МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………
1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК – РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 «Кендірлі» туристік зонасы…………………………………………………………………..
1.2 «Үстірт» қорығы…………………………………………………………………………………..
1.3 «Шақпақ – Ата» мешіті…………………………………………………………………………
2 ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Ландшафттарға экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу……………….
2.2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері………………………
2.3 Орман ресурстарын бағалау әдістері…………………………………………………….
3 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУ
3.1 Геоэкологиялық аудандау түсінігі………………………………………………………..
3.2 Маңғыстау шөл провинциясы………………………………………………………………
3.3 Үстірт шөл провинциясы……………………………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………….
КІРІСПЕ
Маңғыстау – көне заманғы жер – Ұлы Жібек жолының үзігі, түбек кеңістігінде өзіндік бейнесі және қызықты тарихы бар көптеген құрылыстары мен ескерткіштері сақталған. Маңғыстаудағы ескерткіштердің жалпы саны (облыс аумағында олар 10 мың шамасында) Қазақстанның барлық ескерткіштерінің 3/1 бөлігін құрайды. Археологтармен көптеген көне заман ескерткіштері, тас дәуірі адамдарының тұрағы табылды. Соңғы жылдардағы неғұрлым қызықтыларының бірі – Маңғыстау ауданының Ақмыш жерінде орналасқан 10-13 ғасырдың ортағасырлық қалашығының орны – Қызылқала. Таулы бөлігінің табиғи үңгірлерінде ғалымдар ертедегі жерасты қабырлар мен храмдар, бүтін сәулет құрылыстарын, жерасты мешіттері: «Бекет-Ата», «Шопан-Ата», «Қараман-Ата», «Сұлтан-епе» және көптеген т.б. ашты. Бұл киелі орындарға бармаған және демалыстағы көне тасты қолмен ұстауды, Уақыт пен Мәңгіліктің таңғажайып демалысын сезуді армандамайтын адамды сирек кездестіреміз. Маңғыстауда сондай-ақ экологиялық туризмді дамытудың теңдесіз мүмкіндігі бар. Облыс көп бейнелі ландшафтарға: Қарақия ойпатына, Түйесу құмдарына, Құланды кемеріне, Тынымбай және Боқты шоқыларына, сазды тақырлар мен қардай ақ сорларға, Үстірт шоқыларының тік жартас кемерлері мен шошақ төбе үшкірлеріне бай. Шеркала тауынан қашық емес жерде ірі көлемді тас шарлар тасталған. Облыс аумағында табиғаттың сұлу кескіндеме бұрыштары – каньондар: «Тамшалы – көңілді тамшылар» — Форт-Шевченко қаласынан үш километр қашықтықта, «Саура» — Каспий теңізінің жағасында, «Ақмыш» — Қаратау тауында, «Сұлтан-епе-сай» — ескі Хивин жолы бойынша, «Жемсен-сай» — Қаратау шатқалдарында және т.б. бар.
Флора мен фаунаға бай және сан салалы, мұнда Қазақстандағы құстардың 450 түрінің 70% шамасында және аз қоректілердің – үштен бір бөлігі мекендейді. Аймақта өсетін жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері Халықаралық Қызыл Кітап пен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдіктер де алуан түрлі. Үстірт дөңінде әртүрлі тұзды қоспасы бар жусан өсімдіктері, жыраларда қарағандар мен жыңғылдардың қопалары кезедеседі. Баурайлар мен тегіс учаскелер жерлерінде баялыш қопалары бар қара сексеуілдер өседі. Маңғыстау өзінің қорықтарымен: Үстірт табиғи қорығымен, Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорғалатын аймағымен, Ақтау-Бозашы және Қарағия-Қаракөл қорықтарымен белгілі.
Ақтау қаласы – облыс орталығы, Каспий теңізін бойлай тартады, жағажайдың жұмсақ климатын пайдаланушылар көп.
Қалалықтар мен қонақтар кезкелген басқа біреудің теңізде демалуын жоғары бағалайды, яғни жағада қонақ үйлер, демалыс базалары, сауықтыру емдеу орталықтары, әдемі құмды жағажайы бар балалар лагері салынған. 2005 жылы жағада, жұмыс жасаған өте қысқа мерзімінде табиғатта белсенді демалған уақытындағы комфорт әуесқойларынан оң баға алған «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы іске қосылды. «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы оңаша тұрған мейрамханасы, дөңгелек бары, «люксі», «жартылайлюксі», «стандарт» сыныпты номерлері бар қонақ үйі, бірқатар жазғы үйшіктер орналасқан. Жабық спорт кешенінде ересектерге арналған бассейн және балаларға арналған жылытуы бар бассейн, әдемі жабдықталған тренажер залы, сауна, массаж бөлмесі, косметика кабинеті жұмыс жасайды.
Облыс орталығы Ақтау қаласында екі яхта клубы жұмыс жасайды. Бұл желкенді спорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен ересек санаттағыларға араналған «Бриз» яхта-клубы. Клубтарда 20 яхта паркі бар, яғни толық көлемде, негізінен жазғы кезеңде алады. Жаңаөзен қаласы ауданындағы, Фетисов шығанағы ауданындағы теңіз жағасында «Кендірлі» демалыс базасы орналасқан, жазғы демалыста оған барлық елден туристер келеді, объектінің деңгейі мен комфорты әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Бұл ауданда жақын кезеңде республикалық балалардың сауықтыру лагері құрылысын салу жоспарлануда.
Облыс орталығында тарихи-өлке тану мұражайы жұмыс жасайды, коллекциясында 50 мыңнан астам экспонаттар, неғұрлым қызықтылары экспозиция ретінде қойылған. Мұражай аймақтың тарихи-мәдени мұраларымен таныстырады. Этнография залы қызықты, онда экспозиция-ларда 20 ғасырдың басына дейінгі аймақ халқының тұрмысы мен негізгі жұмыспен қамтылуы көрініс тапқан. Өзіндік қолданбалы өнер, қолөнер-шілердің ұлттық бұйымдары, ағаштан, сүйек пен тастан жасалған шеберлер-дің бұрама өнерлерінің үлгілері қойылған.
Ақтау қаласында туристерді қабылдауға дайын, әртүрлі деңгейдегі 17 мейманхана бар. 2005 жылдың қазанында халықаралық стандарт деңгейіне сәйкес келетін қызметтің барлық спектрін қарастыратын «Renaissance Aktau Hotel» жаңа бес жұлдызды қонақ үй кешені пайдалануға берілді.
Осының бәрі Маңғыстау облысында туристік кластердің дамуына ықпалын тигізеді. Осы жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысының туристік мүмкіншіліктерін нақты айқындап, болашақ даму стратегиясын құруға көмектесу.
I. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК – РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 «Кендірлі» туристік зонасы
Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту бағдарламасы
Әкім кеңесшісі Роза Асанбаеваның айтуы бойынша, 2005 жылы «IPK International» халықаралық консалтингтік компаниясы және Өнеркәсіп және Сауда Министрлігі бірігіп облыс бойынша туристік кластері дамыту мүмкіншілігіне зерттеу жүргізген. Және де бір қорытындыға келді: Маңғыстау облысының туристік мүмкіншілігі – бұл өңделмеген алмаз, егер де бұны дұрыс өңдесе, ол халықаралық туризм жұлдызына айналады.
Еуропадағы өткізілген сұраныс (5 мемлекеттің 3000 тұрғыны) көрсеткендей, сұрастырылған адамдардың 60-63 пайызы Қазақстанның табиғатына, 45 пайызы далалық сафариге қызығушылық білдірді. Сонымен қатар шетел туристтеріне Каспий теңізінің жағалаулары да өте аттрактивті көрінеді.
Суға түсіп, күннің астында жатам дейтіндерге біздер таң қаларлықтай жер таптық – Кендірлі. Бұл жерде суға түсетін маусым жарты жылға дейін болады. Айналаға бір километр жерде – шөл, жартастар және құм. Тек сол жерде ғана оазис секілді жер бар. Сол жерде біздер «Кендірлі» туристік зонаны салуды көздеп отырмыз – іскерлік орталығы бар, жағалаулық және теңіз ғимараттары бар, және оған қатынайтын бөлімдері бар туристік қала. Оның жобасын құрастыруды, тәжірибесі бар «Medi» және «Akkanat Holding» компанияларына бұйырдық. Басты жобада көрсетілгендей, бастапқы туристік зонаның территориясы 530 гектар, кейін кеңейтілуге 795 гектар жер бөлінген. Басты жоба бойынша «Кендірлі» Актау және Жаңа Өзен қалаларымен тас жол және темір жолдары арқылы байланысады. Сонымен қатар халықаралық әуежай, теміржол вокзалы, автобус станциясы және тікұшақтарға арналған әуежай салыну көзделіп отыр.
Бастапқы деңгейде, іскерлік қаланың тұрғындар саны жиырма мың адам болса, кейін кеңейтілгенде елу мың адамға дейін жетеді. Жергілікті басқарма, емхана, жеке қауіпсіздік бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, техникалық қамтамасыз ету орталықтары, жанармай құю станциялары және пошта бөлімшелері салынады. Балалар үшін балабақшалар және ясли салынады. Жергілікті тұрғындар және келген қонақтардың ыңғайы үшін банк және ақша айырбастау орындары қызмет көрсетеді. Сауда орталықтары, дүкендер және әлемдік фирмаларың бутиктері қала тұрғындары үшін әр түрлі тауар түрлерін ұсынады. Сонымен қатар мұражайлар, парктер салынады. «Рухани келісім бақшасы» деген діни орталықтың салынуы жобаланып отыр. Сол жерде әр түрлі дін өкілдері өздерінің мешіттерін не шіркеулерін сала алады.
Курорттық зонада халықаралық стандартқа сай келетін емдік орталықтар, жүзу бассейні, теннис корттары, спорттық алаңдар, гольф алаңдары орналасады. Қысқы мерзімде курорттық зона бос тұрмас үшін, балалар мен ересектерге арналған Диснейлэнд секілді үлкен ойын-сауықтыру кешені тұрғызылады. Ойын – сауықтыру кешені 1250 гектар жерді алады. Осына мәдени орталықтар, конгресс залдары, көрме үйі, клубтық және көп функционалды бөлмелер, спорттық кешендер, және «Формула – 1» авто жарыстардың трассалары секілді трасса салынады.
«Кендірлі» туристік зонада жоғары деңгейде қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, біздер халықаралық деңгейде туризм, көңіл көтеру және спортта аты шыққан фирмалары тартуды көздеп отырмыз.
Жағалау 5 шақырым бойында алты туристік – көңіл көтеру кешендерімен бірігіп тұрады. Туристтерге 5 жұлызды, 4 жлдызды және 3 жұлдызды қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Туристік зонаның солтүстігінде ұзындығы 220 метрге тең жоғары комфортты және әдемі қонақ үй салынады. Сонымен қатар, «Александрийский маяк» деген атпен 500 орынға арналған 150 метрлік қонақ үй салынады. Ол өзінің ішкі келбетімен ғана емес сыртқы келбетімен де көз тартарлық. Ең жоғарғы бетінде 4 қыздың мүсіні бар, олар жылдың 4 мезгілін білдіреді және олардың беті күнге қарап тұрады. Ал маяк үстінде бүркіт мүсіні орналасады. Курорттық қонақ үйлермен жағалау арасында жеке меншік үлкен үйлер орналасады, олар жасанды жасалған су каналдарының бойында өздерінің қайық тұратын орындарымен болады. Туристік зонаның оңтүстік бөлігінде жасанды арал салынады. Ол құрлықпен көпір арқылы байланысып, арал ішінде президенттік вилла және тікұшақтарға арналған әуежай орналасады. Ал, солтүстігінде қайықтарға (яхта) арналған орын болады, ол бастапқыда 500 қайық сыйдырады, ал кейін 1000 қайық сыйдырады.
Туристік зонаның шығыс бөлігінде табиғи парк салынады, онда атпен жүруге арналған жол, зоопарк және зоопарк-сафари орналасады. Осы бөлігінде өндірістік зона орналасады, автокөліктерді жөндеу орталықтары, шеберханалар, орта және шағын бизнес зонасы болады.
Осы жобаны іске асыруда, 60 мың жұмыс орны пайда болады. Ішкі жалпы пайда көрсеткіші 600 млн АҚШ долларына тең болады. Қазіргі таңда жүзге жуық шетел инвесторлары қызығушылығын білдіріп отыр. Осы туристік зонаны дамыту үшін 2,3 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет, оның ішінде 600 млн АҚШ доллары мемлекеттік бюджеттен шығарылады.
1.2 «Үстірт» қорығы
Үстірт қорығы — Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты — шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу. Үстірт қорығының басқа қорықтардан бір ерекшелігі, мұнда табиғи ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт жонының ең қиыр оңтүстігі тақтайдай тегіс қыр бірден бітіп, шың-құзға айналады. Құз етегі ұшы-қиырына көз жетпейтін, тіршілік белгісі жоқ Кендірлі сорына ұласады. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жайғасқан сордың батыс жиегін бойлай құмдар мен тақырлы-тегістіктер кезектесе орналасқан.
Шың басынан зер сала қараған адамға осы жал-жал құмдар мен көкшіл- сұр сор ішек-қарыны ақтарылып жатқан түйе малына ұқсайды. Табиғатпен етене араласып, қыр- сырын толық меңгерген аталарымыз да, бұл аймақты Қарынжарық ойы, Қарынжарық құмы деп атаған.
Қорық солтүстігінде Қараған Босаға тау аңғарларынан басталады. Үстірт жонына шығар басты асулардың бірі, Ұлы Жібек жолының ескі сүрлемі- Сенек- Қоңырат жолы, қорықтың табиғи шекарасы іспетті. Қараған Босаға тауына кіре берісте, ерекше жаралған домалақ төбе басында, Адайдың ХІХ ғасырдың орта тұсында ерлігімен көзге түскен батырлары Балуанияз бен Тұрмамбет жерленген.
Сенек – Қоңырат жолынан оңтүстікке қарай, солтүстік беткейі жатағандау, оңтүстік беткейі тік құлама шың болып келетін Мәмек таулары батыстан шығысқа созыла орналасқан. Мәмек таулары қарақұйрық пен арқардың негізгі жайылымы, мекені. Шың басына орналастырылған тарихи ескерткіштердің бір парасы–арандар, бұл маңайда аңшылық өнерінің дамығандығын көрсетеді. Арандар-дала тұрғындарының географиялық, геометриялық және биологиялық білімдерінің нәтижесі. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін құпиясы мол, жеке тақырып.
Мәмек таулары шығысында оңтүстікке қарай иіле жалғасқан Көкесем шатқалдарына ұласады. Көкесем – қорық аумағындағы жер бедері, табиғаты жөнінен ерекше жаратылған аумақ. Қорық аумағындағы тауларда негізінен бор дәуірінің тау жыныстары басым болып келеді, ал Көкесем шатқалдарының негізгі тау жыныстары дәуірінің геологиялық құрылымынан түзілген. Топырақ жамылғысы қызғылт-жасыл түсті саз.
Көкесем – қорық аумағындағы бірден-бір тұщы сулы өңір. Тау үстіндегі құдық адам баласының нәпақасы болса, етектегі тамшы бұлақ – осы маңайдағы жан – жануарлардың тіршілік көзі.
Қорықтағы табиғи ескерткіштердің бірі – Қарамая тау жоталары. Болжамда жасы жетпіс миллион жылдан асатын, мұхит түбіндегі вулкандық қозғалыстардың жерінен пайда болған тау жоталарының көркемдігіне көз тойғысыз. Шығыстан батысқа созыла орналасқан тау-түсі мен тұрпатына байланысты Қарамая деп аталады. Шығыстан солтүстігіне орай батыс беткейіне дейін сазды, оңтүстігі Кендірлі сорымен шектесіп жатқан тау жоталары Үстірт арқарының негізгі тұрақ – мекені.
Көкесемнен оңтүстікке қарай, сордың шығыс бетін қоршай орналасқан биік кереге шыңдар- Кендірлі, Елшібек таулары деп аталады. Кендірлі тау алқабы – оазистік мекен. Мұндағы бұлақтардың ірілері Кендірлі бұлағы және кіші Кендірлі көзі. Мұнан басқа тау етегінде әр түрлі ызалар, жылымшылап ағатын су көздері кездеседі.
Елшібек шыңдарының тау аңғарлары арасында Сарыбұлақ бұлағы, Қансу су көзі- өз алдына зерттеуді қажет ететін нысандар.
Үстірт шыңдары оңтүстікке қарай аласарып барып, қорық аумағындағы ірі су көзі — Өнере бұлағына тіреледі.
Өсімдіктері. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан-алуан болып келген. Қорық аумағында 43 тұқымдас, 163 туыстан тұратын өсімдіктердің 263 түрі кездеседі. Олардың 5 түрі қызыл кітапқа енген (кәдімгі жұмсақ жеміс, майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, бор рияңы).
Қорықта өсетін өсімдіктердің ішінде – сәндік, дәрілік, тағамдық, бояу беретін, жемшөптер және улы шөптер кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден: жантақ, қылша, ақтікен, ақ, қара жусандар, изен, мия, адыраспан, татар рауғашы, киікоты кездеседі. Киік оты өзінің әдемі иісімен және емдік қасиетімен өте құнды болып есептеледі. Қорық жерінде өсетін сәндік өсімдіктер- қызғалдақтар, сарғалдақтар және қойжелкектер гүлдеген кезде, қорық табиғаты жайнай түседі.
