АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

Берілген дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:

 

1. ГОСТ 7.1 – 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар.

 

2. ГОСТ 7.32 – 2001. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Безендірілу құрылымы мен ережелері.

 

3. Қазақстан Республикасының  2 желтоқсан 1999 жылғы № 490-I. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы.

 

4. Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарлама.– Астана, 2011. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

АНЫҚТАМАЛАР

Жұмыс қабілеттілік – адамның уақыт бірлігі ішінде нақты тиімділікпен жұмыстың максималды мүмкін көлемін атқара алу қабілеті.

Дене жаттығулары – дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.

Күш – адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.

Шапшаңдық – адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.   

Ептілік – адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Төзімділік (жалпы) – адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.

Иілгіштік – қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі;

АҚ — артериялық қан қысымы ;

СҚ — систолалық артериялық қысым;

ДҚ- диастолалық артериялық қысым;

ПАД- пульстік артериялық қысым;         

МҚК- минуттық қан көлемі;

СК- систолалық қан көлемі;

ТК – тынысы алу көлемі;

ТЖ – тыныс алу жиілігі;

ӨТС – өкпенің тіршілік сыйымдылығы;

ДМИ — Дене мәдениеті институттары

ЖЖ- жалпы жаттығулар

АЖ- арнайы жаттығулар

ДЖ — демді алу жиілігі

ҚҚ — қан қысымы

БЖСМ – балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

СШ — спорт шебері

БҚ – бастапқы қалып

НТ – негізгі тұрыс

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты — өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған [1]. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті [2].

Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.

Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңының 1- тарау, 9-бабының 1-тармақшасында: «Денсаулығы нашар оқушылар дене тәрбиесімен арнаулы медициналық топтар мен емдік дене шынықтыру топтарында шұғылданады» — деп айқын көрсетілген болатын [3]. Ал, еліміздегі көптеген мектептерде денсаулығы әлсіз оқушыларға арналған арнайы дәрігерлік топтар толық ұйымдастырылмайды немесе немесе мүлдемге жоқ. Бұлай болуының басты себептері: арнайы қаржының бөлінбеуі, материалдық- техникалық базалардың жеткіліксіздігі, сабақ өткізетін арнайы әдістемелік

құралдар мен бағдарламалардың жоқтығы, кейбір мектептердегі денсаулығы әлсіз балалар санының өте аз болуы т.б. жатады. Алайда, осыған қарамастан дене тәрбиесі мұғалімдері мен мектеп басшыларының арнайы дәрігерлік топтар ашып, дене тәрбиесі сабағын өткізуге құлықты болып отыр. Сондықтанда осы мәселенің көкейтестілігі бүгінгі таңда ерекше маңызға ие деп айтуға болады.

Ал, елімізде аталмыш меселе төңірегіндегі зерттеулер өте аз, тіпті мүлдемге жоқ деуге де болады. Сол себепті де денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесін өткізге қажетті ғылыми әдістемелік құралдар мен арнайы әзірленген бағдарламаларды дайындау кезек күттірмейтін, үлкен маңызға ие мәселе болып отыр.

Міне осындай ел келешегіне елеулі әсер етер мәселені арқау еткен бұл диссертациялық жұмыстың дене мәдениеті мен спорттың жанашырларының, аталмыш салаларда қызымет етіп жүрген жас мамандармен ізденушілердың түсініктерін онан ары тереңдете түсулеріне аз да болса көмегі болар деген ойдамын.

Зерттеудің мақсаты: мектептегі денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастырудың жолдары мен еліміздегі қазіргі жәй-күйіне талдау жасау, анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастыру тимді жолдары мен әдістемелерін анықтау.
  • Теориялық ақпарат көздерін оқу, талдау, зерттеу арқылы денсаулығы әлсіз оқушылармен жүргізілген жұмыстармен танысыу, анықтау.
  • Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердегі арнайы дәрігерлік топтардың жұмыс жасау жағдайларын талдай отырып, аталмыш топ жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу нысаны: мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу үрдісі.

Зерттеу пәні: мектептегі арнайы медициналық топқа жататын

денсаулығы әлсіз оқушылар.

Зерттеу болжамы:

  • егер мектеп оқушыларын үнемі дәрігерлік-педагогикалық сынақтардан үнемі өткізіп тұрса;
  • егер денсаулығы әлсіз оқушылардың ауру сипатын терең түсініп, ертерек лайықты денсаулық топтарына қатыстыртып, дене тәрбиесі сабағын жүйелі әрі ғылыми түрде жүргізсе;
  • егер денсаулығы әлсіз оқушылар арасында арнайы дәрігерлік топ жұмысын ғылыми түрде жүргізуге, жас мамандардың аталмыш саладағы түсіктерін онан ары тереңдетуге негіз болатын арнайы бағдарламалар мен оқу құралдары жасалынса;
  • егер мектептерде арнайы дәрігерлік топ жұмысына мектеп басшылары, ата-аналар, басқа пән мұғалімдері, сондай-ақ оқушылардың өздері белсене ат салысып, қолдау көрсетсе;
  • егер денсаулығы әлсіз оқушылар арасында көпшілік сауықтыру шараларын үнемі өткізіп, жақсы нәтиже көрсеткендерді мадақтап, өзгелерін ынталандырып, олардың қызығушылықтарын жоғарылатып, қосымша психикалық жақтардан да түрліше көмектер көрсетілсетіліп, оларды көтермелеп отырса;
  • егер арнайы және жоғары оқу орындарында дене мәдениеті және спорт мамандарын даярлау кезінде болашақ жас мамандардың денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесі туралы ғылыми түсінік қалыптастыруына жағдайлар жасап, аталмыш саладағы мамандарды даярлау мәселесі дұрыс жолға қойылса.

Мектептердегі денсаулығы әлсіз оқушылардың денсаулығын тезірек қалпына келтіріп, жан-жақтылы жетілген, ел дамуына өз үлесін қоса алатын озық ойлы, сау денелі азаматтарды тәрбиелеп шығуға әбден болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын өткізудің әдіснамалары мен тимді жолдары жаңа қырынан қарастырылып, оның маңызы, оқу үрдісіндегі ұймдастырылу жолдары мен ерекшеліктері, денсаулықтарының қалпына келу деңгейлері анықталды. Сонымен қатар, денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесін өткізудің тимді жолдары мен ерекшеліктері анықталып, әдіснамасы нақтыланды әрі ғылыми және іс-тәжірибелік зерттеулер арқылы дұрыстығы дәлелденіп, жаңадан ұсыныстар берілді.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: мектептегі денсаулығы әлсіз оқушылар арасында дене тәрбиесі сабағын өткізудің тимді жолдарын табу мақсатымен жүргізілген ғылыми іс-тәжірибелік зерттеудің нәтижелерін денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесі сабағы барысында қолданғанда олардың денсаулықтарының қалпына келу мүмкіндіктері жоғарылай түсті. Осы әдістемелерді мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту мақсатында іс жүзінде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау кезінде негізгі міндеттер мынандай ғылыми-зерттеу жұмыстары көмегімен іске асырылды: ретроспективті ақпарат алу әдістері: әдебиеттерді оқу, талдау, құжаттарды оқу, талдау, сұрақ, сауалнама, әңгіме-интервью алу; ағымдық ақпараттарды жинау әдістері: педагогикалық талдау, бағалау, сұрақ, сауалнама, әңгіме, интервью жүргізу, ағымдық құжат­тарды талдау әдістері, педагогикалық эксперимент, алынған мәліметтерді математика-статистикалық өңдеу әдістері.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қоры­тындыдан, авторлардың еңбектері пайдаланылған 86 әдебиеттер тізімінен, 2 сурет, 26 кестеден тұрады. Жұмыстың соңында қосымшалар берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1     ДЕНСАУЛЫҒЫ ӘЛСІЗ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің мәні мен маңызы

 

Бүкіл адамзат баласына ең қымбатты нәрсе – өмір сүру. Ал, осы өмір сапарындағы ең тамаша әрі өмірге тұлға ретінде қадам басудың алғашқы мезгілі – мектеп қабырғасында білім алған мезгілі болып табылады. Бұл мезгіл балдырған балалық шақ пен қайраты тасыған, жалынды жастық шақты қамтып, «тарыдай боп кірген баланы, таудай етіп шығарытын» уақыт кезеңі болып саналмақ. Балалықтан ересек адамға айналатын осындай алтын мезгілде мектеп оқушысы физиологиялық, психологиялық жақтардан үздіксіз өсіп жетіліп, моральдық көзқарастары мен өмірге деген көзқарастары қалыптасады. Қабылдау қабілеті ең күшті, еліктеушілігі мен бейімделгіштігі ең жоғары деңгейде болатын осы мезгіл аралығында мектеп жасындағы балалар түрлі әрекет дағдыларын тез меңгеріп, оңай қалыптастырып алады. Сондықтанда осы мезгілдерде оқушы бойында тамаша мінез-құлық пен қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, өмірге қажетті қозғалыс шеберлігін меңгерту әрбір дене мәдениеті және спорт саласындағы мамандардың алдына қойған мақсаты болып табылады. Егер осы кездерде оқушылар өз бойларында жағымды іс-әрекет дағдыларын қалыптастырып, денсаулығы мықты, жан-жақтылы болып жетіліп шықса, мұның игілігін өмір бойы көретін болады. Керісінше, бойында жаман әдеттер мен икемсіз қозғалысқа дағдыланған, денсаулығы әлсіз, дене қуаты төмен болса, мұның зардабын өмір бойы арқалап өтетін болады.

Көптеген ғалымдардың дәлелдеулері мен өмір тәжірибесі адамдардың өсе келе денсаулық жағында немесе күнделікті жүріс-тұрыстарында байқалған ақаулардың, көбінесе, олардың мектеп қабырғасында алған білімдерінің жеткіліксіздігінен немесе тәрбиеленуінің дұрыс болмауынан болатындығын ұғындырды. Сондықтан да, мектептегі оқыту және тәрбие беру үрдісінде еш қателіктер кетпеуі тиіс [4]. Бұл тұрғыда балаға берілетін еңбек, ақыл-ой,

эстетика, өнегелілік тәрбиелері мен қатар дене тәрбиесінің де жүйелі әрі

ғылыми жүргізілуін қадағалап отыру керек [5].

Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің мәні өте тереңде. Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы өте әлсіз болып туылады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмытқадан жарлысымен жүгіріп кетеді. Ал, адам баласы туғанда іңгалаған айғайы мол бір кесек ет. Ақыл-есі жоқ, денесі тым әлсіз, өсіп-жетілуі өте баяу болады. Сондықтанда оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпек, яғни оған тәрбие бермеуге мүлдем болмайды [6]. Тәрбие барысында тәрбиеші ата-ана немесе педагог маман дене тәрбиесіне өте көңіл бөлу керек. Көбінесе, тәрбиеленуші оқушының рухани жақтан жетілуіне, қабілетін арттыруға көп көңіл бөліп, оқушының денесін тәрбиелеуді соңына қалдырып, тек баланың жанын тәрбиелеуге ғана мән беретін көзқарас мүлдем дұрыс емес деп саналады. Себебі, дене – жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі затта берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құралы мықты болса есі де мықты болады. Осыған орай «Сау жан сау денеде ғана болады» деген халық даналығының философиялық мәні өте терең екенін аңғару қиын емес [7].

Бір адамның бүкіл ғұмырындағы денінің сау, дене қуаты дайындығының жоғары, күнделікті өмірге қажетті қимыл-қозғалыс шеберлігі мен дағдылары жоғары деңгейде қалыптастыруына мектеп қабырғасындағы дене тәрбиесі сабағына жүйелі қатысып, үнемі спортпен айналысу, салауатты өмір салтын сақтау тікелей әсерін тигізеді. Деседе, нарық экономикасы кезіндегі бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып жатқан бір-бір үйдің еркелері мен серкелерінің немесе «отбасындағы бала патшалардың», дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың аталған маңыздылығын мойындағысы келмейді. Компюьтер мен ойын автоматтарының алдына жайлана жайғасқан жалқаулардың ойнағысы, терелегісі келмейді. Бұған қоса кейбір ата-аналардың да балаларының дене тәрбиесі мен емес, компюьтер мен шетел тілін т.б. пәндерді меңгеруін қалайтынын қайтерсіз. Дегенмен, бұған бола дене тәрбиесі мен спорт өз маңыздылығын жоғалытпайды. Керісінше, аталмыш сала бойынша түрлі зерттеулер жүргізіліп, зерттеу қорытындылары мен жаңалықтары туралы гәзет-журналдарда, баспа беттерінде үздіксіз жарық көруде.

Қысқасы, мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі сауықтыру, білім беру және тәрбие беру міндеттерін арқалай отырып, оқушы ағзасының толық әрі дұрыс өсіп-жетілуіне, денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болуына үлкен әсерін тигізіп, тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де терең мәнге, зор маңызға ие, денсаулықтың көпірі болып табылады.

 

  • Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы және дене қуаты дайындықтары

 

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушылар жас мөлшері бойынша 6-7 – 17-18 жас аралығындағы, яғни, балалықтың соңғы мезгілі мен жасөспірімдік мезгілді қамтиды. Бұл кез өсіп-жетілудің ең қарқынды мезгілі болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің денесінің дамуы, өсіп-жетілуі барысында қоректену, ұстанған өмір салты, орта, дене тәрбиесі және спортпен айналысу, науқастану, тұқым қуалау факторлары әсерінен, дене келбеті, қабілет, жыныстық жақтан пісіп жетілу сияқты жақтарында дене даму көрсеткіштерінде айырмашылықтар пайда болады. Бұл қалыпты құбылыс және ортақ заңдылық болып табылады [8].

Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуын анықтайтын 3 негізгі өлшем бар. Олар: бой биіктігі, дене салмағы және көкірек қуысының кеңдігі [9].

Бой биіктігі – адам денесінің төбе нүктесінен бастап, жер бетіне дейінгі тік аралық. Бойдың биіктігін арнайы өлшеу аспабымен өлшейді. Ол негізгі өшеуіш тақта, өлшеу бағаны, басып тұратын тегіс тақта сынды үш бөлімнен құралады. Тақтаның үстінде тік тұрғандағы қалыпта тұру керек. Екі өкше, бөксе, жауырын сүйегі осы үш орын өлшеу бағанына тиіп тұру керек. Өлшем бірлігіне сантиметр (см) алынады. Ұл оқушылардың бойының биіктігі жылына 5-8 см, қыз оқушыларда жылына 3-6 см өседі.

Дене салмағы – адам денесінің жалпы салмағын, нақтылы айтсақ, балалар мен жасөспірімдердің қаңқа, бұлшық ет, тері астындағы май және ішкі органдарының салмағы мен олардың өсуінің немесе артуының жалпы жағдайын білдіреді. Оны арнайы салмақ өлшегіш таразылар мен өлшейді. Өлшем бірлігіне киоллграм (кг) алынады. Ұл оқушылар жылына 4-6 кг салмақ қосып отырса, қыз оқушылар жылына 3-5 кг салмақ қосады.

