АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Экономика және бизнес факультеті

 

 

Есеп және аудит кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмысы

 

Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

 

1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ………………………………………………………………………..6

1.1 Материалдық емес активтердің негізі, олардың түрлері және бағалануы… ..6

1.2 Материалдық емес активтердің есебінің  ерекшеліктері…………………………..15

1.3 Материалдық емес активтердің есебінің  халықаралық тәжірибесі…………..22

 

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС

АКТИВТЕРДІҢ  ЕСЕБІ………………………………………………………………………………..27

2.1 Зерттелетін кәсіпорынның нарықтағы орны мен есеп саясаты………………….27

2.2 Материалдық  емес активтердің кірісі мен  шығысының

 есебі  мен түгенделуі …………………………………………………………………………………..35

2.3  Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі………………………..42

 

3      МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ……………………………….46

3.1 Материалдық емес активтердің  аудитінің  мақсаты мен міндеттері,

 ақпарат көздері……………………………………………………………………………………………46

3.2 Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу әдістемесі………………………49

3.3  Материалдық емес активтерге салық салу және оларды есептілікте ашу….52 

3.4 Материалдық емес активтерді  қолдану тиімділігі мен  айналымын талдау 56

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..62

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒА ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………………65

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

КІРІСПЕ

 

         Нарықтық қатынастардың технологиялық  өзгерістерінің тез әрі қарқынды  түрде дамуына байланысты  бәсекеге қабілеттілікті  тек материалдық және қаржылық  факторлармен қамтамасыз ету  мүмкін емес. Бұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілігі мен  табыстылығын жоғарлататын құрал ретінде  ұйымның қызметінде  материалдық емес сипаттағы  факторларды қолдану  экономикалық қатынатарға түсушілердің  ерекше қызығушылығын арттырады. Айналымдағы емес құралдардың құрамында  материалдық емес активтердің болуы  ұйымның нарықтық құнын ұлғайтады,  инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады,  қиянатшыл бәсекелестіктен  қорғайды,  сыртқы және ішкі нарықта  бәсекелестіктердің артықшылықтарын  қамтамасыз етеді.

Алайда, материалдық емес активтер объектілерін құрғанда, қайта бөлгенде және коммерциялық айналымға  қатыстыру кезінде  оларды қолданумен, есептеумен, басқарумен, аудитпен және талдаумен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі,  материалдық емес активтер объектісінің  нақты сыныптамасының болмауы, материалдық емес активтер объектісінің есебінің, талдауының және аудитінің әдістерінің теориялық  жетілдірудің  жетіспеуі  сияқты  және басқа да  мәселелер зерттеу  үшін бүгінгі  күні  біршама  өзекті болып келеді.

Айта кететін жай,  бұған дейін біздің елімізде материалдық емес активтер түсінігінің өзі болмаған. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай  бұл түсінік

Қазақстандық бухгалтерлік есеп теориясына  кіре қоймай,  сонымен қатар  тәжірибеде қолданыла бастады. Материалдық емес активтердің  есебі, талдауы және  аудиті көптеген  сұрақтар туғызады, бұл зерттелетін  тақырыптың тәжірибелік  маңыздылығын және  қажеттілігін куәландырады.

Өндірістің тиімділігін  жоғарлатудың  басты бағыттарының бірі — материалдық емес активтердің   қолданылуын жақсарту,  олардың қайтарымдылығын ұлғайту, қызмет ететін материалдық емес активтерді қазіргі жаңарту  жүйелерін және құрлымын  жетілдіру.

          Қазақстан Республикасының  есеп жүйесіне   материалдық емес активтерді алғаш рет КСРОҚМ 01.11.91ж. № 56  бұйрығымен енгізілді. Бұған  дейін материалдық емес активтердің    бар болуы жалған капитал  ретінде саналды. Соның көмегімен табысты  азайту мақсатында  фирманың меншік иелері  шығындарды өзгерте алады.

         Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің   жоқтығы кәсіпорынның  қаржылық көрсеткіштерін  төмендетті. Өндірістің дамуына  бірінші шенді   рөл атқарған  нақты бар  капитал — интеллектуалдық  меншіктің бар болуы  жоқталды. Ал бұл активті  танып, оны  бағалай білгендерге  үлкен табыс алып келеді.

         Ән және өлең айту, кинофильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен  тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық  таза технологиялар,  интегралды микросхемалар мен ЭЕМ –ге  программалық өнімдер сияқты өз елінің  тұрғандары мен  фирмаларының  шығармашылық интеллектуалды  қызметінің нәтижесін   сату, жоғары дамыған  елдерде табыстың  басты қайнар көздеріне  айналуда. Мысал ретінде АҚШ көрсеткіштерін алуға болады. Мұнда бизнестің мыңдаған  бағыттарының ішінде  табыстылығы жағынан бесінші  орында тұрған  шоу- индустрия  жыл сайын елге 80 миллиард доллар алып келеді. Кейбір баға беру бойынша  патент, сауда белгілері, авторлық құқық сияқты шығармашылық  қызмет нәтижесін  санкцияланбаған  қолданудан болатын  Құрама штаттарының  табысынан жоғалтулар  ғана бүкіл дүниежүзі бойынша 200 миллиард долларды  құрайды.

         Сондықтан да,  кез келген елдің  өз азаматтары  мен басқа  елдің азаматтарының  қарамағындағы  интеллектуалдық меншікке  деген қарым-қатынасы  сол елдермен сауда  тиімділігіне  және көлеміне  тура әсер етеді.

         Мысалы,  интеллектуалдық меншік құқығын  иеленетін Американдық  ассоцияциясымен  пират атанған ( интеллектуалдық құқық меншігін   бұзушылыққа қарсы  ешқандай шара қолданбайтын ел)  және сәйкесінше сондай елдер  тізіміне енген ел, АҚШ нарығына  жеткізілетін  сол елдің барлық  тауарларына  қатысты АҚШ-пен  саудада ең үлкен  жайлылық режимінен айырылу мүмкін.

         Қазақстан Республикасы өзі тап болған  нарықтық қатынастардың шынайылықтарын  тани отырып,  интеллектуалдық меншікке  қатысты сұрақтарды реттейтін нормативтік-құқықтық негіздерін құрастырды және  адамның шығармашылық объектілерінің  ең маңызды статусын  анықтады. Бұл саладағы нормативті – құқықтық актілер  толық базасын  құрайды және  дүниежүзінде  белгілі материалдық емес активтердің    барлық түрін қамтиды.

         Біздің еліміздің территориясында заңмен қатар сондай күшке ие , ал қайшылық кезінде  артықшылықты күшке ие  болатын интеллектуалды  меншікті қорғайтын  халықаралық  конвенциялар   қызмет   атқарады.           1993 жылы    16 ақпаннан  бастап  ИМХҰ  (Интеллектуалдық меншіктің халақаралық ұйымы) мен жіберілген  арнайы деклорацияға сәйкес  Қазақстанда  өндірістік меншікке қатысты  негізгі төрт халықаралық      конвенциялар  —   1883 жылы 20 наурызда  құрылған өндірістік  меншікті қорғау бойынша  Париждік конвенция; 1891 жылы 14 сәуірінде  құрылған заңдарды  халықаралық тіркеу бойынша  Мадридтік келісім; 1967 жылы 14 шілдеде  Стокгольмде  қол қойылған  интеллектуалдық меншіктің  дүниежүзілік  ұйымдастырылуын  растайтын конвенция; 1970 жылы 19 шілдесінде  Вашингтонда  қол қойылған  патенттік  кооперация  жайлы келісім. 1995 жылы 5 қарашасынан бастап біздің еліміздің  территориясында 1994 жылы                     9 қыркүйегінде  Мәскеуде үкімет басшыларымен  қол қойылған  Евразиялық  патенттік  конвенция   таралған .

          Құқық мирасқорлығы тәртібінде халықаралық міндеттемелер және бұрынғы КСРО келісімдер негізінде  Қазақстанда  сонымен қатар 1952 жылы            6 қыркүйегінен бастап  авторлық құқық жайлы Бүкілдүниежүзілік (Женевалық)  конвенция қызмет етеді.  Бұл жайлы Қазақстан Республикасының   үкіметінің деклорациясы 1992 жылы 6 тамызында  ЮНЕСКО-ның Бас директорымен  алынды.

         Сондықтан да, материалдық емес активтердің    дұрыс және сауатты  анықталуы,  бағалануы мен  есебі  кәсіпорындарының   қаржы – шаруашылық қызметінде  басты рөлді атқарады, өйткені  фирма  бағасына және  бизнестің   шешіміне әсер етеді.

         Материалдық емес активтер Қазақстанның  нарықтық қатынастарының   қалыптасуы мен даму  кезеңінде  пайда болған бухгалтерлік есептің  жаңа объектісінің бірі.

         Егер батыс тәжірибесін  ескерсек, айналымдағы емес материалдық емес активтер нарықтық  экономиканың көптеген елдерінде  жалпы танылғандығына қарамастан  бағалауға, амортизацияға   балансқа  түсу тәсілімен  олардың теңестірілуіне  жақындай келу  жолдары әлі де қызу  дискуссиялардың объектілері болып қалуда.

         Бұл отандық есептің реформацилау процесімен байланысты  болатын  берілген активтердің  есебінің методологиясында  әрдайым болатын өзгерістермен  байланысты, сонымен қатар,  салық салумен байланысты заңнамалық базаның қалыптасуымен байланысты.

         «Аудиторлық қызмет туралы» заң  Қазақстан Республикасында  аудиторлық қызмет  процесін жүргізу  барысында  мемлекеттік  органдардың, заңды және  жеке  тұлғалардың ,   аудиторлар мен аудиторлық  ұйымдардың  арасында  пайда болатын  қатынастарды реттейді.

         Материалдық емес активтердің ерекшелігі – олардың заттай — натуралды формасының  болмауында және  бұл жағдай  олардың есебімен, талдауымен және  аудитімен болатын қиыншылықтарды анықтайды.  Бухгалтерлік есеппен  бухгалтерлік есептілікте ұйымның материалдық емес активтері туралы  құрастырылу талаптарын  бухгалтерлік есеп бойынша  Ережеде  бекітеді.

         Дипломдық жұмыстың мақсаты – ұйымдағы материалдық емес активтердің есебі мен аудитін зерттеу.

Зерттеудің міндеті:

  • материалдық емес активтердің сыныптамасын, мәселелерін,  бағалануын, қағидаларын қарастыру;
  • олардың келіп түсуі мен  шығуының, амортизациясының  есебін анықтау болып табылады.

Диплом жұмысы құрлымы бойынша  кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан  тұрады. Жұмыс жалпы көлемі 66 беттен тұрады. Оның ішінде 7 кесте, 2 сурет бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Материалдық емес активтердің негізі, олардың түрлері және бағалануы

 

Соңғы кездерде кәсіпорындардың  мүліктерінде материалдық емес активтердің    үлесі өсуде. Бұл көбінесе үлкен  технологиялық  өзгерістермен, активті инновациялық  қызметпен, бәсеке күрестің  күшеюімен, ішкі және  әлемдік  нарыққа   танылуға талаптанумен, халықаралық және қаржылық  нарықтың  күрделенуімен интеграциялануымен  байланысты.

         Материалдық емес активтер —  бұл өндірісте ұзақ мерзім бойында пайдалану үшін  немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатта   және басқа субъектіге жалға беруге арналған  табиғи нысаны  (мәні) жоқ  ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға  болады, олар субъектінің  күшімен  бақыланады және  оларды  пайдаланудан субъект болашақта  экономикалық  олжа  табады деп күтіледі.

         Материалдық емес активтерді    былай  анықтауға болады: егерде оларды  жалға берсе, сатса,  айырбастаса; егерде  оны қолданудан  болашақта экономикалық  олжа  алып келетін  активтерге жатқызуға  болса.

         Кәсіпорын материалдық емес активтерді басқарады, егерде  оларда    материалдық емес активтерді  қолданудан күтілетін  экономикалық пайда алу  құқығы бар болса.

Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен  тікелей байланысты, егер олар  мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны  өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті  пайдалану қабілеті мен ниеті болса;  бүгінгі күнге пара-пар  қаржылық,  техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта  күтілетін болашақ экономикалық  олжаны алуға  қолайлы жағдай туғызса.

Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ  сезілмейтін құндылыққа  ие болғанымен материалдық активтердің  де,  материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал – жабдықты  басқату үшін, оны компьютерлік бағдарламамен  қамтамасыз ету керек,  онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама  құрал-жабдықтың  бөлінбейтін бөлігі  болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен  қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін  байымдап ақыл — парасатпен  анықтау керек,  өйткені ол негізгі құралдардың да, материалдық емес активтердің де  құрамында есептелуі мүмкін.

Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен  қамтамасыз ететін — дискетте, фильм – лентасында,  заңды құжаттау (лицензия, патент) — қағазда  болады,  бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз  кезегінде қосалқы элементтер болып  табылады және  олар активтің  мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

 Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердің де есебінде  көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының  есебінде  теңестіру  немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету  мерзімін бағалау (анықтау)  сияқты аспектілері  өте күрделі  болып саналады.

Кейбір    материалдық емес активтер фирманың басқа  да активтеріне  жеке теңестірілуі  мүмкін (мысалы, патент, тауарлық маркалар),  ал басқалары болса  жеке   теңестірілмеуі мүмкін, керісінше,  осындай  материалдық емес активтердің   құны басқа да фирманың  активтерімен  тығыз  байланыста шығарылуы мүмкін:  бұндай материалдық емес активтердің    қатарына  гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне  немесе қызметкерлердің  машықтық деңгейіне негізделеді.

Кәсіпорынның келешектегі  экономикалық пайдасы  (олжасы) жоғарыда аталған  лицензиялық келісіммен де байланысты болады, егер де:

  • сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы  жоғары болса және  онда жүргізілген әлеуметтік  мәселелерге,  сондай – ақ, өндірілетін  препараттың келешекте  үлкен экономикалық  пайда әкелетіндігіне  толық сенім болса;
  • препарат өндіру үшін кәсіпорын  басшылығы келісімді пайдалануға  ниет білдіріп,  ол оның  бизнес-жоспарында  көрініс тапса;
  • кредиторлардың, келісім-шартқа сәйкес, қаржылық және  басқа  да қажет  ресурстарды  беруге  ынтасы бар болса.

Субъекті кей жағдайларда тиістілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей-ақ осы экономикалық олжамен  басқа кәсіпорындардың  шұғылдануына  тиым сала  алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы  патенттелген  болса, онда ол  басқа субъектінің айналысуына тиым салады.

Материалдық емес активтерге  мыналар жатады:  лицензиялық келісімдер; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету;  патенттер;  авторлық құқық;  тауарлық белгіні сырттан сатып алу, қызмет көрсету белгілері,  фирмалық атаулар; конструкторлық – тәжірибелік  жұмыстарға  шығын, лицензиялар мен франшизалар және тағы басқалар.

  Материалдық емес активтерді  шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

1.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер.

  1. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер.
  2. Қолдану құқығымен байланысты материалдық емес активтер.
  3. Материалдық емес активтердің өзге де түрлері.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен  мәліметтер базасын  бағдарламалық жабдықтау,  интегралды  микросхемалар  технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір  формуланы  пайдалану технологиясы немесе  өнімнің  сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады.  «Ноу –хау» -құжаттама өндірістік  озық тәжірибесін құжатталған түрінде   көрсетілген  нысаны және т.б.  түрінде көрінетін техникалық  білімдерін айқындау  үшін халықаралық қатынастарда  қолданылатын термин.

         Кең мағынада «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде  рәсімделген, бірақ  патенттелмеген , белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға  қажетті өндірістік  тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да  қыр- сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім — шарттарда , техникалық ынтымақтастық  туралы шарттарда,  лизингте, «кілті қолма-қол»  тапсырылатын  құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің  сан алуан  түрлерінде   кеңінен қолданылады.  Жаңалықтар патенті,  тауар белгілері,  авторлық құқықтар мен  патенттік  ақпараттар субъектінің  меншігі болып табылады.  Кәсіпорын «ноу-хаудың»  құпиясын сақтап,  оны пайдаланудан түскен  табыстарын  бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтердің  анықтамасына жауап бере алады.

«Ноу-хау»  өзінің  бағасы мен  басты көрсеткіштерімен  құнды. Өзінің  табиғаты және  төлем нысаны  жағынан ол  лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау»  сатып алушылардан  қосымша алынған  табыстың есебінен  қалыптасады және ол оның  иесіне  төленетін    сыйақының  орнықты  тағайындалған  сомасы түрінде  көрсетіледі.  Субъект  белгілі бір ақыға сатып  алынатын  лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің  жарғылық капиталына құрылтайшының  қосқан материалдық үлесі  ретінде саналуы мүмкін.  «Ноу-хаудың»  субъект балансына   алынатын  құны құрылтайшылар  немесе  қатысушылардың  келісім-шарттарының  көмегімен анықталады.

         Өндірістік ақпаратты  пайдалану құқықтарын  есепке алу. Оған материалдық емес активтер  қатарына белгілі бір  уақыт кезеңі ішінде  табыс әкелетін, ақыға сатып алынған  өндірістік ақпарат немесе  субъектінің өнімін  болашақ кезеңдегі тұтынушылары  туралы; шикізаттармен, материалдармен  және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері  және тағысы тағылар туралы  мәліметтер жатады.

Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік  кәсіпорындарды құру  кезеңінде пайда болған  шығындар ұйымдастыру  шығындарына жатқызылады.Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді.  Бұған кәсіпорын қызметінің  бастапқы кезеңіндегі  шығындар мен кәсіпорынның  әрбір  қатысушысының   ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс.  Мұндай шығындарға  жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге  төленген ақы,  кәсіпорынды  тіркеу, құжаттарды дайындау,  банктерде шоттарды  ашу және т.б.  шығындары жатады.

ЭЕМ  бағдарламасымен жабдықтау —  кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда  әкелуге қабілетті  бағдарламаларды падалануға  қажетті мәліметтерді  талдау және  бағдарламалық  құжаттар жүйесінің  жиынтығы.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер.  Бұл топқа  тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері  және т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп  тауарларды тиесілі  таңбалар бойынша  айыра алатын  белгісін айтады. Кәсіпкерлікті  жүзеге асырушы  заңды немесе жеке  тұлға атына  тіркелсе,  тауардың таңбасы құқықтық  заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының  иесі тауар таңбасын қалай   пайдаланамын десе де  толық құқығы бар, басқа  тұлғаларға пайдалануға  тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды  рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына  өзгеріс енгізу тағы басқа  осы іспеттес  әрекет жасаса, онда ол тауар иесінің құқықтарына  қол сұғу болып есептеледі.

         Таңдалар сөз түрінде, көркем-сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің  комбинациясы  түрінде болуы мүмкін:  ол кез — келген түсте немесе түстер  үйлесімінде тіркеледі.

Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар , мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық немесе үкіметаралық  ұйымдардың эмблемалары, толық  немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау , кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін  белгілері,  мөрлер, марапаттау  белгілері  және басқа да  айырым белгілерінен  немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі  белгілерден тұратын  тауар таңбалары рұқсат  етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны  жаңылыстыратын  элеметтері бар,  қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне  қайшы келетін  тауар таңбалары  да тіркелмейді.

         Заңды немесе жеке тұлға  тіркелген барлық тауарға  немесе оның бір бөлігіне  қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық  келісім бойынша  белгіленген тәртіпке  сай істелінеді.

         Тауардың шыққан жерінің атауы —  тауарды таңбалау үшін пайдаланатын  елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа  географиялық  объектінің  атын қоса және басқа да  ерекшеліктері арқылы сипатталады.

         Тауардың шыққан  жерінің  атауы географиялық объектінің тарихи  атауы болуы  мүмкін. Ол белгіленген  тәртіп бойынша тіркеледі.  Тауардың шыққан жерінің атауын   пайдалану деп оны  тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банкілерде  және басқа да тауарды шаруашылық  айналымына енгізуге  байланысты басқа да   құжаттарды пайдаланғанды  санайды.

