан метофралар, екіншісі, әлі халықтық сипат алмаған индивидуалдық жеке автордың тілдік қызметіне жаратқан жанынан шығарып қолданылатын метофралар» [19,125бет],- деп Дина Әлкебаева Мағжан шығармасында да екі түрлі метофра бар екенін айтады.
Мағжан Жұмабаевтың дәстүрлі метофраларына көз жіберсек, ол бұрынғы халықтық сипат алған дәстүрде жалғастығын тапқан
Дәстүрлі метофралардың барлық түрі «Батыр Баян» поэмасында өз ойының көркемдік естетикалық қызметінде жұмсалып, әр түрлі мағыналық ерекшелігімен айқындалады.
Жануарларға байланысты арыстан, бөрі, жолбарыс, көкжал, тұлпар, бөлтірік адам бойындағы күш-қуатты еркіндікті аңсаудан ауыс мағынада суреттесе, ібіліс оқ жылан жау-дұшпан мағынасында жұмсалады.
Мағжан қазақ батырларының бейнесін сомдауда:
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай,
Қарт қыран Қанжығалы қарт Қабанбай,
Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі
Аузынан жалын шашқан жас Жанатай,
Найзасын нажағайдай ойнататын
Жас барыс бәсеңтейін сары малай [1,30бет] және ақын Баянның інісі Ноянды таныстыруда
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бөрінің бөлтірігі бала Ноян [1,33 бет] ,- десе, Баян бейнесін сомдауда, характерін ашуда:
Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға тегі [1,32 бет],- деген жыр жолдарын Абылай аузына салады.
Елімнен кетіп енді қайдан табам?
Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі [1,39 бет],- деген сөзді ақын Баянның өз аузына салады.
Қасқиып қан майданда тұрып қалды,
Қайран ер, қайсар Баян жолбарысым! [1,48 бет]. Мұнда ақын арыстанның, жолбарыстың, барыстың жүректілігін, қайраттылығын, көкжалдың, бөрінің мықтылығын, тұлпардың асаулығын, жүйріктігін поэма кейіпкерлеріне яғни батырларға балай отырып, еркіндікті, азаттықтың аңсаған халықтың ерлігін танытып тұр.
Индивидуалдық метофраға келер болсақ, ақын ауыстыруды тұтынуда өзіндік ізденіс, шебер айшықтарын танытқан.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға
Сұм өмір абақты ғой санлыға [1,29 бет],- деп өмірді абақтыға баласа:
Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған
Еркімен өзі-ақ атқа барады да [1,29 бет],- деп ақынды балға балайды.Бұрын қолданыста байқалмаған «Өмір-абақты, «Ақын-бала метофраларын мынадаймағынаға неігзделгенін аңғарамыз. Суреткер ақынды «бала» сияқты пәк, күнәсіз бөбекке балап, өмірді «абақтыға» балауы ақынның өмірдегі ауыр тіршілігінен хабар береді, яғни Мағжан өмірді «абақты» деп астарлай отырып, азатшылдықты аңсайды.
Сарыарқа сары-дария қиыры жоқ,
Көз болсын қандай қыран талады да [1,24 бет],- деген жолдардағы «Сарыарқа» сөзінен басқаның бәрі ұқсастыққа сүйенгендіктен де ауыстырудың ұлғайған түріне жатады. Алмастыру яғни метономия – ақынның айтайын деген ойының әрі нақты, әрі ықшамдалған сөз құбылтудың түрі. Мағжан метонимияны сөздің бейнелілігін, көркемдігін, сезімге әсерлігін арттыру мақсатында қолданған. Мағжан поэмасында олар сирек қолданылады. Дегенмен, Мағжан алмастыруды қолдануда да өз шеберлігін танытқан.
