АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Меншік заңдары, меншік түрінің эволюциясы

 

Меншік заңдары, меншік түрінің эволюциясы

 

Мазмұны

 

Кіріспе —————————————————————

 

І-тарау. Меншік   құрылымы   және  оның заңдылық-

      тары————————————————————-

І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық

мазмұны ————————————————————

І.2. Меншік  заңдары  және  шаруашылық  жүргізу  форма-

       лары————————————————————

І.3. Меншіктің    ішкі  қайшылығы  және  әрекет  ету

      Механизмі—————————————————

 

ІІ-тарау. Меншік түрінің эволюциясы —————-

ІІ.1. Экономиканы   трансформациялау   бағыттары

        туралы——————————————————

ІІ.2. Меншік түрі және меншік қатынастарын жаңартудың

теориясы мен практикасы———————————-

ІІ.3. Қ.Р. жекешелендірудің іс-тәжірибелік  мәні  және

маңыздылығы ————————————————

 

Қорытынды—————————————————

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі———————

 

 

Кіріспе

 

 Экономикалық теория және қоғамдық  практика үшін бүгінгі күні аса маңызды өзекті мәселелердің бірі — өркениетті рыноктық қатынастардың негізін қалаушы меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері болып табылады. Адамзат қауымының әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, соған сәйкес іс-әрекет ететін әлеуметтік құралдардың бірден-бірі меншік құбылысы.

Меншік экономикасының және экономикалық теориясының ең маңызды, әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективтілік қатынас ретінде экономика, құқық бойынша ойшылдарды бұрында қызықтырған. әртүрлі өркениет өкілдері “Экономикалық билік кімге тиеселі?” деген сұрақтарға әрқашанда көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына бірегей меншік кез-келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай талап ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп өзінің билігі шеңберінде қолдайды, әрі қолданады.

Біздің дәуіріміздің ерекше этапы XX ғасырдың 20 жылдары басталған социалистік эксперименттердің ғасырдың соңына қарай бұрынғы Кеңестер Одағы және Шығыс Еуропа елдерінде дағдарысқа ұшырап, тарихи сахнадан кетуімен анықталады. Жетпіс жылдан астам кеңестік дәуір тарихымыздың жалғасы іспетті орасан зор қоғамдық күйзелістен шығудың бірден-бір жолы рыноктың экономикасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жолда меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды қатынастар жүйесіне бұрын-соңды болмаған әлеуметтік өзгерістерді алып келді. Экономикалық теория ғылымы тұрғысынан қоғамдық құрлыс дағдарысынан, әміршілдік экономикалық жүйеден туындайтын, прогрессивті дамуға кедергі келтіріп жүрген “байырғы” үлгілерге жататын бірқатар мәселелер бар.

Мәселен, социализм деп дәріптеген қоғамда барлығы халықтікі деп меншікті мемлекеттендіру, бір орталықтан әкімшілік әдіспен басқарылатын экономикалық жүйе адамдардың қоғамдық байланысқа деген бейтараптық көзқарасын жоғарғы денгейлерге дейін жеткізіп күшейтті. Еңбекті ұйымдастыру, басқару жүйесі әміршілдік сипатқа ие болып “бір адам еңбектеніп, жетеуі бақылаушы” болатын жүйе қалыптасты. Осы себептерден еңбек өнімділігі, сондай-ақ өндіріс тиімділігі көрсеткіштері төмендеп қана қоймай, құлдырау траекториясына түсіп кетті. Бұл процестер теңгермешілік қағидаларының теріс салдарымен үдемелі түрде күшейе түсті.

Еңбекте атқарылуы тиісті жұмысқа ынталылық күрт төмендеді. Осының әсерінен халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы дәрежесі кеміп, дамыған елдерден анағұрлым төмен денгейде қалыптасты.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты меншік экономикалық категориясының мазмұнын, заңдарын, формаларын айқындау арқылы оның әрекет механизмін көрсетіп. ҚР-ның меншік эволюциясы туралы нақты мысалдар негізінде практикалық ұсыныстар жасау болып табылады.

Біздің таңдап алған бітіру жұмысының өзектілігі жоғарыда келтірілген пайымдаулар арқылы дәлелденді деп санаймыз. Бітіру жұмысының негізгі міндеті меншік заңдары әрекетін және меншік түрінің эволюциясын айқындау болып табылады.

Бірінші тарауда меншік құрылымы және оның заңдылықтарын анықтап көрсету, срның ішінде

  • “меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұнын ашып дәлелдеу;
  • меншік заңдары мен шаруашылық жүргізу формаларын айқындау;
  • меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет механизмінің қызхметін сараптау мәселелері туралы жазылатын болады.

Екінші тарауда меншік түрінің эволюциясын талдап көрсету барысында

  • экономиканы трансформациялау заңдылықтары;
  • меншік түрлері және меншік қатынастарын жаңартудың теориялық негіздері;
  • Қазақстан Республикасында жекешелендірудің іс-тәжірибелік мәні және маңыздылығы туралы ой-пікірлерімізді ортаға салмақпыз.

Қоғамдық жүйені түбірімен өзгертетін меншік қатынастарының диалектикасының қайшылықты даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, шиеленіскен дағдарысы мен оның иелерін табу, яғни меншіктеу, жекешелендіру арқылы өндіріс нәтижелеріне мүдделі шаруашылық жүргізуші тұлғаларды анықтап табуды мұрат етеді.                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Меншік құрылымы және оның заңдылықтары.

 

І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұны.

 

Меншік түсінігі көп қырлы, терең түсініктердің қатарына жататыны белгілі, сондықтан оны тек қана экономикалық емес, сонымен бірге философиялық, тарих, құқық және саясаттану ғылымдары да зерттейді.

Сондықтан да меншік қатынастары жүйелі түсінік болып табылады. Осыған байланысты әр бір қоғамдық ғылымдар қарастырылып отырған категория мазмұнына өзіндік сипат береді де терминологиялық көп түсінік пайда болып, проблемены шешу қиыншылықтары туындайды. Мысалы, “Меншік құқығын” заң ғылымының анықтамасы қоғамдық мақсаттарға сәйкес өзгереді. “Меншік”түсінігі саяси жағдайларға байланысты да көптеген өзгерістерге ұшырайды.

Меншіктің қоғамдық өзгерістеріне төтеп беретін ең икемді анықтамасын оның тұрақты қоғамдық функциясы негізінде беруге болады.

Меншік қатынастарының ежелгі тарихы бар. Адамзат қоғамы өз шаруашылығының кез-келген даму кезеңдерінде әр түрлі иеліктер тапшылығына кездесіп отыратындықтан меншік қатынастары объективті қажеттілік болып табылады.

Жалпы экономикалық түсінік бойынша меншік дегеніміз затқа қатынасы процесінде адамның затқа және адамның адамға қатынасы болып табылады. Басқаша айтқанда меншік мазмұнында субъективті-объективті және субъективті-субъективтік қатынастар бар болып шығады.

Меншік тек қана зат және адамның затқа қатынасы емес. К.Маркс жекеленген индивид жерге меншік иесі болуы былай тұрсын, сөйлей де алмас еді деп жазады. Пруданның пікірі бойынша меншік – бұл ұрлық. Бірақ адам өзінен-өзі ұрлай алмайды, басқалардың меншігін ұрлайды, яғни белгілі бір жатсындыру және иемдену қатынастарына түседі.

Дәлірек, саяси экономикалық анықтама бойынша “меншік” өзгерістің материалдық негіздерін жатсындыру және иемдену бойынша шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады.

Дәл осы жатсындыру мен иемденудің қайшылықты бірлігі меншіктің материалдық мазмұнын құрайды, сондықтан меншік феноменін оның бір жағымен ғана, яғни иемдену қатынастарымен ғана өзгерту қателік болар еді. Сонымен бірге игіліктердің шектеулілігі қандай болмасын субъектінің меншік объектісін иемденуі оны басқа бір субъектіден жатсындыру арқылы ғана жүзеге асыратындығын есте ұстаған жөн. Бұдан басқа жатсындыру-иемдену қатынастары субъектілерді қоғамдық еңбек бөлінісі мен кооперацияларға кіруді талап етеді.

Қоғамда жинақталған байлықтың үлкен бөлігі бірнеше мемлекеттің, ал ел ішіндегі байлықтың азаматтардың аз ғана бөлігінің қолында болуын қалайша түсіндіруге болады? Ол ол ма “алтын миллиард” теориясы бойынша ресурстардың шектеулілігі жағдайында тұтынудың жоғарғы денгейі планета тұрғындарының бестен бір бөлігіне ғана, яғни бір миллиард адамға ғана жететін көрінеді. Бүкіл ел көлемінде кедейшілікті жеңудің нақты мүмкіндіктері бар ма? Ел ішіндегі әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну мөлшеріндегі өзгешеліктерді жоюға бола ма?

Осы және басқа да сұрақтарға ақылға қонымды жауаптарды меншіктің экономикалық мазмұны объективті зерттеу ғана жауап бере алады.

“Меншік” категориясының экономикалық мәнін түсіну үшін өндірістік құрал-жабдықтарын, халық тұтынатын заттарға меншік айырмашылықтарының маңызы зор.

Субъектінің меншігіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының болуы ғана, сондай-ақ олардың саны мен сапасы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестігі осы объектінің шектеулі материалдық ресурстарды иемдену үлесін анықтайды. Дегенмен меншіктің экономикалық мәнін түсіну үшін мұның өзі аздық етеді. Субъекті меншігінде өндіріс құрал-жабдықтарының болуы шектеулі ресурстарды иемденудің потенциалды мүмкіндігі ғана болып табылады. Бұл арада екінші шарттың меншік иесінің құрал-жабдықтарын өнімді пайдалану шартының маңызы зор.

Басқаша айтқанда, өндіріс құрал-жабдықтарының иесі шаруашылық жүргізуші субъект болуы қажет. Бұл бір ғана адамға немесе бір топ тұлғаларға тиеселі өндірістік құрал-жабдықтарды ұдайы өндіріс процесіне қатысуы қажет деген сөз, яғни жаңа тұтынушылық қасиеттері, қосылған құны және бағасы бар жаңа тауарлар өндірілуі тиіс.

К.Маркстің анықтауы бойынша меншік дегеніміз өндіріс жағдайларында меншік ретінде қатынас және ол өндіріс арқылы ғана жүзеге асады.

Сондықтан меншіктен “бағалық әсердің” бөлінуін меншік қатынастарының экономикалық мәнін анық білдіруші деп қарастыруға болады. Бұл бағалық әсердің алынуы өндіріс құрал-жабдықтарының өнімді пайдаланылуымен тікелей байланысты.

Меншіктің экономикалық мазмұнының мәнін нақты жағдайларға қатысты анықтайтын болсақ, онда меншіктің мәні кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйеде қосымша өнім формасында болатын меншіктегі өндіріс құрал-жабдықтарын ұдайы өндіруден алынатын экономикалық тиімділік болып табылады.

Өндіріс құрал-жабдықтарына меншікті пайдаланудан қосымша өнім алу үшін ең аз дегенде екі объективті жағдай қажет. Біріншіден, өндіріс құрал-жабдықтары жалдамалы жұмысшылардың белгілі-бір саны және сапасымен біріктірілуі тиіс; екіншіден, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс құрал-жабдықтары, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар ұдайы өндіріс процесіне қатысуы тиіс, яғни өндірілетін өнімді, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесіне тұрақты түрде қатысуы қажет.

“Бағалық тиімділік” немесе қосымша өнім формасындағы табыс өндіріс құрал-жабдықтары және жұмысшылар еңбегінің өзара күрделі әрекетінің нәтижесі болып табылады. Меншік қатынастары әртүрлі объектілерге қатысты қалыптасады. Өнеркәсіптің, ғылыми-техникалық процестің дамуымен олардың құрамы мен құрылымы да сапалық өзгерістерге ұшырайды. Игіліктер мен қызмет көрсету түрлерінің өздерінде экономикалық қатынастар болмайды, бірақ олардың сапалық белгілері, пайдалық сипаттары және қанағаттандыру қасиеттері, сондай-ақ өндірісті тиімді ұйымдастыру қажеттілігінде экономикалық қатынастар орын алады.

Меншік объектілері арасында шешуші басым түрлері бар және қоғам ішіндегі соларды иемдену үшін тойтарыс, бәсеке жүріп жатады. Осы объектілерді монопольды иемдену экономикалық билікке қол жеткізеді, ал оларды монопольды иемденуден ажырату меншік қатынастарының жаңа жағдайына алып келеді. Жоғарыда айтқанымыздай меншік объектілерінің жалпы құрылымындағы анықтаушы ролін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік атқарады. Соңғы уақыттарға дейін өндіріс құрал-жабдықтарының меншік объектілері ретіндегі басым роліне ешкім де күмән келтірмеген болатын. Дегенмен, соңғы жылдары өндіріс құрал-жабдықтары меншік объектілері ішіндегі басымдылыққа ие деген тұжырым тарихи өтпелі кезең шеңберінде ғана, заттық-өнімдік деп аталатын кезең ішінде ғана басымдыққа ие бола алады деген пікір орын алуда. Ғ.Т.П-ның дамуымен байланысты акцент ақпараттық және ғылыми білімге ауысады, себебі соңғылары қазіргі өндірісте ең бағалы ресурстар болып табылады деген пікір етек ала бастады. Нәтижесінде ақпараттық және интелектуалды меншіктің маңызы күшейе түсті. Осындай едәуір өзгерістерге байланысты кейбір ғылымдар меншік өзінің әлеуметтік-экономикалық мінін жоғалта бастады деген пікірді айтып жүр. Басқалары болса жалпы меншік феноменінің мәні жойылған жоқ, өндіріс құрал-жабдықтарының мәні төмендеуіне, яғни меншік объектісінің басым түрінің тарихи ауысуы орын алуда деген пікір қосады. Біздіңше аталған тұжырымдаманың қай-қайысы да артық айтылған пайымдаулар қатарына жатады. Мәселе мынада, ақпараттық және ғылыми білімдер өздігінен экономикалық тиімділікке қол жеткізбейді. Пайданы көбейтіп, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылату үшін білім ең алдымен жаңа, өнімділігі жоғарырақ өндіріс құрал-жабдықтарына жұмсалуы керек. Білімнің жоғары еңбек сиымдылығы және коммерциялық құндылығы оларды тиімді пайдалану ісін күрделендіре түседі. Сонымен бірге ақпараттық және интелектуалдық меншіктің маңыздылығы артқан сайын олардың мәнін, сондай-ақ көріну формаларын тереңдете зерттеу қажеттілігі туындайды.

Мамандар интелектуалдық меншіктің негізгі үш түрін ажыратады: 1) жеке меншік, оған құқық потент немесе бүкіл лицензияны иеленумен бекітіледі; 2) қоғамдық меншік, бұған мемлекет немесе бүкіл қоғам ішіндегі білімдер мен идеялар жиынтығы жатады және олар тіпті қысқа мерзімде де   болмасын заңды тұлға қарамағына берілмейді; 3) меншіктің аралық формасы, бұған ұзақ мерзімге потент немесе лицензиямен бекітілмейтін иновациялық  ғылыми-техникалық   ақпарат жатады, бірақ түрі өзгертілген өнім нұсқауын жасау қаупі туады.

Интелектуалдық меншік формаларын  дамытуда ғылыми идеялар мен жаңалықтардың генераторы шығармашылық тұлға мен мемлекет және капитал арасындағы қатынастарды реттеу маңызды рөл атқарады, оларсыз бұл идеялармен жаңалықтарда коммерциялық жүзеге асыру ісі мүмкін болмай қалады.Интелектуалдық меншік формаларының дамуы оларды иеленушілер арасындағы құқықты бөлісу ісін едәуір күрделендіре түседі. Бұрын бір ғана тұлғаға тиеселі иемдену, пайдалану, басқару, бақылау құқықтары, сондай-ақ табысқа, мұрагерлік бойынша беру арқылы беру т.с.с.функционалық белгі бойынша көптеген тұлғаларға бөлінеді, себебі олардың әрқайсысы қандай бір болмасын дәрежеде жиынтық капиталды пайдалануға қатысы бар.

Сондықтан меншік қатынастарына (экономикалық құқық) меншік субъектілерінің жаңа тұлғалары тартыла береді. Аталған қатынастарға қатысушылар санының күрт өсуі бір жағынан Ғ.Т.П-ның орта және шағын бизнесті дамытуға жасалған жағдайларына байланысты болса, екінші жағынан шаруашылық жүргізудің акционерлік формасының дамуымен байланысты болып отыр.

Қазіргі Қазақстанға көп субъектілі меншік қатынастары және меншік объектілерін кеңейту процестері тән болып отыр. Меншік объектілерінің кеңейе түсуіне оның қатарына маңызды өндіріс факторы жердің, сондай-ақ тұрғын үйлердің енгізілуі де себеп болып отыр.

Тұтыну заттарына меншіктің өндіріс құрал-жабдықтары болса пайда түрінде табыс әкелетіні белгілі. Керісінше жеке меншік көлемінің (котедждер, замктар, автомабильдер, ұшақтар, яхталар және т.б.) арта түсуі оларды сақтау және қызмет көрсету үшін орасан зор ақшалай шығындарды қажетсінеді. Егер жинақталған жеке мүліктің иесі тұрақты ақша көздерінен айырылып қалған жағдайда сол мүліктердің өзінен бас тартады.

Меншік және меншікке байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастар осы жүйені ұйымдастыруда едәуір рөл атқарады.Меншік қатынастары мен адамдардың экономикалық, кәсіпкерлік қызметке ынтасы тікелей байланысты. Ол ол ма меншікке байланысты қатынастар қоғамдағы нақты билікті  анықтайды, мұның мысалын революциялық қозғалыстар кезінде орын алған кезеңдерде билік пен меншік мәселесі әрдайым алдынғы қатарға шығады. Қазіргі қоғамдағы жан түршігерлік қозғалыстар да меншікпен байланысты.

Капиталистік жүйе “меншік иесі – меншік иесі емес” қатынастардағы әлеуметтік-экономикалық шиеленісті шегіне жеткізеді. Мұның өзі түсінікті процесс, себебі капиталистік қоғамды шаруашылық жүргізуші субъектілердің басым бөлігін өндіріс құрал-жабдықтары иелеріне экономикалық жағынан тәуелді жалдамалы жұмысшылар құрайды. Олар үшін жұмыс орнын жоғалту қауіпті тұрақты қатер десе де болады.

К.Маркстің капиталистік жеке меншікті жою қажеттілігі туралы революциялық қорытындылары сол кездегі ресми экономикалық ғылымның өткір сынына ұшырады. А.Маршаллдың (1890ж) пікірі бойынша, және оған көптеген ғалымдар өзінің үнін қосты “Таптар арасындағы мейірімділік” үндеуі қабылданды. Дж.Кейнс өзінің негізгі еңбегінің (жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы) алғысөзінде өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік-экономикалық жүйені сол қалпында алып қарастырғанын мәлімдейді. Осы дәстүр жолын таңдаған қазіргі “Экономикстің” американдық авторлары да “меншік” проблемасына тоқталмайды.

Бұл, бірақ Батыс елдерінің экономикалық болмысында өндіріс құрал-жабдықтарына меншік және жалдамалы жұмысшылар жоқ дегенді білдірмесе керек.

Рыноктық экономикасы дамыған елдерде орта есеппен алғанда жұмысқа жарамдылардың 15 пайызын кәсіпкерлер құраса, 88 пайызына жуығын жалдамалы жұмысшылар құрап отыр.

