АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2013

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………… 3            

 

  • Ойын және ойын әдістерін мектепке дейінгі оқыту үрдісінде пайдаланудың теориялық негіздері

1.1 Ойынның  психологиялық  — педагогикалық мәні мен маңызы………………8

1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары………….21

1.3 Ұлттық-дидактикалық  ойындарды оқыту үрдісінде пайдалану

жолдары…………………………………………………………………………………………………26

 

2 Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру

2.1 Дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін                                                                                                                       пайдалану мазмұны………………………………………………………………………………..35 

  • Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәрижелері………………………………..39           

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………………53                                                                                        

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..55 

Қосымша………………………………………………………………………………………………….57                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    КІРІСПЕ

 

       Зерттеудің көкейкестілігі. Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің  Қазақстан халқына жолдауында: «…елдің Туын, Елтаңбасын, Ән-ұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным — менің, Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптамын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» — деп көрсеткен болатын[1].

       ХХІ ғасырда ғаламдану талаптарына сәйкес  ғылым мен техниканың үздіксіз дамуы нәтижесінде адамзаттың заман талабына сай дамуының заңдылықтары негізінде көптеген дамыған елдердің және біздің еліміздің де білім беру жүйесінде  елеулі өзгерістер енуде.

        Жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді [2].

         «Білім туралы» Заңның 10-бабында көрсетілгендей жалпы білім беру жүйесі үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, білім беру деңгейлері өзара байланыста, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты орта білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне де әсер етеді [9].

   Міне, мемлекеттік заңда осылайша ерекше айқындалған білім берудегі осы талапқа сай мектепке дейінгі дайындыққа бүгінде баса назар аударылуда.  «Білім туралы» заңда көрсетілгендей мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу балалардың 1 – 5 жасында өткізілсе, мектепке дейінгі оқыту  5-6 жастағы балалар үшін мектепалды сыныптарында жүргізіледі [9].

Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие болғандықтан,  мектепалды дайындықты ойын іс-әрекеті арқылы жүргізу қажет. Мектепалды дайындықсыз білім беру іргетассыз үй соққанменен бірдей, білім негізі әлсіз, жүйесіз болады.

Мектепалды дайындықтан өткен балалар бастауыш мектепке  жеңіл бейімделеді, оқу материалын тез және күрделі қиындықсыз меңгереді. Ойын іс-әрекеті арқылы мектепалды дайындық  топ балаларының ақыл-ойын дамыту, мектепке даярлауды қажет етеді [5].

Себебі мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Балалардың бұл кезеңі өте жауапты сензитивті кезеңнің ерекшелігін еспке алу аса маңызды, өйткені баланың мектеп жасына дейінгі жас ерекшелік шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңіне өтетін күрделі, ауыспалы кезеңі бала әрекетінің саналы формасын қабылдауына ауысатын кезең болады.  Нақты осы шақта балалардың іс-әрекет түрлері де бірте-бірте, ойыннан-оқу қарекетіне ауыстырылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ынталандырудың негізгі әдісі де ойын болып табылады. Ойын әдісі дегеніміз-оқытуды тиімді ұйымдастырудың, балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың, оқу материалын жеңіл меңгерту тәсілі. Ойын әдісіне: ойын-жаттығулар, ойын-тапсырмалар, логикалық ойындар, дидактикалық ойын түрлерін пайдалану, ребус, сөзжұмбақтар шешу, проблемалық жағдаяттар, силықты кезең, ойын-жарыс элементтерін пайдалану жатады. Оқыту-тәрбие үрдісін ойын түрінде жүргізу, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, топсеруендерде, әртүрлі тәрбие іс-шараларында дидактикалық ойындар, логикалық ойын жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын ойын-жарыс элементтерін пайдалану керек [4].

 Ойын – үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады. 

Ойындар — өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан адам мәдениетінің ең бір қызықты құбылысы болып есептелінеді [7].

        Зерттеулерде  ойын  іс-әрекеті ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан адамдарды дамыту құралы ретінде танылады. Сол себепті ойындарға ғылыми талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді.

Ойындар, олардың сан алуан түрлері ежелден этнографтарды, психологтарды, археологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды қызықтырған.

         Қазақ халық ойындарының даму тарихына Э.Маккей, Марко Поло, Низам аль-мулюк, Рашит-ад-дин, Б.А.Куфтин, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, Н.Я.Бичурин сынды атақты ғалымдар өз еңбектерін арнады [10].

Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақстанда тұңғыш еңбек жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды [12].

ССРО-дағы жалпы ойын теориясы Г.В.Плеханов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко сынды атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісіне П.П.Блонский, С.П.Шацкий, В.Г.Марц, В.А.Сухомлинский, В.Г:Яковлев, Т.Е.Конникова, Э.В.Яновскаялар сияқты ғалымдар да назар аударды [15-17].

Халық ойындарына, олардың мазмұны мен өткізу әдістеріне Л.Посынковтың «Кавказ халықтарының ойндары мен тұрмысы», Г.Ш.Абсолямовтың «РСФСР-дағы спорттың ұлттық түрлері», С.Г.Гагиевтің «Осетия ұлттық ойындары», Н.Турсуновтың «Тәжік халық ойындары және спорт», М.Ш.Ахметовтың «Адигей халықтарының ұлттық ойындары»  және басқа еңбектер арналған [16].

Ғалымдар ойынды балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет деп қарастырған, ойынды оқушының ізденіс – шығармашылық құралы ретінде зерттеген. Ғалымдар рольдік, шығармашылық ойындардың теориясын талдай келіп Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.И.Фрадкина, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б. ойынды және ойын элементтерін педагогикалық процестің негізі әсіресе дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшіліктері, оның алатын орны және маңызына тоқталған [19-27].

Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская, В.Н.Аванесова т.б.  ал әдіскер ғалымдар балалардың көркемсурет тәрбиесіндегі ойынның маңызын анықтауға бағыттауға арналған еңбектер Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванесовалар   жазған [26-29].

Кеңестік педагогикада балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылатын ойын теориясына мынадай ғалымдардың еңбектері Е.А.Флерина, Е.И.Тихеева, Е.И.Аркин,  Р.Я.Марковалардың  еңбектері бағытталған [32-35].

Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін бүгінгі таңда оқыту үдірісінде пайдалана отырып, балалардың танымдық белсенділігін арттыра отырып бала мен тікелей қарым-қатынасқа түсу оны оқыту үрдісіне ынталандыру, сапалы қасиеттерін ашу білім, біліктілігін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыруда қарама-қайшылық туындап отыр.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  ойын әдісінің бірі дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде  мазмұнына сай пайдалану әр бір тәрбиеші-педагогтың міндеті екені белгілі. Бірақ арнайы оқыту мазмұнына сай жүйелі жасалған дидактикалық ойындар мен ойын әдістерінің  мазмұнын құрастырып сол оқу іс-әрекетіне, тақырыпқа, мақсатына сай ойындарды жүйелі пайдаланатын тәрбиешілер өте аз.

Сондықтан да, дидактикалық ойындарды  ойын әдісі ретінде қарастырып оқыту үрдісінде мәнін, ерекшелігін, маңызын аша отырып, оның баланың ақыл ойын дамытуға қолдаудың қажеттілігін арнайы зерттеуді ұйғардық.

        Мектепке оқуға дайындықты қалыптастыру — балалар бақшасындағы оқу-оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа даярлау. Сол сияқты балалардың оқу материалдарын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына ену үшін алғы шарт жасау, баланы әлеуметтендіру, қоғамдық ортаға  бейімдеу. Бұл ұзақ күрделі жүргізілетін жұмыс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады

        Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік-обективтік сұранысын орындауда балалардың танымдық, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуын педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мектепке дейінгі кезеңде ойын элементтерін пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтан бар екендігі орын алып отыр.

Зерттеу жұмысы осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің зерттеуіміздің көкейкестілігі болып табылады.

      Зерттеу мақсаты: Мектепалды даярлық тобында дидактикалық ойындарды  пайдалану арқылы оқыту үрдісінің  тиімділігін арттыру.

      Зерттеу нысанасы: Балабақшадағы мектепалды даярлық топ балаларын оқыту және тәрбиелеу.

      Зерттеу пәні: Мектепалды даярлық топтың оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды  пайдалану үрдісі.

      Зерттеу міндеттері:

      -Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін қолданудың педагогикалық  негіздерін айқындау;

      -мектепалды даярлық тобына арналған дидактикалық ойындарының мазмұнын саралау,  ойындарға қойылатын талаптарды іріктеп, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу;

      -дидактикалық ойындардың педагогикалық жіктемесінің мазмұнын дайындау;

      -тәжірибелік – эксперименттік зерттеу  жүргізу және оның қорытындысын шығару және негіздеу.

      Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепалды даярлық тобының оқу-тәрбие жұмыстарында дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін пайдалану тиімді болар еді, егер:

    -ойынды оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді қолданудың жүйесі жасалынса;

    -оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін қолдану балалардың дүниетанымына, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуына себебін тигізер болса;

     -оқыту үрдісінде, сабақтан тыс жұмыстарда дидактикалық ойындарды пайдалану ісі бірізділік принципімен жүзеге асырылса.

      Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:  мектепалды дайындық топ балаларының оқу іс-әрекетінде   дидактикалық ойынның алатын орнын және оларды пайдалану ерекшеліктерін анықтаудан; оқу- таным процесінде мектепалды дайындық топ балаларымен жүргізілетін дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі әзірленіп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуден; балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын психологиялық әдістердің іріктелуінен; 12 жылдық білім беруге ауысуда мектепалды дайындықты жетілдірудің психологиялық-педагогикалық негіздерінің зерттелінуінен тұрады.

Зерттеудің  әдіснамалық  және  теориялық  негіздері: Таным теориясы, өзіндік таным теориясы,  білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері,  тұлғаны дамыту теориясы,   даму  заңдылықтары,  психология  және  педагогика ілімінің   теориялық тұжырымдамалары.

       Зерттеу әдістері: зерттеп отырған мәселеге байланысты философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерді талдау, қазіргі қоғамның өтпелі кезеңіне сай халықтық педагогиканың тәрбие саласындағы қолдануға бағытталған ресми құжаттармен танысу, озат ұстаздардың тәжірибелерін жинақтау, арнайы сауалнама, әңгіме, салыстырмалы байқау, педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, оның нәтижесін саралау, талдау.

      Зерттеу орны: Жамбыл облысы, Жуалы ауданының балалар бақшасының мектепалды даярлық тобында тәжірибелік-эксперимент жүргізілді.

      Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде  нақты зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.

Екінші кезеңде  зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді; тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы жасалынып, эксперимент басталды.

Үшінші кезеңде  зерттеудің теориялық және практикалық қорытындылары жасалып, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың мәліметтері талданып, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, диссертацияны рәсімделу жүзеге асырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ОЙЫН ЖӘНЕ ОЙЫН ӘДІСТЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Ойынның  психологиялық  — педагогикалық мәні мен маңызы

 

          Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады.

     Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне аусады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады.

     Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып,  іс-әрекетке көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады [11].

       Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде – ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.

       Оның мөлдір бастауы көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол                 туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [12].  

          Я.А.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет»[12;170].

          Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол «ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет», — деп атап көрсетті[12;172].

          Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып,  тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асыруды қойды[12].

          Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді[12].

          Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген 15].

К.Д.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдететінін атап көрсеткен болатын.

          Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік, дағдылары қалыптасады.

          А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш силайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді [15].

          Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар Л.В.Занков, Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, В.С.Мухиналар айналысты[15].

          Л.С.Выготскийдің «дамудың жақын аумағынан» «дамудың актуалды аумағына» өту туралы теориялық ұстанымына байланысты бала дамуының сапалы болуы дидактикалық ойындарды пайдаланудың ықпалының зор екені негізге алынған. Мәселенің көкейкестілігін айқындауда Ж.Пиаже, Дж.Дюьи еңбектеріне, жас ерекшелігі және педагогикалық психология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, бала дамуындағы функциональдық тенденция концепциясына (Д.Н.Узнадзе) бағдар жасаған[15].

      Бала ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді.

      Алайда мұндай көзқарас: бала бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек? Сірә, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға неліктен қасарыса ұдайы көше беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым салған кезде неге қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады.

     Бұл арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Н.Узнадзе негізін салған функциональдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?[13].

          Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш, мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-ақ бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың тіршілік қызметіне әртүрлі кезеңде жалғасады.

          Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден, қызмет комплексінің кез-келген топтарының дер кезінде көрінуін ынталандыруға, олардың дамуы қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп, екі аяғын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.

          Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.

          Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді:

     -бала құрбыларыменбірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс,

     -ол қайсыбір кішкене тастың /ағаш жаңқасы, титімдей қағаз, т.б./ нені білдіретінін есте сақтауы тиіс,

      -ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс,

      -ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындайәрекет ете білу тиіс.

     Сөйтіп, ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты /зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру/ шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.

          Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоциялық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді.

          Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, орамал тастау, доптан секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнай жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру міндетін орындайды. Ойнай жүріп, бала мол күш-жігер жұмсайды.

      Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін  балалар ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді.

