АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

КІРІСПЕ

  • МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

  • Мектептердегі дене тәрбиесінің теориялық маңызы
  • Мектеп жасындағы балалардың дене дамуының морфофункционалдық ерекшеліктері
  • Дені сау балалардың сыртқы тыныс алуының күйі және әртүрлі физикалық жүктемелер кезіндегі ерекшеліктері
  • Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары және физиологиялық-гигиеналық негіздері
  • Спортталғандене тәрбиесі
  • Әр жылдар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы бұқаралық спорттың дамуы туралы сараптамалық баяндамадан мәліметтер

 

  • ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

 

  • Зерттеу әдістері
  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы
  • Зерттеуді ұйымдастыру
  • ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

 

  • Дене шынықтыру сабақтарының өселең ұрпақ үшін маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

Берілген жұмыста келесі стандарттар қолданылды:

  1. ГОСТ 7.32 – 2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Рәсімделуінің құрылымы және тәртібі.
  2. ГОСТ 7.1 – 2003 .Библиографиялық жазба. Құрылымы мен құрылымна қойылатын жалпы талаптар. 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы»Қазақстан Республикасының заңы ( 29.09.2014 жылғы өзгертулерімен )
  3. 2011-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың тармақтарның бағдарламасы. –Астана,2015. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

 

АҚ артериялық қан қысымы

СҚ систолалық артериялық қысым

ДҚдиастолалық артериялық қысым

СДТ- спортталған дене тәрбиесі

с    секунд    

м метр

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Дене шынықтыру – адамның жалпы мәдениетінің бөлімі, ол қоғамдағы адамның дене, психикалық және әлеуметтік саулығының жетістіктерін сипаттайды.

Дене тәрбиесі – педагогикалық процесс,бала ағзасының түрлері мен қызметін жетілдіруге, қимыл дағдыларын, іскерлігін, білімін қалыптастыруға, дене сапаларын тәрбиелеуге бағытталған.

Дене дамуы – адам ағзасының түрлері мен қызметінің өзгеру процесі. «Дене дамуы» термині қысқаша айтқанда антропометриялық және биометриялық көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылады (бойы, дене салмағы, кеуде қуысының көлемі, өкпенің өмірлік сиымдылығы, омыртқа жотасы, т.б.). ал кең қолданыста «Дене дамуы» термині дене сапаларын (шапшаңдық, ептілік, күш, төзімділік, иілгіштік) қарастырады.

Дене шынықтыру бойынша білім беру – арнайы білімді, қимыл іскерлігі мен дағдысын меңгеруді қарастыратын дене тәрбиесінің бір жағы.

Дене дайындығы — қимыл іскерлігі мен дағдысының, дене сапаларының даму деңгейі.

Дене жетілуі – жан-жақты дене дайындығы, денсаулық жағдайының жоғары деңгейі мен дене дамуының деңгейі.

Дене жаттығулары – дене тәрбиесі міндеттерін шешуге арналған құрал ретінде таңдалып алынған қимылдар, қимыл әрекеттері мен қимыл ісінің күрделі түрлері.

Қимыл белсенділігі – ағзаның қимылға деген биологиялық қажеттілігі, балалардың дене дамуы мен денсаулығы оның қанағаттандырылу деңгейіне байланысты.

Дене дайындығы – дене тәрбиесінің кәсіби бағыттылығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың көкейкестілігі. Қазіргі дене тәрбиесі жүйесінің әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік — мәдени жағдайында жалпы орта білім беру мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты адамның жалпы мәдениетінің компоненті ретінде дене мәдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр. Кез – келген мұғалімнің алдында сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін оқушылар дене жаттықтыру сабағына қызығушылық танытуы, денелік және психикалық сапаларды дамытуы және сабақтан ерекше әсер алуы қажет. Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Оның деңгейіне оқушының сабақтағы зейіні, мінез – құлқы, белсенділігі, сынй ойлауы, шығармашылықпен жұмыстануы байланысты. Оқушылардың денсаулығы — білім беру саласы мен мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бір[1].

Дене тәрбиесі бойынша маманның кәсіби компоненттігі олардың өз қызметінде мектеп жасындағы  балалардың дене құрылымының заманауи тұжырымдамасын іске асыруға дайындығында болып табылады – тәрбие білім процессінде денсаулығын нығайту, дене және психикалық даму, әр баланың эмоциональдық саулығына бағытталады.

Мектеп жасындағы  баланың заманауи дене тәрбиесінің мотивациясы, ағзасының өзін-өзі жетілдіруіне, дене жаттығулары арқылы денсаулығын нығайту қажеттілігіне қалыптастыруы тиіс. Дене жаттығуларының әсерінен барлық мүшеміз бен ағзамыздың қызметтік сипаты өзгереді, олардың құрлысы жетіледі.

Мектеп оқушыларының  жас ерекшелігінде-ақ, балалар осындай әсерлер механизімі туралы бастапқы білім алуы керек.Осыған байланысты дене тәрбиесі бойынша мамандарды дайындауда үшінні бағыт жаңа әрі маңыздысы болып табылады. Көрсетілген ағза жұмысы бойынша балаларды қалыптастыру әдісін меңгеру

Жұмыстың болжамы: Дене тәрбиесі мен әдістемелері  замануи педагогиканың негізгі мәселелері болып күн тәртібінде тұрған тұрғаны белгілі. Себебі,  бала тәрбиесі тек қана ақыл-ой еңбегін ғана дамытумен емес қимыл белсенділігінің ағзаның жүйелері мен қызметтеріне де тікелей әсер ететіндіктен,дене еңбегінің де маңызы жоғары.Сондықтан да жұмыстың мәні, маңыздылығы, қарастырған материалдарымыз балалар ағзасының дамуына дене шынықтыру сабақатарының да  маңызды екенін түсіндіру.

Зерттеу нысаны: Дене жаттығуарының әрт түрімен және спорттың арнайы түрлерімен айналысатын   спортшылар мен  дене шынықтыру сабақтарыныңы  адам ағзасы үшін маңыздылығын анықтау барысында  мектеп оқушылары алынды.

Жұмыстың мақсаты: дене шынықтыру  пәнге деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Пәннің рөлін айқындау арқылы қызығушылықты арттыру; біліктілікті арттыру; еңбектің жеке сапалық көрсеткіштерін өзгерту; оқытушы – сабақ беруші бағытынан педагог – басқарушы, педагог — әдіскер, педагог – зерттеуші бағытына сапалы ауысу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Әдістемелік жұмысты іске асыру, біліктілікті арттыру үшін мүмкіндіктерді қолдану; жаңаша мінез – құлықты, жаңа педагогикалық ойлауды дамыту; ғылыми – зерттеушілік және әдістемелік мәдениет деңгейді дамыту, арттыру; кәсіби әрекеттің нұсқасын жасау.
  2. Кәсіби құзыреттілікті бағалау. қиындықтарды жеңу және жоғары нәтижеге жету әрекеттерін жоспарлау. жұмыс нәтижесін талдау, жалпылау, жүйелеу.

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында бірқатар әдістер қолданылды:

  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы;
  • сараптамалы бағаламалар әдістері;
  • математикалық статистика әдістері
  • сауалнама түрлері.

Зерттеудің ұйымдастырылуы:  Зерттеу тәртібі және ұйымдастырылуы ғылыми жұмыстағы басты талаптардың бірі болып табылады. Біздің жұмысыымызда  бұл талап қатаң сақталуы тиіс.  Өйткені, зерттеу жұмыстарының нәтижелері  алдыға қойған мақсат-міндеттерімізді орындауға  мүмкіндік береді. Зерттеу әдістерінің ұйымдастырылуы және жүргізілуі  қатаң қадағаланып аудиторияларда жүргізілді. 

Зерттеу әдістемелері:   Қандай да бір тақрыпта неме ғылыми бағытта   зерттеу жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік  ролінің де маңыздылығы басым болып табылады. Ағзаның дене шынықтыру жаттығуларына бейімделуін анықтауда қолданылатын негізгі  әдістердің бірі антропометрияның жүргізілу әдістемелерін үйрету. Сауалнама жүргізу әдістемесінің өзі  үлкен қажырлылық пен білімділікті өажет етеді. Сауалнама жүргізу үшін тақырыпқа сай арнайы сауалдар түрі мен  алынған мәліметтерді ғылыми тұрғыдан тұжырымдай білудің өзі  болашақ педагогтар үшін аудиторияның басқаруға арналған  педагогика-психологиялық әдіснаманың бір сипаты болып табылады.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. 

Дипломдық жұмыстың жазылуы барысында  қандай ғылыми бағытта болғанына орай өзекті мәселелердің өзегі тақырып болып алынатынын білеміз.  Осы тақырыптың  қарастыратын мақсаты мен алдыға қойған міндеттері  бірнеше кезеңдерге бөліне отырып жұмыстың маңыздылығын анықтауға бағыттар береді. Аталған тақырыптағы бітіру жұмысының  теориялық және практикалық  маңыздылығы, дене шынықтыру сабақтарының  өскелең ұрпақ үшін маңызы мен қатар жалпы біім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақатырының   негізгі пәндер құрамына кірмей екінші орынға ысырыла беретінін айқындай отырып,қимыл белсенділігінің бала ағзасының даму кезеңдері үшін де маңыздылығын ашып көрсету.

Жұмыстың көлемі: Дипломдық жұмыс 43 беттен,тақырыпқа сай арнайы 8 суреттермен, 4 кестеден   және  қарастырылған  52 әдебиеттер санымен  толықытырлған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

  • Мектептердегі дене тәрбиесінің теориялық маңызы

 

Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімдері — тәрбиеші, жаттықтырушы және тәлімгерлік қызметтерді қатар атқаратындығы белгілі. Мұғалімнің кез-келген мәселені шешу қабілеті, мектептегі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыра алу шеберлігі, оқушылардың денсаулығын нығайту міндеттерінің орындалуы ҚР-ның заңында көрсетілген. Осы тұрғыдан алып қарағанда дене шынықтыру сабағы барлық уақытта мектептегі дене тәрбиесі және тәрбие жүйесіндегі басты пән болып қала береді [2]. Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.     Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның  тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды (1 сурет).

Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды — деген мәселелер де толғандыруы тиіс (2 сурет).

Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары ҚР жарлығында атап айтылған [3]. Оқушының жаттығуларды орындаушылық қабілеті, ол дене әзірлігі жағынан қаншалықты дайын болуына байланысты.  Мұғалім осы бағытта оқушылардың бойындағы ізденушілік, белсенділік, жинақылық, шапшаңдық сияқты қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиіс. Жыл бойы ашық ауада өткізілген дене жаттығулары ағзаның шынығуы үшін тиімді, шыныққан ағза суық тиіп аурудан қорғайды және кез-келген ауруға қарсы тұратын болады.

Мектеп жанындағы ашық спорт алаңдарында орындалған дене жаттығулары мен ойындар оқушылардың дене бітімінің жан-жақты дамуына, дұрыс мүсін қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді.     Таза ауада жаттығулар өткізу оқушылардың қозғалыс дағдыларының шеңберін кеңейтеді. Балалар табиғи кедергілерден өтуге, жаңа жағдайға бейімделуге үйренеді, өзіндік белсенділігін таныта бастайды. Таза ауадағы дене жаттығулары балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке тартуға ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырады [4].