Ғылыми әдебиет, мемлекеттің экономикалық қызметі батыс қоғамында бұл проблеманың бар екендігін және оны зерттеп тиімді практикалық шешімдер қабылдау қажеттілігін мойындайды.

Ұтымды экономикалық шешімдерді қазіргі рыноктық экономикаға сәйкес қабылдаудың негізін меншіқ құқығы қалайды.

Меншікке құқық меншік иелерінің құқық мөлшерін дәлме-дәл анықтауға шамасы жетіп отыр. Меншік иесінің құқықтық мүмкіндіктері экономикалық тиімді қызмет етудің бірден-бір кепілі болып табылады, себебі олар экономикалық ортаға айқындық әкеледі және шаруашылық жүргізуші субъектілерді өз еңбегінің нәтижесінің тұрақты түрде көруінің алғышарттары болып табылады. Заң шеңберіндегі құқық , біріншіден, меншік иелерінің құқығын қорғайды, екіншіден, меншік қатынастарына қатысушы барлық субъектілердің мүдделерін келістіреді; үшіншіден негізгі құқықтық шеңбер аясында ел экономикасының барлық денгейлерінде қалыпты қызмет етуі үшін заңдық нормаларға қажетті түзетулер енгізіп отырады.

Меншік құқығы Рим құқығының терминологиясына сәйкес иемдену, пайдалану, билеу атауларымен анықталады. Баршаға міндетті ереже жүйесіне сәйкес иемдену, пайдалану, билеу құқықтарын орнықтыратын және қоғамдағы аталған қатынастарды заң жүзінде рәсімдейтін субъект мемлекет болып табылады.

Иемдену – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етілген және кепілдендірілген өз шаруашылығында нақты мүмкіндіктің болуы мүмкінділігі. Пайдалану – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етіліп және кепілдендірілген нақты мүлікті пайдалану мүмкіндігі. Көрсетілген иемдену және пайдалану құқықтары мүлікті нақты иелік етуге байланыстьы.

Билеу – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етілген және кепілдендірілген мүліктің тағдырын анықтау мүмкіндігі. Бұл құқық төрт формада жүзеге асады:

  • мүлікке иелікті өзгерту арқылы;
  • мүліктің жағдайын өзгерту арқылы;
  • мүліктің қолданылуын өзгерту арқылы;
  • мүлікті басқа біреуге сенімді басқаруға тапсыру арқылы. Белгілі ұғымға байланысты мүлікті билеу меншік құқығының негізгі ережесі болып табылады.

Осы төрттік өздігінен меншік құқығының мазмұнын толық ашуға жеткіліксіз. Меншік құқығының мәні мен заңдық ерекшелігі олардың тізімінде емес, санатында болса керек. Заттық құқықтардың ішінде меншік құқығы толығынан қамтитын құқық болып табылады, сондықтан ондағы затқа шаруашылық иелігін жүзеге асыру дәрежесі мейлінше толық жүзеге асырылады. Меншік қатынастарының заңдық нормалары объектіні мүлік ретінде ғана қарастырады. Ол меншіктің заңды және жеке тұлғаларға қатысты статистикасын белгілейді және мүліктің заңды иесін анықтап, оның тәуелсіздігін кепілдендіреді. Құқық мүлік қозғалысын заңды түрде реттейді, оның айналымын, сондай-ақ өзгерісін немесе мүлікке құқықты қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Құқықтық байлық динамикасы мен оның белгілі механизмін көрсетпейді. Ал бұл болса экономикалық ғылымының функциясы болып табылады. Құқық мынандай сұрақтарға жауап бермейді: байлық өсімі негізі неде, қоғамда жасалған материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулер қалайша бөлінеді, қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары арасында байлықты бөлісуде неге үлкен айырмашылықтар бар? Бұл және басқа да осындай сұрақтарға экономикалық жауап іздейді және табады.

Экономикалық ғылымда меншік қатынасының экономикалық және заңдық аспектілерінің арақатынасы пікір-таластарға жол береді. Меншік қатынастарының аталған екі аспектісі туралы сөз болғанда, бұрынғы экономикалық әдебиеттерде олардың өзара байланысы үстірт және бір мағаналы болып келгенін атап айту қажет. Меншік қатынастарының заңдық және экономикалық өзара әрекеті негізінен олардың бір-біріне сәйкестігі дәрежесі бастапқы және қайталама мәртебесі туралы болып келеді.

Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің  экономикалық қатынастарын “безендіруші” ретінде қарастырылып келді, құқықтық экономикалық қатынастарға қатысты бағынушы сипатын дәлелдеу етек алды.

Ал шын мәнінде меншік құқығын өмірге экономикалық қатынастар алып келген деген тұжырымдамада ақиқат бар.

Дегенмен, құқықтық және экономикалық қатынастардың өзара байланыстарының күрделі жүйесін тек қана осы жері арқылы түсіндіруге меншіктің құқықтық формасының сапасына назардың төмендеуіне әкелді және оның меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі ретіндегі жүзеге асу денгейіне әсерін әлсіздендіреді. Дұрысы экономикалық меншік қатынастары белгілі бір дәрежеде дербес қозғалысқа ие қатынастар, сонымен бірге өзара байланысты және өзара әсер етуші қатынастар болып табылады.

Егер құқықтық даму эволюциясын және оның меншіктің экономикалық қатынастарымен өзара әрекетін қарастырып болсақ, онда құқықтық қоғам болмысындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкестендіріп отыратын, әсіресе өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастары өзгерістерін жетік қадағалайтынын байқаған болар едік.

Мұндай қорытынды меншіктің құқықтық ғылымының негізгі екі бағытын континенталдық және англо-саксондық дамуын сараптағанда мәлім болды.

Меншік континенталды құқығының классикалық негізін Наполеон кодексі құрайды; жеке меншік “қасиетті және оған қол сұғуға болмайды”, сонымен қатар ол “біртұтас және бөлінбейді”. Меншік құқығының бір объектісіне бірқатар тұлғалардың құқығы мойындалмайды.

Континенталық құқық шеңберінде акционерлік қоғамдар құру қарастырылмайды, ешқандай әріптестік коорпоративтік құрылымдарға орын жоқ. Осы және басқа ла себептерге байланысты меншіктің потенциалды құқығы қоғамның индустриалдық дамуы үрдістеріне сай келмей қалды. Бұл сәйкессіздіктің орнын меншік құқығы саласында англо-саксондық бағыттың пайда болып дамуы толтырады.

Меншіктің бірнеше тұлғаларға бөлініп басқарылуы аталған бағыт бойынша экономикалық қалыпты жағдайы деп есептелінеді және мүліктен мейлінше жоғарғы пайда табу бағыты болып саналады. Айталық жерді жалға беру, оны сатып алу –сатудан әлдеқайда тиімдірек, жабдықтарды сатып алудан гөрі оларды лизингке алу да пайдалы, трастар сенімді басқару және операциялар мүлікті жеке басқару мен салыстырғанда өзінің ұтымды есептілігін көрсетіп жүр.       

 

 І.2. Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу формалары.

 

Меншік әрдайым белгілі-бір формада болады. Меншік формалары туралы мәселе – күрделі, отандық әдебиеттің оған қатысты терминологиялық шатасуларға жол беріліп келеді, бұл әрине меншіктің жаңа пайда болған түрлеріне байланысты туындайтын болып жүр. Ең жиі кездесетін шатасуларменшік формасы мен шаруашылық жүргізу формаларын анық ажырата білмеуде деп айтар едік.

Меншік формасы нақты меншік иесімен байланысты, яғни өндірістік құрал-жабдықтарын иеленуші шаруашылық жүргізуші субъектілермен тікелей байланысты болып келеді. Егер осы көрсетілген қағиданы басшылыққа алатын болсақ, онда қазіргі рыноктық экономика жағдайында меншіктің екі негізгі формасын ажырата білу керек. Олар жеке және мемлекеттік меншік.

Ал, шаруашылық жүргізу формасы дегеніміз – меншік қатынастарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол меншік иесінің мүддесіне сай тиімді қызмет атқаратын және сол үшін меншік пайдаланудың тиімді, ұйымдық-экономикалық қатынастарын таңдап алумен сипатталады.

Рыноктық экономика жағдайында дами түскен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің жеке капиталистік формасы тек қоғамдық меншікпен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттілік меншікпен салыстырғанда өзінің артықшылығын көрсетті.

Жеке меншіктің тарихи ролінің ең маңыздысы екі аспектісін ерекше атауға болады: 1) ол өзінің мәніне сәйкес нақты меншік иесін табады; тәуелсіз қожайын, кәсіпкер – міне бұлардың бар болуының орасан зор экономикалық мән-мазмұны бар; 2) мемлекет, саяси биліктен тәуелсіз, дербес меншік қатынастары субъектісін жасау азаматтық демократиялық қоғамды қалыптастыру және дамытудың қажетті “құралы” болады. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік оларды ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде тиімді пайдаланудың қуатты экономикалық ынталандырушы күш болып табылады. Өндіріс құрал-жабдықтарының атаулы, адрестік иесінің болуы меншік үшін шаруашылық жүргізуші субъектіні қалыптастырады. “Меншік” және  “тиімділік” түсініктері жиі қатар, бірге қолданылады. Меншік иемденуден алынатын табыс (пайда) меншік қозғалысының барлық кезеңдерінде шығындарды төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асырумен байланысты.

Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік – рыноктық экономиканың негізгі белгісі рыноктық қатынастар жүйесіндегі басты элемент болып табылады. Жеке меншік тек қана мүдделі, ынталы, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді ұдайы өндіру үшін жауапкершілігі мол иемденушіні қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге рыноктық экономикалық тиімді дамуын анықтайтын бәсекелестік ортаны да құрайды.

Жеке меншік институтының әрқашан-ақ қарсыластары болған, ол әсіресе К.Маркстің өткір сынына ұшыраған болатын. Дегенмен өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке ауыстыру эксперименті сәтті болады деуге негіз жоқ. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке негізделген кеңес экономикасы өзінің тиімсіздігін көрсетті.

Х.Хиггс редакциясын басқарған саяси экономия сөздігінде “меншік институтының адам табиғатына сіңісіп кеткені соншалықты, сондай-ақ бұл институттың пайдалылығыныңмөлшері соншалықты жоғарғы болуы оны теориялық қолдауды ешбір қажетсінбейді”.

Жеке меншікті қорғаушы авторлардың көпшілігі оны басқа бір нәрсемен алмастырудың мүмкін еместігін алға тартады. Бүгінгі таңда жеке меншіктің қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор әсерін көптеген ғалымдар мойындайды. Қазіргі әңгіме жеке меншіктің мақсатқа сай емес екендігі туралы емес, байлықты қоғамдық мүдделерге сәйкес болуы жөнінде болып отыр. Мамандардың күннен-күнге көбейе түскен өнімдері байлықты бөлу ісін ақсатпау, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікті сақтап қалғанның өзінде де мүмкін боларына көз жеткізіп отырған жағдай бар.

 Отандық экономикалық әдебиетте “ өзіндік меншік” түсінігін кездестіруге болады. Бұл түсінік меншіктің отбасы мүлкі болатын жағдайын түсіндіру үшін қолданылады, яғни аталған мүлік пайда табу мақсатында өнімді пайдалануға жатпайды, сондай-ақ оны пайдалану үшін жалдамалы жұмысшылардың қажеті де жоқ.

“Жеке” меншік термині тек қана капиталистік шаруашылық жүргізу жүйесін сипаттау үшін қолданылады және өндіріс құрал-жабдықтарын өнімді пайдалану, жұмысшы күшін жалдау және оны экономикалық пайдаланумен байланыстырады. Мүлікке өзіндік меншік бұрынғы Кеңес Одағында заң шеңберінде болып келді. Кейбір өндіріс құрал-жабдықтарында өзіндік меншік те пайдаланылуда болды.

Тек қана еңбек нәтижелерін сатуға болатын жұмысшылар жалдауға қатаң тиым салынды. Сондай-ақ шағын капиталистік кәсіпорындар ұйымдастыруға жол берілген жоқ. Бұндай тиым салу көбінесе идеологиялық емес, прагматикалық сипатта болды. Яғни еңбек және материалдық ресурстарды, халықтың ақшалай табыстарын т.с.с. мемлекеттік басқару қажеттілігінен туындайды.

Жұмысшы күшіне меншік көзқарасында да теория мен практиканың белгілі бір алшақтығы байқалады. Кеңестік экономикалық әдебиетте жұмысшы күші социолизм жағдайында тауар емес, себебі жұмысшы құрал-жабдықтарының иесі, сондықтан ол өзінің еңбек ету мүмкіндігін өзіне сата алмайды делінді. Соның өзінде де “адам факторын” өндіріс құрал-жабдықтарымен біріктірудің жалдамалы формасы практика жүзінде орын алғаны белгілі. Бұл сферада рыноктық қатынастар да бой көрсеткен болатын. Өзінің жеке қажеттілігін атқару үшін жұмысшыларды жалдауғы тиым салынған жоқ.

Қазіргі батыс экономикалық әдебиетінде жеке және өзіндік меншік арасындағы айырмашылықтар жойылып біткен. “Жеке” меншік түсінігі сипаты және пайдалану тәуелсіз қолданылады. Екі түсініктің бірдей болуы меншіктің жалпы экономикалық мәнін объективті зерттеу ісін қиындатады және өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің ерекше ролін атқарушы күрделендіре түседі. Өзіндік және жеке меншік формаларын шатастырудан кейбір ғалым-экономистер “қазіргі әлеуметтік теориялардың іргелі кемшілігін” көреді. Бұл қорытындыны олар ғылыми-техникалық және ақпараттық революция нәтижесінде өзіндік меншік “екінші екпін” алда себебі аталған нәтижелерге интелектуалдық еңбек пен өзіндік меншіктің ролі арта түседі дейді. “Меншіктің мемлекеттік формасы” категориясы меншік жөніндегі қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі болып табылады. Бұл жағдайда өндіріс құрал-жабдықтары, сондай-ақ еңбек нәтижесінде мемлекеттің иелігінде болады. Меншіктің мемлекеттік формасының жеке меншіктен басты айырмашылығы иемдену жеке тұлға пайдасына емес, ерекше меншік иесінің пайдасына – мемлекет пайдасына шешеді. Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншік барлық елдерде белгілі бір рөл атқарады. Мемлекеттік меншік болуының негізінде объективті себептер жатыр. Меншіктің бұл формасын шектейтін жеке формасына альтернатива ретінде қарастырудың қажеті жоқ, оны меншіктің жалпы жүйесінің объективті қажетті элементі ретінде қарастырған жөн. Қазіргі қоғамда мемлекеттік меншікке қарағанда жеке меншіктің тиімсіздеу болатын сфералары бар екендігін ешкімге де құпия емес.

Меншіктің мемлекеттік формасын төтенше жағдайларда (соғыс, экономикасын соғыстан кейін қалпына келтіру) ешнәрсе алмастыра алмайды.

Ресурстарды шоғырландыру және басқаруды орталықтандыру қажеттілігі жағдайларында меншіктің формасы өзінің жоғарғы тиімділігін көрсеткеніне экономика тарихы куә. Сондықтан соғыс жылдары және соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру кезеңдерінде мемлекеттік меншік масштабы кеңейе түседі.

Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық болмыс тұрақтанып, күрделене түскен жағдайларда меншіктің мемлекеттік формасы теріс қасиеттерді бойына жинақтай бастайды, монополизмнің күшеюіне байланысты экономикалық өсуді тежейді, бюрократиялық үрдістер күшейеді, экономика мен саясатты бөліп қарастыру мүмкін болмай қалады. Аталған негативті үрдістер меншіктің мемлекеттік формасын негізсіз кеңейтуден туындайды, бұл тенденциялардың жағымсыз әсері қазіргі жағдайларда  -ҒТП жетістіктерінің маңызы арта түскен кезде бастамшылықтың, жеңілдіктің, икемділіктің және бәсекелестіктің аса қажет жағдайда тежегіш факторына айналып келді.

Рыноктық экономикасы бар елдерде мемлекеттік меншік әдетте қоғамдық жүйенің ұдайы өндірісте қызмет көрсетудің барлық жағын қамтитын инфрақұрылым салаларында басым болады (білім беру, денсаулық сақтау, іргелі ғылым, транспорт, байланыс т.с.с.).

Рыноктық экономикада меншіктің мемлекеттік формасы болуы қажеттілігін барлық экономистер жақтайды. Пікірталас меншіктің осы екі формасының арақатынасы туралы және олардың салыстырмалы экономикалық тиімділігіне байланысты өрбиді.

Әлемдік экономикалық іс-тәжірибені жинақтай қарастыратын болсақ бірдей үлес болған уақытты таба алмаймыз. Әр бір елдегі мемлекеттік меншіктің үлесі объективті және субъективті факторлар жиынтығымен анықталады. Олардың қатарына елдің экономикалық даму денгейі, тарихы және географиялық жағдайлары, мемлекеттік саясат, нақты әлеуметтік-экономикалық және саяси ұстанымдарды жатқызады.

Меншіктің екі формасының салыстырмалы тиімділігіне келетін болсақ, онда батыс елдерінің экономикасының мемлекеттік сектор шаруашылықтың әртүрлі салаларында қызмет атқара отырып, толықтай алғанда рынок заңдары бойынша дамиды, яғни меншік формасынан тәуелсіз, бәсекелік орта өз мүмкіндіктерін көрсетеді. Батыс елдерінің көптеген экономистері қазіргі рыноктық экономикада меншіктің кез-келген формасының тиімділігі шаруашылық жүргізу әдістері және басқарушылық кәсіби денгейімен анықталады дейді. Сонымен бірге түпкі есепте мемлекеттік меншік экономикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша жеке меншікке ұмтылады, мұның өзі жеке меншікпен салыстырғанда бақылау мүддесінің кепілдігі арқасында туындайтын мәселе болып табылады.

Шаруашылық жүргізу формалары меншік қатынастарын жүзеге асырудың нақты формалары болып табылады.Нақты формалар туралы айтқанда олар меншік субъектілерінің экономикалық мүдделерін ең қолайлы түрде қамтамасыз ететін ұйымдық-экономикалық қатынастардың белгілі бір сипатында болатындығын атап өту ләзім.

Меншіктің жеке формасы шаруашылық жүргізудің өзіндік формасында жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда өндіріс құрал-жабдықтарының иесі жалғыз қожайын болады, сондықтан еңбек нәтижесі мен қосымша өнімді иемдену құқығы да түпкі есепте соның еншісіне тиеді.

Меншіктің жеке формасы шаруашылық бірлестіктері – кооперация, серіктестік, одақтар т.с.с. болып қызмет атқарады.

Қазіргі рыноктық экономикада шаруашылық жүргізудің ең көп тараған формасы акционерлік немесе кооперативтік болып табылады. Шаруашылықты жүргізудің бұл формасы экономикалық ғылымда меншіктің ұжымдық формасы деп аталады.

Меншіктік қатынастарда әр түрлі заңды тұлғалардың қатысуына байланысты оларды кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар, акционерлік қоғамдар т.с.с. айтатындықтан бұл жерде меншік формасы туралы емес, шаруашылық жүргізу формалары туралы айту дұрыс шығар. Көрсетілген формалардың көптеген өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан олардың барлығы иемденудің жеке меншік шеңберінде қызмет атқарады.

