АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 Тұлға қабілеттерін  дамытудың теориялық негіздері

  1. 1 Тұлғаның қалыптасу процесінде қабілеттің құрылымдары және оның ерекшеліктері
  2. 2 Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары
  3. 3 Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту  жолдары

Бірінші бөлім  тұжырымы

 

2  МЕКТЕП ЖАСЫН ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ қабілеттерінің   дамуын эксперименттік зерттеу

2.1 Баланың қабілеттерінің   психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері

2.2  Дамытушы эксперименттің тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыру процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің  маңыздылығы   

2.3  Дамытушы эксперименттің баланың қабілеттерін арттыру процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің  маңыздылығы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі.    Қазақстан  Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.

Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.

  Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі  тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр. 

Сонымен қатар, қазіргі кезде отандық білім жүйесінде қабілетті тұлғаны анықтау, олардың дамуына көңіл қойылуда.  Қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзектілігі кейбір жағдайлармен анықталады: қоғамда өз дамуының  негізгі ресурсы және  маңызды алғышарты ретінде,  «адами потенциалдар» ретінде саналануы, өмір  динамикасының жылдамдығы,  көптеген интеллектуалды күшті қажет ететін   адамның эмоционалды және ақпаратты жүктемелерінің көбеюі, көптеген шешілмеген мәселелер; жоғары білімді, интелектуалды, әлеуми жауапкершілігі мол, белсенді, қабілетті болатын, қоғам талабына сай тұлғаның кәсіби іс-әрекеттері. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда қабілетті жастармен жүргізілетін  психологиялық зерттеулердің маңызы орасан зор. 

          Адамның тұлғалық және шығармашылық қабілетінің сарқылмас қайнар көзі үнемі өзін-өзі дамыту болып табылады. Алайда өзінің қабілетін, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту арқылы басқа адамның ішкі жан — дүниесіне үңілу. Әрбір адамның ішкі жан-дүниесі  космос тәрізді шексіз-шетсіз, сарқылмайтын тылсым құбылыс.

Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып  саналады.

Жалпы қабілет туралы еңбектерге талдау жасай отырып  қабілет мәселесінің  теориялық негіздеріне сипаттама беру арқылы тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту маңыздылығы зерттеу жұмысымыздың қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткізуге болады.  

Зерттеудің мақсаты. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің даму  деңгейін зерттеу.  

        Зерттеу нысаны. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің  даму процесі.

Зерттеудің пәні.  Шығармашылық қабілеттің даму ерекшеліктері.

Зерттеу   міндеттеріне келесілер кіреді:

       —   психологияда  тұлға қабілетін   теориялық   тұрғыда қарастыру;

       — тұлғаның даму процесінде шығармашылық қабілетінің даму деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау;

—  зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.

Зерттеу болжамы.    Егер  тұлғаның қабілетін    арнайы психологиялық бағдарламалар арқылы  жетілдіруге  бағытталған жұмыстар жүргізілсе, онда  олардың  шығармашылық  қабілеттерінің дамуына тиімді ықпал етуге болады.

       Зерттеу әдістеріне. Теориялық талдау, диагностикалық және психокоррекциялық әдістер.

Зерттеу  кезеңдері бойынша.

        Бірінші кезең – ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесін анықтау үшін   психологиялық – педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.

        Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып қабілетті зерттеуге арналған эксперименттік  жұмыстар жүргізілді. Тұлғаның шығармашылық қабілетін   дамытудың психологиялық ерекшеліктері ашылып, оны дамытуға арналған іс-шаралар жүзеге асты.

      Үшінші кезеңінде тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп, қорытындылар жасалынды.

              Зерттеудің теориялық мәні. «Тұлға қабілеті» ғылыми ұғымдарының мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуы сипатталынды. Тұлғаның шығармашылық қабілетін   дамытудың психологиялық ерекшеліктері туралы психология білімінің теориялық ережелерін толықтырады, зерттеу мәселесіне байланысты жас ерекшелігі психологиясының мәні мен мазмұнын ашады.

       Зерттеудің практикалық маңызы.   Зерттеуден алынған нәтижелерді шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында қолдануға болады. Алынған нәтижелерді психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану тұлға қабілетін дамыту мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Диплом жұмысы  кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 

 

 

 

 

 

1 Тұлға қабілеттерін  дамытудың теориялық негіздері

 

  1. 1 Тұлғаның қалыптасу процесінде қабілеттің құрылымдары және оның ерекшеліктері

 

          Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін іске асыруда қазақстандықтар, әсіресе, жастардың жасампаз еңбектері, күш-жігері мен білімдері қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның өскелең дамуының тұтқасын  ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу маңызды.

Жаhандану жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.

Даму үстіндегі қоғамға әр түрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Мәселелерді шеше алу және ұжым құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола білу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу, басқа адамдармен жеңіл қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер де талап етіледі.

И.П.Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады [24].

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта —  балабақша,  мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін  тб. жатқызуға болады.

Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып  саналады.

Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі – суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет – адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады [28].

Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру – түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі  дамыту  құралы болуы тиіс.

Қабілеттер – іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын тұлғаның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет — өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді қалыптастырады.   

С.Л. Рубинштейн көзқарастарына сәйкес, іс-әрекет үш бөліктен тұратын құрылымға ие: жоспарлау, орындау, бақылау. Қарым-қатынас оны жоспарлау сатысында-ақ іс-әрекетке қосылады: іс-әрекет бағдарламасын әзірлей отырып, тұлға өз мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар өз серіктестерінің де мүмкіндіктерін ескереді, олармен әрекеттер бағдарламасы жөнінде келіседі, жалпы шешім жоспарын анықтайды.

Адам өмірлік тәжірибе жинақтап және кеңейте отырып, табиғат, қоғам, адам және оның санасы туралы білімдерге ие бола отырып, басқа адамдардың таным субъектісі ретінде қалыптасады.

          Ең алдымен, қарым-қатынастағы құзіреттілікті тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынас қалыптастыру және ұстау қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну болып табылады.

Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның тереңдегі қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен және өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету болып табылады.

Үшіншіден, бір жағынан, икемдер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сәтті тұлғааралық өзара әрекетке жағдай жасайтын жеке психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету болып табылады.

Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзіреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады. Осының барысында отандық психологияда деңгейлерді бөлу негізіне көбінесе қарым-қатынас «тараптарын» топтастыру және соларға сәйкес құзіреттіліктің құрамдас бөліктері адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, әсер – интеракциялық құрамдас бөлігі алынады. Кейбір ғалымдар қарым-қатынасқа деген қажеттілікті және қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді деп  ғалым Н.М. Мельникова өзінің еңбектерінде шолу жасады.        

Қабілеттіліктер психологиясының тағы бір өзекті және жалпы ережесі олардың танылуындағы үш сапалы түрлі деңгейдің – қабілеттіліктердің өзінің, дарындылықтың (таланттың) және бірегейліктің бөліп көрсетілуі болып табылады. Қабілеттіліктер теориясында қабілеттіліктердің туа бітушілік, мұрагерлік деңгейі туралы мәселе өте маңызды, бірақ әлі шешілмеген. Алайда қабілеттіліктердің онтогенезде – ең алдымен, іс-әрекетті меңгеру ықпалымен, сыртқы орта факторларының ықпалымен дамитындығы сөзсіз болса да, олар өте күшті мұрагерлік детерминацияға ие.

Қабілеттілік неғұрлым жалпы сипатқа ие болған сайын соғұрлым ол генетикалық тұрғыдан детерминацияланған және керісінше болады. Мұрагерлік қабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым ол барынша айқын көрініс табады және соғұрлым ол кейінгі өмірлік жағдайлардың «арқасында» емес, оларға «қарсы» тарамдалады. Ең соңында, қабілеттіліктер – бұл бөлшектелген құрылымдар емес, тұлғаның барлық басқа тұлғалық сапалармен әрекеттесуші және солармен анықталатын ажырамас қасиеттері. Қабілеттіліктердің дамуы сондықтан да тұтастай тұлғаның дамуынан бөлінбейді. Олар тұлғалық сапалар мен тұтастай тұлғаның қалыптасу сипатына ықпал ете отырып, өздері де қалыптасып келе жатқан тұлғаның өздеріне деген ықпалына тап болады.

Қабілеттіліктер мен тұлғаның дамуы – екі бірдей процесс. Сол арқылы қабілеттіліктер түсінігі жалпы психологиялық қабілеттіліктер құрылымында өзіндік орынға ие. Бұл – екі негізгі психологиялық категория – іс-әрекет пен тұлға арасындағы «аралық» түйін.

         Қабілет дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның ойы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы «… нақты фактілер мен заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет». Б.М. Тепловтың пікірі бойынша (көптеген оқулықтарда және сөздіктерге енгендері бойынша), қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға сатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық-физиологиялық ерекшелік [38, 54б.]. 

Ал қабілет туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда адамның аталмыш қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған қоса қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижелігінде көрінеді.

Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық – жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық психологиялық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылады [39, 89 б.].   

«Қабілет» ұғымымен қатар «тәсілқой» және  «бейімделу» ұғымдары да қолданылады. Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай алатын ретінде түсіндіріледі.

 

  1. 2 Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары

 

          Кеңес психологиясында, ең алдымен, С.Л. Рубинштейн және            Б.М. Тепловтың еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша  «қабілеттілік», «дарындылық» және «талант» ұғымдарын жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік ретінде қарастырылады. Ал «дарындылық» — іс-әрекеттегі нәтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты  қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық ерекшеліктер) ретінде қарастырылады .  

Қабілет пен дарын ұғымдарының анықтамасындағы біршама қиыншылықтар бұл терминдердің жалпы ұғымдық, тұрмыстық түсініктермен байланысты туындайды. Егер түсіндірмелі сөздіктерге үңілетін болсақ, онда «қабілет», «дарын», «талант» терминдері көп жағдайда синоним ретінде қолданылады және қабілеттің көріну деңгейін бейнелейді. Бірақ «талант» терминінде адамның табиғи жақтары айтылады.