«Осындай өңшең көкжал жиылыста,
Күңіреніп жолбарыстай: жау қайда?»,- деп [1,30 бет] өрнегіндегі «көкжал»сөзін Қуандық Мәшһүр Жүсіп алмастыруға жатқызады. «Себебі бұл балама ауыстырудағыдай (метофрадағыдай) ұқсастыққа емес, жалғастық, іліктестікке негізделген. Атап айтқанда, «көкжал сөзінен кейін орын алуға лайық «батырлар», не «адамдар» сөзі түсіп қалып, олардың мағынасын жалғастық тәртібінен бастапқы сөз жеке арқалағандықтан да, алмастыру жүзеге асқан» [20, 51 бет],- деп дәлелдейді және
«Балқаш қой, бұл айдыны сылдыр қаққан,
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан» [1, 44 бет] суреттемелеріндегі «меруерт» сөзін алмастыруға жатқызады. Себебі, «меруерт» сөзінен кейін орналасуға тиіс немесе тағы басқа сөздер түсіп қалғандығын айтады. Алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе жалпының орнына жалқыны қолдану. Метонимия сияқты синекдохада да белгілі бір заттардың, жеке құбылыстардың өзара сыртқы байланыстарын негізге алынады. Метофра, метонимия тәрізді синекдоха да – көркем әдебиеттегі бейнелеу, көріктеу тәсілдерінің бірі. Синекдоханы қолдану әр суреткердің сөз қолдану шеберлігіне де байланысты.
Синекдоха Мағжан поэмасында көп байқалмаса да, ақта-текте қолданыс табады.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға [1, 29 бет] . Осы өрнектегі «Жүрегім» сөзі синекдоха. Себебі, ақын бүтіннің орнына бөлшекті көрсетіп отыр, толықтай адамның өзін атамай, бір бөлшегі болып табылатын «жүректі» ала отырып, адам сезіміне, көңіл күйіне әсер етеді.
Алыстан екі қара көрді Баян
Кілегей қара бұлттай төнді Баян [1, 37 бет]. Мұндағы «екі қара» сөзі синедоханың үлгісі екені белгілі. Ақынның «екі қара» деп отырғаны әрине екі адам яғни Ноян мен қалмақ қызы. Мұнда да ақын бүтіннің орнына бөлшекті қолданып отыр.
Тағы ашты жұмған көзін, тағы көрді
Алдында жас ұлан мен толқын шашты [1, 49 бет]. Осы жыр жолдарындағы «толқын шаш» сөзі қалмақ қызын білдіріп тұр. Ақын қалмақ қызы деп алмай, қыздың шашын беру арқылы жыр жолдарын көріктендіріп тұр.
Кейптеу – құбылтудың бір түрі, бейнелі өрнектеу тәсілінің әдемі түрі. «Батыр Баян» дастанында құбылта, құлпырта қолданған тәсілінің бірі – кейіптеу.
Мағжан табиғат құбылыстарына жан бітіру арқылы әдемі сурет жасайды, яғни Абай қолданған көркемдеу тәсілі – кейіптеуді Мағжан одан әрі жандандырып, құлпыртып, оның қызметін күшейтіп, танытты.
Керілді ерке Көкше күміс Айға:
«Сәулеңді, сәулем, көбірек,- деп төкші төк!»
Бетінде Бурабайдың ерке толқын
Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп
Мұнда «тау» керіліп, айға еркелеп, адам сияқты сөйлейді, ал «Бурабай» адам секілді күліп, жарды шөп-шөп сүйеді, сөйтіп оқушының эмоциялық сезіміне үлкен әсер береді.
Сыйқырлы гүлге оранған жібек майда,
Сылдырап сылқ-сылқ күлген терең сайда [1, 35 бет] осы үлгідегі «сылқ-сылқ күлген» тіркесі кейіптеуге жатады.
Құшақтап ақселеуді жылады жел
Өзінің қасірет жырын қоңырлатып [1, 38 бет] ары қарай:
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен [1, 42 бет]. Мұнда «жел» адам іспеттес мұңайып жылайды», ағашты құшады, сонымен қатар адам секілді сақ-сақ күледі, яғни адамның іс-әрекеті, қимылы басқа заттың құбылыстың іс-әректіне телініп, кейіптеу түрінде сұлу сурет нақышты ой жасайды.
