АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі

 

«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

 

1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДЕНЕ МӘДЕНИТІНЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………….5

1.1 Оқушыларға дене мәдениетінен білім берудің тарихи-педагогикалық мәселелері………………………………………………………………………………………………………5

1.2 Мектептегі дене мәдениеті үдерісінің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері……………………………………………………………………………………………….16

 

1.3 Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке және топтық ерекшеліктері……………………………………………………………………………………………….28 

 

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕТІН ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ…………………………………………35

 2.1 Мектептерде оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың мазмұны……………………………………………………………………………………………………….35

2.2 Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша әдістемесінің айырмашылығы………………………………………………………..58

2.3 Сабақтан тыс уақыттағы спорттық ойындар арқылы дене қабілеттерін дамытудағы тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар нәтижелері………………………68

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысымның тақырыбы: Мектеп оқушыларына дене

мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі.

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты  сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі ретінде көрініс тапқан [1, 2, 3, 4, 5, 6].

Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесін, заманауи технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен байланыстыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.

Дене мәдениетінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміздің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Дене мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептерде дене тәрбиесінің жүйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Дене мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуде, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық үдерістер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда.

   Зерттеудің мақсаты. Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңіндегі дене тәрбиесі тұжырымдамасын теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу пәні. Оқушылардың дене тәрбие жүйесі.

Зерттеу нысаны.  Жалпы білім беретін және спорт мектептеріндегі дене тәрбиесіне оқыту – тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеу міндеттері.

  1. Қазақстандағы дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету.
  2. Мектеп оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дене тәрбиенің ерекшеліктерін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДЕНЕ МӘДЕНИТІНЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

 

  • Оқушыларға дене мәдениетінен білім берудің тарихи-педагогикалық мәселелері

 

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.

Еліміздің Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт — игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», — деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.

Ғалымдардың зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.

Мемлекет үшiн адамның денесінің сау болуы нақты материалдық мәнi бар кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының 4-5 есе төмен екенiн байқаған.

Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.

Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.

Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңінде бойдағы, денедегі күш-қуатты  ойсыз,  ақылсыз  іс-әрекетке  жібермей,  белсенді  өмір  сүре отырып, өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.

Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.

Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене мәдениеті мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.

Біз ғылыми зерттеу жұмысымыздың негізгі өзегі мәдениет болғандықтан, “мәдениет” терминіне, түсінігіне тоқталып, саралап өткенді жөн санадық.  

Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген. Ол «мәдениет – әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның  біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі» дейді [7]. Бұл жағдайда мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез-келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады. А.К.Уледов өзінің ғылыми еңбектерінде – «Мәдениет қоғамдық өмірдің, адамдардың өмірінің жеке шеңберінің бөлігі ретінде болмайды. Ол қоғамдық өмірдің барлық сферасына оның сапалық  сипатына тән» деп жазады [8].

Біздің көзқарасымыз бойынша бүгінгі заман дамуының түрлі мазмұнына сай келетін мәдениет ұғымына теориялық-әдіснамалық тұрғыда жан-жақты түсінік «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалығында берілген.

«Мәдениет (араб тілінде «маданият» — қала деген мағынаны білдіреді) – адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді, қолмен өңделген мәдениет әлемін күтімсіз, өңдеусіз, жабайы әлемнен айырғанда осы туралы ойлаған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама-қайшылығынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе мәдениеттің анықтамасында емес, адамзаттың әлеуметтік болмысын сақтау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе сақтау мен жаңарудың  нақты  кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын  табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты мәдениет әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда мәдениеттің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ».

Демек, мәдениет теориясы мен практикасының зерттеу нәтижесіне сүйенсек «мәдениет» жаңа жоғарғы жетістіктерден құралатын және адамның үнемі даму үдерісі болатын, әр-түрлі қоғамдық-тарихи тәжірибе аймағындағы адамдар қызметінің жоғары жетістіктерінің (эталон, құндылық) сәйкестігі деп түсінік беретін зерттеушілердің көзқарастары деп есептеу  дұрыс  болады   [9; 10].

Мәдениет туралы осындай көзқарастағы түсінікті алғашқы болып қалаған ағылшын этнографы Э.Тэйлордың ұғымын осы заманғы белгілі оқымыстылар – мәдениеттанушылар мәдениет танымдық ойды ғылыми тұрғыда қарастыра отырып Э.С. Маркарен, Э.В. Соколов, А.И. Арнольдев, Н. Сәрсебаев, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев т.б. өз еңбектерінде одан әрі дамытты [11]. Оқымыстыларға ортақ оймен айтып отырған ұғымды зерделесек «мәдениет» дегеніміз өзінен-өзі пайда болмайтын, тек қана саналы-мақсатты қызметі нәтижесінде ғана пайда болатын еңбек жемісі. Яғни, мәдениетке адам баласының қолымен жасалған дүниелер ғана жатады. Адамдар осы өзі жасаған дүниелердің көмегімен әлемдегі қоршаған ортаға әлемге өзгеріс жасайды, оларды зерттейді, құпия сырлар ашады, осы жолды жүзеге асыруда адамдармен жан-жақты қарым-қатынас орнатады.

Мәдениет субъектісі ретінде қоғам, әлеуметтік топтар ғана емес, сонымен қатар жеке адамдар да қатысатындықтан «тұлға мәдениеті» түсінігін қалыптастыру қажеттілігі туады. Ал, мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамыту – мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, иманды болу және мұның бәрі мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық, эстетикалық, құқықтық, саяси т.б. талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамыды.

Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсінеді.

«Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдени игіліктерін өндіруге, таратуға, танытуға бағытталған іс-әрекеттерді айтады. Осылардың қатарына мынадай адамдық қажеттіліктер жатады: шығармашылық талпыныс, альтуризм, гумандылық, т.б.» [12]. Мәдени іс-әрекет белгілі бір мәдени ортада жүзеге асырылады және дамиды.

«Мәдени орта» ұғымы мәдениеттің коммуникациялық табиғатымен тығыз байланысты. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, – дейді белгілі философ И.Гердер, – тіл мен мәдениет бастауларының анасы». Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі   болғандықтан, осы   жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен суегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан [13].

Осылайша, «іс-әрекет әдісі» түсінгі мәдениет феноменін сипаттағанда және оның теориялық мазмұнына негізгі категория ретінде ескеріледі.

Мәдениеттің бірыңғай түсінігінде – оның материалдық және рухани жағын ерекшелеу керек. Материалдық мәдениетке адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана болатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтік нәтижелері жатады. Рухани мәдениетке қарағанда материалдық мәдениетке табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды, жейтін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлері, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді. Материалдық мәдениетке өндірістің әр түрлі құрал-жабдықтары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір сүретін ортаның инфрақұрылымы, коммуникациясы мен көлік құралдары, тұрмыстың, ойын-сауықтың ғимараттары, пайдаланылатын әр түрлі құралдары және т.б. жатады.

Мәдениеттің адамзат болмысы материалды қызметінің барлық аясын, оның нәтижелерін, қоғам өмірі мен адамның физикалық өмір сүруінің материалды жағдайын құрайтын барлық нәрсені қамтиды. Өндіргіш күштердің дамуы деңгейімен анықтала отырып, ол рухани мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының базасы ретінде қызмет атқарады.

Рухани мәдениет ретінде рухани құндылықтар жиынтығы (ғылым, білім беру, өнердегі ойлары мен жетістіктері), сонымен қатар күнделікті  өмірде, осы құндылықтарды бөлу мен ұтымды пайдалануға бағытталған, адамдардың ерекше ұйымдастырылған, әлеуметтік маңызды шығармашылық қызметі түсініледі.

Рухани мәдениетте бірнеше сфераны ерекшелейді, солардың ішінде: саяси, әлем тану, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми, білім беру мен ағарту, еңбек мәдениеті және т.б. [14].

 Абай ілімін жалғастырған қазақ халқының рухани мәдениетіне із қалдырған тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы, өз халқының мәдениеті мен өркениетінің мәнін түсіндіруге талпыныс жасаған [15].

Қазіргі уақытта бұл проблемаға философтар Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев айрықша мән береді.

Мәдениет құрылымының әлеуметтік-мәдени аспектісін талдай келе Г.К.Шалабаева оны еңбек және тұрмыс мәдениеті, дене мәдениеті мен ғылым, адамгершілікке, мораль, қарым-қатынас мәдениеті т.б. құралатындығын, олардың өзара байланысын дәріптеген.

Яғни, мәдениетке берілген анықтамалар баламасы көп және әр түрлі мазмұнда болып келеді. Ол түсініктердің мағыналары әр түрлі, олай болуының негізгі себебі, мәдениетке мүдделік негізіндегі және дүниетанымдық көзқарасының дәйектелуінде болып отыр. Бұлай болуы, жалпы мәдениеттің үлкен әлеуметтік құбылыс ретінде өте-мөте күрделілік сипатын аңғартады. Ал, осы кезде қалыптасқан ортақ көзқарас негізіне сүйенетін болсақ, біздің пікірімізше жалпы «мәдениет» — деп адамзаттың өмірі мен іс-әрекетінде өзіндік бір ерекшелігімен дараланатын амалдары, тәсілдері бар, осы амал-тәсілдер арқылы адамдардың қоғамдағы белсенділігін жан-жақты жүзеге асыруға, оларды жүйелеуге, бағдарламалауға, ынта-жігер туғызуға бағытталған адам қызметін айтамыз.

Сайып келгенде біздің түйіндеуіміз бойынша «мәдениет» дегеніміз адам ойының, ақыл есінің нақтылы жемісі. Осы мәдениеттің пайда болу жолында адам баласының өзіндік амал-тәсілі бар, сол тәсілдер қолданған қызмет — деп қарағандықтан адам технологиямен бағаланбайды яғни теңдестірілмейді. Алайда технологияда, адам қызметінің жемісі болып табылады. Әрбір   адамның  өз жеке бас құзырындағы уақытты тиімді  ұйымдастыру, пайдалану мәдениеті, тұтыну заттарын таңдау талғамы, жеке бас гигиенасын сақтау т.с.с. мәдениет   элементтері   әрбір   адамның   мінез-құлық мәдениетін құраушылар болып табылады. Мәдениеттің осындай күрделі элементтері арасынан біз зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сай тек қана дене мәдениетінің амалдарын, тәсілдерін, құралдарын, жеке дара зерделеу, талдау нысанасы ретінде қарастырамыз. Осы мәселе адам баласы қоғамының даму тарихында қажеттілігімен, ал қазіргі жағдайда да ерекше қызығушылықпен қарау талаптарымен дараланып тұр.

Философ В.С.Библердің пікірі бойынша, тұлғаны мәдениет контексінде көру – оның бүкіл қайталанбайтын жекелік, жалпылық ерекшелігін білдіреді. Тұлғаның қарым-қатынасы – оны дамытушы факторлардың ең негізгісі және ұрпаққа жеткізуші құралы.

Құл иелену қоғамында дене мәдениетіне  қатысты ой-тұжырымдар жасалған. Бұл кездің өзінде негiзiнен денені сауықтыру жүйелерiн жасауға көп күш салынған, оған дене мәдениетін қалыптастыруда бiздiң дәуiрiмiзге дейiн жеткен: қытайдың «Конг – фу» (б.д.д. 2600 ж. шамасы), Гиппократтың «Салауатты өмiр салты жөнiндегi» (б.д.д. 400 жыл шамасы) еңбектерi, үндi халқының «Аюр-Веда» деректерi (б.д.д. 1800 ж.), Спартада қалыптасқан денені сауықтыру жүйелерi және қазақ даласында өмiр сүрген ғұлама Тiлеуқабылұлы Өтейбойдақтың «Шипагерлiк Баян» (б.д.д. 4 ж.) жазбасы және т.б. ғалымдардың еңбектерi мысал бола алады. Бұл тұжырымдарда негiзiнен ауруды емдеуге емес, дене мәдениеті арқылы денсаулықты қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға, ал оның қалыпты күйi бұзылған кезде ағза қызметiнiң кайта қалпына келу мүмкiндiктерiн пайдалану идеялары қозғалған. Сол заманың өзiнде данышпан-ойшылдардың: «ұзак, әрi бақытты өмiр сүрудiң тиiмдi жолы ауруды емдеу емес, денсаулықты алдын-ала сақтау мен нығайтудың жолдарын игерудiң маңыздылығы» жөнiнде айткан құнды пiкiрлерi бар.

Қоғам сұранысына сәйкес, казiргi уакытта бiлiм беру жүйесiне — жас ұрпақтың бойында дене мәдениетiн калыптастыру мiндетiнiң жүктелу себебi және оны қалыптастырушы тиiмдi педагогикалық iс-әрекеттiң мәнi мен мазмұны адам және денсаулық тұжырымдамаларының негiзiнде ашылады.     

Мәдениет адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін күрделі әлеуметтік құбылыс.

Мәдениет – көпқырлы үдеріс. Өйткені, адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық сфераларында мәдениетті көреміз. Ең алдымен, сана мен болмыста адамзаттың   әлеуметтік    даму    бағытындағы    шығармашылық    іс-әрекетін түсінуге болады, өзінің ішкі жан дүниесіне қарай адамның әлеуметтік тұлға ретінде даму үдеріс, оның – таным, қарым-қатынас, іс-әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, жекелік, шығармашылық, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі бойынша ерекшеленеді.

Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын мәдени ортада оның үздіксіз даму сипатында болады және адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамда тұтастай  жеке адамның даму деңгейі мен қасиетін  мәдениет анықтайды. Олай болса, мәдениет адамның құндылығы, оның қайталанбайтын белгісі.

Мәдениет өзінің ішкі механизмдерімен адам тұлғасына тән болғандықтан ол өзін-өзі танып білу, немесе адамның рухани өмірбаяны деп есептелінеді. Мәдениеттің өмір сүруінің шарты, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырады. Сондықтан, мәдениет өзін-өзі тарату мәселесін алдыңғы орынға қояды. Яғни, мәдениетті танудың қабылдаудың, принциптердің, түсініктердің жүйесі болып саналады да, солар арқылы мәдениетті іс жүзіне асыратын үдерісі іске асады. Бұл жүйе адам тұлғасының өлшемі туралы мәдениетте жинақталған тиесілі білімді, біліктілікті, шеберлікті, тәжірибені қамтамасыз етеді.

Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады [16-21]. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. 

Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.

Дене мәдениетін  көптеген аурулардан және зақымданған кезден кейiн жұмысқа қабiлеттiлiктi қайтадан қалпына келтiруде және әрмен карай денсаулықты жаксартуға көмегi күштi екенi белгiлi.

Екiншiден, әрбiр мемлекеттiң өсiп-өркендеуi мен даму көрсеткiштерiнiң бiрi дене мәдениетінің жүйесi, спорт. Мемлекеттi немесе белгiлi бiр ұлтты күллi әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетiстiктерi, көрсеткiштерi. Әлемдiк қауымдастықта елеусiз мемлекет жазушылары, ғалымдарымен ғана емес, сонымен катар осы спорттың арқасында да бүкiл елге танылады.

Үшiншiден, дене мәдениетінің тағы бiр атқаратын аса маңызды қоғамдық қызметi бар. Ол — қоғамда салауатты өмiр салтын калыптастырудың ең басты құралы болып табылады.

Кейінгі жылдары жалпы мектеп оқушыларының тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.

Соңғы уақытта жеке тұлғаның бойында дене мәдениетін қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық ұстанымын бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап еңбек етуге дайындық жасалады.

Шындығында, дене мәдениетіне қатынас мүлдем  басқа болуы керек. Біздің кәміл сеніміміз бойынша сапалы мінез-құлық, ақыл-ой қабілеті, еңбек дағдылары мен эстетикалық тәрбиеге үлкен көңіл қойылуы керек. “Дене мәдениетімен айналысу үрдісі бұл адамдардың жеке және қоғамдық мүдделеріне жататын, адамның мінез-құлық бейнесіне үлкен әсер ететін адам қызметі формаларының бірі”. Осыған байланысты дене мәдениеті ұйымдарына жеке адамның денесінің шынығуын жетілдіру тұрғысында ғана емес, бірінші кезекте жастардың мінез-құлық сапасын тәрбиелеуде де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осылай дей отырып, біз дене мәдениетін жетілдіру жөніндегі жұмысты жоққа шығармаймыз, керісінше тәрбие мен мінез-құлық сапасын жетілдіру дене мәдениеті арқылы жүргізілуі тиіс  деп есептейміз. Көптеген зерттеушілер оқушылардың мінез-құлық жөніндегі ұғымы ұжымдарда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының игі әсері болып табылатынына мән береді. Оқушылардың дене сапалары дайындығының деңгейі жоғары бола түскен сайын олардың мінез-құлық құндылықтары жөніндегі танымдары да нақтылана түседі.

Біз келесі тармақта оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктеріне тоқталып, теориялық тұрғыда зерделеп, мәнін ашуға тырысамыз.

 

  • Мектептегі дене мәдениеті үдерісінің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері

 

Қазақстанда дене мәдениеті үдерісі бойынша білім  беру мәселелерімен түрлi бағытта педагог ғалымдар айналысуда: оқушылардың дене мәдениетiнiң педагогикалық негiздерi және халықтық ойындарды, педагогикалық элементтердi қолдану дайындықтары, формалары, кұралдары /Қ.И.Адамбеков, Т.Ш.Қуанышев, Е.Мухиддинов, Ж.М.Төлегенов, Б.А.Тойлыбаев және т.б./; жасөспiрiмдердің белсенділіктерiн дамыту /С.К.Ащепкова/; дене тәрбиесiнiң даму факторларының теориясы мен практикасын зерттеу /М.Тоцкиев, А.Т.Дуйсембаева, С.В.Заболотная, В.В.Трифонов, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, Б.Мухамеджанов, Ш.Оразов және т.б./; мектеп, жанұя және қоғам жұмыстарының бiрiгiп оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру шараларын қарастыру /Л.С.Грюк, Ж.З.Торыбаева/ және тағы басқалары.

Спорт түрлерімен сабақтан тыс уақытта үйірмелерде қосымша айналысу оқушылардың тиiмдi демалыс құралы болып табылатынын көптеген зерттеулерде баяндалады, бұл оқу-жаттығу нәтижесі негізінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруға жақсы есер етедi. Аптасына екi рет дене тәрбиесi сабағы жүретiн оқушыларға қарағанда дене жаттығуларымен бiр аптада 4-5 сағат айналысатын оқушыларда дене сапаларының дамып, денесінде шынығу элементтерінің қалыптасуы жоғары екенiн және оқушылардың оқу үлгерімінің жақсы дәрежеде болатынын ғалымдар ғылыми еңбектерiнде атап көрсетед [22-28].

М.С.Полишкисаның мәлiметтерiне қарағанда, дене тәрбиесі сабақтарына жүйелi түрде қатысатын мектеп оқушылары өздерiнiң дене тәрбиесімен айналыспайтын құрбы-құрдастарын мынадай көрсеткiштер бойынша басып озады: тиiмдi әрі дұрыс ойлау жылдамдығы, көру аймағының шетi мен ортасындағы белгiнi таңдау әсерiнiң жылдамдығы, зейiн көлемi, қозғалыс күшi мен жылдамдығы, қарсылық көрсету дәлелдiгi.

Зерттеушi ғалымдар В.В.Ворюшин, Қ.И.Адамбековтердің пікірі бойынша, футболшылардың қозғалушы қарсыласына деген көптеген қимылдары: аса шапшаң қозғалған әріптесіне допты беруi, қарсыласын қозғалыс үстiнде айламен жеңуi, тоқтау, ұшып келе жатқан допты соғуы, қақпашының қимылына жауап кайтару т.б. көптеген әсерлерi пайда болады. Осының нәтижесiнде жалпы орта мектеп оқушыларының психомоториясы жетiлiп, орталық жүйке жүйесiнiң қызметi мен қабықтағы үдерістердiң қозғалмалығы жақсарады.

И.П.Павлов адамның шартты-рефлекторлық, iс-әрекетiнiң негiзгi физиологиялық заңдылықтарын ашты. Орталық жүйке жүйесiнiң негiзгi қызметi ағзаның сыртқы ортаның күрделi де өзгермелi жағдайларына бейiмделуiн қамтамасыз ететiн қолайлы және қолайсыз уақытша байланыстарын қалыптастыру болып табылады.