Дене тәрбиесі сабағының балалар үшін ең қызықтысы – бұл жарыс түрінде өткізу. Оған қатысқан оқушы жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылады, жеңіске жетеді, бұл қажетті психологиялық және дене қабілеттерінің (күш, ептілік, икемділік, жылдамдық, шыдамдылық) дамуына көмегін тигізеді. Спорт пен дене тәрбиесіне байланысты мұндай сабақтарды жақын орналасқан көрші мектеп оқушыларын да қатыстыра өткізген пайдалы. Ол балалар өміріне өзгеріс енгізеді, іс-шараға қатысушылардың қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық күйін жақсартады, байытады, оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырады. Жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал етеді. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін тануына жағдай туғызады [5].

Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.Оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс; нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп  міндетті түрде іріктеу керек. Бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет; барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс; сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек. Бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет. Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі, пәнге деген қызығушылығы артады [6].

 

  • Мектеп жасындағы балалардың дене дамуының морфофункционалдық ерекшеліктері

 

Ағзаның жеке дамуының заңдылықтарын зерттеуде қойылатын негізгі мәселелердің өзектілігінің бірі балалар денсаулығын сақтау болып табылатыны сөзсіз. Дегенмен қазіргі кезде денсаулық сөзі көп жақты пікір тудыратын, ағзаның әртүрлі тіршілік әрекетін қамтамсыз ететін көрсеткіштерден тұратын, сонымен қатар денсаулық деңгейіне әсер ететін әртүрлі факторлар өзгерісімен қатар жүретін түсінік [7]. Қандай елде болмасын бала денсаулығына аса мән беретіні белгілі. Себебі бала денсаулығы болашақ ұрпақ денсаулығы, ұлт жалғасы екені сөзсіз. Сондықтанда осы таңда мектеп жасындағы балаларадың денсаулық күйі өзекті мәселелелердің бірі болып отыр. Аталған тақырыптатарға қатысты әдеби деректерде келтірілген мәліметтерге қарасақ, мектеп жасындағы балалардың 10 % дені сау деп есептелінеді екен. Ал балалардың үштен бірі созылмалы дертке шалдыққандығы анықталып отыр [8].

Балалар денсаулығына жүргізілген тәжірибелерді қарай отырсақ, олардың физикалық даму деңгейі, ағзадағы даму,өсу үдерістеріне қатысты жүйелері біркелікі емес. Жалпы өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында-ақ негізгі нормативті анықтамалар дайындалған болатын. Қазіргі кезде де балалар денаулығына қатысты, олардың даму үдерісі барысындағы сыртқы орта факторларының әсерінен бастап, әртүрлі жас кезеңдеріне қарай, сонымен қатар әртүрлі физикалық жүктемелер мен эмоционалды стресстер әсерінен болатын ағза жүйелерінің қызметіндегі, құрылымдық өзгерістері де қарастырылып, толыққанды зерттелуде [9]. Бұл зерттеулер барысында қойылатын талаптардың тағы бір себептерінің бірі, ағзаның негізгі жүйелеріне қойылатын жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы нормативтер енгізу.

Оқыту процесі барысында әртүрлі шамадағы физикалық жүктемелерді енгізу, қазіргі заманауи талаптардың бірі. Себебі кез келген физикалық жүктемелер ағзаның жүйлеріне жаттығу әсерін тигізеді [10].

Өйткені, көпшілігіміз білеміз гиподинамия – дене жұмысына белсенділіктің төмендеуі. Заман талабына қарай, ғылыми -техникалық прогрестің дамуына байланысты, сонымен қатар білім беру үдерісіндегі талаптардың жоғарылауына байланысты мектеп оқушыларында дене еңбегінен гөрі, ақыл- ой деңгейінің дамуына үлкен талап қойылып отырғаны таңқаларлық емес. Дегемен балалар ағзасында белсенді даму үдерісі жүретіндіктен қозғалыс белсенділігі аса маңызды болатыны сөзсіз. Бұлшықет қимыл-қозғалыстың төмендеуінен әлсіреп, бірте -бірте атрофияға ұшырайды. Бірте-бірте күш төзімділік секілді қасиеттері төмендеп, вегето-қантамырлық дистония, депрессия т.б. жүйкелік өзгерістер, зат алмасу үдерістері туындайды [11].

Гиподинамия тыныс алу жүйесінің және қантамырлар жүйесінің функционалды өзгерістеріне әкеліп соғады. Сондықтан гиподинамия әсерінен қанның тамырлар арқылы қозғалуын қамтамсыз ететін бұлшықеттер жұмысы нашарлауы нәтижесінде бас миының оттегі жеткіліксіздігінен бас қаңқасы ішіндегі қысым өзгеруінен үнемі бас ауруы, шаршау сезімі, туындайды.

Гиподинамия дамуы бала кезден қалыптасады. Кейде 10 миннуттық жаяу жүретін жерлерді балалар транспортпен баратынын ескерсек, содан кейін 6 сағаттық сабақ уақытында қозғалыссыз отыратыны тағы бар. 5 минуттық үзілістер мен аптасына екі күн болатын дене шынықтыру сабағын есептегенде 10 баланың 5-6 ғана далада ойнағанды, және әртүрлі белсенді қимыл қозғалысты үйірмелерге қатысады екен. Яғни, 16-17 жастағы жас өспірімдердің 5пайызы омыртқа бағанасының қисаюымен, семіздіктің әртүрлі деңгейлерімен және көру жүйелерінің нашарлауы секілді патологиялық диагноздарға ие болуы ерте кезден баланың қимыл қозғалысының шектелегенінен екенін көпшілігі ескере бермейді.

Оқу үдерісі барысында жүргізілетін дене шынықтыру сабақтары балалар ағзасының қалыптасуы заңдылықтарына, сонымен қатар гетеросинхронды дамитын негізгі жүйелеріне әсері ескерілмей жатады. Тек қана жинақы және ағаза функционалды жүйелерінің қалыптасуы заңдылықтарын ескере отырып берілетін алғы шарттар, әсіресе кардиореспираторлы жүйеге қатысты. Балалар ағзасының өсуі мен дамуына физикалық жүктемелердің әсері өте зор десек, ретті түрде берілген жаттығулар, ағза жүйелерін жаттықтырп қана қоймай, әр баланың жас ерекшеліктеріне, жынысы мен өмір сүру жағдайларына қарай негіз болатын нұсқамалар беруге мүмкіндік береді [ 12].

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз  керек [13] .

Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады [14] .

Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын  алады. Салыстырмалы  түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады (3 сурет). Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек [15] .       

Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді.

 Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметте жаңа туған абалаларда жүрегінің соғу жиілігі, 120-168 рет/мин, ал қанның систолалық көлемі 2,5мл; туғанына 1-2 ай болған нәрестелерде жүрек соғу жиілігі 132-171 рет/мин, 6 айлық сәбилерде 120-150 рет мин, бір жастағы балаларда 103-150рет/мин,қанның систолалық көлемі 10,0 мл, 2 жаста 96-135 рет/мин, қанның систолалық көлемі 10,2 мл болады. 5-6 жастағы балаларда  83-119 рет/мин жүрек соғу жиілігі болса, олардың  қанының систолалық  көлемі, 20,6 мл [16]. Одан әрі балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, жыныстық ерекшеліктері бойынша сипаттайтын болсақ, 8 жастағы ер балаларда қанның систолалық көлемі 25,0 мл және жүрек соғу жиілігі 50-93 рет/мин,осы жастағы қыз балаларда  жүрек соғу жиілігі 67-99 рет/соғу болса, қанының систолалық көлемі 27,0 болады.  10-12 жастағы ұл балаларда  жүрек соғу жиілігі 53-86 рет/соғу болса бұл көрсеткіш аталған жас тобындағы қыздарда 53-86 рет/соғу мен ерекшеленеді.

Ал қанның ситолалық көлемі ұлдарда 33,4мл, ал қыздарда 31,6 мл көрсеткіштермен байқалады [17]. Жас өскен сайынғы жас ерекшеліктеріне байланысты  қан жүйесіндегі өзгерістер ерекшеліктеріне тоқталсақ, 15-16 жастағы ұл балаларда  жүрек соғу жиілігі 50-77 рет/мин, қыздарда 55-85 рет/мин, қанның систолалық көлемінің ерекшеліктері де  әртүрлі, яғни, ұл балаларда  41,4 мл, қыз балаларда 38,5 мл көрсеткішпен көрінеді. Ал осы аталған көрсеткіштер ересек адамдарда , мысалы жүрек соғу жиілігі  60-75 рет/мин, ал қанның ситолалық көлемі 55-65 мл көлемде болып тұрақтыллық көрініс алады. Жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелердегі өзгерістер заңдылық болып есептелетінін білеміз. Тек әртүрлі  туа біткен болмаса, жүре пайда болған әртүрлі сыртқы факторлардың әсерінен болатын өзгерістерді есепке алмағанда. Сонымен қатар жүйелі түрдегі қимыл қозғалыс белсенділігі ағза жүйелерінің дамуынан бастап, ретті түрде жүргізілмесе күрделі әсерлері болатынын ескергеніміз жөн [18 ] .

Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс [19] . 

Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі [ 20].

Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің  қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік  сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.

Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды.  Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық  ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.

Жыныстық  жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды (4 сурет). 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады[ 21].

Қыз баланың  жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста — қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа  жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге  тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың  етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан  дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек [22].

Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері  13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады. Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы [23]. Өкпенің тіршілік  көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі мәліметті көріп отырмыз. Сонымен бірге тыныстың минуттық көлеміде 7-11 жастағы балаларда өзгерістер аса көп байқалмайтыны айтылады Мысал келтірер болсақ, 6-7 жастағы үл балаларда  өкпенің тіршілік сыйымдылығы  1200-1400 мл, ал аталған жастағы қыз балалрда бұл көрсеткіш 11-1200 мл болып есептелген. 10-12 жастағы ұл балалар көрсеткіштеріне зер салар болсақ, 1630-1975 мл, қыздарда 1460-1905 мл болып отыр. Жастары есейген сайын өзге де жүйелерде  болатын өзгерістермен қатар тыныс жүйесіндегі өзгерістер сипаттам беретін болсақ, 15-17 жастағы бозбалаларда өкпенің тірішілік сыйымдылығы 2600-3520 мл болса, осы жас тобындағы бой жеткен қыздарда бұл көрсеткіштер бройынша 2530-2760 мл көрсеткішпен алынып отыр [24] .

