МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І- ТАРАУ. М. ДУЛАТОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары
1.2 Ақынның қоғамдық-саяси көзкарастарының қалыптасуының тарихи-әлеуметтік алғы шарттары
ІІ- ТАРАУ. М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
2.1. «Оян, қазақ»жинағындағы әлеуметтік-этикалық мәселелер және ағартушылық идеялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп — салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік — прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл «бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына» қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің «құрбанына» айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алаш Орда» (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың «Казахская философия XV — начала XX века» еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың «Ұлы даланың зиялылары» еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемендікке ғасырлар тоғысында қол жеткізген Қазақстан мемлекеті, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйесін өркениеттік үлгіде қайта жаңғыртты және күні бүгінге дейін жаңғыртып та жатыр. Қазіргі Қазақстан мемлекеті әлемдік жаһандану (глобализация) процесімен ықпалдасуға ұмтылуда. Тәуелсіздікпен келген демократиялық бостандық халқымыздың рухани жаңаруының алғышарты болып табылса, рухани жаңару егеменді еліміздің саяси, экономикалық тұрақтануы мен қоғамымыздың өркендеуіне жол ашады.
Егемендіктің мәндік негіздерінің, тәуелсіздіктің тұғырлы болу шарттарының бірегейі — рухани ояну. Қоғадық өмірдің түбегейлі өзгеруіне ұзақ жылдар бойғы теориялық ой түрткі болғаны күмән туғызбайды. Бүгінгі өркениетті саналатын мемлекеттердің тарихы осыған дәлел. Қайта жаңғыру қоғамнан саяси-экономикалық реформаларды ғана емес, ұлттық бітім мен сананың замана талабына сай өзгеруін талап етеді. Бұл процестің қозғаушы күші -ұлттық философия. Философия қоғам жаңаруының басты бағыты теориялық тұрғыдан талдайтын, әлеуметтік зерттеулердің басын біріктіретін ғылым болғандықтан оның аталмыш мәселелерді зерттеудегі маңызы зор. Нақтылай айтқанда, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік мұралары мен рухани қазынасын зерттеу уақыт талабы екендігі сөзсіз. «Өзінің философиясы жоқ елдің тәуелсіз рухани мұрасы мен дамуы болмайды, әр уақытта басқа факторларға тәуелді болады», — деп жазды қазақ философиясының қалыптасуына белсенді үлес қосып жүрген ғалымдар Ж.М.Әбділдин, М.С.Орынбеков(1.28). Қандай бір болмасын халықтың еркін, рухани жетіліп дамуы үшін өзінің ұлттық философиясы болуы шарт. Қазақстан елінің ғалымдары мен философтары қазақ философиясын дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырып, еліміздің бай фольклорын, философиясын, рухани мәдениетін жоғарғы теориялық зерттеу дәрежесінде қарастырып жатыр. Кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан пікір, көзқарастарға партиялық, таптық позициялардан басқа, жалпы азаматтық позиция тұрғысынан баға беру Қазақстан егеменді ел болғанда ғана жол ашылды.
Қашанда бүгінгімізді түсіну үшін, өткенімізге көз жібереміз. Қоғамның дамуын ұғыну, қоғам қажеттерін білуге ұмтылғанда, қоғамның өткен кешесіне үңілуді, зерттеуді талап етеді.
Мемлекетіміздің ел басшысы Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу жылы деп жариялауында үлкен саяси мән жатыр (2.157) . Қазіргі қоғамымызда жүріп жатқанкүрделі әлеуметтік процестер, ішкі қайшылықтар мен шиеленістер, рухани мәселелердің өзектілігі ғасыр басындағы қоғамда болған қайшылықты процестермен ұқсас тұстары мол. Қазіргі еліміздегі сонылы мәселелерді шешуге өз үлестерін қосып жүрген қоғамдық қайраткерлері, зиялылары. Сондай-ақ, ғасыр басында да қазақ қоғамындағы қайшылықты шиеленіскен мәселелерді шешуге ұмтылған, тығырыққа тіреліп тұрған халқына шығар жолын сілтеуге тырысқан қазақ интеллегенциясы, яғни зиялылар еді. Сол кезде өмір сүріп, өзінің саяси-қоғамдық көзқарастарын әлеуметтік, философиялық тұрғыдан қарастырған ізденістерін жан-жақты көрсете білген зиялылардың бірі Міржақып Дулатов. Оның шығармашылық өмірі мен қоғамдық, ғылыми ағартушылық қызметі қазақ халқының өмірінде үш бірдей төңкерісті бастан кешіп, сұрапыл қайшылықтар кезеңіне тура келді. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары сияқты М. Дулатов та сол уақыттағы орын алған тарихи — әлеуметтік, саяси-мәдени ахуалды терең пайымдап, оның қазақ қоғамы үшін үлкен перспективаларды ашып отырғанын көре білді және бұл ахуалды тек пайымдап қана қоймай замана ағымына ұлттық тиімділік тұрғысынан ықпал етуге талпынды.
Қазан төңкерісінен кейін халқының мұң-мұқтажы мен мүддесін көксеген зиялылардың бірі болып, жазықсыз қуғындау мен айыптауларға ұшырады. Міржақыптың қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасына әділ баға беру, ең қуатты мемлекеттің бірі болған кеңес империясының ыдырауы нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Міржақып Дулатов өзінің еңбек еткен қай саласында болмасын халқына мәнді, мағыналы қызмет ете білді. Бұл оның туған халқының дүниетанымы мен рухани мәдениетін терең танып, халқын бар болмысымен сүйе білгенін дәлелдейді.
Міржақыптың шығармашылық өмірі ғасыр басында қазақ қоғамы дамуының ең бір күрделі де, қиын кезеңіне тура келді. Бұл кезең Ресей патша өкімегінің отаршыл саясатының ақын өзі көрсеткендей «гүлдеу шегіне жетті», бірінен кейін бірі келген төңкерістер, оған қат-қабат келген бірінші дүниежүзілік соғыс ауыртпалығы елдің шаруасының еңсесін езіп тұралатты. Десек те қазақ халқының ұлттық сана-сезіміне қозғау түсіп, ояна бастаған да еді, қазақ даласы қозғалысқа түсіп белгілі бір дәрежеде рухани даму орын ала бастады. Көшпенді қазақ халқы отаршыл саясаттың қыспағы ғана емес, сонымен бірге қазақ ішіндегі шенеуніктердің қыспағына да түсті. Дегенмен де XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев негізін қалап кеткен ағартушылық идеологиясын, ары қарай жалғастырған қазақ зиялылардың ерен еңбегінің нәтижесінде оқуға, білімге деген құштарлық практикалық іс-әрекетге көріне бастады. Халық балаларын мұсылманша оқытумен қатар орысша оқытуға берді. Бұл — Ресей өкіметінің отаршыл саясатына қарсы болған, қараңғылықтан шығудың алғашқы қадамдары іспеттес еді.
Біз Міржақыптың шығармашылық еңбектерінен айтылмыш уақыттағы қоғамымыздың саяси-экономикалық, қоғамдық әлеуметтік хал-ахуалы мен халқымыздың сана-сезім талғамын, дүниеге көзқарасы мен ой-өрісі, болмыс бітімін көреміз. Сонымен бірге оның еңбектерінде көрсетілген мәселелер бүгінгі біздің қоғамымыздың соны мәселелерге сай келіп, қазіргі біздің уақытымызбен үндесіп жатыр. Міржақып Дулатов шығармаларында көрініс табатын философиялық ой-толғамдары, саяси-әлеуметтік көзқарастары, дүниетанымдық пайымдаулары қазіргі таңда адам үшін берері мол, үйретері көп мұра, өйткені өткен ғасыр басында да қазақ қоғамы жолайрықта тұрды. Бұл — ғасырлар қойнауынан орын алған дәстүр жалғастығы мен өзгерістерді талап еткен дәуір қажеттілігінің тарих толқынында қабаттаса келген кезі еді. Қазақ зиялылары осы диалектикалық үрдісті шешудің тиімді (ұлттық мемлекетгілік тұрғысынан) бағытгарын іздестірді, теориялық және практикалық бағдарламаларды жасап ұсынды.
Еліміздің қоғамдық ойы мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, тарих бетінен аластатылған зиялылардың дүниетанымдық көзқарастары мен ойларының бетін ашу — бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе екендігі күмән туғызбайды.
Зерттеудің негізгі нысаны. Адамның дара тұлға болып қалыптасуында терең тылсымдық қабаттар мен рухани ізденістердің маңызы зор екендігі күмәнсіз. М. Дулатовтың рухани өсуіне әсер еткен Батыстық, Шығыстық және Қазақы бастаулардың арақатынасы тарихи-философиялық, ғылыми теориялық тұрғыдан талданған.
М. Дулатов шығармаларын зерттеу негізінде қазақ ағартушылығының екі буын арасындағы сабақтастық пен ерекшелік мәселесі ұлттық болмыс пен ұлттық сана, ұлттық менталитет және инновациялық уақыт өрісі аясында шешілген.
Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетаным, әлеуметтік дүниетанымының қалыптасуы мен дамуын, оған ықпал еткен тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайларды сараптау. Оның шығармашылық өмірі мен туындыларының ішкі мәнін жан-жақты қарастыру. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер адам болмысының барлық жақтарында өз қолтаңбасын қалдырып, оның осы өзгерістерге деген көзқарасын қалыптастырады. XX ғасырдың басындағы әлемдік ауқымдағы тарихи оқиғалар, саяси- әлеуметтік процесстер мен либералдық — демократиялық қайта құрулар қазақ қоғамын да айналып өткен жоқ. Тарихи дамудың магистралдық бағытын дұрыс түсініп, бағалай білген ұлтымыздың ардақты азаматтары әрбір тарихи мүмкіндікті халқымыздың болашағына пайдаланып қалуға, игілігіне жаратуға ұмтылды. Осы мақсатта олар саяси күрестің барлық тәсілдерін ғылыми публицистикалық, көркем-әдеби шығармашылықпен ұштастыра білді. Олардың шығармаларында жеке адамдардың мұң — мүқтажы, арман тілегі сомдалып, тұтас халықтың ұлттық идеясы деңгейіне көтерілді. Қарапайым адамның қажеттілігі ұлт қажеттілігімен ұштасты. Әрине бұқара халықтың бәрі мұны саналы түсінді деп айтуға болмас, алайда, бұл көңілде жүрген, ғылыми тілмен айтсақ көмескі саналылық ұмтылыс еді. Өйткені, еркіндік, бостандық адамның мәндік сипаты болып табылады. Құлдық адам табиғатына қаншалықты жат болса, еркіндікке деген ұмтылыс оның болмысымен етене бітескен. Міне, сондықтан болар көкірегі ояу әрбір азамат бостандықты өмірден жоғары қояды. Тарихтан белгілі, өз халқының бостандығы үшін жеке өмірін сарп еткен боздақтар ерлігі осыған айғақ.
М. Дулатов өз шығармашылығында бостандықтың осы болмыстың — субстанциялық негізіне үңіледі. Бұл жерде біздің бостандықтың субстанциялық негізі деп отырғанымыз — ұлттық ерік-жігер мен ар-намыс, ұлттық сана. Сондықтан болар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, соның ішінде, М. Дулатовтың арман-мақсаты ғасырлар бойы аяққа басылып, жаншылып келген ұлттық сезім мен сананы ояту болды.
Біз өз зерттеулерімізде аталған мәселелердің М. Дулатов еңбектерінде қалай қарастырылғандығын, қандай шешімін тапқанын анықтауды мақсат еттік.
Осы мақсаттарды іске асыру барысында төменде көрсетілгендей басты міндеттер туындайды:
- М. Дулатовтың дара тұлға, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының рухани дүниетанымдық бастауларын анықтап, алаш азаматтарының рухани-мәдени әлеуметтену үрдісіне тарихи-философиялық талдау жасау;
- XIX ғасырдың соңы XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік қайта құрулар мен өзгерістердің қазақ қоғамына ықпал ету деңгейін, трансформациялық процесстердің ұлттық болмыс пен санаға әсерін, олардың М. Дулатов шығармаларындағы көрінісін айқындау;
- М. Дулатовтың ғылыми публицистикалық және әдеби шығармаларына герменевтикалық талдау жасап, ойшыл ақын-жазушының қоғамдық-саяси, әлеуметтік — философиялық көзқарастарының генезисі мен эволюциялық даму кезеңдерін нақтылау, ой-пікірлерін тарихи-философиялық принциптер негізінде сұрыптап, жүйелеу;
- қазақ ұлттық философиялық ой толғаудың қалыптасуындағы М. Дулатовтың өзіндік қолтаңбасын, алатын орнын, ойшыл шығармашылығының мәндік-мазмұндық құндылығын айқындау;
- өткен ғасыр мен қазіргі замандағы әлеуметтік, саяси-тарихи процестерге синхронды талдау жасай отырып, М. Дулатов көзқарастарының бүгінгі Қазақстан алдында тұрған мәселелерді (мемлекеттік, азаматтық қоғам, қүқықтық мемлекет құру және т.б.) шешудегі өзектілігі мен потенциалын көрсету.
- Дипломдық жұмыстың дереккөздері мен материалдары..
Қазақ философиясының өз ерекшелігін, сонылығын, қазақ халқының әлеуметтік — экономикалық, мәдени — тарихи дамуының барысын нақты кезеңіне сай анықтау, нақтылы тарихи-философиялық ойлаудың диалектикалық методы жан-жақты қолданылады. М.Дулатовтың дүниетанымын, әлеуметтік философиялық, қоғамдық саяси көзқарастары мен ой-пікірлерін зерттеу барысында біз тарихилық пен логикалық, компоративистикалық тәсілдерді кеңінен қолдандық. Біздің пікірімізше М. Дулатовтың шығармашылығын түсінуде герменевтикалық талдау тәсілінің де берері мол. Сондай-ақ біз өз зерттеуімізде қоғам, адам, мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам тәрізді категорияларды талдағанда Локк, Гоббс, Кант, Гегель, Руссо сияқты ғалымдардың, сол сияқты осы мәселелер төңірегінде қалам тартып жүрген отандық ғалымдардың еңбектеріне иек арттық.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Еңбекте зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың
межелеген мақсаты мен міндеттеріне сай алынды. Жұмыс
барысында тарихи хронологиялық, жүйелеу, жинақтау, теориялық
талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми-теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеудің нәтижесінде алынған материалдарды болашақта тарихи шығармаларды зерттеу туралы еңбектерде, ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті курсына, орта мектеп, жоғары оқу орындары үшін, жазылар оқу құралдарына дереккөзі ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. ДУЛАТОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары
Дәстүрлі қазақ қоғамында фольклор халық жадының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ғасырлар бойы жеке адам мен тұтас қоғамның дүниетанымы, құндылық ұстанымы мен адамгершілік нысандары халықтың бай ауыз әдебиетінен нәр алып, сусындап келеді. Көне ауыз-әңгімелер, эпостық жырлар қияли ойдың қарапайым ғана нәтижесі емес. Фольклорда халықтың қоршаған ортаны игеруінің, әлеуметтік қарым-қатынастарының, рухани ізденістерінің барысында тұрақтанған моральдік-әдептік қағидалары жинақталады. Фольклор аңыз айтушы-жеткізуші мен тыңдаушы-қабылдаушы арасындағы тікелей терең коммуникациялық ақпарат айналымын қамтамасыз етеді. Яғни бұл екеуінің арасында ашық рухани өріс пайда болады. Соның нәтижесінде өткен тарих, оқиғалар мен кейіпкерлер адам санасында жанданып, қайта жаңарады. Сонда тындаушы ауызша мәтінді жеткізуші жыршы-толғаушымен ғана емес, жыршы санасында қайта түлеген кейіпкерлермен де «үнсіз» сұхбаттасып, оларға өзінің жан-дүниесін ашады. Осындай сұхбатгасу, сырласу барысында адамда өз халқының тарихына, мәдениетіне, арман-мұратына деген ерекше ыстық, нәзік сезім, құрмет қалыптасады. Ана әлдиі мен ата шежіресін бойына дарытқан адам ешқашан ұлтынан, сал-дәстүрінен қол үзіп кете алмайды. Ендігі жерде оның тағдыры да, арман-мұраты да халқымен ажырамас бірлікте болады. Фольклорда көрініс тапқан халық даналығының өміршеңдігі мен сарқылмас қүдіреттілігі де осында. Міржақып дүниетанымының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің тигізген әсерінің, оның шығармашылығын оқи отырып байқаймыз. Оның алғашқы рухани нәр алған бастауы, білім қайнары — фольклор.
Әр халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан құнды қазынасы фольклор, сол халықтың рухани тіршілігін, болмысын, ой-санасының қалыптасуын, дүниені тануын бейнелейді. «Халық шығармасы — халық жанының айнасы» — дейді В.Г.Белинский. (6.25). Оның шығармашылығының өн бойын алып жатқан тақырып — ол елінің бірлігі мен тұтастығын сақтап, тәуелсіз мемлекет құру. Қоғамдағы адам құқығы, және оларды отаншылдыққа, елін, жерін қорғай, қолдай алатын азаматтыққа шақыру идеясын және ақындық өлең сөзбен жеткізуінде қазақ эпостық жырларының әсер еткен жері аз болмаса керек. Халықтық — жырдағы өмірге, болмысқа деген көзқарастан, адам бейнелерінің жасалуынан көрінеді. Эпостың ұнамды кейіпкерлері қашанда зор адамгершіліктің, таза сезімнің иесі, халық өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді, отанды сүюді, патриотизмді күш-қүдіретті еңбекшілдікті, сезімнің тазалығы мен шынайылығын бір адамның — ел қорғаушы батырдың басына жинақтайды. Сол себепті шын халықтық жырдың бас кейіпкері — еліктеуге тұратын, жас ұрпақтар үлгі алатын, жұртты жақсы мінезге, патриотизмге тәрбиелейтіндей адам болады.(7.162 ).
«Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» т.б. жырларындағы көркем ой образдары барынша шынайы. Философиялық ойларға, ұғымдарға мейірім мен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік, ерлік, махаббат, сұлулық, адамгершілік жөне т.б. философия тұрғысынан талдау жасалынады. Эпостық жырлардан оның мұң-шерін көксеген арманын және ел төуелсіздігін сақтау үшін сыртқы жауларымен күресі, ел мүддесін қорғаудан туындаған шынайы патриотизм мен гуманизмді көреміз. Міржақып қазақ эпостық жырымен өте жақын таныс болып қана қойған жоқ жоғарыда аталған категориялар оның саяси-қоғамдық еңбектерінде, әдеби шығармаларында көрініс тапты. Халқының тәуелсіз, дамыған қоғам болуын мұрат еткен Міржақыптың ойының дамып, дүниетанымының қалыптасуына халық даналығының тигізген ықпалы зор екені даусыз.
«Қазақ арасында берілетін ас болсын, өткізілетін той болсын, эпостық жырлар оқылмай өтпейді» — дейді Ә.Бөкейханов (8. 319). Ендеше жастайынан үйренуге, білуге құштар болған Міржақыптың эпостық жырлардың әр қалтарысына мән беріп, оның туған елінің болмысын тануына көмектескені сөзсіз.
Қандай болмасын халық даналығында, яғни фольклорда, сол халықтың қоршаған табиғаты, қоғамы, тіршілігінің болмысы, дүниеге көзқарасы, мәдениеті көрінеді. Қазақтық эпикалық жырларында көңіл аударуға тұрарлық ерекшелік — ол лирикалық сарын. Қазақ халқының психологиясына тән романтизм, оның жыр-толғауларында нақты анық көрініс береді. Жырдағы басты кейіпкерлердің елден атганарда қоштасуы, (туған жерімен, үй-ішімен, асыл жарымен) батырдың жауға шабар алдындағы келбеті, басына қандай бір іс түскенде толғануы, немесе елге қайта оралғанда халқымен амандасуы да т.б лирикалық сарын үлкен орын алады. Бұл қазақ халқының сезімі нәзік, сыршыл халық екенін көрсетеді. Халқымыздың зиялысы Ә.Бөкейханов Қобыланды жырын зерттеген еңбегінде, «отличительную черту устной киргизской поэзии составляет лиризм. Каждая, эпическая даже, песня носит на себе отпечаток субьективной личности слагателя с его взглядами на жизнь и с его стремленими и идеялами и вместе с тем отличается насколько это возможно, исторической правдивостью. Благодаря этим качествам, киргизы высоко ценят свои песни» (8.319) — деген дәйекті пікір айтады. Ал ғалым Мүхтар Мағауин фольклорды зерттей келе «Қалмақ эпосы «Жоңғарда» лиризм атымен жоқ деуге болады. Бірді-екілі сәтті айтпасақ, «Игорь полкы туралы сөз» бен «Роланд туралы жыр» европалық эпостарда лиризмнің алатын орны шамалы-ақ» -дейді. (7. 192 ). Міржақып сыршыл жырлардың сырын ұғынып, жанына асыл қасиеттерін жинай білді. Адам болмысын түсінуде ақын ақылдан гөрі сезімге көп жүгінеді. Сезімде адам мен адамның, адам мен табиғаттың тікелей тілдесуі, ирроционалдық интуитивті қабылдау алдыңғы қатарға шығады. Біздің пайымдауымызша ақынға танымның осы тәсілі тән сияқты. Интуитивті қабылдау барысында суреткер-ақын заттар мен құбылыстардың өзіндік мәніне бойлай енеді. Сонда ақын жанына таным объектісі өзіне тән бар сұлулығы мен қадір-қасиетін ашады. Ақын жырлаған құбылыстың терең тылсымдық қабаттары үйлесімділікке келіп, нәзік материялар өрісінде ырғақты тербеліске түседі. Сезімнің ақылдан бір артық жері ол дүниедегі барлықтың бәрін тікелей, тұтастық қалпында қабылдайды. Міне, сондықтан болар сопылық бағыттағы ақындар Алла болмысын ақылмен емес сезіммен тануға ұмтылды. Махаббат, ғашықтық арқылы Алламен қауышуды армандайды. Ал бұл ұғымдардың мәнін таза рационалдық пайымдау арқылы ашу әрқашан сәтсіздікке ұшырайды. Олар И.Кант тілімен айтсақ «өзіндік ұғымдар» және оларға жалпыға бірдей тәжіребиеден шығару немесе соның негізінде қорытып, ортақ қосындыға келтіру мүмкін емес. Өйткені сезімдік мәндер адамның трансценденталдық мәнімен тікелей байланысты және содан туындайды.
