АЛТЫНОРДА
Новости

Дипломдық жұмыс. . Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР МЕН ИГІЛІКТЕР

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………. ………..

 

І. МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

1.1.Мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері……

1.2. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектілері мен объектілері…………………………………………………………………………………………….

1.3. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері…………………………………………………………………………………………………………….

 

ІІ. МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР МЕН ИГІЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Мүліктік емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтардың арақатынасы 

2.2. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқықтық

категориялар ретінде………………………………………………………………………………

2.3. Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы….    

 

ІІІ. МҮЛІКТІК ЕМЕС ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

3.1 Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау…………………………………..

3.2. Моральдық зиянды өтеу ережелері……………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тәуелсіз туының аясында өзінің мемлекеттігін құрып жатқан Қазақстан Республикасына биыл 17 жыл толып отыр. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси реформаларының түпкілікті мақсаты – жеке адамның бостанды өмір сүруіне және ілгері қарай дамуына жағдай жасау және құқықтарына кепілдік беру. Мемлекеттің басты ұраны – жеке адамның материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық заңнама соның негізінде дамиды.

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектілері болып табылады. Мүліктік емес құқықтық қатынастар адам мен тұлғаның өзіндік құқықтарынан бастап мүліктік құқықтар, оның ішінде заттық құқықтардың, жалпы азаматтық құқықтардың құрамына сіңген құқықтарға дейін қамтиды. Жеке мүліктік емес қатынастар тек азаматтық заңнамамен ғана емес барлық заң актілерімен реттелінеді. Аталған объектілер мүліктік емес сипатта болады және тиісті тұлғадан ажыратылмайды.

Аталмыш жұмыс мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды азаматтық құқықтық қорғау мәселелеріне арналады. Мүліктік емес игіліктер мен құқықтар әр түрлі құқық салаларымен қорғалады. Әр құқық саласының нормаларының қолданылу шеңбері және тәсілдері болады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шаралары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Әрине бұзылған мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіру өте қиын. Бірақ та олардың бұзылғандағы үшін өтемақыны төлеу немесе моральдық зиянды өтеу құқығы бұзылған тұлғаның жағдайын жақсартады деген пікір бар.

Азаматтық құқықтық қорғаудың ерекшелігі бұзылған мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіретін белгілі бір шараларды қолдану. Мысалы, құқықтарды тану; ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кір келтіретін мәліметтерді жалған деп тану және т.с.с. шаралары.

Әтүрлі құқық салаларында қолданылатын қорғау шаралары бірдей болмайды. Сондықтан да әр түрлі құқық салаларының нормаларын қолданған кезде, мүліктік емес игіліктер мен құқықтар және заңды мүдделер толық көлемде қорғалады. Әсіресе қылмыстық құқықтың және азаматтық құқықтың нормалары қолданылатын жағдайлар болады. Мысалы, егер мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қол сұғатын әрекет азаматтық құқық бұзушылық болып, қылмыстық белгілеріне ие болады.

 Жұмыстың мақсаты – мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқықтық аспектіде реттеудің кейбір көкейтесті мәселелерін айқындау табылады. Сонымен бірге қазіргі ұлттық заңнамаға және соттардың оны қолдану тәжірибесіне талдау жасап, жаңа әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайларда азаматтық заңнаманы жақсарту жолдарын айқындап беру.

Аталмыш жұмыс тақырыбына бірнеше ғылыми еңбектер мен нормативтік құжаттардың арналуына қарамастан кейбір жекелеген мәселелерінің сұрақтары шешілмегендегі айқын.  Соған байланысты дипломдық бітіру жұмысы үлкен үш бөлімге бөлініп, аталған мәселелерді көрсете отырып, шешу жолдарын қарастырады.

Осы жұмыс Қазақстан Республикасында мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды реттеу және қорғау туралы заңнама негізінде, сот тәжірибесі және ғылыми еңбектер негізінде жазылды.

Сондай-ақ бағамдық жұмыстың жоғарыда аталған мәселелерінің барлығын терең талқылай отырып, өз тұжырымдамамды ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

 

1.1.Мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және

олардың түрлері.

 

Қазақстан  Республикасы Конституциясының 6 – бабының 1 – тармағында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік танылып, оның бірдей  қорғалуы бекітілген. Сондай-ақ, мемлекетіміздің экономикалық   даму жолының жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерінің пайда болуына алып келді. Айтып отырған жаңа қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу азаматтық заңдарда көрініс тапқан. 1994 жылы қабылданған Қазақстан                   Республикасының Азаматтық кодексінде алғаш рет азаматтық құқықтардың объектілері жеке қарастырылды. Бұл жерде азаматтық құқықтар мен азаматтық құқығының арасындағы айырмашылықты атап  өткен жөн. Азаматтық құқықтар қоғамдық қатынасқа қатысушы субъектілерге қатысты айтылатын құқықтарды қамтыса, азаматтық құқығы, бұл – ғылым және оқу пәні.

Азаматтық құқықтардың объектісі ретінде қызметтің басқа қызмет түрлерінен ерекшелігі субъектілердің «теңдік» принципіне негізделуінде.  Мемлекеттік және әскери қызметтерде міндетті субъект болып мемлекет         танылады және оған қатысушылардың арақатынасы «билік пен бағыныштылыққа» негізделеді. Жалпы кез-келген құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекеттерінің пайда болуы және жүзеге асуы объектіге бағытталады. Ал азаматтық құқық қатынастар субъектілерінің әрекетінің пәні деп құқықтық қатынас объектісі танылады. Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. [1]

Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы  олардың өзара іс-қимылы нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс      ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете алады. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктер мен материалдық           емес игіліктерге бағытталған мінез — құлқы болып табылады. Құқық объектілері мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, Азаматтық кодексте кейде тек  мүліктік емес өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, онда осы ұғымдар арқылы мүліктік емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады.

Профессор О.С. Иоффе заң әдебиетінде құқықтық объектінің мәні туралы және сыртқы дүниенің құқық объектілері ретінде болуы мүмкін   құбылыстарының саны туралы мәселені шешудің әр алуан үш түрі болатынын атап өтеді. Заңгерлердің көпшілігі қосылатын үстем көзқарасқа сәйкес объектілердің қатарына іс-әрекеттер, материалдық емес жеке игіліктер, заттар және басқа да бағалы заттар жатады. Объектінің іс-әрекеттерінің маңызын теріске шығаратын және бұл маңызды тек қана заттарда немесе, тіпті болғанда ең алдымен заттар деп танитын объектінің заттық-құқықтық теориасы бірсыпыра аз болғанымен, едәуір кең  таралды.[2]

Ақырында, кейбір авторлар ғана қорғайтын іс-әрекет теориясы заттарды құқықтық объектілер қатарынан шығарып тастайды және объектінің маңызы құқық берген тұлға үміттене алатын міндетті әрекеттерде  ғана  болады  деп  таныйды.[3]

Азаматтық кодекс мүліктік емес өзіндік игіліктерді азамат туған сәтінен бастап алатын және азаматқа заң арқылы берілетін деп бөлінеді.

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілерімен байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік құқық және мүлікпен байланысы бар мүліктік емес өзіндік құқықтар деп ажыратылады.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз – бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Сонымен, егер мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының нормалармен реттелген болса, онда олар азаматтың құқықтық нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында оларды азаматтық құқық нормалары  реттейді.

Мүліктік емес өзіндік құқықты көздеген мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. азаматтың өмір сүруіне қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы және т.б);
  2. азаматтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және т.б.);

Азаматтық кодекстің 143 –бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық  құқықтық  қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе  іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды  талап  етуге  құқылы.

Азаматтық кодекстің 143-бабында «теріске шығару» ұғымы ашып көрсетілмеген,  тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтар деп қана  жанама түрде айтылған.

Ар-намыс дегеніміз тұлғаның рухани және әлеуметтік болмысына берілетін  қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз тұлғанын өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының  маңызын іштей түсінуі, өзін өзі бағалау тұлғаның моральдық және  басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге негізделеді.

Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік қабілеті жөнінде қалыптасқан қоғамдық пікір.

Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар атап айтқанда:

  1. ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін;
  2. жауапкер арқылы таратылған;
  3. шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске шығарылады. Аталған талаптардың жиынтығы ар-намысты қадір-қасиетті және іскерлікке  қатысты құқық қатынастарын қорғаудың жалпы негізін құрайды.

Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен  ғылыми пікірге сүйінсек, баспасөзде,  радио мен  теледидар  хабарларында, кинода және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына кір келтіретін мағлұматтардың жариялатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйленген сөздерде, лауазымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде немесе бір немесе бірнеше тұлғанын атына бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай кір келтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр.

Заңда әлгіндей  мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кір келтіретін фактілердің  кез келген сипатта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.

Кір келтіретін мағлұматтар деп азаматтың қолдалынып жүрген заң  мен моральдық принциптерді бұзуы туралы олардың абыройы мен ар-намысына негізсіз нұқсан келтіруді айтады.

Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұматты  шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық жағдайды байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие болады, яғни, оны Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.

Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде және басқа мінездемелерде, жария сөз сөлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі хабарлар жатады.

Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты  болуы мүмкін .[4]

Азаматтық кодекстің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың  теріске шығарылуының арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса , онда олар өз кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сол аталған бұқаралық ақпарат құралында  дәлелді жауабын тегін жариялатуға құқылы.

Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжат болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып алынуға тиіс. Азаматтық кодекстің 144-бабына сәйкес «Азамат жеке бас құпиясын, оның ішінде  хат алысу,  телефон  арқылы  сөйлесу, күндәліктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар.

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде  ғана  ашылуы мүмкін .[5]

Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға — олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторлары мен алушысының  келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсыбірі  қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен  жариялануы мүмкін. Азаматтық қатынастарда, сонымен қатар, өз бейнесіне құқықты қорғайтын нормалар бар. 145-бапта былай деп айтылған: «Қандай да бір адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда — мұрагерлерінің келісімінсіз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ».  Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм) — бейнеленген адамның келісуімен, ал ол қайтыс болғаннан кейін — оның балалары мен артында қалған жұбайының келісуімен ғана жариялауға, қайта шығаруға және тартуға жол беріледі. Бұған мынадай екі жағдай кірмейді – біріншісі – бейнелеу туындысын жариялауға, қайта шығаруға белгіленген заң актлері жол беретін жағдайда: екіншісі — бейнеленген адам ол үшін ақы алып кескінделген жағдайда. Бұл екі жағдайда бейнеленген адамның келісуі талап етілмейді.

Азаматтық кодекстің 146-бабына сәйкес. Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде  азаматтың  тұрғын  үйге  қол сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйіне өзінің еркінен тыс баса – көктеп кірудің кез келген әрекетін  тыюға құқығы бар.

Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген  жауапкер осы мағлұматтарды таратқан адам не тұлға болып табылады. Егер мағлұматты теріске шығару жөніндегі талап қою бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты болса, онда тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда және басқалай таратылған әлгіндей мағлұматтарға байланысты автор көрсетілмесе, онда іс бойынша сол бұқаралық ақпарат құралы жауапкер болады.

Қызмет мінездемелерінде жол берілген кір келтірушілік мағлұматтарына мінездемені берген және оған қол қойған адам немесе заңды тұлға жауапкер болып табылады. Азаматқа  немесе  заңды  тұлғаға   қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іске беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды    теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.

