АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты  жетілдіру жолдары

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ………………………………………………………………………….….…

 

  1. Мемлекеттік кызметтің түсінігі, белгілері және қағидалары…….
  2. Мемлекеттік аппараттың тармаққа бөлінуі….………………………..
  • Мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары
    • Мемлекеттік аппаратта Президенттің атқаратын орны, және оның қызметшілерінің жетілдіру жолдары. ………………………………….
    • Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік аппаратта жетілдіру әдістері.   ……………………………………………………………………..
    • Мемлекеттік аппарат қызметін атқару үшін нормативтік актілердің қамту жолдары. …………………………………………………………..

 

Қорытынды…………………………………………………………………….……

Қолданылған әдебиеттер тізімі. ………………………………………..…….. 

 

Кіріспе

 

         Жұмыстың актуальдық маңыздылығы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аппаратта жүргізіліп жатқан реформалар  мен институционалдық қайта құрулар саяси биліктік жүйеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару апаратында Президенттің алатын орны ерекше. Яғни, біздің Қазақстан Республикасының Президенттік қыметі тұңыш рет 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған заңмен тағайындалды. Онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н.Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Соңынан 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

         1995 жылдың екінші жартысында  Республика  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың күш салуымен  экономикалық реформаладың  заң негіздерін  жақсарту жағына қарай белгілі бір бет бұрыс жасалды. Ел Конституциясы қабылданып биліктің үш тармағының функциялары айқындалы. Президенттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі» туралы заң күші бар Жарлығы шықты, Парламенттің екі палаталарының сайлауы өткізілді. Үкімет құрамы едәуір жақсарды, Президент пен үкімет аппараттары өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды. Ең бастысы Үкіметтің алдыңғы үш жылға іс қимыл бағдарламасы елеулі елеулі жақсартылып экономикалық реформаларды  тереңдету  мен жеделдету міндеттері белгіленді[1].

         Өркениетті  қоғамдағы мемлекеттік аппараттың әртүрлі дәуір дамуында бірдей құрылым мен функция жоқ болатын. Прогреске даму жолында, адамзат қоғамы, өзінің функциясын  толық қанағаттандыратын мемлекеттік органдар құрған болатын. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен функциясының сан алуандығы  мемлекеттің болашағы мен өткенін айқындайды.

         Мемлекеттік аппарат – ол арнайы органдар мекемелер жүйесі одан мемлекеттік басқару қоғамы мен оның негізгі қызығушылығын қорғау туындайды.

         Мемлекеттік аппараттың жалпы белгілері мен сипаттамасын келесіден көруімізге болады.

         Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқару мен айналысатын адамдардан құрылады (құқық қорғау органдары мен құқық орындаушы адамдардан).

         Екіншіден, мемлекеттік аппарат күрделі жүйелік функция мен мекемелік органдарды құрайды, олар билік функциясы мен тығыз байланыста болады.

         Үшіншіден мемлекеттік аппарттың барлық белгілері қаржылық және мекемелік құрал жабдықтар мен толық қамтамасыз етіледі.

         Төртіншіден мемлекеттік аппарат өзінің азаматтарына барлық құқықтар мен заңды мүддесін  қорғауға міндетті.

         Адамзат қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңінде мемлекеттік аппараттың өзінің ерекшеліктері мен құрылымы болады. Ол экономикалық әлеуметтік себептерді түсіндіреді, және мемлекеттің халықтарының ұлттық құрамын,территориясының масштабы мен географиясының жағдайы мен ерекшеленеді.

         Сонау ежелгі шығыс пен антикалық европалық мемлекеттерде мемлекеттік аппарат бір қалыпты жүйеде болған, ол мемлекеттің басшысынан (монарх және коллегиалдық органнан), орталық мекемелерден, саяси тұлғалардан, жергілікті органдардан, чиновниктерден, армиялардан, полиция мен басқа да құрылымдардан құралған болатын. Римдегі негізгі мемлекеттік билік органы болып Сенат, халық жиналысы, магистраттар болып табылады.

         Сенат – Рим мемлекетінің ең жоғарғы органының бірі. Ол қоғамдық өмірдегі маңызды сұрақтарды шешетін органның бірі болды. Соны мен қатар Сенаттың міндеті трибунада яғни жиналыстарда талқыланған заңдарды бекітеді.

         Халық жиналысы (Комициялар) маңызды басқару заңды функциясын жүзеге асыратын. Олардың міндеті заң жобасын қабылдау немесе қабылдамау, мемлекеттік лауазымды адамдарды (магистраттарды) тағайындау және магистраттарға түскен шағым арыз жобаларын  қайта қарау керек болатын.

         Магистраттар басқару функциясын атқарумен қатар армияны да  басқарып келген. Магистрат болу үшін заң жүзінде кез – келген рим азаматы бола – алатын, тек олар ірі жер иеленумен айналысқан болатын. Магистрат бір жылға ғана диктатордан басқа кез – келген қызметке тағайындалатын болған. өзіне жүктелген міндетті атқарғаны магистрат ешқандай төлем ақы алмайтын болған.

         Өздерінің міндетін атқаруына байланысты магистраттар дәрежелерге қарай бөлінген болатын консулдарға, диктаторларға, тілмашқа, цензорларға бөлінетін болған.

         Ортағасырлық мемлекеттерді орталықтандыруына байланысты  мемлекеттік аппарат бірте – бірте күрделене бастады. Басқару аппараты пайда болуымен қатар әртүрлі министерстволар, орталық ведомсволар, арнайы соттық мекемелер,  одан әрі полициялық аппараттар мен басқа да мемлекеттік органдар пайда болды. Сонымен қатар  мемлекеттің алдында тұрған негізгі ережені атқаруда негізгі рөлді атқарған шіркеулік кеңселер мен діни мекемелер атқарған болатын.

           XVII – XVIII ғасырларда, әсіресе Европадағы буржуазиялық революция дәуірінде, мемлекеттік аппарат құрылымы мен функциясына бір қатар жаңартулар енгізілген болатын. Мемлекеттік билікті бөлу жөнінде АҚШ та мемлекеттік аппарат классикалық схемасы үлгісінде жүргізілген болатын.

         Ал Францияда ол кезде мемлекеттік аппараттың жаңа элементтері пайда болды: ол Ұлттық конвент, Наполеон тұсындағы Консульство, Директория және Париж коммунасы және тағы да басқалары. Жоғарғы заң кеңесі органы ретінде Рессейде, Мемлекеттік Кеңес құрылады, ол бірнеше департаменттерден құрылады; атап айтсақ, заң департаменті, азаматтық және рухани ісі жөніндегі департамент, өндірістік департамент, ғылым және сауда департаменті, әскери департамент және тағы басқалары. Бірте келе министрлер кабинеті пайда болып, Мемлекеттік дума құрылады. Қоғамдық өмірдегі болып жатқан өзгерістердің нәтижесі, мемлекеттік аппараттың құрылымының жаңа әдістері  әрі қарай дамып ал ескі әдістері жойылатын болған.  Бірақтан барлық тарихи дәуірлерде  мемлекеттік аппарат, қоғамдық саяси жүйенің негізгі ұйымдастыруын бастау болып табылады.

Экономикалық, әлеуметтік және басқа сфералардағы біздің елдегі қоғамдық  болып жатқан кардинальдық өзгертулер, құрылымға жаңа өзгертулер енгізген болатын. Мемлекеттің өмірі жаңа принциптерден басталатын болады, ол мемлекеттік аппараттың функциясын толық қамтамасыз етеді.      Мемлекеттік аппарат мемлекеттік билікті орындауда негізгі субъект болып орындалады. Мемлекеттік аппарат арқылы оның органдары, мемлекетке тапсырылған тапсырмаларды орындайды, қоғамдық өмірдің бір қалыпты дамуында елеулі ықпал тигізеді. Белгіленген жағдайларда  мемлекеттің басқарушы функциялары  мемлекеттік емес мекемелерді де құрастырады.  