Көкірек қуысының кеңдігі – адам денесінің кеуде бөлімінің айналым көрсеткіші. Ол кеуде сиымдылығы мен кеуде бөлімінің қаңқасы, бұлшық ет және май қабатының жалпы жағдайын көрсетеді. Көкірек қуысының кеңдігі пластамасса метрмен өлшенеді. Өлшем бірлігіне сантиметр (см) алынады. Көкірек қуысының кеңдігі ұл оқушыларда жылына 3-4 см, қыз оқушыларда жылына 2-4 см ұзарады. Ұлдарда 13-15 жасында өсу шамасы ең тез, ал, қыздарда 11-13 жастарында өсу шамасы ең тез болады. 12-13 жастардағы қыздардың көкірек қуысының кеңдігінің өсуі ұлдардан жоғары болса, 14 жастан кейін ұлдардың көкірек қуысының кеңдігінің өсуі қыздардан жоғары болады.

Балалардың дене дамуы кезінде екі реткі тез өсу сатысы болады. Бірінші реткісі – баланың ана құрсағындағы мезгілі. Екіншісі – 10-12 жастарда болады. Ұл-қыздардың жастық шақ мезгіліндегі дене дамуы барысында бой биіктігі мен дене салмақтарында екі реткі айқасу құбылысы болады. 10 жастан бұрынғы ұлдар мен қыздардың бой биіктігі мен дене салмағының жыныстық айырмашылығы тым аз болады. Ұлдар қыздардан сәл биігірек болады. 10 жастан кейін қыздардың өсуі ұлдардан асып кетіп, бірінші реткі айқасуды қалыптастырады. Бұл қыздардың жастық шақ мезгіліндегі тез өсіп-жетілу сатысының ұлдардан ертерек болатындығын түсіндіреді. Ал, екінші реткі

айқасу 14-16 жас кездерінде болады. Бұл кезде ұлдардың дене даму көрсеткіштері өзімен құрбылас қыздардан асып, ұлдардың жастық шақ мезгіліндегі өсіп-жетілуінің тез өсу сатысына өткендігін, ал, қыздардың жетілуінің баяулау сатысына өткендігін көрсетеді. Ұлдар мен қыздардың жастары өскен сайын, ұлдардың бой биіктігі мен дене салмағының абсольюттық мәні ұқсас жастағы қыздардікінен ересек адам болғанға дейін жоғары болады. Кейбір деректерге қарағанда, ұлдар мен қыздардың бой биіктігіндегі, дене салмағындағы бірінші реткі айқасу 8-11 жас, екінші реткі айқасу 12-16 жас аралықтарында болады деп көрсетілген [10].

Шетел ғалымдарының зерттеулерінше, балалардың бой биіктігінің өсуінің 75%-ы тұқым қуалауға, 25%-ы қоректену, дене тәрбиесі және спорт жаттығуларымен айналысуға, орта факторларына тәуелде болады екен. Ал, қаңқа дамуының 80 %-ы тұқым қуалау, 20 %-ы орта факторына ұшырайды екен. Әке-шешенің дене формасы балаларының дене формасына аса зор әсер етеді. Нәсілдік әсер етуі жағында дене формасы, тұлға, қол-аяқтың салыстырмасында тұқым қуалаудың әсері біршама үлкен болады. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, Жапонияның Токио қаласының немесе АҚШ-ның Лос-Анджелос қаласында ержеткен Жапония балалары болсын, олардың ұқсас тұрмыс шар-жағдайында өскен Еворпалық балалардан орташа бой биіктігі жағындағы айырмашылығы болмағанымен, Жапония балаларының аяқтарының ұзындығы ұқсас бой биіктігіндегі Еворпалық балалардікінен қысқа болады екен. Міне бұл дене дамыуының нәсілдік әсеріне ұшырайтындығын дәлелдейді [11] .

Мектеп жасындағы оқушылардың дене дамуы туралы Уанбаев Е.Қ., мен Уанбаева Ф.Ж. «Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі» атты кітабында көрсетілген орыс ғалымдары Ю.П.Лисициннің, Н.Н.Алфимовтың, Ю.В.Высочинин және В.И.Шапошникованың еңбектері бойынша баланың бойы, салмағына байланысты дене дамуын бағалау кестесі берілді (1кесте) [12]. Сол кітапта балалардың дене дамуы мен дене қуаты дайындығы туралы балалардың дене даму көрсеткіштері олардың дене қуаты көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Денелері дұрыс дамыған балалардың көбінесе дене қуаты көрсеткіштері де жақсы болады деп көрсетілген. Сондай-ақ, Қазақстан мемлекетінің шығыс өңірлерінде мектеп оқушыларына арналған, сол жердегі климаттық, әлеуметтік, экономикалық жағдайға сай дене қуаты дайындығы сынақ жаттығулары кейінгі жылдары тұрақты қолданылып келеді. Ол сынақ жаттығулары:

  • 6 мин жүгіру. Төзімділік деңгейін анықтау жаттығуы.
  • 3 х 10м қайталап жүгіру. Жылдамдық және ептілік деңгейін анықтау жаттығуы.
  • Орнынан ұзындыққа секіру. Күш жылдамдығын анықтау жаттығуы.
  • 30 метрге жүгіру. Жылдамдық деңгейін анықтау жаттығуы.
  • Нығыздалған допты екі қолмен желкеден лақтыру. Қол, иық деңгейінің күшін анықтау жаттығуы.

Егер сынып оқушыларының 15%, бірнеше дене қуаты қасиеті сынақтарын төменгі деңгейде тапсырса дене тәрбиесі сабағының үрдісіне сол қасиеттерді дамыту туралы өзгерістер енгізу керек болады. Жоғары деңгейде болса сабақтарды оқу, жаттықтыру түрінде өткізіп дене қуаты қасиеттерін ары қарай дамыта беру ұсынысы берілген.

 

1 кесте — 6-16 жастағы ұл балалардың дене даму көрсеткіштері

Жасы

Көрсет-

кіштері

Төмен

Ортадан төмен

Орташа

Ортадан жоғары

1

2

3

4

5

6

6 жас

Бойы, см

99,1 төмен

99,1 – 108,0

108,0 — 120,3 (114,2)

120,3 — 127.9

Салмағы, г

16 500 төмен

16 500 – 17 900

17 900 – 22 100 (20 200)

22 100 – 24 900

7 жас

Бойы, см

108,9 төмен

108,9 – 116,9

116,9 – 128,6 (122,4)

128,6 – 134,7

Салмағы, г

17 700 төмен

17 700- 19 900

19 900 – 26 500 (23 200)

26 500 – 30 900

8 жас

Бойы, см

108,4 төмен

108,4 – 120,2

120,2 – 129,1 (124,3)

129,1 – 130,3

Салмағы, г

20 400 төмен

20 400 – 22 500

22 500 – 25 600 (24 000)

25 600 – 26 100

9 жас

Бойы, см

119,5 төмен

119,5 – 124,5

124,5 – 134,5 (129,6)

134,5 – 139,3

Салмағы, г

23 00 төмен

23 000 – 24 900

24 900 – 28 100 (26 500)

28 100 – 28 800

10 жас

Бойы, см

126,3 төмен

126,3 – 132,4

132,4 – 148,0 (140,5)

148,0 – 155,2

Салмағы, г

24 300 төмен

24 300 – 27 600

27 600 – 37 900 (32 500)

37 900 – 43 800

11 жас

Бойы, см

128,7 төмен

128,7 – 137,4

137,4 – 152,3 (144,8)

152,3 – 159,8

Салмағы, г

26 200 төмен

26 200- 30 100

30 100 – 41 900 (36 000)

41 900 – 61 600

12 жас

Бойы, см

137,4 төмен

137,4 – 143,4

143,4 – 160,2 (151,8)

160,2 – 170,1

Салмағы, г

27 600 төмен

27 600 – 31 800

31 800 – 44 300 (38 100)

44 300 – 53 500

13 жас

Бойы, см

136,1 төмен

136,1 – 145,5

145,5 – 166,6 (156,0)

166,6 – 177,2

Салмағы, г

39 300 төмен

39 300 – 47 800

47 800 – 64 800 (56 300)

64 800 – 73 300

14 жас

Бойы, см

142,0 төмен

142,0 – 151,2

151,2 – 170,7 (161,5)

170,7 – 179,7

Салмағы, г

28 681 төмен

28,681 – 34 267

34 267 – 45 096 (39 618)

45 096 – 50 752

15 жас

Бойы, см

150,0 төмен

150,0 – 158,0

158,0 – 175,0 (167,0)

175,0 – 182,0

Салмағы, г

39 300 төмен

39 300 – 47 800

47 800 – 64 800(56 300)

64 800 – 73 300

16 жас

Бойы, см

162,1 төмен

162,1 – 167,0

167,0 – 179,3 (173,5)

179,3 – 185,0

 

2 кесте — 6-16 жастағы қыз балалардың дене даму көрсеткіштері

Жасы

Көрсет-

кіштер

Төмен

Ортадан

төмен

Орташа

Ортадан

жоғары

6 жас

Бойы, см

99,6 төмен

99,6 – 106,5

106,5 – 119,8 (113,1)

119,8 -124,0

Салмағы, г

16 00 төмен

16 00 – 17 500

17 500 – 21 600 (19 800)

21 600 – 25 100

7 жас

Бойы, см

111,7 төмен

111,7 – 117,1

117,1 – 127,8 (122,3)

127,8 – 132,4

Салмағы, г

17 800 төмен

17 800 – 20 000

20 00 – 26 100 (23 000)

26 100 – 30 700

8 жас

Бойы, см

113,5 төмен

113,5 – 123,2

123,2 – 132,7 (127,4)

 132,7 – 135,0

Салмағы, г

21 900 төмен

21 900 – 23 300

23 300 – 28 000 (25 600)

28 000 – 28 200

9 жас

Бойы, см

119,5 төмен

119,5 – 126,6

126,6 – 137,0 (131,5)

137,0 – 139,9

Салмағы, г

26 800 төмен

26 800 – 27 300

27 300 – 32 800 (29 900)

32 800 – 33 200

10 жас

Бойы, см

129,0 төмен

 129,0 – 133,9

133,9 – 145,0 (139,3)

145,0 – 152,5

Салмағы, г

24 200 төмен

24 200 – 29 600

29 600 – 33 600 (31 600)

33 600 – 45 700

11 жас

Бойы, см

132,5 төмен

132,5 – 138,2

138,2 – 154,2 (146,2)

154,2 – 161,0

Салмағы, г

25 500 төмен

25 500 – 30 500

30 500 – 45 900 (37 500)

45 900 – 57 500

12 жас

Бойы, см

137,3 төмен

 137,3 – 145,7

145,7 – 162,5 (153,1)

165,5 – 166,7

Салмағы, г

29 600 төмен

29,600 – 34 100

34 100 – 51 300 (42 800)

51 300 – 62 400

13 жас

Бойы, см

139,7 төмен

139,7 – 149,4

149,4 – 164,5 (156,6)

164,5 – 174,0

Салмағы, г

34 700 төмен

34 700 – 39 700

39 700 – 56 500 (48 400)

56 500 – 70 400

14 жас

Бойы, см

129,9 төмен

129,9 – 151,8

151,8 – 167,0 (158,4)

167,0 – 171,6

Салмағы, г

36 300 төмен

36 300 – 43 400

43 400 – 59 400 (51 500)

59 400 – 66 500

15 жас

Бойы, см

150,0 төмен

150,0 – 155,0

155,0 – 167,0 (164,0)

167,0 – 174,0

Салмағы, г

39 300 төмен

39 300 – 46 900

46 900 – 62 300 (54 700)

62 300 – 69 900

16 жас

Бойы, см

151,0 төмен

151,0 – 156,0

156,0 – 167,0 (162,0)

167,0 – 173,0

Салмағы, г

41 800 төмен

41 800 -48 700

48 700 – 62 600 (55 700)

62 600 – 69 600

 

  • Денсаулықтары әлсіз оқушылардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері

 

Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағы бірнеше түрлі денсаулық топтарына жатқызылған оқушылар арасында өткізіледі. Оқушы- ларды түрлі денсаулық топтарға бөлудің негізгі шарты – олардың денсаулық жағдайы болып табылады. Тиісті топты дәрігер міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің қатысуымен анықтайды.

Оқушылардың денсаулық жағдайын бағалау кезінде ағза қызметінің ауытқу деңгейін тексеріп алған жөн. Тексеріп зерттеу кезінде оқушының ата-анасынан бұрын жұқпалы аурулармен ауырғандығы, олардың ұзақтығы мен асқынуы, баланың жалпы жағдайы, мінез-құлқы туралы ақпараттарды нақтылап сұрау, сондай-ақ, оқушының ой және дене жұмысына қабілеттілігінің қандай деңгейде екендігін анықтап бағалау керек. Тексеру жүргізу қорытындысы бойынша оқушыларды топ бойынша жасақтауға болады. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың арасында үш денсаулық тобы құрылады [13].

  • Негізгі топ. Негізгі топқа денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындықтары жақсы, әртүрлі спорт түрлерімен тұрақты айналысатын немесе айналыспайтын, мектептегі дене тәрбиесі сабағына қатысатын оқушылар жатады.
  • Дайындық тобы. Дайындық тобына денсаулықтары аздап қана нашарлаған және дене қуаты дайындығы төмен оқушылар жатқызылады. Олар негізгі топтағылармен бірге дене тәрбиесі сабағына қатыстырылады. Бұл топқа жататын оқушыларға жүктеме қарқыны мен көлемі аздау беріліп, сынақ жаттығуларын тапсырғанда дайындық тобында екендігі ескеріледі. Оларға тапсырма топтық және жеке әдіс түрлерінде берілуі мүмкін.
  • Арнайы дәрігерлік топ. Арнайы дәрігерлік топқа денсаулықтары әлсіз оқушылар жатқызылады да, олар негізгі мектеп бағдарламасымен оқитын дене тәрбиесі сабағынан босатылады. Бұл топтағы оқушылар ауыруларының сипатына байланысты осы топта тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Бағдарламаға теориялық мағлұматтар және іс-тәжірибелік сабақтар кіргізіледі [14].

Теориялық білім мағлұматтары: гигиена негіздері, жаттығушының ағзасына дене тәрбиесі жаттығуларының әсері, дәрігерлік бақылау түрлері, дене тәрбиесі амалдарын денсаулықты нығайтуға қолдану, қимыл-әрекетті меңгеру жолдары және т.б.

Оқушылардың денсаулық жағдайын бағалау кезінде ағза қызметінің ауытқу деңгейін тексеріп алған жөн. Тексеріп зерттеу кезінде оқушының ата-анасынан бұрын жұқпалы аурулармен ауырғандығы, олардың ұзақтығы мен асқынуы, баланың жалпы жағдайы, мінез-құлқы туралы ақпараттарды нақтылап сұрау, сондай-ақ, оқушының ой және дене жұмысына қабілеттілігінің қандай деңгейде екендігін анықтап бағалау керек.

Арнайы дәрігерлік топтардың оқушыларына жұмыс жоспары негізгі бағдарлама материалдарын есепке ала отырып, ауыру түрлеріне байланысты көптеген дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін азайту, кейбір арнайы жаттығуларды қосу түрінде жасалынады (3 кесте).

 

3 кесте — Арнайы дәрігерлік топтарға өткізілетін дене тәрбиесі сабағының үлгі ретіндегі тақырыптық жоспарлары

Сабақ тақараптары

Сағат саны/ сыныптар

1 сы/п

2

сы/п

3

сы/п

4

сы/п

5

сы/п

6

сы/п

7

сы/п

8

сы/п

9

сы/п

10

сы/п

11

сы/п

Білім негіздері

Сабақ барысында

4

4

4

4

6

6

6

Жалпы дене қуаты дайындығы

10

10

8

8

20

20

16

16

16

16

16

Арнайы дене қуаты дайындығы

10

10

16

16

30

30

34

34

34

34

34

Спорттық және қозғалмалы ойындар

14

14

10

10

14

14

14

14

12

12

12

Барлығы

34

34

34

34

68

68

68

68

68

68

68

                             

 

Іс-тәжірибелік сабақтарға: гимнастикалық жаттығулар, қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері, жеңіл атлетика және шаңғы дайындығын жүргізгенде негізгі орын гимнастикалық жаттығуларға беріледі.