И.П.Павловтың пікірінше, ми қыртысының қоздырушы жасушалары қыртыстың басқа бөлшектерiмен байланысқа түсе алатын, сыртқы және iшкi ортаның барлық  әсерiне жауап бере алатын, шартты рефлекс тудыра алатын және басқа көптеген қабiлеттерге ие. «Ми қыртысы кинетикалық, жасушалары, — деп жазды И.П.Павлов, —  әсерлермен қатар ағзаның iшкi үрдерістерімен де көрсете алатын ми қыртысының барлық, басқа жасушалармен дене байланыса алады және шын мәнiнде байланысады ». И.П.Павлов жасап шығарған шартты рефлекстер әдiсi арнаулы емес вегетативтi бөлшектерге (iс-қабылдау әсерi, тыныс алу және тамыр бөлiктерi, терi-гальваналдык реакцияларға т.б.) абсалюттi түрде немесе жекелеп қысым көрсететiн әсерге айналды. Бұған қоса, дене жаттығулары арқылы ми қыртысы және  қыртыс асты бөлшектерiнiң қозуын тиiмдi етiп, осылайша, шектен тыс тежелудi тоқтатуға болады [29].

Бiздiң көзқарасымыз бойынша, жалпы орта мектеп оқушылары үшiн тиiмдi тәртiп жасап шығу негiзгi физиологиялық көрсеткiштердi қайта қалпына келтiрудiң қысқа мерзiмiн /цикл/ қамтамасыз етедi. Бұл мақсатта спорттық ойындар түрiндегi қосымша сабақтарға бөлiнген уақытты көбейту арқылы оқушылардың қозғалу белсендiлiгiн аттырудың рөлi үлкен.

Осы мәселе бойынша казiргi кезде үлкен нақты мәлiметтер жинақталған. Көптеген ғалым-педагогтар, атап айтқанда М.Т. Молчанов «Оқушылардың жұмыс қабілеті және олардың оқу мен еңбек үдерісі кезіндегі қозғалмалылығы»; [30]. С.И. Руденко «Оқушылардың қозғалыс белсенділігінің гигиеналық үдерісін ұйымдастыру» [31] еңбектерінде оқушылардың жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру және күшейту мақсатында тиiмдi демалыс ретiнде дене жаттығу сабақтарын жүргiзудiң нақты практикалық мысалдарын ұсынады. Бұл практикалық ұсыныстар бойынша ғалым-педагог Ә.Ж.Тастанов өз ғылыми зертеу жұмысында төмендегідей қорытынды жасаған:

  1. Қозғалу белсендiлiгiнiң тәуелдiлiк көлемi ағзаның қозғалыс үстiндегi биологиялық қажеттілігіне сай болуы қажет.
  2. Дене тәрбиесiнiң қалыптасқан жүйесi тұрмыста жетiспейтiн қозғалыстың орнын толтыру қажет.
  3. Балалардың қозғалу белсендiлiгiн бiр күн iшiнде олардың ағзасының жұмыс қабiлетiндегi өзгерiстердi есепке ала отырып бiлу тиіс.
  4. Дене тәрбиесiнiң түрлерi мен кұралдары әр түрлi болуы тиiс.
  5. Дене жаттығулары сабақтарының ұзақтығы мен жылдамдығы өсiп келе жаткан ағзаның жас ерекшелiгiне сай болуы тиіс.

Соңғы уақытта білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі көрсетілуде. Бұл мақсат үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; онда мәдениет аясында жеке толыққанды өмірдің субъектісі сапасында өзін-өзі анықтауға бағытталған перспективамен оқыту идеясы да айтылған. Осындай интегративтік мақсатпен осы мәдениеттің индивидте, оның жалпы мәдениетінің бөлшегі ретінде дамытудың шикізаты болып мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру алынады. Мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруынан оның жалпы мәдениетінің барлық құрылымдық элементтері көрінеді: жеке тұлға ретіндегі мәдени дамуының деңгейі; осы деңгейге жету тәсілдері; мәдениет деңгейінің жетістіктерін көрсететін әр түрлі іс-әрекеттер.

Мектеп оқушысының мәдени іс-әрекетін жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы деп қарастыруға болады, сондай-ақ оның белсенділік қыры мен қалыптасуын ынталандырушы болып көрінеді. Бұған негіз болып оқуда, еңбекте, жеке өмір салтын ұйымдастыруда, қоғамдық жұмыс пен тәртіпте жүзеге асатын білім, қабілет, сенім, дағды, қасиет, шығармашылық қабілеттері мен  мінез-құлық  нормаларын  біріктіріп, оқушылардың  жалпы  мәдениетін дамытуға бағытталған барлық оқу-тәрбие үдерісі алынады. Мәдениет оқушының жеке тұлғасына бағытталады.

А.П. Окладниковтың пікірі бойынша, оқушылардың жеке тұлғалық дене мәдениеті – бұл жеке тұлғаның денесінің дамуы мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш компоненттен тұрады [32].

 — құндылық бірлік — жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын білдіреді;

нақты қызметтік бірлік — жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын дене мінсіздік болып табылады;

тәжірибелік іс-әрекеттік бірлік — дене тәрбиесі және спорттық іс-әрекет белсенділік диапозонынан кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).

Сөйтіп, жеке тұлғаның дене тәрбиесі туралы оның денесінің дамуы, даярлығы, қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын меңгеруі негізінде баға беру қиын. Жеке тұлғаның рухани өміріне қатысы бар төмендегідей компоненттерді ескеру қажет: ой мен сезім мазмұны, құндылық бағыттарының иерархиясы, ақырында оқушының әлеуметтік белсенділігін айқындайтын қызығушылықтар мен қажеттіліктер, сенімдер дәрежесі. Оқушының өз дене мүмкіндігіне деген биологиялық қарым-қатынасының бәрі әлеуметтік қатынасқа айналады. Мұғалімдердің биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынастарының өзара байланыстылығын дұрыс түсінбеуі көпшілікке мәлім тәрбиедегі тежелуге алып келеді.

Оқушылардың құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің тетігін сызба түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның    қабылдайтын (сабақта, сабақтан және мектептен тыс іс-әрекеттерде) құндылық бағыттары сананың ерекше арналары арқылы өтіп, «маңызды» немесе «жеке тұлғалық мән» деңгейімен топтастырылады. Одан әрі оқушылардың нақты өмірі мен тәжірибесі жағдайында шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген, өз іс-әрекеттері мен тәртіптерінің шын мәнінде басқара алатыны және санада сақталып, мұғалім, ұжым, жанұя талап еткен жағдайда ғана көрінетін дағдылар болып бөлінеді.

Дене мәдениетінің практикалық жағы дене тәрбиесі және спорт қызметінің іс-әрекеттер үдерісінде қалыптасып, оның рухани және дене сапасын дамытатын, мұраттарымен, мінез-құлық нормаларымен, құндылық бағыттарымен   байытылатын   қарым-қатынастар   болып  табылады.

Аталмыш іс-әрекеттің барлық түрлері– бұл адамзат жасаған құндылықтар, мұнда жеке немесе шығармашылық күш пен қабілеттің жиынтық шабыты бейнеленеді. Әрбір жеке тұлға дене тәрбиесі  қызметінің көптігіне қарамастан, тек біреуін ғана таңдайды, сөйтіп дене мәдениетінің құндылықтарымен танысады.

Бұл жұмыс қоғамның мұқтаждығын өтей отырып, іс-әрекет субъектісінің өзін – мектеп оқушысын, оның мәдениетін дамыту тәсілі қызмет атқарады. Дамыту критерииі болып оқушылардың белсенділік, жасампаздық, белсенді емес, тұрақты немесе тұрақсыз секілді қатынастарының көрінуімен дене тәрбиесі-спорттық белсенділігі табылады. Бұл іс-әрекетті жүзеге асыру формалары қамтылуы бойынша-бұқаралық, топтық, жеке, міндеттерінің ерекшелігі бойынша – дене мәдениетін тану және қалыптастыруға бағытталған (қызықты кештер, таң қаларлық өнерлер, сонымен бірге  сұрақ-жауап сайыстары және т.б.), шығармашылыққа бағытталған болып бөлінеді.

Оқушылардың дене тәрбиесі-спорттық белсенділігін қалыптастыру үдерісі қарастырады: қоғамдық және жеке мүдделерін қанағаттандыру; мотивациялық-қажеттілік саласын, сезімдік, интеллектуальдық және ерік-күш әрекеттерінің компоненттерін белсендіру; жеке психологиялық ерекшеліктерін, белсенділік деңгейін ескеру; өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару үдерістері мен жеке тұлғаның мінез-құлқын, іс-әрекетін сезімдік, нормалық үйлестірумен қамтамасыз ететін ақпараттық-танымдық және коммуникативтік-үйлестіру әрекеті қызметтерін кеңейту.

Педагог зерттеуші ғалымдардың дене тәрбиесі жөніндегі байқауларды, зерттеулерді және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы мектеп оқушыларының дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта мектептерде денсаулық көрсеткіші мен дене тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жалпы қозғалыс белсенділігінің деңгейі арасындағы байланыс айқын көрінеді.

1-сыныпқа балалардың 10%-ы ғана дені сау болып келеді. Оқу жылдары ішінде мектеп оқушыларының түрлі аурулармен ауыру мөлшері 5 есеге өседі.

Оқушылардың денсаулық жағдайы  төмендегідей фактілерді келтіреді: әр түрлі жастағы мектеп оқушысының 70%-ының тірек қозғалыс  аппараттарының  қызметі  бұзылған. 30-40%-ас қорыту органдарының жұмысы бұзылып, 60%-вегативтік белсенділігі төмендесе, 50% иммунитеті әлсіреген. Мектеп оқушыларының 23%-бауыр, 15%-бүйрек ауруларымен ауырады [33-41].

Біз жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайын зерттей отырып, біздің пікірімізше, жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатын деңгейді анықтауға тырыстық.

Біз төмендегілерді анықтадық;

  • Мектепте дене тәрбиесі әрдайым тиімді жүргізілмейді. Аптасына екі рет болатын дене тәрбиесі сабақтары дененің жұмысқа қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал ете алмайды. Бұл жетіспеушілікті үй тапсырмасымен толтыруға болады, бірақ аталмыш форма дене тәрбиесі мұғалімдері тарапынан қолданыс таппай келеді.
  • Мектеп оқушыларына қарағанда, қозғалыс белсенділігі аз, арнайы мамандандырылған мектеп оқушыларының омыртқа сүйектерінің бұзылуы жиі кездеседі.
  • Дене тәрбиесі сабағына қатысудың аса төмен екендігі байқалды. Мысалы, 5-7-сынып оқушылары 25%дейін сабақ жіберсе, ал 10-11 сынып оқушыларының қыз балалары 50% дейін қатыспайды.
  • Кейбір мектептердің материалдық базасы өте нашар, спорт залдарында және алаңдарында құрал-жабдықтар жоқ. Дегенмен, кейбір мұғалімдердің сабаққа қойылған міндеттерді шешуі үшін оқу құралдарын тапқырлықпен қолдануын атап өткен дұрыс.

Сонымен қатар, талдау барысы көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің маңызды компоненттерінің бірқатары ескерілмейді немесе аз мөлшерде ескеріледі. Мұндай компоненттердің қатарына дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, жеке гигиена, қозғалыс іс-әрекетінің психологиясы мен физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына белсенділікті қалыптастыру, оған ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғалық көрсеткіштері туралы білімнің қолданылмауы. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер дене мәдениетін қалыптастыру үдерісін басқарудың негізгі құралдары категориясына жататындықтан өте маңызды. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында бар ынтасы мен жігері болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды міндет болып табылады. Дене тәрбиесін басқару жабық ортада емес, құндылық бағыттары, мінез-құлық стреотиптері, әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы құндылықтарды білуі тиіс.

Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесін талдай отырып, И.К. Павловтың ойынша жеке тұлғаның белсенді, түрленбелі әлеуметтік өмірінің негізін жеке тұлғаның жоғары дене дамуы деңгейін көрсететін денсаулық, дене дамуы, психофизиологиялық және дене мүмкіндіктері құрайды деген пікірмен келісеміз[42].

Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруда негізгі мақсат салауатты өмір салтына бағыт беру болуы тиіс.

Соңғы жылдарда барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде дене тәрбиесі сабақтары бойынша көптеген оқу бағдарламалары енгiзiлгенi белгiлi. Жаңа оқу бағдарламалары оқушылардың ақыл-ой қызметiн жеделдетуге педагог-ғалым Ә.Ж.Тастановтың ғылыми-зерттеу еңбегінде  көмектеседі деп көрсетілген [11]. Осыған байланысты оқушының күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыру және жүйелi спорт түрлерінің секцияларына қатыстырып қозғалу белсендiлiгiн тиiмдi етiп арттыру мiндетi тұр. Жалпы орта мектеп оқушыларының негiзгi бөлiгiн бос уақыттарында жүйелi түрде спорт түрлері бойынша секцияларға қатыстыру, спорт түрлеріне қызықтыру арқылы дене бітімін, дене сапаларының дайындығын және оны жетiлдiру кезiнде бұл секциялардың оқушы iс-әрекетiнiң басқа түрлерiне ең алдымен оқу үдерісiне қалай әсер ететiнiн мiндеттi түрде ескеру қажет делінген.

Педагог-ғалым зерттеушілер М.В.Антропов «Оқушылардың жұмыс қабілеті және олардың оқу мен еңбек процесі кезіндегі қозғалмалылығы» [43].; Р.M. Хениридің «Foctuc into man London» еңбектерінде оқушының тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттыратын дене мәдениеті сабақтары бала ағзасына елеулi әсер ететiндігін атап көрсеткен. Бұл сабақтар баланың дұрыс әрi үйлесiмдi түрде дамуына, денсаулықтарының жақсаруына, сыртқы ортаның ағзаға түрлi қолайсыз әсерлерiне карсы тұруының күшеюiне әсер етедi деп көрсеткен [44]. Дейтұрғанмен, Қ.И.Адамбеков «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жас футболшылардың оқу-жаттығу үрдісін ықшамдау» еңбектерінде спорттың барлық түрлерiнiң iшiнде, мектеп оқушысының ақыл-ойы төмендеп және сабаққа деген қабілеті төмендеген кезде, оқушылардың шаршауын азайтудың, басудың ең тиімді түрi спорттық ойындар болып табылады [45]. Олардың арасында өзiнiң эмоционалдық сипаты бойынша орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн жақсарта алатын ықпалды ойын футбол болып табылады.

Бiрақ, өте жас балаларға дене мәдениеті сабақтарының қолайлы әсерi оларға дұрыс ұйымдастырылған кезде ғана байқалады. Жасөспiрiмдердi спорт түрлеріне ерте баулу өсiп келе, жатқан ағзаға тым жоғары талаптар қойып, оның өсуi мен дамуына қолайсыз өзгерiстер әкелуi мүмкiн.

Жаттығу сабақтарын ұйымдастырғандағы тәулiктегi, аптадағы, жылдағы физиологиялық үдерістердің  кезеңдiк өтпелi мерзiмдерiн есепке алу үлкен қызмет аткарады. Бүгiнгi күнi тәулiктiк кезеңдермен сипатталатын 40-тан аса физиологиялык, қызметтер көрсетiлген.

Мектеп оқушыларының бiр тәулiк iшiндегi жұмыс қабiлетiнiң динамикасын зерттегенде, физиологиялық, қызметтiң ең жоғары екi нүктесi болатыны белгiлi болды. Алғашкы жоғарылау 8-11 сынып аралығында болса, екiншi сәтi 15-18 сағат аралығында дел келдi. Бiрақ екiншi жоғарылау әрқашан таңертеңгi деңгейге жете бермейдi [46-51]. Бұған қоса сағат 14-ке қарай жұмыс қабiлетiнiң төмендейтiнi байқалады.

Жоғарыда айтылып өткендей, негізінен ғалым-педагогтар, қозғалу қызметiне, дене жүктемелерiне, дене мәдениетіне спорттық ойын түрлері арқылы қалыптастыруға үлкен мән берген. Себебi, олар бала ағзасының өмiрлiк жұмыс қабiлетiн сақтауда, оны өсiру, бастауыш мектеп жасында жоғары жұмыс қабiлетiн күшейтуде көп қызмет атқарады делінген.

Ғалым-педагогтардың көбi мынадай ортақ қорытындылар жасайды:

  • дене мәдениеті сабақтары балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл-ой және жұмыс қабiлетiне қолайлы әсер етедi;
  • олардың тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттырады, ақыл-ой қызметiнiң төмендеп, шаршап қажу жағдайынан сақтандырады, мектеп оқушыларының жоғары жүйке iс-әрекетiн мөлшерлеуге көмектеседi.

Ұжымдық еңбек ретiнде спорттық ойындар кұнды моральдық ерiк кабiлеттерiн; төзiмдiлiк; талаптылық; тәртiптілiк; өзiн ұстай бiлу; тез шешiм қабылдай алуды дамыта отырып, тұлғаның дұрыс қалыптасуына кемектеседi.

Жоғарыда аталған ғылыми-әдістемелік жұмыстар, елімізде жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыстарда, жалпы мектептерде нақты дене тәрбиесінің спорт түрлері арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылған емес.

Жюльен Ламетридің 1749 жылы шыққан «адам машина » деген кітабы дене мәдениетінің теориясы  мен практикасын дамытуда үлкен рөл атқарды. Ол адам-бұл «өз бетінше оталып тұрған машина»дей отырып, адамның жануарлардан үлкен сұраныстармен және ақыл-оймен ерекшелінетіне назар аударды. Адам барлық ілім-түсінікті сезімі арқылы алады. Өзге де философ-материалистер секілді Ламетри ілімі сезім органдары мен дене күштерін дамыта түсу қажеттілігі жөніндегі сенім-түсінікті кеңінен таратуға игі ықпал етті.

Джон Локк, Жан Жак Руссо, Иоган Песталоццидің педагогикалық идеяларының әсерімен жаңа бағыттың (филанторпиндер) екінші жартысынан бастап қоғамда гимнастика үйірмелері, жаңа типтегі мектептер, сондай-ақ ақсүйектердің балаларына арналған арнайы оқу орындары, XVII ғасырда соғыс серілерін дайындайтын академиялар пайда бола бастады. Бұл мектептерде денені шынықтыру тәрбиесіне үлкен мән беріле отырып, жастарды әскери және мемлекеттік қызметке дайындады, семсерлесуге, атпен шабуға, садақ атуға, өзге де ойындарға үйретті.

Көптеген ірі елдерде дене мәдениеті жүйесінің бір мезгілде құрылуымен түсіндіріледі. Олар алдымен Пруссияда (дене тәрбиесінің немістік жүйесі), Швецияда, Францияда құрыла бастады.

Бұл жүйелердің барлығы да гимнастикалық түрде болды, себебі гимнастика ғана дененің түрлі бөліктерін жаттығуға, нақты қимыл-қозғалысқа, сол жылдардағы соғыстарға сәйкес әдіс-айла көрсетуге үйретті. Тек гимнастика ғана дене тәрбиесін өзге түрлерге қарағанда тиімді жүргізуге, бұйрықтарды нақты орындауға, іс-қимыл, қозғалыстарды бір мезгілде жүргізуге мүмкіндік беретін болып шықты.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында көптеген еуропалық елдерде  дене мәдениеті  салаларында дербес ғылыми пәндер-дене мәдениетінің теориясы  мен әдістемесінің бастауын құруға негіз қалаған арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Осы мерзімнің көрнекті ғалымына П.Ф.Лесгафтты жатқызуға болады.