         Өзінің функциясын орындауына байланысты Мемлекеттік аппарат бірнеше бөлімдерден тұрады. Бұл аппараттың негізгі элементі болып, мемлекеттік орган болып табылады.

         Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппаратты құрайытын негізгі бөлім болып табылады. 

         Мемлекеттік органның өзіне тән белгіленген ерекшеліктер бар;

  1. Барлық мемлекеттік органдар белгіленген құқықтық жүйеде құрастырылады. Басқалай айтсақ, мемлекеттік органның функционалдық деңгейі қатаң түрде құқықтық негіздегі жүйеде атқарылады.
  2. Мемлекеттік орган, мемлекеттік аппараттан өзімен — өзі болатын элементтен тұрады.
  3. Мемлекеттік орган бір – бірімен тығыз байланысты болады. Олар бір тұтас организмді құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     МЕМЛЕКЕТТІК КЫЗМЕТТІҢ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.

 

Мемлекеттік  билік – бұл  мемлекеттік  құқықтық  құралдар,  әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік биліктің бірегей жүйесі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік және аумақтық тұтастығының шешуші шарты және егемендігінің көрінісі болып табылады. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде мемлекеттік биліктің бірлігі жоғары органдардың: Праламенттің, Жоғарғы Соттың, үкіметтің бірегей жүйесі бар екендігін білдіреді.  Мемлекеттік билікті тік жоғары және орталық органдар емес, сонымен бірге бірегей жүйенің табиғи құрамдас бөлігін құра отырып, жергілікті мемлекеттік органдар да жүзеге асырады.

Мемлекеттік биліктің бірлігі оны тік және көлбеу тармақтар ретінде бөлу принципіне негізделген. Бір тұтас Қазақстан мемлекетінде биліктің тік бөлінуінің өкілеттікті шектеу сапасында ерекшелігі бар.  Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өз өкілеттігін жүзеге асыру процесінде өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай өзара қарым-қатынас бастамшылық емес, қатаң құқықтық негізде атқарылады. Конституцияда және басқа нормативтік құқықтық актілерде олардың өзара іс-әрекеті дәл белгіленген.

Өз  өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде қайсы бір мемлекеттік тармақтың биліктің конституциялық және басқа да нормативтік щегінен шығып кетпеуі, басқа тармақтың өкілеттігін иеленбеуі және, айналып келгенде биліктің өктемдік жүргізбеуі үшін Конституцияда тежемелік және тепе-теңдік жүйесі – ол мемлекеттік билік тармақтарының өз өкілеттіктері шеңберіндегіқызметін қамтамасыз ететін, оны артық қолданғаны үшін жауаптылық көздейтін ұйымдық және құқықтық шаралар жиынтығы.

Тежемелік – ол билік тармақтарының қызметін заң шеңберінде ұстаудың конституциялық әдісі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

          Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан Мемлекеттік органы дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады.  Оған мынадай белгілер тән: біріншіден , орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады: екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін асыруы үшін уәкілеттік береді: бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін: үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді: төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша

—          өкілді, атқарушы сот прокуратура және өзгеде бақылаушы – қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай

—             орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша

—          тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзіретін жүзеге асыру тәртібі бойынша ,

—          алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша,

  • құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай,
  • жалпы (Үкімет) және арнаулы (Министрліктер) органдар болып бөлінеді.

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және

олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады. Ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардың әрқайсысы дербес әрі бірін – бірі тежеуші әрі тепе – теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.

         Тежемелік  және тепе – теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың бірі) – онда әлдебір билікті, басқа органының әрекетін белгілі бір дәрежеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмауы көзделінген. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (III бөлім), Парламент (IV бөлім) және соттар (VI бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны  ол өз ара іс – қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді. Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі Президенттің заңдарды қайтару құқығымен үйлестірілген. Президентке заңдарға қайшы келмейтін жарлықтар шығару құқығы берілген. Президент республиканың дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады. Бұыл мәселе Конституциямен, “Дипломатиялық қызмет туралы” 1997 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңымен регламенттелген[2]. Ал, Үкіметке  Конституция, заңдар, және Президенттің нормативтік жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген. Сонымен бірге Президентке Конституцияға сәйкес халықаралық шарттар жасау құқығы берілген (44 баптың 11 тармағы) алайда оларда Парламент бекітуі (54 баптың 7 тармағы) тиіс.

         Сот билігінің де құқығын шектеуші амалдары бар. Ол Конституцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы азаматтардың заң, сот алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және тағы басқа қағидаттарға негізделген. Сөйтіп биліктің бірде – бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп  кете алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТАРМАҚҚА БӨЛІНУІ.

 

А/ заң шығару органы.

 

Б/ атқарушы органы.

 

В/ сот органы.

 

         Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының үкіметі және Қазақстан Республикасы соттары жүйесі. Осы органның бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

         Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы; мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

         Республика билігінің екі жолы бар: Президенттік және Парламенттік. Президенттік Республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен үкіметті құрайды. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы Республика.

Президент – мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарыныңхалық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40 бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрған, 40 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайды. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы  және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс. Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызмет пен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие. Парламенттік Республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі  Парламенттің басымдылық принципке негізделеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті -Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

         Қазақстан РеспубликасыПарламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс.

— Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары палатасы – Сенат

— Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады., атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды . Үкімет Парламенттің сеніміне сүйене отырып қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса ол қызметін тоқтатады.Үкіметті  Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Кейбір мемллекеттерде Президенттік және Парламенттік республиканың белгілері аралас болады. Оарды жартылай президенттік  (Парламенттік) республика деп атайды. Мысалы Рессей федерациясы осындай мемлекеттік басқару тұрпатына жатады.

Қазақстан Республикасының сот билігі —  сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзгеде нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға – жол берілмейді (75 бап). Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар жауап бермейді. Судльяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық  қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқару мен, кәсіпкерлікпен айналасумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе басқарушы кеңесінің құрамына кіруімен сыйыспайды.  

 

а/ Заң шығарушы орган. Қазақстан Республикасының Парламенті.

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республиканың маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар,  тиісті облыстың республиканың маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттіу мерзімге сенат депутаты бола алады. Сенаттың ерекше қарауына : Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы соттың төрағасын және Жоғарғы соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республика Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55 – бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.

Мәжіліс – Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті  депутат Республикалық әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайланушылардың саны тең бір мандаты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара – бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге мәжіліс депутаты бола алады.

         Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі мәжілісте ал содан соң ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: заңдар қабылдайды, республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54 – бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады. Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және тағы басқа (Қазақстан Республикасы Конституциясының 56 — бабы) жатады.                                  
         палаталардың тұрақты комитеттері мен комиссияларының құқықтық мәртебесі  Конституциямен, Президенттің “Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы”  Жарлығымен, Парламенттің регламентімен, Мәжілістің регламентімен, Сенаттың регламентімен, сондай-ақ  “Қазқстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы” 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңымен [3] белгіленеді.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша

Конституцияға өзгертулермен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді:

  • Республикалық бюджетті және үкімет пен Республикалық

бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

  • Республика Презиентінің қарсылығын тудырған заңдар немесе

заңның баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр палата депутаттардың жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді қуаттайтын болса,  Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы ескерілмесе, заң қабылданбайды, немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.

  • Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары

жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беру хақылы.

  • Президенттің Республика Премьер – Министрін, Республика

¦лттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді.

  • Премьер – Министрдің үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын

тыңдап, баяндаманы мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау, ір Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің  даусымен жүзеге асыра алады, және бұл үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді;

  • Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік

даусымен, Парламент депуаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда үкіметке сенімсіздік білдіреді.

         Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады

(Конституцияның 53 — бабы).

         Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістің Қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

         Заңдар аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтін мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс:

1) Жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;

2) Меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі бақылау органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметтерінің, мемлекеттік және әскери қызметтердің негіздеріне;

4) Салық  салуға, алымдар мен басқа да міндетті  төлемдерді белгілеуге;

5) Республикалық бюджетке;

6) Сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7) Білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтәк қамсыздандыруға;

8) Кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

9) Айналадағы ортаны қорғауға;

10) Республиканың әкімшілік – аумақтық құраласына;

11) Мемлекет Қорғанысы мен Қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге  қатысты.  ¤зге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.

         Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал Коонституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.

         Қазақстан Республикасының Президенті мынадай жағдайларда: Парламент үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер – Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегендеПарламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арсындағы немесе Парламент пен Мемлекеттік ¤кіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік саладарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады,. Бірақ Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінің соңғы алты айында  сондай ақ  осының алдындағы таратудан кейіегі бір ыл ішінде таратуға болмайды.

         Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. Палатаның бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе – тең негізде бірлескен комиссиялар ұруға хақылы. Заңның Палата отырыснда талқылануы оқылым деп аталады . Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын – ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мәжілістің  жалпы отырысында талқыланады әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

         Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен жобаны мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.

Республика Парламентінің Депутаты:

Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен, соның ішінде аманатпен немесе тапсырмамен байланысты емес және Парламентке өз намысы бойынша дауыс береді. Сонымен қатар депутаттың өкілеттігі оны Республиканың Орталық Сайлау Коммисиясы Парламент депутаты ретінде тіркелген сәттен басталады. Парламенттің бірінші сессиясында  оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант  береді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы  мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндетін абырой мен атқаруға  ант етемін.» антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі, Конституциялық Кеңесі мүшелерінің Жоғарғы соты судьяларының, Экс – Президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетінөзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның, басшы органның немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық Сайлау Комиссиясының ұсынуымен депутаттық өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соғады[4]. Республика  Парламенті Палаталарының төрағаларына келетін болсақ Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттардың арасынан Палаталар депуатары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс басқарған төрағалар басқарады. Сенат төрағасының қызметіне кандидатураны Республика Президенті ұсынады.сенат қабылдамаған кандидатураның орнына жаңа кандидатура енгізуді Республика Президенті жүзеге асырады. Ал Мәжіліс төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Парламент  Палаталарының төрағалары.

  1. Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді:
  2. Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды.
  3. Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді.
  4. Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды.
  5. Палаталар шығаратын актіге қол қояды.
  6. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің екі – екіден мүшелерін тағайындайды.
  7. Өздеріне Парламент регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады.

 

         Егер тиісті Палатада дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең екіге бөлінген жағдайда Палаталардың төрағаларышешу дауыс құқығын пайдаланады.

         Мәжіліс төрағасына келетін болсақ;

  1. Парламент сессияларын ашады;
  2. Палаталардың бірлескен кезекті отырыстарын шақырады.

         Сенат пен Мәжіліс төрағаларының Палата төрағасының ұсынуы мен Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен тиісті палата сайлаған бір – бірден орынбасарлары болады. Палаталар төрағасының орынбасарлары Палаталар төрағаларының уәкілдік беруімен олардың жекелеген функцияларын атқарады, сондай – ақ төрағалар орнында болмаған өз міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес жағдайда олардың орнын басады. Палаталар төрағаларының орынбасарлары Палаталар төрағаларының ұсынуы бойынша, егер бұл үшін тиісті Палата депутаттары жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін. Палаталардың төрағалары өз құзіретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

         б) Атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

         Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, органның жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылуымен, құрамына келетін болсақ;

Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Ал Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер – Министр тағайындағаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер – Министрі Республика Президентіне енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Преомьер Министрі, Оның орынбасарлары, Министрлер және Республиканың өзгеде лауазымды адамдары кіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне мынадай мазмұнда ант береді.

“Қазақстан Республикасы халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және Рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс — әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін. Ант етемін”.

Үкімет мүшелерінің антын Республика Президенті өзі белгілейтін тәртіппен қабылдайды. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше  іс – қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттігін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді.  Республиканың жаңадан сайланған Президентінің алдында өкілеттігін доғару Үкіметтің жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Өкілеттікті доғару туралы өтініш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке Ресми кіріскеннен кейін,беріледі. Үкіметтің өкілеттігін доғару оның мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді[5].  

Республика Үкіметінің орнынан түсуі;

Егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет және оның кез – келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясат пен келіспейтін және оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де онрнынан түседі. Конститурцияның 53 – бабының 7 – тармақшасында және 61-бабының 7-тармағында уөзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Республика Президенті орнынан түсуі қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған ретте Президент оған өз міндеттерін одан әрі жүзеге асыра беруді тапсырады.

Республика Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез – келген мүшесін қызметінен босата алуға хақылы. Премьер – Министрдің қызметінен босатылуы бүкізл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып келген қызметінен босатылуы тиіс.

Республика Премьер — Министрі өзі тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы  баяндама табыс етеді. Егерде Үкімет бағдарламасы қабылданбаған жағдайда  Премьер — Министр екі ай ішінде Парламентке Бағдарлама жөнінде қайталап баяндама табыс етеді. Республика Парламентінің Үкімет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен — екісінің көпшілік даусымен жүзеге асырылуы мүмкін және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдіргенін көрсетеді. Мұндай көпшілік дауыстың болмауы тҮкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді.

Республика Үкіметі Мүшелері;

  1. Өкілді органның депутаттары болуға;
  2. Оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға;
  3. Кәсіпкерлікпен шұғылдануға;
  4. Коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.

Республика Үкіметінің жауапкершілігіне, актілер мен есептілігіне келетін болсақ, Республика Үкіметі;

  1. Мемлекеттік, әлеуметтік , экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді.
  2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді.
  3. Әлеуметтік — экономикалық және ғылыми техникалық дамудың индикативті жоспарларын әзірлейді және де жүзеге асырады.
  4. Республика Президенті тәртіппен белгілейтін республикалық бюджетті әзірлеумен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республиканың бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
  5. Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік волюта, қаржы және материялдық ресурстарды сақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
  6. Құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады.
  7. Мемлекеттік баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтін бағалар, қолданылатын өнімдер, тауарлар мен қызметтердің наменклатурасын белгілейді;
  8. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғануды қамтамасыз етеді;
  9. Еңбек ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырумен әлеуметтік  сақтандыру жүйесін және шарттарын белгілейді;
  10. Мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, жүзеге асырады; аймақаралық проблемаларымен аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

Қаулы шығару Үкімет қызметі нысандарының бірі болып табылады.

Үкімет қаулысы, бұрын айтылғандай, оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылданады. Үкімет өзінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қаулы қабылдай алмайды. Үкімет қаулысының екі түрі болады: нормативтік және нормативтік емес. Норимативтік қаулылар құқық нормаларынан тұрады және бірнеше қайтара қолдануға есептелген[6].

         Үкімет қаулыларымен Премьер-Министрдің өкімдері заңға сәйкес актілер болып табылады. Олар Конституция, консституциялық және жай заңдар, Президенттің Жарлықтары мен өкімдері негізінде және оындалу үшін әзірленуі және қабылдануы тиіс. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жоғарыда аталған актілерге қайшы келмеуі керек. Егер Үкііметтің қаулылары мен Премьер – Министрдің өкімдері Конституцияға, заңдарға, Президент актілеріне қайшы келсе, олардың заңдық күші болмайды және күші жойылуы тиіс.  Сонымен бірге Президент Үкіметтің кез келген – нормативтік те, нормативтік емес те актілерінің қолданылуын толық немесе бір бөлігін тоқтата тұра алады. 

в)  Сот органы.

         Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституциясының 3-бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң нығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін, сондай-ақ тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп береді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материялдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалады. Әсіресе азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдануы мүмкін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы.).

         Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына  және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.

         Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.

         Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады (Конституцияның 76-бабы, «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебелері туралы» Президенттің №2694 заң күші бар Жарлығының 1-бабы). Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзгеде нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конститууияның 75-бабы, Жарлықтың 1-бабы). Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.

         Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны соттардың мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отырып, азаматтық және өзге де істерді қарау мен шешу жөніндегі  құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.

         Сот төрелігі Конституциялық принциптерге – сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принциптері жатады.

         Бұған қоса, оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен;

  1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

  (Қазақстан Республикасының Констиуциясы 75-бабының 1 тармағы). Ол мыналардан көрініс табады:

         соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органдар қарай алмайды;

         сот құзыретін, оның юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды;

         қандайда бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол берілмейді;

         адамды қылымыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттың ғана құқығы бар;

         қылымыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;

         сот құралдарын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.

  1. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабының 1 және 2-тармақтары). Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принциптің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір қылмыссыз немесе өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу болып табылады.
  2. Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы №2694 заң күші бар Жарлығының 4 және 9-баптары). Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы шешу бір-бірінен бөлінген және әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестердегі тараптарға да бірдей қатысы бар. Сот құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың процессуалдық міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыруларына жағдай жасайды. Тараптарға (айыптаушы мен қорғаушы, талап иесі мен жауап беруші) өз көзқарастарын қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру, қолдаухат беру, наразылық білідіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың бірінші және наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын істерге қатысу құқығын қамтамасыз етеді.
  3. Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен шешіміне апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.
  4. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орынедалуға тиіс.
  5. Сот төрелігін жүзеге асыруда судья мынадай ережелерді басшылыққа алады:

бір  құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе

әкімшілік жауақа тартуға болмайды:

өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің

өзгертуіне болмайды;

         сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

         ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

         қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдануға жол берілмейді.

  1. Сот төрелігінің кінәсіздік презумпциясы принципін ерекше атап өту керек. Оның мәні адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының соттары.

         Өздерінің құзіретіне және алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орналасқан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 75-бабының 3 және 4-тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлықтың 2-бабына сәйкес, республикадағы сот жүйесін Жоғарғы сот және жергілікті соттар құрайды.

         Жергілікті соттарға жататындар;

  1. Облыстық және соған теңестірілген соттар (Астана және

республикалық мәні бар қалалардың соттары, әскерлердің Әскери соты);

  1. Аудандық (қалалық) соттар, біріккен күштердің (гарнизондардың,

құрамалардың, армиялардың) әскери соттар.

         Ешқандай орган, лауазымды немесе өзге адам сот міндетін мойнына алуға хақысы жоқ. Қандайда бір атаумен арнаулы төтенше соттарды құруға жол берілмейді.

         Республикада соттардың мамандырылуы және осы мақсатпен; шаруашылық, салықтық, әкімшілік, отбасылық және өзге де мамандырылған соттардың құрылуы мүмкін. Олар аудандық (қалалық) соттардың мәртебесіне ие болады.

         Сот жүйесін мынадай тұтастық сипаттайды:

         сот төрелігінің конституциялық принциптері;

         заңдарда бекітілген сот ісін жүргізу нысандарында сот билігін жүзеге асыру;

         соттардың бірыңғай заңдар қолдануы;

         соттарды құрудың тәртібі;

         заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі;

         барлық соттарды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру.

         Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады;

  1. негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың әскери соттары);
  2. орта (облыстық соттар, астананың және республикалық маңызы бар

қалалардың соттары, әскерлердің әскери соттары);

  1. жоғары (Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты).

Сот буыны ұғымынан айыра қарауды қажет ететін сот инстанциясы

ұғымы да бар. Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрылым принциптерін сипаттайды, ал сот инстанциялары (бағыныштылық сатылары) шешілетін міндеттерің өзіндік ерекшелігін, өкілеттілік аумағы мен сыйпатын, сондай-ақ сот ісін жүргізудің соған тән ерекшеліктерін даралайды. Сот инстанциясы деген ұғымды сот істерін шешумен байланысты (істің мәні бойынша шешім қабылдау немесе осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру) қандай да бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.

         Бірінші инстанция соты деп, істі қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады. Ондай сот аудандық, облыстық немесе Жоғарғы сот болуы мүмкін.

         Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін сотты айтады. Екінші инстанция сотының апелляциялық және кассациялық сияқты нысандарын айыру қалыптасқан.

         Апелляциялық инстанция деп, бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына апеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады.

         Кассациялық инстанция деп, бірініші инстанция сотының заңды күшіне енбеген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына және апелляциялық сот үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады. Бұлардан басқа қадағалау инстанциясы бар – ол алдыңғы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокурорлық наразылықтар бойынша қадағалау ретінде іс қарайтын сот.

Сот жүйесінің негізгі буыны.

         Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруда негізгі салмақ негізгі буынға – аудандық (қалалық) және әскери соттарға түседі. Олар азаматтық және қылмыстық істердің көпшілігін, әкімшілік құқық бұзушылық материялдарын және басқаларын қарайды.

         Мәселен, олар заң бойынша жоғары тұрған соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда, бірінші инстанция бойынша қаралатын істердің бәрін қарайды.

         Негізгі буынның соттары істерді жеке өзі қарайды.

         Ауданда, қалада (ауданның бағынысындағы қаларды қоспағанда), қалалық ауданда аудандық (қалалық) сотты Әділет министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады. әділет министрінің ұсынымы бойынша Президент бірнеше аудандарға және қалаларға бір сот құра алады. Әділет министрі әділет басқармасы бастығының және облыстық және соған теңестірілген сот төрағасының бірлескен ұсынымы бойынша сот жанынансот учаскелерін құра алады және тарата алады.

         Аудандық (қалалық) сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша ауданға (қалаға) бір ғана судья тиісті болса, ол сонымен қатар төрағаның (бірқұрамдық сот) өкілеттігін де қоса атқарады. Судьялардың жалпы санын Президент Әділет министрінің ұсынымы бойынша белгілейді. Сот учаскесінде судьялардың жұмысына аға судья басшылық етеді.

         Аудандық (қалалық) соттың төрағасы  судьяның және сот буыны  басшысының міндеттерін қоса атқарады.

         Аудандық (қалалық) соттың төрағасы уақытша қызметте болмаған жағдайда, әділет басқармасы оның міндетін басқа аудандық (қалалық) соттың судьясына жүктеуі мүмкін.

         Судьялардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін әділет органдары сот аппаратының құрылымы мен штаттарын белгілейді, оған кеңсе меңгерушісі, сот хатшылары, кеңесшілер, бухгалтерлер, машинисткалар, архивариустар кіреді. Олардың бәрін сот төрағасы жұмысқа алады және жұмыстан шығарады. Бұлардан басқа әділет органдары тағайындайтын сот отырыстарының хатшылары, сот мәжілістерінің хатшылары, сот орындаушылары, сот приставтары сот қызметкерлері болып саналады.

Жүйенің орта буын соттары.

         Облыстық соттар және оларға теңестірілген астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге, олар заңмен белгіленген жағдайларда,жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша қылмыстық істерді қарайды.

         Бірінші инстанция соты ретіндеь олар, мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздық жасау, террорлық, баскесерлі, жаппай тәртіпсіздік туралыт қылмыстық істерді, сондай-ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды азаматтық істерді қарайды.

         Мұнымен қоса, орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы даулы мәселелерге байланысты шаруашылық істерін қарайды.

         Орта буын соттары апелляциялық және кассациялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.

         Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді, жаңа ашылғаен жағдаяттар бойынша істерді қайта қарайды.