Гимнастикалық жаттығулар: сапқа тұру, саптық бұрылулар, саптық қозғалыс жаттығулары; жалпы дене дамыту жаттығулары, әртүлі құралдармен орындайтын жаттығулар; әртүрлі снарядтарда орындайтын жаттығулар; тепе-теңдік жаттығулары; мүсін түзулігі жаттығулары; би жаттығулары; снарядтарда ілініп тұру, тіреліп тұру жаттығулары тағы сол сияқты жаттығулар.

Қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері оқыс, тез орындалатын қимыл әрекеттері жоқ, жеңіл ойналатын қозғалыстар болуы керек. Секіру, ауырлық көтеру, статикалық ширығу, күрес, бәсеке  сияқты ойын элементері оқушылардың денсаулықтарына зиян тигізуі мүмкін, сондықтан дене тәрбиесі мұғалімі қозғалмалы және спорттық ойындар элементтерін таңдағанда, оқушыларды ойнатқанда өте мұқият болуы керек. Ауруларына байланысты топтарға қалай бөлінетіндері 6 кестеде көрсетілген [15] .

 

4 кесте — Оқушыларды ауыруларына байланысты А, Б, В топтарына бөлу

Топ

Дәрігерлік сипаттама

Жүктеме мөлшері

Қолдануға болмайтын жүктемелер

А

Жүрек аурулары, орталық жүйке жүйесі, көз, гепатит, ісік аурулары

Бастапқы кезде жүктеме орта қарқында беріледі, 130-150 ж.с.ж. – біртіндеп көбейеді

Күш-жылдамдығы жататын, қатты жүгіру, секіру, тез еңкею, ауырлық көтеру жаттығулары

Б

Тыныс алу, ас орыту мүшелері, бүйрек, бауыр аурулары

Жалпы дамыту жататын бұлшық ет топтарына біртіндеп кіргізу

Жаттығуларды төмен қарқында орындау

В

Қозғалыс-тірек аппараты аурулары

Арқа, іш, қол, аяқ бұлшық еттеріне жаттығуларды,  отыру, жату түрлерін де беру. Жалпы және күш төзімділігін дамыту.

Жүктеме орта және жеңіл қарқында

 

Екінші негізгі түрі — дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы жақын сынып 1-2, 3-4, 5-8, 9-11 оқушыларын біріктіріп, аптасыны үш рет, 30-45 минуттен жүргізіледі. Арнайы дәрігерлік топтарына жүргізілетін жылдық оқу мерзімі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең уақыты бірінші тоқсанды, екінші кезең уақыты екінші, үшінші, төртінші тоқсан уақыттарын қамтиды. Бірінші дайындық кезеңінде дене тәрбиесі сабағының уақыты 35 минөтке созылады. Ол 35 минөт уақыт берілетін себебі, дене тәрбиесі мұғалімінің оқушыларға жүктемені байқап, азырақ беруі үшін, ауырған ағзаның берген жаттығулар санына, ұзақтығына әсерін байқап, бақылауы үшін беріледі. Екінші негізгі кезеңде сабақтың ұзақтығы 45 минөт. Дене тәрбиесі сабағын өткізер алдында ж.с.ж. 80 соғу/минөттен жоғары болмауы керек. Сабақ кезінде тұрақты түрде жүрек соғу жиілігін бақылап отыру керек. Тыныс алу жаттығуларына өте үлкен көңіл бөлінеді. Тыныс алу ырғағы, жиілігі бұзылса жүктемені азайту керек болады. Шаршаудың сыртқы белгілерін 7 кестеде көрсетілген.

Негізгі қағида әрбір оқушының ауруын, ауыруының ерекшеліктерін, ауыру сипатын білу. Білген білім негізінде, керек кездерде жеке тапсырмалар беру, сабақ кезіндегі жүктемені оқушының дәл сол кездегі денсаулық күйіне байланыстыра беру сияқты әдістемелік қағидаларды арнайы дәрігерлік топтың мұғалімі жақсы білуі керек [16].

Арнайы дәрігерлік тобындағы оқушыларды мектеп мүмкіншілігіне байланысты жиі-жиі дәрігерлік бақылаудан өткізіп отыру керек болады. Ал, осы ретте дене тәрбиесі мұғалімдерінің осы денсаулықтары әлсіз оқушылармен жұмыстарының табысты өтіп жатқаны – арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар дайындық тобына, дайындық тобындағы оқушылар негізгі топқа өтіп жатқан сандарынан білінеді.

Арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған денсаулығы әлсіз оқушыларға жаттығулар сабақ кестесі бойынша қарапайым сабақ ретінде немесе күннің екінші жартысында қосымша сабақ ретініде өтуі мұмкін. Сабақтарды индидуалды әдіспен өткізу керек [17].

 

5 кесте — Шаршаудың сыртқы белгілері

Сыртқы

белгілері

Шаршау дәрежесі

жеңіл

орташа

үлкен

Бет әлпетінің, денесінің

қызаруы

Аздаған қызару

білінеді

Бірталай қызару

белгілері бар

Тез қызару,бет әлпеті ағару, ернінің көгере бастауы

Терлеуі

Аздаған, бетінің терлеуі

Басының, денесінің терлеуі

Өте көп терлеу, тұз пайда бола бастауы

Тыныс алуы

Бір қалыпты дем алу

Жиі дем алу, ауыз арқылы

Өте жиі дем алу, ентігу

Қозғалуы

Қозғалысы дұрыс

Қозғалысы сенімсіз

Теңселу, қимыл үйлесімінің бұзылуы, аяқтың дірілі

Ықыласы

Қатесіз орындайды

Бұйрықты нақты орындай алмауы

Тапсырмаларды ақырын, бірнеше рет айтқанда орындау

Көңіл күйі

Шағыну жоқ

Жүректің жиі соғуы мен ентігуіне

шағынуы

Қатты шаршағанына, аяғы ауырғанына, басы айналуына, ентігуіне, құлағы шулап, жүрегі айнуына шағынуы

 

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылармен дене шынықтыру сабақтары арнайы жасалған бағдарлама бойынша қалыпты мектеп режимі жағдайында жүргізіледі. Денсаулық жағдайы елеулі түрде ауытқыған балалар мен жасөспірімдер емдік дене жаттығулары (ЕДЖ) сабақтарын жүргізуді қажет

етеді. Дәрігерлік зерттеу мен нақты тәжірибе нәтижесі арнайы топқа жататын оқушылардың көбінің ағзаларында ұқсас ауытқушылықтар, яғни жұмысқа қабілеттілік деңгейі төмен болатынын көрсетеді, Сондықтан олар түрлі сипаттағы ауралармен ауырса да, топтық оқыту сабақтарын ұйымдастыруға болады.

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар саны 10-15, дене тәрбиесі және жаттықтыру сабақтары аптасына 2 рет 45 минуттан немесе аптасына 3 рет 30 минуттан өткізіледі. Негізінен бұл топтарды 1-4 сынып, 5-7 сынып, 8-9 сынып, 10-11 сыныпқа бөлуге болады. Жаттығулар спорт залында немесе арнайы құрлығымен жабдықталған бір адамға 4 кв.м есептелген бөлмеде өтілуі тиі. Дәрігерлік тексерулер мен тәжірибе арнайы топқа жататын оқушылар ағзасында ұқсас ауытқулар (ревматизм ұстамасы аралығында, созылмалы өкпе қабынуында және т.б.) болатынын көрсетеді: жұмысқабілеттілігі, жүрек қызметі, тыныс алу жолдарының қызметі  шамамен барлығында бірдей төмен. Сондықтан оларға аурулардың түрлі сипатына қарамастан, топтық оқыту сабақтарын ұйымдастыруға болады [18] .

Тірек-қимыл аппаратының елеулі бұзылған (сал ауру, т.б.), сонымен

қатар денсаулық жағдайы біршама ауытқыған оқушыларға емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу қажет.

Денсаулық жағдайы ауытқыған оқушылардың дәрігерлік тобын анықтау үшін денеге түсетін жүктеменің тиімділігін, сонымен қатар сауығу немесе аурудың асқынуының алдын алу үшін ең тиімді жағдайлар жасау керек. Созылмалы ауру асқынған жағдайда мұғалім асқынудың себебін және ағымының сипатын, жиілігін, ауырлығын ескере отырып дене жүктемесін шектейді. Ауруы елеулі түрде көрінетін оқушылар үшін емдік дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру қажет.

Кейбір ауруларда тиімсіз метеорологиялық жағдайларда сабақ өккізуге шектеу қойылған. Жоғарғы тыныс алу жолдары, ревматизм, цистит (қуықтың қабынуы) аурулары кезінде ауа температурасының күрт өзгеруінен және салқындауынан аулақ болу керек.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің табиғи иммунитетінің деңгейін көтеру (ағзаның ауруға қарсы тұруы) және қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу механизмдерін активизациялау үшін ғылыми әдістемелік жолмен дұрыс шынықтыру керек. Оқушыларды арнайы дәрігерлік топқа қосу уақытша және тұрақты сипат алуы мүмкін (ауру түріне және денсаулық жағдайының басқа ауытқуларына байланысты) [19].

Алдыңғы топтарда өткізілген сабақтар оңды нәтиже көрсеткен кезде оқытушы мен дәрігер бірге арнайы топтан дайындық тобына, одан кейін негізгі топқа ауыстыруды жүзеге асыру керек. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығында кейбір ауытқушылықтар болған кезде медициналық топ құрып, арнайы сабақтар ұйымдастыру керек.

 

 

 

 

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттерін шешу барысында төмен- дегідей зерттеу әдістері қоладынылды:

  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау әдістері зерттеу бағыт- тарын анықтау, белгілеу, керекті әрі пайдалы жерлерін өз жұмыстарыма енгізу мақсатында қолданылды. Зерттеу тақырыбының теориялық негізін зерттеу, денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеті, сабақ құрлымының ерекшеліктері, денсаулығы әлсіз оқушыларды ауру белгілеріне байланысты топтарға бөлу, оларға сабақ өткізудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау, сабақ өткізудің тимді жолдары мен әдіснамасын анықтауға көмектесті. Барлығы ғылыми-әдістемелік әдебиеттер қолданылды. 

  • Құжаттық материалдарды оқу, талдау.

Құжаттық материалдарды оқу, талдау әдістері Облыстық дене мәдениеті басқармасы мен Өскемен қалалық дене мәдениеті басқарма- ларындағы статистикалық мәліметтерді жинауда қолданылды. Соның нәтижесінде облысымыздағы қазіргі кездегі білім алып жатқан оқушылардың арасындағы денсаулығы әлсіз оқушылардың нақты саны, олардың арасындағы дене тәрбиесі сабағына қатыса алатын оқушыларды нақты саны мен үлестік пайызы анықталды.

  • Педагогикалық бақылау жасау

Педагогикалық бақылау жасау әдістері денсаулығы әлсіз оқушыларға өткізілген дене тәрбиесі сабағына бақылау-талдау жасау арқылы арнайы дәрігерлік топта өткізілетін дене тәрбиесінің мақсаты, міндеті, сабақтың құрлымдық ерекшеліктері, жұктеме мөлшері мен көлемінің аз болуы, түрлі жыныстағы, жастағы ауру балалардың дене дайындығына қарай жеке тапсырма беру, сабақ бойы оқушылардың денсаулық жағдайын бақылауда ұстау арқылы әрбір баланың ауру азабынан ерте құтылуына себепкер бола отырып, еліміздің аталмыш саладағы зерттеулеріне үн қосып, денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесің дамыту туралы ғылыми пікір қалыптасты.

  • Сауалнама жүргізу.

Зерттеу жұмысы барысында төмендегідей бағыттағы сауалнамалар жүргізілді:

  • Алматы облысындағы аталмыш мәселенің жай-күйін анықтау мақсатында №1, №3, №16, орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен дене тәрбиесі мұғалімдері арасында сауалнама жүргізілді. Оған жалпысы 80-нен астам адам қатысты. Сауалнамаға қатысушылар негізінен қала тұрғындары болып, олардың жас мөлшерлері: 20 жасқа дейінгілер – 45%, 21-34 жастар арасы – 25%, 35-44 жастар арасы 13%, 45-54 жастар арасы 13% , 55-тен жоғары жастағылар жалпы қатысқан адамдардың 4%-ын құрады.
  • Денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбесінің Алматы облысы бойынша жүргізілу жағдайын анықтау мақсатында 2015-2016 оқу жылдарындағы кәсіптік біліктілігін арттру үшін облысымыздың әрбір аудандарынан келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің арасында сауалнама жүргізілді. Оған 90-нан астам қала тұрғындары мен қала қонақтары қатысты. Распонденттердің 5%-ы әйел, 95%- ер адамдар болып олардың жас мөлшерлері: 25 жасқа дейінгілер – 17%, 26-35 жастар арасы – 48%, 36-45 жастар арасы – 18%, 46-55 жастар арасы 14% , 55-тен жоғары жастағылар жалпы қатысқан адамдардың 3%-ын құрады. Ал, олардың жоғарғы оқу орнын бітіргендері – 89%, арнайы оқу орнын бітіргендері – 11% -ын құрайды.
  • Денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесінің өткізілуінің ғылыми әдісемесін анықтау мақсаты мен міндетін анықтау, арнайы бағдарламаның мазмұны, денсаулығы әлсіз оқушыларға баға қоюдың дұрыс жолдарын анықтау. Зерттеу барысында жүргізілген сауалнамаға мектептегі дене тәрбиесі мұғалімдері мен жаттықтырушылар, жоғарғы оқу орындарының студенттері, Сауалнамаға жауап берушілердің жас мөлшерлері: 20 жасқа дейінгілер – 11,6%, 21-39 жастар арасы – 39,4 %, 40-49 жастар арасы 27,5 %, 50-59 жастар арасы 20,5 % , 60-тан жоғары жастағылар жалпы қатысқан адамдардың 1 %-ын құрады.
  • Бақылау сынақтары

Бақылау сынақтары бақылау және сынақ жаттығу­лары көмегімен алынды. Бақылау сынақтарын жүргізу арқылы біз эксперимент­тік және бақылау топтарындағы ауыл адамдарының денсаулық, дене қуаты дайындығы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін анықтадық. Оларды бастапқы және аяққы қорытынды көрсеткіштермен, экспериментік және бақылау топ­тарымен салыстырдық. Денсаулық, дене қуаты дайындығы, дене қуаты қасиет­тері деңгейін анықтау екі жолмен жүргізілді:

1) арнайы құралдар қолдану, өлшеу арқылы (диномометр­лер, қан қысымын өлшеу құралы (танометр), секундомер, таразы, өкпенің тір­шілік көлемін өлшеу құралы – спирометр т.б.);

2) сынақ жаттығуларын жасау арқылы (Купер тесті, орыннан ұзындыққа секіру, Ромберг сынағы, Кетле көрсеткіші т.б.)