         Тауар таңбасы мен тауардың шыққан  жерінің атауы  бәсекелестіктің  әрекет етуші құралы болып табылады.  Мысалы,  ТМД елдерінде жасалынған өнімдер   арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын «Беларусь» (тракторлары), «Зенит» (фототауарлары), «Новоя заря» (парфюмериясы), «Лада» (автомобильдері), «Рахат» (конфеттері), «Слава» және «Чайка» (сағаттары)  және тағы басқа  тауарлық белгілерімен бұйымдарды шығарушылар  өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар шетелге  өнім шығарушы кәсіпорын тауар таңбаларымен  тауарлардың шығу  орындарының   атын қорғаға да қамқорлыққа  алғаны жөн,  себебі, мұндай қорғаудың  болмауы ұқсас немесе  дәл сондай шетелдік  тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды  бәсекелестіктің  де нәтижесі болып   табылатын, кездейсоқ  қайшылықтарға  ұрындырмауы мүмкін.  Ал енді географиялық  белгілеулерге  келсек,  олардың арасынан  тауардың жасанды  таңбалары өте жиі  кездеседі,  өйткені ол кәсіпорынның  танымал болуына  септігін тигізеді  және ол  тауарлардың  сипаттау мүмкіндігін  кеңейтеді,  сатып алушылардың санын  өсіреді.

 Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында  тауар таңбасы кәсіпорынның  өте қымбат тұратын активі  болып табылады,  себебі кәсіпорын оны сата алады немесе  жарғылық капиталға  қосқан үлесі ретінде  пайдалану құқығын береді.  Бірақ ол үшін  тауар таңбасының  құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде  кәсіпорынның   тауар таңбасын бағалаудың  бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құны, нарықтық  құны бойынша  бағалау. Алайда,  меншікті тауар  таңбаларын  өзіндік құны  арқылы  есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар  таңбасын  немесе  тауар таңбасын  пайдалану лицензиясын  сатып алу құнымен, ал  жарғылық капиталға  үлес ретінде  салынған тауар таңбасын  нарықтық құнмен  есепке алған жөн. Тауар  таңбасының  нарықтық  құнын  анықтау үшін  арнайы есептеулер  жүргізу керек.

         Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының   атауын қорғау және қолданумен  байланысты туындаған  құқықтық, экономикалық және  ұйымдастыру  қарым — қатынастары             1993 жылғы  қаңтардың 18-і  күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесі  қабылдаған  «Тауарлық таңбалар,  қызмет көрсету таңбалары және  тауарлар шығарылған  жерлердің  атауы туралы» Қазақстан Республикасының  Заңымен реттеледі.

Қолдану құқығымен   байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа  жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты  қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы)  лицензиялар және басқалар жатады.

Патенттер. Патент оның  ұстаушысының  патент қамтыған  нәрсесін,  процесін немесе  қызмет түрін  және  дәл сондай әрекетті  басқа  тұлғаның  жүзеге асырылуына  тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін  және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттің күші оны  берген  мемлекеттің аумағында  ғана жүреді.  Патенттің қызмет мерзімі  ұлттық заңдармен  белгіленеді. Сонымен  қатар,  патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен  шұғылданатын  тұлғаларға берілген  құжат саналады. Патент берілгенде   патенттік алым ұсталынады. Патентті алуға көптеген  ірі кәсіпорындар  мүдделі болып келеді.  Себебі, патент  сатып алуға да, патенттелінген  жаңалықтарды өндіріске  енгізуге де  қаржысы болуы керек.

Өнеркәсіптік үлгілер. Өнеркәсіптік үлгілерді  пайдалануға  айрықша құқықты  растайтын  патенттер қолданылып  жүрген  заңдарға сәйкес  беріледі. Өнеркәсіптік  үлгілері: модельдерімен, суреттерімен  немесе  екеуінің  қосындысымен берілуі мүмкін.  Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде,  белгісіз болып келсе,  онда ол жаңа  өнеркәсіптік үлгі  болып табылады. Егер  өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде  жасалынып,  шаруашылық айналымына  түсуге дайын болса,  онда оның өнеркәсіпте  қолдануға болатындығы  мойындалады.  Өндірістік  үлгілер авторлардың  шығармашылық еңбегі  ретінде мойындалады. Егер өнеркәсіптік  үлгі бірнеше  азаматтардың бірлескен еңбегінің  жемісі болса,  онда олардың бәрі  өнеркәсіптік  үлгілердің авторы болып есептеледі. Өндірістік  үлгілерге  патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік   тізіліміне тіркелген соң  беріледі.

         Лицензиялық келісім бойынша  патент иесі (лицензиат) өнеркәсіптік үлгіні  пайдалану құқығын  басқа тұлғаларға да  бере алады, ал соңғысы лицензияларға  төлемдер  беріп  тұруға  және  келісімде  қарастырылған  басқа да іс-әрекеттерді  орындауға міндетті.  Өндірістік  үлгілердің  құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасының  Заңымен реттеледі.

         Лицензия ( еркін, құқық  деген латын сөздерінен алынған) – қандайда бір  операцияларды жүзеге асыруға  құзырлы мемлекеттік органдарының  берген рұқсаты.

Лицензиялар келесі белгілері бойынша  бөлінеді:

Субъект бойынша :

  • Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер:
  • шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы  жоқ тұлғаларға,  халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

Қызмет көрсету  көлемі бойынша:

  • негізгі (бас) — мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың  қызметі біртұтас технологислық  кешенге кіретін болса, онда бас лицензия  қызметтің бірнеше түрімен  шұғылданатындарға  да беріледі;
  • бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетін) – белгілі бір шаруашылық операциясын  жасау үшін рұқсат етілген шегінде  өнімнің көлемін , санын немесе салығын алуға беріледі;
  • операциондық – валюта заңдылығымен  анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір  банк  қызметінің  операцияларын  жасау үшін беріледі.

Мерзімдік әрекеті бойынша:

  • тұрақты — берілген мерзім шектелмеген;
  • уақытша — белгілі бір мерзімге  берілген.

Аймақтық әрекет  ету сферасы(территориялық әрекет ету аясы)  бойынша:

  • тұтастай Қазақстан Республикасының   аймағында әрекет етеді;
  • Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында  ғана әрекет  етеді;

—    Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерде  де  таратылады.

         Материалдық емес активтердің  басқа да түрлері. Материалдық емес активтердің   бұл тобына «фирма бағасы» (гудвилл) , интеллектуалдық  меншік және тағы басқалары кіреді.

         Гудвилл. Гудвиллды  бухгалтерлік есеп  тұрғысынан  қарағанда,  ол компанияларды  біріктіріп немесе сатып алған  кезде  кәсіпорынның  сатып алынған бағасын  және  оның  дербес бірлік  болып тұрған  кезіндегі  баланстық  қалдық құнының  (міндеттемелерін қоспағанда)  арасындағы  айырмасын көрсетеді.

         Гудвилл материалдық емес активтердің  бұл түрі бүтіндей  жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындарының  немесе олардың құрлымдық  бөлімдерінің  бір тобын  сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдың  пайда болу себептері  әрқилы болып келеді.  Әдетте,  мұндай кәсіпорындардың  баланстық құнымен емес,  аукционда,  кәсіпорынның   болашақтағы табыс  әкелу  мүмкіндігіне, оның өнімді  шығару нарығындағы  беделіне және  басқа факторларға байланысты  анықталған  бағасына сатылатыны  немесе сатып алынатыны  нарықтық қатынастар  жағдайында  пайда болатын заңды  құбылыс. Кәсіпорынның  сатылу құны  оның балансындағы  активтерінен асып түсуі «Фирма бағасын»  құрайды.

 Демек, кәсіпорын өзінің  баланстық құнынан  артық бағаға сатылуы  оның біршама үстемдігі (артықшылығы)  бар болғандығынан.

         Олардың ішіндегі  ең айрықшасы:  ерекше тиімді жанама саясаты,  бұрындары белгісіз болған  табиғи ресурстардың ашылуы, жоғары несиелік рейтингі , қызметкерлерінің машықтығының  жоғары болуы,  геогорафиялық орналасуының  артықшылығы,  жабдықтаушылармен  тиімді және  тұрақты байланысының  болуы, т.б. Гудвилл кәсіпорынның бүкіл  қызметінің барысында  жоғарыда келтірілген  факторларға  сәйкес тұрақты түрде қатысып  отырғандығын, бірақ  ол  есеп беруде  тек кәсіпорынды  сатқанда ғана көрініс  табатындығын көреміз.

         Дегенмен де,  гудвиллдың сандық  мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның  өз табысын  бағалаумен тікелей байланысты болып келеді [13].

         Материалдық емес активті бағалау. Бағалау — бұл басқа әдістерден кәсіпкерлік  және бухгалтерлік  жоғары қателік тәуекелділігімен ерекшеленетін  бухгалтерлік есеп  әдісінің элементі, барлық қаржылық есептілік  көрсеткіштерінің  құндылық, ақшалай  өлшемінің  тәсілі. Мүлікті  бағалауға  өндірістің  нақты шығындары  салынады.

          Бухгалтерлік есепте материалдық емес активті ескере  отырып  бас бухгалтер  бірнеше  сұрақтарға   тап болады.

  • материалдық емес актив болып не танылады;
  • материалдық емес активті бағалаудың қандай әдісін таңдау керек.
  • бағалауда қателік  тәуекелділігін  қалай  азайтуға болады;
  • керек жағдайда қандай аргументтермен бағалаудың дұрыстығын дәлелдеуге болады;
  • есеп саясатында материалдық емес активтерді бағалау әдісін таңдауын қалай дәйектейді.

     Бухгалтерлік есеп теориясында  мүлікті бағалаудың бірнеше  түрлері белгілі:

  • сатып алу құны , яғни нақты құны ;
  • сату жойылу құны;
  • бастапқы құны;
  • нарықтық құны;
  • қалпына келтіру құны;
  • номиналды құн;
  • қалдық құны ( қаржылық және экономикалық мақсатқа);
  • құқықтық құны ( баланстың активті статьялары үшін) және т.б [3].

          Материалдық емес активтерді бағалауды таңдағанда бас бухгалтер                 28 БЕС «Материалдық емес актив есебін» басшылыққа ала алады. 28 БЕС 14, 15 параграфтарына сәйкес материалдық емес  актив ретінде мына жағдайда  танылады:

     — берілген активпен тікелей байланысты субъектіде болашақта күтілетін экономикалық табасты алу мүмкіндігі жоғары болса;

     —  активтің құнын дұрыс, шынайы анықтауға болса;

      — материалдық емес актив тану кезінде бастапқы құн бойынша бағаланады.

     Бастапқы құнның түсінкемесі 28 БЕС «Материалдық емес актив есебінің»        8 параграфында беріледі. Бастапқы құн – бұл төленген ақшаның  немесе  олардың эквиваленттерінің сомасы немесе материалдық емес активтерді алу немесе құру кезіндегі өзге компенсациялардың ағымдағы бағасының құны.

     — материалдық емес активтің бастапқы құнының өзгеруі материалдық емес активтерді сырт жақтан алып келуіне немесе субъектінің өзімен  құрылуына байланысты болып келеді. Басқаша айтқанда, материалдық емес активтердің құны олардың шығу  көзіне байланысты, яғни:

     — материалдық емес активтің жарғылық капиталының үлесіне  қосқанда,  олардың бастапқы құны  заңды тұлғалардың  құрылтайшылары келісілген ақшалай бағалануды  білдіреді. Мұндай үлестің  бағалануы  тәуелсіз  аудиторлармен  расталуы керек:

      — егерде материалдық емес активті  заңды және жеке  тұлғалардан ақыға алса,  онда олардың бастапқы құны  болып кәсіпорынның  оларды алуға кеткен  нақты шығындар сомасы болып табылады.  Оның құрамына:

     — жасалған сату-сатып алу келісімі бойынша  кәсіпорынмен төленетін сомалар;

     — материалдық емес активтерді алумен байланысты  ақпараттық және консультациялық қызметтер үшін  басқа кәсіпорындармен төленген сома;

     — делдал кәсіпорындармен төленетін сыйақылар, олар арқылы материалдық емес активтер алынады;

     — материалдық емес активтерді  қолдануға жарамды жағдайға дейін жеткізу бойынша және сатып алумен тікелей байланысы өзге де шығындар;

     — материалдық емес активтер өзге кәсіпорындардан, ұйымдардан, тұлғалардан өтеусіз алынғанда, олардың құны  келісілген баға бойынша немесе эксперттік жолмен анықталған кірістелген баға болып табылады;

     — егерде материалдық емес активтер басқа ұқсамайтын мүлікке айырбасталып алынса, онда оның бастапқы құны айырбасқа алынған активтің алынған және төленген ақша сомасына түзетілген  сату құны бойынша анықталады. Ұқсас активке  немесе ұқсас   активке қатысу үлесіне  айырбастау негізінде  алынған материалдық емес активтердің  бастапқы құны   айырбасталған активтің  баланстық құны бойынша  анықталады. Мұндай айырбас  табыс алып келмейтін келісім  болып саналады.

     — субъектінің өзімен құрылған материалдық емес активтердің  бастапқы құны   нақты тура шығындар  сомасы мен материалдық емес активтердің  анықтамасы мен  тану критерилеріне  материалдық емес статьяның  сәйкестік  кезеңінен бастап  активті тағайындалуы бойынша қолдануға  дайындау  және құруға  парасатты негізде  таратылған үстеме  шығындар  сомасы бойынша танылады. Материалдық емес активтің  анықтамасы мен тану критерилеріне  сәйкестік  кезеңіне  дейін материалдық емес  статьяны  құруға кеткен  шығындар  активтің  бастапқы құнына  кірмейді және  осы шығындар  жасалған кезеңнің  шығындары деп танылады.

     — шығындар есебі материалдық емес активтер объектілерін құруға және енгізуге,  техникалық құжаттамаларды дайындауға, тәжірибелі үлгілерді дайындауға,   ғылыми-зерттемелік және  тәжірибелік-консультативтік жұмыстарды күту және рәсімдеуге салынған  ақшалай кетулерді ұйғарады. Бұл шығындар статьялардың қиықтарында құжаттамалық түрде расталуы керек:

     — ғылыми-зерттемелік және  тәжірибелік-консультативтік жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындар;

     —   теореялық зерттемелерге, арнай әдебиеттерді оқып тануға, патенттік және ақпараттық ізденістерді жүргізуге кеткен шығындар;

     —   эксперементтерді жүргізуге, статистикалық  көрсеткіштер жинауға кеткен шығындар;

     —   техникалық құжаттаманы дайындауға кеткен шығындар;

     —   техникалық проекті орындауға кеткен шығындар;

     —   дизайнға кеткен шығындар;

     —   тәжірибелі үлгілерді дайындауға кеткен шығындар;

     — ғылыми-зерттемелік және  тәжірибелік-консультативтік жұмыстарды рәсімдеу және қызмет көрсетуге кеткен шығындар;

     —   маркетингке кеткен шығындар;

     — берілген объектіні құруға және қосуға байланысты іс-сапарға кеткен шығындар және басқа  да шығыстар;

      — жоғарыда айтылған  әрбір статья экономикалық  элементтер  бойынша  бөлулерге жатады: материалдық шығындар; қызметкерлердің  жалақысын төлеу;  мемлекетке және бюджеттен  тыс қорларға  аударымдар және  басқа да шығындар;

     — материалдық емес активтер  біріншіден,  интеллектуалдық  қызмет нәтижесі ретінде   құқық негізінде (авторлық объектілер және оларға ұқсас  авторлық құқықтар, өндірістік  меншік  объектілері  және басқа да интеллектуалдық меншік объектілері), екіншіден,  заңды тұлғаның құрылу фактісімен байланысты құрылатын құқық негізінде (ұйымдастыру шығындары), үшіншіден,  мемлекеттік органдар меншігі  құқығы негізінде  пайда болуы мүмкін (жер учаскілері, су ресурстары);

     — айтылғандармен сәйкес  ақыға алынған  мүлікті бағалау оны сатыпалуға  кеткен нақты  өндірістік шығындардың қосындысы жолымен; өтеусіз алынған мүлік;

     — кіріске алынған күніне  нарықтық құны  бойынша; ұйымның  өзімен  өндірілген  мүлік – оны құру  құны бойынша  жүргізіледі;

     — 28 БЕС «Материалдық емес активтер»  параграф 28–ке сәйкес материалдық емес  актив пен  байланысты  кейінгі шығындар,  олар жасалған есептік  кезеңнің  шығыстары ретінде  танылуы керек,  тек егерде олар:

    — бұл шығындар активтердің ұлғайуына көмектесетін   дәлелдемелердің болмауы;

    — және бұл шығындар  өзгертіле алмайды және берілген активке  үлкен шынайылық  дәрежесімен  жатқызыла алмайды.

     Берілген шарттарды орындау  барысында  материалдық емес активтер мен  байланысты  кейінгі  шығындар  оның  баланстық құнына енгізіледі.

     — материалдық емес активтердің  бастапқы құны   амортизация есептеу жолымен  және оны  өндірістің  ұстап қалуларына  қосу арқылы  немесе басқа көздердің шоттарына  есептен шығару  арқылы жүргізіледі.

     Бастапқы танудан кейінгі  бағалау. Материалдық емес актив бастапқы танудан кейін оның қайта бағалау күнгі әділ құнын білдіретін қайта бағаланатын сома минус кез келген кейіннен жинақталған амортизация және кез келген кейіннен жинақталған құнсызданудан болған залалдарды білдіретін қайта бағалау сомасы бойынша есепке алынуға тиіс. Осы Стандартқа сәйкес қайта бағалау мақсаттары үшін әділ құн активтік нарыққа сілтеме жасау арқылы айқындалуы тиіс. Қайта бағалаулар активтің баланстық құны мен оның әділ құны арасында елеулі айырмашылықтың болуының алдын алу үшін барынша тұрақты жүргізілуге тиіс [18].

 

1.2 Материалдық емес ативтердің есебінің  ерекшеліктері

 

         Қазақстандық стандарттар бойынша  кәсіпорындарда  материалдық емес активтердің   есебі 28 БЕС «Материалдық емес активтердің есебі»  сәйкес жүргізіледі. Материалдық емес активтердің   есебі халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес 38 «Материалдық емес активтер» ХҚЕС-мен басқарылады.

         Кәсіпорындар белгілі бір  критерилерге  жауап беретін шарты негізінде ғана материалдық емес активтерді тану керек. Мұндай критерилерге  мыналар жатады:

  1. Материалдық емес активтерді қолданудан кәсіпорындар болашақта экономикалық табысты  алуына сенімінің болуы.
  2. Материалдық емес активтердің   құны сенімді, дұрыс  бағалануы мүмкін.

           Бұл талаптар  кәсіпорынның  ішінде құрылған және алынған материалдық емес активтерге  қолданылады.  Басқа жағдайда оған кеткен  шығындар  олар пайда болған кезде  шығыс ретінде танылуы керек. Бірақ бұл объект кәсіпорындардың  бірігуі негізінде  алынса,  онда ол гудвилл құнына кіреді.

Материалдық емес активтерді тану оларды құру немесе алумен (ақыға, несиеге)  байланысты.

         Сатып алу кезінде  теңестірілген материалдық емес активтер  мен міндеттемелерді  тану үшін  сатып алушы  тану критерилеріне жауап беретін   материалдық емес активтерді таниды. Егерде материалдық емес активтердің    құны дұрыс бағаланбаса,  онда бұл актив жеке танылмайды,  гудвиллге енгізіледі.

         Материалдық емес активтердің    бастапқы құнына кіреді:

— Сатып алу бағасы;

— Импорттық баждар;

— Алу құнына кіретін  қайтарылмайтын салық;

— Заңды қызмет көрсетулерге төлем;

-Тағайындалуы бойынша  қолдануға активті дайындаумен  тікелей байланысты шығындар;

   — Артық төлеуді қайтару және жеңілдіктер сияқты шегерімдер.

Егерде материалдық емес активтер үшін төлем мерзімі  несиенің қалыпты  мерзімінен жоғары  болса,  онда активті  алудың нақты  құны біржолғы  төлеу кезінде  оның бағасына  тең деп саналады.

         Кейбір кездерде материалдық емес актив ақысыз немесе мемлекеттік субсидия арқылы номиналды қарсы ұсынуға алына алады. Бұл материалдық емес активтерді мемлекет ұйымға табыс еткен немесе бөлген кезде орын алуы мүмкін, мысалы;

— әуежайға қону;

— радио және телехабарларды тарату құқығы;

— импорттық лицензиялар немесе квоталар;

— немесе өзге шектелген ресурстарға қол жеткізу құқықтары.

20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» Халықаралық стандартына сәйкес ұйым алғаш рет материалдық емес активті де, субсидияны да әділ құны бойынша тануға құқылы. Егер ұйым активті әділ құны бойынша алғаш рет тануды қаламаса, ол оны алғаш рет номиналды сомасы бойынша (20 IAS Халықаралық стандартымен рұқсат етілген есепке алудың басқа тәртібіне сәйкес), бұған қоса, активті мақсатына сәйкес пайдалану үшін әзірлеуге жұмсалған кез келген шығындарды таниды.

Мысал. Шетелдік кәсіпорындар мен Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдер жолы бойынша қазақстандық кәсіпорынның  өнімін өндіруге лицензиялық келісімді берген кезде лицензиялық келісімді осы салада активті нарықтың болуымен  бағалауға болады.

