ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі
Алматы — 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . ………… . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық негіздері………………………………………………….7
1.2 Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . .23
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Мектепке дейінгі балаларға тәрбие берудің жайы…………………………………31
2.2 Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы . . . .38
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі…………….39
ҚОРЫТЫНДЫ . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .58
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» — деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс [1].
Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.
Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
Бүгінгі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Мектепке дейінгі балабақша жасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері әр кезде педагогтардың назарында болған. Мектепке дейінгі тәрбие және оқудың мазмұны, формалары мен әдістері мәселесін дамытуға үлес қосқандар Е.А. Аркин, Н.А. Ветлугина, Р.И Жуковская, А.В. Запорожец, Т.А.Маркова, А.М. Леушина, А.И. Сорокина, Е.И. Тихеева, А.П. Усова, т.б. болды [2].
Мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсатына бағытталады.
Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Қазіргі кезеңде біздің елімізде тәрбие тек мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте ғана жүргізіледі деп түсініп, тәрбиеге кей ата-ананың аса мән бермеуі аян. Мұндай тәрбие баланың санасында әдепке, тәртіпке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, көптеген балалардың қайырымсыздығын, мейірімсіздігін байқатып отыр.
Сондықтан бүлдіршіндерді тәрбиелеудің алғы шарттары – тәрбиенің тал бесігі отбасы, балабақша тәрбиесінен мектепке дейінгі кезеңнен басталып, мектеп қабырғасымен жалғасып және одан әрі дамыту міндеті туындайды.
Мектепке дейінгі балалардың сензитивті кезең ретінде танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігі, жеке тұлғаның дамуы туралы теориялық ұсыныстардың негізі Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды [3]. Бұл еңбектер жеке тұлғаны қалыптастырудың әдіснамалық негізін құрайды. Танымдық әрекет, жеке тұлғалық даму, белсенділікті арттыру Ш.А.Амонашвили, Т.И.Шамова, Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, А.Е.Абылқасымова, Р.Ш.Садықова, С.С.Смаилов, Р.С.Омаров, А.С.Мустояпова, А.Х.Аренова, Ә.М.Мұханбетжанова, А.Ғ.Қазмағамбетов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.С.Сардарова т.б. ғалымдардың еңбектерінде орын алған [4].
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнініде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, Қ.А.Аймағамбетова, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, А.Е.Манкеш, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б. мектепке дейінгі білім беру ториясы мен әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева т.б. еңбектерінде зерттелген [5].
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектер тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дегенмен мемлекеттік балабақшада балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері арнайы қарастырылмаған. Осы жас аралығындағы білім мазмұнында балаларға тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қарастырылатын негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектепалды даярлығының педагогикалық ұстанымдарына сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өзіндік тұлғалық сапаларды меңгертумен қатар, балалармен белсенді қарым-қатынас іс-әрекетіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.
Сонымен, бүгінгі күні мемлекеттік балабақшада балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың үдерісі.
Зерттеу пәні: мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі балаларды мемлекеттік балабақша қызметінің дамытушы орта негізінде үйлесімді жүзеге асырылса, онда мектепке дейінгі балалардың дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені мұндай ортада ұйымдастырылатын оқу және ойындық іс-әрекеттер балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жағымды ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
— мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негізін жасау;
— мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін белгілеп, анықтау.
— мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері мектепалды даярлықта балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы философиялық таным теориясы, тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғаның қалыптасу теориясы, тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ізгіліктік, іс-әрекет, тұлғалық тұрғылар туралы философиялық қағидалар, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалары.
Зерттеу базасы: № 7балабақша.
Зерттеудің әдістері: Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік құжаттарды зерделеу, зерттеу бағыты бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, озық педагогикалық тәжірибелерді сараптау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, бақылау, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу, қорыту.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік талдау жасалды. Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы туралы ұғымдар мен түсініктер талданды, зерттеудің ғылыми аппараты негізделді.
Екінші кезеңде мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша шетелдік және отандық педагогикалық озық тәжірибелер зерделеніп, мәселенің қазіргі жағдайы анықталды. Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру тиімділігі тексерілді.
Үшінші кезеңде тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланып жүйеленді.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады; жалпы көлемі бет.
І МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық негіздері
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, патриоттық сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежежсі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Негізгі құзыреттілікке, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ин бала тұлғасын дамыту.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдары нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен ережелерін сақтау кезінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті жеткізушілердің тізбесіне қосылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:
-Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау;
— Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
— Толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеудің қамтамасыз ету;
— Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;
— Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;
— Өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;
— Балада қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру [6].
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский: «бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани тәрбиелік нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» деп атап көрсеткен.
Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi, қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр.
М.Дулатов «Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сiңiрiп, ана тiлiн үйретiп шығару керек» десе М.Жұмабаев «Әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында ұлт үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие беруге мiндеттi» деген. Балаларды тәрбиелеудi жаңа әдiс тәсiлдерiнiң бiрi ұлттық тәрбие. Қазақ халқының меймандостық салты ұлттық санаға сiңiп, меймандос халық болдық. Ол салт-сананың бастауы, игi әдет одан әдет-ғұрып, одан әдеп, әдептен дәстүр, дәстүрден салт-сана қалыптасады. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениеттi өркендетудiң қайнар көзi болып табылады [7].
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы XVII ғасырға тән. Бұл кезде славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Ол өз еңбектерінде бала тәрбиесінің дамуындағы прогресшіл идеяларды басшылыққа алып, тәрбиеде баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеген [8].
Атақты француз ойшылы, жазушы-педагогы, философы, аса ірі ағартушыларының бірі Жан-Жак Руссо (1712-1778) тәрбиенің өзіндік теориясын жасаған. Ол феодалдық қоғамнан туындаған әлеуметтік әділетсіздікті, баланың жас және жеке даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескермеген тәрбиешіні қатты сынаған. «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегінде баланың жетілуін жас шамасына қарай кезеңдерге бөлуге әр кезеңдегі тәрбие міндетін, мазмұнын, оқу-тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет жасаған.
Иоганн-Генрих Песталоций (1746-1827) швецарияның ұлы демократ-педагогы. Песталоций тәрбиенің негізгі міндеті баланың адамгершілік қасиетін қалыптастыру, адамгершілікті өндірістегі еңбекпен ұштастыру деп тапқан [9].
Н.Құлжанованың белсене араласуымен сонау 20-жылдардың өзінде-ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады. Мәселен, 1924ж. Орынборда «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу» атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен «Әйел теңдігі» журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайында көптеген мақалалалары жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды болмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды [10].
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту теориясы мен практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.П.Сейтешов, М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, К.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды [11].
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбақов, М.Сейфуллаева, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады [12].
Қазақ халқының ұлы ақыны М. Жұмабаев ата-ананың әділдігімен, адамгершілік парасаттылығымен тәрбиеленген, ұстаздары А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтан дәріс алып, олардан үлгі-өнеге алған ағартушы, әрі педагог болған [13].
Мағжан баланы балабақшада жас күнінен тәртіпке үйретудің қажеттілігіне баса назар аударады, бұл арада ол халықтың қалыптасқан әдет-ғұрып мәдениетіне сүйенгені анық. «Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын, баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батылдыққа үйретсе темір тәртіпке бағындыру, оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді», — дейді.
Мағжан педагогикасындағы негізгі категориялардың бірі – баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Қандай тәрбие, тәрбиешінің басқаның әсері мен үлгісі болмасын сайып келгенде адам — өзін-өзі тәрбиелейді, адам тәрбие ісіне араласқанда ғана оның ықпалы күшті болады. Сондықтан балабақшаның міндеті – баланың өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау, яғни өз тіршілігі мен іс-қимылына сын көзімен қарауға, өз мінез-құлқына бақылау жасауға, оны үнемі жетістіруге үйрету деп санайды. Мағжан бұған ерекше назар аударады. Адамның өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне, оны жоюына ойландырып, итермелейтін болады. Ол «адамның өзін-өзі тексеруі – оның дұрыс жолға түсуінің бірінші шарты, қатесін білген адам өзін тексермесе ілгері баса алмайды» — деп теориялық дұрыс, практикалық өте маңызды тұжырым жасайды [14].
Сонымен, М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқу құралында балаға дене және жан тәрбиелерін беруді теориялық жағынан тұжырымдап, тәрбиені олардың жас ерекшеліктеріне ескеріп жүргізуді негіздеген екен деп толық айтуға болады [14,- 125б.].
Дана ақын, халықтың ырысы «Құтты бiлiктiң» негiзiн қалаушы Жүсiп Баласағұн – адамның мiнез құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы iсiн қалдырып отыруы қажет. Ол үшiн әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүрiп-тұруы тиiс деген ойлары бiзге жақсы мәлiм [15].