  • Педагогикалық эксперимент

Зерттеу жұмысы кезінде жинақталған денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиеснің, яғни, арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушыларға сабақ өткізудің ғылыми әдістемелік теориясы негізінде жасалған оқу жоспары бойынша Өскемен қаласындағы №16 орта мектепте эксперименттік жұмыстар жүргіздік. Тәжірибе жұмыстарының соңында оқушылар денсаулығындағы оң өзгерістерден соң аталған жоспарымыздың дұрыс екендігі іс жүзінде нақтылы дәлелденді.

  • Математикалық өңдеу әдістері

Зерттеу барысында алынған сауалнама, бақылау сынақ нәтижелері ғылыми- зерттеу жұмыстарында кең қолданылып жүрген математикалық ста­тистикалық өңдеу әдістері арқылы есептелді. Сауалнама нәтижелері қарапайым математикалық пайыздық есептеу арқылы шығарылды.

 

2.2 Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Ғылыми жұмысты жүргізу үш кезеңге бөлінді:

Бірінші кезең – таңдап алған тақырып бойынша шетелдерде және елімізде жазылған әдеби-ғылыми жұмыстар зерттеліп талданды, бір жүйеге келтірілді.

Екінші кезеңде қала мектептеріндегі №1, №3, №16, орта мектептерінің оқушылары мен дене тәрбиесі мұғалімдерінің арасында, кәсіптік біліктілігін арттыруға келген әрбір ауданнан келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің арасында, сауалнама жүргізілді, облыстық дене мәдениеті және спорт басқармаларындағы құжаттар зерттелінді, тәжірибелі мамандармен әңгімелер, интерьвю-сұхбаттар жүргізілді. Арнайы дәрігерлік топтарға (АДТ) арналған дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы, тоқсандық жұмыс жоспары құрастырылды. Жинақталған материалдар негізінде құрастырылған жұмыс жоспары бойынша Өскемен қалалық №16 орта мектебінде экперименттік- тәжірибе жұмысын жүргізілді.

Үшінші кезең – Жүргізілген экперименттік- тәжірибе жұмыстарының қорытындысы жасалды, тұжырымдалды. Зерттеу нәтижелері математикалық-статистикалық өңдеуден өткізіліп ретке келтірілді.

 

 

 

 

 

 

 

3 АРНАЙЫ ДӘРІГЕРЛІК ТОПҚА ЖАТАТЫН ОҚУШЫЛАРҒА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

3.1 Еліміздегі денсаулығы әлсіз оқушылар арасында ұйымдастырылатын дене тәрбиесінің қазіргі жай-күйі

Жалпы білім беретін мектеп қызыметінде дене мәдениетінің мамандары үшін ең маңызды әрі ауыр міндет — әлсіз және ауыру балалармен жұмыс жүргізу. Дене тәрбиесінің мұғалімдері мен жалпы білім беретін мектеп директорларның орынбасарларын арнайы дәрігерлік топтағы балалармен қалай ұйымдастру керек деген мәселе алаңдатады.

Қазіргі кезде барлық жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағы біршама жүйелі түрде жүргізіле бастағанымен, бұл тек денсаулығы мықты оқушылар арасында ғана өрістеп отыр. Ал, денсаулығы әлсіз оқушыларға арнайы дене тәрбиесі сабағы мүлдем жүргізілмейді деуге болады. Бұлай айтуымызға көптеген нақтылы сандық көрсеткіштер негіз болып отыр.

Ал, ұлтымыздың үміті, еліміздің ертеңі болған балалардың денсаулығына зор ықпал ететін арнайы дәрігерлік топтардың еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде қандай жұмыс атқарып, қалай ұйымдастырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, жиналған нақты статистикалық мәліметтер көңіл қуантпайды [20].

Тағы бір мысал, өткен жылы Облысымыздағы мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттыру курсына қатысқан әрбір ауданнан келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің арасында осы мәселе туралы сауалнама өткізілген еді.  Сауалнамаға қатысқан 34 дене тәрбиесі мұғалімнің ішінде тек 4 мұғалім ғана өз мектептерінде арнайы дәрігерлік топтың жұмыс жасайтындығын баяндады.

Ал, АДТ-ның ұйымдастырлмауының басты себебі не деген сауалға, қатысушылардың 38%-ы осы топқа жүргізілетін жұмыстар үшін ақы төленбейтіндіктен, 31%-ы арнайы бағдарламалардың жоқтығынан десе, 19%-ы аталмыш топқа жатқызылатын балалар санының 12 оқушыға толмайтындығы- нан, 7%-ы жаттығу жұмыстарының ауыр әрі бөлінген уақыттың аз болуы, 5%-ы қажетті құрал- жабдықтардың тапшылығы, арнайы бөлмелердің жоқтығы және т.б. себептерден аталмыш жұмыстар ұйымдастырылмай отыр деген көзқарастарын білдірді.

Осы мәселелелер туралы Облыстық дене тәрбиесі басқармасындағы мамандармен кеңесу барысында облысымыздың барлық аудандарындағы, тіпті облыс орталығындағы мектептерде де аталмыш шаралардың әлі күнге ақсап тұрғанын алға тартып, өткен жылғы есеп беру кезіндегі нақты мәліметтерді ұсынды.

Қысқасы, қазіргі кезде елімізде көптеген мектептерде денсаулығы әлсіз оқушыларға арналған арнайы дәрігерлік топтар толық ұйымдастырылмайды немесе мүлдемге жоқ. Бұлай болуының басты себептері: арнайы қаржының бөлінбеуі, материалдық-техникалық базалардың жеткіліксіздігі, сабақ өткізетін арнайы әдістемелік құралдар мен бағдарламалардың жоқтығы, кейбір мектептердегі денсаулығы әлсіз балалар санының өте аз болуы, мамандар мәселесі, аталмыш арнайы дәрігерлік топ жұмыстарын тіке қадағалауға арналған құзретті мекеме органдардың жоқтығы, оқушылардың дене тәрбиесі сабағына қызығушылығының төмендігі т.б. жатады. Алайда, осыған қарамастан дене тәрбиесі мұғалімдері мен мектеп басшыларының арнайы дәрігерлік топтар ашып, дене тәрбиесі сабағын өткізуге құлықты болып отыр. Дегенмен, ниетті болғанымен ол мәселе басшылар тарапынан іс жүзінде дұрыс ойластырылып, ұйымдастырылмай келеді. 

 

3.2 Арнайы дәрігерлік топтарына дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырудың әдістемесі мен тиімді жолдарының

Денсаулық жағдайы бойынша арнайы дәрігерілік топқа жататын оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері төмендегідей:

  • денсаулықты нығайту, дұрыс дене дамуы мен ағзаны шынықтыруға әрекет жасау;
  • ауру салдарынан әлсіреген органдар мен жүйелердің қызметін қалпына келтәру және жоғарылату;
  • дене және ой жұмысы қабілеттілігін көтеру;
  • суық тию аурулары және созылмалы инфекциялардың ошағына, аллергияға қарсы тұратын ағзаның иммундық әсерлілігі мен қарсы тұруын жоғарылату;
  • дұрыс жүруді қалыптастыру, қажет болған жағдайда түзету;
  • ұтымды тыныс алуды үйрету;
  • негізгі қозғалыс дағдылары мен ептілікті меңгеру;
  • адамгершілік, шыдамдылық сапаларын тәрбиелеу;
  • дене шынықтыру сабағына жеке қызығушылық тудырып, оларды оқушының күн тәртібіне енгізу;
  • оқушының болашақтағы еңбек қызметіне қажетті дене дайындықтарын қалыптарстыру [21].

Арнайы дәрігерлік топ оқушыларымен жүргізілетін дене шынықтыру сабағына төмендегідей талаптар қойылады: [22].

  • Ұтымды тыныс алуға үйрету.

Арнайы топта оқитын балалар негізінен гипокциямен ауырады. Сондықтан бірінші кезекте оларға дұрыс тыныс алуды үйрету керек. Бұл өте маңызды және күрделі міндет. Тек ұтымды тыныс алу кезінде ғана дене шынықтыру сабағыда ең жоғары тиімділікке жетуге болады. Дұрыс тыныс алуды статикалық жағдайларда және қозғалыс кезінде үйрету керек.

Кеуде қуысының кеңеюіне ықпал ететін жаттығуларды орындау кезінде терең дем алу керек. Кеуде қуысын қысу үшін анатомиялық жағынан тиімді жағдай бұл — демді сыртқа шығару. Демді сыртқа шығару толық болуы тиіс. Бұл жаттығуларды орындағаннан кейін міндетті түрде тыныс алу жаттығулары орындалуы керек (терең дем алып, оны сыртқа толық және уақытында шығаруға назар аудару керек).

Ұтымды тыныс алуға үйрету жаттығуларының бала ағзасына пайдасы

төмендегідей болады:

  • тыныс алу жүйесі қызметінің бұзылуын тез арада жоюға;
  • ағзадағы қышқылды-қалпына келтіру процессін жақсартады;
  • дене және ой жүктемелеріне бейімделуді жоғарылаты;
  • бала ағзасының жалпы сауығуы мен үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

Жеңіл бұлшық ет жүктемесі кезінде мұрын арқылы дем алып, оны ауыз арқылы шығарған жөн. Өкпеге көп ауа мөлшері қажет болған жағдайда, сонымен қатар, қарқынды дене жүктемелері кезінде ғана ауызбен дем алу орындалады. Ұтымды тыныс алуды үйретуді алғашқы сабақтардан-ақ ең жеңіл жаттығулар мен тапсырмаларды орындаудан бастау керек: мұрынмен дем алып, ауаны ауыз арқылы шығару; мұрынмен дем алып, демді мұрын арқылы шығару; түрлі қол қимылдары кезінде тыныс алу; отырып-тұрған және жартылай отырып-тұрған кезде тыныс алу; дене түрлі бұрылыстар мен иілулер жасаған кезде тыныс алу; түрлі қарқында жүру кезінде, түрлі адым мөлшерін үйлестіре отырып тыныс алу, (мысалы: 3 адымда – дем алу, 3 адымда – демді шығару; 4 адымда – дем алу, 4 адымда – демді шығару; 2 адымда – дем алу, 2 адымда – демді шығару; 3 адымда – дем алу, 4 адымда – демді шығару; 2 адымда – дем алу, 3 адымда – дем шығару және т.б.). Оқушылардың назарын демді шығару белсенді болған сайын, дем алу да терең болатынына аудару керек [23].

Тыныс алу жаттығуларын денеден жүктемені азайту құралы ретінде пайдалануға болады. Тыныс алу және жалпы жетілдіру жаттығуларының арақатынасы келесідей болуы керек: 1:1, 1:2, 1:3, 1:4, 1:5. Егер бұл қатынас сабақ жоспарында қарастырылмаған болса, мұғалім тыныс алу жаттығуларын оқушылардың жағдайына және келесі жаттығу сипатына байланысты қосады.

  • Тік жүруді қалыптастыру және оны түзету.

Бұл талапты сақтау тек эстетикалық мәнге емес, негізінен әлсіз балалар үшін физиологиялық мәнге ие. Тік жүру тірек-қимыл аппаратының, ішкі органдардың дұрыс жұмыс істеуін, дене жаттығуларын орындау кезінде энергияны үнемді пайдалануды қамтамасыз етеді. Тік жүруді қалыптастыру – бала ағзасы өсуінің барлық кезеңінде жүзеге асырылатын, ұзақ уақытқа созылатын үрдіс [24]. Сондықтан дене шынықтыру сабағында мұғалім бағдарламада қарастырылған тік жүруге арналған арнайы жаттығуларды жүйелі түрде орындатумен қоса, сабақ бойы оқушылардың басқа жаттығулар кезінде бас қалыбы, қолдың, дене мен аяқтың дұрыс жұмыс істеуіне назар аударып, дұрыс қалыпты сақтауды қадағалап және қателіктерді түзетуге көмектесу керек.

  • Әр оқушыны жекелей қарау.

Әрбір оқушыға жеке көңіл бөлу – бұл арнайы дәрігерлік топта өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптардың бірі. Бұл топта аурудың көріну деңгейі және дене жүктемесіне бейімделуі түрліше ауруларға шалдыққан барлық жастағы балалар болады.

Барлық оқушылар мен әр түрлі жастағы балалардың бәріне бір уақытта сәйкес келетін жаттығуларды таңдап алу өте қиын. Бұл міндетті мұғалім оқытудың дифференциялды және икемді де тимді әдісті таңдай отырып шешеді. Сонымен қатар қозғалыс деңгейі, күш түсіру мөлшері, жаттығулардың қиын және жеңіл түрлерін т.б. таңдау мұғалім қолында.

  • Сабақ эмоцияналды түрде өтуі керек.

Денсаулығы әлсіз балаларды сабақта көтермелеудің маңызды факторларының бірі – дене шынықтыру сабақтарында олар өздерінің дерттерін ұмытып кету керек. Өздерін дені сау балалар сияқты сезіну керек. Арнайы дәрігерлік топтағы дене шынықтыру сабағы сергу, қимыл қуанышы, әдемілік рахатын сезіну сабағы болуы керек.

Денсаулығы әлсіз оқушылардың ерік-жігерінің даму деңгейі дені сау балаларға қарағанда әлде қайда төмен болады (1 сурет ). Оларды дене тәрбиесі сабағы арқылы еріктерін шыңдап, өмірге құлшыныспен қарайтын етіп

тәрбиелеу міндеті де дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын басты міндеттердің

бірі болмақ [25].

Сабақ кезінде балалардың қайғысын ұмыттырып, көңілін бір серпілтуде көбінесе қызықты ойындар ойнатылады. Бұл кезде кіші жастағы топ балалары үшін сабақтарда ойын түріндегі қозғалыс жаттығуларын кеңінен қолдану қажет. Ал жас мөлшері үлкен балаларға би элементтерін қосып үйреткен абзал. Мұғалімнің жақсы спорт киімі, өзін-өзі ұстауы – мұның барлығы қатысушыларда оң көзқарас тудырады [26]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Сурет — АДТ-на жатқызылған оқушылардың ерік-жігерінің даму деңгейі (№16 орта мектеп оқушылары)

Дене шынықтыру сабақтарына қатысудан басқа бұл топқа жалпы мазмұны қозғалыс белсенділігінен тұратын дене тәрбиесінің басқа формаларын күнделікті режимде пайдалану ұсынылады [27]:

  • дене шынықтыру мұғалімі дәрігермен бірлесе отырып құрған таңертеңгі гигиеналық гимнастика, арнайы жаттығулар кешені;
  • сабаққа дейінгі гимнастика;
  • үзіліс кезіндегі аз қарқында қозғалыс ойындары;
  • басқа сабақтар уақытындағы және үй тапсырмасын орындау кезіндегі сергектік сәт жаттығуларын жасау;
  • жаяу жүру, шаңғы және коньки тебу, ойындар, бассейнге бару (сауықтырушылық жүзу);
  • демалыс күндері көкке шығу;
  • денсаулық күндері;
  • дәрігер мен мұғалім ұсынған шынықтыру процедуралары (ауа ваннасы, душ қабылдау, құйыну және т.б.).

Арнайы топқа жататын оқушыларға сабақ арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі [28]. Оның негізін жалпы бағдарлама мазмұны құрайды. Жалпы бағдарламаның тәжірибелік бөліміндегі ағзаға артық күш түсіретін, мысалы жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына өте жоғары әсер ететін дене жаттығулары орындалмайды. Бағдарламада келесі әс-тәжірибелік бөлімдер қарастырылған: гимнастика, қозғалмалы ойындар, жеңіл атлетика, жүзу, шаңғы. Бұған қоса, оқу материалына сауықтыру сипатындағы арнайы жаттығулар (сымбатты түзейтін, тыныс алу және т.б.) енгізілген. Арнайы бағдарлама ойдағыдай дамуды қамтамасыз ететін дене дайындығы деңгейіне жетуді қарастырса да, нақты нормативті талаптарды құрамайды.