Қазақ фольклорының әлі де болса жеткілікті дәрежеде зерттелмей келе жатқан тың тақырыбы — әйел-ана тақырыбы. Қазақ жырларында әйелдің орны ерекше бағаланады. Әйелдің қоғамдағы, семьядағы орнын көтеріп, олардың ақыл-ойын, құқығын ерлермен теңдестіре жырлайды. Ә.Бөкейханов сөзімен айтсақ, «Қобланды жырын» зерттеу мақаласында батырдың шешесі Аналықтың алатын орны туралы мынадай пікір келтіреді: «Муж ее кроме уважения и послушания своего народа, пользовался благосклонностью господствовавшего над киргизами калмыцкого хана и был в почете при его дворе. Анальпс была любима мужем, исполнявшем ее желания и капризы и имела полную возможность хорошо жить и даже наслаждается жизнью, удовлетворяет своим прихотям и страстям к роскоши и безделушкам. Главное, Аналық была полновластной хозяйкой, имела право не только распоряжаться домашними делами, вмешиваться в дела мужа и через него в дело народа своими советами и даже распоряжениями». (8.320 ). Аналықтың ері Тоқтарбай өте бай, елге сыйлы адам. Жырдағы Аналықтың бейнесі — ол ерінің ақылшысы, сүйеніші. Баса көңіл аударатын түс Әлихан Бөкейханов көрсеткендей Аналықтың құқығы ерімен тең. Ол ел ішіндегі кейбір мәселелерді өзі шеше беретін ақылды адам. Аналық көпке дейін бала көрмей жүргенде де Тоқтарбай екінші әйел алудан бас тартады. Аналықпен бірге әулие-әмбиелерді кезіп бала сұрайды. Бұдан Тоқтарбайдың жарына деген адалдығын, сүйіспеншілігін, сыйластығын көреміз, Жырдағы әйелге деген құрмет адамға тәлім берерлік терең ойды көрсетеді. Жалпы жырларда батырдың өзіне жар тандауы, сүйгеніне жету үшін басын бәске тігіп, кездескен кедергілерде белді бекем буу, халық даналығындағы қиялының ұшқырлығынан болса керек.
Міржақыптың шығармаларындағы оның әлеуметтік, азаматтық әуендерінде үлкен көрініс беретін тақырып әйелдер теңдігі, яғни әйелдің қоғамдағы, семьядағы құқығы, еркі, азаттығы Ол әйел теңдігі мәселесіне үлкен назар аударып, оны әлеуметтік тұрғыда шешуге тырысады. Аталмыш кезеңде әйелдің саяси құқығы сөз етілмек түгілі, оның бас еркі біреуге бағынышты еді. Әйелдің құқығын шектеу, оның дүниеге деген көзқарасымен санаспай, әйелдің еркінсіз іс-әрекеттер жасау надандықтың көрінісі деп есептеді. Ол халық санасын улаған, көмескелендірген жағдайды үстемдік құрып жатқан империалистік державаның отаршыл саясатының қорытындысынан көрді. Осыған орай Л.Н. Гумилев «…культура кочевников I тысячелетия до н.э была самобытна и более того, она было высока, гораздо выше, чем культура кочевников ХҮІІ-ХІХ в.в., изученная многими этнографами досконально» (9.6) — деген пікір айтады. XVIII ғасыр айналасынан бастап қазақ қоғамындағы ой дамуы төмендеп, рухани мәдениетке нұқсан келе бастағанына ақын-жыраулардың әлеуметтік тақырыбындағы жырлары дәлел бола алар еді.
Эпостық жырлар халық даналығының жемісі, онда философиялық ойлардың түйіні жатыр, Ғалым, философтар Ж.Алтаев пен А.Қасабеков фольклордағы философиялық ойды зерттей отырып «… қандай да бір фольклорлық шығарманы алсаңыз да, онда философиялық, дүниетанымдық қызметі таным процесіндегі білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге, абстрактылықтан нақтылы шындыққа ұмтылған құбылыстарды байқаймыз. Онда философиялық, диалектикалық әдістері толық жүзеге аспаса да, өмір сүрген қоғамға сай халықтық ой-сана қалыптасады», (10.42 ) — деген нақтылы ғылыми тұжырым, халық эпостық жырларды тудыру кезеңдегі, қоғамның мәдениеті деңгейінде көрсетіп береді.
Эпикалық жырлардағы, әйелдің алатын орны, Міржақып дүниетанымының қалыптасуына айтарлықтай із қалдырды. Оның әйел мәселесі төңірегінде алғашқылардың бірі болып ой қозғауы, соның қортындысы деген ойға тірелеміз. Бұл тақырып туралы екінші тарауымызда кеңірек сөз етіледі.
Фольклорда халық даналығының түйіні жатыр. Аңыз-ертегілерде, халықтың мұң-мұқтажы мен арман-қиялы жатса, қанатты, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерде этикалық, қоғамдық-әлеуметтік, құқықтық мәселелер жиі көрініс береді. Халық бір кезде оларды заң есебінде қолданып, ел ішіндегі дау-жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік мәмлегерлік қызметтерде (11.3 )қолданған.
Фольклорды жасаушы — халық. Ол бір тұлғаның жазылып қалған мұрасы емес. Ол ауыздан-ауызға өтіп, «айналасы жұп-жұмыр тегіс болып» халықтың мұрасы болып жетті. «Халық барлық заттық байлықты жасаушы күш қана емес, ол — рухани байлықтың да сарқылмайтын қайнар көзі, ол — барлық ұлы дастандар, жер жүзіндегі барлық трагедияларды және олардың ішіндегі ең ұлысы — бүкіл дүниежүзілік мәдениет тарихын жасаушы, шығарманың шығу уақыты, көркемдігі және даналығы жағынан алғанда да ол бірінші философ, бірінші ақын», (12.26) — дейді Максим Горький. Сондықтан кез-келген фольклордан, сол фольклорды туғызушы халықтың дүниетанымын, әлеуметтік болмысын, рухани мәдениетін танисың. Белгілі философтар Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов өзі өмір сүрген заманның, яғни қоғамның бүгінгі ойын тану үшін, халықтың өткенін тану қажет дегенге саяды. «Философия тарихы қазіргі философияның дамуы үшін аса қажет. Өйткені, ол қазіргі философияның өмір сүру формасы. Философия мен философияның тарихы іштей қабыса отырып, жалпы қоғамның, әсіресе жеке адамның, тұлғаның сана-сезімінің қалыптасуының бірден-бір жолы болып табылады. … Философияның тарихы жалпы адамзаттың тарихына өте ұқсас. Өйткені, оның міндеті материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан көрсету», (13. 9) — деген нақтылы ғылыми талдау жасайды.
Фольклор көшпелілердің ғұмыр, тіршілігін айқын көрсете білуі, Міржақыптың ой-танымының өсіп-өркендеуіне ықпалы зор екені сөзсіз. Оның «Қазақ-қырғыздың ата тегі туралы» зерттеуінде қазақ тарихын зерттеген ғалымдардың кейбір тұжырымдарына қарсы келгенде, көбіне-көп аңыз ертегілер шежіре, тіл деректеріне сүйеніп пікір айтқаны айқындайды. Қазіргі ғалымдардың пікірлері де көшпенділер тарихын, ой-танымын зерттеуде эпос, ертегі, этногенез, шежіре, тіл, поэзия деректерін пайдаланып зерделі тұжырымдар жасау керек дейді(14.71). Ойшыл ақынның дүниетанымының қалыптасуьша ықпал еткен, оның философиясының дүниетанымдық арқауы бола білген ІХ-ХҮ қазақтың ұлы даласынан шыққан философ ойшылдардың еңбектері. Халық ауыз әдебиетінің негізінде жатқан, ежелгі түріктің бір бұтағы болған қасиетгі қазақ даласында талай ұлы ғұламалар дүниеге келген. Олар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгерген данышпандар, сондықтан да күні бүгінге дейін олардың қалдырған мұраларын арада бөліп тұрған нешеме ғасырлар көнерте алған жоқ.
Шығыстың Аристотелі атанған Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның, Махмұт Қашқаридің, Ахмет Яссауидің асыл мұраларынан ақын шығармашылығы нәр татқан. Біздің қолымызда Міржақып бұл ғұламалардың еңбектерін талдаған немесе оқып-зерттеген деген нақты жазба дерек жоқ. Дегенмен бұл туралы оның шығармаларынан пікір сабақтастығын ескере отырып және ақынның берген кейбір мәліметтерінің ізін қуалай отырып, пайымдаймыз. Оның аудармаларының ішінде «Абу Фирастан» («Терме», 1915 жыл) аудармасы бар. Ал Абу Фирас Әл-Фарабидің замандасы, досы (15.16 ) болған ақын. «Қазақ-қырғыздың ата -тегі туралы» зерттеуінде түркі тарихына терең үңілгендігі байқалады.
«Мұсылман Ренессансы» деген атауға ие болған заманның түлегі Әл-Фарабидің біздің заманымызға тек негізгі шығармалары жетіп отыр. Оның Аристотель мен Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық алалары бойынша еңбектер жазғанын қазіргі таңда ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Оның көптеген философиялық еңбектерінде Әл-Фарабидің пайымдауынша әр адамның көздеген мақсаты үлкен игілік болса, бұл игілік — бақыт. Ол білім мен қайырымды іс жасау арқылы бақытқа және өркениетке жетуге болады деген пайымдауды бере отырьш, адам туа салысымен білімді болмайды, оған саналы еңбектің қажет екенін ескертеді(16.150). Міржақыптың «Адамға тіршілік не үшін керек?» мақаласында, «Не үшін бізге тіршілік керек деп білеміз? Бұл турада қазақтың бұрынғы замандағы қариялары, ойшыларының айтып кеткен сөздерінің ішінде жауап табыла ма деп ойлаймын», (15.236)- деп өткен ойшылдардың негізіне сүйеніп, тіршілік досыңа жақсылық жасау үшін керек дегенді айтады. Ойшыл досыңа жақсылық жасау дегеніміз, ол — еліңе, жеріңе, адамзатқа игілікті істер жасау деп түсіндіреді. Қандай да бір іс болмасын саналы түрде істелініп, адамға шапағаты тиер болса, содан ойшыл тіршіліктің бақытын көреді. Адам тек өзін қоршаған әлеуметтік ортада ғана адам болып қалыптасады. Ал бақыт ұғымы адамның әлеуметтік болмысымен тікелей байланысты. Бақыт ұғымының терең мәні тек адами ортада ғана толық ашылуы мүмкін. Неге? Өйткені барлық тірі жандардың ішінде адам ғана мақсатқа сай қарекет етеді және осы мақсаттың өз өміріндегі орны мен маңызын пайымдай алады. Міржақыптың пікіріне сай өз мақсатын басқалардың мақсатымен сабақтастыра білген адам бақытқа жете алады. Бақытты болу дегеніміз басқаларға жақсылық жасай білу, біліміңді де, қабілетіңді де, арман-мақсатыңды да басқалармен бөлісе білу.
Міржақьш шығармаларын зер салып оқыған адам ғұлама мұраларынан рухани дүниесіне нәр алған сабақтастықтарын байқайды. Әл- Фараби қоғамның өсуі үшін, мемлекеттің дамуы, адам өмір сүре келе ақыл-ойының толысып, жетілуінде деп біледі.
Міржақыптың бар мұрат-мүддесі де қазақ қоғамының дамуы үшін, елінің сана-сезімін өсіру. Ғұламаның ойлауынша, мемлекеттің дамымай, надандануын халықтың гуммандық деңгейге жетпеуіненкөреді, ал оның бірінші себебі өкіметтің, қолынан іс келмейтін саясаткерлердің халықты басып-жаншып, езуінен көреді. (17.43) Міржақыптың бұлайша пайымдауы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасының дүниетанымдық пайымдауларымен сабақтасқанынан көруге болады. Міржақыптың қазақ елінің сол кездегі қараңғылығы мен надандығы Ресей патшалық өкіметінің отаршыл саясатынан көретінін «Оян, қазақ!» жинағында-ақ ашып айтгы. Сол қараңғылықтан шығудың бірден-бір жолы ағартушылық деп таниды.
Ескере кететін бір жайт ақын сопылық әдебиет өкілдерімен жақсы таныс болды. «Адамға тіршілік не үшін қажет» атты мақаласында «… әр заманда әр түрлі халықтың данышпан адамдары өз ойларынша түрліше жауап береді. Құдайға құлшылық қылып, құдай жолын қуып, нәпсіні біржолата тыю керек, осыған басқаға ғұмырды өткізбесе, сонда адамның жаны тыныш тауып, тәні мұңлықтан құтылады», (18.236) — деп жазады. Тарихшылар зерттеп, дәлелдегендей Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда сауда-саттыққа кең жол ашылып, сәулет өнері өркен жайып, әр түрлі қол өнерлер дамиды. Түрік тайпаларының мәдениеті мен әдебиеті гүлденіп көркейеді. Осы бір кезеңде Ислам дінінің қанат жаюы, түркі халықтары біржола араб жазуына көшуі, көптеген ғылыми жаңалықтардың келуін қамтамасыз етті. Ескере кететін жағдай, араб мәдениеті Орта Азияға қаншалықты кірігіп, қанат жайғанымен қазақ халық ауыз әдебиетіне айтарлықтай ықпал етіп деформацияландыра алған жоқ. Оған бір себеп қазақ халқының көшпелі тұрмысы, өйткені көшпелілердің дүниетанымына ислам дінінің орнығуының өзіндік ерекшеліктері бар еді. Әрине, елдің татулығы мен бірлігін көксеген адамгершілік пен имандылықты ақын көрсеткендей, Аллаға құлшылық қылып, адалдықты мұрат тұтқан ақын-шайырлардың тобы сопылық ілімнің өкілдері тарихтың белесі. Осы сопылық ағымының өкілдері ішінде ерекше танылып, аңыз болып ел санасында қалғандар Қожа Ахмет Хазірет Сұлтан Яссауи, оның сопылық ілімін жалғастырушы, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Хорезмдік Ахмет Йүгінекей және т.б. Түркі халқының қасиетті әулиесі атанған түркі елін татулық пен тазалыққа үндеп, өмірін қайырымдылықты арқау еткен Ахмет Яссауидің орны ерекше бағаланар еді. «Хәзірет Сүлтан» ғылыми зерттеу мақаласында Міржақып Ахмет Яссауи мавзолейінің арғы-бергі тарихын ғылыми тұрғыда зер салып зерттегенін байқаймыз. Бұл зерттеулерінде біз М.Дулатовтың ойшыл еңбектерін танып қана қоймай, одан рухани сусындағанын және ойшыл шығармалары оның дүниетанымының қалыптасуына үлес қосқаны сөзсіз деп білеміз. В.Г.Белинский «Көркем шығарманың қандайының болса да мені — оның болмыс мүмкіншілігінен болмыс шындығы болып шығуының заңды процесінде суретшінің рухына пікір көзге көрінбес дөн секілденіп душар болады, сол дән қолайлы, құнарлы шымда молайып, дамып белгілі форма құрайды, шалқып, сұлуланып, жанданып, бейне иемденеді, ақырында атымен жаңарып, өз алдына тұлғаланып, кесек бір әлем болып шығады», — деген дәйекті пәлсапалық ой айтады.(6.13 ).
XIX ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық ойы, ұлттық санасы, мәдени-ағарту ісі сөз етілгенде шоқтығы биік болып тұратын үш кемеңгер тілге тиек болады. Олар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Халқымыздың кемеңгері М.Әуезов: «Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да, үш бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар үшеуі үш мұнарадай болған. Бұл үшеуінің өмір, еңбек майданы үш алуан болуымен қатар, үшеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған» (19.242). деген жоғары баға беріп, нысаналы ойды жазады. Бұл үшеуінің қоғамдық ойдың дамуына, қазақ халқының дүниетанымының қалыптасуына, рухани мәдениетінің өрістеуіне қосқан үлестері зор екенін әркім-ақ біледі.
Ескере кететін бір жағдай, бұл үш ойшыл М.Әуезовтың тілімен айтсақ «олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті». (19.242) Яғни, олар орыс әдебиеті арқылы, еуропа м
мәдениетімен, әдебиетімен жақсы таныс болды. XIX ғасырдың екінші жартысында түгелдей қозғалысқа түсіп жатқан қазақ қоғамы үшін жан-жақты терең білімді ұлы қайраткерлердің шығуы тарихи қажеттілік еді. Сол кезде әлеуметтік, саяси, экономикалық жаңару керек екенін санасымен түйсінген олар, жалпы ағартушылық бағытты ұстанды.
Ғалым, философ Ғ.Есімов ағартушылық ұғымын былай түсіндіреді «ағартушылық қоғам болмысьшың зандылығы ретінде аңғарылатын мәдени қозғалыс, оның қозғаушы күші ұлттық идея. … мәдени дәстүрге заман талабына сай прогрессивті бағыттағы реформалар жасауға ұмтылу, сөйтіп халықтың сана-сезімін ояту деген құбылыстар». (20.45). Мәдениет тоқырауға ұшырап жатқан, өндіріс кәсібі жоқ, көпшілігі сауатсыз қалың кедей қазақ елін ағартушылық арқылы өркендетуді, қазақ ойшылдары қоғам өміріндегі дұрыс жол деп есептейді. Ғасыр басындағы зиялылар «алдыңғы толқын ағалардың» салған ізінен үлгі-өнеге алып халыққа түсінікті саяси-әлеуметгік, философиялық жүйені жасауға талпынды. Қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған қайраткерлердің мұраттары да халықты ағарту арқылы өркениетке жету. Олардың қалдырған мұралары ғасыр басында ғана емес, күні бүгін де білем дегенге берері, үйренем деген үйретері мол асыл мұра.
Қазақстандағы ағартушылық идеологияның негізін салушы, әмбебап ғалым Шоқан Уәлихановтың қазақ ғылымында алатын орны ерекше. Шоқанның өмірі мен шығармашылығын қазақта алғаш зерттеп, жоғары бағалағандардың бірі Міржақып Дулатов. Шоқан Уәлихановтың тікелей философиялық мәселелер жөнінде жазған еңбегі жоқ. Алайда көптеген философ ғалымдар дәлелдегендей, оның шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Оның көптеген еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының өзекті мәселелері зерттелінген. Бүгінгі күнге дейін ғылыми мәні сақталынған Шоқан шығыстану ғылымына зор үлес қоса отырып, бұл еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.
«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» еңбегінде шамандықтың шығуыньщ себебін және оның мұсылмандықпен араласып, қабысып кетуін түсіндіреді. Философияның негізгі мәселесі адамды және оның өзін қоршаған дүниеге қарым-қатынасын сөз етеді. Шамандықтың пайда болуын түсіндіргенде адамның болмысты тануы, яғни адам күнді көрді, күнге табынды, айды көрді айға табынды, жұлдызды көрді жұлдызға табынды «сыртқы дүние — күн, ай, жұлдыздар және жер — алғашқы құдірет болып табылады». (21.175 ). Шамандықтың пайда болу себебін адамның ғажайып әлемді тану, ұғуы қажеттілігінен, құпия сырлар өмір мен өлім мәселесі және табиғаттың құпиясына деген құштарлықтан деп есептейді. (21.171 ). Ойшыл адамның өзін табиғаттың керемет жаратылысы дейді. Табиғат пен адамның қатынасын, адамның табиғатта алатын орнын жоғары қояды. «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар?»(21.171).
Қазақтардың екі дінге қатар табынуы, олардың мәдениетіне, ой-санасына, ұлттық әдет-ғұрпына еш кесірін тигізбейді. «Қазақтар әуелде Мұхаммедті білмей түрғанда да, Аллаға табынып мұсылман әулиелердің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, Пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құрмет етті», — дейді. Яғни, қазақтар Тәңір мен Алланы біріктіріп, жалпылай немесе жекелей табиғатты қадірлеу — материализм болса, рухтың мәңгілігі түсінуге тұрғысынан — спиритуализм дегенді айта отырып, бұны «Тамаша ойлап табылған идея» деп бағалайды. Себебі адам қоғам заңдылықтарына барынша ерік беріп, мифологиялық жағынан алжаспайды деген пәлсапалық тұжырым айтады. (21.243).
