ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Этникалық және педагогикалық психология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3
1.ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА САЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
1.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудегі кемшіліктер және осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері………………………………………………………………………………………………..
1.2.Халыққа жалпы орта білім беру жүйесінде халықаралық байланыстың маңыздылығы……………………………………………………………………………………….
- ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ:
2.1.Орта білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны……………………………………………………………………………………………………..
2.2.«Білім туралы» жаңа Заң қазіргі білім жүйесінің дамуының кепілдігі……………………………………………………………………………………………………….
3.БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗУДІҢ МӘНІ:
3.1.Білім беруді технологияландыру………………………………………………………….
3.2.Орта білім беру жүйесіндегі 12 жылдық білім беру моделін оқытуды ұйымдастыру мен дамыту……………………………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………..
ҚОСЫМША……………………………………………………………………………………………….
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе. Мемлекеттің өркендеуін, даму деңгейінде жоғары көтерілуін, бәсекеге қабілеттілігін, дүние жүзілік нарықта өз орнын ала білуін білім сапасы анықтайды. Ал білім дегеніміз – ұлттық байлықтың маңызды құрамы, ал адамның білімділігі, шығармашылыққа ұмтылуы, жан жақты дамуға қызуғышылығы және оған жүктелген міндеттерді шеше білуі елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының, өркендеуінің, алға қадам басуының негізі.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына баса назар аудару қазіргі таңдағы кезек күттірмес, өзекті мәселенің бірі болып отыр және де менің ойымша бұл заңды құбылыс. Себебі, мектеп табалдырығында алынған білім жастардың әлеуметтік – экономикалық және саяси үрдіске белсене араласуы мен қоғамдағы өз орнын табуының басты әсер етуші факторын құрайды. Мектеп қабырғасында алынатын білім – үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі үш деңгейін құрайды: бастауыш, негізгі және орта мектеп.
Біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың саяси және әлеуметтік, экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін қалыптастыруға, жаңа реформалар жүргізіп, біраз өзгерістер енгізген болатын.
Білім беру халық өмірінің рухани және өндірістік саласын қоса алғанда республика халқының, оның көп ұлтты және көп мәдениетті құрамын, қоғамның көші-қон және жалпы демографиялық даму беталысын, «бүкіл өмірге арналған білім» моделінен «бүкіл өмір бойғы білім» моделіне көшуді ескере отырып елорданың барлық қоғамдық жүйесін тұрақтандыру мен дамыту құралдарының бірі болып табылады. Ол түрлі бағыттағы басым міндеттерді шешу кезінде ресурстар концентрациясына негізделеді.
Білім беру саласында реформалар жүргізу уақыты аралығанда бірқатар батыл қадамдар жасалған болатын. 1999 жылдың маусым айнда қабылданған “Білім беру туралы” заңында білім берудің жаңа, ұлттық моделі ұсынылды. Ол Халықаралық білім беру классификация стандарттарына сай, ЮНЕСКО-мен ұсынылған болып табылады. Соған орай үздіксіздік принципіне негізделген білім берудің 4 деңгейі ұсынылып отыр:
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- Орта білім;
- Жоғарғы білім;
- ЖОО кейінгі білім.
Соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде біршама өзгерістер орын алды. 1990 жылдардың аяғына қарай білім беру саласында қаржыландыру көлемінің азаюы сынды, білім орталықтарының біршама орындарының жабылуы, жалпы алғанда жүйеде дағдарыс байқалған болатын. Қазіргі таңда білім беру жүйесі тұрақтану кезеңіне өтіп, инновациялық үрдістердің дамуы, ұйымдар мен білім беру басқарма салаларының кеңеюі Қазақстан Республикасының азаматтарының білімін арттыруда біршама оң нәтижиелер көрсетіп отыр /1.56/.
Диплом жұмысының тарихнамасы. Орта білімді, орта білім беру жүйесін дамыту, яғни деңгейін көтеру проблемаларымен әр кезеңдегі зерттеушілердің көптеген еңбектері бар. Олардың қатарында Б.Л.Вульсон, А.Н.Джуринский, Ю.Н.Афанасьев, Е.А.Бетяева, Л.В.Ветерникова, Н.М.Воскресенской, В.К.Ельманова, М.Н.Кларин, П.Скотта және т.б. еңбектері. Олардың зерттеулерін оқи отырып, әлемдегі орта білімді дамытудың 9 бағытын бөліп көрсетуге болады.
- Орта кәсіби білімнің (массовость) күшейту.
- Орта білімнің жаһандануы.
- Орта білімнің ашықтығы мен вариативтілігін күшейту.
- Орта білімді диверсификациялау.
- Орта білімді гумандандыру және оның құрамдас бөлігі ретінде гуманитарландыру.
- Оқу үрдісін интенсивтендіру.
- Орта білімнің икемділігін күшейту.
- Орта білімдегі интеграциялық тенденциялар.
- Орта білімді дербестендіру ( индивидуализация ). /Г.К.Ахметова, З.А.Исаева. Педагогика., Алматы 2006 ж. /8. 65/.
Балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П:Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев және т.б. болып табылады /15.153/.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ғана ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты дамыту, оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың педагогикалық жүйесін негіздеді және тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 1990 жылдары негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді. 1995 жылдары қабылданағн мектеп туралы қаулылар білім беру мен оқытудың теориясы дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді /14.23/.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні. Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді.
Диплом жұмысының деректік негізін Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы, Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген ), Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн ақпараттандыру бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың 10-мамырында бекiтiлген), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”, нормативтік құжаттар мен ережелер, Халықаралық ЮНЕСКО конгресіндегі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Журиновтің баяндамасы және т.б. құрайды /1.43/.
Диплом жұмысының мақсаты:
- Білім беруді реформалау саласындағы мемлекет саясатты іске асыру жөніндегі жүйелі шаралар кешенін, зерттеп, талдау;
- Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау;
- Қолданыстағы білім нысандарының желілерін сақтау мен кеңейту мәселелеріне көңіл бөлу;
- Орта білім жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұнын анықтай отырып, Қазақстанның мектептеріндегі білім беруді дамыту мәселелеріне көңіл бөлу;
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдай жасау жолдарын анықтау;
- Білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәнін ашып көрсету;
- Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы мен болашағын зерделеу.
Диплом жұмысының міндеттері: Алға қойған мақсаттарды орындау үшін келесі міндеттерді атқарамын:
- Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдерін айқындай отырып, өз ұсынысымды келтіру;
- Білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталу;
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар және заңдармен танысу;
- Балалардың ерекше санатының, оның ішінде дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім сұраныстарын қамтамасыз ету;
- 12 жылдық жалпы орта білім беруге кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру;
- «Білім туралы заңға» шолу жасау;
- Елбасы реформалары мен жыл сайынғы жолдауларын саралау;
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Бітіру жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Дегенмен Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін алғанда орта мектеп базасы назарда болды. Яғни, зерттеу жүргізу барысында оқушы қауымының психологиялық танымы, мативтік жағдайдағы ескерілген.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды, яғни 1991-2012 жылдар аралығы.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни қорытынды, тәжірибелік ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмысымдағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.
- ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА САЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
1.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудегі кемшіліктер және осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері
Жалпы білімнің жүйесі, жағдайы – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қалыптасуы Кеңес Одағы кезінен бастау алатын ауқымды үдеріс болып табылады.
1991 жылы жаңа үлгiдегi мектептер мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары: лицей, гимназия, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер өмiрге келдi. 2003 жылы республикада — 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлiк және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс iстедi. Сондай-ақ, 312 кәсiптiк-тех. мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бiрдей мiндеттi әрi тегiн орта бiлiм беру бағыты жарияланды. Қазақстан Республикасы “Бiлiм беру туралы” жаңа Заңында да (1999 жылы 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш (1 — 4 сыныптар), негiзгi (5 — 9 сыныптар) және жоғары (10 — 12 сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекiтiлдi. Орта (толық) бiлiм алудың түрлi жолдары айқындалды. Орта бiлiм жалпы бiлiм беретiн (күндiзгi, кешкi) және кәсiптiк мектептер (лицейлер) мен колледждерде берiлетiн болды. Мұнда оқушы кәсiби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Бiлiм беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтiк құқықтық негiз жаңартылып, мемл. “Бiлiм” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама бiлiм беру жүйесiн реформалауды қазiргi экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайға сәйкестендiредi /5.346/.
1990 — 1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында бiлiм саласына қатысты оннан астам мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Олар: “Дарын” мемлекеттiк бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша Дарынды балалардың шығармашылық дамуын қолдау мақсаты көзделген болатын. Осы бағдарлама шеңберiнде 1997 жылы біздің республикамыздың сегiз облысында дарынды балалар үшiн арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар республикалық “Дарын” ғылыми-практикикалық орталық құрылды. 1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберiне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кiредi. 1997 жылы Орта бiлiм жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — республика мектептерiн мультимедиялық компьютерлiк сыныптармен қамтамасыз ету, бұл оқушылардың толыққанды және жан жақты дамуына қолайлы жағдай туғызады, сонымен қатар компьютерлiк оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттандыру мәселесін шешу. “Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн оқулықтар мен оқу — әдiстемелiк кешендердi дайындау және басып шығару туралы” кешендi бағдарлама жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн жаңа үлгiдегi оқулықтар мен оқу — әдiстемелiк құралдар жасауды мақсат етедi. Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы тiлдердi оқытудың түпнұсқа бағдарламалары мен жаңа технологиясын дайындауды, қазақ тiлiн оқытуды тиiмдi жүргiзуге байланысты оқулықтар, аудиокөру, компьютерлiк бағдарламалар шығаруды көздейдi. Экологиялық бiлiм беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының бiлiм беру және басқа құрылымдарында үздiксiз экологиялық бiлiм берудi дамыту мен үйлестiрудi мақсат еткен болатын. Қазақстан Республикасында 1998—2000 жылдары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi кешендi бағдарлама қабылданған болатын, бұдан басқа да бағдарламалар қабылданды /4.34/.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны негізгі орта білім беру деңгейіндегі міндетті оқу пәндерін жүйелі оқытудың аяқталатындығын ескере отырып құрылады. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымы жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында элективті саралау жүйесін ұйымдастыруға бағдарланған. Инвариантты және вариативті компоненттер жалпы білім берудің қызметтік толықтығын қамтамасыз ететін базалық мазмұнның құрамдас бөлігі болып табылады.
Инвариантты компонентке оқу тіліне, оқыту бағытына және жеке меншік түріне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлеріне міндетті оқу пәндері кіреді. Сонымен қатар міндетті пәндер негізгі орта білім беруден, яғни 10 сыныптан кейін лицей, колледждерде білім алушыларды оқыту үшін орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының жалпы білім беру компоненттерінің негізін құрайды. Жалпы алғанда міндетті пәндер базалық білім берудің біртұтас негізі ретінде мемелекет мүддесін анықтайды, білім алушыларды жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды меңгеруге тартады.
Вариативті компонентке жеке және топтағы білім алушылардың білім алуға деген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бағдарлы пәндер, таңдау бойынша міндетті пәндер, қызығушылықтары бойынша курстар кіреді /6.26/.
Бағдарлы пәндер топ қызығушылықтарына сәйкес білім мазмұнын саралау қызметін атқарады. Оқытуды бағдарлау бағытын бағдарлы пәндердің жиынтығы анықтайды. Білім алушылар өз бетінше қабылеті,даму деңгейі мен білім алу ниетіне сәйкес оқыту бағыттарын (жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық) таңдайды.
Таңдау бойынша міндетті пәндерге таңдап алған оқыту бағыты бойынша бағдарлы пәндердің құрамына кірмейтін бірақ, басқа бағыт бойынша бағдарлы пән болып саналатын оқу пәндері жатады. Білім алушылар жалпы орты білім беру деңгейінде екі жыл көлемінде оқу қорытынды аттестациялау жүргізу үшін осы пәндер жиынтығының ішінен екі пәнді таңдап алуға міндетті.