Мешіктің өзіндік формасынан акционерлік формасына дейінгі эволюциясы иемденудің “ұжымдық” формасының қалыптасқанын білдірмесе керек. Біріншіден, заңдық көзқарас бойынша “меншіктің ұжымдық формасы” деген түсініктің ешқандай мәні жоқ, себебі заң жүзінде “ұжым” меншік құқығының субъектісі емес және бола да алмайды. Заң бойынша меншік жеке болуы мүмкін (жеке және заңды тұлғалардың меншігі) немесе мемлекеттік меншік болуы ықтимал. Екіншіден, экономикадағы ең ірі меншік иесі коорпарациялар болып табылады және ондағы меншікке иелікті өздерінің жиналысы арқылы акционерлер билейді, ал нақты шешімдерді ірі меншік иелері мен басқарушылар қабылдайды. Формальды түрде меншік барлық акционерлер  негізінде болғанмен, іс жүзінде ұсақ акционерлердің ролі байқалмайды.

Шаруашылық жүргізудің акционерлік формасы жұмысшыларға басшы тағайындау, өндіріс жоспарын қалыптастыру, табысты және пайдалану нормасын бөлу, өндірісті дамыту, әлеуметтік қорғау т.с.с. мәселелерді шешу құқығын бермейді.

Акционерлік кәсіпорында иемдену еңбек бойынша емес, капитал бойынша жүзеге асырылады. Пайданы бөлісуге қатысу жүйесі жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпорын иелерінің арасындағы ынтымақтастықты орнықтыру тәсілі ролін атқарады. Акционерлік қатысу жүйесі меншіктің жаңа формасы емес, меншікті жүзеге асырудың жаңа шарты болып табылады және иемденудің жеке меншік формасы күйінде қала береді. Жұмысшылар әлеуметтік статусы (мәртебесі) өзгеріске ұшырамайды.

Қазіргі рыноктық экономикада капиталдың аралас формасы кеңінен таралып отыр. Олар негізгі капиталды иемденудің мемлекеттік және жеке меншік формаларының орналасу желісі болып табылады.

Меншіктің мемлекеттік және жеке формасына негізделген шаруашылық жүргізудің акционерлік формасын қалыптастырумен қатар қазіргі рыноктық экономикаға отандық коммерциялық банктердің, сондай-ақ шетелдік өнеркәсіп және қаржы капиталының қатысуымен корпоративтік құрылымдардың пайда болуы тән болып отыр.

“Экономикалық әдебиетте меншіктің аралас формасы” және аралас рыноктық “экономика” анықтамаларын шатастырып алу көріністерін байқауға болады. Меншіктің аралас формасы туралы біз жоғарыда айттық. Ал, аралас рыноктық экономика рыноктық экономикалық ең көп тараған типі болып табылады, мұнда өзін-өзі ұйымдастырған рыноктық механизм мен қатар меншіктің реттеуші ролінің де едәуір үлесі бар. Атап айтқанда мемлекет рыноктық қатынастар субъектілер үшін “ойын ережесін”  қалыптастыруды және белгілі бір мөлшерде оны қолдайды және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің атқаратын ролін оның бірқатар негізгі функцияларының қалыптасуына алып келеді. Түпкі есепте меншіктің аралас формалары рыноктық механизмге мемлекеттің араласпауы жағдайында да өмір сүре береді.

Шаруашылық жүргізудің әр бір формасы өзінің өндірістік ұйымдастыру жүйесімен, басқарумен, табысты бөлумен т.с.с. белгілерімен сипатталады. Шаруашылық жүргізу формасын таңдау негізінде негізгі капитал иелерінің экономикалық жүйедегі мүдделерін ұтымды оңтайландыру принципі жатуы тиіс.

Шаруашылық жүргізудің қандай болмасын формасының экономикалық тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштер ретінде тиімділік (рентабельдік) нормасы, пайда нормасы, жұмысшылар жалақысының денгейі мен динамикасы, жұмыспен қамту және т.б. көрсеткіштер алынады.

Түпкі есепте шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделері жиынтығын қамтамасыз ету – шаруашылық жүргізудің қолданыстағы немесе жаңа формасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатудың шешуші шарты болып табылады.

Негізгі капиталға меншік формасы мен салыстырып қарағанда шаруашылық жүргізу формалары көбірек және жиі өзгерістерге ұшырап тұрады.

Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу формалары негізінде оның даму ерекшеліктерін сараптауға болады.

Меншік экономикалық қалыптастырудың бүкіл жүйеде таба отырып, оның негізгі құрылысын айқындайды. Осы арқылы әр түрлі өндіріс тәсілдері үшін даму көзіне айналады.

Адамзат қоғамындағы иемденудің ерекшелігіне байланысты өз еңбегінің өнімдерін иемденудің алғышарттары ретінде сипатталады. Меншікті иемдену еңбек тәсілімен үнделеді. Бұдан, меншік пен еңбектің ұқсастық (айырмашылық) заңы шығады. Өмір сүруді қамтамасыз ету, қалыптасқан қажеттіліктер мен мүдделердің қауым денгейінде қанағаттандырылуының өзі қауымның объективті өмір сүру негіздерін, іс-әрекетін нақты формаларды айқындайды. Жеке адам және оның еңбекке қабілеті қауымнан тыс өмір сүре алмайды, бірақ еңбек нәтижесінде үлес пен еңбек қабілеті арасындағы айырмашылық қажеттіліктер мен мүдделердің көзге көрінбес жігін, қайшылығын айқындаумен қатар еңбектің заттық шарттары мен еңбектің өзінің бірлігін анықтайды. Еңбек пен өндірістің материалдық және адамдық жағдай-шарттарының дамуында елеулі айырмашылықтар пайда бола бастайды. Құқықтық және әлеуметтік меншік негіздері өзіндік үстемдікке ұмтылады, экономикалық құбылыстарды реттеуге жағдай жасайды.

Адам өмірін ұдайы өндіру – меншіктің мәні мен мазмұнын құрайды. Осы анықтама арқылы меншікті мәнсіз түсінік емес, нақты элементтер жүйесі, заңдылықтары айқындалуы мүмкін ғылыми ұғым ретінде танып-білуге болады.

Экономикалық жүйелердің прогрессивті сипатын тек қана меншіктің сыртқы көріну формасымен байланыстыру кеңестік жүйедегі мемлекеттік меншікті жалпы халықтық, қоғамдық меншіктің ең жоғарғы сипаттағы түрі ретінде жеке меншік, басқа меншік түрлерін жасанды түрде қарсы қою идеологиялық сипат алып, меншік қатынастарының диалектикалық байланыстарын терістеуге алып келді.

———

К.Маркс., Ф.Энгельс. Шығармалар. 2 бас. 46т. 446-447 б-б.

Ал меншік диалектикасы болса оның сыртқы түрлері қайшылығының көздері, сондай-ақ экономикалық құбылыстардың мәніне сәйкес ұғым атаудың ішкі қайшылықтарының мән-мазмұны мен анықтамасын көрсетеді.

Кез-келген экономикалық түсініктер жүйесіндегі қайшылықтар себеп-салдарына байланыс арқылы өзара тәуелді дамитын құбылыстарды көрсетеді. Рынок заңдылықтары шаруашылық жіктеуін объективті құбылысқа айналдырады. Құбылыстың сыртқы көріну формасы мен ішкі мәні сәйкес келе бермейді. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген натуралды шаруашылық пен қарапайым тауар өндірісін салыстыру едәуір айырмашылықтарды көрсетеді. Оқшауланған дербес өнім өндірушілер өз қажеттіліктерін өздері өтейді, ал олардың жеке меншігі тек өзіне ғана қызмет етеді. Ал, қарапайым тауар өндірісі болса рыноктық айырбас арқылы басқалардың қажеттілігін қанағаттандырады да қоғамдық мәнге ие болады.

 

 

І.3. Меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету механизмі.

 

Кез келген меншік түрін дербес зерттеу объектісі ретінде қарастыру және зерттеу нысаны ретінде салыстырмалы сараптау олардың өзіне тән ішкі қайшылықтарының, яғни даму көздерінің бар екендігін көрсетеді. Мәселелердің мәнісі философиялық, экономикалық, әлеуметтік, сондай-ақ заңгерлік анықтама, қағидалардың сәйкес келе бермеуінде болмаса керек. Аталған ғылым түрлері жалпы таным процесінің белгілі-бір қабығын ғана көрсетеді. Негізгі мәселе меншіктің қандай болмасын түрлеріне тән өзіндік ішкі қайшылықтарының бар екндігін түсініп білуде болса керек. Ал. Ондай қайшылықтардың сыртқы көріну формасы өзіндік қасиет-негізіне байланысты ерекше сипат алатыны белгілі.

Осы пайым негізінде алатын болсақ қауымдық меншіктің ішкі қайшылығы бірлескен еңбек Нәтижесінде өндірілетін өнімді тез бөлу қағидаларының қалыптасуы арқылы туындайды. Адамдардың еңбекке қатысты қабілеті әртүрлі денгейлерде жүзеге асатындықтан нәтижелері де әр түрлі болып келеді. Ал, теңгермешілік қағидалары адамдардың тұтынушылық мүдделері мен жеке мүдделер қайшылығы туындап, қалыптасады. Әлеуметтілік қайшылық бейнесіне енген мүдделер тартысы жеке меншіктің туындап, даму бағытындағы кезеңдерін көрсететін болады. Қауымдық меншікпен оқшаулану құбылысы дербес (өзіндік) және жеке меншік формасында жүзеге аса бастайды.

Соның өзінде қалыптасқан объективті жағдайларға байланысты өндіріс құрал-жабдықтары мен факторларының элементтеріне жеке меншіктің дамуы құбылысы әртүрлі болуы әбден мүмкін. Мысалы, жерге жеке меншік құбылыстарының өзіне тән даму тарихы бар. Ол әлеуметтік қауымдастықтың жоғарғы формаларында белгілі бір шектерде ғана жүзеге асады. Қауымдық жер үлесін жеке отбасыларына бөліп беру әртүрлі заңдық негіздерінде мүмкін болады. Бұны еңбекке жарамды мүшелер санына немесе отбасындағы жан басына шаққандағы егістік, шабындық жерлерді әрбір жан басына бөлу құбылысынан көруге болады /1/.

Ал жалпы аумақ қауым меншігінде қала береді. Мемлекеттік форма, жер актілері бұл құбылыстарды әлеуметтік негіздерге сүйене отырып жерге жеке меншік ретінде қарастырып, бекітеді. Ал, өндіріс құрал-жабдықтары және басқа да өндірістік және өндірістік емес қорлар, сондай-ақ еңбек нәтижелерін бөлу табиғи құқық негізінде және еңбекке қабілеттілік шектерінде жүзеге асып, мұрагерлік арқылы заңдастырылады.

Келтірілген мысалдар меншік түсінігінің ғылыми анықтамасын негіздеу барысында оның құрылымындағы элементтерді жіктеу (сыныптау) қажеттілігін көрсетеді. Ішкі құрылым элементтері даму көздері ретінде қайшылықтардан ары экономикалық құбылыстар болса, онда иемдену ұғымы да мәнсіз қатынас түріне айналып кеткен болар еді.

Меншік ұғымының ішкі қайшылықтарын терістеу және керісінше сыртқы көрініс қайшылықтарын әсірелеу экономикалық саясаттың субъективті негіздер арқылы қалыптасуына жол ашып береді. Қоғамдық шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдерін сыңаржақтылықпен пайымдауға, оларды идеологиялық қажеттіліктерге сәйкес біржақтылықпен өзгертуге итермелейді.

Отандық даму тарихы кедей-шаруаларды ұжымшарларға күштеп енгізу, шаруашылықты жоғарыдан нұсқау арқылы ірілендіру, өндірісті индустрияландыру орасан зор жобаларға иек артуы т.с.с. кезеңсіздіктерді меншік қатынастарының даму заңды-

——————

  Толымбеков С.Е. Қазақстандағы XҮІІІ-XX ғ.ғ.б.д. көшпелілер қоғамы. –Алматы, Наука; 1971.

лықтарын  жете түсінбеу, сондай-ақ әсіре-қызыл солшылдардың науқасы деп бағалаған дұрыс болар.

Меншік жүйесіндегі қайшылықтар жүйесі дамудың көзі ретінде шаруашылық-мүлік қатынастарының, басқару және мемлекеттік реттеу шаралараларының, сондай-ақ еңбекке қабілеттілік қатынастарының көрінісі – адам құқығын өркендетудің кешенді шаруаларын бағалауға мүмкіндік береді. Осы негізде әлеуметтік және жеке адам қатынастарының тарихи-логикалық даму заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Осыған байланысты меншіктің экономикалық категория ретіндегі ішкі қайшылықтарын, яғни даму көздерін нақты атауға болады. Ғылыми сараптау тарихы қалыптасқан, өркениет мәдениетінің белгілі кезеңдеріне тән әлеуметтік Қауымдастықтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасынан туындайтын үш табын негіздеп береді.

  1. Қажеттіліктер мен мүдделердің қаншалықты бірлігінің жүйесі.
  2. мүдделер мен өзгерістер факторларының өзара тәуелді байланысы.
  3. Қажеттіліктер мен өндіріс факторларының өзара тәуелділігімен даму ерекшеліктері.

Бірінші мәселенің шешімі, тіпті жеке адам тұрғысынан алып қарағанның өзінде күрделі зерттеулерді талап етеді. Бұл мәселе бойынша қоғамтану және адамтану ғылымдары әлі де түпкілікті шешімін таппаған сұрақтар баршылық. Қажеттіліктің (материалдық, рухани, әлеуметтік) мүддеге айналуының заңдылығы адамның санасы мен сезімінің, тәрбиесі мен психологиялық ерекшеліктеріне және қоршаған ортаға байланысты кешенді қатынастарының туындысы болып табылады. Мүдделілікті іс-әрекеттің ішкі қозғалысы деп әрбір адамның іс-әрекетінің бағыты бөлек көрсетілген.

Бір адам еңбекпен, ал екіншісі біреуді қылмыстық жолдармен мал таппақшы.Бұл процеске қоғамдық сапаның, сондай-ақ әлеуметтік қауымдастықтың даму ерекшеліктерін қосатын болсақ, онда меншік тұлғаларының қажеттіліктері мен мүдделерінің күрделі қозғалысын көруге болады. Қажеттіліктер мен мүдделердің өзара тәуелді байланысы әртүрлі бағытта, атап айтқанда

—————-

Байжұмаев Б. Меншік қатынастарын оқып-үйренудің методикалық мәселелері. –Алматы, ҚазМУ; 1993.

 

 спиральды серпінді қозғалысқа сәйкес дамиды. Мүдделердің қалыптасқан дәрежесі деңгейі өндірістік қатынастар жүйесі арқылы қажеттіліктердің дамуына, түп өзгерістеріне серпінді қозғалыс береді. Мысалы, отбасы мүддесіне, оның қажеттіліктеріне әсер жай ғана арифметикалық қосынды емес, геометриялық прогрессия денгейіндегі қозғаушы фактор ретінде қарастыруымыз қажет. Ру, тайпа, ұлт мүдделерінің жеке адам қажеттіліктеріне әсері туралы сараптаудың күні бүгінге дейін толық математикалық моделі жоқ екендігін ескеру қажет. Сол себепті қажеттіліктер мен мүдделердің қайшылықты бірлігі адам өмірін ұдайы өндіру арқылы жалпы меншік ұғымының және қатынастардың аса маңызды әлеуметтік жағын, сондай-ақ мән-мазмұнын айқындайды. Бұл қатынас адам сапасында әлеуметтік қауымдастықтың туындысы ретінде бейнеленеді. Адам өзін адам ретінде тек қауымдастықтың шеңберінде ғана танып-біледі, сол арқылы ғана ерекшеленеді, өзін-өзі игереді, немесе тәрбиелейді. Өзін-өзі игеру, меңгеру дегеніміз меншіктің негізгі элементі, адамның табиғаттан айырмашылығының көрінісі ғана сонда жеке адамдық пен қауымдастықтың қатынасы арқылы көрінеді.

“Мен” және “меншік” ұғымдары әр денгейдегі адамның әлеуметтік болмысы деп айтуға әбден болады. Бұл құбылыстар, қажеттіліктер және мүдделер өмір сүру ортасына сәйкес, яғни жерге, еңбекке қабілетіне қатынастарының қайшылықты сипаты ретінде көрінеді.

Жалпы қажеттіліктер мен мүдделердің қайшылықтары үйлесімділік (ұқсастық-айырмашылық) заңын негіздеу қажеттілігі туындайды. Бұл заң адам санағындағы потенциялдық қатынас ретіндегі адам болмысын идеалды бейнеден нақты жеке адамның өзіне сәйкес ерекшелігін айналдырады. Іс-тәжірибе немесе өмір сүру жағдайларына сәйкес меншік қатынастарында адам факторының белсенді ролін көрсетеді.

Мүдде –дегеніміз, біріншіден, қажеттіліктерді бейнелеу арқылы іс-әрекет моделін айқындау. Екіншіден, қажеттіліктерді нақты өндіріс жағдай шарттарымен (факторларымен) үйлестіру қажеттілігі. Қажеттіліктер мен мүдделердің ұқсастық(ерекшелік) заңды негізіндде нақты әлеуметтік заңдылыққа айналады. Ал, өндіргіш күштердің дамуы еңбек мазмұнына әсер ету арқылы меншіктің құрылымын өзгертеді.

Меншіктің даму заңдылықтарына әсер етуші заңдардың бірі қажеттіліктердің орта түсу заңы болып табылады. Меншік тұлғаларының күрделі шаруашылық құрылымы және материалдық, рухани, әлеуметтік қажеттіліктер түрлерінің біреуімен көп деңгейлі күрделі қатынастар жүйесі қалыптасады. Қоғамдық процесс нәтижесінде олардың арақатысы өзгеріп, әлеуметтік-рухани қажеттіліктердің арта түсуі жеделдейді, сөйтіп, бірте-бірте шешуші күшке айналады. Бұл заңдылық адам мүддесінің меншік иесі немесе еңбек факторына жіктелумен одан әрі күрделене түседі. Ендігі уақытта идеалды қайшылықтар “қажеттілік-мүдде-еңбек” сипатында нақты бейнеленетін болады.

Өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастары және ерекшеленген жұмыс күшіне меншіктің әлеуметтік болмысы “мүдделер жіктелуі” құрлысын негіздейді. Мұның өзі экономикалық, әлеуметтік заң болып табылады.

Қажеттіліктер мен өндіріс факторлары арасындағы қайшылықтардың бірлік сипатын көрсету үшін келесі пікірлерді келтіруге болады.

  • иемдену, оның жүзеге асу тәсілдерімен тікелей қатынаста дамиды /1/.
  • белгілі бір өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтығын иемдену дегеніміз жеке адамдардың қоғамдасуын дамытумен тең /2/.

Бұл екі қағида қоғамдық еңбек бөлінісі дамуына сәйкес жеке адамдардан материалдық, жеке адамдық фактордық мен тұтынудың қанағаттандырылу дәрежесі және сапасы арасында қайшылық арта түседі, мүдделер жіктелуі бекиді де жаңғыртулар жаңа негізде үздіксіз пайда болып отырады. Мүдде дегеніміз, біріншіден, қажеттіліктерді сапада бейнелеу арқылы іс-әрекет моделін айқындау. Екіншіден қажеттіліктерді нақты өндіріс жағдай шарттарымен (факторларымен) үйлестіру қажеттілігі. Қажеттіліктер мен мүделердің ұқсастық (ерекшелік) заңы негізінде нақты әлеуметтік заңдылыққа айналады. Ал, өндіргіш күштердің дамуы еңбек мазмұнына әсер ету арқылы меншіктің құрылымын өзгертеді.

 

—————

  1. Маркс.К., Энгельс Ф. Шығармалар. 2-бас. 3т. 63 б.
  2. Бұл да сонда.., 71 б.