Ресей империясының Қазақстанның жері мен елін отарлау және онымен қоса рухани мәдениетін қоса отарлау саясаты мен қазақтарды шоқындыру әрекеті іске аспады. Осыған байланысты отаршыл әкімшілік, бұхара халықты Ислам фанатизмімен уландыру әрекетіне кірісті. Ш.Уөлихановтың жоғарыдағы философиялық пайымдауын келтіріп отырғанымыздың себебі, ол татар діни фанатиктерінің Бұхара молда, иман, қажыларының қазақ даласына көптеп келуін қоғам дамуын ілгері емес, кейін қарай құлдырауына түрткі болады деп күдіктенді. О.А.Сегізбаев қазақ философиясының тарихына арналған зерттеулерінде татар және Бұхара молдалардың қазақ даласындағы іс-әрекеттері туралы құнды пікірлер айтады. «Укрепляя свое положение по мере углубления социальных противоречий казахского общества, духовенство было вызвано отнюдь не для их разрешения, а наоборот, для их затушевывания, дая того, чтобы путем идейного воздействия на массы сохранить старые порядки, старые общественные отношения казахов, уже начавшиеся разрушаться под воздействием России. Духовенство с помощью мусульманской религии идейно закрепляло эксплуататорские законы патриархально-феодального строя, пыталось увековечить их. Тем самым наносила огромный вред общественному развитию казахов». (22.243). Ш.Уәлихановтың қожа, молдалардың ел арасында көптеп келуі, қазақ қоғамының дамуына кері ықпал етуі мүмкін деген күдігін, Міржақып шығармаларында нақтылы айтады. Ол ең бастысы олардың дүмшелігін, молдалықты күн көрістің тәсілі еткен айла- шарғысын айьштайды. Бұл айыптаулар діннің уағыздалуына емес, діннің жамылғысын жамылып елдің санасын улаған дүмшелікке бағытталды.
Жарты ғасыр бұрын өмір сұрген Шоқан Уәлихановтың қоғам өміріндегі қызметінің дені клирикалық мұсылмандаққа қарсы шығу және оның қазақ халқының дүние тануына тигізер кесірін дәлелдеу әрекетіне арналады. Оның «Қазақ сахарасында мұсылмандық» еңбегінде «… ол бізге келешекте халықты ыдырату қаупін төндірмек», (21.197) — деген күдік айтты. Бұл жайт Міржақыптың көптеген шығармаларында бой көрсетеді. Мысалы «Балқия» пьесасында молдалардың надан қиянатын орынды ашып беруге тырысады, ал «Хазірет Сұлтан» ғылыми зерттеу мақаласында тарих кепілдігі болып тұрған мешіттің құрып кетуге таяу тұрғанын, ал қожа, молдалар «Хазіретіміздің зиратын түзетеміз» деп мал жинап, есепсіз көп ақша олардың кеңірдектеріне өтіп кетіп жатқанын (18.232 ) ашына айтады. «Бейшара момын қазақ әулиенің атын атап, мың түрлі сиқырды оқып барған тіленші қожаларға жем болып тұрған жайы бар. Зиратқа келгендерді ерікті-еріксіз талаудан басқа кәсібі жоқ». Ол алдамшы, қиянатшыл дін басыларының озбыр әрекеттерінің қоғам өміріндегі алар орнын ашып, әкімшілік тарапынан осыған тыйым жасауды талап ете отырып, ең бастысы ел қазақтарының оларға деген соқыр сенімінің көзін ашуға, яғни XIX ғасырда Шоқан көтерген молданың монтаны жүзінде жасырылған патша өкіметінің отаршыл саясатының мәнін ашуға тырысады.
Міржақып дүниетанымының қалаптасуында Шоқан мұраларының ізі анық байқалады. Ш. Уәлихановтың демократиялық көзқарастары («Сот реформасы туралы») Міржақып шығармаларымен де сабақтасып жатады.
Міржақып 1897-1902 жылдар аралығында Торғай қаласындағы орыс-қазақ училищесінде алғаш дүниелік пәндермен таныс болады. Ал, ол училищенің негізін салған адам, ірі қоғам қайраткері, қазақ ағартушыларының көрнекті өкілі, ғалым, педагог Ы.Алтынсарин болатын. Осы оқу мекемесінде Міржақып оның еңбектерімен еркін сусындады. Ы.Алтынсарин дүниетанымы мен МДулатовтың қоғамдық ой пікірі мен дүниетанымдық көзқарастарының кейбір тұстары үндесіп, сабақтасып жатады, яғни Міржақыптың дүниетанымының қалыптасуына тұңғыш педагог еңбектерінің ықпалы болғаны.
Ы.Алтынсариннің мәдени-ағартудағы ісі, қоғамдық ой-пікірлері жан-жақты талданып, қазіргі таңда тиісті бағасын алып отыр. Ол қазақ халқының басқа ойшылдары сияқты қазақ халқының артта қалушылығын жоюдың жолы ағартушылықта деп білді. Ол өз шығармалары арқылы ағартушылыққа шақырып қана қоймай, Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсенді араласты. Ағартушылардың ондағы мұраты қазақ далаларының инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелей отырып білім беру. Келешекте қазақ қоғамының саяси-экономикасы мен мәдени-әлеуметгік құрылысын дамытатын білімді жастарды шығару. Осы орайда оның шығармаларындағы эстетикалық және этикалық көзқарастары құнды да маңызды. «Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан өсер етуге бар күшімді сальш отырмын», (23.198) — деп құлықты тәрбиеге ерекше көңіл бөлгендегі мұратын айқындайды.
Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымы деизімге жақын, ол дүниені жаратушы Құдай деп біледі. Дегенмен ағартушы өзінің шығармаларында Шоқан Уәлиханов сияқты қоғам өмірінің дамуына кедергі жасап отырған Исламның феодальды-клерикалық идеологиясына қарсы болды. Қазақ халқының сана-сезім ағартушылық арқылы көтеріп «әр нәрсеге көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп бүкіл халыққа әсер ете алады, сонда татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады-дегенді айтады. (24.204). Ы.Алтынсарин дін мен реалды өмірдің ара жігін ажырата біліп, аспан мен жерді, күн мен айды, табиғат құбылыстары мен жалпы табиғаттың өзін Құдай жаратты деп таниды. «Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстіндегі жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды — осының бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес; олай болса, соның бөрін жоқтан бар еткен бір құдіретгі ие болса керек, біз көрмеген». (23.48). Ал, қоғам өркениетке адамның білімі мен ғылымының өсуі арқылы жетеді деген пікірде болады. Абайдың да дүниеге көзқарасы осы сарындас. Ол дүниені жаратушы Алланың қақтығына еш шүбә келтірмейді, бірақ қазақ халқының артта қалуын Құдайдан көрмейді.
Міржақыптың да дүниеге көзқарасында Құдайды жоққа шығарған пікір жоқ. Оның шығармашылығында Ыбырай немесе Абай дүниетанымындағыдай айқын деизм де байқалмайды. Ол жаратушыны мойындай отырып, қоғамды өркениетке жеткізетін жолды құдайдан емес, халықтың өнері, білім, ғылымынан іздейді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы үшін бұл -прогрессивті идея болғаны сөзсіз. Бұл уақыттағы қазақ ағартушылығы, Еуропалық ағартушылықтьщ ықпалында болғаны да күмән туғызбайды. Ойткені, XVIII ғасырда Франциядан басталған бүл қоғамдық-саяси қозғалыс Шығыс Еуропа мен Азия халықтарын да қамтығанды. Ағартушылықтың басты соққысы діни-клерикалдық топқа қарсы бағытталғаны да заңды. Себебі қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгерту үшін ең алдымен адамның санасын осы дүниелік мақсаттарды жүзеге асыруға бағыттау қажет болды. Ғылыми тілмен айтар болсақ, осы уақыттарда Еуропа елдерінде Қайта Өрлеу дөуірінен басталған орта ғасырлық интровертті сананың экстроверттілікке интенциялануы толық аяқталды. Еуропа елдеріне таралған секуляризация мен десакрализация процестері дінді қоғамдық сананың бір бітіміне айналдырды. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі діни-моральдық қүндылықтардың орнын саяси-қүқықтық принциптер басты.
XIX ғасырдағы қазақ қоғамына келетін болсақ, жағдай мүлдем өзгеше еді. Ағартушылық идеялары мұнда бұқара халыққа кеңінен танымал бола қойған жоқ-тын. Халықтың сауатын ашу, шала сауатты молдалардың қолында болды. Әрине, бұдан қазақ жұртының арасында ислам ілімін, исламның адамгершілік-гуманистік сипатын терең түсініп, игерген адамдар болған жоқ деген түсінік тумаса керек. Бірақ, олар азшылықта еді. Қазақ ағартушыларының ішінде ислам гуманистік мәніне терең бойлап, одан халқының руханилығына төн қасиеттерді көре білген дана -ол Абай. Абайтану саласындағы ірі мамандардың бірі — Ғарифолла Есім өзінің «Хакім Абай» кітабында Абайдың дін мен діндарлық, Алла мен адам, Қүдайлық тылсым мен табиғат болмысы туралы ой-толғауларына жан-жақты герменевтикалық талдау жасаған.
Біз Абайдың философиялық мұрасына терең талдау жасауды мақсат етпегендіктен, тек бір мәселеге тоқталып өткенді жөн санадық. Абайдың дін туралы көзқарастары И.Кант пен Э.Фромм түсінігіндегі дін түжырымына ұқсас. Кант дінді «таза моральдық» және статутарлық деп бөлді (25). Статутарлық дін — адамға сырттан берілген, қалыптасқан догматтар мен қағидаларға негізделген дін. Мұндай діндерді шіркеу қызметкерлері, мемлекеттік үйымдар мен ұжымдары өз мақсатына сай жүргізіп отырады. Діннің бұл типі адамнан мойынсынуды талап етеді, оның санасы мен еркін белгілі бір рамкалардан шығармауға талпынады. Ал «таза моральдық» дін адамнан қажымас рухани еңбекті, табандылықты талап етеді. Моральдық дінде адам өз парасаты, сана-сезімі арқылы бойындағы қүдайлықты таниды. Бұл дін типінде адамның дін жолына түсуіне, жаратушыны руханилықтың өзегі ретінде қабылдауына ешқандай зорлық жүрмейді. «Таза моральдық» дінде адами қасиеттер мен құндылықтарды, жарғылықтар мен принциптерді ұстану адамның жүрек қалауымен жүзеге асады және адамның болмыстағы рухани бағдарына, қажеттілігіне айналады. Абайдың жыр жолдары мен қара сөздеріне терең үңілу бізді осындай тұжырымдарға әкеледі. Ал, Міржақып сияқты зерек, танымы терең адамның Абайдың мұндай көзқарастарын байқамай қалуы мүмкін емес.
Ғалым, философ А.Х.Қасымжанов «Міржақыптың көркем өдебиеттегі ұстазы — Абай» (26.111 ) — дейді өзінің ғылыми зерттеу еңбегінде. Қазіргі зерттеушілердің дені көбі, ғасыр басындағы зиялылардың бір қатарын Абайдың ізбасары санап жүр*. Міржақып Абайдың ұлылығын дәріптеп «ғылымсыз қара халық арасында, сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып жанып шығып, тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті» (18.249 )— деп ғасыр басында жоғары баға береді. Ол қоғамдық мәселелерді қозғаған еңбектерінде ұлы ақын танымын мысал тұтып отырады. Міржақыптың дүниетанымының қалыптасуына Абай мұрасының ықпалы зор екені еш шүбә болмаса керек.
М. Дулатов көрсеткендей «Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлт жанды елін-жерін сүйген» ұлы ойшылдың қазақ қоғамының дамуына, ұлттық сананың өсуіне ықпалы зор болды. Абай өмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы Ресей патшалығының «отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетіп» (27.147 )қазақ халқының қараңғылығы әлеуметтік сипат алған кезең еді. Ресей бодандығында жатқан қазақ халқының сауатсыз, қараңғы, надандықта жатқанын көре білді; ол сол жолда күресе білді, бүкіл саналы өмірін елінің мұратына арнай білді.
Ұлы ақынның дүниеге көзқарасы, ой өрісі, рухани әлемі күрделі бір дүние. Адам мәселесі, адамның қоршаған дүниемен қарым-қатынасы, өмірдегі адамның орны — бүл оның философиясының өзегін құрайтын мәселелер. Оның шығармалары сол кезеңдегі бай мен жалшының, болыс бидің, мансапқорлар мен пысықайлардың, ұры-қарылардың қоғамдағы әлеуметтік орнын ашып береді: «Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, ақыл, ғылым ,білім — еш нәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса Құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білім ұяты, ары, жақыны, бәрі — мал»(28,23). Елді басқарып, елдікке шақыратын болыс пен бидің ахуалын былай суреттейді: «Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы: «сені біз сайламадық па?» — деп елдің бұлданғанымен күн өтеді. Екінші жылы канағатпен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап, тағы болыс болып қаларға мүмкін болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? » (28.13 ).
Қазақ қоғамының экономикасы мен мөдениетін өркевдетуге ықпал ететін «ел жақсыларының» рухани ахуалын көрсете отырып бұқара халықтың еңбегін реті келсе тартып жеген, келмесе ұрлап жеген жемқорларға теңейді. Абай терең аналитик. Ол «бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келе білген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей болса да, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Жел өкпелеу, мақтаншақ байларды: «Сіз айтсаңыз, отқа түсуге барамын» деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан алып киімін бүтейтіп киіп, тәуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді», (28.13) — деп арызқор, жалақор пысықайлар туралы жазады. Ойшыл философиясының негізгі зерттеу объектісі — адам екенін жоғарда айтып кетгік. Ол аталмыш кезеңңегі әрбір адамға ат беріп (бай, би, ұры, пысық, мақтаншақ, талапсыз т.б.) және олардың рухани танымын аса бір зеректікпен байқап, нақтылы талдау жасайды. Қазақтың еңбекке талпынбауы, ғылым мен білімге ұмтылмауының бір себебін иегінен арыдағыны көрмейтінін байдың надандығынан, мансаптан басқа кездері жоқ болыс-билердің залымдығынан іздейді. Ақыл сұрап, өнеге тұтар ел жақсыларының іс -әрекетін көріп жүрген жұрт, «еңбек ет», «өнер үйрен» дегенге «бізді не қыласың ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей (болыс, би, бай т.б.) болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек». (28.24 ).
Абай шығармаларындағы негізгі тақырыптардың бірі моральдық проблемалар мен эстетикалық ой-пікірлер XIX ғасырдың екінші жарысындағы қоғамдық ойдың жоғарғы деңгейі болып табылады. Оның шығармашылығының құндылығы — санасын надандық тұмшалаған адамның (Қазақтың т.б.) түбірінен жаңартып, жетілдіру. Абай адам дүниенің темір қазығы, жаратылыстың шыңы, қоғамның негізі мен тамыры деген ұйғарым жасайды. (29.26).
Абайтану саласындағы ғұлама М.Әуезов «… Абайдағы философиялық көзқарастың көзі адамгершілік мәселесіне тіреледі» (30.171 ) — деп жазды. Адамгершілік принциптерін ұстанып, имандылық талаптарын орындауға үндеп әрбір адамға «адам бол!» қағидасын ұсынған Абайдың бұл қағидасы ғасырдан астам уақыт өтсе де күні бүгінге дейін өз мәні мен маңызын жоғалтқан жоқ.
Абайдың этикалық ой-пікірінің қалыптасуына шығыс ойшылдарының ықпалы зор. (31.95 ). Ол адамның болмысын, рухани дүниесін ар-ұжданын, яғни кісілік қалпын көрсете отыра қандай жат қылықтардан қашық, қандай жақсы қылықтарға асық болу керек екенін меңзейді. Адамның өзін-өзі танып білуге үйретуі, философиялық моралға айрықша мән беруі, т.б. ой-пікірлері шығыстан алған нәрі. М.Әуезов Абай дүниетанымының қалыптасуының қайнар көздерін зерттегенде: «Абайдың ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна — шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, араб-иран және түркі халықтарының классикалық поэзиясы Қазақ әдебиеті даму тұрғысынан қарағанда, шығыс әдебиетінің асыл мұраларын пайдалану зор жаңалық болды, өйткені шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиеті тек XIX ғасырда ғана бір-бірімен тығыз ұштаса бастаған еді. Сондықтан да қазақ халқына онша таныс болмай келген шығыс әдебиетін кеңінен пайдалана отырып, онымен өзінің ақындық шығармашылығын байыту Абай үшін зор жаңалық прогресшіл іс болды», (32.160 ) — деп жазады.
Абай қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейінің соншалықты төмен болғанын Шоқан мен Ыбырай сияқты елдің сауатсыздығынан көрді. Ал, Абайдың өзі көрсеткендей «ауыл кезіп ет аңдып, айтарға өсек іздеп, сыпсыңдауын», «дау-жанжалға құмар» болуын істерге жұмыс жоқтықтан көреді. Оның шығармашылығындағы бірі мен бірі жалғасып, бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптар білімге ұмтылу мен адал еңбек ету. Ағартушы елді орысша оқуға шақырады. «Орысша оқу керек, хикмет (керемет) те, мал да, өнер де, ғылым да — бәрі орыста тұр», Ойшылдың бұлай айтуының себебін ғасыр басында Міржақып «мейлінше мол еңбектенуімен орыс тілін үйреніп, орыс әдебиетіне еркін жетіліп достасып алды» (18.212) десе, М.Әуезов «… данышпан Абайдың асқан гуманист классиктерінің, ал олар арқылы Еуропа классиктерінің шексіз бай асыл мұраларымен кеңінен пайдаланудың және өз халқының бұл мәдениетін ана тілінде таныстыруы аса зор жаңалық болды. Осының арқасында Абай өз халқының ұлт мәдениетінің алдағы уақытта еркін гүлденіп, дами беруіне берік негіз қалады, оның болашағына тура жол салып берді» (32.160) — деп жазады. Абай өз халқының мәдениетін, орыс немесе Еуропа мәдениетінен төмен қойған жері жоқ, керісінше, ол өз халқын бар болмысымен сүйген ойшыл. Оған шығармашылығы дәлел. Абай орыс тілін үйренуге үндеуі орыс әдебиеті арқылы, дүниежүзілік әдебиетгі оқып үйрену мүмкіндігін есепке алуынан. Оның ойы өркениетті дамыған елдердің мәдениетін үйрену арқылы, қазақ қоғамының әлеуметтік деңгейін көтеру. Ғасыр басындағы ойшылдар жөне оның бірі Міржақыптың ой-танымында Еуропа мәдениетіне, өркениетіне бой ұрған жер кездеспейді. Ия, ол Еуропа мәдениеті мен өркениетінен үйренуге, үлгі алуға шақырды. Бірақ оның шығармашылығының еш жерінен қазақ мәдениетін төмендетушілік кездеспейді. Бұл ойшылдардағы мақсат күні өткен, қоғам дамуына кедергі боларлық салт дәстүрлерден арылу, өнер, білімге ұмтылдырып, прогреске жету. Әлеуметтік істерге біраз араласқан Абай, қазақ даласында реформалар енгізуге талпынып, елдің мүддесін қорғайтын ережелер ұсынады. (33.295 ). Алайда өз пайдасын ойлаған бай манаптар мен отаршыл саясатты үстанған патшалық әкімшілік бұл реформаларды аяқсыз қалдырады. Орта жүз руларының басы қосылған Қарамола съезіне 76 баптан тұратын жаңа заң ережелерін ұсынады. М.Әуезовтің Абай (Ибраһим) Құнанбаев еңбегінде «онысының көбі қазақтың өзі ескіден білген ел заңы болумен қатар, кей жерлерде жаңа жол-жоба болады», — деген мәлімет береді. Мүсірәлінің куәлігі бойынша келтірілген бұл мәлімет мынандай: 1 — ұрлық қылмыс; 2 — Әйел мәселесі;
«Бұрынғы жол бойынша ақы иелері алатын малды төлеуге ұрының өз мүлкі жетпегенде, ағайыны төлейді екен. Абай енді «ағайыны емес, ұрыға ат майын беруші, сүйеуші бай-жуан төлейтін болсын», — дейді. Абай қосқан бұл баптардың алғашқысын М. Әуезов «ұрар жерін тауып соққан ереже» — деп бағалайды. Абайдың ұрлық пен қылмысқа мән беруінде үлкен негіз жатыр. Бұл кезде ұрлықты кәсіп қылушылар, ел ішінде етек жая бастады. Ұрлықты кәсіп қылушылардың «жалақысын» кім төлеп отырғанын, ол жақсы білді. Бай мен ұрының арасындағы қарым-қатынастың, бұл әлеуметтік жағынан мүлдем қарама-қайшы келетін екі адамның ой-пікірінің қай жерде бірлесетінін дәл басып біле алды. «Ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып тағы да байимын деп жүр. Ұлықтан алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр …Осы бір ұры бұзақы жоғалса, жұртқа ойда түсер еді. Шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді». Орыстың алдыңғы қатарлы демократтармен таныс болып, пікірлескен, олардың қоғамдық-саяси ойлары, Абайдың саяси көзқарасының одан әрі жетілуіне ықпал еткені сөзсіз. Әрине, орыс тілін үйренуге шақыруда ақынның бірінші мұраты өзі сусындаған Батыс өркениеті мен философиясы қоғамдық ойдың тарихын, ғылымы мен мәдениетін үйрену арқылы, қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағдайын көтеру. Ол Ресей патшалығының қазақ даласында ұстанған отаршыл саясатын, оның үстемдігін жақсы білді, түсінді. Сондықтан да «зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, ғылымын, оқуын білмек керек … Сен оның тілін білсең көкірек көзің ашылады» (34.50 )— деп жазды. Қоғамды билеуші күш Ресей өкіметі болғандықтан, қазақ үшін заң-жобаны шығаратын да Ресей өкіметі. Орыстың тілі мен ғылымын үйрену дүниенің мәнін таныту да қандай маңызды болса, адал еңбектеніп мал табуда және әкімшілік тарапынан болған қысымды тани біліп, одан халқыңды қорғай білу де сондай маңызды деп табады. «Малды қандай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейін, мені көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей заңы болмаса, заңсыз қорлығына көнбес едік». (34.33 ).