Қызығушылықтары бойынша курстарға білім алушылардың әртүрлі жеке білім беру сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған элективті модульдік курстар жатады.
Базалық мазмұнның инвариантты және вариативті құраушылары ретінде барлық пәндердің мүмкіндіктерімен бастапқы қалыптасуы бастауыш және негізгі мектепте жүзеге асқан базалық, түйінді және пәндік құзыреттер дамытылады.
Әрбір білім саласының базалық мазмұны нақтылы оқу үдерісін жобалауға негіз бола отырып, оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелерге жету үшін пәнаралық сипаты ұқсас жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын кіріктіруді жүзеге асырады. Нақтылы пәндердің мақсат, міндеттеріне сәйкес базалық мазмұн оның өне бойынан өтетін пәнаралық сипаттағы мазмұнның келесідей аспектілерімен кіріктіріледі:
– қоршаған орта және табиғи әлемді сақтау;
– жергілікті және ғаламдық экологиялық проблемалардың жайы және оның туындауының себеп-салдарлары;
– тіршілік қауіпсіздігі және оны қорғау;
– ақпараттық технологияларды қолдану;
– Қазақстан Республикасының орнықты дамуына үлес қосу;
– мамандық әлемі.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны әлем және ондағы адамды біртұтас дүние ретінде қабылдауды қалыптастырудағы алған білімді жүйелейтін білім салаларының мазмұндық желілері негізінде құрылады. Білім салаларының мазмұндық желілері жалпы орта білім берудің инвариантты және вариативті компоненттерін құраушы оқу пәндерінің логикалық құрылымын анықтауға негіз болады /7.52/.
Оқу пәндерінің мазмұнын құрылымдау объектілік ұстаным негізінде нақтылы бір білім салаларының мазмұндық желілерінің әрбір келесі компоненттерін ашып көрсету төмендегі логикамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы қиыншылықтар.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алғаннан бері болып жатқан өзгерістер білім саласын да айналып өткен жоқ. Оның бір көрінісі орта білім беру жүйесінде проблемалардың болуы. Білім берудің қалыптасқан жүйесін өзгеріске түсіру оның мәні мен маңызын анықтап, оны ғылыми тұрғыда зерделеу қажеттігін тудырады. Дегенмен, Қазақстанның білім беру жүйесі өзінің ұлттық мазмұнын жоғалтып келе жатқанын айту керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында білім беру саласының әлеуметтік маңызыдылығына және оның даму қажеттігіне ерекше мән береді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы тұжырымдамасында білім беру жалпы ұлттық басымдық ретінде белгіленіп, ұлттық білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды анықтау, осыған байланысты бірқатар міндеттер, соның ішінде, білім берудің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім беру мазмұнын, материалдық — техникалық базасын жаңарту мәселесі қарастырылған. Бұл мемлекеттік құжаттардың басты түйіні — әлемдік қауымдастыққа білім беру саласын жаңа сипатта дамыту арқылы ғана ену мүмкіндігін мойындауда /1.45/.
ХХІ ғасыр қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін әлдеқайда серпінді жаңартуды табандылықпен талап етеді, мұның өзі Қазақстанға Республикасына, таяудағы он жылда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруге толық негізде ұмтыла отырып, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды әрі құрметті мүшесі болуға мүмкіндік береді.
Оқу орындарындағы білім сапасына қатысты тағы бір түйінді мәселе – оқулықтар мен көмекші құралдарда жатыр. Бұлар жөнделмей, бұлар талапқа сай болмай, оқудың сапалы болмайтыны, істің ілгері баспайтыны анық.
Білім беру жүйесінің ауқымды бөлігін жалпы және кәсіптік орта білім беру мекемелері қамтиды. 2005-2007 оқу жылында республикамызда 7802 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың 5814-і, яғни 74,5 пайызы қазақ және аралас мектептер, 3747-і, 48 пайызы – қазақ мектептері /3.34/.
Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен аралас мектептерде барлығы 1 миллион 600 мыңнан астам бала білім алуда. Олар барлық оқушылардың 58 пайызын құрайды. Барлық қазақша оқитын балалар санының 65,2 пайызы – қазақ тілінде оқытатын мектептерде, ал 34,8 пайызы аралас тілді мектептерде білім алып жүр.
Ана тілінде білім алатын қазақ балаларының саны артып, олардың 81,4 пайызы қазақша оқиды. 1990 жылғы мәліметтерге қарағанда ол кезде 60 пайыз еді. Сонымен бірге 20 мыңнан астам басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде білім алуда /9.45/.
Өкінішке орай, бүгінгі күні қазақ мектептерінің желісі қалаларда дамымай отыр. Бұл білім ұйымдарының 85,9 пайызы ауылдық жерде орналасқан. Мәселен, Қостанай қаласындағы 38 мектептің 4-і, Өскемендегі 47 мектептің 5-і ғана қазақ тілінде жұмыс істейді. Сол сияқты Батыс Қазақстан облысын алсақ, қазақ мектептерінің 95,5 пайызы ауылдық мектептер. Сонымен қатар республикалық мәртебедегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған 7 мектеп-интернат жұмыс істейді. Олардың 2-і қазақ тілінде, 4-і аралас, 1-і орыс тілінде білім береді. Бұл мектептердегі 3558 баланың 2000 — нан астамы қазақ тілінде білім алуда.
Кәсіптік орта білім ұйымдарында 334,5 мыңнан астам оқушының 137,2 мыңы немесе 43,3 пайызы қазақ тілінде білім алады.
Республикадағы кәсіптік бастауыш мектептерде 80-нен астам кәсіптер бойынша мамандар қазақ тілінде даярланады. Республикадағы 57 гуманитарлық колледждерде болашақ 22 мыңнан астам мамандар қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, аудармашылық іс мамандықтары бойынша қазақ тілінде білім алуда.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептер базасының материалдық-техникалық жай-күйі қазіргі заманның талаптарға әлі де жауап бере алмай отыр: жалпы саны 7620 мектептің 63,0 %-ы типтік ғимараттарда, 37,0 %-ы бейімделген, 202 мектеп авариялық жағдайда тұр. Мектептің 22,7 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектепің 86,0 %-ы 1990 жылға дейін салынған. Мектептің 65,1 %-ы екі, ал 86-і үш ауысымда жұмыс істейді. Еліміздің өңірлерінде білім берудің бюджетін қалыптастыру кезінде мектептердің оқу-материалдық базасының мазмұны мен дамуына қажеттілігі іс жүзінде дұрыс есепке алынбайды, нәтижесінде авариялық жағдайда тұрған мектептердің саны азаймай отыр. Ауылдық мектептердің көпшілігі бейімделген ғимараттарда орналасқан. Біздің Республикамызда 2000 – 2007 жылдары бұл үлес өзгермей отыр және 2008 жылда ол мектептердің жалпы санының 37,0 %-ын құрап отыр /қосымша №1/.
2008 жылы оқушы орындарының жетіспеушілігі – 120186 бірлікті құрады. Республика өңірлеріндегі 156,1 млрд. теңге сомаға 242 мектеп салу (және 2008 жылдың бюджетін нақтылағаннан кейін 8 мектеп ) орын жетіспеушілігін кемітеді, бірақ проблеманы толығымен шешпейді. /қосымша №2/.
Оқу — тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі – мектептерде пәндік кабинеттердің болуы болып табылады.
Біздің Республикамыздағы әрбір үшінші мектеп физика, химия, биология оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген. Тек мектептердің 28% — ында ғана лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар. Мектеп жиһаздары 1970 – 1990 жылдары сатып алынған, моральдық және табиғи тұрғыдан ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді. 2008 жылы мектептердің тиісті пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуі облыстарда өзгеруде. 2007 жылы мектептердің оқу кабинеттермен орташа қамтамасыз етілуі олардың жалпы санының: физика – 55,1 %-ын, химия – 44 %-ын, биология – 37 %-ын, ЛМК – 41,3 %-ын құрап отыр /қосымша №3/.
Бірақ қаржыландыру құрылымында жалақы 82 %-ды құрайды. Күрделі жөндеуге және негізгі құралдарды сатып алуға барлығы мектепке жұмсалған қаражаттан 3 %-ды құрайды /11.48/.
Әрбір бесінші мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Нәтижесінде жарты миллионнан астам оқушы оқу үрдісі кезінде тамақтану мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отыр. Мектептерде балаларды сапалы және теңестірілген тамақтандыру жүйесі дамымай отыр. Ыстық тамақпен оқушылардың 54,3%-ы қамтылған, бұл ретте 2005 жылмен салыстырғанда оқушының ыстық тамағының құны 2,2 есеге дерлік артты. Оқушыларды тамақтандыру мен тасымалдау шығыстарын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жоқ /12.5/.
Республикада 21 559 оқушы үшін, оның ішінде мектептері жоқ елді мекендерде тұратын 14 748 оқушы үшін жеткізу ұйымдастырылмаған. Тасымалдау ұйымдастырылған жерде тасымалдаудың қауіпсіздігі мен жабдықталуына қатысты проблемалар бар. Автобустардың техникалық жағдайы, жанар-жағар май және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешілмеген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша соңғы бес жылда балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың өсу үрдісі бар. Балалар арасында ауру 2007 жылы 100 мың халыққа 99729,3 (2003 ж. – 87619,3); жасөспірімдер арасында 100 мың халыққа – 7403,5 (2003 ж. – 69588,7) құрады. Оқушылар денсаулығының жағдайына мінез-құлық факторлары әсер етеді. Жасөспірімдердің 22 %-ы шылым шегеді. Диспансердің есебінде нарколог-дәрігерлердің бақылауында 9 мыңнан астам жасөспірім тұр /17.9/.
Қазақстанда 1996 жылы 714 меншікті оқулық пен 1717 оқу-әдістемелік кешен әзірленді (ОӘК – әдістемелік басшылық, жұмыс дәптерлер, сөздіктер, шешулер және тағы басқалар). Алайда, жаңа буын оқулықтарының мазмұны мен оның сараптамасына қойылатын талаптар бір ізге қойылмаған. Нәтижесінде 27 оқулық оқу процесінен алынды. Қолда бар оқулықтар мен ОӘК ескі «білімдік» әдіснамаға негізделген.
Техникалық және кәсіптік білім еңбек нарығының қажеттілігінен алшақ. ЖБИ көрсеткіші бойынша «Орта білім берумен қамту» 134 орынның ішінде Қазақстан 51-орын алады /4.34/.
Сонымен қатар, еңбек нарығы қажеттілігінің төрттен үші жұмысшы кәсіптермен келтірілген. Тек қана әрбір төртінші білім алушы тапшы техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқиды. Бұл ретте экономика техникалық және қызмет көрсету еңбегінің 100 мың қызметкерін қосымша талап етеді, ал жыл сайын мектептің 12 – 14 мың түлегі жұмыспен қамтылмай қалады. Еңбек нарығында білікті мамандардың жетіспеушілігі: құрылыста – 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында – 9,6 мың адам, машина және жабдықтар технологиясында – 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында – 6,8 мың адам.
Кадрларды даярлау нақты өндіріс сұраныстарынан алшақ жүзеге асырылуда.
Ауыл жастары үшін кәсіптік білім алу қол жетерліксіз. Республиканың 27 ауданында кәсіптік лицейлер жоқ. 113 кәсіптік мектепте жатақхана жоқ. Жоғары білікті инженер педагог кадрлар еңбекақы деңгейінің төмендігі салдарынан өндіріске кетіп қалуда. Білім беру бағдарламалары халықаралық талаптарға сай келмейді. Әлеуметтік серіктестік дамымаған.
12-жылдық мектепке көшу жағдайында жоғары деңгейде (бейінде) оқу үшін оқушылардың 30 %-ына дейін оқуын жалғастырады және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіпке ие болады. Осыған байланысты қосымша кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу қажет.
5538 өндірістік-оқу шеберлерінің теңбе-тең еңбекақысы, кәсіптік мектептер үшін 2009 – 2011 жылдары ағылшын тілінің шетел оқытушыларын тарту, оқытушылардың шетелде тағылымдамадан өту мәселесі шешілмеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында негізгі орта білім беру базасында 325997 адам білім алады (білім алушылардың жалпы контингентінің 58 %).
Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу – әдістемелік қамтамасыз етуді талдау базалық және кәсіптік құзыреттерді бағалауға талаптардың жоқтығын, теориялық даярлық пен ескірген деректердің басымдылығын, икемділік пен сабақтастық деңгейінің жеткіліксіздігін, жағдайды талдауға зиян фактілердің үстемдігін көрсетеді.
Бастауыш және орта кәсіптік білім кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес бастауыш және орта білім кәсіптері мен мамандықтарының саны 697 құрады ( кәсіптер – 331, мамандықтар – 366), әзірленген және бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және орта арнайы білім стандарттары 2004 жылдан бастап 2007 жыл аралығында – 325.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, кең базалық біліммен және іскерлікпен қамтылған қажетті дағдылар алуға ұмтылатын білім алушылардың талаптарына да жауап бермейді. Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу — әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу әдебиетіне тапшылық оқу үрдісінің сапасын арттыруға едәуір кедергі болып табылады.
Оқытудың озық технологиялары нашар пайдалануда. Кәсіптік мектептердің оқу — өндірістік шеберханаларының материалдық-техникалық базасы моралдық және табиғи тұрғыдан тозған. 2005 жылдан бастап қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан ұстауға, ғимараттарды, үй-жайларды ағымдағы жөндеуге, құрал жабдықтарды атып алуға жалпы соманың небары 3 %-ы бөлінді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік стандарттардан артта қалуда. Компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын ескере отырып жыл сайын жаңартып отыру керек. Бүгінгі таңда мектептерде 29664 (24 % ) компьютер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге (1 компьютерге 5-6 оқушыдан келуі тиіс) жету үшін мектептер қосымша 396500 компьютерді сатып алуы керек , яғни қазіргі кездегі көрсеткіштен 3,2 есе көп.
Мұғалімдердің қашықтықтан әдістемелік өзара қарым-қатынасы үшін жағдай жасайтын Министрліктің және біріктірілген ғылыми-білім беру кеңістігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын әзірлеу қажет.
Білім беру ұйымдарын Интернеттің кең жолақты желісіне 100 % қосу қажет. Маңызды мәселе мектептердің Интернет желісіне шығуының құны болып табылады. Төмендетілген тарифтерге қарамастан Интернет өте қымбат болып отыр.
Жоғары білім беру жүйесіне арналған 2380-нен астам, кәсіптік мектептер үшін – 1500-ден астам, колледждер үшін тек қана кәсіптік және арнайы цикл пәндері бойынша 3000 — ға жуық электрондық оқулықтар мен оқыту бағдарламаларын жасау қажет болады. Бұдан басқа, сандық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бағдарламалар тесті және тағы басқалар) сараптау бойынша сараптама кеңестерінің жұмысын жалғастыру қажет.
Педагог кадрлар қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы (бұдан әрі – ҚОСҚ) бойынша жұмысқа дайын емес. ҚОСҚ мазмұнын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды нысаналы қаржыландыру қажет, қымбат бағалы арнайы жабдық керек. Өзіндік проблема мұғалімдерге кері байланысы бар ҚОСҚ өнімдерін пайдалану технологиясын үйрету болып табылады. Одан да өзекті проблема барлық мектептік пәндер бойынша тьютерлер даярлау болып табылады /16.44/.
Білім беруді ақпараттандырудың тиімділігі көбінесе педагог кадрларды білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) жүйелі түрде пайдалануға даярлауға байланысты.
Соңғы 5 жылда білім беруді ақпараттандыру бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 мыңнан астам информатика пәні мұғалімдері және пән мұғалімдері даярланды. 2006 жылы 3979 адам, 2007 жылы – 4000 мұғалім, 2008 жылы – 4200 педагог оқытылды /19.39/.
Соңғы жылдары жабдықтарды жеткізу кезінде мұғалімдерді қоса даярлау үрдісі байқалды. Сонымен қатар салыстырмалы түрде айтатын болсақ бұл білім беруді ақпараттандырудың ең төмен көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілу жағдайы.
Әлі күнге дейін әлеуметтік жетімдік құбылыс ретінде сақталып отыр. 47 мыңнан астам жетім балалар мен ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде, 16 мыңнан астам бала мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде тәрбиеленіп отыр. Оның ішінде 84,2 % — ы әлеуметтік жетімдер /қосымша №4/.
2001 жылмен салыстыратын болсақ балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардның, панажайлардың және тағы басқалардың саны 41 бірлікке, ал олардағы балалар саны – шамамен 1300 адамға өсті /48.65/.
Некеден тыс туу саны, сондай-ақ ата-аналары ажырасқан немесе ата-ана құқығынан айырылған балалар саны өсуде. Республикада 13 мыңға жуық жайсыз отбасылар бар. 2008 жылдың өзінде ата — ана құқығынан 815 ата — ана айырылды. Отбасылық және балалар жайсыздығын анықтайтын ортақ талаптар жоқ.
Осының салдарынан жыл сайын біздің республикамызда 10 мыңға жуық қадағалаусыз және панасыз қалған балалар анықталуда.
Жетім балалар ішіндегі түлектерді жұмыспен қамту тетігі жоқ. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау тетігі жұмыс істемейді. Олардың 10 %-ының ғана тіркелген тұрмыстық үйлері бар. 29 мыңнан астам балалар қамқоршылар мен қорғаншылар отбастарында тұрса да, өкінішке орай қамқоршылар мен қорғаншыларға материалдық қолдау көрсету тетігі жоқ.
Бала еңбегінің қаналу фактілерін анықтау тетігі әлі дайындалған жоқ. 5 млн. балаға бала құқықтары мәселелері бойынша небары 180 маман айналысады. Мамандардың біліктілік деңгейі жеткілікті емес. Балаларға қатысты күш көрсету, балаларды пайдаланудың әр түрлі нысандары, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуы жойылған жоқ.
Инновациялық жүйе жеткілікті дамымаған. Инновациялық дамуды сипаттайтын ЖБИ индикаторлары бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орындары ынтымақтастығы және зерттеулер өндірісі» бойынша – 64-орын, «Ғалымдар мен инженерлерге қол жетімділік» бойынша – 83-орын, «Ғылыми — зерттеу институттарының сапасы» бойынша – 58-орын алды.
Ғылыми салада жүйелік негізде ғылыми болжау – форсайт өтілмеген. Ғылыми — зерттеу және тәжірибелік — конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) нәтижелерін жасандылықтан және плагиаттан қорғайтын GLP (Good Labolatory Practice – тиісті зертханалық практика), GMP (өнім өндірісіне қатысты ережелер мен нұсқаулар нормаларының жүйесі), GSP (Good Scientific Practice – тиісті ғылыми практика стандарттары) халықаралық стандарттары енгізілмеген. Ғылыми практикада осы стандарттардың болмауы қазақстандық ғалымдар жасаған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін әлемдік аналогтармен салыстыруда қиындық туғызады. Оларды 2009 – 2011 жылдарға арналған іргелі зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асыру кезінде енгізу қажет.
Ғалым мәртебесі төмен күйінде қалып отыр, бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кедергі келтіреді.
Ғылымды қаржыландыру төмен деңгейде қалып отыр. Тіпті жеке қаржы жұмсау есебінен алғанның өзінде ғылымға жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 0,26 % — ын құрайды. Бұл Ресей Федерациясынан 5 есе және Швециядан 15 есе аз. Тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша, егер 5 – 7 жыл ішінде ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 1% — ынан аспайтын болса, онда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті қайтымсыз күйреуі мүмкін.
2008 жылы бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі арқылы қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 2003 жылға қарағанда 3,5 есе дерлік өсті. Алайда, тұтастай алғанда ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 0,13 % деңгейінде қалуда.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін басқарудың жетілмегендігі мен қаржыландырудың жетіспеушілігі.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының сақталуына бірынғай бақылаудың болмауы өңірлер бойынша білім сапасын айтарлықтай дифференциациялау алғышарттарын жасайды. Бұл жағдай біздің мемлекетіміздің интеллектуалды әлеуетін төмендетеді және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді («Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5–бабы ).
Басқарудың тепе-теңсіздігі білім беруге қолжетімділік бойынша айтарлықтай өңірлік саралауға әкеп соқтырады. Мысалы, мектепке дейінгі білім берумен қамту Алматы облысында 8,7 %-дан Қосатанай облысында 84,3 %-ды құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беруде қамту коэффициенті өңірлер бойынша үш еседен артық ерекшеленеді: Жамбыл облысында 2,9 %-дан Павлодарда 8,7 %-ға дейін. 1 оқушыға жұмсалатын шығыс 2 есеге дерлік ерекшеленеді (2007 жылы ОҚО 45,5 мың теңгеден СҚО 88,6 мың теңгеге дейін). Бұл ретте шығыстардың көптігі білім сапасына кепілдік бермейді, оған ҰБТ нәтижелері мен 1 оқушыға кеткен шығынды салыстыру дәлел. Облыстардың рейтингтік баллы 42 көрсеткіш бойынша 2,5 есеге ерекшеленеді.
Қоғамның әл-ауқатының өсуіне байланысты білім беру жүйесіне деген талаптары да өсуде. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес орнықты даму үшін білім беруге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ — нің 6-7 %-ын құрауы тиіс. Қазақстанның шығыстары ЖІӨ -нің 3,6 % -ынан аспайды.
Қазақстан Республикасында бір оқушыға жұмсалатын шығыстар Қытай Халық Республикасы, Түркия, Ресей Федерациясы сияқты 3 — топтағы елдердің ( Жалпы Ішкі Өнімнің жан басына шаққанда 10 мың АҚШ долларынан кем елдер ) орташа шығысынан да төмен.
Екінші топтағы елдердің қатарындағы – Испания Корольдігі, Корея, Чехия, Израиль ( Жалпы Ішкі Өнім жан басына шаққанда 10 -нан 20 мың АҚШ долларына дейін елдер ) және бірінші топтағы елдердегі – Америка Құрама Штаттары, Жапония, Люксембург, Австралия ( Жалпы Ішкі Өнім жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларынан артық елдер ) шығыстардағы неғұрлым едәуір айырма.
Білім беру жүйесіндегі орташа жалақының 2006 жылғы қазандағы 25 мың теңгеден 2007 жылғы қаңтардағы 29 мың теңгеге дейін ұлғаюына қарамастан, ол сол кезеңде республика бойынша орташа жалақының 64 %-ын құраған болатын. Ал 2007 жылғы қараша айында ол біздің республикамыз бойынша орташа жалақыдан 60,5% -ға дейін төмендеді.
Қазақстандық мұғалімнің жалақысының жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнімге арақатынасы ЭҚДҰ елдеріндегіден едәуір төмен және Ресей Федерациясымен салыстырғанда аз қалпында қалуда.
Басым бөлігінде объективті әлеуметтік-экономикалық үдерістерге негізделген кейбір теріс құбылыстарды жоюға және инновациялық даму желілерін белгілеуге мүмкіндік береді, олардың негізгілері төмендегідей:
- Балаларды мектепке дейінгі білім бағдарламаларымен және мектепалды даярлықты бірізді арттыруды қамтамасыз ету;
- Қазіргі білім беру технологияларын, он-лайн режимінде оқытуды кеңінен енгізу;
- Дарынды оқушыларды анықтау мен дамытуға көмек көрсету;
- Қосымша білім мекемелерін сақтау және дамыту;
- Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
- Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
- Білім мекемелерінің іс-әрекетін қаржымен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жастармен жұмыс үшін барынша тиімді әдіс-тәсілдер қажет. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда нысандар, әдістер және мазмұны бойынша туындаған жүйе курстық іс-шаралар сияқты курсаралық кезеңде де педагогтың кәсіби деңгейін арттыруға себепші болады. Курстық іс — шаралар мазмұны педагог қызметкерлердің білім саласындағы мемлекеттік міндеттерді табысты шешуі үшін әрекетті құрал – жабдықтармен жарақтауға бағытталған. Қазіргі жағдайда білім философиясы мен парадигмасының ауысуы, білім жүйесі қызметкерлерінің ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген үздіксіз оқу қажеттілігін айтады, онсыз оқытудың сапасы мен жеделдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі күні Біліктілікті арттыру институты үшін Республикамызда ғимараттар салу туралы мәселе өзекті болып отыр, олар қазір балабақшаның бір қанатында орналасқан. Аталған мәселе де Бағдарламада көрініс тапқан.