Сабақта негізінен гимнастика жасауға баса назар аударылады. Себебі оның көмегімен негізгі қозғалыс сапасын жетілдіруге және қимыл дағдыларын дамытуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар арнайы дәрігерлік топ жұмысында біршама маңызды болып табылатын гимнастикалық жаттығулардың сипаты және оларды жасау әдістемесі алдын ала тиімді жүктемені және күтілетін педагогикалық әсерді анықтауға мүмкіндік береді [29].

Бағдарламаға әрбір сабақта жасап отыратын тыныс алу жаттығуларына арналған бөлім енгізілген. Кеудені дұрыс ұстау және арқа мен іш бұлшық еттерін нығайтуға баса назар аударылады. Шаршауды төмендету мен жұмысқабілеттілігін жоғарылату үшін бұлшық еттерді босату жаттығулары кеңінен қолданылады. Би элементтері және көркем гимнастика жаттығулары қосылған [30].

Бұған қоса, арнайы дәрігерлік топ бағдарламасынан ағзаға ауыр күш

түсіретін жаттығулармен байланысты, тыныс алуды ұстап тұратын, ұзаққа созылып күш түсірілетін гимнастиканың арқанмен өрмелеу, тартылу және акробатикалық жаттығулары мүлдем алынып тасталған.

Жеңіл атлетикадағы мөлшерлі жүру және жүгіруге баса назар аударылады. Себебі жаттығудың бұл түрлері жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесін жаттықтырып нығайтады. Ұзындыққа және биіктікке секіруге (қысқа жүгіріспен, үш адыммен, бір сабақта екі-үш рет қана секіру және т.б.) шектеу қойылған. Жылдамдықты, күшті, төзімділікті сынау жаттығулары шектелген.

Жүгіру және секіру ойындарының ұзақтығы, сонымен қатар жүгіру қашықтығы қысқартылған. Мысалы, жүгіру және секіру ойындарының ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. Мұғалімнен барлық жағдайларда дұрыс жүктеме мөлшері, жаттығулар аяқталған кезде тыныштандыратын және терең тыныс алдыратын жүгіру, секіруді қалыпты жүріспен үйлестіру талап етіледі.

Арнайы дәрігерлік топ сабақтарында білім беру және сауықтыру міндеттерімен қоса тәрбие беру жүзеге асырылады.

Мұнда дене жаттығулары барысында батылдық, төзімділік, тәртіптілік, әдеп дағдылары, достық және жолдастық сезімі тәрбиеленеді. Әсіресе жеңіл және табиғи қозғалыстардан тұратын оқушыларды тез шаршатпайтын (жүктеме қысқа мерзімді сәттермен кезектесіп отырады), эмоционалды және физиологиялық жақтан әсер ететін қозғалыс ойындарының маңызын бағалау қиын.

Арнайы дәрігерлік топтардағы дене тәрбмесі сабағының құрылымының ерекшеліктеріне келсек:

Арнайы дәрігерлік топтардағы дене шынықтыру сабағы стандартты қалыптасқан үлгі бойынша (дайындық, негізгі және қорытынды бөлім) құрылады. Алайда әдеттегі сабақтарға қарағанда өзінің принципті ерекшеліктері бар.

Сабақтың дайындық бөлімінде (20 минутқа дейін) жалпы жетілдіру

жаттығулары тыныс алу жаттығуларымен кезектесе отырып баяу және орташа қарқында орындалады. Жүктеме біртіндеп жоғарылайды: сабақтың негізгі бөлімін орындау үшін ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерін дайындауды қамтамасыз ететін жаттығулар орындалады. Дайындық бөлімінде көптеген жаңа жаттығулар орындауға, сонымен қатар ағзаға қарқынды жүктемелер түсіруге болмайды.

Дене шынықтыру сабағының дайындық бөлімінде сапқа тұру, сабақтың мақсатын түсіндіру, әр түрлі қарқында және бағытта жүру, тыныс алу жаттығуларының кешенін орындау, нығыздалған доптармен жаттығу жасау, баяу қарқында жүзіру, сонымен қатар гимнастикалық орындықта жаттығу жасау сияқты элементтер болуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде (20-22мин) негізгі қозғалыс дағдыларын меңгереді, белгілі бір өздеріне ең жоғары дене жүктемесін алады, эмоционалды өзгерістерді сезінеді.

Сабақтың бұл бөліміне жаттығуларды таңдау үшін төмендегі міндеттер қатарын шешіп алу қажет: ең жеңіл қозғалыс дағдыларын меңгеру, негізгі дене қасиеттерінің жан-жақты дамуы (оқушылардық мүмкіндіктері шегінде): жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік. Ептіліктің дамуы мен қозғалыс координациясының жақсаруына көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта жылдам жүру, қозғалыс ойындары, эстафета, тепе-теңдікте тұрып жаттығу жасау, кезектесіп жүгіру ұйымдастырылады (бөліктер 20-30метрден).

Жылдамдық жаттығулары, сонымен қатар жаңа, бірақ олар үшін әзірше күрделі қимылдарды негізгі бөлімнің басында үйреткен дұрыс. Орталық жүйке жүйесі шаршаған кезде қызу және тежелу процесстерінің ауысу жылдамдығы төмендейді, тітіркендіргіштерді шектеу жағдайлары қиындайды.

Ағзаға үлен жүктеме түсіретін (ойындар, жүгіру және т.б.) және күшті эмоционалды уайым шақыратын жаттығуларды негізгі бөлімнің соңында жүргізген дұрыс. Күшті қызушылық пен шаршау келесі жаттығулардың техникасын меңгеру кезінде, жылдамдық пен ептілікті тәрбиелеуде қиындық тудырады. Жаттығулардың құрылымдық ерекшіліктерін, бұлшық еттер тобына және бүкіл ағза қызметіне әсерін ескере отырып, келесі жаттығуларды орындау үшін тиімді жағдай жасайтын жаттығуларды бірінен кейін бірін орындау. Түрлі тапсырмаларды орындау арасында шаршағандықты басу үшін босаңсу жаттығуларын орындау ұсынылады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде (3-5мин) дене жүктемесінен кейін ағзаны қалпына келтіретін жаттығулар (жүру, тыныс алу жаттығулары, босаңсу жаттғулары және т.б.) жасалады.

Сабаққа қорытынды жасалып, үйге тапсырма берумен аяқталады. Үй

тапсырмасын құрайтын жаттығулар негізгі қозғалыс сапаларын жетілдіретін және кейде қозғалу техникасының ең жеңіл элементтерін қайталауға бағытталған.

Үй тапсырмасы теориялық материал, сонымен қатар арнайы жағдайлар мен сақтандыруды талап ететін күрделі жаттығулар болмауы керек. Дене жүктемесі сабақ құрылымына, оқушылардың қызметтік және бейімделу мүмкіндіктеріне сәйкес болу керек. Мұғалім оқушылармен үнемі байланыста бола отырып, жүктемені тамыр соғысы, тыныс алуы және шаршаудың сыртқы белгілері бойынша бақылап отырады.

Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен сабақ өткізу шартты түрде екі кезеңге бөлінеді: дайындық және негізгі.

Дайындық кезеңі негізінен бүкіл бірінші тоқсанда өткізіледі. Оның міндеттері: дене жүктемелерін орындау үшін оқушының жүрек қан тамырлары жүйесін, тыныс алу жүйесін және бүкіл ағзасын біртіндеп дайындау; оқушыларға тамырды жылдам табуды және оның соғысын дұрыс есептеуді үйрету, өзін-өзі бақылаудың қарапайым ережелерін үйрету (өзін қалай сезінуіне, ұйқы сипатына, тәбетіне, дене шынықтыру сабағында шаршаудың түрлі деңгейлеріне қарап денсаулық жағдайы туралы пайымдай алу).

Дене шынықтыру сабағының алғашқы 6-8 аптасында оқушыларға жалпы дамытумен үйлесетін арнайы жаттығулар (әрбір нақты ауруға байланысты) орындату керек. Мұндай жаттығуларды таңдау кезінде ауру сипаты, ағзының қызметтік мүмкіндіктер деңгейі, дене дамуы мәліметтері және әрбір оқушының дайындығы ескеріледі.

Дайындық кезеңінде оқушыларға тыныс алу мен қозғалысты дұрыс үйлестіруді үйретуге ерекше мән беру керек. Негізінен әлсіз балаларға үстірт кеуде дем алуы тән. Сондықтан алғашқы сабақтарда оларға тыныс алу кезінде іштің алдыңғы жағына ерекше ықпал ететін жаттығуды тұрған және отырған қалыпта дұрыс орындауды үйрету керек.

Мұрын арқылы демді шығару тыныс алуды жақсы реттейтіндіктен, балаларға мұрынмен тыныс алуды үйреткен жөн. Қозғалыс пен тыныс алуды үйлестіруді баяу қарқында үйреткен дұрыс. Бірінші тоқсанда барлық жаттғулардың 50%-ы бастапқы қалпы жатқан және отырған күйде орындалады. Әрбір жаттығу бастапқыда 3-4 рет, кейін 6-8 реттен қайталанады.

Бірінші тоқсан бойы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері: дене дайындығы, психологиялық ерекшеліктері, ағзасының дене шынықтыру сабағындағы дене жүктемесін қабылдау қабілеті зерттеледі.

Негізгі кезеңнің ұзақтығы оқушының дене жүктемесіне бейімделуіне, денсаулық жағдайына, жүйке жүйесінің икемділігі мен қозғалысқа әсеріне                                                       байланысты.

Бұл кезеңдегі сабақ мазмұнына біртіндеп жалпы дамытушылық жаттығулар қосыла бастайды: жеңіл атлетика түрлері, оң және сол қолмен алысқа кішкене допты лақтыру, баяу жүгіру, 10м-ден 30м бөліктерден тұратын эстафеталық жүгіріс, орнында тұрып және 3-5 адым жүгіріп келіп ұзындыққа және биіктікке секіру, спорттық гимнастика элементтері, би адымдары, тепе-теңдік жаттығулары, «кіші ат» арқылы жеке секіру, қимыл-қозғалыс және спорттық ойын элементтері. Барлық жаттығулар мөлшері ағзаның жеке ерекшеліктерімен өте тығыз байланысты.

Дене шынықтыру сабағын екі сағаттан өткізуге болмайды, оның ішіндешаңғы спорты бойынша 30 минуттан аптасына 3 рет өткізу бекітілген.

Арнайы дәрігерлік топтарына дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырудың тиімді жолдарының үлгі моделі, мазмұны

Арнайы дәрігерлік топ оқушыларына дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарының мынадай үлгі моделі жасалып, сол үлгі бойынша жұмыс бағыттары белгіленіп жасалды. 2 суретке қараңыз. Моделде арнайы дәрігерлік топ жұмыстарының мақсаты, қағидалары мен негізгі ерекшеліктері, жұмыс бағыттары мен түрлері, соңында жасалған жұмыстардың нәтижесі көрсетілген.

Бұл моделдің басты жұмыс мақсаты: денсаулығы әлсіз оқушылардың денсаулығын қалпына келтіру, яғни, арнайы дәрігерлік топ жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету. Ол жұмыс негізігі дене мәдениеті, сауықтыру дене тәрбиесі бағыттарында жүргізіледі.

Модел негізінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі қағидалары төмендегідей:

Бірінші қағида – саналылық және белсенділік қағидасы. Арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылардың өздерінің санасында дене тәрбиесі мен спорт жаттығуларының ағзасындағы ауруларды жеңудің бірден-бір жолы екендігін түсініп, жүргізілетін жұмыстарға белсене кірісіп, дене тәрбиесі сабағына толық қатысуы, мұғалімдерінің берген тапсырмаларын ықыласпен орындауы керек.

Екінші қағида – жүйелілік қағидасы. Арнайы дәрігерлік топ жұмыстары үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылуы керек. Тұрақты түрде өткізілмеген дене тәрбиесі мен сауықтыру бағытындағы жаттығулар еш нәтиже бермейді. Әуелі ол бала ауруын онан ары асқындырып алуыда ғажап емес.

Үшінші қағида – біртіндеушілік қағидасы. Арнайы дәрігерлік топқа сабақ өткізгенде жүктеме мөлшерін біртіндеп жоғарылату керек. Бірден үлкен жүктеме түсіру бала денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Жайшылықта, арнайы дәрігерлік топ оқушыларына кіші және орта жүктеме мөлшері негізінде сабақ өткізіледі.

Төртінші қағида – даралық қағидасы. Бұл дене тәрбиесі үрдісінде арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың ауру белгісіне, жас және жыныс ерекшелігіне, психикалық ерекшелігі мен сыртықы факторларды сезіну мүмкіншіліктеріне байланысты жұмыстар істеу керектігін айқындайды.

Моделде денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері: сабақ құлымына жұмсалатын уақыттың өзгермелілігі, сабақтың қосымша уақыттарда жүрілуі, жүктеме мөлшерінің аз әрі өзгермелілігі, сабақ ұзақтығы мен жиілігінің өзгешелілігі көрсетілген.

Арнайы дәрігерлік топқа өткізілетін сабақтың ерекшеліктері анықталып, жұмыс қағидалары бекітілген соң, негізгі жұмыс бағыттары, яғни, мектеп басшылығы тарапынан материалдық қолдау, дене мәдениеті ұжымы, дене тәрбиесі мұғалімдері арасында пікір алмасулар, семинарлар өткізу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, аталмыш сала бойынша мамандар даярлау мәселелері қатарлы жұмыс бағыттары белгіленіп, сол негізде істелетін жұмыс түрлері мен атқарылатын іс-шаралар құрастырылды.

 

3.3 Эксперименттік-тәжірибе жұмысының әдістемесі, ұйымдастыру жолдары, нәтижесі

Әлемдегі ең ақылды жан иесі саналатын адамзат баласының, әрбір «сырт» еткен секундтар сайын ғажайып әлемнің сан қилы жаңалықтарын ашып, ғылым жолындағы тексеру-зерттеулерін бір сәтке де тоқтатпай, үздіксіз алға қарай дамыған бүгінгі таңда, адамзат өмірімен байланыста болатын барлық ғылым саласының көкейтесті мәселелері айқындалып, ғылыми зерттеулердің нысанасына алынды.

Әсіресе, адамзаттың өзінің денесіне әсер ететін дене мәдениеті мен спорт саласындағы көкейтесті мәселелері де өзге ғылымдармен тең дәрежеде зерттелініп, ғылыми жолмен дәлелденуде.

Осындай ғылым жолындағы қалыптасқан теориялар, әдістер, метематикалық формулалар мен есептеулер, дене мәдениеті мен спорттағы арнайы алынатын сынақтар бәрі-бәрі де біздің ғылыми зерттеу жұмысымызда елеулі орынға ие болмақ. Біз диссертациялық жұмыс барысында өз әдістемелеріміздің дұрыстығы мен ақиқаттығын тек осындай ғылыми зерттеу жұмыстарын, яғни, эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырып, нақтылы бір оң нәтижелерге қол жеткізу арқылы ғана дәлелдей алдық.

