АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Мемлекеттік думаның шешімдері және оның қазақ қауымы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.…………………………………………………………………………………………………..6

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАНЫҢ ШАҚЫРЫЛУЫ – ҒАСЫРДЫҢ ІРІ ӘЛЕУМЕТТІК ОҚИҒАСЫ…………………………………………………………………….10

1.1  Партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысының өрлеуі……………….10

1.2 Қазақстанның саяси партияларының қоғамдық-саяси дамудағы ықпалы……………………………………………………………………………………………………..13

1.3  Қазақ кадет партиясы бағдарламасының жалпыұлттық, демократия     лық сипаты……………………………………………………………………………………………….19

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАНЫҢ ШЕШІМДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚАУЫМЫНЫҢ ТІРШІЛІГІНЕ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ ……………….27

2.1  Думаға сайлау қарсыңындағы қарбалас……………………………………………….27

2.2  Думаның Дала өлкелеріндегі қазақтар қауымына әсері………………………..37

2.3  ІІ-ші Мемлекеттік Думаның күн тәртібінде қойылған мәселелердің І-ші Мемлекеттік Думадан айырмашылығы………………………………………………………40

2.4  Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және жер-су мәселесі…………42

2.5  Мемлекеттік Думаға депутаттыққа сайланған қазақ қайраткерлерінің тағдыры…………………………………………………………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….55

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………….58

 

 

КІРІСПЕ

 

         Тақырыптың өзектілігі:

        XX ғасырдың бас кезінде  Ресейдің де, соның ішінде Қазақстанның да қоғамдық  саяси өмірінде күрделі оқиғалар мен елеулі өзгерістер болды. 1905 -1907 жылдары өлкеде жұмысшылардың шаруалардың және басқа да халық топтарының жергілікті өкімет орындарының, байлар мен өнеркәсіп иелерінің озбырлығына қарсы жекелеген стихиялы бой көтерулері болып жатты. Қазақстанда жұмысшы қозғалысы кеңейе бастады. Ереуілдер саны артып, олар енді бұқаралық және табанды сипат алды. 1901 жылдың  тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды кен орындарында Орынбор губерниясынан келген башқұрт жұмысшылары ереуіл жасады, олар жалақыны келісім шарт бойынша төлеуді талап етті ереуілшілерді басқа да жұмысшылар қолдады 1902 жылдың ортасында Семей облысының  Зайсан  уезінде Михайлов кенішінің жмысшы қазақтарының толқуы болып өтті. өз талаптары қанағаттандырылмаған жұмысшылар кеніштен кетіп қалды. Соның салдарынан жұмыс тоқтап қалды. 1902 жылы маусым –тамыз айларында Екібастұз көмір кендерінде жұмысшылардың ереуілдері болып, олар жалақының ұзақ кідіртілуіне қарсы шықты және дереу әрі толық есеп айырысуды талап етті. Табанды күрестен жұмысшылар жеңіске жетті. 1905 жылы 9 қаңтарда Ресейдегі толқулар революцияға ұласты. 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесінің жариялануы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан митингілерге, демонстрацияларға және халықтың қалың тобының басқа да бой көтерулеріне ұштасқан болатын.

Осы бой көтерулер назар аударарлық әлеуметтік мәселе — буржуазиялық демократиялық даму жолындағы өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған болатын. Әсіресе соның ірі әлеуметтік оқиғасы патша өкіметі Мемлекеттік Думаны шақыруға мәжбүр болғандығы еді. Жоғарғы заң шығарушы органның 12 жыл тарихы, 1905-1917 ж.ж. арасындағы қызметі Ресейдің қоластындағы халықтардың өміріне де өзінің ерекше әсерін қалдырды. Ресейдің Думасы елдегі құрылған әртүрлі партия фракцияларының және ұлт аймақтардағы саяси қозғалыстардың өкілдерінің бас қосқан маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден бір өкілетті органға айналды. Ол Ресей Империясының алғашқы парламенті ролін атқара бастады. Думаның осы кезеңдегі атқарған қызметі 1917 ж. Ақпан төңкерісінің әзірлігіне бастама болды десек те артық айтпаған болар едік. Яғни оның сол кездегі көтерген басты мәселелерінің бірі патша самодержавиесінің тежеусіз кеткен озбырлығын шектеу, халыққа бостандық, азаттық, теңдік беру идеяларының бастамасының негізі болды.

         Кеңес дәуірі кезінде Мемлекеттік Думаның ролі жайлы нақты пікірлер бұрмаланды. Оны буржуазия мен помещиктердің біріккен таптық ұйымы, саяси – қоғамдық сілкініске қарсы, халықты алдау-арбау, оларды революциялық қозғалыстан тыс теріс бағытқа сілтейтін реакцияшыл қауымдар ортасы деп қарады. Думаның депутаттарының сол кезеңде елдегі саяси құрылыстың осал жақтарын қатал сынға алып, шын мәнінде демократиялық өзгерістер жасауға ұмтылғаны олардың батыл қадам еді. Думаның алғашқы отырыстарына қатысқан қазақ депутаттары 17 қазандағы патша манифесімен берілген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиіс болатын. Олар 1906 жылдың ақпанында Семейда қазақтардың екінші съезінде кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады, сонымен қатар оған өлкеге шаруалардың қоныс аударылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, және т.б. туралы талаптарды енгізді. Бұл саяси ағымды Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері басқарды. Олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы актілеріне қарсылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды жақтады. Алайда осының салдарынан бұл органға қазақ сахарасынан делегат болып сайланған Дума фракцияларына, соның     ішінде саяси топтарға белсенді қатысып, ұлт мүддесін қорғаған зиялы азаматтардың аттары аталмай келді. Шын мәнісінде олардың   ұлтының азаттығы мен бостандығына еңбегі сіңірген еңбектері айрықша.

        Бүгінде өз тарихымызды жаңалай зерделеуге қол жеткен кезде, аты аталмай келген, тарихи шындықты көтеруге атсалысқан ұлт зиялыларын архив құжаттарының шаң тозаңдарынан тазалап, тарихи шындыққа қол жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл тақырып тың тақырып емес. Ол туралы біраз зерттеулер болған. Бірақ олар сол дәуірдің талабынан, үстемдік еткен идеология шеңберінен шыға алмаған.

        Қазіргі күндері тәуелсіздік шапағатымен қоғамдық сана мен танымдағы ұғым атауының көбі өзгеруде. Қазақ елі ғалымдарының тынбай атқарған жұмыстарының ңәтижесінде Қазақстан тарихының «ақтаңдақ беттеріндегі» ақиқат шындықтар ашылып, Қазақстанның саяси және мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі объективті ой-пікірлер еркін айтылып, жаңа жас буынға нұсқа болуда

       Мен диплом жұмысымда осы мәселе бойынша айтылмай келген шындықты айтуда, жаңадан шыққан ғылыми еңбектерді пайдалана отырып, біраз зерттеулер жүргіздім. Кеңестік идеологиялық алғышарттардан ада, ұлтының, халқының қорғанышы болуға ұмтылған, осыған дейін есімдерін атауға тыйым салынған қазақ зиялылары жайлы тыңғылықтар материалдар жинастырдым.

        Зерттеу жұмысының алдына қойған негізгі мақсаты мен міндеттері:

        I –ші және II-ші Ресей Мемлекеттік Думасында депутат болған қазақтардың саяси-қоғамдық қызметтерін объективті түрде зерттеу, осыған орай олардың саяси рухани мұрасымен қайта табыстыру, бұрынғы тарих беттерінен алынып тасталынған, ал белгілі  болса да, олар туралы бұрмаланған тарихи шындықты жаңа деректер мен құжаттарды басшылыққа ала отырып, таптық өрісі тар идеологияға бой ұрмай, Думаға депутат болған қазақтарды ұлт қайраткерлері деңгейіне көтеріп, олардың халқымызға сіңірген еңбегін жан-жақты көрсету. Бұл істе әсіресе, депутат қазақ өкілдерінің қоғамдық-саяси күресін талдап, оның маңызын ашу.

        Осы жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

  1. Қазақстан Мемлекеттік Думаға депутаттыққа сайланған қайраткерлер- дің қалыптасуына әсер еткен алғышарттарды, объективті және субъективті факторларды анықтау
  2. Мемлекеттік Думаның мәнін және мазмұнын ашу, онда қазақ депутат- тарының сөз сөйлеу мәселесінің ішкі жүйесін көрсету;
  3. Думаға депутат болған қазақ қайраткерлерінің қоғамдық саяси көзқарастарын зерттеп, объективті баға беру.
  4. Жер-су мәселесіндегі Дума депутаттарының көзқарастарын арнайы талдау.
  5. Депутат болып сайланған қайраткерлердің тағдыры жайлы мәселені қарастыру.

        Осы міндеттерді жан-жақты  шешу – қазақ қоғамының ғасыр басындағы

саяси-әлеуметтік даму эволюциясының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл мүмкіндік бүгінгі мемлекеттік биліктің белгілері мен қызметі жайлы тұжырымдар жасауға, ұлтаралық қатынас мәселелерін және қоғамды демократияландырудың қиыншылықтарын өткендегі тәжірибе негізінде шешуге жол ашады деген ойдамын.

        Зерттеудің жаңалығы мен құндылығы:   Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақтардың» бірі болып келген мәселеге бұрынғыдай  таптық немес ұлттық көзқарас тұрғысынан емес, жаңаша жалпы адамзаттық тұрғыдан баға беріледі;

        Думадағы қазақ депутаттарының саяси қызметтерін тарихи шындық тұрғысында, тарихи –ғылыми жағдайда жан жақты ашып береді.

       Тарихнамасы: Қазақстандық тарихнамада Ресейдегі болған төңкерістің дала өлкесіне әсері, I –II-ші Мемлекеттік Думаның пайда болуымен қызметінің кейбір мәселелері Б.С.Сүлейменов, П.М.Пахмурный, Ш.Я. Шафиро еңбектерінде зерттелген. Бұл еңбекте таптық, коммунистік көзқараспен жазылғандықтан, олар  қазіргі тарих ғылымына қойылып отырған талаптарға жауап бере алмады. Қазақстан тарихында Мемлекеттік Дума мәселесін зерттеудің негізін қалаған белгілі тарихшы Б.С.Сүлейменов болды. 1949 жылы Б.С.Сүлейменов «Бірінші орсы революциясы жылдарындағы Қазақстан» деген монографиялық еңбегі баспадан шықты.Бұл еңбектің бір кемшілігі автор онда Ә.Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақтың біртуар ұлдарының есімдері туралы ешнәрсе жазбаған. Әрине оның сыры бәрімізге белгілі, сол үшін Б.Сүлейменовты кінәлауға болмайды деп ойлаймын.

        Осы мәселені зерттеуге үлесін қосқан тағы бір тарихшының бірі Я.Шафиро. Оның «Первые группы РСДРП  и начало профсоюзного движения в Казахстане (1905-1907 г.г.)» атты еңбегі таптық тұрғыдан жазылған еңбектің бірі. Шындықты бұрмалаған ол, тоталитарлық жүйенің ықпалына көніп, коммунистік партияның мүддесіне орай халық тарихын жазуда оларды «надан», «өркениетсіз» деп көрсетуге тырысқан. Диплом жұмысы 1905-1907  және одан кейінгі жылдардағы қазақтың ұлт зиялы- ларының қызметін прогресті құбылыс ретінде бағалаған М: Қойкелдиевтің «Алаш қозғалысы», Г.Сафаровтың «Колониальная революция» атты еңбектері, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұловтың мақалалары тағы басқа да көптеген еңбектерге сүйене отырып жазылды..

         Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, «Мемлекеттік Думаның шақырылуы – ғасырдың ірі әлеуметтік оқиғасы», «II Мемлекеттік Думаның шешімдері және оның қазақ қауымының тіршілігіне тигізген» деген тараулардан және Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. I МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

 

  • Мемлекеттік Думаның шақырылуы және партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысының өрлеуі

 

        Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен-өзі пісіп-жетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті орнай алмағанын да тарихтан білеміз. Ендеше ол қажеттіліктер неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік.

         XX ғасырдың басында әлем елдерінде демократиялық революциялық қозғалыстар, ұлт –азаттық қозғалыстар дәуірі өрлеп келе жатты. Соның ішіндегі Ресейдегі 1905-1907 ж революция — ролі ерекше оқиға болды. Оның ерекшілігі мынадай мәселелермен айқындалды:

  1. капиталистік қатынастар дамып келе жатқан дәуірдегі алғашқы революция болуында;
  2. бұл революция дүние жүзі елдерінің азаттық үшін күресін бір саты жоғары көтеруге әсерін тигізді;
  3. Ресейдің отарына айналған ұлттар мен этникалық барлық әлеуметтік топтары қатысқан халықтық-демократиялық революция болуында

  XX ғасырдың басы Ресейде жаңа өндірістік қатынастар қанат жайып, ескі феодалдық –патриархалдық құрылыстың сарқыншақтары әлі жойылып бітпеген кезең болды. Осы жүйе нарықтық қатынастардың дамуына, елде демократиялық тәртіптің орнауына тұсау болған, керітартпа күштерге қарсы күрестің кең өрістеуіне жол ашты.1905 ж 9 қаңтардағы оқиғадан кейін елдегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Халық наразылыған шошыған патша Ішкі Істер министрі Булыгинге 18 қаңтарда жергілікті адамдардан сайлау арқылы заң шығару қызметіне тарту мәселесін қойды. Сөйтіп Ресейде алғаш мемлекеттік Думаны шақыруға дайындық басталды.

        Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отары болып отырған қазақ даласының саяси — әлеуметтік жағдайы төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4 442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады[21, 51-б]. Яғни, отаршыл саясаттың қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандырудың нәтижесінде халқының құрамы едәуір өзгерді. Ресей шаруалары қарапайым егін және мал шаруашылығымен айналысып, ресей қоғамын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған негізгі өндіргіш күштердің бірі болып отырған әлеуметтік тобы болды.

         Революция басталысымен шаруалар күресінің сипаты екпіндей түсті: кулактардың және казак әскерлері үстем тобының егістерін, шабындық және жайылымдық алаптарын таптап тастаумен, байлардың және басқалардың

малын айдап, сондай ақ міндеткерлігін орындаудан, өсім ақылар төлеуден бас тартумен, күш-көлігі әкетумен,   көпшілігін жергілікті  отаршылдық әкімшілік өкілдерін     сабаумен шектелді. Халқының басым көпшілігін қазақ шаруалары мен қоныс шаруалар  құраған өлкенің әлеуметтік-экономикалық  мешеулігімен түсіндіріледі. Мемлекеттік Дума миллиондаған жерді аңсаған шаруалардың мұң — мұқтажы болған жер мәселесін шеше отыра, империяда дау дамайға жол бермей, демократиялық сипатта өзгерістер жасай отырып, монархиялық құрылысты сақтап қалуға ниет етті. Шаруа жерсіз күнін көре алмайтыны әуелден белгілі жағдай. Солардың жер мәселесін шешу жөніндегі талаптарына құлақ аспау дәл осы сәтте үлкен саяси қателіктерге жол берумен бірдей еді. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды Сондықтан  да Дума революцияның өрлеп тұрған кезінде жұмысшылармен берік одақ құруға бел буған шаруалардың жер мәселесін дұрыс, оңтайлы шешуге барынша мүдделік танытты. Ал керісінше, патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді        Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отары болып отырған қазақ даласының саяси — әлеуметтік жағдайы төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4 442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады[21, 51-б]. Яғни, отаршыл саясаттың қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандырудың нәтижесінде халқының құрамы едәуір өзгерді. Ресей шаруалары қарапайым егін және мал шаруашылығымен айналысып, ресей қоғамын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған негізгі өндіргіш күштердің бірі болып отырған әлеуметтік тобы болды.

         Революция басталысымен шаруалар күресінің сипаты екпіндей түсті: кулактардың және казак әскерлері үстем тобының егістерін, шабындық және жайылымдық алаптарын таптап тастаумен, байлардың және басқалардың малын айдап, сондай ақ міндеткерлігін орындаудан, өсім ақылар төлеуден бас тартумен, күш-көлігі әкетумен,   көпшілігін жергілікті  отаршылдық әкімшілік өкілдерін     сабаумен шектелді. Халқының басым көпшілігін қазақ шаруалары мен қоныс шаруалар  құраған өлкенің әлеуметтік-экономикалық  мешеулігімен түсіндіріледі. Мемлекеттік Дума миллиондаған жерді аңсаған шаруалардың мұң — мұқтажы болған жер мәселесін шеше отыра, империяда дау дамайға жол бермей, демократиялық сипатта өзгерістер жасай отырып, монархиялық құрылысты сақтап қалуға ниет етті. Шаруа жерсіз күнін көре алмайтыны әуелден белгілі жағдай. Солардың жер мәселесін шешу жөніндегі талаптарына құлақ аспау дәл осы сәтте үлкен саяси қателіктерге жол берумен бірдей еді. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Сондықтан  да Дума революцияның өрлеп тұрған кезінде жұмысшылармен берік одақ құруға бел буған шаруалардың жер мәселесін дұрыс, оңтайлы шешуге барынша мүдделілік танытты. Ал керісінше, патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді

   Қазақстанда помещиктік жер иелігі болмағандықтан, жер иелену курияларына «Сіздердің облыстардың атынан алдын ала есеп бойынша Мемлекеттік думаға бір адам шақырылады» деген ескертулер жіберілді. Яғни, осыдан орыстар тұратын куриялар сайлауға қатысуға мүмкіндік алып,    жергілікті халық өкілдерінің думаға сайлану құқығының шектелгенін көруге болады. Мемлекет жергілікті билік өкілдеріне: «не допускать к участию в этих выборах кочевых и бродячих инородцев, составляющих преобладающий разряд населения в управляемой Вами области» деген нұсқаулар беріп жатты. Әрине бұл жағдай жергілікті халық өкілдерінің наразылығын туғызбай қоймады. Мысалы, Верный қаласының тұрғындары 1905 ж 31 наурыздағы болған жиналыстарында Жетісудан Думаға  депутаттыққа 4 адамды (қазақ, ұйғыр, орыс, қырғыз) жіберуді өтінді. Сондай-ақ Павлодар, Семей қазақтары да жергілікті тұрғындарды сайлауға қатысу құқығына айыруға наразылықтарын білдірді. Баспасөз беттерінде жергілікті ұлт зиялыларының патшалық дума саясатына өлкенің барша халқының келіспейтіндігін білдіретін материалдары жарияланып жатты. Алайда олардың ескертулеріне ешкім құлақ асқан жоқ. Міне осындай елемеушілік ұлттық аймақтарда жаппай толқу туғызды. Ал мемлекет халықты тыныштандыру мақсатында амалсыздан түрлі келісімдер мен уәделер беруге мәжбүр болды.

Павлодар және Семей облыстары қазақтары патша саясатымен, Дала облыстарын мекендеген халықтардың сайлауға қатыспай қалатындығымен келіспейтіндігін ашық білдірді. Олар: «үкімет жынысына, ұлтына және діни сенімдеріне қарамай, жалпыға бірдей тікелей және тең дәрежеде сайлауға қатысуды қамтамасыз етуі» — дұрыс деп есептеді. Осы мәселеге орыс тілді газеттер де өз пікірлерін білдірді. «Ішкі Істер министрі Булыгиннің жобасы бойынша Ресейдің сайлау туралы жаңа заңын қабылдауда жергілікті қырғыздарды жабайы, қаңғыбас халық ретінде танып, оларды сайлауға қатыстырмау туралы қауесет тарап жатыр» -деген материалдар жазылып жатты. Ұлттық интеллигенция өкілдері патшалық думаның саясатына өлкенің барлық халқының келіспейтіндігі туралы материалдарды газет беттерінде жариялады. Ал билік солардың бірін де ескергісі келмеді. Алайда Ресейдің өз ішінде және ұлт аймақтарындағы халықтың наразылығының өрлеуі патша өкіметінің әртүрлі келісімдер мен уәде беруіне мәжбүрледі.