Бүгінгі күні педагог кадрлардың тапшылығы сезілуде. Математика, информатика, физика, орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері қажет.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен жасақталған:
«2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білімді дамыту концепциясында» ;
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 — 2006 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы»;
2030 жылға дейінгі даму стратегиясы білім беру реформалары, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері, басымдылықтары, негізгі бағыттары, жалпы стратегиясы анықталған.
Білім жалпы ұлттық басымдық болып табылатындығы айтылған; ұзақ уақыт кезеңіне білім беру саясатының негізі анықталған. Маңызды міндет білім мазмұнының орталықтанған білімнен нәтижеге бағытталған білімге өзгеруі.
Мақсаты – адам ресурстарының сапасын арттыру, тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық жоспар басымдықтары негізінде көп деңгйелі білімнің ұлттық жүйесінің модернизациясы.
Міндеттері:
- Сапалы білімді көрсетуді қамтамасыз ету тұлғаны жоғары мәдениетке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді басым дамыту;
- Тұрақты дамудың әлемдік тәжірибесі мен қағидалары негізінде білімнің мазмұны мен құрылымын жаңарту;
- БХСЖ (Білімнің Халықаралық Стандарттық Жүктемесі) ұсыныстарына сәйкес кадрлалрды дайындау мен кәсіптік білім беру жүйесін қайта құрылымдау;
- Әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу.
Бұл бағдарламаның қажеттілігі неден туындады? – адамның жинақтаған білімін жәй игеруден шығу қажеттігін сезіну. Барлық елде осындай қажетілікті сезіну білім саласындағы келесі шараларға әкелді:
- білімнің құрылымы, мақсаты, мазмұны және технологиясы түбірімен өзгерді;
- білімді, дағдыны механикалық беру басымдылық болып табылмайды.
Өзгерісті жағдайларда жетістікті өзіндік табысқа жететін және дамытатын, идеяларды ұсынатын, ақпараттық – интеллектуалды ресурстарды өзі табатын, пайдаланатын және талдайтын тұлғаның қалыптасуы басымдылық болып табылады.
Осы аталған бағыттарды жүзеге асыру үшін, мемлекет тарапынан қаржы бөлу керек. Білім ордаларына медсенаттар тарту, ірі кәсіпорындар мен фирамалармен келісім шартқа тұру, студенттерді тәжірибе жинау үшін басқа елдерге жіберу, тәжірибие алмасу сынды жұмыстарды атқару керек.
1.2. Халыққа жалпы орта білім беру жүйесінде халықаралық байланыстың маңыздылығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі — өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бастама жыл сайын жаңа қарқынмен даму үстінде.
Білім саласында 81 халықаралық келісім іске асырылуда. Тек 2009 жылы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 10 халықаралық келісімге қол қойылды. 150-ден астам білім беру ұйымы шетелдік әріптестерімен тікелей байланыстар орнатқан. Бүгінде 25 мыңнан астам қазақстандық азамат шетелде білім алуда. Олардың білімі мен білігі – біздің еліміздің болашағына қосылатын баға жетпес үлес.
Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша 68 халықаралық кездесу мен бірлескен келіссөздер өткізілді.
Халықаралық байланыстар маңыздылығының өсу факторы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен ынтымақтастықты дамыту. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен біртұтас келісілген білім беру кеңістігін қалыптастыру және саясатын пысықтау – қазақстандық білім берудің халықаралық байланыстарын дамытудың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның оқушылары жеңіп алған медальдардың саны жыл сайын өсуде. Тек 2008 жылдың өзінде 72 алтын, 80 күміс және 100 қола медаль жеңіп алынды.
Қазақстан Республикасы әлемнің 43 елімен бірге математика және жаратылыстану бойынша 4-сынып оқушыларының білімін бағалау бойынша TIMSS-2007 ( Third International Mathematics and Science Study ) халықаралық саластырмалы зерттеудің қатысушысы болды. Зерттеуге 141 мектептен 3,99 мың оқушы қатысты. Қазақстандық оқушылардың нәтижелері орташа халықаралық балдан жоғары.
Қазақстан Республикасы БҒМ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің біртұтас білім беру кеңістігінің құқықтық алаңын құру үдерісінің белсенді қатысушысы. ТМД ынтымақтастығы шеңберінде ұлттық заңнамаларды әзірлеу барысында қолдануға ұсынылған алты модельдік заң әзірленді (білім туралы, ересектердің білімі, жалпы орта білім, мектептен тыс білім беру, мектепке дейінгі білім беру және лицензиялау туралы ).
Осындай құжаттарды әзірлеу үдерісіне Қазақстан да өз үлесін қосып отыр. Оның бірден бір дәлелі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген Лицензиялау туралы модельдік заң болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев 2 жыл бойында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық қоры Басқармасының Төрағасы қызметін атқаруда. Оның басшылығымен 2009 жылғы 21 мамырда Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі мен Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры Басқармасының бірлескен отырысы өткізілді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Білім министрлері XV-ші конференциясының шешіміне сәйкес ( 23 қазан 2008 жыл, Астана қаласы ) 2010 жылдың сәуір айында Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің білім беру қызметкерлері — мұғалімдердің I съезін өткізу жоспарланып отыр.
Съездің негізгі мақсаты – ТМД елдерінің жетекші білім беру ұйымдарының, білім беруді басқару органдарының және педагог-новаторларының білім беру қызметтерін ұсынудың тиімділігі мен сапасын арттыру, білім беру технологияларын тарату, педагогтарды даярлауды жетілдіру және білім беруді инвестициялаудың тиімділігін арттыру жөніндегі мәселелер бойынша ой алмасу мен тәжірибе жинақтау.
Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен ынтымақтастығы даму үстінде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті жанындағы Білім кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады. 2009 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында Білім кеңесінің 16 — шы отырысы өткізілді.
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасындағы білім саласындағы өзара әрекеттестіктің нақты бағыттары « Орта Азиядағы ЕО-тың стратегиясы: Қазақстан үшін басымдылықтарды жаңғырту » шеңберінде жүзеге асырылады.
ТEMPUS, Erazmus Mundus, CAREN білім беру бағдарламалары қазақстандық студенттерге Еуропада жоғары білім алуға, ғалымдарға ғылыми зерттеулерді өткізуге және ноу-хаумен алмасуға мүмкіндік береді. Нәтижесі жоғары білімнің сапасын арттыру, Еуропалық ынтымақтастықтың жалпы жүйесіне университеттерді тарту жолымен басым бағыттар бойынша білікті мамандарды әзірлеу болғандықтан, қазақстандық жоғары оқу орындары аталған бағдарламаларға белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің БҰҰ Даму бағдарламасымен, БҰҰ Балалар қорымен, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық бойынша зор әлеуеті қалыптасып үлгерді.
Әрбір елде жоғары орта білім беру сатысында оқушыларға білім беру процесін ұйымдастыруда ( Қазақстандық жалпы орта білім беруге ұқсас ) бейіндік оқыту мақсаты толық өлшемде жүзеге асырылып, ерекше белгілерді көрсетеді. Сондай-ақ жалпы тенденцияларда айқындалады.
Жоғары орта білім беру мазмұнының даму тенденциялары:
- Өткен тәжірибеде басым болған оқушылардың ерте мамандануынан, оларды топқа жіктеуден ақырындап алшақтау байқалады. Жетекші елдердің басым көпшілігінде жоғары орта білім берудің табалдырығындағы сараланған білім беруді ұйымдастыру және барлық оқушылар үшін негізгі орта білім беру сатысындағы білім беру мазмұнын үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Міндетті оқу пәндерінің (курстар) көлемі негізгі орта білім беру сатысымен салыстырғанда жоғары орта білім беру сатысында едәуір азайған (міндетті: жаратылыстану ғылымдары, шетел тілдері, математика, родная словесность, дене шынықтыру).
- Жіктелу бағытының мөлшері көп емес: 2-ден 4-ке дейін. Германияда сыныптың ішін 3 бағытқа бөлу мүмкіндігі бар, олар мынадай: жаратылыстану-ғылыми және техникалық–математикалық, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық. Францияда жоғары мектепте 4 бөлім (бағыт) бар: гуманитарлық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-ғылыми. Бағыттардың ішінде практикалық бағытта көптеген бейіндік оқыту ұйымдастырылған.
- Жоғары орта білім беретін ағымдардағы «академиялық» және «академиялық емес» жіктелу бақылануда ( жалпы білім берумен қатар мамандық алу және әлі де мақсатын анықтамағандарды өмірге дайындау ).
Жоғары орта білім беруді ұйымдастыру тенденциялары:
- Міндетті білім беру, оқушылар 15/16 жасқа жеткен жылы аяқталады. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықта 18 жасқа дейін міндетті білім беруді енгізу туралы пікірде бар.
- Жоғары орта мектепте оқуды жалғастыратын оқушылардың үлесі 70%-дан кем емес. Негізгі мектептің түлектерін жоғары орта білім беру жүйесіне көптеген көлемде қатыстырудың белсенді үрдістері байқалады.
- Оқу мекемелерінің жаңа типтерін, жалпы орта білім алудың ұйымдастыру түрлерін диверсификациялау мен күрделендіру үрдістері өсуде. Бір қатар елдерде жоғары сыныптар жеке оқу орындарына біріктірілген. Көптеген елдерде жоғары білім беру мазмұнын жалпы курспен және кәсіптік оқумен ( күндізгі және сырттай түрдегі ) қамтамасыз ете алатын мектептен тыс мекемелерден алуға болады. Шетелдерде оқушыларға оқуды белгілі бір кәсіптік қызметтің түрлерімен қоса игеруге жол беріліп оқудың кешкі және сырттай түрлерінің кеңейуіне мүмкіндік жасалады.
Кәсіптік-техникалық оқу орындары орта білім беру жүйесіне енгізіліп, «тік» әлеуметтік оңтайлылыққа, жоғары мектептен білім алуына қол жетуіне мүмкіндік беріледі.
Мектеп түлектерінің аттестациясын ұйымдастыру тенденциялары:
Жоғары сатыдағы оқу қорытындысы бойынша орта білімі туралы аттестат беріледі. Халықаралық «баккалаурет» ( аттестат ) мектептің жоғары сыныптарында 2 жыл саралап жіктеп оқытуды қарастырады, еуропалық «баккалаурет» — 3 жыл. Көптеген елдерде 2-жылдық оқу аттестаты «толық емес» болып саналады. Оның иегерлері қосымша бір жыл оқығаннан кейін ғана жоғары оқу орнына түсе алады. Европа елдерінде, әлемнің дамыған көптеген елдерінде ( нострификацияланып ) 3 жыл оқу аттестаты танылған болып табылады.
Жоғары мектепті (бейіндік) аяқтағандығы туралы аттестаттар, кейбір ерекшеліктерімен, әдеттегідей, жоғары оқу орнына түсуге құқық береді.
Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде Азия Даму Банкі жүргізген зерттеулер қорытындысы бойынша білім беру индексін дамыту жөнінде Қазақстан 1-ші орында тұр. Халықтың білім деңгейі 99,5%-ы құрап, 177 елдің ішінде 14-ші орынға шықты. Адамдардың дамуы индексі бойынша біздің еліміз соңғы 12 жыл ішінде 20 орынға алға жылжып, қазір 73-ші орынға орнықты. ЮНЕСКО-ның статистика институты жүргізген «Теңсіздікті еңсеру: басқарудың маңызды рөлі» мониторингінің қорытындысы бойынша Қазақстан Жапония, Германия, Норвегия сияқты мемлекеттердің өзін артқа тастап, 129 елдің арасынан 1-ші орынды иеленіп отыр. Ұлттық білім беру моделін құру бағытындағы жаңа мемлекеттік саясат нәтижесінде, еліміздегі білім беру жүйесі үздіксіз даму және жетілдірілу үстінде. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында әлеуметтік маңызды бағдарламаларға, оның ішінде білім сапасын арттыруға баса мән берілген.
