Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер мен сөздіктер тізімі және тақырыпқа байланысты сауалнамадан тұрады.
Тірек сөздер: микроқауым, қостілділік, диглоссия, тілдің өмір сүру формалары, тілдік жағдаят, тілдік саясат, бірінші тіл, екінші тіл, тілдік код.
Жұмыстың көлемі: 42 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33
Бітіру жұмысының нысаны: Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау.
Микроәлеуметтік билигвалды жастар қауымдастығындағы политипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т.б.) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бқл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау.
Зерттеу әдістері: империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу.
Жұмыста қолданылған дерек көздер: ғылыми әдебиеттер мен жұмыстар, жинақтар алынды. Сонымен қатар, сөздіктер, мерзімді басылымдар қолданылды.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдіс – тәсілдері жайында мәлімет беріледі.Негізгі бөлімі екі тарауды қамтиды.Мұнда микроәлеуметтік қауымдастыққа мінездеме беру, елімізде қалыптасқан тілдік жағдайдағы қостілді қоғамдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметін талдау.Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс барысы жүйеленіп нақтыланған.
Жұмыстың нәтижелері: микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………. 4
- Микроәлеуметтік қауымдастыққа әлеуметтік лингвиистика тұрғысынан мінездеме……………………………………………………………..
1.1 Қазақстан Республикасы тілдік жағдайының сипаттамасы……… 6
1.2 микроәлеуметтік қауымдастықтың әлеуметтіклингвистикалық
сипаты…………………………………………………………………………………….. 10
- Қазақ және орыс тілдерінің микроәлеуметтік жастар
билингвалды қауымдастығындағы қызметі…………………………
- Қостілділік – жастар билингвалды қауымдастығының
басты сипаты………………………………………………………………………….. 17
2.2 Диглоссия — микроәлеуметтік жастар қауымдастығының
негізгі белгісі ретінде…………………………………………………………….. 21
Қорытынды…………………………………………………………………………………….. 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….39
Пайдаланған сөздіктер тізімі…………………………………………………………….41
Қосымша……………………………………………………………………………………………42
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады.
Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады:
- Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет.
- Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті.
- Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.
Қостілділік микроәлеуметтік қауымдастық сыртында, қоғамда бүтіндей әлеуметтік сұранысқа сай дамып, мемлекет, қоғам тарапынан саналы түрде реттелінеді және микроәлеуметтік қауымдастық өзінің параметрлерімен қөрініс табады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау.
Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығындағы полтипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т.б) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бұл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау.
Бітіру жұмысының нысаны. Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.
Зерттеу әдістері. империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу.
Бітіру жұмысының нәтижелері. Микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.
Зерттеуде тілдерді қолдануды анықтайтын негізгі факторлардың бірі тілдік орта. Көптілді ортада қазақ және орыс тілдерінің қолданысы шамалас болып келеді. Сонымен қатар, тілдік ортаның тілдерді қолдануға әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлары бар. Жағымды факторлардың ішінде негізгісі мыналар: этникалық құрылымның сан жағынан көбеюі, ұлттық сана-сезімнің көтерілуі. Жағымсыз факторларға қазақ тілді балабақшалар мен тәрбиелеу мекемелерінің жетіспеуі, орыс және аралас мектептердің санының көптігі.
Тілдердің бір-біріне әсерін сипаттайтын ықпал етуші тілдік жағдайдың маңызды компоненті ретінде қарым-қатынас кеңістігі болып табылады. Жұмыста респонденттердің негізгі қарым-қатынас кеңістіктері анықталған: тұрмыстық-шаруашылықтық, қоғамдық, оқу-білім, бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақ және орыс тілдері тілдік жағдайды диглоссиялы-билингвалды қатынаста етіп, аталған кеңістіктердің барлығында параллель қызмет етеді.
1 МИКРОӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ҰҒЫМЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА ТҰРҒЫСЫНАН МІНЕЗДЕМЕ
1.1 Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдайдың сипаттамасы
Микроәлеуметтік қауымдастықта Қазақстандық қауымдастығымыздың бір бөлшегі ретінде мемлекеттің тілдік саясаты мен тілдік жағдайы көрініс табады. Сондықтан микроәлеуметтік қауымдастықтағы процесстерді түсіну үшін, жалпы тілдер қызметінің алғышарты болатын тілдік саясаттың қалыптасуы және жеке микроәлеуметтік қауымдастық бойынша Қазақстандағы тілдік жағдайларды талдау қажет.
Қазақстан Республикасының (1996ж) тіл саясаты жөніндегі концепциясында тілдік жағдайға мынандай анықтама береді: «тілдік жағдай – бұл тілдің қоғамда шынайы пайдаланылуы»[1.5]. Оның пайда болуы мен одан кейінгі қызметі тілдік және тілдік емес (әлеуметтік, саяси, эконмикалық, тарихи, географиялық) басқа да факторларлардың әсерлеріне байланысты болып келеді. Әлеуметтік лингвистикада тілдік жағдайға біршама басқа анықтамалар берілген. Л.Б Никольский тілдік жағдайға мынандай анықтама береді: «Тілдік жағдай жергілікті – әкімшілік ұйымдарда, этникалық қауымдастықта қызмет ететін функционалды стильдер мен тілдер жиынтығы»,-дейді. Л.П. Крысин мынандай келесі бір анықтама береді: «Тілдік жағдай – тілдік қауымдастықтың өмір сүру деңгейіндегі осы қауымдастыққа тән әлеуметтік коммуникативті жүйелер компоненттерінің жиынтығы»[5.113]. Ю.В.Михалченко тілдік жағдайдың компоненттерін атап көрсетеді: тілдік қауымдастық, тілдік дәстүр, тілдік құзыреттілік, сөйлеу тәжірибесі, бағалау бағдары, тілдердің заң алдындағы мәртебесі, тілдің қызметтік орны. Ю.В.Михалченконың пікірі бойынша кейбір әсер етуші факторлардың өзгеруі, тілдік жағдайды толығымен өзгертуі мүмкін емес [3.23].
Қазақстандағы әлеуметтік лингвистиканы зерттеуші ғалымдардың айтуынша, еліміздегі тілдік жағдай экзоглосты (әртүрлі тілдер жиынтығы), теңестірілмеген (қызмет ету жағынан біркелкі емес), түрлі қарым – қатынастық құзыреттілікке ие тілдер жиынтығы. Берілген анықтамалар Қазақстан әртүрлі генетикалық топтарға жататын, құрылымы біртекті емес мемлекет екенін көрсетеді. 1999 жылғы санақ бойынша түркі және славян тілдер тобына жататын тілдерде сөйлеушілерден басқа да тілдер тобына жататын тілдерде сөйлеушілер бар екенін көрсетті. Қазақстан көп ұлтты мемлекет екеніне қарамастан демографиялық және қызметтік жағынан екі үлкен орыс қазақ тілдерінің қарым-қатынастық үлесіне тиеді. Қос тілді және үш тілді микроәлеуметтік қауымдастықтардың көпшілігі шашыраңқы (ұйғыр, кәріс және т.б. тілдерді қоспағанда) және ұлттық жергілікті білім алу қалыптаспаған. Тіл шашыраңқылығы қазақ тіліне де тән екенін айта кетсек, (еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерін қоспағанда) қазақ тілі үлкен территорияда бытыраңқы тараған және қарым-қатынасы жағынан қуатты орыс тілімен әрқашан әрекеттестікте өмір сүреді.
Қазақстандағы тілдік жағдай екі үлкен тілмен қызметтес, генетикалық жағынан әр түрлі тілдердің бар болуына қарамастан, әлеуметтік лингвистика параметрлері көрсеткендей, қарым-қатынас кеңістігінде қазақ, орыс тілдерінің қызметі басым екенін анықтайды.
Жалпы тілдік жағдайға анықтама беретін болсақ, тілдік жағдай – қандайда бір тарихи кезеңге қызмет көрсететін тілдер ментілдік варианттардың иерархиясы (территориялық және әлеуметтік дилектілердің, койне, жаргон, тілдердің функционалдық стильдері) Социум (этнос, саяси қоғам) белгілі бір тарихи кезеңде пайдаланылатын тілдердің және тіл варианттарының иерархиялық бірлестіктердің шеңберіне таралады. Эндоглосты (бір тілден тарайтын жүйелердің жиынтығы, өзара бірдей коммуникативтік, функциялық қызметке ие болады) және баланссыз (функциялары бойынша мәртебелі не мәртебесіз тілдердің және тіл варианттарының жиынтығы – әр түрлі коммуникативтік үстемдікке ие болады. Демография бойынша тепе-тең (демографиялық ортасы өзара тең тілдердің жиынтығы) және демографиялық жағынан тепе-теңдік сақталмаған (демографиялық орталары әр түрлі тілдердің жиынтығы). Тілдік жағдай ажыратылады. Диглосты және диглосты емес тілдік жағдай бар. Қазақстанда экзоглосты, баланссыз, диглосты және демографиялық жағынан тепе-теңдік сақталмаған тілдік жағдай орын алған. Мысалы Венгрияда эндоглосты, баланссыз және диглосты (венгр тілінде тұрғындардың 99,4% сөйлейді, 8 диалект және әдеби тіл нормаға түскен) [ 1.42].
Тілдік жағдай үш түрлі белгілермен сипатталады: сандық, сапалық, және эстимационалдық (бағалық). Тілдің сандық белгілеріне берілген аймақтағы қызмет ететін тілдер саны, тілдердің демографиялық қуаттылығы, тілдердің қарым – қатынастық белсенділігі жатады. Тілдердің сапалық белгілеріне тілдер арасындағы құрылымдық, гентикалық қарым – қатынас (біртілділік, көптілділік, гомогендік, гетерогендік,эндоглостық, экзоглостық) тілдердің ресми қарым – қатынастық мәртебесі және басқалар. Эстимациондық белгілер тұрғындардың тілге деген қарым – қатынасы арқылы көрініс табады.
Еліміздегі тілдік жағдайды сипаттауда демографиялық теңсіздік жайында айта кеткен жөн:
- Біркелкі емес және күрделі этнотілдік жағдайдың қалыптасуына (1731-1865 жж) Қазақстанның Ресейге қосылуы үлкен әсер етті.
- Сталыпин реформасы қазақтардың 30% жеріне Ресей мен Украинадан шаруаларды орналастырып,сол жердегі қазақтарды ығыстырды. Осының нәтижесінде солтүстік – батыс, солтүстік – шығыс және оңтүстік – шығыста славян этникалық топтары құрылды.
— 1929 – 1933 жж республика тұрғындарының санын 2.4 есеге азайтқан, қазақтарды өздерінің тарихи отанында 1966 жылға дейін этникалық аз топқа айналдырған демографиялық қирау.
- Соғыстың алдындағы қуғын – сүргінге ұшырығандарды жаппай Қазақстанға департациялау.
- Соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі жылдары миграциялаудағы халықтар легі.
- Тың игеру жылдарындағы орыс, украин шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы.
- Кейінгі жылдардағы тәуелсіздік қарсаңында орыс – славян, неміс тұрғындардың тарихи отанына оралуы.
- КСРО – дан ТМД – ға өтукезіндегі саяси өзгерістер мемлекеттік концепцияның өзгеруіне әкеліп, қоғамдық өмір мен саяси – мемлекеттік құрылымдағы ұлттіқ элементтің ролінің өсуі мен этникалық тіл мен мәдениеттердің қайта жаңғыруына әкелді [3.83].
Сонымен қатар еліміздегі тілдік жағдайды сипаттауда 1990 жылдан басталатын тарихи оқиғалардың маңызы ерекше. Тәуелсіз мемлекет құру негізінде Қазақстан Республикасы егемендігі жөнінде декларация қабылданды. (1990ж. 16-желтоқсан), Қазақстан халықтар ассамблеясы (1995ж., 24-наурыз) полиэтникалық мемлекеттегі ұлттық саясаттың алғы шарттары.
Елімізде ұлттық, мәдени орталықтар құрылып, ұлттық тіл мен әдебиет жүргізілетін мектептер, гимназиялар, лицейлер ашылды. Басқа ұлттардың тілін, ұлттық мәдениетін оқытатын жексенбілік мектептер балабақшалар жұмыс жасай бастады. 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қазақтар Ассоцациясы құрылған Дүниежүзілік құрылтай өтті. Ондағы мақсат шетелдегі қазақтардың басын қосу, мәдениет пен дәстүрді қалыпқа келтіру, ұлттық сананы жетілдіру. Еліміз тәуеліздік алған соң шетелдегі қазақтар отанына қайтып оралуға мүмкіндік алды. Тәуелсіздік тілдің өмір сүру факторларының бірі, ұлттық сана сезімнің дамуын көтерді. Халықтың жеке тарихи өткеніне үңілу, салт-дәстүр, мәдениет, тілге деген қызығушылық артты [4.33].
Тілдік саясат мемлекеттегі тілдік проблемаларды шешуге арналған идеологиялық түйіндер жиынтығы мен әлеуметтік лингвистика мониторингтері, тілдік процестер динамикасы көрініс табатын тілдік саясаттың түзелуін және оның демографиялық, әлеуметтік этникалық критерийлер бойынша аймақтық жіктелісін қамтамасыз ету керек.
Тіл саясаты бойынша атқарылған қазіргі заманға лайық істер мемлекет ішіндегі әлеуметтік лингвистикалық жағдайды талдаумен ғана шектелмейді, тілдік немесе әлеуметтік лингистикалық жағдай жалпыевропалық немесе әлемдік деңгейде жиі қарастырылады. М. Кенинг жаһандану үдерісі қазіргі заманғы мемлекет құру серпініне айтарлықтай әсер етеді деп тұжырымдайды. Ол: «Жаһандану ұлттық мемлекеттің өзінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік жүйесін басқару егемендігін белгілі бір шамада әлсіретеді»,- деп жазады. Халықаралық құқық жаңа пайда болған ұлттық мемлекеттерге әмбебап заң жүйсін барынша міндеттейді. Гомогендеу, дискриминация (нәсілдік кемсітушілік) және геноцид (қуғын-сүргін) саясатына ұшыраған иммигранттар, аймақтық азшылық топтар мен байырғы халық халықаралық стандарттар нәтижесінде ұлттық мемелкетте дербестікке қол жеткізді, ал мұндай стандарттар еуропада мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болмаған.