 

  • Дені сау балалардың сыртқы тыныс алуының күйі және әртүрлі физикалық жүктемелер кезіндегі ерекшеліктері

 

Жалпы балалар мен жасөспірімдер ағзасы сыртқы ортаның әртүрлі факторларына өте сезімтал болып келеді [25]. Кольчинский А.З мәліметтері бойынша 3 жаспен 7 жас аралығында балаларда өкпенің дифференциясы және өсуі қарқынды жүреді. Ал, ауа тамырларының бұлшықетті бөлігі мен ацилярлы паренхимасының қалыптасуы 7-8 жаста аяқталады. Осы уақыттарда ересек адам үшінде балалар үшінде маңызды өкпенің негізгі құрылымдық бірлігі болып табылатын ацинус қалыптасады. Туылғаннан бастап 8 жасқа дейін өкпенің көлемі 8 есеге ұлғайса, 10 жаста 10 есеге яғни, ересек адам өкпесінің тең жартысын құрайды. Альвеолалар саны 12 жаста ересек адам альвеолалары секілді шамамаен 300 млн-ға жетеді. Альвеолалар көлемінің ұлғаюы 7 жастан басталғанымен диаметрінің ұлғаюы 7-14 жас аралығында байқалады.

Бұл дегеніміз өкпенің 8 жастан ересек болғанға дейінгі көлемінің өзгеруі альвеола санына байланысты емес оның көлемінің үлкеюіне байланысты. Көптеген әдеби деректерде жас өскен сайын тыныс алу реті бірте-бірте тұрақты және сирек, ал тыныс алу  жиілігі ұлғаятыны айтылып отыр. Кейбір авторлардың мәліметтерінде 6 жастан 15 жас аралығында тыныс жиілігі 22-29 дан 14-ке дейін бір минуттағы көрсеткіші азаяды деп көрсетілген.

Дегенмен ғалымдардың пікірі сәйкес бола бермейді. Мысалы, И.В. Рязанов.

ТЖ 7 жастағы балаларда минутына 16 рет және бұл көрсеткіш бастауыш мектеп жасының соңына дейін өзгеріссіз қалады деп көрсеткен. Тағы бір ғалымдар пікірінше, солтүстік аймақтардағы бастауыш сынып жасындағы балаларда тыныс жиілігі минутына 21,5-23,7 көрсеткішті айтса, басқалары дәл осы аймақтағы балаларда аталған көрсеткіштің төмен болатынын айтады. Сонымен бірге тыныстың минуттық көлеміде 7-11 жастағы балаларда өзгерістер аса көп байқалмайтыны айтылады . 7 жасар ұл балаларда тыныстың минуттық көлемі 7,1л/мин және 9 жаста бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып, 9-10 жаста 7,7л/мин-қа өзгерненін айтады (5 сурет). Тыныстың минуттық көлемінің жыныстық ерекшеліктері аса айқындалмаған

Тыныстың минуттық көлемі тыныс жиілігі мен тыныс тереңдігіне байланысты анықталады. Тыныс тереңдігі немесе тыныс көлемі ересек адамдарға қарғанда балаларда аз болады.Туылғаннан бастап, 14 жасқа дейін тыныс көлемі 8-10есеге ұлғаяды. Әдеби деректерде, 7 жасар балаларда 163-240 мл, 8 жаста 170-285мл, 9 жаста 230-319 мл, 10жаста 230-556мл,11 жаста 254-466 мл-ге дейін болады екен.

Сыртқы тыныс жүйесінің резервтік мүмкіндіктерін көрсететін негізгі сипаттамаларының бірі ӨТС (өкпенің тіршілік сиымдылығы).

Сыртқы тыныс жүйесінің резервтік мүмкіндігін көрсететін негізгі сипаттамалардың бірі өкпенің тіршілік сиымыдылығы.

Әдеби деректерде кездестіргеніміздей өкпенің тіршілік сиымдылығы аз болса, өкпе ұлпаларының созылғыштығы да төмен болады. Бұл өз кезегінде  балалар өкпесінде коллагенді ұлпалардың көптеу екенін көрсетеді.

Аталған көрсеткіштер бойынша  жүргізілген әдебиеттерге шолуымызда балалардың ағзасын зерттеудегі бұл көрсеткіштерде біркелкілік байқалмайды.

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз  керек.

Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.Оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс; нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп  міндетті түрде іріктеу керек. Бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет; барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс; сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек. Бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет. Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі, пәнге деген қызығушылығы артады

Кейбір авторларда ӨТС көрсеткіштері 7 жаста 1155-1930мл, 8 жаста 1100-1700 мл, 9 жаста 1130-2200мл, 10 жаста 1360-2300 мл және 11 жаста 1480-2700мл. 

Физикалық дене жүктемелері сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметін зеттеу барысында ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуіне және  нейрогуморальды реттелуінің көрсеткіштерін нақтылайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Дене жүктемелері барысында ағзаның оттегіне қажеттілігі жоғары деңгейде болады [26].

Қазіргі кезде балалардың тыныс жиілігі ағзаның шыныққандығына қарамстан біртіндеп азаяды [27]. Кейбір авторлар зерттеулерінде ТЖ тыныштық күйде де, физикалық жүктемеден соң да 12 жасар спортшы балаларда спортпен шынықпайтын өз қатарластарына қараңанда төмен болатыны анықтап көрсетілген.Сонымен қатар ТЖ спортшыларда тыныштық күйде 17,9 минутына, ал шынықпаған балаларда 18,4 шаманы көрсеткен.

Физикалық жүктемелер балалар және жасөспірімдерде өкпе желденуінің ұлғаюын тудырады. Тыныстың минуттық көлемі ересек адамдарға қарағанда аз болғанымен жастары өскен сайын  ұлғая түседі.  Көптеген авторларда  8-9 жастағы балаларда ТМК  физикалық жүктемелер кезінде 30-40 л/мин болса, 10-11 жаста 40-50л/мин шаманы көрсетеді. Спорттық үйірмелерге бармайтын осы жас шамасындағы балаларда ТМК жастары өскен сайын ұлғайып отырса, олардың жүйелі түрде спорттың циклді түрімен айналысатын қатарластарында тыныштық күйде ТМК біртіндеп төмендегені анықталған.

Сонымен қатар жас өскен сайын тыныс көлемінің ұлғаю мүмкіндігі туындайды.Негізінен физикалық жүктемелердің тікелей әсер бар екенін ескере кеткеніміз жөн.

Зерттеушілер пікірі бойынша, 8-11 жас аралығындағы балаларда ТК физикалық жүктемелер кезінде ТК максималды мөлшері 900 мл болады. ӨТС мөлшері негізінен адамның жынысына, жасына, дене ұзындығына, шыныққандығына тәкелей байланысты [1,34,47,56,63,71,76,80,133,134].

6 жаспен 15 жас аралығындағы балаларда қозғалыс белсенділігін ескермегеннің өзінде ӨТС жаспен тікелей байланыстылығы анықталған. Тағы да бір зерттеуші авторлар жұмысында  аптасына дене шынықтыру сабағы 2 сағаттан үш рет жүргізілетін мектепте оқитын ұлдарда 10-12 жас шамасында ӨТС бірдей (10 жаста — 2,0 л,  11 жаста — 2,2 л, 12 жаста — 2,3 л). қарқында ұлғайғаны көрінген. Бұл көрсеткіш  ағзаның шыныққандық деңгейіне  байланысты. Ал, спортпен ретті түрде бұл көрсеткіштердің ерекшеленгенін көруге болады. 1 0 — 1 2 жастағы балаларда физикалық жүктемелер апасына 8-21 сағатқа дейін жүргізіледі.Олардың ӨТС 10 жаста — 2,0 -2,1 л, 11 жаста — 2,3 л, 12 жаста — 2,5 — 2,6 л. ӨТС дене салмағымен байланыстылығында да өзгеріс байқалады. Бұл дегеніміз өз кезегінде физикалы жүктемелер сыртқы тыныс көлемінің функционалды резервтік өсуіне мүмкіндік жасайтынынын аңғартады [29].

Әдеби деректерде көргеніміздей, препубертантты жас кезеңдеріндегі балалардың сыртқы тыныс жағдайы біркелкілікпен көрінбейді. Бұл ерекшелік біріншіден, балалардың тіршілік әрекеті мен ортасына, т.б жағдайларға байланыстылығын көрсетеді.

Баланың өсуі және даму үдерісі барысында жүрегінің көлемі мен салмағының артуына байланысты кеде қуысында жүректің орналасуында, құрылымы мен қан тамырларында гистологиялық дифференцация, жүйкелі және қантамырлық қамтамасыз етілулерінде өзгерістер туындайтыны заңдылық. З. Кольчинская және өзге де авторлар  мәліметтерінде жүрек-қантамырлар жүйесінің дамуында біркелкілік болмайтынын айтып кеткен. Дамуының әр кезеңдерінде дисгармония, асинхрондылық байқалуы мүмкін

Артерияның систолалық қысымы (АҚс) өсу және даму барысында  ұлғаяды.Осыған байланысты зерттеу жүргізген авторлар пікірінше. Артерияның систолалық қысымы деңгейі 7 жаста 97,3-97,5 мм.сын.бағ, 12 жаста 104,5-105,3 мм сын.бағ.болады дейді. Ал өзге зерттеушілер  7 жастағы балалар мәліметтерін алдыңғы зерттеулерге қарағанда 90,1 — 92,9 мм сын.бағ. төмендетіп жібергенін көреміз.

Жоғарыда аталған кейбір авторлар мәліметтерінде АҚс көрсеткіштері 9 жастағы ұл балаларда қыздарға қарағанда айырмашылықтар байқалады.

Ал, артерияның диастолалық қысымы (АҚд) артерияның систолалық қысым секілді балаларда өсу мен даму үдерісі барысында өзгеріп отырады.

Артерияның диастолалық қысымы 7 жаста, 61,4-63,3 мм.сын. бағ, 12 жаста 70,4- 70,7 мм.сын.бағ. сәйкес келген. 7-10 жас аралығындағы балаларда нақты ерекшеліктер айқындалмайды. Артерияның диастолалық қысымы ұл балаларда 63,3 тен 64,6 мм.сын.бағ., ал қыздарда 61,4-62,2 мм.сын.бағ. аралығында. Артерияның диастолалық қысымы деңгейі төменгі сыныптарда бірте –бірте ұлғая түседі.

Кейбір әдебиеттерде артерияның диастолоалық қысымы  12 жастағы қыз балаларда ұлғая түскенін көрсетеді. Дегенмен, бір ерекшелігі бұл көрсеткіштер ұл балаларда 10-11 жаст-ақ өзгеріске ұшыраған болатын. Е.А. Аксянова [15,с.108-110.]зерттеулерінде артерияның  диастолалық қысымы көрсеткіші 7 жастағы балаларда жоғарыда аталған авторлар көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен екеніні көреміз. 56,65 — 58,18

мм.сын.бағ. 7-9 жас аралығындағы балаларда артрияның диастолалық қысымы 76,0-76,4 мм.сын.бағ. көрсетеді. Дегенмен, тұрған жері яғни клиамтаттық өзгерістер де адам ағзасына әсер ететінін ескерсек, бұл өзгерістер тұрғылықты жерге байланысты ерекшеліктері болатынын да білгеніміз жөн [30].

Артериялық қысымның орташа деңгейі ұлдарда да қыздарда да жас өскен сайын ұлғайып отырады. А.В.Мазурин пікірінше (1986), артериялық қысымның орташа (АҚо) көрсеткіші 3-7 жаста 73-77 мм.сын.бағ., ал, 8-14 жаста 80-86 мм.сын.бағ көрсеткішінде .