Абай қазақ халқының Ресей бодандығынан шығып, саяси тәуелсіз мемлекет болуды айтпайды. Қазақстан мемлекетінің Ресей патшалығынан бөлек өмір сүруін көздемейді.Оның себебі тәуелсіз мемлекет құрудың тарихи алғышарттары әлі қалыптаспағандығында. Ол қазақ халқының өркендеп, өсуін, қоғамда қараңғылық пен надандықтың жойылуынан көреді, ал надандық пен қараңғылықтың жойылуын білім мен мәдениеттің етек алуынан іздейді. Ғалым, философ А.О.Сегізбаев Абай ойының философиялық кейбір ерекшелігін талдағанда: «Ясно то, что Абай не представлял себе прогресса казахского общества вне России, вне ее влияния на все сферы казахской общественной жизни…» (22.320 ) — деген пікір айтады. Абай белгілі бір әлеуметтік топтың немесе белгілі бір рудың мүддесін қорғамады. Абай бүкіл ұлттың тағдырына толғанды.
«Зәредей де шүбә етпейміз», — дейді Міржақып «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар өнер білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артар. … халық пенен Абай арасы күшті махаббатпенен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар». Қазіргі таңда Абайдың мұрасы Міржақып ғасырдай бұрын уақытта көрегендікпен айтып кеткендей, жан-жақты зерттелініп, тиісті жоғарғы бағасын алып отыр. Әсіресе кеңес уақытында тіс батып бара алмаған кейбір қырлары, еліміз егемендік алған таңында жан-жақты зерттелініп жатыр.
Көне түркі заманынан басталатын қазақ философиясы мен ойлау мәдениеті, шығыс поэзиясы, батыс өркениеті Міржақып дүниетанымының қалыптасуына ықпал етті. Міржақып дүниетанымы үнемі дамуда болды, себебі ол үнемі ізденісте, яғни жаңа білім табу жолында болды. Дүниетанымының қалыптасып тұрақтануы процесінде, оның алдына нақтылы қойған мақсат, мұраты туды. Оның мақсат-мұраты адамның жайы, яғни адамның материалдық, рухани мүдделері қанағаттандыру, үстемдіксіз еркін өмір сүруі, қанау мен езгіге жол бермеу, қысқаша айтқанда адамның қоғамда еркін жөне бақытты өмір сүруі. Ол адам үшін бақытты өмірді Құдай немесе басқадай сыртқы күш емес, адамның өзі жасайды деп ұйғарады. Адамдар қоғамда бірге отырып, ақыл-ойының ықпалы мен саналы белсенді іс-әрекеттерінің нәтижесінде қоғамдық өмірде алатын орнын, әлеуметтік жай-күйін, еркіндігі мен мүдде-талаптарының орындалуын қамтамасыз ете алады деп түсінді. Оның ойынша адамдардың бостандығы мен еркіндігін қорғайтын қоғам, нағыз демократияшыл қоғам, ал адам ол қоғамды өз күшімен жасай алады. Қазақ халкының еркіндігі мен бостандығын мұрат еткен ойшыл, осы мақсат-мүдденің соңында талмай қызмет етті. Сондықтан оның қоғамдық қызметтері мен шығармашылық еңбектерінің дүниетанымдық маңызы зор. Олардың осы ұлы мақсат соңындағы қоғамдық қызметтері мен саяси-әлеуметгік көзқарастары жайында екінші бабымызда кеңірек айтылады.
Сонымен ойымызды жинақтап, қорыта айтсақ, М. Дулатовтың дүниетанымының қалыптасуына ерекше ықпал еткен төмендегідей факторларды атап өтуге болады.
Әрбір ұлт өкілі сол ұлттың дәстүрі мен салтын, әдептік нормалары мен құндылықтарын бойына дарыта отырып дара тұлға болып қалыптасатыны сияқты, МДулатовтың дүниетанымы ұлттық дүниетаным аясында тұрақтанды және оның қайнар көзі фольклор болып табылады. Ю. Лотман айтқандай, ауызекі ақпарат айналымына негізделген дәстүрлі мәдениет қоршаған ортаны, оның әрбір қыраты мен жазылған бұлағы, көлі мен орман даласын өзгеше тұрғыда бағалайды. Дәстүрлі қоғам адамы үшін табиғат құпия, сырға толы. Ол өзін қоршаған әлемге жансыз, үнсіз нәрсе деп қарай алмайды. Ол тіпті дала үнсіздігінен, шөптің сылдырынан, жұлдыздар жарығынан тылсым сыр іздейді. Дәстүрлі қоғамда адам мен ғарыш синкретті тұтастықта болады. Міржақыптың балалық шағы, атқа мініп, ел аралаған бозбалалық дәурені дәстүрлі мәдениет аясында өтті. Сондықтан ол да басқалар сияқты халықтың бай көне мәдениеті мен асыл қазынасы ауыз әдебиетімен сусындап өсті.
МДулатов дүниетанымының екінші арнасы — Шығыс философиясы мен поэзиясы. Шығыс деп отырғанымыз орта ғасырлық Араб — Парсы, Түркі мәдениеті. М. Дулатов Шығыс ойшылдарының еңбектерімен тікелей таныс болмаса да, аталмыш ойшылдардың рухани мұрасы Орталық Азия халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да «ноосферасын» құрады. Міржақыптың адам өмірінің мұраты, игілік, бақыт, әділдік, бостандық, ерік сынды ойлары осы болмыстың айрықша «парасат қабатында» қалыптасты жөне соның құрамына еніп, өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
М. Дулатов дүниетанымының үшінші бастауы — прогрессивті ағартушылық идеялары. Ол Батыстық, Ресейлік және Қазақ ағартушыларының негізгі идеялары мен ұстанымдарын қабылдайды. Қоғамдық қатынастарды өзгертудің, жетілдірудің басты қаруы — ғылым мен білімді тарату, халықты соған тарту деп санайды. Алайда, XX ғасыр басындағы қазақ ағартушыларына өздерінің ізашарларымен салыстырғанда мүлдем өзге міндеттерді шешіп, мақсаттарды жүзеге асыруға тура келді. Ең бастысы қазақ қоғамының алдында егеменді ел болудың тарихи мүмкіндігі ашылған еді. М. Дулатов алдыңғы буын ағаларының шығармаларынан сусындай отырып, ағартушылық идеяларын жаңа саяси жағдайлармен ұштастыра білді.
XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік оқиғалар М. Дулатовтың қоғам қайраткері ретінде сомдалуына, оның осы бағыттағы көзқарастарының түйінделуіне тікелей ықпал етті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта ғасыр басында Міржақып аңсаған нағыз демократиялық, өркендеген қоғам құру басты мақсатымыз. Қоғамдағы адамның бостандығы мен азаматтық еркін қорғау мақсатын жүзеге асырып, өзіне-өзі ие, белсенді де адал, жан-жақты дамыған ерікті азамат тәрбиелеу ең басты мақсаттардың бірі болып отыр.
1.2 Ақынның қоғамдық-саяси көзкарастарының қалыптасуының тарихи-әлеуметтік алғы шарттары
Еліміздің егемендігі өз қолына тиген таңда, қазақ елінің өркендеп өсуін мұрат тұтқан ғасыр басындағы зиялылардың еткен еңбектері мен қалдырған мұраларын қазіргі таңда тарихшылар, әдебиетшілер, саясаттанушылар, философтар т.б. жан-жақты зерттеу үстінде. Біз оларды қоғам қайраткерлері, күрескер ақын-жазушылар, ойшылдар, қазақ зиялылары деп дәріптеп жатырмыз. Олардың қоғамдық ойлары мен саяси-әлеуметтік көзқарастарын зерттегенде, олардың дүниетанымы мен творчестволық, қоғамдық қызметтеріне әсер еткен тарихи жағдайларға соқпай кете алмаймыз. Сонымен Міржақыптың шығармашылығында саяси-әлеуметтік көзқарастарына, оның дүниетанымы мен творчестволық қызметіне ықпал еткен тарихи-әлеуметтік орта қандай болды?
XX ғасырдың бас кезі талай халықтың басынан небір сұрапыл дауылдарды соқтырып өтті. Бұл уақыт қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың қақтығыс күресі, азаттық жолында арпалыстың кезеңі болды. Әлеуметтік саяси жағынан алғанда бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс феодалдық қоғамның ыдырауын жеделдеткенмен оларды ауыстыратын қоғамдық қатынастар тым әлсіз еді. Халық «Бақытсыз Жамал» әдебиетте шыққан бірінші роман болғандығынан емес, роман көкейкесті мәселені көтергендіктен халықтың ойынан шықса керек. Роман тек көркем туынды ғана емес, қоғамдық сананы дамытуда орасан зор көмегін тигізді. Ол Жамалдың әкесі Сәрсенбайдың образы арқылы дауға жел беретін «пысықайлардың» надандығын әшкерлейді. Сәрсенбай тумысында момын кісі. Бірақ «… сол елдегі атқа мініп жүрген, ел арасы тыныш болғаннан даулы, сөзді болғанын артық көретін» пысықайлар оның көңіліне «мансапқорлық» деген құртгы әдейі, қасақана түсіреді. Сайлау жетіп, шарға түскенде билікке таласқан Сәрсенбей жеңіліп, тауы шағылады. «Көп расход шықты». Қасындағы әуелгі тыныш жатқан Сәрсенбайды билікке таласуға қыздырған достары:
«— Қап бәлем, келер сайлау болсын! — деп қайрат берген болды. … Бағзы уақыттарда сайлау еске түсіп, шығындарын һәм намысын ойлағанда, Сәрсенбай іші күйіп, хәтта енді, сондағыдан екі есе шығындалсам да дегеніме бір жетсем, арманым қалмас еді деген секілді пікірге де келіп қоюшы еді». (18.65). Жазушы қоғамдық ойдың дәрежесін көрсетеді. Адам психологиясымен жақсы хабардар Міржақып Сәрсенбайдың психикасы арқылы мансапқорлықтың, дау құмарлықтың зардабын ашады. Ұтылдым, енді қалай болмасын ұтуым керек деген мақсатты алға қойған Сәрсенбай жалған намыстың жетегінде жүргенде, өз туған перзентінің орны толмас бақытсыздыққа ұшырауына себеп болады. Санасын шенқұмарлық билеген Сәрсенбай, Байжанмен тек билік үшін ғана құда болады. Романдағы образдардың дерлігі осы пейілдің арқасында бақытсыздыққа ұшырайды. Сәрсенбай Жамалдың шешесі Шолпан, Ғали, Ғалидің әке-шешесі, Байжан байдың өзі, баласы Жұман. Неге бұлай болды, олар неліктен бақытсыз, оған кім кінәлі, не кінәлі?
Бұған кінәлі қазақ қоғамында әйелдің теңсіздігінің жоқтығы, әйелдің еркімен санаспауының салдары деп біледі. Себебі Жұманға атастырар кезінде, Жамалдың ықтиярын ешкім сұраған жоқ, еркімен ешкім санасқан жоқ. Оның салдары тек Сәрсенбайға ғана емес бүкіл ауылға тиді. Елдің тынышын кетірген дау-жанжал шықты.
Аталған романнан қазақ ауылдарындағы елдің тұрмыс— тіршілігін, болмысын, надандырылған елдің санасын көрсетеді. Малдылар мен әлсіздердің ара-қатынасы, дау құмарлығы байлардың қоғамға қатынасын, әлеуметгік теңсіздікті суреттей отырып, бұл қайшылықтың күннен-күнге тереңдеп бара жатқанын қауіппен ескертеді.
Қазақ қоғамында әйел мәселесінің күрделілігін терең түсінген, жазушы, әйел өз теңдігін қорғай алатындай, әділетсіздікке бас көтеріп, қоғамдағы орын алып отырған әділетсіздікке бас көтере алатындай болу үшін сауаттануы, яғни білімді болу қажет деп санайды. Сонда әйел өзіне жасалынған қиянатқа қарсы тұра алады деп ұғады.
Міржақыптың әйел мәселесі жайында көзқарасы, оның еңбектері қазақ қоғамдық ойының дамуына тигізген әсерлері зор. Оның шығармаларында адам мәселесі, оның ерік-жігері рухани болмысы мен ойы, қоғамдағы орны жан-жақты зерттелініп, шешімін тауып жатады. Сондықтан да бұқара халық ыстық ықыласпен қабылдап, рухани азық етгі.
Оның шығармаларындағы философиялық ой-толғамдары -қоршаған ортаның қатынасын тану, адам жанының табиғатын ашу, әр халықтың, әр адамның тәуелсіздігі қолында болу. Ол осы жолда, яғни қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу жолында, өркениетті қоғам құру жолында аянбай еңбек еткен қайраткер. Міржақып мұрасының әлеуметтік дүниетанымы — қоғам және адам, адамның өмір сүру философиясы. Жалпы оның шығармаларының негізін жасайтын «еркіндік», «тәуелсіздік» ұғымдары халқына деген махаббатынан және өркендеген ел болсын деген тілектен туындап, астасып жатады.
Ойшылдың әлеуметтік философиясы — халқының өмірі — сенің өмірің, ұлтыңның қиыншылығы — сенің қиыншылығың, сондай-ақ оның бақыты сенің бақытың. Ол өзін өз халқымен біртұтас санайды, яғни өзін халықтан бөлек көрмейді. Қоғамның өркендеуін белгілі бір таптан немесе топтан емес, жалпыхалықтық мүдденің өркендеуінен көреді. Сондықтан ол халқын бірлік пен туысқандыққа үндеді, қазақ қоғамының өлеуметтік болмысын көрсетті. Шиеленіске түскен қарама-қайшылықты жағдайлардың шығу себебі мен құтылар жолын көрсетуге ұмтылды. Оның дүниеге деген көзқарасы, қоршаған болмысты тануы, тарихи білімі, халықтың дүниетанымын терең түсіне білуі қоғамдық ой-пікірлерінде көрініс береді. Оның еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық санасын болмыс бітімі мен дүниеге көзқарасьш көрсететін ғана емес, аталмыш кезеңдегі қазақ халқы үшін де, біз үшін, болашақ ұрпақ үшін де дүниетанымдық маңызы зор мұра.
МДулатовтың әлеуметтік философиясын талдағанда аңғаратынымыз, оның қоғамдық даму мен әлеуметтік-экономикалық процестерді тарихи тұрғыдан қарастыратындығы. Ақын—публицист өз мақалаларында қоғамның тарихи эволюциялық дамуын жасанды түрде өзгерту немесе бұрмалау халық тағдыры үшін зор қауіп төндіретінін аңғара білді. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесін бұзу экономикалық зардаптарға ғана емес, рухани дағдарысқа алып келетіні сөзсіз еді.
Міржақып сонымен қатар, патша өкіметінің қазақтарға қарсы ұстанған акультурациялық саясатын да жақсы түсінді. Патша өкіметінің бұл саясаты қазақ қоғамының ұлттық біртектілігін бұзуға бағытталған-ды. Патшалық самодержавиеніңакультурациялық саясаты қазақ жеріндегі дәстүрлі билік жүйесін тарқатып, оның орнына батыстық үлгідегі билік формаларын енгізуінен де көрініс табады. Міржақып қазақ менталитеті мен руханилығында орын алған кесірлер мен кертартпалықты жоғарыда аталған құбылыстармен байланыстырады. Ақын қазақ қоғамын жайлап бара жатқан бодандық дертін тежеп, халық рухын сауықтырудың жолы патша өкіметінің отаршылдық саясатын ашық әшкерлеп, халықты еркіндік пен тендік идеяларының аясында баулу деп тапты. Гегель айтқандай, тек өзіндік санасы оянған, ұлттың мүддесін ту етіп көтерген халық қана тарих көшіне ілесе алатын еді (39. 100-101). М.Дулатовтың әлеуметтік бағдары -халық бойындағы адамгершілік, ар-намыс, әділеттілік, теңдік құндылықтарын халыққа түсінікті әдеби тіл арқылы негіздей отырып, қазақ халқы әлеуметтік-саяси бірлікке, ынтымақтастыққа шақыру, ел болып теңдік жолында күресу. Айтылған мәселелер Міржақыптың «Оян, қазақ!» жинағында өзінің айшықты көрінісін тапты.
ІІ- ТАРАУ. М.ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
2.1. «Оян, қазақ!» жинағындағы әлеуметтік-этикалык мәселелер және ағартушылық идеялар
Адам мен адамгершілік мәселесін тәуелсіздікті мұрат тұтып, елінің өркендеуін аңсағанын Алаш қайраткерлерінің шығармашылығында жиі кездестіреміз. Әсіресе, бұл мәселені философиялық тұрғыда жан-жақты шешіп, этикалық тұжырымдамасының өзегі еткен Абай еді. Оның кез-келген шығармасындағы «Адам бол!» шафхатты үндеуі оны таза адамгершілігі мол ойшыл, гуманист етті. Ол адам болудың біртұтас кодексін жасады. Абай негізін қалаған бұл принціп қазақ дүниетанымының іргелі ұғымына айналды. «Адам бол!» ұғымын қазақ дүниетанымының тағы бір универсалиясы «Жарық дүние» ұғымынсыз қарастыру мүмкін емес, өйткені бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің мәнін ашады. Қазақ дүниетанымында тек адам ғана дүниеге мәндік сипат, құндылық мазмұн береді. Адам ғана дүниедегі жақсылық пен зұлымдықтың, әсемдік пен ұсқынсыздықтың, білімділік пен надандықтың, әділетгілік пен әділетсіздіктің ара-жігін аша алады. Өйткені тек адамды ғана Алла еркін, парасатты етіп, махаббатынан жаратқан. Яғни адам Алладан Нұр алған, оның бойында Алла Нұрының ұшқыны бар. Осы ұшқын арқылы адам дүниені «Жарық дүниеге» айналдырады. Адамның адам болу парызы да осында. Ал адам бойындағы Алла нұрын жүрек сезімі, ақыл парасаты арқылы ашады. Осы нұр ұшқынын ашу адамды адам етеді. Көп адамдар «Мен мен Менікені» тани алмай адасады. Абай «Меніке өлсе де, мен өлмейді»,-деп айтады. Яғни, Абай бұл жерде мәңгілік Рух-Алла нұры — адам жаны туралы айтып отыр. Абай сөз түсінген адамды пендешіліктен жоғары болып, күнделікті тұрмыс-тірлікті ғана емес мәңгілікті де ойлауға жетелейді. Абай еккен адамгершілік дәні Алаш азаматтарының рухани болмысында өсіп жетілді. Ел қамын жеген зиялылар, Абай негізін салған «Адам бол!» үндеуінің жалғасы іспеттес болды. Олар бар болмысымен алыптың гуманистік ой-пікірін қабылдап, өз шығармаларында оны әрі жалғастырды.
Олар ағартушылықты уағыздай отырып, халықты адамгершілікке, парасаттылыққа, тапқырлыққа т.б. тәрбиелеуге ұмтылды. Халықтың ішкі рухани дүниесін жетілдіре отырып, қоғам өмірін жақсартуды көздеген зиялылардың түпкі мақсаты — Ресей патшалығының бодандығынан босану болды.
М.Г.Чернышевский адам болмысы жайында «… адамдағы болмыстың бірлігінде біз екі түрлі құбылысты байқаймыз: материалдық тәртіп деп аталатын құбылыстар (адам тамақ ішеді, жүреді) және имандылық жөні дейтін құбылыстар (адам ойланады, сезеді, тілек етеді)» — деп жазған еді. Зиялылардың қазақ қоғамындағы кенже қалған материалдық өндірістік игіліктердің дамуы мен рухани дүниесінің дамуына қатар көңіл бөліп, оны өз шығармашылығында ұштастыра білді. Аталмыш уақытта қазақ халқының ой-ақылының дамуына, сөз жоқ зиялылардың ой-пікірлері үлкен ықпалын тигізді.
«Табиғаттың өзі жаратқан нәрселер, сөз жоқ табиғи байлық болып саналады, адамның қолымен жасаған нәрселер адамға, оның рухани еңбегінің және өндірістік қызметінің жемісі. Моралдық және рухани байлық жоқ жерде мұратқа жету мүмкін емес. Алға қойған мұрат, мақсатқа қол жеткізу үшін адамдарды жан-жақты тәрбиелеуге көңіл бөлген жөн», — деп жазды философ Т.Айтқазин: — олар өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерімен қатар ағарту-мәдени ісін, тәрбие жұмыстарын қатар алып жүрді. Олардың көркем туындылардың өзегі этикалық категорияларға негізделді.
А.Байтүрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың, Ш.Құдайбердиевтің өлеңдері мен шығармалары қазақ халқын жан-жақты адамгершілікке тәрбиелеуге арналған дүниелер болды. А.Байтұрсыновтың поэзиясында осы жағы басым. Өмірдің өзі көрсеткендей, кедейшілік ешқандай да кемістік емес, ал байлық өмірдің негізгі мақсаты, мұраты болып табылмайды. Ең бастысы – тән мен жанның үйлесімділігі, рухани жылулық. Сонда ғана мақсатқа, мұратқа жету мүмкіндігі бар.
Зиялылардың халқын адамгершілікке тәрбиелеудегі мақсаты -халықтың ұлттық сана-сезімін көтеру, қоғамдық ойды дамыту. Сонымен қатар бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, тәуелсіздік туының астына жинау. Олардың ерекшелігі де сол, қазақ қоғамының қараңғыда қалуының себебін аша отырып, қараңғыдан шығуының жолын көрсетті. Олардың қоғамдық-саяси қызметтері мен философиялық ой-пікірлері өте жақын болды. Ол заңды да. Себебі, мақсат біреу, мүдде ортақ.
