АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Мал эхинококкозының таралуы, балау, алдын-алу

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

 

«Ветеринария» факультеті

 

5В120100-«Ветеринариялық медицина» мамандығы

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

 

Студент Нұрғазы Арнұр Қырғызбайұлы

 

Жұмыс  тақырыбы «Мал эхинококкозының таралуы, балау, алдын-алу»

 

Университет бойынша 2017 жылғы 14 қараша № « »                  бұйрығымен бекітілген.

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2018 ж  «  08 » маусым.

 

Жұмыстың бастапқы деректері

 

Эхинококкоз (беріш, бершімек) — жасырын, жіті және жітілеу түрде өтетін, ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын ауру. Эхинококкозбен адам да ауырады. Қоздырғышы: Echinococcus qranulosus larva,                                      Echinococcus qranulosus  (имаго). Орналасатын жері: аралық иелерінің паренхиматозды ағзалары (өкпе, бауыр, бүйрек, жүрек  және ақтық иелерінің ащы ішегінде. Даму айналымы: жұмыртқа → ларвоциста → имаго сатыларынан өтеді. Биогельминт. Оның екі иесі бар: ақтық иелері – ит, қасқыр, шибөрі, түлкі. Аралық иелері – қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам.

Эхинококкозға Қазақстанның оңтүстік облыстарында мал көп шалдығады. Ауру барлық маусымда кездеседі.  Ауруға сақа қойлар сезімтал.

Цисталары өкпеде орналасса, малдың күйі төмендеп, жөтелуі, демігу болады. Бершімектер бауырда орналасса, асқорыту қызметі бұзылып, малдың іші өтеді немесе кебеді.

Қазіргі таңда ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде  әр түрлі ауруларды, соның ішінде инвазиялық ауруларын атауға болады. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді. Осындай аурулардың бірі  — эхинококкоз.

Сыртқы ортада аурудың көп таралуына әсер етуші факторларын төмендету, жануарлар ауруына зерттеу жұмыстарын жүргізу және онымен күресу мақсатында тиімді жолдарды іздестіру  паразитологияның, жалпы ветеринарияның өзекті мәселесі болып табылады.

 

Дипломдық жобада қарастырылатын  сұрақтардың тізімі:

 

  • Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың

індеттанулық ерекшеліктерін анықтау.

          2  Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың таралуын  малдардың маусымдық және жасына байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау.

3 Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу.

4 Райымбек аудандық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері

          Графикалық материалдардың тізімі:

Дипломдық жұмыста 10 кесте, 6 суреттер берілген, сондай-ақ жұмыста 35 әдебиет көзі пайдаланылды.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1 Сабаншиев М.С., Сүлейменов Т.Т., Карамендин Ө., Шабдарбаева Г.С.,

Жантөре М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. – Алматы, Қазұлтагру, 2003. — 460 бет.

2 Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық протозоология және арахноэнтомология. Оқулық. Алматы. 2011. — 181 бет.

3 Сабаншиев М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. – Оқулық. Алматы «Дәуір» баспасы, 2011.- 479 б.

4 Исмагилова Р.Г., Рамазанов В.Т., Подлеснов А.В., Рахимбердиев С.А. Иммунологическая диагностика в профилактике эхинококкоза животных и человека в Казахстане (рекомендации). Кайнар. Алматы, 1980. 20с.

 

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Ғылыми әдебиеттерге шолу

Тұрғанбаева Г.Е.

11.10.2018

 

Негізгі бөлім

Ахметова Г.Д.

 

15.12.2017

24.04.2018

 

Еңбекті қорғау және экология мәселелері

Оралбаев С.Ж.

15.05.2018

 

Экономикалық тиімділігін есептеу

Бельгибаева Ж.Ж

15.05.2018

 

 

Кафедра  меңгерушісі, профессор              ________________ Төлемісова Ж.К.

 

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор                                        _________________ Ахметова Г.Д.    

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                                  _________________Нұрғазы.А.Қ.

Дипломдық жобаны /жұмысты/  орындау

КЕСТЕСІ

 

Тараулар және  қарастырылатын  сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

 

Ескертулер

1

Пайдаланылған әдебиеттерді талдап, әдеби шолу жазу.

11.10.2017 ж.

Орындалды

2

Күйістілер эхинококкозы туралы індеттанулық деректерді талдау

 

15.12.2017ж.

Орындалды

3

Күйістілер эхинококкозының балау әдістерін игеру

10.02.2018 ж.

Орындалды

4

Күйістілер эхинококкозына қарсы күрес шараларын ұйымдастыру.

10.04.2018 ж.

Орындалды

5

Дипломдық жұмысты реттеу, құжаттарды дайындау.

20.04.2018 ж.

Орындалды

6

Жұмысты аяқтап талдау, өңдеу және тапсыру.

10.05.2018 ж.

Орындалды

 

 

 

 

Кафедра  меңгерушісі, профессор  _______________ Төлемісова Ж.К.

 

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор                               ________________ Ахметова Г.Д.  

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                         ________________   Нұрғазы.А.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………………………

7

 

АНЫҚТАМАЛАР……………………………………………………………………………….

8

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР………………………………………………

7

1

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………..

10

1.1

Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы…………………………..

10

1.2

Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеті………………………………..

11

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ…………………………………………………..

12

2.1

Аурудың қысқаша анықтамасы, қоздырғыштың морфологиясы мен биологиясы…………………………………………………………………………………………

 

12

2.2

Күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясы мен эпидемиологиясы

16

2.3

Аурудың белгілері………………………………………………………………………………

19

2.4

Ауруды анықтау және өлекседегі өзгерістер………………………………………..

19

2.5

Эхинококк құрттарының иттерде таралуы…………………………………………..

21

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………………………………………………………………….

23

3.1

Зерттеу әдістері және материалы…………………………………………………………

20

3.2

Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………………………..

24

3.2.1

Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың індеттанулық ерекшеліктерін анықтау…………………………………………………

 

24

3.2.2

Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың таралуын  малдардың мезгілдік динамикасы…………………………………….

 

28

3.2.3

Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша мал эхинококкозының жас аралық динамикасы………………………………………………………………………

 

29

3.2.4

«Орталық» базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері……………………………………………………………………………

 

30

3.2.5

 

Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу…………………

 

31

3.2.6

Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу жөнінде іс-шараларды жүргізу……………………………………………………………………………..

 

32

3.3

Эхиноккоз кезінде ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу……………………………………………………………………………..

38

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ………………………

41

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР…………………………………………………………………………….

45

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР……………………………………………………………

46

7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………….

47

 

 

 

 

 

 

 

 

МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР

          Бұл дипломдық жұмыста келесi стандарттарға сiлтеме жасалынды:

МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5

МЕМСТ 20292-74 Сиымдылығы 100, 200, 1000 мл шыны сауыттар

МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар, бюреткалар, пипеткалар

МЕМСТ 21241- 77 Пинцеттер (қысқыштар)

МЕМСТ 4.318-85 Петри табақшасы

МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық  микроскоп Биолам Р6

МЕМСТ 760105 Микросуретке түсіретін қондырма

ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80

ТЖ 5.375-4260-76 Центрифуга ОПН-3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста анықтамаларына сәйкес келесi атаулар қолданылды:

ГЕЛЬМИНТООВОСКОПИЯ – гельминтозға диагноз қою мақсатында құрттардың жұмыртқаларын нәжісте табу

ИНВАЗИЯ ИНТЕНСИВТІЛІГІ – жануардың ағзасындағы паразиттер санының  (микроскоптың бір көру алаңындағы ооцисталар саны) көрсеткіші

ИНВАЗИЯ ЭКСТЕНСИВТІЛІГІ – паразиттермен залалданған жануарлардың пайыздық көрсеткіші

ЭКСТЕНСТИІМДІЛІК – паразиттерге қарсы дәрілік заттардың тиімділігін сараптағанда барлық дәріленген жануарлардың паразиттерден толық босағандарының пайыздық көрсеткіші

        АНТИГЕЛЬМИНТИК-  малдың әртүрлі гельминт түрлеріне қарсы алдын-алу және емдеуге арналған дәрілік зат.

        БИОГЕЛЬМИНТ- аралық иелердің қатысуымен дамитын паразитарлық құрттар (бір немесе бірнеше).

        ГЕОГЕЛЬМИНТ- өмір кезеңдерінде тек бір ғана ақтық иелік ететін сколецидтер.

        АҚТЫҚ ИЕ (нақты, соңғы)- өнімділік жүйесін жүзеге асырып, дамып, жынысы жетілген гельминттік сатыдағы иелік.

        ДЕГЕЛЬМИНТИЗАЦИЯ- ағза ішіндегі немесе сыртқы ортадағы гельминттер немесе инвазиялық белгілерді шығару, жоюға арналған шаралардың жиынтығы.

        ИНВАЗИЯ — мал ағзасына  паразиттердің (гельминттің немесе бірторшалықтың) енуі, отандық әдебиеттерде инфекциялар деп бактерия  және вирустарды айтады.

ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ЗЕРТТЕУ — паразиттердің қарапайым тіршілік ету ағзаларынан жекелеген түрлерін таңдаулы түрде сойып іздеу (мысалы, описторхозды зерттеуде бауыр мен өт жолдарын, ларвальді эхинококкозда- көкірек және құрсақ қуыстарын, бауыр және өкпені сойып зерттеуден тұрады).

        АРАЛЫҚ ИЕ — гельминттердің ларвальді сатысында жетілетін иелік.

        СТРОБИЛА- цестод денесі, проглоттидтері жекеленген. Жаңа мүшелер мойын аймағында түзіледі, ортасында стробилалары гермафродиттік, ал соңында  – жетілген проглоттидтер болады (көбіне жұмыртқаларға толған).

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей белгілер мен қысқартулар  қолданылды:

г        —        грамм

г/%    —        грамм/пайыз

ИИ    —        инвазия интенсивтілігі

ИЭ     —        инвазия экстенсивтілігі

ИТ     —        интенстиімділік

МЕМСТ –   мемлекеттік стандарт

м3      —        метр куб

м2       —        шаршы метр

мл     —        миллилитр

мг/кг —        миллиграмм/килограмм

мл/м2 —        миллилитр/шаршы метр

м/сек —        метр/секунд

Ок     —        окуляр

ºС      —        градус Цельсий

ТЖ    —        техникалық жағдай

ТН     —        тіркеу нөмірі

ЭТ     —        экстенс тиімділік

%       —        пайыз

КГАР —        кері гемагглютинация реакциясы

 

 

 

  1. КІРІСПЕ

1.1 Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы.  Бүгінгі таңда көптеген шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады. Мемлекетіміздің елбасы осы салада жұмыс атқаратын кәсіпкерлерге мал өнімдерінің сапасын әлемдік сұраныстар мен стандарттарға сай және бәсекелестікке төзімді кластерлі түрде дамуды ұсынып отыр. Айта кету керек осы бағытта тез арада аяқтан нық тұрып, ауқымды пайда алу үшін салынатын салық мөлшерінің азайтылуы, несие алудың жеңіл және тиімді жолдары ұсынылуы сияқты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жасалып отырған жағдайлар Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдер 5 қатарына енуіне өз септігін тигізері анық.

Қазақ халқы ата заманнан төрт түлік мал өсірумен айналысқан, алайда заман ағымына сәйкес басқа да жануарлар өсіруге бет бұрған шаруашылықтар өте көп. Қазіргі таңда ұсақ және ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде  әр түрлі ауруларды, соның ішінде инва-зиялық ауруларын атауға болады. Инвазиялық аурулар Қазақстанның барлық аймақтарында кездесіп, ауылшаруашылық малдарының барлық түрін зақым-дайды. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді.

Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын өркендетуге кедергі болып отырған инвазиялық аурулар тудыратын гельминттердің ішіндегі маңыздысы эхинококк құрты болып табылады [1, 2, 3, 4, 5].

Эхинококк құрты бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, әлі де көптеген мәселелер анықталмай отыр. Бүл басты мәселелерге эхинококк экологиясын зерттеу барысында олардың жануарларда таралуы жэне тигізетін зардаптары мен алдын — ала сақтандыру шаралары жатады.

Эхинококк экологиясын анықтау негізінен эпизоотологиялық, эпидемиологиялық, клиникалық, паразитологиялық т.б. әдістермен жүргізіледі [6 -13].

Аталған әдістердің өзіндік кемшіліктері бар. Атап айтқанда клиникалық белгілері бойынша анықтау көптеген қиыншылықтар тудырады. Себебі, эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері көмескі, айқын емес. Ол өкпе, бауыр т.б. ішкі мүшелердің қабынуына ұқсас болып келеді [14 -17].

Паразитологиялық әдістер қолдану барысында қиыншылықтар кездеседі. Әсіресе, эхинококк балапан құрттары тіршілік ететін берІштерді анықтаудың негізгі әдісі, ылажсыздан сойылған немесе өлген малдардың ішкі мүшелерін патанатомиялық зерттеу болып табылады [18 — 21].

Эхинококкозға шалдыққан жануарлар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Ауылшаруашылық малдары эхинококкозының эпизоотологиясын зерттеу және аурудың алдын алудың ғылыми-негізделген шараларын жасау ветеринария ғылымы мен тәжірибесінде ең өзекті мәселе болып қалып отыр. Сондықтан, эхинококкоз ауруының эпизоотологиясы мен еліміздің оңтүстік өңірлерінің эхинококкоз бойынша эпидемиялық жағдайының деңгейін, эхинококкоз ауруының алдын алу шараларының қазіргі кезеңге дейінгі қалыптасқан ерекшеліктерін түбегейлі зерттеу ғылыми тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да өте өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік маңызыдылығы. Алматы облысы Райымбек ауданында күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясының, жыл маусымына және малдың жасына байланысты зақымдалу қарқынынын  зерттеу нәтижелері іс жүзіндегі мал дәрігерлеріне ауруды дер кезінде балау мен алдын алу шараларын ғылыми негізделген түрде жүргізуіне мүмкіндік береді.

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күйістілердің  әртүрлі жас топтарының эхинококкозға шалдығу қарқыны анықталды.

Ауруды жұқтырудың негізгі көзі болып ауруға шалдыққан малдар мен қоздырғыш тасымалдаушы етқоректілер болып табылады.

 

 

1.2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеті. Дипломдық жұмыс 2017-2018 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданы «Құмтекей»  жеке шаруа серіктестігінде, Райымбек аудандық ветеринариялық зертханада, аудандық мал сою пункттарында және Қазақ ұлттық аграрлақ университеті биологиялық қауіпсіздік кафедрасының паразитология ғылыми зертханасында жүргізілді. 

 Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері:

Жұмыстың мақсаты – Алматы облысы Райымбек ауданында күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясын, балау және алдын алудың тиімді жолдарын  анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

1 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың маусымдық динамикасын анықтау

  • Эхинококкоздың таралуын малдардың жасына байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау
  • Эхинококк құртының қой шаруашылықтарында таралуын кері

гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу

4 Райымбек аудандық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері

 

  • ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.1 Аурудың қысқаша анықтамасы, қоздырғыштың морфологиясы мен биологиясы

Мал эхинококкозы (ларвалды эхинококкоз, беріш, бершімек) — бұл көбінесе жасырынды түрде, кейде жіті, жітілеу түрде өтетін, таспа құрттың ларвоцистасы қоздыратын, сүт қоректі жануарлар мен адамның антропозоонозды, өте кең таралған, әр түрлі ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауруы.

Жіктелуі:

        Тұқымдасы: Taeniidae

        Туысы:         Echinococcus

        Түрі:             E. qranulosus  (ересек сатысы ақтық иеде –  иттерде ащы  

                              ішегінде орналасады).

        Ларвоцистасы Echinococcus qranulosus larva (эхинококк көпіршігі,   

беріш, бершімек) – аралық иеде әртүрлі мүшелерде кездеседі.

Ларвоциста, көпіршігі олардың көбінесе өкпе мен бауырында, кейде талақта, мида, жұлында, сүйекте, т.б. мүшелерде  жайғасады.

Морфологиясы: 

  1. Ларвоцистасы яғни балаң құрты Echinococcus granulosus larva — бұл көпіршік, көлемі бұршақтың дәнінен адамның баласының басындай болады. Қос қабықты – дәнекер ұлпа қабаты мен герминативтік қабаты бар. Ішінде сұйығы және көптеген протосколекстер мен шығыс капсулалары бар. Шығыс капсулалардың ішінде  де майда протосколекстер өте көп, ол болашақ таспа құрттардың бастары.

          Көпіршіктің ішінде екінші буын, одан үшінші буын көпіршіктер туындап өсе береді. Оларды «қыз» және «немере» бершімектер деп атайды. Туындап өсіп жататын бершімектер көпіршіктің ішіне де, кейде қабығын тесіп, сыртқа да шығып өсуін жалғастыра береді. Сондықтан біз малдың өкпесінен, бауырынан көптеген бершімектерді көреміз. Жүзге кейде мыңға тарта ірілі- ұсақты бершімектер болады (1-сурет).

 

 

 

Сурет-1. Echinococcus granulosus larva

 

          Беріштің сыртында қалың капсуласы бар. Ол иесінің ұлпасынан қалыптасқан. Беріштің өсіп-өнуіне қарай эхинококк көпіршіктің үш түрі (типі) болады:

  1. Echinococcus hominis – адамдар мен маймылдарда (приматтарда) кездеседі. Олар классикалық беріш болып саналады. Ішінде протосколекстер, шығыс капсулалар «қыз» және «немере» бершімектері  бар.
  2. Echinococcus veterinorum – ішінде тек қана шығыс капсулалар мен протосколекстер бар. Ірі қара мен қойда кездеседі, адамда өте сирек болады.
  3. Echinococcus acephalocysticus – яғни бұл стерильді көпіршік болып саналады, сколекстері, яғни бастары жоқ. Эхинококк бершімегінде құрттың протосколекстері жоқ. Ондай жағдай жануардың иммунды қорғаныш күштері жақсы дамыған кезде туады.

Беріш – эхинококк ірі қара малда, қойда, ешкіде, шошқада, түйелерде, бұғыда, сирек жағдайда жылқыларда, кейде адамдарда кездеседі. Адамның әр түрлі мүшелерін зақымдайды. Ол көбінесе өкпеде, бауырда, сирек түрде көк бауырда (талақ), бүйректерде мекендейді.

  1. Имагоересек сатысы, қысқа, ұсақ 5-6 мм-ге дейін қарулы таспа құрты, бунақ денесі 4-5 буылтықтардан құрылған. Соңғы пісіп-жетілген буылтық қалған денесінен ұзын болады, асып тұрады, ұзынша келеді, ішінде жалғыз ғана қапшық секілді, іші жүздеген жұмыртқаға толы жатыры орналасады. Жұмыртқада онкосферасы бар.

          Бұл имаго тұрақты иелерінің – ит тұқымдастар жануарларда (ит, қасқыр, қарсақ, шиебөрі, түлкі, т.б.) ащы ішегінде өмір середі (1-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-2. Есhinococcus granulosus (имаго)

 

  1. Жұмыртқа – майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар, ішінде ұрығы – онкосфера бар.

          Биологиясы  — Биогельминт, екі иесі бар.

          Ақтық иелері – ит, қасқыр, шиебөрі, түлкі, т.б. ет қоректілер.

          Аралық иелері – қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам және  т.б. сүтқоректілер.

          Ақтық иеден – иттерден нәжіспен үздіксіз пісіп-жетілген буылтықтар түседі, олардың ішінде 800-ге жуық жұмыртқалары болады. Мал осындай құрт онкосферасын жем-шөппен не сумен қоса жұтып қойған кезде эхинококкозға шалдығады. Мал ішегінде онкосфера өзінің ілмекшелерінің көмегімен ішек қабатын тесіп қан тамырларына өтеді. Одан қан айналысы арқылы бауырға, өкпеге және т.б. мүшелерге жетіп, тұрақтап өсе бастайды, 5-6 айдан кейін эхинококк көпіршігіне айналады.

          Тұрақты иелері – иттер, эхинококкозға шалдыққан малдың ішінде цистасы бар өкпе-бауырын шикідей жеген кезде, олардың ішегінде E.granulosus таспа құрттары өсіп жетіледі, 41-49 күн мерзімінде ересек құртқа айналып, ит нәжісімен бірге олардың жұмыртқалары сыртқы ортаны ластап, малға ауру жұқтыра бастайды.

          Эхинококкоз адам үшін де өте қауіпті ауру, адам абайсыз жеміс-жидек, өсімдіктермен, сумен, тағамдармен құрттың жұмыртқасын жұтып қойғанда ауруға шалдығады.

 

 

 

Сурет-3. Echinococcus granulosus таспа құртының биологиясы

 

Эхинококк құртының ересектері ит тұқымдастарында, ал дернәсілдері шөп қоректілерде қой, ешкі, сиыр, есек, түйе, шошқа, бүғы, киік, арқар т.б. түқымдас аңдарда тіршілік етеді.

Эхинококк таспа құрты әсіресе Қазақстандағы мал шаруашылығында өте кең тараған паразит. Эхинококк үш-төрт буыннан түратын ұзындығы 2-6 мм келетін таспа құрт. Басында төрт сорғышы жэне екі қатар болып орналасқан отызшақты ораққа ұқсас қармақшалары немесе ілмектері болады. Осы мүшелері арқылы құрт иттің ащы ішегінің ішкі қабатына бекінеді. Басынан кейін мойыны жэне буындары орналасқан. Эхинококк буындары сыртын тегумент деп аталатын бұлшық етті тері қапшығымен қапталған. Тегументтің сыртында көзге көрінбейтін майда өскіндер орналасқан. Олардың қызметі қоректік заттары денесіне сіңіру болып табылады. Сыртқы базальды мембрананың астында шеңбермен және үзынша келген бұлшық еттер орналасқан.

Эхинококк құртының ас қорыту жүйесі болмайды. Олар қоректі иесінің ішегінен тері қапшығы арқылы сіңіреді.

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері нашар дамыған. Орталық жүйке жүйесі жұп ми түйінінен тұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып, өзінен артқа қарай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады. Бағаналар өзара көлденең байланысып, ортогонды нерв жүйесін құрайды. Ерекше дамыған екі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен коптеген тармақтарды бөледі, олар өзара тұтасып, тері асты нерв қабатын түзеді. Сезім мүшелері денесінің беткі жағында сезу жасушалары түрінде шашырап таралған. Көп молшерде олар бас бөлімінде, сколексте кездеседі.

Зәр шығару жүйесі — протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына созылған екІ негізгі зэр шығару түтіктері өтеді. Түтік дененің артқы жақ шетінен басталып алдыңғы жаққа қарай бағытталады. Бас бөлімге жеткен түтік қайта кері бағытта артқа қарай жетіп, зэр шығару саңылауымен аяқталады. Кері бағытталған екі түтік денесінің соңында бірігіп, жиырылғыш қуықпен аяқталады. Денесі буындалған құрттарда бүйірлік ұзына бойына созылған зәр шығару түтіктері әрбір буында көлденең түтікпен байланысып, сатылы түрде болады. Соңғы буындардың үзіліп түсуінІң нәтижесінде жиырылғыш қуығы жоқ, бүйірлік түтіктер тікелей сыртқа қарай ашылады. Зэр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене ішінде ( паренхимаға ) қарай көптеген түтікшелер тарап, олар бос ұшында жұлдыз тэрізді

„кірпікше жалынды,, терминальды жасушалармен аяқталады. Терминальды жасушалар арқылы жиналған несеп заттар түтікшелерге отіп, негізгі түтіктер арқылы сыртқа шығарылады.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолмен тыныс алады.

Таспа құрттар қос жынысты гермофродиттер.

Аталық жыныс жүйесі: жыныс безінен, тыныс түтігінен, сыртқы және ішкі жыныс қапшығынан, жыныс бурсасынан және жыныс тесігінен түрады.

Аналық жыныс жүйесі: оотиптен, оған жалғасқан аналық жыныс безінен, сарғыш денешіктерден, Мелисса денешіктер, жатыр және қынаптан түрады. Қынап аталық жыныс түтігімен қатар орналасып сыртқы тесікпен жэне оотиптен байланысады. Аналық жыныс жасушасы үрықтанған соң жатырга жиналып жетіледі. Соңғы буындарының үзындығы 1,5-2,5 мм, ені 0,5-0,6 мм келіп жетілген жүмыртқа толған жатырдан түрады. Сыртқы ортаға 400 ден 800- ге дейін жатырда жинақталған жүмыртқа буынмен бірге шығады.

Жүмыртқасының диаметрі 0,0030-0,060 мм, сырты қалың қабықпен қоршалған. Эхинококк таспа қүрты негізгі иесінің ішегінде 2,5-3,0 айда жыныстық жетіліп, 6-айдан астам тіршілік етеді. Эхинококк таспа қүртының негізгі иесіне ит, қасқыр, қарсақ, түлкі, шиебөрі т.б. ит түқымдастар жатады. Олардың ішегінде жүздеген, мыңдаған эхинококк таспа қүрттары кездеседі. Сыртқы ортаға шыққан жүздеген буындар денесіндегі шеңберлі және үзынша бүлшық еттерінің жиырылуы арқылы ішіидегі жүмыртқаларын сығып шығарады. Олардың кейбір буындары иттің артқы тесігінің маңында қалып қойып жүндердің арасында жылжып жүмыртқасын шашады. Қышынған жерін тістелеген иттің түмсығы паразит жүмыртқаларымен былғанады. Адамдар итті сипағанда, түмсығын ұстағанда эхинококк жүмыртқаларын жұқтырады. Паразит жұмыртқаларымен залалданған шөппен, сумен, жемнен жұқтырылған малда эхинококкоз немесе шемен ауруы пайда болады.

Ішке енген жүмыртқаның қалың қабығы тұз қышқылы және ас қорыту сөлінің әсерінен ерітіліп, онкосфера-эхинококк дернәсілі босап шығады. Ол өзінің басында орналасқан алты қармақшасы арқылы ішек қабырғаларын тесіп, қан тамырларына енеді. Қан айналым онкосфераны бауыр, өкпе т.б ішкі мүшелерге таратады. Эхинококк дернәсілінің ең көп жинақталатын жері бауыр мен өкпеде беріш түзеді. Беріш алғашқы айда 1мм, 3 айда — 5мм,

5 айда — 10мм болып өседі. Оның өсуі малдарда 5 — 10 жылға, ал адамдарда 10 — 30 жылға дейін созылады. Беріш сырты ақшыл келген хитин қабығымен көмкерілген. Ішкі гермативті қабыгы екі қабат жасушалардан құралған. Беріш ішінде түсі мөлдір, қүрамында: инозит, тирозин, янтар қышқылы, альбумин т.б. органикалық заттар жэне ас тұзы болатын сүйық болады.

Ішкі генеративті қабықтан эхинококк балапан қүртының басы-сколекстер өніп шығады. Кейде сколекстер қабықтан бөлініп, сүйықта қалқып жүреді. Беріш сүйығында көптеген майда ақ түйіршік — сколекстер жинақталады. Осындай беріштерді Echinococcus granulosus қойларда, шошқаларда жиі кездеседі. Кейде ірі қара ішкі мүшелеріндегі эхинококк беріштерінің ішінде сколекстер қүралмайды. Мүндай беріштер-ацефалоцист деп аталады. Олар келешек негізгі иесінде енгенде ересек эхиноккокк таспа қүрттарын түзе алмайды. Эхинококк берішінің тағы бір түрі Есһіпососсиз һошіпіз көбіне адамдарда кең тараған. Олардың гермативті қабығынан жас беріштер оніп шығады. Кейде жас беріштердің ішінен тағы беріш өніп көп қуысты болып келеді.

Эхинококк таспа құртының негізгі иесі иттер паразит беріштері бар малдың ішкі мүшелерін жегеннен жүқтырылады.

 

 

  • Күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясы мен

эпидемиологиясы

Эхинококктардың қоздырушысы космополит боп саналады, яғни эхинококкоз ауруы Қазақстанның барлық аймақтары мен өлкелерінде кең тараған цестодоз. Ол әсіресе қой, ірі қара малдың арасында өте жиі кездеседі. Оңтүстік облыстарда бұл гельминтозға мал солтүстік аймақтарға қарағанда көп шалдығады. Бұл дерт барлық маусымда да кездеседі, бірақ, өлімі қыста, ерте көктемде, яғни күтімі, азықтандырылуы нашарлаған жағдайда жиірек болады. Эхинококкоздан, әсіресе сақа қойлар арасында шығын көп болады. Бұл гельминтоздың мал мен жануарлар арасында кең таралуының басты себептері мынандай:

  1. Иттерді жоспарлы түрде алдын-ала ғылыми негізде белгіленген мерзімде дегельминтизацияланбауы.
  2. Өлген немесе етке сойылған қойлардың және басқа да малдың эхинококк цистасымен залалданған өкпе-бауырын иттерге бере салу, иттерге жегізу.
  3. Дегельмитизация жасаған дәріні бере салысымен иттерді босатып қоя беру, ал, нұсқауы, тәртібі бойынша дәріленген иттерді екі күн бойы байлауда ұстап, ішінен түскен нәжісті, құрттарды өртеп жіберу керек.