Кіріспе бөлімінде баяндап өткендей, ғылыми жұмысты жүргізу үш кезеңге бөлінген еді. Осындағы екінші кезеңде біз эксперименттік жұмысымызды ұйымдастырып, өткізе алдық. Эксперименттік жұмыс барысы 3 кезеңге бөлінді.

  • Эксперименттік-тәжірибеге дайындық кезеңі.

Эксперименттік жұмысты бастамас бұрын №16 қазақ орта мектебінің директоры Н.Т.Джакупова, сондай-ақ тәрбие және оқу істерінің меңгерушілері, дене мәдениеті ұжымындағы мұғалімдер, мектеп дәрігерлері мен қатар ата-аналардың қатысуымен жиналыс ашылды.

Жиналыс кезінде денсаулығы әлсіз оқушылар арасында дене тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері талқыланып, бір ауыздан мақұлданып, эксперименттік жұмысты осы үрдіске енгізілуге рұхсат алдық. Эксперименттік жұмысымызға бақылау тобы ретінде Өскемен қаласындағы №20 қазақ орта мектебіндегі оқушылар алынды.

Тәжірибелік топ пен бақылау тобына денсаулығының әлсіздігіне байланысты арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған 7-9 сыныптарда оқыитын 15 ұл және 15 қыз, барлығы 30 оқушы алдық. Сабақ түстен кейінгі уақытта, аптасына 2 рет 45 минуттан жылына 68 сағатқа есептеліп, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары құрастырылды.

  • Негізгі кезең.

Эксперименттік жұмыстары басталып, арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған балаларға дене тәрбиесі сабағы өткізілді.

  • Қорытынды кезең.

Эксперименттік жұмыс соңында оқушылардың денсаулық деңгейлері анықталып, денсаулығы жақсарған оқушылардың үлес салмағы есептелді. Сонымен қатар, бақылау тобы ретінде алынған №20 орта мектептің оқушылары арасында «Көңілді сөре» жарысы өткізілді.

Эксперименттік жұмыстары барысында тәжірибе және бақылау тобындағы оқушылардың арасында 3 бағыт бойынша сынықтар алынды.

Бінірші бағыт – оқушылардың денсаулығының деңгейі мен өсіп- жетілуінің деңгейін анықтау. Бұл үшін біз профессор Апанасенконың диагносикалық денсаулық шкаласын пайдаландық. Сынақ тәжірибе жұмысының басында бір рет, соңында бір рет алынды. Сол арқылы оқушылардың денсаулығының қаншалықты деңгейде жақсарғанын немесе әлсірегендігін анықтай алдық. Сонымен қатар, Кетленің бой-салмақ өлшемдері, дене пропорцияналының даму деңгейлері де анықталды.

Екінші бағыт – оқушылардың жұмысқаблеттік, жаттыққандық деңгейі анықталды. Бұл үшін біз Гарвардскии степ-тесті бойынша өз мақсатымызға жеттік. Бұл сынықта тәжірибе жұмысының басында және соңында алынып, қорытындысы жасалды.

Үшінші бағыт – екі топтағы оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің деңгейлері анықталды. Бұл үшін оқушылар орыннан ұзындыққа секіру, нығыздалған допты лақтыру, секіргішпен секіру Купер сынықтарынан өтті.

Эксперименттік-тәжірибе жұмысының басында тәжірибе және бақылау топтарында оқушылардың өсу-жетілу деңгейін анықтап алдық. Төменде 9-11 кестелерде көрсетілген. Ең әуелі, Кетленің салмақ-бой индексі бойынша тәжірибе және бақылау тобындағы ұл балалардың даму деңгейлері анықталды

 

7 кесте — Кетленің салмақ-бой индексі бойынша тәжірибе және бақылау тобындағы ұл балалардың даму деңгейлері

№р/с

 

Мектептер

 

Қатысқан

оқушы

саны

Кетленің салмақ-бой индексі (салмақ/бой биіктігі) бойынша ұл балалардың даму деңгейлері

Салмағы артық

(1 см-ге 325 г- нан артық)

Салмағы қалыпты

(1 см-ге 325 г- нан  тура келуі)

Салмағы жеңіл

(1 см-ге 325 г- нан аз болуы)

1

№ 16 орта мектебі

15

3

10

2

2

№20 орта мектебі

15

2

9

4

 

Кестедегі көрсеткіштерге сүйенсек: тәжірибе тобындағы ұлдардың 20%-ның салмағы артқан, 67% -ның салмағы қалыпты, 13%-ның салмағы жеңіл болды. Ал, бақылау тобындағы ұлдардың 13%-ның салмағы артық, 60%-ның салмағы қалыпты, 27%-ның салмағы жеңіл болды.

Келесі ретте Кетленің салмақ-бой индексі бойынша тәжірибе және бақылау тобындағы қыз балалардың даму деңгейлері анықталып есептелді.

 

8 кесте — Кетленің салмақ-бой индексі бойынша тәжірибе және бақылау тобындағы қыз балалардың даму деңгейлері

№ р/с

 

 

Мектептер

 

Қатысқан

оқушы

саны

Кетленің салмақ-бой индексі (салмақ/бой биіктігі) бойынша қыз балалардың даму деңгейлері

Салмағы артық

(1 см-ге 318 г- нан артық)

Салмағы қалыпты

(1 см-ге 318 г- нан  тура келуі)

Салмағы жеңіл

(1 см-ге 318 г- нан аз)

1

№ 16 орта мектебі

15

1

12

2

2

№20 орта мектебі

15

1

9

5

 

Кестедегі көрсеткіштерге сүйенсек: тәжірибе тобындағы қыздардың 6,66%-ның салмағы артқан, 80%-ның салмағы қалыпты, 13,34%-ның салмағы жеңіл болды.

Ал, бақылау тобындағы қыздардың 6,66%-ның салмағы артық, 60%-ның салмағы қалыпты, 33,34%-ның салмағы жеңіл болды.

Зерттеу барысында екі топтпғы оқушылардың денесінің пропорцио- нальның даму деңгейі де анықталды.

 

9 кесте — Дене пропорциональның даму көрсеткіштері

№ р/с

 

Мектептер

Қатысқан

оқушы

саны

Дене пропорциональның даму көрсеткіштері

(тұрған бой биіктігі-отырған биіктігі/отырған биіктігі*100 фомуласы бойынша анықталды)

Дене тұлғасы ұзын

(87 %-дан аз)

Дене пропорцио- нальы қалыпты (87-92 %)

Аяғы ұзын

92 %-дан жоғары

1

№ 16 мек.

30

6

19

5

2

№20 мек.

30

7

17

6

 

Анықталған көрсеткіштер арқылы біз: тәжірибе тобындағы оқушылардың 20%-ның дене тұлғасы ұзын, 63,4%-ның дене пропорциональның

қылыпты, 16,6%-ның аяғының ұзын екенін анықтай алдық.

Ал, бақылау тобындағы балалардың 23,3%-ның дене тұлғасы ұзын, 56,7%-ның дене пропорциональның қылыпты, 20%-ның аяғының ұзын екенін біле алдық. Бұл даму көрсеткіштерінің барлығы дене тәрбиесі сабағы барысында кейбір сынақтарды орындау кездерінде ескерілетін болады.

Тәжірибе жұмысы барысында арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың денсаулығының қандай деңгейде екенін білу үшін біз Профессор Апанасенконың шкаласы бойынша оқушылардың денсаулық деңгейлерін анықтадық. Тәжірибе жұмысының соңында да осы сынақ бойынша балалар денсаулығының қаншалықты жақсарғанын анықтады. Екі реткі сынақ нәтижелері төмендегі кестелерде көрсетілген. 

Тәжірибе жұмысының басында алынған сынақтың нәтижесі мынадай болды: тәжірибе тобындағы балалардың 56,7%-ның денсаулық деңгейі өте төмен, 23,3%-ның денсаулығы төмен, 13,3%-ның денсаулығы аралықта, 6,7%-ның денсаулығы қауіпсіз, 0% — жоғары деңгейде болды. Олар барлығы – 174 балл жинады. Ал, бақылау тобының көрсеткіштері: 50%-ның денсаулық деңг ейі өте төмен, 30%-ның денсаулығы төмен, 10%-ның денсаулығы аралықта, 10%-ның денсаулығы қауіпсіз, 0% — жоғары деңгейде болып, барлығы – 181 балл жинады.

 

10 кесте — Профессор Апанасенконың денсаулық шкаласы бойынша анықталған тәжірибе жұмысының соңындағы оқушылардың денсаулық деңгейлері

р/с

Мектептер

Зерттеу тобы

 

Оқушы-

лар

саны

Профессор Апанасенконың шкаласы бойынша анықталған оқушылардың денсаулық деңгейлері

Жалпы балы

өте төмен

төмен

аралық

қауіпсіз

жоғары

4 және төмен

5-9

10-13

14-16

17-21

1

№16 орта мектеп

Тәжірибе

Тобы

30

11

5

7

5

2

246

2

№20 орта мектеп

Бақылау тобы

30

14

10

3

3

198

 

Тәжірибе жұмысының соңындағы алынған сынақта: тәжірибе тобындағы балалардың 36,7%-ның денсаулық деңгейі өте төмен, 16,7%-ның денсаулығы төмен, 23,3%-ның денсаулығы аралықта, 16,7%-ның денсаулығы қауіпсіз, 6,6% — жоғары деңгейде болды. Олар барлығы – 246 балл жинады.

Ал, бақылау тобының көрсеткіштері: 46,7%-ның денсаулық деңгейі өте төмен, 33,3%-ның денсаулығы төмен, 10%-ның денсаулығы аралықта, 10%-ның денсаулығы қауіпсіз, 0%- жоғары деңгейде болып, барлығы – 198 балл жинады.

9-10 кестелерде көрсетілген мәліметтердің нақтылы қорытындысы мынадай болады. Біз мұны арнайы формулалардың көмегімен шығара алдық.

 

11 кесте — Профессор Апанасенконың шкаласы бойынша тәжірибе, бақылау топтарының денсаулық деңгейлерін салыстыру (n =60)

Сынаққа қатысушылар

топтар

 

S

t

P

Бастап-

қы

Қоры-

тынды

1

№16 орта мектеп

Тәж.

5.8

8.2

1,13

5.34

<0,01

№20 орта мектеп

Бақ.

6.03

6.54

1,01

15,8

< 0,01

Екі топты салыстыру

Тәж.

8.2

1,03

3.01

< 0,05

Бақ.

6.54

 

Кестелер бойынша қорытынды жасасақ: сынық көрсеткіштері бойынша тәжірибе тобының бастапқы және аяққы көрсеткіштері үшін t – 5,34; Р – <0,01 болуы, бақылау тобының бастапқы және аяққы көрсеткіштері үшін t – 15,8; Р – < 0,01 болуы, екі топтың аяққы көрсеткіштері үшін t – 3,01; Р – < 0,05 болуы, тәжірибе тобында жүргізілген эксперименттік жұмыстардың тиімділігінің ақиқаттығын дәлелдейді.

Кестедегі мәліметтер бойынша тәжірибе тобының бастапқы және аяққы

Тәжірибе және бақылау тобындағы оқушылардын Купер сынақтары алынды. Сынақ нәтижелеріне қарай отырып, оқушылардың дене қуаты дайындықтары мен дене қуаты қасиеттерінің деңгейлері анықталды. Тәжірибеге қатысушылардан алынған келесі сынақ нәтижелеріне көз салсақ:

Тәжірибе жұмысының сынақ нәтижелері: тәжірибе тобындағылардың 30% — өте жаман, 20% — жаман, 33,3% — қанағаттандрарлық, 10%-жақсы, 6,7% — өте жақсы дене қуаты дайындығын көрсетті. Ал, бақылау тобындағылардың 30% — өте жаман, 33,3% — жаман, 30% — қанағаттандрарлық, 6,7%-жақсы, 0% — өте жақсы дене қуаты дайындығын көрсетті.

 

11 кесте — Үш мильдік сауықтыру жүрісінің тест сынағы бойынша тәжірибе және бақылау тобы оқушыларының дене қуатының дайындық деңгейлері

Американ маманы К. Купердің және бір дене қуаты дайындығын анықтайтын 12 минут жүгіру тест сынағының нәтижесі төмендегідей болды.

Тәжірибе жұмысының көрсеткіштері: тәжірибе тобындағылардың 50% — өте жаман, 43,3% — жаман, 6,7% — қанағаттандрарлық, 0%-жақсы, 0% — өте жақсы дене қуаты дайындығын көрсетті. Ал, бақылау тобындағылардың 43,3% — өте жаман, 43,3% — жаман, 13,4% — қанағаттандрарлық, 0%-жақсы, 0% — өте жақсы дене қуаты дайындығын көрсетті.

 

12 кесте — Тәжірибе және бақылау тобындағы оқушылардың Ромберга сынағы бойынша орталық жүйке жұмысының қызыметтік деңгейлері

 

р/с

 

Мектептер

Қатысқан

оқушылар

 саны

Зерт-

теу

тобы

Ромберга сынағы бойынша оқушылардың жүйке жүйесі қызыметінің деңгейлері

Өте жақсы

Қанағаттандырарлық

Қанағаттандырарлықсыз

1

№16 орта мектеп

30

Тәж.

3

10

17

2

№20 орта мектеп

30

Бақ.

4

11

15

 

Сынақ тәжірибесының нәтижелері мынаны көрсетті: тәжірибе тобындағы балалардың 10% — өте жақсы, 33,3% — қанағаттандырарлық, 56,7% — қанағаттандрарлықсыз болды. Ал, бақылау тобындағылардың 13,3% — өте жақсы, 36,7% — қанағаттандырарлық, 50% — қанағаттандрарлықсыз болды. Тәжірибе жұмысының соңында қайталанып алынған дәл осы сынақтың көрсеткен нәтижелерінде едәуір алға жылжу байқалды. Нәтижесі келесі кестеде көрсетілді.

13 кесте — Тәжірибе және бақылау тобындағы оқушылардың Ромберга сынағы бойынша орталықжүйке жұмысының қызыметтік деңгейлері

р/с

 

Мектептер

Қатысқан

оқушылар

 саны

Зерт-

теу

тобы

Ромберга сынағы бойынша оқушылардың жүйке жүйесі қызыметінің деңгейлері

Өте жақ.

Қанағаттандырарлық

Қанағаттандырарлықсыз

1

№16 мек.

30

Тәж.

10

15

5

2

№20 мек.

30

Бақ.

5

12

13

 

Дене мәдениеті және спорт мамандығы саласы бойынша ең көп қолданылатын сынақтардың бірі – Гарвардскии степ-тесті [76]. Бізде өз зерттеу жұмысымызда аталмыш сынақты қолдану арқылы екі топтағы балалардың тәжірибе жұмысының басында және соңындағы жұмысқаблеттілік, жаттыққандық деңгейін анықтай алдық. Бұл үшін ең әуелі біздің зерттеу топтарымыздағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты шығатын биіктігі мен уақыт шегін анықтадық.

 

14 кесте — 12-18 жастағы ұлдар мен қыздардың Гарвардскии степ-тесті бойынша шығатын сатысының биіктігі мен уақыт шегі

р/с

Жынысы

Жасы мөлшері

Сатының биіктігі (см)

Уақыт шегі

(мин)

Ескерту

1

Ұлдар

12-18

50

4

Шығатын зат бетінің ауданы 1,85см2

2

Қыздар

12-18

40

4

 

15 кесте — Гарвардскии степ-тесті бойынша анықталған АДТ оқушы- ларының жұмысқабілеттілік, жаттыққандық деңгейлері

 

р/с

Мектептер

Қатысқан

оқушы

саны

 

Зертте

тобы

Гарвардскии степ-тесті бойынша анықталған АДТ оқушыларының жұмысқабілеттілік деңгейлері

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Әлсіз

Жаман

90

80-89,9

65-79,9

55-64,9

55

1

№16 орта

мектеп

30

Тәж.