         Мұнымен қоса, орта буын соттары сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қорытындылайды, өзіне заңмен берілген өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         Орта буын соттарын Әділет министрінің ұсынымы бойынша Республика Президенті құрады және таратады. Соттардың сандық құрамын тиісті соттың сот жұмыстарының ауқымы мен сыйпатын, халықтың санын және сол сияқтыларды ескере отырып жасаған ұсынымы бойынша Әділет министрі белгілейді. Орта буын соттары төрағадан, сот алқасы төрағаларынан және тұрақты судьялардан құралады. Сот президиумы, қылмыстық, азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот алқалары осы соттардың органдары болып саналады (әскерлердің әскери сотында шаруашылық істері бойынша сот алқалары болмайды).

Сот алқаларын олардың төрағалары басқарады. Алқа құрамын тиісті

соттың судьяларынан төраға бекітеді. Сот алқалары бірінші инстанция бойынша апелляциялық, кассациялық және жаңа ашылған істерді қарайды.

Сот мүшелерінің жалпы санының  көпшілік және жасырын даусымен жыл сайын сайланатын орта буынның сот президиумы сот төрағасынан және тұрақты төрт судьядан тұрады.

Сот президиумы шағымдар мен наразылықтар, сондай-ақ жаңа ашылған жағдайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.

Орта буынның сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады. Орта буын соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас.

Жоғарғы сот – сот жүйесінің жоғары буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және өзге де сот ісін жүргізудің Жоғары сот органы болып табылады. Ол бірінші, кассациялық және қадағалау инстанциясының соты ретінде іс жүргізеді, сондай – заңда белгіленген жағдайларда жаңа ашылуына байланысты қылмыстық істерді қарайды.Жоғарғы сот төрағадан, сот алқалары төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.

Жоғарғы Соттың органдары;

Пленум;

Президиум;

Қылмыстық, азаматтық, шаруашылық істері бойынша сот алқалары, әскери сот алқасы.

Жоғарғы Соттың пленумы Төраға, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы сот судьялары құрамында қызмет етеді.

Ол:

  1. соттардың заңдарды және басқа да нормативтік – құқықтық

актілерді қолдану практикасын зерттеу мен жинақтау материялдарын қарайды және сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін  нормативтік қаулылар қабылдайды;

  1. сот статистикасы сараптамасының материялдарын қарайды;
  2. Конституцияға сәйкес мемлекетке опасыздық жасағаны туралы Президентке тағылған айыптың негізділігі жөнінде тұжырым береді;
  3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша Жоғарғы Сот пленумының хатшыларын, ғылыми – консультативтік  кеңестің құрамын сайлайды;
  4. Жоғарғы Сот тәртіптік алқасының мүшелерін сайлайды;
  5. Жоғарғы Сот президиумының мүшелерін сайлайды;
  6. Жоғарғы Сот төралқасының үкімдеріне кассациялық немесе қадағалау шағымдарын қараған кезде қабылданған президиум қаулыларына қадағалау шағымы және наразылығы бойынша қылмыстық істер қарайды;
  7. өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді іске асырады.

         Жоғарғы Соттың  Президиумы төрағадан және тұрақты сегіз судьядан тұрады, оларды жыл сайын Жоғарғы сот Пленумының мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жалпы мүшелердің көпшілік даусымен сайланады. Мәжіліс кемінде айына бір рет өткізіледі.

         Жоғарғы Соттың сот алқалары Жоғарғы Сотты судьяларынан тұрады. Олардың құрамын Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді. Алқа төрағаларын Республика Жоғарғы Соты Кеңесінің кепілдемесі негізінде Президент ұсынымы бойынша Сенат сайлайды.

         Жоғарғы Соттың сот алқалары бірінші инстанция соты ретінде азаматтық, шаруашылық және басқа да аса маңызды немесе өз қалаулары бойынша немесе Бас прокурордың бастамасы бойынша қолға алынған ерекше күрделі істерді қарайды және шешеді. Сонымен қоса, олар мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істерді қарайды.

         Жоғарғы соттың сот алқалары бірінші инстанция бойынша шығарылған облыстық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне кассациялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істер қарайды.

         Олар қадағалау ретінде облыстық және оған теңестірілген соттардың бірінші инстанциясы бойынша  және апелляция ретінде қаралған істері бойынша қабылданған әрі заңды күшіне енген актілеріне шағымдар мен наразылықтар бойынша, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттар президиумдарының қаулыларына қадағалау шағымдары мен наразылықтары бойынша істер қарайды.

         Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес құрылады, ол сот практикасының,  Жоғарғы Сот  Пленумы нормативтік қаулылары жобасының және өзгеде құжаттардың практикасын зерттеу мен жинақтауға  байланысты материялдарды дайындауды қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып есептеледі.

         Жоғарғы соттың өз аппараты бар, ол консультанттарды, инспекторларды, сот алқаларының хатшыларын қамтитын бөлімдерден тұрады.

Судьялар мәртебесі

         Судьялар Қазақстан Республикасында сот билігін жүзеге асырушылар болып табылады. Оларға Конституциялық  тәртіппен сот төрелігін атқару жөнінде кең өкілеттіктер берілген.

         Судьялардың қызметі билік өкілеттіктерін іске асырумен байланысты болғандықтан, ол лауазым кандидаттарына жоғары талаптар қойылады. Мәселен, заң бойынша аудандық (қалалық) сотқа тек  мыналар ғана судья бола алады:

         Қазақстан Республикасының азаматтары;

         атына кір келтірмеген, беделді азаматтар;

         25 жасқа толғандар;

         заңгерлік жоғары білімі барлар;

         заңгерлік мамандығы бойынша кемінде екі жылдық стажы барлар;

         біліктілік эмтиханын ойдағыдай тапсырғандар және әділет біліктілік алқасының ұсынымын алғандар.

         Бұған қоса, мыналар жоғары тұрған соттың судьялары бола алады.

         Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, оның екі жылын, әдеттегідей, әділет, прокуратура, анықтау және тергеу  органдарында судья болып істеген заңгер.

         Біліктілік эмтиханын тапсырған және Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынымын алғандар.

         Жас мөлшері Конституцияға сәйкес белгіленеді және 60 жастан аспауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 5 жылдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.

         Жоғарғы Соттың, сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы сот судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша республика Президенті қызметке тағайындайды. Сот учаскелерінің және басқа соттардың төрағаларын, аға судьялары мен судьяларын  әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген әділет министрінің ұсынуы бойынша республика Президенті қызметке тағайындайды. Барлық соттардың және сот алқаларының төрағалары 5 жылға сайланады және тағайындалады.

         заң судьялары үшін белгілі бір шектеулер белгілейді. Мәселен, олардың мыналарға құқығы жоқ;

         депутат болуға:

         ғылыми – оқутышылық немесе өзге де шығармашылық қызметтерді есептемегенде, басқа ақылы қызмет атқаруға;

         кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

         коммерциялық ұйымдардың басшы органның немесе бақылау кеңесінің құрамына енуге;

         партия, кәсіптік одақтар мүшесі болуға;

         қандай да бір саяси партияны қолдауға немесе оған қарсы шығуға.

         Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды, оны қызметтен босатуды және тәртіптік жауапқа тартуды заң толық реттейді. Мұндайда баламалық қарастырылмайды. Осыған орай, әр түрлі оқуға және өзінше түсіндіруге жол бермеу мақсатында бұл үшін қарастырылған барлық негіздер барынша айқын дәйектелген. Нормаларды рәсімдеудегі мұндай көзқарас судьялардың тәуелсіздік  кепілдігін күшейте түседі.

         Мәселен, “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Жарлықтың 46-бабына сәйкес, мына жағдайларда судьялардың өкілеттігі тоқтатыла тұрады:

  1. қылмыс жасаған жерінде қолға түскен немесе ауыр қылмыс

жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда, судьяны күзетпен ұстауға немесе оны қылмыстық жауапқа тартуға немесе тұтқынға алуға келісім берілгенде;

  1. судья соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына ұйғарылған немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылғанда;
  2. судья сот шашімі бойынша үшті – күйлі жоғалды деп танылғанда;

         4.судья депутаттыққа кандидат болып тіркелгенде.