Әлемдік білім беру кеңістігін ықпалдастыру–Қазақстан Республикасының ұстанып отырған саясаттың басты бағыттарының бірі, бұл мәселені шешудің жолдары жаңа технологиялар мен оқу құралдарын белсене пайдалану, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, біздің оқытушылардың кәсіби жоғары біліктілігін мойындату болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік – кез келген елдің дамуының өзекті мәселесі, өйткені, дәл осы көрсеткіш халықтың өмір сүру деңгейі мен тұрмысын анықтайды.
Қазақстанның бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігіне енуі Болон үрдісінің базалық ұстанымы негізінде жүзеге асырылады: көпсатылы жоғары білім жүйесін енгізу, студенттер мен оқытушылардың академиялық бейімделгіштіктерін қамтамасыз ету, білім беру сапасына бақылау жасау және т.б.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан – 2030 » халыққа жолдауында білім беру саласының әлеуметтік маңызыдылығына және оның даму қажеттігіне ерекше мән береді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы тұжырымдамасында білім беру жалпы ұлттық басымдық ретінде белгіленіп, ұлттық білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды анықтау, осыған байланысты бірқатар міндеттер, соның ішінде, білім берудің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім беру мазмұнын, материалдық –т ехникалық базасын жаңарту мәселесі қарастырылған. Бұл мемлекеттік құжаттардың басты түйіні — әлемдік қауымдастыққа білім беру саласын жаңа сипатта дамыту арқылы ғана ену мүмкіндігін мойындауда.
ХХІ ғасыр қоғамдық — саяси қатынастардың бүкіл жүйесін әлдеқайда серпінді жаңартуды табандылықпен талап етеді, мұның өзі Қазақстан Республикасына таяудағы он жылда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруге толық негізде ұмтыла отырып, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды әрі құрметті мүшесі болуға мүмкіндік береді.
- ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ:
2.1. Орта білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы тарихи мәні ерекше айтулы оқиға болып табылады. Жаңа заңның қабылдануы өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені, оның кейбір баптары уақыт талабына сай келмеуіне байланысты қайта қарау қажет болды. Сондықтан да бұл отандық білім жүйесінің дамуы мен қалыптасуына мол мүмкіндік бер еді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Сауаттылықтың онжылдығы (2002-2012 жылдар) кезеңінде еліміздің жаңа заң қабылдауы есте қаларлық жәйт. Білім жүйесін реформалау үдерісінің басталуы қазақстандық білім беруді әлемдік стандарттарға барынша жақындатып, әрі қарай серпінді дамуына оңтайлы ықпал етері анық. Негізі, “Жалпыға арналған білім” моделінен “таңдау бойынша берілетін білім” моделіне өтуге бағдарланған реформалау жүйесі Қазақстан үшін өте маңызды.
Басқа мемлекеттердегі секілді Қазақстанда да білімнің бәсекеге қабілеттілігі бірінші орынға қойылып отыр. Биылғы Жолдауында Елбасы көтерген бәсекеге қабілеттілік идеясы ел дамуының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар, жаһандық жағдайда да басты идеяға айналды. Ресейде әлемдік рыноктағы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру басымдық ретінде жарияланды. Малайзияда, Венгрияда, Финляндияда бәсекеге қабілеттілікті нығайту ұлттық білімді дамытуға тірек болды.
Оңтайлы білім жүйесін таңдаған ел ғана өзінің ғылыми, рухани, интеллектуалдық, технологиялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алады және әлемдік қауымдастықта көшбасшылық орын иеленеді.
Экономикасы қарқынды дамыған мемлекеттердің бірі ретінде Отанымыздың білім беру бағыттары Орталық Азия аймағында да нығайып келеді. Бұл біздің әлемдегі озық елдердің қатарына қосылуымызға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан реформада білім жүйесінің барлық деңгейі және бүгінгі күннің талаптары жан-жақты қарастырылған. “Білім туралы” Заң тиімді білім жүйесін қалыптастыру, кәсіби білімді жандандыру, білім кеңістігінде қоғамдық қатынастарды заңнамалар арқылы реттеуді жетілдіру, барлық білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оқыту үрдісін әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыру жағын көздейді.
Іс жүзінде заңға енгізілген толықтырулар эволюциялық сипаттарға ие, түзетілген баптар еліміздің даму сатысына сәйкес бүгінгі күннің сұраныстарын қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Сондай-ақ бұл білім беруді біртіндеп реформалаудың жаңа кезеңі болып табылады.
Қабылданған заң білім саласында қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алуына қатысты конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді. Оқыту сапасының ұлттық жүйесін дамыту нормаларын және әлемде мойындалған қоғамдық-кәсіби аккредиттеуге сәйкес білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттау тәртібін де қамтиды.
Жаңа нормаларға сәйкес Қазақстанда төрт деңгейлі оқытуды жеті деңгейлі білім жүйесі алмастырады. Бастауыш, негізгі орта және ортадан кейінгі білім деңгейлері енгізілді. Келесі жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қарастырылып отыр. Әлеуметтік гранттар мен жеңілдіктер және материалдық, моральдық марапаттаулар арқылы педагогтардың мәртебесі мен қызметінің маңыздылығын арттыруға аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Сонымен қатар, білім органдарының өкілеттігі кеңейтілді. Балалардың міндетті мектепалды даярлығы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда сабақ беретін педагогтардың апталық сағат жүктемесін елеулі мөлшерде азайту көзделген. Бұл шаралар жаңа құжаттың өзіндік орнын айқындап отыр.
Елімізде білім жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай отырып, жаңаша дамыту жолдары да қарастырылған. Атап айтар болсақ, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі белсенді түрде енгізіледі, жоғары мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады; жоғары кірісті экономикалық қызметте жаңа білім мен технология трансформациясы үшін жағдайлар жасалады; білім беру мен ғылымның байланысы нығайып, әрі кеңейе түседі; шетелдік әріптестермен үздіксіз білім алуға байланысты тәжірибе алмасулар жалғасын табады.
Отандық білім қызметінің мақсаты жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және жас буын өкілдерін кәсіпке баулу бұл азаматтардың біліми әлеуетінің нығаюына әкеледі.
Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиеттерін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.
Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында əлем қауымдастығының басқа да елдеріндегідей білім жүйесін жаңарту жəне дамыту мақсаттарында ұланғайыр реформалау шаралары қолға алынып жатыр. Осы заманның білім жүйесін реформалаудың басты бағыттары төмендегідей:
— білімді адамиластыру(гуманизациялау);
— оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары;
— білім технологиясындағы пəн аралық бірігім-байланыстарды (инеграция) іске асыру;
— оқу процесін компьютерлестіру жəне технологизациялау;
— білім берудің ақпараттандыру формасынан проблемдік, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді əдістері мен формаларына өту;
— оқу желісінде мұғалімнің оқыту жұмыстарынан гөрі оқушылардың танымдық іс-əрекеттеріне көбірек мəн беру;
— оқу-танымдық процесін ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру тəсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділік көтеру, жеделдестіру мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану;
— білімнің дамытушылық жəне азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау. Қазақстан мектебінің 2005-2010 жылдардағы даму бағдарламаларында белгіленген аса маңызды мəселе- азаматтық, дербестік, жеке жауапкершілік, қоғамға қызмет ету құндылығын түсіну, демократиялық қоғам құру проблемаларын шешуде ынтымақ сезімін тəрбиелеу.
Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы əлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асырылуда.
2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйырығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі №160 бұйрығымен, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 217 бұйрығымен анықталған.
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.
Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (2002 ж.) көрсетілген.
Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы деңгейіндегі оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. 2006 жылдан бері Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлы оқыту 10-11 сыныптарда екі бағыт бойынша: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылып келеді. Мектеп бұл екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылардың қажеттілігі мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдап алады. Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша физика-техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық, т.б. бағдарларда білім ала алады.
Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы деңгейі оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне септігін тигізуі, мектеп пен кәсіби білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуі тиіс. Оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайлар туғызу қажет. Бұл шара жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы деңгейіндегі оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстары аясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2002 ж.) сәйкес оқу жоспарының вариативті компонентінің гуманитарлық бағытындағы да, жаратылыстану-математикалық бағытындағы курстарына да барлық пәндер циклі бойынша (3 сағат қолданбалы курс және 3 сағаты таңдау курстары) бөлінген. Осындай курстар оқу жоспарының мектеп және оқушы компоненттері есебінен оқытылады және олардың авторлық сипаты болады. Вариативті компоненттің оқу курстары бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу жүргізілмейді.
Мектептің жоғарғы деңгейіндегі бағдарлап оқытудың маңызды бөлігі негізгі мектептің 8-9 сыныптарында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық болып табылады. Ол құрамдас үш бөліктен тұрады:
- Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.
- Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру.
- Психологиялық көмек беру.
Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушыға мектептің жоғары деңгейіндегі оқу бағдарын немесе орта кәсіби білім беру жүйесіндегі мамандықты саналы да сенімді түрде таңдап алуына мүмкіндік туады. 5-10 сыныптарда білім берудің алдында тұрған міндеттер 2002 жылғы білім беру стандарты негізінде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары арқылы жүзеге асырылады:
– жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі орта деңгейінің базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 24.09.02 ж. № 693 бұйрығы);
– жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары деңгейінің базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 24.09.02 ж. № 693 бұйрығы);
– 5-7 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 11.03.2003 ж. № 148 бұйрығы);
– 8-9 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 12.05.2004 ж. № 405 бұйрығы);
– 10-11 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарға арналған бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығы).
Бастауыш мектепте оқыту туралы. Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын бiлiм мекемесiнiң бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудiң өзара байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:
- оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
- негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
- ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға алынады.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты — алдағы оқыту үдерісіне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер енгiзу.
Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейiнгi жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы балаларды топтастыруға болмайды.
Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың «сатылық» режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың белсендi демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгiленедi, алайда ол 10 минуттан кем болмауы тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш деңгейі бар бiлiм беру ұйымдарында бiрiншi сынып оқушылары бiрiншi ауысымда сағат 9.00-ден бастап оқытылуы тиiс.
Сабақ кестесi оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет болған (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы).
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы — ғылым негiздерiн оқыту оқу жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен оларға арнайы бөлінген сағат көлемi негізінде жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы — қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қажеттi жағдайлар жасау.
Бастауыш бiлiм беру 2002 жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептiң бастауыш деңгейі бойынша жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.) оқушылар жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралық және қорытынды бақылаудың тестiк формаларын енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үдерісiнiң межелiк кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш деңгейінің соңында — 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.
2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тiлдерiнде оқытылатын жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігінің 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003 жыл) пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының 9.3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту үдерісiн оқу-әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге асырады.
Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында әрбір пәнді, факультатив және үйірме курстарын тереңдетіп оқыту мақсатында мұғалім өзі дайындаған және мектептің әдістемелік ұйымында бекітілген қосымша бағдарлама негізінде оқытуға болады. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 160 бұйрығы, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 217 бұйрығы негізінде оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендердің тізіміне мультимедиялық электрондық оқулықтар енгізілді.
2.2. «Білім туралы» жаңа Заң қазіргі білім жүйесінің
дамуының кепілдігі
Қолданысқа енгізілген жаңа заң туралы айтпас бұрын осыған дейін «Қолданылып келген Заң бізге не берді?», «Ол қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызды?” деген сұрақтарға қысқаша болса да тоқтала кеткен орынды болар еді. Бұл тұрғыда мынадай мәселелерді айтқан абзал. Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы” Заңы көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Нақтылай түссек бұрынғы заң:
* білім алудың қолжетімділігін;
* білім берудің бірыңғайлығы мен үздіксіздігін;
* білім беру ұйымдарының оқушылар үшін нысандары мен түрлерінің әр түрлігін қамтамасыз ете алды.