Сондай-ақ жаһандану саяси жүйеде ұлттық мемлекет пен ұлттық өкіметтің доминанты – құрылымдық ролін еш төмендетпейді.
М. Кенингтің пікірі бойнша, қазіргі заманғы тіл саясатында мынадай маңызды қарама-қайшылық бар: бір жағынан, тілдің әралуандығы мен этникалық топтардың саяси талаптарына орай әрекет ету қажеттілігі, екінші жағынан, « мемлекеттің ұлтшылдық концепсиясының заңдылығын жоюға дейін баратын» көпшілік мақұлдаған қоғамдық саланың бекітілген қағидаларын орындау міндеті.
Мемлекет қос тілді және көп тілді болған жағдайда ондағы тілдік саясат қатар өмір сүретін тілдер қолданысы мен олардың қызметін анықтаудан тұрады.
Әлеуметтік тіл білімінің мамандары қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай оны білудің қажеттілігін туғызып отырған себептер мынадай деп атап көрсетеді:
- Қазақтардың республикада үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959 жылы қазақ халқы республика тұрғындарының 30 пайызын құраса, 1992 жылғы санақ бойынша 42 пайызға жетті.
- Республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы.
- Көп ұлтты ауыл – село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан,қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы;
- Қазақтардың ТМД республикаларында көп екені, ондағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішінде бесінші орын алатыны (қазақ тілі кіретін түркі тілдері ТМД республикаларында славян тілдерінен кейінгі екінші орында);
- Қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазір дүние жүзінде 5651 тіл болса, қазақ тілі соның ішінде сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатында екені;
- Қазақ тілін бөлу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі;
- Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жатқандығы.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қоғамдық өмірдің барлық саласында дербес қызмет етпей, орыс тілімен қызметтес болады.
Орыс тілі Қазақстан Республикасында қызмет етудің барлық саласында қолданысқа ие орыстардың ұлттық тілі ретінде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Сонымен қатар орыс тілі қазіргі таңда көп ұлтты мемлекетімізде халықаралық қатынас тілі болып, ұлт аралық қатынас тілі қызметін атқарады.
Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту жөнінде екі мемлекеттік бағдарлама жасалды ( 1998ж., 2003 ж.). Ондағы мақсат — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің дамуына жағдай жасау. Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан халқының біртіндеп мемлекеттік тілге көшуіне бағытталған.
Тілдердің қызметі мен дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар 2001-2010 жж Қазақстан териториясындағы тілдер қызметіне байланысты келесі мемлекеттік іс-шараларды ұсынады (негізгі мақсат мемлекеттік тілдің әлеуметтік, қарым-қатынастық қызметін кеңейту, нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтап қалу, этникалық топтардың тілдірін дамыту).
Жеке қазақ тілі ғана мемлекеттің – Қазақстан Республикасының нышаны болып табылады. Мемлекеттің мемлекеттік мөр, ақша банкноты, тиын секілді нышандары тек қазақ тілінде ғана шығарылады. Ел президенті және сенат пен мәжіліс палаталарының төрағасы қызметін атқарушы азаматтар қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 42,58 баптар). Осылайша, беделіне қарамастан қазақ тілін қолдану заңды түрде қамтамасыз етіледі, сондай-ақ орыс және қазақ тілдерін жұмыс тілі ретінде тең дәрежеде қолдану мүмкіндігі де бар. Өкіметтің барлық құжаттары, бланктер, заң құжаттары, жол көрсеткіштері екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады [1.17].
Жаңа бағдарлама бойынша тілдер қызметіне байланысты мемлекеттік іс-шаралар қоғамда қолдау тауып, мемлекеттік органдарда қазақ тіліне деген сұраныс ұлғайды; мемлекеттік органдардың көпшілігінде іс-қағаздарды жүргізу екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде; мемлекеттік тіл дәрежесі білім беру жүйесінде де өсуде, жоғары оқу орындарында қосымша оқу пәні ретінде іс-қағаздарын жүргізу енгізілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан – әртүрлі генетикалық топтар мен құрылымдардан тұратын көп тілді, полиэтникалық, мультимәдениетті және поликонцессионалды мемлекет.
Қазақстанның қазіргі этнотілдік ландшафты бір жағына көптілділігімен сипатталса, екінші жағынан, басым екі этнос тілі (қазақ, орыс) сандық жағынан басқа этностардан барлығынан жоғары тұрып, тілдік жағдайда теңестірілмеген түрінде сипаттайды.
Осының бәрі этнотілдік ландшафтың әртүрлі екенін, тілдік жағдай демографиялық және қарым-қатынастық жағынан екі қуатты – қазақ және орыс тілдері төңірегінде құрылатынын көрсетеді.
Ұсынылған әлеуметтік лингвистикалық бітіру жұмысымда тілдік жағдайды талдау, тәуелсіз елімізде тілдер қызметінің құқықтық базасы жеткілікті екендігін, бірінші орында мемлекеттік тілді дамыту, басқа тілдердің жеке лингвистикалық, мәдени қызметін арттыру үшін жағдайлар жасалғандығы жайлы және Қазақстанда барлық тілге төзімділікпен қарайтын жағдай қалыптасқанын айтқым келеді.
1.2 Микроәлеуметтік қауымдастықтың әлеуметтіклингвистикалық сипаты
Көп ұлтты мемлекеттерде тіл қызметі тұрғысынан әлеуметтік лингвистика басты мәселелердің бірі. Әлеуметтік лингвистика өзінің бірнеше онжылдық көлеміндегі даму кезеңінде макроәлеуметтік контекстегі әлеуметтік және тілдік құрылымдар арасындағы заңды корреляцияларды (сәйкестікті) анықтауда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, пәнаралық ғылым ретінде сипат алды. Ю.А.Шмелов: «…ол әлеуметтану секілді қоғам өмірімен, іс-әрекетімен байланыста болады; ал енді одан айырмашылығы қоғамның тілді өмірі мен іс-әрекетін қарым-қатынас құралының әлеуметтік феномені ретінде (тұлғааралық, топаралық, ұлтаралық) қарастыруды басты назарға алуы болып табылады», [6.138]- дейді.
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер саны әлемнің көптеген елдерінде жыл өткен сайын көбейе түсуде. Мұның өзі оның бүгінгі таңда қаншалықты қажет екенін көрсетіп отыр. 1995 жылы Мәскеуде өткен «Лингвистика на исходе XX века: итоги и перспективы» атты конференцияда И.А.Бодуэн де Куртененің 1901-1904 жж жаңа ғасырға жасаған болжамының айғақталғаны ғалымдар тарапынан атап өтілді. Оның «тек эксперимент әдісін ғана қолдану туралы» тезистерінің бірі психолингвистикада және лингвистиканың басқа да бағыттарында қолданылып келеді. Сонымен қатар «адам сөйлеуінің психикалығы (психологикалығы) және әлеуметтілігі (социологикалығы) туралы» тезисі де кең қолдау тапқан. Бұл тұрғыдан И.А.Бодуэн де Куртенэ психолингвистикамен әлеуметтік лингвистикалық стратегияларды жасау мәселесі қоғам үшін аса маңызды болып отырғаны да атап көрсетілген, өйткені бұл барлық тілдердің үйлесімді дамуына септігін тигізіп, адамдардың өз ойын сөзбен еркін жеткізуінің қарапайым құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық ғалымдар Б.Х.Хасанов, А.Е.Корлинский, М.К.Исаев, З.К.Ахметжанова, Э.Д.Сүлейменова, А.М.Абасилов, С.А.Асанбаева, С.Ю.Сан, Д.Қасымова және т.б. «тіл – қоғам» қатынасындағы әлеуметтік лингвистикалық бағыттың өзектілігін көрсетеді.
Р.Т.Белл әлеуметтік лингвистиканы -макро,-микро деп бөледі.
Макроәлеуметтік лингвистика әлеуметтік факторлар әсерінен пайда болатын кең көлемдегі процестер мен қатынастарды қарастырады және қоғамды тұтас немесе адамдардың біршама үлкен қауымы тұрғысынан сипаттайды (тілдің әлеуметтік дифференциациясы, жаппай қостілділік процесі, тіл саясаты).
Л.П.Крысиннің көрсетуінше, әртүрлі топтардағы адамдар қатынасының ерекшеліктерін зерттеуге байланысты еңбектер отандық тіл білімінде де, шетелдік тіл білімінде де көп емес. Кіші топ мүшелері болып табылатын адамдардың әрекетін зерттеу адамның жалпы әлеуметтік әрекетін сипаттауда аса қажет екені сөзсіз. Сонымен қатар тұлғаның сөйлеуші, белгілі бір сөз қолданысын жасаушы ретіндегі қасиеттерін ең алдымен осы кіші топтардан байқауға болады.
Л.П.Крысиннің пікірінше, микроәлеуметтік лингвистиканың мәселелері екі шеңберде қарастырылған: 1) белгілі бір микроәлеуметтік қауымдастықта қолданылатын тілдердің сипаты және 2) сол микроәлеуметтік қауымдастық мүшелерінің тілдерді қолдану сипаты.
Микроәлеуметтік лингвистика басты назарға белгілі бір тілде сөйлеуші ретіндегі адамды және оны тікелей қоршаған ортаны алады, сонымен қатар ол тұтас қоғамның немесе адамдардың ірі әлеуметтік бірлестігінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын мәселелерді қарастырады. Микроәлеуметтік лингвистикалық еңбектерде айтылып отырған топтар, мәселен, белгілі бір жастағы, жыныстағы, белгілі бір білім деңгейі бар тұлғалар – шартты топтар болып табылады және ондай топ мүшелері бір-бірімен байланыста болмайды. Микроәлеуметтік лигвистика тіл білімінің бір саласы екені сөзсіз, өйткені мұнда тіл өзіне тән ішкі топтық қолданысына қарамастан микроәлеуметтік лингвистиканың объектісі болып табылады.
Ұсынылып отырған бітіру жұмысымда Алматы қаласының микроәлеуметтік жастар қауымындағы қазақ және орыс тілдерінің қызметін қарастырамын. Бұл қауымдастыққа М.Базарбаев атындағы №138 гуманитарлық-өнер гимназиясының 11 сынып оқушылары мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетінің бірінші курс студенттері жатады. Әлеуметтік лингвистикада микроәлеуметтік қауымдастықтың мынадай анықтамасы қалыптасқан: «Микроәлеуметтік қауымдастық демографиялық, әлеуметтік көрсеткіштермен және сонымен қатар қауымдастық мүшелерінің өздеріне үйреншікті ортадағы ұдайы коммуникациялық байланыстармен сипатталады» (Л.П.Крысин) [25.73] Зерттеушілердің көрсетуінше, «Микроәлеуметтік қауымдастық шағын болған сайын оның тілдік біртектілігі соғұрлым жоғары, сол сияқты микроәлеуметтік қауымдастық топтың идеал түріне жақын болған сайын тілдің әрекет модельдерінің біртектілігі, мәселен, тілдік құралдардың стандарт жиыны, оларды қолдану ережелері, тілдік әрекеттер тактикалары, вербалдық емес компоненттері мен клишелену деңгейі соғұрлым жоғары болады» (Л.П.Крысин, Э.Д.Сүлейменова, Н.Ш.Шаймерденова). Микроәлеуметтік қауымдастық – бұл тілдік бірлестіктердің бір бөлігі. Микроәлеуметтік қауымдастықтың бөліну критерийлері өмір қауымдастығы мен жүйелі коммуникативтік байланыстардың болуы болып табылады.
Микроәлеуметтік қауымдастықтың макроәлеуметтік қауымдастықтан айырмашылығы оның жеке қалыптасу тарихы бар. мұндай қоғамға кеңістіктегі және белгілі бір уақыт ішіндегі салыстырмалы біртектілік пен тұрақтылық тән. Микроәлеуметтік қауымдастықтың басты ерекшелігі – оның ішкі құрылымының болуы. Әртүрлі микроәлеуметтік топтар бір-бірімен өзара байланысты және микроәлеуметтік қоғамда иерархиялық жолмен ұйымдасқан. Топтар көлемі жағынан екі адамнан немесе миллиондаған адамнан құралуы мүмкін. Топтарды құрамы жағынан бөлуде бірнеше көзқарас қалыптасқан. Мәселен, Т.Шибутани микроәлеуметтік топтарды жасы, жынысы, ұлты, бірлесуге негіз болатын ортақ көзқарасы бойынша топтастырады [5.120].
Л.П.Крысин адамдардың қандайда бір мәселелерді жүзеге асыруы үшін топтасатынын және сол мәселелерді шешу үшін топ мүшелерінің еңбек бөлінісіне түсетінін, белгілі бір әрекетке баратынын көрсетеді. Олар өзінің топқа қатысының бар екенін түйсінеді және топқа өзін үлестіреді. [5.181]
Кез-келген тұлғаның әртүрлі топтарға кіргеніне қарамастан, қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болуы мүмкін. Мысалы, студент (мұның өзі әлеуметтік ұстаным деп алуға болады) жастар ұйымының белсенді мүшесі, спортшы, үйде күйеу, аға, ұл және т.б. болуы мүмкін. Бұл ұстанымдардың қай-қайсысы болса да белгілі бір ережелермен, міндеттермен байланысты болып, әлеуметтік лингвистикада статус (мәртебе) деп аталады. (Л.П.Крысин)
Әлеуметтік лингвистикада микроәлеуметтік қауымдастықтың әртүрлі түрлері қарастырылады: биологиялық, аумақтық, конфессионалдық, тілдік, әлеуметтік, мәдени және т.б. микроәлеуметтік қауымдастықтың маңызды топ жасаушы белгілері ретінде ғалымдар тұлғалардың жас ерекшеліктерін және сонымен байланысты әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктерін, түрлі әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері тарихи-әлеуметтік болмысқа ие болып, қоғамдық құрылысқа, мәдениетке, сол қоғамға тән заңдылықтар мен әлеуметтендірулерге байланысты болады.