Яғни, артериялық қан қысымының деңгейі жынысқа да, жасқа да және тұрғылықты жерлеріне де байланысты деп тұжырымдауға болады.

Қанның көп мөлшері,ұлпалардағы оттегіне қажеттіліктің туындауы, балалар жүрегінің шамадан тыс жұмыс істеуіне әкеледі.  Жүректің жұмысын сипаттайтын көрсеткіштің бірі қан айналымның минуттық көлемі (ҚМК). Тыныштық күйде қанның миуттық көлемі (ҚМК) негізініне жасқа, жынысқа, қоршаған орта жағдайына және эмоционалды күйге тікелей байланысты. Осы тақырыпта зерттеу жүргізген авторлар пікірінше, қанның минуттық көлемі жас ұлғайған сайын өзгереді, яғни көбейеді. Оны жүрек соғу жиілігіне (ЖСЖ) байланысты. Зерттеушілер мәліметтерінде,  ҚМК мөлшері 7 жастағы балаларда 45,6-46,9 л\мин, ал 12 жастағы балаларда 63,3-65,5 л/мин.

ҚМК максималды ұлғаюы ұл балаларда 12 жаста 64,2 л/мин, ал қаз балаларда 59,4 л/мин. 14 жастағы қыз балаларда ҚМК тұрақталғаны туралы да деректер кездеседі.

Ал, ұл балаларда ҚМК өсуі 14 жастан кейінде жалғаса беретіні туралы мәліметтер де кездеседі. Яғни, аталған көрсеткіштің жастық та жыныстық та ерекшеліктері анықталып отыр. Өсіп келе жатқан организмнің қанға қажеттілігі жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) есебінен де толықтырылып отырады.

Жалпы балалардың ЖСЖ ерекшеліктері жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Көптеген зерттеулерде ЖСЖ жас кезеңдеріне байланысты баяулай түседі делінген (6 сурет). Мектепке дейінгі жас кезеңдеріндегі балаларда 9-100 соққы/мин. 8-9 жаста бұл көрсеткіш 76- 84 соққы/мин шамасында болады.

Сонымен қатар, ЖСЖ  10-14 жастағы балаларда төмендеу 76,4 соққы/мин . ЖСЖ бірден төмендеуі 12 жастағы ұл балаларда  75 соққы/мин болса, ал қыздарда бұл көрсеткіш 75 соққы/мин 11 жаста-ақ анықталған.

Сондықтан, әдеби дерек көздері  ЖСЖ  төмендеу тенденциясы жасқа байланысты екендігін алға тартады. Дегенмен балалардың жынысына, жастық кезеңдеріне байланысты төмендеу динамикасы туралы мәліметтер әлі кездеспей отыр. Дегенмен де аталған мәліметтер бала ағзасының қалыптасу барысындағы негізгі жүйелер болғандықтан аталған жүйенің заңдылықтарын толық  қарастырып игеруді қажет етеді.

Балалар денсаулық жағдайы  әрбір мемелекеттің және қоғамның тұрмыстық деңгейін көрсететін бір белгі деп есептеледі. Себебі балалрдың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың физикалық дамуын дұрыс қалыптастыру, әртүрлі аурулардың алдын алып, балалар ағзасының жан-жақты дұрыс  жетілуіне әсерін тигізеді. Балалардың денсаулығы – дұрыс ұйымдыдастырылмаған оқу жағдайына, қимыл қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, жүктеме мен демалыстың  дұрыс ұйымдастырылмауына  және де  жанұяда алған тәрбие ақыл-ой еңбегі қан айналу жүйесінің жұмыс жағдйын елеулі өзгерістерге ұшыратататындығы, әсіресе жүктеменің қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болып келуі гемодинамикалық көрсеткіштердің ауытқу көлеміне байланысты екендігі белгілі.

Балалар ағзасының жасайтын қимыл-қозғалыстары әлдеқайда жоғары және белгілі бір мөлшердегі энергия қорын қажет етеді. Бірақ қазіргі кезде ғылыми-техниканың жетістігін, автоматтандыру мен механикаландарудың кеңінен орын алуы және жасөспірімдердің ой-еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етеді. Балалардың аз күш жұмсауы, яғни гиподинамия жағдайы, әсіресе бұлшықеттердің дәрменсіздігін және қантамыр жүйесінің нашарлауын тудырады. Қимыл қозғалыстың тапшылығынан қан айналым жүйесіне айтарлықтай күш түседі.

Қан тамыр жүйесінің қызметтік жағдайы, қандай жаста болса да, демалыссыз соғып тұрған жүрекке байланысты. Барлық қимыл қозғалыс ағзада өтіп жатқан мыңдаған қозғалыстар тек саужүректің арқасы. Қимылдың тапшылығы тек жүректің өз бетімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылу күші кеміп, денеге тарайтын қанның мөлшерін азайтады . Бұл жағдайлар бала ағзасының барлық жүйелерінің (тыныс алу,қан айналым, орталық жүйке жүйесі) қызметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Әсіресе қан тамыр жүйесініңқызметінде әсері ерекше орын алады. Себебі қан тамыр жүйесі ағзаның барлық мүшелерінің қызметін гуморалдық жолмен реттеуге қатысып, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Сондықтан  да қан айналым жүйесіндегі түрлі өзгерістер барлық мүшелердің қызметінде жағымсыз аутқулар туғызуы мүмкін.

Физикалық дене жаттығулары қан тамырлар жүйесіне бір жағынан жаттықтырушы әсер береді деуге де болады.Ретті түрде жүргізілетін физикалық дене жаттығуларына адам ағзасында бейімділік туындайтынын білеміз. Бұл ерекшелік әсіресе спортшыларда анық көрінеді.  Көптеген авторлар пікірінше, спортшыларда әсіресе, төзімділікті қажет ететін жеңіл атлеттерде ұзақ уақыт және шамалы жұмысты қажет ететін жаттығуларында  ірі қан тамырлары шынықпаған адамдармен салыстырғанда кең әрі, қанның ағу көлемі де  жоғары болады екен, ал ситолалық қысымда да  шынықпағандарда да  ерекшеліктер байқалған [31].

Егерде спортшылар өте қарқынды түрде шұғылданатын болса, ірі қан тамырлардың өткізгіштігі мен қан ағуы жылдамдығы да дене еңбегімен айналыспайтын адамдарға қарағанда кәдімгідей ерекшелік көрінеді.  Тағы да бір ерекшелігі қан ағысының қалыпты деңгейге келуі шынықпаған адамдарға қарағанда шыныққан организмде тез қалыпына келеді екен.

Қан тамырлар жүйесіндегі ерекшеліктерді зерттеу барысында қарастырылған әдебиеттерден спортпен айналысатын балалардың да қан тамырлар жүйесінде болатын ерекшеліктерді де кездестік.

Физикалық жүктемелерден соң, белгілі жаттығу түрлерімен айналыспайтын 12 жасар балаларда артерияның систолалық қысымы 131мм. сын.бағ. болса, ал волейболмен шұғылданатын балаларда 138 мм.сын.бағ көрсеткен. Осыған ұқсас сәйкестіктерді   көптеген авторларадан кездестіруге болады.

Ғылыми зерттеулерін осы тақырыптарға аранаған кейбір зерттеуші авторлар пікірінше, физикалық жүктемелерге қарай өзгеріп отырыатын гемодинамиканың нақты көрсеткіштерінің бірі болып артерияның сиситолалық қысымын айтуға болады екен. Мейлі дене арнайы жаттығу түрлерімен ретті айналысса немесе спорт түрлерімен айналыспайтын болсын, қанадай жүктеме кезінде де артерияның систолалық қысымы өзгеріске ұшырайды. Көптеген аврторлар, артерияның систолалық қысымының жоғарылауы 10-14 жас аралығында 85,3-107,2 мм.сын.бағ. болады. Бұл көрсеткіш үнемі белгілі жүктемеге байланысты емес.Осы жас кезеңдеріне сәйкес барлық балаларда айтарлықтай айырмашылық байқалмайды.

Сонмен қатар, артерияның диастолалық қысымының жоғарылауы да балалардың шағзасының шыныққандық деңгейімен байланысты емес екенін айта кетуге болады. Балалар денсаулық жағдайы  әрбір мемелекеттің және қоғамның тұрмыстық деңгейін көрсететін бір белгі деп есептеледі. Себебі балалрдың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың физикалық дамуын дұрыс қалыптастыру, әртүрлі аурулардың алдын алып, балалар ағзасының жан-жақты дұрыс  жетілуіне әсерін тигізеді. Балалардың денсаулығы – дұрыс ұйымдыдастырылмаған оқу жағдайына, қимыл қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, жүктеме мен демалыстың  дұрыс ұйымдастырылмауына  және де  жанұяда алған тәрбие ақыл-ой еңбегі қан айналу жүйесінің жұмыс жағдйын елеулі өзгерістерге ұшыратататындығы, әсіресе жүктеменің қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болып келуі гемодинамикалық көрсеткіштердің ауытқу көлеміне байланысты екендігі белгілі.

Аталған ерекшелікке байланысты зерттеу жүргізген тағы бір авторлар, артерияның диастолалық қысымының деңгейі ағзасы шынықпаған 12 жастағы балаларда 60 мм.сын.бағ., ал дәл осы жастағы волейболмен аналысатын балаларда 49 мм.сын.бағ көрсеткішімен ерекшеленген.

Жүрек- қан тамырлар жүйесінің физиологиялық константаларының негізгісінің бірі,орташа артриялық қысым болып табылады.

Тағы да әдебиеттерге шолу жасай отырып, қарасақ,  орташа артериялық қысым мөлшерінің айырмашылықтарын кездестіруге болады. Белгілі спорт түрімен айналыспайтындарда  орташа артериялық қысым 119 мм.сын.бағ.болса, спортшыларда  артерияның аталған мөлшері  төзімділікті қажет ететін жүктеме түрлерінде 117,6 мм.сын.бағ. болса, күшті қажет ететін жаттығу түрлерімен айналысатын адамдарда 173,8 мм.сын.бағ. шамасын көрсеткен.

Осы авторлар, жүргізген зерттеулер барысында, пульстық қысымның нәтижелеріне де баға берген. Мұнда шынықпаған балаларда  пульстық қысым, 46 мм.сын.бағ., спортшыларда төзімділікті қажет ететін спорт түрімен айналысатындарда 40,3 мм.сын.ба., күшті талап ететін спорт түрлерімен шұғылданатындарда 50,5 мм.сын.бағ. болған.

Қанның минуттық көлемі де қозғалыс белсенділігіне байланысты ұлғайып отырады.  Адам ағзасы неғұрлым жас болған сайын, дене жүктемесінің артуына орай жүрек көлемінің кішкентайлығына және функционалды ерекшеліктеріне байланысты қанның минуттық көлемі де ұлғаяды [32].