         Судья қызметінен босатылады (Жарлықтың 47-бабы);

  1. өз қалауы бойынша;
  2. денсаулығына байланысты;
  3. қызметте болудың ақтық жасына жетуіне байланы.
  4. қайтыс болуына байланысты.
  5. атқаратын қызметіне  сәйкес келмеуіне немесе Жоғарғы Сот Кеңесінің немесе Әділет біліктілік алқасының ұйғарымы бойынша судья қызметімен сыйыспайтын кәсіппен айналысқан деп танылғанда;
  6. егер соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;
  7. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған жағдайда;
  8. Конституция мен заңдарды бұлжытпай орындау талаптарын және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етпеген жағдайда;
  9. Шешім бойынша әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе қайтыс болды деп танылғанда;
  10. Басқа судьялық қызметке тағайындалған, сайлаңған немесе мемлекеттік органдардың басқа қызметіне ауыстырылған жағдайда.

 

Судьялар өз қызметінде есеп бермейді және бақылуға алынбайды,

алайда заңда белгіленген жағдайларда олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

         Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және соларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы” жаңа Ереже бекітілді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және соларға теңестірілген тәртіптік алқалар Қазақстан Республикасы соттарына қатысты істерді қарайтын органдар болып табылады және оларға тәртіптік жаза белгілеуге құқылы. Тәртіптік алқалар өз қызметінде судьялардың сот төрелігін шығарудағы тәуелсіздік принципін ұстанады.

         Жоғарғы Соттың тәртіптік алқасының құрамы Жоғарғы Сот судьялары қатарынан екі жыл мерзімге жасырын дауыс беру тәртібімен сайланады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы сот алқалары мен төрағалары мен Жоғарғы Сот судьяларына, облыстық және соларға теңестірілген соттар төрағаларына, осы соттардың сот алқалары төрағаларына, сондай-ақ облыстық және соларға теңестірілген тәртіптік алқалар шешімдері туралы шағымдарға қатысты тәртіптік мәселелерді қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МЕМЛЕКТТІК АППАРАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

 

  • Мемлекеттік аппаратта Президенттің атқаратын орны, және оның қызметшілерінің жетілдіру жолдары.

 

         Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республика Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.

         Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

         президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін  1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда

Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан нат қабылдады және осы сәттен ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

         Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасының Президентін биліктің төртінші тармағы ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент барлық билік тармақтарынан оқшау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез – келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол – халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.

         Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.

         Президент артқарушы билік саласында:

         Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, қайта құрады, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстағы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі туралы шешімді үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды.

         Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады;

         Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтаданталқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

         Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.

          Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды. Оны қызметтен босатады.

         Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік кеңесін құрады.

         Президенттің басты міндеті – ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. әңгіме бұл жағдайды Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

         Перзидент өкілеттіктерінің келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құрайды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:

  • Заң шығару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы.
  • Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құқығының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік қызметінің басты нысандары емес.

 

Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң талаптар қойылады: Қазақстан Республикасының Президентіболып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.

Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Бұл сияқты мәліметтерді Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы” Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпеы сайлау сияқты Республиканың Орталық сайлау Комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есепттелінеді. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептелінеді. (Конситуцияның 41-бабының 5-тармағы).

         Президентке ешкімнің тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с. болмайды.

         Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Республика Президентіне  мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оны қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарынын өкілеттігінмерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медициналық тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық  Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.

         Мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мына төмендегі жағдайларды:

а) мемлекеттік орган мәртебесінің ерекшеліктерін;

б) органның кіретін аясы мен саласының ерекшеліктерін;

в) мемлекеттік лауазымның санатын;

г) тиісті лауазымға орналасудың тәсілдерін ескере отырып құқықтық актілермен белгіленеді.

         Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге бәрі бірдей тең құқылы деген Конституциялық принцип бұл қызметке кіру немесе нақтылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін белгілі шектеулер болмайды деген ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер заңдармен және басқа құқықтық актілермен тағайындалған.

         Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:

а) егер ол сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі кемшіл деп танылған болса;

ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымға орналасу құқығынан айырған болса;

б) лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;

в) мемлекттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған болса;

г) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.

         Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.

         Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай сәйкес келуге:

  1. Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас

белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасы азаматы болуға;

  1. Тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметке кірген кезде азамат салық қызметі

органдарына өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік туралы мәліметтер тапсыруға міндетті. Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасу сайлау, конкурс, контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.

         Сайлау мемлекеттік лауазымдарға орналасудың ең демократиялық нысаны ретінде сайланатын адамның келісімі болуымен қатар кандидатурасын ұсынуды және сайлау актісін мезгейді. “Мемлекетті қызмет туралы” заңда мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес басқа жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.

         Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау арқылы орналастырудың нақты нысаны  болып табылады. Ол конкурсқа қатысушылар арасында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін адамдарды анықтау үшін өткізіледі.

         Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасушы және қызметі бойынша жоғары тұрған санаттағы лауазымға жоғарылуы, “Мемлекеттік қызмет туралы” заңмен, өзгедей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады. Әмшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

         Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет туралы заңның талабына сәкес  Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі төрғасының 1999 жылғы 24 қарашадағы А-202 бұйрығымен бекітілген “Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасына қаралып бекітілген.

 

2.2. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік аппаратта жетілдіру әдістері.

 

         Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындауға саяды; тар мағынада — бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет, — делінген,-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

         Ал, лауазымдық өкілеттік деп заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік ұғынылады.

         Мемлекеттік  қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының  Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.

         «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдар мен реттеледі.

         «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік лауазым нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттердің белгілі тлбы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі делінген.

         Мемлекеттік лауазым — оны атқаратын адамның өкілеттігінің мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.

         Лауазым мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерінің, құқықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби — мамндық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының мазмұнын көрсетеді, оның құқықтық жағдайын анықтайды.

         Әрбір лауазымдық өкімдік тәртіппен құрылады, ол басқару органының штат кестесіне енгізіледі және тиісті мамандарға орналастыруға жатады.

         «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметші ұғымы берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы табылады.

         Заңда мемлекеттік қызметшілірді екі топқа бөліп, түсініктеме берген.

         Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші  деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады.

         Енді бір тобы — мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (саялануы), босатылуы және қызметі саяси — айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады.

         Жалпы алғанда құқықтық мәртебелерінің ерекшеліктеріне қарай мемлекеттік қызметшілер әр алуан түрлерге бөлінуі мүмкін.

         Ең алдымен: а) мемлекеттік органдардың, ә) мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметшілері бөлінеді.

         Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің қоғамға басшылық жасау жөніндегі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға шоғырланған.

         Ал, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметшілерінің функционалдық міндеттері өзгеше. Олардың қызметі тиісті өндірістік, әлеуметтік — мәдени және өзге де қызмет процестерін, яғни кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың мақсаттары мен атқаратын жұмыстарына орай негізгі міндеттерін орындауды ұйыидастырумен байланысты.

         Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылатындығы, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен немесе өзге де заң актілерімен олар үшін басқадай құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайтындығы айтылған.

         Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамадар мемлекеттік қызметшіге жатпайды. Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі бекітеді.

         Жүйелеу мәселесіне зерттегенде әкімшілік құқық ғылымында ең алдымен құқытық жағы ескеріледі.

         Қызметшілерді, олардың жүзеге асыратын функцияларының сипатына байланысты үш жүйеге: лауазымды адамдарға, жедел құрамға, көмекші персоналға; немесе бес топқа; басшыларға, жауапты мамандарға, техникалық персоналға (техникалық орындаушылар) және көмекші қызмет көрсететін персоналға бөлуге болады.