Меншіктің даму заңдылықтарына әсер етуші заңдардың бірі қажеттіліктердің орта түсу заңы болып табылады. Меншік тұлғаларының күрделі иерархиялық құрылымы және материалдық , рухани, әлеуметтік қажеттіліктер түрлерінің біреуімен көп деңгейлі күрделі қатынастар жүйесі қалыптасады. Қоғамдық процесс нәтижесінде олардың арақатысы өзгеріп әлеуметтік, рухани қажеттіліктердің арта түсуі жеделдейді, сөйтіп бірте-бірте шешуші күшке айналады. Бұл заңдылықты адам мүддесінің меншік иесі немесе еңбек факторына жіктеуімен одан әрі күрделене түседі. Ендігі уақытта идеалды қайшылықтар “қажеттілік мүдде- еңбек” сипатында нақты белгілейтін болады.

Өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынгастары және ерекшеленген жұмыс күшіне меншіктің әлеуметтік баламасы “мүдделер жіктелуі” құбылысын негіздейді. Мұның өзі экономикалық, әлеуметтік заң болып табылады.

Қажеттіліктер мен өндіріс факторлары арасындағы қайшылықтардың бірлік сипатын көрсету үшін келесі пікірлерлді көрсетуге болады:

  • иемдену оның жүзеге асу тәсілдерімен тікелей қатынаста дамиды;
  • белгілі –бір өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтығын иемдену дегеніміз жеке адамдардың қауымдасуын дамытумен тең.

Бұл екі қағида қоғамдық еңбек бөлінісі дамуына сәйкес жеке адамдардан материалдық , жеке адамдық фактордың алшақтауын көрсетеді. Өндіріс факторлары мен тұтынудың қанағаттандырылу дәрежесі және сапасы арасында қайшылық арта түседі, мүдделер жіктеулі бекиді де жаңғыртулар жаңа негізде үздіксіз пайда болып отырады.

Мүдделер мен өндіріс факторларының байланысты тікелей және кері бағытта болуы мүмкін. Тікелей байланыс ретінде мүдделердің әлеуметтік жіктелуі нәтижесінде меншік нысандарына қатынасын алып қарастыруға болады. Бұл тұрғыдан мүдде меншік типтері мен түрлерін анықтайды, сондай-ақ қажеттіліктерді өтеудің құралы, іс-әрекет бағдары болып табылады. Кері байланыс әлеуметтік жіктелу деңгейін айқындайды, әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін жүйелейді. Бұл олардың өмір сүру жағдайларын өзгертуге бағытталған іс-әрекетін, мақсатын айқындауға жағдай жасайды /1/. Кәсіпкер пайда алу үшін жалдамалы жұмысшы тіршілігін қамтамасыз ету үшін өмір сүреді.

Өндіріс процесінің үздіксіз қайталануы шаруашылық жүргізу әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы меншік қатынастарының ішкі қайшылықтарымен олардың сыртқы көрінісі түрлерін шешу негізінде жаңа деңгейлерде ұдайы өндіріс отырады. Ақтық нәтижеде мүдделер меншік түрлерінің сипатын анықтайды, бірақ толық көрсете алмайды.  Негізгі аралық буындар арқылы (еңбек, өнім, табыс, тұтыну) қажеттіліктер мен мүдделердің өндіріс жағдайларына сәйкестігін және үш жақты әр түрлі байланыстағы моделді талдау бүкіл меншік жүйесінің сан алуан бай мазмұнын толық көрсетеді.

Көріп отырғанымыздай меншік ұғымы өмір сүру жағдайына байланысты  әлеуметтік қатынас ретінде күрделі философиялық категорияны – адамзат өмірін ұдайы өндіруді көрсетеді. Қажеттілік пен мүдделер ғана адамзат байланысын айқындайды. Меншіктің экономикалық тұлғаларды және объектілері құқықтық механизм арқылы түбегейлі өзгереді. Меншік құқығы тұрғысынан оның тұлғалары жеке адам, ұжым және мемлекет түрінде ерекшеленеді. Ал объектісі ретінде тек заттық факторлар және өнім ғана көрінеді. Жалпы меншік қатынастарының іс-әрекет ету механизмі тарихи, мәдени негізде әрекеттесетін үш кешенді мәселелерді қамтиды /2/. 1) техника-технологиялық қатынастар жүйесі; 2) экономикалық- әлеуметтік қатынастар жүйесі;3) саяси-құқықтық  қатынастар жүйесі.

Экономикалық теория тұрғысынан бұл үш деңгейдегі қатынастар жүйесі тікелей өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну процесінде өзіндік даму қайшылықтары бар, дара тәуелді процестердің бірлігін көрсетеді, яғни адам, қоғам және табиғат арасындағы күрделі байланыстардың даму ерекшеліктерін, оның заңдылықтарын белгілейді. Меншік қатынастарының дамуы дегеніміз абстракталы ұғымның нақты сатылары ретінде бүкіл

 

——————

  1. Здравомыслов А.Г. Қажеттіліктер, мүдделер, құндылық. –М,Политиздат; 1986.223-б.
  2. Абалкин Л.И. Шаруашылық механизмін жетілдірудің мәні, құрылымы және өзекті мәселелер. Эконом. Науки. 1998. № 8 34-35 б.б.

өндірістік қатынастар жиынтығының оңды мәнін көрсетеді дейтін болсақ мұның өзі өндіргіш күштердің даму дәрежесі, сипатына сәйкес меншіктің, еңбек пен өндірістің қоғамдастырылуының үш жақты тәуелділігі болып тыбылады. Өз кезегінде бұл процестер тек қоғамдық еңбек бөлінісінің сатылары мен кезеңдеріне сәйкес нақты болмыста әртүрлі бағытта жүзеге асырылатын болды. Бұл арада меншік қоғамдық өндірістің әлеуметтік формасын типпен анықтайды, ал еңбек болса өндіргіш күштердің даму дәрежесін, сипатын көрсетеді. Еңбек процесінің әр түрлі элементтерінің қозғалыс заңдылықтары өндіріс тұлғаларының шаруашылық салаларындағы мүдделеріне сәйкес өндірістік ресурстардың, ұйымдық басқару қатынастарының мән-мазмұнын анықтайды. Негізгі және туынды қатынастардың себеп-салдарларына байланысты техникалық, экономикалық, әлеуметтік жүзеге асырылу механизмдері арқылы күрделі, өзара тәуелді құбылыстардың функционалдық жүйесін қалыптастырды.

Экономикалық қатынастар адамдар іс-әрекетінің көрінісі болғанымен, жеке тұлға санасы ерікке бағынбайтын ерекше құбылысқа айналды. Ал мүдделердің ұштасуы мүдделердің объективті  заңдылықтың мәнін қалыптастырады, сонымен меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету механизмі — өндіріс факторларларының қосылуы, бірігу  тәсілі қалыптасқан меншік түрінде ғана жүзеге асады. Бұл табиғи құқық және әлеуметтік құқық нәтижесі болып табылады. Еңбек меншікті айқын, анықталған құбылысқа айналдырады. Меншік және еңбектің ұқсастық (айырмашылық ) заңы нәтижесінде олар өзара тәуелді құбылыстар жүйесін құрайды /1/. Меншіктің типі, түрі еңбектің сипатын анықтайды, яғни еңбек меншіктің жүзеге асу механизмінің бастамасы. Бұдан меншіктің ішкі қайшылықтары қажеттіліктер мен мүдделердің өндіріс факторларға қатынастары олардың еңбекке байланысты үш жақты қайшылығына айналып, еңбектің мән-мазмұнын айқындайды. Экономикалық билік ұйымдастыру бақылау жүйесін бөліп шығарады, ой еңбегі мен дене еңбегінің айырмашылығының ерекшелігін бекітеді.  

Басқару жүйесі элементтері еңбек кооперациясынан туындай отырып, өз кезегінде еңбек бөлінісін одан ары дамытатын

————

  1. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б. Меншік диалектикасы. А, Каз Гос ИНТИ, 1993, 54-б

күшке айналады да әлеуметтік ерекшеліктер саяси-құқықтық негізде бекіледі. Меншіктің ішкі қайшылықтарының дамуы табиғи еңбек бөлінісінен қоғамдық еңбек бөлінісіне, одан функционалық — өндірістік еңбек бөлінісіне жеткізеді. Өнімді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну сатыларында басқарудың объектілері түр өзгерістеріне ұшырап, құбылыстың мәні күрделене түседі. Басқару объектісіне ұшырап, құбылыстың мәні күрделене түседі. Басқару объектісіне әлеуметтік топтар, адамдар, өндірістік процестер кіреді. Ежелден дамып келе жатқан басқару жүйесі өзіндік ерекшеліктер мен қатар жалпы экономикалық жүйенің даму заңдылықтары да әсер етуші күшке айналады. Еңбек пен капитал арасындағы қайшылықтар бірліктің көрінісі – басқару жүйесіндегі қарама-қайшылықтарды үйлестіру заңдылықтары көмегімен түбегейлі өзгерту арқылы дамиды. Меншік пен еңбектің ішкі қайшылықтарының жүзеге асуының келесі буыны еңбек нәтижесі, өнім және қызмет көрсету түрлері болып табылады. Дамыған тауарлы өндірісте еңбек нәтижесі құндық сипатта болады. Құн меншіктің азаматтық баламасы, меншіктің еңбекке тұлғаларының өндіріс факторларына қатынасы енді өнімдегі, құндағы сәйкес элементтер қатынасына айналады. Көшірілген құн және жаңадан жасалған құн қатынасы бұл арада жанды еңбекті заттайған еңбекті жаңарту арқылы сақтай отырып өндіріс нәтижелерін иемдену (жатсындыру) процесінің ішкі қайшылықтарынан көрініп, түрлерін бекітеді. Жанды еңбек заттанған еңбекті иемденудің құралына айналады. “Байлық меншік дегеніміз – бөтеннің қорғанған жанды еңбегі немесе ұрлық” – деп Прудон қатқыл айтқандай капитал байлықтың әлеуметтік түрі ретінде еңбек пен капиталдың ұқсастық заңына сәйкес жүйеде дамиды.

Капитал мен жалдамалы еңбек арасындағы қайшылықтар иемдену мен жатсындырудың әр түрлі дәрежесі арқылы өндіріс нәтижесін иемдену – жатсындыру қатынасына айналады, яғни бір-бірінсіз әрекет ете алмайтын әлеуметтік қайшылықтар жинағын сипатын құбылыс ретінде құн-баға заңының қызметі өндірісінде айқындалады.

Құн – меншіктің азаматтық болмысы тұжырымнан туындайтын  қатынас баға   механизмі мен тікелей байланыста болады. Осы тұрғыда баға меншіктің нақты құнын өндіріс факторларының рыноктық коньюктурасына сәйкес өзгертеді. Бұл арада әңгіме керісінше рынок немесе шаруашылық тұлғаларының меншікті бағалау іс-әрекеттерінің қатынасына байланысты болып отыр. Еңбексіз меншік пайда болмайды, ал баға арқылы меншікті өндіруге, пайдалануға жұмсалған еңбекті өлшеу мүмкіндігі туады. Құн заңы меншік объектісіне ақша-баға механизмінің өлшеуші қызметі түрінде бірегей сипат береді. Осы тұрғыдан меншік-капитал түрлерінің өзгерістері, заңдылықтары, шын мәнінде меншікті сапалық қасиеттері жағынан анағұрлым бай ұғым – қатынасқа айналдырады. Ақша айналысының өзіндік дербес сипатта дамуы қаржы кредит жүйесінің дамуы оның іс-әрекет ету түрлерінен туындайтын ерекшеліктерімен қатар меншік қатынасына да жаңа ерекшелік алып келді. Біріншіден, ақша капиталының қаржы кредит жүйесіндегі үстемділік күші басқару-билеу шеңберіндегі мемлекеттің жалпы қаржы саясатын қалыптастыру жүзеге асырудың шешуші механизмі ретінде қаржы жүйесін реттеу саясаты мемлекет шеңберінде немесе халық шаруашылығы салалары, сонымен қатар жеке шаруашылық тұлғалары өндірісінде меншіктің шынайы қожайынын іс-әрекет үлгі қалыптарын жасайды.

Меншіктің типтері мен түрлерін жіктеу, салыстыру өндірістік процесс үшін шешуші фактор емес. Қандай болмасын меншік түрлерінің шынайы иесі – қаржы саясатын белгілейтін мемлекеттік ұйымдар және шаруашылық буындар болып табылады. Банктер, қаржы қорлары, өнеркәсіптік-қаржылық топтар меншіктің нақты иелері осылар. Меншікті әлеуметтік жүзеге асырып механизмінің элементі ретінде қаржы жүйесі белгілі бір кеңестік мерзімдік сипатта айқындалып өзінің пәрменділігін көрсете алады. Мұндағы негізгі мақсат – меншіктің қалыпты жүзеге асуы, оның тиімді шаруашылық қатынастарға айналуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, бәсекелік күрестің дамуы нәтижесінде өндірістің шоғырландыру деңгейін өндіріс пен еңбектің қоғамдасу деңгейлеріне сәйкестендіру қажеттіліктері туындайды. Рынок капитал тұлғасының іс-әрекет моделін алдын-ала болжайтын құрылым ретінде олардың қауымдасуының сан-алуан түрлерін өмірге алып келді. Акционерлік меншік және корпорациялық меншік (монополиялық) меншік түрлерінің дамуы мемлекет пен қаржы институтарының іс-әрекет ету жүйесінде меншіктің әлеуметтік қорларының жетілген, өзгерген түрлерін көрсетеді.

Акционерлік меншік жеке меншікті көрсетпейді, бірақ жаңа деңгейде жеке меншік құқығын жаңғыртады. Құбылыстың ішкі мәні өзгеріп, сыртқы көрініс формасы таптық сипатқа ие болады. Құбылыстың ішкі мәні өзгеріп, сыртқы көрініс формасы таптық сипатқа ие болады. Өркениетті елдерге тән ерекше сипаты заңдылық –құқықтық жүйеде жеке адам бостандығына сәйкес меншік прюрализм (көптүрлілігін) озық іс-тәжірибесі негізден, дамудың эволюциялық сипатын қалыптастыруда болса керек.

Меншіктің жүзеге асуының аталған сатылары оның келесі буыны табыстың бөлінуі және қайта бөлінуі механизмімен ұштасады. Меншік дегеніміз – табыс. Өндіріс факторларына байланысты капиталға пайда, еңбекке жалақы, жер иесіне – рента бұл ұғымды айқындай түседі.

Өнім, дивидент, дисконт т.б. табыс түрлері қайта бөлу механизмдерімен анықталады. Мемлекеттің қаржы-кредит саясаты, сондай-ақ рыноктық экономика механизмі табысты қайта бөлудің негізгі элементтері ретінде сипатталады.

Әлеуметтік әр түрлі топтар арасындағы табыс деңгейінің қалыптасқан дәрежесі – меншіктің жүзеге асырылуының негізгі мақсаты, түпкі буыны – тұтыну өз саласына алып келді. Өндірістік тұтыну мен жеке тұтыну арасындағы өзара тәуелді байланыс әр түрлі математикалық моделдер арқылы мемлекеттік реттеу мүмкіндіктерін анықтайды. Бөлу, қайта бөлу, тұтыну заттарын сатып алу рынокта үздіксіз жүзеге асып жатады. Кенсиандық  I б. Реттеу шаралары буржуазиялық мемлекеттік меншіктің араласуы мәселелерін зерттеуге маңызды нәтижелеріне қол жеткізеді. Тұтыну мүддесінің түпкілікті мақсаты, ол қажеттіліктерді өтеу құралы ретінде жалпы өндірістік қатынастардың, меншік жүйесінің әлеуметтік қайшылықтарын толық айқындайды.

Өндіріске байланысты қатынас және оның негізінде пайда болатын экономикалық, саяси үстемдік, билік адамға қатысты меншік жүйесінің көріну формалары аса бай мазмұнының нақты бейнесі – жатсындыру (иемдену) құбылысын күрделене түседі. Теріске шығаруды терістей отырып, түпкі мақсат тұтынуды табысты айырбастау арқылы қанағаттандырады. Тұтынудың сапасы мен деңгейі түпкі нәтиже ретінде иемдену-жатсыздандыру құбылысына, жаңа қажеттіліктердің қалыптасуына, дамуына әсер етеді және мүдделердің жүзеге асырылуы негізіндегі шаруашылық, меншік тұлғаларының тең де түбірлі қайшылықтарын ашып көрсетеді.

Мүдделердің жүзеге асуы қайшылықтары, қажеттіліктердің қанағаттандырылуы нәтижесі меншік түрлерінің ішкі қайшылықтарын, құқықтық негіздерін өзгерген сипатта көрсетеді. Теория бойынша қандай болмасын меншік түрін прогрессивті деп дәріптеуге болады, ол оның шынайы маңызды өндіргіш күштерінің даму сатысына сәйкес келетін шаруашылық жүргізу тәсілдерінің тиімділігіне байланысты рынокта ғана айқындалатын болады. Меншік жүйесінің саяси-экономикалық, заңдық-құқықтық, сондай-ақ  шаруашылық құқығы деңгейлерінде іс-әрекет ету механизмінің күрделілігі иемдену-жатсындыру құбылыстарын “бірнеше сатылы” буын-деңгейлерімен айқындалады да меншік қатынастарының дамуын бағдарлау және реттеу, басқару, бақылау мүмкіндігіне жол ашылады.

Экономикалық теорияда меншік туралы қайшылықты пікірлер шексіз, тұрақты шиеленіскен идеялық күрестің объектісі болып отыр. М.Фридман “Меншік бұл ең алдымен функциялар, күтулер және міндеттемелер сияқты тұтас құқықтар кешенінің жинақталған атауы ”/1/дейді.

Адамдар арасындағы қатынастардың заттық түрде көрінуі, заңдық-құқықтық сипат алуы меншік түрлерінің өзара қайшылықтарының көптеген тұлғалар деңгейінде көрінісі бүкіл өндіріске қатынастар жүйесінің іс-әрекет ету механизміне байланысты болып отыр.

Ғылыми категория, ұғым ретінде, сондай-ақ мән-мазмұнның бірлігінің, ішкі даму диалектикасының айқындалу сипатымен ерекшеленеді.

Меншік категориясының жүйе ретінде және шын мәніндегі өркениетті ілім және қоғамдық-экономикалық формация теориясының түп қазығы ретінде өндірістен бастап тұтыну процесіне дейін қамтиды. Өндірістік қатынастар және өндіргіш күштердің өзара әрекеттесу жүйесінде негізгі және туынды қатынастардың көлбеу және тікелей бағыттарындағы элементтер қозғалысы  меншіктің ішкі элементтері мен қайшылықтарының іс-әрекет ету механизмін алуан түрлі өзгерістер арқылы көрсетеді, сол өзгерістердің өзінен туындайды. Бұл заңдылық кез-келген меншік түріне қатысты және олардың болмысына тән қасиет болып табылады.

—————— 1.  Маккенелл Г., Брю Э. Экономика. 2 томдық, -Баку, 1982. 27-б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Меншік түрінің эволюциясы .

 

ІІ.1.Экономиканы трансформациялау бағыттары туралы.

 

XX ғасырдың 90-жылдары мемлекеттік социализмнің дағдарыс белгілері өте айқын көріне бастады. Орасан зор мәжбүрлеу қысымына қарамастан халық наразылығының көрінісрері көптеген бұрынғы Кеңес республикасында орын алды. Қайта құру саясаты бұл дағдарысты ғылыми-сараптап, толық зерделеп, пайымдай алмады. Нәтижесінде коммунистік диктатураға қарсы бой көтерулер 1986 жылы Алматыда, 1988 жылы Бакуде, 1989 жылы Тблисида, 1991 жылы Рига және Вильнюгте кең етек алды. Бұл оқиғалар империялық саяси күйреуінің басы болған еді.