1905 ж 6 тамыздағы Манифесте Думаның заңдары жарияланды. Қабылданған сайлау заңы бойынша  Ресей империясының құрамындағы барлық бодан елдердің халықтары, солардың ішінде Орта Азия мен Қазақстан да сайлауға қатысуға құқығы жоқ деп жарияланды.   Бұл оқиға бүкіл халықтың наразылығын тудырды. Павлодар және Семей облыстарында ұлт зиялылары өкілдері:«Біз, шет аймақтағы халықтарға қатысты сайлау туралы жаңа арнайы ереже шығады екен дегенді естідік. Әрине ол ереженің мақсатын «… полицейлік өктемдіктің заңдастырылуы» — деп түсінуімізге болады. Сондықтан да осындай қабылданып жатқан заң актілеріне өзіміздің келіспейтіндігімізді үзілді- кесілді түрде білдіреміз. Біз жалпыға бірдей жынысына, ұлтына, дініне қарамай жасырын және тікелей дауыс беру заңын қабылдауды талап етеміз»- деген пікірін білдірді. Булыгиндік дума революция отының өршуін тездетті. Әрине осындай шешімдерімен халыққа ешбір жақсылық әкелмегенін өмірдің өзі көрсетті. Ресейде революция өрті жаңаша сипатта өрледі.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуі 1905 жылғы қазан-қараша айларында өтеді, ол кезде 17 қазандағы патша манифесінің жариялануы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан митингілерге, демонстрацияларға және халықтың қалың тобының басқа да бой көтерулеріне ұштасқан болатын. Оларды дала өлкесінде Омбы қаласындағы 19 қазанда өткен митингі мен басқа да оқиғалар бастап берді, оларды ұйымдастырушылардың бірі ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкеханов (1870-1937) болатын. Оның бастамасы бойынша манифест қазақ тіліне аударылды және вице-губернатордың рұқсатымен облыстық баспаханада басылып, 10 мың данасы қазақ ауылдарына таратылды. Ә.Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақтардың жүріп-тұруы арқасында манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер-жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды… манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түпкірлеріне қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала тұрғындары ұйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан отбасына бірігіп кетті».

Қазақстанның барлық қалаларында 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы және басқаларындағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтардан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындауынша, Ә.Бөкейханов «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы… қазақтардың барлық діни-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі сияқты» болды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметовтер және Ж.Ақбаев және т.б. ерекше белсенділік көрсетті.

Сөйтіп 1905 жылы 15 қарашада әйгілі Қарқаралы оқиғасы басталды. Ол мұсылмандардың құрбан айт мерекесіне тұспа-тұс келді. Негізінен қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқа ұлттардан тұратын 400-дей адам қатысқан митингіде Ж.Ақбаевтан басқа бітістіруші судья Вайсерт, сот тергеушісі Михалевич, священник Иванов, орманшы Астрейн, мұғалім Чемоданов, жергілікті әскери команданың бастығы Гомбинский, әскери дәрігер Богуславский, саяси бақылауда жүрген Соколов және басқалар сөз сөйледі.Үкіметке қарсы ұйымдастырылған бас көтерудегі қазақ демократия- лық зиялыларының орыс-қазақ училищесінің мұғалімі Аяғанов, бітістіруші судьяның хат жүргізушісі Төлеңгітов ролі ерекше көрінді.

Бұл Қарқаралы оқиғаларының кең әлеуметтік базасы болғанын дәлелдейді, дегенмен оларды ұйымдастырушылар қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, К.Тоғысов, Е.Итбаев т.б. болды.

Қазақстанда жұмысшылардың кішігірім және стихиялы бой көтерулерінен неғұрлым ірі және ұйымдасқан бой көтерулерге ұласушы бірінші ресей революциясының ең жоғары өрлеу кезеңі болып табылатын 1905 жылғы қазан-желтоқсан кезеңінде де болып жатты. Өлкедегі жұмысшы қозғалысы нақ осы айларда кен-зауыттардағы, кеніштердегі, шахталардағы, темір жолдардағы және қала кәсіпорындарындағы ірі бас көтерулермен сипатталады, олар Ресейдегі революциялық оқиғалардың жалпы барысымен тығыз байланысты еді.

Қазақстан теміржолшылары Ресейдің жалпы барлық темір жолдарын қамтыған 1905 жылғы қазандағы жалпыға бірдей саяси ереуілге белсене қатысты, оның негізгі талаптары саяси кепілдіктер мен бостандықтарды дереу жариялау, Құрылтай жиналысын шақыру және т.б. болатын.

17 қазандағы саяси бостандықтар беру туралы жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта оның бірінші толқынын туғызды. Орынбор-Ташкент темір жолындағы поездардың жүрісі: солтүстік бөлігінде – 14 қазаннан 20 қазанға дейін, ал оңтүстік бөлігінде – 15 қазаннан 2 қарашаға дейін тоқтатылды. Рязань-Орал темір жолының Покровск-Орал учаскесінде ереуіл 11 қазанда басталып, 23 қазанда аяқталды және оған қоса поездардың жүрісі тоқтатылды. Сібір темір жолындағы, сонының ішінде оның Омбы-Петропавл учаскесіндегі қазан ереуілдері және одан кейінгі саяси ереуілдер кезінде поездардың жүрісі тоқтатылмады, бұл магистральдің ерекше жағдайына байланысты еді, онымен сол кезде батысқа жаралыларға, Қиыр Шығыстан қайтып келе жатқан солдаттарға лық толы поезд эшелондары үздіксіз ағылып өтіп жатты. Сонымен бірге Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік бөлігінің жұмысшылары бүкіл Түркістанды қамтыған Ташкент гарнизонының көтеріліс жасаған солдаттарын патша өкімет орындарының айуандықпен жазалауына қарсы наразылық белсенді өткен қарашадағы саяси бас көтеруге қатысты. Қазақстан темір жолшылары Ресейдің жалпы барлық темір жолдарын қамтыған желтоқсандағы саяси ереуілге қосылып, бұл орайда экономикалық сипаттағы да талаптар ұсынды.

Петропавл, Орал, Перовск, Қазалы, Түркістан және басқалары сияқты темір жол шеберханалары мен деполары бар көптеген станцияларда ереуілдік темір жол комитеттері құрылып, поездардың жүрісіне басшылық етуді ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде жергілікті жерлердегі бүкіл билікті өз қолына алды. Басқа станцияларда жаңа революциялық өкіметтің бастамасы болған елеулі комитеттерінің міндеттерін атқарған делегаттар сайланды. Бұл жөнінен Перовск революциялық комитетінің қызметі сипатты, ол 1905 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін үздіксіз дерлік ереуіл жүріп жатқан Ташкент темір жолының бүкіл оңтүстік бөлігін іс жүзінде басқарып, теміржолшылар арасында жетекші рөл атқарды. Комитеттің өкімімен Түркістан станциясынан Қазалы станциясына дейін поездардың жүрісі тоқтатылып тастады, паровоздар ағытылып, олардың механизмдері іске қосылмады, ал кондукторлар мен қызметшілер үйлеріне жіберілді. Перовскіден екі жаққа да телеграфты комитет бақылауға алды. Ол өз станциясындағы ғана емес, жолдың бүкіл оңтүстік бөлігіндегі азық-түлік істеріне де өз бақылауын орнатты, жұмысшыларға станция буфетінен өнімдер үлестіріліп берілді, мұқтаж жұмысшыларға қаражат жинау және т.б. жүргізілді. Комитет қоғамдық және әкімшілік өмірді басқарды, қоғамдық қауіпсіздік пен қазына мүлкін күзетуді жүргізді, арандатушылар мен штрейхбрехерлерге қарсы сот ісін талқылаумен және т.б. айналысты. Комитеттің төрағасы темір жол қызметшісі, бұрынғы халықшыл Е.З.Новоковский болды. Комитетке депо жұмысшылары – социал-демократтар С.З.Табацкий мен А.И.Горохов және басқалары кірді. 1905 жылғы қарашаның аяғында теміржолшыларды басып-жаныштау үшін Ташкентке әскер келіп, олар станция мен депоны басып алды, бірақ жолдың оңтүстік бөлігіндегі қараша бас көтеруі Перовск комитетінің табандылығы арқасында 16 қарашадан 9 желтоқсанға дейін жалғасты. Ал бұл кезде көршілес Орта Азия темір жолында ол 3 желтоқсанда аяқталған еді.

1905 жылдың қазан-желтоқсан айындағы жұмысшылардың өнеркәсіп орындары мен темір жол станцияларындағы бас көтерулері,1905 жылдың желтоқсанындағы Ресей темір жолдарындағы бүкілресейлік саяси ереуілге орай Рязань-Орал темір жолының Покровск-Орал учаскесінде 11 – 23 желтоқсан аралығында жолаушылар және тауар тасу қатынасы тоқтатылды. Орал станциясында теміржолшылардың көп адам қатысқан жиналысы өтті. Оларда осы магистраль жұмысшылары мен қызметшілерінің 1905 жылғы 15 қарашадан 6 желтоқсанға дейін өткен съезінің Мәскеуден оралған делегаттары сөз сөйледі.

Ереуілге теміржолшылардың комитеттері басшылық етті, олар телеграфты, жүріс және жол қызметтерін өздерінің қолына алды, темір жол бастықтарын шеттетті. Жол бойындағы жұмысшылар мен қызметшілердің мұқтаждарына арналған азық-түлік поездарының жүрісі ғана жүзеге асырылды. 14 желтоқсандағы Орал станциясы мен депосын әскерлер басып алды, ал ереуіл 22 желтоқсанға дейін жалғасты, барлық поездардың тұрақты жүрісі 23 желтоқсаннан бастап қана қалпына келтірілді.

Желтоқсан саяси ереуілі Орынбор-Ташкент темір жолының солтүстік бөлігі бойынша ерекше табысқа жетпеді, оларға Орынбор станциясы бас шеберханалары жұмысшылары, Ақтөбенің теміржолшылары ғана қосылды; поездардың жүрісін тоқтату әрекеттеріне дер кезінде шақырылған казактар мен әскери күзет кедергі жасады.

1905 жылдың желтоқсанында Павлодарда өзінші жұмысшылар ұйымдасқан түрде бас көтерді. Олар комитет сайлап, әкімшілікке өздерінің: жалақыны арттыру, зейнетақы қорын көбейту, тегін медициналық көмек көрсету, ақы төленетін демалыс беру және т.б. жөніндегі талаптарын қойды.

Ереуіл қозғалысы жергілікті жұмысшылардың, әсіресе кен және кен-зауыт өнеркәсібінде жұмысшылардың басқа да санаттарын қамтыды. Өлкенің кенші-жұмысшыларының ең ірі және ұйымдасқан бас көтерулері 1905 жылдың желтоқсанында Успен кенішінде өтті, ол басқа кеніштермен, Қарағанды көмір кен орындарымен және Спасск мыс-балқыту зауытымен бірге бұл кезде француз капиталисі К.А.Карноның иелігінде болатын. Кеніште 334 адам жұмыс істеді, олардың ішінде 269 қазақ және 65 орыс болды: соңғыларының арасында Оралдан, атап айтқанда, Нижний-Тагиль зауытынан келген тұрақты жұмысшылар аз болмады, бой көрсетулерге қатысушылардың алдыңғы қатарлы бөлігін құраған да солар болатын. Кеніш жұмысшылары 1906 жылғы 6 желтоқсанда митингіде өздерінің әкімшілікке талаптарын әзірлеп, олардың алдына қойды, олар негізінен экономикалық сипатта, «Орыс-қазақ одағын» құрды. Оны Петр Топорнин, Владимир Мартылога, қазақ жұмысшылары Ә.Байшағыров, Ы.Қасқабаев және басқалар басқарды, өздерінің талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда «орыс-қазақ бас көтеруін» жариялайтын болып шешті. Ол 11 желтоқсанда басталып, «капитализмге қарсы орыс-қазақ одағы» ұранымен өтті. Кеніш басқарушысы бас көтерушілерге қарсы күресте жергілікті болыстардың билеушілерін билер мен ақсақалдарды пайдаланды, олар қазақ жұмысшыларына қысым көрсетті. Бұл табысқа жеткізбеді, өйткені жұмысшылар ұйымдасқан түрде және біртұтас табандылықпен қимыл жасады. Сондықтан кеніш әкімшілігі жұмысшылардың негізгі талаптарын қанағаттандырды: жалақыны көтерді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, азық-түлік бағасын төмендетті, су өткізбейтін киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етті және т.б. Бірақ ереуіл аяқталғаннан кейін оның ұйымдастырушыларын жазалай бастады, 16 адамды, соның ішінде П.Топорнинді және жұмысшылардың басқа да басшыларын жұмыстан шығарды. Успен кенішіндегі бас көтеру, әсіресе «орыс-қазақ одағының» қызметі, өздерінің саяси және басқа жұмысшыларының ынтымағын нығайғанын дәлелдеді.

 

 

1.2 Қазақстанның саяси партияларының қоғамдық-саяси дамудағы ықпалы

І-ші Мемлекеттік Думаға сайлау оңайлықпен өте қоймады: біріншіден, сайлау науқаны кезінде әртүрлі партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысы күшейді. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңіл күйлерге де мемлекеттің барлық бақылау органдары тарапынан полициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының қатарына болса да өтуіне тиым салған бұйрық шығарды.

        1906 жылы большевиктер партиясы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, Думаның шешімдеріне бойкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, «Қанды жексенбі» оқиғаларынан кейін, патша өкіметіне деген сенімнің күл талқаны шықты. Ол өкіметтен ешқандай жақсылықты күтудің мүмкін еместігіне халықтың көзі жетті. Сондықтан патша өкіметін құлату, төңкеріс жасау үшін сайлау компанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда «конституциялық болмас іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ»[28, 306-б].

Қазақстан халқының саяси санасын көтеруге Мемлекеттік Дума сайлауы да айтарлықтай рөл атқарды. Сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар даусы үшін күресі өрістеді. Мемлекеттік Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Сайлаушылар тең емес 4 курияға: егіншілік, қалалық, шаруа және жұмысшы курияларына бөлінді, оның өкілдігі бірдей болған жоқ: помещиктер ерекше артықшылыққа ие болды, олардың бір даусы қалалықтардың 3 даусына, шаруалардың 15 даусына және жұмысшылардың 45 даусына теңестірілді. Империя халқының көпшілігін құраған шаруалардың жұмысшылар алдында кейбір артықшылықтары болғанымен, алғашқы екі куриямен салыстырғанда дауыстары азырақ боды. Бұл жүйе жұмысшылардың құқықтарын қатаң шектеді, олардан сайлауға 25 жастан асқан, фабрика-зауыт, тау-кен және кен-зауыт өнеркәсібінің, темір жол шеберханаларының кемінде 50 адамы бар кәсіпорындарында жұмыс істейтін еркектер ғана қатыса  алатын болды. Соның нәтижесінде Ресейдің барлық жұмысшыларының ¾ бөлігі сайлауға қатысудан шеттелді. Ұлттық шет аймақтар халқының да құқықтарына қысым жасалды, Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін және т.б. «бұратана» сайлана алмады. Қазақстандағы Мемлекеттік Дума сайлауы орыс халқының сайлауы едәуір болатын  өлкенің ең ірі облыстарында социал-демократтар мен трудовиктер партиясы мүшелерінің, ал қазақ халқы арасында либерел-демократиялық ұлттық зиялылар өкілдерінің зор ықпалы болғанын көрсетті.

Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай талаптарымен өткізілді. Мұның өзі орасан үлкен өлкенің бүкіл қазақ халқын кемсітуге әкеп соқты, бұл орайда өкімет орындарының озбырлығы ерекше болды, олардың басты мақсаты қазақ халқының өкілдерін патшалық ресейде алғаш рет құрылған заң шығарушы өкімет органдарына жібермеу болатын. «Ақмола облысындағы сайлауда полициялық озбырлықтың кең құлаш жайғаны сонша, оған қарсы айтылған шағымдар Мемлекеттік Думада талқыланды».

І Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 миллиондық қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов сайланды. Орыс халқы 5 депутат сайлады: В.И.Ищерский, И.П.Лаптев, В.В.Недоносков, Н.Е.Дыхнич, Н.Я.Коншин сайланды.

Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырған І Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.

І сайланған Мемлекеттік Думада А.Қалменов пен заңгер А.Бірімжанов ерекше белсенділік көрсетті. А.Бірімжанов Петербургке 1906 жылғы шілденің ортасында ғана барғанымен, ол аграрлық мәселе бойынша ескертпелер мен ұсыныстар айтып сөз сөйледі.

Елдегі революциялық бой көрсетулердің бәсеңдеуін пайдаланып, 1906 жылғы 8 шілдеде патша Думаны қуып таратты. Ә.Бөкейханов кадеттер, трудовиктер мен социал-демократтар шақырған бұрынғы Мемлекеттік Дума мүшелерінің Выборгтегі жиналысына қатысты, онда халыққа салық төлемеуге, үкіметке қарыз және қосымша солдаттар беруден бас тартуға шақырған үндеу қабылданды. Осы үшін Санкт-Петербург сот палатасы Ә.Бөкейхановқа 3 ай түрмеге қамауға үкім шығарып, Семей түрмесіне қамалды. Содан кейін Самараға жер аударылды.

ІІ Мемлекеттік Дума сайлауы 1905 жылғы 6 тамыздағы 11 желтоқсандағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Қазақстан мен Сібірдің төмен жалақы алатын темір жол жұмысшылары бұл кемсітушілік заң бойынша сайлау құқықтарынан айрылды.

Дума депутаттарының бірі М.Шахтахтинский «ІІ Мемлекеттік Думаның нәтижелері барлық конституцияшылдарды, орыс бұратаналарын орыс конституцияшылдарымен бірлесіп конституцияны қорғау үшін бірігуге мәжбүр етуге тиіс болғандықтан қауіп туғызады» деген пікір айтты. ІІ Мемлекеттік Дума негізінен кадеттерден, социал-демократтар мен октябристерден тұрды.

ІІ Мемлекеттік Дума Қазақстаннан енді 14 депутат, соның ішінде, қазақ халқынан 6 депутат болды, олар: молда Ш.Қосшығұлов – Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов – Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев – Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов – Торғай облысынан, Т.Аллабергенов – Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев – Жетісу облысынан. Бұл Думаға орыс халқынан 8 депутат: әскери дәрігер А.К.Виноградов – Ақмола облысынан, аграном И.Ф.Голованов – Торғай облысынан, мал дәрігері И.И.Космодамианский – Орал облысынан, заңгер Н.Я.Коншин – Семей облысынан, село дәрігері Ф.А.Еремин – Орал казактарынан, алым инспекторы И.П.Лаптев – Ақмола облысының сібір казактарынан, фельдшер Я.И.Егошкин – Жетісу казактарынан, фабрикант М.А.Гаврилов – Верный қаласынан сайланды.

Қазақ халқынан сайланған ІІ Мемлекеттік Дума депутаттары кадеттерге қосылды және мұсылман фракциясына кірді, олар Ресейдің басқа «ұлтшылдарымен» бірлесіп шет аймақтарға шаруаларды қоныс аударудың тоқтатылуын талап етті. Бір айта кетерлігі, барлық жерді муниципализациялауды, яғни оны жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беруді жақтап сөз сөйлеген «ұлтшылдарды» да сынай отырып, большевиктер дегенмен де соңғыларының патша өкіметінің шет аймақтарындағы қоныстандыру саясатының ауыр зардаптары туралы берген сипаттамасының әділ екенін мойындады. Сондықтан В.И.Ленин өзінің «1905-1907 жылдардағы бірінші революциядағы социал-демократияның аграрлық бағдарламасы» деген еңбегінде депутат Б.Қаратаевтың ІІ Думада сөйлеген сөзінен мынадай үзінділер келтіреді, ол «Қырғыз-қайсақ халқының атынан» былай деді: «Біз қырғыз-қайсақтар… өз бауырларымыз- шаруалардың жерден тапшылық көріп отырғанын терең түсінеміз және сезінеміз, біз ықыласпен ығысуға әзірміз», бірақ «артық жер өте аз», ал «қәзіргі уақытта қоныстандыруға қоса қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберу жүріп жатыр»… «қырғыздар жерінен емес,тұрғын үйлерінен көшірілуде». «Қырғыз-қайсақтар барлық оппозицияшыл фракцияларға әрқашанда тілектес».