Шығармашылық қызметі екі ғасырдың, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың тоғысына сәйкес белгілі педагог, дәрігер, психолог П.Ф.Лесгафт балалар  мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің теориялық негіздерін жасады. П.Ф.Лесгафттың отандық ғылым алдындағы айрықша қызметі арасында оның дене мәдениеті туралы білім берудің өзіндік теориясы мен оны жүзеге асыруда кадрлар даярлау жүйесі айрықша орын алады. Ғалымның көптеген еңбектерінің тарихи маңызы бар және дене мәдениеті мен педагогикалық кадрлар даярлауда қазіргі теория  мен практикада  да кеңінен қолдануға әбден болады. Әсіресе оның тәрбие мен оны дамыту түрлерінің өзара байланысын мойындауға құрылған концепциясы көңіл аударады. Бұл концепция қазіргі педагогикада жаңа әдістемелік негізде көптеген жаңа еңбектермен нығайтылып, тәрбиеге кешенді тұрғыдан келіп, оны зерттеудің принципі ретінде жинақталған[52].

Адамның денсаулығының жақсы болып, үйлесімді дамуында дене мәдениетінің рөлі орасан зор екені баршаға мәлім, яғни оқушыларға әрбір күнін денені шынықтырумен бастау дағдысын қалыптастыруды неғұрлым ерте бастасақ, солғұрлым оның денсаулығы нығаяды, дене мәдениеті туралы білім алу қалыптасады, оқуға, білім алуға деген құлшыныс пайда болады. Ата-аналардың таңертеңгілік гигиеналық гимнастикамен тұрақты шұғылдануы мектеп оқушылары үшін өнегелі іс. Өкінішке орай, стататистика мекемелерінің мәліметі бойынша Оңтүстік Қазақстан өңірі тұрғындарының 6%-ы ғана күнделікті таңертеңгілік денені шынықтыру гигиеналық жаттығуларымен шұғылданады. Салыстырмалы түрде алғанда көрсеткіш өркениетті елдерде, мысалы АҚШ-та — 78%, Жапонияда — 75%, Германияда — 68% және т.с.с.

Қазіргі өскелең замандағы қоғам ғылыми-техникалық өркениеттің нәтижесінде аз қимыл-қозғалыста болатындығымен ерекшеленеді.

Оқушылар теледидар, интернет, компьютер ойындарына қымбат уақыттарын жоғалтады, сонымен олар өздерінің көп уақыттарын мектепте партада, орындықта отырумен бірге қозғалыссыз өткізеді. Бұл кездерде олардың сезім күйлерінің күштенуі жиі кездеседі.

Өсіп келе жатқан ұрпақтық денсаулығын нығайтудың ең маңызды қозғаушы күші — жалпы орта мектептерде оқушылардың бойларында дене мәдениетін қалыптастыру.

Оқушыларды  дене мәдениеті және спорт қызметінің түрлеріне баулу, қызықтыру  мәселелері жеке тұлғаның дене бітімінің  және рухани дамуының маңызды міндеті болып табылады [53].

 — Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысын дамытудың жолдары мен ұстанған    бағыты   еліміздің     даму    кезеңдеріндегі    бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының жалпы бағыттары мен міндеттерінен туындайды. Мемлекеттің маңызды міндеттеріне сәйкес Қазақстанда  дене  мәдениеті  Отанды  қорғау  мен еңбекке даяр,  жан-жақты

жарасымды жетілген мектеп оқушыларын тәрбиелеудің маңызды құралдарының біріне айналды;

— Қазақстан мектептеріндегі дене мәдениеті және спорттың кең өріс алуы ұлттық саясатты тұрақты жүзеге асырудың, өкіметтің адамдардың денсаулығын нығайту, олардың денесімен бірге ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру бағытындағы тұрақты қамқорлығының нәтижесі;

— Қазақстанның ұлттық ерекшеліктеріне, көптеген қалалар мен облыстардың орталықтан қашықтығына, ауылдағы жалпы мектептердегі оқушылардың елеулі бөлігінің үй-тұрмысына, салт-дәстүр көріністеріне, дене мәдениеті саласы мамандарының тапшылығына, материалдық-спорттық базалардың  нашарлығына байланысты тәуелсіздік алғанға дейін республикада бұқаралық дене мәдениеті қозғалысы баяу дамыды;

— Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының дамуында соңғы  жылдарда дене мәдениеті мамандарының санының 8 есе, спортшы-разрядшылар санының 4 есе, спорт ғимараттарының 9 есе, дене мәдениеті мамандарының 6 есе, оның ішінде жоғары білімділердің 19 есе және арнайы  орта білімділердің 21 есе өсуі маңызды көрсеткіш болып табылады. Осы кезеңде республикада рекордтар мен жоғары жетістіктер деңгейі артты, яғни  спорт шеберлері мен 1 разряд дәрежесіндегі спортшылар көбейді. Құрама командалардағы қазақ спортшыларының саны 5 есе өсті;

— Республикада дене мәдениеті жұмысының тарихи тәжірибесін оқып-үйрену және қорыту болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындауда елімізде жалпы мектептер мен спорт ұйымдары арасында тәжірибе алмасуды жақсарта түсуге ғана емес, сонымен бірге мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ, бұқаралық дене мәдениеті қозғалысын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

       Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін тарихи-педагогикалық және теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптай келіп, келесі тармақта жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық–мазмұндық моделіне тоқталамыз.

 

1.3   Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке және топтық ерекшеліктері

 

Дене тәрбиесi ең алдымен, педагогикалық басқару процессi, яғни өзiмiзге кажеттi бағытта өзгерту мақсатында жеке ерекшелiктi дамытуға әсер ету болып табылады. Бұған қоса тәрбиенi дене жаттығулары арқылы жүргiзедi, оны педагогика тәрбие құралы дей алмайды. Дене жаттығулары рөлiн өсу мен даму барысының табиғи жеделдетушiсi ретiнде бiрнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Дене жаттығулары арқылы даму мен өсудiң табиғи жеделдетушiсi болу мүмкiндiгi дене тәрбиесi теориясы үшiн маңызды болып табылады. Бұл мәселе негiзiнен, тұқым қуалаушылық және әлеуметтiк факторларының тепе-теңдiк мәселесiн кұрайды.

Тұлғаны дамытудың ғылыми теориясы тұқым қуалаушылық жене географиялық, факторлар әсерiн адамға қарсы қоймайды, оларды адамның биоәлеуметтiк табиғаты туралы түсiнiкке бiрiктiредi. Академик Д.К.Беляевтың [54] әлеуметтiк және биологиялық, мiнез-кұлықтың бiртұтастығын мойындау адамды тек биологиялық жаратылыс ретiнде қарастыру мүмкiндiгiн жоққа шығарды: табиғи-ғылыми контексте биологиялық бағдарламаның қызметiн тым өсiру адамға әлеуметтiк жинақылығынан айырылған жануар ретiнде ғана қарауды бiлдiредi. Д. К. Беляевтың стрес туралы ойлары назар аудартады. Стрестiң өзiндiк бiр себебi, оның ойынша, ағзаның бұрын қалыптасқан даму нормасының тұрақсыздануы және тұқым қуалаушылық өзгерiстердiң аяқ астынан күшеюi болып табылады. Стрестердi толық жоқ қылу мүмкiн емес және олай iстеу зиянды. Агзаның стреске қарсы тұру тұрактылығы мен икемдiлiгi жоғары, бiрак, шексiз емес. Сондықтан да қазiрдiң өзiнде психоэмоционалдық, жүктемемен стресстiң қауiпсiз деңгейi туралы мәселе маңызды болып отыр, бұның тек физиологиялық қана емес, генетикалық процесстер үшiн де мәнi зор. Ғылыми зерттеулер мынадай сурақтарға жауап беру керек: казiргi әлемде күшейiп отырған психоэмоционалдық стресс адамзатқа орны толмас шығын әкелмей ме? Кептеген зерттеулердiң мәлiметтерi кейбiр функционалдық көрiнiстердi тұқым қуалаушылық себепке жатқызады, оның iшiнде дене қабiлеттерiн дамытуға тiкелей қатысы барын делелдейдi. Мысалы, зерттеулерiнде көпшілігі егiздерде жылдамдық, иiлгiштiк және басқа дене қасиеттерiнiң жоғары сәйкестiгi көрсетiледi. “Егiздiк” әдiсiмен жүргiзiлген зертгеу нәтижелерiнде делелденген жылдамдық-күшi қабiлеттердiң генетикалық негiзделгендiгiнiң жоғарғы деңгейi мына авторлардың жұмысында да айтылған [11-13]

“Егiздiк” әдiсiмен зерттеулерде даму барысының биоәлеуметтiк факторларға тәуелдiлiгi онша тұрақты емес екенiн көремiз. 4-6 және 10-15 жасында бойдың ұзындығының өсуi негiзiнен генетикалық факторларға тәуелдi. Балалар мен жасөспiрiмдердiң дене салмағы, қоршаған ортадағы факторларының жоғарғы дәрежесiне бейiмделген. Бұл көрсеткiш дене тәрбиесi мен тамақ кұрамының сандық, сапалық және тамақтану тәртiбiнiң ерекшелiктерi бойынша анықталады. Яғни, күш және жүйке процесiнiң қозғалғыштығы мен сипаты генетикалық факторларға тәуелдi. Моторлық қасиеттердiң дамуы (күш, жылдамдық, төзiмдiлiк), вегетативтiк жүйке жүйесiнiң iс-әрекетi) төзiм, қан айналуының минуттық көлемi,тамырдың соғу

жиiлiгi, терең тыныс алу жиiлiгi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы берiлген, жүктемеге дененiң әсерi, жылу есерi т.б.), қоршаған орта факторының әсерiне тәуелдi, сондықтан да бала ағзасына мақсатты түрде әсер ету барысында көп жағдайда белгiлi бiр тәртiпке көнедi.

Даму мен өсудiң жеке ерекшелiктерi генетикалық негiзге байланысты екендiгi туралы басқа да делелдердi әдебиеттерден кездестiремiз жүгiруге дайындықтың биомеханикалық аспектiсi физиологиялық және антропологиялық көрсеткiштердiң деңгейiндегiдей генетикалық негiздерге тәуелдi деген қорытындыға келедi. Бұл тұрғыдан монозиготты егiздердiң жүптарында ең көп сәйкестiк денеде салмақ орталығын ауыстыру өлшемдерi ндс жамбас, тiзе және тобық, табан буындарындағы қозғалыстың тiк бұрышты сипаттамасы, аяқты жерге қойып итерiлу сондай-ак бақылау қашықтығына 40-50% жүгiру мерзiмiнде көп көрiнедi.

Генетикалық және қоршаған ортаға тәуелдiлiктi, спорттық iс-әрекегi табысты ету аспектiсiнен қарастырған мамандардың пайымдауларынша көбiнесе жеке биомеханикалық және морфологиялық, функционалдық сипаттамалардың немесе олардың жиынтығының тұқым қуалаушылық негiздемесiнiң дәлелдерiне жоққа шығаруына баса назар аударады. Бұл кезде зерттеушiлердiң көпшлiгi меселенiң мынадай маңызды жағын: адамның жеке даму процесiнде және оның дене күшi байланыстылығының деңгейiн естен шыгарып алады. Тұкым қуалаушылықты бiздiң көзқарасымыз бойынша, белгiсiз бiр бағыт бағдарламаларынан қарау қажет және ары қарай жүзеге асуы көптеген жағдайда қоршаған ортаға, сонымен қатар дене тәрбиесiне байланысты.

Бала ағзасын дамуының шектелген бағыттағы теориясы бар, ол бүкiл онтогенез бойында генетикалық бақылауда болады. Бiрақ мұндай төмендеу жалғыз емес, себебi әсердiң көптеген факторлары бар және олар ағза дамуына өзгерiстер енгiзуi мүмкiн. Генетикалық бағдарламаны жүзеге асыруға қоршаған ортаның факторлары қандай деңгейде және қалай әсер ететiнiн анықтау маңызды. Эндокриндi аурудан тiптi гормондық терапиядан соң да бала ағзасы бұрынғы даму жолына қайта оралады. Бұл генетикалық дамудың төмендеуi, даму жолына қайта оралу процесiндегi дұрыс тамақтанбайтын балалардан байқауға болады.

Ағзаның генетикалық дамуын бақылаудың қазiргi заманға сай теориясын поляктың танымал биологы [34] еңбектерiнде айтады. Бұл теория бойынша, адам ағзасының генетикалық дамуы негiзделген бағдарлама бойынша жүредi. Әр балаға генетикалық бағдарламадағы жеке даму жолы тән. Қолайсыз факторлардың әсерiнен (экологияның бұзылуы, аурудың қозғыштығы) бала дамуының генетикалық бағдарламасында немесе тiптi оның ең ақырында қажетсiз ауытқулары болуы мүмкiн. Ауытқулар деңгейi, [45] пiкiрi бойынша, факторлардың күшiне, оның әсер ету ұзақтығына сонымен бiрге бұл өзгерiстер адам өмiрiнiң қайсы кезеңiнде байқалғанына байланысты. Егер «соққы» тым күштi болса, өлiмге әкеп соқтыратын құрылымдық өзгерiстер болады. Әсiресе, олар жедел даму кезеңiне сай келсе. Егер соққының ұзактығы үлкен болса онда ағзаның биохимиялық және морфофункционалдық елеулi өзгерiстерiне әсер етуi және генетикалық бағдарламадан төменгi деңгейде өтуi мүмкiн. Қолайсыз факторлардың әсерi ағзаның жедел даму кезеңiне тап келсе, орны толмас ауытқулар болады.

Генетикалық канал туралы теорияны дамыта келе, қоршаған ортаның қолайлы жағадайларына (дене тәрбиесiнiң тиiмдiлiгi және күн тәртiбiндегi дұрыс тамақтану) баланың жеке дара дамуы өзiнiң генетикалық саладағы бағдарламасының жоғарғы деңгейiне көтерiледi, басқаша айтқанда, даму мен өсу процесiнде табиғи ынталандыру жүредi, — дейдi.

Жетiлу кезеңiнде ағза дамуы мен өсуiнiң табиғи жағдайлардың бағдарын бiздiң арнаулы жас балалар спорт мектебiндегi әр түрлi спорт үйiрмелерi бойынша жасөспiрiм спортшыларға жүргiзген бақылауларымыз дәлелдей түседi. Мұнда бала ағзасының үйлесiмдi дамуы мен өсу жағдайлары ретiнде спорттық сабақтардың әсерi көрсетiлген. Жас балалар спорт мектебiндегi бағдарлама бойынша жүзу спортымен шұғылданатын жас спортшылардағы өзiндiк қасиеттердiң дамуын таңдауы, олардың денсаулығындағы оң өзгерiсiн көрсетедi. Әсiресе, ағзаның қуатты қамтамасыз ету жүйесiнiң дамуы, қозғалыс қызметiн реттеп жетiлдiру және олардың дене жұмыс деңгейiнiң жоғарылағандығын көрсетедi. Бұған мысал ретiнде Ю.М.Шацков атты жаттықтырушының басшылығымен жеңiл атлетикамен айналысқан Я.Василяның спорттық тарихын алуға болады. Арнайы жасалынған дене жаттығулар жиынтығы /секiру, тартылу, т.б./ және тәулiктiк қозғалыс тәртiбiн орынды қолдана отырып, бұл спортшы төрт жылдың iшiнде бойының ұзындығын едеуiр өсiре алды.

Жас балалар спорт мектебiнiң оқушыларын бакылау барысында жаттығу сабақтарындағы жүктеменiң өсiмталдығы тиiмдi болған кезде спортшының сүйек диафизi жуандайтынын, сүйек ұлпасының қоюланып, синостоз процесi баяулайтыны байқалатынын көрсеттi. Ұзын түтiкше сүйектiң дистальдi бөлiгi сүйек ұзындығының елеулi өскенiн көрсетедi.

Мұндай өсу процестерi дене жұмысына ең көп қатысатын сүйектерден жиi көрiнедi. Мысалы, жасөспiрiм диск лақтырушыларда жеңiл атлетикамен З жыл айналысканнан соң, оң қол сүйектерiнiң қалыптан тыс үлкеюi байқалды (нық сүйектерi шамадан 1,5 см ұзындау). Волейболшы кыздарда 13 жастан бастап алақан сүйектерiнiң ұзарып жуандайтынын байқаймыз, әсiресе III алақан суйек қалыптан тыс ұлғаяды, 16 жасқа жеткен волейболшы қыздардың бұл сүйегi сол жастағы спортпен шұғылданбайтын қыздарға карағанда З мм ұзын. Бiздiң зертеушiлер дене жаттығуларының себепшi болуымен сүйектiң енi және ұзындығының өсуi әсiресе берiлген спорт түрiнiң қимылына көп қатысатын сүйектердiң өсетiнi туралы корытындыға келдi. Мұндай өсудiң механизмi түсiнiксiз.

Поляк ғалымдары (136) Гданьск қаласының 8-14 жастағы 1850 ұл бала және 1309 қыз балалардың өсу өлшемдерiн зерттедi. Олардың 856-сы спорт мектебiнде оқитындар. Жас спортшылар сол жастағы спортпен шұғылданбайтын балаларға карағанда бойы биiк және дене салмағы үлкен болған. Бiрак бұл айырмашылық тура болмайды және 8-14 жаста ғана сақталды, бұл жаттығудың бой өсуiне әсерi болмайтынын, спорт үйiрмесiне iрi балаларды таңдап алатынын көрсетедi. Спортшылардың iшiндегi ең аласа бойлысы сайысшылар, ал ең ұзындары жүзушiлер мен гандболшылар болды. Спортшылардың физиологиялық жасы олардың күнтiзбелiк жасынан асып кететiнi байқалады.

Француз ғалымдары. (50] мектеп жасындағы жоғары мамандандырылған спортшыларға арналған сыныпта оқитын көптеген балалар тобын зерттедi. Бұл балалар аптасына орта есеппен 8-12 сағат жасайтын жаттығулар мен толық оқу процесiн бiрге алып жүре алады. Тексерудi дене тербиесi мұғалiмi мен колледж, лицейлердiң жаттықтырушылары жүргiздi. Авторлар осы оқу мекемелерiне 2 рет анкета жүргiзген, мұнда мұғалiмдер өз оқушыларының антрометриялық және функционалдық мәлiметтерiн көрсеткен. Анкеталық сұрактарға басында 312 жас спортшы қатысты. Бiрақ кейiн көбi әр түрлi себептер бойынша спортпен белсене айналысуды тоқтатып, әдеттегі мектептерге ауысты, ал мұғалiмдер қолы бос еместiгiн сылтау етiп, ғалымдармен бiрге жұмыс iстеуден бас тартты. Сөйтiп 5 жыл iшiнде тексерiлген балалар саны 50 адам ғана болды, тағы да З тексеруден 30-ы өттi. Зерттеудiң соңында барлығы 12-19 жастағы 763 ер бала және 12-17 жастағы 398 қыз баланың мәлiметi бар 1185 анкета жиналған.

Анкеталардың статистикалық анализi жас спортшылар мен Францияның осы жастағы өзге тұрғындарының арасындағы морфологиялық өлшемдердiң айырмашылығын дұрыс көрсете алмады. Дегенмен де спортшылар спортпен айналыспайтын балалардан биiк (көбiне аяқтың ұзындығы байқалады), дәне салмағы ауыр және қолдары ұзын болып келедi. Иық белдеуi мен жамбас белдеуiнiң кеңдігінің тепе-тңдiгi сондай-ақ жамбас белдеуi мен дене  ұзындъығының тепе- теңдiгi оларда бiрдей болмады.

Ғалымдардың пайымдауынша, тiптi жедел түрдегi үздiксiз жаттығулардың өзi баладағы табиғи даму мен суйек өсуiне елеулi әсер ете алмайды, бұл процестер тұқым қуалаушылыққа бағынады. Дегенмен де жас спортшылардың басым көпшiлiгiнiң рентгенограммасында сүйектiн аздап жуандауы, әсiресе, денеге күш берген кезiнде бұлшық етке көп салмақ түскен жерлердің жуандағаны көрiнедi. Ғалымдар бұл феномендi суйек пен сiңір ұлпасының үлкен механикалық жүкке бейiмдеп үйретудiң әсерi деп түсiндiредi. Бұндай әсер өсiп келе жатқан бұлшық ет массасының тiрегi болып табылатын сүйек элеменперiнiң тығыздығынан бiлiнедi.

 Он бес кәсiпқой балериналарда жамбастың көлденең бағытта анамальды жарылуы байқалған, бұлар бала кездегi сүйек, сiңiр, жамбас бұлшық еттерiне түскен тым артық салмақтығы нәтижесi екенi делелдендi.