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі жақсы-жаман қасиеттер туралы Жүсіп Баласағұнның атақты «Құтты білік» поэмасында кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді [15,-96б.].
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде бала тәрбиесіне де баса назар аударып, бұл орайда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін атап көрсетеді («Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі»). Ғұлама ғалым өз өсиеттері арқылы адамдарды өтірік айтудан сақтандырып, өмірде жақсылық жасауға шақырады («Қастық қылма, арамдықты сайлама, Тый құлқынды, жақсылық ет қайда да»).
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие үрдісі орындалатын білім және тәрбие беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Болашақ қоғам мүшелерін тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеалық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірбиесінде қалыптасқан және дәлелденген адамгершілік принциптері болуы тиіс. Адамгершілік ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді кәрсетеді. «Адамгершілік» ұғымы адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады. Адамгершілікті қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, адамгершілік тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын дене бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтылатын пікірлер бірдей емес. Тәрбиені ізгілендіру және демократияландыру үрдістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
- Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою;
- Балабақшаның, мектептің, жанұяның педагогикалық үрдісінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы;
- Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті;
- Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек;
- Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру;
- Ұжымдылыққа бағыттау.
Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» анықталған [16]. Білім және тәрбие беретін ұйымдарда тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында тәрбиешілер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:
- педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыра, тәрбиенің адамгершілік бағытта жүргізілу принципі;
- табиғи және әлеуметтік мәдени үрдістердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;
- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен аймақтық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;
- әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;
- тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оның түрлі іс-әрекеттеріне жағдай жасау жатады.
Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешіліктерінің сипаттамасы.
Адамның жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әрбір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді. Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық үрдістер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.
Тәрбиенің барлық түрлері балабақшаның, мектептің педагогикалық үрдісінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Балалар балабақшадағы, мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді.
Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты: балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену үрдісінде білімнің рөлі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында тәрбиешілер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларында – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болса да балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру қабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетті қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моралдық қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
— адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
— адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
— адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерлікгерін қалыптастыру;
— адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
— қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасатылығын делелдеу;
— өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта» – деген өсиеттері осыны айғақтайды.
Құқықтық тәрбие – балалардың құқықтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты: балаларды күрделі құқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру.
Құқықтық тәрбиенің міндеттері:
— құқықтық мемлекеттік азаматты тәрбиелеу;
— өмірге қажетті қарапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын қалыптастыру;
— балаларды өз құқықтарымен, міндеттерімен құқықтық жауапкершіліктерімен, құқықтық қатынастармен таныстыру.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар. Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын «Балалар құқықтарының декларациясы», Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы заңы», «Балалар құқығы туралы конвенция» іске асырылуда.
Әлеуметтік ортадағы өмір әр адам бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді. Әр бала жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат болуға құқылы.
Азаматтық тәрбие – балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, құқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің міндеттері:
— тұлғаның өз абыройын бағалап құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;
— адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;
— тұлға бойында басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Экологиялық тәрбие – ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты: табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің міндеттері:
— жас ұрпаққа жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
— табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде қарап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;
— адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау қағидаларын бекіту;
— қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.
Еңбек тәрбиесі – еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты: балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы тандауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
— тәрбиеленушілерді еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
— белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
— тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
— балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міндеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіндіктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Экономикалық тәрбие – балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.
Экономикалық тәрбиенің міндеттері:
— экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;
— адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
— балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығандармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;
— тиімді экономикалық іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесі – адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты: салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қальштастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері:
— денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
— табиғи қозғалысты қасиеттерді дамытып жетілдіру;
— дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
— табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
— ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
— гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыу тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Эстетикалық тәрбие – балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты: балалардың шығармашышық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
— эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
— эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
— ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
— шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
— эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
— адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
— өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру үрдісінде балалар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық үрдісте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліп, бірін бірі толықтырады, педагогакалық үрдіс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені тәрбиеленушінің денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбие бағыттарының барлығы жеке үрдістердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланысқан, тұтас үрдіс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен калыптастыруға болады.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi, қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр [17].
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие үрдісі орындалатын білім және тәрбие беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
1.2 Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бала болашақ, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса жауапты басты мәселелердің бірі.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандайда бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек» деп көрсеткендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Педагогикалық бұқараның алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін, баланың жан-жақты дамуына жоғарғы деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр [18].
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзге қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмiрге деген көз қарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиелеу ұрпақ өсiру – ең жауапты мәселе.
Ұлттық салт-сананың үрдістерi рәсiм, рәмiз, кәде, жөн-жоралығы, ырым, тыйым т.б. өмiр қолданыстары арқылы iске асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебесiн мәдени-рухани деңгейi өмiрден көрiнiс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесiн бередi.
Егемендi ел болып, тiлiмiздi, дiнiмiздi, дiлiмiздi иелендiк. Қазақтың өздiк ұлттық қасиеттерiнiң қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менiң перзенттiк те, президенттiкте парызым – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән бердi. Бiз сол ұлы мақсатты iске асыру үшiн ұлттық тәрбиенiң негiздерiн айқындап, ғылыми-теориялық жаратылымын жан-жақты зерттеп, тәрбие жұмыстарының ұлттық ерекшелiктерiн айдай анық көрсетiп бағдарламалар тiзiп, оқу құралдарын жаздық.
Қасиеттi, өнерпаз, ақын, шешен, ержүрек, кеңпейiл, меймандос, иманды халқымыздың ұрпағын ұлттық тәрбиенiң ұлағатты, рухани-мәдени ауқымымен, өркениеттi елдiң тұғырлы тұлғалары етiп тәрбиелеуге ғылыми-теориялық негiз жасалынады. Ұлттық тәрбие балабақшаларда, мектептерде бiрiншi мәселе ретiнде қолға алынып, жақсы iс-әрекет жауапкершiлiкпен жүргiзiлiп, өз нәтижелерiн бере бастады. Осы ретте ұлттық тәрбие жүйесі 1-суретте көрсетілген.
|
|||||
Сурет-1 Ұлттық тәрбие жүйесi
Ұлттық тәрбие – ұлағатты iс. Бұл тек қазақ ұлты үшiн емес, Республикадағы барлық ұлттар үшiн қажет. Олар ұлттық тәрбиеде қазақтық халық педагогикасы өздерiне үлгi ретiнде пайдалануы керек.
Ұлттық тәрбие отбасында, балабақшада, мектепте, өндiрiс орындарында, жоғары оқу орындарында жан-жақты жүргiзiлуде. Жауапкершiлiгiн түсiнiп, өзiн-өзi жетiлдiру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негiзi болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткiштерi: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзiн-өзi дамыту, жетiлдiру.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұра екені даусыз. Әр дәуір, әр кезеңде ата-ана арман-мақсаттарын бауырынан өрген балғын перзенттерінің – ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-қайрат, білім-білік тәрізді абзал қасиеттерге негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманына, қоғамына сәйкес талап-тілектерге қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана, жүйелене түскенін айқын аңғарамыз.
Жалпы, әл-Фараби рухани пікір үндестігі, ой сабақтастығы ХХ- ғасырда ғұмыр кешкен қазақтың Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев тәрізді зиялылары мен ағартушы-демократ, ақын-жазушыларының ой орамдарында да ұшырасады. Осы орайда қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие жұмысында пайдалану баршамыздың парызымыз. Ол қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде мектеп ашып, оның тәрбиешісі болды. Қазақ тілінде алғаш рет әліппе, оқулық-хрестоматия жазған. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша Хрестоматия» деген бірінші кітабында: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта», «Шеше мен бала», «Әке мен бала», «Таза бұлақ» т.б. өзі жазған тілі жатық, мазмұны қызғылықты 40-тан астам әңгімелері мен аудармалары бар. 1880 жылы Троицк қаласында басылған екінші кітабында балаларды өзін қоршаған орта, жаратылыс құбылыстарымен таныстыратын және хайуанаттар туралы баяндалатын шығармалары жинақталған [19].