ІІ Мемлекеттік Думаны қазақ депутаттары патша өкіметінің қоныс аудару саясатына үнемі қарсы шығып отырды, мәселен, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қошығұлов, Х.Нүрекенов белсенді түрде, осы Дума жұмыс істегеннен заң шеңберінде, патша өкіметінің қоныс аудару саясатына әйтеуір бір ықпал етуге тырысты. Бірақ қоныс аудару істері жөніндегі ведмоствоны басқарған кінәз Васильчиковтан: «ХХ ғасырда қазақтардың көшпелі тұрмыс салтын тоқтату, осы үшін де қоныс аударушыларды көптеп жіберу қажет», — деген айқын жауабын алды.

Мемлекеттік Думада депутаттар Т.И.Седельников, Н.Бородин және басқалар қазақ халқының мүдделерін қорғап сөз сөйледі.

ІІ Мемлекеттік Думаны патша 1907 жылғы 3 маусымда қуып таратты, социал-демократиялық фракция қамауға алынып, Сібірге айдалды. Империяның орталығында да, оның шет аймақтарында да, соның ішінде Қазақстанда да реакцияның жүгенсіздігі басталды.

Бірақ осы жағдайларда да халық бұқарасының бой көрсетулері жалғаса берді. ІІ Мемлекеттік Думаның қуып таратылуына қарсы наразылық белгісі ретінде жергілікті жерлерде митингілер, демонстрациялар және т.б.өтіп жатты, олар Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, қалалары мен басқа да қалаларда болып өтті. 

        Думаға деген сенімсіздік, оған қарсы белсенді бойкот ұйымдастыруды Қазақстандағы социал-демократиялық ұйымдар қолдады[29, 141-б]. Думаны шақыру жөніндегі дайындықта көптеген олқылықтар мен қателіктерге жол берілді. Сондықтан да, 1906 жылы 8 — ақпанда үкімет II Думаның, I-ші Булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды [17,41-42б]. Ал Ішкі істер министрі Дурновоны жаңа Думаның тағдыры қатты мазалады. Ол Дала генерал-губернаторына былайша ескертті: «Маған Ішкі Істер Министрлігінің берген мәліметтері бойынша, сенімсіз қауіпті пиғылдағы топтар Мемлекеттік Думаның шақырылуы үшін барлық қолдан келген қылмысты әрекеттерін жасау арқылы кедергі жасауға дайындалуда.. Әсіресе, революциялық пиғылдағы топтар сайлауға дайындық және сайлау қарсаңында өздерінің зиянды әрекеттерін жасауға барынша ұмтылуда. Сондықтан да Сізден сайлау науқаны қарсаңында тәртіптің, тыныштықтың сақталуына қажетті барлық қолдан келген шараларды қолданып, Мемлекеттік Думаны сайлауды өз дәрежесінде өткізуге  қажетті барлық жағдайды жасалынуын, қауіпті, күдікті топтар байқалса, тез арада ұстап, қылмыстық жауапкершілікке дер кезінде тартуды талап етемін» . [29, 142-б].

 

 

 

 

 

 

1.3  Мемлекеттік Думаны сайлауға қазақ даласында ұйымдастырылған

саяси шаралар

 

        Қазақ зиялылары, жалпы қарапайым халық Мемлекеттік Думаға сайлауға қандай дайындықтармен келді?

Қазақ зиялыларының саны жөнінен ғана емес, сонымен қатар ықпалы жөнінен де неғұрлым елеулі бөлігі либерал-демократиялық көзқарастарда тұрды. Бұлар негізінен даладағы аристократиялық топтардың өкілдері болатын, дегенмен олардың арасынан ауылдың орташа және төменгі топтарынан шыққандар да кездесті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда 5 облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасады. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Яғни, 17 қазандағы патша манифесімен берілген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиіс болатын. 1906 жылдың ақпанында Семейда қазақтардың екінші съезі болды. Осы съезде Әлихан Бөкейханов қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қазақ даласын мекендеген қазақ деген халықтың бар екендігін, өзін сол халықтың ұлы екендігін айта келе: «Осында сөйлеген, поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде қырғыз тіліндегі мектептер қуғын –сүргінге ұшырауда. Бізді цензура аямай басып жаншуда. Мысалы қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың  46 мысалын бастыру үшін цензурадан рұхсат ала алмай сандалғаныма 13 айдай болды. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистерлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға мойын бұрмайды. 128 ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға жіберуден бас тартты, мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым) екінші қаладан зорға жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен. Сайлау науқанының таяп қалғанын жадымда ұстап,  мен әлгінде ғана «съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешімді шығаруы қажет» деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын» — деді. Сонымен қатар ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады, бірақ оған өлкеге шаруалардың қоныс аударылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, және т.б. туралы талаптарды енгізді. Бұл саяси ағымды Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері басқарды. Олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы актілеріне қарсылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды жақтады.

Автономистердің съезі 1906 ж Петербургте өтті. Бұл съезге қазақтың көптеген саяси қайраткерлері қатысты. Соның бірі сол кезде Санкт-Петербургте I Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институттың  студенті  Мұхамеджан Тынышбайұлы қатысып, баяндама жасады. Ол өз сөзінде өжеттілігін, батылдығын, ұлтын сүйетін ұлт жандылығын көрсете отырып, баяндамасында патша өкіметінің әділетсіздігін, шет аймақтардағы халықтарға жасап отырған зорлық-зомбылығын, халықтың құқығын аяғына басқан жексұрын тәрбітін батыл айыптап, ымырасыздықпен әшкереледі. Ол өз сөзінде:«қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмыс-бітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өзінің ата қонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халыққа автономшылық дәрежеде болса да еркіндік беруді талап етті». Осы сөздерінің М.Тынышбаевтың көрегенділігін, қазақ халқының басына төнген қауіпті батыл әшкерелеп, қаймықпай сөйлеуі еліне, жеріне, ұлтына деген сүйспеншілігін, көзі ашық, көңілі қырағы жан екендігін көрсетеді.

        1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соның ішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатар жүрді. Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдерімен қатар орыстың демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасауды түсініп, бұл шараларға белсене араласып, сол арқылы қазақ қоғамының алдында тұрған мәселелер мен оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді.

        1905 жылы 6-13-қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І-ші Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың перзенті екендігін айтты. «Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз-қазақ тіліндегі мектептер қуғын-сүргінге ұшырауда. Бізде де цензура аямай жаншуда. Мысалы қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын, бастыру үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13-ай өтті. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға мойын да бұрмайды. 18-ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым) екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағы оқиға қайталанды. Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен… Сайлау науқанының таяп қалғанын жадымда ұстап, мен әлгінде ғана «съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешім шығаруы қажет» деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын»[29, 144-б] — деді.

        Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл съезге қазақтың белгілі саяси – қоғам қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбайұлы қатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол Санк-Петербургтегі І – Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институттың студенті болатын. Мұхамеджан Тынышбайұлы баяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді. Ол отаршыл үкіметтің «қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмыс-бітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің ата-қонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халыққа автономиялық дәрежеде болсада еркіндік беруін талап етті[39, 25-26]. Қазақ халқы мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқына 1906 жылдың ақпан айының соңғы күндерінде ғана мүмкіндік алды. Яғни империяға қараған әкімшілік аумағы бойынша сайлау қазақ даласында ең соңында өткізілді. Егер ол метрополияда үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26 – наурызынан 20-сәуіріне дейін) аяқталған болса, І-Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісу облысында сайлау әлі өтіп те үлгерген жоқ еді[10, 48-б]. Ал 1906 жылы 27-сәуірде Мемлекеттік Дума өз жұмысын бастап кеткенде Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді ғана анықтаған болатын[29, 145-б]. Негізгі таңдау алдындағы күрес қалаларда болды. Социал-демократиялық бағыттағы үгіт Петропавловскіде жергілікті социал-демократтар меньшевиктер өкілін әшкерелеп, қолөнершілер мен қызметкерлердің жиналысына қатынасушы ларды революциялық күресті жалғастыруға шақырды[29, 145-б]. Ал мамыр айында социал-демократтар қалалық дума мекемесінің жанында ашықтан-ашық РСДРП-ның сайлаушыларға арнаған үндеуін таратты.Сайлауды өткізбеу жөнінде сайлау компаниясының шешімі шықпай тұрып-ақ, үлкен жұмысты Омбы партия комитеті жүргізді. Олар «азаматтар үшін» 2000 дана үндеу таратып, онда «халыққа помещиктердің, чиновниктердің, полиция мен капиталистердің жеке билігі де, Мемлекеттік Кеңес пен Думаның да қажеті жоқ…» делінген. Сайлау мәселесі Қостанай демократтарының шығарған үндеулерінде де көрініс тапты. РСДРП-ның Оралдағы ұйымы Повольженің   большевиктермен тығыз байланыс орнатып, онда Думаға бойкот жариялауға шақырған үндеулер мен үгіт-насихат жұмыстарын кең ауқымда ұйымдастырды. Сайлау науқанының қызып тұрған шағында РСДРП-ның Семейлік бөлімшесі бірнеше кәсіпорында үгіт жүргізіп, жұмысшыларды бірте-бірте жалпы қалалық  ереуіл жасауға шақырды. 1906 жылы қаңтарда Верныйдың социал-демократтары «қала халқына» арнап үндеу жариялады. Үндеуде Мемлекеттік думаның қалың бұқара мүддесіне қайшы келетін жақтарын түсіндіріп, жалпы жұртшылыққа тең құқықты, төте, жасырын дауыс беру арқылы сайлайтын бүкілхалықтық құрылтай жиналысын құру үшін күреске шақырды. Социал-демократтар жүргізген үгіт жұмысының І-ші Мемлекеттік Дума сайлауын болғызбау жөніндегі іс-әрекеттері Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға қатысушылардың белсенділігі өте төмендігімен байқалды.   

 

Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға қатысушылардың белсенділігі

 

 

Қала аттары

 

Барлық халық саны

 

Сайлаушылар саны

Жалпы сайлау тізіміне тіркелгендері процент есебімен

 

Таңдаушылар саны

 

 

Барлығы

Сайлауға келгендер

 

 

 

Омбы

Ақмола

Атбасар

Көкшетау

Петропавл

Қостанай

Ақтөбе

Ырғыз

Торғай

 

37376

9688

3038

4962

19688

14275

2817

1542

896

 

 

5000

551

325

640

2468

2680

816

136

86

 

1752

238

106

403

732

577

374

126

56

 

35

43,1

32,6

62,9

29,6

21,5

45,8

92,6

65,1

 

4

1

1

1

2

10

2

1

1

 

        Кестеден көріп отырғандай Омбы, Петропавл, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе қалаларындағы сайлау науқанына салыстырмалы түрде алғанда елдің қатысу деңгейінің көрсеткіші төмен болды. Сайлау жиналыстарына Көкшетау, Торғай, Ырғыз қалалары белсенді түрде қатынасты. Бұл көрсеткіш терден І-ші Мемлекеттік Дума сайлауын өткізбеу бағытындағы Қазақстан дағы жергілікті социал-демократтардың үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесін байқауға болады.

        Науқан барысында патша үкіметінің шарасыз халін өлкенің саяси өмірінде тиімді пайдалануды көздегендер де кездесті. 1906 жылғы 22-ақпан дағы күн ілгері уәде берілген Ереже мен сайлау науқанының бет алысы жаңа саяси-идеялық бағыт ұстанған партияларды қалыптастыруды тездетті. Алғашқылардың бірі болып кадет партиясының филиалы құрылды – деп жазады сол кездегі тарихи деректер көзі. Ол туралы нақты мынандай дерек бар. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстың (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі «Қазақ консти туциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылдады[21, 105-б]. Оралда шығып тұрған «Фікір» газеті оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялады. Олар Б.Қаратай, Т.Бердіұлы, М.Бақыт керейұлы, И.Тоқтамбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Айтмұхамедұлы, М.Мұқанұлы, Т.Рақымбердіұлы, және И.Дүйсембиндер еді. Ал енді қазақ зиялыларының партия құру бағытындағы іс-әрекеттері әсіресе 1906 жылы белсенді түрде байқалды. Сол жылы 10-маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлайтын қазақ сайлаушыларының 150-ден астам адам қатынасқан жиналысы болып өтеді. Жиналыста Павлодар үйезі Сейтен болысының меңгерушісі Темірғали Нұрекен төрағалық жасайды. Ол туралы «Семипалатинский листок»: «Әңгімені Ә.Н.Бөкейхан бастап, ол жиналысты «Народная свобода» партиясының бағдарламасымен таныс тырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы қабылдады»[29,148-б] — деп жазды.

         М.Дулатұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды»[29, 149-б] — дегенді. Қазақ жастары Ресейдің орталық қалаларында оқып жүріп, қоғам өміріндегі өзгерістерге тығыз араласты. Мәселен, Әлихан жөнінде: «Орман шаруашылығы институтында оқып жүріп-ақ ол студенттік ортада саяси-қоғамдық белсенділік танытты. Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін салып қорғады»[29,-149-б] — деп жазды. Кадет партиясын құрушылар осы саяси ұйымға халықты тарту мәселесінде едәуір қызметтер жасады. Өлке халқы өз тарапынан саяси дүниетанымына орай қалаулыларын таңдай білді. Айталық, Ақмолада татар көпестері атынан партияда жоқ молда өтті, Петропавловскіде бір сайлаушы өзін прогрессивтік бағытты жақтайтындығын білдірсе, екінші біреуі өзін өнеркәсіп-сауда партиясының өкілімін деп есептеген[22, 43-б]. Жалпы алғанда, сайлау қорытындысында кадет партиясының үлес салмағы басым болды. 9 қалалық сайлаушылардың 4-і социал-демократиялық партияның өкілдері болса, қалған бесеуі басқа саяси көзқарастағы немесе ешбір ағымға кірмейтіндер болатын.

 

 

1.4 Қазақ кадет партиясы бағдарламасының жалпыұлттық, демократиялық сипаты

 

        Ал енді, кадет партиясының қазақ мүшелерінің көзқарасында қандай мәселелерге басты назар аударылды? Олар Дала өлкесін қазақ елінің меншігі етіп бекітетін заң қабылдаудың қажеттілігін, ішкі Ресейден ағылған шаруаларды қоныстандыруды тоқтатып, байырғы тұрғын халық өкілдеріне теңдік беру һәм ана тілінде ұлттық білім ошақтарын (мектеп, медресе, университеттер) ашу сияқты патша әкімшілігіне жазылған петицияларда көтерілген талап-тілектері қамтылған [22,48-б1].

        Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы бағдарламасы жалпыұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. өмірзақ Озғанбай «Ресейдің Мемлекеттік Думасы және Қазақстан» деген еңбегінде: «Тарихта орын алып келгендей Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. Бұл алғашқы саяси ұйым-отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты» -деп атап көрсеткен..

        Бұл партияның қатарына кімдер кірді? Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда халықты революцияға үгіттеу мәселесі өте төмен сарында жүргізілді. Патша өкіметінің жергілікті халықты қорқыту-үркіту, қуғын-сүргіндер, осы аймақта социал-демократтардың қатарының да аздығы өз әсерін тигізді.

        Соған қарамастан Ақмола облысында ауыл-село тұрғындары арасында конституциялық-демократиялық партия мүшелері белсенді қызмет жасады. Омбы кадеттерінің арасында кең тараған «Степной голос» былай деп жазды: «местных интеллигентных силах лежит трудная, но почетная, обязанность приложить все усилия к тому, чтобы выборы в Государственную Думу во всех стадиях проходили не только вполне сознательно, но и дали бы заранее определенные результаты» [1]. «Степной голос» газеті кадеттердің бағдарламасына, әсіресе аграрлық мәселе бойынша ерекше тоқталып: «Кім Отанына игілік жасағысы келсе, сол сайлау кезінде «Народная свобода» партиясын қолдау керек»[29, 151-б] — деп шақырды. Сондай-ақ кадеттер большевиктердің Дума жөніндегі тактикасына қарсы ұсақ буржуазиялық саяси ағымдарды сайлау науқаны алдындағы күреске бірігуге шақырды[36,180-б]. Алайда шаруалар кадеттерді қолдамады. Осы кезеңде шаруалар ешқандай партияда жоқ болды. Сайлаудың соңғы сатысында Ақмола облысында халықтың басым көпшілігінің сайлауға қатыспау себептерін кадеттердің кесірінен деп ұғындырылды. Ал кадеттер болса,  оны қоғам өміріндегі қалыптасқан қиыншылықтардан, халықтың Думаға, сондай-ақ «Народная свобода» партиясына сенімсіздігінен деп түсіндірді[36, 181-б]. Кадеттердің жеңілуіне тағы да бір ықпал еткен жағдай социал-демократиялық партияның белсенді іс-қимылы болатын. Әйтсе де, жергілікті социал-демократиялық күштердің тыңғылықты ұйымдаспауы да өз нәтижесін көрсетті. Думаға меньшевиктік бағытты жақтаушылар да енген еді. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиелік билікті, оның отарлау саясатын өткір сынға алып, оған қарсы ашық та пәрменді оппозициялық күшке айналған «Народная свобода» партиясы жағында болу Әлихан Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына тактикалық тұрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи шындық. Ол туралы Әлихан Бөкейхан 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «… біздің қазақ орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық жүйе жағдайында «қазақ сияқты аз, кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп болады. Өз бетімен қазақ жол аша алмайды» [29, 152-б] — деп жазған еді.

        Торғай облысында сайлау науқанында шаруалар белсенділік танытты. Олар жалпы 56-сайлаушыны таңдау керек болды. Оның 47-і орыны Қостанай үйезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз үйездерінде қызу жүрді. Онда ауыл кедейлері жергілікті билікке сүйенген кулактардың өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болуына жол бермеді. Кулактардың әрекеті үлкен қарсылыққа ұшырады. Көптеген уездерде сайланушылардың құрамы қатардағы шаруалардан тұрды.

        Социал-демократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. Кейбір жерлерде шаруалар ерекше белсенділік танытса, мысалы :1906 жылы 30-сәуірде Қостанай үйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді. Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен бірге отырып, төмендегідей талап-тілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. [29, 152-б].

        Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадет тер сайлау қарсаңында шаруаларды өздеріне барынша тартуға ұмтылған. Сонымен қатар кадеттерге қазақ зиялы қауымының барынша жақындауының тағы бір себебі кадеттердің өз бағдарламаларында дін мәселесін көтеруі  болды. 1905 ж мұсылман халықтарының отарлық езгіге қарсы бірлескен саяси күрес одақтары да құрыла бастады. Олардың күресі діни сипат алды.

1905-1906 жылдары мұсылмандардың бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының олардың бұл әрекетіне барынша қарсылық көрсетіп бақты. Петербургте 15-23 қаңтар аралағында өткен ІІ-ші бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей империясының мұсылмандарын жалпы мемлекеттік мүддеге орай, сондай-ақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында «Конституциялық-демократиялық партиясымен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған ұсынысын қуаттаған қаулы қабылдады» [25, 16-б]. Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордық рөлінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дұрыс деп тапқан болатын.