Мәселенің бастапқы кезеңі мемлекеттік социализмнің рыноктық қатынастарды ондаған жылдар бойына басып-жаншуынан туындаған болатын. Кәсіпорындар жұмысын шаруашылық есеп негізінде, жарым-жартылай ғана жүзеге асты.

Мемлекет жүздеген мың өнім түрлерін өндіру, бөлу тұтынуды бір орталықтан юасқарудың дәрменсіздігінің танытты. Мұның өзі дамыған қоғамда мүмкін емес еді. Экономика объективті түрде тапшылыққа ұрынды. Бір өнімдер шамадан тыс көп өндіріледі, бірақ сапасы төмен, тұтынушылар алмайды. Аса қажетті өнімдер аз өндіріледі, себебі ресурстар жоспар бойынша басқаларға бөлінген.

Экономиканы милитаризациясының мемлекеттік экономикалық саясаттың шынайы бейнесін көрсетті. Азаматтық салада Кеңес жүйесі ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланудан бірте-бірте артта қала бастады. Техникалық даму деңгейі бойынша орташа дамыған мемлекеттер қатарында қалды.

Жан басына шаққандағы өнеркәсіптік тауар өндіру бойынша Орта Азия, Қазақстан отандық көрсеткіштерден төрт есе төмен, ал Балтық жағалау елдерінен он есе төмен деңгейде дамыды. Мысалы, орташа одақ бойынша бір адамға 749 сомның өнімі өндірілген болса, бұл көрсеткіш Балтық жағалауы елдерінде 1702 сомға дейін, Қазақстанда  — 249, Өзбекстанда – 292, Түркстанда – 175 сом болады.

Американдық экономист Пол Самуэльсон екі жүйе экономикасын салыстырып талдау жасау арқылы мынандай қорытындыға келеді. Кеңес экономикасы нені, қалай және кім үшін өндіру керек деген үш мәселені былайша түсіндіреді.

  • мемлекет өндіріс құрал-жабдықтарын түгелдей иемденді;
  • қорғаныс (әскери) өнімдері бірінші орында, содан кейін ғана халық тұтынатын өнімдер қолға алынады;
  • Жеке кәсіпорындар жоқ деп айтуға болады. Ал, меншік кәсіпорын белгіленген жоспарды орындауы тиіс. Кеңес экономикасы пирамида тәрізді, оның барысында Министрлер Кеңесі, мемлекеттік жоспарлау комитеті тұрады, билік жүргізеді. Сол сеепті Ресей (КСРО) экономикасы негізінен қорғаныс үшін және “жарқын” болашақ үшін жұмыс істейді. Жалақы арқылы шектелген тауар айналымы жүзеге асады. Индустрияға және қорғаныс саласы кәсіпорындарының мүдделері үшін айналыс салығы, жоғары баға, тегін тұрғын үй механизмдері қолданылады деп тұжырымдайды/1/.

Буржуазиялық қоғам дамуының заңдылықтарын зерттей келе, пролетарлық политэкономия негізін қалаушылар өркениет тарихын сараптау нәтижесінде ерекше өтпелі дәуір сипатын көрсете білді. Қазіргі батыс экономист-ғалымдары өндіріс технология сипатына байланысты.

Экономикалық тарихты аграрлық, индустриялдық, постиндустриялдық кезеңдерге бөледі. Бұл бөлудің негізін өндіріс факторларының қандай элемент шешуші рол атқаратыны өркениетті критерий ретінде алынған.

Мемлекеттік социализмнің өзіндік даму тарихында оң және теріс жақтары бар. Мемлекеттік социализмнің қалдырған басты мұралары  — барлық халықтардың мәдениет-адамгершілік менталитеттерінің тоқырауы, жеке және қоғамдық сананың жіктелуі, еңбектің жалдамалы сипатының күшеюі, мемлекеттік меншікті бөтенсу. Социализмнің немесе мемлекеттік социализмнің дағдарысы – болашақта қайта жаңарудың альтернативті модельдерінің идеялық бағыттарын анықтап берді. Осыған сәйкес дамудың екі альтернативтік (баламасы) жолдары көрініс береді.

Біріншісі – социализмді сынау түрінде және перспективасының жоқтығын көрсету арқылы қоғамға экономикалық жүйені капитализациялану идеялары күштеп таңылады. Кейбір топтарға демократизациялау ұрандары, азаматтық (құқықтық) қоғам орнату, рыноктық экономикаға өту, яғни жеке меншікті капиталды меншікке күштеуі керек.

Екіншісі, мемлекеттік социализмді жан-жақты ғылыми талдау негізінде ТМД елдерінің әрқайсысы үшін өзіне тән альтернативті модель іздестіру қажет болады. Бұл жол қоғамдық ойдың қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып, ойластырылып, жасалған, шын мәнінде халық билігі мен халықтар теңдігіне бағытталған мемлекеттік социализмнің қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі қайта құру жолы. Қоғамдық шаруашылық жаңарту әртүрлі дәрежеде әлеуметтік бағдарланған іс-әрекет кешені болып табылады. Сондықтан рыноктық реформалардың іс-тәжірибесі бойынша ТМД елдеріндегі реформалардың антисоциалистік бағдарламалар негізінде жүргізуші азаматтық қарсыласу әрекеттерін де тудырмай қойған жоқ.

Экономикалық саясат жүргізу жолдары, “маятниктің тербелуі” саясаткерлерге қоғамда қайта жаңартудың ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламаларының жоқ екендігін халыққа көрсетті.

Қазіргі ғылыми сараптамалар патсоциализм елдер дамуының үш моделін көрсетіп отыр.

  • Қоғамдық қатынастарды капиталистік қатынастардың неолибералдық, постиндустриялдық моделдеріне сәйкес трансформациялау.
  • Оңтүстік Корея, Тайвань, Чили елдерінің тәжірибесін негіздей отырып, авторитарлық саяси жүйе позициясы тұрғысынан қоғамдық қатынастарды капитализациялау.
  • Мемлекеттік социализмді бірте-бірте реформациялаудың Қытай моделі немесе Қытай ерекшелігіне сәйкес, социолизм. Осыған байланысты социолизмнің саяси экономикасындағы “социолизм және рынок”, “социолизмге жоспарлау”, “капитализм тұсындағы еңбектің қайыршылануы” т.с.с. догмаларға сын көзбен қарау қажеттілігі туындайды.

Экономика және заң мамандары күні бүгінге дейін социалистік, жалпыхалықтық, мемлекеттік меншіктер мәні туралы пікір таластырып келеді. Аталған категорияларды бір-біріне теңестіру арқылы оларды қарама-қарсы қоюмен тең және мұның өзі меншік қатынастарын қайта жаңғырту проблемаларын одан әрі қиындатып жіберді.

—————

П.Самуэльсон. Экономика, -М, 1992, 408-412 б.б.

Егер кез-келген мемлекетті социализмге теңейтін болсақ, онда социализм идеясына қатер төнеді деген сөз.

Өндіріс пен еңбектің қоғамдастырылуы ассоциаланған еңбекті мемлекеттік реттеу қажеттілігін туындатады. Мемлекеттік меншіктің пайда болуы мен дамуы социализм емес. Осы мағана тұрғысынан алып қарастыратын болсақ Кеңес үкіметінің жасаған мемлекеттік капитализмі тек қана мемлекеттік социализм моделін бере алады.

Социализмді орнатудың антикапиталистік әдісі теріс нәтижелерге әкеліп соқтырады, басқаша айтқанда тарихи өндірістер әдістері арқылы ғасырлар бойы жасалған рыноктық негіздердің заңды элементтері алынып тасталады. Өндіріс процесінің тауарлы негіздерін теріске шығару өмір сүрудің негіздері  — игіліктерге қатысты өз еңбегімен жақсы өмір сүру категориялары және адамгершіліктің, еңбек мотивацияларының т.б. мәселелер оң шешімін таппай қалды.

Ғылыми социализм үшін басты критерий негізгі өндіріс құрал-жабдықтарына және белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы өндіріс нәтижесіне меншік құқығы кепілдемелері болып табылады. Бірақ, бұл арада теория мен практика байланысында анық алшақтықтың пайда болады. Партия диктатурасы және номенклатура жағдайы мемлекеттік меншікті, сондай-ақ халықтық билікті қаламауының күшеюі жүйесінің фундаментті әлсіреуі.

Қоғамдық байлыққа қатынас теңдігінің, еңбек мотивациясы негіздерін күйретуге себепші болады. Объективті және субъективті себептермен мемлекеттік социализмді реформалау 1991 жылға дейін мүмкін болмай келді. Қоғамның шаруашылық тұлғалары мен жеке тұлғаларын меншіктің нақты құқықтарымен қамтамасыз ету мәселелерін шеше алмауы, шешуге ұмтылмауы, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әміршілдік жүйесінің ыдырауына және “щектеулі құқық” жүйесінің неше түрлі құйтырқылықтарына жолықтырады.

Жалдамалы еңбектің мемлекеттік жүйесінің негізгі белгісі – ол халықтың басым бөлігінің меншікті, еңбекті, оның нәтижесін жатсыну процесінің күшеюі, сондай-ақ қоғамдық қажеттіліктерді реттеуге әкімшілдік әдістерінің пайдалы бөлудегі теңгермешілік принциптерінің орын алуы болды. Меншік пен билік мемлекеттірілген номенклатураның қолында қала береді. Социализм тұрғысындағы мемлекеттік меншік феномені және экономикасы мемлекеттендіру үрдістері мен әрекеттері енді тарихи аренадан кетті. Ендігі мәселе мемлекеттік социализм тұрғысынан қалған құндылықтарды сақтап, арттыру болашақ та болыр отыр. Бұл орайда аса маңызды міндеттерге мыналар жатады:

  • жаңа мемлекеттендірудің саяси негіздерін қалыптастыру және нығайту;
  • бірыңғай экономикалық кеңістікті барлық элементтерімен қоса сақтай отырып, оларды жаңа негізде қайта құру.
  • экономикалық өзара тең қатынастарды қалыптастыру барысында интеграциялық шараларды жүзеге асыру.
  • ақша-валюта кеңістігін қайта құру;
  • экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру;
  • мәдени-ақпараттық ынтымақтастықтарды одан әрі дамыту;
  • қорғаныс кеңістігін сақтау және жаңарту;
  • ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • рыноктық реформаларды тереңдету бағытында өзара келісімді сәйкес жүргізу шараларын үйлестіру.

Соңғы он төрт жылдан бері ТМД елдері экономикасының даму тарихы бұл міндеттердің әртүрлі деңгей дәрежесінде жүзеге асырылып келе жатқан, сонымен бірге қайшылықты жағдайлардың да кездесетіндігін көрсетті.

Мемлекеттік социализмді “социализм” деп тану, оны жақсартып адами кейіп беру, бұрмалаушылықтарды жою идеялары реформаларының алғашқы жылдарының өзегі болғанын көрсетті.

Өтпелі кезеңде экономикалық емес факторлар шешуші роль атқара бастады. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйе күйрегенмен ол базистік детерминант ролін атқара алмады, ал жаңа қатынастар үстемділікке ие бола қойған жоқ. Еңбекке ынталандыру механизмдері рынок жағдайларымен емес, мемлекеттік-саяси механизмдермен реттеледі. Сол себепті, ескіні түбегейлі жаңарту болып табылады /1/.

Мемлекеттік социализмді түбегейлі жаңарту дегеніміз мемлекеттік монополияға қарсы күрес мәселелерімен қатар экономикадағы монополизмге қарсы күрес жүргізу үшін

——————

  1. Бузгалин А.В. Өтпелі экономика. –М, 1994, 10 б.

 мемлекеттік реттеу механизмдерін жаңаша құруды талап етеді. Ал мұның өзі көп жағдайларда рыноктық экономика негіздерін қалау ішінде антисоциалистік әдістерге жол береді.

Антикапитализм әдістері сияқты антисоциализм әдістері де қоғамды шынайы реформалаудың ғылыми негіздеріне сәйкес келмейді.

Трансформациялық дәуірдің әлемдік стратегиясы қоғамдық дамудың әлемдік жаңалықтары негізінде мүмкін болар үрдістерін айқындаумен қалыптастырады.

Бұл үрдістің мазмұны экономикалық теорияда жаңа парадигмены іздестіруге жетелейді. Постиндустриялық даму дегеніміз – Батыс пен Шығыс (Солтүстік пен Оңтүстік) өркениеттерінің өзара жақындасуы, кірігуі нәтижесінде бірегей әлемдік өркениетті қалыптастыру болып табылады. Бұл пікірді дәлелдеу үшін келесі мәселелерге назар аудару керек.

  • КСРО-дағы “социалистік” эксперименттер ғылыми социалистік идеяның саяси қозғалыс мұраттарына айналуына әлеуметтік кедергі қойып, халықтың ішкі қарсылығын және теріс ой-сезімдерін қалыптастырады. Әміршілдік жүйе өндірістік қатынастар мен әлеуметтік құрылымдарды теріс мәнде дамытып, болашақ өркендеудің стратегиясын тек қана рыноктық экономика жолымен капиталистік дамуға бағыттайды.
  • Дамыған капитал елдері постиндустриалдық қоғам мұрағаттарын, құндылықтарын қалыптастыру бағытында әрекет етіп, жалпы өркениеттік адамгершілікке, әлеуметтендіруге жеткізетін сараптамаларды жүзеге асыра бастады. Бұл болашақ жүйенің негізгі кіндігі – адам және оның қабілетінің жан-жақты дамуын, әлеуметтік әл-ауқатын мейлінше көтеруді меңзейді. Бұл “тұтынушының” психологиясын оң терістеудің нәтижесі болып табылады.
  • Ұзақ кезеңдік болащақта индустриалды қоғамға тән өндірістік-экономикалық факторлардың адамдар әл-ауқатын тікелей жақсарту құбылысының жаңа деңгейіне өтуі тиіс. Мұның өзі әлеуметтік мәдени даму факторларының толық пісіп-жетілуінің шешуші рол атқаруымен анықталады.
  • “Таза” жеке меншікке негізделген капитализм, рынок XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде ғана орын алады. Қазіргі дамыған елдер корпорациялық, трансұлттық меншікке негізделген рынок жағдайында өмір сүріп отыр. Олар үшін “Капитализм-социализм” қайшылықтарынан гөрі жаңа деңгейдегі халықаралық рынокта өздерінің жетекші ролін нығайту, сондай-ақ әлемдік экономикадағы потенциалдарын сақтау, дамыту әлдеқайда тиімді болып отырған жағдайы бар.
  • Бұрынғы КСРО-да социализм тек теорияда идея қалпында қалды. Оның өзі экономикалық жоспары сипаты мен мемлекеттік реттеудің ерекше көрінісін айғақтаған болатын.

Қоғамдық өмірдің бір саласында кеңінен жойылған тоталитаризм салдарын жою үшін саяси-экономикалық, мәдени-ағарту салаларын кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру қажет болады. Меншік, еңбек, өндіріс қатынастарымен қатар адамгершіліктің философиясы тұрғысынан тоталитаризм құбылысын жою әрекеттерін талап етеді. Біріншіден, экономикалық кіріптарлықтан еңбек адамдарын құтқару мәселесі, екіншіден экономикалық емес мәжбүрлеуші күштерді жою мәселесін мемлекеттірілген экономикалық құбылыстың өтпелі кезеңінде түбірінен өзгеруін күн тәртібіне қояды. Негізгі бағыт – аралас экономика жүйесін қалыптастыру. Мұның астарында формалды түрде бірлескен меншік иесі болып есептеліп келген еңбек иелерінің үлесін заңдастырған құқықтық құжаттармен негіздеу тұратыны белгілі.

Бұл прогресс рынокқа өту бағдарламаларын ғана емес, болашақ постиндустриалды қоғам негіздерін қалыптастыруға да жол ашады. Мемлекеттендірілген жалдамалы еңбек жүйесінен жеке капиталға, корпарациялық капиталға жалдану жүйесіне өту мәселесінің бір жағы ғана болып табылады. Мұның өзі меншік қатынастарын түбегейлі жаңарту міндетінің тек бастамасы ғана. Өтпелі кезең ерекшелігінің уақытша байқалмай тұрған жағы формалды қоғамдық меншіктің рынок механизмі арқылы постиндустриялдық қоғамда өмір сүру тиіс ассоциаланған меншік өскіндерін қалыптастырудың құбылысы болып табылады.

Осы тұрғыдан акционерлік, ұжымдық меншікке, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктеріне заң жүзінде шектеу қою әлеуметтік мәселелерді бұрмалаудың көрінісі болмақ .

Мәселен кейбір авторлар (Радаев В.В., Бузгалин А.В.) жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға өтуді өтпелі дәуірдің мазмұны деп санаған /1/. Дегенмен, мемлекеттік социализмнің басты белгілерінің іс-әрекеті механизмі оның толық сипатын көрсетпейді. Жоспарлау дегеніміз іс-әрекет құралы, мақсатқа жету жолы ғана. Оның өзі мемлекеттік меншік пен мемлекеттік шаруашылық жүргізудің туынды қатынасы болып табылады. Қандай болмасын форма үшін маркетингтік ізденістерді қолға алады. Жоспарлау, басқару-меншіктің функциясын және туынды қатынас ретінде қатынас ретінде іс-әрекеттер тетіктерін көрсетеді. Ал ірі коорпарация, тіпті экономикасы дамыған елдердің өздері де жоспарға жүгінеді. Бұл – индикативтік жоспарлау бұрынғы кеңес одағы шеңберіндегі жоспарлау дерективалық, тоталитарлық сипатта айту қажет. Ал, негізгі мәселе тауар-ақша, яғни рыноктық қатынастарды басып-жаншу, шектеу болғаны белгілі. Сол себепті өтпелі кезеңнің мазмұнын жоспарлаудан рынокқа өтуден емес, мемлекеттік жалдамалы еңбектің ауыртпалықтары мен салдарын жою әрекетінен іздеу қажет. Бұл міндетті орындау үшін мемлекеттік басқару, жоспарлау жұмыстарын оң негіздерге, ғылыми ізденіс аясына қою қажеттілігі туындайды. Рыноктың мән-мазмұны индустриалды және постиндустриалды қоғам шекараларында ғана анықталып келеді. Аграрлық немесе индустрияға дейінгі қоғамда ол шешуші рол атқарғандар жоқ болатын. Ал, постиндустриалдық қоғамда рыноктық даму жолдары толықтай анықталып бола қойған жоқ. Сол себепті рынокқа өту өтпелі дәуірдің негізгі мақсаты емес, тек қана міндетті элементі, өндірістік қатынастарды жаңғыртудың шарты болып табылады. Рынокқа өту арқылы өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикаға кірігу құбылысы жүзеге асып, дамудың эволюциялық жолы ашылады, яғни ішкі және сыртқы бәсеке күресі қалыптасқан, бірақ тиімді пайдаланылмайтын өндіргіш күштердің қазіргі даму деңгейіне қозғаушы күш ретінде ғана әсер етеді. Трансформациялық кезең заңдылықтарын игеру кімге болса да,

——————-

  1. Өтпелі кезең экономикасы. (Радаев В.В., Бузгалин А.В. ред, МГУ , 1995, 89-90 б.б.