     Егерде материалдық емес активтер айырбасталатын болса, онда олар  айырбасталған активтің төленген ақша қаражаттар  сомасына немесе олардың элементтеріне түзетілген әділ құны бойынша бағаланады.

Материалдық емес активтер ұқсас әділ құны бар басқа материалдық емес активтерге айырбасқа алына алады (яғни коммерциялық негізде емес) немесе алынған не берілген активтердің  әділ құны сенімді бағалана алмайды. Мұндай жағдайда табыс та, шығын да мәміле  жасау барысында  танылмайды. Бұл жағдайда жаңа активтің  бастапқы құны болып, берілген активтің баланстық құны болып табылады.

Егер  материалдық емес активтер басқа    материалдық емес активтерге коммерциялық мақсатпен айырбасқа алынса,  онда алынған материалдық емес активтердің     нақты құны оның әділ  құнына тең болып алынады. Ескі активтің баланстық құны мен жаңа материалдық емес активтердің анықталған нақты құны айырбастау операциясынан табыс пен шығынды қалыптастырады.

Егерде материалдық емес активтер қорлық құралдарға айырбасталса,  онда бұл активтердің баланстық құны  берілетін үлестік қаржылық  құралдардың әділ құнына  сәйкес келеді.

Егерде материалдық емес активтер бизнестің бірігуі кезінде  алынса, онда  ол сатып алу күніне әділ құны бойынша ескеріледі.

Бағалану пікірінің негізінде жеке тану мақсатында материалдық емес активтердің  әділ құны жеткілікті  түрде шынайы бағаланудың шешімі қабылдануы тиіс.

Әділ құнның ең сенімді бағалануын ағымдағы нарықтық баға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әділ құнды бағалаудың  негізін жақында жасалған келісімнің бағасы құра алады. Материалдық емес активтердің ерекше объектілерін сату мен сатып алуға үнемі қатысты кәсіпорындар әдетте материалдық емес активтердің әділ құнын бағалаудың  балама әдістерін қолданады.

Олар әділ құнды дисконтталған  түсім, нарық үлесі, операциялық табыстар негізінде бағалайды.

Кәсіпорындар материалдық емес активтерді құра алады. Мұнда материалдық емес активтерді тану бойынша 38 ХҚЕС шарттарын басшылыққа алу қажет.

Кейбір жағдайда шығындар болашақ экономикалық табыстар  алу мақсатында жасалады, бірақ ол 38 ХҚЕС- та аталған  тану критерилеріне жауап беретін материалдық емес активтерді құруға алып келмейді. Егер шығындар бар болатын болса, бірақ ешқандай материалдық емес активтер құрылмаса немесе алынбаса, онда бұл шығындар  олар пайда болған  кезде шығыс ретінде танылады.

Бастапқы ұстап қалулар алдын ала  төлеуді қоса алғанда, келесідей  шығындардан құралады:

— жаңа коммерциялық немесе өндірістік  қызметтерді ұйымдастыруға  кеткен шығындар;

— жаңа коммерциялық немесе өндірістік  қызметтерді меңгеруге нарыққа жаңа өніммен шығу, жаңа процесті қосуға кеткен  шығындар;

— қызметкерлерді оқытуға кеткен шығындар;

— нарықта қызмет көрсету мен  тауарлардың өтуіне  және  жарнамаға  кеткен  шығындар [15].

 

                                                                                                                     1 кесте

ХҚЕС ның  ҚБЕС нан айырмашылықтарының салыстырмалы кестесі*

 

 

Критерилер

38ХҚЕС «материалдық емес активтер»

28 ҚБЕС «материалдық емес активтердің    есебі»

1

Қолдану саласы мен мақсаты

Пункт1 . Осы Стандарттың мақсаты басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарында арнайы қарастырылмайтын материалдық емес активтердің есебін жүргізудің тәртібін орнату болып табылады. Осы Стандартқа сәйкес мекеме белгілі критерийлер қанағаттандырыл -ған жағдайда ғана материалдық емес активтерді мойындауы тиіс.

Пункт.28 БЕС мақсаты болып материалдық емес активтер есебінің әдісін анықтау болып табылады.

                                                                                                                          1 кестенің жалғасы

2

Активті анықтау

Пункт8. Актив, бұл:

1.         өткен уақиғалар нәтижесінде ұйым бақылайтын; және   

2.         ұйымның болашақта экономикалық табыстарға жетуі күтілетін ресурс.

 

Қарастырылмайды

3

бақылау

Пункт13. Егер ұйым ресурстың негізінде түсетін болашақ экономикалық табыстарды алуға құқылы болса және бұл табыстарға өзге ұйымдар мен тұлғалардың қол жетуін шектей алатын болса, актив ұйымның бақылауында болып есептеледі.

Қарастырылмайды.

4

Материалдық емес активтер   

Пункт8. Материалдық емес актив — бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.

 

Пункт 3

 Натуралды физикалық  формасы жоқ  және  субъектіге  ұзақ уақыт бойы  немесе ұдайы  қосымша  табыс алып келетін  ақшалай емес  актив.  өндірісте немесе тауарды сатуда әкімшілік мақсатта және  басқа субъектілерге жалға бергенде қолданылады Оларды:

-анықтауға болады

-субъектімен басқарылады

-оларды қолданудан субъект болашақта экономикалық  олжа алуды көздейді

 

 

5

Құнсыздану нәтижесіндегі залал

Пункт8 Құнсыздану нәтижесіндегі залал — активтің баланстық құны оның өтем құнынан асатын сома.

 

Қарастырылмайды

1 кестенің жалғасы

6

Материалдық емес активтердің құнының  бастапқы өзгерістері   

Пункт24. Материалдық емес актив ең алдымен өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.

Пункт27. Бөлек сатып алынған материалдық емес активтің өзіндік құны:

1.         оның сатып алу құнынан, соның ішінде импорттық баждарды және сауда жеңілдіктерін шегеруден кейінгі сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтардан;  және

2.         активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге жұмсалған кез келген тікелей шығындардан тұрады.

 

Пункт 15. Материалдық емес актив тану кезінде бастапқы құн бойынша бағаланады.

Пункт 18. Материалдық емес активтердің бастапқы құнын   өлшеу , материалдық емес активтердің басқа жақтан алынғанына немесе субъектінің өзімен құрылғанына байланысты

Пункт 20. Ақшаға немесе оның эквивалентіне  сатып алу арқылы  алынған материалдық емес активтердің  бастапқы құны болып субъектінің  оны сатып алуға кеткен  нақты шығындар сомасы  және материалдық емес активтерді  дайындық жағдайға жеткізумен байланысты  төленген қайтарылмайтын салықтар  және алымдар мен  басқа да шығындар  танылады.

7

Өзіндік құн

Пункт8 Өзіндік құн — төленген ақша құралдарының немесе олардың балама сомасы, немесе сатып алу немесе құру уақытына активтің құнын төлеу есебіне өзге қарсы ұсыныстың әділ құны, не болмаса, қолдануға сай келген жағдайда, мұндай активке, ол алғаш рет басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының нақты талаптарына сәйкес танылған кезде жатқызылатын сома.

Қарастырылмайды

8

Пайдалы қызмет ету мерзімі

Пункт8. Пайдалы қызмет мерзімі — бұл: -ұйым активті пайдалануға жобалайтын уақыт мерзімі; немесе: — ұйым активті пайдаланудан алуды жобалайтын өндіріс бірліктерінің немесе ұқсас бірліктердің саны.

 

 

 

Пункт7. Пайдалы қызмет ету мерзімі:

-ұйым активті пайдалануды күтетін  уақыт мерзімі; немесе

-ұйым активті пайдаланудан алуды жобалайтын өнім бірліктерінің немесе ұқсас бірліктердің саны.

1 кестенің жалғасы

9

Амортизация

Пункт 8. Амортизация — бұл материалдық емес активтің пайдалы қызмет ету мерзіміндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі.

 

Пункт 8. Амортизация — бұл материалдық емес активтің пайдалы қызмет ету мерзімі ішіндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі.

10

Амортизация әдістері

Пункт139. Бірқалыпты есептеу әдісі, қалдықтың азаю әдісі және  өндіріс бірлігінің әдісі

Пункт 31. Бірқалыпты есептен шығару  әдісі

11

Пайдалы қызмет мерзімі

Пункт104.      белгіленген материалдық емес активтерді амортизациялау кезеңі және әдісі кем дегенде әрбір қаржылық жылдың аяғында талдауға жатады.

Пункт107.      Пайдалы қызмет мерзімі белгіленбеген материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.

 

Пункт 33. Пайдалы қызмет ету мерзімі және  амортизацияны есептеудің  қолданылатын әдісі  қаржылық есептілікті құрудың  әрбір күніне қайта  қарастырылады.

12

Амортизациялық құн

Пункт 8. Амортизациялық құн — активтің өзіндік құны немесе жою құнын шегеріп тастағанда көрсетілген сома

Пункт 6. Амортизациялық құн – бұл активтің жою құнын алыптастағандағы бастапқы құны

13

Баланстық құн

Баланстық құн — бұл кез келген жинақталған амортизация және құнсыздану нәтижесінде жинақталған залалдарды шегеруден кейін актив танылатын сома.

 

Пункт 9. Баланстық құн – бастапқы  құн мен жинақталған  амортизация сомасы арасындағы  айырмашылық ретінде анықталады.  Қаржылық есептіліктегі  материалдық емес активтер көрінісінің сомасы.

14

Ішкі құралған материалдық емес актив

Пункт 52.       Ішкі құралған материалдық емес актив тану критерийлеріне сәйкес келетінін анықтау үшін ұйым активті құру процесін:зерттеу сатысына; және әзірлеу сатысына бөледі.

 

 Құрылған актив активті құру процесінің  критерилеріне сәйкес келетінін анықтау үшін  стандарт зерттеу және әзірлемелер статьяларын қарастырмайды.

15

Зерттеулер

Пункт8. Зерттеулер — бұл жаңа және техникалық білімдерді алу перспективасы үшін жасалатын өзіндік ерекше және жоспарлық ғылыми ізденістер

Қарастырылмайды

1 кестенің жалғасы

16

Әзірлемелер

Пункт8. Әзірлемелер — бұл ғылыми жаңалықтарды немесе басқа білімдерді жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе қызметтерді оларды коммерциялық өндіруді немесе қолдануды басталмас бұрын жоспарлау немесе құрастыру үшін қолдану.

Қарастырылмайды.

17

Активтің әділ құны

Пункт8. Әділ құн — бұл жақсы ақпараттандырылған, шарт жасауға ниеті бар және бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасында жасалатын шарт негізінде активті айырбастауға мүмкін сома.

 

Пункт 11. Сату құны  —  хабардар және келісімді жүргізуге дайын  тәуелсіз жақтардың  арасында материалдық емес активтерді  айырбастауға мүмкін болатын  құн.

18

Құнсыздану нәтижесіндегі залал

Пункт8 Құнсыздану нәтижесіндегі залал — активтің баланстық құны оның өтем құнынан асатын сома.

Қарастырылмайды.

19

Баланстық құнның өтелімі- құнсызданудан болатын шығын

Пункт111.Активтің құнсыздануы болғандығы туралы анықтау үшін ұйым 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS-ты қолданады.

 Пункт10. құнсызданудың қандайда бір белгінің бар болуына қарамастан, ұйым құнсыздануына байланысты   пайдалы қызмет ету мерзімі  белгісіз  материалдық емес активтерді немесе қолдануға әлі жарамсыз материалдық активтерді, оның баланстық құны мен оның өтелетін  соммасын салыстыру жолымен    жыл сайын тестілеуге міндетті

«Құнсыздану» түсінігі ҚБЕС  жоқ.

20

Қолдануды тоқтату және шығып кету

Пункт 112.     Материалдық емес активті тану: -есептен шығаруы бойынша;немесе; -оны пайдаланудан немесе есептен шығарудан қандай да бір болашақ экономикалық кіріс күтілмегенде тоқтатылады.

 

Пункт 34. Материалдық емес активтердің  бухгалтерлік баланстан шығып кету кезінде  немесе оны қолданудан  ешқандай экономикалық пайда  күтілмеген жағдайда  есептен шығарылады.

1 кестенің жалғасы

21

Ақпаратты  ашу

Пункт 118.     Ұйым материалдық емес активтердің әрбір класы үшін іште құрылған материалдық емес активтерді және басқа да материалдық емес активтерді шектей отырып, мынадай ақпаратты ашуға міндетті:

1.         пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған немесе айқындалған болып табылатыны және, соңғы жағдайда, пайдалы қызмет мерзімін немесе қолданылған амортизациялау нормасы көрсетілсін;

2.         пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерге қолданылатын амортизациялау әдісі;

            кезең басындағы және аяғындағы жалпы баланстық құны және жинақталған амортизация

Пункт 36. Материалдық  емес активтердің  әрбір түрі бойынша:

—         амортизацияны есептеудің  қолданылатын әдісі;

—          пайдалы қызмет ету мерзімі  немесе амортизация нормалары;

—         кезең басындағы  және аяғындағы  жалпы баланстық құн  және жинақталған  амортизация сомасы;

—         ұйымның өзімен құрылған  материалдық емес активтердің баланстық құны

* Дерек көзі: Нурахметова Л. Различия НМА в учете по КСБУ и МСФО// Бухучет на практике №6 (43), июнь 2007год.

 

1.3  Материалдық емес активтердің есебінің  халықаралық тәжірибесі

 

Материалдық емес активтерді есепке алу ережелері батыстың есепке алу тәжірибесіндегі аса бір күрделі және біржақты шешімін таба қоймайтын мәселелердің бірі болып табылады.

Қаржылық есептіліктегі материалдық емес активтер 1998 жылдың қыркүйек айында Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары жөніндегі комитет (ХҚЕСК) қабылдап және жариялаған № 38 «Материалдық емес активтер» атты халықаралық қаржылық есептілік     стандарттарында              (№ 38 ХҚЕС) көрсетілген. Осы Халықаралық стандарт компаниялардың 1999 жылы 1 шілдесінен кейін басталатын 1998 жылы дейінгі кезең аралығында жасайтын жыл сайынғы қаржылық есептіліктер үшін жарамды болып келеді.  Қаржылық есептіліктегі материалдық емес активтер, сондай-ақ № 9 ХҚЕС  «Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстар» (ҒЗТКЖ)  (НИОКР)

және №22 ХҚЕС «Кәсіпорындардың бірлестіктері» стандарттарында көрсетілген.  №38 ХҚЕС «Материалдық емес активтер» стандартының жариялануына орай жоғарыда көрсетілген мерзімнен бастап № 9 ХҚЕС күші жойылды, ал № 22 ХҚЕС 1998 жылы қайта қаралып жарияланған. Айта кететіні, ХҚЕС-мен қатар  №4 және №7 директивалары компанияның есептілік құжаттарында ерекше материалдық емес актив – Goodwill атты активтің көрсетілу мәселелерін реттейді. Материалдық емес активтерді есепке алудың америкалық жүйесінде материалдық емес активтер жөніндегі мәселеге бірқатар құжаттар арналған. Бұл қаржылық есепке алудың тұғырнамалары туралы ережелер де, есепке алуды зерттеу бюллетеньдері де, Бухгалтерлік есепке алу қағидаларын әзірлеу кеңесінің ұсыныстары да [16].

Шетелдегі материалдық емес активтерді есепке алудың негізгі ұстанымдарын қарастырайық. № 38 ХҚЕС-ға сәйкес, «материалдық емес актив – сәйкестендірілмейтін ақшалай емес актив, оның физикалық пішіні жоқ, ол тауарларды немесе қызметтерді өндіру немесе көрсету кезінде қолдануға, өзгелерге жалға беруге немесе әкімшіліктік мақсаттарға арналған». Актив ретінде стандартта «компанияның өткендегі оқиғалардың нәтижесінде бақылап отырған және өзінен компанияға экономикалық пайда түседі деп күтіліп отырған ресурс» түсініледі.

№38 ХҚЕС-тың белгілеуінше, материалдық емес активтерді белгілеудің жалпы критерийлеріне төмендегілер жатады:

а) сәйкестендірілу қабілеті;

б) активті ұйым бақылап отырады;

в) осы активті пайдалануға қатысты болып келетін келешек экономикалық пайдаға ие болу мүмкіндігі бар;

г) осы активті сатып алуға немесе жасауға жұмсалатын шығындарды бағалаудың іс-жүзіндегі мүмкіндігі бар.

Халықаралық есепке алу тәжірибесіне сәйкес материалдық емес  активтердің 3 тобы бар:

  1. Айырбастауға жататын, дербес есепке алу бірлігі ретінде бөлектенетін материалдық емес активтер.
  2. Дербес есепке алу бірлігі ретінде бөлектенетін, алайда айырбастауға жатпайтын материалдық емес активтер.
  3. Гудвилл – дербес есепке алу бірлігі ретінде бөлектенбейтін айырбастауға жататын материалдық емес актив [18].

Материалдық емес активтердің алғашқы тобына төмендегілер жатады:

— патент – заңға сәйкес алынған құқық, ол соның иеленушісіне оның қамтып отырған қызмет тақырыбын, процесін немесе түрін қолдануға, өндіруге, сатуға және бақылап отыруға мүмкіндік береді және бір мезгілде дәл сол әрекеттерді өзге тұлғалардың жүзеге асыруына тыйым салады;

— авторлық құқық – әдебиет пен өнер саласындағы еңбек авторларының өз туындыларын монополиялық түрде тарату мен көбейтуге арналған заңмен кепілдендірілген құқығы болып табылады;

— жалға алынған меншік түрі. Жалға беру бір компанияның өзге бір компанияға негізгі құралдарды кезеңдік шығындарға жататын мерзімді төлемдерге айырбастаумен шаруашылық мақсатта қолдану құқығын ұсыну болып табылады;

— франчайзинг – бір ұйымның екінші бір ұйымға өз иелігіндегі негізгі құралдарды, сауда маркаларын және өзге де материалдық және материалдық емес активтерді олар тікелей арналуына сәйкес түрде қолданылатын болады деген шартпен қолдануына арнап тапсыруы болып табылады;

— сауда маркалары мен атаулары – өзге фирмалардың рұқсат етілмеген түрде қолдануынан заңдармен қорғалады.

Екінші топтағы активтердің негізгі сипаттамасы олардың бір жағынан бірнеше есептік кезеңнің алдын-ала төленген шығыны болып табылатынына, екінші жағынан – соларды жүзеге асырған компанияға өздерін өзге біреуге ұсына алатындай ешбір құқық бермейтіндігіне негізделген. Олардың қатарына төмендегілер жатады:

— бірнеше есептік кезеңді қамтитын алдын-ала төленген шығындар – келешекте пайда табуға ықпал ететін қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалған шығындар болып табылады;

— коммерциялық қызметті бастауға жұмсалған шығындар – дамуының бастапқы кезеңінде тұрған компанияларға тән болып келеді, олар елеулі табыс таппаса да, едәуір мөлшердегі шығындарды арқалауда;

— ұйымдастыру шығындары – компанияның бастапқы әрекет ету кезеңіндегі соның қызметін ұйымдастырумен байланысты болып келетін барлық шығындар: іс-жүргізуге, бухгалтерлік есепке, заң жүзінде ресімдеуге жұмсалатын шығындар жатады;

— гудвилл [7].

Бухгалтерлік есепке алу тұрғысынан алып қарағанда гудвилл дегеніміз компаниялардың бірігуі немесе бір-біріне енуі кезінде туындап отыратын сатып алынып жатқан компания үшін төленіп отырған баға мен соның дербес есепке алу бірліктеріне бөлініп отырған активтерінің бағалық нарықтық құнының арасындағы айырма. Гудвилл компанияны тұтастай сатып-сатып алған жағдайда ғана белгіленуі мүмкін, себебі оны дербес есепке алу бірлігі ретінде бөлектеуге болмайды және ол компанияның өзге материалдық және материалдық емес активтерімен үйлескен түрде ғана орын алады. Бұл объектінің пайда болу себептері әртүрлі болып келеді, мысалы, тиімді жарнама саясаты, айрықша әсері бар өткізу жүйесі, бәсекелестерін басып озатын басқарушылар командасының болуы, жоғары несиелік рейтинг, жеткізушілермен тұрақты, тиімді байланыстардың болуы және т.б.  Яғни  гудвилл  компанияның бүкіл қызмет ету мерзімі бойы орын алады, алайда есептілікте тек сату кезінде ғана көрсетіледі, себебі бұл жағдайда оның объективті ақпаратқа, яғни фирма сол бойынша сатып алынып жатқан бағаға негізделумен соған берілген баға пайда болады. Гудвилл бірнеше кезеңмен бағаланады.