Микроәлеуметтік қауымдастық қоғамның органикалық субъектісі ретінде жүйелі түрде тұтас зерттеуді қажет етеді. Жастардың қоғамдағы орны мен рөлін анықтау үшін мыналарды ескеру қажет: біріншіден, жастар бейнесі олардың қалыптасып, тәрбиеленетін нақты әлеуметтік жағдайына байланысты; екіншіден, жастар қоғамның құрамдас бір бөлігі, сондықтан қоғам оларға идеологиялық, психологиялық, психо-физиологиялық тұрғыдан ықпал етеді, бұл олардың жоғары эмоционалдығында, тез қабылдағыштығында, әсерленгіштігінде, шапшаңдығында көрініс тапқан. Қазақстанның қазіргі жастары саналуан проблемалармен бетпе-бет келуде: білім, еңбек, жұмысбастылық, материалдық жағдай және т.б. Соңғы жылдары біздің қоғамымызда жастар туралы әртүрлі жақсы да жаман мифтер пайда болды. Осы микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазіргі бар және болашақтағы процестер мен құбылыстарды болжау жастар проблемасын ғылыми тұрғыдан келуді қажет етеді. Жастардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, олардың қазіргі заманға бейімделуінің жолдары мен қиындықтарын, шынайы өмірі мен нақты тарихи контекстегі, социомәдени жағдайдағы әрекет стериотиптерін білу де аса қажет.
Бұл жұмыс жастардың ұлттық және тілдік өзіндік идентификацияға шынайы қатынасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Микроәлеуметтік қауымдастық халықтың басым бөлігін құрайды. Әлеуметтендіру (социолизациялау) процесіндегі жастардың белсенді рөлі олардың ұсынылған әрекет үлгілерін қайталаумен ғана емес, сонымен қатар оған өзінің мазмұнын ендірумен байланысты. 80-жылдардың аяғында басталған өтпелі кезең жастардың жаңа саясатқа, қоғамдық-экономикалық қатынастарға енуімен, оларды жаңа құндылықтардың пайда болуымен байланысты жастардың әлеуметтенуінің (социолизациялануының) жаңа деңгейін талап етті. Мәселен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуында қазақ жастарының үлесі зор (1986 жылғы оқиға). Студенттер қауымының қазақ тілін ана тіліміз деп саяси тұрғыдан көрсете алуы олардың этноспен ұқсастық (иденфикация) табуы болып табылады. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер үшін микроәлеуметтік жастар қауымын таңдауда біз оның болашаққа потенциалдық мүмкіндігінің болуын негізге алдық. Микроәлеуметтік жастар қауымын қарастыруда білімге баса назар аударылады. Білім – бұл әлеуметтік институт қана емес, сонымен қатар қоғамның мәдени бөлігі, адамдардың өзара мәдени-әлеуметтік әрекетінің нәтижесі. Білім әлеуметтенуінің өзекті мәселелері ретінде өз тағдыран шешу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі дәлелдеу мәселелері мен әртүрлі құндылықтарды таңдау мәселелері көрсетіледі. Білім беру жүйесі адамды оның өмірге бейімделуіне көмектесетін біліммен қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі кезде қоғамдағы білім рөлі өте жоғары. Білім берудің басты міндеті – адамның өмірде өзіне лайық орын табуына көмектесетін біліммен қамтамасыз ету.
Біз сауалнама жүргізген жоғары сынып мектеп оқушылары мен студенттер, аса жоғары әлеуметтік белсенділігімен және жоғары білім деңгейімен сипатталатын микроәлеуметтік қауым. Бұл алған білімді есте сақтау, жинау, реттеу және оны практикалық әрекетке айналдыру процестері қарқынды жүретін ерекше жас кезеңі. Қазіргі заманғы студенттік шақтың ерекшелігі студенттердің қоғам өміріне оқу әрекеті мен кәсіби дайындығы арқылы ғана емес, сонымен қатар олардың дербес тұрмыстық-материалдық жағдайы арқылы, жеке белсенділік танытудың жаңа формаларын қалыптастыру мен әлеуметтік өзара әрекет формаларын таңдау арқылы да араласуы болып отыр.
Ұсынылған әлеуметтік лингвистикалық жұмыста микроәлеуметтік қауымдастық мынандай негізгі критерийлер бойынша қостілді болып келеді: екі тілді меңгеру, ол тілдерді қызмет аясына қарай еркін қолдану, т.б.
Зерттеудің мақсаты қазақ және орыс тілдерінің қызметін анықтау болғандықтан, Қазақстанда біржақты қазақ, орыс қостілділігіне байланысты сауалнама ұлты қазақ жастардың арасында жүргізілді.
Жұмыста ана тілге байланысты сұрақтарға көп назар аударылды. Әлеуметтік лингвистикалық еңбектерде ана тілге берілген бірнеше анықтамалар бар. Бұл терминнің анықтамасын көбіне тілдің атауы ретінде «…үлкендерге еліктеумен балалық шақта меңгерілген тіл (О.С.Ахманова) немесе бірінші үйренген тіл » (Вайнрих)
Зерттеушілердің пікірі бойынша, кейбір жағдайларда ана тілі ретінде екі тілді көрсету фактілері кездеседі. Бұл аудармашылар, оқытушылар сияқты шағын топтарға қатысты болуы мүмкін. Л.П. Крысин мұндай фактілерді жоққа шығармайды және ана тілі бір тілмен шектелмеуі мүмкіндігін айтады.[5.22]
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ана тілін анықтауда этнопсихологиялық анықтамаға жақындаймыз. Себебі жастар ана тілі деп, көбіне өз ұлтының тілін белгілейді және ұлтымен өздерін теңестіреді.
И.А.Зимняя «Тек ана тілі адамның сөйлеу әрекетін еркін, шынайы етіп көрсете алады»[10.27] — дейді. Бұл құбылысты бірнеше тілді меңгерген адамдардың ішкі тебіреністерін, ең асыл тұлғалық маңызды дүниелерін ана тілінде жеткізгісі келетіні куәлендіреді.
Микроәлеуметтік қауымдастықта қазақ, орыс тілдерінің қызметі екінші тілді анықтауда маңызды құбылыс болып табылады. Бұл категорияларға қатысты әртүрлі ой-тұжырымдар бар. Ю.Д.Дешериев мынандай анықтама берген: «Екінші тіл – сөйлеушінің (бірінші тілге қарағанда) ана тілінен кейін меңгерген тілі» Екі тілде сөйлеуші адам бірінші тілге қарағанда екінші тілде жақсы сөйлеуі мүмкін.[5.22]
Э.Д.Сулейменова, Н.Ж.Шаймерденова екінші тілдің үш белгісін көрсетеді:
1.Реті бойынша балалық шақта меңгерілген екінші тіл – бұл бірінші тілден кейін меңгерілген тіл. Мұндай түсініктеме бойынша екінші тіл ана тілімен сәйкес келуі, келмеуі мүмкін.
2.Қостілділіктегі тілдік құзыреттілік деңгейі бойынша доминант тілге қатысты қосымша тіл.
3.Оқу орындарында оқытылу ретіне қарай – бұл екінші шет тілі, тіл білім алу мақсатында.[26.8]
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерде Л.П.Крысиннің ізімен микроәлеуметтік қауымдастық келесі парметрлер бойынша классификацияланады: біріншілік, (формальды екіншілік) формальды емес, мақсатты және инструментальды.
Л.П.Крысин бұл параметрлерге мынандай анықтама береді: «Біріншілік» деген термин алғашқы семьяны, оның мүшесі адам болатын бірінші ұжымды атаған. Кейін оны негізгі топ құрушы эмоционалды байланыстар бола алатын кез келген топты білдіру үшін қолданды. Көп жағдайларда аз топтардың мәдени ерекшеліктері иерархиялық жоғары тұратын екіншілік үлкен топтардың мәдени комплексінің түрі болып табылады.
Ұйымдастыру әдістеріне қарай Л.П.Крысин формальды және формальды емес топтарға бөледі: «формальды топтар арнайы бірлескен іс-әрекет орындау үшін құрылады» спецификалық жағынан дәл осы топты мұндай жағдайда мақсатты немесе инструментальды деп атайды. Өзара байланысқан топтардың арасында топ аралық вертикальды және горизонтальды коммуникациялық демеу болып, осы топтардың мәдени біркелкілігі интенсивтілігінің деңгейіне тәуелді болатынын зерттеуші белгілейді. Мұндай жағдайда субмәдениет жайлы үлкен мәдениеттің бір түрі ретінде айтылады.[3.27]
Ең алдымен біз шағын топтар теориясын қарастыруға тоқталдық. Шағын топтарды психологиялық бірлескен мүшелері бір-бірінен ажыратылмайтын және бәр-біріне тәуелді әлеуметтік ұя ретінде қарастырамыз. Топтың бір бөлігіндегі өзгеріс басқа бөлігінің де жағдайын өзгертуін оның белгісі деп білеміз.Шағын топтың негізгі ерекшеліктері:
- Топты құрайтын тұлғалар арасындағы тік немесе көлденең байланыс, тығыз және жүйелі;
- Топ ішінде қызметтік және әлеуметтік рөлдерді бөлу;
- Қызығушылық, әлеуметтік қалпы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінің ортақтығы;
- Кеңістік пен уақыт арасындағы жеке оқшаулану;
Әрбір тұлға бір уақытта үлкен формальды және формальды емес топтарға кіре алады. Адамның іс-әрекеті мен қоғамды ғылыми зерттеуде әлеуметтік топтардың рөлі үлкен.
2 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНІҢ МИКРОӘЛЕУМЕТТІК ЖАСТАР БИЛИНГВАЛДЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Қостілділік – жастар билингвалды қауымдастығының басты сипаттамасы
Қостілділік көптеген отандық және шетелдік ғалымдармен қарқынды зерттелуде бірақ әлі де бұл түсініктің мазмұны туралы бірауызды пікірлер жоқ. Біз алдыңғы бөлімдерде мазмұнның қисынына (логикасына) сүйене отырып, қостілділік құбылысының кейбір қырларын қозғаған болатынбыз. Бұл маңызды сұрақтың төңірегіне қатысты барлық мәселелерді бүтіндей арнайы қарастыру қажет.
Бұл қостілділікке арналған әдебиеттерде нақты анықтамаларды таба алмаймыз немесе бұл ұғымның күнделікті пайдаланылатын түсіндірулері кездеседі не болмаса бұл құбылыстың әртүрлі қырларымен сипаттама берудің әртүрлі анықтамалары табылады. Қостілділіктің әртүрлі жақтарын (лигвистикалық, әлеуметтік лнгвистикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық және т.б) оқып үйрену зерттеу мақсатына байланысты, сондықтан да феноменнің (атаудың) өзі мәндес, мағыналас анықтамаға бағынбайды. Алайда біздің көзқарас бойынша қостілділіктің барлық қырлары бір-бірімен байланысты, әртүрлі зерттеу бірін-бірі толықтыру арқылы қабылданады және толық түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қостілділіктің мәнін ашу үшін, біріншіден, оның компоненттерінің лингвистикалық статусын (дәрежесін) анықтап алу қажет. Осы жерде келіспеушіліктер туындайды. О.С Ахманова былай дейді: «Қостілділік бұл – қарым-қатынастың әртүрлі жағдайында қолдануға болатын екі тілді бірдей мүлткісіз меңгеру»[24.83].
М.М Михаилов билингвизм мен диглоссияны айырып көрсетеді: «Билингвизм – тілдік қатынастағы генетикалық жағынан әр түрлі екі форманы меңгеру диглоссияны тілдік қатынастағы генетикалық жағынан біртекті екі форманы меңгеру. Бірақ, меңгеру бұл – қолдану емес, қабілет»[4.45].
Қостілділік екі компонент болуғанда ғана бар: оның бірі ана тілі болуы керек, екіншісі – меңгерілетін тіл. Әдетте, ана тілі әлеуметтік – этникалық немесе әлеуметтік лингвистикалық категория ретінде саналады. М.Н. Губогла оны, қашан, кіммен, не туралы, қандай мәселеге байланысты және адам қаншалықты көп сөйлесетіндігіне, қай тілде ол жазады, оқиды және ойлануына байланысты емес, өзінің белгілі бір ұлтқа немесе халыққа тән болуын тіл арқылы ол қалай білдіретініне байланысты психологиялық категориялардың қатарына жатқызады.
Этнопсихологиялық мәні жағынан «ана тілі» деген түсінікті бөліп қарастырғанда, екі түрлі жағынан қарастыруға мүмкіндік береді: этникалық өзіндік сананы құрайтын бөлігі ретінде және тіпті кеңірек-этникалық сана ретінде.
Қостілділік дегенде «екі тілді алма-кезек қолдану» (оны іске асырушы қостілді (екі тілді бірдей меңгерген адам) тұлға деп аталаады) деген тәжірибеге сәйкес тұтастай тіл мамандарының арасында Вайнрайхтың анықтамасы қабылданған. Бірақ бұл жағдайды жоюға тырысуда. Ә.М Акунзянов, Дж.Фишманның пікірі мен бөлісе отырып,былай деп жазады: «Бір ұлттық тілден екіншісіне,ұлттық тілден диалектіге немесе тайпааралық тілге (ұлтаралыққа, халықаралыққа) өту туралы сөз болмаса да, ережеге сәйкес,қостілділік сөйлеу қатынасында қолданыста болады».