Егер жауапкер  соттың шешімін орындамаса,  сот оған тәртіп бұзғаны  үшін  бюджеттің  кірісіне  өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы.  Айыппұл азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды.

Жоғарыда аталғандардың барлығықызметтің маңызды қасиеттерінің бірін ашуға себеп болады. Ол – қызметтің сапасының тұрақсыздығы. Сапа дегеніміз – қоршаған ортадағы өзінің қасиеттері, құрамдас бөліктері арқылы дараланатын, ерекшеленетін немесе біртектес топқа ортақ белгілері, қасиеттері арқылы жатқызылатын материалистік түсінік. Сапа деңгейі  атқарылатын операция  белгілерінің жиынтығымен анықталуы тиіс. Қызмет сапасы көп жағдайда мерзім, соңғы құны және өз құнының арақатынасымен, пайдаланылған заттар мен құралдардың санына, орындау дәрежесіне байланысты анықталады. Жекелеген қызмет түрлерінің сапасын эксперттік, әлеуметтік әдістермен бағалауға болады. Қызмет сапасының тұрақсыздығы оны бағалау критериін анықтауда қиындық туғызады. Сол себепті, азаматтық заңдарда сапаны анықтаудың формальдық критерилері бекітілген.

Айтылғандарды қорыта келе, қызметке келесідей анықтама беруге болады. Қызмет деп  орындаушы  мен қабылдап  алушының табыс табуға не жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижесі заттанбаған  және азаматтық айналымда дараланбайтын, сапалық жағынан тұрақсыздық  қасиетке ие арнайы әрекеттерді айтамыз.

Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар-заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады.

Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанасына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.

Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Осы курстық жұмыста өзіндік мүліктік емес құқықтық қатынастарды азаматтық-құқықтық аспектіде сипаттайық.

Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық реттеген мүліктік емес құқықтық қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие. Мүліктік емес құқықтық қатынастар деп мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға бағытталған азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі-қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Мүліктік емес құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың дербестігіне сүйенеді.

Мүліктік емес құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені мүліктік емес құқықтық қатынастар субъективтік құқықтар негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда да олардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың түрлері. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқық мүліктік емес құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

1) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

2) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;

Мүліктік емес құқықтық реттеудің объектісі мүліктік емес қатынастар болғандықтан, бұлардың құрылымы мүліктік емес сипатта болады.  Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы мүліктік емес қатынастар болады. Абсолюттік мүліктік емес құқықтық қатынастарда адамға берілген субъективтік құқығын үшінші тұлғалар бұзбауы, оны жүзеге асыруға жасамауы тиіс. Салыстырмалы мүліктік емес құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы мүліктік емес құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестеленген болатын. Мәселен, моральдық зиян келтірген адам жәбірленушіге моральдық зиянның орнын толтыруға міндетті. Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мәселен, интеллектуалдық меншік нысанындағы шартта екі тараптың біреуі интелектуалдық меншікке құқығын бұзуы мүмкін.            

1.2. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектілері мен объектілері.

 

Мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады.

Шын мәнісінде, мүліктік емес құқықтық қатынастар дегеніміз-бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы және мүліктік емес объектілерге бағытталуы. Мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.

Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолымен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы-талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер-субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін. Өзіндік құқықтар тұлғамен тығыз байланысты болады және олар тұлғадан ажыратылмайды (мысалы, өмірге қол сұғылмау құқығы) осыған орай, барлық басқа құқықтарды берілетін құқықтар деп атауға болады.

Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер бабағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына мүліктік емес құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілетіндіктен, әрбір өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер-жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ мүліктік емес құқықтық қатынастар әртекті болуы мүмкін.[6]

Енді мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілер мен объектілерге тоқталайық.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Мүліктік емес құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматттық құқық реттеп отыратын мүліктік емес құқықтық қатынастар адамдар арасында болады.

Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Мүліктік емес құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігін қамтиды.

Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.

Жеке индивидтерді жеке тұлғалар деп атайды. “Жеке тұлғалар” ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды.

Басым көпшілік жағдайда мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болатын, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Конституцияның нормаларына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.  

Заңды тұлға мәртебесіне ие болатын адамдар құрған ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады.

Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі Азаматтық Кодексте берілген.

Жеке және заңды тұлғалармен қатар, мүліктік емес құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар мүліктік емес құқықтық қатынастарда өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді.

Мемлекет пен аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде). Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектілері.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде әр түрлі ғылыми көзқарастары бар. Бір заңгерлердің пікірінше, мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектісіне субъектілердің мінез-құлқын жатқызады, дәлірек айтқанда материалдық емес игілігіне бағытталған мінез-құлқы. Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша құқықтық қатынастардың материалдық емес объектісі мүліктік емес құқықтық қатынастардың да объектісі болады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектілеріне жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар мынадай компоненттерден тұрады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.[7]

 

1.3. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болу,

өзгеру және тоқтатылу негіздері.

 

Заң нормалары реттеген қабілетті адамдар арасындағы материалдық емес обьектілерге бағытталған қатынастар мүліктік емес құқықтық қатынастар ұғымын құрайды. Демек, мүліктік емес құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал осы қатынастық пайда болуы үшін міндетті түрде оған қатысатын субъектілердің құқық қабілеттілігі болуы тиіс. Алайда мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі қатысушылар арасында  мүліктік емес құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл жағдай осы қатынастардың пайда болуының қажетті абстарктілі алғышарты болып табылады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты субъектілер арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай мән-жайлар қажет.

Мұндай мән-жайлар заңды фактілер деп аталады.Құқықтық нормамен салыстырғанда заңды факт өзгеше де дербес бағытта болады. Сондықтан оны мүліктік емес құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға болады.

Сонымен, заңдық факті дегеніміз – заң құқықтық немесе мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

АК-ның 7-бабы заңдық фактілерге арналған. Алайда бұл бапта аталған заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Мүліктік емес құқықтық қатынастар субъектілерінің еркіндігі азаматтық құқықтық негізгі принциптерінің бірі болып табылады, яғни заңда тікелей әрекеттері мен мүліктік емес құқықтық қатынастарға түсе алады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын заңдық фактілер ықпал ету тетігіне қарай мынадай топтакрға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар;

Нақты жігерлі мінез-құлықтарды іс-әрекеттер деп түсінеміз. Олар заңды немесе заңсыз іс әрекеттер болуы мүмкін. Заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер өзара мүліктіік емес құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Мысалы, мәмілелер, оның ішінде автордың туындысын сатып алу немесе сатіу шарты.

Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, заңдарда белгіленген ережелерге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер орынды заңдық фактілер болуы мүмкін.

Үшінші тұлғалардың мақсатты іс-әрекеттері бойынша да мүліктік  құқықтық қатынастар тууы мүмкін. Соттық құқық белгілейтін шешімдері осындай актілерге жатады. Мысалы, интелектуалдық қызмет нәтижесіндегі әдеби туындысына құқықтарды таныту. Заңдық фактілердің бұл түрінің ерекшелігі-олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы мүліктік емес құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар ролардың қатысушылары болып саналмайды.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз, яғни заңда тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуы да мүмкін. Мұнда, әдетте, іс-әрекеттер жасайтын субьектілер үшін ұнамсыз болғанымен, соған қарамастан, оларға басқа тұлғалардың келтірген залаларын ретке келтіру міндетін жүктейтін мүліктік емес құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы, адамның денсаулығына зиян келтіру.

АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Мұнда, ең алдымен, табиғи фактілернді атау керек (адам өлімі, табиғат аппаттары және т.с.с). Басқа адамдардың іс-әрекеттері мүліктікемес құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін объективті оқиға болуы мүмкін. Мысалы, қасақана адамның ар-намысын кірлейтін жалған мағлұматтар тарату және тб.

Заңдық фактілердің ерекше түрі-мерзімдер оқиғаларға жуықтайды.

Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткілікті. Мәселен, бөгде адамның ар-намысын кінәліге залалдық орнын толтыру міндетін туғызады. Басқа жағдайларда, фактілердің белгілі бір жиынтығы болған кезде құқықтық нәтижеге қол жетеді. Мысалы, автор туындысына байланысты сатып алу-сату шарты жасалып іс-жүзінде автордың шығармасын беретін-бір мезгілде жасалған екі әрекеттің нәтижзесінде сатып алушыда сатып алатын автордың туындысына меншік құқығы пайда болады. Жаңа айтылып кеткен жиынтықты көбінесе іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.

Заңдық күй  заңдық фактілердің ерекше санатына жатқызылады. Заңдық күйді деп тұлғаның немесе нақты мүліктік емес құқықтық қатынас объетісінің белгілі бір  құқықтық қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды айтамыз. Мысалы, қайтыс болған автормен жақын туыстық байланыс-мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу негіздерінің бірі.

Заңдық факті ретінде заңдық күйдің маңызды ерекшелігі бар: ол құқықтық қатынастарды өз бетінше туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, басқа фактілердің қосымша пайда болуынан бұл мақсат жүзеге асады. Демек, едәуір күрделі фактілік құрамының элементі ретінде заңдық күй бола алады.

Мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді болумен қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері  бойынша белгілі-бір топтарға бөлінуі мүмкін. Мүліктік емес құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай заңдық фактілерді құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертететін фактілерге бөлуге болады. Осылардың біріншісі бұрын мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян келтіру ) болмаған  адамдар арасында мүліктік емес құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі-қалыптасқан мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себепші болды.

Өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға заңдық фактілер түрліше ықпал етеді. Көптеген жағдайларда құқықтық салдардың мазмұнын заң айқындап берді. Мысалы, моральдық  зиян келтірушінің заңмен белгіленген заладық орнын толтыру міндетін туғызады. Моральдық зиян келтіру фактісі заңның нақты мүліктік емес құқықтық қатынастағы ұйғарымдарын жүзеге асырады. Мұндай заңдық фактілерді құқықты бағыттаушы фактілер деп атайды. Бұдардан өзгеше, құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер мүліктік емес құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер құқықтық нормаларына ұқсайды, бірақ одан  мәнді айырмашылығы – мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын жалпылай емес, жеке дара анықтайды.

Заңдық фактілерден мәміле мен әкімшілік актілерді құқықты қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әдетте, олар мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын белгілі бір шектерде ғана, яғни императивтік ұйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына қайшы келмейтін шектерде ғана анықтай алады.

Заңды фактінің келесі түрі – міндетті тіркеу. Азаматтық құқықтық кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін тіркеудің ерекше маңызы бар. Тіркеу  өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бірақ олардың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын аяқтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР МЕН ИГІЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

2.1. Мүліктік емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтардың арақатынасы.

 

Қазіргі таңда мүліктік емес өзіндік қатынастарға ерекше назар аударылды. Қазақстандық цивилистері де артта қалып отырған жоқ. Өйткені халықаралық құқықта адам құқықтары бірінші орында тұрады. Мұны растайтын мына дәлелдемелерді келтірейік. БҰҰ Жарғысында Адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау мәселелері баянды етіледі. Өзінің алғашқы бастамаларының бірі ретінде “Адам құқықтары туралы халықаралық билль” жасауды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы қолға алды. Осыдан кейін,1918 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясы” қабылданды да адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы айтарлықтай ұлғайды.