1-кезең. Келешек кезеңдердің пайдасын анықтау. Қарапайым жағдайда бұл үшін компанияның соңғы 3-5 жыл ішіндегі есептілігі алынады және сол кезеңдердегі пайданың жиынынан орташа арифметикалық шама шығарылады.

2-кезең. Сол сала үшін қалыпты болып келетін табыстылық деңгейін анықтау. Табыстылық пайданың орташа есеппен алғандағы саладағы компаниялар бойынша активтердің баланстық құнына қатысы ретінде анықталады.

3-кезең. Қалыпты табыстылық деңгейі жағдайындағы гипотетикалық сатып алынып отырған фирманы анықтау. Бұл активтердің баланстық құнын орташа салалық табыстылық деңгейіне көбейту арқылы жүзеге асырылады.

4-кезең. Сол фирманың есептік пайдасының соның келесі есепке алу кезеңіндегі пайдасының есептік гипотетикалық деңгейінен асу мөлшерін анықтау. Фирманың өткен кезеңіне негізделумен анықталған соның табыстылығы мен активтерінің құнын біле отырып оның келесі есептік кезеңдегі пайдасының бағалық көрсеткіші (соларды көбейтумен) анықталады. Осы шамадан 3-кезеңде алынған гипотетикалық табыс алынып тасталады.

5-кезең. Гудвилді есептеу.  Шын мәніне келсек, бұл компания табысының өзінің мөлшері 4-кезеңде анықталған қалыпты деңгейден асуымен анықталады деген жағдайдың сандық бейнесі болып табылады.

Бұл көрсеткіш гудвилдің бар-жоғын анықтайтын факторлардың әсер етуінің ұзақтылығымен белгіленеді. Компанияның пайдасының қалыпты деңгейден асу мөлшерін, соның сақталып отыратын жылдарының бағалық санын біле отырып гудвилдің өзін де пайданың бірнеше кезең бойғы қалыпты деңгейден асуының қазіргі кездегі құнын есептеп шығуға болады.

Шетелдік есепке алу тәжірибесінде гудвилді шығынға жазудың төрт әдісі бар:

  1. Актив ретінде есепке алынады және пайдалы пайдалану мерзімі бойы шығынға жазылып отырады. Шығынға жазу кезеңі 40 жыл (АҚШ) және бес жыл (ЕО) мерзіммен шектелген.
  2. Меншікті капитал мен пайданың есебінен сатып алынған жағдайда дереу түрде шығынға жазылады. Абайлылық ұстанымына сәйкес, гудвилді актив ретінде санауға болмайды деп есептеледі, себебі ол менеджментті бақылаудан тыс қалып отырады, компания жойылған жағдайда оның құны болмайды, ал пайдалы өмірдің кезеңін анықтау мүмкін емес.
  3. «Тұрақты актив» ретінде есепке алынады, тозбайды, құнын анық және елеулі мөлшерде жоғалтқан жағдайда ғана шығынға жазылады. Сатып алынған гудвилл құнын жоймайды деп есептеледі, себебі қалыпты басқару кезінде кәсіпорынның қызметі тиісті деңгейде сақталып отыруы тиіс. Гудвилдің жойылу құны (артынша сату кезінде) соған сәйкес соның бастапқы құнына тең болатын болады, ал демек, тозуын есептеуге арналған база жоқ деген сөз. Сонымен қатар, бизнесті жақсы күйінде ұстап отыруға жұмсалатын шығындар шығындарға жатқызылған, ал егер олар тозатын болса, бұл қосарланған шотқа әкеп соқтыратын болады.
  4. Меншікті капиталға «ілініп тұрған» дебет ретінде есепке алынады.

Гудвилл әдеттегі мағынасында актив болып табылмайды, оның объективті құны жоқ деп есептеледі, және мұндай көзқарас бір жағынан оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан пайдаланушыға «гудвилл» ұғымын өз бетінше түсінуге мүмкіндік береді.

Осылайша, гудвилдің құнын есепке алу мен шығынға жазудың бірыңғай әдісі әзірленбеген.  Жоғарыда аталған әдістердің әрқайсысының өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар, және де сол не өзге түрдегі әдісті қолдану әрекеті ұлттық есепке алу стандарттарымен реттеліп отырады. Материалдық емес активтерге егер мұндай қызметтің нәтижелерін ұйымның өзінде қолдану жоспарланып отырса, ҒЗТКЖ-ға  (НИОКР) жұмсалатын шығындар жатады. № 9 ХҚЕС-те  ҒЗТКЖ (НИОКР) бойынша шығындар екі топқа анық түрде бөлінген:

— ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындар;

— тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына жұмсалатын шығындар.

Оның үстіне ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындар есептік кезеңнің шығындарына жатады, ал тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына арналған шығындар материалдық емес активтердің құрамында ескеріліп отырады. Бағасына келетін болсақ, материалдық емес активтердің бастапқы бағасы оларды сатып алу бағасына тең болып келеді. Компаниялардың материалдық емес активтерді әзірлеуге жұмсайтын шығындары ағымдағы кезеңнің шығындары ретінде шығынға жазылып отырады. Сатып алу құнына материалдық емес активті сатып алу мен оны пайдалануға дайын күйге келтіруге жұмсалатын барлық шығындар кіреді, атап айтқанда: сатып алу бағасы, заңды алымдар мен өзге де қажетті шығындар.

Амортизациялық аударымдарды есептеудің екі нұсқасы бар:

  1. Материалдық емес активтерді шоттан тікелей шығынға жазу: Дт. Амортизацияға жұмсалатын шығындар (Amortization expense) және Кт.  Материалдық емес актив (Intangible assent).
  2. Түзетпелеуші шотты қолдану: Дт. Амортизацияға жұмсалатын шығындар және Кт. Жинақталған амортизация (Accumulated amortization).

Осылайша, қазақстандық есепке алу жүйесінің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына бағытталуы мен шетел тәжірибесін қолдануына қарамастан қазақстандық есепке алудың ұлттық әдіснамасы өзіне тән айрықша қасиеттерін сақтауда, дегенмен де оның шетелдік есепке алу стандарттары мен практикасына ұқсас жақтары көп [16].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

 

2.1 «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  нарықтағы орны мен есеп саясаты

 

Қазақстан Республикасының бизнесінде  инвесторлардың, тапсырыс берушілердің, салушылардың қызметінің жандандырылуына  байланысты құрлым ұйымдарында  бухгалтерлік есеп ақпараттарының  шынайылығы мен тәуелсіз бақылауға  сұраныс өсуде.

         Нарықтық қатынастарға өтудің бірінші жылдарында  тек сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі  ғана құрлыстың құнын анықтайды және құрылған нормативтік  базаның еш қажеттілігі болмайды деген ойлар  пайда болды. Алайда тәжірибе көрсеткендей,  әртүрлі сипаттағы инвестициялар, капиталдандыру немесе ағымдағы  шығыстар бұрын құрастырылған  ережелер бойынша мұқият  құжаттамалық толтыруларды және есепті талап етеді.

          Бұл этапта құрлыс Қазақстан Республикасының  қызметтерінің ішінде көшбасшылық орын алады.

         Құрлыс өзін өзі асып түсті,  қайта құрудың басында біздің осындай жетістіктерге жетуімізге ешкім сенген жоқ. Қазір барлығында  анық өсуді көруге болады, бірақ сонымен қатар, мектепке дейінгі мекмелердің,  ауруханалардың, емханалардың  құрлысында біраз  төмендеуді көруге болады.

         Жыл сайын құрлыс қызметін атқаратын  мемлекеттік және шетелдік  ұйымдалдың саны азаюда. Жұмыстың көп бөлігін жекеменшік ұйымдар атқарады, 2006 жылы 291622 млн. теңгеге жұмыс орындалған, ал  мемлекеттік ұйымдар жекеменшік ұйымдар мен шетелдік ұйымдармен салыстырғанда  жұмыстың аз бөлігін 6383 млн. тг. орындады.

         «ТемірКаркас» ЖШС Қазақстан Республикасының  құрлыс нарығында аса көрнекті орын алуда.  Оның басты жетістіктерінің бірі- қуатты өндірістік потенциалында және жоғары квалификацияланған мамандардың болуында. Бұл  қазіргі кездің талаптарының  кез келген  деңгейінде құрлыс-мантаждық өндірістің  кез-келген күрделілігін  орындауға мүмкіндік береді.

 «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27.12.1994ж. қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 22.04.1998ж. қабылданған Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына сәйкес тіркелінеді және Заңды тұлға болып табылады және 31.01.2006ж қабылданған Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес Серіктестік шағын кәсіпкерліктің  тұлғасы болып табылады.

— Серіктестіктің барлық қызметкерлерінің   орта жылдық  саны, соның ішінде  келісім шарттар және мердігерлік шарттар бойынша , Серіктестіктің филиалдарының , өкілдіктерінің  және басқа оқшау  бөлімшелерінің  қызметкерлері  бойынша елу адамнан аспауы тиіс;

— Активтердің жалпы құны жылына  орта есеппен көрсеткішінің алпыс  мың айлық  есесіне дейін.

Серіктестіктің қызмет мерзімі – шектеусіз.

          Серіктестік табыстар алу және оның Қатысушысын тұрақты табыстармен  қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
          ҚР заңдарына сәйкес Серіктестіктің қызметінің мәні қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыру  болып табылады:

         Құрылыс қызметтері; құрылыс материалдарын сату және жеткізу; жобалау іздестірушілік, құрылыс құрастыру жұиыстары мен іске қосу реттеу жұмыстары; халыққа тұрмыстық қызмет көрсету; көтерме, бөлшек сауда; фирмалық жекеменшік тауарлар мен делдалдық сауда саттық  дүкендерін құру; халық тұтынатын тауарлар өндіру және сату, пісірме, құрылыс цехтарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасында және шетелдерде әр түрлі мүлікті иемдену  және иеліктен шығару, құрылыс салушы немесе жалгердің құқықтарымен жер тілімдерін алу; Қазақстан Республикасының заңндарымен тыйым салынбаған  басқа да қызметтермен айналысады.

Басқарудың жоғарғы органы болып Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес және кәсіпорынның Жарғысына сәйкес қызмет атқаратын Құрылтайшы  болып табылады.

         Есептік жұмыстың көлемі  бухгалтерлік  есепті директордың  өзімен жүргізуге  мүмкіндік береді және ол барлық бухгалтерлік  құжаттарға  қол қоюға  құқылы.

           Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жеке компьютерлерді  қолдану арқылы  автоматтандырылған  әдіспен жеңілдетілген  түрде жүргізіледі.

            Бухгалтерлік құжаттардың  барлық түрлері офисте 3  жыл сақталады, кейін архивке  беріледі де  тағы 2 жыл сақталады. Сөйтіп барлық құжаттар  5 жыл сақталады.

         «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға болып табылады және  өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы  негізінде  және өзінің  жарғысына сәйкес  атқарады. Серіктестік  қаржылық-шаруашылық  қызметін  еркін  мүліктік, эқономикалық  және қаржылық  негізінде жүргізеді. Серіктестікте  еркін баланс, өзінің атауы  көрсетілген мөртаңбасы,  ағымдағы және басқа да  банктік шоттар бар.

Серіктестіктің  есебінде есептік кезең 1 күнтізбелік жылды  1 қаңтардан 31 желтоқсанға  дейінгі уақытты  құрайды.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және  қаржылық есептілік  туралы»  Заңына сәйкес «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары  бухгалтерлік есептің  орындалуын  қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есептілікті  жүргізу «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бухгалтерлік  қызметімен  іске асырады.

«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі 1С: Бухгалтерия  бағдарламасымен  қамтамасыз ету  базасы негізінде автоматтандырылған әдіспен жүргізіледі. «Бухгалтерлік есеп және  қаржылық есептілік  туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес бухгалтерлік есеп регистрлерінің  құрамы және ішкі бухгалтерлік  құжаттамалар  Серіктестіктің  басшыларывның рұқсаты бар  тұлғаларға және Қазақстан Республикасының  заңнамасымен қарастырылған  біліктілігіне сәйкес  мемлекеттік органдардың  қызметтік тұлғаларына  ғана көрсетіледі. Есептік бухгалтерлік ақпараттарға  доступ бар  аудиторлар мен  басқа да тұлғалар Серіктестіктің басшыларының рұқсатынсыз  көрсетілген  ақпаратты  жаймауға  міндетті және  бұл ақпаратты  өз мүддесінде  қолдануға құқықтары жоқ.

«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіншоттар жоспатын жүргізудің  біртұтас жүйесімен  қамтамасыз ету үшін, серіктестіктің қатысушысымен бекітілген  бухгалтерлік есептің  жұмыс істейтін  шоттар жоспары қолданылады. «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бухгалтерлік есептің  жұмыс істейтін  шотар жоспары  Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрінің  23.05.2007 жылғы №185 «Бухгалтерлік есептің   типтік шоттар жоспарын  бекіту туралы»  жарлығына сәйкес құрастырылған.

Құжаттардың уақытылы және сапалы толтырылуына , оларда көрсетілген  мәліметтердің  сенімділігіне  бухгалтерлік есепте мәліметтерді  көрсетіге  құжаттардың  уақытылы берілуіне  құжатта қол қоятын тұлғалар жауап береді.

Қаржылық есептілікті  құрастыру мақсаты —  қолданушыларға «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайы туралы  сенімді және уақытылы ақпарат беру, есепті кезең ішінде жасалған  шаруашылық операцияларды сипаттайды. «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық  есептілікті  және  қызметтілігін талдауды  Қазақстан Республикасының заңнамасының шартарына сәйкеә  жүргізеді.

«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық есептілігі:

  • бухгалтерлік баланстан;
  • табыс пен шығыс туралы есептіліктен;
  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктен;
  • капиталдың өзгерісі туралы  есептіліктен;
  • түсініктеме хаттан тұрады.

Бухгалтерлік жазулар  шаруашылық операцияның құрылы фактісін бекітетін  бастапқы құжаттар  негізінде жасалады. Активтерге, міндеттемелерге,  қаржыландыру мен шығындарға  әсер ететін барлық шаруашылық операциялар және Серіктестіктің  шаруашылық қызметінің  басқа да жағдайлары  бухгалтерлік есептілікте көрсетілуі  қажет. Серіктестіктің бастапқы құжаттары операция жасалған сәтте  құрастырылады, ал егер  ондай мүмкіндік болмаса,  онда операция   жасалғаннан кейін  құрастырылады.

Материалдық емес активтер —  бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін  немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатта   және басқа субъектіге жалға беруге арналған  табиғи нысаны  (мәні) жоқ  ақшалай емес активтер.

         Материалдық емес активтердің есебінің  тәртібі мен әдістемесі. «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Материалдық емес активтердің есебін 38 ХҚЕС «Материалдық емес активтер»  талаптарына сәйкес жүргізеді. Серіктестік 38 ХҚЕС –ын  барлық материалдық емес активтердің есебі үшін  қолданылады.

Материалдық емес активтер нақты теңестірілген  болуы керек.  Серіктестік материалдық емес активтерді таниды,  егерде олар материалдық емес активтердің анықтамасы мен критерилеріне жауап берсе:

— активтерді қолданудан Серіктестікке   болашақ экономикалық пайданың түсу мүмкіндігінің  бар болуы;

—  активтің құны сенімді  бағалана алады.

 Материалдық емес активтерден түсетін болашақ экономикалық пайда Серіктестіктің  активті қолдану  нәтижесі болып  табылатын , тауарды сатудан немесе  қызмет көрсетуден  түсетін түсімді, шығындарды үнемдеуді  және  басқа да пайданы  қоса алады.

Компьютерлік  бағдарламамен қамтамасыз етуді  бөлшек саудада сатып алған  кезде  оны заңды және  экономикалық  көрсеткіштері бойынша  теңестіру қажет, яғни, егер:

— меншік иесі өзінің ерекше құқықтары мен лицензияланған   мәміле бойынша  құқықтарын емес, тек  материалды тасмалдаушының 1  данасын берсе;

         Материалдық емес активтер —  бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін  немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатта   және басқа субъектіге жалға беруге арналған  табиғи нысаны  (мәні) жоқ  ақшалай емес активтер. Материалдық емес активтердің есебі үшін «Материалдық емес активтер» шоты қолданылады:

-«Гудвилл»

-«Өзге материалдық емес активтер»

Материалдық емес активтерді бағалау. Қолдануға дайын жағдайына келтіру  шығындары (нақтырақ айтқанда  сатып салу бағасы,  компьютерлік бағдарламаны  жөндеумен және  орнатумен байланысты шығыстар)  мен оларды  сатып алумен байланысты  нақты шығындар сомасынан  тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.

Материалдық емес активтерді  ақшаға немесе басқа да монетарлық  активтерге сатып алу кезінде   материалдық емес активтердің  өзіндік құны сенімді  бағалануы мүмкін  өзіндік құнға кіреді:

  • сатып алу бағасы;
  • тіркемелік алымдар, кедендік баждар, патенттік баждар және материалдық  емес активтерді  сатып алумен байланысты  төленетін басқа да  ұқсас төлемдер;
  • сатып алуға қайтарылмайтын салықтар;
  • материалдық емес активтерді   сатып алумен немесе  тіркеумен байланысты  делдал ұйымдарға  қызмет көрсеткені үшін  төленген сыйақылар; және
  • материалдық емес активтерді    қолдануға дайындаумен  байланысты  тікелей шығындар, мысалы, заңды қызмет көрсетулерге шығындар.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі. Материалдық емес активтердің келіп түсуі «Материалдық емес активтерді қабылдау -өткізу актісімен»  кірістеледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
  3. Объектінің сипаттамасы
  4. Бастапқы құны
  5. Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтердің келіп түсуін  толтырған кезде  құжат әрбір жеке объект үшін  1 данада толтырылады. Материалдық емес активтердің қабылдау -өткізу актісіне қосымша  құжаттарына  бас  бухгалтер қол қойылып,   директормен бекітіледі.  Актінің негізінде  бухгалтер материалдық емес активтер бойынша операцияларды  бухгалтерлік есепте көрсетеді.

«Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттары бойынша  аналитикалық есеп  материалдық емес активтер есебінің  карточкаларында жүргізіледі. Карточка бухгалтериямен материалдық емес активтердің әрбір  жеке объектісі үшін  ашылады. (типтік нысаны МЕА-2). Карточка материалдық емес активтер объектісін  алу фактісін  растайтын құжаттар  негізінде  1 данада  толтырылады.

Материалдық емес активтердің жойылу құны нолге тең деп саналады.

Қайта бағалау. Материалдық емес активтер бастапқы танудан кейін  оның қайта бағалану күнге әділ құнымен  білдіретін қайта бағаланатын  сома минус кез келген кейіннен жинақталған  амортизация және кез келген кейіннен жинақталған құнсызданудан  болған залалдарды  білдіретін  қайта бағалау  сомасы бойынша  есепке алынады.

Материалдық емес активтердің  мүмкін болатын  қайта  құнсыздануы  бухгалтерлік есепте Дебит шоты «Активтің құнсыздануынан  болатын шығыстар», — Кредит шоты «Өзге материалдық емес активтер» шоттар  корреспонденциясымен көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің   құнсыздануы.

Сыртқы тануға жатады:

     — активті нарықтағы  ұқсас материалдық емес активтердің  нарықтық құнының  түсуі;

—   заңнамадағы өзгерістер, экономикалық  шоттардың өзгеруі және т.с.с.

—   нарықта  күтілетін өзгерістер;

—   басқа да өзгерістер.

Ішкі  тануға жатады:

—   материалдық емес активтердің   моральды ескіруі;

— материалдық емес активтерді қолданудан болған  экономикалық  көрсеткіштер, нәтижелер, оны сатып алу кезінде  ұйғарғаннан әлде қайда  нашарлау

Материалдық емес активтердің пайдалануын  тоқтату мен есептен  шығару  есебі. Материалдық емес активтердің құны Серіктестіктің  балансынан  келесілердің нәтижесінде  есептен шығарылады:

— заңды және жеке тұлғаларға  интеллектуалдық меншік  объектілерінің  ерекше құқықтарына  жеңілдіктер.

—  оларды   басқа заңды  және жеке  тұлғаларға  сату;

—   қайтарымсыз беру;

—   моральды ескіруі;

—   басқа да себептермен.

Серіктестіктің Материалдық емес активтерін  пайдалануын  тоқтатудан кейін  есептен шығарылуынан  болатын табыстарды немесе шығыстарды  пайдалануды тоқтатқаннан кейінгі таза  түсіммен  және  активтің  баланстық құны  арасындағы  айырмашылық  ретінде танып  және  қорытынды  табыс  немесе шығыс ретінде  танылады.