Мағжанның «Батыр Баян» поэмасында кездесетін тағы бір көріктеуші құрал – дамыту
З. Қабдолов «Сөз өнері» оқулығында: «Фигураның бір түрі – дамыту, градакс (латынша gradatio –бірден-бірге күшейе беру) – алдыңғы сөзден сроңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата түсіру» [21, 233 бет].
Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян,
Қыз түгіл қаны бірге өз бауырын
Танымай қалғандайда болы Баян.
Байланған белде сала садағына
Қалшылдап қалды салып қолды Баян [1, 37 бет].
Ақые шабыты осы тұстарда ширыға түседі. Осы жыр жолдарында ақын дамытумен қоса, теңеу, метафораларды пайдаланады. Екі жастың қашып кеткенін естіген Баян «ақ жыландай» атып шығып, жолда «арыстандай дүбір салады», «дауылдай талмай есіп», Асан қайғы «қанды өзек» деп аталған жолды өзекке түс ауа жетіп қалады.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін бірі құшып түсті.
Жүректен атып, ыршып шыққан қанмен
Жалғыз-ақ «аһ» десті де, «жаным!» десті [1, 38 бет]. Бұл жерде ақын тіптен ықшам. Қаншама жыр жолдарын қажет ететін картинаны оншақты сөзге сығымдайды.
«Ауыз толатын айбынды асқақ сөз Мағжаннан шығады. Кейде Мағжан….Бір сөзінен бір сөзін асырып, түйдек-түйдегімен тастап кеткенде, сен де:
«Па, сабазын-ай!» дегім келеді,- дейді Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласында [1, 370 бет].
Жүз қыран мың сан қолға араласты
Орғыған асқар таудай судай тасты.
Шыдамай жүз екпінге шулай беріп,
Қалмақты ә дегенде қара басты
Біраздан есін жиып бүріккен ел,
Қару ап, қара құрттай құжынасын.
Аз болса, бір қазаққа жүз қалмақ көп,
Ат қойып қиқу салып, қамаласты,
Тер саулап, тебішіден, қылыштан қан, Шоқ, түрін будақ-будақ аспанға асты [1, 47 бет]. Ақын бұл тұсты дамыта суреттеп, гипербола арқылы ұлғайтқан.
Бұл сонау ауыз әдебиетінен келе жатқан өмір құбылысын суреттеуде жиі қолданылатын поэтик тәсілдерінің бір түрі, дамыту-әсіресе батырлар жырында аттардың жарысып, батырлардың жекпе-жек шайқасқан жерлерін суреттеуде жиі қолданылған.
Не дерсің салпаң құлақ есектерге
Өгіздей өмір сүрген сүймей-жанбай [1, 34 бет]. Біз осы жолдардағы «салпаң құлақ есектерге» тіркесін аллегорияға жатқызамыз. Себебі, Мағжанның «салпаң құлақ есектер» деп отырғаны адамдар.
Зәки Ахметов «өлең сөзді теориясы» атты еңбегінде аллегорияны былай түсіндіреді: «Аллегорияда көпшлік жағдайд айтылып отырған нәрсені нақтылы, толығынан ауыспалы, туынды мағынаға бағыныңқы боғандықтан, мүлде әлсіреп, кейде тіпті анық сезілмейтін де кезі болады. Айталық, мысал өлеңдер де қандай да бір аңды не құсты адам кейпінде алып суреттегенде, оның өзінің нақтылы, қасиет-сипаттары толық сақталмайды, керісінше оларға өздерінде жоқ қасиеттер дамытылып, адамша сөйлеп, адамша ойлап деген секілді, адам ғана істейтін әрекеттерді істеп жүреді» [22, 24 бет].
Мағжан өзінің поэтикалық тілінде әдеби тілдің сөз байлығын өзінің шығармашылық лабораториясында жырлап, өңдеп пайдаланды, бейнелі ойды ұтымды, нанымды тарихи шындық тұрғысынан таныту үшін сөз байлығын, тіл тәсілдерін талғап қолданудағы қабілеттілігінің арқасында суреткер тілдік даралығын көрсетті.