Қазақ қоғамының дамуын ат салысып, қазақ халқының ой-пікірінің дамуына зор ықпал еткен зиялылардьщ бірі — Міржақып Дулатов. Міржақып Дулатовтың қоғамдық-саяси көзқарасын, дүниетанымын аяғына дейін нақты түсініп білу қиын. Себебі, оның арнайы жазған философиялық шығармалары (трактаттары) жоқ. Оның философиялық ой-пікірлерін көркем әдеби прозалары мен поэзиясынан, публицистикасы мен ғылыми- зерттеу мақалаларынан танимыз. Оның шығармашылығының жемісі, ондағы көтерген мәселелері, қоғамдық әрекеті тұнып тұрған философия мәселелері десек қателеспеген болар едік. Халқын жаппай ағартушылыққа шақыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы адамгершілік пен жақсы мінез құлықты қалыптастыру қажет деп санады. Міржақып — әдебиетші, тарихшы, журналист, аудармашы. Оның әртүрлі жанрда жазған еңбектерін талқылау үстінде оның шығармашылық өнерінің қай саласында болмасын жемісті еңбек еткенін көреміз. Оның бар мұрат-мақсаты қазақ қоғамын көркейту, ұлттық сананы ояту, халқын өркениетті елдер қатарына қосу болған. Ойшылдың әлеуметтік көзқарасының ағартушылық жүйесін анықтай отырып, оның адамгершілік-этикалық ой-толғамдарына соқпай кете алмаймыз. Себебі, Міржақып шығармаларының басты пәні — әлеуметтік өмір, адам болмысының мән-мақсаты, қоғамдық прогресстің алғышарттары мен даму бағдарларын талқылап, айқындау. Азамат ақын қазақ қоғамының өсіп-өркендеу көзін қоғамда меңдеген әлеуметтік келеңсіздікті жоюдан, сөйтіп жаңа рухтағы, адамгершілігі биік, мінез-құлығы дұрыс бағытта қалыптасқан адамды тәрбиелеуден іздейді.
Міржақып шығармаларындағы этикалық көзқарастарының мәні мен өзегі — адамгершілік мәселесі. Абайды, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, өзінің ең үлкен негізгі ұстазы санаған Міржақыптың шығармалары, алып поэзияларындағы «Адам бол!» этикалық үндеуінің жалғасы іспеттес. Адам өзінің адамгершілігімен асыл, қазақ даласынан шыққан қайсыбір ойшылы болмасын адамға қоятын негізгі талабы адам болу проблемасы. Қоғамның дамуының басты құралы материалдық өндіріс болса, рухани арқауы — адамгершілік. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының творчествосындағы адам мен адамгершілік проблемалары кеңінен өріс алады. Бұл заңды құбылыс еді, өйткені әлеуметтік дағдарыстар, тарих толқынындағы ауыртпалығы мол күйзелістер қоғам мен жеке адам алдына мәңгілік шешілмейтін, жұмбақ сырға толы мәселелерді жаңа қырынан қойып, оларға жауап іздеттірді. Адам мен қоғамды дамудың жаңа белесіне алып шығатын да осы ізденіс. Бұл процесс болмыстың рухани субстанцияларына, терең тамырларына үңілуге көптеген құбылыстарға жаңаша тұрғыдан қарауға жетелейді. Тендікті аңсап, тәуелсіз мемлекет құруды көздеген зиялылар халқының ұлттық сана сезімін көтеруде, адамның рухани арқауы адамгершілікке көп көңіл бөледі. Философ-ғалым Т.Х.Айтқазин философияда адамгершілік мұраттың алар орнын жоғары бағалай отырып, «… адамдардың бойында олардың жүріс-тұрысында, қоғамдық ортасында, отбасында, бір-бірімен қарым- қатынаста адамгершілік мұраттар болмайынша мұратты мемлекет құру мүмкін емес» — деп жазады. (17.185 ).
Демек, Міржақып шығармаларында этикалық категорияларға ден қоюы кездейсоқтық болмаса керек. Оның негізгі мақсаты –тәуелсіздік болса, халқын азаттық туының астына жинау үшін рухани дүниесін жетілдіріп, сана-сезімін өсіру қажет болды. Қараңғы қазақ халқын ескі дүниенің бұғауынан босатып, жаңа заманның даңғыл жолына жетелейтін білімді, адамгершілігі биік қазақ қоғамының мүддесін қорғайтын азаматтар қажет деп тапты. Сондықтан оның өлеңдерінде жастарға білім беріп, дұрыс ойлауға үйрететін, нағыз азамат болуға шақыратын желі айқын байқалады. Міржақыптың пайымдауынша, қоғам дамуының басты құралы білім, ғылым, өнерде жатыр. Білімді бойына жинақтау арқылы адам қоршаған ортаны таниды, яғни білімді адамның жан-жағы жарық. Бүгінгі дәулетті адам ертең кедей болуы ғажап емес, ал білім мен ғылым көзін ашсаң таусылмас бұлақ. Наданның күні — түн, қараңғы түнге жарық беретін білім, ғылым, өнер деп түсіндіреді. Білім мен ғылымның мәнін өзінше аша отырып, уағыздайды. Дегенмен, Міржақып адам бойындағы асыл қасиет -адамгершілікті бірінші орынға қояды. Оның ойынша адам білімді бойға жинақтай отырып, оның ішкі рухани дүниесімен тығыз байланысты болады, яғни ол адамның білімі мен адамгершілігін ұштастырады. Міржақып адам өз білімін адамзаттың, халқының мүддесіне жұмсау керек екендігіне басты назар аударады. Бұл жерде оның ой-пікірі Абайдың ойымен астарлас. Білім шен алып, шекпен жамылудың құралы емес, ол ақыл-ойдың толысуының, парасаттың кемелденуінің негізі. Аталмыш заманда ақын өлендерінің мақсаты — халқының сана-сезімін оятып, еңсесін көтеру. Әрбір білімді азамат, білімін өз басының пайдасына емес, халық пайдасына жұмсау қажет, қоғамның дамуы жолында құрал ету, оның «Таза бұлақ» өлеңінде (роман) жапан далада ағып жатқан бұлақ басындағы тақтайшада «Болсаң бол, ей, жолаушы бұл бұлақтай»! деген жазудың мәнін саудагер мен ғалым жас жігіт өздерінше талдайды.
Саудагер: «Алысқа бармақшы ол тынбай ағып,
Қосылмас өзге бұлақ бұған неғып?»
Зорайып ақырында өзен болып,
Суынан пайдаланар тамам халық.
Менімше, мұнан мұрат мағына сол,
Кәсіп қыл, жалқауланбай талапты бол.
Бұлақтай мақсұтыңа сенде жетіп,
Басыңа тигізерсің пайданы мол.
Ғалым: «Бұл сөзден ғибрат мол адамзатқа,
Тегін қыл жақсылықты пұлға сатпа.
Бұлақтай кез келгенге даяр болып,
Міндетсіз білімінді тарат халыққа».
Жас жігіт: «Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан,
Жазудан мағынам сол менің ұққан.
Көңіліңді бойың менен таза ұста,
Пәктікпен артыларсың сонда жұрттан.
Ақ пейіл таза жүрек жүзі жарқын,
Секілді мөлдір бұлақ суы салқын».
(15.85) Ақынның бұл пайымдауынан оның адамның ішкі рухани сарайына үлкен мән беретінін көріп отырмыз. Адам қандай бір жетістікке жетпесін, қандай бір кәсіп иесі болмасын, ең бастысы адам бойындағы шынайы адамгершілікті жоғары қояды. Оның бұл ойы В.Г.Белинскийдің: «Ғалым болу, ақын болу, жауынгер болу, заң шығарушы болу — жақсы нәрсе, бірақ сонымен қатар «адам» да болмаса сенің құның шамалы, «адам» болу, сенің арың таза, басқа дәрежеден құр алақан болсаң да, ұялмай қиналмай жалғыз адамшылығыңмен — ақ өмір сүре беруге болады», — деген сөзіне сай келеді. (6.156 ).
Міржақып адамның жүрегінің таза болып, адамгершілікті жоғары қоюы тегіннен тегін емес еді. Өйткені бұл кезде қазақ даласында Ар философиясының негізін қалаған Шәкәрімнің беделі зор еді. Шәкәрім өз еңбегінде барлық философиялық бағыттарды талдай отырып, анықтың — анығы ар-ұждан, адамгершілік деген тұжырымға келеді. Оның бұл идеясы көзі ашық, санасы ояу әрбір қазақ азаматының көкірегіне қонған еді.
Алдыңғы тарауда жазып өткеніміздей, қазақ қоғамы, экономикалық, саяси-әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшырап, рухани құлдырау шекарасында тұрған еді. Елде әлеуметтік сипат алған жеке басының қамын ғана ойлайтын — индивидуализм, баққұмарлық, рушылдық, дауқұмарлық, парақорлық т.б. толып жатқан келеңсіздіктер кеңінен өріс алып қоғам дамуын баяулағанның үстіне баяулата түсті. Өз шығармаларында осы әлеуметтік келеңсіздіктерді нақтылай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы, олардың бойына адамгершілік нәрін себуге ұмтылады. Ол өзі ұзақ емес санаулы өмірін елінің өсіп-өркендеуіне, халқының көзін ашуға арнады. Сондықтан да адамды адамшылық жағынан толыстырып, ой пікірін дұрыс бағытта дамытуға, бар білімі мен мұратын өз халқына қажымай қызмет етуге шақырады. Ойшыл қазақ қоғамының өркениетке жетуіне адамдардың білімді, еңбекқор болуымен қатар адамгершілігін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деген пікірге тіреледі. Міржақып өз өмірінің мәні етіп, халқына қызмет ету деп қояды. Ол бар білімін күш-жігерін сол жолда сарп етіп, өмірін арнады. Д.Досжановтың «Абақты» архив деректері баяндалған кітаптарында МДулатовтың ОГПУ-ға берген жауаптары осыған нақты айғақ бола алады. /(27.151). Оған оның қоғамдық қызметтері мен шығармалары дәлел. Аталмыш кезеңде халқының мүддесін қорғау мұрат-мақсатының соңында өмірін арнаған қайраткерлердің шығу тарихы қажеттілік те еді. Белгілі бір мүддені қорғау мен уағыздау үшін, алдымен адамның өзі оны тануы қажет. (35.260 ). Адамның өмірінің мәні халқына қызмет ету, яғни өз басының күйін күйттеген емес, халық мүддесін қорғаған адамның өмірі мәнді. Өз қара басының күйін хайуан да күйттейді. Қайта өркендеу дәуірінің атақты ойшылдарының бірі — Пико делла Мирандолла «Жер бетінде адамнан ұлы жан жоқ, ал адам бойында ақыл мен жаннан ұлы құдірет жоқ.»,-деп жазады(36. 40). Адам өмірінің мәні -руханилық пен адамгершілік тұғырын биік ұстау. Ерік-жігер, ар-намыстың сағын сындырмау. Міне, осы тұрғыда ойшыл биік қойған адамгершіліктің қоғам өмірінде алар орны зор болса керек.
Міржақып бүкіл шығармасы мен дүниетанымының өн бойында жарыса жүріп отыратын, адамның ішкі, сыртқы мәдениетінен хабар беріп отыратын мінез-құлық, Ол қоғам өмірінде әлеуметтік кеселді өрістетіп, отырған келеңсіздікті мінез-қүлықтың қалыптасуынан іздейді. Адамшылықтың көрінісі, адамға лайық мінез-құлық керек деп түсінеді. Ол мінез-құлықты адам өмірінде елеулі роль атқаратын, қоғамдық мәні бар күрделі проблема етіп көтереді. Мінез белгілі адамдарда сан алуан болады. Ол өмір құбылыстарына жасайтын қатынастарына қарай ерекшеленеді. Бір адамға сипаттама берерде әдетте оның мінезіне, адамгершілігіне қарай баға беріледі. Мінез деген адамдардың іс-әрекетінен көрінетін негізгі психикалық қасиеттер жиынтығын айтамыз. Адамдардың қатынасын білдіретін жолдастық, адамгершілік, сияқты мінез белгілері болса, оның еңбекке қатынасын білдіретін еңбексүйгіштік, тиянақтылық, ұқыптылық, инициативашылдық сияқты мінез қасиеттері болады. Мінез белгілері адамның өзіне деген қатынастарынан да көрінеді. Олар кішіпейілдік, өзін-өзі бағалай білушілік, сын көзбен қараушылық т.б. Бұдан басқа мінез адамдардың ерік, жігер күшіне ерлік, батылдылық, тәртіптілік, шыдамдылық сияқты мінез қасиеттері болады. Әрине мінез жақсы қасиеттерден ғана тұрмайды, адамдар да менменшілдік, парашылдық, өзімшілдік, өркөкіректік, еріншектік, қорқақтық, жасықтық, мақтаншақтық сияқты жаман мінездер де болады. Мұның бәрі тұтас алғанда этика нормаларымен тығыз байланысып жатады. Адамдардың ісі мен сөзінің арасындағы алшақтық жаман мінездердің бір көрінісі.
Міржақып адам мінез-құлқының қалыптасуын, тәрбиенің жемісі деп біледі. Оны адамның күнделікгі тұрмысында, әлеуметтік ортасының қатынасында қалыптасқан құбылыс деп есептейді.
Қазақ тұрмысының өмірімен сәйкес және ағымның ықпалымен байқалынып отырған мінез-құлықтарын байқап қана қоймай, ұнамды, ұнамсыз ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Ол өз шығармаларында жақсы мінез-құлықтылыққа тәрбиелеу арқылы қоғамдағы әр адамның бойына ортаға, қоғамға пайдалы қасиеттерді қалыптастырып және бағыттап отыру идеясын ұсынады. Оның еңбектерінен айтылмыш замандағы адамның өзіне, басқаларға тапсырылған іске, болып жатқан жағдайларға көзқарасы барысында мінез-құлықты айқындап береді. Міржақып адам мінез-құлқының қалыптасуына әлеуметтік ортаның зор ықпал ететінін айта отырып, тұлға психологиясының әлеуметтік алғышарттарына назар аударады. «Заманына қарай адамы» мәтелі осыған нұқсайды. Міржақыптың түсінігінде жеке адам мен қоғам біртұтас. Адамның адам болуы ортасына байланысты. Дегенмен жеке адам да қоғамға екпінді ықпал етеді. Міржақыптың өз өмірі осыған дәлел. Азаматтың парызы заман ағымына бейімделіп, уақыт пен орта солай деуі емес, қайта сол уақыт пен қоғамның кертартпа тұстарын бүркеусіз ашып, санаға сыналау, сыналау арқылы одан қоғамды арылту. Ол мінез-құлықты жақсы мінез құлық, жаман мінез-құлық деп екіге бөледі. Ойшыл мінез-құлық адам бойындағы туа біткен қасиет, оны өзгертуге болмайды деген ойдан аулақ. Сондықтан да ол қазақ қоғамының дамуына тежеу салып, надандықты қамтамасыз етіп отырғанның бір себебін жаман мінез-құлықтан көреді. Қазақ даласында кеселге айналған мінез-құлықты әлеуметтік мәселе ретінде көтереді.
Оның пайымдауынша, әрбір жеке адамдағы жаман мінез, әдет, тек сол адам үшін ғана немесе оны қоршаған топқа ғана кесір емес қоғам үшін кесел, ал жақсы мінезді адамның шапағаты бүкіл қоғамға пайдалы деп пайымдады. Сондықтан да ол әрбір жеке адамның табына, руына қарамай тәрбиеге шақыруға ұмтылды. Ол сол кездегі қазақ қоғамында жаман мінездің асқынған түрі күндестік, мансапқорлық, дауқұмарлық, талапсыздық, екі жүзділік деп атап көрсетеді. Күндестік ақын ойынша адам бойындағы ең бір жат қасиет. Күншіл адамның көңілінде тыныштық жоқ. Өзіне де өзгеге де пайдасы жоқ тірлікпен айналысады. Ол адам өзін қоршаған ортаның өсуін-өркендеуін мүлдем қаламайды. Пайдасы өз басының айналасынан шықпай, «Мәселен анау артық тауып кетсе» содан асып кетуді ғана ойлап «тар шеңберде» қалады. Күншілдіктің өмірі мән-мағынасыз өтпекші, «керексіз ұсақ сөзбен бақталасып» жүргенде өнер, біліммен мақұрым қалады. Күншілдіктің түбі менмендікте жатыр деп пайымдайды ақын. Әрбір менмендік біреуден ассам, біреуді мұқатсам деген ойға жетелейтіні белгілі. Бұндай мінез-құлық надан адамға тән және адамшылықтан кетіретін кеселдің үлкені деп көрсетеді.
Күншілдік пен бірге ақын шығармаларында қоса өрнектелетін дертті мінез-құлықтың бірі- мансапқорлық. В.И.Белинский мансапқорлық туралы «адамның бойындағы құмарлықтың менмендіктен кейінгі күштісі — әкімшілікке құмарлық. Адам баласы ешқайда да әкімшілікке құмарту жолындағыдай азап шегіп, қан төккен жоқ шығар десек қателеспейміз» — деп жазады (6). Күндестік пен мансапқорлық қазақ халқының бірлігіне нұқсан келтірді. Міржақып әлеуметтік сипат алған бұл мінез- құлықтарды қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. Міржақыптың өзі қазақ халқының ауыз бірлігі жойылып, ел басқарар дәулеттілердің өзара әртүрлі бәтуасыз жіктерге бөлінуін қамтамасыз етіп отырған патша өкіметінің өткір саясаты екенін жақсы түсінді. Ол ойын қатал цензуралық бақылауға қарамастан халқының санасын ояту мақсатында әрқашан ашық айтып отырды. Қазақ қоғамында мансапқорлықтың өршіген тұсы, патшалық өкіметтің реформасымен байланысты енгізілген сайлау жүйесі болды. Билікке таласқан ел «жақсылары» өзді-өзі күресіп, «Өзді-өзді бай болып, күресіп, мырза атанып, мал біткендер таласып болыстыққа ақша төкті». Көңілін мансапқорлық билеген адам, қандай бір болмасын, адамшылықтан кетіретін, арсыздыққа барады. Өзі көздеген мақсаттың соңында, адамгершілігін, байлығын, намысын сарп етеді. Мұнымен мал шашылып ар кетеді. Күшті әлсіреп, нашардан хал кетеді. Өтірікті расқа шығарам деп, жалған іске ант беріп жан кетеді. Міржақып мансапқорлықтың адамға жамандықтан басқа, еш жақсылық әкелмейтінін айтады. Ол «Бақытсыз Жамал» романында бұл ойын нақты жеткізеді. Романның аты айтып тұрғандай-ақ, Жамалдың бақытсыздыққа ұшырауы, оның әкесінің билікке құмарлығынан туындайды. Өз кезінде Виктор Пекелис көрсеткендей «Атаққұмарлық деген де қаңдай да болмасын тіпті арзан даңққа құмар, соған жету үшін ешнәрседен тайынбайтын, жиренбейтін безбүйрек жандар ауызға алынады», — дейді (37.149). Міржақып аталған романында жеке басының күйттеген мақсат, екінші бір адамның бақытының есебінен жасалынғанын надаңдық деп бағалайды. Оның түбі бақытсыздыққа әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Мансапқор адам билікке жетіп, баюды көздейді. «Малын шашып, арын сатып әлектеніп жүріп» билікке жетеді. Билікке жеткен соң «расходын қара халықтан жинап» алады.