Жас футболшылар мен гимнастарда төменгi жақтағы сүйектерден бұлшық еттiң ажырап алыстауының 105 жағдайы байқалған мәлiметтерi бойынша, дзюдошылар мен қайық есушiлерде, спортпен айналыспайтын балаларға қараганда, омыртқаның остеодистрофиясы көп кездеседi. Зерттеулердiң дәлелдеуiнше, жаттығуды әрекеттен ерте және қарқынды басталған жағдайда балаларда елеулi, емдеуге киын буындардың созылмалы ауруы кездеседi. Сондықтан ғалымдар арнайы маманданушы жас спортшыларды жүйелi түрде рентгенографиялық және функционалдық тексеруден өткiзу керектiгiн айтады, өсу мен сүйек жетiлуiнiң ауытқу процесiн ерте тауып, оны ескерiп, жаттығу жүктемесiн тиiмдi мөлшерлеу керектiгiн талап етедi.

Қорыта келгенде, бiздiң ойымызша, өсудiң табиғи жағдайлары мен дене тәрбиесi бағдарламасының сабақтастығын тағы да айта кету керек. Дене жаттығуларымен тым көп айналысу ағза дамуына керi әсер етiп, спортшының денсаулығына нұқсан келтiруi мүмкiн.

 

2  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕТІН ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

 2.1 Мектептерде оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың мазмұны

        

Оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың тікелей  пәндік мазмұндық сипатына тоқталайық.          

Мектеп оқушыларының жүйелі оқуының бастамасы күнделікті қозғалу белсенділігі 50%-ға төмендеп, қозғалыс қажеттілігі қанағаттандырылады. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшкенде қозғалу белсенділігінің деңгейі төмендейді. Осыған байланысты оқушылар күндізгі уақытының 82-83%-ын статикалық жағдайда өткізеді. Оқушылардың қозғалғыштық белсенділігі  16-19%-ын, ал 1-3%-ын дене тәрбиесінің ұйымдастырылған формасы құрайды. 11% апталық және 40% күнделікті қажеттіліктерін дене тәрбиесі сабақтарында тек аз-аздан толықтырып отырады. Егер оқушы қосымша денені шынықтыру-сауықтыру жаттығуларымен шұғылданбаса, бұл дененің дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

Денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстары жүйесіне кіретін қозғалу белсенділігінің көлемін ұлғайту,жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайын, денесінің дамуын және ақыл-ой қабілетінің артуына маңызды әсер етеді. Оқушының күніне 7-12 сағаттай қозғалыс белсенділігі оның ақыл-ой қабілетін дамытады, дене жүктемелеріне  бейімделеді және үлгерімі жоғарылайды.

Күн тәртібінде қозғалу белсенділігін ұйымдастыру маңызды болып табылады. Зерттеулеріміз оқушылардың қозғалыс белсенділігін қажет ететіндігін көрсетті. Оқушының сабақ үстінде қажуы, қозғалыстың аздығын білдіреді. Үзіліс кезіндегі аз уақыттық денені шынықтыру минуттары және ойын түріндегі дене жаттығулары белгілі мөлшердегі қажеттіліктің толықтырылғандығы болып есептеледі.

Педагог ғалым С.Қасымбекованың зерттеу жұмыстарын зерделей отырып, оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыру мазмұнын сурет 6 -дей етіп бейнеледік.

Дене тәрбиесі бағдарламасында қаралғандай, дене мәдениетін қалыптастырушы элементтерінің бірі гимнастиканы құраушы кешендер, жаттығуларды пайдалануда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек.

Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесі — оқушылардың денсаулығын жақсартуға, қозғалыс жүйелерінің жан-жақты жетілуіне, өзі таңдаған спорт түрімен айналысуға, дене мәдениетін қалыптастыруға, белгілі жетістіктерге жетуге, еңбек пен әскери міндетті атқаруға дайындалуына бағытталған арнаулы тәрбиелік үдеріс.

Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінің мақсаты – оқушыларды  жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруін көздейді.

Ол мыналарды қамтиды: мықты денсаулық, дене мәдениетінің қалыптасуы, дамыған қозғалыс қабілеттерінің үйлесімді деңгейі, дене тәрбиесі саласындағы білімдер мен дағдылар, денені шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асырудың себеп-салдарлары мен меңгерілген тәсілдері, баланың қабілеттері.

Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады:

-денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;

-өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

-қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;

-дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;

-денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілетті үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру;

 

 

Кесте 1 — Оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыру мазмұны

 

 

 

 

 

 

Наркологиялық диспансері

Мектеп тарапынан қолдау

 

         Мектеп (басшылық, пед. ұжым)

 

Тері-вен диспансері

 

Қалалық денсаулық орталығы

“Қазақстанның болашағы үшін” республикалық жастар қозғалысы

Ұлттық тәрбие жүйесі

Нашақорлыққа, маскүнемдікке, темекіге қарсы күрес қоғамы

 

 

“Неке және отбасы”     кеңесі

 

 

 

Денсаулық орталығы

 

 

Әдістемелік бірлестік

       Емхана

 

       Санаторий-         

       профилакторий

 

       Спорт-сауықтыру 

       лагері

Валеология пәні

Психологиялық дамылдау бөлмесі

Спорт кешені

Салауатты өмір салты бөлмесі

Дәрігер

Фельдшер

Сенім телефоны (кеңес)

       

 

 

-адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.

Денені шынықтыру жаттығуларымен және спортпен шұғылданудың сабақ, сыныптан және мектептен тыс түрлерін біріктіретін дене мәдениетінің мектеп оқушыларының денені шынықтыру жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани қабілеттерін ашу және дамыту, оның қоршаған ортада өзін-өзі айқындауы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл орайда демократияландыру, адамгершілік пен имандылыққа іскерлікпен қарау, алдыңғы қатардағы дамыған психологиялық-педагогикалық және психологиялық-физиологиялық теорияларды пайдалану негізінде оқу-тәрбие үдерісін үйлестіру және жаңалық идеялары,   мектептегі дене мәдениетін   одан   әрі  дамыту үдерістері негізге алынады.

Дене мәдениеті бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:

-дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу;

-өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру;

-жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау;

-мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу;

-дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау;

-дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану;

— әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру;

— әрбір оқушының жеке спорт киімінің болуы.

Дене мәдениетін қалыптастыру үдерісін жүзеге асыру үшін, қажетті міндеттер үш топты құрайды. Олар — сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.

Сауықтыру міндеттері денсаулықты артыруға, денені жетілдіруге көмектесетін мектеп оқушылары ағзасының құрылымын бір қалыпты деңгейде дамытуға бағытталған. Сауықтыру міндеттерінің негізгі көрсеткіші мектеп оқушыларының денсаулығын жақсарту және дене мәдениетін қалыптастыру, денені дамыту болып табылады. Ал, мектеп оқушыларының денесінің дамуы дегеніміз – мектеп оқушыларының мектеп қабырғасындағы өмір-тіршілігінің ішінде дене ағзасының функциялары мен формасының өзгеріске ұшырауы. Мектеп оқушыларының денесінің дамуына, қалыптасуына үш фактор әсер етеді: биологиялык, әлеуметтік және географиялық (ауа райлық).

Биологиялық факторлар тобын тұқым қуалаушылық факторы құрайды. Мысалы, ата-анасының дене мәдениетіне, дене бітіміне қарап, балалардың өсуі және дене мәдениетінің қалыптасуы жөнінде де болжам жасауға болады. Осы факторлардың әсерінен болатын дене дамуы, дене мәдениетінің қалыптасуы жалпы табиғат заңдарына бағынады.

Географиялық факторлар тобына адамның тұрғылықты жеріндегі метеорологиялық және ауа райы жағдайларына негізделген факторлар енеді, мысалы: Солтүстікте күн сәулесінің аздығы және оның қатты аязды болуы, Орта Азия аудандарында болатын ауаның өте жоғарғы температурасы және ылғалдың аздығы, т.б.

Әлеуметтік факторлар тобына өмірдегі тұрмыстық жағдайлар, еңбек, оқу қызметі, дене мәдениеті және жалпы тәрбие мазмұны, т.б. жатады. Барлық әлеуметтік факторлар елдің қоғамдық-экономикалық   дамуына   толықтай   бағынады.    Сонымен   бірге, әлеуметтік факторлар биологиялық және географиялық факторларға белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді. Мысалы, өмірдің тұрмыстық материалдық жағдайының жоғары деңгейде болуы — адам бойының және кеуденің өсуіне, салмақтың артуына, т.б. әсер етеді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, арнайы іріктелініп алынған жаттығуларды пайдалана отырып, нашар дамыған ағза мүшелеріне өзінің ықпалын тигізуі көзделеді. Кейбір жағдайларда дененің дамуы мен дене мәдениетінің қалыптасуы денені тәрбиелеу үдерісінде қалыптасуы мүмкін, дегенмен, ағза дамуының биологиялық зандылықтарын есептей отырып, тиімді ұйымдастырылған жалпы дене жаттығуларының көмегімен мектеп оқушыларының ағзасының барлық формалары мен функцияларының бірқалыпты дамуына қол жеткізуге болады.

Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының денесінің қаншалықты дамығандығын антропометриялық өлшеу арқылы анықтауға болады (бойдың биіктігі мен дененің салмағы, кеуденің көлемі, аяқ-қолдарының ұзындығы т.б.), дене құрылысының сыртқы дамуын (кеуде клеткасының формасы, бұлшық еттер реңі, май жиналуы, терінің әдемілігі, т.б.), сыртқы белгілер арқылы жыныстық жетілуді, сонымен қатар, кейбір функционалды көрсеткіштерді өлшеу арқылы анықтауға болады деп білеміз. Мысалы, өкпедегі ауа сыйымдылығының көлемін, жекелеген бұлшық еттер тобының күшін арнайы өлшегіш құралдарымен өлшеу арқылы дененің даму дәрежесі анықталады.

Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сипатының осы көрсеткіштерін пайдалана отырып, мынаны ескерген жөн. Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуының жоғары деңгейі — жақсы денсаулықтың кепілі, тиімді жұмыс қабілеттілігінің бар екендігінің және үлкен спортта жеке спорт түрлері бойынша жоғары нәтижеге жете алатындығының айғағы. Ал кейде, дене пішіні жақсы дамыған мектеп оқушыларының салқыннан, суық тиюден пайда болатын ауруларға қарсы тұра алмайтындығын немесе бұлшық еттері күшті болғанымен, арқан бойымен тартылып шыға алмай жатқандығын байқауға болады. Сондықтан да, дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуын бағалауға әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы пайдаланылады және міндетті түрде денсаулық көрсеткіштері мен жұмыс қабілеттілігі, басқа да қимылдардың орындалуы деңгейі салыстырылады.

Дене мәдениеті жоғарыда айтылған көптеген белгілерге белгілі түрде әсер ететіндігіне байланысты дене дамуының бір функциясы есебінде қаралады Осыған байланысты, дене жаттығуларымен айналысу тиімділігі бағаланады да, олардың функциялық міндеттері айқындалады. Тәрбиелік міндеттер дене және рухани күштердің белгілі нәтижесінде мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына бағытталған. Дене тәрбиесінің педагогикалық үдерістің құрамында бола отырып, өзіне тән құрал, әдіс арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруға, тәрбиенің жалпы міндеттерін шешуге, мүмкіндігі бар. Білімділік міндеттер белгілі  бір қозғалыс жайлы білімі, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, осы саладағы арнаулы білімдермен қаруландыруға бағытталғандықтан, нәтижесінде белгілі бір деңгейде дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сапаларын дамыту туралы білім жиынтығын алады деп білеміз.

Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру дегеніміз — бұл арнаулы, жүйеленген білім мен дене жаттығуларын игеру үдерісі және олар жеке дара зерттеу арқылы өмірде қолдана білу көрсеткішімен сипатталады. Ал, мектеп оқушыларының дене мәдениеті туралы білімді дене тәрбиесінің заңдылықтарын ашып көрсететін білімде — деп түсінгеніміз дұрыс. Біліктілік пен дағдылар көлемін жай игеру мен оны жүйелі игерудің арасында нақты айырмашылық бар. Дене мәдениеті туралы білім мектеп оқушыларының қозғалысы жайлы білімді, біліктілігі мен дағдыларын, жинақтауға ғана емес, сонымен қатар, өз білімімен тәжірибесін өмірде қолдана білуді және дене жаттығуларын жеке-дара игеруді, пайдалануды қарастырады.

Дене мәдениеті туралы білімді мектеп оқушысы оқып, үйрену нәтижесінде алады. Дене мәдениеті және спорт туралы білім алу, ол дене тәрбиесінің функцияларының бірі болып бағаланады, осыған байланысты, денені шынықтыратын жаттығуларымен және таңдап алған спорт түрлерімен айналысу тиімділігін анықтайды.

Қандай бір мақсаттарды шешпесін, әрбір дене тәрбиесі мұғалімі  дене мәдениетінің қағидаларын басшылыққа алуға міндетті. Қағидалардың әрқайсысының толықтай орындалуы мұғалімнің кәсіби шеберлік қызметіне байланысты. Қағидалар әр сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшелектеріне қарамастан, дене мәдениетінің теориясына сүйене отырып жүзеге асырылуы тиісті.

Сауықтыру бағытындағы функциялық қызметтер деп, дене мәдениеті сабағын ұйымдастырып өткізу кезіндегі мұғалімнің дамытушылық, сауықтырушылық қызметтерін басшылыққа алуы деп түсінеміз. Бұл қызметтерді талдайтын болсақ, олар дене тәрбиесі мен  спорт қызметі көмегімен, біріншіден, қазіргі өмір жағдайында пайда болатын қозғалыс, қимыл белсенділігіндегі кемістіктерді өтеуді, екіншіден, ағзаның қызмет атқару мүмкіншілігінің жұмыс қабілетін арттыруды және қолайсыз әсерлерге қарсылығын жетілдіруді айқындайды.

Бұл функциялық қызметтер төмендегі негізгі талаптарды орындағанда ғана, мәселен: денені сауықтыру құндылығы бар ғылыми негізделген дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерін қолдануы; денеге түсетін жүктемелер оқушылардың мүмкіншілігіне байланысты жоспарлануы тиіс; дәрігерлік-педагогикалық бақылау кез-келген оқу-тәрбие үдерісінде міндетті түрде орындалуы қажет; санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарды сақтауда; күн сәулесін, ауа мен суды тиімді пайдалану- міне бұның бәрін дене жаттығуларымен айналысуды ұйымдастырғанда, оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыруда назардан тыс қалмауы керек.

Оқушылардың жан-жақты даму қағидасы қоғамдағы мектеп оқушыларын тәрбиелеу үдерісінің мақсатын айқындайды. Дене тәрбиесінде бұл қағидалар екі негізгі талаптың орындалуын қарастырады: дене мәдениетін қалыптастыру ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыста жүргізгенде керек; дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене қабілетінің келісімді, үйлесімді дамуын, сонымен бірге, қозғалыс біліктілігі мен дағдысын және арнаулы біліммен қарулануын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырғанда қажет.

Дене мәдениеті мен спорт түрлерінің байланысы тәрбиенің барлық түрлерінің қолданбалы бағытын білдіреді. Бұл талаптарда: дене мәдениетінің мазмұны бәрінен бұрын өмірге қажетті қимыл-қозғалыс   (жүру, жүгіру, секіру, жүзу және т.б.) кезіндегі біліктілік пен дағдыларын қалыптастыруда, оларды оқу бағдарламаларына ендіруде; жан-жақты дене мәдениетін қалыптастыру арқылы жалпы орта мектеп оқушыларының дене даярлығы мен дене бітімін жетілдіру, дене мәдениетін қалыптастыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде оның қабілетінің әртүрлі іс-әрекетті мүмкіншілігі болатындай дәрежеде болуы; еңбек және елжандылыққа, өз елін сүюге оны қорғауға тәрбиелеу ісінде дене жаттығуларымен айналысуды кең көлемде пайдалану іс-жүзінде асырылады.

Дене тәрбиесін оқытудың әдістемелік жүйесі бір-бірімен өзара байланысқан бес бөліктен тұратын құрылым: оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері. Әдістемелік жүйелер жалпы білім беретін орта мектеп практикасында тәжірибеден өте отырып, көптеген жылдар бойында қалыптасады. Әдістемелік жүйені жетілдіру үрдісі төмендегі заңдылықтарға бағынады:

  1. Әдістемелік жүйенің бір немесе бірнеше бөліктерінің өзгеруі оның қалған бөліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің өзгеруіне әкеліп соғады.
  2. Кез келген әдістемелік жүйе өзіне шешуші әсер ететін нақтылы өмірмен тығыз байланысты. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алады, анықтап айтқанда жалпы білім беретін орта мектептерде сол арқылы кез келген пәнді оқытудың міндеттері анықталады.

Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің жалпы принциптерін қарастырайық. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алатын болғандықтан, оны жетілдірудің негізгі ұстанымы мақсатқа бағыттау ұстанымы болады. Біртұтас әдістемелік жүйені немесе оның бөліктерін жетілдірудің бағыты мен сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.

Әдістемелік жүйені жетілдірудің келесі маңызды талабы, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі ұстанымы болып табылады. Білім оқыту мен тәрбиелеуден құралатыны белгілі, сондықтан әдістемелік жүйені жетілдіру үдерісінде оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының бірлігін, педагогика мен психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ескеру қажет.

Әдістемелік жүйенің жеке бөлігінің өзгеруі, жүйенің біртұтас құрылым ретінде жойылуына алып келуі мүмкін. Жүйедегі өзара байланыстарды толық түрде ескеру қажет. Осыған байланысты өзара байланыс ұстанымын атауға болады. Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің ұстанымдары Қ.І.Адамбеков, С.Тайжанов, А.Қарақов, С.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл еңбектерде педагогикалық жоғары оқу орындарының болашақ дене мәдениеті және спорт мамандықтары студенттеріне дене тәрбиесі сабақтарын және таңдап алған спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын оќытып үйретудің әдістемелік жүйесін қалыптастыру жолдары зерттелген.

Біздің елімізде, әлеуметтік және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы негізінде болашақ 12 жылдық білім беру мектебімен қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі – нарық жағдайына бағдарланатын, адамгершілігі мол, саяси әлеуметті сауатты адамға қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана дене мәдениеті білімінің тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық негіздерінің жасалуына тікелей байланысты.

Жалпы орта білім беретін мектептің басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жасөспірімдерді тәрбиелеу,  адамзаттың мәдени және өнегелілік  деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін оқытып, үйрету мен Отанды қорғауға дайындау. Білім саясатының  өзекті мәселелері – жалпы орта мектеп қабырғасында кәсіптік бағдар негізінде болашақ мамандығын таңдауға даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытып үйтетудің әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен  қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.  

Жалпы орта мектепте білім берудің сапасын қамтамасыз етуде орта білімді дамытудың негізгі жолы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісінің жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай бәсекеге қабілетті мемлекеттің болашақ қоғам мүшесін дайындау үлгісі жүзеге асырылатын болады.

Жалпы орта мектептегі дене мәдениетінен білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – дене тәрбиесі сабағы негізінде мектеп оқушыларының жеке  өзіне қажетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және  жан-жақты білімді етіп дамытуға, оларды азамат, зерделі оқушы ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.

Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан оқушы  ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, мектеп оқушысының жеке тұлғалық жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.

Демек, жалпы орта мектептерде дене мәдениеті және спорт саласы бойынша кейбір мәселелерді кешенді түрде зерделеу осы тұрғыда мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, қазіргі кезде зерттеу жұмысымыздың көкейкесті талабы болып отырғанын айта кету керек.

Оқушылардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама  ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері  оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру  жүйесі мен дене мәдениеті және спортты дамытуға орай  білім беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалпытастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.

Мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында: мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі даярлығы жөнінде ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу; 5-сыныптан бастап қыздар мен ұлдарды бөлек оқыта отырып, барлық жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінен аптасына үш реттік сабаққа көшу мүмкіндігін қарау; денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық топтарға жатқызылған оқушыларға дене тәрбиесі туралы білімді меңгеруге жағдай жасау мен сабақтар өткізуге  баса назар аудару; балалар мен жасөспірімдер спорт үйірмелерін, клубтарын құру арқылы жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын толықтыратын денені шынықтыруды ұйымдастырудың сабақтан мектептен тыс  нысандарын жетілдіру; жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері бойынша оқыту күні ұзартылған және оқу-жаттығу үдерісі тереңдетілген  мамандандырылған сыныптар ашуды ұсыну қажет етуде.

Оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру — денсаулығы мықты, денесі жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін орындауға әбден қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс.

Оқушылардың күнделікті дене тәрбиесі біріншіден, оқу пәндері мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейін арттыруды, оны үйретудің белсенді әдістерінің кеңінен өндірілуін; екіншіден, балалардың сабақтан тыс уақытта қозғалыс әрекеттерімен көбірек айналысуын, сыныпта тәрбиелік шаралар өткізіліп, тиісті теледидар хабарларын көруді; үшіншіден, тұрмыста өркениет жетістіктерін пайдалануды көздейді. Мұндай жағдайлар оқушылар іс-әрекетінің негізгі түрлерінің сипаты — қозғалысқа деген табиғи қажеттілікті қанағаттандырып, дене мүсінін дұрыс қалыпта ұстауды қажет ететін бұлшық ет жиынтығының тұрақты жиырылуын қамтамасыз етеді. Эмоционалды-психологиялық артық күш түсіретін ақыл-ой қызметімен ұзақ айналысу дененің шаршауына әкеліп соқтырады. Ол денсаулық жағдайына, дененің шынығуына, жалпы оқушының дене тәрбиесіне жағымсыз әсер етеді. Ағзаны психофизилогиялық жағынан қайта қалпына келтірудің басты құралы дене жаттығуларымен айналысудың әр түрлі формаларын кеңірек қолдану есебінен оқушылардың жалпы және қозғалыс режімін оңтайландыру болып табылады.

Оқушылар дене тәрбиесінің толық мәнінде жүзеге асырылуы адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Мектептен тыс мекемелердің (ұландар үйлері, спорт мектептері, т.б.) әр түрлі секцияларында, топтарда дене жаттығуларымен ұйымдасқан түрде айналысу -балалар мен жасөспірімдердің бос жүрмеу мәселесін шешудің және қоғамға жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы. Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесіне дене тәрбиесін міндетті бөлім есебінде енгізу тәрбиенің әр алуан (дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі) әдістерін өзара ұштастыра жүргізуді қамтамасыз етеді. Тәрбиеде түпкілікті нәтижеге жету -оның барлық жақтарының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да, дене тәрбиесінің міндеттерін анықтағанда оның ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіндегі орны және атқаратын рөлі де есепке алынады. Осыған байланысты дене тәрбиесінің ерекше және арнайы емес екі категориясын ажырата білу қажет. Бірінші категорияға сауықтыру міндеттері: қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға әкелетін біліктілік міндетерінің бір бөлігі жатады. Екінші категорияға тәрбиенің өзге түрлерімен байланысын көрсететін тәрбиелік міндеттер де, білім де, дағдыларға байланысты бейімділіктер де жатады. Осы айтылғандар оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттерін төмендегідей ретте саралауға мүмкіндік береді.

Сауықтыру міндеттері:

— денсаулықты жан-жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене мүсінін дұрыс қалыптастыру, дене бұлшық еттерінің әр түрлі топтарын дамыту, ағзаның барлық жүйесін және олардың функцияларын дұрыс және өз уақытында дамыту, жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үдерістерінің белсенділігін арттыру; оқушылардың жас мөлшеріне қарай дененің мүмкіндіктері мен жұмысқа қабілеттілігінің деңгейін қамту;

— ағзаның өзінің шынығуы үшін қолайсыз, жағымсыз жағдайларға қарсыласу деңгейін арттыру.

Білімдік міндеттер:

— тұрмыс жағдайында, еңбек қызметінде (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, ауыр заттарды көтеру, алып жүру, т.б.) және әскери-қолданбалы сипаттағы қимылдарда (кедергілерден өту, шаңғымен жүру, күрес элементтері, т.б.), табиғи қозғалыстарда өмірлік маңызға ие қозғалыс дағдыларын қалыптастыру;

— қозғалыстың берілген өлшемдеріне сәйкес күшті саналы түрде реттей білуді қажет ететін жаттығу техникаларын меңгеру есебінен қозғалыс тәжірибесін молайту;

— күрделілендірілген жағдайда дененің қозғалыс-қимылдарын басқару қабілеттілігін оның ішінде қозғалыстың жаңа түрлерін меңгеруді дамыту;

— дене қызметінің барлық түрлерін меңгерудің саналық негіздерін қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеттері — денені үйлесімді қалыптастырумен оқушыларды адамгершілік,  ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу.

Нақты оқу-тәрбие жұмысында оқушылар дене тәрбиесінің жалпы міндеттерінің айқындалуы және олардың шешілуі — үйрету мен тәрбиелеу кезеңдеріне, оқу материалы мазмұнының ерекшеліктеріне, жаттығулардың жас ерекшелігіне сәйкес келуіне негізделеді.

Дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері.

Оқушылар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің та-быстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш-жігерін жұмылдыруға байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады.

Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:

— әр сыныпта жетісіне 3 рет өткізілетін дене тәрбиесі сабағы түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;

— оқу күні режіміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік минуттары, денені шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулары);

— ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;

— спорт-сауықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дене дайындығы топтарындағы, спорт түрлері бойынша секцияларда, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен слеттердегі жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.

Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:

— балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы лагерьлердің әр түрлі типтеріндегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;

— балалардың жазғы және қысқы лагерьлерінде ұйымдастырылатын көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, күн сайын суға түсу, даладағы ойындар, туристік саяхаттар, т.б.);

— спорттық, туристік базаларда, мәдениет және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.

Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері:

— күн режіміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);

— спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;

— демалыс және каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар, серуендер, жорықтар, спортық көңіл кетерулер;

— отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.

Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті делініп 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене тәрбиесі сабақтары ғана (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі), екіншісіне, сабақтан тыс дене шынықтыру мен секциялар жатады.

Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастырылу белгілеріне қарай сабақтық емес болуы мүмкін. Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түрлеріне мектептегі дене тәрбиесі сабақтары және секциялардағы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: мамандандырылған педагогикалық басшылықтың болуы; сабақта педагогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен шұғылданушылар дайындық құрамы, Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылықпен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, шұғылданушылар қүрамы да тұрақты болмайды.

Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде «дене  тәрбиесі» пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін үйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тәрбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне; оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мүғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асы-руда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкес-тендіруінде.

Дене тәрбиесін үйымдастырудың өзге түрлері тәрбиелеудің алғышар-ттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін үлғайта отырып, құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.

Дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі практикалық тұрғыда жүзеге аспайды. Оны жүзеге асыруға тиісті деңгейде экономикалық, техникалық, материалдық, әлеуметтік және мәдени негіз болатындай жағдай қажет. Аталған қағидалардың іс жүзіне асырылуы осы базаларға тәуелді. Бүгінгі мектеп оқушыларының дене мәдениеті бойынша білімін арттыру, олардың ақыл-ойы мен дене бітімінің, дене күшінің дамуы жайлы көптеген бағдарламалар, нұсқаулар, үкіметтің қаулы-қарарлары бар, жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жетілдірудің күннен-күнге арта түсуі және игілікті істі жүзеге асыру жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары мен әдіс-тәсілдерін пайдалануды міндеттейтіндігін айтқанбыз.

Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру маңызын мынадан түсінеміз: мектепте дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру арқылы-оқушылардың табиғи даму ерекшелігін ескере отырып, тәрбиені халықтық дәстүрде жүргізуінің нәтижесінде, негізінен оқушының дене күшімен қоса оның тілінің, ойының даму деңгейін, дене бітімін жетілдіру, дене сапаларын көтеру қажет. Міне сондықтан да, бүгінгі жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруын іске асырудың хал-жайын айқындаудың үлкен маңызы бар.

Сонымен мәдениет дегеніміз- бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі. Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, қоғамның материалдық және рухани мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті кұрамдас бір бөлігі болып табылады.

Оқушылардың дене мәдениеті, дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың жаратылыс күштерін, тазалығын және оқу тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, оқушыларды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде іс-әрекеттік (саналық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.

Біздің қоғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу — қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарының міндеті мен құқығы.

Мектеп оқушыларының рухани дамып жетілуі, оның мектеп қабырғасындағы дене тәрбиесі пәні түрінде ғана емес, сол сияқты бос уақытында да анықталады. Жалпы орта мектептерде оқушылардың мәдени деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Дене мәдениетінің жалпы орта мектептерде оқушылардың басқа пәндермен сабақтастықта, әрі жан-жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара тәуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.

Мектеп оқушыларының туғаннан бойына біткен қимылдық-қозғалыс қызметінің күштері жинағының өз өмірінде толық пайдаланбаған мүмкіндігін дене мәдениеті және спорт түрлері ашуға мүмкіндік жасайды және толығымен дамытады, сонымен бірге, шыдамдылығы,  күші мен жылдамдығының яғни, дене сапаларының шегіне жету мүмкіндігінен мәліметтерді кеңейтеді.

Дене мәдениеті – жалпы орта мектептерде оқушыларды оқытып, үйрету тәрбиелеу, сауықтыру және дамыту аясындағы басымырақ жаңа құндылықтарды жасау және бұрынғыларын жетілдіріп, меңгеру бойынша шығармашылық қызметі болып табылып, жалпы қоғамдық мәдениеттің бір бөлігін құрайды.

Дене мәдениеті жалпы орта мектептерде оқушыларды оқытып, үйрету, сауықтыру, дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, ғылымның адам туралы жетістіктерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның, педагогиканың, спорттық психологияның, әскери істердің және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.

Дене мәдениеті жалпы орта мектептерде оқушылардың адамдарды кәсіби-өндірістік, экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастарында түбірлі бірлестікте ұйысып, олардың адамгершілік және мәдени-шығармашылық міндеттерін атқара отырып, оларға елеулі әсер етеді. Бүгінгі таңдағы жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарын реформалау кезеңінде және алдыңғы концепцияның мәнін қайта қарауда бұл ерекше құнды және мағыналы.

Кез-келген оқыту түрінің, оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады:

  • оқытуды ұйымдастыру технологиясы;
  • оқытудың материалдық-техникалық базасы;
  • жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі.

Жалпы білім беру ортасын әлеуметтік ортаның бір түрі ретінде философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғылардан қарастыру болып табылады .

Жалпы білім беру кеңістігі мен ортасының қиылысу жазықтықтарында әр оқушының жеке білім алу саласы қалыптасады. Жалпы орта мектептердегі  білім беру үдерісінің әр түрлі субъектілері жалпы білім алу саласында жүреді. Осындай жеке ішкі салалар бүтін мен оның бөліктері философиясы заңдылығын жүзеге асыра отырып, орта мектептің, арнайы оқу орнының, колледждің, институттың, университеттердің, академиялардың, айта берсек, планетаның біртұтас білім кеңістігі ретінде бірігуде. Көптеген сарапшылар жалпы білім  беру жүйесінде стихиялық түрде туындап келе жатқан бір жайт туралы айтқан болатын, ол жалпы орта мектептерде сабақ беріп жүрген білікті мұғалімдердің жалпы білім беру жүйесінен басқа салаларға– бизнеске, мәдениетке, әлеуметтік ортаға, өндіріс орындарына, т.б. кетуі жиі ұшырасады. Біз тоқталып отырған мәселе айналасындағы жауапқа тоқталсақ, онда әр түрлі жалпы білім беру мекемелері оқу жүйесіне жақын басқа да ішкі салалармен қиылысып отырғаны байқалады. Осындай салалардың  қиылысуы көбейген сайын мектеп оқушысының да толыққанды дамуына көптеген жағдайлар жасалып, мүмкіндіктер пайда бола бастайды. Жалпы орта  білім беру жүйесінің және соңғы кезде құрылып, динамикалық түрде дамып келе жатқан жалпы білім берудегі  заманауи білім беру қазіргі күнгі білім беру ортасының негізгі міндеттердіњ бірі болып табылады.

Ғылыми-техникалық дамудың ықпалы нәтижесінде әлеуметтік  топтардың өндірістегі орны мен рөлі өзгереді, зерделеуді қажет ететін еңбектің мөлшері өсіп, біліктілігінің рөлі артады. Оның өзі мектеп оқушыларының білімі мен тәжірибесінің артуына қол жеткізеді. Осыған байланысты мектеп оқушысының  дене мәдениетінен  білім деңгейін, еңбек дағдыларын, жалпы білімдерін және еңбек мәдениетін көтерудің қажеттілігі туады. Ал бұл үдеріс әлеуметтік өзгерістерге әкеліп тірейді,  соның мазмұнын құрайды.

Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мазмұны бойынша психологиялық-педагогикалық, медицина, биология,  әлеуметтану ғылымындағы  әдебиеттерді және ғылыми-зерттеу жұмыстарын  теориялық талдаулар, мұғалімнің дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, дене тәрбиелеу жұмысына әзірленуін, жалпы орта мектептерде оқыту мен тәрбие шеңберінде психологиялық, теориялық, практикалық, әдістемелік, дене даярлығын зерттеу барысында мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мазмұнын сипаттаймыз.

Қазақстандағы жалпы орта мектептерде дене мәдениеті және спорт саласының білім беру мен тәрбиелеу маңыздылығы арттырылуда. Оның міндеттері: мектеп оқушыларының ерік-жігері мен дене сапаларын жетілдіру; құлықтыққа тәрбиелеу; еңбекті және Отанды қорғауға дайындау; денсаулықты сақтау және нығайту; болашақ еңбек қызметі есепке алынып, кәсіби қолданбалы дене даярлығы; мектеп оқушыларының өз бетінше спорттық жаттығуды ұйымдастырудың теориялық әдістемесі негіздерінен және мәдениеті бойынша қамтамасыз ету; мектеп оқушыларының спорттық шеберліктерін жетілдіру.

Дене мәдениеті және спорт саласында  бүгінгі таңдағы алға қойылған мақсатты іске асыруға табиғи ұмтылысы көз жетерлік, болашақта біздің  бұрынғы ақпараттарға негізделген, яғни оның іргетасында орасан зор қайшылықтар бар шешімі қиын мына мәселелермен қарама-қайшы келеді:

— дәлелді себептердің, әлеуметтік жеке тұлғалық мәнді қажеттіліктердің әртүрлілігін оқыту, үйрету және сауықтыру, тәрбиелеу құралдарының, әдістері мен формаларының мазмұнын талап деңгейінен артық үйлестіру;

— дене мәдениеті және спорттық қызмет үрдісінде мектеп оқушыларының қажеттілік-мотивациялық өрісін қалыптастыру қажеттілігі және тапсырма берілетін, уақытпен белгіленетін оның ұйымдастыру сипатында жеке тұлғаның қызығушылық ынтасы, рухани мәдениеті шектелген;

— жасөспірімдердің жеке және топтық сұраныстарды қанағаттандыру үшін мүмкіндіктердің кең ауқымы мен бағыттылығы бойынша (рекреация, сауықтыру, денені қалпына келтіру, белсенді демалыс, т.б.) нақтылы шұғылдану мүмкіндіктерінің нашар дифференциялануы, яғни оларды осы қызмет аясына қызықтырып тартуды ұйымдастырудың шектеулілігі;

— денені шынықтыру-спорттық қызмет аясында көңіл-күйдің эстетикалық дамуының үлкен потенциалды мүмкіндіктері және олардың мазмұндылық-әсерленушілік компоненттерінің төмендігі, яғни қызықтырушылық мәнінің шектеулігі;

— «Тәні саудың – жаны сау» факультативтік сабағы шегінде жасөспірімдердің басымырақ, дене мәдениеті, әртүрлі деңгейдегі спорттық сайыстарда өз мүмкіндіктерін және қабілеттерін салыстыруға ұмтылысы, қызығушылығы және оны жарыстық қызметке шектеулі уақытпен белгілеп ендіру;

— жасөспірімдердің дене сапаларын өздігінен жетілдіруге және дамытуға талаптануы және дене мәдениетінен қажетті білімнің, қисынға келтіру  біліктілігінің және өз қызмет әрекетінде әдістемелік негізделген өздік бағдарламасының болмауы;

— барлық оқу-тәрбие үрдісінің бағдарламалық-мақсатты негіздерінің түгел болуы және оқу-жаттығу сабақтары мен кәсіби оқытып, үйрету бағыты бойынша, оқудан пайдалану бойынша дене және интеллектуалдық режимін сақтау.

Қорытындысында әлеуметтік өзін-өзі анықтау қабілетін анықтауға болады. Жақсы тамақтану мүмкіндіктерінің төмендеуі, оқу сабақтары кестелерінің жүйесіздігі, медициналық қызмет көрсету мекемелерінің аурудың алдын-алу шараларының болмауы, қаражаттың жеткіліксіздігінен жоғары сынып  оқушыларының күн көріс үшін сабақтан тыс жұмыс істеуі жоғарыдағы келеңсіз жағдайларды ұлғайтады. Бітіруші сынып оқушыларының денсаулық жағдайы, дене даярлығы оқуының аяқталу кезеңінде едәуір нашарлайды. Өздігінен дене даярлығымен, өзін-өзі тәрбиелеумен шұғылданатын бітіруші сынып оқушыларының аз бөлігі ғана болуы. Жалпы орта мектепте оқу кезеңінде өзі таңдап алған спорт түрлерінен секцияларға қатысуы да, күрт төмендейді.

Осылардың нәтижесінде көптеген жалпы орта мектепті бітірушілердің оқу-тәрбие үрдісі барысында денсаулық жағдайы өздерінің шығармашылық потенциалдарын толыққанды жүзеге асыруын шектейді, олардың ұзақ жылдарға шығармашылық қабілетін қысқартады.

Жалпы орта мектептердің оқушыларын оқыту үрдісінде басты орын алатын жағдай дене мәдениеті бойынша білім алып, оны өзінің өміріне қалыптастыру жасөспірімдер үшін ерекше, өткінші емес, алдағы жылдары орнын толтыру мүмкін емес, құндылық.

Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде оқу-ғылыми, практикалық бағдарланған дене тәрбиесі пәндері мен факультативті сабақтардың мазмұнды компоненті ретінде дене мәдениеті құндылықтарының өзара байланысты топтарын одан әрі жүйелеуге болады.

Жоғарыда айтылған дене тәрбиесін оқытудың жалпы және практикалық мақсаттарына байланысты, «Тәні саудың – жаны сау» факультативтік сабағының мазмұны анықталып, бағдарламасы бекітілді (кесте 2).

 

Кесте 2 — «Тәні саудың – жаны сау» факультативтік сабағының 5-11сыныпқа арналған бағдарламасы

Бағдарлама материалдары

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

сағ.

1

Жеңіл атлетика

5

 

 

5

10

2

Спорт ойындары

4

 

6

 

10

3

Гимнастика

 

1

 

3

4

4

Ұлттық ойындар

 

6

4

 

10

5

Барлығы:

9

7

10

8

34

 

Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық зерттеу мен алдын-ала айқындау тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыз арқылы жүзеге асты. Жалпы орта білім берудің басты сипаттары — оның тұтастығы, оқытудың мазмұны мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптардың бірегейлігі, икемдігі мен көпсатылылыѓы, мазмұнын жақсарту мен білім жүйесін басқаруды демократияландыру болуға тиіс.  Оқушылардың  дене мәдениетін қалыптастырудың тарихи-педагогикалық мәселелері, оқушылардың  дене мәдениетін  қалыптастырудың  бүгінгі  жағдайы  мен мүмкіндіктері, күй-жайы әр түрлі білім мекемелерінде, әр қилы мамандандырылған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін талқылай келе (бұл бағыттағы теориялық зерттеу нәтижелері ғылыми жұмысымыздың 1.2., 1.3. тармақтарында баяндалған), қазіргі күні салауатты өмір салтын құру және оның оқушылардың спорт түрлерімен шұғылдануына әсері туралы мағлұматтарды әңгімелесу, интервью, сауалнама сұрақтары арқылы жинап, мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнін оқыту жеткілікті дәрежеде жүргізілмей  жатқандығына көз жеткізіп, бұл шешімін таппай жатқан проблемалы мәселе екенін дәлелдей түстік.