1889 жылы Қазан қаласында басылып шыққан үшінші кітабына тәрбие тақырыбындағы әңгіме, ертегі, мысалы және қысқа өлеңдері топтастырылған. Бұл шығармалар әрі қысқа, әрі мазмұнды, тілге жеңіл, ойға қонымды балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып, жан дүниесіне әсер ететіндей көркемдікпен жазылған. Шығармалар идеясы жағынан бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын, еңбекті сүюге, достыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге, ата-ананы құрметтеуге негізделген. Ол: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деп отбасылық тәрбиеге ерекше мән берген. Барлық қасиет ананы сүюден, ана еңбегін бағалаудан бастау алады, сондықтан балаларға ана құдіретін ұғындыратын өлеңдерді көп оқып, көбірек жаттатуды ұсынады. Ақын-ұстаз өзінің «Ананың сүюі»деген өлеңінде:
Кім сендерді, балалар сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғысына күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін! — деп жеткіншектерге ана мейірін, ананың ақ сүтін ақтауды міндеттейді. Данышпан ойшыл оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы еңбектерінде тәрбие мақсаты — адам баласын ізгілік қасиеттерге баулу екенін айтады. Ұлы ұстаз мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік – бақытты болудың басты шарттарының бірі, сондықтан баланың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастау қажет деген қорытынды жасайды.
Әбу Насыр әл-Фараби еңбегінде музыкалық әуендер өнегелі мінез-құлықты қалыптастыруда елеулі маңыз атқаратынын, ән адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойындағы жаман әдеттерден арылуына ықпал ететінін баяндаған [20].
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі үкілі домбыраның мәніне былай баға берген: Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады.
ХХ ғасырдың басында Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалысты батыл жалғастырушы талантты ақын Мағжан Жұмабаев өзінің 1923 жылы тұңғыш жарық көрген «Педагогика» атты кітабында: «Бастапқы кезде жөнді білінбейтін баланың жан дүниесі, ол өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып қарау керек. Жанды тәрбиелеу үшін жанның жайын баяндайтын еңбекпен таныс болу керек» – келіп, Аристотель мен Әл–Фарабидің жан туралы еңбектерін еске алады. Сонымен бірге «Баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» – деген. Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығару емес, ерекше өз заманына лайық қылып шығару ғой» – деп тәрбиешінің үлгісіне де ерекше мән береді [21].
Шынында, қазақ халқының бала бойында ана сүтімен сіңіретін, тәлім-тәрбиелік өзіндік мектебі болғаны даусыз. Көшпелі өмір кешіп жүрген кездің өзінде-ақ ауыз екі үлгі-өнеге ретінде айтылатын ертегі, мысал әңгімелері мен де, шешендік сөздерімен де, түрлі дәстүрлік әдет-ғұрыптарымен де, ұлағатты ырым-тыйымдарымен де баланы алғырлыққа, зерделілік пен көрегенділікке баулып, жаман істер мен әдеттерден тыйып, жалқаулық, жалақорлықтан безіндіре, еңбеккерлікке, адалдыққа, өнерлікке, талапкерлікке үйретіп отырған.
Алтын, күміс-тас екен, арпа, бидай–ас екен деп отыруы – баланың ұғымын кеңейтіп, өмірге, айналаға ойлана қарауға үйретеді. Баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Баланы –жастан» деген мәтелді тектен-текке айтпаған.
Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Ой менен сөз, мазмұнды пікірлер біздің халықтың алдыңғы байлығы болып келген. Біздің ана тіліміз отбасы мен балабақшалардан басталып, мектепте жалғасатын жүйелі сабақтаса, көздеген мақсатымызға жеткізбек.
Халық тәлімі — ең алдымен түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі — бесік жыры, былдырлап сөйлей бастаған балдырғанның тәтті тіліне балдай оралатын жеңіл де жұп-жұмыр, айтылуы ойнақы тақпақтар. Бесік жырында ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, оның келешегіне деген үміт-сенімі, арман мақсаты айтылады.
Сонымен қатар халық педагогикасы – ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Ол – жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы сұлу әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары. Олар арқылы халық ұл-қызын күллі жаман әдеттен тиып, ең жақын нышандарға үндеген. Олар тектен-тек тумаған: өмірдің тыныс-тіршілігінен, қажетінен, күнделікті мүддесінен алынып, халқымыздың ой-парасатымен, бейнелі сөздерімен кестеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған.
Қазақтың аса бай эпосы халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесін білдіреді. Оның адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, жас ұрпақты рухани жағынан байытып отыруда жырлаған тәлім-тәрбиелік идеялары – балаларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие береді, олардың музыкалық талғамын, ой-өрісін дамытады. Оларда қазақ тілінің байлығы және оның шексіз шешендік мүмкіндіктері тайға таңба басқандай байқалады. Соның бір саласы – мақал-мәтелдер. Олар – халықтың көрген-білген, көңілге түйген, бастан кешкен оқиғаларын қорытқан, сан ғасыр уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы. Өмірде үнемі қайталанатын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Халық педагогикасы – ұлттық тәжірибелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: жырлар, ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар. Үлгі-өнегелер, халықтық құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде ертегілер пайдаланылған.
Демек, халықтық педагогика – тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде көптен кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді. Ауыз әңгімелер шыншылдыққа, елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Жаңылтпаштар тәрбиеленушінің тілін ширатады, жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары баланың ой-өрісін кеңейтеді. Жұмбақтар мен жұмбақ-айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжетті нұсқалары тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың танымдық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мақал-мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес оның мақал-мәтелдері де мол. Ауыздан–ауызға тарайтын бұл жанрды күн сайын толықтырып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде дамуы үшін ұлттық санасын оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиелену керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез-құлқын қалыптастырады.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ, т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сйылап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін, жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеген.
Бала тәрбиесінен кейінгі жауапты адам — тәрбиеші. Қазақтың ғұлама ақыны, ғалымы А.Байтұрсынұлы: «Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтырса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» — деген. Баланың алдындағы өз борышымды жауапкершілкпен атқару үшін білім беруде ұлттық салт-дәстүрлерді қолдана отырып балаға үйретудемін [22].
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. Біріншісі–ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшіншісі құрбыларынан» деген екен. Баланы әлеут, ауыл-аймақ болып тәрбиелеу – халықтық тәрбиеде ерекше орын алған. Сондықтан өз тобымдағы балалардан байқаған жағымсыз қылықтар үлкенге орын бермеу, сәлемдеспеу, т.б. дер кезінде ақыл айтып, ескертіп отырамын. Балалар өз құрдастарымен жақын, жылулық шеңберінде болу үшін ертегі айтқанда немесе шағын әңгімелер оқығанда, жаттамақтар жаттағанда топ бөлмесіндегі жабдықталған киіз үй макетіне барып, ұлдар малдас құрып, қыздар жинақталып, шеңбер жасап отыруға дағдыландырып, балаларға жаңа өнер білім үйретеміз [23].
Топтағы ұлдар арасында «Кішкентай сұлтан» сайысын өткізіп, ондағы ұл балалардың өз жеті атасын саралап айтып беруге, әрі өзәулетіне деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру мақсатында тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Атым менің Айбота,
Сәлем берем баршаңа!
Тоғас деген тектінің
Тегінен шығып жаралғам,
Ақыл, Шыңғыс, Шалқардан,
Өсіп-өніп таралған! –
Деп өз жеті атасын санап, жетелеп айтып отырса, өз ата-бабасына деген құрметі, мақтанышы артады. Өз ата-бабасының ел алдындағы беделі, қоғамға сіңірген еңбегі жайлы айтып отыру, ата-бабасының ерлігін үлгі етіп, бала өзі де сондай болсам деген арманға жетелеп тәрбиелеудің орны ерекше.
«Бесік жыры» балаларға үйрету, жаттату баланың есту қабілетін дамытады, ән-әуенге әсерлендіреді. Бала есейген сайын ән-әуен мазмұны күрделеніп отырады. Мұндағы мақсат ата-ананың болашақ үміті, балаға «Кім болар екен?» деген арман-мүддесін аңғартады.
Ертеңгіліктерде ұлттық ойындар ойнатылады. «Асық ату», «Арқан тарту» ойындарын ұлдар арасында ойнатып, ал «Орамал салмақ», «Бес тас» ұлттық ойындарын қыздар арасында ұйымдастырып, ойнатып отыру керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі осындай ұлттық этномәдениетті үнемі қолдану тәрбие жағынан маңызы өте зор. Бала салт-дәстүрді үйрене отырып, дүниетанымы өседі. Бүгінгі болашақ бүлдіршіндеріміздің Батысқа еліктеп кетпеу үшін, өз мәдениетімізді бойына сіңірте отырып, білім мен тәрбие берсек, ұлтын сүйетін, құрмет тұтатын ұлтжанды қазақ елінің болашақ азаматтары шығатынына мен сенемін. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлерімізбен сусындап, тәрбиеленген ұл-қыздарымыз өздері де ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алады деп біз үміттенеміз.
Қазіргі таңда оқу-тәрбие үрдісінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, балаларлардың мазмұнды, іскерлікке бағытталған іс-әрекеттерінде халықтық педагогиканың идеяларын қолдану жолы басталуда. Өйткені, халық педагогикасы-ықылым жылдар електен өткен тәрбие мәйегі тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық оқыту, тәрбиелік істі демократияландыру, гуманитарландыру әрбір баланы жеке тұлға деп танып- біліп жан-жақты қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Мектепке дейінгі балаларға тәрбие берудің жайы
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттердің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген [24].
Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын, яғни саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік — отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі.
Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыра білуіміз керек. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды білуіміз қажет.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принциптерге негізделіп, мақсаты айқындалады.
— Тәрбие жұмысын ізгілендіру.
— Тәрбиені демократияландыру.
— Тәрбие жұмысын жекелей жүргізу.
Мақсаты: Тәрбие жұмысын дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету, оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтжандылық тәрбие беруге қолайлы орта жасау.
Ашық ақпараттық, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі танытуын ұйымдастырудың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру.
Халықтық педагогикалық патриоттық және адамгершілік тұрғыдағы тәрбие беру ұстанымдарын түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер:
*Балалардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты, төзімділікті, мәдениеттелікті, салауатты өмір салтын ұсынуды, салауатты ұсынуды, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыру үшін тәрбие жүйесін құру;
* Балалар мен отбасыларына әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында кеңес беру;
* Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірибелерін тарату;
*Оқыту тәрбие үрдістерінің үштігін: педагог, ата-ана, баланы тарта отырып, тәрбиенің жаңа түрлерінің жүйесін құру;
*Отбасы мен балаларға әлеуметтік психологиялық-құқықтық көмек көрсету қызметн құру.
Ата-бабамыздың дәстүрлі халық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балдырғанға тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Бұл жөнінде С.Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі» деген еңбегінде «Қазақ халқының тұла бойы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, істеген ісі – тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан біздің алға қойған міндетіміз – мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу» — деп атап көрсеткен.
Барлық дәстүр, әдет-ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Ізгі дәстүрлер негізінде бүлдіршіндерді тәрбиелеу кешенді тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі болуға тиіс. Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында балаға рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған.
Ұрпақ тәрбиесіне тереңірек үңіліп, отбасы, қоғамдық мекемелер, бүкіл жұртышылық болып, тәлім-тәрбиені халықтық педагогикаға үйлесімді, жаңаша жүргізу, осы ретте тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау, жас ұрпақ зердесінде ата-бабаның асыл мұраттарын орнықтыру баланың нәрестелік шағынан басталып, әрі қарай жалғасса, бұл үнемі жетіле беретін толассыз тәрбие көзіне айналмақ. Ендеше, халық педагогикасы, дәстүрі келер ұрпақ ата-баба мұрасынан нәр алатын, оны саналы жан-жақты жетілген азамат ретінде тәрбиелеу міндетін атқаратын педагогикалық ғылымдардың қайнар бұлағы екені сөзсіз.
Тәрбиеші – мектепке дейінгі мекемедегі басты тұлға. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа стандарт талабы бойынша оқу-тәрбие жұмысын кешеді түрде ұйымдастыруда жаңашыл тәрбиешілердің негізгі тәрбие құралы көркем әдебиет болуы тиіс. Сондай-ақ, оны өз деңгейінде шығармашылықпен қолдана білуі қажет.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бүгінгі таңда халыққа білім беру саласындағы қаралып жатқан көптеген мәселелер ауқымы мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, ондағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңарту талабы қойылуда. Атап айтқанда болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік, имандылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану, ондағы құбылыстарды байқау, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру және оның сапасын арттыру көзделіп отыр.
Эстетикалық тәрбиеде көркемөнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді. Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін тәрбиеші оның жасына сәйкес, іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет. Көркемдік тәрбие әдістемесінің негізіне – бала мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауда, өнімді әрекетке деген шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады.
Тәрбиеші балалардың көркемдік әсерді қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы көркемдік тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуіне болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарынан кешіру үшін де жарқынобраздылыққа жетулері қажет.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстар тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрініс табады.
Әрине, жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде мұндай талаптар кез келген істің сабақтастығын, бірізділігін жолға қоюмен қатар баланың жеке басының дамуындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. Ол үшін сәбиге таным мен тәрбие берудің басты құралы – балабақша бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басын дамытудағы өзекті мәселелер: ой-өрісін, дүние танымын кеңейтетін, өмірге қажетті білім-дағдыларын меңгертіп, сонымен қатар ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу басты мақсат етіп алынуы қажет. Баланың жеке басын дамытуда қандай дидактикаларды көздеу, бағыттау керек деген сұраққа әрбір баланың даму мүмкіндігі, икемділігі де ескерілуі керек – деп жауап беруге болады.
Ол үшін баланың «керек» деген тілегін қолдау, екіншіден, «жасаймын» деген ниетін қайтармай, күш-жігер беріп, оларға жағдай тудырсақ, өз бетінше дамуында, жаңаша ойлауында, ары қарай дамуына жол ашарымыз сөзсіз.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», — деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну, қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық үрдіске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
— педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
— іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысу, әр түрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
— балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
— қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
— әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік, ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағыттары шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші, педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты кезде жұмыс істеу өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеруін жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер ж.үйесін, кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашлықыпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Балаларды әлеуметтік ортаға бейімделудің бір құралы – балалардың инабаттылық тәрбие сағатында алған білімдері мен игерген іскерліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін топтық, жұптық бірлескен жұмыс түрлері.
Балалардың отбасындағы әлеуметтік ортасына бейімделуін зерделей келе, мектеп жасына дейінгі балаға жақын адамдардың жылулық, сезінуіне, эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өз-өзін бағалау деңгейін жоғарылатады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді.
Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасын: мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ешкім жоққа шығармақ емес. Отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелгендігі елімізде заң жүзінде қарастырған.
Төменде келтірілген «Шығармашылық» білім беру саласының мүсіндеу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгі жоспары.
Білім беру саласы «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық».
Оқу іс-әрекеттері: Валеология, мүсіндеу — өнер орталығында, көркем әдебиет, айналамен танысу экология.
Тақырыбы: «Еңбек – ер атандырады».
Мақсаты: Күн, ауа және судың бүкіл тіршілкке өте қажет екенін түсіндіру. Адамдардың еңбегі туралы ұғымдарын жетілдіру, өндіріс орындарындағы экологияға қажеттілік туралы балаларға білім беру. Еңбек адамын құрметтеуді үйрету.
Қолданылатын құралдар: Егіншілер жайлы бейне таспа, суреттер, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің суреттері, өндірілген өнім суреттері, ермексаз, сүрткіш, тақтайша, үлгі мүсіндеу.
Билингвалдық компоненттер: егінші-астық-урожай, еңбек-труд.
Инклюзивтік әлеумет: Тұйық балалармен жеке жұмыс.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалар іс-әрекеті |
Ата-ананың қатысуымен |
Мотивация-лық қозғаушы |
Ашық алаң балалар шеңбер болып тұрып «Күншуақ» бір-біріне жақсы көңіл күй, жылулық сыйлау. Бір-бірінің қолын ұстап тұрып, жылылықты сезгенін түсініп баға беруді ұйымдастырады. Осы кезде отбасы мүшесі қонаққа бір топ бидай масағын алып келеді. Ол өзінің диханшы екенін айтады. Балаларды қонақпен таныс тыру. |
Бір-біріне жылы тілектер айтады. Ынтымақтастық Дағдыларын бекітеді. Сәлемдесу. |
Ернұрдың әкесі диханшы болып келеді. |
Іздену құрастырушы кезең |
Әлеуметтік орта: тәрбиеші күн, ауа және судың қасиет-терін айтып, онсыз тіршілік жоқ екенін әңгімелеуі. Дидактикалық ойын: «Бұл кім?» Диханшы бидай масағымен толық таныс-тырады. Бидайдың ұзын сабағы, мұртшалары, сыртындағы қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады деп көрсетіп оны ұнтақтасаң ұн болады. (Ұн көрсетеді). Тәрбиеші жұмбақ жасырады 1.Алтын саны тоны бар, Қойнында дәні бар. Не екенін тауып ал. Суреттерді көрсетіп әңгімелеу. Егіс алқабындағы жыртылған жерге тұқым себу. Дихандардың көктем-дегі егін даласына сепкен тұқымы жаздай өсіп, масақ бастары дәнге толып, сары алтындай жайқалған алқапқа айналады. Сол кезде егіс даласына комбайн жүргізу-шілері комбайнмен оны орады, жинайды. Жүк машинасы комбайн салып берген астықты қырманға әкеледі. Қырманда астықты тазалап кептіріп, диірменге жібереді. Диірменшілер тар-тып ұн жасайды. Балаларды рольдерге бөліп ойнату. «Егінші» (М.Әлімбаев). Еңбек туралы мақал-мәтелдер. Еңбек етпеген ішіп-жемейді. Еңбектің наны тәтті. Өнер орталығы: тәрбиеші балаларға бірнеше нан түрін көрсетіп, өздеріне ұнаған нан суретін салуды ұсынады. Дидактикалық ойын: «Нан дүкені» Суреттен нан сатып тұрған дүкенші қыз суретін көрсету, әңгімелеу. Балалар мүсіндеу барысында нені мүсіндегендерін әңгімелейді |
Тыңдайды, сұрақ-жауаптар. Сұраққа жауап іздеу, нан түрін атауды, сатып алуды үйрету. Әр бала қандай нан жегісі келсе соған қарап, дүкеннен алу.