экономикалық жүйеде болып жатқан түбегейлі өзгерістерді тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Өтпелі кезең заңдылықтарының жүйесі өте күрделі құбылыс екендігі даусыз. Осы құбылыстар қоғам дамуының шешуші факторы болып табылатын экономикалық жүйені өкшеп, сараптау арқылы оның түбегейлі өзгерістерін, жаңаруына ғылыми негіздеу үшін мемлекеттік меншік түбірінен қайта құруды немесе трансформациялау заңдылықтарын қолдану арқылы мейлінше оңтайлы өзгертуге болады.

Ол үшін жалпы меншік жүйесін, соның ішінде мемлекеттік меншік заңдылықтарын белгілі деңгейлерде сараптап, қажетті шараларды талдап жасау қажеттілігі туындайды. Сараптау талдап алынған тұжырымдамалар одан әрі меншікті жекешелендіру, оны мемлекет иелігінен алу бағдарламасына ғылыми негізде қолдануға қызмет ететін даусыз мәселе болып табылады. Аталған шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік нормативтік-құқық актілерімен қатар күнделікті іс-тәжірибедегі мол мәліметтер негізіндегі мүмкіндіктерді, сондай-ақ теориялық ізденіс-зерттеулерді кеңінен пайдалану қажет.

 

 

ІІ.2. Меншік түрі және меншік қатынастарын жаңартудың

теориясы мен практикасы.

 

Меншік формаларын зерделеу барысында базистік түсініктердегі қарама-қайшылықтарға байланысты бірегей атаулар негіздерінің жоқтығына тап болуға тура келеді. Жалпы халықтық, мемлекеттік, ұжымдық, қоғамдық сияқты меншік формалары бір авторларда синонимдер ретінде қабылданса, басқаларында әр түрлі түсініктер болып қарастырылады. Мұндай жағдай жеке, индивидуалды, өздік меншікке де қатысты. Осыған байланысты меншік формасы дегеніміздің не екенін, қандай критерийлермен анықталатынын, меншіктің қандай формаларын өзара ажырата білу қажет екенін анықтап алу қажет.

Меншік формасы— бұл жұмысшының өніріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.

Меншік түрі – игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.

Кестеде көріп отырғанымыздай, қазіргі экономикалық жүйе меншіктің көптеген формаларымен ерекшеленеді:

 

 

 

Меншік түрі

 

Меншік формасы

Меншік түрі

 

Мемлекеттік

Қоғамдық

 

Муниципиалды

 

Кооперативтік

 

Ұжымдық

 

 

Акционерлік

 

Қоғамдық ұйымдар меншігі

 

Діни мәдени ұйымдар меншігі

 

Жеке тұлғалық

 

Индивидуалды еңбек ету

Жеке

 

Жанұялық

Жанұялық

 

Жалдамалы еңбек ету

 

 

Индивидуалды жалдамалы еңбектің қатысуымен

 

Монополистік

Корпоративті

Мемлекеттік-ұжымдық

 

 

Аралас

 

Мемлекеттік жеке

 

Жеке-ұжымдық

 

Бірікке шетел капиталын қолдана отырып

Тағы басқа

 

Сонымен, меншік формасы – материалды игіліктерді экономикалық қатынастарға қатысушы белгілі бір субъектінің реттелген объективті құқық пен иемдену жағдайын белгілейтін түсінік. Жалпы айтқанда, меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:

  • Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
  • Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топқа сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым ақпараттары, ақпарат;
  • Аймақтық мемлекеттік – аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген меншік;
  • Коммуналды, муниципалды – жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;
  • Ұжымдық – тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілген немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын туынды формасы;
  • Жалпы – алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиеселі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдалануында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар т.с.с. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық-үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиеселі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке бөлінеді.
  • Индивидуалды – белгілі бір құқықтың нормаларына сәйкес жеке индивидумға тиеселі және олардың өз қажетінше пайдаланылатын мүлік, заттар, ақпарат т.б

Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін емес.

Меншік типтері мен түрлерінің тенденциясында байқалған заңдылық – кез-келген экономикалық жүйеде меншік қатынастарының түр өзгерістерінің өндіргіш күштердің дамуына жоғары деңгейде қайталау заңдылығы болып келеді. Мәселен, алғашқы қауымдық құрлыста қауымдық меншіктен жеке-дара меншікке, одан – жеке меншікке өту жүзеге асады. Тауар айырбасы, ақша феномені дамуда осы кезеңге тән құбылыс.

Құлдық дәуірдегі меншік дамуының негізінен көрінуі – жеке құлдық, қауымдық құлдық түрі және мемлекеттік құлдық түрлерінің дамуы. Евразия ерекшеліктеріне сәйкес бұл өлкелерде құлдықтың қарапайым түрі – жеке-отбасылық түрі, ішінара қауымдық түрі қалыптасты. Ал, мемлекеттік түр мүлде дамымаған деп айтуға болады. Ал, Ежелгі Греция, Рим сияқты классикалық үлгілерде құлдықтың барлық түрі кең таралғанын айтуға болады.

Феодалдық құрлыс кезеңіне тән ерекшелік – ұлт, ұлыс көлемдерінде мемлекеттік институттардың дамуына байланысты соверен, сеньорлар жерге жеке меншікті белгілі-бір кіріптарлық негізде дамытты. Яғни, мемлекеттік (ұлыстық) меншіктен жеке меншік жіктеліп, өзіндік экономикалық жүйе қалыптасты. Классикалық үлгіде жерге жеке меншіктің мемлекеттік түрі мен ұштастырылуы “мемлекет — мен” қанатты сөзінен көрінеді. Ескеретін негізгі мәселе – экономикалық базис ретінде жерге жеке меншіктен өсіп шыққан өндіріс құрал-жабдықтарына, игіліктеріне жеке меншік жүйесінің дамуы қазіргі буржуазиялық өркениеттің тарихи құндылығы. Ал, Еуразия немесе отарлауға дейінгі басқа құрлықтарда негізгі базистік қатынас – жерге қауымдық, ру-тайпалық, мемлекеттік меншік түрлері екенін байқау қиын емес. Сол себепті, К.Маркс пен Ф.Энгельс оны азиялық өндіріс тәсілі деп атайды.

Қазіргі өркениет дамуының негізін құрып отырған буржуазиялық өндіріс тәсілі өзінің бес ғасырлық тарихында объективті даму нәтижесінде адам құқығының саяси, әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздігінің негізі — әр адамның меншікке жеке құқығын бекітеді. Өзіне дейінгі жеке меншік түрлерісен салыстырғанда буржуазиялық жеке меншік толыққанды, пісіп жетілген прогрессивті қатынас ретінде сипатталынады. Есте ұстайтын мәселе – бұл меншік институты жер шарын қан мен терге бөктіру арқылы ғана, тарихи өркениет түрлерін қарулы күшпен қырып, жою арқылы орнықты.

Қазіргі кезде меншік иелері үш топқа бөлінеді:

  • Потенциялдық (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналады.
  • Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденушісі). Иемденуші тоатың толық иесі емес. Ол заттың тұтыну құнына бағалылығында емес жарлық етеді. Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, сыйлық етіп өсиет арқылы өткізбейді, кепілдікке сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Бірақ оның бөтен меншікті өзінің тікелей міндетіне сәйкес пайдалануға толық құқы болады: өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта қолданады. Иемденуші осы затты қолдану нәтижесінде жасалған заттың, өнімнің, қызметтердің меншік иесі бола алады. Сонымен қатар, иемденуші, келісімге сәйкес, өзіне түскен табыстың бір бөлігін меншік иесіне беріге тиісті.
  • Толық меншік иесі. Бұл заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, меншікті иелігінен шығарып; оны басқа субъектілерге беруге, өткізуге құқылы болды.

Нақты меншік болып анықталатын тұтыну, меншікке толық иеліктің өлшемі қызметін атқарады. Қолданылуы болмаған меншік иесіз меншік деп аталады. Меншіктің тұтынылмауы меншік құқығының толық жойылғанының дәлелі болып саналады.

Толық меншік иесінің өзі заттардың пайдалылығын өзі қолданып өндіріс жүргізе алады. Технология жағынан бұл әрекет тек ұсақ өндірісте ғана мүмкін болады: шаруалардың шаруашылығында, қолөнерінде, қызметтер сферасында, т.б. Ірі қоғамдық өндірісте, әдетте меншік шаруашылықпен айналысатын субъектілердің пайдалануына беріледі. Бұл жағдайда меншіктің бір объектісін екі субъекті иемденеді. Бұлардың өкілеттігі ажыратылады: меншік иесі заттың құнына (бағалылығына) жарлық жүргізеді, иемденуші заттың пайдалылығын қолданып өндіріс жүргізеді. Бұлардың әр қайсысына меншік табыс алып келеді.

 

Меншік қатынастарын түбірінен қайта құру дегеніміз тек қана жеке меншік немесе мемлекеттік меншік ұғымдарымен күресу ғана емес. Мәселенің мәнісі мейлінше терең қатынастарды саналы түрде әлеуметтік прогресс жолымен дамыты, айқын жолға бағыттауда болып отыр. Атауын өзгерткенмен құбылыстың мәні бірдей өзгере қоймайды. Экономикалық әдебиеттерде буржуазиялық қоғамдағы мемлекеттік меншіктің әлеуметтік сипаты іс-әрекет салдары жеткілікті көлемде зерттелген. Жеке капиталдан акционерлік капиталға, акционерлік капиталдан әр түрлі коорпорациялық (қаржы олигархиясы) меншікке өту процесі мемлекеттік меншік жүйесінің қалыптасуымен қатар жүрді.

Өндірістің қоғамдық сипаты мен иемденудің  жекелік сипаты арасындағы қайшылықтардың даму дәрежесі, сондай-ақ оны шешудің әр түрлі әдістерін қарастырсақ меншіктің қоғамдастырылуы және жекешелендірілуі құбылыстарының араласа жүретінін байқауға болады. Бәсекелік күрестің дамуына сәйкес өндірістік монополиялардың пайда болуы олардың үздіксіз қайталанатын түр өзгерістері көптеген жағдайларда меншіктің жекелік, акционерлік, монополиялық, коорпорациялық түрлерінің әр түрлі комбинацияларына ұласады.

Қалыпты рыноктық реттеу механизмі әр уақытта бәсеке мен монополия құбылыстарының органикалық синтезін талап етеді, яғни рыноктық кеңістіктің серпінді қозғалысы үшін объективті түрде меншік, еңбек және өндірістің қоғамдастырылуы барысында әр түрлі бағыттарын сәйкестендіру қажеттілігі жүзеге асуы тиіс.

Қазіргі заманғы жекешелендіру процесінің классикалық үлгісі ағылшын тәжірибесі болып табылады. Классикалық дегеніміз мақсатты әрекеттерді, оны жүзеге асыру құралдарының кешенді ерекшкеліктерінің моделін  экономикалық теорияда жекешелендіру ұғымы ағылшын үкіметінің саясаты арқылы кеңінен тарай бастады. Ұлыбритания экономикасының тиімділігін жоғарлату үшін “тетьеризим” саясаты әлеуметтік өзгерістердің ең негізгі бағыты ретінде мемлекеттік сектордың ұлтсыздандырылуын қолданды. Ұлыбританияда 1973 жылдан бастап он жыл ішінде мемлекеттік сектордың 2,3 пайызы жекешелендірілді, оның ішінде транспорт, байланыс, көмір, газ өндірісі мен өндіруші салалар және энергетика бар. Бұл тәжірибенің негізгі методологиялық алғышарттарының маңызы. Ағылшын мамандары жекешелендіру саясатын жүргізу барысында мынандай кешенді кезеңдерді айқындаған болатын.

-Үкіметтің стратегиялық саясатын айқындау;

— Салалар мен кампаниялардың құрылымын өзгерту;

— Жекешелендірудің негізгі міндеттерін анықтау;

— Ұзақ мерзімді жекешелендіру бағдарламасын жасау;

— Жекешелендіру стратегиясын іс-тәжірибемен үздіксіз жетілдіріп, түзетулер жасау /1/.

Дамыған елдерде мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен жеке меншік институтын дамыту негізгі қайшылықты – еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты жаңа негізде шешуге бағыттағалы отыр. Бұл негізгі мақсат – постиндустриалдық қоғамның әлеуметтік негізі болып табылады. Меншіктің жүзеге асу механизмін барлық буындарға, әсіресе, басқару жүйесіне араласуы кеңінен жойыла бастады. Егер қызметкер кампания акцияларын иеленіп, дауыс беру құқығына ие болмаса – олар оның иесі болып табылады.

Негізгі мәселе – жекешелендіру процесі арқылы меншіктің көптүрлілігін ғана қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтарын, өніріс нәтижесін иемдену мен жатсындырудың жеке және заңды тұлғаларының жауапкешілік деңгейінде болып отыр. Сондай-ақ, меншікті жаңартудың кілті оның жүзеге асу кезеңінің сатыларымен сәйкес келеді. Бұл арада баса көрсететін мәселе әлеуметтік реформалардың пәрменділігіне қайшы келетін әкімшілік жүйенің қайта жаңғыртылуы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің теріс сипатын анықтайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1946 жылдан бастап “Маршал жоспары” бойынша Батыс Германия өнеркәсібі мемлекеттік орталықтан басқару әрекеттерінен басталады. Тағы да “ұлтсыздандыру” саясаты жүргізілді. З.Шульн “Рхард” реформалары деген мақаласында орталықтан бөлу механизмі Германияда 1933-1940 жылдардың жартысы аралғында орын алғаны туралы жазады. Оның ерекшелігі жоғары дамыған жеке меншік жүйесінің бір орталықтан дамыған жеке меншік жүйесінің бір орталықтан басқарылуы болатын. В.Ойкеннің пікірі бойынша   меншік түрі экономикалық заңдардың айқындалушы элементі, бірақ бірден-бір шешуші факторы емес. Экономикалық заңдар, жүйе құраушы және айқындаушы, кешенді факторлардың

—————

  1. Гутман Г. Ресейдегі жекешелендіру. МЭиМО, 1995.

 

 

сипаттайтын ұғымды құрайды /1/.

жиынтығы ретінде экономикалық іс-әрекет ету механизмін

жалпы әлемдік “жекешелендіру” саясаты мен іс-тәжірибесін зерделейтін болсақ, онда негізгі үш түрлі әдістерді байқауға болады: 1) Ішкі жекешелендіру . Негізгі қорларды үлесетін әдіс арқылы немесе акция түрінде кәсіпорын қызметкерлеріне беру, сату. Бұл еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты жоюға бағытталған. Бұған біршама жуықтайтын “пайданы бөлуге қатысу” жүйесі бар. Кәсіпорын фирма қызметкерлері еңбек функциясына сәйкес алатын жалақымен қатар басқару және пайданы бөлісуге мүмкіндік беретін меншік иелену құқығын алады. Кооперативтік, акционерлік кәсіпорындар түрінде шаруашылық жүйесіне кірігіп өндіріс нәтижесіне мүдделілікті арттыру бағытында қызмет етеді. Акция немесе үлесіне қарай дауыс берудің әр түрлі жүйесі қалыптасады.

2) Кәсіпорынды сату немесе акция түрінде жеке тұлғаларға еркін сату әдісі сыртқы жекешелендіру болып табылады. Бұл негізінен жеке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды арнаулы мақсаттарға сәйкес қайта құрудың жолы. Өндіріс тиімділігін арттыру, қосымша қаржы келтіру немесе құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін меншік иесін алмастырудың тиімді әдісі. Шетел тәжірибесін толықтай алып, қарастыратын болсақ бұл процесс дамыған рол атқарады. Артық жеке капиталдық және бағалы қағаздар рыногының болуы белгілі бір стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруды мемлекет меншігінің жеке кәсіпкерге сатылуы арнаулы тендерлік аукциондарда елестететін процестің жүргізілуін көрсетеді. Мысалы, Фордтық кәсіпорындардың акционерлік немесе Франциялық “Рено” автомобиль коорпорациясын акционерлеу, Ұлыбританиядағы  көмір өндірісін жекешелендіру тәжірибелері қалыптасқан рыноктық ортада меншік титулын ауыстырудың ерекше бағыты болып табылады.

3) Арнайы жекешелендіру – мемлекеттік кәсіпорындарды шетел азаматтарына концессияға беру немесе тікелей сату, сондай-ақ акцияларды бақылау пакетін беру жолы. Бұл арадағы ерекше мақсат басқару және технология мәселелері, әлеуметтік

——————-

  1. З.Шульц. Эрхард реформасы. (Вопросы экономики) 1991, 138-б

 

қатынастарды шетелдік капиталды келтіру арқылы жоғары деңгейдегі көтеру бағытында шешілуі тиіс. Еркін  экономикалық аймақтар құру, бірлескен кәсіпорындар салу және аса маңызды өндірістік мақсаттағы бағдарламаларды жүзеге асыру  тағы сол сияқты міндеттерді шешу үшін халықаралық құқықтық негіздерге сүйенген заң актілерін қабылдау қажеттілігі туады.

Жекешелендіру құбылысының мән мағанасын жете түсіну үшін келесі мәселелерге назар аудару керек: егер капиталистік куәгерлер меншік иесіне мемлекет  капиталистік меншік иесіне мемлекет тарапынан қанша және қандай қаржы жұмсауын жалпы экономикалық жоспар қандай орын алуын өндірістік бағдарламасының қалай жасалуы қажеттілігін міндеттейтін болсақ, егер салық заңдары арқылы пайданы, мүлік қорын, мұрагерлік тәртібін шектесек, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің өнімдегі үлесі әлеуметтік-саяси міндеттемелермен реттелетін болса, онда меншіктен шын мәнінде тек титул және пайданың аз бөлігіне ғана қалар еді. Сонда мегшік ұғымы құрғақ сөзге айналған болар еді. Қандай қоғамда және қашан осыншама шектелген меншік құқығы болады екен?/1/.

Дамыған рыноктық жүйесі бар елдердегі жекешелендіру процесі ұзақ мерзімге есептеген, кезең-кезеңге бөлінген сындарлы саясат арқылы жүзеге асатын елеулі мәселе болып табылады. Олар үшін негізгі мақсат рыноктық жүйеге бейімделген шаруашылық буындардың тиімді өндірісін қамтамасыз етуді жүзеге асыру міндеті. Аукцион, акциялар, басқару, өзгерту тағы басқа пайдалану құқықтары жүзеге асып, соның негізінде қаражат мәселесі де шешімін тауып жатады. Шетелдік капиталы пайдалану елдің қауіпсіздігін сақтау мәселесімен ұштастырылады.

Түпкі нәтижеде салалар құрылымын бәсеке негізінде жетілдіру жүйедегі ең негізгі міндеттердің бірі ретінде айқын көрініс береді, ал жекешелендіру болса оның жүзеге асу құралы есебінде негізгі мақсатқа жету жолын ғана көрсетеді.

Меншіктің қызметі оның қоғамдық мәні қауымдасудың өніргіш күштері әсері мен немесе  кооперацияның болуы мүмкін өнімділік күшімен анықталады. Меншіктің қызметі адам болмысын сана

—————

  1. Симонс М., МЭРО У. Қалай меншік иесі болады? –М, 1993, 102-б

арқылы айқындау, қоғамдық өмір сүру негіздерін орнықтыру яғни дүниетанымдық қызмет барлық қоғамтану ғылымдары үшін көп қырлы зерттеу нысаны болып табылады. Екінші қызметі іс-әрекет моделін анықтайды. Меншік түріне сәйкес өндіріс факторларының қосылу сипаты одан еңбектің әлеуметтік сипаты мен мән-мазмұны айқындалады. Үшінші қызмет – меншік өмір сүрудің құралы ретінде тұтынуды қамтамасыз етеді. Адам өмірін ұдайы өндіру тікелей және жанама әдістері арқылы олардың мүдделерін жүзеге асырады.