Балалар ағзасының жасайтын қимыл-қозғалыстары әлдеқайда жоғары және белгілі бір мөлшердегі энергия қорын қажет етеді. Бірақ қазіргі кезде ғылыми-техниканың жетістігін, автоматтандыру мен механикаландарудың кеңінен орын алуы және жасөспірімдердің ой-еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етеді. Балалардың аз күш жұмсауы, яғни гиподинамия жағдайы, әсіресе бұлшықеттердің дәрменсіздігін және қантамыр жүйесінің нашарлауын тудырады. Қимыл қозғалыстың тапшылығынан қан айналым жүйесіне айтарлықтай күш түседі.

Қанның минуттық көлемі мен қанның систолалық көлемінің жоғарылауы 9-10 жастағы балаларда  жүрек көлемінің өсуімен, жүрек бұлшықеттерінің жиырылу қарқынымен және жүрек-іс әрекетінің реттеушілік механизмдерімен байланысты .

Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.

Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.;

Көптеген авторлар қанның минуттық көлемі мен систолалық көлемінің мөлшері спортпен айналыспайтын балаларда спорпен шұғылданатындарға қарағанда жоғары болады делінген. Оған мысал, 12 жастағы спорт түрінмен шынықпайтын балада қанның систолалық көлемі тыныштық күйде 4224 мл/мин болса,  спортшыларда 4275 мл/мин..

Ғалымның пікірі бойынша, 9-10 жасар балаларда  бұлшықет іс-әрекетінің көрсеткіштеріне байланысты аталған жас кезеңдерінде жоғарылау болғанымен, біраз  тұрақты болып тұрады да, 11-12 жаста спортпен айналысатындарда 5635 мл/мин, ал шынықпаған балаларда 5995 мл/мин болады. Бірақ,15-16 жаста қайтадан өзгерістер байқалғаны көрінеді. Аталған көрсеткіштер қыз балаларда да ұқсас сипатта болады және 11-12 жастан кейін қанның систолалық көлемінің мөлшерлі өзгерісі анық байқалмайды.

Қанның минуттық көлемі берілген жұмыстың қарқындылығына да байланысты. Физикалық жұмыстан кейінгі гемодинамика көрсеткіштері 6-16 жастағы дені сау балаларда жүктеме қарқындылығы артқан сайын қанның минуттық көлемінің мөлшері де ұлғаятынын көруге болады.

Қанның минуттық көлемінің және сиситолалық қысым көрсеткіштерінің ұлғаю деңгейі спорт түрлеріне де тікелей байланысты.

Аталған көрсеткіштердің бұдан да толық өзгерістерін сипаттайтын көрсеткішке жаттығулардың динамикалық сипатының да әсері болады.

Қанның систолалық көлемі спортпен айналыспайтын балаларда 69,00 Ѓ} 6,92 мл, ал бодибилдинг пен шұғылданатын балаларда 93,29 Ѓ} 8,43 мл.

Өзгеде жоғары көрсеткіштер, қанның ситолалық көлемі  -132,4 Ѓ} 9,38 мл, ал шаңғы спортмен айналысатын балалаларда да ос шама  байқалған.

Жүрек іс-әрекетін сипаттайтын тағы да бір параметрлердің бірі соққы индексі және жүрек индексі – жүректің жиырылғыштық және насостық қызметін орындайды.

Ағзасы шынықпаған 9-12 жас аралығындағы балаларда физикалық жүктемелерден кейін ударный индекстің аз жүктеменің өзінде (0,5 Вт/кг) жоғарылағанын көрсетеді. Ұл балаларда бұл көрсеткіш жүктемеге дейін 36,6 мл/м2 болған, жүктемеден кейін 44,8 мл/м2, ал қыз балаларда  33,8 мл/м2 болса, жүктемеден кейін 39,5 мл/м2 шаманы көрсеткен.

Көптеген зерттеушілер , пікіріне сүйенсек, жүрек индексі жас өскен сайын азаяды және аталған өзгеріс көбінесе спортпен шұғылданатындарда айқын көрінеді  Бұл дегеніміз ағза функцияларын үнемділігінің көрсеткіштерін  көрсетеді.

Физикалық жүктеме кезінде жүрек индексі  жүктеменің қарқынына қарай өзгеріп отырады. Әдебиеттерде 9-12 жас аралығындағы шынықпаған балаларда 2,0 Вт/кг жүктеме кезінде 4,9 л/мин*м3 ден 6,9 л/мин*м3 – ке жоғарылаған және   жүрек индексінің көрсеткіштері де қыздарға қарағанда жоғарылау екенін аңғартады. Қыздарда жүрек индексі 1,5 Вт/кг с 4,6 л/мин*м3- тен 6,3 л/мин*м3 шаманы көрсетеді.

Қарастырылған мәліметтерді қорыта кетер болсақ, қанның минуттық көлемі, УИ және жүрек индексі секілді көрсеткіштер  баланың жасына, жынысына,  спорт түріне тікелей байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, ЖСЖ –не қатысты материалдарда кездеседі. Яғни. Спорпен айналысатын және айналыспайтын балалар арасында ЖСЖ айырмашылықтары айқынырақ көрінеді. Мұнда 12 жасар  спорпен айналыспайтын балаларда ЖСЖ кәдімгідей жоғары 88,3 соққы/мин,  атлған жастағы балаларды волейболмен айналысатын қатарластарын зерттегенде оларда 82,4соққы/мин шаманы көрсеткен.

Зерттеулердегі тағы бір қызықты жағдай ЖСЖ ерекшеліктері спорт түрлерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Н.А.Литвинова мәліметтерінде ЖСЖ таушаңғысымен айналысатын споршыларда 84,8 соққы/мин болса, ал бокспен айналысатын балаларда 70,5 соққы/мин. Тіпті аздаған физикалық жүктемеден соң да спорттың белгілі бір түрімен айналыспасаңда ересектерге қарағанда балаларда ЖСЖ жоғары болатыны анық.

Аптасына екі сағаттық дене шынықтыру сабағы жүргізілетін мектептегі балаларда 12 кгм/мин физикалық жүктемеден соң ЖСЖ мынандай мәліметтерді береді: 10 жаста 159,9 соққы/мин, 11 жаста — 166,2 соққы /мин, в 12 лет — 169,9 соққы/мин). ЖСЖ –не қатысты материалдарда кездеседі. Яғни. Спорпен айналысатын және айналыспайтын балалар арасында ЖСЖ айырмашылықтары айқынырақ көрінеді. Аталған көрсеткіште спорттың белгілі түрімен айналысатын балаларда  бірдей жүктеме берілгенде олардағы көрсеткіш аздап төмендеу болған [7,с.106]. Аптасына 8-15 сағат физикалық жүктемелер орындайтын балалар мен 12-21 сағат жүктеме орындайтын спортшы балаларда да бір қызығы айтарлықтай айырмашылық көрінбеген. Мысалы: 10 жаста — 153,2 -155,1 соққы/мин, 11 жаста — 147,1 -146,4 соққы/мин, 12 жаста — 141,4 -141 соққы/мин.

Жалпы қарап отырсақ, қарастырлағн әдебиеттерде ЖСЖ шамалары жасқа, жынысқа, физикалық жүктеме мөлшері мен уақытына тікелей тәуелді екені көрінеді. . Яғни. Спорпен айналысатын және айналыспайтын балалар арасында ЖСЖ айырмашылықтары айқынырақ көрінеді. Қарастырылған мәліметтерді ескере отырып, әртүрлі қозғалыс белсенділігіндегі балалардың ЖСЖ өзгерістерін және жалпы жүрек-қантамырлар жүйесінің ерекшеліктерін әлі де толыққанды зерттеуді талап ететінін байқауға болады.

 

  • Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары және физиологиялық-гигиеналық негіздері

 

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі баланың жеке тұлғасы тәрбиесінің жалпы жүйесінің құрамына кіретін педагогикалық ұйымдастырылған процесс ретіндегі дене тәрбиесін құрудың мазмұны мен түрлерін анықтайтын жалпы заңдылықтарға бағытталған[33].

Қимылдарға оқыту.Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты — қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету. болып табылады. Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Сонмен қатар, артерияның диастолалық қысымының жоғарылауы да балалардың шағзасының шыныққандық деңгейімен байланысты емес екенін айта кетуге болады. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде (1 кесте). Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты [34].

Дене тәрбиесінің мақсаты  салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, оның  әрбаланың денсаулығын нығайтуға, дене және психикалық дамуы, көңіл-күйінің жақсы боуына бағытталуы болып табылады

1 кесте — Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

 

 

 

Дене тәрбиесінің міндеттері

Сауықтыру міндеттері:

өмірді сақтау және денсаулықты нығайту (ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалдыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді);

ағза қызметінің жан-жақты дене жетілуі;

жұмыс қабілетін арттыру және шынығу

Білім беру міндеттері:

қимыл іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;

дене сапаларын дамыту;

баланың өз ағзасы, өз денсаулығын нығайту әдістері, оның өміріндегі дене жаттығуларының ролі туралы қарапайым білімді меңгеруі

 

Тәрбиелік міндеттері:

дене жаттығулары сабақтарында қажеттілік пен қызығушылықты қалыптастыру;

баланың жан-жақты, үйлесімді дамуы (ақыл ой, адамгершілік, әсемдік, еңбек)

 

 

 

 

 

 

 

Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.

Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.;

Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз — белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.

Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.

Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар «аэробика», қытай гимнастикасы «ушу» және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек [35].

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік — техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.

Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:

  1. Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері;
  2. Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы, моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары);
  3. Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері);
  4. Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары);
  5. Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы, ұзақтығы, өткізу орны, киімдері);
  6. Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің дамуы).

Санитарлық дәрігер, мектептегі денешеынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына төменде көрсетілген үлгі бойынша гигиеналық баға береді:

  1. Медициналық тексерудің қорытынды жинағы (дұрыс, уақытында өткізілгендігі, денсаулық топтары, оның динамикасы);
  2. Денешынықтыру сабағының мазмұны (сабаққа қатынасуы, сабақ босатудың себептері, сабақтың ұзақтығы, құрылысы, моторлы тығыздығы);
  3. Денешы-нықтыру салауаттандыру шаралары (толықтығы, дұрыстығы, реттілігі, сабақ жүргізу жағдайы);
  4. Сыныптан тыс спорттық-қоғамдық жұмыстар (секциялардың және спортпен шұғылданатындардың саны, экскурссиялар мен жорықтар, денсаулық және спорт күндерінің реттілігі);
  5. Денешынықтыру сабағы өткізілетін орынның гигиеналық жағдайы;
  6. Сабақтың жабдықталуы;
  7. Денешынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына талдау жасау;
  8. Денешынықтыру сабағының тиімділігі туралы қорытынды және орындау уақыты көрсетілген нақты ұсыныстар беру.

Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жүргізілетін денешынықтыру тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі — денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Жасөспірімдердің арнайы спорт мектептеріндегі денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты — кәсіпкер спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық мектеп — интернаттар, спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған [36].

 

  • Спортталғандене тәрбиесі

 

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды бөлімдерінің бірі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі спортталған дене тәрбиесі (СДТ) болып табылады.