«Талант» ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.

          Шетелдік сөздіктерде «талант» (talanton) туа біткен қасиетті көрсететін, ерекше табиғи қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі, таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады. Дарындылық түсінігі тәуелсіз, өзіндік ұғым ретінде В.Дальдің, С.И.Ожеговтың, Кеңес энциклопедиялық сөздіктерінде және шетел сөздерінің түсіндірме сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады.

          Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев,  М.М. Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов,               Т.С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз. Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы, 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы — социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы  іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В.И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В.П. Ягункова), математикалық қабілеттер                     (В.А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н.В. Кузьмина) сияқты зерттеулер. Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтер Ш.А. Амонашвили, И.В. Волков, О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады. Қарым-қатынас адамдар арасында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көпдеңгейлі процесс. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімдер мен тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінің өзегі мен оқу процесіндегі ынтымақтастықтың негізгі формасы болып табылады.  

Қазіргі кезде қабілеттің бірнеше концепциясы көрсетілген:

  • қабілеттің тұқымқуалаушылық болжау концепциясы;
  • қабілеттің ортадағы болжау концепциясы;
  • іс-әрекеттік және әлеуметтік болжау қабілеттер концепциясы.

Біріншісі, қабілеттер – тұтастай тұқымқуалаушы факторларда әсер етеді және дамиды, тұлға қасиетінің биологиялық детерминантты қасиеті болып табылады.

Екінші концепцияда қабілеттер – тұтастай орта және тәрбие арқылы анықталады. Тіпті  XVIII ғасырда К. Гельвеций тәрбие арқылы данышпандылықты қлыптастыру болады деген. Оның жолын одан әрі жалғастырған У. Эшби қабілеттер және сонымен қоса данышпандылықты тауып алынған қасиеттерімен анықталады – деп атап көрсетті.

          Соңында, үшінші концепцияға сәйкес, қабілеттер — іс-әрекеттегі өмірдің жағымды әлеуметтік жағдайында қалыптасады.

Тәжірибеде «қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда «қабілет» термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады.  —  бірінші жағдайда, қабілет пен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл «қабілет» терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі;

— екіншіден, қабілет пен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVIII-XIX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі;

— үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген. 

          Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен іс- әрекет арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілетті адам шығармашылықпен айналыспаса, тіпті талантты деген тұлғаның өзі қабілетінен айырылады. Адам қандай іс-әрекетпен айналыспасын, күнбе-күнгі істі тыңғылықты тындыру арқылы, өз қабілетін дамытып, қалыптастырып отырады.

         Бірде-бір адам, ол қаншалықты нышанды болғанымен егер ол математика, музыка, сурет іс-әрекеттерімен көп әрі тапжылмастай айналыспаса, ешқандай талантты математик, музыкант немесе суретші бола алмайды, бұған қоса нышан көп мәнді болып табылады. Бір ғана нышанның негізінде бірнеше қабілет дамуы мүмкін. Бір адамның айналысатын іс-әрекет сипаты мен талаптарына, сондай-ақ өмір жағдайымен, әсіресе тәрбие жағдайына аса тәуелді.

       Нышандар өздігінен дами береді, жаңа сапалар меңгереді. Сондықтан адам қабілетінің анатомиялық-физиологиялық негізі, тек нышан емес, нышанның дамуы болып табылады, яғни оның организмінің (шартсыз рефлекстерінің) тек табиғи ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ өмір барысында меңгерген шартты рефлекстер жүйесі болып табылады.    

Ешқандай да жеке қабілет іс-әрекетті нәтижелі орындау үшін жеткілікті бола алмайды. Адамда жағымды үйлесімділікте болатын көптеген қабілеттер болуы керек.

Қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі орындауға міндетті түрде қажетті қабілеттердің сапалы өзіндік ерекшелікте үйлесіп келуі дарындылық деп аталады.

Бұқаралық коммуникация деп біз адамдардың бұқаралық қарым-қатынасының алуан түрлілігін, дәлірек айтсақ, үлкен әлеуметтік топтардың ұйымдастырушылық сипатқа ие және үлкен де арнайы аудиторияларға техникалық құралдар (баспа, радио, теледидарлама, кино) көмегімен ақпарат тарату жолымен жүзеге асырылатын қарым-қатынасын түсінеміз. Бұқаралық коммуникация, ең алдымен, өзінің айқын көрініс табатын әлеуметтік бағдарланушылығымен ерекшеленеді. Оны соңында қандай да бір үлкен әлеуметтік топтың негізгі мүдделерін және ең алдымен, қоғамның билеуші топтарының әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыратын әлеуметтік институттар ұйымдастырады және басқарады.     

Қабілеттер сапасы, көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің өзіндік ерекшелігі, даму дәрежесі бойынша бөлінеді. Қабілеттер мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде – XIX ғ. Ф. Гальтон ұсынған адамдағы өзгешеліктерді эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Әрбір тұлға негізінде жеке даралық сипат болады: конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми жартышарлардың функционалды ассиметриялық өзгешеліктері және т.б.

«Қабілет» деген сөз психологияда күнделікті өмірге қарағанда біршама тар мағынада қолданылады. Ал ғылымда қабілет – адамның нышандарынан, білім, ептілік және дағдылары бойынша өлшенеді. Білім, ептілік және дағды өзбетінше тұлға қабілеті ретінде қарастырылуы мүмкін емес, дәл сол сияқты табиғаттан адамға не берілсе, сол қабілет болып есептелінбейді. Бұл тек қабілеттің дамуына алғы шарт болып табылады.

        Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Теплов болды. Оның көрсеткен концепциясы бойынша нышан деп аталатын қабілет дамуының қандай да бір алғы шартын құрайтын адамның  анатомиялық-физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері.

Қабілеттің сапасы іс-әрекет пен оның нәтижелі орындалу жағдайымен анықталады. Сапасы бойынша қабілеттер, математикалық, техникалық, көркемдік, әдеби, музыкалық, ұйымдастырушылық, спорттық және т.б. қабілеттер болып бөлінеді. Қабілеттер көлемі бойынша: жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді. Арнайы қабілеттер іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрінде нәтижелі орындау үшін қажеттілік жағдайы болып саналады.

Көптеген зерттеулерде  арнайы қабілет, кәсіби іс-әрекет саласында тәжірибе жинақтау кезеңдерінде көрініп, мамандыққа байланысты машықтана түсетіндігі көрсетіледі. Адамның жалпы, сондай-ақ арнайы қабілеті де анализдік-синтездік қабілет болып табылады.

Анализдік-синтездік қабілеттің көмегімен адам заттар мен құбылыстардың күрделі кешенінде оларды жеке бөліктерге бөледі, ең негізгісін, сипаттылығын, типтілігін бөліп алады, құбылыстың ең негізгі мәнін ашады. Жаңа кешенде ерекшелінген кезеңдерді біріктіреді, жаңа, айрықша нәрсе құрады.

1) реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру және іс-әрекетке икемділікті жоғары деңгейде епті болуын қамтамасыз етеді.

  • творчестволық қабілет – айрықша және нәрсені құруды қамтамасыз етеді.

Шығармашылық қабілет – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық —  психологияның негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңын шешімдерін іздестіру болып табылады. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз: Жүсіп Баласұғын, әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамыту мәселелерін үнемі көтеріп отырған.

XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы             Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл — өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын, тек қана өркениетке жетелейтін озық білім.»

Қазақстандық аса көрнекті профессор С.М. Жақыпов субьект — субьект -обьект қатынасында қабілеттің онтогенезін анығырақ түсіндіреді. Жаңа туған нәресте адамның қарым-қатынас  жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомиялық-физиологиялық тұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен-ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке енеді. Бұл жағдайда жалған бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікте мотивациялық компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы болып табылады. Осыдан мынандай тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі болып табылады. 

Нышандар – организмнің тума анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі. Оған ең алдымен, организмге туылғаннан берілген жүйке жүйесінің қасиеті, сезім және қимыл-қозғалыс мүшелерінің, бас миының құрылымының ерекшеліктері жатады. Нышандар тек қабілеттің дамуының мүмкіншіліктері және алғы шарттары ғана бола алады, бірақ қандайда бір қабілеттің көрінуі мен дамуын анықтамайды. Нышанның негізінде пайда бола отырып, адамнан нақты бір қабілетті талап ететін іс-әрекет барысында және оның әсерінен қабілет дамиды, іс-әрекеттен тыс ешқандай қабілет дамуы мүмкін емес.

Нышандар қабілеттің қалыптасуының әр түрлі жолдары мен дамудың жылдамдығына, жетістік деңгейіне әсер етеді. Әрбір қабілет өз құрылымына ие болады, онда жетекші және қосалқы қасиеттер өзгешеленеді.

Қоғамдық өңделген операцияларға сәйкес жүйені өзіне органикалық тұрғыда таңдамайынша, ешбір қабілет өзекті, ақиқат қабілет болып табылмайды, бірақ қабілет ядросы – бұл меңгерілген, автоматтанған операция емес, бұл операциялар арқылы жұмыс жасайтын, реттелінетін психологиялық процестер.    

          XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қоғам қайраткері:                Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың педагогикалық мұраларында білім беру процесінде балалардың қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Қабілеттіліктерді Б.М. Теплов пен Н.С. Лейтес тұлғаның іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрін сәтті орындау үшін қажетті жағдай болып табылатын жеке тұлғалық қасиеттері ретінде анықтайды.

Б.М. Теплов қабілеттіліктердің үш міндетті белгілерін қосуға ерекше назар аударды: қабілеттіліктердің астарында бір адамды екіншісінен ерекшелейтін жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктер жатыр; қабілеттіліктер деп кез келген жалпы жеке тұлғалық ерекшеліктерді емес, тек қандай да бір іс-әрекеттің немесе көптеген іс-әрекет түрлерінің сәтті орындалуына қатысы бар жеке тұлғалық ерекшеліктерді ғана атайды; «қабілеттілік» ұғымы осы адам бойында әлдеқашан өңделген білімдерге, дағдыларға немесе икемділіктерге қатысты емес. 