Сондықтан да оны әлеуметтік-саяси көзқарастарында, шығармашылығында нақты объективті шындық жатыр. Оның ойынша дауқұмар адам өтірікші, жалақор, ар-ұяттан хабарсыз. Ол адамда ақкөңіл, адал ниет жоқ. Әрине, мұндай адамдар айналасына орасан зор зиянын тигізсе керек. Ақын қазақта тамыр жайып, өршіп бара жатқан кеселдің себебін қараңғылықтан, сауатсыздықтан көреді. Ал құтылудың көзін ағартушылықтан, өнер, білім таратудан іздейді. «Бұл кезде қазаққа өзінен басқа ермек табылып,- деп жазды Міржақып, — ауыл иті ала болса да, бөрі көрсе бірігер дегендей заманға ұшырап тұрғанда, бұрынғы алалықты азайтып, жұртшылықты ойлау керек еді. 20-шы дәуірдің таңы атып, өзге жұрттар өрге ұмтылғанда, біз өзді-өзімізді андуды одан ары арттырып жібердік. Өзге жұрт өнер, білім кәсіптің жаңа түрін тапқанда біз даудың, бәле -жаланың жаңа түрін таптық.» Ойшыл бұл кеселді мінез- құлықтарға қоғамның ілгері дамуына кедергі ретінде қарады. Ол сондықтан да бұл мінез- құлықтарды барынша мінеп-сынап, тигізер зияндығын көрсетуге тырысты. Ақын шығармасында елдің ұлттық санасын көтерер адамгершілік пен әділеттілікке, тұтастық пен бірлікке үндеген әуендер негізгі тақырыпты құрайды. Оның бұл тақырыптарға үндеген шығармалары ғибраттық, құқықтық, әлеуметтік-саяси сананың оянуына негізделіп, қоғам өміріндегі адам праволарының отаршыл саясаттың бұрмалауына ұшырағандығын ашу. Ондағы азаматтың мұраты өркендеген тәуелсіз ел болу. Сондықтан ол белгілі бір әлеуметтік таптың не болмаса топтың бірлігі мен тұтастығы үшін емес, бүкіл қазақ бұхарасының бірлігі мен тұтастығы үшін күресті. Қазақ қоғамының ішкі бірлігін сақтау, тұтастықты сақтаудың негізі болды. Патша өкіметінің отаршыл саясаты тұтастыққа нұқсан келтіруге негізделгені белгілі. Сондықтан да ол сиқыр саясаттың бетін ашып, тұтастық пен бірлікке халқын шақыру арқылы қоғамдық санаға ықпал етуді көздейді. Патша үкіметінің тарапынан жасалынып жатқан сорақы әділетсіздіктерді көкірегі ояу азамат жақсы түсінді. Жалпы Міржақып түсінігінде бір адамның еркі, екінші адамның еркіне тәуелді болғаннан асқан әділетсіздік жоқ. Оның бұл пікірін бір «құлдардың бас қосуы» деген көлемді тарихи мақаласынан анық байқаймыз. Міржақыптың пікірінше қандай бір адам болмасын, адамның өз еркі болуға тиіс. Жеке адамның еркі іс-әрекетінің көзі, яғни объективті дүние. Адам мақсат-мұратының бағытын анықтауға, шешімдер қабылдауға, белгілі бір іс-қимылдар жасауына ерікті болуы керек. Ол табиғаттың объективті заңдарына сүйене отырып, нақты практикалық іс-әрекетті оған негіздейді. Адамның еркі әрқашан азат болуға тиіс. Әрине, адамның кез келген талап-тілегіне ерікті деген сөзді айтпайды, дұрыс таңдау жасайтын талап-тілек ерікті болуы қажет. Адам алдына қойған мақсатын ұғынуы қажет, сол мақсатқа жету үшін шешім қабылдау, яғни бастысы дұрыс шешім қабылдау керек. Бір адамның еркі, екінші бір адамның еркіне бағынышты болуын әділетсіздік деп санаған ақын үшін, тұтас бір елдің еркі, екінші бір әміршіл-әкімшіліктің қолында болуын бақытсыздық деп санауы заңды да. Бұл орайда ол былай жазады: «Бір кісінің тізгіні біреуде болып, еркі болмау қандай кемшілік болса, бір тайпа жұрттың өз еркі өзінде болмауы, одан мың есе жаман».
Ерік пен бостандық әрқашан жауапкершілікті талап етеді. Жауапкершіліксіз еркіндік бассыздыққа, жүгенсіздікке бастайды. Сондықтан еркіндік пен бостандық адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Неміс философы Иоган Готлиб Фихте адам бостандыққа жетуі үшін белсенді әрекет етудің адамгершілік парыз екенін және басқаның бостандығын құрметтей білу адами міндет екенін өзінің практикалық (әлеуметгік — этикалық) философиясына негіз етіп алған еді (38.148). Адам берілген бостандық сол адамның өз тағдыры үшін де, басқаның тағдыры үшін де жауапты екенін еске салады. Яғни бостандық пен жауапкершілік диалектикалық бірліктегі категориялар. Олар бір-бірінсіз мәнсіз абстракцияларға айналады.
Өз басының күйін күйттеу қара басының мүддесін ойлаған қазақ атқамінерлері өздерінің Ресей әкімшілігінің сұрқия саясатының жүзеге асыру құралына айналып кетіп отырғанын сезбей де қалды. Олардың іс — әрекеті үлкен әділетсіздікке негізделіп отырғаны белгілі. Міржақып дүниетанымындағы әділетсіздік — этикалық қана емес, саяси әлеуметтік категория да болып табылады. Ол патшалық өкімет саясатының әділетсіздігінен бастап, би-болыстардың қара халыққа жасап отырған әділетсіздіктерін барынша әшкерлейді. «Әділеттік дегеніміз -арамзалықтың жауы, зұлымдықтың — соты. Әділетсіз өмір — тұл.» Тұрмыста еңбек бөлінісінде, адамдар қатынасында, саясатта әділетті не әділетсіз жағдайлар жиі ұшырасады. Әділетсіздік қылмысқа апаратын жол. Әділетсіздік әлеуметтік жаттанудың негізгі алғышарттарының бірі болып табылады. Өйткені ол қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасына іріткі салып, ортақ мүдде үшін жұмылуға, топтасуға мүмкіндік бермейді. Әділетсіздікке негізделген қоғам ұзақ өмір сүре алмайды. Ол мораль нормаларын теріске шығарады. Прогресшіл пікірдегі адамдар әрқашан әділеттілікті жақтайды, себебі ол өмір заңына, қоғам тілегіне сай келеді, қара түнек күш пен озбырлыққа жол бермейді. Сол себепті де әділеттік — жеңістің символы іспеттес. Міржақып әділеттілікті адамгершілік нормаларында жатқыза отырып, әлеуметтік әділеттіліктің қоғамдық мәні зор деп санайды. Ол әділеттілік Қазақ қоғамының ілгері басуына, халықтың ойы жетіліп, бостандық теңдік жолына түсуіне ықпал етеді деп ұқты. Ол қазақ қоғамындағы әділетсіздікті саяси бодандық пен қараңғылықтан көрді. Алауыз болған халқын бірлік пен бірегейлікке шақырып, адалдық пен шыншылдықты уағыздады.
Ойшылдың еңбектерінде этикалық тұжырымдарынан антонимдік қатарды көреміз. Ол надандыққа қарсы білім мен ғылымды, алауыздыққа қарсы бірлікті, туысқандықты, жалқаулыққа қарсы еңбекті, талапты, дауқұмарлыққа қарсы адамгершілікті, күншілдікке қарсы ар- ұятты, жамандыққа қарсы жақсылықты, бодандыққа қарсы теңдік пен еркіндікті қойды. Ол алдыңғыларының зиянды мәнін ашып, жастарды ол әдеттен бойын аулақ салуға, кейінгілерді адамды адам жасайтын игіліктер ретінде уағыздайды.
Міржақып дүниетанымындағы философиялық ойларының терең бір көрінісі жақсылық пен жамандық туралы толғаныстар. Оның «Адамға тіршілік неге керек»? еңбегінде бұл ұғымдарға түсінік беріп кетеді. Оның түсінігінде жақсылық дегеніміз — адам бойындағы адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты. «Ол сөздің мағынасы, — дейді ойшыл — біреуге келген пайда біреуге залал, яки қиянат, зорлық болмау керек, мұнда жақсылық болады». Жақсылық деген сөз ол досыңа жасаған қайырымың. Бұл жерде ойшыл дос деген сөзді «адам» деген сөздің баламасы ретінде түсіндіреді. Ол жақсылық сөзінің мағынасын терең аша отырып, білген білімің мен ғылымыңды халқыңның мұқтаждығына жұмсау деп түсіндіреді.
Халық үшін жанын қинап шыққан болса, Қайырлы әр қадамы болсын басқан. Көрсетіп тар орында таудай қайрат, Құтқарса мұқтаждықтан болса сасқан (15.59). Ақынның жамандық туралы түсінігі, қиянат, зорлық -зомбылық, әділетсіздік т.б. Егер біреуге жасаған жақсылығың, біреуге зияны түссе, ол жамандыққа айналады деп түсіндіреді. «… біреуге деген жақсылық, біреуде зорлық болған уақытта ол жамандық болып табылады». Оның ойынша «қиянат» ұғымына қатысты іс-әрекеттің барлығы жамандық болып есептеледі. Ол аталған еңбегінде қазақ ел билеушілердің қиянатшыл іс-әрекетін сынай отырып, былай дейді. «Ойлағаны ел қамы болмаса, әрқайсысы өзінің пайдасын ойлап, мұқатқаны ағайын жұрты болса, билерде әдет болмаса, енді жақсылықты жұрт қайдан күтпек»? Ол жақсылық пен жамандықтың ара жігін ашып көрсете отырып, патшалық Ресейдің қазақ еліне көрсетіп отырған қиянатының астарын ашады. Ол қиянат атаулыны жамандық деп ұғып, теңдікке, мәдениет пен өнер, білім, ғылымның өркендеуі арқылы жетуді қалайды. Қазақ қоғамындағы зорлық-зомбылықтардың түбірін, саяси теңсіздіктен іздейді. Оның пікірінше өз жеке басының мүддесі үшін яки мансап пен дүние-мүлік жинау мақсатында жасалынған зорлық немесе қиянат — ол жамандық. Егер қоғамда жамандық үстемдік құрған жағдайда, қоғамның алға қарай дамуы, яғни өркендеуі мүмкін емес. Бақытты қоғам тек игілікті істер арқылы ғана жасалынбақшы.
Міржақыптың ойынша, игілікті істер халқыңның пайдасына асатын істер. Адамның қызметінің, іс-қимылының нәтижелері, халықтың мүдде-мақсаттарымен сәйкесіп жатса ол — игілік. Ең бастысы игілік адам үшін пайдалы маңызы болуы керек. Біз оның еңбектерінен материалдық игілік пен рухани игілікті қатар қойған көзқарасын байқаймыз. Материалдық игіліксіз жасампаз қоғам құрылмайды. Ойшыл қазақ қоғамы үшін, айтылмыш уақытта рухани игілікті бірнеше орынға қойып, халықтың қараңғылығынан шығу жолы деп есептеді. Оның дүниетанымында қоғам қандай бір өркениетке жетпесін рухани игілік, материалдық игіліктен жоғары тұруы шартты. Сонда адамның материалдық игіліктері, адамның пайдасына ғана негізделмекші.
Қазақтың әлеуметтік өмірінің ауырлығын көп зерттеп, оны қамтамасыз етіп отырған бір себеп талапсыздық, яғни еріншектік, жалқаулық деп таниды. Ақынның пікірінше талапсыздық надандыққа жол береді, ал надан жұрт өнер білімге ұмтылмай, қараңғылықта қалады. Шұрайлы жерлерін мұжыққа беріп, мал бағудан басқа кәсіпті жақсы игермеген қазақтың мүшкіл халін «айырылсаң қалған жерден осы күннен, топыраққа малды қазақ бағасың да» — деп көрсете отырып, бүл әділетсіздікке жол беріп отырған қазақтың қараңғылығын, яғни өркендеуге ұмтылмаған талапсыздығын айыптайды.
Мінекей келді мұжық көшкен бұлттай, Қазақтың қояр емес жерін құртпай.Келді де егін салып, байып кетті, Жалқау ма бұлар тәңірі-ай, біздің жұрттай. (15.31)
Ақынның дүниетанымында талапсыздықтың, жалқаулықтың тигізер зияны орасан, ол адамның ой-ақылын «қараңғы бір сарайға қамайды» халық өркендеуден жырақ қалады. Ол халық, халық ретінде жойылып кім көрінгеннің жемтігіне айналдырудан сақтандырады. Бұл тұрғыда былай дейді:»Құрт жайлаған тамырын қу ағаштай, Бір күн сынып не болдық кетсек құлап, Кім қызықпас жүрегін бір жалғауға «Мені же»! деп алдында жатсақ сұлап»! Міржақып қазақ халқының надандықта қалуын талапсыздықтан өнер, білімге ұмтылмаған аңқаулығынан көреді және ол ел ішінде белес алған жоғарыда көрсеткеніміздей келеңсіз мінез-қылықтардың өршуін де халықтың еңбекке ұмтылмаған жүмыссыздығынан яғни қолы бостықтарынан іздейді. Ол еңбектің әлеуметтік мәнін терең түсінеді. Адал, шынайы еңбектің адам өмірінде орын алатынын толғайды. Оның шығармашылығында жалпы «еңбек» деп аталатын ұғым жан-жақты терең бейнеленеді. Себебі «еңбек тек жай ғана процесс емес, адамды өзгертетін оны адам ететін процесс». Еңбектің бірінші жағы адамның табиғатқа белгілі бір көзқарасы. Сыртқы табиғатты өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз табиғатын да өзгертеді. Сыртқы табиғаттың өзгеруі дегеніміз ең алдымен заттарды адам қажеттеріне бейімдеу. Адам алдымен заттардың мәндік қасиеттерін таниды. Әртүрлі құбылыстарды салыстыра отырып, олардың арасындағы зандылықтарды ашады. Таным барысында обьективті шындық туралы білім қалыптасады. Тәжірибие барысында жинақталған білімін, адам құбылыстарды түсіндіру, шындықты игеру, заттарды өндіру процесінде кеңінен қолданады. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан қазақ үшін Міржақыптың пікірінше кәсіптің қай түрі болмасын үйрену қажеттілік. Еңбек адамдардың тұрмыс тіршілігінің көзі болып, адамның бір-біріне, қоршаған табиғатқа қатынасын жақсартады. Міржақып қоғам өмірінде адам үшін еңбектің ролін жоғары бағалайды. Әрбір жеке адам еңбек етуі және еңбекті толыққанды дамытуы керек. Еңбек тіршілік етудің көзі ғана емес, адамның еркін және жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Оның шығармаларында елді еңбекке ынталандыру адамның өмір сүрудегі қажеттілікпен оның рухани дамуымен ұштастырады. Оның ойынша адам рухани жетіле отырып, еңбек етуге ұмтылады. Рухани жетілген адамның еңбегі нәтижесінде игілікті істер жасалынады. Еңбек адам үшін тек табыс көзі емес, еңбек рухани ләззәттанудың, шабыттанудың да бастауы. Адам өз еңбегінің жемісін жеп, рахатын көруі тиіс. Міне, сондықтан еңбек рухани толысудың да алғышарттары болып табылады (әрине еңбек қанаусыз жүзеге асса). Ал жалқаулық, тоғышарлық адамды рухани құлдырауға бастайтын жол. Еңбек ету арқылы адам өз отбасының жағдайын жақсартады. Сөйтіп еңбекте жеке және қоғамдық мүдде ұштасады. Абайдан бастау алған қазақ зиялылары еңбектің осы қоғамдық мәніне әрқашан көңіл аударып, елін адал еңбекке шақырып отырды. Сондықтан ол қазақ қоғамындағы белең алған жалқаулықтың тигізер зиянын жан-жақты ашып көрсетуге ұмтылады. Ақын адамдардың өзінің әлеуметтік жағдайларьш жақсартудың көзі еңбекке байланысты екені оның шығармаларында жан-жақты қаралады. Мысалы:
Жер жыртып онандағы егін салса, өзіне аз олжа ма жері қалса, немесе
Және қыс мал жейтұғын шөбін шапса,
Онан соң басқа ретпен пайда тапса. (15.47)
Ақынның пайымдауынша, еңбексіз бос жүрген адамның бойына жаман қасиеттер жиналғыш келеді. Ол адам бос болған соң ел кезіп, өсек айтып өзіне ғана емес айналасына да қисапсыз зиянын тигізеді. «Ерте жатьш, кеш тұрып керілген, көсіп құр мал табуға ерінген». Кедейдің кедейлігін өзінің жалқаулығынан көрмей, «Құдайдан» көретін мінезін сынай отырып, «хәрекет» (іс-қимыл) жүрген жерде бәрекет (молшылдық) жүретінін уағыздайды. Сондай-ақ, ру басшыларыньщ тек байығанның үстіне баюды ғана ойлайтын, өнер-білімге мақұрым қараңғылығын сынайды. Міржақыптың түсінігінде ел басқарушы дәулетті адамдар «ғаріп мүскіндерге» көмектесе жүріп, елінің өрлеуіне ықпал ету керек. Мақсаты тек ұрлық-қарлық барымтамен, алдап-арбап «момынның есебінен» мал табу. Адал еңбек ету ұғымынан алыс ондайларды шуылдаған «сөзінің түйіні жоқ» қара қарғаға теңейді.
Қолы бос қазақ жұмыстан,
Қара қарға секілді.
Шуылдасып тұс-тұстан,
Бастарын қосып алыстан.
Бір сөзінде түйін жоқ,
Тұрып кетер артынан. (15.38) Міржақып еңбектің мені мен адамның мөнін сабақтастырады, ең алдымен адамның әлеуметтік ахуалымен қатар рухани толыстыратынын айтып, жол бағыт сілтеді. Философтар Нысанбаев, Әлжанов «Ақыл, ой, адамгершілік» атгы еңбегінде: «еңбек деген адамның табиғатқа қатынасы, адам табиғатты өзгерте отырып, өзіне қажетті заттарды өмір сүруге керек тамақ, киім-кешек, үй т.б. жасайды. Еңбек сонда адамның қажетін өтеп, олардың өмір сүру болмысының негізін қалайтын процесс», — деп жазады. Ол қазақ қауымындағы еңбекке кәсіп игеруге немқұрайлы қараған жалқаулығының нәтижесінде әлеуметтік және рухани жүдеушіліктің орын алып отырғанын түсіне отырып, сынады, еңбекке шақырады.
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің,
Арзанға қымбатыңды сатушы едің.
Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң, Борышқа шаш етектен шашушы едің, — дейді.
Сонымен қатар ақынның өткір найзасынан қазақ қоғамындағы жалқау ғана емес еңбексіз «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүретін қулықпен, сұмдықпен, екі жүзділікпен мал тапқыш пысықайлар да сырт қалмайды. Ойшылдың дүниетанымында ондай адамдар Абай көрсеткендей, «бір ұрты май, бір ұрты қан» ондайлар жағымпаз «үйіңе күле кіріп, күңірене шығады, сенің көз алдыңда бір түрлі, үйіңнен шыға екінші түрлі болады». Ол:
Тілімді алсаң жігіттер,
Ондайлардан аулақ жүр! — деп сақтандыра ақыл береді. Ұрлық-қарлықпен, қулық-сұмдықпен еңбексіз оңай олжа тапсам деген адамдарды ақын өз алдына бір әлеуметтік топ ретінде қарап, оларды адамгершіліктен қол үзген азғындар ретінде көрсетеді. «Тасқа сепкен бидай» қандай өнімсіз болса, олардың өмір сүруде ұстанған кәсібінің құтсыздығын соған теңейді.
Міржақып еңбектің қандай түрі болмасын пайдалы деп біледі. Баяндысы жасында білім алып, кәсіп иесі болу. Ол «еңбек» деген ұғымды өнермен, ұштастырады. Ол еңбекті материалдық игіліктерді өндіру шешуші роль атқаратынын түсінді. Ол жасампаз еңбектің дамуын қалай отырып, қоғамның өркендеуін көздеді. Оның еңбекті жан — жақты уағыздауы халықтың санасын оятып, ойын өсіруге ықпалын тигізді. Еңбектің жемісі қоғамның дамуының басты құралы. Шын мәнісінде даму үстінде қоғам адамның шығармашылық еңбегінсіз еш өркендей алмаған болар еді. Еңбек және оның мәні адамның бойындағы барлық қабілеттіліктің көзін ашып ары қарай өрістетеді.
Ол өз шығармаларында жалқаулық пен талапсыздықтың зияндылығын, оның адам өмірін мәнсіздендіретін ықпалын жан-жақты аша отырып, адал еңбектің адамды азамат ретінде жетілдіріп, рухани, парасаттылық тұрғысынан толыстыратынын уағыздады. Ақынның дүниетанымының ерекшелігі еңбекті қара басының мүддесі үшін ғана емес, халық үшін еліңнің мүддесі үшін қызмет етуді бақытқа жетумен сабақтастырады. «Қатын бала асыраудың» қамына ғана қызмет еткендердің «хайуаннан қай жері артық». Халықтың өсуіне, оның ұлттық арман- мүддесін орындау үшін, аяқ — асты болған намысын қорғау үшін қызмет ету адам парасатының ең биік өлшемі, ең жоғарғы игіліктің көзі деп біледі.
Міржақып Дулатов шығармашылығындағы этикалық көзқарастары моральдың әлеуметтік өмірдегі маңызын, адам мен қоғам өмірінде атқаратын ролін көрсетуге ұмтылады. Оның этикалық көзқарастары моральдық санаға ықпал ете отырып, аталмыш кезеңдегі қазақ қоғамының моральдық санасының деңгейін көрсетеді. Қазақ қоғамдық санасында қалыптасқан күні өткен әдет-салттарды сынау арқылы да Міржақып, моральдық сананы көтеруге тырысады. Ол қазақ халқының ұлттық сана-сезімін көтеру жолындағы қажеттіліктен туып та отырады. Мұраты азаттыққа жету және оған демократиялық жолмен жету болғандықтан Міржақып қазақ қоғамындағы әрбір адам өз мінез-құлқын дұрыс реттей отырып, қоршаған ортасына, айналасында болып жатқан оқиғаларға сауатты және саналы баға бере алуы қажет. Әрине, ақынның түпкі мақсаты — елін азаттық туының астына жинау. Ол халқының санасына қалыптасқан моральдық ұғымдары, яғни борыш, жауапкершілік, ар-намыс, ар-ұждан т.б. сіңіре отырып, қоғамдық сананы көтеруге тырысты. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағында әлеуметтік шындықты негізге ала отырып, мораль мен әдет-ғұрыптың жаман жағын айыптау арқылы, ал жақсы жағын қостау арқылы әлеуметтік сананы көтеруге ұмтылады.