Бақыт Сарбалаев «Мағжанның лирикасы» атты мақаласында: «Мағжан қайбір тақырыпты да жалпы адамзаттық тұрғыдан жырлайды оның үстіне нені өлең етсе де, шеберліктің шеңіне жете игереді. Өзінше шеруі — өзгеше көруге ұласып, ұдайы жаңалық танытады» [23, 10 бет],- деген еді.
Мағжан поэмасы көркем шығарма бола тұра, өзінің шұрайлы және образды тілімен, лирикалық байлығымен, тілдік тәсілдерді пайдаланудың көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар М. Жұмабаев поэма табиғатына психологизмді шебер үйлестіре береді, ол кейіпкер бейнесін психологиялық жай-күйін, қимыл-қозғалысын суреттеуде көрінеді.
«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным»- деп
Ер едім еркелеткен Алаш тамам
Сындырдым аз ғана Уақ елім белін,
Елімнен кетіп енді қайдан табам?
Жейтұғын өз күйігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қара бет болдым алаш баласына
Ер дер ме енді мені Абылай данам?! [1, 39 бет].
Ақын осы жолдарында Баян жан дүниесінің жұмбақ сырын, жаратылысын, адами табиғатын монолог арқылы ашады. Баянның монолог түріндегі «эллегиялық – жоқтауынан» адам қасында болатын әр түрлі ішкі сезімді, күйініш-сүйінішті көреміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мағжан Жұмабеав шығармаларында заман проблемаларынан бастап, мәңгілік тақырыптар қлзғалды. Ақын өз поэмасында философиялық таным, психологиялық құбылыстар арқылы кейіпкерге жан бітіріп, қоғам санасына қозғау салуынаәрекеттенеді. Мағжанның «Батыр Баян» поэмасындағы азаттық әуен, өмірлік мұрат, ел, халық алдындағы перзенттік парызын сезіну, халықтың қалғып жатқан ой-санасын сәуле беруге талпынысы кең мағынада көріінс тауып, халықтың көңілінен шыға білді. Ақын поэмасы тереңінде кемел ой мен парасаттылық жатты, елім деп еңіреген өршіл рухы мен халық қайғысына қабырғасы қайысқан жанның нәзі сезісі жатты. Ақын жаны өз халқының марқауына күйініп, одан аршып, алар жол іздейді. Өркениетті елдердің тіршіліген ой қорытып, болашаққа болжайды, соған өз халқын шақырады. Қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі бостандығы үшін, халық өзі көтерілсе ғана мақсатқа жетуге болады дегенді аңғартады.
Зерттеу жұмысы ақынның «Батыр Баян» поэмасын нысанаға ала отырып, поэманың сюжеттік негізін қарастыруда Ш. Уәлихановтың жазып қалдырған тарихи-деректерімен, ел аузымен салыстырдық. Және поэманың образдар жүйесін талдауда, поэманы зерттеуші ғалымдар еңбегіне сүйендік. Сонымен бірге «Батыр Баян» поэмасының көркемдік жүйесін қарастыруға талап қылдық, бұл мақсатты теориялық еңбектерге жүгіндік
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян «поэмасына тарихи сюжет негіз болған. Ақын бұл сюжетке романтикалық сипат дарытып, өз қоғамы мен уақыты тұрғысынан өңдеп, жаңа көркемдік шындыққа айналдырған.
Ақын поэмасында көтерілген поэмалар заман құбыылстарымен тығыз байланыста берілген. Ақын халықтық шығармашылық табиғатына нұсқан келтірмеген, қайта оны жаңа бағытта, жаңа мазмұнды қолданыстар арқылы тереңдетіп байытқан.
Шын мәнінде Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы кейінгі ұрпаққа тарихи тұлғаларды жолбасшы ретінде дәріптеді.»»»»
ӘДЕБИЕТТЕР