Бұған қатысты меншіктің функциясы:

  • ресурстарды сақтау, үнемдеу саясатын жүргізу;
  • ресурстарды бөлуді бақылау, яғни нәтижесін және табысты бөлуді қамтамасыз ету;
  • адамдарды, өндіріс құрал-жабдықтарын өндіріс процесінде біріктіру, әлеуметтік жағынан жіктеу, қоғамдыө өндіріс саласына бөлу және еңбектің өнімділік күшін арттыру;
  • іс-әрекет мотивін қалыптастыру, ұзақ мерзімдік ынта-жігер мен ағымдағы ынта-жігерді үйлестіру;
  • әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыру;
  • адам еңбегін жатсындыру, иемденудің сипатын объективті құрлыс ретінде дамыту;
  • адамдардың мамандық деңгейінің өзгеруіне сәйкес кәсіби мамандықты үздіксіз іріктеу және сұрыптау;
  • адам және қоғам болмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • өркениет дамуына адамдарждың кәсіби мамандық қабілеттерін жинақтау, қорлануын қамтамасыз ету;
  • өндіріс пен тұтыну үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы меншік иесі еңбек өнім –иесі жүйесін қорлану, тұтыну және бәсекелік күрес арқылы нақтылай түсу.
  • Қандай болмасын меншік түрін жаңартуға, түбегейлі қайта құруға бағытталған әлеуметтік реформалар меншік фунциясының идеялды бейнесін таңдауы сөзсіз. Ал түпкі мақсатқа (идеалға) жету үшін таңдап алынатын бағыттар, әдіс-тәсілдер, іс тетіктері әр кезеңде әр түрлі болуы диалектикалық құбылыс болып табылады. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі пост кеңестік кеңістікте болып жатқан өзгерістер мен қатар әлемдік даму үрдістерінде ескеруі тиіс. Бір орталықтанған әкімшілік жүйемен басқарылаиын шарушылық жүйесінің рыноктық әдістерімен басқарылатын шаруашылық жүйесіне өту, яғни базар экономикасын қалыптастыру идеологиялық пікір-таластың нысаны болары сөзсіз, практика көрсетіп отырғандай болады да мемлекеттік меншікті реформалаудың негізгі бағыттары еңбек адамын өз еңбегінің нәтижесіне ынталандыру, күшейту, өндіріс жағдайларына иелік сезімін арттыру арқылы басқаруға тарту, экономикалық әл-ауқатын жоғарылату арқылы әлеуметтік сана-сезімін күшейтуге, азаматтық еркіндігін нығайту болып табылады. Мемлекеттік меншік жүйесін түбірінен жаңарту құбылысы нақты құбылыстардың мән-мазмұнын жете зерттеу арқылы, қоғамдық сана арқылы жасалатын қадамдардың ғылыми моделін және концепцияларын талап етеді. Меншіктің жүзеге асырылу механизмін ғылыми негіздеу реформалардың бағыт-бағдарын айқындау, түбегейлі өзгерістердің сын-сипатын, әлеуметтік салдарын болжау мүмкіндігін анықтайды.

Түпкі мақсаты айқындалған реформаларды жүргізу қоғамдық организмге жасалған қияна болып табылады. Жекешелендіру процесінің түпкі мақсаты – адам болмысын тарихи бұрмалаудан азат етіп, рухани-әлеуметтік байлыққа жасампаздыққа негізделген өркениетті рыноктық  қатынастарға өту қажеттілігі. Жалпы жекешелендіру бағдарламасының Қазақстандық нұсқасының өзара тәуелді бірнеше деңгей қабаттарын жіктеп көрсетуге болады. 1. Негізгі  мақсат және міндеттерді айқындау. Тиімсіз экономикалық құрылымдарды ауыртпалығынан бюджет міндеткерлігін құтқару рыноктық шаруашылық механизмі арқылы кәсіпорындарды қаржыландыру еңбек ұжымдарына және шаруашылық тұлғаларына тікелей беру. Бюджеттің шығыс бөлімін азайтудың бұл бағыты жекешелендіруден түсетін табыс пен бюджет кірісін де толықтыруды көздейді.

  1. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мемлекеттік меншікті жекешелендіру құбылысы қалыптасқан жағдай жүйені жаңарту бағытындағы түбегейлі прогрессивті акті екендігі даусыз. Оның әлеуметтік шекарасы жалпы халық өкілдерінің, әлеуметтік топтардың мемлекет байлығына қосылған үлесіне тиісті дәрежеде аралық буындарсыз тікелей алуымен айқындалады.
  2. Эканомикалық дамудың өтпелі  дәуірге  тән   трансфарматциялық  моделін  қалыптастыру  Бағаны ырықтандыру, мемлекеттік жоспарды жою, сыртқы эканомикалық қатнастарды демонополизациялау, сауда- делдалдық қатнастарға ерік беру тағы сол сияқты мемлекеттік шаралар жекешелендіруге жоғары қарқын берді. Нәтижесі турал , стратегиялық бағыт- бағдар толыққанда жүзеге асты ма, қиыншылықтар қалай туындайды деген сұрақтарға жауапты өмірдің өзі беріп жатыр  

        Рыноктық шаруашылық механизімі түпкі нәтижеде еңбекке ынталандыру механизімін күшейтіп, жалпы өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерін сапа жағынан жаңа белестерге жеткізуі тиіс. Жекешелендірудің бұл мақсаты мемлекеттік меншіктің қайшылықты дамуының бастау көздерін біртіндеп жою арқылы жүзеге асады.  Негізгі және туынды қатнастардың өзара диалектикалық байланстарының сипатын зерттеп, зерделеу эканомикалық теория мен эканомикалық саясаттың өзекті мәселелеріндәл айқындап,әлуметтік реформалардың жекешелендірудің рөлін,атқаратын қызыметін, бағыт-бағдарын, сондай-ақ әлуметтік салдарын көрсетті

 

 

ІІ.3. Қ.Р. жекешелендірудің іс-тәжірибелік  мәні  және

маңыздылығы.

 

Тиімділігі төмен, пайдасы шамалы ортақ меншіктен жеке меншік тиімді екендігін жекешелендірудің әлеуметтік тарихы дәлелдеп отыр. Жекешелендіру – меншік иесін табу,  меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса мемлекет меншіктің негізгі иесі емес, тек заң арқылы басқалардың еңбегін иемденіп алған құқықтық  аппарат түсінігі шығады. Үздіксіз жаңғырып, жаңарып отыпатын шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдері мен формалары ғана, ал меншік жүйесін түпкілікті өзгерту үшін ұзақ мерзім қажет болады. Меншіктің көпшілігі (прюрализм), яғни олардың қатар өмір сүру мүмкіндігі, мемлекеттік емесшаруашылық, бизнес түрлеріне берілетін жеңілдіктер, сыртқы сауда монополиясын жою сияқты оң шешімдер Қазақстан Республикасының меншікті мемлекет негізінен алу және жекешелендіру процесін қалыпты жүргізудің алғышарттары болады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру не үшін, қандай мақсатқа бағытталған деген сұрақтың өзі жалпы бағдарламаға саяси-әлеуметтік баға беруді талап етіп, негізгі мақсат — әлеуметтік қозғаушы күштерді күшейту арқылы өндіріс тиімділігін арттыру болып табылады. Іс жүзінде ел экономикасына бастапқы кезеңдерде едәуір қиыншылықтар алып келгенмен меншікті мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру саясаты Қазақстан Республикасында жүзеге асты деп айтуға болады. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесінде оның мақсаттары мен міндеттері және тұлғалары, сондай-ақ жүзеге асыру құралдары мен түрлері әдіс-тәсіл элементтері арасындағы диалектикалық байланысты анықтау арқылы мемлекеттік шаруашылық жүйесін дағдарыстан алып шығу мәселесі қойылған болатын.

Сонымен, мемлекет иелігінен алу  — мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Ол мына бағыттар бойынша жүреді:

  • иемдену процесін мемлекет қарамағына алу;
  • шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;
  • жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.

Меншікті мемлекет иелігінен алу жолдары:  

  1. Ішкі жекешелендіру – негізгі қорларды үлестік әдіспен, не акция түрінде кәсіпорын қызметкерлеріне беру, сату. Кәсіпорын, фирма қызметкерлерді еңбек функциясына сәйкес алатын жалақымен қатар, басқару және пайданы бөліске мүмкіндік беретін меншікті иелену құқығын алады. Кооперативтік, акционерлік кәсіпорындар түрінде шаруашылық жүйесіне кірігіп, өндіріс нәтижесіне мүдделілікті арттыру бағытында қызмет етеді. Акция немесе үлесіне қарай дауыс берудің әр түрлі жүйесі қалыптасады.
  2. Кәсіпорындарды сату немесе акция түрінде жеке азаматтарға еркін сату әдісі – сыртқы жекешелендіру / сыртқы кәсіпорын тарапынан. Бұл негізінен жеке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды арнаулы мақсаттарға сәйкес қайта құрудың жолы. Өндіріс тиімділігін арттыру, қосымша қаржы тарату немесе құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін меншік иесін алмастырудың тиімді әдісі. Шетел тәжірибесіне қарағанда бұл процесс дамыған нарықтық құрылымдар қалыптасқан экономикада елеулі рөл атқарылады. Артық жеке капиталдың және бағалы қағаздар рыногының болуы, белгілі – бір статегиялық жешімдерді жүзеге асыруды мемлекет меншігінің жеке кәсіпкерлерге сатылуы арнаулы конкурстық аукциондарды елестететін, мән-мазмұны ұқсас процестің жүргізілуін көрсетеді.
  3. Арнайы – жекешелендіру —  мемлекеттік кәсіпорындары шетел азаматтарына концессияға беру, немесе тікелей сату және бақылау пакеті акцияларын беру жолы.Бұл жерде ерекше мақсат – басқару және технология, әлеуметтік қатынастарды шетел капиталын іске тарту арқылы жоғары деңгейге көтеру мәселесі шешілуі тиіс. Еркін экономикалық аймақтар құру, бірлескен кәсіпорындар салу және аса маңызды өндірістік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, тағы сол сияқты міндеттерді шешу үшін халықаралық құқықтық негіздерге сүйенген заң актілерін қабылдау қажеттігі туады.

Жекешелендіру дегеніміз – меншік мемлекет иелігінен алудың бағыттарының бірі, мемлекеттен азаматтар мен заң тұлғаларының мемлекеттік меншік нысандарын сатып алу және мемлекеттік акционерлік қоғамдарының акцияларына ие болу.

  Жекешелендіру нысандары: 1. Жер және оның қойнындағы қазба байлықтар; 2. Материалдық өндіріс салалары; 3. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым; 4. Рухани, әлеуметтік өндіріс салалары; 5. қаржы-қаражат ресурстары; 6. Рухани, әлеуметтік байлықтар; 7. Аяқталмаған құрылыс және резервтік қорлар; 8. Тұрғын үй қорлары.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру нысандарын мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі төрт кезеңнен тұрады.

Қазақстанда жүргізілген жекешелендірудің бірінші кезеңі 1991-1992 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталықтан- жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Жекешелендіру бірінші кезеңде ынталы сипатта болды. Мемлекеттік органдар жекешелендіру туралы шешімді кәсіпорын ұжымын жекешелендіруге өтініш бергеннен кейін ғана қабылданды. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің нысанын таңдап еңбек ұжымына берілген осы кезеңдегі жекешелендірудің ерекшелігі болып табылады.

Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аукцион, конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ акционерлеу жекешелендіріп отырған кәсіпорынның балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымына ақысыз беру арқылы жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде жоғарыда аталған тәсілдермен 4 771 нысан жекешелендірілді, бұл жекешелендіруге жататын барлық нысанның 28 пайызы. Олардың ішінде еңбек ұжымдарының ұжымдық меншігіне берілген 472 нысан бар. Өкінішке орай, ынталы жекешелендіру өз қарқыны бойынша да қаржылық түсімдері бойынша да күтілген нәтижелерді әкелмеді. Ұжымдардың көбісі меншіктенуші болғысы келмеді /1/. Себебі,  меншіктенгеннен кейін жұмыстарды қаржыландыру керек еді, ал ұжымдардың, әрине, ақшасы болмады.

Жекешелендірудің екінші кезеңі 1993-195 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурызындағы жарлығымен бекітілген.“Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына ” сәйкес жүзеге асырылды. Бағдарламаның ерекшелігі – ол үш үлкен блоктан тұрады. Біріншісі – ұсақ кәсіпорындарды ақшаға және тұрғын үй купондарына сату тәртібі. Екіншісі – орта және ірі кәсіпорындардың жаппай жекешелендірудің купондық механизмі. Үшіншісі – тендр немесе аса ірі не  “арнайы” кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламалары.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты – мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да тиесілі материалдық  және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық  экономикасына өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.

Бұл кезеңде ұжымдық меншік жүйесі жойылды, жалдау туралы заң және кәсіпорындарды ұжымдық сатып алу өз күштерін жойды. Шағын жекешелендіру меншіктенушілердің қалың тобының пайда болуы үшін нақты негіз қалыптастырды. Жекешелендірудің дәл осы кезеңінің нәтижесінде дүкендердің осыған дейін бос тұрған сөрелерінде тауарлар пайда болды, қоғамдық тамақтандыру мен халыққа қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істей бастады. Шағын кәсіпкерлік нысандарының төрттен үш бөлігі жеке меншікке берілді. Республика үкіметінің бастамашысы болған 

—————————

Республикалық статистика агенттігінің мәліметтері.

кәсіпорындарды акционерлеу жаппай жекешелендірудің және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің алдын-ала сатысы болды.

Еңбек ұжымдарына жарғылық капиталдың он пайызы шамасында артықшылықты акция түрінде ақысыз алу құқығы берілді. Жаппай жекешелендіруге дайындық барысында Чехия, Ресей және басқа да мемлекеттердің тәжрибесі зерттелді. Бұрын- соңды болмаған инвестициялық жекешелендіру қорлары – ИЖҚ құрылды. Дүниежүзілік банк ең қолайлы деп ұсынған еліміздің халқына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру механизмі қолданылды және ол салушының инвестициялық жекешелендіру купондарын ұтымды салу жағдайында, яғни таңдаған инвестициялық қордың табысты қызмет ету жағдайында дивиденттер алуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы кезеңде энергетика, металлургия, көлік, телекоммуникация, ірі сауда орталықтары салаларындағы объектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Осындай жекешелендіру шеңберінде үш кәсіпорынның: Шымкент кондитерлік фабрикасының, Алматы темекі комбинатының, Қарағанды металлургия комбинатының пакеттері мен активтері сатьылды.

Агроөнеркәсіптік жүйедегі мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру оның әр түрлі салалары мен кәсіпорындарының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді. Бұрынғы кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары фермерлік және шару қожалықтарына, ауылшаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға және шаруашылық етудің басқа да мемлекеттік емес нысандарына қайта құрылып жатты. Мемлекеттік мүлік конкурста немесе аукционда сатылды. Республика 1993-1995 жылдары 1490 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары жекешелендірілді. Бұл аграрлық-өнеркәсіптік саладағы мемлекеттік кәсіпорындар жалпы санының 70,2 пайызы. Осымен қатар аграрлық-өнеркәсіптік жүйеде холдингтік жүйедегі 13 мемлекеттік акционерлік кампания құрылды.

Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы екінші ақпандағы № 246 қаулысымен бекітілген. “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бғдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды.

Үшінші кезең бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.

Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырады және мыналарды өткізуді көздейді:

  • мүліктік кешен ретінде мелекеттік кәсіпорын;
  • жекешелендірілуі тұйық технологиялық сиклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындардың өндірістік және өндірістік емес бөлімшемелерімен құрылымдық бірліктерін;
  • кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;
  • шаруашылық серіктестердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін. Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді;
  • электроэнергетикалық кешендегі;
  • мұнай-газ және мұнай-химия кещеніндегі;
  • металлургиялық және тау-кен кешеніндегі;
  • агроөнеркәсіп кешеніндегі;
  • әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.

Әр бір көрсетілген сектор бойынша жекешелендірудің арнайы бағдарламасы бекітілді. Оларды іске асыру нәтижесінде 2 615 акционерлік қоғам  акцияларының мемлекеттік пакеттері немесе олардың жалпы санының 51,8 пайызы және 2 905 әлеуметтік сала объектілері, 6 262 шағын бизнес объектілері, олардың ішінде 797 дәріхана, 993 май құю станциясы жекешелендірілді. Бұдан басқа 9 226 авто көлік жекешелендірілді. Үкімет ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге, бәсекелі сауда-саттық өткізу жолымен жекешелендіруден түсетін пайданы ұлғайтуға, стратегиялық инвесторларды тартуға және кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Жалпы 1998 жылдың соңында экономика салаларында 94 кәсіпорын жекешелендірілсе, оның 57-не, атап айтсақ, кен байыту саласындағы 11 кәсіпорынға, металлургияда – 18, энергетикада – 17, мұнай-газ саласындағы – 5 және өнеркәсіптің басқа салаларындағы 6 кәсіпорындарына шетел инвесторлары келді. Олар АҚШ, Ұлыбритания; Корея, Виргиния аралдары, Швецария, Бельгия, Гибралтар, Индонезия, Канада, Германия, ҚХР мен Ресейде тіркелген шетелдік инвесторлар еді. Бұл еліміздің инвестициялық ахуалы жақсы мемлекеттер қатарынан орын алғандығының айғағы болады.

Жекешелендірудің төртінші кезеңі  — 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы бірінші маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды.

Төртінші кезең бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспоренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді. Бағдарламаға сәйкес:

  • мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары. Салық министрліктері мен ведомостваларға өткізіліп берілді;
  • ірі кәсіпорындар“көгілдір фишка” ретінде анықталып, мемлекет олар да үлес қосушы ретінде қалдырылды;
  • мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналық деп бөлу жүргізілді, бұл жергіліеті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттеріне шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.

1999 жылы 953 акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестері коммуналық үлеске берілді. Коммуналдық меншік объектілерінің жекешелендіру шешімі мен іске асыру құқығы, яғни түпкілікті нәтиже үшін бар жауапкершілік облыстар және Алматы мен Астана қалаларының әкімдеріне берілді.

Мемлекеттік стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар мен мекемелерді аса маңызды жылжымайтын мүлік пен акцияларды өзінде қалдыруы тиіс, бірақ бұл орайда олардың айрықша маңыздылығын ескере отырып, барынша жауапкершілікпен басқару қажет.

Мемлекет көп жылдар бойы әр бір мемлекеттік кәсіпорын қызметінің міндеттерін олардың ел экономикасындағы рөлін анықтамай келді. Бірінші қатарда мына мәселе шешілуі тиіс: қай мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік меншікте қалдыру қажет, ал қайсысын басқа ұйымдық- құқықтық нысанға қайта ұйымдастыру қажет? Қайсысын акционерлеу керек және қайсысын тарту қажет? Қазір мемлекетте 500-ден астам республикалық және 5 000-нан астам коммуналық мемлекеттік кәсіпорындар бар, олардың жартысы – залалды. Осындай ауыртпалықты алып жүру мүмкін емес. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік, қорғаныс сияқты айрықша немесе бірегей қызметтер атқаратын кәсіпорындарды бөліп атап көрсеткен жөн. Қалғандарын кешіктірмей акционерлеу қажет. Бірақ бұл жұмыс беталды емес, жекешелендірудің қолайлы тәсілі мен сәтін таңдай отырып істелуі тиіс.