Мақал-мәтел-дерін айтады, мәнін түсініп айтады. Балалар нан түрлерін өз еркімен таңдап үлгі негізінде өзіне ұнаған нанды мүсін-дейді. |
«Нан қайдан келеді?» сұраққа жауап іздеу, нан түрін атауды, сатып алуды үйрету. Әр бала қандай нан жегісі келсе соған қарап дүкен-нен алу. |
Рефлекция |
Балалар нан дастарқанға келгенше қаншама адамдар тер төкті, еңбек етті. Атайықшы: тракторшылар, комбайншылар, жер жырту-шылар, қырманшылар, наубайханашылар, дүкен-шілер. Ендеше әзірле-ген нанды біз қадірлеуіміз керек. Балалардың жұмысы-нан көрме ұйымдастыру, ынтасын мадақтау. |
Балалар жасаған іс-әрекеттеріне баға береді, нәтижесі нені көрсетеді. Бағалап ең мықты ұнаған іс-әрекетті атау. |
Іс-әрекетін қуаттайды. |
Күтілетін нәтижелер
Жаңғыртуы: Күн, ауа және судың адам тіршілігіндегі, өндіріс орындарындағы экологиялық қажеттіліктерді біледі.
Түсінуі: Егіс даласындағы техникалардың ерекшеліктерін, олардың атқаратын жұмысын түсінеді.
Қолдануы: Нан түрлерінің суретін өздерінің таңдауы бойынша қолдана алады.
2.2 Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы
Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де, білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттардың бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, оның жан-жақты дамуын зерттей отырып, оқытып, тәрбиелеу үшін сол баланың ата-анасының қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге мәлім болып отыр. Осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата-аналардың ролі зор екендігін ескере келе, мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік стандарттағы ережелерге сүйене отырып 3-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасын жасады. Авторлық «Жеке тұлға» бағдарламасының тууына «Балбөбек», «Тәй-тәй» бағдарламаларының мазмұнына салыстырмалы талдау жасау жұмысы ықпал етті [25]. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы ұлттық тәрбие негізін себуші субстанция. Осыған орай, бағдарлама жеке тұлға дамуын ұлттық отбасы бастауына сүйене отырып жасалды. Отбасы өзі тұратын аймақтың барлық деректерін сіңірген ұжым. Яғни, баланың дамуы өзі өмір сүрген аймағының, қоршаған орта идеясының бағыт бағдарымен, деректеріне байланысты өрістейді. Ал, осы бағдарламаны жүзеге асыру яғни, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған біртұтас жұмыс 4 блоктық жүйе арқылы іске асады, олар:
— интеллектуалды дамыту блогы;
— салауатты өмір салты блогы;
— әлеуметтік-эмоционалды дамыту блогы;
— көркемдік-эстетикалық тәрбие беру блогы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысушы ата-аналар балалардың ынта-ықыласын және білуге құмарлығын, олардың қалай қарым-қатынас жасап, тіл табысатындығын зерттейді, таңдауын жүзеге асырады, қажетті қабілет, іскерлікті игереді. Сондықтан тәрбиешілер топтық және жеке оқыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін апталық жоспарлауды ата-аналардың келісімімен арнайы міндеттер төңірегінде үйлестіріп, олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысуын ынталандырып отырады. Ата-аналармен біріккен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдармен құрылады:
— бірлік;
— жүйелілік және бірізділік;
— әр балаға және әрбір отбасына жекелей тұрғыдан келу;
— ата-аналардың бір-біріне сенімі мен өзара көмегі.
Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-анамен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл – ата-анамен жүргізілетін жұмыстың түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс. Балалар біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс», — деген орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың роліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді», — деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие үрдісінде ата-ананың орнын тағы да ерекшелейді. Сондықтан, балабақшада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардыцң басты ұстанымы мыналар болуы керек:
1.Жанұядағы тәрбиелік күштің негізі – ата-ананың азаматтығы;
- Баланың ішкі жан дүниесіне, талабы мен парығына қамқорлық жасау – ата-ананың міндеті;
- Еңбекке жауапкершілік тәрбиесін қалыптастыруда ата-ананың көрсететін үлгісі;
- Ұлтжандылыққа тәрбиелеуде – ата-ана, отбасы басты тұлға.
Аталған жұмыс түрлері ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстел, кездесу, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғанда пікірлесу, әңгіме, дәріс, жарыс-сайыстар, сұрақ-жауап, сауалнама, кеңес, т.б. формада ұйымдастырылады алуан түрлері іске асырылуда. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын-сауық кештер және басқа да шаралар ұйымдастырылып отырады.
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарынан оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет іске қосылады.
Жыл бойы жүргізілген жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен дәрістер, кеңестер мен сұрақ-жауап кештер, тәрбие жұмысын алмасу, конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты етіп өткізілуіне үлес қосу үшін балабақшада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасау керек.
Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым», «Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата-аналарымыз өз қалаулары бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту етуде.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытамыз. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интеллектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасайды.
Ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді бірігіп сахналайды. «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдаймыз.
Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында «Жарасымды отбасы» сайысы өткізілді.
Онда отбасылар өз өнерлерін көрсету, қол өнер шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алды.
Ата-аналармен мейлінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткізеді. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдайды.
Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын ала мәлімдеме дайындайды немесе оларды бірлесіп те дайындайды. Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференцияға аурухананың балалар дәрігерінің қатысуымен балабақша ішілік конференция өткізілді. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің жазушыларын, заңгердің қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелермен бөлісе алады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады. Тәрбиеленушілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға:
— Демалыс аймағы;
— Интеллектуалдық танымдық аймақ;
— Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
— Ойын аймағы.
— Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру;
— Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі.
Жұмыс жоспарын жасау кезінде, бала тәрбиесіне әкелерді, аналарды қатыстырудың жолдарын, халықтық салт-дәстүрмен сабақтастығын, ата-аналардың көзқарасы мен ұсыныстарын ескертеді. Ата-аналармен жұмыстың жоспарын ең бірінші жалпы жиналыста сауалнама жүргізіп, сонда айтылған ой-пікірлермен санаса отырып толықтырады.
Ата-аналарға балалардың бақшада үйренген білімдік дағдыларын үйде баласымен қайталау үшін «Қане, сөз іздесейік», «Сөзді кішірейтіп айт», «Сөзге не қосылған», «Сөз тіркестерін қысқартып айт» ойындарын үйретеді. Мысалы: «Сөзге не қосылған?» ойынын бос уақытта баласымен былай ойнатады: тігін-тігінші, ән-әнші, дәрі-дәрігер. «Сөзді кішірейітіп айт» ойыны: бала-бал, ала-ал. «Қане, сөз іздесейік» ойынында суретте берілген заттардың атауын тауып, жазғызу арқылы ойлану, есте сақтау, жазу икемін қалыптастыруға дағдыланады. Осы ойындарды ойната отырып ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады.
Сондай-ақ, ата-аналармен жүргізілетін әңгіме-кеңес, ойын-сауық тақырыптары сан алуан. Мысалы: «Қиқарлық қайдан шығады?» атты әңігме кеңесте ата-анамен бірлесе отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтардың шығу себептерін анықтадық. «Отбасындағы тәрбие» атты әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып, ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды. «Ата сөзі – асыл мұра» атты әңгіме-кеңесте ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер, олардың бала тәрбиесінде атқаратын ролі туралы сөз болды. «Әжелер сайысында» әжелер ой-өрісінің тереңдігі, өнер жағынан сынға түсіп, балаларына үлкен тәрбие береді. «Шынықсаң шымыр боласың» сайысында ата-аналар жан-жақтылығын көрсетті. «Айтыңыз құтты болсын!» мерекелік кешінде ата-аналар салт дәстүрімізді көрсетсе, ал балалар ән айтып, би биледі. «Өнер алды қызыл тіл», «Аппақ менің ақ әжем» атты ойын-сауықтарда ата-аналар белсенділік танытты.
«Имандылық тәрбие – адамгершілік бастауы» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстел кезінде түрлі педагогикалық ситуациялар шешілді.