      Дене тәрбиесінің мазмұны мен түрін жаңартудың спортталған дене тәрбиесінің мәні жалпы дене дайындығы топтарында, шаңғы спорты, спорттық жекпе-жектер, стол теннисі, баскетбол, волейбол, спорттық гимнастиканың оқу-жаттығу топтарында спорттың таңдап алынған түрлерімен үйренушілердің ерікті түрде шұғылдануынан тұрады. Сабақ оқу кестесіндегі сағаттардың қатарына енгізіліп және 2 сағаттан аптасынакүнара 3 рет сабақтан тыс өткізіледі.

Спортталған дене тәрбиесін енгізудің мазмұндық және ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту процесін біртіндеп, кезеңмен дамытуды көздейді [37].

Орта мектептің 9–сыныптарының оқушыларын дене тәрбиесін ұйымдастырудың жаңа түріне алдын-ала дайындау қажет. Оқу жылының басындағы дене тәрбиесі сабақтарының бірі сабақтың негізгі  бөліміндегі жаттықтыратын режімдердің көлемін біртіндеп өсіру арқылы өткізіледі. Осы кезеңде таңдап алынған спорттың бөліктерімен таныстырылады.

10-12 сыныптардың оқушылары мектеп директорының атына жазылған арызға сәйкес спорттық оқу-жаттығу топтарында өзі таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануға ауысады. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі — денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Ықылас білдірмегендер жалпы дене дайындығы (ЖДД) спорттық топтарында шұғылданады.

Адам физиологиясын, яғни сенситивтік кезеңдерді ескере отырып 6 жастан бастап иілгіштікке жаттығуларды беру қажет, 8-9 жастан бастап шапшаңдық пен ептілікке, 11-12 жастан бастап шыдамдылыққа және 15 жастан бастап күшті дамытуға арналған жаттығулар берілуі тиіс.

15-16 жастағы оқушыларда қозғалыстың кез келгенін іс жүзінде зерттеу үшін морфологиялық және функционалдық алғы шарттар туындайды. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі — денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Дегенмен де бұл кезеңде оқушылардың қызығушылығы, сұранысы мен қабілеттеріне сәйкес оқу-жаттығу топтарына бірыңғай 10-12 сыныптарды біріктіру есебінен жасөспірімдер мен қыздарды бөлек оқытуды ескере отырып, жеткіншектің жыныстық жетілу дәрежесіне байланысты дене жүктемелерінің көлеміне жеке тұрғыдан келу қажет.

Жас шағынан бастап жалпы дайындау және спорттық бағдар беру жүріп жатады, бұл жастарда азғана, яғни маманданудың жекелеген элементтері ғана беріледі. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін.  Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларында спорттың кейбір түрімен шұғылдануға деген себептер айқын байқалады, бірақ бұл төменгі сыныптарда да, спортталған дене тәрбиесін ұйымдастыру мүмкіндігі жоқтығын білдірмейді (2 кесте).

  • кесте — Спортталған дене тәрбиесінің (СДТ) жылдық көлемі

 Рет саны

Дайындық бөлімдері

Сағаттар саны

1

Теориялық дайындық

4

2

Жалпы дене дайындығы

66

3

Арнайы дене дайындығы

38

4

Техникалық-тактикалық, психологиялық дайындық

112

5

Жарысқа дайындық

16

6

Бақылау және  соңғы ауыспалы талаптар

4

7

Барлық сағаттар

240

 

Сабақ оқу-жаттығу топтарда (10-12 сыныптар) жүргізіледі және 2 сағаттан аптасына күнара 3 рет, барлығы 6 сағат көлемінде оқу кестесіне енгізіледі. Мамандандырылған дене тәрбиесі оқытушысының жалақысы дене тәрбиесінің міндетті 3 сағатына бөлінген сағаттардың есебінен және үш сағат факультатив сабақтарының немесе қыздар мен жасөспірімдердің бөліп оқытылуы үшін оқу-жаттығу топтарына біріктірілген бірыңғай 10-12-ы сыныптардың дене тәрбиесі сабақтарының 3 сағаты есебінен төленеді [38,39].

Қазақстан Республикасы оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің қазіргі кезеңінде, оның мақсаты мен міндеттері Үкіметтің түрлі құжаттарында, «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген . Яғни, «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты 2007-2011 жылдар аралығында дамытудың мемлектеттік  бағдарламасында» оқу- жатығу процесін тереңдетіп және спорт түрлері бойынша күн ұзағына оқып- үйренетін мамандандырылған сыныптарды ашуды жалпы білім беретін мектептерге ұсыну, жасөспірімдер клубтарын ашу арқылы жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы мен мазмұнын толықтыратын дене шынықтырудың мектептен тыс түрлерін ұйымдастыруды жетілдіру» көзделген. «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандарт осы пәннің мақсаты есебінде «денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, адамгершілік, еңбек жане эстетикалык тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке адамды үйлесімді дамытуды» белгілеп отыр [40,41].

Қазіргі мектеп оқушылары дене тәрбиесінің мақсаты И.И. Переверзинның анықтауы бойынша – бұл дене жатығулары және спортпен үздіксіз шұғылдану арқылы салауатты өмір салтының  бір бөлшегі есебінде оқушының жеке, дербес дене тәрбиесінің жоғарғы деңгейін қалыптастыру.

Спортталған дене тәрбиесін енгізу маселелері бойынша қазіргі  бар зерттеулерді талдау оны құрайтын төмендегілердің бар екенін дәлелдеп отыр:

Дененің жетілу белгілерінің даму деңгейін зерттеу; дене тәрбиесінің қосымша жаттығу сабақтары; балалардың спортқа бағыт ұстануының педагогикалық технологиясы; балалардың  дене белсенділігін жетілдірудің әлеуметтік және технологиялық аспектілері; оқушылардың дене тәрбиесі бойынша оқу барысын бағдарламалық- әдістемелік жағынан қамту; жеке адамға бағытталған дене тәрбиесі; адам құндылығының басымдылығын мойындау; дене тәрбиесінің дамуының әлемдік тәжірибесінің қазіргі жағдайы тұрғысындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері мен мақсаттарын нақтылау; оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастырушылардың әр түрін онтайлы үйлестіру; дене дайындығын бақылау; аймақтық жағдайларды ескере отырып оқушылар дене тәрбиесін жетілдіру; дене тәрбиесімен шұғылданудың себептері; дене жаттығуларымен оқушылардың дербес шұғылдануы; дене шынықтыру бағдарламаларын талдау; дене қасиеттерін дамыту мен қозғалыс әрекеттерін игеруді оңтайландыру; оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі оқу жұмысын жоспарлау [42] .

Жоғарыда айтылғандарды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту мамандарының зертеулерінде негізделгенмен де, біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі кезеңде төмендегідей мәселелері алдағы кезде де өзін зерттеуді талап етеді:

а) оқушылар дене тәрбиесін жүйесінің бағдарламалық нормативтік негіздерінің дамуын зерделеу;

ә) оқушылар денесінің жетілдіру бағыттары және оларды анықтайтын себептерді (факторларды) зерттеу;

б) оқушылар дене тәрбиесі жетілдіруді қазіргі тұжырымдамалар тұрғысын анықтау;

в) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарындағы дене тәрбиесі бойынша бағдарламалардың негізгі және өзгермелері бөлімдерінің жүзеге асу шартын анықтау;

г) дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жоғарғы сынып оқушыларының ынталану себептерін зерттеу;

д) жалпы білім беретін мектептерде спортталған дене тәрбиесін енгізу технологиясын дайындау.

Біздің зерттеу пәніміздегі байқалған жоғарыда айтылғандарға көңіл аудару дене тәрбиесі мен спорттың жетекші мамандарының алдыңғы қатарлы тәжірибесі, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытудың Атырау аймақтық орталығының басшысы есебіндегі  өзімнің тәжірибемді жинақтаумен байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті қабылдауымен және дене тәрбиесі жөніндегі Республикалық типтік бағдарламаға көшумен байланысты Атырау облысының жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған, бағдарламалық материалдың өзгермелі бөлігінің мазмұнын толықтырудың әр түрлі жолдарын дене шынықтыру мамандары ұсынды.

Мысалы,Т.А. Ботағариев дене шынықтыру қызметіне барлық қатысушылардың  (дене тәрбиесі мұғалімдері, студенттер, оқушылар, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, біліктілікті көтеру институттары дене тәрбиесінің әдіскерлері) бірлесе жұмыс жасауына негізделген, оқушылар денесін жетілдірудің аймақтық кешенді бағдарламасын дайындап, тәжірибеге енгізді. Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы  педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі (3 кесте). Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.

 

3 кесте —  Спорттық ойындар және жекпе-жек спорт түрлері бойынша ата-аналарға қойылған сауалдардың нәтижелері

Спорттық ойындар

Жекпе-жек

1

10

10

2

10

10

3

8

10

4

8

9

5

8

9

6

5

9

7

7

7

8

7

7

9

9

4

10

5

6

 

Оқушылар ден тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.Оқушылар дене тәрбиесі процесінің қазіргі даму сатысында шығыс жекпе-жектерін және спорттың өзге де ерекшеліктері көптеген түрлерін бағдарламаның өзгермелі бөліміне кеңінен енгізу құбылысы байқалады және ол кәзіргі замандка көп көзге түсіп отыр. Біздің көзқарасымыз бойынша «Дене шынықтыру» пәні жөніндегі мемлекеттік стандарт қойып отырған талаптар шеңберінде спорттың осы түрлерін оқу-тәрбие процесінің өзге де бөліктерімен өзара байланысуын қолайлы түрде, ғылыми тұрғыдан негіздеп барып қосу қажет секілді.

В.К. Бальсевич атап көрсеткендей, мектептің сабақ кестесі аясындағы дәстүрлі дене тәрбиесі сабағы оқушының дене қасиеттерін оңтайлы дамытуға мүмкіндік туғызатындай жаттығу тиімділігіне қол жеткізе бермейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты оқушылардың дене дамуын, дене дайындығын, функционалдық деңгейін, сабақтың сауықтыру әсерін арттыру міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін иновациялық технологияны ұйымдастыру мен іске асыруды оңтайландыруға ғылыми ізденісті тұрғыдан келу қажет [43].

 

1.6 Әр жылдарқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы бұқаралық спорттың дамуы туралы сараптамалық баяндамадан мәліметтер

 

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі байқалады, бұл көрсеткіш 2007 жылғы 2,3 млн. адамнан 2013 жылғы 3,9 млн. адамға дейін артқан (халықтың жалпы санын 23,2% қамту).

Облыстар бойынша алсақ, 2013 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың барынша көп қамтылуы Қарағанды (27,9%),  Қостанай (27,2%), Павлодар (26,5%) облыстарында, ал ең төменгі қамтылу – Оңтүстік Қазақстан (18%) және Маңғыстау (19,5%) облыстарында және Астана қаласында (20,9%) байқалады.

Ауылда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 2007 жылғы 899, 4 мың адамнан (ауыл халқының 12,35%-ы) 2013 жылы 1 5496 9 мың адамға артқан (өсім 1,7 есе).