1

8

14

7

2

№20 орта

мектеп

30

Бақ.

1

9

14

6

 

Зерттеу нәтижесі мынандай нәтиже берді: тәжірибе тобындағыларлың 0% — өте жақсы, 3,3% — жақсы, 26,7% — орташа, 46,7% — әлсіз, 23,3% — жаман деңгейін көрсетсе, бақылау тобындағылардың 0% — өте жақсы, 3,3% — жақсы, 30% — орташа, 46,7% — әлсіз, 20%- жаман деңгейін көрсетті. Тәжірибе жұмысының қорытынды кезеңінде бұл сынақ төмендегідей нәтиже берді.

 

16 кесте — Тәжірибе жұмысының қорытынды кезеңінде Гарвардскии степ-тесті бойынша анықталған АДТ оқушыларының жұмысқабілеттілік, жаттыққандық деңгейлері көрсеткіштері

р/с

Мектептер

Қатысқан

оқушы

саны

Зерттеу тобы

Гарвардскии степ-тесті бойынша анықталған АДТ оқушыларының жұмысқабілеттілік деңгейлері

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Әлсіз

Жаман

90

80-89,9

65-79,9

55-64,9

55

1

№16 мек.

30

Тәж.

1

4

13

8

4

2

№20 мек.

30

Бақ.

2

10

14

4

 

Зерттеу жұмысы барысында Гарвардскии степ-тесті бойынша анықталған АДТ оқушыларының жұмысқабілеттілік деңгейлерінің эксперименттік жұмыстарының басындағы және соңындағы алнған нәтижелер негізінде біздің зерттеу жұмысымыздағы ғылыми әдістемелердің қаншалықты деңгейде дұрыстығы анқыталды.

Ғылыми зерттеу жұмысымздың барысында алынған келесі сынақтардың нәтижесі төмендегі кестелерде көрсетілді.

 

17-кесте – Тәжірибенің басында және қорытынды кезде алынған скакалкамен секіру және нығыздалған допты лақтырудың нәтижелері

 

р/с

Мектептер

Қатысу-

шылар саны

Скакалкамен секіру (рет)

Нығыздалған допты лақтыру (м)

Бастапқы

көрсеткіш

Қорытындыкөрсеткіш

Жылжу-лар

Бастапқы

көрсеткіш

Қорытынды көрсеткіш

Жылжу-лар

1

№16 орта мектеп

15 ұл

81

98

+17

6,85

7,00

+15

15 қыз

79

97

+18

4,45

4,67

+22

2

№20 орта мектеп

15 ұл

82

89

+7

6,84

6,93

+9

15қыз

75

83

+8

4,48

4,55

+7

 

Зерттеуіміздің соңғы кезіндегі алынған сынақ мынандай нәтиже берді: тәжірибе тобындағыларлың 3,3% — өте жақсы, 13,3% — жақсы, 43,4% — орташа, 26,7% — әлсіз, 13,3% — жаман деңгейін көрсетсе, бақылау тобындағылардың 0% — өте жақсы, 6,7% — жақсы, 33,3% — орташа, 46,7% — әлсіз, 13,3%- жаман деңгейін көрсетті.

Біз зерттеу жұмысы барысында тәжірибеге қатысушы арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың денсаулықтарының жақсара түскендігінің белгісі ретінде олардың өзін жақсы сезіну сезімдерінің байқалғандығын байқадық. Шын мәнінде ауру адамның өзін жақсы сезініп, денесі жеңілдегенде сезімде болуы, олардың бойында ауруды жеңуге бағытталған арнайы күштің пайда болғанынан хабар берсе керек. Көптеген медициналық әдебиеттерде бұл жағдай осылай түсіндіріледі.

  • Қазіргі кезде елімізде көптеген мектептерде денсаулығы әлсіз оқушыларға арналған арнайы дәрігерлік топтар толық ұйымдастырылмайды немесе немесе мүлдемге жоқ. Бұлай болуының басты себептері: арнайы қаржының бөлінбеуі, материалдық-техникалық базалардың жеткіліксіздігі, сабақ өткізетін арнайы әдістемелік құралдар мен бағдарламалардың жоқтығы, кейбір мектептердегі денсаулығы әлсіз балалар санының өте аз болуы, мамандар мәселесі, аталмыш арнайы дәрігерлік топ жұмыстарын тіке қадағалауға арналған құзретті мекеме органдардың жоқтығы, оқушылардың дене тәрбиесі сабағына қызығушылығының төмендігі т.б. жатады.

Алайда, аталған себептерге қарамастан дене тәрбиесі мұғалімдері мен мектеп басшыларының арнайы дәрігерлік топтар ашып, дене тәрбиесі сабағын өткізуге құлықты болып отыр. Дегенмен, ниетті болғанымен ол мәселе басшылар тарапынан іс жүзінде дұрыс ойластырылып, ұйымдастырылмай келеді.

  • Тәжірибе барысында ұйымдастырылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде арнайы дәрігерлік топтағы денсаулығы әлсіз балалардың қалпына келу үрдісі тездей түсті.
  • Дансаулығы жақсарған балалардың сабаққа деген қызығушылығы жоғарылап, әр сабаққа белсене қатысып, ауру азабынан тезірек құтылуға ұмтылыстары жоғарылады. Денсаулығының қалпына келулеріне байланысты бірнеше бала негізгі және дайындық топтарына (36 %) ауысты.
  • Осы тәжірибе жұмысы арқылы дене мәдениеті ұжымындағы мұғалімдер, мектеп дәрігерлері және ата-аналардың арасында өзара түсуінушілік, ауызбіршілікке келе отырып, бала денсаулығын жақсарту сынды үлкен міндетті бірдей деңгейде атқара алды. Мұғалімдер аталмыш мәселе турасындағы тәжірибелерін онан ары арттра түсті. Мектеп дәрігерлерінің жұмысы да жандана түсті.

 

Ерік-жігерді зерттеу тесті

Ерік-жігерді зерттеу тесті 15 сұрақтан тұрады. Әрбір сұрақтың жауабы «иә» немесе «білмеймін/кейде болады», немесе «жоқ» болады. «Иә» деген жауапқа 2 бал «білмеймін/кейде болады» деген жауапқа 1 бал, «жоқ» — 0 бал қойылады.

  • Сізге қызық болсада, уақыт пен жағыдай бастаған істі тоқтатып қойып, артынан қайта айналуды көрсетсе де оны аяқтауды күйіңіз көтере ме?
  • Жағымсыз бір нәрселерді істеу керек болғанда мысалы, демалыста кезекшілік атқару т.с.с ішкі қарсылықты көп күш жұмысамай-ақ жеңе алдыңыз ба?
  • Тұрмыстағы немесе ұжымдағы қақтығыстық жағыдайда оған максимальды обиективтілікпен қарайалатындай дәрежеде өзіңізді қолға ұстауға шамаңыз келе ме?
  • Егер сізге диета сақтау керек болса, кулинарлық тәуелділікті жеңе аласыз ба?
  • Кешкісін жоспардағыдай ертесіне күндегіден ерте тұруға күшіңіз жете ме?
  • Куә ретінде мәлімет беру үшін оқиға болған жерде қаларма едіңіз?
  • Хаттарға тез жауап бересіз бе?
  • Егер ұшақпен ұшу немесе тіс емдеу кабинетіне бару сізге қорқыныш тудырса, онда ешбір қиналмай-ақ осы сезімді жеңе алып, дәл соңғы сәтте алған бетіңізден қайтпаспа едіңіз?
  • Сізге дәрігер ішіуге міндеттеген жағымсыз дәріні ішесіз бе?
  • Сізге орындаған кезде біраз бейнет әкелседе берген уәдеңізде тұрасыз ба? Басқаша айтқанда сіз сөздің адамысыз ба?
  • Егер қажет болса, көп ойланбай-ақ бейтаныс қалаға сапарға шығасыз ба?
  • Ояну, тамақтану, үй жинау сияқты істер бойынша уақытты мұқият бөліп оны қатаң ұстанасыз ба?
  • Кітіпханаға қарыз болатындарды қоштамайтындар қатарына жатасыз ба?
  • Ең қызық телехабар жедел және маңызды жұмысыңызды кейінге шегеруге ықпалын тигізе ме?
  • Қарсы жақтың сөдері қалай жәбірлеседе дауды үзе қойып, үндемей қоя аласыз ба?

Жауаптар бойынша балды қосу керек. 0-12 бал – үш-жігері жақсы жетілген. Бұл жағыдайда адам жеңіл және қызықты істермен ғана айналысуды қош көреді. Жауапты міндеттерге селқос қарайды. Кез-келген өтініш, жауапты іс қатерлі бір жағыдай қабылданады.

13-21 бал. Күш-жігері орташа. Кедергілер кездескенде оны жеңіуге әрекет жасалады. Алайда айналып өтуге мүмкіндік болса, ол барынша қолданылады. Артық жауапкершілікті ерікті түрде мойынға алудан қашады. Сондықтан басшылықпен келісу қиын болады.

22-30 бол. Ерік-жігері жақсы дамыған. Бұл жағыдайда адамға сенуге болады. Ешқандай қорқыныш сезімі болмайды. Алайда принципиальді емес мәселелерде әлде қайда пейілді кеңге салған жөн.

Сауалнама сұрақтары

С.Аманжолов атындағы Алматы облысындағы денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, оны ұйымдастыру тиімділігін арттыру жолдарын анықтау үшін әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізуде. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз, дұрыс жауаптарыңыз денсаулығы әлсіз балалардың дене тәрбиесін зерттеу жұмысына өте үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Сондықтан да әрбір сұраққа шынайы жауап беруіңізді сұраймыз.

Сауалнаманы оқып шығып, әр нөмірдегі сіздің пікіріңізді көрсетіп тұрған жауаптың әрпін қаламыңызбен дөңгелектеп, шеңберге алып қойыңыз

  • Сіз оқитын оқу орынында дене тәрбиесі сабағы жүйелі жүргізіле ме?
  • Иә
  • Жоқ
  • Анда-санда жүріледі
  • Мүлдем жүрілмейді
  • Өзімде анақ білмеймін
  • Оқу орыныңызда қандай денсаулық топтар бойынша дене тәрбиесі жұмыстары жасалады?
  • Негізгі топтар
  • Дайындық топтар
  • Арнайы топтар
  • Негізгі, дайындық топтар
  • Негізгі және арнайы медициналық топтар
  • Сіз денсаулық жағыдайы бойынша қандай топқа жатасыз?
  • Негізгі топқа
  • Дайындақ топқа
  • Арнайы медициналық топқа
  • Бұл туралы білмеймін
  • Денсаулығым өте жақсы бірақ қайсы топқа жататынымды білмеймін
  • Дене тәрбиесі пәні мұғалімі сіздің қандай денсаулық тобына жататыныңыз бойынша үнемі айтып отыра ма?
  • Иә
  • Жоқ
  • Оқу жылының басында ғана айтады
  • Әр тоқсан сайын айтады
  • Есімде жоқ
  • Оқу орыныңызда арнайы медициналық топпен сауықтыру жұмысы жүргізіле ме?
  • Иә
  • Жоқ
  • Аздап жүргізіледі
  • Анық білмеймін
  • Бұл туралы ештеңе білмеймін
  • Егер оқу орынығызда арнайы медициналық топпен сауықтыру жұмыстары жасалса, оны кімдер жүргізеді?
  • Сынып жетекшісі
  • Дене тәрбиесі мұғалімі
  • Медиктер
  • Жаттықтырушылар
  • Спорт секторлары
  • Егер оқу орыныңызда арнайы медициналық топпен сауықтыру жұмыстары жасалмаса оның себебі не деп ойлайсыз?
  • Ол топтағы баласаны өте аз
  • Оқу орынның шарт-жағыдайы төмен
  • Дене тәрбиесі мұғалімі жетіспейді
  • Арнай медициналық топқа арналған бағдарламаның жоқтығы
  • Арнайы қаражаттардың бөлінбеуі

Сізше тағы қандай себептер болуы мүмкін

  • Егер сіз арнайы медициналық тобында болсаңыз дене тәрбиесі мұғалімі сізге бағаны неге сүйеніп қояды?
  • Сабаққа қатысыуыма қарай
  • Реферат жүмыстарыма қарай
  • Теориалық біліміме қарай
  • Денсаулығымның жақсаруына қарай
  • Басқа пәндердің нәтижелеріне қарай
  • Дене тәрбиесі сабағы кезінде дене тәрбиесі мұғалімі денсаулығы әлсіз оқушыларға арнайы тапсырма бере ме?
  • Иә
  • Жоқ
  • Көбінесе беріледі
  • Кейде беріп жатады
  • Анық білмеймін
  • Сізбен бір сыныпта немесе бір топта оқитын денсаулығы әлсіз оқушылыр дене тәрбиесі сабағы кезінде немен айналысады?
  • Бізге қарап отырады
  • Дене тәрбиесі мұғалымімне көмектеседі
  • Үйіне қайта береді
  • Дене тәрбиесі мұғалімі берген кітаптар оқиды. Басқа пәндерге дайындалады
  • Шахмат, тоғызқұмалақ т.б ойнайды
  • Оқу орыныңызда денсаулығы әлсіз оқушыларға арналған Шахмат, Тоғызқұмалақ т.б спорттың басқада жеңіл түрлерінен үйірмелер бар ма?
  • Бар
  • Жоқ
  • Шахматтан ғана бар
  • Қазірше жоқ кейінірек болады
  • Ол үйірмелер тек денсаулығы мықты балаларға арналған
  • Сіздің ойыңызша денсаулығы әлсіз оқушылармен арнайы сауықтыру жұмыстары жасалса олар толық сауығып кете алама?
  • Иә
  • Жоқ
  • Аздап үмітте жоқ емес
  • Бұл жүргізілген жүмыстың жүйелігіне байлансыты
  • Мұғалімнің шеберлігіне байланысты
  • Сіздің оқу орыныңызда денсаулығы әлсіз оқушыларды жаздық сауықтыру лагарлеріне жібере ме?
  • Иә
  • Жоқ
  • Отбасы шарт-жағыдайына байланысты жібереді
  • Оқу үлгеріміне қарай шешім шығарады
  • Еш мүмкідік жоқ
  • Денсаулығы әлсіз оқушылармен сауықтыру жұмысын мұғалім, ата-ана, дәрігерлер және оқушының өзара келісімі бойынша жүргізу керек деген пікірге қалай қарайсың?
  • Толық құптаймын
  • Келіспеймін
  • Өте дұрыс, оқушығы барлық жағыдай жасалуы керек
  • Дұрыс емес өйткені бұл медик пен дене тәрбиесі мұғалымынің жұмысы
  • Бідеңе деу қиын (жауап беруім қиынға соғады)
  • Денсаулығы әлсіз оқушыларға қалпына келтіру, сауықтыру жұмыстарын жүргізумен қатар психикалық жақтан көмек беру қажет деп ойлайсыз ба?
  • Иә
  • Жоқ
  • Бұл тек ата-аналардың қолынан келеді
  • Оған мұғалымның, сыныптастарының үнемі демеп отыруы жақсы әсер етеді.
  • Бұл оқушының жеке ерекшелігне байланысты.
  •  

Профессор Апанасенконың диагностикалық денсаулық шкаласы

Жыныс

Ер балалар

Қыздар

Топтар

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

Салмақ гр

Бой см

501

жоға-ры

481-500

450-

тө-

мен

451 одан

төмен

351-450

350-ден

төмен

Балдар

-2

-1

0

— 2

— 1

0

ӨТК мл

Салмақ кг

50-ден аз

51-55

56-60

61-65

66

жоға-ры

40-

жоға-ры

41-45

46-50

51-57

57-

тө-

мен

Балдар

0

1

2

4

5

0

1

2

4

5

Қолдың қысу күші х 100

Салмақ кг

60-тан

төмен

61-63

66-70

70-80

90

жоға-ры

40-

төмен

41-50

51-53

55-60

60-

жоға-ры

Балдар

0

1

2

3

4

0

1

2

3

4

ЖСЖ х ҚҚ

100

111

төмен

95-110

85-94

70-84

69-

тө

мен

111

жоға-

ры

95-110

85-94

70-84

69-

тө-

мен

Балдар

-2

0

2

3

4

-2

0

2

3

4

30 секундта 20 отырып тұрудан кейін

қалпына келу уақыты

3 мин.