Қостілділік ұғымына бірауызды анықтаманың болмауы оның оқып үйренуде әртүрлі ыңғайдан келуге әсер етті. А.Мартине былай дейді: «Лингвистикалық жақтан алып қарағанда қостілділік мәселесі мынған келіп тіреледі:бір-бірімен қатынаста (контактіде) болатын бірнеше тілдік жүйені баядау үшін, бірдей меңгеруде қиындық тудыратын жүйелердің арасындағы айырмашылықтарды бөліп көрсету үшін және тілдер қатынасқа түскенде пайда болатын интерференцияны болжау үшін және ең ақырында, қостілді қолданушылардағы әр тілдің нормадан ауытқуын көрсету »[11.126].
Қостілді ұжымның тіліне және сөйлеуіне қатысты қостілділіктің лингвистикалық қырлары көптеген сұрақтарды қамтиды: бір-бірімен байланысты екі тілдің құрылымдарының (структура) және элементтерінің ара-қатынасы; қостілді ортада тілдердің қызметінің өзіне тән ерекшелігі; тілдердің нормалануы мен лингвистикалық қалыпқа келуі, т.б Осы толық емес тізімдерден –ақ, қостілділіктің лингвистикалық жағы көп жоспарлы және өз кезегінде бірнеше аспектілерге (әлеуметтік лингвистикалық, құрылымды (структуралы) лингвистикалық, психологиялық, функциялық, нормативті) бөлінетіндігін көру қиын емес.
Сөйлеу іс-әрекеті жағынан алып қарағанда, қостілділіктің кейбір мәселелері психолингвистиканың да, әлеуметтік лингвистиканың да ортақ мәселесі болып табылады. Жеке, дара (индивидуалды) қостілділік психолингвистиканың зерттеу нысаны болуы мүмкін, бірақ оның кейбір кеңістіктерде қызмет атқаруы, мысалы, көркем әдебиет саласында әлеуметтік лингвистикалық жағынан да қарастырылуы тиіс.
Көріп отырғанымыздай, қостілділік оның барлық негізгі қасиеттері мен белгілерін көрсете алатындай анықтамаларды алмаған. Біз оның бүтіндей тұлғасын көрсете алатын ұғымды ойлап табу керек деп есептейміз. Бұл құбылысқа өзіміздің түсінігімізді ұсынып көрейік:
- Қостілділік бұл, ең алдымен, гетерогенді екі тілдің өзара әрекеттестігін көрсететін процесс. Әрине, бұл процесс екі тілде де көрініс табады немесе кем дегенде біреуінен көрініс табады.
- Қостілділік мынадан көрініс табады:
- Тарихи жақтан алып қарағанда әртүрлі тілді халықтың қарым-қатынаста қажеттіліктерін қанағаттандыратын азық ретінде; (этностардың тарихи қарым-қатынасының нәтижесі ретінде)
ә) Қолданылу аясының өсуі немесе тарылуы және билингвтердің санының өзгеруі;
б) Интерференция, кірігу сияқты лингвистикалық құбылыстарда;
Қостілділікті қарастырғанда мынандай үш жағдайды ескеру керек: тілдік құзыреттілік, жүзеге асу, тілдік бағдарлау. М. Губогло былай дейді: «Тілдік құзыреттіліктен тілді меңгеру дәрежесі (және тілдерді меңгеру), сөйлеу әрекетінен бір, екі немесе одан да көп тілдер қолданысын, өмірдегі түрлі жағдайлардан, тілдік бағдарлардан билингв немесе полилингв адамның әр түрлі тілдерге психологиялық көзқарасын көреміз». Зерттеуші өз сөзін былай деп нақтылайды: «Тілдік құзыреттіліктен (потенциялды қостілділік) бір немесе бірнеше тілде сөйлеу деңгейі көрінеді, ал сөйлеу әрекеті бойынша (шынайы қостілділік) тіршіліктің барлық саласында бір немесе бірнеше тілдің шынайы қолданысы». Егер тілдік құзыреттілік пен тілдік әрекет арасында айырмашылық болмаса, онда әрбір адам өзі еркін сөйлейтін тілді қолданылуын көруге болатын еді. Бірақ ондай байланыс байқалмайды. Қостілділіктің негізі бола алатын тілдік құзыреттілік пен сөйлеу әрекетіне байланысты объективті және субъективті факторлармен ір түрлі тілдерді пайдаланумен анықталады.
Қостілділік бұл – гетерогенді әлеуметтегі бір ұлт өкілдерінің екі тілді синхронды пайдалануы. Бүкіл әлеуметті қамтыған қостілділік жеке билингвизм (топтық) мен бір лингвемалық әлеуметке қарағанда қостілді қоғам немесе билингвалды әлеумет деп атауға болады.
Қостілділіктің табиғатын одан әрі түсіну үшін, қайдан, қашан, неден қостілділік фактісі басталады деген сұраққа жауап іздеу керек. Белгілі бір территория аумағында гетерогенді ортада жеке қостілді адамдардың болуымен анықталады. Біртекті қоғамда ондай адамдардың болуы мүмкін емес. Біз жеке адамдар арқылы жеке тілдерді үйрену мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Бірақ оны жүзеге асыру үшін тілдік орта керек екені анық. Жеке адамдардың қостілділігі топтық болып, одан соң микроәлеуметтік қауымдастық аумағында өседі. Тіпті макроәлеуметтік қауымды да қамтуы мүмкін.
Білім беру мазмұнының жаңартылуына байланысты білім алушының шығармашылық тұлғалық әлеуетін дамыту мен тілдік білімді тереңдетуге аса көңіл бөлінуде.
Тілдік білімді тереңдету, біздіңше, қостілді білім беру және қостілділік негізінде қалыптасатын жағдай. Қос тілді білім берудің әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық қырлары бүгінгі күні қарқынды зерттелуде. Қостілділік және көптілділік қазіргі өмір талабы, айнымас өмір шындығы.
Қостілділіктің табиғаты, қоғамдағы функциясы, пайда болу себептері ментүрлері, қостілділікті қалыптастырудағы тілдік орта, тілдік жағдайдың әлеуметтік лингвистикалық проблемалары терең және жан-жақты зерттелу үстінде. Біз аталмыш проблеменың профессор Б.Хасановтың қарастыратын қостілділікті қалыптастыру қостілділікті қалыптастыру мен дамытудағы арнайы оқытудың ролі мен функциясы туралы мәселені ғана көтермекпіз.
Сонымен қостілділікті Б.Х.Хасанов тілдік қатынас (языковой контакт) жемісі деп қарастырып, оның әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде көптілді әлеуметтік ортада тілдер қатынасқа түскен нақты жағдайда пайда болатынын айтады және де этносаралық қарым- қатынас жағдайы мен қызмет бабында қатынас құралы боларлық ортақ тіл қажеттілігі қайда болса – қостілділік сонда пайда болады дей келе, қостілділіктің пайда болуының мына шарттарын көрсетеді:
- Әр түрлі халықтар тұратын мемлекеттер:
- Аралас ұлттық құрамды адамдардан тұратын әлеуметтік орта;
- Көптілді еңбек ұжымдарды;
- Ұлттық аралас құрамды оқушылар мен студенттер тұратын оқу орындары;
- Аралас некелі жанұя;
- Әртүрлі халықтардың саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, спорттық өмірінде тұрақты тілдік қатынас орнаған елдер.
Қостілділіктің тілдік орта сияқты табиғи және жасанды түрлері ажыратылады. Табиғи және жасанды қостілділіктің қалыптасуы мен олардың арасындағы айырмашылықтарды А.Е.Карлинский нақты талдап, мынадай критерийлерін көрсеткен:
- Қостілділіктің пайда болу көздерінің әр түрлілігі: табиғи қостілділік тікелей қатынас, ал жасанды қастілділік жанама қатынас, яғни жасанды жасалған (оқыту) орта.
- Қостілділік мақсаттары: табиғи қостілділіктегі тілді оқып білу түпкі мақсат емес, тек қана ақпарат алмасуда қарым-қатынас құралы болса жасанды қостілділіктің мақсаты оқылған тілді кәсіби немесе жеке мақсатта қолдану;
- Табиғи қостілділікке тілді меңгеру стихиялы түрде болса, жасанды қостілділікті қалыптастыру оқытушы арқылы жүзеге асады. Табиғи қостілділіктегі негізгі үйретуші фактор табиғи тілдік орта болып тбылады, ал жасанды қостілділікте тілді меңгеру үдерісі оқыту арқылы іске асады.
Аталып өткен табиғи және жасанды қостілділік арасындағы айырмашылықтар негізінде елімізде қалыптасқан және қалыптастырылатын қазақ-орыс, орыс-қазақ қостілділіктерінің түрлері ажыратылып, оларды жүзеге асырушы негізгі құралдар мен әдістер, тәсілдер жасалуы тиіс.
- Диглоссия – микроәлеуметтік жастар қауымдастығының негізгі белгісі ретінде
Кез келген жағдаят қашанда оны құрайтын тілдік құрылымдардың арақатынасы және олардың қызметі арқылы сипатталады, сондықтан тілдік жағдаятты қарастырылып отырған микроәлеуметтік қауымдастық аясында адекваттық бағалау үшін қазақ және орыс тілдерін тек қостілділік тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар диглоссия тұрғысынан функционалды бөлудің маңызы зор.
«Диглоссия» терминінің мағынасы мен оны шынайылығы төңірегіндегі ойлар пікірталас тудырып келеді. Сондықтан еңбекте бұл туралы әлеуметтік лингвистикамен айналысатын ғалымдардың әр түрлі пікірлерін кездестіруге болады.
Ч.Фергюсон (1959) ұсынған «Д» термині (грек.di екі, грек. gramma жазба) сөйлеуде тілдің бірнеше нұсқасының қолданылуымен түсіндіріледі.
Ч.Фергюсонның пікірінше, д – бұл тілдің әртүрлі нұсқаларын айырықша ұйымдастырылуы және жүйені тұрақтандыруға көмектесетін әлеуметтік факторлардың шеберлікпен ұйымдастырылуы.
Ч.Фергюсон д-ның әр түрлі елдердегі төрт түрлі жағдайын зерттеді. Ол әр жағдайдағы д-ның жоғарғы түрі (Н) пен төменгі түрін (L) бөліп көрсетті. «Бұл төрт тілдік жағдайдың қызық сипатын Н пен L-дың лингвистикалық табиғатымен яғни, олардың сәйкестендіріліп қолданылуымен, мәртебелерінің ажыратылуымен, талап етілу жолдарымен және сонымен қатар олардың д туғызу үшін және оны тұрақты жүйе ретінде сақтап тұру үшін өзара әрекетке түсуімен түсіндіруге болады,» — дейді ғалым. Сөйтіп д-ның жоғарғы түрі уағыз, насихат айтуда, ресми хат алмасуда, университет дәрістерінде, радио мен газетте, поэзияда қолданылса, д-ның төменгі түрі қзметші, малайлармен, отбасы мүшелерімен, әріптестермен, достармен сөйлескенде, фольлор мен «мыльная опера» жанрында қолданылған.
Диглоссия жағдайында қоғам екі түрлі тапқа: біріншісі білім алу мүмкіндігі бар сауатты жоғарғы тапқа, екіншісітек L-ға білікті, халықтың басым бөлігін құрайтын төменгі тапқа бөлінеді. Тоғыз категориядан тұратын (қызмет, мәртебе, әдеби мұра, жинақ, стандарттау,тұрақтылық, лексика, фонология) осы ұғымдарды қарастыра келе Ч.Фергюсон мынадай анықтама береді: «Диглоссия – тілдің алғашқы диалектілеріне стандарт формалар қосылатын тұрақты жағдаяты (жағдайы)» Ч.Фергюсон әлеуметтік және тілдік құрылымдар арасында өте терең байланыстар бар екенін де атап өтеді.
Ч.Фергюсон диглоссияны жоғарғы – төменгі принципімен зерделей келе,кесте ұсынады. Ғалымның сол кестесін пайдалана отырып, біз микроәлеуметтік жастар қауымдастығындағы қазақ-орыс тілдерін өмірдің түрлі саласындағы әдеби тілді (кодталған және ауызекі) көрсететін жоғарғы және төменгі бағандарға бөлуге тырыстық.
Тілді қолданудың типтік салалары және оларды диглоссияның жоғарғы-төменгі принципі бойынша бөлу.
Қолданылу саласы |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
||
|
|
|
|
|
Тұрмыста-шаруашылықта |
16 |
15 |
4 |
5 |
Оқуда |
20 |
0 |
18 |
2 |
Қоғамдық орындарда |
10 |
10 |
10 |
10 |
Бұқаралық ақпарат құралдарында |
13 |
12 |
7 |
8 |
Курстастармен, сыныптастармен сөйлескенде
|
12 |
11 |
8 |
9 |
Нәтижесінде екі тілдің де өз нұсқаларын (варианттарын) әр түрлі салада тең дәрежеде қолданатынын, әрқайсысының сөйлеушілер қатарын қамтамасыз ете алатынын айта кеткен жөн.
Ч.Фергюсон ілімінің модификациясын Д.Фишман (1967) диглоссияның принципті түрде билингвизм ажыратылатын көрсете отырып ұсынады. Билингвизм бұл индивидтің бір тілден артық тіл қолдана ала білу қабілеті болса, диглоссия тілдің бірден артық нұсқаларға бөлінуі. Дж.Фишман Ч.Фергюсонның д. Терминін стильдік айырмашылықтармен ғана шектеп, диглоссияны тілдің кез келген өзгешелігіне, яғни бәр тілдің өзінің ішіндегі стильдік өзгешеліктерден бастап, бір-бірімен еш байланыспайтын екі тіл сындағы айырмашылықтарға қатысты болады деп санағанын көрсетеді. Дж.Фишман өз зерттеулерінде әр түрлі тілдер тобына жатаын екі тілдің диглоссиялық қатынаста болатынын дәлелдеген. Диглоссия, Дж.Фишманның көрсетуінше, бұл әртүрлі тілдер мен тілдің бір түрі қызметінің әлеуметтік бөліну сипаты.