Қорыта келгенде, республикамыздағы жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастыруда мектеп оқушылардың білімін реформалауда қаржыландырудың көпсалалы жүйесін қалыптастыру, аймақтық оқу-өндірістік кешенін құру, дүниежүзілік білім беру жүйесіне ену, оқытудың дәстүрлі технологиясын жетілдіре отырып, заманауи ақпаратты оқыту технологиясын енгізу және ғылыми жұмысты жүргізуге жағдай туғызу сияқты өзекті мәселелерді шешуді талап етеді.

Келесі тармақта әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша әдістемесінің айырмашылығын талдап, ендіру жолдарын қарастырамыз.

 

2.2 Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша әдістемесінің айырмашылығы

 

Дене тәрбиесi педагогикасы мен теориясы үшiн әртүрлi елдердегi дене тәрбиесi бағдарламаларын талдаудың маңызы өте зор, себебi талдау сабақтарыньң көлемi мен мазмұнын салыстырып, бағалауға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ Қазакстан Республикасындағы “дене тәрбиесi” пәнi бойынша қазiргi заманға сай бағдарламалар дайындауда практикалық ескертпелер мен қолайлы ұсыныстар енгiзуге пайдасы тиедi.

1985 жылы бұрынғы одақтағы педагогикалық ғылымдар Академиясының балалар мен жасөспiрiмдер физиологиясының ғылыми зерттеу институты жасаған дене тәрбиесi бағдарламасында бүкiлодақтық “Еңбекпен Отанды корғауға дайынмын” 1 ден іс тәрбиесi жиынтығына негiзделген, тұтас жүйенi құрайтын мектептегi дене тәрбиесiнiң негiзгi түрлерi түгел қамтылған. Ендiгi жерде коғамдағы үлкен өзгерiстер мен бұрынғы Одақ мемлекеттерiнiң тәуелсiздiк алуына байланысты дене тәрбиесiң iс бағдарламаларына ұлтгық ерекшелiктердi, дәстүрдi, коршаған орта мен өмiр жағдайын ескеретiн жаңа ғылыми қағида қажет.

Дене тәрбиесi бағдарламаларында белгiлi ғалымдар ұсынысы бойынша [39, 41.24.12, 51,] мынадай жас топтары енгiзiлген: мектепке дейiнгi [3-6 жас], кiшi мектеп жасы [6-10, орта [11-16’, жеткiншек [17-18 жас], кәсiптiк техникалық колледждер К.Т. У, жоғары жастағы оқушылар [15-17.

Оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламасында 6-18 жас аралығына дейiнгi мерзiм қамтылады. Мектеп жасы шартты түрде кiшi, орта және жоғары болып бөлiнедi. Бұл бағдарламада он жас мерзiмiнiң морфофункционалдық ерекшелiктерi ескерiледi. Кiшi мектеп жасында белгiлi қозғалыс дағдылары оңай бекiтiледi. Тiптi оны балалар нұсқаусыз-ақ өз беттерiмен жетiлдiре алады. (Мысалы, шаңғымен және конькимен жүрудi, велосипедтi айдау). Көпшілiк дағдыларды игеруге бұл жастағы балалар ынталы жаттығады және жаңа қозғалыстың күрделi әрекеттерiн игередi, яғни қозғалыстарға кұмарлықпен дайын болу дене тәрбиесi үшiн қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да кiшi мектеп жасындағы оқушыларды оқыту “ең жақсы” кезең ден танылады.

Орта жене жоғары мектеп жасындағы балалар да спортқа кызығады. Олар күрделi дағдыларды өз бетiнше игеруге ұмтылып, қозғалыс талаптарын орындауға төзiмдiлiк, қайсарлық таныта бiлiп, кейде спортгық жарақат алып та қалады. Бұл жас кезеңiнде дененiң қимыл-қабiлеттiгiн үйрену мен қызығуда саналылық калыптасады.

Қимыл-әрекетi ұйымдастырып, басқаратын жинақылық. мүше ретiнде козғалу талдағышы осы кезде өзiнiң толық жұмыс қабiлетiне жетедi.

Орта мектеп жасында (11-16 жас) жыныстық жетiлу күшейедi, осыған байланысты ағзаның кейбiр (байланыстыру) бағдарлық қабiлттерiнде ауытқу болып, жаңа қозғалыс дағдыларын игеру қиындайды. Бұл жаста көңiл-күй тұрақсызданып, оқушылардың өз тұлғасына, оқудағы, спорттағы табыстарына айрықша мән беру күшейедi. Оқушылардьң мұндай мiнез-кұлкы дене тәрбиесi бағдарламасында ескерiлуi керек.

Жоғары мектеп жасын индивидумның барлық дене және қозғалыс дағдыларыньң жекелей қалыптасуының аяқталу кезеңi ден санауға болады. Бозбалалар мен бойжеткендер өсiп жетiле келе болашақта тұрақты сақталатын негiзгi қозғалыс дағдысына жаттығады.

Бұл бағдарламада сыныптан тыс спорттық жұмыс бойынша дене тәрбиесi сабақтары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты арнаулы топтарға арналған бөлiмде қамтылған. Жинақылық бағдарлама бес болiмнен турады және дене тәрбиесi құралдарының негiзiн жасап, оқу күн тәртiбi бойынша дене қимыл формаларын дұрыс мөлшермен орналастырудың катаң түрде сақталуын және қозғалыс белсендiлiгiнiң жалпы көлемiн анықтайды (2-кесте).

Бағдарламаның бiрiнші бөлiмiне оқу күн тәртiбiндегi дене тәрбиесi сауыктыру шаралары енгiзiлген: сабаққа дейiнгi гимнастика, сабақ барысында дене шынықтыру минуттары және үзiлiс кезiндегi қозғалыс ойындары, денсаулық сағаттары, ұзартылған күн топтарындағы спорттық сағаттар. Бағдарламаның бұл бөлiмi бүкiл жұмыс күнi бойында жоғары жұмыс қабiлетiн сақтап, шаршауды болдырмау үшiн маңызы зор.

Бағдарламаның екiншi бөлiмiнде мектептегi сабақ кестесiнде аптасына 2 рет 45-минут бөлiнетiн дене тәрбиесi сабақтарындағы оқу материалдары қамтылған дене тәрбиесi сабағы — жалпы бiлiм беретiн мектептердегi дене тәрбиесiнiң негiзгi формасы. Сабакқа қойылатын негiзгi талаптар: оқушылардың денсаулығын ескере отырып, әртурлi әдiс-амалдармен қамтамасыз ету; қимыл дайындыктары және дененiң дамуы; оқу сабақтарының  бiлiктiлiк пен нұсқаушы бағыттардың қозғалмалылық сезiну және моторлы тығыздықтың жоғары деңгейiне жету; дене тәрбиесi сабағындағы дағдылар мен шеберлiктi оқушылар өз бетiнше қалыптастыру. Өз бетiнше орындауға арналған жаттығу тапсырмаларды оқушылар сабақта алады. Олардың мазмұның дене қасиеттерiн дамытуға бағытталған қарапайым қимыл-әректтердi сабақта қайталап қалыптастырудан құралады. Сондай-ақ, үй тапсырмасын орындауды тексеру де сабақтарда жүйслi түрде iске асады.

Жоғары сынып оқушыларына арналған дене тәрбиесi бағдарламасында еңбек үстiндегi психофизикалық, қызметтердi дамыту қарастырылады. Ол дене тәрбиесi сабақтарында және оқу цехтарындағы, сабақтар арасьндағы үзілістерде, оқу-өндірістік комбинатта, жазғы еңбек және демалыс лагерлерiнде жургiзiледi.

Жоғары сыныптағы оқушылардың әскер қатарындағы қызметке дайындығын күшейту үшін бағдарламаға әскери қолданбалы дайындық мәлiметтерi кiргiзiледi. Бұндай сабақтарды Қарулы күштердiң Жарғысьна сәйкес кейбiр әскери бұйрықтарды дұрыс және жылдам орындауға арнайы уақыт бөлiнедi.

Бағдарламаның үшiншi бөлiмiнде дене тәрбиесiнiц сабақтан тыс жұмыс түрлерi енгiзiледi: спорт үйiрмесi, оқушылардың дене тәрбиесi үйiрмелерi, әскери қолданбалы спорт секциялары, жалпы дене дайындық топтары және т.б. топтардағы жаттығулар кiредi. Спорттың таңдаулы түрлерiмен айналысқысы келетiн оқушылар үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде Б.Ж.С.М. арнаулы спорт мектебiнiң бастауыш топтары да ашылады.

Спорт үйiрмслерi үшiн жалпы дене дайындықтары бойынша материалдар бiрдей болады. Ал арнаулы дене дайындығы бойынша материал бағдарлама бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерде спорт түрi бойынша ең көп берiлген. Талапқа сай жағдайлар бар болса, мұғалiмдер спорттың басқа түрi бойынша сабақ ұйымдастыра алады. Әр түрлi сабақтан тыс спорт үйiрмелерiне мектеп оқушыларын толық қатыстыру үшiн оларды ұйымдастырып, еткiзуге жоғарғы сынып оқушыларын, қоғамдық,нұсқаушыларды, педагогтарды, ата-аналарды және басшыларды шақыру керек.

Бағдарламаның төртiншi бөлiмiнде жалпы мектептiң тәрбиесiндегi бұқаралық және спорттық шаралардьң мазмұны: ай сайын денсаулық және спорт күндерiн өткiзу, мектеп iшiндегi жарыстар, туристiк жорықтар, слепер /бас қосу/ жоспары берiледi.

Бағдарламаның бесiншi бөлiмiнде дене тәрбиесi бойынша үй тапсырмасын орындауға ұсыныстар берiлген.

Осылайша, жинақтау бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесiнiң құрал-жабдықтары мен әдiстерiнiң барлық түрi қатаң белгiленген уақыт тәртiбiне қамтылған.

Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл сұрақда жақс, тiптi өте жақсы деуге болады. Сеебi, мұда сабақтарды қайда, қашан өткізу керектiгi нақты анық көрсетiледi. Бiрақ, өкiнiшке орай, дене тәрбиесi процесiн кейде тым “берiлген талаптан асыра” ұйымдастырады.

Ұсынылған бағдарлама кептеген мектептердегi, әсiрәсә, ауылдық жерлердегi материалдық-техникалық, базалардың жәе әдiстемелiк жабдықтардың әлсiздiгiн ескермеген. Ұсыныстар мен нағыз шындық жағдайлардың арасында алшақтықтың көптiгi соншалық, бұл бағдарлама, бiздiң көзқарасымыз бойынша, нақты емес, жалған тәрiздi болып керiнедi. Дене тәрбиесiнiң жалпы әдiстемесiнiң негiзiндегi түпкi нәтижелерiне (оқушылардың денсаулығы) мұғалiмнiң жауапкершiлiгi мен өз бетiнше жасаған шығармашылық жаңалықтарын, бұрынғы бағдарламаны қайта құруда негiзге алуы керек. Сондай-ак, жинақылық бағдарламасы оқу күн тәртiбiндегi дене тәрбиесi сауықтыру тапсырмалары мен сабақтың түрлерiне арналған. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бағдарламада негiзiнен сыныптан тыс және мектәптен тыс спорттық жаттығуларды дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Орта және жоғары сынып оқушылары үшiн өздерiнiң қызығушылығына қарай, денсаулық жағдайларына қарай, дене дайындығын және ағзаның жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып спорттың  бiр түрін таңдап алуы керек. Кәсiптiк бағдарға сай мектептерде қандай да бiр спорттық бағыт ұстану керек. Оқушыларды мектептегi бар спорттық үйiрмелерге таңдап алмастан, олардың жеке ерекшелiгiне сай келетiн қандай да бiр спорт түрi бойынша ұсыныстар мен көмек берiлуi керек. Кесiптiк-техникалық  колледждерге арналған дене тәрбиесi бағдарламасында кептеген ерекшелiктер бар. Бұнда жалпы бiлiм беретiн мектептегi бағдарламадағыдай тәрбиелiк және сауықтыру мiндеттерi қойылған. Дегенмен, бағдарламаның жауапты бөлiмi кәсiптiк-қолданбалы дене дайындығына арналған. Мұнда мынадай қосымша мiндеттер қойылады: әсiресе берiлiген мамандыққа қажеттi дене қасиеттерiн дамыту, кемекшiк қолданбалы қозғалыс дағдыларын жетiлдiру, қалыптастыру ағзаның әртүрлi кәсiптiк өндiрiстiк факторлардың әсерiне төзiмдiлiгiн арттыру.

Негiзгi қойылған мақсат — ең үздiк кәсiптiк дайындыққа қол жеткiзу үшін  сабақтарда арнайы дене жаттығуларына кеңiл көп бөлінеді.

Бағдарламадағы кәсiптiк-техникалық колледждегi оқушыларға арналған дене дайындығына коятын талаптары мен материалдары жалпы бiлiм беретiн мектептегi дене тәрбиесi мазмұнымен бiрдей болып келедi, бұл авторлардың айтуынша, осы оқу мекемелерiндегi байланысты сақтайды.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебiнiң /БЖСМ/ дене тәрбиесi бағдарламасының мақсаты — спорттық олимпиадалық түрлерi бойынша маманданған спортшыларды даярлау болып табылады. БЖСМ-дегі жұмыстың негiзгi түрi — оқу топтарындағы жаттықтыру сабақтары, жарыстарға қатысу, спорттық, сауыктыру лагерлерiне бару, өзiн-өзi бақылау, гигиеналық теориялық сабақтар өту болып саналады.

Жасөспiрiм спортшыларға арналған арнаулы спорт мектептерiнiң оқу жоспарьна баланың жас ерекшелiгi мен спорттық мамандығына қарай бiр жылда сабақтарға 500 — 1000 оқу сағаты бөлiнедi. Жаттығу уакытының басым бөлiгi (70% мелшерiндей) спорттық мамандық түрiне — арнаулы дене жаттығуларға арналады. Спорт мектебiндегi сабақтар мектептен тыс уакытта, әдетте аптасына 3-4 рет өткiзiледi: әр жаттығу сабағыньң ұзақтығы жас ерекшелiгiне қарай 2-4 сағатқа созылады. Спорт мектебi оқушыларының дайындығының өлшемi жарыстар кезiндсгi спорттық нәтижелер болып табылады.

Спорттық бағыттағы жалпы бiлiм беретiн мектепинтернаттардағы оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламалары спорттың белгiлi бiр түрiнен жоғары шеберлiкке жетуге бағытталады. Бұл мектеп-интернаттарға денсаулығы мықты, дене жағынан шыңдалған балалардың iрiктеп алады, оларды 3-4 сыньптардан бастап қабылдап, 8 немесе 9 жылға созылады. Мектеп-интернаттарының оқу жоспарына бiр жылға 700-1500 оқу сағаты бөлiнетiн спорпттық  дайындық жоспарланады.

Жаттықтыру сабақтары демалыс күннен басқа барлық күндерде жүргiзiледi. Әр жаттығудың ұзактығы 3-6 сағат, олар әдтте: таңертеңгi және кешкi жаттығулардан тұрады. Оқушының жеке басының ерекшелiгiне, спорттың түрiне, жаттығу процесiнiң мерзiмiне қарай берiлетiн жаттығу жүктемелерi көбейедi немесе азаяды. Спорттық бағыттағы мектеп-интернаттағы оқу-жаттығу сабақтарынан орта мектептегi жалпы бiлiм берушi пәндердiң аздап қысқарған көлемi қосылады.

Спорттық мектеп-интернат оқушылары үшiн мiндеттi түрде денсаулықты қалпына келтiру шараларыньң жиынтығы жүргiзiледi, дұрыс тамақтану және күндiзгi демалыс пен ұйқыны қамтитын күн тәртiбi ұиымдастырылады. Интернаттағы медицина қызметкерлерi мен аймақтық денн тәрбиесi диспансерiнiң дәрiгерлерi оқушылардьң денсаулық жағдайы мен оқу-жаттығу жүктемесiнiң мөлшерiн бақылап отырады. Жаттықтырушылар дәрiгерлiк бақылаудьң нәтижелерiн спорттық дайындықтың жеке жоспарын түзетуге пайдаланады. Мұндай мектептердегi оқушылардың дене тәрбиесiнiң өлшемi — спорттық нәтижелер, елдiң құрама тобында қатысулары болып табылады.

Осылайша, Қазақсдағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесiндегi қазiргi бағдарламалары олардьң жастарына қарай және оқу тәрбие мекемелерiнiң үлгiлерiне қарай жiктелген. Бұл бағдарламада дене тәрбиесiнiң ету мiндеттi және қажеттi түрлерi қарастырылған оқу аптасы мен оқу жылының күн тәртiбiндегi сабақтардьң көлемi мен ұзақтығы, қажеттi құралдары көрсстiлген. Басқа елдерде қабылданған осындай бағдарламаларды талдаудьң мәнi зор. Мұндай салыстырулар бiздiң елдегi жастардьң дене тәрбиесiн жетiлдiру жолдарын көбейтуге мүмкiндiк бередi.

Батыс Европаның көп елдерiнде мектепке дейiнгi жастағы балалардың дене тәрбиесiнiң мiндеттi мемлекеттiк бағдарламасы жасалған. Осы тұрғыда берiлген ұсыныстарда осы жастағы балаларға өте лайықты спорттық ойындар көп берiлген, дене жаттығу сабақтардьң түрлерi баланың табиғи белсендiлiгiн көтеруге бағытталған [15, 33].

Бiздiң ойымызша, мектепке дейiнгi балалар үшiн физиологиялық тұрғыда және әлеуметтiк маңызы жағынан да табиғи қозғалыс жағдайларын игерудiң мәнi жоғары. Осылар арқылы балалар қоршаған орта туралы бiлiмiн кеңейтедi. Табиғи қозғалыс дағдыларын жақсы қалыптастырады, балаға өз ойын, көңiл-күйiн және сезiмiн бiлдiруге көмектеседi. Мiне сондықтан да, мектепке дейiнгi мекеме тәрбиешiлерi меп ата-аналар баланың түрлi табиғи қозғалыстарды игеруiн бақылап отыруы керек.

Американдық мамандар баланы табиғи қозғалыстарға үйрету үшiн арнайы қозғалыстар мектебiн [17] құруды ұсынады. Мұндай мектептердiң бағдарламасында дағды мен икемнiң үш түрiн: локомоторлық, тепе-теңдiк және монипулятивтiк формаларын қалыптастыру кiредi. Мұнда балаларды дұрыс жүруге, жүгiруге, айналып түсуге, секiруге, лақтыруға, допты қағып алуға үйретедi [49,20,39]. Мамандардың пiкiрiнше бала бұл дағдыларды мектепке барғанға дейiн-ақ үйрену керек, себебi олар басқа қозғалыс қимылдарының негiзi болып табылады, мамандандырылуына әкеп соғуы мүмкiн. Ал бұл оқушылардың дене тәрбиесi жүйесiнiң сауықтыру мiндеттерi мен жалпы негiздерiне қайшы келедi.

Алдьңғы қатарлы бiрнеше мемлекеттердегi оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламасын талдағанда, бұл елдерде дене тәрбиесiн басқару орталықтарының және бiрдей басшылықтардың жоқтығын көремiз. Дене тәрбиесi жүйесiнiң жоқтығы елдегi бүкiл жастардың жоспарлы және жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкiндiк бермейдi. Дене тәрбиесi саласындағы ғылымның жаңа жетiстiктерi сабақтағы дене жаттығуларын үйретудiң жаңа түрлерi мен әдiстерi тек iрiктеу үшiн қолданылады, яғни өзiн-өзi қаржыландыра алатын мектеп окушыларына ғана уйретiледi.

АКШ-та мұғалiм мектептiң нақты қаржы жағдайы мен материалдық-техникалық мүмкiндiгiн ескере отырып, өз бетiнше бағдарламаны өзгерте алады. Американдық ғалым дж.Уилмер көрсеткенiндей, америка мектептерiнiң үштен бiрi ғана денс тәрбиесi бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк алған. Педагогикалық бақылау жүйесiнде белгiленген көрсеткiш мөлшерiне емес, оқушының козғалыс қабiлеттерiнiң жоғарылау қарқынына көп мән берiледi. Бұл кезде, әсiресе қимыл мен демалыстың ауысуына, сабақтың әсерлiгi мен өнiмдiлiгiне, балалардың өз бетiнше дене тәрбиесi дағдыларын үйренуiне көп мән бередi.