      Д.Б.Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рольдерді тасымалдаушылар (ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушылар болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рольдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды. Шындығында бұл осылай, егер 3-4 жасар балада ойынға деген қажеттілік күшті болса, 5-6 жаста ол мүлдем әлсіз деп айтуға болады[19].

      Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.

     Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін ол мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.

      5-6  жасар бала ойынға психологиялық дайындықпен кіріседі.  Ол қайсыбір ойыншықты өзінің қалауымен еркінше алады, белгілі бір сюжетті ойластырып, ойынға құрбыларын тартады, содан соң бәрі бірлесіп, өздері белгілеген ереже бойынша әрекет етеді.

       Ойын баланың өз еркіне негізделген ырықтылығын туғызады, ол баланың сезімін оятып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Ойын үстінде бала өзін-өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне бөленеді, жеке тұлға ретінде қалыптасады.

      Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді:

  • Бала құрбыларымен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс, ол қайсыбір кішкене тастың /ағаш жаңқасы, титімдей қағаз, т.б./ нені білдіретінін есте сақтауы тиіс;
  • Ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс;
  • Ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындай әрекет ете білу тиіс. Сөйтіп, ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады.

          Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты /зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру/ шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.

     Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоциялық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді.

     Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, орамал тастау, доптан секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнай жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру міндетін орындайды. Ойнай жүріп, бала мол күш-жігер жұмсайды.

     Ойын жағдайы, сондай-ақ, баланың ақыл-ой әрекетін дамытуға үнемі ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға қашан да дайын болып, оны дәл сол жерде дұрыс шеше білуі тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың орнын басатын нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс.Орын басатын зат ойлау үшін тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат туралы ойлауды үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала тікелей қабылданатын көрнекі жағдайда зат арқылы әрекет етуді біртіндеп тоқтатады да, заттар туралы ойлауды, ойын жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп, ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.

     Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара қарым-қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өз мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік береді.

      Рефлексиябұл адамның өзінің жеке іс — әрекеттерін, қылықтарын, мотивтерін талдау және оларды жалпы адамзаттың байлықтарымен, сондай-ақ басқа адамдардың іс-әрекетімен, қылықтарымен, мотивтерімен салыстыру қабілеті[24].

      Мұны адамдардың әдеттегі тілімен айтсақ, былайша тұжырымдауға болады: «Мен жайында сенің не ойлайтыныңды білемін» немесе «Сен жайында менің не ойлайтынымды сен білесің». Бұл тұжырымдарда қалжың емес, басқа адамның бойындағы мотивтерін, сезімін, жай-күйі мен ниетін ұғуға деген және осыларды өз мінез-құлқында қатеріне алуға деген адам қабілетінің шынайы сипаттамасы бар. Рефлексия адамдар арасында оң мінез көрсетуге игі ықпал жасайды.

     Рефлексияның дамуында ойынның ықпалы күшті, өйткені ойында адамдармен араласу процесін қамтитын іс-әрекеттің қалай орындалуын бақылауға нақты мүмкіндік жасалады. Айталық, ауру бала ролінде ойнай отырып, балдырған ауру кездегідей «жылайды», «азап шегеді», артынша бұл рольді ойнаушы ретінде өзіне-өзі риза болады.

     Рольді ойнау кезіндегі екі жақты позиция – орындаушы мен бақылаушы — өз мінез-құлқын өзімен әрекеттес басқа біреудің жеке тәжірибесімен, әлдекімнің бейнесімен салыстыру қабілетін дамытады. Рольдік ойында адамға тән шынайы қабілет ретінде рефлексияны дамытудың, өзіндік іс-әрекетті, қажеттілік пен күйініш-сүйінішті ақылға салудың, оларды басқа адамдардың іс-әрекеттерімен, қажеттіліктерімен және күйініш-сүйініштерімен салыстырудың орасан зор мүмкіндіктері бар. Рефлексияға қабілеттілікте басқа адамды түсіну, сезіну мүмкіндігінің сыры жатыр.

     Бала ойын үстінде бір затты екінші бір затпен жиі алмастырады. Орын басушы зат жоқ заттың белгісі ретінде көрінеді. Сонымен бірге, бала өзіне әр түрлі роль жүктеуді үйренеді. Заттардың орнын алмастыру мен өзіне әр алуан рольдерді жүктеу қабілеті қиялды дамытудың негізін құрайды.

      Қиялдау қабілетін дамыту баланың пайымдауына жатпайтын нәрселерді, басқалардың не жөнінде айтқаны туралы көз алдына жақсы елестетуіне мүмкіндік береді. Қиялдау балаға естігенін ұғынуға және оны көз алдына елестетуге көмектеседі.

     Оқушының жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамның мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады. Ойын арқылы ол өз құрдастарымен қатынас жасау дағдыларына ие болады.

     Ойын баланы еліктіре отырып, өзіне жүктелген рольге қатысты ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімін жетілдіруге, ерік-жігерін реттеуге себін тигізеді.

     Бала ойын арқылы өз сана – сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Ол рольді ойындарда беделге ие болуға талаптанады, өзінің шамасына сай келетін рольді иемденеді, ойында өзін балдырғанның орнына қойып, ойын құқы мен міндеттерін меңгереді.

     Құрбыларының арасындағы ойында беделге ие болу қажеттілігі принципті жаңа негізде шешім табады: егер үлкен адам тарапынан баланың жетістіктерін қолдап отыруға тырысушылық байқалса, онда бала мен құрдастар арасында күрделі қарым-қатынас орнау негізінде жарыс және өзара көмек сәттеріне жол ашылмақ.

     Ойында қалыптасатын қарым-қатынастарда балада беделге ие болғысы келу талабы пайда болады. Беделге ие болу қажеттігінің екі жағы бар: бір жағынан, бала «басқалар сияқты болуға», ал екінші жағынан, «бәрінен жақсы болуға» талпынады. Мұндай мотив баланың жетістіктерін және оның жеке тұлға ретінде дамуын айқындайды.

     Балалар құрбыларының жетістіктерін бағдар тұтады. Сондықтан да «басқалар сияқты болу» мотиві белгілі бір дәрежеде баланың дамуына ықпал етіп, оның жалпы орташа деңгейге көтерілуіне себін тигізеді. Сонымен бірге осы кезде бала ойында «басқалардан жақсы болуға» талпыныс білдіреді. Ол енді басты рольді иемдену жолында күресе бастайды. Бұл сырт көзге онша көп байқала қоймайды[24].

    5-6 жасар бала өзінің беделге ие болғысы келу ниетін басқалардан жасыра біледі. Өзі үшін маңызы бар рольді иемденуге емеурін білдіре отырып, бала енді бұл ниеті жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктерін ұғына алады. Алайда көп жағдайда баланың талабы оның топтағы беделіне және оның ойнап жүрген құрбыларына нақты басшылық ету мүмкіндіктеріне байланысты бола бермейді. Ол басқалардан табысты болуға, алда болуға, тіпті ең болмағанда табысқа жеткен баладан кейін қалмауға тырысады. Бұл әрине, барлық балаға тән нәрсе емес, бірақ қалай десек те, көпшілік балалар жақсы баладан қалмауға, онымен жарысқа түсуге айқын ұмтылыс білдіреді.

     Ойындағы жақсы роль туралы, кімнің епті, кімнің күштірек екені сөз болғанда балалар арасында бәсекелестік болып жатады. «Басқаларға қарағанда жақсы болуға ұмтылу» табысқа жетудің бірден-бір мотиві бола алады және ол балада өз қадір-қасиеті мен кемшілігін сезіну қабілетін туғызатын жағдайдың бірі болып табылады.

      Басты рольді иемденуге, басқалардың арасында жетекші болуға деген талпынысын олар өздеріне қолайлы жағдайларда білдіреді. Егер табысқа жетуге сенімі болып, оған толық мүмкіндік барына көзі жеткенде ғана бала қайсыбір рольді иемдену жөнінде ашық түрде емеурін алады. Бала үшін оның беделге ие болсам деген сенімін нығайтатын, мұнымен бірге жолым болмайды-ау деген қаупін жоятын қосымша ресурс ретінде мынадай әр түрлі шарттардың жүзеге асқаны керек:

— сенімділік – бұл орайда баланың «Жетекші мен болуға тиіспін» деген талабын басқалар мүлтіксіз қабылдайды немесе ол қалаған рольді иемденеді;

— бірдеңеге иелік ету – яғни өз дегенін істеткізуге басқаларды мәжбүр ету /мысалы, бәрі ойнағысы келетін допқа ие болу/;

— қандай да бір артықшылыққа ие болу – мәселен, дәл осы бір ойын үшін қажетті болатын қайсыбір қабілетті иемдену, осы ойын үшін ұл бала /немесе қыз бала/ ретінде басымдылық көрсету т.б..

          -5-6 жасар балалар тәуекелділіктің не екенін де біледі, ол сондай-ақ беделге ие болғысы келетін ниетін құрбылары қабыл алмаған кезде оған өте қиынға соғатынын да біледі. Ойында беделге ие болуға тырысушылық жеке бастың қасиеттерін /ұстамды болу, рефлексияны меңгеру, жеңіске құштарлықты/ дамытады[25].

     Кіші мектеп жасында баланың қай жынысқа жататындығына байланысты рольді иемденуге тырысушылығы әр түрлі дәрежеде байқалады. Ойында жыныстық белгісі бойынша топталады. Ұл балалар асық, аңшы, сарбаз болып ойнайды. Олар бірлескен ойындарды жақсы көреді, онда олардың әрқайсысы өзінің батылдығын, ептілігін, күштілігін дәлелдеуге тырысып бағады. Қыздар қыз-шеше, аурухана, балабақша, мектеп ойынын ойнай жүріп, адамдар арасында пайда болатын эмоциялық қарым-қатынастарды бейнелейді, яғни жақсы көру, көмектесу, әлсіз, ауру адамға жанашырлық көрсетеді.

     Осындай жіктелушілікке, яғни ұл, қыз болып бөлінуіне қарамастан, олар бір-бірімен қарым – қатынасын көз жасымен де, ұрыс – керіспен де білдіруі мүмкін. Мұндай кездері ұл бала сезімталдық, қыз сотқарлық та, қиыншылықты жеңуге талпыныс та көрсетуі мүмкін. Бірақ ойында пайда болатын басты нәрсе – баланың жынысына байланысты ойынды қалау тенденциясы.

      Бала жалғыз отырғанда ойынды көбіне жынысына қарай таңдайды. Мысалы, ұл бала үй, гараж, кеме, мұнара салады, машина айдайды, аюға, қасқырға садақ асынған батыр ретінде танылады. Өз қиялында ол жауыз күшпен айқасқа түсіп, оны жеңіп шығады. Қыз қуыршақ бұрышын жинастырады, тамақ пісіреді, аюдың ауру баласын емдейді, қызына ақылды болуға кеңес береді. Ол өз балаларын сүйіспеншілікпен өсіретін ізгі ана болсам деп қиялдайды.

     Ұл балалар мен қыздардың өз ойыншықтары бар. Ойыншықты таңдау кезінде балалардың белгілі бір жынысқа жататындығы айқын білінеді. Ұл балалар автомат, пистолет, қылыш, садақ, жеңіл машина ойыншықтарын, ал қыз балалар мойынға тағатын моншақ, кішкене қолайна, опа-далап, сөмке  және қуыршақтар жинайды.

     Ойын баланың жыныстық айырмашылығын айқындайды. Ойын балаға еркектің немесе әйелдің алда тұрған ролімен алдынала танысуға, өзінің бойындағы табиғи  қабілеті нышанын жарыққа шығаруға мүмкіндік береді, өзін ұл немесе қыз ретінде сезінуге және өзін болашаққа дайындауға үйретеді.

     Ойын баланың әлеуметтік қарым – қатынас ортасы. Баланың жеке басының дамуы үлкендермен өзара қарым-қатынас сипатына ғана емес, сондай-ақ құрбыларының ықпалына да байланысты болады.

     Құрбыларымен араласуға деген қажеттілік ең алдымен балалардың бірлескен ойындары мен ойындағы қарекетінің негізінде дамиды.

     Құрбы-құрдастар бір-біріне ықпал етеді. Араласу жағдайында ғана бала басқа адамдармен қарым-қатынаста меңгерген мінез-құлық нормаларын практикада қолдану қажеттігін, бұл нормалар мен ережелерді әр алуан нақты жағдайларға бейімдеп қолдану қажеттігін түсінеді.

      Балалардың бірлескен әрекетінде іс-әрекеттерді өзара үйлестіруді, құрбылары мен арада ізгі қарым-қатынас орнатуды, ортақ мақсатқа жету үшін жеке бас тілегінен бас тарта білуді талап ететін жағдайларда балалар мінез-құлықтың қажетті тәсілдерін барлық кезде бірдей таңдай білмейді.

      Әрқайсысы өз тілегін қорғап, құрбыларының тілек-талаптарымен және құқықтарымен санаспайтындықтан, кейде олардың арасында дау-дамай болып қалып отырады. Бірақ нақ осы жаста баланың басқа адамға жанашырлық білдірмей тұрып, басқаның дегеніне көнбей, өзінің дегеніне жетпейтіндігі жайында ақиқатқа көзі жетеді. Ойындар жөніндегі қарым – қатынастар мен ойындық қарым – қатынастар өмірде әлеуметтік қарым – қатынастардың жүзеге асуы түрінде көрінеді. Осыларды бастан кешу арқылы бала адам болуға үйренеді.