        Торғай қаласы мен облысы көлеміндегі сайлау науқанында әлеуметтік таптардың, партиялар арасындағы қызметі белсенді түрде көрінді. Ол туралы «Тургайская газета»: «Қостанай қаласының жұртшылығы сайлау науқанына қатысты… әлі күнге дейін соның белгісі сайлаушыларды шақырған түрлі-түсті афишалар, әр түрлі партиялардың ұрандары үйлердің қабырғалары мен қақпаларында сақталған»[25.,17-б] — деп жазды. Патша заңдарының халыққа қарсы бағытталған тұстары жайлы бұқара халыққа түсіндіру науқаны өте екпінді арқынмен жүргізілді

 

 Сайлау науқанының алғашқы сайысында Торғай қаласы мен облысында Қостанайдың 10 сайланушысының 4-уі саудагер, 4-мещандар болды. Олар жалға жер алып, адамдар жалдап өңдеп, өнім өндірушілер болатын. Қалған біреуі – молда, соңғысы – мещан старостасы. Ақтөбелік таңдаушылардың бірі – үйездік басқарма қызметкері, екіншісі – судья болса, Торғай мен Ырғыз үйездері саудагерлерді сайлады . Сол кездегі құжаттар көрсеткендей барлық таңдаушылардың қандай партияның мүшесі болғаны жөнінде нақты деректер жоқ. Сайланушылардың көпшілігіне кадеттердің әсері ерекше болғандығын аңғару қиын болмады. Торғай облысы әскери губернаторына Ақтөбе үйезінің шаруалар жетекшісі былай деп жазды: «Жергілікті халық арасында конституциялық-демократиялық партияның бағдарламасы кең тарады… Мемлекетік Думаға осы партияның атынан үміткерлерді сайлау жөнінде үгіт жүргізіп бастады» [25,19-б]. Алайда, сайлау қорытындысында кадеттер ықпалының өте жоғары деңгейде болмағанын көрсетеді. Облыстық сайлау комиссиясының көрсетуі бойынша сайлау жиналысына келген 57 таңдаушының, 31-і өз дауыстарын «Народная свобода» партиясын жақтаушы Н. Дыхничқа берген. Халықтың неғұрлым демократиялық ой-пікірге жақын тобы жергілікті өкімет тарапынан тікелей қысым көрді. Қостанай қаласының сайлаушылары сайлау науқанына наразылықтарын былайша білдірді: «1. Сайлау негізінен жергілікті әкімшіліктің ықпалымен, түрлі қасақана бұрмалаулармен өтті; 2. Полиция кандидатты қорқыта отырып оларды тізімге кіргізді; 3. Кандидаттар әкімшілік тарапынан әлдеқайда бұрын тағайындалды; 4. Сайлаушылар тізіміне өлгендер де еніп кеткен; 5. Әкімшілік қараңғы халықты өздеріне қажет кандидатты жазуға мәжбүр етті… ерікті сайлау болған жоқ, әкімшілік зорлығы болды… Ескі тәртіптің нышаны айқын сезіліп тұрды»[29, 157-б]. Осы тәріздес өкімет тарапынан болған бассыздыққа орай Торғай облысының басқа жерлерінде де арыз-шағымдар түсіп жатты. Облыстағы сайлаудың нәтижесінде қазақ ұлтынан депутаттыққа Ахмет Бірімжан өтті. Семей қаласында 1906 жылы қаңтарда «Народная свобода» партиясының бөлімшесі құрылды. Сайлау алдындағы 1906 жылғы 7-мамырдағы мәжілісте кадеттердің бағдарламасы оқылып, талқыланды. Мамыр айының екінші жартысында кадеттер жеті мәрте жиналыс өткізді. Осы бас қосулардың бірінде Семей қаласы бойынша Мемлекеттік Думаға кандидаттыққа мүше етіп 16 сайлаушыны белгіледі. Жергілікті әкімшілік бұл істе оларды қолдап: «социал демократтар мен социал-революционерлерге қарағанда кадеттерге жеңілдік жасап, өз бағдарламаларын ауызша, жазбаша түрде үгіт жүргізуге құқық берді»[14, 152-б]. Олардың жүргізген үгіт жұмыстары үйездерде, қалаларда табысқа жетті. Өскеменде және басқа жерлерде бірнеше партиялық ұйымның бар екендігі анықталып, алғашқы сайлау алдындағы үгіт жұмыстарында «народная свобода» партиясының салмағы басым екендігі сезілді. Кадеттер жергілікті халық арасындағы сайлаушыларға үгіт жүргізуді либералдық бағыттағы зиялы қауыммен байланыс жасады. 1906 жылы 15-маусымда Семейде «Народная свобода» партиясының бюросында мынадай шешім қабылдады: «войти в соглашение с местными киргизским бюро партии «Народной свободы» для совместной по возможности, работы» [29, 156-б]. Осы аталғандардан жасалатын қорытынды: революция жылдары оның ұшқынының қазақ елінің де саяси санасына үлкен әсерінің тигенін және халықтың саяси белсенділігін оятқанын көрсетеді.

        1906 жылдың 15-маусымы күні мемлекеттік Думаға депутат болып Семей облысынан Әлихан Бөкейхан сайланды. Ол жөнінде жергілікті газет: «15 маусым күні Семейде… облыс атынан Мемлекеттік Думаға мүше сайлау болып өтті. Оған бірауыздан Қарқаралы үйезі, Тоқырауын болысының қазағы, орманшы-ғалым, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан сайланды. Редакция қазақ халқын нәтижелі сайлау қорытындысымен құттықтайды, олар Бөкейхан арқылы Мемлекеттік Думада өз мүддесі үшін күресе алатын нағыз қайраткерге сенім артып отыр»[22, 103-б] — деп жазды. Әлихан Бөкейханның алдымен Омбыға, содан соң Петербургке 3-шілдеде аттанғаны туралы хабарды осы газеттен оқимыз. Ол Петербургке І-ші Мемлекеттік Думаның соңғы күндерінде келіп жеткен еді.

        Семей облысындағы шаруаларға социал-демократтар едәуір ықпал жасады. Олардың революциялық үгіттері кейбір жерлерде мақсатына жетіп жатты. Мысалы, Зайсан үйезінің Алексеевка, Жоғарғы Тарақты және Қызылағаш бөлімшелеріндегі шаруалардың ауылдық жиынында сайлаушылар науқанға қатыспау туралы шешім қабылдады.

        Орал облысының сайлау науқанында белсенді қимыл жасаған «Трудовая группа» ұйымы болды. Ол өзінің бөлімшелерін Орал қаласында және облыстың кейбір аудандарында құрды. Қала халқын және шаруалардың назарын өздеріне аудару үшін олардың мүшелері шаһар театры мен бас алаңында жиналыстар, митингілер ұйымдастырды. «Трудовая группа» сайлаушыларға әсер етіп, жергілікті комитетін ұйымдастырмақшы да болды. Жергілікті үкіметтің ресми органы «Уральские областные ведомости» оларды тануға мәжбүр болып, «… өте солшыл бағыттағы партия шешендері нің ең өткір сөздерін ерекшелеп, астын сызып көрсетіп отырды» [5, 12-б]. Онан әрі газет патша әкімшілігінің сайлау науқаны барысындағы төңкерісшіл бағыттағы жиналыстарды жауып тастағанын хабарлайды.

        Кадеттер қала, ауыл арасында дауысқа түсуге құлықты болған жоқ, керісінше казактарды жағалап, солардың қолдауынан үміттенді[5, 18-б]. Осы облыс бойынша сайлау науқанының соңғы мәресінде «Трудовая группа» кандидаты В.Недоносков жеңіске жетсе, қазақтардың арасынан Алпысбай Қалменұлы сайланды.

        Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сайлау науқаны өте кеш басталды. Өйткені Түркістан халқының сайлауға қатынасу құқы жөніндегі жарлыққа патша І-ші Дума ашылуына санаулы күн қалған да ғана қол қойды. Оның үстіне жергілікті басшылар жарлық шыққанан кейін де сайлау комиссиясының ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуға асықпады. Сайлаушылардың тізімін жасаған жоқ. Верный қаласы сайлаушыларының бірі өзінің арыз-шағымдарында былай деп жазды: «вся подготовительная работа верненской городской управы к выборам является сборником нарушений и может быть отлично использована в будущем в качестве руководства, указывающего, как, не следует делать» [7,162-б]. Ақырында Верный, Қапал және Жаркентте сайлаушыларды таңдап үлгерді, ал облыстың қалған қалаларында сайлаушылар тізімі әйтеуір жасалды деген құр аты ғана еді.

        1906 жылы 4-шілдеде Верный қаласында сайлаушылардың таңдауы болды. Онда 1408 адам қатысты. Таңдаушылар болып төмендегілер белгіленді: Покров шіркеуінің бастығы, Құлжа қаласындағы орыс-қытай банкісінің бөлім меңгерушісі, гимназия мұғалімі және Верныйлық мещан [29, 158-б]– еді. Осыдан көріп отырғанымыз сайланғандар қазақ еместер.

        Сайлаудың әділетсіз өткендігін төмендегі мысалдар дәлелдейді.Сайлау және сайлаушыларды таңдау жергілікті биліктің күш көрсетуі мен өтті. Мысалы, Верныйлық сайлаушылар былай деп жазды: «осы сайлау тізіміне қоса өмірде жоқ марқұмдардың да есімдері етіп кетті. Полицияға өлген адамдардың сайлау карточкалары мен қосымша деректерде анықтау тапсырылды. Әрі қарай оларға тиісті тәртіпті қатаң қадағалауды меңзеді» [7, 164-б].

        І-ші Мемлекеттік Думаның тарағаны жөнінде жарлық шыққанда, Жетісу облысында сайлау науқаны енді басталған болатын. Верный үйезінің Михайловка болысы шаруалары сенім білдірушіні, ал Қапал үйезінде 2 сайланушыны таңдап үлгерді. Ал қалған жерлерде тіпті сайлаудың өтуіне дайындалып та үлгермеді. Ал енді бірінші Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары Алпысбай Қалменұлы мен Ахмет Бірімжан Петербургке Дума ашылғаннан бір жарым ай өткен соң, яғни 10-17 маусым аралығында келіп жеткен. Бұл мерзім аралығында Думада аграрлық һәм азаматтық теңдік туралы және басқа да мәселелер ішкі талқылаудан өтіп, тиісті комиссиялар құрылып қойғанды. Сол себепті де олар аталған комиссиялардың құрамына енген жоқ. Алпысбай Қалменұлы мен Ахмет Бірімжан ең әуелі өздері қатынаса алмаған жиырмаға жуық Дума отырыстарының есебімен және жұмыс жасаған комиссиялардың ісімен танысуға отырған; Әлихан Бөкейхан болса, деректерге сүйенсек, Дума жабылуға бірер күн қалғанда ғана келіп жеткен. Осылайша қазақ даласынан сайланған депутаттарға І-ші Мемлекеттік Дума жұмысына белсене араласуына шын мәнісінде мүмкіндік болмады.

        Соның өзінде 2-шілде күні Дума отырысында Ахмет Бірімжан сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізуді ұсынады. І-ші Мемлекеттік Дума жұмысына қазақ депутаттары мұсылман депутаттары фракциясының қатарында ат салысты. Аталған фракция аграрлық мәселеге байланысты бас құжат боп табылатын заң жобасын жасауға күш салды. Олар мұсылмандар партиясының бағдарламасына сүйене отырып аграрлық тұжырымдама жасады. Алғашында жерді облыстық меншікке айналдырып, сол арқылы қарауындағы аумақты мекендеген байырғы тұрғын халық арасында үлес мөлшерінің көлемін бөлу отырықшы егіншілер ғана емес, сондай-ақ көшпелі шаруашылық қалыптағы малшылар үшін де қатар өсуін күн тәртібіне қойды. Және де сырттан қоныс аудару біржола тоқтатылуын һәм иелік еткен жеке мүшелерінің арасында тиісті еншісін алу құқы ауылдық қауым меншігіне берілуін талап етті[5, 41-б]. Думаның комиссиясына берілген осы құжатпен қатар Ахмет Бірімжан, Алпысбай Қалменұлы басқа да депутаттар жоғарғы үкімет органдарына қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының қазақ даласында жасап жатқан заңсыз әрекеттері жөнінде сұрау салды. Осы келтірілген мысалдар мен дәлелдерден Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының белсенділігін атап көрсеткен жөн.

        І-ші Мемлекеттік Дума бар болғаны 72 күн ғана жұмыс жасады. 1906 жылғы 9-шілде күні алғашқы Дума үкімет шешімімен таратылды. І-ші Мемлекеттік Дума тарағанымен қазақ даласында төңкерісшіл қозғалыс бәсеңдеген жоқ. 1906 жылы жазда қала халқының аграрлық мәселе бойынша қозғалысы жаңаша сипат алды. Төңкерісшіл көтерілістерді басу үшін, шет аймақтардағы толқуларды болдырмау мақсатында патша үкіметі түрлі айла-шарғылар жасады.

        Самодержавие төңкеріс жағдайында сайлаушылардың шеңберін одан әрі қысқартуға батылдары жетпеді.

        Елдегі саяси жағдайдың өріс алуына орай, ІІ-ші Мемлекеттік Дума қарсаңында сол кездегі партиялардың да алдағы сайлауға деген көзқарастары өзгере бастады. І-ші Мемлекеттік Думаға бойкот жариялаған большевиктер, енді Таммерфор конференциясында оны жан-жақты талдап, сайлау науқанына қатысу керек деп шешім қабылдады. Большевиктер сайлау науқанына қатысуды мойындағанымен, негізгі стратегиялық бағыттан ауытқыды деуге болмайды. Олар оған қатынасудың негізгі мақсаты толықтай идеялық ұйымшылдықты сақтау деп білді.

        1906 жылы қыркүйекте шақырылған конференция Батыс Сібір большевиктерінің жаңа думаға қатынасу мәселесін талқылап, оған Петропавловск РСДРП бөлімшесінің өкілдері де ат салысты. 1906 жылы 20-қазанда арасында В.В.Куйбышев бастаған РСДРП Сібір Одағы Омбы комитетінің 38 мүшесі жиналды. Комитет жаңа Думаға көзқарасын айқындап, басқа партиялармен блок құру және келісімге келу мәселелерін қарады. Бірақ комитет өз жұмысын аяқтамады, полиция оларды жиналыс кезінде тұтқындап, қамауға алды. Біз бұдан Ақмола облысы өкілдерінің болашақтағы Дума сайлауына, оның барысында қандай тактикалық позиция ұстау қажеттігіне көңіл бөлгенін байқаймыз.

        Қазақстанның солтүстік облыстарында В.И.Лениннің «Мемлекеттік Думаға кімді сайлау керек?» — деген прокламациясын Петропавловск РСДРП бөлімшесі көбейтіп, әлеуметке таратты. РСДРП-ның Омбы комитеті В.И.Лениннің «Проект обращение к избирателям» атты еңбегін 8 мың данамен басып шығарды[28,244-б]. Осындай жұмыстар патшаның халыққа қарсы саясаты мен түрлі партиялардың тек таптық табиғатын ашып көрсетуге ұмтылды да, онда ұлттық мәселе негізгі факторлардың бірі ретінде еске алынбай, тасада қалып қойды.

 

 

 

 

2    II МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: ОНЫҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

 

2.1 Екінші Мемлекеттік Думаға сайлау қарсаңындағы қарбалас

 

         Халықты саяси жағдайлармен таныстыруда баспасөз қыруар жұмыстар жасады. Газет беттерінде түрлі бағыттағы мәселелермен қатар Мемлекеттік Думаға сайлау ережелері һәм оның шет аймақтардағы ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстан жайында жарияланымдар жарық көрді. Баспасөз беттерінде сайлау заңдарының халыққа қарсы сипатын ашып, науқан барысындағы жергілікті әкімшіліктің ара-тұра хабарын беріп отырды.

        Газеттер түрлі саяси партиялардың бағдарлама жүгенсіздіктерінен де ережелерімен және І-ІІ-ші Мемлекеттік Дума қарсаңдарында олардың жүргізген күрестеріне жан-жақты көңіл бөлді[8,197-198-б].  Баспасөз беттерінде І-ІІ-ші Думаның сайлау науқандарының барысы бойынша салыстырмалы талдаулар берілді.

        Газеттің тілші-корреспонденттері шаруаларды өздері қолдайтын партияға шақырып, үгіт жүргізді. Мақсаттары оларды өздеріне тартып, шаруалар тарапынан қолдауды күшейту болатын еді. Әсіресе қазақ болыстарында басталған сайлау науқандарына ақпарат құралдары ерекше көңіл бөлуге тырысты. Авторлар қатардағы сайлаушылардың құқықтарының қорғалмай жатқандығы туралы сан алуан фактілер келтірді. Тілшілер қазақ жұртшылығын ағымдағы саяси шараларға үн қосып, бел ортасында жүруге шақырды[8, 201-б].

        Мерзімді баспасөз оқырман қауымды ІІ-ші Мемлекеттік Думаның жұмысы барысымен, оның атқарып отырған қоғамдық-саяси қызметімен таныстырып отырды. Қабылданған мемлекет декларациялары, оңшылдар ұмтылысы мен солшыл шешендердің сөздері газет беттерінде орын алды. Бұл жөнінде Өскемен үйезінің бастығы Семей облысы әскери губернаторына жазған есебінде: «Том, Семей газеттеріндегі сайланғандардың мақалаларын оқу халықтың саяси ақыл-ойын оятып, дұшпандық ниеттегі партияларды құрды»[29, 164-б],– дейді.

        ІІ-ші Мемлекеттік Думаға сайлау Ресейдегі сияқты Қазақстанда да 1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында болды. Оған дайындық жұмыстары үйездік, қалалық сайлау комиссияларының құрылған кезінен бастап-ақ, яғни 1906 жылдың қараша айынан соң басталды.

        Сайлауға сайланушылар мерзімі қалаларда 1906 жылдың желтоқсанынан 1907 жылдың ақпаны аралығында өтуге тиіс болса, ауылдық жерлерде 1906 жылдың желтоқсаны деп белгіленді.

        Мемлекеттік Думаға мүшелерді сайлау орыстар тұратын жерлерде 1907 жылдың 16-ақпанында, ал қазақ елді мекендерінде 20-ақпан деп белгіленді.

        ІІ-ші Мемлекеттік Думаға депутат сайлау қазақ даласында негізінен ескі жүйе бойынша өтті. Ешқандай да ілгерілеудің нышаны байқалған жоқ. Керісінше сенаттан өткен заң, ережелердің түсіндірмелерімен танысудан соң үкімет сайланушылар санын қысқартуға ұмтылды. 1906 жылы 28-қазанда Ішкі істер министрі Ақмола әскери губернаторына жіберген жеделхатында былай дейді: сенаттық түсіндірмелеріне орай пәтерлік цензі бойынша жеке бөлмеде бірлесіп тұратын немесе жағдайының нашарлағына байланысты пәтер ақысын төлей алмайтын қайрымдылық қоғамдар мен мекемелер қызметкерлері, баспанасы жоқтар сайлануға құқы жоқ – деген[29, 164-б].

        Осы «түсіндірмелермен» жергілікті әкімшіліктерге егер мемлекет берген үйлерде тұрған болса, вахтерларды, курьерлерді (жедел тапсырмалармен жүріп тұратын кісілер) швейцарларды, от жағушыларды да сайланушылар қатарына енгізбеу жөнінде бұйрықтар берілді. Дәл осындай жағдайда сайлану құқынан темір жол қызметкерлері де айырылды. Олар: дабыл берушілер (сигналисты), жол және көпір шеберлері, бу машинасын жүргізу шілер мен оның көмекшілері, вагон тексерушілері, жөндеу шеғберханасының слесарьлары, жұмысшылары, құрушылар, майлаушылар, жол айыру-біріктіру шілер, тіркеушілер, кондукторлар. 1906 жылы 19-желтоқсанда Ішкі істер министрлігі жергілікті өкіметке мынаны хабарлады:«…қалалық сайлаушылар қатарына пәтер цензі бойынша өз атына бөлме жалдаушы уақытша үзілістермен сол пәтерлерде тұрмаса сайлауға қатыса алмайды»[29, 165-б] – делінген. Қалалық сайлаушылар санын осы құжат негізінде үкімет тағы да қысқартты.«…сайлау Ережесінің 2-бабында аталмағандардың (оның қатарын да төңкеріске дейінгі Қазақстан да енді — Ө.О.) қалаларда пәтер салығын төлеу мүмкіндігі бола тұрса да сайлау құқын алуға негіз болып есептелмейді»[29, 165-б] – деп атап көрсетті.

        ІІ-ші Думаның сайлау сайлау науқандарының басталуымен Ақмола облысы көлемінде саяси партиялар өздерінің үгіт жұмысын белсенді жүргізе бастады. Олар листовкаларды көбейтіп және таратып қана қойған жоқ, өлкеден тыс жерлерде шыққан прокламациялар мен брошюраларды да кеңінен қолданды. Революциялық социал-демократтар большевиктердің Дума жөніндегі тактикасын насихаттау мақсатында сайлау қарсаңындағы жиналыстарды, оппозициялық партиялардың ұйымдастырған бас қосуларын кеңінен пайдаланды. 1907 жылы 13-қаңтарда Омбы қаласында алғаш сайлау алдындағы жиналысқа басқа партия өкілдерімен большевиктер қатысып, олар кадет шешендерінің Думадағы көзқарастарын сынап, жиналғандарды өздерін қолдап соған дауыс беруге шақырды.