Жоғарыда аталған халықаралық нормативті-құқықтық актілері ҚР-да ратификацияланды. ҚР-да Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылды және оларға кепілдік беріледі.[8] Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де  нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады.[9] Конституцияның нормаларын көрсете отырып, мына шешімге келдік: адам құқықтары мен бостандықтары Конституциялық деңгейде реттеледі және қорғалады.

Жалпы нормативтік құқықтық актілер мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттеген кезде, оның нормалары шартты түрде екіге бөлінеді: жалпы және арнайы нормалар. Жалпы нормалар  мүліктік емес өзіндік қатынастарды жалпы  түрде сипаттайды. Ал арнайы нормалар мүліктік емес өзіндік қатынатсардың жеке түрлерін реттйді және қорғайды. Мүліктік емес өзіндік қатынатсар жеке тұлғаға тәсілі негізінен азаматтық құқық нормаларымен жүзеге асырылады.

Сонымен егер мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелінетін болса, онда олар азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында азаматтық құқық нормаларымен реттелінеді.

Мүліктік емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Аталған игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтар азаматтық құқықтың объектілері болып табылады. Олардың мынадай үш ерекшеліктері бар: 1) мүліктік мазмұны болмайды; 2) жеке тұлғадан ажыратылмайды, яғни олар бөлінбейді, сатылмайды, берілмейді және т.с.с.; 3) жеке тұлғаны дараландыріу қасиетіне ие болады.

Ескертетін бір жайт-мүліктік емес игіліктер  және оларға байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттемейді, ол тек қана қорғау қасиетін жүзеге асырады. Ал екінші топ ғалымдардың пікіріне келсек, мүліктік емес өзіндік құқықтардың реттелінуін және қорғалуын пара-пар қоюға болмайды. Өйткені аталған құқықтарды реттеудің өзі оларды қорғау болып табылады. Соңғы кезде ғалымдардың копшілігі осы пікірді қолдайды.

Мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеген кезде азаматтық құқықтың мүмкіндіктері шексіз емес. Соның салдарынан Азаматтық кодексте мүліктік емес өзіндік құқықтарды құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ. Азаматтық  кодекс азаматтық заңдардың ірге қалаушы актісі бола отырып, мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан түрлілігін көрсете алмайды.

Мүліктік емес өзіндік қатынастар мүліктік емес сипаттағы игіліктермен байланыста болып құрылады. Мүліктік емес игіліктер жеке тұлғаларға тиесілі болады. Олар  тумысынан беріледі(өмір,денсаулық,және т.с.с.) немесе заңға сәйкес пайда болады, яғни заң күшімен белгіленеді(есім алу құқығы, тұрғын үйге қол суғылмау құқығы).

Мүліктік емес игіліктер құқық субъектілерінің ққоғамдық маңызы бар қасиеті боып келеді. Аталмыш игіліктер құқықтық қатынастарында жоғары бағаланады.

И.А. Покровский  адамның мүліктік емес игіліктеріне өмірін, денеге қол суғылмаушылығын, бостандығын жзатқызады. Аталған игіліктер адам үшін өте маңызды әрі қажетті болғандықтан оларды қорғау әрекеттері ежелден-ақ  пайда болды. Осы әрекеттерді біз көптеген жаратылыстық – құқықтық доктриналар құлады да позитивизмнің дамуына әкеп соқтырды, яғни ерекше субьективтік құқықтары және жеке тұлғаның құқықтары еңсерілді. Позитивистік теория бойынша, заң азаматтардың өмірлерін, денеге қол суғылмаушылығын, бостандығын және ар-намысын қорғайды, ал жаңа ғана аталған өмірге, босьандыққа ешқандай субьективтік азаматтықт құқықтары болмайды. Субъективтік азаматтық құқықтарының құрылымы жасанды болады. Жеке тұлғаның   субъективті  азаматтық құқығы заң бұзылған жағдайда пайда болады. Ал оның мазмұны келтірілген зардаптакрды өтеумен айқындалады.

И.А. Покровскийдің айтуынша мүліктік емес игіліктер мен оларға байланысты мүліктік емес құқықтар концепциясының дамуы мүліктік айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік қызығушылық арасынан мүліктік емес сипаттағы  қызығушылық көріне бастады. Алғашында олар есім алу құқығына негізделеді. Егер белгілі бір тұлға саудамен айналасатын болса, онда аталмыш игіліктер оның іскерлік бедел саудада маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар осы концепцияның дамуына адамның жеке өмірін қорғау әрекеттері өз әсерін тигізе бастайды. Мысалы, жеке бастың құпиясын сақтау, адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз пайдалану мәселелері және тб. Қазіргі кезде аталып өткен мәселе Конституциялық  деңгейде шешіледі. ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарынң, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.[10]

Жоғары келтірілген адам құқықтары танылғанна кейін олар субъективтік құқықтар деген мәртебеге ие болды. Себебі аталмыш құқықтар  адам болмысымен тығыз байланыста болады. Сондықтан да жеке тұлғаның өзіндік құқықтары деп аталып кетті – “Personlich-keitsrechte”

Кеңестер заманында бірқатар ғалымдардың ойынша, мүліктік емес өзіндік құқықтар тұлғалардың субъективтік құқықтары ретінде қарастырылып, олардың азаматтық құқық қабілеттілігін құрап отырды. Екінші жағынан мүліктік емес өзіндік құқықтары тұлғаның құқық қабілеттілігінің элементі ретінде қарастырылды.[11]

Сол кездегі заң әдебиеттеріне жүгінсек мынадай ой-пікірлерді кездестіруге болады. Мүліктік емес өзіндік құқықтардың пайда болуы нақты бір заңды фактілерге байланысты емес. Тұлғада құқық қабілеттілігі пайда болғаннан кейін оның мүліктік емес өзіндік құқықтары сол кезден басталады және заңды фактілерге тәуелді болмайды.[12]

М.М.Агарков субъективтік құқықты керісінше сипаттады. Субъективтік құқық дегеніміз мемлекеттік аппараттың мәжбүрлеу шарасын жүзеге асырудың жеке тұлға мүмкіндігі, яғни субъективтік құқықтың пайда болуы нақты бір заңды фактіге байланысты болады. Мысалы, мүліктік емес игіліктерге қол сұғушылығы. Бірақ та жоғары келтірілген пікірлер бір біріне қайшы тұрғанымен, мынадай көз-қарас өзгеріске ұшыраған жоқ. Субъективтік құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет жасау мүмкіндігі, құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы деп танылады. Оның ішінде әрекеттер жасау мүмкіндігі мүліктік емес игілік ретінде қарастырылмайды. Субъективтік құқық тұлғаға мүліктік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін береді, яғни тұлға әлеуметтік игіліктерді ешбір кедергісіз пайдаланып жүреді.

Сөйтіп азаматтық құқық ғылымы мүліктік емес игіліктерді және мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсетеді.

Қазіргі кездегі құқықтық доктринаға сүйенетін болсақ, ешбір құқық саласы тұлғаға ар-намысын, қадір-қасиетін, денсаулығын, есімін және т.б. мүліктік емес игіліктерді бере алмайды. Арнайы құқықтық нормалар болғандықтан субъектілерде олардың өмірлері, ар-намыстары және қадір-қасиеттері, жеке бас бостандығы және қол суғылмаушылығы танылады. Осындай арнайы құқықтық нормалар болғандықтан мүліктік емес игіліктерді қорғау мүмкіндігі пайда болады, яғни тұлғаның белгілі бір мүліктік емес игілікке мүліктік емес өзіндік құқығы бар екені делінеді. Қазіргі кездегі әдебиеттеріне сәйкес мүліктік емес игіліктердің экономикалық сипаты болмайды. Сонымен бірге олардың мүліктік емес өзгермелі көріністерге ие болады. Олар бізге белгілі тұлғадан ажыратылмайды. Мүліктік емес өзіндік құқықтары мүліктік емес игіліктерге бағытталған қатынастардан пайда болады.

Бірақ ҚР Азаматтық Кодексінде мүліктік емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтары ажыратылып көрсетіледі. Жеке мүліктік емес игіліктерге және құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа да материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.[13] 

Жоғары келтірілген нормаға сәйкес заң шығарушы орган мүліктік емес игіліктерді және мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсеткен жоқ. Олар бір деңгейде қарастырылады. Сонда цивилисттердің қаншама пікірлері болғанымен заң шығарушы орган аталған игіліктер мен құқықтарды бөліп қарастырған жоқ.

Жоғары аталған пікірлерге сүйеніп мынадай шешімге келуге болады. Мүліктік емес игілік-азаматтық құқықтық ерекше объектісі, оның экономикалық және мүліктік сипаты болмайды. Олар нақты жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болады және өзгермелі қасиетке ие болыпкеледі. Мүліктік емес өзіндік құқық-тұлғаның субъективтік жеке (өзіндік) құқығы, ал осы құқықтың объектісі мүліктік емес игіліктер болып табылады.

 

2.2. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқықтық

категориялар ретінде.

 

Қазіргі таңда адам құқықтарын қорғау мәселесі алдыңғы орынға шықты. Оның негізін адамдардың қызығушылығы және құндылығы құрайды. Осы мәселе прогресивті түрде дамып жатыр. Шынайы прогресс адам құққықтары мен бостандықтарынсыз ілгері қарай жүре алмайды. Адам құқықтары ішінде ар-намысқа, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы өте маңызды болып келеді.

Егер де қоғам аталған үш категорияны қорғамаса, онда оның болашағы жоқ, оны тәртіпсіздік, құқық бұзушылық нашар деңгейге түсіріп жібереді. Ал біздің елімізде олай емес. ҚР Азаматтық кодексінде арнайы нормалардың болуы бұл жағдайды растайды.

Кез келген мемлекет адам құқықтарын қорғайтын шешімдерді шығарады. Себебі адам өмірі, бостандығы, құықтары оның басты байлығы ретінде саналады.  Оларды қорғау мемлекеттің басты белгі-нышаны болып саналады. Сонымен бірге қоғамда болып жатқан құқықтық қатынастардың барлығы адам құқықтарына бағытталады.

Ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы меемлекет пен қоғамның басты әлеуметтік-құқықтық құндылығы және қажеттілігі болып табылады. ҚР оларды қорғауды міндеттенеді. Сондықтан да біз өзіміздің елімізді құқықтық мемлекет деп айта аламыз. Себебі бұның қағидалары республикамыздың Конституциясында тікелей айтылады. Қазіргі таңда адам құқықтарының қорғалуы  атқарушы, заң шығарушы және сот билік тармақтарының жұмыс істеу қабілеттілігін және деңгейін көрсетіп тұрады.

Біріншіден, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығын алып көрсету үшін субъектінің құқық әрекеттігін және тиісті мінез құлығын біліп алуымыз керек. Осы құқықтың ерекшелігіне келсек, оның мазмұны және мәні адамның өмір сүру жағдайымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да көптеген ғалымдар ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығын субъективтік құқықтарға жатқызбайды. Себебі аталған үш категорияларға құқық азаматтық құқық қабілеттігіне немесе әрекет қабілеттігіне жатады.

Бұл пікірді Л.К. Рафиева сынап теріске шығарды. Оның айтуынша,ар-намысына, қадір-қасиетіне  және іскерлік беделіне құқығы әрекет немесе әрекетсіздікпен емес, оның бұзылуынан сақтап қалумен, тығыз байланыста болады.[14]

Болашақта әр субьективті құқықтар мен міндеттерді иеленеді, оның саяси, мүліктік және субъектитік құқықтары тұлғаның құқықтық мәртебесін көрсетіп тұрады. Осы құқықтардың құрамына ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне субъективтік құқығы кіреді.. Аталған құқықтар құқық қабілеттіліктен пайда болмайды. Себебі олар азаматтық немесе ұйымның құқық ьсубъектілігі болып табылады.