Жекешелендірудің қорытындылары туралы бірер сөз. Он жыл ішінде сатылған көлікті есептемегенде, 22 мың нысан жекешелендірілді. Осымен бірге мемлекет меншігінде 1182 акционерлік қоғамның жарғылық капиталындағы акцияларының мемлекеттік пакеттері бар. Жекешелендірудің нәтижесінде өндірістің қалыптасуына және дамуына мүдделі меншік иелері пайда болды. Ел экономикасына сонша қажетті инвестициялар тартылуда. Кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Мұның бәрі республика экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасады. Жалпы ішкі өнімде жекеменшік секторының үлесі: өнеркәсіпте 70-75%, ауыл шаруашылығында — 95%, құрылыста — 95% болып отыр.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының жекешелендіру процесінің маңыздылығы қоғамдық реформалардың саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйелерінің өзара байланысынан туындайтын екі құбылыс. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекеттің шаруашылық тұлғасы қызметін шектеу саясаты жүзеге асы. Бұл әлеуметтік жүйелерді трансформациялау заңдылықтарының тарихы негіздерін үйлестіру арқылы стратегиялық, тактикалық міндеттер оырындалады.

Аталған міндеттер жалпы философиялық, заңдылық-құқықтық, саяси-экономикалық, техникалық және технологиялық заңдылықтары өтпелі кезеңге тән сипаттамасын айқындау қажеттілігінен туындайды.

Саяси және әлеуметтік салалардағы реформалаудың экономикалық реформаларымен үндестігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншікті түбінен жаңарту процесінің әлеуметтік бағдарының жалдамалы еңбек тұлғаларының мүдделерімен ұшьастырылуы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу концепциясының пәрменділігін анықтау. Әлеуметтік-саяси дамудың бағыты, бағдары құқықтық мемлекет құру арқылы

 

Кәсіпорындарды жекешелендіруден түскен қаржыны үйлестіру    (млн тенге) .

 

 

 

1992 ж.

1993 ж.

1994ж

1995ж.

1996ж.

1997ж.

1998ж.

1999ж.

2000ж

1993-

2000жж.

Жекеше-лендіру-ден түсті- барлығы

4144,2

542,6

590,2

1383,1

31105

55990,6

67138,8

36631,9

22048

215430,2

Оның ішінде үлестірілді:

Республи-калық

бюджетке

3295,7

516,9

489,8

1245,8

30053,4

54511,4

66334,2

35888,8

21056,1

210096,4

Жергілік-ті

бюджетке-терге

848,5

1,7

16,2

135,8

924,6

227,6

367,6

716,3

991,9

3371,7

Басқа мақ-саттарға

24

84,2

1,5

127

1251,6

437

36,8

1962,1

 

адамдарды тоталитарлық жүйе күштеуінен босатып, әлеуметтік прогресс жолында жалдамалы еңбек кіріптарлығынан құтқару арқылы орта тапты қалыптастыру міндеттері атқарыла бастады.

Мұның өзі қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыры нәтижесінде әлеуметтік топтардың әл-ауқатын арттырумен ғана жүзеге астын мәселе болып табылады. Қазақстандағы жекешелендіру меншік және әлеуметтік жүйелердегі түбірлі қатынастардың мәнін жүйелеу негізінде ауқымды реформаларды бастаудың көрінісі болды. Бұл пайда еңбеке мамандану және өндірістің материалдық-техникалық негізін жаңарту белгілі бір уақыт кезеңін талап етеді. Сондықтан жекешелендіру немесе меншік иесін табу дегеніміз жалпы шаруашылық жүргізу әдіс-тәсілдерін түбегейлі реформалаудың қажеттілігін анықтайды. Негізгі мақсат жекешелендіру емес, жекешелендіру арқылы мемлекеттік шаруашылық жүйенің дағдарыстан шығу мәселесі. Олай болса жекешелендіру белгілі бір мақсатқа жетудің құралы және әдіс-тәсілі болады.

Қазақстан Республикасында жүргізілген жекешелендіру алғашқы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің негізін меншікті үдемелі жекешелендіру. Қалада үкімет алдыңда тұрған жалпы макроэкономикалық реттеу саясаты және әлеуметтік-экономикалық реформалауды тереңдету жекешелендіру процесіне жоғарғы маңыздылық беруінен туындайды. Бастапқы кезеңде жіберілген қателіктер мен одан пайда болған қиыншылықтардан арылу мақсатында мемлекет бұл процесті өз қолына алуға мәжбүр болды.

Екінші кезеңдегі негізгі өзгешеліктердің бір мемлекеттік меншікті басқа түрге айналдыруда басты тұлғалар ретінде еңбек ұжымдары мен делдалдар емес, мемлекеттік басқару ұйымдарының бастамшылдығы бойынша жүргізу қажеттілігі болды. Жариялылық пен бақылауды күшейту, әлеуметтік әділеттілік қағидаларын, азаматтардың құқығын қамтамасыз ету мәселелері көзделді.

Өзгешеліктердің екінші тобына жекешелендірудің нысандары іс-әрекетіне қарай жіктеудің өлшемдерін белгілеу қажеттілігі жатты. Осыған байланысты оларды үш топқа бөлу қарастырылады:

  • жұмыс істейтіндер саны 5 мыңнан астам кәсіпорындар;
  • жұмыс істейтіндер саны 200-500 адамға дейін орташа кәсіпорындар;
  • жұмыс істейтіндер саны 200-ден кем шағын кәсіпорындар.

Қазақстанда жүргізіліп отырған мемлекеттік, ұлттық жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бағдарламасы аукцион, конкурс, тендерлеу арқылы және шағын, орташа, жаппай жекешелендіру түрлері арқылы меншіктің әр түрінің қатап өмір сүруінің, кәсіпкерлікті жандандыру арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттықуды басты мақсат етіп қойды. Мұның өзі адамдардың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартудың негізгі құралы – еңбек қатынастарын жаңа үлгіде қалыптастыру, өндіріс тұлғалары арасындағы бәсекелестік пен жарысу үрдістерін рыноктық экономика шеңберінде көркейте дамыту міндеттерін жүктейді. Меншік тұлғалары мен кәсіпкерлердің жаңа сипаты, сондай-ақ еңбек мән-мазмұнына өзгерістер әлеуметтік қорғау жүйесі жоғары, серпінді дамитын рыноктық экономиканың пайда болып, қалыптасуына, үздіксіз жетілуіне алып келуі тиіс.

Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасының тәжірибесіне практикадан туындаған талаптардың, заңдық құқық негіздеріне енгізілген елеулі өзгерістердің бірі – бұл процеске еңбек ұжымдарымен қатар жалпы халықтың тартылуында болып отыр.

Шетел инвестицияларының Қазақстандағы көптеп келуі елдің өндіргіш күштерін өзгерістерге алып келді. Сондықтан, экономикалық жүйенің ашықтығы сыртқы ортаман тұрақты қатынасты орнықтыруға көмектеседі. Ол өз кезегінде ішкі жүйесін өзгертуге жол ашады. Нәтижесі – ұлттық экономиканың жаңарған модеоі болуы тиіс. Жекешелендіру саясаты неғұрлым жедел және теориялық жағдайларда жүретін болса және рыноктық экономиканыың негізгі талаптарын орындаса, онда саяси реформалардың да оң нәтиже берері сөзсіз. Әлеуметтік және экономикалық реформалар науқаншылықты қабылдамайды.

Әлеуметтік бағдарланған реформаларды тереңдету үшін ғылыми негізделген экономикалық саясатты қалыптастыру – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа Жолдауынан туындайтын кең ауқымды халықтық іс-әрекеттің, жасампаз еңбектің қайнар көзі болып табылады.

Қазіргі Қазақстанда рыноктық экономика негіздері қаланды, экономикалық жаңаша ойлау жүйесі қалыптасты. Ал, мұның өзі трансформациялық құбылыстардың жеделдеуіне, сондай-ақ оңтайлы жүргізілуіне оң әсер ететін факторлар болып табылады.

Елдің табиғи және интелектуалдық потенциалын ұтымды пайдалану — әлеуметтік прогреске жетудің ең тиімді жолы болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              ҚОРЫТЫНДЫ

 

Меншік – экономикалық және экономикалық теорияның ең маңыздысы, әрі күрделі категориялары мен мәселелері қатарынан орын алады. Меншік – қоғамдағы құбылыстардың барлық жағын қамтиды, объективті қатынас ретінде экономикалық, құқықтық, шаруашылық субъектілерінің өзара тәуелділігін қолдап, нығайтады. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды практикалық қадам ретінде қоғамдық қатыынастар жүйесіне бірегей әлеуметтік өзгерістер алып келді.

Біздің таңдап алған тақырыбымыздың өзектілігі осы келтірілген пікірлер негізінде даусыз мәселе болып отыр. Бітіру жұмысын пайымдап, жоспарлау барысында біз негізгі міндеттердің қатарына мынандай мәселелерді жатқызып, олардың мән-мазмұнын ашуға ұмтылады. Олар:

  • “меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұнын ашып көрсету және оны дәлелдеу;
  • меншік заңдары мен шаруашылық жүргізу формаларын айқындап, олардың қызметін көрсету;
  • меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету механизмінің теориялық және практикалық мәселелерін сараптау;
  • экономиканы трансформациялау заңдылықтарын анықтау;
  • меншік түрлері және меншік қатынастарын жаңартудың теориялық және практикалық негіздерін айқындау арқылы олардың эволюциясын зерделеу;
  • Қазақстан Республикасы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесінің іс-тәжірибелік мәні мен маңыздылығын нақты мысалдар негізінде көрсету.

Аталған міндеттерді шешу барысындағы зерделеу негізінде және біріктіру жұмыстарының жемісі мен логикасына сәйкес мынандай қорытындылар жасауға мүмкіндік алдық.

  • Меншік өндірісінің материалдық негіздерін иемдену және жатсындыру бойынша шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады.
  • Субъект меншігінде өндіріс құрал-жабдықтарының болуы – шектеулі ресурстарды иемденудің потенциалды мүмкіндігі ғана болып табылады. Басқаша айтқанда өндіріс құрал-жабдықтарының иесі шаруашылық жүргізуші субъект болуы тиіс.
  • Интелектуалдық меншік формаларын дамытуға ғылыми идеялар мен жаңалықтардың генераторы – шығармашылық тұлға мен мемлекет, сондай-ақ капитал арасындағы қатынастарды реттеу маңызды рол атқарады. Бұл қатынастар реттелген жағдайда идеялар мен жаңалықтарды коомерциялық жүзеге асыру ісі мүмкін болмай қалады.
  • Меншік және меншікке байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастар осы жүйені ұйымдастыруда едәуір рол атқарады. Меншік қатынастарымен адамдардың әкономикалық, кәсіпкерлік қызметке ынтасы тікелей байланысты. Ол ол ма меншікке байланысты қатынастар қоғамдағы нақты билікті анықтайды.
  • Құқық мүлік қозғалысын заңдастырады, реттейді, оның өзгерісін немесе мүлікке құқықты қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Құқық байлық динамикасы мен оның өнімді механизмін көрсетпейді.
  • Меншік формасы нақты меншік иесімен байланысты, ал шаруашылық жүргізу формасы меншік қатынастарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол меншік иесінің мүддесіне сай тиімді қызмет атқаруын және сол үшін меншікті тиімді пайдаланудың ұтымды ұйымдық-экономикалық қатынастарын таңдап алумен сипатталады.
  • Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік рыноктық экономикалық негізгі белгісі рыноктық экономика жүйесіндегі басты элемент болып табылады. Жеке меншік тек қана мүдделі, ынталы, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді және ұдайы өндіру үшін жауапкершілігі мол иемденуді қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге рыноктық экономикалық үнемді дамумен анықтайтын бәсекелестік ортаны да қалыптастырады.
  • Меншік жүйесіндегі ішкі қайшылықтарды дамытудың көзі ретінде шаруашылық реттеу шарасының сондай-ақ еңбеке қабілеттілік қатынастарының көрінісі –адам құқын өркендетудің кешенді шараларын бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамдық байланыс пен қоғамдық санадан туындайтын үш топты негіздейді, олар:

а) қажеттіліктер мен мүдделердің қайшылықты бірігуінің жүйесі;

б) мүдделер мен өндіріс факторларының өзара тиімділігі;

в) қажеттіліктер мен өндіріс факторларының өзара тәуелділігі мен даму ерекшеліктері.

9) Құн – меншіктің азаматтық болмысы. Ол баға механизмі мен тікелей байланысты болады. Сондықтан баға меншіктің нақты құнын өндіріс факторларының рыноктық конъюнктурасына сәйкес өзгертеді. Баға арқылы меншікті өндіруге, пайдалануға, жұмсалған еңбекті өлшеуге мүмкіндіктер туады. Құн заңы меншік объектісіне ақша-баға механизмінің өлшеуі ретінде бірегей сипат береді.

10) Мемлекеттік социализмде трансформациялау мәселесі жаңа саяси, идеологиялық және әлеуметтік-экономикалық негіздерде дамуы тиіс. Мемлекеттік социализмнің дағдарысы болашақтағы қайта жаңартуды альтернативті моделдеудің идеялық бағыттарын анықтап береді. Оларо: экономикалық жүйені капитализациялау және мемлекеттік социализм ғылыми сараптау негіздерінде әрбір елге тән  даму моделін іздестіру болып табылады.

11) “Таза” жеке меншікке негізделген капитализм XX ғасырдың басты кезінде ғана орын алды. Қазіргі дамыған елдерде корпорациялық, трансұлттық меншікке негізделген рынок жағдайында өмір сүріп отыр. Олар үшін капитализм – социализм қайшылықтарынан гөрі халықаралық рынокта жетекші ролін нығайту, әлемдік экономикадағы потенциялын сақтау, дамыту әлдеқайда тиімді болып отыр.

12) Меншік типтері мен түрлері даму тенденциясында байқалған заңдылық кез-келген экономикалық жүйеде меншік қатынастарының түр өзгеруінің өндіргіш күштерінің дамуынан жоғарғы деңгейде қайталау заңдылығы болып табылады. Экономикалық базис ретінде жерге жеке меншіктен өсіп-өнетін өндіріс құрал-жабдықтарына, меншіктерге жеке меншік жүйесінің дамуы буржуазиялық өркениеттің тарихи құндылығы.

13) Әлемдік жекешелендіру саясаты мен іс-тәжірибесі оның негізгі үш түрлі әдісін айғақтайды:

— ішкі жекешелендіру – негізгі қорларды үлестік әдіс арқылы немесе акция түрінде кәсіпорын қызметкерлеріне беру, сату;

— кәсіпорынды сату немесе акция түрінде тұлғаларға еркін сату әдісі арқылы жекешелендіру болып табылады;

— арнайы жекешелендіру – мемлекеттік кәсіпорындар шетел азаматтарына концессияға беру немесе тікелей акциялардың бақылау пакетін беру;

14) Жекешелендірудің қазақстандық нұсқасы:

— негізгі мақсат және міндеттерді анықтау тиімсіз экономикалық құрылымдардың ауыртпалығынан бюджетті құтқару және рыноктық механизм арқылы шаруашылық тұлғаларына беру;

— әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, мемлекеттік меншікті жекешелендіру құбылысы қалыптасқан жағдай жүйені түбегейлі жаңарту бағытында прогрессивті акт болып табылады;

 —  экономикалық дамудың өтпелі дәуірге тән трансформациялық моделін қалыптастыру. Бағаны ырықтандыру, мемлекеттік директивалық жоспарды жою, сыртқы экономикалық қатынастарды демонстрациялау, сауда-делдалдық қатынастарға ерік беру.

15) Қазақстанда жүргізілген жекешелендірудің бірінші кезеңі 1991-1992 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде 4771 нысан жекешелендірілді. Бұл жекешелендірілуге жататын барлық нысанның 28 пайызы. Екінші кезең 1993-1995 жылдарда орын алып, бқл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 наурызда Жарлығымен бекітілген “қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасы” сәйкес жүзеге асырылды. Үшінші кезең 1996-1998 жж. Аралығындағы қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жж. Арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына”сәйкес жүзеге асырылады.

Жекешелендірудің төртінші кезеңі 1999-2000 жж. Аралығын қамтып және ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 1 маусымдағы Қаулысымен бекітілген “ҚР 1999-2000 жж. Аралығын жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына”сәйкес жүзеге асырылды.

16) ҚР жекешелендіру процесінің маңыздылығы қоғамдық реформалаудың саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің өзара байланысынан туындайтын екі құбылыс – мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекеттің шаруашылық тұлғасы қызметін шектеу саясаты жүзеге асты.

17) Қазіргі Қазақстанда рыноктық экономика негіздері қаланды, экономикалық жаңаша ойлау жүйесі қалыптасты. Ал, бұл болса трансформациялық құбылыстардың жеделдеуіне, сондай-ақ оңтайлы жағдайларда жүргізілуіне әсер ететін факторлар болып табылады.

Елдің табиғи және интелектуалдық потенциялын мешік плюрализмі шеңберінде ұтымды пайдалану болашақтағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктердің негізін жасампаздық іс-қимылдар арқылы қалайтын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

  1. Н.Ә.Назарбаев. Жаңа кезең-жаңа экономика. // Егемен

           Қазақстан, 2004 ж, 20 сәуір.№ 79

  1. А.Алталиев. Некотырые вопросы форм сопственности.

           // Весник КазГУ, 1995, № 2, стр 165-169.

  1. С.Әкімбеков., А.С. Баймұхамбетова., У.А. Жанайдаров.

           Экономикалық теория. Оқулық, 2002, 39-52 бб.

  1.        Б.Б. Байжұмаев. Өтпелі дәуір: меншік трансформациясы.

                 -Алматы, Қазақ Университеті, 1998.

  1. Б.Бисенұлы Жекешелендіруді жете түсінеміз бе?

           // Жас Алаш, 1996, 30 наурыз.

  1. Қ.Белгібаев., А.Қалтаев. Меншік қатынастары және 

          рыноктық экономикадағы ролі. // Магистраль, 2004. № 12

  1. Т.Е. Есиркепов. Приватизация государственной

          собственности в РК в условиях перехода к рынку.

          Алматы, 1998.

  1. Б.Жазыкбаев. Собственность в экономической системе:

                 исторические проявления. –Алматы, 2002, стр 80-86

  1. М.Б.Кенжегузин Реформирование экономики 

          Казахстана: проблемы и их решение. –Алматы, 1997.

  1. С.Қалмырзаев. Тиімді экономиалық негізгі – жеке меншік

          институты. //егемен Қазақстан, 2001, 4 шілде.

  1. Мәуленова., Бекмолдин., Құдайбергенов. Экономикалық

          теория. Оқулық, 2004.

  1. П.Ж. Прудон. Что такое собственность? -Москва, 1936
  2. М.С. Раханов., Г.Г.Турдалнова. Трансформация системы

собственности в Казахстане, динамика приватизационного процесса в 1991-1996гг.

// Экономика Казахстана, 1997, № 1.

 

  1. С.Сатубаев. Жекешелендіру жағдайы. // Қаржы-қаражат.

1999, № 2, 30-34 бб.

  1. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б. Меншік диалектикасы. –А:

         КазГосИнти,1993, 65 б

  1. Симонс М., Мэро У. Қалай меншік иесі болады. –М, 1993
  2. Қошанов А.Қ. Меншік және меншік иелері. // Панорама, 1992.
  3. Байжұмаев Б. Меншік қатынастарын оқып-үйренудің

          мәселелері.  –Алматы, 1993

  1. Скрябин С.В. ҚР меншік құқығы. –Алматы, 2000.
  2. Әлімбеков С. Эконом теория. –Астана, 2002.