        Кадеттер мен эсерлер ІІ-ші Дума сайлау науқанына бірдей қатынасып, әр партиядан екіден үміткер ұсынды. Ақмола әскери губернаторының хабарлағанындай «олар сайлау жиналыстарында сайлаушыларды өз үміткер лерін қолдауға үндеп, кең көлемде үгіт жүргізді». Губернатор дерегіне сүйенсек, «бұл блоктардың салмақты қарсыласы жұмысша социал-демокра тиялық партия өздігінше үміткерлер ұсынып, жасырын іс-әрекетке көшті»[29,167-б].Осының нәтижесінде Омбы қаласынан сайланған депутат

тың төртеуі де социал-демократиялық партияның өкілдері еді. Олардың екеуі – теміржол жұмысшысы, бірі – қызметкер, екіншісі – дәрігер еді.

        Ал Петропавловскіде кадеттердің ықпал күші басым түсті. Дегенмен социал-демократтар қала халқының басым бөлігінің қолдауына сүйеніп, өздерінің өкілдерін сайлауға мүмкіндік алды. Біреуі кадеттер партиясының өкілі болды. Осылайша, ІІ-ші Мемлекеттік Думаға сайлау науқаны барысында Ақмола облысының 9 қалалық сайланушыларының 5-і социал-демократиялық партияның өкілі болды. Ал қалған 11 шаруа таңдаушылары Ақмола Әскери-губернаторының берген мінездемесі бойынша партияда жоқ деген атпен шыққан «қатардағы шаруалар» еді.

        Сайлау кезінде облыс көлемінде жергілікті әкімшілік тарапынан демократияға қарсы іс-әрекеттер айқын көрінді. Мысалы, «1907 жылы 10-ақпанда таңдаушылар бөлмесі тінтіліп, социал-демократиялық партияның мүшесі Иваницкийдің нақақтан нақақ әдейі сайлау құқынан айыру мақсатында жүргізілді»[29,166-б],– деп жазды жергілікті баспасөз. Сондай-ақ, Омбы қаласы бойынша сайлау тізіміне көп жылдардан бері тұрмайтындармен қатар кәмелетке толмағандарды да кіргізді.

        Қазақ даласының басқа облыстарында да сайлау қарсаңында түрлі саяси топтар арасында күрес болды. І-ші Мемлекеттік Думаға қарағанда бұл кезде конституциялық-демократиялық партияның жалпы халыққа беделі бәсеңсіп қалған еді. Оған үкімет тарапынан сайлау қарсаңында кадеттерге жиналыстар өткізуіне тиым салынуының да әсері бар еді.

        Торғай облысы бойынша ІІ-ші Мемлекеттік Думаның сайлауы қарсаңында социал-демократтар ман еңбекшілер және эсерлер бірікті.  Қостанай бойынша 10 таңдаушының 9-ы солшыл партия өкілі болса, 1-уі қай партияға кіретіні жөнінде ешнәрсе айтпаған.

        Кадеттер сайлаушылардың өздеріне назарын аудару мақсатында көп жұмыстар жасады. Бірақ І-ші Мемлекеттік Дума тарапынан шешімін таба алмаған жер мәселесі, соған байланысты орын алған сенімсіздіктер оларды шаруа таңдаушыларының көпшілігінен айырды. Ол туралы «Оренбургский край»: «относительно земельного вопроса принято евангельское учение, по которому земля богово, а собственность на нее грех»[8,54-б]- деп жазды. Сондай-ақ, оған оппазициялық партиялардың үгіт жұмыстары да әсер етті.

        1907 жылдың 14-қаңтарындағы сайлау қорытындысы бойынша ақтөбелік таңдаушылардың көпшілігі слесарь болып істейтін П.Зайцевке және майда саудамен айналысатын Н. Морозовқа дауыстарын берді. Соңғысы Ақтөбе қаласының татарлар тұратын бөлігінен ұсынылған болатын. Бұл таңдаушылардың тікелей қай партияның қатарына жататыны жөнінде нақты деректер жоқ. Торғай губернаторының Ішкі істер министрлігіне берген хабары бойынша ақтөбелік осы екі таңдаушының екеуі де еш партияға кірмейтіндер деп шамалауға негіз бар.

        Торғай мен Ырғызда да таңдаушыларды сайлау осы жоғарыдағыдай жағдайда қайталанды. Онда да таңдаушы болып майда саудамен айналыса тын адам және көпес өтті. Олар да ешбір партияның қатарына енбеді. Осындай қорытындылар мүмкіндігін сайлау заңымен танысқан адам алдын-ала айта алар еді. Торғай қаласы бойынша сайланған 92 сайлаушының 47-сі негізінен мүліктік цензісіне қарай тізімге ілінсе, 15-і кәсіпкерлік және саудагерлік куәлігіне қарай, 18-і істеп отырған қызметіне орай болса, тек 12-і пәтерлік ценз негізінде тізімге ілінген.

        Таңдаушылар құрамы негізінен халықтың дәулетті тобын қамтыған дықтан, көптеген жағдайда сайлаудағы таңдаушылардың құрамын алдын-ала белгіледі. Сайлау қорытындысына жергілікті әкімшілік зор ықпал еткені байқалады. Мысалы, Торғай қаласының тұрғындары арыздарын да:«сайлау өтетін күн алдын ала хабарланбады, сайлаушылар тізімі таңдаушыларды сайлауға екі күн қалғанда ғана жарияланды – деп заңды тәртіптің бұзылғандығынан хабардар етеді»[19, 205-б]. Осы қаланың тұрғындарының тағы да бір арыз-шағымында мынаны көрсеткен. Жергілікті әкімшілік «сенаттық түсіндірмелерді» орындау барысында, кейбір адамдарды сайлауға қатыстырудан шектеткен. «Если толковать закон о выборах так, как толкует его господин уездный начальник, он получится искусственно устроенным и лишающим права участия в выборах всех должностных лиц… В настоящем году я лишен права участия в выборах, как проживающий в г. Тургае менее года, но кто поручится за то, что к будущим выборам не буду переведен начальством в другой город? Таким образом, я не буду иметь права участия в выборах в Государственную Думу всю жизнь»[17, 139-б]. Ақтөбе қаласында жергілікті әкімшілікте орын алған жүгенсіздіктерді көптеп келтіре беруге болады. Соған төмендегідей мысал куә: «мещан старостасының писарі Ябловский қолында алдын-ала дайындалған таңдаушы үміткердің аттары жазылған сайлау жазбасы бар күйі ұзақ уақыт бойы бөлмеде қалып қойған»[17, 145-б]. Сайлау қала әкімшілігінің қалағанындай қорытынды бермеді. Торғай облысы мен қаласындағы жалпы сайлау қорытындысы төмендегідей болды: 14 қалалық таңдаушының 9-ы солшыл партияның өкілі болса, 5-уі партияда жоқтар.

        Ауылдық жерлерде сайлау компаниясы қалай болды? Өкініштісі, біздің қолымызда Торғай облысы ауылдық жерлеріндегі үгіт-насихат жүргізген қандай да бір партиялар жөнінде құжаттар мен фактілер кездеспеді. Дегенмен де төмендегі құжатқа сүйенуге болады. Қостанай үйезінің бастығы Торғай облысы әскери-губернаторына жазған өтініштерінде былай деп хабарлайды: «өткен Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде Торғай облысының атынан солшылдар жағынан И.Голованов сайланды»[32, 170-б].

        Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Ырғыз үйездеріндегі сайлау шаруа таңдаушы лары қорытындысы бойынша 51 өкілдің 41-і ауылдық жердің шаруалары, 2-і ауылдық писарьлар, 1-уі отставкаға шыққан чиновник, 1-болыс старшыны, 1-майда саудагерлер, т.б. болды.

        1907 жылы 12-ақпанда Қостанай қаласында ІІ-ші Мемлекеттік Думаға орыстар тұратын жерлердің атынан бір үміткер сайлау жөнінде облыстық таңдаушылар жиналысы ашылды. Облыс бойынша 65 таңдаушының жиналысқа 63-адамы келіп, олар 5 үміткер қойды. Күрес өткір, әрі ымыраға келместен 3 күнге созылды. Ақырында солшыл блоктың өкілі большевик И.Ф.Голованов жеңіске жетті. Жетісу облысында сайлаушылардың тізімін құру басқа облыстармен бір мезгілде басталды. «Сенаттық түсіндірмелер» барлық жерлердегідей демократиялық көңіл-күйдегі халық өкілдерінің тобын қамтыды. Осыған орай қала және ауыл тұрғындарының сайлау тізімінен негізсіз шығып қалғандығы жөнінде арыз-шағымдар көбейіп кетті. Осындай өтініштерге жергілікті әкімшілік орындары көбіне: «Арыз-шағымның мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қанағаттандырылмаған күйінде қалдырылсын»[25, 29-б] – деп жауап берген. Егерде осындай жолмен өздеріне пайдасыз адамдардың сайлау құқынан айыру жөнге келмесе, енді сайлау ісінде ерікті шағым жазу жолына түсті.

        Верный қаласының сайлау тізімінен 200-ден астам дүнгендер, қазақтар мен ұйғырлар шығып қалды. Олардың бәрі мещандық қоғамға жазылды да цензі бойынша өтіп, сол қаладағы ғана сайлау құқына ие бола алады делінген.

        Егерде Верный қаласындағы сайлаушылардың санын Қазақ даласының басқа қалалары, үйездерімен салыстырғанда, І-ші Мемлекеттік Думаға қарағанда ІІ-ші Мемлекеттік Думада олардың саны кеміген жоқ. Жетісу облысының басқа қалаларында да ісі жақсы болған жоқ. «Сенаттық түсіндірмелер» Лепсі қаласының сайлаушыларының құрамын төмендегідей етіп көрсетті.

        Лепсі қаласы бойынша 664 сайлаушының 513-і тізімге мүлік цензі негізінде алынса, 62-і кәсіптік және сауда куәліктеріне, 16-ы кәсіптік салық төлеуіне, 28-і атқарып отырған қызметі мен жоғары жалақысына орай, ал қалған 41-і – бөлме цензі бойынша тізімге ілінді. Келтірілген көрсеткіш терден байқайтынымыз, сайлаушылар контингенті жоғарғы тап өкілдерінің басымдылығын көрсетеді.

        Қапал қаласында да шамамен осындай жағдай болды. Бұл жерде татарлар көптеу тұратын жерлер атынан таңдаушы болып молда өткен[3]. Қапалда да сайлау тәртібін жергілікті әкімшілік араласып бұзды. Оны тіпті сайлау комиссиясының төрағасы анық айтуға мәжбүр болды. «Қапал қаласындағы сайлау барысында құпиялылық принципті бұзған еді»[5, 46-б] – деді.

        Жетісу облысы үйездерінде әкімшілік органдары шаруаларды арнайы «таңдаушылар мен уәкілдікке жақсы адамдар сайлануы керек» деп ескертті. Әрине, «жақсы адамдар» деп жергілікті әкімшілік өздеріне сенімді адамдарды айтқаны белгілі. Уәкілдер мен таңдаушыларды сайлау ауыл әкімшілігі тарапынан қысымшылықпен өтті, сайлау алдында жиналыс өткізуге рұқсат берілмеді.

        1907 жылғы 3-сәуірдегі Жетісу облысындағы болған сайлаушылар съезінде солшыл блоктың өкілі М.Гаврилов жеңді. Оның үміткерлігін жергілікті социал-демократтар қолдады.

        Жетісу облысында болған сайлау науқанының қорытындысы бойынша бұл жердегі күрес қазақ даласының солтүстік аудандарындағы жағдайынан едәуір ерекшелеу болды. Солтүстік облыстардағыдай социал-демократтар ұйымшылдығы, саны жағынан көп болмады. Облыс көлемінде олардың үлкен рөл атқармағаны көрініп тұрды.

        Семей облысы ІІ-ші Мемлекеттік Думаға сайлау барысында социал-демократтар «солшыл блок» тактикасын пайдалана алмағаны белгілі. Өйткені, жергілікті әкімшілік сол уақытта беделі бар белгілі РСДРП мүшелерін қудалап, қамауға да алған еді. Сонымен бірге әкімшілік социал-демократтарға сайлау алдындағы науқанға ашық қатынасуға тиым салды. «17-қазанда Одақтың «солшыл» барлық партияларды үкімет революциялық деп хабарлап, бұл партияларға бағдарламаларын насихаттауға тиым салынсын»[32,171-б] – деп жазды. Ал кадеттер партиясы жөнінде «Правитель ство отлично понимает, что кадет столь же революционны, как и октябристы, оно хорошо знает… и видит, с каким усердием кадеты стараются отмеже ваться от действительно революционных партий»[12, 208-б]. 15,19,21 қаңтарында 1907 жылы кадеттер Семей қаласының Халықтар үйінде сайлау қарсаңындағы жиналысын өткізіп, онда бұқараны өздеріне тартуға ұмтылды. Дегенмен бұл кезде кадеттердің беделі төмендей бастаған тұс еді. Ол туралы: «Пока можно считать опередившимся только то, что местная кадетская группа признала себя, совершенно бессильной и отказалось от всякой самостоятельной деятельности»[12, 209-б].

        Ал Өскеменде сайлау қарсаңындағы негізгі күрес кадет партиясын жақтаушылар мен жергілікті саудагерлер тобының консервативтік партия сының арасында болды. Облыстық газет ескертпесінде: «консервативтік партия атынан көзделген таңдаушылар… көпшіліктің сенімін ақтауы мүмкін емес еді»[9, 171-б] – деп жазды.

        Семей облыстық әскери губернаторы бойынша 6-таңдаушының барлығы да «Народная свобода» партиясының өкілдері болды.

        Павлодар таңдаушыларының арасында шарап дүкенінің меңгерушісі, мал дәрігері және көпес болды. Олар конституциялық – демократиялық партияны қолдаушылар болатын. Семей облысының басқа қалаларының таңдаушылар құрамы төмендегідей болды: Көкпектіден молда, Зайсаннан екі майда саудагер, Қарқаралыдан – саудагер және отставкаға шыққан штабс-капитан сайланды. Семей әскери-губернаторының мәліметі бойынша көкпектілік таңдаушы ешбір партияда жоқ, Зайсаннан сайланғандар солшылдар, ал Қарқаралыдан конституциялық-демократиялық партияны жақтаушы және ешбір партияда жоқтар өтті. Жергілікті әкімшіліктің араласуымен таңдаушылар құрамы осындай болды. Мысалы, Қарқаралыда сайлау таңдаушылардың жалпы тізімі жариялағанша белгіленген уақыттан бұрын болды. Сайлау тізіміне енбей қалған туралы арызды Өскемен тұрғындары жазған. Нәтижесінде, демократиялық ниеттегі көптеген сайлаушылар бұл сайлауға өз ықпалдарын тигізе алмады.

        Кадеттер болса І-ші Мемлекеттік Дума кезіндегі шығарған үн парақтарын осы ІІ-ші Мемлекеттік Дума кезінде шаруалар мен казактар тұратын жерлерге көптеп таратты. Бұл жөнінде Өскемен үйезінің бастығы Семей әскери губернаторына жазған хабарламасында, «народная свобода партиясы» «нені қажет етеді?», «17-қазандағы Манифест туралы», «Шаруалар қажеттілігі туралы» деген тақырыптардағы үнпарақтардың станица басқармасы үйінің қабырғасына шегеленгенін казак станицасының атаманы Батиннің тапқаны жайында айтады[12,211-б]. Бұл саяси үндеулерде кадеттер патшалық үкіметтің салық саясатын сынады. Мемлекеттік Думаның болашақ атқаратын қызметімен таныстырып, шаруаларды деревняларда конституциялық – демократиялық партияның филиалын құруға шақырды. Олар сөздерінің соңында: «Мемлекеттік думаға өкілдер таңдау жөнінде сайлау басталғанда «Народная свобода» партиясы таңдаушысына бір ауыздан дауыс берейік!» — деп аяқтады.

        Кадет партиясы келесі бір үнпарағында өлкедегі аграрлық мәселені кең түрде шешумен қатар жалпыға бірдей тең және ашық әрі құпия сайлау құқына күресетіндерін айтты. Бірақ кадеттер осындай қорытындыны қалағанымен орындай алмады. Сол кездегі жергілікті газет «Дума сайлауына шаруалар сенбеушілікпен қарады»[29, 182] – деп жазған болатын.

        40 таңдаушының сеніміне ие болған социал-демократтар, меньшевик Н.Я.Коншин Семей облысының депутаты болып сайланды.

 

 

2.2   ІІ-ші Мемлекеттік Думаның Дала өлкелеріндегі қазақтар қауымына әсері

 

        ІІ-ші Мемлекеттік Думаның Дала өлкелеріндегі қазақтар қауымына қандай әсері болды? Енді соған тоқталайық. Патшалық үкімет сайлаушылар құрамы қатарына патша әкімшілігінің сенімін ақтамайтындарды енгізгісі келмеді.

        1906 жылы 9-шілде күні құрамында кадеттер, трудовиктер, меньшевик тер бар І-ші Мемлекеттік Думадағы оппозицияның 182 өкілі Финляндияның Выборг қаласында жиналған болатын. Олар онда манифест даярлап, өздерінің қолдарын қойды. Манифест «Жаңа халық өкілдері жиналысын шақырғанға» дейін салық төлеуден бас тартуға ұйғарған еді. Сол манифестке Әлихан Бөкейханда қол қойған болатын. Осыған орай, 1906 жылғы 23-желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің келісімімен әділет министрі Дала генерал-губернаторына арнайы жарлық берді. Онда Дала генерал-губерна торы тез арада Омбы қаласының сайлаушылар тізімінен Әлихан Бөкейханды шығаруды, өйткені ол «Выборг үндеуіне» қол қоюына байланысты сотқа жауапқа тартылады [16, 89-б] – деп айтылды. Жоғарыдағы әкімшіліктің бұйрығын сөзге келместен орындаған Омбы округтік соты былай деп хабарлады: «Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейхан… сайлаушы лар тізімінен шығарылды» [16, 92-б]. Әрі қарай Ә.Бөкейхан өзінің айтуын «өз үміткерлігін Семей облысы қазақтары атынан тоқтатқан»[10, 113-б]. 1907 жылы 1-қаңтарда Ішкі істер министрлігінің көмекшісі Крыжановский Ә.Бөкейханды «Омбы қаласының сайлаушылар тізімінен, Қарқаралы үйезі қазақтарының таңдаушылары қатарынан шығарылсын… оның сайлануы дұрыс емес деп табылсын…»[10,  114-б] – деп талап етті.

        Патшалық үкімет тек «Выборг үндеуіне» қол қойған адамдарға ғана емес, өкіметке күмән келтіргендерге де осындай жағдайлар жасады. Мысалы, Дала генерал-губернаторының тікелей талап қоюымен, қарқаралылық таңдаушылардың құрамынан Ә.Бөкейханды және адвокат Ж.Ақбайұлын шығарып тастады.

        Мемлекеттік Думаға сайланатын адамның орыс тілін білуі міндетті екендігі ІІ-ші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде де сақталды. Іс жүзінде бұл жағдай алғашқы сайлау науқандары барысында таңдаушылардың тізімін құру кезінде-ақ есепке алынды. Осы талапты орындай отырып, жергілікті үкіметтің Мемлекеттік Дума сайлауының Лепсі үйездік комиссиясы өздерінің қаулыларына былай деп жазуға мәжбүр болған: «Алакөл болысының шешімінен көрінгендей, М.Тынайбек орыс тілін білмейді. Ереженің 141-бабында көрсетілгендей орыс тілін тек қана Мемлекеттік Дума мүшелерінің білуі міндетті екендігі, ал Жетісу облыстық комиссиясы осы жылдың 27-қаңтарындағы шешімімен Ереженің 141-бабына кеңейтілген түрде, таңдаушылардың бәрінен орыс тілін білуді талап еткен. Үйездік комиссия, облыстық комиссияның шешімімен келіспесе де санасуы қажет… егер осы шешім қабылданса, соңғысы өзгертіліп, жойылады»[8, 115-б]. Мәселе Лепсі үйезінің болжамындай болып шешілді. Облыстық сайлау комиссиясының талап етуімен М.Тынайбектің кандидатурасы қабылданбады.