Материалдық емес активтердің амортизациясы. Материалдық емес активтердің құны оның  пайдалы қызмет мерзімінің ең жақсы бағалануы кезінде  жүйелі түрде есептен  шығарылады.  Анықтаған кезде  Серіктестік  келесі факторларды  ескереді:

а) активті қолдануының күтілімі;

б) техникалық, технологиялық  және  ескірудің  басқа да типтері.

Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі  материалдық емес активтердің  түрлеріне байланысты  Серіктестіктің  комиссиясымен анықталады:

— компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етудің қызметінің  мерзімі пайдалы  қолдану  мерзімімен анықталады.

Материалдық емес активтер бойынша  амортизация  пайдалы қызмет ету мерзімі және  бастапқы құн негізінде  есептелген коэффициент  бойынша  есептейді. Егерде материалдық емес активтердің немесе амортизация нормасын  анықтау мүмкін болмаса, онда амортизация  есептелмейді.

Серіктестік материалдық емес активтер үшін  келесідей пайдалы қызмет ету мерзімін қолданады:

—  бағдарламаман қамтамасыз ету -6,5 жыл;

—  өзге материалдық емес активтер-5 жыл [22].

 

                                                                                                                2 кесте

Материалдық емес активтерді сатып алу*

 

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

Материалдық емес активтерді сатып алу

берілген  есепті сома шотына

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

 

 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі»

МЕА кірістеу

2730  «өзге материалдық емес активтер»

 

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

2 кестенің жалғасы

ҚҚС есепке алу

1420 «ҚҚС»

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

Ұйымдар мен заңды тұлғаларда

 

2730  «өзге материалдық емес активтер»

 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

3390 «Өзге қысқа мерзімді  кредиторлық берешек»

ҚҚС есепке алу

1420 «ҚҚС»

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

3390 «Өзге қысқа мерзімді  кредиторлық берешек»

Ұйымдар мен заңды тұлғалардан Материалдық емес активтердің қайтарымсыз келіп түсуі

2730  «өзге материалдық емес активтер»

 6220 « Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер»

Жеткізу шарттарына сәйкес келмейтін  материалдық емес активтерді қайтару

 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

3390«Өзге қысқа мерзімді  креди-торлық берешек»

 2730  «өзге материалдық емес активтер»

Қызметін тоқтату кезінде  материалдық емес активтердің баланстық құнын есептен шығару

 7410 «Активтердің істен шығуы бойынша  шығыстар»

 2730  «өзге материалдық емес активтер»

материалдық емес активтерді сату және басқа да шығу кезінде  жинақталған амортизация соммасын есептен шығару

 2740 «Өзге материалдық емес активтердің  амортизациясы» 

 

 2730  «өзге материалдық емес активтер»

материалдық емес активтердің ұрлануын және  жетіспеушілігін есептен шығару:

 

— активтің қалдық құнына  

 

 

 

— жетіспеушілік пен ұрлану бойынша  кінәлі тұлғалармен  қарыздарын өтеу

 1254 «қызметкерлердің қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі»

2740«Өзге материал-дық емес активтер-дің  амортизациясы» 

1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»,

1020«Кассадағы ақша қаражаттары»

2730  «өзге материалдық емес активтер»

 

 

2730  «өзге материалдық емес активтер»

 

 1254 «қызметкерлердің қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі»

 

 

*Дерек көзі: ұйымның есеп саясатынан

 

Серіктестікте қорлардың қозғалысы  Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігінің  21.07.2007 жылғы № 22700 бұйрығымен бекітілген  бастапқы  есептік құжаттардың  келесі формаларымен  толтырылады:

  • материалдық емес активтер объектілерін қабылдау-өткізуін құжаттамалық  түрде толтыруға  қолданылатын  «Материалдық емес активтерді  қабылдау-өткізу актісі» (МЕА-1 нысаны)
  • келіп түсетін материалдық емес активтердің  барлық түрінің есебі  үшін  және әр  объектіге  жеке ашылатын  «Материалдық емес активтердің есебінің  карточкасы» (МЕА-2 нысаны).

Қаржылық есептілікте  ақпаратты ашу. Ұйым материалдық емес активтердің әрбір класы үшін іште құрылған материалдық емес активтерді және басқа да материалдық емес активтерді шектей отырып, мынадай ақпаратты ашуға міндетті:

— пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған немесе айқындалған болып табылатыны және, соңғы жағдайда, пайдалы қызмет мерзімін немесе қолданылған амортизациялау нормасы көрсетілсін;               

— пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерге қолданылатын амортизациялау әдісі;

— кезең басындағы және аяғындағы жалпы баланстық құны және жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен топтастырылған);

— материалдық емес активтердің кез келген амортизациясы енгізілген пайда және залал туралы есептің желілік бабы (баптары);

—  кезеңнің басы мен аяғындағы жай-күйі бойынша мыналар көрсетілген баланстық құнды салыстырып тексеру

Сонымен қатар  қаржылық есептілік  келесіні ашып көрсетеді:

  • материалдық емес активтердің амортизациясының кезеңі 2700 жылдан  жоғары болу себептерін;
  • Серіктестіктң қаржылық есептілігі үшін  маңызды болатын  кез келген материалдық емес активтердің қалған амортизациясының кезеңі мен  баланстық көлемін;
  • бастапқыда әділ құны бойынша   таныған және  мемлекеттік субсидия арқылы  алынған материалдық емес активтер үшін:
  • а) бұл активтер үшін  бастапқыда  таныған әділ құнын;
  • б) олардың баланстық көлемін.
  • алынған материалдық емес активтер бойынша нақты  міндеттемелер көлемін.

2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен шығысының есебі мен түгенднлуі

 

Материалдық емес активтердің бағалануы:

  • басқа кәсіпорындар мен адамдардан сатып алынған материалдық емес активтер есепте  оларды сатып алуға жұмсалған  нақты шығындардың сомасымен  көрсетіледі;
  • кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;
  • жарғылық капиталға салым ретінде  құрылтайшыдан келіп түскен активтер  есепте тараптардың  келісімімен   белгіленген құн бойынша көрсетіледі;

Материалдық емес активтердің қолда бары   мен қозғалысының есебі 2700- бөлімшенің  активтік шоттарында  жүргізіледі:

— 2731-лицензиялық келісімдер;

— 2732- бағдарламалық қамтамасыз ету;

— 2733- патенттер;

— 2734-ұйымдастыру шығындары;

— 2710- гудвилл;

— 2736- басқалар [17].

Материалдық емес активтердің келіп түсуі  мен шығуы бір данада  жасалған №1 нысыандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау — өткізу  актісінде» көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
  3. Объектінің сипаттамасы.
  4. Бастапқы құны.
  5. Амортизация нормасы.

 Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға  табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде)  акт екі данада жасалады:  өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындара. 2700-бөлімшенің шоттары  бойынша талдамалы  есеп материалдық емес  активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы  инвентарлық карточкада  жүргізіледі.  Инвентарлық карточкалардың  деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

а) материалдық емес активтердің атауы;

б) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

в) ай ішіндегі қозғалысы [3].

Материалдық емес активтердің  кірісі мен шығысының есебі. Материалдық емес активтердің  барлық түрлерін  сатып алу кезінде  келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің дебит шоты (2731-2736 шоты) – ҚҚС қоспағандағы материалдық емес активтердің құнына;

1420 «Өтеуге аралған ҚҚС» дебит шоты —  салықтық шот –фактураларда  көрсетілген  ҚҚС сомасына;

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» кредит шоты- салықтық шот-фактуралардың  жалпы сомасына;

 Акцептелген шот-фактураларды  төлеу кезінде

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» дебит  шоты

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары», 1030 «валюталық  шоттағы  ақша қаражаттары», 1010 «кассадағы ақша қаражаты» кредит шоты.

Егер кәсіпорын  материалдық емес активтерді  құрумен байланысты  шығындарды өзі  шығарса (ЭЕМ бағдарламасымен қамтамасыз ету,  интеллектуалдық меншік объектілері  және т.б.),  онда бұл шығыстар алдын ала  8110 «Негізгі өндіріс»  шоттарында  жинақталады.

«Материалдық емес активтерді  қабылдау — өткізу  актісі» негізінде материалдық емес активтерді құрумен байланысты шығындар 8110 «Негізгі өндіріс»   шоттарынан  2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің сәйкес дебит шоттарына  олардың нақты  өзіндік  құны бойынша  көрсетіледі.

Материалдық емес активтер  басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына  үлес ретінде салына алады. Басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталына үлес ретінде  салған кезде  келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады.

Инвестор — кәсіпорында (әр түрлі материалдық емес активтерді  жарғылық капиталға қосқан кезде):

7410 «Активтердің істен шығуы бойынша  шығыстар» дебит шоты,

2731 «Лицензиялық келісімдер», 2732 «Бағдарламамен қамтамасыз ету», 2733 «Патенттер», 2736 «Өзге материалдық емес активтер» кредит шоты — берілетін жақтың  балансында  ескерілген материалдық емес активтердің  баланстық құнына;

2741 «Материалдық емес активтер амортизациясы – лицензиялық келісімдер», 2742 «Материалдық емес активтер амортизациясы — бағдарламамен қамтамасыз ету», 2743 «Материалдық емес активтер амортизациясы- өзге материалдық емес активтер» дебит шоты,

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты) – есептелген амортизациямен  жабылатын материалдық емес активтердің құнына (материалдық емес активтердің  амортизацияланған  сомасы);

2120 «Еншілес  ұйымдардың  ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі», 2130 «Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар», 2130 «Бірлесіп- басқарылатын заңды тұлғаға инвестициялар»  дебит шоты,

6210 «Активтердің шығуынан  алынатын кірістер» кредит шоты — материалдық емес активтердің  сомасына  келісімде көрсетілгендей  инвестиция ретінде материалдық емес активтерді  табыс етуге ;

3130 «ҚҚС» дебит шоты

1420 «Өтеуге арналған ҚҚС» кредит шоты — материалдық емес активтер бойынша есепке  алдын ала  алынған ҚҚС сомасы

Инвестицияланатын кәсіпорындарда келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:

Жарияланған жарғылық капитал сомасына:

5110 «Төленбеген  капитал» дебит шоты,

5020 «Жай акциялар», 5010 «Артықшылықты акциялар», 5000 «Жарғылық капиталға  үлестер мен  жарналар» кредит шоты;

Алынған материалдық емес активтердің  келісілген құнына:

2731 «Лицензиялық келісімдер», 2732 «Бағдарламамен қамтамасыз ету», 2733 «Патенттер» , 2736 «Өзге материалдық емес активтер» дебит  шоты

5110 «Төленбеген  капитал» кредит шоты

5110«Төленбеген  капитал» шотының  дебиті мен кредиті арасындағы  айырмашылық,  жарияланған  бірақ  әлі де  акционерлермен (қатысушылармен)  төленбеген  жарғылық  капитал  сомасын  көрсетіледі.

Ұйымдастырушы кәсіпорынға  уақытша қолдануға берілген  құрал- жабдықтардың, ғимараттар мен құрылғылардың есебі.

«Шаруашылық серіктестіктер туралы»  атты заңды  күші бар (6 бап) Қазақстан Республикасының Президентінің  Жарғысына сәйкес, шаруашылық субъектілері   интеллектуалдық қызмет нәтижесіне  құқықпен қоса  иеліктен шығарылатын мүліктік  құқықтарды  жарғылық капиталға  үлес ретінде  қосуға құқықтарына ие.

Мүліктік құқықтар  әдетте табыстылық  әдісі бойынша  немесе  капитализацияланған  жалдау төлемінің   бағасы бойынша (жалдау пайызын қоса алғанда)  бағаланады. Ғимарат, құрлысты, құрылғыны уақытша  пайдалану құқығының  құнының  сомасы есепке  алынады. Бұл  сомаға  келесідей  шоттар корреспонденциясы құрастырылады:

2736 « Өзге материалдық емес активтер» дебит шоты

5110 «Төлентеген капитал» кредит шоты

Кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген  ғимарат, құрлыс және  құрылғылар  келісілген құн бойынша  баланстан тыс  шотта  пайдалану  мерзімі ішінде ескеріледі.

«Фирма бағасы»  ұйымның  іскерлік байланыстарының  шартты құнын, сауда маркасының беделін  тәжірибе,  клиенттердің тұрақтылығын, сонымен қатар, басқарушылық, ұйымдастырушылық және  техникалық  ресурстарды,  қаржылық әлемдегі беделін, өндірістік және өтімділік  қызметінің  механизмін бақылауды  білдіреді.

Отандық және шетелдік  бухгалтерлік  есептілікті  жүргізу  тәжірибесінде кәсіпорынды сатуға дейінгі «фирма бағасын» бағалау  әдестері  әлі де жасалмаған.  Ол тек қана істеп тұрған  кәсіпорындарды немесе  оның бөлігін сатып алу  кезінде ғана  анықталады.

Егер кәсіпорын  оның активтерінің  құнынан  төмен сомаға  объект сатып алса (бэдвилл),  онда келесідей  шоттар корреспонденциясы құрастырылады       (объектінің баланстық құны -10,0 млн. теңге, сатып алу құны -7,0 млн. теңге, «бэдвилл» -3,0 млн. теңге): 

Аукционда сатып алынған  объектінің құны сатушыға төленді:

5520 « Өткен жылдардың  бөлінбеген пайдасы» дебит шоты

1030 « Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары» кредит шоты -7,0 млн. теңге

«бэдвилл»  сомасы сатушы  кәсіпорынның  есебіне  енгізіледі және салық салуға  жатады:

5520 « Өткен жылдардың  бөлінбеген пайдасы»дебит шоты

6280 «Негізгі емес қызметтен түскен  өзге табыстар» кредит шоты —         3,0 млн.теңге

Материалдық емес активтер басқа объектілер  сияқты  толық моральдық  тозуына байланысты  және кәсіпорынға  күтілетін табысты  әкелу қабілеттілігін  жоғалтуына байланысты  баланстан есептен шығарылуы  мүмкін.

Материалдық емес активтер  оларды сатумен, өтеусіз берумен ( сыға беру) және басқа да себептермен  байланысты  шығарыла алады.

Материалдық емес активтердің  шығуы бойынша операцияларды қарастырайық.

Моральдық тозуына  байланысты және кәсіпорынға  табыс әкелу  қабілеттілігінің  жойылуынан материалдық емес активтердің  есептен шығарылуы. Моральдық тозуына  байланыстыесептен шығару кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:

7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- шығып кеткен материалдық емес активтердің  баланстық құнына,

2740«Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің  дебит шоты (2741-2744,2746 шоты)

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- материалдық емес активтердің тозған құнына [6].

Сатылып кетуіне байланысты материалдық емес активтердің  есептен шығарылуы. Сатылып кетуіне байланысты материалдық емес активтердің  есептен шығару кезінде  келесідей шоттар  корреспонденциясы жүргізіледі:

7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- сатылған материалдық емес активтердің  баланстық құнына,

2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің  дебит шоты (2741-2744, 2746 шоты);

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- сатылған материалдық емес активтердің  амортизациялық құнына;

1210 «Сатып алушылар мен  тапсырушылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» дебет шоты,

6210 «Активтердің шығуынан  алынатын кірістер» кредит шоты – шот-фактураларда  көрсетілген (ҚҚС-сыз) материалдық емес активтердің  келісілген құнына,

3130 «ҚҚС» кредит шоты – сатылған материалдық емес активтер  бойынша  есептелінген  ҚҚС  сомасына ( бекітілген тәртіпте);

1030 «Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары» дебит шоты, 1210                            «Алынуға арналған шоттар» кредит шоты — сатылған материалдық емес активтер үшін сатып алушымен  шот төленді.

Қайтарымсыз берілген материалдық емес активтер (сыйға берілген) бекітілген тәртіп  бойынша енгізіледі,  келесідей жазулармен көрсетіледі

7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты, 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты) – қайтарымсыз берілген материалдық емес активтердің баланстық құнына

2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің  дебит шоты (2741-2744,2746 шоты);

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- материалдық емес активтердің тозған (амортизацияланған)  сомасына,

7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,

3130 «ҚҚС» кредит шоты– қайтарымсыз берілген материалдық емес активтердің құнынан алынған ҚҚС сомасына,

3130 «ҚҚС» дебит шоты, 1030 « Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары» кредит  шоты – бюджетке ҚҚС-ғы  және жолдық  қорға  аударымдар төленді.

Материалдық емес активтердің  келуі мен шығуын «материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу  актісімен»  толтырылады.

2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің  шоттары бойынша  аналитикалық есеп «материалдық емес активтердің есебінің   инвентарлық  карточкасында»  жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің есебі  олардың шығуы кезінде                7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» шотын қолдану арқылы  жүргізіледі. 7410 шотының  дебит бойынша шығарылатын  материалдық емес активтердің  әрбір түрінің бастапқы  құны көрсетіледі, ал кредит бойынша  — берілген актиатің  шығу кезінде  есептелген  тозу сомасы көрсетіледі [3].

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаға  сату кезінде моральдық тозуы  кезінде, даңды және жеке тұлғаларға  қайтарымсыз түрде  берілгенде, табыстылақ қасиетін жоғалтуына  байланысты  есептен шығарылғанда,  басқа заңды тұлғалардың  жарғылық капиталына  үлес ретінде  қосқан кезде  шығысқа шығарылады.

— материалдық емес активтер шығу кезінде   немесе оны қолданудан ешқандай  экономикалық пайда күтілмеген жағдайда  бухгалтерлік баланстан есептен шығарылады.

— материалдық емес активтердің шығуынан алынған  табыстар мен шығындар , қаржылық –шаруашылық  қызметінің нәтижесі  туралы есептілікте  шығыс немесе табыс  ретінде  танылатын  шығу бойынша шығыстарды  қоспағандағы сату құны  мен баланстық  құнының  арасындағы айырма ретінде  анықталады.

— материалдық емес активтерді сату  кезінде ұйым  оның сатылатын (нарықтық) құнын анықтайды.  Сатылу құны  жақтардың  келісімі бойынша  мәміледе немесе  тәуелсіз эксперттің (бағалаушы)  көмегімен анықтала алады.  Авторлық құқық объектілерін, ғылыми-зерттемелік және тәжірибелік –конструкторлық жұмыстарды (НИОКР)  бағалау кезінде эксперт   бағалаушыны  қатыстыру қалаулырақ.

— материалдық емес активтердің есептен шығарылуы  олардың қызметінің мерзімінің  өту кезінде және  олар түгелдей  амортизацияланғанн кезде жүргізіледі.

— материалдық емес активтерді  түгендеу кезінде   мыналар тексеріледі:

— меншік құқығы негізінде  кәсіпорынға  жататын материалдық емес активтердің  нақты дарын;

         —  активтердің  баланста  дұрыс әрі  уақытылы  көрсетілуін;

         — материалдық емес активтердің  тозуын дұрыс  есептеу;

         — моральдық ескірген  активтердің бар болуын.

          Материалдық емес активтерді мүліктік  түгендеу кезінде  объектінің  бар болуын  және  оны қолдануға  кәсіпорынның меншік құқығы  бар  материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын;  олардың     баланста  дұрыс  және  уақытында  көрсетілуін, материалдық емес активтердің  тозуын есептеудің  дұрыстығын, моральдық тозуға   ұшыраған  активтерін  тексереді. 

          Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерін  егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялану нормасы, пайдаланылатын объектінің құрлымы және басқа мәліметтері көрсетіледі.  Материалдық емес активтердің  мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттыры да тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе  оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктәік құқықтарын растайтын құжаттары жатады.  Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың  пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай – ақ, кәсіпорынның мүліктік құқығын қуаттайтын құжаттар жатады.

     Материалдық емес активтердің есебі мен олардың  тозуын дұрыс  нақты ұйымдастыру    нарықтық  қатынаста үлкен  рол атқарады.

     Шығу және  сату. Материалдық емес активтер бухгалтерлік баланстан  шығу кезінде  немесе оны  қолданудан  болашақта  ешқандай  экономикалық  табыс алу  көзделмесе  есептен  шығарылады.

      Материалдық емес активтерді  шығуынан алынған  табыстар мен шығыстар шығу бойынша шығыстарды қоспағанда  баланстық құны мен  сату құнының  арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.

     Ақпаратты ашу.  Ұйым материалдық емес активтердің әрбір класы үшін іште құрылған материалдық емес активтерді және басқа да материалдық емес активтерді шектей отырып, мынадай ақпаратты ашуға міндетті: 

  • пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған немесе айқындалған болып табылатыны және, соңғы жағдайда, пайдалы қызмет мерзімін немесе қолданылған амортизациялау нормасы көрсетілсін;
  • пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерге қолданылатын амортизациялау әдісі;
  • кезең басындағы және аяғындағы жалпы баланстық құны және жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен топтастырылған);
  • материалдық емес активтердің кез келген амортизациясы енгізілген пайда және залал туралы есептің желілік бабы (баптары);
  • кезеңнің басы мен аяғындағы жай-күйі бойынша мыналар көрсетілген баланстық құнды салыстырып тексеру:
  • ішкі дамудан алынғандарын бөліп көрсете отырып, өсімдер, жеке-жеке сатып алынған, және кәсіпорынды біріктіру арқылы алынғандар;
  • сатуға арналған ретінде толық жіктелген, 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде жіктелген сияқты есептен шығару тобына енгізілген активтер;
  • кезең ішінде танылған кез келген амортизация;
  • қаржылық есеп көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта санау кезінде, сондай-ақ шетелдік қызметті ұйым ұсынатын валютаға қайта санау кезінде уындаған таза бағамдық айырма:    
  • баланстық құнның кезең ішінде басқа да өзгеруі.

    Сонымен қатар  қаржылық   есептілікте   мыналар ашылады:

— баланстық құны субъектінің   барлық  активтерінен 5%-ке  басымрақ  болатын материалдық емес активтердің    амортизациясының  қалған  кезеңі  және  түр, баланстық құн;

—  иелік  құқығына  шектеу  бар материалдық емес активтердің     жалпы баланстық құны, сонымен қатар  міндеттемелер бойынша  кепілдік ретінде берілген материалдық емес активтердің     жалпы құны;

—     алынған материалдық емес активтери бойынша   міндеттемелер сомасы.

     Қаржылық есептілік  есептілік кезінде  шығыс болып танылған шығындар сомасын ашып көрсетуі керек  және тікелей  жатқызыла алатын немесе  парасатты негізде мыналарға қосыла алады:

  1. Бағдарламамен қамтамасыз етуге шығындар.
  2. Жарнамаға және жарнамалық  компанияға  кеткен шоғындар.
  3. Субъектіні құру кезінде кеткен шығындар.
  4. Материалдық емес активтерді алумен, жинақтаумен , күшейтумен  немесе қолдаумен  байланысты кеткен  кезкелген басқа  да едәуір  шығындар сомасы, соның негізінде  болашақ экономикалық  табыстың түсімі  күтіледі.

Басқа ақпарат. Ұйымның мынадай ақпараттарды ашуына қолдау көрсетіледі, бірақ талап етілмейді:

1) осы уақытқа дейін пайдаланудағы кез келген толықтай амортизацияланған материалдық емес активтің сипаты; және

2) ұйымның бақылауындағы, бірақ осы Стандартта белгіленген тану критерийлеріне жауап бермейтіндіктен немесе 1998 жылы шыққан 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартының редакциясы күшіне енгенге дейін сатып алынған немесе құрылғандықтан, актив ретінде танылмаған елеулі материалдық емес активтердің қысқаша сипаты.

Ауысралы жағдайлар. Егерде берілген стандартты қолдану  есеп саясатында  өзгеріске алыр келсе, онда субъект алдағы  есептік кезең үшін  берілген стандартта  көрсетілген тану бойынша талаптарды  қолдана алады, бірақ міндетті емес. Алдағы кезең үшін материалдық емес активтерді тану бойынша  талаптарды қолдану  ашып көрсетуге жатқызылады [19].

 

2.3  Материалдық емес активтердің амортизациясың есебі

 

Материалдық емес активтер объектілері бойынша  амортизацицяны есептеудің  әдістері мен ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу Ережесі бойынша  белгіленген.           Амортизация — бұл материалдық емес активтің пайдалы қызмет ету мерзіміндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі.

Амортизацияны есептеудің  мақсаты — пайдалы  қолдану мерзімі бекітілген  уақыт ішінде  олардың құнын өтеу, жабу болып табылады.

Патенттер мен куәліктердің, ерекше құқықтардың құны амортизация есептеу  жолымен өтелмейді, жабылмайды:

  1. Егерде интеллектуалдық меншік объектілері  коммерциялық емес  ұйымдарға жатса (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу Ережесі п. 56).
  2. Егерде интеллектуалдық меншік объектілеріне  ерекше құқықтар  басқа ұйымдарға  жатса,  бірақ құқық иеленуші ерекше емес  құқықтарды лицензиялық  келісім, коммрциялық  концессиялар келісімдері бойынша  және тағы басқалар бойынша  берілсе және  баланстан тыс шоттарда  ескерілетіндей етіп  берудің нәтижесінде  ұйыммен қолданылады.

     Нормативті құжаттарға сәйкес материалдық емес активтер  объектілеріне амортизацияны  есептеудің негізгі  ережелері келесілерден тұрады:

  1. Амортизациялық аударымдар ұйым қызметінің нәтижесіне байланыссыз есептеледі және есептілікте көрсетіледі;
  2. Амортизациялық аударымдар олар жасалған есептілік кезеңнің (ай, тоқсан, жыл) бухгалтерлік есебінде көрсетледі;
  3. Амортизацияны есептеу ұйымның консервация жағдайынан басқа  жағдайларда  объектінің бүкіл пайдалы  қолдану мерзімі ішінде  тоқтатылмай жүргізіледі;
  4. Амортизация объект бухгалтерлік есепке қабылданған  айдан кейінгі айдың  бірінші жұлдызынан  бастап материалдық емес активтердің  құнының толық өтелуіне  дейін немесе  олардың шығып кетуіне  дейін есептеледі;
  5. Материалдық емес активтер бойынша амортизация олардың құны толық өтелген айдан  немесе есептен шығып кеткен  айдан кейінгі айдың  бірінші жұлдызынан  бастап есептелмейді және есепте көрсетілмейді;
  6. Есептілік кезеңі ішінде осындай объектілер бойынша амортизациялық аударымдар жылдық соманың 1/12  бөлігі мөлшерінде ай сайын есептеледі;
  7. Мезгілдік, маусымдық өндірісте амортизациялық аударымдардың жылдық сомасын есептік жылда ұйым жұмысының уақыт мерзімі ішінде бірқалыпты есептейді;
  8. Ұйымның іскерлік белсенділігінің амортизациясы  10 жыл ішінде есептеледі (бірақ ұйым қызметінің  мерзімінен көп емес);
  9. Ұйымдастыру шығындары бойынша амортизациялық аударымдар 10 жыл ішінде бастапқы құнның бірқалыпты  азаю жолымен  есепте көрсетіледі (бірақ ұйым қызметінің  мерзімінен көп емес).

Бухгалтерлік есепте есептелген амортизация  өнімнің, жұмыстың , қызмет көрсетудің  өзіндік құнының  құрамына кіреді.

Патенттер мен куәліктердің  құнын жабу кезінде амортизациялық аударымдар сомасы олардың пайдалы қызмет ету мерзімімен  анықталады. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне ерекше құқықтардың  пайдалы қолдану мерзімі — бұл объектіні қолданудың  күтілетін мерзімі, сол уақыт ішінде ұйым экономикалық пайда ала алады. Ол ұйымның өз еркімен  объектіні қолдануға  жіберілген күніне анықталады.

Материалдық емес активтер  құнына сәйкес қағидасы бойынша  активтің  әрекет ететін мерзім бойына  жүйелі  түрде  есептен шығарылып отыруы тиіс. Материалдық емес активтердің есебінде  экономикалық қызмет ету  мерзімін белгілеу  жеткіліті түрде  күрделі  болып саналады және материалдық емес активтердің  амортизациялық  кезеңін анықтау  барысында  келесі факторларды ескерген жөн:

— заңды, реттеуші, кесімді  жағдайларын ескеріп,  олардың максималды қызмет  ету мерзімінен  шектелуі мүмкін;

—   жаңарту немесе ұзарту жағдайлары  келсе,  онда оның топшыланған  қызмет ету мерзімі  өзгеруі мүмкін;

—  тозу, сұраныс және тағы  басқа да  экономикалық факторлар  оның қызмет ету мерзімін   қысқарту мүмкін;

— келешектегі  бәсекелестіктердің  және дасқа да  субъектілердің  әрекеті (іс-қимылы) материалдық емес активтердің  бүгінгі белсенділік  қабілеттілігін  шектеуі мүмкін;

— материалдық емес активтердің   кейбір түрлерінің  қызмет ету мерзімі  сол активтердің  құрамдас бөліктері  болуы мүмкін.

Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтердің амортизацияланған сомасы осы мерзім ішінде жүйелі негізде бөлінуге тиіс. Активті амортизациялау пайдалану үшін рұқсат етілген кезде, яғни активтің орналасқан жері мен жай-күйі оны әкімшіліктің мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз еткен кезде басталуы тиіс. Амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі ұйымның болашақ экономикалық пайдасын күтілетін пайдалану кестесін көрсетуге тиіс. Егер мұндай кесте сенімді айқындалмаса, бірқалыпты есептеу әдісі пайдаланылуға тиіс. Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерді амортизациялау кезеңі және әдісі кем дегенде әрбір қаржылық жылдың аяғында талдауға жатады. Егер пайдалы қызметтің есептеу мерзімі бұрынғы бағалаудан айтарлықтай өзгеше болса, онда амортизациялау кезеңі тиісінше өзгертілуі тиіс. Активте бекітілген болашақ экономикалық кірісті пайдаланудың есептік кестесінде өзгеріс болса, онда амортизациялау әдісі осындай өзгерістерді көрсету үшін өзгертілуі тиіс.

Материалдық емес активтің қызмет мерзімі ішінде оның пайдалы қызмет мерзімін бағалау дұрыс болып табылмайтыны айқын көрінуі мүмкін. Мысалы, құнсызданудан болған залалды тану амортизациялау кезеңін өзгертуді нұсқауы мүмкін. Уақыттың өтуіне қарай материалдық емес активтерден ұйымға түсуі күтілетін болашақ экономикалық кіріс кестесі өзгеруі мүмкін. Мысалы, бірқалыпты есептеу әдісі емес, азаятын қалдық әдісін қолданған жөн болып көрінуі мүмкін. Тағы бір мысал ретінде берілген лицензияларды пайдалану құқығы бизнес-жоспардың басқа құрамына қолданылғанға дейін мерзімі кейінге қалдырылған жағдай болып табылады. Бұл жағдайда келіп түскен активтерден экономикалық кіріс неғұрлым кейінгі кезеңдерге дейін алынуы мүмкін.

         Пайдалы қызмет мерзімі белгіленбеген материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.

Активтің амортизацияланатын құнын жүйелі негізде бөлу үшін оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде әр түрлі амортизациялау әдістері қолданылуы мүмкін. Оларға:

-материалдық емес активтердің  бастапқы құны  және  бұларды  пайдаланудың  мерзіміне қарай  анықталған  амортизациялық  нормаға сай  бірқалыпты түзу  сызықты әдісі;  

-материалдық емес активтердің  баланстық  қалдық құнымен  және бұларды  пайдаланудың  мерзіміне қарай  анықталған  амортизациялық нормаға  сай қалдықты  азайту әдісі;

-материалдық емес активтердің  бастапқы құнымен және  бұларды  пайдаланудың  мерзіміне қарай  өндірілетін  өнімдер көлемінің  сомасына  пропорционалдық әдіспен тарату жатады.

Материалдық емес активтердің арналымы бойынша  пайдалануға дайындық кезеңінен  бастап амортизациясын есептейді.

Амортизациялық сомасы әдетте,  шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да  активтердің  құнына қосолмаса. Амортизацияны есептеу   әдісін тану   бір есептік кезеңнен  екіншісіне жүйелі  түрде  ауысып отырады, егерде активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою құны өте сирек кездеседі,  олардан алынатын олжа  тек қызмет ету  мерзімінің соңында анықталады.  Сондықтан материалдық емес активтердің  жою құны нольге тең болады.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» деп аталатын бөлімшесінің  шоттары арналған:

2741 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – лицензиялық келісімдер», 2742 «Материалдық емес активтердің амортизациясы –бағдарламалық жабдықтау», 2743 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – патенттер», 2744 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – ұйымдастыру шығындары», 2745 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – «Гудвилл», 2746 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – тағы басқалары».

Бұл шоттар пассивті, реттеуші, контрактивті болып келеді, олардың  кредиті бойынша  ай басындағы амортизацияның  қалдығы,  ағымдағы  айда  есептелінген  амортизациясы  және есеп берілген  айдың  соңындағы  амортизацияның  қалдығы көрсетіледі,  ал дебиті бойынша — материалдық емес активтердің амортизациясын есептен шығарылған  сомасы  көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы  құнынан  және тиімді  пайдаланудың  болжамды  мерзіміне  анықталған  нормалар  бойынша әр ай  сайын  есептелініп отырады.

Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің  барлық түрлерінің  пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген)  есептер бойынша анықталуы тиіс.

Амортизацияның  есептелінген сомасына: 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету  бойынша шығыстар», 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 8410 «Үстеме шығыстар», шоттары дебеттеледі де, 2741-2746 шоттары кредиттеледі [15].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ

3.1 Материалдық емес активтердің  аудитінің  мақсаты мен міндеттері, ақпарат көздері

 

Материалдық емес активтердің рөлі барған сайын артуда. Олар есепке алу мен есептілікте оларды сатып алу, жасау және пайдалануға даяр күйге келтіру жөніндегі шығындардың жиынында көрсетіліп отырады. Кәсіпорында материалдық емес активтер 3 топқа бөлінеді:

  1. Зияткерлік меншік (патенттер, лицензиялар, сауда маркалары, тауар белгілері, ноу-хау, гудвилл, авторлық құқық).
  2. Мүліктік материалдық емес активтер (жер телімін, табиғи ресурстарды, мүлікті және т.б. пайдалану құқығы)
  3. Өнеркәсіптік материалдық емес активтерге ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу әдістемелері, тәжірибелік-құрастыру әзірлемелері жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет. Материалдық емес активтер  2007 жыл

 

Тексеру кезінде мынаны ескеру қажет, материалдық емес активтер келесідегідей негіздемелер бойынша есепке алынып отыруы мүмкін: олар нақты бағасы мен құнын растайтын тауарлық күйде болып, сатып алынуы туралы құжаттық растауы болуы мүмкін. Аудитор тексеру бағдарламасын жасайды, мұнда ол бухгалтерлік баланстың басты кітаптағы көрсетулерге сәйкес келетін көрсетулерін көрсетеді, синтетикалық және аналитикалық есепке алудың дұрыстығын тексереді, бастапқы құжаттарды, амортизацияның есептелуін, есепке алуда шығып қалудың көрсетілуін, түгендеудің нәтижелерін, салықтардың салынуын тексереді.

Материалдық емес активтерге аудит жүргізудің мақсатына кәсіпорын қолданып отырған матералдық емес активтерді есепке алу әдістемесінің өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны мен қаржылық нәтижелердің қалыптасуын реттейтін нормативтік актілердің талабына, сондай-ақ оларды есепке алу ережелерін бекітетін тиісті стандарттар мен ережелерге сәйкес келуін анықтау жатады [10].

    Аудитор келесідегідей сәттерді бірізді түрде тексеріп шығуы тиіс:

  1. Бастапқы құжаттар мен есепке алу тіркелімдеріндегі мәліметтер бойынша материалдық емес активтердің құрамы мен құрылымын зерттеп шығу.
  2. Материалдық емес активтердің объектілеріне қатысты меншік құқығын растау.
  3. Есепке алу құжаттарында материалдық емес активтермен жүргізілетін операциялардың дұрыс көрсетілгенін анықтау.
  4. Есепке алу құжаттарында материалдық емес активтер бойынша амортизацияның шынайы түрде көрсетілгенін растау.
  5. Түгендеудің сапасына баға беру.

Материалдық емес активтермен жүргізілген операцияларды тексеру кезінде төмендегілерге назар аудару қажет:

— материалдық емес активтер ретінде азаматтың интеллектуалдық және іскерлік қасиеттерін, оның біліктілігі мен еңбекке деген қабілетін тануға болмайды, себебі оларды азаматтың меншігінен алып және өзге тұлғаларға беру мүмкін емес;

— материалдық емес активтер объектісінің бар-жоғының құжаттық ресімделуі;

— материалдық емес активтердің бастапқы бағасының дұрыс көрсетілуі;

— материалдық емес активтерді кәсіпорынның балансынан шығынға жазу ережелері;

— материалдық емес активтер объектілеріне амортизацияны қосып есептеу;

— материалдық емес активтерді синтетикалық және аналитикалық есепке алудың дұрыс жүргізілуін тексеру [9].

Аудитті жүргізу үшін аудиторға материалдық емес активтермен жүргізілген операцияларды тексерудің бағдарламасын жасау қажет, ол төменде көрсетілген:

 
 

 

                                                                                                                
        3 кесте
Материалдық емес активтермен жүргізілген операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы*

 

Шаралардың тізбесі

Ақпарат көздері

1.                      

Материалдық емес активтер (МЕА) объектілерін есепке алу тіркелімінің мәліметтері бойынша іріктемелі түрде бақылау:

а) МЕА-ны түгендеу;

б) құжаттарды меншік құқығына қатысты тексеру

Түгендеу тізімдер, ағымдағы түгендеудің нәтижелері, қабылдау-өткізу актілері, МЕА-ларды пайдалануға енгізу актілері, шот-фактуралар, келісімшарттар.

2.                      

 МЕА есепке алу тіркелімдерінің мәліметтерін тексеру және оларды Негізгі кітаптың шоттарымен салыстыру

МЕА-ны есепке алудың түгендеу карточкалары, ордер-журналдар, Негізгі кітап.

3.                      

МЕА-ның келіп түсу тізімін әзірлеу:

а) құжаттардағы тиісті бұрыштамалардың  дұрыстығын растау;

б) есепке алу құжаттарында материалдық емес активтердің бастапқы бағасының дұрыс анықталуы мен толық көрсетілуін тексеру.

Келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқағаздар, қабылдау-өткізу актілері, МЕА-ны есепке алудың түгендеу карточкалары, Негізгі кітап.

4.                      

Материалдық емес активтерді түгендеу мәліметтерін тексеру соның нәтижелерін аналитикалық есепке алу мәліметтерімен салыстыру

Материалдық емес активтерді есепке алудың түгендеу карточкалары.

5.                      

Келіп түскен материалдық емес активтер бойынша ҚҚС-ның дұрыс шығарылуы мен өтелуін, ҚҚС мен сату мен өзге түрдегі шығып қалулар бойынша салықтардың есептелуін  тексеру

Есепке алу-төлемдік құжаттар, салықтар бойынша есеп айырысулар, қабылдау-өткізу актілері, шығынға жазу актілері

6.                      

Материалдық емес активтердің амортизациясының дұрыс есептелуін талдау 

Амортизацияны есептеу тізімдемесінің есептік саясаты

7.                      

Амортизациялық аударымдардың есепке алу құжаттары бойынша тиісті шоттарға дұрыс жатқызылуын тексеру.

Амортизациялық аударымдарды есептеу мен үлестіру тізімдемелері.

8.                      

Материалдық емес активтерге қатысты есептелген амортизацияны аналитикалық есепке алу мәліметтерін есептеу және Негізгі кітаптағы мәліметтермен салыстыру 

Амортизациялық аударымдарды есептеу мен үлестіру тізімдемелері, Негізгі кітап.

*Дерек көзі: Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.- Алматы: Экономика, 2005.- 400бет.

 

 

 

 

  • Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу әдістемесі

 

Материалдық емес активтер кәсіпорынға жарғылық капиталға салымдар түрінде, сондай-ақ сатып алу немесе құрудың; дебиторлық берешекті өтеудің, өтемақылық мәміленің; өтелімсіз тапсырудың нәтижесінде түсіп отырады.

Кәсіпорынға материалдық емес активтердің келіп түсуінің тағы бір түріне оларды ақшасына сатып алу мен құру жатады.

Қазіргі кезде материалдық емес активтерді сатып алу мен құру ұзақмерзімді инвестициялардың нәтижесінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорынға материалдық емес активтердің келіп түсуінің тағы бір түріне заңды және жеке тұлғалардан тегін түрде алу жатады. Тегін түрде алу операциялары мұқият түрдегі тексеруді қажет етеді. Бұл жерде ерікті инвесторлардың құқықтарының бұзылған-бұзылмағанын анықтау үшін қарсы бақылау қажет.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі қабылдау актісімен ресімделеді.

Аталмыш операцияларды қайталаумен аудитор бастапқы құжаттарды: қабылдау-өткізу актілерін, сату-сатып алу келісімшарттарын, лицензияларды және т.б. алады. Бұл аталмыш сатып алулар қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізілген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге қатысты құқықтардың сатылып алынғаны патенттік ведомствода тіркелген тиісті лицензиялық келісімшарттарда расталған болуы тиіс.

Зияткерлік меншік объектілеріне аудит жүргізе отырып ең алдымен өзінде объектіні шығынға жазу туралы мәліметтер берілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құжаттарды тексеріп шығу керек. Зерделік меншік объектісінің бар-жоғы фактісі осымен расталады. «Ноу-хау»-ды сатып алғанын көрсету үшін  субъектіде оның суреті немесе сипаттамасы болуы тиіс.

Тауар белгісін немесе қызмет көрсету белгісін сатып алғандығы патенттік ведомствода тіркелген беру туралы келісімшартымен расталуы тиіс.

Қандай да бір авторлық құқықтарды сатып алған жағдайда бұл фактіні есепке алу құжаттарында тіркеу әрекеті заңды немесе жеке тұлғамен – осы авторлық құқықтарды сатушымен жасалған, заң тұрғысынан алғанда толық құнды болып келетін және күшіне енген келісімшарттың негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Мүліктік құқықтар объектілерінің аудитін жүргізу кезінде тиісті құжаттарда материалдық емес активтің бар-жоғы фактісінің ресімделуіне ерекше назар аудару қажет. Мысалы, жер пайдалану құқығын кіріске алу негізі ретінде құрылтайшының жер теліміне қатысты құқығы мен оны кәсіпорынға соның пайдалануына арнап беру фактісін растайтын тиісті құжат жатады. Ол заңмен бекітілген тәртіп бойынша толтырылған болуы тиіс.

Материалдық емес активтер бастапқы бағада ескеріледі, ол келесі объектілер үшін төмендегідей әдіспен белгіленеді:

— Шотқа енгізілген жарғылық капиталға қатысты салымдар үшін – тәуелсіз аудиторлық тексерумен расталған тараптардың келісуі (келісілген құны) бойынша;

— Өзге шаруашылық етуші субъектілер мен тұлғалардан ақшаға сатып алынған объектілер үшін – объектілерді сатып алу және оларды пайдалануға дайын болатындай күйге келтіруге жұмсалған іс-жүзіндегі шығындар бойынша;

— Өзге субъектілер мен тұлғалардан тегін түрде алынған объектілер үшін – сараптама жасау әдісімен [11].

Аудитор материалдық емес активтердің бастапқы бағасының дұрыс-қате көрсетілгенін тексеріп шығуы тиіс. Материалдық емес активтердің келіп түсуі жөніндегі құжаттарды қарап шығып аудитор сол келіп түсудің түрлі факторларының есепке алуда дұрыс көрсетілуін тексеріп шығуы тиіс. Аудитор мынаны естен шығармауы тиіс: материалдық емес активтерді алумен (сатып алумен, құрумен) байланысты шығындар капиталдық сипатқа ие болып келеді және олар есепке қабылданғанша «Аяқталмаған құрылыс» шотында, «материалдық емес активтерді құруға жұмсалған шығындар» қосалқы шотында көрсетіледі.

Егер аудитор материалдық емес активтердің келіп түсу операциялары жөніндегі есептік жазбаларда бұзушылықтарды анықтайтын болса, онда ол бухгалтерияның қызметкерлеріне тиісті түзетулер мен нақтылауларды енгізудің қажеттігін нұсқайтын болады.

Материалдық емес активтер өздерін сатып алуға, сонымен қатар оларды жоспарланған мақсатта қолдануға жарамды болатындай күйге келтіруге жұмсалған шығындар сомасының есебінде көрсетіледі, және өзінің бастапқы бағасын өндіріс шығындары мен оларды пайдалы қолдану мерзіміне негізделумен кәсіпорында белгіленетін нормалар бойынша айналымның шығындарына бірқалыпты түрде көшіреді.

Материалдық емес активтерді қолдану мерзімін анықтаудың үш әдісі бар:

— материалдық емес активтерді пайдалы қолдану мерзімі тиісті келісімшартта ескерілген олардың жарамдылық мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жағдайда жыл бойғы амортизациялық аударымдардың шамасы материалдық емес активтердің бастапқы бағасының тиісті келісімшартта бекітілген оларды пайдалы қолдану мерзіміне қатысына тең болады;

— кәсіпорын материалдық емес активтерді пайдалы қолдану мерзімін белгілейді. Бұл ретте ескере кететін бір нәрсе, материалдық емес активтерді пайдалы қолдану мерзімі бір жылдан кем болуы тиіс, себебі материалдық емес активтерге қатысты нормативтік құжаттарда «ұзақ мерзімді» ұғымы қолданылады. Бұл жағдайда жыл бойғы амортизациялық аударымдардың шамасы материалдық емес активтердің бастапқы бағасының кәсіпорынмен бекітілген оларды пайдалы қолдану мерзіміне қатысына тең болатын болады;

— егер материалдық емес активтерді пайдалы қолдану мерзімін анықтау мүмкін болмаса, онда амортизациялау нормалары он жыл мерзімге (алайда ары кеткенде кәсіпорынның қызмет ету мерзіміне) арнап бекітіледі.

Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдардың шамасы өзіндік құнға енгізілетін болғандықтан, нәтижесінде бұл қаржылық нәтижеге әсер етеді. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу ережелерінен кез келген түрдегі ауытқу салық салудың қоры ретінде табыстың бұрмаланып көрсетілуіне әкеледі. Сондықтан бұл жағдайда аудитордың міндеті –   амортизацияның дұрыс есептелуіне қатысты бақылауды қамтамасыз ету.

Аудиторға келесіге көз жеткізу қажет: материалдық емес активтердің әрбір объектісіне арнап кәсіпорында амортизациялық аударымдардың нормалары, оларды пайдалы қолдану мерзімдері бекітілген, және амортизация ай сайын есептеліп отырады.

Материалдық емес активтер кәсіпорыннан келесі жағдайда шығып қалады: сатудың нәтижесінде; өзге кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына немесе бірлескен қызметке салым ретінде; тегін берілудің нәтижесінде; пайдалы қолдану мерзімінің аяқталуының нәтижесінде; моральдік тозуының нәтижесінде; кредиторлық берешекті өтеудің есебіне; өтемақылық мәміленің нәтижесінде.

Бірлескен қызмет жағдайында материалдық емес активтерді беру (негізгі баланстан шығынға жазу) кезінде бұл операцияларды есепте көрсету әрекеті материалдық емес активтерді өзге кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдау кезіндегіге ұқсас түрде жүргізіледі.

Материалдық емес активтерді шығарып тастау әдістерінің арасынан ең алдымен келесілеріне тоқтала кету қажет:

         — өткізу (сату);

— тегін беру.

Материалдық емес активтерді өткізу жөніндегі айналымдарға қосылған құн салығы салынады.

Материалдық емес активтерді тегін беру кезінде қосылған құн салығын төлеушісі болып тапсырушы тарап шығады. Бұл ретте салық салу мақсатындағы айналым тапсыру кезінде қалыптасқан нарықтық бағаларға негізделумен, алайда іс-жүзіндегі өзіндік құн мен монополист-кәсіпорындарға арнап бекітілген шекті оңтайлылық бойынша есептелген пайданың есебімен белгіленген бағалардан төмен болмайтындай етіп тағайындалады.

Материалдық емес активтерге қатысты пайда салығымен байланысты мәселелерді шешу кезінде біз негізгі құралдармен жүргізілетін операциялар кезіндегідей ережелерге сүйеніп отыруды ұсынамыз. Атап айтқанда:

— материалдық емес активтерді сатып алу негізгі құралдарды алу (құру) тәрізді капиталдық салымдарға жатады;

— кәсіпорындардың белгілі бір жағдайларда тегін түрде алып отыратын өздеріне пайда салығы салынбайтын құралдарды анықтау кезінде өзгелердің арасында негізгі құралдар да, материалдық емес активтер де және т.б. көрсетілген.

Ақырында аудиторға тексерудің нәтижелерін қорытып, тұжырымдама жасап және ұйымдағы кемшіліктерді жою және материалдық емес активтердің есепке алынуын орнату жөніндегі негізделген ұсыныстарды әзірлеу керек.

2-суретте аудит мақсатының тізбектілігі көрсетілген.                                                                  

 

                                                                                           

 

Қаржылық есептіліктегі аудиттің мақсаты

 

 

 

 

Стандарттардың талаптарына сәйкес барлық елеулі аспектілер  бойынша  қаржылық есеп   берулердің  жасалғаны  немесе жасалмағандығы  туралы  аудиторлардың өз пікірін білдіру

                                                                                          

Аудиторлық қорытынды

 

 

 

2 сурет. Аудит мақсатының тізбектілігі

 

3.3  Материалдық емес активтерге салық салу және оларды         есептілікте ашу

Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде келесілер тексеріледі: кәсіпорынға меншіктену құқығының негізінде тиесілі болып келетін материалдық емес активтердің іс-жүзіндегі бар-жоғы; олардың баланста дұрыс және дер кезінде көрсетілуі; материалдық емес активтердің тозуының дұрыс есептелуі; моральдік тұрғыдан тозған активтердің бар-жоғы. Мерзімді түрде жүргізіліп отыратын түгендеу бухгалтерлік есепке алу мәліметтерінің іс-жүзіндегі жағдайға сәйкестігін тексеріп және анықтауға, сондай-ақ бухгатлерлік баланстың нақтылығын растауға мүмкіндік береді. Айналымнан тыс активтердің, тауарлық-материалдық активтердің, ақшалай құралдар мен пассивтердің іс-жүзіндегі бар-жоғын анықтау, олардың сақталуын бақылау және мәліметтерді нақтылау мақсатында «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде түгендеулер жүргізілуде. Түгендеулерді жүргізу үшін Серіктестіктің  Бас директоры және осы есеп саясатына сәйкес құрылған үнемі түрде әрекет етуші түгендеу комиссиялары жауапкершілікте болады:       

Орталық түгендеу комиссиясы мен департаменттердің түгендеу комиссиялары. Орталық түгендеу комиссиясының құрамына келесілер кіреді: төраға – Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары; «ТемірКаркас» серіктестігінің ревизиялық комиссиясының төрағасы, қаржылық директор, ; «ТемірКаркас» серіктестігінің мамандары. Департаменттердің жұмыстық түгендеу комиссияларының құрамына келесілер кіреді: төраға – департаменттің бас инженері; комиссия мүшелері: департаменттің мамандары, департаменттің бас бухгалтері, ревизиялық комиссияның өкілі.

Түгендеу комиссиясы мүшелерінің есімдері көрсетілген тізімі жыл сайын «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директорының бұйрығымен түзетіліп және бекітіліп отырады. Жүргізілу сипатына қарай түгендеулер жоспарлық және жоспардан тыс деп бөлінеді.  Жоспарлық түгендеулер бекітілген мерзімдерде жүргізіліп отырады. Барлық департаменттер төмендегілерге жоспарлы түгендеулерді жүргізіп отыруға міндетті:

— жылжымайтын мүлікті (ғимараттар, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын объектілер) – үш жылда бір рет;

— негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, келешек кезеңнің шығындарын және барлық тауарлық-материалдық қорларды – бухгалтерлік есептер мен баланстарды жасай отырып кем дегенде жылына бір рет.

— банктер мен салықтық органдармен есеп айырысуларды – кемінде тоқсанына бір рет.

— ақшалай құралдар мен ақшалай құжаттарды (құнды қағаздарды) – кемінде тоқсанына бір рет;

— дебиторалар мен кредиторлармен есеп айырысуларды – кем дегенде жылына бір рет.

    Жоспардан тыс түгендеулер «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларының бұйыруымен материалды-жауапты тұлғалардағы құндылықтардың сақталуына қатысты бақылау мақсатында жүргізіледі, сондай-ақ:

— Материалды-жауапты тұлға ауысқан жағдайда;

— Тауарлық-материалдық құндылықтардың тоналуы, бүлінуі анықталған жағдайда;

— Табиғи апаттар болған жағдайда;

— «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жойылған (қайта құрылған) жағдайда, жою балансын жасау алдында және Қазақстан Республикасының заңдарында ескерілген өзге жағдайларда.

Бастапқы құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің толықтай сипаттамасы беріліп, олардың бастапқы бағасы, пайдалы қолдану мерзімі, тозу нормалары, өзінде сол объекті пайдаланылатын бөлімше және өзге де мәліметтер көрсетілуі тиіс. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде объектінің өзінің, және кәсіпорынның соны пайдалануға құқығының бар екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын анықтап алу қажет. Оларға материалдық емес активтердің объектісін немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын құжаттар, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқығын растайтын құжаттар жатады.

Жалпы жағдайдағыдай, материалдық емес активтерді түгендеудің негізгі мақсатына төмендегілер жатады:

— материалдық емес активтердің іс-жүзінде бар-жоғын анықтау;

— материалдық емес активтердің іс-жүзіндегі орын алуын бухгалтерлік есептің мәліметтерімен салыстыру;

— есепке алу құжаттарында толық көрсетілуін тексеру.

Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде келесілер тексеріледі:

— ұйымның соларды пайдалануға қатысты құқығын растайтын құжаттардың болуы;

— материалдық емес активтердің баланста дұрыс және дер кезінде көрсетілуі.

Салық салу мәселелерін қарастыру мен материалдық емес активтермен жүргізілетін операциялар кезінде ескеретін бір нәрсе, қолданыстағы нормативтік құжаттарды осы категорияға қатысты қолданған кезде оларда сол активтерді құру (алу), қызмет ету, өткізу (беру) ерекшеліктері толық көлемде ескерілмей жатады. Материалдық емес активтермен жүргізілетін операцияларда келесідегідей салықтар алынады: қосылған құн салығы (ҚҚС); заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы және мүлікке салынатын салық.

Қосылған құн салығы төмендегідей жағдайларға байланысты есептеледі:

— материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығып қалу жағдайларына;

—  төмендегі қажеттерге арналған материалдық емес активтердің нақты объектілерінің арналуымен:

— өткізу кезінде өздеріне қосылған құн салығы салынатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірісінде қолдануға арналған;

— өткізу кезінде өздеріне қосылған құн салығы салынбайтын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірісінде қолдануға арналған.

Өзінен МЕА объектілері сатылып алынған ұйымның ҚҚС-ты іс-жүзінде төлегенін төлемдік құжаттар мен ұсынылған салықтық шот-фактуралармен дәлелдеуге болады. 

Қосылған құн салығы бойынша есептеулерді жүргізу үшін төмендегілерді ескеріп отыру қажет:

-материалдық емес активтерді алушы (сатып алушы) жеткізушіге (сатушыға, беріп жатқан тарапқа) қосылған құн салығын төлеуі тиіс пе;

— материалдық емес активтерді сатып алған кезде төленген қосылған құн салығын қайда жатқызу керек.

Салық салу объектілері бойынша салықтық база ретінде МЕА-ның орташа жылдық қалдықтық құны жатады, ол бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерді бойынша анықталады. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдықтық құны ағымдағы салықтық кезеңнің әр айының бірінде және есептік айдан кейінгі кезеңдегі айдың біріне қатысты салық салу объектілерінің қалдықтық құнын қосындылау арқылы алынған соманың он үштен бір бөлігі ретінде белгіленеді.

«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салықты салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына қатысты  1%  мөлшерлеме бойынша есептейді. 2007 жылғы Салықтық кодексте МЕА-ға қатысты шығындар салық төлеушінің жиынтық жылдық табысынан жылына 15% амортизация мөлшерлемесі бойынша амортизациялық аударымдар түрінде шегеруге жатады деп белгіленген. Амортизациялауға жататын МЕА-лардың құнына оларды алу немесе өндіруге жұмсалатын шығындар егер олар салық төлеушінің салық салынатын табысын есептеу кезінде шегерілген болса, оның құнына енгізілмейді [23].

Есептілікте материалдық емес активтерді ашу. Шаруашылық етуші субъектінің қаржылық есептілігінде материалдық емес активтердің есебін жүргізуге арнап қабылданған, сондай-ақ материалдық емес активтердің әрбір түріне арналған есептік саясат ашылуы тиіс:

— амортизацияны есептеудің қолданылып отырған әдісі;

— пайдалы қызмет ету мерзімі немесе амортищацияның қолданылып отырған нормалары;

-субъектінің қолында бар барлық материалдық емес активтердің есептік кезеңнің басы мен аяғына қатысты амортизациясының  жалпы баланстық құны және жинақталған сомасы;

-ұйымдардың бірлесуінен түскен түсімдердің нәтижесінде материалдық емес активтердің баланстық құнындағы есептік кезеңнің басы мен аяғына қатысты өзгерістер;

-шығып қалу мен өзге түрдегі қозғалыстардың нәтижесінде материалдық емес активтердің баланстық құнындағы есептік кезеңнің басы мен аяғына қатысты өзгерістер;

-бүкіл есептік кезең бойы жинақталған материалдық емес активтердің амортизациялану жиыны;

-субъектінің өзі құрған материалдық емес активтердің баланстық құны.

Қаржылық есептілікте сонымен қатар келесілер көрсетіледі: баланстық құны субъектідегі барлық активтердің % асатын  материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны және амортизациялануының қалған кезеңі; өздері бойынша иелену құқығына қатысты шектеулер болатын материалдық емес активтердің жалпы баланстық құны, сондай-ақ міндеттемелер бойынша кепілдік ретінде берілген материалдық емес активтердің жалпы құны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің жиыны. Қаржылық есептілікте есептік кезеңде өздері шығын ретінде танылған және қисынды негізде өздерін тікелей келесілерге жатқызуға немесе енгізуге болатын шығындардың жиыны көрсетілуі тиіс:  программалық қамтуға жұмсалған шығындар; жарнама мен жарнамалық шараларға жұмсалған шығындар; субъектіні құру кезінде жұмсалған шығындар; өздерінің нәтижесінде келешек экономикалық табыстың түсуі күтіліп отырған материалдық емес активтерді алумен, жинақтаумен, нығайтумен немесе қолдаумен байланысты жұмсалған шығындардың кез келген елеулі жиындары. Сонымен қатар, субъект есептік кезеңде елеулі материалдық зардаптары болған немесе келешек кезеңде соларға ие болатын материалдық емес активтердің есепке алу бағаларын өзгерту сипаты мен нәтижесін ашады. Мұндай ашылу пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасының немесе амортизацияны есептеу әдісінің өзгеруінен туындауы мүмкін.

 

 

3.4  Материалдық емес активтерді қолданудың тиімділігін талдау

 

Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің тиімділігін талдаудың негізгі міндеттері ретінде төмендегілерді қарастыратын боламыз:

— материалдық емес активтердің көлемі мен серпінін талдау;

— материалдық емес активтердің  құрылымы мен күйін түрі, пайдалы қолдану мерзімі мен құқықтық қорғалуы бойынша талдау;

— материалдық емес активтердің табыстылығын талдау;

— материалдық емес активтер мен капиталды материалдық емес активтерге салымдау тәуекелінің дәрежесін талдау.

Материалдық емес объектілерді есепке алу, талдау мен баға беру мақсатында зерттеліп отырған объектілердің күйі мен қозғалысын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің жүйесі әзірленеді. Басқару үшін ерекше мағынаға материалдық емес объектілердің кәсіпорынның қаржылық күйі мен соның қызметінің қаржылық нәтижелеріне тигізетін әсерін көрсететін соларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері ие болады.  «ТемірКаркас» ЖШС балансының мәліметтері бойынша барлық материалдық емес активтердің көлемі мен түрлері бойынша алдыңғы кезеңдегі мәліметтермен салыстырғандағы есептік кезең бойынша өзгерістерінің серпініне талдау жүргіземіз (4-кесте).

Бірқатар кезең бойынша есеп беру мәліметтері болған жағдайда тренділік талдау жүргіземіз, яғни тұрақты және айнмалы базаға қатысты абсолюттік және салыстырмалы түрдегі ауытқуларды есептейміз, сондай-ақ орташа ауытқуларды анықтаймыз.

                                                                                                      4 кесте

Материалдық емес активтердің көлемі мен серпінін талдау*

                                                                                                            (мың теңге.)

 Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

 Абсолюттік ауытқу

Салыстырмалы түрдегі ауытқу, %

1. Материалдық емес активтер

 

 

 

 

барлығы

2952

1084

-1868

36,72

Соның ішінде түрлері бойынша:

 

 

 

 

а) өнертабыстар мен өзге де сол тәрізді зияткерлік меншік (өнеркәсіптік меншік) объектілеріне қатысты құқығы  

1502

588

-914

39,15

б) табиғи және өзге түрдегі ресурстар мен мүлікті пайдалану құқығы

1361

423

-938

31,08

в) ұйымдастыру шығындары

89

73

-16

82,02

2

 

2.Материалдық емес активтердіңбаланс валютасын-дағы меншікті салмағы, %

 

0,16

 

0,06

 

-0,10

 

38,99

*Дерек көзі: Ұйымның қаржылық  көрсеткіштері бойынша.