Міржақыптың этикалық көзқарастарын сөз еткенде, көңіл бөлетін жағдай аталмыш кезеңдегі тарихи құбылысты, яғни қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын естен шығармауымыз керек. Ғасыр басындағы қоғамдық өмірге сәйкес, моральдық санаға ықпал етуге тырысты. Оның шығармашылығындағы этикалық көзқарастары халыққа рухани әсер етіп, адамның өзінің қоғамдағы орнының маңыздылығын тануына жәрдемдескені сөзсіз. Ол моральдық сана-сезімді жетілдіруде адамның ар-ұжданын көтеру арқылы ұлт намысын оятқысы келеді. Адамның өз-өзіне қатынасын, қоршаған ортаның сол адамға деген қатынасын бағалай отырып, адамның қадір-қасиетімен байланыстырады. Оның ар, намыс туралы ой-пікірі құрамына кіріп отырған патшалық Ресейдің қазақ даласына қатынасының түрін қазақ халқына түсіндіру мақсатына негізделеді. Оның «Оян, қазақ!» тырнақалды жинағынан бастап, бүкіл шығармашылығының бойында өрбитін азаттық мұраты, этикалық ой-пікірімен сабақтасып жатыр.
Міржақып арнайы этикалық негізде еңбек жазған жоқ. Соған қарамастан этикалық ой-толғамдарды оның шығармашылығынан көптеп кездестіреміз. Оның еңбектері қазіргі кезенде де құндылығын жоғалтқан жоқ. Ақын мұрасы әлеуметтік, экономикалық мәселелердің күрделіленіп тұрған біздің кезеңімізде де, әр адамға қоғам алдындағы өз борышы мен жауапкершілігін саналы түрде түсінуге жәрдемдесетін құрал. Оның шығармалары адам үшін рухани қазына, туған елің мен жеріңді қадірлеу мен сүюдің үлкен үлгісі. Себебі М.Дулатовтың өзі елі мен жерін сүйе білді, сүйей білді.
М. Дулатов — ағартушы
Кез-келген адамның шығармасы, яғни қалдырған мұрасы үшін ең қатал, ең әділ сыншысы халық екені хақ. Фараби мен Яссауидің, Ыбырай мен Абайдың асыл мұраларын арада өткен жүздеген жылдар зәредей де көнерте алған жоқ. Керісінше уақыт өткен сайын халық ұлы алыптардың шығармаларына тереңінен байлап, рухани сырласына, жан серігіне айналдырады.
Сондай-ақ XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан тарихының ақтаңдақ бетіндегі асыл азаматтардың мұраларымен арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де халық жатсынбай қуана қауышты.
Қазақстанда ағартушылық идеологиясының алғы шарттары ХІХ ғасырдың ортасынан бастап шыққан Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық жұмысты қазақ зиялылары одан әрі жалғастырды. Ағартушылық идеяларын жан-тәнімен қабылдап, қоғамға білім тарату арқылы, қоғамдық өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне үлкен сенім артқан зиялылардың бірі ақын, қоғам қайраткері, публицист, ағартушы Міржақып Дулатов еді. Аталмыш кезеңде қазақ қоғамында мәдени-ағарту ісі өте баяу жүргені халықтың жаппай сауат алуын шектегені белгілі.
Осыған орай академик Бартольдтің мынандай дерегін келтірейік «… Число воспитанников-туземцов в правительственных школах с годами иногда не увеличивалось, а уменьшалось. В ташкентских гимназиях мужской и женской, это число достигло высшего предела к январю 1883 г. — 20 мальчиков из 286 (7%) и о девочек из 33 (3%), января 1896 г. было всего 10 мальчиков из 327 (3%) и 8 девочек из 377 (2%) по сведению 1909 г. воспитанников мусульман было около 2 процентов в мужской гимназии и около одного процента женской гимназии». Келтірілген бұл дерекке дәлел ретінде Міржақып былай айтады: «Ақ патша үкіметі осы халықтың көзі ашылсын-ау, ойы оянсын-ау деп мектеп ашудың орнына, керісінше өз қаражатымен мектеп ашуға ұмтылған адамдарды айыптап, тиып отырды; Оларды якут облысының, ақ қар, «көк мүз елсізіне жер аударды.»
Оның қоғам өміріндегі қызметтерінің қай саласын, қай бағытын қарастырсақ та білім алып сауаттануға, қоршап тұрған дүниенің заңдылықтарын білуге, өмір сүріп жатқан қоғамды түсінуге және өркениетті қоғам құруға шақырады, сол үшін күреседі. Қазақтың бойында мақсаткерлік болуға тиіс, олардың білімге ұмтылғаны жөн, болашаққа деген кәміл сенімді қалыптастырған абзал. Ал, бұл үшін оқу-білім керек деп пайымдаған қайраткер ақынның күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында жүріп отыратын бірден-бір басты идея — бұл ағартушылық идеясы.
Ойшыл ақын «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағында қоғамдағы әлеуметтік келеңсіздіктерді қатал сынап, қоғамның ілгері жылжымай тұралауының себебін ашып, кемшіліктерін көрсетуге тырысты. Саяси-әлеуметтік құқықсыздық елдің рухани құлдилануын, бұдан надандықты туғызып отырған әмірші-әкімшілікке наразылығын ашық білдіреді. Ол марғау жатқан елдің қалың қазақ халқының тығырықтан шығар жолы, яғни қараңғы түнектен айығудың бірден-бір ақиқат жолы — білім алу, елді ағарту, білім-өнерге тарту деп пайымдайды. Азамат мұраты, туған халқын өнер-білім ісіне салу, сондықтан да ағартушылық бағытта көп еңбек етті. Білім — қоғамдағы адамдардың жақсы тәрбиеленіп, дұрыс қалыптасуының факторы деп түсінді. Міржақып қазақ қоғамындағы жан-жақты жетілген адамды арман етеді, оның дүниетанымында білімді адам болу және білімінің әлеуметтік өмірдегі роліне айрықша мән береді. Өйткені парасатты қоғам құру парасатгы азамат тәрбиелеумен тығыз байланысты. Міржақып қоғамдық қатынастарды өзгертуде жоғарғы және төменгі қабаттардың үндесіп отыруының қажеттілігін дұрыс түсінеді. Яғни бір жағынан мемлекеттік ұйымдар қайта құрулар мен білім берудің дұрыс та, тиімді бағьптарының ұстануы керек. Екінші жағынан, қарапайым халық, әсіресе жастар ағартушылық саясаттың менін терең түсініп, ұғына түсуі қажет. Сонда ғана білім қоғамдық күшке, қоғамдық қатынастарды өзгертудің бір тетігіне айнала алады.
Ақын: Өзің біліп ешкімге айтпай қойма
Білгеніңді тезірек халыққа шаш — деп білген білімің өз бас «пайдаңнан» аспаса, өз күйкі тіршілігін күйттеген «мал» болғаның. Ал, білген біліміңнің «пайдасы аймағыңа» шашылса онда азамат болғаның дейді. Міржақып қазақ қоғамының жоғары қарай дамуы үшін, материалдық күш-қуатының артуы үшін, қазақтардың жан-жақты дамып, кемелденуі үшін бірінші жұмыс халық жаппай сауатты болуы қажет деп тапты. Халықты ағартушылыққа уағыздаудағы мақсаты, білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру. Білім мен ғылымның маңызын ақын өте жоғары бағалайды, одан халқының кемелденген болашағын көреді. Дүниені танып білу, табиғатты игеру, қоғамдық қатынастарды жақсарту білім-ғылымсыз мүмкін емес. Білім дегеніміз материалдық және рухани құбылыстар еді шынайы және нақты дұрыс бейнеленуі. Ол білімді тереңдету арқылы ғылыми жетістіктерге жету мүмкіндіктерін жақсы түсінді. Қоғамдық прогресс ғылымның дамуымен тікелей байланысты, Міржақып халық бұқарасының оқу-білімге деген қызметін ынталандыруға күш салды. Қоғам өмірінде білім мен ғылымның, өнердің алатын орнын, адам үшін мәнін ашуға тырысты. Ол білім, ғылымды адамның рухани азығымен сабақтастырады. Адамның оқу-білудегі мақсат-мүдде халықтық игіліктерге жұмсалуы қажет. Мұндай көзқарасты біз Абайдың философиясынан да кездестіреміз.
Ұлы ойшыл Абайдың отыз жетінші сөзінде: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамның қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» -дейді (40.188). Ұлы Абайдың ізбасары Міржақып этикалық нормалар көмегімен толық жетілген адам, адамгершілік қасиеті жоғары, білімді, еңбекқор, танымды, арлы болуға тиіс деп адамның жеке басының ерекшелігін негіздеп, өз халқын жалпы азаматтық ізгілікке шақырды. Өз халқының мүддесін қорғаған, адамдардың рухани толысуын көксеген, қоғамдық көркейтудің жолдарын
көрсеткен шынайы ұлтжанды азаматтың пайымдауынша, ағартушылық бағытына сәйкес — ол әлеуметтік жаңару тек «мағрифпен хасыл»(білімді иемдену) болғанда ғана мүмкін болады деп есептеді.
Біз-дағы ғылым білсек етпес пе едік, Ілгері озғандарға жетпес пе едік Дін дүниеміз таршылықтан азат болып һүнерлі халық атанып кетпес пе едік (15.27). Қазақ қоғамының әлеуметтік өмірінің ауырлығын көп зерттеп, себебін өзінше пайымдай білген санасы ояу азамат, елдің рухани өмірінің әлеуметгік құлдилауын білімсіздікке саяды. Ал, білімсіз, ғылымсыз халық қараңғы, қараңғылық оларды қоғамның даму заңдылықтарын жеткілікті дәрежеде түсінбеуді қамтамасыз етеді. Ақынның «Таршылық халіміз халында аз мүнажат» өлеңінде патша өкіметінің отарлау саясатынан зардап шеккен, «жас орнына көзінен қан кеткен» халықтың мүшкіл халін суреттей отырып, осындай бейшара халге жеткенше жүрген, заманына қарай ыңғайласа алмаған қазақтың өзін айыптайды:
Кім жазалы өзімізден көрмесек, Төбемізге шығардық қой дендетіп немесе
Надандықтың шәрбетіне мас болып,
Азулыларға ырысты беріп ас болып жүргеніміздің басты себебі — «Ғылым мен мағрифатты (оқу-білім, ағарту ісі) керек қылмай» ұйқыда жатқандықтан деп тұжырымдайды:
Бояумен сырладыңыз сырттарыңды, Керіліп сипадыңыз мұрттарыңды. Қарасам ішін ашып дәнеме жоқ, Не дейін надан демей жұрт бәріңді(15.43). Міржақыптың аталған өлеңінде адамдардың өзара қарым-қатынасындағы надандықты әділ сынап, «бал орнына у беріп қамқор» болған патшалық әкімшілігінің ұстанған саясатын да әшкерелеуге тырысады. Жалқаулықтан өнер-білімге ұмтылмай «Сахарада дикарь болған» халқына кімнің дос, кімнің жау екенін ойшыл ақын жан ұшыра түсіндіруге тырысады. Жоғарыда ақынның өзі атап көрсеткен қоғамдағы етек алған әлеуметтік келеңсіздіктерді халық ағарған уақытта ғана санасы оянып, көзі ашылып әмірші әкімшіліктің орнатқан зандарын түсініп, қоғамда үстемдік етіп тұрған әділетсіздік пен зұлымдықты жоя алады деп ұғады. Ғылым мен білімді игеру қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды жақсартып барлық игілікті істерге жету жолы, яғни бүкіл прогреске апаратын жол деп түсінді.» … ұлтымның келешегі үшін күш-жігерімді аямай еңбектене беруге борыштымын» — деп қазақ қоғамының дамуына күш-жігерін сарп еткен ойшыл азамат халықты ағарту мақсатында тынбай еңбек етеді (27.106 ).
Жоғарыда айтылғандай адамгершілік қасиеттері және білім деңгейі жоғары адамды тәрбиелеуден, яғни жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастырған кезде, ол халықтың болашағы жарқын екеніне ақын кәміл сенеді. Оның шығармашылығынан ағартушылық арқылы адамдағы адамгершілікті өсіріп, сана-сезімін оятып, отаршылдық езгіге көнбей, қанаушылыққа қарсы тұрып тәуелсіздікті талап ететін жастарды тәрбиелеу әуені орынды көрініс табады.
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай? (15.37) Ақын халқының болашағын жандандыра, қой бастаған серкедей түнектен алып шығар, саналы жастардан үміт күтеді. Жалпы Міржақып ағартушылық — сана-сезімді өсіріп, қалыптастыратын жол деп есептейді. Білім мен ғылым қоғамдық болмысты қозғап дамытатын фактор деп ұғады. Сондықтан ол ағартушылықты уағыздай отырып, білім беру жолының әдістерін ұсынады.
Ақын бала оқытуды мал табу қарекетінде кәсіп етуші молдаларды қатты сынға алып, олардың дүниеқорлығын әшкерелейді. Күн көру мақсатында бала оқытудан молдалардың қызметі халыққа игілік емес, керісінше зиян әкелетінін түсіндіреді. Надан елге дүмше молда демекші «пәлен беріп баламды бір жыл оқыттым» деп баласының білім алғанын мақтан тұтпай, сол үшін шыққан шығынын айтып мақтанған ел қазақтардың сана — сезімінің қараңғылығына қапаланады. Ал, молда берген білім балалардың білімін арттырып, олардың ақыл-ойының дамуына кері әсер етіп, қозы — лақпен қоса оқытқан дүмше молданың дәрісі керісінше оларды надандандырып жібереді дегенге саяды. Сонымен қоймай балаларды «солқылдаған көк шыбықпен» жазалаған молда, «аюға намаз үйреткен таяқ» деген мақалға сайып, таяқпен балалардың тәрбиесін жөнге салып, әліп — бимен балаларға білім бермекке үмтылған «кәсіпқой» молдалар Міржақыптың шығармаларында сынға ұшырайды:
Тәһдим (ұсыну), тәфһин (өзара түсінісу) тәхрисде (ойша табысу) жұмысы жоқ,
Күштейді әліф-би мен әбжадқа (әріп атау) Халыққа қайтіп үлгі шаша алсын,
Мінезі халиф (қиғаш) болса шариғатқа. (15.33)
Міржақып өмір сүрген кезеңдегі діни оқу, шындығында да діни схолостиканы өзгеге түсіндірмек түгілі өзі дұрыс түсіне алмаған дүмше молдалар дайындаған жағдайлар аз кездеспеген еді. Міржақыптың ойына сай нағыз білімді ғылымға ұмтылған адам ғана ала алады. Оның білімге ұмтылуы еркін харекет болғаны шарт. Адамды зорлап білімді қылу мүмкін емес. Мұндай білімнен ғылым тумақ емес. Білімі таяз адам наданнан да қауіпті, өйткені білмегенін білдім деп жұртты адастырып, алдап-арбап мал табудың артында кетуі өзіне ғана емес басқаға да зиянды.
Қазіргі тарихшылардың зерттеулерінде «мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды» деген деректер береді. (42.247). Оның үстіне шығыс мәдениеті мен әдебиетіне қанық, әрі шығыс мәдениеті дәстүрінде тәрбиеленген Міржақып діни бағытта оқытылатын медреселерді жоққа шығарып, қарсы болмайды. Керісінше ол медреседе оқыту жүйесінің методикасын, дұрыс білім беру бағытының әдісін көрсетеді. Әр болыста мешіт, мешіттің қасынан медресе ашылу керек. Ал, молда, муфти, емтихан арқылы сайланған білімді азамат болуы қажет. Себебі деп тұжырымдайды ақын олардың елдің рухани дүниесін көтерудегі, шариғатты уағыздаудағы, ел ішіндегі дауды әділетті шешудегі ролі зор. Ақын «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағында дініміз қуат тапсын десек ол үшін ортадан мешіт салып, сол мешітке намазды һеш қаза қылмай барып тұру керек, яғни «мен мұсылман емес, мұсылмандықтың шарттарын ұстап, ғибадат» (дін жоралғыларын өтеу) еткін деген діни уағыз айтады.
«Оян, қазақ!» жинағының халық арасында тез тарап, қазақ халқының манифесіндей болғанын жоғарыда айттық. Белгілі тарихшы, алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев мынандай деректерді келтіреді. «Бір қызығы сол, бұл кітапты халық арасында кең насихаттауда белсенділік танытқан дін қызметкерлері молла, имамдар еді. … 1911 жылы маусым айында Ақмола губернаторының нұсқауы бойынша» мұсылман жұрттарының арасында қылмысты басылым «Оян, қазақ!»-ты таратып, қылмысты іс жасағаны үшін Ақмола қаласындағы екі үлкен мешіттің имамы Хаджитулла Хаким Даут Махмутовтан жауап алынып, имамның ондай іспен айналысқаны дәлелденген соң, ол қызметінен қуылып, Дала ережесінің 34-бабына сәйкес дала облыстарынан үш жылға жер аударылған» шын мәнісінде мешіт жанынан ашылған медреселердің ықпалы зор болғанына қазіргі тарихшылар «Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар мектеп оқушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі үш жылдан төрт жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері исләм дінін үйренумен қатар философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды», — деген деректерді келтіреді (42.248). Ислам діні Орта Азияға кіргеннен кейін, байырғы ұлттың халықтарына білім беру және оларды тәрбиелеу жүйесінің негізі болды. Рас, бұл мектеп медреселердің басты міндеті негізінен діни білім беру міндеті қойылғанмен жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мен өзге пәндерді оқыту бағдарламасы елеулі орын алғаны белгілі және Ресей отарлап алғанға дейін, Қазақ даласында білім алудың бірден-бір буыны болды. Оған дәлел әр дәуірде мұсылман мектеп медреселерден Мұхаммед әл-Хорезми, әл-Фараби, Бируни, Ұлықбек, Науаи және тағы басқа ұлы энциклопедист, ғалымдар, ойшылдар, ағартушылардың тәрбиеленіп, білім алып шыққаны. Ұлы ойшыл А.Құнанбаев та уақытысында Семей қаласындағы Қамали мешіті жанындағы медреседе дәріс алғаны белгілі.
Кеңес өкіметі кезінде үстемдік еткен идеология мұсылман мектептері мен медреселерін көпе-көрнеу айыптап, оларда бала оқыту схолостикалық сипатта жүргізіледі деген пайымдаулары негізсіз екені қазіргі танда дәлелденіп те жатыр.
Міржақыптың шығармаларын оқи отырып, бірде-бір жерінен құдайға қарсы пікір айтқанын кездестірмейміз. Керісінше оның дүниетанымында ең басты тұлғалардың бірі- Құдай екенін аңғарамыз. Бұдан оны тақуа діншіл немесе мистика деген пікір туындамаса керек. Міржақып дүниетанымыньщ негізі — ғұмыр, тіршілік, болмыс. Оның ағартушылық бағыттағы мұраты да халқының ақиқатты тануы, ал оған жетудің жолы білім, ғылым. Ойшыл ақын «Ғылымға бай болғаның жетілерсің» деп нақтылы ой айтып, жол көрсетеді. Философ- мәдениеттанушы Т.Ғабитов: «Дін тек әдет-ғұрып, салт — мәдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі бағдар мен жол көрсетуші» (41.157 ) — деген пікір айтады. Азамат ақын дін ауқымының кеңдігін, оның мейірімділікке, қайырымдылыққа, мінезділікке, қасиетті сезімде тұрақты болуға адал жүрегін тәрбиелейтініне еш шүбә келтірмейді. Ол халықтың рухани-мәдени дүниетанымын, әлеуметтік жағдайын негізге ала отырып, ағартушылық пен дінінің арақатынасын ашуға тырысты. Осы орайда академик М.Қозыбаев: «ХІХ-ғасырдың екінші жартысында ол қозғалыстың екінші бір саласы ағартушылыққа ұласты. Ғасыр басында бірнеше әуен қосылды. Оның бірі ұлт болып қалыптасқан халыққа отаршылдық шеңбер жасады, ол егемендікті көкседі жеке ел болып, ірге көтерілуді күн тәртібіне қойды. Екінші әуен қазақ елі отаршылар тартып алған ата мекенін, көш қонысын қайтарып алғанды көкседі, Жер қайғысы, ел қайғысына айналды тіліне, дініне қауіп-қатер төнгенін түсінген отыз миллиондық мұсылманмен бірге қазақ халқы да тебіреніске ұшырады. Діни әуен мен ағартушылық әуен тоғысты» — деп жазады (90). Академик М.Қозыбаев көрсеткен бұл екі әуен Міржақыптың шығармашылығынан байқаймыз. Олай дейтініміз оның ағартушылық философиясында, жоғарыда көрсеткеніміздей діни ағартушылық әуенімен бірге жаңашыл ойлау әуені қатар жүріп отырды.
Медреседе сайлансын екі молда
Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогия тәртібімен оқытса олар,
Қазағым, кетер едің сонда алға. (15.35) Міржақып Ресей елімен қазақ елінің тығыз байланысын, отаршыл державаның ұстанып отырған саясатын терең көреген көзбен түсіне білді. Тілін, дінін сақтап қалу үшін, тәуелсіздігін қорғау үшін, өркениетке жету үшін орыс тілін, орысша жазуды игеру қажет деп санайды. Ағартушылықтың ізін салған ұлы Абай «орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да-бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек дейді (43.513 ). Ұлы ойшылдың ізбасары Міржақыптың пайымдауынша «аз беретін орынға көп бермес» үшін, «өз малыңды өзімдікі» деп айта алу үшін, «бал орнына у бермес» үшін, Абай нақтылы көрсеткендей, зарарынан қашық болу үшін орысша үйрену қажет. Ойшыл елінің болашағына көз жүгіртіп, ой түйіндеп мұсылманша оқытқан халықтың рухани-мәдениетін байытса, ал орысша оқу арқылы Европа ғылымын игеруді мұрат тұтады.
Қазақ елінің мүддесін қорғайтын оның мәдениетін, экономикасын көтеретін, көзі ашық, көкірегі ояу жастарды тәрбиелеуді мақсат тұтып, білімді сол жолда аянбай еңбек етеді.