     Ойында бала қандай болмасын рольді иемдене отырып, сол рольге сай келетін ережені де таңдап алады. Кез келген сюжетті ойында ереже кейде жабық түрде, кейде ашық түрде көрінеді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз басына алған рольді орындау қажеттігін сезгендігі.

     Мысалы, сатып алушы ролінде бала өзінің сатып алған заттары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға, ауруға талап қоя білуге, тағы басқаға міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына ие болады.

     Мәселен, сатып  алушының роліндегі бала өзіне  ойыншықтар сөресінде бар кез келген бұйымды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушырға жасалатындай қатынасты талап етуге, дәрігер құрмет пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар[26].

     Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықты іске асыруы болып табылады. «Бұлай болмайды!»- дейді өзінің ойнау құқығын ережеге сүйеніп қорғайтын бала. Ойында белгілі бір рольді өзіне жүктей отырып, ол өзін ойын ережесіне сай ұстауға мәжбүр болады және бұдан басқаша болуы тіптен мүмкін емес. Егер ол ережені бұзатын болса және бұл әдетін үнемі немесе жиі қайталайтын болса, онда онымен арадағы қарым – қатынаста балалар тарапынан қоғамдық пікір қалыптасатын болады. Бұл пікір бойынша тәртіп бұзушының жөнсіздікке, тәртіпсіздікке салыну қылығы ашық та қатты айыпталып, балалар өзара талдайды.

      Әрбір бала үшін құрбыларының талап – тілегінен шығу маңызды, сондықтан ол ойынға қатысушылардың үмітін ақтауға тырысады. «Ендігәрі бұлай істемеймін!» — егер бала мұны лайықты үнмен кешірім сұрап айтса, шынында да өзін ережеге сай ұстауға тырысатын болса, мұндай мәлімдеменің мәні болмақ[27].

      Ойында бала басқа балалармен тәуелді қарым-қатынасқа түседі. Ойынды «шынайы қарым-қатынастар мектебі» деп тегін айтып жүрген жоқ. Үлкендердің ролін өздеріне жүктей отырып, балалар еңбек пен қоғамдық қызметте, өзара араласу барысында үлкендер басшылыққа алатын, өздері үшін түсінікті ережелермен, мінез-құқық мотивтерімен танысады.

     Ойын баланың еркін билеп алады, бейнелейтін кейіпкерді толық бастан кешіруге тиісті – ниеттестік, жанашырлық, құрметпен қарау, тағы басқа да сезімдер оған соншалықты қатты әсер етеді. Ойында кішкентай балаларды бейнелейтін балаларға бала ниеттестікпен, қамқорлықпен, мейірімділікпен қарайды; өз теңдестеріне әдептілік көрсетуге тырысады.

      Балаларда роль бойынша атқарып шығуға тиісті бейнені ынтамен ойнауға деген ықыластың күштілігі соншалық, олар бұл жағдайларда өздері үшін сондай қиын да тартымсыз көрінетін әрекеттерді орындауға бар. Мектептегі оқушыларды бейнелей отырып, іш пыстыратын, бірыңғай іспен, атап айтқанда, бір әріптерді сан рет қайта көшіріп шығумен ұзақ уақыт бойы оқу — әрекетімен айналысуға 5-6  жастағылардың қабілеті толық жетеді.

      Баланың өз пікірі топтың пікірімен сәйкес келмейтін кездегі ойын ережелеріне қатысты тәуелді қарым – қатынастар мен құрбыларына бағыну қарым – қатынастарын айыра білу керек. Көпшіліктің пікіріне бағынуды комформдылық деп атайды. Комформдылық көпшілікпен сырттай келісушілік ретінде, келіспеушілікті іштей сезіну кезінде осы көпшілік ықпалына бағыну балалардың қарым-қатынастарында мектепке дейінгі жаста пайда болады.

       Бала комформдылығы өз білім дәрежесіне қарамастан басқаларға дәлелдеу мен қарсы тұру қабілеті әлсіз кезде құрбыларының тобына қосылу механизмі ретінде көрінеді. «Орынсыз істі басқа біреудің соңынан неге қайталадың?» деген сұраққа бала, «өйткені балалар солай дейді» — деп, бір сарынды жауап береді. Сондықтан да ол қараны ақ деп айтуы әбден мүмкін, өйткені балалар солай деген, егер басқа балалар айтып тұрса, олар ащы тағамды тәтті деуден те тайынбайды[27]. 

      Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігінде комформдылық едәуір азаяды. Сонымен бірге 5-6  жасар бала ойындағы шынайы қарым-қатынастарды белгілеу процесінде өз көзқарасын дәлелдеуді, өзінің сенетін, білетін нәрсесін үзілді-кесілді жақтауды үйрене бастайды. Ол таныс құрбылары арасында өз бетінше әрекет алады.

      Ерік – жігерді көрсете білу, өз қарекетін реттей білу, ойға алғанын белсенді түрде жүзеге асыра білу, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен кезде басқаларға қарсы тұра білу қабілеті – адамның аса маңызды  әлеуметтік қасиеті – дербестік болып саналады. Бастауыш сынып жасында балада бұл қасиет әсіресе жақсы таныс құрбыларымен арадағы ойынға қатысты қарым – қатынастарда жетіледі.

          Ойында өзара қарым-қатынастың екі түрі – ойындық және нақты қарым-қатынастар бой көрсетеді. Бұл екі қатынас бірдей емес. Біз ойын барысында байқап жүрген қатынас ең алдымен баланың білімі мен оның қалай әрекет ету керектігі жөніндегі түсінігін сипаттайды. Нақты қарым-қатынастарда бұл түсініктің қамтылуы міндетті емес. Егер ұл бала немесе қыз дәрігер ролінде «ауру адамға» жанашырлық көрсетсе, ойын артынан, бірнеше минуттан соң, әлгі емші, дәрігер «ауру адамның» шын көз жасын төккеніне қарамастан, шімірікпей-ақ одан ойыншықты тартып алады.

          Егер бала өзіне сатушының немесе сатып алушының ролін жүктесе, онда ол ойында адамдардың жеке басы арасындағы қатынастарды сипаттайды. Бұл орайда сату-сатып алу қарым-қатынастарымен қатар, ойын ережелеріне сәйкес өзара байланыстылық қарым-қатынастары да жүзеге асады. Бұл қарым-қатынастардың арасалмағын әдептілік айқындайды.

          Нақты қарым-қатынастар – бұл ортақ істі орындау жолындағы балалардың әріптес жолдас немесе бәсекелестер ретіндегі өзара қарым-қатынасы. Нақты қарым – қатынас жасау кезінде балалар өзара мүдделі жағдайда бір-біріне осындай сыпайы сөздер айтады. Эмоциялық күш түскен жағдайда әдептелік әрінен айрылады.

      Мектеп жасына дейінгі кезеңде балаларды ортақ істе әріптесі табысқа жетпеген жағдайда әдептілік пен жанашырлықтың орнын әдетте ашу- ыза мен дөрекілік басады. Баланы шынайы әдептілік көрсетуге тәрбиелеу – еңбекті көп керек ететін, ұзаққа созылатын процесс.

          Мектепке дейінгі ересек  жастағы балаларда біртіндеп бір-біріне деген үйірлік, бір-біріне деген құрметтеу байқалады.

          Бір жыныстағы балалар бір-біріне деген ізгі әуестікті жайдан-жай көрсетпейді, олар бір-бірін сәйкес келетін бейімділіктері және өзара жағымды бағалауларының сәйкес келуі бойынша таңдап алады. Олардың ойлары бұл жағдайда жыныстың теңдік сипатына сәйкес келетін ортақ ойындарға құрылады / ұл балалар күреседі, жарысады, кеме «жасап», жүзуге аттанады, аңшылыққа шығады, соғыс ойыны т.б.; қыздар жіптен секіреді, қуыршақ, доп ойнайды, ана мен қыз болып ойнайды т.б../. Бұл одақтар эмоцияға құрылатындықтан, ажыраған сәттерде балалар бірін-бірі сағынып жүретін болады[27].

          Сонымен бірге бұл кезде балаларда басқа жыныстың балаларына деген өзіндік қатынас пайда болады. Бұл қатынас – жеке басқа тән нәрсе. Айталық, ұл бала құрбылас қызын немесе одан естиярлау қызды көрген кезде, шынайы да абыржыған сезімге бөленіп, оны сол қыз туралы асқақ арман ойлар билеуі де мүмкін.

        Үлкендер баланың абыржыған сезіміне құрметпен қарауы тиіс. Бұл жерде үлкен адамның келемеждеуге немесе жоғары менмен пішін көрсетуге құқы жоқ және оған баланың махаббат сезімін қоздыруына болмайды, керісінше, сезімі мен қиялын басқа бір арнаға бұрып жіберуге тырысуы керек.

       Шындығында да ұл мен қыздың өзара ұнатушылығының ар жағында бір-бірінің бейімділігі мен өзара жағымды бағаларының сәйкес келуіне орай, бірін-бірі құрмет тұту сезімдері жатады. Ұл мен қыздың одағы өте құбылмалы, тұрақсыз келеді, өйткені бұл жаста жыныстық теңдік баладан өзі жатпайтын жынысқа қарама-қарсы түрде өз жынысының  өкілі ретінде сезінуді талап етеді. Ұл бала өзінің құрбы қызынан /немесе қыз өзінің құрметтейтін жолдас ұл баласынан/ іргесін аулақ салу арқылы ғана өз жынысына жататындығын дәлелдей алуы мүмкін.

      Ұлдар мен қыздар одағының дамытушылық маңызы бар. Жыныстық теңдік, өз жынысының бейнесіне психологиялық тұрғыдан енудің баланың жеке басының дамуы үшін маңызды мәні бар: балалар ойын барысында, ойындағы тікелей араласу барысында ұлдар мен қыздар, еркектер мен әйелдер өздерін қалай ұстауы керек және ұстауға тиіс деген түсініктерін байытады.

          Көпшілік ойындардағы рольдің дәрежесі бірдей емес. Рольді басты /мысалы, капитан, ана, дәрігер, мұғалім/ және қосалқы /бағыныштылар, матростар, балалар, аурулар, оқушылар/ деп бөлуге болады. Басты рольдер әдетте әлеуметтік артықшылыққа ие болатындықтан, олар көбіне-көп балалардың көпшілігі үшін тартымды болады. Бала жалғыз өзі ойнап, қалған кейіпкерлерді қуыршақ арқылы бейнелеген кезде ол өзіне міндетті түрде басты рольді алады. Ал ойынға бірнеше балалар қатысқанда, олардың бәрінің басты рольді иелене алмайтыны – табиғи нәрсе.

          Әдетте мектепке дейінгі жастағылар арасында ойынды ойлап табатын және ұйымдастыратын, роль бөлуге жетекшілік ететін, басқа балалар үшін ойынға қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға бағыт бере алатын балалар болады. Бұларды бастаушылар дейді. Олар, әдетте, басқа балаларға өзі алғысы келетін рольді беруі және келісуі мүмкін болғанмен де, басты рольдерді өздері атқарады /кейбір жағдайда басқаға беруі де мүмкін/. Сөйтіп, ойынның бүкіл барысына шын мәнінде басшылық етеді.

          Бастаушыбұл өзінің соңынан бүкіл топты ерте алатын адам. Мектепке  дейінгі балада бастаушылық қасиет енді-енді дами бастайды. Ал кіші мектеп жасында балалар бұл рольді еркін атқарады. Топқа танымал, топтың сүйіспеншілігіне бөленген, құрдастарымен келісім жүргізе білетін, олардың тілегін ескеріп, аратұра болып тұратын әр түрлы ұрыс-керісті қойғыза алатын бала ғана ойында бастаушы бола алады. Бұл — нағыз бастаушы.

          Бірақ кейде команда, жарлық беруге құштар, тек қана білек күшіне сиынатын агрессивті, дене күші басым бала да бастаушы бола алады. Бұл – агрессивті бастаушы[27].

          Бастаушылық бұл бала бойында үнемі сақталатын қасиет емес. 5-6 жасар балада байқалатын нағыз бастаушылық бұл мектепте одан әрі дамытуды тілейтін бастаушылықтың алғы шарты ғана болып саналады.

          Балалар топтарында қарым-қатынастардың белгілі бір иерархиясы қалыптасқан. Ол топ ішінде бастаушы да, көңіл күйі жоғары, балалар жақсы қабылдайтын белсенді көпшілік те бар. Алайда 5-6 жастағылардың бірқатар топтарында құрбыластары жек көретін балалар да болады. Бұл – балалар топтары үшін маңызды көрінетін көптеген себептерге байланысты болатын жағдай.

      Психолог ғалымдардың зерттеуінше ойын іс-әрекет түрі. Ол алғашында заттық іс — әрекет түрінде бастама алып, кейін ойын, оқу, еңбек іс — әрекеттеріне ұласады, ал педагогикада ойынды іс-әрекет және кейбір элементтерін ойын әдісі ретінде қарастырамыз.

      «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс — әрекеттің бір түрі.

       Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызыметтерді атқарады:

— ойын – сауық;

— коммуникативтік немесе қарым – қатынастық;

— диагностикалық /ойын барысында өзін — өзі тану/;

— коррекциялық /өзін — өзі түзету/;

— әлеуметтендіру;

          Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда[29].

          Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

          Ойын әрекеті – тұлғаның іс — әрекетінің жетекші көріністерінің бір түрі. Ол кіші мектеп жасындағылардың өмірінде маңызды рөл атқарады.

          Ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан көптеген педагогтар ойындарды оқыту үрдісінде міндетті түрде енгізуді қажет етеді.

     Бұл арада К.Д.Ушинскийдің «Ойын баласын ойын үстінде үйрет» десе, Л.С.Выготский «Ойын баланың бастан кешіргендерін жай ғана еске алу емес, ол бастан кешкен әсерлерді жасампаздықпен қайта өңдеу: баланы өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарымен жауап бере алатын деңгейдегі қайта құрастыру мен одан жаңа әрекеттер жасау болып табылады» деген[34].

       Ойын баланың — әлеуметтік қарым – қатынас ортасы.

      Баланың жеке басының дамуы үлкендермен өзара қарым-қатынас сипатына ғана емес, сондай-ақ құрбыларының ықпалына да байланысты болады.

          Құрбыларымен араласуға деген қажеттілік ең алдымен балалардың бірлескен ойындары мен ойындағы қарекетінің негізінде дамиды.

          Құрбы-құрдастар бір-біріне ықпал етеді. Араласу жағдайында ғана бала басқа адамдармен қарым-қатынаста меңгерген мінез-құлық нормаларын практикада қолдану қажеттігін, бұл нормалар мен ережелерді әр алуан нақты жағдайларға бейімдеп қолдану қажеттігін түсінеді[37].

Дидактикалық ойындары оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:

  1. Тәрбиеші дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
  2. Дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
  3. Ойын ережесін жете біліу және балаларға да түсінікті етіп жеткізу.
  4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
  5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
  6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.

          Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.

Әдіскер – ғалым Ж.В.Арутюнян бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда ойында қолдану әдістемесін жасады, бұл жобаны мектепалды даярлықта пайдалануға болады. Ол «оқытуда ойынды қолдану әдістемесі компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы», — деп түсінеді.   Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы[39].

 

 

 

 

ОЙЫНДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

(Ж.В.Арутюнян әдістемесі)

Ойынның нақты мақсаты

Мазмұны                                                                       Құралдары

Ұйымдастыру формасы                                       Түрлері

 

 

       Кесте 1. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымы

 

Бұл жүйені балабақшаның оқыту процесінде басшылыққа алуда тәрбиешіге әдістемелік талаптар қойылады.

Тәрбиешіге қойылатын бірінші талап-ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

— мектепалды даярлықта  ойынды пайдалануда балалардың меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игеріп,  іскерлік- икемділігін қалыптастыру;

— бала қабілетінің қырларын жан-жанқты дамыту;

— ой-өрісін,  есте сақтау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту;

-еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру.

 

 

  • Оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары

 

Балалардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, оны берік еңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке дейінгі балалардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол-мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы[12].

Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады.

Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары:  зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады.

Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Мектепке дейінгі кезеңнің оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы балаларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.

          Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар, т.с.с.)  балаларға жақсы таныс болуы керек.

       Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу падагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:

1.Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

2.Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

3.Ойынға қатынасушылардың — белсенді шығармашылық позициясы.

4.Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.

5.Ойынның эмоционалды болуы.

      Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

1.Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.

2.Ойынға кірісер алдында оның  жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсінідірілуі қажет.

3.Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

4.Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне желеу керек.

        Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт[16].

 

Оның құрылымы :

  1. Міндеті
  2. Әрекеті
  3. Ереже
  4. Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Ал егер оның әрқайсысына жекеше тоқталатын болсақ:

  1. Міндеті — әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп) міндеті оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.
  2. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінез-құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоционалдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты                     жүзеге асырылуы шарт:

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы                                               шарт.

  1. Ереже — ойындар деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс-әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс-әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.
  2. Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

          Балабақшада дидактикалық ойындарды оқу іс-әрекетінде  қолданудың бірқатар педагогикалық шарттары бар:

— Дидактикалық ойындарды балабақшада пайдалану қарапайымнан  күрделіге, нақтыдан абстрактілеуге және керісінше принципіне сәйкес қолдану;

— Беріліп отырған дидактикалық ойындарды өткен материалды еске түсіру және бекіту барысында тиімді, жүйелі қолдану;

— Дидактикалық ойындарды көрнекілікпен астарлап қолдану, көрнекіліктерді эстетикалық талаптарға сай жасап, ойынның дидактикалық мақсатына сай дұрыс қолдану;

— Ұлттық ойындарды әрбір сабақта материалдардың дидактикалық мақсатына сай қолдану;

— Математика сабақтарына ауызша есептеуде дидактикалық ойындарды қолдану;

— Ұлттық ойындар мен дидактикалық ойындарды іріктей отырып, әр сабақтың мазмұнына сай топтастыру қажет;

— Ойындарға қажетті көрнекіліктер жасау, оларды арнайы қораптарға салып жүйелі пайдалана білу керек.

       Бағдарламалық материалға сәйкес тәрбиеші мазмұны жағынан әртүрлі дидактикалық ойындарды-саяхат-ойындарын, тапсырма-ойындарды, жарыс-ойындарды, әңгіме-ойындарын, танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай әртүрлі ойындарды-орындаушылық іс-әрекеті талап ететін, қайта жаңғырту әрекеті орындалатын, бақылау әрекетін, ізденушілік әрекетті көздейтін ойындарды пайдаланады. Содан кейін тәрбиеші ойынның сабақ құрылымындағы орнын және оны жүргізу әдістемесін анықтайды[16].

        Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, (бірден сабақта қолайлы) біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден тәрбиешінің шеберлігін, үшіншіден балалардың психологиялық көңіл-күйінің болуын талап етеді.

       Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиеші жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне балаларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

       Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында балалар түрлі іс-әрекеттерді орынайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс-әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс-әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс-әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді[15].

     Кейбір дидактикалық ойындарда балалардың  орындаушылықпен (берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғырықтандырумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс-әрекеттер орындайды. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс-әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек. Әсіресе дидактикалық ойындарды мектепалды даярлықты қалыптастыруда пайдаланудың маңызы зор.

       Ол үшін  баланың мектепте оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білуіміз қажет. Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі, математика, дүниетану секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің, дағдының бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.

       Дене дамуы — бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы ), қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қол саусақтарының жазу үшін керекті майда, ұсақ моторикасының қимылы, дәл және алуан түрлі қимыл-қозғалыстар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық машықтарының, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының т.б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді.

       Психологиялық даму алдымен «интеллектуалдық даму дәрежесі» деген мағынада түсіндірледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған  орта туралы, адамдардың өмірі жайлы, табиғат заттары мен құбылыстары туралы дүниетанымдық ұғымдарды белгілі мөлшерде меңгереді. Бұл білім көлемі балалар бақшасының бағдарламасында белгіленген.

      Мектепке дейінгі балалардың жеке деректерді емес, мектептегі пәндік оқытуды енгізуге негіз болатын өзара байланысты білімдер жүйесін игеруі маңызды. Олардың таным ынтасын, әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың әртүрлі пәндерден берілетін білім мазмұнының негізін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтанда мектепалды білім беруді бала психологиясына сай ойын арқылы жүргізу керек. Себебі ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын  процесінде бала айнала қоршаған ортаны, адамдар қатынасын  таниды, дүниенің үлкен құрамдас бөлігі «Адам- қоғам- табиғат» туралы ағашқы дүниетанымы  қалыптасады.

       Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие мәселесінің бірі балалардың дамуын жеткілікті ұйымдастыруда әрекеттік қатынасты күшейту арқылы танымдық белсенділікті қалыптастыру ойын әрекеті негізінде жүзеге асырылуы қажет.

        Л.С.Выготскийдің «дамудың жақын аумағынан» «дамудың актуальды аумағына» өту туралы теориялық ұстанымына байланысты бала дамуының сапалы болуы дидактикалық ойындарды пайдаланудың ықпалының зор екені негізге алынған[17].

       Зерттеу мәселесінің көкейкестілігін айқындауда Ж.Пиаже, Дж.Дьюи еңбектеріне, жас ерекшелігі және педагогикалық психология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, бала дамуындағы функциональдық тенденция концепциясына (Д.Н.Узнадзе) бағдар жасалған тұжырымға негізделеміз[34].

      Ойынның психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, В.С.Мухиналардың зерттеу жұмыстарына талдау жасалынып, мектеп жасына дейінгі балалардың қызмет бағыты күшейген кезде, оның құлшынысы туындап ойнағысы келетіні, сондықтан Д.Б.Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рольдерді тасымалдаушылар (ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушылар болатыны анықталған[34].

      Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара қарым-қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өз мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік береді.

      Ойын арқылы бала  өзінің жеке іс — әрекеттерін, қылықтарын, мотивтерін талдау және оларды жалпы адамзаттың байлықтарымен, сондай-ақ басқа адамдардың іс-әрекетімен, қылықтарымен, мотивтерімен салыстыру қабілеті. Ойын  адамдар арасында оң мінез көрсетуге игі ықпал жасайды. Ойынның   дамуында ойынның ықпалы күшті, өйткені ойында адамдармен араласу процесін қамтитын іс-әрекеттің қалай орындалуын бақылауға нақты мүмкіндік жасалады.

     Айталық, ауру бала ролінде ойнай отырып, балдырған ауру кездегідей «жылайды», «азап шегеді», артынша бұл рольді ойнаушы ретінде өзіне-өзі риза болады. Рольді ойнау кезіндегі екі жақты позиция – орындаушы мен бақылаушы — өз мінез-құлқын өзімен әрекеттес басқа біреудің жеке тәжірибесімен, әлдекімнің бейнесімен салыстыру қабілетін дамытады.

      Рольдік ойында адамға тән шынайы қабілет ретінде рефлексияны дамытудың, өзіндік іс-әрекетті, қажеттілік пен күйініш-сүйінішті ақылға салудың, оларды басқа адамдардың іс-әрекеттерімен, қажеттіліктерімен және күйініш-сүйініштерімен салыстырудың орасан зор мүмкіндіктері бар. Рефлексияға қабілеттілікте басқа адамды түсіну, сезіну мүмкіндігінің сыры жатыр. 

       Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамның мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады. Ойын арқылы ол өз құрдастарымен қатынас жасау дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре отырып, өзіне жүктелген рольге қатысты ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімін жетілдіруге, ерік-жігерін реттеуге себін тигізеді.

 

1.3 Ұлттық-дидактикалық  ойындарды оқыту үрдісінде пайдалану жолдары

 

    Мектеп жасына дейінгі  балаларды мектепалды даярлауда ойын әдәстері өте көп қолданылады. Себебі бұл шақта  балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне сай баламен жүргізілетін жұмыстар ойын арқылы жүзеге асырылады, балалардың негізгі іс-әрекет түрі ойын болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ойын іс-әрекеті балаларды  тәрбиелеудің  негізгі құралы ретінде қарастырылса,  оқу іс-әрекетінде ойын оқыту әдісі ретінде көрініс табады. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды даярлауда  ұлттық ойындар ойын әдісі ретінде үлкен  маңызға ие болады.

        Мектепке дейінгі мекемелердің оқу іс-әрекетінде ұлттық ойындарды дидактикалық мақсатта қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері С.А.Ұзақбаева, Е.Сағындықов, С.Елубаев, С.Елубаева, А.К.Айтпаева, Г.Р.Бахтияровалардың зерттеулерінде  қарастырылған. [10,15,41]

      Бұл еңбектерде халық ойындарының білімдік, тәрбиелік және дамытушылық, бала ағзасын сауықтыру-шынықтыру   мәні айқындалып, оларды пайдаланудың жолдары мен әдіс-тәсілдері беріледі.

Ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс — әрекетке көшіп нақты қарым – қатынас барысында біледі.

Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Түрлі заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым – қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

      Баланың таным түсінігі, іс — әрекеті ойыннан басталады, оның негізі болашақ өмірінде жалғасын табады.

       Қазақтың ұлттық ойындары туралы арнайы еңбек жазған Б. Төтенаев «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды» деген пайымдау жасады.[33;56]

        Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде  ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті  негізгі іс — әрекет және бала өміріне қажетті рухани-адамгершілік қасиеттерді ойын арқылы алатындығын  дәлелдеген.

        Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [12].

Ғалым – ұстаз С.Елубаев өзінің «Қазақ халқының қара есептері» деген монографиялық еңбегінде мынандай тұжырым жасайды [15].

Әр түрлі есептерді пайдалану балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне сай, баланы  жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық ықыласын, инициативасын арттыратындай болған жөн.

Қызықты есептер, математикалық өлең, әзіл, ертегі, тақпақ жаңылтпаштар тапқырлықты талап етеді. Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Оны шешу қатаң дәлелге сүйенеді. Мұндай есеп балаларды ұйымшылдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, математиканы құрметтеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа тәрбиелейді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады.

Ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл-күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге,  жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған.

Ұлттық  ойындар баланың көркемдік-эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық, адамгершілік сезімі қалыптасады[16].