Осы уақытқа дейін қолданылып келген заң аталған міндеттерді атқаруға мүмкіндік беріп келген болса, онда «Білім туралы” жаңа Заңды қабылдау қандай қажеттіліктен туындады” деген мәселеге келсек, уақыттың өзі алға тартып отырған мына факторларды ескермеуге болмайтын еді. Қолданыстағы Заңның қабылданғанына 8 жыл өтті. Адамзат қоғамы бүгін аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білім беру жүйесі озық елдердің, Ыбырайша айтқанда, «өнер-білім бар жұрттардың” қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз. Сонымен арада өткен он шақты жыл уақыт ішінде:
* заман ағымы, уақыт өлшемі едәуір өзгерді;
* жаһандану процесі қарқын алды;
* білім беру экономиканы дамытудың басты факторына айналды.
Өзгермелі әлемде өзгермейтін нәрсе жоқ. Осы жылдар ішінде біз де өзгердік. Әлемнің көптеген елдерімен тығыз байланыс орнатып, саяси-экономикалық және ғылыми-мәдени қарым-қатынастарымызды едәуір тереңдете түстік. Қазіргі күн сайын жаңарып жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне тағы да көз жеткіздік. Ал білікті маман дайындау – білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында əлем қауымдастығының басқа да елдеріндегідей білім жүйесін жаңарту жəне дамыту мақсаттарында ұланғайыр реформалау шаралары қолға алынып жатыр. Осы заманның білім жүйесін реформалаудың басты бағыттары төмендегідей:
— білімді адамиластыру (гуманизациялау);
— оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары;
— білім технологиясындағы пəн аралық бірігім-байланыстарды(интеграция) іске асыру;
— оқу процесін компьютерлестіру жəне технологизациялау;
— білім берудің ақпараттандыру формасынан проблемдік, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді əдістері мен формаларына өту;
— оқу желісінде мұғалімнің оқыту жұмыстарынан гөрі оқушылардың танымдық іс-əрекеттеріне көбірек мəн беру;
— оқу-танымдық процесін ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру тəсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділік көтеру, жеделдестіру мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану;
— білімнің дамытушылық жəне азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау. Қазақстан мектебінің 2005-2010 жылдардағы даму бағдарламаларында белгіленген аса маңызды мəселе- азаматтық, дербестік, жеке жауапкершілік, қоғамға қызмет ету құндылығын түсіну, демократиялық қоғам құру проблемаларын шешуде ынтымақ сезімін тəрбиелеу.
Қазақстан Республикасы білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы əлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асырылуда.
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды” құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол – жеке тұлғаның және қоғамның, «парасатты экономиканың” қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін қолданыстағы заңның мүмкіндіктері жеткіліксіз болып қалды.
Сондықтан «Білім туралы” жаңа Заңды қабылдау – заң шығаруға әуестенушіліктен туындаған нәрсе емес, бұл заман талабы болып отыр.
Сонымен қатар, бұл Заңды қабылдау – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауларында анықталған және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін де қажет.
Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында «Дүниешаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де «парасатты экономиканың” жолына тіккен еді” деп атап көрсетті. Бұл дегеніміз – білім беру білімнің қайнар көзі ретінде аса маңызды басымдық әрі қоғамды дамытудың негізі болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан бүкіл қазақстандық азаматтардың толыққанды білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай мәселенің шешімін табу бүкіл ел аумағындағы білім беру қызметінің құқықтық негізін жасауды қажет етеді.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды” құру бізден жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы” жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа заң туралы айтқанда оның құрылымына айрықша назар аударған жөн. Ол Қазақстан Республикасындағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына сәйкес құрылған болатын. Біздің елдегі Білім беру қызметі іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері бір жүйеге бағындырылған, ол қисынды сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі” ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ, білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.
Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.
Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі, көптен бері сөз болып келе жатқан – педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр. Елбасы білім жүйесіне айрықша назар аударуымен қатар, білім саласын дамыту мен реформалауға қатысты көптеген шаралар оның бастамасымен, тікелей басшылығымен жүзеге асырылып отырғандықтан, осылай болуы орынды деп білеміз.
Демократиялық қоғам құруда тікелей әкімшілік басқаруды жүзеге асырудан гөрі көбінесе реттеу құралдарын жетілдіру дұрыс саналады. Осыған байланысты білім беру саласын басқарудың көптеген тетіктері мен ықпал ету құралдары ревизияланып, «Білім саласындағы мемлекеттік реттеу” деп аталатын дербес тарауға бөлінді. Білім беру саласын дамыту, білім берудің сапасын көтеру көп жағдайда бөлінген қаржы көлеміне, қаржылық нормалау процесіне тәуелді болады. Бұл мәселе де назардан тыс қалмай, заңның білім беру жүйесін қаржыландыруға арналған тарауында көрініс тапты.
Осылайша заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.
Заңның білім беру саласының барлық субектілерінің, оның ішінде, ең алдымен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделерін қорғауға бағытталғандығын айрықша атап айту керек. Біздің республикада олардың саны 4 млн. 473 мың адамды құрайды. Оның сыртында білім беру саласында 432 мың қызметкер еңбек етеді. Сондықтан жаңа қабылданған заңда білім беру қызметімен айналысатын әр түрлі категорияға жататын адамдардың мүдделері ескерілген.
Ал енді заң қандай міндеттерді атқарады дегенге келсек, жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы” Заңы мынадай міндеттерді шешуге:
- бірінші, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);
- екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;
- үшінші, сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;
- төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы” Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:
* білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
* оқыту технологиясын жетілдіру;
* білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.
Заңның жаңа редакциясының тағы бір үлкен ерекшелігі – білім беру құрылымының халықаралық білім сыныптамасы стандарттарына сәйкестендірілуі. Яғни, нақтырақ айтқанда, сөз болып отырған заңда білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы Халықаралық білім сыныптамасы стандарттарының (ХБСС–1997) білім беру бағдарламалар сыныптамасының өлшемдеріне сәйкестендірілді.
Бұрынғы заңда – 4 деңгей (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) болса, жаңа заң 7 деңгейден (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізілді) тұрады.
Білім беру мазмұнының өзі жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ білім берудің арнаулы, мамандандырылған оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары мен ересектерге арналған бағдарламалардың да жүзеге асырылуын қарастырады.
Осылайша білім берудің парадигмасы «өмір бойына алған білімнен” қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға” дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
Атап айтуды қажет ететін тағы бір жаңалық – заңнамалық деңгейде 12 жылдық орта білімге көшу қамтамасыз етілді. 2008 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүзеге асырылады. Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол:
— бастауыш білім – 4 жыл, 1- 4-сыныптар аралығы;
— негізгі орта білім – 6 жыл, 5 -10-сыныптар аралығы;
— жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12-сыныптар аралығы.
Мұнда бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін дамытуға, оқуға деген жағымды уәжі мен икемін қалыптастыруға бағытталған. Мәселен, оқуға, жазуға, санауға, тілдік қарым-қатынасына, өзін шығармашылық тұрғыдан танытуға, өзін ұстау мәдениетін дағдыға айналдыруға арналған.
Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, олардың жеке адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастарда жоғары мәдениеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.
Жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары бейіналды дайындық пен бейіндік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға көзделген. Бұл бағдарламалар білім алушыларға оқудың жеке траекториясын таңдауға және алдағы уақытта әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша оқуына педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
Бұл жерде орта білімнің мазмұнында тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруға баса мән берілгенін айрықша атап өткім келеді.
Жаңа заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді.
Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10 сынып) және кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті – әмбебап және икемді дағдыларға ие үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруге арналған оқу бағдарламалары біріншіден, техникалық және қызмет көрсету саласындағы жаппай қажет болатын мамандарды дайындау, екіншіден, мамандықтары мен практикалық дағдылары арқылы экономиканың барлық салаларындағы техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жұмыстарын орындайтын күрделі кәсіптерді игеру; үшіншіден, техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлау және оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеру.
Жоғарыда атап өткеніміздей, білім берудің жаңа деңгейі – «орта білімнен кейінгі білім” енгізіліп отыр. Бұл деңгейдің кәсіптік оқу бағдарламалары гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсететін және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлауға бағытталған. Әдетте бұл бағдарламаларды меңгеру 1-2 жыл мерзімді құрайды. Оларды меңгергендерге қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігі беріледі.
Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру стандарты” ұғымы шетелдерде біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие.
Жоғары білім мен одан кейінгі білім беру жүйесінде де елеулі өзгерістер болды. Бұрынғы заң бойынша жоғары кәсіби білім көпсатылы құрылымға ие болса, енді жоғары білім бірсатылы болады. Енді жоғары білім беру халықаралық үрдістерге сәйкес тек бакалаврлық оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл базалық білімі бар және еңбек рыногының өзгермелі талаптарына тез бейімделуге қабілетті кең профилді мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Мәселеге бұлай келу мейлінше тиімді де дұрыс болып табылады. Сонымен қатар, жекелеген мамандықтар бойынша (олар негізінен медицина, ветеринария, әскери мамандықтар) дипломды мамандар даярлау да жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындары мен олардың филиалдарының қызметтерін реттеуге арналған нормаларына да назар аударған жөн. Дәлірек айтқанда, жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын көтеру мақсатында бүкіл білім процесі тек бас жоғары оқу орнында жүзеге асырылады. «Білім туралы” Заңның 31 бабына сәйкес жоғары оқу орындарының филиалдары лицензияланған білім беру қызмет түрлерін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан жаңа оқу жылынан бастап, бүкіл республика көлемінде жоғары оқу орындарының филиалдарына білім беру қызметін тоқтатуына тура келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды қазірден қалдырмай бастау қажет.
Жаңа заңға сәйкес магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге жатқызылады.
Заң жобасының жаңалықтарының бірі — ол «Педагогикалық қызметкер мәртебесі” бөлімінің енгізілуі. Педагог мәртебесін көтеру ең алдымен, материалдық, әлеуметтік, және моральдық тұрғыдан ынталандыру арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін аптасына 20 сағаттан 18 сағатқа азайту, жоғары оқу орындарында магистранттар мен оқытушылар қатынасын 4:1, докторанттар мен оқытушылар – 3:1-ге жеткізу, әлеуметтік кепілдемелер — сауықтыру төлемдері, «Үздік педагог”, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” гранттары, ауылды жерлерде жанар жағар-май үшін қосымша төлемдер және т.б. қарастырылған.
Сапалы білім алуда жаңа кепілдіктер белгіленуде. Бұл — білім берудің барлық деңгейлері және білім алушылардың барлық категориялары (мамандандырылған, арнайы, кәсіптік, біріктірілген және т.б.) үшін оқу бағдарламалары түрлерін кеңейту. Оқытуда жаңа технологияларды, оның ішінде жоғары оқу орындарында кредиттік технология мен қашықтықтан оқытуды негіздеу. Бұл Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарының жаңа түрлерін енгізу: жоғары техникалық мектептер, инновациялық университеттер, инновациялық – білім беру консорциумдары.
Пәнаралық оқыту мен сабақ беру тәсілі туралы көп айтылып келді. Бұл ретте пәнаралықтық көбінесе сабақ берудегі қайталауды жою көзқарасы тұрғысынан қаралатын. Бұл мәселе шешімін тапты. Жаңа Заңға сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде ықпалдастырылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Олар – пәнаралық, деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық, халықаралық. Жоғары оқу орындары ғылыми, білім беру және инновациялық қызметті нақты біріктіруге мүмкіндік беретін инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады.
Қоғамды демократияландыруды дамыту шеңберінде білім беруді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар көзделген. Жаңа Заңның 53-бабына сәйкес өңірлердегі (облыстық, қалалық, және аудандық) білім берудің бірінші басшысын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің келісімімен жүзеге асады. Сонымен қатар, педагогикалық кеңестің ұсынымын, білім беру ұйымы орынбасарларының және бас бухгалтерлерінің келісімдерін ескере отырып, мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысын іріктеу конкурсы арқылы тағайындау көзделген.
Білім беру мониторингінің нәтижесі негізінде білім беру сапасын басқару алғаш рет енгізілді. Білім беру мониторингінің, білім беру статистикасы анықтамасының және индикаторлар есебінің нәтижесі бойынша жыл сайын білім берудің жай-күйі және дамуы туралы ұлттық баяндама дайындалатын болады.
Қорытындылай келе, «Білім туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңының қабылдануы 41 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әсер еткендігін атап айтқым келеді.
Қазақстан Республикасында Білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік шараларын күшейтуге бағытталған принципті өзгерістер мен толықтырулар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізіледі. Ол 5-тен 50 есеге дейінгі айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл қарастырылған мынадай жаңа 20-1 тарауымен толықтырылды. Олар:
* педагог қызметкерлердің педагогикалық этика нормаларын бұзуы;
* білім беру саласындағы заңнамада қарастырылған ата-аналар орындауға жатпайтын міндеттер;
* білім беру ұйымдары басшыларының оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына жеңіл залал келген жағдайда орындауға жатпайтын міндеттері;
* лицензиялық талаптар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бұзушылық.
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (1995 жылғы 28 сәуірдегі) жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктерге теңестірілген адамдардың конкурстан тыс түсуі қарастырылған. Сол секілді аталмыш Заңға орай соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктерге теңестірілген адамдар үшін республикадағы жоғары оқу орындары мен колледждерге қабылдау квотасын қарастыратын толықтырулар енгізілді.
«Мемлекеттік құпиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пайдаланылатын тестілер мен дұрыс жауаптар кодтарын ұстау туралы мәліметтерді беру бөліміне толықтырулар енгізілді. Бұл толықтыру білім беру саласындағы қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Елбасы қол қойған «Білім туралы жаңа Заң білім саласының дамуына, жастардың сапалы оқып, тәрбие алуына мол мүмкіндік береді деген сенімдемін.
- БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗУДІҢ МӘНІ:
3.1. Білім беруді технологияландыру
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі — мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Осындай мұғалім бір уақытта білікті педагог, терең ойлайтын нағыз психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог та бола білуі керек. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасайтын болсақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан негізінен психологиялық-педагогикалық және сонымен қатар әдістемелік мәселеле туындайды және бұл заңды құбылыс деп айтуға болады.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал болып саналады, бірақ ол еш уақытта мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс болады. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті түрлі бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен және диаграммалармен байыта түсуге жол ашады, сонымен қатар оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
— өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
— құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Оқу процесі кезінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, сонымен қатар тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.
Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
* методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
* әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
* қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
* оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
* педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
* өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
* информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
* тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр;
Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс);
Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі артады, тұтынушыға интерактивті веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі; телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да кұралдарында жарияланады);
Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқу үрдісіне қатысушылардың, окушылардың, педагогтардың, мамандардың саны өседі; интернет сабақтарды, жобаларды, олимпиадаларды өткізуге қойылатын шектеулер алынады.);
Педагогикальқ (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі, дараландырады; оқушылар жұмыстарының желідегі жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.);
Психологиялық (оқушынын өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау; психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің кемшіліктерін жою);
Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұр’алдарының таралымы азаяды.);
Қашықтықтан оқыту — адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі.
* Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік саяси прогрестер;
* Білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту. Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер;
*Білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік нарығынданда бәсекелестіктің артуы кезінде білім беру;
*Ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері
* Ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.
Қазақстан Республикасында Білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы.
Халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына қатысты жаңа сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік функциялары:
— халыктық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік белсенділігін арттыру;
— елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;
— отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.
— қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру
— халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге — оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web — ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттың қол жетімділігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.
Орта бiлiм беру жүйесiн технологияландырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)
видеоконференциялар
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi тұтынушыларға өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi мысалы, оқушылар үшін оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
компьютерлiк үйрету бағдарламалары
электрондық оқу құралдары
компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
аудио және видеоматериалдар
интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.
3.2. Орта білім беру жүйесіндегі 12 жылдық білім беру моделін оқытуды ұйымдастыру мен дамыту
Мектепте білім беру ісінің проблемалары өте күрделі әрі маңызды. Себебі, Қазақстан Республикасында оқу-ағарту саласында кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан реформаларға үңілер болсақ, ол негізінен жоғары білім жүйесін қамтиды. Енді мұнымен қатар орта білім саласында да жаңа өзгерістер жасау керек. Өйткені, бүгінгі оқушы — ертеңгі абитуриент. Ол мектепте алған білімімен институт немесе университет мұғалімінің алдына барады. Сондықтан да орта білім саласының алдында тұрған бүгінгі мақсат — оқушыға орта білім беріп қана қоймай, оны жоғары оқу жүйесіне даярлау бағытында да жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл мектеп оқушыларының отандық және шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті сапалы білім алып шығуын қамтамасыз ету деген сөз. Кез келген жастың институт қабырғасында білімге деген құштарлығының жалғасуы мектептегі оқудың күрделілігі мен тиімділігіне байланыс-ты. Сол себепті қазір мектеп бағдарламасын жетілдіру, оны тіпті, әлемдік деңгейге жеткізу қажеттігі туындап отыр. Өйткені, келе жатқан жаһандану үрдісінің өзі түптеп келгенде барлық елдердің білім саласын үйлестіруді талап етеді. Әрине, бұл жерде әр елдің өзінің ұлттық ерекшелігі, ұлттық экономикасының мүддесі есепке алынады. Жалпы, білімде шекара болмауы керек. Әр ел өз оқу орындарының орта және жоғары білім дипломдарын өзге елдердің мойындауын қалайды. Бұл өзінен-өзі сол ел азаматтарының бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыра түседі. Қысқасы инновациялық мектептер арқылы халықаралық деңгейде үлкен жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан Республикасы сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.
«Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар.
12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көз – қарастағы мұғалім — рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.
Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай болып табылады. Себебі, Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім — мектептің жүрегі»,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
Ұлы педагоктердің еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз заманының тұсында « Ұлы дидактика» деген еңбекті жазып шығараған педогок Янна Амонс Каменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагок өз еңбегінде «Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек?» деген сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты — оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты — оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты — ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Қазақ халқы қашанда сөзге бай, өз орнын білетін, рухы мен талғамы биік халық қой. Жыр десе ішкін асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі данышпан Абай Құнанбайұлы атамыз бірде былай деп жырлаған екен:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға».
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі , қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11 жылды бір жылға созу ма? Бұрынғыша оқыта берсе не болады? 12 жылдық мектеп бізге не береді? Немесе хан Абылай айтқандай :
« Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік» деген пікірден аулақ болып, 12 жылдық білім берудің мақсаты :
өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа бірден төтеп бере алатынымыз анық.
Қазақта «Тамызығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар. Меніңше, басты идеясы «Тұлға жетістігі» болып табылатын 12 жылдық мектептің мән — мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі. Өйткені, оның мақсаты — әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға , «барша білім беру» үлгісінен «әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп, барынша ат салысатынына сенеміз. Сол сенім бізді алға жетелейді.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, инығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше осы мәселеге байланысты, яғни 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне, болашағымызға сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан — жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару — бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл — күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық — психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Тағы маңызды мәселенің бірі – Білім және ғылым министірлігі бөлім-бөлімдерде білікті психологтар отыруы және олардың сауатты кеңесі керек. Егер психологтар тарапынан оқыту мәселелері дұрыс шешілетін болса, басқа жоғарыдағыдай мәселелер өзінен — өзі ретке келер еді.
Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады.
Қазіргі уақытта дүние жүзңндегі болып жатқан өзгерістерге байланысты 12 жылдық білім беретін мектептің бағдарламасы ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге байланысты күрделене түсті. Оқу материалы ғылымилана, нақтылана, өздігінше адам ресурстарының мәселелерін шешуге бағытталған тұста мектеп пен мұғалім үшін қоғам алдында жауапты кезең келді. Жалпы орта мектептен алынған білім одан әрі дамып, әрі қарай оқуға ұмтылуға талпынғанда ғана өз нәтижесін бермек, яғни оқушы бойында өзінше белсенді ой тұжырымын жасауға үйрету, қалыптастыру дамытып оқыту жүйесінің үлесінде. Оқуға, білімге деген құштарлық жеке тұлға тәрбиесінің интелектуалдық ерік-жігерінің даму деңгейін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшуді алты жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерешеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады.,біріктірілген курстар,алдын-ала бейіндік даярлау енгізіледі.
11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Тұжырымдамаға сәйкес колледждерде осы деңгейде білім алу үшін жастар 12 жылдық білім алғаннан кейін ғана қабылданатын болады. Осы деңгейдегі білім беру бағдарламалары университеттердің бакалаврлық бағдарламаларымен сәйкес келеді. Диплом оқу бітірушіге екі жылдан кейін беріледі, ол егер бітіруші бейін бойынша оқуға түсетін болса, жоғары оқу орнының үшінші курсынан бастап оқуын бірден жалғастыруына немесе алған мамандығы бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солар негізінде жеке, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке–ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Бүгiнгi күнде жалпы орта бiлiм беретiн мектеп – жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзiн-өзi тануына көмек көрсететiн, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, iзгiлендiрiлген, өмiрге, дүниеге тiк қарай алатын қоршаған ортамен жүйелi байланыс түзетiн, бiлiмнiң жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтiк өмiрге бейiмделген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiрiп, дамытып, жетiлдiретiн мектеп болуға тиiс. Мұндай өнiмдi нәтижелi, сапалы бiлiм беретiн мектеп бүгiнгi күнде өзiндiк мектеп реформасын қажет етедi. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапарлары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасындағы мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді — келеңсіз жақтарын зерттеп — меңгеруге ынталы, өзінің жетік меңгерген кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.
.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз, ал оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ.
Бүгiнгi күнде жалпы орта бiлiм беретiн мектеп – жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзiн-өзi тануына көмек көрсететiн, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, iзгiлендiрiлген, өмiрге, дүниеге тiк қарай алатын қоршаған ортамен жүйелi байланыс түзетiн, бiлiмнiң жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтiк өмiрге бейiмделген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiрiп, дамытып, жетiлдiретiн мектеп болуға тиiс.
Мұндай өнiмдi нәтижелi, сапалы бiлiм беретiн мектеп бүгiнгi күнде өзiндiк мектеп реформасын қажет етедi. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапарлары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-меңгеруге ынталы, өзінің жетік меңгерген кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Білім берудің жаңаруы жағдайындағы инновациялық үрдістер осы бағдарламаны жасаудың қажеттілігін тудырды.
Сонымен қатар «Білім туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңының қабылдануы 41 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әсер еткендігін атап айтқым келеді.
Білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік шараларын күшейтуге бағытталған принципті өзгерістер мен толықтырулар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізіледі. Ол 5-тен 50 есеге дейінгі айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл қарастырылған мынадай жаңа 20-1 тарауымен толықтырылды. Олар:
* педагог қызметкерлердің педагогикалық этика нормаларын бұзуы;
* білім беру саласындағы заңнамада қарастырылған ата-аналар орындауға жатпайтын міндеттер;
* білім беру ұйымдары басшыларының оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына жеңіл залал келген жағдайда орындауға жатпайтын міндеттері;
* лицензиялық талаптар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бұзушылық.
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (1995 жылғы 28 сәуірдегі) жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктерге теңестірілген адамдардың конкурстан тыс түсуі қарастырылған. Сол секілді аталмыш Заңға орай соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктерге теңестірілген адамдар үшін республикадағы жоғары оқу орындары мен колледждерге қабылдау квотасын қарастыратын толықтырулар енгізілді.
«Мемлекеттік құпиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пайдаланылатын тестілер мен дұрыс жауаптар кодтарын ұстау туралы мәліметтерді беру бөліміне толықтырулар енгізілді. Бұл толықтыру білім беру саласындағы қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Иә, Елбасы қол қойған «Білім туралы жаңа Заң білім саласының дамуына, жастардың сапалы оқып, тәрбие алуына мол мүмкіндік береді деген сенімдемін.
Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиеттерін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006 ж. 1 наурыз
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «Еркін елдің ертеңі –кемел менен кенен ғылымда» Астана, Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзі
- Симонов В.П. Диагностика личности и профессионального мастерства преподавателя. –М., 1995
- Н.А.Морева. Основы педагогического мастерства. –М.,2006.
- Статистический ежегодник Казахстана 2007-2008. – Стат. сборник /Под ред. А.А.Смаилова. – Алматы, 2008.-155-156б.
- Назарбаев Н.А. Стратегия развития Казахстана до 2030 года: Послание Президента народу Казахстана. – Алматы, 1997.
- Конституция Республики Казахстан. – Алматы, 1997. 48-с.
- Сарбасова Т.С. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. – Алматы, 2006. 87б.
- Исаева З.А., Мынбаева А.К., Активные методы и формы обучения в высшей школе. – Алматы, 2005.
- Амангелді Ә. Қазақ мектебі нашар оқыта ма?// Алматы ақшамы. 9-қазан. 2008.
- Әбдіманапов С. Білім мен ғылымға жаңа серпіліс.// Егемен Қазақстан. 5-қараша. 2006.
- Балықбаев Т. Тест тапсыруды түсініп болдық па?// Егемен Қазақстан. 1-маусым. 2004.
- Айғамұлы Е. Білім саласына ұлттық бағдарламаның қажеттігі.// Ана тілі. 1-сәуір. 2004.
- Әлқожаева, Н.С. Әлеуметтік- педагогикалық практиканы ұйымдастыру жолдары: оқу-әдістемелік нұсқау/ Н.С. Әлқожаева, Ұ.Б. Төлешова. — Алматы: Қазақ университеті, — 24 б.
- Әлқожаева, Н.С. Жоғары мектептің оқу үрдісіндегі жаңа педагогикалық терминоло-гияларды қолдану: оқу құралы / Н.С. Әлқожаева, Ұ.Б. Төлешова.- Алматы: Қазақ университеті, 2009.- 126 б.
- Жадрина М.Ж., Муканова С.Д. Рекомендации к разработке общеобразовательными учебными заведениями рабочих учебных планов. – Алматы, КАО им.Ы.Алтынсарина, 2005.
- Муканова С.Д. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. — Алматы: РОНД, 2005.
- Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Қонақова К.Ө. және т.б. – Алматы, 2006. 32 б.
- Профильное обучение в школе: содержание образования вариативного компонента учебного плана. – Алматы, КАО им.Ы.Алтынсарина, 2007.
- Методика ведения педагогического эксперимента в школе //Современная образовательная парадигма: проблемы и пути решения. Материалы международной научно-практической конференции 23-24 ноября 2006 г. В 2-х т. -Актобе: ОблИПКиПК, 2006. — Т.1. — С. 180-183.
- Организация педагогического эксперимента в школе. Повышение профессиональной компетентности педагогических кадров в условиях модернизации системы образования, ориентированной на конкурентоспособность. Материалы международной научно-практической конференции. 8 декабря 2006г. В 2-х ч. -Усть-Каменогорск: Восточно-Казахстанский ОблИПКиПРО, 2006. — 4.1. — С. 87-90.
- Технологизация учебного процесса на основе синергетического подхода «Управление организациями образования на основе синергетического подхода. Материалы международной научно-практической конференции (11-12 мая 2006
г.). — Алматы, РИПК СО, 2006. -С. 284-288. - Организация индивидуализации обучения в личностно ориентированных технологиях. Материалы международной научно-практической конференции. 19-20 мая 2006 г. — Актобе, КазГЮА, 2006. — С. 159-166.
- Жумадилова А.С. Международное сотрудничество Республики Казахстан в сфере образования. 1991-2001. Автореферат кандидатской дисс. — Алматы, 2004.
- Шамова Т.И.Активизация учеников школьников. -М., 1982., Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащиеся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Афтореферат докторской дисс. -Алматы, 1994.
- Ирсалиев С. Этапы становления международного сотрудничества в области образования.// Вестник высшей школы. 1998. №6.; Мұхамедов М. Тең дәрежедегі ынтымақтастық. //Ақиқат. 1997. №5.;
- Патшалық үлгіде білім алуға жолдама.// Болашақ. 2008. №2; Сапа белгісі соғылған білім.// Болашақ. 2007, №3.
- Бордовский К.И. Исследование стратегий развития зарубежной системы высшего педагогического образования. М., 1996.
- Аллак ж. Вклад в будущее: приоритет образования. — М.: Педагогика-Пресс, 1993.;
- Ишанов П.З. Новые подходы к совершенствованию содержания учебно-нормативных документов в образовании [Электронный ресурс] : научное издание / П.З. Ишанов . — // ҚарМУ. «Қазіргі кезең дамуы жағдайындағы білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелері» : аймақтық ғылыми-практ. конф. материалдары 12-13 мамыр «Камзабаев тағылымы». -Қарағанды,2005.-С.С.17-20.
- Кубеев, Е. К. Инновационные процессы в системе высшего образования [Электронный ресурс] : научное издание / Е.К. Кубеев. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании: современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта. — 2005. — С. С. 3 – 11.
- Акыбаева, Г. С. Использование инновационных технологий в учебном процессе КарГУ имени Е.А.Букетова [Электронный ресурс] : научное издание / Г.С. Акыбаева. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар : қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ.науч.- метод.конф. 17 марта . — 2005. — С. С.11-18.
- Сарсекеева , Ж. Е. Роль компьютерных и информационных технологий в организации самостоятельной работы студентов [Электронный ресурс] : научное издание / Ж.Е. Сарсекеева . — // ҚарМУ «Қазіргі кезең дамуы жағдайындағы білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелері» : аймақтық ғылыми-практ.конф.материалдары 12-13 мамыр «Камзабаев тағылымы»- Қарағанды. — 2005. — С. С.182-186.
- Омарова, К. Т. К вопросу о нравственно-психологической готовности студентов к педагогической деятельности [Электронный ресурс] : научное издание / К.Т. Омарова, Ж.А. Валиева. — // ҚарМУ «Қазіргі кезең дамуы жағдайындағы білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелері» : аймақтық ғылыми-практ. конф. материалдары 12-13 мамыр «Камзабаев тағылымы»- Қарағанды. — 2005. — С. С.157-163.
- Станкова, С. С. Информационные технологии в преподавании английского языка студентам языковых специальностей в условиях университета [Электронный ресурс] : научное издание / С.С. Станкова, О.В. Цай. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — 2005. — С. С.353-359.
- Каргин, С. Т. Методические требования к организации учебного процесса по инновационным технологиям [Электронный ресурс] : научное издание / С.Т. Каргин. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар : қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — С. С.307-313.
- Жумашев, Р. М. Применение технологий «JAVA 2 ENTERPRISE EDITION»в разработке системы сопровождения дистанционного обучения в КарГУ имени Е.А.Букетова [Электронный ресурс] : научное издание / Р.М. Жумашев. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 285-297.
- Сакаева, А. Н. Использование информационно-коммуникативных технологий в дистанционном обучении [Электронный ресурс] : научное издание / А.Н. Сакаева. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар : қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — 2005. — С. С.251-255.
- Ахметова, Н. Ш. К вопросу о внедрении инновационных технологий в учебный процесс вуза [Электронный ресурс] : научное издание / Н.Ш. Ахметова, К.С. Тебенова, К.М. Туганбекова, Г.Г. Черная . — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ.науч.- метод.конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 27-34.
- Мищук, Л. М. Организация самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя [Электронный ресурс] : научное издание / Л.М. Мищук, А.В. Шебалин. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ.науч.- метод.конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 242-246.
- Любонская, Л. П. Видеолекция : структура и содержание. К постановке проблемы [Электронный ресурс] : научное издание / Л.П. Любонская. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 236-241.
- Гладков, В. Е. Инновационные процессы и система повышения квалификации преподавателей вузов [Электронный ресурс] : научное издание / В.Е. Гладков, А.М. Екибаева. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 215-221.
- Буканов, У. А. Использование инновационных технологий при изучении истории Казахстана [Электронный ресурс] : научное издание / У.А. Буканов, С.В. Елеуханова. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ. ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ. научно-метод. конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 200-205.
- Гаголина, С. В. Об особенностях оргаинзации учебно-воспитательного процесса в условиях элитного образования [Электронный ресурс] : научное издание / С.В. Гаголина. — // ҚарМУ. Білім саласындағы инновациялық технологиялар: қазіргі кездегі дамуы және келешегі атты респ.ғылыми-әдістемелік конф. материалдары 17 наурыз = КарГУ. Инновационные технологии в образовании : современные тенденции и перспективы. Материалы респ.науч.- метод.конф. 17 марта . — 2005. — С. С. 86-90.
- Кулейменов, А. Ж. Педагогикалық іс-тәжірибенің ұйымдастыру негіздері [Электронный ресурс] : научное издание / А.Ж. Кулейменов. — // ҚарМУ. Қазіргі кезең дамуы жағдайындағы білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелері : аймақтық ғылыми-практ. конф. материалдары 12-13 мамыр. Қамзабаев тағылымы. — 2005. — С. 36-42 б.
- Уәлиев, Д. Заңгерлердің зиялы ордасы [Электронный ресурс] : научное издание / Д. Уәлиев. — // Егемен Қазақстан. — 2005. — 28 тамыз.
- Далабаева, А. С. Білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытудың кейбір мәселелері [Электронный ресурс] : научное издание / А.С. Далабаева, Т.С. Төлеуова, А.З. Әлиева. — (60,5 КБ). — // Е.А.Бөкетов атынд. ҚарМУ-нің профессор-оқытушылар құрамының, аспиранттар, магистранттар және студенттерінің XXIX-шы ғылыми-тәжірибелік конференциясының матеиалдары 15-19 мамыр=Материалы XXIX-ой научно-практической конференции профессорско-преподавательского состава, аспирантов, магистрантов и студентов КарГУ им. Е.А.Букетова 15-19 мая.-Қарағанды. — 2006. — С. 152-155 б.
- Донецкая, Н. А. Специфика системного использования дистанционного обучения [Электронный ресурс] : научное издание / Н.А. Донецкая, Е.В. Выдрина : КарГУ им. Е.А. Букетова. — (36,0 КБ). — // Молодежь и актуальные проблемы современного мира = Жастар және қазіргі заманның өзекті мәселелері: Материалы междунар. науч.-практ. конф. (7-8 декабря 2006 г.). — Караганда : Санат-Полиграфия, 2006. — С. С.316-318.
- Зинченко Г.П. Предпосылки становления теории непрерывного образования// Сов.педагогика, 1991. N1.
- Становление и развитие дополнительного образования взрослых за рубежом: концептуальный анализ// Электрондық ресурс.
- Балыкбаев Т.О. Особенности развития непрерывного образования Казахстана в контексте мирового образовательного пространства// Проблемы и перспективы инновационного развития системы непрерывного профессионального образования на современном этапе: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2009. – С. 18-24.
- Наби Ы. Графическая подготовка в условиях непрерывного образования. – Монография, — Алматы, Агроуниверситет, 2008.
ҚОСЫМШАЛАР:
Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәліметтер
Мектептердің жаңа үлгідегі оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі
Жаңа объектілер енгізуді ескере отырып, оқушы орнының тапшылығы
Қазақстан Республикасындағы туылу үрдісі
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептер желісі мен контингенті
cлайд 5
Қазақстан Республикасының орта білім жүйесін
реформалаудың жоспары:
Дайындық фазасы:
1 кезең: 1992-1996 жылдар
2 кезең: 1997-1998 жылдар
3 кезең: 1999-2002 жылдар
Жүйені енгізу фазасы:
1 кезең: 1996-2001 – бастауыш
мектеп
2 кезең: 2001-2006 –негізгі мектеп
3 кезең: 2006-2008 – профильді
мектеп