        Осындай шектеулер Жетісу облысының кейбір болыстық басшыларын былайша мәлімдеуге мәжбүр етті, «маған сеніп тапсырылған болыстықта таңдаушы ретінде сайлау үшін орыс тілін білетін адамдар жоқ…»[32, 117-б]. Орыс тілін білмеушілік сайлау науқанының жеңе алмайтын тосқауылы болды. Болыстық писарьлар сайлау науқаны тұсында шешімдер мен протоколдарды кешіктіріп отырды. Өйткені, писарьдан басқа бірде-бір таңдаушы орыс тілін білмейтіндіктен, шешімдер мен протоколдарды олардың араласуынсыз толтыру мүмкін емес еді.

        Осылайша сайлау науқаны барысында орыс тілін білмейтін болыс елдің тұрғындары толықтай дерлік сайлауға қатыса алмады.

        Құжаттар куәлік бергендей ауыл старшындары, болыс бастықтары, дін жолындағы адамдар сайлаушылардың прогрессивті ойлайтын бөлігіне қысым көрсетіп отырған. Бұл жағдай Семей облысы, Зайсан үйезінде орын алған. Оны Торғай облысынан да байқауға болады. Мысалы, Торғай үйезінің Жүзалақ болысында кейбір таңдаушыларды сайлауға болыс бастығы жібермеді, себебі ол өзінің үміткерін өткізуді қалады, өзіне ұнамағанын сайлауға жібермеу арқылы таңдаушылардың санын шектеді. Бірақ сайлау барысында тек сайлаушыларға қысым көрсетумен ғана шектелген жоқ, пара беру, сатып алу,  т.б. келеңсіз жағдайлар да орын алды. Өз жұмысын 1907 жылдың 20-ақпанында бастаған ІІ-ші Мемлекеттік Думаға қазақтар арасынан депутат сайлау қорытындысы төмендегідей болды.

        Ақмола облысынан – Ш.Қосшығұлұлы, Торғай облысынан – сот қызметкері Ахмет Бірімжан, Семей облысынан – Т.Нұрекен, Жетісу облысынан – инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сырдария облысынан – көпес Т.Алдабергенұлы, Орал облысынан – заңгер Б.Қаратай сайланды. Қазақтардан сайланған депутаттар Ш.Қосшығұлұлы, Т.Нұрекен, Т.Алдабергенұлы, Б.Құлман, А.Бірімжан және Б.Қаратай мұсылман депутаттар бөлімін, ал М.Тынышбайұлы кадет фракциясын қолдады.

        Осылайша қазақ елі империялық түрде кемсітушіліктер мен құқықтары ьның аяқ асты болуымен күресе жүріп, Ресейдің ІІ-ші Мемлекеттік Думасына өздерінің аттарынан уәкілдерін жіберді. Қазақ даласына әсерін тигізгенімен социал-демократтар, кадеттер партиялары қазақ шаруаларының саяси санасын біржолата өзгертіп жібере алмады. Дегенмен де қазақ даласы демократияның шарпуымен саяси сахнаға шыққан болатын. Бұл бірінші орыс революциясымен бірге жалпыхалықтық саяси сауатына ықпал еткен кезең еді.

 

 

2.3 ІІ-ші Мемлекеттік Думаның күн тәртібінде қойылған мәселелердің І-ші Мемлекеттік Думадан айырмашылығы

 

        Ал енді ІІ-ші Мемлекеттік Дума құрамы күн тәртібіне қойған мәселелерді талқылау жағынан І-ші Мемлекеттік Думадан қандай айырмасы болды?

        ІІ-ші Мемлекеттік Дума І-ші Мемлекеттік Думаға қарағанда солшылдау болып шықты. Оған 100-ден астам социалист-демократтар, (37 эсер, 66 социал-демократ, оның 2/3 меньшевиктер), 100 шамалы трудовик, 100 кадет, 80 депутат ұлттық аймақтардан, 19 октябрист, 33 монархист сайланды[5, 231-б]  І-ші Думадағыдан гөрі ІІ-ші Думада пікір тартысын аграрлық және қоныс аудару мәселесі туғызды. ІІ-ші Думаның екінші сессиясы Сібір және аз ұлттардың шаруа депуттарының ынтасымен Сібірдегі жерге орналастыру ісі бойынша Бас Басқарушыға депуттаттық сұрау тапсырып, онда қоныстандыру процесі жүріп жатқан аудандарда «байырғы тұрғындардың құқығы мен мүддесі» ескерусіз қалғандығы айтылып, үкіметтің даярлықсыз жүргізіліп отырған қоныс аудару саясатын кең насихаттауы айыпталды.[5, 235-б] Депуттаттық сұрауға берген жауабында Бас Басқарушысы тағылған айыпты мойындаудан бас тартып: «Орыс адамдарының шығысқа қарай табиғи қоныс аударуын заставалар, баррикадалар, шлагбаумдар құрып, күш қолдану арқылы ғана бәсеңдетуге немесе тыйым салуға болады»[5,236-б] – деп мәлімдеді.

        1907 жылы 16-мамырда депутаттық сұрауға орай жарыссөзде Орал облысынан барған заңгер депутат Б.Қаратай сөйледі. Сөзін қазақ халқының жер мәселесіне арнады. Бұл жергілікті халықтың атынан патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын әшкерелеген сөз еді.

        Үкімет «Ресей ішіндегі алпауыттар мүддесін, яғни 130000 алпауыттың мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып әперіп отыр. Әрі үкіметтің бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы державалық, шовинистік негізде жүргізіліп отыр. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығуымен айналысып отыр» [5, 238-б]. Б.Қаратай орыс халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.

        Сонымен бірге, қазақ даласынан барған басқа депуттармен қатар қазақ ұлтының ұлдары да Мемлекеттік Думада құрылған комиссиялар құрамына енді. Ахмет Бірімжан — әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясы, Бақытжан Қаратай – хат-хабарларды реттеу комиссиясы, тілек комиссиясы, ар-ұждан бостандығы комиссиясы, аграрлық комиссия, Мұхамеджан Тынышбайұлы аграрлық комиссия.

        Солшыл депутаттардың үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынау мінбесіне айналған Дума патша мен оынң төңірегіндегілерге ұнай қоймағаны түсінікті. Үкімет ІІ-ші Мемлекеттік Думаны 1907 жылғы 3-маусым күні шығарған заңымен таратып жіберді.

        Қазақ депутаттары қатынасқан бірінші және екінші Ресей Мемлекеттік Думалары қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заңдар қабылданған жоқ. Қазақ даласының болашағын ойлайтын ұлт зиялыларының саяси күрестері осымен шектеліп қалған жоқ. Әрі қазақ зиялылары үшін Дума жұмысына және оған қатысты саяси шарларға қатынасу ізсіз өтпеді. Ең бірінші империя жағдайында Дума сияқты «өкілетті» органның ең алдымен орыс алпауыттарының мүддесіне, имприялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздері жетті. Екіншіден, қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың белсенді, мақсатты қимялы және саяси тұтастығы керектігін түсінді. Енді, олардың алдында жауапкершілігімен ерекшеленетін үлкен күрестер күтіп тұр еді.

 

 

2.4  Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және жер-су мәселесі

 

        ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде аграрлық мәселе маңызды орын алды. Оның нақты шешімін таппауы Ресейдегі халықтардың үнемі наразылығын тудырып отырды. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы және 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің басты себептерінің бірі де аграрлық мәселеге тіреледі.

        Бұл ретте Мемлекеттік Думаның да Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесімен айналысқанын айта кетуіміз керек. Депутат қазақтар және көзқарасы жағынан жақын тұрған аграршы-депутаттардың Думадағы бұл мәселеге байланысты қызметі тереңірек зерттеуді қажет етеді. Мысалы, ІІ-ші Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде депутат Б.Қаратай қолданған мәселені тікесінен қояды. Ол «Қырғыз-қайсақ халқы атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ. Біздің мемлекетіміз шиеленіскен аграрлық мәселені шаруалар ды дала облыстарына, дәлірек айтсақ: Орал, Торғай, Ақмола, Семйе және Жетісуға қоныс аудару арқылы шешпекші болады» [24, 115-б] – деп сөзін бастады. Әрі қарай патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты нәтижесінде сол кездегі Қазақстанның солтүстік аудандарындағы туындай бастаған геосаяси ахуалды жан-жақты талдады. Онда ол «қоныс аударуда Орта Азиялық облыстар ішінде қоныс аударатын бос жер бар ма, жоқ па ол туралы жергілікті халықпен келісілмеген табиғи, шаруашылық, статистикалық, топырақ және ауа-райы тұрғысынан зерттелмегенін «ашып айтты» — Оны зорлық жасау деп есептеу керек» — деді[24, 118-б]

        Қазақстан Отар ел ретінде ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірімен тығыз байланысты болды. Әкімшілік-аумақты ереже, 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар Қазақстанның отар ел ретіндегі метрополиядағы рөлін нығайта түсуге бағытталды. Империяның саяси үстемдігі нәтиже сінде бүгінгі Қазақстан алып отырған сол кездегі барлық аумақтарда жерді иелену мен жерді пайдалануды реттеудің қажеттігі мейлінше айқын да өткір қойылды.

        1886-1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелері жөніндегі рефор малар бойынша Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы жойы лып, оның орнына орталығы Омбы қаласы болып табылатын Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары енді. Осылардың ішінен Жетісу облысы 1897       жылы Түркістан генерал-губернаторлығының қарамағына берілді.

        Дүркін-дүркін жүргізіліп отырған әкімшілік-аумақтық бөліністер Қазақ станның орталық жағдайын орнықтыра түсті, бұлар тікелей жергілікті халықтың дәстүрлі әлеуметтік-шаруашылық және саяси құрылысының іргесін ірітуге бағытталды.

        Реформа барысындағы жер-құқықтық нормалар ең алдымен отарлаушы халықты артықшылыққа ие ететін құқықтар беру арқылы қазақтар шеттегі қолдануға жарамсыз, шұрайсыз жерлерге ығыстыру бағыты ұсталды. 1867-1868 жылдардағы реформа жер қазына меншігі деп жариялап, қазақтарға жерді пайдалану құқығын ғана берді. Мұның өзі оларды бұл жерлерден шеттетуге заңды негіз жасады. «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша ереженің» 210-бабында айтылға нындай, қазақ көшпенділері иеленіп отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және олардың қоғамдық пайдалануына уақытша берілетін болды.

        Жетісу және Сырдария облыстары үшін де осындай құқықтық нормалар жасалды. Жер дауларын шешу, көші-қон, шабындық орнын анықтау және т.б. мәселелерді кезінде генерал-губернатордың жеке өзі бақылап, билігін айтып отырды. Осы уақытта Ресейдің орталық аудандарындағы шаруалар арасында құнарлы қазақ жерлері және оны игеру қоныс аудару қажеттігі туралы кеңінен өрістеген үгіт-насихат жұмысы нәтижесінде көптеген шаруа отбасылары, тұтас қауымдар өз бетімен көшіп келіп, Қазақстанды қоныстана бастады. Шаруалардың орталық губерниялардан Қазақстанға жаппай қоныс аударуы өлкеге көшіп келушілердің заңды мәртебесін айқындау себептерінің бірі болды. 1868 жылы Жетісу генерал-губернаторы Г.А.Колпаковский алғаш рет қазақ халқын жермен қамтамасыз етудің нормативтерін сақтай отырып, көшіп келушілер мәртебесін заңдастыруға тырысты. «Жетісудағы көшіп келген шаруалар туралы «Уақытша ереже» жасалып, ол 1883 жылға дейін қолданылып келді. Қазақстанның барлық аумағы бойынша өз бетімен көшіп келушілердің толассыз тасқыны патша үкіметіне қысқа мерзімде оларға жер бекітіп берудің тәртібін айқындауға мүмкіндік берді. Сөйтіп 1889 жылы «Селолық тоғышарлар мен мещандардың бұрын қоныстанған қауымдар адамдарына белгіленген қазыналық жерлерге қосып алу тәртібімен ерікті қоныс аударуы туралы»ереже бекітілді. Ереже бойынша. «Қоныс аударуға тілек білдірген адамдарды орналастыру үшін Мемлекеттік мүлік министрлігіне Еуропалық Ресейдегі, Тоболь және Том губернияларындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы қазыналық жерлерден ауыл шаруашылық жағдайына қарай оның иеленушілеріне нұқсан келтірмейтіндей және бос болуы мүмкін деп танылатын ерекше учаскелер құруға құқық берілді»[32, 183-б]. Сөйтіп, үкімет ресми түрде оларға қазақ халқының жерін басып алуағ мүмкіндік берді, өйткені бұл кезде қазақтардың жерді иеленуге емес, оны пайдалануға ғана құқығы болды.

        Патша өкіметі орталық аудандардан шаруаларды қазақстанға көшіріп, империяның шығысына жаппай қоныстандырудан, салықтық жеңілдік беруден және банкі арқылы шаруалардың қосымша жер үлесін алуын қамтамасыз еткен аграрлық реформасы жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болғандығын айту қажет. Алайда, жерді қауымдасып пайдалану жүйесі тұтастай алғанда империядағы аграрлық қатынастарды реформалауға мүмкіндік бермеді. Оның жолы шаруаларды жаппай көшіріп, жаңа жерлерге қоныстандару арқылы табылды, сөйтіп, Қазақстанға көшіп келгендерді орналастыру үшін нақты учаскелерді анықтау жөніндегі жұмыстар басталды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңғы кезінен бастап негізгі міндеті орталық аудандардан қоныс аударушылар үшін қазақтардың жерлерін тартып алу болып табылатын органдар мен ұйымдар құрылды. Тұтас алғанда, 1917 жылдың қарсаңында қазақтардың пайдалануынан Дала өлкесі, Бөкей ордасы және Маңғыстау приставтығы бойынша қазақтардан 40 млн. Десятина жер алынды: казак әскерлеріне (Орал, Сібір, Орынбор)18,1 млн. десятина, қоныс аударушылар учаскелер үшін – 16 млн. десятина, орман саяжайлары, қазыналық-оброктық мақсаттар, помещиктер имениелер, монастырлық т.б. учаскелер үшін – 5,9 млн. десятина, қалалар мен темір жолдарды оқшаулау алаңқайлары үшін – 0,42 млн. десятина жер алынды. Жетісуда 4 млн. десятинадан астам жер: оның ішінде казак жерлері мен қалалар үшін – 0,7, күзетші селолар үшін – 0,2, қоныс аудару учаскелерінің тығыз болғандығы үшін – 0,7, адамдар орналаспаған учаскелер үшін – 0,55, қазыналық-оброктық мақсаттарға 0,47 млн. жер күшпен тартып алынды. 1917 жылға дейін тұтас алғанда Қазақстан бойынша 45 млн. десятина жер тартып алынды. Бұл бүкіл жер қорының 0,25 процентіне жақындады. Бұлар ең құнарлы жерлер еді. Сөйтіп қазақтар шөлейт және жартылай шөлейт, сортаң жерлерге қарай тықсырылды. Жермен бірге барлық су кездері де алынып қойды, мұның өзі сайып келгенде дәстүрлі шаруашылық жүйесін ауыр жағдайға қалдырды.

        ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқы күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы шаруашылық жүргізу тәртібі келмеске кетіп, оның орнына көшпелі, жартылай көшпелі және шаруашылық жүргізудің мал өсіруге бейімделген отырықшылық түрі дами бастады. Әсіресе мұнда экстенсивті жартылай көшпелі мал шаруашылығы кең өріс алды. Мұның басты сипаттары – малды жайылымда және жартылай қорада ұстап бағу, егіншілікпен, шөп шабумен айналысу, қыстыгүні малды бір жерде отырып бағу және қысқы жайылымдардың да болуы еді. Сонымен бірге бірте-бірте тауарлық сипат ала бастаған егіншілік негізі кеңейе түсті. Бұл реттегі егіншілік әрқашанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болып отырды. Осы жағдайдағы ең өткір де, ең күрделі мәселе – жер иелену мен жерді пайдалану мәселесі болды. Шаруашылықты өрістетудің мейлінше эволюциялық нысандарын іске асыруға жердің жаппай күшпен тартып алынуы өлшеусіз нұқсан келтірді. Мұның ақыры кейде баяу, кейде белсенді түрде етек алған аграрлық толқуларға соқтырып отырды.

        Отар ретінде Қазақстан бұл кезде империяның бастырмалатқан ресми идеологиясының әсеріне душар болды. Мұнда жаппай орыстандыру саясаты жүргізілді. Соған байланысты шаруашылық пен әлеуметтік уклад нысандары өзгеріске түскен қазақ халқы рухани бастауларын өздері білдірудің жолдарын табуға ұмтылды. Мұның өзі империяның мәдени орталықтарында байсалды білім алу, білім беру саласында беріле жұмыс істеу, Ресей баспасөзінің беттерінде ғылыми және публистикалық шығармалар бастырып шығару мен жариялау, өлкетану жұмыстарына араласу, жалпыресейлік саяси қозғалыстарға қатысу және т.б. арқылы жүзеге асты. Ресей зиялыларының санаткерлік мүдделері аясына тартыла түсті. Еуропалық білім алған және саны жағынан өте-мөте аз қазақ зиялылары негізінен әкімшілік мекемелерінде, халыққа білім берудің төменгі салаларында жұмыс істеп, екінші дәрежелі лауазымдармен әртүрлі ведомстваларда қызмет етті. Мұның өзі «бұратана» халықтар, оның ішінде санаткерлік еңбек саласында әртүрлі қысымға ұшырап жатқан да, сол тұстағы жағдайға тән сипаттар еді. Сөйтіп қоғамның дәл осы әлеуметтік тобы қазақ халқының саяси көзқарастарын жеткізуші және оның жаршысы болды. Бұл кезеңде олар еуропалық саяси ойды енді ғана қабылдай бастаған болатын. Олардың сан жағынан аздығы мен тәжірибесіздігі ХХ ғасыр басында өздерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік бермеді, бұл тек Қазан төңкерісі қарсаңында жүзеге асты. Бірінші шақырылған Мемлекеттік Думада қазақтар шағын ғана топ болды және олар империяның 1-парламентінің жұмысында қазақ халқының мүддесін қорғауға ұмтылғанымен, сол кездегі саяси жағдай оларды ондай мүмкіндіктен айырған еді. Бұл кезеңдегі қазақ халқының мүддесін білдірушілер қатарында негізінен Қазақстанмен көршілес қоныстанған аудандардың кейбір депутаттары, сондай-ақ Қазақстанда тұратын орыс халқының жекелеген өкілдері де кездесті. Олар туралы әлі де әңгіме болады.

        Зерттеу әдебиеттерде кеңестік кезеңге дейінгі Ресейде аграрлық құрылыс көп сатылы болды деген пікір қалыптасқан. Жер пайдалануды жылдам капиталдандыруды жартылай басыбайлылық сипаттағы жер иеленудің сақталғаны туралы ой кең таралып жүр. Бұл екі процесс те ХХ ғасыр басында бірте-бірте дамыды. Мысалы, 1887-1905 жылдары помещиктер 11,7 млн. десятина жерін жоғалтты, ал 1905-1917 жылдардағы революция помещиктер жерлерінің басқа қауымдардың қолына көшуін одан әрі жеделдете түсті. Жалға беру мен ауыл шаруашылықтың ғылыми және экономикалық негізде жүргізілуі жеделдетіліп ол ауыл шаруашылығы өндірісінің тауарлылығын арттырудың негізгі факторы ретінде қойылған кезде жерді пайдалану туралы мәселе айтарлықтай пікір сайыстар туғызды.

        Ресей империясындағы аграрлық қатынасқа көзқарас туралы сол кездегі Ресейдің барлық саяси партиялары мен қозғалыстарының назарында болды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі жалпы саяси өрлеу мен дағдарысты жағдаяттар кейбір тұста көзқарастар мен пікрлерге мүлде ымырасыз қараған әртүрлі күштерді саяси аренаға шығарды. Олар белгілі бір дәрежеде Қазақстанға да ықпалын тигізді. 17-қазанда Манифест пен Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заңның жариялануы қазақ зиялыларының қызметін де жандыра түсті. Нәтижесінде қазақтардан Мемлекеттік Думаға: Торғай облысынан А.Бірімжан, Орал облысынан А.Қалменұлы, Семей облысынан Ә.Бөкейхан, Бөкей ордасынан Б.Құлман[8, 198-б] депутат болып сайланды. Ақмола облысынан сайланған Ш.Қосшығұлұлы орыс тілін білмейтіндігінен оны облыстық комиссия Думаға жібермеді. Бұл, әрине, жергілікті халықтың жай-күйімен санаспай адамзат құқын аяқ асты ететін факторлардың бірі болатын.