Ұлттық ойындардың қайсібірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашлық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын бар өнердің бастауы, шынында да көне мәдениетпен әдеби туындылар сол халық жиналған уақытта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып-білу талпынысына нышаны ретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік-экономикалық айналасы екенін білеміз.

М.О.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болған» — дейді.[12]

        Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрыптары, салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.

      Негізгі кейіпкерлері – баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі,  рухын тәрбиелейді.

«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды. Естіп, көріп, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы, сонадан білгені көргені көп болған адам білімді болады», — дейді А.Құнанбаев. Абайдың бұл сөздерінің де ойынға қатысы бар.[32;453]

1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс-жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре біледі. «Бала ойынмен өседі» — деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек етеді.

          «Балалармен ойнайды,

          Ойнап жүріп ол бала,

          Кеудеде ақыл ойлайды» — деген өлең жолдары да осының дәлелі.

«Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, селсоқ ауырып қалды-ау!» деген пікір айтқан баланың денсаулығын бағдарлайтын халқымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады [32].

В.А.Сухомлинскийдің сөзімен: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын – дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» — деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.[12]

Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Балалар ұлттық ойындарды ойнай отырып өз халқының дәстүрімен, тарихын, ойын мазмұнындағы образдың мәнін түсінеді. Сол образдың жағымды қылықтарын, бейнесін, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

        Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін ұлттық ойындар  мақсаты мен мазмұнына сай белгілі бір бағытты көздейді. Оларды төрт түрге бөліп қарастырамыз:

  1. Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындары. Бала ағзасының қимыл – қозғалысын дамытуға, денесін шынықтыруға, тынығуға,өмір танымын кеңейтуге, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, адамгершілікке үйрететін ойындар.
  2. Ұлттық спорттық ойындар. Балалардың денсаулығын нығайтуға, сауығуы мен шынығуын қалыптастыратын, қимыл сапаларын жетілдіретін, дене құрылысының дұрыс дамуына бағытталған, баланың ойын сергітетін, рухани тазалықты қалыптастыратын ойындар.
  3. Ұлттық ойын – сауықтар. Балалар мен жасөспірімдердің сауық кештерде көңіл көтеруіне, демалуына, өлең айтып, би билеуге, шапшаңдық пен тапқырлықты дамытуға, дүниетанымды кеңейтуге, рухани-адамгершілікті қалыптастырып, бала санасын серпілтіп, көтеріңкі көңіл күй силайтын, шаттандырып, шабыттандыратын ойындар.
  4. Ұлттық – дидактикалық ойындар. Балалардың ақыл – ойын дамытуға, танымдық қызығушылығын арттыруға, тапқырлық пен ұшқырлықты талап ететін, логикалық ойдың дамуын шыңдауға негізделген ойындар.

Осы аталған ойын түрлерін жеке – жеке жіктейтін болсақ, ұлттық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, тәрбие іс-шараларында, балалардың бос уақытында,  сабақтан тыс уақыттарда тиімді пайдалануға болады[33].

1.Ұлттық қимыл – қозғалыс ойындары.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет – ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында шапшаң ойлау, тапқырлық таныту, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік, адамгершілік  қасиеттері қалыптасады.

Әрбір бала  өз денесін жан – жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл – қозғалыста болуы керек. Дене тәрбиесі арқылы қажетті қимыл – қозғалыс түрлерін жасау тәсілдерін үйреніп, оларды сабақтан тыс уақытта өз беттерімен орындай алатын дәрежеге жету үшін үнемі спорт жаттығуларымен таныс болуы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалармен  дене шынықтыру пәнінде қажетті қимыл –қозғалыс түрлерін, гимнастика, жеңіл атлетика, жалпы дамыту, акробатика, көркем гимнастика жаттығулары, сонымен қатар спорт жаттығуларының түрлері мен әдіс – тәсілдерін үйренеді.

 Дене шынықтыру сабағынан басқа бос уақытында қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалану арқылы да өзінің денесін шынықтыруға, ойын сергітіп, рухани дамуына  барлық мүмкіндік жасауға болады.

Бұл мақсаттарға жетуде жеке дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары және сабақтан тыс уақытта ойындарды қолдану болып табылады. Дене шынықтыру сабақтарында балалар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен жаттығып, ұйымдасып шынығуға машықтанады.

Қимыл-қозғалыс ойын барысында  балалар әр түрлі қимылдар жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шапшаң, төзімді болуға жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық  қимыл – қозғалыс ойындарын ойнату барысында да іске асырылады. Сабақтан тыс уақытта ойнатылатын ойын түрлері балалардың  қимыл – қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді.

        Тәрбиешілер серунде,  сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлерін іріктеп алады да, балаларды алдымен ойын мазмұнымен таныстырады. Сонан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Ұлттық ойындарды балалар  еркін іс-әрекетте, топсеруенде, сабақтан тыс бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті балалардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн.

       Тәрбиеші белсенді балалардың көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Балалардың бос уақытында ойналатын ұлттық ойын барысында  балалар тынығады, өмір танымын кеңейтеді, бірлеседі, ұйымшылдыққа үйренеді,  рухани сегіп, дамиды.

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық қимыл – қозғалыс ойындардан басталады.

Мысалы, сабақтан тыс уақытта балалармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады: «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Қойыңа қасқыр шапты», «Ат қума», «Жаяу көкпар», «Түйе – түйе», «Омпы», «Жалау алу», «Қасқыр мен ешкі», «Алшы», «Хан», «Хан жақсы ма?», «Күзетшілер», «Ұшты – ұшты», «Көрші – көрші», «Сақина жинау», «Ақ сүек», «Орамал тастамақ», «Сақина салу» т.б..

Ойындарды өткізу арқылы тәрбиеші балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет – ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді.

        Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарын  үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді, балалардың ойыннан рухани ләззәт алуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл ақыл – ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді[33].   

  1. Ұлттық – спорттық ойындар.

        Ұлттық – спорттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық – спорттық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып табылады.

       Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре  беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан – жақты дамымайды. Ұлттық – спорттық ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек. Онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Денешынықтыру сабағында ұлттық – спорттық ойындарын пайдалану тәрбиешінің  күнделікті оқу іс-әрекетіне  әзірленуі кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі.

Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта, спорттық кештерде, жарыстарда, эстафетада ұлттық – спорттық ойындар өткізуге болады. Ол үшін спорттық ойынды ұйымдастыру, жаңа ойынды баяндау, ойынды жүргізу, өткізілетін ойынды талдау, қорыту қажет.

Ұлттық – спорттық ойындардың нақты ережелері бар, ол балалардың жас және жеке дара, жыныстық ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Ұлттық – спорттық сипаттары «Палуан күрес», «Жамбы ату», «Садақ тарту», «Арқан тарту», «Жаяу бәйге», «Секіру», «Қыз қуу», «Жорға салу», «Көкпар», «Ат бәйге» т.б. ойындар жатады.       

  1. Ұлттық ойын – сауықтар.

      Қазақ халқы өмірге дені сау шыныққан, әділетті, өнерлі, елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Халқымыз ойындарға тек балаларды алаңдату, ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез – құлқының, қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Бала кішкентайынан ата – анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан.

Ежелгі заманға тән жазба деректерден белгілі қазақ халқының ұлттық ойын – сауықтарының түрі сан алуан. Бұл ойындар мереке, мейрамдарда, жұрт көп жиналған бас қосуларда, наурыз тойы сияқты ұлы дүбір жиындарда ойналады[32].

Оларды мазмұнына байланысты бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз: күй шерту, ән тарту, би билеу, өлең айту, дастан – қиссалар орындау, ал шағын көлемді сауық кештерде, жас нәрестенің туу қуанышына арналған шілдехана, ұзартылған қызға дос құрбылары қоштасу ретінде өткізілетін сауық кештерде жастар бас қосатын жиындарда «Үкілі орамал», «Бастап тап», «Көрші», «Қол соқпақ», «Орамал тастамақ», «Сақина салу», «Мыршым» сияқты көңіл ашар күндізгі ойындар болады. «Наурыз мерекесі», «Қазақ халқы», «Айтыс», «Көңіл ашар», «Ауыл кеші көңілді», «Селт еткізер» сияқты тәрбие сағаттарында балалар мен жасөспірімдер ойнайтын ойындар: «Белбеу тастау», «Әйгөлек», «Саққұлақ», «Шешеке», «Бурақотан», «Ақсүйек», «Соқыртеке», «Тымпи», «Ауыл үй», «Алтыбақан», «Әткешек» т.б..

  1. Ұлттық – дидактикалық ойындар.

       Халқымыз жас ұрпақтың саналы, ақыл – ойы дамыған, жан – жақты болып тәрбиеленуінеде ерекше мән берген. Ұлттық – дидактикалық ойындар балалардың логикалық ойын дамытуға, ұшқырлықты, тапқырлық пен шапшаңдықты дамытуға бағытталған. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін барлық оқу іс-әрекеттерде, топсеруендерде,  тәрбие сағаттарында, әр түрлі іс-шараларда, балалармен жеке жұмыста ұлттық – дидактикалық ойындарда пайдалануға болады.

       Мысалы, «Балық аулау», «Алдардың сиқырлы қоржыны», «Ұшты – ұшты», «Теңге алу», «Неше асық», «Алтын сандық», «Кебеже», «Тазы мен түлкі», «Ыдыс- аяқ», «Сиқырлы қоржын» т.б. ойындар бар.             

Балалардың  білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігінде, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуін білімдерін, дағдыларын, іскерлікпен дамытуға байланысты.

Ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқарылатын қызметіне қарай ойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек, айтыс, құрақ, оралым, ою-өрнек, мозайка, шытырман, жарыс, интермедия, дұзақ, қара есеп, сұрақ, алмастыру, қозғалыс, жаттығу болып бөліне береді.

      Ойын тек баланың дене күш  — қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке және тағы басқа танымдық қызығушылыққа тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Баланың әртүрлі ойынмен ойнауы және өзі туып өскен, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, шығармашылық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелеуге, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

        Балалардың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, зейінін, қиялын) өрбітетін ойын, Абай сөзімен айтсақ дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дидукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Балаларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім-әрі сәнді, әрі мәнді болады.

Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады. Ұлттық ойындар қарапайым заттармен ойнала береді. Олай болса, оның дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір тәрбиеші даярлай алады.

       Ұлттық ойнының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

       Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.

        Мысалы: «Қоғи көк» ойынында қаздар тек кемпірдің: «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын ықластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді, адамгершілікке үйретеді  («бірі-бәрі үшін» және «бәрі-бірі үшін» — қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапқырлықты (кемпір) талап етеді.

      Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс — әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

       Ойын іс — әрекетінің тағы бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

          Балалар ойынының ерекшелігі сондай – ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген каһарманның іс — әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.

          Балалар үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойында қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б.. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

          Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.

          Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.

          Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рольдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс — әрекеті ретінде көрсетеді.

       Ойынға қызығу үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, жалпыланып отырылса пайдалылырақ болады[33]. 

Ұлттық дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:

1.Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін                                                білуі тиіс.

  1. Ұлттық дидактикалық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
  2. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
  3. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
  4. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
  5. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
  6. Ойын алаңы балалардың өміріне қауіп тудырмауы тиіс.

          Бұл жерде атап айтатын жағдай,  ұлттық ойындарды дидактикалық бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол оқыту үрдісінің сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, баланың тұлғалық сапларын жетілдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛАУДА ОЙЫН ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

2.1 Дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін                                                                                                                       пайдалану мазмұны

 

 

Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Дидактикалық ойындар оқытудың ойын әдісіне жатады.

Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынты-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке  жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды мектепалды даярлықтың оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Бүгінгі таңда дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б.)[17].

Қазақ халық ойындарының жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев); дене қасиеттерін, қимылдың әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды. [32-34]

Дидактикалық ойындардың  оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  1. Ойын –саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі;
  2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
  3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді…? «Мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюшы ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыру байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

  1. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуына. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, бала қиялының дамуына әсер етеді.
  2. Ойын – әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық процестерді белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады[22].

 

 

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері

                   
         
               
 

 

 

 

                      Ойын-саяхаттар                        Ойын-тапсырмалар  

 

Ойын-болжамдар                    Ойын-жұмбақтар              Ойын-әңгімелер

 

 

Кесте 2. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері

               

 

Кесте 3. Дидактикалық ойындардың танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері

 

 Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

  1. Балалардан орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
  2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
  3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
  4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
  5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

 

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:

  1. Сюжеттік – рольдік ойындар.
  2. Жаттығу ойындар.
  3. Драматизациялық ойындар.
  4. Шығармашылық ойындар.
  5. Әдеби-музыкалық ойындар.

 

 

 

Кесте 4. Құрылымы бойынша дидактикалық ойын түрлерінің жіктемесі

 

Ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

  1. Білім беретін ойындар.
  2. Тәрбиелейтін ойындар.
  3. Дамытатын ойындар.
  4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
  5. Диагностикалық ойындар.

 

 

 

 

 Кесте 5.    Ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне

сәйкес  жіктемесі

 

Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Сондықтан біз  балабақшаның мектепалды даярлық тобында эксперимент жүргіздік.

Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық:

а/ ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;

б/ білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы;

в/ ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

Сонымен бірге біздің зерттеуімізде дидактикалық ойындарды жіктеуге, жүйелеуге қойылатын талаптар анықталды:

  1. Дидактикалық ойындардың мазмұны:

а/ «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде   материалды, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;

         ә/ тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;

         б/ ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілмен орындауын қадағалау керек; в/ оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету қажет.

  1. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болу керек.

3.Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдармен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез, әрі жеңіл болуы шарт.

4.Дидактикалық ойындардың нәтижелері объективті тұрғыдан бағалануы тиіс.

Дидактикалық ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын жетуіне бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіне негізге алдық:

  1. Балалардың жас ерекшеліктері білім, іскерлік және дағдының көлемі, осы сәттері балалардың даму деңгейі мен психологиялық жай-күйі:
  2. Оқып-үйренілетін материалдық сипаты мен мазмұны; сол сабақтың мақсаты;
  3. Нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.

  Ойын элементтері балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, тұлға ретінде қалыптасуға және дамуға үлкен мүмкіндік жасайды. 

 

 

  • Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері

 

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мектепалды даярлық тобында дидактикалық ойындар мен ойын әдістерін пайдалануда оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес  балабақшада эксперименттік жұмыс жүргіздік. Оқу іс-әрекетінде біз жасаған дидактикалық ойындар жіктемесін пайдаланудың нәтижелілігін көрсету. Жұмыстың тиімділігі төмендегідей өлшемдер бойынша анықталды:

1.Білімді меңгеру деңгейі.

2.Іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейі

3.Оқу үлгерімі

Білімді меңгеру беңгейін біз төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтадық (А.А.Кузнецов әдістемесі бойынша)[20]:

1.Саналылық

2.Беріктік

3.Шоғырланушылық (мобильность)

Саналылық – оқу материалдарын жаңғырту қабілеті.

Беріктік – ұзақ уақытқа дейін оқу материалын есте сақтау қабілеті.

Шоғырланушылық – баланың меңгерген білімін келешекте әртүрлі оқу жағдайында қолдану нәтижесі.

Осы белгілерді айқындау дәрежесі бойынша төмендегідей деңгейлер көрсетілді: жоғары, орташа, төмен.

Саналылықтың жоғары деңгейлері:

1.Берік, қатесіз білімді жаңғырту.

2.Ережені мысал арқылы түсіндіру.

3.Берілген ережеге мысалдар келтіре білу.

Орташа деңгей:

1.Білімді 1-2 қатемен жаңғырту.

2.Ережені мысал арқылы қарапайым қателермен түсіндіру.

3.1-2 қатемен ережеге мысалдар келтіру.

Төменгі деңгей:

1.3 және одан да көп қатемен ережені орындау.

2.Ережені түсіндіруде деректі қателер жіберу.

3.Мысалды тәрбиеші көмегімен келтіру.

Беріктік деңгейлері:

       Жоғары деңгей: Оқу материалын алған  уақыттан, тапсырғаннан кейін бірінші күні жаңғырту.

     Орташа деңгей: Оқу материалын алғаш тапсырғаннан кейін 2-3 қатемен жаңғырту.

     Төменгі деңгей: Оқу материалын тәрбиешінің көмегімен жаңғырту.

Шоғырланушылық деңгейлері:

       Жоғары деңгей: балалардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда еркін қолдану қабілеті.

      Орташа деңгей: балалардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда тәрбиешінің шамалы көмегімен қолдану қабілеті.

      Төменгі деңгей: балалардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда қолдана алмауы, мұндай балаларға тәрбиешінің көмегі керек.

      Іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:

  1. Нақтылық.
  2. Жылдамдық.
  3. Ізденімпаздық

Нақтылық – тапсырманы дұрыс орындау.

Жоғары деңгей – тапсырманы қатесіз орындау.

Орташа деңгей – тапсырманы қарапайым қателермен орындау.

Төменгі деңгей – тапсырманы 50% қатемен орындау.

Жылдамдық – тапсырманы белгілі бір уақыт аралығында орындау.

Жоғары деңгей – тапсырманы көрсетілген уақытта орындау.

Орташа деңгей – тапсырманы берілген уақыттан 1-2 минут кеш орындау.

Төменгі деңгей – тапсырманы берілген уақыттан 3 және одан да көп минут кеш орындау.

Ізденімпаздық – өз бетінен орындаушылықтың әртүрлі сатысында тапсырманы орындау.

Жоғары деңгей – тапсырманы ешкімнің көмегінсіз өз бетімен орындау.

Орташа деңгей – тапсырманың кейбір жерлерін тәрбиешінің көмегімен орындау.

Төменгі деңгей – тапсырманың 50% тәрбиешінің көмегімен орындау[20].

       Балалардың оқу үлгерімі орташа балды, материалды меңгеру сапасының процентін (есептеу негізінде анықталды) және үлгерім процентін есептеу негізінде анықталды.

      Эксперименттік жұмыс үш кезеңді – тиянақтау, қалыптастыру, бақылау

кезеңдерін қамтыды.

      Бірінші кезеңде білім, іскерлік және дағдысына қойылатын талаптарды айқындау мақсатымен оқу бағдарламасына талдау жасалынды.

      Сауат ашу және тіл дамыту, яғни математика сабақтарында оқытудың негізгі мақсаты – балаларды байланыстырып сөйлеуге, тура және кері санауға, сұраққа толық жауап беруге, суреттер арқылы әңгіме құрастыруға, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін меңгертуге, өз ойы мен пікірін ауыз екі айқын да, еркін жеткізе алуға үйрету.

       Эксперимент барысында бірнеше сабақтар, дидактикалық ойындар, ойын жаттығулар, логикалық тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар пайдаландық.        

         Дидактикалық ойындар арқылы математика, сауат ашу, тіл дамыту, айналамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  жүргіздік, әрбір сабақ өте қызықты өтті. Мысалы математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылған ұлттық – дидактикалық ойынның үлгісі.        Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 7 санымен таныстыру.  

Мақсаты. Балаларды 7 санымен таныстыру, 7 санына сәйкес ойындар, түсіндірме, жазба жұмыстарын жүргізу, халықтық педагогика тұрғысында тәрбие беру.

Көрнекіліктер: Қоржын ішінде 7 сұрағы бар 7 асық; Тазша баланың суреті; Қазақтың ұлттық киімін киген (қыз бен ұлдың) қуыршақтары; Жеті қазынаның жеке көрнекілігі; үлестірмелі әдемі суреттер; күйтабақ; 7 басты айдаһардың киімі (бет — пердесі).

Оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі сабақ «Қоржын той».

Тәрбиешінің іс-әрекеті: — Балалар, бүгінгі сабақта біз қоржын тойы ойынымен танысамыз. Біздің сабағымызға қоржын әкеле жатыр екен. Біз соларды 2 топ болып қарсы алайық. Өткен сабақтан қай топ жақсы жауап берсе, сол топ қоржын әкелушілерді тосып алу құрметіне ие болады.

«Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз. Тақтада 2 топқа 3 мысалдан тапсырма беріледі. Яғни 1 – топ «Балдырған» 2 – «Балауса»

1 + 5 =                    5 – 2 =

3 – 3 =                     3 + 2 =

4 – 2 =                    1 + 3 =

       Әр топқа 3 баладан шығып, 2 топ өзара жарысады. Ойын барысында мысалды орындай отырып, шығарып болған бала өз тобының келесі мүшесіне орамалды табыс етеді. Қай топ 2 мысалдың жауабын тез орындап,  орамалды желбіретіп көрсетсе, сол қоржын әкелушілерді қарсы алады.

Күйтабақтан «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады. Есіктен шуылдап кірген топ қоржын әкелушілерді қарсы алады.

— Балалар, бізге қоржынды бір ертегінің кейіпкері әкеліпті. Кәне, біз сол сурет сыртындағы тапсырманы орындасақ, ол қонағымыздың суреті шығады екен деп, күймен думандатып қоржынды ашамыз да, шашу ретінде, ішіндегі асықты шашып кеп жібереміз. Шыққан төрт бала «Талапай – ау, талапай» ойын үлгісімен:

Талапай – ау талапай,

Табылды ойын алақай.

Алшасынан асайық,

Талапайға басайық, — деп шуылдасып, 4 асықты бір – бірден алады.

Онда мынадай тапсырма бар.

  1. Аптаның жеті күнін ата. Олар: бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
  2. Жеті ата. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
  3. Жеті қазынаны ата. Ер жігіт, сұлу әйел, білім – ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
  4. 7 – ге дейін санамақты айтып бер.

1 дегенім – бөрік,

Кисең береді көрік.

2 дегенім — етік

Киер сәнді етіп.

3 дегенім – ішік,

Теріден тігер пішіп.

4 дегенім – тымақ,

Қыста кисең жылы – ақ.

5 дегенім — байпақ

Іші жылы жайпақ.

6 дегенім – алқа,

Мойныңа тақ, қалқа.

7 дегенім – жейде,

Көйлек дейді кейде.

— Осы төрт тапсырманың жауаптарын біртіндеп шешкен сайын (мозайкалы) суреттің бөліктерін фланелографқа жабыстырамыз. Сонда, балалар, қандай кейіпкердің суретін танып тұрсыңдар ?

— Тазша баланың.

— Дұрыс, міне, сол кейіпкер бізге қоржын әкеліпті. Өзі де қонаққа келіпті. Енді сендерді айтысқа шақырады. Тазша баламен бірге қуыршақтар да тойға келіпті. Балаллар, енді осы тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік ?

— 7 санын.

— Дұрыс, осы қуыршақтар 7 санын сендерге шашу ретінде әкеліпті, — деп, олардың қолдарындағы7 санымен таныстырдым.

— Соңғы өткен санымыз неше ?

— 6 саны.

— Иә, сол 6 санына тағы 1 санын қоссақ, 7 саны шығады екен.

— Суретте қандай қуыршақтарды, ойыншықтарды көдіңдер ?

— Атасы, апасы, мамасы, папасы, қызы, пеш, қазақ үйі.

— Барлығы нешеу ?

— Жетеу.

 — 5 қуыршаққа 2 ойыншықты қоссақ, неше ?

— 7.

— Қандай ою түрін білесіңдер ?

— Түйетабан, қошқармүйіз, құсізі, айшабибі, т. б.

— Дұрыс, енді 6 санының құрамын еске түсірейік, — деп кітаптағы таблицамен жұмыс жасап айтысымызды аяқтау. Есік сыртынан ысылдаған дыбыс естіледі.

— Ой, балалар, бір сұмдық келе жатыр. Мынау не екен, келе жатыр.

— 7 басты айдаһар.

— Ол тазша баланы аңдып келіпті, жеймін, — дейді.

— Қане, біз оның сауалын тыңдайық; — егер дәптердегі 7 санына сәйкес тапсырманы таза, қатесіз орындасаңдар, райымнан қайтамын, — дейді.

— Кәне, балалар, оның тапсырмасын орындайық па ?

— Иә, орындайық.

— Неге ?

— Себебі ол 6 басты емес, 7 басты айдаһар ғой. Ал жеті саны қазақ халқында қасиетті сан.

— Тамаша, балалар, — деп, дәптермен жұмыс жүргіземіз.

7 басты айдаһар риза болып, райынан қайтты. Енді ол ешкімге тиіспеймін, сендердің тойларыңда болайын, — деп, келісімін берді. Тапсырманы дұрыс орындаған балаға тойбастар таратылады. Оны Тазша бала қоржынынан алып береді. Тойбастар ретінде балаларға әдемі суреттер т. б. естелікке беріледі. Ауылдың алты ауызы ретінде «Дастарқан» әні айтылады.

          Сондай-ақ қалыпқа келтіру экспериментінің барлық кезеңінде де дидактикалық ойындардың әр түрлерін пайдаланып отырдық.  Мысалы,

              «Бұзық телефон» ойыны

Дидактикалық мақсаты: Балалардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Керекті құралдар: Ойыншық телефон, дайын карточкалар, кесте.

Мазмұны: Топтағы балалар столға қатары бойынша жарыса орындайды. Тәрбиеші әр қатардан 1 не 2 балаға дайындаған санды (цифрды) ешкімге көрсетпей қолына береді, немесе құлағына сыбырлап айтады да, үш қатарға үш кесте (немесе сыбырлап айтқан санын өзгертсе де болады) дайындап тақтаға іледі. Балалар кестедегі санды таңбасына қарап өздері білетін санға іштей қосып, екінші балаға сыбырлап айтады, ол екінші амалды орындап үшінгі балаға… т.с.с жалғасады. Ең соңғы бала нәтижені тақтаға жазады. Нәтижесі дұрыс болса, тәрбиеші ол команданың жеңімпаз болғанын айтып, құттықтайды

      Осы кезде жасырып айтқан сандарын бірінші бала ашық айтып, мысалды тексеруіне болады. (тәрбиеші қандай сан айтса да өз еркінде). Телефон қай баладан бастап бұзылса, сол жерден бастап, мысал дұрыс орындалмайды. Жауабы дұрыс болмаса, тәрбиеші әр баладан «құпия» түрде жауаптарын жеке айтқызып тексеруіне болады.

       Сол сияқты «Сиқырлы қоржын», «Балық аулау», «Өз орныңды тап» деген ойындар пайдаландық. Ойын тапсырма да қолданып отырдық.