Азаматтық құқық ар намысына , қадір қасиетіне және іскерлік ибеделіне құқығы бұзылғанға дейін мүліктік емес өзіндік  қатынастарды қорғайды. Осы құқық бұзылған жағдайда азаматтық құқық пайда болған мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттеп отырады.

Кейбір құқықтанушылардың айтуынша, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығының мазмұны әрекет жасау мүмкіндігімен ұштаспайды. Сондықтан да, бұл мүмкіндік әрекет етпейді. Соған байланысты О.С. Иоффе мынадай шешімге келді “ар-намысына, қадір қасиетіне, және іскерлік беделіне құқығы тұлғаның талап ету құқығы болып табылады және тұлғаның қоғамдық моральдық –саяси бағалануы оның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне тікелей тәуелді болады”[15]

Бұл пікірге сүйенетін болсақ мынадай шешімге келіге болады: адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы тумысынан емесадамның әрекет жасау мүмкндігі пайда болған кезде жаратылады. Бірақ мына тұжырыммен келісуге болмайды, себебі адамның құқықтары тумысынан пайда болады және олар абсолютті болып табылады. Сонымен бірге бұл тұжырым ҚР Конституция нормаларына қайшы келеді.

Ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығын ерекше субъективтік құқық ретінде қарастыру қажет. Өйткені оның мәні адам ар-намысының, қадір-қасиетінің және іскерлік беделінің қол суғылмауында және оларды бұзылмауын талап етуінде болады. Сондықтан мына жағдайларды атап өтіп, келесідей қорытындыға келу ықтимал: ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығының болуы оның бұзылуымен немесе бұзылмауымен байланысты емес. Ол бұзылған жағдайда тек қана оны қорғау қажеттігі пайда болады.

ҚРАК-нің 143 бабының нормаларына сәйкес азамат немесе заңды тұлға ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығына ие болады. Бірақ біздің айтуымызша аталған бапта үш категорияның заңдық анықтамасының болмауы кемшілік деп те қарауға болады. Себебі заңдық анықтама болған кезде азаматтардың және заңды тұлғалардың мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын ажыратып көрсете аламыз.

Жалпы алғанда азаматтық құқықта осы үш категорияның да анықтамасы бар және сол бойынша айтарлықтай бірдей пікір қалыптасты.

Ар-намыс дегеніміз-бұл адамға берілген қоғамдық бағасы, оның рухани және әлекметтік қасиеттерінің өлшемі.

Қадір-қасиет дегеніміз — адамның өз қасиеттеріне, қабілеттеріне, дүниетанымына, өзінің қоғамдағы маңызына өзі іштей беретін бағасы.

Іскерлік бедел дегеніміз-адамның іскерлік (өндірістік,кәсіби) қадір-қасиетіне қоғамдық пікір беретін тұрақты оң бағасы.

 

2.3. Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы.

 

ҚР Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе,екінші бағыт құқықтарды заттық құқытарға емес, керісінше, “ерекше сипаттағы құқықтарға” жатқызуға негізделеді.

Аталған екі бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте пролиетарлық тұжырымдама (рrорrietу-француз тілінен аударғанда “меншік”) деп аталады да[16], екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.

Пролетарлық тұжырымдаманы жақтаушылар кезкелген барысында, соның ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет барысында жасалатын игіліктерге меншік құқығы орнатылуы тиіс деген идея негізінде,интеллектуалдық өнімді жасаушы субъектінің осы өнімге мүліктік емес өзіндік құқықтарының қосындысн “интеллектуалдық меншік” деп атауды ұсынады. Нәтижесінде, 19 ғасырдың аяғында “интелектуалдық меншік” ұғымы мен оның құрамдас бөліктері болып табылатын “әдеби меншік” және “өнеркәсіптік меншік” ұғымдары  әлемнің көптеген елдерінің заңдары мен маңызды халықаралық конвенцияларында кеңінен қолданыла бастайды.

Мәселенің былай шешілуіне және “интелектуалдық меншік”  ұғымын құқықтың ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан “ерекше құқықтар”  теориясының өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент иелерінің және олардың құқық мирасқорларының құқықтары әуел бастан уақыт бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын қорғауға арналған виндикалық және басқа талаптардан басқа құқықтық құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге жататын интелектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан “интелектуалдық меншік” терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті.

19 ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстанушылардың арасындағы бұл ғылыми дау бірінде біршама бәсеңдеген. Өйткені, қазіргі уақытта интеллектуалдық нәтижелерге құқық табиғатының екі қырлы екендігіне ешкім шүбә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық мәселелер төңірегенде ғана қалған деуге болады. Шыныда да шығармашылық нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін-еркін бере алатындығы тұрғысынан, шыныда да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан, атворға авторлық құқық, авторлық есімге құқық сияқты бірқатар мүліктік емес өзіндік (моральдық)құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға жатпайтын құқықтар болып табылады.

Әдетте, аталған құқықтардың жиынтығын “интелектуалдық меншік” терминімен атау қазіргі уақытта шартты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де, бұл терминмен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге қатысты текерекше құқықтар терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді заң актілерінде, ұсынушылар қатары әлі де аз емес.

Кеңес өкіметінің соңғы жылдарына дейін буржуазиялық институт ретінде пайдаланудан бас тартылып келген интелектуалдық меншік ұғымы “қайта оралған атаулардың ” бірі болып табылады. Ол КСРО-ның құқықтық кеңістігінде алғаш рет 1990 жылы 6 наурыздағы “КСРО-дағы меншік туралы” заңда қолданыла бастады.

Осы саланы зерттеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық меншікке материалдық емес обьектілерге жататын интелектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген азаматтық айналымның субьектілері мен обьектілерін дараландыру құралдарына азаматтық құқық субьектісінің мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарының кешені (жиынтығы) деп дефиниция берілді.[17] ҚР Азаматтық кодексінің 125-бабында “интелектуалдық меншік” пен “ерекше құқықтар” категорияларын теңестіру орын алған.

Бұлайша теңестіруді келесі себептерге байланысты қателік деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтылғандай, интелектуалдық меншіктің мүліктік құқықтармен қатар мүліктік емес өзіндік құқықтардың да жиынтығы болып табылатындығы белгілі. Ал, Азаматтық кодексінің 964-бабына сәйкес, ерекше құқық-интелектуалдық меншік обьектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез-келген  әдіспен  пайдалануға мүліктік құқығы болып табылады және зерттеушілердің барлығы дерлік бұл құқықты интелектуалдық меншік объектісіне құқықтардың ішіндегі ең бастысы деп таниды. Әйтсе де, ерекше құқық интелектуалдық меншік ұғымы қамтитын құқықтар кешенінің  бір бөлігін ғана құрайтындықтан, бұл құқықтың коеструкциядан мүліктік емес өзіндік құқықтар тыс қалады.

Осы айтылғандардың негізінде Азаматтық Кодексінің 125-бабы 2-тармағының редакциясынан ерекше құқықтардың  деген сөз тіркесін алып тастап: интелектуалдық меншік обьектісі болуы мүмкін интелектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мен дараландыру пайдалану … деп беруді ұсынамыз.

Бұл орайда “интелектуалдық меншік ”және “ерекше құқықтар” ұғымдарын тең дәрежеде қарастырудың орынсыздығы ҚР заңдарына ғана қатысты екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ерекше құқық  Ресей мен Өзбекстанның азаматтық заңдарында құрамына интелектуалдық меншік обьектісіне мүліктік емес өзіндік құқықтармен қатар мүліктік құқықтар да енетін категория ретінде түсіндіріледі. Модельдік азатматтың кодексінде бекітілген. Ал, Қазақстан заңдары бойынша, жоғарыда айтылғандай, бұл категорияға тек мүліктік құқықтар енеді.

Сонымен бірге, ерекше құқық деп тек мүліктік құқықтың танылатындығы туралы Азаматтық кодексте бекітілген ережемен Қазақстан ғалымдарының барлығының бірдей келісе бермейтіндігін айта кету керек.[18] Бұл орайда, Т. Қаудыровтың: “… мәселен, мүліктік емес авторлық құқығының ерекшелік сипаты бар.  Осы туындыда немесе өнертабысқа басқа бір тұлғаның құқығы жоққа шығарылады. Кейбір субьективті құқықтардың кешені ретіндегі ерекше құқық субьективті құқықтардың кешені ретіндегі  ерекше құқық конструкциясының болуы бұл конструкцияға енбеген мүліктік емес өзіндік құқықтардың ерекшелік қасиетінің болуына бөгет болмайды.”  Деген пікірмен келісе отырып, терминологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында республикамыздың азаматтық заңдарында “интелектуалдық меншік” және “ерекше құқықтар” терминдерін тең мағыналы ұғымдар ретінде қолданбауды ұсынамыз.

 

 

 

 

ІІІ. МҮЛІКТІК ЕМЕС ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

 

3.1 Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау.

 

Азаматтық құқықтық қорғау тәсілдері азаматтардың құқығыман реттелетін мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға бағытталатын құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау тәсілдері ерекше болады. Өйткені бұзылған мүліктік емес игіліктер мен құқықтар құқық бұзушының кінәсына қарамастан қалпына келтіруге жатады. Сонымен бірге мүліктік емес игіліктер мен құқықтар қорғалған кезде азаматтық құқықтарды қорғаудың әр түрлі нысандары және түрлері қолданылады. Бірақ азаматтық құқықтарды қорғаудың нысандары және түрлері бұзылған мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға және құқық бұзышлықтың сипатына сай келуі тиіс.  Мысалы, құқықтарды тану, құқық бұзатын әрекеттерді тыю, залалдарды өтеу, моральдық зиянды өтеу.

Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғаудың негіздері және тәсілдері жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуына байланысты болады.

Заңмен көзделген қорғау тәсілдері  мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтарды иеленуші тұлға өзі таңдайды. Егер жеке тұлға  үшінші тұлғаларға өзінің мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғауды тапсырса немесе қорғау тәсілдері заң негізінде берілетін болса, онда осы тұлғалар құқық беруші тұлғаның атынан қорғауды жүзеге асырадыжәне оның өкілі болып табылады.

Мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың иегері қайтыс болған жағдайда, олардың құқықтарын қорғау мұрагерлеріне өтуі мүмкін. [19]

ҚР Азаматтық кодексінің 187-бабының нормаларына сәйкес талап қою мерзімі заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес  мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға қолданылмайды.

Ендеше мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жататын кейбір обьектілерді азаматтық қорғау тәсілдерін қарастырайық.

Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы азаматтардың конституциялық құқығы болып табылады.  Осы категориядағы істер азаматтардың, ұйымдардың және сотқа жүгіне алатын өзге де тұлғалардың өз құқықтарын қорғау үшін арыз шағымдануы бойынша қозғалады. (ҚР А1ЖК 56 бабы).

Сонымен бірге азаматтар және заңды тұлғалар өздерінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін заңға қайшы келмейтін тәсілдерін және ҚР конституциясының 18,34,75,76 баптарына сәйкес сот тәртібін орнатады, яғни жеке және заңды тұлғаның бұзылған құқықтарды қорғаудың әр түрлі негіздерін және тәсілдерін белгілейді.

ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабының  1- тармағына және “бұқаралық ақпараттар туралы” ҚР Заңының 19-бабының 1-бөліміне сәйкес азамат немесе заңды тұлға өзінің арнамысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы, яғни мынадай мағлұматтар теріске шығарылады:

1) жеке және заңды тұлғаның ар намысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін;

2) жауапкерлермен таратылған;

3)шындыққа сай келмейтін мағлұматтар

“Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін-іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы”[20] 1992ж. 18 желтоқсандағы ҚР Жоғары Соты Пленумының №6 Қаулысында аталған жағдайлардың әр-қайсысына  түсініктеме берілді.

Заңдарды сақтау, қоғамның моральдық принциптері тұрғысынан қарағанда қоғамдық пікірдегі немесе жекелеген азаматтардың немесе ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін, шындыққа сай келмейтін мағлұматтар кір келтіретін мағлұматтар болып табылады.

Ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды тарату бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, оларды баспасөзде жариялауды,радио, теледидар арқылы хабарлауды, әр түрлі ұйымдарға, лауазымды адамдарға немесе ең болмағанда бір адамға арналған қызметтік және өзге мінездемелерде, жария сөздерде, мәлімдемелерде баяндауды білдіреді.

ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған кір келтіретін мәліметтерді теріске шығарудың арнайы тәртібін белгілейді: олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығарылуы тиіс. ҚРАК 143-бабында көрсетілген тәсілдерге сәйкес сот шешімдері  мен үкімдерінде, алдын-ала  тергеу органдарының  қаулыларында  және өзге де ресми құжаттарда болатын мәліметтерді теріске шығарудың заңмен өзге тәртібі орнатылды.

Аталған  заң нормаларына сәйкес ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау үшін сотқа шағымданған тұлға тек қана  кір келтірмейтін мәліметтердің таратылғандығын  дәлелдеу керек, ал осы  мәліметтердің шындыққа сай келуін жауапкер дәлелдейді.

Ұйымнан шығатын құжаттарда жалған мәліметтер болса, ондай құжаттардың теріске шығарудың  арнайы тәртібі орнатылған. Бұл құжаттағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана отырып, құжат алмастырылуға немсе кері сұратып алынуға жатады. Мысалы, егер еңбек кітапшасында ішкі еңбек тәртібін бұзатын әрекет (әрекетсіздік) жұмыстан шығарылудың негізі болып және сот оны шындыққа сай келмейді деп таныса, онда жұмыскер осы еңбек кітапшасын ауыстыруды немесе жаңартылуды талап етуге құқылы.

Өзге реттерде теріске шығарудың тәртібін жалған мәліметтердің таратылу тәсілдеріне қарай сот белгілейді.

ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегін жарияласа, олар  сол  бұқаралық  ақпарат құралдарында өз жауаптарын  тегін жариялауға құқылы.

Ар-намысына, қадір-қасиетіне  және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді  таратушы тұлға  жауапкер болып табылады. Егер де  шағым  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  таратылған  мәліметтерді  теріске шығаруды талап етсе, онда сол бұқаралық  ақпарат құралдың  авторы және редакциясы  жауапкер ретінде  жауапқа тартылады.

Жариялымның  авторы  көрсетілмесе де, жауапкер ретінде  сол бұқаралық ақпарат құралдың редакциясы  болып саналады. Егер де, бұқаралық  ақпарат құралдың редакциясы заңды тұлға болып табылмаса, онда сол бұқаралық ақпарат құралдың құрылтайшылары  сотта жауапқа  тартылады.

Кәсіби мінездемелердегі көрсетілген ммәліметтерді теріске шығаруды талап ететін шағымдарда сол құжатқа қол қойған тұлғалар және сол құжатты шығарған кәсіпорын, мекеме, ұйым жауапқа тартылады.

Егер де кір келтіретін мәліметтерді таратушы тұлғаның әрекеттерінде қылмыстың белгілері болса, онда зардап шеккен тұлға, яғни жәбірленуші құқық бұзушыны қылмыстық жауапқа тартуды талап ететін сотқа шағымдануға құқығы бар. Өйткені ҚР Қылмыстық кодексі мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғайтын құқықтық нормалар бар. Мысалы, ҚРҚК 129-бабына сәйкес “жала жабу”, яғни басқа да адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату және ҚРҚК 130-бабына сәйкес “қорлау”, яғни басқа да адамның ар-намысы мен қадір қасиетін әдепсіз түрде кемсіту. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу тәртібінде зардап шеккен  тұлға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін  қорғау  туралы  талаппен сотқа шағымдана алады.

Егер азаматтық немесе заңды тұлғаның ар-намысына қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай  мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққы сай келмейді деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы[21].

Бірден жауапкерге ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талапты қою міндетті емес. Себебі бұл жағдай біздің заңнамада қарастырылмады. Жауапкер ретінде бұқаралық ақпарат  құралы болса да, шағымданушы тұлға сотқа жүгінбей  жауапкерге талап қоюға міндетті емес.

Егер бұқаралық ақпарат  құралы жалған мәліметтерді теріске шығарылудан бас тартса, онда азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруды талап етіп сотқа шағымдануға құқылы.

Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің кірісіне өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде саналады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды.

Бірақ “Бұқаралық ақпарттар туралы ”  ҚР заңының 26-бабына сәйкес кейбір жағдайларда таратылған жалған мәліметтер үшін бұқаралық ақпарат құралдары жауаптылықтан босатылады.

Өкінішке орай “Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы” 1992 ж. 18 желтоқсандағы ҚР Жоғары Соты Пленумының  №6 Қаулысында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттық материалдардың алынған көздері немесе пайда болған негіздері қарастырылмаған. Сонымен бірге  нормативтік актілердің қайшылығы байқалады. Мысалы, “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” ҚР заңының 26 бабына сәйкес  егер таратылған мәліметтердің көздері ресми ресми хабарлар немесе ақпараттық агенттіктер болса, онда сол бұқаралық ақпарат құралының редакциясы жауапкершілікке тартылмайды.[22]

Бірақ ҚР Азаматтық кодекстің 951 бабында көрсетілгендей зиян келтірушінің кінәсына қарамастан моральдық зиян өтеледі,егер зиян ар-ожданына қадір-қасиеті мен скерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе… Аталған заң нормасын келесідей қарастырған жөн: “заң актілерінде көзделген өзге жағдайлардан басқа зиян ар-намысына,  қадір-қасиеті мен скерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату арқылы келтірсе…”

ҚР Азаматтық кодекстің 141-бабыны 1-тармағына сәйкес мүліктік емес өзіндік құқықтары бұзылған адамның, осы Кодекстің 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстің ережелері бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар, яғни құқықтарды бұзатын әрекеттердің және зиянның сипатына қарай осы Кодексте аталған қорғанудың тәсілдері қолданылады.

ҚРАК 143- бабының 6-тармағына сәйкес азаматқа  немесе заңды тұлғаға қатысты олардың  ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, онда олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. 

Сонымен бірге 1992 ж. 18 желтоқсандағы ҚР Жоғары Соты Пленумының № 6 Қаулысының 12-тармағына сәйкес шағымды немесе талапты қанағаттандыру барысында кір келтіретін нақты мәліметтердің шындыққа сай еместігі және теріске шығарудың тәртібі сотпен көрсетілуі тиіс.[23] Теріске шығару дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кір келтіретін мәліметтерді жұртшылық алдында жалған деп тану.

Жоғарыда аталған қорғау шаралардың түрлеріне және тәсілдеріне қарап азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделі жоғары деңгейде қорғалады деп айта аламыз.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.

Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.[24] Тіптен, әрбір азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Негізінен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу Конституцияның алтын арқауы. Сонымен бірге кез келген мемлекет осындай құқықтар мен бостандықтарды шектеу шегін белгілейді, өйткені олар шексіз болмайды.

“Адам бостандығы басқа адамның бостандығы басталған жерде аяқталады” – құқықтың басты принципінде осылай делінген. Осы принципке сәйкес адамдардың құқықтары мен бостандықтарының шектелетін шегі белгіленген. Бұл – конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін құндылықтар тізбесі шексіз созыла бермейді, яғни тиянақталған, шекті түрде белгіленген болып табылады.[25]

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Және де азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарын қорғауды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.

Азаматтар сонымен қоса, өзінің құқығын қорғау кезінде біршама тәсілдер бойынша міндеттеуге, айып төлетуге, моральдық зардаптарды өтеуге, залалдың толық өтелуін талап етуге құқылы.

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Сол себепті де, тұлғаның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Негізінен Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Меншік иесінің мүддесін қорғау 2-негізгі нысанға бөлінеді.

  1. Юрисдикциялық;
  2. Юрисдикциялық емес.

Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемелекеттік немесе басқа да құзыретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.

Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді, Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.

Азаматтық кодекс бойынша қарайтын болсақ, 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.

Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады.

Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзыретті органдарға бармай-ақ өз бетімен қорғануын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы” ұғымымен байланысты және меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.

Азаматтық құқықтың өзін-өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, профессор А.П.Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді.[26] Біздің де пікірімізше өзін өзі қорғау құқықығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады.[27]

Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі.

Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады.

Міндеттемелік — құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басты институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды.[28] Ал меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігі (айталық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі “талап қою бәсекесі” деп аталатын жағдайларды қолдамайды.

Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық-құқықтық, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгіленген.[29] Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29, 32-баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т.б. болып табылады.

Жалпы, азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды. Және азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс. Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделеді.

Тағы да айта кететін болсақ, азматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әркеттеріне жол берілмейді. Демек, егер заңда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. 

ҚР Азаматтық кодексінің 9-бабында: Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтардың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымда адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады,-делінген.

Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды.[30] Осы баптың тармақтарында көрсетілгендей:

  • Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін (өзін-өзі қорғау).
  • Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.
  • Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдардың әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.
  • Егер тәртіп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртіп бұзушының кінәсіне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кінәлі деп ұйғарылады.

Негізі бұл 9-баптағы тармақтар азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары ретінде қарастырылуда. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Қарастырсақ, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік мүліктік емес иеліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген.

Ең алдымен азаматтық құқықтық қорғаудың әдістерінің түсінігіне тоқталсақ:

  1. Зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация);
  2. Иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап);
  3. Затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);
  4. Басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.

Ал меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру туралы – затты иесіне қайтару немесе пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына жатады – мұндай жағдайда меншік иесіне заттың ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.

Енді қорғау құқығы проблемасына келетін болсақ, бұл тек материалдық құқықтық ғана проблемасы емес, ол сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығының да проблемасы болып табылады. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселені шешуде айтарлық алшақтық туындайды.

Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап қою “құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады” деген пікірге тоғысады. Яғни талап қою белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындайды.

Мысалы, В.П.Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін  және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады.[31] Жалпы алғанда, бізде осы пікірге қосыламыз. Себебі, әрбір азамат өз құқығын қорғау кезінде басқа да қорғау түрлерін пайдалануға немесе сол арқылы қорғануға әбден құқылы.

Заң бойынша қорғау объектісі тек қана субъективтік азаматтық құқықтар ғана емес, сонымен бірге ол заңдармен қорғалатын мүдделерді де қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтік құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылық нәтижесінде субъективтік құқықтың өзі тоқтатылған жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншік құқығын қорғау мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншік иесінің заңмен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын қалпына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.

Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.[32]

Залалды өтеу. Егер тараптарға оның құқығын бұзу арқылы залал келтірілсе, онда ол құқық бұзушыдан толық түрде өтемін талап етуге құқылы. Залал бұл арада келтірілген материалдық зияннның ақшалай көрінісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде залалдың екі түрі қарастырылады: Біріншісі – нақты нұқсан келтірілген залал, яғни мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, немесе бұзылған құқықты қалпына келтіруге кететін шығын. Екіншісі – алынбай қалған табыстар (айырылып қалған пайда) яғни дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын бірақ алынбай қалған табыстарды егер ол түскен болса, онда құқық бұзылмаған болар еді.

Айталық, автокөлік оқиғасынан автомашина-такси бүлінді делік, ол бір апта бойы жөндеуде тұрады. Автопарк бұл орайда залалдың екі түріне де ұшырайды: оның бірі нақты залал – яғни жөндеуге кеткен шығын көлемі, екіншісі – есесін жіберіп алуы, яғни автопарктің таксидің жөндеуде тұруына байланысты босқа кеткен уақыттан түспей қалған кіріс сомасы.

Міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне-көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейді, сондықтан да ол құқығын бұзушыдан келген залады сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына орнына келтіруге мәжбүр етуге қақыңыз бар.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жаңа нұсқасы бұрынғы кеңес өкіметінің заңында мүлдем болмаған бұзылған құқықтарды қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастырады. Айталық, оған мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдардың әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бөлінісі өтеуге тиіс. Азаматтық құқықты қорғауда мұндай тәсілдерді соттар жиі қолданады.

Азаматтық кодекс материалдық емес игілікті, мүліктік емес құқықты қорғаудың екі тәсілін қарастырады:

  • Моральдық залалды өтеу. Моральдық залал деп азаматтардың материалдық игілігі болып саналмайтын және мүліктік емес құқығын бұзу арқылы оған дене немесе рухани залал келтіруді айтады. Оған мысал ретінде отбасындағы құпияны азаматтың еркінен тыс жария етуді немесе оның атын жамылып жарамсыз қылықтар жасауды және т.с.с. келтіруге болады. Азаматтың талабы бойынша сот құқық бұзушыға келтірген моральдық залалды ақшалай өтеуді міндеттей алады. Мұндай өтемнің көлемін сот қана анықтайды. Бұл бір жағынан алғанда оңай шаруа да емес, өйткені, заладың көлемін анықтауда белгілі бір өойылған шек жоқ. Ол үнемі ақшамен есептеуге келе бермейді.
  • Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау. Азамат пен ұйым өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару үшін сотқа жүгінеді. Сотқа жүгіну ондай мағлұматтарды таратушы адам әлгі таратқан мағлұматтарының шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаған жағдайда жүзеге асады. Егер мұндай мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда сол бұқаралық ақпарат құралдарында берілген мағлұмат тегін түрде теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратылып алынуға тиіс. Сонымен, тұлға таратылған жалған мағлұматтар арқылы өзіне келген залалды (моральдық зиянды) өтеуді талап етуге қақысы бар.

Егер мұндай мағлұматтарды кім таратқаны белгісіз болған күннің өзінде жәбірленуші оның шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеу жөнінде сотқа шағына алады. Моральдық залал жәбірленушіге оны келтірушінің кінәсінің дәрежесіне қарамастан өтеледі.

Енді тағы бір тәсіл — өзін-өзі қорғауға тоқтала кетелік. Осы сөз тіркесінің өзінен көрініп тұрғандай, азамат пен ұйым өзінің құқығын өзі қорғайды. Бұл орайда өзін-өзі қорғау тек құқық бұзушыға және оның әрекеттерін жоюға ғана бағытталуы тиіс. Тәжірибеде өзін-өзі қорғау жиі кездеседі. Мысалы, телефон станциясы абонентті көрсетілген қызметке төлемді үнемі уақтылы төлемегені үшін байланыс жүйесінен айырып тастайды. Мұндай өзін-өзі қорғау құқығы кепіл, мүлікті қорғау шарасы, қажеттті қорғану және т.б. түрлерінде кездеседі.

 

3.2. Моральдық зиянды өтеу ережелері.

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабында көзделген моральдық зиянды өтеу туралы құқықтық талапты Германияның Азаматтық кодексіндегі материалдық емес зиянның талап етілуімен салыстырайық. Екі жағдайда да әңгіме ақшалай есептелетіндей материаланбаған зиянды өтеу туралы болып отыр, ол мүлікке келтірілген зияннан өзгешеленеді және материалдық емес зиян ретінде белгіленуі мүмкін. Мұндай зиянды ақшалай баламада өлшеу қиын болса да, оны өтеу ақшалай өтемақы төлеу жолымен жүзеге асырылады.

Сот моральдық зиянның мөлшерін қалай белгілейді? Әңгіме бұрынғы қалыпқа қайтып келу және жойылған құнды өтеу жөнінде де болып отырған жоқ. Емделуге байланысты шығыннан бір айырмашылығы – азап шегу табысын жоғалтуы да, тәннің қиналуы да қандай да  бір заттың құнын жоғалту болып табылмайды. Осыған орай келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін белгілегенде қандай мән-жайлардың рөлі маңызды деген сұрақ туындайды. Егер сот бірден бірнеше мән-жайды ескеруге тиіс болса, онда жәбірленуші процесс басталмай тұрып өзінің талабының мөлшерін қалай белгілеуі мүмкін?

Тәжірибе үшін өте маңызды екінші мәселе: моральдық зиян ұғымын анықтау болып табылады. Ол қозу ахуалы немесе көңіл-күйдің басқадай өзгеруі моральдық зиян ретінде бағаланбайтындай және оны өтеу жөніндегі талаптардың пайда болуына әкелмейтіндей тұжырымдалуға тиіс. Моральдық зиян ұғымына бір мағыналы анықтама беруге келмейтін болғандықтан, оған мүмкіндігінше нақты түсінік беру қажет.

ҚР Азаматтық кодексінің 951-бабында “ моральдық зиян” жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) деп белгіленген. Неміс заңгерлердің көз-қарастары бойынша бұл жерде екі айырмашылық: біріншіден, заңды тұлғалар туралы айтылуы, екіншіден, жан күйлерінің аталуы бірден көзге түседі.

Бірінші жағдайға келетін болсақ, заңды тұлғаның адамға тән тәннің қиналуы, ашулану немесе торығу сияқты сезімдері болуы мүмкін бе деген мәселе даулы. Егер осы жағдайда ұжымның, яғни заңды тұлғаға жататын барлық жеке тұлғалардың ашуы ұғынылса, онда бұған заңды тұлғаны өзіне жататын жеке тұлғалар жиынтығына теңестіруге болмайды деген қарсы пікір айтуға болады. Заңды тұлғада азап шегу қасиеті жоқ, өз құқықтары бар құқық фигурасы болып табылады. Өзінің мүліктік емес құқықтары бұзылған жағдайдаморальдық зиянды емес, келтірілген эканомикалық сипаты бар  зардаптарды өтеуі тиіс. Мәселен, заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін жалған ақпараттар таратылған кезде, заңды тұлға белгілі бір мөлшерде өзінің тұтынушыларынан айырылуы мүмкін. Ал осы жағдайда экономикалық зардаптарға әкеледі.

Екінші жағдайға келсек, заңда жан ахуалдарының аталуына қарап белгілі ойға келуге болады. Себебі қозу немесе ұялу сияқты, яғни таза субъективті сезімдері, дене ауруы немесе ауыр психикалық бұзылуына қарағанда сан жағынан өлшеуге қиын болатыны белгілі.

Жалпы ҚР азаматтық заңдардағы моральдық зиян ұғымын және оны өтеу мәселесін қайтадан қарастыру қажет деп ойлаймыз. Сол үшін Германияның азаматтық заңдарын және тәжірибесін үлгіге алуға болады. Біздің пікірімізше Германия Азаматтық кодексте нақты атап көрсетілген құқықтық игіліктердің бұзылуы туралы неғұрлым анық көзқарас бар. ГФР АК-нің 2002 жылы жаңартылған 253-параграфында былай деп белгіленген: “ (1) Мүліктік емес зиянды ақшалай нысанда өтеу заңда белгіленген жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін. (2) Егер дене жарақаты немесе денсаулыққа зиян келтіру, орын ауыстыру еркіндігін немесе сексуалдық сипатын өзі таңдауды шектеу нәтижесінде өтемақы төленуге тиіс болса, онда осы ретте келтірілген мүліктік емес зиянның негізінде оған мөлшерлес ақшалай нысанда өтеу талап етілуі мүмкін “.

Германия АК-де материалдық емес зиянды өтеу жөнінде жалпы құқықтық талап берілген, оған рұқсат етілмеген әрекет жасау салдарынан болған кінә үшін жауаптылықтан басқа, жоғары қауіп көзінен келтірілген зиян үшін жауаптылық, сондай-ақ шарттық жауапкершілік кіреді.

Сонымен, материалдық емес зиянды өтеу жәбірленуші дене зардабын шекті ме деген мәселені қарастырудан басталады. Паталогиялық жағдай туғызу немесе оны асқындыру дене жарақаты болып табылады, оның аса маңызды белгісі – араласуды медициналық жолмен өлшеу мүмкіндігі, басқаша айтқанда келтірілген зиянды медициналық дәлелдеу. Жәбірленуші денесінің ауырғанын, азап шеккенін, дене мүмкіндіктерінің төмендеуін, зардабын оны келтірген адам ақша сомасын төлеу жолымен өтеуге тиіс.

Дене жарақатынан басқа, мораль мен имандылыққа қарсы әрекеттер (балаларды азғырудан  бастап зорлауға дейін) және бостандықты шектеу материалдық зиянды өтеу жөніндегі жеке талаптың пайда болуына әкелуі мүмкін. Одан әрі сот тәжірибесінде жалпы жеке құқықтарды бұзу нәтижесінде келтірілген материалдық емес зиянды өтеуді талап етуге жол беріледі.

Әділ өтеу ақшалай нысанда қалай есептеледі, осы орайда қандай өлшемдер ескерілуі керек, ол қандай функцияларды орындауға тиіс деген мәселеге келсек, ҚР АК 952- бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын субъективті түрде бағалау да, сондай-ақ жәбірленушінің жан азабы мен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін объективті деректер де: қол соғу объектісі болған игіліктің (өмір, денсаулық, ар-ождан, қадір-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкімнің тимеуі және т.б.) өмірлік маңыздылығы; құқықбұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтіру, мүгедектікке әкеп соққан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәліметтер тарату сипаты мен аясы; жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тиісті тұратын мән-жайлар ескеріледі.

Егер моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтауда сот азаматтық мүліктік емес өзіндік құқықтарының бұзылуына байланысты нақты мән-жайларды барлығын ескерген болса, онда моральдық зиянды ақшалай өтеу мөлшерін әділ әрі жеткілікті деп есептей аламыз.

Сөйтіп, моральдық зиянды өтеу екі функция атқарады: бір жағынан, бұл азаматтық – құқықтық өтемақы, екінші жағынан – зиян келтірген адамға оның заңсыз және кінәлі әрекеттері үшін қолданылуға тиіс санкциялар.

Герман тәжірибесіне қарап Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына өзгерістерді енгізу қажет деп ойлаймыз. Осыған орай аталмыш мәселелерді шешетін келесі ұсыныстарды жасаймыз:

  1. Моральдық зиянды заңды тұлғалар үшін өтелуін алып тастап, оның орнына заңды тұлғалардың мүліктік емес құқықтары бұзылуынан келтіретін зардаптарды өтеу;
  2. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін белгілеген кезде мына жағдайларды ескеру қажет деп ойлаймыз:
  • келтірілген созылмалы зиянның көлемі мен ауырлығы; осы ретте жәбірленуші ахуалы шешуші болады;
  • әлеуметтік қиындықтардың пайда болуы; мысалы, білім алудың күрделенуі, үйлену, тұрмысқа шығу мүмкіндіктерінің азаюы, таңдап алған мамандықтан бас тартуға мәжбүр болу және т.б;
  • адамға тән қайғы-қасірет, депрессия, түңілу сияқты алғашқы психикалық азап шегуге қатысы жоқ, өйткені бұларды зиян туғызған әрекеттерге жатқызуға болмайды, яғни, басқаша айтқанда оларды медициналық жолмен дәлелдеуге болмайды. Осы ретте медициналық немесе терапевтік емдеуге жататын психикалық ауру нысаны болған жағдайда оны есептеу керек. Мысалы, естен тану ( шок );
  • егер жәбірленуші зиян келтіруші әсерінен ауру азабымен қайтыс болса, онда моральдық зиянды өтеу талабы дәл сол мөлшерде мұрагерлеріне өтеуі тиіс;
  • зиян келтірушінің кінәлі болу дәрежесін назарға алынуы; себебі қасақана жасалған құқық бұзушылық абайсыздыққа қарағанда едәуір ауыр болады;
  • істі жалпы бағалау кезінде жәбірленушінің де құқық бұзушымен бірлескен ықтимал кінәсі ескерілуге тиіс.

Өйткені кейбір реттерде жәбірленушінің әрекеті әрекетсіздігі) құқық бұзушыны құқық бұзушылыққа итеруі мүмкін.                                                                                              

Егер кез келген құқық бұзушылық біреудің қолайсыз жағдайын негіздеу үшін таратылатын болса және құқық бұзушының кінәлі болу дәрежесі ескерілмесе, онда моральдық зиянды өтеу саласы іс жүзінде шексіз болады. Сондықтан моральдық зиянды өтеу жөніндегі тапсырмалар өздерінің тікелей арналуы бойынша ғана құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу үшін қолданылуы тиіс.

Жалпы, ар-ожданды, қадір-қасиетті, іскерлік беделді және т.б. мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды, олар рұқсат етілмеген әрекет немесе қылмыс ретінде саралауға келмейтін кезде, қорғауды қамтиды. Моральдық зиянды ақшалай өтеу талабының мүліктік зиянды өтеу талабынан айырмашылығы, оның алғышарты басқалай өтеуге болмайтын мүліктік емес өзіндік (жеке) игіліктің немесе құқықтың анағұрлым қаттырақ бұзылуы болып табылады.

Егер де аталған мәселелер ҚР Азаматтық заңдарында шешілетін болса, онда жеке және заңды тұлғалардың құқықтары жоғары деңгейде қорғалады деп сенемін.

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе мына тұжырымдамаға келдім. Азаматтық құқықтың объектілері олардың физикалық жағдайына (қасиетіне) қарамастан заңмен анықталады. Сонымен бірге аталған объектілер интеллектуалдық сипаты бар материалдық емес игіліктер ретінде де қарастырылады. Жеке немесе заңды тұлғамен, яғни субъектімен болатын қатынас айқындалған кезде, мүліктік және мүліктік емес игіліктер азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі қасиетке ие болады. Бұл табиғи, жаратылыстық қарым-қатынас емес, бұл құқықпен бекітілген жасанды байланыс. Осы қатынас жеке түрде реттелінбейді, оны тек қана мемлекеттік нормативтік акт негізінде реттеуге болады.

Соған байланысты ҚР Азаматтық кодексінің 115-бабында көрсетілген азаматтық құқықтың объектілері оларды иелену негізінде бекітілген.

Негізінен азаматтық құқықтағы субъект пен объект арасындағы қатынас – бұл аталған объектіні пайдалану тұлғаның субъективті құқығы болып табылады. Осы құқық қандай өлшемде іске асырылады және қандай уақыт мөлшерінде осы объектіге билік ету құқығы пайда болады. Аталған мәселелер азаматтық құқықпен шешіледі.

Мүліктік емес құқықтық қатынасты ретке келтіру дегеніміз – объектілерге, дәлірек айтқанда, материалдық емес игіліктерге құқықтарды айқындау, яғни объектілердің мазмұнын және құрылымын бекіту. Осындай қатынас заң негізінде іске асырылады. Санкцияларға толы заң мүліктік емес құқықтық қатынастарға мазмұнын, тірегін және беріктігін береді. Сонымен бірге реттеу функциясына қоса осындай заң аталған объектілерді қорғайды. Қорғау шаралары және тәсілдері осы жұмыста қарастырылды.

Материалдық және материалдық емес, мүліктік және мүліктік емес игіліктер азаматтық құқықтың игіліктері болатын – болмайтынын тек қана мемлекет шешеді, яғни ол заң шығару функциясын пайдаланып азаматтық айналымнан заттарды алып тастай алады немесе керісінше азаматтық айналымдағы заттарға жаңа жариялық маңыздылығын беруі мүмкін.

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың негізгі сипатты белгілері мыналар:

— біріншіден, олар абсолютті, яғни белгілі бір уәкілетті тұлға оның мүліктік емес өзіндік құқықтарын қандай да болсын құқық бұзушылықтан қалыс қалуға міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұрады;

— екіншіден, олар блінбейді, яғни заң бойынша қарастырылатын құқықтардың азаматтық құқықтық қатынастардың бір субъектілерінен екіншісіне ауысуына жол бермейді. Мәселен, заңда былай деп көрсетеді: «Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар заң актілерінде белгіленген реттерді қоспағанда, өзге әдіспен берілмейді және ауыспайды». Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте басқа заңды тұлғаға берілуі мүмкін фирмалық атау, тауар белгісі және т.с.с. заңды тұлғаға тиесілі игіліктер ғана бұл қағидаға жатпайды;

— үшіншіден, олар мүліктік мазмұнынан айрылған, яғни өзіндік, мүліктік емес сипатта болады. олардың экономикалық немесе құндық мазмұны жоқ;

— төртіншіден, олар азаматтың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз байланысты. Бұл игіліктердің кейбіреуі азамат туылған кезден бастап пайда болып, ол өлген соң тоқтатылады;

— бесіншіден, олар осы игіліктердің иелерінен ажырағысыз, яғни нақты жеке немесе заңды тұлғаға нақты мүліктік емес өзіндік құқықтар тиесілі (өз есіміне, өзінің ар-намысына және қадір-қасиетіне, өз атауына және т.с.с.құқық);

— алтыншыдан, бұл игіліктер қандай да болсын азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы бола алмайды, өйткені өркениетті адамзат қоғамның өмір сүруі және дамуы жағдайларында жеке адамның өмірі, денсаулығы, есімі, ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.

Қазiргi адамзат үшiн ең маңызды болып табылатын мәселе – күн сайын күрделiленiп отырған процестер әлеуметтiк болмыс жағдайында адам тұлғасының сақталуы проблемасы.

ХХI ғасырға өту кезiнде әлеуметтiк жағдайдың шұғыл өзгеруiне байланысты өсiп бара жатқан шиеленiс дереу маңызды шешiм қабылдаудың қажеттiлiгi әлеуметтiк өмiрдiң әр түрлi салаларының өзгеруi адамның санасында түрлi бағдарламалар мен мәдени дәстүрлердiң текетiресi оның өмiрiн қиындата түсуде. Ендеше құқықтық реформа қадамдарының алғашқы көрiнiстерiнiң бiрi құндылықтардың қымбаттап, нарықтық экономикаға ықпалы ұшан-теңiз екен. Содан келiп бұл тұста адамның мiнез-құлқын реттеу де қиындап барады. Осыған байланысты құндылық пен құндылықты бағдар табудың ерекше маңызы бар. Мысалы, жоғарыда айтылған жайларға орай С.Л. Рубенштейн өзiнiң бiр болжамында «Адамның қажеттiлiгiнен туындаған құндылықтар оның мазасын кетiрген жағдайда ол сөзсiз өзiнiң қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертедi»-дейдi. Мiне, осының өзiнен-ақ адам қатынастарын реттейтiн құндылықтардың құқықтық реформа жасауға, сонымен бiрге құқықтық мемлекет құрамыз деген ниетке тигiзер ықпалы бос сөз емес екенiн аңғартуға болады.

Барлығы да адам үшiн оның материалдық және мәдени қажеттiлiктерiн қанғаттандыру үшiн ұраны – құқық жүйесiнiң алдында едәуiр салмақты мiндеттер қояды. Бұлар өзiнiң жалпы түрiнде жеке тұлғаға тиiстi әр тектi игiлiктердi қорғауға келiп тiреледi. Заңмен қорғалатын игiлiктердiң бiр бөлiгi азаматтардың тұлға дамуының қажеттi материалдық негiзi ретiнде жеке меншiк құқығындағы мүлiкпен байланысты. Осы шектердiң арғы жағында айрықша белгiсi болып олардың ақша нысанында айқындалмауы табылатын бөгде игiлiктер орналасқан.

Бұл жерде ерекшелiгi олардың адам тұлғасынан ажырамайтын игiлiктер өзгеше айтқанда адамның индивидуалдық қасиеттерiнiң қабiлеттiлiктерiнiң ұмтылыстарының құқыққа қарсы емес көрiнiстерiн», «тұлғаны оның саяси моральдық және өзге әлеуметтiк сапаларды анықтау мен бағалау арқылы жекелену (индивидуализация) жүретiн» қатынастар объектiлерiн бiлдiретiнi қаралатын әлеуметтiк құндылықтардың үлкен тобы жөнiнде сөз қозғалып отыр.

Денсаулық жағдайы әр тұлғаға тән индивидуалдықтың әр қилы көрiнiстерi заңмен бекiтiлген шеңберде өз қалауымен мiнез-құлық моделiн таңдау бостандығы адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне ақырғы соңында азаматтың табиғи және әлеуметтiк мән-мағынасын анықтайтынның барлығы да құқықтық қорғаудың маңызды объектiлерiнiң бiрi болып табылады.

Жеке басқа табынушылық, жаппай қуғын-сүргiн жылдарында азаматтардың қарапайым құқықтары аяусыз аяққа тапталды. Олардың өмiрi мен денсаулығы заң тарабынан тиiстi қорғау алған жоқ, ал ар-намыс пен қадiр-қасиет жеке бостандық мүлдем қорғалмады. Тек қана 60-шы жлдардың басынан бастап жеке мүлiктiк емес құқықтардың едәуiр тиiмдi қорғалуына жаңа тенденция жолдары қаланды.

Солайша, КСРО азаматтық заңнаманың Негiздерiнде және одақтық республикалардың Негiздерiнде алғаш рет ар-намысты және қадiр-қасиеттi қорғауға бағытталған нормалар белгiленген (Негiздер 7-бап.). алайда бұл бап салыстырмалы түрде жақын уақытқа дейiн сирек қолданылды, сонымен қатар сот практикасының негiзгi линиясы ар-намысты және қадiр-қасиеттi қорғау туралы талаптарды қанағаттандырудан бас тартуға бағытталды.

Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн құқықтық реформалар нәтижесiнiң бiрi — Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi қабылдау табылады. Бұл құжатта аталмыш объектiлерге арнайы бөлiм, соның iшiнде ар-намыс пен қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорға нормасын белгiлеген.

Азаматтардың жеке өзiндiкмүлiктiк емес игiлiктерi жөнiнде заңнаманың дамуындағы айқынды кезең 1995 жылы қабылданған ҚР Ата Заңы Конституциясы табылады. Азаматтардың негiзгi құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiне арналған тарауына жеке тұлғаны құрметтеу адамның құқықтары мен мiндеттерi мемлекетпен танылатыны және кепiлдiрiлетiнiн көздейтiн бап бекiтiлген (12 бап 1 бөлiгi). Конституция бiр уақытта азаматтардың ар-намысқа және қадiр-қасиетке өмiрге және денсаулыққа жеке бостандыққа және мүлiкке қол сұғушылықтан сот арқылы қорғау құқығын жария етедi.

Аталған игiлiктер конституциялық қорғау объектiлерi табылады сонымен қатар ең маңызды болып Конституциямен мүлiктердiң алдында қойылған. Аталмыш жағдай өздiгiнен экономикалық, идеологиялық ұйымдық және заңдық сипаттағы арнайы кепiлдiктердiң кең жүйесiн енгiзу қажеттiлiгiн айқындайды.

Қазiргi таңда адамның құқықтарын қорғау негiзi жалпы адамдық мүдде жалпы адамдық құндылықтардың приоритетi табылатын қоғамдық прогрестiң айқы доминанттарының бiрi болып бара жатыр. Нағыз прогресс адамның құқықтары мен бостандықтарын, соның iшiнде ар-намысқа қадiр-қасиетке және iскерлiк беделге құқықтарды тиiстi қамсыздандырусыз мүмкiн емес.

Бiрде-бiр мемлекет шешiм қабылдау кезiнде адам құқықтарын қорғау мәселелерiне мән бермейтiн жағдайлары болатыны бәрiне де мәлiм. Оған қоса ғаламдық проблемаларды шешудiң өзi де адам тұлғасының қадiр-қасиетiне деген сенiмдi жаппай бекiту қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Бұндай бекiтусiз бiздiң болашақтың рухани және саяси негiзiн салу мүмкiн емес. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтiн қоғамның болашағы жоқ. Оларды қамсыздандыру кез келген мемлекеттiң қажеттi атрибуты. Әлеуметтiк байланыстар құрылымында адам құқықтары қоғамдағы құқықтық қатынастар жүйесiнiң орталығында орналасқан. Ар-намысқа, қадiр-қасиетке және iскерлiк беделге құқық кез келген мемлекет пен қоғам үшiн маңызды әлеуметтiк құқықтық құндылық пен қажеттiлiк болып табылады.

Азаматтарға тумысынан немесе заң бойынша тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды қорғаудың және азаматтарға келтiрiлген моральдық зиянды толық өтеудiң конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың тиiмдi тәсiлi болып табылатынына соттардың назары аударылсын.

 Азаматтардың жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғаудың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (әрi қарай мәтiн бойынша – Азаматтық кодекс) 9 және 141-баптары мен басқа да заңдарға сәйкес соттардың мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарын қорғау:

  • мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтар бұзылғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актiлерiн қолдануға жатпайды деп тану;
  • мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың бұзылуының салдарын жою;
  • моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен жүргiзiледi.

Мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды сот жарғыда көрсетiлген тәсiлдердi жинақтай отырып, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек қолдана отырып қорғайды.

Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғаудың Азаматтық кодекспен көзделген тәсiлдерiн соттар осындай құқықтарды қорғау  еңбек туралы, неке және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы және өзге де заңнамалық актiлермен арнайы тиянақталмаған жағдайларда да қолдануы мүмкiн.

Бұзылуы, айырылуы немесе кемiтiлуi азаматқа моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар деп азаматқа тумысынан немесе заңға сәйкес тиесiлi және оның жеке басымен тiкелей байланысты құқықтар мен игiлiктердi түсiнуi қажет. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiр сүру, денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке басына қол сұқпаушылықты, ал құқықтарға – тұрғын үйiне немесе меншiгiне қол сұқпаушылық құқығын, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясын, телефон, телеграф хабарларының құпиясы мен хат алысу құпиясы құқығын; атын пайдалану құқығын, өз бейнесiне құқығын; интелектуалды қызметтiң нәтижелерiне құқығын қорғау туралы заңнамаға сәйкес авторлық құқықты және мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұратын жерiн таңдау; нанымды ақпарат алу құқығын және республиканың заңнамалық актiлерiмен көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады.    

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Нормативтік құқықтық актілер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж., өзгертулер мен толықтырулар 07.10.1998ж. 21 мамыр 2007 ж
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi\ Жалпы бөлiм\. 27.12.1994ж. өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2002ж.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi \ Ерекше бөлiм\. 1.10.99ж. өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2002ж.
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi. 13.07.1999ж. өзгертулер мен толықтырулар 09.08.2005ж. енгiзiлген.
  5. “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” ҚР Заңы, 1999ж 23 шілде.
  6. “Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы” 1992ж 18 желтоқсандағы ҚР Жоғары Сот Пленумының №6 қаулысы.
  7. “Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы” 2001ж 21 маусымдағы ҚР Жоғары сот Пленумының нормативтік қаулысы.

 

Арнайы   Заң әдебиеттер:

 

  1. ҚР Азаматтық кодекске комментарий, Алматы: Жеті Жарғы 2003ж.
  2. ҚР Қылмыстық кодекске комментарий, Алматы: Баспа 2001ж.
  3. Төлеуғалиев Ғ.Н. ҚР азаматтық құқығы, оқулық – Алматы: Жеті Жарғы 2001ж.
  4. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. 1 том. 2-басылым – Алматы 2003ж.
  5. Гражданское право: Учебник, Под.ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого – М: Проспект, 2003 – 776с.
  6. “Честь, достоинство и деловая репутация как естественные блага лиц”. Бюллетень “Законодательство и практика СМИ Казахстана” №13 за 2000 год.
  7. Ярошенко К.Б. Жизнь и здоровье под охраной закона. Гражданско – правовая защита личных неимущественных прав граждан. Москва “Юридическая натура” 1990
  8. О.С. Иоффе. Новая кодификация Советского гражданского законодательства и охрана чести и достоинства граздан. Сов. гос. и право 1962, №7.
  9. “Юрист” журнал рос. изд. 2002г. №2.
  10. “Юрист” журнал рос. изд. 2002г. №7.  “О соотношении понятий нематериальные блага и личные  неимущественные права”
  11. “Юрист” Рос. изд. Журнал. 2002г. №8.  “Компенсация морального вреда юридическому лицу”
  12. “Юрист” журнал рос. изд. 2002г. №9.  “О соотношении права собственности и морального вреда”.
  13. Л. Пак, преп. кафедры гражд. и труд. Права юр. Фак-та КАРГУ им. Е.А. Букетова. “Право на честь, достоинство и деловую репутацию в системе судебных прав граждан”.
  14. “Мир закона” журнал.
  15. Т. Вакуленко. Главн. спецалист по правовому обеспечению авиакомпании “Авиатрек”  “Вот это мой размерчик! Как возместить то, что нельзя оценить?”
  16. Б. Базарбаев “Возмещение морального вреда по законодательству РК”.
  17. М.Л. Апранич “Охряняемые законом личные неимущественные интересы”.
  18. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности вРФ. М: «Теис», 1996-704с.
  19. Амангелды А.А Современное патентное законодательство РК:

         Дис… Кан-та юр. Наук. Алматы 2002, 179с.

 

 

 

 

 

 

 

 

[1]Заң. Республикалық құқықтық ғылыми – практикалық журнал.

[2] Гражданское право. Учебник. Часть 1 . Под. Ред.  А. П.  Сердеева,   Ю. К. Толстого, с. 85

[3]  Иоффе О. С. Правоотношение по  по советскому  гражданскому  праву. Л.Изд-во  ЛГУ, с. 80.

[4] Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысы.

[5] Қазақстан Республикасының  1997 жылғы  11 шілдедегі  № 154 –1 заңымен  144 –баптың  1 –тармағында өзгерту енгізілді.

[6] Вакуленко. Главн. спецалист по правовому обеспечению авиакомпании “Авиатрек”  “Вот это мой размерчик! Как возместить то, что нельзя оценить?”

[7] ҚРАК, 115-бап, 3-тармақ, АЛМАТЫ-2004.

[8] ҚР Конституциясы, 12-бап, 1-тармағы.

[9] ҚР Конституциясы, 12-бап, 2-тармағы.

[10] ҚР Конституциясы, 18-бап, 2-тармағы

[11]Ярошенко К.Б. Жизнь и здоровье под охраной закона. Гражданско – правовая защита личных неимущественных прав граждан.  Москва “Юридическая натура” 1990

[12] Л. Пак, преп. кафедры гражд. и труд. Права юр. Фак-та КАРГУ им. Е.А. Букетова. “Право на честь, достоинство и деловую репутацию в системе судебных прав граждан”.

[13] ҚР Азаматтық Кодексі, 115-бап, 3-тармағы.

[14] Ярошенко К.Б. Жизнь и здоровье под охраной закона. Гражданско – правовая защита личных неимущественных прав граждан.  Москва “Юридическая натура” 1990

[15] О.С. Иоффе. Новая кодификация советского гражданского законодательства и охрана чести и достоинства  граждан. // Советское государство иправо,1962,№7.

[16] Зенин И.А. Основы Гражданского права России:Конспект лекций для специалистов по праву интеллектуальной собственности М: ВТИ,1993-287с.

[17] Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности вРФ. М: «Теис», 1996-704с.

[18] Амангелды А.А Современное патентное законодательство РК:

Дис…Кан-та юр. Наук. Алматы 2002, 179с.

[19] Б. Базарбаев “Возмещение морального вреда по законодательству РК”.

[20] Сборник Постанавленй Верховного Суда РК 1992-1996 г.г.

Алматы, 1997, 9-бет.

[21] ҚРАК,143-бап, 7-тармағы. Алматы,2004. 52-бет.

[22] Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г.  Азаматтық құқық. 1 том. 2-басылым – Алматы 2003ж.

[23] “Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы” 1992ж 18 желтоқсандағы ҚР Жоғары Сот Пленумының №6 қаулысы.

[24] Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз (13-бап, 1-тармағы).

[25] Сулейменов М.К Басин Г “Азаматтық құқық”  Жалпы бөлім. КазГЗУ 2000ж.

[26] Сергеев А.П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. Учебник (под ред. Ю.К. Толстого, А.П. Сергеева). М., 1996г., 242-244—беттер.

[27] Ғ.Төлеуғалиев “ҚР Азаматтық құқығы”. Алматы «Жеті Жарғы» 1-том, 2001ж. (278-бет.)

[28] Гражданское право. Учебник. Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого, часть 1,М., 1997г., 443-бет

[29] Советское гражданское право. Т. 1,М., 1979г.,306-бет.

[30] ҚР Азаматтық кодексі 2009ж. 9-бап, 2-тармағы.

[31] Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. Изо МГУ, 1972г.,162-бет.

[32] ҚР Азаматтық кодексі. 2009ж. 9-бап, 4-тармағы