         Лауазымды адам, — делінген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім етушілік немесе әкімшілік — шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.

         Заң әдебиеттерінде лауазымды адам деп өз құзыретінің щеңберінде заңдық салдар туғызатын биліктік іс-әрекет жасауға құқығы бар мемлекеттік қызметшіні айтады (мысалы, басқарудың құқықтық  актілерін шығаратын, ақша құжаттарына қол қоятын, тіркеу іс-қызметтерін жасайтын т.с.с.).

         Қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес аталған заңда мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын жаңадан жүйелеу енгізілген. Ол бойынша жүйелеу негізгі белгілеріне қызметшілердің мемлекеттік қызметі жүзеге асыратын органның ұйымдық-құқықтық деңгейі, олардың нақты лауазымдағы құзыретінің көлемі мен сипаты, лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы рәлі мен орны жатады. Осыған орай мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.

         Саяси лауазымдарға:

  1. 1. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  3. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
  4. орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

         Мемлекттік қызметшілердің әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер жатады.

         Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.

         Мемлекттік қызметке кіру үшін азамат келесі міндеттелген құжаттарды өткізуі тиіс; жеке басына арыз жазады келесі,  құжаттын тапсырады, және де еңбек кітапшасымен қатар медициналық денсаулығы жөніндегі анықтама қағазын, жеке басының куәлігін тапсыру керек.

         Конкурстық жүйе мемлекеттік  қызметтің ваканттық дәрженің араласуы мен болады. Конкурс азаматтардың мемлекеттік қызметке кірудегі құқықтары бірдей болсын деген мақсаттар мен қарастырылады.

         Ол, конкурсқа қатысамыз деп құжаттарын тапсырған азаматтардың арасында жүргізіледі.  Конкурс формасы; құжаттар конкурсы немесе сынақтан өту конкурсы.

 

 

 

2.3. Мемлекеттік аппарат қызметін атқару үшін нормативтік актілердің қамту жолдары.

 

         Іскерлік қарым – қатынас мәдениетіне келесі компоненттер кіреді.

а) техникалық іскерлік қарым-қатынас.

б) психологиялық іскерлік қарым-қатынас.

в) іскерлік қарым-қатынас этикасы.

г) қызмет этикеті.

Осы атап өткен компоненттердің барлығы бір-бірлерімен тығыз байланысты, және де олар тек теоретикалықдеңгейде ғана шектеледі.

         Қарым-қатынас (коммуникация) бұл екі жақтың келісіміменжүргізілетін әдісткрдің бірі. Нақты іс жауапкершілігі сот адамдарына қатысты, және де материялдық қаржы шығынымен байланысты болады. әсіресе әңгіме жетекші жайында қозғалатын болса, оның қаржылық этикасының мазмұны тікелей бағынатын адамдарға ықпалы тиетін болады. Және оның қызметін бекітіп жетілдіре түседі. Сондықтан да іскерлік қарым-қатынас этикасын                    жетік меңгеру мен қатар оның білімділігі, құқық қорғау органы қызметкерлерінің профессионалдық мәдениетінің көрсеткіші болуымен қатар, қазіргі заман талабына қарай да сай болуы керек.

         Зерттеулерге көз жүгіртсек іскерлік өмірде көптеген адамның қарым-қатынас процесі 10-85% жұмыс уақытын алады екен. Осығанбайланысты әйгілі банкирлердің бірі Д.Рокфеллердің айтуы “Адаммен қарым-қатынас жасау ол – тауар, сол себептен сол өнерге ие болуы үшін, өмірдегі басқа заттан гөрі көбірек бағалаймын  деген екен”. Осыдан бір қорытынды шығады: адамдармен қарым-қатынас жасай білу ол ең маңызды профессионалдық құндылық болып табылады, және де осыған адам баласы үйреніп, өмір бойы пайдалануы қажет, жетекшінің іскерлік қарым-қатынас сапасына келесі факторлар байланыста болады. Олар: жетекшінің информативтік деңгейі, өзінің қарамағындағы қызметшінің қызметтік ережелерді шешу жөніндегіықпалы, оларды тәрбиелеу жөніндегі ықпалы, коллективтің моральдық психологиялық климаты, сонымен қатар жетекшінің эмоциялық қанағаттануы мен қарамағындағылардың өз дәрежесі болуы керек.

         Мемлекеттік қызметшінің құқығы, құқықтық мүмкіндік комплексіе көрсете алады. Мемлекеттік қызметшілерге қомақты қызметтік құқығы ұсынылады. Іішіндегі ең негізгі атқарылатын болып келесілер жатады[7].

  • Шешімдер қабылдау және оның дайындығына қатысу.
  • өзінің құқығы мен дәрежесін айқындайтын құжаттармен танысу.
  • өзінің кәсіби міндетін атқарудағы, материялдар мен информацияларды иемдену.
  • өзінің жеке ісі құжаттарымен танысу.

 

Өзінің талабы бойынша ар мен беделін түсіруге қарсы қызметтік

зерттеу жүргізуге құқылы. Мемлекеттік қызметке байланысты туындаған дауларды шешу үшін қызметші тиісті органдарға немесе сотқа шағымданса болады.

         Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттеріне байланысты:

  • құқықты сақтау
  • заңды азаматтардың қызығушылығымен құқығын қамтамасызету.
  • Бұйрықтарды орындау.
  • Мемлекттік және қызметтік құпияларды сақтау.

 

 

Мемлекеттік қызметті атқарып келген қызметші міндетті түрде

мемлекеттік салық  комитеті органына жыл сайын олардың мүліктік және  түскен пайдасы жайында мәліметтер өткізуі тиіс. Заңда мемлекеттік қызметшіге байланыстышектеулер жарияланады.

  • Басқа ақы төлейтін қызметте жұмыс істемеуі тиіс (тек творчнстволық, педагогикалық және ғылыми қызметпен байланысты болады).
  • әрқандай өкілді органның депутаты болуға.
  • Жеке және сенімді адамдар арқылы кәсіпкерлікпен шұғылдануға
  • Коммерциялық мекеме органының мүщесі болуына
  • Қызметтік құрылғылар мен мемлекеттік мүлікті мемлекеттің пайдасына қолданбай өз басына қарай пайдалануы,
  • Ереуілдерге қатысуға
  • Заңды және жеке азаматардан сыйлық және ақшалай марапаттау, демалысының ақшасын алуға.

Мемлекеттік қызметші қызметтік тәртібін бұзғаны үшін жауапқа

тартылып қана қоймай өзінің әрекетіне құқық бұзушылығы және заңды тұлғаларды қызығушылығын бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

         Мемлекеттік қызметшілерге арналған аттестация екі жылда бір рет профессионалдық мақстаында жүргізіледі, және де квалификациялық  яғни қызметтік дәрежесінің өсуі үшін қосылатын разряд.

         Аттестациялық коммисиялар мемлекеттік органның жетекшілерінен құралады.

         Енді нормативтік құқықтық актілерге келетін болсақ, нормативтік – құқықтық акті қазіргі замандағы мемлекеттің негізгі деректердің бірі болып табылады[8].

         Нормативтік құқықтық актілерге мынадай нормаларды бекітеді:

Болып жатқан тарихи кезеңдегі, әлеуметтік экономикалық, ұлттық және де халық аралық қатынастарды байланыстырады.

         Қоғамдық өмірдің дамуымен қатар,  қоғамдық қатынастар күрделенуі, қоғамдық прогрестің баяулауына әкеліп соқтырды. өз кезіндегі Н.М. Коркуновтың айтуы бойынша «мемлекттік билік, құқықтық басқаруды қолдай және қорғай отырып, мына жағдаймен келісе алмайды. өзі жеткілікті түрде қатайып құрылғанша, заңдағы құқықты тәртіпті орнатуға ұмтылады»[9].

         Нормативтік құқықтық актілерде тек құқық нормалары ғана құрамында болады. Яғни мемлекттік міндетті атқаратын адамдарға, жалпы мінездемелік ереже болып табылады. Сол себептен де, нормативтік – құқықтық актіні индивидульды құқықтық актілерден ажырата білуіміз қажет. Индивидуальдық – құқықтық акт өзінің ықпалын нақты құқықтық субъектіге, жұмылыдырады. Ол бір рет қолдануға ғана жарамды болады, яғни белгілі бір тұлғаға байланысты, және де өз жұмысын нақты құқықты немесе міндетті тұлғалар ісі жөнінде тоқтатады.

Нормативтік – құқықтық акт арнайы мемлекеттік құжат ретінде толтырылады. Яғни міндеттелген атрибуттары болуы керек (заң, жарлық, нұсқау және тағы басқалары), акт қабылдап алған орган белгісі (парламент, президент, үкімет, жергілікті басқару органы және тағы басқа).

Нормативтік – құқықтық актілер классификациясы, әртүрлі негізде жасалады; заңды күш бойынша, мазмұны бойынша, мазмұны бойынша, мінездемесінің әрекеті мен көлемі бойынша, және оның субъектісі бойынша.

Заңды етүші бойынша нормативтік актілер, заңға және заң астары актілерге бөлінеді. Нормативтік – құқықтың заңды күші, классификацияның едәуір белгісі болып табылады. Ол жалпы жүйедегі мемекеттік нормативтік реттеуде, орнын және қажеттілігін айқындайды.

Мазмұны жағынан да нормативтік құқықтық актілер классификацияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер республиканың 1995 жылы қабылдаған Ата заңында өзінің басты көрінісін тапты. Атап айтсақ еліміз егемендік алған тоғыз жыл ішінде екі Конституция қабылдады. оның біріншісі 1993 қаңтар айындағы Конституция болған еді. Дегенмен де бұл бірінші Ата Заңның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі болды. Ал екінші Конституцияға келетін болсақ, бүкіл халықтық дауыс беру арқылы 1995 жылы 30 тамызда өткен референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы; мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

         Республика билігінің екі жолы бар: Президенттік және Парламенттік. Президенттік Республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен үкіметті құрайды. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы Республика.

Президент – мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарыныңхалық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40 бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрған, 40 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайды. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы  және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс. Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызмет пен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие. Парламенттік Республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі  Парламенттің басымдылық принципке негізделеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті -Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

         Қазақстан РеспубликасыПарламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс.

— Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары палатасы – Сенат

— Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады., атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды . Үкімет Парламенттің сеніміне сүйене отырып қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса ол қызметін тоқтатады.Үкіметті  Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Кейбір мемллекеттерде Президенттік және Парламенттік республиканың белгілері аралас болады. Оарды жартылай президенттік  (Парламенттік) республика деп атайды. Мысалы Рессей федерациясы осындай мемлекеттік басқару тұрпатына жатады.

Қазақстан Республикасының сот билігі —  сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзгеде нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға – жол берілмейді (75 бап). Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар жауап бермейді. Судльяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық  қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқару мен, кәсіпкерлікпен айналасумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе басқарушы кеңесінің құрамына кіруімен сыйыспайды.  

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аппаратта жүргізіліп жатқан реформалар  мен институционалдық қайта құрулар саяси биліктік жүйеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару апаратында Президенттің алатын орны ерекше. Яғни, біздің Қазақстан Республикасының Президенттік қыметі тұңыш рет 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған заңмен тағайындалды. Онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н.Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Соңынан 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

         1995 жылдың екінші жартысында  Республика  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың күш салуымен  экономикалық реформаладың  заң негіздерін  жақсарту жағына қарай белгілі бір бет бұрыс жасалды. Ел Конституциясы қабылданып биліктің үш тармағының функциялары айқындалы. Президенттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі» туралы заң күші бар Жарлығы шықты, Парламенттің екі палаталарының сайлауы өткізілді. Үкімет құрамы едәуір жақсарды, Президент пен үкімет аппараттары өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды. Ең бастысы Үкіметтің алдыңғы үш жылға іс қимыл бағдарламасы елеулі елеулі жақсартылып экономикалық реформаларды  тереңдету  мен жеделдету міндеттері белгіленді.

         Сөзімді қорытындалай келе,  еліміздегі болып жатқан жағдайлар, мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне, қоғамымыздың одан әрі демократиялануына, реформалардың тереңдеуіне, экономикамыздың,

әл — ауқатымыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің жақсаруына игі – ықпалын тигізетініне сенімімізді жақсартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З.

       Мемлекет және құқық теориясы  /Оқулық құралы/. – Алматы Жеті жарғы, 1997 – 256 б.

 

  1. Абельдинов А.К. Развитие нормотворчества в Казахстане. Алматы,

        1998.

 

  1. Аюпова З. Особенности построения демократического правового государства // Известия АН КазССР. Серия общественных наук.№ 5. 1989.
  2. Бержель Ж.Л., Карбонье Ж., Общая теория права; М:  Нота Бене,

   2000- 576с

 

  1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері: Алматы: Жеті жарғы, 2001.

 

6.Венгеров А.Б. Теория Государства и права; М; Юриспруденция,

  2000-528с.

 

7.Васильев  А.М.,  Правовые категории. М., 1993.

 

  1. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК. Алматы, 1998.

 

  1. Ибраева А.С. Теория государства и права. Алматы; «Қазақстан университеті» 2001.
  2. Ким В.А. Конституционный строй Р.К., Алматы, 1998.

 

  1. Козлов Ю.М., Административное право:. – М.:  Юрист, 1999. – 320с
  2. Лазарева В.В. Теория права и государства: Учебник. М.: Прво и закон, 1996.

 

  1. Лукашева Е. А. Право, мораль, личность. М., 1986.

 

 

  1. Мүхамедов М., Саяси құқықтық ілімдертарихы. Алматы: Заң әдебиеті., 2002ж

 

  1. Матузов Н.И. Правовая система и личность. Саратов, 1987.

 

  1. Малиновский В. Глава государства суаеренного Казахстана. Алматы, 1999.

 

  1. Матюхин А.А. Государства в сфере права: институциональный подход. – Алматы, 2000.

 

  1. Мұхаммеджанов Б. Парламент Р.К и законодательные органы зарубежных стран /Общие вопросы/. Алматы. 1997.

 

  1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. Алматы, 1996.

 

  1. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти, к президентской республике. Алматы, 1995.

 

  1. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы; Жеті жарғы, 1998.
  2. Сапаргалиев Г.С., Основы Государства и права Республики Казахстан: Алматы. Жеті жарғы, 1999.

 

  1. Сапаргалиев Г.С., Становление Конституционного строя РК.

        Алматы. 1998.

 

  1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Алматы: Жеті жарғы. 2001.

 

  1. Табанов С.А., Совершенствование законодательства: теория и опыт Р.К.: Алматы, 1999.

 

  1. Таукелеев А.Н., Сапаргалиев Г.С. Государственно правовые взгляды аль – Фараби. Алма-Ата, 1985.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[2] Казахстанская правда. 1997 жылғы 19 қараша.

[3] “Егемен Қазақстан”, 1997 жылғы 14 мамыр.

[4] Қазақстан Респуб-ның 1999 ж 6-мамыр-ы №377-1 Конституциялық заңымен 24 б-ң 3 тарм-а өзгерту

[5] Қазақстан Респ-ң 1999 ж-ы 6-мамыр-ы №379-1 Констит-ң заңының 4-бабы.

[6] Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы “Жеті жарғы” 1999ж 323 б.

Административное право. Ю.М Козлов  Москва,1999г

[8] Хропанюк В.Н. Теория  государства  и  права. 2001  377стр.

[9] Коркунов Н.М. лекции по общей теории права СПб., 1894г. 299с.