Санамақ ойындар.

«Жеті алма»

                   Табақта бес алма,                                       Бір алма апама,

                   Қолымда екі алма.                                     Бір алма атама

                   Қосқанда барлығы,                                    Екі алма беремін,

                   Болады неше алма?                                   Әкем мен анама.

 

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады?

Деп Сәуле тағы да,

Алмасын санады.

Жұмбақ-ойындар  І. Құстар туралы

— Қос қанатын иіп ап,                                 — Болмайды бізді ешқашан ату

  Жарға келіп қонады.                                   Түсім аппақ,

  Қара киім киіп ап,                                        Атым-…

  Балшықтан үй салады.                                                (аққу)

          (Қарлығаш)

  1. Аспан әлеміне байланысты

— Аспанға ұшар бу болып,      —        Алдым да әртүрінен жібек жіптің,

  Жерге қайтар су болып                  Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.

                    (Бұлт)                                                (Кемпірқосақ)

  1. Табиғат құбылыстары туралы

— Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,

  Қашады басқан ізі білінбестен.

                             (Жел)

  1. Адам дене-мүшелері туралы

— Тау басына шөп шықты,

   Шөп шыққанда көп шықты.

                             (Бас пен шаш)

  1. Өсімдіктер туралы

— Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

   Қыста жатсаң-жанын рахат табады.

                              (Ағаш)

 

         1.Ойын тақырыбы: Бөлме гүлін күту.

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру. Білімін дамыту. Бөлме гүлдерінің пайдасы мен қасиетін тереңірек білу.

Ойын барысы: Суретте гүлдің сабағы ғана салынған. Енді осы сабаққа бүршік, күлте, жапырақ орналастыру үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.

Бөлме гүлінің қандай пайдасы бар?

Оның қандай қасиеті бар?

Бөлме гүлдерін қалай күтуге болады?

Осы сұрақтарға жауап берген бала сабағына бүршікті іліп, жапырағын жайқалтады, гүлденуіне жәрдемдеседі.

2.«Ғажайыптар алаңы» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың санды өрнек және оның мәнін табу туралы түсініктерін дамыта түседі.

Жүргізуші дөңгелектерді айналдырады да, тоқтаған тілшеге сәйкес келген санды өрнекті оқуды, жазуды және оның мәнін табуды ұсынады. Мұны тақтада дұрыс орындаған оқушы келесі ойынға дөңгелекті айналдырады. Егер ол қате жіберсе, оның қатесін түзеген оқушы айналдырады. Ойын осы ретпен әрі қарай жалғастырыла береді.

  1. 3+5=?; 2. 8 – 2=? 3. 5+10=?    

 

  1. 100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолында қалады?
  2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стаканда су көп? (бірдей)
  4. Бәйге алу – ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі:

а) Қандай ұлттық ойындар бар?

б) Атпен ойналатын ойындар?

в) Біздің еліміз қалай деп аталады?

г) Ел рәміздерін ата?

Осындай сұрақтардан кейін тапсырма оқылып, карточка беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Дұрыс әоі тез жауап берген оқушы туды алып жеңіске жетеді.

  1. Қыз қуу ойыны. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін сауат ашудан сұрақтар оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы – жіңішке демекші, алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды, содан кейін екінші карточкамен ер бала орындайды. Егер ер бала тапсырманы дұрыс орындап болса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.
  2. Қан талапай. Асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапайлап асық алады. Нөмірлері бойынша карточкадағы тапсырманы орындайды. Кім тез әрі дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді.

6.Теңге алу. Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігін табу, айырмашылығын табуға байланысты есептерді ойнайды. Алдымен сұрақ беріледі. Есептің бірнешеуі оқылып талданады. Ұлттық теңгеміздің суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады.

  1. Арқан тартыс ойынында алдымен ойынға байланысты сұрақтар беріледі. Тақтаға арқан суреті ілінеді. Ана тілі бойынша тапсырмаларды кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігі айтылады.
  2. 8. Балапан ойыны. Есік алдында құс балапандары жүр еді. Жанынан бір мысық шыға келеді. Енді балапандарды құтқару керек. Құстардың пайдасы, үй құстары туралы, жыл құстары, олардың қай кезде ұшып кететіндігі, келетіндігін оқушылар әнгімелейді.

Содан барып Құс – біздің досымыз дей келіп, құс санының өсуіне көмегімізді тигіземіз. Суреттегі балапандардың артындағы тапсырманы кім тез әрі дұрыс орындаса, сол оқушы балапанды қорғап қалады.

  1. Айға ұшу.

Талғат, Тоқтар сияқты оқушылар айға ұшқылары келетіндіктерін айтады. Егер берілген есепті дұрыс, тез шығарса, айға ұша алады, шығара алмаса, аспан әлемін шарлай алмайды.

  1. Кім болам?

а) Қандай мамандық иелерін білесіңдер?

б) Өскенде кім боласындар?

в) Ол үшін адамға не керек? т.б. сұрақтары беріледі.

Мамандардың иелерінің  суреті жапсырылған карточкалар қойылады. Артында тапсырмалар бар. Қалаған мамандық суретін алады. Кім дұрыс орындаса сол мамандық иелері болады.

Міне, осы ойындарды ойнатқанда балаларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді.

 

Сауат ашу, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылған дидактикалық ойындар 

 

1)«Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін балаларға меңгеру үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне балалардың назарын аударуға болады.                                                                                                                                Ор – өр                 сұр – сүр              терек – зерек

                    Тор – төр             сан – сән               көл – шөл – төл  

2) «Орнына қойып жаз» ойыны арқылы балалар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.

       Ойын тәртібі: балалар 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш бала тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

                   құл ұ/ы н               кө с/з           ай н/ма                

                   Жұлд ұ/ы з           Қа н/м ат             Алма щ/к

                   сәб/піз                Сә н/ң ия                түлк ү/і

      Білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де балалардың білімін тиянақты, жүйелі етуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.

Дыбыс емес таңба,                          Әрі дауысты әрі дауыссыз.   

Оқылмайды, жазылады.                  Әрі жуан әрі жіңішке.

Әйтсе де бұл екеуі,                           Бұл қай дыбыс?

Біраз сөзден табылады.

                                                                                      (у)

                             (ъ, ь)

                                      Түнде жоқ, кеште бар,

                                      Отта жоқ, пеште бар.

                                                                   (ш)

3)«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады.

          Ойын тәртібі: Балалар   «тәрбиеші» және «бала» болып екіге бөлінеді. «Тәрбиеші» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «балалалар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Тәрбиеші» мен «балалар» өз рольдерін ауыстырып отырады. 

          Мысалы:

                   1) ара – жәндік     2) алма – жеміс    3) аю – жануар

                       ара – құрал          алша – жеміс        ою – өрнек 

4)«Әр әріптен бір сөз» ойыны балалардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді.

          1 – бала                2 – бала                3 – бала     

          р а а ы д               р у ы а л                р ы д а р

          а л қ н ы               м ы л н д               а з а р ы

          қ а ы ы с               а р д а и                м й с

              қ т                      н ш ы                  а т

                                                                   л ы

          Ойын тәртібі: балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топтан бір баладан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топта қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

       Сонымен бірге белгілі бір білімді меңгертуге бағытталған дидактикалық ойындарды пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері болды. Мәселен, «Қандай сандарды жоғалттым?» ойында бірнеше цифрларды қалдырып кеткен карточкалар пайдаланылады. Балалар карточкада көрсетілген бос орынға керекті цифрларды ретімен тауып қояды. Тапсырманы тез, дұрыс орындаған қатарға жеңімпаздар ретінде әртүрлі сыйлықтар тапсырылды. Мұның өзі балалардың танымдық қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді.

«Көршісін ата» ойыны үстінде карточкаға жапсырылған цифрлар (3,8,2,4,5, т.с.с) көрсетілді де, олардың көршілес сандарын атау тапсырылды. Осы ойынды «Көрші-көрші» деген атаумен өзгертіп, басқаша түрде де ұйымдастыруға болады. Мұнда тәрбиеші бір санды атауы керек, мысалы 7 дейді. 7 саны тағылған бала ілгері шығып, тақтаның алдында тұрады. Осыдан кейін тәрбиеші бұл санның көршілері қатарына тұру туралы бұйрық береді және олар өзара салыстырылады. Ойынды осылайша түрлендіріп өткізу материалды берік меңгеруге көмектеседі.

«Керекті цифрын қой» ойынында 5 сіріңке қорабына әртүрлі заттарды салдық. Бала қорап ішіндегі заттарды санап, зат санына сәйкес цифрды көрсетеді. Бұл ойынның мақсаты балалардың санау дағдыларын қалыптастыру және /балалардың/ заттарды санмен сәйкестендіруге үйрету болып табылады.

Сандардың құрамын табуға байланысты «Мынау кімнің үйі?» ойыны пайдаланылды. Мұнда көп қабатты үйдің терезелеріне әртүрлі сандар жазылып қойылды және жануарлардың суреттері балаларға үлестірілді, олардың арттарында сандардың құрамында болатын өрнектер жазылған /3+4, 2+3 т.с.с./ осы өрнектердің мәнін тауып, сол суреттерді терезелерге жапсырады да, кімнің үйі екендіктерін анықтайды. Мұның барлығы балалардың ынтасын, ерік-жігерін арттырып, тапсырманы орындауға құлшындырады.

Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану балалардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді, өйткені мектеп жасына дейінгі балалар әлі ойын балалары.

     Балалардың қызығушылығын арттырып, білім дәрежесін жетілдіруде ойынның мәні зор екендігіне нақты көз жеткіздік. Дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдаланғаннан кейін оның нәтижелігін анықтауға мүмкіндік беретін  қорытынды жұмыс жүргізілді.

      Зерттеуіміздің эксперемент бөлімін үш кезеңге бөліп жүргіздік. Әр кезеңде тиісті әдістемелерді пайдалана отырып нақты міндеттерді шешу шарттары қойылды.

Сонымен зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің орындалуы біздің алға қойған ғылыми болжамымызды дәлелдейді.

Мектепалды даярлық топ балаларының ақыл-ойын дамытуда дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып балалардың танымдық белсенділігін, оқыту үрдісіне деген қызығушылығын арттырдық. Балалардың ақыл-ойы, логикалық ойлауы, байланыстырып сөйлеу тілі дами түсті.  Мысалы экспериментке дейін эксперименттік топ балаларының ақыл-ойының даму көрсеткіші 33 %  болса эксперименттен кейін ол 63 %-ке көтерілген, орташа деңгейі 29 % болса, эксперименттен кейін 19%-ке көтерілген, төменгі деңгейі 18%-нт.  

 

         

 

                Экспериментке дейінгі кезең

 

 

 

 

   Жоғары

 

   Орташа

 

   Төменгі

Бақылау тобы

 

     28 %

 

       36%

 

         36%

Эксперимент тобы

     33%

       29%

         38%

                

                          Эксперименттен кейінгі кезең

 

 

 

 

   Жоғары

 

   Орташа

 

    Төменгі

Бақылау тобы

 

     34%

 

       42%

 

         24%

Эксперимент тобы

     63%

       19%

         18%

 

Зерттеу жұмысында көзделген мақсат міндеттеріміз, яғни оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жүйесі жасалды. Жұмысты қорытындылай келіп дидактикалық ойындар және ойын әдістерін балабақшаның барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдаланудың орны ерекше екендігін ділелденіп отыр.

 Бұдан байқайтынымыз мектепалды даярлық балаларымен жүргізілетін оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін пайдалана отырып балалардың білім сапасын, танымдық белсенділігін, сабақтың тиімділігін және ақыл-ойын, қызығушылығын арттыруға болады.

         Қызығу – танымдық іс — әрекеттің қозғаушы күші екенін ескерсек, дидактикалық ойындарды балабақшаның оқыту үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқту үрдісіне қызықтыру арқылы  бала қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

          Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикада оны қалыптастырудың үш жағдайы қарстырылған[23].

          Біріншісі – оқытудың мазмұны, мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.

          Екіншісі – балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалау, мадақтаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.       

          Үшіншісі – тәрбиеші мен балалар,  балалар мен  балалар арасындағы қарым – қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Балалар өзі ұнатпайтын тәрбиешінің сабағына ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады. 

       Қызығуды туғызу үшін  дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданылған дидактикалық ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардыдың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.  Дидактикалық ойындарды  барлық топтарда қолдануға болады[28].

       Жоғарыда көрсетілгендей бүгінгі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру деңгейі-не жету бағытында игі қадам жасауда. Мұның өзі мектепке дейінгі педагогика теориясына да ықпал жасап, білім берудің мазмұнын жаңартуға бастап отыр. Сондай–ақ педагогтар алдына қойылған жаңа талап–мақсаттар олар-дың көп ізденіп, бала тәрбиесінде, оларды оқытуда әдіс–тәсілдерді үнемі жетілдіре отырып, жаңа технологияға байланысты тәжірибеден туған озат үлгілерді күнделікті болмыста көптеп пайдалануға жетелейді.

          12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектепалды даярлықты қалыптастыру жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы әлемдік озат тәжірибені пайдалану мүмкіндігін жүзеге асыруымыз қажет[3].