Талапты һүнер іздеп жастар шығып,
Көңілдің шығармаса хәстәләрін (ауру)
Европа ғылымынан өрнек алып,
Қазақтың қуанамыз жарасқанын
Ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық саяси қызметтерімен бірге ағартушылық жұмысын қатар жүргізіп отырды. Оларды саясаткерлік қызмет пен ағартушылық қызметті бірдей өрбітіп жүргізу қоғамдық қажеттіліктен туды. Зиялылардың мұраты қазақ халқын өркениетті елдердің даму сатысына көтеру. Ал, оған жетудің жолы ағартушылық ғылымда екенін жақсы түсінді.
Міржақыптың тікелей ұстазы қазақ қайраткері, ойшыл Ахмет Байтұрсынов та қоғамдық әлеуметтік теңсіздікті көре отырып, саяси мешеуліктің ең басты себебін сауатсыздықтан көріп, одан құтылудың жолы ағартушылық пен ғылымда деп ұғады. «Ғылым мен білім біздің тұрмысымызды жеңілдете алады» дейді ол «Білім жартысы мақаласында», «біздің болашағымыз үшін қазаққа оқып, жазып, үйреніп қана қоймай, сонымен бірге орысша білу де өмір талабы»- деп тұжырымдайды (46.13 ). Ұлттық болмыс пен бітімнің хакім Абай саралап кеткен жолын, кіші буын інілері ары қарай жалғастырды. Қазақ халқы үшін бұл уақыт шашырап кеткен құндылықтар мен рухани мұраларды жинақтау, жүйелеу кезеңі болы. Қазақ халқының мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі жағымды қасиеттерді халыққа таныта отырып, жағымсыз қылықтарды ашық әшкерелеп, қазақ зиялылары ұлтты дамудың жаңа сатысына көтеруге талпынды. Міржақыптың «Оян, қазағы!» ғасырлар бойы аяққа басылып, жаншылып келген ұлттық сананы дүр сілкіндіріп, қазақ халқының бостандық жолындағы ән ұранына айналды.
«Оян қазақ!» бүгінгі танда еркіндік алған қазақ елінің еңсесін
биікке көтеріп, елдік тұғырын биіктететін рухани мұра. Ол бүгін
жаңа мазмұнға ие болып отыр. Міржақып аңсаған армандаған
тәуелсіздік бүгін қолымызда.Ендігі мақсат қол жеткен
бостандықты қолдан бермей, ұлттық қадір -қасиетімізді, тіліміз бен дінімізді жоғалтпай, ынтымағы берік іргелі ел болып, әлемдік қауымдастықтан өз орнымызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалану. Міржақыптың «Оян, қазағы», әлеуметтік-этикалық принциптері біз үшін осы жолдағы бағдаршам десек те қателеспейміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Халқымыздың дүниетанымдық үрдістері өз бастауын сонау сақтар мен ғұндардан алып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа көшіп дана ойшылдардың мұралары мен ескерткіш тастар, бай ауыз әдебиеті арқылы біздің ғасырымызға жетіп отыр. Ал Қазан төңкерісінен кейінгі жарты ғасырдан аса уақытта қоғамдық ой мен философияның даму жүйесі бұрмаланып, яғни таптық идеология тұрғысынан зерттеліп коммунистік құру бағдарына үйлестірілді. Халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени ерекшелігі мен өзіндік болмысы социализм идеологиясының шырмауында қалды.. Таптық идеология халықтың дәстүрлі санасының өсуін тежеп, социалистік сананы қалыптастырды Бұл философ М.С.Орынбеков көрсеткендей «… ұлттық философиялық ойларды тежеді». (44. 110 б).
XX ғасырдың басындағы қоғамдық ой мен рухани мәдениетінің дамуы мен өсуіне зор үлес қосқан қазақ зиялылары таптық идеологияның құрбаны болып, халық жауы атанып қазақ тарихынан есімдері мүлдем аластатылды. Ғасыр басындағы қазақ философиясы мен қоғамдық ойы қазақ зиялыларымен тікелей байланысты.
Ғасыр басында зиялылар алдына мұрат етіп қойған, өз елінің сол мақсаттары үшін қудалау мен жазалауға ұшыраған тәуелсіздікке, ғасыр соңында халқымыздың қолы жетіп отыр. Егеменді Қазақстанның қоғамдық ғылымдар өкілдерінің алдында ұлтымыздың философиялық мол мұрасын түбегейлі зерттеу заман табынан туып отырған аса өзекті мәселе. Бүгінгі таңда ғалымдар қазақ халқының дүниетанымдық ой толғамдарын қол жеткен мүмкіндік деңгейінде қайта зерттеп, оны жалпы адамзат дүниетанымының бір бөлігі ретінде көрсетіп жатыр. Философиялық ойсыз мәдениет жоқ, ал халық мәдениетсіз қараң (45. 230 ).
Жұмыста М.Дулатовтың дүниетанымдық — адамгершілік позицияларының қалыптасуына ықпал еткен факторларға талдау жасап, оның тұлғалық өсу жолын айқындауға талпындық. Міржақыптың қоғам қайраткері ретінде толысуына қазақ халқының ғасырлар тереңінен бастау алған дәстүрлі дүниетанымдық құндылықтары үлкен әсер етті. Ақын жазушы осы құндылықтар мен қасиеттерді бойына дарыта отырып, ұлттық мүддені, ар-намысты аяққа бастырмауды өмірлік мақсаты етті.
Міржақыптың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін
қалыптастырған екінші арна Шығыс халықтарының асыл-мәдени философиялық мұрасы. Ортағасырдан бастап Қазақстан Ислам өркениетінің аясына енеді. Ислам өркениеті көптеген халықтардың
Қай дәуір болмасын ойшылдар өзін қоршаған әлеуметтік-тарихи дүниені тани отырып, өз еңбектерінде ой-толғамдары мен көзқарастарын білдіреді. Кеңестік уақытта » ұлтшыл», «халық жауы» айыптары тағылған ойшылдың, нағыз ұлтжанды, бүкіл саналы өмірін халқының мұң-мұқтажына арнаған азамат екенін, оның қоғамдық қызметі мен еңбектері дәлел бола алады. Оның не бәрі жиырма бес жасында шығарылған «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы халықтың санасын оятуға арналған. Тәуелсіздік туының астына халқын жинап, бодандықтан шығудың жолдарын іздестіреді. Патшалық Ресейдің отаршыл саясатының бетін ашып, халқын бірлік пен бірегейлікке шақырады. Оның мұраты азаттық, ол қоғам өмірінің жақсаруы мен дамуын егеменді ел болудан іздейді. Елінің егемендікке қолы жетпей өркендеуі, бақытты болуы мүмкін емес деп пайымдаған ақын, сол мақсаттың соңында жұмыс істейді. Аталмыш кезеңде Міржақып шығармаларының қоғамдық сананың өсуі мен қалыптасуына айтулы ықпал еткені анық. Оның ойынша ел ағарса, яғни жаппай сауаттанса, елдің санасы оянып, өзін-өзі, қоршаған ортаны ұғады деп түсінді. Сондықтан ол жаппай ағартушылықты уағыздады. Білімнің, ғылымның адамға берер пайдасын түсіндірді. Ол білім мен ғылым дамымай, қоғамның өркениетке жетуін жоққа шығарды.
МДулатов таптық идеологияға қарсы болды. Ол қазақ қоғамын тапқа, топқа бөлген жоқ, қазақ халқының біртұтас мемлекет болып, өсіп өркендеуін көздеді. Зорлық-зомбылық, әділетсіздікке қарсы шықты. Тегіне, әлеуметтік табына, тобына қарап ажыратпай, әділеттілікті жақтай отырып тұтас ұлттың мүддесін ғана қорғады. Ол ағартушылық арқылы елдің санасын оятып, ешқандай қантөгіссіз демократиялық жолмен тәуелсіз автономия болуға болатынына сенді. Бағдарлама жобасы арқылы олардың нағыз демократияшыл ұлтжанды азамат екенін дәлелдеуге ұмтылды.
МДулатов өзінің тарихи-философиялық мұрасының басым бөлігін қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік құндылықтарға ұлттық дүниетаным мен ұлттық менталитет тұрғысынан талдау жасауға ұмтылады. Әрине, оның бұл талпынысы таза философиялық, категориялдық сипатта болмаса да, халқымыздың руханилығын түсінуге үлесі зор. Оның шығармаларындағы этикалық, әлеуметтік — аксиологиялық мәселелер әдеби тіл арқылы баяндалады. Алайда терең зерделеп, ықылас қойып оқитын болсақ көтерілген мәселелердің дүниетанымдық-философиялық мәнін айқын байқаймыз. Міржақыпты қатты толғандырған мәселе ел бостандығы мен тәуелсіздігі. Бостандық адамның мәндік қасиеті. Адам бойындағы трансцендентальдық құштарлықтардың бірі — еркін өмір сүруге деген ұмтылыс. Міржақып осы мәселені әлеуметтік тұрғыдан қарастырды. Осы тұрғыда ол қазақ халқын бодандық күйге түсірген тарихи-саяси факторларды талдап, олардың әлеуметтік-саяси астар-сипатын айқындайды. Ел еркіндігі тәуелсіздік пен азаматтық әрбір адамның бойында бостандыққа деген ұмтылыс дәні себіліп, терең ұяланғанда ғана мүмкін екенін ақын-жазушы жақсы түсінді. Бостандық — руханилық ұғым. Бостандықтың мәнін түсінген адам ғана тіршілік мәнін аша алады. Ал оны түсіну — ақыл-парасат пен сана — сезімнің талмай еңбектенуін, ізденуін талап етеді. Міне сондықтан Міржақып саяси күресті ағартушылық күреспен ұштастырады. Адам бойына рухани азаматгық қасиеттер тәрбие мен білім беру арқылы дамиды. Қазақ ағартушыларының басты мақсаты халықты тек сауатты ету ғана емес, сонымен қатар жоғары рухани мұраттар өрісінде тәрбиелеу.
Міржақып еңбектеріндегі тағы бір маңызды мәселе әлеуметтік әділеттілік, теңдік мәселесі. Әлеуметтілікті ол қоғамдық болмыстың темір қазығы ретівде қарастырады. Әділетті қоғамда ғана адамның адами мәні ашылып, оны дамытуға мүмкіндік туды. Ал, әділетсіздік жайлаған қоғамда адамның адамнан, еңбектен, табиғаттан жаттануы орын алып, әлеуметтік немқұрайлылық өрістейді. Ол иллюзорлы-сағымды өтпелі жалған сипатқа ие болады.
Әлеуметтік әділеттілік теңдік ұғымымен тығыз байланысты. Теңдік Міржақып еңбектерінде саяси-әлеуметтік мәселе ретінде бой көтереді. Теңдікті Міржақып құқық теңдігі ретінде қарастырады. Әрине ол адамзаттың барлығының мүмкіндіктері, ой-өрісі бірдей еместігін естен шығармайды. Алайда мемлекет пен қоғам әрбір адамның білім алып өрлеуіне, еңбек етіп тұрмысын жақсартуына тең мүмкіндіктер беруі керек. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең болуының басты алғы шарты — ғылым-білімге ұмтылу. Тек сол арқылы ғана халқымыз кенжелеп қалған дамуын жеделдете алады. Міржақыптың саяси көзқарастарында болашақ Ресей Федерациясының құрамына енетін халықтардың осы мемлекеттік құрылымның тең құқықты субьектісі болуын жақтайды. Патша өкіметінің өзімшілдік-өктем империялық саясаты мен басқару тәртібінен құтылған жағдайда ғана әрбір халық өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін, елдігі мен егемендігін дамыта алатындығын ақын ашық айтады.
Өз еңбектерінде ол әйел теңдігі мәселесін қойып, оның қоғамдағы рөлін жоғары бағалайды. Ол тәрбие мәселесінде әйелдің орнын ерекше бағалап, қоғам өміріндегі адамгершілік мәселесінің жақсаруын тікелей әйелге байланыстырады. Сондықтан да қазақтың әйелге қатысты кертартпа кейбір салт-дәстүрлерін сынға алады. Тәуелсіздікті мұрат еткен ойшыл шығармасының өзегі -адамгершілік, әділдік, еркіндік мәселесі.
Тарихтың ауыртпалығы мол. Әлеуметтік қақтығыстар мен саяси дағдарыстарға толы өтпелі кезеңдері адамның қалыптасқан болмысын шайқалтып, адамгершілігіне сын қоятын уақыт екені күмәнсіз ақиқат. Дәл осындай кезеңдерде руханилық пен адами қасиет құндылықтардың адамзатқа жол көрсетер, жөн сілтер бағдаршам болғаны шындық. Міржақып та адамға табан тіреп, тік тұруға мүмкіндік беретін берік тұғырдың адамгершілік қасиет екендігіне шек келтірмеді. Оның поэтикалық, прозалық творчестволығы осы қасиеттерді жандандыруға, құндылықтың асыл мұрасын көнертпеуге бағытталады. Түптеп келгенде тарихи қайта өрлеудің, кемелденген қоғам құрудың негізі осы қасиеттер мен құндылықтар. М.Дулатовтың өмірі мен қызметі халқымыз үшін биік мұрат пен халқына деген асыл адалдықтың рәмізіне айналады. Аққан жұлдыздай болған оның қысқа ғұмыры, адам төзгісіз ауыртпалықтар мен халық мүддесіне қызмет етуге деген бағытқа толы болды. Сол арқылы келер ұрпақ үшін Міржақып болмыс мәнін өмір құндылығын дәлелдеп кеткендей.
М.Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық ой-толғамдары, қазіргі өркениетке ұмтылған Қазақстан үшін берері мол мұра. Біз оның еңбектері мен қоғамдық қызметінің әлеуметтік, адамгершілік аспектілерін ашуға ұмтылдық. Әрине, Міржақып мұрасын түсініп білу үшін көптеген ізденістер мен зерттеулерді қажет етіп тұрған соны тақырып.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Әбділдин Ж.М., Орынбеков М.С. К научному познанию реалий. // -Алматы. Мыслъ.1992, № 1, -С. 28-31
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан тәуелсіздігі Тарих тағылымдары және қазіргі заман. Тәуелсіздігімізге бес жыл. -Алматы: Жазушы, 1997. -128 б.
- Философиялық сөздік. Қазақ философиясы. -Алматы, 1996. -525 6.
- Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы: Санат, 1995. — 365 б.
- Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш Орда. -Алматы: Ататек, 1995. -254 б.
- Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. ІІ-том, -Алматы: Қаз. біріккен мем. бас., 1950. — 324 б.
- Мағауин М. Ғасырлар бедері. -Алматы: Жазушы, 1991. — 432 б.
- Бөкейханов Ә. Таңдамалы. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы, 1995. — 479 б.
- Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. -Москва. 1994. -276 с.
- Қазақ философиясының тарихына кіріспе. -Алматы: Ер — Дөулет, 1994. — 172 б.
- Шешендік сөздер. -Алматы: Санат, 1992. — 184 б.
- Горький М. Собрание сочинений. Том 24. -Москва: Гос. изд. 1953. — 576 с.
- Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. -Алматы: Қазақ университеті, 1992.- 158 б.
- Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. -Алматы: Ер – Дәулет, 1994. — 172 б.
- Дулатов М. Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1991. — 384 б.
- Таукелов А., Сапаргалиев Г. Государственное право. Взгляды Аль — Фараби. -Алма-Ата: Наука, 1975. — 101 с.
- Айтқазин Т. Қазақтардың мұраты. -Алматы: Ғылым, 1994. -98 6.
- Дулатов М. Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1991. -236 б.
- Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 19-том. -Алматы: Жазушы, 1985. — 496 б.
- Есімов Ғ. Әкім Абай. -Алматы: Атамұра, 1994. — 200 б.
- Уәлиханов Ш. Таңдамалы. -Алматы: Жазушы, 1995. -560 б.
- Сегізбаев О.А. Казахская философия ХУ-начало ХХ-века. -Алматы: Ғылым, 1996. с. 243
- Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. -Алматы: Жазушы, 1988. — 320 б.
- Алтынсарин Ы. Тандамалы шығармалары. -Алматы: Ғылым,
- — 285 б.
- Основы религиоведения. Под ред. И.Н. Яблокова -2-изд. -Москва: Высшая школа, 1988. -480.
- Қасымжанов А.Х. Ұлы даланың зиялылары. -Алматы: Қазақ университеті, 1996. 111 — бет
- Досжанов Д. Абақты. -Алматы: Жеті Жарғы, 1992. — 288 б.
- Абай. Қара сөз, поэмалар. -Алматы: Ел, 1993. — 272 б.
- Абайдың дүниетанымы мен философиясы. -Алматы: Ғылым,
- — 181 б.
- Әуезов М. Құнанбаев Абай. Мақалалары мен зерттеулері. -Алматы. 1967. — 387 б.
- Мырзахметов М. Абай және Шығыс. -Алматы: Қазақстан, 1994. -208 б.
- Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 18-том. -Алматы: Жазушы, 1985. — 448 б.
- Әуезов М. Шығармалары. 12-том. -Алматы: Жазушы, 1982. -343 6.
- Абай. Қарасөз. -Алматы: Ел, 1993. — 272 б.
- Плеханов Г.В. Изб.философские произведения 2-т.В-5 тит-Москва :1956.-332 с.
- Соколов В.В.Европейская философия ХУ-ХУІІ веков –Москва : Высшая школа ,1989.-489 с.
- Пепелис В.Н.Адам қабілетінің қайнары.-Алматы:Қазақстан, 1976.-196 б.
- Кузнецов В.Н.Немецкая классическая философия второй половины ХУІІІ начало ХІХ в-Москва:Высшая школа, 1989.-480 с.
- Кішібеков Д. Философия. -Алматы: Атамұра — Қазақстан, 1994, — 343 б.
- Құнанбаев А.Шығармалары.-Алматы:Ғылым, 2-т.1977-445 б.
- Ғабитов Т.Қазақ мәдениетінің типологиясы-Алматы.1998.157-б
- Мырзахметов М. Мұсылмандық шарты. -Алматы: 1993. 271 б.
- Абай энциклопедия.-Алматы.1995.-725 б.
- Орынбеков М.С.Қазақ философиясына кіріспе.-Алматы:Жазушы,1994.-195 б.
- Тайжанов С.А.М.Әуезов дүниетанымы// Алматы.1995.
- Каримский А.М. Философия истории Гегеля. -Москва: Изд. МГУ. 1988 . -268 б.
- Асқарұлы X. Алаш зиялылары. -Алматы: Шартарап, 1998. -168 6.
- Шоқай М.// Түркістан. № 9. 1998
- Қазақстан тарихы. Очерктер. -Алматы: Дәуір, 1994. -249 б.
- Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ақыл, Ой, Адамгершілік. -Алматы: Білім, 1994. -112 б.
- Дулатов М. «Оян, қазақ!». -Алматы. 1991. — 90 б.
- Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. -Алматы: Білім, 1999. — 272 б.
- «Қазақ» газеті. -Алматы: Қазақ энцик. Бас ред. 1998, 556-бет.
- «Современная степь». 2 июнь 1924 г.
- «Қазақ». № 1, 1913.
- Бөкейханов Ә.// «Қазақ» газеті. 1913. № 28
- Бөкейханов Ә. Шығармалары. -Алматы: Қазақстан, 1994. -383 6.
- Нурышова Г.Ж. Общественное сознание Казахского общества конца XIX — начало XX века. Канд. диссер. -Алматы. 1992.
- «Қазақ». газ. 1914. № 45
- «Қазақ». газ. 1913. № 20
- Байтұрсынов А. Шаруашылық өзгеріс.// «Қазақ», 1915. № 145
- Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері. -Алматы: Атамұра. 1998.-360 б.
- Сапаргалиев Г. Карательное политика царизма в Казахстане. -Алматы. 1966. -304 с.
- Бартольд В.В. Туземцы и русская власть. т-2. -М., 1963. -358 с.
- Дулатов М. Шығармалары. Н-том. -Алматы: Ғылым, 1997.-343 6.
- Байтұрсьшов А. Ақ жол. -Алматы: Жалын, 1991. — 461 б.
- Абсатгаров Р. Ұлттық сана-сезімнің өсуі. Халықтың кемелділік көрінісі. //Ақиқат, № 4. 1994.
- Торайғыров С. Шығармалар жинағы. 2-том. -Алматы: Ғылым, 1993. — 208 б.
- Кішібеков Д., Сыдықов Ү. Философия. -Алматы: 1994. -287 б.
- Тоинби А.Д. Постижение истории. -Москва: Прогресс Культур. 1996. -606 с.
- Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана второй половины XIX — начала XX века. -Алматы: Наука. 1979. -159 с.
- Беннигсен А. Ламорьры — Келькежей Ш. Пресса и национальное движение среди мусульман России в 1920. -Алматы: Алем, 1991. -164 с.
- Қазақ газеті. 1917. № 251
- Философиялық сөздік. -Алматы, 1996. -525 б.
- Материалы по истории политического строя Казахстана. 1-т. -Алматы. 1960. — 460 с.
- Тынышбаев М. Ресей министрлер комитетінің төрағасына хат.// Поркен. 1991. 28-желтоқсан.
- «Қазақ», 1913. №28
- «Қазақ», 1913. №24
- «Айқап», 1911. №11
- Арон Р. Этапы развития социологической мысли. «Проіресс»- «Политика». 1992. -606 с.
- Швецов С.П. Природа и быт Казахстана. -Алматы. 1926. -103 с.
- Бес ғасыр жырлайды. І-т. -Алматы: Жазушы, 1989. — 383 б.