жоға-ры

2-3

130-159

100-129

59

тө

мен

3 мин

жоға-ры

2-3

130-159

100-129

59

тө-

мен

Балдар

-2

1

3

5

7

-2

1

3

5

7

Балдар жиынтығы

4-жоға-ры

5-9

10-13

14-16

17-21

4- жоға-ры

5-9

10-13

14-16

17-21

Денсаулық бағасы

өте

төмен

тө-мен

ара-

лық

қауіп-

сіз

жоға-

ры

өте

төмен

тө

мен

ара-

лық

қауіп

сіз

жоға-

ры

 

Практикалық ұсыныстар

Денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау негізінде қарастырылып зерттелген, арнайы дәрігерлік топтарда дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыруға төмендегідей практикалық ұсыныстар ұсынамыз:

  • Жергілікті жердегі білім және дене тәрбиесі басқармалары білім беру мекемелеріндегі арнайы дәрігерлік топ жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалап отыруы, мектеп басшылығы тарапынан материалдық құрал-жабдықтар базасын толықтырып отыруға толық қолдау көрсетілуі керек.
  • Жалпы білім беретін мектептерде арнайы дәрігерлік топтарға өткізілетін дене тәрбиесі жұмыстарына бүкіл мектептегі оқушылар мен оқытушылар ұжымы бірлесе отырып, денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесімен айналысуына қолайлы орта жасап беру.
  • Арнайы дәрігерлік топқа өткізілетін дене тәрбиесі жұмыстарына ата-аналарды да тарту. Бүл үшін арнайы жиналыстар өткізу, жалпы жүргізіліп жатқан жұмыстарды ата-аналарға түсіндіріп, олардың да белсене қатысуына орай жаратып, түрлі спорттық шаралар өткізіліп отыру керек.
  • Арнайы дәрігерлік топтарға өткізілетін дене тәрбиесінің басты міндеті – оқушылар денсаулдығын қалпына келтіру және нығайту, яғни, сауықтыру болғанымен, жалпы дене тәрбиесінің білім беру және тәрбиелеу міндеттерін де толық атқарылуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесі турасында жазылған диссертациялық жұмысымызда алға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер толық орындалы, мынадай қысқаша қорытынды жасаймыз:

  • Денсаулығының әлсіз болуына байлансты арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушыларға дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыруға, аталған жұмыстардың басты ерекшеліктерін анықтауда Кеңес одағы, ТМД елдері, Қытай, Ресей және өз еліміздің дене мәдениеті және спорт саласында, денсаулық сақтау саласында жазылған ғылыми еңбектері оқылып талданды, пікірлер ескерілді. Керекті әдістемелік нұсқаулар мен тәжірибелер қолданылды. Зерттеу жұмысы барысында арнайы дәрігерлік топ жұмыстарының еліміздегі қазіргі жай-күйі қарастырылды. Соның ішінде өз облысымыздағы арнайы дәрігерлік топ жұмыстарының әлі де баяу жүріліп жатқандығы анықталды. Атап өтер болсақ, облысмызың қалалы жерлердегі денсаулығы әлсіз оқушылардың арасында дене тәрбиесі сабағына қатыса алмайтыны 90%, ауылдық жерлердегі 85% екені анықталып, арнайы дәрігерлік топ жұмыстарының ұйымдастырылуы өте төмен деңгейде екендігін дәлелдедік.
  • Диссертациялық жұмыста арнайы дәрігерлік топтың дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастырудың үлгісі жасалып, эксперименттік- тәжірибеге енгізіліп, тұжырымдалды.

Бұл негізде жүргізілген негізгі жұмыс бағыттары мен түрлері төмендегідей болды:

— белгіленген жұмыс бағыттары бағыттары: мектеп башылығының материалды-техникалық қолдау көрсетуі, дене мәдениеті ұжымы, дене тәрбиесі мұғалімдері арасында пікір алмасулар, семинарлар өткізу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен жұмыс жасау, аталмыш салаға мамандар даярлау мәселелері;

— жүргізілген жұмыс түрлері: дене тәрбиесі мұғалімдері арасында тәжірибе алмасулар, семинарлар өткізу, арнайы дәрігерлік топ дене тәрбиесін жандандыру туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен жиналыстар өткізу, салауатты өмір салытын ұстануға үндеу, дене мәдениеті және спорт саласының болашақ мамандарының назарына аталмыш мәселенің көкейтестілігін түсіндіру, спорттық шаралар өткізу.

  • Арнайы дәрігерлік топ жұмыстарын ұймдастырудың үлгі модельі эксперименттік-тәжірибе жүзінде қолданылып, өз тимділігі көрсетті. Денсаулығы әлсіз оқушылардың денсаулығының қалпына келуіне, арнайы дәрігерлік топ жұмыстарының жанданыуына бағытталған бұл жұмыс жалпы білім беретін мектептерде, басқада оқу орындарында қолданылуға болатындығы дәлелденді.

Диссертациялық жұмысымыздың қорытындысын айта келе біз осы зерттеу жұмысы арқылы денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері мен ұйымдастыру жұмыстарының мәселесін толығымен шеше алдық деп кесіп айта алмаймыз. Бұл қазіргі кездегі дене мәдениеті мен спорт саласындағы зерттеуді күтіп тұрған тың мәселелердің тек бір бөлігі ғана деп есептейміз. Арнайы дәрігерлік топтарға дене тәрбиесін ұйымдастыру жұмыстарын жалпы білім беретін мектептерге толықтай енгізу аталмыш сала құзырлы органдарының қолауларын қажет етеді. Сонымен қатар, дене мәдениеті және спорт саласының мамандарының арнайы дәрігерлік топ жұмыстарын зерттеп, әдістемелік құралдар мен арнайы бағдарламар жасап, материалдық-техникалық базалармен толық қамтамасыз етілген жағдайда арнайы дәрігерлік топтың дене тәрбиесі жұмыстары толығымен өз міндетін атқара алады. Дені сау, жан-жақтылы жетілген жастар еліміздің дамуына, көркейіп-гүлденуіне өз үлесін қоса алатындығына толық сенеміз.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1     Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 256 б.

2     Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалайық! Қазақстан халқына Жолдауы // Н.Ә. Назарбаев. –Өскемен: Дидар, 2011. – 1-3 б.

3     Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы. №490. 2006.

4    Антонюк С.Д. Особенности двигательного развития детей, имеющих отклонения в состоянии здоровья / С.Д. Антонюк, М.В. Хватова, А.В. Сычев // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2001. — № 4. – С. 56 – 57.

5     Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. — Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2010. — 91б.

6     Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. — Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2010. — 260 б.

7     Кондратьев А.Н. Формирование мотивационной сферы учащихся в условиях здоровьеформирующей технологии физического воспитания / А.Н.Кондратьев // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2005. — № 5. – С. 59 – 61.

8     Антонюк С.Д. Особенности физического воспитания детей группы риска / С.Д. Антонюк, А.В. Сычев // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2004. — № 1. – С. 56 – 58.

9     Семенов Л.А. Мониторинговая система диагностики и коррекции физической подготовленности и здоровья – основа совершенствования школьного физического воспитания / Л.А.Семенов // Zdorovie: istota, diagnostyka i strategie zdrowotne/ — Radom, 2001. – С. 143 – 148.

10   Вайнбаун Я.С. и др. Гигиена физического воспитания и спорта: Учебное пособие для   студ. высш. пед. учеб. заведений//Я.С. Вайнбаум,   В.И. Коваль, Т.А.Родионова — М: Издательский центр «Академия», 2002г. -240 с

11   Бабенкова Е.А. Виды контроля за детьми с отклонениями в состоянии здоровья / Е.А. Бабенкова, Т.М. Параничева // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2006. — № 1. – С. 19 – 23.

12   Бальсевич В.К. Здоровьеформирующая функция образования в Российской Федерации (Материалы к разработке национального проекта оздоровления подрастающего поколения России в период 2006-2026 гг.) / В.К.Бальсевич // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2006. — № 5. – С. 2 – 6.

13   Барабаш О.А. Педагогическая диагностика профессио- нальных и личностных качеств учителей физической культуры, работающих в специальных (коррекционных) учреждениях для детей и подростков с умственной отсталостью / О.А.Барабаш // Теория и практика физической культуры. – 2006. — № 9. – С. 53-54.

14   Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі. — Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2009. — 259 б.

15   Болонов Г.П. Физкультура в начальной школе: Методическое пособие / Г.П.Болонов. – М., 2005. – 128 с.

16   Безруких М.М. Здоровьесберегающая школа / М.М.Безруких. – М., 2004. – 240 с.

17   Горбачев М.С. Осанка младших школьников / М.С.Горбачев // Физическая культура в школе. – 2005. — № 8. – С. 25 – 28.

18   Брехман И.И. Введение в валеологию — науку о здоровье. — М.: 1987. – С.15-16.

19   Булич Э.Г. Физическое воспитание в специальных медицинских группах. — М: Высшая школа.1986 -255с.

20   Бурухин С.Ф.Гимнастика — это очень важно//Физическая культура в школе.  2000г, №8. – с.10-12

21   Антропова М.В. Образование и здоровье школьников: методические рекомендации для работников системы образования / М.В.Антропова. – М., 1988. – 132 с.

22   Велитченко В.Н. Организация занятий с учащимися, отнесенными к специальной медицинской группе // Настольная книга учителя физической культуры / Под ред. Л.Б.Кофмана. – М.: Физкультура и спорт, 1998. – с.60-66

23   Велитченко В.К. Физкультура для ослабленных детей: методическое пособие / В.К.Велитченко. – М., 2000. – 168 с.

24   Виленская, Т.Е. Функциональное состояние опорно- двигательного аппарата как одно из наиболее «слабых звеньев» у современных детей 7 – 10 лет / Т.Е. Виленская // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2005. — № 3. – С. 52 – 55.

25   Виленская Т.Е. Принципы формирования и организация физического воспитания в специальных медицинских группах / Т.Е. Виленская, Э.А. Кудаев // Теория и практика физической культуры. – 2005. — № 1. – С. 25 – 42.

26   Гритченко Н.В. Основы физического воспитания, врачебного контроля и лечебной физической культуры / Н.В.Гритченко. – М.: Медицина, 1972. – 272 с.

27   Велитченко В.К. Организация занятий с детьми спецмедгруппы / В.К.Велитченко. – М.: Медицина, 1980. – 82 с.

28   Гурова Е.В. Особенности адаптационных реакций организма на физические нагрузки оздоровительного характера у детей 8-10 лет с нарушениями зрения / Е.В.Гурова // Теория и практика физической культуры. – 2006. — № 8. – С. 45-48.

29   Бальсевич В.К. Физическая подготовка в системе воспитания культуры здорового образа жизни человека (методологический, экологический и организационный аспекты) / В.К. Бальсевич // Теория и практика физической культуры. – 1990. — № 1. – С. 22 – 26.

30   Долгачева А.В. Инновационная методика физического воспитания детей с задержкой психического развития / А.В.Долгачева, В.Н.Чернова // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2007. — № 2. – С. 78 – 79.

31   Детская спортивная медицина / Под ред.С.Б. Тихвинского, С.В. Хрущева — руководство для врачей, 2-е изд.перераб.и доп. — М: Медицина, 1991г — С 50-60.

32   Дубровский В.И. Валеология. Здоровый образ жизни. — М.: RETORIKA-A: Высш.шк., 1985г. –С 16-19.

33   Дубровский В.Н. Лечебная физическая культура. – М.: Физкультура и спорт, 1988. — С 44-46.

34   Железняк Ю.Д., Петров П.К. Основы научно-медицинской деятельности в физической культуре и спорте: Учеб. пособие для студ. высш. пед. заведений – М: Издательский центр «Академия», 2002г, — 264 с

35   Забалуева Т.В. Закономерности формирования осанки средствами физической культуры // Т.В.Забалуева // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2006. — № 4. – С. 51 – 54.

36   Забродина Н.П. Работа со специальными медицинскими группами //Физическая культура в школе-2000-№6-с22-25.

37   Ирхин В.Н. Здоровьеориентированная дидактическая система учителя физической культуры / В.Н.Ирхин, Ф.И.Собянин, И.В.Ирхина // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2005. — № 4. – С. 54 – 56.

38   Ишмухаметов М.Г. Дифференцированное физическое воспитание с учетом заболеваний детей и подростков / М.Г.Ишмухаметов // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2004. — № 4. – С. 45 – 46.

39   Бальсевич В.К. Физическая культура для всех и для каждого. — М.: Физкультура и спорт, 1988 — 208с.

ҚОСЫМШАЛАР

Үш мильдік сауықтыру жүрісінің тест сынағы

Дене қуатының

дайындық дәрежесі

3 миль (4800 м) қашықтыққа жұмсалған уақыт, минут, секунд

Жастары

Бағалау

Жынысы

13-19

Өте жаман

 

Ұлдар

45,00 -ден жоғары

Қыздар

47,00 -ден жоғары

Жаман

Ұлдар

41,01-45,00 -ге дейін

Қыздар

43,01-47,00 -ге дейін

Қанағаттандырарлық

Ұлдар

37,31-41,00 -ге дейін

Қыздар

39,31-43,00 -ге дейін

Жақсы

Ұлдар

33,00-37,30 -ға дейін

Қыздар

35,00-39,30 -ға дейін

Өте жақсы

Ұлдар

33,00 -ден төмен

Қыздар

35,00 -ден төмен

 

 

 

 

 

 

 

13-19 жастағы ұлдар мен қыздардан 12 минуттық жүгіруден сынақ аттығуларын алу арқылы дене қуаты дайындығы деңгейін анықтау

Дене қуаты

дайындығын

бағалау

12 минутта жүгіріп өтілген қашықтық, (м)

Жастары мен жыныстары

13-19 ұлдар

13-19 қыздар

Өте жаман

2,1 – ден аз

1,6 – ден аз

Жаман

2,1-2,2

1,6-1,9

Қанағаттандрарлық

2,2-2,5

1,9-2,1

Жақсы

2,5-2,75

2,1-2,3

Өте жақсы

2,75-3,0

2,3-2,4

Керемет

3,0 – жоғары

 2,4 – жоғары