Дж.Гамперцті диглоссия жағдайындағы тілдік әрекеттің әлеуметтік шартты варианттылығы мәселесі аспектілерінің бірі ғана қызықтырған. Дж. Гамперц диглоссияның тек бір тілді қоғамда ғана емес, сонымен қатар әр түрлі функционалдық дифференциялық тілдерді қолданатын қоғамда да болатынын көрсеткен. Сонымен қатар әр түрлі функционалдық диффенциациялық тілдерді қолданатын қоғамда да болатынын көрсеткен. Сонымен қатар ол диглоссияны диалектілік (әлеуметтік және аумақтық диалектілер арасындағы өзгешеліктерді анықтайтын) және интерперсоналдық (тұлғааралық) (индивид сөйлеуін сипаттайтын) деп бөліп, тілдік ауытқуларға оқиғаның жағдаяты емес, тақырыбы себеп болады деген болжам айтқан.
Л.Тимм (1980): «Ч. Фергюсон 1967жылы д. Терминіне анықтама бергеннен кейін, ол төмендегідей толықтырылды: д. – ол екі немесе одан да көп тілдің және олардың варианттарының тілдік коммуникация аясында функционалдық бөлінуін деп жазды. Бұл ұғым қазір қоғамда тілдің барлық формаларының немесе әр түрлі тілдердің, диалектілердің, бір тілдің түрлі әлеуметтік варианттарының болуына жол ашып отыр».
Лобовтың өз зерттеулерінде бір тұлғаның сөйлеуінде әр түрлі фонологиялық жүйелер қолданылуы мүмкін екенін және олардың қолданылуы белгілі бір әлеуметтік және стильдік заңдылықтармен байланысты болатынын көрсеткен. Ғалым мұнда түрлі әлеуметтік жағдайлардағы әдеби және әдеби емес формалардың арақатынасын меңзеп отыр.
Бұдан шығатын қорытынды шетелдік әлеуметтік лингвистикада д. тілдің әлеуметтік стратификациясы ретінде қарастырылған. Ғалымдар тілдегі қоғамның әлеуметтік таптарға бөлінумен байланысты болатын белгілі бір құбылыстардың корреляциясына назардан тыс қалдырмаған. Тілдің әлеуметтік дифференциациялық мәселелерін қарастыра келе, ғалымдар екі құбылысқа: қостілділік пен диглоссияға баса назар аударған.
Қостілділік пен диглоссияның классикалық үлгісі ретінде қазіргі Швецарияның тілдік жағдайын алуға болады. мұнда құрылымы жағынан күрделі болып саналатын төрт бірдей ұлттық тіл қызмет етеді, олардың кейбірі диалектілерінің көптігімен сипатталса, енді біреулері нормаланған ұлттық тіл ретінде көрінеді. Мәселен, неміс әдеби тілі жазбаша қарым-қатынас тілі болып саналса, ауызекі сөйлесуде ұлттық диалектілер орын алады. Сөйтіп неміс-швейцар тілдік қауымдастығында бір тілдік жүйенің екі түрлі түрі ажыратылады: біріншісі – неміс әдеби тілі (Schweizenhochdtutsch), екіншісі – ауызекі сөйлеу тіліндегі аллеман диалектісі.
Тілдің осындай түрлерін білу лингвистикада диглоссия немесе әдеби диалектикалық қостілділік деп аталады.
Шетелдік ғалымдар еңбектерін талдай отырып, диглоссия ретінде, біріншіден, тілдердің өзара байланысы кезіндегі тұрақты әлеуметтік құбылыс қарастырылатынын, екіншіден, диглоссия қостілділіктен бөлек құбылыс екенін және оның ерекше коммуникативтік қызмет атқаратынын, үшіншіден, диглоссия тек бір тілді қоғамда ғана емес, сонымен қатар көптілді қоғамда да болатынын байқадық.
Кеңес тіл білімінде де диглоссияға әр түрлі анықтамалар беріліп, оның қостілділікпен байланысы түрліше анықтамалар беріліп, оның қостілділікпен байланысы түрліше анықталған. В.А.Аврорин, В.Д.Бондолетов және т.б әлеуметтік лингвистикамен айналысқан ғалымдар тілдің әр түрлі: әдеби, ұлттық, ауызекі сөйлеу, койне, қарапайым, пиджин-креол, аумақтық диалекті сияқты формаларына тоқтала келе, диглоссияға төмендегідей анықтама береді: диглоссия дегеніміз – тұлғаның белгілі бір тілдік ұжым өкілі ретінде түрлі жағдайда бір тілдің екі не одан да көп түрін қолдана алу қабілеті.
Л.П. Крысин диглоссияны әлеуметтік және қарым-қатынастық жағдайлармен тікелей байланыстыра келе, оны тек әр түрлі әлеуметтік жүйеде ғана емес, мәселен, «әдеби тіл – диалект», сонымен қатар сөйлеушінің әдеби тілдің әр түрлі формасын қолдануы кезінде: (кодталған (кітаби) және сөйлеу) де қарастырған. Крысиннің пікірінше, жағдаят пен рөлдік ұстанымның ауысуы кезінде сөйлеу тілінен кітаби тілге өту үдерісі байқалады. Сөйтіп, ол соңында тілдің әр түрлі жүйесін меңгеруді тілдің ішкі диглоссия құбылысы деп қарастыруға болады деп қорытындылайды.
Сонымен қатар Л.П. Крысин диглоссияняң маңызды алғышарттарының бірі сөйлеушінің әр түрлі қарым-қатынас құралдары ішінен қарым-қатынасты толық қамтамасыз ететініне саналы түрде таңдау жасап, оны қолдана алуы болып табылады деп көрсетеді.
Дж.Фишман диглоссияның Ч. Фергюсон еңбектерінде берілген анықтамасын талдай келе, сонымен қатар А.В. Исаченко, Б.А. Успенский, Н.Б.Мечковская жасаған орыс әдеби тілінің тарихына сүйене отырып, диглоссияны қостілділіктің бір түрі деп қарастырып, оның мынадай белгілерін көрсетеді:
- Тілдердің бірі қарым-қатынастың «жоғарғы» саласында (шіркеуде, кітаби-жазба мәдениетте, ғылымда, білім беруде) ғана қолданылып, күнделікті қарым-қатынаста қолданылмайтын керісінше екінші тек күнделікті қарым-қатынаста ғана қолданылатын сипатына қарай тілдің функционалдық бөлінуі;
- Кітаби (жоғарғы) тілдің мәртебесінің болуы (социумның тілдік санасында)
- Мәртебелі тілдің этностан жоғары тұруы, яғни оның белгілі бір этникалық топтың да, белгілі бір әлеуметтік бұқараның да ана тілі болып саналмауы;
- Мәртебелі тілді меңгерудің жасанды (мектептік) сипатта болуы, яғни, мұндай тіл күнделікті өмірде пайдаланылмайтындықтан, оны табиғи жолмен (тұрмыста, ата-анасынан) үйрену мүмкіндігі жоқ. [22.193]
Қазақстандық әлеуметтіклингвистикада Б.Х.Хасанов диглоссияны әдеби тіл диалект деңгейінде түсіндіреді. А.Е.Карлинский диглоссия мен билингвизмді тіл мен әдебиеттің арақатынасы тұрғысынан қарастырып: «Билингвизм туралы айтқанда біз тілдерді ғана емес, сонымен қатар өзіне тән мінез-құлқымен, мәдениетімен ерекшеленетін этникалық қауымдарға тиесілі қос тіл туралы айтамыз. Диглоссияда бір тілдің екі сөйленісі (говоры) немесе бір мәдени-этникалық қауым аясындағы қалыпқа түскен әдеби тілі диалектісіне жататын жеке сөйленістерінің (говорлврының) арақатынасы орын алады» деп көрсетеді.
Э.Д. Сулейменова: «Қазақ және орыс тілдерінің әр түрлі коммуникативтік қуаты қазіргі тілдік жағдайдың өзіне тән сипаты болып отыр. Сондықтан жеке тілдік тұлға үшін де, сонымен қатар қала, жекелеген аймақтар үшін де қазақ-ауызекі сөйлеу тілі – орыс әдеби тілі, креолденген қазақ тілі – орыс-ауызекі сөйлеу тілі» деген диглоссиялық-билингвистік тіркесім тән.
Диглоссия мен қостілділіктің өзара байланысын А.К.Шаяхметова былай көрсетеді: «ауызекі сөйлеу диглоссиясы адамның бір тілді қарым-қатынастың бір саласы үшін білуін талап ететіні теориялық тұрғыдан белгілі, олай болса, адамдарға қостілді болу аса қажет».
«Тіл білімі сөздігінің» авторлары ұжымы диглоссияға мынадай анықтама береді: «Диглоссия – қостілділіктің тілдер мен қолданыс формаларының қолдану саласы бойынша функционалдық бөлінуі тән теңестірілмеген айрықша түрі. Диглоссияда тілді таңдау сөйлеушілердің белгілі бір этникалық топқа жатуына емес, қарым-қатынас жағдаятына байланысты болады».
Әлеуметтік лингвистика өкілдерінің жоғарыда келтірілген пікірлеріне сүйене отырып, қостілділік пен диглоссияның төмендегідей байланысын көрсетуге болады:
- Тілдік қауымдастықта қостілділіктің тек екі тілдің гетерогенді, аралас қолданылуындағы қарым-қатынастың интеграциялаушы құралы ретінде болуы (Б.Хасановтың аталмыш тілдік қауымдастықты қостілділік деп көрсетуі бойынша)
- Тілдік қауымдастықта диглоссияның тілдің әр түрлі жүйелерін меңгеру ретінде көрінуі. Бұл жағдайда сөйлеушілердің коммуникативтік құралдарды саналы түрде таңдай алуы және олардың ішінен қарым-қатынасты толық қамтамасыз ете алатындарын ғана қолдануы аса маңызды болып табылады (Л.П. Крысин) және бұл аталмыш тілдік қауымдастықты диглоссия деп атауға мүмкіндік береді.
- Микроәлеуметтік қауымдастықта қостілділікті екі тілдің синхронды (параллель, алма-кезек, аралас) қолданылуына негізделген гетерогенді социумдағы қарым қатынас құралы ретінде болуы және диглоссияның тілдің әр түрлә жүйелерін меңгеру ретінде көрінуі. Мұнда жоғары көрсеткендей, сөйлеушілердің коммуникативтік құралдарды саналы түрде таңдай алуы және олардың ішінен қарым-қатынасты толық қамтамасыз ете алатындарын ғана қолдануы аса маңызды болып табылады (Л.П. Крысин) және бұл аталмыш тілдік қауымдастықты диглоссия деп атауға мүмкіндік береді.
Зерттеліп отырған жастардың микроәлеуметтік билигвалдық қауымында қызмет ететін қазақ және орыс тілдері қостілділік пен диглоссияның түрлі ұқсастықтарын туындатып, Р.Т.Беллдың: «Мынадай қызық жағдайлар кездеседі: халықтың басым бөлігі қоғам мойындаған бірнеше кодты пайдалана алады, бұл кейде кодтарды функционалдық тұрғыдан бөліп, олардың біреуін келесісінен жоғары қойып бағалау қажет болғанда байқалады» деген сөздерін растап отыр.
Қостілділіктің тілдік қауымдастықтағы диглоссияны жоққа шығармайтыны, керісінше тілдік қауымдастықтың диглоссиялығы да оның билингвалдық тілдік қауымдастық деп аталуына кедергі жасамайтыны біз үшін негізді.
Диглоссия ұғымына жасалған осы қысқаша талдаулар бұл феноменнің differentia specitica бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
- қоғамда бір тілдің екі не одан да көп түрлерінің (бір тілдің екі не одан да көп қолданыс формалары) қызмет етуінің бір кезеңділігі;
- Бір тілдің екі не одан да көп түрлерінің (бір тілдің екі не одан да көп формаларының) әр түрлі функционалдық ортада дәл бөлінуі;
- Сөйлеушілердің бір тілдің екі не одан да көп түрлерін (бір тілдің екі не одан да көп формаларының) саналы түрде бағалауы, терминдермен көрсетсек: «жоғарғы VS. төменгі», «салтанатты VS. күнделікті», «кодталған VS кодталмаған», «нормаланған VS. нормаланбаған» және т.б.
- Диглоссия құрамына тілдік қолданыстардың әр түрлі формалары кіре алады (әдеби тіл VS. диалект, әдеби тіл VS. кәсіби тіл, ауызекі сөйлеу тілі)
Диглоссияның көрсетілген d.S басқа диглоссиялық жағдаяттардың барынша ұзақ тұрақтылығы сияқты белгісін қосуға болады. мәселен ондай диглоссияны көбінесе араб елдерінен байқауға болады.
Тілдік жүйелердің қызмет етуіне сонымен қатар әлеуметтік топтар мен таптардың жақсы жаққа қарай өзгеруі тән.
Қоғамның барлық таптарының жалпы білім деңгейінің көтерілуі әдеби тіл рөлінің артуына қол жеткізсе, қазіргі заманғы ғылым мен техниканың түрлі салалары бойынша мамандану ғылыми техникалық терминдердің дамуына септігін тигізді. Әсіресе бұқаралық ақпаратты құралдардың дамуы әдеби тілдің дамуын қарқындатып, керісінше аумақтық тіл ерекшеліктерімен қарапайым сөздерді тұсады.