 

4-кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, кәсіпорын өз қызметінде зияткерлік қызметтің нәтижелерін белсенді түрде қолдануда, мұнысы 2005 жылдың соңына қатысты 588 000 теңгені құрауда. 

Материалдық емес активтер өзінің құрамы бойынша, оларды өндіріс барысында қолдану немесе пайдалану сипатына қарай, қаржылық жағдай мен шаруашылық қызметтің нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай бірдей болып келмейді. Сол себептен оларға баға беруде саралап жіктемелеу әдісін қолдану қажет. Ол үшін материалдық емес активтер түрлі белгілері бойынша жіктемеленіп және топтастырылады. Осылайша, материалдық емес активтердің құрылымына жіктемелеу бегілерінің берілген қимасында баға беру мүмкіндігі туындайды.

Материалдық емес активтердің құрылымын келіп түсу (сатып алу) көздері бойынша, түрлері бойынша, пайдалы қолдану мерзімдері бойынша, беделдік дәрежесі бойынша, өнімді өндіру мен өткізу ісінде қолданылу дәрежесі бойынша, шығып қалу бағыттары және т.б. бойынша талдау мен баға беру аса маңызды болып келедi [1].

 «ТемірКаркас» ЖШС-дегі материалдық емес активтер құрылымындағы өзгерістерді талдап және соған баға берейік. Ол үшін кестені құрамыз (5-кесте).

5 кесте
Материалдық емес активтердің құрылымындағы өзгерістерді талдау*

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

ауытқулар

Сомасы

Жиынына қатысты%

Сомасы

Жиынына қатысты %

Сомасы

Жиынына қатысты %

1. Материалдық емес активтер

 

 

 

 

 

 

Барлығы

2952,00

100,00

1084,00

100,00

-1868,00

-46,28

Соның ішінде түрлері бойынша:

 

 

 

 

 

 

а) өнертабыстар мен өзге де сол тәрізді зияткерлік (өнеркәсіптік) меншік объектілеріне қатысты құқығы

1502,00

50,88

588,00

54,24

-914,00

3,36

б) табиғи және өзге түрдегі ресурстар мен мүлікті пайдалану құқығы

1361,00

46,2700

423,00

39,02

-938,00

-7,08

в) ұйымдастыру шығындары

89,00

3,01

73,00

6,73

-16,00

3,72

*Дерек көзі: Ұйымның қаржылық  көрсеткіштері бойынша

 

5-кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, материалдық емес активтердің құрылымында аса жоғары меншікті салмаққа өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты құқықтар ие болуда (50%-дан артық). Осы түрдегі активтің есептік кезеңдегі үлесінің артуын жағымды деп бағалауға болады, себебі бұл салымдар өндіріс пен өнімнің сапалық параметрлерін жетілдіруге бағытталған. Бұдан әрі қарай өнеркәсіптік меншік объектілеріне салымдардың құрылымын талдап, солардың құрамында барынша тиімді түрлерін бөліп кету қажет.

Осыған ұқсас сұлба бойынша (5-кест. пішіні бойынша)  материалдық емес активтердің құрылымына өзге топтастыру белгілері бойынша талдау мен баға беру жүргізіледі.     Материалдық емес активтердің құрылымына келіп түсу көздері бойынша талдау жүргізу кезінде объектілердің төмендегідей топтарын бөлеміз:

материалдық емес активтер — барлығы, мың теңге,

соның ішінде:

а) құрылтайшылар енгізген;

б) ақшаға сатып алынған немесе өзге бір мүлікке ауыстырып алынған;

в) заңды және жеке тұлғалардан тегін алынған;

г) мемлекеттік органдардың демеуқаржылары.

 «ТемірКаркас» ЖШС-нің материалдық емес активтерінің құрылымын пайдалы қолдану мерзімдері бойынша талдау үшін кесте құрастырайық (6-кесте).

6 кесте
Материалдық емес активтердің оларды пайдалы қолдану мерзімдері бойынша құрылымы*

(мың теңге)      

2006 жылға қатысты пайдалы қолдану мерзімі (жыл)

Көрсет- кіштер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

10 жылдан астам

Жиыны

Материалдық емес активтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А) мың теңге

79,00

512,00

54,00

324,00

17,00

98,00

1084,00

б) жиынына қатысты %-бен

7,29

47,23

4,98

29,89

1,57

9,04

100,00

*Дерек көзі: Ұйымның көрсеткіштері бойынша.

 

6-кестеден көрініп отырғандай, кәсіпорындағы зияткерлік меншік нәтижелерін пайдалы қолданудың орташа мерзімі 5-7 жылды құрайды. Қазіргі жағдайларда бұл өнеркәсіптік жаңалықтың «өмір сүруінің» қалыпты мерзімі. Пайдалы қолданудың 10 жылдан артық мерзіміне келесідегідей материалдық емес активтер ие болуда: жерді, табиғи және өзге түрдегі ресурстарды пайдалану құқығы. Материалдық емес активтердің құрылымында олардың үлесі 9,04% құрайды, мұнысы оңтайлы шама болып табылады.

Материалдық емес активтердің шығу құрылымын талдау кезінде объектілер келесі бағыттар бойынша топтастырылып отырады:

Есептік кезеңде шығып қалған материалдық емес активтердің саны — барлығы, мың теңге,

соның ішінде келесі себептермен шығып қалған:

а) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі шығынға жазу;

б) бекітілген қызмет ету мерзімінен бұрын шығынға жазылуы;

в) айрықша құқықтарды сату;

г) материалдық емес активтерді тегін беру.

Материалдық емес активтердің шығып қалуы бойынша шаруашылықтық операцияларды ресімдеу кезінде қаржы менеджері өзінің назарын шығып ақлудан болатын шығындарды барынша аз етуге аударады. Материалдық емес активтерге капитал салымдары өтімділік пен тәуекел дәрежесіне қарай үш категория бойынша бағаланады: өтімділігі жоғары, шектеулі түрде өтімді, төмен дәрежеде өтімді. Бұл жіктеме салыстырмалы болып келеді. «ТемірКаркас» ЖШС-де капиталды материалдық емес активтерге салымдау мүліктің өтімділігіне баға беру кезінде өтімділігі төмен салымдарға жатады, яғни олардың өткізілуі негізгі және айналымдағы активтердің өткізілуінен төмен болып келеді.

Материалдық емес активтерді пайдаланудың есебі үлкен қиындықтармен қатысты болып келеді және кешенді көзқарасты қажет етеді. Кәсіпорынның патенттелген тәжірибе мен білімді, сондай-ақ «ноу-хау»-ды қолдану құқығын сатып алудан болатын әсер кәсіпорынның лицензия мен «ноу-хау»-ды қолданумен шығарылған өнімді  өткізу нәтижелері бойынша ғана белгіленеді. Алайда сатулардың көлемі өзге де көптеген факторларға (бағаға, сұранысқа, тауардың сапасына және т.б.) байланысты болады және олардың әрқайсысының жеке түрдегі әсерін анықтау қиынға түседі.

Лицензиялар мен «ноу-хау»-ды сатып алу тиімділігі сонымен қатар солар үшін төленген біржолғы төлемдердің көлеміне; кәсіпорынды қаржыландыру мерзімі мен оның өндірістік және өзге түрдегі қорларға капитал салымдарын жұмсау көлеміне; лицензиялық өнімді жасау мен өткізумен байланысты болатын ағымдағы шығындарға байланысты болады [1].

 «ТемірКаркас» ЖШС-де лицензиияны пайдаланудың нәтижесіне ағымдағы шығындарды өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартудың, өнімді шығаруға арналған материалдық және еңбек шығындарын жұмсау нормаларын азайтудың есебінен үнемдеу жатады.

Лицензияларды қолданумен байланысты шығындар екі бөлімнен құралады: біржолғы төлемдер түрінде жүргізілетін лицензияларды пайдалану құқығы үшін төленетін төлемдерден; лицензиялық өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалатын ағымдағы шығындардан.

 «ТемірКаркас» ЖШС-дегі материалдық емес активтерді қолданудан алынатын ағырғы әсер  шаруашылық қызметтің жалпы нәтижелерінен байқалады: өнімді шығаруға жұмсалатын шығындардың азаюы, вөнімді өткізу көлемінің артуы, пайданың артуы, төлеу қабілеті мен қаржылық күйінің тұрақтылығының артуы. Осыған негізделумен материалдық емес активтердің серпінін басқарудың негізгі ұстанымына мынадай формула жатады: капитал айналымдылығының өсу қарқыны капиталдың жұмсалуының өсу қарқынын басып озып отыруы тиіс. Былайша айтқанда, өнімді сатудан түскен түсімнің немесе пайданың өсу қарқыны материалдық емес активтердің өсу қарқынын басып озып отыруы тиіс (7-кесте).

7-кестеден көріп отырғанымыздай, есептік кезеңдегі материалдық емес активтерді қолдану тиімділігінің көрсеткіштері алдыңғы кезеңдегісімен салыстырғанда жақсарды.

 

7 кесте.

Материалдық емес активтердің тиімділігін талдау*

Жолдың №

Көрсеткіштер 

Алдыңғы жыл 2007

Есептік жыл 2008

Алдыңғы жылға қатысты %-бен көрсетілген есептік жыл  

1

2

3

4

5

1.

Материалдық емес активтер

2952,00

1084,00

36,72

2.

Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім

1197647,00

1286033,00

107,38

3.

Баланстық пайда

-775735,00

14983,00

-1,93

4.

Материалдық емес активтердің табыстылығы (3- жол : 1-жол)

-262,78

13,82

-5,26

5.

Материалдық емес активтердің айналымдылығы

 (2-жол : 1-жол)

405,71

1186,38

292,42

6.

Сатулардың оңтайлылығы, %

 (3-жол : 2-жол)

-0,65

0,01

-1,80

*Дерек көзі: Ұйымның  қаржылық көрсеткіштері бойынша

 

Материалдық емес активтердің айналымдылығы 292,42%-ға артты, себебі кәсіпорында өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түсетін түсім 107,38%-ға артып 14 983 мың теңгені құрады.

Материалдық емес активтердің табыстылығы 5,26%-ға азайды. Табыстылықтың азаюының негізгі факторларына сатулар оңтайлылығының 2007 жыл бойынша залалдардың есебінен азаюы жатады. Бұл факторлардың сандық әсері факторлық талдауды тізбектік қою әдісімен белгіленеді.

Осылайша, «ТемірКаркас» ЖШС-дегі материалдық емес активтердің табыстылығы 2007 жылғы залалдардың есебінен төмендеп кетті, бұл сатулардың оңтайлылығының азаюына әкеп соқтырады, алайда соған қарамастан кәсіпорында өнімді сатудан түскен түсімнің артуының арқасында материалдық емес активтердің айналымдылығы артты деп атап кетуге болады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорынның нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында бухгалтерлік есептің кәсіпорын мүлкі мен оның міндеттемелері туралы толық және шүбәсіз ақпарат алу және сол мәліметтерді пайдаланушыларға дейін дер кезінде жеткізудің аса маңызды құралы ретіндегі рөлі артуда.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, материалдық емес активтерді кәсіпорында қолдану қажет. Сол себептен менің еңбегімде мүліктің осы түрін сатып алу, амортизациясын есептеу және шығып қалу жөніндегі негізгі мәселелер қарастырылған. Кәсіпорынның бухгалтерлік есепке алуды орнату мен жүргізу саласындағы құқықтарының кеңеюіне орай бухгалтерлік қызметтердің алдында түрлі объектілердің: негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, өндіріс және өткізу процестерінің, есеп айырысулардың, капиталдық және қаржылық салымдардың есебін оңтайлы ұйымдастыру  мәселесі туындайды.

Осы дипломдық еңбек материалдық емес активтердің есебі мен аудитін ұйымдастырумен байланысты мәселелердің тобын қарастырады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде келесідегідей қорытындылар жасауға болады:

— материалдық емес активтердің есебін жүргізу үшін олардың құрамы мен арналуына қарай сан-алуан түрлі болып келетіндігіне орай оларды жіктемелеу маңызды, соған негізделумен материалдық емес активтердің бар-жоғы мен қозғалысы туралы есептілік жасалады, осыдан құралдардың осы түрлерінің есебі бухгалтерияда кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық меншік түріне байланыссыз солардың түрі бойынша бөлінген есебі ұйымдастырылады;

 — есептеу техникасын қолдагумен ұйымдастырылған талдамалық есепке алу еңбек сыйымдылығын, уақыт шығындарын азайтуға, бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді, ақпаратқа жылдам қатынауды қамтамасыз етеді;

— материалдық емес активтердің есебін жүргізудің, дәлірек айтқанда шығып қалудың есебін жүргізудің ерекшелігіне өзін не пайдаға, не шығынға жатқызумен, осы операция бойынша қаржылық нәтижені анықтау жатады.

Материалдық емес активтердің аудитіне кәсіпорында қолданылып отырған материалдық емес активтердің есебін жүргізу әдістемесінің өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны мен қаржылық нәтижелердің қалыптасуын реттейтін нормативтік актілердің талаптарына, сондай-ақ оларды есепке алу ережелерін бекітетін тиісті стандарттар мен ережелердің талаптарына сәйкестігін анықтау кіреді.

Материалдық емес активтердің есепке алынуының аудитін жүргізу ісіне келесідегідей операциялар кіреді:

  • материалдық емес активтердің келіп түсуі мен құрылу операцияларын тексеру;
  • материалдық емес активтердің амортизациясының есепке алынуын тексеру;
  • материалдық емес активтердің шығып қалуының есепке алынуын тексеру;
  • материалдық емес активтермен жүргізілетін операцияларда салық салуды тексеру;
  • материалдық емес активтердің шығып қалуы кезіндегі ҚҚС-ны есептеу;
  • есептіліктегі материалдық емес активтер бойынша мәліметтерді тексеру.

Және соңғы бір айта кететін нәрсе, материалдық емес активтер есепке алу объектілері ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмеген және тиісті түрде реттелмеген. Осыған орай мұндай объектілердің есебін жүргізу тәртібі бойынша келіспеушіліктер орын алуы мүмкін (әсіресе салық органдарымен). Ұйымдар бұл жағдайда осындай мәселелерді шешу жолдарын іздестіруі тиіс (сонымен қатар сарапшы-мамандардың көмегімен).

Барлық кәсіпорындар материалдық емес активтерді есепке алу кезінде тиісті заңнамалық және нормативтік құжаттарға сілтеме жасап отыруы тиіс.

Қазіргі кезде есепке алуда материалдық емес активтерді көрсету мәселесіне өте көп көңіл бөлінуде.  Алайда одан мәселелер мен проблемалар азаяр емес. Сондықтан материалдық емес активтерді есепке алу жүйесін жетілдіру қажет.

Кәсіпорынға салықтық есептілікті бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қолданумен немесе өзгертумен жүргізіп отыруды ұсынуға болады. Бұл ретте ұйымға төмендегілерді анықтап алу қажет:

-амортизацияланатын активтердің есебіндегі айырмашылықтарды азайтатын әдістер;

-салықтық есепте қолданылатын бухгалтерлік есеп тіркелімдері;

-аналитикалық салықтық есеп тіркелімдерінде есепке алуға арналған операциялар мен  объектілер;

-айырмашылықтарды барынша аз ететін әдістерге төмендегілерді өзгертіге қатысты болып келетін шаралар жатуы мүмкін:

  1. бастапқы есепке алу құжаттарының үлгілік нысандарын;
  2. осы активтердің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі есептік саясаттың ережелерін.

Жоғарыда келтірілген айырмашылықтарға негізделумен ұйым бастапқы есепке алу құжаттарының үлгілік нысандарында келесідегідей қосымша көрсеткіштерді ескеруі мүмкін:

— объектілердің құрамы бойынша – салықтық есепте амортизацияланатын мүліктің құрамына қабылданатын және қабылданбайтын объектілерге жатқызылу кодтарын анықтау. Бұл амортизацияланатын мүліктің құрамына тұрғын үй қорының объектілерін енгізу мен тегін алынған объектілерді: іскерлік беделі мен ұйымдастыру шығындарын енгізбеуге қатысты болып келеді;

— пайдалануға енгізіліп отырған объектілердің құнын екі түрге бөлу

бухгалтерлік есепке алуға арнап – бастапқы құны;

салықтық есепке алуға арнап – амортизацияланатын құны (салық салу кезінде қабылданбайтын шығындардың жиынына азайтылған бастапқы құн).

Осылайша, амортизацияланатын объектілердің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу мәліметтері заңмен бекітілген тәртіп бойынша жасалған бастапқы есепке алу құжаттарының бірдей пішіндеріндегі көрсеткіштерге негізлеумен қалыптастырылатын болады. Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісі  қолданылады. (№ МЕА-1 п.). Операцияның сипаты мен нормативтік актілердің талабының сипатына қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгізілуі мүмкін.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепке алу жөніндегі есептік саясатына айырмашылықтарды аз ету мақсатында өзгертулер енгізу ұсынылады.

Объектілерді есепке алу мен оларға баға берудің жекелеген әдістерін біріздендіру үшін материалдық емес активтер бөлімінде мынаны ескеру қажет: бухгалтерлік есебін жүргізуде материалдық емес активтердің құрамына «ноу-хау»-ды иелену құқығы, қойнауларды пайдалану құқығына арналған лицензиялар, фирмалық атауы енгізіледі.

«ТемірКаркас» ЖШС кәсіпорнында жүргізілген талдау барысында мынау анықталған болатын: 

— материалдық емес активтердің есептік кезеңдегі қолданылу тиімділігінің көрсеткіштері алдыңғы кезеңдегілермен салыстырғанда жақсарды;

  • сатудан түскен табыстың артуының арқасында материалдық емес активтердің айналымдылығы артты;
  • алдыңғы кезеңнің шығындары материалдық емес активтердің табыстылығының азаюы мен сату оңтайлылығының азаюына әкелді.

Бұл мынаны көрсетуде, кәсіпорындағы материалдық емес активтерді қолданудан болып отырған әсер өнімді өткізу көлемінің артуынан, пайданың артуынан, төлеу қабілетінің артуы мен тұрақты қаржылық жағдайынан байқалуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г., Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау /Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет
  2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-басылым – Минск: 000 «Новое знание», 2000. – 688с.
  3. Баймуханова С.Б., Балапанова Ж.,  Бухгалтерлік есеп. Алматы —  2001ж.- 236б.
  4. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері / Оқулық, ЖШС «Таугуль-Принт». Алматы – 2006.–535 бет.
  5. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит. Алматы Экономика. 2006. – 264 бет.
  6. Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп негіздері. –Алматы: Экономика. — 255бет.
  7. Назарова В.Л. Шаруашылықтың субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп. –Алматы: Экономика. 2005.- 325бет.
  8. Рахимбекова. Қаржылық есеп. –Алматы: Экономика.  2005 .- 286 бет.
  9. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2005. – 400 бет.
  10. Сатмурзаев А.А., Укашев Б.Е. Аудиттің теориясы. –Алматы: Ұлағат 2005.- 278бет.
  11. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М. Аудит. Оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті: 20047-229 бет.
  12. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. Москва:Финансы и статистика, 2003.-496с.
  13. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмит О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.-Алматы: Центраудит-Казахстан.-200.-335с.
  14. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. Москва «Аудит» : ЮНИТИ, 1998.-783с.
  15. Нурахметова Л. Различия НМА в учете по КСБУ и МСФО// Бухучет на практике №6 (43), июнь 2007год.
  16. Материалы конференции «Переход на Международные  стандарты  финансовой отчетности в Республике Казахстан»,  проведенной 19 сентября 2003г. В городе Алматы// ББ МСФО; №9, 2003
  17. Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы ақпанның 28-і. №234-ІІІ, Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы – Алматы: «Издательство LEM», 2008.
  18. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары
  19. Ұлттық қаржылық есеп стандарттары № 28 ҚБЕС «Материалдық емес активтердің есебі»
  20. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары №38 «Материалдық емес активтер»
  21. Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 года № 1096 « О Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы» //Юрист-справочно* правовая система.
  22. ЖШС «ТемірКаркас» есеп саясаты
  23. Қазақстан Республикасы. 2009ж 1 қаңтарында өзгертілген Заң. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық кодексі). – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 468б.
  24. Қазақстан Республикасы. 1998ж 22 сәуірінде қабылданған Заң. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 42 б.
  25. Қазақстан Республикасы. 2007ж 28 ақпанында қабылданған Заң. № 234 ІІІ ҚРЗ. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы. – Алматы: «Издательство LEM», – 232б.
  26. Қазақстан Республикасы. 2006ж. 22 мамырында қабылданған Заң. № 223 ІІ, -Аудиторлық қызмет туралы– Алматы: «Издательство LEM», – 212б. (20.02.09ж.  өзгерістер мен қосымшаларды  қоса алғанда).