Топтағы балаларды қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда «Қысқа кеңестер», «Кел жаттайық!», «Денсаулық шаралары», «Мен өстім», «Бірге үйренейік» атты мүйістер, мақал-мәстелдер кітапшалары бар.
Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Топтағы «Менің жанұям» атты отбасы туралы фотосуреттерін жинап, көрме ұйымдастыруға, ұйымдастырылған оқу і-сәрекетіне қажетті көрнекіліктерді жасауға көмектеседі. Сәбилер мен ата-аналар қолынан жасалған жұмыстардан және өзімнің шығармашылық еңбектерімнен көрмелер ұйымдастырылады.
Өтілетін пікір-сайыстарға алдын ала анкеталық сұрақтар таратуды жоспарлайды. Сабақтастықтың мұндай түрлері ата-аналарға балабақшаның жұмысын көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшада пайдаланылатын әдістерін отбасында да іске асыруға болатынын үйретуге мүмкіндік береді.
Отбасы мен балабақша тәрбиешілерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді. Бала тұлғасының қалыптасуы – баршаның ісі. Бұл – біздің негізгі мақсатымыз. Халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйене отырып, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.
Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға: «ананы әкел, мынаны әкел, мынаны апарып қой, есікті аш, ары отыр, тамағыңды іш» деп жұмсағанда нәрсені әкеліп, апарып қоюды қызық көреді. Мұндай жұмсаулардың бәрі бала ересек болған сайын күрделене беру керек. Осы арқылы сіз баланы еңбекке тәрбиелеген боласыз.
Тәрбие — өте нәзік, әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі, саналы азамат болғанын барлық ата-ана қалайды. Сол тәрбиені беруге қиналады. Кейбір ата-аналар: «Қолым тимейді», «Өзі-ақ адам болады», «Есейген соң бұл қылықтар қалады» деп те айтып жатады.
Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кімммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап , түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше ролінің өте маңызды екені белгілі.
Бала балабақшаға барғанда, өз жасындағы балалармен біргі ойнайды, сөйлеседі. Бұл жерде тіл алғыш, айтқанды істемейтін, жылауық, сабырлы балалардың ортасына, яғни аралас ортаға барады. Балабақшада осылардың әр түрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адмгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, тамақтану, бірін-бірі құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты адамгершілік тәрбиесі беріледі. Ол тәрбиешінің қатысуымен іске асады.
Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте, біртұтас жүйеде жүргізілуі тиіс. Сапалы білім саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана қоғам өзінің рухани дамуында нәтижеге қол жеткізбек. Бала жүйелі білім алып, алған білімін есте сақтап және сол білімді тәжірибеде пайдалана білу керек. Сол кезде бала тұлға ретінде қалыптасады.
Балалардың шығармашылық қабілетін, дағдысын, іскерлігін дамыту тарату жолдары:
*Танымдылық бағытта — ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, педагогикалық-психологиялық тренингтер, дарынды балалармен жұмыс.;
* Адамгершілік-құқықтық бағытта – баланың құқығы туралы ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру;
* Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында семинар, конференция, акциялар, денсаулық күні, фестиваль;
* Эстетикалық бағытта – фестиваль, өнер байқаулары, сайыстар ұйымдастыру;
* Рухани-өнегелік тәрбие – ұлттық салт-дәстүрлерді балалар бойына сіңіру;
* Шығармашылық бағытта – көрмелер, бейінді топтар жұмысын ұйымдастыру;
* Ата-аналармен жұмыс – ашық есік күні, конференциялар, спорттық жарыстар, шығармашылық есеп беру концерті.
Баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана елдің болашағы зор болмақ, ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасы. Отбасындағы тағылым мен үлгі өнегенің, балабақшадағы тәлім-тәрбиенің жүйелі бірізді жүргізулерінен бастау алатыны баршаға белгілі.
Қазіргі заманда ата мен әже тәрбиесінің аздығы көп жағдайда сезіліп тұрады, әсіресе ауылға қарағанда қалалық жерлерде. Сәбилердің әке-шешесінің қызметте болуына байланысты көп жағдайларда, көрген, білгені көп ата мен әженің тәрбиесінің орнын толтыруды ойлағанымыз жөн.
«Әдептілік – тәрбие бастауы» ертеңгілінің үлгі жоспарын ұсынып отырмыз.
Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы» ертеңгілік (ересек тобы).
Сабақтың мақсаты:
- Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болу керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;
- Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;
- Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:
— Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?
— Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?
— Әдепті болғың келе ме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?
— Әдепсіз адам қандай болады?
Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші-ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:
1-бала: Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскені
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскені.
2-бала: Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.
3- бала: Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
4- бала: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді!
5- бала: Ұрыншақ бала жаныңда
Ұрыспен керіс, айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды іс байқайсың.
6- бала: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз.
7- бала: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса –
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.
8- бала: Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні,
Сақтан көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
ІІІ. Сұрақ-жауаптар
- Суреттер бойынша әңгімелеу. (Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған суреттер).
- «Жалғастыр» ойыны.
а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Тәрбиеші басқы сөзін айтады, бала ойланып жалғастыруы керек:
— Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
— Кішкене баланы жылатуға болмайды;
— Құстарды атуға болмайды;
— Қыз баланы ренжітуге болмайды;
— Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен кешігуге болмайды;
— Топта айқайлауға болмайды; т.с. жалғастырып айтады.
б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі.
— Үлкендерді сыйлау керек;
— Үлкендердің тілін алу керек;
— Кішілерге қамқор болу керек;
— Әдептілікті сақтау керек;
— Оқу-құралдарын күтіп, таза ұстау керек.
ІУ. Концерттік бағдарлама
- «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы.
- «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы.
- Көрініс. Ана мейірімі.
У. Құпия хаттарға жауап беру. (хаттарды қатарынан қойып, тәрбиеші шығып, дауыстап оқиды. Қалғандары ойланып, жауабын айтады).
1-хат. Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
2-хат. Құрметті достар!
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
УІ. Қорытынды
Ертеңгілікті қорытындылай келе, балаларды адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге баулыдым. Міне, осындай жақсы мінез-құлықтарды балалар әрдайым естерінде сақтап жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді.
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің жүгін арқалайтын тәрбиешінің өзі тәрбиелі, терең білімді болуы керек, сондықтан ол өзі әрдайым іздену, үйрену үстінде жүреді. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын молайту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін ерекшеліктеріне сәйкес өтілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің маңызы зор.
Мектеп жасына дейінгі оқыту — балалардың үйрену қабілетін дамытудың, оларды қарапайым білімдер жүйесімен қаруландырудың, «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» белгіленген көлемдегі іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың жүйелі, жоспарлы, мақсатты үрдісі. Мектепке дейінгі балаларды ақыл-ойға тәрбиелеуде оқытуға жетекші роль беріледі, өйткені оқыту барысында ақыл-ой тәрбиесінің барлық міндеттері комплексті түрде шешіледі. Ол балаларға дәйекті білім беруді, оны нақтылауды және жүйеге келтіруді, таным үрдістерін, ойлау белсенділігін дамытуды қарастырады. Оқыту байқағыштықты, білімге құштарлықты, сол сияқты ақылдың талаптанушылық, зергектік, сыншылдық сияқты қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды.
Оқыту дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін де қажет. Мектепке дейінгі балалар мәдени-гигиеналық талаптарға, негізгі қимылдарға үйретіледі, олар мәдениетті, мінез-құлық ережелерін игереді, олардың моральдық қасиеттерді, еңбек, бейнелеу, құрастыру, музыкалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.
Мектепке жасына дейінгі оқытудың мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері жағынан мектептегіден өзгеше болады. Мектепке оқытушылар ғылыми білімдер негіздерімен қаруланады. Балалар бақшасының міндеті –мектепке дейінгі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. Мектепке дейінгі балалар алатын білім мектептегі қарағанда шамалы болса да, бұл білім мен дағдылар бөбектің келешекте өсіп дамуына зор әсерін тигізеді.Одоевский мектепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деп атаған еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы заттармен, олардың арасындағы қарапайым байланыстармен, өзара қарым-қатынастармен, бақыланатын құбылыстардың негізгі себептерімен танысу кіреді. Оның мақсатына балаларға білім мен дағдылар беру ғана емес, оларды игеру тәсілдерінде үйрену жатады. Балалар бақшасы мен мектептегі оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудың негізгі формасы — оқу сағаттары, оның мектептегі сабаққа қарағанда ұзақтығы, құрылымы, балаларға қойылатын талаптар дәрежесі жағынан айырмашылығы бар. Балалар бақшасында үйге тапсырма берілмейді, баға қойылмайды, игерілген білім дәрежесі жаңаны түсіндіру барысында тексеріледі.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері жағынан да ерекшеленеді. Мұнда көрнекілік әдістері үлкен орын алады, дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері кеңінен қолданылады. Жаңа материалдарды игеру негізінен белсенді қимыл үрдісінде: заттармен күрделі қимылдар жасау, әр түрлі ойындар, сурет салу, құрастыру арқылы жүргізіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу, білім беру жұмыстарын кешенді түрде, халықтық педагогикамен сәйкес үйлесімді ұйымдастыру, баланың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастыру, бейнелеу, ән-күй, әдебиет өнеріне қызығушылыққа баулу, олардың денсаулығын нығайтып, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне аса назар аударып, өмірдегі табиғаттағы әсемдік атаулыны сезіне, қабылдай білуге үйрету.