          Осы айтылған жайттардың эпизоотологиялық маңызы өте зор. Эхинококк таспа құрттары көбінесе шопанның, малшы иттерінде көп кездеседі. Кейбір шаруашылықтардағы иттердің 70–80 %-нан осы құрттарды табуға болады. Бір иттің ішінде мыңдаған, он мыңдаған таспа құрттар тоғышарлық тіршілік етеді. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда эхинококкпен экстенсивті залалдану деңгейі осындай:

  • шопан иттерінің 3,7 – 81 %-ға дейін;
  • ауыл иттерінің 0,4 – 65 %-ға дейін;
  • қала иттерінің 2,7 – 45 %-ға дейін.

Малдың залалдануы 12,3-86,7 % аралығында болады. Олардың жасы ұлғайған сайын эхинококкозға шалдығуы да арта түседі.

Мысалы, Алматы ет комбинатында сойылған қойлардың 7-53 %, сиырлардың 6-51 %, шошқалардың 0,3- 3,21 % эхинококкоға шалдыққаны анықталған.

Қазақстанда қой эхинококкозға Алматы, Жамбыл, Шымкент, Орал, Ақтөбе өңірлерінде өте жиі ұшырасады – бұл жерлерде аурудың таралу деңгейі 40 – 67 % шамасында. Ал, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Павлодарда бұл инвазияның таралуы орташа деңгейде.

Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Торғайда эхинококкоздың таралу мөлшері біршама төмен, мысалы 7-25 % деңгейінде.

Мал дәрігерлік орталықтарының зерттеуі мал шаруашылықтарда эхинококкоздың таралуы 40-60 пайызға жететіндігін анықтады [23,24].

Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы қой шаруашылығында эхинококкоз — 52,8%, ірі қарада — 26,5%, шопан иттерінде — 39,4% кездеседі екен [25,26]. Ғ.Ә.Абдрахманованың (2000) зерттеуі бойынша Семей облысының мал шаруашылығында эхинококкоздың таралуы 40-75% жеткен [27].

Алматы облысының кейбір шаруашылықтарында бүл көрсеткіш 80% дейін көтеріледі екен. Мал дәрігері ғылымының докторы Я.М.Кереев 1996-2000 жылдары еліміздің оңтүстік — шығыс жэне оңтүстік облыстарынан 4724 бас қойды тексеріп, олардың 1362-нен (33,1%) эхинококкоз ауруы анықталган. 3092 бас ірі қараның 675-де немесе 21,8% эхинококкоз ауруы табылған [28]. Тексерілген 1080 бас жылқының 58-і немесе 5,4% эхинококкоз анықталса, 1383 бас шошқада 51 немесе 3,7% эхинококкоз паразитінің ауруы бар екені мәлім болған.

Эхинококкозбен ауырған малдардан келетін экономикалық шығын Ғ.Ә.Абдрахмановтың (2000) көрсеткіші бойынша: әр 100 саулық қойдан 12 төл кем алынып, әр қойдан 200 грамм жүн аз қырқылып, сойылған әр қойдың 2,2 килограмм ет кем алынады екен. Бүл ауруға ұшыраған сиыр сүтті екі есе аз беретіндігі белгілі болды. Тек Алматы облысының ауыл шаруашылыгы жыл сайын осы аурудың кесірінен 170 мың теңгеге дейін экономикалық зардап шегетіні анықталған [27].

Эхинококкоздың таралуы үй жануарлары мен иттер және адамдарға әсер етсе, ондай аймақтар антропургиялық немесе синантропты ошақты аймақтар деп аталады. Бұндай аймақтарда жануарлармен бірге адамдар да жиі ауырады [29,30,31]. Эхинококктың табиғи және синантропты ошақтары бірі-бірімен араласпай жеке-жеке болуы мүмкін, ал кейде бірігу барысында эхинококктың аралас ошақтары түзіледі.Табиғи ошақтардың синантроптық ошаққа ауысуы иттердің тағы аңдардың өлекселерімен қоректенуімен басталады.

Сонымен бірге үй жануарларының тағы аңдардан шыққан эхинококк жұмыртқаларымен былғанған шөптерді жеуден, суды ішуден жүғады. Синантропты ошақтардың табиғи ошаққа өтуі қасқырлар мен түлкілердің үй жануарларын ұстап әкетуінен немесе олардың эхинококк жұмыртқаларымен былғаған шөптермен қоректенуінен немесе суды ішуінен жүқтырады. Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда қасқырлар эхинококкозы жиі кездеседі. Олар негізінен даладағы үй жануарларының өлекселерін жеу арқылы жүқтырады [31]. Синантропты ошақтарда эхинококкоз айналымына адам араласқандықтан, бүл айналымды тек адам ғана реттеуге тиіс.

Сондықтан синантропты ошақтарда эхинококкозбен күресу медицина қызметкерлері, мал дәрігерлер мен биологтардың басты жұмыстары болып саналады. Бүл жағдайды реттеу үшін адамдар эхинококктың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясы анықтаумен қатар оның экологиясын зерттеу қажет. Табиги ошақтылық жағдайын түсіне білу адамдарды және ауылшаруашылық малдарын инфекциялық, инвазиялық үлкен қатерден сақтандарудың бірден-бір мәселесі екендігін айтуға болады [32,33]. Эхинококкоз адамдарға иттерден жұғады. Эхинококк балаң қүрты иттердің ішегіне енгенен соң 4-5 айда жетіліп, сыртқы ортаға нәжісі арқылы жүмыртқаларын шығара бастайды.

Эхинококк құрты ит ішегінде 12-14 ай тіршілік ету барысында жұмыртқаларын шашып, малдар мен адамдарға эхинококкоз ауруының жүғуына себеп болып отырады. Эхинококкоздың таралу дәрежесіне байланысты Қазақстан территориясы шартты үш аймаққа бөлінеді. Эхинококкоздың ең көп тараған аймағына: Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары жатады.

Эхинококкозды орташа тараған аймағына: Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары жатады. Ал, сирек кездесетін аймаққа Қарағанды, Қостанай, Солтүстік жэне Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары жатады. Эхинококкоз көбінесе малдардан жұғатын болғандықтан мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарда кең тараған. С.О.Ордабаев т.б. ғалымдардың зерттеуі бойынша Қазақстанда эхинококкозбен соңғы 10 жылда 2945 адам ауырып, емделген. Онда бершімектің ең көп таралуы бауырда 54,24 % болатыны көрсетілген. Онан кейінгі таралу көрсеткіштері өкпеде- 26,1%, бүйректе -4,0%, көк бауырда — 2,3%, ішекте — 1,5%, жүректе — 1,4%, сүйекте — 0,8%, бүлшық етте — 0,8%, мида — 0,8%, қалқанша безде — 0,3% болатыны байқалған[33].

Эхинококкоз ауруының Қазақстанның Оңтүстік аймағында кеңінен таралуы себептеріне иттерде профилактикалық шаралар жүргізілуінің жүйелі жүргізілмеуі мен лажсыздан сойылған немесе эхинококкоз ауруымен өлген малдардың ішкі мүшелері уақтылы залалсызданбауы және оңтүстік облыстарда паразит жұмыртқаларының таралу жиілігі жоғары екендігі көрінеді.

 

 

2.3 Аурудың белгілері

 Эхинококкоз созылмалы түрде қозатын ауруға жатады. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін. Өкпе мен бауырдағы бершімектердің көлемі едәуір ұлғайып, бұл мүшелерде паренхимасын зақымдап бүлдіруі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Цисталардың дамуына малдың күтімі, жасы және олардың иммунды қорғаныш күштерінің жағдайы зор әсер етеді.

   Сонымен қатар эхинококк бершімегінің аталған мүшелерінде орналасуының аурудың клиникалық белгілерінің айқындалуына тигізетін әсері мол.

   Эхинококк цисталары өкпеде, оның бронхылары бойында орналасқан жағдайда малдың күйі төмендеп, жөтелуі, демігуі, ал кішкене балғашамен перкуссия әдісімен ұрғылап тексергенде бершімек орналасқан өкпе тұсының дыбысы күңгірттеніп, ал тыңдаған кезде сау өкпеге тән везикулярлы демалыс бәсең білінеді немесе түгелдей естілмеуі мүмкін (бұл клиникалық белгіні «немое легкое» деп атайды). Мұндай мал бірте-бірте арықтап, қоңынан айырылып, көбінесе қыс айларында өліп қалады.

Бершімектер бауырда пайда болған кезде, бауыр көлемі қатты ұлғаяды, малдың іші өтеді немесе кебеді, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады, күйіс қайыруы әлсірейді. Мұның бәрі бауырдың өт шығару қызметінің нашарлауына байланысты туатын жағдайлар. Бауырда цисталар көп болып, олардың көлемі көп ұлғайса бауыр үлкейіп, малдың құрсағы салбырап, ішін төмен тартады. Жүні түссізденіп, тез жұлынып түсуі жиі байқалады. Мал әбден арықтап, өледі.

 

 

2.4  Ауруды анықтау және өлекседегі өзгерістер

Тірі малдан эхинококкозды анықтау өте қиын. Ауруды анықтау үшін бірнеше әдістерді қолданады.

  1. Рентгеноскопия, яғни рентгенді қолдану – бұл әдіс шаруашылық жағдайында көп қолданылмайды.
  2. Аллергиялық, иммунологиялық әдіс – бұл ең тиімді әдіс болып саналады. Ол үшін Р.С.Шульц және Р.Г.Исмагилова (1959) жасап, өндіріске ұсынылған құрғақ эхиноаллерген КазНИВИ жиі пайдаланылады. Ол эхинококк протосколекстерінен жасалған, ақ-сұр түсті иіссіз ұнтақ. Малды тексеру алдында құрғақ аллергенді ас тұзының физиологиялық ертіндісіне 1:1000 қатынасындай етіп ерітеді.

   Ерітілген аллергенді 1-2 грамдық шприцке кигізілген жіңішке иненің көмегімен малдың құйрығы астындағы қыртыс тері қабатына енгізеді. Антиген мөлшері қойға 0,2 мл, сиырға 0,5-0,75 мл әр басқа. Егер аллерген дұрыс жіберілсе теріде кішкене томпақша келген тығыз ісік пайда болады. Реакцияның нәтижесін 2 — 3 сағат өткен соң байқауға болады.

   Егер қойларда тері қабатының қалыңдығы өзгермесе немесе 2 см-ге дейін болса  мал эхинококкоздан таза (-), 2-2,5 см шамасында болса, онда мал ауру не сау екені күмәнді (+), 2,5 см-ден асса малдың ауруы айқын деген сөз (++).

   Егер ірі қарада тері қабатының қалыңдығы өзгермесе немесе 3 см-ге дейін болса  мал эхинококкоздан таза (-), 3-4,5 см шамасында болса, онда мал ауру не сау екені күмәнді (+),  4,5 см-ден асса малдың ауруы айқын деген сөз (++).

   Осы аллергиялық әдіспен эхинококккозды мал ауруға шалдықққанын 14 күн өткен соң-ақ анықтауға болады. Осы реакцияның анықтау тиімділігі  82 – 92 % тең.

   Бірақта осы аталған реакцияның кемшіліктері де бар. Оларды ескерген жөн. Өйткені, кейбір кезде сау малдың да терісі ісініп оны эхинококкоз деп қате анықталуы мүмкін; кейде жануар денесінде басқа цестодалардың көпіршіктері болса (ценурлар, цистицерктер) оң, айқын реакция, яғни топтаулы реакция көрсете береді.

   Сонымен қатар қоңы төмен малдың өкпе, бауырында эхинококк цистасы бар бола тұрып, аллергиялық реакция болмайды. Ондай жайт арық малдың иммунологиялық қасиеттерінің әлсірегенін көрсетеді.

         Ветеринарлық заңына сәйкес бұл ауруға шалдыққан малдарды, арықтамай тұрғанда, өздерінің қоңдылығын жоғалтпай тұрғанда, етке өткізіп жіберу керек. Сол себептен барлық малды күзде аллергиялық әдіспен зерттеген жөн.

Эхинококктың антигендік құрылымы күрделі болып келеді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша паразит берішінің толық антигені 23 компоненттен, ал оның ішіндегі сұйығы 10-16 компоненттен тұрады [34].

Эхинококк антигенін зерттеуге ИЭФ қолданылғанда беріш сұйығында 13- 19 антиген компоненттері болатындығы байқалды [35].

Кейбір зерттеулер беріш сұйығы 10, протосколекс езіндісі 17 антиғендік компоненттен тұратынын көрсетеді. Антиген компонентінің барлығы тек паразитке тән емес, кейбірі оның иесіне де ортақ болып келетіні анықталған [36].

М.А.Раззаков [10644] беріште байқалған 12-13 антиген компоненттерінің барлығын иммунологиялық реакцияларға қолдануға болмайтынын байқаған. Кейбір антиген компоненттеріне қарсы антиденелер тек иммунизация кезеңінде ғана, ал табиги эхинококкоз кезде байқалмайтыны анықталды. Эхинококкозбен ауырған адамдардың қан сарысуын зерттеғенде паразит антигенінің тек үш компоненті ғана сезімталдығы жоғары екендігін көрсетті.

  1. Сколекспреципитация әдісі – өте нәтижелі әдістердің бірі. Бұл әдісті мал эхинококкозын анықтаумен қатар адамды осы антропозоонозға тексеру үшін қолдануға болады. Бұл әдісті Қазақстан ғалымы, профессор Р.С.Шульц және оның шәкірті Р.Г. Исмагилова (1962) ұсынған. Антиген ретінде мал өкпесіндегі немесе бауырындағы эхинококк цистасынан алынған тірі протосколекстер пайдаланады. Реакция жүргізу үшін адамның не малдың көк тамырынан 5-6 мл қан алады. Қанның сарысуын қалыпты әдіспен айырып альп, кішкене ыдысқа құяды, ішіне құрт протосколекстерін салады. Егер протосколекстердің айналасында ақшыл белок негізгі преципитаттар пайда болса, онда тексерілген адам не мал эхинококкозға шалдыққан деп пайымдалады. Бұл әдістің диагностикалық тиімділігі өте жоғары. Ол қазіргі уақытта медицинада кең қолданылады.
  2. Латекс – агглютинация.
  3. Комплементті ұзақ мерзімге байлау реакциясы (ҚҰБР).
  4. Тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГАР).

Барлығы да қан сарысуынан эхинококк қоздырғышына қарсы организм қорытып шығаруға иммунды белок негіздес заттарды іздестіруге арналған реакциялар.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық болады. Өкпесінде не бауырында жай көзбен-ақ, қарап, қолмен басып-сипап және пышақпен тілімдеп жарып тексеру арқылы эхинококк бершімегін табу қиын емес. Бірақта оларды цистицерктерден (жылауық), туберкулездың ошақтарынан ажырата білу керек.

 

 

2.5 Эхинококк құрттарының иттерде таралуы

Эхинококк биологиялық тізбегінде иттердің рөлі үлкен. Иттердің ішегінде эхинококк таспа құрттары жыныстық жетілу дәрежесіне жететіндіктен, олар паразиттің негізгі иесі болып саналады. Эхинококк құртының ит ішегінде өсіп- жетілу мерзімі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаз айларында ол 31 күнге жетсе, күз айларында 39 күнге, қыс айларында 83 күнге, ал көктем кезінде 69 күнге созылады екен [80].

Жетілген эхинококк құрттары 60 күннен 330 күнге дейін өмір сүреді, яғни эхинококк құрты иттің ішегінде 11 айға дейін тіршілік етеді. Иттің ішегіндегі 20 мыңнан астам эхинококк құрттары сыртқы ортаға күнделікті мындаған жұмыртқаларын шашып, қоректі заттарды, суды т.б. қоршаған орта заттарын ластайды. Әсіресе эхинококкоз ауруын таратуда қойшылардың иттерінің маңызы ерекше. Олар аурудан өлген малдардың ішкі мүшелерін жеп, эхинококк балаңқұрттарымен өздерін жүқтырады. Адамдар сол ауру иттерді күткенде, сипалағанда қолдарына паразит жұмыртқаларын жұқтырады. Осы қолдарын жумай тамақтанса, паразит жұмыртқалары олардың ішіне енеді. Сондай-ақ иттің нәжісі араласқан топырақпен, жұмыртқалары қолға жабысып ішке енеді.

Иттердің эхинококк құртының жұмыртқаларының таралуы туралы С.О.Ордабеков т.б. (2003) мәліметтері бойынша қой қоралардан 100 метр қашықтықта топырақта 500 дана, 200 метр қашықтықта 50 дана, ал 300 метр қашықтықта 10 эхинококк жұмыртқалары кездесетіндігін зерттеп дәлелдеген.

          Эхинококк таспа құрттары көбінесе шопанның, малшы иттерінде көп кездеседі. Кейбір шаруашылықтардағы иттердің 70–80 %-нан осы құрттарды табуға болады. Бір иттің ішінде мыңдаған, он мыңдаған таспа құрттар тоғышарлық тіршілік етеді. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда эхинококкпен экстенсивті залалдану деңгейі осындай:

  • шопан иттерінің 3,7 – 81 %-ға дейін;
  • ауыл иттерінің 0,4 – 65 %-ға дейін;
  • қала иттерінің 2,7 – 45 %-ға дейін.

Малдың залалдануы 12,3-86,7 % аралығында болады. Олардың жасы ұлғайған сайын эхинококкозға шалдығуы да арта түседі.

Мысалы, Алматы ет комбинатында сойылған қойлардың 7-53 %, сиырлардың 6-51 %, шошқалардың 0,3- 3,21 % эхинококкоға шалдыққаны анықталған.

Қазақстанда қой эхинококкозға Алматы, Жамбыл, Шымкент, Орал, Ақтөбе өңірлерінде өте жиі ұшырасады – бұл жерлерде аурудың таралу деңгейі 40 – 67 % шамасында. Ал, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Павлодарда бұл инвазияның таралуы орташа деңгейде.

Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Торғайда эхинококкоздың таралу мөлшері біршама төмен, мысалы 7-25 % деңгейінде

 

 

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Зерттеу әдістері және материалы

Зерттеулер Алматы облысы Райымбек ауданы «Құмтекей»  жеке шаруа серіктестігінде, Кеген аудандық ветеринариялық зертханада, аудандық мал сою пункттарында және Қазақ ұлттық аграрлақ университеті биологиялық қауіпсіздік кафедрасының паразитология ғылыми зертханасында жүргізілді.  

Эхинококкозға күдікті малдарды зерттеу  клиникалық (перкуссия, аускультация), індеттанулық және иммунологиялық аллергиялық (эхиноаллерген), серологиялық (КГАР) балау әдістері арқылы жүргізілді.

КГАР жалпыға бірдей ұсынылған әдістермен қойылып, әрбір пайдаланылған паразит ауруына сәйкес өзгертіліп отырды .

КГАР пробиркаға немесе пластинкаға қойылады. Пластинканың бір қатарынан 1-ден 8-ші шұңқырына 0,5 мл еріткіш құйылды. (Еріткіш ретінде 0,7% желатиннен тұратын физиологиялық ерітінді пайдаланылады). Сонан соң

  • ші шүңқырға 0,5 мл 1:25 қатынаста физиологиялық ерітіндімен езілген тексерілетін қан сарысуы қүйылды. Шприцпен 1-ші шүңқырдан 0,5 мл алып екінші шұңқырға ауыстырылып болған соң, барлық шұңқырларға 0,25 мл 1%-ті эритроцит диагностикумы құйылды. Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25°С) ұсталынды.

Реакция нәтижесі 2-3 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланды:

  • балл- эритроциттер түбі ойыс шұңқырлардың түбін түгелдей жұқа қабықпен жауып жатады;

3 балл- эритроциттердің жауып жатқан аймағы алдыңғыға қарағанда

аздау;

2 балл- эритроциттердің агглютинаттары аз, тек ойықтың түбінің ортасында көрінеді;

1 балл- эритроцит тұнбасының шет жақтарында шамалы агглютинат- түйіршіктері байқалды.

Теріс реакция- эритроциттер ойық түбінде түйме сияқты болып бір жерге жиналып, шоғырланды. Тексерілетін қан сарысуының ең жогарғы титріне 3-4 балдық ерітінді алынды.

КГАР-ның сапалы жүргенін қадағалау үшін арнаулы тексеру шұңқырлары болуы керек:

  • шұңқыр-0,5 мл физиологиялық ерітінді және 0,25 мл эритроцитті диагностикум құйылған;
  • шұңқыр-0,5 мл қан сарысуының 1-50 ерітіндісі жэне 0,25 мл 1% қалыпты эритроцит құйылған.

Бұл шұңқырларда гемагглютинация реакциясы жүрмеу керек. Эритроцитті диагностикумды тексеру үшін алдын ала тексеріліп титрі көрсетілген иммунды қан сарысуы және қалыпты қан сарысуларын екі қатар шұңқырларға көрсетілген ерітіндіге дейін титрлеп, оларға эритроцитті диагностикум қосылады. Реакция иммунды қан сарысуы құйылған барлық шұңқырларда оң 3-4 балдық көрсеткіште, ал қалыпты қан сарысуымен теріс көрсеткіште болу керек.

Сондай-ақ, саудаға түскен ірі қара, қой, шошқа малдарының паренхиматозды ағзалары толықтай ветеринариялық санитариялық сараптаудан өткізілді.

Иттерден жекелеп алынған нәжіс сынамаларын гельминтоовоскопиялық Дарлинг әдісімен зерттедік.

Фарфор келісіне 3 г нәжісті 10-15 мг сумен қоса езіп, алынған қоймалжың сұйықты дәкі арқылы сүзіп, центрифугалық пробиркаларға құйып, 5 минут көлемінде айландырдық. Тұнба үстіндегі сұйықтықты төгіп тастап, оған Дарлинг ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластырып, тағы 5 минут көлемінде центрифугада айландырамыз. Содан кейін диаметрі 3 мм темір ілгекпен пробиркадағы сұйықтықтың беткі қабатынан 3-4 рет алып заттық шыныға тамызып, жапқыш шынымен бетін жабамыз. Дайын болған материалды микроскоп көмегімен 20, 40 көру алаңын зерттеп қараймыз. Егер эймерийлермен зақымдалу көрсеткіші жоғары болса, онда микроскоптың  1 көру  алаңында санау жүргіздік.

Эхинококкоздың эпизоотологиялық жағдайын анықтағанда инвазияның мерзімділігін, малдың жасына байланысты эхинококкозға шалдығу  интен-сивтілігін, экстенсивтілігін ескере отырып, жұмыс жүргіздік.

 

 

 3.2 Зерттеу нәтижелері

3.2.1 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың індеттанулық ерекшеліктерін анықтау

          Зерттелетін ауданда мал эхинококкозының эпизоотологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін біз  Райымбек ауданында мал дәрігерлік есептерге және «Аудандық» базарында мал ұшаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау жасалынып журналға тіркелген соңғы 3 жылдық  мәліметтер бойынша жүргізілді (2015-2018 жж).

Алматы облысы, Райымбек ауданы „Орталық” базарында ірі қара малдың, қойлардың және шошқалардың  ұшаларын эхинококкозға тексердік. Эхинококкоздың тіркелуін  Алматы облысы, Райымбек ауданының ветеринария департаментінің есептерін талдап анықтадық.

Эхинококкоздың таралуы мен эпизоотологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін Алматы облысы, Райымбек ауданы «Орталық» базарында соңғы 3 жылдық (2015–2017 жж.) санақ жүргізілді. Бұл жерде айта кететін жайт, санақ бойынша эхинококкоз өте жиі тіркелген.

Біздің зерттеулер бойынша, №1 кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша ветеринариялық есеп жүргізу кезінде мал эхинококкозы жиі тіркелген. Соңғы 3 жылда аурудың таралуы 10,77 % құраған.

Райымбек ауданындағы 3 жылдық ветеринариялық зерттеулердің қортындысы мына № 1 кестеде көрсетілген.

 

Кесте -1. Райымбек ауданында мал эхинококкозының таралуы

                                        (ветеринариялық есеп бойынша)

Жылдар

Ұша саны

Залалданған мал басы

Саны

%

2015

1138

111

9,75

 

2016

1895

133

7,01

 

2017

2267

327

14,42

 

Барлығы 3 жылда

5300

571

10,77

 

 

          Зерттелген жылдардың 2017 жылы ғана аурудың кең етек алғаны байқалады, яғни сол жылы малдың эхинококкозбен зақымдануы 14,42 %-ға дейін жетеді.   

          Зерттеу жұмысы кезінде біз базардағы қасапхана түскен жалпы ұшалардың санына, жануар түріне ұшалар түскен пункттер санына және эхинококк цисталарымен зақымдалған ұша көрсеткішіне(%),  эхинококкозбен зақымдалған ұша санымен пайызына негізделдік. Материалдарды абсолютті сандар мен пайыз түрінде алдық. Сонымен қатар инвазия интенсивтілік индексін де есепке алдық.

Соңғы 3 жылда (2015-2017 жж.) алынған нәтижелер көрсеткендей, күйісті малдардың эхинококкозбен жалпы зақымдалуы  өте жоғары болғаны және ол 26,4 % құрады. Зерттелген бауырлардың ішінен цестодтармен зақымдалу көрсеткіші яғни пайызы қойларда жиі кездесіп және ол  32,1 % құрады. Ірі қараларда ларвалды цестодтармен жалпы зақымдалу 14,0 %- ды құрады.

          Цестодтардың түрлік құрамын анықтағанда бауырдың зақымдалуы эхинококкозбен зақымдауға қарағанда жоғары болып келеді, ірі қарада 62,5 %, ал қойларда 80,8 %. Ірі қара эхинококкоз еншісіне 37,5 %-дан тисе, ал қойларда – 19,2 %- ға сәйкес келеді.

          Жануардың бір ұшасының эхиноккозбен зақымдалу инвазиясының интенсивтілігін анықтау үшін (ИИ), бауырда үш рет қатар жүргізілген кесіндіде эхинококк көпіршіктерін есептеумен жүргіздік. Одан соң алынған сандар есептеліп, малдың түріне байланысты инвазия интенсивтілігінің (ИИ) орташа көрсеткішін анықтадық.

Сонымен, №2 кестеде көрсетілгендей ірі қарада инвазия интенсивтілігінің орташа көрсеткіші 173,1 дана, бір жануарда 346 дана ауытқуларды көрсетеді. Қойларда эхинококкозбен зақымдалу инвазия интенсивтілігі (ИИ) ондаған данадан 1003,8 данаға дейін, ал орташа 1003,8 дана бір жануарға сәйкес келеді

 

Кесте-2. Күйісті малдардың эхинококкозбен залалдану деңгейі

Зерттелген мал түрі

Зерттелген ұша саны (бауыр)

Заладанған мал басы

Оның ішінде эхинококкозбен

Саны

%

Саны

%

ИИ дана

(орташа)

1. Ірі қара

21

10

47,6

7

33,3

173,1

 

2. Қой

30

13

43,3

12

40,0

1003,8

 

Барлығы:

51

23

45,05

19

37,2

675,0

 

 

          Зерттеулерге талдау жасай отырып, біз пункттердің географиялық орналасу орнына байланысты базарға келіп түскен ұшалардың көбісі эхинококкозбен зақымдалған ұшалар Алматы облысы, Райымбек ауданының әртүрлі ауылдар мен шаруашылықтарынан келген ұшалардан байқадық.

          Сонымен, жануарлардың әртүрлі таспа құрттармен зақымдалған 34 ұшасынан, 29 мал ұшалары Райымбек ауданынан, оның ішінде  «Кеген» ауылынан — 7, «Сарыжаз» аулынан — 9, «Тұйық» ауылды мекеннен — 2, «Ақтасты»  — 1,  «Көмірші»  — 4,  «Шырғанақ» — 2, «Қарқаралы» ауылынан — 3, «Ұзынбұлақ» -1. 

Егер біз Райымбек ауданы бойынша залалданудың жалпы саны 100 % деп алатын болсақ, онда таспа құрттардың әртүрлі пункттер мен шаруашылықтарда таралуы пайыздық мөлшермен келесі кестеде көрсетілген.

Малдардың эхинококкозбен зақымдалуының ең жоғарғы көрсеткішін Райымбек ауданынан келіп түскен мал ұшаларының ішінде «Сарыжаз» ауылынан байқауға болады, ол 31,1 % құрады.  

Тау бөктерінде орналасқан «Кеген» мекені 24,2 %-ды құрап, эхинококкозбен залалдану көрсеткіші жоғары екенін көрсетті. 

Онан соң ұшалардың эхинококозбен залалдану дәрежесі «Көмірші» және «Қарқаралы» ауылды мекендері 13,8 % және 10,3 % құрағанын байқауымызға болады.

Мал ұшаларынан бауырдың эхинококкозбен зақымдалуын 6,9 % бірдей көрсеткіште көрсеткен «Тұйық» және «Шырғанақ» мекендерінен келіп түскен мал ұшаларынан көруімізге болады.

Қалалық типтес “Ақтасты” және “Ұзынбұлақ” ауылдарының, яғни  қора-жайлары шектеулі болғандықтан жануарлардың цестодтармен зақымдалу пайызы төмен және ұшалардың орташа зақымдалу пайызы 3,4 %-ды құрап, инвазияның интенсивтілігі (ИИ) де басқа шаруашылықтардан түскен мал ұшаларынан төмен көрсеткішті көрсетіп, бірлікпен данамен есептегенде бір мал басынан 12-16 дана табылды.

Алматы облысы, Райымбек ауданынан түскен мал ұшаларын тексеру нәтижелері № 3 кестеде көрсетілген.

 

 

Кесте-3. Райымбек ауданында мал эхинококкозының таралуы

 (сойыс көрсеткіштері)

Пункттердің орны

Түскен мал ұшалары (барлығы)

Эхинококкозбен зақымдалған

Саны

%

1. Кеген

34

7

24,2

2. Сарыжаз

34

9

31,1

3. Тұйық

34

2

6,9

4. Ақтасты

34

1

3,4

5. Көмірші

34

4

13,8

6. Шырғанақ

34

2

6,9

7. Қарқаралы

34

3

10,3

8. Ұзынбұлақ

34

1

3,4

 

Жануарлардың цестодтармен зақымдалуының тұрақталмауын біз былайша түсіндіргіміз келеді, жануарларды әр түрлі қора-жайларда бағып-күту және эхинококкоз ауруының қоздырушысының ақтық иесі иттерді жоспарлы түрде уақытында дегельминтизацияланбаудан, бұралқы, қаңғыбас иттердің тұрақты пункттерде тіркелмеуінен және олардың көбеюінен.

Таспа құрттармен зақымдалған барлығы 5 мал ұшасы Райымбек ауданынан түсті, оның ішінде 3 мал ұшасы «Кеген» ауылынан және 2 ұша «Тұйық» ауылынан.

Алматы облысы, Райымбек ауданынан түскен мал ұшаларын тексеру нәтижелері № 4 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 4 – Райымбек ауданында мал эхинококкозының таралуы

 (сойыс нәтижелері)

Пункттердің орны

Түскен ұшалар (барлығы)

Эхинококкозбен зақымдалғаны

Саны

%

1.Кеген

34

3

60,0

2. Тұйық

34

2

40,0

Барлығы:

68

5

100,0

 

 

 

 

 

Сурет-4. Базардағы ағзаларды эхинококкозға тексеру

 

          Сонымен, № 4 кестеде көрсетілгендей, Райымбек ауданынан түскен зақымдалған мал ұшаларынан, 3 мал ұшасы “Кеген” ауылынан, зақымдалуы 60,0 %-ды құрады, 2 мал ұшасы “Тұйық” ауылынан, зақымдалу көрсеткіші 40,0 %-ды көрсетті.

Сонымен, Алматы облысы Райымбек  ауданының ауылдарынан  базарға түскен ұшалардың эхинококкозбен зақымданған болғандықтан, біз осы аумақтардың табиғи-эконономикалық жағдайларына сәйкес және аурудың қоздырушысының биологиялық ерекшеліктерің есте сақтап ветеринариялық санитариялық шараларың ұймдастыру қажет екенін байқадық.

 

 

3.2.2  Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың мезгілдік динамикасы

Райымбек ауданы „Орталық”  базарына әр аймақтардан келіп түскен ірі қара мал және қой сойыс мал ұшаларынан жылдың төрт мезгілінде де эхинококкоз бершімектерін (көпіршіктерін) мал ағзаларынан бауыр, өкпе, талақ, ми, жұлынды тексере отырып, эхинококкоз ауруының мезгілдік динамикасын зерттедік.

Эхинококкоздың мезгілдік динамикасы 5 — кестеде көрсетілген.                                                                                     

Сол № 5 кесте көрсетілгендей, 127 бас ірі қара малдан жалпы зақымдалған саны 7 бас, яғни 5,3 пайыз болды, олардың ішінде көктем мезгілінде 1 бас малдан эхинококкоз тіркелді, яғни 14,3 пайыз болды, жазда мезгілінде де 1 бас малда тіркелді – 14,3 пайыз, күзде 3 бас малда байқалды, ол 42,8 пайыз болды, қыста да малдың зақымдануы жоғары болды, яғни 2 бас зақымдалған, ол 28,6 пайыз құрады.

 

Кесте -5. Эхинококкоздың мезгілдік динамикасы(вет-есеп бойынша)

Мал түрі

Барлық зерттелгені.

Залалдан-ғаны

Маусымдық динамикасы:

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

саны

%

Саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

ІҚМ

127

7

5,1

1

14,3

1

14,3

3

42,8

2

28,6

Қой

318

17

5,3

5

29,4

4

23,5

5

29,4

3

17,6

Барлығы

445

24

5,4

6

25,0

5

20,8

8

33,3

5

20,8

 

Қойлар арасында  318 бас малдан жалпы зақымдалған саны 17 ұша, яғни 5,3 пайыз болды, олардың ішінде көктем мезгілінде 5 бас малдан эхинококкоз бершімектері тіркелді, яғни 29,4 пайыз болды, жаз мезгілінде 4 бас малда тіркелді – 23,5 пайыз, күз айларында 5 бас малда байқалды, ол 29,4 пайыз болды, ал қыс кезінде  малдың зақымдануы жоғары болды, яғни 3 бас зақымдалған, ол 17,7 пайыз құрды.

Соныменен шаруашылықта малдарда эхинококкоздың ең көп зақымдануы күз айларында байқалады. Яғни, ірі қара малда– 42,8 пайыз, қойларда 29,4 пайыз, ал бүкіл зерттелген малдың зақымдануы – 33,4 пайыз құрады.

 

 

3.2.3 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша мал эхинококкозының жас аралық динамикасы

Эхинококкоздың жас аралық динамикасын анықтау үшін, олардың жас аралық сойыс ұшаларын зерттедік. Зерттеу нәтижесі бойынша, түскен ұшалардан жоғары пайыз көрсеткен сақа малдар болып шықты. Ал жас малдардың ұшалары бірлік сандарды құрады.  Жас аралық динамикасын зерттеу нәтижелері бойынша, цестодтармен зақымдалу деңгейін сақа малдар арасында байқалып отыр, 2-5 жас аралық ірі қарада ол 42,8 %-ға жетті, сонымен қатар жасы өскен сайын инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігі жоғарылай түседі. Ал, 5 жастан жоғары ірі қараларда ол 57,1 %  көрсеткішті көрсетті. Нәтижесі № 6 кестеде келтірілген.

Кесте-6. Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша мал эхинококкозының жас аралық динамикасы

Мал түрі.

Зерттсаны

Зақымдал-ған

Жасына байланысты:

1 жасқа дейін

1 – 2 жас

2 – 5 жас

5 жастан жоғары

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

ІҚМ

21

7

33,3

0,0

0,0

3

42,8

4

57,1

Қой

30

12

40,0

2

16,6

3

25

4

33,3

3

25

Бар-лығы

51

19

37,2

2

10,52

3

15,7

7

36,8

7

36,8

Қойларда керісінше көрсетті, зақымдалу көрсеткішінің жоғары пайызын 1 – 2 жастағы қойларда, ол 25 %. Ал одан жоғары жастағы қойлардың ұшалары  зақымдалу көрсеткіші 33,3 %.

Сонымен, біздің зерттеулеріміздің көрсеткіші бойынша, Алматы облысы Райымбек ауданында мал эхинококкозының инвазияның интенсивтілігі жас өскен сайын жоғары көрсеткішке ие болатынын дәлелдеді.

 

 

3.2.4 «Орталық» базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері

Біздің зерттеулерімізде көрсетіліп кеткендей, «Орталық» базарына эхинококкозбен зақымдалған 34 ұша келіп түсті, оның ішінен ірі қара малынан 8 ұша және қой ұшасы 26.  Инвазияның интенсивтілігі әр түрлі болды, бірлік данадан бірнеше мыңдаған данаға дейін.

Ет және ет өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесіне сай, зақымдалған ішкі ағзаларды, мүшелерді техникалық утильдеуге немесе жойып жіберуге жолдама беріледі, ал зақымдалмаған ішкі ағзалар мен ұшаларды шектеусіз шығара береді.

«Орталық» базарында эхинококктардың көпіршіктері аз мөлшерде кездескенде, ағзалардың, яғни бауырдың ұлпаларында қатты өзгірістер болмаса, онда эхинококк көпіршіктерін кесіп тастап, бауырды сатуға жібереді. Ал, көпіршіктер көп болғанда және бауырдың ұлпасы қатты өзгерсе онда бауырды техникалық утилизацияға жібіреді.  «Орталық» базарында  ұшаларды ветсансараптау нәтижесі № 7 кестеде келтірілген.

 

Кесте -7. «Орталық» базарында ветсансараптау нәтижесі

Малдың түрі

 Түскен ұшалардың саны

Эхинококкозбен зақымданғаны

Техникалық утилизацияға жіберілгені

Саны

%

Саны

%

Ірі қара мал

21

7

33,3

3

37,5

Қой

30

12

40,0

5

41,6

Барлығы

51

19

37,2

8

42,1

 

Сонымен № 7 кестеде келтірілгендей ірі қара малдың 21 ұшасы тексерілді, оның ішінен эхинококкобен зақымданғаны 7 ұша, яғни 33,3%. Сол 7 зақымданған бауырдан 3 немесе 37,5 % техникалық утилге жиберілді Инвазиянын интенсивтілігі 7 көпіршіктен 48 данасына дейін жетті және бауырдың ұлпасында дистрофия, сарғаюы, қанталаулар байқалды (5,6 -суреттер).

Қой ұшаларында 30 зерттелген ұшадан эхинококтың көпіршіктері  12 ұшада байқалды, ол яғни 40.0 %құрады. Ал 12 ұшада эхинококкозбен зақымданған бауырдан 5 техникалық утилге жіберілді, онысы 41.% құрды.

Сонымен, зерттеу нәтижесін қорыта келгенде күйісті малдың 37,2 %-ы эхинококкозбен зақымданғанын айтуға болады, олардың ішінен 42,1 %-ға дейін техникалық утилге жіберіледі, сол себептен шаруашылықтарға, жеке меншіктерге көптеген экономикалық зиянға әкеп соқтырады және жалпы адамдар біраз сапалы, құнды тағамдардан айрылады.

 

 

 

Сурет-5. Өтелге кеткен зақымдалған бауырлар

 

 

 

Сурет-6. Ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау

 

 

3.2.5 Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу

Эхинококк таспа құрттарының қой шаруашылығында таралуын зерттеу барысында 10 бас саулықтардың, 10 бас қошқарлардың, 10 бас еркек тоқтылардың, 10 бас ұрғашы тоқтылардьщ 10 бас еркек қозылардың және 10 бас ұрғашы қозылардың барлығы 60 бас малдың қан сарысуы КГАР-сымен тексерілді. КГАР-сын қоюға эхинококктың антигенді эритроцитті диагностикумдары пайдаланылды.

Тексеру барысында 3 бас саулықтардьң, 1 бас қошқарлардың, 1 бас еркек

тоқтылардың 2 бас ұрғашы тоқтылардың, 1 бас еркек қозылардың және 2 бас ұрғашы қозылардың қан сарысуларымен оң   көрсеткіш көрсетті (8-кесте)

 

Кесте-8. Эхинококк таспа құрттарының қой шаруашылығында таралуын КГАР зерттеу

№№

Малдың түрлері

Жасы

Саны

Залалданғаны

Саны

Пайызы

1

Саулықтар

4-7

10

3

30%

2

Қошқарлар

4-7

10

1

10%

3

Еркек тоқтылар

1-2

10

1

10%

4

Ұрғашы тоқтылар

1-2

10

2

20%

5

Еркек қозылар

7-8 ай

10

1

10%

6

Ұрғашы қозылар

7-8 ай

10

2

20%

Барлығы:

 

60

10

16,6%

 

Зерттеу нәтижелері бойынша 30 % саулықтарда, 10% пайыз қошқарларда, 10 % еркек тоқтыларда, 20 % ұрғашы тоқтыларда, 10 % еркек қозылардың жэне 20 % ұрғашы қозылардың орташа 16,6 % тексерілген қойларда эхинококктың балаң құрттары таралғандығын көрсетеді.

 

 

3.2.6 Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу жөнінде іс-шараларды жүргізу

«Сақтансаң сау боларсың»,-дейді халқымыз. Тазалық мұқият сақталған жерде аурудың болуы мүмкін емес. Көп жылғы тәжірибелерге қарағанда бұл ауру мал шаруашылығымен айналысатын кісілердің арасында жиі кездеседі. Аталған аурудың нағыз таратушы көзі ит пен мысықтар. Бір ауру таратушы итте 200 мыңға жуық жылауық құрттың ұрықтары болады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға яғни үйдің айналасына, аулаға, сәкіге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт ұрықтарын шашады. Ол ұрықтар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы адамға жұғады.

Ауру таратушы иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын емес. Өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін, өкпе бауырларын итке жегізбей терең шұнқырларға көміп немесе өртеп жіберген дұрыс. Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нәжістерін өртеп жіберу, жыл сайын мал дәрігерлеріне тексертіп тұру, дәрі беру арқылы құрттардан тазартып тұру керек.

Тазалық – денсаулық кепілі. Барлық жерде тазалық сақтайық.

Жылауық құрт ұрықтарын жұқтырмау үшін келесідей алдын алу шараларын қолға алу қажет.

Ең алдымен, адам баласы жеке гигиенаға, әсіресе, қол тазалығына аса көңіл бөлу қажет. Содан соң, үй жануарларын, қара малды ішек құрттарынан тазарту шараларын атқару қажет. Жануарлар уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіліп, олардың қалдықтары жойылуы, жануар өнімдері жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізілуі қажет.Ветеринарлық қызметтің жұмысын жақсартып, үй жануарларының эхиноккоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу, бұралқы иттер мен мысықтардың санын азайту, тұрғындардың өмір сүру дағдысын, санитарлық білімі мен жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттыру қажет.Тұрғындарға немесе жеке, заңды тұлғаларға аурудың қоздырғыштарын нақты көрсету мақсатында кейбір елді-мекендерде комиссия құрып, иттердің диагностикалық дегельминтизациясынан мастер-класс өткізу шарасы атқарылуы қажет.Иттен індет жұғатынын жақсы білген атамыз қазақ табалдырықтан ит аттатпаған екен. Содан сабақ алсақ керек.

Эхинококкоздың алдын алудың кең таралған шаралары:

— малды сою барысында оның қалдықтарын, қажетсіздерін және ауылшаруашылық малдарының ішек-қарындарын, т.б. союшылар, сатушылардың уақытылы көмбегендігінен иттер оларды жеп, зақымданады, аурулар жұқтырады, сондықтан тазалықты сақтау, ауру малдан сақтану қажет;

— негізгі ауру қоздырғыш көзі – адам ағзасына енуін (инвазия) болдырмау, үй жануарларын ұдайы дегельминтизациялау (құрттардан тазарту)қажет;

— жеке гигиена ережесін сақтау, үй жануарлары мен ауланған жануарлардың ішек-қарындарын итке беру өте қауіпті екендігін тұрғындарға хабарлау қажет;

— ауруды ертерек анықтау мақсатында зақымданған орындардағы қауіпті ұдайы тексеру (малшылар, мал союшылар, қасапшылар, аң аулаушылар мен белгілі бір мекен-жайдан (эндемия) аймағынан келген балалар)қажет [73].

Эхинококкоздың негізгі профилактикасы инвазия көзін табу және инвазия көзін жою болып табылады. Инвазияның негізгі көзі болып саналатын иттерден жұқтырудың алдын алу, егер олар инвазияланған болса, гельминттерден тазарту (дегельминтизациялау) және иттің ветеринардан алған паспорты болуы тиіс.

Жеке бас гигиенасы:

— малды, итті ұстағаннан кейін, далада, бау-бақшада әртүрлі жұмыстарды атқарған соң қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет;

— әрдайым көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, ашық су қоймаларынан, құдықтан, бұлақтан алынған суды қайнатып ішкен дұрыс;

— өлген малды арнаулы шұңқырға (скотомогильник) көму керек;

— бау-бақшада, шаң-тозаң көтерілетін жерде жұмыс атқарғанда ауыз бен мұрынға төрт қабатты дәке маска киген жөн, өйткені, көтерілген шаңмен бірге эхинококкоздың және басқа да аурулардың қоздырғыштары адамның тыныс жолдарына енуі мүмкін;

— балалалардың қаңғыбас иттермен ойнауына жол бермеу керек.

Медициналық профилактика шаралары – ауруды ертерек табу үшін қауіпті топтағыларды (малшыларды, қасапхана қызметкерлерін, ит бағатын мекемелердің жұмысшыларын, хайуанаттар саябағы жұмысшыларын, эпидемиялық аймақтардағы балаларды) тұрақты зертханалық тексеру, аспаптық-иммунологиялық әдістер жиынтығын пайдалану – осы аталған іс-шараларды мұқият орындағанда ғана, аурудың алдын алуға болады [74].

Аурудың алдын алу үшін итті байлап ұстау керек және оның үйшігінің маңын үнемі тазалап тұрған жөн. Сонымен бірге, иттердің мал қораларында жатуына да жол бермеген абзал. Жергілікті әкімдіктің күшімен барлық итті байлатып, үстін жуып-тазалап, сосын егу жұмыстары жүргізілуі керек. Және олардың ұзақ уақыт байлаулы тұрғандары дұрыс болады. Әйтпесе егу жүргізілген иттің қайда барып жататыны белгісіз. Ол қайтадан ауру қоздырғыш личинкалары бар жерге жатса, үстіне жұмыртқалар тағы түсіп, егілгеннен ешқандай пайда болмайды. Оның үстіне егілген дәрі құрттың өзін өлтіргенімен, оның жұмыртқаларына әсер ете алмайды.

Ауруы бар дәріленген иттерден 40 сағат бойы жұмыртқалардың сыртқы ортаға шығуы анықталған. Сондықтан байлаулы иттерді кемінде екі тәулік бойы ұстап, бөлінген нәжістерін өртеп жіберу керек. Абзалы, үйдің маңын, ауланың ішін үнемі сыпырып, күл-қоқысты болдырмаған. Сондай-ақ, жергілікті әкімдіктердің иттердің санын шектеу, бұралқы, кезбе иттерді құрту амалдарын жасауы кезек күттірмейтін міндет екенін ұққандары дұрыс. Ал аурудан өлген малдардың өлекселерін түгелдей жойып отыру керек. Ауылдарда өлген малды көметін арнаулы орын болуы керек

Эхинококкоз ауруының алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау керек:

— жануарлармен қатынасқаннан кейін, бақшада жұмыс жасаған соң, қолды сабындап жуу керек;

— балалар ойнайтын алаңдарда иттердің жүруіне жол бермеу құмның ластануынан сақтау керек;

— үй жануарларына ветеринариялық тексеру мен дегельментизациясын жиі жүргізу;

— мысық және иттерге сойылған ауру малдың ішкі органдарын беруге болмайды;

— жемістер және көкөністерді қайнаған сумен мұқият жуу;

— жанұяның бір мүшесінде паразитарлы аурулар анықталған жағдайда барлық отбасын, соның ішінде үй жануарларын да емдеу керек.

Эхинококкоз ауруының алдын алу мақсатында иттерді құжаттандырып, тоқсан сайын ветеринарлық емдеу мекемелеріне көрсетіп, дәрі беру, ал шаруашылыққа пайдасы тимейтін бұралқы иттерді құрту қажет.

Адамдар итпен қарым-қатынаста болғанда жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс.

Малдарды тек арнайы мал соятын орындарда ветеринар маманының бақылауымен сойып, зақымдалған малдың мүшелері анықталған жағдайда өртеу қажет.

Жылауық құрты бұрын ауыл адамдарында, әсіресе балаларда ұшырасатын еді. Қазіргі таңда ластанған орта, жекеменшік мал шаруашылығы, қалаға еркін, тексерусіз түрлі ауылшаруашылық өнімдері үздіксіз ағылудың әсері, қалада ит пен мысықты ұстаушылар көбейген жағдайда, шала піскен еттен жылауық құртының жұғу қаупі күшейді. Ауруды болдырмаудың жалғыз кепілі — тазалық. Бала далада ойнап келгенде және ересектер жұмыстан келгенде қолды сабындап жууы керек, жеміс-жидек, көкөністі пайдаланарда сақтық шараларын орындауы керек.

Малды жылауық, айналма, бершiмек т.б. цестодоз ауруларынан сақтандыру үшін қой және сиыр өсiретiн шаруашылықтар тек қажеттi иттердi ғана ұстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тiркеу, санын азайту, сондай-ақ күтiмiн бiрыңғай тәртiпке келтiру, әрқайсысына «төлқұжат» беру, қарғыбаумен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргiзедi. Иесiз, қаңғыбас бұралқы иттердiң барлығын құрту шарт. Иттердi құрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар өткiзiлуi тиiс.

Дегельминтизацияны топтастырып жүргiзу (15-20 иттi) әдiсiмен орындағанда жақсы нәтижелерге қол жетедi. Мұндайда тек жұмыс iстелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделедi. Ареколиннің-бромды сутегi қолданылады. Бұл дәрiнi итке 12-14 сағат ашықтырып, әр кг салмағына 0,004-0,005 г есебiнде бередi. Ит денесiнен гельминттердiң шығуы 30-40 минуттан кейiн басталады. Құрамы празиквантелден тұратын антигельминтті препараттар: дронцит, дронтал плюс, азинокс, празикол, празив-К, т.б. Дозасы 1 таблетканы 10 кг тірі салмаққа есептеп тамағына қосып береді немесе күштеп жұтқызады. Дәрiленген иттер үш мәрте нәжiс шығарғанша байлаулы тұрады. Иттерден шыққан құрттарды нәжiсiмен қоса бiр орынға жинап өртеп, көмiп тастайды. Жердiң беткi қабаты да қырып алынып, шұңқырға көмiледi. Қазық, шынжыр, қарғыбауларды лаулап тұрған отқа қарып алады. Иттер емделген алаңды каустикалық соданың (NaOH) 3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен зарарсыздандырады (дезинвазияланады). Дегельминтизацияның сапалы не сапасыз өткенiн анықтау үшiн 2-3 жұмадан кейiн iшiнара тексеру мақсатымен кейбiр иттердi қайта дәрiлейдi.

Иттердi цестодоздардан сақтандыру үшін ең алдымен шаруашылықтағы қой мен iрi қараны, т.б. ларвалды цестоздарға (айналмаға, бершiмекке, жылауыққа т.б.) шалдыққандарын сау малдан бөлiп алу қажет. Малдың зақымданғанын анықтау үшiн аллергиялық реакциялар қолданады. Сойылған не өлген малдың басын итке жегiзбеу қажет. Эхинококк берiштерiмен зақымданған өкпе-бауыр, жылауығы бар шарбы-шажырқай, миқұрты бар бас,көпiршiктерге толы басқа мүшелер итке мүлдем берiлмейдi, оларды өртеп жiбередi.

Эхинококкоздың негізгі профилактикасы инвазия көзін табу және инвазия көзін жою болып табылады. Инвазияның негізгі көзі болып саналатын иттерден жұқтырудың алдын алу, егер олар инвазияланған болса, гельминттерден тазарту (дегельминтизациялау) және иттің ветеринардан алған паспорты болуы тиіс.

Жеке бас гигиенасы:

— малды, итті ұстағаннан кейін, далада, бау-бақшада әртүрлі жұмыстарды атқарған соң қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет;

— әрдайым көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, ашық су қоймаларынан, құдықтан, бұлақтан алынған суды қайнатып ішкен дұрыс;

— өлген малды арнаулы шұңқырға (скотомогильник) көму керек;

— бау-бақшада, шаң-тозаң көтерілетін жерде жұмыс атқарғанда ауыз бен мұрынға төрт қабатты дәке маска киген жөн, өйткені, көтерілген шаңмен бірге эхинококкоздың және басқа да аурулардың қоздырғыштары адамның тыныс жолдарына енуі мүмкін;

— балалалардың қаңғыбас иттермен ойнауына жол бермеу керек.

Медициналық профилактика шаралары – ауруды ертерек табу үшін қауіпті топтағыларды (малшыларды, қасапхана қызметкерлерін, ит бағатын мекемелердің жұмысшыларын, хайуанаттар саябағы жұмысшыларын, эпидемиялық аймақтардағы балаларды) тұрақты зертханалық тексеру, аспаптық-иммунологиялық әдістер жиынтығын пайдалану – осы аталған іс-шараларды мұқият орындағанда ғана, аурудың алдын алуға болады .

Балаларды итпен ойнатпау, өз ыдыстарынан тамақтандырмау және иттің адамның беті-қолдарын жалауын болдырмауды қадағалап отыру керек. Өйткені ит, мысық үй жағдайында таза ұсталынса да, олардың жүнінде құрттың жұмыртқалары жүреді. Тағамға жуылмаған көкеніс, жемістерді, жабайы өскен шөптер мен бүлдіргендерді қолданбау керек. Ашық су қоймаларынан қайнатылмаған суды ішпеу қажет. Осы ереже тәртіптерін үлкендердің өздері де орындау қажет.

Әлемнің әр елінде аурудың алдын алу шаралары. Дүние жүзінде карантиндік жұқпалы ауруларының бірқатар түрлері тұрақсыз болып қалып отыр. 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау Бірлестігі (одан әрі ДДСБ) 72746 жағдай тырысқақ ауруының оның ішінде 639 жағдай өліммен аяқталғаны туралы хабарлады. Биылғы жылы 9 елде тырысқақ ауруының бұрқ етуі тіркелді ал, Нигерия, Гана, Конго мен Мозамбикте одан ірі бұрқ етулері тіркелген. Бұндай жағдайда тырысқақтың одан әрі тасымалданып бұл аурудан бос аймақтарға таралу қаупі үнемі сақталады.

Дүние жүзінде оба аурушаңдығы бойынша ахуал шиеленіскен жағдайда қалып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Бірлестігі оба ауруының 285 жағдайы, (АҚШ-да 1 жағдай, Мадагаскарда 284 жағдайы) оның ішінде 77 жағдай өліммен аяқталғаны туралы хабарлады.

Жыл сайын әртүрлі мемлекеттерде жануарлардан жұққан вирустық және бактериялық (сібір жарасы, оба, құтырық және басқа) ауруларға шалдыққан адамдардың саны көбеюде, олардың арасында инфекциялық процесстің ауыр түрлерімен қатар, адам өлімі байқалуда.Анда-санда бұрын «ұмыт бола бастаған», біраз жылдардан бері бой көтермеген медицина мен ветеринарияда белгілі инфекциялар соңғы жылдары көптеген елдерде (құтырық, аусыл, сібір жарасы сияқты және басқа да аурулар) тіркеле бастады. Аталған аурулар әртүрлі үй және жабайы жануарларды зағымдауымен инфекция ошағының шеңберен ұлғайтумен, өте жұғымталдығымен ерекшеленеді. Бұл аурулардың бірегей спорадиялық түрлерінің байқалуы аурулардың тұрақты эпизоотия түрінде қауіпі болуы туралы ескертеді. Мысалы, аусылдың көп типтілігі географиялық және климаттық жағдайларға қарамайды, сондықтан өте қысқа уақытта алыста жатқан аумақтарға тарайды. 2014 жылы аусыл 40 елде тіркелді. Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның соңғы 18 айдағы мәліметтері бойынша аусыл 11 елде, 2016 жылдан бастап Қытайда, Индонезияда, Пәкістанда, Румынияда, Ресейде, Түркияда, Тайландта және 2015 жылы Монголияда, сібір жарасы Перуде, Түрікменстанда, Ұлыбританиядатіркелген.

Сонымен қатар, соңғы уақытта жануарлардың бұрын зерттелмеген жаңа аурулары таралу қауіпі төнуде. Мысалы, Шмалленберг ауруы. Ең алғаш Германияда тіркелген вирус қоздыратын Шмалленберг ауруы. Бұл аурудың аталуы 2001 жылы тамыз айында Кельн қаласынан 80 шақырым жерде 3 сиыр ауырған елді мекенге байланысты Реймс аралындағы Фридрих Леффлер атындағы жануарлар денсаулығы ғылыми-зерттеу эпидемиология институтында қойылған. 2012 жылдың қаңтарында бұл ауры Ұлыбританияда тіркелді. Шмалленберг аурының вирусы туралы мәліметтер бүгінге өте аз.Шекараларында табиғи кедергілері бар дүниежүзінің көптеген елдерінде, сондай-ақ аурудан қолайсыз аумақтардан алыс жатқан (АҚШ, Канада, Англия, Жапония, Австрали және т.б) елдерде аурудан таза емес пункттерді барлық ауру және ауруға күдікті малдарды жою және індет ошағында толық дезинфекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Басқа елдерде осы аталған шаралармен қатар ауруға бейім малдарды вакцинацияланады. Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінің бірқатарында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары карантиндеу және ветеринариялық-санитарлық шаралармен бірге кешенді жүргізіледі, ал ауру және аурудан жазылған малдарды жою жолдары сирек қолданылады.

Дүниежүзілік ветеринариялық тәжірибеде кейбір аурулар бойынша арнайы алдын алу шаралары жүргізілмейді, мысалы ЕО біраз елдері көптеген жылдардан бері аусылдан таза болуына байланысты ол мемлекеттердің аумағындағы мал басына вакцина қолданбауға шешім қабылданды.

Бұралқы иттерді үнемі аулап, ұстап, жойып отырады.

— Барлық шаруашылық саласындағы пайдаланылатын иттердің тізімі, олардың жеке құжаттары болуы тиіс.

— Бұл құжаттарда иттердің қай уақытта, қандай ауруға қарсы емделгені, қашан, қандай дәрімен құрттарға қарсы дегельминтизация жасалынды, жазылып отырады.

— Мал дәрігерлерінің рұқсатынсыз иттерді бір малшыдан екіншісіне ауыстыруға болмайды.

— Бақташы иттер есепке алынады, әрбір отар сайын екі иттен ғана қалдырады.

          — Бақташы иттерге әр тоқсан сайын дегельминтизация жасалады. Дәрілеудің алдында иттерді 12 — 24 сағат ашықтырып ұстау керек. Дәрі берген соң 12 — 24 сағат байлауда ұстайды, нәжісін, бөлінген құрттарды өртейді, зарарсыздандырады.

          Қазіргі кезде дегельминтизацияға қолданатын дәрілер:

  1. Бромсутекті ареколин – 0,004 г/кг мөлшерінде сүтке немесе ет тартқыштан өткен ұсақ етке қосып береді, болмаса шприц арқылы аузына құяды.
  2. Карбохолинмен + бромсутекті ареколин. Иттерге алдымен тері астына карбохолиннің 0,04 %-дық ерітіндісі жіберіледі 0,6–2 мл мөлшерінде иттің салмағына қарай. Екі сағат өткеннен соң ареколиннің 1%-дық судағы ерітіндісін 6-10 мл мөлшерінде ауыз арқылы береді.
  3. Фенасал – 0,3 г/кг мөлшерінде нанмен немесе ұсақталған етпен беріледі, болмаса болюс жасап береді.
  4. Ареколин + фенасал (ареколин 0,1г + фенасал 3 г) ұннан майды қосып болюс жасап, 1 — 2 болюстан жегізеді.
  5. Дронцит (празиквантел) 0,005 г/кг мөлшерінде таблетка немесе ұнтақ түрінде береді.
  6. Филиксан 0,2–0,3–0,4 г/кг мөлшерінде етке, сүтке, нанға қосып береді.
  7. Аминоакрихин — 2 рет, арасына 10 күн салып 0,2 г/кг мөлшерінде беріледі, артынан іш айдайтын дәрі береді.
  8. Азинокс плюс – 1 таблетка/10 кг салмағына, ауыз арқылы.
  9. Азипирин – 1 таблетка/10 кг салмағына, ауыз арқылы.
  10. Альбазен 2,5 %-суспензия ретінде, ауыз арқылы 2-4 мл/10 кг салмаққа.
  11. Альбазен 10 % – суспензия ретінде, ауыз арқылы 2-4 мл/40 кг салмаққа.
  12. Альбазен 20 % – суспензия ретінде, ауыз арқылы 0,5 г/10 кг салмаққа.
  13. Альбамелин – екі күн қатарынан, ауыз арқылы, 150 мг/кг.
  14. Альбен – 15 мг/кг, ауыз арқылы.
  15. Альбен С – 1 таблетка/5кг.
  16. Альбендазол 2,5 % – суспензия ретінде, 2 мл/10 кг.
  17. Альбендазол 10 % – гранулалар ретінде.
  18. Альбендазол 18 % – таблетка ретінде, 1 таблетка/15 кг.
  19. Верпанил – таблетка ретінде, 1 табл./10 кг., күніне 2 рет, екі күн қатарынан.
  20. Дирофен және Дирофен-1 – 1 табл./5 кг.
  21. Дронтал – 1 табл./4 кг.
  22. Дронтал Джуниор – суспензия ретінде, 1 мл/кг.
  23. Дронтал плюс – 1 табл./10 кг, 1 рет.
  24. Каниквантел плюс – 1 табл./10 кг.
  25. Поливеркан – 1 кубиктен/1 басқа.
  26. Празицид – екі түрде шағарылады: «Празицид дог» 1 табл./5кг және «Празицид кет» 1 табл./4 кг, 1 рет беріледі.
  27. Прател – 1 рет, 0,25 – 5 табл./ 1 басқа салмығына қарай.
  28. Тронцил-К – 1 табл./4 кг.
  29. Фебтал – 1 табл./3кг.
  30. Фенбазен 10%-дық гранулят – 100 мг/кг.

 

 

3.3  Эхиноккоз кезінде ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

Тәжірибе өту барысында  ірі қара малдың 21 ұшасы және қойдың 30 ұшасы зерттелінді. Зерттеулердің қорытындысы бойынша  ірі қара малдың  21 бас ұшасының ішінде 7-уі залалданған, ал қой малының 30 ұшасының ішінде 12 зақымдалғаны белгілі болды. Ірі қара малдың зақымдалған 7 ұшасының өкпесі мен бауыры бір мезгілде зақымдалғандығы. Қойларда  12-нің 11 –де  эхинокок цисталары өкпесі мен бауырда, 1-еуінде тек өкпесінде кездескен.  Қабылданбаған өнімдер санының жалпы массасы 60 кг болып  утилизацияға жіберілді.

  1. Зақымдалған мүшелерден бас тартудың экономикалық шығыны:

 У= МҚМ —  қабылданбаған өнімдер саны  (кг) 

Ц- сатып алу бағасы

ЗУ —  утилизацияға кеткен шығындар

ВФ – сатылымнан нақты түсім

У= 60 х 500 + 1000 – 0 = 31000 тңг

 

  1. Жалпы экономикалық шығын

       Уобщ = 31000 тңг

 

  1. Фасциолёз бойынша аурудың жалпы коэффиценті

К3= Б /м, қайда

Б- зақымдалған ұша саны

М – зерттелінген ұша саны 

К3 = 19/51 = 0,037

 

  1. 1 ауру жануарға келтірілген зиян коэффиценті

КУ= Уобщ/Б, қайда

Уобщ – экономикалық шығын

Б — зақымдалған ұша саны

Ку = 31000/19 = 1631

 

  1. Ветеринариялық шығын

 

Кесте- 9. Антигельминтке кеткен шығындар

 

Препараттың аты

Өлшем бірлігі

Бағасы

Саны

Соммасы(тңг)

Празив — К

Доза

50

40

2000

Барлығы

 

 

 

2000

 

 

          Кесте-10. Жалақы бойынша шығындар

 

Должность

Оклад(теңге)

1 күнге (теңге)

Вет дәрігер

60000

2400

Вет санитар

30000

1200

Вет техник

30000

1200

Барлығы:

120000

4800

 

Жалпы ветеринарлық шығын 6800 теңге

 

  1. Алдын – алу жұмыстарына кеткен шығын

П2 =MО3уо, қайда

МО – сезімтал жануарлар саны

К3 ауруға шалдығу коэффиценті

КУ —  шығын коэффиценті

УО – жалпы шығын

П3 = 1000*0.037*1631-31000=29347 теңге

 

  1. Экономикалық тиімділік

ЭФ= Пу – 3в, қайда

Зв – ветеринарлық шығын

ЭФ = 29347-6800=22547 теңге

 

  1. Ветеринарлық қызметтің экономикалық тиімділігі 1 теңгеге шығын;

ЭТФ/Зв, қайда

Эф – экономикалық эффект

Зв – ветеринарлық шығын

ЭТ  = 22547/6800 = 3,315 теңге

Экокномикалық эффект 22547 теңге болды.

 

          Ветеринарлық қызметтің экономикалық тиімділігі 1 теңгеге шығыны 3,315 теңгені құрады

 

          4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Еңбек қорғау – еңбек жағдайының ыңғайлы және қауіпсіз болуына негізделген құқықты, техникалық және санитарлық гигиена актылері мен шаралардың жүйесі. Еңбекті қорғауға 41 сағаттан аспайтын жұмыс аптаны қою, түнгі уақытта жұмыс мерзімін қысқарту, жыл сайын демалыс беру және апта сайын демалыс күндерін енгізу, денсаулыққа бақылау жүргізу, өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасын дамытып жақсарту, қоршаған ортаны сауықтыру, балалар еңбегіне тиым салу, алдын-алу және медициналық көмек көрсету шаралары кіреді.

Жұмыскерлердің денсаулығын қорғау, еңбек жағдайының қауіпсіз болуының кепілідігі, мамандық ауруларды жоюы және өндірістік жарақаттану үнемі кәсіп одағының және басшылардың назарларының ортасында болады. Еңбекті қорғаудың негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында қаралған.

Тұңғыш ресми заң бойынша қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты қойылған әр түрлі ұйымдар мен еңбектік қатынастағы жұмысшылардың барлығының еңбекті қорғауға құқы бар.

          Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат өкімет органдарының мен жұмыс берушінің кәсіподақтың қатысуымен барлық сатыдағы басқаруын қарастырып келесі принциптерге негізделеді:

Жұмысшының өмірімен денсаулығы кәсіпкердің ісінің нәтижесінен басым;

Жұмыс берушінің толық жауапкершілігі;

Мемлекеттік бағдарлама негізінде еңбек қорғау мәселелерін кешенді шешу;

Кәсіпорындардың барлық түрлеріне бірдей талап қою;

Кәсіпорындарда техника қауіпсіздік пен еңбек қорғауының талаптарын орындауына мемлекеттік қадағалау жасау;

Еңбек қорғау саласындағы барлық ғылыми жетістіктерді кеңінен пайдалану;

Еңбекті қорғауды қаржыландыруда мемлекеттің қатысуы;

Кәсіпорындарда еңбектің қауіпсіз жағдайларына басым көңіл бөлетін саясат жүргізу.

Зерттеуге алынған Райымбек аудандық шаруашылықтарындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру жұмыстары осы шаруашылықтың бастығына жүктелген. Бас мал дәрігері шаруашылықтағы ветеринариялық – санитариялық жағдайды қадағалайды, жұқпалы ауру көздерін жою және алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады.

Біздің елімізде еңбеккелердің еңбегін қорғауға барынша көңіл бөлінеді. Мемлекет бұған қаржы бөліп отырады. Ауыл еңбекшілері ең алдымен малшылар шаруашылық басқарманың өздерінің денсаулықтары туралы тұрақты қамқорлық сезінуде. Мал шаруашылығындағы жұмыскерлер кең көлемде арнаулы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуді, ауыл шаруашылық кәсіпорындарда қауісіздік техникасының ең сенімді құралдары енгізілуде, өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардың мүмкіндігін кемітетін еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайлары жақсартылуда. Кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарын техникалық жарақаттануы артуына сәйкес бұл бағыттағы жұмыс бұрыңғыдан да  табандылықпен жүргізілмек.

Ауыл жұмысшыларының қатарына күні кеше қосылған мектеп оқуышысының жұмыстағы табысы және денсаулығының сақталуы көпшілік жағдайда әркімнің өзіне, оның механизаторлық мамандықты және еңбектің қауіпсіз тәсілдерін қалай меңгергендігіне байланысты болатын есте жақсы сақтау керек.

«Мал шаруашылығындағы пайдаланатын жабдықталған машиналарды қамтамасыздандыру, одан басқа улы және зиянды химиялық заттармен (формалин, эфир, әр түрлі дезинфекциялық ертінділер) үнемі жұмыс істеуіне 18 жасқа толмағандары жіберілмейді.

Шаруашылықта жұмысшыларды алғаннан кейін техникалық қауіпсіздіктен кіріспелі және жұмыс орындарында нұсқаулар жүргізілген. Жұмыс орындарында күн тәртібімен және еңбек жағдайларымен таныстырады.

Әр қораға кірер алдында дезтөсеніштері және ферманың кіреберісінде ветсанөткізгіш орналасқан. Ферма алаңы қоршалған, бірақ талдар аз мөлшерде отырғызылған. Жолдары және қора маңайлары жартылай асфальтталған. Қи сақтайтын орын фермадан 1 шақырым қашықтықта орналасқан, онда қи тасымалданып және биотермиялық зарарсыз-дандырылады.

Қоймада әр пішен малдың алаңы қоршалып, жыртылған және жай тартқыштар орналасқан. Бұл жерлерде өрт сөндіру инвентарлары және өрт сөндіру машина бар. Электр құралдардың техника қауіпсіздігі дұрыс деңгейде ұйымдастырылған. 

Табиғатты қорғау

          Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаның жағдайы қазіргі заманда бірінші мәселе болып табылады.

          Табиғат дегеніміз — өзара байланысты құбылыстардың бірліктірілген өте күрделі кешені. Адамзат табиғаттың бір бөлігі, олар тек әрекеттесіп өмір сүре алады: ауа, су, азық, өнеркәсіптік заттар. Сондықтан адам әр қашан табиғатты қорғап және айналасындағы ортаны күтіп, қорғау керек.

          Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық революция даму кезенде, адам сыртқы ортаға өте қатты әсерін тигізеді.

          Табиғатты ұтымды өзгерту жөніндегі қызметін асыра отырып, адамзат орасан зор пайдалы жұмыс тындырады. Сан миллиондаған құнарсыз жерлер танаптар мен гүлденген бақтарға айналады. Батпақты жерлерді құрғату және кептіру жөніндегі қыруар жұмыс жүргізілді. Жануарлардың жүздеген және өсімдіктердің мыңдаған сорттары жақсартылды. Ғылыми-технологиялық прогрестің нәтижесінде адам табиғатқа ықпал етудің қуатты құралын өз қолына алды. Олардың көмегімен өндіріс процесіне планетаның бетіндегі қыртысты түгелге дерлік тарта алды.

          Осы замандағы техниканың көмегімен табиғат процесін байлай отырып, адамзат көбіне олардың оғыс заңдылықтарын бұзады, табиғатқа қажетсіз өзгерістер туғызады. Осындай өзгерістердің нәтижесінде орман алқаптары едәуір қысқарылды. Жануарлардың көптеген түрлері жер бетінде құрып кетті. Эрозияға ұшыраған жерлердің көлемі көбейді. Су мен ауаның антропогенді ластану процесінің арқасында, табиғат ресурстарының көптеген түрлері күрт қысқарды. Биосферадағы осы келеңсіз өзгерістердің бәрі тек адамға ғана емес, сонымен қатар жануар дүниесіне де ықпал етуде.

          Соған байланысты Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заң 1997 жылы қабылданды. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

          Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның: 

Х тараудың 48-бапта жобалауға қойылатын талаптар: елді мекендерді, кәсіпорындарды, үйлер мен құрылыстарды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерін, сумен жабдықтау, канализация, гидротехникалық құрылыстар жүйелерін, көлік және байланыс құралдарын, технологиялық процестерді, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектілерді жобалау кезінде қоршаған орта сапасының нормативтері ескерілуге, зиянды қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату, қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндірістер, қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі тиімді шаралар, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану көзделуге тиіс.

          Х тараудың 58-бапта ықтимал қауіпі бар химиялық және биологиялық заттарды өндіру мен қолдануға оларды қажетті уыттық- гигиеналық және экологиялық-уыттылыққа қатысты зерттеулер жүргізіліп, олармен жұмыс істеу гигиеналық жағынан реттелгеннен кейін, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгіленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін жол беріледі.

          ХVІІІ тараудың 85-бапта қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.           

          Қазіргі уақытта көптеген елдерде сүт және ет өндірісін жоғарылатуға мүмкіндік беретін ірі мал шаруашылығы кешендер тұрғызуға көп көңіл бөліп отыр. Мұндай ірі мал шаруашылығы кешендері топырақтың, судың органикалық заттармен ластану көзі болып табылуы көптеген ірі мемлекеттерде мал шаруашылығы қалдықтары миллиард тонналармен өлшенеді. 10 мың бас ірі қара бордақылайтын алаңнан күніне 200 тонна көң шығады.

          Жаман иісті газдар көңдердің, азық қалдықтарының жиналуынан және сүрлемді дұрыс жүргізбеу әсерінен пайда болады. Мұндай газдардың қатарына жануарлардың денсаулығына және өнімділігіне зияны тигізетін аммиак, күкіртсутегі, меркаптан және басқалары жатады. Бұл газдардан қызмет көрсететін жұмысшыларда зардап шегеді. Жүргізілген зерттеулер сүт фермаларының ауданыныдағы ауада басқа аудандарға қарағанда аммиактың мөлшері 20 есе көп екенін дәлелдеген.

          Көңдердің жаман иісін елді-мекендерге тарауға жол бермеу керек. Қазіргі уақытта көптеген елдерде қала маңдарына мал шаруашылығы кешендерін салуға рұқсат етілмейді.

          Мал шаруашылығы кешендерін тұрғызуға территориялар таңдаған кезде экономикалық, транспорттық және техникалық жағдайлармен бірге қоршаған ортаны қорғауға да да көңіл аудару керек.

          Табиғи ортаны өндірістік қалдықтармен ластануының алдын-алу үшін мал шаруашылығы кешендерін жобалау кезінде көңіл бөледі.

          Бірінші кезекте кешенді жобалаған жердің климатты-географиялық және метеорологиялық  сипаттамасы ескеріледі. Климаттық жағдайдың сипаттамасына жауын-шашын мөлшері, желдің бағыты мен күші және температуралық режимі жатады. Жауын-шашын көп түсетін аудандарда мал шаруашылығы кешендері шаруашылық қалдықтарын шайып өткенде су көздерін ластамайтын болып орналасуы керек.

          Табиғатты қорғау жөніндегі мәліметтерді сараптай келе шаруашылықта келесі шараларды жүргізу керек:

Үнемі дезкілем және дезбөгет, санөткізгіш жұмысын бақылау, дезинфекциялау заттарын, улы химикаттарды ұқыпты сақтау керек;

Қораларда төлдеуден кейінгі болатын заттарды, түсіктерді, сойғаннан кейінгі қалдықтарды жинайтын орын және дезинфекциялауыш заттармен жабдықтандыру;

Шаруашылықта мал соятын орынды арнайы ережелерге сәйкес салу;

Өлген мал өлексесін мейлінше тез утильдеу орнына жіберу;

Комплекс территориясында бөтен адам болуына тиым салу;

Жеке меншік малдар болуын шектеу;

Медикаменттерден босаған ыдыстарды лақтырмай жою;

Комплекс территориясында қаңғырған иттерді жою, уақытылы дезинсекция, дератизация жүргізу қажет;

Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың өз уақытында медициналық бақылаудан өтуін қадағалау;

 Мал жайлайтын жайылымдарды үнемі ауыстырып отыру;

Жылына 1 рет ауыл тұрғындарын рентген, медициналық бақылаудан өткізу;

Шаруашылықтарда ветеринарлық-санитарлық және зоотехникалық талаптар орындалмауынан мал ұсталатын орындар нәжістен уақтылы тазаланбайды. Шопандардың иттері, ауылдың иттері уақытында профилактикалық дегельминтизациядан өтпейді, осының бәрі ээхинококкоздың таралуына қолайлы жағдайлар жасап отыр.

Иттердің эхинококк құртының жұмыртқаларының таралуы туралы С.О.Ордабеков т.б. (2003) мәліметтері бойынша қой қоралардан 100 метр қашықтықта топырақта 500 дана, 200 метр қашықтықта 50 дана, ал 300 метр қашықтықта 10 эхинококк жұмыртқалары кездесетіндігін зерттеп дәлелдеген.

 

 

 

          5 ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Алматы облысы Райымбек аймақтарында мал эхинококкозы кең

таралған. Ірі қара малының зақымдалу көрсеткіші (ИЭ) орташа 62,5%, қойларда 80,8%-ды құрады, инвазияның интенсивтілігі (ИИ) орташа 675 дана бір жануардан табылды.

  1. Эхинококкоздың мезгілдік динамикасында ең көп зақымдалған мал

күз айларында байқалды, оның көрсеткіші 33,3%-ға жетті.

  1. Эхинококкозбен ірі қара мал арасында 5 жастан жоғары мал көбінесе

зақымдалады, оның көрсеткіші 42,8%-ға жетеді. Қой арасында ең көп зақымданған – 33,3%-ға дейін 2-5 жастағы мал.

  1. Эхинококк құрттардың аралық иелерінде таралуын КГАР-мен зерттеу

жұмысы кезінде ларвалды сатысы қойларда 30%-ға дейін таралғандығы анықталды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

  1. Алматы облысы Райымбек ауданындағы шаруашылықтарда

қауіпті ірі қара малының эхинококкоз ауруын дауалау және алдын алу үшін иттерді жылына 4 рет тиімділігі жоғары Дронтал плюс, Празицид дог, Фебтал, Фенбазен антигельмиттерімен дегельминтизациялауды ұсынамыз.

  1. Саудаға түскен ірі қара малының паренхиматозды ағзаларын қатаң

ветеринариялық — санитариялық сараптаудан өткізіп, зақымданған ағзаларды жою қажет.

 

          7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Бессонов А.С. Эхинококкозы — биология возбудителей, эпизоотология, профилактика и борьба. // Ветеринария. — 1999. №4. — С.49-52.
  • Исатов И.К. К эпизоотологии и эпидемиологии эхинококкоза и ценуроза и морфологические исследования ларвального эхинококка человека и животных. // Автореф.дисс…канд.биол.наук. — Ташкент. — 1989.
  • Каспакбаев А.С., Кереев Я.М. эпизоотологическая ситуация по эхинококкозу сельскохозяйственных животных на юго-востоке Казахстана.

// Сб.:      Эпизоотология, иммунитет, диагностика и химиопрофилактика

паразитов сельскохозяйственных животных в Казахстане. — Алма-Ата. — 1984. — С.70-74.

  • Кереев Я.М., Ваганов Т.Ф. Эпизоотологическая и эпидемическая ситуация эхинококкоза в Республике Казахстан. // Сб.: К 100-летию Западно- Казахстанского НИВС. // Эпизоотология и профилактика заразных болезней сельскохозяйственных животных. — Алматы. — НРЩ Бастау. — 1997. — С. 115-123.
  • Шантаев С.У. Ларвальные цетодозы животных и их профилактика на юге и юго — западе Республики Казахстан. // Автореф. дисс…канд.ветер.наук. — Алматы. — 1998. — 32с.
  • Геллер И.Ю. Эхинококкоз. — М.:Медицина. — 1989. — 208с.
  • Пархоменко Л.А. Научные основы совершенствования профилактических мероприятий при опосторхозе и гидатигенном эхинококкозе. //Автореф.дисс…докт.мед.наук.-М.-1994.-44с.
  • Яроцкий Л.С. Эпидемиолого-эпизоотологические особенности эхинококкозов и методические основы эпидемиологического надзора за ними.// Эхинококкозы (методы исследований, лечения, профилактики). -М.-1990.-С.5- 14.
  • Нишанов Х.Т. Совершенствование методов диагностики и хирургического лечения эхинококкоза печени. Автореф.дисс…докт.мед.наук. Т ашкент.-1992.-32с.

10 Эхинококкозы (методы исследования, лечения, профилактики). Под редакцией проф. Л.С. Яроцкого.-М.-1990.-248с.

  • Оештіі М.А. Не1тіп1:һо1о§іа1 аһв-ігасіз. 1999 УОІ29, РаП 4.                        Р.335-369.
  • Разаков Ш.А., Степанковская Л.П., Юсупов К.А. Иммунология и иммунодиагностика эхинококкозов //Современные проблемы паразитологии.- Самарканд. -1983.С.176-179.
  • Лейкина Е.С. Баллад Н.Е., Зорихина В.И., Старкова Т.В. Иммунологические методы в диагностике эхинококкоза и альвеококкоза. //В кн.: Диагностика и лечение эхинококкоза. -Баку. -С.27-29.
  • Шальменов М.Ш., Кармалиев Р.С. Эхинококкоз с/х животных в Западно-Казахстанской области //Инфекционные и паразитарные болезни с/х животных. -Алматы. -1999. -С.118-126.
  • Матчанов Н.М. К изучению экономического ущерба от ларвальных тениидов каракульских овец //Тез.докл.научно-практич.конф. «Современное состояние и перспективы оздоровления хозяйств от эхинококкоза и цистицеркоза». -Караганда. -1990.-С.90-91.
  • Ордабеков С.О. Жануарлардан жұғатын ауырулар. Алматы — 1985,- 104бет.
  • Ордабеков С.О., Амиреев С.А., Абдрахманова Г.А. Эпизоотическая и эпидемическая ситуация эхинококкоза в Жамбылской области // Научноё обеспечение мероприятий по борьбе с инфекционными и инвазионными болезнями сельскохозяйственных животных в Казахстане. — Алматы. — 2000.- С.389 — 398.
  • Ордабеков С.О., Абдрахманова Г.А., Амиреев С.А., Ордабеков Е. Сейдуалиев М.А. Проблемы эхинококкоза в Казахстане и пути их решения. Жамбылский ЦНТИ. Тараз. -2001.-78с.
  • Ордабеков С.О., Амиреев С.А., Абдрахманова Г.А. Эхинококкоз человека в Казахстане и пути его снижения // Проблемы ветеринарной науки и практики в современных условиях. -Алматы.-2001.-С. 240-244.
  • Горбунова Л.А. и соавт. Эпидемиологическая ситуация по эхинококкозам в Казахстане.//В кн.:        Эпидемиологический надзор за эхинококкозами.-М.-1989.-С.52-56.
  • Акматов Б.А. Эхинококкоз. Бишкек.-1994.-158с.
  • Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық гельминтология: Оқу құралы. –

Алматы: «Аргоуниверситет» баспасы, 2007. – 194 бет.

  • Диков Г.И., Рамазанов В.Т. Рекомендации по профилактике

эхинококкоза, ценуроза и цистицеркоза сельскохозяйственных животных.- Алма-Ата.-197519с.

  • Гаврилов А.А. Эпидемиологическое значение гельминтов собак в Казахстане//Материалы к респ. семинару-совещанию по борьбе с паразитарными и незаразными болезнями сельскохозяйственных животных.- Алма-Ата.-1974.-С.98-100.
  • Маслов С.С., Никифорова Т.Ф. Основные направления и методы профилактики эхинококкозов на современном этапе//Эхинококкозы (методы исследований, лечения, профилактики).-М.-1990.-С.26-30.
  • Ордабеков С.О. Хирургическое лечение осложненого эхинококкоза органов брюшной полости . Дисс….докт. мед. наук. Алматы.1997. -226 с.
  • Бессонов А.С. Гельминтозы (эхинококкозы-гидатидозы, теннидозы- цистицеркозы, трихинеллез): состояние проблемы и перспективы борьбы (по материалам VII Европейского мультиколлоквиума по паразитологии, Парма, Италия, 1996 г.)//Ветеринария.-1998.-№2.-С.55-59.
  • Бессонов А.С. Гельминтозы (эхинококкозы-гидатидозы, теннидозы- цистицеркозы, трихинеллез): состояние проблемы и перспективы борьбы (по материалам VII Европейского мультиколлоквиума по паразитологии, Парма, Италия, 1996 г.)//Ветеринария.-1998.-№2.-С.55-59.
  • Маслов С.С., Никифорова Т.Ф. Основные направления и методы профилактики эхинококкозов на современном этапе//Эхинококкозы (методы исследований, лечения, профилактики).-М.-1990.-С.26-30.
  • Ордабеков С.О. Хирургическое лечение осложненого эхинококкоза органов брюшной полости . Дисс….докт. мед. наук. Алматы.1997. -226 с.
  • Маслов С.С., Никифорова Т.Ф. Основные направления и методы профилактики эхинококкозов на современном этапе//Эхинококкозы (методы исследований, лечения, профилактики).-М.-1990.-С.26-30.
  • Ордабеков С.О. Хирургическое лечение осложненого эхинококкоза органов брюшной полости . Дисс….докт. мед. наук. Алматы.1997. -226 с.
  • Материалы республиканской конференции по эхинококкозу // Хирургия Узбекстана, — 2001, -сЗ, — с. 3-46.
  • Сулейманов Н.Ш. Биология и экология эхинококка//Автореф. дисс… канд.биол.наук.-Ташкент.-1979.
  • Рамазанов Ф.Т. Особенности эпизоотологии эхинококкоза в Казахстане//Тез. докл.9-го съезда ВОГ.-М.-1986.-С.127-128.
  • Торгаутов Б.К., Чалабаева З.К., Утебаева С.М. Эпидемиология, профилактика эхинококкоза в Южно-Казахстанской области//Сборник материалов Казахстанской научно-практической конференции «Эхинококкоз и очаговые заболевания паренхиматозных органов человека».-Шымкент.-1998.- С.133-135.