        І-ші Мемлекеттік Думада қазақ халқының танымал жетекшісі Ә.Бөкейхан мен заңгер А.Бірімжан белсенділік көрсетті. Бірақ депутат-қазақтар Қазақстандағы күрделі жағдайға байланысты (1906 жылғы ақпанда бүкіл Дала өлкесі бойынша төтенше жағдай жарияланды) уақытында келе алмады. Сайлау мұнда кешігіп өткізілді, ал Жетісу және Сырдария облыстарында ол кейінгі қалдарылды. Думаға А.Қалменұлы мен А.Бірімжан 1906 жылғы шілденің ортасында ғана келді, ал Ә.Бөкейхан Петербургке Думаны таратуға бірнеше күн қалғанда ғана жетті. Соған қарамастан А.Бірімжан аграрлық мәселе жөніндегі ескертпелерін білдіріп, ал Ә.Бөкейхан Выборг үндеуіне қол қойып үлгерді. Қазақ депутаттары өз мүмкіндіктеріне қарай Думаның мұсылман фракциясына қатысты[5, 253-б]. Мұсылман фракциясын дағы басқа депутаттармен бірге олар жер реформасының Қазақстандағы қатысты мәселелерін көтерді. Әлихан Бөкейхан «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында өз ойын былай білдірген: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді»[10, 105-б].

        Ғасыр басында көтерілген осы мәселе бүгінгі таңда да осы маңыздылығын жойған жоқ. Уфа губерниясынан сайланған қазақ С.Жантөре  көп мәселеде қазақ жерінен келген депутаттармен пікірлес, бір көзқараста болды. Оларға Қазақстандағы аграрлық мәселеде қазақ емес депутаттар арасынан бұған Ш.Сыртланов, Т.Седельников, В.Недоносков, Н.Бородин, т.б. белсенді қолдау көрсетті. Бұлардың соңғы екеуі казактар қауымның өкілдері еді.

        Аграрлық жағдайға байланысты қалам тартқан Т.Седельниковтың көзқарасына арнайы тоқталып өтуді жөн көрдік. Т.Седельников өлкедегі аграрлық жағдай жөнінде мейлінше мақсатты да дәйекті пікір білдіруге тырысты. Бұған өзінің жазғанындай, жеті жыл бойы Қазақстандағы аграрлық мәселе жағдайларымен жан-жақты және мұқият таныс болуы мүмкіндік берді. Ол осы еңбегінде белгілі аграршы А.Кауфманның көқарастары мен тұжырымдарын өткір сынға алды. «Қоныс аударушылар учаскесі үшін қазақ жерлерін мүлде заңсыз тартып алуды ұйымдастыруға белсенді қатысқан Ф.А.Щербина мен А.Кауфман сияқты Даланың «білгір», белсенді «зерттеушілері» үшін сол қазақтардың отырықшы егіншілері ретіндегі мұқтаждары мен қажеттіліктеріне тап болған жағдайда мұны «көшпелі тұрмыстың өзіндік жағдайлары» деп мойындауларына бұл мейлінше ыңғайлы да тиімді болды. Әйтпесе оларға баяғыдан-ақ «нағыз орыс иеленушілеріне» тиімді даланы отарлауды тоқтата тұрып, сол қазақтардың өзін жерге орналастырудың күрделі де қиын ісімен шұғылдануына тура келер еді. Сөйтіп, Т.Седельников Қазақстандағы жер иелену мен жер пайдалнудың заңды нормаларын тәртіпке келтіруді басты мәселе етіп қойды, бұл ретте ол объективті табиғи-тарихи жағдайлар әсерімен қалыптасқан нормаларға сүйенді. Т.Седельников Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде және өзінің бұл көзқарасын кейін өз кітабында жинақтап баяндады. Ол: «… құқықтық жағынан біз екі тұлғаның жалпы иеленуінің кәдімгі түріне тап болып отырмыз: бірінші тұлға – бұл тұтастай орыс қол астына қарайтын қазақ халқы, екінші тұлға — мемлекет» деп жазды. Бұдан әрі: Қазына мен қазақтар арасында жерді межелеп бөлу жасалған жоқ, қазақтар жерді кімге болса да бөліп беру құқығынан айрылған және бұл жерлерді жалға берудің өзі шектеуге түскен» деп көрсетті[34,321-б]. Т.Седельников сол дәуірдегі байырғы жергілікті ұлт өкілдерінің мүддесін көздеп, қазақ халқы атынан Қазақстандағы жер қатынастарын қалпына келтіруді талап етті. Алайда үкімет бұған бармады және жоғарыда келтірілген деректер көрсетіп отырғанындай, кейінгі жылдары жерді бөліп беру бұдан да үдей түсіп, жеделдетіле жүргізілді. Қазақ халқының империяның мемлекеттік зәне әкімшілік органдарындағы мүддесінің толық бұрмаланын атап көрсете отырып, Т.Седельников былай деп жазды: «Бұл жүйенің ең басты кемшілігі, дәлірек айтқанда, түбегейлі қателігі – қазақ жерінің нағыз иесі мен билігін жүргізушісі жекелеген ауылдар, болыстар немесе үйездер емес, мемлекеттің сенімі бойынша тұтастай алғандағы бүкіл қазақ халқы болып табылатындығы жөніндегі талассыз фактіні толық бұрмалауы, ал бұл жүйенің ең басты әділетсіздігі – шынында да жері өте көп адамдардан үлесін тартып ала отырып, бұл жүйенің жер жетпейтін немесе тиісті үлесі мүлде жоқ адамдардың ауыр да қиын жағдайын сорақы түрде бұрмалауында»[34, 325-б].

        Т.Седельниковтың бұл ойын башқұрт депутаты Ш.Сыртланов қолдады. Башқұрттар да, қазақтар сияқты көшпелі тұрмыста өмір сүрді және жерді пайдалануында өзара ұқсастықтар өте көп болды. Қазақстандағы сияқты олардың да жері қоныс аударушылар пайдасына қарай бөлініп жатты. Өз сөздерінің бірінде ол: «Дегенмен башқұрт жерлерін жаппай тартып алу басталған кезеңге (яғни, отарлау тәртіптеріне) дейін шыдай тұруға болатын еді. Бұл жағдай 1865 жылы генерал-губернатор Крыжановскийдің кезінде басталды; сөйтіп, бұған дейін бар башқұрт әскерлері таратылып башқұрт жерлерін межелеп бөлу көзделді. Межелеп бөлу кезінде башқұрттар тілегіне кереғар заңдар мен ережелер шығарылды, оның үстіне бұл заңдардың шығарылуына оны жазған және шығарған мекемелер, яғни Мемлекеттік Кеңес пен Село жай-күйінің айрықша комитеті мүшелерінің көпшілігі мүдделі болды. Олардың барлығына да башқұрт жерлерін алып беруге уәде етілді»[34, 328-б]. Сонымен бірге Ш.Сыртланов жерді сату кезінде «таяуда ғана башқұрттардан тартып алынған жерді жеке иеленушілер 120 сомнан сатып жатқанда» башқұрттарға қазына тарапынан барынша айла-шарғы көрсетіліп, десятина жерді жеті сомға сатуға ғана рұқсат етіліп, оларды қудалаушылық байқалып отырғанын өткір сынға алды.

        Қоныс аудару саясатындағы тағы бір жәй – Ресей империясындағы мұсылмандарға барынша қысым көрсетілуі болды. Бұл жайында Ш.Сыртланов:«…Түркістан өлкесінде мұсылмандарға жылжымайтын мүлікті сатып алуға тыйым салынған, ал онда қызметші мұсылмандар өте көп – олардың бір де бірі өзіне үй немесе жер сатып ала алмайды»[32,187-б] деп атап көрсетті.

        І-ші Мемлекеттік Дума таратылғаннан кейін, оның кейбір мүшелері мәжілістерде қаралған мәселелер бойынша өздерінің пікірін білдіретін мақалалар жинағын шығарды. Ол жинақта басқа да депутаттардың көзқарастарын байқауға болады. Мысалы, Г.Гейден (халық бостандығы партиясынан) «жерге құқық – бұл қайыршылықты теңестіру»[32, 189-б] – деп жазса, ал А.А.Кауфман империядағы орыс емес халықтарды жерге орналастыру туралы өз пікірін былайша білдірді: «Бұратана халықтардың жер аумақтары қаншалықты кей байтақ болса да, бәрінен бұрын солардың өздеріне тиесілі һәм әзірге толық қанағаттанғанша, жерге орналастыру аяқталмайынша олардың бос жерлеріне үлесі аз шаруаларды көшіруге жол беру мүмкін емес» [32, 189-б]. Бірақ ол өз әрекеттерінде ресми отарлау саясатын жүргізуші ретінде Мемлекеттік Дума мінбесінен айтылған бұл мәселелер жөнінде өзінің дербес көзқарасын ұстанды.

        Аграрлық мәселелерді талқылауда аграрлық заң жобасын әзірлеу жөніндегі комиссия құрамында өткір пікірталастар болды. Комиссияның ұлттық құрамы туралы мәні жағынан маңызды мәселе көтерілгенде Ш.Сыртланов комиссияға басқалармен бірге қазақ халқының өкілдері сыйлануын талап етті. Түбі бір түрік этносының бір тармағы башқұрт халқының адал перзентінің кейінгі тағдыры бізге беймәлім. Дегенмен де әруақты азамматтың рухын әрқашанда қазақ бауырлары құрметтейді. Ол сонымен бірге Қазақстан сияқты шет аймақтардан Думаға депутаттардың аз сайланғанына өзінің риза еместігін білдірді. Семей мен Ақмола сияқты ауқымды облыстарға, Түркістан өлкесіне Думаның екі мүшесі ғана сайланған, оның біреуі – орыс, ал осы ауқымды кеңестікті мекендеген «түземдік» халыққа бір ғана Дума мүшесі сайланған»[8, 259-б] – деп бұл мәселедегі саяси-әлеуметтік теңсіздікті атап көрсетті. Әрине туған халқының күллі өмір жолы қазақ халқымен ғасырлар бойы тағдырлас болған Ш.Сыртлановтың сөзін қоштайтын пікірлестері өкініштісі Думада аз еді.

        Осы мәселе байланысты өз пікірін ашық білдірген депутат А.Бірімжанның сөзі де назар аударарлық болды. Думадағы орындарды бөлі кезінде кейбір өлкелер мен облыстардың үлестері бос қалғанын сөз ете келіп, ол былай деді:«…Бұл бос қалдырылған орындарды Мемлекеттік Дума Сібірге, Орта Азия мен Кавказға ұсынып отыр; «қырғыздар» мекендейтін далалық облыстар туралы ештеңе айтылмаған; мүмкін олар Сібірге немесе Орта Азияға жатқызылған шығар, бірақ Дума қаулысында бұл туралы нақты ештеңе айтылмаған»[8, 261-б]. Бұдан кейін ол сөзін: «Қырғыз өлкесінің өкілі ретінде мен осы артық бес орынның үшеуін немесе, әрі кеткенде екеуін – Жетісу, Семей, Торғай, Орал және Бөкей ордасы кіретін қырғыз облыстарына беруді сұраймын»[32, 192-б]-деді.А.Бірімжан сонымен бірге Қазақстандағы жерлерді жаппай тартып алуға қалай да қарсы тұру жөнінде мәселе қойды. Бұл мәселе А.Бірімжан сияқты халқын қадірлеп, ұлтын сүйер, атамекенге қорған азаматтардың көкірегінде қонақтап, орын алған жан ауыртар жағдай болатын.

        Қазақ даласына орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтатып, оның қателігіне үкіметтің назарын аудару мақсатымен Дума депутаттары Б.Қаратай, А.Бірімжан, Ш.Қосшығұлұлы, Т.Нұрекендер егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиковке барып, осы мәселені қойған кезде алған жауабы мынау: «ХХ ғасырда қырғыздардың (қазақтардың — Ө.О.) көшпелі өмір салтын тоқтату керек. Сол үшін де жаңа қоныстанушылар керек-ақ» [8,263-б].

        1907 жылдың ақпаны мен маусымы аралығында жұмыс жасаған ІІ-ші Думаның жұмысына Б.Қаратай белсене қатысты. Мамыр айында өткен осы жиынның жер мәселесі талқыланған пленарлық мәжілісінде ол сөз сөйлеп, патша үкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды.

        «…Мемлекеттік Дума өздері Ресей ішіндегі помещиктер мүдделерін, осынау 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың, әрдайым шаруалардың жерге деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракцияларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен, бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін, әлгі помещиктерді аман алып қалу үшін қырғыздарды жерлерін ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса үйінен, қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтардың мұңына құлақ асады деп сенемін…»[8, 264-б]

        «Социал-демократияның 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясындағы аграрлық программасы» деген еңбегінде В.И.Ленин: «Екінші қатардағы шешендердің бәрінен цитат келтірудің мүмкіндігі және қажеті жоқ, сондықтан біз олардың нендей бір жаңалық енгізгендерін ғана немесе мәселенің белгілі бір жағынан назар аударарлық түсінік бергендерін ғана көрсетіп отырмыз»[28, 671-б] деп келіп, өзі айтып отырған шешендердің қатарында Б.Қаратайды атап өтіп, «ұлт өкілдерінің» атынан сөйлеген оның сөзінің ішіндегі ең маңызды тұстарынан мысал келтірілді.

        В.И.Ленин аталмыш еңбегінде былай деді: «Қырғыз-қайсақ халқының атынан ІІ-ші Думада депутат Қаратай (Орал облысы) сөйледі:«…біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы түсінеміз және сеземіз, біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз»(28, 673-бет), бірақ «басы артық жерлер өте аз», ал «қоныстандыру қазіргі кезде қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп жатыр»«қырғыздарды жерлерінен емес, олардың тұрғын үйлерінен көшіріп жатыр»[28, 675-б]. В.И.Ленин «екінші қатардағы шешендердің» есебіне кіргізген Б.Қаратайдың көтерген мәселесіне арнайы көңіл бөлуі тегін емес еді. Ол Ресей империясының отары болып келген аймақтағы жағдайды көзімен көрмесе де сезген болатын. Әрине бұл тұста депутат Б.Қаратайдың дәлелді деректерді Ресейдің отар елдерінің бәрінде орын алып отырған жағдайды бір ғана Қазақстан мысалында келтіріп дәлелдеуі сол кездегі саяси жағдаймен әлеуметтік-мәдени деңгей тұсында оның ұлтын сүйер үлкен жүректі азамат екенін айқындай түспек.

        Кейіннен үкімет басына келген большевиктер бұл мәселеге көзін жұма қарағаны белгілі. Олардың Қазақстандағы жер мәселесіне орай жасаған іс-қимылдары күннен-күнге шатқаяқтап бірде қазақ халқының басына ашаршылық бұлты болып төнсе, бірде ұлттық ірі наразылық толқуларға жеткізді. Соның ішіндегі сорақысы осы мәселеге орай пікір айтып, күрес жүргізген азаматтардың қуғын-сүргінге ұшырап, ақыры большевиктік тоталитарлық жүйенің өз өмірлерін құрбан етуіне әкелді.

        Аграрлық комиссия мүшелерінің санын арттыруды Орал облысынан сайланған, кейіннен Ә.Бөкейхан және І-ші Мемлекеттік Думаның басқа да депутаттарымен жақсы қарым-қатынаста болған депутат Бородин де талап етті.

        І-ші Мемлекеттік Дума әртүрлі объективті және субъективті жағдаяттарға орай аграрлық мәселені шеше алмады, мұны өкініштісі, кейінгі думалар да шешкен жоқ. Алайда Ресей мен оны мекендейтін халықтардың жер мәселесіндегі талаптарын дұрыс шешуге бағытталған мүмкіндіктер пайдаланылмай қалған жоқ. Мәселелердің мәнін айқындап, олардың шешімін табудағы сәтсіздіктер әртүрлі саяси және әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты болатын.

 

 

2.5  Мемлекеттік Думаға депутаттыққа сайланған қазақ қайраткерлерінің тағдыры

 

XIX ғасырдың соңы  XX ғасырдың басында Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірінде едәуір өзгерістер болдыресеймен сауда байланыстары тереңдеді, тауар-ақша қатынастары өсті. Қазақ  даласындағы тіршілік өзгеріске ұшырап, шаруашылықтың тұйықталуын тоқтатып, патриархалдық тұрмысты күйретіп, жаңа өндірістік қатынастардың дамуына жол ашты. 1905-1907 жылдардағы революция патша өкіметінің шексіз билігіне шектеу қойып, билікті демократиялық кеңшіліктерге жасауына мәжбүр етті.

Булыгиндік дума көшпелі халықтарға сайлауға қатысу құқығын беру туралы арнайы мәселе көтерді. Ішкі істер министрі Булыгин халықтарды сайлау құқығынан толық айыру туралы Ішкі істер министрлігі мен Министрлер Кеңесінің шешімінен бас тартуды талап етті. Ол өзінің осы ойын, қазіргі кезде кейбір көшпелі халықтар біртіндеп отырықшылыққа айналады деп түсіндірді. Сайлауға қатысудан «тұрақты отырықшылығы жоқтарды, яғни, Қиыр Шығыс халықтарын» шеттетуді ұсынды. Әрине оның бұл ұсынысын өктемді шовинизмнің белгісі деп қарауға болды. Елдегі революциялық қозғалыстың өрелуі, демократиялық белсенділіктің өрлеуі жағдайында II –Николай министрдің ұсынысын жерге тастай алмады.

Дала және Түркістан генерал губернаторлығында және Кавказ аймағында бұратаналарды сайлауға қатыстырудың өзіндік ережелерін қабылдауды тапсырды.

Сайлауға әйелдер, 26 –дан жасы төмен адамдар, жоғары оқу орындарының оқушылары, әскери қызметкерлер, шетелдік бодандар, «кезбе бұратаналар» тағы басқалар жіберілмейтін болды. Сонымен қатар «Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтіндер сайлана алмайды» деген ереже қазақ жұртының көпшілігінің Думаға қатысуына кедергі болды.

Мемлекеттік Думаға сайлау екі сатылы жүйе бойынша жүргізілді. Дала өлкесі мен Түркістан аймағының аппарат қызметкерлері, казак билеушілері, саудагерлер, қала халқының сайлауы, алдымен қалалық съездерде таңдаушылар сайланып, олар бұдан кейін шаруа таңдаушылармен бірлесіп, облыстық сайлауда Мемлекеттік Думаға облыстан 1 депутат сайлайтын болды. Ақмола облысында шаруалар төрт сатылы жүйеден өтті. Омбы уезінен 1 таңдаушы, Петропавлдан  -3, Көкшетаудан -5, Атбасардан -1 және Ақмоладан-1 таңдаушы болды. Қарапайым ортадан шыққандардың сайлануына жол бермеудің барлық шараларын қолданылды. Бір сөзбен айтқанда, сайлау құқығы  тең болмады. Халық жергілікті және европалық деп екіге бөлінді. Солтүстік аудандарда сайланған 10 депутаттан бүкіл халықтың 70 % -і болған жергілікті халық 4 қазақ депутатын ғана сайлады. Ал европалық 30% -ті құрайтын халық 6 депутатты сайлау құқығына ие болды

Әділетсіздік және теңсіздікке негізделіп жүргізілген Мемлекеттік думаға сайлаудың осылайша жүргізілуіне қарамастан, осы оқиға қазақ даласында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі болғандығын көрсеткен сайлау болды.

1906 ж. Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлау туралы ережелерді жасап, жарыққа шығарды.Қазақстанның әр аймағында өтетін сайлау өткізудің ережелері әр түрлі болды. Түркістан мен Дала өлкелеріндегі сайлау ережелері жалпыға бірдей болған жоқ. өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер сайлауға қатыстырылған жоқ.

I-ші  Мемлекеттік Думаға сайлау 1906 ж көктемде басталды. Думаға Торғай болысынан Ахмет Бірімжан, Уфа губерниясынан Сәлімгерей Жантөрин, Орал облысынан Алпысбай Қалменұлы, Астрахань губерниясынан Бақтыгерей Құлман мен Дәуіт Ноян — Тундут, Ақмола облысынан Шәймерден Қосшығұлұлы, Жетісу облысынан Молда Тайынұлы , Семей облысынан Әлихан Бөкейхан депутат болып сайланды. Патша өкіметі аздаған демократиялық өзгерістерге негізделген осы Думаның ұзаққа әрекет жасауына жол бергісі келмеді. Себебі бұл Дума батыл әрекеттерге қадам баса алатын еді.Патша өкіметі одан сескенді. Сондықтан да оны таратып жіберіп, өзіне лайықты жаңа Дума сайлауға дайындала бастады.