Германия мектептерiнде сабақтар көбiнесе ашық аспан астында өтедi, бұл балалардың шыңдалуына жағдай жасайды. Бiрак, мамандардың пiкiрiнше, мұның басқа да себептерi: бастауыш мектептердiң — 84%-де спорттық кешендерi жоқ, ал әр саладағы орындарының — 58% -де және гимназиялардың — 25%-де гимнастика залдары жоқ деп бiледi.

Оқушылардың дене тәрбиесi бойынша бағдарлама мазмұны мен мiндетi сабақтардың апталық көлемi әр елдегi мектептерде әр түрлi. Үш дамыған капиталистiк елдегi бағдарлама мазмұны келтiрiлдi. Швеция, Голландия, Италия. Бұл бағдарламаларда ерекше коңiл аударатын мәселе — спорттық ойындардың көп қолданылуы, ұсынылған спорт тұрлерiнiң көптiгi, яғни оқушыларға қозғалыс түрiн таңдауға еркіндік берілуі.

Оқушылардың дене тәрбиесi жүйесiн зерттуде, әсiресе АКШ-та қалыптасқан тәжiрибеге көп назар аудартады. Бұл елдегi сырткы саясат ерекшелiгi мен техникалық прогреске орай жастар мен оқушылардың дене тәрбиесi меселесiндегi кейбiр бағытын өзгерту тенденциясы көрiнедi. Ең алдымен, әскери қызметкер мен ондiрiстiң әртүрлi саласындағы жұмысшылар дайындауға мән

берiледi. Себебi олардыц дене дайындыгына жене куш-куатына деген сураныс оте жогары. Сондыктан осы тургыда спортгьщ букаралык турлерiн дамыту, дене тербиесi бойынша косымша едебиепердi жетiлдiру, сондай-ак дене жатгыгуларын сауьтктыру шаралары максатында колдану барысында гылыми зсрпсу жумыстары жургiзiледi. Буган коса спорпык, клубтардыц санын осiруге жене сауык,тыру-шынык,тыру багдарламаларын насихапауга бiрдей куш салады.

Кеңес зерттеушiлерiнiң жұмыстарында казiргi АКШ мектептерiнде бiлiм жүйесiнiң жалпы жағдайлары мен себептерi, ұйымдастырылған формалардың үйрету бағыттарын бiрнеше рет талдауға салды. Бұл жұмыста жастардың дене тәрбиесiн ұйымдаструдың және спортшыларды дайындау әдiсiнiң жаңа саласы ашылды: спорт жұмысындағы жергiлiктi жасөспiрiм мен балалардың әлеуметтiк мәселелерi қарастырылады 029, 130).

Мысалы, Р.М. Киселев “АКШ — спорт және коғам” атты монографиясында спортты ұйымдастыру және оны бұржуазиялық қоғамның саяси-әлеуметтiк дамуымен тығыз байланысына жан — жакты талдау жасайды; американдық спорттың таптык, сипаты, сондай-ак, мектеп спортының меселелерi қарастырылған.

Қазақстандағы және басқа елдердегi дене тәрбиесi бағдарламаларын талдай келе, олардың ортақ ерекшелiгiн де айтып өту керек. Олар мектеп оқушыларының дене дайындықтарының сандық көрсеткiштерiнiң жетiстiктерiне, жеке қимылдарды үйренудегi нәтижелiкке немесе спорт жарыстарына қатысуға негiзделген. Сондай-ақ, Қазақстандағы және басқа елдердегi мектептердiң дене тәрбиесiнiң мақсатын, жан-жақты дамуы мен денсаулыкты нығайту жағын қарастырады. Осыған орай дене тәрбиесi нәтижелерiнiң негiзгi қорытынды көрсеткiштерi (оның қайда, кiм болғанына байланысты емес) мектеп оқушыларының денсаулық деңгейi және оның өсуi мен дамуының табиғи ырғағына сай келуi, адамның әлеуметтiк және дене жұмыс қабiлетi болуға тиiс. Дене тәрбиесiн бағалаудың осы өлшемi дұрыс болып саналады, себебi бұл соңғы нәтиженi бағалауға, елдiң басты байлығы — жастардың денсаулығын нығайтуға және ертеңгi күнi барлық халықтың денсаулық деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Дене тәрбиесінің бағдарламасында мұндай өлшемдердің жоқтығы, біздің ойымызша, дене тәрбиесін педагогикалық және әлеуметтік салалардың жетiлмегендiгiмен керсетедi. Ғылым әл де болса халықтың денсаулығы мен оның дене тәрбиесiн ұйымдастырудың арасындағы себеп-салдарлы байланысты жеткiлiктi зерттеген жоқ денi сау адамдардың денсаулық өлшемдерi керсетiлмедi, дене тәрбиесi кұралдары арылы әлеумттiк мәнi зор кызметтердi белсеңдi түрде қалыптастыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мынадай ғылыми бағыт: дене тәрбиесi гимнастикасы дамымады, ол бойынша халытың дене тәрбиесiн ұйымдастыру принциптерi негiзделiп, әсiресе мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесiне арналған жүктемелер мен дене жаттығуларын және табиғи факторларды қолданудың әдiстерi мен құралдарын белгiлi бiр тәртiпке келтiру керек.

Сонымен, дене тәрбиесi кұралдарын мақсатты түрде жүйелi пайдалану процесi — халыктың өмiр сүру дағдысын қалыптастыратын әлеуметтiк жағдайлар мен факторларға тәуелдi. Дене тәрбиесiнiң басты мақсаты мен басым мiндетi, бiздiң ойымызша, оқушылардың денсаулығын нығайту және түрлi еңбекпен шығармашылық iс-әрекеттi iске асыруда, болашактағы жоғарғы дене дайындықтарына қол жеткiзу болып табылады.

 

2.3 Сабақтан тыс уақыттағы спорттық ойындар арқылы дене қабілеттерін дамытудағы тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар нәтижелері.

 

Дене жаттығуларымен қосымша айналысу оқушылардың тиiмдi демалыс құралы болып табылатынын көп зерттеулер дәлелдейдi, бұл оқу нәтижесiне де жақсы әсер етедi. Аптасына екi рет дене тәрбиесi сабағы жүретiн оқушыларға қарағанда дене жаттығуларымен бiр аптада 6-8 сағат айналысатын оқушылар дың оқу үлгерiмi жоғары екенiн [39, 41, 44 өз еңбсктерiнде атап көрсетедi.

М.С.Полишкисаның мәлiметтерiне қарағанда, футбол сабақтарын жүйелi түрде жүгiзгенде, балалар өзінiң cпортшы емес қатарларын мыңадай көрсеткiштер бойынша басып озады: тиiмдi дұрыс ойлау жылдамдығы, көру аймағының шетi мен ортасындағы белгiнi таңдау әсерiнiң жылдамдығы, зейiн көлемi, козғалыс күшi мен жылдамдығы, қарсылық көрсету дәлелдiгi.

Зерттеушi ғалымдардың В.В.Ворюшин, К.І.Адамбеков көрсетуiнше, футболшылардьң қозғалушы қарсыласына деген көптеген қимылдары аса шапшаң қозғалған қарсыласына допты беруi, қарсыласын қозғалыс үстiнде айламен жеңуi, тоқтау, ұшып келе жатқан допты соғуы, қақпашының қимылына жауап қайтару т.б. көптеген әсерлерi пайда болады. Осының нәтижесiнде

жасөспiрiм футболшылардың психомоториясы жетiлiп, орталық жүйке жүйесiнiң қызметi мен қабықтағы процестердiң қозғалмалығы жақсарады.

И.П. Павлов адамның шартты-рефлекторлық iс-әрекетiнiң негiзгi физиологияльқ заңдарын ашты. Орталық жүйке жүйесiнiң негiзгi қызметi ағзаның сыртқы ортаның күрделi де өзгермелi жағдайларына бейiмделүiн қамтамасыз ететiн қолайлы және қолайсыз уақытша байланыстарын қалыптастыру болып табылады.

И. П. Павловтың көрсетүiнше ми қабығының қозғалдырушы жасушалары қабықтың басқа бөлшектерiмен байланысқа түсе алатын, сыртқы және iшкi ортаның барлық әсерiне жауап бере алатын, шартты рефлекс тудыра алатын және басқа көптеген қабiлеттерге ие. “Қабықты кинетикалық жасушалары, — деп жазды И.П.Павлов, — сыртқы әсерлермен қатар ағзаның iшкi процестерiн де көрсете алатын қабықтың барлық басқа жасушалармен дене байланыса алады және шын мәнiнде байланысады”. И.П.Павлов жауап шығарған шартты рефлекстер әдiсi арнаулы емес вегатативтi бөлшектерге (iс-қабылдау әсерi, тыныс алу және тамыр бөлiктерi, терi-галъваналдық реакцияларға т.б.) абсолюттi түрде немесе жекелеп қысым көрсететiн әсерге айналды. Бұған қоса, дене жаттығулары арқылы қабықтың және қабық асты бөлшектерiнiң қозуын тиiмдi етiп, осылайша, шектен тыс тежелудi тоқтатуға болады.

Бiздiң көзқарасымыз бойынша, мектеп оқушылары үшiн тиiмдi тәртiп жасап шығу негiзгi физиологиялық көрсеткiштердi қайта қалпына келтiрудiң қысқа мерзiмiн /цикл/ қамтамасыз етедi. Бұл мақсатта спорттық ойындар түрiндегi қосымша сабақтарға бөлiнген уакытты көбейту арқылы оқушылардьң қозғалу белсендiлiгiн арттырудьң рөлi үлкен.

Осы мәселе бойынша қазiргi кезде үлкен нақты мәлiметтер жинақталған. Көптеген авторлар М.В.Антропов Н.М.Волков, В.А.Данилов, Ю.Н.Смирнов, А. Г.Сухарев оқушылардың жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру және күшейту мақсатында тиiмдi демалыс ретiнде дене жаттығу сабақтарын жүргiзудiң нақты практикалық мысалдарын ұсынды. Бұл практикалық ұсыныстар мынадай қорытындыға әкелдi:

  1. Қозғалу белсендiлiгiнiң тәуелдiлiк көлемi ағзаның қозғалыс үстiндегi биологиялық қажеттерiне сай болуы керек.
  2. Дене тәрбиесiнiң қалыптасқан жүйесi тұрмыста жетiепейтiн қозғалыстың орнын толтыру керек.
  3. Балалардъң қозғалу белсендiлiгiн бiр күн iшiнде олардың ағзасыньң жұмыс қабiлетiндегi өзгерiстердi есепке ала отырып бiлу керек.
  4. Дене тәрбиесiнiң түрлерi мен құралдары әр түрлi болуы тиiс.
  5. Дене жаттығулары сабақтарының ұзактығы мен жылдамдығы өсiп келе жатқан ағзанъң жас ерекшелiгiне сай болуы керек.

Соңғы жылдарда барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде көптеген оқу бағдарламалары енгiзiлгенi белгiлi. Жаңа оқу бағдарламалары оқушылардың ақыл-ой қызметiн жеделдетуге көмектестi [9, 32, 34]. Осыған байланысты оқушының күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыру және жүйслi спорттық сабақтарға щатыстырып қозғалу белсендiлiгiн тиiмдi етiп арттыру мiндетi тұрды [44, 51. Мектеп оқушыларының негiзгi бөлiгiн бос уақыттарда жүйелi түрде спорт сабақтарына қатыстыру арқылы дененi жетiлдiру тұрғысы кезiнде бұл сабақтардьң оқушы iс-әрекетiнiң басқа түрлерiне ең алдымен оқу процессiне қалай әсер ететiнiн мiндепi түрде ескеру керек.

Оқушының тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттыратын спорт сабақтары бала ағзасына елеулi әсер етедi. Бұл сабаққтар баланың дұрыс әрi үйлесiмдi түрде дамуына, денсаулықтың жақсаруына, сырткы ортаның ағзаға түрлi қолайсыз әсерлерiне қарсы тұрақтылығының күшеюiне әсер етедi [43,32, 35]. дегенмен де, спорттың барлық түрлерiнiң iшiнде, мектеп оқушысының ақыл-ой және дене қызметiнiң төмендеп, шаршауын азайтатын түрi спорттық ойындар  [19, 52] болып табылады. Олардың арасында өзiнiң эмоционалдық сипаты бойынша орталық жүйке жүейсiнiң қызметiн жақсарта алатын ықпалды ойын футбол болып табылады.

Бiрақ, өте жас балаларға спорт сабақтарының қолайлы әсерi оларға дұрыс ұйымдастырылған кезде ғана байқалады. Жасөспiрiмдердi спортқа ерте мамандандыру өсiп келе, жатқан ағзаға тым жоғары талаптар қойып, оның өсуi мен дамуына қолайсыз өзгерiстер әкелуi мүмкiн.

Жаттығу сабақтарын ұйымдастырғандағы тәулiктегi, аптадағы, жылдағы физиологиялық процестердiң кезеңдiк өтпелi мерзiмдерiн есепке алу үлкен қызмет атқарады.

Бүгiнгi күнi тәулiктiк кезеңдермен сипатталатын 40-тан аса физиологиялық қызметтер көрсетiлген.

Көптеген зерттеушiлер түрлi факторлардың бұлшық ет қызметi және вегетативтiк функцияның тәулiктiк кезеңдерiнiң әсерiне мән берiп қарастырады.

Жоғарғы зерттеулердi жинақтай келгенде, iшкi мүшелер қызметiнiң кезеңдерi тiршiлiктiң түрлi жағдайларында тұракты түрде қайталанып отыратынын айту керек. Тәулiктiк ырғақтың бұзылуы бiр патологиялық жағдайдың немесе ағзаның тым көп, жаттығулардан шаршауының әсерiнен болады. Көптеген зерттеушiлер тiршiлiк жағдайларын ауырсыну арқылы вегетативтi функцияның тәулiктiк ырғағын қайта құруға тәжiрибе жасайды. Бiрақ күн тәртiбiн өзгерту де, қарама-қарсы күн алмастыру да адамның вегатативтi қызметiн толық қайта құра алмады. Тiршiлiк жағдайын толық өзгерткенде, мысалы басқа сағаттык белдеуге көшкенде немесе толық қоршау жағдайында ғана вегатативтi қызметтiң тәулiктiк ырғағын қайта құруда аздап өзгерiстер болды.

Қозғалыс қызметiнің тәулiктiк кезеңдерiн зерттеген алғашқы еңбектер ХIV ғасырдың аяғында жазылды. Отандық ғалымдардың зерттеу тақырыбы бұлшық ет күшiнiң өзгеруi болды. Осыған ұқсас зерттеулердi кейiнiрек жүргiздi.

Бұлшык ет күшiнiң тәулiктiк ырғағын зерттеушiлердiң көбi адамның бұлшық ет күшi түнде төмендеп, күндiз күшейетiнiн айтады, бұлшық ет күшi таңертеңнен қарай жүйелi түрде өсетiнi тұралы басқа пiкiр айтады. Авторлар күндiз орындалған дене жұмысы кешкi уақытта бұлшық ет күшiнiң өсуiне жеткiлiктi әсер ететiнiн айтады студенттердiң түрлi жеке топтарындағы бұлшық ет тонусының тәулiктiк өзгерiстерiн зерттеген. Авторлар кешкi уақытта дене жүктемелсрiн мұқият мөлшерлеу керек деген қорытындыға келдi.

Бiздiңше, мектеп оқушыларыньң кез келген iс-әрекеттегi жұмыс қабiлетi олардың әмiрлiк ырғағын ағзаға тән биологиялық ырғақпен сәйкестендiрген жағдайда ғана жоғары болады.

Адамның бiр тәулiк iшiндегi жұмыс қабiлетiнiң динамикасын зерттегенде, физиологиялық қызметтің ең жоғары екi нүктесi болатыны белгiлi болды. Алғашкы жоғарылау 8-11 аралығында болса, екiншi сәті 15-18 сағат аралығына дәл келдi. Бiрақ екiншi жоғарылау әрқашан таңертеңгi деңгейге жете бермейдi. Бұған қоса сағат 14-ке қарай жұмыс қабiлетiнiң төмендейтiнi байқалады [51,-57].

Бiз мектеп оқушыларының күн тәртiбiнiң тәуелдiлiк сызығы ағза функциясының тәулiктiк ырғақты өзгерiсiнiң сызығына сәйкес немеес оған жақын болуы керек деп санаймыз. Сондықтан да, балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл-ой және бұлшық ет қызметiнiң ең жедел естi физиологиялық процестердiң ең жоғарғы күшею кезеңiне сай келуi керек.

Мектеп оқушыларының күн тәртiбiн ұйымдастыруда көптеген авторлар мынадай шарттарды сақтауды ұсынды:

  1. Бала ағзасының түрлi қимыл-әрекеттерi функционалдық мүмкiндiктер режимi негiзiнде қойылуы керек;
  2. Бала ағзасының физиологиялық процестерiн тоқтату, тежеуге орын берiлмеуi тиiс;
  3. Күн тәртiбiн ұйымдастырудың негiзгi үрдiсi бала ағзасын үйлесiмдi дамыту және биологиялық қабiлеттерiн қанағаттандыру үрдiсi болуы керек;
  4. Күн тәртiбiн рационалды түрде ұйымдастырудың негізгi мiндетi шаршаудың алдыналу және жұмыс қабiлетiн күнi бойы сақтау болып табылады.

Осылайша, қозғалу қызметiне, дене жүктемелерiне, дене тәрбиесiн спорттык, ойындар арқылы дұрыс ұйьмдастыруға үлксн мән беру керек. Себебi, олар бала ағзасының әмiрлiк жұмыс қабiлетiн сақтауда, оны өсiру, кiшi мектеп жасында жоғары жұмыс қабiлетiн күшейтуде көп қызмет атқарады.

Спорттык ойындар, оның iшiнде футбол, баскетбол арқылы қосымша сабақтар жүргiзу ерекшелiктерi туралы түрлi әдебиеттердегi материалдарды жинақтай келе, көзқарастар мен кеңестер, ұсыныстардың қайшылықтары бар екенiн атап ету керек. Бұл жасөспiрiм спортшыларды дайындауда жаттықтыру процесiн тиiмдi ету мәселесi әлi де ғылыми тұрғыда жеткiлiктi негiзделмегендiгiн көрсетедi.

Авторлардың көбi мынадай ортақ қорытындылар жасайды:

дене тәрбиесi сабақтары балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл-ой және жұмыс қабiлетiне қолайлы әсер етедi; олардың тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттырады, акыл-ой қызметiнiң төмендеп, шаршап қажу жағдайынан сақтандырады, мектеп оқушыларының жоғары жүйке iс-әрекетiн мөлшерлеуге көмектеседi.

Ұжымдық еңбек ретiнде спорттық ойындар құндық моралдық ерiк кабiлеттерiн; төзiмдiлiк; талаптылық; тәртiпттілiк; өзiн ұстай бiлу; тез шешiм қабылдай алуды дамыта отырып, тұлганың дұрыс калыптасуына көмектеседi.

дегенмен де отандық және шетелдiк әдебиеттерде жалпы бiлiм беретiн мектептерде жаттықтыру сабақтарын оқу процесi мен тиiмдi ұштастыру туралы мәлiметтер көп кездеспейдi. Ал жаттығу жуктемелерiн балалар мен жасөспiрiмдердiң iс-әрекетiнiң барлық түрлерiнiң есепке ала отырып дұрыс бiлу табысты спорттык дайындық пен үйлесiмдi даму үшiн өте маңызды болып табылады.

Оқушыларды дайындаудың қолда бар бағдарламаларын талдай келе, бiз арнайы педагогикалық эксперимент жүргiзудi ойластырдық. Бұл эксперимент екi кезеңде өткiзiлдi. Бiрiншi кезеңде спорттыкқ ойындар арқылы қосымша сабақтармен айналысатын әр түрлi мектеп жасындағы оқушылардың күн тәртiбi зерттелдi. Бұл кезде қозғалмалы-динамикалық және тұрақты статистикалық бөлшектер арасындағы тепе-теңдiк зерттелдi. Бұған қоса, берiлген жауаптар мен хронометраж нәтижелерiнiң негiзiнде жасөспiрiм футболшылардың бойдағы қуат шығынының тәулiктiк келемi анықталды.