Көрнекті психолог В. Н. Дружинин атап  айтқандай, жалпы қабілеттіліктер туралы түсініктерді психосемантикалық зертттеу 1991-1993 жылдары жүргізілді. Зерттеуде шешілген негізгі мәселе жеке тұлғалық және топтық санадағы жалпы танымдық қабілеттіліктерді қайта ашу құрылымы қандай екендігі болды. Адамның тұлға туралы түсініктерінің жалпы ауқымындағы қабілеттіліктер туралы түсініктердің орны, сонымен қатар оның танымдық іс-әрекетінің құрамы қабілеттіліктер туралы түсінікке қаншалықты ықпал ететіндігі туралы мәселе айтарлықтай маңызды.

Қабілеттің дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның айтуы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы «… нақты фактілер мен жеке заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет».

Б.М. Тепловтың пікірі бойынша қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ  бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда  болған анатомиялық – физиологиялық ерекшелік.

Қандай да болмасын бір немесе бірнеше қызметтердің үздік орындалуының шарты болатын психикалық қасиеттерді қабілеттілік деп атайды.

Қабілеттіліктер мен талаптылыққа А.А. Голубева және оның зертхана қызметкерлері жүргізген эксперименттік зерттеулерде  талаптылық деп шартсыз рефлекстерге жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі. Осының барысында шартсыз туа біткен реакциялар туралы айтылғанда, «виталды» рефлекстер ғана емес, сонымен қатар шартсыз реакциялардың үлкен тобы негізге алынатындығы ескерілді. Арнайы нейрон-детекторлардың ашылуының арқасында олардың тітіркендіргіштердің түрлі сипаттарына талғап жауап беретіндігі, сол арқылы ақпараттық процестердің ерекше сезімталдық туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін шартсыз рефлекторлы негізін табатындығы анықталды.

Осы айтылғандарға орай біз қабілеттіліктерді тұлғаның іс-әрекет нысанына, құралдарына, жағдайларына және сол іс-әрекеттен оң нәтижелер алудың анағұрлым өнімді тәсілдерін табуға  ерекше сезімталдықтан тұратын жеке тұлғалық, тұрақты қасиеттері ретінде анықтаймыз.  

Қабілеттіліктерді зерттеудегі тұлғалық бағыт «тұлға және қабілеттіліктер» мәселесін шешудің анағұрлым болашағы бар бағыты ретінде қалыптасты. В.Н. Мясищев осы мәселені қарастырудың психологияда қалыптасқан дәстүрлі бағыттарына баға бере отырып, былай деп жазды:

«… қабілеттіліктерді формальды-функционалды жақсыз түсіну адамның функционалды сипаттамасын ғана емес, сонымен қатар оның іс-әрекетке талғампаздық қатынасын да ескеретін мазмұндық-тұлғалық тұрғыдан түсінумен алмасуы керек. Бұл қатынас динамикасын анықтауда өз кезегінде адамдарға деген қатынас және осы іс-әрекетке деген қатынас маңызды рөл атқарады».

Қабілеттілік пен бағыттылықты тұлғаның белгілі бір деңгейдегі теңгерілген сипаттамалары ретінде қарастыра отырып, К.К. Платонов сонымен қатар «тұтастай тұлғаның жалпы құрылымын түсіну арқылы ғана қабілеттіліктің онымен арақатынасын түсінуге болады» деп атап көрсетеді .

Бұл ереженің әрі қарай өрбуі мен нақтылануын біз көптеген кеңес психологтарының еңбектерінен табамыз. Мысалы, Н.С. Лейтестің ақыл-ой дарындылығына арналған еңбегінде (1960) бұл мәселе тікелей қойылмаса да, келтірілген фактілер мен оларды талдау кейбір тұлғалық сапалардың ақыл-ой қабілеттіліктерінің пайда болуына міндетті түрде ықпал ететіндігін көрсетеді. Іс жүзінде барлық кеңес авторлары қабілеттіліктердің қалыптасуы мәселесін қарастыра отырып, түрлі тұлғалық сапалар рөлін атап көрсетеді. Түрлі теориялық бағыттардың айырмашылығы адамның бүкіл қасиеттері жүйесі (тұлға құрылымы) қалай көрінетіндігінен және қай қасиеттерге бірінші кезекте ден қойылатындығынан табылады.

Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.        

В.В. Клименконың пікірінше адам нышандарының потенциалдарын адам мен қоршаған орта және адамның ішкі жан дүниесі арасында қаншалықты каналдар бар болса, соншалықты жұмыс істейтін қабілеттер құратынын және шындығында қабілет саны, адам іс-әрекетімен, оны үйренуімен, қалыптасуымен байланысты болатындығын көрсетеді.

Қабілеттілігінің артуына қарай тұлға дарындылығы мен данышпандығы айқындалады. Қазірше бұл дәреженің обьективті өлшемі болмағандықтан дарындылық  пен данышпандықтың ара жігін ашқанда тұлғаның қабілеті бар екендігіне ғана қарамастан, оның іс-әрекет нәтижесіне де қарайды.

Осыған орай, дарын дегеніміз — өзіндік және бұрын болмаған, аса жетілдірілген және қоғамдық маңызы бар өнім бере алатын қабілеттіліктің  жиынтығы. Данышпандық дегеніміз — дарындылықтың жоғары сатысы, творчествосының кейбір саласында елеулі қадамдар жасап, өзгеше дәуірге жол ашатын күш.   

Отандық белгілі ғалым Ж. Аймауытов  адамдағы қабілеттің әрбір, не түгелімен, не бөлімі іліктестік ойының жұмысы деуге болады. Ынта да, ілтипат та, жад та – бәрі тұп-тура іліктестіктен шығатын қабілеттер.

          Көптеген зерттеушілер қабілеттінің дарындылық (балалық кезде ерекше байқалатын, туыстан берілетін нышандар жүйесі), талант данышпандық деп аталатын кез-келген адамда бола бермейтін жоғары түрлері де болады.

Қабілеттіліктер – тұлғаның біршама іс-әрекеттер жиынтығын игеру мөлшерін білдіретін сипаттамалары.

Тұлға қабілеттіліктерінің даму деңгейі мен дәрежесі дарын және кемеңгерлік ұғымдарын білдіреді. Сәйкес деңгейді анықтау үшін объективті критерийлер қазіргі таңда әзірленбегендіктен, дарындылық пен кемеңгерлікті ажырату қабілеттіліктердің өздерінің сипаттамасы бойынша емес, іс-әрекет өнімдерінің сипатттамасы бойынша жүргізіледі.

       Осыған орай дарын деп өзгешелігімен және жаңашалығымен, жоғары деңгейде жетілгендігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін іс-әрекет өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттіліктер жиынтығын атайды.

       Кемеңгерлік – дарынның дамуындағы шығармашылықтың белгілі бір саласындағы арнайы алға басуларды жүзеге асыруға, «дәуір құруға» мүмкіндік беретін жоғары саты.  

          Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.

          Көрнекті психолог Қ.Б. Жарықбаев қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділікпен дағды болуы керек. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруға икемділік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа сынды туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілеттердің дамуына нышандар белгілі орын алады. Нышан – қабілеттілік бастапқы табиғи негізі ретінде мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды.     Қабілетілік өте сирек кездесетін ең жоғарғы түрі данышпандық деген ұғыммен белгіленеді. Қабілеттің қандай да түрі болмасын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие болмайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілеттікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілін аууы, оянып келе жатқан қабілеттіктің алғашқы белгісі.     

       Қабілеттіліктер психологиясы – қазіргі психологиядағы өзекті тақырыптардың бірі, мұнда қазіргі сәтте тұтастай бірқатар жаңа ағымдар байқалады. «Интеллект» ұғымы мазмұнының кеңеюі есебінен «қабілеттілік» ұғымының мазмұндық тұғырының өзгерісі; «құзіреттілік», «менталдылық» және т.б. жаңа терминдердің пайда болғандығы; «қабілеттілік» ұғымының психикалық белсенділіктің өзге де салаларын (моральдық қабілеттіліктер, рухани қабілеттіліктер, эмпатияға қабілеттілік, өмірге қабілеттілік және т.с.с.) сипаттау үшін қолданылуы; тест әдістерімен қатар сапалық әдістердің (сұхбат, жеке жағдайларды талдау және т.с.с.) қолданылуы байқалады.

С.Л. Рубинштейннің ойынша адам мен оның қабілеттіліктерінің дамуы, сөзсіз, жануарлар дамуынан айрықша ерекшеленеді; бұл айрықша ерекшелік адам қызметі нәтижелерінің адамның тарихи дамуынан сабақтастығын нығайтатын балалардың жеке дамуын дәнекерлейтін объективті өнімдер түрінде кейінгі қалдырылатындығымен байланысты.     

        Қабілет мәселесінің  дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым –       Б.М. Теплов «қабілеттің» төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті.

       Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешленетін дербес психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.

       Екіншіден, қабілет деп қандай да бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.

      Үшіншіден, «қабілет» түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді. 

         Жалпы адамның болашағы оның қабілетінің негізі, қабілет белгілі бір іс-әрекеттен, икемділіктен, мүддеден көрінеді. Бірақ, ең жақсы қабілеттер де оған қажетті жағдай жасалынбаса таратылмайды, қабілеттілікке жетпей де қалады. Мысалы, адамда белгілі бір өз болашағын іске асыратын жағдай, ерік әрі ынта жоқ болады.

Жалпы қабілеттіліктер өсіп келе жатқан адам мүмкіндіктерінің кеңдігінен, алуантүрлілігінен және ол байқататын белгілі бір қасиеттер бірлігінен табылады. Жалпы қабілеттіліктерге, ең алдымен, ақылдың қасиеттері жатады және сондықтан оларды (олардың сонымен қатар ерік қабілеттіліктері мен эмоционалдық қабілеттіліктерге елеулі дәрежеде тәуелді екендігіне қарамастан) жалпы ақыл-ой қабілеттіліктері деп атайды. Жалпы қабілеттіліктер жиынтығын көбінесе интеллект деп атайды.