Жаңа Дума 1907 ж 20 ақпанда жұмысын бастады. Оның қүрамына Ақмола облысынан Ш.Қосшығұлұлы , Торғай болысынан А.Бірімжанұлы, Семей облысынан Т.Нұлекен, Жетісу облысынан М.Тынышбайұлы, Сырдария облысынан Т.Алдабергенұлы, Орал облысынан Б.Қаратайастрахан облысынан Б.Құлман депутат болып сайланды.

1907 ж 3 маусымда бұл дума да таратылды. Осыдан кейінгі патшаның жарлығы бойынша сайлауға қазақтар сайланбайтын болды. Тарихи дамудың осы бір кезеңінде қазақ ұлтының көзі ашық, көкірегі ояу осынау бір асыл ұлдары сол заманның қатал заңдарына қарамастан осы болып жатқан демократиялық өзгерістерге немқұрайлы енжарлықпен қарамай, сол бір сәтте болып жатқан саяси құбылыстарған ерекше ынтамен мән беріп, соған лайық әрекет етуге ұмтылғаны белгілі болды. Олардың болғаны жайлы,ақ адалұлтына шынайы қызмет еткен қилы тағыдарлары жайлы халқы дер кезінде , кейін толық біле алмады. Олардың думада көтерген қазақ халқының тағдыры, тұрмысы, болмысы жайлы көтерген мәселелері, ұсыныстары елім деп соққан жүректерінің жан айқайы болғандығын біз енді түсініп келе жатырмыз..Олар қорықпады, олар тайсалмады, олар керегін ашық жарқын көңілмен, пейілімен, адалымен ағынан жарылып, айтып салып отырды. Патша билігі дәуірінде, кеңестік дәуірде олардың есімдерін өшіруге барынша күш салып баққаны да белгілі болды. Бірақ өмірдің өзі бір ғана ақиқат бар екенін көрсетті. Ол әділдік, адалдық ешқашан жабық күйінде қалмайды. Шындықтың қандай да болмасын тосқауылды жарып шығатындығы ақиқат. Солай болды да міне қаншама уақыт өткенімен Ахмет Бірімжан, Сәлімгерей Жантөрин, Алпысбай Қалменұлы, Бақтыгерей Құлман мен Дәуіт Ноян — Тундут, Шәймерден Қосшығұлұлы, Молда Тайынұлы, Әлихан Бөкейхан , Ахмет Байтұрсын, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Сералин, Ж.Аймауытұлы, С.Меңдешұлы, С.Қожанұлы тағы басқа да біртуар ағаларымыздың есімдері ортамызға оралуда. Олардың тағдыры қасіретке толы болды. Оларды монархиялық құрылыстың әкімшілік жүйесі бір қысса, сталиндік жазалаушылар екінші рет қыспаққа алды. Олар жазықсыз жапа шекті. 80-інші жылдардағы демократиялық , жариялылық дәуірінде олрдың есімдері ортамызға оралды. Істеріне нақты бағалар беріле бастады. Тарихшыларымыз осы мақсатта өздерінің тың зерттеулері арқылы өздерінің азаматтық борышын өтеуге барынша кірісті.

Осы алғашқы Мемлекеттік Думаға депутат болғандар кімдер? Олардың күрес жолы немен аяқталды, тағдыры не болды деген мәселеге тоқталамын.

Ахмет Қорғанбекұлі Бірімжанов. Депутат болып сайланғанда 35 жаста болатын.екі кластық училищені бітіріп, орынбор гимназиясын тамамдаған.Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Құқықтық маман болған. өз мамандығы бойынша өмірінде көп тәжірибе жинаған. Қазақ бауырларының азаматтық теңдігін қорғауды өзінің азаматтық борышы деп санаған.ол Ы.Алтынсариннің немересі еді. Арманы заңсыздықтан зардап шеккен қазақ бауырларының құқығын қорғау еді.

Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөре мұсылман партиясының көрнекті өкілі. Қоғам қайраткері. Санкт Птербургтың заң факультетін бітірген. Мәскеудің физика-математика факультетін табысты аяқтаған. Мектептер ашу мәселесіне көп көңіл бөлген. Мектептерде сабақты ана тілінде сабақ беретін мұғалімдер жүргізуге тиісті  деп еспетеген. Уфа губерниясынан депутат болып сайланады. Қазақ халқының дәстүрі, салты, тұрмыс тіршілігінің  ұлттық сипатын сақтап қалуды әрқашан да ескеріп отырған.

Алпысбай Қалменұлы Қалмен Орынбор гимназиясының түлегі. Университет бітірген. Үкіметтің Ордадағы кеңесшісі болған. Қазақтардың ауыл шаруашылығының даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. «Құдыққа қауға, қазаққа сауда керек» деген мақалды ұстанған. Қазақты оқу, есепті білу, білімді болуды қажет деп есептеген. Ана тілін сақтауға ерекше көңіл бөлген.

         Дәуіт-Ноян-Тұндұт ақсүйек отбасынан. Патша лицейінде тәрбиеленген. Кадет корпусының мүшесі. Астрахань, Ставрополь губерниясының қазақтарының мүддесін қорғаған. Ұлты –қазақ.

         Шаймерден Қосшығұлұлы. Аса қадірлі тұлға. Орыс тілін білмегеніүшін Дума мүшелігіне тіркелмеген. Іскер, өз ісіне ерекше ынталы, зейінді. Балаларға кітап оқыту дүңгіршегін ашқан. 36 жасында II-ші думаға депутат болып сайланған.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Достары Александр Николаевич Бөкейханов деп атаған. Ғылыми еңбектерінде «Бөкейхан» деп қол қойған. Көкжал Барақтың баласы Бөкейханның ұрпағы болып келеді.1877 ж Қарқаралыда Зариф молданың медресесінде оқыған. Кәсіптік училищеде оқып, етікші мамандығын алып шығады. Омбы техникалық училищесінде техникалық мамандар даярлау курсын аяқтаған.1890 ж Санкт Петербургтың Орман институтын бітіреді. Студенттік өмірінде алғашқы революциялық әрекеттерге қатысады. Радикалды бағыттағы революционер – социалист және патша әкімшілігіне қарсы «Зарзаман» әдеби тобының мүшесі болған. Санкт Петербургтың университетінің заң факультетін В.И.Ленинмен қатар бітірген. Білімділігімен, ақылдылығымен, дарындылығымен ерекше көзге түскен.1894 ж «ғалым-орманшы» дипломын алған. Орман шаруашылығы училищесінде математикадан сабақ берген. 1896 ж бастап ғылыми жұмысқа кіріседі. Императорлық орыс географиялық қоғамының мүшесі болады. Қазақтың жер қауымдастығының тарихын зерттейді. Жерді дұрыс пайдалану туралы ұсыныстар жасайды. Қазақ өлкесінің тарихын зерттеген. Қой шаруашылығы жөнінде көлемді еңбегі жарық көреді. 1904 ж. «Сібір темір жолы аудандарын экономикалық зерттеу жөніндегі материалдар» атты еңбегі жарық көреді.

1905 ж. Омбы орман басқармасында статистік болып қызмет атқарады. Орманшы ғалым, революция кезінде саяси күреске белсене араласады. Демократиялық бағыттағы өзгерістерді жүзеге асыру идеясын ұстанады. Омбы жандармериясы ол туралы «барлық митингілер мен петицияларды, үкіметке қарсы үгітті өрістетуге жанын салып қызмет етіп жүрген насихатшы және даладағы қазақтардың күллі діни-саяси толқуларының басты жетекшісі» деп анықтама берген екен.

1905 ж «Қарқаралы петициясын» жасауды ұйымдастырып, Қоянды жәрмеңкесіне келгендерден 14,5 мың қазақтың қолын жинап, патшаға жіберткен.

1905 ж. қараша айында «Ресей земстволық қала қайраткерлерінің» кезекті құрылтайына қатысып, «Мен Жайықтан Алтайға дейінгі , Сібір темір жолынан Омбыға дейінгі ұлан –ғайыр аймақты алып жатқан  4 миллион қазақтың өкілімін» деген екен. Осы Құрылтайда қазақ халқының ауыр жағдайы, әсіресе, қазақ даласындағы мектептердің бейшара халі жайлы, олардың үстінен патша үкіметі тарапынан жасалып отырған цензураның  әрекеті жайлы ашына сөйлей келе … «шаруа бастықтары, көпшілігі бұрынғы ротмистрлер, істерді қарағанда қазақ тіліне жол бермейді. 18-ші ақпандағы жарлықтан кейін қазақтар өздері жиналып, мұқтаждары жөнінде петиция жазған. Алайда  ол Петерборға жетпеген. Сондықтан да қазір біз үшін ең басты қажеттілік ана тілін қолдануға бостандық, еркіндік алу.  Менің осы съезде көтерген басты мәселем, жергілікті халықтардың ана тілін шектеуді тоқтатуды талап ету». Әлиханның осы сөздерін оқып отырып, дәл қазіргі күнде қазақтың ана тілінің басына төнген қауіптің өзгелерден емес, өзімізден шығып отырғандығын ескерсек, осы ардақты ағаларымыздың рухының алдында қаншалықты күнәлі екендігімізді ойлаудың өзі қандай қорқынышты. 20 жылдан астам уақыт өтсе, өз тілімізді өзіміздің өгейсіткенімізді ата бабалар аруақтары қалай бағалар еді. Өзге ұлттың өкілдері қазақ тілін білуге құлшыныс білдіріп отырғанда, өзіміздің ана тілімізге деген безбүйректімізді қайтсек жеңіп шығар екенбіз. Патша үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған заманында сайлау науқаны жағдайында Әлихан Бөкейхан ана тілінде газет шығаруды қолға алған. Қалың қазақ елінің арасын аралап, олардың мұң-мұқтажын талқылау үлін сапарға аттанады.

1906 ж. оны үкіметке қарсы үгіт жүргізді деп Павлодар абақтысына жабады. Үкімет Әлиханнан оның халқы алдында беделінің жоғары болуынан қорықты. Оның думаға депутат болып сайланып кетуінен қорықты. Сайланса, думаның трибунасынан ол қандай ойларын, жалынды сөздерін қаймықпай айтып, үкіметтің жүрегіне қорқыныш отын үймелетер ме еді

1906 ж 15 сәуірде халықтың оны қорғау мақсатында жазылған шағымдарының көбейіп кетуінен қорыққан үкімет, енді оны Павлодардан Омбы түрмесіне ауыстырады. Бәрібір Әлиханды халық депутат етіп сайлайды. 30 сәуір күні ол түрмеден босатылады. Алайда патша өкіметінің әділетсіздігінен Әлихан думадан өзінің кандидатурасын алып тастайды. Патша үкіметі үшін Әлихан мен Жақып Ақбайұлын депутаттыққа жіберу үлкен қателік болар еді. Сондықтан да үкімет олардың көтерілуіне барынша тосқауыл жасап бақты.. Өзінің өте алмасына көзі жеткен Әлихан сайлаушылардан өзінің орнына сайлауға қатысуға белсене кірісіп жүрген үміткерлердің бірі Шәкәрім Құдайберді ұлына, Хасен Омарбек деген азаматтарға дауыс беруге халықты үгіттеді. Нәтижесінде Мемлекеттік Думаға Семей облысынан Темірғали Нұрекен  сайланды.

         1915 ж. Әлихан Бөкейханов кадет партиясының шараларына белсене қатысады. Бірақ ол партияның құрамында ұзақ бола алмайды. Оның себебін өзі «Мен кадет партиясының құрамынан неілктен шықтым» деген мақаласында былай түсіндіреді: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді….Кадет ұлттық автономияға да қарсы,… молла үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс  аяқ асты болады… кадет партиясы менің осы пікіріме өзгеше қарайды».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     XX ғасыр адамзат қоғамының рухани кемелденуі мен жаңа сапалы өркениетке қадам басуының белесі болды. Әлемдік саяси — әлеуметтік, қоғамдық қатынастардың ілгері даму үрдісі монархиялық билік үстемдік еткен мешеу Ресей империясына да өз ықпалын тигізді. Дүние жүзілік экономикалық бәсекелестікте Ресей патшалығы шикізат пен товар өндірісінің мөлшерінен және оның өтімділігінен алдыңғы қатарлы ірі капиталистік елдерден едәуір артта қалды. Жер көлемінің аумағы мен табиғи шикізат қорының байлығы жағынан, оны игеретін арзан қол күші –халқының саны жағынан болсын маңдай алды алып елдің көп ұлттық мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты саяси- экономикалық , мәдени-рухани тыныс –тіршілігіндегі іркілістер мен тоқыраудың салдары әлеуметтік қайшылықтардың пісіп жетілуіне және қоғам өмірінің барлық буынын қамтитын сілкіністер туғызуына әкеп соқтырды. Ресейдегі әлеуметтік таптық теңсіздіктің даму сипаты тұрғысынан ара-жігі ажырап, билік басындағылардың басқару жүйесіне бұқараның жаппай наразылық пиғылының өрши түсуі патшалық мемлекеттік құрылысты төңкеруге бағытталған дүмпулерге ұласты. Бұл құбылыстың өзі жалпақ елдің қарапайым демократиялық бостандығына ескі үкімет тарапынан пәрменді шектеу жасалып, тыйым салынып, қоғамдық әлеуметтік саланың еркін дамуын тежеп келсе, ендігі жағдайда бұқараның саяси белсенділігінің қуатты екпіні ондай теперіш пен бақылау жасаудың мүмкіндігін түбегейлі жоюға жол ашты. Әрине, бұл ретте орыс халқының демократиялық бағыттағы өкілдерінің қозғаушы негізгі күш болған тарихи миссиясын атап айтқан абзал. Ресейдегі саяси әлеуметтік өзгерістердің шалалығы шет аймақтардағы отарлық езгіден әбден қалжыраған қазақ халқының да ой-санасына игі әсерін тигізді. Қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері халқының империялық қанаудан құтылып, азаттық пен тәуелсіздікке қолы жетуі үшін оқу-ағарту саласы арқылы да жан тәнімен тынбай адал еңбек етті. Осы орайдағы орыс қоғамының өз ішіндегі демократияның әкелген айтулы жеңісі, ұлы оқиға  — Ресей Мелекеттік Думасының сайлануы, оның құрамына шет аймақтағы қол астына қараған бодан елдердің өкілдерінің енуі еді. Солардың қатарына Дала өлкесінің мүддесін көздеп, халқының мұң мұқтажын қорғауға өз үлестерін қосқан қазақ зиялылары да болды. Туған елі мен жерінің білікті перзенттері «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» бабалар дәстүрін жалғастырып, өркениеттің мүмкіндіктерін иіп әкеліп, халқының пайдасына шешуге қаншалықты күш-жігерін, ақыл-парасатын жұмсағандықтарын Дума мінбесінен сөйлеген сөздерінен , олардың лебіздерін аңғаруға болады. Демек, XX ғасырдың басындағы Ресей Мемлекеттік Думасының тарихының белгілі дәрежеде біздің де халқымыздың саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани дамуына қатысы бар. Сондықтан бүгінде Қазақстан парламентаризмінің тарихын сөз еткенде Ресей Мемлекеттік Думасына, оған мүше болған қазақ депутаттарының ғұмыр тарихына соқпай өтуге болмайды.

        Осы диплом жұмысымның қорытындысын зерттеуші ғалым, тарих және философия ғылымдарының докторы «Ресей     Мемлекеттік Думасы және Қазақстан» атты монографиясының авторы Өмірзақ Өзгенбай ағамыздың мына сөздерімен аяқтағым келеді: «Бұл мәселенің әрі де терең зерттеу қажет. Сондықтан да болашақ зерттеушілер төмендегідей мәселелерге көңіл бөлсе нұр үстіне нұр жауар еді»:  Яғни,

1.Қазақстан Парламенті жанына ел билеген хандар мен дуалы ауыз билерден бастап, бүгінгі заң шығаратын жоғарғы органдарымызға дейінгі парламентаризмнің тарихын үлгі мен үрдісін, оның сабақтарын зерттейтін институт немесе мүдделі топ құрылса,

2.Қазақстан Парламентінің қызметінде де демократиялық пен жариялылықты кең өрістету мақсатында өркениетті елдерің үзік үлгі өнегесін қабылдаудан қашпаған жөн.

3.Ресейдің I-ші және II-ші Мемлекеттік думасының қазақ депутаттарының өмірі мен қызметтерін зерттеу жұмыстарын жалғастырып, халық  жадында мәңгі сақтау мақсатында іс-шаралар жүргізген жөн деп ойлаймын.

Сайып келгенде, елімізде демократияны дамыту, халқымыздың бағзыдан келе жатқан демократиялық дәстүрлерін жұртшылық игілігіне айналдыру үшін ғылыми –зерттеу, тарихи нанымдық игі шалалардың өрісін кеңейте беру- біздің ұлық міндеттеріміздің бірі болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Аллаберген Қ.Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. А.1994.
  2. Асылбеков М.Х. Железнодорожника Казахстана в первой русской революции (1905-1907 г.г.) А. .,1994
  3. Аманжолова Д.А, Движение Алаш в 1917 г. М.1993
  4. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.1994
  5. Аманжолова Д.А. Казахи депутаты Государственной Думы/ «Отечественная история» ,1994 № 1/
  6. Асылбеков М., Абжанов Х. Қазақстандағы демографиялық процесс тарихы мен ақтаңдақтары / «Қазақстан коммунисі», 1990,№10/
  7. Ахмедов Ғ.Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер, Алматы, 1996
  8. Ахмедов Ғ. Русия Думасындағы қазақ депутаттары. / «Жұлдыз», 1994, №1/
  9. Ақықұлы С., Қамзабекұлы Д. I Мемлекеттік Дума және оған мүше болған қазақтар. Ана тілі,1993
  10. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы . Бас редакторы Р. Нұрғалиев. А., 1995
  11. Бейсенбаев С.Б. Ленин и Казахстан (1897-1924) Алма-Ата .,1968
  12. Большевики во главе первой русской революции 1905-1907 г.г. М.,1965
  13. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 года. А. 1991
  14. Герман Г.О. Выборы во Государственную Думу на Украине М.,1950
  15. Досжанов Д. Абақты. Алматы., 1992
  16. Ерошкин Н.П. История государственных учреждений дореволю ционной России. М., 1968
  17. Зайчиков Г.Н. Думская тактика большевиков (1905-1907г.г.)М.,1975
  18. Касенов К., Туреханов А., Красный террор, жертвы 37-го., Алматы, 1994
  19. Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. А. 1996
  20. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы., 1995
  21. Койкелдиев М. Алаш қозғалысы ., Алматы, 1988
  22. Қойкелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1907 ж.ғы қоғамдық-саяси қызметі. А.1994
  23. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. Алматы., 1990
  24. Қойшыбаев Б. Бақытхан Қаратаев .,Алматы., 1993
  25. Котляр П. Вайс М. Как проводились выборы в Гоударственную Думу. 1960
  26. Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. Алматы., 1993
  27. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси құқықтық көзқарасы. А., 1996
  28. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы 16 том., Алматы. «Қазақстан» ,1973
  29. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1994
  30. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы, 1993
  31. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда .Алматы, 1995
  32. Өтениязов С. Тарихтың ащы шындықтары.. Алматы.,1990
  33. Сидельников С.М. Образование и деятельность первой Государствен ной Думы. М., 1962
  34. Спанов Ө., Нұрмаханова Ж. Қарашаңырақ. Алматы., 1995
  35. Сүлейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX-начала XX в 1867-1907 г.г. Алма-Ата, 1963
  36. Турсынбаев А.Б. Казахский аул в трех революциях. Алма-Ата., 1967
  37. Тынышбаев М. Великие бедствия ., Алматы. 1991
  38. Черменский Е.Д. Буржуазия и царизм в первой русской революции. М., 1970
  39. Шонанұлы Т. Жер тағдыры- ел тағдыры.алматы., 1995
  40. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры Алматы , 1992