Педагогикалық эксперименттің ең басында 8 жастағы жасөспiрiм футболшылар тобы iрiктелдi. Олар мектептегi футбол үйiрмесiне қатысқан және қажеттi қозғалыс дағдыларына үйренген едi. Жаттығу процесiн тиiмдi өту үшiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнiң нәтижелерi бойынша бiз эксперименттiк қозғалыс тәртiбiн жасадық. Бұл эксперименттiк қозғалыс тәртiбiнде күннiң екiншi жартысында қатаң белгiленген уақытта аса ұзақ /60 минут/ аралықта футболдан жаттығулар жүргiзiлдi. Бұған қоса, эксперименттiк топ оқушылары /144 окушы/ аптасына 45 минуттан 2 рет  дене тәрбиесi сабақтарының жылдық оқу бағдарламаларында толық орындады.

Экспериментке барлығы 30 оқушы қатысты, олардың 15 эксперименттің  5-i бақылау тобына кiрдi. Бақылау тобында спортпен жүйелi түрде айналыспайтын, бiрақ дене тәрбиесi сабағы бойынша бағдарламаны толық орындайтын оқушылар болды. Екi топ та эксперименттiң басында барлық көрсеткiштер бойынша бiрдей тең болды.

Эксперименттiк бағдарлама жасаудағы негiзгi мiндет оқушылардың спорт мектептерiндегi жүргiзiлетiн бағдарламалардың барлық талаптары мен мiндеттерiң үрдiстерiн толық сақтау басты шарт болды. Бұған қоса, бұрынғы бағдарламаның барлық бөлiмдерiнiң мәлiметтерi оқушыларды футбол ойынына үйретудiң бастапқы кезеңiнде допқа ие болу техникасын меңгертуге арналған күрделi жаттығулардың кей түрiн жүйелеу үшiн қайта қарастырылды. Ойындық бағыты басым белiктердiң көлемi үлкейтiлiп, кеңейтiлдi.

Бiздiң эксперименттiк бағдарламаның негiзгi бағыт мақсаты оқушының қозғалыс белсендiлiгiн оқу аптасымен бiр күн бойына тең бөлу екенiне қарамастан, оның мiндеттерi спорт ойындары бойынша бұрынғы бағдарламада көрсетiлген деңгейдегiден өзгерген жоқ.

Оқушыларды спорт ойынына дайындаудың негiзгi максаты:

спорт ойындарының негiзгi элементтерiн меңгерту, ойын жағдайындағы қарапайым тактикалық мiндеттердi шешу, қозғалыс жылдамдығын, ептiлiктi, шапшаңдық пен күш қабiлетiнiң қысқа және ұзақ дене жүктемесiне төзiмдiлiктi дамыту, спорт тарихы туралы керектi мәлiметтер мен дене жаттығу гигиенасын хабарлау, сондай-ақ спорттың осы түрi бойынша жүйелi сабақтардағы мiндеттi гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Арнайы қозғалыс тәртiбiн жасаған эксперименттiк топта оқыту мен тәрбиенiң бiртұтас педагогикалық процесi барысында барлық жоғарыдағы мiндеттер шешiлдi.

Жасөспiрiм спортшыларға спорт ойыны тәсiлдемесiнiң жаңа элементтерiн түсiндiрiп, үйреткен кезде бағдарламаның түрлi бөлiктерi бойынша теориялық мәлiметтер хабарланып отырды. Жаттығу процесiнде нақты техникалық құралдар, мысалы: батут, қабырға, дөңгелектер, ауыстырмалы қақпақтар, гимнастикалық құрал-жабдықтар т.б. кеңiнен қолданылды. Жаттығу жүктемелерiн бөлген кезде жас футболшылардың күн тәртiбiндегi барлық қозғалыс бөлшектерi биоырғақтарға байланысты ескерiлдi.

Жүктеменiң ауыспалы сипаты көбiне жас ерекшелiгiне сай болды, бұл қан айналым және тыныс алу қызметi жүйесiнiң жетiлуiне қолайлы әсер етедi. Жоғарғы жылдамдықтағы қозғалыстардың демалыс сәтi мен жене одан да жоғары қуатты талап ететiн әрекеттермен алмасып отыруы ойыншыларға үлкен жұмыс көлемiн және жүктеменi жылдам орындауға мүмкiндiк бердi. Жас спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңiнде қолданылған дене жүктемелерiн бағалау үшiн бiз жұмыс кезiндегi жүрек соғу жиiлiгiн анықтайтын арнайы радиотелеметрикалық қондырғы арқылы зерттеу жүргiздiк.

Эксперименттiк козғалыс тәртiбiнде жарыс және ойын сипатындағы жаттығулар бойынша оқу материалы көп болғандықтан, бұрынғы бағдарламада бөлiнген қозғалыс әрекетi көп ойындарды /жүгiру, секiру, лақтыру ойындары/ бөлу үрдiсiнен бас тарту керек болды.

Эксперименттiк тәртiпте спортық ойындар футбол техникасының қандай да бiр элементiн: соққы беру, алып жүру, тоқтату, ептiлiкке баулуға үйреткен кезде қолданылады.

Арнайы iс-тәртiбiн жасау кезiнде коптеген авторлардың әдебиетiндегi ұсыныстар мен нәтижелерi тексерiлдi. Мысалы, эксперименттiк бағдарламаларда қозғалыс ойындарын жүргiзуде зерттеулерiнiң нәтижесi ескерiлдi. Ал ойын және ойындық жаттығулар арқылы дене тәрбиесi сабағында жоғары нәтижеге жетуге болатынын, сондай-ақ ойындар оқушының ақыл-ой қызметiне жақсы әсер ететiнiн ескертедi. Бұған қоса, дене тәрбиесi сабағында және үзiлiс кезiнде ойын және ойындық жаттығулар көлемiн 70%-ке дейін өсiру керектiгiн айтқан  зерттеу нәтижелерi де ескерiлдi. Дене тәрбиесi сабағында және жаттығу кезiңіндегi ойындар жоғары эмоционалды әсерi және физиологиялық бағытының әр түрлi сипаты арқылы мектеп оқушыларының ақыл-ой қызметiн де өсiретiнiн көп авторлар дәлелдейдi.

Оқушылардың негiзгi дене қабiлеттерiнiң бiрiншi және екiншi оқу жылындағы дамуын көрсететiн сынама бақылауларының нәткжесiн талдағанда, эксперименттiк тәртiптегі барлық белгiлер бойынша алға өсу, жылжу бар екендiгiн көрсеттi. 30 метрге жүгiргенде эксперименттi топтағы көрсеткiштер 1,07 секундқа /р <0,001/, жақсарса, бақылау тобында — 0,12 секундта. /р< 0,05/; болды, 60 метрге жүгiргенде эксперименттi топта 0,29 секундта /р <0,05/, бақылау тобындағыларда — 0,11 секундта /р <0,05/; бiр орында турып биiктiкке секiру бiрдей сәйкестiктi көрсеттi — 7,26 см /р <0,001/ эксперименталды топ және 1,91 см /р <0,05/ бақылау тобы болды. Бiр орыннан ұзындыққа секiру қорытындысында аналогиялық өзгерiстер болды, экспериментгiк топта 7,40 /р<0,ООI/, бақылау тобында — 1,72 /р<0,05/ болды. Оқушылардың координациялық қабiлетiн сипаттайтын “Бумеранг” тестi бойынша эксперименттi топтың 60 метрлiк аралықтағы нәтижелерi 2,72 см /р<0,05/ өссе, бақылау тобында 1,31 см /р<О,05/ болды. Топтарда дене күштерiнiң бiршама өскенiн байқауға болады. 2,71 — 0,81 кг /р<0,05/.

Алынған нәтижелердi талдау негiзгi дене қасиеттерiнiң жетiлу деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштердiң өсуi, оқудың екінші жылында 9-10 жас кезiнде жақсы жүретiнiн көрсетедi, бұны басқа да авторлардың зерттеу нәтижелерi дәлелдейдi.

Бұған қоса, балалар мен жасөспiрiмдердiң Бақылау сынамаларының нәтижелерi спортпен қосымша айналысушылардың дене дамуының жоғары екендiгiн, сондай — ақ, дене қабiлеттерiнiң даму деңгейi төмен бақылау тобымсн

салыстырғанда дене және ақыл-ой қызметi көрсеткiштерiн жақсартуға елеулi үлес қосқанын да керсетедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Дипломдық жұмыстың негізгі нәтижесі оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық мәселелерін шешу болып табылады. Мұның ғылыми және іс-тәжірибелік тұрғыдан маңызды мәні бар:

  1. Жасөспірімдердің дене тәрбиесін жетілдірудегі негізгі бағыттардың бірі – болашақта денсаулықты нығайту, дене қасиеттерін үйлесімді дамыту, әлеуметтік жағдайда жастарды жігерлілікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу және жұмыс қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Бұл мәселелерді шешу барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене қасиеттерін тәрбиелеу негізгі орын алады.

  1. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің негізгі құралы қайталанатын және қайталанбайтын спорт түрлері, спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары мен табиғи факторларды қолдану болып табылады. Осыған байланысты еліміздің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, негізінен, ең оңай және әсерлендіруші іспетті спорттық ойындар біршама басым болды.
  2. Қазақстанда, Тәуелсіз мемлекеттер мен шет елдердегі дене тәрбиесінің салыстырмалы талдамасының қойылуы, дене тәрбиесінің түрлереі мен құрал әдістерін таңдау еріктігі, сондай-ақ дене тәрбиесімен және спортпен өз бетінше шұғылдану, оқушылардың дене қасиеттерін қалыптастырып, дұрыс тәрбиелеудің шешуші міндеті болып табылатындығын көрсетті.
  3. Дене тәрбиесінің барысын бастауыш мектептегі оқушылардың күштілік, жылдамдылық, ептілік, төзімділік, икемділік сияқты негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту арқылы құру қажет. Себебі, бұл қасиеттер балалық және жасөспірім кезеңде үдемелі, үздіксіз және әр түрлі сипатта дамиды.
  4. Балардың үйлесімді дамып-жетілуі тілі мен сөйлеуі арқылы жүзеге асатынын ерекше ескере отырып, дене тәрбие сабағында баланың түсінігіне жеңіл келетін ана тіліндегі атаулардың, ұғымдардың дұрыс қалыптасуына айрықша көңіл бөлінуі қажет.
  5. Педагогикалық эксперимент барысында дене тәрбиесінің концептуаьді үлгісі жинақтылық бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл бағдарламада аптасына үш рет дене тәрбиесі пәнінің міндетті түрде болуы, күнделікті спорт ойындарының (мысалы, футбол) оқу жаттығу жұмыстары зерттелген параметрлер бойынша әсерінің тіимділігін көрсетті.
  6. Спорттық ойындармен айналысатын мектеп оқушылары үшін эксперименттік деректер бойынша тәуліктік қозғалыс белсенділігінің оптимальді деңгейі мынадай болып келеді:
  • күн тәртібінде тәулігіне 7-8 сағат қозғалыс құрылымы;
  • бір тәулік бойындағы 2000-3000 к.кал. мөлшеріндегі қуат шығыны 25-30%-спорттық қимылдарға кетеді.
  1. Оқушылардың дене тәрбиесі және спорт сабағы бойынша тиімділігін бағалаудың өлшем белгілері мынадай көрсеткіштер болып табылады:
  • бақылау сынақтарының нәтижелері күштілікті, ептілікті,

шыдамдылықты, жылдамдылықты, иілгіштікті анықтайтын сынамалар;

  • дененің қимыл-қабілеттерінің динамикалық өзгерістері.

Жүргізілген зерттеулер күрделі және көпқырлы мәселелерді жан-жақты

толық зерттей алмайды. Мұндай жайттар нақты анықтауды әлі де қажет етеді, жас ерекшеліктеріне сәйкес қыз балалардың жалпы білімі мен дене тәрбиесін арттыру; классикалық спорт түріне жас спортшыларды дайындау барысында ұлттық спорт және қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану; дене тәрбиесінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде пайдалану т.б. Біздің ойымызша, бұл мәселенің ғылыми тұрғыда өңдеулі халықтың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттырады және сәбилік шақтан қартайғанға дейін дене тәрбиесімен айналысу дағдыларын қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1          Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257 б.

2          Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008.  —  216 б.

3         «Қазақстан Республикасында 2005–2010 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.

4         «2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1245 қаулысы.

5         «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»    http://www.mts.gov.kz

6         «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» http://www.edu.gov.kz/strateg_plan

7          Оңалбек Ж.К. Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасында ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны: дисс. …п.ғ.к. – Алматы, 1999. – 137 б.

8          Қарақов А.  Студенттердің  дене тәрбиесінде күрестің ұлттық түрлерін пайдалану: дисс. …п.ғ.к.:  – Алматы, 1999.- 151 б.

9     Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан,  2004. – Б. 23-25.

10        Мухамеджанов Б.Қ. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері: п.ғ.д. …автореф.- Түркістан, 2008.

11        Тастанов Ә. Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу прцесінің педагогикалық негізі: автореф. … к.п.н.- Алматы, 2003. -44 б.

12      Оразов Ш.Б. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері: …автореф.-Түркістан, 2008. 122-128 б.

13       Абусейтов Б.З. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру: автореф. …п.ғ.к. 13.00.01 – Түркістан: ХҚТУ, 2009. — С.45-47.

  14      Давыдович В.Е., Жданова Ю.А. Сущность культуры. — Ростов- на-Дону, 1979. — 198 с.

   15     Боголюбова Е.В. Культура и общество  Вопросы истории и теории. -М.: Изд. Моск. Ун-та., 1978. – С. 67-73.

          16      Маркарян Э.С. Очерки теории культуры. — Ереван: Изд. АН Арм.ССР, 1969. — С 73-76.

17      Адамбеков К,.И. “Оқушылардың дене тәрбиелеудiң педагогикалық негiзi” п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.

         18  Аяшев А.О. Болашақ мұғалiмнiң тәрбие жұмысына кәсiби даярлығын дене тәрбиесiнiң құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1993, 55 6.

           19  Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негiзгi дене қасиеттерін дамыту / 7 ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.

   20    Сапарбаев М.Б. Теория и практика подготовки учителей физической культуры в системе непрерывного педагогического образования: дисс. … д.п.н.: 15.02.93. – Алма-Ата, 1993. – 249 с.

21  Касымбекова С.И. Научно-педагогические основы формирования физической культуры учащейся молодежи: автореф. …докт. пед.наук: 13.00.04. – Алматы: КазАСТ, 2002. – 44 с.

22        Абзалов Р.А. Размышление о физкультологии // Теория и практика  физической культуры. — М., 1999. — № 7.

23        Матвеев Л.П. Введение в теорию физической культуры. — М., 1984.-  66 с.

24        Ашмарин Б.А. и др. Теория и методика физического воспитания.- М.: Просвещение,  1990. — С. 22-25.

       25         Пономарев Н.И. О теории физической культуры как науке// Теория и практика физической культуры. — 1974.- № 4.- С. 5-14.

26        Пономарев Н.А Методические осповы наук в физической культуре: сборник научных трудов. — Л., 1978. — 212 с.

27        Таникеев М.Т. Физическая культура и спорт, проблема воспитания культурного межнационального общения // ГИПК.-1990.-№ 6.- С. 2-5.

28        Комаров Е.Г. Проблемы воспитания и развития личности. — М., Мысль, 1986. – 156 с.

29        Таникеев М.Т.  Мир народного спорта. — Ф. Санат., 1998.                   С. 13-17.

30        Молчанов М.Т. Мир народного спорта. — А., Санат, 1998. –               С. 8-13.

31        Руденко С.И. Культура населения Центрального Алтая в скифское время. — М., 1960. — С. 150.

32        Окладников А.П. Исследование мустерской стоянки и погребения.

33        Берштам А.Н. В горах и долинах Памира и Тянь-Шанья. По следам древних культур. — М.: Госкультросвет издат,  1954. — С. 263,                            288, 298.

34        Букин Иш-Мухамед. Физическое и умственное воспитание у киргизов // Туркестанские ведомости.- 188..- № 124.- С 3-7.

35     Берштам А.Н. Историко- археологические очерки Центрального Тянь- Шанья и Памира-Алтая // Мат-лы исследования по археологии СССР.- 1952. — № 26. — С. 143-146.

36        Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз Петровского Казалинского уездов.- Ташкент, 1994.- С. 17.

37        Тлеукабылулы У. Повествование исцеления. – Алматы: Жалын, 1996. — С.

38        Коменский Я. А. Избранные сочинения / В 2-х томах, под ред. Пискунова. — М.: Педагогика, 1969.

39        Джон Локк. Роль воспитания – утилитаризм: принцип полезности: Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. — М.: Просвещение, 1971. — С. 181.

40        Таникеев М.Т. Современный ислам и физическая культура// Материалы I  Републиканской научно- современной конференции по физическому воспитанию и спортивному совершенствованию. – Душанбе, 1970. — С. 4.

41 Мухамеджанов Б.З., Абусейтов Б.З., Программа как основной компонент учебно-методического комплекса дисциплины ‹‹Физическая культура›› // Материалы международной научно- практической конференции. — Ақтөбе, 2007. –С.285-291.

42   Павлов И.К. Полное собрание сочинении. — М.: Педагогика, 1951. –Т.2. – Б. 315.

43        Антропов М.В. Оқушылардың жұмыс қабілеті және олардың оқу мен еңбек үдерісі кезіндегі қозғалмалылығы: м.ғ.д. … автореф.- М.,                      1964.

44  55   Henry R.M. Whitley I .B Relatlonenhip betuseen individual Differences in strength. // Speed and Mass in Arm Movement-Researeh Quarterly.- 1960.- V.3, №1.-  P.24-31.

45  Қ.И.Адамбеков Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жас футболшылардың оқу-жаттығу үрдісін ықшамдау // Материалы Национальной конференции, посвящ. Всемирному Дню Народонаселения.- Алматы, 10 июля 1998 . – С. 37-43.

46  Дмитриев С.В. Учитесь читать движения, чтобы строить действия. – Н.  Новгород: Изд-во НГПУ, 2005. – 105 с.

47  Рыбалкина С.В. Выбор средств физической подготовки школьников на основе учета их оздоровительной эффективности: автореф. …к.п.н. – М., 1996. – 18 с.

48        Сатпаева Х.К. Научные основы  формирования здорового образа жизни у населения: в сб. «Актуальные проблемы формирования здорового образа жизни в рамках стратегии “Казахстан — 2030” // Материалы Национальной конференции, посвящ. Всемирному Дню Народонаселения.- Алматы, 10 июля 1998 . – С. 312.

49        Тастанов Ә. Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу прцесінің педагогикалық негізі: автореф. … к.п.н.- Алматы, 2003. -44 б.

50        Мотыянской Р.Е. Адамның жасы және дене тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер: дисс. ….док.пед.наук.-  Л., 1963.

51        Tanner J. M. Foctuc into man.- London, 1970.

52        Лесгафт П.Ф. Руководство по физическому образованию детей школьного возраста. — Сиб.,1912.- 59 с.

53   Худияров Ғ.Б. Жалпы орта мектептердегі дене мәдениеті үдерісіне ұлттық ойындарды ендіру негіздері // «ЭКОНОМИКАНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИНАВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАМАНДАР ЖҮЙЕСІН  ДАЙЫНДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Түркістан 2011ж Б-135-140

54        Беляев Д.К. Жас ерекшелік физиологиясы және педагогикалық мәселелер // Кеңес педагогикасы.  — 1965.- № 5.

55   Сухарев А.Г. Оқушылардың қозғалыс белсеңділігінің гигиеналық үрдістерін ұйымдастыру: м.ғ.д. …автореф.- М., 1972.- 40 б.

56        Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения/  В 2-х т. Под ред. В.Н.Столетова. – М.: Педагогика, 1981. – 334 с.

 57    Решетень И.Н. Избранные труды П.Ф.Лесгафта // Физкультура и спорт. – М., 1987 – 359 с.