Кәсіпорындар мен ұйымдарда 2013 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен 1,4 млн. адамға жуық (1 389,1 мың) айналысады немесе халықтың жалпы санынан 16,3% (2012 ж. – 1264,5 мың адам немесе 14,9%).

Сонымен қатар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу қарқыны байқалады.

Ел халқының 3,65%-ын құрайтын 626 700 мүгедектің 210 мыңының спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ. Осы санаттағы адамдар арасында 2013 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 мың адам немесе 8,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады (2012 жылы 16,6 мың адам немесе 8,3%).

Олардың әлеуетін арттыру үшін қазіргі уақытта Агенттік Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін спорттық даярлау орталығын ашуда, тиісті қаулы жобасы ҚР Үкіметіне енгізілді [44].

2013 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен 250 229 адам шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерін танымал ету мақсатында 3 мыңнан астам жарыс өткізілген. 2013 жылы халықаралық аренада спортшыларымыз ұлттық спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі 139 медалға қол жеткізген.

Бұқаралық спортты дамыту және танымал ету мақсатында 2013 жылы 35 мың 800 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілген, оған қатысқан адамдар саны 6,5 млн. адамды құрайды.

Сонымен қатар, жыл сайын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспа өнімдерін дайындау мен тарату, өңірлерде билбордтар орнату, республикалық телеарналарда жетекші қазақстандық спортшылардың қатысуымен салауатты өмір салтының пайдасы туралы бейне роликтер көрсету қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында әлеуметтік стандарттарды қалыптастыру мен қолдану үшін ғылыми негізделген қағидаттар мен тәсілдерді белгілеу мақсатында, Агенттік Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп, саланың әлеуметтік ең төменгі стандарттарын анықтау жөнінде зерттеу жүргізуде [45].

Зерттеу нәтижелерінің негізінде дене шынықтыру және спорт саласында тұрғындарға қажетті ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді әзірлеу жоспарланған.

Халықтың денсаулығын нығайту жөнінде негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында Агенттік «Халықтың денсаулығы, балалардың, жеткіншектер мен жастардың дене дайындығы және оның даму жай-күйін республикалық мониторингілеу» жобасына бастама жасалды.

Мектеп спорты. Жергілікті жерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс спорттық жұмыс кеңейтілуде, әрбір мектепте спорт клубын және спорт түрлерінен мамандандырылған сыныптар ашу жөнінде шаралар қабылданады, мектеп лигаларының жарыстары ұйымдастырылуда.

Жалпы білім беру мектептерінде спорт секцияларының желісі белсенді түрде дамуда.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын балалар мен жеткіншектердің саны 318 123 адамды немесе 12,5%-ды құрайды (2012 жылы – 269 370 адам. немесе 10,8%).

2013 жылы мектептерде спорт секцияларында 700 мыңға жуық адам, орта арнаулы білім беру ұйымдарында – 282 300 адам, жоғары оқу орындарында – 168 500 адам спортпен шұғылданды.

Бүгінгі таңда 7 261 жалпы білім беру мектебінде дене шынықтырудан 3 сағаттық сабақтар қайта жаңартылды, бұл олардың жалпы санынан 98%-ды құрайды.

Мектептерде дене шынықтыру және спорт сабақтарын 21 459 мұғалім ұйымдастырады, оның ішінде ауылда 14 366 адам ауылда жұмыс жүргізеді, 22 адамның арнайы дене шынықтыру білімі бар (7 сурет). Сыныптан тыс уақытта спорттық жұмысты оқу орындарының дене шынықтыру мұғалімдері жүргізеді.

Қазіргі уақытта республика бойынша 427 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі (бұдан әрі — БЖСМ) жұмыс істейді, соның ішінде біреуі – республикалық маңызға ие. Бұл мектептерде 2547 спорт түрлерінің бөлімшелері бар, оның ішінде 1770-і – олимпиадалық спорт түрлерінен және 777-сі – олимпиадалық емес спорт түрлерінен.

2013 жылы БЖСМ-де 281 841 бала мен жеткіншек спортпен шұғылданған, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 16 828 адамға артық.

Сонымен қатар республикада 652 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейтінін, онда 124 000 бала мен жеткіншек дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатынын атап өту қажет.

2013 жылғы 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында бүкіл республика бойынша «Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының президенттік тестілері» нормативтерін қабылдау бойынша республикалық айлық өткізілді, оған 5,9,11 сынып оқушылары, 18-24 жас арасындағы және 24-тен асқан тұрғындар қатысты.

Талдау көрсеткендей, 5, 9, 11 сынып оқушылары арасында және 18-24 жастағы жастар арасында Президенттік деңгейдегі нормативтерді тапсырғандардың саны 63 463 адамды құрады. Бұл ретте, 2012 жылмен салыстырғанда осы нормативті тапсырғандар саны 4296 адамға төмендеген, соның ішінде ауылдық жерде – 7196 адам.2012 жылмен салыстырғанда ұлттық дайындық деңгейінде нормативтерді тапсырғандардың көрсеткіші 5,5%-ға немесе 6136 адамға артқан.

Бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын танымал ету және дамыту, дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу, жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы насихатты күшейту мақсатында, Агенттік тұрақты түрде спорттық іс-шаралар өткізіп тұрады.

2012-2013 оқу жылында пилоттық жоба аясында Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында үш жас шамасындағы топтардың құрама командаларының қатысуымен ойын спорты түрлерінен (волейбол, баскетбол, футбол) мектеп лигасының жарыстары өткізілді.

Мектептерде және мектептер арасында өткен жарыстарға барлығы 356 мың оқушы қатысқан.

Студенттер спорты 2013 жылдың қорытындысы бойынша спорт секцияларында спортпен шұғылданатын студенттердің үлесі 46%-ды немесе 168,5 мың адамды құрады.

2013 жылғы 1 қыркүйекте респу    бликаның 139 жоғары оқу орнының 64 жоғары оқу орнында спорт клубы бар, ал 75 жоғары оқу орнында спорт секциялары жұмыс істейді. Бұл ретте бір жыл ішінде клубтардың саны тек 9 бірлікке ғана артқанын атап өту қажет (2012 жылы – 56 болған).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша дене тәрбиесі сабақтары студенттер үшін 1-2 курста ғана өткізіледі.Студенттер спортын дамыту Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындыққа ықпал ететін болады.Осы жарыстарға дайындық аясында логотип, талисман және слоган әзірленді, олар халықаралық студенттер спорты федерациясымен (FISU) келісілді және бекітілді [46,47].

Маркетингтік бағдарлама мен Универсиаданың фирмалық стилистикасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық — бренд-букты әзірлеу аяқталды. Сонымен қатар, жыл сайын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспа өнімдерін дайындау мен тарату, өңірлерде билбордтар орнату, республикалық телеарналарда жетекші қазақстандық спортшылардың қатысуымен салауатты өмір салтының пайдасы туралы бейне роликтер көрсету қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында әлеуметтік стандарттарды қалыптастыру мен қолдану үшін ғылыми негізделген қағидаттар мен тәсілдерді белгілеу мақсатында, Агенттік Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп, саланың әлеуметтік ең төменгі стандарттарын анықтау жөнінде зерттеу жүргізуде.Универсиада 2017 объектілерін салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқтау кезеңінде.

2014 жылғы бірінші тоқсанда Мемлекеттік сараптама жүргізуге жобалау құжаттарын тапсыру жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2014 жылғы бірінші жарты жылдыққа белгіленген.

Агенттік Білім және ғылым министрлігімен, Байланыс және ақпарат агенттігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Универсиадаға дайындық және өткізу барысын насихаттау және ақпараттандыру жөніндегі медиа-жоспар әзірледі.Білім және ғылым министрлігі қысқы спорт түрлері федерациясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Универсиадаға қатысу үшін жас спортшыларды дайындау мен кезең-кезеңімен іріктеудің кешенді жоспарын пысықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

 

  • Зерттеу әдістері

 

Зерттеу барысында бірқатар әдістер қолданылды:

  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы;
  • сараптамалы бағаламалар әдістері;
  • математикалық статистика әдістері

 

  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы

 

Әдебиет көздерін зерттеу бірнеше бағытпен жүргізілді:

а) зерттелінетін мәселенің ғылыми деңгейін анықтау, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге «мектептердегі дене тәрбиесінің» мазмұны мен әдістеріне және теориялық және эксперименталды мәліметтерді жинақтау;

Жалпы саны 50 әдебиеттер көзі сараптамадан өткізілді.

 

  • Зерттеуді ұйымдастыру

 

Дипломдық жұмысты орындау барысында теориялық тұрғыдан әдебиеттерге шолу және  еліміз бойынша дене шынықтыру сабақтарының  әр өңірлерде өткізілу тәртібі мен  мысал бола алатын әдістемелік негіздеріне де назар аударылды. Сонымен қатар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу қарқыны байқалады.Айта кететін бір жайт, мектеп оқушыларының ішінен жас жағына кіші болсада  спорт түрлері бойынша белгілі бір белестерді бағындырып үлгерген балаларды да кездестірдік.

 Сонымен қатар, облыстар бойынша, спорт түрлері бойынша да сандық мәліметтер ұшырасты.  Сондықтан  қарастырған материалдарға сәйкес  зерттеу нәтижелерін ұсынылып отыр м.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

 

  • Дене шынықтыру сабақтарының өселең ұрпақ үшін маңызы

 

«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген нақыл сөз бар халқымызда. Кезекті сауалдардың бірі «Дене шынықтыру сабағына балаңыздың қызығушылығы қандай?» деген сұрақтарға  ата-аналдың  жақсы деп жауап бергендерінің өзін арнайы топтарға бөлер болсақ, олардың көпшілігінің бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары болды. Ал  орташа жауап естіген ата-аналардың балаларының орта сыынып пен жоғары сынып оқушылары екенін  анықтауға мүмкіндік  туды.

Қорыта келе  ой түйгеніміздей,  ауыл мектептері болсын,қала мектептері болсын дене шынықтыру сабақтары тек қана балаларды  ой еңбегімен шұғылданған кейінгі ой сергіту сабаұтары деп қана түсінетіні кәдімгідей қынжылтады.

Дене шынықтыру сабақтарының  міндетті пәндердің бірі ретінде   ретті жүргізілетін  оқу пәні екенін, қимыл белсенділігнің реттілігі ағза дамуындағы маңызды  алғы шарттардың бірі екенін  түсіндіру, жеткізу еді мақсатымыз. Тәрбие беру тек ақыл айтып,жамандықтан аулақ ұстау ғана емес, дене тәриесінің мәдениеті де өсіп келе жатқан ағзаның дамуына ықпал ететін бірден бір басты мәселелердің бірі.

Сондықтан да жаңа ғасыр ұрпақтарының санасына  дене тәрбиесінің  ретін, дене жаттығуларының ағзща дамуындағы маңызын, қимыл қозғалысы реттілігінің дене дамуы үшін маңызы бар екенін ұғындыру педагогика саласы мамадарының бірден бір басты мақсаттарының бірі.