      Себебі, мектепке дейінгі білім – жалпы білім беру жүйесі-нің құрамдық бөлігі ретінде маңызды рөль атқарады, өйткені оның шеңбе-рінде баланың табиғи қасиеттері және ерекшеліктері көрінеді, оларды дамытуға жағдайлар жасалады, баланың мектепке дайындығының кең көлемді бағдарламасы жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңде әлемде мектепке дайындық дегенді екі құрамдас бөліктің жиынтығы ретінде түсінеді: оқуға дайындық және мектепке дайындық.

          Оқуға дайындық – бұл білімді және дағды мен шеберлікті меңгерудегі адамның туа біткен ой — өрісінің қабілеті. Оқуға деген кұштарлық әр адамда әртүрлі, ол көптеген факторлармен күшейе түседі: жақсы денсаулық және медициналық мекемеге кіруге жолдың ашықтығы, жақсы тамақтану, ата – аналардың экономикалық мүмкіншіліктері және олардың жұмыстарының болуы, отбасының қолдауы, қызмет көрсету және қолдау саясатының болуы.

          Мектепке дайындық–бұл мектеп тәжірибесін оңтайландыру мақсатын-а баланың игерген белгілі білімі және дағдысының нәтижелік көрсеткіші болып табылады, бұл кезеңде күш жұмсалатын, моторлы, әлеуметтік дағдылар, оқу себептері, тіл және танымдық дағдылары тұрақты әрі берік қалыптасады.

       Сол себепті баланың мектептегі оқуын және оның жеке қасиеттерін дамыту деңгейін арттыруға психологиялық дайындығы  5-6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білімін жүзеге асыру кезеңінде аса жауаптылықпен өтуі тиіс.

          Мектепке дайындық – бұл тек баланың хал–жайы ғана емес, ол мектеп-тің де, отбасының да, ортаның да жағдайы. Осы жағдайларды жақсы анықтап, жақсы түсіну үшін, 5-6 жасқа дейінгі балалардың мектепалды дайындық стандарты міндетті түрде қажет[5].           

          Осы жолда жасалған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандартында» (2009 ж.) мектепке дейінгі балаларды, нақты айтқанда 5-тен 6 жасқа дейінгі балалардың мектепалды дайындық стандарты негізгі бала тәрбиесіндегі төмендегідей басты – басты мәселелерді қамтиды[3]

  1. Себептер жүйесінің және мінез–құлығының, адамгершілік түсінігінің қалыптасуы ретіндегі жеке басты дайындығы;
  2. Әлеуметтік – психологиялық дайындық – жаңа әлеуметтік оқушы ролін қабылдауға дайындығы;
  3. Оқу қызметі және танымдық ортаның даму саласындағы бастапқы білімінің қалыптасуы ретіндегі интеллектуалды дайындығы;
  4. Физиологиялық дайындығы–баланың негізгі функционалды жүйесінің даму деңгейі;
  5. Жігерінің дайындығы – ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты қызметтегі өзінің іс-әрекетін ретке келтіре білуді қалыптастыру.

          Мектепке дейінгі ересек жастағылардың стандартының негізгі идеялары:

  1. Табиғат – бұл адам өмір сүретін және дамитын үлкен әлем. Адам табиғатты сақтап, оның байлығын арттыруы керек. Адамның және адамзаттың жақсы тұрмысы табиғаттың амандығына тәуелді;
  2. Адам — әлемдегі ең жоғарғы құндылық. Адам – бірегей мүмкін-шіліктері мен қабілеттері бар табиғаттың бөлінбейтін бөлшегі. Әр адам табиғатынан ерекше. Адам кең құқыққа және еркіндікке ие. Адамның құқығын және еркіндігін міндетті түрде құрметтеу керек, басқа адамға төзімді болу керек;
  3. Денсаулық – адам тұрмысындағы маңызды байлық. Адам өзінің денсаулығын сақтау керек, күтіп, күшін сарп етпей, өзінің ағзасын шынық-тыруы керек. Дененің саулығы – адамның психологиялық және рухани саулығының негізі;
  4. Отбасы – бұл ең жақын және қымбатты адамдар өмір сүретін әлем. Өзіңнің жанұяңды сүйіп және сақтау керек, туғандарыңа және жақындарыңа қамқор болу керек. Жанұя – бұл адамның түрлі жағдайлардағы сенімді тірегі және қорғанышы;
  5. Отан – бұл адамның туған және өскен елі. Отан – бұл қала, ауыл, көше, үй, жанұя, туғандар, достар, балабақша және тағы басқалар. Отан тек біреу ғана болады, сондықтан оны сүю керек. Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстан–қазіргі заманда әлемдегі демократиялық мемлекет. Жас қазақстан-дықтар денсаулығы мықты, бақытты, білімді болып өсулері тиіс[3].

          Балалық шаққа байланысты Қазақстанның ұлттық саясатының мәні болып табылатын осы идеялар – мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнының негізі болып табылады да, ол бүгінгі таңдағы әлемдік стандарттың негізінде жасалғанын айқындайды[7].

          Стандартта қойылған міндеттер егеменді елімізді болашаққа бастар азаматтардың бойында мынандай абзал қасиеттер қалыптастыруды ойлас-тырған: денсаулығы зор, салауатты өмір сүретін, танымдық қабілеті мол, шебер де шешен, білімді да зерек, айнала қоршаған ортаның тазалығын сақтау жолында аянбай күресе алар, ғасырлар қойнауына тереңдеп бара отырып, бабалардан қалған асыл мұраларды толықтырып, әлем игілігіне жаратар азаматтарды тәрбиелеу үшін қойылған. Оны жүзеге асыру 12 жылдық білім беруге көшуге алғы қадам жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ

 

Әлемдік қоғамдық-әлеуметтік  ғылымдар жүйесінде жеке тұлғаны табиғатқа үйлесімді тәрбиелеу метақағидасына сәйкес бала тәрбиесіне жаңа мазмұн беру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

Гуманистік педагогика мен психология ғылымдарында табиғатқа үйлесімділікке тәрбиелеу басты әдіснамалық бағыттардың бірі ретінде зерттеу жұмыстарына бағдар беруде. М.Хайдагер, А.Роджерс, Маслоу, В.Розанов, В.Бондаревкая, т.б. ғалымдар бала тәрбиесінің гуманистік сипатта берілуі үшін оны өзі өскен ортаға сай тәрбиелейтін педагогикалық шарттар туғызу керек, сонда ғана бала дүние танымы мен ақыл-ойы И.Гальперин айтқандай сатылы даму арқылы жеткі-лікті қалыптасу фазасында болады дейді[13-17].

Осы ғылыми тұжырымдар біздің зерттеу жұмысымыздың әлемдік ғылым талабына жауап бере алатынын көрсетеді. Біз зерттеу жұмысымызда  баланың жас және жеке дара ерекше-ліктеріне сай, негізгі іс-әрекеттері арқылы тәрбиелей отырып білім беру, балаға меңгертілетін қарапайым білім негіздерін бірте-бірте сатылай кеңейте отыру, дамыта оқытудың негіздерін басшылыққа алуды қажет ететін әдістемелік мазмұн дайындалып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді.

         Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес  дидактикалық ойындар мен ойын элементтерін пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру, нәтижелі болатыны зерттеу болжамының дәлелденгеніне көз жеткіздік.

Зерттеу жұмысында көздеген негізгі мақсат міндеттеріміз, яғни оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жүйесін жасау, оның тиімділігін айқындау. Жұмысты қорытындылай келіп дидактикалық ойындарды балабақшада жүргізілетін барлық сабақтарда пайдаланудың орны ерекше екендігін ділелденіп отыр.

Мектеп жасына дейінгі балалар өте еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан тәрбиеші сабақ барысында  дидактикалық ойын түрлерін пайдалана отырып, балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып,  алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу  балалардың  сабақты  аса зор ықыласпен  тыңдап,  білімді берік меңгеруіне  көмектеседі.

Мектепалды таярлық топ балалары жас ерекшеліктеріне сәйкес ойынға ынталы,  тапсырманы жылдам, дәл орындауға құмар,  тез  шаршап,   серігіп  қалады.  Дидактикалық ойын түрлерін қолдану,   балалардың сабаққа деген  қызығушылығын арттырып, сабақтың  тиімділігін  жоғарлатады.  Балалардың  білім сапасын, білім- білік, дағдыларын  қалыптастыру,  тиянақтау, бекіту,  тексеру болып табылады.

Жұмыстың теориялық бөлімінде ұлттық, дидактикалық ойындарды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасадық.  Көрнекті психологтар (Эльконин Д.Б., Узнадзе Д.Н., Выготский Л.С., Рубинштейн С.Л., Венгер А.А. т.б.), педагог-әдіскер ғалымдар (Арутюнян Ж.В., Микитинская М.И., Сағындықов Е., Айтпаева А. Т.б.) дидактикалық ойындарды балабақшаның оқу іс-әрекетінде алатын орнын дәлелдеп берді [38-41].

 Сондықтан оларды тиімді пайдалану білімді берік, әрі терең меңгеруге, сапалы тәрбие беруге және балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

 Теориялық мәселелерді талдау, балабақша тәрбиешінің тәжірибелерімен танысуға, жүргізілген тәжірибелік — эксперименттік жұмыс нәтижелері бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

  1. Оқу іс — әрекетінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздерін меңгерту, дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәнін түсіну оларды оқыту құралы немесе әдісі түрінде (оқыту) тиімді пайдалануға көмектеседі.
  2. Әр бір ойынның өзіне тән ерекшелігі бар, 1-жағынан ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады, 2-ші жағынан ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті – жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс-жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
  3. Дидактикалық ойындардың жіктемесін жасауда біз оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктерін, білім көлемі мен сипатын, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алдық.
  4. Ойын балалардың эмоциясына әсер ету арқылы іске асып, оқу материалмен түсінуді жеңілдетеді, оқуға ынтасын көтереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010ж.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандарты. Астана-2009,-30б.
  4. «Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған бағдарлама. Астана-2010,-114б.
  5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбиелеу тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 1995ж., № 1
  6. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2030» стратегиясы, -Алматы, 1997.
  7. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлау тұжырымдамасы — Астана, 2006.
  8. Назарбаев.Н.Ә. Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде- А.145
  9. «Білім туралы Заң»-//Егемен Қазақстан (тамыз 2007)

10.АйтпаеваА.К.Программа «Использование казахских народных детских игр в детском саду»- Алматы, 1996-26с.

11.Ахметов С. Балабақшада білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.-А: Рауан,1994-84с.

  1. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1971
  2. Гонеболин Ф.Н. Психология.-А:Мектеп,1976-237.
  3. Занков Л.В. Избранные педагогические труды-М: Педагогика, 1990-98
  4. Елубаев С., Елубаева С. Дидактикалық ойындар мен логикалық есептер-«Бастауыш мектеп»,1995-№9-10. 17-35
  5. Елубаева С. Дидактикалық ойын-оқыту әдістетерінің бірі /Отбасы және балабақша, 1998- -№ 2. 7-13.

17.Жикалина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар А: Рауан, 1992-64.

  1. Жұмабаев М. Педагогика-А: Ана тілі, 1992-160
  2. Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей

дошкольного возраста. Сост.Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко.–М:  Просвещения, 1989-212.

20.Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям дошкольников. –М: 1985

21.Крупская Н.КК. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. –А:Мектеп, 1973-730.

  1. Қосанов Б.М., Өміртаева Р.Қ. Математикадан дидактикалық ойындар

және қызықты жаттығулар.-А: Атамұра, 1998-48б.

  1. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика –А: Рауан, 1992 – 240б.
  2. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознания. Личность-М: Политиздат,
  3. Микитинская М.И. Игровые ситуации как средство повышения

эффективности обучения дошкольников по математике.М.-1993-220

26.Моро М.И. және т.б. 1-кластағы матматика.  А: Мектеп, 1975-305

27.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – А:

Мектеп, 1986-230

28.Педагогикалық ізденіс. /Құрас.И.Н.Жаненова.А:Рауан, 1990– 574.

29.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред.абсқ.

А.В.Петровский-А: Мектеп, 1987-286.

30.Рубинштейн С.Л. Принцип и пути развития психологии – М, 1959.

31.Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық

тапсырмалар.-А: Рауан 1993-51.

32.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –А: Рауан, 1993-176б.

33.Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану.-

А: Рауан, 1993-76б.

34.Мухина В.С Алты жастан мектепте –Алматы,-125.

  1. Жикалина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар.

А.: Рауан, 1992-64.

36.Жұмабаев М. Педагогика-А.: Ана тілі, 1992-160

37.Жұмаділдина Р. Ойын-еңбек жиынтығы / Бастауыш мектеп, 1987-

№12 9-10.

38.Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям учеников–М:  и                                                          Просвещения, 1985.

39.Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты  математикалық                                                                                                                                                                                                                                                     тапсырмалар.-А.: Рауан 1993-51.

40.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –А.: Рауан, 1993-176б.

41.Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде

пайдалану.-А.: Рауан, 1993-76б.

42.Тіл ашар /Құраст. Шәкенова А.-А.:Жалын,1999-313.

43.Толыбаев Қ. Кел, ойнайық,-А.: Өнер, 1990-62.

44.Ұзақбаева С.А. Айтпаева А.К. Воспитательные возможности казахских народных детских игр.-А., 1996-135