Балаларға тәрбие беруде мәтіндердің маңызы зор. Мәтіндегі кейіпкерлердің ұнамдысы да, ұнамсызы да бала санасына әсер етеді. Сезімін билеп әр түрлі күйге бөлейді. Балаларға ұлтжандылық әсер етіп, сезімін оятуы мәтін мазмұнын, кейіпкер іс-әрекеттерін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі болады. Әрине, оны қамтамасыз ету – тәрбиешінің міндеті.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балаларымен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына тәрбие беруде балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен бос уақыттарда жүйелі қатысуларына қолайлы жағдайлар жасайды.
Біздің ойымызша, осындай тәрбиенің басты мазмұндары мен функциялық іс-әрекеті мектепалды даярлық топ балаларының ынта-ықыластары мен балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің талаптарына сай құрылған дейміз. Біздің тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымыз 2 кезеңнен тұрады.
Анықтаушы эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент
Тапсырмалар ересек топтарына ұсынылды. Осы анықталған деңгейлерді анықтау үшін эксперимент және бақылау топтары алынды. Бақылау тобы – патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесі туралы білімдерін дамытуда дәстүрлі әдістерді қолданған топ. Эксперименттік топ – зерттеу жұмысы кезінде жүйелі іс-әрекет әдіс-тәсілдерін қолданған топ. Эксперимент әр түрлі топта оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғынуына ересек топтарының жас ерекшеліктерінің әсер ету, етпеуін анықтау үшін жүргізілді.
Эксперименттің бірінші кезеңінде ересек топтарына патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиелерімен таныстырылу дәрежесін анықтау үшін оларға мына төмендегідей сұрақтарға әңгімелесу өткіздік, жазбаша жауаптар алдық:
- «Қазақстан» деген сөзді қалай түсінесің?
- Достық, жолдастық, сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесің?
- Әдепті, әдепсіз деген сөзді қалай түсінесің?
- «Еңбек ер атандырады» дегенді қалай түсінесің?
- Туған жер, атамекен дегенді қалай түсінесің?
- Жыл мезгілдерін ата
- Отансүйгіштік дегеніміз не?
- Тазалық, жалқаулық, еріншек дегенді қалай түсінесің?
- Еңбек туралы қандай ертегілер мен аңыздарды білесіңдер?
10.Қандай қимыл-қозғалыс ойындарын білесің?
- Қайырымдылық, мейірімді, кішіпейіл дегенді қалай түсінесің?
Балалар алғашқы екі сұрақтардағы патриотизм туралы қысқаша ғана біледі. Отан, атамекен, туған жер туралы жалпы мәліметтері бар.
Үшінші, төртінші сұрауларға жауаптарында әдепті, әдепсіз туралы түсінігі бар болғанымен, оларды бір-бірінен айырмашылығын айта алмады. Алтыншы, жетінші, оныншы сұрақтарға тазалық, жалқаулық, адамгершілік қасиеттер туралы мағлұмат бере алмады.
Біз қарастырған ересек топтарда адамгершілік, дене, еңбек, патриотизмге, эстетикалық тәрбиелеуге арналған кейбір іс-шаралар: кештер, ертеңгіліктер, кездесулер т.б. жалпы педагогикалық талаптарға толық сай келе бермейді. Өйткені оларда көбінесе мақсат-міндеттер дұрыс нақтыланбаған, сол себепті нәтижелерінің тиімділігі байқалмайды, қорытындылары сыңаржақты. Бұлай болуының басты себебі олардың негізгі бағыттарының нақтыланбағандығы. Осы кемшіліктерді жоюдың біз мынадай сипатта көріп отырмыз.
- Адамгершілік, эстетикалық, дене, патриотизміне, еңбекке тәрбиелеуге арналған барлық іс-шаралардың мақсаты біз анықтап отырған бағыттар көлемінде анықталу керек;
- Ол мақсаттың тақырыппен тығыз байланыста болуы;
- Оның міндеттері қойылған мақсатты жүзеге асырудың амалдарынан құралуы;
- Қойылған міндеттерді шешудің тәсілдері, әдістері т.б. нақтылануы;
- Олардан келіп шығатын нәтижені алдын-ала болжау;
- Қорытындылау.
Сонымен, ересек топтарда отаншылдыққа, адамгершілік қасиеттерге, эстетикалық сезімге, еңбекке тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана, эстетикалық сезім, еңбек іс-әрекеті, адамгершілік қасиеттерге өзін-өзі тәрбиелеу оның басты бағыттарын құрайды.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – Эстетикалық сезімге, патриоттық сана, адамгершілік қасиеттерге, еңбекке қалыптастыру болса ол ар, намыс, мейірімділік, қайырымдылық, әсемдік, әдемілік, сымбат, еңбек сүйгіштік секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылау, олар туралы білімдерін жетілдіру және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету және Отан, мемлекет, ел, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, еңбек дағдылары секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсету.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдылары туралы келтірілген киелі ұғымдармен байланысты қуаныш, сүйсіну, күйіну, мақтаныш секілді эмоция спектрлеріне түрткі беру, ояту, қозғау салу, дамыту, қалыптастыру мақсатын көздейді. Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдылары жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моралдық сезімдерге» қатысты болып, сананың жетілуімен тығыз байланысты. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен тәрбие сезімдер тұрақтанып, баланың іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, өзінің жеке басы үшін адал қызмет етуінен басталады. Мектепалды даярлық топтарына қатысты бұл жақсы оқуға ынталы болу; денсаулығын сақтау, жеке іс-әрекетінде өзінің қазақ ұлтының өкілі, Қазақстан Республикасының азаматы екенін әрқашан ескеріп отыруы.
Тапсырмалар ересек топтарға ұсынылды. Ересек топтарының біреу — бақылаушы, екіншісі экспериментальды топ болып табылады. Эксперимент әр түрлі топта оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғынуына мектепалды даярлық топтың жас ерекшеліктерінің әсер ету, етпеуін анықтау үшін жүргізілді.
Эксперименттің бірінші кезеңі бойынша қорытынды жасағаннан кейін біз мынадай нәтижеге жеттік.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр түрлі топтарда оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші (1-кезең)
60 —
50 — 46 %
|
40 — 38%
30 —
20 — 16%
10 —
|
|
0
Шартты белгілер
І – жоғары деңгей
ІІ – орта деңгей
ІІІ – төмен деңгей
Балаларға эстетикалық, еңбек, патриоттық, адамгершілік, дене тәрбиесін беруде қаншалықты меңгергені туралы сауалнама, тестік жұмыстар жүргізу арқылы білім мен тәрбиенің үш деңгейі айқындалды. Жоспарланған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиенің мәнін ұтымды пайдалануда теориялық және практикалық білім мен тәрбие шаралары мазмұнына сәйкес қосымша іс-шаралар жүргізілді.
Ересек топтарда оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие беруге қызығушылық-тарының жоғары, орташа, төменгі деңгейлерін белгіледік.
Жоғары деңгей: адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына тәрбиелеуді қызығушылықпен қабылдап, оны іс-жүзінде пайдалану дағдылары қалыптасқан және тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп бағалай алады.
Орташа деңгей: Тәрбиедегі іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті оқу-тәрбие барысында танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге мүмкіндік бар, бірақ іс-жүзінде пайдалану дағдылары жүйелі қалыптаспаған.
Төменгі деңгей: Тәрбиедегі іс-әрекетке өзін-өзі тәрбиелеуге көңіл бөлмейді, іс-жүзінде пайдалану дағдылары қалыптаспаған.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы кезеңінде жүргізілген сауалнама арқылы балалардың тәрбие туралы түсініктері төмен екендігі айқындалып, олардың ұғым, түсінігін, ойлау өресін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған оқу әрекеті, әр түрлі тәрбие сағаттары, ертеңгіліктер жүргізілді. Ұйымдастырылған оқу әрекетіндегі және ертеңгіліктер мазмұнды мағлұматтар балалар түсінігін қалыптастырудың маңызы да мүмкіндігі мол екендігін дәлелдеді.
Эксперимент барысында білім беру мен тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына тәрбиелеу құндылықтарды меңгерту ісі қарастырылды. Бос уақыттарда өтілетін жұмыс түрлерінің тәрбиелік пәрменділігі оның балалардың өзіндік көзқарастарының болуына, қозғалатын мәселенің қоғамдық, әлеуметтік мәніне ғылыми тұрғыдан қарап, іс-әрекет үстінде қажеттіліктеріне жаратуға деген ұмтылыс пен икемділіктерін қалыптастыру көзделіп, бұл міндеттер белгілі деңгейде орындалды.
Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде анықтауға арналған мынадай сұрақтар балаларға қойылды.
- «Президент» дегенді қалай түсінеміз?
- Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
- Қайырымды бала деп кімдерді айта аламыз?
- Жақсылық, әдептілік туралы қандай ертегі білесіңдер?
- Іскер дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дос, жолдас туралы тақпақ білесің бе?
- Ерлік, батырлық туралы қандай мақал білесіңдер?
- «Орамал тастамақ, Күрес, Тартысу» қандай ойындарға жатады ?
- Қандай ұлттық ойынды білесің?
- «Еңбектің наны тәтті» дегенді қалай түсінесің
Әр түрлі топтарда оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші (2 – кезең).
100
60 — 55%
50 —
40 —
30 — 24% 21 %
20 —
10 —
І ІІ ІІІ деңгейлер.
Шартты белгілер
І – жоғары деңгей
ІІ – орта деңгей
ІІІ – төмен деңгей
Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері балалардың қаншалықты адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына туралы талдау ұғымдарын қалай түсінетінін көрсетті.
Бірінші кезеңнің экспериментіне қарағанда екінші кезеңде төмен деңгейлі –17%-ға төмендеді, орташа деңгейлі- 9%-ға жоғарылады, ал жоғары деңгейлі -8 %-ға жоғарылады.
Балалардың ұйымдастырылған оқу әрекетінде тәрбие беру ерекшеліктері мен түрленуі туралы түсініктері жеткілікті. Зерттеуге алынған балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларын ажырата алады, олардың мәні мен ерекшеліктерін сақтай алады.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде баланың жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі ұйымдастырылған оқу әрекетінде оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларының іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті оқу-тәрбие барысында әрбір баланың көздеген нысанасы мұратымен тығыз байланысты болып, тәрбиелік жұмыстарда осыған орай әдет, дағды, икемділік, іскерліктерін дамыту, меңгерту, қалыптастыру және бойына сіңіру мақсаты белгіленді.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларының көрсеткіші – баланың іс-әрекеті. Сонымен бірге, іс-әрекет – оның дамуы, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында бала қоршаған ортаның құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, еңбек дағдыларының қасиеттері дамуына ықпал етеді. Мектепалды даярлық топ балаларының басты іс-әрекеті – білім алу, танымдық мүмкіндіктерін арттыру, қабілеттерін дамыту. Бұлармен бірге қоғамдық іс-шараларға белсенді қатынасуы, өзіне қызмет етуі, үй шаруасына көмектесу секілді іс-әрекеттердің барлығы балалардың басты міндеті.
Балаларды өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу алдымен тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда баланың өз тұлғасын қалыптастырудың субъектісіне айналуына шарт түзу қажет. Баланы өзін-өзі тәрбиелеу деңгейіне жеткізу дегеніміз – оның ішкі қажеттерінен туындаған ой-сана, мінез-құлық, іс-әрекетінің сыртқы жағдайларға сәйкестенуі. Бұл оның өзіне қойылған талаптарға іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жағымды жауап беруі. Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруға жетекшілік етуде тәрбиешілер мынадай басшылық жұмыстарын ұйымдастырды: а) өзін-өзі танып білуін; ә) өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы не жоспарын түзу; б) өзін-өзі иландыру, өзіне бұйрық беруі т.б. г) өз іс-әрекетін бақылау және бағалау. Бұл ретте тәрбиеші балаларға қандай патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек іс-әрекетке өзін-өзі тәрбиелеуі керек екендігін айқындап, бағыт беріп отырды. Біз осыған орай ересек топта тәрбие үрдісінде көп қолданыла бермейтін, бірақ балаларды тәрбиелеудің бағыттарын ұстана отырып жүзеге асыратын, тәжірибемізде тексеріп көрген іс-шаралар жүйесін жасау қажет деген пікірдеміз.
Ересек топ балаларын тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей балабақша практикасындағы тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз ересек топты тәрбиелеу – балалардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алуы керек деп ұйғардық. Адамгершілікке, эстетикалық, дене, патриотизмге, еңбекке тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір балада сана, сезімді қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Сана мен сезім болып қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиялық тегі әртүрлі. Сана — өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі, ол адамның белсенділігі, өзін-өзі бақылауы, мотивтік-құндылықтар сипатымен тығыз байланысты.
Сонымен, ересек топ балаларын тәрбиелеу басты мақсат болса, адамгершілікке, эстетикалық, дене, патриотизмге, еңбекке тәрбиелеу оның басты бағыттарын құрайды. Тәрбиелік іс-шараның бағыттарын қалыптастыру болса ол: ар, намыс, мейірімділік, қайырымдылық, әдемілік, еңбек сүйгіштік секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылау олар туралы білімдерін жетілдіру және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету.
ҚОРЫТЫНДЫ Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жасын және өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін құру талабы алдымызда тұр.
Мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсатына бағытталады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту теориясы мен практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.П.Сейтешов, М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, К.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды.
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбақов, М.Сейфуллаева, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Жалпы тәрбиешілердің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер баршылық (Ш.А.Амонашвили, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, Б.Баймұратова, Қ.Меңдаяқова, М.С.Сәтімбекова, Р.Аралбаева, А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Р.М.Жұмағожина және т.б.), болашақ тәрбиешілерді даярлау мәселесі қарастырылып, онда кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтылатын пікірлер бірдей емес. Тәрбиені ізгілендіру және демократияландыру үрдістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
- Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою;
- Балабақшаның, мектептің, жанұяның педагогикалық үрдісінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы;
- Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті;
- Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек;
- Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру;
- Ұжымдылыққа бағыттау.
Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік, ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағыттары шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші, педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты кезде жұмыс істеу өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеруін жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер ж.үйесін, кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашлықыпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-анамен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл – ата-анамен жүргізілетін жұмыстың түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс. Балалар біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс», — деген орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың роліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді», — деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие үрдісінде ата-ананың орнын тағы да ерекшелейді.
Сонымен, жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде мұндай талаптар кез келген істің сабақтастығын, бірізділігін жолға қоюмен қатар баланың жеке басының дамуындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. Ол үшін сәбиге таным мен тәрбие берудің басты құралы – балабақша бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басын дамытудағы өзекті мәселелер: ой-өрісін, дүние танымын кеңейтетін, өмірге қажетті білім-дағдыларын меңгертіп, сонымен қатар ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу басты мақсат етіп алынуы қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде.- Астана, 2004.
- Запорожец А., Маркова Т.А. Основы дошкольной педагогика. – Москва, 1989.
- Х.Т.Шериазданова. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері. – Алматы 1998.
- Амонашвили Ш. Игра в учебно-познавательной деятельности младших школьников //Перспективы Вопросы образования 1987, №1, 83-93с.
- Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2000.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы. Астана, 2004.
- Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991, -381б.
- Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. пед, соч. – М.: Учпедгиз, 1955. -662с.
- Пестолоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения. Т.2..: АПН РСФСР, 1963. – 540с.
- Құлжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие. – Орынбор, 1923. Антология педагогической мысли в Казахстане (Сост. К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев) Алматы: «Рауан» 1995.
- В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика Алматы.1982.
- Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алматы, 2004.
- Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1992.
- Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.
- Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1987, — 301б.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты. – Астана, 2008.
- Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан //Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: Кітап, 1992. -196б.
- Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан.- Астана,- 2005.
- Ыбырай Алтынсарин тағылымы //Құрастырған М.Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384б.
- Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, Ғылым, 1973. – 251б.
- Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992, -106б.
22.Байтұрсынов А. Әліб-би. – Алматы: Рауан, 1998. – 120б.
- Құнанбаев А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1977. – 251б.
- Балаларға міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі, 29 желтоқсан 1997, 2-7б.
- Балбөбек бағдарламасы. – Алматы, 2000.
26 Балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім беру бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы. Астана, 2004.
- Қазақ балабақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасы. – Алматы, 1991.
- Баймұратова Б. Балаларды мектепке даярлау жөнінде. – Алматы, 1975.
- Сейсенбаев К. Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 1987,-153б.
- Рысбекова Ж. 6-7 жасар балаларды мектепте оқуға даярлаудың педагогикалық мәселелері: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 1999.