Мектептердегі дене тәрбиесінің  дұрыс өткізілу әдістемесіне тоқталмас бұрын, жалпы ата-аналардың дене тәрбиесінің, дене шынықтыру сабақтарының өткізілуне көңілдері тола ма және жалпы балалардың дене дамуы барысында дене шынықтыру сабақтарының маңыздылығы туралы жүргізілген сауалдар нәтижелеріне тоқталсақ,төмендегідей мәліметтер алынды (4 кесте).

 

4 кесте -Мектептердегі дене шынықтыру сабақтарына көңіліңіз тола ма?

 

Мектептердегі дене шынықтыру сабақтарына көңіліңіз тола ма?

Дене шынықтыру сабақтарының ағза дамуына әсері бар ма?

Метеп оқушыларының спорт секцияларына баруы   қажеттілік пе ?

Дене шынықтыру сабағына балаңыздың қызығушылығы қандай?

1

10

10

5

10

2

10

10

5

10

3

8

5

4

10

4

8

5

4

10

5

8

6

9

6

6

5

3

8

6

7

7

3

9

8

8

7

3

6

8

9

9

4

6

9

10

5

6

6

3

 

Кестеде келтірілгендей, «Мектептердегі дене шынықтыру сабақтарына көңіліңіз тола ма» деген сауалға, жауап берген ата-аналардың  жауаптарының нәтижелері бойынша,әртүрлі жауап алғанымызды балл түрінде сипаттама беруге тырыстық.Нәтижесінде, ата-аналарымыздың дене шынықтыру сабақтарын маңызды деп қарамайтыны, ағза дамуына  аптасына өткізілетін дене шынықтыру сабақтарының тек  сабақ кестесіндегі бір пән ретінде қарайтындықтарында байқадық. Тек қана  теріс көзқарас емес,  дене шынықтыру сабақтарының  әр жас кезеңдеріне сәйкес дамуы барысында  маңызы зор екенін, мектептегі дене ышынқытру сабақтарының аптасына жүргізілуі  аздық ететіні, қосымша сағаттардың да болуы керек екені де ой салып жүргендерін де айтып кетті сауалға жауап беруші ата-аналардың бірқатары (сурет ).

Сонымен қатар «Метеп оқушыларының спорт секцияларына баруы   қажеттілік пе ? » деген сауалдарға да  бірталай әртүрлі көзқарасты пікірлер  алынды. Спорт секцияларына балаларды  апарғаннан гөрі  ой еңбегін қажет ететін сурет салу,  шет тілдерін меңгеруі сияқты үйірмелерді маңызды деп санайтын ата –аналар пікірлерін де естідік.

Айта кететін бір жайт,  мектеп оқушыларының ішінен жас жағына кіші болсада  спорт түрлері бойынша белгілі бір белестерді бағындырып үлгерген балаларды да кездестірдік.

Кезекті сауалдардың бірі «Дене шынықтыру сабағына балаңыздың қызығушылығы қандай?» деген сұрақтарға  ата-аналдың  жақсы деп жауап бергендерінің өзін арнайы топтарға бөлер болсақ, олардың көпшілігінің бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары болды. Ал  орташа жауап естіген ата-аналардың балаларының орта сыынып пен жоғары сынып оқушылары екенін  анықтауға мүмкіндік  туды.

Қорыта келе  ой түйгеніміздей,  ауыл мектептері болсын,қала мектептері болсын дене шынықтыру сабақтары тек қана балаларды  ой еңбегімен шұғылданған кейінгі ой сергіту сабаұтары деп қана түсінетіні кәдімгідей қынжылтады.

Дене шынықтыру сабақтарының  міндетті пәндердің бірі ретінде   ретті жүргізілетін  оқу пәні екенін, қимыл белсенділігнің реттілігі ағза дамуындағы маңызды  алғы шарттардың бірі екенін  түсіндіру, жеткізу еді мақсатымыз.

Спортталған дене тәрбиесін енгізудің мазмұндық және ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту процесін біртіндеп, кезеңмен дамытуды көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген нақыл сөз бар халқымызда.Тәрбие беру тек ақыл айтып,жамандықтан аулақ ұстау ғана емес, дене тәриесінің мәдениеті де өсіп келе жатқан ағзаның дамуына ықпал ететін бірден бір басты мәселелердің бірі.

Сондықтан да жаңа ғасыр ұрпақтарының санасына  дене тәрбиесінің  ретін, дене жаттығуларының ағзща дамуындағы маңызын, қимыл қозғалысы реттілігінің дене дамуы үшін маңызы бар екенін ұғындыру педагогика саласы мамадарының бірден бір басты мақсаттарының бірі.

1.Мектептердегі дене тәрбиесінің  дұрыс өткізілу әдістемесіне тоқталмас бұрын, жалпы ата-аналардың дене тәрбиесінің, дене шынықтыру сабақтарының өткізілуне көңілдері тола ма және жалпы балалардың дене дамуы барысында дене шынықтыру сабақтарының маңыздылығы туралы жүргізілген сауалдар нәтижелеріне тоқталсақ,төмендегідей мәліметтер алынды.

2.«Мектептердегі дене шынықтыру сабақтарына көңіліңіз тола ма» деген сауалға, жауап берген ата-аналардың  жауаптарының нәтижелері бойынша,әртүрлі жауап алғанымызды балл түрінде сипаттама беруге тырыстық. Нәтижесінде, ата-аналарымыздың дене шынықтыру сабақтарын маңызды деп қарамайтыны, ағза дамуына  аптасына өткізілетін дене шынықтыру сабақтарының тек  сабақ кестесіндегі бір пән ретінде қарайтындықтарында байқадық. Тек қана  теріс көзқарас емес,  дене шынықтыру сабақтарының  әр жас кезеңдеріне сәйкес дамуы барысында  маңызы зор екенін, мектептегі дене ышынқытру сабақтарының аптасына жүргізілуі  аздық ететіні, қосымша сағаттардың да болуы керек екені де ой салып жүргендерін де айтып кетті сауалға жауап беруші ата-аналардың бірқатары (сурет ).

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығыңда бұқаралық спорты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  • Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы.1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2000, №1, 4-11 қантар.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. ҚазақстанРеспубликасында дене шынықтыруды және спорпы дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  • Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалықнегізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  • Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығындене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс.авторефераты, М., 1993, 55 б.
  • Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттеріндамыту // ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.
  • Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксізпедагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д.дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  • Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім берегін мектептердегі 1-9 сынын оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к.. дңсс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  • Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы, -1997.
  • Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасыныңнұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  • Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындықжүйесінің негізі. // Киев,
  • Куланов К.А. Қазақстандағыжалпыбілімберетінмектептердегіденетәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990,22 б.
  • Набатникова Н.И. Субмаксимольді және жоғарғы қуат арқылы жасалтын цикддік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1974, ж.
  • Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев P.M. Педагогака, Астана, 1998, 378-бет.
  • Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан) п.ғ.к.дисс.М., 1968, 188 б.
  • Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми практикалық конференцижіың тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б.
  • Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1992, 1-20 беттер.
  • Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1968, 22 бет.
  • Қоражанов Б.К. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М., 1992, 1-85 беттер.
  • Филин В.П. Мектеп жасьщцағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1970.
  • Ашмарин В.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі. Дене тәрбиесі және спорт, М., 1976, 223 б.
  • Пономарев Н.И. Дене тәрбиесі қоғам жене адам мәдениетінің бір саласы. Алматы, 1996, 308 бет.
  • Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 1976, 236 б.
  • Ботагариев Т.А. Аймақтык ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының материалдары негізіңце). п.ғ.д. дисс. авторефераты, Алматы, 2001.
  • Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1984. 33 бет.
  • Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998, 288 б.
  • Төлегенов Ж.М. Казіргі педагогикалық үрдісте қазақтың ұлттық дене тәрбиесінің құралы мен формасы. п.ғ.к. диссертациясы. Алматы, 1992, 1-165 б.
  • Тотенаев Б. Дене тәрбиесі (бірінші классқа арналған оқу құралы). Алматы, 1988, 112 б.
  • Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991, 175 б.
  • Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы. п.ғ.д. дисс.авторефераты. М., 1993, 25 б.
  • Тұрсынов М.Б. Тәжіктің ұлттық ойыны мен спорт түрлері және олардың тәрбиелік мәні. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Душанбе: 1964, 26 б.
  • Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін ттайдалану. п.ғ.к. дисс. автореферахы. Алматы, 1995, 23 б.
  • Қуанышов Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. Алматы, 1997, 260 б.
  • Керимов Л.К. Тәрбие жұмысының мазмұны және тәрбие жұмысының міндеттері. (Әдістемелік көмеші құрал).//Алматы, 1991, 27 б.
  • Баженов В.Т., Баженова В.П. Қараусыз қалған оқушыға педагогикалық ескерту. Алматы, 1989, 205 б.
  • Садирметова Ж.Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Апматы, 1996.
  • Ким В.А. Көп ұлтты мектептердегі оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу процесінің теориялық негіздерінің әдістемелері. п.ғ.д. дис. Алматы, 1992, 340 б.
  • Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика, М., 1974, 135 б.
  • Мұстафина Т.К.Спорт, медицина. Алматы, 1997, 314 б.
  • Гужаловский А.А. Оқушылардың өтпелі кезеңінде берілетін дене тәрбиесін дамыту. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1977,№7,37-39 б.
  • Моркосян А.А. Жас ерекшелік физиологиясы және педагогикалық мәселелер. «Кенес педагогикасы». 1965, №
  • Мотынская Р.Е. Адамныңжасыжәне дене тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер. Док.дисс. Л., 1963.
  • Сухарев А.Г. Оқушылардың қозғалыс белсеңділігінің гигиеналық үрдістерін ұйымдастыру. м.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1972, 40 бет.
  • ГильбертГ.Г., Pocc Г. National children and Ycuth bitness study. // Journal of Fh, Recr., Dance, 1985, 56, №7, P.36-37.
  • Зациорский В.М. Спортшының дене сапасы. //Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966 ж., 200 б.
  • Ухов В. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Дене тәрбиесі институтына арналған оқулық. М., 1985 ж.
  • Спортивная психология в трудах зарубежных специалистов : хрестоматия / [сост. И.П. Волков, Н.С. Цикунова] .- М. : —. спорт, 2005.
  • Физиологические основы спортивной тренировки: Метод, указания / Под ред. Е. Б. Сологуб. — Л., 1986. — 60 с.
  • Физическая культура: Учебник для учащихся  8 – 9 классов общеобразовательных учреждений. – М., 2001
  • org/diplomnye_raboty
  • kz/search_site/?…дипломные%20работы%20на%20казахском%20язык…
  • ru/studgid/diplom/prodaza/

 

  •  

ҚОСЫМША

 

1 сурет — Дене шынықтыру сабақтары

 

 

  • сурет — Орта сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарынан көрініс

 

3 сурет — Балалар ағзасыныңд амуының жастық ерекшеліктері

 

 

4 сурет — Қозғалыс ойындарының маңызы

 

5 сурет – Сауалнамаларға сәйкес диаграммалар

 

 

6 сурет -Сауалнамаларға сәйкес диаграммалар

7 сурет — Спорттық ойындар және жекпе-жек спорт түрлері бойынша сауалнамалар диаграммасы