Тілдік жүйелердің өзара ықпалдастығын зерделей келе, біз әдеби тіл өзінің даму деңгейіне сәйкес коммуникативтік өызметін арттырып, керісінше диалектілер өзінің қолданыс аясын жоғалтуда деген қорытындыға келдік. Білім деңгейінің көтерілуімен байлансты қаланың қарапайым сөздері де өз қолданыс аясын тарылтып, ішінара аызекі сөйлеу формасында ғана қолданылатын болған, кәсіби жаргондар да жаппай мамандардың біліммен қамтамасыз етілуіне байланысты, әдеби тілге ойысты.
Осы және басқа да мәселелер біздің зерттеу пәнін Л.П.Крысиннің принципі бойынша, яғни қазақ және орыс тілдерінің (кодталған және ауызекі сөйлеу) формасы деп алуымызға себеп болды.
Келесі дәлеліміз, респондентіміздің болашақ зиялы қауымды құрайтын, сөйлеуінде әдеби тілдің әр түрлі формаларын, функционалдық стильдерді қолданатын микроәлеуметтік жастар қауымы екендігі
Сөйтіп микроәлеуметтік қауымдастықта қазақ және орыс әдеби тілдерінің өмірдің әр түрлі салаларындағы екі формасының қызмет етуімен сипатталатын диглоссияда қарастырылады.
«Языкознание» сөздігінде (1990): «Диглоссия – әлеуметтік феномен ретінде сөйлеушілердің өз қолданыстарын «жоғарғы-төменгі» деген баған бойынша саналы түрде міндетті бағалауы болып табылады. Жастардың өздерінің қазақ және орыс тілдерінің кодталған және ауызекі сөйлеу формаларын меңгергендігін бағалауы – бұл бағалау деңгейіндегі диглоссияның анықтамасы».
Жастардың қазақ-орыс тілдерінің кодталған (жазба) және ауызекі сөйлеу тілі формаларын меңгерудегі өзін-өзі бағалауы.
Қазақ тілінде
түрі |
Бағалары |
|||
5 |
4 |
3 |
2 |
|
Кодталған ауызекі сөйлеу тілі |
18 17 15 |
2 3 4 |
0 0 1 |
0 0 0 |
Орыс тілінде
Түрі |
Бағалары |
|||
5 |
4 |
3 |
2 |
|
Кодталған ауызекі сөйлеу тілі |
15 15 14 |
3 5 3 |
2 0 3 |
0 0 0 |
Білім деңгейінің көтерілуі жеке сөздік қорды меңгеруімен байланысты жаңа техника мен өндірістің көп салаларындағы мамандардың жетілдіруіне әкелді.
Микоәлеуметтік жастар қауымдастығында әдеби тілдің (кодталған) қызметтің түрлі саласында көп жағдайда бір мақсатқа жұмылған түрі қолданылады.
Барлық мүмкін болатын конференциялар, жиналыстар, симпозиумдар, талқылаулар ел-жұрт алдында сөйлеумен іске асады.
Қазіргі кезде қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесінің берілуіне байланысты терминологияның дамуы мен стильдер қызметі актуалды проблема болып отыр және тіршілігіміздің барлық саласында қолданылады. Саяси-қоғамдық, мәдени, ғылым мен оқу терминологияларының барлығы орыс тілі негізінде құрылған, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықаралық (терминдер) сөздік қорға түрік тілдерінің әсері зор болды. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің экономика, ғылым және техникада арнайы терминдер әдебиеті жетіспеді.
Әлеуметтік лингвистикалық бітіру жұмысымда жастар арасындағы диглоссияға қарап, мынадай қорытынды шығардық:
- Жастар микроәлеуметтік қауымдастығында қазақ және орыс тілдерінің кодталған және ауызекі сөйлеу тілі қолданылады.
- Қолданылу аясына қарай диглоссияның қайсысы – Н – жоғары, қайсысы – L – төмен екенін анықтауға мүмкіндік туады.
- Диглоссия қазақ әдеби тіл және орыс әдеби тіл деген қатынаста талданды.
- Нәтижеге қарап, респонденттердің қазақ әдеби тілін жақсы меңгергені, орыс тілін ауызекі сөйлеу түрінде меңгергенін көреміз.
Біздің аналогиямыз бойынша диглоссия жазба тіл деңгейінде қазақ-орыс тілдері, ауызекі сөйлеуде қазақ-орыс тілдері қолданылатынын көреміз.
Қарастырылған деректер бойынша, диглоссияны тілдің жоғары дәрежеде кодталған тіл – ауызекі сөйлеу тілі деңгейінде өмір сүретінін көреміз. Тілдердің қолданылуы оның оқу спецификасына тәуелді болып, оның түзетулерін көрсетеді. Бұл дәрежеде диглоссия екі тілді әр түрлі формада тең пайдалану болып табылады.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығында Н болып табылады. Бұл Ч:Фергюсонның зерттеуі бойынша, екі есе диглоссия (двойная диглоссия) болады.
Диглоссия қызметінің алдағы уақытта әдеби тіл дәрежесінде келесі факторлар арқылы көреміз:
- Әлеуметтік факторлар (зиялы қауымның көбеюі, адамдардың жаппай қалаға көшуі, тұрғындардың жақын қоныстануы, оқу, білім, мәдениет, мамандануда деңгейдің өсуі).
- Мемлекеттік реттеу (іс-қағаздарды міндетті түрде мемлекеттік тілде жүргізу, телерадио бағдарламаларды жүргізуде қазақ-орыс тілдерін 50% ұстау, мемлекеттік тілді оқу міндеттілігі).
- Диглоссия тілдік жағдайдағы бір құбылыс ретінде кез келген микроәлеуметтік қауымдастыққа қатысты болып, соның ішінде студенттер мен оқушылар қауымында да қаралады.
Ч.Фергюсонның пікірі бойынша, диглоссиялы қоғам бірнеше ұрпақ ауысқанға дейін тілді сақтай алады. Тілдерді ауыстыру жағдайында диглоссия әлеуметтік лингвистикада тілдерді сақтау факторы болып табылады.
Тілдердің микроәлеуметтік қауымдастықтағы өмір сүру формасы диглоссияның сипаттамасы болып табылады.
В.В.Аврорин тілдердің өмір сүру формасының негізгі және қосалқы түрлерін анықтайды. В.Д.Бондолетов негізгі түрлеріне: халықтық сөйлеу тілі, әдеби тілі, койне, қарапайым сөйлеу тілі, пиджин тілі, креол тілі, аймақтық диалектілер, әлеуметтік диалектілерді жатқызады. Қосалқыларға арго, жаргон, салттық тілдерді, жыныстық тілдерді, ерекшеленген топтар тілдерін т.б. жатқызады.
Р.Г.Белл ағылшын тілін мысалға келтіре отырып, тілдердің он түрлі өмір сүру сипатын көрсетеді. Тілдердің әр түрлі сипаттағы өмір сүру түрлері еркін және түрлене алады.
Қазақ-орыс тілдерінің микроәлеуметтік жастар билингвалды қауымдастықтағы диглоссиялы жағдайдың характеристикасы болатын өмір сүру формаларын қарастырып, біз қазақ-орыс тілдерінің микроәлеуметтік жастар билингвалды қауымдастықтағы диглоссиялы жағдайдың характеристикасы болатын өмір сүру формаларын атлдай келе, біз әдеби тілдің кодталған және ауызекі сөйлеу түрін қарастырамыз.
Бірінші кестеде студент жастардың қазақ және орыс тілдерін кодталған сөйлеу түрінің нәтижелері көрсетілген.
Кодталған түрі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Екі тіл |
Көркем әдебиет |
7 |
4 |
9 |
Газет-журнал |
3 |
7 |
10 |
Теледидар |
0 |
8 |
12 |
Радио |
0 |
11 |
9 |
Компьютерді пайдаланғанда |
5 |
8 |
7 |
Екінші кестеде мектеп оқушыларының қазақ және орыс тілдерін кодталған сөйлеу тілінің нәтижелері көрсетілген
Кодталған түрі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Екі тіл |
Көркем әдебиет |
9 |
3 |
8 |
Газет-журнал |
6 |
4 |
10 |
Теледидар |
4 |
4 |
12 |
Радио |
6 |
5 |
9 |
Компьютерді пайдаланғанда |
5 |
6 |
9 |
Берілген кестеде көркем әдебиет пен телерадио бағдарламаларда қазақ-орыс тілдерінің кодталған түрін жастардың пайдалануын көрсетеміз. Көркем әдебиет оқуда респонденттердің, 11 сынып оқушыларының студенттерге қарағанда қазақ тілінде көркем әдебиет, газет-журнал көп оқитынын көреміз. Студент жастардың арасында қазақ тілінде теледидар көру, радио тыңдау кездеспейді. Бұдан шығатын қорытынды студент жастарға қарағанда оқушылардың мемлекеттік тілді пайдалануы кеңірек екенін көруге болады. Аталған мектеп оқушылары қазақ гуманитарлық-өнер гимназиясында білім алады және онда қазақ тілі сағатының көп бөлінгені жайлы да атап өткен жөн.
Қостілділіктің рөлі кодталған әдеби түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеріледі (газет, теледидар, кино, радио).
Берілген хабар респондентке мазмұнын оқу бағытында ғана әсер етпейді, сонымен қатар сөйлеуді реттеп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат құралдары қызмет ету үрдісі мен терминологиялық лексиканың дамып жетілуіне әсер етеді. Әсіресе бұл қоғамдық ғылымдар саласына қатысты. Мұнда орыс тілі көп қолданылады, кейінгі кезде ағылшын тілі де қолданыс аясында. Бұқаралық қарым-қатынастың микроәлеуметтік жастар қауымдастыққа әсерін арнайы лексика, сөйлеу мәдениетінің көтерілуі, қазақ тілінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы кодталған түрін қолданатын респонденттердің көбеюінен байқауға болады.
Қазақ-орыс тілдерін ауызекі сөйлеу тілі түрінде қолдануын респонденттердің ресми емес ортада сөйлеу қарым-қатынасынан көруге болады.
Қарым-қатынас ортасы бір-бірімен туыстық, этникалық, әлеуметтік (аймақтық) қарым-қатынаста қалыптасатын адамдар қауымдастығы болғандықтан, кестеде микроәлеуметтік қауымдастықтың негізгі қарым-қатынас ортасы көрсетіліп және қазақ, орыс тілдерінің әсері анықталады.
Қазақ-орыс тілдерінің ауызекі сөйлеу түрі.
Бірінші кестеде студент жастардың қарым-қатынас ортасындағы тілдерді қолданылуы көрсетілген
Ауызекі сөйлеу тілі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Өзге тіл |
Ата-ана |
12 |
8 |
0 |
Достар |
10 |
10 |
0 |
Туыстар |
11 |
9 |
1 |
Қазақ достар |
18 |
2 |
0 |
Орыс достар |
0 |
20 |
0 |
Көршілер |
12 |
6 |
2 |
Дүкенде |
11 |
9 |
0 |
Көлікте |
11 |
9 |
0 |
Екінші кестеде мектеп оқушыларының қарым-қатынас ортасында тілдерді қолдануы көрсетілген
Ауызекі сөйлеу тілі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Өзге тіл |
Ата-ана |
13 |
7 |
0 |
Достар |
11 |
9 |
0 |
Туыстар |
13 |
7 |
0 |
Қазақ достар |
16 |
3 |
1 |
Орыс достар |
0 |
20 |
0 |
Көршілер |
10 |
9 |
1 |
Дүкенде |
11 |
9 |
0 |
Көлікте |
11 |
9 |
0 |
Отбасы ана тілдің дамуы мен сақталуының негізгі ордасы болып табылады. Қазақ отбасыларында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге құрметпен қарайды, сондықтан үлкендермен, көбінесе, қазақ тілінде сөйлеседі. Бірақ қазақ тіліне орыс тілінің әсері, оның күнделікті өмірдегі спонтанды сөйлеу тәжірибесін әлсіретеді.
Берілген кестелерді салыстыра келе, қазақ тілі әдеби тілден гөрі ауызекі сөйлеу түрінде жоғары екенін көреміз. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, белгілі бір халық саны сол тілде сөйлесе, ол тіл тірі. Бұл жерде басқа да факторларды атап өткен жөн: ұлттық сана-сезімнің өсуі, өзін ұлтқа танудың қалыптасуы.
Қоғамдық орындарда көптілді орталарда қазақ, орыс тілдерінің қызметтестігі анық көрініс табады.
Тілдік категориялар қызметіне үлкен әсер ететін сөйлеудің метериалдық реализациясының түрі (ауызша, жазбаша), сонымен қатар ғылыми еңбектер, берілген ғылыми жаңалықтардың мазмұндық ерекшеліктері (ғылымның қай саласына жатуына байланысты). Сөйлеу тілі, көбінесе, ауызша түрде көрініс табады. Соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша, ауызша жұрт алдында сөйлеу кодталған әдеби тіл заңы бойынша құрылады.
Қазақ тілінің кодталған түрін дамыту үшін оның жазбаша түрін дамыту керек.
Сөйлеу қызметінің түрлері: сөйлеу – тыңдау, хат жазу – оқу қарым-қатынас түріне байланысты қосарланады. Сөйлеу — хат жазу, тыңдау – оқу мәлімет алу, я беруіне байланысты сипатталады.
Сөйлеу – тыңдау қарым-қатынастың ауызша сөйлеу тілі болып табылады. Хат жазу – оқу уақыт пен қашықтық арасындағы қатынас түрі, жазбаша сөйлеу түрімен қалыптасады.
Сөйлеу – хат жазу ойды, сезімді, түрлі тұлғаның қалауларын сыртқа шығаратын үрдіс.
Тыңдау – оқу хабарламаның интерпретациясын, қабылдау үрдісін ұйымдастырады.