 Тұлға – қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адам, әлемді тану және белсенді түрде өзгерту  субъектісі. Еңбек іс-әрекетіне қабілетті және сөйлеу қабілетіне ие, ақылды тіршілік иесі ретіндегі адам ғана тұлға болып табылады.

         Ұжымдық  қабілеттіліктер – бұл белгілі бір ұжымға тән және сәйкесінше белгілі бір бірлескен іс-әрекет сапасын анықтайтын, белгілі бір іс-әрекетке деген қабілеттіліктер.

Ұжым қабілеттіліктері – бұл оның жалпы мақсаттарға бірлескен іс-әрекет арқылы, сонымен қатар бір ғана  жалпы тәсілмен емес, іс-әрекет мүшелерінің қабілеттіліктерінің алуантүрлілігімен анықталатын түрлі тәсілдермен қол жеткізу мүмкіндіктері; бұл – түрлі ұжымдық қабілеттіліктердің және оның мүшелерінің барлық қабілеттерінің жиынтығы.  

Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.

Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды.

          Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – іс-әрекет барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез-келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандай да бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігінен анықталады. Іс-әрекетті меңгеру нәтижесіне әртүрлі жолдармен жетуге болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің жоғары жетістікте дамуының жетіспеушілігі, сол іс-әрекетті нәтижелі орындауға байланысты басқа қабілеттің дамуымен компенсациялануы мүмкін.

       М. Мұқанов адамның іске қабілеттілігі, тек мүмкіншілік дегенде, мұны қалай түсіну керек? Әрбір адамның түрлі іске қабілетінің молдығы, оның ішкі табиғатына көп байланысты екені рас. Бірақ біз егер қабілеттілікті әрбір адамның өзінен іздестіріп, өмір сүретін қоғам ортасынан, қоғамдағы түрлі өнер мен білімнің таралуынан қарастырмасақ, материалистік тұрғыдан дұрыс болмас еді. Шынын айтқанда, «Білімді өлсе қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген заты қалар» деген мақал, қабілеттілікті терең түсінуге мүмкіндік береді. Себебі әрбір дәуірдегі адам баласының жасап шығарған өнерлері, өнерлерінің қалай іске асатыны жөніндегі жиналған түрлі мәліметтер атадан-атаға, ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріліп, осының нәтижесінде келешекте бұларға ие болуға мүмкіндік жасайды деп атап өтті.   

Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзгешеленеді.

       Қабілеттіліктерді дамытудың тұжырымдамалық сұлбасын профессор С.М. Жақыпов  былайша көрсетеді. Белсенділіктің көп бөлігі ересек адамға тиесілі болатын жалған-бірлескен іс-әрекетке қосыла отырып, қабілеттіліктер алғашқы қабілеттіліктерге айналады. Алғашқы қабілеттіліктердің қалыптасуы бала дамуындағы сапалы түрдегі серпінді, жеке қызметтің қарапайым актілерін жетілдіру мүмкіндіктерінің пайда болуын көрсетеді. Келесі кезеңде алғашқы қабілеттіліктер атқарушылық белсенділік бала мен ересек адам арасында жіктеле алатын бірлескен іс-әрекетке қосылады. Мұнда алғашқы қабілеттіліктерді жинақтау негізінде және бұрын бұл процеске қосылмаған қабілеттіліктерге айналу негізінде екіншілік қабілеттіліктердің қалыптасуы іске асады. Екіншілік қабілеттіліктердің пайда болуы баланың жеке іс-әрекеттің анағұрлым күрделі актілерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін білдіреді. Әрі қарай бұл циклдер қайталанады және адамның әлеуметтік дәрежесінің ауысуына сәйкес келуі мүмкін.

Отанымыздың белгілі психологы С.Қ. Бердібаева қабілеттер жайлы субьективті түсініктердің құрылымы, индивид қатысатын нақты іс-әрекеттің өзара әсерлері және ақыл-ой қабілеті жайлы жеке даралық түсініктерсіз қабілеттің дамуын, ерекшелігін табу өте қиын деп атап көрсетті. Сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік микроқоршауында, жеке даралық санасында белгілі бір «қабілет моделі» болады, қабілеттерді сол модельдердің шеңберінде қарастырады. Бұл мәселенің соңғы кезде маңызды сипатқа ие болуы интеллектінің үйреншікті, қарапайым концепциясын зерттеуге, қабілеттердің даралық санадағы репрезентациясы жайлы мәселелерге деген қызығушылықтың өсуімен байланысты. Эксперименттік психосемантика облысының кейінгі жаңа жетістіктерге интеллектуалды қабілеттер жайлы жеке даралық түсініктерді қайта жасауға, қабілеттердің «субьективті-мағыналық» репрезентациясы мен «обьективті» критерийлерінің арасындағы өзара байланыстың ерекшелігін табуға мүмкіндік береді. 

  Қабілеттер адамның маңызды құндылығы болып табылады және оның түсініктер әлемінде негізгі орынды алады. 

Б.М. Тепловтың ғылыми творчествосын қарастырған В.Д. Небылицын қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға көңіл бөлу керек деді. 

Егер қабілетті жеке адамның және индивидтің құрылымдарының бірі ретінде қарастырса, мұндай жағдайда ең болмағанда зерттеудің үш деңгейі қажет болады: психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлер.

 

  1. 3 Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту  жолдары

 

Әлеуетті қабілеттіктер – бұл индивидтің дамуындағы оның алдында шешім қабылдауды талап ететін жаңа мәселелер, жаңа міндеттер туындаған кезде әркез өзін тануға мүмкіндік беретін ерекше мүмкіндіктер ретінде анықтауға болатын қабілеттіліктер. Бұлар индивидті оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне орай әлеуетті мүмкіндіктері арқылы сипаттайды. Бірақ тұлғаның дамуы оның психологиялық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар оның осы әлеуеттері іске асуы немесе іске аспауы мүмкін әлеуметтік жағдайларға да тәуелді болғандықтан, бұл жерде өзекті қабілеттіліктер, яғни іс-әрекеттің нақты түрінің талаптарына байланысты белгілі бір нақты жағдайларда іске асатын және дамитын қабілеттіліктер мәселесі туындайды.

С.Қ. Бердібаева   қабілет құрылымындағы интеллект мәселесін түсінуде біріншіден, жалпы ақыл-ой қабілеттері мен интеллектінің өзара байланысы, екіншіден, жалпы ойлау қабілеттерінің интеллектуалды белсенділікпен арақатынасы, үшіншіден біріккен іс-әрекет құрылымындағы қабілеттің қалыптасу мәселелері арқылы зерттеу мәселесін қарастырды.

Вербалды емес мінез-құлықты баламалы түсінуге деген қабілеттілік бірқатар өзара байланысты қабілеттіліктерден тұратын күрделі құрылымды білдіреді: бірінші құрылымша жеке вербалды емес мінез-құлықты, оның ым-ишара, қалып сияқты элементтерін баламалы түсінуді қамтамасыз етсе, екіншісі өзінің түрлік, мазмұндық, қызмет өлшемдері бойынша интерактивті-регулятивті болып табылады; үшінші құрылымша вербалды емес мінез-құлықтың түрлі элементтерін біртұтас байланыстыру, оларды тілге қатыстыру талап етілетін әлеуметтік-перцептивті міндеттерді шешудің жетістігін анықтайды.

Адамның іс-әрекетінің түрлері, әсер етуінің формалары мен тәсілдері сан алуан. Ол – жеке адамның қызметі. Адамның қабілеті тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Сондықтан қабілетті іс-әрекеттің бейнесі ретінде де түсіндіруге болады.

Қабілеттілік – адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін көрсететін жеке басының дара қасиеті. Оның ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім, ебдейлік, дағдының белгілі бір жүйесі болуы тиіс. Мысалы: адам өзінің конструкторлық қабілетін дамыту үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибеде пайдалану ебдейлігі мен құрастыру дағдысының болуы шарт. Демек, кез келген адамның білімі тереңдеп, икемдік-ебдейлігі мен дағдысы қалыптасқан болса, оның қабілеттілігінің де ойдағыдай жақсы дамитындығы сөзсіз.

Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Коммуникативті қабілеттер – тұлғаның қарым-қатынас барысында байқалатын индивидуалды — психологиялық ерекшеліктері. Коммуникативті қабілеттер көптеген жағдайда әлеуметті негіздемеленген. Коммуникативті қабілеттерді зерттеген ғалымдар баршылық, олар: А.А. Бодалев, А.А. Леонтьев, В.В.  Рыжов, Л. Тайер және т.б.  Осы зерттеулерді қорытындылай келе, қабілеттерді стратегиялық және тактикалық деп бөлуге болады. 

Стратегиялық қабілеттер тұлғаның коммуникативті жағдайларды түсінуге, дұрыс бағдарлануы және осыған сәйкес белгілі бір мінез-құлық стратегияларын қалыптастыру мүмкіндігін көрсетеді.

Ал тактикалық қабілеттер тұлғаның коммуникацияға қатысуын қамтамасыз етеді. Оларды екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа тұлғаның қарым-қатынаста коммуникативтік қабілеттерін қолдану дағдылары енеді. Яғни, интеллект ерекшеліктерін (ес, зейін, қабылдау, ойлау, интуиция), тілдің дамуы, мінез-құлық, эмоциялық сфералар, темперамент ерекшеліктерін және т.б. жатқызуға болады.

Екінші топқа контакт және  қарым-қатынас техникаларын игеру енеді. Бұл жерде тұлға қасиетінің жалпы кешенін енгіземіз:

— қарым-қатынаста өзінің мінез-құлықтарын басқару қабілеттері;

— басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін түсінуге байланысты, перцептивті қабілеттер кешенін;

— контакт құру және қолдау, оның тереңдігін өзгерту, қарым-қатынасқа ену және шыға білу, қарым-қатынас барысында қарқындылықты басқа адамға бере білу ;

— психологиялық қатынаста өзінің ойын оңтайлы құру қабілеттері. Осындай толықтырулар арқылы перцептивті-рефлексивті қабілеттердің толық жүйесін құра аламыз [92, 53-54 бб.].

Қабілет феноменін зерттеу қызығушылығы сонау ежелгі ғасырларда жатыр. Халық даналығындағы – мақал-мәтелдер жинағы, ұлы адамдардың ойлары бар әдебиеттеріне сүйенсек, таланттылық, данышпандылық деген ұғымдарға түрлі кезеңдерде де көңіл бөлген. Философтар, жазушылар, суретшілер, музыканттар, психологтар, педагогтар, дәрігерлер және тағы басқалар өз жұмысының ақиқатын іздеуге жұмсады, өйткені қабілеттерге көңіл аудару – қоғамдық және ғылыми таным обьектісі болып табылады.

 Дарындылық мәселесін терең философиялық-психологиялық ұғынудың ең алғаш талпынысын испандық дәрігер Ч. Уартенің зерттеулері болды. Оның зерттеулері ең алғашқы бола отырып, антропологиялық ғылым бағытында “дифференциалды психология”ретінде қарастыра, осы мәселені Ч. Уарте төмендегідей негізгі сұрақтарды қойды:

— адамның бір ғылымға қабілетті және басқасына қабілетсіздігін табиғат қандай қасиеттерге ие;

— адамдарда қандай дарындылық түрлері бар;

— әр дарынға қандай ғылым мен өнер сәйкес келеді;

— дарындыны қандай белгілер арқылы білуге болады деген.

Дарындылық ұғымына жүргізілген зерттеулер тарихында дарындылықты дамытудың төрт негізгі (өзара бірін-бірі толықтырушы) тұжырымдамасы қалыптасты:

— когнитивті (ұғымдық) процестер (сенсорлық-перцептивті, назар аудару, ес, ойлау және елестету) жүйесінің жоғары деңгейі ретінде. Кейде оларға мотивация мен ерік қосылды (Г. Мюнстерберг, Г. Россолимо, В. Меде,          Г. Пиорковский); когнитивті (ұғымдық) мүмкіндіктер когнитивті (ұғымдық) тестілер жүйесімен өлшенеді;

— интеллектінің немесе ақыл-ой қабілеттіліктерінің жоғары деңгейі ретінде; бұл ақыл-ой қабілеттіліктері интеллект тестілерінің (А. Бине мен     У. Штерннің жас ерекшелігі тестілерінен бастап кейін Г. Айзенктің,              Д. Векслердің, Дж. Гилфордтың және т.б. көптеген тестілердің) көмегімен өлшенеді;

— дифференциалды айырмашылықтар сипаттамасы ретінде; олар жалпы және арнайы қабілеттіліктерден көрініс табады. Бұл тұжырымдаманы Б.М. Теплов қалыптастырған, тұжырымдама біздің елімізде барынша кең тарады (қар.: Б.М. Теплов, Н.С. Лейтес, В.Д. Небылицын, Э.А. Голубева,   В.А. Крутецкий, В.Д. Шадриков және т.б.);

— шығармашылық әлеуеттің жоғары деңгейі ретінде; ол жоғары зерттеушілік белсенділіктен, жеңіл және шығармашылық оқу мүмкіндіктерінен, ғылым, өнер, техника, әлеуметтік өмір салаларындағы жаңа шығармашылық «өнімдерді» жасау мүмкіндіктерінен көрініс табады.

Белгілі ғалым Б.М. Теплов  қабілеттің әр адамға тән ерекшеліктері адамның қоғам үшін құндылығының негізі болады. Ешнәрсеге ебі, ыңғайы жоқ қабілетсіз адам болмайды. Әр адамның өзіне тән қызметтің бір түрін жақсы орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір дарындылығы болады. Қызығуының кеңдігі мен қабілеттілігін жан-жақты дамытуға әрекет жасау – бұл дарынның ерте және айқын көрінуінің ең басты шарттары болып табылады.

       Н.С. Лейтес, ақыл-ой дарындылық теориясын негізге ала келіп дарынды баланың үш түрін атады: біріншіден, бірдей жағдайдағы ақыл-ой дамуы жоғары деңгейдегі балалар: (мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта оқитын балаларда жиі кездеседі); екіншіден ақыл-ой дарындылығының арнайы белгілері бар балалар (математика, әдебиет, музыка және т.б.) (жас жеткіншек шақта); үшіншіден жарқын танымдық белсенділігі басым, психикасының бірегейлігі, ақыл-ойының жоғарлығы, потенциалды және «жабық» дарындылық (жоғары сыныпта оқитын тұлғаларда жиі кездеседі).

Ал біздің Қазақстан республикасында ертеректе арнайы дарындылық мәселелерімен айналыспаса да, әл-Фараби, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және т.б. көрнекті қайраткерлердің еңбектерінде дарындылық және жеке қабілеттер жайлы ой қозғаған. Мысал ретінде Әбу Насыр әл – Фараби өзінің трактатында оқумен тәрбие мәселелерін қарастыра келе, адам қабілеттеріне көңіл аудара отырып, жақсы оқу мақсатында әр түрлі тәсілдерді қолдану керектігі жайлы айтып кеткен.

Абай Құнанбаев болса «адамның бір қасиеті туа пайда болса, қалғандары еңбектің нәтижесінде пайда болады» деген.

       А.М. Матюшкиннің «Шығармашылық дарындылық» тұжырымдамасы ойлау мен шығармашылықты көп жылдық зерттеудің теориялық қорытындысы болып табылады. Оның негізгі мағынасы дарындылық ұғымын адамның шығармашылық дамуы тұрғысынан қарастыруда. «Дарындылық табиғатын түсіну үшін шығармашылықты қорытынды ретінде ғана емес, адамның психикалық дамуының орталық өрісі ретінде де түсіну керек».

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің осы мәселе төңірегіндегі еңбектері көп болғандықтан, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ.

       «Дарындылық» ұғымы «сый» деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда мынандай анықтама береді: «Дарындылық – белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі».      «Дарындылық ұғымы» «қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Н.С. Лейтес «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы » атты еңбегінде дарындылыққа төмендегідей анықтама береді: «Дарындылық – баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы».

Қабілеттілік пен дарындылық – Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын толғандырған мәселесі. Араб сөзбостандығының негізін қалаушы  (әл-Хорезми, Фердауси, әл-Фараби, Ибн-Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектерін арнаған.

Дарындылық  негізінен өзарабайланысқан үш параметрларымен анықталады, олар: алдын-ала таным дамуы; психологиялық даму және физикалық мәліметтер.

       Дарынды бала – бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде айқын, көрнекті, кейде әйгілі жетістіктерімен ерекшеленетін (немесе осындай жетістіктерге деген ішкі алғышарттарға ие) бала».

Л.М. Нарықбаева  “Дарындылықтың байқалуы” өлшемін бөліп көрсету туралы ой “Дарындылықтың қолданыстағы тұжырымдамаларында” айқын белгіленіп, мынадай критерийлер негізінде дарындылықтың түрлері жіктеледі:

  1. Дарындылықтың қалыптасу деңгейі бойынша (өзекті және әлеуетті):

 — Өзекті дарындылық – психикалық дамудың әлдеқашан қол жеткізілген, жас ерекшелігі нормасымен және әлеуметтік нормамен салыстырғанда, нақты пән саласындағы іс-әрекетті орындаудың барынша жоғары деңгейінде танылатын көрсеткіштеріне ие балалар. Өзекті дарынды балалардың ерекше санатын дарынды балалар құрайды.

Әлеуетті дарындылық – қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары нәтижелерге жету үшін әлеуетті мүмкіндіктері бар, бірақ өз мүмкіндіктерін бірқатар қолайсыз себептерге орай (отбасылық қиын жағдайлар, жеткіліксіз мотивация, өзін-өзі реттеу деңгейінің төмендегі, қажетті білім беру ортасының жоқтығы) дәл қазір іске асыра алмаған балалар. 

  1. Танылу түрі бойынша (айқын және жасырын):

Айқын дарындылық – қандай да бір іс-әрекет түрінде (соның ішінде қолайсыз жағдайларда да) жеткілікті түрде айқын да анық (“өздігінен”) көрініс табатын жетістіктерге ие балалар.

Жасырын дарындылық – мейлінше аз көрініс табатын бүркемеленген іс-әрекеттен танылатын балалар (“болашақсыз балалар”). Мұның себебі ерекше психологиялық кедергілердің болуы болып табылады.

  1. Түрлі іс-әрекет түрлерінде танылу кеңдігі бойынша (жалпы және арнайы дарындылық):

Жалпы дарындылық – түрлі іс-әрекет түрлеріне қатысты танылатын балалар, олардың психологиялық өзегі тұлғаның эмоционалдық, мотивациялық және ерік сапаларымен үйлескен ақыл-ой қабілеттері (немесе жалпы танымдық қабілеттері) болып табылады.

Арнайы дарындылық – іс-әрекеттің нақты бір түрінде (музыка, сурет, спорт және т.с.с.).

  1. Жас ерекшелігі дамуының өзгешеліктері бойынша (ерте және кеш танылатын дарындылық):

Ерте танылатын дарындылық – мүмкіндіктері психикалық дамудың барынша жоғары ілгерілемелі қарқынынан танылатын балалар: 2-3 жасында есте сақтау жүйріктігі, сирек байқампаздығы, айрықша зеректігі арқасында оқиды, жазады, санай біледі. Мұндай балалар арасында “вундеркиндтер” ерекше орынға ие. Өнердегі дарындылығы барынша ерте танылады. Әсіресе, музыкада, математикада, біршама кейін бейнелеу өнері, әдебиет және т.с.с. салаларда танылады.

 — Кеш танылатын дарындылық – белгілі бір уақытқа дейін әлеуетті байқаусыз күйде болатын, бірақ соңынан әйгілі, үлкен нәтижелерге жететін балалар.

Сонымен қатар, дарындылықтың негізгі белгілерін атап кеткен жөн. Олар: 1) ой-өрістің жоғарлығы;

  • творчестволық және тиімді ойлау, өз ойын айту, пікір айту;
  • қатынас және белсенділік;
  • қозғалғыштық.

Қазіргі жағдайда аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамымыздың, мемлекетіміздің қабілетті балаларға деген қамқорлығы бір жағынан дарынды балалардың басқа өз құрдастарына қарағанда еліміздің ғылыми-техникалық, ақпараттық, мәдени дамуына көп үлес қосуға қабілеттілігін көрсетеді.

Диалогтік қарым-қатынас құрылымы коммуникативті іс-әрекет құрылымына сәйкес келеді және көлденең және тігінен алғандағы субъект-субъектілік қатынастардың функционалдық, рөлдік, дәрежелік ұстанымдарында жүзеге асады.

Тұлғаның барлық қабілеттіліктері оның өз ортасымен әрекет етуі барысында, белгілі бір істермен шұғылдануда, ең кең мағынасында алынған оқу және тәрбие ықпалымен дамиды. Сонымен қатар қабілеттіліктердің дамуы өз негізінде жас ұлғая келе мидың пісіп-жетілуіне ие болады.

Қабілеттіліктер – бұл тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті сәтті жүзеге асырудың шарттары болып табылатын және оған қажетті білімдерді, икемділіктер мен дағдыларды меңгеру процесінен айырмашылықтар табатын индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктері. Қабілеттіліктерді барлық басқа психикалық құбылыстардан ерекшелейтін үш негізгі белгі бөліп көрсетіледі:

— қабілеттіліктер – бұл бір адамды екіншісінен ерекшелейтін индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктер;

— бұл – тек бір іс-әрекетті немесе бірнеше іс-әрекетті орындаудың сәттілігіне қатысы бар ерекшеліктер;

— қабілеттіліктер адамның бойында әлдеқашан қалыптасқан білімдерге, икемділіктер мен дағдыларға ие болудың жеңілдігі мен жылдамдығына негіз болса да, оларға телінбейді.

Қабілеттіліктер екі негізгі тұрғыдан – сапалық және сандық тұрғыдан сипатталады. Сапалық ерекшеліктері қырынан қарастырылып отырған қабілетіліктер адамның іс-әрекеттің сәттілігін қамтамасыз ететін психологиялық қасиеттерінің күрделі кешені ретінде, олардың өзіндік ерекшелікке ие симптомдық кешені, құрылым ретінде танылады. Қабілеттіліктердің сандық сипаттамасы олардың көрінуінің, дамуының өлшемдерін – қабілеттіліктер деңгейін анықтауды білдіреді.

Қабілеттілік тек даму арқылы өмір сүретіндігін қабылдай отырып, дамудың қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық іс-әрекет процесінен тыс жүзеге аспайтындығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Осыдан қабілеттіліктің сәйкес нақты іс-әрекеттен тыс туындауы мүмкін еместігі келіп шығады. Психологиялық талдау барысында ғана біз оларды бірінен-бірін ажыратамыз. Қабілеттілік сәйкес іс-әрекет басталғанға дейін өмір сүреді және тек сол іс-әрекет барысында ғана қолданылады деп түсінуге болмайды. Абсолютті дыбыс есту қабілеті қабілет ретінде баланың бойында ол дыбыс жоғарылығын тану міндетін тұңғыш рет жолықтырғанға дейін өмір сүрмейді. Бұған дейін анатомиялық-физиологиялық факт ретінде тек бастамасы ғана болған

Қабілеттіліктер құрамында олардың екі негізгі категориясын – жалпы және арнайы қабілеттіліктерді бөліп көрсету қабылданған. Алғашқылары іс-әрекеттің бір (немесе тіпті бірнеше) емес, көптеген түрін орындаудың сәттілігін анықтайды; оларға, мысалы, интеллект жатады. Екіншілері іс-әрекеттік-еркешелікті болып табылады және іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрін орындаудың тиімділігін анықтайды. Қабілеттіліктер іс-әрекетте бастамалар негізінде қалыптасып, дамиды. Бұл – жүйке жүйесінің және тұтастай ағзаның қабілеттіліктердің дамуы үшін табиғи – биологиялық негізделген, туа біткен алғышарттары ретінде танылатын морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері

Қабілетті тұлғалар – бұл, әрине құндылық. Осыған байланысты теория мен практикада қабілет феноменін, қабілетті  тұлғалардың мәселелерін зерттеу қызығушылығы тез артып отыр.

Қабілетті тұлғалар көбінесе шапшаң, тез ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын болып келеді. Олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял-күші басым болады.

Қабілетті тұлғаның даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның аралық ерекшеліктерін танып дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдік психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Қабілеттілік дегеніміздің өзі табиғаты жөнінен динамикалық ұғым екендігін атап өту керек. Қабілеттілік тек қозғалыста, тек даму арқылы өмір сүреді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, өзінің дамуын аяқтаған қабілеттілік туралы айтуға болмайтын сияқты, қабілеттіктің өз дамуының басына дейін қалай өмір сүретіндігі туралы айтуға болмайды.

Қабілетті анықтаудың негізі  іс-әрекет болып саналады, ал қабілеттің критерийі болып оның іс-әрекетінің орындалу сапасы мен орындалу жетістігімен, тиімділігімен басқаларынан ерекшеленеді. Қабілеттің басқа да қосымша белгілерімен анықталуы іс-әрекеттің нақты бір түрімен байланысында

          А.М.Матюшкиннің тұжырымдамасына сәйкес, шығармашылық жол – басты жағдай ретінде ішкі мотивацияны болжайды, ол мәселелерді анықтаудағы шығармашылық мүмкіндіктерді көрсету үшін, өзгеше шешімнің ізденісіне және процестің өзін-өзі реттеуіне, образдық оймен елестету үшін қажет. Шығармашылық дарындылық құрылымы компоненттер қатарына келесіні енгізеді:

— танымдық мотивацияның басым ролі;

— зерттеулік шығармашылық белсенділік, ол мәселені қою мен шешудегі жаңаны анықтауда көрінеді;

— өзгеше шешімге жету мүмкіндіктері;

— үлгілі эталондарды жасауға қабілеттілік.

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта —  балабақша,  мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін  тб. жатқызуға болады.

И.П.Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады [24].

Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі – суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет – адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады [28].

Адамның психологиялық бейнесін немесе тұлғаның психологиялық құрылымын, өзіне тән жеке ерекшеліктерін зерттеп білуде өзіне маңызды басты үш мәселені құрайды:

    1)  Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты,

         ол нәрсеге талпынады? 

    2)  Оның қолынан не істеу келеді?

    3)  Мұның өзі кім, ол қандай адам?

           Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын өзіндік бағаның екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттары мен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологиялық айрықша маңызды биология мен әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа беріліп,

Табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім — тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.

      Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымының жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты.Әдетте ,бұл туғаннан бастап, алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдірілуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциацясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғышарты ретінде көрінетіндердің белгілі деңгейін , жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

      Осы сәтте арнайы  қабілеттің  қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту мектепте, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады.  Арнайы қабілеттің дамуына алғашында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті  мәнді әсер ете бастайды.

     Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түрткі болатын – ойын әрекеті. Ойын барысында көптеген қозғалыстық, құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем — суретшілік және басқа да шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі  онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынтығы дамуы болады.

     Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлерін ойын, жапсыру және сызу болсын қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет . Қабілетті жақсы дамытатын, балаларды ойландыратын — шығармашылық әрекет. Мұндай әркет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанымен , өзі үшін жаңа білім ашқанымен, кез келген жаңаны құрумен байланысты . Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Сонымен қоса  шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуін және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді.

      Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни баланың шамасынан тыс болса, онда ол  Л.С.Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттілікің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалмайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды. Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі, жанұялық тәрбиенің ерекшелігі. Егер ата-аналар балаларының өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады [4].

Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын, көбінесе макроорта  анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макроортаның неғұрлым позитивті факторы  қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуіне, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.

Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып  саналады.

Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру – түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі  дамыту  құралы болуы тиіс.

Тарихи-мәдени қатынас қабілетті тұлғаның туындаған мәселені анықтауға жол ашты. Ол қабілеттілікке деген көзқарастың қиындауына алып барады. 

Бірақта көптеген концепциялар теорияларына қарамастан «қабілет» түсінігі бірмағыналы жағдайда көрінбейді, ғалымдар әлі де осы феномен жайында бірдей ойға келген жоқ. Қабілеттіліктің дамуы мен көрінісі кейбір жалпы заңдылықтарға сәйкес болуымен қатар, қабілетті тұлғалармен қарым-қатынаста  білу керек:

а)  дарындылық нышандардың туа берілген негізінде дамиды (генетикалық, анатомия – физиологиялық ерекшеліктер) және индивидуалды өзіндік қабілеттерінің құрылуынан көрінеді, адам іс-әрекетінің сол немесе әлеуметтік маңызы бар салада ерекше жетістіктерге жеткізу мүмкіндіктеріне байланысты;

б) жоғары интеллектпен қатар, тұлғаның өзінкөрсету және өзінжүзеге асыруын қамтамасыз ететін шығармашылық  — қабілеттіліктің маңызды факторы болады;

в) қабілеттілік – интеграл ретінде, кез-келген іс-әрекетті сәтті және әмбебап орындауының  алғышарты және  өзінің негізінде кейбір жалпы қабілеттіліктері бар (интеллект, шығармашылық, тұлғалық-мотивациялық ерекшеліктер, әлеуметтік потенциал ) тұлғаның өзіндік мөлшері; 

г) «қабілет» түсінігінде – «тұлға потенциалы» деген ұқсас ұғым бар. Ол индивидтің тұлғалық ешкімге ұқсамайтын, шығармашылық, интеллектуалдылығының шынайы мүмкіндігін береді. Бұл потенциалдың анықталған деңгейінде (қабілет дәрежесінде) әр тұлға бойынша айтуға болады;

  д) қабілеттілік көпқырлы, өмір іс-әрекетінің барлық саласында әр түрлі деңгейде көрінеді. Сондай-ақ қабілеттің көптеген түрлері мен типтері бар. Олардың әрқайсысы күрделі құрылымды (сонымен қоса интеллектуалдық және шығармашылық қабілет) болады;

е) қабілет адам өмірінің процесінде дамиды, дегенмен де жас ерекшелігінің мәні өте зор;

ж) қабілет дамуына әлеуметтік қоғам және арнайы жағдайлар (жанұя, мектеп, тұлғааралық қарым-қатынастар, қоғам және басқалар) үлкен әсер тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші бөлім  тұжырымы

 

Қабілет адамның іс — әрекетін анықтайтын, мақсатқа итермелейтін, сол іс — әрекетті орындау барысында түрлі жодарды көрсететін процессс. Қазіргі таңда дүниетанымы биік, адамгершілік қасиеттері жоғары, терең идеслы, сенімді, белсенді, болмысқа творчествалық көзқараспен қарайтын жаңа адамды тәрбиелеу басты мақсакт пен міндетке айналып педагог – психологтардың, ата-аналардың мойнына үлкен жауапкершілік артып отыр. Осы мақсатқа жету үшін ең алдымен адамның неге қабілетті, неге икемді екеніне толық көз жеткізу қажет. Себебі бала өзінің мүмкіндігін ескермесе оған ешқандай тәрбие мен амал — әдістер жағымды әсер етпейді. Олардың дара айырмашылықтарын дарындылық, талант, ниет және т.б. жақтарын есепке алу маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  МЕКТЕП ЖАСЫН ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ қабілеттерінің   дамуын эксперименттік зерттеу

 

2.1 Баланың қабілеттерінің   психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері

 

Қабілеттіліктер жалпы және арнайы деп жіктеледі. Тұлғаның қандай да бір іс-әрекетте үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беретін қабілеттіліктерін арнайы қабілеттіліктер деп атайды. Жиі қолданылатын «математикалық», «музыкалық», «шығармашылық» және т.б. қабілеттіліктер тіркестері дәл осы мағынаны білдіреді. Алайда «арнайы қабілеттіліктер» термині белгілі бір деңгейде шартты сипатқа ие, дәлірек айтсақ, бұл тұлғадағы осы ерекшеліктер басым болып табылатындығы және басқа да қабілеттіліктерді жоққа шығармайтындығы туралы ойды жеткізу үшін қолданылады. Мысалы, ұйымдастырушылық қабілеттіліктер әдетте коммуникативті қабілеттіліктерден келіп туындайды, өйткені ұйымдастырушы іс-әрекеті адамдармен байланыс жасамай мәнсіз болмақ.

Эксперимент – латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағына береді. Ол ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістерінің бірі. Эксперимент алғашқы кезде адамдарды қоршаған ортаны танып білуден, бақылаудан басталды.

Зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімі Тараз қаласы №9 балабақшада жүргізілді. Экспериментке №6 «Қарлығаш» және №7 «Қаракөз» ересектер тобы қатысты. Әр топта 32 бала тәрбиеленеді.

Эксперименттік сынақта  психодиагностикалық жұмыстар  ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін  балалардың қабілетін  анықтау іс-шараларын жүргіздік.

Зерттеу жұмысымыздың алғашқы тапсырмасы «Бұл қай кезде болады» әдістемесі. Әдістеме балалардан жыл мезгілі туралы мағлұмат алу. Балалар жыл мезгілінде болатын ерекшеліктерді сөз арқылы суреттеп береді.

Екінші тапсырма. Балаларға шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш беріледі. Олар осы суреттерден қиялдары арқылы бейнелер құрастыру.

  1. Оқушының алдына алты тіктөртбұрыш берілген. Олар неге ұқсайды? Мысалы, бір тікбұрыш үйшікке, екіншісі кітапқа тб. Осы тікбүрыштарды аяқтау ұсынылады.

 

  1. 6 шеңберден  тұратын фигураларды  ұсынып, сол фигуралардан басқа суреттер шығару.
  2. 6 үшбұрыштан құралған фигуралар берілді. Оқушылар сол фигуралардан суреттер ойланып табуу қажет.

Үшінші тапсырма.  Балалардың өзге балалардан қалай ерекшеленетіні жөнінінде, неге қабілетті екендігін анықтауға «Адам салу» тесті өткізілді.   Әдістеменің мақсаты: Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.

Нұсқау: «Өзіңе ұнайтын адамның суретін сал». Егер бала салғысы келмесе, оны қызықтыру қажет. Қойылған сұрақ балаларға жанама түрде беріледі. Сурет салынып біткен соң сұрақтар қою арқылы не бейнеленгені сипатталады.

Сурет туралы мәлімет алу үшін мына сұрақтарды қойдық:

  • Кім бейнеленген?
  • Ол дәл қазір не істеп жатыр?

Сонымен қатар салынған сурет бойынша суреттің боялуы, орналасуы, сызықтың сапасы, қанша адам салынған, бөлшектердің орналасу ерекшеліктері арқылы бала тұлғасының даму туралы мәлімет алынды.

          Баланың қабілетін анықтау үшін екінші тапсырма ермек саздан отбасы мүсінін құрастыру.

          Тұлғалар өздерінің отбасындағы мүшелерінің мүсіндерін жасайды. Жасалған мүсін туралы өздері мағлұмат береді.  Балалардан төмендегі сұрақтар арқылы мүсіндеріне сипаттама аламыз:

  • кімдердің мүсіндері жасалынған
  • олар дәл қәзір не істеп жатыр?
  • неге мына адам бұлай орналасқан? тб.

Мектепке дейінгі баланың қабілетінің даму ерекшеліктерінің  көрсеткіштері:

Сыналушы топ:   10%  — жоғары деңгей    

                              45% — орташа деңгей      

                              45% — төмен деңгей   

Бақылау  тобы:    9% — жоғары деңгей     

                              40%   — орташа деңгей    

                              51% — төмен деңгей      

Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.

       Мектепке дейінгі баланың   шығармашылық  қабілеті  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін.  Біздің  міндетіміз – тұлғаға  оның  бойында  жасырын  жатқан  мүмкіндіктерін  ашып  көрсету.  Кез  келген    тұлға  мұғалімнің  басшылығымен  орындаған  шығармашылық  жұмысының  нәтижесінде  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.  Баланың  мінез-құлқындағы қабілеті  мен  талантын  дамытуды   неғұрлым  ертерек  бастасақ,  соғұрлым   оның  қабілеті  толық  ашылуы  мүмкін.    Сондықтан жасырын   қабілеттің  дамуына  түрткі  бола  білу  керек.  Осындай  жұмыстарды   жүргізу әр  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.  Күнделікті сабақ пен сергіту сәттерінде  беретін  деңгейлік  тапсырмаларды  қызықты  етіп  құрып,  тұлғалардың  қызығушылықпен  орындауларын  қадағалау  қажет.

Анықтау экспериментінің алғашқы бөлімінде жүргізілген бақылау нәтижесінде тұлғалардың қабілеті, мінез – құлқындағы жеке ерекшеліктері жайлы жоғарғыдай мәліметтер алынды. Анықтау экспериментіндегі алынған мәліметтерден кейін сыналушы топпен түзету-дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

 

         2.2  Дамытушы эксперименттің тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыру процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің  маңыздылығы

 

       Түзету – дамыту жұмыстарының мазмұнын жоспарлау барысында жалпы жас кезеңінің қажеттіліктері, құндылықтары және ерекшеліктері жайлы ескеру ғана емес, сонымен қатар оқушылар тиесілі болып отырған әлеуметтік және мәдени ортаның ерекшеліктері және де әр баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері жайлы білімдерге сүйене отырып, қызмет атқару өте маңызды. Соңындағы манызды сәтінің бірі: жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстарында әдістердің қолдану ерекшеліктеріне қарай кезектестігі мен реттік тәртібін сақтау кезеңі болып табылады.

        Түзету -дамыту жұмыстың мақсаты:

— қабілетті дамыту (қабілеттілігін анықтау, өзара түсіністікке жету, топтағы ақжарқын қарым-қатынас);

— ұмтылысты дамыту, өзін-өзі тану қабілетін, өзін-өзі дамыту жолында мақсат қойып, оны орындау мен жеке тұлға ретінде өсуін дамыту;

— жеке жұмысын ұйымдастыра білу (ой жинақылау машығы, есте сақтау, өзін-өзі бақылау), кез-келген істің табыстылығына бастау (оқу, кәсіби, коммуникативтік);

— психоэмоция өрісінде дамып жетілу (эмоцияны дамыту, рухани қалыптылыққа қол жеткізу және т.б. );

— қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту.

     Дамыту жұмысы психологиялық жаттығулар, ойындар мен әдістемелерді негізге алып жүргізілді.

                                «Бірлескен сурет» ойыны.

Мақсаты: Балада қиялды және шығармашылық қабілетін дамыту.

Нұсқау: Параққа немесе тақтаға әр ойыншы  кез- келген сызық салады. Нәтижесінде бір жалпы сурет шығады. Балалар шыққан суретті талқылайды. Барлығы бірге алдындағы суретке атау береді.

          «Пантомимо» ойыны. /қимыл мен ым арқылы жасалатын сахналық өнер/.

          Бұл ойын баланың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту үшін жүргізіледі.

          Баладан қандай болмасын бір заттың /поезд, мәшине, шәйнек, ұшақтың/ қимылы мен дауысын салып ым арқылы бейнелеп көрсету немесе бір іс-әрекеттің орындалуын, тәртібін көрсету ұсынылады. Мысалы: жуыну, тарану, сурет салу, жүзу.

          Егер бала бірден орындап бере алмаса, қимыл-қозғалысын, дыбысын қалай келтіру керек екенін тәрбиеші өзі жасап көрсету керек. Сонымен қатар балалармен «Тапқыр» ойынын ойналды. Ойынның шарты кестеге, біреудің жазып сызғанына сүйенбей-ақ өздігінен дербес құрастырса, онда баланың қиялының мазмұны бай, жақсы дамыған деп есептеледі.

  Келесі тапсырма балаға саз балшықты беріп, бір заттың бейнесін жасауды ұсынасыз. Салған сурет пен мүсіндеу нәтижесін қорытындылау алдыңғы сынақтағы көрсеткіштер бойынша қиялды бағалау нәтижесімен бірдей. Алдымен бала сіздің нені бейнелегеніңізді табу керек, соңынан керісінше баланың бетінің қимыл-қозғалысына, дауыс ырғағына денесінің қимылы бойынша сіз баланың нені бейнелеп отырғандығын табасыз. Мүмкіндігінше баланы қызықтыратындай күлдіргі болуын ойластырдық.

  “Кім болғым келеді”.

         Балаларға өскенде кім болғысы келетіндіктерін қиялдап көз алдарына елестету ұсынылады. Қысқаша талқылап, өздерін қалайша елестеткендерін сурет салу арқылы көрсетеді. Олар өздерінің ойларын сурет арқылы көрсетіп, неге қабілетті екендері анықталды.

        «Сүйікті жануар бейнесі» жаттығуы. Қатысушыларға бір-бір парақ қағаз таратылып өзіне ұнайтын жануардың бейнесінің суретін салу ұсынылады. Жануарға ат ойлап тауып, ол жайлы әңгімелеп беруге нұсқау беріледі. Қатысушылардың барлығы өз жануарының атын атап, қандай екендігі жайлы әңгімелеп берді.

 

 Жаттығу. «Ойша бейне мен эмоция»

Мақсаты:ойша бейнелерді қайта жаңғырту қабілетін дамыту.

Барысы: «мен сендерге фразалар айтамын, ал сендер әр фразадан кейін көздеріңді жұмып соған сәйкес бейнені елестетіндер».

Антилопаға шабуыл жасап жатқан арыстан.

Құйрығын бұлтандатқан ит

Сорпаға түскен шыбын

Қорақа саныған ромб формасындағы

Миндальды тәтті

Қараңғыдағы найзағай

Сіздің сүйікті көйлегіңіздегі немесе юбкаңыздағы дақ

Күнге жарқыраған тамшылар

Түнгі айқай

Сіздің сүйікті ойыншығыңызды ұрлап жатқан досыңыз.

Енді қолдарына қағаз алып, айтылған фразыларды еске түсіріп жазып көріңдер. Осы жаттығуды есту емес, көріп қабылдауды жаттықтыруға да қолдануға болады.

Сергіту сәті: «Насос және доп» этюды.

          Мақсаты: жеке бұлшықеттерді жаттықтыру. Екі адам ойнайды. Біреуі – дөңгілінген доп болады, ал екіншісі осы допты насоспен үрлейді. «Доп» жартылай берілген аяқпен тұрады. Кеуде бөлігі біршама алға қарай иілген, басы түсіңкі /доп ауамен толтырылмаған/.

«Насос» біртіндеп «допты» үрлейді. Қол қимылымен «с» дыбысын қосып орындайды. әрбір ауа жіберген сайын «доп» үрлене түседі. «С» дыбысын алғаш рет естігенде, «доп» алғашқы порцияны жұтады, екіншіден кейін – басын  көтеріп, ұрттарын толтырып, жіпті қолдарын денесінен көтере бастайды. «Доп» үрленеді, екінші бала «доптан» насостың шлангысын алады. «доптан» күштеп «Ш» дыбысына ұқсас ауа шығады. Денесі қайтадан ытырып, солып қалады. Балалар орындарымен ауысады.

 «Мен қалтаға салдым» ойыны

          Мақсаты: есте сақтау көлемін ұлғайту, сөйлеу қабілетін дамыту. Жүргізуші ойынды бастап былай дейді: «мен қалтаға алма салдым». Келесі ойыншы айтылғандарды қайталап өзі де бірдеме қосады: «мен қалтаға алма және банан салдым». Үшіншісі ойыншы да барлық сөзді қайталап, бірдеме қосады. Осылайша жалғаса береді. Бір сөзден де қосуға болады, сонымен қатар, сөздерді алфавит бойынша алуға да болады.

Бұл ойынды кімнің жеңілгені, кімнің ұтқаны маңызды емес. керісінше баланың есте сақтау қабілетінің дамуы маңызды болып табылады.

        «Мен қайдамын» ойыны.

Мақсаты: кеңістікте бағдарлануын, көріп есте сақтауын, естіп есте сақтауын, зейінінің дамыту.

Жүргізуші: қазыр мен сендермен біреулерін Детектив болғыларын келетін ойын ойнағым келеді. біз детективтің көзін байлаймыз. Ол сыныптың бір бұрышында, ал қалғандары сынып бөлмесіне бөлініп кетеді. Балалар өздерінің орындарын тапқанда, детектив балалардың біреуінің атын атайды. Бұл бала сол тұрған жерінен қандайда бір затпен дыбыс шығарады. Ал детектив болса, шыққан дыбыс арқылы баланың тұрған жерін анықтауы керек. Содан соң Детектив басқа бала болады.

 

 

       2.3  Дамытушы эксперименттің баланың қабілеттерін арттыру процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің  маңыздылығы

 

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін зерттеу тапсырмалары:

1) қабілетті дамытуға;

2) ойын түрінде;

3) ұжымдасып орындауға бағытталған сипатта, алдын – ала жоспарланып, жүргізілді. Балалардың қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар, балалардың қоршаған ортадан көргендерін, естерінде сақталғандарын жаңғырта, сабақтар барысында жинақталған дағдыларын, тәжірибелерін пайдалана отырып   байланыстырылды.

Эксперименттік сынақта  түзету дамыту жұмыстар  ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін  балалардың қабілетін дамытуға арналған жұмыстардың нәтижесін бақылау іс-шараларын жүргіздік. Ол біздің анықтау экспериментінде әдістемелерімізді қайта қолдандық. Себебі сол арқылы өзгеру динамикасын көру үшін.

Зерттеу жұмысымыздың алғашқы тапсырмасы «Бұл қай кезде болады» әдістемесі. Мақсаты балалардан жыл мезгілі туралы мағлұмат алу. Балалар жыл мезгілінде болатын ерекшеліктерді сөз арқылы суреттеп береді.

Екінші тапсырма. Балаларға шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш беріледі. Олар осы суреттерден қиялдары арқылы бейнелер құрастыру.

 Үшінші тапсырма.  Балалардың өзге балалардан қалай ерекшеленетіні жөнінінде, неге қабілетті екендігін анықтауға «Адам салу» тесті өткізілді.   Әдістеменің мақсаты: Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.

Мектепке дейінгі баланың қабілетінің даму ерекшеліктерінің  көрсеткіштері тузету жұмыстарынан кейін төмендегідей өзгерді:

Сыналушы топ:    %  — жоғары деңгей    

                               % — орташа деңгей      

                               % — төмен деңгей   

Бақылау  тобы:     % — жоғары деңгей     

                               %   — орташа деңгей   

                               % — төмен деңгей     

Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қортындылай отырып,  мектепке дейінгі  балалардың жастық, психологиялық, физиологиялық даму ерекшеліктеріне сәйкес, мазмұнында шығармашылықтың түрлі тәсілдері қамтылған, мақсатты түрдегі оқыту, дамыту, тәрбиелеу шығармашылық ой-өрісін, қиялын, талғамын қалыптастырудың бірден-бір кепілі деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі тәуелсіз жас Қазақстан  өзінің жастарының болашағын жоспарлау мақсатында соңғы жылдары ғана психологиялық мәселелерге жан-жақты ғылыми талдау жасалынып, тәжірибе жүзінде қызмет көрсету шаралары жүргізілуде.  Осы орайда қоғам талабының маңызды шарттардың бірі – баланың қабілетін дамыту мәселесі.   

          Жұмыс қорытындысында ескеретін жайт – баланың қабілетін дамыту және тәрбиелеу олардың жеке басының, психологиялық сапаларының қалыптасып жатқанын білдіреді. Ол үшін алдымен жалпы оқытып – тәрбиелеу жұмысының жоғары мәдениеттілігі қажет. Балалардың неге қабілетілігін дұрыс анықтап, оны дамытуды тиімді ұйымдастыруда, қалыптастыруда тәрбиешінің, ата ананың жеке басының үлгі -өнегесінің де маңызы зор. Сондықтан баланың қабілет қасиеттерінің ерекшелігін білу әрбір тәрбиеі мен ата ана үшін міндетті.

          Тақырыпты ашу барысында белгілі зерттеушілердің  еңбектеріне сүйеніп   И.П. Павлов,    Л.Е. Выготский,   А.Н. Леонтьев,  В.Д. Небылицынның зерттеулер мен Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаеваның  ғылыми әдебиеттеріне талдау жасалды. Кез келген адам қандай да болмасын бір нәрсеге қабілетіз болмайды. Оны тек неге қабілетті екенін дұрыс анықтап, соны дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екендігін дәлелдейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

 Зерттеудің эксперименттік бөлімінде баланың шығармашылық қабілетін анықтау үшін психодиагностикалық жұмыстар жүргізілді. Психодиагностикалық нәтиже көрсеткіштеріне қарай түзету жаттығуларын қарастырдық. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін жетілдіруді  мақсат ете отырып түзетуді психокоррекциялық жаттығулар,  тапсырмалар, ойындар, сергіту ойындары  жүргізу арқылы ұйымдастырдық.       Қалыпқа келтіру экспериментке  іріктелінген әдістемелер,   жаттығулар, ойындар   күнделікті іс — әрекет жағадайында негізгі сабақты бекіту мен жаңа тақырыпты қабылдау, сергіту, қорытындылау мақсатында   сабақтаса жүрді.   Нәтижесінде сыналушы топ дамыту жұмыстарының әсерін бақылай алдық.  Зерттеу міндеттеріне сәйкес түзету –дамыту жұмыстарының нәтижесінен сыналушы топтың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етіп көрсеткіштерінің біршама жоғарлағаны байқалды.   

Адам қабілеттерінің жан – жақты жетілуі ой еңбегі мен дене еңбегі. Баланың кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда  — ақ пайда болады. Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңуеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта —  балабақша,  мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Сондықтан педагог – психологтар баланы тәрбиелеу мен дамытуда оның неге қабілетті екенін шатастырып алмау қажет.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