Жануарлары. Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі.
Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі – бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар.
Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі – Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі.
Қызыл кітапқа енген, қорық аумағында мекендейтін қарақұйрықтар – 250 бас шамасында. Мысықтар тұқымдасы, жыртқыштар отрядына жататын қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы қорықтың Қарынжарық құмында кездеседі. Сүтқоректілер класы, сусарлар тұқымдасына жататын итаю (31 бас), Қазақстанда тек қана Маңғыстау жерінде бар.
Табиғи-тарихи ескерткіштері. Қорық аумағында табиғи-тарихи ескерткіштер де кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар. Көкесем шатқалдары-қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы сулы бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты «Ойда Талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын және осыған байланысты шыққан аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.
Тарихи ескерткіштерден – Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.
Балуанияз — ХІХғ. Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтар арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руынан батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.
Қарамая. Үстірт қорығының солтүстігінде, сор мен шыңның арасында орналасқан, бөлек, ерек-ше жаратылған тау жоталары. Зерттеушілердің пікірінше, ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі — бұл пікірді растай түседі. Геологиялық жасы жетпіс миллион жылды қамтитын таудың топырақ түзілімі- қара қоңыр түсті, жұмсақ, сынғыш тастардан құралған. Бұлар өте ұқыпты, әдемі етіп жинақталып, текшеленіп орналаласқан. Жоталардың шығыс беткейінде көмір ұнтақтары кездеседі.
Өсімдік жамылғысы жұтаң, тырбық, шашырай орналасқан шөлдің шөптесін өсімдіктері. Тау жоталарының етегін жағалай ыза-бұлақтар ағып жатыр. Үстірт жабайы қойы – арқар, осы тауды негізгі мекен етіп, орныққан. Құстардан бүркіт, жұртшы және т.б. ұсақ торғайлар кездеседі. Тау жоталары алыстан мұнартып, сағымданып өте әдемі көрініс береді. Тау ішіне кірсең, небір ғажайып пішіндер мен құпиялардан басың айналады.
Өнере – Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан, ұзындығы 7,5-8 шақырымдай бұлақ атауы. «Өнере» атауы түрікмен тілінде «өскен, көбейген» деген мағынаны береді. Өнере бұлағының негізгі қорегі – жер асты суы. Су арнасының кеңдігі 1-1,5 м, тереңдігі 0,8-1 м. Өзен алабының кеңдігі 8-10 м. Суы ащы, мөлдір. Суда балық немесе басқалай ірі тіршілік иелері байқалмаған. Ұсақ су жәндіктері көптеп кездеседі. Жағасында қамыс, қоға-ши, жыңғыл сарсазан, сораң түрлері, кермек өседі. Топырағы сазды-карбоналды, тастақ. Топырақ құрамындағы минерал-тұздар кристалданып, слюда қабыршақтарын құраған. Өсімдік жамылғысы сирек, шашыранды орналасқан. Бұйырғын, сораң шөптер қырға қарай біртіндеп сораңды – жусанды далаға айнала бастайды. Жануарлары – қарақұйрық, қасқыр, түлкі және осы маңайда «Қызыл кітапқа» тіркелген ерекше аң – итаю кездеседі.
1.3 «Шақпақ – Ата» мешіті
Маңғыстау мен Үстiрттiң өзiнде ғана халқы табынып, қадiр тұтқан сондай 363 әулие – аталар болғандығын ғалымдар есептеп шығарды. Аңыздың айтуынша олар Қожа Ахмет Яссауидiң шәкiрттерi болған көрiнедi, ұстаздары дүние салғаннан кейiн оның ғибратын тарату үшiн олар осы өңiрге арнайы келген секiлдi.
Солардың бiрi – атына заты сай ғұлама қария Шақпақ ата болыпты. Ол бiрде ауылдың жанынан өтiп бара жатып, ер адамның жас әйелдi сабап жатқанын көредi. Жөн сұраса әйелдiң жазығы бала көтермейтiн бедеулiгi екен. Ақсақал арашаға түскеннен кейiн, әйелдiң ерi үнсiз терiс айналып жүре берiптi. Ал, барар жер, басар тауы қалмаған бейшара әйел көз жасын төгiп, қарияға алғысын жаудырып, амалы жоқтан ақсақалдың соңынан iлеседi. Олар ұзақ жүрiптi, ақыр соңында, тiптi жыртқыш аңдардың өзi жанына жоламайтын, жан баспаған құла түзге келiп тоқтайды….
Содан бастап бұл өлкеде небiр ғажайыптар пайда бола болады… Өмiрi нәр татпаған құба шөлден бұлақ көзi ашылады… Бұлт үйрiлiп, жиi-жиi жаңбыр жауады, сай-саладан сылдыраған бұлақ ағады, жер көктеп, айнала бау-бақшаға толады, емiн-еркiн жайылып семiрген қисапсыз мал көбейедi. Ал, әлгi сорлы әйел бағы жанып перзенттi болады…
Осының бәрiн естiген ел бұл ғажапты өз көздерiмен көру үшiн Шақпақ ата мекенiне жан-жақтан ағылып келе бастайды. Бiр ғажабы мұнда келген сырқаттар науқасынан жазылады, мылқаулар тiлге келiп, саңыраулардың құлағы ашылады, жарақаттылар құлан таза жазылып жүре бередi….
Содан бермен Шақпақ ата мекенi небiр ғажайыптар пайда болатын қасиеттi жер деп саналады. Ол ғажайыптарға, әрине, осында түней жатып, тек өз көзiңмен көргенде ғана сенесiң.
Зираттар өте көне болып шықты. Кейбiр ескi қорымдардың өзi мың жылдық, тiптi, одан да әрi болуы мүмкiн, және ХХ ғасырдың өзiне дейi қастерлi адамдардың көбi осы мекеннен қоныс тапқан…
Мұнда жерленген аруақтардың көбi бiр-бiрiмен туыстас, қандас адамдар. Оны рулық таңбалардан көруге болады. Олар және тас бетiнде айқын бейнеленген: адай, тама, шеркеш, табын…
Өздерiнiң көзi тiрiсiнде, мүмкiн, бұл адамдар әулиенiң қасиеттi емiн алған болар, сондықтан да өлгенде атаның “аяғына жатуды” өздерiне парыз санаған шығар. Бiрақ, Шақпақ атаның сүйегi дәл қай жерде екенi әлi де анықталмаған. Кейбiреулер әулиенi жартастың өзiне ойылып қойылған дейдi. Ал, ендi бiреулер әулиенiң мүрдесi қасиеттi мешiтке кiрер алдындағы қорғанның iшiнде деп есептейдi. Ол қорымдардың арасымен жоғары қарай жүруге тиым салынған Қорымның сол жақ шетiнде тас плитамен өрiлген жалғызаяқ соқпақ бар. Сонымен жоғары өрлегенде алдыңыздан шағын ойық көрiнедi, бұл – табиғи жартастан қашап жасалған ғажап ғимарат, жер асты мешiтiне кiретiн жалғыз ағаш есiк те сонда.
Осынау қасиеттi жер – Шақпақ атаға келгенде кiмдердiң қандай көңiл күйде болғанын тап басып айта қою қиын, себебi олардың әрқайсысы осынау есiктен өздерiнiң жанына дауа, тәнiне саулық тiлей келдi ғой. Демек, олардың әрқайсысының жүрегiнде қасиетке табыну, жалбарыну сезiмi болған шығар. Оларды осы жерге жетектеп әкелген де сол қасиеттi құпияға деген сенiм. Осынау есiктi көргенде олардың бойында ерекше қасиетке деген табыну, қастерлеу сезiмi болды…
Есiктен қараңғы үңгiрге кiргенде әлдебiр тылсым күштiң сиқырын сезетiн сияқтысың. Ал, ақ баспалдақтармен жоғары көтерiлгенде өзiңдi бiр түрлi тылсым сезiм баурап алады. Фонарь шамның жарығы ыс басқан ебедейсiз қабырғаларды шарлайды… Жол тарылып, бұралаңдарға бастайды. Әсiресе, күндiзгi жарық түспейтiн тас қараңғы үңгiрге кiргенде ендi қайтып бұдан шығатын жол жоқ сияқты болып көрiнедi. Дегенмен, орталық залдың төбесiнде жарық түсетiн шағын ғана дөңгелек тесiк бар, бiрақ, арнайы жарықсыз ол жерден де ештеңенi байыптап, айқын көре алмайсыз.
Бағзы замандарда мұның iшiнде, әрине, алаулатып от жаққан болар, ондай жердiң орыны көрiнбесе де қабырға мен ыс басқан төбеден оны байқауға болады. Ғимарат iшiнде қабырғаға iлген майшамның да болғаны, ағашқа байлап алып жүретiн алаудың да пайдаланғандығы көрiнiп тұр. Олардан қалғаны тек төбедегi ыс қана емес, қабырғаны жалаған от iздерi.
Шақпақ ата қорымының жалпы жобасы тұтастай әк жартастан ойылып салынған крест пiшiндi (орталық күмбездi бөлменi басып өтетiн ұзын түзара, оның екi қапталындағы қоржын үй) болып келген.
Ескерткiш мұсылман дәуiрiнен көп бұрын салынған, бiрақ, кейiн оны мешiтке лайықтаған сияқты. Оның негiзiн қалаушылар нақшбендi, яссауи және кубравидың алғашқы сопылары деп есептелiнедi.
Мешiттiң алғашқы дiндарлары жөнiнде дерек жоқтың қасы. Олардың жартас қабырғасына араб харпiмен шағатай тiлiнде жазып қалтырған жазбалары бар, олар бұл дүниенiң жалған екендiгiн уағыздап, аскеттiк өмiр ұстамына шақырады. Мүмкiн бұл адамдар осынау жалғанның азапты тiрлiгiнен безiп, мұнда күнәдан тазарып, құдайға құлшылық ету үшiн келген болар. Әрине, бұл жерде бағзы замандардың ерекше адамдары күн кешкен. Олардың тiршiлiк қағидасы мен өмiр салты әлi күнге жұмбақ қалпында. Мүмкiн, Шақпақ атаның тас қараңғы үңгiрлерiнде олар опасыз дүниеден баз кешiп, өздерiнiң ең шуақты күндерiн өткерген болар. Әлде олардың санасына сол мәңгiлiк тылсым дүниелер сиқырлы сәуле түсiрдi ме? Солардың бiрi бiр кезде адам баласының жарық дүниеге келер жұмбағын ашып, содан соң барып әйелдердi бедеулiктен емдей бастады ма? Х1Х ғасырда орыс жаһанкездерiнiң өздерi әйелдер туралы осындай әңгiмелердi естiп, оны мұқият жазып қалдырған.
“Бедеулiктен емделу үшiн мешiтке табынуға келген әйелдер қараңғы үңгiрде түнеуге мiндеттi болған, – деп баяндайды жазба деректер, – сондай түнеме дуасына қолы жеткендердiң айтуынша үңгiрдiң жартасынан алып қара басты ақ жылан, немесе, ақ басты қара жылан шығады… Ол жылан жалбарынушыға ешқандай зиян келтiрмей, еш жерiн ауыртпай, әйелдiң мойнына келiп оралады”.
Қазiргi кезде мұндай әңгiмеге сенушiлердi табу қиын. Дегенмен де бұл тап бiз ойлағандай оп-оңай шаруа емес. Үңгiрге жыланның келуi кездейсоқтықтан гөрi, әрине, айтiзбектiң әсерi. Ерте дүниедегi кейбiр көне және дәстүрлi қауымдарда түнгi айдың жарығы айдаһар, немесе, жылан деп пайымдалған. Оған қоса жыланды жер бетiндегi әйелдердiң қолдаушысы деп есептеген. Жыланның жаңағыдай ақ басты, болмаса қара басты болып көрiнуi ай жарығының толуы, немесе, оның бiрте-бiрте азая бастауына сай келедi. Төбедегi ойықтан түскен ай жарығы әйелдi “аймалап”, немесе, оны мол сәулесiмен “орап”, баурап алған. Ұлы құпияның жұмбағы да тап осы салттың өзiнде жатыр.
Бiздiң қазiргi замандастарымызды қайран қалтыратын бiрден-бiр жұмбақ – ерте дүние емшiлерiнiң әйелдердi бедеулiктен құтқарған құдiретi. Осынау бiр қасiреттi сырқаттан ай сәулесi арқылы емдеу бiздiң қазiргi таңдағы ғылымға әлi белгiсiз. Дегенмен де медицинада физиотерапия дейтiн арнайы бөлiм бар. Бұл мамандықтың дәрiгерлерi атап айтқанда, жаратылыстың осындай табиғи күштерiмен емдейдi. Бiрақ, мұның өзiнде олар арнайы аппараттарды пайдаланады. Ал, көне дүниеде ондай аппараттар болмаған. Сондықтан, Шақпақ ата мешiтiн мекендеушiлердiң қаншама құдiреттi құпияға қол жеткiзгендерi жөнiнде тек жорамал ғана бар. Мүмкiн, олар көптеген ұрпақтар бойына жинақталған бiлiмдi, тәжiрибенi меңгерген әлдебiр ғұлама дiндарлардың одағы, болмаса арнайы тобы шығар. Күндiз-түнi қараңғы үңгiрде отырып, олар Ғаламдық құпия құбылыстарды, оның ғажайып жарасымдарын ашқан болар.
- ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Ландшафттарға экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу
Рельефті, геологиялық құрылым, ландшафтың абиотикалық бөлімін литогенді орта алып жатыр. Ол тау жыныстарды, минералды шикізат ресурстарын және жердің геоморфологиялық ерекшеліктерін қамтиды.
Тауар – ақша қарым – қатынастардың экологиялық тауарлар разрядінің негізгі түрі минералды шикізат ресурстары, пайдалы қазбалар нақты потенциалына қарай олар әртүрлі маркетинттік бағаға ие бола алады.
Пайдалы қазбалардың қоры, зерттеу дәрежесіне, сандық анықтығы бойынша категорияларға бөлінеді:
А – қор көлемі мен орын шекараларының нақты белгілі кен орындары
В – қор көлемі мен орын шекаралары белгілі емес
С1 – экстраполяция арқылы есептелінген қорымен
С2 – алдын ала бағаланған қорлар
Бұл қорлардың барлығын балансты дейді, пайдалануды экономикалық целесообразно, басқа қорды забалансовые – тиімді пайдаланбайды, сол себептен перспективный.
Пайдалы қазбалар кендерін эксплуатациялау, жерді алумен ластау, топырақтың бұзылуы, өсімдік құруы, биотоптардың (өзгеруі) бұзылуы, ландшафт құрамдарының өзгеруіне әкеліп соғады.
Минералды шикізат ресурстардың табуы мен реализациялау экологиялық бизнестің бөлімі және де нарықтың қызығушылықтың объектісі.
Қара және түсті металлдар қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу экологиялық маркетингтің пайдалы түрі.
Ландшафты геоморфологиялық зерттеп білу инженерлік құрылыс жұмыстарынның өте қажетті бөлімі. Өндірістік, тұрмыстық құрылысқа участкелер сайлау, инженерлік, геологиялық, геоморфологиялық (рельеф биіктігі, бұрыш қыйылысы) зерттеулер ландшафтың экологиялық маркетинг сферасын құрайды. Тұрғын үйлер, тұрғын массивтерді жоспарлау, жобалау ландшафтық экологиялық маркетингтің саласы.
Бұзылған жерлерді рекультивациялау – осы сфераға жататын экологиялық қызметтің бір түрі.
Гидроклиматогенді орта. Ландшафтың абиотикалық компоненттерін, яғни атмосфералық ауа, жер беті, жер асты суларды гидроклиматогенді орта қамтиды. Экологиялық маркетингтің субъектісі – жер беті, жер асты суларының сандық, сапалық көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның нарықтық бағасы адамның тұрып жатқан аймағының ауасының сапасымен анықталады. Айтар болсақ, автожолға жақын тұрған неменсе алыста тұрған үйдің нарықтық бағасы әртүрлі болып келеді.
Су ресурстарының бағасы су – шаруашылық мақсаттарымен өндірістік, коммунальді, ауыл шаруашылыққа қолдануы, су сапасы, көлемімен анықталыналады. Судың сапасы химиялық құрамы, тұздар, температурасымен сипатталынады. Осыған байланысты, ас су сапасын бақылау, тазалау жүйелері мен технологиялар дайындау, тазалау құрал-саймандарын құруын талаб етеді. Су сапасын стандартқа жеткізу үлкен ақша шығындарды талап етеді, сол себептен экологиялық маркетингтің бір саласы су сапасын жақсартудын арзан және эффекті жолдарын табу. Судың жоғарғы экологиялық сапасын ұстау, суды тиімді пайдалану, су ресурстарын қорғау – экомаркетинг сферасына жатады. Емдік және ас минералды сулар кені үлкен нарықтық қасиеттерге ие. Жұмыс орындар, тұрғын үйлердегі атмосфералық ауа сапасын бақылау экологиялық маркетингтің негізгі бір сферасы. Гидроклиматогенді ортаның ластануын болдырмайтын профилактикалық шаралар: өндірістік, тұрмыстық зонирлеу, территорияларды көғалдандыру, суды қайта екі қайтара қолдану, өндірістік технологияларды дамыту.
Ландшафтың жер-топырақ орта сферасындағы экологиялық маркенинг. Ландшафт құрамының негізгі құрушысы педосфера, яғни топырақ ортасы. Биотикалық және абиотикалық орта аралығында топырақ орталық орын алып отыр. Сол себептен ол химиялық элементтер айналымында жерді ауыл шаруашылық пайдалану құрылымында маңызды рольге ие. Өнімділігі, әртүрлі сапасы бойынша жер-топырақ ресурстары нарықтық әрекеттің объектісі және экологиялық бизнес құрылымында бола тұрып, нарықтық қасиеттермен анықталған бағаға ие.
Топырақ температурасы, ылғалдылығы, физикалық, химиялық құрамымен сипатталады. Бұлар экологиялық маркетингтің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Жер, топырақ ресурстары жағдайының көрсеткіштері адам әрекетімен жақсаруы немесе бұзылуы мүмкін. Жер ресурстарына өндірістік құрылыс, жол трубопровод, электр сызығын салу, су қойма, пайдалы қазбаларды ашық өңдеу үлкен әсер (ашып тастайды) болып, жер изъятиясы болады. Табиғи комплекстен жер алу өсімдіктер деградациясы, ластану және атмосфера құрамының өзгеруіне әкеліп соғады.
Экологиялық маркетингтің маңызды сферасы – жер өнімділігін сақтап қалу. Топырақ-жер ресурстарының нарықтық бағасы топырақ бонитетімен анықталады. Бонитет дегеніміз өнімділіктің суммалық көрсеткіші, яғни жер сапасының салыстырмалы сипаттамасы.
Топырақ бонитетінің негізгі критерийлері оның өнімділігі, ауыл шаруашылық өңдеу ыңғайлылығы, агроклиматтық факторлары есебі. Жер бөліктерінің бағасы орналасу ыңғайлылығы, шаруашық игерілгендігі анықталынады. Қалаға, транспорттық магистральға, сумен қамтамасыздандыру көздеріне жақындығы жатады.
Жер-топырақ ресурстарынан төлем ақысы болып жер рентасы, аренда үшін ақы. Ландшафтың жер-топырақ сферасында қоршаған ортаның экологиялық сапасын көбейту мен сақтауға бағыталған экологиялық қызметтер көп, соның ішінде топырақ мелиорациясын атап кетсек болады.
Мелиорация деп – топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін, өнімділігін, топырақ құру жағдайларын жақсартуға бағытталған шараларды айтамыз.
Ол топырақтың физикалық күйін жақсарту су, ауа, жылу режимдерін реттеумен жүзеге асады, ал ол өз кезегімен экономикалық шығындарды талап етеді.
Топырақтың химиялық мелиорациясын айтып өтсек, топырақтың химиялық, физикалық қасиеттерін жақсарту мақсатпен әртүрлі химиялық заттар қосу арқылы іске асады.
Минералдар және органикалық тыңайтқыштар енгізуде топырақтың өнімділігі көтеріледі.
Бұзылған жерлерде рекультивациялаумен қайта көтеру шаралары, техногенді әсер нәтижесінде бұзылған жер топырақ ресурстарын қалпына келтіру шараларына жатады.
Биотикалық орта. Ландшафтың биотикалық ортасы тірі табиғаттың күрделі бөлігін қамтиды, соның ішінде өсімдік, жануар әлемімен микроорганизмдер жатады. Соның арқасында табиғатты қорғау шараларының маңызды объектісі болады. Өз кезегімен экологиялық бизнесте де үлкен мәнге ие. Бірақ та биотаның кейбір элементтері табиғатты қорғау роль атқарады. Сол себептен ландшафты экологиялық маркетинг құрамына қатыса алмайды (қорғалатын территориялар, табиғи ескерткіш, табиғи парк).
Экологиялық товар разрядында ландшафт биомассасын атап кетсек болады, яғни бәрі тірі организм салмағы көлемі бірлігіне келетін биомассаның сандық көрсеткіші болып биоөнімділікті қолдануға болады.
Орман, шабындық-жайылымдықтардың өсімдік массасының биоөнімділігі экологиялық нарықта товар түрінде өтеді.
Өсімдік әлемінің маңызды бөлігі – орман. Ол үш топқа бөлінеді:
- су қорғау, санитарлы-гигиеналық, емдік, қорықтар мен ұлттық парк орналастыру.
- тұрғындардың тығыздығы жоғары жерлер, транспорттың қалың жилігі.
- эксплуатационды маңызы бар көп орманды аудандар.
Ағашты дайындау жүйесінде:
Орманның нарықтық сипатамаларына көлемі, ағаш саны, өнімділігі кіреді.
Орман мен орман өңдеу өнеркәсіп — табиғатты пайдалану экономикасының маңызды саласы.
Ландшафтың биотикалық орта сферасында экологиялық маркетингтің маңызды бөлігі – кәсібі бар ресурстар.
Аңшылық кәсіб – жабайы аңдарды ату мен дайындау, аң терісімен дайындау мен өткізу. Балық кәсібі.
Тауар ретінде жеміс-жидек, саңырауқұлақ, жаңғақ дайындау мен өткізу. Емдік қасиеттері бар өсімдіктерді жинау мен өткізу.
Экологиялық қызмет сферасында бұзылған геожүйелерді қайтадан қалпына келтіру мен реабилитациялау жатады.
Өсімдік пен жануарлардың жаңа түрлерін енгізу қызметі (интродукция).
Жануарларды акклиматизациялау, яғни жануарлардың бір түрін жаңа орынға кіргізіп, орналастыру.
Реакклиматизациялау, яғни жануарлардың жоғалып кеткен түрін бұрынғы орнына әкеліп, орналастыру, ареалын кеңейту.
Әуесқой ауыл шаруашылық пен балықшылық балық ұстау, аң атуға лицензия беріліп, оған ақы төленеді. Бұл жерде арнайы аң мен балық шаруашылықтары болады.
Өсімдіктер мен жануарлардың экзотикалық түрлерін өсіру саласы бар.
Ландшафтың биотикалық ортасы қорғалатын табиғи аймақтарда да қамтиды, бірақ олардың экологиялық маркетинг сферасына кірмейді. Бұл объектілерді коммерциялық әрекетке жол бермейді. Олардың негізгі мақсаты: биоәртүрлілікті сақтау, фауна мен флораны қорғау. Экологиялық, тарихи, эстетикалық бағасы бар ландшафты сақтап қалу.
2.2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері
Бұрынғы ҚСРО-да жерді бағалау жұмыстары тек 1958-1959 жылдары басталған болатын. Дегенмен ҚСРО құрамына кіретін Қазақстан республикасында жерді бағалау жұмыстары біршама ерте басталды деуге әбден болады. Бұл мәселеге 1954-жылғы кезіндегі партиямыздың Ақпан-Наурыз пленумының шешімдеріне сәйкес, Отанымыздың шығыс бөлігінде, негізінен Азиялық аймағында, соның ішінде Қазақстанның терістік облыстарында ғасырлар бойы бос жатқан миллиондаған гектар тың және тыңайған жерлерді астық өндіру үшін игеру жұмыстары бастама болды.
1954-1960 жылдары партияның осы шешімдері нәтижесінде бүкіл елімізде 42 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілді. Бұлардың біршама бөліктері Оралдың шығысы мен Сібірде болғанымен негізгі бөлігі Қазақстанда болды. Дәлірек айтсақ Қазақстанда игерілген тың жерлер көлемі 25 млн. гектарға жетті, яғни бүкіл игерілген тың жерлердің 60 %-ы Қазақстан үлесіне тиді… Жалпыға белгілі тың игеру жұмыстары өте асығыс түрде жүргізілді. Сол кездегі одақтық, жергілікті партия тапсырмаларымен қазақ ғылым академиясының топырақтану институты тың және тыңайған жерлерді игеруге таңдап алу үшін топырақтанушылар мен агрономдарға көмек ретінде 1954 жылдың өзінде жаднама (нұсқаулар) шығарды.
Қазақ ССР ғылым академиясының тоырақтану институтының директоры, республикамыздағы топырақтану ғылымының негізін салушы, қазақ ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө.О.Оспановтың жетекшілігімен жасалған бұл нұсқаулар ауылшаруашылық министрлігімен бекіп, сол кездегі тың игерудегі алғашқы негізгі құжат болып саналды (10). Астықты егістіктер үшін жерлерді ауадан түсетін ылғалмен қамтамасыз етілген республикамыздың терістік облыстарында игеру көзделген болатын. Ондай топырақтар болып негізінен екі топырақ зонасы ұсынылды. 1) Орманды-дала және дала зонасы, топырақтары шалғынды-қаратопырақ және ортагумусты (кәдімгі) қаратопырақтар. 2) Құрғақ даланың аз гумусты (оңтүстік) қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақтары.
Сол кездегі талапқа сай, жерлерді тез игеруді жеңілдету үшін, осы екі зонадағы негізгі топырақтар агроөндірістік қасиеттері, құнарлылығы жағынан 1954-1955 жылдары игеру үшін төмендегідей 4 категорияға (топқа) бөлінген болатын.
- Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер.
- Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер.
- Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер
- Жыртуға жарамды сапасы нашар жерлер
Жоғарғы айтылған екі зонаның жыртуға жарамды сапасы жақсы топырақтарға негізінен біркелкі жер бедеріне орналасқан зоналық қара топырақтар мен күңгірт қара-қоңыр топырақтар жатады. Дегенмен бұл топырақтар сапасы көптеген жағдайларда олардың біркелкі орналаспай, басқа сапасыз, зонаралық топырақтардың араласа кездесуімен көп төмендейді. Мұндай араласа кездесетін таңдақтар болып бұл аймақтарда, негізінен сортаң (солонцы) жерлер орналасады. Егер сортаң таңдақтар жалпы алқаптың 10%-нан аспайтын болса, және ол сортаңдар сортаң қабаты тереңде орналасқан терең сортаңдар қатарына жатса, олар игеруге аса көп зиян тигізе қоймайды. Егер сортаңдар көлемі алаптың 10-25%-ын алып жатса, олар игеруге көп зиян болып, жердің категориясын төмендетеді. Ал алаптың 25-30%-ын сортаңдар жайласа, және сортаңды қабаты топырақтың бетіне жақын орналасқан майда сортаңдар болса, бұл алқаптар тіпті игеруге болмайтын, немесе сапасы ортадан да төмен жерлер қатарына жатады. Сонымен қара топырақты зонада Ө.Оспановтың жүйесі бойынша төмендегідей жер топтары бөлінген.
1) Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер қатарына мынадай топырақтар жатқызылған:
а) Ортагумусты (кәдімгі) қара топырақтар.
б) Аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар.
в) Шалғынды — қара топырақтар.
г) Аздап сортаңданған шалғынды-қара топырақтар.
д) Сортаңданған және аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар терең сортаңдармен 10%-ға шейін.
е) Сортаңданған және аздап сортаңданған шалғынды-қара топырақтар терең сортаңдармен 10%-ға дейін.
2) Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер қатарына:
а) Сортаңданған және аздап сортаңданған ортагумусты қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.
б) Сортаңданған және аздап сортаңданған шалғынды қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.
в) Құмдақ ортагумусты қара топырақтар.
г) Құмдақ ортагумусты қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.
3) Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлерге:
а) Қатты сортаңданған ортагумусты қара топырақтар.
б) Қатты сортаңданған ортагумусты қара топырақтар сортаңдармен 25%-ға дейін.
в) Сортаңданған және аздап сортаңданған ортагумусты қара топырақтар сортаңдармен бірге 25%-ға дейін.
г) Қатты сортаңданған шалғынды-қара топырақтар сортаңдармен 25%-ға дейін.
4)Жыртуға жарамсыз жайылымдық жерлерге: қатты сорланған зоналық топырақтар мен қатар олардың сортаңдармен 25%-дан артық кездесетін алқаптар, зонааралық таза сортаң және мол сорланған жерлер мен олардың күрделі комплекстері орын алған жерлер жатады.
Тура осындай принциптер құрғақ даланың азгумусты қара топырақтары мен күңгірт қарақоңыр топырақтарды бағалап, категорияларға (топқа) бөлген кезде де қолданылды. Есте болатын нәрсе, тек бұл зонада терістіктен оңтүстікке жылжыған сайын құрғақшылықтың көбейе түсетінін ескеру қажет. Сондықтан да олардың жалпы өнімділігінің, соған сәйкес бағаларының да төмендей түсетіні күмәнсіз.
Сонымен Қазақстан шындығында тың игеру науқанының алғашқы үш жылы өтті. 1956 жылы Қазақстан тыңы елімізге алғашқы миллиард пұт астық беріп, республика туына бірінші Ленин ордені қадалды. Республика халқы тың игеруде біршама тәжрибе жинады. Қазақстан ғалымдары да, оның ішінде қазақ ғылым академиясының топырақтану институты да алғашқы тың игерудегі тәжірибелерді ескере отырып, 1957 жылы терістік Қазақстан топырақтарының сапасын бағалаудың жаңа нұсқасын ұсынды (11). Институт директоры Ө.Оспановтың жетекшілігімен ұсынылған бұл жаңа нұсқада тың аймағындағы жерлер сапасы жөнінен төмендегідей 6 топқа бөлінді.
- Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер.
- Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер.
- Жыртуға жарамды сапасы орташадан төмен жерлер.
- Механикалық құрамы жеңіл жерлер.
- Игеруге қиын жерлер.
- Игеруге, жыртуға тіпті жарамсыз жерлер.
Келтірілген тізімнен көрініп тұрғандай, бұрынғы бағалау нұсқасына қосымша тағы екі топ қосылғаны көрініп тұр, олар 4- және 5-топтар; яғни механикалық құрамы жеңіл жерлер мен игеруге (жыртуға) қиын жерлер. Бұл топтардың пайда болуы да тегін емес еді. Баршаға белгілі, тың игерудің алғашқы кезеңінде жоспарды артығымен орындау мақсатында көптеген жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл, құмдақ топырақтар да жыртылып кеткені практикада кездесті. Соның нәтижесінде тың өлкесінде топырақ эрозиясы да көп өріс алды. Міне сондықтан жаңа ұсынылған топырақты бағалау жүйесінде механикалық құрамы жеңіл топырақтар арнайы жаңа топқа бөлінді. Сөйтіп бұл топырақтарды кәдімгі агротехниканы қолданған кезде жыртуға жарамсыз, оларды жырту үшін арнайы агротехника (топырақты қайырымасыз етіп жырту т.б.) қажет екені айтылды. Ал игеруге (жыртуға) қиын жерлер қатарына топырақ комплекстері ішінде сортаң жерлер көлемдері 25-50%-ға дейін жететін алқаптар жатқызылды. Бұл алқаптарды игеру шынында қиын екені түсінікті. Оларды игеру тиімді болу үшін сортаң, ақтаңдақтарды әртүрлі әдістермен жақсарту (мелиорациялау) қажет екені ұсынылды. Міне осы жүйе бойынша Қазақстан тың жерлерін пайдалану көп жылдар бойы жүргізілді.
Жылдар өтіп жатты. Уақытпен бірге тәжірибе де жиналды, ғалымдар да зерттеулерін жалғастырып, ғылыми жұмыстар жүргізді. Осы жылдар аралығында топырақтану институтының ғалымдары республикамыздың барлық облыстарының ортамасштабты топырақ карталарын жасап, әр облыс топырақтарының химиялық, физикалық қасиеттерін терең талдау арқылы оларды агроөндірістік топтарға бағалап бөліп, сипатталынған облыстық топырақ монографиялар »Ғылым» баспасынан жарық көрді. Міне осы жағдайлардың бәрі 1975 жылы қазақ ғылым академиясының топырақтану институтының Ө.Оспанов бастаған ғалымдары Қазақстанның жерлерін түгелдей бағалаудың жаңа жүйесін ұсынды (12). Бұл топырақтарды бағалап топтастыру жүйесі негізінен топырақтардың зоналық принциптеріне сүйене отырып жасалды. Мұнда жер категориялары, жартылай категориялары, оларға кіретін зоналық топырақтар және олардың агроөндірістік топтары жіктеліп бөлінді.
Агроөндірістік маңызы мен басты пайдалану бағыты жөнінен Қазақстан жерлері 5 категорияға бөлінді.
А — Жыртуға сөзсіз жарамды басым түрде егіншілікке пайдаланылатын жерлер;
Б — Басым түрде шабындыққа жарамды жерлер;
В — Басым түрде жайылымдық жерлер;
Г — Басым түрде ормандық жерлер;
Д — Ауыл шаруашылығына да және орман шаруашылығына да пайдалануға болмайтын жерлер.
Сонымен А, Б және В категориялары ауылшаруашылық жерлерін әртүрлі салада пайдалануларына дөп келеді. Осыған қоса Б және В жер категорияларында Б1 және В1 жартылай категориялары, яғни егіншілікке таңдап пайдалануға болатын жерлермен қатар, Б2 және В2 — егіншілікке жарамсыз немесе өте аз пайдаланылатын жерлер бөлінді.
Топырақ жамылғысының ерекшеліктеріне, табиғи өнімділігіне байланысты әртүрлі зоналар мен зонашаларда А, Б, В категориялары зоналық топтарға бөлінді. Осы категориялардағы зоналық топтар топырақтарының сапасы мен олардың өнімділігін арттыруға бағытталған шараларға сәйкес агроөндірістік топтарға, топшаларға бөлінеді. Төменде Ө.Оспановтың Қазақстан бойынша келтірілген топырақтарды бағалап топтастырудың жалпы схемасын келтіреміз.
Категориялар мен жартылай категориялар
А — егіншілікке басым түрде жарамды жерлер. Зоналық топырақтардың біркелкі алаптары және олардың басқа топырақтармен комплекстері мен тіркестері кездеседі. Дегенмен сортаң топырақтар таңдақтары 30%-дан аспайтын болып кездеседі. Негізінен табиғи жағдайларда ауадан түсетін ылғалдармен қамтамасыз етілетін дала топырақтарының жазық алқаптары, тауетегі жазықтары, тауаралық ойпаң жерлер. Басым жерлері егіншілік үшін жыртылған. Жерді пайдалану коэффициенті 50%-дан көп.
Б – басым түрде шабындық жерлер. Шалғынды, шалғынды-далалы жапырақтар мен солардың тіркестері, сортаң таңдақтар 30 %-дан аспайды. Біртектес сорланбаған, сортаңданған алаптар таңдалып егіншілікке пайдалануға жарамды. Ондай жартылай БІ категорияға жататын жерлер көлемі шамалы, олардың егіншілікте пайдалану коэффициенті 50 %-дан көп төмен. Ал топырақтары күрделі алаптары БІІ – жартылай категорияға, яғни бұл шабындықтар жалпы егіншілікке жарамсыз немесе өте аз көлемде жарамдыларға жатады.
В – басым түрде жайылымдық жерлер. Негізінен шөл-дала, шөл зоналарының, таулы аймақ топырақтары, жөнді дамымаған, сорланған, құмды, сортаң топырақтар және құрылымы күрделі кешенді барлық зоналар топырақтары. Мәселен, бұл категорияға ылғалмен табиғи күйде қамтамасыз етілген қаратопырақтар мен ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген қара-қоңыр топырақтардың 50%-на дейін сортаң таңдақтары бар алаптары, тауетегі мен тауаралығы ойпаң жерлерінің сапасы жақсы болғанмен жер бедері ыңғайсыз алқаптары жатады. Ескеретін тағы бір жағдай, шөл және шөл-дала зоналарының көп жерлері суарылып, мелиоративтік шараларды қолданған жағдайда егіншілікке жарамды. Бірақ, өкінішке орай, ондай мол жерлерді суаруға су көздері жоқ.
ВІ – бұл категория жерлер арасында да егіншілікке жарамды жартылай категорияға жататын жерлер болып табылады. Бірақ, олардың көлемі өте аз, себебі оларды игеру су көздерінен басқа да күрделі мелиорация шараларына байланысты. Азда болса бұл категория жерлері арасында ВІІ – жартылай категорияға жататын, яғни егіншілікке тіпті жарамсыз немесе өте аз көлемде жарамды жайылымдар да орын алады.
Г – басым түрде орман шаруашылығына жарамды жерлер. Таулы алқаптардағы және жазықтағы орманды жерлер, оған қоса өзен бойларындағы тоғайлы ормандар жатқызылады. Бұл алқаптардың біршама жерлері шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Ал шөлдегі бұташалар мен сексеуілді ормандар түгелдей В — категориясына, яғни жайылымдарға жатады.
Д — Ауыл шаруашылығына да және орман шаруашылығына да пайдаланылмайтын жерлер. Бұл категория жерлер қатарына таза сорлар, батпақтар, жылжымалы құмдар, тау жыныстарының көріністері, мұздықтар т.б. топырақ емес құрылымдар жатады.
А — Категорияларындағы зоналық топырақтар топтары.
- Тұрақты суарылмайтын егіншілік жерлері — орманның сұр топырағы, сілтісізденген қара топырақтар, орманды-дала, таулы-дала, аласа-таулы және Алтай, Тарбағатай тау етектері топырақтары.
- Салыстырмалы тұрақты суарылмайтын егіншілікті жерлер — құрғақшылығы шамалы даланың кәдімгі қара топырақтары.
- Құрғақтау даланың аса тұрақты емес суарылмайтын егіншіліктің оңтүстік қара топырақтары.
- Құрғақ даланың тұрақсыз суарылмайтын егіншіліктің күңгірт қара-қоңыр топырақтары.
- Құрғақ даланың өте тұрақсыз суарылмайтын егіншіліктің қара-қоңыр топырақтары.
- Тау баурайлары мен етектеріндегі (негізінен Тянь-Шань тауларының) суармалы және суарылмайтын егіншіліктегі сұр топырақтары, қара-қоңыр және ашық-қоңыр топырақтары.
- Тянь-Шань аймағындағы таулы-далалы, тау аралығы ойпаттары мен тауетегі далалы топырақтары. Тұрақты суарылмайтын таудың қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақтары. Тәлімі тау егістік (богара) жерлері.
Б — Категорияларындағы зоналы топырақтар
- Қара топырақты зонаның шалғынды, шалғынды-далалы топырақтары.
- Қара-қоңыр топырақты зонаның шалғынды, шалғынды-далалы топырақтары.
- Құба және сұр-құба топырақты шөл зонасының шалғынды топырақтары. Көлтабанды ойпаң жерлер мен өзен бойлары.
- Таулы аймақтардың шалғынды және шалғынды-далалы шабындықтар топырақтары.
В — категориядағы зоналы топырақтар
- Шамалы құрғақтау және құрғақтау далалық жайылымдар топырақтары.
- Шамалы құрғақ және құрғақ далалық жайылымдар топырақтары.
- Шөл-дала зонасының жайылымдық топырақтары.
- Шөл зонасының жайылымдық топырақтары.
- Тау етегіндегі шөл-дала белдеуінің жайылымдық топырақтары.
- Тау етегі мен тауаралық дала зонасының (белдеуінің) жайылымдық топырақтары.
- Таулы жайылымдар, бұған негізінен таулы субальпілік, альпілік белдеулер жатады.
Агроөндірістік топтар мен топтар бөлімшелері. Агроөндірістік топтарға сол топырақтарды игеру үшін қажетті негізгі шаралар бағыты бойынша бөлінсе, игеру үшін нақтылы қандай шараларды қолдану қажеттілігіне қарай бөлінеді. Төменде әртүрлі категория, жартылай категориялар бойынша топырақтардың агроөндірістік топтары мен топтар бөлімшелері келтірілген.
А — категориясы бойынша
- Арнайы жақсарту шараларын керек етпейді.
а) кәдімгі зоналық агротехника қажет.
б) бөлектенген, арнайы агротехника қажет.
- Топырақты жел эрозиясынан сақтауды қажет етеді.
- Топырақты су эрозиясынан сақтауды қажет етеді.
- Топырақтың сортаңдануымен күресті қажет етеді.
а) сортаңданудың зиянды қасиеттерімен күресу.
б) сортаң таңдақтармен күрес.
- Топырақ эрозиясымен және сортаңданумен күресу.
- Суаруды және екінші рет тұзданумен күресу қажет.
Б — категориясы бойынша
БІ — егіншілікке таңдаламалы жарамды жерлер.
- Топырақтың ылғал тәртібі реттеуді қажет етеді.
а) топырақтың артық жербеті немесе жерасты ылғал болған жағдайда.
б) топырақты су эрозиясынан қорғау қажет.
- Суаруды және екінші тұзданумен күресу қажет.
БІІ — егіншілікке өте аз, немесе тіпті жарамсыз жерлер.
- Басым түрде жер бетін жақсартуды қажет етеді.
- Басым түрде күрделі жақсартуды қажет етеді.
В — категорясы бойынша
ВІ — егіншілікке таңдамалы түрде жарамды жерлер
- Топырақты жел эрозиясынан қорғау қажет.
- Топырақты су эрозиясынан қорғау қажет.
- Топырақтың сортаңдануымен күресу қажет.
- Топырақ эрозиясымен және сортаңданумен күресу қажет.
- Суаруды және екінші сорланумен күресуді қажет етеді.
ВІІ — егіншілікке жарамсыз, немесе өте аз жарамды жерлер
- Топырақ бетін жақсартуды қажет етеді.
- Топырақты күрделі жақсартуды қажет етеді.
- Топырақ бетін және күрделі жақсартуды қажет етеді.
Міне сонымен Ө.Оспановтың бұл негізінен суарылмайтын егістіктер мен басқа да халық шаруашылық салаларындағы жерлерді кең масштабта бағалаудың және жерді қажет бағытта пайдалануға жасаған жалпы жүйесі. Бұл материалдарды жер кадастрын жасаған кезде, тікелей пайдалануға болмайтыны түсінікті жағдай. Себебі жер кадастрын жасау үшін, яғни топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық бағалау үшін нақтылы топырақ түрлері мен нақтылы эталонды шаруашылық материалдары қажет. Бұл саладағы алғашқы ізденістер, бастамалар 1968 жылғы Одақта алғашқы шыққан жер кодексіне сәйкес бүкіл елімізде, әрбір одақтас республикаларда басталып, 1990 жылдары Одақ тарап әр республикалар егемендік алғанда бұл жұмыстар тез өріс алды. Қазақстанда нарықтық экономикаға сәйкес жер кодексі қабылданып, жер кадастры жасалды. Ол жайында төменде айтылады.
Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі. Тәуелсіз алған жылдардың басында-ақ Республикамыздың жер туралы заңы қабылданған болатын. Дегенмен ол заңның көптеген шикілігі болып 1995 жылдың 22 желтоқсанында Елбасымыздың заң күші бар жер туралы уақытша жарлығы шыққан болатын. Жер туралы заң халықтың аса бір көкейкесті заңы болғандықтан баспасөзде 1999 жылы 22 маусымда және 2000 жылдың 7 шілдесінде әртүрлі деңгейде жетілдірілген нұсқалары жарияланып, көпшілік талқылануынан, парламент сараптамаларынан өтіп, 2001 жылдың 24 қаңтарында Елбасымыздың қол қоюымен қабылданған болатын. Дегенмен бұл заңның да қазіргі нарықтық экономикаға дөп келмейтін тұстары байқалып, көп ұзамай халық назарына үкімет қазіргі әлемдік нарықтық экономикасын сәйкестендірілген Қазақстанның Жер туралы жаңа заңының нұсқасын ұсынды. Біршама пікірталас сараптамалардан кейін Қазақстан Республикасының Жер кодексі көпшілікті қолдауына ие болып, Елбасымыздың 2003 жылдың 20 маусымында қол қоюымен қабылданды.
Бұл кодекстегі басты жаңалық — ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланатын жерлердің негізінен мемлекеттік меншікте болуымен қатар жеке меншікке төлемақы арқылы берілуі (сатылуы). Жер кодексіні талқылау кезінде үлкен дау туғызған, біршама халыққа осы күнге дейін күмәндандырып жүрген мәселе — осы ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке сатылуы. Біздің ойымызша, бұл мәселеден үрейленетін ештеңе де жоқ. Біріншіден ауыл шаруашылық жерлерінің барлығы сатылмайды, көп болса Қазақстан жерлерінің 10-15 %-ы ғана сатылуы мүмкін. Екіншіден жеке меншікке жерді алсаңда аласың, алмасаң да аласың деп ешкім сені қинамайды. Сатып алғың келмесе бірнеше жылға жерді мердігерлікке (арендаға) алып пайдалан. Жерді сатып алуға алғашқы кезде ақшаң жетіспей жатса оны оншақты жылға созып, бөліп төлеуге де болады. Жеке меншікті де, ұжымдық, акционерлік, серіктестік т.б. әртүрлі түрлері болады. Қай түрін ұйымдастырсаң да өз еркің. Әңгіме жерді жеке меншікке беруде болып тұр. Себебі біздің тарихымызда ауыл шаруашылық жерлері көп жылдар бойы аса ірі колхоз, совхоздар меншігінде болды. Практика көрсеткендей колхоздікі, совхоздікі деген сөз ешкімдікі емес деген сөз. Сондықтан оны пайдаланудағы жауапкершілікте жоқ есебі.
Қазақта ‘’иелі жер — киелі’’ деген әдемі сөздер бар, оның мағынасы иесі бар жерді иесі тиімді пайдаланып, қорғап, гүлдендіреді деген мағына береді. Шындығында да ‘’Өзім дегенде өгіз қара күшім бар’’ деген жеке меншік жер иесі өз жерінде еңбек етіп, тер төгуге аянбайды. Себебі бұл жерден алынған өнім басқа ешкімдікі емес, өзінікі.
Жоғарыда қабылданған республикамыздың жаңа жер кодескіне сәйкес тәуелсіз Қазақстанның ғылыми негізделген, өз табиғи-экономикалық жағдайларымызға үйлесімді жер кадастрларын жасау қалыптасуда. Себебі жерлерді жеке меншікке беру (сату), жалға беру төлемақылары Қазақстанның әр аймақтарында ол жерлердің құндылығына қарай әртүрлі. Соған сәйкес, олардың төлемақылары әртүрлі аймақтарда әрқалай. Төмендегі екі қосымша кестелерде Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерлері берілген 4-қосымша-кестеде жер учаскесінің жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар, (құрылыстар, үймереттер) мен олардың кешендері салынған жерлерді берген кезде, олар үшін төлемақының базалық ставкалары берілген. Ал 5 қосымша-кестеде жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары көрсетілген (18).
4-кесте – Жер учаскесінің жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар, (құрылыстар, үймереттер) мен олардың кешендері салынған жерлерді берген кезде, олар үшін төлемақының базалыҚ ставкалары
Елді мекендер |
1 ш.м үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы |
|
Астана қаласы |
1180 |
|
Алматы қаласы |
717 |
|
Ақтау қаласы |
145 |
|
Ақтөбе қаласы |
137 |
|
Атырау қаласы |
123 |
|
Қарағанды қаласы |
190 |
|
Көкшетау қаласы |
114 |
|
Қостанай қаласы |
123 |
|
Қызылорда қаласы |
129 |
|
Павлодар қаласы |
114 |
|
Петропавл қаласы |
114 |
|
Талдықорған қаласы |
137 |
|
Тараз қаласы |
181 |
|
Орал қаласы |
114 |
|
Өскемен қаласы |
145 |
|
Шымкент қаласы |
181 |
|
Облыс орталығы ставкаларының пайызы |
||
Облыстық маңызы бар қалалар |
85 |
|
Аудандық маңызы бар қалалар |
75 |
|
Кенттер. |
Ауыл елді мекендер |
|
Далалық орманды, далалық және құрғақ далалық, жартылай шөлейт және шөлейт, тау бөктеріндегі – шөлейт – далалық, субтропикалық — шөлейт аймақтарда орналасқан елді мекендер |
25 18
30 |
15 10
18 |
Ескеретін жай, Қазақстанның жаңа Жер кодексі қабылданған 1,5 жылдың жүзінде осы заңға сәйкес біршама аса маңызды істер жүзеге асты. 1) Осы уақыттар ішінде республикамыздың 41 мың гектар ауылшаруашылық жері жеке меншікке сатылып, одан түскен 800 миллион теңгеден астам қаржы ұлттық қорға аударылыпты. 2) Ауыл шаруашылық жерлерін банктер кепілге қояр құндылық ретінде қабылдай бастады. Мәселен, өткен жыл көлемінде екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығына 50 миллиард теңгенің несиесін бөлген болса, кодекс жұмыс істеуге кіріскен үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының өзінде 92 миллиард теңгенің несиесін бөлген. Бұл жағдай ауылшаруашылығын жоғарғы көтеруге көп үлес қосуы күмәнсіз. 3) Кодекстегі өтпелі ережелерді қамтитын 170-ші бапқа сәйкес келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап жер телімдерін субарендаға беру толық күшін жоймақ. Осыған байланысты жер телімдерін қайта рәсімдеу жұмыстары көпшілік облыстарда қазірдің өзінде мәреге жетсе, енді бірқатары аяқталуға таяу. Сонымен бұл жұмыстар жыл бойы аяғына дейін, яғни кодексте көрсетілген мерзіміне дейін бітеді (19).
Қазақстан топырақтарының экологиясы. Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады.
Белгілі Америка экологы О.Одумның (20) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүруі үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық заттар өндіру; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпта болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6,0 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы жер жүзіндегі әр адамға қажетт 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар-ақ жер келеді. Дегенмен бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы орталық Мәскеу Қазақстан өндірісінің 93%-не қожалық етіп келді. Себебі республикамыз Одақтың нұсқауымен негізінен шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру-өндірістің ең “ылас” саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі “қаймағын” ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық қазбалы байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау кезінде жерімізге көптеген – “жарақаттар” түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең “арзан” ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әртүрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық-қоқыстарды, жылу электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны-әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада ыдыратып, минералдандыратын бірден-бір жәндік немесе микроорганизмдер жоқ. Сондықтан олар бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жерге саналып, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа енгізген зиянды әрекеттерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан қоқыс-қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 мың гектардай екен.
Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба байлықтарды алған кезде “таза бұзылған” жерлерден басқа әскери-өндірістік кешендерден бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым көпшілік жерлері ядролық қару-жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшырған кездерде бұзылып, зақымданып оның ішінде радиацияға шалынып, “ғарыш” қоқыстарымен ыластанады. Бұл мәліметтердің көп уақыт құпия болып келгені мәлім. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттар тобы кейінгі кезде анықтағандай, еліміздің “қорғаныс” мақсатына бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асатын көрінеді. Бұл “қорғаныс” мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген және болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап есептеу – келешектің ісі. Қынжылатын шындық, Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядерлы-стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында табылып алынды, ядролық қондырғылар осында дайындалып осында сыналды, ракеталы-ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның барлығы 40 жыл бойы. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ыластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі Капустин-яр полигондарының қазақ жеріне тигізген зияндары ұшан-теңіз екені даусыз. Семей полигонының табиғатқа, қоғамға тигізген зияндарының барлығын атап өту әзірше мүмкін емес. Дегенмен сол кездегі Әскери ведомствоның бір сорақы қылмысы туралы бір мысалды айта кетейік. 1953 жылы тамыздың 12 күні »Қайнар» селосында Кеңес Одағында академик А.Д.Сахаровтың жетекшілігімен дайындалған алғашқы сутегі бомбасын сынау өткізілді. Міне осы сынақ кезінде жарылыс болатын нүктеден жарылыс әсерлерін байқау әртүрлі қашықтықта, түрлі құрылыстар, жануарлар түрлері, 42 денсаулығы жақсы жергілікті азамзаттар тәжірибе үшін қалдырылған. Сонымен тәжірибедегі адамдардың денсаулығын зерттеу Одақ тарағанша жалғасқан. Баспасөзде жарияланған соңғы кездердегі материалдарға қарағанда сол 42 адамның 1990 жылдардың басында 3-і ғана 1 топтағы мүгедектер еді, қазіргі күндері олар да дүниеден өткен. Бұл мәселенің кезінде аса құпияда болғаны белгілі, тек тәуелсіз алған жылдардан бері біршама мәліметтерге ие болдық. Осы мысалға қарап, Қазақстанның адам тағдырына осылай қараған Кеңестік Одақ, Қазақстан табиғатына ешқандай мән бермегені түсінікті жағдай. Бұл материалдар С.Байкадиұлының кезіндегі »Халық кеңесі» (11 ақпан, 1993 ж.) »Қырық жылға созылған кесел» мақаласынан алынды (21).
Біздің шамалауымызша ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген және ыластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған.
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына жайылым жерлерді де жатқызамыз. Жайылмдардың тарлығынан оларың біркелкі суландырылмағандығынан қыстау мен мал суаратын және елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған гектар жайылымдар “тұяқ тесті” алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы айналымына жарамай шыққан жайылымдар көлемі Қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі А.Асановтың мәліметіне қарағанда 15 млн гектардай, ал өнімі көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан асады (22).
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер тағы да ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен ыластанған Каспий өңіріндегі жайылым жерлерді де жатқызамыз. Шамамен олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған, ыластанған жерлер көлемі республикамызда 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жерде әртүрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне су тасқынынан кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер де жатады. Республикамыздағы мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру жұмыстары жайында кітаптың соңғы бөлімінде тоқталмақпыз.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей Қазақстанда жатқан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік-шығыс алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру. Өркениеттің үдемелеп дамуына байланысты ауыл шаруашылыққа қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға пайдаланылып келеді. Мысалы, олар әр түрлі құрылыстар салуға, жол және электр тораптарын тартуға т.б. мақсаттарға жұмсалуда. Ал өндірісті қарыштатып дамыту үшін көптеген минералды заттарды, құрылыс материалдарды барлау, қазып алу және байыту кезіндегі жұмыстарды үлкен геологиялық жүмыстармен салыстыруға болады. Мәселен, 1970 жыдың басында жер бетіндегі әрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен жыл сайын жер астынан 20 тонна әр түрлі минерал мен тау жынысын қопарса, қазіргі кезде әр адам үшін 30 тоннадай минерал мен тау жыныстарын шығарады (29). Дегенмен жер қыртысынан шығарылған соншама көп заттардың тек 2%-дайы ғана пайдалы мүқтаждыққа жұмсалады, қалғаны табиғатқа «ұнамсыз», «сіңімсіз» түрде қайтарылады. Бұл жағдай табиғат «денсаулығына» көп нұқсан келтіреді. Көптеген пайдалы жерлерді басып қалып, пайдасыз етеді. Сондықтан мұндай жерлер көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, пайдаға асуы қажет. Себебі бүкіл әлемдегі сияқгы біздің елімізде де жылдан-жылға халық саны үдемелеп өсуде. Адам қоғамынның жерден өндіретін тамақтық, киімдік заттарға мүқтаждығы, талғамы жылдан-жылға аспаса, кемімейді. Жер-Ананы пайдалануға негізгі бағыт — әр гектар жерді тиімді пайдаланып, ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін орынды пайдалана отырып, егістіктердің әр гектарынан түсетін өнімді арттыру, жерді талан-тараждықтан сақтау. Жерді тиімді пайдаланудың бір жолы — осы айтылған өзіміз бүлдірген жерлерді қайта қалпына келтіріп культивациялау (рекультивация), құнарландыру.
Баршаға мәлім, соңғы жылдары үкіметіміз біздің сарқылмас алтын қорымыз — жерді тиімді пайдалану, оның құнарын арттыру, оны дұрыс пайдаланбаған мекемелерге тиісті шаралар қолдану жөнінде заңдар қабылдады. 1993 жылы республикамыздың жер туралы заңы қабылданса, Қазақстанның жаңа нұсқадағы жер кодексі 2003 жылы қабылданды. Бұл заңдарда айтылғандай, жерді жарақаттаған мекемелер, қазба-байлықтар алып болған соң, көп ұзамай өз қаражатымен бұзылған жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіруі тиіс. Өкінішке орай, бұл мәселе Қазақстанда әлі жөнді қолға алынбай келеді.
Жерді қайта культивациялауда Украинада, Москва аймағында, Грузияда, Оралда, Сібірдің кейбір жерлерінде жап-жақсы жетістіктері бар. Біздің республикамызда кезінде қазылып, қазір бос тасталған кен карьерлері, тау жыныстарының үйінділері, жылу электростанцияларынан шығарылған күлдер, тағы басқа әр түрлі қоқыс-қалдықтар, үйілген жарамсыз жиындылар көп-ақ. Бұл аймақтар табиғатқа адам қоғамының дамуымен енгізілген “жарақаттары”. Бетінде шөп өспейтін болған соң, олар желге ұшып, суға ағып, аймақты былғайды. Мұндай жерлер Қазақстанның өндірісі мен құрылысы дамыған барлық облыстарында кездеседі. Соңғы есептеулерге қарағанда, Қазақстанда мұндай өндіріс бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай. Оның басым көпшілігі бұрынғы автомобиль жолдары, түсті металл, құрылыс т.б. министрліктерінің үлесіне тиеді. Ал бүкіл ТМД-да мұндай бұзылған жерлер көлемі 2 млн гектардан асады. Республикамызда осы күнге дейін “жарақат” жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіру әлі де жақсы жолға қойылған жоқ. Бұл бұдан әрі созуға болмайтын, толғағы жеткен мәселе.
Қазақстанда жерді қайта культивациялау бағытында бүкіл республика көлемінде жөнді қолға алынбағанмен, бұл мәселені өз инициативаларымен қолға алып, шұғылдана бастаған мекемелер бар. Оның ішінде едәуір жетістіктерге жеткендердің бірі — Қарағанды көмір өндірушілері. Көмір шахталары бар алқаптарда террикондар — көмірдің үстіңгі бетін жауып жататын, көмір қалдықтары аралас бос жыныстардан түратын үйінділер кездеседі. Бұлар қалаға жақын жатып, кейбіреулері тіпті жанып, желге ұшып, қаланың санитарлық жағдайын нашарлатады. Оның үстіне, құрылысқа, ауыл шаруашылығына қажетті қымбат жерлерді істен шығарады. Мұндай террикондар саны Қарағандыда соңғы жылдарға дейін жүзден астам болатын. Террикондар астындағы және санитарлық аймақты қоса есептегенде, 7000 гектардан астам жер пайдасыз жатқан. Кейінгі кездерде Қарағанды көміршілері бұл террикондарды құртуда жақсы нәтижелерге жетуде. Көптеген жылдар үйілген тау жыныстары қолдан жасалған ойпатты жерлерді немесе табиғи жағдайда кездесетін сай-саланы тегістеуге, жол құрылысында, жол деңгейлерін биіктетуге төселініп, пайдаға асуда. Тау жынысынан босап, тазаланған және қолдан тегістелген жерлерге топырақ қабаттары төгіліп, көк шөптер, гүлдер, ағаш пен бұталар егіліп, отырғызылып, ауа тазарып, қаланың сәні жақсаруда. Жүзден астам террикондардың басым бөлігі қазірдің өзінде жойылды. Оларға Астана ауыл шаруашылығы институты топырақтану кафедрасының оқымыстылары ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп келеді.
Біздің республикамыз – үлкен құрылыс алаңы. Оған көп құрылыс материалдары қажет. Сол құрылыс материалдарын іздеу, оны қазып алып, пайдалану кезінде жерге көп жарақаттар салды, әсіресе құрылыс материалдарын өндіру министрлігінің әр түрлі заводтары зор зиян әкелді. Сондықтан мұндай «жарақаттарды» «емдеу» мәселесіне алғашқының бірі болып кіріскен де осы министрліктің мекемелері.
Министрлік жанында кезінде жерді қайта культивациялау жөнінде тәжірибе-әдістеме бөлімі біраз жылдан бері жемісті жұмыс істеген еді. Бұл бөлімнің жерді қайта культивациялау жөнінде алғаш жасаған жобалары жүзеге асты. Мәселен, Шымкент цемент заводы бүлдірген, көлемі 30 гектардай топырақ карьері қайта жақсартылып, бұрынғы иесі Сайрам ауданының Ленин ұжымшарына қайтарып берілді.
Бүлінген жерлерді қайта культивациялаудың дайын жобалары министрлікте баршылық, алайда іс жүзіне асуы баяу жүргізілуде. Себебі бұл жұмыс әлі де сыннан өтуді қажет етеді. Жерді қайта культивациялау дегеніміз жерді бұрынғы бүлінбеген жағдайына, яғни жердің құнарын кемітпей, бүрынғы қалпына келтіру деген сөз. Ол үшін қазылған, құнарсыз карьерлер тегістеліп болғаннан кейін оның бетіне құнарлы топырақ қабаттары төселінуі тиіс. Әңгіменің негізгі түйіні осы, төсейтін құнарлы топырақ қабаттары көпшілік жағдайда табыла бермейді. Мұның себебі қайта культивациялауға қажет карьерлердің көбісі ескі. Ал соңғы уақыттарға шейін карьерлер қазудан бұрын топырақ қабаттары алынып, оларды жерді қайта культивациялау мақсаты үшін арнайы сақталған емес. Табиғи жағдайда ғасырлар бойы түзіліп, пайда болатын топырақтың негізгі карашіріндісі бар, ең құнарлы қабаттары кезінде өзіміздің қателік жасап, ескермеуімізден рәсуә болып, үйінділер астында қалған. Ал қазір керек кезінде оны табу өте қиын. Қазіргі жер туралы заңда жер қыртысын бұзушы мекемелер алдын ала құнарлы қабатты бөлек алып, жерді қайта культивациялауға дейін сақгау қажеттігі айтылған. Демек, бұдан былай қазылатын карьерлерді қайта культивациялау көп оңайға түседі деген үміт бар.
Қазіргі кезде республикамызда бүлінген, «жарақаттанған» жерлерді культивациялау негізінен топырақтың құнарлы қабаттары сақталмаған жағдайларда өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе құнары өте аз топырақтың төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған, таза тау жыныстанрын пайдалануға тура келеді. Құнарсыз тау жынысында немесе құнары аз жер қыртысының төменгі қабаттарында ештеңе өсіп жарытпайтыны белгілі. Сондықган оны ауыл шаруашылығымызға пайдалану үшін құнарын арттыру керек. Ол үшін бұл жерлерге әр түрлі тыңайтқыштар енгізіп, осындай жағдайға өсуге бейім өсімдіктерді таңдап өсіру керек. Бұған культивациялауға пайдаланылған тау жыныстарының қүрамы, қасиеттері көп әсер етеді. Мәселен, тау алқаптарында тараған лесс және осыған тектес тау жыныстары көп жағдайда бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен ағаштардың кейбір түрлерінің өсуіне жарамды. Ал кей реттерде топырақтың құнарлы қабаттары сақталып қалады, бірақ оның көлемі қайта культивациялауға қажетті жерлерге төселуге жетпейді. Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір өсімдіктерге онша көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мәселелердің барлығын өндіріске енгізбей тұрып, тәжірибе жүзінде алдын ала тексеріп алу пайдалы. Мұндай тәжірибе жүмыстары Украинада, Мәскеу төңірегінде жүргізілген. Қазақстанның өзінде жер, климат жағдайларының әр түрлілігінен бір жерде жүргізілген тәжірибе, екінші жерде ойдағыдай нәтиже бере қоймайды. Сондықтан Казақстанның әр түрлі топырақ-климат жағдайларында бұл бағытта тәжірибе жүмыстары жүргізілуі тиіс.
Мұндай дәлелді тәжірибе жұмыстарынсыз өндіріске жерді қайта культивациялау жобаларын енгізу, мемлекеттің көп қаржысын негізсіз жұмсауға әкеп соғады. Ондай жобалар іске асудан бұрын жоғарғы айтылған мәселелерді тәжірибе жүзінде шешіп, ғылыми түрде негіздеп, жобаға енгізу керек.
Бұл бағыттағы ғылыми-тәжірибе жүмыстары Қазақстандағы жерді қайта культивациялау жұмыстарының пионері болып отырған кезіндегі құрылыс материалдарын өндіру министрлігі мен ғалымдардың бірлескен істерімен басталған болтаын. Алматының тау алқабындағы суарылмайтын, бүлінген жерлерді кайта культивациялағанда егілетін егістерді сынау жұмыстарын Казақ ауыл шаруашылық институты ғалымдары жүргізсе, Оңтүстік Казақстан облысының тау етектеріндегі бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егуге қажетті дақылдарды сынау, әр түрлі тыңайтқыштар енгізу жүмыстары Топырақтану институтының ғалымдарына жүктелген болатын. Соңғы жылдары кезіндегі Түсті металдар министрлігінің өтініші бойынша мұндай жұмыстар республикамыздың шығысындағы кенді Алтайда жүргізілді. Топырақтану институты мен Орталық ботаника бағының ғалымдары бұл салада көптеген игілікті істерді бірлесіп өткізуде.
Бүлінген жерлер Қазақстанның оңтүстік немесе шығыс облыстарында ғана емес, басқа да облыстарда да баршылық. Жерді «жарақаттайтын» тек құрылыс материалдарын өндіретін және түсті металл министрліктер мекемелері мен Қарағанды көміршілері ғана емес, ондайлар көптеп кездеседі. Бұл жағдайға бұдан әрі төзуге болмайды. Әңгіме Үкіметіміздің жер туралы арнайы қаулылары мен заңдарын бұлжытпай орындауға келіп тірелді.
Топырақты тыңайту мәселелері. Егілген егіннен мол өнім алу үшін топырақта өсімдіктерге қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті болуы шарт. Әдетте топырақтың қай жерде орналасуына және басқа табиғи жағдайларға қарай оның құрамында өсімдіктер тіршілігіне қажетті қоректік заттардың қоры шексіз емес, олар жыл сайын егілетін өсімдіктердің өсіп-жетілуінен, түскен өніміне қарай жұмсалып, белгілі мөлшерде кеміп отырады.
Егістіктердің топырақ құрамынан қаншалықты мөлшерде қоректік заттар алатынын мына мысалдан анық көруге болады. Мәселен, жүгерінің гектарынан 600 центнер көк балауса жинау үшін өсімдік өсіп жетілу дәуірінде жерден 150 кг азот, 70 кг фосфор, 200 кг калий тұздарын алады. Ал қант қызылшасының әр гектарынан 400 центнер тәтті тамыр алу үшін қызылша өзінің вегетация кезеңінде бойына орта есеппен 160 кг азот, 60 кг фосфор, 260 кг калий сіңіреді екен (31). Өнім бұдан жоғары болған жағдайда өсімдіктердің жерден алатын қоректік заттарының мөлшері де арта түседі. Егер егістік жерлерден тұрақты әрі жоғары өнім алғымыз келсе, онда қосымша тыңайтқыштар енгізу қажет. Егістікке тыңайтқыштарды топырақтағы минералдық және органикалық заттардың мөлшеріне, егілген егіндердің физиологиялық ерекшеліктеріне қарап енгізеді.
Бұл жөнінде республикамыздың барлық облыстарында жүмыс істейтін агрохимиялық лабораториялардың қолғабысы үлкен. Бұл лабораториялардың қызметкерлері облыстардағы барлық ұжымшарлардың егіс танаптарының агрохимиялық картограммаларын жасап, әрбір шаруашылық басшыларына қай жерге қандай тыңайтқыш және қандай мөлшерде енгізу туралы ұсыныстар береді.
Республикамыздың білім министрлігі — Ғылым академиясының Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институты қызметкерлерінің көп жылдық жүргізген агрохимиялық зерттеу жұмыстары мынаны көрсетеді:
- Қазақстанның барлық топырақтары табиғи жағдайдың өзінде калиймен жақсы қамтамасыз етілген. Калий тыңайтқышын тек картоп пен қызылша үшін енгізген жөн.
- Қазақстанның барлық топырақтары фосфорлы тыңайтқыштарды керек етеді. Сондықтан оны барлық егістіктер үшін тиімді пайдаланған жөн. Әсіресе суармалы жерлерде фосфорлы тыңайтқыштар ауадай қажет.
- Қазақстанның топырақтары азотты тыңайтқыштарды да көп қажетсінеді. Әсіресе олар оңтүстік облыстардың суармалы техникалық дақылдар мен суармалы жерлерде өсірілетін басқа дақылдар үшін өте қажет.
- Қазақстан топырақтары микроэлементтермен — жылжымалы бормен және марганецпен қамтамасыз етілген. Жылжымалы бордың Каспий маңы ойпатында мөлшерден артық екендігі анықталды. Молибден мен мырыш оларда тапшы болса, мыс орта мөлшерде кездеседі. Кобальт Қазақстанның барлық жерінде мөлшердегіден аз. Тәжірибе көрсеткендей, егістікке тек қана жоғарыда айтылған макротыңайтқыштарды ғана емес, сонымен қатар микротыңайтқыштарды да қажетті мөлшерде енгізу егістіктің өнімін едәуір арттырады, сондай-ақ дақылдардың сапасына әсер етеді.
Минералды тыңайтқыштар, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыттар соңғы жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.
Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш микроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да, қажетті микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден, кобальт екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.
Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Ал негізінен егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.
Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі — жоғарыда айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар немес сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап етпей, өніп-өсіп жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі еліміздің-оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан-ақ белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның құнарлылығына микроорганизмдердің, оның ішінде бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп “қолқабыс” тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы препараттардың ішінен нитрагин, азотбактерин мен фосфорбактерин т.б. енгізеді.
2.3 Орман ресурстарын бағалау әдістері
Орман халық шаруашылығына қажетті құнды материал – ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс-жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, құстар, жәндіктер өмір сүреді.
Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн.га, оның ішінде ағашты алқап — 9,1млн.га. Орманнан жылына 2,0 – 2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал есптелген кесуге болатын шамасы 3 — 3,5 млн.м3-ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады дуге болады. Еліміз жылына 11 млн.м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандар негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіріесе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағаштар өсіруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.
Екінші мәселе – ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын ұқыпты жүргізу керек. Бұл жұмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нұқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа құндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярлағанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.
Үшінші мәселе – орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған, онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бұл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.
Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бұтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (макулатура есебінен) қамтамасыз теуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық, қызметтер үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даярлау шығындар үнемделеді.
Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да, оны пайдалану қақыны артып отыруына байланысты орман қорын өсіруге, қорғауға еңбек жұмсауға тура келеді. Сондықтан олрман халық шаруашылық зер затына айналды. Осыған сәйкес орман шаруашылығына жұмсалған барлық шығындар, еңбектің нәтижесі, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану, қорғау экономикасы орманды өсіру құнын, қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді. Орман шаруашылығы өндірістің жеке саласы ретінде өзінен- өзі қаржыландырады, шаруашылық есеп жүргізеді. Бұл үшін ең бірінші кезекте оман қорын экономикалық бағалай білуіміз керек.
Таяу уақыттарға дейін орман қорын экономикалық бағалау тежеліп келді. Бұған себеп, бір жағынан орман рентасын мойындамау, екінші жағынан табиғатта өздігінен өскен ағашқа еңбек жұмсалмағанда оның құны жоқ деп есептеліп келді. Соның нәтижесінде өсіп тұрған ағаштың, орманның бағасы жоқ, бірақ жеке ағаш кесуге берілгенде бағасы (таксасы) бар.
Орман ағаштарымен қатар, құндылық тудыратын орман қорының жері де бағалануы тиіс. Қысқаша айтқанда орман қорын бағалау қажеттігі мынандай жағдайлардан туындайды:
- орман қоры ұлттық байлық;
- орман шаруашылығы материалдық өндірістің жеке саласы. Онда орман өсіру, қорғау жұмыстары жүргізіледі. Орман өнімдері басқа халық шаруашылық салаларына пайдалануға тауар қатынасы бойынша беріледі;
- орман жерлерінің сапасына, орналасу аймағына байланысты оның өнімділігі де әр түрлі;
- орман шаруашылық шығындары соның нәтижесінде алынған өнімдер арқылы толығымен қайтарылуы тиіс және дифференциялдық рента табиғат байлығының иесіне тиесілі болу керек;
- орман қорын өсіруді, қорғауды және тиімді пайдалдануды экономикалық ынталандыру қажет және орман қорын бүлдірушілур, ысырап етушілер, оған зиян келтірушілер материалдық жауапкершілікке тартылады.
Орман ағаштарын эконимакалық бағалау, оған такса белгілеу басқа табиғат байлықтарын бағалаудан бұрын басталады. Орманды экономикалық бағалағанда әрқашан орман жері ондағы ағаш қоры бөлек бағаланды. Кез келген бағалау, оның ішінде экономикалық бағалау шығындар мен нәтижелерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Осы нысандардың негізінде экономикалық бағалаудың бірнеше әдістері белгілі болды.
- Орташа алынатын табыс бойынша, оның ішінде:
- таза табыспен немесе;
ә) жалпы табыс мөлшерімен.
- Нақты табыс мөлшерімен;оның ішінде:
- аймақтағы сұранысты есепке алып;
ә) дайындалған ағаш санына қарай.
- Орман шаруашылық табысын ауыл шаруашылық табыспен салыстырып бағалау.
Орман қорын экономикалық бағалау оның бірнеше ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Орманның негізгі ресурсы ағаштарды өсіруге, қорғауға шығындар жұмсалатын мезгіл мен оның нәтижесін алатын уақыт бір-бірінен алшақ, яғни шығын бірден қайтарылмайды, бірнеше жылдан кейін ағаш пісіп жетілгенде қайтады. Ауыл шаруашылығында өнімді жылда алуға болады, ал орман шаруашылағында жеке ағаштың пісіп жетілуін көп жыл тосуға тура келеді.
Орман жер бетінде бір қалыпты тегіс орналаспаған. Орманды жердің өзінде ағаш өнімділік әр түрлі оған қоса ағаштың түтынуға қажетті сапасы да әр түрлі болады.Орман алқаптары тұтынушылардан, негізгі жол магистралдарынан әр түрлі қашықтықта орналасқан. Сондықтан ағаш даиындау шығындары да біркелкі емес және ол орман орналасқан жер жағдаиына байланысты өэгеріп отырады.
Орман қорын экономикалық бағалау оның потенциалды өнімділігіне сүйенуі тиіс. Сонымен қатар, орман өсіру кезінде аралық кесімдерден алынатын тиімдер ескерілу тиіс. Кейде мұндай кесімдер ағаш қорының 30%-іне жетеді. Орманның потенциалды өнімділігін нақты орман шаруашылық аудандары бойынша ондағы басым ағаш түрінің өсіп жетілу жасына сәйкес анықтайды. Есептелеті уақыт ұзақтығы орманның ұдайы өсуіне қажетті болып табылады және ағаштың кадастрлық жасына сәйкес келмеуі мүмкін.
Кадастрлық жас ағаш түріне, ағаш өсетін аймақтың жағдайына байланысты болады. Бір түр ағаштың өзі әр түрлі аймақта әр түрлі мерзімде өсіп жетіледі. Сондықтан орман қорын орман шаруашылық аймақтары бойынша бағалаған дәлірек болады.
Орман қорын тек қана шикізаттық табиғат ресурсы – ағаш қоры ретінде бағалау жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі де бағалануы тиіс. Орманның осы негізгі екі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Орманды ағаш қоры көп болса, оның экологиялық мүмкіншілігі де мол. Сондықтан орманның осы екі қасиеті біртұтас әдістемелік негізде бағалануы тиіс. Бірақ мұның бір қиыншылығы ағаш қорына байланысты орманның экономикалық тиімін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық құндылығы дәл өлшеуге келмейді.
Аталған ерекшеліктер орман қорын ренталық қағиданың негізінде экономикалық бағалауға мүмкін екенін көрсетеді. Шығын мен нәтиженің уақыт алшақтығын тоны ескеретін ерекше дисконттау тәсілімен есептейді.
Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алынатын барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді яғни орманның халық шаруашылық құндылығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондағы ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, олрманның экологиялық құызметтері бағаланады.
Бағалау белгісі ретінде орман қорын тиімді пайдаланғанда алынатын халық шаруашылық тиім алынады. Халық шаруашылық тиім орманның барлық қызметтері бойынша оман өнімдерінің кадастрлық бағасы немесе шеткі шығын мен дербес шығындардың айырмашылығымен анықталады. Шеткі шығын оптималды жоспар негізінде есептеледі. Шеткі шығын орман алқаптары бойынша белгілінеді. Шеткі шығын шамасы орман алқаптарының атқаратын негізгі қызметіне сәйкес анықталады. Мұнда аймақтың нақты мерзімде орман қорымен қамтамасыз етілуі ескеріледі.
Шеткі шығын шамасын барлық аймаққа бірдей немесе ондай аймақтарды көп жіктеп әр облыс бойынша әрқайсысына әр түрлі шеткі шығын шамасын белгілеуде дұрыс болмайды. Өте көп (әр облыс бойынша) шеткі шығын белгілеу дәйексіз дәлелсіз әр түрлі экономикалық бағалаулар тудырады және есептеулерді қиындатады. Керісінше барлық аймаққа бірдей шеткі шығын шамасын белгілеу орманның құндылығына әсер ететін табиғи факторларды ескермеуге әкеп соғады.
Сонымен қатар шеткі шығын шамасына кейбір афторлар ұсынғандай, ағаш дайындау шығындарын қосудың қажеті жоқ. Шеткі шығын өсіп тұрған ағаш қорын, орман қорын (кесілген ағашты емес) бағалауға қолданылады. Сондықтан онда тек қана орман өсіруге, күтіп-баптауға, қорғауға және соған байланысты шығындар ғана есептелуі тиіс.
Сонымен әр орман аймақтарындағы шеткі шығын шамасы табиғи ерекшеліктерден туындайтын орман шаруашылық шығындар айырмашылығын ғана ескру тиіс. Мұндай айырмашылықтар, бір жағынан, әр аймақта орманға қоғамдық қажетті шығын шамасының шегін, екінші жағынан орманды алқаптарға қарағанда орманы аз алқаптарда орман өсіру қаншама қымбатқа түсетінін көрсетеді.
Шеткі шығын шамасы орман шаруашылық шаралардың қалыптасқын, түбірімен өзгермейтін мерзімге белгіленеді. Күрделі өзгерістер болған жағдайда шеткі шығын шамасы өзгертіледі. Бір аймақтың өзінде орман ағашының түрі, өнімділігі, іске жарамдылығы әр түрлі болады. Сондықтан олар таксациялық бөлімдер бойынша жеке-жеке бағаланады. Ормандағы ағаштардың жастары әр түрлі болғанымен, бағалануы бірдей, ал олардың жасына байланысты құндылығы басқаша, пісіп жетілгені ғана құнды, сондықтан бағалау уақыт факторын ескеріп жүргізіледі, дисконттау тәсілі қолданылады.
Орман ағаш қорының экономикалық бағалануы:
мұнда: Ma – кесімге жарамды ағаш қоры;
ra — 1 м3 кесілген ағаштан алынатын жылдық рента;
T — ағаштың кесімге жарамды жасы;
t — ағаш қорын бағалау жасы.
Негізгі кесімге дейін санитарлық тазарту, күтіп-баптау,сирету кесімдері жүргізіледі, осы мақсаттарда кесілген ағаштар да экономикалық бағалауға қосылады.
Орман жерін бағалағанда, оны тиімді пайдаланғанда үздіксіз өнім алуға болатыны ескеріледі. Сондықтан негізгі кесімдер бойынша орман жерінің экономикалық бағалануы:
мұнда: Mb – 1га орман жеріндегі жылдық ағаш өсімі;
rb — 1 га орман жерінен алынатын рента.
Егер бағаланатын орман алқабынан жылма-жыл бірдей ағаш дайындауға болады десек, ол жерді формуласымен бағалауға болар еді. Мұнда R-1 га алқаптан шексіз алынатын тұрақты жылдық рента. Бірақ орман жері рентаны бірнеше жылдан кейін ағаштары кесімге жарамды болғанда ғана бере бастайды. Сондықтан жоғарыдағы формула қолданылады. Оны қолдану шарттары:
- орман жері ағашы пісіп жетілгенше пайдаланылмайды;
- жылдық ренталар тең;
- уақыт факторын есептейтін дисконттау коэфициенті тұрақты.
Орман қорын жанама пайдаланудың кәсіптік маңызы болғанда ол бағалауға қатыстырылады.
мұнда: Vi – жанама пайдаланудан алынатын;
i — өнім шамасы;
ri — өнімнің бір өлшемінен ренталық тиім.
Кейбір қосалқы орман өнімдері, мысалы ағаш шайыры, аралығына 5-10 жыл салып (ағашты салыстыру үшін) дайындалады, сондықтан:
мұндағы: t1 – бағалаудың алдындағы шайыр дайындалған жыл.
Орман қорының жалпы жиынтық бағасы осы бағалаулардың қосындысы болады бірақ іс жүзінде орман ағаштары және орман жері бағаланады.
Жалпы орман қорын бағалағанда мәліметтер толық болмағандықтан экологиялық қызметін бағалау оған қосылмайды. Тек қана арнаулы экологиялық қызметін атқаратын ормандар осы қызметіне сәйкес бағаланады және мұндай бағалаулар орманды пайдалану бағытын өзгерткенде оның тиімді немесе тиімсіз екенін дәлелдеу үшін қажет болады. Орманның экологиялық қызметі таксациялық бөлімдер бойынша емес, тұтас анықталады;
мұнда: Vi – i дақылдың қозғалатын алқапта өнімділігінің артуы, ц/га;
Si – дақыл егілген жер ауданы, га;
Ci – келтірілген шығын, тг/ц;
SЛ –орман жерінің ауданы,га;
Е= 0,02.
Орманның эрозияға қарсы қызметін болдырмаған шығын шамасымен анықтауға болады.
мұнда: Rj – j дәрежесінде шайылған жердің кадастырлық бағасы, тг/га;
Sj – j дәрежесінде шайылған жер ауданы ормандылығы нақты бағаланатын шамада, га;
Sj – сондай жер ормандылығы нөлге тең шамада, га;
SЛ – орман аумағы, га.
Ауыл шаруашылық жерлерінің кадастырлық бағасы болмаған жағдайда:
Шартты белгілері жоғарыдағы формулаларға сәйкес.
Орманның су қорын қалыптастыру қызметі су қорының құндылығының артуымен бағаланады
мұнда: Cz – топырақтың ылғалдылығының артуы, м3/га;
Z – суға аймақтағы шеткі шығын, тг/м3;
S – су қоры қорғалатын жердің ормандылығы, есептелген сандармен беріледі.
Орманның сауықтыру рекрияциялық қызметі сондай ормандағы шеткі шығынмен дербес шығынның айырмасы арқылы бағаланады
мұнда: Cn — шеткі шығындық орман бөлігіндегі орман шаруашылық шығын, тг/га;
Ci – бағаланатын орман бөлігіндегі орман шаруашылық келтірілген шығын, тг/га;
Pi – сауықтыру орманын жылдық пайдалану шамасы (мысалы, бір мерзімде адамдар саны, адам /сағат 1 га есептегенде).
Осылай орманның әр түрлі экологиялық қызметтері қажет болғанда осы қызметтерінің құндылығын сипаттайтын көрсеткіштерді қолданып бағалауға болады. Орманның нақты көрсеткіштерін сипаттауға келмейтін әлеуметтік құндылықтары да жеткілікті. Сонымен қатар, мұндай бағалаулар дәл өлшемдердің болмауынан біршама шартты бағалау екенін түсінуіміз керек.
Орманды қалпына келтіру (өсіру, жаңғырту) құнын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол шығындық қағида негізінде есептеледі. Біріншіден, орман өнімінің ең бастысы ағаштың пайдалану жасына жеткен қоры немесе ағаш қорын оның пісіп жетіле жылдарына болу арқыл анықталатын жылдық қорының артуының құны есептеледі. Екіншіден, бағалау зер заты орман жері және оған қоса ондағы ағаш қоры болып табылады. Сондықтан 1 га орманды жерді қалпына келтіру құны ( Эл).
Эл=Э3+Эд жердің құны мен ағаш қоры құнының қосындысы болады.
Ауыл шаруашылық жерлерін қалпына келтіру құнын анықтау формуласына сәйкес орман жерін қалпына келтіру құны:
мұнда: CHCи – 1 м3 тақтайдың халық шаруашылық (нормалық) және дербес өзіндік құны. Орманды ағаш дайындау мақсатында пайдаланғанда эквивалент тауар ретінде тақтай алынған. Басқа өнімде арнайы коэфициенттері мен тақтай өлшеміне келтіріледі.
Пр – 1 га орманды ағаштың жылдық өсімі;
Еа – тиімділік коэфициенті қабылданған тұрақты шама.
III. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУ
3.1 Геоэкологиялық аудандау түсінігі
Геоэкологияның (ландшафттық экологияның) маңызды мәселесі – адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара байланысының кеңістіктік-уақыттық заңдылықтарын танып білу. Осы мақсатта тек адамды қоршаған табиғи орта (табиғи геожүйелер) ғана емес, сонымен бірге адам қызметінен өзгерген (табиғи-антропогендік геожүйе) орта да ғылыми тұрғыдан зерттеледі. Геоэкологияның ғылыми пән ретіндегі мақсаты — түрлі деңгейдегі табиғи және табиғи антропогендік геожүйелердегі адам тіршілігінің экологиялық жағдайын зерттеп, бағалау.
Табиғи-антропогендік ландшафттардағы экологиялық жағдай түрлі факторларға байланысты: табиғи жағдай мен геожүйенің техногенезге орнықтылық дәрежесіне, қоршаған ортаға адам әсерінің сипаты мен күшіне, тұрғындардың техногенез әсеріне реакциясына (оның ішінде тұрғындар тығыздығына), т.б. Геожүйенің адам тіршілігі ортасы ретінде оның қасиеттерін анықтайтын аталған факторлар географиялық қабық кеңістігінде біркелкі таралмаған. Антропогенездің орын алуы мен геожүйенің табиғат жағдайлары ерекшеліктерінің, табиғи кешендердің құрылымының тығыз байланысы байқалады.
Басқа жағынан қарасақ, ландшафттардың экологиялық қасиеттерін қалпына келтіруге бағытталған шаралардың тиімділігі аймақтың экологиялық бұзылуға ұшыраған табиғат жағдайларына тікелей байланысты.
Осы жағдайлар экологиялық проблемаларды кеңістіктік- аумақтық тұрғыдан, яғни геоэкологиялық аудандау негізінде зерттеу керектігінің айғағы. Осы мақсатта экологиялық проблеманы зерттеудің географиялық әдісінің ұстанымдық мәселелері толық пайдаланылады: кешенділік (табиғи және техникалық жүйелерді бірге қарастыру) және аумақтық (олардың кеңістікте орналасуы).
Геоэкология табиғи-антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайын физикалық-геоэкологиялық провинциялар, аудандар, ландшафттар, т.б. рангінде зерттейтін болғандықтан, геоэкологиялық аудандауға басты негіз жалпы ғылыми физикалық-географиялық аудандау бола алады.
Экологиялық жағдайы зерттеліп отырған аймақтардың табиғат қасиеттерінің бірдей болуы, осы геожүйелердің орнықтандыру мен табиғатын қорғауға бағытталған шаралар жүйесінің бірдей болуына мүмкіндік береді.
Физикалық-географиялық аудандаудың жалпыға белгілі мақсаты – барлық табиғи жағдайының ұқсастығы мен айырмашылығы негізінде жер бетін бір-біріне ұқсайтын табиғи аймақтарға бөлу. Геоэкологиялық аудандаудың алғашқы кезендерінің де негізгі мәселесі осы.
Физикалық-географиялық аудандаудың геоэкологиялық мақсатта қолданылатын ең объективті критериі ретінде генетикалық ұстанымды аламыз. Бұл ұстаным аумақтың түрлі деңгейдегі елдің, зоналар, провинциялар, округтер, аудандар (ландшафттар) табиғи аймақтық бірліктерге физикалық-географиялық топтануының себептерін, уақытын, сипатын көрсетеді.
Азоналық қатардағы ең жоғарғы (ірі) таксондық бірлік – физикалық-географиялық ел. Ол тектоникалық және геологиялық құрылысының бірыңғайлығымен, макрожер бедері мен макро-климатының ортақ белгілерімен, белдеулік ландшафттык зоналылықтың болуы не болмауымен сипатталады.
Ландшафттық зонаның ерекшелігі – жылулық және ылғалдану жағдайларының, топырақ және өсімдік жамылғысының, экзогенді-динамикалық процестерінің бағытының ортақтығы.
Елдер ішінде физикалық-географиялық провинциялар бөлінеді. Олардың маңызды қасиеттері – орографиясы мен жер бедерінің, жер беті тау жыныстарының, топырақ және өсімдік жамылғысының ортақ белгілері. Провинциялар физикалық-географиялық зоналар ішінде орналасады да, оның шегінен шықпайды.
Физикалық-географиялық аудандаудың ең төменгі және ең негізгі бірлігі – физикалық-географиялық аудан немесе ландшафт. Физикалық-географиялық аудан дегеніміз – пайда болуы, геологиялық құрылысы бірдей, жер бедері бір типті, климатының, гидротермиялық тәртібінің, топырағы мен өсімдігінің сипаттары ортақ аумақ.
Геоэкологиялық аудандау, әдетте, физикалық-географиялық аудандаудың жоғарыда аталған таксондық бірліктеріне негізделеді, оның мақсаты — әрбір бөлінген аймақтың экологиялық жағдайын кеңістікте сипаттап, көрсету. Сол себепті физикалық-географиялық аудандаудың таксондық бірліктерін геоэкологиялық аудандаудың бірліктер жүйесіне ұқсатуға болады. Дегенмен, аудандаулардың екі схемасының елеулі айырмашылықтары да бар. Мысалы, геоэкологиялық аймақтың арнайы атаулары. Бұл атаулар табиғи қасиеттерімен бірге бөлінген бірліктің экологиялық фонын да (экологиялық шиеленісу деңгейі) көрсетеді.
Фактілік деректердің аздығы, геоэкологиялық аудандау әдістемесінің жеткілікті зерттелмеуі Қазақстанның геоэкологиялық аудандалуын біз атаған схема бойынша, яғни геоэкологиялық аудандар (ландшафттар) рангінде көрсетуге мүмкіндік бермейді. Осы жағдайға және зертелетін барлық аймақтар бойынша экологиялық деректердің жоқтығына байланысты біз геоэкологиялық аудандаудың аралық қосымша таксондық бірлігін бөлдік. Белгілі бір шектеулі өнеркәсіптік, қалалық ауданның нүктелік локалды, қалпынан жоғары ластануы, осы экологиялық қасиеттері бойынша қоршаған қолайлырақ жағдайдан ерекшеленетін осындай аномалды аймақты геоэкологиялық анклав деп атадық (ғылыми әдебиеттерде анклавты қасиеттері басқа кеңістікпен қоршаған аудандық жағынан бөлектенген үлескі деп түсіндіреді).
Қазақстанның ұсынылып отырған геоэкологиялық аудан-далуының ең төменгі бірлігі-геоэкологиялық анклав. Бұл физикалық-географиялық провинцияның табиғи ортасының орнықсыздану деңгейі доминантты фонмен салыстырғанда жоғары бөлігі. Бұл экологиялық жағдайы антропогендік әсерден шиеленіскен ареал. Ол физикалық географиялық округ, ауданның бөлігі болып табылады, кейде оның шекарасымен сәйкес келеді (геоэкологиялық анклавтардың экологиялық касиеттері А.В.Чигаркиннің жұмысында берілген /36/).
Сонымен, геоэкологиялық аудандау белгілі бір аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайдың кеңістіктік заңдылықтарын қөрсетеді. Экологиялық жағдайы бағаланатын аймақтардың экологиялық қасиеттерінің бірдейлігі, осындай геожүйелерде экологиялық жағдайды жақсарту, қалпына келтіруге бағытталған шаралардың да бірдей болуына мүмкіндік береді.
Табиғатты пайдалану мәселелерін шешуде геоэкологиялық аудандаудың маңызы зор. Осы ұғымға табиғат құбылыстары мен процестерін қоғамға қолайлы бағытта өзгертуге арналған шаралар кешені де енеді. Бұл жағдайда жергілікті табиғат жағдайларының ерекшеліктері жан-жақты ескерілуі қажет. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған еңбекті және қаржыны көп қажет ететін шаралар кешенін біз геожүйелерді экологиялық реконструкциялау стратегиясы деп атаймыз.
Геоэкологиялық аудандау. Қазақстанның табиғат жағдайларының басқаға ұқсамайтын күрделілігі мен алуан түрлілігі осы аумақты табиғи аудандаумен айналысқан ғалымдарды түрлі ғылыми тұжырымдар жасауға мәжбүр етті.
Геоэкологиялық аудандау негізіне Қазақстанның Б.А.Федорович /12/, Н.А. Гвоздецкий мен В.А. Николаев /6/ ұсынып, А.В.Чигаркин /31,33,35/ толықтырған табиғи аудандау схемасы алынды.
Авторлар аймақтар атауларына елеулі өзгерістер, шекара-ларына, табиғаты мен экономикасы туралы деректерге анықта-малар енгізді. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен табиғатты қорғауға байланысты материалдар бірінші рет беріліп отыр. Табиғи аудандаудың физикалық географияға дәстүрлі таксондық бірліктер жүйесі қабылданған: физикалық-географиялық елдер, ұсақ бірлігі — геоэкологиялық анклавтар.
Геоэкологиялық аудандау схемасының арнайы мазмұнының негізінде Қазақстанның белгілі табиғи шаруашылық аймақтарындағы экологиялық жағдайдың шиелінісу белгілері жатыр. Экологиялық жағдай алдымен 1994ж. А.В.Чигаркин жасаған Қазақстанның геоэкологиялық (ландшафттық-экологиялық) картасы негізінде жасалды /29/. Айта кетейік, ландшафттық-экологиялық картаны жасағанда адамды қоршаған экологиялық қолайлы жағдайды сақтауды қамтамасыз ететін кейбір ингредиенттердің ауадағы, судағы және топырақтағы мейлінше шоғырланудың рауалы шегі (ШРШ) (концентрациясы) ескерілген. Бұл интегралды көрсеткіштер Мүмкіндігінше Шектелген Экологиялық Жүктемені (МШЭЖ) сипаттайды /35/.
Қазақстанның геоэкологиялық картасының негізіне салынған экологиялық ақпаратты кешенді сараптау фактілік материалды геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуі – адам тіршілігінің қалыпты жағдайының өзгеруі, табиғи ресурстардың азаюы не таусылуы, геожүйенің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиетінің төмендеуі не жоғалуы. Келеңсіз экологиялық жағдайдың себебі, әдетте, антропогенез, сирек жағдайда табиғи процестер (1 кесте).
Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасының әрбір геоэкологиялық провинциясы экологиялық бұзылудың белгілі бір деңгейіне (сыныбына) жатқызылған.
Экологиялық бұзылуды бағалау критериін таңдау геожүйелерді ранжирлеуді жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бұзылудың одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау жағдайлары бойынша табиғи аймақтарды біріктіру экологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған бірдей шаралар жүйесін жасауға жағдай туғызады /36/.
1 кесте – Қазақстанның геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейлері
№ |
Экологиялық бұзылу деңгейі |
Табиғи ортаның экологиялық бұзылу критериі |
Балл |
1 |
Апаттық |
Табиғат компоненттерінің қөпшілігінің терең, қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырауы |
5 |
2 |
Қауіпті |
Табиғат компоненттерінің көпшілігі-нің терең, бірақ қалпына келетін өзгеріс терге ұшырауы. |
4 |
3 |
Шиеленіскен |
Табиғаттың кейбір компоненттерінің елеулі, бірақ қалпына келетін келеңсіз өзгерістерге ұшырауы. |
3 |
4 |
Қанағаттанарлық |
Табиғаттың құрамдас бөліктерінің құрылымының елеулі, бірақ қалпына келтіруі жеңіл өзгерістерге ұшырауы. |
2 |
5 |
Қолайлы |
Келеңсіз экологиялық өзгерістердің болмауы |
1 |
Жоғарыда аталған ұстанымдарға сәйкес Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасында 8 физикалық географиялық елдер бөлінген, олар 47 геоэкологиялық провинциялардан тұрады (2 кесте). Провинция атауларында экологиялык жағдайды анықтайтын негізгі табиғи және антропогендік факторлар, оның ішінде табиғи зоналылық, экономика мен табиғи ресурстарды пайдаланудың басты бағыттары көрсетілген.
Қазақстанның геоэкологиялық провинцияларын талқылайық. Провинциялар мен геоэкологиялық анклавтардың табиғи-экологиялық қасиеттері және А.В. Чигаркиннің /32-35/ материалдары қолданылды. Қоршаған орта жағдайы туралы деректерінен табиғат ресурстары және қоршаған орта министрлігінің 1996-2000 жылғы деректері /9,10/ және басқа да мәліметтерден /27,42/ алынды. Кейбір табиғи-антропогендік объектілер бойынша мұндай деректер жоқ. Қазақстан геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейін автор есептеді (1 кестені қараңыз).
2 кесте – Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы
Физикалық-географиялық |
Геоэкологиялық провинция |
||
Ел |
зона |
таулы аудан |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
А. Шығыс-Еуропалық (Орыс жазығы) |
дала |
|
1.Еділ-Сырт құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу). 2.Орал-Елек құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу – урбоөнеркәсіптік). |
шөлейт |
|
3.Еділ-Жайық шөлейт (мал шаруашылығы) 4.Жайық алды шөлейт (мал шаруашылығы — мұнай өндіру). |
|
шөл |
|
5. Каспий маңы шөл (мал шаруашылығы-мұнай өндіру). |
|
Б.Орал таулы елі |
|
I.Оңтүстік-Жайық |
6. Мұғалжар таулы-дала (мал шаруашылығы – кен өндіру). 7. Жайық сырты дала (шаруашылық жер өңдеу). |
В.Батыс Сібір жазығы |
орман ды дала |
|
8. Есіл орманды дала (шаруашылық жер өңдеу). |
|
|
|
9. Тобыл маңы дала (шаруашылық жер өңдеу-кен өндіру). 10. Шағыл-Ертіс дала (шаруашылық жер өңдеу). 11. Ертіс маңы құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу-урбоөнеркәсіптік). 12. Барама дала (шаруашылық жер өңдеу). 13. Құлынды құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу). 14. Көкшетау дала (шаруашылық жер өңдеу – рекреациялық). 15. Атбасар құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу). |
В.Батыс Сібір жазығы |
дала |
|
16.Теніз құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу – урбоөнеркәсіптік). 17.Ерейментау-Баянауыл құрғақ дала (мал шаруашылығы-урбоөнеркәсіптік). |
Г.Сары-арқа (Қазақ ұсақ шоқылығы) |
шөлейт |
|
18.Ұлытау шөлейт (мал шаруашылығы). 19. Сарысу-Қызылжар шөлейт (мал шаруашылығы-кен өндіру) 20.Қызылтас шөлейт (мал шаруашылығы) 21.Шынғыстау шөлейт (мал шаруашылығы) |
шөл |
|
22.Солтүстік-Балқаш маңы, шөл (мал шаруашылығы-урбоөнеркәсіптік). |
|
Д.Тұран жазығы |
дала |
|
23.Солтүстік-Торғай құрғақ дала (мал шаруашылығы-жер өңдеу). |
шөлейт |
|
24.Оңтүстік-Торғай шөлейт (мал шаруашылығы). |
|
шөл |
|
25.Маңғыстау шөл (мал шаруашылығы-мұнай өндіру). 26.Үстірт шөл (мал шаруашылығы). 27.Солтүстік Арал маңы шөл (мал шаруашылығы). 28.Бетпақдала шөл (мал шаруашылығы). 29.Мойынқұм шөл (мал шаруашылығы –урбоөнеркәсіптік). 30. Балқаш маңы – Алакөл шөл (мал шаруашылығы – жер өңдеу). 31. Төменгі Сырдария шөл (мал шаруашылығы – жер өңдеу). 32.Сырдария маңы шөл (жер өңдеу-урбоөнеркәсіптік). 33. Солтүстік Қызылкұм шөл (мал шаруашылығы). |
|
Е.Алтай таулы елі |
|
II.Алтай |
34.Батыс Алтай таулы (урбоөнеркәсіптік-кен өндіру). 35.Оңтүстік Алтай таулы (рекреациялық-мал шаруашылығы).
|
Ж.Сауыр-Тарбағатай-Жетісу |
|
III.Сау-ыр-Тар- бағатай |
36.Зайсан тауаралық шөлейт (мал шаруашылығы). 37. Сауыр таулы (мал шаруашылығы-рекреациялық). 38.Тарбағатай таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). 39.Барлық-Майлы таулы (мал шаруашылығы). |
Ж.Сауыр-Тарбағатай-Жетісу |
|
IV.Жетісу |
40.Жетісу Алатауы таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). 41.Батыс-Жетісу таулы (мал шаруашылығы — рекреациялық). |
З.Тянь-Шань таулы |
|
V.Сол-түстік – Тянь-Шань |
42.Шу-Іле таулы (мал шаруашылығы). 43.Іле тауаралық шөл (мал шаруашылық-жер өңдеу). 44.Іле сырты таулы (урбоөнеркәсіптік-рекреациялық). 45.Қырғыз жотасы таулы (мал шаруашылығы-рекреациялық). 46.Қаратау таулы (мал шаруашылығы кен өндіру). |
|
VI. Батыс Тянь- Шань |
47.Өгем-Талас таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). |
3.2 Маңғыстау шөл (мал шаруашылық – мұнай өндіру) провинциясы
Маңғыстау таулы қыратын, Маңғыстау және Кендірлі Қаясан үстірттерін қамтиды. Геоморфологиялық құрылысы өте күрделі. Эрозионды-тілімденген жонды жазықтар мен көптеген ағынсыз ойыстар кезектесіп келеді. Соңғыларын сортаңдар, тақырлар, құмды массивтер алып жатыр. Жазық алқаптарда жоғарғы бордың әктастарынан құрылған Қаратау, Солтүстік және Оңтүстік Ақтау аласа таулары (деңгейі 556 м абс.) – көтеріліп тұрады. Ең терең ойыстары Қарақия (-132 м), Қауынды (-57 м), Қарынжарық (-68 м).
Климаты: құрғақ, шөлдік. Қаңтардың орташа температурасы –2-6°С, шілденікі +26+28°С жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм. Жер беті су арналары жоқ.
Сазды және тасты шөлдер басым, құмды және сортаңды шөл фрагменттері де кездеседі. Сұр-қоңыр топырақта жусанды-сораңды өсімдігі бар.
Табиғи ресурстары мен экономикасы:
Табиғи ресурстардың негізгі түрлері – мұнай мен табиғи газдың бай қоры бар (Маңғышлақ мұнайлы-газды алабы). Каспий теңізінің жақындығы тұщытылған су алудың әлеуетті шексіз көзі ретінде маңызды. Маңызды экономикалық орталықтары – Жетібай-Өзен мұнай кәсіпшілігі, Қазақ мұнай өндіру зауыты, Ақтау қаласындағы теңіз суын тұщытатын атомдық электростанция және Каспий маңы тау-кен-химиялық комбинаты. Көктемгі-күзгі жайылымдар базасында отарлық мал шаруашылығы.
Экологиялық табиғи факторлар
а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – тасты топырақызаның басымдылығы, су эрозиясының елеулі болмауы;
ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – климаттың шұғыл континенттігі мен құрғақтылығы, жиі жел, сусыздығы, топырақтың пайдалануын қиындататын тастылығы мен тұздылығы, өсімдіктің сиректігі, құмдағы дефляция, Каспий теңізінің деңгейлік тәртібінің құбылмалылығы және оның жағалаулық абразиясы.
Қазіргі экологиялық жағдайы:
Экологиялық орнықсыздану деңгейі – шиеленіскен. Эко-логиялық шиеленісу көздері – Каспий теңізі деңгейінің көтерілуінің созылуы, жағалауларының су астында қалуы және абразиясы. Қоршаған ортаның мұнай өндіру салдарынан ластануы топырақ-ызаның мазутталуы, уранды-фосфоритті кеніштер үйінділерінің желмен ұшуы, Ақтау қаласындағы атомдық буландырғыштың әлеуеттік қаупі. Антропогендік шөлдену процесінің белсенділігі, қара жолдардың ретсіз салынуы, газ, мұнай құбырларының салынуы. Мұнай өндіргенде серіктес газды пайдалану проблемасы.
Экологиялық шиеленісу аймақтары
- Ақтау қаласының урбоөнеркәсіптік кешені. Дамыған химиялық өнеркәсібі бар ірі өнеркәсіптік орталық (Каспий маңы тау-кен-химиялық комбинаты). 1999 ж. АЛИ5 — 4,3: шаң (3,3 ШРШ), азоттың қостотығы (1 ШРШ), күкірт қостотығы, аммиак, көміртегі тотығы. БН-350 тез нейтрондарға негізделген атомдық реактор Каспий теңізінің тұзды суын тәулігіне 100 мың м3 көлемде тұщыта алады. Қазақстандағы жалғыз АЭС. Радиоактивті қалдықтарды пайдалану проблемасы, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі, АЭС-н Каспий теңізі суы басып кетуін болдырмау.
- Қошқар Ата қалдық сақтауышы. Ақтау қаласының солтүстік шығысынан 5 км жердегі жалғыз ағынсыз ойыс. Ұзындығы 3,75 км, ені 2 км. Қалдықсақтауышты пайдаланғаннан бері (1966 жылдан бері) жиналған қалдықтардың жалпы мөлшері: сұйық қалдықтар –300 млн т, қатты қалдықтар – 100 млн т. Қалдықсақтауыштың ауданы 66,5 шаршы км, оның ішінде сулы бөлігі 56 шаршы км, қатты қалдықтардың жалаңаш беті 105 шаршы км. Уранды-фосфорлы сирек металдар кендерін өңдеудің ауыр металдары көп қатты қалдықтарының жалаңаштануы — негізгі қауіп. 1992 жылға дейін суқоймасына құйылатын ағын су көлемі 85-90 млн м3/жыл болды, жыл сайын оның деңгейі 15-20 см көтерілді. Қалдықсақтауыш булану тәртібінде жұмыс істейді, сондықтан оны әрдайым сумен қамтамасыз ету керек. Суқоймадан құрамында ауыр металдары бар шаң ұшу белсенді түрде өсіп келе жатыр.
- Жаңа Өзен мұнай кәсіпшілігі. Жаңа Өзен, Жетібай мұнай кәсіпшілігі Маңғыстау үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан, бұрын жылына 20 млн т астам мұнай өндірілді. Атмосфераның серіктес газды жағу алауларымен ластануы, көптеген мұнайға арналған жердегі қоймалар (қуыстар, шұңқырлар), мазутталған жерлер, қара жолдардың ретсіз салынуы ландшафттардың техногендік шөлдену процесін дамытады.
- Каспий теңізінің Маңғыстау жағалауы. Каспий теңізінің Қазақстандық жағалауын тынығуға мақсатта пайдалану жобасына байланысты Қазақ шығанағы су айдының экологиялық жағдайына тұрақты назар аудару қажет.
- Қаражанбас мұнай кәсіпшілігі. Форт-Шевченко посел-кесінің оңтүстік шығысында орналасқан. Серіктес газ шығарындысы, топырақтың мұнаймен ластануы.
Қорықтық нысандар:
а) қазіргі бар – мемлекеттік Үстірт қорығы. Маңғыстау үстіртінің оңтүстік шығысында орналасқан. Қарынжарық сортаңды ойысты, Үстірттің батыс бөлігіндегі қалқанды алып жатыр. Құмды, сортаңды, гипсті шөлдер мен неоген үстірті ландшафттары тән. Алдыңғы Азия мен орталық Азия шөлдерінің бай флорасы мен фаунасы;
ә) ұсынылатын – ландшафттық қорықшалар:
- Қарақия ойысы. ТМД аумағындағы теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан, ең терең құрғақ ойыс. Ірі тұйық ойыстың ұзындығы 40 км, ені 10 км. Ойыстың беткейлері тік жарлы, оның түбінде кепкен көл, сор бар;
- Ақтау таулары. Бұл таулардың өзіне тән ерекшелігі – тау жыныстары қабаттарының жер бетіне үлкен бұрыш жасап еңіс орналасуы. Осының нәтижесінде жер бедерінің өте ерекше куэстті (сатылы) типі қалыптасқан. 3 куэстті қырқа солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Олар жоғарғы бор, палеогеннің әктастары, мергельдері, саздарынан құрылған. Үгілу процесі нәтижесінде қалыптасқан жер бедері экзотикалық пішінді;
- Үстірттің солтүстік қалқаны мен Қайдақ шығанағы жағалауы. Үстірттің биіктігі 100 м артық сор, шығанаққа құлайтын тік жарларын қамтиды. Шөлді жер бедері алуан түрлі пішінді, жануарлардың алуан түрлі биотоптары бар.
- Ақтау-Бозащы Ұлттық табиғи паркі. Солтүстік және Оңтүстік Ақтау тауларының бір бөлігін, Каспий теңізінің Бозащы түбегіндегі ойпатты сортаңды-құмды жағалауын, Үстірттің солтүстік қалқанының бір бөлігін қамтиды. Шөлдің түрлі эдафиттік типтері, өсімдік және жануарлар әлемінің алуан түрлілігі қызығарлық.
Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:
- сүтқоректілер – шұбар күзен, итаю, шағыл мысығы, сабаншы, қарақал, түрікмен құланы, қарақұйрық, үстірт арқары;
- құстар – қоқиқаз, сұнқылдақ аққу, жыланжегіш қыран, қарақұс, бүркіт, жұртшы, ителгі, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі;
- балықтар — еділ майшабағы, каспий албырты, ақбалық;
- өсімдіктер – сүттіген туысы, парсы шырмауық туысы, берік сүттіген туысы, кәдімгі жұмсақ жеміс туысы.
3.3 Үстірт шөл (мал шаруашылығы) провинциясы
Үстіртте – Каспий және Арал теңіздері аралығындағы кең жазықта (деңгейі 250-300 м. абс.) орналасқан. Үстірт Каспий маңы ойпатына, Арал теңізіне, Маңғышлақ үстіртіне 100 м биіктіктен құлайтын тік жарлы қалқандармен шектеледі. Неоген әктастарынан және саздақты-мергельді жыныстарынан, құмтастар мен гнейстерден тұрады.
Үстірттің тегіс жазықтары ірі сорлары (Асмантай-Матай) мен құмды массивтері (Сам құмдары) бар бірқатар ойпаңдармен күрделенген. Жер беті су арналарының жоқтығымен, жер асты суларының терең жатуымен сипатталады.
Климаты: шөлдік, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –5-10°С, шілденікі +26+29°С. жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-130 мм. Сұр-қоңыр топырақ пен тақырларда сұр жусанды бұйырғынды сирек өсімдік басым.
Табиғат ресурстары мен экономикасы.
Негізінен жайылым ретінде қолданылады (көктемгі-күзгі жайылымдар). Мұнай мен газ кен орындары табылды. Табиғат ресурстарын игеру сумен қамтамасыз етілуінің өте нашарлығына байланысты тежеледі. Провинция арқылы бірқатар магистральдық газ құбырлары өтеді.
Экологиялық табиғи факторлар:
а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – табиғи өсімдігі мен топырағының аз бұзылуы, жер бедерінің аз тілімденуі, механикалық құрамы тығыз топырақтың басымдығы;
ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – табиғи антропогендік шөлдену процестеріне қолайлы аридті климат, топырақтың тұздануы, сусыздығы, құмдар дамыған жерлерде жел эрозиясының орын алуы.
Қазіргі экологиялық жағдайы:
Экологиялық шиеленісу деңгейі – қолайлы. Экологиялық шиеленісу көздері – Түркіменістан мен Өзбекстаннан Ресейге тартылған транзитті магистральды газ құбырлары ең үлкен экологиялық қауіп, себебі техногендік апат қаупі бар. Үстірттің солтүстігіндегі құмдарда малды шектен тыс жаю.
Экологиялық шиеленісу аймақтары
- Транзитті газ құбырларының әсер ету жолағы. Үстірт арқылы Бұқара-Орал, Азия-Ресей сияқты ірі газ құбырлары трассасы өтеді. Әлеуеттік апаттық қауіп (өрт, жарылыс), жануарлар ареалының бұзылуы, жер бедерімен мен топырақтың техногендік өзгеруі.
Қорықтық нысандар:
а) қазіргі бар – Үстірттің оңтүстік батысындағы Үстірт қорығы (25 — провинцияны қараңыз).
- Жұбайұшқан зоологиялық қорықшасы – Үстірттің Батыс қалқанның бір бөлігін алып жатыр, әктасты-гипсті тау жыныс-тарындағы жер бедері қатты тілімденген, биотоптары алуан түрлі;
- Қызылсай зоологиялық қорықшасы Каспий маңы ойпатымен шектелген, жырасайлармен қатты кескіленген Үстірттің Батыс қалқанын алып жатыр;
ә) ұсынылатын – Мыңсуалмас ландшафттық қорықшасы. Сортаңды ойпаңдары, кеуіп қалатын көлдері бар. Сам құмдарының және Үстірттің Солтүстік қалқанның бөліктері енетін Үстірттің солтүстігіндегі Мыңсуалмас мекенін қамтиды. Түрлі биотоптары бар шөлдің түрлі эдафиттік типтері.
Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:
- сүтқоректілер – шұбар күзен, итаю, шағыл мысығы, сабаншы, қарақал, қарақұйрық, үстірт арқары;
- құстар — жыланжегіш қыран, қарақұс, бүркіт, жұртшы, ителгі, жорға дуадақ, үкі;
- өсімдіктер – кәдімгі жұмсақ жеміс туысы, берік сүттіген туысы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Маңғыстау облысы туристік рекреациялық ресурстарға өте бай аймақ екендігіне ешкім де күмәнданбайды. Бірақ та бұл ресурстарды дұрыс және толық көлемде қолданып жүр деп те айтуға болмайды. Осы ресурстарды толық игеруге көптеген уақыт және қаражат кетеді, бірақ нәтижесі өзін ақтайды. Маңғыстау облысында туристік рекрециялық ресурстар өте көп және әр түрлі. Мысалы, Бекет – Ата, Шақпақ – Ата мешіттері, Үстірт қорығы, Кендірлі туристік демалыс зонасы, тағы да осындай туристік жерлер өте көп. Олар әр түрлі бағытта туризмді дамытуға ықпалын тигізеді. Сол жерде, діни туризм, экологиялық туризм не болмаса белсенді туризм түрін дамытуға болады. Ол әр адамның еркі, бірақ оларды жеке түрде де кешенді түрде де дамытуға болады. Көптеген шетел мемлекеттері де туризм саласынан өз пайдасын көріп отыр, олар арнайы бір туризм түрін дамытып, оны әлемдік нарыққа ұсынып жүр. Бірақ олардың ресурстары Маңғыстау облысының ресурсына қарағанда шектеулі. Қазақстан болса, ол бірнеше туризм түрін біріктіріп, жаңа бағыт ашуға толық мүмкіншілігі бар. Және сол үшін, Қазақстанның кең байтақ жерін аралаудың қажеті жоқ, оның бәрін бір облыста табуға болады, яғни Маңғыстау облысы. Егер де көзделген жобалар, соның ішінде «Кендірлі» туристік зонасы құрылса, ол теңізге келіп демалушылар үшін ғана емес, іскерлік сапармен келгендерді де қабылдай алады. Егер де бизнесмен өз сапары кезінде іскерлік орталықтардан басқа көңіл көтеретін, тарихи, табиғи обьектілердің бар екенін білсе, ол сапарға баруға ұмтылады. Және сол жерді өз таныстарына, достарына, туыстарына ұсынады. Осының бәрін дұрыс қолана білсек, туризм саласы, әсіресе Маңғыстау облысының, мемлекеттік бюджетке өте үлкен көлемде қаражат берер еді. Шетел инвесторлары Маңғыстау облысының туристік мүмкіншілігі өте зор екенін біле отырып, сол аймаққа инвестиция құюға дайын. Біздің міндетіміз, құйылған қаражатты дұрыс пайдаланып, Қазақстан туризмінің әлемдік нарықта бәсекелестігін көтеру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. — М: Изд. Аспект-пресс. 1995.-188 б.
- Папенов К.В. Экономика и природопользование. М.: МГУ, 1997. — 240 б.
- Методы определения ущерба экономическим способом. Нормативный документ ОНВ — 22/195. — Алма-Ата, 1991. — 220 б.
- Нестеров П.П., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок. — М.: Закон и право. ЮНИТК,- 413 б.
- Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение. Учебник для вузов. М.: ИКЦ»МарТ». — Ростов н/Д.: Изд. Центр «МарТ», — 496 б.
- Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв. Учебник для вузов. — М.: Высшая школа, — 400 б.
- Глазовская М.А., Геннадиев А.Н. География почв с основами почвоведения. Учебник для вузов. — М.: МГУ. 1995. — 400 б.
- Горбунова И.А., Науменко А.А. Лабораторные работы по почвоведению. Методическое пособие. — Алматы: КазГУ, — 37 б.
- Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. — М.: ВЛАДОС, — 384 б.
- Методика определения платежей за загрязнение окружающей природной среды. ІІормативные документы Минэкобиоресурсов РК. — Алматы, 1994. — 24 б.
- Бобылев С. И. Экологизация экономического развития. Учебное пособие. — М.: Наука, 1993. — 224 б.
- Герасимович В. Н., Голуб А. А. Методология экономической оценки природных ресурсов -М.: Наука, 1988.- 135 б.
- Временная типовая методика определения эффективности осуществления природоохранных мероприятий и оценки экономи-ческого ущерба, причиняемого народному хозяйству загрязнением окружающей среды. — М.: Экономика, — 256 б.
- Экономические методы управления природопользовнаием. — М.: Наука, 1993. — 136 б.
- Методика экономической оценки важнейших видов природных ресурсов в странах-членах СЭВ. — М.: Изд. СЭВ, 1985,- 265 б.
- Белый А.В. Основы экологии и природопользования: курс лекций, — Алматы; Высшия школа бизнеса и права, 1999. — 115 б.
- Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. — Алматы, «Санат», 1995. 159 б.
- Веденин Ю.А. Динамика рекреационных систем. — М.: Наука, 1982.
- География рекреационных систем СССР /Под ред. В.С. Преображенского, В.М. Кривошеева.-М.: Наука, 1980.
- Дмитровский. Туристские регионы мира. — Смоленск, 1999.
- Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. — Алма-Ата: Наука, 1992.
- Рекреационные системы / Под ред. Н.С. Мироненко, М. Бачварова. — М.: МГУ, 1986.
- «Туризмология негіздері». Лабораториялық жұмыстар
- Достайұлы Ж. Жалпы гидрология.- Алматы: Білім, 1996.- 254 б.
- Михайлов В.Н., Добровольский А.Д. Жалпы гидрология.- М.:Высшая школа, 1991. — 368 б.
- Турсунов А.А. Гидролого-экологические проблемы Республики Казахстан. / Гидроэкологические проблемы использования водных ресурсов Казахстана.-Алматы, 1998. – 3-30 б.
- Сагимбаев Г. К. Экология и экономика. — Алматы.: Каржы-каражат, 1997. — 144 б.
- Анцырцев А. А., Комарницкий Г. М., Панькова В. К. Практикум по курсу “Эколого-экономические основы природопользования”.- Новосибирск: Институт нар. хоз., 1994. — 75 б.
- Методы определения ущерба экономическим способом. Нормативный документ ОНВ — 22/195. — Алма-Ата, 1991. — 220 б.
- В.В Глюков. Т.В. Лисочкнна. Т.И. Экономические основы экологии — Спб, Специальная литература, 1995. — 280 б.