И.А. Зимняя сөйлеу қызметінің түрлерінің сипатына мынандай анықтама береді: « Сөйлеу қызметінің түрлері – тыңдау, сөйлеу, оқу, хат жазу мынандай екі негіз бойынша анықталады: қарым-қатынас түрі және сөйлеу әрекетінің бағдарының сипатына қарай «ойдан сөзге» немесе «сөзден ойға»[10.141].
Европалық сөйлеу қоржынында сөйлеуді осы түрлеріне үлкен назар аударылады. Сөйлеудің келесі түрлерін негізге ала отырып, тілді меңгеру дәрежесе мен тілддерді меңгерудің мәртебесі анықталады.
Бітіру жұмысында респонденттердің сөйлеу қызметінің бұл түрлерін актив және пассив деп қарастырамыз.
Тілдердің өмір сүру түрлерін талдау нәтижесінде бұл белгілі бір микроәлеуметтік қауымдастықтағы қарым-қатынасқа жеткілікті коммуникативтік тіл нұсқаларының реттелген және өзара қарым-қатынастағы жүйесі болып табылады. Тілдердің өмір сүруінің жоғарғы түрі болып кодталған әдеби тіл болып саналады. Микроәлеуметтік қауымдастықтың сыртында тілдердің өмір сүру түрлерінің барлығы тілдік құралдардың ерекше құрамы әлеуметтік дәреже, нормасының спецификасфмен сипатталады.
Ұсынылып отырған бітіру жұмысында кодталған және ауызекі сөйлеу түріндегі қазақ және орыс әдеби тілдері қарастырылады. Сөйлеудің актив және пассив түрлеріне ерекше назар аударылады.
Нәтижеге сүйене отырып, сөйлеудің актив түрінде оқуда, мәлімет алуда орыс тілінің доминанттылығын көруге болады. Қазақ тілі кодталған және ауызекі сөйлеу тілінде де қолданылады. Оның мәлімет алуда болашақта дамуын қамтамасыз ету үшін жазбаша түрін дамыту керек.
Микроортадағы тілдік коммуникация қатынастың жеке түрінде сипатталады. Жеке тұлғаның әртүрлі әлеуметтік рөлдерге енуіне байланысты микроорта сандары көбейіп отырады. Микроорта арқылы қоғамдық орта мен тұлғалар қарым-қатынасы пайда болады.
Әрбір жеке тұлға үшін тілдің әлеуметтік маңызы сол тілдің қызметі арқылы қол жеткізетін көптілді қоғамдағы тілдік тәжірибе детерминанттары болатын мәртебелі индекстер жиынтығымен анықталады.
Нағыз мәртебелі индекстер ортасы мыналар: тілдің қоғамдық қызметінің көлемі, оның қлданыс аясының әлеуметтік маңызы, әлеуметтік беделі, сол тілде сөйлеушілер саны, олардың аймақтық орналасу тұтастығы, тілдің ресми мәртебесі, оның алғашқы дамуының кепілдігі.
2001-2010 жж арналған тілдер қызметіне байланысты мемлекеттік бағдарлама бойынша мектептер мен жоғары оқу орындарында орыс тілді ортаның әлі де басым екенін көруге болады. Білім министрлігі берген деректер бойынша 1999-2000 жж оқу жылындағы республикадағы 3,5 млн мектеп оқушыларының 1,6 млн қазақ мектебінде оқыған, 1,5 млн орыс мектебінде оқыған.
Тілдер қызметіне байланысты мемлекеттік бағдарламаның деректері бойынша аралас мектептер қазақша оқу пропорционалдығының дұрыс еместігіне байланысты өз ортасынан ажыратылып, сәйкес болмай жатудың проблемасы.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламада қазақ мектептерінде мұғалімдердің білім беру деңгейінің төмендігі аталып өтіледі. Салыстырмалы түрде қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелер саны орыс тілді мекемелерімен салыстырғанда 25 %-ін құрайды.
Сондықтан тілдер қарым-қатынасын мемлекеттік реттеу кеңістігінде аса үлкен лингвистикалық қабылдағыштығымен ерекшеленетін ұрпақты көреміз. Жоғары оқу орындарында орыс тілді орта әлі де басым болып отыр.
Тілдерді қолдануға тәуелді корреляция (түзету) жүгізе және білім саласында жоғары оқу орындарында, орыс тілі экономикада басқару жүйесінде қазақ тілімен салыстырғанда адекватты түрде көрініс табады. Мемлекеттік мекемелерде орыс тілі әлі басыңқы рөл атқарады. Қалалы жерде өмір сүру де тілді қолдануға әсер етеді.
Соған қарамастан қазақ тілді ортаның өсуіне пайдалы мынадай көрсеткіштер бар: 1) қазақ тілді тұрғындардың көбеюі, 2) қазақ тілінде білім беретін мемлекеттік мекемелер санының көбеюі (балабақшалар, мектептер, унтверситеттер), 3) қазақ тілді орта қалыптастыруға қызмет ететін ұлттық мәдениетіміздің қайта жаңғыруы.
Жұмысқа байланысты тапсырмалар бойынша қарым-қатынас ортасының тілдер қызметінің әсеріне қатысты сұрақ қарастырылады. Тілдік орта микроәлеуметтік қауымдастықта тілдік тәжірибе болып, қоғадық қызметтің түрлі саласындағы тілдердің әртүрлі өмір сүру түріне қызмет етеді.
Тілдік ортаны бөліп қарастырудағы негізгі критерий мынада, тілдік орта қызмет ету кеңістігінің бір ғана саласында көрінеді.
Сөйлеудің екі түрі ауызекі және жазбаша тілдік орта негізін қалыптастырады, бірақ шынайы тілдік ортаның дамуы мен қалыптасуында спонтанды сөйлеу шешуші қызмет атқарады. Тілдік орта белгілі бір әлеуметте қалыптасады. Тілдік ортаның маңызды факторлары тілді таңдау көрініс табатын тілдік қарым-қатынас.
В.А. Аврориннің қарым-қатынас ортасын анықтауда бұл құбылыстың табиғатын ашып көрсетеді: «тілдік жағдайдың бұл компоненті тілмен тығыз байланысты, бірақ тілден тыс, тілде ескерілмейді. Дегенмен онсыз өмір сүрмейді»[11.102].
Тілдер қызметіндегі тілдік ортаның маңызды рөлі қазақстандық ғалымдар еңбектерінде аталады (Б.Х. Хасанов, Н.М. Кумарова, Г.С. Суюнова,т.б.).
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қарым-қатынас ортасы тілдер қолданысын анықтайтын фактор ретінде мынандай тұжырымға келеді:
- Тілдер қызметіне қарым-қатынас ортасы үлкен әсер етеді, бірінші бөлімде қазақ, орыс тілді ортаның қалыптасуына байланысты факторлар қарастырылады;
- Біз қарастырған микроәлеуметтік қауымдастық орыс тілді және көптілді ортаның әсерімен қалыптасты. Біз құрған респонденттердің тілдік биографиясы бойынша микроәлеуметтік қауымдастықта мектепке дейін, мектепте, жоғары оқу орындарында көптілді ортаның әсерінде болғанын көруге болады.
Ортаның тілдер қызметіне әсерін қарастыру нәтижесінде:
- Тілді оқу құралы ретінде пайдалану қарым-қатынас ортасын кеңейтеді. Сондықтан қазіргі кезде тілдік орта факторын есепке ала отырып, оқу бағдарламасын құру қажеттілігі туындайды;
- Оқу бағдарламасы, ең алдымен, тілдік орта негізі болатын сөйлеу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс;
- Тілдік орта құру үрдісіндегі лингвистикалық қамтамасыз етуде мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасында олардың білім алу спецификасына сәйкес қазақтарға бөлек, басқа ұлт өкілдеріне бөлек бағдарламалар жасалу керек. Мысалы, оқу құралдары терминологиялық қостілді сөздіктер, студенттерге лингвоелтануда сәйкес бағдарламалар жасалуы тиіс.
Тілдер қарым-қатынасы мен олардың өмір сүру түріне әсер ететін тілдік жағдайдағы маңызды фактор ретінде қарым-қатынас кеңістігін атаймыз.
Әлеуметтік лингвистикалық еңбектерде әртүрлі қарым-қатынас кеңістіктері көрсетіледі. Олардың 3-тен 22-ге дейін түрге бөледі. В.А. Аврорин 12 қарым-қатынас кеңістігін қарастырған. Л.Б. Никольский 6 түрін көрсетеді. С.Т. Саина 8 түрін зерттеді, Ю.Д. Дешериев, Х. Орусбаев 22 қарым-қатынас кеңістігін қарастырады. Б.Х. Хасанов екі тілге де сәйкес келетін 22 қоғамдық қолданыс аясын қарастырған.
Қостілділікті микроәлеуметік жастарқауымдастығының негізгі сипаты ретінде қарастыруда мыналарға тоқталамыз:
- Микроәлеуметтік жастар қауымдастығында қостілділіктің типологиялық ерекшеліктері қойылды;
- Біріншіден, қостілділіктің үш түрінен микроәлеуметтік қауымдастықта оқу үрдісінде және топ ішіндегі қарым-қатынас топтық қостілділік қызмет етеді;
- Екіншіден, жалпы бір жақты қазақ, орыс қостілділігіне орыс, қазақ қостілділігі сирек болса да қосылады;
- Үшіншіден, микроәлеуметтік қауымдастықта жасанды және шынайы қостілділік респонденттер арасында кездеседі;
- Төртіншіден, қостілділіктің аралас және таза түрлерінен аралас түрі көп тараған;
- Бесіншіден, қызметтік қостілділікті құру тенденциясы байқалады.
Негізгі принципті шығатын түйін мыналар: микроәлеуметтік қауымдастықта қостілділік политипологиялық болып сипатталып, оның жоғарғы деңгейіне қарап, билингвалды деп тұжырымдауға болатынын көрсееді.
Респонденттердің паспортын құруда олардың балалық шағынан бастап екі тіл қызмет етін ортада өскенін көруге болады. Ана тілі категориясы этнолингвистикалық категория болып табылады. Сауалнама бойынша респонденттердің жасы үлкен болған сайын олардың орыс тілге бейімділігін байқауға болады. Олардың туған жері тілдерді қолдануына үлкен әсер етеді. Қалада туған респонденттер орыс тілін көп қолданады. Ауылды жерде туған респонденттер қазақ тілін көп қолданады немесе қалаға келуімен байланысты қостілді болып келеді. Сонымен қатар респондент жастардың тілдерді меңгеруі мен оларды қолдануына ата-аналарының туған, өскен жерінің де әсерін көруге болады. Себебі, ауылды жерде тәрбиеленген адамның қазақ тілі бірінші тілі ретінде балаларының да бірінші тілі ретінде қалыптасуының негізін қалайды. Қала тұрғындарының көп жағдайда бірінші тілі орыс тілі болып табылады.
Тілдерді меңгеру деңгейіне қарап, мынандай ерекшеліктерді атауға болады:
- Тілдерді меңгеру деңгейлерінің теориялық концепциялары қаралды;
- Микроәлеуметтік қауымдастықта тілдерді меңгеру деңгейінде қазақ тілі басым болып тұрады;
- Орыс тілі ауызекі сөйлеуде, ақпарат алуда басымдық танытады;
- Н.Б. Баскаковтың әдісін пайдалана отырып респонденттердің тілді меңгерудегі өзін-өзі бағалауында тілдерді үйрену ретінің әсері болатынын көрсетеді.
Теориялық жұмыстағы талдау негізінде зерттеуде диглоссия микроәлеуметтік жастар қауымдастығының тұрақты қасиеті болып табылады. Әлеуметтік лингвистика ғалымдарының пікірлері бойынша диглоссия мен қостілділік мынандай қатынаста өмір сүреді. Диглоссия қостілділікті жоққа шығармайды. Қостілділік те диглоссияны жоққа шығармайды. Жұмыста диглоссия қазақ, орыс тілдерінің әдеби деңгейде (кодталған және ауызекі) сөйлеу түрлерін қарастырады.
Жұмыста диглоссияның негізгі ерекшелігіне респонденттердің бес балдық жүйемен өзін-өзі бағалауда «жоғары-төмен» шкаласы бойынша сөйлеулеріне қарап шығарған нәтиже негіз болады. Нәтиже бойынша қазақ тілі ауылда туған, өзі де, әке-шешесі де ауылды жерде тәрбие алған жастар арасында «жоғары» болып келеді, тілі орыс тілінде шыққан, ата-анасы да, өзі де қалада туған, ұлттық сана-сезімінің көтерілуіне байланысты қазақ мектебінде, қазақ бөлімінде оқитын жастар арасында орыс тілі жоғары болып келеді.
Жұмыста тілдердің өмір сүру түрі диглоссияның сипаты болып табылады. Біз қарастырған микроәлеуметтік қауымдастық тілдердің өмір сүруінің жоғарғы түрі әдеби тіл (кодталған және ауызекі сөйлеу тілі) талданды. Нәтиже бойынша қазақ тілінің әдеби түрі микроәлеуметтік қауымдастықта ауызша және жазбаша түрде де басым болып келеді. Орыс тілі де кодталған және ауызекі сөйлеу түрінде қолданылады. Қазақ тілінің әдеби түрін дамыту үшін оның жазбаша түрін дамыту қажет. Сөйлеудің актив және пассив түрлерінде қазақ, орыс тілдерінің көрсеткіштері қарайлас болып келеді. Микроәлеуметтік қауымдастықтың жайлап қазақ тіліне көшу үрдісін байқауға болады.
Зерттеуде тілдерді қолдануды анықтайтын негізгі факторлардың бірі тілдік орта. Көптілді ортада орыс тілінің қолданысы жоғары. Сонымен қатар, тілдік ортаның тілдері қолдануға әсер ететін жағымды және жағымсыз түрлері бар. жағымды факторлардың ішінде негізгісі мыналар: этникалық құрылымның сан жағынан көбеюі, ұлттық сана-сезімнің өсуі. Жағымсыз көрсеткіштерге қазақ тілді балабақшалар мен тәрбиелеу мекемелерінің жетіспеуі, орыс тілінің пайдасына шешілетін аралас мектептердің санының көптігі, мектепте, жоғары оқу орындарында көптілді ортаның негізі болып табылатын және қазақ тілінің қолданысын төмендететін орыс тілді бөлімдердің көптігі.
Тілдердің бір-біріне әсерін сипаттайтын ықпал етуші тілдік жағдайдың маңызды компоненті ретінде қарым-қатынас кеңістігі болып табылады. Жұмыста респонденттердің негізгі қарым-қатынас кеңістіктер анықталған: тұрмыстық-шаруашылық, қоғамдық, оқу-білім, бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақ және орыс тілдері көп немесе аз дәрежеде тілдік жағдайды диглоссиялық-билингвалды қатынаста етіп, аталған кеңістіктердің барлығында параллель қызмет етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, тарихи, экономикалық, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-демографиялық факторлары көрініс табатын зерттеудің әлеуметтік аспектісі контексте үлкен ауқымды тілдік жағдайды бағалауға мүмкіндік жасайды. Тіл – қоғам.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.
Қостілділік микроәлеуметтік қауымдастық сыртында, қоғамда бүтіндей әлеуметтік сұранысқа сай дамып, мемлекет, қоғам тарапынан саналы түрде реттеліп отырылады және микроәлеуметтік қауымдастық өзінің параметрлерімен көрініс табады.
Қостілділіктің ең көп тараған түрі қазақ-орыс қостілділігі. Бұл қостілділік барлық коммуникативтік кеңістікте әр түрлі формада келіп және қарым-қатынастық қолданыс аясы мен мақсатына қарай, сөйлеу жағдайы мен сөйлеу құрметтілігіне қарай, стилистикалық түрлеріне қарай қолданылады. Екі компоненті де әдеби тілдің сөйлеу формасымен берілген қазақ-орыс қостілділігінің әлеуметтік базасы кең.
Қазақ-орыс қостілділігінің екі компоненті де бір-біріне әсер етуші әдеби тілдің кодталған түрімен ерекшеленеді.
Біз қарастырған микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдері қызмет ету аясына қарай әр түрлі қуаттылықтарымен ерекшеленеді. Осыған орай, диглоссия микроәлеуметтік жастар қауымдастығының тұрақты бір белгісі ретінде сипатталады.
Тілдік жағдайдың маңызды компонентінің бірі ретінде тілдердің бір-бірімен әрекеттестікте болуына әсер ететін және олардың өмір сүруінің бір түрі қарым-қатынас кеңістігі болып табылады. Қарастырылған респонденттердің қарым-қатынас кеңістігі олардың қарым-қатынастық қуаттылығын айқындауға мүмкіндік жасайды.
Зиялы қауымның көбеюі, урбанизация, түрлі қабаттар мен тұрғындар тобының жақындастығы, білім, мәдениет, білік деңгейінің өсуі сияқты әлеуметтік факторлардың өзгеруі тілдердің өмір сүру формаларының ұқсастығына әкеледі. Микроәлеуметтік жастар билингвалды қауымдастығы өзінің қызметінің спецификалық күшіне қарай, қарым-қатынаста қазақ және орыс тілдерінің әдеби (кодталған және сөйлеу тілі) түрлерін қолданумен сипатталады.
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің нәтижесін талдай келе, тілдердің өміршеңділігі мен дамуын көрсететін анық критерийлермен сипатталатын екі тіл де микроәлеуметтік қауымдастыққа қызмет етеді. Зерттеушілер (Ю.В.Михалченко, Н.Б.Мечковская, Е.Д.Сулейменова, Д.К.Аханова және т.б.) тілдердің өміршеңділігін келесі факторлармен белгілейді: әлеуметтік билингвизм, индустрализация және басқа да экономикалық өзгерістер әлеуметтік ұжымдағы тілдердің жағдайы; мектеп тілі және үкіметтің басқа да әсерлері; этникалық топтардың саны; некенің этникалық сипаты, баланың мектепке дейінгі тәрбиесі; этникалық топтардың орналасуы, сол тілде сөйлеуші адамдардың тұратын жері, мәдениет саласындағы акценттердің қосылуы, ұлттық сана-сезім және басқа да әлеуметтік-психологиялық факторлар.
Осы жұмыста микроәлеуметтік жастар қауымдастығы мемлекеттік тілдің қызметіне байланысты жағымды факторлармен қатар жағымсыз факторлар (проблемалы сұрақтар) белгіленді: оқулық, оқу әдістемелік құралдардың жетіспеуі, мамандыққа қатысты ғылыми әдебиеттердің болмауы, жастарға қажетті компьютер, интернет сияқты жүйелердің қазақ тілінде болмауы, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде болмауы.
Республиканың тілдік өмірі оның басқа жақтары сияқты тілдік жағдайға әрдайым түзету (корректировка) жасап отыру керектігін көрсетеді.
Мемлекеттік тілдің болашақтағы қызметінің дамуы үшін Қазақстан ғалымдары ұлттық мектептерді дамыту, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сағаттарды көбейту , мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытатын сыныптар, факультативтер ашу, кваликацияланған ұлттық кадрларды жетілдіру, инженерлік-техникалық бағыттағы мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлу; мемлекеттік басқару және экономика саласында кадрлар дайындау, мемлекеттік тілдегі сапасы жоғары және түрлері кеңейтілген телерадио бағдарламаларын дайындау; ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына байланысты кітап қорларын байыту; тілдердің жалпы қоғамдағы қызметін реттейтін әлеуметтік жұмыстарды жалғастыру керектігін айтады (Хасанов Б.Қ., Сүлейменова Е.Д., Ахметжанова З.К., Абасилов Л.М., Асенов М., Калмыков С.).
Біз қарастырған микроәлеуметтік жастар қауымдастығында мемлекеттік тілдің өміршеңділігін көтеруге ұсынылатын шаралар диглоссиялық пен мемлекеттік тілдің қоданылу аясын кеңейту арқылы біртіндеп орыс тілінен қазақ тіліне көшу, тілдер қызметіне байланысты мемлекеттік бағдарламада аймақтық аспектіні ескеру керек: ұлттық мамандарды жетілдіруде оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындау, мемлекеттік тілдегі біртілдік оқыту жүйесін қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Мемлекеттік тіл саясаты. Государственная языковая политика. – Алматы, 2005
- Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде. Республикалық дөңгелек үстелдің материалдары. Астана, 2006
- Хасанов Б.Х. Социально-лингвистические проблемы функционирования казахского языка в Республике Казахстан. Афтореферат дисс.доктора филол.наук. –Алматы, 1992. – 44 стр.
- Досмухамедова Г.А Функционирование казахского и русского языков в микросоциальной общности: Дис. Канд. Филол. Наук А,2ОО2-113стр[
- Беликов В.И., Крысин Л.П. Социолингвистика. –М., 2001. –460 стр.
- Шмелев Ю.А. Социолингвистическая модель в комплексном исследовании языковых ситуации // Язык в контексте общественного развития. –М., 1994. -345 стр.
- Лингвистика на исходе ХХІ века: Итоги и перспективы (материалы конференции). –М., Вестник МГУ. –Серия филол. -1995. -№5.
- Михальченко В.Ю. Развитие литовского языка и литовско-русского двуязычия (социолингвистический аспект) // Автореф.дисс.доктора филол.наук. М., -1984. -50 стр.
- Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж. Краткий словарь социолингвистических терминов. Алматы, 2002. -170 стр.
- Зимняя И.А. Психология обучения неродному языку. М., 1989. -219 стр.
- Хасанов Б.Х. Казахско-русское художественно литературное двуязычие. Алматы, Рауан, 1990. -191 стр.
- Язык и моделирование социального взаимодействия. Б.: БГК им. И.А. Бодуэна де Куртене, 1989. -464 стр.
- Абасилов А.М. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, оларды шешу жолдары: Фил. ғыл. канд. авторев. – Алматы, 1998
- Проблемы двуязычия и многоязычия. М.: Наука, 1972. -359 стр.
- Проблема развития казахско-русского двуязычия / Сборник трудов. Караганда, 1990. -117 стр.
- Сулейменова Э.Д. Языковая ситуация в Казахстане // Язык, культура и образование: Статус русского языка в станах мира. М., — Вашингтон, 1997. -113-122 стр.
- Суюнова Г.С. речевое поведение казахов-билингвов // дисс.канд.филол.наук. Алматы,1995. -193 стр.
- Сулейменова Э.Д. Языковая ситуация в Казахстане: приоритеты и реальность / доклад. Хельсинки. Конгресс лингвистов. 1996.
- Карлинский А.Е. Двуязычие и межэтническая коммуникация // Актуальные проблемы межкультурной коммуникации и перевода / материалы международной конференции. КазГУМОиМЯ. им. Абылай хана. Алматы, 2001.
- Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. М.,1996. -206 стр.
- Асанбаева С.А. Жарнама саласында мемлекеттік тілді қолдануды социолингвистикалық өзекті мәселелері: фил.ғыл.канд.авторев. – Алматы, 1999
- Досмухамедова Г.А. Употребление языков микросоциально общности // международная конференция МАПРЯЛ «Русский язык в социально-культурном пространстве ХХІ века». Тезисы докладов и сообщений. Алматы, 2001. -229.
- Қайдар Ә., Айтбайұлы Ө. Тіл майданы. – Алматы, 2000
- Досмухамедова Г.А. Среда общения как фактор, определяющии употребление языков в микросоциальной общности // «Валихановские чтения – 6». Материалы международной научно-практической конференции, посвященный 10-летию Независимости Республики Казахстан. –Кокшетау,2001. –Т. 4. – с.125-128.
- Досмухамедова Г.А. Регулирование функционирования языков в микросоциальной общности // материалы международной научно-практической конференции « Язык, перевод и современные технологии обучения языкам». Алматы, 2002. –с.312-316.
- Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Смагулова Ж.С. Новая языковая идентичность в трансформирующемся обществе: Казахстан, Кыргызстан, Таджикистан, Узбекистан. Методологии исследования. Алматы,20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН СӨЗДІКТЕР:
- Тіл білімінің сөздігі. – Алматы, «Ғылым», 1998.
- Лингистический энциклопедический словарь. –Москва, 1990.
- Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж. Словарь социолингвистических терминов.
- Қазақша-орысша орысша-қазақша сөздік. «Қазақ энциклопедиясы». –Алматы,1993.
- Қалиев Г. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі – Алматы, 2005
- Қазақ тілі энциклопедиясы – Алматы, 2003
- Терминология хабаршысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бюллетені. – Астана, 2003-2006
ҚОСЫМША
САУАЛНАМА
Сіздің қазақ-орыс тілдерінің қостілділік ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілетін әлеуметтіклингвистикалық зерттеуге қатысуыңызды сұраймын. Зерттеудің құндылығы берілген сұрақтарға ашық, дәл және дұрыс жаап беруңізге байланысты болады.
- Туған жылыңыз.
- Жынысыңыз әйел ер
- Туған жеріңіз
Қала ауыл
- Қалада қашаннан бері тұрасыз?
Бес жылдан аз Бес-он жыл Он жылдан көп
- Ата-анағыз қай жерде туды?
|
әке |
Шеше |
Ауылда |
|
|
Қалада |
|
|
- Сіз мектепке дейін қай тілде сөйледіңіз?
Қазақ орыс өзге тіл
- Сіздің ана тіліңіз?
Қазақ орыс өзге тіл
- Сіздің пікіріңіз бойынша, мемлекеттік радио және телеарналар торабы қай тілде таралуы тиіс?
Қазақ орыс өзге тіл
- Сіз қай тілді пайдаланасыз? (бірнеше жауап белгілеуге болады)
|
қазақ |
Орыс |
Өзге тіл |
Мектепте |
|
|
|
Ата-анаңызбен |
|
|
|
Достарыңызбен |
|
|
|
Туыстарыңызбен |
|
|
|
Көршілеріңізбен |
|
|
|
Дүкенде |
|
|
|
Көлікте |
|
|
|
Газет-журнал оқығанд |
|
|
|
Көркем әдебиет оқығанда |
|
|
|
Радио тыңдау үшін |
|
|
|
Теледидар көру үшін |
|
|
|
Компьютерде жұмыс істегенде |
|
|
|
- Ата-анаңыз қай тілде сөйлеседі?
Қазақ,орыс,өзге тіл |
әке |
шеше |
Үйде |
|
|
Қазақ әріптестерімен |
|
|
Қазақ туыстарымен |
|
|
Қазақ көршілерімен |
|
|
Қазақ достарымен |
|
|
- Ұлтыңызды көрсетіңіз.
Сіздің ұлтыңыз |
Әкеңіздің ұлты |
Анаңыздың ұлты |
|
|
|
- Тілді меңгеру дәрежеңізді анықтаңыз.
|
қазақ |
орыс |
Өзге тіл |
А1 еркін сөйлеймін |
|
|
|
А2 қиналамын |
|
|
|
А3 сөйлемеймін |
|
|
|
В1 еркін оқимын |
|
|
|
В2 қиналамын |
|
|
|
В3 түсінбеймін |
|
|
|
С1 еркін түсінемін |
|
|
|
С2 қиналамын |
|
|
|
С3 түсінбеймін |
|
|
|
Д1 еркін жазамын |
|
|
|
Д2 қиналамын |
|
|
|
Д3 жазбаймын |
|
|
|
- Ерекше жағдайда қай тілді қолданасыз?
Қазақ орыс өзге тіл
- Өз сөзіңізде қолданылуын бес балдық жүйемен бағалаңыз.
|
қазақ |
орыс |
Өзге тіл |
Мақал-мәтелдер |
|
|
|
Фразеологизмдер |
|
|
|
теңеулер |
|
|
|
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеуге қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын.